сабақ жоспары
TRANSCRIPT
№16 «БАЛДАУРЕН» БӨБЕКТЕР БАҚШАСЫ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Ертегілер еліндегі шалқан»
1сәби «Гүлдер» тобы
Тәрбиеші: Оспанова Н.Қ.
Екібастұз қаласы2015-2016 оқу жылы
Ертегілер әлемінде:«Шалқан» орыс халық ертегісіОқу іс-әрекет: «Қатынас» білім беру саласыБөлімі: Көркем әдебиетТақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс- әрекеті
Мотивациалық- қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Шаттық шеңбері.Балалар шеңбер бойына тұрып,бір-біріне күлімдей қарапәңгімелеседі:-Мен әдемімін.-Мен ақылдымын.-Мен бақыттымын.-Мен әдепті баламын.
Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауамен дем алып, Жақсы ойлар табайық. Осы жақсы лебізді Бір-бірімізге сыйлайық.- Енді, балалар, келіңдер, кілем үстіне жайғасайық!
Кіріспе әңгіме.Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, тауып көріңіздер.1. Ақ сақалды, ақ шаштыӘкемнің ол әкесіКім болады ол саған? 2. Аймалайды күнім деп,Мейірімді жүзі күлімдепТәтті-ақ дейді немере,Бал шырындай үнің деп. Ол кім? 3. Түнде жортадыМысықтан қорқады.
Балалар шеңбер құрып тұрады.
Балалар өлең жолдарын педагогпен бірге айтып, қимылдар жасайды.
Шеңбер бойыменотырады.
Ата.
Әже.
4. Өзі жап-жас, мұрты бар,Ет пен сүтке ұмтылар.Тастамайды жылы үйде,Түкті тонын шұп-шұбар.
Дұрыс балалар, енді осы кейіпкерлердің бәрі қатысатын «Шалқан» деген ертегіні айтып беремін. Ертегі: Шалқан (орыс ертегісі)
Баяғыда бір үйде,Шал мен кемпір болыпты.Тірліктеріне өмірде,Көңілдері толыпты.
Бір күні шал аулаға,Шалқан дәнін егіпті.Шалқан қашан піскенше,Маңдай терін төгіптіШалқан әбден піскесін,
Шал келеді жұлуға.Арлы-берлі тартқылап,Жұла алмасын біледі.Шақырады көмекке,Үйде жүрген кемпірін.
Екеуі жұлып ала алмай
Тышқан.
Мысық.
Балалар мұқият тыңдайды
Рефлексиялық-түзетушілік
Шаршап қалды ентігіп,Шақырады тағы да, Немересін үйдегі
Үшеулеп жүріп тартса даШықпайды шалқан түйнегіҮшеуі жүріп ойланып,Шақырады күшігін,
Жабылғанмен қолға алып.Жетпестерін білді күшінің.Төртеуі тартып ары-бері,Шаршады, әбден терледі.Мысығы келді көмекке,
Онда да әлдері келмеді.Не істеу керек деп,Отырып бәрі ойланды.Көмекке енді келетін,Үйде енді кім қалды.Үйлерінде тышқаннан,
Басқа ешкім жоқ еді.Шақырғасын тышқанды,Көмекке ол да келеді.Шалы барып шалқанның,Сабағынан ұстайды,Бір-біріне жалғасып,Күштерін жиып нықтайды.Жабылып бәрі тартады,Күштері енді артады,Бірлесіп тартып қалады,Шалқанды жұлып алады.
Сергіту сәті:Бала, бала, балақай,Қол соғайық, алақай!Бiр, екi, үш деп айтайық,Саусақтарды тартайық.Жалқау бала болмайық,Қолды қысып, ойнайық.
/ Б.Бөрiбаев/
Ойын: «Кім тапқыр»Балалар, сендер көздеріңді жұмыңдар. Мен бір кейіпкерді алып тығып қоямын. Сендер қай кейіпкердің жоқ екенін айтасыңдар.Дұрыс, балалар, жарайсыңдар ойынға өте жақсы ынтамен қатыстыңдар.
Қорытындылау:Біз қандай ертегі өттік. «Шалқан» ертегісі дұрыс. Қандай кейіпкерлер болды балалар? Сендер барлықтарың жақсы қатыстыңдар.
Апаймен бірге іс - қимылдарды жасайды.
Балалардың жауаптары.
Рөлдерге бөлініп сахналайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегіні мұқият тыңдауды, суретке қарап мазмұнын айта білу.Игеру керек: Ертегіге еніп, қиялдауды үйренеді.Меңгеру керек: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын ойнап келтірді.