УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі...

384

Upload: others

Post on 05-Mar-2020

34 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне
Page 2: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

УДК 821.512.122.0ББК 83.3 (5 Қаз)К 24

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігіАқпарат жəне мұрағат комитеті

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Кəкішев Т.К 24 Көптомдық шығармалар жинағы / Тұрсынбек Кəкішев. –

Алматы: «Қазығұрт» баспасы», 2013. Т. 4. – 384 б.

ISBN 978-9965-22-438-6

Көрнекті жазушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профес-сор Тұрсынбек Кəкішевтің көптомдық шығармалар жинағының 4-ші то-мына автордың қазақ əдебиетінің тарихы мен теориясына қатысты əдеби-сын мақалалары, ақын-жазушылар туралы естеліктері енгізілген.

Кітап əдебиетшілер мен журналистерге, филология факультеттерінің студентері мен магистранттарына арналады.

УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз)

ISBN 978-9965-22-438-6 ISBN 9965-22-246-0

© Кəкішев Т., 2013© «Қазығұрт» баспасы», 2013

Page 3: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

ƏДЕБИЕТІМІЗДІҢ АРҒЫ БАСТАУЫ ХАҚЫНДА

Page 4: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

4

ƏДЕБИЕТІМІЗДІҢ АРҒЫ БАСТАУЫ ХАҚЫНДА

«Кеңес заманында белгілі тəртіптен шыға алмап едік» дегенді жылап-сықтап айтуды қойып, баяғыдан бері оңды-солды, сынсыз пайдаланып келген орыс, Батыс деректерін Қытай мен Иран мұрағаттарында, əдебиеттерінде, тарихтарын-да сақталған мəліметтермен салыстыра отырып, қазақтың шын тарихын жасап алған абзал.

Соның алғашқы қарлығашы Қазақ ұлттық университеті шығарған «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихы» болса құба-құп. Қазақтардың күдікшіл көңілінен шығатын көп сөзге жем таста-мау үшін «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихындағы» дəуірлеу жүйесі де, баяндау барысы да ең соңғы қалып, жүйе деп ай-тудан аулақпыз. Бұл өзекті арнаны осылайша бір бағамдап көрсе қалай болар еді деген ізденістің бір сілемі. «Ғылымда еш уақытта соңғы сөз айтылмайды, ол əрқашан даму, жетілу үстінде болады» деп алдын ала ескерту жасап, бəрін білетіндерге сыл-тау тауып бермеуге тырыстық. Өйткені қазақтың көне тарихы, мəдениеті болған дегендерге өршелене қарсы шыға келетіндер бұрын көп болса, қазір де оның сілімтігі жоқ емес.

Сонымен біз нендей мəселелерді қозғадық, оның тарихқа жанасымы қандай дегенге назар аударайық. Түрік қағанатына дейінгі рухани байлықтарды «Ертедегі көшпелі тайпалар əдебиеті» деген жалпы атаудың аясына сыйғыздық. Бұдан да оңтайлау атау табылса, нұр үстіне нұр, əзірге «Аталар жырының айғағы», «Тарих тұнығы тереңде», «Көне əдебиет төріндегі көк бөрі», «Авеста əлемі» деген төрт бөлімде қазақ əдебиеттану ғылымының қолы жеткен деректері негізінде ой толғанды.

«Ежелгі түрік əдебиеті» тарауы VІ–ХV ғасырлардың сөз үлгілерін қамтыса, «Қазақтың төл əдебиеті» тарауы Қазақ хандығы тұсындағы жыр-толғауларға негізделді. XIX–XX ғасырлар қазақ кеңес əдебиеті дəстүрлі мазмұндауларға іш тартқанмен, негізінен сал-серілер поэзиясы, Қоқан хандығы кезіндегі əдебиетті əңгімелегенді жөн көрдік. Осы уақытқа дейін əдебиет тарихында еленбей келген «Шет елдегі қазақ

Page 5: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

5

əдебиеті» мен «Қазақ əдебиеті əлем халықтары тілінде» деген тараулар əдебиетіміздің өрісін білдіретіндігін ескердік.

Осы хабарламадан кейін əлі күнге дейін қолға алынбай, зерттеу жоспарларына ілінбеген «Ертедегі көшпелі тайпалар əдебиеті» бөліміне арнайы көз жіберіп, осы ұмтылысымыздың қазақ əдебиеттану ғылымына керектігін дəлелдейтін сөз үлгілеріне тоқталған орынды болмақ. Қытай елінде жасаған атақты тарихшы Нығмет Мыңжанұлының сөзіне жүгінсек, «Қазақ халқының түп-төркіні заманымыздан бұрынғы VII ғасырдан бастап жазба тарихта əйгілі болған сақтар еді. За-манымыздан бұрынғы III ғасырдан V ғасырға дейін өмір сүрген үйсіндер бірлестігі мен қаңлылар бірлестігі қазақ халқының негізгі ұйытқысы болды. Осы негізде Батыс түрік (VI–VII ғасыр), түркеш–қарлық (VIII–X ғасырлар) дəуірінде қазақ қауымы өз алдына халық болып қалыптаса баста-ды. Бұдан соңғы Қарахан əулеті мен қимақ-қыпшақ (XI–XII ғасырлар) дəуірінде бұл барыс онан əрі дами түсті. Қазақ халқы XIII ғасырдың басында Шыңғысхан жорығының ала-патына тап болды. «Қазақ тайпаларының (керей, найман, меркіт т.б.) бұл шапқыншылыққа қарсы 20 жылдық күресі сəтсіздікке ұшырады» – (Н.Мыңжанұлы. Қазақтың қысқаша тарихы. Шыңжаң халық баспасы. Үрімші, 1987. 7–8 б.) деп ап-анық айтқан, ел-жұрттың бəріне түсінікті шындықты əзірге басшылыққа алсақ, халқымыздың тарихын тереңнен, мəдениет пен əдебиеттің түп-тамырын алыстағы ел-жұрт өмірінен суыртпақтап шығарып алуға болады. Біздің заманымызға дейінгі ата-бабаларымыздың хат танитындары, əсіресе ақын-жазушылары өз шығармаларын қытай жазуымен жазып кеткен. Сондықтан қытай деректерінің бəрі қытайлардікі деуге де келе бермейтін кездері бар. Біздің заманымызға дейінгі X ғасырда туған «Батыс өңір патшаларының анасы» немесе «Сақтар ана-сы» деген шығармаға не «Мүтянзы өмірбаяны» деген кітаптағы «Сақ анасының үні» деген өлеңге жиендік жасауымызға бола-ды. Қытайда тұратын ғалым Зейнолла Сəнік тілімен айтсақ, «Қуатты үйсін елі жəне басқа қаңлы, қыпшақ, ғұн сияқты түркі халықтары сол кездің өзінде өрелі мəдениеттің иелері

Page 6: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

6

екендігін тарихи фактілермен куəландырып кетті» (29-б.) дегенін ескере отырып, атақты Бай-жүй ақынның «Айдаһар ойынын» суреттегеніне немесе өзімізге етене жақын құбы-лысқа қыпшақ ақыны Дадүкенің көзімен бір қарайықшы.

Аттан түстім, күрсіндім,Келді есіме қыршын күн.Мынау қу медиен даладаТек құс қана салады үн.

Қытайдың тарихи кітаптары мен жылнамалары, əсіресе Қытай ақындарының еліміз бен жеріміз жөнінде біздің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда шыққан 305 өлеңнен тұратын «Щы–жиң» жинағынан бірді-екілі шумаққа көз салалық.

Тұрағы жоқ, үйі жоқ.Ғұндар қиын болды ғой,

немесе

Іргесін еш жерге көмбегенҒұндар апат əкелді ғой, –

деген жолдардың айтары анық болса керек. Өзіміз емес, өзгенің аузымен тарихта болғанымыз жыр дестесіне түсіп жатқанын көреміз. Немесе 420–479 жылдар арасында жазылған «Соңғы хан хандығының тарихы» деген кітаптың «Терістік ғұндар» бөлімінде:

Қарлы даланы тұрақ қып,Ызғарды жүрер аралап, –

дегенінен арғы ата-бабаларымыздың тұрмыс кейпін, көшпенді тірлігін сезінеріміз айқын ғой.

Түркі тектес ақындар мен оқымыстылар қытай тілінде та-лай жазба ескерткіштер, еңбектер қалдырғанын «Тарихнама»,

Page 7: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

7

«Ханнама», əсіресе ғұндар мен үйсіндерге арнаған тарауларын-да кездесетінін еш ұмытпаған абзал. Бүкіл түріктің тотеміне айналған Көкбөрі туралы аңыз Қытай жылнамаларында біздің заманымызға дейінгі IX ғасырдан бастап кездеседі. «Давань шежіресінде» Жан-Шянь: деген ақын: «Үйсіндердің ханы Күнму (Күнби) деп аталады, ғұндар шабуыл жасап, Күнмудың (Елжау бидің) əкесін өлтіреді. Жаңа туған нəресте Күнму иен далада қалады. Бұл баланы құстар ет тасып беріп, Көк бөрі емізіп асырайды, ер жеткен соң үйсін еліне патша болады» (35-б.). Сөйтіп, «бөрі тотемі үйсіндерден кейін қалыптасқан түрік тайпаларына жалғасып» (37-б.) кете барады. Соңғы зерттеушілер де осы пікірде.

Енді бір қызық жайға назар аударайық. Жаугершілік кезінде қолға түскен қытай қыздарын олжалау не дипломатиялық мақсатпен хан аруларына құда түсіп, сақ, ғұн батырлары мен ханзадаларын аяқтандырған кез көп болған. Күнбидің тоқалдарының бірі, Шижүн деген қытай қызы үйсін еліне келін болып түскені белгілі. Ол өзі ақын екен. Сол жеңгеміз елін сағынғанда былай депті:

Алысқа ұзатылып кеттім елден,Барған жерім көшпелі үйсін деген.Баспанасы дөңгелек киіз жапқан,Сүтін ішіп, малының етін жеген.Өз елімді сағынып, аңсап жүрмін,Аққу боп елге ұшып кетсем бе екен.

Біздің заманымыздың 195-жылы болған бір соғыста қытай-дың ақын қызы Сой-вын-жи қолға түсіп, ғұнның бір батыры-на еріксіз қосылады. 12 жыл тоқал болып жүргенде екі пер-зент көтеріпті. Дипломатиялық жолмен еліне қайтарылғаннан кейін «Қайғы-қасірет жырлары» деген топтамасының «18 сала бебеулі зар» деген тарауында:

Азаппен жүрмін қиналып,Ауыр тағдырды арқалап,

Page 8: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

8

Қаңғырып жүрмін панасызЖат елдегі өміргеЖекті зорлап жау қызын.Күңіренсем құлазыпАта-апам еске түседі.Қан жыласам күрсініпҚайғы сойылы күседі, –

деген жолдар да ата-бабаларымыздың тарихта болып, ізін қалдырғанын куəландырады.

Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне де көз салған орынды. Əлемнің атақты оқымыстылары 21 кітаптан тұратын Авестаны парсы мұ-расы деуден іргелерін аулақ салғанына біраз болса да, біздің кейбір «білгіштеріміз» оның Əмудария мен Сырдарияның аралығында, Арал теңізі маңындағы Хорезм жазығында неме-се Мидияда, яғни бүгінгі Əзірбайжанда жазылғандығын мойын-дағысы келмейді, ат-тондарын ала қашады. Ағылшынның ірі ғалымы Мэри Бойс «Зороастризмнің негізін қалаған Заратуш-тра – көшпелі Азия даласының ұлы, Еділдің шығыс жағын ме-кендеген тайпалардан шыққан» десе, В.Струве, К.Тревер, С.Толстовтар «Авестаның» жəне зороастризмнің туған жері Орта Азия, атап айтқанда Хорезм» дейді (43-б.). Атақты шығыстанушылар: Е.Бертельс, И.Маркварт, Х.Ньюберг, Э.Бен-венист, қазақ мəдениетінің тарихын жазған қытай ғалымы Субихай да осы пікірде, тіпті «Əмударияның төменгі ағы-сында» деп нығыздап айқындай түседі.

Міне, осы тұста Тұран деген ұлы атау тарих бетіне шығып, Иран мен Тұран əдебиетінің байланысы деген екінші күрделі мəселе көлденең тартылуы заңды. Солтүстіктегі орыс, шығыстағы Қытай, оңтүстіктегі Иран жылнамалары мен тарихтарындағы деректерді ұқыпты жинап, оларды қазақтікі демей, бүкіл түркі жұртына ортақ мұра ретінде зерттеп, ғылыми айналымға түсірсек қана халқымыздың тарихын шындық деңгейінде көрсете аламыз.

Əдебиетіміздің арғы бастауларына баруға жаңадан ғана тал-пынып жатқанда келтірген бұл деректер толық болмасы белгілі.

Page 9: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Алайда көп деректі білген, айтқан, қайсыбірін дер кезінде жеткізуге үлгермей, мұршасы болмай кеткен атақты ғұлама Əлкей Марғұланның мына сөзіне имандай сенуіміз керек: «Са-харада айтылатын эпос-жырлардың өркендеп тарауы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы дəуірінен басталады. Бұл елдердің қауым құрған кезеңі біздің жыл санауымыздан бұрынғы V ғасыр. Ғұн, үйсін, қаңлылар қазақ тайпаларының ең ескісінен саналады жəне олардың тарихи іргесін құрайды» («Ең ескі дəуірдегі халық аңыздары». «Жұлдыз» журналы, 1983. №5, 170-б.) дегенін əрқашан басшылыққа алып, əдебиетіміздің тарихы тереңде жатқанын ел-жұртқа, əсіресе жас ұрпаққа ұғындырайық.

2001 ж.

Page 10: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

10

ТАРИХТЫ ТҮПТЕН ТАРТАЙЫҚ

Тарих өмір шындығына негізделіп, ақиқатпен ажарланғанда ғана тыңдаушысы мен оқырманының санасына қонады. Санаға орнаған таным-білік еш уақытта адастырмайды, тіпті қайтсем екен деп ойландырмайды да. Сондықтан тарихымыздың ұлы белесті оқиғалары мен тұлғаларын балабақшадағы сəбиге ойнаған болып отырып санасына сіңіре білсек, құдайдың бергені, өмірбақи жадында жүреді, тегінен жаңылмайды.

Кеңес заманында өскен ұрпақтың табаны тайғанақ келе-тінінің бірнеше себебі бар. Бірінші, белгілі бір халықтың та-рихы өзінің түсінік-танымымен емес, идеологияның талабы-мен, басқаның көзімен жазылғандықтан, екінші, сол халықтың өмір сүру машығын, ойлау жүйесін, салт-дəстүрін, қысқаша айтқанда жан-дүниесін (психологиясын) білмегендіктен, білгі-сі келмегендіктен, үшінші, қаншама көреген, данышпан болсада қазақ сахарасын саяхаттап өткендердің əлде билеушінің əмірімен «тағылардың» ортасын бақылап кеткендердің сөзіне, көргеніне, айтқанына сенгендіктен жəне төртінші, бұлардың қай-қайсы болмасын отаршылдық мақсатпен шындықтың өңін айналдыра сөйлегенін, тіпті жаны ашып, мүсіркей пікір айтқанын аңғармай қалғандықтан тарихымыз бұзылды, бұрма-ланды. Əсіресе, Қазақ хандығы құрылғаннан кеңес өкіметі құлағанға дейінгі аралықтағы тарихи тұлғалардың «жүндей түтілгені» қаншама.

Өз тарихын білмеу, оған қызықпау бəйгесі болса, қазақтар алдына жан салмас еді. «Қазаннан арғыға аяқ баспаймын» деп ақын Тайыр Жароков қана айтып қойған жоқ, талайлар іс жүзінде солай жасады. Мамандығы тарихшы болғандардың көбі бесжылдықтардың жетістігін кандидаттық, докторлыққа өзек етіп, академик болып сайланғаны не сан, тіпті тарих мекемелерін басқарғандары қаншама. Кенесарыға жанасқан Е.Бекмахановтың көрген қорлығы тарихшыларды шошындыр-ды, өзінің тарихынан бездірді, Қазақ хандығынан бергілерді бізге марқұм Басин мен бүгінгі Пищулиналар өз білгендерінше жазып берді, қазақ эпостарындағы, халық жадындағы шын-

Page 11: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

11

дықтарға пысқырып қарағандар болмады. Пішіні қазақ болғанмен, тілі мен рухы өзгелер отаршыл Ресейдің архив-теріндегі теріс пиғыл, арам оймен жазылғандарды олай тықпа-лады, былай тықпалады. Кезінде жаңбырдан кейін қаулайтын саңырауқұлақ тарихшылар алақаннан түспей, төрдің басын-да маңғазданып отыратын партия тарихшыларының басым көпшілігі кеңес құлағаннан кейін жіп есуге жарамай қалғаны өтірік емес.

Ал Қазақ хандығына дейінгі қазақтың ата-бабалары тарихта болды ма, болуға тиісті ме деген мəселеге бас қатырмадық. Оған дейінгіге біздің еш қатысымыз жоқ сияқты сыңай таныттық.

60-жылдардан былай қарай қазақ əдебиетінің тарихын со-нау түркі тілінде жазылған Орхон-Енисей ескерткіштерінен бері қарай ептеп зерттейікші дегендерге қысым жасалып, қисынсыз қыр көрсеттік, адым аттатпай сынап, партиялық пікірді көлденең тартқанымыз көпшіліктің есінде болар. Сөздің қысқасы, қазақ тарихының көне дəуірін зерттемеуге, білгізбеуге күш салдық, əсіресе ғылымды басқарып отырғандардың көбі əпербақанданған дəуірді Алла-құдайлап өткеріп, бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Қазіргі кезіміз де жайма-шуақ емес, больше-вик ағаларымыздың сорпасын ішіп қалғандардың сана-сезімі оңайлықпен оңға бұрыла қоятын емес. Тасқа басылған, архивке түскен шындықтарды мойындағысы келмеген бір оқымысты: «Соңғы кезде қазақ тарихының, мəдениетінің ескі, көне үлгілерін тауып, тарихты байыту, кеңейту туралы көп пікірлер айтылып, істер істеліп жүр. Халық тарихының бай болуын ешбір ұлт адамы жек көрмейді. Бірақ тек байыту жолы осы екен деп, оны қолдан жасауға əуес болмау керек. Революцияға дейін негізгі жанры поэзия болған əдебиетімізде басқа жанрлардың болмағаны талас емес, ақиқат. Тіпті олардың негізі, бастаулары, əлсіз үлгілері болған күннің өзінде, олар жетілген проза, дра-матургия, сын емес. Ұлт мəдениетін көтереміз деген сылтау-мен оларды қампайта көрсету партиялық принципке де, ғылым талабына да қайшы келеді» деп 1970 жылы айтқан пікірінен əлі де ұзап кете алмай жүргендер бар. Оған еретіндер де жоқ емес.

Page 12: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

12

Тəуелсіздік келді, кешегі тежелген ойға, тұсаулы пікірге теңдік тиді, еркін сілтеуге еркіміз бар. Бұрынғыларды датта-май, ушықтырмай, аруақтармен алыспай, жаңа заман ұсынып отырған жолмен тарихымызды таразылап алатын уақыт келді. Соның нақты бір көрінісі – сонау Моңғолия сахарасында жел мен күнге қақталғанын былай қойғанда, талай зобалаңдарға кезігіп, ештеңені қадірлеп көрмегендердің оғынан, зеңбірегінен аман-есен қалып, енді шын Отанына мың үш жүз жылдан кейін оралып отырған Күлтегін баһадүрдің, хан емес, қара емес, елін-жерін қорғай білген батырдың құлпытасы бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның Астанасына қоныс тебуі – ұлы оқиға. Тарихқа жасалған көп қиястықты аяқасты ететін құбылыс. Енді кім бол-са да қазақ халқының тарихы алыста, сыры тереңде жатқанын ұғар, түсінер. Мойындамаса, осындай конференциялар мен болашақта жазылар еңбектер кереңнің құлағын, соқырдың көзін ашар. (Жақша ішінде айта кетейін, Моңғолияға сапарға шығатын экспедиция жол-жөнекей Абақан қаласындағы тарихи-өлкелік музейдің төңірегіндегі 20 шақты сынатасты тексеріп, өзімізге тиістісіне ен салып келсе, қандай ғанибет бо-лар еді).

Шынын айту керек, біз бұрын қолымыз жеткен жерден қармадық. Ғылымымыз жетіліп, еркіндігіміз қолымызға ти-ген соң, енді сана жетер жерге баруға міндеттіміз. Жалтақтап, басқалар не дейді екен дейтін пиғылдан құтылғаннан кейін та-рихи дамудың логикасы мен заңдылығына бағынып, əріден, түптен тартуға тиістіміз. Оған жай ғана мысал келтірейін. Адамның өсу жолын еске түсіріңіздерші. Көзге көрінбейтін ұрықтан перзент, одан сəби, талпынған бала, жалындаған жас, желекті жігіт болып, ақсақалдыққа дейін тарта бермей ме? Осы жолдан халық та өтеді, олай болса дүниеге келген кезінен ер жетіп, етегін жапқанша өз қалауымен өмір сүруі, тайпа, ұлыс, халық, мемлекет болған шақтардың бəрі де түгел еске алынып, тарих бетіне түсуі тиіс.

Қазақ халқының тарихын хандық құрған кезінен ғана бас-тамай, оған дейінгілерін молынан қамтып зерттеген абзал, сонда ғана ел-жұртымыздың жүріп өткен жолын, жасаған

Page 13: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

13

мəдениетін, қуанып-шаттанғанда, қайғыдан қан жұтқанда шы-ғарған əдебиетін, əн-күйін, мақал-мəтелдерін, пəлсапалық ой-пікірлерін, тіпті дау-шарда бір ауыз сөзбен кісі тағдырын шеше білген билік машығын тарихқа тартуға тиіспіз.

Осынша кіріспе мəнді бір мəселені көтеру үшін айрықша қажет болып отыр. ҚазМУ ғалымдарының ыждаһатымен Орхон-Енисей ескерткіштері, яғни VІ–VІІ ғасырлардан бергі сөз үлгілері қазақ əдебиеті тарихының мұрасы ретінде оқу жос-парына кірді. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орында-рында оқытылады. Орта мектепке ендеп кіре алмай келіп еді. Ақылды қарындасымыз, шын мəніндегі ғұлама ғалым, марқұм Алма Қыраубаеваның қайраткерлігімен əуелі «Сорос» қорының демеуіне ілігіп, биыл сегізінші сыныпқа арналған оқулыққа айналып отыр. Түрік қағанаты дəуірінен бергі əдебиетіміз оқытылмақ. М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер инсти-туты Орхон-Енисей ескерткіштеріне соқпай, 1983 жылы амал-сыздан «Ерте дəуірдегі қазақ əдебиеті (ХV–ХVІІІ ғғ.)» деген зерттеулер жинағын шығарғанда «Хандық дəуірдің əдебиеті» деуден шошынды. Сол жинақтың кіріспесінде «соңғы 10–15 жылдан ғана таныс, бұрын оларды ешкім білмеді, сол себепті кейінгі тұста олар үлкен жаңалық ретінде ашылды десек, қателесеміз» деп айбаттанғанмен институттың «Əдебиет та-рихы бөлімі ХV–ХVІІІ ғасырлар поэзиясын жинау, зерттеу жұмыстарымен 1976–1980 жылдары айналысты» (4–5 б.) деп бар сырды ашқан болатын, өйткені XVIII ғасырдан бұрын əдебиетіміз болған емес, əдебиет тарихы Бұқардан басталады деген жалған теорияны малданып келгендерін мойындамасқа шаралары қалмады. Осының ызғары əлі күнге дейін кете қойған жоқ.

Ұзақ жылдар Қазақ университетінде ұстаздық етіп, əдебиет тарихының барлық кезеңінен оқу кітаптарын шығарып кел-ген Ханғали Сүйіншəлиев 1997 жылы «Қазақ əдебиетінің та-рихы» атты оқулық жариялады. Əрине, жаңа кезеңнің дүмпуі біраз жайларды басқаша баяндауына жағдай жасағанмен, жинаған дерегі, айтқан ойлары өткен күннің үлесінде жатқаны байқалады. Оқу-білім төңірегіндегілердің əлі де болса бір

Page 14: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

14

сілкінетін мəселесі бар. Балабақшадағы сəбилерге өздерінің арғы аталарының ерлігін, көрегендігін қарапайым сөзбен ай-тып беріп, суретпен көздеріне көрсетсе, жас ұрпақтың көңіліне қона кетер еді. Олар ойнап жүріп-ақ жадына бекітіп алады да, өмір бойы есінен шығармайды. Қазақтың «баланы жастан» дейтін нақылының бір сыры осында. Осындай мəні бар 12 кітапшаны тағы да Алма Қыраубаева қағазға түсіріп кетіпті. Ол дүниелер «Өнер» баспасының директоры Əшірбек Көпішевтің қолында. «Рауан» баспасының директоры А.Құсайыновтың тапсырысы бойынша дайындалған дүниелерді екеуі бірігіп, бүгінгі қазақ бүлдіршіндеріне жеткізсе, жыл аралата қайталап басса, қандай ғанибет болар еді.

Осындай игі істердің жасалып жатқанына сүйсіне оты-рып, енді бұдан əріге бару қажеттігін ойластырған жөн. Оның алғашқы қадамы жасалды да. Қазақтың ұлттық университеті тағы да үлгі-өнеге көрсетейін деп отыр. Ол – «Қазақ əдебие-тінің қысқаша тарихы» деп аталатын оқулық. Əуелінде фран-цуз, кейін ағылшын, корей оқу орындарының тілегімен қолға алынған дүние орындалу барысында бізге талай ой салды. Академияның Əдебиет институты 10 томдық қазақ əдебиетінің тарихын жасаймыз деп жар салғанына 20 жыл болды. Биыл ғана бас-аяғы жоқ үшінші томы шықты. Бұл ұлы жоспар жүзеге аса қалғанда филолог студенттер мен аспиранттар, ғылыми қызметкерлер оқитын аса көлемді еңбек болмақ. Қалың көпшіліктің тісі бата бермейді. Жəне оқулық деңгейінде емес, ғылыми тарих аумағында өмір сүрмек.

Бұрын жасалған оқулықтар ескіре бастаған соң «Ана тілі» бас-пасы Қазақ КСР Білім беру министрлігінің рұқсатымен «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты серияны шығара бастап, аяғына жеткізе алмай келеді. Оның мəтіндері мен мазмұндауларында бұрынғы көзқарастардың дабы аз емес. Қазақ университетінің профессоры Бейсенбай Кенжебаев басқарып, ұзаққа созылған айтыс-тартыспен 1967 жылы шыққан «Ежелгі дəуір əдебиеті» хрестоматиясы негізінде Н.Келімбетов 1986 жылы оқулық жа-сап, оны екінші рет əлгі сериямен 1991 жылы шығарды. Онан кейін «Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет» хрестоматиясы мен

Page 15: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

15

оқулығы Мұхтар Мағауиннің жəдігерлігімен жарық көрді. Бұл екі кітап бұрынғы «Қобыз сарыны» монографиясы мен «Алдас-пан» жинағын редакциядан өткізіп, студенттерге ұсынылған дүние. Осының өзіне мəз болудамыз. Ал ХVIII–ХІХ, XX ғасырлардың көркемдік шындығы əлі толық ашыла қойған жоқ. Сонау 50–60-жылдарда ағаларымыз жасап кеткендерге мардымды ештеңе қоса алмай келеміз.

Рас, жекелеген авторлардың жасаған ізденістері ғылымға азды-көпті үлес қосып жатқаны соңғы кезде аз тиражды мо-нография деңгейінде шығып, ел-жұртқа еркін жетпей жатыр.

Енді азды-көпті ізденіспен табылғандарды місе тұтып жүре беруге болмайды. Қазақтан басқа халықтар біздің заманымызға дейінгі кезеңдерден өздеріне керекті тарихи құжаттарды, куəландырғыш заттарды құшақтап келіп пе? Өмір логикасы-на сыйымды барлау мен түйіндер бізге неге жат болуға тиісті. Қазір тəуелсіздігіміздің символы болып тұрған Алтын адам-ды Есік қорғанынан К.Ақышевтің тауып алғанына 40–50 жыл болса да, сондағы табақтың етегіне жазылған əріптер жөнінде осы күнге дейін тиянақты шешімге келе алмай жүруіміз қалай? Осындай жайбасарлығымыз қазақ мəдениетін жүдеткен, жүдетуге тырысқандар үшін таптырмайтын «рухани» азық емес пе?

Қалың дауға бармай, тəуелсіздігіміздің 10 жылдығын тойлап жатқанда ендігі істейтін игілікті істерге назар аударайық. Сая-сат пен экономикада шатағым жоқ, ал ғылым-білім төңірегінде тындырғанымыз көп пе? Бірден жауап беру қиын. Жаңа ғана кірісейік деп жатырмыз десем обал, азды-көпті тіршілік барын сездіретін əрекеттер жоқ емес. Мен ең алдымен тарихшыларға «Қазақстан тарихы» деген кітаптарды көбейткені үшін рақмет айтар ем. Жеке-жеке кезең, дəуірлер жайында, тайпалар туралы монографиялар да кездесіп қалып жатыр. Хасеновтің «Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны», атақты ғалым Кляштор-ный мен Сұлтановтың «Қазақстанның үш мың жылдық тари-хы» кітаптары көбімізді ойлантып тастады. Екпіндей келіп Мұрат Аджи бауырымыз көмек қолын созуда. Не керек, та-рих саласында игі қозғалыс, оң ниет байқалады, сонымен

Page 16: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

16

қатар нарықтық сыңай да көрінбей қалмауда. Қайда кетпеген қазақтың малы, түбінде өз тарихымызды білетіндей деңгейге жетсек, құдайдың бергені сол болар.

Ал халықтың жан дүниесін көркем сөз амалымен көрсететін əдебиетті зерттейтін ғылымымыздағы ізденістеріміз қандай? Құралақан емеспіз. Əсіресе Қытайдағы бауырларымыз көне қытай деректеріне негізделген біраз шындықтарды ашып беру-де. Атақты ғалым, жазушы Нығмет Мыңжани жападан-жалғыз 1987 жылы «Қазақтың қысқаша тарихын» жазып шығарып, Қазақстандағы тарихшылардың бұлыңғырлап айтатын ата-тегімізді «Қазақ халқының түпкі тегі жəне оның тарихы» де-ген төртінші тарауында сақ, Ұлы жүз, үйсін, қаңлы, алан, ғұн тайпаларының өсіп-өркендеу, жетіліп-құлдырау кезеңдерін тайға таңба басқандай қытай деректерімен дəлелдеп берді. Сол кітап Қазақстанда екі рет жарияланып, қалың жұртшылықтың сусынын біраз қандырды. Нығметтің талантты інісі, талай істің басы-қасында болған, қазір Қытай Халық Республикасының ұлы жиналысының депутаты Сұлтан Жанболат біздің жыл санауымызға дейін жасаған үйсін елінің патшасы Күнби жай-ында екі томды роман жазып беріп отыр.

Үрімші университетінің профессоры Ахметжан Кірішбаев қазақ əдебиеті оқулықтарын, Бексұлтан Кəсейұлы үш томдық «Қазақ əдебиетінің тарихын» шығарды. «Мұра» деген атпен ширек ғасырдан бері шығып келе жатқан ғылыми көпшілік журналы, «Қазақ қиссаларының» 12 томы, əзірге «Қазақ шежірелерінің» шыққан екі томы, əр салада ізденіп жүрген Зейнолла Сəнік, Мұхтархан Оразбай, Дүкен Мəсімхан, Ах-метжан Қайбарұлы, Мұратбек Тұрғынбайұлы, Нəбижан, т.б. сынды ғалымдардың қытай мұрағаттарынан талай дерек тау-ып берері сөзсіз. Өзіміздің Қойшығара Салғариннің екі жыл ішінде Қытай қоймаларынан 5 кітапты қалың көпшілікке сыйға тартып, бұрын əдейі теріс бұрмалана айтылып, жазылғандарға түзету енгізіп, өз көзқарасын білдіріп жатқаны бұған айқын дəлел.

Енді біздің оңтүстігімізден жинар деректі де ұмытпауымыз керек. Өзбек бауырларымыз бізге қарағанда өз тарихына

Page 17: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

17

айрықша мұқият. Ортақ мұралардың көбіне ие болып, сақтап келгеніне рақмет. Күні бүгінге дейін əл-Фарабиді, тіпті мүрдесі қазақ жерінде жатқан Қожа Ахмет Йасауиді бізге қиғысы келмейтіндері де бар. Өз тарихымыздан өзіміз үркіп жүргенде «із-түзсіз жоғалып кеткеннен гөрі өзбек бауырларымыздың иемденгенін қызғанбайық» деп келсек, енді, тəуелсіздік кел-геннен кейін, ол ортақ мұраларды, ең соңы Əлішердің мар-жан жырларына шейін зерттеудің ретін тапқанымыз жөн. Онан арғы тəжік жұртына да біраз «малымыз» араласып кеткені Ба-бажан Ғафуровтың «Тəжіктер» атты классикалық еңбегінен аңғарылып, кезінде өзбектермен қосылып ереуілдемек те болдық. Сөздің қысқасы, бұл елдерде жиналған рухани бай-лықтардың қадір-қасиетіне жету үшін, ортақ мұра ретінде тарихымызға тартуымыз керек.

Алланың жазуымен, 1993 жылы Қазақ университетіне Теһ-ран қаласында шығып тұрған Ислам энциклопедиясының дін бөлімінің меңгерушісі, теология ғылымдарының докторы Ах-мет Пакетчи дейтін əзірбайжан жігіті, Иран азаматы филология саласынан мамандансам, ғылым докторы болсам деген ниетін білдіргенде жетекші болуға қуана ықылас білдірдім. Ондағы «арам» ойым – Иран мұрағаттарындағы жалпы түркіге, оның ішінде қазаққа қатысты дүниелерді анықтау мақсатымен «Ир-ан – Тұран əдебиеттерінің байланысы» деген құйтырқысы жоқ анық тақырып бердім. Тиісті шартпен бекіттік. Талапкер жігіт алғыр екен, қазақша сөйлеу былай тұрсын, жазуды, сөйлем құрастыруды үйреніп алған соң, Иран – Тұран шындығынан біраз мəліметтерді айтқызып, дəріс оқыттық. Жұмысын аяқтай алмай, амалсыз еліне қайтты. «Кітап жазамын» деген уəдесін алып қалдық.

Мырзатай Жолдасбеков Иранда елші болып тұрғанда үйіне қонаққа барып, Ілия Жақанов, Қоянбек Ахметовтің көзінше «алыста отырып менің қолым жетпес, бір қалада тұрған ғылым докторы, Орхон-Енисей ескерткіштерінің алғашқы зерттеушісі, қазір мүмкіндігі мол Мырзатай ағаң саған қосымша жетекшілік етсін» дегенімде екі жағы да ризалығын білдірген еді. Оның ресми шешімін ректорат тарапынан орындап, қағазын екеуіне

Page 18: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

табыс еткем. Алла амандық берсе, Иран азаматы біздің тари-хымыздың, əсіресе əдебиетіміздің бір тесігін бітейтін, бір жыртығына жамау болатын еңбек жазары сөзсіз.

«Біреуге телміргеннің екі көзі шығады» дегендіктен емес, құдайға шүкір, парсы тілін жетік білетін өз ұланымыз, өз қандасымыз бар, соның білігін толық пайдалану керек. Əуелі бізде, қазір Тараз университетінде иран əдебиетінен дəріс оқитын, атақты Хафиз ақынның мұрасынан кандидаттық диссертация қорғаған Ислам Жеменейдің шығармашылық мүмкіндігін қазақ əдебиеттану ғылымына барынша пайдалану жайын ойластырған жөн.

2001 ж.

Page 19: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

19

ИРАН – ТҰРАН ƏДЕБИЕТТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ

Қазақ халқының ақыл-санасы Ресей империясы тұсында отаршылдық, кеңес заманында коммунистік идеологиямен тұмшаланғандықтан, өзімен көршілес, діндес халықтармен қарым-қатынастарын тереңдетіп зерттеуге мұршасы келмеді. Көпшілік жағдайда «паназиатизм», «панисламизм», «пантюр-кизм», қала берді «национализм» деген пəлелерге ұшырап, зерттеу ісімен шұғылданғанына өкінетін күйге түскендер де болды.

Құдайға шүкір, КСРО құлап, əр республика тəуелсіздік алғаннан кейін жан-жағымызға қарап, өз тарихымыздың тереңіне көз жүгірте бастадық. Міне, осы тұста кешегі Тұран мен Иранның қарым-қатынасына, көркемдік байланысына на-зар аударуға мүмкіндік туып отыр.

Менің 30-дан аса кітаптарым мен зерттеулерімнің басым бөлігі социализм дəуіріндегі ізденістерге бағышталғанымен, большевиктік идеология мүмкіндік берген деңгейде түркі халықтарының əдебиетін, олардың даму ерекшеліктерін, түркі тілдес халықтарға ортақ мұра болған, көршілес Үнді, Иран елдерінде жасалған ұлы шығармаларға көңіл бөліп, кейбір мифологиялық ескерткіштердің өзектес, үндес шығуына на-зар аударып келе жатқан едім. Осыны тереңдету мақсатымен Иран азаматы, Ислам энциклопедиясының теология бөлімінің меңгерушісі доктор Ахмет Пекетчи деген ғұламаның тілегіне орай Иран–Тұран əдебиеттерінің байланыстарын ұлы шығармалар мен мəнді аңыздардың, тарихи жырлардың үндестігін зерттеп, парсы-түркі əдебиеттерінің рухтастығын, көркемдік дамуларының əлемдік заңдылыққа сай екендігін анықтап, елдер арасындағы достық ниеттерді рухани жағынан берік етуге ниеттенген едік. Қазақстанда ежелгі дəуір əдебиетін зерттеу кеш қолға алынып, əдебиетіміздің түп-төркіні VII–VIII ғасырлардан – «Күлтегін», «Тоныкөк» мəдени ескерткішінен басталатыны жайлы ғылыми тұжырым жасалынды. Қазақ халқының арғы тегі болып табылатын көне түркі тайпалары (сақ, үйсін, ғұн, қаңлы тайпалары біздің заманымызға дейінгі

Page 20: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

20

XII–VI ғасырлар аралығында өзара бірігіп, күшті мемлекет бо-лып, дүниенің төрттен біріндей жерді иемденіп, Еуропаға ба-рып, бүкіл əлемге танылғанын ескере бермедік.

Атақты академик Ə.Х.Марғұлан: «Сахарада айтылатын эпос-жырлардың өркендеп тарауы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы дəуі-рінен басталады. Бұл айтқан елдердің қауым құрған кезеңі біздің жыл санауымыздан бұрынғы V ғасыр. Ғұн, үйсін, қаңлылар қазақ тайпаларының ең ескісінен саналады жə-не олардың тарихи іргесін құрайды», – деген-ді. (Ə.Марғұлан. Ең ескі дəуірдегі халық аңыздары. «Жұлдыз», 1983, 5-саны, 170-б.).

Ендеше, қазіргі түркі тілдес халықтардың негізі болып табы-латын сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының біздің заманымызға дейінгі ХІІ–VІ ғасырлар аралығында күшті мемлекет құрып, дəуірлеп тұрғанда жасаған мəдени ескерткіштерінің бірегейі – көлемі 21 кітаптан тұратын, поэзия тілімен жасалынған, əлем-дегі діни жазбалардың алғашқыларының бірі, дүние болмы-сын, өмір сүру ережелерін, жақсылық пен жаманшылықтың өзара арпалысын баяндаған құдіретті «Авеста» шығармасы түркілерге де ортақ рухани қазына саналуы тиіс.

Енді осыған көз жеткізу үшін əуелі қасиетті «Авеста» шы-ғармасының дүниеге келген дəуірін, туған жерін, қай тілде жазылғанын ғылыми негізде анықтау шарт.

«Авеста» шығармасының туған дəуірін анықтауда əуелі осы саланы ұзақ уақыт зерттеген атақты ғалым Е.Э.Бертельс «Заратуштра б.з.б. VI ғасыр аяғында өмір сүрген», – дейді (Е.Э.Бертельс. История персидско-таджикской литературы. М., Из-во восточной литературы, 1960, стр.35). Зороастризм діні халық аузында, ел-елдер арасында Заратуштрадан бұрын пайда болғаны сөзсіз. Ал сол шашыранды дүниені жинақтап, жүйеге түсіріп дамытып, құдіретті ілім етіп, «Авеста» кітабын тұтастай талдап оқыған адам.

Сондай-ақ «Авеста» кітабы, зороастризм діні жайлы тия-нақты зерттеу жасаған Ленинград университетінің ғалымдары: «Авеста» шығыстың мың жылдық даналығын қамтиды. «Сол ілімнің пайда болғаны шамамен б.з. бұрынғы VІІ–VІ ғасырлар

Page 21: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

21

аралығы», – депті (Краткая история литератур Ирана, Аф-ганистана и Турции. Ленинградского ун-та. Л., 1971, стр. 3). Ал əзірбайжан ғалымы М.А. Дадаш: «Қасиетті діннің негізі жазылған «Авеста» кітабы б.з. бұрынғы VII ғасыр аяғында жасалынған», – дейді (Азербайжанская литература. М.: «Выс-шая школа». 1979, стр. 5). Неміс философы Ф.Ницше «Зара-туштра шамамен б.з. бұрынғы VI ғасыр аяғында өмір сүр-ген», – депті (Ф.Ницше. Так говорил Заратуштра. Алматы: «Жазушы», 1991, стр. 300).

«Авеста» жайлы ой білдірген шығыстану ғалымдары бұл шығарма Орта Азияда немесе Мидияда туған, яғни əзірбайжан мұрасы деген тұжырым жасады. Қысқасы, «Авеста», ең беріден есептегенде, Орта Азияны ежелден мекендеген көне түркілер мен Мидия мемлекеті дəуірлеп тұрғанда – біздің заманымыз-дан бұрынғы VІІ – VІ ғасырлар аралығында жасалған.

«Авеста» шығармасының туған жері, тілі жөнінде білікті ғалымдардың, оның ішінде ағылшынның ірі ғалымы Мэри Боистің: «Зороастризм негізін қалаған Заратуштра – көшпелі Азия даласының ұлы, Еділдің шығыс жағын мекендеген тайпа-лардан шыққан» деп жазған-ды (М.Боис. Зороастрицы. Верова-ния и обычай. М., 1988, стр. 3). Əзірбайжанның үлкен ғалымы М.Рафли бұл шығарма жайлы зерттей келіп: «Зердушт аңыз бойынша Мидияда туған, Мидия дегеніміз – əзірбайжан, соған орай Зердушт – əзірбайжандық, демек, «Авеста» əзірбайжандық ескерткіш» деп қысылмай түйіндеген (Мүхтəсер Азербайчан əдебийяты тарихы, биринчи чилд. Бакы, 1943, с.4–8).

Академик В.В.Струве «Зороастризм Отаны» деген іргелі зерттеуінде зороастризм ілімі алғаш Орта Азияда туғанын, бұл дінді сол тұста парсылар Ахеменид патшалығы кезінде қабылдағанын мəлімдеді (В.В.Струве. «Родина зороастризма». «Советское востоковедение», V, 1948, стр. 5–34).

Бұдан соң уақыт талабына орай осы қасиетті мұраны арнайы зерттеген В.Струве, К.Тревер, С.П.Толстовтар: «Авестаның» жəне зороастризмнің туған жері Орта Азия, нақтылай айтқанда Хорезм» деп тапты. Ал А.О.Маковельский: «Нюберг қуат-тағандай, Авестаға қатысты мəселелер Арал теңізі мен Як-

Page 22: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

22

сарт (Сырдария) өзенінің төңірегінде өткен. Бірақ «Авеста» мəтініне аталған атаулар географиялық көрсеткішсіз енгізіле салған» дейді (А.О.Маковельский. Авеста. Баку, Из–во Акаде-мии наук Азербайжанской ССР, 1960, стр. 79).

Иə, белгілі шығыстанушы Х.Нюбергтің жəне басқа да осы еңбекті зерттеген ғалымдардың «Авеста» кітабы қазіргі Əмудария мен Сырдария аралығында жасалынған дегенінің жөні бар.

«Өзбек əдебиетінің тарихы» атты еңбектің бірінші томын-дағы «Жазба ескерткіштер» деген көлемді тарауда өздерінің жазба əдебиетінің басын «Авеста» шығармасынан бастайды да, соған дəлелді деректер келтіріп: «Көптеген ғалымдар «Авеста» Орта Азияда жасалған деп есептейді. Вендидадтың бірінші та-рауында Айран Вайджо елі жөнінде айтылады. Бұл Хорезмнің ескі аты. Қала Оксус пен Яксарт өзендерінің аралығында, «Авеста» тілі сол жерде тараған. «Авестаны» жасаған Зеруш-ты Бируни əзірбайжан Сафид Туманның баласы екенін білдіре-ді», – деп жазған (История Узбекской литературы. Том I, Таш-кент, Из–во «Фан», 1987, стр.44–47).

Ал бұл қасиетті шығармаға арқау болған тұрандар қайдан шыққан? Қазақ энциклопедиясында «Тұран–Иранның солтүстік-шығысындағы түркі тілінде сөйлейтін көшпелілер елі. Авестадағы келтірілген дерек бойынша, тұрандар – Сырдарияның солтүстік-шығысын мекендеген көшпелі тай-палар» деп көрсетіледі (ҚСЭ. 1 т. 1972, 40-б.). Бұл мəлімет те «Авеста» шығармасының Сырдария өзені мен Арал теңізі аралығында жасалғанын нақтылай түседі. Қазақ ғалымдары Ə.Марғұлан, Ə.Қоңыратбаев, А.Қыраубаева, Қытай профес-соры Су-Бихай, орыс ғұламасы Л. Гумилев те осы пікірді қоштайды.

Батыс Еуропа ғалымдары А.Мейе мен П.Тедесконның «Авеста» тілі «иран əлемінің солтүстік-батыс өлкесіне жата-ды» дегені дұрыс болжам. Қазіргі Иран жері бағзы заманнан бері көптеген тайпалардан, халықтардан тұрады. Олардың біразы мидиялықтардың əсерімен «Авеста» əкелген дінді қабылдады, кезінде өз тілдеріне қажетінше аударды. Ирандағы

Page 23: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

23

30-дан астам халықтар ішінде курдтар, түркі тілдес халықтар, көбі əзірбайжандар тұратынын естен шығармаған абзал.

Парсы мемлекеті зороастризм дінін, «Авеста» шығармасын сақтап, насихаттайтын орталық болды. Кейін VІ–VІІ ғасырлар аралығында «Авестаның» араб əрпімен жарық көруіне де, 12 мың өгіз терісіне жазылуына да ұйытқы болған сол парсы еліндегілер. Одан бергі кезеңдерде сан ғасырлар дауылына ұшырап, тоз-тозы шыққан «Авестаны» қайтадан жинақтауға тікелей араласқан, көмек көрсеткендер – мидиялықтар. Парсылар «Авеста» шығар-масының мəнін түсініп, зороастризм дінін қабылдап, бұл ілімді ел басқаруға, мемлекетті ұстауға пайдаланған. Осыдан кейін парсы мемлекетінің «Авеста» шығармасын құрметтеп, кітап етіп шығаруға белсене араласқанын жоққа шығаруға болмайды. Бұл бағытта парсы елі үлкен жұмыс жасаған. Бұл елді арабтар жаулап алғаннан кейін зороастризм діні қуғынға түсіп, «Авеста» кітабын жойып жіберу мақсатымен парсыларға араб əрпі, ис-лам діні енгізілді. «Авеста» парсылар үшін көне мұра есебінде бағаланды, қазірде де солай.

А.Мейе мен П.Тедеско «Авеста» тілінің туған жерін айтқанда Парфияны (қазіргі Түрікмения) қоса көрсеткен. Мұның да жөні бар. Өйткені Түрікмен Иранның солтүстігінде екені бесенеден белгілі. Атақты шығыстанушы Е.Э.Бертельстің: «Авеста» зоро-астризм тараған ұлан-байтақ жерге қызмет етті. Сондықтан бұл көптеген халықтардың көне мұрасы болып табылады» дегеніне қол қою керек (Е.Э.Бертельс. История персидско-таджикской литературы. М.: Из-во вост.лит-ры. 1960, стр. 50). Сондықтан «Авеста» – көне түркілердің де ортақ шығармасы деу орынды. Осы тұрғыдан доцент Т.Еңсегеновтің зерттеуіне назар аударған орынды.

Парсы əдебиетінің үлгі-нұсқалары түркі тілдес елдерге мұсылман дінін қабылдағаннан кейінгі заманда көптеп жетіп жатты. Солардың ішінен данышпан Фирдауси шығарған «Шах-наманы» айрықша атау шарт.

Шығарманың басты қаһарманы Рүстем жайындағы аңыз-əпсаналар бүкіл түркі тілдес халықтарда, оның ішінде қазақтарда тіпті «Шахнама» тумай тұрған кездің өзінде кең тарағанын естен

Page 24: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

24

шығара алмаймыз. Өйткені жаугершілік жорықтарға көбірек араласқан көшпенді сақ, үйсін-қаңлыларда отан қорғау идеясы кең өріс алғанын ескерер болсақ, онда қазақ халқында үш жүзден астам батырлар жыры болуының өзі көп шындықтың бетін аша-ды.

Қай ел болса да өзінің тəуелсіздігі, азаттығы жөнінде қам жейтіні, күрес жүргізетіні табиғи заңдылық болса, онда Еу-ропа мен Азияның алып қақпасындай болған Қазақ жерінен олай-бұлай өтпек болғандарды былай қойғанда, шұрайлы аймаққа қызығудың, оның байлығын пайдалану ниеті, сөз жоқ, қақтығыстарды көбейтіп, жорықтарға жол ашқаны даусыз. Олай болса, əлемге тараған Рүстем даңқы көршілес елдердің отаншылдық рухына əсер етіп, ерлік жырларын көп тудырған. Сондықтан қазақ арасында «Шахнаманың» айрықша қадірлі, құрметті болуы заңды.

Біздің батырлық жырларымыздың жаңа сипатта өркен жаю-ына шапағаты тиген шығарманы аудару, зерттеу процесі де ерте қолға алынды.

1914 жылы М.Сералин «Рүстем-Сүһрап» бөлімін аударып, оған жазған ғылыми түсіндірмесінде: «Мұнан 20 – 25 жыл-дар бұрын Ақмешіт (Перовский) шаһарында Молда Ораз де-ген бір найман «Шахнаманы» қазақша аударған екен. Баспа бо-лып шыққан-шықпағанын біле алмадым» деп хабарлайды да, ұлы эпостың əлемдік даңқын, қай елде аударылғанын, оның басқа халықтарға жасаған əсерлерін асқан оқымыстылықпен баяндаған-ды. М.Сералин «Шахнаманың» асыл нұсқасы болған «Құдайнаманы» ғараб ғалымдарынан Ибн Маһне VIII ғасырда Ғаббаси халифалары заманында арабшаға аударған. Бірақ оның тəржімасы бұл заманда дүниежүзінде жоқ. Лəкін ғараб тарих-шысы А.Табаридің кітабында онан көшірілген сөздер көп. «Шахнаманың» тəржімасы барлық мұсылман тілдерінде, тіпті грузин тілінде де бар» деп мəлімдеуі қазақ ғұламасының ой-өрісін көрсетумен қатар ұлы шығарманың мəңгілік екенін аңғартады.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Əуезов: «Батыр Рүстемнің аты – қазақ халқының ортасына көп заманнан жайылған даңқ-ты ат. Ол турасындағы көне аңыз-əңгімелер Фердаусиден

Page 25: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

бұрын да көп жайылған болатын» деп, жалпы қазақтың ба-тырлар жырының алғашқы бастауын көрсетіп берген бола-тын. Олай болса, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Рүстем дастаны» атақты «Шахнаманың» ізімен жырланғанын көреміз де, шығыс дəстүрінде «Лəйлі-Мəжнүн», «Фархад-Шырын», «Жүсіп-Зы-лиханы» əр ақынның жарыса, бəсекелесе жаңғыртатын əдеті қазақ əдебиетіне сіңгенін анық байқаймыз.

Мұндай ауыс-түйіс «Мың бір түн», «Тотының тоқсан тарауы» əпсаналары сияқты елден ел кезіп жүре беретін əлемдік сюжет-терге ұласып кете барады. Осы тұста Иран мен Тұранның көне жəне ортағасырлық мəдениеттеріндегі көркемдік-эстетикалық байлықтай барынша айқындала түскені орынды болмақ.

Тек көркем шығармалар ғана емес, тіпті жекелеген халық-тың, тайпаның екінші бір елге сіңіп кету процесі аз емес қой. Мəселен, Ирандағы бақтияр тайпасының тегі түрік екендігі даусыз болуының үстіне қазақтың жалайыр руының бір тар-мағын еріксіз еске түсіреді. Олай болса тұрмыс-тіршілігі ұқсас Орталық Азияны жайлаған елдердің бір-біріне жасап жатқан ықпал-əсерлерін енді тереңдей жəне жан-жақты зерт-теу қажеттігі өзінен-өзі туындайды. Көне Иран ескерткіштері, əсіресе зороастра заманындағы мыңжылдықта жасалған ру-хани байлықтар мен кейінгі Манихей əпсаналарын, Саса-нидтер дəуірлеген тұстағы пехлеви əдеби жұрнақтарын тұрандықтардың тарихи-мəдени мұраларымен байланыстыра зерттеу арқылы көп шындықтарды ашу керек. Ол үшін талай ізденістер жасайтын ғылыми топ болса да артық емес. Біз, яғни Ахмет Пекетчи екеуміз осы үлкен проблеманың көркемдік арнасын айқындауға зер салудамыз. Бұл жай зерттеле келе өзінен-өзі кеңіп, халықтардың рухани байланысын анықтап алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

2001 ж.

Page 26: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

26

«ТҮРКІСТАН УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТI»ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ

Қазақ тiлінде 1870 – 1882 жылдары шығып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» Түркістан генерал-губернаторының рес-ми органы болғанына қарамастан, қазақ халқының қоғамдық-əлеуметтiк ой-пiкірін оятуға, мəдени-əдеби түсінігінің молая беруіне едəуір əсер етті. Саяси-экономикалық мəселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйi, өнер-білімнiң пайдасы, орыс мəдениетінің жетістіктері, қазақ əдебиетінің хал-қадері, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру та-рихи құнды мақалалар, хабарлар жарияланды.

Газет редакциясы өзінің еліне, Отанына адал қызмет етіп, еңбек сіңірген адамдарға қадір-құрмет көрсету үшін орайы бар себеп пен сылтауды орынды пайдаланып қалуға талаптанған. Əсіресе газет Шоқан Уəлихановтың даңқын жаюға қолынан келгеннің бəрін істеген. 1870 жылы Түркістан генерал-губернаторы Жетісу өлкесіне келгенде Шоқанның моласына барып, басына құлпытас орнатуға бұйрық бергенін тілге тиек етіп, Шоқан жайында қазақ тілінде тұңғыш рет көлемді мате-риал жариялады.

«Алтынемел мен Қозыкөз бекеттері аралығына келгенде генерал-губернатор 1355 жылда жас күнінде дүниеден өткен сұлтан Шоқан Шыңғыс сұлтан баласы Уəлихановтың мо-ласына барды. Ақылы көп, абыройлы кісіні тірі күнінде де, дүниеден өткен соң да қадыр қылып, сыйлады. Сұлтан Шоқан Уəлихановты аға-інілерi жəне орыс-қазақ, əркім жақсы көріп, қадірлеп, сыйлаушы еді... Ақылы көп, абыройлы, өнерлі адам екендігі барша жұртқа мəлім болып, жас күнінде дүниеден өткенін естіген адам көп аяйды...

Моласы күйдірген кірпіштен салыныпты. Сүйтсе де жа-ман екен. Бес-алты жылда бұзылып қалатұғын. Дүниеден көшкен Уəлихановтың сүйегiн қадірлеп, сыйламақ үшін жəне орыс-қазақтың есінен шықпастығы үшін генерал-губернатор, генерал-адъютант фон Кауфман құлпытас даярламаққа бұйрық қылды. Ол тасқа молаға кім қойылғаны, неге мұнша қадірлi,

Page 27: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

27

сыйлы болғандығы жазылады. Осы тасты Алматыдағы асқан ұстаға тез уақытта даяр қылып жеткізiп бермекке бұйрық қылды» деп жазды 1870 жылы 12 қыркүйегінде.

Ресми бұйрық шеңберінде Шоқанның ғалымдығын, өнер-паздығын, еліне қадірлі, сыйлы болғандығын атап көрсеткен осы мақаланың авторы онымен етене жақын таныс екендігін де аңғартып тастаған.

Бұл жарлық 1871 жылы орындалып, Шоқан моласына мəрмəрдан жасалған құлпытас орнатылды.

«Түркiстан уалаятының газетін» шығарушылар орайы кел-ген жерде Шоқанның ардақты есімін ілтипатпен атап, халықтың жадына сіңіруге ыждаһат салған. Наманған қаласындағы көпес Файзидың баласы Бабажанды 1873 жылы Қапал судья-сы іздестіріп жатыр деген хабарды жариялағанда: «Бұл Ба-бажан бұрын сұлтан Шоқан Уəлихановтың алдында тұрып, қызмет қылып жүрген адам екен» десе, 1879 жылы полковник Тезек Нұралы баласы Абылайханов дүние салғанда Шоқанның ардақты есімін тағы да ел есіне түсірді.

«Түркістан уалаяты газетінің» қазақ мəдениеті саласындағы ірі еңбегі тек Шоқанмен ғана байланысты деуге болмайды. Оның бетінде қазақтың мақал-мəтелдері мен жұмбақтары, ақындардың өлең-жырлары, айтыстары, батыс пен шығыстың көптеген аңыз-əңгiмелері мен ертектері біршама мол жарияланған.

Газет редакциясының айрықша ыждаһат салғаны – қазақтың төл əдебиетi. 1876 жылы Қазан қаласында «Қисса Қожа Ғафан уө һəм Сағдуақас» деген кiтап басылып шықты. «Оны Мұхаметжан Муфтахиддинов өз ақшасына бастырған екен» деп хабарлай келiп, «қазақ тiлiнде басылып шыққан кітапты бiраз оқып-білiп айтсақ, қазақ тілінде басылып шыққан болса да, тілінің көбі ноғайша, кейбір жерінен сөзіне түсiнiп болмай-ды... Қазақ тілін бұзып басып шығарыпты. Ендi бұл кітапты оқыған адам қазақ тілі осы деп ойласа керек. Қазақ тілі қандай жарасып, бiр-бірiне жабысып тұрғанын білгіңіз келсе, біз бір-екі ауыз сөз жазалық», – деп қазақ тілінің тазалығын сақтау, оны бөтен, түсiнiксiз сөздермен шұбарламау керектігі жайын-да пiкiр айтты.

Page 28: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

28

Қазақ тілінің қандай ырғақты, əуендi, жүйелi келістiгін, сөздердің «бір-бiріне жабысып» тұратынын көрсету үшiн Орынбай ақынның екі шумақ өлеңін мысалға келтірді.

Қазақ тілінің тазалығын, əуездi мақамын сақтау жөніндегi газет позициясының дəйекті екеніне талай материалдар дəлел бола алады. Мəселен, 1878 жылы редакцияға келіп түскен бір өлеңге мынадай ескертпе жасап басқан. «Бір өлеңші адам əлде үлкен жиналыс болғанда, болыс сайланғанда өлең шығарған... Бұл өлең тəуір жазылған болса да, iшінде қазақ түсіне алмай-тын сарттың (өзбектің – Т.К.) тілімен жазған сөзі көп екен. Біз қолымыздан келгенше біраз... түзетіп, өлеңшінің сұрауы бойынша газетімізге басып шығардық. Осы күнде қазақтың өлеңшілері қазақ тілін қойып, сарттың тілін қосып өлең шығаратұғын болыпты. Сөйтіп, қазақтың өз тіліменен жаза алмаған өлең қазақ өлеңі құсап бір-біріне ұйқасып, қызық бол-майды. Қазақтың өз тілімен жазған өлеңі бір-бiріне желімдей жабысып, тыңдаған құлаққа қандай жағатынын білгіңіз кел-се, біз жақында Орынбай ақынның өлеңін газетке басып шығарғанбыз» деп ескерткен. Семей қаласынан мақала жазған Сүлеймен де таза қазақ тілінде кітап, газет шығару қажеттігіне назар аударған.

«Түркістан уалаятының газеті» қазақ тілінің тазалығын сақтау мəселесін сабақтастыра сыншы ойдың алғашқы сілем-дерін де анық байқатып тастаған. Түсiнiктi де мақамды өлеңдерді қадірлеу, жақсы деп тапқан өлең, жырларды жари-ялап отыруы, оған өздерінің көзқарасын білдіруі қазақ бас-пасөзімен үзеңгi қағыса туа бастаған сыншылдық ой-пiкірдің нақты көріністері.

«Түркістан уалаятының газетінде» жарияланған əдеби шығармалардың дені ертегі, аңыз əңгімелер болғанымен, қазақ-тың жұмбақтары мен мақал-мəтелдерiне айрықша ілтипат білдірілген. 1871, 1875-78 жылдары газет бетінде жұмбақтар мен мақал-мəтелдер мол жарияланды. «Жұмбақ пен мақал тақырыпты», «Ташкент қаласында газет алатұғын бір кісінің қазақша жазып берген жұмбақтары мен мақалдарын», «Орыс мақалдарын» басқан кезде газетті шығарушылар өз

Page 29: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

29

оқушыларының бұл игі iске əрдайым атсалысып отыруын өтін-ген жарнама жазған.

Редакция ауыз əдебиеті үлгілерін іріктеп, сұрыптап, жүйе-леп, ең құндыларын ғана басуға талаптанған. «Өзі кішкене, кісінің үстіне мінеді, патшадан қорықпайды» (бүрге), «Ақыл-сыз қашан ақылды болады» (үндемегенде), «Жерде жүрмеймін, аспанға қарамаймын» (балық), «Өзі жүреді, орнынан қимылдамайды» (сағат) деген жұмбақтармен қатар:

Ескі сөз – жаңа сөздің қызығы,Жақсы кісі – жаман кісінің азығы.

Жорға мінген жолдасынан айырылар,Көп жасаған құрдасынан айырылар, –

деген мақал-мəтелдердi көптеп жариялады. «Ташкент қала-сында қызмет қылып тұрушы Қожасалық Бабажанов біздің газетке басып шығаруға Кіші жүздiң Бөкей ордасында жүріп жиған қазақтың мақал сөздерін берді. Біз ол кісіге жарылқасын айтып, газетке басып шығардық» деген дəйектеме жазып, газеттің 1876-77 жылдардағы тоғыз санында үзбей жариялады.

Көп сөзден азы жақсы,Аз сөздiң өзі жақсы.

Құдайдан қорықпағаннан қорық,Құдайдан қорыққаннан қорықпа.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ ...

деген мақал-мəтелдерді жариялай бастап, өзінің 1876 жылғы 19 қарашадағы 30-санында мынадай ескертпе жасауды қажет деп тапты.

Page 30: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

30

«Бұрынғы газетте Қожасалық Қарауыл баласы Бабажанов газетке басуға жинап, қазақтың нақыл-мəтелiн берді деп едік. Бізге мақалдарды алып келіп тапсырған адам жаңылыс айтқан сияқты. Біз де жаңылыс басыппыз. Мақаланы жиған адам Сəлім Бабажановтан өтініш еткен екен. Бiзге мақалаларды жіберген оның ағайыны Дəріхалел Бабажанов екен. Бұрынғы газетте басылған мақалалардың аяқ жағын тағы бастық» деп осы игі iсті қолға алған адамның аты-жөнін бір анықтап ала-ды да:

Панасыз болса сайдан без,Пайдасыз болса байдан без.

«Сенiкi-менікі» деген көңіл тарлығы,«Əрi жат, бері жат» деген төсек тарлығы.

Ағайын тату болса – ат көп,Абысын тату болса – ас көп, –

деп əрі қарай жалғастыра береді.Осы жарияланған мақал-мəтелдердiң, жұмбақтардың

мəн-маңызына назар аударған уақытта газетті шығарушылар көбiне-көп халықтың ақыл-ойына əсер ететіндеріне көңіл бөліп, «жарлы болсаң арлы болма» дегендерден бойын аулақ ұстағандарын байқаймыз. Ғибраты айқын, насихаттары мəнді, үлгi-өнегесі ашық мақал-мəтелдердi əдейі іріктеп, саралап басқанын, қолдарына түскенге мəз бола бермегенін аңғарамыз.

Осымен қатар «Түркістан уалаятының газетінде» жарияланған өлеңдердің ішінен бүгінгі өмір шындығын жырлаған, түйiндi ойын қарадүрсін баяндаған өлеңнің екі шумағын келтіре кетейік.

Бір жан жоқ болыстыққа талас емес,Бір-бірінен көңілі аласа емес,Бір құдайдан басқаға сенбегiн,Біздің қожа үш жүздiң баласы емес.

Page 31: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

31

Басынан бұлт кетпейді күн жайланып,Сақау озды, шолжыңдаған тіл байланып,Тұлпардан есек озып, бəйге алып жүр,Бұ күнде заман кеткен теріс айналып, –

дегендi редакция «тəуір жазған өлең» деп тапқанда, оның мазмұнына айрықша мəн берген сияқты. Алайда мұндай өлеңдер бұдан кейін газет бетінен көпке дейін көрінбей қойды. Оған себеп те жоқ емес.

«Түркістан уалаятының газеті» шыға бастаған кезде Орта Ази-яны Ресей империясына қосу процесі толық аяқтала қоймаған бо-латын. Сондықтан оның бетінде жарияланған материалдың ба-сым көпшілігі Орта Азияның оңтүстiгi мен Таяу Шығысқа жəне Қытай еліне байланысты болды. Осы мəселені тек ресми түрде ғана емес, поэзия тілімен насихаттауға генерал-губернатор нұсқау берген сияқты. Қазақ жəне өзбек тілінде арнайы газет шығарудың арғы мақсатының бір сыры да осында. Демек, орыс қаруының, патша ағзам өмірiнің мықтылығын мадақтау сарынын көбіне осы мəселеге тікелей сабақтастыра, байланыстыра қараған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда «Шымкент уезіне қараған Мəделiқожа деген ақынның Сырдария облысының военный губернаторы Головачевтің Хиуаға барғаны тақырыпты шығарған өлеңіне де» газеттің бірнеше санынан етектей-етектей орын берудің негізгі себебі түсiнiктi болса керек. Бұл дастанның үшiншi бөлімінің:

Қаратып түрікпенді алмақ үшiн,Тəртіпті Хиуадай қылып салмақ үшін,Головачев губернатор өзі аттандыКауфманнан бөлініп бармақ үшiн.Түрікпен қарсылықты қылып жатыр,Ондағы сансыз əскер жиып жатыр,Қияметтей майданды бір қылсам депБұл əскердің келерін біліп жатыр, –

деген шумақтардың айтары айдан анық.Газет бетінде патша өмірінің мықтылығына ғана емес, орыс

елінің өнеріне дəн риза болған өлең шумақтары жарық көрді. Құрама уезіне қараған Досанбай ақын:

Page 32: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Орыста бір арба бар атсыз дейді,Əркімді ұтқызбайды қатыс дейді.Неше жүз адам түсiп отырсаКетеді жолыменен атсыз дейді.Ұшқан құс арқасынан ілеспейді,Қарсы келсе адамдар тілдеспейді.Кетіп барған арбаға қарасаңызКөзіңіз арбасына ілеспейдi, –

деп жырлаған. Сондай-ақ осы газет бетiнде қарақалпақ əде-биетiнің классигі Əжінияз ақынның қазақтың дарынды қызы Меңешпен айтысы 1878 жылғы екі санында жарияланғанын айта кеткен жөн.

«Түркістан уалаяты газетінің» əдебиетке тікелей қатысы бар ма-териалдарына тоқтаған уақытта 1875 – 1878 жылдар аралығында көркем əдебиет нұсқасы боларлық бірқыдыру дүниелердің басы-лып шыққанын байқаймыз. Олардың мəн-маңызы да, көркемдік сапасы да əрқилы ой-пікiрлерге өзек болғандай.

Қазақ мəдениетінің тарихында тиісті орны бар «Түркістан уалаятының газетін» оқушы қауымға алғаш таныстырған Ү.Сұбханбердинаның бірді-екiлi мақаласынан басқа зерделі зерт-теулер əлі жоқ. Сондықтан халықтың саяси-əлеуметтiк, əдеби-мəдени жəне эстетикалық ой-пікірiн оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің жыл құсы – «Түркістан уалаятының газеті» арнайы зерттелуі қажет. Еткен еңбектің еш болмасына, зая кетпесіне газеттің əдебиет, мəдениет саласындағы баяндалған деректері-ақ айғақты дəлел бола алады.

Сонымен, «Түркістан уалаятының газеті» қанша ресмиліктің қыспағында болса да халықтың əлеуметтік, эстетикалық ойы-на қозғау салды, қазақ тілінің тазалығын сақтау жолындағы игі идеяға қызмет етіп, халық үшiн аянбай еңбек еткен дарындар-ды, əсiресе Шоқан Уəлихановты құрмет тұтып, соның өмірі мен өнерін насихаттады, мəнді де ажарлы шығармаларға орын беріп, əдебиетке жанашырлық көрсете білді деп тапқан орынды.

1970 ж.

Page 33: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

33

ТЕРЕҢНЕН СЫР ТАРТАЙЫҚ

Ұлттық сана-сезімнен айырылудың бiз талай кезеңдерінен өттік. Патша заманында ешқандай адамшылыққа жатпайтын ожарлық пен омыраулыққа кездескен соң, басына ноқта түскен ой-пікіріміз тулады, бұлқынды, ашынды. Өйткені «Ресей» көптомдығының қазақ даласына арналған 18-кітабында «поко-рив край, русские не могли перейти к культурной работе пото-му, что первоначальное завоевание совершилось исключитель-но с целью обогащения и первые завоеватели были совершен-но неподготовлены к культурной роли. Это были грубые, неве-жественные люди с первобытной нравственностью» делінген aнайылықты Бұқар, Дулат, Шортанбай, Мұраттар көзбен көрді. Көргенін айтпай тұра алмады. Осы əуен біздің əдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасына дейін мейлінше анық көрінді, айтылды, жыр-ланды. Оны «Зар заман» дəyipi деп те атадық.

Бодан елді бұлай ашындыра бepy көздеген мақсатқа жеткізбейтінін сезген соң Ресейдің шығысқа шығатын алып қақпасы болған Қазақстанға басқаша айла-амал қолдану қажет екенін түсініп, 1822 жылы хандықты жойып, жіктелуге ыңғайлы тұрған елді өлке, облыс, округтерге бөліп, бұрынғы династиялық жүйенің орнына сайламалы дəрежелерді шығарды. Төреден айырылған ел, «қарадан шығып хан болған» аға сұлтандарды мақтан тұтып, қолына теңдік тигендей сезіне бастағанда, болыстық сайлауларды eнгізіп, ағайын арасының араздығын қоздатты. Міне, осы тұста елдік мақсат аяқасты болып, рулық, аталық түсінік күшейді. Мұның жетілген түрін қазір басымыздан кешіп жатырмыз.

Бұқap жыраудың «бауыздамай iшep қаныңды, өлтірмей алар жаныңды, қағазға жазар малыңды, есепке алар барыңды» де-ген көрегендігі айна-қатесіз келді. Тырп етуге шама қалмады. Keшeгi Исатай, Кенесарылардың ұлт-азаттық көтеpiлісінің жаңғырығының өзi сөніп, енді заманға ыңғайлану кезеңі туды.

Міне, осы тұста отаршылдықтан құтылудың ең бip оңтайлы жолы – оқу-білімге жетілу деген ұлы идея жайыла бастады. Қару ұстап, қан төгіп ештеңе бітipe алмаймыз, «білекті бipді

Page 34: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

34

жығады, білімді мыңды жығады» дегенге көштік. Қазақтың бодандыққа шындап көндіккені – ХІХ ғасырдың екінші жар-тысы. Ақыл-парасат күшіне шақырған кемеңгерлеріміз Шоқан, Ыбырай, Абайлар күрестің осы жолын таңдап алды. Қазақ жері 80-жылдары екіге жыртылып, көбі Ресейде, шағыны Қытайдың қолында кетті. Көрген қорлық бұрынғыдан да күшейе түсті. Патшасы қанша озбырлық жасаса, орыс халқынан көрген аза-бы көбейіп, мүшкіл халге жетті. Шipiгeн, тозған монархия-дан құтылып, Еуропаның жолына түсейік деген идея келе-келе ереуіл-көтерілістерге ұласып, 1905 жылы алғашқы револю-ция болды. Патша дағдарды, есеңгіреді. Ептеп epкіндік берме-се болмайтындығын түсінді. Міне, осы сəтте қазақтың револю-цияшыл демократтары Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған зиялылар «Оян, қазақ!» ұранын көтерді. Ұлттық сана-сезімді ояту процесі 1920 жылға дейін, яғни Алаш-орда ресми таратылғанға дейін созылды. Онан кейін пышақ кескендей тыйылып қалған жоқ, 1929-30 жылдары қазақ оқығандарының ең үлгілі, озық өкілдерін ұстап, түрмеге жау-ып, атқанын атып, итжеккенге айдағаннан кейін ұлттық таным-түсінік социалистік құрылыс диірменінде ұнтақталып, жым-жылас болуға айналды.

1917 жылғы Қазан төңкерісі, шындығында тарихтың бip өтпелі кезеңі екені рас. Кедей-кепшікті жарылқаймыз, бақытқа қолын жеткіземіз деген коммунистік идеологияның қолдаушылары көп болған соң зорлық-зомбылықпен де, аяр саясатпен де кеңес адамдарына epiкciз сіңдірдік. Дүниетаным арналары өзгepiп сала бepдi. Оның үстіне ұлттың мұңын айтқан кемеңгерлерімізден айырылғаннан кейін, қанқұйлы отыз жетіде сүттің бeтіндегі қаймағымызды түгел сыпырып бердік. Өйткені олардың бойын-да бұрынғылардан қалған жұғын бар еді жəне алғашқы кездегі оңды-солды сілтейтін еркін ойлылықтың жаңғырығы бар еді. Ашаршылық жылдарындағы халық шығынынан кем соқпайтын нəубетте Қазақстан бойынша 105 мың адам абақтыға жабылып, 22 мыңға тарта адам атылып кетуі – ұлт үшін орны толмас қасірет болғаны даусыз. Саналыларынан, ақыл-парасатынан айырылған елдің мəңгүрт болмасқа шарасы қалмаған еді.

Page 35: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

35

Міне, осы тұста коммунистік идеология біртіндеп ұлы-державалық шовинизмге айнала бepiп, Ұлы Отан соғысынан кейін, əсіресе И.В.Сталиннің жеңіс құрметіне жасалған салта-натты жиында ұлы орыс халқының амандық-саулығына тост көтергеннен кейін мықтап бекіді. Жəне бəpi де желбіреген қызыл тудың астында ашық жасалды. Лениндік ұлт саясаты де-ген даурықпамен көкідік.

Соның нəтижесінде орыстың жақсысы да жақсы, жаманы да жақсы деген қағида қалыптасты.

Əр халықтың ұлттық таным-білігі міндетті түрде өзінің тари-хы мен мəдениетіне, əдебиетіне, жалпы тipлiгiнe коммунистік, шынына келгенде, орыстық көзбен қарайтын болдық. Біздің бүгінгімізді қойып, өткеніміздің өзiн осы көзқарастан өт-кізуге тиісті болдық. Біз де бір кезде ел болып ек, мəдениет, əдебиетіміз бар еді деген ойлар коммунизмге қастандық, барып тұрған ұлтшылдық болып таңбаланды.

Коммунистік партияның соңғы программасында ұлтшыл-дықтың бар көрінісі бақайшағына шейін шағып айтылды да, шовинизм жөнінде лəм-лим делінген жоқ. Ұлы орысшылдықты коммунистік идеология қорғады, сөйтіп біздің тарихымыз лас-танып, адам танымайтындай бұрмаланды, өзімізді өзіміз таны-майтындай күйге түстік. Немқұрайдылықты қалыптастырып алғаннан соң халықтарды өз мəдениетінен жирендіріп, тілін құрта бастағанда кішігірім ұлттар мен ұлыстар жұтылып кетті. Коммунистік қоғамға жақындап қалдық деп санымызды шапалақтап қуандық.

Осындай ұсқынсыздық, ожарлық пен анайылық əсіресе Қазақстанда күшті болды. 1946-48 жылдардағы идеология-лық қаулы-қарарлардың аяғы қазақ зиялыларын талқандау-дың кезекті науқанына ұласып, 25 жылға сотталған Е.Ысмайылов, Е.Бекмаханов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Қ.Мұхаметхановтарды көргеннен кейін «шойынбаевшыл-дыққа» салынбасқа амал қалмады. Тарихымыздан бездік, ұлттық мəдениетті өзгелердің ыңғайына бейімдеп, тоқырау жылдарында елдің байлығын, рухани дүниесін арақ-шараппен шайдық, мемлекеттік той-томалақты көбейттік. Рəсуа болмаған

Page 36: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

36

ештеңе қалмады. Оның есесіне атақ-даңқ, жарқыраған жұлдыз, орден-медальдар алдық. Жəреукеліктің ең соңғы көрінісі 1986 жылғы желтоқсан болды. Қазақ жастарының тұщы етіне ащы таяқтың тиюі коммунистік империядағыларды ашындырды, аға «тəртібі» қандай екенін көріп, ақыры ыдырап тындық.

Шортанбай жайында ой айтпақ болғанда осындай тарихи шолуға амалсыз барады екенсің. Өйткені Ұлы Отан соғысына дейін əдебиетіміздің тарихында өз рет-жөнімен аталып, зерттеліп келе жатқан Дулат, Шортанбай, Мұраттар «кеңес өкіметінің қас жауына» қалай айналып кеткенін бүгінгі жас ұрпаққа түсіндірудің өзі оңай емес.

Біздің айрықша жан салып күрескеніміз екі-ақ мəселе ме деп қаламын. Біріншісі – дін. Ол мұсылман діні ме, əлде христиан-дық па, жоқ, буддизм бе – əйтеуір дін атаулыны əшкерелеуге тиіс болдық. Өйткені ол коммунистік идеологияның қас жауы, ол алып келген адам санасындағы кеңістікті жаңа пролетарлық таным-сеніммен міндетті түрде ауыстыру қажет болды. Он-сыз «жеңіске» жету мүмкін емес еді. Сондықтан шіркеу, мешіт, синагога ғимараттарын қирату, атқораға айналдыру керек де-ген нұсқау жүзеге асырылды. Ұялмай-қызармай қираттық, орындадық. Бұл халықтың, адамның ниетін, пиғылын бұзу, ар-ожданды аяқасты етудің таптырмайтын амалы болды.

Ал екінші мəселе – ұлы халық, аға ұлт, қатардағылардың біріншісі деген желеумен ұлы орыстық шовинизмді насихат-тау, таным-түсінікке айналдыру. Мəскеудегілер анда-санда ұлтшылдықпен күресу қажеттігін сездірсе болды, жергілікті жандайшаптар, нигилистер желді дауылға айналдырып, əңгір-таяқты басымызға ойнатты. Соның бəрі ашық социалистік бо-яумен жүзеге асырылды. Мұның сырты не екен деуге шама-мызды келтірмеді, адам да ожар пиғылдың өзін емес, шетін сезіп, күмəндана бастағандарды ағаш атқа теріс мінгізіп, тес-кен таудан əрі өткізіп жіберді. Кімге болса да жаны қымбат болған соң, былғанған арым-ожданымды соңынан көріп алар-мын деушілер көбейді. Бүгін де азайған жоқ, «Заманың түлкі болса, тазы болып шалып қал» дегендер анайылықтың талай үлгісін көрсетіп-ақ жатыр.

Page 37: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

37

Міне, біздің Дулат пен Шортанбайларды «құртқан» мəселе осы. Кеңеске қарсы болды деуге алашорданың ата-бабалары тумай тұрып-ақ айтып кетіпті көзі көрген шындықты, болар кепиетті. Өткенге таптық көзқараспен қарау керек деген желе-умен оң жамбасымызға келмегендерге лағнат қамытын кигізе бердік.

Шортанбай осы екі үлкен айыптың екеуіне де дəл келетін ұлы дарын, зар заманның зор да адуынды ақыны, гөй-гөйді мейлінше шегіне жеткізе, шындық деңгейінде айтып, зарлап кеткен қоғам қайраткері, ірі идеолог. Онда діндарлық та бар, отаршылдыққа, біздің кейінгі түсінігіміз бойынша, орысшылдыққа қарсылық та бар. Бұл екеуін енді ашық айтып, инабатпен баяндау шарт.

Шортанбайлардың аруағынан кешірім сұрау үшін кешегіге айналып соқпасқа тағы да шараң жоқ. Біздің не айтып, не жа-зуымыз үшін жарықтық партиямыз алдын ала бəрін де ой-лап, өлшеп-пішіп қойды ғой. 1957 жылы орысшыл идеология-мыз марқұм Н.Жанділдин хатшылыққа қолы жеткеннен кейін «Қазақ халқының əдеби-поэзиялық жəне музыка мұрасын зерттеуді сын тұрғысынан қарап пайдалану жайы жəне оны жақсарту шаралары туралы» қаулы алдырды. Аты қалай қола-пайсыз да тұманды болса, заты одан асып түсті. Сталиннің культі əшкереленіп, Хрущевтің жылымығы жылылық танытпай жатқан шақта 1959 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы қазақ əдебиетінің негізгі проблемаларына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Тарих мəселелерін шешуді ғалымдарға тапсырғандары, даулы тақырыптарды ашық та анық айтуға шақырғаны, сырттай қарағанға ұнамды болып көрінгені болмаса, түпкі идея Орталық Комитеттің қолында болды. Ғалымдардың не айтып, қандай қорытындыға келері белгісіз болса да, күні бұрын алынар шешімнің жобасы дайын-далды. Ол «Қазақ əдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференция ұсыныстары» деген моп-момақан түрде дүниеге келді. Екінші бөлім «Қазақтың XVIII–XIX ғасырлардағы əдебиетінің тарихын зерттеу жайында» деп аталып, он бір тұжырымнан тұрды. Соны түгел келтіріп, Дулат пен Мұратты да қамти кетейік.

Page 38: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

38

«Шортанбай Қанаевтың шығармашылығы жайында конфе-ренция сол дəуірдің негізгі идеялары мен əлеуметтік өмірдегі ерекшеліктерін еске ала отырып, ақын, бір жағынан, патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының нəтижесінде туған əлеуметтік жағдайларды сынай отырады да, екінші жағынан, хандық дəуірді мадақтайды, шығармаларында ислам дінінің идеяларын уағыздайды деп қорытады. Бұл сияқты ақындардың шығармашылығына жоғары мектептің программаларында орын беріліп, негізінде ағартушылық, халықтық бағыттағы əдебиеттің осындай керітартпа ақындармен күрес үстінде дамығанын көрсету үшін аталуы керек» деп түйді.

Ал Дулат пен Мұраттың ақындық шеберлігінің, «өзіндік ерекшелік сипаттары» бар екендігіне ептеп жеңілдік жасап, «Ду-лат пен Мұрат шығармашылығы жоғары мектепте сол кездегі тарихи-əдеби процестің сипатын, əдебиеттің қандай қайшылық жағдайда дамығанын көрсету мақсатымен аталуы тиіс. Жалпы білім беретін мектептердің ерекшелігін еске ала отырып, бұл ақындардың шығармашылығын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын» (Əдеби мұра жəне оны зерттеу. Стенограмма. 1961. 372-б.) дегенді жалпы қазақ тіліне түсірсек, Дулат, Шор-танбай, Мұрат өнерпаздықтары ағартушы-демократтық бағытқа қарсы болғандығын көрсету үшін ғана аталуға тиіс болды да, мектептерде оқытылмасын, яғни қазақтың жас ұрпағы өзінің та-рихын білмесін, ауызданбай-ақ қойсын деп тапты, яғни қайнар бұлақты суалтып, түсінігін лайлады. Осы тұжырым 1988 жылға дейін бұлжымай келді. Мектеп оқулықтарына əлі кіре қойған жоқ.

Əрине, ешкімді кінəлауға болмайтын-ақ шығар, бірақ осы кон-ференцияда айтылған оң ойлардың ескерілмеуі, оны қақпайлап күні бұрынғы шешімге қарай икемдей бергендері, əсіресе өзінің даңқы дүниежүзіне мəлім болып, аузына ел-жұрт қарап отырған шақта Мұхтар Əуезовтің Шортанбай (С.Талжанов) мен Дулат жайындағы баяндамаларда «сыннан арашалап, аршып алу» жағы баса сөйленді. Ал анығында, Шортанбайдың бар көзқарасының бір ғана шыны бар емес пе еді? Ол – діншілдік, керітартпалық сарынға соғатын. Шортанбайлық көзқарастың

Page 39: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

39

түп қазығы, сарқып құяр сағасы қайсы десек, ол «Заман азды, бұл ақырзаман ғаламаты» дегенге саятын.

Осы сияқты Ханғали Сүйіншəлиевтің Дулат турасындағы тексеруі де сыңаржақ болып шықты. Дулаттың идеялық, тарихтық керітартпалығы, міні деп айтылып жүрген жайлардың бəрін баяндамашы бүркемелеп, көмескілей сөйледі. Баптап, ептеп «өткізу» бұл конференцияның мақсаты емес» деген (353 – 354 беттер) сөздер, əрине, Орталық Комитет пен ғылым-білімге желімсіз жабысып жүргендерге таптырмас «қару» болатынын əсіресе Мұхаңның ойластырмауы қайран қалдырды.

Міне, осылай Дулат, Шортанбай, Мұраттар əдебиет тари-хынан аласталды, атала қалса тек қайшылығы мен қарсылығы, ел-жұртты теріске бастайтын «жауыздығы» тұрғысынан көрсетіліп, оқушыны шошындырды. Соның нəтижесінде дүмшебас редакторлар мен баспа басшылары Шортанбай жыр-ларын «Бес ғасыр жырлайды» жинағынан жұлдырып, өзіне «саяси капитал» жинағандарын да білеміз.

Сөздің қысқасы, қазақтың азаматтық тарихы, оның рухани дүниесі қолдан тоналып, құлдырай түскен сайын бізді «адам» қылған аға халықтың мəртебесі өсе түсті, саяси-ғылыми жағынан өз елін тұқыртып, жарбаңдағандар шен-шекпеннен құр қалмады. Ал қазақ халқы тарих бетінде артта қалған, ештеңе ойлап, айтып көрмеген мылқау, дүңгене, не істеп жүргенін өзі білмейтін мəңгүрт болып шыға келді.

Жоқ, мың мəртебе жоқ, тарихымыз мүлде оңай емес. Халқымыз біреудің шөпшегін теріп, күн көрмегендігі соңғы екі-үш жылдың ішінде анықтала бастады. Бұл біздің тари-хи қозғалысымыздың басы ғана, əлі тереңдеу мен тарамда-ну шаралары тұр. Батырлар мен билерімізді, хандарымыз бен қараларымызды əлі де анықтай түссек, өз дəуірінің үні бола білген, ұранын жырлаған, аруағын шақырған өнерпаздарымыз, əсіресе ақын-жырауларымыз атаусыз қалмайды. Биыл өңгені былай қойғанда, Бұқар жыраудың, Дулаттың, Шортанбайдың, Мұраттың, Сұлтанмахмұттың, Мағжанның мүшел тойларын атап, асын беретіндігіміздің өзіне ойлана бір қараңыздаршы. Қазір қолымыз жеткенге құрмет көрсетіп жатсақ, ертең ой

Page 40: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

40

жететіндерге назар аударып, ғылыми жүйемен салтанат жа-сайтынымыз айдан анық. Сондықтан тарихқа жаңа көзқарасты жеңілдетпей, «ұлтшылдандырмай», тереңнен қазып, шындық деңгейінде əңгімелеуге тырысайық, ұмтылайық, əйтпесе тағы да біреудің ескі шапанының етегіне оралып, өзімізден өзіміз безініп жүруіміз мүмкін. «Таз қалпымызға түсетін» қауіп жоқ та емес.

Шортанбай жайлы сөз осындай ірі де ауыр ойларға бастай-тын болса, онда бұл дарынның шығармашылығы жеңіл-желпі, оңайлықпен алдыра қоймайтын сом да іргелі дүние екендігі өзінен-өзі айқындала беруі тиіс.

Бұқар жырау қазақ аспанына қара бұлт жиналарын сезсе, ба-тыс жақтан «өзі сары, көзі көк, мыңмыңдаған сөзі көптердің» келетіндігін аңғарса, Дулат, Махамбет, Шортанбайлар: «алды кəпір аңқылдап, елді еркіне қоймады» деген зілді ойлармен замананың бүлінгендігін көрсетті. Қай дарын болмасын өзі өмір сүрген дəуірді түсінуге, бейнелеуге ұмтылады, бірақ ол кім көрінгеннің қолынан келе бермейді. ХІХ ғасырдың ортасында «азулыға бар заман, азусызға тар заман» келгендігін қысылмай суреттеген Шортанбай болды. Оның «Зар заманы» мен «Бала зары», «Алдаушы жалған», «Келер заман сипаты» кезең шындығын айнытпай сөз өрнегіне түсірді. «Жалмауыз болды үлкенің қазақ сенің сорыңа» дей келіп,

Аяқты қия басу жоқ,Орыстың салған жолы бар.Емін-еркін заман жоқ.Ендігі жүрген жігіттіңМаңдайында соры бар, –

немесе,

Кəпірді көрдің піріңдей,Тілмəшті көрдің жеңгеңдей.Дуанды көрдің үйіңдей,Абақты тұр қасыңдаҚазылған қара көріңдей, –

Page 41: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

41

деген Шортанбайдың адуынды жырларынан қатты үріктік. Өмірде мұндай іс болмағандай, отаршыларға жарбаңдадық. Шындықтың бетіне ит сарыған соң, ұят-аятты ұмытып, тарих-ты бұрмаладық.

Тарихқа жаңа көзқарас айқындалып, ұлттық идеология деп жатқанымыз қазақтың жоғын жоқтар болса, онда Шортанбайдың «орысқа», яғни отаршыларға қарсылығы Бұқар мен Дулаттың, Махамбеттің жетілдірілген, ащылау айтылған түрі деп түсінген абзал.

Нысапсыз екен бұл кəпір,Жеріңді алды, малды алды,Пəлесі жоқ салмағанҚайысады қабырғаң,Көтере алмай салмағын, –

деген шындықты айтқаны үшін Дулат, Шортанбай, Мұраттарды бопсалай соғып, олардың керітартпалығы мен хандық тұрмысты ұнатқандықтары деп таңбалап, даттай бергеніміз тарих алдында ұят-ақ болып тұр. Шындықты айта алмағаннан қатты ұтылдық. Қазақ əдебиетінде ауызша жəне жазбаша əдебиеттердің аралығына алтын көпір салып келе жатқан реалистік дəстүрдің мəн-мағынасын ұға алмай, таптық тантыққа ауып кеттік.

Мен Шортанбайдың діндарлығын, ақырзаманды жырлағанын əбестей алмаймын. Өйткені Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегенін бойына сіңіргендер үшін Шортанбай діншілдігі уағыз деңгейінде ғана болып көрінеді.

Шортанбайдың «орысқа» қарсы боп, «дінді» өлердей на-сихаттауы, меніңше, қазақ жұртының адамгершілік арнасы-на сыймайтын іс-əрекеттері мен қылықтарына, имандылықтан кеткендерге қарсы қолданатын ең өткір идеологиялық қару болғандығын енді ұғынуымыз керек. Ыңғайына келмесе Құдайдың өзін сыбап жіберетін қазақты қалай оң жолға түсіремін деп толғанғанда Құран-хадиске көнбегендерді отаршылдықпен қорқытты. Осы бетімен жүре берсе құрдымға барып тына-рын сезген Шортанбайдың ақырзаманмен қорқытпасқа амалы

Page 42: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

42

қалған жоқ. Дəуірдің тынысын, беталысын жіті бақылай білген, қазақ əдебиетіндегі «Зар заман» дəуірін идеялық-эстетикалық деңгейге көтерген Шортанбайдың ірі де беделді тұлға болаты-ны осыдан.

Өйткені Шортанбайдың ащы зарына, ұлы қаламына ілік-кендер тек отаршылар емес, адамшылықтан айырылған «дуан-басы мен болыстар», жебір тілмəштар, əке-шеше тəрбиесін тəрік еткен əдепсіз ұл мен қыз, байына закон соғып тұрған қар қатын, елді теспей сорған қожа, молда, бір-біріне қастық ойлаған ағайын-туыс, не керек, əлеуметтік өмірдің алуан түрдегі типтері мен пенделері дараланып та, топтанып та көз алдыңнан өтіп жа-тады. Солардың адамшылығы артсын деп дінмен қорқытады. Оған өзі сенеді, басқаларды да сендіргісі келеді.

Ол заманда орыс, қазақ түгіл, Батыс пен Шығыста дінді адамзаттың ақ жолы деп түсініп, кейбір елдер мемлекеттік идеологияға айналдырып жатқанын көргенде, «Алла» деп ау-зын ашқан, «бисмилла» деп сөз бастағандарды сөкеттеудің өзі əбестік екенін ұқпадық. Отаршыл орыстар арқылы қазақ даласы-на келіп жатқан түсінік-талғам мен іс-əрекеттің қай-қайсысынан болсын шошитын, қорқынышты құбылыстарды Шортанбай көп көрді.

Уақыт жыршысы бола білген Шортанбай замана келбетін сөз өрнегіне түсіріп, тарих бетіне өзінің өшпес таңбасын қалдырды. Оңды-солды сілтеген уақытта Шортанбайдың бар арман-тілегі адам өзінің адамгершілігі мен имандылығынан айырылма-са екен деген пəлсафаға ойысты. Оның дидактикалық ақыл-парасаты да, моралистік ой-пікірі де адамдық қалыптан адас-тырмау мақсатын көздеді. Бүгінгі қорқынышты көрініс ертең зо-рая түсетініне имандай сенді. Келер заманда:

Атаның тілін ұлы алмас,Ананың тілін қызы алмас,Айта беріп қайтейін,Өлінің тілін тірі алмас.Жақыннан шыққан жақсыны

Page 43: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

43

Ағайын жұрты көре алмас.Заманақыр белгісі, –Бірге туған бауырыңТату да болып жүре алмас, –

деген жалпы адамгершіліктің құлдырау процесін көрсету арқылы əлеуметтік мəселелерді табиғи жолмен жанастырып, «Келер заман сипатын» көз алдымызға елестетті. Мүсəпір күйге түсер шағымызда:

Жапақтап көзің тұрарсың,Не айтамын деп ақымаққа.Балаңды алар солдатқа,Міне алмассың жалды атқа,Алақандай бет қағазТабынарсың мандатқа, –

дегені өтірік емес қой. Қазіргі төрелер одан да асырып жатқан жоқ па?!

Сол заманның ішіндеСиыр деген пұл болар,Ұрғашыдан би болар.Əркімменен ыржақтап,Қатын деген тұл болар.Өзіне-өзі ерік алыпЖанның бəрі құл болар, –

дегенді де бастан өткердік. Енді Шортанбайдың біздің бүгінгі қалымызды көзімен көріп тұрып айтқан мына сөзін қалай құлаққа іліп алмаймыз.

Мініп көрер күші жоқ,Сауып ішер сүті жоқ,Ақша деген мал шығар.Жеткізе алмай онысынҚалтыраумен жан шығар, –

Page 44: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

дегені жеке пенденің ғана емес, мемлекеттің басына түсіп отырғаны өтірік пе?!

Шортанбай жырларын ойлана оқып, көңілге тоқығандар та-лай шұрайлы да қомақты ойларға, түйінді тұжырымдарға кезігіп, шынайы адамгершіліктің жолын іздеген үлкен дарын екендігін көреді.

Шындықты айтудан тайынбайтын адал жан, асқақ ақын екендігі Асан қожамен айтысқанда: «Менің тегім сарт еді, сенің тегің қызылбас, Екеумізді пір тұтқан қазақ қайтіп бұзылмас» дегенінің өзінен-ақ айқын көрінеді. Шортанбай реализмі өзінің шыншылдығымен, ойып түсетін ащылығымен құнды.

Дулат, Махамбет бастап, Шортанбай мен Мұрат қостаған əдеби бағыт кешегі Бұқар жыраудың дəстүрін жалғастыра от-ырып, шын өмір айнасына айналуды мақсат тұтты. Арналы ағымға айналды. Ауыз əдебиеті дəстүрін дамыта отырып, кəсіби əдебиет жасау жолындағы ізденіс болды. Сондықтан қазақ ақын-жырауларының ХІХ ғасырдың орта тұсында қолы жет-кен көркемдік биігі – Абай негізін қалар жаңа жазба əдебиеттің алдына салынған алтын көпір еді. Абайдың «Шортанбай, Ду-лат пенен Бұқар жырау» жайындағы айтқаны ендігі көркемдік дамуымызға басқаша жол, соны өнеге керек деп білетін эстетикалық зор таным-талаптың дүмпуі болатын.

Сонымен, Шортанбай Дулат пен Махамбеттен баста-латын үлкен көркемдік процесті дəйектеп шығып, қазақ əдебиетінде реалистік ағымның орнығуына өлшеусіз үлес қосты. Шырқыраған шындықты тұздықтап жеткізген зор жы-рау. Елді, жұртты адамгершіліктің асқар биігіне шақырған дəуір ұраншысы. Қазақ əдебиетінің тарихында зар заман кезеңін аяқтандырып, көркем сөздің қадірін аспандатқан от ауызды, орақ тілді ұлы ақын.

1993 ж.

Page 45: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

45

ƏДЕБИЕТ СЫНЫНЫҢ ТУУЫ

Əдебиет сыны əрқашан көркем əдебиетпен үзеңгі қағыса дүниеге келеді. Сынның эстетикалық жəне социологиялық дəрежесі көркем əдебиеттің шыққан биігіне байланысты. Өйткені көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның қалыптасу процесі бір-бірінен шалғай кетпей, белгілі заңды-лыққа сүйеніп, іштей қабысып жатады. Ал мерзім жағынан аз да болса алшақтық болуы əбден ықтимал.

Сын – жазба əдебиетке тəн жəне баспасөз арқылы жарық көретін жанр. Тарихи сабақтастық пен табиғи байланыстан туып, қанат жаятын сынның жайын айту, сайып келгенде, жазба əдебиет пен баспасөздің жай-күйін, олар көтерген мəселелерді əңгімелеуге, солардың өресін баяндауға, сөйтіп оның туып, өсіп-өркендеу процесін айқындауға жағдай жасайды.

Қазақ əдебиет сынының туу, өсіп-өркендеу мəселесіне тоқтаған уақытта, ең алдымен, В.Белинскийдің «Сын тура-лы əңгіме» деген көлемді еңбегінде сын сəбилігіне менсінбей қарау – қателік, қайта оның тəй-тəй басқан қадамын ұқыпты зерттеу керек»1 деп ескерткенін еске алған жөн. Ал марксшіл сыншы А.Луначарский өзінің «Русская критика от Ломоно-сова до предшественников Белинского» деген зерттеуінде «орыс сынының туып, өсіп-өркендеуін, оның сəбилік, ал кейінгі кездегі ең мықтағанда балалық дəуірі деп атай алатын кезеңдерін шолып өтуді көздедім. Бастапқы дəуірдегі ойдың табиғи осалдығына қарап, оның бізге қажеті жоқ деуге болмай-ды... ол кезеңде анда-санда анайы да қарапайым болғанымен, соның өзінде өзгеше қызықты түрде айтылған мəнді, құнарлы ойлар бар»2 деп көрсетуі тегін емес.

Қазақ əдебиет сыны əлі күнге дейін жанр ретінде арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан Қазан революциясына дейін оның туып, қанат жайып қалғандығын нақты деректермен көрсету жəне өріс алған арналарын айқындау шарт.

Сын жанрының туу процесін айқындауда қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Шоқан Уəлихановтың, Ыбырай Ал-

1 Белинский В. Собрание сочинений в трех томах. 1948. 2-том, 398-399 б.2 Луначарский А. Критика и критики. 1938, 60-б.

Page 46: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

46

тынсариннің, Абай Құнанбаевтың сыншылық ойлары мен шығармашылық тəжірибесі тасада қала алмайды. Өйтке-ні əр дарынның əр кезде айтқан құнарлы ой-пікірлері сын жанрының ауқымына кіреді. Қазақ жазба əдебиетінің ХІХ жəне ХХ ғасырларда көркемдік дамудың бірқыдыру биігіне қол сермеуінің өзі сын жанры тууының алғышарты екенін де естен шығаруға болмайды.

Сынның басқа жанрдан, əсіресе поэзиядан табиғи бір ерекшелігі – ауызекі тарап кете алмайтындығында. Ол тек бас-пасөз арқылы ғана тарайды.

Қазақ тілінде баспасөз орындарының пайда болуы əде-би сынның тууына себеп қана емес, негізгі арнаның бірі болатындығы да осыдан. Сондықтан да «Түркістан уала-яты газеті» мен «Дала уалаяты газеті», онан кейінгі «Сер-ке», «Қазақстан» газеттері сынның жанрлық сипат алуы-на белгілі дəрежеде даярлық жасаса, оның туу, дүниеге келу процесі «Айқап» журналына тікелей байланысты. Өйткені сынның эстетикалық дəрежесі қалаған жерден шыға бермеген-мен, оның жанрлық қасиетін айқындарлық материалдардың көбі «Айқаптан» табылады. Сондай-ақ ХІХ жəне əсіресе ХХ ғасырдың бас кезінде жарияланған кітаптардағы сыншылық ойлар да ескерілуге тиіс.

1

Сын жанрының туа бастау кезеңін жазба əдебиет пен бас-пасөзге сабақтастырған уақытта, қазақ халқының бай ауыз əдебиеті нұсқаларында кездесетін сыншылық ойдың көріністеріне де тоқтай кеткен жөн. Ел əдебиетіндегі өлең-жыр, əзіл-оспақ пен сықақ-ажуалар да жеке адамның басындағы кем-кетіктер мен əлеуметтік өмірдегі міндерді шенейтін əдеттерді сатира мен юмордың аумағына берген күннің өзінде, көркем сөзге эстетикалық талап қою тұрғысынан айтылатын пікірлер кездесіп қалады. Бұлар қазақ халқының əлеуметтік пікірінің, сонымен қатар сыншылық ойының ояну процесінен елес береді. Халық лирикасында өнерге қойылар талап бірқы-

Page 47: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

47

дыру байқалса, батырлар жырлары мен лиро-эпостардың кіріс-пелерінде халық көңілін аударуға арналатын шумақтар жиі кездесіп отырады. Онда айтылар жырдың қандай қадір-қасиеті барын баяндап қана қоймай, өнерлік нұсқасы жайын-да пікір айтып қалушылық ұшырасады. Мысалы, «Қозы Көр-пеш – Баян сұлу» жырының И.Н.Березин вариантының (1876 жылы шыққан):

Қозы Көрпеш дегенің біраз өлең,Ептеп айтқан кісіге тым-ақ оңай,1 –

Шөже вариантының:

Жарасқан нар түйеге биік өркеш,Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш,2 –

ал 1958 жылы «Қазақ эпосында» жарияланған вариантының

Кемел ақын келтірер сөздің түрінОған да заман өткен бір ықылым3, –

деп бастауларынан сыншылық ойдың алыс елестерін ғана аңғарамыз.

Халықтық эстетиканың кейбір мəнді салалары ақындардың айтыстары мен əн мəтіндерінде өнерге талап қою тұрғысынан айтылатын ой жүйесінен көрініп қалады.

Əуелі Бұ шіркінді бастау қиын,Екінші көптің сөзін тастау қиын.Төрт сөзің түгелімен келмеген соң,Барқырап көп алдында қақсау қиын,4–

1 «Қозы Көрпеш – Баян сұлу». Баспаға дайындаған Ы.Дүйсенбаев, Алматы, 1957, 7-б.

2 Бұ да сонда, 60-б.3 «Қазақ эпосы». 1958, 473-б. 4 «Қазақ əндері» Құрастырған Н.Шəкенов, 1961, 168-б.

Page 48: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

48

деген шумақта əн əуені мен өлеңінің үйлесімді тұтастығын тілеу басым. Халық лирикасында əннің, өлеңнің қасиеті тура-лы пікір айтудан гөрі өнерді тамашалау жағы басым болады.

Салғанда қара өлеңге тілім майда,Тілімнің майдасынан көрдім пайда,Əрдайым медет берсе тіл-жағымаСалайын түрлендіріп осындайда,1–

деген сияқты шумақтардан сынның элементін іздеу қиын.Қазақтың ауыз əдебиеті туындыларының ішінен сын жан-

рына аздап ойысатыны – ақындар айтысы. Айтыста екі ақын өз елінің жақсылығын ғана айтып қоймай, ара-тұра өздерінің өлеңдері мен өнерлерін мақтайтын да, сынайтын да кезі болып отырады. Күйкентай қыз бен Оспантай ақынның айтысы:

Жігіт:Басы алтын өлеңімнің, бақайы жез,Кез болдым əріптестен оңынан тез.Іздеген сұрағанға душар болса,Əртүрлі ойда жүрген айтылар сөз.

Қыз:Сырты алтын өлеңімнің, іші күміс,Шабыс та, желіс те бар жорға жүріс.Жан жетпес желісіме сау желгендеЖарайды тəптеп берсе біздің біліс, 2–

деген шумақтардан басталғанда, өздерінің өнерін салыстыру, қарсыласының сағын сындыру, үрейлендіру үшін өзін-өзі асы-ра мадақтау ниеті бар екендігін, ал өнерге қойылар талаптың кем, тіпті жоқ екендігін аңғарамыз.

Басқа айтыстарға қарағанда «Біржан сал мен Сара қыздың айтысында» өнер сынау элементтері бірқыдыру мол кездеседі.

1 Бұ да сонда, 205-б.2 Мұқанов С. Қазақтың XVIII-XIX ғасырлардағы əдебиетінің тарихынан

очерктер. 1-бөлім, 1942. 188-б.

Page 49: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

49

Сара: Өлеңді қолқа қылсаң ағытайынСамарқан жібегіндей оңнан өріп1, –

дегенде Біржанның:Сөйлейсің алтындай қып сөздің жезін, Сынасып сан жүйрікпен көрдім өзім.Сайраған бейне ұжмақта БұБұ құстайҰқсаттым Сара сұлу айтқан сөзін2, –

дегендері де өнерді қадірлеу, ардақтау ниетін аңғартқанымен де эстетикалық сынның арқауынан шыға қоймайды. Халық арасына кең тараған айтыс дəстүрі кей уақытта қарсылас ақынның сөзін, өнерін жұрт алдында мінеу үшін қағытып өтетін шумақтарға да кенде емес.

Осында жиналыпты жас пен кəрі,Қарайды екеумізге жұрттың бəрі.Шырағым, айтар болсаң шығарып айт,Жаттап алған өлеңің емес дəрі, –

деген сияқты қағытуларды да сын жанрына икемдеу қиын. Қазақтың ауыз əдебиетінде халықтық эстетиканың жұрнағы

болып табылатын өлең шумақтары мен ойлар кездесіп қалып отыратындығын ескерген уақытта, оларды сын жанрының ту-ындысы деп тануға болмайды. Өйткені айтылар ой, қорытар пікір, берер баға өнердің қадір-қасиетін айқындауға біршама ойысқанымен де, нақты дəлелмен, белгілі талап-талғаммен тұжырымдалмайды. Сондықтан сын жанрының тек жазба əдебиетке тəн болуының себебі де осыдан.

1 Бұ да сонда, 239-б.2 Мұқанов С. Қазақтың XVIII-XIX ғасырлардағы əдебиетінің тарихынан

очерктер. 1-бөлім, 1942. 242-243 б.

Page 50: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

50

2

Қазақ əдебиет сынының туу арнасының арғы баста-уы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушы-демократтық идеяға толы туындыларынан нəр алатындығы ақиқат.

Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уəлихановтың еңбек-терінде əдебиетке байланысты сыншылық ойлар жиі кез-деседі. Шоқанның қазақ ауыз əдебиетінің үлгілерін жи-науы, қырғыз халқының ұлы дастаны «Манас» тура-лы көптеген пікір айтуы, қазақ өлеңдерінің түрлерін ар-найы зерттеуі, сондай-ақ əр елдің əдебиеті мен аңыз-жыр-ларына өз көзқарасын білдіруі – оның сыншылық ойының қомақтылығы мен құнарлығына айқын дəлел.

Тіпті, басқаның бəрін былай қойғанда, қырғыздың ұлы мұрасы «Манас» жөніндегі пікірлерінің өзі күні бүгінге дейін ғылыми мəнін жоймай отырғаны көпшілікке аян.

Шоқан «Манасты» бірінші жинаушы ғана емес, оның қоғамдық-əлеуметтік жəне көркемдік мəні жайында тұңғыш ғылыми анықтама жасаған ғалым. «Манас» – белгілі бір дəуірге жəне бір адамның – Манас батырдың төңірегіне бүкіл қырғыз мифтерін, ертектер мен аңыздарын топтастырған энциклопедиялық жыр. Бұ – дала Илиадасы. Қырғыздардың тұрмысы, əдет-ғұрпы, тіршілік жайы, діни жəне медициналық түсініктері, олардың басқа елдермен қарым-қатынасы осы ұлан-ғайыр эпопеядан анық байқалады. Бұ поэма, біздің ойымызша, жаңа қоспалар мен өзгерістерге ұшыраған тəрізді. Мүмкін, прозалық жұмуқтардан (ертектерден) өлең түріне көшірілуі, біртұтас қалыпқа келуі кейінгі заманның ісі болар. «Манас» біртұтас болып көрінгенмен, əртүрлі эпизодтардан құралған. «Сəметай» эпосы – «Манастың» жалғасы – буруттың Одиссеясы1» екенін бұдан бір ғасыр бұрын анықтап, оны шын мəніндегі халықтық эпос2 деп ғылыми анықтама жасауының өзі-ақ Шоқанның ғалымдық тұлғасының зор, сыншылық ойының қомақты да терең екендігін көрсетеді.

1 Валиханов Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата. 1961, 1 т, 420-б. 2 Бұ да сонда, 367-б.

Page 51: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

51

Шоқан өзінің ұлан-асыр еңбектерінде қазақ халқының өнерпаздық дарыны, əсем əн, келісті мақам, үйлесімді ырғаққа құмарлығы, көркемсөз қасиетін қастерлеуі жайында талай құнды пікірлер айтқан. Басқа ориенталистердей емес, Шоқан қазақ сөз өнерінің жанын, ішкі сырын, терең мағынасын, əсем көркін бір-біріне сабақтастыра, қабыстыра, тарихи негізін қазбалай отырып айтқан.

Осы тұрғыдан алғанда Шоқанның «Қазақтың халықтық поэзиясының түрлері туралы» деген еңбегіне айрықша на-зар аударған жөн. Өйткені мұнда өлең-жырлардың жалпы мəн-мақсаты ғана айтылып қоймай, оның тыңдаушыға қандай формада жететіндігі сөз болады да, Шоқанның эстетикалық білігінің биік өресі айқын аңғарылады.

Үлкен бір зерттеудің бастамасы сияқты Бұл еңбегінде Шоқан қазақ поэзиясының сыртқы көрінісіне, ішкі мəн-мағынасына, ұйқас, ырғақ жүйелеріне қарай бес түрге бөліп, олардың туу, жетілу, қолданылу жайынан бірқыдыру құнды мағлұматтарды хабарлайды.

Шоқан «жыр» мен «өлең» түрлеріне айрықша мол тоқтап, «жылау», «қайым», «қара өлеңдердің» мəні мен ерекшелігін қысқа қайырған.

Қазақ поэзиясының «Жыр» түрі көбіне белгілі бір батыр-дың өмірі мен ерлігін баяндауға қолданылатындығын ай-тып, «жыр» дегеніміз рапсодия. Жырламақ деген етістік – тақпақтай, ұйқастыра айтуды1 білдіреді. Сахара жырларының бəрі қобыздың сүйемелдеуімен ұйқастырылып айтылады2» деп баяндайды. Жыр үлгісін нақты мысалмен талдай отырып, Шоқан əуен мен ойдың үйлесім («полная гармония звуков и мыслей») табатындығына назар аударады.

Жырдан кейін Шоқан қазақ поэзиясындағы «жоқтауға», «қайым өлеңге» қысқаша анықтама беріп, «қара өлеңнің» төрт жолдан құралып, белгілі бір мағынаны білдіретіндігін, көбіне əнге салып айтылатындығын баяндайды да, қазақ поэзиясының негізгі түрі – өлеңге айрықша тоқталады. «Өлең

1 Валиханов Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата. 1961, 1 т, 196-б.2 Бұ да сонда, 200-б.

Page 52: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

52

төрт жолдан тұрады, алғашқы екінші жəне төртінші жол-дар бір ұйқасқа құрылып, силлабика тəртібі сақталады, ал үшінші жол ұйқастырылмайды» дейді де, қазақ поэзиясының үлгілеріне əменде араб поэзиясының метрикалық мөлшерлері сай келе бермейтінін, əр поэзияның өзіндік ерекшеліктері ба-рын тұжырымдай айтып, өзге ел əдебиеті жайында жалпы но-баймен пікір түйетін, бəрін де бір қайшымен қырқатын кейбір ориенталистерге қарсы шығады.

Шоқанның Бұл еңбегінде назар аударатын мəселенің бірі – өлең-жырды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін өнерпаздарды сала-салаға ажыратуы. «Өлеңші», «ақын» деген терминдердің Шо-қан талдауында біраз жігі ашылады. «Өлеңші» деген терминді «жыршы» деген мағынада түсіндіріп, Бұрыннан кейінгіге мұра болып қалған шығармаларға олар өз тарапынан тек кіріспе не соңғы сөз қоса алатындығын хабарлайды. Ал «ақын» деген сөзді жанынан өлең шығаратындарға лайықтайды, бірақ кейде оларды да «өлеңші» деп кететін кезі бар.

Шоқанның əдебиет жайлы шұрайлы пікірлері мен құнды зерттеу еңбектері қазақтың сыншылық ойының ғылыми өңірден өрбігендігін аңғартады. Əрине, Шоқан шығармашылығының жағдайы ерекше, ол барлық еңбегін орыс тілінде жазды жəне негізінен алғанда зиялылар үшін жазды. Қазақтың рухани байлығын білімпаздық жолмен тексерген Шоқанның тарихи еңбегін сыншылық «ойымыздың қарлығашы» деп тану шарт.

Ыбырай Алтынсарин өзінің нақты ісімен əдебиет сыны мен ғылымына үлкен үлес қосты. 1879 жылы тұңғыш рет «Қазақ хрестоматиясын» жасап шығаруының тарихи мəні зор.

Хрестоматияға енетін шығармалардың бəрі де өзінің педагогикалық мақсаты тұрғысынан, оқушыларды көркемсөзге баулу, олардың эстетикалық талап-талғамдарын қалып-тастыру тұрғысынан құрастырушыға үлкен міндет артады. Осы міндетті анық түсіну жəне ойдағыдай жүзеге асыру ба-рынша талғампаздықты, жүйелі білімдарлықты, эстетикалық көзқарасты талап етеді, яғни автор əрі педагог, əрі əдебиетші, əрі сыншы болуы шарт. Осы қасиеттер Ыбырайдан түгел табыл-ды. Міне, сондықтан да Ыбырай өзінің осы еңбегімен талап-

Page 53: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

53

талғамы əбден жетілген əдебиетші екендігін көрсетті. «Қазақ хрестоматиясы» – негізінен алғанда жаңа, соны шығармашылық дүние. Мұнда ауыз əдебиетінен алынған азғана үлгілерді жəне орыс авторларының шығармаларынан аса қажеттілерін кейде еркін, кейде сол күйінде аударып алуын жадымыз-дан шығармағанның өзінде, осы «хрестоматия» Ыбырайдың ақындық жəне жазушылық талантын оятқан. Сондықтан Ыбы-райды хрестоматия құрастырушы емес, оқу кітабын жасаушы деп тану əділетті. Өйткені «Қазақ хрестоматиясы» негізінен Ыбырайдың төл шығармаларынан құралып, педагог Ыбы-рай ақын Ыбырайға, жазушы Ыбырайға айналып кеткен. Бізге өзінің бар қадір-қасиетімен танылатын Ыбырай осы «Қазақ хрестоматиясының» ішінде.

Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы шыққан «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралы» деген кітабы жəне өзі дүние салғаннан кейін араб əрпімен басылып шыққан «Мақтубат» «Қазақ хрестоматиясының» ғылымдық, педагогикалық жəне əдебиеттік өресінен биіктей алған жоқ.

Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясын» жазу кезінде əдебиет үлгілері жайында педагогикалық тұрғыдан пікір айтқан: «Мы-салдарды» (басни) енгізгім келмейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға Бұдан гөрі мəндірек əңгімелер керек болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса, оған күлетінін, ал олардың ата-аналары: балаларымызға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нəрсені үйретеді деп, тіпті ренжитінін тəжірибемнен білемін. Қазақ балаларына меніңше мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын əңгімелер немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жібек құртының көбелектерінің өзгеруі сияқты, құндыздың өзіне үй салып ала-тыны сияқты əңгімелер тəуірірек болады. Өлең жағын мен мүмкін болғанша қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын».1

Алтынсариннің қай еңбегін, қай шығармасын алып қара-саңыз да оның утилитарлық көзқарасы айқын көрінеді. Ненің пайдалы, ненің пайдасызы əрқашанда сыншылық ой елегінен өтіп отырады.

1 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. 1955, 287-288 б.

Page 54: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

54

Қазақ тілінің тазалығын сақтау жөніндегі проблемаға да Ыбырай осы тұрғыдан қарайды. Ол өзінің шығармаларында жалпыға түсінікті тілді қалтқысыз жүзеге асырып қана қоймай, қазақ арасына ислам дінімен бірге кіре бастаған араб, парсы, татардың түсініксіз сөздеріне қарсы шығып, күрес жүргізіп отырды.

Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Молдалар өздерінің адам басын қатыратын қасиеттерінің үстіне, қазақтың табиғи тілін де Бұзып жүр... Сіз қазақтың табиғи тілін Бұзатын тата-ризмге өте қарсы екенсіз, ал мен де көптен бері осы пікірде болатынмын»1 деп жазуында үлкен прогресшіл мəн бар. Ыбырай өзінің осындай көзқарасын дəйекті жүзеге асырған уақытта «татарша жазу қазақ тілінің тазалығына жəне бүтіндігіне зиян келтіретінін»2 айқын біліп, саналы түрде күрес жүргізді.

Бұл мəселені Ыбырай тек жалпылама түрде ғана көтеріп, араб, парсы, татар тілінің сөзі болса, оның пайда-зиянына на-зар аудармайды деп қарауға болмайды. Тілдің шұбарлануына қарсы күрес ашқан уақытта Ыбырай ұтыс пен ұтылысты түгелдей безбенге салып, аса сақтық жасағандығын, «қазақтың төл тілінде қажетті сөз табылмай қалған жағдайда қазақша жазуларға кейбір парсы немесе араб сөздерін қабылдау бөтен болмайды»3 деген пікірі барынша айқындайды.

Демек, Ыбырай Алтынсарин тілдің сөздік қорын байыта-тын, түбінде қазақ тілі жатсынбайтын, лексикалық байлығын көбейтуге мүмкіндік беретін қажетті сөздерден безбеу керек деп бірден-бір дұрыс пікір түйген. Мəселенің түйіні – тілді орынсыз шұбарландыратын, грамматикалық құрылысына жат сөздер мен сөз тіркестері, баламасы бар сөздердің орнына қайдағы бір түсініксіз сөздерді тықпалаудың зиянды екендігі жайында болып отыр.

Сонымен, Ыбырай Алтынсарин ең алдымен əйгілі «Қазақ хрестоматиясын» ғылыми жүйемен жасап, ана тілінің таза-

1 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. 270-б.2 Бұ да сонда, 279-б.3 Бұ да сонда, 270-б.

Page 55: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

55

лығын сақтау жолында саналы күрес ашу арқылы қазақтың жаңадан ғана нышаны көріне бастаған сыншылық ойына үлкен үлес қосты.

Қазақ халқының əлеуметтік ой-пікірінің оянуы ғылымдық, педагогикалық тұрғыдан ғана емес, эстетикалық тұрғыдан да басталғанын аңғармасқа болмайды. Абай өзінің эстетикалық арқауын көркемдік дүниесінен тапты да, бар өнерпаздығын «көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі»1 қашпауына жұмсады.

Адамның жан-жүрегін тербейтін, асқан əдемілік, сұлулық құшағына бөлейтін, сана-сезімді əлдилеп уататын Абай поэ-зиясы ермек таба алмаған жарым көңілдің көлеңкесі емес, өз заманының кем-кетігін жетік білген, оны түземек болған ұлы ойшылдың күрес құралы. Сондықтан да ол өлеңге де, əңгімеге де, оны шығарушы ақын мен əншіге де қатаң эстетикалық та-лаптар қойды.

Абайдың эстетикалық ойлары мен сыншылық пікірі ең ал-дымен өнер иесі – ақын, композиторлар кім, олардың қоғамдағы орны қандай деген түбегейлі мəселеден өрбіп, олардың əлеумет алдындағы міндеті мен парызына арналған.

Ескі бише отырман бос мақалдап,Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап,2 –

деген уақытта Абай ең əуелі өнердің саудаға түспеуін, оны кəсіпке айналдырмау керектігін айрықша ескертеді. Егер көркемөнер кəсіпқорлықты көздесе, онда оның қадір-қасиеті болмайды («Қазаққа өлең деген бір қадірсіз, былжырақ көрінеді бəрі тандық»)3, өзінің негізгі қоғамдық нысанасын орындай алмайды деп білді, мұндай «өнерге» ден қоюшыларды ашына əшкереледі де:

1 Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. Қазақ КСР Ғылым академиясының баспасы. Алматы, 1954. (кейінгі меңзеуде томын, бетін ғана көрсетіп отырмыз) 2-том, 213-б.

2 Абай. 1-т. 56-б. 3 Бұ да сол бетте.

Page 56: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

56

Сый дəметпе, берсе алма еш адамнан,Нең кетеді жақсы өлең, сөз айтқаннан.Сүйінерлік адамды құрмет қыл,Аулақ бол əнін сатып нəрсе алғаннан,1 –

деп, өзінің сөзіне құлақ асатын шын өнерпаз дарындарға ақыл айтады да, тіпті:

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге,Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. Өзге түгіл өзіне пайдасы жоқЕсіл өнер қор болып кетер түзге,2 –

деп өтінеді. Абайдың өнерпаз жастарға айтқан ақылы да, жалбары-

на өтінгені де – есіл өнерді қор қылмай, игі мақсатқа, халық қажетіне жұмсау.

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ3 –

екендігін ашық айтады. Абай поэзиясының осындай азаматтық арқауы ел мүдде-

сінен туып, оған қызмет қылғысы келген өнерпаздардың тарихтағы орнын қазақ əдебиетінде Бұрын-соңды болмаған биікке көтереді. Өнердің өнегесін жетік аңғару, оны үлкен мақсат-арманмен сабақтастыру, оған қатаң эстетикалық та-лаптар қою – Абайдың сыншылық ойының өрелі екендігінің айғағы.

Өнерпаздың қоғамдық орнын айқындаған Абай енді оның өнеріне қатаң талап та қойды. Ол талаптың орынды екендігін дəлелдеу үшін Абай өзіне дейінгі əдебиеттегі кемшіліктерді қатты сынады.

1 Бұ да сонда, 61-бет2 Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. Қазақ КСР Ғылым

академиясының баспасы. Алматы, 1954. (кейінгі меңзеуде томын, бетін ғана көрсетіп отырмыз) 2-том, 89-б.

3 Бұ да сонда, 61-б.

Page 57: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

57

Жаңа заман жаңа көркемдікті, эстетикалық талғамды талап етеді, оны тудырады да. Жаңа дəуірдің биік шыңына көтеріле білген дарындар əрқашан замана талабын өз əріптестеріне өзінің үлгі-өнегесімен де, ақыл-кеңесімен де, кейде өткір сы-нымен де білдіріп, көркемдік дамудың сақшысына айналаты-ны аян.

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.Ақындары ақылсыз, надан келіп,Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап,1 –

дегені немесе əдебиет тарихында аты бар ақындарды:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,Өлеңі бірі жамау, бірі құрау.Əттең дүние-ай, сөз таныр кісі болсаКемшілігі əр жерде-ақ көрініп тұр-ау!2 –

дегені де өскен эстетикалық талап деңгейінен айтылғанын аңғармасқа болмайды.

Абайдың Бұл пікірі қаншама қатты үкім болғанымен, нигилистік позицияда айтылған пікір емес. Тап осы мəселе жөнінде Мұхтар Əуезов айтқандай: «Абайдың өз алдында, өз тұсында болған кейбір ақындардан жиренуі – бүткіл қазақ халқына біткен ақын атаулыдан торығып, аулақсыну емес. Сол сияқты, батырлық жөніндегі жырларды өз басына қабыл етпе-уі – мазмұнын, көркемдігін біржола мансұқ еткендік емес. Ендігі тарихи дəуренде қауым тіршілігі жаңаша, басқаша боп өзгеріп құрылу керек дейтін Абай ақындық міндетті түсінуде, үлгі алуда орыстың классик əдебиетіне бет Бұрады. Со-дан тəлім алған жаңа заман үншісі, ұраншысы енді халыққа басқаша əдебиет керек дейді»3.

1 Бұ да сонда, Абай. 1-т. 56-б.2 Бұ да сонда, 61-б.3 Əуезов М. Əр жылдар ойлары, 1959, 104-б.

Page 58: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

58

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,1 –

деген уақытта Абай қазақтың жазба əдебиетінің шығар биігі осы өңірден тармақталуы керектігін, түр мен мазмұнның тұтастығын сақтау қажеттігін ашық тұжырымдайды. Сөйтіп, Абайдың көркемсөзге қояр талап-талғамы қазақ əдебиетін өркендетудің «эстетикалық жаңа нормасы»2 болып қалыптасты.

Бүкіл қазақ əдебиетінің қазынасынан, оның ішінде халықтың ғасырлар бойғы өмірлік тəжірибесінен туған аз сөзді, терең мағыналы мақал-мəтелдерге Абай əрқашан шығармашылық көзқарасты қолданып отырған. Мақал-мəтелдердің мəнділерін, өзінің озық ойына сай келгендерін Абай кейде сол қалпында, кейде өнерпаздық өзгеріске ұшырата қолданады, ал кейде тіпті өз жанынан жаңа мақал-мəтелдер шығарудан да тартынбайды.

Алайда Абайдың қазақ мақал-мəтелдеріне сын көзімен қарағаны аян. Абай өзінің «Жиырма тоғызыншы сөзін» бойын-да кінарат бар, мазмұнында мəн жоқ деген мақалдарға арнаған. Осы мақалдарды сынағанда Абай өзінің идеялық позициясын айқын танытып отырады.

Абай өзінің айтар сынын «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»3 деп бастайды. Бұл пікір Абайдың жалғыз мақал-мəтелдер жөнінде ғана емес, бүкіл қазақ əдебиеті, қазақ мəдениеті жөнінде көптен қорытқан ойының көрінісі. Абай үшін қатып қалған қағида, сын тезіне түспейтін нəрсе шамалы. Ол əрқашанда «іске татырлық» пен «іске татымайтындардың» арасын ажыра-та білді де, өзінің өктем үкімін шығарып отырды. Абайға ақын, əнші, молда, ишандардың сөзі түгіл, кейде пайғамбар сөздерінің өзі де күдік тудырып, терең ойға батыратыны да

1 Абай. 1-т. 55-б.2 Қазақ əдебиетінің тарихы. 2-т. бірінші кітап, 1961, 399-б.3 Абай. 2-т. 201-б.

Page 59: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

59

бар. Міне, мұның бəрі де Абайдың сыншылық ойының əбден ұшталғандығына айғақ.

Абайдың «қаһарына» ең алдымен «Жарлы болсаң, арлы бол-ма» деген мақал ілігеді, оның ақындық жанына найза сұққандай əсер етеді. «Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын!»1 деп кесіп айтады. Адамгершілікті аяқтың астына тастауға үндеген мақалдың «терең сырын» ақтарып, идеясыздығын дəлелдейді, харакетке қарсы айтылған мақал екендігін ашады. «Егер онысы жалға жүргенде жаныңды қинап, еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол – ар кететін іс емес, тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі»2 деп еңбекші адамның жана-шырына, оның адамгершілік қасиетінің қорғаушысына айнала-ды Абай. Өйткені ақынның негізгі идеалы – еңбекті сүю, еңбек адамын қадірлеу.

Абайдың көзіне түскен Бұдан кейінгі мақалдардың да əуені əлгідей. «Қалауын тапса – қар жанады, сұрауын тапса – адам бала-сының бермейтіні жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлық-пенен өмір өткізгенше, малды жерден сұрау керек, не терден сұрау керек қой»,3 – дейді Абай. Қазақ қоғамының Абай өмір сүрген заманында мұның өзі үлкен прогресшіл пікір екені аян. Қоғамды күрес жолымен өзгерту Абайдың əлеуметтік идея-сынан да, эстетикалық көзқарасынан да тумағандығын ескер-ген уақытта, еңбекші елге «не жерден, не терден сұрау керек» деп ақыл айтуының өзі оның демократтығын айқындай түсетін факт болса, екінші жағынан Абайдың сыншылық ойының құнарлы екенін байқатады.

Қазақтың сыншылық ойының жолында тарихи ұлы еңбек сіңірген Шоқан, Абайлардың шұрайлы пікірлерін шолған уақытта орыс халқының прогресшіл мəдениетінің қазақ топы-рағында тамаша жеміс бергендігін дəн ризалық көңілмен айту керек. Жаңа заман тудырған қазақтың үш данышпаны

1 Абай. 2-т. 201-б.2 Бұ да сол бетте.3 Бұ да сол бетте.

Page 60: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

60

ғылымдық, педагогикалық, эстетикалық тұрғыдан өз ойларын жария етіп, сыншылық өнердің алғашқы қарлығашын ұшырды, кейінгі ұрпаққа мəнді өнеге қалдырды.

Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының құнарлы ойла-ры мен пікірлерінен өрбитін əдебиет сынының элементтері ХІХ ғасырдың аяқ шені мен ХХ ғасырдың бас кезінде дүниеге келген баспасөз орындары арқылы тұрақты арна таба баста-ды. Қазақстанның бүкілресейлік шаруашылық жүйесіне тар-тылып, сауда жəне өнеркəсіп капиталдарының ене баста-уы, Романовтар Россиясымен қатар Пушкин, Белинский, Чернышевский Россиясының бар екендігін түсіну, азаттық қозғалысының өрістеуі, оның қазақ даласына əсері тиюі, қазақ интеллигенциясының туа бастауы, баспасөз орындарының ашыла бастауы – сайып келгенде, қазақтың қоғамдық ой-пікірінің өркендеуіне қолайлы жағдай жасады.

Қазақтың əлеуметтік өмірінде тарихи жəне мəдени мəні зор оқиға «Түркістан уалаяты газетінің» 12 жыл бойына (1870–1882) шығып тұруы. Бұл газеттің бетінде шаруашылық, саясат мəселелерімен қатар, оқу-ағарту жұмысының жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс ғылымы мен мəдениетінің жетістігі сөз болды. Газет бетінде қазақ елінің өнегелі ұлдарының ісінің қастерленуі, Шоқан Уəлихановтың атын ілтипатпен атап, оның моласына ескерткіш орнату жайын сөз етуі, Орынбай, Досан-бай ақынның өлеңдері, ақындар айтысы, қазақтың мақал-мəтел, жұмбақтары жариялануы, «Мың бір түн» ертегісінің қазақ тіліндегі алғашқы аудармасы мен Т.Ермак жайындағы аңыздың басылуы1 – газет редакциясының мəдениет пен əдебиет сала-сына біраз көңіл аударғанын көрсетеді.

Газет бетінде қазақ тілінің тағдырын ойластырған матери-алдар да бірқыдыру. 1878 жылғы 3-санында қазақ өлеңдерін өзбек, татар, араб сөздерімен шұбарландырып жүргендерге сын айтудан гөрі өкініш білдіруі, тілдің тазалығын сақтауға үндеуі – ілтипатқа алатын мəселелердің бірі. Əдебиет қамын,

1 Сұбханбердина Ү. Қазақтың революциядан Бұрынғы мерзімді баспасөзі жөнінде. Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары. Филология мен өнертану сериясы. 1961, №3 (19) 71-б.

Page 61: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

61

тілдің тағдырын ойластырған мақалалар онша жиі кездеспесе де, «Түркістан уалаятының газеті» сыншылық ойдың оянуына түрткі болды.

Қазақ мəдениеті тарихында «Дала уалаятының газеті» айрықша орынға ие. Қаншама ресмиліктің қыспағында бол-са да, газет өзі шығып тұрған 14 жылдың ішінде қоғамдық-əлеуметтік жағынан болсын, оқу-ағарту, мəдениет, əдебиет саласынан болсын елерліктей елеулі істер істеді. Оның бетінде өлеңдер мен əңгіме, ертектер жиі жарияланып, публи-цистикалық шығармалар, ішінара сыншылық пікірі айқын ма-териалдар басылып тұрды. Қазақ халқының ардагер ұлдары жайында əрдайым орайын тауып, олардың өмірін көпшілікке үлгі-өнеге етіп ұсынып отырған.

1899 жылы Ыбырай Алтынсарин дүние салғанда ауыр қазаға күйіне отырып, Ыбырайдың туған еліне сіңірген ора-сан зор еңбегін айрықша бағалады, «Алтынсарин қазақ ара-сына Еуропа цивилизациясының нұрын шашқан жəне өз тайпасының қараңғы көшпелілеріне Россияны сүюді үйреткен бірінші кемеңгер болып еді»1 деп жазды. Бұдан кейінгі уақытта да Ыбырайдың есімі оқу-ағарту жəне орыс тілін үйрену, қазақ тілінің тазалығын сақтау, əдебиетті өркендету мəселелеріне байланысты талай ілтипатпен аталып отырды.

1894 жылы Шоқанның туғанына 60 жыл толуын арнаулы мақаламен атап өтті. Өмірбаянына қоса Шоқан еңбектерінің ғылыми мəніне, əдеби құндылығына, халық қамын жеген озат ойына тоқтай келіп: «Азия халықтары өзінің ғасырлық тоқырауы мен надандығынан тек Россияның мархабатты жəрдемі арқасында құтыла алады»2 деп тұжырымдағанына айрықша назар аударды.

«Дала уалаятының газетінде» əдебиет пен тіл мəселелеріне байланысты көптеген материалдар басылған. Тіл проблемасы – ең өзекті де дəйекті көтерген тақырыбы.

Бұл мəселеде А.Құрманбаев «Қазақ тілі хақында» де-ген мақаласында қазақ тілінің араб-парсы, татар тілдерінің

1 «Дала уалаятының газеті». 1889, №33, 18 тамыз.2 Бұ да сонда, 1894, №18, 8-мамыр.

Page 62: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

62

элементтерімен шұбарлануына батыл қарсы шығып, «тек өзі-нің ана тілін ғана емес, сонымен қатар көптеген шығыс тілдерін білген, демек оларды бір-бірімен салыстыруға құдіреті жететін əйгілі Алтынсарин қазақ тілін мейлінше өте бай тіл деген, ол тілде қандай кітапты болса да жазып шығуға болады деген»1 деп Ыбырайдың өнегелі ойын дəлелге келтіреді.

Өз пікірін дəйектей түсу үшін автор: «Алтынсарин қазақ тілінің қасиетін сөзбен ғана емес, іс жүзінде дəлелдеді. Ол, мысалы, таза қазақ тілінде үп-үлкен «Қырғыз хрестомати-ясы» (орыс шрифтымен) кітабын жазды. Қазақ халқын жəне оның тілін сүюшілер марқұм Алтынсарин салып кеткен жол-мен жүрулері керек жəне ол бастап кеткен істі, қазақ тілінің ережелерін жүйелеп, тəртіпке келтіру ісін жүргізе берулері керек»2 деп өз пікірін айқын да салмақты тұжырымдады.

Осы автор өз пікірін дəлелдеу үшін тек тілмен ғана шек-теліп қалмай, көркемсөз саласына көз салып, эстетикалық талғамының молдығын аңғартқан. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары «қазақ өлеңі мен поэзиясының тамаша үлгісі бо-луымен қадірлі»3 деп ой қорытқан.

А.В.Луначарский сыншылық ойдың, əдебиет сынының тууы жайындағы бір мақаласында: «Егерде əдебиет сынын сол бастапқы күйінде, оның дүниеге келу күйінде, яғни əдебиеттің алғашқы қадамына əшейін ғана қосымша болған, көбінесе формалды, ашып айтқанда, əдебиеттің тіліне арналған күйінде алатын болсақ, соның өзінде де сыннан іргені аулаққа сала алмаймыз»4, – деген болатын.

Қазақтың сыншылық ойы көбіне тіл мəселесіне сабақтаса айтылып келсе, енді Бұдан былайғы жерде де көп уақыт бойы-на олардың үзеңгі тістесе келіп, жаңа сапалық қасиеттерге ие болатынын көреміз. Сондықтан да тілге байланысты өрбіген пікірлерді жатсынбаған жөн.

1 «Дала уалаяты газеті» 1889, №24, 19 маусым.2 Құрманбаев А. «Қазақ тілі хақында» «Дала уалаятының газеті», 1894,

27, 10 шілде.3 Бұ да сонда.4 Луначарский А.В. Критика и критики. М.,1938, 56-б.

Page 63: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

63

«Дала уалаяты газетінің» ресми редакторы жəне аудармашы-сы Дінмұхамет Сұлтанғазин «Біздің қазақ тілі туралы бес-алты ауыз сөз», «Қазақ тілінде жазу турасында»1 деген мақалаларында қазақ тілінің ережесін жасау, жазу мəдениетін көтеру, басқа тілдің сөздерін мүмкіндігінше аз қолдану, ал Бұрыннан сіңісіп кеткендерін естілуіне қарай жазу керек деп біледі де, өзінің ойын былайша түйіндейді: «Қазақ тілін таза сақтаймыз деп оны қатқан қалпында қалдырудың еш мəні жоқ жəне Бұл біздің қолымыздан келмейді. Өйткені тіл – халықтың өзі тəрізді өзгеріп, дамып, жетіліп отыратын организм. Бұған мəдениетті халықтардың əдеби тілінің тарихы дəлел болады. Бұл жалпыға бірдей лексикологиялық заң өз дамуының алғашқы фазасын ба-сынан кешіп отырған қазақ тіліне де тəн» деп ғылыми дұрыс қорытынды жасады.

Прогресті жақтаған қазақ оқығандары, əсіресе осы газет-тің төңірегіндегі көңілі ояу, көзі ашық публицистер қазақ əдебиетінің даму жолын замана талабына сай қарап, көбіне орыс мəдениеті мен əдебиетін үлгі етіп отырды. Қазақ əдебиетінің негізгі бағыты халыққа пайдалы өңірден тарап, оның тілі мен стилі ғана емес, сонымен қатар оның мазмұны айқын да түсінікті болуы керек деген көзқараста болды. Осы реттен алғанда Д.Сұлтанғазин Шортанбайдың «Зар заманын» едəуір сынап, тілі мен мазмұнындағы кемшіліктерді орынды көрсете білді.

Ақ кірді сақалыма, бетім əжім,Іздейді қорыққан пенде Мекке, қажы.

Ісінен ахиреттің сөз бастасамКигізгей қыяметке қалғат тəжім,2 –

деген шумақты келтіріп, осының өлеңдік қасиетінің мардымсыз, мазмұны берекесіз екенін айтып, қазақты ол дүниеге үгіттеуден гөрі бүгінгі күннің тіршілігіне бейімдеу, өнер-білімге шақыру керек деп білді.

1 «Дала уалаятының газеті», 1889, №6, 1896, № 31-32, 4, 11-тамыз.2 Бұ да сонда, 1896, №31, 4 тамыз.

Page 64: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

64

«Дала уалаятының газеті» қазақ əдебиетінің жай-күйі, оның болашағы, қазіргі заманға қандай əдеби шығармалар қажет екендігі жайындағы мəселені өзі шыға бастаған уақыттан қолға алған.

1889 жыл – əдеби тұрғыдан алғанда газет өміріндегі еле-улі жыл. Ең алдымен Абайдың тұңғыш рет «Жаздыкүн шілде болғанда» жəне «Күлембайға»1 деген екі өлеңінің жариялануының өзі қазақ əдебиет тарихында айрықша ауызға алынатын жайт.

Абай өлеңінен кейін газет бетінде бірқыдыру өлеңдер жа-рияланды. Демеубай Итжемесовтың «Найманның жеті атасы-нан билік үзілмегендерін баян қыламыз» деген жəреуке өлеңі, Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің «Қазаққа мал бағудың пайдалылығы» туралы өлеңі, оған Мəтен Ботбаевтың өлеңмен қайтарған жау-абы2 əрқилы ақындық өнермен, əр алуан идеялық мағынамен жазылған. Сөйтіп, қазақ поэзиясы баспасөз бетінен өзіне тұрақты орын таба бастады.

Абай өлеңі жарияланғаннан кейін газетте «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен А.Бөкейхановтың жазған хаты басыл-ды. Онда ол Шортанбай, Шернияз, Құнанбайларды мақтап, қазақтың ескі билерінің сөзін, өлеңдерін жариялау керек3 де-ген ұсыныс жасады.

Қазақтың демократияшыл оқығандары Бұл пікірге үзілді-кесілді қарсы шығып, қазіргі тұрмыстың жөн-жосығын суреттейтін шығармалардан безуге болмайды, сонымен қатар қазақ халқының рухани дүниесін байыта түсетін тарихи, ғылыми деректермен, көршілес елдердің өнерімен танысты-ру жайын ойластыру керек деп тапты. «Қыр баласына» қарсы шыққан Абдолла Шонаевты Ешмұхамбет Жаңбыршыұлы На-урызбаев қолдап шықты да, «Қазақ» газетінің №24 басылған «Қыр баласының» жазған хатын көріп, Шортанбай, Шөже һəм ғайраларының (басқалардың – Т.К.) өлеңдерін сұрап жатқанын көрдім. Мен білдіріп тұрамын: ол ақындардың өлеңдері газета

1 «Дала уалаятының газеті» №7, 7 ақпан, №12, 24 наурыз, 1889.2 «Дала уалаятының газеті» №28, 45, 46, 48. 1889.3 Бұ да сонда №24, 16 маусым, 1889.

Page 65: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

65

оқушыларына еш пайдасы жоқ. Себебі олар, менің байқауымша, өлеңді сый алу үшін айтты, өсиет емес (автор пікірі айқынырақ болу үшін орысша аудармасын келтіре кетейік: «Обращая вни-мание на письмо «Сын степей», помещенное в №24 «О.П.» требующее поэзию акынов Шортанбая, Чуже и др. я нелиш-ным считаю сообщить что поэзия этих певцов для читателей совершенно бесполезно, ибо они, как я убедился, занимались песнопениями только за подарки, а не наставлениями народу») деп жазды да «Письмо Абдуллы Чунаева, помещенное в №26 «О.П.», которым он требует полезные сведении исторические, научные и способствующие знакомству народа с жизнью дру-гих стран, совершенно справедливо и полезно для читателей»1 деп ой түйеді. Бұл жөнінде Мəшһүр Жүсіп Көпеев өз пікірін айтқанмен де, өзінің тұрақты позициясын көрсете алмаған.2

Жоғарыда келтірілген аз ғана деректің өзі, біріншіден, қазақ əдебиетінде идеялық қақтығыстың болғандығын, екіншіден, қазақтың əдеби сынының қылаң бере бастағанын анық аңғар-тады.

Бұл кезеңдегі материалдардан əдеби процестің ішкі сыры мен қатпарларын ақтарған эстетикалық талдауларды кездестіре қою қиын екені өзінен-өзі түсінікті. Көбінесе əдеби сынның элементтері саяси-əлеуметтік, оқу-өнер мəселелерімен арала-сып отырады.

Осы реттен алғанда «Дала уалаяты газетіне» 5 жылдай тіл-ші болып, көптеген мақалалары мен өлеңдерін жариялаған, қаншама қайшылықты болса да өз пікірін ортаға салып, əлеуметтік ойдың оянуына едəуір үлесін қосқан Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің3 бір мақаласына айрықша тоқтала кету қажет.

Бұл мақаланың бізге екі жөннен мəні бар: біріншіден – қазақ əдебиеті тарихында тұңғыш рет Абайдың аты аталып, оған де-ген ілтипат сөз айтылуы, екіншіден – қазақ əдебиет сынының

1 «Дала уалаятының газеті», № 29, 1889.2 «Дала уалаятының газеті», № 48, 1 желтоқсан, 1889.3 «Дала уалаятының газеті». 1889, № 38, 45, 46, 48, 1890, № 6, 9, 14, 17,

18, 23, 32, 1893, № 11, 13, 32, 1894 № 6 т.б. Мəшһүр Жүсіптің мақала, өлең, хабарлары жарияланған.

Page 66: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

66

«таза» күйінде кездеспей, əлеуметтік-қоғамдық мəселелермен араласып, анда-санда бой көрсетіп қоятындығын аңғарту.

Мəшһүр Жүсіп Көпеев өзінің осы мақаласында «Дала уа-лаяты газетінде» жарияланған өлеңдерге сын айтуға ни-еттенген. «Корреспонденция акына рода «Найман» Де-меубая (Корреспонденция деп «Найманның жеті атасы-нан билік үзілмегендерді баян қыламыз» – деген өлеңді ай-тып отыр. Біз Мəшһүр Жүсіптің сөзін амалдың жоқтығынан, яғни микрофильмнің қазақша мəтінін оқуға ешбір мүмкіндік болмағандықтан, орысша аудармасымен беруге мəжбүр болып отырмыз – Т.К.) не лишена интереса, но этот интерес заклю-чающеся в деятельности прежних мужей, значительно затем-няется описанием г.Демеубаем своего собственного значения аульной старшины. При изложении подвигов исторических лиц, пожалуй, нашим управителям не уместно быть наряду с первыми на страницах печати, в особенности если взглянем на жизнь других народов. Довольно не красиво то обстоятельство, что некоторые ныне должностные лица любят похвастаться»1 деп өлеңнің ұзын-ырғасында өзін-өзі мадақтаған Демеубай-ды сынайды да, тарихи шындықты Бұрмаламай көрсетуді та-лап етеді.

Мəшһүр Жүсіптің Демеубайды сынаған Бұл пікірінің бір ұшы Абайға да тиіп жатқандай. Абайды Құнанбайға ас бермедің деп кінəлап отырса да, Мəшһүр Жүсіп оның ақындық өнерін əбден мойындайды. «Газитлəрінің ішінде бір тақпақ өлең Құнанбай баласынікі деп естіген едік... Біз Ыбырай мырзаның өнерін Құнанбайдан артық деп естіген едік. Ар-тында байлығы һəм келісті болып өлеңге қосылып тұрған соң, өлеңіне өнерін муафик қылып сөйлесе керек қой деп айтып жатырмын»2 деп ілтифат көрсетеді. Х.Бекхожиннің зерттеуіне қарағанда, Абайдың əлгі екі өлеңінен шын поэзияның дəмін та-тып, ынтасы ауған жұрт Абай өлеңін «аңсап, іздей бастайды. Абайды жұрттан Бұрын іздеген кісі Мəшһүр Жүсіп»3 болған.

1 «Дала уалаятының газеті». №48, 1-желтоқсан, 1889.2 Бекхожин Х. «Абай жəне «Дала уалаяты» деген мақаладан алынды. 3 Бұ да сонда, 67-б.

Page 67: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

67

Сондықтан да Мəшһүр Жүсіптің «почтенному Ибраю, как стоя-щему во главе своего общества и имеющему большое состояние, удостоенное даже предметом поэтического творчества, следовало бы согласовать свои поступки и деяния с той репутацией и мнени-ями, которые распространяют о нем молва, печать и пр.»1 дегені ізгі тілектен туғандығы аңғарылады.

Абайдың жарияланған екі өлеңі оны қай сөзден болса да аршып алуға əсер еткенін Хасен Кəкеновтың редакцияға жазған мына хатынан байқау қиындыққа түспейді. «Ыбырайдың өзі, Көпеев онша мақтамаса да, біз алыстан естиміз: мейлінше құрметеу қазақ байлығымен емес, өзінің ақылымен. Сондай ақылымен халыққа құрметтеу, сүйкімді һəм сенімді бір өз төңірегіне емес, бүтін уезге»2 деп мойындаудың өзі Абай даңқының сол дəуірде көп елге жайылғандығын аңғартып қана қоймайды, сонымен қатар оның поэзиясының мəнділігін де, оқушыларға əсерлі болғандығын да аңғартады.

Сонымен «Дала уалаяты газетінде» жарияланған материалдар қазақ тілінің араб, парсы, татар тілдерімен шұбарлануына жол бермеу, қазақ тілі мен əдебиеті жаңа заманның өркендеуіне сай, халыққа түсінікті, пайдалы болуы, оны өнер-білімге үндейтін, дүние тануын қалыптастыруға септігі тиетін мəнді, мазмұнды шығармалармен байыта түсу керек деген озық пікірді насихаттап, қазақтың қоғамдық жəне сыншылық ойын оятуға үлкен олжа сал-ды.

ХХ ғасырдың басында қазақтың əдеби сынының қомақтала да нақтылана түсуі бағытында ерекше еңбек сіңірген «Айқап» жур-налы болды. Алайда 1907 жылы Петербург қаласында шыққан «Серке», Троицк шаһарында бір ғана саны шығып, тоқтап қал-ған «Қазақ» газеті, 1911-1913 жылдары Орал қаласында шығып тұрған «Қазақстан» газеті қоғамдық ойды ояту бағытында біраз еңбек сіңіргендері аян бола тұрса да, əдебиет-мəдениет мəселелеріне онша көп көңіл бөле алмады.

Дегенмен «Қазақстан» газетінде жарияланған «Əдебиет таңы»3 деген мақала атаусыз қалмауы керек, Өйткені онда сол

1 «Дала уалаятының газеті», № 48, 1 желтоқсан.2 «Дала уалаятының газеті», № 1, 12 қаңтар, 1890.3 «Қазақстан» газеті, 1911, № 3.

Page 68: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

68

кездегі əдебиетіміздің жай-күйі, поэзия тілі жайында жары-тып ештеңе айта қоймағанымен, ақындарға, сондай-ақ бүкіл елге:

Əсемпаз болма əрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан,Сен де бір кірпіш дүниегеКетігін тап та, бар қалан, –

деген Абай сөзін үлгі етеді. Осындай кемеңгерлік пікір айтқан Абайды біздің «əдебиет таңымыз» деп өте орынды пікір түйеді.

Сонымен, қазақ баспасөз органдары, əсіресе «Дала уала-ятының газеті» əлеуметтік мəн-мағына жағынан халықтың сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру мол еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ əдебиет сынының туу процесінде дайындық мектебі болды. Бұл кезеңдегі əдеби сын элементтері əлі де бол-са жалпы əлеуметтік, қоғамдық мəселелермен қабаттаса жүріп, өзінің кейін арнаулы арна табуға ыңғайы барын аңғартқан бо-латын. Сондықтан да қазақ əдебиет сынының эстетикалық дəрежесі онша көтеріңкі талапқа жауап беріп, өрелі биіктен шыға бермегенімен, өзі жанрлық сипатын қазақтың ағартушы-демократияшыл бағыттағы тұңғыш журналы «Айқаптан» тап-ты.

«Айқап» журналы көркем əдебиет пен сын мəселелерін қоғамдық-əлеуметтік ой-сананың жалпы дамуына сəйкес қозғап отырды. Қазақ халқының бүгінгі тіршілігіне қажетті шаруашылық, саяси, жер, оқу-ағарту, өнер-білім мəселелерімен қатар, əдебиет шығармаларына, қысқа əңгіме, өлең, оқшау сөздерге, сыншылық пікірі бар материалдарға үнемі орын беріп отырды.

Қазақ əдебиетінің сол дəуірдегі шығармашылық проблема-ларына кең көлемде егжей-тегжейіне дейін эстетикалық талдау жасау тəсілі жүзеге аса қоймағанымен де, осы салада алғашқы қадамдар жасалды. «Айқаптағы» сын материалдары жанрлық сипат, шығармашылық келбет ала бастады.1

1 «Айқап», № 1, 1911, 2-б.

Page 69: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

69

«Айқаптың» программалық бірінші мақаласында жур-нал бетінде əңгіме болатын сегіз тақырыптың үшеуі, атап айтқанда, «фельетондар», өлең-жырлары кітаптар хақында һəм ғылым бабынан кеңес» – əдебиет пен мəдениет үлесіне тиюінің өзі Бұрынғы газеттерде шетқақпай көріп жүргеннен əлдеқайда ілгері басып, жүйелі сарынға түскендікті аңғартады. Кейінгі жылдары «Айқап» журналы Бұрынғы ұстаған жолы-мен барашақ. Бірақ көбірек əдебиет (литература) жағына»1 көз салатындығын хабарлады.

«Айқаптың» тұңғыш санынан бастап «Кітаптар жайынан» деген арнаулы бөлімше ашылып, жаңа шыққан кітаптарға аңдатпа, сын жазылып отырды. Осы тұңғыш сандағы мақалада Бұрынғы жəне қазіргі шыққан кітаптардың арасындағы айырмашылыққа тоқталды. «Біздің қазақ тілінде қазіргі за-манда кітап бастырушылық өнері көп жайылған жоқ. Соңғы жылдарға шейін қазақ тілінде басылып келе жатқан кітаптар: «Зарқұм», «Сал-сал», «Қаһарман Бозжігіт», «Шəкір-Шəкірат» секілді хикаялардан ғибрат еді. Соңғы замандарда «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» секілді қазақтың милли хикаяла-ры да басыла бастады. Лəкин Бұл кітаптарды бастырушылар ноғай болғандықтан, сөздері де бытқып, əсте өте нашар болып шығады. Қазақтың жаңа шыққан кітаптарының арасында біз көрген кітаптардан басылуы көркем, жазылуы дұрыс кітаптар бар»2 деп, бірқыдыру авторлардың кітабын атайды.

Осы мақаладан кейін «Айқап» редакциясы жаңадан шыққан кітаптарды жеке-жеке сөз қылып, қажетті дегеніне сын-ескертпелер жасап, тəуірлерін оқушы көпшілікке ұсы-нып отырады. «Айқап» бетіндегі сын-ескертпелер мен мақа-лаларды хронологиялық тəртіппен қарамай, екі саладан өрбіткен қолайлы. Бірінші, «Айқап» бетінде жарияланған материалдардың педагогикалық сипаты бар сындары алғаш əңгімеленуі тиіс, өйткені Бұл кезеңде мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету мəселесі ең көкейтесті практикалық проблема болатын. Екінші, əдебиетке қатысты

1 «Айқап», №24, 1914. Мұқабаның 4-бетінде.2 «Айқап», № 1. 1911, 12-б.

Page 70: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

70

мəселелерді əдеби сынның тууы жəне дамуы тұрғысынан баяндаған орынды. «Айқап» журналында педагогикалық сипа-ты бар алғашқы сын пікірі М.Нұрбаевтың «Қазақша əліппесіне» айтылды. Алфавиттің заңды тəртібі сақталмағанын жəне балалардың түсінігіне сай келмейтін əңгімелер жазылғанын сынап, «кітапқа жазылған сөздердің де мағыналы сөздер бо-луы балалардың зейініне лайық білімдер, пайдалы насихаттар болуы тиіс» деп педагогикалық талап қойылған.1 Басқармаға (журнал редакциясы. – Т.К.) осы əліппені сынаған басқа да біраз хаттар келіп түскен деп хабарлап, «кітапты уақ ғарыппенен бас-тырыпты, балалар үшін ірі ғарып керек еді»2 деген ескертпе жасалған.

«Айқап» редакциясы осындай мəнді мəселе бойынша «тоқ-сан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтып білдіретін аңдатпалық сын мен жарнамасында көбірек жариялап отырған.

Журналдың оқу құралдары жөніндегі көзқарасын əбден айқындап алу үшін мына жарнама-сынды келтірген орынды: «Шаһар Уфада «Медресе Ғалия»-да оқушы қазақ шəкірттері «Əліппе яки төре оқу» есімлі қазақ һəм қырғыз балаларына ар-най бір кітап басылып шығып, сатыла бастады. Бағасы 17 тиын. Қайырлы сағатта болсын!

Шəкірттердің тағы бір ыждаһаты Бұл əліппеден соң қазақ балалары оқу үшін тағы бір кітап жазып шығармақ екен. Біздің білуімізше, марқұм Торгайский область инспекто-ры болып тұрған Ибрагим Алтынсариннің орыс ғарпымен бастырған «Хрестоматия» деген кітабын орталарынан рұқсат алып, ғараб ғарпымен қайта бастырған мақұл болар еді. Ал-тынсарин 10 жылдан артық мұғалім болып, тəрбие көрген адам болғандықтан, оның жазған «Хрестоматиясы» ғылым «педагогикаға» бек мұмақ. Ашық қазақ тілінде жазылған. Ішінде ғибратлы қикаялар, өлең, жырлар, мақалдар орны-мен бар»3 деген жарнама-сынның көздеген мақсаты айқын, көрсетер жолы мəнді екендігін байқамасқа болмайды.

1 «Айқап», №18, 1911. 21-б.2 Бұ да сонда, 22-б.3 «Айқап». №4 1911. 17-б.

Page 71: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

71

«Айқап» журналы əсіресе «Əліппе» кітаптарына ерекше на-зар аударған. Өйткені сауаттану көбіне осы «Əліппеге» бай-ланысты екені өзінен-өзі аян. Егер Нұрбаевтың кітабын сы-наса, «Медресе Ғалия» шəкірттерінің əліппе шығарғанына қуанса, Қ.Ходжековтің шығарған «Əліппесін» көпшілікке ұсынғанда «Ғылым педагогика оқып, тəжірибе көрген адамның жазғандығы əлдеқайдан көрініп тұр» деп білімдар адамдардың еңбегін айрықша бағалап, жұртқа қадірлі етіп көрсетуге тыры-сады. Алайда сол тəуір деп тапқанының өзінде кемшілік кез-дессе, оның мінін айтудан жасқанбайды.

Əлгі əліппенің «ұнамсыз жері – бірлі-жарымды», жазылған өлеңдері ұйқастырылмағандығын»1 сондай-ақ М.Малдыбаев шығарған «Қазақша ең жаңа əліппенің (төте оқу)» де «жалғыз-ақ келіспеген жері кітап аяғындағы балаларға арнап жазған қысқа-қысқа əңгімелері нағыз таза қазақ тілінде еместігін» сынап, кітап жазушыларды осындай кемшіліктерден сақтан-дырады.2

Мұның өзі журналдың ағартушылық позициясының бек-емділігін, мұрат-мақсатының айқындылығын, ұстаған бағы-тының прогресшілдігін ғана аңғартып қана қоймайды, соны-мен қатар сыншылық ойының өрісті, біршама ғылыми дəл жəне орынды екендігін көрсетеді. Осындай педагогикалық сипаты басым болып келетін сын пікірлер, сөз жоқ, қазақтың əдеби сынының тууына белгілі дəрежеде өткінші баспалдақ болды.

«Айқап» журналы көркем əдебиет туындыларына пікір ұйымдастырған уақытта əуелгі кезде сынның жаңғырығы бо-лып елестейтін нақты материалдарға орын берді. Журналдың жəне оның авторларының Бұғанасы қатып, қаламы ұшталған сайын сын пікірлері қомақтана да, мəндене де түсті.

1911 жылғы «Айқаптың» 3-санында Нұржан Наушабаевтың «Алаш» атты өлеңдер жинағы сөз болады. «Бұл кітап нəсім-нəсімге бөлініп жазылған. Наушабаевтың кəдімгі жүйріктігі мұнда да көрініп тұр, Лəкін бізге бір ұнамаған жері: бəмсі бір нəсім басында өз есімін қосыңқырап жазғаны. Мысалы:

1 «Айқап», № 4-5, 1913, 112-б.2 Бұ да сонда, 113-б.

Page 72: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

72

бірінші нəсім: «Əй, Нұржан, қаламыңды қолға алшы», екінші нəсім: «Сөзіңді əркім, Нұржан, сүйер сенің» деп тағы да бір міні – əуелгі нəсімінде «Хмелде қалған жоқ па бірер тамшы» деген сөзді қалдыру тиіс еді... һəр нешікте осылай жақсы кітаптардың шыққылап тұрғаны жақсы, алушылар, оқушылар табылса керек».1

Əрине, осы «сынға» талдау жасау қазіргі эстетикалық талғамы өскен, сынның не екенін жыға түсінетін оқушыға күлкі де болып көрінер, бірақ қазақтың əуелгі нақты сындары осындай өзінің анайылығымен езу тарттыратын сəбидің тəтті балдыр-батпағына ұқсап, оқушының жылы сезімін оятатын материалдарға бастаған болатын.

Бұл арада «нақты сын» жазудың, яғни белгілі бір автордың шығармасына өзінің эстетикалық түсінігі тұрғысынан баға беру процесіне ойысудың қай сипатта көріне бастағанын бағдарлау шарт. «Айқап» бетінде белгілі бір автордың өлең жинағына пікір айтуда əралуан тайыздықпен қатар, автор мен оның шығармасын қос қабаттап сөз ету, өз эмоциясы тұрғысынан сөкет деп тапқанына баға беру элементі бар материалдардың сол кездегі оқушыға қалай əсер еткеніне тоқтай кеткен жөн.

«Айқаптың» осы сынына қатты ренжіген Төлеу Тоқалбаев басқарушыға (М.Сералинге) Бұрынғы көздеген мақсатыңнан ауып, журналдың бетін теріске Бұрып барасың деп хат жазған. Оған дəлелі əлгі «сын». «Сіз мынау 3-номерде жазыпсыз Нұржан Наушабаев бір-екі сөзінде артық өзін мақтап жазған деп, екінші, «Хмелде қалған жоқ па бірер тамшы» деген сөзін боғауыз деп. Олай жазу керек емес еді, ол Нұржан өлеңді жас уақытында жазып һəм бері келген соң қойып кеткен еді. Осы жақында елуге келген кезде бір себеппен тағы өлеңді жаза бастағанда мəтел қылып айтқан сөзі: Бұрынғы көп сөзден бірер тамшы қалған жоқ па деп өзіне-өзі қуат беріп. Неғып сіз оны дұрыс тəуел еткенсіз, сізге керегі ол емес еді, ондай ел өмірінің кемшілігі түгіл, басқалардың да жамандығын жа-сырып, жақсысын асыруыңыз керек еді. Не үшін десеңіз, өзіңіздің құрған планға тура келмейді. Ол Нұржан жаман-

1 «Айқап», №3, 1911. 17-б.

Page 73: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

73

жақсы болсын, көптеген өлең жазып, жақсылықпен болса да, жамандықпен болса да, аты мəшһүр болды. Бұл жақтағы жұрт сөзін мінеп көрген жоқ»1 деп Төлеу, біріншіден, Нұржанды сынауға қарсы болады, екіншіден, басқарушыны орынсыз ай-ыптайды, үшіншіден, жаманды жасырып, жақсыны асыруға үндейді. М.Сералин осы авторға қайтарған жауабында баспасөз бетінде жарияланатын материалдар қай мəселенің болса да мəнін ашып, шындықты айтуға тиіс екендігін принципті мəселе етіп қойып: «матбуғаттың ( баспасөздің – Т.К.) міндеті «миллəттің əрбір түрлі мұқтажы түсетұғын істерді жариялап, майданға салып, көпке сынату, жақсы жағын жақсы деп, жаман жағы болса мұнысы жаман деп халыққа түсіндіру. Мұның үшін матбуғат əрбір істің алдында нысана етіп растықты ұстауы тиіс. Хақиқат қанша ащы болса да асыл ынсапқа қадыры қымбат. Рас сөзді тура айтқанға Бұртыюға жарамайды»2 деп «Айқап» үшін шындықтан, растықтан қымбат ештеңенің жоқ екендігін білдіреді. Осы принципті келешекте де қатаң сақтайтынын аңғартады.

«Айқаптың» келесі санында жарияланған Хамза Кенже-бековтің мақаласы Төлеу пікірінің терістігін дəлелдей келіп, «Нұржанды Бұрын ешкім мінемесе, ол уақытта халықта ғылым жоқ, надан болған. Біреу «əу» деп домбыра алса, «Əй пəленше ақын, өлеңші, білгір» деп мақтаған, алдына адам шықпаған, мынау теріс демеген. Нұржан да солардың бірі ғой. Нұржанды неге мінейсіз деудің жөні болар ма екен?»3 деп қазақ баспасөзі туғанға дейін қазақ ақындарының өлеңдері сыналмай келгендігін атап өтеді. Мұндай көзқарастың сол кезеңде айтылуының өзі сыншылық ойдың мəнді арна таба бастағанының нышаны. Сонымен қатар, сын пікірінің қандай мақсатты көздейтіні де осы автордың «ендігі өлең жазушы жас-тар Нұржанша өзін мақтамай, жұрт үшін қайғырып, халықтың пайдасын айтып, үгіт қыла жазсын»4 деген сөзінен анық бай-қалады.

1 «Айқап», № 6, 1911, 24-б.2 Бұ да сонда, 24-б.3 «Айқап», №7, 1911. 17-б.4 Бұ да сонда, 17-б.

Page 74: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

74

«Айқап» журналында Нұржан шығармасына байланыс-ты өрбіген ой-пікірлерге тəптіштей тоқтағанда сынның сəбилігін байқаймыз. «Айқапта» осылайша басталған сəби сол журналдың шығармашылық бетінің қалыптасуына сай өсе, Бұғанасы беки түсті. Уілдеген сəби үні, «тəтті балдыр-батпағы» кейіннен белгілі мəн-мағынасы бар сөзге, ойлы да өткір пікірге, тіпті кейбір уəлі ауыздылардың қолында, əсіресе Сұлтанмахмұтта кем-кетікті мінегіш, жетпегенді іздегіш құралға айналғандығын көреміз.

«Айқап» журналының кемелденіп, өз ойын ашық ай-тып, үлкен қорытындылар жасауға ұмтылған кезеңі 1912 жылдың екінші жартысы мен 1914 жылдың бірінші жарты-сы деуге болады. Осы кезеңде ол соғыс пен қымбатшылыққа да, «Қазақ» газетінің шабуылына да онша мəн бермей, өзінің гүлдену шағына жеткен болатын. Коғамдық өмірдің қай сала-сынан болса да айтқан ойы, түйген пікірі, насихаттаған үлгі-өнегесі көздеген нысанаға тиіп, қазақ халқының əлеуметтік сана-сезімін бір саты жоғары көтерген еді. Нақ осы кезеңде «Айқаптың» сыншылық пікірі нақтылана да қомақтала түскенін, сын жазушылардың көбейе түскенін көреміз.

«Айқап» журналының қазақ əдебиеті тарихына сіңірген зор еңбегін айтқанда, ең алдымен, əдеби шығармаларға орын беруге еш уақыт тарлық жасамағанын, екіншіден, кітап бо-лып шыққан көркем əдебиет туындыларының бəріне дерлік өз көзқарасын білдіріп, əдебиет сынын қанаттандыруға мұрындық болғандығын, үшіншіден, əдебиет достығына, əсіресе орыс пен татар əдебиеттерінің ынтымақ-бірлігіне үндеп, үлгі-өнеге алуға шақырғандығын, оны өзі өмірде жүзеге асырғандығын айрықша атап өту керек. Қазақ əдебиетіне тұлға болғандардың, əсіресе Сұлтанмахмұт, С.Дөнентаев, Бейімбет, Сəкендердің шығармалары «Айқапта» жарияланғаны əмбеге аян, оған айрықша тоқтаудың Бұл арада қажеті шамалы.

«Айқап» бетінде отызға тарта өлең жинақтары өз бағасын алды. Солардың ішінен Ғ.Қарашевтің «Бала тұлпар», «Өрнек», «Қарлығаш», Ə.Ғалимовтың «Жастық жемістері», С.Көбеевтің «Үлгілі бала», «Үлгілі тəржімə», «Қалың мал», Кенжеғали

Page 75: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

75

Ғабдуллиннің «Қазақтың қамы», М.Тұяқбаев жинап бастырған «Қарақыпшақ Қобыланды», С.Дəнекеновтың «Уақ-түйек» жəне тағы басқа авторлардың жинақтарын кездестіреміз.

Сын жанрының сəби шағында талдаудан гөрі насихат-тау, үгіттеу басым, түсіндіруден гөрі үндеу, шақыру басым, дəлелдеуден гөрі жалпылай айту басым, эмоциялық сезінуден гөрі көңіл білдіруі, тілек қою басым болатыны аян. «Айқап» өлең жинақтарына жазған сындарында көбінесе үгіттеуге, тілек білдіруге, үндеуге көп орын берді де, эстетикалық талдауға, түсіндіруге, дəлелдеуге емін-еркін бара бермеді.

Алғашқы кезеңге қарағанда сын, пікір айту əуені мəде-ниеттене, өткірлене түсті. Мысалы, «Ғ.Қарашевтің «Бала тұлпар» есімді жыр кітабы осы мезгілге шейін қазақша шыққан жырлардың ішінде жақсыларынан-дүр. Қазақтың Бұрынғы уə Бұ күнгі тіршілігін сөйлеп, білім-өнер жолына қызықтырған бір кітап болып, үлкен аға, кіші інілер һəр қайсыңыз алып оқуыңызды мақұл көреміз. Ғ.Қарашев ақынның Бұдан Бұрынғы кітаптарына қарағанда оқу үшін мұнысы көп жеңіл-дүр»1 деген жарнамасында жаңа шыққан кітапты хабарландырумен қатар жанға тигізбей сынау да бар, халыққа түсінікті шығарма жазу керектігі жайынан тілек те айтылған.2

Кітап болып басылған шығармаларға «Айқаптың» қандай баға, нендей сын айтқандарын түгелдей келтіру мүмкін емес. Сондықтан тек кейбіреулеріне ғана тоқталған жөн. Қазақтың тұңғыш романы «Қалың мал» туралы «Бұл романның бет алы-сы жақсы, жазуы да əдемі, бірақ емле жағынан ақсаңқырайды. Аспандияр мырза қазақтың қалың мал алу турасындағы бірсыпыра əдеттерін өте ажарлы қылып жазып көрсеткен. Итбайдың Тұрақұл байға қызын беріп, қалың мал алғандығы, малды алып келіп бағып жүргендегі ойлары, мақсаттары өте жіңішке, өте əдемі көрсетілген» деуіне қарағанда, пікір айтушы белгісіз авторға роман əбден ұнаған да, өз қуанышын оқушыға тез жеткізуге асыққан. Бұл санда жоғарыда айтылғандай дəлелдеуден гөрі тамашалау, талдаудан гөрі көңіл білдіру ба-

1 «Айқап», №12, 1911. Мұқабаның ішкі бетінде.2 «Айқап», № 4, 1914. 65-б.

Page 76: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

76

сымдау болғанымен, көркемсөздің ерекшелігіне назар ауда-ру тенденциясы бар. Бұл тенденция образдардың жасалу жо-лын көрсетуден гөрі баяндауға құралғандықтан, онша айқын аңғарылмай қалған.

Сынның алымы кеңіп, сөзі татымды бола түскеніне «Қара-қыпшақ Қобыланды» жайында жазылған рецензияны мысалға алуға болады. «Біздің қазақ жұрты мəдениет дүниесіне аяқ баспаған халықтың арасындағы сөйлеу сөзге бай, жырға шешендердің біреуі. Түрлі өлең-жырлардың арасында ба-тыр қиссалары да едəуір (героические поэмы). Бұл батырлар қиссасы Бұл күнге дейін халық арасында бірден-бірге ауызекі айтылып келе жатыр еді. Бұлардың арасынан «Ер Тарғын» жыры 1859 жылдарда Ильминскийдің еңбегімен басылып еді. Бергі жерде «Алпамыс», «Тоқсан үйлі тобыр (Қамбар)» басы-лып шығып һəм «Қарабек» деген бір жыр да шығып еді.

Бірақ Бұлар батырлар жырынан хабары бар, қазақ тілін жете білетұғын адамдардың қолынан өтпеген, басылуы да нашар бо-лып басылып шыққан еді. «Қобыланды батыр» олардай емес, мұның жазушысы Сұлтанмахмұт та (қате жазылған, дұрысы – Мақмұтсұлтан Тұяқбаев. – Т.К.) шамасынан келгенше дұрыс жазуға ұмтылған. Бастырушысы «Эш» кітапханасы да техни-ка жағына назарын салыңқыраған. Сөйтіп «Қобыланды батыр» əдемі ғана болып басылып шыққан. Қазақтағы көп батырлар қиссасының дықат салынып басылғанының алды болып тұр. Қазақтың талапкер жастары қарап жатпас, «Қобыландыдан» басқа жырларды жатқа білуші жыршылардан айттырып жазып алып, бастыруға ұмтылар деп үміт етеміз. Қазақтың Бұрынғы сау қазақша тілін үйренуге Бұл батырлар қиссасының көп пай-дасы тиер еді»1 деп жазған рецензияда бір-біріне қабаттаса айтылған мəнді мəселелер бірқыдыру. Ең алдымен «Айқап» журналы «Қобыланды» жырының мəн-маңызы, мазмұнын айтып шығуды қажет деп таппаған, өйткені халыққа əбден мағлұм. Оның есесіне жұрт көңіліне ұялайтындай мəселелерді айтқан.

1 «Айқап», №23, 1914. 328-б.

Page 77: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

77

Соның ішінде үш нəрсеге тоқтай кеткен жөн. Бірінші, ба-тырлар жырының Бұрынғы басылуы мен жарияланудағы кемшіліктер. Ертеде басылған батырлар жырының тіл кемшілік-терін баса айтыңқырап, оларды білетіндер, түсінетіндер шығарса екен деген ойын «Қобыландымен» дəлелдейді. Екінші, осыншама мəдени байлықты халықтың аузында қалдырмай хатқа түсіру, ерінбей-жалықпай ықтияттап жинау қажеттігіне назар аударады.

Үшінші, кітап шығару мəдениеті жайы. «Айқап» журналы кітаптың сыртқы жəне ішкі келбеті мен көркіне Бұдан Бұрын да талай қазар аударған болатын. Кітап шығарудың техника-сына көңіл бөлудің өзі сыншылық ойдың жан-жаққа көз сала бастағанынан айқын хабар береді.

«Айқап» журналы Бұл мəселелерді əншейін реті келіп қалған соң айтып отырған жоқ. Олар жөнінде оның дəйекті көзқарасы болды. Халықтың əдеби-мəдени байлығын жинау туралы: «Өз білгендеріңізше һəм саққұлақ, ұғымды адамдардан, көпті көрген, естіген көне қарттардан сұрастырып, қазақтың Бұрын қандай білгіш, жүйрік шешен, ақын, жыршы, тапқыш би адамда-ры өткен... Айтқан сөз, қылған істерінің жазылғаны болса содан көшіріп, болмаса жұрт аузынан жинап, «Айқап» басқармасына жіберсеңіз екен. «Осы шала-шарпы есте бар кезінде жазып алып қалмасақ, күні ертең түгел ұмытатынымыз ашық тұр ғой»1 деп жазуының өзі үлкен парасаттан туғаны айқын.

Сондай-ақ мəдениет дүниесіндегі, əсіресе əдебиет əлеміндегі олжаның бəрі де «Айқапты» ерекше қуантатынын мына мы-салдан анық көреміз. «Өткен екі жылдың ішінде, – деп жаз-ды М.Сералин, – қазақ халқында азырақ матбуғат базарының ашылғандығы көңілге біраз шаттық бергендей болды. «Айқап» журналының дүниеге шығып таралуы «Қазақстан» газетасының шығуы һəм «Өрнек», «Тамшы», «Шайыр», «Көкселдір», «Шежіре», «Мұсылманның кітабы», «Қалқаман-Мамыр», «Топ жарған» секілді жаңа рухта жазылған кітаптардың дүниеге та-ралуы қазақ халқының ішінде де бірлі-жарым ұйқылы-ояу бас-

1 «Айқап» № 5, 1912, 120-б.

Page 78: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

78

тарын көтерушілердің барлығына таң қараңғысында бір аша-рып болып көрінсе керек».1

Сонымен, «Айқап» журналының бетінде өлең жинақтары жайындағы сыншылық ой-пікірі бар материалдар негізінен аңдатпа мен жарнама сын формасында көрінді. Журналдың шығармашылық нысанасы айқындалуына байланысты қазақ-тың сыншылық ойы жетіле келіп, əлгі формадан өзге түрлерге ұмтылды. Эстетикалық талдаудан гөрі баяндауға құрылған мақала, рецензиялар көріне бастады. Міне, Бұлар қазақ əдебиет сынының туып, жанрлық сипат ала бастағанының айғағы.

«Айқап» журналының бетіндегі материалдар жыл асқан сай-ын нақтылана да қомақтала түскендігі 1913 жылы жарияланған кейбір сын мақалаларынан анық байқалады.

Ғалиолда Мəмековтің «Өлең-жыршыларымыз туралы» мақаласы өзінің ойын дəлелдеуге ұмтылу талабымен көзге түседі. Бұл мақалада негізінен үш мəселе сөз болады. Ең алды-мен «бір миллəттің ілгері басуына өлең-жырдың көптігі себеп емес, неғұрлым тəрбиелі болуы себеп»2 деген терең мағыналы пікірі айтылады. Автор саннан да сапаға айрықша мəн беріп, аты өлең-жыр дегендерді емес, елді жаңалыққа бастайтын, үлгі-өнеге көрсететін «тəрбиелі өлең-жырды қадірлеу лəзім» дейді. Өзінің осы ойын дəлелдеу үшін араб жəне орыс əдебиеттерінен мысал келтіріп, шығарманың идеялық мазмұнының терең, ай-тары мол болуына үндейді де, көркемсөздің эстетикалық əсерінің қуаттылығын аңғартады. Өзінің осы ойын бір жағынан дəлелдей түсетін, екінші жағынан ақын-жазушының қадір-құрметке бөленуін айқындайтын тың пікір айтады. «Осы күнгі алға кеткен миллəттарда өлеңшілердің қадірі жоқ емес. Русларда Бұрынғы өткен өлеңшілерді, Пушкин, Лермонтов шайырларының сөздерін қадірлеп, бір кітабын қаншама сомаға бағалайды».

«Осылар бізге өлеңнің керектігін білдіре ме, болмаса өлеңнен аулақ жүрудің керектігін білдіре ме?»3 деп алдыңғы

1 «Айқап» № 1, 1913, 2-3 б.2 «Айқап», № 2, 1913. 31-б.3 «Айқап», № 2, 1913. 31-32 б.

Page 79: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

79

ойын нығыздай түсіп, екінші жаңа проблема көтереді, ол – ақын-жазушының қоғамдағы орны, Пушкин, Лермонтовтар өздерінің «тəрбиелі» өлеңдерімен елді ағарту, тəрбиелеу ісіне көп пайда келтіргендіктен де кейінгі ұрпаққа қадірлі болып отыр, ал біздің қазақта шығармашылық адамын қадірлеу де-ген жоқтың қасы деген ой айтпақ болған. Бірақ оны «өлең ай-тушы əнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп, қадірлі етіп көрсетуге тырысыңдар»1 деп Сұлтанмахмұт айтқандай айқын тұжырымдай алмаған.

Ғ.Мəмековтің мақаласында айтылған үшінші мəселе – «өлең-жыр кетсе, бізде ана тілі де азаяды»2 деген пікір. Қазақ тілін өркендету жайына келгенде Бұл автор ескі, көне сөздерді (архаизмдерді) ұмытпау, оларға қайтадан жан беру, пайдала-ну қажет екендігін айтады, сөйтіп тілдің лексикалық байлығын арттыра түсуге үндейді. Өз ойын нақты мысалдармен дəлелдеп, өнегелі-тəрбиелі өлең-жырды қадірлеу, ақын-жазушыларды құрмет тұту, қазақ тілінің сөздік қорын молайта түсу керектігін жүйелей айту, өз айтқанына жұртты сендіре айту – сəби сынның алғашқы табысының нышаны демеске болмайды.

Қазақ əдебиет сынының Қазан төңкерісіне дейінгі ең шұрайлысы да, қомақтысы да Сұлтанмахмұт қаламынан туды. Оның «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан»,3 «Өлең мен айтушылар»4 деген еңбектері сəби сынның қаншалықты есейіп қалғандығын көрсетеді.

Сұлтанмахмұт мақалаларының басқалардан ерекшелігі – жаңа шыққан өлең жинақтарын топтап, əдебиеттің өзекті про-блемаларына публицистикалық шолу жасау тұрғысынан жазы-луы.

Сұлтанмахмұт «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында шын мəніндегі көркем шығармалар қандай болу керек деген негізгі мəселеге назар аударады. Бұдан 10-15 жыл Бұрын, яғни XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың алғашқы

1 Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар. 1957, 363-б.2 «Айқап», № 2, 1913. 32-б.3 «Айқап», № 19, 1913. 21, 22,23 б.4 «Айқап», № 13, 1913.

Page 80: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

80

жылдары» хат біледі-мыс деген қазақтардың қолдан-қолға түсірмей, құлқынын құртып, құмартып оқитын кітаптары: «Зарқұм», «Сал-сал», «Алпамыс», тағы солар секілді «қырқы, жойды, қиратты... жеті бас айдаһар, пері қызы, жалмау-ыз кемпір, дəу... дегендей ұшы-қиыры жоқ, түпсіз өтірік, қисынсыз хикаяттар еді... Бұрынғы қиссаларымыздың (əде-биет) ақ көңілге күйе жағып адастырудан басқа пайдасы жоқ, бас қатырған шөп-саламдар»1 екендігін айрықша атап өтіп, қазақтың қанын ұйытып, жанын ұйықтатып келгендігін ашына айтады. Сұлтанмахмұт Абай бастаған ұлы жолдың адастырмайтындығына көзі жетіп, оның прогрестігіне кəміл сенді. Біздің əдебиетіміз жаңа арна тапты, құр айғайға мəз бол-май, дəні бар, сөлі бар пайдалы жайға ойысып, «ескі достарына қош айтыса бастады»,2 жас иіске құмарлана түсті. Сондықтан да «қазақ секілді қараңғы көшпелі халықтың ішінде шыққан газет-журналдардың малтықпай тез жүріп, жеңіл кетулері сол етпеттеп тұруларының арқасы»3 деп жазды.

Сұлтанмахмұт өзінің Бұл мақаласында данышпан Абайдың көрсеткен дұрыс бағытын, қалдырған орасан зор мұрасын аса жоғары бағалады. Бірақ «шынын айтқанда, қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі жоқ» дегенін шын мəніндегі ұлттық реалистік əдебиеттің тууын «ағарту ісі Ресейде кең арнамен ағатын, халықтың ой-санасы қалыптанатын уақыт алыс емес, сонда біздің суреткерлер мен жазушылар өздерінің шығармаларына орыс рухын айшықтап басады»4 деген В.Белинскийдің нəрлі пікірімен сабақтастыруға болғандай.

Əрине, ұлы сыншы халық сана-сезімінің қалыптасып, айқын келбет алуын айрықша күрделі проблемаға айналдырып отыр. Ал Сұлтанмахмұт кітаптарда «қазақтың иісі де жоқ» деген уақытта мəселенің бетін қарпып, көбіне тіл жағына ғана ойыса береді деуге де болмайды. Өйткені оның «Бұзылған қанымызды

1 Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар. 1957, 356, 357-б.2 Бұ да сонда, 356-б.3 Бү да сонда, 356-357-б.4 Белинский В. 1947, 1-т. 87-б.

Page 81: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

81

түзеп, қарайған көзімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа болады-мыс деген «жарыпсал жаңа əдебиетіміздің» нысананы нұсқаған қолы, көрсеткен жолы жоқ, «құр қатын ойбайға» айналып, əркім соны сəн көріп бара жатқан соң, қазақ жазушылары-ау, алдарыңа салып, айтып отырмын» дегенінен өмір шындығын шынайы суреттеуге үндегенін аңғарамыз.

Халық қамын ойлаймын деген əдебиетте «кейіп жоқ, келісім жоқтығын» ашық айтып, құр ойбайда сəн де, қадір де болмайтындығын, айтар ой, насихаттар пікір барынша айқын да көркем болуын талап етті.

Сұлтанмахмұт шығармалардың тілі көркем, бояуы ажар-лы болуын тіледі. Бірақ шығарманың мағынасыз көркемділігін құр əдемілікке салыну деп білді. «Мен анық ақ сүйек, аты жоғалмайтын «өлең» деп, «өнер» деп соны айтамын. Сырт көрінісі «қатын ойбай» тұрсын, «шайтан ойбай» болып көрінсе де, дəмі бар, маңызы бар «ойбай» сол, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің, толғанған жүректің сығындысы сол. Соның үшін ондай «ойбай», ондай «беу-беу» табыла қалса-ақ, салған жерден өзі де дертке шипа бола кетеді»1 деп жазды. Ал В.Белинский «көркемдік – қазірде де əдеби шығармалардың құнды жері. Егерде қазіргі заманның рухындағы сананы қамти алмайтын көркемділік болса, онда ол бізді оншалықты қызықтыра алмайды. Қоғамдық санаға əсер ететін мəселелерді қозғайтын немесе шеше алатын орта дəрежелі көркем шығармалар, санамызға əсер ете алмайтын көркемділігі басым шығармалардан анағұрлым маңызды»2 деп айтса, екеуінің баяндалуы əртүрлі болғанымен, пікір қорытындылары бір-бірінен онша алшақ емес. Бұл пікірлер шығарманың маңызды болуын, қоғам өміріндегі ең өзекті мəселелерді əңгіме етуін, шығарманың түрі мен мазмұны тең түсіп отыруын талап етеді.

Сұлтанмахмұт шығарманың көркіне емес, маңызына, мазмұнына көңілін баса аударды. Сұлтанмахмұт көрінген өлең, əңгімелерді көркем шығарма деп танымайды. Əдеби шығарма

1 Бұ да сонда, 358-б.2 Белинский В. Сборник «О классиках русской литературы» 332-б.

Page 82: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

82

болу үшін көркемдік түрі (формасы) мен мағынасы сайма-сай болуы керек. «Күндікке ізденіп, өзінше ойыңнан ұйқасыңқырап шыққан, керекті-керексіз сөзді өлең деп қуанып жаза беру – дерті (ауруы) жоқ кісінің ыңқылдағаны, толғағы жоқ қатынның «бебеулегені» қандай жексұрын болса, Бұл да сондай жексұрын болады. «Қисынсыз, қышқырған неткен тантық» деп Абай айтқанның кебіне ұшырап жүргендер көп»1 деп жазуының өзі əдебиетті тек мағына жағынан ғана емес, көркемдік, шеберлік жағынан да дамыту, өркендету керектігін ескергеніне дəлел түсіп, əдебиет пен көркем өлеңдердің егіз екендігін дəлелдеуге арналған. Көркемөнердің маңызын түсініп, оны тарихи сахнаға шығару мəселесін Сұлтанмахмұт принципті сөз еткен.

Сұлтанмахмұттың «Өлең мен айтушылар» атты екінші мақаласы өзінің мəн-мақсаты жағынан алдыңғы мақаланы тол-ықтырады.

Сұлтанмахмұттың баяндайын дегені – қазақ даласындағы көркемөнердің қандай халде екендігін көрсету ғана емес, қайтсе осы салада жаңалыққа аяқ басуға, мəдениетті елдердің қатарына жетуге болады деген ойды айту. Көркемөнерді əдебиеттен бөле-жармай, қайта оларды бір-бірімен тығыз бай-ланыста қарайды да, қайтсе көпшілік мүддесіне жарату, пай-дасына асыру жағын қарастырады. Халықтың рухани тілегін орындауда, жаңа үлгі-өнеге тарату жолында көркемөнердің ірі құрал екендігін айқын түсінеді. «Көңілді түзейтін машина – өлең-жыр. Ол машинаның тетігін біліп, сайратып, естігендердің аузынан суын ағызып, көңілдерінің уын шығаратын кім? Ол неше түрлі əуез білетін əнге ұста əншілер, жыршылар»2 деп тұжырымдауынан көркемөнердің қоғамдық орнын жəне оны жасаушы өнерпаздардың рөлін жоғары бағалағандықты аңғарамыз. Сондықтан да халық өнерді ғана емес, соны елге та-нытатын өнерпаздарды бағалап, ардақтау, құрметтеу, дəріптеу керектігін ескертеді.

Сонымен, Сұлтанмахмұттың əдебиет пен көркемөнер жайындағы еңбектері өзінің көтерген мəнді мəселелерімен,

1 Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар. 1957. 359-б.2 Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар, 1957, 362-б.

Page 83: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

83

айтқан құнды ойларымен, насихаттаған идеясын нақты дəлелдеуімен оқушының көңіліне ұялап, Қазан революция-сына дейінгі сыншылық ойды жаңа бір белеске көтеріп, сəби сынның ілгері басуына, өзінің жанрлық сипатын айқындап алуына жағдай жасады.

С.Сейфуллиннің «Манап» драмасына жазған сыны да осы өңірден өрбіді. Сəкен Бұл драманы сынағанда екі мəселеге айрықша назар аударады. Бірінші, «Манаптың» оқиғасы рас, қаһармандары осы күні тірі деп жазғанменен, драма қазақтың тұрмыс қалпына тіпті келмейді. Қаһармандардың сөйлеген сөздері, істеген істері қазақ болғалы сөйлемеген сөз, істемеген іс»1 деп тауып, талай оғаштық пен ерсіліктерді нақты мысал-мен көрсетеді.

Өмірді білу, халықтың тұрмысын, оның əдет-ғұрыптарын білу қажеттігін принципті мəселеге айналдырып, білмегендік əменде жаңсақтыққа, ерсілікке апарып соқтыратынын тұжырымдау – қазақтың сыншылық ойының келесті өңірге қол сермегендігін аңғартады.

Сəкеннің мақаласындағы екінші мəнді мəселе – аудар-ма тілінің жатық, əдемі болуы жайындағы талаптан туған «Манаптың» тағы бір зор кемшілігі – оны қазақшаға аударғанда сөзбе-сөз аударыпты. Соның үшін сөздерінің тəртібі нағыз қазақша болып шықпаған»2 деп қазақ тілінің грамматикалық құрылысынан шалғай жатқан, құлаққа түрпідей тиетін сөз тіркестерін сынауы ілтипатқа алынар пікір екені аян. Аударма өнері қанат жая бастаған шақта осындай пікір айтып, басқаларды мұндай кемшіліктен сақтандырудың тек сыншылық тұрғысынан ғана емес, практикалық тұрғыдан да мəні бар еді.

«Айқаптың» əдебиет сынын тудыру саласында сіңірген еңбегін біршама нақты деректермен баяндағанда Шоқан мен Ыбырайдың шығармаларынан анық байқалған əдебиеттану элементтері осы журнал бетінде бірқыдыру көрініс тапқанын айта кету шарт. Бұл жөнінен Мұхаметжан Сералиннің «Шах-

1 Сейфуллин С. Шығармалар, 1962. 4-т. 197-б.2 Бұ да сонда, 198-б.

Page 84: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

84

нама» туралы1 жазған мақаласын айрықша атау керек. Өйткені М.Сералин данышпан ақын Əбілқасым Фердаусидің «Шах-намасы» жайында, əсіресе оның бір парасы «Рүстем-Суһрап» жайында өзінің ой-пікірін айтумен ғана шектелмей, зерттеу еңбектеріне тəн болатын бірқыдыру детальдарға бой ұрады, əдебиет тарихшысына тəн сипаттар көрсетеді.

М.Сералин өзінің осы ғылыми мəні бар еңбегін жазған уақытта қазақ халқының сол кездегі мəдени дəрежесіне сай тарихи деректерді қарапайым баяндауды жəне барынша ек-шеп, ең негізгілерін ғана айтуды мақсат еткен. Мақаланың жазылу тəртібіне қарай, онда қандай мəселелерге назар аударылғандығын айқындасақ, М.Сералин еңбегінің ғылыми құндылығын ғана емес, сонымен қатар қазақтың сыншылық ойының қандай биікке көтерілгенін де байқаймыз. Бұл мақалада айтылғандарды жинақтай келгенде:

1) Фирдоуси кім? 2) «Шахнама» қалай туған? 3) «Шахнаманың» көздеген мақсаты не? 4) Сұлтан Махмұт Газнойдың «Шахнамаға» көзқарасы жəне

Фердаусидың оны мазақтап шығарған сатирасы.5) «Шахнаманың» басқа тілдерге аударылуы мен зерттелуі

жəне оның жасаған шығармашылық ықпалы.6) «Шахнаманың» тарихи мəні мен дүниежүзілік даңқы

жайындағы мəселелер қамтылып, көбі оңтайлы шешім тапқан.

М.Сералин «Шахнама» жайында мақала жазарда В.А.Жу-ковскийдің «Рүстем-Суһрапты» аударғанда берген түсін-дірмелерімен ғана шектеліп қоймай, «Шахнамаға» байла-нысты орыс тіліндегі, сондай-ақ мұсылман тілдеріндегі ғылыми-зерттеу еңбектерін барынша көп оқып, өзінің ойын өрбітуге қажетті деректерді таңдап, сұрыптап, ең керектілерін ғана баяндаған. Өйткені Бұл мақаласында пайдаланылған материалдардың бəрі де М.Сералиннің ғалымдық парасатының молдығын, көп ізденгенін, тарихи шындықтан туған қоры-тындыларды дұрыс игере алғандығын көрсетеді.

1 «Айқап», № 22. 1914.

Page 85: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

85

Ағартушылық идея тек оқу-білімге шақырумен ғана шектел-мей, осындай тарихи адамдардың сіңірген еңбегін көпшілікке жария етумен де сабақтасып жататынын аңғармасқа болмай-ды. Дүниежүзіне даңқы жайылған «Шахнаманы» қазақшаға аудару, түсіндіру, елдің рухани байлығын арттыру, мəдениетін көтеру ниетінен туғандығы өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан да Сералин өзі аударып отырған «Рүстем-Суһраптың» мазмұнын айтудан гөрі, Фердауси туралы, «Шахнама» туралы айтуды орынды да қажетті деп білген.

Сонымен, «Шахнама» жəне оның қазақ тіліне аудары-луы, насихатталуы жайындағы мəселені түйіндегенде, дүниежүзілік ұлы шығарманың мəн-мақсатын, көркемдік қасиетін қазақ еліне дұрыс түсіндіріп, М.Сералин Шоқан мен Ыбырайдан тартылатын желіні қомақтандыра түсті, қазақ əдебиеттану ғылымының алғашқы аңызын нəрлендіруге үлкен еңбек сіңірді. «Рүстем-Суһрапты» аудару жəне «Шах-нама» туралы еңбек жазу арқылы Қазан революциясына дейінгі қазақ мəдениетіне үлкен олжа салып, өзінің ақындық, журналистік, аудармашылық тұлғасын ақыл-парасаты мол ғалымдық бейнесімен толықтыра түсті.

Қазақ əдебиет сынының туу процесі, сын жанрының дүниеге келуі қазақ баспасөзінің туып, өсіп-өркендеуіне тікелей байла-нысты болды.

Қазақ халқының ұлы ағартушы-демократтарының еңбектер-інде ғылымдық, педагогикалық жəне эстетикалық талап-талғамдардан көрінетін сыншылық ойлар қазақ тілінде шыға бастаған баспасөз органдары: «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Серке», «Қазақстан» т.б. газеттері арқылы сын жанрының элементтеріне ұласты.

Бұл кезеңдегі сыншылық ойы бар материалдардың ба-сым көпшілігі қоғамдық, саяси-əлеуметтік, əсіресе тіл мəсе-лелерімен қабаттаса жазылып, өзінің «конструкциялық» құрылысына ие бола алмаған еді. Сондықтан да «Айқап» жур-налына дейінгі баспасөз орындары негізінен алғанда сын жанрының тууына «дайындық» мектебі болды. Ал «Айқап» журналы қазақ баспасөздерінде басталған процесті аяқтап

Page 86: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

86

шықты. Қазақ əдебиет сыны түгелдей болмағанымен де, өзінің жанрлық сыр-сипатымен көрініп, дүниеге келді.

Қазақ əдебиет сыны өзінің эстетикалық дəрежесі жағынан қатаң талаптарға өресі жетпей жатқанымен, өзінің жанрлық ерекшеліктерін айқын аңғарта бастады. Сынның туу дəуірінде, əрине, оның бастапқы қарапайым түрлері басым болды. Қазақ əдебиет сынының алғашқы нұсқалары қазіргі уақытта қаншама қораш, анайы болып көрінсе де, өзінің жанрлық жіктелу процесін қалың оқушыға пəлендей жаңа кітаптың шыққандығын хабарлайтын жарнамасы мен шығарманың мазмұнын қысқа да тұжыра баяндайтын аңдатпадан бастады. Шығарманың оқушыға əсер еткенін аңғартатын жəне оның тілек-талабын хабарлайтын оқушы хаты да ара-тұра көрініп қалып, сəби сынның Бұғанасы қатуына көмектесті. Сынның осы түрлерінің игерілу барысында оқушы мен жазушы арасына шығармашылық дəнекер болатын рецензиялар көбіне көркем шығарманы насихаттауға ден қойды. Шығармаға қойылар та-лап, берер баға, айтар сын осы насихаттау ниетінің төңірегінен өрбіді. Шындықтың сырын ашып алуға жəрдемі тиетін айтыс мақалалары (полемика) сынның қанаттану шағын көрсетті. Ал сын жанрының «физиологиялық» ерекшелігін айқындайтын публицистикалық сын, проблемалық мақала жəне шолу (об-зор), нақты шығармашылық тұлғаның өмірі мен өнерпаздығын хабарлап, ішінара талдау жасайтын сын мақала, баяндама-лар да қазақ əдебиетінің тарихында Қазан төңкерісіне дейін көрініп, халықтың эстетикалық талап-талғамын ояту, жетілдіру бағытында бірсыдырғы қызмет атқарды. Əдебиеттану ғылымының ауқымына кіретін зерттеу мақала мен хрестома-тия жасау сияқты формалардың алғашқы нұсқалары да бой көрсетті.

Қазақ əдебиет сынының туу процесін мерзімді баспасөз орындарымен қатар кітап болып шыққан əдебиет жинақтарына да сабақтастырған жөн. Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде 400-ге тарта кітап шықты. Бұлардың кейбіреулерінде сыншылық ой-пікірі бар материалдар қоса жарияланып отыр-ды.

Page 87: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

87

Қазан төңкерісіне дейін қазақ əдебиет сынының тууы-на объективтік жағдайлар болғандығын тек əлеуметтік қисындармен ғана шектеп қоймай, жазба əдебиеттің ішкі процестерінің фактілері мен деректерін нақты мысалдармен дəлелдеу шарт. Мұны негізінен екі арнамен өрбіткен жөн. Бірінші – жазба əдебиеттің жұрнағы болуға жараған жəне болуға жарайды деген шығармалардың мəн-маңызына арнайы тоқталмай-ақ, олар жөнінде сол кезеңде қазақтың сыншылық ойы не айтқан жəне шығарма авторы өз туындысы жайында нен-дей ойда болғанын көрсету, екінші – бүкіл қазақтың реалистік əдебиетінің асқар белі болған Абай шығармаларының өз зама-нында жəне өзінен кейінгі дəуірде қазақтың сыншылық ойын оятуға, сөйтіп, сын жанрының тууына жасаған шығармашылық ықпалын нақты деректермен көрсету шарт.

Қазан төңкерісіне дейін шыққан өлең жинақтары мен белгілі бір авторлардың кітап болып жарияланған шығармаларына на-зар аударғанда сын элементі бар дəйектеме материалдарға тап боламыз. Оқушы көпшілікке өлеңнің нендей мəні бар, қай уақытта, қандай себеппен жазылғанын, уақиғаның тарихи тегі шындықтан алынған-алынбағанын айту, өлеңді шығарушы ав-тор өзінің кім екенін аңғартуы, жинаққа алғы не соңғы сөз жазу сияқты материалдардың бəрі дəйектеме-сынның аясына кіреді. Дəйектеме-сынның жарнама-сын мен аңдатпадан едəуір айыр-масы бар. Егер жарнама-сын пəлендей көркем шығарманың дүниеге келгендігін хабарлау міндетін атқарса, аңдатпа сол шығарманың негізгі мəн-маңызын қысқаша түйіндейді, талдау жасауды мақсат етпейді. Ал дəйектеме-сын пəлендей талдау жа-сай (анализ) қоймағанымен, оқушыға шығарманың оқиғасын, мəнін, жазылу себебін түсіндіруге, айтып беруге ұмтылады. XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің шығармаларында осындай сын материалдары жиі кездескеннен соң, оның аңдатпа мен ре-цензия арасындағы құбылыс екендігін ескеріп, дəйектеме-сын деп атаған орынды.

Дəйектеме-сынды сыр-сипатына жəне мəн-маңызына қар-ап іштей үш топқа бөлуге болады. Өйткені бірінші, Қазан қарсаңында қазақтың қоғамдық ойының ең өзекті бір мəселе-сі – елді ағарту проблемасы болғандықтан, жазба поэзияның

Page 88: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

88

осы кездегі туындыларында ағарту идеясы мол жырланады жəне сыншылық ой елегінен мүмкін қадерінше өтіп отырды.

Екінші, өз шығармасы туралы өзі пікір айтып, түсіндірме жасау да сын жанрының ауқымына кірмекші. Автосынның (ав-токритика) алғашқы көрінісі қаншама анайылау болғанымен де оқушының назарын өзінің айтайын дегеніне бағыттауға əсері болмай қалмаған.

Үшінші, əдеби-сын элементтері – айқын да басым дəйек-темелер. Осы үш саланы қарастырудың өзі дəйектеме-сынның қауқары мен диапазонын ғана аңғартып қоймай, оның іштей өсу процесінен де хабар береді.

Ағартушылық сипаты бар дəйектеме-сынның өзіндік ерек-шелігі халыққа өнер-білімді айрықша насихаттауынан байқа-лады. Жалпы мақсаты осы ағартушылық идеядан өрбитін шығармаларға жазылған дəйектемелердің көбі бүкіл жинақтың мəн-маңызын, автордың нендей мақсат көздегенін жария етеді. Мұның айқын мысалын Ғұмар Қарашевтің «Өрнек» атты шығармасына жазғанынан көреміз: «Надандық себепті халқымыз арасында жайылымдықта болған жат бағытқа уа түрлі газеттер бек көп. Оларды бірден сыпырып алып тастау һəш мүмкін емес. Қашан халықтың ұлы-қызы бірдей оқып мұқырғыт хасел етсе, Бұл надандықтан келген ғадеттер өз-өзінен бітешек.

Солайда болса, Бұлардың ішінен бірнеше бастыларын ай-тып, себептерін көрсетіп Бұ «Өрнек» атты кітапшаны жазып таратуды тиіс көрдім: бəлки, жүзден біреу оқып өрнек алса да пайда бола. Көре тұра үндемей «тілсіз шайтан» болып тұруды тарих мақұлдамас... Ниетім дұрыстығына түсінген жандар сөге жамандамас»1 деп жазушы қаламының қоғамдық борышы мен міндетін жəне өзінің көздеген нысанасын ашып айтады да, оқушының осы шығармаға ынтығын арттыра түседі.

Мұндай дəйектеме-сынның ауқымына кірген алғы сөз, соңғы сөздердің, түсіндірме-комментарийлердің бəрі де өзінің үлгі-өнегесін жариялап, халықты оқу мен білімге, ғылым мен өнерге шақыруды негізгі мақсат етті.

1 Қарашев Ғ. Өрнек, Уфа, 1911, 2-б.

Page 89: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

89

Дəйектеме-сынның көзге түсер бір парасы – автосын, яғни өзінің шығармасына өзі түсіндірме, кейде сын пікір айту. Дəйектеменің Бұл түрі əр автордың кітабынан кездеседі десе де болғандай. Кейде Бұл дəйектеме жалпы жинақ туралы ғана болмай, əр өлеңнің жазылуына не себеп болғанын көрсете кететін кезі де аз емес.

1911 жылы Ғалиолла Ғалымжановтың «Есіл жұртым» атты өлеңдер жинағы басылып шықты. Бұл жинақта «Жазушыдан бір-екі сөз», «Жазылашақ сөздің басы үшбу дүр», «Əр өлеңге түсіндірме», «Құрметлу оқушыларына» арнаған соңғы сөзі бар. Жинақ авторы бір үлкен ақын болмағанымен де, өзінің негізгі мақсатын поэзия тілімен айта білген жəне өзінің шама-шарқынша өз сөзіне сын көзімен қарай білген.

Басқа ақын-жазушыларға қарағанда Бұл автор оқушылардың ықыласын өзіне қаратып алу үшін басқаша тəсіл қолданған. Сөз арасында 1907 жылы Троицкідегі «Медресе Мұхамедияны» тəмамдағанын айтса да, «дүниенің о жақ, Бұ жағын еркін болжамаған жасырақ» шағында жазған өлеңдеріне көп үміт артпағанын, етқызумен Каримовтар баспасына жібере салғанын, бірақ «өз сөзіме өзім риза болмағандықтан басар деп те ойламаған едім»1 дегені сүбелі екі мəселеге меңзейді. «Өз сөзіне өзі риза болмаушылық» автордың өзіне сын көзімен қарауын жəне поэзияға қояр талабының едəуір мол екендігін көрсетсе, екінші жақтан, үлкен ой, пікір айту, халық көңілінен шығу үшін «дүниенің о жақ, Бұ жағын» еркін білу, яғни өмірді жетік білу қажет екендігіне меңзейді. Сондықтан да автордың «Рəсілəмнің іші, сырты мұқият па, жоқ па? Ол арасын оқушылардың сынауына тапсырайын, келіспеген жерлері бол-са, қаламы жүйрік мырзаларымыздан тынқит етіп, кемшілігімді көрсетулерін өтінемін. Тынқит айтушыларға рақметтен басқа айтатын сөзім жоқ. Жəне əріптестерімнің тынқиты маған бер-ген сабақтары деп білем. Мен өзім де Бұл рəсілəмнің əуелгі жазған рəсілəм болғандықтан жақсы жазылды деп айта ал-маймын. Бəлки жаман жазылғандығын басқадан Бұрын өзім ұғатырақ еттім. Рəсілəмнің ең əуелгі айыбы: сыртына қарағанда

1 Ғалымжанов Ғ. Есіл жұртым, 1911, 3-б.

Page 90: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

90

ішінде һəмма қазақ миллəтіна ғылым болуға керек еді. Өлеңде ғылым болған жоқ»1 деп өзіне-өзі сын көзімен қарағандығын, өз кемшілігін өзі байқағандыған көреміз. Дəйектеме-сынның бір парасы – осы автосын қаншама қораштау болғанымен қазақ əдебиетінде осылайша көріне бастаған.

Дəйектеме-сынды шартты түрде іштей жіктеген уақытта олардың араларында Қытай қорғаны жоқ екені өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан да оның барлық элементтері араласып жүретіндігін де ескерте кеткен жөн. Егер Ғ.Ғалымжановтың «Есіл жұртым» атты жинағынан автосынға қатысты пікірлерді бірқыдыру айқын байқасақ, Көлбай Төгісовтың 1915 жылы ба-сылып шыққан «Надандық құрбаны» пьесасына жазған алғы сөзі өзінің ағартушылық тенденциясымен де, өзіне-өзі пікір айтып, шығарманың мəнін түсіндіру ниетімен де, сондай-ақ дəйектеменің əдеби-сыншылық сипатымен көрініп, пікір дəлелдеуге ұмтылу сыңайымен де көзге түседі.

Сонымен қатар дəйектеме-сынның сапалық қасиетін көтере түсетін, əдеби талдауға ұмтылып, өзінің ойын дəлелдей айтуға талаптанатын сын пікірлер де жоқ емес. Бұлар сан жағынан аз болғанымен, мəн-маңызы жағынан əлдеқайда алымды да құнарлы.

XX ғасырдың бас кезінде жарияланған кітаптарда əдеби-сын элементі басым материалдардың сыр-сипаты Ғұмар Қара-шевтің «Көкселдір» мен «Шаир» жинақтарына жазған дəйек-темелерінен анық көрінеді.

«Шаир, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағына жазған алғы сөзін Ғұмар Қарашев осы кезеңнің іргелі мəселесі болған «тіл сақтау» проблемасынан бастайды. «Белгілі, бақ иесі адамдар айтады: «жыр, өлең һəм билік сөздерін сақтамаған халық жансыз» деп. Бұ сөз бек дұрыс, неге десеңіз, əр елдің елдігі, мысал, қазақтың қазақтығы, татардың татарлығы, орыстың орыстығы ата-бабаларынан қалған айырым тілдерін жоғалтпай қолданумен сақталады. Һəр ел өз тілін сақтау – ол елдің жыр һəм ескі сөздерін сақтамай мүмкін болмайды. Мұның үшін де өнерлі, ғылымды халықтарда бұ «тіл сақтау» жайын-

1 Бұ да сонда, 2-3 б.

Page 91: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

91

да бек мұқияттық бар. Медреселерінде балаларға қалдырмай оқытады. Һешбір жыршы я шешен ділмəрлардың аузынан шыққан сөзі жазылмай-басылмай, далада жоғалып қалмайды».1 Ғ.Қарашев бірнеше мəселелерді сабақтастыра, біріне-бірін қосақтай қамтығанда əр елдің өзіне тəн ерекшелігі мен тілін сақтауда көркем əдебиеттің айрықша орын алатындығын баса айтады. Əдебиеттің Бұл рөлі баспасөз жүзін көрген уақытта еселене түсетіндігін ескертеді.

Əдеби сынның элементі қалың осы дəйектемелер тек қана түсіндіру, айтып беру мақсатын көздемей, ара-тұра өз ойын дəлелдеуге ойысатындығын ішінара байқатып тастайды. Алай-да мұның бəрі де дəйектеме-сынның ауқымынан аса алмай жатқанын байқамасқа болмайды. Өйткені дəйектеменің Бұл түрінде дəлелдеуден гөрі декларативті ой түю басым жата-ды. Көлбай Төгісов Ақтамберді мен Көкей қыздың айтысын тамашалай келіп, «қазақтан да неше түрлі орыстың Пушкин, Лермонтов секілді ақындарындай ақындар шығуын көрсетеді. Қазақтың оқу оқымаған бір жігіті мен бір қызы ешбір дайын-далмай тойда кезігіп, осындай өлең айтса, оқу оқыған Пуш-киннен кем болар ма еді» деп ой түюінің өзі дəйектеме-сынның дəлелсіз тұжырымға бейімдеу екендігін аңғартса керек.2

Сонымен, қазақ баспасөзінің туу, өркендеу кезеңінде дүниеге келген өлең кітаптары мен жинақтарына жазылған алғы жəне соңғы сөздер, шығарманың мəн-мақсатын түсіндірген коммен-тарийлер дəйектеме-сын ауқымына кіреді. Ал дəйектеме-сын – көркемдік талдауы мен эстетикалық дəлелдеуі, социологиялық түсіндірмелері аралас жүретін мəнді сын мақалаларға, құнды рецензияларға барар жолдағы бір басқыш.

Қазақ əдебиет сынының туу дəуірінде оның эстетикалық өресін едəуір биікке көтеруге себепші болған шешуші фак-тордаң бірі – ұлы Абайдың шығармашылығы.

1 «Шаир, яки қазақ ақындарының басты жырларын» жиюшы – Ғабдолла Миштақ (Ғ.Қарашевтың əдеби аты). Орынбор. 2-б. Шыққан жылы көрсетілмеген.

2 Төгісов К. Надандық құрбаны, Уфа, 1915, 9-б.

Page 92: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

92

М.Əуезов негізін қалаған абайтану ғылымының қазір қанатын кең жайғанын, Бұл салада қалам тартпаған зерттеушілердің кемде-кем екендігін айтқанда, қазақ əдебиет сынының туу шағындағы деректерге ұқыпты қараған абзал. 1909 жылы Петербургте «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай-ұлының өлеңдері» жинағы Кəкітай Ысқақовтың «Абай (Иб-раһим) Құнанбайұлының өмірі» деген мақаласымен басылып шықты.

Абай өлеңдерінің жинағын құрастырушылар ақын шығар-маларын хронологиялық тəртіппен орналастырмай, тақырып-тық принципке ден қойған. Тұңғыш жинақты осы принцип-пен құрастыру ол дəуірде орынды еді. Өйткені Абайдың Бұрын кітап болып жарияланбаған өлеңдерін бар қадір-қасиетімен та-ныту үшін жəне автордың идеялық бағыты мен эстетикалық идеалын халыққа аңғарту үшін шығармаларды тақырып бойынша орналастыру ең ыңғайлы да дұрыс принцип. Ал хронологиялық принципке ойысу көбіне ақын еңбегі əбден танылғаннан кейінгі жерде оның шығармашылық өсу жолын аңғарту мақсатынан туады. Сондықтан да жинақ құрастырудың өзі белгілі дəрежеде сыншылық ой араласатын шығармашылық процесс екенін Абайдың негізгі ойы мен көздеген мақсатын қалың оқушыға жеткізе алғанынан анық көреміз.

Абайдың тұңғыш жинағындағы Кəкітай Ысқақовтың «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі» деген мəні жағынан да, көлемі жағынан да Қазан төңкерісіне дейін шыққан кітаптарда жарияланған дəйектемелерден əлдеқайда үлкен де қомақты мақаласы айрықша назар аударуды қажет етеді. Бұл мақаланың мəнділігі – естелік дəрежесінде қалып қоймай, Абай шы-ғармашылығы мен өміріне байланысты проблемалардың бірқыдыруын дұрыс баяндауында жəне эстетикалық талдауы-ның біршама дəйектілігі мен тереңдігінде.

Кəкітай Ысқақов өзінің осы мақаласында негізінен үш мəселені баяндауды мақсат еткен. Бірінші – Абайдың ата тегі жəне Абайдың ақындық өнеріне оның əсері, екінші – Абайдың əлеуметтік өмірі, үшінші – кемеңгер ақын шығармашылығының негізгі идеялық-эстетикалық арнасы.

Page 93: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

93

Кəкітай Абайдың ата-тегін баяндаған уақытта Ырғызбайдың да, Өскенбайдың да, Құнанбайдың да əлеуметтік өмірге белсене араласып, билік айтқандарына көбірек назар аударып дəріптейді.

Кəкітай мақаласының шоқтығын көтеретін мəселелер – Абайдың қоғамдық өмірі мен шығармашылығына талдау жасауға талаптанған бөлімдері.

Баспасөзі өркендемеген қазақ еліне бүгінде бүге-шігесіне дейін белгілі Абай өмірінің белеңді-белеңді кезеңдерін Кəкітайдың тəптіштей баяндауы тарих үшін айрықша бағалы екені аян. «Бұл жөнде қазақтың мəдениет тарихына Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тəрбиелеп баулыған, жас жұртшылықтың көрнекті өкілі болған Кəкітай Ысқақұлы-ның еңбегін айрықша айту керек»1 – деді М.Əуезов.

Кəкітай Абайдың оқымыстылығын баяндағанда оның мұсыл-манша білігі мен орысша біліміне назар аударған жəне олар-ды бір-біріне қарсы қоймай, бірін-бірі толықтырып отырғанын Абайдың ерен тұлғалы кемеңгерлігін дəлелдеуге дерек еткен. Абайдың арабша, парсыша, түрікше кітаптарды оқығандығын, əсіресе Шығыс ақындарының шығармаларын көп оқығандығын2 аңғарта отырып, жер аударылып келген Михаэлис, Гросспен таныс болып, көп білім алғанына айрықша мəн береді. Егер Бұлармен таныспаса «Абай əлде бойына біткен өнерін жарыққа шығарып білдірмей кетуге де болатұғын еді»3 дей келіп, олар-дан алған үлгі-өнегенің арнасын баяндайды. «Абайдың ғылымға бетін түзеп жібермекке осы кісілер үлкен себеп болған. Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков, Достоевский, Белинский, Добро-любов, Писарев деген кісілердің шығарған кітаптарымен таныс қылған, Абай өле-өлгенше: «Менің əкемнен артық жанашырлық қылып, дүниеге көзімді ашқан Михаэлис» деп айтып отырушы еді.4

1 Əуезов М. Əр жылдар ойлары. 1959, 15-б.2 Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері. Петербург, 1909,

105-б. (кейінгі менеуде тек Абай, 1909 дейміз де, бетін көрсетеміз).3 Абай, 1909, 108-б.4 Бұ да сол бетте.

Page 94: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

94

Абай соңғы замандарында Спенсердің «Опытын», Льюстің «Позитивной пəлсафа», Дрепердің «Еуропаның ғылымы» ту-ралы жазғанын, Чернышевскийдің заманындағы жазылған статьяларды һəм оның өмірін оқып отырушы еді. «Əсіресе Абай Лермонтовтың жазғанын ұнатушы еді» – деп Абайдың əлеуметтік жəне эстетикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші ықпал еткен арнаны айрықша мол да ашық баян-дайды. Абайдың ақыл-парасаты мен білімі үшін арнадан, атап айтқанда, қазақтың көп жылғы өмірінде қалыптасқан практикалық қорытындылардан, екінші, Шығыс əлемінен, үшінші, озық орыс мəдениетінен нəр алып қанаттанғанын көрсетеді.

Осындай күрделі мəселелерді Кəкітайдың өз еңбегінде оқушы нанарлықтай, оған ой жіберерліктей етіп баяндауы ғана емес, нақты мысалдармен дəлелдеуі – оның Бұл мақаласының құндылығын арттыра түскен. Өз пікірін дəлелдеуге ден қою – сыншылық ойдың қомақтала түскендігін аңғартатын көрініс.

Кəкітай мақаласының ең сүбелі жəне құнды жағы – Абай шығармашылығының сырына үңілу, біршама дұрыс тал-дау жасауы. Абай өлеңдерінің белгілі бір мəселеге байланы-сы барлығын, өмір болмысының өзінен туғандығын автор нақты мысалдармен көрсете алған. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дейтін атақты өлеңнің сырын ақтара келіп:

Адамның бір қызығы бала деген,Баланы оқытуды жек көрмедім.Баламды медресеге біл деп бердім,Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, –

деген шумақты Абайдың өз балаларының оқуымен, əсіресе Михайловское артиллерийское училищені бітіріп, енді əскери академияға түспек болған Əбдрахманның өмірімен тікелей байланыстыра баяндаған. Абай өлеңді «пайда үшін емес, халықты ғылымға ұмтылтып, көңіл көзін ашпаққа ғибрат үшін жазғанын»1 айрықша атап көрсеткен,

1 Абай, 1909. 107-б.

Page 95: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

95

Кəкітай Абайдың ақындық өнерді тануы жəне оған мүлдем ден қоюы жайында дұрыс ой өрбіткен. Абай 14 жасында-ақ өлең шығара бастаса да, оған онша мəн бермеген, оған кейбір ақындардың біреуді мақтап пайда табуы жəне «қазақ ортасын-да ақындықтың пəлендей қадыры жоқтығы», «тұқымымыздан бақсы əки ақын шықпайды»1 деп төрелердің мақтанатыны себепші болғанын дəлелге келтіреді. Орыс əдебиетінің да-нышпан ұлдарының шығармаларын оқығаннан кейін жəне көркемсөздің əлеуметтік мəнін əбден ұққаннан кейін «Абай өзі өлеңнің өнер екенін біліп жаза бастаған соң, Бұрынғы ақындар надандықпен өлеңді өнер орнына жұмсамай, ғибрат үшін айт-пай, тіленшілік орнына айтқандықтан, ақындықтың да, өлеңнің де қазақ ортасында бағасы кемігендігін айтып, өзі олардың ай-татынынан басқа»2, жолмен жүруге ұмтылғанын Кəкітай құр баяндап қоймай, Абайдың «Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап» деген атақты өлеңімен дəлелдейді. Абай жолы – халық жолы, прогресс жолы екендігін пайымдайды.

Автор өзінің осы ойын логикалық түйінге жеткізу үшін Абайдың дүниетанымын кеңейткен, ағартушылық-демократ-тық көзқарасын қалыптастырған орыс мəдениеті екендігін айрықша атайды, «Абайдың өзі Толстой мен Салтыковтың шəкірті еді»3 деп тұжырымдағаннан кейін, «орыс ғылымын кітаптан оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғап, Абай өзін қазақтың ғибрат алатұғын ақын деп білді»4 деп үлкен де құнды қорытынды жасайды.

Кəкітай Абайдың ұлы ақын екенін танытпаққа күш жұмсаған. Бұл мақсат ол кезде əбден орынды еді, өйткені қазақ даласы Абайдың атын еміс-еміс естігені болмаса, бар шығармашылығымен түгелдей таныс еді деу қиын. Сондықтан да Кəкітай Абайдың ақындығына мақаланың əр жерінде сана-лы түрде əдейі айнала бір соғып отырған. «Абай өзінің тереңнен жазатұғын ақын екенін біліп, елдің ұғымсыздықтан əшейін

1 Абай, 1909. 107 б.2 Бұ да сол бетте.3 Бұ да сонда, 108-б.4 Бұ да сонда, 109-б.

Page 96: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

96

өлеңнің артық қадірін білмегендігіне ыза болып»1 шығарған өлеңін де, «өзге алыс ел құмар болып, Абайдың өлеңін жаз-дырып алып, жиылған топта Абайдың насихатын ұқса-ұқпаса да құлақ қойып» тыңдағанын да2, «қайран сөзім қор болды тобықтының езіне» деп ызаланғанын да көздеген мақсаттың ауқымына сыйғызып жаза білген.

Кəкітай осы мақаласында Абайдың ұстаздығына да арнайы тоқталған. Абай өз өлеңімен қоса, төңірегіндегілерге оқыған кітаптарының мəн-маңызын еш жалықпай, ынталы көңілімен бек рақаттанып айтып отырушы еді. Қанша халық надан бол-са да Абайдың насихатын көп тыңдап, қасында болған жігіттер өзгелерден біртүрлі, медреседен оқыған, ғылым жолындағы кісі сықылды һəр нəрсенің жөнін біліп, жаман-жақсыны көп айтып, надандықтан шығып қалушы еді»3 деп қомақты да дұрыс ой түйеді.

Сонымен қатар осы мақалада өрбітілген ойлар мəнді естеліктермен толықтырылып отырады. Абайтану ғылымының бүгінгі биік тұрғысынан қарағанда, Бұл тұңғыш мақалада бірқыдыру мəселелер жетпей жатқаны, айтылмай қалғаны байқалады, бірақ одан Абайға байланыстының бəрін талап етуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Америка публицисі Джорж Кеннан 1891 жылы Абайдың білімділігіне таңғалса, Абайдың 1889 жылы жарияланған «Күлембайға» деген сатирасының қадір-қасиетін А.Алекторов4 жете аңғарған. Абайдың көзі тірісінде 1903 жылы А.Сидельников «қырғыз поэзиясындағы жаңа ағымның» бастаушысы Абай деп таныса, 1914 жылы Москвада Лазарев шығыс тілдері институты шығарған «Əлшарқиат» жинағында Абайдың өмірбаяны, ақындық өнері жайында арнайы мақала жазылып, төрт өлеңінің аударылуы,5 башқұрттың атақты ақыны Шаихзада Бабичтің 1913 жылы «Мен Құнанбаев жырларынан керім əсемдікті, абзал сұлулықты

1 Бұ да сол бетте.2 Абай, 1909. 109 б.3 Бұ да сонда, 111-112-б.4 Алекторов А. Указатель книг, журнальных и газетных статей, и заметок

о киргизах. 1900. 633-б. Россия. Т. ХVIII, 1903, 204-б.5 Əлшарқиат. Восточный сборник в честь А.Н.Веселовского. 1914, 224-228-б.

Page 97: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

97

көрем де, рақат сезімге бөленем»1 деуі, татар əдебиетінің классигі Ибраһим Галимжановтың 1916 жылы «Киң далада ава-зы яңғыраған Ибраһим Құнанбайлар, соңғы Саедуллиндер... гомумəн қазақ телеңде бас көтерген əдебият хазер инкар итəргө мөмкин Бұлмаған бір фактыр»2 деп бағалаулары «Қазақ» газеті сыншысының жырын ойы мен жартымсыз пікірінің мəнсіз, жөнсіз екенін айқын көрсетеді.

Сонымен, Абай шығармашылығы дүниеге жаңа келген əде-биет сынының қанаттануына, айтарының нақтылануына, баян-даудан гөрі дəлелдеуге ұмтылуына жол ашқанын көреміз.

Жазба əдебиет пен сынның өзара қарым-қатынасы дəйек-теме-сын түрлері мен ғұмырнама (өмірбаяндық мақала) революцияға дейінгі əдебиетте орныға бастағанын аңғартады. Қазақтың жазба əдебиетінің негізін қалаған Абайдың кемеңгерлік шығармашылығы мен ХХ ғасырдың басындағы ақын-жазушылардың шығармалары сын жанрының туып, ай-тары нақты, пікірі қомақты, дəлелі айшықты да мəнді болуына қолайлы жағдай жасады.

Сонымен, қазақ əдебиет сыны Қазан төңкерісіне дейін туып, дүниеге келді. Рас, қазақ əдебиет сыны өзінің эстетикалық талап-талғамы, идеялық нысанасы жағынан пəлендей жоғары биіктен табыла қоймағанымен де, өзінің балаңдық сипаты-на сай қазақ əдебиетінің көптеген шығармашылық проблема-ларын азды-көпті көтеріп, жазушы мен оқушының арасын-да делдал бола білді. Осының арқасында өзінің жанрлық си-патын, шығармашылық түр-келбетін айқындап, саннан сапаға, ұсақтан іріге ұмтыла бастады.

Ал сын жанрының қалыптасу процесін танытатын əдеби очерк, монографиялық зерттеу, оқулық жазу, əдебиет тарихын жасау сияқты күрделі формалар кеңес дəуірінің үлесіне тиді.

1 Х.Усманов. «Егіз жырлар», «Қазақ əдебиеті» 1962, 26 қазан.2 Галимжанов И. «Аң» журналы. 1916. № 5.

Page 98: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

98

СЫНИ ОЙ САПАРЫ

Қазақ əдебиет сыны мен əдебиеттануы өзінің даму ба-рысында үш кезеңді басынан өткерді. Бірінші кезең – Қазан төңкерісіне дейін қазақ əдебиет сынының туу дəуірі. Екін-ші – сынның жанр ретінде қалыптасуы жəне қазақ əде-биеттануының туа бастауы. Бұл процесс 1917–1945 жылдар арасын қамтиды. Үшінші кезең – сынның одан əрі идеялық-шығармашылық өркендеуі жəне қазақ əдебиеттануының қал-ыптасу дəуірі (1945–1977).

Сын – жазба əдебиет жанры екені белгілі. Бұдан халық ауыз əдебиетінде сыни бастау болмайды деген тұжырым ту-майды. «Орыс сынының тарихында» сыншылық ой-пікірлер тіпті фольклордың алғашқы туу сатысының өзінде кездесетіні күмəнсіз. Өйткені халық ғасырлар бойы өз шығармаларының ең тəуірлерін ғана таңдап алып, жадында сақтайды, өңдеп, шыңдай түседі. Мұның өзі халықтың тұрақты сыншылық-эстетикалық жəне этикалық ой-пікірі болатындығын көр-сетеді» («История русской критики». М., 1958, Т.1, 25-б.).

Қазақтың бай ауыз əдебиетінде сыни сипаты қалың аса қызықты деректердің мейлінше мол болуы халықтың эстетикалық мұратын айқындап алуға, əсемдік пен ажарсыз-дық, адалдық пен опасыздық, күлкілі мен қасіреті жайындағы халықтық түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Халық шығармашылығы қашанда адамгершіліктің, гума-нистіктің, көркемдіктің, əсіресе ажарсыздықты əжуалау мен сынаудың қуатты қайнар көзі болып табылады. Қазақ халқы көне заманнан бері сұлулық пен əсемдікті айрықша ардақтай білген. Мəселен, «Қыз Жібек» лиро-эпосында бірінен-бірі сұлу да көркем он үш қыздың көш бастап келе жатқаны суреттеледі. Əрқайсысының іс-əрекеті мен көрік-ажары көздің жауын алып, көңілді тасытады. Сөзбен жасалған осын-дай тамаша суреттер, көрікті келбеттер, ажарлы əсемдіктер талай ұрпаққа эстетикалық лəззат беріп, көркемдік танымын қалыптастырады, сұлулықты қастерлеуге үйретеді.

Page 99: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

99

Қазақтың ауыз əдебиетінде халықтық философияның мəң-гілік идеялары – ерлік пен ездік, адамгершілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, баяндылық пен тұрақсыздық, əсемдік пен ажарсыздық тамаша көркемдік нақыштармен жырланған. Адамның рухани мəдениетін тəрбиелеу үшін халық олар-ды шендестіре, бірін ардақтай, бірін сынай отырып өзінің эстетикалық мұратын қалыптастырған. Фольклордың қай ту-ындысын алсақ та ғибрат берерлік, жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік, көркемдік айла-амалдармен жамандықтан, зорлық-зомбылықтан, көріксіздіктен безуге, жақсылық, əсемдікке үн-деген шығармаларды мол кездестіреміз. Тіпті сынға жанасы-мы жоқ тұрмыс-салт жырларының бірі – «Беташардың» мəніне тереңірек назар аударыңызшы.

Қазақ халқы сөз өнерін айрықша құрметтейді. Шешендікпен тауып, ажарлап айтқан сөздің қадірі зор. Суырыпсалма ақындық өнерде айтыстың орны бөлек. Айтыс – өнердің биік өресі. М.Əуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайыловтар, «сөз өнерін ардақтаған майталман ақындар айтысын – өнер сайысы, талант табиғатын айқындайтын сөз майданы» деп таниды.

Айтыста сыни көзқарас пен ой-пікір қалың болады. Айтысқа түскен ақын қарсыласының сағын сындырып, жеңіп шығу үшін сын өнерін де, əдет-ғұрпын да, іс-əрекетін де, ата-тегін де сынға алады. Айтыс басталған шақта өткір де ажарлы сөздің нақышын келтіріп, əсем айта білген ақын ғана халық жүрегіне жол тауып, табысқа жетеді. Ақындық айтыстың тамаша классикалық үлгі-сі – Біржан мен Сараның айтысы.

Сыр бойы ақындарының жазып айтысқаны белгілі. Хатқа түскен өлеңнің қадір-қасиетін айқындау, кем-кетігін сынау мүмкіндігі болғандықтан, оларда эстетикалық таным-біліктің ізі жатады.

Демек, халық əдебиетінің үлгілерінде айтылған сыни ой-пікірлерді сынның кəнігі бір қайнар көзі деп таныған орын-ды. Оның екінші мəнді арнасы – қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының эстетикалық толымды толғаныстары.

Шоқан Уəлихановтың ғылыми қайраткерлігі оны білікті ориенталистердің алдыңғы легіне шығарды. Шығыстанудың бар

Page 100: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

100

саласындағы Шоқанның тамаша еңбектерінде аналитикалық негіз басым, қызықты бақылаулар, құнды əдеби ой-пікірлер мен тұжырымдар жиі кездеседі.

Шоқан қазақ халқының өнерпаздық дарыны, əсем əн, келісті мақам, үйлесімді ырғақ, құлақ құрышын қандыратын өлең-жырларды түсінетін, поэтикалық қасиеті, өңменінен өтетін сыни сөздер жайында асқан білімдарлықпен терең толғап айтқан.

Ш.Уəлихановтың «Қазақтың халықтық поэзиясының түр-лері туралы» зерттеуі өзінің ауқымдылығымен ғана емес, эстетикалық талдауының толымдылығымен де құнды. Шоқан қазақ поэзиясының түрлерін тұңғыш рет классификациялады. Əдебиетшіге тəн байқағыштықпен, сөз өнерінің сырына терең үңіле білу арқасында өлең-жырлардың сыртқы көрінісіне, ішкі мəн-мағынасына, ұйқас, ырғақ жүйесіне қарап, қазақ по-эзиясын бес түрге бөлді. Қайсыбірінің даму эволюциясын айқындады. Шоқан осы еңбегінде шығармашылық дарындар-ды жіктеді. Ол «ақыннан», «өлеңшіден» «жыршыны» ажырата қарады. Қазақ əдебиеттануының таң шапағында Шоқан əдеби-теориялық проблемаларға назар аударғанын байқаймыз. Оның кейбір ойлары өміршең болып, кейінгі авторлар оны əрі қарай жалғастырып əкетті.

Ы.Алтынсариннің «Хрестоматиясы» – қазақтың сыншылық ойының өркендеуінің көрінісі. Автордың утилитарлық мақсаты ғылыми-сын, əдеби-педагогикалық ойларды бір арнаға тоғыстыру арқылы əрлене түскен. Міне, сондықтан оның «Хрестоматиясын» қазақ əдебиеттануының алғашқы мəнді тəжірибесі деп таныған жөн.

Əрбір құбылыстың пайда-зиянын айқындау Ы.Алтынсарин-нің сыни ойларын шыңдай түскен. Қазақ тілінің тазалығы жөніндегі ғылыми дəлелді де толымды ойлары Ыбырайдың утилитарлық көзқарасына тікелей байланысты.

Қазақтың классикалық əдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев эстетикалық жаңа жүйе жасағанда шығармашылық дарынның қоғамдық-əлеуметтік қызметіне айрықша назар ау-дарды. Абай талантты – халық қазынасы деп білді.

Page 101: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

101

Абай өзі жасаған эстетикалық жүйеге сүйеніп, көркемдік шеберлікті шыңдай түсуді көздеді, өйткені онсыз жаңа заманның талабына жауап берерлік шығарма тумайтындығын анық түсінді. Абай өзіне дейінгі жəне замандас ақындарды сынағанда олар-ды жоқ ету мақсатын көздеген жоқ, кəсіби əдебиет жасаудың эстетикалық талап-тілегін ескеруден туған болатын.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,Көкірегі сезімді, тілі орамды,Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Көркемсөздің қоғамдық мəнін жоғары бағалау, дарынды қадірлеу, дəстүрді сыни тұрғыдан игеру, оқушы мен тыңдау-шыны рухани жағынан тəрбиелеу – Абайдың эстетикалық жаңа жүйесінің негізгі талаптары – қазақ əдебиетінің ғана емес, бүкіл əлеуметтік-эстетикалық ойдың өркен жаюына зор ықпал жаса-ды.

Сонымен, Ш.Уəлихановтың ғылыми арналы ойлары, Ы.Алтынсариннің жүйелі педагогикалық көзқарастары, Абай-дың эстетикалық концепциясы қазақ əдебиет сынының мəнді бір арнасы болды. Халықтық эстетика жəне қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сын-пікірлері қазақтың сыни ойының ояну-ына, өріс алуына мықты негіз, тірек болды деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Эстетикалық ойлар мен сыни пікірлердің тууына белгілі шарт керек. Соның ең бастыларының бірі – баспасөз.

Патшаның отаршыл əкімшілігі қазақ өлкесінде ресми газет-тер шығарып, өздерінің жарлықтары мен Бұйрықтарын қазақ тілінде жариялады. Қазақтың алғашқы журналист-публицистері халықтың қоғамдық сана-сезімін ояту үшін ресмиліктің тар қыспағын тиімді пайдалана білді. Газет бетінде əрқилы пікірлер, əсіресе əдебиетке байланысты ойлар айтылып жатты.

Ташкент қаласында «Түркістан уалаятының газеті» 1870–1882 жылдары шығып тұрды. Ресмиліктің қатаң қыспағында болғанына қарамай, ол игі іс атқарды. Халықтың асыл

Page 102: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

102

ұлдарының, əсіресе Ш.Уəлихановтың қайраткерлігін наси-хаттады. Оның бетінде қазақ мақал-мəтелдері, жұмбақ, өлең, ақындар айтысы, батыс, шығыс əдебиеттерінің кейбір үлгілері жарияланды. Қазақ ауыз əдебиеті нұсқаларына көбірек назар бөлініп, қысқаша түсіндірме, дəйектемелермен жарияланып тұрды.

Омбыда 1888–1902 жылдары шыққан «Дала уалаяты газетінің» мазмұны бай, əлеуметтік мəні əлдеқайда зор болды. Оның төңірегіне Д.Сұлтанғазин, А.Құрманбаев, Р.Дүйсенбаев, Мəшһүр Жүсіп Көпеев сияқты қазақтың алғашқы журналист-публицистері топтасып, үзбей жазып тұрды.

Газеттің əдеби бөлімі қызықты да мəнді болды. Осы га-зетте Абайдың екі өлеңі, Ы.Алтынсариннің шығармасы, М.Сералиннің мақаласы жарияланғаны зор құбылыс бол-ды. Ə.Дибаев жинаған халық əдебиет нұсқалары, «Қамбар ба-тыр», «Бозжігіт», «Еңлік–Кебек», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» жырларының үзінділері, Алдар-көсе, Қожанасыр, Жиренше аңыздары əрқилы дəйектермен басылды.

Газет көтерген ең ірі мəселелердің бірі – ана тілінің тазалығын сақтау жайы болды. А.Құрманбаевтың жазғандарында, Д.Сұл-танғазиннің 1896 жылы 8 қарашада жарияланған мақала-сында: «Қазақ тілін таза сақтаймыз деп оны қатқан қалпында қалдырудың еш мəні жоқ жəне Бұл біздің қолымыздан келмейді. Өйткені тіл – халықтың өзі сияқты өзгеріп, дамып, жетіліп отыра-тын организм. Бұған мəдениетті халықтардың əдеби тілінің тари-хы дəлел бола алады. Бұл жалпыға бірдей лексикологиялық заң өз дамуының алғашқы фазасын кешіп отырған қазақ тіліне де тəн» деп ғылыми дəлелді баяндалған.

Бұл пікірлердің қай-қайсысының болмасын сыни ойға тікелей қатысы бар. А.В.Луначарский сөзімен айтқанда «Əдеби сынды өзінің əуелгі түрінде, яғни əдебиеттің алғашқы қадамына жанама жоралғы болған, көбіне формальды, əдебиеттің тілдік қияпатына арналған кезінің өзінде сыннан іргені аулаққа сал-мау керектігін байқаймыз» (Шығар.жинағы, 8-т. 120-б.).

Д.Сұлтанғазин Шортанбайдың «Зар заман» жинағын қат-ты сынады. Адамдарды жер бетіндегі игіліктен бездіріп, о дүниенің рақатына шақырған уағызын əшкереледі.

Page 103: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

103

«Дала уалаяты» ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде əрқилы əдеби ағымдардың идеялық-шығармашылық қақтығыстарын аша келіп, қазақ əдебиеті мен тілін өркендету мəселесін кең ар-нада талқылай білді.

ХХ ғасырдың басында «Серке» (1907), «Қазақ газеті» (1911), «Қазақ» (1913), «Қазақстан» (1911-13), «Ешім даласы» сияқты газеттер шығып, жоғарыда баяндалған мəселелерге на-зар аударды.

Сонымен, мерзімді баспасөз, біріншіден, ресми шеңберде болса да объективті түрде қоғамдық ойды оятуға себепкер бол-са, екіншіден, сынның өсіп шығар арнасы болып табылатын əрқилы пікірталасына жол ашты. Бұл дəуірде сыни ой-пікірлер көбіне əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық мəселелерге қосарлана айтылып жатты. Олардың эстетикалық өресі онша биік бола алған жоқ, сонда да өз ойын түйіндей, дəлелдей айтуға талаптанғанын байқаймыз.

Қазақ əдебиет сынының туу шағында «Айқап» журналының атқарған тарихи рөлі күшті. Оның бетінде көптеген саяси-əлеуметтік, қоғамдық-мəдени мəселелер демократиялық көзқарас деңгейінде жазылды. Журналдың программалық мақаласында атап көрсетілген сегіз мəселенің үшеуі тікелей əдебиетке байланысты болды (№1, 1911, 2-бет). «Айқаптың» бірінші санынан бастап «Кітаптар жайынан» бөлімі ашылып, қысқаша тұжырым, аңдатпа жəне рецензиялар жарияланып тұрды. Журналдың 89-санында басылған материалдардың дені əдебиетке көбірек іш тартты.

1905 жылғы революциядан кейін ағартушы идея ерек-ше етек алды. Əліппе, оқу құралдары көптеп шыға бастады. «Айқап» редакциясы солардың ешқайсысын елеусіз тастамай, өз пікірін білдіріп отырды.

Қазақ тілінің тазалығын сақтау жөніндегі Ы.Алтынсарин бастап, «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері қостаған мəселені «Айқап» журналы одан əрі дамытты. «Тіл сақтаушылық», «Тіл хақында», «Тағы да тіл туралы», «Тіл сақтаушылық хақында», «Емле мəселесі», «Тіл, əдебиет», «Тіл жоғалтушылық», «Емле хақында» жəне тағы басқа мақалаларда

Page 104: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

104

қазақтың əдеби тілін өркендету, ғылыми грамматика, тұрақты емле жасаудың негізгі проблемалары талқыланды.

Сынның «балалық балдыр-батпақ» тілі біртіндеп түсінікті де мəнді бола түсті, əдебиеттің əлеуметтік мəн-мағынасы жайындағы ойлардың баяндалу формасы, əрине, биік деңгейде бола бермеді.

«Айқап» журналының позициясы əбден орныққан (1912 жылдың екінші – 1914 жылдың бірінші жартысы) кезде оның айтар ойы, қорытар пікірі уытты да қомақты бола түсті. Өлең жинақтары мен əдеби шығармаларға жазылған мақалалар, отызға таяу рецензия – сынның нақты дəлелі ғана емес, со-нымен бірге сынның алғашқы қарапайым формада туа бастауының көрінісі болды. Журналдың əрбір сыни материалы өзінің проблематикасымен де, қорытар ой-пікірімен де дарала-на бастады. Өзіне ненің ұнайтын-ұнамайтындығын білдіретін талғамдық сын мен əрқашан пайдалыны, елді оятуды көздейтін ағартушы сындардың элементтері қабаттасып отырды.

Сын жанрының ішкі түрлері жетіліп келе жатқан кезеңде талдаудан гөрі насихаттау, үгіттеу басым болып, түсіндіруден гөрі үндеу, шақыру басым, дəлелдеуден гөрі жалпылама ой түйіндеу, эмоциялық сезінуден гөрі көңіл білдіру, тілек айту басым болды. Мұның өзі қазақ əдебиетінде сынның жаңа туа бастағанын, кəсіби дəстүрінің болмағандығын аңғартады. Сыни ой-пікірдің өсіп-өркендеу процесі «Айқап» бетінде жарияланған материалдардан, ірілі-уақты дүниелерден бас-талатынын еш уақытта естен шығармау керек. Мұның өзі табиғи, өйткені «əдебиеттің, демек сонымен бірге сынның, туу шарты ең əуелі сөз саптаудың мəнін түсінуге байланысты» (А.В.Луначарский. Сын жəне сыншылар, М., 1938, 71-бет).

Қазақтың сыни ойының тарихында Сұлтанмахмұттың «Айқап» журналында 1913 жылы жариялаған «Қазақ тілінде шыққан өлең кітаптары жайынан», «Өлең мен айтушылар» атты проблемалы шолу мақалалары елеулі құбылыс болды. Ол алғаш рет қазақ əдебиетінің, əсіресе соңғы жылдардағы өлең-жырлардың өркендеу бағытын шолып өтті. Оның ойын-ша, халық өмірін суреттеуші əдебиет айрықша мəнді, бағыты

Page 105: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

105

айқын болуы тиіс. Ол қазіргі қауымның санасы мен ой-пиғылына ықпал жасап, заманның сырын, халықтың руха-ни дүниесін жарқыратып ашуға міндетті. «Өлең мен айтушы-лар» мақаласында Сұлтанмахмұт үлкен əлеуметтік мəселені, яғни қазақ өнерін кəсіби арнада өркендету мəселесін көтерді. «Көңілді түзейтін машина – өлең-жыр... Өлең айтушы əнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп, көрсетпей, есті деп, қадірлі етіп көрсетуге тырысыңдар. Бір халықтың əні кетсе, əдебиеті жесір қалады, сəні кетеді, сəні кетсе жаны кетеді». Осындай өрелі ойлармен халықтың сана-сезіміне, жаны мен тəніне əсер ететін өлең-жырларды Сұлтанмахмұт талап ете отырып, дарын иелері таланттарды қадірлей білуге, концерт қоятын, сахнаға шығатын өнерпаздық топ жасауға үндеді. Сұлтанмахмұт өзінің публицистік арқауы айқын осы проблемалы-шолу мақаласымен қазақтың сыни ойының өркендеуіне үлкен үлес қосты.

М.Сералиннің А.Фердаусидің «Шахнамасы» туралы жазған мақаласын айрықша атаған жөн, өйткені оның əде-биеттанушылық сипаты айқын. М.Сералин классикалық эпостың сюжеті мен саяси бағытының қалай туғанын, басқа əдебиеттердің өркендеуіне жасаған ықпалы, кімнің қашан аударғаны, қазаққа қашаннан белгілі екені, оның ең сүбелі «Рүстем мен Суһраб» тарауын неге тəржімалағаны жайында толымды ойлар айтып, ғылыми пікірлер түйеді.

Демек, «Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің идеялық-эстетикалық өресін көтере түсуге, шығармашылықтың əрқилы өлкесіне көз сала бастаған қазақ əдебиет сынының Бұғанасы бекуіне атсалысты. Осының арқасында сыни ой-пікірлер елерлік күйге жетіп, өзінің шығармашылық бетін таныта бастады.

Мерзімді баспасөз тек қазақ сынының «кіндік шешесі» бо-лып қана қалған жоқ. Ол көркем əдебиет пен публицистиканың өркендеуіне жағдай жасады. Міне, сондықтан да Бұлардың шығармашылық қарым-қатынастары мен бір-біріне жасаған ықпалдары айрықша назар аударуды тілейді.

Сыни ойдың тууына əрқашанда көркем əдебиет ықпал жасайды. Оқушы өзінің жан-сезіміне əсер еткен, санасын

Page 106: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

106

өсіруге септігін тигізген, идеялық-көркемдік жағынан толым-ды шығармалар жайында өз пікірін білдірмей тұра алмайды. Алғашқы сын пікір солардың аузымен айтылып, тиісті баға беріледі.

Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде 400-ге тақау кітап шықты, оның басым көпшілігі əдебиет дүниесі. Əдеби шығармалар іштей халық ауыз əдебиетінің үлгілері, шығыс сюжеттерін қазақ тілінде сөйлеткен кітаби-ақындардың жинақтары мен əрқилы идеялық-шығармашылық бағытта шығарма жазған қазақ ақын-жазушыларының кітаптары болып сараланады. Осы кітаптардың барлығына дерлік алғы, соңғы сөз жазылып, түсіндірмелер берілді, кейде автосы жазылды. Бұлар «аңдатпа» мен «рецензияның» арасындағы құбылыс болғандықтан, оны «дəйектеме-сын» деп атаған орынды. Дəйектеме-сын көбіне шығарманың мəнін, қалай жазылғанын айтып береді. Бұл тұрғыдан түсіндірмеге іш тартады. Ал ол тек осымен ғана шектеліп қалмай, эстетикалық талдау тереңіне сүңгімей, көркемдік шарттарының қайсыбіріне түсіндірме беріп, кеңінен толғауға ұмтылады.

Мұның нақты мысалын Ғалиолла Ғалымжановтың «Есіл жұртым» атты жинағынан көреміз. Онда «Жазушыдан бір-екі сөз», «Жазылашақ сөздің басы үшбу дүр» – əр өлеңге түсіндірме, «Хұрметелу оқушыларыма» деп дəйектеме-сын берген. Мұндай жайт сол дəуірде шыққан қазақ кітаптарының бəрінде кездеседі десе де болады. 1912 жылы Ғабдолла Мұштақ XVIII – XIX ғасырларда жасаған ақын-жыраулардың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары», «Көкселдір» атты екі жинағын шығарғанда оған өзінің эстетикалық таным-толғамы жағынан құнарлы алғы сөз жазып, үлкен əлеуметтік мəні бар мəселелерге назар аударды.

Қазақ əдебиет сынының туу дəуірінде оның өнерпаздық өресін биікке көтеруге себепші болған шешуші фактордың бірі – Абай шығармашылығы, өйткені оның шығармалары халықтың жан-сырын ашып, кем-кетігін ашына əшкерелегені ешкімді де енжар қалдырмады. Алғашқы пікірлер 1889 жылы «Дала уа-лаяты газетінде», Алектеровтың көрсеткішінде, америкалық

Page 107: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

107

журналист Джордж Кеннанның кітабында, көлемді «Ресей» басылымының 18-томында А.Сидельников жазған мағыналы тарауда айтылды. Абайдың 1909 жылы шыққан тұңғыш жинағына К.Ысқақов эстетикалық тұрғыдан сауатты, айтары жағынан мəнді де дəлелді көлемді мақала жазды. Бұл жаңадан туа бастаған Абайтану саласындағы алғашқы мəнді еңбек болды. Абай шығармашылығының сыни ойдың өркендеуіне қалай əсер еткенін Лазеров институты шығарған «Əлшарқият» жинағына жазған Н.Рамазанов мақаласынан байқаймыз.

Сонымен, қазақ əдебиет сыны Қазан революциясына дейін туып, дүниеге келді. Оның туар арнасының бір қайнар көзі – халықтық эстетиканың жүйелерін қалыптастырған бай ауыз əдебиеті болды. Сыни ой-пікірдің екінші қайнар Бұлағы – қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Шоқан Уəлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ғылыми ар-намен, педагогика-жүйемен, поэтикалық кемеңгерлікпен айтқандары болып, сынның ояну процесіне орасан зор үлес қосты. Баспасөз – жалпы əлеуметтік, оның ішінде əдеби-сын ойлары өркендеген негізгі арна. ХІХ ғасырдың екінші жарты-сынан бастап бірнеше газет, журналдардың, көптеген кітап, жинақ топтамалардың шыға бастауы көп жайдан хабар берсе керек. Сол сияқты қазақтың классикалық əдебиетінің негізін қалаушы Абай шығармашылығы эстетикалық тұрғыдан із-түзсіз кетуі мүмкін емес еді. Осы жайлардың бəрі жазба əдебиет жанрының тууына жəне оның өзіндік жанрлық формасын-да көрінуге жағдай жасады. Қазақ əдебиет сыны эстетикалық дəрежесі жағынан биік талаптарға өресі жетпей жатқанымен, өзінің жанрлық ерекшелігін айқын аңғартып, əдебиеттің көптеген өнерпаздық проблемаларына барлау жасады, жазушы мен оқушы арасында байланыс орната бастады.

Ұжымдық шығармашылық ізденіс өз арасынан Белин-ский, Добролюбов сияқты тұлғалы дарындарды бөліп шығара алмағанымен, өзінің сыни «физиономиясымен» көріне бас-тағаны аян. Бəрі де «ұсақтан, майдадан» басталды. Əуелі кітаптың шыққандығын хабарлап, сатып алуға шақыратын жарнама-сын, шығарманың мазмұнын қысқа да тұжыра баян-

Page 108: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

108

дайтын аңдатпа көрінді. Содан кейін өзіне ұнаған-ұнамағанын ашық айтып, талап-тілек білдіретін оқушы хаты-ескертпесі мерзімді баспасөзде жариялана бастады. Жазушы мен оқушы арасында шығармашылық көпір болып табылатын рецензия əуелінде насихаттық сипатта көрініп, кейіннен біртіндеп тал-дау жасауға машықтана бастады. Сондай-ақ өзінің, таным-білігі тұрғысынан өз ойын айтпаққа талаптанған пікірталасы, айтыс мақаласы да көрініп жатты. Кітаптарға алғы, соңғы сөз, түсіндірмелер жазылды. Олардың толымдығы мен тереңдігі жетіспей жатса да, дəйектеме-сынның негізі бола білді. Сыни ой-пікірдің өсіп-өркендеуіне байланысты проблемалық мақала мен шолулар жазылды. Ақын-жазушының өмір жо-лын, оның қолынан туған шығармалардың мəн-мағынасын мүмкін-қадерінше толығырақ əңгімелеу, кейде талдау жасауға талпыну арқасында сын мақала, баяндама, өмірбаяндық очерк-ғұмырнама дүниеге келіп, халықтың эстетикалық та-лап-талғамын ояту, жетілдіру бағытында бірсыдырғы қыз-мет атқарды. Насихаттық жүйесімен болса да əдебиеттану ғылымының ауқымына кіретін зерттеу мақала мен хрестома-тия құрастыру сияқты алғашқы нұсқалар көрініп, үлкен олжа салды.

Сонымен, қазақ əдебиет сыны Қазан төңкерісіне дейін дүниеге келді жəне өзінің жанрлық физиономиясын айқын-дайтын формалармен көрінді. Мұның өзі Қазанға дейінгі қазақ жазба əдебиетінің үлкен өнерпаздық табысы болып, өзінің кəсіби биігіне кеңес дəуірінде жетті.

Қазан социалистік төңкерісі, саяси-экономикалық негіз-ді ғана емес, адамның бүкіл рухани дүниесін өзгертті. Жаңа эстетикалық талап-талғам қалыптасып, көркем шығармаға көзқарас өзгерді. Жаңа заман əдебиеттің əлеуметтік-өз-герімпаздық жəне тəрбиелік мəнін өркендетуді талап етті. Өнерпаздықтың жаңа да соны тəжірибелерін түсіндіру, орнық-тыру қажеттігі эстетикалық сыни ой-пікірге үлкен жауапкер-шілік жүктеді.

1917-1921 жылдары қазақ əдебиетінде сыни ескертпе мен жалпылама айтылған пікірлер көбірек орын алды да, 1922

Page 109: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

109

жылдан бастап белгілі идеялық-эстетикалық нысанасы бар мақалалар көріне бастады.

Қазақ кеңес əдебиетінің негізін қалаушы С.Сейфуллин революциялық шындықты, халықтың арман-мұңын жырлады. Ол замананың озық та соны жаңалығын жариялап, революци-онер бейнесін жасауға талаптанды. Сондықтан да «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналы С.Сейфуллиннің шығармаларын қазақ кеңес əдебиетінің жыл құсы деп таныды.

Сəкен шығармашылығының осындай идеялық бағыты буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылар мен сыншылардың қаскөй даурықпасына кезікті. Олар баспасөз бетінде С.Сейфуллинді мансұқ етіп, революционер ақынның жалын-ды үнін өшірмекке тырбанып бақты. Ең алдымен 1920 жылы жазылған «Қызыл сұңқарлар» атты революцияшыл драма-сы орынсыз сынға душар болды. Бұл драмада қазақ кеңес əдебиетінің тарихында тұңғыш рет революционердің образы жасалған болатын. Алайда «Шолпан» журналының сыншы-сы пьесаның жаңашылдық сипатын тани алмады, тіпті одан сескенді де. «Бұл пьеса қазақ өмірін көрсете ме? Қазақ пьесасы екені таныла ма? Менің ойымша, қазақ пьесасы болып саналуы мүмкін емес... Ахметқали мен ЕркеБұланның шешесінен басқа қазақ жоқ. Бұл кітаптың ішіндегі шала көрінген геройлардың қызыл сұңқарлығы да түсініксіз бола тұрар» деп мəлімдеді. Сыншы əдебиетімізде көрініп келе жатқан жаңа адам бейнесінің көркемдік сырын ұқпады, ұғуға талаптанбады.

С.Мұқанов, Т.Арыстанбеков, Ж.Сыздықов, М.Дəулетбаев-тың, Мəскеуде оқып жатқан бір топ қазақ студенттерінің жəне тағы басқалардың мақалаларында «Шолпан» сыншысының бірезу сынын жоққа шығарып, С.Сейфуллин шығармалары «Қазақ əдебиетін пролетарлық идеологияға жақындату тұрғысынан ол жаңа бағыт, соны жол көрсетті» («Известия Ки-робкома», №2–3, 1923, 80-б.) деп тұжырымдады.

Жаңа заман жазушысының тұлғасы қандай болу керектігі туралы проблемаға да назар аудара кеткен жөн, өйткені 20-жыл-дар үшін Бұл əшейінгі жайт емес, көбіне идеялық-эстетикалық мəселе болғандығы, тіпті əрі-беріден соң əр əдебиетшінің

Page 110: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

110

сыни ойы мен іс-əрекетінің бағытын айқындап алуға түрткі болған проблема болатын. С.Мұқанов сын садағын орын-сыз даттау, қисынсыз қаралау мақсатына қолданғандарды əшкерелесе, Ж.Сыздықов жазушының қарақан басын емес, жазған шығармасының кем-кетігін сынауға үндеді. Мəскеуде оқып жатқан қазақ студенттері ұжымдық сын үлгісін қолдануға шақырды.

Сыншының шығармашылық беті жəне оның атқарар мін-деті жөнінде көптеген ойлар айтылды. М.Дəулетбаев «Əдебиет майданындағы сын – ақын-жазушыны баптау. Сын – тұңғыш науқастың емі. Сын – айна. Сын – адамның іші-сыртын бірдей аралайтын өткір айна» («Бостандық туы», 2 тамыз, 1923 ж.) деп білді. Т.Арыстанбеков сыншы публицистік екпінмен жазғанда «құр сылдыр сөз бен қызыл тілге салынбау керектігін» ескертті. Ал Д.Ысқақов сынның қазіргі жай-күйіне көңілі тол-май, «Затында сынның кесіп тастайтын қатал би болуы да, күлін аспанға ұшыратын құйын болуы да, не бас иіп, құлдық ұрып тұратын қошеметшіл құл болуы да мейлінше жараспай-тын қылық. Сын қайырымсыз қатал би болып та, қол қусырған құл болып та тіршілік ете алмайды» деп жазды («Сана», №2–3, 1923 ж.).

Сынды толыққанды əлеуметтік-эстетикалық құралға, ал сыншыларды қалың оқушы жұртшылықтың ақындар мен жа-зушылар еліне жіберген төтенше өкіліне айналдыру мəселесін талқылаудың өзі Қазан төңкерісінен кейінгі жерде қазақтың əдеби ой-пікірі құнарлы бастау тауып, өнерпаздық өмірдің əрқилы идеялық-шығармашылық проблемаларын шеше баста-ғанын көрсетеді.

20-жылдардың бірінші жартысында сыншылық ой жеке ақын-жазушылар шығармаларының өнерпаздық өрісі, идеялық нысанасы жайында болса, ал екінші жартысында жетекші ақын-жазушылардың мəнді туындыларында айқын көріне бастаған жаңа көркемдік əдіс принциптерін орнықтыру төңірегінде атой салды.

Сəкен Сейфуллин шығармашылығының жалпы идеялық-көркемдік бағыты революциялық романтикамен қанаттанған

Page 111: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

111

реализмнің орнығып, өркен жаюына жағдай жасады. Қазақ əдебиетінде өріс ала бастаған бағыт шындықты реализм мен революциялық романтиканың дəстүрлеріне сай бейнелеудің жаңа идеялық-көркемдік принциптеріне негізделген болатын. Революциялық романтика өмірді шынайы қалпында бейне-леуге кедергі жасаған жоқ, қайта шындықты даму барысын-да реалистікпен суреттеуге мүмкіндік берді. Революцияны жасаған халықтың жан сырын революциялық пафоспен бей-нелеп көрсетті. Жаңа көркемдік əдістің негізгі принциптері революциялық пафосты жоққа шығармағаны былай тұрсын, оны қазіргі шындықтың қалтарыс-құбылыстарын кеңінен жəне тұтас көрсетуге пайдалана білді. Мұның өзі қазақтың көркемдік тəжірибесінде Бұрын-соңды болып көрмеген жаңа құбылыс бол-ды. Кейбір сыншылар С.Сейфуллин жаңашылдығының сырын ұға алмай қиналды. Ал буржуазияшыл-ұлтшылдар осы сəтті пайдаланып қазақтың революцияшыл поэзиясы дауылпазының үнін өшіруге талаптанып, өтірік-өсекті, қисынсыз жаланы қарша жаудырды. Сəкенді шығармашылық тұлға ретінде жоқ етуді көздеді. Олар сондықтан да керітартпа романтизмді, оның жиынтығы болған символист ақын М.Жұмабаевтың, М.Əуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақ əдебиетінде əралуан дертті: ыңырана күңіренуді, мистиканы жəне жұртқа жат экле-тизм (əркімге еліктегіштікті), декаденттікті екпек болды» («Əр жылдар ойлары», 1959, 391-б.).

«Ақ жол» газетінің бетінде 1925 жылы қазіргі қазақ əде-биетінің жай-күйі сөз болды. Атышулы Ж.Аймауытов «Қазақ əдебиеті қазір күйректік (сентиментализм), сарындамашылық (романтизм) дəуірінде болуға тиіс. Ендеше санашылдықтан (идеализмнен) де құтыла алмайды. Нағыздық (реализм) қазіргі дəуірге аналардай қабыса қоймас» (№555) деген қисын шығарды. Бұ пікірді Ж.Сарсенбин, Тікен жəне тағы басқалар даурыға қолдады. Буржуазияшыл-ұлтшылдар қазақ əдебиетінің бағытын басқа арнаға Бұып жіберуді көздеді.

Кеңес жазушыларының идеялық-эстетикалық өрістеуі 20-жылдардың екінші жартысында айрықша күшейді. Жаңа əдебиет өкілдерінің (əсіресе С.Сейфуллин, С.Мұқанов, сыншы

Page 112: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

112

Ғ.Тоғжанов, Ə.Байділдин жəне басқалар) принципті партиялық позициялары буржуазияшыл-ұлтшылдардың Бұрынғыша өздерінің қысыр ойларын емін-еркін жариялай беруіне жол бермеді, кейіннен социалистік реализм деп аталған жаңа көркемдік əдіс принциптерінің орнығуына жағдай жасады.

Бір көркемдік əдістен екінші əдіске ауысу проблемасы қазақ сыны мен əдебиеттануына ат ізін салмай өткен құбылыс емес, өйткені кейбір жазушылар сыншыл реализм дəстүрін сақтай отырып, шығармашылық белсенділік көрсеткен болатын. 20-жылдардағы мақалаларда «енді біреулер баяғы Шекспирге еліктеп трагедия жазуға түскен. Қазақ əдебиетінде «Гамлетті» туғызбақ. Бірақ Гамлет өз заманында қандай жақсы болып көрінгенімен де, біздің заманымыздағы тұрмысқа жаратылған кісі емес екенін білу керек» деп («Қызыл Қазақстан», №14, 1923 ж.) жазылған-ды.

Сыншыл реализм дəстүрін орынсыз даттауға да, көтер-мелеуге де болмайды. Қоғамдық-əлеуметтік құбылыс атаулыға, оның ішінде көркемдік құбылысқа диалектика тұрғысынан қарап, көркемөнердің даму барысында тарихи сабақтастық заңы сақталатындығын естен шығаруға тиісті емеспіз. Міне, сондықтан кеңес əдебиетінің қалыптасу шағында сыншыл ре-ализм дəстүрінде жазылған шығармалар кездесті, мұның өзі социалистік реализмнің сахнадан шығып бара жатқанның пайдалысын, озығы мен үлгілісін бойына сіңіргенін, жатсын-бағанын көрсетеді.

Əдеби мұраны игеру проблемасы – қазақ əдебиет сыны мен əдебиеттанушының туу, қалыптасу, өркендеу кезеңдеріне қатысы бар ең негізгі жəне көпке дейін қиюын таптыра қой-маған эстетикалық-ғылыми мəселенің бірі. Қазақ сынына буржуазияшы-ұлтшылдар уағыздаған «бірыңғай ағым теория-сына» қарсы күрес ашуға тура келді. Олар əдебиеттің ұлттық ерекшелігін сақтау үшін Бұрынғыдан қалғандардың қасиетіне, мəніне жəне идеялық бағытына қарамай сақтау, мұртын Бұзбау, қастерлеу керек деді. Сонымен бірге қазақ сынына əуелінде пролеткульт, кейіннен РАПП ұйымдары еріксіз таңбақ болған нигилизммен күресуге тура келді. Нигилизм дəстүрдің мəнін

Page 113: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

113

мансұқтап, мұраны даттады, кейде одан безуге шақырды. Солшылдыққа іш тартқан кейбір сыншылар «пролетарлық мəдениет адам баласының капиталистік қоғамның, помещиктік қоғамның езгісінде жүріп жасап шығарған білім қорларының заңды дамуы болып табылуы тиіс» (В.И.Ленин. Шығармалар. 31-том. 388-б.) деген кемеңгерлік пікірінің мəнін түсінбей, əсіреұраншылдыққа салынғаны да жоқ емес, соның салдары-нан қиындаған жайлар да кездесті.

«Мұғалім», «Қызыл Қазақстан», «Шолпан», «Сана», «Темірқазық» «Еңбекші қазақ», «Ақ жол», тағы басқа газет-журналдар бетінде жарияланған алғашқы сын мақалаларында фольклордың жазба əдебиеттен айырмасы қайсы, əдеби дəстүр-дің мəні жайында жалпылама пікірлер айтылды. А.Сегізбаев, М.Əуезов, тағы басқа авторлар «Бұрынғы əдебиетке иек артпасақ, қазіргі қазақ əдебиетінің негізін қалай алмаймыз, «Қазақ əдебиеті» деген бір əдебиетті бүгін таңда туғыза ал-маймыз» («Қызыл Қазақстан», №11, 1924, 23-б.) деп білді. Ал пролеткульт ұрандарына іш тартқан кейбір əдебиетшілер қазақтың тамаша ақын-жыраулары, оның ішінде Жамбыл сияқты дарынның барын еске алмай, ауыз əдебиетінен іргені аулақ салуға үндегендер болды. Ал енді кейбір жазушылар мен сыншылар айрықша назар аудара қоярлықтай əдеби дəстүріміз де жоқ дегендер кездесті.

Осы жөнінен келгенде Ғ.Тоғжановтың «Сөз жоқ, қазақ еңбекшілері де, Ленин айтқандай, ескі мұраны, қазақтың қазақ болғаннан бергі азды-көпті жасалған мəдениетін білу керек, үйрену керек. Өзіне лайық үйренетін, білетін ауыз əдебиеті бар, жазба əдебиеті бар. Осыларды біз де үйреніп, біліп, іске жаратуымыз керек. Бірақ ескіні оқығанда, үйренгенде, білгенде, жақсысынан жаманын, пайдалысынан зияндысын да айыра біліп үйрену керек» деп (Ғ.Тоғжанұлы. Əдебиет пен сын мəселелері, 1929, 173–174 б.) тұжырымдағанын атаған жөн.

20-жылдар аяқ тұсында осы дұрыс бағыт өріс ала баста-ғанын Сəкен мен Сəбиттің ашық хаттарынан, профессор Н.Фатов, Ə.Тəжібаев мақалаларынан, ҚазАПП басқармасына республиканың Халық Комиссарлары Кеңесі председателінің

Page 114: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

114

халық əдебиетінің үлгілі де озық нұсқаларының орасан зор мəні жөнінде 1931 жылы 21 қарашада жазған хаты дəлелдей түседі. С.Сейфуллин «Қазақтың ескі əдебиеті нұсқалары» (1931), «Батырлар жырының жинағы» (1932), көрнекті ақын-жыраулардың өлеңдер жинағын құрастырып, бастырды. Қазақстан ұлт мəдениеті институтының ұйымдасуы арқасында Бұл қадам өрістеп, ұжымдық сипат алды. 1935 жылы халық шығармашылығының озық үлгілерінен «Қазақ кеңес фоль-клоры» атты жинақ шықты. Қазақ фольклоры мектептер мен жоғары оқу орындарында кеңінен оқытылып, зерттеле баста-ды.

Əдеби мұраны игеру ісі жазба əдебиеттің өткен замандағы қайраткерлерінің, əсіресе Абай шығармашылығын дұрыс бағалауға байланысты болды. 1917-33 жылдары «Абай шығар-маларының мəні қандай, оның өзі кімнің ақыны, оның көз-қарасы қандай?» деген мəселелер қатты талқыға түсті. Оны дұрыс шешіп алуға Абайды ұлтшылдықты əдебиеттің атасы етеміз деп тырбанған буржуазияшыл-ұлтшылдардың қырсығы қатты тиді.

Абайтанудың алғашқы адымдарында ұлы ағартушы жай-ында əдеби-əлеуметтік көзқарастың жетіліп-толысуына қарай əрқилы сын пікірлер айтылды. М.Əуезов, С.Нұржанов, А.Сағ-ди, Б.Кенжебаев жəне басқалар Абай өнерпаздығы туралы оңтайлы ойлар айтты. Абай шығармашылығын жыға түсінуге «Жаңа əдебиет журналында» жарияланған «Абай» (1928, №7, 8) атты мақаласымен Ы.Мұстамбаев едəуір үлес қосты. Тамаша ақын І.Жансүгіров 1932 жылы Абайдың бір томдығына үлкен алғы сөз жазды. Абайдың ақындық шеберлігінің қыры мен сырына үңілген тұстарымен қатар тұрпайы социологизмнің элементтері де аз емес. І.Жансүгіровтің осы алғы сөзі абай-танудың алғашқы кезеңіне тұспа-тұс келгендігін де айта кет-кен орынды.

Абайтанудың келесі дəуірінде Абай шығармашылығы ғылы-ми жолмен игеріле бастады, алайда тұрпайы социологизмнің кейбір сарқыншақтары да байқалмай қалмады.

РКП(б) Орталық Комитетінің əдеби көркемөнер ұйымдарын қайта құру туралы қаулысы əдеби-ғылыми ахуалды жақ-

Page 115: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

115

сартты. Кеңес жазушыларының бірінші съезіне дайындық, А.С.Пушкиннің қаза тапқанына 100 жыл толуы, кеңес елін, көп тілді əдебиеті классиктерінің мүшелді мерекелерін өткізу əдеби мұраны ғылыми тұрғыдан игеруге ұнамды жағдай жа-сады. Осының ең алғашқы шапағаты Абайға тиді. Жазушы-лар съезінде М.Горький халықтың əдеби мұрасына, əсіресе фольклорына қамқорлық жасап, содан үлгі-өнеге алу қажет деген ұлы ойы Қазақстанда Абайдың дүниеден өткенінің 30 жылдығын кеңінен атап өтуге мүмкіндік берді. «Əдебиет майда-ны» журналының қосарланған саны (№11 – 12, 1934) түгелдей Абай шығармашылығына арналды. Осында жарияланған мате-риалдар үш топқа, яғни қазақ əдебиетіндегі Абайдың орны жəне мəні, Абай жаңашылдығының қадір-қасиеті қандай, Абайдың дүниетанымын зерттеудің қазіргі жайы; қоғамдық сапаның əр саласына Абайдың қосқан үлесі қандай деген күрделі проблемаларға жіктелді.

Сонымен, «Əдебиет майданы» журналындағы осы материал-дар ғылыми абайтанудың ең ірі мəлімдемесі болды. Ғ.Тоғжанов 1935 жылы «Абай» атты алғашқы монографиялық очеркін жа-риялады, оны кемшіліктен құлан-таза деп санауға болмайды. Бұдан кейінгі уақытта жылына Абай шығармашылығы жайында баспасөзде 15 – 20 мақала, ал 1940 жылы 150-дей материал жа-рияланды. Əрине, Бұлардың басым көпшілігі насихаттаушылық сипатта болды. Сөйтіп, сыни жəне ғылыми ой-пікірлердің өркен-деу барысында қазақ əдебиеттану ғылымының жаңа саласы – абайтану дүниеге келіп, қалыптасты.

Маркстік-лениндік методология негізінде əдеби мұраны игеру принциптерін шешіп алу қазақтың ғылыми-сыни ойы-ның үлкен табысы болды. Мұның өзі сынның жанр ретінде қалыптасуының, əдебиеттанудың туып, өркен жая бастауының нақты көрсеткіші болды.

Осы ғылыми-сыни өркендеудің заңды жəне логикалық жалға-сы оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету, əдебиет тари-хын дұрыс дəуірлеу мəселелеріне ұласты.

Оқулық жəне оқу құралдарын жасау мəселесі 20-жылда-ры басталған болатын. Республиканың партия жəне үкімет

Page 116: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

116

орындары ғалымдар мен педагогтерді осы игі іске қатысуға үндеп, дайындығы бар адамдарды осы салада қызмет ету-ге міндеттеген-ді. Осының арқасында қазақтың бірінші ішінара екінші басқыш мектептері ана тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз етілді де.

Ақын-жазушылар осы жаңа салада өздерінің қолғабыстарын мол тигізді. 1929 жылы Ғ.Мүсірепов «Қызыл əскер əліппесін», 1930 жылы Б.Майлин, М.Жолдыбаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ж.Сыздықов, А.Сыдықовтар «Колхозды ауыл» атты оқу кітабын Б.Майлиннің басқаруымен шығарды. І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ə.Мəметов, Б.Майлин – «Əдебиеттану оқу кітабы» (1932), М.Əуезов, М.Жолдыбаев, Əуелбек Қоңыратбаев XIX жəне XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің тарихына арналған 7-сынып (1933), С.Сейфуллин, Ө.Тұрманжанов «Көркем əдебиет» деген атпен 5-сынып оқулықтарын жазып шығарды. Бұдан кейінгі жылдары орта мектептің барлық сыныптары-на қазақ əдебиеті бойынша «Ана тілі» оқу құралдары, хресто-матиялар жасалды. Оларды жазуға, құрастыруға жоғарыда аты аталған авторлармен қатар Ə.Тəжібаев, С.Ерубаев, Х.Бекхожин, Д.Əбілев, Ж.Саин, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Х.Жұмалиев, Ə.Марғұлан, Т.Ақшолақов, Ш.Кəрібаев, Ə.Көшімбаевтар атса-лысты.

Қазақтың ғылыми ойының өрелі арна, өнімді өзек табуы көбіне оқулықтар жазу ісіне байланысты болды. Сайып кел-генде, осы саладағы пайымды да парасатты еңбектер қазақ əдебиеттануын дүниеге əкелді.

Оқулық жасау саласындағы алғашқы жəне мəнді тəжірибе С.Сейфуллиннің «Қазақ əдебиеті». Бірінші кітап. Би-лер дəуірінің əдебиеті» (1932) кітабынан басталды. Ол, С.Мұқановтың анықтамасымен айтқанда, «Қазақ əдебиеттану ғылымының алғашқы соқпағы» (С.Сейфуллин, 6-т. 5-б.), ал М.Ғабдуллиннің сөзімен айтқанда, «Əдебиет тарихын зерттеудің күні бүгінге дейін ғылыми мəнін жоғалтпаған, келе-шекте де жоғалтпайтын үлгісі» («Қазақ əдебиеті», 19.01.1965) болды. Осы тамаша ғылыми еңбек бір жағынан жоғары оқу орындарының оқулығы да бола алып, тек қазақ фоль-

Page 117: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

117

клористикасының ғана емес, бүкіл əдебиетіміздің тарихын, күрделі проблемаларын зерттеуге ғылыми жол салды.

Əдебиет тарихын жасау тұрғысынан келгенде С.Мұқановтың 1932 жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің» бірінші бөлімін атап өткен орынды.

Мектеп оқулығын жасаудың сəтті қадамы М.Əуезов, М.Жолдасбаев, Ə.Қоңыратбаевтың 1935 жылы жазған «ХІХ жəне ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің оқу кітабы» бо-лып, мектептің тұрақты оқулығын жасаудың жақсы үлгісін көрсетті. Оқулықта қазақ əдебиетінің өсіп-өркендеуінің кезеңдері бірсыдырғы дəл дəуірленіп, ғылыми жағынан толым-ды да құнды шолулар жасалды. Содан кейін əрбір ақынның монографиялық портреті беріліп, шығармаларына идеялық-эстетикалық талдау берілді. Осы оқулықтың сəтті тəжірибелері кейінгі еңбектерде ескеріліп, дамытылды. Əдебиет тари-хын дəуірлеудің негізгі арналары одан əрі айқындала түсті. Орта мектеп оқулықтарын жасау саласында Е.Ысмайылов, Х.Жұмалиев айрықша өнімді еңбек етіп, екеуі де мектеп пен жоғары оқу орындарына əдебиет теориясы бойынша оқу құралдарының авторлары болды. Ұлы Отан соғысына дейін қазақ мектептері қазақ əдебиеті тарихының толық кур-сын баяндайтын оқулықтармен негізінен қамтамасыз етілді. Оқулықтарды жасау барысында əдебиеттің тарихын, дəуірлеу мəселесін шешіп отыруға тура келді.

Сонымен, қазақ əдебиетінің мектепке жəне жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарын жасау, əдебиет тарихын біршама дəуірлеу бүгінгі практикалық қажеттікті өтеп қана қойған жоқ, сонымен бірге қазақ əдебиеттануының қарыштап өркендеуіне негіз дайындады.

Қазақтың əдеби ой-пікірлері қарқынды дамыған уақытта жаңа əдебиеттің жалпы мəселелеріне, оның өсіп-өркендеуіне, соны көркемдік əдісті игеруге, жаңа адам образын жасаудағы ізденіске, қазіргі шындықты бейнелеудің амалдарына, əдеби мұраны сыни тұрғыдан игерудің принциптеріне айрықша на-зар аударды. Қызу айтыс-тартыстар кезінде буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылардың қысыр ойлары əшкереленіп, алас-

Page 118: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

118

талып отырылды. Жаңа əдебиеттің кеңестік платформасы тек идеялық жағынан ғана емес, көркемдік тұрғыдан да жеңіске жетіп, жалпы өнерпаздық өмірде жетекші жағдайға ие болды.

Қазақ сынының жанрлық жағынан қалыптасу процесіне ақын-жазушылардың əдебиетті өркендету жайындағы қамқор ойлары мен сөздері, өз əдебиетінің жетісіп толысуын аңсаған əдебиетшіл қауым мен оқушылардың тілек-талаптары көп септігін тигізді. Алайда жетекші эстетикалық күш кəсіби деңгейде ой-пікір айтқан сыншылардың өзі болды. Қазақ сынының қалыптасу шағында Ғ.Тоғжанов, Ə.Байділдин, Б.Кенжебаев, Х.Жүсіпбеков, Е.Бекенов, М.Көшенов, Ə.Мəметова, Ы.Мұстамбаев, Д.Ысқақов, Ж.Сəрсембин жəне басқалар шығармашылық белсенділік көрсетіп, əрқилы идеялық-шығармашылық бағытта мақалалар жазды. Əрине, Бұлардың сыншылық дарыны əрқилы өреде болды, қайсыбіріне эстетикалық сауаттылық, əдебиеттің өркендеу жо-лын дұрыс түсіну қабілеті жетіспей жатқаны да жоқ емес. Əдеби проблемаларды талқылау кезінде олардың шығармашылық беті айқындала бастады. 20-жылдар мен 30-жылдардың бірінші жар-тысында өзінің бірнеше жинақтары мен кітаптарын шығарған Ғаббас Тоғжанов қазақ əдебиет сынының айбынды өкілі бол-ды. Оның жазғандары мəнді, өткір де уытты, негізінен жөн-жосығы дұрыс болғанымен, ірі қателерге де ұрынды, кейбір күрделі мəселелерді шатастыра баяндап, Сəкен мен Сəбиттің шығармаларына келгенде адалдық жолын аттап кеткен кезі де жоқ емес. Ғ.Тоғжанов қазақ кеңес жазушыларын «қара шаруа», «пролетар», «төңкерісшіл» ақын-жазушылар деп бөлшектеді. Осылардың бəрі де кеңес əдебиетінің өкілі екендігін түсінбеді, пролетарлық əдебиет тек қана үлкен өндіріс ошағы бар аймақтарда тууы тиіс деп қателесті. Ол кезде мұндай көзқарасты айтқан жалғыз Ғ.Тоғжанов қана емес еді. Ғ.Тоғжанов жаңа да соны дарындардың əдебиетке келіп жатқанына қуанып, көркемдік шеберлікті арттыра түсу мəселесін көтерді, жаңашылдықтың өзі өсіп-жетілудің қорытындысы, тілдің көркем, ойдың құнарлы, композицияның шымыр болуын талап етті. Саяси лириканың та-маша ақындық қуатпен жазылғандарын құптай отырып, көркем бейнелілік пен ықшамдылыққа үндеді, «ежіктей түсіндіруге», орынсыз ақылгөйсуге қарсы шықты.

Page 119: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

119

20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың бас кезінде қазақ əдебиет сыны Бұралаң-соқпаққа кезікті. Мұның өзі көп дарын-дарды тұрпайы социологиялық сынға ұрындырды. Ол сын көр-кемөнердің өзіне тəн сипаты болатындығын мойындамады. М.Қайыпназаров, С.Үсенов, Ə.Мусин, ара-тұра Ғ.Тоғжанов, Ж.Садуақасов, Х.Жүсіпбеков ақын-жазушыларды РАПП пен ҚазАПП-тың қате ұрандарын уағыздауға үндеді. Мұның өзі əдебиеттің, əсіресе поэзияның өркендеуіне көп қырсығын тигізді. Алайда Бұл сынның дауылы тез өтті. РКП (б) Орталық Комитетінің «Əдеби-көркемөнер ұйымдарын қайтадан құру туралы қаулысы» (23 сəуір, 1932) жағдайды түзетіп, əдеби ахуалды жақсартты, кеңес жазушыларының шығармашылық консолидациясын орнатуда тарихи зор рөл атқарды. Ақын-жазушылардың өнерпаздық ынтымағының артуы əсіресе сынның өркендеуіне қолайлы болды. Қазақ сыншыларының жасағы осы кезеңде Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Ө.Өтепов, Р.Жаманқұлов, Ə.Қоңыратбаев, С.Ерубаев, З.Шашкин, Х.Жұмалиев, Т.Нұртазин сынды көркем шығарманың жан-сырын түсінетін, социологиялық-эстетикалық терең талдау-лар жасай алатын мəдениеті көтеріңкі дарындармен толысты. Қазақстан Жазушылар одағының 1937 жылғы Пленумында М.Қаратаев «Қазақ əдебиеті сынының міндеттері» туралы ба-яндама жасап, сынның өсіп-өнген жолдарын қорытындылады, алда тұрған міндеттерін айқындады. 1937 жылдың екінші, 1939 жылдың бірінші жартысы арасындағы уақытта, өкінішке қарай, қара құйын іспетті тұрпайы социологиялық сын қалдығының атой салған шағы да болды. Қазақстан жазушыларының ІІ съезінен кейін əдеби ахуал жақсарып, тəуір сынның дəстүрі өркен жая бастады. Осы съезде сөйлеген сөзінде Ғ.Мүсірепов қазақ əдебиет сынының қалыптасу процесінің тұжырымы бо-латын ой айтты. Қазақ əдебиет сынының «бірінші саласы – ғылыми сын, тексеру-зерттеу арқылы ылғи алға сүйреп от-ыратын сын... Екінші саласы – халық сыны, көпшілік сыны. Бұл, əрине, ғылыми сын емес, халық жүрегінің қалай соғуын көрсетіп отыратын сын... Үшінші саласы – сынды кəсіп еткен, арзанқол, əдебиеттің өсуіне жəрдемі тимейтін құр айғай болып

Page 120: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

120

келеді. Міне, бізде осының үшеуі де бар» («Суреткер парызы», 1976, 134–135-б.).

Қазақ сыны əдебиеттің жеке жанрына айналды. Əрқилы идеялық-көркемдік қиындықтар мен тосқауылдарды жеңе от-ырып, жалғыз əдебиеттің ғана емес, бүкіл көркемөнердің шығармашылық процесіне араласып, өзінің эстетикалық өресін биіктете берді. Сын барлау жасамаған өнер саласы жоқ. Осы тұрғыдан келгенде театр сынының қалыптасу процесі айрықша атауға тұрарлық жай. 20-жылдардың бас кезінде əдеби сын қараңғы қалың Бұқараға бүгінгі шынайы өмірді ашық та мəнді насихаттау үшін театр сахнасы таптырмайтын идеологиялық құрал екендігіне назар аудара білді. 1926 жылы ұлт театры құрылғаннан кейін сын драматургияның идеялық-көркемдік нəріне көңіл бөліп, тұрақты репертуар жасау үшін белсене күресті. Қазақ театр өнері өркендеген сайын ол сахна тіршілігіне емін-еркін араласып, əртістердің орындаушылық шеберлігін шыңдау, өмір шындығын көркемдік бейнеге айнал-дыру, шығарманың жан-сырын ұғу қажеттігін айта отырып, ре-жиссура мен спектакль қою мəселелеріне көз қырын тастады. Театр сыны 30-жылдары қазақтың кəсіби сахна өнерін дамыту, музыкалық театр, опера мен балет театрын, филармония, цирк жəне облыстық драма ұжымдарын ұйымдастыру мəселелерін көтерді. Бірде-бір күрделі көркемдік құбылыс театр сынының назарынан тыс қалған жоқ.

Ұлы Отан соғысына дейін сынның бар формалары мен түрле-рі – мақала, шолу, рецензия, сыни-библиографиялық очерк, əдеби портрет, айтыс мақала, библиографиялық ескертпе, аңдатпа, дəйектеме-сын атаулының бəрі де көркемдік тəжірибеде көрініп жатты. Əрине, олардың эстетикалық қадір-қасиеті кейде биік өреден көрінді, кейде қажетті талап-талғамнан төмен жатты. Со-лай бола тұрса да, сын оңаша отау тігіп, өзінің жанрлық сипатын айқын танытты, өзінің эстетикалық мұратының өрелі екендігін аңғартып, өнерпаздық өмірдің бір мəнді саласына айналды. Сынды өзінің шығармашылық арнасы деп таныған сыншылар қалың оқушы жұртшылықтың ақын-жазушылар еліне жіберген мəртебелі өкілі бола білді. Олардың ойлы, уытты да қомақты,

Page 121: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

121

эстетикалық жағынан сауатты пікірлері əдебиеттің алып арнамен өркендеуіне жəрдемін тигізді.

Қазақ əдебиет сыны соғыстан кейінгі уақытта кəсіби тұрғыдан ірі қадамдар жасады. Барлық тараулары мен салала-ры өркен жайған қазақ əдебиеттану ғылымы əбден қалыптасты. Əдебиеттану мен сынның өнімді өркендеуіне талай объек-тивтік жағдайлар болды. Біріншіден, казақ əдебиетінің өзі кəсіби биікке көтеріліп, бүкіл одаққа, дүниежүзіне танылды. Екіншіден, КОКП 20-съезінің шешімдерінен кейін əдебиет-танудың ғылыми негізі Бұрынғыдан да бекіді. Үшіншіден, терең білімі, мол дайындығы бар дарынды жастар сын мен зерттеу саласына келді, арнайы ғылыми мекеме, баспасөз орны, баспалар ашылды.

Əдебиет ғылымын өркендету ісіне ақын-жазушылардың өзі үлкен қолғабысын тигізді, олар бүгінгі əдеби даму мен шеберлікті ұштау мəселелері төңірегінде соны пікірлер айтты. Олардың съезд, пленум, конференцияларда сөйлеген сөздері, жасаған баяндамалары, жазған мақалалары жинақталып, кітап болып шықты (М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ə.Тəжібаев, Қ.Бекхожин, Т.Ахтанов т.б.). Əдебиет оқулықтары мен хрестоматиялары негізінен 30-40-жылдар жасалған-ды. Соңғы жылдарда оларды педагогикалық талаптарға сай толықтыру, жетілдіру процесі жүріп жатты. Бұрыннан қалыптасып қалған кейбір көзқарастар мен тұжырымдарға ішінара өзгерістер жасалды. С.Сейфуллин Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармашылығына талдау жасау барысын-да тың да соны проблемалар кезікті. Революцияға дейінгі жəне төңкерістің алғашқы жылдарындағы əдеби-тарихи шындықтарды жүйелі баяндау қажеттігі туды.

КОКП 20-съезінің шешімдеріне сай Қазақстан Коммунис-тік партиясының Орталық Комитеті «Қазақ халқының əдеби-поэтикалық жəне музыкалық мұраларын зерттеу мен сыни тұр-ғыдан пайдаланудың жай-күйі жəне жақсарту шаралары ту-ралы» 1957 жылы қаулы қабылдап, əдебиеттану мен өнердің Бұдан былайғы дамуының негізгі жолдарын айқындап берді. 1959 жылы өткізілген ғылыми-теориялық конференцияның

Page 122: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

122

мəні зор болды. Республиканың 40 жылдығына бағыштап шығарылған «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркін» бүкіл-одақтық əдеби жəне ғылыми қауым жылы қарсы алып, кеңес əдебиеттануына қосылған үлкен үлес деп бағалады.

1960-1967 жылдары бүкіл əлеуметтің қадірлі қазынасына айналған қазақ əдебиеті тарихының алты кітаптан тұратын үш томдығы шықты. Үлкен қоғамдық мəні бар осыншама күрделі еңбектің азғана уақыт ішінде жазылуы əдебиеттану ғылымының қаншалықты өркен жайып өскендігіне дəлел болды. Əдебиет тарихы көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде жа-салды. Бұған дейін жарық көрген еңбектердің бəрінде, əрқилы себеп-сылтаумен əдебиеттанудың ауқымына тартылмай келген əдеби мұралардың қадір-қасиеті де ескерілді.

«Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші кітабында (1960) бай ауыз əдебиетінің өзіндік ерекшеліктері баяндалады. 1948 жылы шыққан басылымның кейбір тұжырымдары пай-даланылғанымен, ғылыми зерттеудің методологиясы, клас-сификациялау жүйесі, əрбір үлгіні талдау амалдары толық-тырылып, жетілдірілді, жаңа тараулар мен бөлімдер қосылды. Осының арқасында Бұл еңбек жоғары оқу орындарының негізгі оқу құралына айналды. Қазақ əдебиетінде ауызша жəне жаз-баша əдебиеттің дəстүрлері қатар өсіп, бір-біріне ықпал-əсер жасап келді. Қазақ əдебиетінің басқалардан айрықша ерек-шелігі болып табылатын осы процестің сырын ашуға «Қазақ əдебиеті тарихының» 1964 жылы шыққан екінші кітабы арнал-ды. Халық шығармашылығының кеңес заманында қарышты өркендеуінің сырын түсінуге айрықша назар бөлінді.

Екінші томның екі кітабында 18-19 жəне 20-ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің өсіп-өркендеу жолдарына, əдеби ағымдардың пайда болуы, олардың арасындағы қарым-қатынас, қазақ əдебиетінің орыс, батыс, шығыс əдебиеттерімен байланысты алған олжалары талқыланып, əрбір ақын-жазу-шының өмірі мен шығармашылығы баяндалды.

Үшінші томның екі кітабында қазақ кеңес əдебиетінің туу, қалыптасу, өркендеу жолдары зерттелді. Қазақ əдебиетінде социалистік реализм əдісінің орнығу, өркен жаюы – əдебиеттің

Page 123: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

123

негізгі бес дəуіріне тəн құбылыс ретінде қаралып, баяндала-ды. Қазақ əдебиетінің көп томдық тарихының жалпы келбетін айқындау жəне оның күрделі проблемаларын оңтайлы шешу жолында ертеректе жарияланған ғылыми-зерттеу еңбектерінің («Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томы, 1948), «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі» (1949, 1958), «Қазақтың кеңес заманындағы халық поэзиясының очеркі» (1965), М.Ғабдуллиннің «Қазақтың халық əдебиеті» (1956), Е.Ысмайыловтың «Ақындар» (1956) монографиясы, т.б. қазақ əдебиетінің, əсіресе кеңес дəуіріндегі тарихын жазу процесіне қазіргі əдеби дамудың ерекшеліктерін ыждағаттай баяндаған сынның көп жəрдемі тиді. Əдебиет сынының аңдатпадан монографияға дейінгі барлық түрлері өздерінің шама-шарқына қарай үлес қосып келді. Əдебиет тарихын жасау кезінде соның бəрі түгел дерлік ескеріліп, кəдеге асты.

Сыни ой-пікірлер Бұрынғы кезде жарияланған газет-журналдардың бетінде қалып, мектеп оқулықтарын жасау кезінде еленбесе, жеке жинақ не кітапша болып басылмай кел-се, соңғы он-жиырма жылдың ішінде сыншылардың еңбектері жеке кітап, жинақ болып жарияланды. Ұжымдық жинақтар, жеке авторлардың мақалаларының топтамасы, монографиясын жариялаудың өзі сынның жанрлық сипатының əбден жетілген қалпын көрсетеді. 50-60 жылдары ұжымдық жинақтар шығару ісі өнімді қолға алынды («Қазақ əдебиетінің кейбір мəселе-лері», «Көркем аударманың кейбір мəселелері», «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» (1957), «Əдеби мұра жəне оны зерттеу» (1961), «Жазушы жолы» (1962), «Қазақ филологиясының мəселелері» (1964) жəне тағы басқалар.)

Соңғы жылдары сыншылардың мақалалар жинағын шығару дəстүрі орнықты. Ғ.Тоғжановтың 1929 жылы шыққан «Əдебиет пен өнер мəселелері» жинағынан кейін бірде-бір сыншы ұзақ уақыт бойына өз мақалаларын жинақ етіп шығара алмаған болатын. Соңғы он-он бес жылдың ішінде аға, орта буын сыншылармен бірге жас дарындар да сын жинақтарын жариялауға мүмкіндік алды. М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Х.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Нұртазин, Б.Шала-

Page 124: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

124

баев, Т.Əлімқұлов, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, А.Нұрқатов, Қ.Нұр-маханов, Қ.Қуандықов, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, Ы.Дүйсен-баев, Х.Əдібаев, М.Дүйсенов, Т.Кəкішев, тағы басқалардың кітаптары жарияланды. Көп сыншылар мен əдебиетшілер қазіргі əдеби дамуға жіті назар аударып, өздерін толғандырған шығармалар жайында пікір айтып отырады. Əдебиеттің өзекті мəселелері газет-журналдар бетінде талқыға түсіп, кейде ай-тыс тудырып та қояды.

Қазақтың кəсіби сынының жанр ретінде қалыптасуына жəне əдебиеттанудың негізін қаласуға өзінің шығармашылық дарынын қалтқысыз жұмсаған таланттың бірі – Есмағанбет Самұратұлы Ысмайылов (1911-1966). Оның уытты да өткір қаламы қазақ кеңес əдебиетінің қазіргі даму процесіне белсене араласуы-мен қадірлі. Е.Ысмайылов əдебиеттің өркендеуін əңгімелегенде əрбір ақын-жазушының шығармашылық тұлғасын көппен арала-стырып алмай, əкелген жаңалығын, озық тəжірибесін айшықты көрсетсе, ал жеке ақын-жазушының шығармашылығына тал-дау жасағанда оның өзіне тəн сипаттарының жалпы əдеби да-муға қалай жанасып, толықтырып жатқанын бажайлай баян-дады. Жалпыны жалқыдан, жалқыны жалпыдан аңғару сын-шы пікірінің дəйекті де уыттылығын көрсетті. Əдебиеттің тари-хы мен теориясының өзекті мəселелерін ғалымдық парасатпен шешуі, ауызша жəне жазбаша əдебиеттердің өнерпаздық арна-ларымен байланыстарына жанашыр болып ой толғауы, негізді қорытынды, тұжырымды пікірлер айтуға талаптанғанда кейбір шəлкем-шалыс жаңсақтықтың кездеспеуі Е.Ысмайыловтың ай-бынды қаламгерлігін танытты. Оның «Ақындар» атты (1956) монографиясы кеңес фольклористикасына қосылған зор үлес болды.

Өзінің жан-жақты білімділігі мен ғұлама оқымыстылығын, айбынды дарынын Мұхаметжан Қожаспайұлы Қаратаев өндіре жазып жатқан еңбектерімен танытуда. Оның көптеген сын жинақтары, оқу құралдары мен монографиялары оқушының қолында. М.Қаратаевтың кітаптары өзінің актуалдығы, өткір-лігімен көзге түседі. Сыншының əр алуан тақырыпты қамтитын шығармаларының публицистік ағыны күшті болғандықтан,

Page 125: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

125

əсерлі оқылып, зор ықпал жасайды. Өйткені социологиялық-эстетикалық талдаудың терезесін тең ұстап, əрқашан партия-лық позициясының беріктігін танытуы, шығарма жанын жыға түсініп, өзінің пікірін түйдектей түюі, əсем баяндауы, сыншылдық диапазонының кеңдігі, көркемдік дəлелінің нан-ымдығы, теориялық пайымдауының дəлелдігі М.Қаратаев шығармашылығының хас белгісі, өнерпаздық стилі болып табы-лады.

Орта жəне кіші буын сыншылардың да өзіндік беті барын анық байқаймыз. Талантты сыншы Айқын Нұрқатов (1928-1965) əдебиетіміздің бүгінгі жай-күйіне айбынды жауынгерлікпен араласып, көркемдік шеберлікті шыңдау жайында толымды ой айтты, оның тамаша үлгілерін Мұхтар Əуезовтің шығар-машылығынан көп тауып, тереңдей зерттеді. «Идея жəне об-раз», «Абайдың ақындық дəстүрі», «Мұхтар Əуезовтің шығар-машылығы» сияқты еңбектерімен қазақ əдебиеттануына сүбелі үлес қосты. Өзінің үлкен дарынынан зор үміт күттірген Қалжан Нұрмаханов (1927-1963) орыс, қазақ тілінде өндіре жазып, əдебиеттердің достығын əңгімелей отырып, бір-біріне жасаған ықпалына назар аударды. Театр сыны саласында Қажығұмар Қуандықов (1927-1972) өзінің өткір де ойлы сын-дарымен жарқырап көрінді. Драматургиялық шығарманың сахналық үлгісін ғана емес, көркемдік бейнеге айналу жолда-рын, актерлік өнердің өсіп-өркендеуін жіті қадағалады. Сынды өзіміздің өнерпаздық өрісіміз деп таныған жас таланттар тобы сыншылар мен əдебиетшілер жасағын қомақтандыра түсті, пікір айтар, зерттеу жасар аймақтың бар саласына көз салды. Соның арқасында сыни əдеби еңбектерді жариялау да көбейіп, сыншы-ғалымның, ғалым-сыншының тұлғасы қалыптасты. Əдебиеттану мен сынның жанрлық формалары əралуан үлгіде туа бастады. Монография жазу дəстүрі етек алды. Ғалымдар жеке ақын-жазушының шығармашылығын да, сондай-ақ əде-биеттің өзекті мəселелерін де монографиялық тұрғыдан зерт-теп, едəуір еңбектер берді. Т.Ахтанов Ғабит туралы, Ə.Дербі-салин Ыбырай жайында, С.Қирабаев – Сəкен, Ғабиден, А.Нұрқатов – Мұхтар, Ə.Қоңыратбаев – Шолпан, Б.Кенжеба-

Page 126: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

126

ев – Сұлтанмахмұт, Т.Нұртазин – Сəбит, М.Дүйсенов – Ілияс пен Əбділда, Т.Əбдірахманова – Қасым туралы, Х.Жұмалиев «Қазақ эпосы мен əдебиеті тарихының мəселелері» (1959), Б.Шалабаев «Қазақ романының тарихы» (1972) сияқты моно-графиялар жариялады. Бұл еңбектер кезеңдік талаптарға жауап береді. Мəселен, А.Нұрқатов М.Əуезовтің шығармашылығын көркемдік шеберліктің өсу деңгейінен зерттесе, Т.Нұртазин «Жазушы жəне өмір» монографиясында С.Мұқанов шығар-машылығы арнасында бүкіл қазақ кеңес əдебиетінің даму кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп берді.

Қазақ əдебиетінің тек қана ірі де күрделі ғылыми проб-лемаларының төңірегінде қалып қоймай, күнделікті көркемдік процестің өмірлік қажеттіліктерінің өзіне араласып отыра-ды. Осы тұрғыдан келгенде Сəкен, Бейімбет, Ілияс туралы Е.Ысмайылов, Қ.Жармағамбетов, М.Қаратаевтың «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркіне» жазған тараулары бір жағынан орта мектеп оқулығына қосымша көмекші құрал болуы өнімді ізденіске бастады. Осы еңбектер монографиялық очерктерді көбірек жазуға ықпал жасады.Монографиялық жанрдың белең алуы зерттеушілер мен

оқушылардың ірі ақын-жазушылардың шығармашылығына деген ілтипаттың молдығынан ғана емес, жалпы əдебиеттің өзекті де күрделі мəселелерін шешіп, өркендеу дəуірінің белгілі бір қорытындысын жасау, əдебиет жанрының көркемдік мүмкіншіліктерін айқындау, жетіспейтінді толықтыру мақса-тында туған болатын.

20-ғасырдың басында туған шығармалар мен алғашқы кеңес жазушылары туындыларының аралығында елдің қоғамдық өмірін түбірінен өзгеріске ұшыратқан ұлы оқиға жатты. Осының шын сырын, ерекшелігін түсіну үшін зерттеулер қажет болды. С.Мұқановтың «ХХ ғасыр əдебиеті» (1932), жəне Е.Бекеновтың «Ұлттық қозғалыс жəне ұлттық əдебиет» (1935) атты еңбектері 20-ғасыр басындағы əдебиет тарихын жасауға септігін тигізді. Осы дəуірдің шындығын Б.Кенжебаевтың «Қазақтың XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958) атты мəнді моногра-фиясынан байқаймыз. Онда осы кезеңдегі əдебиеттің өркендеуі

Page 127: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

127

барысымен шектеліп қана қоймай, зерттелуге тиіс жайларға да барлау жасайды. Əдебиеттанудың қолы жеткен табыстарына сүйене отырып Ə.Дербісалин Қазан төңкерісіне дейінгі демо-кратияшыл əдебиет жөнінде еңбек жазды. Ал жиырмасыншы жылдарғы қазақ кеңес əдебиетінің идеялық-шығармашылық мəселелері Б.Кенжебаевтың очеркінде (1961), Т.Кəкішевтің «Октябрь өркені» (1962) монографиясында арнайы зерттелді. Р.Бердібаев, С.Қирабаев, Е.Лизуновалардың зерттеулерінде, Б.Шалабаевтың оқу құралдарында, З.Ахметов Ш.Сатпаева, Т.Нұртазин, М.Ғабдуллин, Е.Ғабирденов, Ə.Сатыбалдиев, С.Талжановтың, т.б. монографияларында əдебиет жанрла-ры, өлең құрылысы, əдеби туысқандық пен байланыстар, аударманың көркемдік мəні жайында толымды ойлар айтыла-ды.

Соңғы жылдары əдебиетшілер қазақ əдебиетінің тарихын жасауда сын жинақтарын жариялаумен ғана шектеліп қалған жоқ. Ғылымның өз қажетін ашатын теориялық еңбектер жа-зып, методологиялық зерттеулер жүргізе бастады. Өйткені Бұған дейін Бұл жайлар, əсіресе эстетикалық принциптер мен міндеттер əдебиет тарихының аясында ғана айтылып келген-ді.

Х.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы», Е.Ысмайыловтың «Əдебиет теориясының мəселелері» (1940) Б.Кенжебаевтың «Қазақ өлеңінің құрылысы» (1955), шығып, теориялық ойға түрткі салды. Соңғы жылдары күрделі теориялық мəселелердің сырын аңғартуға бағытталған ірі қадамдар жа-салды. Е.Ысмайыловтың «Ақындар» монографиясында халық поэзиясының өркендеу жолдары, айтыс өнеріндегі дəстүр мен жаңашылдық жайы сөз болса, Ə.Тəжібаевтың «Поэзия жəне өмір» атты кітабында қазақ лирикасының дамуы, көркемдік сырлары ажарлы да əсерлі баяндалды. Өзінің ішкі қарпуымен теориялық еңбекке іш тартады. Əдебиеттанудың нақты өнерпаздық мəселелерін зерттеу барысында үлкен тұжырым, келісті қорытынды жасауға мүмкіндік туды. М.Дүйсеновтың «Əдебиеттегі форма мен мазмұнның бірлігі», М.Хасеновтың «Ұнамды кейіпкер жəне типтендіру» (1967) кітабы, əрқилы

Page 128: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

128

авторлардың сюжет, композиция, характер жасау проблема-ларына арналған мақалалары мен еңбектері жарық көрді. М.Қаратаев өзінің «Қазақ прозасында социалистік реализмнің қалыптасуы» (1965) атты монографиясымен жаңа əдебиеттің идеялық шығармашылық принциптерінің орнығуына жан-жақты қарап, əдебиетіміздің басып өткен жолы, бүгінгі тəжірибесінен теориялық қорытындылар, қисындар жасауға болатындығын, қазақтың ғылыми-сыни ой-пікірін одақтық деңгейге көтеру қажеттігін аңғартты. Қазақ өлеңінің құрылысы жайында там-тұмдап айтылғанмен, нақты зерт-теу болмай келген-ді. Осы күрделі мəселеге З.Ахметов «Қазақ өлеңінің құрылысы» (1964) атты арнайы монографиясын ар-нады. З.Қабдоловтың «Əдебиет теориясының негіздері» (1970) кітабы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналды. Қазақ əдебиетін жүйелі оқытып, арналы насихаттауға бағытталған əдістемелік еңбектер де туа бастады. Солардың ішінде өзінің практикалық мəні, теориялық алымдығымен Ə.Көшімбаев пен Ə.Қоңыратбаевтың жазғандары көзге түсті.

Жазушылар съезі мен пленумдарының, ғылыми конфе-ренциялар мен мүшелді мерекелердің материалдары жа-риялануда. Қалың оқушы қауымға жеңіл тілмен жазылған ғылыми кітапшалар, көркем-əдебиет көрсеткіштері, əр ұлы ақын-жазушының библиографиялық көрсеткіші, қолжазба-лар түсіндірмелері шыға бастады. Анда-санда текстологиялық зерттеу де көрініп қояды. Қ.Мұхамеджанов «Абай шығар-маларының текстологиясы туралы» кітапшасын 1959 жы-лы жариялады. Соңғы кездері ақын-жазушылардың таңдамалы шығармаларының жинақтарын шығару дəстүрге айнала бас-тады. Оларға алғы, соңғы сөз жазылып, əр шығарманың жа-риялау кезеңдері жөнінде түсіндірмелер берілуде. Осын-дай толып жатқан жетістіктермен қатар, кемістіктер де жоқ емес. Осы уақытқа дейін əдеби естеліктерді молырақ шығару, əдеби өмір шежірелерін жасау, семинарийлер құрастыру, ар-хив материалын үзбей жариялап отыру, əдеби анықтамалар, т.б. жасауда шабандығымыз да жоқ емес. Солай бола тұрса да, туған əдебиетіміздің арғы-бергі тарихы мен көркемдік

Page 129: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

тəжірибесін жарқыратып көрсете алатын əдебиеттану мен сы-нымыз қосарлана өркендеп келеді. Соның арқасында ғалым-сыншылардың, сыншы-ғалымдардың тұлғасы қалыптасты.

Сыни ой-пікірлердің онан əрі өркендеуіне соңғы уақытта қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазақ қаламгерлері КОКП Орталық Комитетінің 1972 жылғы «Əдеби-көркем сын туралы» қаулысын басшылыққа алуда. Осы қаулы негізінде республи-камызда жыл сайын «Уақыт жəне қаламгер» жинағын шығару дəстүрге айналды, «Жазушы» баспасы жанынан сыни-ғылыми еңбектерді жариялайтын арнайы редакция құрылды, жоғары оқу орындарында қазақ əдебиет сынының тарихы оқытылатын болды. Сыншылардың тəуір еңбегіне деген ілтипат күшейді. Қазақтың сыншылық ойының көшбастары, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Мұхамеджан Қаратаев өзінің «Алар белес алда» атты еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық алды. Сын-шы Сағат Əшімбаев Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. Осындай ынталандыру шаралары сын майда-нын жандандыра түсті. «Ауыр да абыройлы сын саласына 60-70 жылдары келген Ш.Елеукенов, З.Серікқалиев, Б.Уахатов, А.Нағыметов, Ж.Əбдірашев, Ə.Жəмішев, А.Нысаналиндердің татымды мақалалары мен еңбектері көзге түсе бастады. Олар-дың өкшесін баса А.Егеубаев, Ұ.Доспанбетов, Б.Ибрагимов, Ж.Дəдебаев, С.Негимов, Т.Мамасейітов, Ə.Дербісалиев, Б.Əбіл-қасымов, Б.Сарбалаев, Б.Майтанов сынды жас таланттар легі келіп қосылды.

КОКП Орталық Комитетінің қаулысын қалтқысыз жүзеге асыру жолында қазақ əдебиет сыны мен ғылымының бар буынының өкілдері шығармашылық күш-жігерін аямасы, əдебиетімізді өркендете беруге қарышты қадамдар жасары ай-дан анық.

1978 ж.

Page 130: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

130

ҚОЛЖАЗБА «САДАҚ» ЖУРНАЛЫ

Қазақ əдебиетінің, əсіресе прозасының асыл қазынасына айналған Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты шығармасын оқығанда революцияға дейінгі қазақ сахарасының келбетіне, өмір шындығына арқа сүйей тартылған сюжет желісіне, оқиғаның қалыңдығына, сұлу сөз, көркем бояуға, ең бастысы – Шұға сияқты абзал жанның заман құрбандығына шалынғандығына кім назар аудармай өте алады! Сар даладағы ұзақ жолды қысқарту мақсатымен басталған əңгімеге оқудан қайтып келе жатқан шəкірт қана емес, бүгінгі оқушы да ұйып: елге аңыз болған Шұғаны, оның өмірден қалағаны – Əбдірахманды, бəйшешектей шешек атқан өмір гүлдерін дөкір қолмен жұлған – қыз əкесін, сор өмірдің ауыр батпанынан белі қайысқан ел өмірін көз алдынан өткізеді. Жанды өмір сөз аумағында қалып қоймай, қимылды, күйлі, əрекетті көрініске айналады. Сөзге жан бітіп, кино кадрына түсірілгендей!

«Шұғаның белгісін» оқыған адам тебіренбей қалмайды. Жүрегіңді қытықтап, лəззатыңа нəр беретін, өмір туралы ойға батыратын осы шығарма медресе шəкіртінің қолынан туды да, қолжазба «Садақ» журналында жарияланды дегенге таңданушылар да, шүбə келтірушілер де болмай қалмас. Бірақ тарихи шындық солай.

Уфадағы медресе «Ғалияның» жанынан 1915 жылдан 1918 жылға дейін айына екі рет шығып тұрған қолжазба «Садақ» жур-налының əзірге біздің қолымызда 1916 жылғы 20, 21, 22 сан-дары ғана бар. Журналдың басқа сандарын Уфа қаласындағы архивтерден, ішкі Ресей мен Сібір мұсылмандарының діни басқармасы – муфтидің де архивінен, ленинградтық Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханасының қолжазбалар қорынан іздестіріп, таба алмадық. Цензурадан тыс шыққан Бұл журналдың əркімнің қолында кетуі өте ықтимал. Жиенғали Тілепбергеновтың өзі редактор болып шығарған жоғарыдағы үш санды 30-жылдардың басында КазАПП-қа тапсырып, сөйтіп олардың Пушкин атындағы көпшілік кітапханасының сирек кездесетін қымбатты материалдарының біріне айналды.

Page 131: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

131

Əрине, қолдағы бар сандар көптеген мəселенің бетін ашып бере алмайды, солай бола тұрса да архив материалдары мен естеліктерге сүйеніп, журналдың шығу тарихын, атқарған қызметін шолып өткен жөн.

Башқұрт кеңес əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сайфи Құдаш Майлин Бейімбетпен, Тілепбергенов Жиенғали-мен бір группада оқып, жолдас, дос-жаран болған, кейінгі уақыттарда да байланысы үзілмеген, қазақ жазушылары жай-ында айтарлықтай естелігі бай адам екен. Əсіресе медреседегі қазақ шəкірттерінің ой-арманын, іс-қылығын əлі күнге дейін ұмыта қоймапты. Соның ішінде «Садақ» журналының шығуы мен істеген ісін едəуір əңгімелейді.

– Медреседе біз жадитше оқыдық. Бұл қадимнан əлдеқайда тəуір, – деп бастады Сайфи Құдаш, – арабшадан тек қана Құран-ның өзін оқыдық, ал басқа сабақтар – геометрия, алгебра, есеп, география, педагогика, тарих сияқтылар болды. Əдебиеттен – татар əдебиетін оқыдық, оны бізге татар əдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимов оқытты. Ғалымжанның ықпалы күшті бол-ды ма деймін – медреседен ақын-жазушылар көп шықты. Сонсын башқұрт сатиригі Шаихзада Бабич бір жақсы өнеге көрсетті – «Пар-лақ» атты қолжазба журнал шығарды. Осыдан кейін татар-башқұрт балалары «Аң», «Без», черкестер – «Лəге», қазақтар – «Садақ» журналдарын шығарды, – деп, ойын жинақтамақ болып біраз кідірді де:

– «Садақ» байғұс көп қиындық көрді, егер Ғалымжан бол-маса жабылып қалуы да ықтимал еді. Жасыратыны жоқ, та-тар шəкірттері «медресенің қожасы мен» дегендей сыңай байқатып, «Ғалияның» директоры Зияддин Аль-Камалидан қолдау да тауып жүрді. «Садақты» қызықты шығаруға Бейімбет пен Жиенғали көп күш жұмсады, тіпті жұмасына бір шығарып тұрған кездері де болды. «Шұға» атты бір қыздың тағдырын суреттеген əдемі новелласын Бейімбет өзінің «Шаңқан» де-ген жалған атымен шығарып, журнал оқушыларын көбейтті. Осыған іштарлықтан ба, жоқ, басқа бір себептен бе, əйтеуір, өркөкіректеу бір татар шəкірті кітапханада жатқан «Садақты» жыртып-жыртып, корзинкаға тастайды. Қазақ шəкірттері Ка-

Page 132: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

132

малиге барып арыз береді, бірақ оның жауабынан түңілген соң педкеңеске шығады. Сонда Ғалымжан Бұл мəселені жал-пы шəкірттік жиналысқа қоюды ұсынып, өзі баяндама жасауға келіседі. Оның сондағы сөзі 1916 жылы татардың «Аң» де-ген журналының 5-санында басылды, – деп Сайфи Құдаш өзінің архивінде жатқан журналды оқи жөнелді. – Сендер əн мен күйге құмарсыңдар жəне ұста да келесіңдер, – деп баспаға басылған ұзынша бір қағазды ұстата берді. Бұл Сайфи ағайдың өзі 1917 жылы режиссер болып интернационалдық сауық кешін ұйымдастырған екен, мына сары қағаз – соның программасы, онда қазақ шəкірттері «Ахау Семейді», «Сырымбетті» хормен айтып, бірнеше күй тартқан екен.

Ғалымжан Ибрагимов «Садақ» жөніндегі мəселені «матбу-гатта қазақ жастары тарапынан көтерілген тіл мəселесіне» ай-налдырып, «Аң» журналында басылған осы сөзіне «Тілдері басқа болса да көңілдері бір» деген ат қойыпты. Бұл мақалада ең алдымен панисламизмге қарсы, əсіресе Ресей мұсылмандарын, оның ішінде қазақтарды татарландырамыз деушілерге қарсы зілді пікір айтып, қазақ мəдениеті мен əдебиеті жəне оның əдеби тілі тарихи сахнаға шығып, өркендеп отыр, «қазақ əдебиеті енді дүниеге келген бір факті бүтін қазақ сахарасына əдеби азық бо-лып келген өлең мен жырлар, біздің қазіргі ақындарымыздан көп Бұрын жасап, кең далаға дауысы жаңғырып шыққан Ибраһим Құнанбайлар, соңғы Сералиндер, «Қазақстан», «Қазақ», «Айқап»-тар, қазақ мектептеріне тамыр жайып бара жатқан оқу құралдары, қазақ тілінде бас көтерген қоғамдық əдебиет. Қазір іңкəр етуге мүмкін болмайтын бір факт, қазақты «татар əдебиетімен» қанағаттандыру пікірі – тек ол халықты жəне тарих ағымын білмегендіктен туған», – деп міней келіп, Ғалымжан Ибрагимов «түркологтардың бəрі де қазақтарды ескі түріктердің ең нық сақталған жері дейді. Бұл күнгі қазақ халқы өзінің күнкөрісі, тұрмыс жағдайларымен басқа түрік тайпа-ларынан барынша ерекшеленеді. Бұл халықтың рухында бек қуат (самобытность) бар. Бұлардың халық əдебиеті ешбір түркі тайпаларға ұқсамас дəрежеде бай əрі зор. Бізге қазақтарды «та-тар тілі мен татар əдебиетіне» бағындыру қиялынан гөрі, əдеби

Page 133: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

133

қазынамызды байыту үшін қазақ халқының əдебиетінен кең түрде үйренген тиімді» деп тұжырымдайды.

Ғалымжан Ибрагимовтың осы пікірі аяқсыз қалмай, «Садақ» журналы уақтылы шығып тұратын болды, кедергілер алынып тасталды. Татар əдебиетінің классигі өзінің Бұл пікірін айтуме-нен тынбай, практика жүзінде іске асырғанға да ұқсайды. Оның мысалын татар-башқұрт шəкірттерінің журналы «Парлақтың» 1917 жылы қараша айында шыққан 2-санынан көруге бола-ды. Осы журналдың редакторы Ферһад: «Садақтың» соңғы нөмірін маған оқуға тура келді. Онда жазылған көркем, шы-найы əңгімелерді көріп өте-мөте ғажаптандым. Осындай тамашалардың ешбірі де біздің татар журналдарына аударыл-мады (Бұлай етудің ешбір орны жоқ еді...), аудару қажет еді» деп жазды. Осы ниетті жүзеге асыру мақсатымен «Парлақ» ре-дакциясы Жиенғали Тілепбергеновтің «Жазғы сапардан бір көрініс» деген əңгімесін татар тіліне аударып, сол санда жари-ялады.

Ғалымжан Ибрагимовтың қазақ шəкірттерінің тілегін ілтипатқа алып, баяндама жасауы, ал Сайфи Құдаш ұйымдастырған сауық кеші мен «Парлақ» журналы редак-циясының игі бастамасы шəкірттер арасында жаңа заман қарсаңында интернационалдық ынтымақтың күшейе түсуінің бір нышаны деп қараған жөн.

Медресе «Ғалияның» Бұрынғы шəкірттері, Бейімбет пен Жиенғалидың жолдастары жəне журналды шығарысуға белсе-не қатысқан, 1924 жылдан бері коммунистік партияның мүше-сі, Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім, Ленин орденімен наградталған Зейнел Иманжанов пен Алматыдағы № 4 баспа-ханада қызмет істеп жүрген Абдрахман Мұстафин «Садақ» журналының шығу тарихы жөнінде Сайфи Құдаш айтқан естелікті толығынан растап, өздерінің білгендерімен толықтыра түсті.

Енді «Садақтың» қолымыздағы үш санына оралайық. Көлемі 18 х 13 сантиметр пошта қағазына жазылып, журнал 30-45 бет арасында шығып тұрған (Қолымыздағы үш санды машинамен көшіргенде 82 бет болып шықты). «Садақтың»

Page 134: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

134

алғашқы хатшысы Абдрахман Мұстафин бастапқы 8 нөмірді «өзім шығарып едім» десе, ал мына үш санда талай адамның қолымен жазылған материалдар басым. Соған қарағанда, əркім өз шығармасын өзі жазып беріп, редакция соларды іріктегеннен кейін түптеп, тарататын болса керек.

«Садақтың» 20-саны 1916 жылы 4 қараша күні, 21-саны 18 қарашада, ал 22-саны 1 желтоқсанда шықты. Əр сан-да 2-ден 15-ке дейін əр автордың материалы басылған, оның ішінде Жиенғалидың «Сəлемдесу», «Ескерткіштен бір бөлек», «Қысқасы қияметке кетпес», «Қалижан жігіт» деген əңгімесі, Зейнел Иманжановтың «Ашық хаты» мен «Ертегісі», А.Мұстафиннің «Жаңа белдік» деген əңгімесі, халық ауыз əдебиетінің көптеген нұсқаларын жариялаған.

Журналдың ісіне көз жіберсек, «буыны бекіп, Бұғанасы қатпаған заманда талай дəуірді бастан кешірген жас «Садақтың» ұлтына қызмет қылуға асығып, рухы жоғарылап, қарқыны басылмай тұрғанын» байқаймыз. Журнал алқасы өзінің мақсатын бір мəселеге сайған сияқты, оны мына тезис аңғартады: «Бір ұлт өзінің ұлттығын сақтап, өзге халықтармен тең болу үшін тілін сақтау керек. Ол үшін өзіміздің көркем сөзімізді сақтау керек. Міне, осы себептерден, осы саннан бас-тап ылғи көркемсөзге арналған қолыңыздағы мына «Садақ» журналы дүниеге аяқ басты».

Журнал алқасы жарияланатын материалдарды бассөз, ро-ман, халық көркемсөзі, күлкі-сықақ, өлең, театр жəне сын сияқты 7 бөлімге бөліп шығарып отырды. Журналдың көркеюі, бағытының түзелуі «Садақ» оқушылары мен жазушыларының борышы екендігін ерекше атап көрсете келіп, «былтырғы жыл-дың бас кезінде жазушылары көңілге тиерлік көп болып, біреуі-не біреуі сүйенгендіктен көріп, биыл аз болған соң былтырғы-дай біріне-бірі сүйенбес деп журнал жазушыларының көп болу-ын үміт етіп, «Садақ» оқушысының һəм жазушыларының бірі қалмай жазуларын өтінеді».

Журнал алқасының түскен материалдарға бірсыдырғы қа-таң қарағандығы өз тілшілеріне берген жауаптарынан анық аңғарылады. Мысалы, Бөрте дегенге: «Бұртисаң да сөзіңді

Page 135: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

жұртқа көрінерлік қылмасаң басылмайды. Жөндеп жазсаң ба-сармыз» десе, Имамағзам деген тілшісіне: «Сіздің «Мəзһəм жолы» деген мақалаңыз Бұл журнал діни болмағандықтан ба-сылмады. Басқа жазсаң басылар» деп жауап қайтарады.

Сосын журналда басылған бірқыдыру хабарландыру-лар арнайы зерттеуді талап ететін сияқты. Мысалы, 20-санда «Мемлекетімізде насыбай таусылғандықтан, журнал шыға-рушысына насыбайы болған жерлер насыбай жіберуі керек. Бірінші бетте – табандатқан бір шақша насыбай, 3-беттерде – орта шақша. Насыбайдың күлі көбірек болуы өте қажет» де-ген сияқты астарлы сөздер мен хабарландырулар осы үш сан-да едəуір көп. Медресе шəкірттері «насыбай, шылым, темекі» деген сөздердің мағынасы туралы күні Бұрын келісіп алып, оларға белгілі мəн берген шығар деп топшылауға, оның сырын ашуға əзірге қажетті деректеріміз жоқ.

Сол сияқты журналдың шыққан сандары қолымызда түгелдей болмағандықтан, оның бағыты мен программа-сын айқындау келешек күннің мақсаты болмақ. Калай болған күнде Бейімбет пен Жиенғалидың тікелей басшылық етуімен медресе жанынан «Садақ» атты қолжазба журналдың шығуы өте қуанышты жайт. Сосын, цензурадан тыс шыққан Бұл жур-нал Ресейдегі революциялық қозғалыстың өрістеуінің сал-дары, əсері арқасында шəкірттер арасына еркін ойлылықтың сыздықтап ене бастағанын да аңғартады.

1958 ж.

Page 136: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

136

ƏДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢКЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

Əдеби «шаруашылықтың» жетістіктері мен кемістіктерін сарапқа салған уақытта əдебиеттану ғылымының жаңа қарқынмен өркендеп, алымы молайып, айтары нақтыланып, пікірі қоюланып, қомақталып келе жатқанын көрмеске болмай-ды. Сыншылық ой-пікірдің қол жеткен өресіне қарағанда, қазақ əдебиетшілері теориялық мəселелерді топшылау жағынан ақсаңдай басқанымен де, əдебиет тарихын жасау жағынан бүкілодақтық əдебиеттану сахнасына бір табан жақындай түскен сияқты. Өткендегімізді еске алғанда Бұл қуанарлық көрініс, ал біздің шығармашылық мүмкіндігіміз жағынан – əлі аз, жеткіліксіз. Өскелең əдебиеті бар ұлттың əдебиетшілері өзінің географиялық аумағымен шектеліп қалмай, одақтық көлемге қанат қағатын уақыт болды.

Бізде «сүйтсек-ау» деген таудай талап болғанымен де, соңғы кезге дейін нақты іс аздау еді. Алайда 1958 жылы Мос-квада болып өткен қазақ əдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігі бүкілодақтық «қамалды» алуға күш-қуат, жігер берді. Ұжымдық еңбектің жемісі – «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі», Е.Ысмайыловтың «Ақындар», М.Қаратаевтың «Туған əдебиет туралы ойлары» көтеріңкі бағалануы – республи-ка əдебиетшілерінің шығармашылық мүмкіндіктерінің мол екендігін аңғартты жəне одақтық сын мен əдебиеттануға қазақстандық сүбелі үлес қосуға ынталандырды.

Алайда əдебиеттану ғылымының əлі де болса талқыға түспей, шешілуі табылмай келе жатқан мəселелері, кем-кетігі, жоқ-жіті-гі, арман-мұңы бар. Расын айту керек, біздің əдебиеттану мен сында талай ірі кемшіліктер, тіпті саяси шалыс басқан қадамдар кездескен кезі де болды, қазірде де төрт аяғынан тең басып тұр деуге ерте.

Негізі мықтап қаланған, қалыптасу дəуірін бастан өткерген, күннен-күнге өркендеп отырған əдебиеттану ғылымы арнайы əңгіменің объектісі болуға құмар ғана емес, мұқтаж. Рас, қазақ əдебиетін зерттеушілер арасында, орыс əдебиетшілеріндей,

Page 137: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

137

осы ғылымның ішкі түрлері, тараулары, жүйелері бойынша мамандану (специализация) жетіспей жатса да, жалпы қазақ əдебиетінің революцияға дейінгі жəне соңғы кездегі ауыз, жазба əдебиеттерін сала-саламен зерттеудің арнасы салын-ды. Ендігі мақсат – тармақтандыра, тереңдете, кеңейте түсуде, əсіресе эстетиканың теориялық мəселелерінен жасқанбауда, əдебиетіміздің құнарлы өңірінен өніп шығатын жемістерді ғылыми жүйеге салуда. Бұл мəселелерді өмірдің өзі, көркемдік практиканың өсу, дамуы күн тəртібіне қойып отыр.

Бұларға «əліміз жетпес, масқара болармыз» деген сары-уайымды қою керек. Біз үшін Бұлар алынбайтын қамал емес. Əдебиетіміздің тарихына ойлана көз жіберсек, онан да гөрі мықты қорғанды алып, жеңістен жеңіске жетіп келе жатқандығымызды айқын көреміз. Соның дəлелі етіп, басқаны былай қойғанда, Бұрын аты да, заты да, ғылыми дəстүрі де болмаған, ал Бұл күнде өркендеп отырған əдебиеттану ғылымының өзін мысалға алуға болады. Арнаулы кадры, ғылыми мекемесі жоқ күнде қазақ əдебиеттану ғылымының негізіне 20-жылдардың аяғы, 30-жылдардың бас кезінде Əуезов Мұхтардың, Сейфуллин Сəкеннің қазақтың ауыз əдебиеті туралы, Мұқанов Сəбиттің ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті туралы, Тоғжанов Ғаббастың əдебиет пен сын мəселелері жайындағы ғылыми-зерттеу еңбектері қаланды. Рас, Бұл күрделі де тың дүниелерде үлкенді-кішілі қате-кемшіліктер болғандығын еш ұмытуға болмайды. 30-жылдардың орта шенінен бастап тұрақты əдебиет оқулықтары жазыла бастады. Одан кейінгі жерде Жұмалиевтың əдебиет те-ориясына арналған оқу құралы, Абай поэтикасы мен Махамбет шығармалары жайындағы еңбектері, Мұқановтың ХVIII–XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті тарихының очеркі, айтыстар мен батырлар жыры туралы зерттеулері, Ысмайыловтың оқулықтары мен «Ақындары», көптеген авторлардың монографиялық еңбектері мен əдеби очерктері, қазақ əдебиеті тарихының 1-томының шығуы, қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі азғана жылдың ішінде екі рет жасалуы – міне, осы қысқаша мəліметтің өзі қазақ əдебиеттану ғылымының туып, қалыптасқандығын, өркендеп отырғандығын айқын дəлелдейді.

Page 138: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

138

Рас, əдебиеттану ғылымының негізіне қаланған жəне оны қалыптастыруға септігін тигізген Бұл еңбектердің қайсысы болса да ірілі-уақты кемшіліктен, тіпті саяси қатеден құралақан емес. Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының өрескел қатесі туралы қаулы алуы тегін емес-ті. Кенесары қозғалысының мəнін ашуда да шалыс басқан қадамдар болды. Орталық Комитет əдебиеттану ғылымын маркстік-лениндік жолмен өркендетуге əрқашан назар ауда-рып отырды. Ал 1957 жылы мəдени мұраларды объективтік тұрғыдан зерттеу жайындағы қаулы қазақ əдебиеттануын онан əрі өркендете берудің қамы екендігі аян. Əдебиеттану саласын-да одақтық көлемдегі қаулы-қарармен қатар, осындай жетекші құжаттардың болуы өзінің игілікті ықпалын тигізуде.

Республиканың ғылыми зерттеушілік жəне сыншылық ой-пікірінің өскендігін Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының қазақ əдебиетінің негізгі про-блемаларын талқылауға арналған ғылыми-шығармашылық конференциясының (1959 жылы) табысты жұмысы көрсетіп берді. Бұл конференция өзінің мəн-мақсаты жағынан алғанда қазақ əдебиеттану ғылымының шоқтығы биік оқиғаларының бірі болып, ілгері дамуымызға үлкен септігін тигізетіні, белесті асу болатындығы күмəнсіз.

Коммунистік партияның тарихи XX, XXI съездерінің қаулы-қарарларына сəйкес ғылыми-зерттеу ісінде айқындалған жаңа бағыт қазақ əдебиетін зерттеуде болған кемшіліктерді, əсіресе нигилистік көзқарастарды көрге көміп, шын мəніндегі объективтік ғылыми-зерттеу ісін жандандыруға жол салып берді. Шортанбай төңірегінде шыр айнала берген пікірталастарына тоқтау салып, Шортанбайдан басқа да ірі шығармашылық тұлғалар бар екендігін, атап айтқанда, Бұқар жырау, Жанкісі, Үмбетей, Шал, Шернияз, Сүйінбай, Дулат, Біржан, Ақан сері, Əбубəкір Кердері, Шəңгерей Бөкеев, Омар Қарашев, Мəшhүр Жүсіп Көпеев сияқты бірде сыртқа теуіп, бірде ішке тартып жүрген ақындардың əдебиет тарихындағы тағдырын əділ шешу керектігін айқындады. Қазақ əдебиетінің

Page 139: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

139

əр дəуірдегі перзенттерінің еңбектерін марксизм-ленинизм ғылымы тұрғысынан объективті зерттегенде, қоғамдық да-мумен қатар көркемдік өркендеуді қабыстыра талдағанда, ескі мұралардың шын ақиқатына жеткенде ғана Бұрынғы жаңсақтықтар қайталанбайды.

«Заманның беті оңға Бұрылды» деп қарайтын болсақ, онда филология ғылымының кандидаты Сүйіншəлиев жолдас-тай жақсы мен жаманның, дұрыс пен Бұрыстың арасын айы-ра алмай қалуымыз хақ. Оның конференцияда Дулат жөнінде жасаған баяндамасы жəне Тіл жəне əдебиет институтының «Хабаршысында» жарияланған мақаласы бізді «бірыңғай ағым теориясына» алып баратын сүреңсіз соқпақтан осы күннен бас-тап сақтандыруы тиіс.

Ғылыми-теориялық конференцияның жасаған қорытын-дылары мен ұсыныстары негізінде əдебиеттану ғылымын өрге бастырарлық мүмкіндік алған еді. Содан бері екі жылға таяу уақыт өтсе де, конференция қарсаңындағы қарқын саябырлап, тіпті толастап бара жатқан сияқты. Əрине, азғана уақыт ішінде алға қойылған үлкен міндеттерді орындау мүмкін емес, алайда нақты дайындық істерінің жүргізіліп жатқаны онша көп көзге түсе қоймайды.

Əдебиет тарихына арналған ұжымдық еңбектердің дүниеге келуі əбден орынды, қуанарлық көрініс. Қазақ əдебиетінің көп томдық тарихын жасау үшін очерктермен қатар көптеген ірілі-уақты монографиялық еңбектер жазылуы, басы саудада жүрген авторлардың шығармаларын терең зерттеп, нақты ма-териалдармен, жаңа тұжырымдармен толықтыра түсу шарт. Ғылыми-теориялық конференция принциптік мəселелерді анықтады да, жаңа, соны құжаттарды, тарихи деректерді жүйелі пайдаланудың жəне авторлар бойынша зерттеу ісін жандандырудың қажеттігін айрықша атап көрсетті.

Қазан революциясына дейінгі қазақ əдебиетінің Бұдан да басқа шешетін күрделі мəселелері бар: əдеби байланыстар, оның бір-біріне ықпалы, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ин-теллигенциясына, əсіресе ақындарына көзқарас мəселелері тиянақты зерттеуді керек ететіні жұртқа мəлім.

Page 140: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

140

Рас, қазақ пен орыс əдебиеттері арасындағы байла-ныстар бірсыдырғы зерттеліп, негізгі желісі тартылды. Бұл арада М.Ритман-Фетисовты ерекше атау қажет, солай бола тұрса да Бұл мəселенің əлі де болса шешілмей жатқан талай сырлары бар. Мəселен, орыс əдебиетінің ықпалы тек идеялық жағынан шектелген жоқ, ол поэзиямыздың түрі мен нұсқасына, мақамы мен əуеніне əсер етті. Оның айқын мысалы – Абайдың новаторлығы. Олай болса, Абайдан кейінгі ақындарда Бұл ықпалдың əсері өте мол болуы керек. Ал Бұл мүлде тың жатқан нəрсе.

Шындықты жасыруға болмайды. Ерте кезде Мұхтар Əуе-зовтің қазақ əдебиетінің өнеге алған арнасының бірі – шығыс əдебиеті деп айтқан пікіріне қосылмай келдік. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазан революциясына дейін шығыс ертектері мен қиссалары, оның ішінде дүниежүзілік мəдени мұра – «Мың бір түн» хикаялары қазақ тіліне ау-дарылып, басылғанына ешкім дау айта алмаса керек. ХІХ–ХХ ғасырларда жарияланған кітаптар қазақ еліне тек ислам дінінің ауанын ғана емес, сонымен қатар шығыс елдерінің мəдени дəстүрлерін жеткізіп, қазақтың сол кездегі ақындарына шығармашылық ықпал етуінде дау жоқ. Тіпті оқығандар ара-сынан шығыс əдебиетінің үлгілерін түрлі мəн-маңызына на-зар аудармастан қазақ еліне таратуды өзінің өмірлік кəсібі еткен Жүсіпбек Шаихисламұғлы, Маукелей Юмачиков, Фəтхулла Бекбауұғлы, Қашаф-уд-дин бин Шаh-Мардан, Сейт-Керей, Ғали Махмудұғлы, Жүсіп Нұрымұғлы, Ғабдолғазиз Байдүйсенұлы, Шəді төре, Ақылбек бин Сабал, тағы басқа «кітаби» ақындар болды. Осы мəселені мұқият зерттейтін уақыт жеткен сияқты. «Жабулы қазанды жабулы күйінде» қал-дыруға болмайды, өйткені революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ қауымының тарихи даму жағдайларына байланысты екіге жа-рылып, бірі реакциялық күштің қолшоқпары болса, ал енді бірі демократиялық идеядан нəр алып, ағартушылық жолына түсіп, еңбекші халықтың ой-арманын білдірді. Бұл процесте «кітаби» ақындардың атқарған рөлі болған жоқ деп ешкім айта алмаса керек.

Page 141: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

141

XX ғасырдағы қазақ ақындарында шығыс əдебиетінің ықпа-лы болғаны аян. Абайдан кейінгі классигіміз Сұлтанмахмұттың шығармашылығынан шығыс əдебиетінің салқыны кездеспейді дей алмаймыз. Олай болса, Сұлтанмахмұттан поэтикалық тұл-ғасы да, ойы да, бойы да кішірек болған ақындарда ықпал-əсері бірқыдыру мол болуға тиіс. Тіпті қазіргі кеңес ақындары деп танитын шығармашылық күштеріміз Қазан революциясының алғашқы жылдарында «Тотының тоқсан тарауы», «Лəйлі мен Мəжнүн», тағы басқа хикаялар негізінде өзінің ақындық «уы-тын» байқап көрмеп пе екен? Махаббат лирикаларында шығыс əдебиетіндегі арулардың, ғашық-жарлардың əуені айқын сезілмей ме? Халықтың өлең-əндерінде олар жиі кездеспей ме? Біздіңше, шығыс əдебиетінің ықпалын ерекше тиянақтылықпен зерттеп, объективті пікір түйіндейтін уақыт болды.

«Кітаби» ақындармен қатар, осы кезең Нұржан Наушабаев, Мақыш Қалтаев, Ақмолла, Акрам Гадимов, Таһир Жомартбаев, Көлбай Төгісов, Омар Қарашев, т.с. сияқты əртүрлі сыңайдағы бірқыдыру ақындарды тудырды. Бұлардың көбі əлі нақты зерт-теу объектісі болып көрген емес.

XX ғасырдың бас кезіндегі ақындардың шығармашылығы жөнінде қазіргі уақытта біздің əдебиеттану ғылымында бір арнаға салынған пікір жоқ. Əрине, Шəңгерей сияқты «көркемөнер көркемөнер үшін» дейтінді өз шығармашылығының ұраны еткен ақындармен қатар, ағарту жолына түскен, халықтың азаттығын аңсаған Көлбай Төгісов сияқты дарындар да бар. Шындығында, 1915 жылы Уфа қаласында «Надандық құрбаны» атты пьесасы мен өлеңдерін, Ташкентте 1916 жылы «Алаш» газетін шығарған, 1917 жылдың аяқ шенінде Омбы қаласында эсерлер партиясының платформасына іш тартатын қазақтың ұсақ-буржуазияшыл партиясы – «Үш жүзді» (өздері «Киргизская социалистическая партия «Үш жүз» деп атаған) құрып, осы атпен газет шығарып, Алашордаға қарсы күресіп, көптеген публицистикалық мақалалар жазған, ақырында Алашорда жендеттерінің арандатуынан қаза тапқан драма-тург, публицист, ақын Көлбай Төгісовтің осы уақытқа дейін əдебиеттану ғылымының объектісі болмағандығын кім дұрыс

Page 142: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

142

дей алады? Біздің ойымызша, Бұл кезеңдердегі ақындарды жеке-жеке зерттеп, жақсысын асырмай, жаманын жасырмай, маркстік-лениндік методология тұрғысынан баяндауымыз ке-рек, шығармашылық өкілдерін саралауымыз керек.

Мұндай ақындардың енбегін өз бетімен зерттей қоятындар табылмаған күнде Жазушылар одағы мен Академияның Тіл жəне əдебиет институты өздерінің жоспарлы жұмыстарының объектісі етсе, нұр, үстіне нұр болмас па еді. Қиындықтан жас-қана берсек, əдебиетіміздің шын ғылыми тарихы жасалмайды, Бұл арада тек зерттеушінің игі ниетіне сеніп қоймай, ұйымдық жағынан бірқатар батыл қадамның жасалуы шарт. Біз сон-да анау олай болған, мынау былай болған деген əдетте айты-ла салатын сөздерді қойып, тарихи құжаттар бойынша ғылыми пікір айтатын боламыз. Ал ерінбей-жалықпай еңбек еткендерге тарих дүниесі молынан табылады. Нақты материалға сүйенген пікір дұрыс та, құнды да.

Тарихтың үйреткенін көңілімізге тоқи білсек, біздің əде-биет зерттеушілеріміз бен сыншыларымыздың бірқыдыру өмір сабағы болса керек, энерциямен жүре беруге болмайды. Сондықтан да қазақ кеңес əдебиетінің тарихын зерттеу сала-сында күні Бұрын ойланатын бір мəселеге назар аудару қажет сияқты.

Коммунистік партияның тарихи XX съезінен кейін лениндік принцип жүзеге асып, жеке адамға табынушылықтың зар-даптары түзетіле бастады. Жеке адамға табынушылықтың ең бір сойқанды кесапаты қазақ мəдениетіне, əсіресе қазақ əдебиетіне қатты тиген еді. Қазақ кеңес əдебиетінің негізін қалаушы Сəкен Сейфуллиннің, көркем прозаның тасқынды ар-насында еркін жүзіп, туған халқының көңіліндегі ой-арманын айта білген, оның өсу сатысын суреттей білген Бейімбет Майлиннің, тасқындап аққан Алатау өзендерінен де поэзия-сы қуатты болған Ілияс Жансүгіровтың, интернационалдық бауырмалдықтың туын қолына ұстай келген Сабыр Шəріпов-тың, тұңғыш режиссерымыз Жұмат Шаниннің, тағы да басқа ақын-жазушыларымыздың, сыншыларымыздың жиырма жыл-дан кейін өзімізге қайта оралуы – баға жетпейтін олжа, ұлы оқиға!

Page 143: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

143

Қазір олардың еңбектері жеке-жеке том болып та, шығар-маларының толық жинақтары да шығып жатыр. Еске түсіру кештері де ұйымдастырылуда. Газет-журнал беттерінде көп-теген мақалалар, естеліктер жариялануда, «Қазақ кеңес əдебие-ті тарихының очеркі» сияқты күрделі еңбекке еніп, өздерінің тарихтағы орындарына да ие болды.

Алайда осы салада бір оғаштық бой көрсетуде. Оның алдын алмай, еркіне қоя берсек, ертең-ақ үлкен кемшілікке, қала берді ірі саяси қателіктерге апарып соқтыруы мүмкін.

Партияның XX съезінен кейін дүниежүзіндегі сұрқия ре-визионистер болсын, аңдамай соның қармағына түсіп қалып жүрген өзіміздің адал жанды зерттеушілеріміз, сыншылары-мыз болсын, кеңес əдебиетінің 20-жылдары – «тамаша еді ғой, Бұл нағыз өнер туатын шығармашылық атмосфераның керемет заманы еді ғой» деген сияқты жалған пікірді айтып, əдебиетіміздің кейінгі жылдарғы өркендеуін жоққа саймақшы болды. Расында да солай ма? Жоқ. Бұл мүлде шындыққа жана-спайтын, тарихты Бұрмалайтын ең барып тұрған зиянды, қате пікір. Орыс, украин, өзбек, тағы басқа əдебиеттерде Бұл пікірге дер кезінде соққы берілді.

Ал енді біздің кейбір ақын-жазушыларымыздың азаматтық ақталуын саяси қателерінен ақталған екен деп түсініп қалушылар жоқ емес. Сонымен қатар «жоғалған пышақтың сабы түгелімен алтын еді» деп жүргендер де кездесуде.

Алматыда Сəкен, Бейімбет, Ілиясты еске түсіру кештері өткізілді. Ілиясқа арналған кеш дайындық, өткізу жағынан алғанда тамаша болды. Солай бола тұрса да, сол кеште Ілияс шығармашылығы жайында Байжарасовтың айтқан пікірін дұрыс деуге болмайды. Біздің əдебиеттану ғылымында бол-сын, қазіргі жазылып жүрген сындарда, мақалаларда болсын Ілиясты «қазақ кеңес поэзиясының негізін қалаушылардың бірі» деп таниды. Ал Байжарасов Бұны қораш көріп, азсы-нып: «Ілияс көптің бірі емес, қазақ кеңес поэзиясының негізін қалағанның нақ өзі» деп, тарихи шындықты ілтипатқа алмады.

Əрине, Байжарасов жолдастың Бұл айтқан пікірін ұмы-тып кетуге де болатын еді, бірақ Ілиястың таңдамалы шығар-

Page 144: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

144

маларына жазған «Халық өмірінің өрен жыршысы» деген алғы сөзінде Қалижан Бекхожин Пушкин атындағы көпшілік кітапханасынан табылған «Балдырған» мен «Қызыл жалау» атты қолжазбадағы өлеңдерді хабарлай келіп, олардың мəн-маңызын айтамын деп отырып Байжарасов пікірінің отына май құйған. Рас, Бекхожин Ілиястың ерте жаза бастағанын көрсет-пек болған, Бұған ешкімнің де дауы жоқ, бірақ ол өлеңдердің Ілияс шығармашылығындағы орны жайында əлі ойланып-толғану керек. Ілиястың халық таныған шығармаларының өзі-ақ оның тарихтағы орнын зорайта түспесе, кемітпейді.

Біз Ілиясқа байланысты айтылып-жазылып жүрген пікір-дің ішінде анық зерттелмей, асығыс жасалып жүрген қорытын-дылардың бар екендігін айтпақшымыз. Əрине, қазіргі уақытта əдебиет саңлақтарын – Сəкен, Бейімбет, Ілиясты халыққа та-ныту, əрі-беріден соң насихаттау керек, бірақ тарихи шын-дықтарды ылғи еске алып отыру шарт. Егер Бұлай етпей, аты-жөні жоқ мақтай беретін болсақ, шығармашылық, идеялық артық-кемдеріне назар аудармасақ, əдебиеттану ғылымының «бірыңғай ағым теориясына» ұрынып қалуы оп-оңай. Бұл қауіп тек Ілияс шығармашылығына ғана емес, Сəкен мен Бейімбеттің, қайтадан дүниеге келіп жатқан басқа шығармашылықтардың бəріне де дерт болып жабысуы мүмкін. «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркіне» арнап жазылған Е.Ысмайыловтың «Сəкен Сейфуллин», Қ.Жармағанбетовтың «Бейімбет Май-лин», М.Қаратаевтың «Ілияс Жансүгіров» туралы ғылыми еңбектерінде Бұл саңлақтарымыздың шығармашылығы негізінен дұрыс зерттелгенімен де əлі де болса да айта, түсіндіре түсетін мəселелер бар. Əрине, Бұлар келешектегі көлемді, жан-жақты зерттеудің алғашқы қарлығашы ғана.

Біздің ойымызша, Сəкен, Бейімбет, Ілияс шығармашы-лығының жарық, өнегелі жақтарымен қатар көлеңкелі жағы, кейбір уақыттағы өнерпаздық ұтыстары мен ұтылыстары, саяси жағынан шалыс басқан қадамдары қалың жұртшылықтың наза-рынан тыс қалмауы тиіс. Мысалы, Сəкеннің «Азия», «Жұмсақ вагон» деген шығармаларында теріс пікірдің салқыны барын, І партия конференциясында Ярославский жолдастың Сəкеннің

Page 145: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

145

сəтсіз өлеңдерін сынауын айтуымыз керек. Өйткені 1929 жылы «Менің қателерім туралы» дейтін мақаласында біраз уақыт сарыуайымдылыққа түскенін жасырмауын, ал «менің кейбір шығармаларымда партия жолынан қиғаш кеткен жерлер тап осы кездің, осы секілді жағдайдың жемісі еді» деп ашықтан-ашық мойындағанын біз ескермей өте алмаймыз жəне де Бұлар Сəкеннің шығармашылық бетіне мін боп тағылмайды, қайта оның өнерпаздық өмірін əділ бағалауға мүмкіндік береді. Сол сияқты Бейімбетті «пролетариат жазушысы ма?», ал Ілиясты «жолбике емес пе?» деген сияқты тұрпайы күдіктерге олардың кейбір шығармалары нəр бергендігін айтпай өтуге болмайды.

Болғанды болған деп ашып айтуымыз керек, Бұл біздің қателеспеуіміз үшін бір керек болса, əдебиетіміздің шын, нағыз ғылыми тарихын жасау үшін одан да гөрі қажет.

Осыған орай, қазақ əдебиетінің қалыптасу дəуіріндегі кей-бір ірі мəселелер де зерттеуді талап етеді. Қазақ əдебиеттану ғылымы осы уақытқа дейін социалистік қоғамның экономи-калық негізін дайындау жəне қалау дəуірінде болған таптық күрес жайында күмілжіктеп айта алмай келгені көпшілікке аян. Шындығына келгенде, əдебиетіміздің 20-жылдары, əсіресе туу, өсу, қалыптасу сатылары əдеби дəлелді фактілерсіз ай-тылатын, ең мықтағанда Сəбит Мұқановтың еңбектерімен сыдыртып шыға беретінбіз. Енді ол «кедейшіліктен» ары-лып, шығармашылық жағынан байыдық. Ендігі мəселе – 30-40-жылдардағы əдеби дамуымыздың 20-жылдарда қуатты арнасы, мықты негізі болғандығын барынша толық етіп, ғылыми түрде дəлелдеу. Осыған байланысты Бұрынғы кейбір айтылып жүретін пікірлеріміз қайтадан қаралып, түзетілуі қажет.

Ең алдымен əдебиеттегі ағымдар мəселесін, яғни про-летариат əдебиеті мен байшылдық-ұлтшылдық əдебиеттің арасындағы күресті барынша дəйектілікпен зерттеп, дұрыс қорытынды шығару керек. Өйткені мұның өзі жаңаның жеңбей, ескінің құрымай қоймайтындығын ғана емес, біздің əдебиетіміздің қиян-кескі күрес үстінде туып, шыңдалғанын, келешектегі зор табыстардың негізі сол кезеңде қаланғанын

Page 146: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

146

дəлелдейді. Сондықтан да əдебиетте болған тартыстарды, ай-тыстарды үндемей өтудің Бұдан былай орны бола қоймас.

Егер осы мəселені дұрыстап қолға алып, шешетін болсақ, онда біздің əдебиетте социалистік реализм əдісінің қандай жолмен жүзеге асқандығын, өсу процесіндегі қиындықтардың қандай болғандығын, көркемдік шеберліктің биік мұнарасына қол сермеу, оны игеру барысында жеткен табыстарымыз бен жеген опықтарымыздың, тарихи тəжірибелердің неге жеткізгендігін барынша анықтап аламыз, оған күшіміз де, құдіретіміз де жетеді. Бұл мəселелердің ойдағыдай зерттелуі бүгінгі кəсіби əдебиетіміздің алуан тілді, бір мақсатты кеңес əдебиет жүйесінде қандай биікке көтерілгенін айқын аңғарып алуымызға көмектеседі.

Қазақ əдебиетінің одақтық көлемге шыққанын біз əлі күнге дейін көркем шығармалардың орыс тіліне аударылуына қарай ұғынатын сияқтымыз. Бұлай ұғыну сыңаржақтықтан сау емес. Қазір кеңес əдебиеті тек орыс əдебиетінен ғана тұрмайды деген пікірді данышпан М.Горький ширек ғасыр Бұрын айтқан. Орыс əдебиетінің ағалық рөлін мойындай отырып, ұлт əдебиеттері өздерінің шама-шарқына қарай кеңес əдебиетінің өркендеуіне үлес қосуда. Сондықтан əдебиеттер арасындағы байланыс, олардың бір-біріне жасайтын ықпалы нақтылы да айқын көріне бастап отыр. Олай болса, қазақ əдебиетіне басқа əдебиеттердің жасаған ықпалын тексерумен қатар, қазақ əдебиетінің басқа туысқан əдебиеттерге жасаған ықпалын да тексеретін уақыт болды.

Қазақ əдебиетінің одақ көлеміне танылған күрделі тұң-ғыш тұлғасы – Жамбыл деп жасқанбай айту керек. По-эзия алыбының шығармашылығы қазақтың жаңа ауыз əдебиетін əлемге паш қылғанына, сонымен қатар көптеген, əсіресе түркі тілдес халықтардың поэзиясын, ауыз əдебиетін өркендетуге үлкен əсері болғандығын кім теріске шығара алады? Жамбылдың 75 жылдығын өткізу бүкілодақтық ме-рекеге айналуы да осыдан емес пе? Ұлы Отан соғысы жыл-дарындағы қаһарлы үні Кеңес Одағы халықтарының ой-арманын аңғартып, жауынгерлердің жүрегіне ұялағаны өзінің

Page 147: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

147

жемісін бермеді деуге бола ма? Туысқан əдебиеттерде Жамбыл поэзиясының əсері болуында дау жоқ. Бірақ осыны зерттеген кім бар? Бұл игілікті жұмысты да бізге біреу істеп беруі керек пе? Егер К.Зелинский сияқты белгілі сыншылар, ғылым адам-дары Жамбыл шығармашылығының жалпы бағытын тексеріп, ара-тұра оның ықпал ету тендендияларын аңғартып отыр-са, біз Бұл іске ерекше мəн беруге тиісті емеспіз бе? Біздіңше, тіпті тар көлемде алғанда Жамбылдың поэзиясының ықпалын қырғыз, қарақалпақ, түрікмен əдебиеттерінің поэтикалық тəжірибелерінен аңғаруға болады. Сол сияқты Əуезовтің «Абай» эпопеясы да ықпал етуден құралақан деп кім айта ала-ды? Міне, Бұл қазақ əдебиеттану ғылымының күн тəртібіне қоятын кезекті үлкен проблемасы болуға тиіс.

Осыған орайласа туатын бір мəселе тағы бар. Қазақ əдебиеті туралы бауырлас республикалардың, халықтық де-мократия елдерінің, дүниежүзінің баспасөздерінде жазы-лып жатқан сындар мен мақалалар аз емес. Бірақ біз Бұдан мүлде бейхабармыз деуге болғандай. «Ботагөз» туралы Бол-гарияда, «Қазақ солдаты» туралы Францияда, «Абай» тура-лы бірқатар елдерде пəлендей мақала жазылыпты» дегенді ауызекі естиміз де, газет-журналдардың бетінен мүлде көрмейміз деуге болғандай. Бұларды əдебиет зерттеушілері өзінің еңбегінде пайдалануға міндетті болса, ал жана-шыр оқушыларымыз біліп отыруы, өз əдебиетінің өзге елде қалайша бағаланатынын көріп отыруы тиіс. Міне, сонда ғана біздің əдебиетіміз одақ көлеміне, қала берді дүниежүзіне та-нылып отыр деген сөзіміз дəлелді болады. Бұл іске мұрындық боп отыратын орын – академияның Тіл жəне əдебиет институ-ты. Алайда оның тарапынан осы салада істелген іс мардымды дей алмаймыз. Бұл – таяу арада шешімін табуға тиісті мəселе.

Қазақ əдебиеттану ғылымының осындай проблемалары-мен қатар, əдебиет зерттеушілердің жарияланған еңбектері мен мақалаларында кездесетін кейбір кінəраттарды айта кет-кен орынды.

Соңғы жылдары əдебиет зерттеушілері мен сыншылар теориялық мəселелердің ішкі сырын аңғаруға, өзінің қисыны мен топшылауларын ортаға салуға ден қоя бастағандай. Ірі

Page 148: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

148

еңбектер туа қоймаса да, əдеби процестің заңдылықтарына үңіле қарау, жаңалық нышанына қамқорлық жасау, оны байыптап түсінуге ұмтылу, əрбір ақын-жазушының өзіне тəн ерекшеліктерін аңғару сияқты мəселелер кейде арнайы, кейде сөз арасында айты-лып қалып жүр. Əдебиет жанрларының ішкі сырларын ашу, дəстүр мен жаңашылдықтың, түр мен мазмұнның арақатысын айыру, тип, характер, тартыс мəселелеріне ойлана көз жіберу, көркемдік шеберлік пен стильдік шығармашылық негіздерін бағдарлау, реализм мен романтизмнің ажыраспас бірлігін жəне олардың айырмашылықтарын байыптау сияқты теориялық проблемалар жөнінде емін-еркін болмаса да пікір айтыла бастады. Бұл – қуа-нарлық көрініс.

Көптен бері жалаң практицизмге салынып келген əде-биетшілердің теориялық мəселелерді төңіректеуінің өзі жақсылықтың нышаны, əрі қарай өркендете түсер құнарлы арнаның бірі. М.Əуезовтің «Əр жылдар ойлары», ұжымдық еңбек «Социалистік реализм туы астында», «Қазақ кеңес əдебиеті мəселелерінің» бірінші жəне екінші томдары, газет-журналдарда əр кезеңде жарияланған теориялық мақалалар сыншылық ойды өрге бастырудың жаңа сатысына жетелейді жəне Бұрынғы жалтақтықтан арылуға, бүкілодақтық пікір жа-рысына белсене араласуға үндейді.

Алайда осы салада əлі де болса аяқтан шалып келе жатқан қиындықтар да жоқ емес. Бұлар көбіне субъективтік себептер-ге негізделген де сияқты. Кейбір аға буын əдебиетшілеріміз бен сынға белсене араласып жүрген ақын-жазушыларымыздың шұрайлы еңбектерін айтпағанда, жас ғалымдарымыздың шығармалары теориялық диапазонының кеңдігімен көзге түсе бермейді. Көптеген мақалалардан, зерттеулерден социалистік эстетиканың негізгі принциптерінің қат-қабат сырларының толық игерілгендігі, білім молдығы, туысқан əдебиеттердің, əсіресе Орта Азия халықтары əдебиеттерінің даму ерекшеліктері, жетістік-кемшіліктері мен жете хабардар екендігіміз, бүкілодақтық теориялық ой-пікірдің жүйесімен əбден таныс екендігіміз анық байқалмайды. Жалғыз ғана қазақ əдебиетінің шығармашылық практикасымен теориялық

Page 149: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

149

кеңістікке қол сермеу қиындау. Бүкілодақтық, дүниежүзілік көркемдік сахнасына шыққан əдебиетіміздің өркендеуіне сай сыншылық ой-пікірдің өресі биік, алымы мол болуы тиіс.

Күні бүгінге дейін көп ұлтты кеңес əдебиетінің тари-хы жасалмай отыр. Əдебиет тарихына негіз болатын көркем шығармалар көптеп туғанымен, соның қалыптасу, өркендеу мəселелері зерттеу еңбектерінде əлі тиянақты шешіле қойған жоқ. Оған біздің тигізіп отырған септігіміз де шамалы. Əрбір ұлт əдебиетшілері өз əдебиетінің аумақтық шекарасынан асарлық ой-пікір айтса ғана, салыстырма зерттеулерге ойыс-са ғана өмірге жанасымды теориялар тумақ. Ол үшін инсти-тут, университет, əрі кеткенде аспирантура берген білімімізді тынымсыз, ізденгіш еңбекпен молықтыра түсуге міндеттіміз. Мұнсыз теориялық шыңға көтеріле алуымыз екіталай.

Теория мəселелеріне арналған еңбектерден аңғарылатын тағы бір кемшілік – тыңнан соқпақ салудан гөрі, даңғылы бар жолмен жүруге ұмтылушылық, басқаша айтқанда, дау ту-дырмайтын, əлдеқашан айтылған ақиқат қағидаларға қазақ əдебиетінен мысалдар іздеуге талаптанушылық.

Ерте кезде декларациялық түрде жазылған мақалаларға қарағанда мұнымыз бір қадам ілгері басқандық, əліппені ай-тудан гөрі, оны мысалдармен көзге көрсетуге ұмтылу, əрине, тəуір, бірақ бірден-бір дұрыс жол емес. Бұл бетпен жүре бер-сек жамаушыға, құрақ құраушыға айналып кету қаупі бізді төңіректеп жүреді де қояды. Оны кейбір олақ еңбектерден анық байқауға болады.

Қазақ кеңес əдебиетінің өркендеу, даму жолдары, шығар-машылық практикасы бізге бірқыдыру материалдар бере ала-ды, сондықтан да біз нақты əдеби процестен теориялық ой-пікір тұжырымдауға тиіспіз, керісінше істеуге, яғни теориялық қағидаларға əдеби процесті апарып жапсыра салуды машыққа айналдыруға тиісті емеспіз.

Көркем шығармаларды талқылаған уақытта, зерттегенде шеберлік жетіспей жатыр деуді ұнатамыз. Ал сыншылар мен əдебиетшілердің өздері сол шеберлікке өз еңбектерінде жете мəн бермейтіндігі де көзге түседі.

Page 150: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Қазақ əдебиетшілерінің, əсіресе жастар «батальонының» жазған еңбектерінде шұрайлы ойдың көркем тілмен баян-далуына, логикалық түйіннің айқын болуына, мақала компо-зициясының беріктігіне, терминдердің орынды қолданылуына мəн бермеушілік сияқты кемшіліктер жиі ұшырайды. Əдебиет-ші де өнер иесі болғандықтан, əсем сөйлеп, айқын пікір айтуы тиіс.

Осыған сабақтаса туатын кемшіліктің бірі – мақала мəде-ниетінің төмендігі. Белгілі бір мəселеге тікелей қатысы болмаған саланы, оны зерттеушілерді іліп-қағу, кекету, мұқату əдептілікке, көп білемділікке жатпайды. Сондай-ақ «мен жоғарыда айтып өткендей», «менің тұжырымдауымша» деген сөздер əсіресе жастардың жазған мақаласына күш бітірмейді, қайта оның ажарын қашырады. Біреудің айтқан пікірін өз сөзімен жаңғырту сияқты келіссіз көрініс те еңбектің мəнін түсіретіні ақиқат. Əдебиетшілердің еңбектерінде кезігетін осындай кінəраттар тез жойылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақ əдебиеттану ғылымы қазір өркендеу, өсу дəуірінде. Бір кезде кадрға мұқтаж болған əдебиеттің осы саласы бүгінде жас дарындарға молықты. Өскен əдебиеттің арғы-бергі тарихын, оның шығармашылық, теориялық проблема-ларын ғылыми арнамен зерттей алатын, сөйтіп бүкілодақтық сыншылық ой-пікірдің ұлы арнасына ұласа алатын мүмкіндік біздің өз қолымызда.

1958 ж.

Page 151: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

151

ҚАРҚЫНДЫ ӨРЛЕУ

Коммунистік партияның XX съезінің тарихи қаулы-қарар-ларынан рухани қуат, өнерпаздық шабыт алған əдебиетіміз гүлдене өркендеуде. Үстіміздегі дəуірде көркемдік құны жоғары, идеялық нысанасы айқын шығармалар туып қана қоймай, əр жанрдың ішкі түрлері мен саласы молайып, жетіле түсті. Осы процесті жіті аңғарып отыратын əдебиеттану мен сынның өзі зор қарқынмен өркендеп, жаңа сапалық қасиеттерге ие болуда.

Қазақ əдебиеттануының Бұл дəуірде қарышты қадам жасағанын аңғарту үшін 1956 жылдан 1966 жылға дейінгі аралықта екі жүзге тарта ірілі-уақты əдеби сын мен зерт-теу еңбектерінің жарық көргенін айтса да жеткілікті. Мұндай мол сыншылық өнім əдебиет тарихында Бұрын-соңды болып көрген емес.

Қазақ əдебиеті тарихының алты томдығын жазып, қалың көпшіліктің талқысына жасқанбай ұсынудың өзі-ақ əдебиеттанудың құлашын кеңге сілтегеніне айғақ. Мұндай əлеуметтік те ғылыми мəні зор еңбектің дүниеге келуінің өзі əдебиет ғылымының марқайғандығының айқын көрінісі. Бұған қоса «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі» одақ көлемінде көтеріңкі бағаланғанын, əрқилы əдеби сын еңбектерінің үздіксіз жарияланып жатқанын, жанр, проблема, жеке жанр-лар жайлы монографиялардың жарық көруін жоғары жəне орта мектептердің тұрақты оқулықтар жəне оқу құралымен қамтамасыз етілуінің, ауыз əдебиетінің үлгілері мен жеке ақын-жазушы мұраларының том-том болып жариялануын, тестологиялық жұмыстарға ден қойылуына сабақтастыра, қазақ əдебиетінің өзінің жанрлық сипатын əбден айқындағанын жəне білімдар кадрдан мұқтаждық көрмей отырғанын байқаймыз.

Бүкілодақтық əдебиет ғылымы талай жылдан бері қалып-тасып қалған анықтаманың, яғни «əдебиеттану – теория, та-рих пен сын салаларынан құралды» деген анықтаманың ауқымына сыймай, жаңа өріс тауып отырған сияқты, қазақ əдебиеттануы да өзінің қолы жеткен жетістіктеріне сай іштей

Page 152: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

152

өзгерістерге ұшырауда. Қазір əдебиеттанудың жанрлық сипа-ты жаңа салалармен толыса бастады, əдебиеттанудың методо-логиясы мен əдебиет теориясы бізде əлі кең өріс ала қойған жоқ, алайда олардың шет жағасы айқын көрініп, үлкен олжа салуда. Əдебиет ғылымының өркендеу барысында Бұл екі сала қарыштай алға баса беруге тиіс. Ал əдебиет сыны мен та-рихы өскелең талапқа жауап берерлік табыстар ауқымында, əдебиеттанудың құрамды саласына кіретін қосалқы сала, яғни библиография, текстология, тарихнама, деректеме, сыншылық интерпретация (əрқилы түсіндірмелер), əдеби шежірелер, т.б. бой көтеріп қана отырған жоқ, қайсыбірі ғылыми пəнге айналып та келеді. Əрине, əдебиет ғылымының құрамды салаларының бəрі өнегесі мол орыс əдебиетіндегідей тарамда-нып кете қоймағанмен, өз тұлғасын көрсетерліктей халге келіп қалғанын аңғармасқа болмайды.

Сонымен, қазақ əдебиеттануының іштей түлеп өркендеуі кездейсоқтыққа, яғни əлдеқалай жазыла салған сын-зерттеу еңбектеріне негізделмей, ғылыми арнаға түсіп отыр. Бұған түбегейлі бірнеше себеп бар. Ең алдымен, қазақ əдебиетінің кəсібилілігі одан арман өркендеп, одақтық, дүниежүзілік сахнаға шығуы болса, екінші жағынан тарихи ХХ съезден кейін сын-зерттеу еңбектерін ғылыми негізде жүргізуге жағдай туғандығы, үшіншіден, əдебиеттануға жалпы мəдени дəрежесі көтеріңкі, эстетикалық талғамы қалыптасқан кадрлардың көптеп келуі, арнаулы ғылыми мекемелердің, баспасөз орындарының ашылуы. Осындай объективтік жағдайлар арқасында əдебиеттану мен сынның жалпы өресі биіктеп, алы-мы молайды.

Үстіміздегі əдеби кезеңнің Бұрынғы дəуірлерден айырма-шылығы – əдебиеттанудың арнайы ғылым саласы болып қалыптасуында, сыншы мен зерттеушілердің өнерпаздық бірлік табуында ғана емес. Осыншама орасан зор табыс əде-биетіміздің алғы дəуірлерінде өздерінің шығармашылық бетін айқындаған Б.Кенжебаев, Ə.Мəмбетов, Е.Ысмайылов, Х.Жұмалиев, М.Қаратаев, Б.Шалабаев, Т.Нұртазин, М.С.Силь-ченко, олардың өкшесін баса шыққан Ə.Қоңыратбаев, М.Ғаб-

Page 153: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

153

дуллин, Қ.Мұхаметханов, Ы.Дүйсенбаев, əр салада қалам тар-тып жүрген Қ.Жармағамбетов сияқты əдебиетшілердің ауыр да тынымсыз еңбектеріне жаңа күш қосқан, осы кезеңде өнерпаздық бетін танытып, əдебиеттануға тұрақты кадр болып қосылған Айқын Нұрқатов (1928–1965), Қалжан Нұрмаханов (1927–1964), Дəукенбай Шалабеков (1925–1959), З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, М.Хасенов, Н.Сармурзина, Ш.Сəтпаева, Ə.Дер-бісалин, Ш.Ахметов, М.Тілеужанов, Ə.Байтанаев, Ф.Кенды-баев, Б.Адамбаев, Б.Уақатов, Т.Сыдықов, Б.Ысқақ-ов, М.Шөменов, Ғ.Əбетов, Ғабиров, Х.Сүйінішəлиев, З.Серік-қалиев, М.Мағауин, Р.Нұрғалиев, Ə.Жəмішевтердің еңбек-терімен еселене түсті.

Қазақ əдебиетінің өркендеу барысында өнерпаздық мəселе-лерді сөз етіп, түйінді проблемаларды шешуге атсалысып отырған əдебиетшілердің мұндай жасағы Бұрын болып көрген емес.

Қазақ əдебиеттануының осындай қарқынды өрлеуіне тек əдебиетшілердің еңбегі ғана емес, дəстүрлік сипаты əбден қалыптасқан процесс, яғни ақын-жазушылардың əдебиет мəсе-лелерін сарапқа салып отыру дəстүрі септігін тигізуде. Əдеби съезд, пленумда жасалған баяндамалар мен жиын-тойда сөйлеген сөздерді былай қойғанда, өткен əдебиетіміздің ерен мəселелері мен бүгінгі өркендеуіміздің сыр-сипатына назар аударған талай еңбектер жарық көрді. М.Əуезовтің «Əр жыл-дар ойлары» (1959), «Уақыт жəне əдебиет» (1962), «Мысли разных лет» (По литературным тропам), «Абай Құнанбаев» (1970) деген ғылыми-сын мақалалары мен монографиялық зерттеулерінің жинағы, С.Мұқановтың «Өсу жолдары-мыз» (1960) атты сын мақалаларының жинағы мен «Жарқын жұлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974) атты моногра-фиясы, Ə.Тəжібаевтың «Өмір жəне поэзия» (1962), «Қазақ драматургиясының қалыптасуы» (1962), Қ.Бекхожиннің «Дəстүр жəне жаңашылдық» атты еңбектері – əдебиеттанудың заңды олжасы, өнерпаздық байланыстың өнегелі жемістері.

Қазақ кеңес əдебиеті өркендеуінің өн бойында ақын-жазушылардың сыншылық ойларының сабақтаса дамуы əде-

Page 154: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

154

биеттанудың аяқталуына жағдай жасап келгендігін қуана айтқан уақытта өнерпаздық мəселесін өрелі биік тұрғысынан ортаға салып отыратын ақын-жазушылар соңғы жылдары белсенділік көрсетпей келе жатқанын да өкінішпен айтпасқа болмайды.

Əдебиеттің өркендеуіне, оның əрбір жаңа шығармасына өз ой-өрісінің көлемінде пікір айтып, əдебиеттануға септігін тигізіп отыратын оқушы пікірлері Бұл кезеңде едəуір эсте-тикалық биікке көтерілді. «Қазақ əдебиеті» газеті 10 повесть жайында оқушылардың сырттай конференциясын өткізді, сондай-ақ анда-санда болса да оқырмандар пікірін жарияла-уы – оқушы қауымның мəдениеті артып, эстетикалық талғамы ұштала түскендігін көрсетеді. Бұл процесс əдебиеттануға социологиялық-эстетикалық талдауды тереңдете түсу қажет-тігін аңғартса, екінші жағынан, жалпы оқушы қауымға əде-биеттанудың игі əсері тиіп, сыншылық ой-пікірлерін жүйелі баяндауға жетелегенін көрсетеді. Бір-бірімен сабақтасып жатқан егіз процестің Бұдан былай да өркендей берері хақ. Қазақ əдебиеттануының қарышты өркендеуі əдебиет тарихын жасау мен бүгінгі əдеби процестің даму бағытын айқындап отыратын оқиға да байланысты. Қазіргі таңда Бұл салалар əдебиеттануда жетекшілік рөл атқаруда. Тарих пен сынның қарқынды өрлеуіне барынша өнерпаздық қажеттіктер бол-ды. Ең əуелі əдебиеттанудың Бұл салалары бүгінгі күннің практикалық талап-тілегін орындауға міндетті екендігінен қуат алып, өркендеді. Орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттеріне қазақ əдебиетінің басып өткен тари-хи жолдарынан тиянақты білім беру, өнерпаздық белестерімен таныстыру, əдеби бағыттар мен стильдердің алмасу процесін түсіндіру, ертеде өткен дарын иелерінің елге сіңірген еңбегін қастерлеу, олар жасаған өнерпаздық дəстүрлердің озығын бүгінгі күннің кəдесіне жарату сияқты күрделі проблема-ларды шешудің өзі əдебиеттанудың тарих саласын айрықша өркендетті. Практикалық мұқтаждық замана талабына ай-налды. Əдебиетшілердің бар шығармашылық күш-қуаты осы бағытқа аударылды. Ал қазақ кеңес əдебиетінің қазіргі

Page 155: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

155

кездегі дамуы, оның табысы мен кемшілігі жауынгер сынның əдеби процеске белсене араласуына арқау болды. Өскелең əдебиет өресі сүбелі ой-пікірді туғызып отырды, практикалық қажеттіктер əдебиет тарихы мен сынының қарқынды қадаммен ілгері басуына игі əсер етті. Орта мектептерге қажетті əдебиет оқулықтары мен хрестоматияларын жасау мəселесі негізінен алғанда 30-40-жылдары шешілген де, Бұл дəуір ішінде олар-ды толықтыру, педагогикалық өскелең талаптарға икемдеу процестері жүріп жатты. Мектеп оқулықтарының авторлары құрамының өзгеріске ұшырауы жалпы объективтік себептер-ге байланысты болатындығын, кейбір қалыптасқан пікірлердің ішінара өзгертіліп, жетілдіріліп отыратындығын ескерген уақытта, əдебиет тарихының жалпы арнасы ғылым жетістігіне сай қалыптасады. Үстіміздегі дəуір кезінде мектеп оқулықтары мен хрестоматиялары С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармашылығының қайта оралуына байланысты молығып, кейбір қалыптасқан тұжырымдар жаңаша баяндалды. Сөйтіп, мектеп оқушылары Қазан төңкерісіне дейінгі жəне одан кейінгі қазақ əдебиетінің тарихын жүйелі оқуына мүмкіндік алды.

Тарихи XX съездің қарарын жүзеге асыру мақсатымен 1957 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті «Қазақ халқының əдеби-поэзиялық жəне музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы жəне оны жақсарту шаралары туралы» қаулы алып, əдебиеттану мен өнертанудың негізгі өркендер арнасын айқындап берді.

1948 жылы М.Əуезовтің басшылық етуімен «Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томы, 1949 жылы Х.Жұмалиевтің редак-циясымен шыққан «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі» сияқты ұжымдық еңбектерде, сондай-ақ жеке авторлардың монографиялық зерттеулерінде методологиялық принциптердің қатаң сақталмауы, дөрекі социологизмнің, «бірыңғай ағым» мен тартыссыздық теорияларының элементтері көрініп қалуы, кейбір тарихи шындықтың сыры терең ашылмай, жамап-жасқау, безендіру ниетінің кездескендігі, ғылыми тұжырымдар мен қорытындылардың нақты зерттеулермен дəлелденбеуі сияқты кем-кетіктер болғаны белгілі. Қазақ əдебиетінің негізгі про-

Page 156: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

156

блемаларына арналған 1959 жылғы ғылыми-теориялық конфе-ренция Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қаулысын іс жүзіне асыру бағытында ғылыми ойларды ортаға салды, қазақ əдебиеттануына кедергі болып келе жатқан көп мəселелердің оңтайлы шешімін табуға жағдай жасалды.

Қазақ халқының бай ауыз əдебиетін зерттеу, оны əлі де болса жүйелі түрде жинау, жариялау, насихаттау, басқа əдебиеттердегі үндес, əуендес жырлардың шығармашылық байланысын тыңғылықты тексеру, жанрлық өзгешеліктерін талдау, сөйтіп, қазақтың халықтық шығармашылығы мен кеңестік фольклордың тарихын жасау; ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ əдебиетінің даму жолдарын, дара ақындық поэзияның сыр-сипатын, Абай, Шоқан, Ыбырай бастаған ағартушы-демократиялық бағыттың өрелі өңірде туып, қазақ əдебиетінің жаңа сапалық қасиеттерімен толыса түскеніне, озық дəстүр жасағанына айрықша назар аударып, Шортанбай, Дулат шығармашылығындағы қайшылықтарды тарихи шындыққа байланысты ашу, ХХ ғасырдың бас кезінде өнерпаздық өмірге араласқан, əлеуметтік бір мəселелерде əртүрлі пікір айтқан дарындардың еңбектерін сын елегінен өткізе отырып, зерттеу, сөйтіп, қазақ əдебиетінің тарихын маркстік-лениндік методологияның талаптарына сай жа-сау, қазақ кеңес əдебиеті тарихының 1958 жылы жазылған очеркін одақтық оқушы қауымға ұсыну, əдебиеттің көрнекті өкілдері, сондай-ақ проблемалық мəселелері, əде-биеттердің шығармашылық байланысы жайлы моногра-фиялық зерттеулерді күшейту міндеті айқындалып, қазақ əдебиеттануы ғылымының кең арнамен өркендеуіне мүм-кіндік туды.

Ғылыми-теориялық конференцияның игілікті ықпалы аз жыл ішінде көріне бастады. Қазақ республикасының 40 жылдығына бағышталып шыққан «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркін» одақтық əдеби-ғылыми қауым жылы қабылдап, кеңестік əдебиеттануға қосылған үлкен үлес деп бағалады. Сөйтіп, қазақтың ұжымдық ой-пікірі бүкілодақтық сахна табалдырығын аттады.

Page 157: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

157

1960-1967 жылдар арасында қазақ əдебиеті тарихына арнал-ған 6 томдық ғылыми еңбек жарық көріп, қалың көпшіліктің игілігіне айналып отыр. Аз жыл ішінде республикамыздың мəдени өмірінде үлкен əлеуметтік мəні бар ұлан-ғасыр ең-бектің дүниеге келуі əдебиеттану ғылымының бар жанрда қалыптасып, социологиялық-эстетикалық талдаудың өрелі биігіне көтерілгендігін аңғартады.

Əдебиет тарихын жасау мəселесі жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын пəрменді жүргізуге жəне əдебиетшілер жасағының құралуына байланысты шешіледі. Қазақ əдебиет-тану ғылымы саласында Бұған дейін жүргізілген зерттеу еңбектерінің бəрі де əдебиет тарихының ғылыми курсын жасау барысында түгелдей ескерілді, Бұрын еленбей келе жатқан салалар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді жəне əдебиетшілердің өнерпаздық жігерленуі осы үлкен де абырой-лы, сонымен қатар аса жауапты іске бағышталды.

«Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томының бірінші кітабы (1960) қазақ халқының бай ауыз əдебиетінің өсіп-өркендеу, даму жолдарын зерттеуге арналды. Бұл томда 1948 жылы шыққан еңбектің кейбір ұзын-ырғасы сақталғанмен, ғылыми-зерттеу методологиясы да, ауыз əдебиетін жүйелеу тəсілі да, əрбір үлгілерді талдау əдістемесі де Бұрынғыдан əлдеқайда өзгеше жəне көптеген тың тараулар мен бөлімдер қосылған. Соның арқасында қазақтың ауыз əдебиетінің өсіп-өркендеуі əдебиеттанудың бүгінгі қол жеткен биіктігі дəрежесінде баяндалып, қалың оқушы қауымның кəдесіне жарап, жоғары мектеп шəкірттерінің негізгі бағдар алатын оқулығына айналды, ғылыми-зерттеу ісіне бағыт беретін де-ректеме дəрежесіне көтерілді.

Қазақ халқының ауыз əдебиеті туралы ғылымның даму жол-дары, оның өркендеу барысы жайлы тарихнамалық талдаудан болса да, не ғылыми жүйеге салынып талданған тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, батырлар жыры мен лиро-эпостар, айтыс-өлеңдері мен фольклор, тарихи жырларға арналған тараулар-дан болсын, қазақ ауыз əдебиетінің үлгілерін оқып-үйренуге, зерттеуге талаптанғандардың бəрі де толық мағлұмат алады.

Page 158: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

158

Қазақ əдебиетінің басқа əдебиеттерден айрықша өзгешелі-гі – жазба əдебиет пен ауыз əдебиетінің өзектесе, бір-біріне ықпал ете дамуы. Мұндай өнерпаздық құбылыстың сырын терең де байыптап зерттеу, оның себебін түсіндіру, аз жыл ішінде өзінің игі дəстүрін қалыптастыра білгендігін, одақтық көркемдік сахнасына емін-еркін шыққан əдебиеттің өркендеу арнасын арнайы сөз ету «Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томының екінші кітабының (1964) үлесіне тиген. Кеңестік фольклордың өркендеуі де, ол жөніндегі ғылымның өресі де қағаберісте қалмай, фольклор мен əдебиеттің жəне музыканың арақатынастары, бір-біріне əсері, кеңес заманындағы ауыз əдебиет үлгілерінің жанрлық сипаты, оны дүниеге келтіруші ақын, жырау, жыршылардың шығармашылық өнерпаздығы тиянақты зерттеліп баяндалған.

Кеңестік əдебиеттануда əр елдің ауыз əдебиеті мұрасын зерттеген еңбектері болғанымен де, өз əдебиетінің қосарлана, өзектесе даму процесін нақтылау, оның тарихын жасау тəжірибесі қазақ əдебиеттану ғылымында тұңғыш жүзеге асып, елеулі олжаға айналғанын айрықша атау шарт. Бұл ретте қазақ əдебиетшілерінің ғылыми-шығармашылық жетістігіне бауыр-лас əдебиеттер, əсіресе түркі тіліндегі əдебиеттер өкілдері баса назар аударып отырғаны тағы бар.

«Қазақ əдебиеті тарихының» екінші томының бірінші жəне екінші кітаптары ХVІІІ-ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің өсіп-өркендеуіне, əдеби бағыттардың қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасына, орыс, батыс, шығыс əдебиеттерінің өнерпаздық байланысына жəне жеке да-рын иелерінің шығармашылығы мен өмірін зерттеп баяндауға арналған.

Ал үшінші томның бірінші жəне екінші кітаптары түгел-дей қазақ кеңес əдебиетінің туу, қалыптасу, өркендеу процес-терін бес дəуірге бөле қарап, социалистік реализмнің қазақ əдебиетінде орнығу, жетілу жолына да айрықша назар аударған, дүниежүзілік көркемдік сахнасына жасқанбастан шыққан əдебиетіміздің елеулі асуларындағы шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктері сарапқа түскен, өнерпаздық

Page 159: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

159

дəстүрі кəдеге асуы ескеріліп, кешегі мен бүгінгі көркемдік про-цестер сабақтастырыла, өзектестіріле баяндалған. Маркстік-лениндік ғылымның методологиясы негізінде жазылған, тарихи-эстетикалық талаптарға жауап беріп, практикалық-ғылымдық қажеттілікті өтеп отырған «Қазақ əдебиеті тарихының» толық курсы ешбір мін-ақаудан мүлде ада де-уге болмайды. Əлі де болса зерттей, айқындай түсуге тиісті мəселелер жоқ емес. Тарих, археология, этнография, қоғамдық ғылымдар жүйесінің қарыштап дамуы тұрғысынан қараған уақытта қазақ əдебиетінің көне заманын, яғни ХVІІІ ғасырдың арғы деңгейіндегі шығармашылық-өнерпаздық дамуды зерттеу қажеттігі айқындалып отыр. Қазақстан жерін мекендеген көне тайпалардың өнері, материалдық мəдениеті, қазақ халқының құралу процесіндегі шығармашылық жай-күйі атаусыз қалатын құбылыстар емес. Өркендеп, алымы кеңейіп келе жатқан қазақ əдебиеттану ғылымы Бұл ақтаңдақты жоюға, қазақ халқының өлең-жыры өзімен бірге жасап келе жатқандығын дəлелдеуге ойысары хақ.

Қоғамдық дамудың қат-қабатына байланысты ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің даму процесі өте тыңғылықты зерттеуді талап етеді. Бұл кезеңнің демократтық-ағартушылық идеяларын түсіну, түсіндіру процесі басталғанымен де, əлі де болса онымен қатарласа өмір сүріп, əлеуметтік ой-пікірге ізін салған саяси-əдеби құбылыстар қағаберісте қалуда. Қоғамдық сананың айнасы – əдебиеттің өркендеуін тұтас қамти зерттеу, оның құпия сырларын ашу кезектегі міндет.

Сол сияқты қазақ кеңес əдебиетін де түбегейлі зерттеу проблемалары, жаңаның орнығу, жеңу процестерін көрсету мəселелері, социологиялық жəне эстетикалық талдаулардың таразысын тең ұстау керектігі де ескерер жайттар.

Қазақ əдебиеті тарихының алты томдығын жасау процесіне белгілі дəрежеде басқыш болған, оның түйінді мəселелерін ше-шуге септігін тигізген ғылыми-зерттеу еңбектеріне азды-көпті тоқтай кеткен жөн.

Қазақтың бай ауыз əдебиетін ғылыми негізде зерттеу Шоқаннан басталып, орыс ориенталистерінің еңбегімен толы-

Page 160: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

160

са түскендігін айтқанда, оның жеке білім саласына айналуы кеңес заманымен тұстас екенін есімізден шығармағанымыз жөн. Газет-журналдардағы шын пікірлер мен ойларға аялдамаған күннің өзінде, 1927 жылы М.Əуезовтің «Əдебиет тарихы» жөнінде жүйелі пікір айтуы (кітап басылғанмен, қалың көпшілікке таралмай қалған), С.Сейфуллиннің 1932 жылы қазақ ауыз əдебиеті туралы оқулық-хрестоматия жа-сап, жоғары мектеп оқулықтарының жасалуы, 1948 жылы «Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томы, 1955 жылы «Кеңес заманындағы қазақтың халықтық поэзиясының очеркі», 1958 жылы М.Ғабдуллиннің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ халқының əдебиеті» оқулығы, кеңестік фольклористикаға үлкен үлес болып қосылған Е.Ысмайыловтың «Ақындар» (1956) атты монография-сы сияқты еңбектерді жазудағы оңтайлы тəжірибелер мен халық шығармашылығының озық үлгілерін ғылыми-көпшілік тұрғыдан да, таза ғылыми-зерттеу тұрғысынан да «Батыр-лар жырының», «Қазақ ертегілерінің» үш томдықтары жəне лиро-эпостар мен ауыз əдебиеті үлгілерін жариялап, қалың көпшілікке ұсыну – ауыз əдебиетінің тарихына арналған ғылыми күрестің ойдағыдай шығуына жағдай жасады.

Əдебиет тарихы еш уақытта бірден жасалмайды, оның көптеген дайындық жұмыстары мен басқыштары болмақ. Əрбір əдебиетшінің өз талап-тілегіне сай жазған еңбектерінің, сондай-ақ əдістемелік мақсатта шыққан оқу құралдарының бəрі де əдебиет тарихын жасауға мүмкін-қадерінше жəрдем етеді. Əдеби-сын жинақтары проблемалық мəселеге не жеке ақын-жазушылардың шығармашылық жолын суреттеуге арналса да ғылыми еңбек ауқымына тартылып, онда айтылған артық-кем пікірлердің бəрі тарих жасау кезінде ескеріліп отырады. Осындай ұжымдық ой-пікірлердің арқасында əдебиеттанудың кейбір салалары арнаулы білім тарауына айналып кететіні де жиі кездеседі.

Қазақ əдебиетінің Қазан революциясына дейінгі дамуының жарық жұлдызы болған Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жаңа жазба əдебиетінің негізін қалауы, оның идеялық-эсте-

Page 161: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

161

тикалық мұратының айқындалуы, озық дəстүр жасауы, өзге əдебиеттермен шығармашылық байланыс орнатуы жайын-дағы, Абай қалыптастырған жаңа көркемдік норманың кейінгі дарындарға жасаған ықпалы, өнерпаздық өмірдің алуан салаларының бір-бірімен сабақтаса дамуы сияқты күрделі про-блемаларды зерттеуге мүмкіндік берді.

Абайтану ілімінің негізін салушы Мұхтар Əуезовтің ерен еңбектерін айтпаған күннің өзінде, 1954 жылдан бері қарай қоғамдық ғылымның əр саласында Абай жайында отызға тарта ғылыми-зерттеу, насихаттама еңбектер шықты. Х.Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы жəне Абай поэзиясының тілі» (1949), М.С.Сильченконың «Абайдың шығармашылық өмірбаяны» (1957) сияқты еңбектерді былай қойғанда, Абай өнерпаздығын жан-жақты тану процесі тек əдебиетшілердің үлесіне ғана айналмады, академик Т.Тəнібаевтың Абайдың педагогикалық (1954), психологиялық (1957) көзқарасын, фи-лософ Қ.Бейсембиев Абайдың дүниетанымын (1956), та-рихшы М.Ақынжанов қазақ ағартушыларының əлеуметтік көзқарасының қалыптасуын (1955), Ə.Жиреншин Абайдың орыс достарымен байланысын (1959) зерттегенін, «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» (1954) жəне «Абай Құнанбаевтың музыкалық шығармашылығы» (1955) туралы ұжымдық жинақтардың жарияланғанын, Абай шығармалары мен дүн-иетанымының əр саласы бойынша қоғамдық ғылым өкілдері жиырмаға тарта диссертация қорғағанын айтсақ, абайта-ну ілімінің əдебиеттанудың үлкен бір саласына айналғанын көреміз. Абайдың өмірі мен шығармашылығының осылайша жан-жақты зерттелуі, көптеген еңбектердің жариялануы «Қазақ əдебиеті тарихының» екінші томының бірінші кітабына арнап М.Əуезов жазған монографиялық тарауда мүмкін-қадерінше ескерілгенін, сөйтіп ғылыми өресі биік еңбектің дүниеге келгенін айтсақ, əдебиет тарихының аумағына тартылмайтын зерттеулердің кемде-кем болатынын аңғарамыз. Демек, əдебиет тарихы – ұжымдық ой-пікірдің жемісі жəне əдебиеттану ғылы-мы мен сынның өркендегенінің белгісі, көрсеткіші. Қазақ əдебиеті тарихының алты томдығы кейбір дəуірдің, сондай-

Page 162: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

162

ақ кейбір ақын-жазушылардың аз зерттелгеніне қарамастан, негізінен алғанда, күні Бұрын барлау жасалған, талай зерт-теу объектісі болған, айтылар ой, қорытылар пікір біршама қалыптасқан уақытта дүниеге келіп, республиканың мəдени өміріндегі үлкен оқиға болып отыр.

Қазақ əдебиетінің тарихын жасауда, əсіресе қазақ кеңес əдебиетінің тарихын жасау процесінде əдебиет сынының атқарған рөлі зор. Үстіміздегі дəуірде туған шығармалардың көпшілігі сын елегінен өтіп, əлеуметтік ойдың ғана емес, белгілі дəрежеде ғылымдық тұжырымның тұрақтануына жағдай жасады. Бүгінгі əдеби дамудың қат-қабат құбылыстары түгелдей болмағанымен, əдеби сын арқылы көрініп отыр. Əлі қалыптаса қоймаған ой-тұжырымдарды саралау, əдебиет тари-хынан оларға орын беру өте жауапты да қиын іс.

Əдеби сын Бұл дəуірде өзінің бар жанрымен толық көрінді. Кішігірім аңдатпадан бастап проблемалы монографияға дейінгі түр-формалардың бəріде бүгінгі əдеби дамудың сы-рын түсінуге, соны əдебиет тарихына орайластыру процесі қолданылды. Мектеп оқулығы не көмекші оқу құралы, бол-маса мереке-тойға арналып шыққан кітапша, не болмаса газет-журналдың бетінде айтылған ой-пікірлердің сүбелілері ескерілді, əдебиеттің даму процесін баяндауға пайдаланылды. Осы кезең ішінде қазақ əдебиет сыны ұжымдық жинақ əлде əр автордың əдеби-сын жинағы күйінде басылып шығуы – оның жанрлық сыр-сипатының əбден айқындалғанына дəлел болды. Бұл дəуір ішінде «Қазақ əдебиетінің кейбір мəселелері», «Сбор-ник статей о казахской литературе», «Көркем аударманың кейбір мəселелері», «Қазақ кеңес əдебиетінің мəселелері» (1-том), «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» сияқты 1957 жылы шыққан бір топ ұжымдық жинақтар кейінгі жылдары да («Социалистік реа-лизм туы астында», «Қазақ кеңес əдебиетінің мəселелері», 2-том (1960), «Əдеби мұра жəне оны зерттеу» (1961), «Жазушы жолы» (1962), «Тіл жəне əдебиет мəселелері» (1964) т.б.) желісі үзілмей жарияланып келеді. Бұл жинақтар кейде тақырып бірлігіне, кей-де проблема бірлігіне, кейде жалпы мəселелерді қамтуына қарай əдебиет саласынан өздеріне лайықты орын алуда.

Page 163: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

163

Сонымен қатар Бұл дəуір ішінде сын жинақтарын жариялау дəстүрі қалыптаса бастады деуге болады. Ғ.Тоғжановтың 1929 жылғы «Əдебиет жəне сын мəселелері» атты жинағынан 1958 жылға дейін ешбір сыншы өзінің əдеби-сын мақалаларын жеке кітап етіп жариялай алмай келсе, соңғы он жылдың ішінде аға жəне орта буын сыншылардан М.Қаратаев «Туған əдебиет ту-ралы ойлар», «Рожденная Октябрем», (1958), «Казахская лите-ратура» (1960), «Шеберлік шыңына» (1963), «Мировозрение и мастерство» (1965), Е.Ысмайылов «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1952), Б.Кенжебаев «Шындық жəне шеберлік» (1966), Т.Əлімқұлов «Жемісті жолда», «О прошлом и настоя-щем» (1958), К.Құттыбаев «Шындық жəне шығарма» (1959), С.Қирабаев «Өрлеу жолында» (1960), Р.Бердібаев «Əдебиет жəне өмір» (1964). А.Нұрқатов «Идея жəне образ» (1962), «Мұхтар Əуезов шығармашылығы» (1965), Қ.Нұрмаханов «Литературные заметки», (1961), «Дəстүрлі достық» (1962), Б.Сахариев «Уақыт тынысы» (1964), жинақтарының үзеңгі тістесе шыққаны əдеби сынның жанр ретінде əбден қалыптасып, өзіне тиісті үлесті ала бастағанына айғақты дəлел.

Қазақ əдебиет сынын өркендету саласында қалам құрғатпай жазып, көркемдік дамуға Есмағамбет Ысмайылов пен Айқын Нұрқатов, Қалжан Нұрмаханов, Қажығұмар Қуандықовтың қосқан үлестері бір төбе екені аян. Жауынгер сыншы М.Қаратаев, Р.Бердібаев бүгінгі əдебиетіміздің жай-күйіне жіті назар аударып, өз ойларын ортаға салып келе жатқанын айта кет-кен орынды. Эстетикалық талап-талғамы өскен, көркемдік тал-дауы жетілген көптеген сыншыларымыздың шығармашылық белсенділік көрсетпей келе жатуы жанр табиғатына жат.

Қазақ əдебиетіндегі сыншылдық ой-пікірдің өсіп-өркендеуі Бұл дəуірде жаңа салалық қасиеттермен толыса түсті. Ең ал-дымен Бұл дəуірде əрбір сыншының шығармашылық беті, көздеген мұраты, қаламгерлік стилі айқын болуы талап етілді. Қазақ сыншыларының бар ұрпағы айқындауға айрықша назар аударды.

Осы өркендеу кезінде құнарлы қаламы көп жыл бойы сын саласынан еріксіз тосырқаған талантты дарын Мұхаметжан

Page 164: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

164

Қожасбайұлы Қаратаев өзінің жауынгерлік сапына қайта оралып, өндіре де құштарлана еңбек етуде. Публицистік ағыны күшті еңбектерінде сыншылық диапазонының кеңдігі, көркемдік дəлелінің орындылығы, өз пікірін екпін-күшпен ба-яндауы М.Қаратаевтың шығармашылық келбетін танытады.

Аз өмірінде көп еңбек еткен талантты сыншы-ғалым Айқын Нұрқатов Көкшетау облысының Рузаев ауданындағы Шұқыркөл ауылында 1928 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін, 1946 жылы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен əдебиеті факультетіне түсіп, оны үздік тəмамдайды да «Жұлдыз» журналының сын бөлімін басқарады. 1954 жылы «В.Маяковский жəне қазақ кеңес поэзиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1957 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтына ауысып, аға ғылыми қызметкер боп жүргенде 1965 жылы қайғылы қазаға ұшырады.

Айқын – қазақ əдебиетінің өркендеу барысындағы бір қиын кезінде қалам жебеп, қатарға қосылған дарын. Сол кездегі жал-пы əуен сарыны кейбір мақалаларынан аңғарылып қалғанмен, Айқынның əдебиеттану саласын өзінің бар шығармашылық дарын-қуатымен таңдап алғаны аян. 50-жылдары бүгінгі əдеби дамудың барысына үлес болып қосылатын туындылар-ды қошаметтеп, күріш арқасында күрмек болып жүрген мəнсіз, дəнсіз шығармалардың дəрменсіздігін көрсетуден тайынбады.

Осы кезеңде ол педагогикалық мəні зор іске де атсалысты. 1952 жылы ІХ сыныпқа арналған «Қазақ əдебиеті» оқулығы авторларының бірі болды. Сонымен қатар орта мектептер үшін Вл.Маяковский, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин шығар-машылығын педагогикалық талап-тілектер тұрғысынан ба-яндап берді. Қазақ КСР Оқу министрлігінің қазақ əдебиеті оқулығы бойынша жариялаған конкурсінде А.Нұрқатов пен С.Қирабаев дайындаған еңбек педагогикалық талапқа оңтайлы жауап беріп, тұрақты оқу құралына айналды.

Айқын Нұрқатов көркемдік дамуға тікелей араласуға, өзінің талғам ой-пікірлерімен əдебиеттің өркендеуіне көмектесуге айрықша талаптанады. Əдебиеттің бар жанрында шыққан

Page 165: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

165

шығармалардың қадір-қасиетін айқындауды өзінің сыншылық борышы деп білді. Айқын Нұрқатов 1957 жылы Мұхтар Əуезовтің шығармашылығына арнап монографиялық очерк жазды. Үлкен дарын аумақты да салиқалы сын пікірін туды-рып қана қоймай, Айқынның келешек өнерпаздық жолына да бағыт сілтеді. Айқын негізінен қазақ прозасы туындысының шығармашылық бағытын, өркендеу барысын қадағалауды, əсіресе Мұхтар Əуезовтің өнерпаздық өріне əлсін-əлсін на-зар аударуды мақсат етті. Сондықтан да ол М.Əуезовтің соңғы кездегі еңбектеріне эстетикалық тұрғыдан жіті назар аударып, драматург, сыншы, очеркші, ғалым М.Əуезовтің сырына терең бойлап, ұлы жазушының шеберлігі жайында монографиялық еңбек жазып жүрген болатын.

Газет-журналдарда жарияланған екі жүзден астам мақала-ларының ең сүбелілері мен құндылары «Идея жəне образ» (1952), «Мұхтар Əуезов шығармашылығы» деген атпен шыққан əдеби сын жəне зерттеу мақалаларының жинақтарынан орын алды.

Өмірінің соңғы шағында «Қазақ поэзиясындағы Абай дəс-түрі» деген көлемді монографияны жазып, А.Нұрқатов қазақ əдебиеттану мен сынына өзінің үлесін қосты, өнерпаздық қолтаңбасын тастап кетті. Оның шығармаларында айтылар оның ойларының мəнділігі мен салмақтылығы, көркемдік дəлелінің молдығы мен деректілігі, сыншылық тілінің əсемдігі, бір мақалаға кірісерде талданар ірі проблемаларды атап алып, мəселенің ішіне кіріп, тереңдеп бойлап, қайталап ойын қорытындылайтын тəсілі – А.Нұрқатов стилінің айқын белгісі, сыншы-ғалымдық тұлғасының айшықты жағы.

Өндіре еңбек етіп жүріп, қыршын кеткеннің бірі – Қалжан Нұрмаханов. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 1927 жылы дүниеге келген Қалжан Нұрмаханов əуелі Қазақ университетіне түсіп, кейіннен Москва университетінің филология факультетін тəмамдады. КСРО Жазушылар одағында консультант боп қызмет істей жүріп, «Литературная газета» мен «Дружба на-родов» журналында қазақ əдебиеті туралы мақалаларын жа-риялап, дарын қуатын танытты. Қазақстанға оралғаннан кейін

Page 166: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

166

Мəдениет министрлігінің репертуар бөлімінің бас редакторы, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

Өз шығармасын орыс, қазақ тілінде қатар жазатын Қалжан Нұрмаханов 1961 жылы «Литературные заметки», 1962 жы-лы «Дəстүрлі достық» жинақтарын шығарды. Драматургия саласына да атсалысты. Ш.Айтматов шығармасы негізінде жасаған «Аңсаған менің əнімсің» атты сценировкасы қазақтың академиялық драма театрының сахнасынан берік орын алды.

Қалжанның сыншылық ой-пікірі əдебиеттердің өзара байла-нысы, достық қарым-қатынасы, бір-біріне əсер етуі төңірегінде қанаттанды. Орыс, қазақ, қырғыз, украина халықтары арасын-дағы шығармашылық байланысты барынша тəптіштей зерттеп жүрген кезде 1963 жылы дүние салды. Айтары көп, оқығаны да, тоқығаны да мол дарынды сыншы өзінің бар шығармашылық қуатын толық аша алмай кетті.

Қазақ əдебиет сыны 50-жылдардың екінші жартысында та-лантты сыншылар жасағымен айрықша мол толықса, соңғы кезде Бұл жанрға келушілер саны біршама азаюда. Бұған түрлі себеп бар: қазіргі əдеби процеске араласу үшін сыни ой-пікірдің қару-жарағы əбден сай, үлкен оркестр ішінде өз дау-сын анық аңғарта алуы керек болса, екінші жағынан, орынсыз ожарлықпен кеуде қағып, жəреуке, мадақтағыш сыншылардың көзге шыққан сүйелдей болуы да сын жанрына шын дарын та-лабымен келемін деушілерге тосқауыл болмай қалмайды. Де-генмен осындай қиындықты жеңіп, сын мен əдебиеттануға хал-қадерінше араласып жүрген бірқыдыру жас дарындар бар.

Қазақ əдебиеттануы мен сынның өркендеу процесін ғалым-сыншылар жасағының қалыптасуы жəне сын еңбектерінің жа-риялануымен шектеп қоюға болмайды. Сын жанрының ішкі түрлерінің өзі осы дəуір ішінде үлкен шығармашылық сілкініс жасады.

Монографиялық форманың өзі кішіден үлкенге, жалқыдан жалпыға жəне дарын шығармашылығынан көркемдік дамудың түбегейлі проблемаларын зерттеуге ойыса бастады. Мұның өзі сыни, ғылыми ойдың кемелдене түскеніне дəлел. 1956–1958 жылдары Т.Ахтановтың – Ғ.Мүсірепов, Ə.Дербісалиннің –

Page 167: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

167

Ы.Алтынсарин, С.Қирабаев пен М.Сармурзинаның – Ғ.Мұстафин, А.Нұрқатовтың – М.Əуезов, Ə.Қоңыратбаевтың – Ш.Иман-баева, Б.Кенжебаевтың – С.Торайғыров, Т.Нұртазиннің – С.Мұқановтың шығармашылығы жайында монографиялық очерктері, Қ.Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері» (1959), Б.Шалабаевтың «Қазақтың революцияға дейінгі əдебиеті тарихының очеркі» сияқты əдеби шолулары мен зерттеулері кезең міндетін атқара білсе, алпысыншы жыл-дары олардың шығар биігі бар екендігі айқындалды. Əр ав-тор өз очеркін зерттеу дəрежесіне көтеру қажеттігін сезінді. А.Нұрқатов М.Əуезов шығармашылығын кең көлемде зерт-темек болса, Т.Нұртазин С.Мұқанов шығармашылығын арқау ете отырып, бүкіл қазақ кеңес əдебиетінің даму жолын «Жа-зушы жəне өмір» (1960) атты монографиясында əңгімелеп, əдебиеттануға үлес болар қорытындылар жасады.

Қазақ əдебиеттануы Бұл жылдары салмақты ой-пікірлерді сабырмен баяндап, ғылыми тұжырым жасаумен ғана шұғыл-данып қоймай, кейбір аса қажетті жағдайда шұғыл істі де қолға ала білді. Бұл жөнінде Сəкен, Ілияс, Бейімбет шығармашылығына арнап «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркіне» Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ.Жармағамбетовтардың арнаулы тараулар жазуын, орта мектепке көмекші оқу құралын дайындап берулерін атап өткен жөн. Осы қауырт ғылыми-зерттеу процесі кейінгі монографиялық еңбектердің ба-рынша қысқа мерзім ішінде тууына да əсер етті. 1962 жылы С.Қирабаев Сəкеннің өмірі мен шығармашылығын тұтас қамтыған монографиялық еңбек жазса, 1964 жылы Е.Ысмайылов Сəкеннің поэтикалық новаторлығын, қазақ поэзиясының түр-келбетіне қосқан жаңалығын «Ақын жəне ре-волюция» атты монографиясында барынша тəптіштей зерттеді. 1965 жылы М.Дүйсенов Ілияс Жансүгіровтің, Т.Нұртазин Бейімбет Майлиннің шығармашылығы туралы монографияла-рында оқымыстылық ой-пікірлерін ғылыми жүйемен баяндап, əдебиеттануға олжа салды.

Монографиялық еңбектің өсіп-өркендеу процесі тек жеке шығармашылықтарды зерттеумен шектелмей, əдебиеттің өз-

Page 168: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

168

екті проблемаларын шешуге, əдебиет тарихының белесті асу-ларының сырын баяндауға, əдеби жанрдың қалыптасуын жіті қадағалауға ойысқанын да айта кеткен жөн.

Қазақ əдебиетінің ХХ ғасыр басындағы өркендеуі мен кеңес əдебиетінің алғашқы дəуірі əлеуметтік ұлы еңбектерге байла-нысты өзінің өнерпаздық жолында талай асулардан асқаны əмбеге аян. Бұл кезеңдердің бар сырын жыға түсіну үшін əлі де көптеген зерттеулер жасау қажет. Бұл салада Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушы-лары» деген атпен 1958 жылы шыққан кітабының серке болғанын айтқан жөн. Демократ ақын-жазушылар жөніндегі монографиялық очерктерін ХХ ғасыр басындағы қоғамдық жағдайға, əдебиеттің дамуына бейімдей баяндап, əлі де зерт-тей түсетін мəселелердің бетін ашты. Ғылыми зерттеудің кейінгі кездегі табыстары мен жетістіктерін ескере отырып Ə.Дербісалин Бұл кезеңнің ең жетекші тенденциясын өз ал-дына дербес тексеріп, «Қазақтың Қазан алдындағы демокра-тияшыл əдебиетінің» (1966) даму жолдарына назар аударды. Сондай-ақ қазақ кеңес əдебиетінің жиырмасыншы жылдардағы идеялық-шығармашылық проблемалары Б.Кенжебаевтың очеркінде (1961), Т.Кəкішевтің «Қазан өркені» атты моногра-фиясында əңгімеленді.

Қазақ əдебиетінің жанрлық өркендеуі, көркемдік шеберлік биігіне көтерілу процестері, əдебиеттердің бір-біріне əсер-ықпал ету, бір тілден екінші тілге аудару мəселелері Е.Лизунованың «Қазіргі қазақ романы», Б.Шалабаевтың «Қазақ əдебиеті, Кеңес əдебиеті» (1965), Ш.Ахметовтың «Қазақ ба-лалар əдебиеті тарихының очеркі» (1965), С.Ордалиевтың «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964), С.Сейітовтың «Қазақ поэзиясындағы Маяковский дəстүрі», Е.Ғабдировтың «М.Горький жəне қазақ кеңес əдебиеті», Ə.Сатыбалдиевтың «Рухани қазына» (1965), С.Талкановтың «Көркем аударма ту-ралы» (1962) атты монографиялық еңбектерінде зерттелінген.

Қазақ əдебиеттануының Бұдан былайғы өркендеу бары-сы монографиялық зерттеулерді ұлғайта берері хақ. Өйткені əдебиет дамуының түйінді де келелі мəселелерін жеңіл-желпі

Page 169: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

169

шешуге, сөз арасында баяндай салуға болмайтыны барған сай-ын анықталып келеді.

Кейбір жарияланған еңбектерге қайта оралып, толықтырып шығару қажеттігі сезілуде. Қазақ əдебиеттануы өзінің жанрлық өркендеуін күшейтіп, ішкі түрлерін молайта берері анық.

Қазақтың кəсіби əдеби сыны мен ғылымының іргетасын қаласуға өзінің мол шығармашылық дарынын жұмсағандардың жауынгер сапында болған Есмағамбет Самұратұлы Ысма-йыловтың (1911–1966) еңбектерінің орны бөлек. Өйткені ғалым-сыншының өнерпаздық қалыптасу жолы қазақ əдебиеттануының өсіп-өркендеуінің негізгі арнасында өтті. Сондықтан Е.Ысмайылов қазақ əдебиеттануы мен сынындағы жетістіктерге де, кемшіліктерге де бірдей ортақ, өйткені ол араласпаған сала, ол қалам тартпаған əдеби өнерпаздық мəселелер өте аз. Дəуір жүктеген эстетикалық міндеттерді атқара жүріп, Е.Ысмайылов кеңестік əдебиеттану ғылымына өзінің мол да ойлы еңбектерімен үлкен үлес қосып, қазақ əдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі болды.

Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданының төртінші ауы-лындағы шаруаның отбасында 1911 жылы дүниеге келген Есмағамбет тіршілік тақсіретін бірқыдыру мол тарта жүріп, ауыл мектебін тауысады. 1925 жылдан бастап Көкшетау мен Қызылжардың балалар коммунасында тəрбиеленіп, 1930 жылы білім ордасының қара шаңырағы – ҚазПИ-дің əдебиет факультетіне түсіп, оны 1934 жылы тəмамдайды.

1934–1939 жылдары «Қазақстан коммунисі» журналының жауапты хатшысы қызметін атқарып, редакциялық алқаның мүшесі болады. 1939 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясына ауысып, бірыңғай ғылыми-зерттеу еңбегімен шұғылданады. Аға ғылыми қызметкер, сектор бастығы, директор, бөлім меңгерушісі болған Е.Ысмайылов қазақтың филология ғылымы, оның арнаулы мекемелерін ұйымдастыруға белсе-не қатысады. 1934 жылдан бері КСРО Жазушылар одағының мүшесі Е.Ысмайылов 1946 жылы коммунистік партияның мүшелігіне қабылданған.

Page 170: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

170

Е.Ысмайылов – əдебиет майданына 30-жылдардың бас кезінен атсалысқан дарын. 1932–1935 жылдары «Тұлпар жыры», «Жігер жыры» мен «Жаз еркесі» атты өлеңдер жина-ғы жарық көрді. Е.Ысмайыловтың өз сөзімен айтқанда, «поэ-зиядағы азды-көпті шəкірттік тəжірибенің өзі сынға, əде-биеттануға келер жолдарын кеңейтіп жібергендей болды».

Абайдың поэтикалық қазақ өлеңінің дəстүрлі нақыштарын өзгертіп, бірнеше жаңа түр жасағандығын ғылыми тұрғыдан дəлелдеуге, үлгі-өнеге алудың арнасы етіп көрсетуге 1934 жылы арнайы мақала жазған Е.Ысмайылов өзінің шын талан-ты сын мен əдебиеттану саласында екенін анық сезеді. Əдебиет əлемінде еңбек еткендердің шығармаларын жауынгер сынның елегінен өткізе отырып, Е.Ысмайылов орта жəне жоғары оқу орындары үшін қазақ əдебиеті оқулығы мен хрестоматияларын жасауға белсене араласты. Кезең талаптары Е.Ысмайыловқа жаңа жанрда өндіре еңбек еткізіп, оның алғашқы қазықтарын қаққызды.

Қазақ кеңес əдебиетін жасаушылардың екінші буынымен үзеңгі қағыса келген Е.Ысмайылов көркем шығарманың ішкі сырына терең бойлап, жетістігіне қуана, кемшілігіне қатты нали пікір айтудан тартынған емес. Əдебиетті өрге өрлетуді көздеген өрелі мақсат тек шындықты айтқызып отырды. Шығарма шындығы мен шеберлік мəселелері сыншыны та-лай авторлармен алакөз де етті. Бұдан сыншының өз басынан гөрі əдебиетке түскен олжа əлдеқайда мол. Сондықтан да оның принципті сын еңбектері əлеумет назарын өзіне аударып, дер кезінде əділ бағасын алып отырды.

Е.Ысмайылов қазақ əдебиетінің даму-өркендеуін тінте зерт-теуге бар дарынын сарқа жұмсаған жауынгер сыншы, бүкіл одақтың зиялыларына аты мəшһүр үлкен ғалым.

Қазақ əдебиеттану ғылымының іргесін қалау барысында Есмағамбеттің қалам тартпаған саласы кемде-кем. Əдебиеттің тарихы мен теориясының өзекті мəселелері де, ауыз əдебиеті мен жазба əдебиеттің өнерпаздық арналары мен байланыста-ры да, жеке ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы да оның ғалымдық назарынан тыс қалып көрген емес. Ірілі-

Page 171: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

171

уақты жаңсақ пікірлер кездескенімен, оның зерттеушілік еңбектері ылғи соны материалға, тың ойларға құрылып, негізді қорытындыларға толы болды.

Есмағамбеттің «ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» (1940), «Қазақ кеңес əдебиеті» (1942), «Əдебиет теория-сының мəселелері» (1941) мен əдебиет хрестоматиялары – қазақ əдебиеттану ғылымын өркендетуге септігін тигізген елеулі еңбектер. Революцияға дейінгі əдебиеттің жəне кеңес əдебиетінің тарихын дəуірлеу, Абай, Сұлтанмахмұт, С.Дөнентаев, С.Көбеев, М.Сералин, Жамбыл, Сəкен, Сəбит, Мұхтар, Қасым, Асқарлардың еңбектеріне ғылыми сипат-тама беру мəселесімен алғаш шұғылданған ғалымның бірі Е.Ысмайылов екені де жұртқа мəлім. Кеңестік фольклори-стика ғылымына үлкен олжа салды. 1956, 1957 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарияланған «Ақындар» атты үлкен монографиялық еңбекті ерекше атау орынды. Ауыз əдебиетінің ең өзекті проблемаларын шешіп, ақын, жыршы-жыраулардың өзіндік ерекшеліктерін ажыратып, шығармашылығын мол қамтыған, Жамбыл өнерпаздығының сырын ашқан, жазба əдебиет пен ауыз əдебиетінің арасындағы шығармашылық бай-ланыстар мен ықпалдарға ерекше назар аударған, соны, тың материалдарға мейлінше бай Бұл еңбекті В.М.Жирмунский, В.И.Сидельников, М.Богданова, М.Əуезов, С.Аманжолов т.б. өте жоғары бағалап, кеңес əдебиеттану ғылымын өркендетуге қосылған үлкен үлес, ғылыми құнды шығарма деп тапты. Ауыз əдебиетінің үлкен жанашыры Е.Ысмайылов оны бірбеткей зерттеу ісімен ғана шұғылданбай, халық мұрасының ең озық үлгілерін жариялау ісімен айрықша мол шұғылданды. Оның тікелей басшылығы жəне қатысуымен қазақ ертегілері мен эпо-стары, айтыстар мен халық жырлары, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналған поэзия жеке-жеке кітап болып шықты.

Республиканың мəдени өмірінде үлкен оқиғаға айналған ке-сек те күрделі еңбектерді – «Қазақ КСР-інің тарихын», «Қазақ əдебиеті тарихының» алты томдығын, «Қазақ поэзиясының ан-тологиясын» жасауға белсене қатысқандардың бірі Е.Ысмайыл-ов. Оның басқаруы жəне қатысуымен Абайдың, Жамбылдың,

Page 172: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

172

Нұрпейістің, Исаның, Сəбит Дөнентаевтың, Қасымның, Сəкен-нің шығармалар жинағының талай рет басылып шығуы да қажымай-талмай еткен еңбектің жемісі.

Соңғы жылдары Есмағамбет қазақ кеңес əдебиеті тарихымен, халық шығармашылығының мəселелерімен тікелей шұғылданды. 1958 жылы қазақ, орыс тілінде 1960 жылы Москвада шыққан, бүкілодақтық оқымыстылар қауымынан жоғары баға алған «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі» атты ұжымдық еңбектің жетекшісі жəне негізгі авторларының бірі Е.Ысмайылов болды.

Қазақ əдебиеттану ғылымының соңғы жылдағы қарқынды өрлеуіне Е.Ысмайыловтың ықпалы күшті болды. Қазақ кеңес əдебиетінің негізін қалаушы, кеңестік поэзияның новаторы Сəкен Сейфуллиннің өнерпаздық өнері «Ақын жəне револю-ция» (1964) атты монографиялық еңбекте терең де білгірлікпен зерттеліп, сəкентану ілімінің қалыптаса беруіне септігін тигізді. Сəкен новаторлығы жеке-дара сөз болмай, əуелі қазақ əдебиетінің құнарлы дəстүрлері, ағайындас əдебиеттерден, əсіресе орыс по-эзиясынан үлгі-өнеге алуы, өлеңмен үзеңгілес көркем туын-ды беруі, өнерпаздық байланыстың күшеюі, революцияның сөз өнеріне қосқан жаңалығы сияқты түбегейлі проблемалар-ды сабақтастыра қамтып, ғылыми тұжырымдама жасады. Сəкен өзінің тұңғыштығымен ғана емес, əдебиетке əкелген үлкен жаңалықтарымен қадірлі екендігін Е.Ысмайылов айрықша дə-лелдеді.

Қазақ кеңес əдебиетінің екі томдығын жасауға белсене ара-ласа жүріп, Е.Ысмайылов қазақ фольклористикасын өркендету мəселесін еш уақыт жадынан шығармады. Қазақтың ұланғайыр ауыз əдебиетінің өсіп-өркендеу, даму жолдарын қысқаша ба-яндауды көздеген еңбекті орыс тілінде шығаруға тікелей арала-сып, бірнеше тарауын жазды. Қазақтың халық ақындарының, əнші-композиторларының өнерпаздық өрістерін зерттеу, шығар-машылық ортасын айқындау, халық эпостарының шығу тегін зерт-теу, ауыз жəне жазба поэзиясының бір-біріне жасаған ықпалын бағдарлау сияқты түбегейлі проблемаларға айрықша назар ауда-рып, қайсыбірін жүзеге асыра бастаған кезде 1966 жылы дүние салды.

Page 173: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

173

Е.Ысмайыловтың сыншылық жəне ғалымдық қызметіне оның ұстаздық еңбегін сабақтастырған жөн. Ол 1935 жыл-дан бастап əуелі өзі оқып шыққан ҚазПИ-де, одан кейін Қазақ университетінде əдебиет тарихынан лекция оқып, білімді ма-мандар даярлауға атсалысты. Оның алдынан дəріс алған шəкірт-терінің ішінен аспирантураға түсіп, ғылыми атақ-дəрежеге ие болғандарының өзі отызға жуық. Өнер өріне талпынған көптеген жастың Е.Ысмайыловтан ақыл-кеңес тыңдап, шығармашылық көмек алмағаны некен-саяқ. Талабы мен талғамы биік деңгейден табылатын, əдебиет майданына ақ жүрек, адал ниетімен талпынған жастарға жəрдемдесіп отырды.

Партия мен үкімет Е.Ысмайыловтың жемісті ғылыми-шығар-машылық жəне қоғамдық қызметін бағалап, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, 1961 жылы оған «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді.

Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов жайында халқымыздың ұлы перзенті, заманымыздың асқан қаламгері Мұхтар Əуезовтің: «Мен сені қазақ əдебиетінің, əдебиет ғылымының айнымас, қажымас, жылдар жүрсе арымас жегіндісі – еңбек торысы деймін. Сол үшін сүйемін де бек бағалаймын» дегені əмбеге аян. Бұл қалың қауымның көңіліндегі ой-пікірдің сыртқа шыққан саф түйіні. Еңбек өлмейді, соны өзінің өмір өзегіне айналдырған, талай белеңді белестерден іркілмей өтіп, əр қырқа мен жотаға өзінің ен таңбасын айнытпай соққан Е.Ысмайыловтың қазақ əдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі болып рухани жасай беруі əбден заңды.

Қазақ əдебиеттануының соңғы дəуірде өркендеуі əдебиет тарихын жасау, сын жинақтарын шығару – қайсыбір ғалым-сыншының өнімді де өнегелі еңбегімен шектеліп қалмайды. Қа-зір қазақ əдебиеттануы жан-жақты өркендеу жолына түскен-діктен, оның бар саласы өзінің бар қадір-қасиетімен көріне бас-тады. Ең алдымен теориялық еңбектер, методологиялық зерт-теулер, əдістемелік тəсілдерді баяндайтын шығармалар жарық көре бастағанын айту керек.

Page 174: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

174

Бізде əдебиеттанудың методологиясы жайында арнайы жазылған еңбек əзірге жоқ болғанымен, оның негізгі талап-тілектері, эстетикалық шарттары мен принциптері əдебиет тарихының жасалуына, кейбір теориялық еңбектердің жарық көруіне байланысты сөз арасында мол айтылып келе жатыр. Алайда көркем əдебиетті зерттеудің жалпы принциптері мен жолдарын белгілеп, əлеуметтік-тарихи дамудың заңдылығымен іштей қабыстырып, сабақтастырып отыратын методоло-гияны көркем туындының мəнін түсіндіретін, көркемдік құралдарының бір-бірімен арақатынасын алатын теориядан іштей ажыратпай, бір деңгейде түсініп келе жатқанымыз бар. Мұның өзі теориялық ой-пікірдің биік өреден көрінбегенінен. Оларды ажырата түсіну мен баяндау келешектің ісі. Сондықтан бізде əзірге жалпы методологиялық принциптерді баяндаған шолулар ғана бар.

Əдебиет теориясы осы үстіміздегі дəуірде едəуір ілгері адым жасады. Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы», Е.Ысмайыловтың «Əдебиет теориясының мəселелері», Б.Кенжебаевтың «Қазақ өлеңінің құрылысы туралы» еңбектері теориялық ой-пікірге түрткі салған алғашқы туындылар болса, соңғы он жыл ішінде қазақ əдебиеттануында теорияның ең өзекті салаларын ар-найы зерттеу қолға алынды. Е.Ысмайыловтың «Ақындар» (1956) атты монографиясында қазақ фольклористикасының теориялық негізі жүйелі баяндалып, ақын, жырау, жыршы, əнші, өлеңшілердің шығармашылық тұлғасы, ақындықтың даму-жетілу жолдары, ақындық орта мен дəстүр мəселелерінің оңтайлы шешім тапқаны – теориялық ойдың олжасы. Қазақ лирикасының дүниеге келген жолын ғана емес, оның адамның сана-сезіміне əсер етуін əсерлі де əсем баяндайтын Ə.Тəжібаевтың пікірі де əдебиет теориясы ауқымынан табыл-са керек.

Қазақ əдебиеттануы нақты тарихи шығармашылық мəселе-лерді зерттеу барысында өзінің деректемелік қорын байы-тып, ғылыми қорытындылар жасап қана қоймай, теориялық ой-пікірлер айтуға кең өріс жасады. Теорияның өзекті про-блемалары зерттеле бастады. Соның нəтижесінде қазақ

Page 175: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

175

əдебиетінің болмысынан шындыққа жақындата жазылған М.Дүйсеновтың «Əдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі» (1962), М.Хасановтың «Ұнамды образ жəне типтендіру» (1966) жайындағы еңбектер дүниеге келді. Əртүрлі жинақтарда сю-жет, композиция, характер жасау мəселелері де əңгіме болды.

Жаңа əдебиеттің идеялық-шығармашылық арналарын, оның көркемдік əдістерінің өсіп-жетілу жолдарын М.Қаратаев «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» атты монографиясында жан-жақты қарастырып, теориялық зерттеулерді өркендету мүмкіндігінің молдығын көрсетіп отыр. Теориялық ой-пікірдің ең сүбелі де өзекті арнасына салынған сүрлеуді кеңейте түсу, даңғыл жолға айналдыру қажет. Осын-дай еңбектер ғана қазақ əдебиеттануы мен сынын одақтық сахнаға шығара алады.

Қазақ əдебиеттануында талайдан бері əңгіме болып, бірақ нақты шешімін таба алмай келе жатқан проблема – қазақ өлеңінің құрылысы З.Ахметовтің арнаулы монография-сында (1964) жан-жақты зерттелінді. Қазақ өлеңінің негізгі түрлері, оның өрнегі, Абай, Сəкендердің жаңашылдығы, өлең құрылысының интонациялық екпінді жатсынбауы сияқты мəселелер орынды сөз болып, теориялық ой-пікір ауқымында талданды. Алайда осындай монографияның теориялық база-сын қазақ поэзиясының шыңдығына бейімдеп қана қоймай, соның өнерпаздық тəжірибесінен өрбіткен де жөн. Қазақтың сөз өнерін зерттеудің алғашқы күрделі қадамдары жасалды, енді оны жан-жақты өркендете түсу шарт.

Соңғы жылдардың ішінде қазақ əдебиетін оқыту, насихаттау жөнінде əдістемелік еңбектер едəуір жазылды. Қазақ тілі мен əдебиетін оқыту əдістемесі қолға алынып, мұғалімдердің ой-пікірлері ортаға түсіп отыр. Осы əдістемелік шығармалардың ішінде Ə.Қоңыратбаевтың қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі туралы (1962, 1966) жазған еңбектері өзінің практикалық қажеттігімен ғана емес, теориялық ойының құнарлығымен қымбат. Сондай-ақ сырттан оқитын студенттерге арналған əдістемелік нұсқаулар мен көмекші оқу құралдары да едəуір қанат жайып қалды.

Page 176: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

176

Съездер мен конференциялардың, пленумдар мен арнау-лы мəжілістердің, мереке-тойлардың материалдарын жариялау да əдебиеттік ой-пікіріміздің өркендеу арнасынан табылады. «Абай жолы» романы бойынша өткен шығармашылық конфе-ренция «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» (1957), қазақ əдебиетінің негізгі проблемаларына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция «Əдеби мұра жəне оны зерттеу» (1961) деген еңбектердің, М.Əуезов (1959) пен С.Мұқановтың (1962) мүшелді тойларына бағышталған арнайы жинақтардың, т.б. жарық көруі қазақ əдебиеттануының қанатын кеңге сала бастағанына айғақ.

Бұл дəуір ішінде халық университетінің қажеті үшін де, жал-пы қауым үшін де, «Білім» қоғамы арқылы қазақ əдебиетінің үлкен дарындары жайлы не жалпы дамуы туралы жарияланған отыздан аса ғылыми-көпшілік кітапшалар жарық көргенін айта кеткен орынды.

Қазақ əдебиеттануы өзінің құрамдас салаларында да едəуір алға басты. Көркем əдебиет библиографиясы мен ақын-жазушылардың библиографиялық көрсеткіштері, биб-лиографиялық анықтамалар барған сайын көбейіп, сала-ланып келеді. Ү.Сұбханбердинаның «Айқап» журналында жəне «Революцияға дейінгі қазақ баспасөзінде жарияланған материалдардың мазмұндалған көрсеткішін» жасауы құп-тарлық құбылыс қана емес, əдебиеттанудың өркендегеніне көрсеткіш те.

Сондай-ақ текстологиялық зерттеулердің де шеті көрініп қалып тұр. Қ.Мұхаметхановтың «Абай шығармаларының тек-стологиясы жайында» (1959) деген еңбегін айрықша атаған жөн. Тек текстологиялық жағынан ғана емес, вариантта-рын түзу мақсатында қазақ, орыс тілдерінде жарияланған «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» ғылыми басылуларына мүмкін-қадерінше толық түсіндірме берілуі қазақ əдебиеттануының қанатты кеңге сілтей бастағанын көрсетеді.

Соңғы кезеңдерде ақын-жазушылар шығармаларының тол-ық жинағын жасауға талаптанып, қайсыбіреуіне алғы, соңғы сөз, түсіндірмелер жазу практикасы еніп келеді.

Page 177: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

177

Əдебиеттанудың құрамды саласына кіретін бірқыдыру мəнді істерімізді əлі қолға алған жоқпыз. Осы уақытқа шейін белгілі бір ақын-жазушы жөнінде естелік жинағын, оның шығармалары жөнінде айтылған, жазылған сындардың топта-масын, жалпы əдебиет бойынша жеке дарын бойынша шежіре жасалмай, əр ақын-жазушының шығармашылығы бойын-ша семинария шығара алмай келеміз. Əдеби архивтерге мəн беру, оны жариялау, көрсеткіштер жасау, тарихи шындықтарды əдебиетке жанастыру жағында ақтаңдақ бар. Халық ауыз əдебиетінің жарық көрмеген үлгілерін жариялауға келген-де кібіртіктеп, Бұрынғы таныс өңірлерге жүгіре беретін əдет те жоқ емес. Бұл салалар барынша өркендеген уақытта қазақ əдебиеттану ғылымының алымы мол, айтары нақты бола беретіні анық.

Қазақ əдебиетінің одақ көлемінде насихатталуы жөнінде едəуір істер істелінді. М.Ветисовтің «Ресей мен Қазақстанның əдеби байланысы» (1956), «Қазақ публицистикасының тууы» (1961) деген ғылыми еңбектері біздің өткен тарихымызды орыс газет-журнал, кітаптары бетінде жарияланған азды-көпті материалдар негізінде зерттеп, үлкен қолғабысын тигізгенін айрықша ілтипатпен атау керек. Сол сияқты қазақ əдебиетінің бүгінгі шындығына назар аударып келе жатқан З.Кедринаның «Жанды Бұлақтан» (1960) деген еңбегі одақ оқушыларына қазақ əдебиетін насихаттаудың бір саласы болды.

М.Əуезовтің «Əр жылдар ойлары» мен Е.Ысмайыловтың «Ақындары», М.Қаратаевтың «Қазақ əдебиеті» орыс тілі арқылы одақ оқушылары мен зиялыларына жетіп, тиісті бағаларын алды. Қазақтың сыншылық ой-пікірлерінің аз жыл ішіндегі жетістігін толық аңғартқан «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі» КСРО Ғылым академиясының М.Горький атындағы əлем əдебиеті институты ұжымымен өнерпаздық күш біріктірудің арқасында одақтық əдебиеттану ғылымына қосылған жаңа үлес болды.

Бүкілодақтық мерзімді баспасөз беттерінде қазақ ақын-жазушылары мен сыншыларының мақалалары аракідік жа-рияланып қояды. Алайда осы мақалалар өз əдебиетіміздің

Page 178: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

178

шындығын хабарлаудан асып, одақтық сыни ой-пікірдің өнер-паздық биігіне көтеріле алмай келеді. Жалпы кеңес əдебиетінің дамуына, өсіп-өркендеуіне қатысы бар проблемалар жөнінде пікір айтуға келгенде қазақ əдебиетшілері белсенділік көрсете алмай келе жатыр.

Кеңес əдебиеті дамуының күрделі проблемаларына келген-де, кібіртіктеніп, ой керенаулығына түсуіміздің объективтік де, субъективтік те себептері жоқ емес. Ең алдымен, қазақ əдебиетінің бүгінгі күнгі өсіп-өркендеу процесі үлкен ойлар мəн сыни пікірлерді өрен биікке көтерер дəрежеде деп айту қиын. Қазақстан топырағында кейбір сүбелі шығармалар жөнінде шындықтан гөрі жəреуке пікір айтылып, даурыққанымызбен, одақтық көркемдік өлшемнің қапталынан шығара алмай жүрміз. Міне, осы жағдай қазақ сыншыларының өз əдебиетінің тəжірибесінен ой өрбітіп, одақтық биікке көтерілуге тұсау сала берді. Өйткені одақтық сахна – есеп-шотыңды білмейтін, тек шындық пен адалдықты қастерлейтін қасиетті төр.

Сонымен қатар, шынын айту керек, көп əдебиетшілер мен сыншылардың жалпы мəдениет дəрежесі, саяси білімі, эстетикалық талғамы жоғары деңгейден табыла бермейді. Соның салдарынан историзм принципін сақтау, социологиялық-эстетикалық талдау тəсілін қалтқысыз жүзеге асыру жөнінен көздеген нысанаға жете алмай қалу жиі кездеседі. Кешегі мен бүгінгіні тарих безбеніне тең тарта білмеу, социологиялық ой-пікірді дұрыс өрбітпей, өткен-кеткенді терең баяндау, көркем шығарманың шын қасиетін дөп басып талдамай, формалистік ізденістер жабу, жалған өңірге жалт беру сияқты кемшіліктерден құлан-таза айығып кете алғанымыз жоқ. Ал Бұлар сыншыл ойдың өрелі биіктен табуына көріне тұсау.

Қазақ əдебиеттануы мен сынында əлі де болса мамандану (специализация) жетіспейді. Қазіргі уақытта универсализм-ге салыну – саяздықпен, мəселенің бетін қарпумен пара-пар екенін көбіміз түсіне бермейміз. Əдебиеттің ең болмағанда бір жанры бойынша (оның іштей жіктелісін айтпай-ақ қойғанда) маманданбаса, одақтық жəне дүниежүзілік сыншылдық ой-пікірден хабардар болмаса, өз еңбегінде ғылыми тереңдік, өнерпаздық алғырлық көрсете алмайтыны айдан анық.

Page 179: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Сонымен, қазақ əдебиеттануы мен сыны үстіміздегі дəуірде Бұрынды-соңды болып көрмеген қарқынмен өркендеді. Жанр ретінде өзінің əбден марқайып өскендігін, ішкі түрлерін сала-лай жетілдіре түскендігін анық аңғартады. Сыншы-ғалымның шығармашылық тұлғасы өзінің бар келбетімен көріне бастады.

Кешегіге қарағанда бүгінгінің озық болатыны табиғи, алай-да қазақ əдебиеттануы мен сыны қолы жеткен табысты місе тұта қоймаса керек. Оның алынбаған қамалдары мен шықпаған биіктері, жете алмай жатқан салалары бар. Жоқты табу, азды молайту, барды жетілдіре түсу, сан мен сапаның ұлықтасуы, қазақтың сыни ой-пікірінің терең де нəрлі, əсерлі де көрікті бо-луы жарқын болашақтың үлесінде.

1966 ж.

Page 180: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

180

СЫНШЫЛАР МҰРАСЫ ТУРАЛЫ

Мəдениеті гүлденіп, дəулеті шалқыған Кеңес елінің қай аймағына барсаң да шадыман шаттыққа, зор қуанышқа бөленесің. Жаңадан салынып жатқан зауыт, фабрика, сəулеті артқан ауыл-аймақ іргесі көтеріліп, көкке өрлеп келе жатқан жаңа ғимараттар, өзен мен теңізде жүзіп жүрген керемет ке-мелер, мəдени-тұрмыс қажетін өтейтін орындар, театрлар мен мектептер сырт көркімен де, ішкі мəнімен де, атақ-абы-ройларымен де көңіліңді тасытады. Солардың ішінде Белин-ский қаласы, Чернышевский атындағы университет, Добро-любов атындағы театр, Писарев атындағы оқу орны, Ермилов, Макаров атындағы көшелер барын білесің, олардың артында қалдырған мұралары том-том болып жарияланып та, белгілі бір проблема төңірегіндегі ойлары жеке жинақ болып басы-лып та қалың оқушы қауымға жеткеніне, шығармашылық өмір ауқымында жүргеніне қуанасың.

Сыншылардың мұрасы, олардың қалдырған үлгі-өнегесі бүгінгі, біздің көркемдік жəне практикалық қажеттігімізге тигізіп жатқан қолғабысы жайында толғануға менің моральдық құқым бар ғой деп ойлаймын. Қазақ əдебиет сынының туып-қалыптасуы, оның тарихы жайында азды-көпті зерттеу жұмы-сын жүргізіп, еңбек жазғаным болса, екіншіден, сыншы мұраларының бүгінгі күннің көркемдік қажетіне асатындығын тəжірибеде көріп-біліп жүрмін. «Қазақ əдебиеті сынының тари-хы» атты пəнді оқытамын. Демек, талайдан бері ойландырып-толғандырған жайды əлеумет назарына ұсыну қажет деп біле-мін.

Сыншы дарыны – өте-мөте сирек кездесетін дарын (Белин-ский) болуының үстіне өмір мен өнер додасына көп түсетін да-рын. Сыншының алғыр ойы, қара қылды қақ жарған əділдігі, дəлелді пікірі еш уақытта, еш заманда мойындалып, қолдау тауып, қошамет көрген емес. Бұл өнердің қызғылықтылығы мен тартымдылығының бір сыры да осында. Осыны өзімнің өмірім, өнерім деп сезінген қаламгер ғана ешқандай қиын-дықтан тартынбайды. Өйткені ол ақын-жазушылармен, өнер

Page 181: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

181

қайраткерлерімен өзі үшін емес, ел үшін, халық үшін, даныш-пан партиямыздың сара жолын жүзеге асыру үшін «алакөз» болып жүргенін анық біледі. Сондықтан өзін идеология майданының жауынгер солдатымын деп сезінген дарын ғана қоғамдық-əлеуметтік ой-пікірдің өкілі ғана емес, ғылыми парасаттылықты көркемдік таным-талғаммен жалғастырған өнерпазбын деп түсінеді. А.Луначарский пікірімен айтқанда, қалың оқушылар елінің көркемөнердегі төтенше өкілі екендігін еш уақытта жадынан шығармайды.

Демек, қазіргі көркемдік процесте болып жатқан құбылыс-тың жан сырын ұғуы, көрген-білгенін ағынан жарылып ай-туы – «туғанды биде иман болмайтындығынан». Өйткені ол өз əдебиетінің өсіп-өркендеуін өзгеден гөрі көп ойлап-тол-ғайтын, арық пен арзанның бағасын дəл анықтайтын, жалған жаңашылдықтан, орынсыз ожарлықтан қаламгерлерді сақтан-дыратын өнерпаз дарын.

«Тура айтсаң туғаныңа да жақпайсың» деген мақал сын-шыға əдейі арнап айтылғандай. Əдебиеттің шын сақшысы бола білген сыншының айтқанын, жазғанын, ақын-жазушылар қабақ тыржитпай, сұс көрсетпей, өкініш-күйінішін білдірмей қуанышпен қарсы алған шақ өте аз. Əрине, ылғи мақтауға, мадақтауға құрылатын есепқор дүние болса, оның жөні бір басқа, сын саудагерінен шыққан Бұйым ешуақытта ешкімді де жарылқаған емес. Эстетикалық таным-білігі биік, көркемдік талабы халық көкейінен шығатын сыншы ақын-жазушыларға əрқашан шындықты айта жүріп, достасады, қырғиқабақ бола жүріп əдебиеттің жоғын іздейді, жарқын келешекке ұмтылады.

Өйткені оқушы қауымның талап-тілегін жеткізу, олардың ой-көңілін табу тағы да сыншы парызында.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі оқушы кешегі тыңдаушылар емес. Қолында қаламы, санасында сүбелі пікірі бар, ешкімге жалынбай-ақ өз көңілін айта да, жаза да алатын жандар. Де-мек, олардың төтенше өкілі болған сыншы қалың қауымның эстетикалық талап-талғамының биік өрісінен табылып, жоғын іздестіруге, барын жарқыратып көрсетуге міндетті. Бүкіл елдің ой-пиғылын білдіретін, даму ерекшеліктерін оң жолға бастап

Page 182: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

182

отыратын қоғамдық-əлеуметтік принциптер биігінен табылу қажеттігін сыншы естен шығармайды.

Қолына қалам алғанның бəрі емес, тек осы өнерді өзімнің жайлайтын өлкем, соның ауырына көніп, ыстығына күйемін деп санаған дарындар ғана тарихта елеулі із қалдырады, келе-шек ұрпақпен табысып жатады. Осының нақты үлгілері өнегесі мол орыс əдебиетінен жарқырап көрініп, бар елдің танымал ба-уырына айналып кеткенінен-ақ аңғарылса керек.

Қазақтың сыншылық ойы мұндай олжадан құралақан емес. Өзімізбен қол ұстасып қатар жүргендерді былай қойғанда, өмір жолдарын тəмамдаған дарындар арасында ел есінен шықпайтын, біздің келешегімізге қолғабысын тигізетіндер аз емес. Солардың алғы легінде Ғаббас Тоғжанов, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Мəлік Ғабдуллин, Темірғали Нұртазин, Ысқақ Дүйсенбаев, Айқын Нұрқатов, Қалжан Нұрмаханов, Қажығұмар Қуандықов, күні кеше ғана ара-мыздан кеткен Баламер Сахариевті айрықша атау шарт. Бұлар сын мен əдебиеттанудан бір елі көз жазып көрмеген, əдеби өркендеуге өздерінің ерен еңбектерімен, айбынды мақалаларымен атсалысып, қадір-құрметке бөленген, кезеңдік ой-пікірлерді айта білген дарындар. Əрқайсысының бірнеше том болып жарияланар мұралары бар. Ол мұралардың басым көпшілігі біздің бүгінгі таным-білігіміз деңгейінде екенін бы-лай қойғанда, практикалық зəруліктерімізді өтеп, пəрменді ісімізге көмектесуге жарайды.

Оған Қ.Жұмалиевтің, М.Ғабдуллиннің орта мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарын, Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин, А.Нұрқатовтың монографиялық зерттеулерін ата-са да жеткілікті. Күні бүгінге дейін оқулық авторлары болып келулерінің бір себебі де осыдан.

Өздерінің асыл дарындарын өз халқына сарқа жұмса-ғандардың артында қалған мұралары қандай күйде, олардың есімдерін халық тарихында, ел есінде қалдырудың жай-күйі қандай дегенді өкініш араластырмай сөйлей алмаймыз. Күні бүгінге дейін ертеде, не таяуда өткен дарындардың еңбектерін томдап жариялауға кіріскен жоқпыз, оған кірісер ниет те күшті емес.

Page 183: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

183

Қазақстан Жазушылар одағының дүниеден өткен ірі дарындардың, соның ішінде сыншы-ғалымдардың мұрасы жай-ында комиссияны құрудан қапылығы жоқ. Мұның өзі көңілді тоқ етер де жайт. Бірақ сол комиссиялардың тындырғаны не дегенге келгенде күмілжи береміз. Мен өзім Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин мұралары жөніндегі комиссиялардың мүшесімін, Қ.Жұмалиев мұрасы жайындағы комиссияның жұмысынан да хабардармын. Бірақ осы комиссиялардың еңбегі құмға сіңген судай. Олардың ұсыныстарына ешбір қарсылық болмайды, бірақ нақты шешімін тауып, жүзеге асып жатқаны да шама-лы. Алматы қаласында Қ.Жұмалиевтен басқасы жəне туған облысының орталығында дүниеден өткен сыншылар атына бір көшені бағыштау, тұрған үйлеріне мемориалды тақта орна-ту жайында талай ұсыныс түскені анық. Мəлік Ғабдуллиннің Кеңес Одағының Батыры болуы оны еш уақытта елеусіз қалдырмайды. Ал басқа сыншы-ғалымдардың қабірінің ба-сына отбасы мүшелерінің ыждаһатымен ескерткіш-құлпытас қойылғаннан басқа ауыз толтырып айтарлықтай бірдеңе істелгенінен бейхабармыз. Мектеп, кітапхана, мəдениет ор-ны, əдеби мекеме, ауыл-село, колхоз-совхоз орталығы мен бөлімшесі сияқты толып жатқан мүмкіндіктердің ескерілмей жатқандығы тағы бар. Əрине, Бұлардың бəрі де əлеуметтік тұрғыдан елге еңбек сіңіргендерді есте тұтудың бір түрі болса, ең негізгі, ең мəнді де абыройлысы – олардың шығармашылық мұраларына қайтадан өмір беру мəселесі.

Шынын айту керек, осы дарындар дүниеден өткен кезде бірді-екілі жинағын жариялатқан кезіміз де жоқ емес, бірақ уақыт өткен сайын көзден ғана емес, көңілден де алыстап бара жатыр.

Бұл жағдайға ең алдымен комиссия мүшелерінің табан-дылығы мен дəйектілігі жетпегендігін, əркімнің өз шаруасы мен тіршілігі Бұрып əкете беретіндігін өкіне айтқанмен, олар-ды кінəлай алмаймыз. Өйткені ұсыныстары өтпей, айтқандары аяқасты бола берген соң, ынтасы қайтып қала береді. Мəселен, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев мұралары жөніндегі ізденіс-талпыныстар Бұған əбден дəлел бола алады.

Page 184: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

184

Сыншы мұрасын жариялау ісіне ең алдымен баспа орында-рында ынта кем. Олардың келтіретін екі түрлі дəлел-қарсылығы бар: бірінші – сыншылардың еңбегін томдап шығару ең ал-дымен қып-қызыл шығын, тираж ала алмаймыз, екіншіден, ол мұраның ішінде ескіргендері, артық-кем айтылғандары жоқ емес қой, бүгінгі оқушыға қалай ұсынамыз дегенді қарша боратып, маңына дарытпайтын қамалға айналдырады. Іздеушілердің осыдан тауы шағылып, «Е, Бұлардың еңбегі көзі тірісінде-ақ керек екен, мəнсіз-құнсыз дүние болғаны ғой. Өздері кеткенмен біз тіріміз ғой, бірдеме етіп күн көрерміз», – деп ағайын-туыстары қаймығып қалатын болса, əдеби сын мен əдебиеттанудың жай-күйін біліп, соған жанашыр болып жүр-гендер талап-ынтасынан айырыларлықтай күйге жетеді.

Көп жағдайда баспа орны өзі шешіп, өзі ұйғарып жата-тындықтан, көп мəселенің байыбына барып, сырына үңіліп, тарихи шындығына жету жағы қиындап жататын кез де жоқ емес. Əрине, өткен-кеткеннің бəрін түгелдей білу басшы үшін оңай да бола бермес, білмей тағы да болмас. Міне, сондай кез-де, секемді күдікке, күдікті принципке, принципті шешілмес мəселеге айналдырып жіберетіндер де жоқ емес. Мұны əдебиеттің сыны мен ғылымына араласып, арғы-бергі тарихтың шаңын қағып жүргендер күнде кездестіреді десем, артық емес. Тырнақ астынан кір іздейтін, осының астарлы мағынасы не екен деп күдіктеніп, сығалай қарайтындар кезігеді.

Бұған дəлел етіп қазақтың алғашқы кəсіби сыншысы Ғаббас Тоғжанов жайында аз тоқтала кетейік. 1900 жылы Садуақас бидің отбасында туған Ғаббас 1916–1918 жылдары Омбы-да оқып жүргенде қазақ жастарының қозғалысына араласады, ұлтшылдық сыңайдағы тəрбие көреді. 1919 жылы «Еңбекші жастар» газетінің редакторы, Сібір комсомолының қазақ-татар ұйымын басқарып, 1920 жылы Коммунистік партия қатарына кіреді. 1921 жылы Солтүстік Қазақстанда ақ бандалардың көтерілісін басуға қатысып, рев-трибуналдың мүшесі бо-лады. 1922-24 жылдары Москвадағы Плеханов атындағы экономика институтында оқып жүргенде партиямыздың Орталық Комитетіне баспасөз бөлімінің нұсқаушысы болып

Page 185: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

185

тағайындалады. 1926 жылдың екінші жартысында Қазақстан Өлкелік Комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі (1928 жылға дейін) əрі бүгінгі «Социалистік Қазақстан» газетінің жауапты редакторы болып қызмет атқарады. Одан кейін Бүкілодақтық жаңа əліппе комитетінде қызметте болып, Қызыл профессура институтында оқиды. Қазақстан Жазу-шылар одағының төрағасы ретінде 1936 жылы Москва-да өтетін онкүндікке белсене араласып, Республиканың өнер басқармасының бастығының əуелі орынбасары, 1937 жылы бастығы болады.

Өмір жолы шағын болғанымен оңай болмаған. 1935 жылы жазған өмірбаянында бар шындықты, қате-кемшіліктерді ашық мойындайды. Ұлтшылдық көзқарасқа кейде іш тар-тып, қателескенін, кейбір басшылардың теріс теориясын, яғни 1925 жылға дейін Қазақстан партия ұйымын больше-виктенбеген, Қазан төңкерісі қазақ ауылын жанап өткен екен дегенін Ғаббас «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы ретінде де, сыншы-публицист ретінде де айрықша пəрменділікпен қоштағанын көреміз. Артық сілтесем қателесіппін деп насырға шаптырған тұсы да жоқ емес. Сондықтан Сəкен мен Сəбитке де, əдебиет, мəдениет саласындағыларға да құрықты ұзыннан сілтеп, пролетар əдебиетінің болашағына əуелінде шүбə келтіріп, кейіннен пəрменді жақтаушы болғаны тарихқа белгілі. Ал осындай ірі қателіктер жасаған Ғаббастың пайдаға асар, бүгінгі қауымға ұсынар еңбектері бар ма? Бар! Ғаббас Тоғжановтың өнерпаздығы мен қате-кемшілігі туралы Казақ КСР Ғылым академиясының М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты шығарған «Қазақ əдебиеті тарихының» үшінші томының бірінші кітабында мол да дəлелді баяндалады. Қазақ Совет Энциклопедиясының он бірінші томында көлемді орын беріліп, суреті жарияланды. Қайсыбір ғалымдардың мақалалары газет-журналда басылып, сыншы еңбегінің сырын баяндады.

Мен Ғаббасқа, оның əсіресе қате-кемшілікке ұрынып қалған сəтіне əдейі назар аударып отырмын. Өйткені осындай дарынның жазып қалдырған кітаптары мен сындарында, зерттеулері мен

Page 186: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

публицистикасында бүгінгі оқушының кəдесіне жарайтын еңбектер бірқыдыру екендігін елегісі келмейтін кейбір бас-па қызметкерлері орынсыз күдікті, қисынсыз долбарды мал-дануда. Сондықтан ол жөнінде айтылған, жазылғандарға да, оның өз еңбегін жинап бастыруға да ең жұмсартып айтқанда ықылассыз. Ол – ол ма, «Есмағамбет, Қажым, Темірғали еңбектері ескіріп қалған жоқ па осы?» дегендей ожар сауал қоятындар да кездеседі. Мұндай пиғыл-ниеттен аулақ болудың үлгі-өнегесін өркені өскен орыс əдебиетінен үйрену керек дегенді жүре тыңдағандықтан, дүниеден өткендеріне он–он бес жыл болған Есмағамбет Ысмайылов пен Қажым Жұмалиев, Айқын Нұрқатов мұраларының басы бірікпей, өздері шығарып кеткен жинақ, кітап, газет-журнал беттерінде жатыр. Оларды том-том етіп жүйелі сериямен басып шығару айрықша қажет екендігі баяғыдан-ақ белгілі.

Бірақ нақты қадам, пəрменді істің шеті көрінбейді.Сыншы мұраларын жан-жақты игеру, жариялау мəселесі

ең алдымен лениндік қағидадан өрбиді, яғни бүгінгі əдеби өркендеуіміздің ар жағында талай қаламгердің дəстүрлі мұра-ларының игі шапағаты, тəрбие-өнегесі жатқаны, сол арқылы қанаттанатыны еш уақытта естен шығатын жайт емес. Сон-дықтан өткенге шүбəлана қарау, сақал-мұртын басып, бояуын түзетіп жібермекке талаптану орынсыз.

Сыншы мұраларына қамқор көңілдің көп кездеспеуі жас дарындардың осы жанрға бел шешіп келуіне кері ықпал жаса-уы да ғажап емес. Сондықтан кешегі мен бүгінгіні келешекке ұластыру өскен елдің дəстүрі екенін КОКП Орталық Комитеті 1972 жылы «Əдеби-көркем сын туралы» тарихи қаулысында атап көрсетіп, эстетикалық-социологиялық əдеби сынның жауынгерлігін арттыруға үндей отырып, барлық жоғары оқу орындарында əдебиет сынының тарихын жалпы пəн ретінде оқытуды міндеттеуі тегін емес. Өйткені кешегісіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ.

1972 ж.

Page 187: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

187

ƏДЕБИЕТ ОҚУЛЫҚТАРЫ ЖАЙЫНДА

Қазақ əдебиеттану ғылымы практикалық қажеттілікті өтеу жолында көптеген табысқа жетуде. Соның бір мəнді сала-сы – жоғары оқу орындарының шəкірттерін оқулықтармен қамтамасыз ету. М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз əдебиеті» (1958), Қ.Жұмалиевтің «ХVШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті» (1967), Б.Кенжебаев пен Ө.Есназаровтың «ХX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» (1966), М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаевтардың «Қазақ кеңес əдебиеті» (1968) оқулықтары біздің күнделікті іс ауқымында жүрген жауынгер кітаптарымыз.

Көбірек оқып, тереңірек білуге ұмтылған студенттерге Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Əуезов атындағы Əдебиет пен өнер институтының ұжымы жоғары оқу орындарындағы тəжірибелі мамандарды қатыстыра отырып 1960 – 1967 жылда-ры жасаған «Қазақ əдебиеті тарихының» алты кітабын ұсынуға болады. Осы негізгі оқулықтар мен тарихтың сыртында жеке авторлардың монографиялары, зерттеулері мен ғылыми сын еңбектері тұр. Түртіне ізденген шəкірт көп дүниеге кезігері айдананық. Бірақ Бұл жалпы студент қауымы жүрер жалпақ жол емес, ізденгендер ғана түсетін жалғызаяқ соқпақ екенін естен шығармайық.

Сырт қарағанда осы жайт бізді тоқмейілсітуі де ғажап емес. Мəселенің сыртын қойып, ішіне үңілер болсақ, талай жетімсіздік пен толыспағандықты, жетілдіре түсу қажеттігін аңғарамыз.

Оқу жоспарының жүйесі негізінен алғанда университет пен пединституттарда бір курстан басқасының ыңғайы бірдей. Тек сағат санында, уақыт кестесінде жəне арнайы курстар өткізу саласында ғана айырмашылықтар бар.

Əуелі ауыз əдебиетін, халық шығармашылығын оқыту мəселесінен бастайық. 1927 жылы М.Əуезов «Əдебиет тари-хы» атты көлемді еңбек жазғаны, кітап болып басылғанымен практикалық қолдануда болмағаны бəрімізге мəлім. 1932 жылы С.Сейфуллин «Қазақ əдебиеті» I бөлім, билер дəуірінің əдебиеті»

Page 188: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

188

атты еңбек жасап, жоғары оқу орнының тұңғыш оқулығына айналдырғаны белгілі. Одан кейінгі кезде бірқыдыру ұжымдық еңбектер де жарық көрді. «Қазақ əдебиеті тарихының» 1948 жылғы бірінші томы да ауыз əдебиетіне арналған-ды. Демек, қазақ фольклористикасы саласында ізденістер, одан туған еңбек те аз емес. Оқулық жасауға қажетті дайындық, ғылыми тұжырым бар екені айдан анық. Осыны жыға түсінген жəне жоғары мектептің мұқтаждығын өзі талай көріп, кейістік шек-кен М.Ғабдуллин 1958 жылы «Қазақ халқының ауыз əдебиеті» атты оқулық жазып шығарды. Халық мұрасын жүйелеп оқуға мүмкіндік туды. Бір өкініштісі, содан бері 16 жыл өтті, Бұл оқулық авторының «Ауыз əдебиетінің ғылымында анықталып шешілмеген, таласы мен дауы көп, əлі де көбірек зерттеуді ке-рек ететін түрлері (мəселен, тарихи жырлар, шешендік сөздер) кітапқа енгізілмеді. Екіншіден, кеңестік дəуірдегі қазақ ауыз əдебиеті де Бұл кітапта қарастырылмады» деп атап көрсеткені күні бүгінге дейін сол қалпында келе жатыр. Автор кейінгі басылымында толықтырмаған, баспа оны талап етпеген. Программаның сүбелі тараулары оқулықта қамтылмаған. Оны көмекші де қосалқы еңбектерден іздеп табу керек.

Тегінде М.Ғабдуллиннің жүйелі де арналы жасаған оқу-лығын қазақ əдебиеттану ғылымының соңғы табыстары жəне педагогикалық тəжірибелер негізінде толықтыру қажеттігі қазір айқын сезілуде.

Университеттің қазақ əдебиеті кафедрасының ұжымы қазақ əдебиеттану ғылымындағы үлкен бір ақтаңдақты жою жо-лында аянбай еңбек етіп келеді. Ертедегі қазақ əдебиетінің жай-күйін зерттеп, оны оқу программасына енгізу мəселесі қазір оңтайлы шешімін тапты. 1967 жылғы «Ертедегі əдебиет нұсқаулары» атты хрестоматия практикалық зəруліктен құт-қара қоймағанмен, үлкен істі қолға алуға мұрындық бол-ды. Программасы жасалып, оқу жоспарына кірді. Профес-сор Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншəлиев, доцент М.Жолдасбеков «Ертедегі қазақ əдебиеті» курсын жазып, баспаға тапсырды. Ол таяуда жарық көрмекші (əлі шыққан жоқ – Т.К.). ҚазПИ-дің қазақ əдебиеті кафедрасы Бұл кезеңді арнайы курс деңгейінде

Page 189: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

189

өткізуде. Оқулық шыққаннан кейін жалпы курс ретінде бар оқу орындарында оқытыла бастайтынына сеніміміз мол.

Бұл соны салада ең қажетті алғашқы қадам жасалды, оны толықтыру, жетілдіру, жүйелей саралау республиканың ғалым-ұстаздарының пəрменді қатысуларымен жүзеге асуы керек. Адал да нақты көмек күтеміз сіздерден. Алайда Ə.Дербісалин сияқты алыстан айбат шегіп, ызғар шашу, көне əңгімені көңірсіту, істелгенді орынсыз мансұқтау («Зерделі зерт-теу қажет» атты «Қ.Ə.» газетінде 1 ақпан, 1974 ж.) өсер əде-биеттанудың қылығы емес.

ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиетіне арналған Қ.Жұмалиев оқулығы көп зерттелген, талай монография мен оқу құралдарының объектісі болған, осы салада Қ.Жұмалиевтің өзі бір еңбектен екінші еңбегінде көлем жағынан көбейте де өсіре баяндап келген дəуір екенін естен шығармаған дұрыс. Оқулықта Сүйінбай, Біржан, Əсет, тағы басқа белгілі дарындардың қамтылмай қалғандығын айтудың үстіне əдебиеттің даму кезеңдерін дəуірлеу мəселелері, əр кезеңдегі əдеби ағымның жай-күйі, көркемдік əдістің қалыптасу жол-дары, ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетінің арақатынасы де-ген проблемаларды тереңдей де жан-жақты зерттей баяндау қажеттігі сезіледі. Проф. Х.Сүйіншəлиевтің «Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері» деген монографиясындағы жаңаша жүйелеуге ұмтылу тенденциясын мансұқтауға болмайды. Мек-теп оқулығының ұлғайтылған түрі қазір бізге аздық жасайды.

Тап осындай мəселелер XX ғасыр басындағы əдебиет оқулығында да ескерілуі шарт. Бұл кезең жыл саны жағынан аз болғанымен, əлеуметтік-эстетикалық мəні жағынан айрықша кезең екені əмбеге аян. Сыншыл реализм əдісінің онан əрі өркендеуі, романтизмді насырға шаптыра желеулендіруі, эклектикалық танымдардың көрініс беруі сияқты күрделі проблемаларға əлі жауап жоқ. Ағартушы-демократтық əдебиеттің жай-күйін ертелі-кеш баяндай беру Бұл кезеңнің бар əдеби картасын ашып бермесі айдан анық. Сондықтан да Бұл кезеңдегі халық шығармашылығының жай-күйін тек 1916 жыл деңгейінде қарамай, кең көлемде аумақтырақ алу,

Page 190: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

190

кітаби ақындардың еңбегін əділетті бағалау, буржуазияшыл-ұлтшыл əдебиеттің туу, тарау ерекшеліктеріне, қоғамдық ойды теріс өрістетпек болып талаптанғанына назар аударып, кейбір идеяларын ушықтыра түсуге тырысқандарына жіті тарихи шындықтың сырын ашуымыз керек.

Бұл реттен келгенде орыс əдебиетшілерінің үлгісін ыж-даһат сала зерттеп, практикалық істе қолдану жайын ойлас-тырғанымыз абзал.

Қазақ кеңес əдебиетіне арналған оқулық негізінен алғанда бүгінгі күннің талабына жауап бергендей. Алайда оқу кестесіндегі сағаттар қазақ əдебиетін барынша тереңдете оқытуға жетпей жатқаны да бар. Қазақ кеңес əдебиеті бойынша жасалған программаны жетілдірген кезде əдебиетіміздің туу, қалыптасу жəне өркендеу дəуіріне өздерінің азды-көпті үлесін қосқан дарындарға, əсіресе Ш.Иманбаева, Б.Ізтөлин, Ж.Тілеп-бергенов, Е.Бекенов, Ж.Шанин, М.Дəулетбаев, С.Шəріпов, С.Ерубаев сияқты көптеген дарындарға ең аз дегенде бір лек-ция арнаған жөн. Олардың шығармашылығын сағат кесте-сіне енгізу қажет, əйтпесе ірі ақын-жазушыларға бөлінген уақыттан жыра тартып жүруімізді құптарлық жайт деу қиын. Ал жоғары білім алып шыққан жастардың қазақ əдебиетінің өкілдерін естімеуі, білмеуі ешкімге абырой əпермесі айдан анық.

Өркені өскен орыс əдебиетшілері мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың бірнешеуін шығаратын тəжірибелері де аз емес. Мектеп, техникум, пединститут, уни-верситет шəкірттеріне жіктей шығаратыны тағы бар. Əрине, біз «көрпемізге қарай көсілуге тиіс» болсақ та, пединститут пен университет шəкірттеріне берілер білім аумағын жете ой-ластырар уақыт жақындап келеді. Оған қажетті дайындық істері қолға алынғаны жөн. Осы оқулықтарға қосарландыра оқулық-хрестоматия, тағы басқа оқу құралын шығару жайын ойластырған да орынды сияқты. Бұл процесс тұрақты оқу-лықтарды жетілдіре беруге пайдалы болар еді.

Сонсын программаға сəйкес жоғары оқу орындарына лайықтанған хрестоматия жасау мəселесін де күн тəртібіне

Page 191: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

қойған жөн. Ғ.Əбдрахманов пен Қ.Жармағамбетовтың «ХX ғасырдың басындағы қазақ əдебиеті» атты хрестоматиясының тəжірибесін пайдаланып, өскен ғылыми-педагогикалық талаптарға жауап беретін топтама жасау əсіресе Қазан револю-циясына дейінгі əдебиет дəуірлеріне қажет-ақ.

Əдебиет тарихы оқулықтарын жетілдіру мəселесін əңгімелеген кезде оқу жоспарында ескерілер тағы бір курс бар. Ол – əдебиет сынының тарихы. Мұны əдебиеттің жанры ретінде емес, жалпы көркемдік таным-біліктің қалыптасуы, жетілуі процесімен байланыстыру арқылы шағын көлемді жалпы курске айналдыру қажеттігі туып отыр. КОКП Орталық Комитетінің əдеби-көркем сын жөніндегі қаулысын жүзеге асыруға қазір шығармашылық мүмкіндік те бар.

Сонымен, қазақ əдебиеті тарихының жүйелі курсын жо-ғары мектепте оқыту процесі қазақ əдебиеттану ғылымының табысы негізінде тарихи дерегі мол, танытқыштық сипаты қалың, эстетикалық танымы биік, əдеби сапасы жоғары бола беруін қадағалауымыз шарт.

Біз бір-бірімізге тұсау салмай, қайта көмектесу, жəрдемдесу жағын ойластыруымыз керек. Өйткені бір елдің өскен əдебиетінің, мəдениетінің жай-күйін академия қолға ала ма, жоқ болмаса университет не институт кафедрасы шеше ме, əйтеуір тиянақты зерттелген дүние жалпы қуанышқа айналғаны жөн. Біздің ауылдың байы озды дегеннен гөрі, бүкіл бір елге абырой əперетін сəйгүліктің бəйгеден келуін тілейтін уақытқа жеттік.

1974 ж.

Page 192: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

192

ƏДЕБИЕТ ТАРИХЫНДАҒЫ«АҚТАҢДАҚТАР» ХАҚЫНДА

Қазақ əдебиеттану ғылымының төңірегінде қырық жыл-дай еңбектеніп жүргенде талай рет көңілді алаңдатып, анда-санда қалың оқырман сезер-сезбестей түрде баяндап кел-ген шүбəлі жайлар қазіргі қайта құру заманында шындыққа айналғанын көріп, бүкіл қоғамдық ғылымға тұсау салған, ешқайда Бұлтартпай қойған қателіктерді, қағидаға айналған қателіктерді мүмкін-қадерінше əдебиет тарихына байланысты-ра айтып беруді азаматтық борышым санаймын.

«Правда» газеті өзінің 1988 жылғы 3 маусымда 1917 жылғы Қазан көтерілісінің тарихына арналған дəстүрлі жұмалығында 30 – 40-жылдары қалыптасып, дəуірлеген концепция бойынша тарихта болған құбылыстарды жасыру былай тұрсын, ашықтан-ашық Бұрмалауға, кейбір фактілерді фальсификациялауға дейін бардық деп жазып отыр.

Жеке адамға табыну дəуірінде əбден қалыптасып, күні бүгінге дейін қыр соңымыздан қалмай келе жатқан тап күресі күшейе береді деген И.В.Сталин «теориясы» біздің елімізде саяси қырағылықты шегіне жеткізді де, талай ғылыми, əдеби, мəдени қателіктерге ұрындырды, бүкіл коммунистік идеологияның түтінін басқа жаққа Бұрып, жалған сөйлеуге, өтірік айтуға, тарихты Бұрмалауға апарып соқтырды. Оның қандай зардаптары болғанын кеңестік баспасөз ашық жа-зып жатыр. Бізде де талпыныс жоқ емес, соның бір көрінісі – «Жұл-дыз» журналында жарық көрген «Қағидаға айналған қателер түзелсе» (№11.1988) атты ғылыми эссе. 1982 жылы 10 қаңтарда БКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің Мəдениет жəне насихат бөлімдері мен қазақстандық Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институты «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстанның теориялық майданындағы күрестің міндеттері туралы» біріккен қаулы алды.

Теңіз – өзеннен, өзен – Бұлақтан бастау алатыны сияқты, біздің бүкіл тарихымыздың, оның ішінде партиялық, азамат-тық, əдеби-мəдени тарихымыздың Бұрмалануы осы бірік-

Page 193: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

193

кен қаулыдан басталады. Əрине, Бұған дейін де талпы-ныстар болған, ал мына қаулы ресми шешім болды. Пат-ша самодержавиесіне қарсы күреске шыққан көтерілістер мен қайраткерлер объективті түрде революциялық сипатқа ие бола алады, ал Қазан төңкерісінен кейінгі іс-əрекетінің мəн-маңызына қарай бағалау керек деген маркстік-лениндік түсініктің түтінін Қазақстан жағдайында теріске Бұрып жіберді. Сондықтан ұлт-азаттық көтерілісінің де, халық қозғалысының да, жеке қайраткерлердің іс-əрекетінің де түпкі мақсатына на-зар аударылмады. Тіпті «алаш оқығандары (жазушылары) төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де қазақ еңбекшілерінің, пролетариаттың дұшпаны болды дейміз. Еңбекшілердің досы емес, қасы болды дейміз» («Əдебиет майданы» журналы,1932, №4, 3-б.) деген түсінік ресми түрде қалыптасты да, бүкіл идеологиялық майданды түгелдей жаулап алды. Азаматтық, мəдени жəне əдеби тарихымызды баяндаған уақытта осы қағиданы басшылыққа алу айрықша талап етілді.

Осы мақсатпен жазылған еңбектердің құлақ күйі, халықтың сана-сезіміне сіңірер ой-пікірі қазақ интеллигенциясының ешқандай пайдалы еңбегі жоқ, қайта «став с первых же сво-их шагов на путь самого тесного союза с российской либе-ральной буржуазией, алашская интеллигенция в революцию 1905 года ограничалась слабой оппозицией к самодержавию и робкими требованиями крайне ограниченных реформ, в годы империалистической войны и восстании 1916 года, она про-шла этап безграничнего пресмыкательства перед царизмом и в 1917 году она закончила безраздельным служением россий-скому империализму и контрреволюционной борьбой в сою-зе со всей белогвардейщиной против пролетарской диктатуры» (С.Брайнин, Ш.Шафиро. Очерки по истории Алаш-Орды под редакцией Н.Н.Ванаг, 1935. 5-б.).

Осы көзқарас Қазақстан Коммунистік партиясының І съезінде 1937 жылы соңғы рет əңгіме болды да, қазақ зиялыларының революциялық түгіл, пайдалы да рөлі болмағанын əрқашан айтып, жазып, түсіндіріп отыру идео-логия қызметкерлеріне жүктелді. «Алаш-Ордаға байланысты

Page 194: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

194

айғай-шудың барысында қазақ интеллигенциясының талай уақыттан бергі еңбегі зая болып, жалғандықтың құрбанына шалынды. Əбден еркінсіп алған əлгі авторлар «очень многих обманывает литературная деятельность алашской интелли-генции того периода. В ней ищут революционные мотивы, в ней видят доказательство, якобы объективно революционной роли алашской интеллигенции. В действительности дело об-стоит как раз наоборот... На деле по своему классному смыс-лу и политической направленности вся их литературная про-дукция была пропитана мотивами, звавщими народ к средне-вековью, сеявшими неверие в силу масс и проповедавшими на-родным массам алашский путь, соглашательства с империа-лизмом» (Сонда, 29-бет) дегендерді қиналмай айтты. Осыған қарсы шығып, тарихи шындықты түсіндіретін қадамдардың болмағаны өкінішті.

Əуелінде ғылыми қателіктен басталған ой-пікір енді Бұлжымас қағидаға айналып, ресми сипат алды. Бұл тұжы-рымнан басқа ой-пікірдің бəрі саяси-ғылыми қателік деп сана-лып, қуғын-сүргінге түсірді. Жалғыз ұлт-азаттық қозғалысының ғана емес, бүкіл өткен тарихымыздың бар оқиғалары мен тар-тыстары осы көзқарасқа лайықталып баяндалуға тиісті бол-ды. 1947 жылы «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының саяси өрескел қателіктері туралы» ең бір қиын қаулы алып, Бұрыннан-ақ Бұрауы мен сұрауы қатты қате көзқарасты мүлдем шығандатып жіберді. Оның аяғы 1950-53 жылдардағы науқандарға ілігіп, 1937 жылдың ең жа-ман көріністері ғалымдар мен зиялыларға қайтадан қолданыла бастады. Мұндай əкімдік шаралардың дөрекілігі тарихи XX съездің қаулы-қарарлары əбден əйгі болғаннан кейін КОКП Орталық Комитеті 1957 жылы «Қазақ халқының əдеби-поэзиялық жəне музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы жəне оны жақсарту шарала-ры туралы» қаулы алды. Оны жүзеге асыру үшін Қазақ КСР Ғылым академиясы 1959 жылы қазақ əдебиетінің негізгі про-блемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияны өткізгенімен, культ кезінде қалыптасып қалған көзқарастарды

Page 195: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

195

ептеп жамап-жасқағанымыз болмаса, ескі көндей құрысып тоқырау заманында қайтадан қалпына келді. Кешегі ай-тып, жаза бастағанымызды литоның адамдары емес, іс ба-сында отырған төресымақтар мен қызылкөздер жібермейтін, айтқызбайтын дəрежеге жетті. Кейінгілердің үрейшілдігі мен білімсіздігі Бұрынғыларды жолға тастап, қауіпті сипат ала бастаған шағында əйтеуір қайта құру мен жариялылық зама-ны жетті.

Қазақтың көне əдебиетінің сонау Орхон-Енисей ескерт-кіштері, əл-Фараби қайраткерлігі, Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігі», Махмұд Қашқаридің «Лұғаты», Қожа Ахмет Йасауидың «Хикметі», яғни көне түркі халықтарының рухани байлығы мен Қазақ хандығы тұсындағы көркемсөз бен əдеби ағым-бағыттардың жай-жапсарына соқпаймыз. Бұл саладағы қандай кемшілік болсын, істелінбей, қолға алынбай жатқан жайлар болсын, түгелдей қазақтың бүгінгі ғалымдары мен зиялыларының ар-ұжданына байланысты екенін ескеріп, ол са-лада ой түйіндеу мен пікір айтуды Бұл жолы өзімізге міндет ете алмаймыз.

Культ кезінде қалыптасқан қате қағидалардың соңғы дəуір-лердегі əдебиетіміздің тарихын зерттеу саласында қандай күйге жеткізгеніне назар аудару қажет.

Қазақстандағы қоғамдық ғылым саласында қалыптасқан үлкен қателік – патша самодержавиесі мен орыс халқының арасына теңдік белгісінің қойылуы, Ресей əкімшілігі мен шенеуніктеріне байланысты айтылған сөздің, жасалған іс-əрекеттің бəрі түгелдей реакцияшыл, керітартпа, халықтар достығына қастандық болып есептелуі. Тарихи шындыққа жанассын-жанаспасын, əйтеуір, Қазақстанның Ресей-ге қосылуының прогрессивтік мəні болды дегенді орынды жерде де, орынсыз жерде де айту, жазу етек алды. Ол үлгіге сай келмейтіндер сыналды, датталды. Оның бүкілодақтық көрінісі Шамиль қозғалысы еді, оны кавказдықтар араша-лап алғанымен де, сол кезде қалыптасқан теріс көзқарастың дабы сезілмейді емес. Марқұм Ілияс Есенберлиннің тамаша ержүректілігімен Кенесарының шын пиғыл сыры, іс-əрекеті

Page 196: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

196

ашылғанымен, ғылыми тұрғыдан соның дұрыс-Бұрыстығын əңгімелеуге əлі батылымыз жетпей келеді. Ал Едіге жəне оның ұрпақтары туралы жырларды жылы жауып қойдық. Сөзге қалған татарлардың Едігесі мен қазақ тарихында, əсіресе əдебиетінде өмір сүрген Едігенің аты ұқсас, заты бөлек екенін анықтауға назар аударған жоқпыз. Едіге төңірегінен өрбитін Орақ, Мамай, Шора, Қарасай-Қазы сияқты қырық шақты ба-тырлар жыры зерттелінбей, жарияланбай келеді.

Сəкен Сейфуллин «ноғайлы жырлары» деп тапқан байлық-тар əлі күнге дейін игерілмей жатыр.

В.И.Ленин өзінің саяси қайраткерлігінің балаң кезінде-ақ «Тарихи қайраткерлердің сіңірген тарихи еңбектері олардың осы күнгі талаптарға жаңалық енгізбегеніне қарай бағаланбайды, өзінің алдындағы өткендерге қарағанда қандай жаңалық енгізгендеріне қарай бағаланады» (В.И.Ленин. Шығармалар. 2-том, 195-196 б.) деп айтқанын ұғыну дəрежесіне көтеріле алмай қойдық.

Осы қағида əсіресе əдебиет тарихында дұрыс жүзеге аспай келеді. Оған ең алдымен, патша самодержавиесі мен орыс халқын тұтастырып алуымыз себепкер болғанын тағы да қайталап айтуымыз керек. «Орыс» деген атау қазақ ақын-жырауларының аузына оң түссе – прогрессивті, теріс түссе – керітартпа етіп шығаруға керемет машықтанып алдық. Оған Шортанбайдың өнерпаздық тағдырын мысалға келтірсек те жеткілікті. «Бес ғасыр жырлайды» жинағынан Шортанбай, Дулаттарды алапестей аластатқандар «тарихқа қиянат жа-сап отырғанымыз жоқ, саяси қырағылық танытып отырмыз» деп кеудесін қағып, кезекті өсуіне «саяси капитал» қылғанын жұрттың бəрі біледі. Сондайды көрген соң ниеті Бұзықтар «біз де сүйтейікші» деп «жарысқа» түсіп, қырағылық танытып жүргендер əлі де бар.

Біздегі үлкен айып – ұлтшыл, алашшыл аталудан кейінгі діншілдік қой. Қазақта «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегенді Абайдан асырып айтқан адам жоқ. Солай бола тұрса да Абай аузымызға сіңіп, өңешімізден өтпеген соң, бисмилла деп сөз бастаған, Алланы ауызға алған басқа ақын-жыраулар,

Page 197: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

197

жыршыларды клерикал, діншіл деп айыптауда алдымызға жан салмай келеміз. Шоқан айтпақшы, қазақтардың діндарлығына күні бүгінге дейін шүбəміз бола тұрса да, жаны қиналғанда құдайдан бастап сыпыртып жіберетін қазақтан басқа халық жоқ екенін көре тұрсақ та, Қазан революциясына дейінгі қазақ қауымында жетекші идеология – ислам дінінің аят-хадисі болғанын жасырмайық. «Аллаңнан ойбайым ты-ныш» дегенге көбірек ойысатын, молда-ишандардың уағызын жүре тыңдаған елдің ақын-жырауларын діншіл, клерикал деп қорқытып-үркіту күшті болғанын да ұмытпайық. Мəйіті өзінің туған топырағында жатқан, Орта Азиядағы ең үлкен, көркі жағынан талай сəулет өрнектерімен таласа алатын мавзолейі бар Қожа Ахмет Йасауидың шығармашылығының маңынан əлі күнге дейін жүре алмай келеміз. Көршілес өзбек ағайындар өз əдебиетін тудырушылардың бірі деп есептеп, та-рихына енгізіп, дəріс қылатынын көрсек те, білсек те үндемей жүре беруді дағдыға айналдырып алдық. Өзге елдің діндар оқығандары былай тұрсын, дінбасылары, əсіресе грузин-армяндардың священниктері, муфтилері, дін иелері əрқашан ақылды да кемеңгер бейнесінде суреттелсе, біздің «сорлы» моллаларымызға бір шыр бітпей, есалаңдығымен ақымақ бо-лып жүретіні қалай? Əдеби штампқа айналып кеткен жоқ па?!

Үлгісі көпке мəлім орыс жұрты бізге тағы да бір өнеге көрсетіп отыр. Русьтың христиан дінін қабылдағанына мың жыл толуы дүниежүзінде ұлан-ғасыр мерекедей аталып өтті. Мереке қарсаңында М.С.Горбачев дін басшыларымен сөйлессе, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Председателі орыстың православие шіркеуінің мерекелік салтанатына дүниежүзінің əр шалғайынан келгендерді қабылдағанда: «Принятие христи-анства сыграло большую роль в становлении и развитии рус-ской государственности на земле наших далеких предков. Она вывела Древнюю Русь на орбиту широкой международной жизни средневековой Европы.

Восточная часть христианства – православие стало госу-дарственной религией и оказало большое влияние на полити-ку и экономику, воспитание и образование, семью и быт. Ни-

Page 198: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

198

кто не может отрицать значимости роли Русской православной церкви в летописи нашей державы» («Правда», 13.6.88) де-ген пікірді еш уақытта естен шығармай, келешек зерттеулерге, түсіндірмелерге өзек ету шарт.

Тарихты Бұрмалаудың бір көзі діннің осы «шапағатынан» болса, екінші бір қайнары – желпілдеген желеулер мен шолақ түсініктер, саяз білімділік, дүмшелік болды. Пролеткульттан бастау алған нигилистік көзқарастар əсіре белсенділік пен қырағылыққа апарып соқтырды да, культ заманында саналы қадамдарға, яғни əдейі Бұрмалауға, сөйтіп, жалған сөйлеуге, өтірік пəле жабуға апарып соқтырды. Қорқу мен үрку көзді тұмандатып, зəрені ұшырғанда талай кем-кетікке, қателікке ұрынғанымыз енді айдан анық болып отыр. Оны «Ленин-ская смена» газетінде əсіресе тарих ғылымы саласындағы толымсыздық пен жетіспеушілікті, Бұрмалаушылықты Қазақ КСР Ғылым академиясының қоғамдық ғылым бөлімшесінің академик-хатшысы Р.Сүлейменов (14.6.88) ашық мойын-дап отыр. Олай болса енді əрбір дəуірде өмір сүрген та-рихи қайраткерлердің өз кезінде қандай жаңалық ашып, қандай үлес қосқандығын В.И.Ленинше түсініп, білудің қажеттігі қазір Бұрынғыдан əлдеқайда кең масштабта болуы, Бұрмаланғандарды түзеп, жабулы жатқан «ақтаңдақтардың» сырын ашу арқылы халыққа шыншыл тарих беруіміз керек.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдебиеті тарихының əсіресе XIX ғасырдың орта тұсынан Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі құбылыстардың басым көпшілігін қайта зерттеп, жаңаша баяндау қажеттігі тұр. Мен соның ең бір қиын, сұсты, талайларға опық жегізген, өмір бойы дау-дамайдан шықпай қойған 1905–1937 жылдар аралығындағы атышулы кезеңге тоқталайын да, өз түсінігімді көпшіліктің додасына салай-ын. Бұл кезеңді кең жəне ашық айтуға Шəкəрім, Мағжан, Ах-мет, Жүсіпбектер ақталғаннан кейін мүмкіндік туғандығын жəне кейбір ағым-бағыттарды жаңаша пайымдау қажеттігі ба-рын естен шығармайық. Өздеріңізге мəлім, 1906 жылғы орыс революциясынан кейін жалғыз қазақтың ғана емес, басқа халықтардың да сана-сезімінің жетілу процесі күшті қарқынға

Page 199: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

199

ие болды. Қоғамдық сананың əр саласы іштей жіктеле баста-ды. Қазақтың Абай негізін қалаған жаңа жазба əдебиеті 1905 жылдан кейін екіге жыртылып айырылды. Бірі – ағартушы-демократтық бағытпен өркендеді. Бұл əдебиетті біз белгілі дəрежеде білетін де сияқтымыз, бірақ оның өкілдерін əлі анықтай түсу шарт. Сұлтанмахмұт, Сəбит, Мұхаметжан, Спан-диярмен шектеліп қалуымызға болмайды. Шəкəрім, Ахмет, Міржақыптардың орны бөлек. Өйткені сол кезеңде ағартушы-демократтық позицияны қабылдағандардың бастаушылары екені тарихқа белгілі. Сондай ағартушылардың ішінен біреуіне ғана тоқтайын. Мұхаметсəлім Кəшимов 1907–1909 жылда-ры «Əдеп», «Үгіт», «Насихат», «Ақыл кітабы», «Сұлу қыз» атты өлең жəне публицистік бес жинақ, 1914 жылы «Мұңлы Мариям» атты роман шығарғанын, екі жылдай «Айқап» журналының тілшісі болып, Алатау, Қытай қазақтарының өмірінен этнографиялық сипаты қалың очерктерін жазғанын əдебиет тарихында атамай келеміз. «Бисмиллə» деп сөз бастап, «Алла» деп аяқтағаны үшін оны клерикал, діншіл деп айдар тақтық та, маңынан жүрмей қойдық.

Оқып қал, əй балалар, жас шағыңда, Оқуға уақыт кеңдік бар шағыңда.Ендігі заманаға оқу керекОқусыз өнер сатқан адам бар ма?Пайғамбар хақ, Алланы бір біліңіз,Орысша, мұсылманша тіл біліңіз.Қазіргі күнімізге қарағандаҚазақты еш жарықсыз түн біліңіз, –

дегендерін құлаққа іліп алмадық. М.Кəшимовтің осы өлеңдері талай əліппелерге кіріспе ретінде Ы.Алтынсариннің «Бір құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық» деген атақты өлеңімен қатар беріліп, бірнеше оқу құралына кіргенімен де санаспадық. Толып жатқан моралистік насихаттарының басым көпшілігі бүгінгі тірлікке керек-жарақты уағыздайтынын ескермедік. «Кітап оқу деген бек пайдалы, қызық нəрсе. Жолдассыз уақытта

Page 200: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

200

жолдас болады. Көңілің жабырқап қайғыланған уақытта көңі-ліңді ашады, шаттандырады, Бұрынғы заманда нелер болған, миллеттар қандай, ғылымды кісілер қандай – солардың бəрін көзге көрсетуші, аз бағалы, көп пайдалы нəрселер дүр. Соның үшін кітап алуға сараңдық қылмай, кітап алып тұрыңыздар» не-месе «Заманның түріне қарап һəр бір миллеттар (халықтар) алға қарап ұмтылуда һəм сол еткен жігерлерінің арқасында күннен-күнге ғылым, өнерлер де алға қарап жүріп бара жатыр. Енді біздің қазақтарға қарасақ, тіпті басқа һəммен баяғы надандық, жалқаулық жақтарын қуаттай береді. Бірен-саран ішімізден туралыққа, ғылымға қарап үндеушілер болса, жан-тəндерімен дұшпандықтарын арттыра береді. Қашан Бұл əдеттер жой-ылмайынша қазаққа ғылым, өнерлердің тегістей тарауы бек қиын дүр. Алла тағала осы қисық пікірлердің бітуіне жəрдем берсін» дегенінде өзінің ағартушылық ойын «Алла тағаламен» нығыздап отырғанын тілге тиек етіп, дінді үгіттеп отыр деп Бұрмаладық, сол үшін айтпағанымыз, тақпағанымыз қалмады. Осындай дарындар 1905–1937 жыл аралығында өте көп болды.

Өздерінің шығармашылығында халық пайдасын əрқилы өңірден ойластырып, қарлығашша қанатымен су тасуға, өнер-білімге жетектеуге талпынған, алуан сыңайдағы көркемдік тəсілмен жазған Шəңгерей Бөкеев, Таһир Жомартбаев, Əріп Тəңірбергенов, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Нарманбет Орман-бетов, Көкбай Жанатбаев, Ғұмар Қарашев, Бернияз Күлеев, Ғалиолла Ғалымжанов, Көлбай Тоғысов, Самат Нұржанов, Ахмет Мəмбетов, Білəл Сүлеев, Ишенғали Бейсенов, Зейнел-ғабиден Əмрин, Мақыш Қалтаев сынды талай дарындар қазақ халқын мəдениет биігінен көруге құмартты, талай ұтымды да толымды ойлар айтып, өнер-білімге шақырды. Енді осылардың бəрін Алланы ауызға алдың немесе алаштың тілегін тіледіңдер деп жылы жауып қоюды уақыт көтермейді. Əрине, Бұларды жіктеу, жіліктеу қажет, өйткені дүниетаным жағынан да, көркемдік əуселесі жағынан да Бұлар біркелкі емес. Əр дарын өз үлесіне қарай əдебиет тарихынан орын алып, кейінгі ұрпақ-пен қауышуы шарт.

Page 201: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

201

1905 жылғы орыс революциясында қазақтың жаңа жаз-ба əдебиеті екіге жыртылып айырылды дегенімізде халықтың жалпы ынта-тілегін ағартушылықтың аясына сыйғызбақ болған халықшыл, М.Əуезовше айтқанда, сыншыл əдебиет (ескі терминмен айтқанда байшылдық-ұлтшылдық əдебиет) ағымы туғандығын ескеріп отырмыз. Жалғыз көзді дəу, жеті басты айдаһар, жалмауыз, жезтырнақ мыстанмен ба-ланы қорқытатын сияқты, біз күні кешеге дейін кейінгі ұрпақтың зəресін ұшырып, берекесін қашыру үшін халықшыл əдебиетшілерге алашшылдықты қосақтап, бетіне қарай алмай-тын қаһарға айналдырдық. Соңғы 40-50 жыл бойынша əлгі əдебиеттің маңайына жоламай қойдық. Жалғандықтың етек алғандығын, культ қыспағын бетімізге перде еткеніміз сонша, бір əдебиеттің революцияға дейінгі бір қанатын мүлде қырқып тастап «тарих» жасадық, осыдан басқаны іздеп əлек болмай-ақ қойыңдар деп тыйым салдық. Соның нəтижесінде елшілердің шығармашылығына назар аударайық дегендер «ұлтшылдық» дертіне белшесінен батқандар, ғылым тілімен айтқанда, буржуазиялық объективизмге түскендер болып есептелетін күйге жетті. Қорқу-үркудің салдарынан қазақ əдебиеттану ғылымы осы кезеңнің əдеби процесін білу процесінде 30-жыл-дардың өресінен əрі бара алмай қалды.

Қазақстан Өлкелік партия комитетінің Мəдениет жəне насихат бөлімдері мен қазақстандық Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының 1932 жылы 10 қаңтарда бір-лесіп алған қаулысына дейін жазылып, соңғы нүктесі 1931 жылы 15 мамырда қойылған, жалғыз саяси-идеологиялық тұр-ғыдан ғана емес, ғылыми тұрғыдан да айрықша мəні болған «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. 1-бөлім. (Ұлтшылдық, бай-шылдық дəуірі. Буржуазно-националистический период») де-ген атпен 1932 жылдың сəуір айында шыққан С.Мұқановтың монографиялық зерттеуінің жалпы тарихымыз үшін үлкен олжа болғанын қазір ауыз толтырып айтуға тиіспіз. Елжас Бекенов 1935 жылы-ақ «Ұлт қозғалысы жəне ұлтшылдық əдебиет (Сəбит Мұқанұлының «ХХ ғасырдың қазақ əдебиеті» деген кітабының 1-бөлімшесіне сын») деп аталған бес баспа

Page 202: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

202

табақтық сыни-зерттеу кітабында «Қазақтың өзі жасаған тари-хы бар, бірақ Бұл күнге дейін жазылған тарих жоқ. Сəбиттің та-рихы сол қазақ тарихының бір саласы, белгілі дəуірдегі əдебиет тарихы. Бұл қазақ өмірінде тұңғыш шыққан ең бағалы еңбек. Мұндай еңбектің керектілігіне, бағалылығына ешбір сөз жоқ» (5-бет) деп бастап, автордың талай ағаттық пен кемшіліктер жібергенін айта келіп – «Бұл тарих – үлкен құрал. Қазіргі қазақтың пролетариат бағытындағы көркем əдебиетінің өсуіне жəне еңбекші жастардың жаңа салт-санамен тəрбиеленіп өсуіне үлкен көмекші!» (72-бет) деп тапқан болатын.

Алайда кейінгі уақытта ол кітаптың қадыр-қасиетіне жеттік деп айта алмаймыз. Кітапқа монографиялық портрет болып енген Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəбит Дөнентаев, Мұхтар Əуезов, Бернияз Күлеев сынды дарындар төңірегіндегі ой-пікірлердің дұрыс-Бұрыстығын былай қойғанда, XX ғасырдың 1905–30-жылдары арасындағы қазақтың буржуазиялық əдебиетінің көптеген шындығы нақты деректермен, мысал-дармен ашылған еді. Міне, осы жайт «буржуазиялық объек-тивизм» деп табылып, сынаймын, зерттеймін деген желеумен олардың еңбектерін қалың оқушыға насихаттап отыр, ұзақ-ұзақ үзінділер сол үшін керек болған деп «саяси қырағылық» танытып, еңбекті оқуға тыйым салдық. Сонымен Бұл кезеңді зерттеуге қара таңба басылды. 1937 жылы Бұл еңбек Сəбиттің өзіне пəле болып жабысты. Оның екпіні кейінгі кезде де басыл-май, Сəбитті мұқатпақ болған кездерімізде «Осындай еңбек жазғаныңды ұмытып бара жатыр екенсің» деп 50-ші жəне 70-ші жылдардың бас кездерінде есіне түсіріп қойғанымыз да бар.

Ал осыдан не таптық? Қоғамдық-əлеуметтік санасы өс-кен кейінгі ұрпақтың бүгінде табасына қалдық, ғылыми жалғандыққа ұрындық. XX съездің тарихи шешімін жүзеге асырудың алғашқы сəтінде Сəкен, Бейімбет, Ілияс төңірегіндегі зерттеулер өткенді білуге құмарлықты күшейте бастағанда «Тұрар Рысқұловтың еңбегін дұрыс баяндамай жатырсыңдар, ол анадай-мынадай саяси қателіктерге ұрынған» деген ескі шоқпар қайтадан көтерілген соң, тарих саласындағы ізденісті іркуге тура келген болатын. Бірақ мəдениеті өскен оқушы

Page 203: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

203

жұртшылық өз талабын білдірген шақта олардың танымпаздық құштарлығын болар-болмаспен алдарқатудың амалын таптық. Бұрынғы қалыпқа түсіп, тағы да саяси қырағылықты күшейтуге кірістік. Баспа бетінен кеудесінде жаны бар шындықты айта алмай тосылдық.

Осы арада мына шындықты айрықша қайталау шарт. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің өркендеуі мен дамуы жай-ында дені дұрыс бірде-бір еңбек С.Мұқановтың 1932 жылғы кітабынан кейін жазылған жоқ, зерттеу ісі жүргізілген жоқ. Ол кітап күні бүгінге дейін тарихи деректердің көзі болып қала берері даусыз. Ал солақайлықпен айтылған пікірлерді, əрине, түзету керек. Алайда алашы бар, ұлтшылы бар, дарынды ақын-жазушысы бар дəуірді айналып өтуге келгенде алдымызға жан сала қояр ма екенбіз?! Осыған алдымен əдебиетшілер мен тарихшылар, қоғамдық ғылым өкілдері, оның ішінде қазақша түсінетін, бірақ шындықты айтуға жасқанатын қазақ оқығандары – түгелдей кінəліміз. Шафиро мен Брайниндердің үлгісімен тарихты Бұрмалай бергеніміз үшін кінəліміз.

Қайран қалатын бір жайт – Сəбит Мұқановтың азамат-тық ерлігі хақында. 1929 жылғы тұтқындау, 30-31 жылғы сот процестері нəтижесінде атылып кеткен Жүсіпбек Ай-мауытовтың, лагерьлерде айдалып жүрген Ахмет Байтұр-сынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтың, түрмеде отырған Мұхтар Əуезовтің шығармашылық портретін жасап, олардың белгілі-белгісіз өмірбаяндарын тізіп, үлкен ақын-жазушылығын мойындай отырып, артық-кем айтқан ойла-рын қазір солшылдықпен сынау деп есептегенімізбен, ол кез-де таптық позиция деп түсіндіріп, тарих бетінде бадырайған іздерін көрсетуге Сəбиттен басқа кімнің батылы жетті? Қуғын-сүргінге түскендердің жым-жылас жоғалып кетпеуіне осы-дан басқа қандай амал бар еді? Ол – ол ма, 1957 жылы Мұхтар Əуезов «өзі қазақ сахарасында өскен Жұмабаев ақынға оның туған өлкесі қорқынышты, өлі дүние тəрізді сезіледі... Өлім күйін құлақ күйдей қатар күңірентеді... Өзінің көптеген шығармаларында махаббат сыршылдығын жырлаған Жұмабаев ақын қазақ əдебиетіне əралуан дертті: ыңырана күңіренуді,

Page 204: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

204

мистикалық жəне жұртқа жат эклектизм (əркімге еліктегіштік), декоденттікті екпек болған ақын еді» (12-том, 170-бет) дегенді ХХ съезден кейін, Сəкен, Бейімбет, Ілиястар ақталып жатқан тұста сақтана айтуының өзі насихат емес пе? Солшылдықпен айтылсын, əлде оңшылдықпен айтылсын, əйтеуір тарих үшін қажетті дерек екендігін ескерер болсақ, онда таптық қырағылық күшейіп тұрған 30-жылдардың өн бойында Сəбит Мұқановтың осындай кітап шығарып, қалың оқушыға ұсынуының өзі көзсіз батырлық екенін ұққанымыз абзал болмақ.

Сəбит Мұқановтың 31-жылы жазған ғылыми-зерттеу кітабынан кейін ХХ ғасырдағы халықшыл, елшіл əдебиеттің жай-күйі жайында дені дұрыс бірде-бір еңбек жазылған жоқ, зерттеу ісі жүргізілген жоқ. Бірлі-жарым ғалымдар жазғанын жариялата алмай тауы шағылып, «қырағы көздерден» қорлық көрді. Оған көп дəлелдің бірі – өзім. Менің тарихи негізі бар кітаптарымның теперіш көрмей, талай рет жұлмаланбай, жыр-тылмай, «түзетілмей» шыққаны жоқ. Осының салдарынан əдебиет тарихында ХХ ғасыр басындағы əдеби ағымдарды зерттеуге, оның өкілдерінің атын атауға күні бүгінге дейін дəтіміз бармайды.

Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті Шəкəрімді, Мағжанды, Ахметті, Жүсіпбекті ақтау арқылы маркстік-лениндік сара жолдың үлгісін көрсетіп отыр. Біздің ендігі міндетіміз «ақ түйенің қарны жарылды, жақсылық келді» деп орынсыз өрекпімей, дуылдата даурықпай, сабырмен, тари-хи шындықты жүйелі тексерумен, ештеңені жасырмай, асыр-май зерттеу болмақ. Міне, сонда ғана «ақтаңдақтар» жойылып қана қоймайды, дұрыс ғылыми шешімін табады.

Бұл ретте мен орыс əдебиетшілерін нақты мысалға келтіре аламын. XIX ғасырда классикалық деңгейге жет-кен ұлы орыс əдебиеті XX ғасырдың басында талай измдер-де ізденіс жасады, тапқаны да аз емес, жеген опығы да мол. Саяси-əлеуметтік өзгерістер, əсіресе Қазан революциясы орыстың шығармашылық интеллигенциясын қатты ойландыр-ды. Халықты жақтағандары кеңестік Ресейде қалып, игілікті істерін жалғастыра берді. Ал баяғыдан бері əртүрлі ағымдарға

Page 205: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

205

түсіп əуейілегендердің көпшілігі эмиграцияға кетті, қайсыбірі өштесіп, қастасып кетті, тіпті өле-өлгенше қастандығын жа-сап, газет-журналдар арқылы өсек-аяң таратқаны да тарихи шындық. Солай бола тұрса да, орыс əдебиетшілері əдебиеттің жалпы даму процесін анықтау үшін талай зерттеулер жасап, 1890–1917 жылдар аралығындағы пролетарлық əдебиеттің қалыптасу процесімен қатар сыншыл реализм əдебиетінің онан əрі өркендеуі, реализмнен экспрессионизмге бейімделу, жаңашыл əдебиет жасаймыз деп талпынушылардың симво-лизм, акмеизм, кубофутуризм, эгофутуризмді сағалап кетуі, ша-руа əдебиетінің өкілдері, декаденстводан арылып, гуманистік поэзияға ойысу тенденциялары өздерінің нақты өкілдерімен əңгімеленіп, үш том көлемінде арнайы зерттелді. Орта мектеп оқулықтарында жинақтала айтылса, жоғары оқу орындарына арналған кітаптарда тарамдатыла, тереңдетіле əңгімеленеді.

Бұл қайта құру заманынан емес, кеңестік əдебиет қалып-тасып, маркстік-лениндік сара жолмен шындап өрістей бас-таған 30-жылдардан келе жатқан ұнамды ғылыми дəстүр.

Орыс əдебиеттануындағы осы жайларды бəріміз оқып-біліп жүргенімізбен, қазақ əдебиеттану ғылымында біз де осы-лайша зерттейікші, шын əдебиет тарихын жасап берейікші деген қадам жасалмай-ақ қойды. Бұған көбіне-көп «алаш оқығандары, ақын-жазушылары» деген айғайлар кедергі бол-ды, жаңаша ізденіске тосқауыл қойды. Іс басында, ғылымды ұйымдастыру саласында отырғандар Бұл өңірге аяқ баспа-ды. Міне, соның арқасында əдебиет тарихындағы ақтаңдақтар өзінен-өзі өсіп, қордалана берді. Тіпті ешбір дау-дамайы, айғай-шуы, алашқа еш қатысы болмаған дарындар осы желе-уменен елеусіз қалып, тарихқа кірмеді. Оған нақты дəлел: Рах-метжан Малабаевтың шығармашылық өмір жолы. Революци-ядан əлдеқайда ерте бастап, 30-жылдарда өндіріп еңбек еткен дарынның 60-жылдарға шейін өмір сүріп жатқанын көбіміз білмей де қалдық. Ол – ол ма, Жиенғали Тілепбергенов, Ел-жас Бекенов, Мəжит Дəулетбаев, Сағыр Қамалов, Қадыр Тайшықов сынды 20–30-жылдары көрінген дарындардың ат-

Page 206: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

206

тарын осы соңғы кездерде еміс-еміс естіп, бірді-екілі кітабын шығарғанымызбен, тиянақты зерттемей жатқанымыз тағы бар.

Əдебиет тарихы ылғи генералдардан тұрмайды, оның офицерлері, сержанттары, солдаттары болатынын ескере бермейміз. Біз тындырып жатырмыз деп көбіне-көп Сəкен, Бейімбет, Ілияс, Сəбит, Мұхтар, Ғабит, Ғабиденге ертелі-кеш табынамыз да, олардың көркін ажарлаған, көріктендірген, өздерінің ірілі-уақты дарындарымен кеңестік əдебиетті өркендетуге үлесін қосқан Мəжит Дəулетбаев, Самат Нұржанов, Бекмұхамет Серкебаев, Аманғали Серікбаев, Аб-долла Асылбеков, Смағұл Садуақасов, Ерғали Алдоңғаров, Ғаббас Тоғжанов, Əбдірахман Байділдин, Хамза Жүсіпбеков, Мұстафа Көшеков, Орынбек Беков, Əбдірахман Айсарин, Əлібек Қоңыратбаев, Мансұр Ғатауллин, Құшмұрза Өтепов, Ілияс Қабылов, Ыдырыс Мұстамбаев, Шаймерден Тоқжігітов, кешегі Əлішер Тоқмағамбетов, Қайнекей Жармағамбетов тəрізді ақын-жазушылар, сыншылардың əрқайсын өзінің шығармашылық қауқарына қарай зерттеу, еңбектерін жүйелеп жариялау мəселесін ескермей-ақ қойдық. Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының ғылыми күші əргі-бергі тарихымызға тиімді жұмсалса, мақсатты арнаға бағытталса, шын эстетикалық орталыққа айналса, онда, сөз жоқ, жоғары оқу орындарындағы педагог-филологтар немесе басқа салаларды сағалап кеткендер өз жəрдемдерін жасары сөзсіз.

Бүкіл əдебиетші-филологтар қазақ əдебиетінің 10 томдық тарихын жасау ісіне жегіліп, əркім өзінің ыңғай-мүмкіндігіне қарай үлесін қосуы тиіс. Оларды ұйымдастыратын орталық – Академияның қоғамдық ғылымдар бөлімшесі болып, белгілі бір кезеңге арнаулы топ құрылғаны да дұрыс болмақ. Штатта бар-жоқ демей, халық игілігіне айналатын үлкен істі жұмыла атқарған абырой. Тіпті қажет болған жағдайда, білікті маман-дарды белгілі қызмет орнынан арнайы шақыртып алу шарасын да ойластырған дұрыс.

Əдебиет тарихын дəуірлеу мəселесі – айрықша ыжда-һатты талап етіп отырған үлкен ғылыми проблема. Əрине,

Page 207: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

207

Бұрынғының бəрін мансұқ етпейміз, мүлдем жаңаша жілік-тейміз демейміз, оларды тарихи басып өткен жолдың арнасы ретінде дамыта пайдаланарымыз сөзсіз. Осы ретте бірнеше ой айтуды қажет деп білемін. Əдебиет тарихы сонау Орхон–Ени-сей, Талас–Тараз ескерткіштерінен бері қарай тартылуы тиіс. ХV ғасырға дейінгі көркемдік дүниелерін түркі жұрттарының ортақ мұрасы ретінде қарап, «анау менікі, мынау ананікі» де-ген ғылымға жат пікірлерден аулақ болуымыз қажет. Тіпті өзіміздің күшіміз жетпей жатқан шақта, Мəскеу, Ленинград ғалымдарымен қатар өзбек, түрікмен, қарақалпақ ағайындарды да көмекке шақырғанның еш əбестігі жоқ.

«Қазақ хандығы» деген атаудан да қорықпайық, өйткені ерте туып, кеш отау тіккенімізге, халық этнонимінің өзі əлі күнге шейін əрі-сəріде жүргеніне өзімізден басқа ешкімді кінəлай алмаймыз. Белгілі бір тоқтамға келмей, дұрыстап зерт-теу жұмысын жүргізбей «анау ғой, мынау ғой» дегендердің неге жеткізгенін көріп отырып, енді ғылыми шешімге келме-сек, онда көздеген мақсатқа жете алмаймыз. Сондықтан Қазақ хандығы құрылған кездегі ақын-жырау, шешендердің сөздері түгел қамтылуы керек. Сонсын жазба жəне ауыз əдебиеті де-ген бағытпен кете бермей, көркемсөздің қоғамдық-əлеуметтік салмағын ойластыру шарт. Өйткені азуын айға білеген Абылай ханның Бұқар жыраудан аса алмай, айтқанын тыңдауы басқа халықтардың тарихында өте сирек кездескен құбылыс. Осын-дай ықпалды ақын-жыраулар ертелі-кеш болғанына қарағанда, қазақ көркемсөзінің мемлекеттік іс деңгейіне көтеріл-гендігін көреміз. Көркемсөздің атқарар міндетін Бұдан əрі салмақтандырудың өзі қиын. Бұл дəстүрдің күресшіл жырға, яғни Махамбет арқылы шаруалар көтерілісінің ұраншысына ай-налуы тағы да қазақ өлеңінің қадірін, өміршеңдігін көрсететін жай. Сондықтан Мырзабек Дүйсеновтің қазақтың аты-жөні, сөзі сақталған ақын-жырауларын ауыз əдебиеті үрдісінен бөліп, өз алдына қазақтың көркемсөзінің ерекшелігі ретінде оңаша қарастыру, өз алдына эстетикалық құбылыс екендігін ұғыну қажеттігі осы кезде ғылыми шешімін табуға тиіс. Сондықтан біз əдебиет тарихын дəуірлегенде Бұрынғыдай ғасыр-ғасырға бөліп алмай (хроника ғылыми жіктеудің ең

Page 208: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

208

оңай жолы), көркемсөздің ішкі мəніне, дарындар ерекшелігіне қарауымыз керек. Сонда ғана əдеби-көркемдік дамудың жолы да, ерекшелігі де айқындалады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай мүлдем жаңа процесс басталады. Орыс халқымен тату-тəтті көрші болуға ұмтылған кезіміз аз емес. Тəуке хан тұсындағы елшілік, Оразмұхамед хикаясы, Əбілхайырдың 1731 жылы алған өкілеттігі шын қамқоршыға барар жолдағы ізденістер ғана екені аян. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай шын бауырмалдықты да, бодандықты да көрген, сез-ген дəуір басталады да, орыстың прогресшіл мəдениетіне жа-насу барысында жаңа заманның жыршылары болып Шоқан, Ыбырай, Абайлар тарих сахнасына шығады. Орысша оқыған қазақ интеллигенциясының қарлығаштары, əсіресе генерал-губернаторлардың Бұйрық-жарлығын жариялайтын рес-ми газеттердің төңірегіне топтасқан қазақ журналистерінің өкілдері көптеп көріне бастайды.

«Түркістан уалаяты газетінде» Шаһмардан Ибрагимовқа қосыла Қожасалық, Мұхаметсəлім, Дəріхалел Бабажановтар көрінсе, «Дала уалаяты газетінде» Дінмұхамед Сұлтанғазинмен қатар Рахымжан Дүйсенбаев, Асылқожа Құрманбаев, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Отыншы Əлжанов, Абдолла Шонаев, Бо-лат Қалмақов, Ахан Əбдірахманов, Мұхаметжан Сералин, Ешмұхамет Жаңбыршаұлы Наурызбаевтар қаламдарының қуатын сынап көрді.

Батыс, əсіресе орыс мəдениетіне иек артып, баспасөзді өркендету қажеттігін түсінгендердің саны Ы.Алтынсарин мектептерінен, əкімшілік билікке жетуді армандаған та-лай қазақтың интернатта оқыған балаларымен молая түсті. Бұлардың алды-артында Шыңғыс Уəлиханов, Мұса Шорманов, Жəңгір Бөкеев, Өтешқали Атаниязов, Мақаш Бекмұхаметов сияқты шен-шекпенді, оқалы жағалылардың іргесі қозғалмай тұтас жатқанын да естен шығармайық. Патша əкімшілігімен жанасып, өздеріне дворяндық атақ, үстіне оқалы шапан, иығына эполет таққан, омырауындағы алтын қарғыбауларды өздерінің «қара халықтан» артықшылығымыз деп түсінгендер

Page 209: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

209

қаншама. Сол оқығандардың ішінде дарындылары да аз емес. «Байдың баласы, ерте оқыған» деген əсіресақшылдықтың зи-янды болғанын енді түсінбесек, онда баяғы «таз қалпымызда» қала бермекпіз. Өйткені еуропацентристік көзқарастың тілегені де, бар арманы да біздің қараңғы, надан болуымыз. Мəдениет тарихын жүдеткендердің «оза шауып, бəйге алуына» енді мүмкіндік бермеуіміз керек.

Абай, Шоқан, Ыбырайлар бастаған топ жаңа заманның жемісі, диалектикалық дамудың заңды нəтижесі. Олардың ұлы, данышпан болулары жалғыз табиғаттың ғана сыйы емес, кезең дамуын, өмір өрісін дұрыс түсіне, аңғара білген сананың жемісі. Сондықтан XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай еуропалық өнер-білімді елінің өрісі тұтқан прогресшіл интеллигенциясының ыждаһатымен сыншыл реализм əдісін негізгі өнерпаздық арнаға айналдырған қазақтың жаңа жаз-ба əдебиетінің дүниеге келіп, халықтың шығармашылық мүмкіндігінің мол да қуатты екендігін танытуы диалектикалық заңдылық. Догматикалық түсінікпен «бізде ештеңе де жоқ еді, бəрі де кейін пайда болды» дейтін көзқарасты талқандау осы дəуірдің шындығын ашумен тығыз байланысты болмақ. Сондықтан Қазақстанда өркендеген капиталистік қарым-қатынас болған жоқ, демек оған тəн сыншыл реализмді Бұл дəуірге жанастыру немесе кеңес заманының алғашқы кезеңіне дейін созу жараспайды дейтін жансыз, ойсыз қисындарды қоюымыз керек. Өйткені К.Маркстің өзі қоғамдық даму мен əдеби процестің əменде қабыса бермейтінін, қайсыбір жанрдың, тəсілдің уақытынан озып не кейін туып жататындығын жеткізе айтқанын естен шығармайық.

Сонымен, қазақтың шығармашылық өмірінде түбінде же-текшілік рөлге ие болатын, өнерпаздық дамудың даңғылын көрсететін Абай жолдары XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып, уақыт озған сайын талай бастаулар мен Бұлақтарды өзіне қосып алып, көсіле ағатын шалқар өзенге айналды, өрісті арна тапты.

Тірліктің ажарсыздығы – біркелкілік, бірыңғайлық. Ал қа-зақтың көркемөнері жұтаңдықтан аулақ болды. Өзінің көшпелі

Page 210: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

210

тұрмысына лайықты əн-күйі, кəделі өнері, ойын-сауығы, той-домалағы халықтың көркем-эстетикалық талғамын қалып-тастырып қана қоймай, оның практикалық қажетін өтеуге əбден жарап жатты. Əнсіз өлең, өлеңсіз əн дегенді білмей, табиғат сыйлаған сезім-түйсіктің бəрін тұтастай қабылдаудың арқасында қоғамдық санасы, əлеуметтік түсінігі бар ел болғаны даусыз. Сондықтан да «Зар заман» ақындары деп аталғандар да осы кезеңде тарих сахнасында жүргендігін естен шығармайық. Бұл ағымды Бұрынғы ақын-жыраулардан мүлде бөліп тастап, даралап алуға да, не Абайларға көпе-көрнеу қарсы қоюға да болмайды. Ешбір ағым, ешбір ақын-жазушы қоғамнан тыс өмір сүрмейді, дүниедегінің бəрі де бір-бірімен байланысып жатады дегеніміз рас болса (оған шүбə келтіруге еш жол жоқ), онда Абайдың Бұқар, Шортанбай, Дулаттардың бір шумақпен «жайын табуы» белгілі дəрежеде сол кездің өзінде-ақ түсінік-танымның əрқилы болғандығын аңғартады. Қазақ қауымында жіктеле бастаған талғам мен біліктің өресін білдірері сөзсіз.

Ол – ол ма, «Дала уалаяты газетінің» бетінде «Қыр баласы» деген псевдониммен Əлихан Бөкейханов Шортанбай, Шөже, Құнанбайлардың сөздері мен жырларын іздестіріп, үлгі-өнеге алуға шақырғанда Абдолла Шонаев, Ешмұхамет Наурызбаев «ол ақындардың өлеңдері газет оқушыларына еш пайдасы жоқ. Себебі олар өлеңді сый алу үшін айтты, өсиет емес» (занима-лись песнопением только за подарки, а не наставлениями на-роду) (1889. №24) деп тауып, өнерді кəсіпқорлыққа айналдыр-май, халыққа пайдалы ғибрат айтудың құралына айналдыруға үндейді. Ал Дінмұхамед Сұлтанғазин Шортанбайдың «3ар за-манына» ашық қарсы шығып, «қазақты о дүниеде жарылқа-ғанша, жəрдемің болса бүгінгі тірлікке пайдаңды тигіз, өнер-білімге шақыр (1896, №31)», деп пікір айтқанын əшейінгі жай сөз дей алмасақ керек. Осының өзі-ақ сол кездегі əдеби ағымдар арасында əртүрлі түсініктің болғандығының, идеялық тартыстың басталғандығының қарлығашы емес пе?!

Мен мұны айтқанда, Шортанбайларды осы теріске бағыт-талған беттерімен қоя берейік демеймін, «біздің бүгінгі ойы-мыздан шығып, бізге керекті сөзді айтпадың» деген көзқарасты

Page 211: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

211

онан əрі соза түсейік демеймін. Ол тарих, ғылым жолы емес, жалған жол. Өкініштісі сол, осы теріс жолмен ұзақ жүруіміз бо-лып отыр. Шортанбай, Дулаттардың өлеңдерін «Бес ғасыр жыр-лайды» жинағына енгізбеген надан ожарлардың іс-əрекетін сөге отырып, Бұдан былай олардың шығармашылығын дұрыстап арнайы зерттеу керек, шығармаларын жариялап, керітартпа көзқарасын да, діншілдік-клерикалдық уағызын да, соны-мен қатар реалистікпен суреттеген өнерпаздығын, көркемдік шеберлігін жарқыратып жазуымыз, айтуымыз, орыс халқына қарсылық деп түсіндіріп келгендеріміздің шын сырын ашып, отаршылдарға, отаршыл шенеуніктерге қарсы бағытталған сөзі екенін айтуымыз керек. Тіпті орыс халқы дегеннің өзінде де «кешірім» жасайтын орыс бар. Оған өзге емес, В.И.Лениннің өзі кепілдік береді: «Никто так не угнетал поляков, как рус-ский народ. Русский народ служил в руках царей палачом поль-ской свободы. Нет народа, который бы так был пропитан нена-вистью к России, нет народа, который бы так страшно не лю-бил Россию как поляки» (В.И.Ленин. Избранные произведения в трех томах. 1970. 2-том, 91-бет) деп 1917 жылы сəуір конфе-ренциясында айтқан болатын. Мəдениеті өскен, ұлттық сана-сезімі жетілген поляк еліне жасалған зорлық-зомбылықтар Сібір мен қазақ даласында еселене түспесе, кем соқпағаны ай-дан анық. Соны Шортанбайлар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ сез-ген, дəмін татқан, «тұщы етіне ащы таяқ» тигенде байбалам салғаны тағы рас.

В.И.Ленин VІІІ съезде партияның программасы туралы жасаған баяндамасында (1919) «Башкири имеют недоверие к великороссам, потому что великороссы более культурны и ис-пользовали свою культурность, чтобы башкир грабить. Поэ-тому в этих глухих местах имя великоросса для башкир зна-чит «угнетатель», «мошенник». Надо с этим считаться, надо с этим бороться. Но ведь это – длительная вещь. Ведь этого ни-каким декретом не устранишь. В этом деле мы должны быть очень осторожны. Осторожность особенно нужна со стороны такой наций, как великорусская, которая вызвала к себе во всех других нациях бешенную ненависть» (Сонда, 3-том, 125-б.) дегендердің бəрін Шортанбайлар сонау ХІХ ғасырда сезе ба-

Page 212: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

212

стаса, ХХ ғасырдың басындағылар көзімен көрді. Сондықтан «сары орыстың бəрі орыс» болып елестеді де, қорғану сезімін, ұлтшылдық сезімін күшейтіп жіберді.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске өзі қатысқан Тұрар Рысқұловтың көзімен көргендерін 1926 жылы жазып, шын-дықты мөлдіретіп айтқанына кейінгі зерттеушілер «ошибался, когда считал, что все европейское население стояло за пода-вление восстания киргизов и казахов» (В.И. Устинов. Служе-ние народу. «Казахстан», 1984. 175-б.) деп мін тағуында белгілі штамптың өзі жатқанын аңғармасқа болмайды. В.И.Ленин сөз-дерін, ойларын осындай кезде ұмытудың бір тəсілі осылай-ша да көрінген-ді, əлі де қылаң беріп қалады. Болғанды болған күйінде айта алмаған осы, жылаған баласын «орыс келе жа-тыр» деп уату тəсілі қазақ арасында ұзақ сақталғанын елеме-ген соң, əрине, шындықтың бетіне кірбің түсті. Жалғандықты көре-біле отырып жасадық, тарихты Бұрмаладық.

Бұл жайды қаза айтудың əртүрлі себебі бар. Патша өкіметі өкілдері мен орыс халқын тұтастырып жіберу, теңдестіру, ажыратпау біздің ғылыми зерттеу, үгіт-насихат ісімізде жал-ғандыққа бастады, көпе-көрнеу өтірік айтуға апарып соқтырды. Қазан төңкерісінен кейін лениндік данышпандықпен біртіндеп орнаған халықтар достығының қадір-қасиетін түсінуге кесірін тигізді, өткен тарихта болғанды айтып-жазғандар кешірілмес күнəге батты, ұлтшыл болып шыға келді. Ұтылыссыз ойын ойнауға ниеттенген ұлттық нигилистер «алашшыл, ұлтшыл» дегендерді қиналмай өздері айтып, өздері таңды, үлестірді, содан «саяси капитал» жинап, қызмет бабында өсіп отырды. Халықтың тарихын, мəдениетін ойламай, қара басының қамын ойлағандар В.И.Ленин сөзімен айтқанда, «известно, что обру-севшие инародцы всегда пересаливают по части истинно рус-ского настроения» (Шығармалар жинағы, 45-том, 358-б.) де-гендерді əдетті машыққа айналдырды, ондай пиғылдарға тый-ым салынбады. Сондықтан ондайлар тарихқа талай қиянат жа-сады, Бұрмалаудан тартынбады.

Мұны қазбалай бергенімізден табарымыз шамалы екенін біле тұрсақ та, сонау Қожа Ахмет Йасауиден материалистік

Page 213: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

213

көзқарас, бертіндегі Шортанбайлардан маркстік таным табыл-мағаны үшін оңдырмай жазаладық. Соның салдарынан олар тарихымыздың үлкен бір қара бетіне айналып, маңынан жүре алмадық, зерттемедік, өз тарихымызды өзіміз қолдан жүдеттік. Еуропацентристік теория бойынша жамап-жасқау, өтірік-шыны аралас айыптау процесі орын алды. Жалған сөйлеу жолына оп-оңай түстік жəне жасырын түрде емес, «қателескендерді» қалың жұрт алдында əшкерелеу арқылы ашықтан-ашық жа-садық. Міне, Шортанбай жəне сол сияқты дарындардың тарих бетінен аластануының, оқушы қауымға жеткізілмеуінің осын-дай объективтік себебі болды. Қағидаға айналған осы қателікті түзетпесек, біздің тарихымызды дұрыс бағытпен жазамыз деу-дің өзі қиын.

Ал XIX ғасырдың екінші жартысында тарихи сахнаға шық-қан жаңа жазба əдебиетіміздің осындай жай-күйімен қатар көш-пелі тұрмыстың өзінен өріс алған көркемдік екі құбылысқа на-зар аудару қажет. Бірі – ақындар айтысы болса, екіншісі – əнші ақындар, яғни сал-серілер поэзиясы қазақ əдебиетінің ұлттық ерекшелігі ретінде айрықша ағым, бағыт болып қарастырылуы тиіс сияқты. Бұлар ауызға алынғанымен, қазақ əдебиетінің көр-кемдік əлеміндегі ерекшелігі ретінде белгілі бір жүйеге түсіп, эстетикалық өреміздің əсем беті болып əлі көрсетіле қойған жоқ.

XIX ғасыр бізге тағы бір керемет қызық көріністі ала келді. Батыс пен Шығыс мəдениеттері қазақ даласында бетпе-бет кездесіп, əсер-ықпал үшін 70-жылдардан былай қарай қатты майдандасты. Оған патша өкіметінің ресми саясаты қозғаушы болды. Діни таным-білік тұрғысынан, Шоқан айтқандай, қазақ-тарда діни фанатизм болған емес, кейбір рəсімдері шаманизм-мен шырмалып жатты. Міне, осындай күйдегі халыққа патша өкіметі «конечной целью образования всех инародцев, живу-щих в пределах нашего отечества, бесспорно должно быть об-русение их и слияние с русским народом» (Сборник распоря-жений Министерства народного просвещения за 1870 год) де-ген саясатты нақты қолдана бастады.

Page 214: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

214

Соның ең бір шұрайлы көрінісі – Н.Ильминский басқарған миссионерлік қоғамның іс-əрекеті. XIX ғасырдың аяқ тұсында Таурат (Библия) пен Інжілдің (Евангелие) отызға тарта аңыз-əңгімелері қазақ тілінде аударылып, жеке-жеке кітап болып шықты. Қазақ даласында шоқындыратын орталықтар болды. Кімдердің қай кезде христиан дінін қабылдағандарын, қандай фамилия алғандарын Орынбор, Томск, т.б. епархиалдық қа-уымының тізімінен ерінбегендер оп-оңай тауып алады. Мис-сионерлік қоғамның нəтижелі еңбек еткенін Василий Скуратов-Досымбетовтың «Бір өмірдің xикаясы» (Алматы, «Жазушы» баспасы, 1987) дегенінен оқып білуге болады. Ы.Алтынсариннің мектептеріне қазақтар балаларын оқуға бермеуге ниеттеген соң ұлы педагог амалсыздан құранды оқулыққа айналдырып, 1884 жылы «Шариғат əл-ислам» кітабын шығарып, қазақтардың «тас» көңілін жібіткені де тарихи шындық. Русско-туземный мектептердің басым көпшілігі негізгі саясаттан алыстап кете алмағандығы тағы рас.

Міне, осындай процесс күшейе түскенде «мұсылмандық қозғалыс» та қазақ сахарасында жанданды. Мешіт ашып, ме-дресе салдыру ісі мықтап өрістеді. Жазба жəне ауызекі наси-хат та күшейді. Пайғамбардың өмірін, Құранның аят-хадис-терін, аңыздарын, Шəкір–Шəкірат, Хасен–Хұсайын, Қадиша қыз, Хазірет Əлі жорықтары, төрт шадияр, 33 мың сахаба-ны жырлаған кітаптар да қаптап кетті. Халықты өзіне қарату жолындағы діни талас-тартыстардың барысында Батыс пен Шығыстың классикалық əдебиет үлгілері де қосарлана жетіп, қазақ əдебиетінде кітаби ақындардың жасағын қалыптастыра бастады. Тіпті осыны өмірлік кəсіп еткен, халықтың өз жыр-ларымен қатар Шығыс əдебиетінің үлгілерін тəржімалап, хикаяға айналдырған Жүсіпбек Шайхисламов, Ақылбек бин Сабал, Шəді төре Жəңгіров сынды талай дарындар 15-тен 30-ға дейін кітап шығарды, елдің көркемдік таным-білігін қалыптастырып, қоғамдық ойын оятуға себепші болды. Мұны елеусіз қалдырудың орны жоқ, өйткені қазір 100 мың тиражбен тарап жатқан «Ғашық-нама», «Хисса-хикаяттар-ды» санаттан шығарып тастай алмаймыз. Демек, христи-

Page 215: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

215

ан мен ислам уағыздарымен қатарласа жеткен батыс, орыс пен шығыс əдебиеттерінің үлгілері кітаби ақындар бағы-тын туғызғандығына енді көз жұмып қарауға болмайды. Оған да тарихтан орын беріп, халықтың көркемдік таным-білігін қалыптастыруға əсер-ықпал жасағандығын именбей, жалтақтамай айтуға тиіспіз.

Мен Бұл кезеңге көбірек тоқталған уақытта əдеби-мəдени тарихымыздың көтерілмей, жазылмай жатқан көп саласы бар екеніне ғылыми қауымның назарын аударғым келді. Жəне ол кезеңдегіні буржуазияшыл немесе ағартушы-демократтық деп айыра салмай, ішкі көркемдік ерекшеліктеріне, эстетикалық қадір-қасиетіне қарай талдап зерттеуіміз керек. Бұл жөнінде орыс əдебиеттану ғылымының осы дəуірдің тарихын жасаудағы ізденістерінен үлгі-өнеге алудың еш сөкеттігі жоқ. Өйткені өмірді реалистік, романтикалық, сатиралық, символикалық тұр-ғыдан бейнелегенде қазақтың көркемдік таным-талғамында талай жаңа сипаттар пайда болғаны даусыз. Осы дəуірдің сая-си-əлеуметтік мəніне социологиялық тұрғыдан көбірек көңіл бөлінгендіктен көркемдік, өнерпаздық мəселелерді зерттеп бі-луіміз жетіспей жатқанын ашық мойындауымыз керек.

Біздің бүкіл тарихымызда, əсіресе əдебиет саласында Ақпан мен Қазан революцияларының аралығындағы кезеңнің жүгі ауыр. Оған көбіне-көп тарихи-əлеуметтік даму шындығын түсіне баяндаудан гөрі сталиндік жалған штампты көп қол-дандық. Əр елдің интеллектуалдық болмысын дұрыстап есеп-теуге, қажетті кезінде пайдалануға мүмкіндік бермеді. Сон-дықтан шалыс басып қателескендердің бəрін бірдей əдейі кон-трреволюциялық жолға түскендер деп айыптау етек алды.

Қай дарын, қайраткерге болсын баға бергенде оның өскен ортасына, заманына жəне тəрбие алған идеялық арналарына назар аударып, өзіне дейінгілерге қарағанда қандай жаңалыққа ұмтылғанын ескеруіміз шарт. Лениндік осы талаптың бар ке-зеңнің қайраткеріне қатысы бар. Сондықтан буржуазиялық-де-мократиялық Ақпан мен социалистік Қазан революциялары аралығында іс-əрекет еткендердің айтқан ойлары мен жазған

Page 216: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

216

шығармаларының мəн-мағынасы əлгі талап тұрғысынан баға-лануы тиіс.

Қазақ оқығандары неге көп қателесті, оған негізгі себеп-тер қандай дегенде ең азы үш жайға айрықша назар аудару қажет. Бірінші – Ақпан революциясына дейінгі қазақ қоға-мының патриархалдық-феодалдық қарым-қатынасына сай пролетарлық қозғалыс пен сана-сезім кең өріс жаймағаны рас. Олай болса кедей-кепшіктен де, оқыған зиялыдан да, жалпы көпшіліктен де революциялық түсінікті таба беру оңай емес. Əрбір социал-демократиялық топтар, мəдени-ағарту үйір-мелері қалаларда, өндіріс ошақтарында болғандықтан, қазақ қауымының қалың бөлігіне айрықша əсерін тигізді дегенді қазір ешкім де айта алмайды.

Біздің идеологиялық үгіт-насихатымызда маркстік-лениндік идея қазақ даласына ендеп жайылып, жұрттың негізгі түсінігіне айналып кеткендей қылып айту басым. Там-тұмдап таралу процесіне жалпылық сипат дарытқандықтан жалған көзқарас қалыптасып, соны əркімнен талап ету қажет деп ұғындырып келдік. Осыдан талай қиындық өрбіді. Екінші, Ақпан револю-циясы Ресейге қараған Бұратана ғана емес, ұлы орыс халқының өзіне естіп-білмеген, көрмеген бостандық əкелді. Ұлт аймақ-тарында елуге тарта буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық пар-тиялардың құрылуының өзі-ақ Бұған дəлел. Қазақ сахара-сында екі-үш (анықтай алсақ Алматыда ұйымдасқан «Фуха-ра») партиясының ұйымдасуының өзі сол буржуазиялық бос-тандықтың жемісі.

1917 жылдың жазында ұйымдасуы қажет деп табылған қазақ партиясы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына канди-даттар ұсыну мерзімі қысқанда қыркүйектің аяғы мен қазан-ның басында «Алаш» атымен тарих сахнасына шықты да, буржуазиялық Ақпан революциясы берген бостандықты толық пайдалануға тырысты. Кейінгі іс-əрекеттері оны үстем таптың сойылына айналдырғанымен, жалпы демократиялық ұранның аясында болды. Сондықтан ол Бұқарашыл алаш идеологиясын қалыптастырды. Ол идеологияның несі зиянды, несі ұнамды

Page 217: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

217

екенін анықтауға кейінгі кезде үстем болған жалған көзқарас пен түсінік жол бермеді.

Ресейдегі саяси партиялардың тарихын зерттеген Л.П.Спи-рин революциялық-демократтық партиялар санатына қосқан «Үш жүз» аз күнгі айғайымен, «Алашқа» қарсы күресімен та-рих бетін дуылдатты да, 1918 жылдың жазында ыдырап, халық мұңын жақтаған жетекшілер мен мүшелері коммунистік партияның құрамына қосылып кетті. Ал Алматыда құрылып, Құрылтай сайлауы кезінде социалистік блокта болған «Фухараның» не тындырғаны əзірге беймағлұм. Қалай болғанда да олар қазақ қауымының тілегіне лайық қызмет атқармақ болғандары, оны өздерінің түсінік-танымы деңгейінде өткізуге талаптанғандары сөзсіз. Олардың ішінде «Алаш» партиясы ұзағырақ өмір сүруімен ғана емес, көбіне-көп ұлт қамын желеу қылып, федерациялық республиканың құрамында автономия алуды мақсат тұтқандарын қалың көпшілікке шын бостандық пен теңдік келіп қалғандай түсіндіре жар салғаны анық.

Тіпті ағартушы-демократиялық позициясы бекем, 1913-15 жылдары «Қазақ» газетінің жетекшілерін, көрнекті ақындарды, əсіресе Міржақып Дулатовты сынап-мінеген Сұл-танмахмұт, Мұхаметжандар өздерінің Бұрынғы істері қате болғандай сезінген тұсы да жоқ емес. С.Торайғыровтың «Та-ныстыру» мен «Алаш ұранын» жазуының бір себебі осыған да байланысты болатын. Қалың көпшіліктің түсінік-танымында теңдікке, бостандыққа қолымыз жетеді екен деген елесті үміт пайда болғанын жасырмайық. Шаңырағы шайқалмайды де-ген ақ патшаның тағынан құлауының гипноздық əсері күшті болды. Міне, осындай кезде таптық тілек-мақсатты айыратын пролетарлық түсініктің жоқтығы бірден сезілді. Осыған байла-нысты қазақтың қоғамдық-көркемдік ойында артық айтып, кем сілтеулер кездесіп жатты. Мұндай құбылыстың табиғилығын, солай болуға тиісті екенін біз күні кешеге дейін ашық айта ал-май, көрбілтелеп келдік, қоғамдық ойдағы штамптан шыға ал-мадық. Керісінше ойлағандарды жазғырған кезіміз аз емес.

Үшіншіден, уақыт факторын естен шығармаған жөн. Ақпан мен қазанның арасы небары 8 ай ғана. Осыншама қысқа

Page 218: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

218

мерзім ішінде қазақ қоғамының көңіл ауаны дүниеде болып жатқанның мəн-жайын, қыр-сырын жыға түсінетіндей дең-гейге жетіп еді деп ешкім де айта алмайды. Қайта буржуази-яшыл ұлтшылдардың айғай-шуынан азды-көпті қалыптасып келе жатқан таным-біліктің өзі тұманданып, ақ пен қызылды айырудың өзі қиындыққа түсті. Соның салдарынан шолақ бос-тандықтың өзіне зар болып қалмайық деген ой-пиғыл туа бас-тады. Соны жақтаймыз, азаттықтан айырылмаймыз деп дау-рыққандарға Бейімбет сынды ақын-жазушылар шолақ бос-тандықтың кім үшін пайдалы екенін сезіп, əкелердің атынан балаларына, адасқандарға «алашыңды қой, үйге қайт» деп жат-ты. Əкенің əмірі аяқсыз қалмады, үйге, елге қайтушылар кө-бейді, тіпті Ойыл уалаятының 400 жігіті 1918 жылдың 7 жел-тоқсанында Батыс алашорда үкіметіне қарсы көтеріліс жасап, кеңестік күшке қосылу армандарына жете алмай кетуі осындай шындықтан еді.

Қазан революциясының дауылы соққанда Сəкен сияқты жұмысшылар ортасында өсіп, Омбыда оқыған, азаттықты армандаған күрескер дарындар, У.Жəнібеков, М.Тəтімов, А.Асылбеков, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, Б.Қаратаев, С.Менде-шев, Т.Бокин, Н.Құлжанов сынды ер-азаматтар ғана бол-маса, халықтың басым көпшілігі социалистік пролетар ре-волюциясының шын мақсат-тілегін жыға түсініп, толық ұғып еді деу қиын.

Біздегі көп қателіктер осындай қоғамдық-əлеуметтік жағ-дайдың шын мəн-мағынасын түсінбеушіліктен туды. Қазан ре-волюциясының бар шындығын, басып өткен қиын жолдарын желпілдете баяндау, «Аврорадан оқ атылған соң бəрі де гүл-деніп жүре берді, бəрі де революция жағына шығып еді» де-ген жалған көзқарастың етек алуы қоғамдық, шығармашылық мəселелерді түсінуі де көп қиындықтарға соқтырып келді, келе жатыр. Осыдан арылу шарт.

Кеңестік заманның алғашқы дəуіріндегі құбылыстардың қыртысы Бұдан да қалың. Оларды жаңаша толғау қажет екенін бəріміз қатты сезінеміз, өйткені ең көп Бұрмалауға ұшыраған,

Page 219: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

219

жаттанды схема-штампқа кезіккен, жеке адамға табынудың ең сорақы көріністерін əлі сақтап келе жатқан кезең осы.

Біз осы уақытқа дейін қазақ кеңес əдебиетінің тарихын-да XX съездің шапағатты қаулысына сүйеніп, 1929 жылға шейін екі ағым, яғни пролетарлық идеяны жақтаған револю-цияшыл шығармашылық күш пен ескі əуеннен таймай, қар-сылық жасаған ақын-жазушыларды кейде атын атап, кей-де жалпылай «буржуазияшыл ұлтшылдық əдеби ағым» бол-ды деп айтып, жазғанымызды ілгері басқан қадам деп түсініп келдік. Бұрынғыға қарағанда солай еді. Олар ашықтан-аш-ық идеологиялық, өнерпаздық майдан ашты. 1928 жылы жүр-гізілген кеңеске буржуазияшыл-ұлтшыл ағымның эконо-микалық негізін талқандады дегенді социологиялық тұрғыдан баяндап, осы бағыттағы ақын-жазушылардың ірілері əкімшілік шара көрді, ұсталды, сотталды дегенді күмілжи айттық, үндемей кеттік. Қоғамдық дамудың логикасын түсінгендер жаңалыққа ойысып, өздерінің Бұрынғы ой-түсінігін жаңа қауым үшін салауат етті, Мұхтар Əуезов сынды ұлы дарын ашық хат жазып, кеңестік позицияға түбегейлі ауысты дегенді ұлы табы-сымыздай көрдік. Жолбике жазушылардың саяси-əлеуметтік жə-не көркемдік ізденісіне көңіл бөлінбесе де, олардың басым көпшілігі бүгінгі өмірге араласып, өндіріп еңбек ете бастағанда 1937 жылдың қара құйынына кезіккенін көрмегендей көз жұмдық.

Əрине, Бұл бағыттың сарқыншағымен күресу барысы Сталиннің зиянды теориясымен ушыға түсіп, орынсыз дау-рықтырылған кезі де аз емес. Оған ҚазАПП-тың 1932 жылы 26-29 ақпанда өткен І съезінде М.Қайыпназаров жасаған баян-дама, сол негізде алынған қаулы айқын дəлел. Ажалмен алы-сып, аурудан шықпай жүрген, аштықтың ащы дəмін татқан Сəбит Дөнентаевқа «Социалистік құрылыс қарқын үстіне қарқын алып, ұлы мақсатқа қарай жол тартқанда оның шарығы жолда қалды. Сондықтан оны байшыл-ұлтшыл жазушылар қатарына қосып отырмыз» («Қазақ пролетариат əдебиетінің жай-күйі мен алдағы міндеттері туралы», 1932, 14-б.) деуінен шошынбасқа болмайтын еді. Жазбағаны үшін осындай үкімге,

Page 220: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

220

ешбір рабайға сыймайтын шешімге кезіккен дарындардың жөні бір болса, ал кеңестік əдебиетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүргендердің қалай айыпталғанын көрсетудің өзі ұят.

Бірақ амал не, қаулының төртінші бабында: «Қазақ көркем əдебиетінің социалды құрылыс міндеттеріне ілесе алмай жүр-генінің себебі: алдымен, қазақ кеңес жазушыларының көбінде алашордашылдық, байшылдық салт-сананың ықпалы əлі күнге дейін күшті, бірқыдыру жазушылардың шығармаларында бай-феодал салт-санасы, жергілікті ұлтшылдық, төңкеріске қарсы троцкизм сарындары бар (Сəкен): қазақ қара шаруаларының артта қалған сарындарына еріп, қара шаруаның өрісі тар көз-қарасына жəне ұсақ буржуазияшылдық санашылдыққа (иде-ализмге) салынғандық та бар (Ілияс, Бейімбет, Сəбит, Өтебай жəне басқалар); жік тартысын көркем əдебиетке қыстырғандық та бар. Сын, өзара сынды бетке ұстап, кейбір жолбике жазу-шылардың кеңес мекемелерін, коммунистерді, колхоздар-ды обывательдерше сынағандары да (Мəжит, Жұмат жəне басқалар) болды» («Əдебиет майданы» журналы, 1932, №4, 13-б.) дегендердің бəрі де дөрекі социологиялық таным-біліктің əсерінен туғаны даусыз.

Мұндай көңіл ауаны əрқашан ярлық тағуға, ожарлықпен əкіреңдеуге бейім тұратын Голощекин тұсындағы əдетке, яғни толып жатқан «шиналарға» байланысты болғанын ұмытпайық. Бұл əдет Мирзоян тұсында біраз саябырлағанмен, 1937 жылдан былай қарай өршелене түсті. «Халық жауы» аспаннан қардай жауды, ал ұлтшыл, байшыл дегендер фашизмнің «агенті», Жа-понияның «жансызы», троцкистердің «құйыршығына» айна-лып, халықтың есін шығарды. Бұл процесс əдебиетке, əсіресе оның сыны мен ғылымына айрықша зиянын тигізіп, көзсіз Бұр-малауды, жалғандықты өршітіп жіберді.

Осындай саяси-əлеуметтік мəселелермен араласып жатқан көркемдік проблемалары əдебиет тарихында тұтас қамтылса, 1917–1937 жылдардағы қазақ кеңес əдебиетінің қалыптасу про-цесі бар түс-келбетімен көрінер еді. Ал Бұл дəуірдің өзін іштей екіге, тіпті үшке бөліп, ерекшелігін ашу да алдағы үлкен міндет.

Идеологиялық жұмыс пен ғылыми зерттеу саласында қағи-даға айналған қателіктер болды. Атап айтқанда, кешегі өткен

Page 221: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

221

тарихқа да, бүгінгі шындыққа да таптық көзбен қараймыз де-ген ұранмен əркімнен маркстік-лениндік түсінікті талап еттік. Орынды қағиданы ожарлықпен қолданып, өткендерге көп қия-нат жасадық, қисынсыздыққа ұрындық. Мұның одақтық сипа-ты болды.

Осыдан бастау алған теріс қадам Қазақстан жағдайында орыс халқы мен патша самодержавиесін, отаршыл əкімшілікті тұтастырып алуға апарып соқтырды. Патшаға, оның əміріне қарсы күрес орыс халқына қарсылық болып табылды да, та-рихты саналы түрде Бұрмалау процесі басталды. Оған нақты дəлел – Е.Бекмахановтың Кенесары қозғалысы жайындағы көз-қарасының эволюциясы. «Сары орыстың – бəрі орыс» деген көз-қарас мықтап қалыптасты да, дос-қастығы жіктелмей, ажы-ратылмай, тұтастық тапты. Біздің дағдарысымызды шешетін дилеммаға айналды. Соның салдарынан 1966, 76, 86 жылда-ры 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын атап өтуді қаламадық, «ұмытып» кеттік.

Мұнан кейінгі бір пəле – «діншілдік». Құранды хатым ете ал-майтын, əйтеуір «Алла» деп аузын ашқан, «бисмилла» деп сөз бастағанның бəрін кертартпа клерикалға айналдырдық, тарих-тан аластадық. Діни көзқарастың ғасырлар бойы үстем бо-лып келгені, ырым-рəсімдерінің əдетке айналғаны ескерілмеді. Қазаққа біткен қажы, қази-хазірет, молла, пірəдар атаулының бəрі керітартпалықтың ұраншысы болып есептелді.

Ең сойқанды, қара сойылды қателік алашқа байланысты өрістеді. Қазақтың бүкіл интеллектуалды қуаты, ақыл-парасаты құрбандыққа шалынды. Алаш қозғалысы, алаш идеологиясы, «Алаш» партиясы, «Алашорда» үкіметі дегендердің ара-жігін ажыратпай, ақ-қарасын айқындамай, бопсалап соға берудің нəтижесінде тарихи құбылыстар айрықша қатты Бұрмаланды, шындықтың шырайы қашты. Оның сойқаны бүкіл елдің психо-логиясын, ниет-пиғылын Бұзды, жарамсақтар мен нигилистерді сахнаға шығарды.

Міне, осы сияқты қағидаға айналған қателіктер əсіресе XX ғасырдың тарихындағы құбылыстарды Бұрмалауға бағыт-талды, өткен-кеткенімізді лайлады, қаралады, даттады. Қайта

Page 222: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

222

құру дəуірінде осы қателіктерді түзетуге бағытталған бірнеше мақалалар мен еңбектер жазылып қалды. Енді өткенге өкініш білдіре отырып, алда не істеу қажет, қалай бағалау, əр дарын-ды тарихтың қай тұсына қалай орналастыру керек деген өнімді ойларға ойысқан абзал. Кейіннен жазылар тарихтың ажар-лы беттері осы «ақтаңдақтардың» дұрыс орналасуына байла-нысты боларын да естен шығармайық.

XX ғасырдағы əдеби ағымдар арасындағы құбылысты, көркемдік əдістерді тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеп, өнер-паздық өркендеуімізден ғылыми қисындар жасасақ қана тари-хымыз жасанды схемадан арылады, бар қадір-қасиетімен жарқырап көрінеді.

Ең алдымен, Қазан төңкерісіне дейін əдебиетімізде екі ағым болды, ал революциядан кейін бір идеялық арнамен, көр-кемдік əдіспен өркендедік деген жалғандықтан арылу қажет. Жаңа көркемдік əдісті игергенше қаншама қиындыққа кез-дескенімізді, жалған жаңашылдыққа ұрынғанымызды, қате-ліктер жасағанымызды анық айтсақ қана шындықтың шырай-ын шығарамыз.

Біз осы уақытқа дейін көркемдік дүниесінің өзіндік ерек-шеліктерін дұрыстап ескермей, еуропацентристік ой-тол-ғамға бейімделдік, көбіне социологиялық принциптерді бас-шылыққа алып келдік. Оларды əдебиеттің партиялығы, тап-тық позициясы деген жалпы категориялардың аясында өт-кізе білгеніміз сонша, тіпті шамадан асырып та жіберіппіз. Ұстанған көзқарасымыздың дұрыс екенін білдіруге жан салып, қырағылық пен күдікшілікті тарихтың туа біткен жолдасына айналдырдық, кедей, тап, социализм деген атаулары бар нəрсіз, сөлсіз шығармаларды социалистік реализмнің асқан туындысы демегенімізбен, кеңестік əдебиеттің үдесінен шығатын дүние деген кезіміз аз емес.

Бұдан басқа түсінігі, суреті бар шығармаларды «алаштың бесігінде тербелген, ұлтшылдықты қоздыратын шатпақтар» деп санадық. Қас қылғандай, олар көркемдік жағынан жар-қырағанмен, кедей-кепшік, батырақ-жұмысшыны ауызға ал-май, біздің түсінігімізге жат нəрседей жанаспады, тезірек

Page 223: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

223

аластауға тырыстық. Кеңестік əлеуметті «ашындырған» осын-дай шығармалар аз да емес.

Сонсын бір мəселені ашық айтып, түсініп алғанымыз жөн. Қа-зан жеңіп, кеңес орнаған күннің ертеңінде-ақ самодержавиеге, ақ патшаға, оның ожар шенеуніктеріне, зорлықшыларға қарсы бағытталған ой-пікірлер пышақпен кескендей тыйыла қал-ған жоқ. Өйткені «в крае преобладали непролетарские массы трудящихся. У них под влиянием прежних порядков сложился довольно устойчивый стереотип пренебрежительного отноше-ния к представителям коренного населения. Давление этой сре-ды было весьма значительным. Уклон в сторону великодержав-ного шовинизма отражал настроения и взгляды всей этой мно-голикой массы» (В.К.Григорьев, Н.Р.Джагфаров, В.И.Осипов. «Идейно-политическая работа партийных организаций Казах-стана (1917–1925)». 1989. 89-б.). Сондықтан төбе өзгереді, тө-ре өзгереді, əйтпесе Бұрынғының бəрі сол қалыпта дегендер-де, кешегі күніне зар болып көз жасын төккендерде, есалаң Иван мен жынды Əбілдерді тілдегендер де кездеспей қалмады. Ондай пиғыл халық арасына өлең-жыр болып тарауы былай тұрсын, кеңестік газет-журналдар бетінен көрініп, оқулықтар мен көмекші құралдар арқылы насихатталып жатқаны да бол-ды. Мұны көрмей-білмей, шындықта болмағандай сыңай та-нытсақ, тағы да қателікке ұрынамыз. Бірыңғай ағым деген бат-паққа түсіп кетеміз. Осыған сақ болуымыз керек.

Ұзақ жылдан бергі қордаланған сағыныш басылған соң, ел-дің рухани байлыққа кенелуінің алғашқы кезеңі өткен соң Шə-кəрім, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектер қайраткерлігінің мəнін те-рең ашып, тарихтағы орындарына отырғызу мəселесімен шын-дап шұғылдануымыз керек. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастырған комиссияның қорытындысында мəдени мұраға деген зор қамқорлықпен қатар, оны қалай иге-рудің, қандай идеялық позицияда зерттеудің негізгі бағыт-бағдары көрсетілгенін де ұмытпайық.

Азаматтық тарихымызда олардың қандай деңгейде баға-ланарын күні Бұрын негізгі шығармашылық өрістеріне орай əдебиет тарихындағы орындарын анықтауға болады.

Page 224: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

224

Мəселенің байыбына бармайтын шалағай алып-қашпалар-дың қайсыбірі XX ғасырдың дарынды өкілдеріне кел-ген зауалды кейбір солақайлар жасады, сондықтан оларды əшкерелеп, олардың орнын ақталғандармен алмастырса сау-ап болар еді деген қысастықты айтса, енді біреулері қазақ əде-биетінің алғашқы дəуірін мүлдем өзгертіп, əдеби нысаналар-ды көркемдік қарақшыларына бейімдей баяндау керек деп өрекпиді. Одақ көлемінде социалистік реализм төңірегінде бо-лып жатқан қысыр əңгімелерді қазақ кеңес əдебиетіне таңып, бір шындықты жарқырата, өзгелерді ағыстыра көрсетуіміз ке-рек деп даурығатындар да жоқ емес.

Жаңа қоғам орнатуда талай қиындықтар мен Бұрмалау-шылықтың болғандығына қарамай, социализмнің негізгі ар-насынан айырылмағанымыз, Сталиннің жасаған қиянат-зор-лығына қарамастан кеңес халқы өзінің арман-мұратын ек-пінді еңбекпен, қан сорғалаған ащы бейнетпен жүзеге асы-рып, кібіртіктей алға басып келе жатқаны дау тудырмаса, онда қазақ кеңес əдебиетінің туып, қалыптасу процестері негізінен сақталып, іштей өзгерістерге түсері сөзсіз.

Қазақ əдебиеттану ғылымында қазақ кеңес əдебиетінің та-рихын «Қазақ кеңес əдебиетінің алғашқы дəуірі» (1917–1929) жəне 30-жылдардағы немесе «Алғашқы бесжылдықтар тұ-сындағы қазақ кеңес əдебиеті» (1930–1941) деп екі дə-уірге бөліп келеміз. 50-жылдардың аяқ тұсында Т.Нұртазин мен Е.Лизунова осы кезеңдерді қосып, бір дəуір етсек қайтеді де-ген ойлар айтқан болатын. Алайда қазақ əдебиетшілері, оның ішінде өзім, «Қазан өркені» атты монографиямда «Қазақ кеңес поэзиясының əдебиет тарихын дəуірлеудегі орны» деген тарау жазып, бүкіл əдебиеттің бар шындығын жетекші жанр – поэзи-ямен өлшеп-пішуге болады деп, 1929 жылды бір меже еткен-біз. Уақыт пен ғылым өрісі осы ойларға өзек болған еді жəне қисынсыз да емес.

Қайта құру мен жариялылық заманы қазақ əдебиетінің та-рихын байытып, керемет дарындардың оралуымен өнерпаздық арнасын кеңейткені жаңаша дəуірлеу қажеттігін туғызып отыр. Өтпелі дəуірдегі қазақ көркемөнерінің бар жай-күйін

Page 225: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

225

жан-жақты ескергенде 1917–1941 жылдар аралығын «Қазақ кеңес əдебиетінің қалыптасу дəуірі» деп атап, іштей бірнеше кезеңге жіктеген орынды сияқты. Қанша жетекші болғанымен əдебиеттің тарихын бір жанрмен, яғни поэзияның дамуымен белгілемей, бар жанрдың – прозаның, драматургия мен сын-ның кəсіби өресімен анықтау, олардың жанрлық қалыптасу процестерімен байланыстыру керек екендігі қазір айқындалып отыр. Сонда өнерпаздық кемелдену мен жетілу сатылары еске-ріліп, əдебиет тарихын бөлшектемей, үзіп-жұлмаламай тұтас көрсетуге мүмкіндік тумақ. Кімнің қай салада қандай үлес қосқаны шарайнадан көрініп, таразыланады.

Өздерінің пəни ғұмырымен кеңес заманына ұласып жатқанымен, шығармашылық еңбегінің бар арқауы, негіз-гі салмағы, көркемдік кестесі ХХ ғасыр басындағы əдебие-тімізден жарқырап көрінетін Шəкəрім, Міржақып Дула-тов, Ғұмар Қарашев, Нұржан Наушабаев, Нармамбет Ор-манбетов, Шəңгерей Бөкеев сынды көп дарындар іштей жік-теле, өнерпаздық ізденістің əр саласынан көрініп, тарих-тан орын алуы тиіс. Бұлардың басым көпшілігі Абай негізін салған сыншыл реализмді негізгі арна тұтқанымен, өздерінің шығармашылық келбетіне лайық əр салаға жіктеліп, өндіре жазғандарын ұмытпайық. Өмір жолының Бұралаңдауын өне-ріндегі өзгерістермен қабыстыра ашу негізгі міндет. Сонда ақталған «ақтаңдақтармен» қатар Сұлтанмахмұт, Мұхаметжан, Сəбит Дөнентаев, Спандияр Көбеевтерді əдебиет тарихының əралуан құнарлы беттері етіп жарқыратып көрсетуге мүмкіндік туады.

ХX ғасыр басындағы əдебиетіміздің шығармашылық мəсе-лелеріне назар аударғанда бірнеше тарау жол шығатынын жа-дымыздан шығармайық. Қазақтың ғасырлар бойы өзімен бір-ге жасасып келген ауыз əдебиеті əсіресе 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тұсында күрескерлік сипат алғандығын, тіпті əрі-беріден соң қиын-қыстау кезде елдің ұраншысына айналғандығын, кейін өнерпаздық жалғасын тапқанын елеусіз қалдыра алмаймыз.

Page 226: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

226

Шығыстың классикалық інжу-маржандарын қазақ ара-сына мол əрі көрікті жеткізе білген кітаби ақындар шығар-машылығына айрықша назар аударылуы қажет. Шығыстан кел-гендер керітартпа, зиянды деген түсініктің түбірі шірігенімен, босағанымен, біздің сана-сезімімізде əлі өшіп болмағанын, «арты неге соғар екен?» деп жалтақтап қоятынымыз əлі де кездеседі. Соның салдарынан қазақтың көркемдік «картасын-дағы» осы құбылысқа – кітаби ақындардың тындырып кеткен-дерін шындап анықтауға білек сыбанып кірісу керек. Батыс пен Шығысты алаламай, бір деңгейде қарастыру қажет, өйткені қазақтың көркемдік тағылымы екеуінен де сусындады, нəр алды, тіпті Шығыс жағы басымдау болып та қалуы ғажап емес.

Ал жазба əдебиет саласында дүниені бейнелеудің реалистік, романтикалық, сатиралық, символикалық машықтары бо-латындығын, шындық атаулының бəрі идеялық арқанға көгенделмейтінін білетін уақыт енді келді. Біздің осы уа-қытқа дейінгі буржуазияшыл-ұлтшылдық жəне ағартушы-демо-кратиялық əдебиет деген түсінігіміздің домбалдай салған шаңырақ екенін, оны ұстап тұрған уықтардың басы шірік екенін көріп отырмыз. Əрине, буржуазиялық, демократиялық, Бұқарашылдық, елшілдік, күресшілдік дегендерден іргемізді алысқа салмағанымызбен, соның бəрін көркемдік шеберлікке, өнерпаздық келбетке ыңғайлау ендігі міндет.

Абай қазақтың жаңа жазба əдебиетінің негізін қалағанда Шығыстың шырайларына қоса орыстың классикалық əде-биетіндегі сыншыл реализмнің озық дəстүрлерінен нəр алғандығы сөзсіз. Бұл процесс Шəкəрім арқылы өрістей түсіп, кейінгі дарындардың Абай жолымен жүруіне жағдай жасады. Олар өзінің қоғамдық-əлеуметтік идеалында Абай шамалай алмаған өңірлерде ізденіс жасағанын да естен шығармайық.

XX ғасыр басындағы əдебиетіміздің шығармашылық ізде-ністерін айтардан Бұрын бір жайға айрықша назар аудару ке-рек. Өнерпаздық өрлеудің биігі кейде адамның ғұмыр жасы-мен белгіленбейді, өлшенбейді. Мəселен, Шəкəрім 1931 жыл-ға дейін өмір сүргенмен, Қазан төңкерісінен кейін əр алу-ан шығарма жазғанымен, əлеумет ісіне араласқанымен, Абай мектебінің ең дарынды да жаңашыл түлегі ретінде сыншыл

Page 227: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

227

реализмнің ұлы арнасында тамаша дастандар жазып, өзінің зор үлесін қосты. Шығармашылық салмағы жағынан осы көр-кемдік үлес шешуші фактор болып əдебиет тарихында қала бер-мек. Сондықтан оны ХХ ғасыр басындағы əдебиетіміздің үл-кен өкілі ретінде санасақ, жазылар тарихтың алғашқы бетінен Шəкəрім жарқырап көрінері хақ.

Əсіресе 1905 жылғы революциядан кейін азаттық алу, өнер-білімге жетілу тенденциясы күшейді. Қазақстанда оның нақты көрінісі – Қарқаралы петициясы. Оны жазып, таратуға Ахмет Байтұрсынов белсене араласты. Өзінің төл шығармаларын жа-риялаудан Бұрын азаттық, бірлік, ояну, күресу идеясын Кры-ловтың «Қырық мысалымен» 1909 жылы білдірді. Аудар-ма əдебиетті ауызға алғаны қалай деген қыңыр ойға мынадай жауап беріп, оны əрі сабақтаған орынды. Крыловтың мысал-дарын Ахмет өзінің ой-пікірін насихаттау үшін перде етті. Негізгі сюжеттік желісін сақтағаны болмаса, қазақтың тұрмыс-тіршілігіне, ақыл-парасатына, түсінік-талғамына лайықтап жеткізді. Академик Д.С.Лихачев мұндай дүниелерді ұлттық төл туынды деп есептейді, өйткені аударма қай тілде əсер-ықпал жасаса, сол елдің əдеби мұрасы болып кетеді деп біледі. Олай болса, Ахмет ақындығын «Қырық мысалдан» бас-тап, «Маса» (1911) жинағындағы құнарлы туындыларымен жалғастырып жіберген дұрыс. Сонда біз ағартушылық идея-сын азаттық жолындағы күреспен əдіптеген поэзияға кезігеміз. Бұдан кейін Ахаң ақындық қаламын онша жебей қоймаған. Г.Н.Потаниннің 60 жылдығына арнаған, Беломорканалда жүр-генде Серікбай Мамырхановқа жазып берген 10 шумақ өле-ңінен басқалары бізге əлі белгісіз. Революцияға дейінгі ақын-дық қалам кейін публицистика мен ғылым саласында өнімді қайрат танытты. Олай болса, Ахмет Байтұрсынов шығар-машылығының алғашқы кезін, яғни ақындық дəуірін осы XX ғасыр басындағы əдебиет əуселесінде қарап, қазақтың азат-шыл поэзиясының өкілі ретінде көрсетуге де болатын сияқты. Не болмаса Ахметтің қазақ кеңес əдебиетінде өзінің ойлы да ажарлы мақалаларымен, əсіресе 1926 жылғы «Əдебиет танытқыш» атты теориялық еңбегімен қазақ əдебиеттану

Page 228: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

228

ғылымының негізін қалаудағы қайраткерлігінің алғышарты ре-тінде ақындығын қоса баяндауға да болғандай. Бір дарынның шығармашылығын əр дəуірде қарастыру əдебиет тарихында кездесе беретін құбылыс. М.Горький мен В.Маяковскийлерге арналған тарихтағы тараулар осыны көрсетеді. Меніңше, бөл-шектеп, жіктеп көрсеткен дұрыс сияқты. Ең алдымен Ахмет-тің азаттыққа жету үшін өнер-білімге жетілу мəселесін рево-люцияға дейінгі əдебиетте мықтап көтеріп, белгілі ағымға айналдыруға мұрындық болғанын ұмытуға болмас. Бəрін бір кезеңде айтып, шоғырландырып тұтас көрсетеміз дегеннен гөрі қалың қауымды да, оқушы ұрпақты да ұлы ардагердің əр кездегі ісінің мəн-мағынасымен таныстырған пайдалы.

Осы жай əңгіме болғанда Міржақып Дулатовтың қай-раткерлігі еріксіз еске түседі. Ахметтен тараған азатшыл поэзия-ны айрықша жəдігерлікпен насихаттап, бүкіл елге «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған ақынның екпінін де, əсерін де біз ұмыта ал-масақ керек. Кеңес заманында Міржақып өмір сүріп, қазақ газетінде тапжылмастан қызмет істеп, оқулықтар шығаруға ара-ласқаны, қазақ кітаптарының көрсеткішін шығарғаны, ара-тұра публицистік мақалалар жазып қойғаны бола тұрса да, Міржақыптың даусы «Оян, қазақ!» (1910) тұсында анық ес-тілді. «Азамат» (1912) жинағында ойды пысықтап, «Қазақ» га-зетіндегі публицистикасында азатшылдық идеясын елшілдік идеологиясына айналдыруға ерен еңбегі сіңген Міржақып Дулатовтың бүкіл болмысы XX ғасыр басындағы əдебиетте жатқанын көрсетеді. Қазақ романының тұңғышы болып есеп-телетін «Бақытсыз Жамалдың» қазақ прозасына əкелген əсер-ықпалы да осы дəуірдің олжасы.

Демек, тəни ғұмырына рухани өмірін қосақтай салмай, өнер саласындағы көтерілген биігіне қарай тарихтан ойып орын беру шарт.

Біздің тарихымызда ешбір дəлелсіз жəбір көріп, жапа ше-гіп келе жатқан үлкен дарынның бірі – Ғұмар Қарашев. Оның бір айыбы – Уфада қази болғандығы. Басқа елдер оның мұны-сын үлкен деңгейде бағалар болса, біз оны айыптау дерегіне айналдырдық. Соның салдарынан Уфа баспаларынан шыққан

Page 229: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

229

қазақ кітаптарына оның шапағаты тигенін өзінің «Бала тұл-пар», «Аға тұлпар», «Өрнек», «Тұрымтай» жинақтарын, қазақ-тың көне əдебиетінің үлгісі «Шайыр», «Көкселдірді» Ғабдолла Мыштақ псевдонимімен жариялағанын ұмыттық. Осынша-ма рухани байлыққа, əсіресе қазақтың төкпелік жыр үлгісіне көз жұмып қарауымыз көркемдік дүниесіндегі құнарлы шын-дықты түсінуге кесірін тигізеді. Ғұмар Қарашев тарих-та болмағандай көз жұмып тарта бердік. Түптеп келгенде, XX ғасыр басындағы əдебиетімізде дидактикалық дəстүрді Көкбай Жанатаев, Нұржан Наушабаев, Нармамбет Орман-бетов сықылды талай дарындардың əрқилы өңір-өлкеден то-лықтырып, дамыта түскенін айта алмай тұншықтық, сөйтіп, көркемдік дəстүрімізді қолдан жүдеттік.

XX ғасыр басындағы əдебиетті айтқанда Шəңгерей Бө-кеевтің мүлдем тың тыныс, соны көрініс екендігін айта ал-май булығудамыз. Рас, əдебиет тарихында аты аталады, ар-найы орыны да бар, алайда «өнер–өнер үшін» деген шатқаяқты жолға түсті деп, көркемдік қадір-қасиетін күмілжіте баяндай-мыз. Шəңгерейдің эстетикалық ізденістері символизм мен ро-мантизмнің арнасынан шығып, қазақ əдебиетіне жаңа бір көркемдік сала əкеп жатқанынан қысылдық, күнəға батқандай сезіндік. Дарынның көркемдік ізденісін ауыз толтырып айта алмадық.

XX ғасыр басындағы əдебиеттің жырын жырлай бастасақ, 5 жинақ, «Мұңлы Мариям» атты роман жазған, «Айқаптың» тілшісі ретінде Жетісу, Қытай қазақтарының этнографиялық өзгешеліктерін очеркке айналдырған Мұқаметсəлім Көшімов, қазақтың тұңғыш драмасы – «Надандық құрбанын» тудырған Көлбай Төгісовті, өлең жинақтарын жариялап, халық қамын жеген Ғалиолла Ғалымжановты (қызы Мəдениет министрі бол-ды), Мəншүктің əкесі Ахмет Мəметовті, тағы басқа толып жат-қан ірілі-уақты дарындарды тарих шыңырауынан шығарып алу қажет.

Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты қазақ əдебиеті тарихының 10 то-мын шығарар алдында «жабулы қазанда жатқан қазыналардың» бəрін түгелдей ескермесе, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Шəкəрім,

Page 230: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

230

Жүсіпбек сынды ұлыларға айрықша ынта қойып, басқа да-рындарды ұмытар болса, елемесе, онда XX ғасыр басындағы əдебиетіміз толық көрінеді деу қиын.

Мен Бұл жайларға назар аударғанда айтқандарымның бə-рі жөн дегеннен аулақпын. Жұртқа ой салу үшін өзім бай-қағандарды ортаға салып отырмын. Мұны XX ғасырдың ба-сындағы қазақ əдебиетімен арнайы шұғылданып жүргендер айрықша ескергені абзал. Ал осы дəуірді зерттеуге ниеттенген жастар мұрағаттар мен шаң басқан кітаптарды ақтарып, тари-хи деректерді игеріп алып, пікір толғаса, ат үстінен билік айт-паса, көсегеміз көгерер еді.

Ал кеңес əдебиетінің шығармашылық табиғаты да, идеялық нысанасы да, əрі-беріден соң алдына қойған мақсаты да жаңа заманның əр талап-тілегінен туып, қалыптасқаны айдан анық. Əрине, қазақ əдебиеті арсеналындағы бар күш түгелдей осыған бейімделіп, еңбекші жұртшылықтың жоғын жоқтап, жыртысын жыртуға кіріссе, одан артық қуаныш болмас еді ғой. Өкініштісі сол, маған тап емес, жалпы халық қымбат, бүкіл елді бөлмей-жармай жырлаймын деген дарындар көбіне-көп халықшыл, елшіл идеологиясының аясында бірқыдыру уақыт қалып қойды. Өмірдің алып бара жатқан қарқынына, жаңалықтың ендей бастағанына үрке қарағандары да жоқ емес. Орынсыз жылап-сықтап, күңіренушілер де болды. Əрине, мұны сол дарындардың замана дамуын бағдарлай алмаған пенделік трагедиясы деп танып, саяси-идеялық жапсырмалар-ды Бұрынғыдай оңды-солды тарата бермейік. Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың өнерпаздығы, сөз жоқ, əдебиетіміздің өзіндік даму ерекшелігінің бір саласы болып тарихтан орын алуы тиіс. Үндемей кеткеннен немесе қисындыра сынап айт-қаннан ештеңе өнбейді, артық-кемді түгелдей ескеріп, соци-ологиялық-эстетикалық талдау жасауды өнерпаздық түсінік-талғаммен бауырластыруымыз керек.

Егер кеңес əдебиеті өзінің идеялық-шығармашылық бағыты жағынан Бұрынғы əдебиеттен, тіпті XX ғасыр басын-дағы əдебиеттен басқаша деп танитын болсақ, онда қазақ топырағында оның алғашқы қадасын қадап, қызыл туын кө-

Page 231: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

231

терген Сəкен Сейфуллин, оның идеялық тазалығын, таптық позициясын айтарлықтай еңбектерімен айрықша қорғаған Сəбит Мұқанов, өздерінің алып таланттарының қуатымен жаңа заманның жырын прозада Бейімбет Майлин, поэзияда Ілияс Жансүгіров негіздеген, əрқайсысы өздерінің өнерпаздық ерекшеліктерімен көрініп, əдебиетіміздің тарихын ажарлан-дыра түскен дарындар ретінде əрқашан қадір-құрмет тұтып, социалистік реализмнің тамаша өкілдері екенін естен шығара алмаймыз. Мұнда белгілі дəрежеде идеялық салмақ басым жататындығын да жасыра алмаймыз. Талай ғасыр «қарғыс таңбасы басылып, табанда езілген» кедей-кепшіктің теңдікке қолы жеткенін жырлағандарды ешқайда ығыстыра алмай-мыз. Əдебиетті тек эстетикалық категория деп өрекпіп, күрес құралы екендігін түсінгісі келмейтіндермен біріге алмаймыз.

Көркемдік дамуда тарихи сабақтастық айрықша мықты сақталады. Осыны өздерінің шығармашылығымен анық дəлел-деген дарындар – Мұхтар Əуезов пен Жүсіпбек Аймауытов. ҚазАПП сыншылары 20-жылдардың ортасында екеуін де жол-бике жазушылардың өкілдері деп танып, көп үміт артқанмен, көркемдік-идеялық дəлелін дəл басып айта алмаған болатын. Олардың ұстанған өнерпаздық тəсілдеріне кейде Бейімбет, кей-де Жиенғали Тілепбергенов пен Мəжит Дəулетбаев қосылып, дəстүр сабақтастығын еске түсіріп қоятын.

Қазір оның белгілі бір əдеби құбылыс екенін, яғни қазақ əдебиетінде Абайдан жəне орыстың классикалық əдебиетінен дарыған дəстүр жалғасы екенін, сыншыл реализм əдісінің жаңа қырынан көрінуі екенін сол кезде біле бермеген едік. Оны осы соңғы кезге дейін мансұқ етіп келеміз.

Сыншыл реализм тек капиталистік қоғамның жоралғысы де-ген жалған түсінікті басшылыққа алып, қазақ əдебиетінің ең бір өнімді де құнарлы арнасын жарқыратып көрсетуге ұмтылмай келдік.

60-жылдарда Бұл ойымызды М.Əуезовтің 20-жылдардағы прозасымен дəлелдегенімізде кейбіреулер «Мұхаңды кеше-гісімен əшкерелеу» деп түсінді, ал енді біреулер «көркемдік ізденісті сылтау етіп, Мұхтарды ауыр идеялық қатеден ақтау»

Page 232: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

232

деп айтқандар болған. Енді міне, Жүсіпбек Аймауытовтың əдебиет тарихына оралуы, оның «Қартқожа», «Ақбілек» роман-дарымен, талай мəнді драматургиялық шығармаларымен əде-биетіміздің өткен кезеңін ғана емес, қазақ кеңес əдебиетінің қалыптасу дəуіріне сыншыл реализм дəстүрінің озық үлгі-лері өзінің орасан зор ықпалын жасап қана қоймай, жаңа көркемдік əдіске ұласқанына нақты дəлел бола алады. Өйткені Социалистік реализм, – дейді кеңес əдебиеттану ғылымының үл-кен өкілі Ю.Андреев – «унаследовал от великой литературы про-шлого и существенно обогатил все лучшее, что было ею открыто и накоплено: гуманизм; остроту социального анализа; тонкость и диалектичность психологизма; историзм, богатство изобразитель-ных средств... Критический реализм проложил путь в эту «стра-ну» – социалистический реализм («Советская литература». М., «Просвещение». 1988. 30, 34-б.).

Қазақ əдебиеттану ғылымының өкілдері Бұрынғы жаттан-ды догмадан айырылып, көркемдік əдістердің эволюциясы мен диалектикалық дамуын əрқашан есте ұстап, практикалық істе оңтайлы қолдана білсе, ой тоқыраушылығынан айырылар едік. Олай болса, біз қазақ кеңес əдебиетінің реализм жолымен өсіп-өркендеу процесінде жаңа идеалды революциялық даму барысында суреттей білген Сəкендер мен жаңа өмірді, оның əрқилы құбылысын ойлана-толғана сыншыл реализм арнасы-мен бейнелеген, көп ретте бүгінгі күннің шындығында табы-сып отырған Жүсіпбек, Мұхтарлардың шығармашылық өрісі бірыңғай беттен табылып жатқанын аңғаруға тиіспіз. Оларды идеялық-көркемдік тұрғыдан тұтастырып жіберуге де, мүлдем алшақтатып жіберуге де болмайды. Реалистік əдебиеттің ал-ғашқы кездегі дамуының осы сырын жыға танысақ, онда қазақ əдебиетінің көркемдік дəстүрінің құнарлы екендігін анық ұғына аламыз.

Жаңа заманда өркендеген əдебиетіміздің ең бір өнімді де күрделі саласы өмірді романтикалық тұрғыдан суреттеу тəсілінде жатты. Бұл өлкені Мағжан Жұмабаев жалғыз жай-лады деген де, осы тəсілді қолданушылардың ең биік шыңы болды дегенге де дəлел табамыз. «Жалғыз шапқан ат жүйрік»

Page 233: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

233

боларын Мағжанның аса сұлу да сиқырлы сөз маржанда-ры айрықша дəлелдей алады. Алайда дүниені романтикалық тұрғыдан көріп-суреттеудің алғашқы нышаны Махамбет жыр-ларынан, Шəңгерей өлеңдерінен аңғарылғанымен, Мағжанның көркемдік дүниесінде өзінің əлемін жасағаны даусыз. Оның сыр-құпиясын енді ұғынуға тиіспіз.

Мағжан шығармашылығының ең сөлді де салмақты сала-сы кеңес заманында жатыр. Алайда айдай жарқыраған асыл сөздерімен нені айтса да, қалай суреттесе де Бұдан кейін айтып-суреттеуге мұрсат қалмайтындай ағылып-төгіліп, тау-сылып жырлайтын ұлы қуат Мағжан шығармашылығының үш кезеңдегі өткенін көрсетеді, С.Мұқанов Қазан революциясына дейін жəне кейін деп екі дəуірге бөлген болатын. Мағжанның 20-жылдардың екінші жартысынан былай эпикаға барып, «Тоқсанның толғауына» келу сəтін бір кезең деп қарастырған абзал. Оған көркемдік-идеялық дəлел бар.

Мағжанның тұла бойы тұнған ақын. Оған лирикасы ғана емес, алтын мен күмістің нақышындай поэмалары дəлел. Олар-ды талдап-түсіндіру кейінгі күннің ісі. Мағжанның 1912 жылы шыққан «Шолпан» атты жинағында ағартушы-демократтығын сұлулық əлеміндегі талай қызық түсініктермен, тілек-талаппен таныта келген дарын халықшылдық, яғни елдік идеяны 1917 жылғы ақпанға дейін бірде-бір толастатпайды. Бұл кезеңде отаршылыққа қарсылық, ұлттық сана-сезімді өсіру бағыты айқын көрінеді.

Мағжанның шығармашылық өнербаянында революциялар дəуірі мен азамат соғысы жылдарының салмағы айрықша ауыр. Оның шет сілемі 1924 жылғы «Шойын жолға» дейін созыла-ды. Көркемдік шеберлігі шығандап, биікке көтерілген Мағ-жанның ақындық ізденістері, эстетикалық түсінігі молая түскен сайын өлеңдерінің идеялық нысанасына назар аудару-шылар көбейіп, əр шығармасын марапаттай мақтау неме-се қаралай даттау процесі қатар жүріп жатты. Əрине, ақын үшін, оның шығармашылығы үшін Бұдан артық бақыт жоқ. Елеусіз қалса, селт еткізбесе, жым-жылас болса, ақын үшін бұдан артық қасірет жоқ. Сол кездегі айғай-шу, айтыс-тар-

Page 234: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

234

тыс Мағжанды ақын ретінде əркез қуандырып отырғанын психологиялық тұрғыдан түсінуге де болады. Бірақ Мағжан осыны ұзақ қызықтап, өмірдің ащы шындығына жақындай бермеді. Төңірегіндегі тіршіліктің алып бара жатқан қарқынын түсінуге құлықтанбады. Бұған белгілі дəрежеде Ташкент пен Москвада жүруі, өзі егіле жырлаған ел өмірін қоян-қолтық іштен бақылауға мүмкіндігі болмауы ақынды жалаң ізденіске салып отырғанын байқатады. Түр іздеп, жұртты аузына қалай қаратамын деген пендешілік пиғыл кейде өмір шындығына жа-наса бермейтін ой айтқызып, сурет салғызған кезі де аз емес. Біз Бұны көрмей-білмей өтуге тиісті емеспіз. Қайшылығын аша отырып ұлылығын таныта білсек қана Мағжан тұлғалана түс-пек. Таңертеңнен кешке дейін тамсана берсек, «шіркін-ойлай» берсек ештеңенің де сырын ашып, қасиетін көрсете алмаймыз. Мағжан шығармашылығының қайшылығы басым осы кезеңі оның ұлы да шырқау дəуірі болғандығын ашып көрсетуге тиіспіз.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы» атты қазақ сынындағы классикалық мақаласының лейтмотиві əде-биетте романтизмді орнықтыру бағытындағы өнерпаздық ізденістің сырын түйіндеу екенін көреміз. 20-жылдардың ор-та тұсындағы қазақ əдебиеті қандай көркемдік əдісті бас-шылыққа алу керектігі жөніндегі айтысты романтизмге бейімдей бергенін де аңғаруымыз керек. Оған Жүсіпбектің «Ақ-жол» газетінде 1925 жылы жазған мақаласында айтқан ойы айқын дəлел: «Қазақ əдебиеті қазір күйректік (сентимента-лизм), сарындамашылық (романтизм) дəуірінде болуға тиіс. Ендеше санашылдықтан (идеализмнен) құтыла алмайды. Нағыздық (реализм) аналардай дəуірге қабыса қоймас» деп қисындырғанда осы көзқарасты жақтаушылар көбейіп кетті». Реализм заманға қабысқанмен, күншығыс қанды қазақ таби-ғаты, жалпы тұрмысы жеке реализмді көтермейді. Ал роман-тизм мен сентиментализмнен қол үзуге болмайды... Тоғыз қабатты тас үйді, қаңғыр-күңгір зауытты, əуені шарлаған аэро-планды жырлағанша, қазақтың қара лашық үйін, жерошағын, майсыз арбасын, бақырауық түйесін жырлаған жақсы» деген

Page 235: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

235

ойлардың əйтеуір қысастықпен айтылмай, белгілі бір мақсатты көздеп, яғни романтизмді орнықтыру үшін айтылғаны даусыз. Əдебиет тарихында мұндай сүбелі мəселелер қағажу көрмей, ашық айтылуы тиіс. Бұрынғыдай саяси мəн бере, ярлық таға айтудан сақтанғанымыз абзал.

Мағжан шығармашылығының үшінші кезеңі – кеңестік шын-дықты мойындауға ойысып, іштей ұзақ ізденіспен келген тұсы – «Тоқсанның тобын» жырлауы. Үлкен өкініш те, солшылдықтың қырсығы да сол, осы өзгерісті, түлеу процесін ҚазАПП сыны дер кезінде көріп, ұға алмады. ҚазАПП пен «Алқа» ұйымдасқаннан кейінгі ұжымдық айтыс өмірде болып жатқан құбылыстардың шын сырын жыға айыруға, аңғаруға мұрсат та бермеді. Иіліп келген, программасын айта келген, бар жанын айқара ашып келген Мағжанды түсінушілер аз болды. Социалистік құрылыс барысындағы уақыт жеңісін өздерінің еңбегі деп тапқандар көбейіп, насырға шаптыра пікір түюшілер Өлкелік партия комитетінің баспасөз бөлімі меңгерушісі, талантты сыншы Əбдірахман Байділдиннің аузы арқылы айтылған ойға, яғни қазақтың ескі ақын-жазушыларының бəрі Бұқарашыл болып, ұлтшылдықты салауат етулері жатыпатарлық, тонын айнал-дырып киюшілік деген сыңайдағы пікір қоғамдық-əлеуметтік, тіпті партиялық нұсқаудай түсінгендерін жоққа шығара алмай-мыз. Оның үстіне Ф.И.Голощекин тұсында балалап, қоздап кет-кен садуақасовщина, ходжановщина, сейфуллинщина, менде-шевщина, тоғжановщиналардың қым-қуыт тартыс пен таласта-рында жеңіске жетудің бір көзі – «ұлтшылдықпен күресу, тап жауларын əшкерелеумен» астарласып жатқанын да естен шы-ғармайық. Оның аяғы 1930 жылғы 4 сəуір, 1931 жылғы 13 қаңтардағы ОГПУ коллегиясының шешімі бойынша 14 қай-раткердің атылғаны атылып, сотталғаны сотталып, қуғын-сүргінге түсті. Бұл кезең, сөз жоқ, оларды шығармашылық ең-бектен айырып, тоқырауға ұшыратты. Оның бел ортасында Мағжан Жұмабаев жүрді. Алғашқы адымы ағыл-тегіл ақындық қуаттан басталып, дауылды кезеңде ел өмірін шарайнаға айнал-дырмақ болған поэзия қайраткерлерінің трагедиямен аяқталуы, əрине, үлкен қасірет.

Page 236: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

236

Тарих ауыр да қиын кезеңдерге душар еткенмен, жасалған дүние, халық жүрегіне жол тапқан асыл жыр, көркем сурет со-лып қалмайтыны рас. Асыл қылыш қын түбінде қалмасы айқын. Өзінің ақындық өмірінде талайларға ықпал жасап еліктеткен, қазақтың көркем сөзін эстетикалық биікке көтеріп, ұлан-ғасыр мұра жасаған Мағжан Жұмабаевты қазақ кеңес əдебиетінде романтикалық арнаның негізін қалаушы дарын деп тауып, өзін-дік мектеп жасағанын именбей айтуға тиіспіз. Мағжанның ақындық мектебін айтқанда Бернияз Күлеев, Ғұбайдолла Балақадыровты алғашқы «шəкірттер» қатарына қосып, оқта-текте «дəріс тыңдағандар» ішінде Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Əбділда Тəжібаевтарды ғана емес, осы күнгі «сырттан оқыған» көп лирик ақындардың біразын «байлап-ма-тап көгендеуге» де болар.

Идеялық өрісі жағынан ғана емес, өмірлік, өнерлік жолдары да жыртыла екі жаққа айырылған Сəкен мен Мағжанның ро-мантикалық суреттеу тəсілдері өнімді даңғылда кездесіп, тоқайласып қалатын да сəті жоқ емес. Сəкен романтикасы кө-біне-көп бүгінгі өмір шындығынан туып, өрелі биікке қол соза-ды, ылғи революциялық даму барысында көрінеді.

Мағжанның əдебиет тарихындағы орнын айқындаймыз деп кейбіреулердің қысыр есеппен «жаны ашып» дуылдатпақ болғандарға 1932 жылғы «ХX ғасырдағы қазақ əдебиеті. І бө-лім. Ұлтшылдық, байшылдық дəуір» атты кітабындағы Сəбит Мұқановтың ойын толық келтірейін: «Ақындық жағына кел-генде Мағжан, əрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, əдебиетіне жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ» (283-бет) деп тауып, өзі-нің негізгі мақсаты «Мағжанның түгін тастамай сынау емес, оның əдебиет тарихында алатын орнының мөлшерін көрсету. Мағжанды тексерудің Бұл алды-арты болмақ емес. Бұдан кейін де талай тексерулер болмақ» (285-бет) деп оптимистік ой ай-туы, бірақ осының бəрі культ заманында құрдымға айналып кетуі, əрине, өкінішті-ақ. Солай бола тұрса да Мағжан ел есі-нен, халық жадынан шықпай, ауызекі қазақи тарихтан орын

Page 237: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

237

алып келуінің өзі оның ақындығының ұлылығынан екені да-усыз. Артына осындай құнды мұра тастап, қазақ əдебиетінде романтикалық суреттеу арнасын салған дарын ретінде зерт-теліп, мəдениетіміздің қастерлі төрінен орын алары хақ.

Қазақ əдебиеті тарихындағы «ақтаңдақтардың» жойылу-ына Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті кең жол ашып, халықтың интеллектуалды қуатының мол екендігін əб-ден айқындап алуға мүмкіндік беріп отыр. Қазан төңкерісіне шейін қазақ əдебиеті тек поэзия жанрында ғана дамып, өркендеді, басқа жанрлар болған жоқ дейтін тұжырымның жалған екендігін көрсететін алып тұлға – Ахмет Байтұрсынов. Қалың көпшілік А.Байтұрсыновты «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы деп біледі. Бұл да бір дарынға аздық етпейді.

Алайда өмірдің əр талабы оған энциклопедиялық біліммен қаруланып, заманның көкейтесті мəселелерін терең толғайтын талай бергендігіне көз жұма алмаймыз. 1913–1917 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы болып қана қоймай, соның ең бірінші публицисі болуы, жалпы қазақ публицистикасын (көсемсөзін) өрелі биікке көтеру жолындағы ерен еңбегі айрықша баға-лануы тиіс. «Қазақ» газеті мен Ахмет Байтұрсыновтың «кін-дігі бір», оны зерттеп, жарқырата көрсету тарихшылар мен журналистерге абыройлы міндет.

А.Байтұрсыновтың қазақ публицистикасын қалыптастыру жолындағы ұлан-ғайыр еңбектерінің мəн-мағынасы керемет үлкен екендігін ескерткен уақытта 1916 жылғы ұлт-азаттық кө-терілісі жайындағы шəлкем-шалыс пікірі, кеңес өкіметі ту-ралы 1917-18 жылдарғы түсінігі жəне 1922 жылғы «Қазақ қаламгерлері жайынан» деген мақаласы сыни тұрғыдан игерілуі тиіс.

Ахмет Байтұрсынов жан-жақты дарын болғандықтан, сын жанрына еркін жəне тамаша білімдарлықпен, эстетикалық биік талаппен барғанын ашық жəне ауыз толтырып айтуға міндеттіміз. «Айқап» журналында 1911–1913 жылдардағы ма-қалаларының көбі қазақ тілінің, емлесінің мəселелері бола тұрса да, əдеби сынның дүниесі екені анық. А.В.Луначарский таза əдеби шығармалар ғана емес, көркемсөздің заңдылығын грамматикалық тұрғыдан тексерудің өзі сынмен тығыз байла-

Page 238: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

238

нысты, өйткені ол сөйлемнің, сөздің дұрыс-Бұрыстығын анық-тап, əдеби тілдің ережесін жүйелейді, нормасын жасайды деп танығаны Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мақалаларының қа-сиетін айқындауға кепілдік береді.

Ал 1914 жылы «Қазақ» газетінде Абай туралы «Қазақтың бас ақыны» деген мақала жазып, өзінің биік эстетикалық талап-талғамын танытуы Қазанға дейін туған əдеби сынымыздың өресін жоғарылата түскені даусыз шындық. «Қазақ» газеті бетіндегі əдебиетке қатысты материалдардың бірде-бірі Ах-меттің қатысынсыз жарыққа шықпағанын ескерер болсақ, онда сыншылық қаламы əбден ұшталған дарынды көреміз. «23 жоқтауды» шығарар кезде ауыз əдебиетін жинау жайында айтқан, жазған ой-пікірлері бір төбе.

Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл қазақ мəдениеті тарихындағы ұлы еңбегінің бірі – 1926 жылы шығарған «Əдебиет танытқыш» атты оқулығы. Мұндай еңбек бізде Бұған дейін де, кейін де болған жоқ, қайталанған жоқ. Ол əдебиет тео-риясы мен əдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымызға алынатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік əлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын «Əдебиет танытқыш» қазақ əдебиеттану ғылымының негізіне қаланған өміршең қондырғы – фундамент. А.Байтұрсынов қазақ кеңес əдебиетінің тарихында ғылыми-эстетикалық əдебиеттанудың негізін қалаушы деп танылғаны əбден орын-ды болмақ.

Қайта құру заманында молыққан, сөйтіп, өзінің бар кескін-келбетімен көрінетін əдебиет тарихымыздың алғашқы дəуірінің проблемалары қайта оралған дарындарын тарих бетіне орнала-стыру мəселелерімен ғана шектелмейді.

1917-20, 1920-25, 1925-29 жылдардың меже-жігі айқын жə-не Бұл кезеңдерді эстетикалық-социологиялық тұрғыдан баян-даудың кейбір жайы əлгіндей болса, 1930-33 жылдарды қа-зақ кеңес əдебиетінің тоқырау кезеңі деп ашық айтуымыз ке-рек. Себебі өз беттерімен таласа-тартыса өркендеген қазақ

Page 239: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

239

əдебиетінің бір қанатын «ұлтшыл, алашордашылар» деген же-леумен бір қырықсақ, екінші жағынан жалғыз Қазақстанда ғана емес, бүкілодақтық көлемде дөрекі социологиялық сын мен əдебиеттанудың айрықша қанат жайғанын да ұмытпайық. Оның қандай күйге түсіргенін сол кездің өзінде-ақ Саттар Еру-баев пен Рахымжан Жаманқұловтар дəл байқап, ақындарға 1934 жылы жазған ашық хаттарында қайда айтты: «Қазақ ақындарында «поэма» деген көбейіп кетті. Бұл күнде поэма жаз-байтын ақын жоқ. Соңғы 4–5 жылдың ішінде «поэма дəуірі», «рапорт дəуірі» басталды. Бұл поэмаларда не желі, не бел-гілі тақырып, не қазып айтылған уақиға, қадап көрсетілген қа-һарман жоқ. Белгілі тартыс, анық образ, тұрпат, үлгі жоқ. Тек бастан түсіп жадағайлатып қара сөзді құран оқығандай зула-та береміз. Көбіне өзіміз түсінбеймыз. Үлгісіз, образсыз, тар-тыссыз, уақиғасыз оңай поэмалар ақындарда үдемесе, азайған жоқ» дегенді (395-бет) бүкіл əдебиетке бағыштауға болатын еді.

Шындықты Бұрмалау, сылап-сипау тап осы кезеңде етек алды. Əдебиет өмір айнасынан гөрі жалған рапорттың, өті-рік ақпардың, қарадүрсін хабарламаның қордасына айнал-ды. Ел басына түсіп жатқан зілзала мен нəубетті, аштық-жа-лаңаштықты тек Сəкеннің «Қызыл аты» ғана айтты. Оның өзін голощекиншілер «иттей талап», Сəкенді кеңес əдебиетінің «одақтасы» деңгейіне түсіріп тастады.

Осы дəуірдің шындығы қаншама сүреңсіз болса да ол процесті ыза-кексіз ашу, желе жортпай, ештеңе болмағандай жылпылдатпай қаза айту – əдебиет тарихының ең өзекті мін-деттерінің бірі.

1934-1937 жылдың бірінші жартысы қазақ əдебиетінің көркемөнер ретінде айқын көрініп, эстетикалық талап-тал-ғамының асу жолына түсті. Əдебиет жанрлары, əсіресе проза, драматургия, сын салалары өздерінің кəсіби өресіне көтеріліп, жанр ретінде қалыптасты. Бірақ осы ұнамды құбылыс, қуаныш ұзаққа созылмай, 1937-38 жылдың қара құйынына кезікті. Əде-биетіміздің негізін қалаушы Сəкен, Бейімбет, Ілиястарға қоса қанатын енді ғана жайып келе жатқан жас дарындар бау-

Page 240: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

дай жығылды, гүлдемей солды. Көркемдік дамуда іркіле ағу, кібіртіктеу, дағдару процесі байқалып, айғай-шудың топаны қаптады.

Абырой болғанда, 1934 жылғы халық таланттарының бірінші слетінен кейін қатты қарқын алған ауыз əдебиетінің өкіл-дері, оның ішінде XX ғасыр Гомері – Жамбылдың ерен даусы əдебиетіміздегі ойсыраған олқылықты байқатпай, жаңаша си-патымен көрініп, одақтық деңгейге шықтық. Бірақ одан кəсіби əдебиеттің құрысқан қыртысы жазыла қойған жоқ. Қазақстан жазушыларының 1939 жылғы екінші съезінен кейін көріне бас-таған ұнамды құбылыстар Ұлы Отан соғысына кезігіп, жаңа арнаға түсті.

Соғыстан кейінгі дəуіріміздің, əсіресе «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының саяси өрескел қателіктері туралы» қаулыда ширықтырылған əдеби-мəдени жəне ғылыми атмосферасы, көркемөнердің болмыс-бітімі өзге-ше сипат танытқаны, аз күнгі жылымықтан кейінгі ұзақ тоқырауға түскен шақта өзгеріп сала бергені эстетикалық тұр-ғыдан əдебиет тарихында жүйелі баяндауды қажет ететіндігі айқын. Қалай болғанда да 1985 жылға дейінгі, қайта құру мен жариялылық заманына шейінгі кезеңдерді ғылыми-шы-ғармашылық електен мықтап өткізуіміз керек.

Сонымен, партиялық, азаматтық, мəдени, əдеби тарихы-мызда шындықты ашып айтуға мұрша бермеген, саяси-əде-би айып-ярлыққа емін-еркін жол ашып, зорлық-зомбылық жа-сатқан, Бұлтартпайтын қағидаға айналған қателерді міндетті түрде түзетуіміз керек. Сонда ғана əдебиет тарихын, тіпті бү-кіл қоғамдық ой-пікіріміздің тарихын маркстік-лениндік не-гізде жасауға мүмкіндік туады. Ол заман келді, шындықтың жарқыраған күні туды. КОКП XIX партия конференциясының тарихи шешімдері – қайта түлеудің, жаңаша ойлаудың ұлы кепілі.

1989 ж.

Page 241: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

241

ҚҰНДЫ ЕҢБЕК – ЗОР ҮЛЕС

Партиямыздың тарихи XX съезінен бергі азғана уақыттың ішінде қазақ əдебиетінде үлкен өзгерістер мен табыстардың болғандығы жұртқа мəлім. Қазақ мəдениетіне Сəкен, Бейімбет, Ілияс, Сабыр Шəріпов, Құдайберген Жұбанов, Ғаббас Тоғ-жанов, Жұмат Шанин, т.б. қайраткерлердің қайтып оралуы зор қуаныш болды. Мəдени дамуымыздың келелі мəселелерін сөз еткенде, Бұлардың тікелей араласуымен болған көп құбы-лыстарды кейде жаба тоқып, кейде желе-жортып, кейде тарихи шындыққа қиянат жасап өте шығатындығымыз келмеске кетті. Қазір əрбір қайраткердің тарихи ісіне əділ баға беріп, жасаған қате-кемшіліктеріне ешбір жеңілдік жасамай, пікір айта ала-мыз. Мұның өзі қоғамдық ғылымдарға кең жол ашып, олардың өркендеуіне əлден-ақ игі ықпалын тигізіп отыр.

Осыны əдебиеттануға жақындата айтсақ, Е.Ысмайыловтың «Ақындары», М.Қаратаевтың «Рожденная Октябрем», Т.Нұр-тазин, А.Нұрқатов, Т.Ахтанов, С.Қирабаев, С.Сейітовтың мо-нографиялық жəне əдеби очерктерімен, «Қазақ əдебиетінің кейбір мəселелері», «Русские о казахской литературе», «Сборник статей о казахской литературе», «Қазақ кеңес əдебиетінің мəсе-лелері» деген жинақтармен, Қ.Жұмалиевтің таяуда ғана басы-лып шыққан «Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері» деген зерттеуімен салаланып, ұжымдық еңбек – «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркімен» толысып, республикада сын жəне зерттеушілік ой-пікірдің жаңа қарқынмен өрістей түс-кендігін көріп отырмыз. Міне, осыларға Б.Кенжебаевтың «Қа-зақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» де-ген көлемді еңбегі құнды үлес болып қосылды. Азғана жылдың ішінде осыншама көлемді де күрделі еңбектердің тууы XX съез-ден кейінгі зор табыстарымыз дейміз де, Қазақстан Компартия-сы Орталық Комитетінің ескі мұраларды шығармашылық жол-мен игеру жайындағы 1957 жылғы арнаулы қаулысына жауап бере бастаудың алғашқы сəтті қадамдары деп танимыз.

Б.Кенжебаевтың Бұл еңбегі қазақ əдебиеті тарихындағы ең бір қиын, дау-дамайы көп, талай қайшы пікірлер айтылған кезеңді сөз етеді де, көркемдік дамудың даңғыл бағытына

Page 242: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

242

түскен, оны Абайдан кейін жанрлық, идеялық, тақырыптық жағынан да, өнерлік жағынан да ілгері өркендеткен ағартушы-демократ ақын-жазушылардың шығармашылығын кең көлемде зерттейді.

Бұл күрделі еңбекке пікір айтпас Бұрын алдымен зерт-теушінің методологиялық принципін ажыратып алу шарт, өйткені ол кейінгі əңгімелердің бəріне арқау болмақ. Бізде бір ғана методология бар, ол – маркстік-лениндік методология. Оны басшылыққа ала отырып, əрқилы принцип қолдануға болады. Соның ішінде Кенжебаев ең бір дұрысын, ең бір қолайлысын жүзеге асырған, яғни зерттеудің шолу-портреттік (обзорно-порт-ретный) принципін қолдаған. Ал егер бірыңғай шолу, не бірыңғай портретті принципті басшылыққа алса, онда «жер ор-тасы көктөбеде» қалып қою қаупі көп еді. Неге? Егер шолу принципіне ден қойса, онда XX ғасырдың басындағы қазақтың ақын-жазушыларын түгелдей сөз етіп, айтары да, ойы да бір тиянаққа келе алмай, шашырап кетер еді. Өйткені Бұл кезең – əдебиеттің басқа кезеңіндей емес, дауы мол, пікір тиянағы кем, əркім əртүрлі көзқарасты ұстап жүргендіктен, нақтылықты та-лап ететін кезең. Осы дəуір жайында қазақ əдебиетшілерінің негізгі тұжырымдары тұрақталған, бір арнаға құйылған шақта шолу принципін қолдануға болар еді.

Бұған мысалды алыстан іздеудің қажеттігі жоқ. Ілгеріректе жазылған орыс жəне украин кеңес əдебиеттері тарихы очерктерінің сəтсіздікке ұшырауының ең басты себебі – осы шолу принципін басшылыққа алғандығында болатын. Əде-биеттердің жалпы көркемдік дамуын айқындаймыз деген игі талап, кейбір ақын-жазушыларды былай қойғанда, М.Горький мен Маяковскийдің, Шолохов пен Фадеевтің өрен тұлғасын, сондай-ақ М.Бажен мен М.Рыльский, А.Корнейчуктардың шы-ғармашылық бетін «жоғалтып» алуға апарып соқтырған-ды. Көптің ішінен Бұлардың бойы көрінбеген соң, олардың əдебиетке не əкеп, не қосқаны мүлде күңгірт қалды. Тегінде, қоғамдық саланың ең бір қуатты саласына – көркем əдебиет пен оның шығармашылық өкілдеріне – шолу принципін шама-лап, қажетті ғана жағдайда пайдаланған дұрыс сияқты. Ал XX

Page 243: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

243

ғасырдың басындағы қазақ əдебиетін зерттеу үшін Бұл прин-цип тиімді емес, өйткені демократ-ағартушылармен қатар əлі де зерттеуді өте қажет ететін кітаби ақындар, сондай-ақ қазақ ауыз əдебиетінің проблемалары, тіпті керек десеңіз, атаусыз қалып келе жатқан көптеген ақын-жазушылар бар.

Ал енді Б.Кенжебаев өзінің осы зерттеуінде портреттік прин-ципті басшылыққа алса, онда əдеттегі хрестоматиядан асып кете алмай, əрбір ақын-жазушыға аңдатпа, түсіндірме беру-мен тынып, пікір қайталаушылыққа ұрынар еді. Мұның кейбір элементтері осы кітаптан да бой көрсетіп қалғанын аңғару қиындыққа түспейді.

Міне, осыларды еске алғанда, Б.Кенжебаевтың қолданған шо-лу-портреттік принципі өз нəтижесін беріп, кітаптың құнды, бағалы болуына үлкен септігін тигізген.

Дұрыс методологиялық принциптің шешуші рөл атқара-тындығын ескергенде, оны жүзеге асыратын жазу тəсілдеріне тоқтала кетпеске болмайды. Көңілдегі көрікті ойдың сыртқа шыққанда өңі қашатын болса, онда методологиялық прин-циптің дұрыстығынан не пайда!? Сыншы мен əдебиет зерт-теушісі де ақын-жазушы сияқты көркемдік шеберлікке ие болуға міндетті. Бірақ ол шеберлік əрқилы. Жазушы бейне-леу, сөзді қастерлеу арқылы мақсатына жетсе, сыншы мен зерттеуші көркем баяндаудың үстіне талдау жасау қасиетімен ғана қадірлі болмақ. Осы тұрғыдан қарағанда, біздің сыншы, зерттеушілерімізден үш түрлі ерекшелікті байқауға болады. Мысалы, Мұхаметжан Қаратаевта публицистикалық леп ба-сым болса, шығарманың социологиялық жəне эстетикалық жағын тең ұстап, талдау жасау үлгісі Есмағамбет Ысмайыловта қатаң сақталады. Талай уақыттан бері өзіндік жазу мəнерінен айнымай келе жатқан Кенжебаевтан педагогикалық талдау жа-сау тəсілінің айқындала түскендігін көреміз.

Соңғы тəсілдің ұтымды жағы басымдау болғанмен де, сəтсіздікке апарып соғатын бірқыдыру қиындықтары да бар. Педагогикалық сипаты басымырақ осы талдау тəсілі өзінің насихаттамақ пікірін оқушылар мен шəкірттерге қалтқысыз жеткізеді, айтары анық, тұжырымы сенімді, ақиқат шындығы

Page 244: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

244

басым болып келеді. Осыны əбден игерген уақытта ғана көркем шығарманың мəн-маңызын айтып қана қоймай, оған эстетикалық талдау жасауға, тарихи шындық пен көркемдік шындықтың ара салмағын ажыратып отыруға, аңдатпалық, ре-цензиялық дəрежеде қалып қоймауға, ежелеп кетпей, мəндіні, сипаттыны айтуға мүмкіндік туады. Кенжебаев негізінен осы тəсілдің ұтымды жағын қатаң сақтап отырса да, ара-тұра шалыс басып алатын жерлері де кездеседі. Оның мысалын кітаптың бірінші жəне жетінші тарауларынан да, жеке шығармашылық портреттерден де көруге болады.

Бұл зерттеудің өнегелі жақтары да бар. Қазақ əдебиеттану ғылымында тарихи фактілерге жүгіну, оларды əрбір дəуірде болған əдеби-мəдени оқиғаларға жанастыру, сөйтіп дамудың белгілі бір процесін айқындап алуға онша көп мəн беріліп келді деу қиын. Архив материалдарын барынша сұрыптап пай-далану, оларды ғылымға əкеп қосу жағынан Б.Кенжебаев тек жас зерттеушілерге ғана емес, егде сыншы-зерттеушілеріміздің біразына үлгі көрсете алады. Шын ғылым, əділетті баға, айқын тұжырым тек тарихи шындықты жетік білгенде ғана туады. Бұл зерттеушінің еңбегін құнды етеді, екіұшты пікір айтуға орын қалдырмайды, сонсоң сол кітаптың пайдалылығын, өне-гелілігін, танымдылығын күшейте түседі. Кейбір қажетсіз қайталаушылықтың, бір үзіндіні екі-үш рет келтірудің кез-десетіндігіне қарамастан, Б.Кенжебаевтың Бұл зерттеуі жаңа, тың материалдарға толы, бай еңбек. Соның арқасында айтар ойы мен қорытар пікірі айқын да нақты.

Əдебиеттану – көбіне пікірталасымен қанаттанатын, біреу-дің көрмегенін біреу көретін, біреу аңғармағанды біреу аңғаратын, біреу айтқанға екінші біреу қарсы шығатын, ай-қыш-ұйқыш ой топшылауы болып жататын ғылым. Сондықтан да менің айтқаным ғана дұрыс, заңды деп ойламай, əр кез-де əр адам айтқан пікірлерді не қолдай, не сынай, əлде қоры-тындылай отырып, өзінің жасаған түйінін дəлелдеп айтуы шарт. Б.Кенжебаев əдебиеттің осы кезеңіне байланысты ай-тылған пікірлерді кімнің аузынан шыққанына қарамастан, біршама келтіріп отырған да, оған өз көзқарасын білдіруден

Page 245: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

245

тартынбаған. Алайда кейбір даулы, екіұшты пікірлерді сипай қамшылап кететін жері де жоқ емес. Архив материалдарын көп зерттеген ғалымның жалтақсыз, батыл пікірлер айтуына əбден болар еді.

Əдебиеттану ғылымына үлес болып қосыларлық мəселелерге келгенде, ең алдымен Бұл монографияның бірінші тарауын-да айтылған дұрыс пікірлерді, сондай-ақ даулы пікірлерді ай-тып өтпеске болмайды. Бұл тараудың құндылығы – XX ға-сырдың басындағы əдеби ахуалды қоғамдық-əлеуметтік даму мəселелерімен байланыстыра талдап, əрқашанда бір ұлтта екі түрлі мəдениеттің болатындығы жөніндегі лениндік қағиданы нақты материалдармен көрсете білгендігі деп ашық айту ке-рек. Біз Лениннің Бұл пікірін еске алуды ұмытпағанымызбен де, оның мəнін нақты ашып көрсете алмай, зерттеу ісінде бас-шылыққа дəйекті түрде ала алмай келе жатқандығымызды жасыруға болмайды. Осының салдарынан кейде бірыңғай ағым теориясына, кейде нигилистік позицияға ұрынып қалып жүрдік. Кезінде оның «дəмін татқан» Б.Кенжебаев Бұл жолы мəселеге дұрыс қараған. Осының арқасында Мұхаметжан Се-ралиннің шығармашылығы жайындағы əртүрлі көзқарасты əділ шешіп, оның тарихтан алатын орнын əбден анықтаған. Сондай-ақ Абайдан кейінгі классигіміз Сұлтанмахмұттың про-блемаларына автор жаңа трактовкалар енгізіп, ерте кезде өзі айтып жүрген кейбір жаңсақ пікірлерін түзеткен. Бұрын бі-рыңғай мақталатын Сұлтанмахмұт осы жолы орынды жерінде көтеріңкі айтылып, орынсыз жерінде əділ сыналған. Бұдан Сұлтанмахмұт та, оны зерттеуші автор да көп ұтқан.

Солай бола тұрса да, «Қамар сұлу» мен «Кім жазықты?» атты шығармаларға тоқтала кетпей болмайды. Б.Кенжебаев «Қа-мар сұлу» романының идеялық жəне көркемдік шешімін дұ-рыс деп таппайды. «Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің «Қамар сұлу» романын оның бас кейіпкері Қамардың өлуімен аяқ-тайды. Содан оның романындағы бірқатар негізгі оқиғалар мен тартыстар жасанды, нанымсыз; ескілік күшті, басым; ұнамсыз кейіпкерлер анық, жігерлі болып шыққан да, ұнамды кейіпкерлер біраз ынжық, əлсіз болып шыққан. Қамар мен

Page 246: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

246

Ахметтің ақылды, оқыған, жігерлі, шешен адам бола тұрып, бəрін біліп, түсініп отырып, ескі тəртіпке, əдет заңына қарсы күресуге, оларды Бұзуға ақылы жетпеуі, батылы бармауы на-нымсыз. Олардың не ақылды, жігерлі, оқыған болулары бе-кер де, не өздерінің тағдыры, еркіндік, теңдігі үшін баста, ке-зінде күреспеулері бекер. Олар ақылды, жігерлі болған соң, өздерінің тағдыры, еркіндік-теңдігі үшін күресуі керек еді, бірақ іс жүзінде олай болмай шыққан» (162–163-б.) деген пікіріне қосылуға болмайды.

Бұл арада заман шындығы, кейіпкерлердің əрекет ету мүм-кіндігі еске алынбаған жəне жоқты бар ет деген талап ба-сым. Біздіңше, Сұлтанмахмұттың реалистігі сол: ол өз ке-зіндегі қоғамдық өмірдің даму жағдайына сай айтар ойын, көрсетпек кейіпкерлерін түйіндей алғандығы. Егер романның авторы Кенжебаев талап еткен тұрғыдан шығатын болса, онда Сұлтанмахмұтты сыншыл реализм дəстүрінен гөрі озық көркемдік əдіске апарып қосу қажет болар еді. Бұл арада Көбеевтің «Қалың малындағы» шешімнің, яғни Ғайшаның «ті-рі қалып», Қожашпен қосылуы, бақытты өмір сүруінің өзінде жасандылық барын, көркемдік жағынан дəлелденбегенін ұмытпаған жөн.

Мəселе Қамардың аянышты өлімі, сол өлімге өзінің ын-жықтығы апарып соқты, күресе алмады деген пікірде емес, одан гөрі зорырақ нəрседе. Кенжебаев өзінің осы пікірін белгілі тиянаққа жеткізу үшін, қазақ даласында əйел мəселесін шешу-де демократ-ағартушы жазушылардың арасында екі түрлі жол болғандығын аксиомаға айналдырмақ болған.

«Біріншіден, – дейді зерттеудің авторы, – кейбір ақын, жазу-шылар қазақ арасында əлі бектік-феодалдық əдет-ғұрып сар-қыны, ескілік заңы тіпті күшті, Бұл жағдайда еркіндікке – сүйгеніне, теңіне баруға, теңдік алуға талпынған қазақ əйелі өз мақсатына жете алмайды, өледі, ескілік құрбаны болады деп білді. Сондықтан мұндай ақын, жазушылар роман, повесть, по-эмаларын бас кейіпкерлердің өлуімен аяқтады.

Екіншіден, кейбір ақын-жазушылар, рас, қазақ арасын-да бектік-феодалдық сарқыны, ескілік заңы күшті, бірақ со-нымен қатар қазір қазақ арасында көріне бастаған, өсіп келе

Page 247: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

247

жатқан жаңалықтар да бар, ескілікке қарсы тұра алатын, арпа-лысып, оны жеңе алатын жаңа күш те бар деп білді. Сондықтан мұндай ақын-жазушылар роман, повесть, поэмаларын бас кейіпкерлерінің ескілікті жеңіп, мақсатына жетуімен аяқтады.

Əрине, соңғы көзқарасты, концепцияны ұстаған ақын, жа-зушылар шындыққа жақын еді, өмір заңын, заман жайын, өз кезіндегі қазақ тұрмысын, оның бағытын дұрыс аңғарып, дəл ұғынған еді. Осыдан олардың шығармалары да шындыққа сай, жарасымды, көңілге қонымды еді» (162-б.) деген тұжырымға қосылуға болмайды. Əдебиетте мұндай тенденцияның болған-дығына шек келтірмегеннің өзінде, «шындыққа сай, жара-сымды, көңілге қонымды» шешімдер алғашқыларда еді. За-манға қаншама жаңалықтар енгенімен де, əр мəселенің ше-шімі сол кездің қоғамдық құрылысына тəуелді. Мұны тари-хи шындықтың бəрі де дəлелдейді. Біздің ағартушы-демок-раттарымыз қаншама көп еңбек етіп, халыққа пайда келтіріп, сана-сезімін оятқанымен де, революциялық жолды көрсете алмағандығы аян, тіпті сыншыл реализм əдебиетінің өкіл-дері шығар жолды көрсете алмаған болатын. Басқа əдебиет-тің мысалдарын былай қойғанда, қазақ əдебиетінің өзінде туған шығармалар Кенжебаевтың Бұл пікіріне арашашы бола алмай-ды. «Теңдік алып, мақсатына жеткен» тек Көбеевтің Ғайшасы, одан басқаны кездестіру қиын.

Ал «өлетіндер» өте көп. Сұлтанмахмұттың Қамарының, Мұ-хаметжан Сералиннің «Гүлхашима» поэмасындағы жігіттің (Баймағамбеттің), əрідегі Қозы Көрпеш пен Баянды, Жібек пен Төлегенді былай қойғанда, бергі Еңлік пен Кебектің, тіпті кеңес жазушылары Бейімбеттің Шұғасы, Сəбиттің Сұлушашы мен Алтайының замана құрбандығына шалынғандығын қайда қоймақпыз? Заман шындығын айқын аңғарту, сол қоғамға тəн құбылысты көрсету Кенжебаев көрсеткен концепцияның екін-шісінде емес, біріншісінде. Біздің озық демократ-жазушыла-рымыз өз заманының шындығын дұрыс аңғарып, өзінің шы-ғарар жолы жоқ екендігін мойындап, реалистік шығарма жазған да, өзінің идеялық жəне көркемдік платформасын логикалық тиянаққа жеткізе білген.

Page 248: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

248

Сұлтанмахмұттың шығармашылық өмірбаянын, саяси ли-рикаларын дұрыс талдап, мəн-маңызын айқын тұжырымдаған, өсу жолындағы қиыншылықтары мен шалыс басқан қадамдарын ашып көрсеткен баяндауларға тоқталудың қажеттігі жоқ екен-дігін ескеріп, «Кім жазықты?» атты шығарманың қай жанрға жататындығына тоқталу шарт сияқты.

Бұл шығарманы Сұлтанмахмұттың роман деп атағанына жəне зерттеушінің солай деп талдағанына қарамастан, біз оны қазақ поэзиясындағы сюжетті поэманың ең құнды жəне таң-даулы үлгісі деп есептейміз. Авторлық ойлардың тууы мен оны жүзеге асырудың арасында үлкен кеңістік барлығын еске-ру қажет. «Кім жазықтының» бастапқы жазылған кезіндегі түп-нұсқасының толық сақталмауы, аяғының жоғалып кеткендігі оның роман жанрына қосыла алмайтынының шешуші себебі емес, ол түгелдей сақталған күннің өзінде де дəнекерші бола алуы екіталай.

«Кім жазықтыда» шындықтың эпикалық шеңбері тар, қо-ғам өмірін қамтуы солғын. Демек оның реалистік романға тəн компоненттері толық емес. Белинский «Евгений Онегинді» ор-ыс өмірінің энциклопедиясы деген де, заман шындығын мол қам-тып, айқын суреттей алуына байланыстырды. Мұнда нақты көркем образдар арқылы, олардың іс-əрекеттері, араласқан қоғамдық орталары арқылы типтік көріністердің типтік жағ-дайда қамтылып, өмір құбылыстарының сипатты жақтары терең де дəл суреттелуі шешуші рөл атқаратындығын барынша есте ұстау қажет. «Кім жазықтыдағы» Əжібайдың хикаялары, автордың лирикалық шегіністері мен толғаулары ол шығарманы роман жанрына апарып қоса алмайды. Бұлай зерттегенде, «Кім жазықты?» өзінің шын құндылығынан, бағалы қасиеттерінен айырылып қалу қаупі бар. Солай да болып шыққан.

Біздіңше, «Кім жазықты?» – шын мəніндегі сюжетті көркем поэма. Қазақ поэзиясының Абайдан кейінгі табысы орасан зор дегенде, Бұрынғыдай ылғи лирикамен, сюжетсіз өлеңдермен өркендемей, осындай сюжетті, шын мəніндегі көркем об-раз жасау тенденциясын қатаң сақтаған поэмалармен толы-са түскендігін айтқан орынды. Шынтуайттап келгенде, біз

Page 249: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

249

Абайдың өзінен сюжетті поэманың нағыз көркем үлгісі мынау деп айта алмасақ керек. Міне, сондықтан да «Адасқан өмір» мен «Кедей» сияқты лирикалық поэмаларға сюжетті «Кім жа-зықтыны» апарып қоссақ, Сұлтанмахмұттың көркемдік даму жолында ілгері басқан қадамын, шыққан төбесінің бірқыдыру биік болғандығын қалтқысыз аңғарар едік. «Кім жазықтыны» роман жанрына емес, поэзияның эпикалық түрі – поэмаға қос-сақ, Сұлтанмахмұт шығармашылығы ұтылмайды, қайта ұтады, өйткені көркемдік типтендіру, образ жасау, көмекші ке-йіпкерлерді логикалық мотивировкаға сыйымды ету, əрбір іс-əрекетті нанымды суреттеу сияқты қойылатын талаптарға Бұл поэма толық жауап береді де, өзінің əдебиет тарихындағы құрметті орнына ие болады.

Əдебиет тарихында осы уақытқа дейін шешілмеген мəсе-лелердің бірқыдыруы жайында Кенжебаев өзінің пікірін айтып, кейбірін əділ, дұрыс шешкен. Бұл арада біріне-бірі жалғаса туатын екі проблема – Сералиннің шығармашылық беті мен алған бағыты жəне «Айқап» журналының идеялық позициясы мен қазақ халқының мəдени өмірінде алатын орны жайындағы мəселелерге назар аудару өте қажет.

Ең алдымен, автор басқа бөлімдердей емес, Сералин-ге арналған бөлімде анализ жасау, тарихи фактілер мен əде-би құбылыстарды тұжырымдап, жинақтай, ең мəнділерін іріктей пайдалану, айтпақ ойын жеріне жеткізе айту шебер-лігін ерекше дəйектілікпен танытады. Сенбеске, автор өр-біткен ойдан басқаша қорытынды жасауға мүмкіндік қал-дырмайды. Логикалық ой дəлелді, түйдек, салмақты бо-лып, эстетикалық талдаудағы кейбір орашолақтықты аңғарт-пай кетеді. Əдебиеттанудағы шеберлік біздің көп сыншы, зерт-теушілеріміздің бойына дарымай жүрген қасиет екендігін ескер-генде, Сералин жөніндегі шешуші бөлімнің шығармашылық көтеріңкі пафоспен жазылғанын көрмеу, атап айтпау əділет-сіздік болар еді.

Екіншіден, Б.Кенжебаев шын зерттеушінің бойына тəн бо-латын бір қасиетті – яғни мұрағаттардан, библиографиялық құ-жаттар мен газеттерден «тырнақтап» жиналатын фактілерді

Page 250: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

250

оқушыға ұсыну мəселесіне көп назар аударған. Сондықтан да осы кітапта портреті берілген əрбір ағартушы-демократтардың шығармашылық өмірбаянын (əрине, пəлен жылы туды, жүрді, жазды, өлді деген сияқты өмірбаян емес) жасау проблемасын көтеріңкі деңгейде шешкен. Мұны жоғарыда Сұлтанмахмұтқа байланысты бір айтсақ, енді Сералинге байланысты ерек-ше атап көрсетуді қажет деп білеміз. Өйткені социологиялық жəне эстетикалық талдаудың бəрі де автордың шығармашылық өмірбаянынан бөлек алып, жыра тартып қарайтын мəселелер емес.

Сонсын Сералиннің идеялық көзқарасын, əсіресе XX ғасырдың басындағы прогресшіл қайраткерлердің негізгі по-зициясын айқындауда шешуші рөл атқаратын – жер мəселесі. Демек, осындай экономикалық негізден туған ұлт мəселесі жөніндегі көзқарасты автор тиянақты тұжырымдаған. Сера-линнің халықты шұрайлы жерге орналастыру, қала салып, егіншілікпен, қолөнермен айналыстыру туралы пікірлерін В.И.Ленин атап көрсеткен Бақытжан Қаратаевтың идеясы-мен сабақтастыру, тіпті содан өрбіту өте дұрыс болған. Мұның өзі тек Сералиннің ғана емес, оның өзі редактор-шығарушы болған «Айқап» журналының идеялық позициясын айқын тұ-жырымдауға үлкен септігін тигізген.

Қазақтың тұңғыш журналисі, шын мəніндегі публицист, талай поэтикалық шығармалардың авторы Мұхаметжан Се-ралинді «Айқаптан», ал «Айқапты» одан бөле қарастыруға еш-бір болмайды. Ол екеуі идеялық жағынан, əсіресе 1911-1915 жылдардағы ең бір қилы кезеңде бірін-бірі толықтыра түс-кендігін, бірінсіз бірінің мəнсіз болатындығын автор дұрыс аңғарып, табысты да, кемшілікті де екеуіне тең ортақ еткендігі өте орынды.

Қазақ баспасөз тарихында «Айқап» журналындай қоғам-дық ойдың жаршысы болып, оның прогрестік бағытта қа-лыптасуына септігін тигізген ешбір баспа орны болған жоқ деп ашық айту керек. Бұл арада автордың «Айқап» журналының бірқатар идеялық кемшіліктерін айта отырып, оның ең мəн-ді жағы демократияшыл, ағартушы бағытта екенін ашып

Page 251: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

251

көрсетеді. «Ол қазақ халқының оянуына, шаруашылығы мен мəдениетінің ілгерілеуіне біраз пайда келтірді, əсер етті» (32-б.) деген қорытындысын дұрыс деп табамыз. Осыған орай ұлт-шыл «Қазақ» газетінің «Айқапта» айтылған озық пікірлерге қарсы болғандығын, күрделі проблемалар жөнінде екеуінің екі түрлі позицияда тұрғандығын біршама көрсете кеткенде, «Айқаптың» беті Бұдан да гөрі айқындалып, тұлғасы зорая түсетін еді деген өкінішті де айтуымыз керек.

Автордың шолу-портреттік методологиялық принципінің игі əсері кітаптың композициялық құрылысына зор пайдасын тигізген. Жеке ағартушы-демократтардың өмірі мен шығар-машылығы зерттеле келе 1916 жылғы ұлы оқиғаға байланысты туған ауыз əдебиетін талдаумен тəмамдалуы біртұтас еңбектің шебер табылған фабуласы сияқты. 1916 жылғы ұлт-азат-тық қозғалысы патша самодержавиесінің ұлт саясатының шет аймақта күйреуінің ғана емес, бүкіл империалистік сая-сатының талқандалатынының симптомы болғандығы, яғни «жоғарғылардың» басқару қабілетінен, «төмендегілердің» ба-ғыну ниетінен айырылып, үлкен революциялық ситуацияның пі-сіп-жетіліп келе жатқандығының қарлығашы еді. Міне, осын-дай жағдайда ағартушы-демократтардың насихаттаған пі-кірлерінің материалдық негізге кезігуі келіп шығады. Демек, ғасырлық езгіден, теңсіздіктен қорлық көріп, ашынған ха-лықтың қолына қару алудан басқа шарасы қалмайды. Озық иде-ялардың бəрі Орта Азия мен Қазақстандағы ұлт-азаттық кө-терілістерін дайындауға септігін тигізген еді деп айта ала-мыз. Қазақ топырағында болған көркемдік дамуды жеке ақын, жазушылардың еңбегімен өрбіте келіп, революциялық сипаты басым халық шығармашылығымен байланыстырудың орынды болғандығы, міне, осыдан айқын көрінеді.

Зерттеу еңбегінде Бұл сияқты мықты тартылған желіні əб-ден жеріне жеткізу үшін автор жазба əдебиет өкілдерінің 1916 жылғы қозғалысты жырлауға қатыспай қалу, оның ор-нына ауыз əдебиетінің ерекше күшті қарқынмен өркендеп кету процестеріне жауап беретін шығар деген үмітіміз толық ақталмаған. Сондықтан «1916 жылғы көтеріліс туралы өлең,

Page 252: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

252

жырлар» деген жетінші тараудың логикалық мотивировкасы-нан кейбір кемістіктер байқалып қалады.

Ұлт-азаттық көтерілісі жайындағы ауыз əдебиетінің мəн-ділігін, қуаттылығын əбден аңғару үшін ұлтшылдардың сат-қындық рөлін, əсіресе оның насихатшысы болған «Қазақ» газетінің кертартпа позициясын ашық көрсету керек еді. Со-нымен қатар, Бұл кезеңде туған өлең-жырлардың Бұрынғы дəстүрлі ауыз əдебиетіне түрлі жаңалықтар əкелгендігін, көр-кемдік, жанрлық, тіл-стильдік ерекшеліктерді, үндеу, күнделік, хат-өлеңдер сияқты жаңа түрлерді туғызғанын айтқан уақытта, күрескердің көркем образын жасау тенденциясына, яғни Иса Дəукебаевтың «Бекболат» поэмасының мазмұнынан гөрі эсте-тикалық жағына молырақ тоқтағанда, Бұл тарау өте көп ұтып, шығармашылық процестердің сабақтастығы, Жамбыл, Нұрпейіс, Омар биік сатыға көтерген ауыз əдебиетінің негізі сол кездегі революцияшыл халық шығармашылығымен аз да болса даярланғандығы айқындала түсер еді.

Сыншыл реализм əдебиетінің озық, пайдалы дəстүрлерін шығармашылық жолмен игерудің арқасында көркемдік əдіс ре-тінде қалыптасқан социалистік реализмнің көктен түсе қалған нəрсе еместігін, ескінің қойнында туған жаңа екенін, сандық қасиеттердің молая түсуі нəтижесінде заңды секіріс жасап, сапалық жаңа қасиетке ие болғандығын байқаған Кенжебаевтың Бұл процесті ауыз əдебиетіндегі құбылыстарға қимауы – орын-сыз болған. Сондықтан да «1916 жылғы көтеріліс жырлары сын-шыл реализм дəстүрі негізінде, ал қазақ кеңес поэзиясы со-циалистік реализм əдісі негізінде жасалады. Ендеше, Бұлар өзі-нің көркемдік түрі, əдісі жағынан да бір-біріне ұқсамайды.

Əрине, Бұдан сыншыл реализм əдісі мен социалистік реа-лизм əдісінің арасы тіпті алшақ, екеуі мүлде екі басқа деген ұғым тумайды. Социалистік реализм сыншыл реализмнің жақ-сы дəстүрін пайдаланады: ол – соның заңды жалғасы, жоғары сатысы, жаңа, социалистік əдебиеттің көркем əдісі» (292-бет) деген бірін-бірі жоққа шығарып жатқан, логикалық дұрыстығы кем пікірді түсіну қиын.

Қазақ əдебиетінің ең бір қиын кезеңі жайындағы Бұл құнды еңбекте шығармашылық пікірталасын тудыратын мəселелер де

Page 253: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

253

жоқ емес. Оларды проблемалық дəрежеде көтерген автордың позициясына барынша əділдікпен, сонымен қатар барынша қамқорлықпен пікір таластыру қажет. Өйткені шындық тек пікірталасынан ғана табылмақ.

Ең алдымен XX ғасыр басындағы қазақ ақын, жазушы-ларының ұлтшылдық дертіне шалдығуының себептеріне на-зар аудару керек. Жазба əдебиеттің өкілдері – Сұлтанмахмұт, Сəбит Дөнентаев, Шəңгерей Бөкеев, Нарманбет Орманбетов, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушабаев, Омар Қарашев, Бернияз Күлеевтердің бірі аз, бірі көп ұлтшылдық дертіне шал-дығып, кертартпа алашордашылармен үндес болғандығы кез-дейсоқ нəрсе емес. Осыған Кенжебаевтан дəл жəне дұрыс жа-уап беруді талап етуге правомыз бар деп есептейміз. Автор көп уақыттан бері жауыр болып келген жалпы қағидаларды əр авторға байланысты қайталай бергендігін, «ол кездегі жаз-ба əдебиет өкілдері халықпен тиісінше байланысты болмады» (295-б.) деген жалтарма жауаптың жаңа бір түрін тапқандығын айтып өтпеске де болмайды.

Қазақтың жазба əдебиетінің өкілдері, оның ішінде ағар-тушы-демократтары үлкен өзгеріске дайын еместігін сұсты оқиғалар туа бастаған кезеңде аңғартқан еді. Империалистік соғыстың ызғарлы «суығына» байланысты халықтар түрмесі болған патшалық Ресей өзінің реакцияшыл саясатын Бұрын-ғыдан да дөкір жүргізіп, əрбір жылтырары бар озық пікірді тұн-шықтырған болатын. Столыпин реакциясының үстіне импе-риалистік соғыс ылаңы қосылды. Біздіңше, 1915 жылы «Ай-қаптың» жабылуы қаражаттың тапшылығынан емес, сая-саттың қысымшылығынан болды. Патша өкіметіне зияны ти-мейтін «Қазақ» газеті өмір сүре берді де, 1916 жылы «пат-ша ағзамның» үмітін ақтап, майданға əскер беру керек деп өрекпіді. Демократиялық пікір айтатын орган жоққа айналды. 1915 жылы бес кітап шықса, 1916 жылы бір де кітап жарық көрмеді. Шамамен алғанда 1915 жылдың аяғынан 1917 жылғы Ақпан революциясына дейінгі мерзім ішінде жазба əдебиет өкілдерінің бірен-сараны болмаса, шығарма жазудан бой таса-лады. Қоғамдық өмірдің күрделі оқиғаларына жауап бермеді,

Page 254: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

254

1916 жылғы ұлт-азаттық күресін мүлде атаусыз қалдырды де-уге болады. Осы кезеңде ұлтшылдар өз пікірлерін еркін, ешбір кедергісіз уағыздады. Демек, қазақтың ағартушы-демократтық ой-пікірінде тоқырау процесі басталды деуден басқа жорамал айту қиын.

Міне, осындай кезеңде Ақпан революциясының болуы, самодержавиенің құлауы, қаншама сүреңсіз болғанына қа-рамастан, Ресейде буржуазиялық тəртіптің орнауы сөйлеу «пра-восынан» айырылған ақын, жазушылардың тілін шығарды. Ақпан ала келген шолақ бостандықты олар беріле де, ағынан жарыла да жырлады. «Ақ түйенің қарны жарылды, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман туды, енді біздің идеалымыз орындалады» деп қуанды жəне оған сенді де. Бұл уақытта па-нисламизм туын жоғары ұстап, түрік «империясының» ішінде қазақ халқын жеткізбек, өркендетпек, автономия алып бермек болған ұлтшылдар «Алашорда» партиясын құрып та үлгерді. «Халықпен тиісінше байланысты болмаған» жазба əдебиетінің өкілдері Ақпаннан кейін туған буржуазияшыл-ұлтшылдық даурықпаның, «ой, қазағым, басың бірікпегендіктен қор болып ең, енді алаштың ала туының астына бірігіңдер» деген жел сөз-дердің дауылына бірден кезікті де, Ақпан революциясының жартыкеш бостандығы, демократ-ағартушылар тілесін-тілемесін, бір сəтке, азғана уақытқа сол кездегі басым болған ұранның төңірегінде шыр айналдырды.

Мұның үстіне, Кенжебаевтың əділ көрсеткеніндей, «Ақ-молда, Əубəкір, Нұржан, Мақыш, Шəді, Мəшһүр Жүсіп си-яқты ақын, жазушылар діни көзқарастағы, феодалдық-ес-кілік, буржуазиялық-либералдық жəне ұлтшылдық идеяға ауытқыңқыраған» ақындардың (59–60-б.) «ескі ғұрып-əдет-терді, жалқаулық, жікшілдік сияқты жаман мінез-қылық-тарды, би-болыстар мен қожа-молдаларды сынап, халықты оянуға, оқуға, өнерге шақырып айтқан бірсыпыра орынды, демократтық-ағартушылық ой-пікірлері» (295-б.) қосылып, шын мəнінде программалық бағыты жоқ, қоғамды револю-ция жолымен өзгерту дəрежесіне көтеріле алмаған қазақтың ағартушы-демократтарын болмашы соқпақтың өзінен ада-

Page 255: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

255

стырып жіберген болатын. Осындай жағдайда, өзгелерді бы-лай қойғанда, Сұлтанмахмұт пен Сəбит сияқты ақындық жа-нары алыстан шалатын прогресшіл шығармашылық күштер кезеңдік идеологияны парықтай алмай, аз уақытқа болса да, алашордашылардың шылауында кетіп қалған еді.

Бұдан кейін уақыт факторын да еске алу шарт. Ақпан мен Қазан революцияларының жасалуы мерзім жағынан тым қысқа, бас-аяғы сегіз айдың ішінде болуы əлеуметтік көзқарасы ре-волюцияшыл марксизм ғылымынан емес, таза ағартушылық идеядан нəр алған қазақ демократтарына дүниеде болып жатқандарды айқын түсінуге мүмкіндік бермегендігін жоққа шығаруға болмайды. Шындығына келгенде, өмірі бостандық, азаттық дегенді көрмей келе жатқан қазақ халқының озық ойлы азаматтарына жаңа дүниені, жаңа заманды əкеле жат-қан Қазан революциясы Ақпан əперген шолақ, жарты-кеш кеңшіліктерді тартып алатындай боп көрінді. Бұл ара-да меньшевиктердің, кадеттердің, эсерлердің большевиктер-ге жапқан жаласы Қазақстанға жаңғыра жетіп жатқандығын, оны алашордашылардың іліп əкеткендігін ұмытуға тағы бол-майды. Мұнда тек таптық санасы маркстік идеологиямен шыңдалғандар ғана ненің оң, ненің теріс екендігін айыра ала-тын еді. Ал ондай сана қазақ ағартушы-демократтарында болған емес.

Олардың көзін ашқан, теріс идеологиядан іргесін аулақ-татқан ең негізгі мəселелер – алашорданың практикалық істері болды. Салық салу сияқты экономикалық, даурықпасы көп жи-ындар шақыру сияқты саяси мəселелерді былай қойғанда, Кол-чак, Дутов, Мамонтов бастаған контрреволюциялық күштерге алашордашылардың қосылып алып, қазақ елін қырып-жоюы, қан жылатуы, қару жұмсауы, айуандық көрсету сияқты əскери шаралары болды. «Қазағым, ұлтым» деген алашорда ұранының сыры осындай істерінен ашық көрінген соң Сұлтанмахмұт пен Сəбит сияқты ағартушы-демократтар олардан іргесін ау-лаққа салып, кезең идеологиясының тұманынан құтылу үшін алыстағы ауылдарға кетті. Сол кезде олар пессимистік сарындағы шығармаларын жазды.

Page 256: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

256

Шындық, достық таппадым сандал қағып,Өмір бойы алдандым тапқанымнан.Бүгінге адасудан көз ашпадым,Не нəрсені кездессем тап баспадым.Дүниеден басқа рақат тілемеймін,Кеш, арым, мен білместің адасқанын, –

деп, моральдық жағынан «пəктанып», дұрыс жолдың соқ-пағына түсуге талаптанды. Ұлтшылдық дертке шалдығудың жəне одан іргесін аулаққа салушылардың осындай объективтік себептері болғандығын көрмеске болмайды. Сондай-ақ кейбір субъективтік сəттердің қосарлануы да Бұл процестен тым шалғай жатпайды, бірақ оларға тоқталу мақала мақсатына кірмейді.

Ағартушы-демократтарды əбден саралап алғанда ғана жазба əдебиеттің өркендеу, көркемдік дамудың ілгері саты-ларына ұмтылу процесінің заңдылығын осы саладағы шы-ғармашылықтардан аңғара аламыз. Кенжебаев өзінің еңбегінде қазақ ағартушы-демократтарының қатарын іріктеу мəселесіне батыл кіріскен. «Бірыңғай ағым» теориясына түскендікті де, нигилистік позицияны да дұрыс сынай отырып, М.Сералин, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеевті, сондай-ақ бірқыдыру дау-дамай туғызған, əр кезеңде əртүрлі пікір айтылып келе жатқан Əріп Тəңірбергеновті, Нармабет Ормабетовті, Бекет Өтетілеуовті, Əкірам Ғалимовты ағартушы-демократтар то-бына қосқан. Ал Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушаба-ев сияқты жазба əдебиеттің дарынды, шығармашылық беті бар ақындарын, Ақмолда Мұхамедияров, Əбубəкір (Кердері) Шоқанов, Мақыш Қалтаев, Шəді Жəңгіров, Жүсіпбек Шайхис-ламов сияқты кітаби ақындарды, автордың өз сөзімен айтқанда, «діни көзқарастағы, феодалдық-ескілік, буржуазиялық-либералдық жəне ұлтшылдық идеяға ауытқыңқыраған ақын-дар» (59–60-б.) тобына қосқан. Шəңгерей Бөкеев пен Ғұ-мар Қарашев, Көлбай Төгісов мүлде атаусыз қалған. Біз Бұ-ларды тізіп өткенде, жазба əдебиеттің барлық өкілі ағартушы-демократ болған еді деген пікірден де, сондай-ақ оларды қаны

Page 257: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

257

шыққан ұлтшылдарға, панисламистерге қосақтай салу керек еді деген ойдан да аулақпыз. Олардың пайда-зияны бірдей деп, жабуды жаба тоқуға да болмайды.

Əрине, Бұлардың бəріне бір еңбектен жауап күту тым көптік те қылар, бірақ XX ғасырдың басындағы қазақ əдебиетін ба-рынша дəйекті зерттеуші жəне соның маманы болып есеп-телетін Кенжебаевтан көп үмітті едік. Алайда сол даулы ақын-дардың мəселесін шешуге бастап апаратын соқпақтарды сала кеткенінің өзі де өте орынды болған.

Енді ағартушы-демократтарға оралайық. Əріп Тəңірбер-генов шығармашылығын зерттеу жөніндегі автор талабын құптамасқа болмайды. Бұл – жаңалық. Алайда автор өз пікірін социологиялық жағынан болсын, эстетикалық жағынан бол-сын, тіпті ғылыми тұрғыдан болсын, айқын дəлелдей алмаған. Автордың баяндауларына қарағанда, Əріп жазба əдебиеттің өкілі ме екен деген күдікті сұрақ туады. Оның үстіне Əріптікі деп айтылып келген «Біржан мен Сараның айтысы» сияқты керемет ақындық туындының өзі даулы проблемаға айна-лып кеткен. Сол сияқты «Қисса Зияда-Шамырат», «Қожа Ға-фан мен Садуақас» деген шығармалар да əлі тиянақты зерт-теуді керексінеді. Əріптің Қазан революциясына дейін жаз-ған өлеңдерінің ішіндегі ең көркемдік-идеялық қасиеті жоғары деңгейден табылатын «Еңбек туралы», «Қалың мал ту-ралы», «Ғылым туралы» өлеңдерінде ауыз əдебиетіне ұшта-сып жататын дидактикалық сарын басым. Ал революция-дан кейінгі «Ленин», «Еңбекшінің көсемі – Ленин», «Па-риж коммунасы» туралы өлеңдері ол «кеңес ақыны болып өлді» (220-б.) деген тұжырымға дəлел бола алмайды. Ол тү-гіл, шығармашылығының салмақты жағы кеңестік өмірді жырлауға арналған, ұлы оқиғаларға өлеңімен де, өткір пу-блицистикасымен де, өзінің пəрменді ісімен де атсалысқан Сəбит Дөнентаевқа кеңес əдебиетінің тарихынан орын бермей, «тарлық» жасап жүргеніміз əмбеге аян ғой. Кеңес азаматы, қыз-меткері болу тегінде социалистік реализм əдебиетінің өкілі болды деген тұжырымды дəлелдеуге кем соғады. Біздіңше, ав-тор Əріп Тəңірбергеновтің кеңес ақындығынан гөрі, ағартушы-демократтығын айтқаны жақсы еді.

Page 258: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

258

Кенжебаевтың осы бағалы еңбегінде ағартушы-демократтық бағыт ұстаған ақындардың бірі деп таныған Нармамбет Ормам-бетовке шығармашылық портрет берілмегені өкінішті болған. Он екі жолдық аңдатпаның (60-б.) өзі оның өмірбаянына ғана арналған. Мұндай жауапты тұжырымға келгеннен соң, арнаулы зерттеумен дəлелдеп, күні бүгінге дейін оны ұлтшылдықтың тұзағынан шығармай жүрген жаңсақ пікірге тойтарыс беру ке-рек еді. Біздіңше, Нармамбеттің өлер алдында өз мұрасына бай-ланысты айтқан өсиеті (онда да біреудің айтуынан ғана мəлім болып, түпнұсқасы табылмай жүрген өсиеті) шындыққа жақын болса да жəне шығармашылығында қайшылығы бірқыдыру мол болса да, оның сыншыл реализм əдебиетінің өкілі екендігін бүктесінде қалдыра алмасақ керек. Біз мұны Кенжебаевқа мін етіп тағудан аулақпыз, тегінде өзінің тұжырымын дəлелдеуге уақыты кеміс болған-ау деп қана шамалаймыз, сондықтан да автор Нармамбет жөнінде қомақты пікірін таяу уақытта айқын білдіреді ғой деп дəмеленеміз.

Əкірам Ғалимовтың ағартушы-демократ екендігіне шүбə келтірмей, зерттеушінің назарына бір қызық процесті хабарлай кетуді орынды көрдік. Əкірам – татар ұлтынан, өз шығармасын татар жəне қазақ тілінде жазған. Тақырып жағынан алғанда, кө-біне қазақ өмірінің шындықтарын көп қамтыған. Демек, ол – қазақ əдебиетінің өкілі. Орыс əдебиетінде мұндай құбылыс жиі кездеседі де, көпшілік жағдайда біршама атап көрсетіледі. Біз Бұл жөнінде аға əдебиеттің үлгісін пайдалануымыз ке-рек. Өйткені XX ғасырдың бас кезінде пантүркизм, панисла-мизм идеясының қаулап тұрған кезінде, оның туын көкке көтерген Смағыл Гаспринский, ШəһБұтдин Маржани пікірлері дүрілдеп тұрған уақытта, қазақ, башқұрт, қырғыз, тағы сон-дай тілі бауырлас халықтарды «татарландыру» мақсаты да көзделген болатын. Ислам «империясына» бір «зоналық» тіл, əдебиет, мəдениетпен, яғни «татар» деген атаумен қосылуды уағыздаған-ды.

Сөзіміз нақты болуы үшін татар əдебиетінің классигі Ғалымжан Ибраһимовтың 1916 жылы қазақ əдебиеті мен тіліне байланысты айтқан пікірін келтіруді қажет деп таба-

Page 259: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

259

мыз. Ғалымжан қоғамдық өмірде, əсіресе мəдениет саласын-да Бұрын-соңды болған тарихи құбылыстарды шолып келіп, қазақтарды татар тілі мен əдебиетіне кіріптар ету – есуастық, қоғамдық дамудың заңдылығын түсінбегендік деп тапты. «Əмма үзенең сұңғы заман тарихы, жагьрафи халəте, тормы-шы белəн башқа төрки қабилəлəрнең пич беренə охшамаған алты-жиде миллионлы бер халықны «татар» теле вə əдəбияты» астына керту фикеребу хаяттағы табиғи куəтне аңламаудан башқа нəрсе түгелдер.

Төркологларның һəммəсе қазақларны иске төреклəрнең иң нық сақланған жире дилəр. Бу көнге қазақ халқы үзенең көн көреше, хəят ихтияжлары белəн башқа қабилəлəрдəн бик нық аерылалар. Бу халықның рухында бик куəтле (самобытность)бар. Боларның халық əдəбияты һичбер төрле қабилəнекенə охшамас дəрəжəдə бай һəм зурдыр. Бізгə қазақларны «татар теле вə татар əдəбияты» астына керту хыялынан бигерəк, əдəби хəзинəмезне баету өчен қазақ халқы əдəбиятын киң рəвештə өйрəну тиешледер.

Қазақны «татар əдəбияты» белəн канəгатьлəндеру фикере-тик ул халықны вə тарихи ағымны белмəудəн килəдер.

Қазақ əдəбияты инде булған бер факт. Бөтен қазақ сахрасы-на əдəби азық булып килгəн үлəң вə жырлар, безнең хəзерге шагирьлəремезден күп элек яшəп, киң далада авазы яңғыраған Ибраһим Құнанбайлар, суңғы Сəедуллинлар... «Казахстан», «Қазақ», «Айқаплар», қазақ мəктəплəренə кереп, тамыр жəеп барған «уку қораллары» – гомумəн қазақ телендə баш күтəргəн əдəбият хəзер никар итəргə мөмкин булмаған бір фактыдыр» («Аң» журналы, 1916 жыл, №5).

Молда-қожалардан шыққан «ақынсымақтардың», қиссашы-лардың, тіпті кітаби ақындардың Қазан, Уфада бастырған кітаптарында қазақ тілінің Бұрмалануын айқын көрген Ибраһимов «Қазаклар да біразгача татар əдəбиятына вə та-тар мəдəниятенə шəкерт булырлар. Вөтен қазақ зыялысын татарлаштырыңыз, оларны татарча язəрға күндереңез – бу бəлки мөмкинде булыр. Лəкин бу хəл озаққа бара алмас. Ле-кин бара торгач олар үзлəренең мөмтаз рухлары белəн парлап

Page 260: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

260

мəйданға чығачаклар. Моны һичбер куəт туктата алмаячак» (Бұ да «Аң» журналының əлгі санынан) деп қорытқан еді.

Əрине, Бұл ұзақ үзіндіні келтіргенде, біз екі процесті аңғарту мақсатын көздедік. Қазақ тілі мен əдебиетінің тек ықпал ету объектісі болып қана қалмай, əлгіндей кезеңде, яғни татар тіліне бағындыру ниеті күшейіп тұрған кезеңде, Əкірам Ғалимовты өзінің қуатты арнасына тартқандығы ойландыра-тын құбылыс. Бұндай құбылыс біздің əдебиетте Бұрын кездес-пеген еді деуге болмайды. Қызылбастан шыққан ірі реалист ақын Шортанбайдың, əкесі қазақ, шешесі башқұрт əйелі, өзі татар арасында тəрбиеленген (Кенжебаев кітабының 42-беті), Башқұртстанда туып, сонда өлген Ақмолда (Мұхтатитдин) Мұхамедияровтың қазақ əдебиетінің өкілдері болып кетуінде заңдылық бар. Ал Бұл сияқты құбылыс кеңес тұсында Сабыр Шəріпов сияқты ірі тұлғалы жазушымен толыса түскендігін көрмеске де болмайды. Олай болса, ықпалдар, əсер ету мəсе-лелерін шама-шарқына қарай əділетті шешкен жөн. Өйт-кені Кенжебаевтың осы зерттеуінде артық айтылған, орын-сыз тықпалай бергендіктен мəні қашыңқыраған бір пікір бар. Ол – классикалық орыс əдебиеті мен озық мəдениетінің қазақ əдебиетіне жасаған игілікті əсеріне байланысты пікір. Қисыны жоқ жерден ықпал іздеу не соған тəуелдей салу өнегелі мəдениетке де, одан үлгі алған əдебиетке де абырой əпермесе керек. Сондықтан да автордың... «Дала уалаяты газеті» таза қазақ тілінде кітап бастыруды, газеттің тілін қазақша етуді бірталай сөз қылды. Ол осыған байланысты қазақтың əдеби тілі, емлесі, тыныс белгілері жөнінде де мəселе қозғады. Мұнысы орынды, игі іс еді. Бірақ «газет Бұл жөнінде үлгі-өнегені орыс халқынан емес, шығыс, мұсылман жұрттары-нан – арабтан, татардан алғысы келді. Діні, тілі, мұсылманшы-лық ғұрып-əдеттері, жазуы бір болғандықтан, солардың үлгісі қазаққа түсінікті, қолайлы болады деп қателесті» (25-бет) де-ген пікірі ақылға қонбайды. Өйткені жасанды. Бүйте берсек, орыс мəдениетінің қуатты күшін, еткен əсерін мүлде майдалап аламыз, тарихи шындықта болып, мəдениетімізді өркендетуге орасан зор ықпалын тигізген факторларды майда-шүйделердің

Page 261: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

261

арасында жоғалтып, қадірін түсіріп аламыз. Бұл екі объектіге де пайдасын тигізбейді.

Сөзіміздің аяғында жалпы қазақ əдебиетінің, əсіресе XX ғасырдың басындағы əдебиетіміздің архивтік, құжаттамалық негізі жайында тоқталу қажет деп білеміз. Қазақ кеңес əдебиетінің сынымен бірге жасасып, оның тууына белсе-не атсалысқан, əр кезеңде өзінің түйінді пікірін айтып келе жатқан Бейсенбай Кенжебаев жолдас осындай құнды еңбектің құжаттамалық, архивтік материалдарын ширек ғасырдан аспа-са, кем түспейтін уақыт ішінде жинап, бағалы да қомақты шығарма беріп отыр. Піскен асты жеуші де көп, біткен іске сыншы да көп. Манадан бері артық-кемді айтқан пікіріміз – кітаптың мінсіз болуы жайындағы игі тілек, қазақ əдебиетінің шығар тауының биік болуы.

«Лұқпан Хəкім де мың жасамаған» ғой. Уақыт қиядан қияға асуда, ертегі шынға айналуда. Бірақ біздің қазақ əдебиетінде мемуарлық жанр тек Сəбит Мұқановтың ғана еншісіне ти-гендей. Орыс əдебиетінің болсын, зерттеушілерінің бол-сын, естелікті ерекше қадірлеу қасиеті бізге де даруы ке-рек. Өйткені архив түгіл, ескі газет-журналды оңайлықпен таба бермейміз. Кенжебаев осы зерттеуінде іліп алуға келетін материалдардың бірін де тастамаған десек, ағат айтпаспыз, тіпті қала берді ауызекі сөзден алынған дүниелер де бар. С.Көбеевтің «Орындалған арманында» автор еркін жүзгенін, ал Əуезовтің Сұлтанмахмұт пен Сəбит Дөнентаев жөнінде айтқан ауызекі пікірінде кібіртіктеп қалатындығын байқаймыз. Бүкіл одаққа, қала берді дүниежүзіне танылып отырған қазақ əдебиетінің байырғы жəне кейінгі буынғы солдаттары мемуар жанрына көз қырын салатын уақыты болғандай. Бұл – тарихқа үлкен септігін тигізсе, екінші жағынан, мəдениеттен кенде еместігімізді аңғартар еді. Бұл – үгіт емес, əдебиетіміздің тари-хына ауадай боп отырған қажеттілік!

Мəселенің мəнді жағы тіпті кітап болып жарық көруге ғана тірелмейді, ал бола қалса, нұр үстіне нұр ғой. Біз Көбеевтің «Орындалған арманының» шығуына тікелей араласпағанмен, хабарсыз да емеспіз. Ол – бастапқы вариантынан көп жөн-

Page 262: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

делген, жаңа редакциямен шыққан кітап, оның шын мəн-жайын сол кезде баспада қызмет еткен жолдастар жақсы біледі. Түпнұсқасын тауып алу əлі кеш емес, қиындыққа да түспейді. Əдебиет музейі құрылғанша, Жазушылар одағының архи-вын қазіргі хаостық күйден шығарып, ретке келтіріп, əдебиет тарихының кішкене де болса шын қамқоршысына айналдыра-тын уақыт болды.

XX ғасырдың басындағы əдебиет өкілдері ғана емес, тіпті Сəкен, Бейімбет, Ілиястардың өзі қазір тарихтың аумағында. Олай болса, Мұхтар Əуезов болсын, жоқ болмаса атағы əйгілі емес көпті көрген қарапайым адамдардың болсын естеліктерін жинастыру қажеттігі күн тəртібіне қойылып, шешімін күтіп тұрған мəселе.

Енді негізгі əңгімеміздің тұжырымдамасына оралсақ, Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы де-мократ жазушылары» атты монографиялық еңбегі кейбір стилистикалық кемшіліктері мен тақырыптық талдауының көптігіне қарамастан, оқушылардың қазақ əдебиеті жөніндегі мағлұматын кеңейте түсетін, жоғары оқу орындарына көмекші оқу құралы есебінде жасқанбай ұсынатын, ал зерттеушілерге үлкен проблемаларды қолға алуға түрткі салатын, өнеге беретін құнды еңбек, қазақ əдебиеттану ғылымына қосылған зор үлес деп санаймыз.

1959 ж.

Page 263: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

263

БІР ЖЫЛ ӨНІМІ

Өткен, 1960 жыл – қазақ əдебиеттану ғылымы мен сыны үшін Бұрын-соңды болып көрмеген ерекше жемісті жыл. «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ əдебиеті», «Лениншіл жас» газеттері мен «Жұлдыз», «Қазақ-стан мектебі», «Простор» журналдарында жарияланған 200-ден астам сын мақалалар мен рецензияларды айтпағанның өзінде, кітап түрінде бір жылдың ішінде 22 еңбек жарық көрді. Егер мұның мəнділерін атасақ, онда бүкілодақтық талғампаз қауымға жасқанбастан ұсынған жəне зиялылар қауымынан көтеріңкі бағасын алған «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркін», республика оқымыстыларының күшімен дайындалған «Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томын, «Қазақ кеңес əдебиеті мəселелерінің» екінші кітабын, «Социалистік реа-лизм туы астында» атты сын мақалалар жинағын жəне Москва университеті шығарған «Орта Азия мен Қазақстан халықтары əдебиетінің тарихын» зор қуанышпен атар едік.

Əдебиеттану ғылымы өткен жылы С.Мұқановтың «Өсу жолдарымыз», Е.Ысмайыловтың «Сын мен шығарма», Ə.Тəжібаевтың «Өмір жəне поэзия», Т.Нұртазиннің «Жазу-шы жəне өмір», Қ.Жұмалиевтің «Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі», «Əдебиет теория-сы», З.Кедринаның «Жанды Бұлақтан», М.Қаратаевтың Мо-сквада шыққан «Қазақ əдебиеті» атты мақалалар жинағы, Қ.Құттыбаевтың «Шығарма мен шындық», С.Қирабаевтың «Өрлеу жолында», Ш. Ахметовтың «Балалар əдебиетінің очеркі», «Білім» қоғамы мен көркем əдебиет баспасынан шық-қан 6 кітапшаларымен толықты. Бұл еңбектер – сыншылық ойдың кең өріс тауып, үлкен қуат, зор қарқынмен өркендеп келе жатқандығының айғағы.

Қазақ əдебиет сынының қазіргі жай-күйіне тоқталмастан Бұрын, əуелі оның басып өткен жолына, ол жайында айты-лып, жазылып жүрген ой-пікірлерге тоқтала кету шарт. Соңғы жылдары, əсіресе 1969 жылдан бастап, əдебиет сыны мен ғылымының жай-күйі көп əңгімеге өзек болып, мақалалар жари-

Page 264: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

264

ялануда. М.Қаратаевтың «Əдебиет сынының дəрежесі жоғары болсын», «Қазақтың əдеби сыны туралы», Е.Ысмайыловтың «Сын мен шығарма», «Əдебиеттанудың кейбір мəселелері» деген көлемді мақалалары қазақ əдебиеттану ғылымы мен сынының туу, қалыптасу кезеңдерін əңгімелеумен қатар, оның бүгінгі даму барысындағы жетістігі мен кемшіліктеріне көпшіліктің назарын аудартып отыр.

Республикамызға ғана емес, одаққа да аты мəшһүр екі сыншымыз – М.Қаратаев пен Е.Ысмайылов қазақ əдебиет сынының өсіп-өркендеуі туралы біріне-бірі қайшы екі пікір айтуда. Москвада шыққан кітабында М.Қаратаев былай деді: «Қазақ əдебиеті жиырмасыншы жылдары едəуір табысқа жетті. Бұл дəуірде Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», «Советстан», «Қызыл сұңқарлар», «Жер қазғандар», Сəбит Мұқановтың «Қазан өткелдері», «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» жəне «Сұлушаш», Ғабит Мүсіреповтың «Тула-ған толқында», Ілияс Жансүгіровтың «Конфеске», Бейімбет Майлиннің очерк пен əңгімелері сияқты қазақ кеңес əдебиетінің əйгілі шығармалары дүниеге келді.

Ал осы дəуірде қазақ əдебиетіндегі жаңа құбылыстардың мəнін түсініп, оған дұрыс баға бере алатын əдебиет сыны бізде болды ма? Жоқ, ондай сын бізде болған жоқ. Жоғарыда аталған шығармалар, қазақтың жаңа, кеңестік əдебиетінің негізіне қаланған уақытта, осы шығармаларды терең талдай-тын, көркемдік шеберліктің дəрежесін көтере түсуге септігін тигізетін сын бізде болған жоқ» (167–168-беттер/.

Ал Е.Ысмайыловтың «Сын мен шығарма» деген жинағында ол кездегі «Сын бірыңғай мақтау немесе бірыңғай жамандау түрінде емес, қазақ кеңес əдебиетінің түйінді шығармашылық, теориялық мəселелерін, жеке шығармалардың құндылығын бағалау көлеміндегі кең өрісті пікірталасы болды. Əрбір елеулі жаңа шығарма əдебиет сынының, əдеби айтыстың негізгі өзегі болған еді. Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» рома-ны, «Экспресс», «Көкшетау» поэмалары төңірегінде, Сəбиттің «Сұлушаш» поэмасы, Мұхтардың драматургиясы төңірегінде көптеген сын мақалалар жазылып, пікірталастары кең өріс алып отырды.

Page 265: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

265

Əрине, Бұл кездегі сындарда, айтыстарда түрлі жіктердің, қоғамдық өмірде экономикалық негізін əлі жоймаған түрлі таптардың салт-саналық салқыны да жоқ емес. Əдебиетке тек сыңаржақ социологиялық тұрғыдан ғана баға беру, эстетикалық ерекшелігін ашпау сияқты кемшіліктер, сөз жоқ, сынның жастық дəуірін көрсетеді. Алайда осы тұстағы сын-дарда көркем шығармалардың саяси өмірімен байланысы, шеберлікке жетілу міндеті түйінді мəселе болып отырады». (20-21-б.) деп жазыпты.

Біз Бұл авторлардан əдейі ұзақ та толымды үзінділер келтірдік. Өйткені Бұл мəселе төңірегінде басқа да авторлардың өз топшылаулары бар. Айқын Нұрқатов «Талап пен талғам» деген мақаласында Е.Ысмайыловтың жоғарыдағы пікіріне қарсы шығып, «оның айналсоқтап, қайталай үйіріле беретіні – жиырмасыншы жəне отызыншы жылдардағы əдеби сын мен онда орын алған əр алуан айтыс-тартыстар. Əрине, Бұлардың едəуір қызмет атқарғаны хақ, бірақ өткен шиырларға қайта бет Бұрудың қажеті қанша?» деп ой түйеді. Осы тақылеттес пікірді Ханғали Сүйіншəлиев та айтты.

Сонымен, əдебиетіміздің бүгінгі дамуына белсене ара-ласып, оның тарихын барынша əділ жəне дұрыс бағалауды көздейтін зерттеуші-сыншылардың жоғарыдағы пікірлерінен екі жүйе, екі көзқарас байқалып отыр.

М.Қаратаев 20-жылдарда «Əдебиет сыны болған жоқ» де-ген əдебиетіміздің алғашқы дəуіріндегі сынды жоқ етуден, оны кемсітуден, оған менсінбей қараудан əдебиеттану ғылымы ештеңе ұтпайды, қайта зиян шегеді. 30-жылдардан бас-тап əдебиет сынына араласқан М.Қаратаевтың өзіне дейінгі дүниелерге көз жұма қарауы кейінгі жастарға теріс ықпал ететінін А.Нұрқатов пен Х.Сүйіншəлиевтің мақалаларынан байқаймыз.

Сондай-ақ Е.Ысмайыловтың 20-жылдардағы сындарды көтермелей айтқан пікіріне де сақтана қараған жөн. Қазіргі сынның кемшіліктерін мінеу үшін 20-жылдардағы сын өз дəстүрін жасап та алып еді дегендей қылып баяндауға да, сынға араласқандардың артық-кем пікірлерін сарапқа салмауға да болмайды.

Page 266: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

266

Қазақ кеңес əдебиетінің алғашқы дəуірін, əсіресе оның көркемдік дамуын əңгімелеген уақытта қиындықтар мен кедер-гілерді, əр жанрдың қандайлық деңгейге көтерілгенін ажыра-та баяндаған абзал.

Жаңа əдебиетімізбен бірге жасасып, оның əр асуын абы-роймен өткеріп келе жатқан Сəбит Мұқановтың: «Əрине, қазақтың əдебиеттік сынында 100 пайыз марксшіл сыншы болған еді, осы жолынан ешуақытта таймаған еді деуге болмай-ды. Кеңестік əдебиеттің сынына адал көңілмен-ақ араласқан адамдарымыздың бəрінде де дерлік дұрыс жақтары да, Бұрыс жақтары да болғаны рас. Сонымен қатар жалпы алғанда бүкіл кеңес əдебиетінде, оның ішінде қазақ кеңес əдебиетінде, əдеби сын көркем əдебиетпен жедел туып, барлық жылдарда да бірге өсіп, біте қайнап келе жатуына қарсы боларлық дəлеліміз жоқ. Осы бетінде, қателік-кемшіліктері бола тұра, туған күннен бас-тап күні бүгінге дейін дұрыс бетпен өсіп келе жатқан көркем əдебиетімізден, солай өсіп келе жатқан əдебиеттік сынымыздың жұбын жазған күні жоқ» деп тұжырымдаған пікірін де жады-мыздан шығармауымыз керек. Өйткені Бұл пікірде ұзақ жылғы өмірдің тəжірибесі ғана емес, маркстік-лениндік историзм принципі айқын бой көрсетеді.

Осы мəселені əрі қарай сабақтастырып əкетуге əбден орайы бар «Өсу жолдарымыз» атты С.Мұқановтың сын мақалалар жинағына аз тоқтала кетейік. Бұл жинақта қазақ əдебиетінің 40 жыл ішінде нендей асулардан асқанын біршама дұрыс аңғартатын жəне сыншылық ойдың қандай дəрежеде болғандығын танытатын еңбектер бар. Шежірелік сипаты қалың. Əрине, кейбір субъективтік көзқарас та жоқ емес, олай болуы заңды да.

Біздіңше, 20-жылдардағы сынды місе тұтпаушылар да, не оның алымын тым кеңейте баяндаушылар да «Өсу жолдары-мыз» жинағына кірген мақалалардан қазақ əдебиет сынының əр кезде қандай дəрежеде болғанын бірсыдырғы аңғарып алу-ына, шындық сырына ой жүгіртуге мүмкіндіктері бар ғой деп білеміз.

С.Мұқанов кейбір мақалаларына болар-болмас редакциялық өзгеріс кіргізгенімен, əр кезеңнің рухын танытатын шығар-

Page 267: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

267

маларын толық сақтаған. Сол кезең талабына сүйеніп айтқан кейбір пікірінің қателігін кейін мойындап, практикалық істе түзеткендеріне шейін сол қалпында өзгертпей жариялаған. Бұл тарих үшін өте қажет, сондықтан əдебиеттану ғылымына да, əдеби сынның тарихы үшін де, жалпы оқушы жұртшылық үшін де мұндай еңбектердің маңызы зор болмақ.

20–30-жылдардағы əдеби сынның туып, қалыптасу жəне өркендеу процестерінің қандай болғандығы жəне тек идеялық тұрғыдан ғана емес, эстетикалық дəрежесі жағынан қандай болғандығы жөнінде жазылған əзірге ғылыми еңбек жоқ. Со-сын, бір жүйеге түсе қоймаған ой-пікірлер, соңғы кездегі жаңа тенденциялар қазақ кеңес əдебиетінің қалыптасу дəуірінің мəселелерін тиянақты шешу қажеттігін күн тəртібіне қойып отыр. Партияның XX съезінің қаулы-қарарлары əрбір əлеуметтік істің саяси астары қалың, көркем шығармалары мен сын еңбектерінде пікір алалығы мен қайшылығы мол, дау-дамайы көп кезеңді жүйелі түрде зерттеп, ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік туғызып отыр.

Қазақ əдебиеттану ғылымы соңғы уақытта ғана қанатын кең жайып келе жатыр. Бізде əлі де болса əдебиет жанрларының тарихын жасау жөніндегі талпыныс аз. Əсіресе сын жанрының жеке отау болып шыққанын мойындағанымызбен, оның туу, қалыптасу процесін əр дарын өз түсінігінің аумағынан шығарғысы келетіні тағы бар. Сондықтан да сынның арғы арналары мен бастауларына, Қазан төңкерісіне дейінгі сыншылық ой-пікірлерге қолды бір-ақ сілтейміз де, «бізде сын жанры болған жоқ» деп дəлелсіз пікір түйеміз. Сынның туу табиғатын, дүниеге келу ерекшелігін елемейміз. Революцияға дейінгі əдебиетіміздің тарихын зерттеген уақытта сыншылық ой-пікірі бар материалдарды көптеп пайдаланып отырсақ та, оның не екеніне назар аудармай кететін əдетіміз бар. Осын-дай сыңайлар 20-жылдарда сын болған жоқ дегізіп келгені белгілі. Тегінде, мұндай шығармашылық мəселеге əдеби сынның бүгінгі шыққан биігінен қарамай, сол биікке өрмелеп көтерілу тұрғысынан, яғни историзм принципімен қарасақ, көп шындықтың бетін ашар едік.

Page 268: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

268

Бір ескерте кететін мəселе, қазақ əдебиетшілері, əсіресе ғалымдар мен сыншылар өзінің шығармашылық дарын қуатын танытып келе жатқан салаға, яғни сынның тарихын білуге, оны зерттеуге салғырт-салақ қарайтыны қайран қалдырады. Ат үстінен қарайды, көбіне дəлелсіз даттай салудан тартынбай-ды, «Пəленшенің жазғанын да сын деп есептейміз бе?» деген сияқты ожар пиғыл шаң береді.

20-жылдардағы сынның басып өткен жолы, көтерген мəсе-лелері, эстетикалық қауқары қандай, жалпы əдеби сынның қалыптасу процесі қандай еді дегенге тарихи шындық дең-гейінде шолу жасап өткен орынды деп білемін.

Социалистік Қазан революциясы тек саяси экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар көркемдік, эстетикалық тұрғыдан ұлы өзгеріс жасады. Халықтың ой-санасы мен көр-кемдік таным-біліміне төңкеріс жасады. Əсемдік пен көркем-дікті танып-білудің өзі үлкен өзгеріске ұшырады.

Халықтық əдебиетті партиялық принцип негізінде жа-сау, халық өмірін жете білу, бүгінгі шындықтың мəнді арна-ларын көріктендіре суреттеу, болашаққа барлау жасау – жаңа эстетиканың өзекті талабына айналды. Оны жүзеге асы-ру оңай болған жоқ. Сол кезеңде айтылған таным-түсініктің өзі əрқилы болып, толассыз айтыс-тартысқа ұласып жатты. Пролеткульттің нигилистік көзқарасы салдарынан ауыз əде-биеті үлгілеріне, Абай, Сұлтанмахмұт мұраларына үрейлене қарап, ат-тонымызды ала қашқан да кезіміз болды. Дөрекі əкімшілікке салынып, тұрпайы социологизмге ұрынып қалға-нымыз да тарихқа белгілі.

Алайда өсу қиындығынан туған осы қате-кемшіліктерді айтқан уақытта, бізде көркемдіктің мəн-мағынасын түсінетін, оның артық-кемін айтып отыратын, қажеттігіне назар ауда-ратын сын болмады деу, əрине, орынды емес. Сол кездегі көркемдік тəжірибеге лайық оның сыны да болды. Айтар ой, түйер пікірге кезең шындығының əсер еткенін де жасырмайық. Өйткені Бұл дəуірде жеке шығарманың қадір-қасиетінен гөрі, бүкіл бір əдеби бағыттың тағдырын ойлау, соның келешегіне көз жіберу проблемасы 20-жылдардың аяғына дейін созылған

Page 269: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

269

болатын. Байшыл-ұлтшыл əдеби бағытты көркемдік арна-дан ығыстыру, олар таратқан жат идеялардың зəрін қайтару, халықтың көркемдік таным-білігі үшін майдандасу қазақ кеңес жазушыларына зор міндет жүктегені; сол міндет деңгейінде үлкен істер атқарғаны тарихтан мəлім. Осындай идеологиялық, эстетикалық майданда сын, сыншылық ой-пікір екінші қатарда болды, көмекші рөл атқарды деуге ешқандай негіз жоқ.

Əдебиет болашағы үшін күрес, сайып келгенде, шығар-машылық əдісті айқындап алуға, яғни «Қазақ əдебиеті өзінің келешек дамуында романтизмді əлде реализмді басшылыққа алуы керек пе?» деген тарихи сауалға тұжырымды жауап бе-руге ойысқан кезде, таразы салмағы социалистік реализм пайдасына ауытқуының өзі үлкен эстетикалық жеңіс болды. Осыған жеткізген сыншылық ой-пікірді нəрсіз еді деуді тарихи шындық дəлелдемейді.

Осындай түбегейлі көркемдік проблемаларын кезінде насырға шаптыра əңгімелеу, яғни қайғы-қасіретке, мұң-зарға белшесінен батқан керітартпа романтиктер, мистик символ-истер жайын, сондай-ақ классикалық əдебиеттің сыншыл реа-лизмімен қалам жебеп отырған дарындар тағдырын сарапқа салу, жарқын болашаққа өзінің айтары анық көркем шығар-маларымен жол тартып келе жатқан реалистер жасағының өнерпаздығына қошамет көрсетіп, кейде қатты сынау кездескені əмбеге аян. Рас, 20-жылдардағы қазақ сынында Бұл мəселелер əрқашан ғылыми дəйектілік пен мəдениеттілік таба берді де-сек, жалған болар еді.

Осы кезеңде сынның шығармашылық «физиономиясы» мен мақсаты жайында көптеген ой-пікірлер айтылып қоймай, сын-ды өзінің өнерпаздық арнасына айналдырған дарындар да шыға бастады. Ұжымдық ой-пікірлердің ықпалымен қалыптасатын сын жанрына Ғаббас Тоғжанов белін бекем буып келді. Кезең шындығымен астарласып, өсу қиындығымен қоюлана түскен қате-кемшіліктерге ұрынып қалғанмен, Ғаббас алғашқы кəсіби сыншымыз болды.

20-жылдары қазақ əдебиет сынының өркен жаюына, қанатын қомдауына əлеумет қайраткерлерінің қосқан үлесін айрықша

Page 270: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

270

атамасқа болмайды. Əдебиет мəселесі жайында өз пікірін ортаға салған қайраткерлер көп болды, сынның идеялық-шығармашылық бағытын белгілеп, жанрлық сипатын айқындап алуға септігін тигізді. Осындай игі байланыстың арқасында Абдрахман Бай-ділдин, Ыдырыс Мұстанбаев, Шаймерден Тоқжігітов, Ерғали Алдоңғаровтың мақалалары жиі жарияланып, сын жанрына Ел-жас Бейсенов, Бейсенбай Кенжебаев, Мұстафа Көшеков айрықша ден қоя бастады.

Сонымен, 20-жылдары сын жанрының өркендеуіне негіз бола-тын ажыраспас үш арна қалыптасты: ақын-жазушылардың əдебиет жайлы айтқан, жазған пікірлері, əдебиетшіл жұртшылықтың ой-ниетін аңғартқан қоғам қайраткерлері мен оқырмандардың жа-нашыр достық ойлары жəне өз алдына жасақ жасау дəрежесіне жетіп қалған сыншылардың мақалалары мен еңбектері газет-журнал бетінде толассыз жарияланып, жас жанрдың Бұғанасын бекітті. Бұл процесс 30-жылдары онан əрі күшейе түсіп, сын жасағына Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Қ.Өтепов, Р.Жаманқұлов, Т.Нұртазин, С.Ерубаев сияқты эстетикалық талғамы жетілген, білімді, мəдениетті дарындар қосылды. «Бір-лесе көтерген жүк жеңіл» болып, сын өзінің жанрлық сипатын анық танытты.

Сынның жанрлық қалыптасу процесімен қатар, қазақ əдебиеттану ғылымының туа бастағанын да аңғармасқа бол-майды. Əдебиеттанудың тууына практикалық қажеттіліктер қозғау салды.

Қазақ мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету тала-бы талай игі іс істетті. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Əуезов, М.Жолдыбаев, Əлібек Қоңыратбаевтардың қазақ əдебиетінің əр дəуірі, əр саласы бойынша мəнді еңбектер жазып, орта жəне жоғары оқу орындарын мұқтаждықтан шығаруы, сондай-ақ əдеби мұраны дұрыс игеру, оны халыққа жеткізу мəселелерінің оңтайлы шешімін таба бастауы, əдебиет тарихын жүйелеу, дəуірлеу жайында көптеген ізденіс-зерттеулердің туа бастауы өркені өсер өнер саласының жыл құсы еді.

Сын жанрының басып өткен жолы мен қалыптасу про-цесінің ұзын-ырғасы 1958 жылы шыққан «Қазақ кеңес əде-

Page 271: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

271

биеті тарихының очеркінде» біршама бағдарланғанын елегі-міз келмейді. Əдебиет тарихында тиісті шешімін таба бастаған мəселелердің көбін шындық шеңберінде дəлелдеп, нақтыландыра түсу қажет, əйтпесе түрлі қате-кемшілікке ұры-нып қалуымыз оп-оңай. Осыған дəлел етіп екі факеті назар ау-дара кеткен жөн.

Партияның XX съезінің шешімдеріне сай ертеде тұжы-рымдалып қалған кейбір пікірлерді жаңаша баяндау, тарихи шындықтың объективтік сипатын ашу қажеттігі айқындалып отыр. Алайда осы тенденцияны өз ойын ашып қалуға пайдала-нушылар да жоқ емес.

Қазақ əдебиетінің үлкен досы жəне насихатшысы З.С.Кед-ринаның «Жанды Бұлақтан» атты еңбегінде құнды-құнды пікірлер бар. Алайда Зоя Сергеевнаның қазақ əдебиеті жөніндегі кейбір теріс пікірлеріне қосылмау, шалыс басқаны бар болса түзету біздің борышымыз.

Москва университеті даярлаған «Орта Азия мен Қазақстан халықтары əдебиетінің тарихы» деген оқулықтың қазақ əдебиетіне арналған бөлімі мен «Жанды Бұлақтан» деген еңбегінде З.С.Кедрина 20-жылдардағы қазақ əдебиетінің бір-қыдыру идеялық-шығармашылық мəселелерін де, жаңа əде-биеттің негізін қалағандардың еңбектерін де шын ғылыми жүйеге салып сараламағандықтан, əдебиетіміздің даму проце-сінен өрбімейтін, қазақ əдебиетшілері қағидадай туатын көп жайға қиғаш келетін пікірлер айтып отыр. Əрине, əр автордың өз ойы, көзқарасы болуы керек, бірақ ол тарихи шындықтан туғаны жөн.

Кітаптың «Начало нового» деген тарауы қазақ кеңес əдебиетінің туу, қалыптасу кезеңіне арналса да, Қазан ре-волюциясына дейінгі қазақ əдебиетінде əбден қалыптасқан жəне тамырын тереңге жайған сыншыл реализм болған жоқ. Мұның өзі қазақ əдебиетінің толыспағандығын (незрелость) дəлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар революция кезіндегі дамуын көп ретте қиындата түскендігін көрсетеді» (106-б.) деп қорытынды жасайды. Жаңа əдебиеттің туу, өсу қиындығын көрсетпек бола отырып, оған дейінгі көркемдік дамуымыздың

Page 272: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

272

ең жарқын бетіне көлеңке түсіріп, дақ салған. Онымен қоймай, «алғашқы кеңес ақындары, коммунист жəне жолбике Сəкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің, Сəбит Мұқановтың, Асқар Тоқмағанбетовтың өлеңдері» (107-б.) деп əдебиетіміздің негізін қалаған қаламгерлерге «жол-бике» деген атты ойланбай таға салған. Бұл кітаптың авторы өзінің осы көзқарасына сай, қазақ кеңес əдебиетінің негізін қалаған Сəкен Сейфуллиннің тарихи орнына қиянат жасаған. Ілияс Жансүгіровтен кейін Сəкеннің шығармаларын талдаған уақытта Некрасов пен Кольцовтың, Лермонтов пен Абайдың, Маяковский, Багрицкийлердің əсері мен ықпалдарын мол əңгімелеп, оның шығармашылық даралығын тасада қалдырған.

Мəселеге жеңіл-желпі қарайтын болсақ, кейбір зерттеу-шілердің ойынша, Сəкеннің шығармашылығын ерте-кеш тал-дағанда тұрған ештеңе жоқ болып көрінуі мүмкін. Əдебиет арифметика заңына, яғни сандардың орнын алмастырғаннан қосынды өзгермейді деген заңға бағынбайды. Əдебиет тарихы бастаушыға да, онымен үзеңгі қағыса шыққанға да, қостаушыға да бір деңгейде қарай алмайды. Əркімнің тарихта өзіне лайықты орны бар. Əдебиеттану ғылымы Сəкенді қазақ кеңес əдебиетінің негізін қалаушы деп танып, əдебиет тарихындағы құрметті орнына отырғызған уақытта З.С.Кедринаның Бұл пікіріне еш қосылуға болмайды.

Бұдан шығаратын практикалық бір қорытынды: қазақ əдебиетінің одақ көлемінде насихатталуына немқұрайлы қара-май, Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ғылым академиясының Əдебиет жəне өнер институты одақ көлеміне шығатын кі-таптарды тиісті талқылаудан өткізіп отырғандай шараны қарастырулары керек. Əйтпесе біз Бұл жақта былай сөйлеп, Мəскеудегілер мүлде керісінше пікірді айтып жүрсе, онша келістілік бола қоймас.

Осыған орай, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың 1917-1920 жылдардағы «Жаңа əдебиеттің туа бастаған шағы» де-ген мақаласында əлгі тақылеттес пікірдің бой көрсеткенін айтып өтпеске болмайды. «Ақпан революциясынан Бұрын өздерінің өлең-жырларын халықтық бағытта шығарып жүрген,

Page 273: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

273

1916 жылғы көтерілісті жырлаған ауыз əдебиетінің өкілдері де (Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Нартай, Омар Шипин, Қайып Ай-набеков, т.б.) Қазан революциясы идеясына осы Мұхамеджан, Əріп, Спандиярлардың ізімен кейін келді... Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Сəбит Дөнентаев Қазан революциясына, кеңес өкіметіне осылай келді» деп кеңес əдебиетінің туу процесіне көп дарындарды араластырады. «Əттең, Сұлтанмахмұт ай-татынын түгел айта алмай, кеңес тақырыбына шығармалар бере алмай кетті» деп өкінеді. Əрине, кеңес əдебиеті аспаннан даяр күйінде түсе қалған жоқ, алайда оның дүниеге келуін та-рихи шындықтарға негіздей баяндау керек. Əйтпесе əдебиет əлемінде еңбек еткендерді орынды-орынсыз бері қарай сүйреп келе берсек, кеңес əдебиетінің ерекшелігі де, оны жасаған шығармашылық тұлғалардың өзіндік беттері де, істеген еңбектері де тасада қалып қойып, Сералин мен Сейфуллин, Торайғыров пен Майлин, Тəңірбергенов пен Жансүгіровтер бір көркемдік əдісті басшылыққа алды деген жаңсақ қорытынды тууы мүмкін.

20-жылдардағы қазақ əдебиеті мен сынының жай-күйі жайындағы осындай айқыш-ұйқыш пікірлердің бəрі де кең көлемде жете ойласуды талап етеді. Сондықтан қазақ кеңес əдебиетінің алғашқы дəуірі туралы айтыс ұйымдастыру қажет. Сонда көп мəселе сабасына түседі. Бірақ «Қазақ əдебиеті» газетінде лып етіп жанып, жалп етіп сөнген екі айтыстың, атап айтқанда, «Бір өлең туралы» жəне «Қазақ халқының жазба əдебиетінің тарихы қайдан, кімнен басталады?» деген тақырыпта басталған айтыстардың кемшіліктері болашақта ұйымдастырылатын айтыстарда қайталанбауы тиіс.

Ең алдымен айта кетер бір жайт – Бұл екі айтыстың екеуін де профессор Бейсенбай Кенжебаев бастады. Əдебиеттің бүгінгі процесіне де, өткендегі тарихына да бірдей жіті назар аударып, көпшілікті айтысқа шақырғаны – əбден құптарлық құбылыс.

Алайда осы мəселелерді белгілі тиянаққа жеткізбеген га-зет редакциясының позициясына жəне айтыстың объектісін дəл басып таба алмағанына өкінбеске болмайды. «Бір өлең туралы» айтыс құнды да орынды болуы мүмкін еді, бірақ

Page 274: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

274

айтыстың объектісіне алынған Əділбек Абайділдановтың «Ленин» атты өлеңі көркемдік жағынан айтысушылар-ды үлкен де кең шығармашылық өңірге алып шыға алма-ды. Айтысушылар ақындық шеберліктің күрделі мəселелерін көтеруден гөрі, Б.Кенжебаевтың пікірі төңірегіндегі өз ой-лары мен көзқарастарын айтып қалуға тырысты. Осыдан шошынған «Қазақ əдебиеті» газеті: «Редакцияға хаттар қаптап кетті: тек бір ғана күнгі поштамен төрт адамның – Алматы-дан Ф.Тышқанбаевтың, Қарағандыдан – Қ.Ыбыраевтың, Гу-рьевтен М.Неталиевтің, Ақмоладан – А.Хамзиннің дəл осы тақырыпқа жазылған төрт мақаласы келіп түсті. Бірақ Бұларды жариялауға мүмкіндік болмады» деп лаулап келе жатқан айты-стан ат-тонын ала қашып, шолақ қайырды.

Ал Бұдан кейін басталған ғылыми айтыстың тағдыры Бұдан да мүшкіл. Өйткені «Қазақ əдебиеті» газетінің редакци-ясы Бұл мəселені əбден ойланып-толғанып барып көтермей, материалдың түсу ыңғайына қарай баса салған. Бұл айтыстың мақсатын дұрыс анықтау былай тұрсын, оны ұйымдастыру жағына да жете көңіл бөлінбеген. Сондықтан да айтыс аяқсыз қалып қойды.

Айтыс – мəдениетті болуы шарт. Айтысқа түскен адамдар ғылыми материалдары мен дəлелдері мол болып, тұжырымды пікір айтуы тиіс, əйтпесе құр жорамалдан береке шықпайды. Сонсын қарсыластың дəлелі мен логикасын салмақпен сара-лау қажет, оның аз білетінін, көп білетінін, оқи алатынын, оқи алмайтынын қазбалай қағыту, газет арқылы білім салыстыру я бет жыртысу сияқты айтыстың мəдениетсіз түріне жол беруге болмайды. Өйтіп қалың оқушы жұртшылықтың алдында күлкі болып жату айтысқандар үшін де, қазақтың əдебиеттануы мен сыны үшін де пайдалы емес.

Сосын айтысқа тек ғалымдар ғана емес, үлкенді-кішілі ақын-жазушылардың, сыншылардың, оқушылардың қатысқаны жөн. «Жұлдыз» журналының 8-санынан бері əңгіме туралы айтыс материалдары жарияланып келеді. Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, М.Дүйсенов, Ə.Дербісалин, инженер-геолог С.Қышқашевтар өз ойларын ортаға салды. Таяу арада тиянаққа келетін айтыс-

Page 275: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

275

тың сиқы көрінбейді жəне айтысып жатқандары да аз. Аға жазушылардың сөзін баспастан Бұрын, əуелі əңгімелері сыналған авторларға сөз беріп, айтысты біраз шиыршық ат-тырып алса қайтеді? Ара-арасында əңгіме табиғатын жетік білетін, өздері сол жанрды биік деңгейге көтерген Мұхтар Əуезовке, Ғабит Мүсіреповке, тағы басқа белді жазушыларға сөз беріп, айтыстың мəнін күшейте түссе, редакция өзінің көздеген мақсатына жетер ме еді деп те ойлаймыз.

Əдебиеттану мен сынның беделі мен абыройы артуына ақын-жазушылардың көп үлес қосатыны мəлім. Сəбит Мұқа-новтың «Өсу жолдарымыз» атты мақалалар жинағының қазақ кеңес əдебиетінің шежіресіндей сипаты барлығы осыдан.

Ал Əбділда Тəжібаев бірнеше жылдар бойы өзінің ойын онға бөлген қазақ лирикасы жөнінде барынша құнды еңбек жа-зып отыр. Лириканы қалай түсіну жəне қалай талдау керектігі жөнінде жақсы үлгі көрсетті.

Бұл еңбектің құндылығы оқушыны еріксіз өзіне тартатын-дығында, олардың кей бетін құптай оқысаң, екінші бір жерінде пікір жарыстыра, дауласа оқисың, енді бір жерін көңіл ойыңмен толықтыра оқисың. Мəселені қызық жəне кенеттен қойып, публицистикалық ағынмен талдап əкеткенде автордың ой-өрісіне еріп кетпеске шараң қалмайтын кездер жиі кездеседі. Осындай еңбектерді сыншылардан неге оқымаймыз деген «қызғаныш» оты анда-санда ойыңа орала береді.

Ал əдебиетшілер мен сыншылардың еңбектеріне назар аударғанда, Е.Ысмайыловтың «Сын мен шығарма» атты жинағы əуелінде орынсыз сынға тап болса да, кейіннен жарияланған сындармен əділ бағасын алғандығын айта кету керек. Өйткені əдеби процестің соңғы отыз жылына белсене араласып келе жатқан автордың ойы мен пікірінің құнарлығына ешкім де шүбə келтіре алмайды.

Т.Нұртазиннің «Жазушы жəне өмір» атты еңбегінде бай-қалған бір тəуір тəжірибені айта кеткен жөн: автор Сəбит Мұқановтың шығармашылығына байланысты, көркемдік дамудың процестеріне қабыстыра отырып қазақ кеңес əде-биетінің көптеген өзекті мəселелерін нақты баяндаған. Бүгінгі

Page 276: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

276

күннің тақырыбын игеру, əдеби жанрлардың өркендеу ба-рысы жайында қызықты да қомақты пікірлер айтқан. Осы практиканы əдебиетімізге үлкен үлес қосқан дарындардың шығармашылығын зерттеуге қолдансақ, монографиялық зерт-теулердің құны артып, əдеби дамудың барысында жалпылық пен даралықтың арасындағы байланыс пен айырмашылықты да жіті аңғарар ек.

1960 жылы жарық көрген мақалалардың ішінде Қ.Жұма-лиевтің «Əр жазушының өзіне тəн шығармашылық ерек-шеліктері жайлы» мақаласында ақын-жазушылардың өнерпаз-дық лабораториясының ішкі сырларын пайымдау, аңғару ниеті басым. Өркендеп отырған əдебиеттану үшін Бұл өте қажет екені айтпаса да түсінікті. Алайда əдебиеттану ғылымының туу, өркендеу процесіне тікелей араласып келе жатқан аға буын əдебиетшілерден оқушы жұртшылық эстетикалық талдаудың нақтылығын барынша талап ететіндігін ескерте кеткен орын-ды.

Соңғы уақытта əдебиеттану мен сын саласында өнімді еңбек етіп жүрген дарындардың жинақтары үзбей шыға бастады. Өте қуанарлық жайт. Алайда сол жинақтардың құрастырылуы жай-ында əңгіме көтере кеткен жөн сияқты. С.Қирабаевтың Бұдан Бұрын Ғабиден Мұстафин мен Спандияр Көбеевке арналған кітаптары шыққан. Алайда Серік «Өрлеу жолында» атты жинағын құрастырар кезінде өзіне-өзі қатаң талап қоймағанға ұқсайды. Жинақ «Қырғыз поэзиясы туралы кейбір ойлар», «Халық сенімі», «Көркем əңгіме туралы ойлар» жəне олар-дан кейін орналасқан 6 рецензиялармен орынсыз жуандаған, қажетсіз қалыңдаған. Олар сан көбейткенмен, сапаны артты-рып тұрған жоқ, қайта сыншы қаламының беделі мен абырой-ына нұқсан тигізіп тұр.

Бұл мəселеге ерекше назар аударуымызда бір мəн бар. Шы-нын айтсақ, біз – жастар Қажекең, Бейсекең, Мұқаң, Есағаң де-ген атқа да, жасқа да жете қойғанымыз жоқ. Əлі де болса сын үстіндеміз, оқушы жұртшылық та, ақын-жазушылар да бізге сынай қарауын, тексере қарауын қойған жоқ. Сондықтан бір мезеттік рецензияны, оның ішінде қанша жалтырағаны көп бол-

Page 277: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

277

са да, кітапқа енгізудің дəрежесіне мəн беретінін ұмытпауымыз керек. Аңдатпалық сипаты басым, ойы жұтаң, пікірі жа-лаң, үлкен талдаулар мен қорытындыларға талпынбаған рецензиялардың қайта тірілгенінен пайда шамалы, зиян көп екенін сын жинақтарын ұсынып жүрген, ұсынайын деп жүрген жолдастардың есіне сала кеткен жөн.

Жалпы эстетикалық талап-талғамның өсіп-өркендеуі тұрғы-сынан алғанда əдеби сынның да өзіне тəн олжасы, шыққан биігі бар. Бірақ қарқынды дамудың алдыңғы легіне ілесе, ең болмағанда онымен үзеңгі қағыса алмай, шабандау қимылдап, сын семсерін кеш сермеп қалып отырғанын көрмеске бол-майды. Бұл əсіресе қазіргі кезде, яғни кəсіби сыншылар мен əдебиетшілердің үлкен жасағы қалыптасқан кезде айрықша да-был қағатын жайт.

Сынның өсіп-өркендеу процесіне игі ықпал жасап отыра-тын дəстүрін, яғни ақын-жазушылардың сын жанрына атсалы-сып отыратын дəстүрін алдымен ауызға алу керек.

Сын тарихына көз салғанда, əдебиетті жасап, оның шығар биігінің мұратты межелерін бағдарлауға ақын-жазушылардың тікелей араласқанын көреміз. Олар өздерінің қаламдас жора-жолдастарының шығармаларына пікір айтқан уақытта қара қылды қақ жаратын əділдік биігіне көтеріле бермегенімен де, əдебиеттің бүгінгі жай-күйіне, келешек дамуына қажетті өрелі ойларын айтып, эстетикалық пікірге өріс тауып беріп отырған, үлгі-өнеге көрсеткен. Алынбай жатқан көркемдік қамалдарын нұсқап отырған.

Бұл жайт əдебиетіміздің балаңдық, ержету шағында жиі кездеседі. Ал енді бүкілодақтық, сонымен бірге дүниежүзілік көркемдік сахнасына шыққан дəуірде айтар сөз, көрсетер өнеге азаюы тиіс пе? Мұндай жағдай ешуақытта болуы мүмкін емес, өйткені көркемдік дамудың шырқар биігіне шыққанда, енді өрлер шың қалмады дегенді тарих білген емес. Егерде əлдекімнің көкейіне мұндай ой ұяласа, ең сыпайылап айтқанда, тоқмейілсу ғана болмақ.

Біздіңше, қазақ əдебиетін өркендетудің қазіргі жай-күйінде ойланарлық көріністер аз емес. «Ботагөз», «Оянған өлке»,

Page 278: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

278

«Абай жолы» əлі күнге дейін асу бермей отырғанын айтсақ, аға ақын-жазушылардың бүгінгі əдеби процеске араласуы ау-адай қажет. Əбділда Тəжібаевтің қазақ лирикасының өркендеу барысы жайындағы құнарлы ойлары, Сəбит Мұқановтың жастарға қамқорлығы, анда-санда Қалижан Бекхожиннің сынға араласып қоюы, Тахауи Ахтановтың екпінімен жазған мақалаларында ойдым-ойдым пікірлер айтылып қалуы жал-пы ақын-жазушылардың мойнындағы борышты өтей алмайты-ны айдан анық. Өйткені біз ақын-жазушылардың сынға арала-сып отыруы қажеттігінен безіне алмаймыз. Жəне ол ешуақытта болмайтын құбылыс.

Ақын-жазушылардың жауынгер сынға араласпауы, бірі жөнінде бірі пікір айтып отырмауы сын жасағына салқынын тигізуде. Өйткені Бұл салада əдебиеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған үлкен ағалардың қатарына қосылу үшін мұрты жаңа ғана тебіндей бастаған жас сыншылар шаштаразға ба-рып, ақ қылаулатып алып жүр. Өзінің аман-саулығын тек жазушының мүшелді тойында ғана білдіріп жүргендер де аз емес.

Қазір сыншылар жасағында талмай жазып жүрген М.Қара-таев, А.Нұрқатов, Р.Бердібаев, Қ.Қуандықов қана десе де болғандай, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Т.Нұрта-зин, Б.Шалабаев сияқты аға сыншыларымыздың өткір де отты сындары жиі жарияланбай жүргеніне дəлел таба алмай дал боласың.

Сыншылардың орта буыны да ағаларынан «үлгі» алып, үндемеуге ден қойған сияқты. Қ.Құттыбаев, М.Дүйсенов, С.Қирабаев, Б.Сахариевтің көп құрбы-құрдастары өздерінің «шаруашылық жайымен» жүр. Ол – ол ма, қаламының желі, сыншылық ой-пікірі бар жас сыншылар мадақтау сынының туы құлағандай басқа жанрларға жалт беруде. Қазір там-тұмдап газет-журналда көрініп қалып жүрген сындардың жа-рытып айтқан ойынан жалтақтығы басым.

Сынның сылбырлығына не себеп? Сыншылардың ба-сым көпшілігі əдебиеттану саласына ауысып кеткенінен бе? Ешуақытта əдеби сын мен əдебиеттану бір-біріне кедергі боп

Page 279: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

279

көрген емес. Əрі-беріден соң сын мен əдебиеттанудың отауы бір. Біріне-бірі қол ұшын беріп, бірге өркендейді.

Əлде сыншыларға жасалып жатқан қысым күшті ме? Ерте-рек кездегі сорақылықтың шеті көрінбейді. Қаламын тартып алған, ауыз қағып сөйлетпей қойған ожарлық жоқ.

Ал газет-журналдарда орын, пейіл бар ма, жоқ, қазір қайта сынның есесі кетуде. Бұрын шетқақпай көретін сын қазір өзінің сылбырлығына өкпелемесе, ешкімге өкпелей алмайды.

Жазушылар одағы сынның өркендеуіне жағдай жасамай ма? Кесіп-пішіп айту қиын. Бұдан екі-үш жыл Бұрынғы жағдай, яғни жəреуке сынның қанат қағуына, ожарлана сөйлеуіне мүмкіндік берген жағдай қазір сиырқұйымшақтанды, жоққа сайылып барады. Əдеби ахуал түзеле бастады.

Енді не себеп? Себептің үлкені ең əуелі əдебиеттің өзінде! Шынын айту керек, қазақ əдебиеті қазір өзінің кешегі табысының қуанышымен жүр.

Бұл пікірдің негізінде нигилистік ой жатыр деп айып-таушылар да болар. Бірақ шындық солай! «Ботагөз» бен «Оянған өлкеге», «Абай жолына» иық тірестіретін туынды-ларды, олардың асуынан асқан, көркемдік биігіне көтерілген шығармаларды əлі ешкім оқыған жоқ. Том-том болып жазы-лып, дара да қосақтала шығып жатқан кітаптар, шағын да дəмді туындылар, ойлы да өрнекті деп танылған, қалың көпшіліктен ілтипат көріп отырған шығармалар – оларды дүниеге келтірген авторлардың қолы жеткен өз биігі, қазақ əдебиетіне қосқан əшекейі ғана.

Ал сын əрқашан əдебиеттің шыққан биігін танып білу, оны қалыптастыру, алынар қамалды бағдарлау мақсатын көздейтінін ескерсек, көбіне-көп əдеби процеске тəуелді болатынын ұмытпасақ, оның қазіргі жай-күйі өзінен-өзі айқындалады. Міне, осындай кезде толмаған Толстойлар мен болмаған Баль-зактарды іздестіру əшейінгі əлек екенін, қампиғанның қауыз болып шықпасын ойластырған жөн.

Əдебиеттің өркендеу өресін белгілейтін кезеңдік туынды дүниеге келмеген жағдайда сын қол қусырып қарап отыруға тиісті ме? Əрине, жоқ. Ол өзінің абыройлы да ауыр мүддесінен жоғары ұстау керектігі нақ осы кезде туса керек.

Page 280: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

280

Алайда сыншылар əдебиет мүддесі жөніндегі игі талаптан тайып, əр ақын-жазушының жазғанын мақтау не даттауға ден қойып кеткен соң, домалақ сын да, жəреуке сын да, ожар сын да көрініп жүр. Шынына келгенде, қазір сыншылар есепшотқа көп жүгініп, алақолдылыққа салынды. Газет-журнал бетіндегі сынның авторы кім жəне қай шығарма жөнінде пікір айтып отырғаны белгілі болса, оның қалай жазыларын, не ой ай-тарын алдын ала топшылауға болатын күйге жету – сынды өсірмейтін кесел ғана емес, жалпы əдебиет дамуына кесапа-тын тигізетін кесел. Бұдан арылмай шығарма шындығын айту, оның табиғатын тану мүмкін емес.

Көркем шығарманың жан сырын ұғуға əділдік пен адалдық жетпегеннен, ақын-жазушыға қошаметтілік көңіл білдіруден əдебиетті былай қойғанда, алдымен мақталған ақын-жазушыға, қала берді мақтаған сыншыға ешбір пайда түспейді, өйткені уақыт пен талғампаз оқушы оның бəрін өз орнына қойып, үкімін шығарады.

Сондықтан да қазақ əдебиеті сынының бүгінгі таңында адамгершілік арға кіршік түсірмейтін адалдық ауадай мұқ-таждыққа айналып отыр. Əрине, белгілі бір шығарманы бағалауда əрқилы түсінік-талғамдар айтылатынын ескерген уақытта, соның өзі есеп-шотсыз болғаны абзал.

Мұндай қолдан жасалған кеселден басқа сынның өз дерті бар, соған ем іздеп, айла тапқан жөн.

Көптеген сыншылардың дүниетанымы, жалпы мəдени дəрежесі, тіпті эстетикалық білігі биік деңгейден табыла бермейді. Бұл арада жоғары мектептің, кейбір реттерде ғылым кандидатының дипломы, КСРО Жазушылар одағы мүшесінің билеті шартты рөл атқаруы мүмкін. Маркстік-лениндік негізін жете білмей принципті пікір айтуға, жалпы мəдени дəрежең жоғары болмай – əділетті де терең сын жазуға, əдебиет əлеміндегі процестер мен құбылыстарды жыға түсінерліктей эстетикалық талғамың ұшталмай – көркем шығармаға білікті талдау жасау мүмкін емес. Осы қасиет табылмаған жерде сыншылдық ойдың жауапсыздығы туады. Шығарманың жанын түсінбей, жауапсыз пікір айту – сол автордың ар-ұятын былай

Page 281: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

281

қойғанда, бүкіл сынның беделін түсіруге апарып соқтырады. Шын партиялық принципті басшылыққа алудың орнына баяғы ру тартысындағы жаман əдетке бой ұрып жүргендердің бəрі де редакцияның тапсырысымен емес, автордың талабымен жазы-латын сындардың көрінуі де осыдан.

Сайып келгенде, көркем шығармаға байсалды, білікті пікір айтып, əдебиеттің ілгері басар қадамын жеделдеткісі келетін сыншылар ең əуелі өзінің «шаруашылығын» дұрыстап, эстетикалық талап-талғамды күшейте түссе, нұр үстіне нұр бо-лар еді.

Сын жанрының ілгері басар жолындағы қиындықтың бірі – сыншы мен сыналушының арасындағы қарым-қатынас, олар-дан туатын салдарлар.

Расын айту керек, сын жазған уақытта бізге жазушының дəрежесіне, тіпті мінез-қылығына қараушылық жиі кездесетін болып кетті. Мұның өзі сын жанрында жалтақтаушылықты, «осының арты неге апарып соғады» деушілікті тудырады. Соның салдарынан «сын объектісіне жатпайтындар кастасы» құралып келе жатыр.

Кейбір ақын-жазушылардың принципті, жолдастық сын-ды дұрыс қабылдамауы, «айғай-шу» көтеруі, тасада тұрып домалақ арызбен сазайын тарттыруы, реті келгенде шайпау тілге ерік беруі, мұндай қысастыққа ұшыраған сыншыға тиісті көмек көрсетілмеуі – еріксіз жауырды жаба тоқуға апарады.

Мұндай көңілсіз көріністен арылмасақ, сынның айбыны мұқалып, оның кадры азая бермек. Оны соңғы жылдары анық байқап отырмыз. Даңғаза сынмен даңқы шыққан кейбір сын-шыларды айтпаған күнде, əдебиеттің осы жанрында тұрақты қызмет атқарамын деп белін бекем буып отырған үміткер да-рындар қазір некен-саяқ. Бұл барынша ойланарлық жайт.

Қазір сыншылар еңбегінің жариялануы Бұрынғыдан көш ілгері. Алайда əлі де болса сын еңбектерінің жарық көру мəселесінде қиындықтар аз емес, газет-журналда ақындық немесе жазушылық беті білінген жас таланттардың жолы сыншыларға жат па? Сыншылар əдебиеттің өгей бала-сы емес қой. Бұл мəселеге тек материалдық тұрғыдан ғана

Page 282: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

282

қарамай (өкінішке қарай, біздің түсінігімізде осы жағы ба-сым), моральдық жағынан да көз салу керек. Бір ғана мысал келтірелік. Əдебиетіміздің өсіп-өркендеу барысына өзінің азды-көпті септігін тигізіп келе жатқан Б.Кенжебаев пен Т.Нұртазин, Қ.Жұмалиевтің осы уақытқа дейін сын жинақтары шыққан жоқ. Ал орта буын өкілдерінің жинағы неше саққа жүгіртіліп, зордың күшімен анда-санда бір жарық көреді. «Жа-зушы» баспасы соңғы кезде бізге тұтас монография керек де-ген сылтауды шығарып алды. Тұтас тұлғалы еңбектің қажеттігі аян, бірақ əдебиет процесінен хабар беретін сын жинақтарынан кім жапа шегіпті?

Сынның беделді болуы көбіне газет-журнал редакция-ларының ұқыпты жəне талғамды жұмыстарына байланыс-ты. Олар сыншылармен тығыз қарым-қатынас жасап, əр сын-шының шығармашылық нысанасын, бетін, стилін танып, қай жанр жайында айтар ойы қомақты болатындығын айқындап ала білсе, «энциклопедист» сыншылар мен жаны қиналмайтын жазғыштар аяғын тартар еді. Əйтпесе проза, драматургия, по-эзия жанрларындағы жаңалықтар мен мерейтойлық даталарды оңды-солды шарлай беретіндер көбейіп кетпесіне кім кепіл.

Қазір сыншыларды мамандандыру (специализация) мəсе-лесіне назар аударатын уақыт болды. Мүмкіндік бар. Жеке жазушының шығармашылығы не бір жанр жөнінде байыпты да салмақты ой айта алатын сыншылар аз емес. Ал əдебиеттің бар мəселесін түгел қамтуға талаптанушылық пікірдің ұсақ-талуына, нəрсізденуіне апарып соқтырмай қоймайды. Мұндай жағдайда редакциялардың ұстанған принципі дəйекті, тала-бы қатаң болуы шарт, қолға түскенді малдана беру – газет пен сынның беделіне зиян.

Қазақ əдебиеті сынының осындай жай-күйі оның одақтық көлемге шығуына тұсау салып отыр. Бірді-екілі автордың мақалаларын қанағат етуге болмайды. Одақтық баспасөз бетінде үйдегі дау-дамайымызды айтпай, əдебиетіміздің та-бысы мен кемшілігін көп тілді бір мақсатты əдебиеттің жал-пы өрелі биігінен қарап баяндасақ, жетістігімізді көрсетсек, кемшілігімізді ашсақ қана жұрт назарын өзімізге аударамыз.

Page 283: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

283

Əзірге оңдай өрелі ой айтқан, біздің тəжірибемізге сүйене пікір өрбіткендер аз.

Орталық газет-журналдар ұлт əдебиеттері туралы жа-зылатын мақалаларға құштар, зəру. Хат жазып та, арнау-лы өкілін жіберіп те жатады. Біз күйбеңдеп, өзімізбен өзіміз боп, ең мықтағанда өкпемізді айтып, ңақты іске мойыны-мыз жар бермей келе жатырмыз. Осы ретте «Қазақ əдебиеті» мен «Жұлдыздың» мұрындық болар жөні де бар сияқты. Ол үшін əдебиеттердің онкүндігін өткізу кезіндегі тəжірибелерді қолдану керек. Бет алмасу, арнаулы нөмір шығару сияқты прак-тиканы іскерлік мақсатпен пайдаланса, қандай ғанибет болар еді. «Литературная газетаға» бет əлде нөмір даярлап беріп, өз əдебиетіміздің жай-күйін анда-санда баяндап отырсақ, сыншылдық ой ұйымдық арна табары хақ. Бұл шаралар мақтанып қалудың орайы болмағаны абзал.

Сынның мəдениетін өркендету көбіне-көп сыншының шеберлігіне байланысты. Қарадүрсіндікпен жаза берудің за-маны өтті. Енді үлкенге де, кішіге де керегі – ойдың айқын, логиканың түйінді болуы, көркем баяндалуы. Сыншының шеберлігі – шығарманы талдап пікір айта білуіне ғана емес, сонымен қатар көңілдегі көрікті ойды көркем де əсем ба-яндай білуіне тікелей тəуелді. Ал қазақ əдебиеттануында көптен еңбек етіп келе жатқандардың да, кейіннен қосылған жастардың да осы мəселеге жете назар аудармайтындығы байқалады. Бірқатар мысалдар келтірейік.

Профессор Б.Кенжебаев «Жаңа əдебиеттің туа бастаған шағы» деген мақаласында «Романтика реализмнің айырылмас, тұтас бір саласы, негізгі бір қасиеті. Романтика болған жерде реализм бар да, реализм болған жерде романтика бар. Қиял, ар-ман романтиканың да, өмір, революция романтикасының да негізі – реализм, шындық. Мұның екеуі де реалистік шындық романтика.

Сондықтан қазақ халқының 1917-1920 жылдардағы əде-биетінде романтикалық əдіс күшті болғаны сияқты, реалистік əдіс те күшті. Бұл дəуірдегі қазақ əдебиетінің негізгі əдісі сыншыл реализм болды дегеннің теориялық жағынан дұрыс-Бұрыстығын тексермеген күннің өзінде, жөні түзу логика табу қиын.

Page 284: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Ал енді профессор Қ.Жұмалиевтің жоғарыда аталған еңбегінде «Мұндағы анафора, ассонанс, аллитерация, тағы басқа қайталаулар, олардың музыкалығын, өлеңнің жалпы көркемдік құнын арттыра түсудегі рөлі мен орнын сөз етпеген-де, асқан мініскерлікпен жəне айтайын деген ойына лайықты дəл қолданылатындығын осы мысалдардың өзінен де айқын көруге болады» деген сөйлемнің кездескеніне қынжылмасқа болмайды.

Мұндай сөйлемдерді аға сыншылардан анда-санда бір кездестіретін болсақ, жас сыншылардың жазғандарынан қиналмай, ұзаққа бармай-ақ таба береміз.

«Ел орнына отырғанда парк жаққа қарай бір жан келе жа-тыр. Аты – Сағынай. Ол паркте өзінің сүйген қызы Нинамен кездеспекші. Кейінгісі келмейді. Сөз басынан болсын» деп Қалжан Нұрмаханов орысша сөйлеп қоя берсе, Сейділда Ор-далиев «Шығарманың шарықтау шегінде олар Майқан бо-лысты атып өлтірсе, жау күш – Нұрқан, Жезтайлақтан да ар-сыз, екіжүзді Жүніске Жантасты аттырады. Жантас қайтыс болғанмен, күрестің əлі бітпегенін Тəнеке бастаған көп сабаздың Семеновтың жазалаушы отрядының қысымынан құтылып кеткендігін көрсету арқылы драматург айқын көрсетеді. Əлі талай-талай шайқастардың болатындығын байқатады» деп жаңылтпаш жазыпты. Драматург көрсеткен де, байқатқан да шығар, бірақ біз Ордалиевтың мына баянда-уынан ештеңені көріп те, байқап та отырған жоқпыз. Жинай берсе мысал көп, бірақ мəселенің түйіні – əр автор қаламының мүлт басқан қадамын теруде емес, біздің сында осындай кейде логикасыз, кейде ажарсыз, кейде олақ, кейде түсінуі өте қиын сөйлемдердің жиі кездесетіндігін айту.

Өсіп-өркендеу процесіндегі қазақ əдебиет сынының жай-күйі қалың оқушы қауымды да, əдебиетшілердің өзін де қатты ойландыруда. Əдебиеттану қарқынды өркендеумен келе жатса, бүгінгі жауынгер сынға айтар тілек, қойылар талап көп. Ұлы заманымыздың көрікті де əсем бейнесін жасау мақсатындағы əдебиетімізге сын жанры өзінің тиісті қолғабысын тигізуі – шығармашылық парызы.

1961 ж.

Page 285: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

285

1964 ЖЫЛҒЫ СЫНИ ОЙЛАР

Қазақ кеңес əдебиетінің өркендеу барысында сынның айшықты орны бары аян. Əсіресе «Қазақ əдебиеті» газеті мерзімді баспасөз органы болғандықтан, жыл жемісі болған кесек туындыларды айрықша ауызға алып, талап пен талғамы биік эстетикалық сынды жариялап отыруы тиіс екендігі өзінен-өзі түсінікті.

«Қазақ əдебиеті» газетінің 1964 жылғы газет сандарын қарап шыққанда, өткен жылы дүниеге келген көркем туындылардың ішінде тұлғалылысы қайсы, əдебиетіміздің өркендеу барысын-да аяғына тұсау болып келе жатқан шешілмеген проблемасы қайсы екенін айқын тану қиын.

«Сынның қанатын қомдап, əдебиеттің өзекті мəселесін əңгіме ететіндей өткен жылы бойы биік, ойы қалың, айтары мен берері мол көркем шығарма тумаған ба, əлде оны сын тани алмай отыр ма?» деген сауалдар еріксіз көңілге оралады. Бұл сұрақтарға «Қазақ əдебиеті» газетінде жарияланған матери-алдар толық жауап бере алмайтындығын айрықша атауымыз қажет.

Мұның өзі біздің əдебиетіміздің, сондай-ақ сынымыздың соңғы уақытта одақтық көлемге шыға аларлықтай үлкен туын-ды бере алмай отырғандығымен де сабақтасып жатқан сияқты.

Баспадан шыққан кітаптар, Жазушылар одағы өткізген əдеби əңгімелер (поэма, жастар шығармашылығы тура-лы, жеке ақын-жазушының өнерпаздық есебі) өткен жыл-да аз болған жоқ. Алайда «Қазақ əдебиеті» газеті Жазушылар одағының күні Бұрын жоспарлаған осы шараларын, əсіресе поэма туралы пікір алысуды пайдалану, сөйтіп поэзиямыздың өзекті мəселесін сөз етуге атсалыспай, тек хроникер рөлінде болған əңгіменің есебін берумен ғана қанағаттанып келгенін байқамасқа болмайды. Газет оқиғаның соңында емес, алдын-да болуға міндетті. Жоспарлы шараларды тек хабарланды-рып қана қоймай, ең алдымен сол мəселе төңірегінде пікір ұйымдастырып, проблемалы, ойлы, тіпті даулы мақалалар жа-риялап отырса, сөз жоқ, талқыланбақ мəселе өте жемісті өтер

Page 286: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

286

еді. Біздіңше, газет редакциясы қолына келіп түскен матери-алдарды ғана малданбай, Жазушылар одағының жылдық іс-жоспарының негізгі шығармашылық саласымен тығыз байла-ныста болып, өзі көп нəрсеге мұрындық болуы шарт.

Газет редакциясының бір жылдық жұмысында атап айтарлықтай ісі жоқ деуге де болмайды. Өткен жылы ұйым-дастыру жағынан шалағайлықтары бола тұрса да көркем-өнер, əсіресе театр, оның репертуары, режиссурасы жөнін-де талай құнды материалдар жариялап, пікір ұйымдастырды. Соңдай-ақ сын материалдарының ішінде теориялық астары қалың мақалалар (М.Қаратаев, Р.Бердібаевтың кейбір мақа-лалары, Е.Досжанов, Б.Римова) жарияланды.

Бұлардың құндылығы – теорияны нақты практикалық тə-жірибемен байланыстыра баяндағанында.

Редакцияның қысқа да шағын рецензиялар жариялауға ден қойғандығын құптамасқа болмайды. Өйткені көптеген авторлардың, əсіресе жастардың тұңғыш жинақтары назар-дан тыс қалып қоймай, алғашқы қадамдары мен көркемдік кемшіліктері орынды əңгімеленген. Бұл ретте осы шағын рецен-зия жазуға аға буын ақын-жазушылардың мүлде аз қатысқанын айтпай кетуге болмайды. Ал аға буын өкілдеріне жазылған жас авторлар рецензияларында көңілге қонымды сын ескерт-пелер де болмай қалмады. Мысалы, Жұбан Молдағалиевтың «Заман тынысы» атты жинағына Сəбит Досжановтың жазған «Талантқа тат тұрмасын» (№16, 17/ІV/) деген рецензиясын-да өскен эстетикалық талап тұрғысынан бірқыдыру сын ай-тылып, ақынға ой салған. Жұбанның үстемелеп өсу қарқыны сылбырлау екендігіне, одақ көлеміндегі өзі қатарлас, үзеңгілес ақындардан кейінірек қалып жатқандығына, сырты жалтыр, сұлу, шешен жазылған өлеңге үлкен ой, келелі пікір таба алмай отырғандығына назар аударылған.

Газеттің бір жылғы сандарына қарағанда, аға буын ақын-жазушылардың сынға араласпағаны айқын көзге түседі. Ғ.Мүсіреповтың тың туралы, Ə.Тəжібаевтың лирика жөнінде жазған бірді-екілі мақаласынан басқаның бəрі той, мереке, онкүндікке арналған материалдар.

Page 287: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

287

Сондай-ақ сыншылардың өздері де өткен жылы жауын-гер сынға, бүгінгі күннің объекті мəселесіне, əдеби даму процесіне үңіле отырып, қомақты пікір айтып, атсалыспаған. Е.Ысмайыловтың поэзия туралы ойы, М.Қаратаевтың жағымды кейіпкерлер жайындағы пікірі, Ə.Қоңыратбаевтың лирика жөніндегі мақаласы жауынгерлік сыннан гөрі пайымды зерт-теулерге іш тартқан. Аға жəне орта буын сыншылардың ба-сым көпшілігі ғылыми-зерттеу еңбектеріне ден қойып, бүгінгі əдеби дамудың барысына самарқаулана бастағаны байқалады. Бір жыл ішінде сыншылардың бірде-бірі үлкен де өзекті мəселе көтермегені осыған айғақ. З.Шашкиннің «Роман жəне дəуір тынысы» деген атпен пікір алысу үшін жазылған мақаласына сыншылардың ешқайсысы селт етпестен қалуы да сын майда-нында ойланарлық жайлардың барлығын аңғартқандай.

Шынын айту керек, қазір сын майданында толас бар. Көңіл жықпаушылық, шындықты айтпаушылық, тіпті жасқаншақтық та кездеседі. Осыған дəлел ретінде республика жұртшылығына мəлім, эстетикалық талап-талғамы белгілі бір биік деңгейден табылатын Айқын Нұрқатовтың бір мақаласына əдейі тоқ-тай кеткен жөн. Өйткені Бұл мақала белгілі дəрежеде сын саласындағы жалпы көрініске тəн сипаттарды аңғартып тастағандай. А.Нұрқатовтың «Уақыт жəне суреткер» деген мақаласы (№8, 21 ақпан) Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» ро-манына арналған. Сыншы романның жетістігін айтып беруді көздеген де, кемшілігіне атүсті ғана қарамақ болғандықтан қайшылыққа ұрынған.

«Романды оқи отырып, тарихи дəуірдің, қоғамдық ортаның жəне соның өзгеріп өсуінің мол шындығын табамыз. Онда өмірбаяндық естеліктер мен тарихи баяндаулар ұласа келіп, уақыттың ақиқат, жанды көріністерін жасайды» – деп бірнеше жерде қайталап айтып, романның тəуір туынды екендігіне айғақ етеді. Ал мақаланың соңында «революцияның дауылды жылдарындағы өмір айбарлы, сұстылығына қоса романтикаға, айта берсеңіз тіпті поэзияға да толы болды. Бүкіл заман рухы, халықтың рухы қатты көтерілген кез болған. Романда сол бір жылдардың оқиғалары суреттелгенімен, уақыттың өршіл сипа-ты толық ашылмаған сияқты» дейді.

Page 288: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

288

Сондай-ақ «Роман портреттік галереяға өте-мөте бай» де-ген пікіріне сыншы мақаланың соңында «Көз көрген» рома-нында не көп – оқиға көп, адам көп. Шебер жазушы солардың əрқайсысын да іші-тысымен көрсетуге, шынайы да наным-ды етіп суреттеуге көп күш салған, оларға жан бітіре алған да. Бірақ солардың ішінде қажетті идеялық жүк көтермей, жалаң қабат тартып жай жүргендері де жоқ емес. Сол сияқты роман-да нағыз халық өкілдерінің образдары шырқау күйіне жетіп, соқталанып болмағандай» деп өзіне-өзі қарсы шығады.

Сонымен қай сөзіне сенбекпіз? Бір пікірін бір пікірі жоққа сайып тұрғаны қалай? Бұл білместіктен туған қайшылық емес. Алға қойған мақсатын орындап шығудың амалсыз айласы.

Бүгінгі жауынгер сынымыздың аяғына тұсау болып отырған жасқаншақтықпен күреспей, əсіресе есепті сындарды жоймай тұрып, əдебиетіміздің өсуіне себепші болатын шын принципті, əділетті сындардың жазыла қоюы екіталай. Бұл кінəраттың сынды меңдеп бара жатқаны соңғы кезде əбден айқындалып келеді. Көптеген сыншылардың сын жазбауға айналуының бір себебі осыған да байланысты.

Осы жаймен сабақтасып жатқан бір мəселе – сын жанры-на жаңа, жас толқынның қосылмауы. Өткен жыл ғана емес, соңғы екі-үш жылдың ішінде сын солдаты боламын деген жас қаламның бетін көре алмай келеміз. Бұл ойланарлық жайт, да-был қағар жайт.

Сын бойындағы кінəраттарды жою үшін, біздіңше, бірнеше түбегейлі шараларды жүзеге асырған жөн. Бірінші, сынға мəн беретіндей, сыншыны қыспаққа түсірмейтіндей əдеби аху-ал жасау шарт. Бұл мəселе декларативті сөзбен емес, нақты практикалық іспен жүзеге асуы керек. Екінші, сыншы еңбегін əдебиеттің басқа жанрымен тең бағалау қажет. Бұл қиын жанрға жастардың белсене араласып кетпеуі – эстетикалық талап-талғамның жетіспеушілігінен емес. Ал сыншы болып жүріп, енді басқа жанрға ауысуға ден қойғандардың (мыса-лы, Қ.Құттыбаев жəне т.б.) көбі сыншылық еңбектің дұрыс қадірленбеуінен туғанын байқамасқа болмайды. Оған дəлелді «Жазушы» баспасының тəжірибесінен анық көруге болады.

Page 289: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

289

10–15 жылдай əдебиет сынымен айналысқандардың жинақ-тары үлкен айтыс-тартыс, əуре-сарсаңмен əрең шығады, тіпті бірталай сыншының жинағы əлі шықпағандары да бар. Өз еңбегінің жемісін көре алмаған соң, одан безбеске шарасы да қалмайды.

«Жазушы» баспасының сын жинағы дегеннен ат-тонын ала қашатын жаман тенденциясын түзетіп отырғандар да аз. Сын-шылар көпшілік жағдайда қолдау таба алмай, 4–5 жыл айтпаған арызы қалмай, əрең дегенде бір жинақ шығарса, бірнеше жыл баспаның маңынан жүре алмайды. Осының салдары «Қазақ əдебиеті» газетінің бетінен жауынгер сынның жиі көрінбеуіне соқтырып отыр.

«Қазақ əдебиеті» газетінің редакциясы 1964 жылдың екінші жартысынан былай қарай пікір ұйымдастыру мақсатымен ма-териалдар жариялауда. Ең алдымен «Он повесть туралы ой-лар» деген оқушылардың сырттай өткізілген конференция-сы өзінің формасы жағынан тың екендігімен көзге түссе де, мəні жағынан шығармаға бірді-екілі оқушының қайшылықты пікірлерін айтқызумен шектеліп қалды. Шығарма авторлары да жауабын беріп үлгерді. Енді қорытынды мақала жазылмақ.

Конференцияның материалдарынан екі мəселе анық аңға-рылады. Бірінші, оқушы қауымның эстетикалық талғамы өс-кен, көркем шығармаға қояр талабы күшейген жəне айтар сыны айқын. Кен инженері Серік Жақсыбаевтың, оқытушы-мұғалімдер Кахан Нұрсапаров пен Бəзілжан Асылжановтың (№50. 11 желтоқсан) пікірлерінде жазушы мен сыншылар ойланарлық жайлар бар. Жəне өз пікірлерін тартымды тілмен, ашық жазған.

Екінші, Алматы қаласы авторларынан, əсіресе əдебиетпен айналысып жүргендердің жазғандарынан қадап айтылған ірі талаптардан гөрі, сипай қамшылауды ғана көрдік.

Бұл конференцияны ұйымдастырудағы бір кемшілік – 10 повестің бірден əңгімеге арқауы болуы. Бұл тым көп жəне олар əрқилы тақырыпқа жазылған. Одан да бір тақырып төңірегінде əртүрлі шығармашылық стильде жазылған 3-4 шығарманы талқыға салған уақытта, оқушылардың айтар ойы əр тарапқа

Page 290: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

290

шашырамай, конференцияның мəнін көтере түсіретін еді. Мұндай пікір алысуды Бұдан былай да ұйымдастыра беру керектігін айтумен қатар, болған кемшілікті ендігі жылы қайталамау жағын ойластырған жөн.

Əдебиеттің өзекті мəселесінің бірі – роман проблема-сына редакция екі рет оралды. Х.Əдібаевтың «Роман мен уақыт» (№14) деген мақаласында романды ұзын, қысқа жазу жөнінде орыс əдебиетшілері арасында талас тудырып жүрген пікірлердің ұшығы көрінген, бірақ қазақ романының бүгінгі жай-күйіне тиісті назар аударылмаған.

Ал Зейін Шашкиннің «Роман жəне дəуір тынысы» (№47) де-ген мақаласында өзінің жазушылық тəжірибесінен жəне қазақ романистерінің практикасынан байқап жүрген кемшіліктерді ортаға салып, пікір алыспақ болған. Шеберлік тұрғысынан ойланарлық жайттар бар. Ал дəуір тынысын көрсету жайын-да қомақты ойлар айта қоймағандығы, сыншыларды орынсыз даттап, өзі жазғанға дейін роман мəселесі сөз болмай келеді де-ген жорамалы мақаланың жалпы мақсатын анық аңғаруға зи-янын тигізген. Оған қарсы дау айтқан Б.Соқпақбаев та (№48) роман мəселесінің тұңғиық сырларына бойламай, Шашкин-ге «дау айтпасқа лажы қалмағандығын» ғана білдірген. Ал Ш.Елеукеновтің «Əңгімені сұйылтып алмайық» (№52) де-ген мақаласында орыс жазушыларын толғандырып отырған өзекті проблемаларды біздің шындығымызға жақындата ба-яндау тенденциясы байқалды.

Осы мақалалар жарияланғаннан бері бірталай уақыт өт-ті, бірақ «Он повесть туралы ойларды» қорыту мақсаты редак-цияның Бұл мəселеге қайта оралуына мұрсат бермей жатса керек, не ұмытып кетулері де ғажап емес.

Редакция жұмысының өткен жылғы көзге көрінер ісінің бі-рі – көркемөнер мəселесіне көп назар аударуы дер едік. Шы-нында да, театрдың репертуары мен спектакльдің режиссу-расы жайында бірқыдыру орынды сөз болды. Ой саларлық əңгімелер де айтылып жатты. Алайда редакцияның пікір ұйымдастыру жөніндегі шалағайлығы Бұл мəселеден де аңғарылады.

Page 291: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

291

Бір мезгілде, тіпті газеттің бір нөмірінде бірімен-бірі байла-нысып жатқан мəселе бойынша «Сөз репертуар туралы», «Сөз режиссура туралы» деген атпен пікір алысу ұйымдастырды.

Рахмандиевтің «Биік белестен қарасақ...» деген мақаласында істелген жəне істелмек істердің ұзын-ырғасын баяндаумен қатар, драмалық шығармаларда тақырып ұқсастығы, режис-сура кемшілігі, көркемөнер жөнінде шығармашылық айтыс ұйымдастырмай келе жатқандығы айтылған.

Редакция келелі де қомақты ойы, айтыс тудырарлық талас пікірі жоқ осы мақаламен «Сөз репертуар туралы» деген атпен пікір алысу ұйымдастырмақ болып «драматургтеріміз бен те-атр басшыларынан, режиссерлардан, өнер қайраткерлерінен сөз болып отырған мəселе жайында өз пікірлерін ортаға са-луларын сұраймыз» десе, сол нөмірде «Сөз режиссура тура-лы» деген айтыс бастап, Е.Байзақовтың «Классика жəне театр» деген мақаласын басып, тағы да редакция Бұл пікірталасына театрлардың режиссерлары мен актерлері, драматургтер мен зерттеуші ғалымдар, көрермен қауым үн қосады деп сенеді» деп жазды.

Сайып келгенде, негізгі бір мəселе бойынша екі жүйемен пікір ұйымдастыру ең алдымен бірін-бірі қайталаушылыққа ұрындырса, екінші жағынан, өнер қайраткерлерінің практикалық өмірден туып жатқан ойларын шашырата баян-дауына апарып соқтырған. Осыдан да болу керек, Бұл екеуі де түйінделмей, айтыстың немен біткені оқушыға аян болмай қала берген.

Газет редакциясының əдебиет пен өнердің өзекті мəселелері жөнінде көпшіліктің пікірін ұйымдастыру талабын құптаған уақытта, əр мəселені бірімен-бірін қабаттастырмай дəйекті жүзеге асырғаны, күні Бұрын үлкен дайындық жасап алып айтыс ұйымдастыруға кіріскені əбден абзал дегіміз келеді. Əйтпесе өткен 1964 жылдың практикасындағы пікір алы-сулар «Он повесть туралы ойлардан» басқасы кездейсоқ, тек түскен материалдардың ыңғайына қарай дайындықсыз, жүйесіз өткізілгені байқалады. Мұның өзі редакцияның жұмыс жоспарында негізгі шығармашылық мəселелердің анық айқындалмауына да байланысты болса керек.

Page 292: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Қазақ əдебиет сыны одақтық көлемге шықпай келе жат-қанына сыншылардың өзі кінəлі екендігін айтумен қатар «Қазақ əдебиеті» газеті редакциясы тарапынан істелетін іс те жоқ емес. «Қазақ əдебиеті» – «Литературная газетамен» жанды байланыс орната алмай келеді. Соңғы жылдарда «Литератур-ная газета» бетінде қазақ əдебиеті туралы мардымды ештеңе жазыла қойған емес. Егерде «Қазақ əдебиеті» газеті дұрыс ұйымдастыра білсе, «Литературная газетаның» бетінде қазақ əдебиетінің соңғы жылғы табыстары мен кемшіліктерін одаққа танытатын арнаулы бет ұйымдастырып беруге əбден болар еді. Бұл бет жеке сыншының жазған мақаласынан əлдеқайда құнды болары айқын ғой. Ал мұндай инициативаға, сөз жоқ, «Литера-турная газета» айрықша көңіл бөлер еді.

Сонымен, «Қазақ əдебиеті» газеті 1964 жылы қазақ əде-биет сынын өркендету саласында онша мардымды ісімен оқушыны қуанта қойды деу қиын. Əдебиеттің өзекті мəселе-лерін қомақты көтеруден гөрі, газет редакциясы əдеби өмірдің хроникеріне айналып кетуде. Мерзімді баспасөз органы болғандықтан өмірдің алдында болуы шарт. Сонда ғана ол сынның өркендеуіне, жауынгер сынның мол болуына да көңіл бөліп, өзінің шығармашылық бағыт-бағдарын бүгінгі күн талап-тілегіне қабыстыра алады.

1965 ж.

Page 293: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

293

ӨСКЕЛЕҢ ƏДЕБИЕТКЕ ӨСІРЕР СЫН КЕРЕК

Қазақстан Жазушылар одағының кезекті пленумында сын-ның бүгінгі жай-күйі арнайы əңгімеге арқау болуы шығар-машылық зəру қажеттіліктен туып отыр. Өйткені жауынгерлік айбыны, айтарының азаюы, əділет пен шындықтың бетіне кірбің түсуі, есеп-шот дегеннің күнделікті тіршіліктің бір тармағына айналуы – онша келіспейтін құбылыс.

Мұны сөз етерден Бұрын, сынның өткеніне көз тастап, ба-сып өткен жолына назар аударсақ, оны бүгінгі шындықпен жалғастырған да жөн сияқты.

Сын жөнінде дүркін-дүркін əңгіме көтеріліп, анасы жетіс-пейді, мынасы артық деген ой-сыңайлар айтылып жатады. Кей-де ожарлықпен айтылған оғаш ой, нигилистік пікір де кездесіп қалады. Оған көбіне əдеби атмосфераның өзі де, кезең талабы да арқау болатыны бар.

Алайда қазақ əдебиеті сынының туу, өсу, даму жолдарын, бүгінгі жай-күйін əңгімелеген уақытта дəлелсіз долбарларға жол бермей, салмақты пікір айтқан абзал. Сонда ғана бізде «Сын жанры бар ма?» деген сауатсыз сауалдар сарқылып, одан да оның басып өткен жолдарынан дəстүрлік сипат іздер еді.

Жазба əдебиет пен баспасөз орындары дүниеге келген-нен кейін сыншылық ой-пікірді оятпауы мүмкін емес. Əрине, қазіргі қалыптасқан хал биігінен қарағанда, сынның алғашқы адымдары қораштау көрінер, бірақ ол тумаған еді, атымен жоқ еді деуге болмайды. Сондықтан да қазақ əдебиет сынының процесін əріден бастаған орынды. Өйткені талай ғасырдан бері бір елдің рухани азығы болып келе жатқан ауыз əдебиетінде халықтық эстетика бар, Абай негізін қалаған жазба əдебиет сыншылық ойдың қанат жаюына жағдай жасады. Демек, көркем шығармашылық бар жерде эстетикалық талап-талғам бар.

Қазақтың сыншылық ой-пікірінің ояну шағында асқан оқы-мысты Шоқанның ғылыми тұжырымдар жасауы, ағартушы-демократ Ыбырайдың озық педагогикадан нəр алған талап-талғамы, көркемсөздің қасиетін асқар биікке көтерген ұлы

Page 294: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

294

Абайдың эстетикалық көзқарасы сын жанрының тууына, өзіндік сипат алуына əсер етпеді деп кім айтпақ?

Сондай-ақ XIX ғасырдың аяқ шеніндегі «Түркістан уалая-ты» мен «Дала уалаяты» газеттерінің, ХХ ғасырдың бас кезінде шыққан баспасөз органдарының, əсіресе атақты «Айқап» журналының қазақ тілінде шыққан жүзге тарта өлең кітаптары мен жыр-аңыздарға сын ескертпелер жазғанын қайда қоямыз? Осы жəйттерді ескермей, тарихи деректерге сүйенбей айтылған «Қазан төңкерісіне дейін бізде сын болған жоқ» деген сөзге се-нуге бола ма? Əрине, болмайды, соңдықтан сын жанрының туу қасиетін тиянақтап зерттеу керек.

Əзіргі азын-аулақ зерттеу нəтижелері ойланбай айтылған пікірді теріске шығарып, əдебиетіміздің тарихы əріде жатқанын дəлелдей бастады. Осы бағытты өркендете де күшейте түсу – қазақ əдебиеттануы мен сынының ардақты міндеті.

Сын жанры – ұжымдық ой-пікірдің жемісі. Бұл салада өзінің бар дарынын, күш-қуатын сарқа жұмсайтын кəсіби сын-шылар ғана емес, ең алдымен, ақын-жазушылардың, сонан соң əдебиетшіл қауымның күш біріктіруі қажет. Осы үш ар-надан аққан ақыл-ой, сыншылық пікір əдебиет теңізіне келіп құйылғанда ғана сын жанры марқаяды, өркендейді, əдебиеттің дамуына əсерін тигізеді.

Қазан революциясынан кейінгі дəуірде осы үш арна ажыра-спас бірлік тауып, қабаттаса, сабақтаса, біріне-бірі ықпал ете өркендеп, қазақ əдебиет сынының қалыптасуына жағдай жа-сады.

Қазақ əдебиет сынының қалыптасу жолының толып жатқан мəселелерін қазбаламай, бірден аңғарылар кезеңдеріне көз салсақ, қиядан қияға өрлеудің Бұралаңы көп соқпақтарын байқар едік. Өсу жолы – қиындықтарды жеңу жолы, асқарлы асулардан асу жолы.

Революцияның алғашқы айларынан 1925 жылға дейін, яғни Қазақтың пролетар жазушыларының ассоциациясы ұйымдас-қанға дейінгі кезең – əр ақын-жазушының шығармашылық бағыт-бағдарын айқындау дəуірі болды.

Жеке ақын-жазушы шығармашылығынан өрбіген сыншыл-дық ой-пікірлер 1925–1929 жылдарда əдебиеттің жалпы даму

Page 295: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

295

бағытына, оның өнерпаздық əдісіне, əдеби ағымдардың ай-тыстарына ұласқаны да тарихи шындық. Бұл кезеңде өскелең өмірмен бірге өсіп келе жатқан қазақ кеңес жазушылары өткенді аңсап, зар мен мұңға белшесінен батқан, тарихи сағаты соғылған байшыл-ұлтшыл ақын-жазушылармен белдесті, ол-арды идеялық жағынан ғана емес, көркемдік-эстетикалық жағынан да жеңе білді.

Міне, осы кезеңде қазақ əдебиет сыны ақын-жазушылардың, қоғам жəне əлеумет қайреткерлерінің, əдебиетшіл қауымның өнерпаздық күшімен қанағаттанып қана қоймай, өзінің жауын-гер кадрын жасақтай бастады, сынды шығармашылық салаға айналдыруға талаптанған дарындар шыға бастады.

Сынға араласқандардың бəрі бірдей коммунистік идеяның арнасынан əрдайым шыға бермегенін, тіпті кеңестік əдебиеттің туын биік көтеру мақсатымен қалам жебегендердің өзі артық-кемді қателіктер мен қайшылықтарға ұрынып қалып отырғанын байқамасқа болмайды.

Қазақ əдебиетінде сын жанрының қалыптасуына өзінің үлесін қосқан Ғаббас Тоғжановтың соны, тың ой-пікірлерінде кей кезде жалған түсінік, қате тұжырымдар кездесетіні, кейбір сыншылардың еңбегінен жүйелі көзқарастың дəйектілігі табы-ла бермейтіндігі – өсіп-өркендеу қиындығынан туған еді.

Осы реттен алғанда Əмина Мəметованың, Əбдірахман Байділдиннің, Бейсенбай Кенжебаевтың, Ыдырыс Мұстам-баевтың, Смағұл Садуақасовтың, Даниял Ысқақовтың, Ел-жас Бекеновтың, Мұстафа Көшековтің сын мақалалары мен рецензияларында əртүрлі дүниетаным мен көзқарастардың қоян-қолтық араласып жатқандығын аңғармасқа еш болмай-ды. Əрқилы, əр сыңайлы ой-пікірлер көбіне саяси-əлеуметтік мəселелермен араласып жатса да, қазақ əдебиетінде сыншылар кадры жасақтала бастады.

Идеялық-эстетикалық күресте жаңа əдебиеттің даму бағы-тын оңға бастап, социалистік реализм əдісін басшылыққа алу тенденциясы белең алар шақта, аз уақытқа болса да дөрекі социологиялық сынның қылаң бергенін жасырмаған жөн. Дөрекі əкімшілікке ден қойған ҚазАПП сыншылары əдебиеттің

Page 296: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

296

өркендеуіне кесірін тигізетін жікшілдікті, жершілдікті қозды-рып, көркем шығармаларға қойылар эстетикалық талап-тал-ғамды төмендетіп алған кезі де болды.

Социалистік қоғамның негізі қаланып, шаруашылық өркен-деп, мəдениеттілік арта бастаған шақта қазақ əдебиетінің сын жасағына көркемдіктің алуан сырларын жыға түсінетін, қомақты пікір айтатын сыншылар тобы қосылды. Бұрыннан жазып келе жатқандарға Мұхаметжан Қаратаев, Əлібек Қоңыратбаев, Есмағамбет Ысмайылов, Рахымжан Жаманқұлов, Саттар Еру-баев, Құлмырза Өтепов, Қажым Жұмалиев, Белгібай Шалабаев, Темірғали Нұртазиндер қосылып, социологиялық-эстетикалық сынның өркен жаюына жағдай жасады. Əр шығарманың мəн-маңызын айыру, көркемдік құнын түсіру, формализм мен на-турализмге соққы беру, эстетикалық биік талап-тілектер айту жөнінен қарышты қадамдар жасалды.

Бұл кезеңде эстетикалық мұраттар мен практикалық тілек-тер диалектикалық тұтастық тауып, қазақ мектептерін оқу құралдарымен, хрестоматиялармен қамтамасыз ету ісі жедел қарқынмен өркендегенін айрықша атау керек.

Алайда тынысы кеңейіп, алымы молайып келе жатқан сын-шылық ой-пікір кезеңдік қиындыққа кездесіп, əдебиеттің не екенін жыға түсінбейтін ұрда-жық сыншыларға кезек беріп алған шағы да болғаны бар. Дауыл кезінде көтерілген шаң-тозаң сын жанрының өсіп-өркендеу, қалыптасу процесіне еп-теп дақ салғанымен, оның жалпы бағдарын, өркендеу процесін өзгерте алған жоқ.

Ұлы Отан соғысы жылдарында болсын, одан кейінгі бес-жылдықтарда болсын қазақ əдебиетінде социологиялық-эсте-тикалық сын жүйелі арна тауып өркендеді. Осы кезеңде Əуелбек Қоңыратбаев, Мəлік Ғабдуллин, Қайым Мұхаметханов, Ысқақ Дүйсенбаев, Əлішер Тоқмағамбетов, Сейділдə Төлешов, Қайнекей Жармағамбетовтер сын майданына араласты.

Елуінші жылдар, əсіресе тарихи XX съезден кейінгі дəуір қазақ əдебиеттану ғылымы мен сынның өркендеуіне ерекше жағдай жасады. Аз жыл ішінде М.Əуезов атындағы Əдебиет пен өнер институты өз алдына шаңырақ көтерді.

Page 297: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

297

Осы институт Қазан революциясының 60 жылдық мерекесін «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты 240 баспа табақтық алты томдық монументальды еңбекпен қарсы алды.

Соңғы он-он бес жыл ішінде əдебиет сыны мен ғылымына шығармашылық белсенділігі күшті алпыстан аса талант-ты дарындар келіп қосылды. Олардың аты-жөні мен жазған еңбектерін атай бастасақ, сала құлаш тізімге айналар еді. Бірге оқып, əдебиет майданында бірге жүргендердің ішінде ғылым докторы атағын алғандар да, автореферат жазуға уақыт таба алмай жүрген талантты дарындар да бар.

Əдебиет сыны мен ғылымында 7 академик, 9 корреспондент-мүше, 15 доктор, 105 кандидат өзінің қал-қадырына лайық қызмет атқарып жүр екен. Ал сын мен əдебиеттануға араласып жүрген дарындардың ресми атақ алмағандары қанша. Оның үстіне ақын-жазушылар да, қалың əдебиетшіл жұртшылық та көркем шығармалар мен ғылыми еңбектерді талқылау ісіне араласып отыратын дəстүрі тағы бар.

Бұл шолуды жасаған уақытта өткендегімізбен мақтанып қалудың орайы табылды деп отырған жоқпын. Осындай табы-сымыз, жетістігіміз болғанда бүгінгі сынымыздың жауынгерлік айбыны мұқалуына қандай себеп бар, қандай қиындық бар, олардан қалай арылу керек деген сауалдар төңірегінде өзімнің субъективті ойларымды айтпақпын.

Жалпы эстетикалық талап-талғамның өсіп-өркендеуі тұр-ғысынан алғанда қазақ əдебиет сынының өзіне тəн олжасы, шыққан биігі бар. Бірақ қарқынды дамудың алдыңғы легіне ілесе алмай, шабандау қимылдап, сын семсерін кеш сермеп отырғанын жасыру қиын. Бұл əсіресе қазіргі кезде, яғни кəсіби сыншылар мен əдебиетшілердің үлкен жасағы қалыптасқан кезде айрықша дабыл қағатын жайт.

Сын тарихына көз салғанда, əдебиетті жасап, оның шығар биігінің мұратты межелерін бағдарлауға ақын-жазушылардың үлкен үлес қосқанын байқаймыз. Олар өздерінің қаламдас жора-жолдастарының шығармаларына пікір айтқан уақытта қара қылды қақ жаратын əділдік биігіне көтеріле бермегенімен де, əдебиеттің бүгінгі жай-күйіне, келешек дамуына қажетті

Page 298: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

298

ойларын айтып, эстетикалық пікірге өріс тауып беріп отырған, үлгі-өнеге көрсеткен. Алынбай жатқан көркемдік қамалдарын нұсқап отырған.

Бұл жайт əдебиетіміздің балаңдық, ер жету шағында жиі кездеседі. Ал енді бүкілодақтық, қала берді дүниежүзілік көркемдік сахнасына шыққан дəуірде айтар сөз, көрсетер өнеге азаюы тиіс пе? Мұндай жағдай еш уақытта болуы мүмкін емес, өйткені көркемдік дамудың шығар биігі, алар қамалы көп. Егерде, «болдық-толдық» деген ой əлдекімнің көкейіне ұяласа, ең сыпайылап айтқанда ол – тоқмейілсу ғана болмақ. Ондай ой-ниет еш əдебиетті мұратқа жеткізген емес.

Біздіңше, қазақ əдебиетін өркендетудің қазіргі жай-күйінде ойланарлық көріністер аз емес. «Ботагөз», «Оянған өлке», «Абай жолы» əлі күнге дейін асу бермей отырғанын айтсақ, аға ақын-жазушылардың бүгінгі əдеби процеске араласуы ауа-дай қажет. Əбділда Тəжібаевтың қазақ лирикасының өркендеу барысы жайындағы құнарлы ойлары, Сəбит Мұқановтың жас-тарға қамқорлығы, анда-санда Қалижан Бекхожиннің сын-ға араласып қоюы, Тахауи Ахтановтың зор екпінмен жазған кейбір мақалаларында ойдым-ойдым пікірлер айтылып қалуы – жалпы ақын-жазушылардың мойнындағы борышты өтей алмай-тыны айдан анық.

Өйткені біз ақын-жазушылардың сынға араласып отыру қа-жеттілігінен безіне алмаймыз. Жəне ол еш уақытта болмайтын құбылыс.

Ақын-жазушылардың жауынгер сынға араласпауы, бірі жөнінде бірі пікір айтып отырмауы сын жасағына салқынын тигізуде.

Өйткені Бұл салада əдебиеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған үлкен ағалардың қатарына қосылу үшін мұрты жаңа ғана тебіндей бастаған жас сыншылар шаштаразға барып, ақ қылаулатып алып жүр. Өзінің аман-саулығын тек жазушының мүшелді тойында ғана білдіріп жүргендер де аз емес.

Қазір сыншылар жасағында талмай жазып жүрген М.Қа-ратаев, А.Нұрқатов, Р.Бердібаев, Қ.Қуандықов қана десе де болғандай, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Т.Нұр-

Page 299: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

299

тазин, Б.Шалабаев сияқты аға сыншыларымыздың өткір де отты сындары жиі жарияланбай жүргеніне дəлел таба алмай дал боласың.

Сыншылардың орта буыны да ағаларынан «үлгі» алып, үндемеуге ден қойған сияқты. Қ.Құттыбаев, М.Дүйсенов, С.Қирабаев, Б.Сахариевтің көп құрбы-құрдастары өздерінің «шаруашылық жайымен» жүр. Ол – ол ма, қаламының желі, сыншылық ой-пікірі бар жас сыншылар мадақтау сынының туы құлағандай басқа жанрларға жалт беруде. Қазір там-тұмдап газет-журналда көрініп қалып жүрген сындардың жа-рытып айтқан ойынан жалтақтығы басым.

Сынның сылбырлығына не себеп? Сыншылардың ба-сым көпшілігі əдебиеттану саласына ауысып кеткенінен бе? Ешуақытта əдеби сын мен əдебиеттану бір-біріне кедергі боп көрген емес. Əрі-беріден соң сын мен əдебиеттанудың отауы бір. Біріне-бірі қол ұшын беріп, бірге өркендейді.

Əлде сыншыларға жасалып жатқан қысым күшті ме? Ерте-рек кездегі сорақылықтың шеті көрінбейді. Қаламын тартып алған, ауыз қағып сөйлетпей қойған ожарлық жоқ.

Ал газет-журналдарда орын, пейіл бар ма, жоқ, қазір қайта сынның есесі кетуде. Бұрын шетқақпай көретін сын қазір өзінің сылбырлығына өкпелемесе, ешкімге өкпелей алмайды.

Жазушылар одағы сынның өркендеуіне жағдай жасамай ма? Кесіп-пішіп айту қиын. Бұдан екі-үш жыл Бұрынғы жағдай, яғни жəреуке сынның қанат қағуына, ожарлана сөйлеуіне мүмкіндік берген жағдай қазір сиырқұйымшақтанды, жоққа сайылып барады. Əдеби ахуал түзеле бастады.

Енді не себеп? Себептің үлкені ең əуелі əдебиеттің өзінде! Шынын айту керек, қазақ əдебиеті қазір өзінің кешегі табысының қуанышымен жүр.

Бұл пікірдің негізінде нигилистік ой жатыр деп айыптау-шылар да болар. Бірақ шындық солай! «Ботагөз» бен «Оян-ған өлкеге», «Абай жолына» иық тірестіретін туындылар-ды, олардың асуынан асқан, көркемдік биігіне көтерілген шығармаларды əлі ешкім оқыған жоқ. Том-том болып жазы-лып, дара да қосақтала шығып жатқан кітаптар, шағын да дəмді

Page 300: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

300

туындылар, ойлы да өрнекті деп танылған, қалың көпшіліктен ілтипат көріп отырған шығармалар – оларды дүниеге келтірген авторлардың қолы жеткен өз биігі, қазақ əдебиетіне қосқан əшекейі ғана.

Ал сын əрқашан əдебиеттің шыққан биігін танып білу, оны қалыптастыру, алынар қамалды бағдарлау мақсатын көздейті-нін ескерсек, көбіне-көп əдеби процеске тəуелді болатынын ұмытпасақ, оның қазіргі жай-күйі өзінен-өзі айқындалады. Міне, осындай кезде толмаған Толстойлар мен болмаған Баль-зактарды іздестіру – əшейінгі əлек екенін, қампиғанның қауыз болып шықпасын ойластырған жөн.

Əдебиеттің өркендеу өресін белгілейтін кезеңдік туынды дүниеге келмеген жағдайда сын қол қусырып қарап отыруға тиісті ме? Əрине, жоқ. Ол өзінің абыройлы да ауыр мүддесін жоғары ұстау керектігі нақ осы кезде туса керек.

Алайда сыншылар əдебиет мүддесі жөніндегі игі талап-тан тайып, əр ақын-жазушының жазғанын мақтау не даттауға ден қойып кеткен соң, домалақ сын да, жəреуке сын да, ожар сын да көрініп жүр. Шынына келгенде, қазір сыншылар есеп-шотқа көп жүгініп, алақолдылыққа салынды. Газет-журнал бетіндегі сынның авторы кім жəне қай шығарма жөнінде пікір айтып отырғаны белгілі болса, оның қалай жазыларын, не ой айтарын алдын-ала топшылауға болатын күйге жету – сынды өсірмейтін кесел ғана емес, жалпы əдебиет дамуына кесапа-тын тигізетін кесел. Бұдан арылмай шығарма шындығын айту, оның табиғатын тану мүмкін емес.

Көркем шығарманың жан сырын ұғуға əділдік пен адалдық жетпегеннен, ақын-жазушыға қошаметтілік көңіл білдіруден əдебиетті былай қойғанда, алдымен мақталған ақын-жазушыға, қала берді мақтаған сыншыға ешбір пайда түспейді, өйткені уақыт пен талғампаз оқушы оның бəрін өз орнына қойып, үкімін шығарады.

Сондықтан да қазақ əдебиеті сынының бүгінгі таңында адамгершілік арға кіршік түсірмейтін адалдық ауадай мұқ-таждыққа айналып отыр. Əрине, белгілі бір шығарманы ба-ғалауда əрқилы түсінік-талғамдар айтылатынын ескерген уа-қытта, соның өзі есеп-шотсыз болғаны абзал.

Page 301: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

301

Қолдан жасалған осы кеселден басқа сынның өз дерті бар, соған ем іздеп, айла тапқан жөн.

Біраз уақыттан бері əдебиет сынының жай-күйін газет-журналдар оқтын-оқтын сөз етіп қоятын «дəстүр» туды. Сон-да үздіксіз қайталанатын, бірақ əлі емі табылмай отырған кемшіліктер бар, соны бүгін қайталамау күнə сияқты.

Көптеген сыншылардың дүниетанымы, жалпы мəдени дəрежесі, тіпті эстетикалық білігі биік деңгейден табыла бермейді. Бұл арада жоғары мектептің, кейбір реттерде ғылым кандидатының дипломы, КСРО Жазушылар одағы мүшесінің билеті шартты рөл атқаруы мүмкін. Маркстік-лениндік негізін жете білмей принципті пікір айтуға, жалпы мəдени дəрежең жоғары болмай – əділетті де терең сын жазуға, əдебиет əлеміндегі процестер мен құбылыстарды жыға түсінерліктей эстетикалық талғамың ұшталмай – көркем шығармаға білікті талдау жасау мүмкін емес. Осы қасиет табылмаған жерде сыншылдық ойдың жауапсыздығы туады. Шығарманың жанын түсінбей, жауапсыз пікір айту – сол автордың ар-ұятын былай қойғанда, бүкіл сынның беделін түсіруге апарып соқтырады. Шын партиялық принципті басшылыққа алудың орнына баяғы ру тартысындағы жаман əдетке бой ұрып жүргендердің бəрі де редакцияның тапсырысымен емес, автордың талабымен жазы-латын сындардың көрінуі де осыдан.

Сайып келгенде, көркем шығармаға байсалды, білікті пікір айтып, əдебиеттің ілгері басар қадамын жеделдеткісі келетін сыншылар ең əуелі өзінің «шаруашылығын» дұрыстап, эс-тетикалық талап-талғамды күшейте түссе, нұр үстіне нұр бо-лар еді.

Сын жанрының ілгері басар жолындағы қиындықтың бірі – сыншы мен сыналушының арасындағы қарым-қатынас, олар-дан туатын салдарлар.

Расын айту керек, сын жазған уақытта бізге жазушының дəрежесіне, тіпті мінез-қылығына қараушылық жиі кездесетін болып кетті. Мұның өзі сын жанрында жалтақтаушылықты, «осының арты неге апарып соғады» деушілікті тудырады. Соның салдарынан «сын объектісіне жатпайтындар кастасы» құралып келе жатыр.

Page 302: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

302

Кейбір ақын-жазушылардың принципті, жолдастық сын-ды дұрыс қабылдамауы, «айғай-шу» көтеруі, тасада тұрып домалақ арызбен сазайын тарттыруы, реті келгенде шайпау тілге ерік беруі, мұндай қысастыққа ұшыраған сыншыға тиісті көмек көрсетілмеуі – еріксіз жауырды жаба тоқуға апарады.

Мұндай көңілсіз көріністен арылмасақ, сынның айбыны мұқалып, оның кадры азая бермек. Оны соңғы жылдары анық байқап отырмыз. Даңғаза сынмен даңқы шыққан кейбір сын-шыларды айтпаған күнде, əдебиеттің осы жанрында тұрақты қызмет атқарамын деп белін бекем буып отырған үміткер да-рындар қазір некен-саяқ. Бұл барынша ойланарлық жайт.

Қазір сыншылар еңбегінің жариялануы Бұрынғыдан көш ілгері. Алайда əлі де болса сын еңбектерінің жарық көру мəселесінде қиындықтар аз емес, газет-журналда ақындық немесе жазушылық беті білінген жас таланттардың жолы сыншыларға жат па? Сыншылар əдебиеттің өгей бала-сы емес қой. Бұл мəселеге тек материалдық тұрғыдан ғана қарамай (өкінішке қарай, біздің түсінігімізде осы жағы басым), моральдық жағынан да көз салу керек.

«Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас» дейді ғой қазақ. Жазушылар одағы мен Баспасөз комитетіндегі жол-дастар Ғылым академиясы мен жоғары оқу орындарындағы əдебиетшілердің еңбегін «Жазушы» баспасынан шығаруға онша ықыласты емес. Дəлел мен сылтауларды қарша бората-ды, одан қалса, əкімшілік шараларын қолданады. Ал айналып келгенде, академиядағылар да, басқа мекемелерде жұмыс істеп жүргендер де «бір терінің пұшпағын» илеп жүргенін, бəрі де қазақ əдебиетінің мүддесін көздеп жүргенін ескермеске бола ма?!

Жалғыз «Жұлдыз» журналы мен барлық қоғамдық ғы-лымдардың жай-күйін білдіруге тиісті Академияның «Ха-баршысы» əдебиетшілер мен сыншылардың шығармашылық тілегін орындауға мұршасы жетпейді. Сондықтан Жазушы-лар одағы мен Əдебиет институты, Оқу министрлігі бірлесіп «Вопросы литературы» сияқты екі айда бір шығатын журнал ұйымдастырса, нұр үстіне нұр болатын еді.

Page 303: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

303

Онда республиканың эстетикалық-теориялық ой-пікірлеріне кең жол ашып, одақтық сахнаға шығуға үлкен қолғабысын тигізер еді.

Сынның беделді болуы көбіне газет, журнал редакциялары-ның ұқыпты жəне талғамды жұмыстарына байланысты. Олар сыншылармен тығыз қарым-қатынас жасап, əр сыншының шы-ғармашылық нысанасын, бетін, стилін танып, қай жанр жай-ында айтар ойы қомақты болатындығын айқындап ала білсе, «энциклопедияшыл» сыншылар мен жаны қиналмайтын жаз-ғыштар аяғын тартар еді.

Əйтпесе проза, драматургия, поэзия жанрларындағы жа-ңалықтар мен күнтізбедегі күндерді оңды-солды шарлай беретіндер көбейіп кетпесіне кім кепіл.

Қазір сыншыларды мамандандыру (специализация) мəсе-лесіне назар аударатын уақыт болды. Мүмкіндік бар. Жеке жазушының шығармашылығы, не бір жанр жөнінде байыпты да салмақты ой айта алатын сыншылар аз емес. Ал əдебиеттің бар мəселесін түгел қамтуға талаптанушылық пікірдің ұсақталуына, нəрсізденуіне апарып соқтырмай қоймады. Мұн-дай жағдайда редакциялардың ұстаған принципі дəйекті, тала-бы қатаң болуы шарт, қолға түскенді малдана беру – газет пен сынның беделіне зиян.

Қазақ əдебиеті сынының осындай жай-күйі оның одақтық көлемге шығуына тұсау салып отыр. Бірді-екілі автордың ма-қалаларын қанағат тұту қиын. Одақтық баспасөз бетінде үйдегі дау-дамайымызды айтпай, көп тілді, бір мақсатты əдебиеттің жалпы өрелі биігінен қарап баяндасақ, жетістігімізді көрсетсек, кемшілігімізді ашсақ қана жұрт назарын өзіне аударар еді. Əзірге ондай өрелі ой айтқан, біздің тəжірибемізге сүйене пікір өрбіткендер аз. Бұл реттен қырғыз бен əзірбайжан, татар сыншыларының ортақ ойларының молдығы қызықтырады.

Орталық газет-журналдар ұлт əдебиеттері туралы жазыла-тын мақалаларға құштар, зəру. Хат жазып та, арнаулы өкілін жіберіп те жатады. Біз күйбеңдеп, өзімізбен өзіміз боп, ең мықтағанда өкпемізді айтып, кейде өз өсегімізге одақтас та-уып, нақты іске мойнымыз жар бермей келе жатырмыз. Осы

Page 304: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

реттен «Қазақ əдебиеті» мен «Жұлдыздың» мұрындық бо-лар жөні де бар сияқты. Ол үшін əдебиеттердің он күндігі кезендегі тəжірибелерді қолдану керек. Бет алмасу, арнаулы нөмір шығару сияқты практиканы іскерлік мақсатпен пайда-ланса, қандай ғанибет. «Литературная газетаға» бет əлде нөмір даярлап беріп, өз əдебиетіміздің жай-күйін анда-санда баяндап отырсақ, сыншылдық ой ұйымдық арна табары хақ. Бұл шара-лар мақтанып қалудың орайы болмағаны абзал.

Сыншылар жасаған өскелең əдебиетіміздің жетістігі мен кемшілігін сарапқа салып, ағынан жарылып, əділетін айтып отырса, сонымен бірге ақын-жазушылардың өздері сынға жұмыла араласса, талап-талғамы өскен оқушы қауым өзінің ой-пікірін білдіріп отырса, жауынгер сынның айтысы күшейіп, айтары қомақталары айдан анық.

1970 ж.

Page 305: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

305

ƏДЕБИ СЫННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ

Əдеби сынның екі съезд аралығындағы жай-күйін əңгі-мелегенде КОКП Орталық Комитетінің «Əдеби-көркем сын туралы» тарихи қаулысының игі шапағатын айрықша атауы-мыз керек. Осы кезең ішінде болған, Бұдан кейінгі уақытта бо-латын жаңалықтардың бəрі де осы қаулыдан нəр алып, өркен жаятындығын ешқашан есімізден шығара алмаймыз.

Қаулыда аталған шығармашылық мəселелердің көбі қазір нақты практикалық шешімін таба бастады. Одақтық көлемде-гілерді айтпай-ақ, Қазақстанда қолға алынған, жүзеге асырыл-ған игі қадамдарды атап өтсек те жеткілікті.

Ең алдымен тарихи қаулының мəн-мағынасын қалың жұрт-шылыққа насихаттаған, əдеби қауымға ұқтыратындай дəрежеде өткен Жазушылар одағы басқармасының сынға арналған 1973 жылғы пленумын атаған жөн. Өйткені осы пленум шын мəнінде өрістеген көп ойға, толғақты мəселелерге, сыни пікірлерге арна тауып берді. Бүгінгі съезіміздің, онда жасалған баяндамалардың, сөйленген сөздердің бəрі де сыни ой-пікірді өрістетуге мүмкіндік ашары айдан-анық.

Əрине, сынның тындырылғанын пайызбен, тоннамен есеп-тей алмаймыз. Ондай құдірет уақыт таразысында ғана бар. Ал-айда тарихи қаулыны нақты іске асыру жолындағы ұйым-дастыру шараларын жинақтай айтсақ, «Жазушы» баспасы сын редакциясын ашып, оған оңаша отау тігіп берді. Демек, сыни еңбектерді жариялау ісі жоспарлы негізге қойылды, өзіне тиісті үлестен енді ол құр қалмайды деп білу керек.

Жыл сайын 15 баспа табақ көлемінде «Уақыт жəне қалам-гер» атты сын жинағы шығарылатын болды. Оның үш кітабы шықты.

Таяуда Жазушылар одағының сын секциясы олардың са-пасы, көркемдік əуселесі жайында жиын өткізіп, кем-кетігін талқыға салды. 1976 жылдан бастап Бұл дəстүрді одан əрі жалғастыра отырып, тақырыптық негізде жинақ шығару тəжірибесі қолға алынбақшы.

«Жұлдыз» журналы көлемінің үлкейтілуі, сөз жоқ, сынға пайдалы болмаса зиянды емес. «Жалын» альманағы мен

Page 306: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

306

«Лениншіл жас» газетінің жас күшке мұрындық болып, ақыл-кеңес қана емес, кейде ұтымды да өткір сындар жариялап оты-руы да қатты қуантады. Сын секциясының сыншылары есебін əрдайым тыңдап отыруы, əр дарынның өнерпаздық келбетін жолдастық пікір талқысынан өткізіп отыруы – құптарлық қадам.

КОКП Орталық Комитетінің қаулысында сыншы кадрларын даярлау мəселесіне айрықша назар аударылған болатын. Сол практикалық шараны университеттерде жүзеге асыру керектігі қазір əбден анықталды. Кеңес Одағы университеттерінің жаңа оқу жоспарында əрбір ұлт əдебиетіндегі сынның тарихы ар-наулы пəн болып өткізілетін болды. Наурыздың 17-19 күндері Москва университетінде əдебиет сыны тарихын оқыту жайын-да үш күндік семинар-кеңес болып, жас дарындарды дайын-дау мəселесіне айрықша назар аударылды. Сын саласына имен-бей баруға ыждаһат білдірген талапкер шəкірттерге арнайы семинар, яғни нақты тəжірибеге негізделген сабақ өткізу де ескерілді. Демек, сыншы кадрларын даярлаудың ұйымдастыру жағы тиянақты шешім тапты деуіміз керек.

Мен мұны айтқан уақытта өзімнің азды-көпті зерттеуле-рімнің өмір қажетіне жарап, оның өзекті арнасынан шыққанына қатты қуанып, медет етіп жүргенімді жасыра алмаймын. 1971 жылы «Қазақ əдебиет сынының туу жəне қалыптасу жолда-ры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғауым, оның алғашқы бөлімін «Сын сапары» деген атпен шығаруым қазір практикалық зəрулікті өтеуге жарап жатқаны – көп жылғы еңбектің еш болмағанына дəлел.

Екі съезд аралығында əдеби-көркем сынның алымы да, аумағы да кеңіді. Өнердің бар саласы сыни ой-пікірге азық берді. Театр сынында белсенділік байқалса, музыка сыны көбіне əн мəтіні деңгейінде əдебиетшілердің қатысуымен атой салып қояды. Бейнелеу өнері ара-тұра сөз боп қалса, архитек-тура мəселесі де анда-санда əңгімеленіп жатады. Ауыл-село мəдениетін көтеру, оның келбетін ажарлау, қолөнерін жандан-дыру, эстраданы гүлдендіру жайы да сыншылық ойға азық бо-луда.

Page 307: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

307

Əдеби шығармаларға ұнамды рецензия жазу, жаңа ізденістерді аңғару, көркемдік шеберлікті ұстарту мəселелері де бір-біріне үзеңгі қағыса газет-журнал беттерінен орын алуда. Мол да терең білік, биік талғам, ойлы да оюлы тілмен жазылған сын мақалалары аз кездеспейді. Əрине, Бұлар біздің өскен талабымызға толық жауап бере бермеуі де мүмкін. Алай-да мұндай процесті «көзіне іліп алғысы келмейтіндердің» ұрда-жық даңғаза сындардың күні өткенін ескере бермейді. Қазір сабырлы да салиқалы эстетикалық-социологиялық сын өріс алып, қанатын кеңге жайып келеді. Соған лайық сыншы-ғалымның, ғалым-сыншының келбеті қалыптасуда.

Екі съезд аралығындағы ұнамды құбылыстарды баса айт-қанда кемшілік атаулыдан ада болдық деген қорытынды шықпайтыны белгілі. Олар да аз емес. Əлі де болса сын-да эстетикалық тереңдік жетіспейді, ағынан жарылып əділін айтуға бара бермейтін кезіміз де жоқ емес. Ара-тұра сыншылық ойға тамыр-таныстық, көңіл жықпастық та араласып кетеді. Бұлар субъективизмнің жемісі.

Сынды ұйымдастыру саласында да ойланатын жайлар бар, əдеби-практикалық конференцияны, яғни əдеби жыл қорытындысын үлкен дайындықпен өткізу қажеттігінен əлі арыла қойғанымыз жоқ. Оқушы қауыммен жүзбе-жүз дидар-ласу, ақын-жазушы-сыншылардың бір-бірімен бетпе-бет кезде-суі, ағынан жарыла пікір толғаулары керек. Əйтпесе «Қазақ əдебиеті» хабарындағылардың бəрі сырт көзге үлкен мəжіліс, тындырылған іс болып көрінуі де мүмкін ғой.

Қазақ сыншыларының тəуір еңбектерін орыс тіліне аудару мəселесімен шындап шұғылдану қажеттігі айрықша сезілуде. Орталық газеттерге мақалалар ұйымдастырып, Мəскеу баспа-ларынан ұжымдық жинақ шығару жайын ойластырған да теріс болмас еді. Одақтық сында бірді-екілі есіммен көріну аздық жа-сап жүр. Сынның алымын молайтып, айтарын қомақтандырып, одақтық сахнаға шығаруымыз керек.

Сын – өнер, өнер болғанда өте қиын өнер. Белинскийден бас-тап бүгінгі белгілі сыншыларға дейін сыншы дарыны өте си-рек кездесетін талант екенін, сыншы болу ең қиын да жауап-ты əлеуметтік-эстетикалық міндет екенін, əрқашан ұстараның

Page 308: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

жүзіндей көпірмен жүруге тура келетіндігін айтып та, жазып та жүр. Көпшіліктің көңілін табу оңай емес жəне оған жаға қояйын деп жарбақтау – шын сынға жат қылық.

Сын – өнер, өнер болғанда оңайлықпен мойындала қоятын, жұрттың бəрі қол қоятын өнер емес, бар дарын-қуатыңды сарқа жұмсайтын, талас-тартыс, дау-дамайдың додасына түсіп, ой-пікір сайысында шыңдалатын өнер.

Луначарский айтқандай, қалың оқушы жұртшылықтың көркемөнер еліне жіберілген төтенше елшісі болу бақыты қолына қалам алып, бірді-екілі оқығанын мадақтай не даттай жазған адамға емес, тынымсыз ізденетін, жақсылықтың жар-шысы, кемшіліктің қас дұшпаны болып жүретін шын ержүрек дарындарға ғана қонады.

Шынын айту керек, сынның тауқыметі қанша ауыр болса да, тұзы жеңіл. Өйткені өмірде ойсыз адам болмайды, оқыға-нына, көргеніне, білгеніне өз танымын білдірмейтін жан бол-майды. Бірақ соны сын жанрымен шатастыратындар көп. Оны редакциядағылар да аңғара бермейді, қоя тұр дейін десе, қалтасында оқу бітірген не ғылым табалдырығын аттатқан ди-пломы барын аңғарып қалады. Əдебиеттің басқа жанры сияқты сынды да күнкөрістің қамына айналдырып, күріш арқылы су ішіп жүрген күрмектер аз емес. Өнер болған соң ондайдан ада болу қиын. Қалай болғанда да сынды өзінің өнерпаздық арнасы деп танығандар оның қиындығын жеңе, ауырлығын көтере жүріп өзінің азаматтық борышын атқара береді. КОКП ХХV съезінде Брежнев: «Нағыз талант иесі сирек кездеседі. Əдебиеттің немесе өнердің талантты шығармасы – Бұл ұлттық игілік» деп айтуы жалпы өнер адамдарына, оның ішінде сыншыларға жасықтан асылды, жарқырағаннан алтынды, шикі қордан ел қазынасын айыра білуді міндеттеп отыр. Осы талап үрдісінен шығудан зор абырой болуы мүмкін емес.

1973 ж.

Page 309: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

309

ҚАУЛЫНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛЫНДА

КОКП Орталық Комитетінің «Əдеби-көркем сын тура-лы» тарихи қаулысында атап көрсетілген шығармашылық мəселелердің көбі қазір нақты практикалық шешімін таба ба-стады. Одақтық көлемдегілерді айтпай-ақ, Қазақстанда қолға алынған, жүзеге асырылған игі қадамдарды атап өтсек те жеткілікті.

Ең алдымен тарихи қаулының мəн-мағынасын қалың жұртшылыққа насихаттаған, əдеби қауымға ұқтыратындай дəрежеде Жазушылар одағы басқармасының сынға арналған пленумы болды. Ол пленум өрістеген көп ойға, толғақты мəселелерге, сыни пікірлерге арна тауып, өнерпаздық белсен-ділікті күшейтуге мұрындық болды.

Қаулыны нақты іске асыру жолындағы шараларды əңгі-мелегенде «Жазушы» баспасы жанынан сын редакциясының ашылғанын айрықша атауымыз керек. Сын еңбектерін жария-лау ісі жоспарлы негізге қойыла бастады.

«Жұлдыз» журналы көлемінің үлкейтілуі, сөз жоқ, сынға пайдалы. «Қазақ əдебиеті», «Жалын» альманағы мен «Лениншіл жас» газеті шығармашылық іске араласып, ақыл-кеңес қана емес, кейде ұтымды да өткір сындар жариялап от-ыруы да қуантарлық жай. Жазушылар одағының сын секци-ясы сыншылар есебін əрдайым тыңдап, əр дарынның өнерін жолдастық пікір талқысынан өткізіп келеді.

Жыл сайын 15 баспа табақ көлемінде «Уақыт жəне қаламгер» атты сын жинағы шығарылып келеді. Оның үш кітабы шықты. Таяуда Жазушылар одағының сын секциясы олардың сапасы, көркемдік əуселесі жайында жиын өткізіп, кем-кетігін талқыға салды. «Қазақ əдебиеті» газетінің 10 қаңтардағы (1976) санын-да сол жиынның қорытындысы жарияланды.

КОКП Орталық Комитеті қаулысында сыншы кадрларын даярлау мəселесіне айрықша назар аударылған болатын. Сол практикалық шараны университеттерде жүзеге асыру керектігі қазір əбден анықталды. Кеңес Одағы университеттерінің жаңа оқу жоспарында əрбір ұлт əдебиетіндегі сынның тарихы арна-

Page 310: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

310

улы пəн болып өткізілетін болды. Демек, сыншы кадрларын даярлаудың, сын еңбектерін жариялаудың ұйымдастыру жағы тиянақты шешім тапты деуіміз керек.

Партияның əдеби-көркем сынды өркендету жолындағы қамқорлығын «Жазушы» баспасының 1974 жылғы өнімді басылымдарымен дəлелдеуге əбден болады. Мұхаметжан Қаратаев өзінің сын еңбектерінің үш томдық таңдамалысын шығарды. Бұл қазақ əдебиет сынындағы соны құбылыс, жеке жинақтан таңдамалы шығармаларға көшу – сынға деген ілтипаттың молдығын танытады. Əрине, біз үшін жаңа құбылыс болғанмен, өркені өскен орыс əдебиеті сияқты іргелі елдердің тəжірибесінде көптен бері қолданып, дəстүрге айналған жай екенін де айта кеткен орынды. Қалай болғанда да, 60 баспа табақ сын еңбегінің жариялануы – қуанарлық құбылыс.

«Жазушы» баспасының сын редакциясының ыждаһатымен талантты жас сыншы Сағат Əшімбаевтың «Сын мұраты», соңғы кезде сын саласында, əсіресе поэзия сынында өнімді пікір ай-тып жүрген Əбірəш Жəмішевтің «Биік мəртебе», сыншылық ой-пікірдің бүгінгі деңгейінен көрініп жүрген Төлеген Тоқбергеновтің «Тоғыз тарау», əдеби шығарманы эстетикалық таным-білік деңгейінде қарап жүрген философ Сонарбай Таңқаевтың «Өмір айнасы» атты жинақтары шыққанын атаған жөн. Бұлар бүгінгі əдеби процеске араласып, оның кем-кетігі мен жаңалығына барлау жасау талабынан құралақан емес.

1973 жылдан бастап шығып келе жатқан «Уақыт жəне қаламгер» жинағының екінші кітабы 18 автордың əрқилы тақырыпты əрқилы деңгейде əңгімелейтін мақаласынан құр-астырылған. Осындай құранды деңгейде ұжымдық жинақ қана емес, жеке автордың, атап айтқанда Сағынғали Сейітовтың «Тоғысқан толқындар» атты жинағы да жарық көрді. Бұл жинақтың күнтізбелік даталар мен онкүндік кездесулер кезінде жазылған дүниелерден құрастырылуы оған айқын шығармашылық бағыт бере алмаған. 1959 жылдан 1974 жылғы аралықта ертелі-кеш жарияланған мақалаларының қою-сұйығын араластыра топтай салыпты. Не ғалымдық, не сыншылық сипат анық байқалмайды.

Page 311: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

311

1974 жылы Серік Қирабаевтың «Сəкен Сейфуллин» атты монографиясы толықтырылып, түзетіліп, екінші рет жариялан-ды. Бұл да елерлік оқиға. Өйткені біздің тəжірибемізде сын-ғылыми еңбектердің, М.Қаратаевтан басқа, қайта жариялануы өте сирек кездесетін құбылыс. Ғылыми-зерттеу еңбектерінің жариялануына келгенде патриоттық ыждаһаты күшті Шəмшиябану Сəтбаеваның «Əдеби байланыстар» атты моно-графиясын қуана атаған жөн. Қазақ əдебиетінің Батыс Еуро-па жəне орыс əдебиеттерімен қарым-қатынасын білгірлікпен, оқымыстылық парасатпен кең қамтып, ойлы толғайды. Тың де-рек, қызықты жайлардың бетін ашады, ғылыми ізденудің соны үлгісін көрсетеді.

Осындай соны талап көп уақыт бойына шығармашылығы зерттелінбей, алыстан үркітіп келген Шəді ақынның шығар-машылығына арналған Немат Келімбетовтің шағын моногра-фиясынан анық байқалады. Бұрынғыша сырттан долбарлай салмай, əрбір өнер адамының артына қалдырған мұрасының қадір-қасиетін біліп айту, зерттеп айту жəне соның бəрінде маркстік-лениндік ілім тұрғысынан талдап айту керектігін осы шағын монография еске қатты салады да, осындай «жабу-лы» жатқан дарындардың шын сырын аңғарып алуды жүйелі жолға салу қажеттігін күн тəртібіне қояды. Солардың ішінде Ғұмар Қарашев, Мəшһүр Жүсіп Көпеев сияқты ірі дарындар-ды іріктей зерттеу қажет екені айқындала түседі.

Жоғарыда аталған шығармалар 1974 жылы шықты. Өте қуанарлық құбылыс, қарасақ көз ғана емес, көңіл толады. Көлем жағынан да, тақырып аумағы жағынан да қазақтың өскен əдеби сыны мен ғылымының қазіргі жай-күйінен хабар бергендей.

Ал енді 1975 жылдың өніміне келгенде əлгі қуанышымызға біреу суық су құйып жібергендей. Небары үш-ақ кітап шығыпты. «Уақыт жəне қаламгер» жинағының үшінші кітабы, қазақ очеркінің мəн-жайына жіті назар аударып жүрген Төлеубай Ыдырысовтың «Шабыт қайнары», əдебиеттің та-рихымен шұғылданушы Ханғали Сүйіншəлиевтің «Соны ізденістер» атты əр кезде жазылған мақалаларының жинақтары

Page 312: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

312

ғана шығыпты. 1975 жыл жоспарының осыншама жұтаң шы-ғуына дəлел табу қиын. Бұл жарияланған кітаптардың мəн-мағынасын былай қойғанда, сыни еңбектердің мұншама «ықшамдалып», бүгінгі əдеби таным-білік деңгейін аңғартатын дүниелердің жарық көрмеу фактісі қатты қынжылтады.

Егер кейінгі жылдардың жоспары да осындай деңгейде болса, онда сын редакциясын құрып, оны тек қайта шығатын шығармалармен ғана күнделікті норманы орындатып қоятын болсақ, одан еш мəн-мағына шықпайды. Сын мен əдебиеттану ол редакцияның ең негізгі объектісі болуы шарт. Оған тиісті листаж кесіп беріп, мəнді еңбектерді шығаратын редакцияға айналдыру қажет болмақ.

«Жазушы» баспасының 1974 жəне 1975 жылдары шығарған өнімдерінің əрқайсысына терең талдау жасамай, негізгі си-паттарын атап өткен уақытта осы жинақтарға ғана емес, бүкіл əдеби сынымыз бен ғылымымызға тəн жайлар жөніндегі ойла-рымды баяндай кетуді парыз санаймын. Жетістігіміз ешқайда қашпайды. Оны айтушылар, насихаттаушылар аз емес. Қаулы шыққаннан бері беті оңға Бұрылған сынның бойында əлі де болса талай кінəрат бар.

Əдеби-көркем сынның жауынгерлік айбыны мұқалып, айтарының Бұлдырлануы, əділет пен шындықтың бетіне кірбің түсуі, есеп-шот дегеннің əсемдік дүниесінің жоралғысына ай-налуы бүкілодақтық сыннан да, ұлт əдебиеттері сынынан да қылаң беріп, көзге түсіп, көптен бері əңгіме болып келе жатқан жай болса да, КОКП Орталық Комитетінің қаулысында айтылғандай дəл жəне қомақты көрсетілмегені айдан анық.

Өткенге салауат айта салу оңай, бірақ көп жылдан бойға сіңіп қалған əдет-дағды мен əрекет-машықтан құлан-таза ары-лып кету де қиын көрінеді.

Əдеби-көркем сын – ұжымдық ой-пікірдің жемісі. Бұл сала-да өзінің бар қуат-дарынын əдебиет игілігіне сарқа жұмсайтын ақын-жазушылар мен сыншылардың, сондай-ақ көркемөнерге жаны ашып, оның гүлдене өркендеуіне тілектес əдебиетшіл қауымның ұйымдаса күш жұмсауы қажет. Осы үш арнадан шыққан ақыл-ой, сын-пікірлер əдебиет теңізіне келіп құйыл-

Page 313: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

313

ғанда ғана сын жанры өркендейді, əдебиетке өзінің игі əсерін тигізеді.

Жалпы эстетикалық талап-талғамның өсіп-өркендеуі тұр-ғысынан алғанда қазақ əдебиет сынының өзіне тəн шыққан биігі де жоқ емес. Бірақ қарқынды дамудың алдыңғы легіне ілесе алмай, шабан қимылдап, алақолдылыққа салынып, сын семсерін кеш сермеп отырғанын ешкім жасыра алмаса ке-рек. Бұл жай əсіресе қазіргі кезде, яғни кəсіби сыншылар мен əдебиетшілердің үлкен жасағы қалыптасқан кезде кездескеніне қынжылмасқа болмайды.

Қазақ əдебиет сынының өркендеу тарихына көз салғанда, əдебиетті жасап, оның шығар биігінің мұратты межелерін меңзеп отырған ақын-жазушылардың өздері үлкен үлес қосқанын көреміз. Олар өздерінің қаламдас жора-жолдас-тарының шығармаларына пікір айтқан уақытта қара қылды қақ жаратын əділдік биігіне көтеріле бермегенімен де, əдебиеттің бүгінгі жай-күйіне, келешек дамуына қажетті ойларын ай-тып, эстетикалық пікірге өріс тауып беріп отырған. Үлгі-өнеге көрсеткен. Алынбай жатқан көркемдік қамалдарын нұсқап отырған.

Бұл жай əдебиетіміздің балаңдық, ержету шағында жиі кездеседі. Ал бүкілодақтық, дүниежүзілік көркемдік сах-насына аяқ басқан дəуірде ақын-жазушылардың айтар сөзі, көрсетер өнегесі азаюға тиіс пе? Егер «болдық-толдық» де-ген ой əлдекімнің көкейіне ұяласа, ең сыпайылап айтқанда, тоқмейілсу ғана болмақ. Ондай ой-ниет еш əдебиетті мұратқа жеткізген емес.

Қазақ əдебиеті өркендеуінің қазіргі жай-күйінде ойланарлық көріністер аз емес. «Ботагөз», «Оянған өлке», «Абай жолы» əлі күнге дейін көркемдік тұрғыдан көп шығармаларға асу бермей отырғанын айтсақ, ақын-жазушылардың бүгінгі əдеби процеске араласуы айрықша қажет. Оның жақсы бір үлгісі Ғ.Мүсіреповтың «Асқындырып алмайық» атты ағалық ескертуінің өзі соңғы кездегі сыншылық ойға едəуір екпін бітіргенін көреміз.

Алайда ақын-жазушылардың анда-санда жарияланған мақалаларында ағынан жарылып айтар сыни ой-пікірлері

Page 314: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

314

емеурінмен ғана аңғарылып, көңіл жықпас көп сөздермен көмескілене береді. Тиіп-қашып, орағыта соғып айтқан пікірдің көздеген нысанаға дəл тимесі айдан анық.

Ақын-жазушылардың жауынгер сынға аз араласуы, өзінің құрбы-құрдастарының шығармалары жайында толымды ой-пікір айтып отырмауы сын жанрының қанат жайып кетуіне салқынын тигізуде.

Бұл – мəселенің бір ғана жағы. Осы ымырашылдық пиғыл-дың салдарынан біздің əдебиетімізде «сын құрығын» мойны-на салдыртпайтын, ебін тауып өзін мақтап-мадақтататын ақын-жазушылар пайда болды. Бұл пиғыл көңіл-ниет деңгейімен шектеліп қана қоймай, ұйымдық əрекет-харакетке ұласып кет-кен кездері де жоқ емес. Жалпы əдебиеттің қамы емес, жеке бір ақын-жазушының жандайшабына айналып, сын беделіне нұқсан тигізіп жүргендер де кездеседі. Бұл пиғылдың соңғы кезде саябырлағаны əзірге тілге тиек болар шығарманың тумай жатқандығынан болса керек.

Расын айту керек, сын жазған уақытта жазушының дəре-жесіне, тіпті мінез-қылығына қараушылық жиі кездесіп жүр. Мұның өзі сын жанрында жалтақтаушылықты, «осының арты неге апарып соғады» деушілікті тудыруда.

Кейбір ақын-жазушылардың принципті, жолдастық сынды дұрыс қабылдамауы, айғай-шу көтеруі, тасада тұрып домалақ арызбен сазайын тарттыруы, реті келгенде шайпау тілге ерік беруі, мұндай қысастыққа ұшыраған сыншыға тиісті көмек көрсетілмей келуі əдебиеттің зиянына шығуда. Осындай жағ-дайда жібек орнына бөз жүріп, жалына қол арттырмайтын жа-зушылар көбейе бермесе, азаймайды. Ақын-жазушылардың өздері бүгінгі əдеби процеске белсене араласпаудан туа-тын ең бір сорақы көрініс осындай. Шын асылдың бағасы айқындалмай, жасық, боркемік шығармалар даңғой атаққа ие болып дабыралана насихатталса, əдебиеттің жалпы көркемдік сапасы төмендей түспек.

Қазір əдеби шығарманы қалың көпшілік көп оқиды. «Жұл-дыз» тиражының 200 мыңнан асуы Бұған нақты дəлел. Елдің мəдениеті көтерілгендігінің бір белгісі Бұл. Алайда оқушы

Page 315: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

315

жұртшылығы, əдебиетшіл қауым бүгінгі əдеби процеске бел-сене араласпай келеді. Баспасөз бетінде ағынан жарылып, шындықты айтатын оқушы ойы көріне бермейді, жариялан-байды. Оқығаны жөнінде оқушылардың өз ойын білдірмеуі мүмкін емес, бірақ солардың жазғандары еленбей қала береді-ау деген ойлар көлеңдейді.

Сонымен қатар əдебиет сынының өркендеуіне мəдениет-əлеумет қайраткерлерінің септігі тиюі де қажет. Олар ең болмағанда өзінің іс-ыңғайына байланысты көркем шығар-маларға пікір білдіріп отыруы мүлде сирексіп кетті. Соның ең соңғысы марқұм Ілияс Омаров болып қалмаса жарар еді дейтін үрейлі ойлар жан-жағыңды тұманша торлағандай бо-лады. Іс басындағы азаматтардың Жазушы одағында емес, əдеби шығармада не болып жатқанына жіті назар аударып, анда-санда оқып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Əрине, олардың білікті ойлары мен толымды пікірлеріне, сөз жоқ, əдебиет қауымы құлақ асары, нақты істе жүзеге асыруға тал-пынары сөзсіз. Əрине, шыққан кітаптарды түгел оқуға қазір ешкімнің де мұрсаты келмейді, солай болса да əдеби процестің жетекші тенденциясын аңғартатын дарын шығармаларына на-зар аудармаудың да жөні бола бермейді. Практицизм нақты істе болмаса, мəдениет саласында жалпылай қолдана беретін кри-терий емес.

Ақын-жазушылардың да, сондай-ақ əдебиетшіл əлеуметтің де сын пікірлерінің саябырлауының бір себебі, сөз жоқ, əде-биеттің өзінде. Анауымыз бар, мынауымыз бар, абырой-атаққа ие болып жатқан шығармаларымыз бар деген күннің өзінде қазіргі туындылардың көркемдік қасиеті биік деңгейден, қазақ кеңес əдебиеті тарихы көрмеген қуаныш биігінен көрініп жүрген жоқ. Бұл пікірде нигилистік сыңай да бар шығар. Бірақ шындық солай! Біздің классикалық шығармаларымызға иық тірестіретін туындыларды, олардың асуынан асып, көркемдік биігіне көтерілген шығармаларды əлі ешкім оқыған емес. Том-том болып жазылып, дара да қосақтала шығып жатқан кітаптар, шағын да дəмді туындылар, ойлы да өрнекті деп танылған, қалың көпшіліктен ілтипат көріп отырған шығармалар олар-

Page 316: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

316

ды жарық дүниеге əкелген авторлардың қолы жеткен өз биігі, қазақ əдебиетіне қосқан өз əшекейі ғана.

Осы тұрғыдан қарағанда қазақ əдебиетінің қазіргі даму процесінде екі түрлі сыңай байқалады. Барынша өндіре жа-зып, роман соңынан роман, повесть беріп жүрген автор-ларымыз алтынның жүйесіне түскен старательдер сияқты керекті-керексіз рудаларды сыртқа шығарумен, оның сапалық сипатының айрықша мəнді болуына ыждаһат салмай келе жатқандар да жоқ емес. Өнікті арна, өміршең тақырып тапқан авторлар өткен мен кеткеннің де, бүгінгі мен келешектің де құнарлы аңызына дəн сеуіп жүргендей-ақ сезінеді. Оны уақыт екшері айдан анық.

Ал енді бір жазушыларымыз аз болса да мəз болсын деген принципті ұстанамыз деп ұшқыр қаламдарын орынсыз тежеуде. Бір шығарманың өзін індете бермек. Міне, сондықтан əуелінде роман, повесть болып жарияланған туынды бірде пьесаға, бірде киносценарийге, бірде радио-теледидар Бұйымына, кейде опе-ра либреттосына, спектакльге айналып жатуы осыдан. Мұндай сыңай күшті насихатпен толысып, жаттаушы, жар салушы сыншыларға желік беруде. Ұзақ уақыт бойына бір автор бір сюжетті шығармадан арылмағандықтан, оның шығармашылық белсенділігі бəсеңдеп, жатса-тұрса ойлайтыны бір қазыққа байланып қалуда.

Сын əрқашан əдебиеттің шыққан биігін танып-білу, оны қалыптастыру, алынар қамалды бағдарлау мақсатын көздейтінін ескерсек, көбіне-көп əдеби процеске байланысты өркендейтінін ұмытпасақ, оның қазіргі жай-күйі өзінен-өзі айқындалмақ. Міне, осындай кезде толмаған Толстойлар мен тумаған Шекспирлерді насихаттау, дүниеге келтіру, еріксіз та-ныту процесі басталмақ. Қазір сақтанатын жайт осында болып отыр.

Сыншылар əдебиет мүддесі жөніндегі игі талаптан тайып, əр ақын-жазушының жазғанын мақтау не даттауға ден қойып кетсе, домалақ сын да, жəреуке сын да, ожар сын да көріне бер-мек. Мұны көріп те, оқып та жүрміз. Шынына келгенде, қазір сыншылар есеп-шотқа көп жүгініп, алақолдылыққа салынуда.

Page 317: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

317

Газет-журнал бетіндегі сынның авторы кім жəне қай шығарма туралы пікір айтып отырғаны аян болса, оның қалай жазыла-рын, не айтарын алдын ала біршама топшылауға болады. Бұл – сынды өсірмейтін кесел ғана емес, жалпы əдебиет дамуына кесапатын тигізетін жұқпалы дерт. Бұдан арылмай, шығарма шындығын айту, оның табиғатын тану, əділетті бағалау қиын.

Əдеби-көркем сынның мұндай жағдайға жетуінің субъектив-тік себептері де жоқ емес, жасыратыны жоқ, көптеген сын-шылардың дүниетанымы, жалпы мəдени дəрежесі, тіпті эстетикалық білігі биік деңгейден табыла бермейді. Шығар-маның жанын түсінбей пікір айту – сол автордың ар-ұятын былай қойғанда, бүкіл сынның беделін түсіруге апарып соқ-тырып жүр. Əділет жолын аттап, ағайындық, жолдастық көңіл-сыңайларға бой ұрып жүргендердің барлығы да, редак-цияның тапсырысымен емес, автордың талабымен жазылатын сындардың көрінуі де осыдан.

Сайып келгенде, мұндай қылық сын жазушының ар-ұж-дан тазалығын былай қойғанда, кəсіби білік-танымының жетіс-пеушілігімен көрініп, сынның беделіне нұқсан тигізеді.

Орталық Комитет өзінің қаулысында «əдеби-көркем сындағы кемшіліктер көп ретте маман кадрлардың жеткіліксіздігінен туып жүр» деп атап көрсетті. Сынды найзатүртер, қолпаштау ниетімен жазып жүретіндер бізде аз емес. Өнер болған соң он-дайлардан ада болу да қиын. Сонда да редакциялар тарапынан талапты күшейткен абзал. Аяғынан келгеннің бəрі жарық көре беруі жақсылыққа жеткізбейді.

Қазір сыншылар еңбегінің жариялануы Бұрынғыдан көшілгері. Алайда сыншылардың еңбегін шығаруға баспа орындары онша ықыласты емес. Дəлел мен сылтауларды қарша боратады, «тарих-ты қойып, бүгінгіні əкел» дегенді оңды-солды соғып, оған қарсы дəлел тапсаң, «Сендердің тираждарың аз, қып-қызыл шығынға батамыз», – деп маңына дарытпайды. Əлдеқалай сын еңбегі жос-парға енсе, «жақсылық жасап отырмыз, осыны ұмытпағайсың, сыйға – сый, сыраға – бал» деген сыңай танытып, сыншының мой-нына «қыл арқанды» байлап жібереді.

Page 318: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

318

Баспа төңірегіне, əдебиеттің əкімшілік жұмысына іліккен-дердің аяқастынан «классик» болып шыға келуінің бір себебі осыған да байланысты болып жүр.

Жалғыз «Жұлдыз» журналы мен барлық қоғамдық ғылым-дардың жай-күйін білдіруге тиісті Академияның «Хабар-шысы» əдебиетшілер мен сыншылардың шығармашылық тілегін орындауға мұршасы жетпейді. Сондықтан Жазушы-лар одағы мен Əдебиет институты, Оқу министрлігі бірлесіп «Вопросы литературы» сияқты екі-үш айда бір шығатын жур-нал не альманах ұйымдастырса, нұр үстіне нұр болар еді. Онда республиканың эстетикалық-теориялық ой-пікіріне кең жол ашылып, одақтық сахнаға шығуға үлкен қолғабысын тигізер еді.

Сынның беделді болуы көбіне газет, журнал редакция-ларының ұқыпты жəне талғамды жұмыстарына байланысты. Олар сыншылармен тығыз қарым-қатынас жасап, əр сыншының шығармашылық нысанасын, бетін, стилін танып, қай жанр жайында айтар ойы қомақты болатындығын айқындап ала білсе, «энциклопедист» сыншылар мен жаны-ары қиналмай жазатындар аяғын тартар еді. Əйтпесе проза, драматургия, поз-зия жанрларындағы жаңалықтар мен календарьлық даталарды оңды-солды шарлай беретіндер көбейіп кетпесіне кім кепіл.

Қазір сыншыларды мамандандыру (специализация) мəсе-лесіне назар аударатын уақыт жетті. Мүмкіндік бар. Жеке жазушының шығармашылығы, не белгілі бір жанр жөнінде байыпты да салмақты ой айта алатын сыншылар аз емес. Ал əдебиеттің бар мəселесін түгел қамтуға талаптанушылық пікірдің ұсақталуына, нəрсізденуіне апарып соқтырмай қой-майды. Мұндай жағдайда редакциялардың ұстаған прин-ципі дəйекті, талабы қатаң болуы шарт, қолға түскенді малдана беру – газет пен сынның беделіне зиян.

КОКП Орталық Комитеті «бірсыпыра газеттер мен жур-налдардың редакциясы мақалалардың идеялық-теориялық дəрежесіне үнемі жоғары талап қойып отырмайды» деп ашық айтып, үлкен міндеттер жүктеген ғой.

Қазақ əдебиеті сынының осындай жай-күйі оның одақтық сахнаға шығуына едəуір тұсау салып отыр. М.Қаратаевтың, Ш.Елеукеновтің анда-санда жарияланатын ұнамды мақала-

Page 319: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

ларымен шектеліп қалуға болмайды. Одақтық баспасөз бетінде өзіміздің шығармашылық жетістік-кемістігімізді кең-ес əдебиетінің өрелі биігінен қарап, ағынан жарыла пікір айтқанда ғана жұрт назарын аудара аламыз. Əзірге ондай өрелі ой біздің тəжірибемізде көрінбей келеді. Бұл реттен қырғыз бен əзірбайжан, татар сыншыларының ортақ ойларының молдығы қызықтырады.

Орталық газет-журналдар ұлт əдебиеттері туралы жа-зылатын мақалаларға құштар, зəру. Хат жазып та, арнаулы өкілін жіберіп те жатады. Мəскеу сыншылары арасында қазақ əдебиетінің достары аз емес. Алайда ол сыншылар əрқашан əдебиеттің шын жағдайын біліп, əділет жолымен пікір айтуы-на жағдай жасағанымыз жөн.

Сонымен қатар Бұл игі істі дəйекті жүзеге асыруда «Қаз-ақ əдебиеті» мен «Жұлдыздың» мұрындық болғаны дұрыс. Ол үшін əдебиеттердің апталығы, онкүндігі кезіндегі тəжіри-белерді қолдану керек. Бет алмасу, арнаулы нөмір шығару тəрізді практиканы іскерлік мақсатпен пайдаланса, қандай ғанибет. «Литературная газетаға» бет əлде нөмір даярлап беріп, өз əдебиетіміздің жай-күйін анда-санда баяндап отырсақ, сыншылдық ой ұйымдық арна табар еді. Мұндай шаралар мақтанып қалудың орайы болмағаны абзал.

Қазақтың əдеби-көркем сынында кездесіп отырған кем-кетіктерді айтқан уақытта қол жеткен табыстарымызды, өзінің ойлы да өрелі еңбектерімен қалың көпшіліктің ілтипатына іліккен сыншыларымызды салауат етіп отырғанымыз жоқ. Əдебиеттің ауыр жүгін көтеріп, суығына тоңып жүрген, мəде-ниетіміздің гүлдене беруіне өзінің бар қуат-дарынын жұм-сап жүрген əдебиетшілерді көтермелеу, қанаттандыру мəселесі Орталық Комитет қаулысында үлкен қамқорлықпен айтылған. Оның алғашқы игі қадамын көріп те отырмыз. М.Қаратаевтың республика сыйлығын алуы сыншыларға жігер бітіруде. Осын-дай шапағатты шараларды тиісті мекемелер жүйелі көзқарасқа, нақты бағытқа айналдырса, əдеби-көркем сын саласына қазір-де жалтақтай келіп жатқан жас дарындардың жасағы молай-ып, өрелі де білікті сыншылдық ой-пікір құнарлана түсер еді, дəстүр жалғаса берер еді.

1973 ж.

Page 320: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

320

«ЖҰЛДЫЗДЫҢ» СЫРЛАСУ КЛУБЫНА» ЖАУАП

1. Партияның қамқорлығы еш уақытта су аяғы құрдымға барып біткен емес. Əсіресе өнерпаздық өңірде жасалған ірі қадамдар сүбелі де ұлы шығармалармен халықты қуантып, кемеңгер партияның көздеген үрдісінен шығып отырғанына дəлел көп.

«Əдеби-көркем сын туралы» тарихи қаулының мəн-мағы-насын əбден ұққанмен, оның міндет-талаптарын түгелдей орындадық деу тым желпілдетілген сөз болмақ. Ондай жəреуке сөздің ешкімге пайдасы жоқ. Өйткені партияның көркемөнер саласындағы лениндік саясаты күнделікті науқаннан емес, жарқын келешектің тілек-мұратынан туады да, ұзақ жылдар мен мерзімдерге арналады. 1925 жылғы тарихи қаулы 1932 жылғы «Көркемөнер ұйымдарын қайта құру туралы» қарармен ұласып, күні бүгінге дейін шығармашылық дарындардың ынтымақ-бірлігіне, идеялық шыңдалу биіктеріне, бүкіл адам-зат алдында жаңа коммунистік мəдениеттің озық та өнегелі үлгілерін жасап, көркемдік дамуға ықпал етуге үндеп келе жат-са, сын туралы 1972 жылғы қаулы көркемдік дүниесінің ішіне еніп, оның сиқырлы сырларын ашу, өскелең өр талаптарға жа-уап беретін туындыны жаңа үлгі-өрнектермен жасау, ол үшін ілгерінді барлау, талғамды ізденіс, қарышты қадам жасау, кем-жетістіктердің тігісін жатқызбай, аяққа оралғы болаты-нын уақыт тезіне салып, нұрлы болашаққа бастау міндеттері жүктелген ғой сын майданының жауынгерлеріне.

5 жыл көп уақыт емес, алайда біздің алымды да өнімді дəуірімізде бірқыдыру іс тындырарлық мерзім. Əрине, На-бережные Челныда алып жүк машинасын жасау жөніндегі тұжырымды пікір партияның ХХІV съезінде айтылып, 1976 жылы 16 ақпанда, яғни ХХV съезд ашылардан бірнеше күн Бұрын «Батыр» аталған камаздардың өз «аяғымен» Қызыл алаңға келуі – кемелденген социализмнің бүгінгі тамаша мүмкіндігін танытатын ұлы факт. Ал өнер саласында да мұндай құбылыстар аңғарылғанымен, қолға ұстаған шығармаларымыз бар, өзімізге серік еткен кейіпкерлеріміз бар деу тым желпілдете айтылған пікір болар еді.

Page 321: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

321

Əдебиет тарихы əуелі сыннан басталып, содан кейін көр-кем шығармаға кенелген кезді ешкім білмейді. Пушкинсіз Белинский болмайтыны айдан анық. Əрине, қолына қалам ұстағандардың бəрі Пушкин, оны түсіне білгендердің бəрі Бе-линский деп ұғынсақ, олардың да қасиет-қадірі белгілі болмақ қой. Біріне-бірі байланысып, ықпал-əсер жасайтын диалекти-ка заңына бағынар болсақ, сабасына қарай піспегі бар екенін əрқашанда байқағандаймыз.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдебиетіндегі сынның тар-мақтана да салалана көрінуі əдебиетіміздегі ізденіске тікелей байланысты. Əрине, өзіміздегі жоқтарды, жетіспеушілікті басқа туысқан не əлем əдебиетіндегі тəжірибе-практикадан аңғарып, анауымыз жоқ, мынауымыз жетіспейді деп жар салу қажет те болар, бірақ шындықтан, барлықтан секіріп кетуге болмайды. Сыншы ойын қанаттандырып, кең жазира жайлауға бастайтын да немесе тығырыққа апарып тірейтін де өз əдебиетінің бүгінгі болмысы. Сол болмыстың жетіспегенін іздестіру, мол игілікке қол жеткізетін өрелі биіктерді меңзеу, аяққа оралғы болғандарға да, машыққа айналған штамптарға да қарсы күресіп, ілгерінді жағаға жол бастау – сынның негізгі арқауы. Осыған талпынған, кейбір ретте əдеби процеске демесін жасаған сынымыз бар.

Жасыратыны жоқ, 60-жылдардың бас кезінде догматизммен күресті желеу етіп жалған жаңашылдықтың жаршысы болғандар біздің арамызда да кездескен-ді. Бірақ олар уақыт тезіне шыда-май, тез оңды, қайсыбірі əдебиеттен аулақ жүргеннің өзі тыныш екенін түсінді, даурықпалы, даңғазалы айғаймен ешқайда ұзап бара алмайтынын анық сезді. Ожарлықпен омыраулағандардың оспадарлығын уақыт көтермеді, қолдамады. Тентек ой, шəлкес мінез, қаңқу сөз, уытсыз пікірлерді малданушылар мүлде азайды. Міне, Орталық Комитеттің «Əдеби-көркем сын тура-лы» қаулысының шипалы қасиеті осы деп білемін. Қазір сын-ды əдебиетке көлденең артылып қалудың амалы емес, нағыз өнер саласы, терлеп-тепшіп еңбек ететін өнерпаздық арна деп түсінушілер көбейді. Бір ұнамдысы – əдебиеттің табалдырығын аттауға талаптанған жастарда иба басым бола бастады. Бірден үлкен жанрдың шаужайынан алу, «атың шықпаса жер өрте»

Page 322: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

322

дегенді желеу етіп ағаларының жағасына жармасатын жаман əдеттен арылды, олар тындырған істі мансұқтамай, дамудың белгілі бір сатысы, игеру жолы, үйрену мектебі деп түсініп, өз үлесін шама-шарқына қарай қоспаққа талаптанған жа-стар көбейді. Бұлар – əдебиеттің көсегесін көгертетін жастар, біреулердің қолпаштауымен, демесінімен емес, өз дарынының қуатын күннен-күнге шыңдап келе жатқан өнерлі жастар.

КОКП Орталық Комитетінің «Əдеби-көркем сын туралы» тарихи қаулысында аталған шығармашылық мəселелердің көбі қазір нақты практикалық шешім таба бастады. Одақтық көлемдегілерді айтпай-ақ, Қазақстанда қолға алынған, жүзеге асырылған игі қадамдарды атап өтсек те жеткілікті.

Ең алдымен, тарихи қаулының мəн-мағынасын қалың жұртшылыққа насихаттаған, əдеби қауымға ұқтыратындай дəрежеде өткен Жазушылар одағы басқармасының сынға арналған пленумын атаған жөн. Өйткені осы пленум шын мəнінде өрістеген көп ойға, толғақты мəселелерге, сыни пікір-лерге арна тауып берді.

Əрине, сынның тындырғанын пайызбен, тоннамен есептей алмаймыз. Ондай құдірет уақыт таразысында ғана бар. Алай-да тарихи қаулыны нақты іске асыру жолындағы ұйымдастыру шараларын жинақтай айтсақ, «Жазушы» баспасы сын редакци-ясын ашып, оған оңаша отау тігіп берді. Демек, сыни еңбектерді жариялау ісі жоспарлы негізге қойылды, өзіне тиісті үлестен енді ол құр қалмайды. 1974 жылы 15 шақты ірілі-уақты кітап шығарса, оның ішінде М.Қаратаевтың таңдамалы еңбегінің 3 томдығы болса, алдағы 1977 жылы осы қарқын еселей түспек, көптеген тың да мəнді монографиялар мен жинақтарға кезікпекпіз.

Жыл сайын 15 баспа табақ көлемінде «Уақыт жəне қаламгер» атты сын жинағы шығарылатын болды. Оның үш кітабы шықты. 1975 жылы Жазушылар одағының сын сек-циясы олардың сапасы, көркемдік əуселесі жайында жиын өткізіп, кем-кетігін талқыға салды. 4 кітапты баспаға тапсыр-ды. 1976 жылдан бастап Бұл дəстүрді одан əрі жалғастыра от-ырып, тақырыптық негізде жинақ шығару тəжірибесі қолға алынбақшы.

Page 323: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

323

«Жұлдыз» журналы көлемінің үлкейтілуі, сөз жоқ, пайда-лы болмаса, зиянды емес. «Жалын» альманағы мен «Лениншіл жас» газетінің жас күшке мұрындық болып, ақыл-кеңес қана емес, кейде ұтымды да өткір сындар жариялап отыруы да қатты қуантады. Сын кеңесінің сыншылар есебін əрдайым тыңдап отыруы, əр дарынның өнерпаздық келбетін жолдастық пікір талқысынан өткізіп отыруы құптарлық қадам.

КОКП Орталық Комитеті қаулысында сыншы кадрларын даярлау мəселесіне айрықша назар аударылған болатын. Сол практикалық шараны университеттерде жүзеге асыру керектігі қазір əбден анықталды. Кеңес Одағы университеттерінің жаңа оқу жоспарында əрбір ұлт əдебиетіндегі сынның тарихы ар-наулы пəн болып өткізілетін болды. Бұған қоса 1976 жылдың 17–19 наурыз күндері Москва университетінде əдебиет сыны тарихын оқыту жайында үш күндік семинар-кеңес болып, жас дарындарды дайындау мəселесіне айрықша назар ау-дарды. Сын саласына именбей баруға ыждаһат білдірген та-лапкер шəкірттерге арнайы семинар, яғни нақты тəжірибеге негізделген сабақ өткізу де ескерілді. Демек, сыншы кадрла-рын даярлаудың ұйымдастыру жағы тиянақты шешім тапты деуіміз керек.

Мен мұны айтқан уақытта өзімнің азды-көпті зерттеуле-рімнің өмір қажетіне жарап, оның өзекті арнасынан шыққанына қатты қуанып, іштей медет етіп жүргенімді жасыра алман. 1971 жылы «Қазақ əдебиет сынының туу жəне қалыптасу жолда-ры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғауым, оның алғашқы бөлімін «Сын сапары» деген атпен шығаруым қазір практикалық зəрулікті өтеуге жарап жатқаны – көп жылғы еңбектің еш болмағанына дəлел.

«Жалғыз қаздың даусы шықпайтыны» белгілі ғой. Жас ғалым Дандай Ысқақов 30-жылдардағы əдеби сын жайында кандидаттық диссертация қорғады. Зерделі талапкер Лұқпан Асылов 20-жылдардағы сынның жай-күйін үңіле зерттеп жүрсе, əдеби жұртшылыққа əбден танылып, өзінің алғашқы сын жинағын жариялаған Сағат Əшімбаев қазіргі əдеби сынның эстетикалық өресі жөнінде қатты толғанып жүр.

Page 324: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

324

Сынды зерттеу, насихаттау ісі М.Қаратаев, Р.Бердібаев, Х.Əдібаев, С.Қирабаев, тағы басқа кексе сыншылардың еңбектерімен шектелмей, жас дарындардың, əсіресе З.Серікқа-лиев, Абылғазы Нағыметов, Аян Нысаналин, Жұмаш Сомжүреков, Бақыт Сарбалаев, Ұзақбай Досмағамбетов, Бақытжан Майтанов, Болатжан Əбілқасымов, Жанғара Дəдебаев, Баянғали Əлімжанов сияқты қаламы ұшқыр, эстети-калық талап-талғамы жетілген жастардың албырт сезімді мақалаларыменен көріктеніп жатқанын айта кеткен орынды.

Осы соны есімдер əдебиетімізге бір топ талапкер дарындардың келгендігін, келіп жатқандығын аңғартып қана қоймайды, сонымен бірге сынның өзі нақты іс ауқымына тар-тылып, жан-жақты зерттеліп жатқанын көрсетеді. Демек, Орталық Комитет қаулысында аталған мəнді бір мəселенің нақты шешімі осылай табылып жатыр.

Сонымен қатар сыншы еңбегін қадірлеу жағында да та-бысымыз бар. Республиканың сыншылар жасағының ағасы М.Қаратаевтың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лау-реаты болуы айрықша қуанарлық құбылыс болуының үстіне осы саладағы дарындарға еселі күш-жігер бітіруде.

Сын мен əдебиеттанудың туындысы «Жазушыдан» басқа «Мектеп», «Ғылым», «Қазақстан» баспаларынан да жарияла-нып тұрады. Қазір жазатындар да, басатындар да баршылық. Олардың идеалық бағыт-бағдары күмəн тудырмағанмен, эсте-тикалық дəрежесі, ғылыми өрісі əлі де болса көздеген биіктен шыға алмай жатқан сəттері де жоқ емес.

Қазір əдеби-көркем сынның алымы да, аумағы да кеңіді. Өнердің бар саласы сыни ой-пікірге азық беруде. Театр сы-нында белсенділік байқалса, музыка сыны көбіне əн мəтіні деңгейінде əдебиетшілердің қатысуымен атой салып қояды. Бейнелеу өнері ара-тұра сөз боп қалса, архитектура мəселесі де анда-санда əңгімеленіп жатады. Ауыл-село мəдениетін көтеру, оның келбетін ажарлау, қолөнерін жандандыру, эстраданы гүлдендіру жайында сыншылық ойға азық болуда.

Əдеби шығармаларға ұнамды рецензия жазу, жаңа ізденіс-терді аңғару, көркемдікті, шеберлікті ұстарту мəселелері де бір-

Page 325: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

325

біріне үзеңгі қағыса газет-журнал беттерінен орын алуда. Мол да терең білік, биік талғам, ойлы да оюлы тілмен жазылған сын мақалалары аз кездеспейді. Əрине, Бұлар біздің өскен талабымызға толық жауап бере бермеуі де мүмкін. Алайда мұндай процесті «көзіне іліп алғысы келмейтіндер» ұрда-жық даңғаза сындардың күні өткенін ескере бермейді. Қазір сабыр-лы да салиқалы эстетикалық-социологиялық сын өріс алып, қанатын кеңге жайып келеді. Соған лайық сыншы-ғалымның, ғалым-сыншының келбеті қалыптасуда.

Сындағы ұнамды құбылыстарды баса айтқанда кемшілік атаулыдан ада болдық деген қорытынды шықпайтыны белгілі. Олар да аз емес. Əлі де болса сында эстетикалық тереңдік жетіспейді, ағынан жарылып əділін айтуға бара бермейтін кезіміз де жоқ емес. Ара-тұра сыншылық ойға тамыр-таныстық, көңілжықпастық та араласып кетеді. Бұлар субъективизмнің жемісі.

Сынды ұйымдастыру саласында да ойланатын жайлар бар. Əдеби-практикалық конференция, яғни əдеби жыл қоры-тындысын үлкен дайындықпен өткізу қажеттілігінен əлі ары-ла қойғанымыз жоқ. Оқушы қауыммен жүзбе-жүз дидарласу, ақын-жазушы-сыншылардың бір-бірімен бетпе-бет кездесуі, ағынан жарыла пікір толғаулары керек. Əйтпесе «Қазақ əде-биеті» хабарындағылардың бəрі сырт көзге үлкен мəжіліс, тындырылған іс боп көрінуі де мүмкін ғой.

Қазақ сыншыларының тəуір еңбектерін орыс тіліне аудару мəселесімен шындап шұғылдану қажеттігі айрықша сезілуде. Орталық газеттерге мақалалар ұйымдастырып, Мəскеу баспа-ларынан ұжымдық жинақ шығару жайын ойластырған да теріс болмас еді. Одақтық сында бірді-екілі есіммен көріну аздық жасайтыны белгілі. Сынның алымын молайтып, айтарын қомақтандырып, одақтық сахнаға шығаруымыз керек.

Сын – өнер, өнер болғанда өте қиын өнер. Белинскийден ба-стап бүгінгі белгілі сыншыларға дейін сыншы дарыны өте си-рек кездесетін талант екенін, сыншы болу ең қиын да жауап-ты əлеуметтік-эстетикалық міндет екенін, əрқашан ұстараның жүзіндей көпірмен жүруге тура келетіндігін айтып та, жазып

Page 326: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

326

та жатыр. Көпшіліктің көңілін табу оңай емес, жəне оған жаға қояйын деп жарбақтау – шын сынға жат қылық. Сын – өнер, өнер болғанда оңайлықпен мойындала қоятын, жұрттың бəрі қол қоятын өнер емес, бар дарын-қуатыңды сарқа жұмсайтын, талас-тартыс, дау-дамайдың додасына түсіп, ой-пікір сай-ысында шыңдалатын өнер. Луначарский айтқандай, қалың оқушы жұртшылықтың көркемөнер еліне жіберілген төтенше елшісі болу бақыты қолына қалам алып, бірді-екілі оқығанын мадақтай не даттай жазған адамға емес, тынымсыз ізденетін, жақсылықтың жаршысы, кемшіліктің қас дұшпаны болып жүретін шын ержүрек дарындарға ғана қонады.

Шынын айту керек, сынның тауқыметі қанша ауыр бол-са да, тұзы жеңіл. Өйткені өмірде ойсыз адам болмайды, оқығанына, көргеніне, білгеніне өз танымын білдірмейтін жан болмайды. Бірақ соны сын жанрымен шатастыратындар көп. Оны редакциядағылар да аңғара бермейді, қоя тұр дейін десе, қалтасында оқу бітірген не ғылым табалдырығын аттатқан ди-пломы барын аңғарып қалады. Əдебиеттің басқа жанры сияқты сынды да күнкөрістің қамына айналдырып, күріш арқылы су ішіп жүрген күрмектер аз емес. Өнер болған соң ондайдан ада болу да қиын. Қалай болғанда да сынды өзінің өнерпаздық арнасы деп танығандар оның қиындығын жеңе, ауырлығын көтере жүріп, өзінің азаматтық борышын атқара береді. КОКП ХХV съезінде Л.И.Брежнев: «Нағыз талант иесі сирек кездеседі. Əдебиеттің немесе өнердің талантты шығармасы – Бұл ұлттық игілік» деп айтуы жалпы өнер адамдарына, оның ішінде сыншыларға жасықтан асылды, жарқырағаннан алтын-ды, шын ел қазынасын айыра білуді міндеттеп отыр. Осы талап үрдісімен шығудан зор абырой болуы мүмкін емес.

2. Əлеуметтік күрес мəселелері тұрғысынан сын жазу, партиялық позицияға берік болу жайын жеке-дара бөліп алып əңгімелеуге болмайды. Өйткені сыншылық ойдың өзегі де, жаны да осы өңірден тармақтануы тиіс. Бұл біздің міндет-парызымыз ғана емес, бүкіл дүниетанымымыздың негізі.

Бұл салада сақтандырарлық бір ғана мəселе бар. Сын жасағына араласып жүргендердің ішінде партиялық позиция,

Page 327: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

327

стиль, бағыт дегенді əрқашан дуылдата айтса ғана əлеуметтік мəн-мағына пайда болады деп түсінетіндер жоқ емес. Олар əрбір құбылыстың таптық сипатын бадырайта айтуды талап етеді. Мұның арғы жағында тұрпайы социологизм тұрғанын олар аңғара бермейді. Осының шет сілемі тарихи тақырыпқа жазылған шығармалардың төңірегінде айтылып, жазылған ой-пікірлерден қылаң беріп қалғаны да жоқ емес. Əрине, қазір мұндай тəсілдер қысыр мақсатқа жеткізе бермейді, ондай сындардың күні өткен.

3. Көркемдік шеберлікті жетілдіру, жаңалыққа бастау са-ласында бізде үндеулер аз емес. «Қазақ əдебиеті» газеті та-лай уақыттан бері шеберлік мəселесіне үлкенді-кішілі мақала-ларды жариялап келеді. Осыны «Жұлдыздың» өзі де оңтайлы əңгімелеуге бет алды деп білемін. 1976 жылғы бір санда ав-торы белгісіз он өлеңді көптеген сыншы, ғалымдарға беріп, əрқайсысының ой-пікірін білу өте қызықты құбылыс болды. Осының түп-негізі шеберлікті ұштау мəселесімен сабақтасып жатты. Жаңашылдық мəселесі айғаймен, даурықпамен шешілмейді. «Біз жаңалық ашайық деп жатырмыз, біздің жазғандарымыз түгелдей жаңаша» деп өрекпитіндер аз кез-деспейді. «Батыр болған адам бақырып болмайды» ғой. Өкінішке қарай, жас дарындар арасынан Бұртиып жүретіндер де, даурығып жүретіндер де аз да болса кездесіп жата-ды. Осы жайында 60-жылдардың орта шенінде жазылған М.Қаратаевтың «Жаңалық па, жаңа былық па?» атты жалын-ды мақаласын еске түсіре кеткен орынды деп білемін. Өйткені ожарлықпен өрекпігендерге бірқыдыру тосқауыл қойып, əдеби процесті, əсіресе поэзиядағы жай-күйді жөндеп алуға, өнімді арнаға бастауға септігін тигізіп еді. Осындай бола қоймағанымен, тарихи тақырыпты маркстік-лениндік арна-мен игеру, шеберлік шыңдау жайында толымды ойларымен көрінген Ш.Елеукеновтың «Тарих жəне көркемдік шындық» атты мақаласын атап өткен жөн.

4. Сынның қанаттануы ең алдымен əдебиеттің дамуына, өнімді ізденістер жасауына байланысты. Қалам ұстағандардың ішінде өзі тындырған іс жайында «арық сөйлеп, семіз шыға-

Page 328: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

328

тындар» некен-саяқ кездеседі ғой. Олардың арасында өз шы-ғармасының тарихтағы орнын жарық дүниеге келген сəтінен бастап анықтап беруді талап ететіндері де жоқ емес. Солар-ша пайымдасақ, сын бүгінгі əдеби процестен кешеуілдеп қалғандай болып көрінеді.

Шындығына келгенде, шын сын, өміршең сын шын мəнін-дегі көркем туынды төңірегінде атой салады. Оны дұрыс айту, дəл танумен қатар кереғар пікірлер де болып жатуы ғажап емес. Оқушылар да, жұртшылық та Бұл шығарма жай-ында «қызыл кеңірдек» болып жатуы мүмкін. Оны қорыту, түйіндеу үшін уақыт керек. Бұған дəлелді алыстан іздеудің қажеттігі жоқ. Мəселен, «Ботагөз» романы шыққанда азғана сыншыларымыздың өзі қақ жарылған болатын. Оқушылар жазушыға əр кезде 7653 хат жазыпты. Тап осындай оқиға «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде де болды. Тіпті кейбіреулер өзінің қысыр ойларына саяси астар бере жазғаны да тарихқа белгілі. Осындайдың кейбір шет сілемі І.Есенберлиннің тари-хи трилогиясының маңынан əлі ұзап кете қоймағанын байқап жүрміз.

Көркемдік шеберлікті ұстарту мəселесі шығарманың əлеу-меттік мəн-мағынасымен сабақтасып жатқанда ғана өнімді бо-ларын жадымыздан шығармаған жөн.

Сынды кешеуілдетпеудің үлкен бір амалы – жазушы-оқу-шы-сыншы одағын нығайту. Өйткені əдеби-көркем сын – ұжымдық ойдың жемісі. Бұл салада өзінің бар қуат-дарынын əдебиет игілігіне сарқа жұмсайтын ақын-жазушылар мен сыншылардың, сондай-ақ көркемөнерге жаны ашып, оның гүлдене өркендеуіне тілектес əдебиетшіл қауымның ұдықтаса күш жұмсауы қажет. Осы үш арнадан шыққан ақыл-ой, сын пікірлер əдебиет теңізіне келіп құйылғанда ғана сын жанры өркендеп, əдебиетке ықпал жасайды. Осы үш арнаның одағы нығайған сайын сын пəрменді де дəйекті бола бермек.

5. Əрине, бүгінгі күн тақырыбын игеру, замандасымыздың образын жасау – əдебиеттің ең негізгі даму бағыты. Бұл төңі-ректе сын дабылы аз емес, бірақ дəйектілік жетісе бермейді. Үндеуден арғыға бара алмай келеміз.

Page 329: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

329

6. Бұл өте орынды, негізінен дұрыс қойылған сауал. «Сын жастарға жəрдем қолын созды ма?» дегенге ауыз толты-рып айтарлық дəлелдерді келтіре алмаймыз ғой деймін. Жа-стар өздерін өздері тəрбиелеп, насихаттап жатқаны бір-біріне жазылған ұнамды рецензиялардан көрінеді. Ара-тұра жалпы шолуларда, көлемді мақалаларда аттарын атап, жүз жолға си-ятын шоп-шолақ рецензияларда көрініп қана жүр. Тек ұнамды жағы ғана əңгімеленіп, жас дарынның жазу мəнері мен аяқ алысы көлеңкеде қалып келе жатыр.

Əдебиеттің келешегін тəрбиелеу, дарынды қаламгерлерге рухани-материалдық жəрдем көрсету, заманымыздың тала-бын түсініп, замандасымыздың сырын білетін, оны көркем сөзбен қастерлейтін талаптарға қамқорлық жасау – партиялық талаптың негізі, өзегі. Осы сауалдарға жауап жазу кезінде жастардың өнеріне айрықша мəн берген КОКП Орталық Коми-тетінің «Шығармашылық жастармен жұмыс істеу туралы» та-маша қаулысы 1976 жылы 21 қазанда жарияланып, жарқын да нұрлы келешекті гүлдендіру қалпына кіріскені қандай ғанибет. «Жастар – біздің болашағымыз» деген қағиданы нақты шара-лар, пəрменді қадамдар, қамқоршы шапағаттармен жанданды-рып отыр.

Сынды тек қана сынау құралы деп түсіну қателік. Сынның ең əуелгі жəне негізгі міндеті – əдемілікті, сұлулықты, жарастықты, парасаттылықты, көркемдікті қастерлеу, жақсыға қуану, жаман-ға қамығу, гүлденер өнерге қолғабысын тигізу, теріс жолдан сақтандырып, оңға бастау, бағыт-бағдар сілтеу. Ертеден-кешке дейін мінегіш, кем-кетікті ғана көргіш, айыптағыш сөздер айту шын сынға жат қылық. Партияның сыннан талап етіп отырған айбындылығының өзі көркемдікті қастерлеу арнасынан табы-луға тиіс. Қазіргі уақытта даурықпалы ұрда-жық сынның ең аяғы құрдымға кетуі замана талабының үлкендігіне, бүгінгі жұртшылықтың өскен эстетикалық таным-білігіне, жоғары мəдениетіне тікелей байланысты.

Əрине, жастар шығармашылығына назар аударған уақытта оларды орынсыз мадақтау тенденциясынан аулақ болып, шын өнерпазды қамқоршы ой-пікірге зарықтырмағанымыз

Page 330: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

абзал. Бір кезде Сайын Мұратбековтің аяқ алысы жайын-да көпке дейін шешіле қоймағанымыз сияқты қазір Оралхан Бөкеев өнерпаздығына жан-жақты талдау жасалмай келе жа-тыр. Өзіндік қолтаңбасы, беті бар дарындардың бəріне де замананың зор эстетикалық талабы тұрғысынан пікір айтып, бір өңірге бастап отырар сынға сараңдық болмағаны абырой.

7. Бұл сұрақ алдағы сауалмен іштей байланысып жатыр. Жас-тарды сын зəрулігіне ұшырату аға, орта буын сыншылардың ғана кінəсі деуден аулақпын. Ал сында белсенділік көрсетіп жүрген дарындарды дараламай, жалпылай айтқанда, əлі де болса бізде айбындылық жетіспейтін сияқты. Қайсыбіріміз көңілжықпастық ниетпен тек ұнамды құбылысты ғана көр-іп, оған қатысы барды да, жоқты да санатқа қоса береміз. Қайсыбір сыншылар бірде тарыла, бірде жайыла пікір айту-ды ұната жүріп, болмашыдан өзі додаланып қалған жайы да байқалды. Сынға ғылыми тереңдік береміз деп академизмнің шырмауынан шыға алмай жүргендеріміз де жоқ емес. Ал енді кейбіреулер универсализмнен қол үзген жоқ. Осының өзі бізде маманданудың жетіспеушілігінен емес пе екен деген ойды сабақтайды. Қара қылды қақ жарып, «тура биде туған жоқ» дейтін сындар əлі де болса жетіспей жатыр, жора-жолдастық, ағайын-туыстық, есеп-шот араласып кеткен ой-пікірлер де кездеспейді емес. Олардан құлан-таза ада болу оңай емес, сон-да да осы бес жылдың ішінде ұнамсыз қылықтардың біразын салауат еттік. Партия қамқорлығының арқасында сынның жауынгерлігі артып, беті оңға Бұрылды. Енді эстетикалық талдаушылардың тереңдігі мен дəйектілігіне айрықша назар аударып, сынның жауапты айбындылығын арттыра беру шарт.

1974 ж.

Page 331: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

331

ОРТАҚ ТАРИХ ҚУАНЫШЫ

«Көп ұлтты кеңес əдебиетінің тарихы» – əлем əдебиетінде тұңғыш рет жарық көріп отырған монументальды ғылыми-эстетикалық еңбек. Əр бағытта, əртүрлі стильде, дəстүрде жасалған, өзінің даму жолы іштей зерттеліп, белгілі бір жүйеге түскен əдебиеттерді топтастырған тарих кітаптарын кездестіріп жүрміз. Ондай тарихтар континент бойынша да, аймақ бойынша да, тілдер туыстығы негізінде де жасалып жүр. Мұндай тарихтардың көпшілік жағдайда идеялық-эстетикалық өзегі əр тарапқа тарап жатады. Бір əдебиет көркемдік дамудың алғашқы кезеңін өткізіп, өзінің арсеналын енді ғана байыта ба-стаса, екінші бір əдебиет өзінің өнерпаздық бағытын айқындап, əлеуметтік зор мəнге ие болуы не болмаса қоғамдық тіршіліктің жағдаятына қарай «өнер – өнер үшін» дейтін тенденцияға бой алдырып, «түршілдікті», «жаңашылдықты» бетке перде етіп, құлдырау дəуірін басынан өткізіп жатуы мүмкін. Мұндай жай көбіне əдебиет тарихын континент ыңғайына қарай жасаған кезде жиі кездеседі.

Ал Қазан революциясының ұлы идеясынан нəр алып, бір мақсатта дамыған алуан тілді əдебиет тарихын қалай жасау керек деген ірі проблема алғаш рет қолға алынып, бүгін оған тиісті жауап та беріліп отыр.

Осы еңбекті жазысқан көп авторлардың бірі болғандықтан, оның бойындағы жақсы да тартымды, сондай-ақ ескеретін жайларды айтып жатудың орны бола қоймас деген оймен, үлкен де абыройлы, сонымен қатар жауапты да қиын істің алғашқы сəтін, яғни бірінші томның қалай жазылғанын, қазақ əдебиетшілеріне қатысты болған тұсын баяндаған жөн ғой деймін.

Көп тілді, бір мақсатты кеңес əдебиетінің тарихын жасау саяси қажеттілік пен практикалық зəруліктен туды. Ғылыми қауым 50-жылдардың аяқ шенінен бастап кеңес əдебиетінің тарихын жасау мəселесін үлкен əңгіменің ауқымына айнал-дырып, 60-жылдардың бас кезінде нақты қолға алды. Өйткені бұл кезеңде туысқан ұлт əдебиеті тарихтарының очерктері

Page 332: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

332

жазылып, қалың көпшілікке таралған-ды. Ол очерктерде екі түрлі методологиялық əдістер қолданылды. Орыс, украин əде-биеттерінің даму тарихын жалпы шолумен шектеді. Талай тама-ша ой, соны пікір, тың салалар баяндалғанымен, əдебиетке үлес қосқан дарындардың ерен тұлғасы көп ішіне араласып кетіп, анық байқалмай қалды. Шолу деңгейінде жарқыратып көрсету тілек екені айқын сезілді. Олардың мұндай тəжірибесі көздеген нысанаға дөп тие қоймағанын іштей сезген əдебиетшілер шолу жəне монографиялық портрет жасау принципіне ойысты. КСРО Ғылым академиясының А.М.Горький атындағы Əлем əдебиеті институты мен Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институты бірлесе отырып, 1960 жылы «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркін» шығардық. Əрбір шолу тарауынан кейін шығармашылығының мəніне, əдебиетке қосқан үлесіне қарай ұлы дарындарға монографиялық портреттер берілді. Яғни «Қазақ кеңес əдебиетінің қалыптасуы» деген жалпы та-раудан кейін Сəкен Сейфуллиннің, «Социализм құрылысының қарқынды өрлеу жылдарындағы қазақ əдебиетінің дамуы» (1930-1941) деген тараудан соң Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтің, «Соғыс жылдарындағы əдебиет» атты шолуға Жамбыл Жабаевтың монографиялық портреттері берілді. Ал соғыстан кейінгі əдеби даму жанр бойынша баяндалып, М.Əуезов жазған «КСРО халықтар əдебиетінің дамуы» тара-уынан кейін С.Мұқанов, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Ə.Тəжібаев, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Қ.Аман-жолов шығармашылықтарына тиісінше орын берілді де, əдеби өмір шежіресі қосақталды.

Біз осы принципті кейін алты кітаптан тұратын «Қазақ əдебиеті тарихының» үштомдығында жетілдіре қолдандық. Осы принцип одақтық ғылыми қауымынан да, баспасөз бетінен де қолдау тауып, ұнамды пікірлерге өзек болды. Басқа одақтас республикалар əдебиетшілері де (өзбек, қырғыз, эстон, латыш, якут, т.б.) осы принципті басшылыққа алды. Демек, көп тілді, алуан ұлтты кеңес əдебиеті тарихын жазуға кірісерде алдын ала осындай «барлаулар» жасалды да, енді «Ұлы қорғанның» өзіне шабуыл жасалды. Орталық штаб – А.М.Горький атындағы Əлем

Page 333: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

333

əдебиеті институты əр том бойынша редакциялық алқа құрып, оның жауапты редакторларын белгіледі.

Не нəрсенің болса да басталуы қиын. Ол сəтті болып, өнімді өріс тапса кейінгілерге оңай болмақ, өйткені жалғызаяқ соқпақ даңғылға айналады да, алдағының артық-кемі бірден адаспау үшін есепке алынады. Міне, сондықтан да одақ əдебиетшілерінің еңбір өнімді де өнегелі қаламгері Леонид Иванович Тимофеев басшылық еткен бірінші томның ред-коллегиясы (Л.Н.Арутюнов, В.Д.Жгенти, Л.Н.Новиченко, Я.М.Строчков) талай мəжіліс өткізді. Ұлт əдебиеті институт-тарының басшылары мен бөлім меңгерушілерінде тыным бол-мады, Мəскеумен екі арада «сабылды да жүрді». 37 инсти-туттың ғылыми күші бірінші томға кіретін 23 əдебиеттің 20-жылдардағы даму ерекшеліктерін баяндауға жұмылдырды.

Əлі де сабасына түсе қоймаған қоғамдық өмір əртүрлі көр-кемдік дəрежеде Қазан төңкерісінің ұлы толқынына ілігіп, өз тарихының жаңа бетін аша бастаған əдебиеттер идеялық-шығармашылық ынтымақ, əдеби мұра мен дəстүр мəселелері жайындағы қиян-кескі ой таластары, соны талпыныс, үрдіс қимылдар жасалып жатқан дəуірді саралай қою сырт қараған адамға ғана оңай жұмыс. Біз Е.Ысмайылов, М.Дүйсенов үшеуіміз қазақ кеңес əдебиетінің 20-жылдардағы дамуын өз əдебиетіміздің тарихына бағыштай жазған кезде-ақ оның батпандай зілін, бел қайыстырар қиындығын сезгенбіз. Та-лай мазасыз күндер мен түндерді былай қойғанда, идеялық-шығармашылық мəселелердің ғылыми шешімін табудың қияметін көргенбіз. Енді міне, соны одақтық биіктен толғау қажеттігі туды. Туған əдебиеттің өзіндік келбетін, көркемдік өресін көрсету міндеті жүктелді.

Марқұм Е.Ысмайылов бірінші том редколлегиясының бір мəжілісінен көңілсіз оралды. Əр əдебиеттің 20-жылдардағы дамуына жарты баспа табақ көлем, яғни 8-9 беттік орын беріледі. «Құрғақ аңдатпадан аса алмайтын болдық қой» деп қамыққанын көрген адамдар əлі ұмыта қоймаған шығар.

Үшеуіміз кеңес əдебиеті бөлімінде оңаша əңгімелескенде тағы да бір тың мəселе бой көрсетті. Бұрынғы жазғандары-

Page 334: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

334

мыздың ізіне түсіп кетпеу үшін мұны орыс тілінде бірден баяндаған абзал, біреуге аудартқаннан ештеңе өнбейді, əрқай-сысымыз өзімізше орысша жазып келейік, бір-бірімізбен ақылдаспайық, пікірлеспейік. Қомақты ой болса оны балта-мен шауып, балғамен тоқпақтай отырып та жеткізуге болады, қырнап-сырнауын кейін көріп алармыз деп келістік. Бір айдан кейін жазып келгендерімізді ортаға салдық.

– Сен орысшаға бізден гөрі жүйріктеу екенсің, сенің вари-антыңды біздің ойларымызбен толықтырайық. Мыналар-ды қосып ал да, жарты айдан кейін осы арада тағы кездесе-йік, – деп Есағаң ой түйіп, бар міндетті менің иығыма аудара салғандай болды.

Дайындап əкелдім. Өздері де талай ойды толғатып жүрген қаламдастарым жазып əкелгенімді ұнатпай, ана жері, мына жері дегендей ескертпені көбейтіп жіберді.

– Дұрыс екен, енді осыны редакциялау, түзету сіздердің еншілеріңізге тиеді, – дедім. Екі жұмада тағы да кездесетін бол-дық. Əрі тартып, бері тартып жүргенде төрт ай өтіп кетіпті. Мəскеуден редколлегияның мəжілісіне шақырған хабар жеткен соң, мен сапарға дайындалдым. Томның ең алғашқы нақты жұмыс мəжілісінде О.Н.Михайлов жазған «Орыс əдебиеті» мен біздің «Қазақ əдебиеті» тараулары талқыға түсетін болып, күні Бұрын редколлегия мүшелеріне, əр институттан келген адамдарға тараты-лып берілді. 10 минут мөлшерінде түсіндірме, толықтырма айтуға О.Михайлов пен екеумізге уақыт берілді.

Грузин əдебиетінің үлкен білгірі Бесо Жгенти, латыш əдебиетшісі Э.Сокол, тəжік əдебиетшісі əрі зерттеушісі З.Ос-манова, əзірбайжан ғалымы М.Дадашзаде, тағы басқалар «Қазақ əдебиеті» тарауы жөнінде ұнамды пікір айтты. Мəжілісте айтылған ойларды жинақтай келіп Леонид Иванович Тимофе-ев орыс əдебиетіне арналған тарауды мейлінше ықшамдап, 3 баспатабақтан асырмауға, ал қазақ əдебиетінің 20-жылдардағы даму-өркендеу жылының қиындығы мен қызықтығына жəне көркемдік сапасының биік деңгейде екені ескеріліп 2 бас-па табақ көлемінде орын беріліп, əсіресе көркемдік əдістің орнығуы, романтизмнің əралуан көрінісі, сыншыл реализм

Page 335: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

335

дəстүрінің сілемдері, жаңа адам образын жасаудағы өнімді ізденістері тарамдала баяндалсын деп ойын қорытты.

Мұндай беделді қолдауға кезіккен біз енді əдебиетіміздің осы кезеңдерін 70 бет көлемінде баяндадық. Оны оқып, үстінен қарап бермек болып марқұм М.С.Сильченко қолжазбаны 5 ай ұстады. Москвада редакциядан өткеннен кейін тарауымыз қайтадан шұнтиып шыға келді. Еміс-еміс əңгімеге қарағанда сатқын боп кеткен Синявский қарасты-мыс деген жайсыз хабар жетті. Анық-қанығын біліп, мүмкіндігі болса қалпына келтіру мақсатымен Қара теңізден 1967 жылы қайтып келе жатқанда Москваға соғып, томның редакторы Л.И.Тимофеевпен ар-найы сөйлестім. Мен тарауды əлі қараған жоқпын, осында қазақ əдебиетін білетін маманымыз бар жəне жауапты хатшы-мыз Я.М.Строчковпен сөйлесіңіз», – деді. Қасқыр тартқандай жұлымданған қолжазбаны таптырып алып, 45-беттен асыр-маңыз деген соң 15 шақты күн Москвада аялдадым. «Көп ұлтты кеңес əдебиеті тарихында» 1970 жылы жарияланған күйге келтірдім.

Оны қайтадан толықтыру кезінде томның жауапты хатшы-сы Я.М.Строчковпен бірге отырып жұмыс істедім. Сондағы бір жайт күні бүгінге дейін достық ниеттің дəнекеріндей болғанына осы күнге шейін қатты қуанамын.

Қазақ кеңес əдебиетінің өкілдері жиырмасыншы жыл-дары жаңа адам образын жасау жолында үрдіс те үлгілі ізденістер жасады ғой. Соның ең бір əсемі де, сұңғақтысы да, оқушы жұртшылықтың көңіліне ұялағаны да – Б.Майлин жасаған Мырқымбай ғой. Соған арналған тұстарды қайтадан толықтырып бергенімде Яков Матвеевич қайран қалды.

«Сендердің əдебиеттерің кезінде өте қызық шығармаларға ие болған екен-ау. Сендердің Мырқымбайларың біздің орыс поэзиясында 30-жылдары А.Твардовскийдің Дед Даниилы арқылы көрініп еді. Тамаша екен!» – деп таңдайын қақты. Том 1970 жылы кітап болып басылып шыққанша Я.М.Строчковпен хат арқылы хабарласып, тиісті тапсырмаларды орындап, толықтырмалар жіберіп тұрдық. Сонда Яков Матвеевич өзінің ресми-достық хатын «Аманбысың, Мырқымбай достым» деп

Page 336: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

бастап, тиісті тапсырмаларды жазады да, аяғын «орыстың Дед Даниилінен дұғай-дұғай сəлем» деп аяқтайды. Күні бүгінге дейін хат-хабарымыз осы ретпен созылып келеді.

Мен Бұл жайларды баяндағанда көрініп қалудың амалын қарастырып отырған жоқпын. 1963 жылы басталып, 1970 жылы белгілі тиянаққа келген, біршама уақытқа созылған бірінші томның ұзақ толғақпен, зор еңбекпен туғанын, қаншама маза-сыз күндер мен айлардың болғанын, монументальды еңбектің оп-оңай дүниеге келе салмайтынын аңғартқым келді.

Қай кітап болса да киімшең туа салмайды. Ал тарих кітап-тары барынша мұқияттықты талап етіп, ақыл-парасат пен күш-жігерді аямай жұмсауды тілейді.

Көп ұлтты кеңес əдебиетінің тарихын жазысуға қазақ əде-биетшілерінен Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, Х.Əдібаев, З.Ахметов, М.Сильченко, Ə.Тəжібаев, С.Ордалиев қатысты. Əдеби шежірені Ə.Нарымбетов құрастырды.

Бүкіл одақ əдебиетшілерінің ынтымақ-бірлігі, шығармашы-лық күш-жігері арқасында адамзат тарихында тұңғыш рет алу-ан тілді, бір мақсатты əдебиеттің тарихы жасалды. Əрине, мұндағы шолу-портреттердің қиюы бірден табылған жоқ жəне олардың бойында еш кем-кетік жоқ деген пікірден аулақпыз. Оның біраз жайы басқалардан гөрі іштей араласқан, тауқыметін көтеріскендерге аян. Қалай дегенмен алып Отанның əр қиырында лүпілдеп соққан жүректің адал сөзі тарихтың ша-райнасына түсіп, халыққа жетіп отыр. Оны тарамдата зерттеу де, аймақтық, ұлттық көркемдік танымның мəселесін айқындау да, оқушы жұртшылыққа ықшамды да оңтайлы «тарихи» кітап беру де күн тəртібінен түспейтін зəру мəселелер.

Əр кезең, əр дəуір өзінің талабын қойып, нақты шешімін іздейді. Көп тілді кеңес əдебиетінің тарихы енді Бұдан былай методологиялық əдіс-амалдардың жетісе толысуына сай жаса-ла берері, толыға берері хақ. Өйткені алғашқы тəжірибе сəтті де қайырлы болып, əлемге өнеге шашып отыр.

1977 ж.

Page 337: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

337

ХАМЗА ЖҮСІПБЕКОВ

Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендетіп, іргелі елге айналдыру жолында аянбай-талмай еңбек еткен қоғам қайраткерлерінің бірі – Хамза Жүсіпбеков.

1900 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданында ке-дей шаруаның отбасында дүниеге келген Хамза 1916 жылы Сəкеннің Бұғылы болысында ашқан мектебінде тəлім-тəрбие алады. Ақмоладағы ашылған «Жас қазақ» атты төңкерісшіл жастар ұйымының жұмысына белсене араласып, Омбы қаласына оқуға аттанғаны С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінен» белгілі. Омбыда ол күрес мектебінен өтіп, 1920 жылы коммунистік партияның мүшелігіне алынады.

1920 жылдың наурызынан қараша айына дейін РКП(б) Омбы губерниялық бюросының нұсқаушысы, 1921 жылдан 1922 жылдың желтоқсанына шейін РКП(б) Көкшетау уездік бюросының мұсылман секциясының хатшысы жəне уездік са-яси бюросының əскери істері жөніндегі өкілінің көмекшісі бо-лып қызмет атқарады. 1922–1924 жылдары РКП(б) Ақмола губерниялық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1925 жылы БКП(б) Бөкей губкомының жауапты хатшысы, 1927 жылы БКП(б) өлкелік бақылау комиссиясының жауапты хат-шысы қызметін атқарды.

1930–1932 жылдары Москва қаласында Марксизм курсын-да оқып келгеннен кейін Өлкелік партия комитетінің көлік жөніндегі хатшысы болып сайланды.

1933–1936 жылдары Казақстан кəсіпшілер одақтары ке-ңесінің председателі, Қазақ АССР-ның Заң жəне Халық шаруашылығы Комиссариатының комиссары болды. Біраз уақыт Қазақтың ғылыми-зерттеу институтында марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуға белсене қатысып, 1937 жылы Қазақтың көркем-əдебиет баспасының директоры қызметін атқарып жүргенде жазықсыз жалаға душар болды. БКП(б) ХVІІ съезінің жəне кəсіподақ съездерінің делегаты болды. 1927, 1932, 1935–1930 жылдары Өлкелік партия комитеті бюросының мүшесі жəне Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болды.

Page 338: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

338

Хамза Жүсіпбеков осындай үлкен əлеуметтік қызмет атқа-рып жүрген уақытта өзінің публицистік, сыншылық қаламын құрғатпай жазып отырғанын айрықша атауымыз керек. Хамза публицистік еңбекке 1925 жылдан былай ден қойып, «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан», «Советская степь», «Қазақ əдебиеті» газетіне, «Қызыл Қазақстан», «Жаңа əдебиет», «Əдебиет майданы» журналдарына талай шығармалары мен мақалаларын жариялады. Хамза Жүсіпбековтің «Əйелдер ең-бегі жайынан» (1926) жəне «Шағым бюросы туралы не білу керек» (1927) деген кітапшаларында күнделікті тұрмысқа қажетті ақыл-нұсқау айтылса, «БКП(б) Өлкелік комитетінің ІІ пленумының қорытындысы» деген кітапшасында партияның жүргізіп отырған саясаты, оны жүзеге асырудың жөн-жобасы баяндалды.

1928 жылы «Қарсақпай» атты публицистикалық шығар-масы жарық көріп, Қазақстанның түсті металл орталығы болған өңірдің арғы-бергі тарихы қызықты баяндалып, оның жарқын болашағы суреттелді. Бұл шығарма Хамза қаламының əбден ұшталып, үлкен ой мен қорытынды түйіндерді қоғам қайраткеріне тəн парасатпен пайымдауға құлашының кең жететіндігін танытты.

«Жаңа əдебиет» журналында жарияланған «Тұрба» əңгімесі өзінің ажарлы тіл бояуымен көрінгенін айта кеткен орынды.

Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне алғаш аударған Хамза Жүсіпбеков екенін айтсақ, оның көркемдік дарынының шама-шарқын айқын байқаймыз.

Хамза Жүсіпбеков – əдебиет сынында да қалам жебеп, өз ой-ын ортаға салып отырған дарын. Оның «Пролетарлық өзара сын күшейтілсін», «Байдың толғағы», «Сəкен жəне сəкеншілдік ту-ралы», «Əдебиет майданындағы мақсаттарымыз», «Маркс–Ле-нин теориясының туы жоғары ұсталсын», «Сəкен – қазақ кеңес əдебиетінің негізін салушы» сияқты көптеген мақалаларында жаңа əдебиетті өркендету жайында шұрайлы да қомақты ой айта біліп, өзінің эстетикалық талап-талғамының биік өреден табылатындығын танытты.

Page 339: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Қоғамдық-əлеуметтік ірі істерге араласып жүріп сөйлеген сөздерінде, жазған публицистикалық шығармалары мен мақалаларында Хамза Жүсіпбеков өзінің партиялық пози-циясын бекем сақтап, В.И.Ленин идеясын жүзеге асыруға, социализмнің салтанат құруына бар қуат-дарынымен белсене атсалысқан айбынды қайраткер екенін айқын таныта білді.

1967 ж.

Page 340: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

340

СЫН МЕН ҒЫЛЫМ САРДАРЫ

Əдебиет сыны мен ғылымындағы жарық жұлдыздардың, уақыт өткен сайын өр тұлғасы сомдала беретін дарындардың бірі – Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов. Өйткені оның бар өмірі мен өнерпаздығы қазақ əдебиет сыны мен əдебиеттану ғылымының өсіп-өркендеу, қалыптасу арнасында өтті. Жау-ынгер сыншы, парасатты ғалым Е.Ысмайылов əдебиет пен өнер мəселелеріне түгелдей араласып, өзінің сүбелі ойы мен пікірлерін айтып отырды. Дəуір жүктеген талап-тілектерді абыроймен атқара жүріп Е.Ысмайылов қазақ ғылымына зор үлес қосты, əдебиеттанудың керегесін көтеріп, шаңырағын биіктетті. Өзінің орасан еңбекшілдігімен ел жүрегінен, тарих бетінен орын алды.

ҚазПИ-дің əдебиет факультетін 1934 жылы бітіргеннен кейін «Қазақстан коммунисі» журналының жауапты хатшы-сы, редакциялық алқаның мүшесі бола жүріп 1939 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалына ауысып, бірыңғай ғылыми зерттеумен шұғылдануға мүмкіндік алған. Аға ғылыми қызметкер, сектор бастығы, институт директоры, бөлім меңгерушісі болған Е.Ысмайылов қазақтың филоло-гия ғылымы мен оның арнаулы мекемелерін ұйымдастыруға көп үлес қосып, қазақ əдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тіпті бірегейі болды. Е.Ысмайылов əдебиетке 30-жылдардың бас кезінде келді. «Он жылдағы олжа» мен «Алыптар» атты кітаптарға жазған рецензиялары «Еңбекші қазақ» газетінде, ал «Балалардың көркем əдебиеті – коммунистік тəрбиенің құралы» деген мақаласы «Пионер» журналында 1931 жылы жарияланып, қазақ əдебиеті сы-нына жаңа дарын именбей келе жатқанын аңғартты. 1934 жылы КСРО Журналистер одағы мүшелігіне қабылданған дарын «Тұлпар жыры», «Жігер жыры» мен «Жаз еркесі» атты үш өлеңдер жинағын шығарды. Бүкіл пионерлердің əніне айналған «Күн күлімдетіп, біз лагерьге барайық» өлеңінің авторы Е.Ысмайылов екенін қазір біреу біледі, біреу білмейді. Өз сөзімен айтсақ, «поэзиядағы азды-көпті

Page 341: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

341

шəкірттік тəжірибенің өзі сынға, əдебиеттануға келер жол-дарды кеңейтіп жібергендей болған».

Абайдың ұлы жаңалығының мəн-маңызын айқындауға, қазақ өлеңінің дəстүрлі нақыштарын өзгертіп, бірнеше жаңа түр жасағандығын ғылыми тұрғыдан дəлелдеуге, үлгі-өнеге алудың арнасы етіп көрсетуге 1934 жылы арнайы мақала жазғаннан кейін Е.Ысмайылов өзінің шын таланты сын мен əдебиеттану саласында екенін анық сезеді. Əдебиетке келіп жатқан шығармаларды жауынгер сынның елегінен өткізе оты-рып, Е.Ысмайылов орта жəне жоғары оқу орындары үшін қазақ əдебиеті оқулығы мен хрестоматияларын жасауға белсене ара-ласты. Кезең талаптары Е.Ысмайыловқа қазақ əдебиеттану ғылымының қазықтарын қаққызды.

Қазақ кеңес əдебиетін жасаушылардың екінші буынымен үзеңгі қағыса келген Е.Ысмайылов көркем шығарманың ішкі сырына терең бойлап, жетістігіне қуана, кемшілігіне қатты нали пікір айтудан тартынған емес. Əдебиетті өрге өрлетуді көздеген өрелі мақсат тек шындықты айтқызып отырды. Шығарма шындығы мен шеберлік мəселелері сыншыны талай авторлар-мен алакөз де етті. Бұдан сыншының өз басынан гөрі əдебиетке түскен олжа əлдеқайда мол. Сондықтан да оның принципті сын еңбектері əлеумет назарын өзіне аударып, мезгілінде əділ бағасын алып отырды. Дəуір талабын жыға түсініп, оның шын сырын ашу сыншы парызы екенін түсінген Е.Ысмайыловтың отызыншы жылдардың ортасында «Əдебиеттегі форма-лизм мен натурализмге қарсы», «Əдебиеттегі натурализм» атты мақалалар жазған кезде шығармашылық беті əбден айқындалды. Шынында да, жас сыншы Бұл мақалаларында формализм мен натурализмнің туу себептерін аша келіп, оның қазақ əдебиетіндегі көріністерін атап-атап көрсетті. Сəкен, Тайыр, Əбділда өлеңдеріндегі формализмнің, Бейімбет, Сəбит т.б. прозалық шығармаларындағы натурализмнің көріністерін дəл тауып, сендіре сынады. Əдебиетіміздің өркендеуіне үлес қосып отырған дарындарды жалған жасандылықтан сақтандырып, көркемдік шеберліктің арналарын меңзеді, өмірді шын мəнінде бейнелеудің айқын жолын, айла-амалын эстетикалық сауаттылықпен нақтылай көрсетті.

Page 342: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

342

Қазақ əдебиетінің 30-жылдардағы ірі табыстарының бірі – роман жанрының қалыптасып игерілуінде, халық өмірін кең түрде бейнелеудегі стильдік ізденулерде С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» романы ұнамды үлгі көрсетіп, көркемдік шеберлікті игерудегі ірі жеңістердің бірі ретінде этап-ты шығармаға айналғаны бəрімізге белгілі. Осы түбегейлі тұжырымды алғаш айтқан жəне «романда тарихи өмір бейнесі кең, көп салалы өрісте көрінгенін», барынша көркем, асқан шеберлікпен жазылғанын баяндаған Е.Ысмайылов болды.

1944 жылы жазушылар мен ғалымдардың жиналысында Е.Ысмайылов «Абай» жəне роман туралы» деген тақырыпта баяндама жасады.

Бұл ұлы шығарманың қадір-қасиетін анықтауға бағытталған алғашқы қадам еді. Сыншы алдымен жалпы романның қазақ əдебиетіндегі орнын анықтап, тарихи романдардың жа-зылу ерекшелігіне, алғышарттарына тоқталып, реализм принпиптеріне негізделген шығарманың қадір-қасиетін атап көрсетті. М.Əуезовтің жазушылық диапазонының, қамтыған объектісінің кеңдігін, оны оқушыға жеткізу үшін талай шеберлік амалдарын іздегенін ашып берді. Абай мен Құнанбай образын əңгімелегенде олардың арасындағы тартыстың үлкен əлеуметтік мəні бар екенін дəлелдеді.

Жазушының əке мен бала қарым-қатынасын диалектикалық тұрғыдан шешуі – Бұрын-соңды қазақ əдебиетінде болмаған құбылыс екенін атап көрсетті. Романның қазақ əдебиетіне əкеле жатқан ұлы абыройының алғашқы нышандарын сыншы дұрыс аңғарып, оны жетілдіре түсуге қажетті деген сыни ойла-рын айтудан да тартынбады.

Жеке рецензиялармен қатар проблемалы мақалаларды көп жазған Е.Ысмайылов əрқашанда бүгінгі əдебиетіміздің даму бағытына, əрбір дарынның шығармашылық кемелдену шағына, өнерпаздық ерекшеліктердің əдебиетімізге əкелген сонылығына қарай ой толғап отырған.

Сыншының негізгі бағытын, эстетикалық қалыптасқан көзқарасын айқындайтын мақалаларды, қазақ əдебиетінің табиғатын жыға танытатын нəрлі еңбектерді əр кезеңде

Page 343: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

343

өндірте жазып отырғаны мəлім. «Еңбек адамдарын бейне-леу мəселесі», «Көркемөнердің терең тамыры», «Қазіргі əде-биеттану мəселелері», «Қазақ əдебиетінің халық поэзиясы-мен байланысы», «Халық өмірінің энциклопедиясы» сияқты сүбелі де қомақты еңбектерінде қазақ сыны мен əдебиеттану ғылымын өркендетуге қажетті шарттарды анық көрсетіп, даму жөн-жобасының жүйелі арнасын дөп меңзеді.

Е.Ысмайыловтың сыншылық қаламының бір ерекшелі-гі – əдеби даму процесін жалпылай əңгімелегенде əрбір ақын-жазушының шығармашылық тұлғасын көппен бірге аралас-тырып алмай, ол əкелген жаңалықты, өнікті тəжірибені таңба-лай, айшықтап көрсетсе, ал жеке ақын-жазушының шығармашы-лығына талдау жасағанда оның өзіне тəн қасиеттерінің жал-пы əдеби дамуға қалай жанасып, толықтырып жатқандығын аңғартып отыруы дер ем. Сондықтан жалпының жалқыдан, жалқының жалпыдан даралана көрінуіне айрықша зер сала білген сыншы пікіріне қаламгерлер əрқашан құлақ қойып отырды. Мұның өзі сыншылық ойдың базары болуына жағдай жасап, жау-ынгер жанрды дамыта түсуге əрқашан мұрындық болды.

Қазақ ақындарының шығармашылығы туралы Е.Ысмайы-ловтың арнайы мақала жазбағаны аз. Оның ішінде жаңа əдеби-етіміздің негізін қалаған Сəкен, қазақ поэзиясының шоқтығын бір көтеріп тастаған Ілиястан бастап кейінгі толқын Еркеш Ибраһимге шейін Есмағамбет қаламының жанға жайлы жылы лебізін де, сонымен қатар кем-кетікті оттай тіліп өтетін жалын-ды сындарын да естіген, оқыған болатын. Көркемдік шеберлік мəселесі əрқашан ағынан жарыла, қара қылды қақ жара айту-ды тілейді. Шындықты ардақтаған Е.Ысмайыловтың ащы да жанашыр ой-пікірінің қадір-құрметі сын майданында айрықша базарлы болды. Мұны қазақтың ұлы ақыны Əбділда Тəжібаев «Үлкен досы өлең-жырдың» деген естелігінде ағынан жа-рылып: «Біз Есмағамбет Ысмайыловтың тіршіліктегі жолын ұғатындай, оған іштей сүйсініп қадірлейтінбіз. Бірақ оны көзіне айта бермейтінбіз. Ардагер азамат, талмайтын ғалым, тарихымыздан өзіндік үлкен орын алған, жұртын сүй-ген үлкен жүректердің бірі екенін айта алған емеспіз. Жыл-

Page 344: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

344

дар өтсе де бізден алыстамайтын, жаңа мезгіл жас қауымнан қашықтамайтын ғажайып жанның жарқын бейнесін, жанды тұлғасын еңбектерінен көреміз. Соған қуанамыз» – деген бо-латын.

Сыншы еңбегінің қадірі жарияланған сағатта, сол тұста бір-ден қуанышпен қабылдана қоймайды, өйткені сыналған дарынның да, сынды оқыған қауымның да сол сəттегі субъективтік қабылдаулары əрқилы болатын сылтаулары көп. Есмағамбет Ысмайыловтың көбірек қалам сілтеген өлкесі – қазіргі қазақ поэзиясының жай-күйі, ақындардың шығармашылық ерекшелігін тану, дарын сырын аңғару саласы болған-ды. Қазақ поэзиясына ойлы да толғамды лирикалар əкелген Ə.Тəжібаевтың, асқақты жырдың ақыны Т.Жароковтың, шешендікке ден қойған орақ тілді А.Тоқмағамбетовтың, күйлі толғаулар толғаған Ғ.Ормановтың, өзінің жан сырын жыр өрнегіне əсем ораған Ж.Саиннің, өлең-жырдың аспанында ақиық сұңқарша жарқылдап өткен Қасым Аманжоловтың қолтаңбаларын айқындап, əдебиетке əкелген жаңалықтарын қастерлеген сыншының халық ауыз əдебиетінің талантты да дарынды өкілдерінің шығармаларын ардақтауы ел-ден ерек болғаны белгілі.

Проза саласында замандасымыздың, еңбек адамдарының жанды бейнесін жасау жолында толассыз пікір айтып отыр-ғаны сияқты, қазақ поэзиясының шыққан биігін көтере түсу үшін асқақты жырды, яғни қазақ поэзиясын өршіл романти-камен қанаттандыру мəселесін əрдайым домбыраның əсем құлақ күйіндей жиі қайталап отырды, қатаң талаптар қанатты жайдырмағанымен, оны үлкен өнерпаздық проблемаға ай-налдырды. Бұл өңірге басқа сыншылар аяқ баспады десе де болғандай. Осындай күрделі мəселелер мен нақты сындарында Есмағамбет ЬІсмайылов қаламына тəн шеберлік бой көрсетіп отырады. Өзінің таңдаулы сын мақалаларында шығарманың көркемдік сипаттарын, өзіне тəн ерекшеліктерін жіті байқай от-ырып, оның жалпы əдеби даму процесіне қосылу жайын ойлас-тырады, қадағалайды. Мұның өзі дайын қисындарға лайық ой топшылатпай, қайта көркемдік тəжірибеден туған шындықты теориялық тезден өткізуге бастап отырғанын көреміз де, сыншының даралық сипатын, өз тұлғасын танимыз.

Page 345: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

345

Е.Ысмайылов – қазақ əдебиетінің даму-өркендеу жолдарын тінте тексеріп зерттеуге бар қуатын сарқа жұмсаған парасатты оқымысты, кешегі одақтың, қала берді əлемнің зиялыларына аты мəшһүр үлкен ғалым.

Қазақ əдебиеттану ғылымының іргесін қалау барысын-да Е.Ысмайыловтың қалам тартпаған саласы кемде-кем. Əдебиеттің тарихы мен теориясының өзекті мəселелері де, ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетінің арналары мен байланыста-ры да, жеке ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы да оның ғалымдық назарынан тыс қалып көрген емес. Ірілі-уақты жаңсақ пікірлер кездескенімен, оның зерттеушілік еңбектері ылғи соны материалға, тың ойларға құрылып, негізді қорытындыларға толы болды.

Е.Ысмайыловтың «ХX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» (1940), «Қазақ кеңес əдебиеті» (1942), «Əдебиет теориясының мəселелері» (1941) мен əдебиет хрестоматиялары қазақ əдебиеттану ғылымын өркендетуге септігін тигізген елеулі еңбектер. Революцияға дейінгі əдебиеттің жəне кеңес əде-биетінің тарихын дəуірлеу, Абай, Сұлтанмахмұт, Нармамбет, С.Дөнентаев, С.Көбеев, М.Сералин, Жамбыл, Сəкен, Сəбит, Мұхтар, Қасым, Асқарлардың еңбектеріне ғылыми сипат-тама беру мəселесімен алғаш шұғылданған ғалымның бірі Е.Ысмайылов екені де жұртқа мəлім.

Оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету – практика-лық қажеттілікке негізделген жанды мəселе. Сондықтан ол əрқашан тəжірибеде сыналып, көпшіліктің ой-пікірін туғызып отырады. Оқыған шəкірт, оқытқан ұстаз, олардың сыртын-да қалың көпшіліктің көз қиығы жататынын ескерер болсақ, онда оқулық жасау міндетінің қиын да абыройлы екенін жете аңғарар ек. Осы тұрғыдан келгенде Е.Ысмайыловтың 30–40-жылдардағы ғылыми-зерттеу, əсіресе орта мектептер оқулығын, оқу құралын жасаудағы ізденістеріне аялдай кеткен орынды.

1939 жылы Қазақ КСР Оқу халық комиссариаты «Орта мектептің 8-10 сыныптарындағы əдебиет сабағы 5-7 сынып-тардағыдай əдебиеттік оқу болмай, тарихи əдебиеттік курс бо-лып оқытылуға тиіс» екендігін тұжырымдады да, оқу құрал-дарының жаңа жүйесін жасау қажеттігін ескертті.

Page 346: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

346

1939 жылы 9 сыныпқа арнап Е.Ысмайылов пен Т.Ақшолақов жасаған хрестоматия 1940 жылы түбегейлі өзгеріске ұшырады да, Е.Ысмайыловтың авторлығымен шықты. Осы хрестоматия негізінде оқулық жасау міндеті де Е.Ысмайыловқа жүктеліп, 1941 жылы «ХX ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты оқулық жарық көрді.

Онда коммунистік идеология қыспағына көп ұшыраған XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің даму процесі біршама тарихи-əдеби шындыққа жақын баяндалып, соны принцип не-гізінде ғылыми концепцияға айналды. Е.Ысмайылов револю-ция қарсаңындағы қазақ əдебиетінің «картасын» мүмкіндігінше жіктей-жүйелей баяндауға барынша зер салған да, қазақтың жазба əдебиетінің даму ерекшелігін, əсіресе төңкерістер дəуірінде атойлап көрінген алаш қайраткерлерінің өнерпаздық ізденістерін аттарын атамағанмен, жалпы процесс ретінде іштей сездіріп, мүмкін-қадірінше еске алып отырған. Соны-мен қатар халық шығармашылығының өркен жаюын жəне кітаби ақындардың шығармашылық ерекшеліктерін түгелдей болмағанымен, мəнді үлгілері бойынша танып-білуге жəне ғылыми-эстетикалық талдау жасауға айрықша назар аударған болатын. Бұрынғыға қарағанда əдеби процестің ішіне кіріп, ажырата жіктеу принципінің бой көрсетуі қазақ əдебиеттану ғылымының өрелі биікке қол созғанын аңғартады. Осы ғылыми тенденция жетекші бағыт болып, кейінгі кезде дамытыла-жетілдіре қолданылып келеді. Əрине, 40–60-жылдардағы ең-бектерде атау-терминдер əрқилы жəне ақын-жазушыларды белгілі бір ағымның өкілі санау əралуан болғанымен, жалпы ой аңғарының арғы бастауын тану қиын емес.

Бұл арада қазақ тарихында 30-жылдардың басында жарыққа шығып, кеңес өкіметі құлағанша басқалар түгіл өзі қайтадан баяндауға дəті бармаған Сəбит Мұқановтың «ХX ғасырдағы қазақ əдебиеті» (ұлтшылдық, байшылдық дəуірі) деген 1932 жылғы монографиясының идеялық та, тарихи деректік те рухы, əсер-ықпалы 1937 жылғы қызыл қырғыннан кейін едəуір əлсірегеніне қарамастан, КОКП-ның 1946-48 жылдардағы қияс қаулыларына дейін біршама еркіндеу айтылып келгенін

Page 347: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

347

жоққа шығармаған абзал. Оның шетпұшпағы Е.Ысмайылов еңбектерінде əр жерден қылаң беріп жатады.

Е.Ысмайыловтың «ХX ғасырдағы қазақ əдебиеті» оқу-лығының осындай ғылыми жүйесін айта отырып, əдеби про-цесті іштей жіктеп талдауында бірқыдыру ұтымдылық та, білімдарлық та, сондай-ақ кемшілік те барын тасада қалдыра алмаймыз.

Оқулық үлкен кіріспемен ашылып, XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің жай-күйі біршама жүйелене баяндалады, соны деректер мен тарихи мағлұматтарды мол келтіріп от-ырады. Ой өрбіту, пікір түйіндеу жөнінен мектеп оқулығы болғанына қарамастан ғылыми еңбектің сүрлеуін таныта-ды. Алайда қазақтың жазба əдебиетінің өкілдерін ағымдық бағытқа бөлуі сақтана қарауды қажетсінеді. Ең алдымен «сын-шыл реализм əдебиеті», «демократияшыл əдебиет» деп екі үлкен топқа жіктеуінің өзі барынша шартты екені аңғарылады. Сонымен қатар қазақтың буржуазияшыл-ұлтшыл деп аталып келген əдебиетінің ішкі дамуы атаусыз қалғанымен, оның əсер-ықпалынан безінбейтінін аңғартып отырады. Соның салдары-нан жалпы əдеби өркендеу жан-жақтылықтан гөрі, қысыла баяндауға, тартына ой айтуға душар болған. Бұл сыңайдан қаншама өрекпісек те қазақ əдебиеттану ғылымы əлі арылып болды деу қиын.

Шығармашылық ізденіспен жазылған Бұл оқулық С.Мұқа-новтың 1932 жылғы күрделі еңбегінен кейінгі мəнді зерт-теу болғанын, əсіресе XX ғасырдың бас кезіндегі көркемдік дамудың жай-күйін, дарынды ақын-жазушылардың шығар-маларын танып-білуге жəне оларды ғылыми тұрғыда зерттеуге мұрындық болғанын аңғармау əділетсіздік болар еді.

Сондай-ақ кеңес əдебиетінің тарихын жасау жөніндегі ізденістің алғы легінде Е.Ысмайылов болды. 1942 жылы Қ.Бекхожин С.Айтмұқанов, С.Сейітов қатысқан «Қазақ кеңес əдебиеті» оқулығының ең негізгі де сүбелі тарауларын жазу, оны кейіннен түбегейлі өзгертіп, жаңаша жүйелеп 1946 жылы шығаруда Е.Ысмайыловтың еңбегі зор.

Page 348: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

348

Қазақ кеңес əдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолындағы осындай ізденістер 1958 жылы «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі» атты ұжымдық еңбекке ұласты. «Очеркті» жасауда, «Қазақ əдебиеті тарихының» көптомдық ғылыми та-рихын жазуда Е.Ысмайыловтың сіңірген еңбегі ұлан-ғайыр.

Қазақ əдебиеттану ғылымының бар саласында қалам же-беген өнімді де жемісті дарынның кеңестік фольклори-стика ғылымына үлкен олжа салған, 1956, 1957 жылда-ры қазақ, орыс тілдерінде жарияланған «Ақындар» атты та-маша монографиялық еңбегін ерекше атап өту керек. Ауыз əдебиетінің ең өзекті проблемаларын шешіп, ақын, жыр-шы, жыраулардың өнерпаздық ерекшеліктерін ажыратып, шығармаларын мол қамтыған, Жамбыл өнерпаздығының сы-рын ашқан, жазба əдебиет пен ауыз əдебиетінің арасындағы шығармашылық байланыстар мен ықпалдарға ерекше назар аударған, соны, тың материалдарға мейлінше бай Бұл еңбекті В.М.Жирмунский, В.И.Сидельников, М.Богданова, М.Əуезов, С.Аманжолов сынды ғалымдар өте жоғары бағалап, кеңес əдебиеттану ғылымын, əсіресе фольклористиканы өркендетуге қосылған зор үлес, ғылыми кұнды шығарма деп тапқан-ды.

Ауыз əдебиетінің үлкен жанашыры Е.Ысмайылов оны бірбеткей зерттеу ісімен ғана шұғылданбай, халық мұрасының ең озық үлгілерін жариялаумен айрықша көп шұғылданды. Оның тікелей басшылығы жəне қатысуымен қазақ ертектері мен эпостары, айтыстар мен халық жырлары, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналған шығармалар жеке-жеке кітап бо-лып шықты.

Осы саладағы ұлан-ғайыр еңбектің түпкі себебін, негізгі мақсатын Е.Ысмайылов былай түсіндірген: «Мен өзім Бұрынғы əдеби мұралардың қай-қайсысына болсын аса ұқыпты жəне ықыласты пейілмен қараушы адамның бірімін. Бірақ өткен əдеби мұраның қандайын ескерсек те қазіргі əдебиет пен мəдениеттің игіліктеріне байланысты алуды басты шарт деп білемін» дегені фольклорист ғалымның эстетикалық кредосын айқындай түседі.

Республиканың мəдени өмірінде үлкен оқиғаға айналған ке-сек те күрделі еңбектерді – «Қазақ КСР-ының тарихын», «Қазақ

Page 349: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

349

əдебиеті тарихының» алты томдығын, «Қазақ поэзиясының антологиясын» жасауға белсене қатысқандардың бірі де Е.Ысмайылов. Оның басқаруы жəне қатысуымен Абайдың, Жамбылдың, Нұрпейістің, Сəбит Дөнентаевтың, Қасымның, Сəкеннің шығармалар жинағының талай рет басылып шығуы да талмай-қажымай еткен еңбектің куəсі.

Есмағамбет Ысмайылов қазақ кеңес əдебиетінің тари-хымен, халық шығармашылығының мəселелерімен тікелей шұғылданды. 1958 жылы қазақ, орыс тілінде, 1960 жылы Мос-квада шыққан, бүкілодақтық оқымыстылар қауымынан жоғары баға алған «Қазақ кеңес əдебиеті тарихының очеркі» атты ұжымдық еңбектің жетекшісі жəне негізгі авторларының бірі Е.Ысмайылов болды.

Қазақ əдебиеттану ғылымының соңғы жылдары қарқынды өрлеуіне Е.Ысмайылов үлкен үлес қосты. Қазақ кеңес əде-биетінің негізін қалаушы ақиық ақын Сəкен Сейфуллиннің өнерпаздық өнері «Ақын жəне революция» (1964) атты монографиялық еңбегінде терең де білгірлікпен зерттеліп, сəкентану ілімінің қалыптаса беруіне септігін тигізді. Сəкеннің жаңашылдығы жеке-дара сөз болмай, əуелі қазақ əдебиетінің құнарлы дəстүрлері, ағайындас əдебиеттерден, əсіресе орыс поэзиясынан үлгі-өнеге алуы, олармен үзеңгілесе өркендеп, көркем туынды беруі, өнерпаздық байланыстың күшеюі, революцияның сөз өнеріне қосқан жаңалығы сияқты түбегейлі проблемаларды сабақтастыра қамтып, ғылыми тұжырымдар жасады. Сонымен қатар қазақ өлеңіне жасаған зорлығын да атап көрсетті. Сəкен өзінің тұңғыштығымен ғана емес, əдебиетке əкелген үлкен жаңалықтарымен қадірлі екендігін басқаларымыздан гөрі Е.Ысмайылов айрықша дə-лелдеп, ұлы ақындығын қадірлеуге үндеді. Дауыл тұрғанда көтеріліп жатқан бүгінгі пікірсымақтардың көбі сап тыйы-ларына, сиырқұйымшақтанып келе жатқанына уақыт куə. Ал ғұламалықпен айтылған ой, эстетикалық білімдарлықпен жазылған еңбектер замана тезіне шыдап бермек.

Қазақ əдебиет тарихын жасауға белсене араласқан Е.Ыс-майылов қазақ ауыз əдебиетінің өткен-кеткеніне жіті назар

Page 350: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

350

аударып отырды. Қазақтың кең дариядай ауыз əдебиетінің өсіп-өркендеу, даму жолдарын қысқаша баяндауды көздеген бір топ еңбекті орыс тілінде шығаруға тікелей араласып, бірнеше тарауын жазды. Қазақтың халық ақындарының, əнші-композиторларының өнерпаздық өрістерін зерттеу, гео-графиялық ортасын айқындау, халық эпостарының шығу тегін зерттеу, ауыз жəне жазба поэзияның бір-біріне жасаған ықпалын бағдарлау сияқты түбегейлі проблемаларға айрықша назар аударды.

Е.Ысмайыловтың кез келген еңбегі бойынша ұзақ баян-дап, толымды талдау жасауға болатындығын ескере отырып, бүкіл қазақ əдебиеттану ғылымының одан əрі өркендеуіне бағдарлама жасаған бір баяндамасына кеңірек тоқталған жөн.

1959 жыл қазақ əдебиеттану ғылымының дамудың даңғыл жолына түсуінің басы болды. Өйткені «Культ» тұсындағы қисынсыз қыспақтар, саяси зорлықтар мен асып-атулар, соғыс ылаңы, одан кейінгі 1946–48 жылғы қияс қаулылардан бастау алып, Қазақстанда ұлтшылдықпен күресу науқаны «бірыңғай ағым» теориясы негізінде жүргізіліп, сын мен ғылымды сүйреп келе жатқан ғалымдарды айыптау арқылы халық ауыз əдебиетіне шабуыл жасалды. 300-ге тарта ба-тырлар жырынан жалғыз кедейден шыққан «Қарақасқа атты Қамбардың» ғана қалуы, ғашықтық жырлар, айтыстар, тіпті жұмбақтардың өзі халыққа жат деп саналған тұста əдебиет ғылымына жанасудың өзі қатерлі, қауіпті еді. Оны Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Қайым Мұхаметханов сынды əдебиетшілер мен Ермұқан Бекмаханов, Бекежан Сүлейменов сынды тарихшылардың бірнеше жыл абақты азабын тартуы, Қаныш Сəтбаев пен Мұхтар Əуезовтен бастап жұмыстан, қызметтен ғана емес, елден қуылып, жер аударуларының өзі-ақ дəлелдейді.

Ерте ұсталып, кеш ақталған Е.Ысмайыловтың абақтыда от-ырып К.Ворошилов пен А.Фадеевке жазған хаттарын оқығанда Есағаңның ғылым үшін туғандығын, Бұдан басқаның бəрі жат, өткінші, күнкөріс қамы ғана екенін анық аңғарамыз.

Page 351: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

351

Осындай жағдайда 1959 жылы Қазақ КСР Ғылым акаде-миясының Президиумы, оның Тіл жəне əдебиет инсти-туты «Қазақ əдебиетінің негізгі проблемалары» жайын-да республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізуі – XX съезден кейінгі болар-болмас жылымықтың арқасы еді. Осы сəтті қазақ əдебиетшілері оңтайлы пайдалана білді. Соны əсіресе Есмағамбет Ысмайыловтың баяндамасы дəлелдейді.

«Аузы күйген үріп ішеді» дегендей, Есағаң баяндама жа-сарда кеңесшіл ақынсымақтардың тəсілін қолданды. Өлеңдер жинағын шығару үшін кейбір жытқыр ақынсымақтар əуелі партияға, Ленин мен Сталинге, тағы басқа көсемдерге жəне өндіріс пен ауыл шаруашылығына арналған өлеңдерін алғашқы беттерде беріп, өлеңге іш тартатындарын кейінгі жағына орна-ластырып, қампайған кітаптың əр жолынан тиын сауып алатын амалды осы негізгі жəне мəнді баяндамасында өте тиімді пай-далана біліпті.

Академияның вице-президенті Сақтаған Бəйішевтің кіріспе сөзінен кейін бірінші, яғни институт директоры, бөлім бас-шылары, талай лауазым иелерінен Бұрын шын мəніндегі күрделі де ғылыми баяндаманы Е.Ысмайылов бір жарым сағат («Əдеби мұра жəне оны зерттеу» деген стенограмманың 13–44-беттерінде) оқыды. Есағаңның дауысы келісіп тұрмаса да баяндама масаның ызыңы естілердей тыныштықпен тыңдалды.

Е.Ысмайылов баяндамасының атын айғайлатып қойды. «КОКП XXI съезі қарарларына байланысты қазақ əдебиеттану ғылымының негізгі міндеттері» деп атап, бүгінгіден кешегіге, осы кезеңнен сонау көз жетпес ескі замандарға қарай біртіндей жылжып, əр дəуірдің өзекті проблемаларын кесек-кесек түйіндеді. Сонда болашақта жазылар қазақ əдебиетінің ғылыми тарихының əр дəуірлері мен кезеңдері өзінен-өзі жо-талана көрініп, жүйелі арнаға түсті.

Кіріспеде қалыптасқан дəстүр бойынша партия мен жетек-шіге шексіз рахметін айтып алып, «Күрес жолында дамыған əдебиеттің», яғни кеңес дəуіріндегі сөз өнерінің шындығына шолу жасап, ел-жұртқа ой саларлық «Дүниетану мен көркем

Page 352: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

352

шығармашылықтың арақатынасын түсіну жайына» тоқталды. «Реалистік дəстүрдің қалыптасу мəселелеріне» айрықша назар аударғанда «Халықтар əдебиетінің өзара байланысы мен бір-біріне ықпал етуі «жайын» əңгімелегенде орыс əдебиетінсіз сөз айтуға болмайтынын ескерген көрінеді. Соның өзінде Қазақ хандығы тұсында жасаған жырауларды Пушкин, Кры-ловтармен араластыра, кейде салыстыра көрсете келіп, өзінің негізгі мəселелеріне оралады. «Қазақ əдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы кемшіліктер мен міндеттерді» арғы-бергі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне, та-рихи дерек көзі ретінде ақын-жыраулардың толғаулары мен шығармаларын жіпке тізіп, қолы жеткен жаңалықтарын дөп ба-сып таныған соң, ендігі жүрер жолды, ғылыми бағдарламаны дұрыс меңзейді. Осындай игі істі жүзеге асыруға кедергі болып келе жатқан кемшіліктерді түптеп қарады.

«Бірінші кемшілік – бірін-бірі қайталау. Жаңа, тың пробле-маларды көтерудің орнына, Бұрын əдебиеттану ғылымына мəлім емес жаңа документ, фактілерді тауып қосудың орнына баяғы 30–40-жылдары жазылған еңбектердегі пікірлерді біраз өзгертіп, жаңартып, толықтырып қайта айтушылық байқалады» («Əдеби мұра жəне оны зерттеу». 1961. 40-б.) деп мүйізі қарағайдай Қ.Жұмалиев пен М.Ғабдуллиннің эпос туралы ой-ларын, Б.Кенжебаев пен М.С.Сильченко, Ə.Дербісалиндердің егіз қозыдай ұқсас пікірлерін мысалға келтіреді. Мұндай жол-дан жас зерттеушілерді сақтандырады.

«Екінші бір елеулі кемшілік – əдебиеттану еңбектерінде ғылыми ақпараттың жеткіліксіздігі мен ғылыми адалдықтың кемдігі» (Сонда, 41-б.) деген ескертпесі күні бүгінге шейін қазақ əдебиеттану ғылымында сақталып, адымын аштырмай тұсаулауда.

Ғалымның негізгі ойын түйіндер болсақ, ғылымдағы «жаңа-лық əдебиет пен архивтегі, қолжазбалардағы нақты фактілер мен құжаттарды ұқыпты зерттегенде ғана туады. Белгілі ақын, жазушы туралы, əдебиеттің белгілі дəуірі туралы айтылған долбарға, ауызша таралған лақаптарға сүйеніп, үстірт жеңіл-желпі пікірлер айту мезгілі өтті, енді əдебиетіміздің шын

Page 353: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

ғылыми тарихын жасауға кірісейік!» деген тұжырымы кейінгі жылдары белгілі деңгейде жүзеге асқаны «Қазақ əдебиеті тарихының» 1961–67 жылдар арасында 6 кітап болып шыққаны, оның əрбір томына жəне «Қазақ КСР тарихы» басылымдары-на Есмағамбет Ысмайыловтың белсене араласқаны көрсетеді.

Е.Ысмайыловтың сыншылық жəне ғалымдық еңбегіне ұстаздық қайраткерлігін сабақтастырған жөн. 1935 жылдан бастап əуелі өзі оқып шыққан ҚазПИ-де, одан кейін Қазақ университетінде əдебиет тарихынан лекция оқып, білімді мамандар даярлауға атсалысты. Оның алдынан дəріс алған шəкірттерінің ішінен аспирантураға түсіп, ғылыми атақ дəрежесіне ие болғандарының өзі отызға жуық. Өнер өріне талпынған көптеген жастың Е.Ысмайыловтан ақыл-кеңес тың-дап, шығармашылық көмек алмағаны некен-саяқ. Талап пен талғамы биік деңгейден табылатын сыншы, ғалым өнер жарысына, əдебиет майданына ақ жүрек, адал ниетімен талпынғандарға əрдайым жəрдемдесіп отырды.

Е.Ысмайыловтың жемісті ғылыми-шығармашылық жəне қоғамдық қызметі «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, 1961 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді.

Қазақ КСР Академиясының корреспондент-мүшесі, фи-лология ғылымдарының докторы, профессор Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов жайында халқымыздың ұлы перзенті, заманымыздың асқан қаламгері Мұхтар Əуезовтің: «Мен сені қазақ əдебиетінің, əдебиет ғылымының айнымас, қажымас, жылдар жүрсе арымас жегіндісі – еңбек торысы деймін. Сол үшін сүйемін де бек бағалаймын» дегені əмбеге аян. Бұл қалың қауымның көңіліндегі ой-пікірдің сыртқа шыққан саф түйіні. Еңбек өлмейді, соны өзінің өмір өзегіне айналдырған, талай асу-белестерден іркілмей өтіп, əр қырқа мен жотаға өзінің қолтаңбасын айнытпай соққан Е.Ысмайыловтың қазақ əдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі болып рухани жасай беретіні хақ.

Page 354: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

354

ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК

Қазақ журналистикасы қазір зерттеу еңбегіне арқау бо-лып қана қоймай, арнаулы ғылым саласына айналып келеді. 1934 жылы құрылған Қазақтың коммунистік журналисти-ка институты мен С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті кəсіби журналистер кадрын даярлаумен қатар, қазақ баспасөзінің тарихын зерттеу, оны арнаулы пəн ету мəселесін күн тəртібіне қойды.

Қазан төңкерісіне дейінгі жəне одан кейінгі қазақ баспасөзінің тарихы жайында бізде арнаулы монографиялық еңбектер болмай келгені аян. Б.Кенжебаевтың, Т.Қожакеевтің, Т.Амандосовтың, Ү.Сұбханбердинаның кейбір газет-журнал-дар жөнінде жазғандарының танытқыштық сипаты басым бо-лып келгендігін ескерген уақытта, Қ.Бекхожиннің «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты еңбегі зерттеу саласындағы, сондай-ақ оқу педагогика процесіндегі кейбір ақтаңдақтың орнын толтырып, жалпы қазақ баспасөзі жөнінде жүйелі мағлұмат беретінін айрықша атау қажет.

Бұл еңбек өзінің композициялық құрылысы жəне ал-дына қойған мақсаты жағынан жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы іспеттес туынды болға-нымен, жалпы оқушы қауымның кəдесіне асатын жəне ғылы-ми-зерттеу еңбектерінің ауқымына кіретіндігін естен шығар-маған абзал.

Қ.Бекхожин қазақ журналистикасының тарихын жасау мə-селесіне оралғанда практикалық қажеттікті жадынан шығарма-ған. Өйткені осы уақытқа дейін қазақ баспасөзінен оқу құралы боларлықтай жүйелі еңбектер жазыла қойған жоқ еді. Автор «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты газеттеріне» кеңінен тоқтап, «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газеті шыққанға дейінгі аралықтағы аз күнгі газеттердің мүмкін-қадірінше са-яси беті мен бағытын айқындайды, шыққан жəне жабылған уақыттарын дəл көрсетеді, қандай мəселелерге назар аударып, жазып отырғандығын қысқаша баяндайды.

Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөздің ішінде автор «Дала уалаяты газетінің» қызметін барынша дəйекті зерттеп, дұрыс

Page 355: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

355

қорытындылар жасаған. Бұл бөлімде педагогикалық мақсат пен ғылыми-зерттеу принциптері тұтастық тауып, ойы айқын, пікірі дəлелді боп шыққан.

«Айқап» журналының ағартушы-демократтық позици-ясын автор нақты материалдармен ашып, Бұл жөнінде əр автордың ой-пікірлерін ескертіп отырған. Алайда бір ескер-те кететін жайт, автор «Айқаптың» қазақ мəдениетінде алар орнын, сіңірген ұлан-ғайыр еңбегін айрықша атап, жеке-дара көрсетуге келгенде азғана жыл үздік-создық шығып келген «Қазақстан» газетімен қосарлай баяндағаны жөн болмаған.

Өйткені «Қазақстан» газетінің прогрессивтік бағыты айқын болса да, өзінің мəні мен маңызы жағынан «Айқапқа» пара-пар келеді деуге тарихи негіз аз.

Қазан төңкерісіне дейінгі газет-журналдарды зерттеген уақытта автор «Қазақ» пен «Алаш» газеттерін керітартпашыл органдар деп шолақ қайырады. Мұнда да қосарлай салу тəсілі ұтымды боп шықпаған. Өйткені қазақ буржуазиясының ор-ганы, империалистік соғысты жақтаған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін даттаған «Қазақ» газеті жайында айтылар пікір «Алаш» газетіне көпшілік жағдайда орынды еместігін жарияланған материалдардан көріп алу қиын емес.

Осы арада айрықша бір ескерту жасау қажет. Біздің кейбір оқушылар ғана емес, тіпті ғылыммен айналысып жүргендер арасында «Алаш» деген атауды естісе, оны «Алаш» ықпалы мен Алашорда үкіметіне іш тартатындай түсінушілік басым. Ол топонимиканың қазақ халқының синонимі, яғни екінші аты екенін жадымыздан шығарып, керітартпалықтың белгісіндей көреміз. Əрине, Бұдан дұрыстық шықпайды, сондықтан да «Алаш» газетінің тағдыры осы ұғымға сай анықталмай келеді.

Ташкент қаласында 1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың 25 мамырына дейін Мəриям Тоғысова шығарған «Алаш» газеті өзінің программалық басмақаласында қоныстану я көшіп жүру, халық ағарту, əскерге бару-бармау, земство, мемлекеттік думаға қатысу, сот жайы, əйелдерге еркіндік беру, халықтың хал-күйін жақсарту сияқты мəселелерге айрықша на-зар аударатынын айтып, «Біздің ұранымыз – прогресс» деп жаз-

Page 356: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

356

ды. 1917 жылы Ақпан революциясында патша самодержавиесі құлаған кезде «Күн шықты» (№13), «Қанды үкімет құлады» (№14), орыс жəне қазақ тілінде басмақалалар жазып, «Долой Романовых» – «Жойылсын Романовтар» (№15) деген Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясын қуанышпен қар-сы алды. «И неужели теперь, когда эта династия пала, пресле-дуемая проклятиями и общей ненавистью красный флаг народ-ной революции, неужели теперь можно пожелать восстановле-ния монархии?

Монархия нужна угнетателям, а не народу, не рабочим, не крестьянам и не мусульманам» десе, қазақшасында «Бізді жұттықтан, зорлықтан, құлдықтан босат дегенде Романов бала-лары қамшы, таяқ, түрме, айдау, байлау, балта, атып өлтіру, дар ағашын берген еді. Нан сұрасаң мылтыққа салып қорғасын оқ берген еді. Жоғалсын Романовтар! Жасасын шын бостандық! Жасасын демократическая республика!» – деп (№15, 21 нау-рыз, 1917) жазған жəне қоғамдық мəселелердің көбін халық Бұқарасының мүддесі тұрғысынан баяндауға ұмтылған «Алаш» газетін «буржуазияшыл» «Қазақ» газетіне қосақтай салуға тарихи деректер жол бермейтінін ескерген жөн еді.

Қазақ кеңес баспасөзінің қалыптасу процесіне тоқталған уақытта автор большевиктік, кеңестік газеттердің рөлін ашып, олардың үгітшілік, насихатшылық қызметтерімен қатар, ұйымдастырушылық рөлдерін ашып көрсетіп отырады. «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Бостандық туы» газеттері мен «Қазақстан коммунисі» журналының шыққан тегін арғы «Ұшқын» мен «Жас қайрат», «Кедей сөзімен» жəне «Қызыл Қазақстанмен» сабақтастыруы əбден орынды жəне та-рихи шындық.

Бұл арада тағы да бір ескертетін жайт – автор кейбір даулы мəселелерді орағытып өтеді де, өз пікірін айтпайды. Мысалы, 1917 жылы қазақтың социалистік «Үш жүз» партиясының ор-ганы «Үш жүз», Ташкентте шыққан «Қазақ мұңы» газеттерін атамау, олардың саяси бетін айқындамай кеткенін құптауға болмайды. Өйткені қазақ кеңес баспасөзі дүниеге келе бастаған уақытта əр сыңайлы газеттердің шыққанын, кеңестік журнали-

Page 357: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

357

стика таптық күресте шынығып өскенін аңғартатын деректердің бəрі де ғылыми-зерттеудің мəнін күшейте түсетіндігін ескер-ген абзал еді.

Сондай-ақ идеялық бағытында едəуір кемістігі мен қателігі бола тұрса да Түркістан республикасының атқару комитетінің органы болған «Ақжол» газетін атап қана өту тіптен аз. Өйткені ол газет Түркістан республикасындағы қазақ облыстарына мол таралып, кеңес өкіметін орнату жолында талай игі істер істегені əмбеге аян.

Бұл еңбекте қазақ баспасөзінің қалыптасу процесін дəуір-леу жөнінде де ойланатын мəселе бар сияқты. Сөз жоқ, бас-пасөз тарихи шындықтарға, қоғамдық дамудың кезеңдік ерек-шеліктеріне байланысты өркендейді. Социалистік құрылыс дəуіріндегі белеңді кезеңдердің бəрі де баспасөз бетінен орын алады. Сондықтан да оның дамуын Коммунистік партияның айбынды істерімен сабақтастыру шарт. Бірақ та партия тари-хын дəуірлеуді, кезеңге бөлуді түгелдей өзгеріссіз қолдана салу оңтайлы ма деген мəселе ойланарлық проблема ғой деп ойлай-мын.

Қ.Бекхожин қазақ баспасөзінің туу процесін 1917 жылға дейін созып, ал оның қалыптасу процесін 1930 жылдармен аяқтайды. Бұл дұрыс жəне тарихи шындыққа сай. Алайда 1917 жыл мен 1930 жылдардың арасын 1917 жылдың науры-зы мен 1918 жылдың маусымы, 1918-1920, 1921-30 жылдар деп дəуірлеу жалпы қазақ баспасөзінің ішкі даму процесінен гөрі оның əр кезеңде нендей мəселелерге назар аударып отырғанын, даму процесінде болған күрделі проблемаларды əр тарауда қайталай баяндағанын аңғарып қаламыз. Сондықтан да бүкіл қазақ баспасөзінің қалыптасуын айқындайтын проблемаларға назар аударып, ерекшелік сипаттарына құрған уақытта, əр газет-журнал жөніндегі аңдатпалық сипаттамалардың кезде-спеске шарасы жоқ. Ал қазақ мəдениеті тарихында едəуір орны бар «Əйел теңдігі» мен «Жаңа əдебиет» сияқты журналдарға арнайы тоқталмауын құптай қою қиын.

Қ.Бекхожиннің Бұл еңбегі қазақ баспасөзінің тарихын ғылы-ми негізде жазудың алғашқы игі бастамасы болғандықтан,

Page 358: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

анау қалыпты, мынау айтылмапты дейтін талап-тілектердің айтылуы да əбден орынды. Дегенмен, «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты еңбек өзінің ғылыми өресі, практикалық қажеттігі жағынан құптарлық, оқушы кəдесіне молынан жа-райтын елеулі еңбек. Қазақ журналистикасы мен публицисти-касын жан-жақты зерттеп, ғылыми салаға айналдыратын үлкен арна.

1965 ж.

Page 359: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

359

ЖЫЛ ҚҰСЫ

Қазақ əдебиеттану ғылымының қарышты өркендеуі арқа-сында талай соны да игі ізденістерге кезігудеміз. Ол заңды жəне Бұдан былай молая бермек.

Соны саладағы игі бастаманың жыл құсындай болып көрінген «Əдеби мұра» жинағы кімді болса да енжар қал-дырмайды, əркім қызықтап қолына алары хақ. Өйткені ар-найы ізденген адамның ғана қолына түсетін əдебиеттер бар революциядан Бұрынғы мерзімді баспасөз бетінде жария-ланған көркем шығармалардың, əдеби-публицистикалық мақалалардың үлгілері хронологиялық түйінмен берілген.

Оқушы қауымды бір дүниемен кезіктіріп отырған Үшкілтай Сұбханбердинаның еңбегін айрықша атамасқа болмайды. Қазақ баспасөзінің туу шағындағы бірқатар шындықтарды профес-сор Қ.Бекхожин көптен бері зерттеп келе жатқандығын жады-мызда тұтқан күннің өзінде Ү.Сұбханбердинаның ізденісі ерек-ше жəне тың сала екендігін байқаймыз. 1961 жылы «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар», 1963 жылы «Қазақтың революциядан Бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материал-дар» атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіштерді жа-сап, жариялағаны жəне Бұл саланың теориялық жүйесі жайын-да толымды ой айта алған авторға филология ғылымдарының кандидаты атағы берілген болатын. Библиография мен тек-стология салаларын тұтас бірлікте қарастыру «Əдеби мұра» атты құнды жинақпен тағы да бір көрініс беріп отыр. Бұл – əдебиеттанудың олжасы.

Бұл жинақты шығару ісіне «Жазушы» баспасының ыждаһат білдіргенін де атап өткен жөн. Баспа редакторы Қ.Жұмаділов əдеби мұра үлгілерін жүйелеу, үйірлеп орналастыру, сара-лау жағына зер салса, кітапты көркемдеп, литографияларды жасаған Əділ Рахмановтың көтеріңкі талғаммен жəне жинақ сырын ашуға септігі тиетін ойлы да оюлы суреттерімен кітапты безендіруге ынта сала білген. Бұл – полиграфиялық табыс.

Бұған назар аудармасқа еш болмайды, өйткені талай ғасыр-дан бері шаң астында жатып, көптің көзіне түсе бермейтін

Page 360: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

360

дүниелерді ғылыми жүйе, көрікті ажармен жариялау тек парықсыз адамға ғана оп-оңай «техникалық» іс болып көрінуі мүмкін. Көп рецензияда мұндай игі іспен айналысқандардың атаусыз кетіп жатқаны да не сан. Ол өскен мəдениеттің белгісі емес.

1870–1882 жылдары шыққан «Түркістан уалаятының га-зеті», 1888 жылдан 1902 жылға дейін «Дала уалаятының газеті», 89 саны жарияланған «Айқап» (1911–1915) журналы қазақ халқының саяси-əлеуметтік сана-сезімін, эстетикалық талап-талғамын ояту, жетілдіру, дамыту, өркендету саласында орасан зор еңбек сіңіргені осы жинақтың материалдарынан-ақ анық көрінеді. Жəне де ескерте кететін бір жай: осы материалдардың бəрі де патша цензурасының жəбір-жапасын, əскери əкімшілік орнатқан ресмиліктің ожар қыспағын көріп барып жарияланған дүниелер. Солай бола тұрса да, осы мол материалдан қазақ халқының мəдениетін өркендету, іргелі елдердің санатына қосу, терезесінің тең болуын тілеу – кейде аңқылдаған ақ көңілмен айтылып, кейде емеурінмен танылып жататынын байқаймыз.

«Əдеби мұраға» енген шығармалардың ой-түйінін жинақ-тай айтқанда, қазақ халқының тарихынан, оның өркенін өсіруге үлес қосқан ұлы перзенттерінің, əсіресе Шоқан, Ыбы-рай, Абайлардың ғибратты өмірінен, қазақ тілінің тазалығын сақтап, жетілдіре беру жайынан, əдебиетін өркендету қамынан, қоғамдық жəне эстетикалық ой-пікірлердің ояну кезеңінен көптеген дерек-ақпар аламыз.

Дүниежүзі əдебиетінің, əсіресе орыс халқының сөз өнері-нің ілгерінді үлгілерімен танысамыз. Ауыз тұшытарлық, елерлік, мəн берерлік өлең-жырларды, көркем əңгімелерді оқып қызықтаймыз. Қазақ əдебиетінде сын жанрының туып, қанат қомдай бастағанына дəлел боларлық көптеген əдеби-публицистикалық мақалаларды кездестіреміз. Толымды ой, қомақты пікірді тамашалаймыз. Ертегілер, аңыз əңгімелер, мақал-мəтел, жұмбақтар, ғибратты шешендік сөздердің де ертедегі баспасөзде «базары» қызу болғанын көреміз. Осының бəрі де оралымды тіл, оюлы өрнекпен бүгінгі оқушыға жетіп, талай шындықтың сырына көз жүгіртеді.

Page 361: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

361

Еңлік пен Кебектің, Баян сұлу мен Қозы Көрпештің, Жирен-ше мен Лұхман Хəкімнің хикаялары, Абай, Ыбырайдың өлең-дері, Алдаркөсе мен Қожанасырдың қызықты қылығы, ғибрат-ты мысал, аңыз-əңгімелер, Фердаусидің «Шахнамасының» бір бөлігі «Рүстем-Зуһрабты» М.Сералин аударып, ғылыми үлкен кіріспе мақала жазуы жайында жинақы да ғылыми дəйектеме берген Ү.Сұбханбердинаның еңбегі Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөздерінің шаң басып сарғайған беттерін ақтарып шыққандай əсер береді.

Жинақтағы əр материалдың ой аңғарын, пікір топшылауын, көркемдік лəззатын кішкене мақалада індете баяндау мүмкін еместігін ескерген уақытта, осы материалдардың бəрі де қазақ даласына ағартушылық идеясының тереңдеп тамыр жайғанын, халықтың өнер-білімге, жарқын болашаққа ұмтылғанын анық көрсетеді.

Бұл негізгі бағытты айқындай түсу үшін жинақты құрас-тырушы да, баспа редакторы да əр материалдың жариялану уақытына қарай емес, айтар ойына, насихаттар пікіріне сай үйірлеп, орналастыруға зер салғаны əбден орынды болған. «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттеріндегі əдеби нұсқаларды іштей жіктеп, жүйелеу, «Айқап» материалдарын саралай жариялау принципі ғылыми негізден өрбіп, оқушының ой аңғарын белгілі арнаға салып отырады. Бұл – дəйекті көзқарастың жемісі.

«Əдеби мұра» жинағы көңілде жүрген көп ойға да тізгін бере алады. Бұл кітап қазақтың мерзімді баспасөзінде жария-ланғандарды түгел қамти алмағаны айдан анық, тек алғашқы бастама – жыл құсы ғана. Қайтадан жарық көруге, өзінің білімді мұрагерлерімен қауышуға, олардың сыни көзқарасынан өтіп, ғылыми талдауына түсуге жарарлық дүниелер мұндай бірнеше жинаққа арқау бола алады. Материал ұшан-теңіз, тек оны иге-ре білу шарт.

Қазақ тілінде революцияға дейін алты жүзге тарта кітап шықты. Оның ең аз дегенде жүз шақтысы əдеби шығармалар. Олардың басым көпшілігіне əлі көз жанарымыз түсіп те үлгерген жоқ.

Page 362: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

362

Содан кейін көзіқарақты «кəрі құлақтардан» ауызекі жа-зып алған əдеби мұраларымыз қаншама. Оның дəлме-дəл са-нын Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының қолжазба бөлімі айта ал-майды. Білейін, көрейін дегендерге əлі күнге дейін жол-жоба көрсететін каталог шықпай келеді. (Бұл мақала жазылған кез-де солай болатын, ал 1975 жылдан бері «Қазақ қолжазбасының ғылыми сипаттамасының əзірге үш томы шықты. – Т.К.)

«Жазушы» баспасы Бұл реттен жаңалық нышанын таны-тып, мəнді бір іске мұрындық болғанын құптай отырып, əсіресе «Жазушы», «Мектеп», «Ғылым» баспаларына тілек айтқан орынды деп білеміз. Москва жəне ұлт республикаларының ірі баспаларында «Литературное наследство» типіндегі сериялы кітаптар шығарылады. Онда жеке авторлардың Бұрын жарық көрмеген, жаңадан табылған шығармаларымен қатар ауыз əдебиетінің үлгілері, аты-жөні ешкімге белгісіз авторлардың туындылары топтастырылып жарияланады. Жəне əрқашанда бір түсте, бір форматта рет саны қойылып отырады. Ондай жинақ материалдың түсу ыңғайына қарай үздік-создық емес, белгілі бір жоспар бойынша тиісті уақытында үнемі шығып тұрады. Осы дəстүр Қазақстан баспаларына үлгі-өнеге бола ал-май келе жатыр.

Сондықтан мұндай сериялы кітаптарды жыл сайын ба, əлде жыл аралатып бола ма, баспалардың жоспарына енгізіп, оның кескін-келбетін, түр-форматын əр суретші мен техникалық редактордың қалауымен емес, белгілі бір жүйеге салған жөн. Мұның өзі өскен мəдениеттің бір белгісі болса, екінші жағынан, ондай кітаптарды сатып алушылар тұрақтанып қана қоймайды, барған сайын молая да береді. Оған айқын дəлел – «Өнегелі адамдардың өмірі» сериясы.

Халықтың əдеби мұрасын реті келген кезде ғана жəне əрбір адамның ынта-жігерімен ғана шығарудың мезгілі өтті. Оған енді мемлекеттік қамқорлық биігінен қарап, жоспарлы істің са-натына алу шарт. Бұдан түсер рухани пайданы былай қойғанда, таза материалдық пайданың өзі қыруар.

Page 363: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Халықтық осы игі іске əр баспа өз үлесін қоса алары айдан анық. Мəселен, «Жазушы» баспасы жеке ақын-жазушылардың мұрасын, «Ғылым» баспасы халық ауыз əдебиеті үлгілерін, ал «Мектеп» баспасы орта жəне жоғары оқу орындарына қажетті хрестоматиялық шығармалардың сериялы жинақтарын жүйе-леп, бір қалыппен шығарса – қандай ғанибет. Осындай игі іске Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті жүйелі басшылық етсе, бүгінгі мəдениеті өскен халықтың мың алғысына кенеледі ғой деген пікір ойға орала береді.

1971ж.

Page 364: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

364

ЕҢБЕКШІ ҒАЛЫМ

Қазақ елінің кеңес дəуіріндегі ғылымы мен біліміне еңбек сіңіріп, өз үлесін қосып жүрген парасатты дарынды-ларды көргенде, оларды жарық дүниеге киімшең келгендей сезінетініміз бар. Үлкен атақ, зор даңққа ие болғандардың кей-де өмір жолының бастауын да біле бермейміз.

Туғанына 70 жыл толып отырған профессор Бейсембай Кенжебаевтың өмірбаяндық деректерімен танысқан уақытта осындай ойлар еріксіз ойға оралды. Шынында да, қазақ əдебиет сыны мен ғылымына Бейсембаевтың қандай олжа салғанын ғана жақсы білеміз де, оның өмір жолынан бейхабарлаумыз ғой.

Қазақ əдебиет сыны мен ғылымының айбынды жауынгер-лерінің ішінде тұңғыш рет 70 жылдық мерекесі аталып отырғанының өмір сапары 1904 жылы Шымкент облысының Бөген ауданындағы кедей шаруаның қара лашығынан бастала-ды.Үш жасында анасынан айырылған Б.Кенжебаев əуелі Арыс, Бөген бойында қойшы, 1918 жылы Ташкенттің шай, жүн за-уытында жұмысшы болады. 1920 жылы тамызда Ташкенттегі №14 жетім балалар үй-интернатына алынады.

Бастауыш мектептен кейін облыстық кеңес-партия мек-тебінде оқып жүргенінде 1922 жылы Москва қаласындағы Күншығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетіне жіберіліп, оны 1925 жылы тəмамдап шығады. Сол жылы пар-тия мүшелігіне кандидат болып өтіп, 1928 жылы мүше болып қабылданады.

1925-1935 жылдары «Жас қайрат» газеті мен «Лениншіл жас» журналы редакторының орынбасары, «Еңбекші қазақ» – «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редак-торының орынбасары, Павлодардағы «Кеңес туы», Шым-кенттегі «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің редакторы міндетін атқарды. КОКП Орталық Комитеті жанындағы курсті 1938 жылы тəмамдап, КСРО Жоғарғы Кеңесінің ведомосінде істейді.

1941 жылы Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасының бас редакторы болып тағайындалып, 1944 жылы Қазақ университетіне оқытушылық қызметіне ауысады. Содан

Page 365: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

365

бері, 30 жыл бойына ұстаздық сапарының бар өткел-бас-палдақтарын түгел басып өтті. Аға оқытушы 1946 жылы «Сұлтанмахмұттың ақындығы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, ғылым кандидаты атағын алды, доцент болды. 1959 жылы «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы де-мократ ақын-жазушылары» деген еңбегі докторлық атақтың өресінен шығып, профессор болды. 1961 жылы қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін қайталап атқара бастады. Сол жылы Ленин орденімен наградталды.

Журналистік, публицистикалық еңбекпен 1924 жыл-дан бастап бірыңғай шұғылданған Б.Кенжебаевтың негізгі шығармашылық өмірін айқындайтын сын мақалалары 1925 жылы жариялана бастады. Күншығыс еңбекшілері Ком-мунистік университетінде жəне Москвадағы оқу орындарында оқып жатқан қазақ жастарының əдеби бірлестігінде «Абай кім-нің ақыны, қандай ақын?» деген тақырыпта арнайы баяндама жасап, оның түйінді қорытындыларын «Еңбекші қазақ» газеті мен «Лениншіл жас» журналында 1925 жылы жариялатты.

Бұл мақаланың принципті мəні, біріншіден, көркемдік сырын аңғаруға эстетикалық дайындығы бар сыншының жауынгерлік сапқа тұра бастағанын көрсетсе, екіншіден, əлі де болса үлкен дау-дамай ауқымынан шыға алмай жатқан Абайды «халық ақыны» деп атауы еді. Рас, өз мақаласында Б.Кенжебаев Абайды «халық ақыны» деп айтқанымен, Бұл үлкен ғылыми тұжырымды көркемдік-эстетикалық тұрғыдан дəлелдеп көрсе-те алған жоқ еді. Көбіне-көп сол кездегі социологиялық əуенге түсіріңкіреп, Бұралаң-Бұлтағы бар ой-пікірлерін үлкен тезис-пен ғана түйіндеген болатын.

Одан кейінгі жылдары Б.Кенжебаев «Сын түзетілсін» (1928) деген ұсыныспен əдебиеттің еңбір жауынгер саласы-на бел шеше кірісті де, Ғ.Тоғжановтың «Əдебиет жəне сын мəселелері» атты жинағына ұнамды пікір айтып, 30-жылдары Өтебай Тұрманжановтың «Таң сыры», Бейімбеттің жазушылық қызметінің 20 жылдығы, С.Сейфуллиннің «Қазақ əдебиеті туралы», М.Əуезов сахнаға шығарған «Айман-Шолпан», Ғ.Мүсіреповтің «Талпақ танауы» жөнінде, Қорқыт жайлы,

Page 366: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

366

қазақтың халық эпосы, ертегілері, Қобыланды батыр туралы, Сұлтанмахмұт шығармашылығын зерттеу, қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеу мəселелері жайында арғы-бергі жəне бүгінгі əдебиетіміздің даму, өркендеу барысындағы шығармашылық проблемаларға назар аударып отырды.

Б.Кенжебаевтың өнерпаздық тұлғасының қалыптасу жолда-рына көз салғанда Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезде көптеген ақын-жазушыларымыздың шығармаларына сын жазғанымен, оның негізгі арқауы əдебиеттану саласында жатқанын байқаймыз. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде «бірыңғай ағым» теориясына ептеп бой алдырғаны, шəлкем-шалыс басқаны ҚКП Орталық Комитетінің 1947 жылғы қаулысында аталып көрсетілген де болатын. Алайда «Сұлтанмахмұттың ақындығы» атты моно-графиясы (1949) Б.Кенжебаевтың өнерпаздық бетін бүтіндей ғылым саласына Бұрған еңбек болумен қатар, XX ғасырдың бас кезіндегі көркемдік дамуды ыждаһаттай зерттейтін оқымыстылығының қолтаңбасын танытты. Індете де құш-тарлана зерттеудің арқасында «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958) атты мəнді моно-графиясы дүниеге келді. Мұнда автор шолу-портреттік зерт-теу принципін қолданып, қазақ əдебиеті тарихындағы ең бір қиын, дау-дамайы көп, талай айқыш-ұйқыш пікірлер айтылған кезеңді сөз етеді де, көркемдік дамудың даңғыл бағытына түскен, оны Абайдан кейін жанрлық, идеялық, тақырыптық жағынан да, өнерпаздық-шығармашылық жағынан да ілгері өркендеткен ағартушы-демократ ақын-жазушылардың шығар-маларын кең көлемде, мəнді бағытта зерттеп берді. Архив-терде жұмыс істеп, əдебиетке қатысты деректерді іздеу, рево-люциядан Бұрын жарияланған көптеген кітаптардың, əсіресе көркем шығармалардың қадір-қасиетіне жету, осы кезеңде қалам ұстаған дарындардың көзқарасына, дүниетанымына жіті назар аудару, оңтайлы шешім ұсыну, өзінің ғылыми топшылау-лары мен күдіктерін ашық айтып отыру – осы еңбектің ұнамды жақтары. Сондай-ақ шолақ пішілген, қанатсыз пайымдалған, жаңсақ тұжырымдалған сəттер де кездеспейді емес.

Page 367: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

367

Алайда XX ғасыр басындағы əдебиетіміздің ағартушы– демократиялық бағытпен өркендеу, даму барысын ғылыми негізде баяндау арқылы Б.Кенжебаев 1966 жылы жоғары оқу орындарының студенттеріне «ХX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» оқулығын жасап беріп, қазақ əдебиеттану ғылымына өзінің үлкен үлесін қосты.

Қазақ кеңес əдебиетінің туу, өркендеу процесін «30-жыл-дардағы қазақ кеңес əдебиеті» (1961) деген шолуында, «Шын-дық жəне шеберлік» атты сын мақалалар жинағында бірқыдыру əңгімелейді.

Б.Кенжебаевтың шығармашылық ізденістерінде сонау 30-жылдардан бері желісі үзілмей келе жатқан бір күрделі про-блема – қазақ əдебиетінің көне дəуірінің идеялық-шығарма-шылық мəселелері. 1933 жылы С.Сейфуллиннің «Қазақ əде-биеті» атты оқулығына сын жазғанда Б.Кенжебаев қазақ əдебиетінің ертедегі дəуірін зерттеу қажеттігі жөнінде 20-жыл-дары Сəкен, Мұхтар айтқан пікірлерді қайталап жандандыр-ды. Соны кейінгі еңбектерінде үлкен бір арнаға айналдыруға талаптанды. 1941 жылы Оқу халық комиссариаты мұғалімдер съезінде қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеу мəселесін талқыламақ болған. Сол съезде баяндама жасауға даярланған «Қазақ əдебиетін дəуірлеу мəселелері туралы» пікір алысу мақаласын «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде 1941 жылы 10 маусымда жариялады. Оның толық мəтіні 1941 жылы шыққан «Қазақ тілі мен əдебиеті мəселелері» атты жинақта ба-сылды. Осы еңбектерінде Б.Кенжебаев, «біздіңше, қазақтың жазба əдебиетінің тарихын шамамен мынадай дəуірлерге бөлуге болатын сияқты:

І. Қазақ хандығы тұсындағы əдебиет, яғни ХV ғасырдың ортасынан бастап ХVІ ғасырдың ақырына дейінгі əдебиет.

ІІ. XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы əдебиет.ІІІ. XIX ғасырдың екінші жартысындағы əдебиет. ІV. XX ғасырдың алғашқы 20 жылындағы əдебиет.V. Кеңес əдебиеті – деген ұсыныс жасады. Осы дəуірлеудің

бірінші бабынан басқасы түгелдей ғылыми тұрғыдан дəлел-деніп, практикада қолданылып келе жатыр. Ал бірінші дəуірді терең зерттей, қоштап кетушілер аз екендігін аңғарған ав-

Page 368: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

368

тор: «Кейбір жолдастар Асанқайғы мен Сыпыра жырау та-рихта болмаған, халық ойдан шығарған, əдебиетіміздің тари-хын олардан бастамай, тарихта болған ақиқат Бұқар жырау-дан – ХVІ ғасырдан бастауымыз керек дейді. Бұл дұрыс емес, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргендік болады» деп ескертпе жасады.

Алайда «Тарихта бірінші рет аты мəлім, шығармалары да бірінші рет өзінің атымен сақталған ақын – Бұқар жырау. Қазақ жазба əдебиетінің, əдебиет тарихының басы – Бұқар жы-рау. Қазақ əдебиетінің тарихы бар. Қазақ əдебиет тарихының басы – Бұқар жырау дейміз» деген пікірді Қ.Жұмалиев 1948 жылғы оқулығында түйіндей баяндады. Осы тұжырымды өзінің «Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері» деген еңбегінде, қазақ əдебиетінің негізгі проблемаларына арналған 1969 жылғы ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баян-дамасында сөзбе-сөз қайталады, жүйелі көзқарастар, ғылыми концепцияға айналдырды.

Бұл концепцияның терістігін Б.Кенжебаев тарихи-ғылыми қисындармен дəлелдемекке талай оқталды. «VІІІ-ІХ ғасырлардағы «орхон-енисей» жазу-сызулары, ІХ-Х ғасыр-лардағы Талас-Шу бойында жасалған кітаптар «Құдатғу білік», «Лұғаты түрік», тағы басқалар; Х-ХІ ғасырларда Каспий теңізі жағалауларында жарыққа шыққан кітаптар «Кодекс куманикус» («Қыпшақ тілінің сөздігі»), «Қисса сүл əмбия», тағы басқалар; ХІ-ХІІ ғасырларда қазақ жөнінде жасаған Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани шығармалары «Диуани Хикмет», «Хакім ата», «Бақырған кітабы», «Ақырзаман», тағы басқалар; Алтын Орда тұсында Сырдария бойында, Арал маңында жасалған əдеби шығармалар – «Мұхаббатнаме», «Қобызнама», «Саяхат-нама», «Жұм-жұма», тағы басқалар қазақ халқының ертедегі жазба əдебиет нұсқалары деп есептеліп, қазақ əдебиеті тари-хында тексерілуі тиісті» деген пікір түйіп, Бұл кезеңдегі əдеби мұралардың түркі тілдес əдебиеттердің бəріне ортақ мұра екенін ескертті. Оны профессор В.М.Сидельников, доцент М.Ақынжанов қостады.

1950 жылғы конференциядағы осы айтыс пікір 1960 жылы «Қазақ əдебиеті» газетінің бетіне көшті. Б.Кенжебаев «Қазақ

Page 369: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

369

халқының жазба əдебиетінің тарихы қайдан, кімнен бастала-ды?» деген пікір алысу мақаласын соны дерек, болжамдар-мен жариялаған уақытта Қ.Жұмалиев «Қате пікір қағидаға айналмасын» деген мақаласымен жауап берді. Бұл проблема ғылыми-зерттеу жұмысының ең бір мəнді саласына айналды.

Республикадағы эстетикалық ой-пікірдің үлкен орталы-ғының бірі – университеттің қазақ əдебиеті кафедрасы əде-биетіміздің көне дəуірін зерттеу жолында талай ғылыми игі қадамдар жасады. Көне түркі ескерткіштерінің қазақ əдебиетіне қатынасы, Алтын Орда дəуірінде жазылған көркем шығармалар, ХV-ХVІІ ғасырлардағы ақын-жыраулардың шы-ғармашылығы арнайы зерттеліп, 1967 жылы жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Ертедегі қазақ əдебиеті хре-стоматиясы» шығарылды. Оның құндылығын «Вопросы лите-ратуры» журналы 1968 жылы айрықша атап өтті.

Кафедра ұжымы қазақ əдебиеттану ғылымында «тарихи мектепке» (шартты отау) негіз салған осы игі еңбекті əрі қарай дамыта түсуде. Қазір «Ертедегі қазақ əдебиетінің» жоғары оқу орындарына арналған оқулығы баспа орнына тапсырылды. Арнайы программа жасалып, жоғары оқу орындарында қазақ əдебиеті тарихын оқытудың міндетті курсіне енгізіліп отыр. Демек, мұны практикалық шешімі табылған ғылыми зор іс деп білуіміз керек.

Бұл еңбектерде сондай-ақ Б.Кенжебаевтың əдебиет тари-хын дəуірлеу принципінде кем-кетіктер жоқ деп ешкім айта алмайды. Оларда ғылыми жинақтау жағынан гөрі түсіндіре баяндаудың молдығы айқын сезіледі. Мұнан əзірге құтылу да қиындау. Өйткені ғылыми-тарихи дерек-мағлұматтар жинақталып, сараланып, талай қисындар айтылған уақытта ғана күрделі мəселе сабасына түсетіні, синтездік зерттеу-лер туатыны белгілі. Солай бола тұрса да, осы концепцияның ғылыми орнығуы, белгілі бір бағыт болып қалыптасуы – қазақ əдебиеттану ғылымының үлкен табысы.

Б.Кенжебаевтың өмір өткелдері мен ғылыми-сын еңбек-терінің ең негізгі арқауларын ғана атап өттік. Суыртпақтап та-рата бастасаң, ұзақ та құнарлы өнер жолында Б.Кенжебаевтың талай бел-белестерден, сай-шатқалдардан өткенін байқар

Page 370: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

едік. Соның бəрі де қазақтың жаңа мəдениетін, əсіресе оның əдебиеттану ғылымы мен сынын өркендету қамынан туып, өркен жайғанын көрер едік. Ерінбей-жалықпай еңбек ет-кен адамның абырой-атаққа бөленетіндігін, сый-құрметке кенелетінін профессор, филология ғылымдарының докторы Бейсембай Кенжебаевтың өмірі мен өнер жолы анық көрсетіп отыр.

* * *

Қазақ кеңес баспасөзімен бірге жасасып келе жатқан дарынның əр кезеңде жарияланған дүниелері аз емес. Оның көбі «Шындық пен шеберлік», «Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері» атты жинақтарда жарияланған болатын. Той құр-метіне автор портфелінде жатқан арғы-бергі уақытта жазылған мақалаларынан, естеліктерінен іріктеп бір жинақ дайындауды мақұл көрдік.

Жинақтың бірінші бөлімінде Қазан революциясына дейінгі қазақ əдебиетіне қатысы бар материалдар орын алса, екінші бөлімде Б.Кенжебаевтың қазақ өлең құрылысына арналған зерттеуінің Бұрын толық түрде жарияланбаған, кейінгі кез-де толықтырылған нұсқалары енгізіліп отыр. Ал жинақтың соңғы бөлімі ұзақ өмір кешкен, талай ұлылы-кішілі қазақ қайраткерлерімен, ақын-жазушыларымен жора-жолдас, тең құрбы болған профессордың мəнді естеліктеріне арналды.

Жауынгер жанрдың байырғы солдаты, еңбекші ғалым Б.Кенжебаевтың өнерпаздық қолтаңбасы мен əр кезеңдегі ой-пікірінің аптабын танытатын еңбектерді осылайша жүйелеп бергенді орынды деп білдік.

1974 ж.

Page 371: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

371

Б.КЕНЖЕБАЕВ – ТАРИХИ МЕКТЕПТІҢНЕГІЗІН САЛУШЫ

Қазақ əдебиеті пəн ретінде 1932 жылы фабрика-зауыт жəне колхоз жастарының жетіжылдық мектебінде арнайы бағдарламамен ресми түрде оқытыла бастады. 5-сыныпта кеңес ақын-жазушыларының шығармалары, 6-сыныпта – ауыз əдебиеті, 7-сыныпта – ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы əдебиет нұс-қалары оқытылды. Оларға арнап хрестоматиялар шығарылды.

1934 жылы жаңа бағдарлама жасалғанмен, жүйелілік жетіспей жатты. 1937 жылы желтоқсанда қазақ тілі мен əдебие-ті мұғалімдерінің республикалық кеңесі болып, Сəкен, Ілияс, Бейімбет сынды ұлылардың əдебиет тарихынан аластануы-на байланысты 1937/38 оқу жылы əдебиет пəні уақытша схе-мамен жүргізілді. 1938 жылдан бастап 8-10 сыныптарда та-рихи əдебиеттік курс, яғни əдебиет тарихы оқытыла бастады. Əуелі хрестоматиялар, 1939 жылдан бастап оқулықтар жарық көре бастады. Демек, орта мектепте əдебиетті оқытудың жал-пы сұлбасы жасалып, қалыптасу кезеңін өткеруге тиісті болды.

Екі-үш жылдың тəжірибесін қорытындылау үшін қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімдерінің республикалық съезін өткізу жөнінде шешім болды.

Съезде негізгі баяндаманы жасайтын Б.Кенжебаев ел-жұрттың ой-пікіріне қозғау салу үшін «Социалистік Қазақстан» газетіне 1941 жылы 10 маусымда «Қазақ əдебиетін дəуірлеу мəселелері туралы» мақаласын жариялады. Съезде жасалатын баяндаманың толық мəтіні «Қазақ тілі мен əдебиеті мəселелері» деген арнайы жинақта 1941 жылы шықты. Өкініштісі сол, ар-налы жүйеге түсіп келе жатқан ғылыми-практикалық мəні зор мəселе соғыс қырсығынан аяқсыз қалды. Алайда Бейсенбай Кенжебаев өзінің зерттеу еңбектерінде оған əлсін-əлі соғып отырған сəттері аз емес.

Идеологиялық мəселелерге арналып 1946-48 жылдары алынған қаулы-қарарлар ел-жұрттың əңкі-тəңкісін шығарып, орыстан басқа халықтардың рухани дүниесіне тереңдеп баруға болмайды, əсіресе «Едіге» жыры бар түркі халықтары байқап-

Page 372: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

372

байқап ізденіс жасаулары керек, өйткені көшпенділікпен өмір сүрген елдерде іліп алар тарих шамалы екенін ұмытпауы ке-рек деген ескертуден кейін дүниенің бəрі қусырыла түсті. Осы жағдайды жадында мықтап сақтаған қазақ түсінігінің қалай бағыт алып бара жатқанын бағдарлаған ғалым ағамыз Қажым Жұмалиев қазақ əдебиетінің тарихы ХVІІІ ғасырдан, Бұқар жыраудан басталады деген көзқарасын 1948 жылы мек-теп оқулығында тұжырымдады. Бұл мəселеге басқаша қарайық дегендерге партия шешімімен жауап беріп, кейінгі 9-сынып оқулығында «Əдебиеттің толық мағынасында қалыптасқан дəрежеге көтерілуі үшін онда есейген поэзия, проза, драма-тургия, журналистика, əдебиет сыны мен тарихы болуы шарт. Қазақтың XIX ғасырдағы көркем əдебиетінде осы салалардың бір жүйесі ғана дамыды, ол – поэзия. Шын мағынасындағы проза, драматургия жəне əдебиеттің басқа жанрлары қазақта болған жоқ» деген еуропацентристік концепцияға шылбыр берді де, кейінгі зерттеулерде оның жүзеге асуын қадағалап отырды, талай айтыс-тартысқа, дау-дамайға барды. Қазақ əдебиеттану ғылымында 80-жылдардың ортасына дейін осы көзқарас үстемдік жасады. Оның беки түсуіне М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының позициясы да көп септігін тигізді. 1960-67 жылдары шыққан 6 кітаптан тұратын «Қазақ əдебиетінің тарихы» осы көзқарастың ықпалымен шықты. Əлі күнге дейін одан безіне алмағандар кездеседі.

Университеттің қазақ əдебиетінің тарихы мен сыны ка-федрасы тəуелсіздік əкелген азаттықты пайдаланып, қазақ əдебиетінің тарихын сақ, ғұн замандарынан бастап, бері тар-ту қажеттігін ескертіп, 90-жылдардың ортасында жазылып, 2001 жылы шыққан «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихын-да» (екі томдық) «Ертедегі көшпелі тайпалар əдебиеті» тара-уында қытай, парсы жəне орыс деректері негізінде біздің жыл санауымызға дейінгі IX ғасырдан жаңа заманның ІV ғасырына дейінгі мерзімде жасалған рухани дүниеге қазақ жерінде жасаған ұлыс-тайпалардың ортақтығы бар, сондықтан ол қазақ əдебиеті тарихында мықтап еленуге тиіс деген жаңа көзқарас ұсынып отыр.

Page 373: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

373

Профессор Бейсенбай Кенжебаевтың 1975 жылы жариялан-ған «Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері» деген еңбегінің беташары «Қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеу» деген мəнді еңбегімен ашылып, дəуірлеудің жаңа нұсқасын ұсыныпты. 1968 жылға дейін айтып келген «Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет» дейтін көзқарасын өзгертіп, енді бірінші дəуірді «Бұрынғы əдебиет» (V-ХV ғасырлар арасы) деп атауды ұсынады да, оған «Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дəуірлеріндегі əдебиет. Көбінше сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ əдебиет» деген дəйектеме жасады. Сөйтіп, тарихтың тереңіне сүңгуге ғылыми негіз дай-ындады. Бұл жайында талайлар ой айтқанымен, дəйектілік танытқаны шəкірті Алма Қыраубаева болды.

Ежелгі əдебиетті іштей Түрік қағанаты, Оғыз, Ислам, Ал-тын Орда дəуірлеріндегі əдебиет деп жіліктеп, əр кезеңнің ұлы тұлғаларымен толығып отыруы қазір негізгі бағытқа айналды.

Бұл Бейсенбай Кенжебаев негізін қалаған тарихи мектептің жан-жақты дамуы жəне осы бағытты орнықтыру жолында қомақты ой айтып, талай қиын талас-тартысқа түскен ғұлама ғалым еңбегінің жанғаны деп білу керек.

Ғылымда соңғы сөз айтылып, нүкте қойылмайды. Бұрын құлашымыз жететінді ғана қармасақ, қазіргі тəуелсіздік за-манда енді ой жетер жерге баруымыз керек. Оның алғашқы қадамы жасалды да. М.Хасеновтің «Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны», Кляшторный мен Сұлтановтың «Қазақ халқының үш мың жылдық тарихы», Қазақ энциклопедия-сы шығарған «Қазақ поэзиясының екі мың жылдық антоло-гиясы» жарияланып, оқушылар қолына тиіп, ғалымдарды ой-ландырып жатқан кезде қазақ əдебиеті тарихының сақ, ғұн дəуірлері естен шықпауы тиіс. Біздің заманымызға дейінгі кезеңнен бастау алатын рухани дүние бүгінгі біздегі түсінікті тілде болмауы мүмкін, тіпті басқа тілде жазылуы да ғажап емес. Бірақ оған қарап ол мəдени мұрадан Бұрынғыдай қашуға болмайды. Біз бүгінгі қазақ жерінде жасалған мəдени-рухани байлыққа ортақ екенімізді ешуақытта ұмытпауымыз ке-рек. Парсылардың тіліне аударылып, дініне айналып кеткен

Page 374: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

атақты «Авеста» Əмудария мен Сырдарияның арасындағы алқапта туса, қалайша безінбекпіз?! Бүгінде жеке халық аты-на ие болғандардың арғы бабасы болғандығы, қазіргі қазақ жерінде жасап, шаттанғанда, қайғы-қасірет шеккенде өзінің ой-пікірін, жан сырын көркемсөзге орап жеткізгенін əрқашан есте тұтып, өз əдебиетіміздің бастауы ретінде тануға тиіспіз. Олай болса көне заманның көрікті ойларын бүгінгі ұрпақтың асыл мұрасына айналдыруға тиіспіз. Міне, сонда Бейсенбай Кенжебаевтың қазақ əдебиеттану ғылымында негізін қалаған тарихи мектебі өзінің ғылыми логикалық түйініне жетеді де, халқымыздың адамзат көшінде бостан-бос жүрмей, əлем əдебиетіне қосқан үлесі айқындалады. Ел мерейі асқақтайды.

2004 ж.

Page 375: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

375

С.Е.БАЙМЕНШЕНІҢ«БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ БЕЛГІСІЗ

ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАРИХЫ» АТТЫ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯСЫНЫҢ

АВТОРЕФЕРАТЫНА ПІКІР

Əр заманның ыңғайына қарай эстетикалық ой-пікірдің өзгеріп отыруы таңғаларлық құбылыс емес. Бірақ тарихтың жады мықты, тарих ештеңені де ұмыт қалдырмайды. Та-рих əсіресе сөз өнері саласындағы кез келген еңбекті мүлде ұмытып кетпейді. Кезегі келгенде мұндай еңбектерге қайта ай-налып соғып отырады.

Бұдан бірнеше жыл Бұрын менің «Қазақ тілінде сөз сөйлеу тоқталып қалмаса, біз Бейімбетке əлі орала береміз» дегенім бар еді. Əлі де сол пікірдемін. Өйткені Сəкен, Ілияс, Бейімбет, олардың басқа замандастары ғұмыр кешкен кезеңнің күллі шындығы, олар өткерген заманның ақиқаты, атқарған істерінің бəрі бірдей кейінгі ұрпаққа толық жетіп болды деп ешкім де кесіп айта алмайды. Соның бірі – зерттеуші нысана етіп отырған Бейімбеттің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы. Бұл да қыры-сыры толық ашылып болмаған сала. Сондықтан осы ғылыми еңбекті (диссертацияны да, авторефератты да) мұқият оқып шықтым. Автореферат мазмұны диссертацияның мазмұнына толық сəйкес келеді.

Ал жалпы зерттеудің нақты ерекшеліктеріне келсек, ізденушінің ең басты мақсаты – Бейімбет Майлиннің белгісіз шығармаларын, жоғалған еңбектерін мүмкіндігінше іздеп табу, олардың мəтінін бүгінгі қаріпке түсіріп, қайта жария-лау жəне осы белгісіз туындыларды əдеби-ғылыми айналымға қосып, шығармашылық тарихын айқындау. Бұл жолда оның біраз жылдардан бері ізденіп келе жатқаны маған жақсы мəлім. Бейімбеттің белгісіз шығармаларының екі жинағын шығарды, қазір көп томдық толық жинағын құрастыру үстінде. Сондықтан С.Байменшенің тақырыпты таңдауы, өзі қол жеткізген нəтижелерді ғылыми арнаға салуы – заңды əрі қажетті іс деп бағалаймын.

Page 376: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

376

Ғылыми еңбекте Б.Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихына тəн сипаттар дараланып көрсетіледі, түйінделіп, жинақталады. Жалпы жұмыстың құрылымы да осылай жасалған, əр тарау бірін-бірі толықтырып, тың дерек-термен бірін-бірі үстемелеп тұр. Əр тараудан соны дерек, жаңа мəлімет табылады.

Ізденуші тақырып табиғатына орай негізінен белгісіз туындыларды назарда ұстаған. Өзі іздеп тапқан белгісіз еңбектердің нақты мəтінін ұсынған, солардың жазылу тарихы мен тағдырын таразылаған. Сондай-ақ жазушы еңбектерінің жинақталу, зерттелу дəрежесіне тоқталуы, толық нұсқасы жоқ бірқатар шығармаларын жаңадан табылған жарияланымдар-мен толықтырғаны да атап айтуға тұратын іс.

Жұмыста тың деректер салыстырылған, талданып, жүйе-ленген жəне белгісіз туындыларының табылуы нəтижесінде кейбір шығармаларының бірнеше нұсқасы болғандығы дəлел-денген. Мұны Б.Майлиннің ескі басылымдарда ғана сақталған бірқатар белгісіз туындыларын тауып, айналымға қосу арқылы, ел аузында сақталған кейбір еңбектерін жариялау нəтижесінде жүзеге асырған.

Жазушының тұңғыш жинақтары туралы ғылыми баяндаула-ры мен зерттеушіге тəн дəлелдеулері назар аудартпай қоймайды. Зерттеуші ұсынып отырған – Бейімбет Майлиннің оқулықтар мен оқу кітаптарын, күнтізбелік жинақтар, əліппе мен əліппе орнына пайдаланылатын құралдар шығарған қаламгерлік қызметі қай жағынан алғанда да тың деректер. Бұрын ішінара айтылғаны болмаса, бірінші рет осы еңбектерді С.Байменшенің жан-жақты талдағанын, олардың ерекшеліктерін ашқанын, белгісіз еңбектерін жария еткенін атап көрсетуіміз керек.

Б.Майлиннің аудармашы ретіндегі белгісіз қызметін де осы зерттеу арқылы тереңірек біліп отырмыз. Бұл Бейімбет шығармашылығының Бұрын егжей-тегжейлі сөз болмаған са-ласы. Соны дəлелдеу үшін ізденуші тіпті Б.Майлин қаламынан туған аударма кітапты қайта жарыққа шығарған. Бейімбеттің аударма ісін ұйымдастыруы, аударма жəне аудармашы жөнін-дегі жеке пікірлері, баспасөз бетінде қалған кейбір аудар-

Page 377: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

ма еңбектері, шығармаларының басқа тілге аударылуы жай-ында талдаулары да жазушының шығармашылық қызметін байыта түсетін деректер, əдебиет зерттеушілерінің, басқа да ізденушілердің қажетіне жарайтын нақты ғылыми мəліметтер.

Зерттеу барысында ізденуші жазушының жаңа туынды-ларының табылуына байланысты белгісіз бүркеншік есімдерін анықтапты, Бұларды Бұрыннан мəлім кейбір нұсқаларымен са-лыстырып, тұтастай жүйелепті, жалпы бүркеншік есімнің пай-да болу шарттарына кеңінен тоқталыпты.

Қорыта айтқанда, Серікқали Байменшенің диссертациялық жұмысы – үлкен де іргелі еңбек. Жəне осы жұмыспен ғана тоқталып қалмайтын, ұдайы жүргізіле беретін іс. Сондықтан ізденуші Бейімбетке қатысты зерттеулерді жалғастыра беруі керек. Кезінде Темірғали Нұртазин, Бейсенғали Наурызбаев, Сейділда Ордалиев сияқты ғалым ағалары еңбек сіңірген игі істің сенімді жалғастырушысы осы Серікқали Байменше бо-лып келеді жəне солай бола беруге тиіс деп ойлаймын.

Сөзімнің соңында Бұл ғылыми еңбегі арқылы Серікқали Байменшенің əдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқанын айта келіп, қорғауға ұсынып отырған диссертациялық жұмысы үшін оған 10.01.02 – қазақ əдебиеті мамандығы бойынша фи-лология ғылымының докторы ғылыми дəрежесін беруге бола-ды деп есептеймін.

Page 378: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

378

ҰЛАҒАТТЫ ҒАЛЫМ

Адал еңбек, қажырлы қайраткерлігімен, ұзақ жылғы ұстаз-дығымен, сүбелі зерттеулері, талантты шығармаларымен халқы, Отаны алдында перзенттік парызын ақтап өткендердің бірі – Темірғали Нұртазин. Темекенің Қазақ университетіндегі анкета-деректеріне тағы бір рет назар аударып, өмірбаянын мүмкін–қадірінше толығырақ таныстыра кеткен жөн сияқты. Өйткені Темекең өзінің көзі тірісінде қарапайым болудың жөні осы екен деп көп нəрсені əзіл-қалжыңға жығып, мəн берген жан емес. Соның бір сілемін тіпті өзінің өмір өткелдерін дұрыс мерзімдеуге де мəн бермегендігінен байқаймыз. Өмірбаяндық деректерді шатастыру былай тұрсын, бірнеше жылдарды та-стап кету, «жоғалтып» жіберу тіпті де қиын емес. Əртүрлі ақпар-деректерді əлсін-əлі жинап отырудың пайдасы осын-дайда тиеді екен, енді бірінде жоғын екіншісімен толықтырып, белгілі бір жүйеге салып көрейік.

Темірғалидың түйедей құрдас құрбылары «бір ауылда туғанбыз» дегенімен, Темірғали Төлемісұлы Нұртазин 1907 жылы 26 желтоқсанда Қорған қаласындағы май айыру зауыты жұмысшысының отбасында дүниеге келген.

Өз елінен күнкөріске талғажау таба алмаған Төлемістің Қорған жатағына айналуы ең бір азапты шақ болғанын байқаймыз. Белі бекіп, Бұғанасы қатпаған Темірғалиды жа-стайынан жалға беруіне тура келген. 1956 жылы 2 маусымда жазған өмірбаянында Т.Нұртазин: «Мен тоғыз жасымнан 1925 жылға дейін жалға жүрдім, жұмыс істедім» деп жазыпты. Жаста көрген қиындықты ұмыта қою да қиын ғой, таңертең сабаққа барып, келгеннен кейін салпақтап біреудің жұмысын істеулік азабы өмір бойы есінен кетпегенін талай əңгімелеп отыру-шы еді. Азап пен қорлық қаншама қаумалағанмен, Темірғали оқудан қол үзбеген. 1916 жылы Қорғанның əуелінде приход, кейіннен тоғыз жылдық мектебінде 1925 жылға дейін оқиды. 1920 жылы шешесі қайтыс болып, əкесі 1923 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Төңкеріс ауданына көшіп келеді.

Жаз айында əкесіне келгенде Алпысбай деген байдың ма-лын бағып, оқуға тиын-тебен тауып алған шағы да бар. Мектепті

Page 379: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

379

тəмамдаған жас əкесінің дөңгелек шаруасын жөнге саламын деп те талаптаныпты. Одан ештеңе өндіре алмаған Темірғали 1928/29 оқу жылында «Уақ» мектебінде мұғалім болады. Қазақ шаруаларын ұжымдастыру кезінде Төңкеріс ауданындағы «Жаңа тұрмыс» колхозының негізін қалап, артель председателі болып сайланғаны да бар. Əкімшілік ісіне ыңғайы келмеген жас білім алуды сылтау қылып, Петропавл қаласындағы қазақ педтехникумына оқуға түседі. Техникумда бір жағынан орыс тілі мұғалімі болып қызмет атқарған Темірғали 1930 жылы КОКП мүшелігіне қабылданады. Əрі оқып, əрі оқытып көзге түскен жас 1932 жылы БКП(б) Петропавл қалалық мəдениет комитетінің бюро мүшесі болып сайланады.

Жоғарыда аталған өмірбаянында «1933 жылдың 1 қыр-күйегінен 1936 жылдың шілдесіне дейін Ленинградтағы жур-налистика институтында оқып, тəмамдадым. Сол институт-та оқып жүріп бір жағынан 1934/35 жəне 1935/36 оқу жылда-рында комсомол бөлімінде ленинизм кафедрасының ассистенті болып қызмет атқардым» деп жазғанын оқығанда таңғалдық. Бұл, біріншіден, көпшілікке беймəлім дерек болуының үстіне, екіншіден, Ленинград сияқты ұлы қалада, ғалымы мен зиялы-лары мол қалада Темірғалидың оқи жүріп, басқаларды оқытуы əншейінгі ғана құбылыс емес.

Ленинградтың Воровский атындағы Коммунистік журнали-стика институтында үздік оқып, қызыл дипломмен бітірген. 19 пəннің бəрінен «өте жақсы», тек қана орыс тілінен «жақсы» де-ген баға алыпты. Мұның өзі талантты дарынның қаншалықты жауапты оқығанын байқатады. Бұл əншейін диплом алу үшін емес, өмірлік рухани азық алудың саналы қадамы екенін байқаймыз.

Орыс, батыс, шығыс əдебиеттерінің ғана емес, жалпы білім теңізінің тереңіне ден қойған, ақыл мен сана, парық пен парасаттың қайнар көзінен еркін сусындаған Темірғали əдебиетіміздің тари-хын, бүгінгі даму барысын парықтауда əрқашан өнеге көрсетіп отырды.

1936 жылдың қыркүйегінде талантты дарын «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты редакторы болып тағайын-

Page 380: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

380

далды да, Қарағанды облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Өзінің бар дарын қуатын енді ғана таныта бастаған шақта 1937 жылдың маусым айында Алматы қаласына шақыртылып, академиялық драма театрының директоры бол-ды. Өнер саласындағы қадамы ұзаққа созылмады. 1937 жыл-дың 28 тамызынан 1942 жылдың 3 ақпанына дейін орынсыз əуре-сарсаңға түсті.

1942-43 оқу жылында Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданындағы «Үлгі» мектебінде орыс əдебиетінен бір қыс сабақ берді, жазында қазақтың жоғары оқу орындарының қара шаңырағы ҚазПИ-ге ауысты, əуелінде ассистент, аға оқытушы, 1947 жылдан 1956 жылға дейін доцент болды.

Өзінің ұстаздық қызметімен қатар Темірғали шəкірт бола жүруді өзінің өмірлік машығына айналдырған сияқты. Бір қыс Шет тілдері институтының неміс бөлімшесінен дəріс тыңдайды, ал 1944-1945 оқу жылында өндірістен қол үзбей КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының аспи-ранты болды. Қажырлы да нəрлі еңбектенудің нəтижесінде КСРО Ғылым академиясының Ленинградтағы Шығыстану институтының ғылыми кеңесінде 1945 жылдың 4 наурызын-да филология ғылымының кандидаты болған Темірғалиға 1947 жылдың 11 қаңтарында доценттік атақ беріледі.

1956 жылы Т.Нұртазин Қазақ университетіне ауысады. Өзі-нің үлгілі ұстаздық қызметін мінсіз атқара жүріп, заманы-мыздың үлкен жазушысы Сəбит Мұқановтың шығармашы-лығын зерттейді. 1960 жылы шыққан «Жазушы жəне өмір» атты монографиясы негізінде 1962 жылы докторлық диссерта-ция қорғады. 1964 жылдан өмірінің ақырғы сəтіне дейін Қазақ университетінің профессоры болып, талай жас талапқа терең білім, өміріне жолдама берді.

1956 жылы жазған өмірбаянында Т.Нұртазин «1930 жыл-дан бері əдебиетпен шұғылданып келемін. Əңгіме, очерк жа-зудамын. Соңғы он шақты жылдың деңгейінде сын жəне əдебиеттану ісімен шұғылданудамын. Менің еңбектерім газет-журналдарда жарияланады, жеке кітап болып басылып шығуда, КСРО Жазушылар одағына 1945 жылдан мүшемін»

Page 381: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

деп жазыпты. Жарияланған еңбектерінің ең алғашқысы өлең болғанын көреміз. 1932 жылы шыққан «Қарағанды қаламы» атты альманахта «Машинист» деген өлеңі басылған. Одан кейін «Қарағанды пролетариаты» газетінің бір бетінде «Балқашта» деген поэмасы жарияланған. 1935 жылы «Казахстанская прав-да» газетінде «Өнертапқыш», 1936 жылы «Красная Татария» газетінде «Слесарь» атты очерктерінің басылып шыққанын көреміз де, Темекеңнің əріректегі қаламгерлігінен хабардар бо-ламыз.

Т.Нұртазиннің публицистік қаламының ұшқырлығын, жазушылық дарынының нəрлігін, аудармашылық қабілетінің сан-салалығын аңғару қиын емес. Орыс, қазақ, татар тілінде қалам жебеп, өзінің ойын ғана емес, көркемдік түсінігі мен сезімін жеткізе білетін Т.Нұртазиннің «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Молот» (Ростов), «Қызыл Өзбек-стан» газеттерінде жарияланған көркем суреттемелері мен пу-блицистикалары, «Мұрат», «Испытания» атты повесть, «Жаңа саты», «Адам бекер жасамайды» деген əңгіме-очерктер жинақ-тары қуатты дарынның бір қырын танытады.

Т.Нұртазиннің баспасөз бетінде жарияланған көптеген мақалаларын айтпай-ақ, тек журналдар мен жинақтарда басылған «Ақындар айтысы» (1944), «Абай жəне орыс классиктері» (1945), Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», «Дауылдан кейін», М.Əуезовтің «Абай» (1948), Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» (1951) романдары туралы, «Абайдың ақындық ше-берлігі» (1954), «Торайғыровтың шығармашылығы» (1955), «Əңгіме жанры туралы» (1961), тағы басқа көптеген зерт-теу еңбектері оның əбден қалыптасқан ғалым, эстетикалық тұжырымы айқын сыншы екендігін дəлелдейді.

Page 382: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

382

МАЗМҰНЫ

Əдебиетіміздің арғы бастауы хақында...................................................4Тарихты түптен таратайық ...................................................................10Иран-Тұран əдебиетінің байланысы ...................................................19«Түркістан уалаятының газеті» жəне қазақ əдебиеті.........................26Тереңнен сыр тартайық..........................................................................33Əдебиет сынының тууы........................................................................45Сыни ой сапары......................................................................................98Қолжазба «Садақ» журналы...............................................................130Əдебиеттану ғылымының кейбір мəселелері....................................136Қарқынды өрлеу....................................................................................151Сыншылар мұрасы туралы..................................................................180Əдебиет оқулықтары жайында...........................................................187Əдебиет тарихындағы «ақтаңдақтар» хақында.................................192Құнды еңбек – зор үлес.......................................................................241Бір жыл өнімі.........................................................................................2631964 жылғы сыни ойлар.......................................................................285Өскелең əдебиетке өсірер сын керек..................................................293Əдеби сынның қазіргі жай-күйі..........................................................305Қаулыны жүзеге асыру жолында.........................................................309«Жұлдыздың» сырласу клубына жауап.............................................320Ортақ тарих қуанышы..........................................................................331Хамза Жүсіпбеков.................................................................................337Сын мен ғылым сардары.....................................................................340Елеулі еңбек...........................................................................................354Жыл құсы..............................................................................................359Еңбекші ғалым......................................................................................364Б.Кенжебаев – тарих мектептің негізін қалаушы..............................371С.Е.Байменшенің «Бейімбет Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы».......................................375Ұлағатты ғалым....................................................................................378

Page 383: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

Кiтапты шығаруға жауапты – «Қазығұрт» баспасы» ЖШС-нің директорыТемірғали Мұратбекұлы КӨПБАЕВ

Тұрсынбек КƏКІШЕВ

Көптомдық шығармалар жинағы

Төртінші том

Редакторы Дүйсен Суретшiсi Нұран АЙЫМБЕТ

Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВАБеттеген Ермек МЕЙІРБЕКОВ

Page 384: УДК Тtilalemi.kz/books/7376.pdf · 2016-12-06 · Ал шығыстағы Қытай елі деректерімен қатар оңтүстіктегі Иран-парсы мəліметтеріне

ИБ № 380Басуға 29.05. 2013 ж. қол қойылды.

Қалыбы 84×108 1/32. Офсеттiк басылым. Қарiп түрi Times New Roman. Шартты баспа табағы 20, 0. Таралымы: Мемлекеттік тапсырыс бойынша

2000 дана + 60 дана баспаның тапсырысы бойынша. Тапсырыс №

«Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелдi.

«Қазығұрт» баспасы» ЖШС-і, 050009, Алматы қаласы,Абай даңғылы 143, 522-офис.

Телефон (факс): 8 (727) 394-42-86e-mail: [email protected]