чат деген не?

27
© Бақытжан Күшібарұлы Информатикадан электрондық курс

Upload: -

Post on 24-May-2015

389 views

Category:

Education


13 download

DESCRIPTION

Чат - интернет арқылы тікелей қарым-қатынас жасау құралы. Бұл әсіресе тіл үйренуге, басқа мемлекеттерден достар табуға өте қолайлы. Кәсіби мақсаттарда да, жылдам іскерлік байланыстар орнатуға да қол келеді.

TRANSCRIPT

Page 1: чат деген не?

© Бақытжан Күшібарұлы

Информатикадан электрондық курс

Page 2: чат деген не?

• Чат деген не?

• Чаттың қасиеттері.

• Чаттың ауқымына қарай түрлері.

• Чаттың мазмұнына қарай түрлері.

• Чаттарды іздеу жолы.

• Чатты пайдалану жолы.

• Қазақстанда чаттар бар ма?

• Мектеп чатын ұйымдастыру.

• Қайталау сұрақтары.

• Чатты пайдалану жаттығулары.

Page 3: чат деген не?

Чат (ағылшынша to chat - сөйлеу) - бұл интер-

нет арқылы тікелей қарым-қатынас жасау.

Чаттың мазмұны «осында және қазір» ғана бар

– чат терезесінде оған қатысушылардың хабар-

ламалар ағыны жүгіріп тұрады. Чатта сөйлесу

үшін өзіңе ат таңдау керек, оны ник дейді,

жазған хабарламаларыңыз сол атпен чат

ағынында көріне бастайды.

Page 4: чат деген не?

Қатысушылар санына байланысты чаттар былай

бөлінеді:

all2all — топтық (мысалы, IRC, Jabber, Yahoo!

Chat, AVACS Live Chat, Mychat);

p2p — дербес (мысалы, ICQ, Jabber, Skype,

Yahoo! Messenger, AOL Instant Messenger,

Hamachi) — жеке хабарлама

Техникалық мүмкіндігіне сай:

Мәтіндік чаттар – тек мәтін жазу арқылы

әңгімелесу; көңіл-күйді смайлик деген белгішелер

арқылы беруге болады;

Видеочаттар – тікелей бір-бірін көріп отырып

әңгімелесу;

Page 5: чат деген не?

• Чат ақыл-ойға салмақ салмайды,

жеңіл де жылдам сұхбат;

• Чатты ешкім қатаң қадағаламайды;

• Чатта жасырын сөйлесе береді;

Кез-келген масканы киіп алуға

болады…

• Чат виртуалды ойын-сауық алаңын

жасайды

Page 6: чат деген не?

•Шынайы қарым-қатынас виртуалға, яғни қиялға ауысады;•Чатта көп отырған адам өзінің кім екенін де ұмытып қалуы мүмкін; •Чатта сөздің мәнісі мен мазмұны кетіп қалады;•Чат бос сөзбен өтеді де, естен де шығып кетеді;•Чат – уақытты бос өткізу құралы.

Page 7: чат деген не?

Ауқымына байланысты чаттар былай бөлінеді:

Локалдық (жергілікті) — жеке сынып, жеке

офистегі адамдар сөйлесе алатын шағын чаттар;

Салалық (жабық) — бір саланың не

компанияның адамдары сөйлесе алатын чат;

ақылы болуы да мүмкін;

Дүниежүзілік (ашық) – кез-келген адам қатыса

алатын ашық чаттар; көбіне еріккен жастар

отырады, мақсатсыз уақыт өткізу.

Page 8: чат деген не?

Мазмұнына қарай чаттар былай бөлінеді:

Тіл үйрену чаты — тікелей сөйлесу арқылы тіл

үйренуге септігін жасайды;

Көңіл көтеру чаты — еріккен, зеріккен

жастардың ермегі, мақсатсыз да мәнсіз

әңгімелесу, қызықшылық. Ең көп кездесетін түрі;

Кәсіби чаттар – бір мамандық иелері кәсіби де

іскерлік байланыс жасайды;

Page 9: чат деген не?

Интернеттен кез-келген ақпаратты іздеудің

ең тиімді жолы дүниежүзілік іздегіштер –

Google, Yandex, Yahoo!, Rambler және т.с.с.

Міне, чаттарды да осы әдіспен іздеген

тиімді.

Мысалы, Google іздеу жолағына ―чат‖ деген

сөзді енгізе бастағаннан ол небір түрлі

чаттардың тізімін шығарып, ұсына бастайды.

Төменнен өзіңіз көріңіз:

Page 10: чат деген не?
Page 11: чат деген не?
Page 12: чат деген не?
Page 13: чат деген не?
Page 14: чат деген не?
Page 15: чат деген не?

Чатты пайдалану үшін кейде тіркелу керек. Мұндай

чаттардың бақылаушылары болады, оларды

модератор деп атайды. Олардың міндеті былапыт сөз,

қорлау, масқаралау, ұрыс-соғысты, порнографияны

насихаттау сияқты әңгімелерді және олардың иелерін

чаттан жойып отыру.

Кейбір чаттарға кіру үшін өзіңізге ник белгілеу

жеткілікті. Мұнда да былапыт сөз, жаргондар өте көп

қолданылады. Шектен шыққандарды чаттан шығарып

тастап отырады.

Чаттарға қатысқанда белгілі бір этика,

мәдениет қағидаларын сақтау керек! Басқаларға

құрметпен қарым-қатынас жасау керек.

Page 16: чат деген не?
Page 17: чат деген не?
Page 18: чат деген не?
Page 19: чат деген не?
Page 20: чат деген не?
Page 21: чат деген не?
Page 22: чат деген не?

Чаттар Қазақстандық сайттарда да

бар. Бірақ көп емес.

Төменде Google іздегіші

―Қазақстандық чат‖ сұранысына не

жауап бергенін көресіз:

Page 23: чат деген не?
Page 24: чат деген не?
Page 25: чат деген не?

Мектепішілік чат ұйымдастыруға болады. Ол

үшін не керек?

1.Мектепішілік локал желі орнатылған. Егер

чат бір сыныпта болса, сыныптық локал

желі болуы тиіс;

2.Компьютерлерде чат-клиент программасы

орнатылуы тиіс;

3.Мұғалімнің компьютерінде чатты

басқарып, модерация жасайтын мүмкіндік

болуы тиіс.

Page 26: чат деген не?

1. Чат деген не?

2. Чаттың қасиеттерін білесің бе?

3. Чаттың қандай түрлері бар?

4. Қажетті чатты қалай тауып аламыз?

5. Чатты қалай пайдаланасыз?

6. Қазақстанда чаттар бар ма?

7. Мектеп чатын ұйымдастыру үшін не

керек?

Page 27: чат деген не?

1.Ағылшын тілінде сөйлеп үйренуге ең

ыңғайлы дүниежүзілік чатты іздеп тауып,

оған тіркеліңіз де пайдаланыңыз, достар

табыңыз;

2.Ресейдің жастар чатына кіріп, ник

таңдаңыз, чатқа қатысыңыз. Сұхбат

құрып байқап көріңіз. Онлайн этиканы

сақтауды үйреніңіз;

3.Қазақстандық чатқа кіріп, сұхбат құрып

көріңіз, өзіңізге достар табыңыз.