Абишева Гульназ Балтабаевна

38
4.2 БӨЛІМ «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» аудандық конкурсына қатысушы бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевна жайлы ұсыныс

Upload: nurlan-abilhanov

Post on 15-Apr-2017

275 views

Category:

Education


4 download

TRANSCRIPT

Page 1: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.2 БӨЛІМ

«Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» аудандық

конкурсына қатысушы бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевна

жайлы ұсыныс

«Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» аудандық конкурсына қатысушы Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы

Page 2: Абишева Гульназ Балтабаевна

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевна жайлы ұсыныс

Абишева Г.Б жоғары білімді, 19 жыл 6 ай педагогикалық еңбек өтілі бар бірінші санатты мұғалім. Гульназ Балтабаевна өз пәні бойынша терең білімі бар, пәнді оқыту әдістемесін терең меңгерген. Ізденіс пен шығармашылық, психологиялық-педагогикалық құзырлылық және шеберлік мұғалім жұмысының ұстанымы қаланған фундамент болып табылады. Гульназ Балтабаевнаның сабақтарында үнемі шығармашылық атмосфера үстемдік етеді, олар әр түрлі және әдістемелік жағынан сауатты құрылған. Педагогикалық қызметін талдай білуі, қазіргі оқыту технологияларын игеруі әр түрлі кәсіптік мәселелерді шешуге көмектеседі. Оның іс-тәжірибесін Бурабай аудандық білім бөлімі жинақтаған. Мұғалім аудан, облыстық деңгейде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Осының барлығы оқыту мен тәрбиелеуде Гульназ Балтабаевнаға жоғары жетістіктерге жетуге көмектеседі. Оқушылары мектепшілік, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Гульназ Балтабаевна оқушылар мен ата-аналар және әріптестерінің арасында беделді. Мұғалім тұлғасының кәсіптік қызметінің мәнділігі-оның үнемі өзіндік жетілуге ұмтылуы болып табылады. Шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары жетістіктері мен «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» конкурсының мектепішілік кезеңіндегі жеңісі үшін конкурстың аудандық кезеңіне қатысуға үміткер ретінде ұсынылып отыр.

Мектеп директоры Э.Шлейнингер

Орын.Нурушева А.Н.

Тел.71-2-64

Page 3: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.3 БӨЛІМ

Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевнаға

М І Н Е З Д Е М Е

Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебініңБастауыш сынып мұғалімі

Page 4: Абишева Гульназ Балтабаевна

Абишева Гульназ БалтабаевнағаМ І Н Е З Д Е М Е

Абишева Гульназ Балтабаевна бастауыш сынып мұғалімі Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ол бастауыш сыныпты оқыту барысында «Жеті модуль» элементтерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

проблемасы төңірегінде жұмыс жасайды . Педагогикалық тәжірибесі мол, бастауышты оқыту әдістемесін жетік меңгерген мұғалім. Ұстаз өз

жұмысының басты мақсаты – оқу үрдісінің белсенді субьектісі ретінде, оқушының тұлға ретінде, шығармашылығын дамыту деп санайды. Мұғалім маманының шебері, шығармашылық ізденіс жолындағы адам. Мұғалім өзін-

өзі жетілдіру мақсатында бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру барысындағы жұмыспен айналысады.

Оқушының жеткілікті білім алуына үлкен үлес қосып, әр түрлі әдіс-тәсілдер, жаңа технологияларды, жеті модульді қолданады. Мұғалімнің негізгі

жұмысы- қойылған соңғы мақсатқа жету. Гульназ Балтабаевна сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жеке дара жұмыс жасап, үй жұмысын нақты толық орындауға, сауатты жазып, өз ойларын емін-еркін жеткізуге көп көңіл бөледі. Мұғалім сабағында балаларды

туған елін сүйе білуге, Республикасының мақтанышы болуға тәрбиелейді. Ол оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға жол береді. Оның

оқушылары олипиадаларға, ғылыми жобаларға қатысып отырады. Мұғалім әр оқушының шығармашылық даму жағынан жағдай жасап, оларды ұйымшыл болуға қалыптастырады. Осы жұмысты ұйымдастыру барысында оқушыларының үлгілі білім алу мақсатын көздейді.

Гульназ Балтабаевнаның басшылығымен оқушылары сайыстар мен жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 2014-2015 оқу жылы оқушылары Халықаралық «Новый урок» олимпиадасына, математика пәнінен қатысып, жүлделі ІІ, ІІІ орындаға ие болды. 2013-2014 оқу жылы Амантаева Эльмира ауданда, «Ұлттық ойындардың адам денсаулығына пайдасы» атты ғылыми жобаға қатысты. 2009-2010 ғылыми жобаға қатысып, Нығметжанов Адиль ІІ орын, Курманкулов Шахназар ІІІ орындарға ие болды. 2014-2015 оқу жылы Қайырбай Даурен “Менің отаным - Қазақстан”атты аудандық сайысқа қатысып, грамотамен марапатталды. Оқушылары мектепшілік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысады. Оқушылардың тақпақтары «Бурабай» газетіне жарияланды. Сонымен қатар «Ақбота», «Кенгуру» «Пони» сайыстарына белсенді қатысады.

2014-2015 оқу жылы облыстық семинарда «Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде» баяндама оқыды.

Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағыорта мектебінің директоры Шлейнингер Э

Page 5: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.4 БӨЛІМ

Резюме

Абишева Гульназ Балтабаевнабастауыш сынып мұғалімі

Бурабай кенті С.Сейфуллинатындағы орта ме

Page 6: Абишева Гульназ Балтабаевна

Өзім туралы мағлұмат

Жылым және туған жерім: 24/08/1975, Рессей Алтайский край

Ұлтым: қазақ

Білімім Жоғары, 2003 ж. Ш.Уалиханов атындағы Кокшетау педагогикалық институты, диплом ЖБ № 0358638 2003 ж, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 2015 ж, бастауыш сынып мұғалімі

Диплом бойынша мамандығым Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, бастауыш сынып

мұғалімі

Санатым Бірінші, 2011ж

Оқытатын пәнім Бастауыш сынып

Жалпы еңбек өтілім 19 жыл 4 ай

Педагогикалық еңбек өтілім 19 жыл 4 ай

Нақты оқу мекемесіндегі еңбек өтілім

17 жыл 4 ай

Қызығушылығым мен әуестігім

Электронды оқулықтар, видео роликтер жасау

Білетін тілдерім Орыс тілі, неміс тілі, ағылшын тілі (Сөздікпен)

Хобби Кітап оқу, іс тігу, спорттық ойындар, ас мәзірін дайындау

АБИШЕВА ГУЛЬНАЗ БАЛТАБАЕВНА

Ақмола облысыБурабай ауданыБурабай кенті

Телефон 8(716-30)72244Факс 8(716-30)72244Электронды почта [email protected]

Page 7: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.5 БӨЛІМ

Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс-қағазы

Абишева Гульназ Балтабаевнабастауыш сынып мұғалімі

Бурабай кенті С.Сейфуллинатындағы орта мектебі

Page 8: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 9: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 10: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.6 БӨЛІМ

Жеке куәлігініңкөшірмесі

Абишева Гульназ Балтабаевнабастауыш сынып мұғалімі

Бурабай кенті С.Сейфуллинатындағы орта мектебі

Page 11: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 12: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.7 БӨЛІМ

Баспасөзде басылғанеңбектері

Абишева Гульназ Балтабаевнабастауыш сынып мұғалімі

Бурабай кенті С.Сейфуллинатындағы орта мектебі

Page 13: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 14: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 15: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 16: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 17: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 18: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 19: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 20: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 21: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.8 БөлімПедагогикалық

қызметінің нәтижесі

Педагогикалық қызметінің нәтижесі:Марапатталған мерзімі Марапаттамалар формасы Кім марапаттады

2011-2012 оқу жылы Аудандық «Ең үздік интерактивтік мұғалім» Мадақтама, «Білгір мұғалім» номинациясы

Аудандық білім бөлімі

2011-2012 оқу жылы «Бурабай» газетінің 20жылдық мерейтойына арналған «Алаштың үні, халқымның мұңы» сайысы, «Ең үздік эмблема» номинациясы

«Бурабай» газетінің редакторы

2012-2013 оқу жылы Облыстық сырттай конкурс «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым» эссе

эсселер жинағы кітабына енді

2012-2013 оқу жылы Облыстық cырттай сайыс «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы “Ойшыл іскер”

-

2012-2013 оқу жылы Алғыс хат, мектепшілік ата аналар комитетінің қызметіне

Ата-аналар комитеті

Page 22: Абишева Гульназ Балтабаевна

үлес қосқаны үшін2014-2015 оқу жылы Халықаралық свидетельство

«Новый урок» ІІІ орынООО «Новый урок»

2014-2015 оқу жылы Халықаралық свидетельство «Новый урок» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін

ООО «Новый урок»

2014-2015 оқу жылы Халықаралық Алғыс хат «Новый урок» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін

ООО «Новый урок»

2014-2015 оқу жылы Халықаралық Алғыс хат «Новый урок» Блиц турнирге қатысқаны үшін

ООО «Новый урок»

2014-2015 оқу жылы Аудандық «Ең үздік өзін-өзі тану мұғалімі», 3 орын

Аудандық білім бөлімі

2014-2015 оқу жылы Мадақтама грамота. Мектеп жұмысына белсене қатысқаны үшін

Мектеп әкімшілігі

2015-2016 оқу жылы Мадақтама грамота. Мектеп жұмысына белсене қатысқаны үшін

Мектеп әкімшілігі

2015-2016 оқу жылы Алғыс хат Бурабай кентінің әкімі2015-2016 оқу жылы Құрмет грамотасы, Ауданның

білім беру жүйесіндегі жоғары жетістіктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін

Бурабай ауданының әкімі

2015-2016 оқу жылы Мадақтама «Менің электрондық портфолиом» сырттай аудандық сайыс

Аудандық білім бөлімі

2015-2016 оқу жылы Сертификат Республика мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына мақаласы жарияланғаны үшін

«Азия -Издат» редакторы,

2015-2016 оқу жылы Сертификат «Үздік сындарлы сабақ» номинациясы бойынша «Заманауи педагог: бастама және шығармашылық» сырттай конкурсына қатысқаны үшін

Ақмола облысының білім басқармасы

Page 23: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.9 Бөлім

Page 24: Абишева Гульназ Балтабаевна

«Менің педагогикалықфилософиям»

эссе

«Менің педагогикалық философиям» Эссе

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымббат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ы.Алтынсарин

Мен қалай шабыттандырамын? Бастауыш сынып оқушылары өз ұстаздарына ұқсағысы келеді. Олар мұғалім сияқты киінгісі, сөйлегісі келіп, еліктей бастайды. Оқушылардың өмірін,оқуын,тәрбиесін, психологиясын түсіне білуім қажет. Дәстүрлі сабақпен қазіргі сабақты салыстыра отырып, өз қателіктерімді жоя бастадым. Баланың мазасын алмай, жауап беруге мүмкіндік беремін. Дауыс ырғағыма көңіл бөлемін. Тым ақырын немесе тым қатты сөйлемеймін, балаға қолдау көрсетемін, мадақтаймын, бағыт-бағдар беремін. Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы балалардың мінезін,оқуға деген көз қарасын анықтап алдым. Сонымен бірге дарынды баланы да анықтап алдым. Оқу процесіндегі 7 молдульді қолданудағы өзгерістерге мен ғана емес,оқушылар да қуана қарады. Дәстүрлі сабақта баланы неге сабақ оқымайсың? Неге білмейсің?-деп жазғыратын кездерім болатын. Ал қазір мүлдем өзгеше көзқарас пайда болды. Мен баланы тыңдай білуге, нені түсінбегенін? неге түсінбегенін, анықтап алып, осы

Page 25: Абишева Гульназ Балтабаевна

кемшіліктерді жоюдың жолын іздестіремін. Яғни, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарымда қолданамын, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, сабаққа назарын аударамын. Оқушылар өз жұмыстарын қорғаған кезде, өздерінің жұмысының дұрыстығын дәлелдейді, өздерін мұғалім деп санайды. Қателерін түсініп, өздерін және достарын бағалауға үйренеді. Балаларды шабыттандыру үшін, көшбасшылықтың да маңызы зор. Яғни балаларды үнемі түсініп, оның проблемасын түсінуге тырысу керек. Бала өзінің қиыншылықтарын, сұрақтарын мұғалімге қорықпай айтса, кеңес сұраса, демек ол оқушы мұғалімге толық сенеді. Оқушылар кейде ата анасына айтпайтын сырларын мұғалімге айтатын кездері де болады. Сондықтан қиыншылықтарды жеңе білуге көмектеу, кеңес беру, мадақтау, көтермелеу, мақтау арқылы баланың сенімін арттыруымыз керек. Бала кішкентай болғанымен мұғалімді, үлкендердің іс әрекеттерін түсінеді. Бетін қайтарған адамдарды жек көріп кетуі мүмкін. Ешқашан балаға дауыс көтеріп, жаман сөздермен жүрегін жаралауға болмайды. Олар өте сезімтал келеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып мұғалімдер бұл мәселеге немқұрайлық қарамауы керек. Бұл өте маңызды. Жалпы сыныптағы өзгерістер барлық оқушыларға да, маған да ұнайды. Уақыт зымырап тез өтіп кетеді. Балалардың сабақтағы белсенділігі арта түсті. Жазған эссе,әңгімелерін авторлық орындықта оқиды. Бір-бірін бағалайды, өз-өзін бағалайды. Өздерін бұрынғыдай емес, еркін сезіне бастады. Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді. Жеті модульді сабақтарымда кеңінен қолданып, терең түсіне бастадым. Өз сабағымда жеті модульді қолданудың нәтижесінде балалардың білімдерін жетілдіруіме сенімдімін. Диалогтық оқытуды да кеңінен қолданамын. Бұрын сөйлемейтін оқушылар топтан қалмай өз ойларын айта бастады.Оқушылардың жұппен, топпен, мұғаліммен сабақтағы жұмыс барысында диалогтық оқытудың маңызы зор. Баланың өз ойын айтуға мүмкіншілігі туады. Бір-бірін толықтырып, қателерін түзетеді. Формативтік бағалауда оқушылар өздерін, достарын бағалауды үйренді. Неге сол бағаны қойғандарын өздері түсіндіріп кетеді. Мен педагогикалық кеңесте, семинарда, конкурстарда, ата-аналар жиналысында, барлық қоғамдық жерлерде өз мәдениеттілігімді көрсетумен бірге, дұрыс сөйлей білуге, сын тұрғысынан ойлануға үйрендім. Көпшілік алдында бұрынғыдай баяндаманы оқымай, өз жұмысымның жетістігін АКТ-ның көмегімен, дұрыс жеткізе білуім өте маңызды екенін түсіндім. Сабақта да АКТ-ны кеңінен қолданамын.Менің ойымша, шебер ұстаз дегеніміз: шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Сонда ғана балаларды сабақ оқуға, өмірге басқаша көзқараспен қарауға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, шабыттандыра аламыз. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін практикада қолдана алатын оқушыларды жетілдіру біздің қолымызда. Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Бір-біріне деген қарым-қатынас өзгерді. Сынып атмосферасы да өзгерді. Балалар бір-бірін тыңдауға, толықтырып, түзетуге, түсіндіруге үйренді.Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әріптестеріме сәттілік тілеймін!

Абишева Гульназ Балтабайқызы Бурабай ауданы,

С Сейфуллин атындағы ОМ- нің бастауыш сынып мұғалімі

Page 26: Абишева Гульназ Балтабаевна
Page 27: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.10 БөлімӘдістемелік бірлестік

хаттамасының көшірмесі

18.02.2016 жылғы «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» мектепішілік сайысын өткізу бойынша комиссия

отырысының хаттамасынан№2 көшірме

Білім бөлімінің 18.02.2016 жылғы № 44-П бұйрығының негізінде «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» мектепішілік сайысы өткізілді. Сайысқа 5 педагог қатысты. Сайыстық комиссия шешімінің негізінде бастауыш сынып мұғалімі жүлделі орынға ие болды.Бағалау бойынша сайыстық комиссия отырысына қатысты:Сайыстық комиссия төрағасы:

Шлейнингер Э.В. , мектеп директорыСайыстық комиссия мүшелері:

Абдрахманова А.Б. мектепішілік кәсіподақ комитетінің төрағасы

Нурушева А.Н. мектеп директорының

Page 28: Абишева Гульназ Балтабаевна

оқу ісі жөніндегі орынбасарыКоваль Т.Н. мектеп директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасарыНурумова Ж.Д. мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Page 29: Абишева Гульназ Балтабаевна

4.1 Бөлім

Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып әдістемелік орталығының педагогына арналған

ақпараттық картасы

Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебініңбастауыш сынып әдістемелік орталығының педагогына арналған

ақпараттық картасы

1. Мүғалім: Абишева Гульназ Балтабаевна, Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,еңбек өтілі – 19 жыл, санаты - бірінші2. Тәжірибе тақырыбы: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту»3. Тәжірибенің негізгі мазмұны:

Шығармашылық  дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.«Шығармашылық»  сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке

Page 30: Абишева Гульназ Балтабаевна

қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский  «шығармашылық деп жаңалық  ашатын  әрекетті атаған».

«Өткенге қарап  басымызды иеміз, ертеңге қарап  білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі  бала-ертеңгі азамат. Сондықтан балабақшаның,психологтың ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр психологтың алдындағы ізгі мұраты-әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі балабақшадан басталады. Кез-келген тәрбиеленуші психологтың басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау балабақшаның алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын

Кім және қашан зерттеді:  В.Ф.Шаталов, Р.Штейнердің, С.Н.Лысенковтың, П.Эрдниевтің, Л.В.Занковтың, Л.С.Выготский т.б.

 Жан-жақты жинақтау тәжірибесінің шешімі: Семинарларға, сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу арқылы енгізу, АКТ-ны білім үрдісіне енгізе отырып, алған тақырып бойынша жұмысты жалғастыру.

1. Қорғау формасы: Ашық сабақтар;Сыныптан тыс іс шаралар;Педкеңестерде сөйлеу, аудандық семинарда сөйлеу;

2. Жинақтау материалының тізімдемесі: Бастауыш сынып сабақтары бойынша ашық сабақтар жинағы Ғылыми жобалар жинақтары «Шығармашылық тапсырмалар» кітапша «Ребустар» кітапша Электрондық оқулық Математика 1сынып

3. Сыныптан тыс іс шаралар әзірлемелері кітапша4. Жинақтау нәтижесі бойынша мұғалімнің марапаттары

(наградалары, атағы): 2011-2012 оқу жылы Аудандық «Ең үздік интерактивтік

мұғалім» Мадақтама, «Білгір мұғалім» номинациясы 2011-2012 оқу жылы «Бурабай» газетінің 20жылдық

мерейтойына арналған «Алаштың үні, халқымның мұңы» сайысы, «Ең үздік эмблема» номинациясы

Page 31: Абишева Гульназ Балтабаевна

2014-2015 оқу жылы Аудандық «Ең үздік өзін-өзі тану мұғалімі», 3 орын

2014-2015 оқу жылы Құрмет грамотасы, Ауданның білім беру жүйесіндегі жоғары жетістіктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін

2014-2015 оқу жылы Мадақтама «Менің электрондық портфолиом» сырттай аудандық сайыс

2014-2015 оқу жылы Сертификат Республика мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына мақаласы жарияланғаны үшін

2014-2015 оқу жылы Сертификат «Үздік сындарлы сабақ» номинациясы бойынша «Заманауи педагог: бастама және шығармашылық» сырттай конкурсына қатысқаны үшін

5. Тәжірибенің тиімділігін тексеру: бастауыш сынып бойынша оқытудың тиімділігін арттыру, оқушыларды оқытудың мотивациясын көтеру, шығармашылықтарын арттыру

6. Ізбасарлары: бастауыш сынып мұғалімдері.