ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

7
Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған Орындаған: Мұқтар Құндыз, Әкімғали Меруерт

Upload: muktarkundyz

Post on 20-Jul-2015

75 views

Category:

Art & Photos


17 download

TRANSCRIPT

Page 1: ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырғанОрындаған: Мұқтар Құндыз, Әкімғали Меруерт

Page 2: ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Подпись

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таянаотырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақмәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындықшығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдықмәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлемойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялықтрактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Page 3: ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған
Page 4: ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Орта жүздің Арғын тайпасыныңТобықты руынан шыққан билерәулетінен. Әкесі ӨскенбайұлыҚұнанбай өз заманындағы атақдаңқы алысқа кеткен адамдардыңбірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бірсайлауда оны Қарқаралыауданының аға сұлтандығынабекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздіңАрғын тайпасынан Қаракесекруының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққаншаншарлардың қызы «Абай» депжас Ибраһимді анасы Ұлжанеркелетіп атаған. Содан бері бұлесіммен Абай тарихқа енді.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргіСемей облысының Шыңғыстауларында Қарқаралының ағасұлтаны Құнанбайдың төртәйелінің бірі, екінші әйеліҰлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүзТобықты Арғын ішіндегі Олжайбатырдан басталады. ОлжайданАйдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардыңәрқайсысы кейін бір-бір рулыел болып кеткен. АйдостыңАйпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұлтуады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткіртілді, өр мінезді әйел болған.

Page 5: ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

«Шынжыр балақ, шұбар төсЫрғызбайым,

Тоқпақ жалды торайғырКөтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас торғайым...»

Page 6: ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Қара сөзде айтылған ойАбайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тысөмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:

«... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,»

— деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатынжан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасыныңтамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өззаманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

«Адам болам десеңіз...Бес нәрседен қашық бол...,Бес нәрсеге асық бол,»

- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі руханиказынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдыңдүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":

«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсынәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»

— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

Page 7: ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Назарларыңызға рахмет!!!!