Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

16
Күні: 31.10.2015 Сынып: 6 «Ә» Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы:Сақтардың мекендеген жері.Сақ қоғамы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сақ туралы алғаш мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстауы, сақ қоғамы туралы мәлімет беру; Дамытушылық: Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту; Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, жазбаша жұмыс Сабақтың көрнекілігі: слайд,карта , үйлестірмелі карточкалар, тест, жұмбақ, ребус. Пәнаралық байланыс: география Сабақтың барысы: І.Үйымдастыру кезеңі: А)Амандасу, оқушыларды түгендеу; Ә)Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру Психологиялық сергіту Сыңғырлайды қоңырау, Біз сабақты бастаймыз Партамызға отырып, Табыс тілін баршаға, Жаңа білім алуға Алға қадам тастаймыз.

Upload: -

Post on 16-Feb-2017

722 views

Category:

Education


7 download

TRANSCRIPT

Page 1: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

Күні: 31.10.2015Сынып: 6 «Ә»Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихыСабақтың тақырыбы:Сақтардың мекендеген жері.Сақ қоғамыСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сақ туралы алғаш мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстауы, сақ қоғамы туралы мәлімет беру;Дамытушылық: Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту;Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, жазбаша жұмысСабақтың көрнекілігі: слайд,карта , үйлестірмелі карточкалар, тест, жұмбақ, ребус.Пәнаралық байланыс: география Сабақтың барысы:І.Үйымдастыру кезеңі:А)Амандасу, оқушыларды түгендеу;Ә)Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыруПсихологиялық сергітуСыңғырлайды қоңырау,Біз сабақты бастаймызПартамызға отырып,Табыс тілін баршаға,Жаңа білім алуғаАлға қадам тастаймыз.Бір –біріміздің жылулығымызды сезіну үшін алақандарымызды тигізейік,Бүгінгі күн терезеденБізге күле тұр қарапСондай жақсы көңіл-күймен,Басталады бұл сабақІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1 тәсіл – асық ату ойыны (слайд арқылы көрсетемін, ұяшықтардағы сандарды таңдайды әр топтың оқушылары).

Page 2: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Page 3: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Page 4: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Page 5: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

ІІІ. Жаңа сабақ: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы Жоспары: 1. Сақ туралы алғаш мәліметтер 2. Сақ тайпаларының қоныстануы 3. Сақ қоғамы

Сақтар-біздің бабамыз, Ақыл-ойлы данамыз Тарихи дерек іздеп біз, Көне дәуір тамырын, Терең іздеп табамыз.

Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары.Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндер мен грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбон айтуға болады. Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында «құдіретті еркектер » деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында «жүйрік атты тулар»дейді.Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер»деп атады.

Page 6: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

Грек авторлары Ктесий «сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп,ұрысқа араласады»деп баяндайды.

Page 7: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Page 8: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Page 9: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

Арал теңізінің сотүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар,аргипейлер,исседон,массагеттер деп атайды.Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген . Сақ қоғамы жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрады.Жауынгерлерге ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар»,яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша бас киімдері саналады. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді. Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл,абыздары ақ,ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген,сыйлаған.Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын.Мысалы,сақтарды патшайым Томирис басқарды. Гректерді сақтарды аса жоғары құрметтеп,оларды әлемге ең әділ,ең шыншыл халық деп есептеген. Ежелгі грек географы Страбонның айтуынша,сақтар жақсы шбандоздар болған.Олар «садақпен,қылышпен және қола балталармен қарулаған,сауыт киген».

Page 10: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:

Постер қорғайтын уақытта оқушыларға суреттер, тақырыпқа байланысты карта беріледі 4 топқа.

Page 11: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

Ойлап тап жұмбақ шешу (ұяшықтағы алты жұмбаққа жауап беру).1.Қадам бас алға сүрінбей,Болашақ кілті – білімде.Қандай мағына береді

“Сақ” сөзі парсы тілінде? («құдіретті еркектер»)

2.Арайлап таңы атады,Маужырап күні батады.Түйе сүтін балмен тең,Сақтар қалай атады? «шұбат»

3. Басынан кешкен шақтардыТарихшы тізіп ақтардыКімдер деп тағы атадыГрек Геродот сақтарды. «массагеттер»

Page 12: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

4. Білімді алтынға теңедік,Достарға ашық, кең едік.Әйгілі сусын жасаушы,Сақтарды кімдер деп едік? «Хаумаварга»

5. Ағаға тыныс іні еді,Тарих өткеннің үні еді.Сақ әйелінің ерлігінСипаттап берген кім еді? «Ктесий»

6. Көгенге құлын байлады,Бес қаруды да сайлады.Айтып берші, қай сақтар,Арал мен Сырды жайлады? «Парадарайа»

Page 13: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

1 топ – Тарихи диктант (көп нүктенің орнына түсіп қалған сөзді қою).Тиграхауда сақтары осы күнгі _______________________________________________________ және Жетісу жерінде өмір сүрген. Тайпа көсемі___________________ қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы__________ ________ шешті, __________реттеп отырды.

2 топ – Сематикалық карта (дұрыс жауапқа «+» жауабын қою керек).

Сақтар Мургаб аңғарында

Арал теңізінің маңында

Сырдарияның орта ағысында

Сақ - парадарайа

Сақ - тиграхауда

Сақ - хаумаварга

Киімдерінің түсі

Сары мен көк түсті

Қызыл жәнесары қызыл

ақ түсті

Сақ жауынгерлері

абыздар

малшылар мен егіншілер

3 топ – Ребусты шешу ( тайпаның аты шығады оқушылар оны табу керек).

Page 14: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

4 топ – Анаграмманы шешу. Бұл бөлімде өткен материалдар бойынша сөздер беріледі. Берілген сөздердің қасына дұрыс жауабын қою керек.Д А И Т А Х Р А Г У-тиграхаудаТ Е Р О Г О Д-Геродот а қ с-сақЫ Б А З-абызС А С Т Е Г М А-массагет А у м а х г а в а р-хаумаварга

V.Бағалау:Оқушыларды білімдеріне сай бағалауVІ.Үйге тапсырма беру:№14 Сақтардың мекендеген жері.Сақ қоғамы (оқу,мазмұнын айту)1-топ: Геродот2-топ: Страбон