Перевод Меруерт лексикология

29
Лексикология Терминологиялық түсіндірмелік аппарат Лексикология, семасиология, ономасиология, номинация, ономастика, антропонимика, топонимика, лексикография, сөз, номинативтік қызмет, семантика, мақсатты рәсімделушілік (цельнооформленность), идиомалылық, жасырын мағына, сөз формасы, лексема, лекса, лексикалық мағына, сигнификативтік, денотативтік, мағынаның коннотациялық аспектісі, термин, лингвистикалық қатыстылық теориясы, сөздің ішкі формасы, этимология, халық этимологиясы, лексика- семантикалық топ, антонимдар, синонимдар, сема, семема, интегралдық және дифференциалдық семалар, архисема, энантиосемия, полисемия, метафора, метонимия, синекдоха, омонимдер, фразеологизмдер. Лексикология және оның пәні мен бөлімдері Сөз тілдің басты бірліктерінің бірі болып табылады және тіл туралы ғылымның түрлі бөлімдерінде зерттеледі, олар: лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис. Бірақ, олардың зерттеу аспектілері әр түрлі болып келеді. Мысалы, сөзжасамда сөз сөзжасамдық құрылым аспектісінде, морфологияда сөз оның формалары тұрғысынан, ал синтаксисте сөздердің арасындағы қатынастар зерттеледі. Лексикология тілдің сөздік қорын сөздің мағынасына қарай, оның өзгеруі мен түрленуіне қарай зерттейді. Лексикологияға фразеология жалғасады, оны лексикологияға ерекше бөлім ретінде қосады.

Upload: indira-alibaeva

Post on 04-Jan-2016

323 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Перевод Меруерт лексикология

Лексикология

Терминологиялық түсіндірмелік аппарат

Лексикология, семасиология, ономасиология, номинация, ономастика, антропонимика, топонимика, лексикография, сөз, номинативтік қызмет, семантика, мақсатты рәсімделушілік (цельнооформленность), идиомалылық, жасырын мағына, сөз формасы, лексема, лекса, лексикалық мағына, сигнификативтік, денотативтік, мағынаның коннотациялық аспектісі, термин, лингвистикалық қатыстылық теориясы, сөздің ішкі формасы, этимология, халық этимологиясы, лексика-семантикалық топ, антонимдар, синонимдар, сема, семема, интегралдық және дифференциалдық семалар, архисема, энантиосемия, полисемия, метафора, метонимия, синекдоха, омонимдер, фразеологизмдер.

Лексикология және оның пәні мен бөлімдері

Сөз тілдің басты бірліктерінің бірі болып табылады және тіл туралы ғылымның түрлі бөлімдерінде зерттеледі, олар: лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис. Бірақ, олардың зерттеу аспектілері әр түрлі болып келеді. Мысалы, сөзжасамда сөз сөзжасамдық құрылым аспектісінде, морфологияда сөз оның формалары тұрғысынан, ал синтаксисте сөздердің арасындағы қатынастар зерттеледі.

Лексикология тілдің сөздік қорын сөздің мағынасына қарай, оның өзгеруі мен түрленуіне қарай зерттейді. Лексикологияға фразеология жалғасады, оны лексикологияға ерекше бөлім ретінде қосады.

Лексикология жалпы, жеке, тарихи және салғастырмалы түрлерге бөлінеді. Жалпы лексикология лексикалық жүйенің құрылуының жалпы заңдылықтарымен алмасады.

Жеке лексикология нақты тілдің сөздік қорын зерттейді. Тарихи лексикология жеке сөздердің немесе сөздердің бүкіл тобының мағынасындағы (семантикасындағы) өзгерістерді зерттейді, сонымен қатар болмыс объектілерінің атауындағы өзгерістерді зерттейді (ары қарай этимология туралы). Салғастырмалы лексикология объективті шындықтың әр түрлі тілдердің лексикалық құралдары арқылы мүшеленуіндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтайды. Жеке сөздер де, сондай-ақ, сөз топтары да салғастырылады.

Page 2: Перевод Меруерт лексикология

Тілдің сөздік құрылымы семасиологиялық және ономасиологиялық тұрғыда қарастырылуы мүмкін. Лексикологияның лексиканың мазмұндық жағын зерттейтін арнайы саласы семасиология деп аталады. Бұл бөлім сөз, оның мағынасы және объектісі арасындағы қарым-қатынасты, көп мағыналы сөздің мағыналық құрылымын, мағынаның даму жолдарын, сөз мағыналарының типтерін қарастырады.

Ономасиологиялық әдіс лексиканы белгілі бір ұғымдарға атау беру тұрғысынан зерттейді. Бұл әдіс әсіресе тіл туралы ғылымның ерекше саласы – сөзжасамда көрініс табады.

Сөздік қорды зерттеудің ономасиологиялық және семасиологиялық әдістері лексикологияны тіл ғылымының едәуір үлкен салаларына қосады. Семасиология семантиканың бір бөлігі болып табылады. Семантика тілдің барлық белгілерінің, яғни морфеманың, сөздің, сөйлемнің мазмұндық жағын зерттейді. Ономасиологиялық әдіс лексикология мәселелерін атау теориясы мәселелерінің қатарына жатқызады. Атау теориясын ономасиология саласы зерттейді.

Лексикологияны дәстүрлі түрде лексикография және ономастикаға бөледі. Ономастика – лексикологияның жеке атауларды зерттейтін саласы. Ономастика жеке атауларға ие объектілердің категорияларына қарай адам аттарын зерттейтін антропонимикаға, географиялық объектілердің атауларын зерттейтін топонимикаға, жануарлардың лақаптарын қарастыратын зоонимикаға және т.б. бөлінеді.

Лексикография – сөздік құру принциптерін қарастыратын лексикология саласы.

&27. Сөз тілдік бірлік ретінде. Сөздің морфемадан, сөз тіркесі мен сөйлемнен айырмашылығы

Тіл білімінің басты проблемаларының бірі сөзге анықтама беру, сөзді бір жағынан морфемамен, екінші жағынан сөз тіркесі және сөйлеммен шектеу болып табылады.

Тілдің әрбір бірлігі ең алдымен оның атқаратын қызметімен анықталады. Фонема мағына ажыратқыш мәнге ие. Сөйлем – коммуникативтік, ал сөз – номинативтік қызмет атқарады. Номинативтік қызмет сөздің болмыс құбылыстарына атау болу қабілеті арқылы көрініс табады. Бірақ бұл қызмет барлық сөз корпустарында көрініс бермейді, ол негізінен құбылысты тікелей және дербес сипаттайтын сөздерде кездеседі. Бұл ең көлемді және көрнекті сөздер тобы, ол сөздіктің ядросын құрайды.

Page 3: Перевод Меруерт лексикология

Сөздердің басқа тобы – кәсіби сөздер – номинативтік мағынасынан айырылған, себебі кәсіби грамматикалық қызмет атқарады. Олар тілдік емес әлемнің құбылыстарына қатысты болуы мүмкін, тек қана мағыналы дербес сөздермен қолданылады. Кәсіби сөздер өз қызметі жағынан морфемаларға жақын және грамматика мен сөздіктің шегінде кездеседі.

Одағайлар мен есімдіктер ерекше қызметтер атқарады. Одағайлар кәсіби сөздер секілді номинативтік мағынаға ие бола алмайды, себебі қоршаған ортаға деген эмоционалды реакциялардың бөлшектенбеген мағынасына қызмет етеді. Есімдіктер мағыналы сөздердің басқа топтарынан бөлек құбылысты тікелей атамайды, ал оларды сөз иесіне қатыстылығын көрсету арқылы сипаттайды.

Осылайша, бүткіл сөздік қызметі жағынан бірыңғай емес дегенді анықтаймыз. Номинативтік мағынаға ие сөздің ядросы, сондай-ақ басқа да қызмет атқаратын сөздер және соған сәйкес айрықша лексикалық мағынаға ие периферия бар.

Сөз сонымен қатар фонетикалық, құрылымдық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық тұрғыдан анықталады. Фонетикалық жағынан алсақ сөз келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, сөзге дейін немесе сөзден кейін іркіліс пайда болуы мүмкін; екіншіден, бір сөз бір екпінмен сипатталады; үшіншіден, сөздің басталғаны мен аяқталғанынан хабар беретін шекаралық сигналдар бар. Мысалы, орыс тілінде Ы әрпі сөздің басында кездеспейді, сөздің аяғында тек қана қатаң дауыссыздар кездеседі. Қырғыз тілінде сөзді бөлуге мүмкіндік жасайтын фонетикалық белгілер ретінде дауыстылардың сингармонизмін атауға болады. Алайда, әрбір жеке сөзді бөлетін жоғарыда аталған фонетикалық белгілер абсолют болып табылмайды. Осылайша, бірекпінділік критерийлері дербес екпінге ие болмайтын кәсіби сөздерді, сонымен қатар негізгі екпінінен бөлек екінші дәрежелі екпінге ие күрделі сөздерді қамтымайды. Сонда да фонетикалық белгілер атауыш сөздерден тұратын сөз бен сөз тіркесін бөліп тастауға мүмкіндік береді.

Құрылымдық жағынан алатын болсақ, сөз бүтін болып есептеледі. Бұл дегеніміз сөз басқа сөздермен қиылыспайды және оның элементтері орындарын алмастырмайды. Алайда, бұл жағдайда бұл сипаттың абсолютті еместігі анықталады. Мысалы, орыс тілінде, басқа тілдердегі секілді мұндай сипаты жоқ сөздер кездеседі: никто – ни у кого, ни с кем или лизоблюд – блюдолиз. Бұл критерий кәсіби сөздерді бөлшектеуге мүмкіндік береді. Салыстырыңыз: в доме – в моем доме.

А.И.Смирницкий тарапынан алға тартылған морфологиялық критерий мақсатты рәсімделушілік (грамматикалық рәсімделушілік) атауына ие.

Page 4: Перевод Меруерт лексикология

Мақсатты құрылымды сөз бүкіл сөзді рәсімдейтін бір ғана морфологиялық көрсеткішке ие болады дегенді білдіреді. Бұл сипат сөзді морфемадан, екі жеке морфологиялық құрылымға сөз тіркесінен бөледі. Бірақ алдыңғы сипаттары секілді, бұл критерий әмбебап болып табылмайды. Мысалы үшін, ағылшын тілінде бір ғана S морфологиялық көрсеткіші бүкіл сөз тіркесіне қатысты болуы мүмкін: the Kind of England`s – «ағылшын королін».

Л.В.Щерба, Е.Д. Поливанов тарапынан енгізілген синтаксистік критерийлерге сәйкес сөздің морфемадан ерекшелігі ол сөйлем минимумын құрастырады. Мысалы: Внимание! Пожар! Светает! Бірақ та барлық сөздер сөйлем минимумын құрай алмайды. Мұндай сөздерге кәсіби сөздер, шылаулар, мағынасы жоқ бөлшектер жатады. Морфеманың бұл сипаты бойынша (дербес түрде мағынаға ие болмайтын бірліктер) кәсіби сөздер де шектеулі болып есептелмейді.

Семантикалық критерийге сәйкес, сөз идиомалылылығымен, қайталанбастығымен, атаудың уәжделмегендігімен немесе толықтай уәжделмегендігімен сипатталады. Бұл сипаты жағынан сөз құрылымы мағынасын анықтайтын сөйлемнен ерекшеленеді.

Осылайша, көрсетілген белгілердің бір де бірі сөзді бірлік ретінде анықтау негіздеріне жатпайды. Бұл кейбір лингвистерді (Шарль Балли) сөздің «белгісіз ұғымынан» бас тарту туралы ойға алып келді. Кейбір ғалымдар барлық тілге ортақ сөзге анықтама бермеу қажет деген ұсыныс жасады, қанша дегенмен әр түрлі тілдерде әркелкі критерийлер өзекті болып табылады. Грамматикалық құрылу белгісі аморфты және флективті тілдердегі сөзді анықтау кезінде әркелкі өлшемге ие болады.

Сөздің мағынасынан бас тарту өнімді болып саналмайды, себебі сөз шынында да тілдің орталық бірлігі болып табылады: ол әр түрлі тілдік деңгейлердің белгілерін біріктіреді. Бұдан бөлек, сөз – тіл иелері тарапынан стихиялы түрде ерекшеленетін тіл бірлігі. Сөзге сол тілдің тілдік ерекшеліктеріне сәйкес анықтама беру керектігімен келісуге тура келеді. Сөздің жалпы анықтамасы былай болуы мүмкін: «Сөз – бұл атау бірлігі, мақсатты құрылымымен (фонетикалық және грамматикалық) және идиомалылығымен сипатталады». [осы тараудағы қосымша әдебиеттерді қара - № 1, 53 бет.]

& 28 Сөздің теңдік мәселесі

Лексема түсінігі

Page 5: Перевод Меруерт лексикология

Жоғарыда біз сөздің тілдік бірліктер қатарынан бөлінетіні туралы айтып өттік. Бірақ та мәселенің басқа сөздің теңдігімен байланысты жағы бар. Сөздің теңдігі мәселесі сөз парадигмасында ұқсас формалар (мысалы, оқимын, оқисың, оқиды..., оқитын боламын, оқитын боласың ...) бар болған кезде туындайды. Ал оқитын боламын, оқушы едім секілді түрлерді қалай қарастыруға болады? Олардың компоненттері жеке сөз болып есептеледі ме?

Егер сөздерді бір-бірінен ажырататын белгілерге келер болсақ, біз алдымызда екі сөздің үйлесімі тұратынын мойындауымыз қажет: олардың арасында бірінің орнына басқа сөздің қойылуы немесе сөздердің орын ауыстыруы секілді алмасулар болуы мүмкін – Я буду медленно читать, Я бы читал каждый день, но у меня болят глаза. Алайда келтірілген мысалдар тек екі сөздің үйлесуі ғана болып табылмайды, ал читать деген бір сөздің формалары болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл құбылыстар бір жағынан алсақ бір сөз болып табылады, ал екінші жағынан екі сөздің үйлесуі болып табылады. Мұның себебі, ұқсас формалар қызметі жағынан бір сөз болып табылады, ал буду және бы көмекші есімдері дербес лексикалық мағынаға ие болмайды, тек қана грамматикалық мағыналардың көрсеткіші болып табылады, ал құрылымы жағынан алар болсақ екі сөз – көмекші және атау сөз.

Сөздің тең болу мәселесі лексема түсінігімен байланысты. Лексема – ол сөздің барлық грамматикалық формалары мен мағынасы өзара үйлескен жиынтығы болып табылады. Мысалы, стол лексемасы жекеше және көпше түрдің барлық сөз формаларын, сондай-ақ осы сөздің барлық мағынасын қамтиды, олар: письменный стол, шведский стол, адресный стол.

Лексема түсінігі тіл бірлігіне анықтама беруге қолданылады, қанша дегенмен бұл бірлік лексикалық инвариантты (барлық формалар мен мағыналардың жиынтығын) білдіреді. Сөйлеген кезде лексема бүтіндей емес, нақты грамматикалық формада және грамматикалық мағынада жүзеге асады, сондықтан да сөйлеу бірлігіне анықтама беруде лекса термині қолданылады.

Лексема және лекса терминдері фонетикалық және морфологиялық ярустардың терминдеріне сәйкес келеді: фонема – морфема – лексема, аллофон – алломорф – лекса.

&29 Сөздің лексикалық мағынасы.

Сөз мағынасының сигнификаттық, денотативтік, коннотативтік аспектілері

Page 6: Перевод Меруерт лексикология

Лексикологияның басқа маңызды мәселесі – сөз болып табылады. Сөз мазмұны жағынан лексикалық және грамматикалық мағыналарға ие болады. Әрбір атаулы сөз екі түрлі мағына типіне ие болады.

Грамматикалық мағына – бұл сөздердің мағыналық жағы, ол жаппай барлық сөздерге тән және абстрактілі, жалпылаушы сипатқа ие. Мысалы үшін небо, доброта, бег сөздеріндегі атаулық мағына зат есімді етістіктен, сын есімді және басқа да сөз таптарын айырады. Бірінші жақтың грамматикалық мағынасы сондай-ақ, бір сөзге ғана тән емес, ол барлық осы шақ және жай келер шақ формасындағы барлық етістіктерге қатысты, мысалы: пишу-напишу, покупаю-куплю.

Лексикалық мағынаның грамматикалық мағынадан ерекшелігі ол әрқашан жеке болып табылады, яғни ол тек осы сөзге ғана тән мазмұн және грамматикалық мағынаның өзгеріске түсуіне байланысты өзгермейді. Мысалы, үстел сөзінің лексикалық мағынасы оны мағынасы жағынан ұқсас келетін орындық, шкаф, диван, кресло және т.б. сөздерден айырады.

Лексикалық мағынаның бірнеше аспектілері бар, олар – сигнификаттық, денотативтік және коннотативтік. Сөзбен аталатын болмыс заты мен құбылысын денотат деп атайды.

Сигнификат – бұл аталатын заттардың (денотаттардың) басты белгілерінің лексикалық мағынада көрініс табуы. Сигнификаттық компонент лексикалық мағынаның ядросын құрайды. Сигнификаттық компонентпен қатар, лексикалық мағынаға эмоционалды, экспрессивті «қоспалар» кіреді, олар коннотациялар деп аталады.

Сөз бен білдіріп отырған заттың арасындағы сәйкестік (денотативтік сәйкестік) әр сөз табында әр түрлі көрініс табады. Осылайша, жалпы есімдер болмыстың жеке нақты заттары және құбылыстарымен, сондай-ақ заттар мен құбылыстардың бүкіл тобымен сәйкес келеді. Мысалы, мысық сөзі біріншіден, үй жануарларының бүкіл бір тобына сай келеді, екіншіден, нақты мысық ұғымына сәйкес келеді. Сөздің қолданылуын салыстырыңыз: Мысық – менің сүйікті жануарым, Міне менің мысығым.

Жалқы есімдердің жалпы есімдерден айырмашылығы жалқы есімдер бір ғана денотатты білдіреді: Бішкек, Борис, Волга. Бұл сөздердің ерекшелігі олар заттардың тобын атамайды, олар – ұқсас сөздер қатарынан аталушы сөзді ерекшелеуге ғана көмектеседі, мысалы: Наталья, Ирина, Ольга.

Есімдіктер жалқы есімдерге ұқсас сипаттарға ие, себебі олар да сөйлегенде нақты бір жаққа, бір орынға сәйкес келеді. Мысалы, Мен есімдігі сөз иесін білдіреді, ал сөз бір жақтан екіншісіне өтетін болғандықтан, бұл есімдік әрқашан нақты, бір денотатпен сәйкес келеді. Номинативті қызмет

Page 7: Перевод Меруерт лексикология

атқаратын жалқы және жалпы есімдерден есімдіктердің айырмашылығы, олар жалпы және жалқы есімдерді біріктіруші сөздер ретінде қолданылады. Мысалы: Бөлмеге қыз кірді. Ол қобажулы еді.

& 28 Лексикалық мағына және ұғым

Лексикалық мағынаның сигнификаттық аспектісі – ол сөздің мағыналы бөлігі болып табылады, сондықтан да ол тікелей ұғымға байланысты. Алайда, лексикалық мағынаның құрамына кіретін ұғым әрқашан ғылыми болып есептелінбейді. Мысалы, су сөзінің лексикалық мағынасының білдіретін ұғымы – ол «бұлақ, өзендер, көлдер мен теңіздерді құрайтын мөлдір, түссіз сұйықтық». Ал ғылыми мағынасына келер болсақ онда заттың молекулярлық құрылымы назарға алынады. Ғылыми мағына тек қана терминдерге тән. Ал басқа сөздердің лексикалық мағынасы тұрмыстық ұғымдарға негізделген, олар сөздің мазмұнында денотаттардың басты белгілерін жинақтайды.

Бұл белгілер шынайы заттар жайлы түсінікті ғана көрсетпейді. Мысалы, қол және hand сөздері осы сөздердің лексикалық мағынасында жатқан жалпы белгілер жиынтығынан өзгеше мағынаға ие. Бұл қазақ және ағылшын тілдерінің лексикалық жүйелеріндегі өзгешеліктерге байланысты. Ағылшын тілінде һand «қолдың бас жағы» сөзі мен arm «қолдың басынан иыққа дейінгі жері» сөзі сәйкес келеді. Ал қазақ тіліндегі қол сөзі ағылшын тіліндегі екі түрлі білдірілетін барлық белгілерді бір-ақ камтиды.

Лексикалық мағына терминдер ұғымымен бірдей не болмаса, ғылыми мағынаға ие. Алайда сөз бөліктерінің лексикалық мағынасы ұғымнан кең болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сөздің мазмұнында коннотациялық, қосымша мағыналар болады. Мысалы, орыс тіліндегі кляча және лошадь сөздерін салыстырсақ, бірінші сөзде экспрессивті-бағалауыш мағына байқалады. Олар екі сөзге де бірдей тән ұғымдық-заттық мағынаны толықтырып отырады.

Көмекші есімдер, жалқы есімдер, есімдіктер мен одағайлар атауыш сөздерден ұғым білдіру сипаты жағынан ерекшеленеді. Егер де атау сөздер ұғыммен тікелей байланысты болса, сөздердің басқа типтері тұрлаусыз түрде байланысады. Мысалы үшін жалқы есімдер жеке заттарды атаса да, белгілі бір мағынада оларды бір топқа біріктіреді. Мысалы, Борис деген есім ер адамдарға байланысты топқа сәйкес келсе, Бішкек сөзі «тұрғылықты мекен» деген ұғымды білдіреді.

Лексикалық мағынаның негізінде ұғым жатса да, ұғым ойлау категориясы болып табылатындықтан әр түрлі тілдердегі сөздердің лексикалық мағыналары сәйкес келмейді. Бұл кез келген жаңа сөздің пайда

Page 8: Перевод Меруерт лексикология

болуы сол тіл иелерінің өмірлік тәжірибелерінен туындайтындығының салдарынан. Ал әр елдің өмір сүру жағдайлары мен тәжірибелері бірдей емес. Мысалы үшін «түйе» сөзін атау үшін қазақ тілінде бір ғана сөз қолданылса араб тілінде бұл жануарды бірнеше сөз тіркесі арқылы атайды. Мұның себебі, араб малшылары үшін түйе бағудың бірнеше маңызды ерекшеліктері бар.

Адамдардың тұрмыс ерекшеліктеріне тікелей байланысы жоқ басқа типтің ұқсастықтарын түсіндіру қиын. Себебі, Сепир және Уорф енгізген лингвистикалық қатыстылық теориясы сөз мағынасының сәйкес келмеушілігіне көптеген мысалдар келтіреді, олар мұны әр халықтың өмірге деген көзқарасының әр түрлілігімен түсіндіреді.

Мысал ретінде болмыс құбылыстарын топтаудағы тілдік ерекшеліктерді қарастырамыз. Орыс тілінде табиғи су ағымдарын атау үшін река, речка, ручей, приток сөздері қолданылады. Француз тілінде орыс тілінде жоқ сөз кездеседі. Бұл сөз теңізге құятын өзенді білдіреді. Басқа мысал, кейбір тілдерде аяқ және қолдардағы саусақтар бір ғана сөзбен аталады: ал ағылшын тілінде toe –«аяқтың саусағы», finger –«қолдың саусағы».

Бұл мысалдардан шынайы тілдік болмыс қалай бөлінетінін көруге болады. Алайда бұдан әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар әр түрлі ойлайды дегенді түсініп қалмау қажет. Шынайы әлемнің заттары мен құбылыстары сан қырлы және көп түрлі , бұл әр тілге өзінше үғым қалыптастыруға, осы арқылы лексикалық мағына қалыптастыруға мүмкіндік береді.

& 31 Сөздің ішкі формасы

Сөздің мазмұнына жоғарыда көрсетілген денотативтік, сигнификаттық және коннотативтік аспектілерден бөлек, ішкі форма да кіреді.

Сөздің ішкі формасы – бұл атаудың негізін құрайтын белгі. Мысалы, орыс тіліндегі кукушка сөзінің аталу негізі оның дауысына байланысты, ал оның түрі мен өлшемі, түсі атауда рөл ойнамады. Бір ғана заттың атауында әр түрлі ішкі форма байқалуы мүмкін. Мысалы, орыс әдеби тілінде және диалектілерінде сарыгүлдің одуванчик, пухлянка, летучка, молочник деген атаулары бар. Бұл төрт атау бір ғана ұғымды білдіреді, алайда әр атауды уәждейтін ішкі форма бірдей емес. Мысалы, бірінші сөздің аталуы «дуть» деген етістіктен шыққан, екіншісінде өсімдіктің формасы мотив ретінде алынған, үшіншіде «ұша алатын зат» деген белгісіне қарай аталса, төртінші сөздегі ішкі форма осы өсімдіктің шырыны мен сүттің ұқсастығық белгісіне негізделген.

Page 9: Перевод Меруерт лексикология

Атаудың негізі болып алынған уәждейтін белгі әр түрлі типте болуы мүмкін. Ол заттың шығаратын дыбысына негізделуі мүмкін. Мысалы, орыс тіліндегі хихикать, гавкать, рычать, квакать. Ішкі форманың басқа типтері туынды сөздер мен ауыспалы мағынадағы сөздерден көрінуі мүмкін. Туынды сөздерде ішкі форма бір түбірлі сөздермен салыстырылу арқылы анықталады: орыс тіліндегі летчик – человек который летает» дегенді білдіреді.

Ауыспалы мағына көп мағыналы сөздің басқа мағыналары арқылы табылады. Мысалы, орыс тіліндегі: Он рыба, а не человек тіркесінде рыба – «салқын, эмоционалды емес» деген мағынада қолданылған.

Уәжделудің аталмыш типтері фонетикалық, сөзжасамдық және семантикалық уәжделумен сай келеді.

Уақыт өте келе сөздің ішкі формасы жоғала бастайды да, басқа мұндай формаға ие емес сөздерге ауысады. Ішкі форманы жоғалту көптеген себептерге байланысты, олар: фонетикалық өзгерістер, уәж ретінде қызмет еткен сөздің жоғалуы, семантикалық өзгерістер. Мысалы орыс тіліндегі жердь сөзінің тарихы қала (город) деген сөзге байланысты, алайда фонетикалық өзгерістердің арқасында қазір бұл сөздердің байланысы бар екендігіне сенудің өзі қиын.

Уәждейтін сөзді жоғалту, ішкі форманы жоғалтуға алып келеді. Орыс тіліндегі кольцо, около сөздерінің ішкі формасы жоғалған. Ескі уәжділігі коло – «шеңбер, дөңгелек» сөзіне негізделген. Коло сөзі қолданыстан шығып қалған соң, бұл сөзді уәждейтін мотив те жоғалды.

Лексикалық мағынада орын алып отырған семантикалық өзгерістер ішкі формада да көрініс табады. Мысалы город деген орыс сөзі «городить» яғни қоршау деген мағынадан шыққан, себебі кез келген орныққан жер қоршалады, ал қазіргі мағынасына қарап кезіндегі сол уәжден шыққанын бірден айту қиын.

& 32 Этимология, халық этимологиясы

Сөздер ішкі формасын жоғалтумен қатар, оларды табады да. Бұл көбіне халық этимологиясы процесінде орын алады. Халық этимологиясы – бұл уәжі жоқ сөзден уәж ойлап табу. Ол дыбыстық және мағыналық ассоциацияға негізделген. Мысалы, орыс тіліндегі пиджак сөзі «арқадан киілетін киім» деген мағынаны білдіреді, сондықтан да осы сөзді уәждейтін белгіні тапқанда оның спиджак (спина – арқа) деген сөзден шықты деп есептейміз. Басқа мысалдар: бульвар – «қыдыратын орын», сондықтан бульвар гульвар (гулять-қыдыру) дегеннен шыққан. Көріп отырғанымыздай

Page 10: Перевод Меруерт лексикология

халық этимологиясы түсініксіз кірме сөздердің фонетикалық өзгерістерімен түсіндіріледі.

Қазіргі кездегі ішкі формасынан айырылған көптеген сөздер, алдыңғы уақыттарда ішкі формаға ие болған. Жоғалған ішкі форманы анықтаумен этимология шұғылданады. Этимология сөздердің шығу тегін зерттейді, зерттеу кезінде диалектілер мен туыс тілдердің деректері қолданылады. Мысалы орыс тіліндегі сустав сөзі ставить етістігімен байланыстырылады. Бұл байланысқа дәлел ретінде выставить руку, палец сөзінің «вывихнуть» диалектісінде қолданылуын айта аламыз.

Сөздердің этимологиялық анализі тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдістері пайда болғанда және олардың дамуының фонетикалық заңдылықтары ашылғанда ғылыми негізге алмасты. Мысалы, орыс тіліндегі конец және начало сөздерінің дыбыстық қабатының өзгерісіндегі заңдылықтарды білу олардың ескі түбірін қалпына келтіруге және осы түбірлердің өткен семантикасы жайлы айтуға мүмкіндік берді.

Алайда, сөз мағыналарының дамуын зерттеу, бастапқы семантикасын қалпына келтіру өзіндік қиыншылықтар тудырады. Себебі, семантикалық өзгерістер түрлі факторларға: табиғи және қоғамдық ортаға, тіл иелерінің материалдық және рухани мәдениетіне байланысты және сөздің мағыналық жағын зерттегенде осы факторлардың барлығын есепке алу қажет.

& 33 Лексикадағы жүйелілік мәселесі

Лексикадағы жүйелілік мәселесіне деген көзқарастар лексика жүйелі емес деген түсініктемеден лексиканың жүйелілігі туралы тұжырымға дейін дамыды. Алайда , лексикадағы жүйелілік түсінігі өзгеріс үстінде. Кейбір зерттеушілер болмыс құбылыстары арасындағы байланысты көрсететін жүйелілікті ғана қарастырады.

Лексикада мұндай жүйеліліктің бар екендігі сөзсіз, себебі сөздер болмыс заттары мен құбылыстарын білдіреді.

Алайда лексикада жеке тілдік жүйелілік те бар. Ол сөздердің арасындағы әр түрлі өзгерістерден көрініс табады, оны біз лексика-семантикалық топтардың мүшелері арасында, синонимдік қатарларда, антонимдік жұптарда көрініс табады.

Лексика-семантикалық топ (ЛСТ) болмыстың бірдей көріністеріне байланысты сөздердің бірігуін көрсетеді. Мысалы, ЛСТ болып орыс тілінде уақыт пен оның бөліктерін, туыстық терминдерін, өсімдіктерді, қозғалыс етістіктерін, ойлаумен байланысты етістіктерді атайтын сөздер есептеледі.

Page 11: Перевод Меруерт лексикология

Бір ЛСТ-қа кіретін сөздер өзара әр түрлі қатынаста болады: иерархиялық, бағыныңқы және қарама-қарсы қатынастарда. Иерархиялық мағына животное – собака, час – минута деген мағыналар арасында бар, ал бағыныңқылық қатынас дворняжка, бульдог, такса сөздерінің мағынасында бар, ал қарама-қайшы қатынас дворняжка-бульдог-такса сөздерінің мағыналарында бар.

Әр түрлі топтардан біріккен сөздердің мағынасына талдау жасауда сема және семема түсініктері қолданылады. Сема – ең кіші мағыналық бөлшек, ол мағынаны компоненттерге бөлгенде анықталады. Сема семеманы құрайды. Ал семема семалардың кешені болып табылады.

ЛСТ-қа анализ жасағанда, мағыналар арасындағы қарым-қатынасты жолға қойғанда әр түрлі типтегі семантикалық көбейткіштерді анықтауға болады. Әр түрлі сөздердің мағыналарындағы интегралды семаның болуы оларды бір топқа біріктіруге мүмкіндік туғызады. Мысалы, бару, жүгіру, жүзу, ұшу және т.б. сөздердің мағыналарында «кеңістікте орналасу» деген осы топқа жататын барлықетістіктерге ортақ интегралды сема жатыр. Семаның мұндай типін архисема деп те атайды.

Дифференциалды семалар – олар ортақ белгіге ие сөздердің мағыналарын ажырататын жеке семантикалық белгілер. Мысалы, қозғалыс етістіктері бір-бірінен «жылдамдық», «қозғалыс әдісі», «қозғалыс құралдары» белгілері арқылы айырылады. Дифференциалдық семантикалық белгілер қарама-қайшылықтарда, бір ғана белгісімен ерекшеленетін мағыналарда байқалады, мысалы: орыс тіліндегі идти-ехать, идти-бежать, идти-плыть сөздері.

Алайда көбіне бірден бірнеше белгілері арқылы қарама-қарсы қойылады: бульдог –«көкірегі кең және жағы кең ит», такса –«аяғы қисық және қысқа, денесі ұзын ит».

ЛСТ-дан бөлек, лексикалық жүйеде басқа да сөз топтары – синонимдік және антонимдік қатарлар кездеседі.

& 34 Синонимдер

Синонимдер – бір сөйлем мүшесіне жататын тұлғалары әр түрлі мағыналары ұқсас сөздер. Ұқсастық мағынаның сигнификаттық және денотативтік аспектісінде байқалады, ал мағынаның коннотативті жағында, қолданылу аясында, басқа сөздермен үйлесуінде ұқсастықтар байқалады: лицо-лик-рожа; глаза-очи-гляделки. Екінші жағдайда, синонимде белгі не әрекет түрліше деңгейде білдіріледі: дауыстау-сөйлеу-айқайлау. Синонимдер

Page 12: Перевод Меруерт лексикология

болмыстың аталатын объектілерінің түрлі тараптарын сипаттайды: өшіру-үрлеу, дос-жолдас.

Жоғарыда көрсетілген типтердің синонимдары стилистикалық және семантикалық (идеографиялық) атауға ие. Көбіне семантикалық және стилистикалық синонимдердің белгілерінің ұштасуы көп байқалады: смотреть-глазеть-взирать. Бұл сөздердің арасындағы айырмашылықтар, біріншіден, олардың стилистикалық әркелкілігінен: смотреть – бейтарап сөз, глазеть – дөрекі, взирать – кітаби, жоғарғы. Екіншіден, глазеть және взирать сөздерінде мағына смотреть сөзінен ерекшелейтін мағына белгілері бар. Мысалы, глазеть – «смотреть праздно», взирать – «смотреть незаинтересованно, беспристрастно».

Мағыналарының теңдесу деңгейі бойынша абсолюттік (немесе толық) синонимдерді бөліп көрсетуге болады, олар толығымен эквивалентті мағыналарға ие: уподобление-ассимиляция.

Синонимдер арасынан доминанта бөлініп тұратын сөздер қатарын құрайды. Доминанта – сөздердің барлық қатарына семантикалық қатысы бар сөз, ол стилистикалық жағынан бейтарап, семантикалық жағынан қарапайым болып табылады. Мысалы, орыс тіліндегі громкий сын есімі громкий, зычный, оглушительный, громовой, громоподобный синонимдік қатарындағы доминанта болып табылады.

Синонимия тілдік бірліктердің мағыналық жақындығының көрінісі ретінде басқа да тілдік ярустарда, яғни грамматикалық, сөзжасамдық, фразеологиялық ярустарда қарастырылуы мүмкін.

& 35 Антонимдер

Антонимдер – лексикалық мағынасы жағынан қарама-қарсы бір сөйлем мүшесіне жататын сөздер: бай-кедей, шын-жалган, мүмкін-мүмкін емес. Осы сөздердің бір антонимдік сыңарға біріктірілуі интегралдық семалардың болуына алып келеді. Біріншіден, антонимдік жұпқа кіретін сөздер бір сөздің мағынасын білдіреді; ары қарай олардың туыстық ұғымдарға қатысты ортақ семантикалық белгісі болады. Мысалы, ыстық-суық антонимдік жұбындағы жалпы семантикалық белгі «температура» туыстық ұғымы, жас-кәрі антонимдік жұбындағы қарсы қойылу «жас шамасы» белгісіне қатысты. Ешқандай ортақ семантикалық белгісі жоқ әр түрлі мағыналы сөздер антонимдік жұпты құрамайды. Мысалы, доп, кітап.

Антонимдік жұпты қарама қарсы қойылған әрекеттің, жағдайдың, белгінің, қасиеттердің сапасын білдіретін сөздер құрайды. Мысалы, ауыр-жеңіл, тұру-жату, алыс-жақын, халықтық-халықтық емес.

Page 13: Перевод Меруерт лексикология

Антонимдер бір дифференциалдық белгісі бойынша қарама-қарсы қойылады. Мысалы, жаз – ең жылы жыл мезгілі, ал қыс – ең суық жыл мезгілі. Келтірілген сөздердің мағыналары «салқын/ыстық» дифференциалдық семаға ие.

Антонимдер бірнеше топтарға бөлінеді, олар: сапалық қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер; толықтылықты білдіретін антонимдер; әрекеттің, белгілер мен қасиеттердің қарама-қарсы бағытын білдіретін антонимдер.

Сапалық қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер, келесі мысалдардан көрінеді: ауыр-жеңіл, жас-кәрі. Бұл типтің ерекшелігі сөз түріндегі аралық мүшенің болуы, ол сапаны білдірудің орта деңгейін көрсетеді: жас-кәрі емес-егде-жас емес-кәрі. Бұл қатарда ең шеткі мүшелер антонимдік жұпты жасап отыр.

Антонимдердің екінші типінде бір сыңардың жоққа шығарылуы екіншісінің мағынасын тудырады: шынайы-жалған, жалған – ол шынайы +емес.

Антонимдердің соңғы типі логикалық жағынан қарама-қарсы ұғымдарға негізделген: басы-аяғы, мәдени-мәдени емес.

Басты жұптарды өзіне қарама-қарсы мағынаны жинақтаған сөздер құрайды: орыс тіліндегі наверно сөзі «мүмкін» деген және «нақ, сөзсіз» деген мағыналарға ие, ал оговориться «ақталуға ұмтылған» және «кездейсоқ ақталған» деген екі мағынаны білдіреді. Бұл құбылыс энантиосемия деп аталады.

Антонимия синонимиямен байланысты. Бір сөз синоним және антоним ретінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, ашу сөзінің антонимдік жұбы жабу, ал синонимі ашып тастау.

& 36 Полисемия

Бір сөз антонимдік әрі синонимдік қатынасқа түсе отырып, бірнеше синонимдік қатарларда және антонимдік жұптарда кездесуі мүмкін. Сөздің бұл қасиеті оның көп мағыналылығымен түсіндіріледі. Мысалы, орыс тіліндегі открыть және легкий сөздері мағынасына қарай түрлі синонимдік қатарларда да және антонимдік жұптарда да кездесе алады. Мысалы, открыть-отворить, открыть-обнаружить или легкий-трудный, легкий-тяжелый.

Page 14: Перевод Меруерт лексикология

Көпмағыналылық немесе полисемия, - бұл сөзде бірнеше мағынаның болуы. Ғалымдардың барлығы сөзде бір мағынадан артық мағына болатынын айта бермейді. Л.В.Щерба «қанша фонетикалық сөз мағынасы болса, сонша сөз бар» деп есептейді [32, 290 б.].

Басқа ғалымдар, әр түрлі нұсқаларда кездесетін бірыңғай лексикалық мағынаның бар екендігі туралы ойды алға тартады. В.А. Звегинцев былай деп жазады: «сөзде бір ғана лексикалық мағына болады, бірақ ол бірнеше қарқынды типтік үйлесімдерден құралуы мүмкін, олар әр жақтан бірігіп бірыңғай мағыналық тұтастық жасайды... Сипатталып отырған бұл типтік қарқынды үйлесімдерді сөздің бір мағынасының лексика-семантикалық нұсқалары деп атаған дұрыс (А.И.Смирницкийдің термині) [33, 125-126 б.].

Лексика-семантикалық нұсқа (ЛСН) термині әдебиеттерде «көп мағыналы сөздің жеке мағынасы» деген сипатта кең қолданылады, алайда көпмағыналы сөзге бір лексикалық мағынаны телу идеясын тәжірибеде жүзеге асыру қиын болды. Егер бір сөзден жеке семантикалық белгілер негізінде тағы бір мағынаның шығуы байқалса да, лексика-семантикалық нұсқалардың барлық ерекшеліктері есепке ала отырып бірыңғай сөзге анықтама беру қиын, сондықтан да лингвистердің көпшілігі сөздердің мұндай типін бірнеше мағынаға ие сөздер ретінде қарастырады.

Орыс тіліндегі черствый сөзі «кепкен, қатты» және «қайырымсыз, рақымсыз» мағыналарға ие. Бұл мағыналардың әрқайсысы белгілі бір үйлесімділікте, контекстерде жүзеге асады, яғни көп мағыналы сөздердің жеке мағыналары позициялы түрде шартталған: қатқан нан, қатыгез адам.

Көп мағыналы сөздің мағыналарының арасында семантикалық байланыс бар, бұл оларды бір сөзде біріктіруге мүмкіндік береді. Басқа жақтан, семантикалық байланыс көп мағыналы сөздің мағыналарын түсінікті етеді, себебі болмыстың әр түрлі заттары мен құбылыстары бір ғана сөзбен аталады. Мысалы, орыс тіліндегі стена сөзі бірнеше мағынаға ие және болмыстың түрлі құбылыстарына сәйкес келеді: 1. Ғимараттың тігінен орналасқан бөлігі, ғимаратты бөліктерге бөлуге және қорған болуға арналған; 2. Биік қоршау; 3) бір нәрсенің тігінен орналасқан қабырға беті; 4) бөгет, қорған жасайтын бір нәрсенің тығыз қатары немесе бірыңғай массасы; Бұл мағыналардың барлығы «бір нәрсені бөліп тұратын тік бөген» деген жалпы семантикалық белгіге ие.

Көп мағыналы сөздің мазмұны семантикалық құрылым жасайды, оның элементтері бір-бірімен түрлі қатынаста болады. Д.Н. Шмелев келтірген мысал орыс тіліндегі зерно сөзінің мағынасының жүйелік ұйымдасуын көрсетеді.

Page 15: Перевод Меруерт лексикология

1. Өсімдік тұқымы

Дәнді кофе

2. Нан өнімдерінің тұқымдары

Дән сату

4.Бір нәрсенің ұсақ бөлігіМаржан дәндері

3. Ұрық, ядро Теория дәні

5.Бір нәрсенің шағын үлесіШындық дәні

Бұл сөздің барлық мағыналары белгілі бір тәртіпте құрылады: мағынаның бірі екіншісі (немесе басқалары) үшін негіз болады. Бірінші мағына екінші және төртінші мағынаның бастапқы негізі болып табылады, бесіншісі төртінші мағынаға байланысты. Онда басқа мағыналардың жасалуына негіз болатын бірінші мағынаны тура мағына деп атайды, ал басқалары ауыспалы мағына.

Сөздің ауыспалы (екіншілік) мағыналарының пайда болуы атауды өзгертудің бірнеше типіне негізделеді. Олардың ішіндегі бастылары метафора және метонимия.

Метафора – болмыстың бір құбылысының атауын белгілерінің ұқсастығына қарай екіншісіне алмастыру. Ұқсастықтар ішкі (сезіну, әсерлер, бағалау) және сыртқы (форма, түс, өлшем және т.б.) сипатта болады. Мысалы, алма зат есімінің метафоралық мағынасы көз алмасы деген үйлесімде оның формасына негізделген. Жылы кездесу, ыстық махаббат мысалдарының метафоралық мағынасы ішкі сезімдерге негізделген.

Метонимия – бұл мағыналарды олардың шектестігіне қарай алмастыру. Алмастырудың бұл типі аталып отырған құбылыстардың арасында тұрақты байланыс (кеңістіктегі, уақыттағы шектестік, себеп-салдарлық байланыс) болған кезде орын алады.

Екінші мағына зат және оның жасалған материалы арасындағы ассоциациялық байланысқа негізделеді. «Күмістен жасалған өнімдер» дегенде күміс зат есімінің метонимиялық мағынасы осындай шектестік негізінде туындайды: Ана асхана күмісін өзі тазалады.

Page 16: Перевод Меруерт лексикология

Метонимияның басты түрі синекдоха. Синекдоха – сөз мағынасының бөлшектен бүтінге қарай алмасуы. Мысалы, Ол әр белдемшенің соңынан жүгіріп жүреді.

Болмыс құбылыстары арасындағы байланыстардың өзіндік ерекшелігін байқау мүмкіндігі түрлі тілдердегі полисемия фактілерін салыстыру арқылы мүмкін болады. Мысалы, орыс тіліндегі зеленый сын есімінің мағынасы ағылшын және француз тіліндегі осы сөздің мағыналарымен толығымен сай келмейді. Ағылшын тілінде green сонымен қатар «көк шалғын» және «балғын, сергек» деген мағына берсе, француз тіліндегісі – «еркін, ойнақы» деген мағына береді.

Көп мағыналы сөздің құрылымы өзгеруі мүмкін. Өзгерістер сөз мағыналары арасындағы арақатынасқа әсер етеді: алғашқы мағыналарды ауыспалы мағыналар ығыстырады. Мысалы үшін орыс тіліндегі трущоба зат есімінің бастапқы мағынасы «өткізгіштігі қиын орын» - тарихи ауыспалы «лас, тығыз құрылған қала бөлігі» мағынасымен ауысады. Алдыңғы ауыспалы мағына қазір негізгі, тура мағына ретінде қолданылады. Өзгерістер неғұрлым түбегейлі түрде орын алуы мүмкін: жеке сөздердің мағыналарының арасындағы семантикалық байланыс жоғалады, семантикалық жарылыс жүреді. Бұл жеке омоним сөздердің пайда болуына алып келеді.

& 37 Омонимдер

Омонимия деп мағыналары жағынан үйлеспейтін сөздердің дыбыстық және тұлғалық жағынан сәйкес келуі. Омонимия құбылысы грамматика, лексика салаларында байқалады.

Лексикалық омонимдер – ортақ семантикалық белгілері жоқ, айтылуы бойынша шектес сөздер. Омонимге мысал ретінде, орыс тіліндегі брань-«ругань» брань – «война, битва»; брак –«изъян» және брак – «супружетсво».

Омонимдер түрлі себептердің әсерінен пайда болады: әр түрлі сөздердің дыбыстық теңдігіне алып келетін фонетикалық өзгерістер нәтижесінде; көп мағыналы сөздің жоғалуы салдарынан және кірме сөздер мен өз сөздеріміздің сәйкес келуі салдарынан. Айтылғандарға мысал ретінде келесі фактілерді келтіріп өтеміз. Фонетикалық шығу тегіне ие омонимдер – лук (өсімдік) және лук (қару) о-мұрын дыбысының «лукъ» (қару) сөзіндегі [у] дыбысына өзгерісінен кейін пайда болды. Жалпыславяндық «орман» деген мағынаны білдіретін бор «қола үскі» деген мағынаны білдіретін, неміс тілінен енген бор сөзімен сәйкес келді. Семантикалық жойылу нәтижесінде

Page 17: Перевод Меруерт лексикология

орыс тілінде «болтать» (сөйлеу) және болтать «араластыру», брань «ұрыс» және брань «соғыс, шайқас» омонимдері пайда болды.

Түрлі мағыналарды омоним-сөздерге жатқызу барлық уақытта орын ала бермейді немесе оларды бір сөзге біріктіру дау тудырмай қоймайды. Көп мағыналы сөздің жеке мағыналарының арасындағы семантикалық байланыстың жоғалуы бірте-бірте жүреді, сондықтан да омонимия және полисемия арасындағы өтпелі шегаралас жағдайлар туралы айтуға болады.

Омонимдер әр түрлі типте болуы мүмкін. Біріншіден, жеке лексикалық омонимдер. Оларда лексикалық мағынасымен ешқандай байланыс жоқ: орыс тіліндегі лук (қару) лук (өсімдік). Екіншіден, шығу тегі және мағынасы бойынша ұқсас омонимдер: орыс тілінде течь (зат есім) және течь (етістік). Мұндай типті сөздердің грамматикалық омонимиясы деп атайды, себебі нақты семантикалық байланысы бар мұндай сөздер әр түрлі сөйлем мүшелеріне жатады. Үшінші тип – аралас, мұнда сөздер әр түрлі сөйлем мүшелеріне жатады және мағыналық жағынан бір-біріне қатысы жоқ. Мұндай типті лексика-грамматикалық омонимия деп атайды.

Омонимдерді басқа көзқарас тұрғысынан топтастыруға болады. Осылайша толық және жартылай омонимдер пайда болады. Толық омонимдер дыбысталуы жағынан барлық формаларында бірдей. Жартылай омонимдер тек кейбір формаларында ғана теңдес. Толық омонимияға мысал ретінде орыс тіліндегі ключ (бастау) және ключ (кілт) сөздерін келтіруге болады. Жартылай омонимия орыс тіліндегі «жать» сөзінде байқалады.

Омонимдік құбылыстарға омография жатады. Омографтар – жазылуы жағынан ұқсас сөздер. Әдетте айтылуы бойынша олар, екпіндері бойынша ерекшеленеді: ирис (кәмпиттер) – ирис (жіп түрі), атлас (географиялық) және атлас (материал).

Сонымен қатар омомфония түсінігінің ке мағынасы да бар. Омофония жеке сөздер мен сөз тіркестерінің, сөз формаларының ұқсастығы арқылы байқалады. Мысалы, труд-трут, гриб-грипп сөздері ұқсас дыбысталады; немой сөзі мен не мой сөз тіркесі ұқсас дыбысталады; сонымен қатар пила (зат есім) және пила (етістік) сөздерінің формасы бірдей.

& 38 Фразеология

Тілде кейбір сөздер бір-бірімен үйлеседі. Мысалы үшін, орыс тіліндегі красивый сын есімі зат есімдермен кеңінен үйлесім табады. Мысалы, красивый человек, красивый дом, красивая работа, красивый закат және т.б. Бұл сөздер еркін тіркес құрайды. Щекотливый сын есімі тек қана дело,

Page 18: Перевод Меруерт лексикология

вопрос, обстоятельство, положение зат есімдермен тіркеседі. Осындай тіркестерді фразеологизмдер деп атайды.

Фразеологиялық тіркестер (фразеологизмдер) оларды жай тіркестерден ажырататын спецификалық ерекшеліктерге ие. Мұндай қасиеттерге тұрақтылық пен қайталанушылық жатады. Қайталанушылық фразеологизм сөйлеу сәтінде пайда болмаған соң байқалады, ол ойымыздан дайын күйінде жеке сөз ретінде шығады. Тұрақты лексикалық құрам оның тұрақтылығын анықтайды: закадычный сөзі друг сөзімен тіркеседі, ал заклятый сөзі враг сөзімен үйлеседі.

Семантикалық көзқарас тұрғысынан алсақ фразеологизмдердің бірнеше типі бар. Отандық тіл білімінде В.В. Виноградовтан кейін келесі типтер ажыратылады. Бірінші типте сөз тіркесін құрайтын сөздердің мағыналары бір-бірімен өзара ұқсаспайды. Мұндай типті фразеологиялық тұтастық (сращения) деп атайды. Мысалы: бить баклуши, собаку съесть, с бухты-барахты. Келесі тип – бұл сөз тіркесі құрамындағы тіркестердің мағыналары бір-бірімен өзара жартылай үйлесетін тип. Бұл типті фразеологиялық бірлік деп атайды, ол белая ворона, бить ключом, плыть по течению және т.б тіркестер.

Фразеологиялық бірлікте ішкі форма сақталады, олар осы тіркестердің бейнелі негіздерінде жатыр. Фразеологиялық бірліктердің негізгі бөлігі сәйкес еркін тіркестермен байланыстырылған: плыть по течению какой-либо реки (еркін тіркес) және плыть по течению – «орын алған жағдайға бағыну» . Фразеологизмнің аталған мағынасы жағынан уәжделген немесе жартылай уәжделген типтерін идиомаға жатқызамыз.

Үшінші тип – фразеологиялық үйлесім – сөз тіркесін құрап отырған компоненттердің үйлесуімен түсіндіріледі. Әдетте олардың құрамындағы тіркестер белгілі бір сөздермен үйлесімділікте тұрады. Мысалы, «сақ және тактикалық қатынасты талап ететін, әдепті» мағыналы щекотливый сөзі дело, вопрос, обстоятельство, положение сөздерімен тіркескенде түсінікті болады. Аталған типтерден бөлек фразеологиялық айтылымдар бар. Оларға мақал-мәтелдер, қанатты сөздер мен әдебиеттердегі афоризмдер жатады. Мысалы, человек в футляре, Москва не сразу строилась, А судьи кто?

Алғашқы үш типтің фразиологиялық айналымдары айтылым кезінде сөздерге эквивалентті болады, яғни фразеологизмдер зат есімдер (белый уголь, забубенная головушка, дубина стоеросовая), етістіктер (лезть на рожон, втоптать в грязь), үстеулер (очертя голову), сын есімдер (одного поля ягоды) ретінде қызмет атқарады.

Page 19: Перевод Меруерт лексикология

Фразеологиялық айналымдар, сөздер секілді синонимдік және антонимдік қатынастарға түсе алады: засучив рукава – в поте лица – не покладая рук немесе с открытой душой – с камнем за пазухой.

Фразеологизмдер –өздерінің функционалдық стильдерге қатыстылығы тұрғысынан әр түрлі болып келеді. Кейбір фразеологизмдер кітаби, жоғары стильге жатса (мысалы, гордиев узел, кануть в лету), басқалары ауызша, қарапайым элементтерге (мысалы, вожжа под хвост попала) жатады. Фразеологизмдердің көпшілігі экспрессивтік бояулы мәнге ие болады, сондықтан бейнелілік пен экспрессия тудыру мақсатында жазбаша және ауызша сөйлеуде қолданылады.

Кез келген тілдің фразеологиялық тіркестерінде ұлттық өзіндік ерекшелік, яғни халықтың тұрмысы мен тарихының ерекше қырлары байқалып тұрады. Мысалы, вольный казак, как Мамай прошел, мамаево побоище, засучив рукава, хлеб да соль. Мамаево побоище фразеологизмі үй ішіндегі ретсіздікті ғана меңзеп қоймай, Ресей тарихындағы татар-моңғол езгісінен құтылу кезеңін де еске түсіреді. Засучив рукава тіркесі Русьтердегі үзын жеңді ескі орыс киімі туралы дерек береді немесе заговаривать зубы фразеологизмі дәстүрлі емдеу ісі туралы дерек береді.

Ұлттық ерекшеліктерді көрсететін фразеологизмдерден бөлек, әлемдік әдебиет үлгілерінен немесе Библиядан алынған тіркестер қатары бар. Мысалы, орыс тіліндегі блудный сын, манна небесная, соломоново решение тіркестері Библиядан алынған, ал аппетит приходит во время еды тіркесі Франсуа Рабле еңбегінен алынған.

Фразеологизмдерді тіл білімінің ерекше саласы – фразеология зерттейді. Бұл мағынасынан бөлек фразеология термині фразеологизмдердің, фразеологиялық құрамдардың жиынтығын білдіреді.

Қорытынды

Сөз тіл туралы ғылымның әр түрлі салаларында зерттеледі. Олар: лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис. Лексикология тілдің сөздік қорын зерттейді. Тілдің сөздік құрамы семасиологиялық және ономасиологиялық тұрғыда қарастырылуы мүмкін. Лексикологияда әдетте лексикография, ономастика және фразеология секілді тұрақты тіркестерді зерттейтін салалар бар.

Сөз өзінің атау қызметі, фонетикалық белгілері, құрылымдық ұйымдасуы, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық критерийлері арқылы анықталады. Сөзді ерекшелеу мәселесімен сөзді теңестіру мәселесі өзара байланысты.

Page 20: Перевод Меруерт лексикология

Лексикологияның басты мәселесі сөз мағыналары мәселесі. Сөздің мазмұндық жағы лексикалық және грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Лексикалық мағынада бірнеше аспектілер көрініс береді: сигнификаттық, денотативтік, коннотативтік. Мазмұнға, көрсетілген аспектілерден бөлек сөздің ішкі формасы да кіреді.

Лексикалық мағына мен ұғымның арасында әр түрлі қатынастар байқалады.

Лексика жүйелі түрде ұйымдастырылған. Бұл әсіресе лексика-семантикалық топ, синонимдік қатар, антонимдік қатар, антонимдік жұп, көп мағыналы сөздер секілді жүйелік топтарда көрінеді.

Аталған құбылыстардың барлығы сөздер мен оның мағыналарының жалпы және дифференциалды семантикалық белгіге ие болатын микрожүйе жасайды.

Омонимдер – жүйелі құбылыс емес. Омонимдер әр түрлі себептер нәтижесінде пайда болады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Головин Б.Н. Введение в языкознание. –М.,1983.- С.53-892. Маслов Ю.С. Введение в языкознание. М., 1987. – С.85-1243. Кодухов В.И. Введение в языкознание (любое издание, раздел

«Лексика»)

Қосымша әдебиеттер1. Шмелев Д.Н.Современный русский язык:Лексика.-М.,1977.– 3352. ЛЭС/Под.ред.В.Н.Ярцевой. – М.,1990. – С. 261-262, 447,464-467,

382,363. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии// Языковая

система и речевая деятельность. – Л., 1974. – С.265-303.