СОТЫНА СЕНГЕН ЕЛ КЕЛЕШЕГІНЕ ДЕ СЕНЕДІ · 2019-05-03 ·...

41
1 4/2019 2-БЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ №4 2019 2-бет СОТЫНА СЕНГЕН ЕЛ КЕЛЕШЕГІНЕ ДЕ СЕНЕДІ

Upload: others

Post on 17-Feb-2020

20 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

14/2019 2-БЕТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ№4 • 2019

2-бет

СОТЫНА СЕНГЕН ЕЛ КЕЛЕШЕГІНЕ ДЕ СЕНЕДІ

Редакторы Түймегүл ИБАШЕВА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

МЕНШIК ИЕСI:“ЗАҢ” Медиа-корпорация” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Редакторлар кеңесініңтөрағасы – президент Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:АҒЫБАЕВ А. з.ғ.д., профессорАЛАУХАНОВ Е. з.ғ.д., профессорӘБДIРАСҰЛОВ Е. з.ғ.д.ӘБДIРАСУЛОВ Б. б.ғ.д., профессорБЕКТҰРҒАНОВ Ә. з.ғ.д., профессорДОСАЛИЕВ Қ. з.ғ.д.СӘБIКЕНОВ С. з.ғ.д., профессор БОРУБАШЕВ Б. з.ғ.д.профессор (Қырғызстан)

МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

Сотына сенген ел келешегіне де сенеді Т.СМАҒҰЛҚЫЗЫ

.......................................................... 2

«Кәсіби сот корпусын қалыптастыру ешқашан өзектілігін жоймайды»Қанат СЫРЛЫБАЕВ

.......................................................... 5

Ел заңдары заман талабына сай жаңардыГүлзат ШАРДАРБЕКОВА .......................................................... 8

Материалдарды санкциялау туралы сот тәжірибесінде кездесетін мәселелерНұрсұлтан РАХЫМБЕРЛИН

........................................................ 12

«Дала билерінің бітімгерлік рәсімдері мен түркі халықтарына ортақ татуластыру әдістерінің сабақтастығы»Ержан ҚАРАБАЕВ

........................................................ 17

Тұжырымдама талаптарының тиімділігі артудаЕрнар КУСАИНОВ

........................................................ 20

Дауды бітіммен аяқтау экономиканың дамуына еселеп жол ашадыНұрлан ЕЛАМАНОВ

........................................................ 22

Сот төрелігінің сапасын арттыру – сенімді нығайтадыҚанат УТЕУБАЕВ

........................................................ 25

Сыр елінің тұңғыш генералыХұсайын ҚОРАЗБАЕВ

........................................................ 28

Терминдер тегіне мұқияттылық керекКәкен СЕЙТОВ

........................................................ 33

Цифрлық дәуірдегі журналистика: технологиялық трендтерге ілесе алып келеміз бе?!Назгүл ШЫҢҒЫСОВА,Елена ДУДИНОВА .........................................................38

4/2019

34/2019

Алматы қалалық сотына — 50 жыл

Сотына сенген ел келешегіне де сенеді демекші, алғашқы жұмысын 1972 жылы бастаған Әуезов аудандық соты кезінде рес­публиканың базалық соты ретінде танылды. Бұған 1995 жылы аталған соттың сот төрелі­гін жүзеге асыруда республика көлемінде ең үздік болғаны дәлел. Мұндай жетістікке соттың білгір де, білікті, тәжірибелі судья­лары еңбегінің нәтижесінде жеткені анық.

Сол жылдары сот мәртебесін биіктеткендер қатарында Л.Шестакова, Э.Нұрмағам бетова, Г.Исақанова, К.Досымбет, Б.Нүсіп бекова, Н.Русакова, Б.Асқаров сынды судьялар бол­ды. Сот ашылғалы кәсіби судьялардың бір­неше буыны алмасқаны да ақиқат. Ардагер судьяларды айтар болсақ, қазіргі жастар А.Ахметова, И.Бексұлтанов, Е.Канаданов, А.Махамбеталиев, К.Жұмаділов, С.Мазуров,

ӘЙГІЛІ ЖАЗУШЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫН ИЕМДЕНГЕН

АУДАН АЛМАТЫДАҒЫ 47 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АЙ-ТУЛЫ АУДАНДАРДЫҢ БІРІ. ҚҰРЫЛҒАЛЫ БЕРІ АУМАҒЫ

КЕҢЕЙІП, ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТУДА. ТАРИХҚА ТОҚТАЛЫП ОТЫРҒАНЫ-МЫЗ, БИЫЛ АЛМАТЫ ҚА-

ЛАЛЫҚ СОТЫНА – 50 ЖЫЛ. МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ, ӘУЕЗОВ АУДАНДЫҚ СОТЫ

МЕН ОНЫҢ ҰЖЫМЫНА ЖУРНАЛ БЕТІНЕН ОРЫН

БЕРГЕНДІ АБЗАЛ САНАДЫҚ.

Әуесбек ОМАРОВ, доғарыстағы судья:

СОТЫНА СЕНГЕН ЕЛ

КЕЛЕШЕГІНЕ ДЕ СЕНЕДІ

4/20194

Алматы қалалық сотына — 50 жыл

С.Дәрібай, Т.Дәуітқұлов есімдерін ерекше іл­типатпен атайды.

Әуезов аудандық сотының ғана емес, ғи­маратының да тарихы терең. Ең алғаш 1974 жылы көшіп келген сот органы содан бері сан буынды алмастырып, осы ғимаратта халыққа қызмет етуде. Әуезов аудандық соты бүгінде қылмыстық істерге маманданған, оның құра­мында 5 судья, ал, аппаратта 13 маман бар. Судьялардың дерлігі тәжірибелі деуге бола­ды, яғни, басым көпшілігінің судьялық өтілі 20 жылға жуық.

Сот саласындағы игі істер мен тың баста­малардың ең алғаш осы сотта жүзеге асы­рылғаны да бір тарих. Мысалы, республи­ка бойынша тұңғыш рет Әуезов аудандық сотының базасында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді бөлудің автоматтан­дырылған бағдарламасы енгізілді. Бұған қоса ратификацияланған халықаралық шарттар мен ҚР заңнамасын жүзеге асыру мақсатын­да Алматының Әуезов және Алматы облысы­ның Қарасай аудандық соттарында ювеналды

әділет пилоттық жобасы іске қосылды. Жо­баны нәтижелі жүзеге асырған Әуезов аудан­дық соты судьяларының тәжірибесі, нақты айт қанда, баланың тұрғылықты жерін анық­тау, сондай­ақ, ата­аналық құқықты шектеу және қалпына келтіру, баланы асырап алуға қатысты дауларды қарау жөніндегі тиімді тәсілдері Астана мен Алматы қалаларындағы мамандандырылған ауданаралық соттардың жұмысына енгізілді.

Аталған сотта сот жұмысының тиімді әрі жедел атқарылуымен қатар, онда келуші азаматтарға барлық жағдай жасалған. Сот залдары заманға сай ақпараттық техноло­гиялармен жабдықталған. Мұндағы қыз­меткерлердің бас ты мақсаты – әділ төрелік пен халыққа адал қызмет ету. «Азаматына қарап ауылын, басшысына қарап елін таны» деп халқымыз айтқандай, сот төрағасы Қа­нат Қадірұлы үлкенге де, кішіге де құрметі бірдей, білікті басшы. Бұдан 27 жыл бұрын Ленин аудандық сотына судья болып келсе, содан бері осы салада еңбек етіп келеді. Су­

54/2019

Алматы қалалық сотына — 50 жыл

дьялық жолында Тараз қаласының маман­дандырылған аудан аралық әкімшілік соты мен Талдықорған қалалық сотына төрағалық етті. Ұжымның ақылшысы Ерхан Нұханұлы да 30 жылға жуық судья болса, соның жар­тысынан көбін Алматы қаласының Медеу, Түрксіб аудандық соттарын және Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөнін­дегі апелляция лық сот алқасын басқаруға арнады. Ол «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық ме­далінің, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би», «Мінсіз қызметі үшін» ІІ­дәрежелі төсбелгілерінің иегері. Судья Гульзат Шардарбекованың осы сотта еңбек еткеніне 20 жылдан асты. Қашанда жастар­дың қамқоршысы болып жүретін Гүлзат Игенқызы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІ дәрежелі «Сот жүйе сінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. Мақсат Сей­дахметов те тәжірибелі судьялардың бірі. Ол 1999 жылдан бері судья. Өзінің ұзақ жылдық

тәжірибесінде Ақмола облысы Бурабай ау­дандық сотының төрағасы қызметін атқар­ды. Ал, судья Динара Джузбаева соттағы алғашқы еңбек жолын осы жерде маман бо­лып бастаған. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Жарлығымен 2015 жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Тағы бір тоқтала кетерлігі, «Соттың ай­насы – кеңсе» деген теңеу бекер айтылма­са керек. Яғни, кеңсе жұмысының ұтымды ұйымдастырылуы қашанда сот төрелігіне халық сенімін одан әрі нығайтпақ. Осы тұрғыдан алғанда Әуезов аудандық соты­ның кеңсе меңгерушісі Арсен Бегманов жас та болса, бас болып, соттың барлық ұйымдастыру жұмыстарын дөңгелентіп жүрген маман.

Әуезов аудандық соты ұжымының басты ұстанымы Елбасы алға қойып отырған халық пен мемлекетке қызмет ету – бәрінен жоғары қағидасын іске асыру.

4/20196

Алматы қалалық сотына — 50 жыл

– Қанат Қадірұлы елімізде бүгінде 30 жасқа толғандар ғана судьялыққа үміт-кер бола алады, қойылар талаптар да оңай емес, бұл өте қатаң емес пе?

– Барлық саланың жұмыс сапасы ма­мандар корпусымен тығыз байланысты. ҚР Жоғарғы Соты іске қосқан «Сот жү­йесінің жеті түйіні» жобасының «мінсіз су­дьямен» басталуының өзі осының айғағы. Яғни, сот жүйесінің беделі судьялардың әділ төрелігіне тәуелді. Сондықтан, жоға­ры кәсіби сот корпусын қалыптастыру ешқа шан өзектілігін жоймайды. Керісін­ше, жетілдіре түсуді талап етеді. Мұны ескерсек, судьялыққа дайын мамандар ғана келуі керек. Бабаларымыз «Көтере алмай­тын шоқпарды беліңе байлама» демей ме, бұл сөздің астарында үлкен жауапкершілік жатыр. ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Қажыманұлының «Адамдар біздің әділдіктің кепілі екенімізге сенеді» деуі де бекер емес. Біз сотқа келген жылдары су­дьяларды қалалық мәслихаттың депутатта­ры сайласа, қазір Президент Жарлығымен тағайындалады. Мұның өзі судьялық қыз­метке деген талаптың қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.

– Үшінші билік халықтың өз қызмет-теріне деген сенімін жүз пайызға артты-руды мақсат етуде. Бұл мүмкін бе?

– Әрине, бұл мақсатта Елбасының, ҚР Жоғары Соты төрағасының саланы дамы­туда алға қойған тапсырмалары негізінде атқарылып жатқан істер аз емес. Мыса­

Қанат СЫРЛЫБАЕВ, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы:

«КӘСІБИ СОТ КОРПУСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕШҚАШАН

ӨЗЕКТІЛІГІН ЖОЙМАЙДЫ»

лы, биылғы жыл сот төрелігінің сапасын арттыру жылы болып жарияланды. Соған байланысты біздің соттың судьялары да табанды еңбек етуде. Үкімдер сапасына қай уақытта да айрықша мән беріледі. Сенімді арттырудың тиімді тетіктері үздіксіз жасалуда. Ел азаматтары сотқа талап арызды электронды түрде бере алады. «Е­қылмыстық іс» бағдарлама­сы қылмыстың тіркелуінен бастап, оның

74/2019

Алматы қалалық сотына — 50 жыл

тергелуі және үкім орындалғанға дейінгі қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды. Жүйе жұмысы ашық әрі барын­ша қолжетімді. Тағы бір мысал, түнгі және отбасылық соттар енгізілді. Мұндай жаңа­лықтың бәрі халыққа жеңілдік жасау, сол арқылы сенімді нығайту, уақыт үнемдеу, істің тез шешімін табуына жағдай жасау мақсатымен жүзеге асуда.

– Сот пен бұқаралық ақпарат құралда-рының байланысын қалай бағалайсыз, Сіздіңше сот беделіне БАҚ-тың әсері бар ма?

– Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселесі қай уақытта да маңыз­ды. Өйт кені, жетістікті айтып, кемшілік­ті ашық көр сету сала жұмысына өзіндік әсерін тигізе ді. Негізі, сот билігі мен БАҚ­тың мақсаты – қоғамдық мүддені қорғап, елдің өсіп­өнуіне қызмет ету. «Ауруда шаншу, сөзде қаңқу жаман» демекші, сот жайында үстірт материал дарға жол беріліп жатады. Мысалы, кей істерде, әсіресе, жас балалардың зорлық­зомбылығына байла­нысты жария сотын жасау ға болмайды.

БАҚ өкілдерін сот процесіне қатыс тыру немесе қатыстырмау мәселесі заңға сай жүзеге асады. Өкініштісі, мұны журналис­тер түсіне бермейді. Сот шешімі шықпай жатып, іс туралы тұжырым жасау артық. Кәнісіздік призумпциясы жайлы Деклара­ция 1948 жылы қабылданды. Яғни, ұры­ны ұры деу үшін сот үкімі күшіне енуі керек. Осы жайт БАҚ өкілдері тарапынан ескерілуі тиіс.

Байыпсыз ақпараттардың беделге қан­дай да бір нұқсан келтіретіні ашық жайт. Дегенімен, Маргарет Тетчерше айтсақ: «Әділетсіз шешімнен басқа ешқандай нәрсе соттың беделін соншалықты түсіре алмайды. Егер әділетсіз шешім болса, сол соттың да, мемлекеттің де беделін күрт төмендетеді. Ал, кішкентай сот залында шығарылған кішкентай да болса әділетті, дұрыс шешім, соттың да, мемлекеттің де беделін аспандатады».

– Қаралған істердің әлеуметтік желі-лерге, БАҚ-тарға жариялануы тәжірибе алмасуда тиімді тәсіл бола ма?

– Әр нәрсенің шегі, нормасы болады.

4/20198

Алматы қалалық сотына – 50 жыл

Тәжірибе алмасудың саламызда тәсілдері көп. Төрелік, сот кабинеті, т.б. бар, ол жағынан бізге қиындық туып тұрған жоқ. Барлық істі қоғамдық деңгейге шығару дұрыс бола қоймас. Жарияланбайтын істер бар, біреулердің жеке өміріне қатысты бо­луы мүмкін. Сот практикасын қамтамасыз етуде Жоғарғы Соттың бас тамасымен, Сот академиясы, облыстық, қалалық соттар бас тамаларымен көп шара жасалуда.

– Сіз басқарып отырған соттағы жүк-теме мәселесі қалай шешілуде, қандай да бір қиын дықтар бар ма?

– Жүктеме орташа, Алмалы ауданына қарағанда аздау, дегенмен, Медеу, Бос­тандық, Жетісу аудандарымен шамалас. Бізге қиындық туғызатыны – штат бойын­ша судьялар санының аздығы. Наурызбай ауданы құрылғанда бір судья штатымен сонда жіберілді. Бізде бес судья штаты болса, Бостандық және Медеу аудандық соттарында жеті, Алмалы аудандық со­тында одан да көп. Судьялар да ауыра­ды, сондай жағдайда іссапармен көмек­ке жібереді. Доғарыстағы судья Гүлзат Шардарбекова бала күтімімен отырған судьяның орнына шықты. Өйткені, бір судьямыз қалалық сотқа тағайындалып кетті. Желтоқсанда конкурс жарияланды. Алдағы уақытта бұл мәселе де шешімін табар деген үміттеміз.

– Саладағы Сізді қуантатын, оңтайлы жағдайларға да тоқталсаңыз.

– Озық ақпараттық технологиялардың жүйеге еніп, сот жұмысының электрон­ды түрде жүзеге асуын оңтайлы шаралар ретінде бағалауға болады. Судьялар жа­лақысы көтерілді, бос орындардың жүкте­месін басқа судьялардың атқаруына мүм­кіндік туды.

– Жалақының жоғарылығы жемқор-лыққа апармайды дейтін пікірлермен келісесіз бе?

– Жемқорлыққа бару­бармау негізінен адамның өзіне, яғни, тәрбиесіне, мәдени­етіне, адамгершілік деңгейіне байланыс­ты. Жал ақының да рөлі бар екені өмір шындығы.

– Судьяларды бұрынғының билеріне теңеп жатамыз, ол деңгейге жету үшін не керек деп ойлайсыз?

– Дана билеріміз өмірдің талқысында, әртүрлі оқиғаларда өздерінің шешендік­терімен, тапқырлықтарымен танылды. Би деген атақты ұстап отыру үшін сөздің мәнін төмендетуге болмайды. Сөздің киесі бар. Оны орынды қолдана білу керек. Бізге көбіне сөз мәдениеті жетіспей жатады. Ол біліммен қалыптасады. Қазақ мәдениетін, болмысын, тарихын толық әрі терең мең­геруі қажет. Сондай толыққанды білімге жеткен судья ғана билер деңгейіне жақын­дай алады.

– Судьялық бала күнгі арманыңыз ба, әлде өмірдің ағымымен келдіңіз бе?

– Өмірдің ағымымен келдім десем де болады. Бірақ, заңгер болу бала күнгі ар­ман. Кейін тергеуші болдым. Сот заң са­ласының жоғарғы шыңы ғой. Мемлекетміз мүмкіндік берді, сол уақыттары қазақ тілін жетік меңгерген судьялар керек болды. Қа­зақстан егемендік алып, жаңа сот жүйесі құрылды.

– Алматы қалалық сотының 50 жыл-дығы қарсаңында айтарыңыз.

– Алматының орны бөлек, ең ірі мегапо­лис, кезінде Қазақстанның астанасы бол­ды. Соттардың да орны ерекше. 50 жылда Алматы қалалық соты қоғамдағы орнын айқын көрсетіп, өзін дәлелдеді. Әрине, бұған сот саласы қызметкерлерінің де үлесі зор. Елімізге тыныштық, халқымыз­ға берекелі бірлік, әріптестеріме абырой тілеймін!

– Әңгімеңізге үлкен рақмет!

94/2019

Гүлзат ШАРДАРБЕКОВА, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы:

Алматы қалалық сотына – 50 жыл

доғарысқа шықты. Алайда, ардагер судья бүгінде арнайы шақыр тумен, яғни, заңға сай, судьялық қызметін жалғастыруда. 20 жылда ел соты талай белестен өтіп, түрлі реформаны жүзеге асырды. Жүйе дамуына өлшеусіз үлес қосып, қазақстандық сот тәжірибесінің қалыптасуына айрықша атсалысқан Гүлзат Игенқызымен өткен күндер естеліктерін бөлістік. Көргені көп, түйгені мол судья әңгімесін қаз-қалпында беруді жөн санап отырмыз.

Гүлзат Игенқызы сот жүйе-сіне бұдан 37 жыл бұрын келсе, соның 20 жылын судьялыққа ар-нады. Яғни, ол «Қазақстан Рес-публикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі тура-лы» Қазақстан Республикасы-ның конституция лық заңына сәйкес, 1996 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Ал-маты қаласының Әуезов аудан-дық сотына судья болып тағай-ындалды. Айта кетерлігі, Гүлзат Шардарбекова Елбасының сот саласындағы бірінші Жарлығы-мен тағайындалған судьялар дың бірі. 20 жылдан аса уақыт бір ғана сотта жұмыс істеп, 2017 жылы

ЕЛ ЗАҢДАРЫ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢАРДЫ

4/201910

Алматы қалалық сотына – 50 жыл

Өткенді еске алсақ, 1996 жылы ел соттары қазіргідей салаға бөлінбеген, яғни, маман­дандырылмаған еді. Судьялар 2000 жылға дейін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қатар қарады. Ол кездері, тіпті, қиын болды. Бұрын сот тәжірибесінде мүлде бол­маған даулардан істер туындады. Қазақстан­ның дербес заңдары шыға бастады. 1995 жылы ҚР Азаматтық, одан кейін Қылмыс­тық, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс тері қабылданды. ҚР «Жер туралы» заңы күшіне енді. Қазақстанның жаңа заңда­ры өзіміздің болмысымызға, экономикалық, т.б. жағдайларға икемделіп жазылды. Бұрын тұрғын үй, жер, басқа да жылжитын және жылжымайтын мүліктер мемлекеттің мен­шігінде болса, кейін олар заман талабына сай қолданысқа енген тиісті заңдарда көзделген тәртіпте жеке тұлғалардың жекеменшігіне, жекешелендірілуіне және мұрагерлікке қал­дыру құқына көшті.

Мұны айтып отырғаным, республика азаматтары баспаналарын жекешелендіре бастаған тұста дау көбейіп, тіпті, ағайынды­лар араздасып, соның бәрі сотқа келді. Оның үстіне, зейнет, зейнеткерлікке байланысты реформалар жүргізіліп, белсенді апаларымыз пенсияларын, сонымен қатар, құрбандыққа шалындық деп кезінде Қазақстан аумағы­на жер аударылып келген азаматтар өздерін құрбан ретінде бағалап, құқықтарын даулады. Мұндай даулар Қазақстанмен қатар егемен­дік алған мемлекеттерді айтпағанда, Ресей­дің сот тәжірибесінде де қаралмаған екен. Еске алсақ, 1988 жылдары жекешелендіру басталды, кейіннен бұл мәселе Азаматтық кодекспен реттеліп, осыған қатысты даулар­дың сотта қаралатыны нақтыланды. 1996­1997 жылдары пісіп­жетіліп тұрған мәселелер бірден лап ете түсті. Бір жағынан, жер, жеке­меншік дауы, екінші жағынан, зейнетақысын талап еткендер, тіпті, сол кездегі жағдай­ға байланысты қаншама өндіріс орындары жабылып, жалақысы уақытында төленбей, еңбекақысын даулаған талапкерлер көбей­іп, халық өзінің құқы мен мүддесін қорғап, лек­легімен сотқа жүгінді. 1996­2000 жылда­

ры азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қатар қараған судьяларға оңай болмағанын осыдан­ақ аңғаруға болады.

ӘУЕЗОВ АУДАНДЫҚ СОТЫ ҚАРА ШАҢЫРАҚ ІСПЕТТІ

1996 жылғы 2 қарашадағы ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Алматы қаласы­ның Әуезов аудандық сотына төраға болып Сапарғали Мұқажанұлы Дәрібай, судья бо­лып, қазіргі уақытта зейнетке шыққан Аскен Саруарқызы Талқанбай, Құралай Малдыбай­қызы Салимова және Жетісу аудандық соты­ның қазіргі төрағасы Тұрысбек Ертұрғанұлы Мыятбек тағайындалып келдік. Бұл сотта бұрыннан істейтін әріптестерім, қазіргі күні доғдарыстағы Гүлнара Қажыкенқызы Исақа­нова, бүгінде Алматы облыстық сотының аза­маттық істер қарайтын алқасының төрағасы болып отырған Қалдарбек Жолшыбекұлы Досымбет, Алматы қалалық сотында судья болып жүрген Лилия Ұзақбайқызы Көшер­баева мен Бағлан Мұқанқызы Нүсіпбекова аталған Жарлықпен осы соттың судьялары ретінде қайта тағайындалды. Сөйтіп, бәріміз бұрын сот тәжірибесінде кездеспеген күрделі істер мен дауларды қарауды бірге бастадық. 1996 жылдары Алматы қалалық соты судья­ларының да басым көпшілігі жаңа тағайын­далғандар болды. «Кемедегінің жаны бір» демекші, бәріміз бір кемеде жүздік. Істерді қарау барысында жұдырықтай жұмылып, жаңа сот тәжірибесін қалыптастырдық десем, артық айтқандық болмас. Бір сотта 20 жыл­дан аса жұмыс істеуден жалыққан жоқсыз ба деп сұрап отырсың, шынын айтқанда, небір күрмеуі қиын күрделі істер жетегінде жүріп, жалығуға мұрша болмады. Тынбай іздену өзің жаныңдай жақсы көретін жұмыстан ешқашан жалықтырмайтынына көзім жетті.

Жаңа мазмұндағы даулардың көбеюі жүйе­ге түрлі реформаны қажет етті. Істердің саны, сапасы, ауыртпашылығы ескеріліп, 2000 жыл­дан бастап мамандандырылған соттар құры­ла бастады. Мысалы, экономикалық соттың қарауына азаматтық істерден заңды тұлға­

114/2019

Алматы қалалық сотына — 50 жыл

лар арасындағы туындаған даулар берілді. Дегенімен, бұл мамандандырылған соттың ашылуымен судьялар жүктемесі жеңілдей қоймағаны да шындық. Алматы қаласы­ның мамандандырылған ауданаралық эко­номикалық соты, әкімшілік сот, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын сот, ең алғашқы жұмысын осы Әуезов аудандық сотының ғимаратынан бастағанын айтқан Гүлзат Игенқызы: «Аталған маманданды­рылған соттар бірінен кейін бірі еншісін алып шықты, сондықтан, бұл ғимаратты мамандан­дырылған соттардың қара шаңырағы десе де болады. Яғни, олардың шаңырағы Әуезов аудандық сотының ғимаратында көтеріліп, керегелерін кеңге жайып кетті» дейді.

«БІТЕР ІСТІҢ БАСЫНДА ЖАҚСЫ ЖҮРЕР ҚАСЫНДА»

Елімізде Әкімшілік соттардың ашылуы­на орай, Алматы қаласындағы бірінші саты­дағы аудандық соттардың қарауында қалған қылмыстық және азаматтық істерді қарау бойынша әр сот судьялары бөлінді. Мысалы, Әуезов аудандық сотында он судья болса, оның алтауы азаматтық, төртеуі қылмыстық істі қарауға бекітіліп, мен 2001 жылдан 2009 жылдың соңына дейін тек азаматтық істерді қарадым. Судья сөзіне жүгінсек: «Әуезов ау­данының аумағы үлкен, азаматтық істердің саны көп болды. Қазіргідей төрелік, сот ка­бинеті секілді бағдарламалар жоқ. Судьялар іс қараудан бөлек, кезекшілікпен талапкер­лермен кездесіп, олардың талап арыздарын қабылдап, сот кеңсесіне өткіздік. Судьялар­дың саны аздығын былай қойғанда, барының өзі толық құраммен жұмыс істемейтіні тағы белгілі, кезекпен еңбек демалысына шыға­тындар бар, бала күтіміне байланысты кеткен судьяның орны келгенінше бос тұратын, ол кезде доғарыстағы судьяны шақырту заңмен қарастырылмаған еді».

Сот жүйесінің даму процесі тоқтамай өз­гертіліп, 2010 жылдан бастап әр ауданда екі­ден сот ашылып, қылмыстық істерді Әуезов аудандық сотына, ал, азаматтық істерді қа­

рау №2 соттың құзырына өтті. Ол кезде №2 сот басқа ғимаратта орналасқан еді. Гүлзат Игенқызы жылы орнын суытқысы келмей, қылмыстық істерді қарайтын сотта қалды. Осылай 2010 жылдан бері ол тек қылмыс тық істерді қарап келеді. Бұл салада да өзгеріс­тер көп. Алғашында күзетпен ұстау түрін­дегі бұлтартпау шарасын санкциялау тура­лы өтінішхаттарды қарау қылмыстық істер қарайтын соттың құзырына берілді. Гүлзат

Игенқызы республика бойынша санкция беру өтінішхаттарын бірінші қараған судья­лардың қатарында болды. Бұл тұрғыдағы тәжірибені де әріптестерімен бірге іздене жүріп, қалыптас тыруға еңбек сіңіріп, тергеу судьясы ретінде сот саласына үлесін қосты. Бүгінде осы сала дамып, өз алдына тергеу соты құрылды.

Гүлзат Шардарбекова 2017 жылдың басын да доғдарысқа кетіп, 2018 жылдың күзі нен осы Әуезов аудандық сотында сот төрелігін іске асыруға қайта тартылды. Бұл да бір айтулы жаңалық. «Бітер істің басында жақсы жүрер қасында» демекші, салада қан­дай да бір жаңа іс болса, соның бастауын­да жүрген судья, бейнетінің зейнетін көрер жасқа қалай жеткенін де байқамай қалғанын жасырмады. Сот саласындағы еңбегі елеусіз қалмай, мерейтойлық медалімен, «Мінсіз қыз меті үшін» төсбелгісімен, «Үш би» құрмет

Алматы қаласының маман-дандырылған аудан-

аралық экономикалық соты, әкімшілік сот, кәме-леттік жасқа толмаған-дардың ісін қарайтын сот ең алғашқы жұмысын осы

Әуезов аудандық со-тының ғимаратынан

бастаған.

4/201912

Алматы қалалық сотына — 50 жыл

белгілерімен, бірнеше рет мақтау грамотала­рымен мадақталған.

ДАУ ШЕШУ, АДАМ ТАҒДЫРЫН ТАРАЗЫЛАУ

ЕШ УАҚЫТТА ОҢАЙ БОЛҒАН ЕМЕС

Аға буын әріптестерім БАҚ­тарға берген сұхбаттарында қазіргі судьяларға жұмыс істеу жеңілдеу екенін алға тартады. Соттар­дың мамандандырылғаны болмаса, ешқа­шан да дау шешу, адам тағдырын таразылау оңай болған емес. Әр істің өз қиыншылығы бар. Судья істі тек заң аясында шешеді, де­генмен, ол ішкі түйсігін де басшылыққа ала алады. «Көпке топырақ шашуға болмайды», дей тұрғанмен, жәбірленуші мен сотталушы немесе жауапкер мен талапкер сотқа тек шындықпен келмейді. Қылмыстық істер қа­рау процесінде, азаматтық дауларды шешу

барысында, екі жақтың да қосыңқырап неме се жалтарыңқырап жауап беретіні құ­пи я емес, ол байқалып тұрады. Тараптардың қай сысы шындық іздеп төрелікке жүгініп отыр, қайсысы қорқытып ала салам деген ниет пен дау ласып келіп отыр, судья соның бәрін қалт жібермей қарап, ара­жігін ажыра­тып, даудың мәнін түсініп барып шешсе, ол дұрыс шешімін табады, ондай шешімді қан­дай сатыдағы сот қараса да бір нүкте қойы­лады. Сондықтан, судьяға тынбай ізденіп, тәжірибе жинап, ойлану үшін уақыт қажет. Бұрынғы заңдарда істі қарау мерзімі өлшеу лі болатын. Қазір судьяның ойланып, ұсыныл­ған дәлелдемелерді таразылауға істі қара у мерзімі жағынан мүмкіндігі бар, бұл да сот сала сындағы жетістіктердің бірі, және судья шығарған сот актілерінің сапалы болуының кепілі. Әріптестеріме жауапкершілігі үлкен лауазымда абыройлы еңбек жолын тілеймін!

Бетті дайындаған Т.СМАҒҰЛҚЫЗЫ

134/2019

Қылмыстық құқық

Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабы 1-бөлігіне сай, құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу

және анықтау органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі және шешімін тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқықбұзушылық туралы, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, оның мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүр гізу үшін медициналық ұйымға мәж-бүрлеп орналас тыруда, тінтуді немесе алуды жүр-гізуде, өзге де әрекет-әрекетсіздіктерді жасауда және шешім дер ді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арыз ды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.

Басқа әрекеттер мен әрекетсіздік және шешімдерді қабылдау дегенді қалай түсінуге болады? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымындағы №4 «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау

Нұрсұлтан РАХЫМБЕРЛИН,Ақмола облыстық сотының судьясы

туралы» нормативтік қаулысына сәйкес, басқа да iс-әрекет терге (әрекетсiздiктерге) және шешiмдерге, тексерiлудi кейiнге қалдыруға, олардың заңдылығы сот талқылауына немесе басты сот талқылауына дайын дық кезеңiне адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын қиын немесе мүмкiндiгiн қалпына келтiруді, мысалы, қылмыстық қудалау органдарының қорғаушыны тағайындаудан бас тартуына, заңды өкілден бас тартуға, күдіктіге немесе айыпталушыға іс жүр-гізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану және қолданбауға, адамды жәбірленуші ретінде танудан бас тартуына, қылмыстық жазаланатын әрекеттер туралы хабарламаларды тексермеуіне және тағы басқасын жатқызуға болады.

Барлық іс- әрекеттер (әрекетсіздік) және ше-шімдер негізгі сот талқылауы барысында, атап айтқанда, дәлелдемелер ретінде негізсіз деп табыл ған немесе сараптамалық тексерулерді және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге бола-тын, сондықтан, қандай жағдайларда да алдағы уақытта ұсынылатын адамның бұзылған құқық-тары мен бостандықтарын қалпына келтіру қиын немесе мүмкін болмайтындығы анық емес кезде шағымдануға жатады. Қылмыстық-про-цес тік кодекстің 55-бабы 3-бөлігіне сәйкес, тер-геу судьясының қаулысына шағым келтіріліп, прокурордың өтініші бойынша осы Кодекстің 107-бабында көрсетілген тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. Сонымен бірге, ҚПК-нің 107-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу ісі кезінде, күдікті және оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі шағымдануға, ал, прокурор тергеу судьясының қаулысына өтініш келтіруге құқылы:

1) күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақ, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шара-сын санкциялау немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы;

2) күдіктіні күзетпен ұстауға, экстрадициялық қамаққа, үйқамаққа, кепілге санкция беруден бас тарту немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін

МАТЕРИАЛДАРДЫ САНКЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ

КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР

4/201914

Қылмыстық құқық

ұзартудан бас тарту туралы;3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін

жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы;4) мүлікке тыйым салу немесе тыйым салудан

бас тарту туралы;5) эксгумациялау немесе одан бас тарту туралы;6) халықаралық іздестіру жариялау немесе одан

бас тарту туралы;7) сот-медициналық немесе сот-психиатриялық

сараптама жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру немесе одан бас тарту туралы;

8) кепіл нысанасын мемлекет кірісіне айналдыру немесе одан бас тарту туралы;

9) прокурордың қылмыстық қудалау орган-дарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және ше-шімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі;

10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысына шағым жасауға, ал, прокурор өтініш хат келтіруге құқылы.

ҚПК-нің 55-бабында көрсетілген құқықтары мен заңды мүдделері қозғалған және қаулы шығарылған тұлғаға қатысты барлық мәселе шағым дануға жатпайды. Бұдан басқа ҚПК-нің 108-бабы 5-бөлігінің талаптары бойынша, қыз метінен уақытша босатылу немесе одан бас тарту туралы санкциялау шағымдануға жатады және прокурордың өтініші негізінде аталған Кодекстің 107-бабында қарастырылған тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. Алайда, ҚПК-нің 107-бабында қызметінен уақытша босатылу немесе одан бас тарту туралы санкциялау шағымдануға жатады деп көрсетілмеген. Жақындауға тыйым салу мәселесі де осындай.

Бұдан шығар қорытынды, жоғарыда аталған баптарда қайшылықтар бар. Қылмыстық-процестік кодекстің 292-бабы 4-бөлігіне сәйкес, егер халық-аралық іздеуді бастау үшін негіз бар болса, қыл-мыстық тергеу жүргізетін орган күдіктіні, айып-талушыны халықаралық іздеу жариялау туралы жеке қаулы шығарады. Аталған қаулыны санкциялау, ҚПК-нің 56-бабы 2-бөлігінде көрсетілген тәртіп бойынша, тергеу судьясымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының сұрау салулар мен тапсырмалары интерпол желісі бойынша, сондай-ақ, оларды өңдеу Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық орталық бюросы 2017 жылғы Бірлескен бұйрықтың 21, 23 тармақтары ережелерін өзара іс-қимыл кезінде халықаралық іздестіруді жария-

лау, орындау және бағыттарына сәйкес, халық-аралық «қызыл бюллетень» іздеуіне ауыр, аса ауыр қылмыс жасаған, яғни, терроризм мен сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, Қазақ-стан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 147-бабына сай, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тағайындалған күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталғандар, сондай-ақ, тергеу iс-әрекеттерi мен iздестiру шара-лары нәтижесiнде Қазақстан Республикасының аумағынан іздестiрілетін тұлғаның, Қазақстан Республикасынан кетуi туралы шынайы деректер алынған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде құралған туыстық және басқа да байланыстары анықталған жағдайларда, қылмыстың ауырлығына қарамастан жатқызылады.

«Қызыл бюллетень» бойынша халықаралық іздеу жариялауға материалдар, жемқорлық, терроризм сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандар үстінен іс қозғалған 10 жұмыс күні ішінде із деу жарияланғаннан кейін немесе ізделушіні Қазақстан Республикасы шекарасынан шықты деген нақты ақпарат алынған соң не ізделу-шінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс туыстық, не достық қатынасы бар деген ақ парат-тардың дәлелденгенінен кейін санкциялауға сотқа жіберіледі. (Осы талаптарды нормативтік қаулыда көрсету қажет деп есептейміз).

Осылайша, егер сотпен сотталушыларды іздеу жариялауға байланысты бұлтартпау шарасы қамау-ға алумен өзгертілген жағдайда, ал, іздестіру іс-шаралары барысында олардың Қазақстан Рес -публикасы аумағынан кетіп қалғандығы анық-талған болса, ондай сотталу шылармен не істеуге болатыны туралы мәселе туындайды

Іс жүзінде Қылмыстық-процестік кодекстің 55-бабы 1-бөлігінің, 12-тармақшасы талаптары бойынша, тек күдіктілер мен айыпталушылар халық аралық іздеуге жатады, ал, сотталушылар туралы көр сетілмеген. Қылмыстық-процестік кодекстің 55-бабы 2-бөлігіне сәйкес, тергеу судьясы қор ғаушы ретінде іске қатысып жатқан адвокаттың дәлелді өтініші бойынша сараптама тағайындау туралы мәселені, оның ішінде, қыл мыстық қудалау органы осындай өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан не ол бойынша шешім қабыл-данбаған жағдайда үш күн ішінде қарайды. Біз нормативтік қаулыда тергеу судьясы сараптаманы өзі тағайындамай, қылмыстық қудалау органын міндеттейтінін көрсетуді қажет деп есептейміз.

Бұдан бөлек, сот сараптамасын тағайындау

154/2019

Қылмыстық құқық

қажет екендігін мойындай отырып, тергеу судьясы бұл туралы: сараптама тағайындаған органның атауы; сараптама тағайындау уақыты мен орны; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздеме; зерттеуге жіберілген объектілерді және олардың шыққан тегі туралы ақпаратты, сондай-ақ, осы объектілердің толық немесе ішінара жойылуына рұқсат беру, зерттеу барысында олардың келбетін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге; сараптамалық соттың атауы немесе сот сараптамасын жүр гiзу-ге жауапты адамның тегi, аты-жөнi (бар болса) көрсетiлуге тиiс делінген ҚПК 272-бабының 1 және 6-бөліктерінее өзгеріс енгізу керек.

Сараптама тағайындау туралы тергеу судья-сының қаулысы органдармен немесе ол құзыретіне кіре тін өзіне жолданған тұлғалармен орындауы мін детті болып табылады. Аталған талаптардан тер геу судьясының сараптаманы іс жүзінде өзі тағайын дайтынын көруге болады.

Бұдан басқа, Қылмыстық-процестік кодекстің 272-бабы 6-бөлігіне сай және 55-бабының 2-бөлігі 7-тармағында көзделген тәртіппен сараптама тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде тер-геу судьясы қорғаушыға сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды жазбаша түрде ұсынуға және бұл туралы процеске қатысушылардың пікір-лерін тыңдайды. Тараптар қандай объектілердің сараптамалық зерттеуге жататындығын, сондай-ақ, сараптама жасауды тапсыруға және сарапшыға қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқылы.

Тергеу судьясы сараптаманы тағайын дағаннан кейін, сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүзеге асырушы сарапшыға қажетті өзінің өндірісіндегі бар заттарды, материалдарды сарапшының қарауы-на ұсынады. Осылайша, тергеу судьясының про -цеске қатысушылардың пікірін тыңдауын есеп-ке ала отырып, міндетті түрде сот отырысын өт кізу қажеттігі туындайтынын көруге болады. Сонымен бірге, ҚПК-нің 56-бабында осы санаттағы материалдар бойынша міндетті сот отырысын өткізу қажеттілігі көрсетілмеген.

Тек заңға қайшы шектеу немесе адамның құқық-тары мен бостандықтарын басқа да бұзу фактілері анықталған жағдайда, тергеу судьясының заң бұзған тұлғалардың жауапкершілігін анықтау туралы жекеше қаулы қабылдауға құқылы деп танылған Қылмыстық-процестік кодекстің 56-бабы 6-бөліміне өзгеріс енгізу керек деп есептейміз. Шын мәнінде, егер бұл заңнама талаптарына сүйенсек, онда тергеу судьясы тергеушілердің немесе олардың жіберген өтініштерін әзірлеу мен жіберу

кезінде Қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының талаптарының өрескел бұзылуына, сондай-ақ, прокуратураның бақылауы мен қадағалауының жоқтығына қандай да бір шара қолдана алмайды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 106-ба бы талап тарына сәйкес, құқықтары мен бостандық-тарын прокурордың, тергеу және анықтау орган-дарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқықбұзу шылық туралы, сон дай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді немесе алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусы мындағы №4 «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау туралы» нормативтік қаулысына сәйкес, процессуалды шешімдерге, анықтаушы, анықтау органдары, анықтау органының басшысына, тергеу бөлімінің басшысына, прокурорға ҚПК-нің 100 және 106-баптарына сәйкес, iс жүргiзу шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) процеске қатысушылар қылмыстық сот iсiн жүргiзуге немесе басқа тұлғаларға не ұйымдарға қылмыстық iс қозғауға, процессуалдық іс-әрекеттер мен процедуралық шешімдер олардың заңды мүдделеріне, сондай-ақ, адвокатқа, заңды өкілге немесе өтініш берушінің мүддесі үшін әрекет ететін өкілге шағым жасауға болады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 8-тарауына сәйкес, жәбірленуші қылмыстық процесте қатысушы болып табылады. Сонымен қатар, ҚПК-нің 71-бабы 6-бөлігінің 18, 19 тармақшаларына сай, жәбiрленушi қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әре -кет терiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға, сон-дай-ақ, үкiмге және қаулыға шағымдануға ғана құқылы. Осылайша, Қылмыстық-процестік кодекс тің талаптары бойынша жәбірленуші қыл-мыстық процеске және прокурорға, сондай-ақ, прокурордың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты органның шешіміне шағымдануға құқығы жоқ. Сонымен бірге, азаматтық талапкер қылмыстық-процестік кодекстің 73-бабы 2-бөлі-гінің 14-тармағына сәйкес, қылмыстық процесті жүр гізетін органның шешіміне шағым жасауға құқылы, бірақ, сондай-ақ, прокурордың шешіміне

4/201916

Қылмыстық құқық

немесе іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы жоқ.

ҚР ҚПК 236-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болса, оны бастамашы орган мерзімінің аяқталуына үш күн қалғанда оны отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарту қажеттігі туралы дәлелді қаулы шығарып, оны санкциялау үшін тергеу судьясына жолдайды. Іс жүзінде жасырын тергеу әрекеттерін өткізуді қажет деп есептеуге бастамашы орган ол істің қаралуын бастамасына алған тергеу немесе анықтау органы болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі қалыптасқан тәжірибеге сүйенсек, анықтаушылар мен тергеушілердің барлығының құпия материалдарға қол жеткізуге рұқсаты жоқ екенін көруге болады. Олардың дәлелді шешім қабылдауы үшін орындалмау себебінің барлық жағ дайларын көрсетуі керек болады, мұндай жағ-дайларда не істеуге болады.

ҚПК-нің 160-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сот отырысына ақшалай айыппұл салу бойынша, айыппұл салынуы мүмкін адам шақыртылады. Құқық бұзушының дәлелсіз себептермен келмеуі хаттаманы қарауға кедергі келтірмейді. ҚПК-нің 56-бабы 2-бөлігінен мұндай санаттағы сот отырыстары өткізілмейтінін көрсетеді. Осылайша, аталған бап тарда қайшылықтар бар. Егер ҚПК-нің 56-бабы 2-бөлігі бойынша прокурор мен қорғаушы тарап сот отырысын өткізу міндетті болғанда ғана ескертілсе, сот отырысын өткізу қажет деп танылған жағдайда шақырылуы міндетті ме?

ҚПК-нің 107-бабы 3-бөлігіне сәйкес, шағым беру немесе прокурордың өтiнiш жасауы Қылмыстық-процестік кодекстің 55-бабы 1-бөлігінің 10) тар-мақшасында көзделген мәселелер бойынша қаулыда көрсетiлген шешiмдердiң орындалуын тоқтатпайды (психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық ұйымға науқастарды қатаң оқшаулаға бейімделген психикалық ауруға шал-дығу фактісін анықтаған кезде). Сонымен қатар, ҚПК-нің 107-бабы 1-бөлігінен мұндай санаттағы материал дар негізінен шағымдануға жатпайтынын көруге болады. Бұдан бір баптың бөліктерінің арасында қайшылықтар барын көреміз.

ҚПК-нің 55-бабымен қарастырылған тергеу судьясының өкілеттіліктерінде оларды қарау мер-зімі анықталмаған:

1) экстрадициялық қамаққа алуды санкциялау2) экстрадициялық тұтқындау мерзімін ұзарту;3) кепілді қолдануды санкциялау;4) сот-медициналық-психиатриялық және

(немесе) сот-медициналық сараптаманы жүргізу үшін медициналық ұйымға қамаудағы тұлғаны мәжбүрлеп орналастыру;

5) бұрын қамауға алу қолданылған адам пси-хиатриялық ауруға шалдыққан науқастарды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға бейімделген психиатриялық көмек көрсететін арнайы меди циналық ұйымға орналастыру фактісін белгілеген кезде;

6) күдіктіні, айыпталушыны халықаралық іздес-тіруге жариялау туралы;

7) қылмыстық iс бойынша шешiм қабыл данғанға дейiн тез бүлінуге бейім немесе ұзақ мерзiмдi сақталуға тиiс материалдық дәлелдемелердi өткiзу бойынша айтарлықтай материалдық шығындар қажет ететін мәселе лерді қарайды;

8) прокурордың ұсынысы бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шығындарын қалпына келтіру мәселесін қарайды;

9) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтініші негізінде, үш күн ішінде сұрау салуды орындаудан бас тартқан немесе оны шешпеген жағдайда, қылмыстық істі мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық істі қозғайтын кез келген ақпаратты, құжаттарды, объектілерді сұрату және қабылдау туралы мәсе-лені қарастырады;

10) қорғаушы ретінде қатысатын адво каттың өтініші негізінде, қылмыстық қудалау органы осындай өтінішті негізсіз қабылдаудан бас тартқан немесе үш күн ішінде шешім қабылдаудан бас тартқан жағдайда, жасырын тергеу әрекет терін қоспағанда, сараптама тағайындау немесе қылмыстық қудалау органымен басқа да тергеу әрекеттерін тағайындау туралы мәселені қарас тырады;

11) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтініші негізінде қылмыстық істі жүргізуші орган-ның мәжбүрлеуімен, келуінде қиындықтар бар бұрын жауап алынған куәнің келу мәселелерін қарастыру;

Осы аталған өтініштер мен ұсыныстарды қандай мерзімде қарау керек деген сұрақ туындайды?

Өтініштер мен ұсыныстарды қарау мерзімін ҚПК 99-бабының 4-бөлігінде көрсетілгендей, өтініш берілгеннен кейін қарауға рұқсат етіле ме. Өтініш бойынша дереу шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, өтінім берілген күннен бастап үш күннен кешіктірмей рұқсат етілуі керек.

Тергеу судьяларының жұмысын реттейтін заң-намадағы барлық өзгерістерді назарға ала отырып, бұл қылмыстық процестің сотқа дейінгі саты-сында адам мен азаматтың құқықтарын қор ғауды арттыруға мүмкіндік береді.

174/2019

Тәжірибе алмасу

Ақтауда түркітілдес халықтардың құқықтық дәстүрін талқылауға ар-налған халықаралық конференция

өтті. Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есе-нов атындағы Каспий мемлекеттік технологи-ялар мен инжиниринг университеті ұйымдас-тырған «Түркітілдес халықтардың ортақ руха-ни құндылығы мен құқықтық дәстүрінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы» атты конференцияға ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Бағлан Мақұлбе-ков, Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Соты-ның судьясы Аскеров Гурбет ага оглы, сондай-ақ, Түр кия, Татарстан, Қырғызстан мен Әзірбай-жан Республикаларының ғалым-профессорла-ры, Атырау, БҚО, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыс-тау облыстарының судьялары мен заңгерлері қатысты.

4/201918

Тәжірибе алмасу

Қазақстанның қазіргі сот жүйесі заман талабына сай әлемдік құқық жүйесінің стандарттарына ыңғайластырылған.

Дегенмен, бүгінгі сот кешегі дала институтының бай тәжірибесіне сүйеніп, билер сотының негізінде қалыптасқанын атап айтуымыз керек.

«Ел даусыз болмас» дегендей, дау кез келген қоғамда болатын құбылыс. Бірақ, сол дауды реттеудің тиімді, мәдениетті тәсілі болуы керек. Зайырлы қоғамда кез келген даудың соңғы нүктесі соттың шешімімен қойылатыны бәрімізге мәлім.

«ДАЛА БИЛЕРІНІҢ БІТІМГЕРЛІК РӘСІМДЕРІ МЕН ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНА ОРТАҚ

ТАТУЛАСТЫРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ»

Даудың барлығын сотпен шешу мүмкін емес. Себебі, сот екі жаққа бірдей емес, тек бір жақтың пайдасына шешім шығарады. Яғни, сотқа келген адамның бірі жеңіп, бірі жеңіліп шығады. Осы жерден сотқа деген наразылық, сенімсіздік туындайды. Қазіргі соттың бұрынғы билер сотынан айырмашылығы осы.

Қазақ халқының тыныс-тіршілігінде, қойнауы бай тарихында заңдастырылмаса да, ежелден кездесетін бітімгерлік рәсімі көп қолданылғанын жақсы білеміз. Ол кезде адамдардың табиғаты солай болды ма, әлде дауды шешкен би-шешендердің тіл құдіреті ме, әйтеуір дауласушы тараптар би алдынан сөзге тоқтап, бір бітімге келіп шығатын. Ел мен ел, ру мен ру арасында туындаған үлкен жанжалдың, жер мен жесір, еңбек дауларының арты отқа ұласып кетпес үшін ел ағалары ақыл-кеңес айтып, елді тоқтамға шақырып отырған. Бүгінгі жаңғыртылған, жаңартылып, жаңа атауға ие болған медиация мен татуластыру рәсімдері билерден қалған ізгі дәстүрдің жалғасы.

Татуластыру рәсімі адамдардың алғашқы қауымдастығымен қатар пайда болған. Ал, қазақ тарихында татуластыру рәсімі 12 ғасырда өмір сүрген Майқы бидің төрелік етуінен басталады. Қазақ тарихында шамамен 500-дей билердің артында шешендік сөздер мен бітімгерлік төреліктерінің мысалдары сақталып қалған. Ал хандық дәуірде «Есім ханның Ескі жолында», «Қасым ханның Қасқа жолында» және Тәуке ханның «Жеті жарғысында» билердің үлесімен дайындалған заң жинақтары бітімгершілікке негізделген.

Жеті заңнан құралған «Жеті жарғыны» қарас-тырсақ, онда жер дауы, Отбасы-неке заңы, Әскери заң, Сот заңы (судебный закон), Қыл мыстық істер заңы, Құн заңы, Жесір дауы заңы топтастырылған. Осы заңның қай-қайсысымен шешілген дауды қараңыз, бәрі де жазалай отырып, бітімге алып

Ержан ҚАРАБАЕВ, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы

194/2019

Тәжірибе алмасу

келеді. Билер заң арқылы елде биліктің беделін көтеріп, халық арасында тыныштық пен бірлікті сақтауға үлес қосқан. Жалпы түркітілдес халықтар ешқашан заңсыз өмір сүрмеген, жай ғана көшпенді халық болмаған, барлық тіршілігін әдет-ғұрып, дала заңдарына негіздеген, оның ең соңғы түйіні әр өркениетті елдің Ата Заңына айналған.

Қазіргі заманда дауды бітіммен әрі татуласумен шешуді көп ел қолдайды. Барлық елдің бітімгершілік туралы заңдары өз елінің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің негізінде қалыптасқан. Ең бастысы, Қазақстандағы медиация аясының кеңеюі тек медиаторларға, адвокаттар мен судьялардың жұмыс деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге, азаматтардың сеніміне, өз шығындарын реттей алу

жылдары қоғамдағы дау-жанжал, кикілжің-керісті азайту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс Рухани жаңғыру бағдарламасымен, сондай-ақ, Жоғарғы Соттың сотқа дейінгі татуласуды дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасымен үндеседі. Халық арасында дауласу деңгейін төмендетіп, азаматтарды татулық пен бірлікке шақыруда Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен республика соттары жаңа бастаманы көтеріп отыр. Ол «Татуласу. Сотқа дейін, сотта» деп аталады. Қазіргі күнде татуластыруды дамыту мәселелерімен соттан басқа «Нұр Отан» партиясы, Медиаторлар одағы, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Достық үйлері, Құқық

қабілеті мен дауласудың нәтижесін түсіне алуына байланысты.

Медиация заңы ТМД елдерінің бірқатарында соңғы онжылдық ішінде енгізілді. Оның ішінде, Ресей, Молдова, Қырғызстaн, Грузия елдері бар. Армения мен Түрікменстанда медиация заңы қабылданбағанымен, басқа заңдармен бітімгершілік келісімге келтіру мүмкіндігі бар. Молдавада тату-ластыру рәсімін сот орындаушысы жүргізеді екен. Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан секілді түркітілдес елдерде медиация туралы заң жобасын дайындаудың алғашқы қадамдары енді жасалуда. Қырғызстанда 2002 жылы қырғыз халықтарының әдет-ғұрыптары туралы «Ақсақалдар туралы» заң қабылданған екен. Заң аясында ауыл, елді мекен тұрғындарының арасындағы кикілжіңдер қолжетімді әрі тиімді жағдайда шешіледі. Яғни, дала билерінің дәстүрі осы заңдарда айқын көрініс табады.

Бүгінде соттардың алдында судьялардың жүк-темесін азайта отырып, істі сапалы қарау, сол арқылы сот имиджін арттыру, қоғамда дауларды азайту міндеттері тұр. Сот жүйесінде соңғы

қорғау қызметінің орталықтары айналысуда. Жоғарғы Сот басшылығы дауды шешудің тағы бір жолы ретінде Билер кеңесін қарастырып отыр.

Билер кеңесі – Елбасының дауларды соттан тыс шешу, қоғамда тұрақтылықты сақтау, ұлт-тық сананы жаңғырту арқылы дауларды бейбіт шешу туралы тапсырмаларын жүзеге асыруға және Жоғарғы Соттың сотқа дейінгі тату ласуды дамытуға бағытталған жергілікті Әкім діктің жанынан құрылатын кеңесші орган. Респуб-ликамыздың көптеген өңірлерінде өз жұмысын қоғамдық бірлестік ретінде бастаған Билер кеңесінің өз ережелері де бекітілген. Билер кеңесінің басты мақсаты – мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтардың алдын-алуға ықпал етіп, қоғамда қайшылықты, ұрыс-керісті, дау-дамайды азайту, даумен келгендерді татуластырып, олардың кикілжіңдерін сотқа жеткізбей шешу арқылы ел арасында тұрақтылықты, ынтымақтастық пен достықты, бірлік пен берекені, бейбіт өмірді қалыптастыру. Яғни, негізгі қағида – татуластыру.

Билер кеңесінде азаматтық-әкімшілік қатынас-

ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҰЛТ-ТЫҚ САНА МЕН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ КӨЗДЕЛГЕН. БИ-ЛЕР СОТЫН ЖАҢҒЫРТУ – ЕЛДІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ ДЕП БІЛЕМІН. СОНДЫҚТАН, БИЛЕР СОТЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОНЫҢ ҮЛКЕНГЕ ДЕ, ЖАСТАРҒА ДА БАҒЫТ-БАҒДАР, ТӘЛІМ-ТӘР-БИЕ БЕРУ, АДАСҚАНДАРДЫ ЖОЛҒА САЛЫП, ОЛАРДЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАР-ДАН АУЛАҚ БОЛУҒА ҮЙРЕТУ, АУЫР ЕМЕС ҚЫЛМЫСТАРДЫ СОТҚА ЖЕТ-КІЗБЕЙ ШЕШУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖҰМЫС ТАРЫНДА ТИІМДІ ЕКЕНДІГІН УАҚЫТ ДӘЛЕЛДЕЙТІН БОЛАДЫ. АУҚЫМДЫ ІСТІ АУЫЗ БІРІКТІРІП, ЖҰМЫ-ЛА ЖҮРГІЗСЕК, НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛАР ЕДІ.

4/201920

Тәжірибе алмасутардан туған даулар мен жеңіл, орта дәрежедегі қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар бойынша істер қаралады. Билер кеңесіне жүгінудің бір артықшылығы, кеңес беру тегін жүргізіледі. «Маңғыстау облысының БИЛЕР КЕҢЕСІ» қоғамдық бірлестігі ретінде ашылып, мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға ретінде құқыққа ие болады, дербес балансы, банк мекемелерінде шоты, мөрі, бұрыштамасы болады. Бірлестіктің негізгі жұмысын 9 адамнан тұратын Билер кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің мүшесі болып тек қана ҚР азаматтары, оның ішінде, доғарыстағы судьялар, қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің өзге де қоғамдық ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері кіреді. Билер кеңесінің мақсаты медиация институтын жандандыру, қазақ билері институтын жаңғырту және принциптік идеяларын бекіту, оның негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау болып табылады. Билер кеңесінің жұмысын жандандыру әрі дамыту мақсатында кеңес жанынан 3 не 5 адамнан тұратын жұмыс тобын құру ұсынылып отыр.

Медиацияның ауқымы татуластыру, бітімгерлік рәсімімен барынша кеңейтіліп отыр. Әрине, ел ішінде дауларды медиациямен аяқтауда кездесетін кемшіліктер мен кедергілер жоқ емес. 2011 жылы заң алғаш қабылданып, ауыл, аудандарда алғаш медиация кабинеттері ашылып жатқанда, ауылдағы бір әжейдің мәдениет үйінен ашылған медиация кабинетіне «медицина» кабинеті екен деп кіріп барып, дәрігерді іздеп жүргенін естіп едік. Алғашында жаңа атауға үрке қараған ел ішінде мұндай мысалдар аз емес. Көп жағдайда азаматтар медиаторға сенбеді. Соттың күшіне жүгініп, мәселесін шешуге, тым болмаса, қарсыласын «сотпен қорқытып» өш алуға тырысты. Десе де, бұл мәселелер өркениетке құлаш жайған қазақ жерінде ертелі-кеш өз шешімін тауып келеді. Сең қозғалды. Ірі де іргелі сот реформаларының аясында медиацияның татуластыру екені халыққа барынша түсіндірілді. Халық медиаторларды іздей бастады. Соттар ауыл ішіндегі елге сыйлы, сөзі өтімді, жасы үлкен ағаларды төрелік айтуға тарта бастады.

Маңғыстау облысындағы бір аудандық сотта алты баламен жесір қалған келіншек пен 90 жастағы қайын атасының арасында үйдегі меншік үлесін анықтау туралы іс қаралған. Судья тараптарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, отбасылық дау-жанжалды кәсіби емес медиатор-ауыл биінің шешуіне беруді ұсынады. Ауыл биі көпті көрген ақсақал адуынды әйел мен ашынған қарияның

тамырын тереңнен басып, дауды бітіммен аяқтады. Егер осы іс сотта қаралғанда не қария, не көпбалалы ана үйден кетуі мүмкін еді. Заман тыныш, ел аманда тұрмыстық майда-шүйденің бөліске түсуі, нарықтың қыспағы, қаражаттың жетспеушілігі – бәрі де адамдарды артық шығын мен сергелдеңге салады. Бұл жағдайда тығырыққа тірелген жандардың түйткілді мәселесін шешуге ауыл билері атсалысып, ағайын арасын жариясыз жарастырып жатса, қанекей?

Сондықтан, көкірек көзі ояу, өз ұстанымы бар, елдің салтын білетін, заңнан хабардар азаматтар дала заңының озығын алып, тозығын шығарып, ағайын арасындағы дауды ата салтымен шешудің рөлі зор деп санаймын. Бұл арқылы заңның қатаң тәртібін айналып өтіп, қорғаушы жалдап, шығынданбай, мемлекеттік баж салығын да төле-мей, сотты да болмай, ағайынмен араздаспай, істі тату-тәтті бітіруге болады. Орта жасқа келген, өмірлік те, қызметтік те тәжірибесі бар, бұрын сот-құқық саласында қызмет жасап, доғарысқа шыққан ел ағалары «Билер кеңесінің» құрамына еніп, медиаторлықты атқарып, мәселені екі жаққа тиімді шешіп жатса, оның үстіне қаржы мен уақыт үнемделсе, бұл жүйені неге қолдамасқа?!

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарла-масында ұлттық сана мен ұлттық болмысты жан-дандыру көзделген. Билер сотын жаңғырту –елдің рухани жаңғыруының бір бөлігі деп білемін. Сондықтан, Билер сотын жаңғырту жұмыстары арқылы оның үлкенге де, жастарға да бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беру, адасқандарды жолға салып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға үйрету, ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей шешуге қол жеткізу жұмыстарында тиімді екендігін уақыт дәлелдейтін болады. Ауқымды істі ауыз біріктіріп, жұмыла жүргізсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Біз Мәңгілік ел боламыз деп, кемел келешегі бар мемлекет құруды көздеген халықпыз. Сот төрелігінің әділдігі, даулардың бітіммен аяқталуы – кез келген елдің кемел болмысының көрінісі. Жалпыадамзаттық игі және озық мұраттарды мемлекет іргетасына негіз еткен еліміз Қазақстан Республикасында қоғамда жалпы даулардың санын азайту мәселесін назардан тыс қалдырған емес.

Мәмілегерлікпен бітім жасап, дау-шарларды шешу тәжірибесі, қоғам арасында туындаған дау-дамайларды баламалы жолмен, қосымша әдістер бойынша шешу Қазақстан үшін жаңалық емес. Ендеше, бүкіл әлемде басым қолданысқа түскен татуластыру рәсімін жатсынбайық!

214/2019

Талдау

Құқықтық сауаттандырудың негізгі көрсет кіші құқықты білу болып табылады. Қазақстанда соңғы

уақытта құқықтық сананың түрлі аспек-тілерін зерттеуге байланысты, құқықтық және адамгершілік сананың өзара әрекетін түсінуге қатысты еңбектер көптеп жариялануда.

Қазақстан Республикасы бастан кешіріп жатқан бұл кезең тарихи тұрғыдан оның дамуы-ның бір бөлігі ғана болып келеді. Сондық тан, егемен елдің көтерер жауапкершілігі әлі көп. Билікке деген сенім қоғамдық пікірді есепке ала отырып анықталуы керек. Тұрақты түрде қаладағы, ауыл, аудандағы тұрғындардан билік өкілдерінен кімді әділ және жауапкершілігі мол деп санайтындығы туралы анкеталар алынуы қажет. Осы сауалнамалар мемлекеттік жүйеде белгілі бір шенді алуда негізгі баға бола алады. Сондай-ақ, адамдардан кімнің заңды жиі белден басатынына да баға беруге болады. Егер шенеунік осы тізімге ондаған мәрте түсіп жатса, оны жұмыстан шығару қажет. Бұл әдістердің барлығы ашық түрде жүруі тиіс.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның құқықтық жағдайы құқықтық сананың деңгейін көтеру-ге, азаматтардың құқықтық нигилизмін жою-ға, қоғамның құқықтық мәдениетін қалып-тастыруға үндейді. Заң мен құқыққа деген құрмет әр адамның жеке ұстанымына айналуын талап етеді. Қазақстан Республикасы Консти-туциясының 1-бабы 1-тармағына сәйкес, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылады. Бұл

ретте адамның құқықтары мен бостандықтары әрбір адамға туылғаннан тиесілі, абсолютті және ажыратылмайтын болып танылады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын және қолданылуын анықтайды. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің сипатты белгісі оның құқықтық жүйесі көрсеткіштерінің бірі ретінде халықтың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейі болып қала береді.

Қазақстандық құқықтық жүйе адамның және азаматтың құқықтары мен бостандық-тарын, оның ішінде, заңнама және құқықтық институттар қызметі саласында қорғау тиім-ділігі, қолдану қолайлылығы және сенім-ділігі мәселелерінде озық әлемдік стандарт-тарға сәйкес келуі тиіс. Қазақстан Респуб-ликасының 2017-2022 жж Құқықтық сауат тан-дыру тұжырымдамасы (бұдан әрі–Тұжырым-дама) Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген қоғамның құқықтық мәдениетін одан әрі дамыту қажет-тілігінен туды. Тұжырымдаманың 5-тармағында құқықтық білім беру мен құқықтық насихат-таудың құқықтық саясатты табысты жүргізудегі рөлі аталып көрсетілген.

Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытудың стратегиялық өзегі барлық азаматтарға құқық-тардың тең көлемін пайдалануға, жауапкершілік атқаруға және тең мүмкіндіктерге қолжетім-ділікке ие болуға, оның ішінде Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған ел қатарына кіру мақ-

ТҰЖЫРЫМДАМА ТАЛАПТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТУДА

4/201922

Талдау

сатына табысты жетуге құқық үстемдігі приз-ма сы арқылы мүмкіндік беретін Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы болып табылады. Тұжырымдама азаматтарды құқықтық ағартудың және қоғамның құқықтық мәдениетінің тиімді моделінің әлемдік стан-дарт тарына негізделген Экономикалық ынты-мақтастық және даму ұйымдары елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып әзірленді.

Халықты құқықтық ағарту саласындағы мем лекеттік саясат негізінде құқықтық ақпарат беруде, күнделікті өмірде заң проблемаларын тиімді шешу үшін қажетті белгілі бір дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруда маңызды орын алатын азаматтық қоғамның барлық инсти-туттарының, әсіресе, үкіметтік емес ұйым-дар дың белсенді қатысу принципі жатыр. Тұжырымдамада қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның дамуының мәдени, тарихи, гендерлік және басқа да ерекшеліктері, адам құқықтарына бейілділік және елдің тұрақты дамуын қамта-масыз ететін нәтижені көздеу ескерілген.

Елдің барлық азаматтары олардың мүдделерін қозғайтын ақпаратты алуға, жасына, этникасына немесе ұлтына, отбасылық жағдайына, денсау-лығына, табыс деңгейіне және қандай да бір өзге мән-жайларға қарамастан құқық сала-сындағы жетістіктерді пайдалануға құқылы. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Страте-гиялық даму жоспарының міндеттерін іске асыру шеңберінде Әділет министрлігі елдің нормативтік құқықтық актілеріне азаматтардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпыға бірдей тегін қол жеткізуін қамтамасыз етті.

2013 жылдың ақпан айынан бастап Әділет министрлігінің ведомстволық сайтында «Әділет» ақпараттық-құқықтық веб-жүйесі жұмыс істейді. Аталған жүйені белсенді қолдану азамат тардың заңнамаға деген қызығушылығы артуы ның куәсі болып табылады және азамат-тарды құқық тық ақпараттандыруға ықпал етеді. 2015 жылдан бастап электрондық түрде ҚР Норма тивтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкі пайдалануға енгізілді. Норма-тивтік құқықтық актілерді бақылау жағ дайын-да пайдаланушыларға интернет желісінде орналасқан web-портал арқылы қолжетімді.

Электрондық түрдегі НҚА Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау көзі мәртебесі беріл-ді. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әділет министр-лігінің интернет-ресурсының бірыңғай тұғыр-намасында аумақтық әділет органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың сайттары жұмыс істейді.

Тұжырымдаманың мақсаты құқықтық мінез-құлықпен және азаматтық белсенділікпен ерекшеленетін қоғамның және азаматтардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру, дауларды соттан тыс реттеудің бітімгерлік рәсімдері мен тетіктерінің әрекеттерін, оның ішінде, сот, сондай-ақ, соттан тыс тәртіпте тараптар арасын дағы жеке құқықтық қақтығыстарда (медиация, делдалдық және басқалар) келісімге қол жеткізудің әртүрлі жолдары мен тәсілдерін бекіту арқылы кеңейту болып табылады.

Қазіргі заманғы мемлекетке қоғаммен тікелей және кері байланыс, қуатты және ықпал ды мемлекеттік емес қоғамдық өзін-өзі ұйым дастыру институттары қажет. Күшті және тиімді мемлекет барлық заманда азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасайды. Қоғамдық дамудағы жағдайды түсіну үшін елдегі азаматтық қоғам ның даму деңгейі қандай екенін анықтау маңызды.

Мемлекеттің тиімділігі және адамның оған деген сенімі өзара байланысты тамырлар секілді. Олардың негізінде нақты құндылық ретінде өзара сыйластық жатыр. Оны қалыптастыруда жетекші рөл мемлекетке тиесілі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазақстан Республикасының 2017-2022 жыл-дарға арналған құқықтық сауаттандыру тұжы-рым дамасын жүзеге асыруда өз үлесін қосуда. Атап айтқанда, Әділет органдары азамат тардың құқықтық мәдениетін, құқықтық оқыту және тәрбиесі деңгейін арттыру мақсатында өткен жылы көлемінде құқық түсіндіру бағыты бойынша 5590 іс-шара өткізді.

Ернар КУСАИНОВ, Шығыс Қазақстан облыстық Әділет

департаменті құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметтерін көрсету

бөлімінің инспекторы

234/2019

Сот практикасынан

ДАУДЫ БІТІММЕН АЯҚТАУ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА

ЕСЕЛЕП ЖОЛ АШАДЫ

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып заманауи институттары мен табысты нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі бар, халықтың әл-ауқаты өспелі деңгейдегі және теңгерімді сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде танылды. «Ел даусыз болмас» дейді халық

мақалы. Яғни, даулар алдыңғы қатарлы дамыған немесе дамуы орта деңгейдегі кез келген мем-лекетке тән құбылыс. Дау-жанжалдарды шешу мен реттеудің тиімді әдістерін қолдану әлемде өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде қалыптасудың орасан зор жасампаз жолын өтіп, «Сабыр түбі – сары алтын» дегендей, бүкіл әлемнің сенімді әрі тұрақты әріптесіне айналды. Біздің елімізде

уақытылы жүргізілген экономикалық реформаларды, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосқан салмақты үлесін, бейбітшілік пен келісімнің тиімді үлгісін жасағанын бәрі біледі және құрметтейді.

4/201924

Сот практикасынан

Тараптар үшін дауды бітіммен аяқтаудың тиімділігіне «Бірінші байлық – денсаулық» демекші, адамның жүйкесі тозбайды, теріс эмоцияға берілмейді және денсаулығына нұқсан келмейтіндігін атауға болады. 2-тиімділігіне тараптар үшін уақыт үнемділігін жатқызуға болады, себебі даудың кейбір санаттары соттың сатыларында 9 айға жуық қаралуы мүмкін. Дүниежүзі қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адам ды таң қалдырады. 3-тиімділігі – қаржы үнем ділігі. Туындаған дау азаматтық іс ретінде қаралып, соттың шешімі шығарылатын болса, қарызбен бірге мемлекеттік баж төлеу, сот шығынын өтеу, заңгерді жалдау, жолға шығын, жеке сот орындаушыларының ақысы және т.б. шығын болады. 4-тиімділігіне «Сыйлассаң – сыйлы боласың» дегендей тараптардың ара-сында сыйластық қарым-қатынас сақталады.

Біздің елімізде де дауды шешудің жаңа балама әдістерін қолдану тақырыбы қозғалып, «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің 24.08.2009 жылғы №858 Жарлығында азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар ретінде жеке-құқықтық жанжалдар тараптары арасындағы бітімге қол жеткізудің сот тәртібімен, сондай-ақ, соттан тыс тәртіптегі түрлі жолдары мен тәсілдерін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындаған кезде келісушілік рәсімдері шараларын пайдалану мүмкіндігін талқылаудың міндеттілігін бекітуге, сондай-ақ, азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарын дамыту (медиация, делдалдық және басқалары) аталды. Сонымен қатар, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 28.01.2011 жыл-ғы №401-IV заңы қабылданып, Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімі, сондай-ақ, медиатордың мәртебесі айқындалды.

Азаматтық процестік кодекстің бір тарауы түгелдей татуластыру институтына арналды. Дауды соттан тыс реттеудің тиімді тәсілдері заң намалармен бекітілді. Осылайша елімізге

медиацияны дендеп енгізу шаралары жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тарапынан бұл тұрғыда тың бастамалар көтеріліп, түрлі пилоттық жобалар жүргізілуде. Оның бірі – «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы. Аталған жоба Қазақстан Респуб лика-сы Жоғарғы Соты төрағасының 28.04.2018 жылғы №6001-18-7-4/89 өкіміне сәйкес, рес-публикамыздың аудандық және оған теңес-тірілген соттарда талап қою өндірісімен аза-мат тық істерді қарау барысында іске асыру басталған.

Қызылорда облысының мамандан дырылған ауданаралық экономикалық соты (әрі қарай – Қызылорда облысының МАЭС) төрағасының 28.11.2018 жылғы №35 өкіміне сәйкес, сотта бітістіруші судья бекітілген. Пилоттық жобаның іс жүзінде жүргізілуіне тоқталатын болсақ, сот-қа түскен жоба аясындағы талап арыздарды (тараптың бірі мемлекеттік мекеме емес) соттың кеңсесі «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы бітістіруші судьяға тапсырады. Бітістіруші судьяға жоба бойынша жұмыс жүргізуге 5 жұмыс күні берілген. Өз кезегінде бітістіруші судья талап арыз құжаттарымен танысып, талап арыз сот ісін жүргізу үшін қабылдауға негіз болған жағдайда тараптарды «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасына қатысу үшін уақытын белгілеп, құжаттарды хатшыға тапсырады. Хатшы тараптардың телефондарына хабарласып, оларды пилоттық жобаға қатысуға шақырады.

Шақырумен келген тараптарға бітістіруші судья арнайы жасақталған «Медиация кабине-тінде» мантиясыз, еркін іскерлік кездесу ұйым-дастырып, дауды бітіммен аяқтаудың жоғарыда аталған тиімділіктеріне жан-жақты тоқталып, туындаған дауды татуласу келісімімен, екі жақтың адвокаттары болған жағдайда пар-тисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен, кәсіби немесе судья медиатордың қатысуымен медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келуге шақырады.

Кейбір жағдайларда жауапкерлер талапты мойындап, бітімге келуге келісіп тұрса да, талап қоюшылар «маған соттың шешімі керек» деп

254/2019

Сот практикасынан

түсініспеушілік танытуда, сол уақытта талап қоюшыларға соттың шешімі – ол соттың актісі екендігін, дау бітіммен аяқталса да бітімді бекіту туралы соттың түпкілікті актісі, яғни, сот тың ұйғарымы берілетіндігі түсіндірілгеннен кейін ғана бітімге келуде. Пилоттық жобаға шақыруға мүмкіндік болып, оған қатысқан тараптар сот жүйесіне алғыстарын айтып, риза-шылықтарын білдіруде.

Тараптардың пилоттық жоба аясында бітімге келуге қызығушылық танытуына мына негізгі себептерді жатқызуға болады: 1) жауапкер өзі нің қарыздары бар екендігін біледі, бітімге келіп талапкермен сотқа төленген мемлекеттік бажды төлеуден босатылуын қалайды; 2) екі жаққа да қолайлы нұсқада соттың актісі қабыл-данады (мысалы, қарызды бөліп төлеу); 3) келісімді бекіту туралы ұйғарым тиісті түрде орындалмаған жағдайда талап қоюшының өтініші негізінде соттың атқару парағы беріледі. Пилоттық жобаға қатысу үшін екі тарапты да шақыруға мүмкіндік болмаған жағдайларда бітістіруші судья нақты себебін көрсете отырып талап арыздарды соттың кеңсесіне қайтарады. Кеңсе «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы азаматтық істерді өзге судьяларға қайта бөледі.

Бұл орайда, жобамен шектелмей Қызылорда облысының МАЭС-мен тараптарға азаматтық істің қозғалғандығы жөнінде арнайы рәсім-делген, яғни, бітіммен аяқтаудың тиімділігі көрсетілген хабарламалар жолданады (нұсқа №1, №2).

2019 жылдың І-тоқсанында Қызылорда облы сының МАЭС-на жалпы 723 (2018 жылдың І-тоқсанында - 822) талап арыз түсіп, олар бойынша 692 (695) азаматтық іс қозғалған. Қозғалған азаматтық істердің 46-ы (16) немесе 6,7%-ы (2,3%) тараптардың татуласуына бай-ланысты іс жүргізу тоқтатылған. Яғни, тарап-тардың татуласуымен аяқталған азаматтық істер дің саны өткен жылмен салыстырғанда 30-ға немесе 65%-ға артқан.

Тараптардың дауды татуласу келісімін немесе медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін соттың бекітуіне байланысты талап қоюшылармен төленген жалпы 33 157 315 теңге мемлекеттік баж бюджеттен кері қайтарылған. Мысалға, «И» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі (әрі қарай - ЖШС) сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «С» ЖШС-нен негізгі қарыз 926 917 380 теңге және өсімпұл 9 269 174 теңге өндіруді сұраған. Сотпен тараптарға дауды бітіммен шешу жөніндегі құқықтары түсіндіріліп, нәтижесінде жауапкер талапты толығымен мойындап, аталған соманы екі бөліп төлеуге татуласу келісімі жасалып, заңға қай-шы болмағандықтан, сотпен татуласу келісімі бекі тілген және де талап қоюшымен төленген 28 085 597 теңге мемлекеттік баж бюджеттен кері қайтарылған. Тараптар сот отырысында қол алысып, сотқа алғыстарын айтып кетті.

Тағы бір мысал, жоғарыда аталған «И» ЖШС-гі сотқа өзге талап арыз беріп, онда жауапкер «Г» ЖШС-нен негізгі қарыз 337 853 376 теңге және өсімпұл 67 570 675 теңге өндіруді сұраған. Бұл жағдайда да сотпен тараптарға дауды бітіммен шешу жөніндегі құқықтары түсіндірілгенімен, жауапкер түрлі себептерді келтіріп, бітімге келуге қарсы болды, нәтижесінде талапты толық қанағаттандыру және қосымша 12 162 722 теңге мемлекеттік бажды өндіру жөнінде соттың шешімі қабылданды. Қазіргі таңда апелляциялық сатыда бірінші саты сотының шешімінің заң-дылығы тексерілуде, яғни, тараптар бір даудың соңында 4 айдан астам уақыт соттардың табал-дырығын тоздырып жүр және бұл дау қосымша бірнеше айға жалғасуы мүмкін.

Бұл орайда, еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаң-ғыртуға қатысты көтерген мәселелерін сотта дауласушы тараптар ескерсе екен деген тұжырымға келесің. Қуатты елдің бірден-бір тірегі – дамыған бизнес. Бизнес – алпауыт елдер экономикасының қарқынды дамуына үлкен күш беріп отырғандықтан, «Дау мұраты – бітім» дегендей сотқа қатысушыларды туындаған дауды ушықтырмай барынша бітіммен аяқтауы қоғамға да, өздеріне де тиімді.

Нұрлан ЕЛАМАНОВ, Қызылорда облысымамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының бітістіруші судьясы

4/201926

Көзқарас

СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – СЕНІМДІ НЫҒАЙТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА СУДЬЯ ТӘУЕЛСІЗДІГІ АРНАЙЫ ЗАҢМЕН ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ МЕН ҚОРҒАЛҒАН. ЕШ КІМНІҢ ДЕ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ АРАЛАСУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ. ҚЫЗ­МЕТ АЛУДАҒЫ ЖАЙ ЛЫ ЛЫҚ ПЕН ӨМІР СҮРУ САПА СЫН

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында Елбасы біздің реформаларымыздың табысты болуының негізгі факторы – құқық үстемдігі екенін айрықша атап, сотқа озық электронды қызметтерді одан әрі дендеп ендіру қажеттігін тапсырған болатын. Соған орай, салада тың реформалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Солардың ең бастысын айтар болсақ, уақыт пен артық шығынды талап ететін рәсімдер қысқарды. Мысалы, бұған дейін сотқа азаматтардың өздері келуі міндетті болса, қазіргі күні сот төрелігін қашықтықтан атқару мүмкіндігі туды. «Виртуалды сот» жоба-сы қолға алынып, азаматтар үйінде, жұмыс орнында немесе шетелде жүріп-ақ сот мәжілі-сіне «TrueKonf» мобильдік қосымшасын қол-дану арқылы қатыса алады.

«Қазақстан-2050: қалып тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стра тегияда сот жүктемесін жеңілдету үшін дауларды соттан

Қанат УТЕУБАЕВ,Алматы қаласыАлмалы аудандық №2 сотының судьясы

ЖАҚСАРТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТІҢ БАС ТЫСЫ АЗАМАТТАР ҚАУІПСІЗДІГІ, СОНЫМЕН БІРГЕ, СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМ­ТАМАСЫЗ ЕТУ, ЯҒНИ, ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ПРО­ГРЕССИВТІ ІЛ ГЕРІЛЕУДЕ ЗОР РӨЛ АТҚАРАДЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛ ДІРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАН ДА РЫНЫҢ ЖҰ МЫ СЫН ҚАЙТА ҚҰРУ, АТАП АЙТ ҚАНДА, СОТ ТАР ДЫҢ ЗАМАНАУИ ФОР МА ЛА РЫ МЕН ҚОСЫМ ША ЭЛЕК ТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЕН ГІЗУ, ҚАЖЕТСІЗ СОТ РӘ СІМ ДЕРІН ҚЫСҚАРТУ, БЕЙ РЕСМИ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ, ПЕР СОНАЛДЫ ІРІКТЕУ, МАНСАПТЫ ЖО ҒАРЫЛАТУ, ҚАЗІРГІ ЗА МАНҒЫ ФОР МАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ ХА ЛЫҚ СЕНІМІМЕН ҚАТАР, ҚАУІП СІЗДІКТІҢ ДЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢ ГЕЙІН ҚАМТА МАСЫЗ ЕТЕДІ.

274/2019

Көзқарас

тыс реттеу инс титуттарын дамытуды жал-ғастыру керектігі нақтыланған. Өйткені, медиация соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар, судья лар -дың өте күрделі про цес терге баса назар ау-даруына мүмкіндік береді. Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, қазіргі таңда медиация институты жан жалдарды шешудегі ба лама әдіс ретінде сот тар дың қызметін жетіл ді ру де маңызды рөл ат қаруда. Статистикалық деректер 2017 жылдан бастап медиаторлармен бай-ланысты істер санының орта есеппен 30 пайызға

сот қауымдастығының алдына қойылған жеті басты міндет бар. Олар айыптаушылық бағытты төмендету, кассацияға қолжетімділікті кеңейту, сот процедураларын жеңілдету мен судьяның азаматтық сот ісін жүргізудегі белсенді рөлін арттыру, татуластыру институтын дамыту, әкім-шілік соттарда құқықтарды қорғау, сот актілері-нің сапасын арттыру, сыбайлас жемқор лыққа қарсы күрес.

Бұдан былай бірінші және апелляциялық сатылардағы судьялар өздері шығарған сот актілері үшін жауап береді. Себебі, сот актілерін

артқанын байқатады. Сот ісін жүргізудің барлық түрі бойынша татуласу институтын одан әрі дамыту осы жылға міндет етіп қойылғанын да айта кеткен жөн болар.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық, биылғы жыл сот төрелігінің сапасын арттыру жылы болып жарияланды, бұл бағытта енді арнайы мониторинг жүргізіледі. Осыған байланысты

сауатты, сыйымды және ұғымды құрастыру, сонымен бірге, олардың мағынасын тараптарға жатық тілде түсіндірудің маңызы зор. Бұл халыққа әділ сот төрелігін жақсы байыптауға мүмкіндік береді. Сондықтан, сот актілерінің нақты жазылып, ұғынықты болуы және орындалуы ешқашан да өзектілігін жоймайтын мәселе. Жоғарыда айтқанымыздай, «Жеті

БҮГІНДЕ СУДЬЯЛАР СОТ ШЕШІМІН ЖАРИЯ-ЛАҒАН СОҢ, ТАРАПТАРҒА НЕ СЕБЕПТЕН НАҚ ОСЫН-ДАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛ -ДАНҒАНЫН ТҮСІНДІРЕДІ. БҰЛ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫ-СУШЫЛАРДЫҢ СОТ АК-ТІСІМЕН КЕЛІСПЕУШІЛІ-ГІН АЗАЙТЫП ЖАТҚАНЫ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН-ДА ЖАРИЯЛАНУДА. ӘР-БІР СУДЬЯ СОТ ТӨРЕЛІ-ГІН ХАЛЫҚҚА ТҮСІНІКТІ ЕТУГЕ БАР КҮШ-ЖІГЕР, БІЛІМДЕРІН ЖҰМСАҒАН-ДА ҒАНА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛ-ДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛАДЫ.

4/201928

Көзқарас

түйін» бағытының «Сапалы нәтиже» жобасы аясында сот актілерінің азаматтарға түсінікті болуы үшін жаңа типтік нысан дайындалған. Бүгінде судьялар сот шешімін жариялаған соң, тараптарға не себептен нақ осындай шешім қабылданғанын түсіндіреді. Бұл процеске қатысушылардың сот актісімен келіспеушілігін азайтып жатқаны ақпарат құралдарында жариялануда. Әрбір судья сот төрелігін халыққа түсінікті етуге бар күш-жігер, білімдерін жұм-сағанда ғана заң үстемдігі мен әлеуметтік әділ-дікті қамтамасыз ете алады.

Қазіргі таңда саланы жаңғырту шаралары қарқынды жүргізіліп, сот жүйесі барынша ашықтықты қамтуда. Бұған, әрине, заманауи электронды технологиялардың үлесі зор. Яғни, осы арқылы сот актілеріне Жоғарғы Соттың қолжетімділігі артады. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары шеңберінде іске асып жатқан реформалар нәтижесін беруде. Олар жеті бағытты қамтып, «Сот төрелігінің жеті түйіні» деп аталды. Бұл бағыттар өз кезегінде Жоғарғы Сотпен ашық диалог нәтижесінде саладағы қоғам анықтаған өзекті мәселелерді шешуге жол ашып, қоғамның әділеттілікке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

«Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында сот-тарда жайлылықты арттыру, сот актілерінің тілін жетілдіру, судьяларды іріктеу жүйесін нығайту, қоғам мен сот арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру, татуластыру рәсімдерін, т.б. дамытуды жетілдіру шаралары қабылданды. «Түнгі сот», «Отбасылық сот», татуластырушы-судьялар, судьялар көмекшілері институты тиімділігін байқатуда. Электрондық сот технологиялары белсенді дамытылуда. Ел халқы да соттардың онлайн қызметінің игілігін түсініп, оны белсенді пайдалануда. Деректерге жүгінсек, бүгінде ғаламтор арқылы 7 млн-нан аса сот актісі қолжетімді. Сот залдары жүз пайызға бейне-дыбысжазба құрылғыларымен толық қамтылған. Азаматтық талап арыздардың 93 пайызы сотқа электронды түрде жолданды. Соңғы үш жылда «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар саны жеті есеге өскен. «Smart сот» жүйесі шеңберінде соттарды цифрландыру үрдісі қарқын ала түсуде. Жоғарғы Сотта қабыл-

данған сот актілерін халыққа онлайн режимде түсіндіру шаралары іске қосылды.

Сот жүйесіндегі реформаларға сай, елдегі бірнеше заң жаңарды. Нақты айтқанда, «Қазақ-стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Осы заңда сот жүктемесін барынша оңтайландыру, сол арқылы жұмыс сапасын арттыруға басым -дық берілген. Азаматтық іс жүргізу кодек-сі мен «Нотариат туралы» заң өзгеріп, сот қа түсетін даусыз талаптардың біразы нотариустар құзыретіне берілді. Енгізілген өзгеріс тер соттардағы жүктемені азайтуға және судья-лардың назарын күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік тудыруда. Ел заңдарындағы атаулы өзгерістер сот төрелігін тағы бір сапалық белес-ке көтеріп, өркениетті ел заңдарының заман ағымына сай жаңғыра, тәуелсіз ел азамат-тарының құқықтық әлеуеті жақсара түсуіне жағдай жасары сөзсіз. Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалар сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз етумен қатар, сот жүйесіне деген бұқараның сенімін қалыптастырудағы тиімді тетігі.

Жалпы айтқанда, жүзеге асырылып жатқан шаралардың барлығы сот төрелігін атқару бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып қана қоймай, қоғам мен сот қызметі арасындағы тиімді байланысты нығайтады. Қазіргі күні соттардағы қағазбастылық жойылу-да деуге толық негіз бар. Мұндай игі істер өз кезегінде соттарға деген халық сенімін арт тыруға ықпал етуде. Қазақстандағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы реформалар заман талабына сай қызмет етуде. Оны одан әрі жетілдіріп, дамыту тоқтамайтын іс. Әділ сотты мемлекет мәртебесінің айқын кө рінісі десек, бүгінде сот жүйесі, сот әділ дігі үстем деп таныл ған алдың ғы қатар лы 30 мем-лекет қа тарына қосылу басты міндет болып отыр. Осы міндетті орындау жолында бар күш-жігерді жұмсау мемлекеттің әрбір азаматына ортақ іс.

294/2019

Тұлға

СЫР ЕЛІНІҢ ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТА­ЛЫ ҒЫНДА СҰЛУ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНАН БАСТАЛЫП, ОБЛЫС­ТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҒИМАРАТЫНА КЕЛІП ТІРЕЛЕТІН КӨШЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕГЕМЕНДІК АЛУЫНАН КЕЙІН ҚАСИЕТТІ, КИЕЛІ СЫР ЕЛІНІҢ ТУМАСЫ, ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛЫ НҰРЫЛЛА АЛМАҒАМБЕТОВ АТЫМЕН АТАЛДЫ.

Биылғы жылы абзал азамат, жерлесіміз, 19 жыл Қазақ КСР-ның Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған, жауынгерлік «Қызыл жұлдыз», екі «Еңбек Қызыл ту» орденінің, «Ерлігі үшін» және т.б. 14 медаль иегері, КСРО Ішкі істер министрлігіне және Қазақ КСР Ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер, милиция генерал-майоры Н. Алмағамбетов тірі болғанда 100 жасқа толатын

еді. Ол 1919 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр (бұрынғы Қызылту колхозы, Калинин совхозы) ауылында туылған. Әуелі, Қызылорда қаласындағы орта мектепті, кейін Қызылорда медициналық училищесін «фельдшер» мамандығымен аяқтап, Алматы Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының курсын аяқ-тағасын, Алматыда денсаулық сақтау бөлімінде жауапты қызмет атқарды. 1938 жылы Қызыл Әскердің қатарына шақырылып, 1939 жылы Фин соғысына қатысады.

Ұлы Отан соғысы басталарда ол Ақтөбеде құрылған 101-ұлттық жеке бригаданы (көпшілігі Қазақстаннан барған дивизиялар, оның басым көпшілігі қазақтар) жасақтауға қатысып, ерекше бронепоезд бөліміне әуелі аға-әскери фельдшер, кейін бөлімнің әскери медициналық қызметінің бастығы, санитарлық ротаның командирі ретінде Калинин, Прибалтика, Төртінші Украина майданындағы қанды шайқастарға, Псков облысы, Беларусь, Латвия, Литва, Эстония және Шығыс Еуропа елдерін фашизмнен азат етуге қатысады. 1942 жылдың аяғында Ногинск қаласына жеткізіліп, Жоғарғы Қолбасшысының құзырындағы 39-шы армияның қарамағына еніп, Мәскеуді қорғауға қатысты.

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Рысбай Кәрімнің «Елім деп соққан жүрегі» атты кітабында 101-ұлттық бригада командирінің орынбасары, қызылор-далық майор Мұса Сәдібеков 1942 жылдың 24 желтоқсанында Қызылорда облысы партия комитетінің бірінші хатшысы Төлебаевқа жазған хатында: «Менің жерлесім Нұрылла Алмағамбетов жауынгерлер арасында үлкен беделге ие. Ол ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, ұрыс даласында жараланған 30 жауынгерге медициналық көмек беріп, оларды ұрыс даласынан алып шықты. Осы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Әлі алда Жеңіс күніне дейін талай ерліктер

4/201930

Тұлға

жасай беретін болады» деп атап өтті. 1943 жылдың наурызында «Ржев асуынан»

кейінгі шайқастардан кейін, батысқа қарай жорық жолдарын бастаған Н.Алмағамбетов атақты «Багратион» операциясына қатысып, Беларусь жерін неміс басқыншыларынан азат етеді. Полоцк қаласын жаудан босатқан шайқаста ол көрсеткен ерлігі үшін жоғарғы бас қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс хаты, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Сол кездердегі шайқастарды еске алған қаруласы, майдангер ардагер, отставкадағы полковник Кәкен Әбенов: «Нұрылла күні-түні ұйқысыз, демалыссыз жаралы жауынгерлердің өмірі үшін күресті. Оларды тірі алып қалу үшін білімі мен тәжірибесін аямады. Ал, жаудан «Тіл» әкелуге жасақталған арнайы командаға ол бірінші шақырылатын. Фин соғысында осындай тапсырмаларды орындаудағы оның тапқырлығы, бай тәжірибесі, ержүректігі ес-керілетін еді («Ради жизни», №6, наурыз 1996 жыл). Санитарлық рота алдыңғы шептегі ұрыс-тарға, қолма-қол шайқастарға қатысып, жауған оқтың арасында жаралыларға дәрігер лік көмек көрсетіп, оларды ұрыс даласынан шығарып жататын. Сондықтан да, олардың міндеттері жауапты да, күрделі болатын» деп жазады майдан, әскер қолбасшылары.

Нұрылла ағаның соғыстың ең сұрапыл жерлерінде, әсіресе, Ржев қаласын алудағы басынан кешкендерін өз аузынан талай есті-генмін, кейін бұл шайқас туралы оқып, білдім. А.Невский, «Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», Құрмет белгісі және 2 рет Отан соғысы I, II-дәрежелі жауынгерлік ордендерінің иегері П.А.Михиннің «Біз жеңу үшін қаза болдық» атты Ржев шайқасына арналған еңбегінде төмендегі жолдар бар: «Біз Ржевке жерде жатқан қаптаған адам өліктерін баса отырып жылжыдық. Ол жердегі 200-250 шақырымды құрайтын Ржев асуындағы айқастар барысында көптеген өлім алқаптары мен шоқ-тоғайлар пайда болды. Жаз, ыстық желсіз күн, алдымызда өлім алқабы. Ол жерде шайқаста болмаған адам сасыған мыңдаған адам өліктерінің бүкіл денесінде қаптаған құжынаған құрттарды көзіне елестете алмайды, түсіне білмейді. Жердегі адамдар өліктері үш қатардан тұрады, олардың

үстінен телефон кабелі жүргізілген, ол үзілген кезде оны қалайда болса жалғау керек. Мәйіттердің үстімен еңбектеп келесің, ал олар 3 қабат болып жатыр, ісініп жарылуға айналған, кейбіреулері жарылып үлгірген өлі адам денелерінде құжынаған мыңдаған құрттар. Жүрек ауыртатын жиіркенішті, шіріп жатырған адам өліктерінің қолаңса сасыған иісі бүкіл алқапты алып жатыр. Снаряд жарылғанда еріксіз осы мәйіттер астына тығыласың, денең үрейден түршігеді.Үстіңде шіріген, сасыған мәйіт, мыңдаған құжынаған құрттар мен бетіңе бұрқақ қан шапшып атылады.Снаряд жарықшақтары ұшып өтісімен жан-айқаймен орныңнан тұрып, жалма-жан үстіңді қағып алға ұмтыласың. Жоғарыда өте ыңғайлы позицияда жау орналасқан. Біздің орналасқан жер оларға жақсы көрінеді және оларға атуға өте ыңғайлы, бұл жерді айналып өте алмайсың (аударма өзімдікі)».

Ржев асуындағы шайқас кеңес азаматтары-ның есінде «Ржев еттурағышы» ретінде қалды. Бұл соғысты немістер де қорқынышпен еске алады екен. Қазір бұрын айтылмай, жазылмай келген ұғымдар пайда болды. Соның бірі «Ржев түбіне айдап алып барды» дейді. Бұл шайқаста Кеңес әскерлері әскери техника мен адам саны бойынша өте көп шығынға ұшырады, ал, немістер аз шығынмен қаланы тастап шықты. Шабуылмен қалаға кірген кеңес әскерлері немістің 9-армиясы тастап кеткен бос қала және онда әскер мен әскери техникаға ұқсатып көз қылып орналастырылған «арьергардқа» тап болған. Ржев шайқасынан қаншама адам жер жастанғанда сол жерде соғыстың басынан аяғына шейін қатысқан, қаншама қиыншылықтарды көріп, майдандастырын, достарын ұрыс алаңы-нан алып шығып, кейбіреулерін жерлеп, қанша рет жаны күйзеліске ұшыраған Нұрылла ағаның «Қанша қырғын болса да ажалды өледі» демекші, елге аман-есен қайта оралуы оны ата-аналарының аруақтары мен періштелердің жебеп-желеп, қорғап жүруінен деп түсінуге болады.

Осындай қиян-кескі ұрыстар кезінде Алмағанбетов бірнеше рет жараланып, контузия алып, екінші топтағы мүгедек болған. Бірақ, ол әскер қатарында қала берді. 1998 жылы Алматыда «Атамұра» баспасында шығарылған

314/2019

Тұлға

МАЙДАНГЕР, ПАРТИЯ ҰҚК БАСШЫ ҚЫЗМЕТІН МІН-СІЗ АТҚАРҒАН 43 ЖАСТАҒЫ Н.АЛМАҒАМБЕТОВ ҚАЗАҚ КСР ІІМ-НІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖІ-БЕРІЛЕДІ. ӨЗІНЕ СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ ОЛ 19 ЖЫЛ АБЫРОЙМЕН АТҚАРДЫ. ОЛ ТЕРГЕУ, БХСС, ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕУ (ЛАГЕРЛЕР, КОЛОНИЯЛАР, ТҮРМЕ-ЛЕР), ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА, ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ҚЫЗМЕТТЕРІ САЛАСЫНА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТТІ.

«Сыр өңірі» тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) кітабының 146- бетінде ол туралы төмендегідей жолдар бар: «...Осындай бір ұрыстың кезінде Қызылорда Медицина мектебінің түлегі, жала-ғаштық Н. Алмағанбетов ұрыс даласынан ауыр жарақаттанған 30 адамды алып шықты. Осы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталды».

Соғыс аяқталғаннан кейін өзінің командалық құрамымен Н. Алмағамбетов Шығыс Германия-ның Оңтүстік Саксониясындағы Кетен қаласына әкімшілік қызметке жіберіледі.Соғыстан кейін жауынгер офицер 2 жыл бойы Германиядағы Кеңес әскерінің қатарында саяси жетекші,

Жоғарғы партия мектебін аяқтаған соң, Қызылорда плотина құрылысына парторг болды. Соғыстан кейінгі ел тұрмысын түзеу үшін Сыр елінің күріш алқаптарын арттырып, оны сумен қамтамасыз ету, Сырдария өзенінің көктемдегі көп суды реттеу үшін бұл құрылыстың стра-тегиялық маңызы бар еді. Өзіне сеніп тап-сырылған бұл жұмысты да Н. Алмағамбетов күш-жігерін жүмсап, алдыңғы қатардан көрініп, өзіне көрсетілген сенімді ақтай білді. 1956 жылы плотина құрылысы аяқталған соң мем-лекеттік қауіпсіздік органдарын партияның кадрларымен нығайту саясатына байланысты ол Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ШҚО

кейін өзі қызмет атқарған құрамда медицина қызметінің бастығы болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Германияда нацистік топтар шабуылдарына тойтарыс беріп, қираған ғимараттарды қалпына келтіру, халықты бейбіт өмірге бейімдеу, дәрі-герлік көмек көрсету, халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруда Н. Алмағамбетов өзінің іскерлік қабілетін таныта білді.

Менің әкем соғыстан 1946 жылдың қара-шасында келсе, Нұрылла аға 1947 жылы орал-ды. Н.Алмағамбетов бейбіт өмірге ара ласып, әуелі облыстық денсаулық сақтау бөлімінде эпидемиологиялық науқастарға қарсы күрес секторының меңгерушісі, 1948 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушы, Қызылорда қалалық партия комитетінің хатшы (секретары) лауазымдарын атқарды.

1955 жылы Мәскеудегі КОКП ОК жанындағы

бойынша төрағасының орынбасары қызметіне жіберіледі. Бұл қызметте ағамыз 6 жыл еңбек етіп, Мәскеудегі ҰҚК бір жылдық курсын бітіреді. Осы кездері ол мемлекеттік қызметпен қатар Өскемен қалалық партия комитетінің мүшесі, қалалық кеңестің депутаты сияқты қоғамдық жұмыстарды белсене атқарды.

Оның бұл қызметі, сол кездегі елдегі саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты түрмедегі 1181260 жазаланған адамға амнистия беріліп, бостандыққа шыққан болатын. Олардың көбісі тың игеруге, Қазақстанға ағылып келіп жатты. Олардың ішінде рецедивистер, қоғамда ауыр қылмыс жасаушылар, т.б. қылмыскерлер көп болатын. Олармен бейбіт өмірде жұмыс жүргізу, азаматтардың тыныштығын сақтау күн тәртібінде тұрды. Майдангер, партия ҰҚК басшы қызметін мінсіз атқарған 43 жастағы Н.Алмағамбетов Қазақ ССР ІІМ-нің бірінші

4/201932

Тұлға

орынбасары қызметіне жіберіледі. Өзіне сеніп тапсырылған қызметті ол 19 жыл абыроймен атқарды. Ол тергеу, БХСС, еңбекпен түзеу (лагерлер, колониялар, түрмелер), құрылыс саласына, өртке қарсы күрес қызметтері саласына жетекшілік етті.

Н. Алмағамбетов өзінің өмірлік тәжірибесін қай салада қызмет атқарса да көрсете білді. Оның басшылығымен мыңдаған бұрынғы қылмыскерлер құрылыс материалдарын, халық тұтынатын тауарларды өндірді. Респуб-ликада, қалалар мен қыстақтарда тұрғын үйлерді, зауыт-фабрикаларды, өндіріс орын-дарын салды. Осындай тәрбиелік маңызы бар жұмыстардың негізінде, көптеген бас бостандығынан айырылғандар, еңбек тәрбиесін алып түзеліп, отбасына оралып жатты. Бейбіт күндердегі еңбегі ескеріліп, ол «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Өз міндетін қай қызметте жүрсе де үлкен абыроймен атқара білді. Ел қорғауда, бейбіт еңбекте қалтықысыз қызмет атқарғаны үшін Н.Алмағамбетов КСРО Ішкі істер министрлігіне және Қазақ КСР Ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер атағына ие болған. Министрлікте күрделі мәселелер бойынша ол кісі заңды жолмен шешу жолдарын көрсетіп береді екен. Менің курстасым В.Нечуй-Ветердің (қазір Ресей Федерациясында тұрады) әкесінің ағасы полковник А.Нечуй-Ветер денсаулығына байланысты ішкі қызметтен кететін болғанда Нұрылла аға бір өзі министрліктің басқа алқа мүшелеріне қарсы шығып, оны алып қалыпты. Кейін ол Қарағанды Жоғарғы мектебінің Алматы факультетін басқарды

Тауқыметтер мен қиындықтарды басынан кешіріп, елін жаудан қорғауда, бейбіт күндері қылмысқа қарсы күресте қатардағы жауынгерден генералға дейін көтерілген жерлесіміз Н.Алмағамбетовтің өмір жолы бүгінгі және келешек жастарға үлгі екендігі сөзсіз.

Ол кісі менің әкем, Ұлы Отан соғысына қатысушы, партия, Кеңес, кәсіподақ ардагері, «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» жауынгерлік ордендері мен алты медальдің иегері Асан Қоразбаевтың Мариям апасынан туған жиені. Ол кісінің аты Сыр бойына, Ұлы Отан соғысы мен

ішкі істер органдары және т.б. тақырыптардағы көптеген кітаптарға енді, әлі де енеді. Сондықтан, ол кісінің кімге болса да үлгі болатын өмірбаяны, қиын балалық шағы, Фин және Ұлы Отан Соғысындағы өшпес ерліктері, соғыстан кейін-гі Партия, Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер орган-дарындағы халық шаруашылығын қалып қа келтірудегі, социалистік заңдылықты сақтау-дағы көрсеткен ерліктері айтуға, жазуға, өлең жолдарын арнауға, тіпті, ол туралы фильмдер түсіруге тұрарлық.

Оның үлгілі өмірбаяны, жүріп өткен жолы көптеген шәкірттері үшін үлгі болады және жастар, құқық қорғау, әскери оқу орындары түлектеріне патриоттық тәрбие беруде маңы-зы зор. Әкемнің айтуынша, 1941 жылы Қызыл-ордадағы 1-Май орта мектебін аяқтап, соғысқа аттанғанда Нұрылла Ақтөбе қаласында әскери жиында болатын. Оны перронда күтіп алып, «Асан, бұл бір ғаламат соғыс болады, бір әке-шешеден сен де, мен де жалғызбыз. Алла тағала екеумізді соғыстан аман-есен қайтуды жазсын, хош бол» деп аздаған ақша ұстатады. Алла олардың тілектерін қабыл қылып, екеуі де, екі шаңырақтың жалғыз болашақ иелері елге аман оралды. Әкем де құпия тапсырмаларды орындап, елге тек 1946 жылдың қарашасында оралған. Ол адамзат тарихының құрылықтағы ең үлкен әскери операциясына айналған, 2 миллионнан аса адамның басын жұтқан Сталинград шайқасында болып, 2 рет контузия, 5 рет жараланып, елге аман-есен оралған. Нұрылла аға да бірнеше рет жараланып, контузия алып, екінші топтағы мүгедек болып соғыстан 1947 ж. елге оралған.

Батысқа Молдавия арқылы бір хутордың үстінен таң алдында өтіп бара жатқанда жолдың жиегінде пісіп жетілген қарбыздарды көріп, ел есіне түсіп, біреуін үзіпті. Сол жерде бір ақ сақалды шал пайда болып: «Ей бала қарбызды неге аласың?» – деп сұрапты. Ол шошып кетіп: «Қазақстаннан едім, бізде де осындай қарбыздар өсетін еді, елімді сағындым, Сіз қазақсыз ба?» деген сұрағына ол өзінің гагауыз (түркітілдес оғыздарға жататын) екендігін айтқан.

Бірде Алматыға Жалағаш ауданынан барған белгілі партия, Кеңес қайраткері Қойшығұлов Қалдан екеуі Алматыда серуендеп жүріп, Абай

334/2019

Тұлға

даңғылындағы «Самал» гастрономына кіріп, темекі алу үшін кезекте тұрғанда милиция капитаны кезексіз зат алуға сатушыға ақшасын береді де кезекте тұрған спорттық киімдегі генералды байқап, шошып кетіп «Здраю желаю товарищ генерал» дейді. Жұрт абдырап қалады. Әлгі капитан сәл есін жиып алып «Не аласыз, мен алып берейін-дейді», аға оның ұсынысынан бас тартады, ал, халық «Ұяты бар генерал кезекте қарапайым адам сияқты тұр, ал, ұятсыз капитан бүкіл халықты адамға санамайды» – деп шулапты. Аға ұлтжанды еді. 1986 жыл-ғы Желтоқсан оқиғасынан кейін, бұрынғы Бас прокурор Ғ.Елемесовпен, Қазақ КСР-ның Әділет министрі болған қызылордалық Б.Жүсіповпен араларында желтоқсандықтарды жазалаудағы мәскеуліктердің рөлі, шектен шыққан қатаңдығы, заңды белінен басып жүргендігі туралы әңгіме қозғалғандығын өкінішпен, қиналып есіне түсірген болатын.

Медицинадан, өнер, әдебиеттен жақсы хабардар еді. Кезінде Нұрылла ағаның отба-сында Қызылордадан шыққан елдің игі жақсылары, белгілі азаматтары жиі қонақта бола тын. Олардың қатарында Кеңес Одағының батыры Нағи Ильясов, КСРО-ның Халық әртісі Сәбира Майқанова, Қызылорда облыстық Партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы Исатай Әбдікәрімов, танымал этнограф-ғалым Мардан Байділдаев, Қызылорда облыстық атқару комитетінің бұрыңғы төрағасы Зейнулла Жарқынбаев, ҚР-ның еңбек сіңірген қаржыгері Бименді Баймаханов және т. б.

Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық Ішкі істер департаменті ғимараты алдына орна тылған мәрмәр тақтаға ол кісінің аты-жөні жазылған. Қазақстанның әр түкпірінде ол кісінің шәкірттері жетерлік. Иә, Нұрылла ағаның Сыр елінде іздері сайрап жатыр. Жалағаш ауданының орталығында да ол кісінің атымен аталған көше бар. Генерал оқыған Қызылорда Медициналық колледжі мен облыстық өлке-тану мұражайында арнайы бұрыш ұйымдастырылып, тірі кезінде ұстанған заттары, мундиры, бүкіл орден, медаль дерімен сақталуда. Халық ол кісіні әрдайым тек жақсы жағынан ғана еске алады. Бірнеше жыл бұрын

генералдың інісі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы қаржы полиция полковнигі Ж.Бекішовтің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында ол кісінің өміріне, ерліктеріне арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты кітаптың тұсауы кесілді. Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада өткізілген іс-шараға генералдың ұлы Талап, қыздары Әсия, Әлиямен бірге ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, милиция генерал-майоры У.Болсамбеков, Қызылорда ОІІД бастығы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов, ОІІД бастығының кеңесшісі, Ардагерлер кеңесінің бұрыңғы төрағасы, отставкадағы милиция полковнигі, бүгінде марқұм М.П.Пейсов және марқұмның көзін көріп, араласқан облыстың ҰОС, еңбек ардагерлері, ОІІД қызметкерлері, қоғамдық өкілдері, туған-туысқандары қатысты.

Генералдың ұрпақтары 100 жылдығында Қызылорда қаласындағы ол кісінің атымен аталатын көшенің бойынан ескерткіш орна-тылса деп армандайды. Ол іс-шараға атсалысу біздің парызымыз. Иә, жылдар зуылдап өтуде, Нұрылла ағаны көріп-білген, араласқан адамдардан Қызылордада қарт журналист А.Жанаев пен милиция ардагері, запастағы полиция капитаны Қ.Абшакиров қана қалды.

Қызылордаға ол кісі соңғы рет 1990 жылы Күлбарам апаның (жұбайы Әдияның апасы) қайтыс болуына байланысты келді. Екеуміз Сырдария жағасында біраз серуендеп, әңгіме айттық. Қызметім туралы көп сұрады. Қатаңдықты да, жұмсақтықты да қабағымен танытып, қанша жоғары лауазымды атқарса да кішіпейіл, көпшіл кейпінен танбаған ағаның сөздері мен жарқын бейнесі жүректе мәңгі қалады.

Хұсайын ҚОРАЗБАЕВ, Қазақстан Журналистер одағының,

Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі. Қызылорда облыстық полиция

департаментінің бөлім басшысы. Запастағы полиция

полковнигі.

4/201934

Зерттеу

Агрессия – ҚӘТС бұл терминнің француз тіліндегі agressiо деген сөзден өрбігендігін көрсетіп, қазақ тілінде озбыр, басып алушы, күш көрсетуші деген мағыналар беретіндігін айтып, термин ретінде, бірінші, саясат саласында басқа елдің жерін басып алып, билік жүргізу мақсатымен әскери шабуыл, басқыншылық жасау осылай аталатындығын түсіндіреді. Екінші, психология саласында физикалық немесе психологиялық зиян, нұқсан келтіруге, басқа адамды, адамдар тобын жоюға бағытталған мінез-құлық, әрекет деп айқындайды.

Агрессор терминінің де мағынасын ҚӘТС екі түрде береді. Бірінші, бұл термин агрессия жүргізуші, жаулап алу мақсатымен шабуыл жасаушы, басып алушы жақ. Екінші, озбыр, зиян, нұқсан келтіруші де осы терминмен белгіленеді.

ШСС де бұл терминдерді осы келтірген

мағынада түсіндіреді. Бірақ, ұғымның термин ретінде өрбуін agressiо сөзінің өзі француз тілінде латын тіліндегі шабуыл деп түсінілетін aggressiо ұғымынан тарағанымен ортақтастырады.

Қылмыстық кодекстің қазақ тіліндегісі агрес сивная война ұғымын басқыншылық соғыс деп белгілеп, агресивный деген терминді қолданбайды.

Л.М.Баш бастаған бес автордың құрас-тыруымен шыққан «Қазіргі заманғы шетел сөздерінің сөздігі» бұл терминдерді бастау, кірісу, жақындау, тақап келу деген сияқты мағыналар беретін латын тіліндегі aggrede деген сөздең шыққан деп түсіндіреді, сөздің grede деген бөлігі қазақ тіліне аттау, қадымдау деп аударылатын латынның gradi деген сөзінен шыққандығын айтады. Сөздіктен латын тіліндегі gradus сөзі қазақ тіліне қадам, адым деп аударылатындығын көруге болады. Сөздің ag деген бөлігі орыс тілінде «на», «при» деген сияқты сөздермен белгіленетін жұрнақ ретінде қолданылады деп, сөздің латын тіліндегі негі-зін де алғашқыда ag жұрнағы емес ad жұрнағы болған деп түсіндіреді. Яғни, сөз алғаш-қыда adgressiо деп қолданылғандығы туралы айтылады.

Қазақ тілі тұрғысынан келгенде бұл түсінік-терден бірнеше нәтиже шығаруға болады.

Бірінші, сөзді agress түрінде алатын болсақ, сөздің мәнін «а деп бастап кірісу» деп ұғынуға болады. Себебі, аяқ басып, аттай бастау дегеніміз, ежелгі көшпенді үшін де, бүгінгі қазақ үшін де бірдемені бастап, іске кірісу деген сөз. Яғни, gress ұғымы мен қазақтың кіріс ұғымын бір-бірімен терезесі тең терминдер ретінде қолдануға болады. Мысалы, агрессияны баса кіру деп түсінсек, регрессияны қаша кіру деп ұғынуға болады. Агрессия дегеніміз алға басу, яғни, алғабас болса, регрессиямыз артқа басу, яғни, шегініс. Демек, agress дегеніміз қыс-қартылып алынған акіріс болып шығады.

ТЕРМИНДЕР ТЕГІНЕ МҰҚИЯТТЫЛЫҚ КЕРЕК

Кәкен СЕЙТОВ, Шығыс Қазақстаноблыстық сотының судьясы

354/2019

Зерттеу

Екінші, сөзді aggress түрінде алатын болсақ, сөзді термин ретінде ағыла кірісу немесе ағкіріс деп түсінуге болады. Қазақ тілінде «аға бастау» сөзін «ақ» деп те айтып жеткізуге болады. Онда сөздің алға қарай ағу мағынасы қысқартылған түрінде ақкіріс болып құралушы еді.

Үшінші, сөздің алғашқыда adgressiо түрінде қолданылуын оңай түсіндіруге болады – көш-пенділер Апенин түбегін мекендеген халық-тардың түпкір жерлеріне тек атқа мініп шабуыл жасап кірген, сондықтан, аткірістер деп атала-тын болған.

Мұндай тұжырымдарға келуге сөздің gress деген бөлігі grede деп те оқылып, кірісу, бастау болып ұғылатындығы итермелейді.

Төртінші, сөздің gress деген бөлігі прогресс, конгресс деген сияқты ұғымдардаң да белгілі екендігі және бұл ұғымдарда сөздің дәл сол кірісу, бастау мағыналарының жоғалмауы агрессия ұғымының қазақ тіліндегі ағу, алға қарай жүру, біреудің қарауындағы кеңістікке ену деген сияқты ұғымдардың қысқартылған түрі ғана екендігін дәлелдейді.

Латын тіліндегі сөздіктерден agrestis деген сөздің ауылдық, дөрекі, тұрпайы, жабайы деген мағыналар беретіндігін оқуға болады. Мұндай қасиеттерге ие адамдарды өздерін мәдениетті санайтындар біреудің ісіне негізсіз араласқыш, не болса соған кіріскіш деп санайды. Білгіштер мұндайда aggressiо мен agrestis ұғымдары екі бөлек нәрсе, біріншісі бірдемені бастап, іске кірісуді білдірсе, екіншісі агро сөзімен, яғни, жер ұғымымен байланысты, демек, бұл ұғымдарды бір-бірімен шатастырмау керек деулері мүмкін. Бұған халықаралық құқық саласында кеңінен қолданылатын агрессия, агрессор сияқты ұғым-дардың бір мемлекеттің екінші мемлекетке тиесілі жерін басып алуы сияқты әрекеттерімен байланыста болатындығын көрсетіп, мәселе қалайда болмасын жермен (орынмен) және оны шабуылдап басып алумен байланысты екендігін түсіндіру қажет. Мәселе ауыл шаруа-шылығымен шұғылданатын адамдармен қалада қол өнерімен өмір сүретіндердің ең алғашқы қарым-қатынастарындағы бір-біріне деген көзқараста жатыр. Қала – өркениет орны деп саналса, ауыл – жабайылықтың белгісі деп есептелінген. Сондықтан, ауыл адамы agrestis

деген атаққа ие болып шыққан.Бұл жердегі мәселенің біз үшін ең маңыздысы

сөздің өзі түрік тілінен шығып тұрғаны анық болса да, латындікі деп жалған телінуін барлық халықтың ақиқат ретінде адаса қабылдауы болып табылады.

Агрессия терминінің психологиялық сала-дағы мағынасы қазақ тілінде «Психология, энциклопедиялық сөздік» деген кітапта былай деп келтіріліпті: «Әлеуметтегі адамдардың арақатынас тәртібінің талаптарына қарама-қайшылықты себептенген деструктивтік қылық. Агрессия объектілерге зиян келтіреді немесе психологиялық қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, басымдық, басқаның пікірін күшпен басып тастау, т.с.с) туғызады.

Агрессия бірнеше түрге бөлінеді: 1) басқа-ларға күш көрсететін; 2) вербалдық агрессия – айқай-шу, қорқыту, табалау, ұрысу сияқты вербалды реакцияның мазмұны арқылы жағымсыз сезімдермен танытатын; негативті сезімдерді вербалды реакциялардың түрлері (ұрыс-керіс, шыңғыру) арқылы да, сондай-ақ, мазмұны арқылы да (қорқыту, қарғау, балағаттау) шығару; 3) тікелей агрессия – нақты объектіге немесе біреуге бағытталған; жанама агрессия – басқа адамға жанама жол-мен бағытталған агрессия (жаман өсектер, қалжыңдар, т.с.с.), сондай-ақ, бағытсыз, ретсіз жүзеге асатын әрекеттер – айқай, тепкілеу, үстелді жұдырықпен соғу және т.б. түрінде көрінетін ашу; 4) инструменталды агрессия – қандай да бір мақсатқа жетуге құрал ретінде көрініс береді; 5) аутоагрессия – өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі қорлау, өз денесіне физикалық қиянат жасау, өзін кемсіту, тәнін зақымдау, кейбірде өзін өлтіруге дейін баратын әрекеттерден көрініс береді; 6) қастандық (қастық) агрессия – біреуге әдейі зиян келтіру немесе объектіні зақымдау мақсатымен жасалады; 7) альтруистік агрессия – басқалардың шабуылынан қорғау мақсатымен сипатталады.

Агрессия – адамдар қауымдастығына бірлесіп өмір сүру нормалары мен ережелеріне қарама-қайшы келетін, өзі бағытталған өлі немесе тірі объектіге нұқсан келтіретін, біршама мақсатты түрде жүзеге асатын деструктивті мінез-құлық. Әдетте агрессия салдарынан тірі объектілерде

4/201936

Зерттеу

қорқыныш, үрей, қысылу туады. Агрессия жаман қалжыңдар, өсек, тіптен, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіруге дейін және т.б. баратын қиялдағы қастық ойдан шығарылған түрлі қиянатты әрекеттер. Агрессиялық әрекеттер қандай да бір мақсатқа жету тәсілі (инструменталдық агрессия), психикалық кернеуді босату амалы, сана астында тұншыққан қажеттікті қанағаттандыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі бекіту түрі ретінде көрініс табады».

Агрессия ұғымына қазақ тілінде психо-логиялық түсінік беретін бұл мәтінді толығымен

аударғандығын да айтып өту қажет.Қазақ тілінде долылық сөзінің мағынасы ашу

қысып, ісініп-қабыну немесе ауыспалы түрде құтыру, буырқану деп түсініледі, долырық атты деп қаны қайнап ызаланған, шиыршық атқан адам туралы айтылады. Орыс тіліне мұндай ұғымдарды исступление от гнева, злобы деп аударуға болады, демек, мұндай ұғым агрессивность терминімен белгіленетін қалыптардың бір түрі ғана болып келеді. Сондықтан, агрессивность ұғымын қазақ тілінде долырлық қана деп түсіну дұрыс болмайды.

Біз терминді қазақша өз тіліміздің туындысы

келтірген себебім, мәтінде ұғымның қыр-сыр-ларын ашатын басқа терминдердің өздерін қазақ тіліне аудару қажеттілігі анық көрінуінен туындап отыр. Себебі, мәтінде келтірілген көптеген шетел терминдері мәтінде айтылған мәселенің бетін ашудың орнына, керісінше, оның бей-берекетін кетіріп тұрғаны көзге бірден ұрып-ақ тұр. Сонымен қатар, қазақ тілінде тірі объект, өлі объект, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі бекіту деген сияқты сөздер мен сөз тіркестері қолданылмайтындығына назар аудару қажет-ақ.

Сөздікте орыс тілінде агрессивность деп белгіленетін терминнің қазақ тіліне агрессив-тілік деп аударылуы да ұғымның қазақ тіліндегі баламасын іздеу қажеттілігінің дәлелі ретінде қабылдануы тиіс.

Сонымен қатар, Терминкомның агрессив-ность ұғымын қазақ тіліне долырлық деп

ретінде «іске ағыла кірісу» ұғымының қыс-қартылған және тілге ыңғайландырылған түрі ретінде алынған ағырессия сөзімен белгілейтін болсақ, агрессивность дегеніміз де оңай ағырес-тілікке айналушы еді.

Сол сияқты, аталған сөздікте агрессивное поведение деген ұғым қазақ тіліне агрессивтік мінез-құлық деп аударылған. Ұғымның қазақ тіліне осылай аударылуы жөн болар дей салуға келмейтіндігі мінез-құлық деген ұғымның қазақ тілінде тек адамдарға байланысты қол-данатындылығымен ғана шектелетіндігі тарлық етеді. Мысалы, біз әңгіме етіп отырған психологияның өзінде агрессивное поведение животных деген ұғым бар, яғни, жалпы поведение животных деген ұғымды да біз поведение сөзін қазақ тіліне мінез-құлқы деп аударатын болсақ, жануарлардың да өзара қарым-қатынасын әңгімелегенде, олардың

БІЗГЕ ӨЗІМІЗДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІН ҚҰРАСТЫРЫП АЛУ ҮШІН МҰҚЫМ ҒЫЛЫМ МЕН ФИЛОСОФИЯ ТЕРМИН-ДЕРІН БАСЫНАН АЯҒЫНА ДЕЙІН АҚТАРЫП ШЫҒУМЫЗ ҚАЖЕТ, СОНДА ҒАНА БІЗ ТЕРМИН-ДЕРДІ БІР ЖҮЙЕГЕ КЕЛТІРЕ АЛАТЫН БОЛАМЫЗ. ОНСЫЗ БІЗДІҢ ІСІМІЗ АЛҒА БАСПАЙДЫ.

374/2019

Зерттеу

мінез-құлқы туралы сөз қылуға мәжбүр болушы едік.

Сөйтіп агрессия ұғымын талдау барысында біз және бір күтпеген қиындыққа тап болып отырмыз. Сөйтсе де, поведение сөзін қазақ тіліне қалай аударуға болатындығына өз кезегі келгенде тоқтауға болар, менің айтқым келетіні агрессивный деген сөзді біз қазақ тілінде ағыреслі деп жеңіл қолданып кете алатынымыз жөнінде.

Психология саласында формы и виды агрес-сии деген ұғымдар бар. Ал агрессия туралы Энциклопедиялық сөздік деп аталған кітапта әңгіме тек агрессияның түрлері туралы ғана жүргізілетіндігі келтірілген мәтіннен көрініп тұр. Себебі түсінікті қазақ тілінде түр мен форма ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығын іздеп жатқан ешкім жоқ.

Шын мәнісінде күш көрсету арқылы жаса-латын (физическая) агрессия, сөз арқылы жасалатын (вербальная) агрессия, тікелей және жанама агрессиялар сияқты ұғымдардың бар лығы агрессиялардың түрлерін емес фор маларын айқындайтын ұғымдар болып табылады.

Агрессиялардың түрлері ретінде агрессияны біреуге шабуыл жасап қолдану, сол агрессияны біреуден қорғану үшін жасап қолдану, сондай агрессияны біреудің агрессиясына қарсы жауап ретінде жасап қолдану сияқты әрекеттер таныла ды.

Сондықтан, қазақ тілінде форма мен түр туралы терең түсініктер болуы тиіс. Ондай түсініктер болмағанша біз түр (вид), түрше (подвид), форма сияқты бір-бірінен бөлек ұғымдарды дәл өз мәнісінде қолдана білуді үйрене алмаймыз. Ал, оларды үйренбей біз қазақ тілінде ғылыми мақала жазғанды қойып, толыққанды мамандырылған анықтаманы да жасай алмайтын күйге жетеміз және жетіп отырмыз да.

Психологияда агрессиялардың түрлері мен формаларын ғана емес, тіпті, олардың типтерін де бөле біледі.

Біз де оларды қазақ тілінде бөле білуіміз керек. Маған шетел терминдерін қазақшалаудың

кімге керегі бар, одан не пайда дейтіндер де аз емес. Алайда, біз қазақ тілінде әр сөзді қандай мамандандырылған түрінде, қай жерде және қалай қолдану тәртібін қалыптастырмай, қазақ тілін толыққанды ғылыми тілдердің аясына енгізе алмайтынымызды терең түсінуміз қажет. Онсыз қазақ тілінің болашағы шамалы болмақ.

Сондықтан, таразыдан қазақ әліпбиіндегі әр сөзді ғана емес, мағынасы осындай деп келтірілген әр шетел терминін де өткізу қажет. Менің қазақ тіліне шетел тілінен енген әрбір терминді жібергім келмей, оған әр жағынан тиісіп, тексеріп отырғаным да сондықтан.

Бізге өзіміздің қазақ тіліндегі құқық пен заң терминдерін құрастырып алу үшін мұқым ғылым мен философия терминдерін басынан аяғына дейін ақтарып шығумыз қажет, сонда ғана біз терминдерді бір жүйеге келтіре ала-тын боламыз. Онсыз біздің ісіміз алдыға баспайды.

Мұндай істі қолға алып, аяғына дейін атқарып шығу – жекелеген адамдардың қолы-нан келмейтіні түсінікті. Сондықтан, мен мұндай іске көпшіліктің кіріскенін тілеймін.

Агрессия терминінің көп мәселелерге бай-ланысты қолданылатындығын агрессивная среда деген ұғымнан да көруге болады. Агрессия ұғымын тек жауыздықпен бай-ланыстырудың қате екендігін Конрад Лоренц өзінің «Агрессия, немесе зұлымдық деп не нәрсе аталып жүр» деген кітабында айқын дәлелдейді. Оның айтуы бойынша агрессия дегеніміз ол «түр ретіндегі ағайындастардың, яғни, адамдардың өзара және жануарлардың өзара бір-бірімен күрес жүргізу түйсігі». Мұндай күрес оларға жан сақтау мақсатымен толыққанды өмір сүру үшін қажет. Ал, ондай күрес ешқандайда зұлымдық деп саналмауы тиіс. Ол күресті бүгінгі күні жиі-жиі болып тұратын табиғи құбылыстардың да астарынан байқауға болады. Сондықтан да, агрессия адам баласына ғана емес, мұқым табиғатқа тән құбылыс. Ондай құбылыстарды қазақ тілінде дәл атап, зерттей білу де біздің міндетіміз екендігін түсіндірмесе де болады.

4/201938

Конференция

Конференцияда белгілі ғалымдар мен халықаралық институттардың өкілдері, медиа-тренерлер, журна-

листер және блогерлер ақылды журна лис-тика, редакциядағы жасанды интеллект, Big Data, виртуалды шындық жаңалықтары, бейнеконтенттің рөлі, омниканалдық, Human to human форматындағы адамдардың қарым-қатынасы, скриптердің күрделенуі, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі чат-боттар т.б. медиа-технологиялардың көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқандығы туралы әсерлерімен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы С. Медеубек «Қазіргі

жастар жаңа технологияларды мамандықтың рухани құрамдас бөлігі гуманистік базиспен үйлестіре білуі керек», – деп мұндай кездесу-лердің маңыздылығын атап өтті. ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Н. Шыңғысова коммуникативтік саладағы мамандарды оқыту-дың отандық бәсекеге қабілетті білім беру моделін қалыптастырудағы оқытушылар мен практик-мамандар диалогының маңыздылығын атады.

Алматы қаласы ЮНЕСКО Кластерлік бюро сы коммуникация және ақпарат бөлімі-нің маманы Сергей Карпов конференция қатысу шыларына сапалы репортаждар негі-

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖУРНАЛИСТИКА:

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРГЕ ІЛЕСЕ АЛЫП КЕЛЕМІЗ БЕ?!

Шетелдік және отандық медиа сарапшылар мен журналистер өзекті ойларын ортаға салған «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МТIJ) атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция биыл төртінші жыл өткізілді. Бұл медиа алаңда коммуникациялық саланың дамуындағы жаңа тенденцияларды, диджитал-технологиялар мен білім берудегі әлемдік трендтерді талқылау дәстүрге айналды.

394/2019

Конференция

зінде бейбітшілік пен дамуды қолдауға және Орта Азиядағы білімге қолжетімділікке бағыт-талған «2018-2019 жылдардағы Орталық Азиядағы коммуникация және информация» атты ЮНЕСКО бағдарламасын таныстырды. Бағдарламаның басым бағыттары ретінде Интернет және офлайндағы пікір еркіндігіне, журналистердің қауіпсіздігіне жәрдемдесу, тәуелсіз БАҚ-тарды қолдау, т.б. аталды. «Жур налистерді дискриминациялау мәселесі, баспа мәтінге сену – жаһандық мәселелер. Қазақстандық журналистика өз жолын іздеуі керек. Адамдар фактіге негізделген сапалы ақпаратты талап етеді», – деді ол.

Проректор, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры Рафис Абазов тыңдаушылардың назарын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «жасыл» коммуникацияны ұйым дастырудағы, АКТ дамытудағы және тұрақ ты даму мақсатында білім берудегі рөліне аударды. «БҰҰ жүйесі және Пан Ги Мун институтының көзқарасы тұрғысынан журналистика тұрақты даму мақсатында, өмірді жақсарту бағытында small but beautiful steps (шағын, алайда маңызды қадам) жасап, қоғамдық пікір мен интеллектуалдық әлеуетті жұмылдыра отырып, көптеген мәселелердің шешілуіне елеулі үлес қоса алады». Р.Абазов: «Біз ҚазҰУ кампусын бұдан да жасылдандыра аламыз, университетті де, Алматыны да жасыл қала жасауға болады және ол біздің міндетіміз. Бұл қадам Қазақстанды өңірлік орталық ретінде бұдан да жасыл, тұрақты және өмір сүруге қолайлы етеді», – дей келе, келесі мәселелерге баса көңіл аударуды ұсынды: білім беру концепциясын тұрақты даму мүддесі тұрғысынан талқылау; ең үздік білім беру модельдеріне бағытталу, креативтілік, түрлі мәдениеттер мен мамандықтар қоғамдастықтарымен жұмыс істей білу; ҚазҰУ ғалымдары әлемдік ғылым мен техниканың дамуына өз үлестерін қосуы тиіс, бұл бағытта шетелдік мемлекеттердің тәжірибелерін жете білу. Осының барлығы ҚазҰУ-ды бұдан да танымал, бәсекеге қабілетті етеді және әлемдік аренадағы университеттің мәртебесіне тікелей ықпал етеді.

Конференцияның маңыздылығын Тұрақты

даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Тұрсынкүл Базарбаева атап өтті: «Қоғамдық пікір қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін асыра бағалау қиын, журналистерге кәсіби білім берудегі жоғары стандарттардың маңыздылығына да дау жоқ. Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру саласында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО статусын иеленген екі кафедраның болуы үлкен жетістік, сондай-ақ, маңызды мақсаттарға жетудегі тиімді механизм».

ОА Internews өкілдігінің медиасауаттылық жөніндегі кеңесшісі Гүлнар Асанбаева медиа- сауаттылықты дамытудағы жастармен үнемі жұмыс істеудің, сыни ойлаудың маңыздылығына тоқталды. «Бүгінде агрессивке толы және сана-сезімді жаулап, иландырып жіберетін пост-шындықтың түрлері көп. Әлеуметтік желіде белсенді таратылатын сендіру теориясын саяси және басқа да манипуляторлар, насихатшылар қолданады. Олар дәлелсіз, себебі дерекке емес, бір түсініксіз логикаға негізделеді. Алайда, олардың танымалдығы демократияның деңгейін және мемлекеттік менеджменттің жариялылығын, қоғамдық-маңызды ақпаратты көрсетеді. Қоғам шетелдіктерге жердің сатылып кетуі, пайдалы қазбалардың шетке шығарылуы, иллюминаттардың болуы, адамдарды қайта бағдарламалау (Овертон терезесі) және т.б.мәселелері бойынша толық, сенімді ақпарат болмағандықтан, өз болжамдарын жасайды. Бұл теорияның көптігі соншалық, мифтер мен болжамдардың саны шексіз. Оларды кейде кәдімгі фактчекингтің көмегімен анықтаса, кейде сарапшылар мен кәсіби мамандар қажет болады. Осындай теориялардың пайда болуы негізінде біздің ойлау ерекшеліктеріміз жатыр. Барлық сұрақтарға жауап таба алмаған адамдар конспирологтардың теорияларына сенгіш болады».

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халық-аралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова азаматтық журналистиканың маңыздылығына тоқталды: «Дамыған журналистика жоқ жерде тұрақты қоғам болмайды. Үгіт-насихат емес, сапалы, тергеу және адал журналистиканы айтып отырмын. Ақпараттық саясат жеке

4/201940

Конференцияцензураны ынталандырады, сараптап, жеке позицияңды қалыптастыру күрделенеді. Жаңа технологияларды меңгеріп, фактчекингті, мәліметтер журналистикасын үйрену қажет, алайда менің қөзқарасым бойынша бұл қоғамның шынайы мәселелері мен тек шындықты айтатын азаматтық журналистиканы ауыстырмайды. Журналистер өздерінің қоғам мен биліктің ара-сындағы алтын көпір болатын басты мақ са тын жоғалтып алды».

Конференцияда сөз алған Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары да өзекті ойларын ірікпей ортаға салды. Аязби Бейсенқұлов (АТХУ профессоры) медиалық ландшафтың жылдам өзгеріп жатқанын тілге тиек етті. «Бұқаралық ақпарат құралдарының бұқаралық коммуникация құралдарына айналғанына 10 жылдан астам уақыт өтті. Әлеуметтік желі -лер ақпарат жеткізудің классикалық механиз-мін өзгертті. Білім беру үдерісі де өзгеру-де. Міндетті бағдарламалар күшін жойды, енді әр ЖОО жеке бағдарламаларын түзеді. Алайда журналистиканың негізгі құндылықтары сақталуы тиіс. Біз сандық технология мен конвергенттілікті меңгердік. Келесі қадам – жаңа түсініктер - Big Data, жасанды интеллектіні меңгеру. Әзірге Қазақстанда бұл бағытта жұмыстар аз атқарылуда. Шетелдік дайын құралдарды қолданудамыз. Сондай-ақ, медиа-тұтынуды мониторинг жасау қажет. Тек Google-сараптамасы ғана емес, нақты отандық сараптама керек».

Мадияр Саудбаев (С. Демирель атындағы СДУ) және Зәуреш Қойгелдиева ( М. Х. Дулати ат. ТМУ) журналистердің кәсіби құзыреттілігін күшейту қажеттігін баса айтты. Бүгінгі аудитория кеңістік пен уақытқа бағынбайды, тұтынушы жаңалықты өзіне ыңғайлы жерден қай кезде болмасын ала береді. Сондықтан, бәсекеге қабілетті болу үшін журналист жылдам, сауатты әрі қызықты ақпарат бере білуі тиіс.

ҚР ДСМ «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Алуа Мырзаханова салалық журналистиканы белсенді дамытып, журналистер мен PR мамандарының біліктілігін арттыратын орталықтар ашу қажет-

тігін айтты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ләйла Ахметованың журналистің тарихи-ғылыми фактчекинг кәсіби әдісіне негізделген Workshop қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының баспасөз хатшысы, блогер-вайнер Жазира Бегалы сауатты, білікті қазақтілді журналистердің жетіспеушілігі мәселесіне назар аудартып: «Сюжеттер жасап, ақпарат жинап, ұтымды сұрақтар беруді, журналистік этиканы меңгеруді студенттік кезеңнен бастау қажет. Өндірісте аталған құзыреттіліктерді үйретіп отыруға практик-мамандардың уақыты жете бермейді» деді. Блогер, baribar.kz сайтының коммерциялық бөлімінің редакторы Айжан Кәрібаева деректі материалдармен жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталса, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Жетпісбай Бекболатұлы халықаралық журналистиканы оқытудың модельдеріне тоқталды. Оның айтуынша, халықаралық журналистерді келесі бағыттарда оқыту қажет: біріншіден, тілдік дайындық, екіншіден, құқықтық, яғни, шетелдегі журналист қызметін құқықтық реттеудегі негіздерін үйрету, үшіншіден, журналистік дайындық, мақала жазу машы-ғы, сыртқы саяси сараптама жасай білу, т.б. қазақстандық педагогтарға өзінің жеке моделін жасау керек.

Конференцияның қатысушылары білім беру мен журналистиканың дамуындағы көкейкесті тақырыптарды дер кезінде талқылаудың маңыздылығын атады. Кездесу эдьютон және жаңа білімнің инновациялық үдерістерін бағалау форматында өтті. Пікір алмасу барысында оқытушылар мен медиа сала практиктерінің практикалық бағытталған коммуникация механизмдері қалыптасты.

Назгүл ШЫҢҒЫСОВА,Филология ғылымдарының докторы,

ЮНЕСКО Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының

меңгерушісіЕлена ДУДИНОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

414/2019

Құлаққағыс

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

Журналда жарияланатын ғылыми мақала ларға қойылатын талаптар:мақалаға ұсыныс хат қоса табысталуы тиiс;

мақалаға қоса, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн табысталуы тиiс;

мақалаға қоса, мәтiннiң электрондық нұсқасы және автордың фотосуретi қоса табыс­талуы тиiс;

iлеспе хатта автордың аты­жөнi, қызметi, ғылыми атағы көрсетiлуi тиiс;

мақаланың соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi көрсетiлуi тиiс;

мақаланың көлемi 14­кегльмен терiлген 9­10 беттен аспағаны жөн;

мақаланың мазмұны үшiн жауапкершiлiктi автор көтередi.

Жарияланған мақала авторларының пікірлеріредакция көзқарасымен сәйкес келе бермеуі мүмкін

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркелген Куәлік №5702-г, 2005 жыл, 10 ақпан

Теруге 15.4.2019 ж. жіберілді. Басуға 27.4.2019 ж. қол қойылды.Пішімі 60х90 1/8Тапсырыс №8. Таралым 588, журнал айына бір рет жарық көреді.Журналдың терімі мен бет қаттау жұмыстары «Заң»МК» ЖШС-нің компьютерлік орталығында жасал-ды. Офсеттік басылым

«Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылды. Алматы облысы, Өтеген батыр кенті, Сейфуллин көшесі, 2 «в» үй,Телефондар: факс 8727-2-51-78-27, 8727-2-51-78-31

«Заң», 2019 ж., №4

Жазылу индексі – 755849

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы (бұрынғы Мичурин) көшесі, 68 «б» үй.Телефондар: 8727-2-92-43-43, 8727-2-92-79-61 (факс)Femida zan@hotmail. kz www.zanmedіa.kz

4/2019