ÆÀÐҚÛÍ ÌÅÐÅÊÅ ÆÀÓÛÍÃÅÐ...

4
2019 жыл 17 мамыр жұма № 17 (116) 9 ÌÀÓÑÛÌ – ҚÀÇÀҚÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛ ÏÐÅÇÈÄÅÍÒІÍ ÑÀÉËÀÓ ÊҮÍІ Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ, жарқын мереке. Бұл – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мəңгі жасампаздығын, Отанын фашизмнен қорғаған жау- ынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы халықтың Жеңісті жақындатқан ерлік еңбектерінің мəңгі өшпейтіндігін дəлелдейтін мереке болып қала бермек. Осыған орай, 9 мамыр күні аудан орталығы Ақмолда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Оған ауданымыздың тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлері жəне соғыстан оралмаған азаматтардың туған- туысқандары қатысты. «Ұлы Отан соғысы біздің қаһарман халқымызды күллі əлемге танытқан қасиетті майдан болса, Ұлы Жеңіс Сіздердің ерліктеріңізді мəңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл Жеңіс болмағанда, бүгінгі Тəуелсіз Қазақстан да ÆÀÐҚÛÍ ÌÅÐÅÊÅ болмас еді. Сондықтан да Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан əрбір ардагерге кейінгі ұрпақ атынан мың мəрте алғыс айтамыз. Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді əрдайым мақтан етеміз. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді аудан əкімі М.С. Тəткеев құттықтау сөзінде. Мереке Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Бір ми- нут үнсіздіктен кейін шараға қатысқан барлық қонақтар арнайы тігілген шатырларда əскер ботқасынан дəм татты. Іс-шара аудандық Мəдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен жалғасты. Ə. ТӨТЕЕВА, ішкі саясат бөлімінің маманы. Біздің əңгімемізге арқау болған асыл аға – Сейілбек Əкімбекұлы Усиннің жасы бүгіндері 100-ге тақап қалды. 1921 жылы Көкшетау облысының Арықбалық ауданына қарасты Шағалалы ауылында дүниеге келген Сейілбек өмірдің тауқыметін аз көрген жоқ. Бірақ, қандай сындарлы кезең бол- масын, ол өзінің қайсарлығы, білімге деген құштарлығы мен ұстамдылығының арқасында алған бағытынан жаңылған кісі емес. Ағаның шаңырағында 5 ұл, 2 қыз жарық дүние есігін ашты. Алдыңғыларының бəрі зейнеткерлік жастан асқан жандар. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдары ол бірінші Украин май- даны бағытында генерал Рыбалко басқарған 3-ші гвардиялық танк дивизиясында байланысшы болып қызмет атқарған. Əскерде зеңбірекшілерді «Соғыс құдайы» десе, телефон бай- ланысын қамтамасыз етуші бөлімшені «Армия жүйкесі» деп атаған. Қатерлі тапсырмаларды мүлтіксіз орындаған қазақ сол- даты бірнеше ордендермен, сондай-ақ кеудесін жарқыратқан көптеген медальдармен марапатталған. Күні бүгінге дейін Сейілбек Усиннің мұрағатында Берлинді алғанда Сталиннің берген медалі мен Алғыс хаты сақтаулы. Совет əскерінің басшысы маршал Георгий Жуковтың тари- хи сөзін бізге кездескен сайын қайталауды ол жақсы көреді: «Немістер бізге соғысуды үйретті, бірақ олар бара-бара білгендерінен айрылды». – Соғыстың алғашқы жылдары Совет əскері үшін оңай болған жоқ. Қару-жарақтың, техниканың аздығынан біз үнемі шегіністе болдық. Бірақ, содан шығар шынымен көп тəжірибе жинақтадық. Солдаттар мен офицерлер əбден шынықты. Сасу, жасқану сияқты қасиеттер біржолата бойымыздан арылды, - деп еске алады майдангер Сейілбек аға. Генерал Рыбалконың дивизиясы жауынгерлері қатарында ол Украинаның бас қалаларын, Польша, Румыния, Праганы азат еткен. Соғыста болған бір оқиға қарт жауынгердің ойынан бірде бір шыққан емес. Бірде қанды көйлек жолдасы грузин Сосо еліннен келген хатты қойнынан алып оларға оқып беріпті. Сосын сүйікті қызының суретін көрсетіп, бейбіт өмірде онымен міндетті түрде шаңырақ көтеретінін айтып жарқылдап күлген екен. Берлинді алғаннан кейін Совет əскері Прагаға оралуға мəжбүр болады. Себебі, бұл жерде қоршауда немістің біраз əскери бөлімшері қалып койған. Сейілбек ағамыз қызмет еткен ба- тальон сол соғыстардың бел ортасында жүрді. Жап-жаңа сөйлесіп отырған, ойындағы арман-тілектерін айтып қуанған жігіттер сол жауынгерлік операцияда түгелдей қаза табады. Нона есімді қызына сүйіспеншілігін білдірген жолда- сы Сосо да сол майданда көз жұмады. Сүйіктісіне жазған хаты жүрегінен аққан қан тамшыларымен қызарып қалса да, Сейілбек аға қыздың мекен-жайын тауып, жолдастары атынан ҚÎÑ ÄӘÓІÐ ÊÓӘÃÅÐІ оған көңіл айтып хат жазып жібереді. Міне, екінші дүние жүзілік соғыс ойранының бір сəті осындай қанды оқиғамен аяқталған. Ұлы Отан соғысының ардагері бар өмірін ұстаздық қызметке арна- ды. Ол бұқаралық ақпарат құралдарынан өмірі қол үзбеген кісі. – Мен 1956 жылдан бері баспасөз құралдарынан көз жазған жоқпын. Шама-шарқым келгенше газеттерді шолып отыра- мын. Бұл дағды ертеден қалыптасты, бойыма əбден сіңгені сонша, оқып шықсам көңілім бір көншіп қалады, - дейді қадірлі ел ағасы Сейілбек Усин. Қазақ-орыс тілдерінде еркін жазатын кісі болғасын, ол қос тілді ақпаратты елорда өңірінің газеттерінде де жариялап жүр. Өлеңге таласы бар адам болғасын өзінің жыр жинағын да шығарды. Соның бірін жариялауды жөн көрдік. Өсиет Тамаша қасиет – адалдық, Көтерген биік белеске. Кісіге қылма жамандық, Алдыңнан шығар бір кезде. Қимылсыз құр үмітпен, Босқа өткізбе күніңді. Үлгі болар ісіңмен, Артыңда қалдыр ізіңді. Жасы жүзді алқымдай бастаған Сейілбек Усин Нұр-Сұлтан шаһарының тұрғыны. Оған Елбасы Жарлығымен, шынайы соғыс ардагері ретінде, бас қаладан үй берілді. Бақытты жанның қонақжай дастарханынан дəм татпаған адам кемде- кем шығар. «Адам ұрпағымен жасайды» деп даналарымыз бекерден-бекер айтпаған ғой. Адал ниеті, дархан көңілінің арқасында немере-шөпшектерінің ортасында алаңсыз өмір сүріп жатқан асыл ағаның бақыты шынымен де зор. Біз қос дəуірдің куəгері болған қазақ солдатын Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жанат ТҮГЕЛБАЕВ, Қазақстанның Құрметті журналисі. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сəйкес, 2019 жылғы 17 мамырда сағат 11-де аудан аппаратының мəжіліс залында (Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34) Целиноград аудандық мəслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы шақырылады. Сессия қарауына келесі мəселелер шығарылады: 1. 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы. 2. 2018 жылға арналған аудандық Целиноград ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы. 3. Целиноград ауданы Қажымұкан ауылының құрылыс салу Бас жоспарына өзгеріс енгізу туралы 4. Целиноград ауданының Ыбырай Алтынсарин ауылындағы 7 көшесі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы 5. Целиноград ауданының Қосшы ауылындағы Республика көшесі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы 6.Целиноград аудандық мəслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мəселе туралы. 7.Целиноград аудандық мəслихатының кезекті сессиясының төрағасы туралы. Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мəслихатына жазбаша, электрондық жəне ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30- 506, электрондық мекенжай – [email protected] Б. ЫБЫРАЕВ, мəслихат хатшысы. Àóäàí äåïóòàòòàðûíûң íàçàðûíà! Ұлы Жеңіс бізге ардагер майдангерлердің ерлігі мен тылдағы адамдардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында келді. Оларға құрмет пен ізет көрсету - бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Өйткені олар біздің мақтанышымыз əрі айбарымыз. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында аудан əкімі Малғаждар Тəткеев соғысқа қатысқан майдангердің жесірі, Тайтөбе ауы- лында тұратын Қатима Ахметованың үйіне барып, есендігін біліп, мерекемен құттықтады (суретте). Қазіргі кезде Қатима Ахметова ұлымен, немере-шөберелерімен бірге тұрады. Малғаждар Сəттарұлы ақ шашты əзиз анаға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, майдангердің жесіріне бағалы сыйлық пен азық-түлік себетін табыс етті. Қатима əжей өз кезегінде аудан əкіміне алғыс айтып, жасаған қамқорлығы мен ізгі пейілі үшін ризашылығын білдіріп, өңірдің гүлденуі жолында атқарып жатқан ісіне табыс тіледі. Ə. ЗЕЙНОЛЛА. ÆÀÓÛÍÃÅÐ ÆÀÐÛÍÀ ҚҰÐÌÅÒ ÊӨÐÑÅÒІËÄІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабына, Родина ауылдық округінің шығып қалған əкімі орнына сайлауын тағайындау тура- лы» 2019 жылғы 6 мамырдағы № 17/2 Целиноград аумақтық сай- лау комиссиясының қаулысына сəйкес Целиноград аумақтық сай- лау комиссиясы Родина ауылдық округінің сайлауы 2019 жылдың 17 маусымда тағайындалғанын хабарлайды. Əкімдікке кандидаттарды ұсыну 2019 жылдың 17 мамырда ба- сталады жəне 2019 жылдың 21 мамырда аяқталады. Əкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады жəне 2019 жылдың 1 маусымда аяқталады. Комиссия төрағасы Р. Түлкібаев Комиссия хатшысы А. Айтқожина. Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ Целиноград ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің жедел мəліметі Ауданның ауылшаруашылығы құрылымдарының егістік алқаптары 251605 гектарды құрайды. Оның ішінде 219248 гектар жер дəнді жəне бұршақ тұқымдас дақылдардың үлесіне тиесілі. Биыл 177002,6 гектарға бидай, 30483,9 гектарға – арпа, 5953,0 гектар алқапқа – сұлы, ал 6244,0 гектарға – бұршақ, 14329 гектарға – майлы өсімдіктер тұқымы себіледі. Сондай-ақ, 60944 гектар алқап мал азығының үлесінде. 2028 гектар жерге картоп, 575 гектарға – көкөніс отырғызылады. 15 мамырға арналған мəлімет бойынша 29000 тонна тұқымдық дəн дайындалып, оның 8676 тоннасы дəріленді (30 пайыз). 113900 гектар алқапқа ылғал жабылды (122,3 пайыз). 26648 гектар жерге егіс алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілді (32,8 пайыз). 580 гектарға көпжылдық шөптің тұқымы, 2509 гектарға – арпа, 1080 гектарға – бидай, 1540 гектарға – басқадай дəнді дақылдар тұқымы себілді. ÊӨÊÒÅÌÃІ ÅÃІÑ – 2019

Upload: others

Post on 08-Oct-2020

14 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ÆÀÐҚÛÍ ÌÅÐÅÊÅ ÆÀÓÛÍÃÅÐ ÆÀÐÛÍÀesil-nura.webpress.kz/storage/51/51802f326f9b71ec... · көкөніс отырғызылады. 15 мамырға арналған

2019 жыл 17 мамыр

жұма№ 17(116)

9 ÌÀÓÑÛÌ – ҚÀÇÀҚÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛ ÏÐÅÇÈÄÅÍÒІÍ ÑÀÉËÀÓ ÊҮÍІ

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ, жарқын мереке. Бұл – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мəңгі жасампаздығын, Отанын фашизмнен қорғаған жау-ынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы халықтың Жеңісті жақындатқан ерлік еңбектерінің мəңгі өшпейтіндігін дəлелдейтін мереке болып қала бермек.

Осыған орай, 9 мамыр күні аудан орталығы Ақмолда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Оған ауданымыздың тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлері жəне соғыстан оралмаған азаматтардың туған-туысқандары қатысты.

«Ұлы Отан соғысы біздің қаһарман халқымызды күллі əлемге танытқан қасиетті майдан болса, Ұлы Жеңіс Сіздердің ерліктеріңізді мəңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл Жеңіс болмағанда, бүгінгі Тəуелсіз Қазақстан да

ÆÀÐҚÛÍ ÌÅÐÅÊÅ

болмас еді. Сондықтан да Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан əрбір ардагерге кейінгі ұрпақ атынан мың мəрте алғыс айтамыз. Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді əрдайым мақтан етеміз. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді аудан əкімі М.С. Тəткеев құттықтау сөзінде.

Мереке Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Бір ми-нут үнсіздіктен кейін шараға қатысқан барлық қонақтар арнайы тігілген шатырларда əскер ботқасынан дəм татты.

Іс-шара аудандық Мəдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.

Ə. ТӨТЕЕВА,ішкі саясат бөлімінің маманы.

Біздің əңгімемізге арқау болған асыл аға – Сейілбек Əкімбекұлы Усиннің жасы бүгіндері 100-ге тақап қалды.

1921 жылы Көкшетау облысының Арықбалық ауданына қарасты Шағалалы ауылында дүниеге келген Сейілбек өмірдің тауқыметін аз көрген жоқ. Бірақ, қандай сындарлы кезең бол-масын, ол өзінің қайсарлығы, білімге деген құштарлығы мен ұстамдылығының арқасында алған бағытынан жаңылған кісі емес.

Ағаның шаңырағында 5 ұл, 2 қыз жарық дүние есігін ашты. Алдыңғыларының бəрі зейнеткерлік жастан асқан жандар.

Сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдары ол бірінші Украин май-даны бағытында генерал Рыбалко басқарған 3-ші гвардиялық танк дивизиясында байланысшы болып қызмет атқарған. Əскерде зеңбірекшілерді «Соғыс құдайы» десе, телефон бай-ланысын қамтамасыз етуші бөлімшені «Армия жүйкесі» деп атаған. Қатерлі тапсырмаларды мүлтіксіз орындаған қазақ сол-даты бірнеше ордендермен, сондай-ақ кеудесін жарқыратқан көптеген медальдармен марапатталған. Күні бүгінге дейін Сейілбек Усиннің мұрағатында Берлинді алғанда Сталиннің берген медалі мен Алғыс хаты сақтаулы.

Совет əскерінің басшысы маршал Георгий Жуковтың тари-хи сөзін бізге кездескен сайын қайталауды ол жақсы көреді: «Немістер бізге соғысуды үйретті, бірақ олар бара-бара білгендерінен айрылды».

– Соғыстың алғашқы жылдары Совет əскері үшін оңай болған жоқ. Қару-жарақтың, техниканың аздығынан біз үнемі шегіністе болдық. Бірақ, содан шығар шынымен көп тəжірибе жинақтадық. Солдаттар мен офицерлер əбден шынықты. Сасу, жасқану сияқты қасиеттер біржолата бойымыздан арылды, - деп еске алады майдангер Сейілбек аға.

Генерал Рыбалконың дивизиясы жауынгерлері қатарында ол Украинаның бас қалаларын, Польша, Румыния, Праганы азат еткен.

Соғыста болған бір оқиға қарт жауынгердің ойынан бірде бір шыққан емес.

Бірде қанды көйлек жолдасы грузин Сосо еліннен келген хатты қойнынан алып оларға оқып беріпті. Сосын сүйікті қызының суретін көрсетіп, бейбіт өмірде онымен міндетті түрде шаңырақ көтеретінін айтып жарқылдап күлген екен. Берлинді алғаннан кейін Совет əскері Прагаға оралуға мəжбүр болады. Себебі, бұл жерде қоршауда немістің біраз əскери бөлімшері қалып койған. Сейілбек ағамыз қызмет еткен ба-тальон сол соғыстардың бел ортасында жүрді. Жап-жаңа сөйлесіп отырған, ойындағы арман-тілектерін айтып қуанған жігіттер сол жауынгерлік операцияда түгелдей қаза табады.

Нона есімді қызына сүйіспеншілігін білдірген жолда-сы Сосо да сол майданда көз жұмады. Сүйіктісіне жазған хаты жүрегінен аққан қан тамшыларымен қызарып қалса да, Сейілбек аға қыздың мекен-жайын тауып, жолдастары атынан

ҚÎÑ ÄӘÓІÐ ÊÓӘÃÅÐІоған көңіл айтып хат жазып жібереді.

Міне, екінші дүние жүзілік соғыс ойранының бір сəті осындай қанды оқиғамен аяқталған.

Ұлы Отан соғысының ардагері бар өмірін ұстаздық қызметке арна-ды. Ол бұқаралық ақпарат құралдарынан өмірі қол үзбеген кісі.

– Мен 1956 жылдан бері баспасөз құралдарынан көз жазған жоқпын. Шама-шарқым келгенше газеттерді шолып отыра-мын. Бұл дағды ертеден қалыптасты, бойыма əбден сіңгені сонша, оқып шықсам көңілім бір көншіп қалады, - дейді қадірлі ел ағасы Сейілбек Усин.

Қазақ-орыс тілдерінде еркін жазатын кісі болғасын, ол қос тілді ақпаратты елорда өңірінің газеттерінде де жариялап жүр.

Өлеңге таласы бар адам болғасын өзінің жыр жинағын да шығарды. Соның бірін жариялауды жөн көрдік.

ӨсиетТамаша қасиет – адалдық,Көтерген биік белеске.Кісіге қылма жамандық,Алдыңнан шығар бір кезде.

Қимылсыз құр үмітпен,Босқа өткізбе күніңді.Үлгі болар ісіңмен,Артыңда қалдыр ізіңді.

Жасы жүзді алқымдай бастаған Сейілбек Усин Нұр-Сұлтан шаһарының тұрғыны. Оған Елбасы Жарлығымен, шынайы соғыс ардагері ретінде, бас қаладан үй берілді. Бақытты жанның қонақжай дастарханынан дəм татпаған адам кемде-кем шығар. «Адам ұрпағымен жасайды» деп даналарымыз бекерден-бекер айтпаған ғой. Адал ниеті, дархан көңілінің арқасында немере-шөпшектерінің ортасында алаңсыз өмір сүріп жатқан асыл ағаның бақыты шынымен де зор. Біз қос дəуірдің куəгері болған қазақ солдатын Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ,Қазақстанның Құрметті журналисі.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сəйкес, 2019 жылғы 17 мамырда сағат 11-де аудан аппаратының мəжіліс залында (Ақмол ауылы, Наурыз көшесі 34) Целиноград аудандық мəслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы шақырылады.

Сессия қарауына келесі мəселелер шығарылады: 1. 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы

жылдық есепті бекіту туралы.2. 2018 жылға арналған аудандық Целиноград ауданының

ауылдық округтерінің бюджеттерін орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

3. Целиноград ауданы Қажымұкан ауылының құрылыс салу Бас жоспарына өзгеріс енгізу туралы

4. Целиноград ауданының Ыбырай Алтынсарин ауылындағы 7 көшесі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы

5. Целиноград ауданының Қосшы ауылындағы Республика көшесі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы

6.Целиноград аудандық мəслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мəселе туралы.

7.Целиноград аудандық мəслихатының кезекті сессиясының төрағасы туралы.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мəслихатына жазбаша, электрондық жəне ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-506, электрондық мекенжай – [email protected]

Б. ЫБЫРАЕВ, мəслихат хатшысы.

Àóäàí äåïóòàòòàðûíûң íàçàðûíà!

Ұлы Жеңіс бізге ардагер майдангерлердің ерлігі мен тылдағы адамдардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында келді. Оларға құрмет пен ізет көрсету - бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Өйткені олар біздің мақтанышымыз əрі айбарымыз.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында аудан əкімі Малғаждар

Тəткеев соғысқа қатысқан майдангердің жесірі, Тайтөбе ауы-лында тұратын Қатима Ахметованың үйіне барып, есендігін біліп, мерекемен құттықтады (суретте). Қазіргі кезде Қатима Ахметова ұлымен, немере-шөберелерімен бірге тұрады.

Малғаждар Сəттарұлы ақ шашты əзиз анаға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, майдангердің жесіріне бағалы сыйлық пен азық-түлік себетін табыс етті.

Қатима əжей өз кезегінде аудан əкіміне алғыс айтып, жасаған қамқорлығы мен ізгі пейілі үшін ризашылығын білдіріп, өңірдің гүлденуі жолында атқарып жатқан ісіне табыс тіледі.

Ə. ЗЕЙНОЛЛА.

ÆÀÓÛÍÃÅÐ ÆÀÐÛÍÀ ҚҰÐÌÅÒ ÊӨÐÑÅÒІËÄІ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабына, Родина ауылдық округінің шығып қалған əкімі орнына сайлауын тағайындау тура-лы» 2019 жылғы 6 мамырдағы № 17/2 Целиноград аумақтық сай-лау комиссиясының қаулысына сəйкес Целиноград аумақтық сай-лау комиссиясы Родина ауылдық округінің сайлауы 2019 жылдың 17 маусымда тағайындалғанын хабарлайды.

Əкімдікке кандидаттарды ұсыну 2019 жылдың 17 мамырда ба-сталады жəне 2019 жылдың 21 мамырда аяқталады.

Əкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады жəне 2019 жылдың 1 маусымда аяқталады.

Комиссия төрағасы Р. ТүлкібаевКомиссия хатшысы А. Айтқожина.

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Целиноград ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің жедел мəліметі

Ауданның ауылшаруашылығы құрылымдарының егістік алқаптары 251605 гектарды құрайды. Оның ішінде 219248 гектар жер дəнді жəне бұршақ тұқымдас дақылдардың үлесіне тиесілі.

Биыл 177002,6 гектарға бидай, 30483,9 гектарға – арпа, 5953,0 гектар алқапқа – сұлы, ал 6244,0 гектарға – бұршақ, 14329 гектарға – майлы өсімдіктер тұқымы себіледі. Сондай-ақ, 60944 гектар алқап мал азығының үлесінде. 2028 гектар жерге картоп, 575 гектарға – көкөніс отырғызылады.

15 мамырға арналған мəлімет бойынша 29000 тонна тұқымдық дəн дайындалып, оның 8676 тоннасы дəріленді (30 пайыз). 113900 гектар алқапқа ылғал жабылды (122,3 пайыз).

26648 гектар жерге егіс алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілді (32,8 пайыз). 580 гектарға көпжылдық шөптің тұқымы, 2509 гектарға – арпа, 1080 гектарға – бидай, 1540 гектарға – басқадай дəнді дақылдар тұқымы себілді.

ÊӨÊÒÅÌÃІ ÅÃІÑ – 2019

Page 2: ÆÀÐҚÛÍ ÌÅÐÅÊÅ ÆÀÓÛÍÃÅÐ ÆÀÐÛÍÀesil-nura.webpress.kz/storage/51/51802f326f9b71ec... · көкөніс отырғызылады. 15 мамырға арналған

№17 (116) 17.05.192

«Өлі риза болмай тірі байымайды» дейді дана халқымыз, сондықтан, осы елдің азаматтары ауызбіршілік танытып, соғыс ардагерлеріне арнап, гранит тастан ескерткіш орнатты. Қайтыс болған ел азаматтарына ауыл имамы құран бағыштаса, христи-ан шіркеуінің өкілі – отец Николай арнайы діни рəсім өткізді.

Осы сұрапыл соғысқа Арайлы ауылынан 200-ге жуық кісі қатысты. Оның ішінен 62-сі оралмады. Аман оралғандары дала төсінде қажырлы еңбек етті. Сондай-ақ, 7 адам фашистік кон-цлагерьде азап шекті.

Ескерткіш көпшіліктің қаражатымен істелгені анық. Бұл «Оң қолыңмен бергенді сол қолым білмесін» деген қағидамен жасалған оңтайлы іс болды.

Аталмыш іс-шараға қатысушылар соғыста қайтыс болған адамдарды бір минуттік үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

ÀÐÄÀÃÅÐËÅÐ ҰÌÛÒÛËÌÀÉÄÛҰлы Жеңістің 74 жылдығына орай, астаналық ауданның

Арайлы (Максимовка) ауылында соғыста қаза тапқан ата-бабаларымызға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты

өтті.

Келген қонақтарға тегін ас пен сусын ұсынылды. Сол күні елде ауылшаруашылығы жəрмеңкесі өткізілді. Соңына қарай ардагерлер мен қонақтарға «Аяжан» тойханасында ас берілді.

Ескерткішті орнатуға белсене атсалысқан адамдарға округ əкімі Ғабдұлхакім Олжабаев шын жүрегінен алғысын білдірді. Олардың арасында: В. Стороженко, Р.С. Төлеубаев, А.Н. Бута-кова, А. Кодочигов, Г.П. Морозов, Е.Г. Усова, Жылқыбаевтар əулеті, Т.П. Белоброва, В. Белобров, С.Ю. Полевая, К. Ко-тов, Ж.Б. Шəкен, А.А. Лопата, сондай-ақ ауылдың жеке кəсіпкерлері, мектеп ұжымы мен əкімдік қызметкерлері бар. Ауыл əкімі «Аяжан» кафесінің ұжымына да зор ризалығын айтты.

Айгүл АХМЕТОВА, əкімдіктің бас маманы.Арайлы.

9 Мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай Тасты ауылдық окугінде айтулы іс-шара болып өтті.

Соғыс ардагерлері тұрған үйлердің қабырғаларына естелік тақтайшалары орна-тылды. Тақтайшаларды орна-ту салтанаты 7- мамыр күні Отан қорғаушылар мерекесімен тұспа-тұс келді. Аталған шараға ардагер əкелеріміздің туған -туысқандары, немере-шөберелері жиналды

Тастақ ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ах-метжанов Қаріп, Құстаев Ахмет, Шакеев Абралдының отбасына Тасты ауылдық округінің əкімі Б.К. Аппасов пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Қ. Өтешов, мектеп директоры Р.Я.Османова мен тəрбие ісінің орынбасары С.К.Ермұханбетов арнайы барып, естелік тақтайшаны ұрпақтарына

ÒÀÑÒÛÄÀҒÛ ÒӘËІÌÄІ ØÀÐÀтабыс етіп, ұжым атынан құттықтау лебізін білдірді. Ауыл имамы Жылқыбай Жанболат өз кезегінде аруақтарға арнап құран бағыштады.

Ұлы Жеңіс күніне арналып мектепшілік мерекелік іс-шаралар да кеңінен ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ешкім де ұмытылмайды, ешнəрсе де ұмытылмақ емес» де-ген тақырыпта оқушылардың қатысуымен тəрбиелік мəні бар концерт өткізілді. Мерекелік салтанат ауыл жұртшылығы мен əкімдік ұжымының мəңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің қатары сиреп барады. Сондықтан майдангерлерімізді құрметтеп, дəріптеу, оларға қамқорлық жа-сау біздің басты борышымыз болмақ.

Осы бір жарқын мерекеге орай «Болашақ» балабақшасының ұжымы ардагерлерді қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұндағы мақсат - жас ұрпақ санасына бейбіт өмірдің мəн-маңызын түсіндіріп, аға ұрпақтың ерлігін ұғындыру, оларға патриоттық тұрғыда тəрбие беру.

9 мамыр – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталып, Жеңіс туы желбіреген күні. Осы-нау бақытты өмір үшін жан қиған боздақтарды еске алу күні. Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды са-

ÅÐËІÊÊÅ ÒÀҒÇÛÌ

Оқушылар əскери саппен жүріп өтіп, патриоттық əндер шырқады.

Болашақ жауынгерлер əскери қаруды бұзып, қайта жинаудың

тəсілдерін жұртшылыққа паш етті. Ауылдық округтің əкімі Б.К. Ап-пасов 11-сынып оқушыларына əскери билеттер табыс етті. Мере-ке патриоттық əндермен жəне би-мен жалғасты. Саналы да, білімді патриоттарды тəрбиелеуде осындай іс-шаралардың атқаратын маңызы зор деп білеміз.

Қуаныш БАЙҒОЖИНА, тəлімгер.

рыла күткен сағыныш күні. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагер-

лер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, соларға қарап бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мəңгілік

ұмытылмас бір парағы болып қала бермек.

Салтанат ЖҮНІСОВА, «Болашақ» балабақшасының

меңгерушісі.Нұресіл.

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Зəуреш Аман-жолова мен Бақытгүл Хаме-нова Қараөткел ауылының №2 орта мектебінде болған кезінде қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру турасындағы бірқатар заң жобалары мен қолға алынып жатқан шаралар жайында əңгімеледі

Осы орайда əлеуметтік міндеттерді шешуге арналған Парламент депутаттарының заң қабылдау тұрғысындағы белсенділіктері де сөз болды.

Бюджеттік сала мамандарының жалақыларын көтеру, атаулы əлеуметтік жəрдемақылар тағайындау бүгінде біздің қоғамымыздағы өзекті мəселеге айналып отыр. Халық қалаулылары ауыл мұғалімдерінің қызметіне қатысты басқа да мəселелерді тілге тиек етті. Дəл осы күні депутаттар «Nur Otan» партиясының аудандық филиалын-да азаматтарды қабылдап, аудандық емханада болып, ем-деу мекемесінің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.

Т. САНСЫЗБАЙҰЛЫ.Қараөткел.

ӘËÅÓÌÅÒÒІÊ ÌӘÑÅËÅËÅÐ ÑӨÇ ÁÎËÄÛ

ӘËÅÓÌÅÒÒІÊ ÌӘÑÅËÅËÅÐ ÑӨÇ

«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген сөз бар халқымызда. Шаңырақта баланың бал күлкісінің үзілмегені жақсы ғой.

Біз астаналық ауданға қарасты Арайлы ауылдық округінде тұрамыз. Отбасында 2 ұл, 2 қыз - төрт бала-ны тəрбиелеп отырмыз бүгінде. Жолдасым қаңтар айынан бастап жұмыссыз үйде отырған еді. Сəуір айының басын-да Елбасымыздың көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде ұсынған бағдарламасы жүзеге асырылып, оның шапағаты бізге де тиді. Сəуір айының алғашқы 10 күнінде қажетті құжаттарымызды жергілікті ауыл əкімшілігіне тапсырдық.

Жолдасымды жұмыссыз ретінде тіркеп, 10 күннің ішінде қоғамдық жұмысқа орналастырды. Құжаттар тап-сыруда да ешқандай қиындық көрген жоқпыз. Сəуір айының екінші онкүндігінде балаларымызға тиесілі жəрдемақыны қолымызға алып, қуанышқа кенелдік. Осы орайда Елбасымызға, жергілікті ауыл əкімі мен əкімшіліктегі қызметкерлерге айтар алғысымыз шексіз. Жұмыстарыңыздың жемісін көріп, халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіздер. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Əр отбасында бақытты балаларымыздың шат-шадыман күлкісі естіле берсін.

Д. ТОҚБАЕВА.Арайлы.

ÀËҒÛÑÛÌÛÇ ØÅÊÑІÇ

Аудандық мəслихаттың депутаттары кезектен тыс 45 сессияда төмендегідей мəселелерді қарады:

1.Целиноград аудандық мəслихатының «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №261/34-5 шешіміне өзгертулер енгізу.

2.Целиноград аудандық мəслихатының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі №236/34-5 «Аудандық бюджет комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу.

Осы мəселелер бойынша экономика жəне қаржы бөлімінің жетекшісі А.Б. Ыбыраева хабарлама жасады.

Мұнан кейін кезектен тыс сессияға қатысушылар аудан əкімдігінің жанындағы Билер кеңесінің дербес құрамын бекітіп, мəслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №275/40-6 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау турал» шешіміне өзгерістер енгізді.

Өз тілшіміз.

ÊÅÇÅÊÒÅÍ ÒÛÑ ÑÅÑÑÈß

«Дүниежүзілік кітап күні» мерекесіне орай Жарлыкөл орта мектебінде «Құрметтейік кітапты» деген тақарыпта көрме жəне сынып сағаттары өткізілді.

Көрмеге əдеби жəне дүниежүзіндегі əйгілі сəулет ерекшеліктерімен құнды кітапханалар туралы мəліметтер ілінді. Оқушылар үзіліс кезінде ертегілер желісі бойынша жазылған кітаптар туралы кроссворд-тар шешті. Бастауыш сыныптарда, атап айтқанда 2-4 «Б» сыныптарында «Книга - лучший друг», 6 «Б» сы-ныбында «Вечное чудо книга» атты сынып сағаттары өткізілді.

Оқушылар кітап жайлы, кітап оқу адамның өмірінде ерекше орын алатыны турасындағы мəліметтерге қанықты. Олар өз кезегінде сүйікті ақыңдарының өлеңдерін оқып, мақал-мəтелдер айтып, сиқырлы жəшік арқылы ертегі елінің сиқырлы заттарымен танысты. Бұл шара өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, кітаптың адам өмірінде алатын маңызын түсіндіру болды. Кітап қай заманда да өз құнын жоғалтпайды. Қандай да өркениетті елдің дамуында білімде, ғылымда, мəдениетте болсын кітап басты орын-да болып қала бермек. Кітап оқу - сол өркениеттің бір бөлшегі. Ешқандай байлық, дүние оны алмастыра ал-майды.

Сəуле АБАҚАЕВА, кітапханашы.Жарлыкөл.

ÁÀҒÀ ÆÅÒÏÅÑ ҚÀÇÛÍÀ

Page 3: ÆÀÐҚÛÍ ÌÅÐÅÊÅ ÆÀÓÛÍÃÅÐ ÆÀÐÛÍÀesil-nura.webpress.kz/storage/51/51802f326f9b71ec... · көкөніс отырғызылады. 15 мамырға арналған

№17 (116) 17.05.19 3×åêòі òàëàï åò òå

æүëäåíі ұòûï àë!2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан

Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республи-касы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.

Акция кезінде Қазаұстанның əрбір тұрғыны кез келген зат-ты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу жəне (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс жəне қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мəдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы жəнечек туралы мəліметтерді тəркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store,Google Play market-те қолжетімді.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын жəне қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смарт-фон ойнатылады.

8 (716-2) 72-12-59 тлф хабарласуға болады.Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баян-дама ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен Елбасына енгізілетін өзекті құжаттардың бірі болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлықтың халықаралық жəне ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру жəне жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

Ұлттық баяндаманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспарды орындаудың жылдық қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар халықаралық зерттеулерге, құқықтық статистика деректеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің əлеуметтік өлшемдеріне негізделген Қазақстандағы сыбай-лас жемқорлықтың жай-күйі мен таралу үрдісіне талдау көрсетілген», - деді спикер.

Transparency International Kazakhstan сарапшылары Қазақстанның трансұлттық жəне жергілікті сыбайлас жемқорлықтың өсуі аясында рейтингтегі өз ұстанымдарын ұстап қалғанын (31 балл), сондай-ақ елдің Орталық Азия өңіріндегі үздік көрсеткіштерін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық моделінің жəне оның алдын алудың негізгі басымдықтары ашылған. Есеп беретін жəне кəсіби мемлекеттік аппаратты дамыту, этикалық бақылауды жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары 2018 жылы олардың үлесін 69%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді (2017 жылы - 50%).

Салалық сыбайлас жемқорлық тəуекелдері зерттелді.Жобаларды басқару жəне ақпараттық технологиялар негізінде сы-

байлас жемқорлыққа қарсы жаңа тəсілдерді сипаттайды. Мысалы, биз-нес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асы-рылуда.

Айрықша назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамауды қалыптастыру жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті ілгерілету мəселелеріне аударылған.

Баяндаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жақсарту бой-ынша ұсынымдар қорытындылай келеді. Мəселен:

1) заңсыз байытқаны, пара беруге уəде бергені жəне ұсынғаны үшін жауапкершілік белгілеу;

2) жария құқық заңды тұлғалар институтын енгізу;3) бақылаушы құрылымдарды тарата немесе түбегейлі қысқарта оты-

рып, мемлекеттік бақылаудың орнына кəсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу;

4) Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер то-бына (ГРЕКО) кіру;

5) мемлекеттік қызметшілерді парасаттылыққа тексеруді енгізу (integrity check);

6) заңнамалық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау туралы сараланған ережелерді көздеу;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жəрдем көрсететін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу;

8) басшылардың бағынысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда дербес жауапкершілігі белгілеу;

9) сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тəртіптік жауапкершілігін белгілеп, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары бойынша ұсынымдарға орындауға міндетті сипат беру;

10) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган-ды жəне оның құзыретін айқындау.

11) рəсімнің өмірлік циклі шеңберінде «бір өтініш» (мемлекеттік органға бір рет жүгіну) қағидатына көшу жолымен мемлекеттің халықпен жəне бизнеспен өзара іс-қимылының белсенді форматын ба-рынша енгізуді қамтамасыз ету;

12) азаматтардың ақпараттық сұраныстарын есепке алу тетігін енгізу;13) елдің барлық өңірлерінде «қоғамдық бақылаудың интерактивті

картасын іске қосу»;14) «Цифрлық агент» жүйесіне мемлекеттік құрылымдардың

неғұрлым көп санын қосу;15) озық елдер мысалында мемлекеттік қызметтер көрсету

мерзімдерін түбегейлі қысқарту; 16) «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы шеңберінде: - мемлекеттік органдардың қызметіне тұтынушыға бағытталу

қағидатын енгізу; - кедергісіз орта құру; - азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы

құндылықтарды дамыту;- «партиципаторлық» бюджеттеуді кеңінен тарату (халықтың

бюджетті қалыптастыруға тікелей қатысуы) ұсынылған.Бұл шараладың барлығы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі.

Ñûáàéëàñ æåìқîðëûққà қàðñû іñ-қèìûë

Ақмешіт ауылының орта мектебінде 1- мамыр мерекесіне орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге жəне халқын құрметтеуге тəрбиелеу, елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мəдениетін, əдет-ғұрпын сыйлауды наси-хаттауда мұндай шаралардың мəні зор екендігі белгілі. Мектеп оқушылары қанатты сөздерді жазып, ұлттық киімдерді киіп, зал ішін көркемдеп, мереке-ге сай безендірді. Жүргізушілер қолдарында түрлі-түсті шарлары, жалаушалары бар əсем киінген балаларды мерекелік əуенмен сахнаға шақырды.

Мектеп директоры Сағындық Бесімбайұлы Аппасов ауыл жұртшылығын мерекемен құттықтады. Қонақтар атынан Мағжан Мүсалдина мен ардагер ұстазымыз Күлбаршын Ахмеди-на да ақ тілектерін арнады. Бірлік

ҰËÒ ÁІÐËІÃІ – ҰËÛ ÁÀÉËÛҚ

пен татулықтың арқасында бүгінде еліміз тыныш, жұртымыз аман. Осы берекеміз бұзылмағай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы ай-нымас достыққа сызат түспеуіне бəріміз тілекшіміз.

Концерт барысында 9-сынып оқушысы Бейсембаева Жасминның орындауындағы «Туған өлкем» əні, 4-сынып оқушыларының əдеби-сазды монтажы, 3-сы-нып оқушылары Алтыбай Ме-руерт пен Олжабай Қымбаттың орындауындағы «Қазағым» əні, 3-сынып оқушысы Көшкембай

Сымбаттың мың бұрала билеген өзбек биі халық көңілінен шықты. Мерекелік шараның соңында мек-теп оқушылары хормен «Атаме-кен» əнін шырқады.

Кешті қорытындылаған мек-теп директоры тəрбие ісінің меңгерушісі Гүлжан Ықыласқызы Төлеулина өз сөзін: «Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп түйіндеді.

Гаухар БЕЙСЕНОВА, мұғалім.Ақмешіт.

Қазақ халқының пейілінің кеңдігі өзінің дар-хан даласындай. Кешегі отызыншы жылдардың зұлматында, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге əр ұлт өкілдері пана іздеп келді. Сол кезде жаны жайсаң, аузын ашса жүрегі көрінетін халқымыз құшағын кең жайып, бір үзім нанын беріп, оларды төріне шығарған.

Ал қазірде еліміз өркендеп, Қазақстанымыз қарыштап дамып келеді. Қанша қиын кезеңнен сүрінбей өткен қазағым əлі де сол ақжарқын, көңілі кең қалпынан танбаған. Бүгінде елімізде 130-ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Бəрі де бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тəтті өмір сүруде. Сол қуанышымызды ел болып 1-ші мамыр күнін кеңінен

ÁÀËÀÁÀҚØÀÄÀҒÛ ÌÅÐÅÊÅ

атап өтеміз. Бұл айтулы күнді əрбір үй, əр мекеме, əр адам айрықша етіп өткізеді.

Ыбырай Алтысарин ауылындағы «Күншуақ» балабақшасының ұжымы да «Береке – бірлікте, ырыс - ынтымақта» деген атаумен мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін ортаға салып, əн айтып, би биледі. Еліміздің тыныштығы, достығы осы болашақ жас жеткіншектердің қолында. Біздің міндетіміз - саналы да, өнегелі ұрпақ тəрбиелеу.

Бақытгүл ОМАРОВА, балабақша тəрбиешісі.

Ыбырай Алтынсарин.

«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қоғамда мықты, білігі мен білімі жоғары, жаңашыл ұстаздардың болуы өмір тала-бы.

Жуырда осындай білігі жоғары, жаңашыл ұстаздардың ат салысуымен Мəншүк ауылының орта мектебінде «Шағын жинақталған мектепте белсенді əдістерді қолдана отырып оқыту» тақырыбы бойынша аудандық семинар болып өтті.

Оның негізгі мақсаты - белсенді əдістерді қолдана оты-рып, тəжірибемен бөлісу болып табылады.

Семинар жұмысына мектебіміздің төрайымы Т.Е. Хасе-нова, директордың орынбасарлары: Г.М. Қабдырахманова, А.М. Қойлыбаева, Х.Ұ. Қабылдинова, А.О.Жақыпова жəне білім бөлімінің əдіскерлері: К.С. Сатыбалдинов, А.Д. Му-сина жəне аудан мектептерінің ұстаздары атсалысты.

Жиын барысында ұстаздар ашық сабақтарын өткізе отырып, өздерінің озық тəжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, бастауыш сынып мұғалімдері: Л.А.Беляева мен К.А.Мəндібекова, пəн мұғалімдері: Б.Ахамай, Г.М.Қабдрахманова, И.М.Евцихевич, Б.М.Балтабаева жəне А.К.Кинеева өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Əр ұстаз өз сабағында белсенді əдістерді орынды қолдана отырып, оқушылардың білім мен біліктілік дағдыларын қалыптастыруларына жол ашты.

Сонымен қатар Х.У.Қабылдинова жəне А.О.Жақыпованың жетекшілігімен өткен тəрбиелік іс-шара жоғары деңгейде

ұйымдастырылды. Денешынықтыру пəнінің мұғалімі – А.А.Кинеев келген

меймандарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалынған көрме жұмысы мен ұстаздардың жетістіктері туралы таныстырып өтті.

Іс-шараға мектебіміздің оқушыларымен бірге ұстаздар да ат салысты. Домбыра үйірмесінің жетекшісі М.Е.Жиреновтің шəкірттері əн мен күйден шашу шаш-ты. Келген қонақтар 7 «А» сынып оқушысы Жақсылық Айғанымның таныстыруымен мектеп мұражайын аралап көрді.

Семинар қорытындысында оқу ісінің меңгерушілерінің ұйымдастырумен дөңгелек үстел өткізіліп, қонақтарға естелік ретінде фотосуреттер таратылды.

Б. АХАМАЙ, мұғалім.Мəншүк.

ÒӘËІÌІ ÌÎË ÑÅÌÈÍÀÐ

ҰËÒ ÁІÐËІÃІ – ҰËÛ ÁÀÉËÛҚ

Page 4: ÆÀÐҚÛÍ ÌÅÐÅÊÅ ÆÀÓÛÍÃÅÐ ÆÀÐÛÍÀesil-nura.webpress.kz/storage/51/51802f326f9b71ec... · көкөніс отырғызылады. 15 мамырға арналған

№17 (116) 17.05.194

Газет редакцияныњ компьютерлiк цехында терiлiп, беттеледi. «Көкше-Полиграфия» АЌ-ында офсеттік тәсілмен басылып шығарылды. Көкшетау ќаласы, Әуелбеков кµшесi, 98 ‰й.Мерзімдік баспасөз басылым, ақпарат агенттігін және желілік басылымды

есепке қою туралы N 16264-Г Куәлігін 2016 жылы 23 желтоқсанда Ќазаќстан Республикасыныњ Аќпарат және коммуникация министрлiгi берген.

Таралымы – 1300 дана. Тапсырыс-наряд N 934. Индекс 65821. Газет ж±ма к‰нi шыѓады. Кµлемi 1 баспа табаќ.

«Перне» ЖШС (Ақмола облысы

Целиноград ауданы)

Меншiк иесi:

Редакция єрбiр автордыњ пiкiрiмен келiсе бермейдi. Келтірілген деректерге, сондай-аќ хабарландырулар мен жарнамаларѓа - берген кісілер жауапты.

Мәдениет

Хабарландырулар

Теплицы от компании «Воля», ширина -3м, высота -2 м, длина 4,6,8,10 и более м., толщина поликарбоната 4 мм, оцинкованный не ржавеющий каркас, не деревянное ос-нование. Цены и фотографии можно посмотреть на сайте Teplitsa.kz, бесплатная доставка. тел. 8 701 337 01 90.

Утерянный договор купли-продажи земельного участ-ка, кадастровый номер 01-011-086-400 находящийся по адресу: Акмолинская область, Целиноградский район, с.Кызылсуат, Талапкерского сельского округа, выданный на имя Сауткина Людмила Борисовна, считать недействи-тельным.

После смерти Кудлач Ивана Николаевича, умершего 2 октября 2003 года, открылось наследство. Наследникам и заинтересованным лицам обращаться по адресу: Акмо-линская область, Целиноградский район, село Акмол, ули-ца Гагарина, дом 15, кВ.1 к нотариусу Кабиевой Д.А. Тлф 8 701 440 21 59.

После смерти Богатыревой Ольги Васильевны 14.04.1958 г.р., умершей 10.01.2019 года открылось на-следство. Наследникам и заинтересованным лицам обра-щаться по адресу: Акмолинская область, Целиноградский район, аул Акмол, ул.Гагарина 16 «А», к нотариусу Туре-гельдиевой К.Ж. тлф. 8 701 545 84 51.

Аудан мəслихатының депутаттары мен аппараты Нұрғали Жоламанұлы Тоқабаевқа анасы

Күнжанныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл

айтады.

Жуырда ғана бо-лып өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында өңіріміздің азаматтары өздерінің жан-жақты, сегіз қырлы бір сырлы екендіктерін шынайы түрде дəлелдеді.

Елбасымыз Н.Ə. Назар-баев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мəдениетіне де ерекше тоқталып өкен-ді. «Ер қанаты – ат» деп қазақ бабамыз айтқандай, аталған сынға қатысқан біздің сері жігіттеріміз атқа отырудың шеберлігін көрсетіп қана қоймай, басқа да қырларымен таныла білді.

«Ақылы асса, аға ғой», дегендей Қазақстан тарихы мен қазақ əдебиеті бойынша білім деңгейлерінің жоғарғы дəрежеде екендіктерін көрсетті.

Байқау қорытындысында «Жігіт сұлтаны» атағын №44813əскери бөлімінің аға лейтенанты Шахимов Нұржан жеңіп алды. «Сері жігіт» номинациясын-

ÑÅÐІ ÆІÃІÒÒÅÐ ÀÐÀÌÛÇÄÀ

да Қызылжар ауылынан келген Ғазизов Жұматай үздік шықса, «Өнерлі жігіт» атағына Шаймерденов Ақжол ие болды. «Көрермендер көзайымы» атағын қояндылық Имамағзам Дəукен лайықты иеленді. Ақмол ауылының атынан сынға түскен Абсəмет Мансұр мен Нұресіл ауылының азаматы Дүрімхан Ербахыт асқан белсенділіктері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Қатысушылардың барлығына да бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Нұрсұлу ЕРМҰХАНОВА.Жастар орталығының маманы.

Ақмол.

Аудан орталығы Ақмол ауылында «Жа-стар-2019» атты облыстық спартакиадасы бо-лып өтті. Дүбірлі додаға аудан мектептерінің белсенді жас спортшылары қатысып, бақ сына-ды.

Спартакиададан біздің оқушылар да қалыс қалған жоқ. 1500 метр қашықтыққа жүгіруде мектебіміздің желаяқ қызы, 6 сынып оқушысы Сырбу Виктория II орынды жеңіп алды.

Спортшы қызымызды мектеп ұжымы мен сыныптастарының атынан құттықтап, алдағы уақытта та табыс тілейміз.

М. ДƏБЕЙ.Қарамеңді батыр.

ÆÀÐÀÉÑÛҢ, ÂÈÊÒÎÐÈß!

Тұрғындар назарына!

Ауданымыздың ең ірі аймағы Қосшыға қоныстанған елдің қарасы қазіргі кезде 50 мыңға таяп қалды. Көпшілік жүрген жерде өнер мен білімге бір та-бан жақын адамдардың аз бол-майтыны белгілі. Оның үстіне мұнда Мəдениет үйі ашылғасын оған көңіл аударған кісілер саны да көбейген үстіне көбейіп келеді.

Қабділбар Көпжасарұлы Абақов Се-мей өңірінің тумасы. Көп жыл бойы инженер-технолог болып еңбек еткен жан. Қазір құрметті демалыста.

Астана іргесіндегі Қосшы ауылы-на қоныс аударғаннан бері ол аудан ардагерлерінің қоғамдық жұмысына белсене араласып келеді.

Биылдан бері Қабділбар Көпжасарұлы аталмыш өңірдің мəдени жұмыстарына көңіл аударып, бұл жерде «Əжелер» ансамблінің жұмыс істеуіне бел-сене жол ашты. Саны оннан асқан өнерпаз жандар құрылған күннен бастап дайындыққа барынша ден қойды. Жергілікті кəсіпкерлер, соның ішінде Сайра Матайбаева, өнерпаз жандарға арнайы концерттік киім тіктіру үшін қомақты қаржы аударған. Бұған, Қабділбар Абақовтың айтуынша, Целиноград ауда-ны Мəдениет бөлімінің басшысы Айгүл Үкіметқызы да көп қолдау жасады. Сондықтан болар, мамыр мерекелерінде Қосшының осы «Əжелер» ансамблі біраз концерттік шаралар ұйымдастырды.

ӨÍÅÐËІ ÁÎËÑÀҢ – ÀÐҚÀËÀÍ

Округтің Мəдениет үйінде өткен өнер байқауына жергілікті тұрғындар да дəн ризалықтарын білдірді. Өнер шын мəнінде жасқа қарамайды. Көңілі бар кісі бойындағы дарынын халық игілігіне кеңінен жұмсай алады. Ұлы Абай хакімнің өзі: «Өнерлі болсаң – арқалан» деп текке айтпаған ғой. Елорданың жұлдызды қалашығы Қосшының өнерпаздары шын мəнінде дара туған əншілер екен. Бұл оларға халықтың берген бағасы.

Р. ҚАДІРЖАН, өз тілшіміз.Қосшы.