акша банк слаид

27
Үй тапсырмасын сұрау: 1. Нарық дегеніміз не? Нарық заңы. 2. Ұсыныс заңына және ұсыныс қисығына анықама беріңіз? 3. Сұраныс заңы және сұраныс қисығы. 4. Өндіріс факторларын атаңыз? 5. Жалақы ұғымы. 6. Өндіріс ұғымы және оның негізгі мәселелері 7. Монополия термині. 8 Лицензия, авторлық құқық, патент ұғымдарын талдаңыз?

Upload: asem-sarsembayeva

Post on 09-Feb-2017

53 views

Category:

Internet


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: акша банк слаид

Үй тапсырмасын сұрау:1. Нарық дегеніміз не? Нарық заңы.2. Ұсыныс заңына және ұсыныс қисығына анықама беріңіз?3. Сұраныс заңы және сұраныс қисығы.4. Өндіріс факторларын атаңыз?5. Жалақы ұғымы.6. Өндіріс ұғымы және оның негізгі мәселелері.7. Монополия термині.8 Лицензия, авторлық құқық, патент ұғымдарын талдаңыз?

Page 2: акша банк слаид

Ақша және банктік жүйе

Page 3: акша банк слаид

Ақша жүйесі және банк қызметі оның ішінде ҚР банк жүйесі туралы тәлімгерлерге

түсіндіру.

Page 4: акша банк слаид

баяндау, сатылай талдау, сұрақ - жауап әдісін

қолдану

Page 5: акша банк слаид

интерактивті тақта, үй тапсырмасын сұрауға

арналған үлестірмелі қағаздар, буклет.

Page 6: акша банк слаид

Жаңа сабақ өтуге дайындық:

1.ҚР Ұлттық валютасы туралы не білеміз?2.Құнды қағаздар дегеніміз не?3.Меркантилистер мектебінің

концепциясын еске түсіру.

Page 7: акша банк слаид

1. Ақша ұғымы және оның шығуы.

2. Ақша жүйесі және оның қызметі.

3. Банктік жүйе мәні және құрылымы.

4. ҚР банктік жүйе.

Page 8: акша банк слаид

1. Ақша ұғымы және оның шығуы. Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланғаны рас. Сондықтан кейбір экономистердің ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп бар. Бірақ, бұлайша, зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты. Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды. Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастарының дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға

Page 9: акша банк слаид

бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп атады. • Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды. Айырбастың тарихи ұзақ даму нәтижесінде айрықша тауар, яғни ақша пайда болды. • Ақша дегеніміз - жалпылама балама рөлін атқаратын ерекше тауар.•Түрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы ақшаның рөлін әртүрлі заттар атқарып келді. Ал уақыт өткен сайын жалпылама баламалық рөлді алтын атқаратын болды. Оған себепші оның төменде аталған қасиеттері, яғни алтынның: 1) сапасының біртектілігі;• 2) бөлінгіштігі;• 3) икемділігі (портативтілігі);• 4) сақталғыштығы.

Page 10: акша банк слаид

• • •

• Алтын - сирек кездесетін және еңбек шығындарын көп қажет ететін металл. Алтынның басқа тауар сияқты тұтыну құны және өзіндік құны болады.

• Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары. Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды.

Page 11: акша банк слаид

2.Ақша жүйесі және оның қызметі.

• Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі.

• Ақша жүйесі жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады.

• Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:• 1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады.

Мысалы: (Қазақстанда – теңге). • 2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының

металға бағаланған салмақ мөлшері. • 3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар,

монеталар, қазыналық билеттер. • 4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар

шығару тәртібі.

Page 12: акша банк слаид

5. Ақша жүйесінің инситуттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер. •6. Ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі. Металдық ақша жүйесі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған.Тарихта монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан). Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия,

Page 13: акша банк слаид

Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесегі құнының мөлшерімен шектелген. Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Ал қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды. Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды. Алтынның құнымен белгіленген тауардың құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың құны жоғары болса, онда ол алтынның көп мөлшеріне теңестірілетін болды.

Page 14: акша банк слаид

Ақша массасы Ақша массасы дегеніміз- халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады: М х V = Р х QБұнда:• M - айналыстағы ақшаның массасы;• V – акша айналысының жылдамдығы;• Р - тауар бағаларының орташа дәрежесі • Q – айналымдағы тауарлардың саны. Бұл теңдеу тауар бағаларының қосындысы мен айналыстағы ақшаның массасының сан жағынан тәуелділікте болатынын көрсетеді.

Page 15: акша банк слаид

Бағаға, өндіріске, жұмыспен қамтуға әсер ету мақсатымен ақшаның массасына бақылау жүргізу қажет. Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны оның алтын ақша орнын алмастыратын санына тең болуы керек, басқаша болса, қағаз ақшалар арнасы артық толып кетіп, олар құнын жояды. Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

Page 16: акша банк слаид

• Банктік жүйе мәні және құрылымы.

• Банк (итальян тілінен «bankо»- үстел)деген мағынада.Яғни уақытша басы бос қаражаттарды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несиеге( беретін негізгі экономикалық институт. Банк - қаржылар мен қорларды жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыратын, айналымға қосатын, ақша мен құнды қағаздар шығаратын және т.б. да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша несие беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады.Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.

Page 17: акша банк слаид

Банктердің қызметі: 1 клиенттерге есепшот ашумен;2 кассалық қызмет көрсетумен;

3 қысқа және ұзақ мерзімге несие берумен;4 инвестициялық қызмет атқарумен;5ұзақ мерзімді күрделі шығындарды

қаржыландыру, құнды қағаздар шығарумен айналысады.

Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемл. қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын тарта болды.

2 20 ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы банктердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде кредит беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 — 10 жылға дейін) ұмтылды.

1

3

Page 18: акша банк слаид

ҚР банктік жүйе.

1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданған болатын. Ал «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңнын, 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға» делінген.

Page 19: акша банк слаид

Банктік жүйе- нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''ЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда. Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi. Бірақта 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша ҚР кейбiр заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдар қабылданды.

Page 20: акша банк слаид

Қазақстан Республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады: - І дәрежеде – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. - ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңы оның банктік жүйедегі орны мен рөлін, құқықтық дәрежесін, қызметін, міндеттерін және ҚР-ң мемлекеттік өкімет органдарымен өзара қатынасын білгіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тек Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Ұлттық Банк орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктермен және басқа қаржы-кредит ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды. Ұлттық Банктің құрылымына орталық аппарат, 16 аумақтық филиал, Алматы қаласындағы 2 филиал (Банкнот фабрикасы және Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы) кіреді.

Page 21: акша банк слаид

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

- ---мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға; - Қазақстан Республикасының ақша несие жүйесін басқару; - Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау; - Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау; - Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; - Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу; - ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу; - Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Page 22: акша банк слаид

Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері: - Салымдар жинап, несие беру; - Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу; - Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу; - Несие беруде делдалдық қызмет атқару; - Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

Банктік сектордың кұрылымы 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 Екінші деңгейдегі банктердін саны, с.і: 55 47 44 35 34 35 34 33 35 37

90-ж банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, 95-жылдың орта кезінен бастап, 2000 жылға дейін Халықаралық стандартқа өтуі барысында банктеріміздің саны бірден кысқарды, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивтік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.

Page 23: акша банк слаид

2009 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы жұмыс жасайтын банктер саны 37-і құрады, соның ішінде Алматы қаласында 32- банк, 31- филиал және 284 есеп айырысу-кассалық бөлімдер қызмет етеді.«Қазкоммерцбанк» АҚ,«ТұранӘлемБанкі» АҚ,«Қазақстан Халык Банкі» АҚ,«Темірбанк» АҚ,«ЦентрКредитБанкі» АҚ,«НұрБанк» АҚ,«Каспий Банкі» АҚ,

Page 24: акша банк слаид

Бекіту сұрақтары?

1. Ақша дегеніміз не?2. Ақша жүйесінің анықтамасы.3. Ақша жүйесінің элементтерін атаңыз?4. Ақша қызметі.5. Ақша массасы дегеніміз не?6. Банк ұғымы7. ҚР Банк жүйесі қанша дәрежеден тұрады ?

Page 25: акша банк слаид

ҚорытындыҚорытынды Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: «Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге үшырады« деп мақтанышпен атап өткен болатын.

Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады

Page 26: акша банк слаид

Үй тапсырмасы:

Дәрісті оқу, глоссариймен жұмыс, «Дүниежүзілік валюталар»

тақырыбында баяндама дайындау.

Page 27: акша банк слаид

Бағалау: