КИЕЛІ МЕКЕН СЫРЛАРЫ meken.pdf6 ҚАСИЕТ ҚОНҒАН КИЕЛІ МЕКЕН...

93
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігІ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті КИЕЛІ МЕКЕН СЫРЛАРЫ «Тараз университеті» баспасы Тараз, 2018

Upload: others

Post on 08-Feb-2020

26 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігІ

М.Х.Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университеті

КИЕЛІ МЕКЕН

СЫРЛАРЫ

«Тараз университеті»

баспасы

Тараз, 2018

ӘОЖ 82-34(574)

КБЖ 83.3 (5каз)

К33

Киелі мекен сырлары: аңыз-әңгімелер жинағы. – Тараз: Тараз университеті, 2018. – 93 бет.

Материалдарды жинап, құрастырғандар: Аға оқытушы А.Б.Тойшыбекова – гуманитарлық ғылымдар

магистрі, аға оқытушы А.Ж.Иматаева – филология магистрі, Ғ.Т. Абдыханова – педагогика магистрі.

ISBN 978-9965-37-180-6

Рецензенттер: Құлбарақ С.О. – филология ғылымдарының докторы,

профессор, М.Х.Дулати атындағы Таразмемлекеттік университетінің «Дулати-тану» ғылыми зерттеу орталығыныңдиректоры;

Садықбеков Р.А. – филология ғылымдарының кандидаты,Тараз мемлекеттік педагогикалықуниверситетінің «Қазақ филологиясы»кафедрасының доценті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасының аясында сонау ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар ізін салған қасиетті Жамбыл облысының танылмаған киелі жерлерін, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университеті «Әулиеата – киелі мекен» атты экпедиция ұйымдастырылды. Бұл жинақта экспедиция жұмыстарының нәтижелері бойынша аңыз-әңгімелер қарастырылған.

ISBN 978-9965-37-180-6

© М.Х.Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университеті, 2018

3

АЛҒЫ СӨЗ

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы

жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.

Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған

жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің

майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім

біледі? Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөзі еске түседі.

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның

жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі,

адам - өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол

мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың

өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз

патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене

сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең

мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішінде

«Туған жер» бағдарламасын ұсынды.

«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша

іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды

көріністерінің бірі» - деп Елбасының атап көрсеткеніндей,

мемлекетіміздің басты байлығы, адам капиталының негізгі ұлттық

тірегі - руханият. Ұлт руханиятының басты белгілерінің бірі -

рухани құндылықтарымызды қадірлеу, туған жерді сүю арқылы

ұлттық кодымызды сақтау. Сананы оятып, рухани жадымызды

жаңғыртқан, тарихтың төрінен орын алған маңызды мақала

Қазақстанның түкпір-түкпірінде талқыланып, ұшан-теңіз

жұмыстар атқарылып, әлі де жалғасын тауып жатыр.

«Туған жер» жобасының аясында М.Х.Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары

мен студенттері «Әулиеата – киелі мекен» атты экспедиция

жұмысын ұйымдастырып, Жамбыл облысының киелі

орындарын аралап қайтқан болатын. Экспедицияның басты

мақсаты - Жамбыл облысының танылмаған киелі жерлерін,

облыс этностарының тарихын, мәдениетін, тілін және салт-

дәстүрін зерттеу.

4

«Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып

сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен,

бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның

өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде

әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», - деп бағдарламалық

мақалада айтылғандай, рухани қазыналарымызды насихаттай

отырып, жас ұрпақтың ұлттық санасын өсіру, өңірдің тарихы

мен мәдениетін қайта жаңғырту - экспедиция жұмысының

негізгі міндеттерінің бірі.

Осы бағытта «Әулиеата өңірінің киелі жерлері» жобасы

бойынша деректі фильм түсіру үшін 2017 жылдың маусым

айында «Әулиеата – киелі мекен» атты тарихи-этнографиялық

экспедиция жасақталып, үш бағыт бойынша (1 бағыт - Жуалы,

Жамбыл, Талас, Сарысу аудандары; 2 бағыт – Байзақ, Шу,

Мойынқұм және 3 бағыт – Т.Рысқұлов, Қордай, Меркі

аудандары) жұмыстар атқарылды.

Экспедиция мүшелері Жамбыл облысының аудандарын

аралап, киелі орындармен танысып, маңызды мәліметтер

жинады. Т.Рысқұлов ауданының Көкдөнен ауылындағы Бала

есепші кесенесі, Топағаш киелі мекені, Жамбыл ауданы

Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылынан

солтүстікке қарай 300 шақырым жерде орналасқан

ортағасырлық Тастөбе қаласының орны, Шу ауданы Жайсаң

ауылындағы ХVIII ғасырда тұрғызылған Қожахан әулие күмбезі,

Талас ауданы Тамды ауылының маңында орналасқан

Қотырбұлақ атты киелі мекен, Байзақ ауданында орналасқан

Шөлтөбе, Түймекент қалашығы, Жуалы ауданындағы Бархуаб

қалашығы, Шабғар қалашығы, Әулие бастау бұлағы, тарихта

ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген, яғни жоңғарлармен болған соғыста

ерекше ерлік көрсеткен Қордай батыр туралы аңыз-әңгімелер

және т.б. киелі орындар анықталып, тарихи мекендер суретке

түсіріліп, олар туралы көнекөз қариялар мен шежірешілер,

жергілікті өлкетанушылардан тың, жаңа мәліметтер алынды.

Жамбыл облысының әр ауданының сайы мен қыры, тауы мен

жотасы терең тарихтан сыр шертеді. Бүгінгі жас ұрпақ туған

жерінің киелі орындарынан хабардар болуы тиіс. Жинақта

қарастырылған аңыз-әңгімелер әлі де зерттеуді қажет етеді.

5

Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар.

Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын

мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық

соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді. Қазақ

елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап

айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу

өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті

орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің

болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.!

Бұл аймақ сыр-шежіреге бай, аңыздар мен әңгімелерге

арқауы мол қасиетті жер. Ешқандай боямасыз шындық

баяндалса, ауыз толтырып айтарлық, ел тарихына қосарлық

үлесі жеткілікті. «Өткенсіз бүгін жоқ» дегендей, бұрынғыны

ұғып, тарихи тамырларымызды зерделеп білгеніміз, көпшілікке

жеткізе насихаттағанымыз – үлкен парызымыз.

Өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал,

жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сондықтан осындай

халыққа танылмаған беймәлім жерлерді зерттеу бүгінгі жас

ғалымдардың еншісінде.

Қорыта айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы

жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналды. Ата-

бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған

ұлан-байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан

азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруы керек.

«Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен

маңызға ие болуының негізі - жастардың бойында патриоттық

тәрбиені асқақтатуда. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана

емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жеткізу үшін

еңбек ету – басты парыз. Бұл кітап – аталмыш экспедиция

жұмысының бір бөлігінің ғана нәтижесі. Болашақта экспедиция

жұмысы жоспарлы түрде жалғасын таппақ.

6

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН КИЕЛІ МЕКЕН СЫРЛАРЫ

БАЛ ЕСЕПШІ

Ауылым - Көкдөненде. Көкдөнен - аңызда айтылатын

жігіттің есімі. Ол өз руласындағы көрікті Көгершін сұлуға

ғашық болады. Ауылдастары, ата-анасы әдет-ғұрып бойынша

олардың үйленуіне қарсы болады. Екі жас Шал бабадан бата

алуға барады. Шал баба да рұқсатын бермейді. Қос ғашық биік

құздан құлап, мәңгілікке көз жұмады. Қарттардың айтуына

қарағанда осы екі ғашықтың құрметіне біздің ауыл қоныстанған

жазық Көкдөнен даласы деп, ал әйгілі Абсенттің ауылы

тұсындағы тау Көгершін тауы деп аталып кеткен көрінеді. Сол

таудың батыс жағындағы қабағы шытулы қарлы шыңдарды Шал

тауы деп атайды.

Біз - осы Шал баба ұрпақтарымыз. Атақты сазгер ағамыз

Мелс Өзбеков «Шал тауында ауылым», «Көгершін алқабында»,

«Көкдөнен вальсі» атты әндер циклын жазды. Бұл махаббаттың

мәңгілік символына айналған өнер туындылары еді.

Құдайдың құдіретімен әулиелікке ие болған кісілер

болады. Менің пайымдауымша, «Әулие» деген аттың өзі кез

келген адамға беріле бермейтін сияқты. Әдетте, ондай адамдарға

Алла тағала ерекше бір қасиет береді. Ал, «Әулие» деген атты

оған халық берсе керек.

Біздің аналарымыз бір үлкен істі бастар алдында немесе

жаны қатты қиналғанда Бибі Фатимаға, Домалақ ене Нұрилаға

сиынып, соларды көмекке шақырады. Әлбетте, Алланың атын

алдымен аузына алып: «Жаратқан ием, жәрдем бере гөр!» деп

алдымен Құдайға құлшылық етіп, одан соң әулие аналарды

атайды. Сондықтан болар:

Әулиенің нұры далада,

Жарықтық төгін жауып тұр.

Сәулеңді құйып самала,

Пендеңнің жанын сауықтыр,-

деп одан мәулет тілейді. Шын ниетімен тілеген жанға

Алла тағала үміттің шырағын жағып, оның тілеуін береді.

7

Біздің Шал бабамыздан тараған әулеттен шыққан осындай

әулие кісілердің бірі бала кезден «Бал Есепші» атанған атамыз –

Әлібек Бұғыбайұлы. Бізді ата туралы деректерді көбірек

ынтықтырған ол кісінің: «Жәндіктермен, ұшқан құспен, жан-

жануармен тілдеседі екен» деген әңгімелері еді.

Сонымен, біз керемет бір сиқырлы, әлде бір біздің

еркімізден тыс күштің бар екеніне тереңдей түстік. Алдымен

атаның Көкдөнен ауылында тұратын сексенді алқымдап қалған

келіні Сүлия әжейге келіп жолықтық.

― Менің осы үйге келін боп түскеніме алпыс жыл болды,

― деп бастады әңгімесін аруана, ― Жайлауымыз-қара сай,

қыстауымыз - Үмбет құм. Көшіп-қонып жүре беретінбіз. Сендер

«ата туралы айт» дейсіңдер... айтайын, қарақтарым...

Бірде есік алдындағы топ шеңгелге сауысқан келіп қонды.

Оған біз әдеттегідей зер салып қараған жоқпыз. Ал, ата әлгі

байқұс құстың қасіретін бізден бұрын көріп қойыпты. Аяғы қан,

жарақаты бар сауысқан атамның жанына жақындағанда да

ұшқан жоқ. Алақанымен сипап өткенде тамшылап тұрған қан

тиыла қалды.

Бірде (Жүсіп) атамен бірге жол жүріп келген күйеуім

Сақпанқұл: «Керемет, атам қарақұртпен сөйлесті!» - деді. Мен

аса мән бере қоймап едім, отыра қалып жолда көргенін таңдана,

таңырқай отырып айтып берді. «Ойбай-ау, қара құрттың балалай

алмай жатқанын біз қайдан білейік. Атам әлгі қара құртқа

кәдімгідей-ақ көмектесті. Түкіріп өтіп, дұға қылды. Қайтар

жолда әлгі жәндік шынымен-ақ балалап жатыр екен. Ата: «әлгі

қара құрт: мен сенің үрім бұтағыңа зиян жасамаймын» - деді.

Мен: Сіз онымен сөйлестіңіз бе? дедім сасқанымнан: Ол маған

жауап берудің орнына: «Балам ауылға тезірек жетейік, атыңды

қамшылай түс. Ана бұлтты көрдің бе, сел әкеле жатыр», - деп

шаба жөнелді. Біз көрші ауылға жеткенде нөсерден соңғы сел

ауылды ағызып бара жатқанын өз көзімізбен көрдік».

Ата ауа райын күні бұрын болжап айтып отыратын. Ауыл

есепші ата «көш!» дегенде ғана көшетін. Егіншілерге де

әдейілеп барып ауа райының жайын айтып қайтатын. Осы

Қаракемерге орыс (переселендері) жатақтары келіп егін салды.

Олар да есепші атаның айтуымен егін салушы еді.

8

Әлібек ата Бұғыбайұлы 1816 жылы Көкдөнен ауылында

дүниеге келген. Әрине, ол кезде қазақ халқы әлі де болса, көшіп-

қонып жүретін. Есепші атаның ең үлкен атасы – Майбасар.

Атаның жазғы жайлауы, Көкдөнен мен Көгершін тауының

қиылысқан жері – Қарасай. Табиғаты өте әсем жер. Қыстауы

құм. Әлібек атаның Салиха атты жалғыз қызы және Самыратбай,

Рысбек, Жүсіп деген үш баласы болған. Рысбек баласы

жастайынан қайтыс болып кетеді. Ол баласының да әулиелік

қасиеті болса керек. Баласы қатты сырқаттанып қалған да, яғни

хал үстінде жатқанда әкесін шақыртып былай дейді: «Әке екі

қошқардың басы бір қазанға сия ма?» - дейді. Сонда әкесі: «Жоқ,

балам», - деді. Баласы: «Онда, әке, мені бұл жерге емес,

Тектұрмасқа апарып жерлеңіз», ― дейді. Әкесі баласының өзі

секілді бір қасиеті бар екенін біліп, баласын Тектұрмас әулиенің

жанына жерлейді. Ал, Самыратбайдан туған Рамазан және

Қабыл атты ұлдары, Жүсіп атадан қалған Сақпанқұлдың Тілеш,

Тілепберген, Бектұрсын атты ұлдары Әлібек түтінін әлі түтетіп

отыр. Атаның жалғыз қызынан қалған Алдаберген, Ниязалы

деген екі жиені бар. Ол екеуіне де тән Күшікбай атты ұл бар.

Есепші ата туралы тың деректерді біз осы Жақсылық

ауылындағы жиенінен білдік.

Күшікбай кісінің айтуына қарағанда, Әлібек ата денелі,

кісіге тік қарайтын сұсты жан болса керек. Есепші атаның күйеу

баласы Есей би қалжыңбастау кісі екен. Бірде қайын атасына

қалжыңдаған боп қатты сөз айтып, ренжітсе керек. Ертеңіне

күйеудің аузы қисайып қалады. Күйеу бала өз ағаттығын түсініп,

қайын атасынан кешірім сұрайды. Қасиетті кісі қолымен бір

сипап, оның аузын қалпына келтіреді. ― Әлібек ата көріпкел, балшы, есепші болған. Мен ол

кісінің қаптағы тарының дәнін аузын ашпай-ақ, есептеп айтатыны туралы әкемнен естідім. Ата еліне: «биыл қыстың аяғы созылады. Сондықтан азықты ысырап ете бермеңдер» дейді. Алайда көктем ерте шығады. Оған ауыл адамдары «қателестің» деп кінә тағады. Әлібек ата бір топ адамды ертіп тауға келеді. Кең сарайда лағын емізіп тұрған елікті көрсетіп тұрып: «Анау мақұлық Алладан күннің жылынғанын жалбарынып сұраған еді, құдай оның көз жасын көріп, тілеуін уақытша болса да беріп тұр», ― дейді.

9

Әлібек ата Бұғыбайұлы 16 жасынан-ақ, көріпкелдігімен көзге түсе бастаған. Ол: «Көктем ерте шыққан екен деп, көктеуге көшпеңдер. Күн әлі қатты суытады» дейді ауыл қарияларына. Өкінішке орай, ел «бір жас баланың айтқанын тыңдап қайтеміз» деп тауға көшіп кетеді. Сөйтіп, біраз малшы малын шығындап, опық жейді. Күн расында да тез суытып кетеді.

Әлібек атаның жиені Күшікбайдың үйінде бал-есепшінің жез шылаушыны, шәугімі, шапаны, үкісі, қамшысы, кітаптары бар.

Ол кісі бұл бұйымдарын қызына әдейі қалдырса керек. Жиенінің өз жолын ұстайтынын көзі тірісінде-ақ білсе керек. Осы уақытқа дейін бұл бұйымдар сандықта сақталып келді. Күшікбай ата он жыл ауырды. Оның құдай жолына түсіп, ислам парыздарын орындай бастауына Алматыдан Жақсылық ауылына бір кісіні емдеуге келген емші қыз себеп болады. Ол: «Сіз намазға жығылыңыз. Сандықтағы заттарды шығарсаңыз болды, науқасыңыздан құлан таза жазыласыз», - дейді. Емшінің айтқанын екі етпей істеген Күшікбай ата расында да ауруынан айығып кетеді.

Қазір оған есепші ата жиі аян беріп, ауа райын болжайтынын, т.б. көріпкел сәуегейлігін жиеніне айтып отыратын көрінеді.― Ата әрқашан менімен бірге, қасымда, - дейді Күшікбай аға. ― Мен ол кісінің рындаушысымын. Атамның (көмегімен) кеңесімен Түркістандағы әулиелерді аралап, батасын алып қайттым.

Атаның сандар сырын ашып беретін қасиетінің арқасында алдыма келген науқас жандарды емдеп, шипалық жасап жүрмін. Есепші-ата құдайдың берген құдіретімен бірде маған: «балам, саған құстар, жәндіктер, жануарлар да тіл қатып сөйлей береді, тек сен одан қорықпа». Менің рухым ― Үркер жұлдызында дейді.

Әлібек ата Бұғыбайұлы 1916 жылы дүниеден өтті. Ол құмда көз жұмады. Өзінің аманаты бойынша Шал тауына кіндіктес жатқан Көгершіннің бөктеріне жерленеді.

Атаның өзі өлгенімен, оның рухы өлген жоқ. Ол осыдан 85 жыл бұрын көз жұмар алдында: «Мені перішелер әкеткелі жатыр. Екі бүйіріме екі қап тұз байлап қойыңдар. Мен сендердің ғұмырыңа керек боламын» - деген екен.

10

Иә, атаның қабірі басынан шарапаты тиген жандар қаншама?Бір перзент сүюге зар болған ата-аналардың арманы орындалғандары қаншама? Қатерлі ісіктен, ұйқысыздықтан, талма т.б. неше түрлі дерттен сауыққан кісілер тек біздің ауданда ғана емес, облыста, өзге мемлекеттерде де бар. Тегі науқас адам ғана емес, атаның дәруімен топалаң, қарасан тиген мал да жазылып кетеді екен.

Атаға Алла тағала таңғажайып күш берген. Ол - жаны таза, құдайдыңсүйген құлы. Ол Алланың есімін зікір етіп, тәні мен жанына түскен кірден көп адамдарды тазалап, оларды дертінен айықтырады. Ол адамдар атаны пір тұтады. Оған жан-тәнімен беріледі. Атаның қабірі басына барғанда ол кісімен тілдеседі. Сондай кісілердің бірі - Шекер апай. Ол кісі де көп ауырды. Қазір құдай жолында жүр. «Атаның басына мазар тұрғызсақ» деген ниетті осы ауылдың баласы Оразалы да бүкіл болмысымен қолдайды.

Иә, бәріміз де Жаңабай ата ұрпақтарымыз. Шал бабаның, есепші ата Әлібектің бұтағымыз. Сіздерді осындай қадір-қасиеті мол әулие кісілердің әруағының рухы қолдап жүрсін әрқашан.

Бал есепші туралы ел аузындағы әңгімелерді

жинастырған -филология ғылымдарының магистрі

Мырзабаева Балмира Джунусбековна.

11

ЖЕР-СУ АТЫ – БАБАЛАРДЫҢ ҰРПАҚҚА ЖАЗҒАН

ХАТЫ

2000 жылдың 14 сәуірінде «Қазақстан сарбазы - Воин

Казахстана» газетінде менің хатым жарияланды (толық мәтіні):

«...Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты «Абай»

колхозынан оңтүстікке, қырғыз Алатауына қарағанда, Алматы

жақтан келіп Алатаудың біткен тұсында; күн батыста –

Қаратаудың Шымкент жақтан келіп үзілген жерінде жергілікті

халық «Қоңыр төбе» немесе «Бурыл тау» деп атап кеткен

биіктігі 714 метрге жететін бел жатыр. Жазық жердің

тұрғындары үшін - тау, таулықтар үшін – төбе! Бұл төбенің күн

шығысында - «Құмжота» ауылы, «Ровное» шаруашылығы,

«Көктал» елді мекені, күн батысында – «Шайқорық» пен

«Бесжылдық» ауылдары қоныс тепкен. «Бурыл таудың»

оңтүстігінде бір қапталды түгелдей Тараз қаласы алып жатыр.

Енді осы тау неге «Бурыл» аталған деген сұраққа толығырақ

тоқталайық. Данагөй халқымыздың «Қобыланды», «Алпамыс»,

«Ер Тарғын», т.с.с. эпикалық батырлық жырларын жетік білетін

нағашы Момбай атамыз (1974-1975 жылдары) айтушы еді: -

«Мына, сендерге көрініп тұрған Бурыл тауда Қобыланды

батырдың «Тайбурыл» атты тұлпарының су ішіп, жем жеген

тас аттақыры бар. Соны міндетті түрде барып көріңдер!»

1999 жылы күз айында Бурыл тауға арнайы шығып, әлгі

айтылған Тайбурылдың аттақырын іздедім. Үміттеніп барсам –

жоқ! Содан біраз уақыт өткен соң Жамбыл облыстық өлкетану

мұражайына келіп, балбал тастардан тұратын мұрағаттарды

аралап жүрсем, Тайбурылдың су ішкен аттақыры бұрышта

тұрғанын көріп қуандым. Алдындағы тақтайшаға: «Қара қыпшақ

Қобыланды батырдың тұлпары «Тайбурылдың» тас аттақыры,

IXғ.» деп (суретте) жазылыпты. Бас киімімді алып, тағзым

жасадым.

Бұл тас мұнда қайдан келген? Бұны сол арада өлкетану

мұражайының бұрынғы басшысы Күзембай Байбосыновқа

жолығып сұрағанымда, ол кісі былай деп әңгімеледі:

- «Бұдан 10 жылдай бұрын (яғни, 1989 жылдарда) маған

«Ровное» ауылының бір қариясы келіп: - «Жақында пияз

12

егушілер үлкен канал арықты байлап, оған тосқауыл үшін

салмағы 4 тоннадай келетін тасты сүйретіп суға тастатты. Бұл

бассыздықты бүкіл ауыл қариялары біліп, ешкім тимесін деп,

әлгі каналдан тасты шығартып алдық, қазір ол пионер лагерінің

ауласында тұр! Егер мүмкін болса, сол тас жоғалып кетпей

тұрғанда алып кетіңдер!» - деді. Енді не істеу керек?! Көмек

сұрап іле-шала автобаза бастығы болған, бүгінде АО

«Агросервис»-тің бастығы Медеуов Жетенге (шын аты -

Жетпісбайға) (суретте) жеттім. Жағдайды ести сала, ол көмек

қолын созып, қасиетті тасты мұражайға жеткізіп берді».

Осындай елінің өткеніне сергек қарайтын азаматтардың

арқасында бұл тас халқымыздың да, шет елдік қонақтардың да

таңдай қаға тамашалайтын экспонатына айналып отыр. Тас

астаудың жоғары ернеуіне киіз үйдің уығыниетін арнайы қуыс

бар. Бұдан шығатын қорытынды – жергілікті халық бұл тасты өз

пайдасына молынан пайдаланған сияқты.

Тарихи және мәдени ескерткіштер арқылы біз өткен

замандағы бабалардың материалдық және рухани өмірін,

олардың даму деңгейінбағдарлай аламыз. Жамбыл облысының

аумағында қазақ халқының қол өнеріне жетіктігін,

дарындылығын көрсететін, оның тұрмысын,

мәдениетінайқындайтын, ғылыми-көркемдік және мәдени-

тәрбиелік мәні бар өте ежелден бүгінгі таңға келіп жеткен

тарихи ескерткіштер көп. Соның бірі – біз айтып отырған

«Тайбурылдың тас аттақыры». Егер, біздер, мұғалімдер,

тәрбиеші-офицерлер, ата-аналар, ұрпақтарымызды қазақстандық

патриотизмге тәрбиелегіміз келсе, бірінші кезекте өзіміздің төл

тарихымызға жүгінуіміз керек.

Тәрбие көзі қайда жатыр?! Жастарымыздың теледидардан

көретіні - кілең бір ойдан-қырдан құрастырылған атыс-шабыс,

қырып жою, зорлық-зомбылық. Біздің жастарымызға мұндай

тәрбие керек пе? Керісінше, жастарымызды батыр

бабаларымыздың жауынгерлік ерлікке толы дәстүрлеріне

баулитын шараларға көбірек көңіл бөлінсе ғой.

13

...Сонда Бурыл гуледі,

... Арандай аузын ашады,

Табаны жерге тимеді.

Аяғын топ-топ басады.

Көлденең жатқан көк тасты,

Бір төбенің тозаңын,

Тіктеп тиген тұяғы,

Бір төбеге қосады.

Көлденең жатқан көк тасты,

Кешке таман Тайбурыл,

Саз балшықтай иледі.

Жын қаққанға ұқсады...

...Балалық шағымызда ауылда, аталар мен әжелердің

тәрбиесін көріп өстік. Ол кездерде телевизор деген енді-енді

ауылдарға келе бастаған. Ертелі-кеш «Қазақ радиосын»

тыңдаймыз. Қариялар жағы батырлар жырын оқытып қояды.

Кезектесіп, жарыса оқимыз! Қойлы ауылда малды жайғап, жатар

орынға ошақ басына жиналғанда, ет піскенше, одан ұйқыға

кеткенше жеңгеміздің оқуында «Мың бір түнді» тыңдаймыз.

Осылайша ауыз әдебиетінің әліппесімен таныстық. Әкеміз «Қазақ

тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі болғандықтан шығар, баспадан

басылып шыққан барлық эпостық жырлар кітап сөрелерінде

сықасып тұратын.

...«Кіші Бурыл» тауының ең биік шоқтығына шығып, жан-

жағыма көз салғанда, ойыма алғаш келген сөз: - «Мұнда мұнара

тұрғызу керек!». «Тура Мәскеудегідей, Париждегідей! Төбесінде

көру алаңы бар! Құс ұшар биіктікте!»

Кейінірек, ол мұнара тұрғызылар болса, аты -

«Нұрсұлтанның нұрлы мұнарасы» болсын деген тұжырым

жасадым. Бұл жоба Қобыландының Тайбурылының аттақырын

іздеп «Кіші бурыл» тауына шыққанда идея болып ойға келгенмен,

оның нобайын Қазақ Елінің әскерлері қатарындағы қызметіммен

қатар алып жүріп, ұзақ жылдар бойы жасаумен болдым.

«Мәтібұлақ» әскери-сынақ полигонында қызметте жүргенде,

мұнара сызбалары түсіме аян болып енді. Запасқа шыққанда, сол

жобаны бір демде жасап шықтым.

14

Қобыланды батырдың Тараз өңірінде болғандығы туралы

атадан балаға беріліп келе жатқан аңыздарды әр ауылдан естуге

болады. Мысалы, 2003 жылдың 19 қазанында «Құмжота»

ауылының тұрғыны, руы өтеміс, «Құмжота», «Бурыл»

ауылдарындағы мектептерде 40 жылға жуық ұстаздық еткен

Сәтенов Орынбай ақсақалды арнайы іздеп барып, өз аузынан

естіп-білгендерін жазып алған едім. Сол сапарда қария

«Тайбурылдың аттақыры» тұрған орынды апарып көрсеткен еді

(суретте).

«Кіші Бурыл» тауының батыс жағындағы аяқталар тұсында

Қобыланды батырдың отырған тас орынтағы әлі күнге дейін ашық

аспан астында тұр. Ол тастың бар екенін ойламаған жерден білдім.

2009 жылдың 26 қазанында «Бесжылдық» ауылына кіреберісте

көлігімді қалдырып, «Кіші Бурыл» тауының жоғары жағында,

болашақ мұнара тұратын жердің ыңғайын қарастырып жүргенмін.

«Бесжылдық» ауылының «Денешынықтыру»сабағынан қашқан 5-7

сыныпта оқитын бір топ ұл-қыздары да тау басында жүр екен.

Таныстық. Мен оларға осы таудың басынан «Тайбурылдың

аттақыры» табылғанын айтып таң қалдырмақ болып едім, олар

өзімді тұйыққа тіреп қойды.

― Аға, сіз Қобыланды батырдың отырған тас орынтағының

бар екенін білесіз бе?―деп сұрады. Мен ондай тастың бар екенін

өздерінен қазір естіп отырғанымды айттым.

― Онда біз Сізді сол тасқа ертіп апарып көрсетейік! ― деп

алып барды. Мен олардан: ― Бұл таста батыр бабамыз

Қобыландының отырғанын қайдан білдіңдер? –деп сұрадым. Олар:

― «Бізге әкелеріміз бен аталарымыз үнемі айтып отырады»,―деді.

Қазақта: «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды!» деген

нақыл сөз бар. «Халық айтса қалып айтпайды!». Ерте, орта

ғасырлардағы ерен батырлардың қол жинап, сыртқы жаулардан

осынша байтақ өлкені қызғыш құстай қорғауында заңдылық бар

сияқты. Қобыланды батырдың өмірде болғаны - айдай шындық.

Қобыланды батырдың көне Тараз маңындағы «Кіші Бурыл»

тауының биіктігіне көтеріліп, жер шолғаны анық. Осы сәтті халық

жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған. Ол

заман - жазу-сызудың болмаған кезі. Халқымыз хатты тасқа қашап

жазып, ұрпақтарына аманаттаған.

15

«...Қобыланды батырдың тарихта болған адам екендігі

туралы Кастанье деген кісінің «Қазақ даласындағы ескіліктер»

деген кітабында біраз мағлұматтар бар. Кастанье кітабында

«Қобыланды» әңгімесінің мазмұнын айтумен бірге, оның Қобда

өзенінің бойындағы кірпіштен салынған моласы туралы да

бірталай материал келтіреді. Қобыландының кешені туралы енді

бір мақала 1905 жылы «Орынбордың ғылыми архив

комиссиясының жинағында» басылып шықты. Бұл мағлұматтар да

Қобыланды жырының қиял емес, өмір шындығынан туғанын,

Қобыланды батырдың тарихи адам екенін көрсетеді». Әлкей

Марғұлан (1904 - 1985), ф.ғ.д., профессор, академик.

...2007жылдың 7-8 қыркүйек күндері Ақтөбе облысы Қобда

ауданындағы Қобдаға «Ешкі қырған» өзенінің құяр жеріндегі

«Жиренқопа» ауылында Қобыланды батырдың басында

мемориалды Кешенінің ашылу салтанаты болды.

Мақала авторы:

Оңалбеков Құрманбек Әділбекұлы - М.Х.Дулати

атындағы Тараз мемлекеттікуниверситетінің әскери кафедра

оқытушысы, ҚР ҚК-нің запастағы офицері, майор.

16

ҚОБЫЛАНДЫ ҚҰМЖОТАДА БОЛҒАН БА?

Қасиетті Жамбыл жері–тарихи мұраларға бай өлке. Бірде

Байзақ ауданының шежіресін парақтап отырып, қызықты

дерекпен таныстым. Сонда, осы өлкеге Қобыланды батырдың

жүйрігі Тайбурылдың тұяғы тигендігі жайында айтылған. Енді,

осы тұста бұл мәлімет қаншалықты шындыққа жанасады деген

сұрақ тууы әбден мүмкін.

Тарқатып айтсам, мен бір жылдары облыстық тарихи-

өлкетану мұражайына шаруа иесі болып қызметке орналастым.

Сонда жүріп, алып қалыпқа ұқсас тастан жасалған аттақырға

көзім түсті. Қызықтым. Сұрастыра келе, әлгі аттақыр

тарихшылардың болжауынша Қобыланды батырға тиесілі екен.

Исі қазаққа белгілі батырдың аңызға айналған сенімді серігі

Тайбурыл жүйріктің аттақыры деседі. Осынау құнды жәдігерді

Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылының Мәлік Орманов

есімді тұрғыны Кіші Бурыл тауының бөктерінен тауып алыпты.

Тарих жанашыры бірден облыстық тарихи-өлкетану

мұражайына хабар берген. Сол тұстағы мекеме басшысы

Күзембай Байбосынов жәдігерді өз көзімен көріп, тарихи

деректермен сәйкес келетінін анықтап, әлгі аттақырды арнайы

көлікпен мұражайға алдыртқан екен. Кейін әлгі құнды жәдігер

табылған аймақ Кеңес Одағы тұсында қараусыз қалып, зерттеу

жұмыстары жүргізілмепті.

Уақыт өте жолымыз түсіп кіші Бурыл тауына кезекті

іссапармен бардық. Әлгі құнды жәдігер табылған аймақты

аралап көрдік. Сол мекеннің жергілікті тұрғындарымен

тілдестік. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, аттақырдан бөлек,

Тайбурылдың тұяғы тиіп, ізі қалған алыптас әлі сол орнынан

қозғалмапты. Тың деректі естіп, бірден сол жерге тарттық.

Алыптасты таптық. Расында, тас ойық тәрізді дөңес келген.

Тайға таңба басқандай көрініп тұр. Ат тұяғының тағасы тиген

жер көзге бірден көрінеді. Алғашқыда кәдуілгі тас қабалап,

сенімсіздік таныттық. Зерделеп қарасақ, әлгі жұмыр тастың бір

бұрышында түсініксіз тілдегі тарихи жазуды аңғардық. Арнайы

мамандарды шақыртып, ойларын тыңдадық. Олар да ауыл

ақсақалдарының пікірімен келісті. Сонда барып, қазақ халқының

17

ауыз әдебиетіндегі айтылған аңыз-ертегіге баланған

оқиғалардың шындыққа негізделіп, ғасырдан-ғасырға, атадан-

балаға беріліп келе жатқанына көз жетті. Іздеген жетер мұратқа

деген. Ішкі түйсігімізге сендік. Жерден жеті қоянтапқандай

қуандық.

Қазіргі таңда Қобыланды батыр мінген, Тайбурылдың

тұяғы тиген қос тас мүсін облыстық тарихи-өлкетану

мұражайында тұр.

Көрген ел таңданыстарын жасырмайды. Құнды жәдігерді

ел аузынан естіп, арнайы іздеп келіп көріп жатқандар өте көп.

Олардың ішінде елімізге белгілі археолог-зерттеушілер мен

тарихшылар да бар. Келешекте қос жәдігердің жанына

Қобыланды батырдың тастан қашалған бейнесін орнату

жоспарымда жүр. Кескіндеме үлгісін жасап қойдық. Ендігі

жерде қаражат жағы ғана шешіліп жатса мұражайымыздың

төрінен Қобыланды батырдың тас мүсіні бой көтеререді. Қазақ

тарихына осылайша тамшыдай болса да үлесімізді қосып жатсақ

өкініш жоқ.

Әзімбек ТЛЕШЕВ,еңбекардагері, Таразқаласы.

18

«...ТҰҢҒИЫҚ ҚАРА СУДЫҢ КЕМЕСІ ЕДІ»

(әдебиеттегі Байзақ батыр бейнесі)

Өткен замандағы ел басындағы әр алуан қилы жағдайды

тарихи, рухани және психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан бейнелеуде және кейін тарих ғылымының дәйекті дерегіне айналуда сол тұста дүниеге келген әдеби шығармалардың, ел аузындағы тарихи аңыз-әңгімелердің мәні зор. Мұны биыл туғанына 225 жыл толып отырған ел тәуелсіздігі үшін күрескен батыр, датқа Байзақтың өнегелі өмір жолы мен ақырғы күніне дейін ұласқан күрескерлік, батырлық тұлғасына да қатысты айтуға болады. Байзақ батырдың бүгінгі ұрпақ үшін өнегесі неде дегенде, алдымен әкесі Мәмбеттен жалғасқан ел тәуелсіздігі жолында арыстанша алысқанын, ер, ел намысын қолынан келгенінше аяққа таптатпағанын, өз қарауындағы дүйім елдің бейбіт тірлігі мен жақсы өмірі үшін қолдан келер бар қайратын сарп еткенін тілге тиек етеміз.

Өкінішке орай, Байзақ батырдың мейлінше күрделі, «тар жол тайғақ кешулі» өмір жолы мен азаттық үшін арпалысы әдебиетте толық бейнеленді, қазіргі ұрпақ өнеге тұтар сом да айшықты образы жасалынды дей алмаймыз. Ал бұл қажет пе? Өте қажет. Бүгінгі ұрпақ үшін өте қажет. Бабаларының мына кең даланы қалай сақтап қалып, кейінгі ұрпағына қалай аманаттағанын білу үшін, жеріңді, еліңді, рухыңды аламын деп келген жаумен қалай алысқанын тану үшін керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқанындай, 550 жылдық тарихы бар Қазақ мемлекет-тілігі тарихы өзін-өзі сақтап қалудың жол болғандығын тереңірек түсінуіміз үшін қажет. Соның бір мысалы қатарында осы ел тәуелсіздігі үшін күрескен, сол жолда бар қажыр-қайратын жұмсаған өз заманының біртуар перзенті Байзақ батырдың да өнегелі ғұмыры бар.

Жасыратын несі бар, қарт Байзақ батыр өмірінің трагедиялық халмен тұйықталуының өзі, сырттай қарағанда Н.Гогольдің әйгілі «Тарас Бульба» повесіндегі жауға махорка салатын мүштегін де қалдырмаймын дейтін Тарастың өр, намысқой бейнесін елестетеді. Гоголь ел азаттығы үшін алысқан сол бір асқақ рухты қандай керемет, психологиялық тұрғыдан дамытып суреттей білді десеңізші. Біздіңше, Байзақ батырдың да сондай ұлттық рухқа, өр намысқа толы образы біздің әдебиетімізде де жасалынуы керек деп білеміз. Мүмкін ол Байзақ және оның айналасын терең қамтыған,

19

әлеуметтік-қоғамдық тартысты жан-жақты ашқан кең құлашты туынды бола ма, болмаса балалардың ұғымына лайықталып жеңіл тілмен жазылған, алайда батырдың өнегелі, күрескерлік ғұмырын көркем де қызықты баяндаған, тарихи шындыққа негізделген хикаят та бола ма, әйтеуір жақсы, ғибратты туынды қажет-ақ.

Осы тұрғыдан ұлттық әдебиетте Байзақ батыр бейнесі қаншалықты жасалынған деген ішкі сұраққа жауап іздеп көрдік. Байзақ батырдың өмірлік деректерін, күрескерлік тұлғасын ашуда өз заманында және одан кейінгі уақыттарда шығарылған, не айтылған әдеби туынды-лардың маңызы, тарихи дәйектілігі мен шындықты ашуға қатыстылығы профессор Жанғара Дәдебаевтың «Байзақ датқа» атты кең көлемді тарихи танымдық, әдеби талдау мақаласында жан-жақты беріледі. Ғалым Байзақ датқа туралы тарихи очеркінде Ташкент, Қоқанд, орыс отарлаушыларының, сондай-ақ орталық мұрағаттардағы архивтік материалдарды пайдаланған еңбектерді орынды негізге ала отырып, Байзақ батырдың өмірі мен ортасы, күресі туралы біршама толық мәлімет береді.

Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» даста-нында Байзақ батырдың Кенесары бастаған ұлт азаттық көтерілісті қолдап, он екі мың қолмен келгені, сөйтіп Кенесары жорығының бел ортасынан табылғаны жөнінде айтылады. Әрине, он екі мың қол көп күш, және соны ұйыстырып бастап келген Байзақтың ел ішіндегі атақ-абыройы қаншалықты екенін аңғартады. Сондай-ақ қысылтаяң кезде Кенесарының Байзақ батырмен ақылдасуы, тау басына барар жолды Байзақтың бастап тасты аршуы, бұл іске Кенесары ханның да араласуы, сөйтіп бүкіл жорықшылардың іске белсенді кірісуі суреттеледі. «Кенесары-Наурызбай» дастаны - кең понарамалы жыр. Онда ұлт азаттық қозғалысының бүтін бір кезеңінің шындығы, психологиясы көрінеді. Ал осындай кең ауқымды жырда Байзақ батырдың Кенесары ханның қасынан табылуы мен қатысының арнайы суреттелуі Байзақ батырдың ханның жанында қаншалықты салмағы, беделі болғанын танытса керек. Бұл жырдың Кенесарының ұлт азаттық қозғалысына қатысқан жорықшы жырауының аузынан айтылуы мұндағы шындықтың қаншалықты рас, тарихи жағдайға сәйкес екендігі дау тудырмайды. Бірақ бұл жерде ескерерлік нәрсе – Нысанбай жыраудың симпатиясы туралы. Ол тек Кенесарының мақсат-мүддесі тұрғысынан жырлады. Ал мазмұны мен сыры, ішкі

20

қайшылығы тереңде жатқан тарихи жайды бір көзқарас тұрғысынан жырлау, қалай дегенмен де, тарихи жағдайды, оның ішкі қайшылығын, қарама-қарсы жақтың іс-әрекет дәлелдемесін толық ашып бере алмайтыны тағы бар.

Сондай-ақ сол уақыттың куәсі Мәделі қожа мен Майлықожаның жыр-толғауларында, Сүйінбай мен Жамбылдың туындыларында Байзақ батырдың өмір деректеріне қатысты мәліметтер, орта жағдайы көрініс табады. Бұл жыр-толғауларда «Сұрау бермей қазаққа, Байзақ шықты бел болып...», «Байзақтай алтайы Қазақта тумас енеден», «Байзақ жұртқа бірдей сөйлейтұғын Тұңғиық қара судың кемесі еді...» деп халықтық жоғары баға берілгенмен, әрине бұл бағалардың Байзақ батырдың күрескерлік, қайраткерлік тұлғасын тануда маңызды болғанмен, ел тізгінін ұстаған, сол жолда басын тауға да, тасқа да соққан батыр, датқаның образын толық аша алмайды. Толық ашылуы мүмкін де емес, өйткені бұл әдебиеттің жанрлық ерекшелігіне де байланысты.

Осы ретте қолымызға іліккен жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Ақ боз атты ару», Әбжаппар Жылқышиевтің «Дауылдан кейінгі жорық» прозалық туындыларына, жергілікті автор, өлке тарихын тануда көп еңбек сіңірген журналист Бақтияр Әбілдаұлының ертеректе жазылған «Ажал» әңгімесіне назар аудардық. С. Бақбергеновтің «Ақ боз атты ару» атты тарихи туындысы Шоқан өмірінің бір кезеңін суреттеуге бағытталған. Мұнда жасы егде тартып қалған Байзақ батыр, оның баласы Ақмолданың Шоқанмен кездесуі, Байзақ пен баласы Ақмолданың өзара әке мен бала болып тіл қатысуы эпизодтық тұрғыда суреттеледі. Қарт Байзақтың Шоқанмен кездесуіндегі портреті шығармада былай берілген: «Бұл жолы ол көз алдында отырған кісіге тінтіп, анықтай қарады. Буырыл сақалы белуарына түскен, қапсағай, қара кісі екен. Басы сопақша, жағы солғын, көнтек ерінді, қоңқақ мұрынды ірі адам екен». Байзақтың Шоқанмен кездесуіндегі алғашқы сөзінде зіл бар. «Айып көргенде атымды алып қалар деп қорқасың ба? Қорықпа! Сескенбе! Біз бұл күнде алмаймыз, береміз» дейді. Әрине, бұл зілді сөзінің ар жағында өзіндік себебі байқалады. Күні кеше Қоқанның зекетшілерінен ел зардап шексе, енді міне зіркілдігімен орыс армиясы елдің үрейін алуда. Мұның ақыры не болар екен. Шоқан сөйлесе келе қарт батырдың көңіліндегі күдікті сейілткендей болады. Шығарма кеңестік дәуірде жазылғандықтан, одан кеңестік идеологияның

21

әсері айқын сезіледі. Қалай дегенде де, бұл шығармада Байзақ батыр эпизодтық тұрғыда, Шоқанмен қатысты жағдайда суреттелгендіктен, образ толық ашылмайды.

Жазушы Әбжаппар Жылқышиевтің «Дауылдан кейінгі жорық» повесінде автор Қоқанның қазақ даласын езгіге алуы, зекетшілердің халықтың намысына тиіп қорлауы, соған ашынған халықтың толқулары, оған Байзақ, Шоқай, Сапақ, Сыпатай, Жауғаш, Шыныбек, Құдайберген сынды ел басылардың, би-батырлардың ықпалы жасауы біршама кең көлеммен бейнеленеді. Автор ел ішіндегі сол дәуірдің шындығын ашатын әңгімелерді көп жинағаны, шығармасында орынды пайдаланғаны байқалады. Дегенмен бұл шығармадан да кеңестік идеологияның салқыны көрінеді. Әрине, бұл үшін авторларды кінәлаудан аулақпыз. Әр жазушы шығарма объектісіне өз заманының көзқарасы тұрғысынан келуі табиғи шарт. Сондай-ақ Б.Әбілдаұлының «Ажал» әңгімесінде Байзақ батыр өмірінің ақырғы сәті суреттелгенмен, әңгіме белгілі бір көркемдік дәрежеге жете алған дей алмаймыз. Байзақ батырдың иірімі терең образы көрінбейді. Публицистикалық стиль де көркем шығармаға қойылатын талаптан төмен жатыр. Бірақ бұл аталған шығармалардың Байзақ батыр образын тануда, уақыт шындығын, ел басындағы қиын жағдайларды білуде өзіндік орны бар, белгілі дәрежеде өз мақсат-мүддесінен шыққан туындылар екені сөзсіз.

Сөз соңында айтарымыз, Тәуелсіздік рухта жазылған Байзақ батырдың образын жан-жақты бейнелейтін шығарма керек-ақ. Оған Байзақ батырдың күреске толы, ішкі қайшылығы да мол, бірақ дүйім елдің тыныштығын, еркіндігін, жақсы тұрмысын сақтап қалуға бар күш-қайратын сарп еткен трагедиялы ғұмыры сұранып тұр. Тек соны мылжа-мылжасын шығармай, биік шеберлік, терең дүниетаным тұрғысынан жазып шығатын автор табылса, қанеки.

Автор: Сәмен ҚҰЛБАРАҚ, филология ғылымдарының докторы, профессор

22

«ТАСТӨБЕ» ТӨБЕШІГІ

Тастөбе - ортағасырлық қала орны. Жамбыл облысында

Жамбыл ауданында Көлқайнар ауылдық округіне қарасты

Тастөбе ауылынан солтүстікке қарай 300 шақырым жерде

орналасқан. Қалашықты 1898 жылы В.А. Каллаур, 1936 жылы

Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.

Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облысының тарихи өлкетану

мұражайының экспедициясы зерттеген. Ескерткіш үш бөліктен

тұрады. Алғашқысы – дөңгелек төбе, биіктігі 18 метр, диаметрі

100 метрге жуық; екіншісі – осы төбені барлық жағынан

қоршаған, өлшемдері солтүстіктен оңтүстікке қарай – 130 метр

шығыстан батысқа қарай – 170 метр террасадан тұрады; орталық

бөлігі ормен бөлінген. Негізгі төбеден оңтүстік-батысқа қарай 30

метр жерде өлшемдері 50-80 метр биіктігі - 2,5 метр шығыстан-

батысқа қарай созылыңқы бекіністің қалдығы сақталған;

үшіншісі – негізгі төбеден солтүстікке қарай - 50 метр жерде

орналасқан. Оның табанының аумағы 70-90метр Қалашықтың

үстінен қыш ыдыстардың, күйдірілген кірпіштің сынықтары

кездеседі. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға

қарағанда қалашықты тұрғындар 6-12 ғасырларда мекен еткен.

Олар мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.

1. Тастөбе қаласы - VII-X ғасырлардағы қала орны.

Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылының

солтүстік аумағынада 400 метр жерде биік төбе орналасқан,

айналасында қыш құмыра, күйген кірпіш сынықтары көптеп

кездеседі.

2. Қорғандар тобы (7) тас жолдан 500 метр жерде,

Жамбыл аудынының жанында, б.э.д I-II ғасырда соғылған

археологиялық ескерткіш.

3. Ақтөбе ежелгі елді мекені, қазіргі Жамбыл селосы

аумағында орналасқан, б.э.д I-III ғасырда соғылған,

археологиялық ескерткіш.

4. Жалғыз қорған. Тастөбе селосы маңында орналасқан.

Б.э.д. I-II ғасырларда салынған археологиялық ескерткіш,

сонымен бірге бір төбе ретінде Жалғыз төбе деп атайды.

23

5. Көлқайнар сазы. Көлқайнар Тастөбе қаласының батысы

мен айналасын алып жатқан аймақ. Бұл жерде бұрынбірнеше

ондаған қайнар бұрқырап шығып жатқан бұлақтар, бірнеше

көлшіктер болған. Қарасу өзені мен бірнеше өзеншілерде

болған. Бұлақтар мен көлдерге байланысты аймақ Көлқайнар

деп аталып кеткен.

Тастөбе

Тастөбе ауылының беделді ақсақалы, 7 ұл, 4 қыздың әкесі,

42 немере мен 30 шақты шөбере сүйіп отырған, 85 жастағы

Өнербеков Құтжан атамен кездестім: «30 жылдары ревалюция

жүрді ғой, мен сол кездері дүниеге келдім. Тастөбеге 37жылы

келдік. Ол кездері ауылда мен секілді кішкентай балалар

болмады. Көшеге шығып ойнамайтынбыз. Көшеге шықсам

өңкей қария кісілер әңгіме айтып отыратын. Сол кісілердің

қастарына барып әңгіме тыңдайтынмын. Сол қариялардан

естігенім бар. Тастөбе –бұл төбешік бұрынғы заманда Әмір

Темір билеген заманда осы жерді билеген. Сол кезде қалмақтар

осы жерге келген. Бұл төбені содан Тастөбе деп қойыпты. Бұл

енді ең биік орталық қарауыл болған. Ол уақытта техника

болмаған атпен мыңдап, жүздеп келген осы төбеге. Бұдан тіке

15-20 шақырым жерде Құрылысбай деген төбе бар. Тастөбенің

төбесінен дүрбімен қарағанда келесі төбедегі атырлар бір-бірін

көріп жер, ел қорғап тұрған. Дәл осындай төбе Ескі Жамбылдада

бар ол Ақтөбе деп аталады. Ол төбешіктіде мүрде, бейт қылып

24

жіберген. Бұндай төбелер әр жерде болған. Жалпы олардың

арақашықтығы 15-20 шақырымды құрайды. Бұл батырларды

қойған қарауыл екен. Бірақ бұның бәрін адамды қинап, қолдап

істеген. Құмыралармен, қаппен құм тасып, төбешік қылған.

Қазір құмыра, құмыраның сынықтары табылған. Бұның

барлығын тексерді, Тастөбенің маңынан, төбесінен тесіп,

тексерді. Ештеңе таппады, біреулер айтады, астында монша

болған деп, бір жылдары астынан қоңырау сыңғырлады дегенді

де естідік. Бұл төбе қазір мемлекет қорғауында тұр. Төбе 18-20

метрдей биік болған.Қазір басылып кетті. Тастөбенің түбінен бір

түп тал шықпаған. Алғашқыда өкімет бұл дәу төбеге адам

қойғызбаған. Қазір жан-жағының барлығы мүрделер. Бұл төбе

арқылы батырлар жау шапса, бір-біріне түтін шығарып белгі

берген деседі. Негізі бұл туралы аңыз көп», - деп сөзін аяқтады.

Тастөбе

Ережепбаева Жазира

«Журналистика» мамандығының 3 курс студенті

25

«НОҒАЙШАН» МЕШІТІ

Жамбыл облысы Талас ауданының Көктөбе ауылының

маңында орналасқан кішігірім мешіт бар. Ауыл адамдары неге осы

мешіт жайлы ауыз толтырып, мақтанып айтпайды. Көненің көзі

болған бұл киелі жердің маңызы қандай? Құдыретінің күші неде? -

деген сан сұрақ мазалаған болатын. Сондай-ақ, мектеп оқып

жүрген кезде маңына барып, есігін ашу маған бала арманның бірі

болды. Тарихына қызықтым, тамырына үңіліп, тереңірек білмекке

құмартып, ауыл ақсақалдарынан осы мешіт жайлы айтқан аңыз-

әңгімелерін естідім. Шама-шарқынша толық ақпарат алуға

тырыстым. Толығырақ тарқатсақ, бұл мешіттің негізін салушы -

Шаяхметтің баласы Сапарғали. Жас кезінде осы ауылдың бір

қариясы 13 жасында ауылға дінді насихаттау үшін мола адам етіп

алып келеді. Осы ауылда орналасқан бірнеше қаракөз сәтек елі

жиылып, мал беріп, тасын қалап осы мешітке материалдық

тұрғыдан өз ықпалдарын тигізген екен. Менің анамның анасы,

яғни, нағашы әжем осы мешітке шырақшы болған. Сол кісінің

аңыз-әңгімелерін көп тыңдап өстік. Негізі, Шайһы Ахметтің 5 ұлы

болыпты, содан барлығын дін тарату үшін жер-жерге таратып

тастаған екен. Шымкенттегі Созақ қаласының маңында, тарихтан

аты мәшһүр Аягөз қалаларында өте үлкен мешіттер бар. Бірде

жөндеужұмыстарын жасамақ болып, Созақтағы мешітке барса,

ешқандай бояу мына бояларға сәйкес келмейді деп жөндеу

жұмысы жасалмапты. Алайда қазір түсінің қанықтығын, көз тартар

мөлдірлігін әлі жоғалпаған.

Ал, мына мешітті қазір халық арасында «Ноғайшан» мешіті

дейді. Шын мәнінде ол тек атауы ғана. Совет үкіметі кезінде құдай

жоқ деп танып, имам, молдаларды өлтіріп, мешіттерді бұзбақшы

болды емес пе? Ресей әскерлері мылтықпен мешіттің сыртынан

құлатпақшы болғанда, оқ өзіне қарай бағытталып, көз жұмған

деседі.Сол дәуірде менің нағашы әжем бар тағы үш кемпір бірігіп,

Сапарғали моланың денесін мешіттің ішінен алып, құмаққа апарып

жерленген. Қаншама сандық болатын құран кітаптарды осы мешіт

тұсына көміп кеткен екен. Бұл да әжемнің маған айтқан сөзі.

Совет үкіметі бұл мешітке қолдап бұзау қаматқызды.

Бұзаудың барлығы қырылып қалса, кейіннен 2 қызымен келген

26

орыс сатушы да осы жерді дүкен етіп отырды. Киелі жер киелілігін

жасамай қоймайды ғой, екі қызы бірдей шетінеп кетті. Енді бұл

жерге не істерін білмеген халық мақта еккен. Дәу қара жылан

әйелдерге мақтаны да тергізбей қойыпты. Кейін Қазақстан

тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұл жерді қорғауға алып, қоршап

қойды. Жөндеу жұмыстарын жасамақшы болғанда

құрылысшылардың киіз үйі мен бояуға керекті моторы қоса

өртеніп, күмбездің үстінде жүрген жұмысшы құлап, қаза тапқан.

Ал, осында жүк тиеп келе жатқан үлкен жүк көлігі де жетер-

жетпестен аударылып, заттары еш керексіз болып қалады. Жаңа

айтып өткенімдей, менің нағашы әжем осында шырақшы болды

дедім ғой, елдер ауырып докторға жүгірсе, әжем біз ауырсақ осы

жердің бір түйір кішкене топырағын әкеліп, біздің таңдайымызға

қойса, лезде жазылып қоя беретінбіз. Міне, бұл жердің киелілігі

мен құдыреттілігі жайлы білетінім осы, - деді ауыл тұрғыны

Сәрсенбеков Әбдікерім.

Ауылдың ішінен көз көрген, айтары абыз, сөздері шежіре,

болмысы тарих қария кісілерді іздеп көрдік. Қаракөз сәтек елінің

қазіргі сол ауылдағы үлкені Құтжанов Мәйкөн есімді қариядан

сұрап көрдік. Талай кезеңді бастан кешірген, өмірдің түрлі

өткелінен өткен, тіпті, Ноғайшан мешітінің маңынан күйген кірпіш

дайындайтын пеш тауып алған ақылы дана, дария кісі. Сөзіне

толық тоқталып, барынша тарқатып көрейік.

Ноғайшан мешітінің сол қалпында сақталуы оның

кірпішінде. Бұл мешітті соғуға қаракөз сәтек елі емес, бүкіл ойық

елі жабылған. Әрбір кірпішін құюға түйе мен ешкі жүнін қосып,

сүтпен араластырып, топырақ қосып жасаған. Міне, сыры осында.

Үлкендер қара жыланы бар деп көп айтатын. Содан бір күні

имамды алып, құран оқытайын деп мешітке бардым. Кірсем, дәл

есік алдында тапжылмай қара жылан жатты. Ішке кіруге жүрегім

дауаламай, сыртынан құран бағыштап қайттым. Ал енді, мен

партияға жұмыс істеп жүрген кезде, өз адамдарыммен осы

мешіттің айналасын қазып, шөп жинау тапсырылды. Содан

мешіттің күншығыс жағынан пешін тауып алдық. Алайда,әруақты

жердің киелілігін ұмытпай, қайта көмдіріп, ары қарай қазбауға

тапсырдым. Кейін Дадабаев пен әкімдер келіп суретке түсіріп,

көріп кеткен.

27

Мешіттің киелілігі сол, онда тәспіңді қайырып, намазыңды

оқып, таза болып бару керек сияқты. Бұл жерді бірі білсе, бірі

білмейтіні анық.

Осы аймақтың тумасы, талай дәуірдің тарихын білетін Болат

Бекжан ағадан да осы мешіт жайлы сұрадық. Сонда ел ағасы: « -

Мұнда менің білетінім, бала оқытқан, діни сауатын ашқан.

Күмбезінің үстінде киелі дегелек құс отыратын. Бірі тоққа түсіп

өлді, екіншісі ұшып кетті-ау, шамасы. Өкімет қаражат бөліп,

жөндеу жұмыстарын жүргізбекші болған, неге екенін білмеймін,

аяқсыз қалған. Бірақ киелілігіне еш күмәнім жоқ», - деді.

Осы тұщымды ой салатын әңгімелерді естіп, мешітке жол

тарттық. Ойымызда мешіттің мемлекеттік қорғауға алынғандығы,

сыртын айтарлықтай қоршап, киелі жер екенін тақтайшағажазып

қойған шығар деген ой келеді. Бірақ айтатыным, бұның бәрі жәй

ғана ой. Сырты тот басқан темірмен, сым керіліп әзер тұр. Мал

кірем десе ойланбай сындырып кетеді. Есіктің өзі түртіп қалсаң,

аяғыңды басып қала жаздап құлап түседі. Мешіттің есігі болмашы

бір құлыппен құлыптаулы екен. Ішіне кірдік, құран кітап, ақ

орамал, енді бір жерде тақия, Сапарғали имам жерленген жер

матамен жабылып белгіленіп тұр. Бас жағында шапан ілініп тұр.

Ішін тым құрыса сыпырып, жинастырып, неге ауыл имамдары

отырмайды екен деген бір ой ішімізді тырмалап сала берді.

Алланың қалауымен қара жылан алдымыздан шықпады. Бірақ

мешіттің төрт жағынан да суретке түсіріп, қарадым. Кірпіштерін

сындырып, бұрыштарын бұзып, күмбезін әйтеуір сыбап кеткен.

Жағдайы жанды ауыртады. Сонда киелі жер деп кие тұтқандағы

істегеніміз осы ма?! Жастар әулиелі, әруақты жер барын білмейді

деп тағы шағым айтамыз. Сонда күнәнің көкесі кімнен?!

Сапибулла Ардақ

«Журналистика» мамандығының 3 курс студенті

28

ҚАЛМАҚҚИЯ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс өлкесінде көнекөз

қариялардың айтуы бойынша «Ойранды», «Ақсарай»,

«Қалмаққия» деген жерлерде үлкен соғыстар болған. Қазақ

елінің жеріне, тәуелсіздігіне қауіп төндірген Қалмақтар ойға

алған жоспарларын тезірек іске асыруға бекінген. Бірақ, қазақ

батырлары, атап айтсақ, Тоғызақ бабамыз ерлікпен тойтарыс

беріп, жеңіске жеткен. Осы турасында кейінгі ұрпаққа баба

ерлігін ұмытпас үшін «Қалмаққия» деген толғау бар.

Қалмаққия толғауы

Қыран да бір күн сағынар,

Қақтырған қанат ұясын.

Бұлақтай жырым ағылар,

Шабытқа міне қиял шын.

Құстармен базар құрасың,

Асуың «Қалмаққия» атты.

Сағына қарап тұрасың,

Бауырмал әкем сияқты.

Бұралаң артта жол қалып,

Ассам да асқақ шыңынды,

Құлшына бір сәт толғанып,

Ақтарғым келер сырымды.

Аңыз қып айтар өр елім,

Қашқанын жаудың

жосылып,

Көп ойлап көңіл бөлемін,

Іздерге қалған тосылып,

Көз жетпес шың мен өріңді,

Басты ғой талай қос батыр.

Ақ нөсер жауып төріңді,

Бергендей мүгің тасқа түр.

Шапқыншы жаулар

ашынып,

Тінтіпті-ау қия, жыраңды.

Туған жер құтын қашырып,

Қан төгіп ойран шығарды.

Қайнардың бітеп бастауын,

Зар етті-ау ұрттам суға да.

Түзіңде солып жас бауың,

Шаңытты шөлден ну дала.

Елімнің қайсар жолы да,

Ерлікке құмар құл өсіп.

Жолатпай жауды маңына,

Ерледі қыз да күресіп.

Қаптаған қалың Қалмақтар,

Қиялап кері қашқанды.

Бабалар күшін арнап бар,

Сусындан жаудың

басқанды.

Тасты да ерлер қашапты,

Ауызы шөлден көп құрғап.

Қияннан жолды жасапты,

Қазіргі сол жол –

«Көктырнақ»

Алса да қарттар жүз демін,

Ұрпағын жауға бермепті.

Қондырып тау мен түзге

елін,

Сақтапты жерін келбетті

29

Ел арасында мынадай әңгіме бар: «Асуға келіп артынан

қуған қазақ әскерінен қорыққан қалың қалмақты хан бәйбішесі

құтқарады. Ол: мынау барымта жылқы, анау боз биеден тараса

керек. Биені шыңғыртып, шыңырауға айдап салыңдар» - деп

бұйырады. Осы кезде бүкіл жылқы бие соңынан шаба жөнеледі.

Жартастан құлағаны құлап, құламағаны қия-қиямен жол тауып

Қарақыстақ даласынан бүкіл жау сол жермен шығып кетеді.

Содан бері бұл асу «Қалмаққия» атанған екен.

НҰРМАНБЕТ БАЙ

Қалың жұрт арасында мадақтау, мақтау, даттау

өлеңдерден гөрі арнау өлеңдері кездеседі. Сондай арнаудың бірі

Нұрманбет байға арналған өлеңінен мысал келтіре кетейін.

Арнауымыз түсінікті болу үшін Нұрманбет бай туралы мәлімет

берейін.

Ботбай ата кезінде Қазығұрт пен Сайрамды сарттардан

тартып алып, шығысы Ақсуға дейін қуып тастаса, Нұрманбет

бауыры Таңабай батырмен бірге сонау Іле өзенінің аяғына дейін

өзіне қаратқан екен. Қырық жыл аттан түспей Кербұлақ пен

Жайсаңды жайлау еткен Шағай балалары ішінде Нұрманбет

есімі, атағы алысқа жеткен ағайынды Сыпатай, Андас, Тоғызақ,

Таңабай, Жанкісі, Досқожа, Әлмен батырлармен бірге айтылады.

Қарпықта Құлман деген сыншы болыпты. Ботбай

балаларының батырлығы мен байлығын, ақылы мен абыройын

тексеру ниетімен Нұрманбет пен Туғанбай батырды, Сиқымбай

шешен мен Қанай биді қымызханаға алып кетіпті. Үлкен зеренге

қымыз құйдыртып, алдымен Сиқымбайға берсе, ол төрт рет

демалып қымызды тауысады. Одан кейін Туғанбайға береді. Ол

бір дем алып жұта салады. Қанай да бір дем алып ішеді. Соңғы

кезек Нұрманбетке келеді. Құлман сыншы оған да зерендегі

қымызды ұсынады. Ол дем алмай жұта салады. Сонда сыншы:

«Сиқымбай, сен жігіттің бұлбұлы екенсің. Туғанбай, сен жігіттің

өртісің, бірақ жасың келте болады, Нұрманбет, сенің желкеңе

жылқы мініп алыпты, алдың да артың да жарық екен, ал Қанай

сенің күшің бар, бірақ тұқымың кедей болады» деген екен.

30

- Ал, енді Нұрманбет, арманың бар ма? Айтшы - дейді

сыншы. Сонда Нұрманбет: «Ақын да, әнші де, батыр да едім.

Байлықтың арқасында сол өнерімді көрсете алмадым» - дейді.

Бұл оның қартайғанда айтқаны екен.

Нұрманбет бай өте дәулетті кісі болған. Туысқандарын

қолға қаратпаған. Халықтың еңбегін жемей, еңбегіне қарай тай,

жылқы беріп отырған. Нұрманбет байдың Ахмет Ясауи

кесенесіне 100 құр ат айдатқаны туралы деректер ел ішінде

айтылып жүр. Сол құр аттармен бірге желіні үзіп, Нұрекеңнің

қара жорғасы да кетіп қалса, Нұрекең: «Бара берсін. Алланың

бұйырғаны шығар» деп отыра беріпті. Қарасайдағы он екі қанат

үйіне жолаушылар жаяулатып келеді екен, ел ішінде мұны

Нұрекеңе деген құрмет дейді.

Нұрманбет байға

Сөз айтатын ағайындар ептеген,

Жетісуда ешбір кісі Нұрманбетке жетпеген.

Жүз бір жылқы Түркістанға айдатып,

Имандылық, рақымшылдық көкейінен кетпеген.

Қожайдың жігіттері өте мықты,

Нұрманбеттің байлықпен аты шықты.

Өзі ақын, өзі батыр байекеңнен,

Дұшпаны көз тайдырып, төмен ықты.

Дәл солай, Нұрманбетті Қызыр шалған,

Бата алып Сыпатайдан бағы жанған.

Байлығын ел-жұртына бөліп беріп,

Мырзалықпен тарихта аты қалған.

Қанатбек Жанар Аманқалиқызы

«Филология» мамандығының 4 курс студенті

31

ШАЙТАН КӨПІР

Салттан тыс ауыздан-ауызға жетіп жүрген топономикалық

атаулар да жетерлік. Сол атауларға байланысты халық арасында

мифологиялық көзқарастар қалыптасқан.

«Шайтан көпір»-Қайынды сай өзенін жағалай аққан

каналдың бір тармағы. Ол канал ауылды екіге бөліп тұр.

«Шайтан көпір» аталу себебі қызық. Бұрынғы кезде ауылда мал

саны қазіргіден екі-үш есеге дейін көп болған екен. Сол кезде

ірі-қара малдар бруцеллез ауруына шалдығып, бір жылда 100-

ден де көп малды әлгі каналға салып өртеген екен. Осы тұста

каналдан әріге көлік өту үшін екі ағаш жол ретінде қойылған.

Осы екі ағашты дәл дәлдеп өте алған көліктер өткен, өтпегендері

канал ішіне құлап кетіп отырған екен. Бұл кезеңде аймақта

орыстар өте көп болған ашулы қалпында «чертовский мост» деп

кеткен екен. Осыдан келіп қазақ балалары тікелей «Шайтан

көпір» деп атап кеткен. Бұл ақиқаты. Ал халық арасында бұл

жөнінде бірнеше аңыз қалыптасқан. «Баяғыда бір бала күнде сол

жақтан өтіп жүріп, ғайып болыпты. Бір күні сол жерден өткен

үлкен кісілерде жоғалып кетіпті. Кім өтсе, сол жоғала беретін

болған екен. Сосын жұрт оны шайтан алып кетті деп көпірді

солай атаған екен», -десе, енді біреулері «кеш батқанда

кішкентай балалар сол жақтан ойнап жүреді, үйге кіргізу қиын

болғандықтан «ол жерде бабай бар, жеп қояды.» немесе

«шайтандар мен жалмауыз кемпірлер алып кетеді» деген сияқты

мифтер айтып, балаларды қорқыта берген, өсе келе балалар

«шайтан көпір» деп кеткен. Бұл нұсқалар ауыздан-ауызға жетіп

отырғанына 30-40 жылдай уақыт кеткен көрінеді.

Туған жерді зерттеуде менің түйгенім өте мол, өзімнің оқу

тәжірибемде үлкен кісілермен тілдесіп, тың мәліметтер естіп

білдім. Ал, жас бүлдіршіндерден аңыз, ертегі тыңдап біршама

болсын өзгергенін байқадым. Мәлімет берушілерге алғыс

білдіремін. Аймақ туралы топонимдік аңыздар жайындағы

(Аврамстан, Шайтан көпір) мәліметтерді, сонау тарихын толық

біліп, өткен күн мен бүгінгінің сабақтастығын аңғарып сыр

шерткен - ауыл ақсақалдар мүшесінің алқасы Байжұманов

Жарылқасын Аманұлы.

32

Жұрт арасында кең етек алып айтылатын жер - «Айша

түскен» жері. Бұл жер ауыл құрамына кіргенімен, біраз

қашықтықта жатыр. Оның бұлай аталуы әйгілі Айша бибі

Қарахан бабамен бірге демалуға тоқтаған жері дейді жұрт. Бұл

қаншалықты шындық екені белгісіз. Үлкен әжелер осы

мәліметке сүйенсе, әкем жас кезінде атаммен бірге трактор

айдап жүріп, «сол жерге Айша дейтін сұлу келін түскен.

Адамдар онша бара бермейтін, оның сұлулығына тәнті болған

жұрт осы мекенге шоғырлана бастаған. Құмды алқапты сұлу

келін Айшаның атына беруді жұрт ойлап тапқан»деген сынды

пікірлерді естігенін де алға тартады.

«Айша түскен жері» жөнінде мәлімет беруші –

Байжұманова Роза.

«Аврамстан» атты жұрт аузында көп тарап жүрген

мекеннің атауы жайлы көп жұрт анық-қанық ештеңе білмейді.

Тек алдыңғы буын ағалар мен көнекөз қариялар ғана біледі.

Соңғы буын атауына жай ғана қызығып қояды, ал мағынасын

онша зерттемейді. «Бұрын бұл мекенде төрт түлікке арналған

гүрт болған әлі де солай. Сол гүрттің бастығы Аврам дейтін

орыс еді. Жұрт сол гүртке барарда «Аврамстанға бардың ба?

немесе Аврамға барасың ба?» деп сұрап жүріп, Аврамстан деп

аталып кеткен», - дейді ауылдың ақсақалдар алқасы.

33

«Тарзан» - көл атауы. Мұнда ауылдың барлық үлкен-

кішісі келіп шомылады. Аталу себебі - қарапайым. Ойға бірден

талдан-талға секіріп жүрген бала елестейтіні сөзсіз. Көлдің

бойында жағалай ағаш орналасқан, бұрын аймақта немістің

балалары мен қазақтың балалары болып жарысып шомылған

екен. Бір күні бір бала «Тарзанға ұқсап секіремін, қараңдар!» деп

талдың бұтағынан секірген екен. Соны барлық балалар қызық

көріп, талдың бұтағынан ұстап секіретін боған. Кейіннен өзен

атауы «Тарзан» болып аталып кеткен. Бүгінгі күннің өзінде

балалар талдан дәл солай секіріп, шомылады. Тарзан көлінің

жайы былтырғыдан мүшкіл. Суы тартылып, бос қамысты

алқапқа айналуда.

34

Айта кету керек, Сыпатай батыр шаршапкелген сәтінде

тыныш орын іздеп, осы Тарзан көлінің бойында талдың астында

отырып, демалатын болған екен. Сондай-ақ, ауыл

тұрғындарының аузында тағы бір аңыз жүр. Жау шабуылы

болған кезде Мерке қалашығындағы аман қалған халықты

ауылдағы осы өзеннің соңғы сағасына алып келіп тыққан екен.

Сағада қамыс көп өскен, қамыс ішіне қара халықты кіргізіп, екі

жағынан жапқан және жау ештеңені де байқамай өтіп кеткен

деседі.

Тоқтыбаева Жадыра

«Филология» мамандығының 2 курс студенті

ҚОЖАХАН ӘУЛИЕ КҮМБЕЗІ

Жайсан ауылындағы киелі жер – Қожахан әулие күмбезі.

Қожахан әулие күмбезі ХVIII ғасырдың соңында Жайсан ауылы маңында Шу өзені мен Тоғайда құрылған. Бұл күмбездің тамыры тереңге жайылған екен.

Күнту руынан шыққан Мәмбет деген кісінің Абыз деген баласы болған. Азан шақырып қойған аты – Баймырза. Ел арасында өзінің әулиелігімен, көріпкелдігімен танымал болғандықтан «абыз» деген атаққа ие болған. Кейін осы өңірдің жұртшылығы ол кісінің атын атамай, Абыз деп атап кеткен. Абыздың Сүйеуқожа атты ұлы болған. Сүйеуқожа қарапайым адам болса керек-ті. Оның бойына әкесінен ешқандай қасиет берілмеген. Сүйеуқожаның Қожахан деген баласы болады. Әкесіне берілмеген қасиет осы балаға дарыса керек, Қожахан ел арасында «әулие» деген атаққа ие бола бастайды. Бұл атақтың берілу себебі жайында ел арасында таралған аңыз да бар.

Қожахан бабаның есімі халық арасында әулие ретінде танылып жүрген кез. Күндердің бір күні ел арасында бәйгеден жарыс ұйымдастырылады. Дәл осы бәйгеге Қожаханның Биназар атты жан жолдасы өзінің тұлпарын қоспақшы екен. Ол өзінің тұлпарын бәйгеден бірінші келгенін қалап, әрі Қожаханның әулиелігін сынамақ ниетте Қожаханға келіп: «Сені осы жұрт «әулие» деп атап жүр екен ғой. Егер расымен сондай қасиетің

35

болса, мендей жолдасыңа бір пайдаңды тигіз. Тұлпарымды бәйгеге қосып жатқанымды естіген боларсың, амалын тауып сол атым бірінші болып келетіндей бір ғажайып іс қыл. Достық көңілің сол болсын!», – деп қолқа салады. Дәл осы кез Қожаханның әулиелігін дәлелдейтін үлкен сын болғандай. Ел арасында тартысқа толы болған, қызыққа толы бәйге де өз мәресіне жетеді. Бәйгеден бірінші болып Биназардың тұлпары келеді. Бірақ Биназар тұлпарының топ жары келуін Қожаханның әулиелігі емес, тұлпарының жүйріктігі деп есептейді. Қожаханға келіп: «Тұлпарым сенің емес, шашасына шаң жұқпас жүйріктігінің арқасында бірінші болып келді», – деп оның әулиелігін жоққа шығарады. Досының оңайлықпен сене қоймасын білген Қожахан әулиелігінің дәлелі ретінде сол жақ иығын ашып көрсетеді. Қараса, иығында арқан жіптің қажаған ізі қалған екен. Бұл - Қожаханның тұлпарды арқанмен тартқандығының дәлелі.

Күмбез алғашқыда темірден жасалып, қоршалып тұрған. Кейіннен күмбезді жаңартып орнықтырған Кәрім Көкірекбаев болған. Ол кісі Қожахан әулиенің ұрпағы деседі. Кәрім Көкірекбаевтың күмбезді жаңартуына себеп болған – Иран еліне барған сапары екен. Ол кісі кезекті іс-сапарыменИран еліне бет алады. Сол жақта әуежайда тұрған кезінде жанында тұрған адам қай жақтан келгендігі жайында сұрайды. Мекенжайын айтқаннан кейін әлгі кісі: «Сенің жеріңде сондай әулие болған. Қабірі бір замандарда белгісіз себептермен жермен жексен болып, тегістеліп кеткен. Соны тауып күмбез орнатсаң, өміріңде жақсылықтар орнайды», – деген екен.

Дәл осы оқиғадан кейін Кәрім Көкірекбаев үйіне келіп, анасы Қатираға болған жайды айтып, осының мәнін толыққанды айтып беруін сұрайды. Анасы Қожахан әулие жайында бар естіп-білгендерін айтып береді. Осыдан кейін Кәрім Көкірекбаев әулие күмбезін қайта қалпына келтіруді қолға алады. Бір түнде Алматыға бет алып, күмбезді қайта орнатуға керек бар материалды алып келеді. 2007 жылы Кәрім Көкірекбаевтың қолдауымен Қожахан әулие атымен аталған ақ күмбез бой көтереді. Сол кезде күмбездің алдында қызыл тас, ішінде алтын бесік орнатылады. Бесіктің орнатылуына себеп болған баласыз аналардың келіп түнеуі деседі. Бірақ алтын бесік кімнің де болсын қызығушылын оятары анық қой, 2011 жылы күмбезге ұры түсіп, алтын бесік қолды болады. Дәл осы жағдайға дейін күмбез қараусыз, күзетсіз келген. Ұрлық

36

оқиғасы орын алған соң, басшылар күмбез басына қарауыл қоюды жөн деп ұйғарады.

Күмбездің алғашқы шырақшысы болып ауылдағы Саяпбергенұлы Көжек деген ақсақалтағайындалады. Ол кісі сол жылы зейнетке шығып жатса керек-ті, қартайған адамдар ел арасында тындыра қоярлық еш тірлік болмаған соң, жұбайымен бірге сол күмбез басына көшіп барады. Басшылар бұл кісілерге күмбез жанынан екі бөлмелі үй салып береді. Алғашқы жылы бұл үйде жарық та, су да болмайды. Екінші жылы шырақшы қарттардың барлық жағдайы жасалып, жарық та, су да тартып береді .бұл қарттар күмбез басында үш жыл тұрады. Бірақ шырақшының жұбайының денсаулығы сыр бере бастауына байланысты ел арасына қайта келулеріне тура келеді.

Шырақшы атаның айтуы бойынша, ол кісінің әке-шешесі де осы күмбез басына түнеген екен. Үш жыл күмбез басында тұрып, талай кісілердің келіп, дұға тілеп, құрбан шалғандарына куә болғанын, сол дұға еткен жандардың жағдайы жақсарғанын, баласыз аналардың дұғалары қабыл болып, сәбилі болғанын да айтты. Қожахан әулие күмбезінің басына көбіне баласыз аналар барып түнейді екен. Соған қарағанда, бұл күмбездің қасиетті болуына басты себеп – баласыз аналардың құрсақ көтеруі деп топшыладық.

Қожахан әулие күмбезінің алғашқы шырақшысы -

Саяпбергенұлы Көжек атамызбен естелік сурет

37

Қожахан әулие күмбезінің алғашқы шырақшысы –

Саяпбергенұлы Көжек. 1948 жылы дүниеге келген. Бүгінде 69

жастағы зейнеткер. Жайсан ауылында өзінің жекеменшік дүкені

бар. Нақты мекенжайы: Шәкіров көшесі, 3 пәтер. Қожахан әулие

жайлы барлық мәліметті осы кісіден алдық.

Құлжанбекова Назерке, Меншінбай Айнұр

«Филология» мамандығының 2 курс студенттері

38

АҚТӨБЕ

Оңтүстігінде Қаратау қаласымен батысында Қаратау

ауылдық округімен солтүстігінде Сарысу ауданымен

шығысында Ақкөл,Үшарал ауылдық округімен шектесетін

кішкентай ғана АҚТӨБЕ ауылының да өзіндік тарихы бар. Сол

ауылға кіре берісте оң жағында Мырзатай Жолдасбековтың өзі

салған үлкен мешіт тұр. Ал, сол жағында кішкентай ғана төбе

бар. Ауыл оны «Ақтөбе»деп атайды. Төбе басында «VII-XII

ғасырларға тәнмемлекеттік қорғауда»деп жазылған белгішесі

бар.

Сол кіп-кішкентай төбешікті ауыл киелі деп санайды.

Өйткені, ауыл ақсақалдары Шымыртай, Сағымбек,

Дүйсенбекаталардың айтуы бойынша ерте кезде ол төбенің

басынан от қызарып, жалын шашып шығып тұрған деседі.

Кейінірек не себеп болғаны белгісіз, от сөніп,басы ағарып қалды

дейді.Қазір ауылдың шетінеген жас сәбилерін сол төбенің

басына жерлеген көрінеді.Ауылдың қыр шетіне шыға

қалсаңыз,жазық дала! Жаугершілік заманда осында бір алып

батыр, қасиетті кісі қайтыс болыпты.

Дүйсенбек атаның айтуы бойынша: «Бала кезімізде осы

ауылды зерттейміз деп бір топ геолог ғалымдар келген. Содан

39

зерттейміз деп келген зерттеушілердің барлығы жаппай, біреуі

тірі қалмай,сол жерде тіл тартпай кеткенін естідік. Осы

топтыбасқарып алып келген бастығы сол жерде өз-өзіне қол

жұмсап қайтыс болыпты», -дейді. Осы атаның сөзінен соң

жоғарыдағы айтқан батыр Ақтөбені қорғап жатқан болар деген

ой бірден сап ете қалды.

Иә... Несі бар,несі жоқ екенін білмейміз,бірақ киелі. Әлі

күнге дейін қыры мен сыры ашылмай келе жатқан шағын ғана

төбенің ендігі жағындағы зерттелімін Ақтөбе ауылы болашақ

жастарға үлкен сеніммен табыстап отыр.

ҚОТЫРБҰЛАҚ, ҮШ АТА МАЗАРЫ

Талас ауданыТамды ауылының маңында орналасқан

Қотырбұлақ атты киелі орын бар. Аты айтып тұрғандай мұндағы

талдардың түкпірінде мөлдір бұлақ бар. Ал жоғары тұста кезінде

Ислам дінін насихаттаған қасиетті үш атаның мазары тұр. Халық

бұл маңды ҮШ АТА деп те атайды екен.

40

Қотырбұлақ

Осындағы шырақшы Ұлдан апаның сөзіне қарасақ,бұл жерге

келушілер өте көп. Қазақстаннан, Ресейден және

Өзбекстаннанауруына ем іздеген адамдар ағылып келіп жатады

екен.Әртүрлі тері аурулары,күйген денеге бұлақ жағасындағы

балшықтан жағып,артынша бұлақ суымен шайып жіберсе,бәрін

алып түседі екен...

Жоғарыда айтқан үш ата кім дейсіздер ғой? Олар

Кәрім,Мысыр,Ықылас есімді әулие кісілер болыпты. Келген

зиаратшылар қабір басына кіріп,құран бағыштап,дұғаларын оқып

шығады. Құрылысы бұзылған қабірді келген зиаратшының бірі өз

қалтасынан ақша шығарып, алтын түстес күмбезбен безендіріп,

кесенені қайтта тұрғызып беріпті.

Материалды жинақтаған - Жөкеева Раушан,

«Филология» мамандығының1 курс студенті

41

ШӨЛТӨБЕ ТУРАЛЫ ЕЛ АУЗЫНДА ҚАЛҒАН АҢЫЗ

Шөлтөбе және Аққия (Шеңгел төбе) мекен-жұртын таныстырған Аққия ауылының тұрғыны Жаңбырбаев Асылбектің айтуынша,«Шөлтөбе бір кездерде жер бетіндегі өте мықты бекіністердің бірі болған деседі. Бала кезімізде Шөлтөбе маңында ойнайтынбыз. Шөлтөбенің оңтүстігінде алақандай ғана, шағын қараңғы тесік болатын. Тесік төмен қарай тік орналасқан. Балалармен жарысып сол тесікке тас тастайтынбыз. Тас ұзақ уақыт күңгірлеп, дыбыс шығарып, қайда кететінін білмейміз домалап кететін. Балалар аң-таң қалатынбыз. Жауыннан кейін осы жерден түрлі моншақтар тауып алғандығын айтады. Бұл құпия әлі күнге дейін беймәлім. Жеміс пен жүзімнің дәндерін де тауыпты. Оның өзі ертеден-ақ бұл өңірде бау-бақша өсіріліп, шарап жасау ісінің және егіншілікпен қатар қолөнердің дамығанын көрсетеді. Біз әңгімелеп отырған ауыл маңындағы Шөлтөбенің құпиясы әлі ашылмаған деп білеміз.

Шөлтөбедегі табылған кірпіштердің сол қалпында бұзылмауының себебі, ананың сүтімен, қой, түйенің жүні қосылып құйылған» деген ел арасында сақталған әңгімелер бар.

Аққия ауылының тұрғыны Өмірәлиев Темірхан Өмірәліұлының айтуынша: «Шөлтөбеде бала кезімізде мал бағып таң азанмен келгенде су шығатын тесіктің айналасында моншақтар шашылып жататын және әр күн сайын осындай жағдай орын

42

алатын. Кейінгі жылдары бұл тесіктен су шықпай қалды. Су тоқтаған соң ішіне тас тастасаң дауысы ұзақ естіліп тұратын, бұл тесіктің тереңдігін білдірсе керек. Тесіктің үлкендігі ат тұяғы сиятындай еді». Жауыннан кейін небір моншақтар шығатын. Бала күнімізде алақандай тас тауып алғанбыз. Тастың бір жағында арабша жазылған жазуы бар еді. Мұғаліміміз Еген деген ағайға бердік. Кейін сұрастырғанымда музейге өткізгендігін айтты.

Байзақ ауданы Аққия ауылының тұрғыны, зейнеткер ұстаз Тұрар Сыдықұлы сұхбат алу барысында Шөлтөбе туралы ел ауызында таралған аңыздардан сыр шертті. «Шөлтөбедегі табылған астау» жайында газетке мақаланың басылғандығын айтады. 1954-1955 жылдар шамасында бір қазақ археологы келіп, Шөлтөбеде қазба жұмыстарын жүргізген. Сол кезде екі дәу астау табылды. Астаудың бір жақ бетінде жазу жазылған, алайда оны ешкім оқи алмады. Астауды машинаға салған кезінде, машинаның борты сынып кеткен- деп еске алады. Ол астау Фатихан ханның қызының атының астауы екен», - дейді.

Шөлтөбе маңайынан құмыраның түрлі бөліктері, бірде тұтас құмыраның өзін де тапқанбыз. Құмыраның ішінен толған күл, екіншісінен толған мал асықтары шыққан. Шөлтөбеде жаңбырдан кейін моншақтар, түймелер табылған. Шөлтөбенің ортасынан Бекежан деген атамыз бұл жердің топырағынан күйдіру әдісімен оқ жасаған. Ол туралы газет беттерінде жарияланған. Шөлтөбенің топырағы үгітіліп тұрады, топырағының құрамының өзінде ерекше бір сыр бар деседі.

1950 жылдары Шөлтөбенің тұсынан 1,5 шақырым жерде диірмен тапқан. Сонымен қатар бетінде қақпағы бар 1 метрден аса ішіне 2 центнер 200 кг бидай сияқтын дәу құмыра шыққан. Ол құмыраның іші толған күл болған. Оның ішіндегі күміс уақыт өте келе біраз жылдан кейін күлге айналып кеткен екен.

Ел аузындағы аңыздарға сүйенсек, Қарахан Бабыр патшаларының қыздарын, келіншектерін осында Шөлтөбеге алып келген. Айналасына ор қазып, су жіберіп қойған. Бұл жер ертеректе қорған болған.

Осы төңіректің 1-2 шаршы жердің бәрі төбе-төбе үйлер болған. Үйдің іргетасын соғатын тастар шыққан. Колхоз кезінде қызылшаға тыңайтқыш төгеміз деген кезде экскаватор сынып, машиналар бұзылған. 9-мамыр Жеңіс күні алтыбақан құлап, адамдар жол апатына ұшараған. Сондықтан бұл қасиетті, киелі жерге ойын-сауық өткізуге, егін егуге тыйым салынған.

43

Алтынхан деген кісіні жерлейін деп жатқанда 80 см болатын күйген қыштан жасалған бүтін құмыра шыққандығын Тұрар қария баяндап берді.

1-суретте: ауыл тұрғыны, зейнеткер Тұрар Сыдықұлы

2-сурет. Алтынхан отбасындағы Молдабаева Роза апайдың

үйіндегі Шөлтөбені қазған кездегі (2001 жылдың 27 қарашасы

күні) табылған құмыра.

44

ТҮЙМЕКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылының

оңтүстік-шығыс шетінде Талас өзенініңоң жағалауында ортағасырдағы Түймекент қаласы туралы Түймекент ауылының тұрғыны Мамырбаев Серік атамыз әңгімелеп берді. Түймекент қаласы кезінде ерте кезде үлкен қала болған деседі. Осы жерде екі базар, үлкен дүкендер болған. Келген адамдар қона жатады екен. Дүкендерде ол уақытта жалтырауық түймелер көздің жауын алған. Сол кездегі бай-болыстар шапандарын осы Түймекенттен шыққан тиекпен бекітеді екен. Бұл жерді таусылмайтын керемет түймебазар деп аталған деседі. Бұл жер түйменің таусылмайтын жері түйме қала, түйменің кентіболған. Сонымен қатар тағы да бір аңыздарда Түйме қыз деген болған. «Түйме» - қыз аты. «Кент» - қала. Толық атауы Түйме қыздың қаласы делінген. Бұл жер туралы қазақтың белгілі этнограф-археолог ғалымы Әлкей Марғұлан: «Әбель Ромади, Шаваны, Де Трота, В.В.Бартольд, және т.б. зерттеушілердің еңбегіне сүйенсек, Талас өңірінде мұнарлы сарайлар бар қалалар болған. Сол қалалардың бірі – Буденновка ауылының іргесіндегі Түймекент қаласы. Атлант мұхитының Тынық мұхитқа дейін жалғастырып жатқан бірнеше ғасырлық тарихы бар Ұлы жібек жолының бойында орналасқан көне Тараз қаласымен терезесі тең болған»,- деп айтқан.

Бұл қаланың орнын алғаш рет зерттеуші - ғалым В.Бартольд Түймекент қаласы деп атаған. Шамамен біздің заманымыздың Х ғасырларында мешіті қала ортасында орналасқанірі қала болған, бекініс іргелерінен тыс базарлары болған деген деректер бар. Ол шындыққа жатады. Қазір Жамбыл облысының тарихи өлкетану музейінде көне Түймекент қаласының зиратынан (Буденновка ауылының Ворошилов және Буденный көшелері қиылысқан маңда) табылған адам бейнесі бар тас мүсін және үлкен құмыра сақталып тұр. Түймекент қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарында қорған астында 2,5 метр тереңдікте қыштан жасалған осы күнге дейін бұзылмаған қос су құбыры табылған. Қалаға құбырмен су енгізу көне Түймекентте бір кезде өркендеу дәуірі болғанын дәлеледейді. Тарихи деректерге сүйенсек, Талас өзені аңғарында олай болса көне Түймекентте құнарлы жердің түгелдей ну бау-бақша болғанын аңғарамыз.

45

Түймекент қалашығыТүймекент ауылының

тұрғыны Мамырбаев Серік

46

ОҢҒАРБАЙ БИ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм

ауылында ел қорғаған, Қоқандықтарға қарсы соғыстарда жүзбасы болған халық арасында көсемдігімен, сөз бастаған шешендігімен көзге түскен, ерлігі мен батырлғы бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болған Оңғарбай деген би болған. Қазақ даласына жасалған қоқандардың шапқыншылығы халқымызға үлкен зобалаң алып келгенін тарих беттерінен жақсы білеміз. Міне, осы тұста туған жерді жаудан қорғап, Кенесарының ақ туының астына жиналған батыр бабаларымыздың арасынан табылған Оңғарбай бидің қолбасшылық қабілеті ерекше дараланған. Бұл туралы Оңғарбай бидің ұрпғаы Алыпбайұлы Мұқатайдың айтуынша Оңғарбай би болған, оның әкесі Айтбай Жуалы жерінде Қоқандықтарға қарсы соғыстарда жүзбасы болған. Қоқандықтардан қысым көрген Оңғарбайдың елі Мойынқұм жеріне қоныс аударады. Оңғарбай би Кенесарының соңғы жорығына қатысып, қырғыздарға тұтқынға түседі. Тұтқынға түскен Алыбай деген байдың ауылында Бұхара медресесінде білім алған, Оңғарбай бала оқытып, алғырлық танытып байға ұнай бастайды. Алыбай Оңғарбайға бала болуын ұсынады. Бірақ ол ауылына қайту ниеті бар екенін айтып келісімін бермейді. Бай қулыққа көшіп Оңғарбайға өзінің қызына үйленіп, бар байлыққа ие болуды ұсынады. Оңғарбай оған да қарсы болады. Амалы таусылған бай Оңғарбайға ат мінгізіп ауылына аттандырады. Елге оралған ол молдалық жасап бала оқытып, елді отырықшылыққа үйретіп, тоған қаздырады. Оңғарбайдың тоғаны деген 50-60 жылдарға дейін болды. Оңғарбай 5 жасар жетім ұл Қылышбай ақынға ұстаздық етіп, оның Бұхарада оқуына ықпал жасайды. Қылышбайдың ақын болып қалыптасуына осы кісі көп әсерін тигізген. Мешіт салған. Бала оқытады. Әулие деп те есептеген. Бойында емшілік қасиеті де болған. Қайтыс болған соң күмбез орнатқан. Ауру адамдар, баласы жоқ әйелдер түнеген. Күмбезді салу технологиясы да ерекше. 500 ешкіні сойып, соның майынан лай жасап, кірпіштерін жасаған. Шамамен 1885-86 жылдары

47

Таласбай деген ұста соққан. Бұл әңгімені Оңғарбайдың тікелей ұрпағы Алыпбайұлы Мұқатай баяндап берді.

АлыпбайұлыМұқатайдың бастауымен Оңғарбай

кесенесіне бардық. Кесене Мойынқұм ауылының солтүстік

батысында орналасқан. Кесене 19 ғасырдың аяғында

тұрғызылған.

Тойшыбекова Айсулу Бекмаханбетовна,

гуманитарлық ғылымдар магистрі

48

БАРХУАБ ҚАЛАШЫҒЫ, ШАБҒАР ҚАЛАШЫҒЫ

Ортағасырлық Бархуаб қалашығы болды.Жуалы ауданындағы Теріс өзенінің алабы ежелден-ақ Мыңбұлақ аталған екен. Бұл жердің толық сипаттамасын алғаш шамамен 630 жылы осы аймақта болған қытай жиһангері Сюань-Цзянь жазып қалдырған екен. Өлкетанушы Д.Байдалиев Жуалы ауданында орта ғасырлық жеті қалашық болғандығын айтып, олардың аттарын атап шықты: Шабғар, Абардадж, Бархуаб, Шойбек, Нанжир (белгісіз қалашығы), Адыраспан төбе, Шақпақ қалашығы. (8-10 ғ.ғ.жататын қалалар). Осы қалалардың ішінде Бархуаб қалашығымен алғаш таныстырды. Бархуаб - өзеннің атауы, қазіргі Теріс өзенінің ежелгі атауы екен, өзен шығысқа қарай ағатын болғандықтан,«Бархуаб», яғни кері ағатын өзен деген мағына берген. Бархуаб қалашығы Теріс өзенінің оң жағында шамамен 500-600метрдей жерде орналасқан. Бұл қалашықта ХІХғ. В.В.Бартольд және В.А.Каллаур зерттеу жұмыстарын жүргізген. Арнайы қазба жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген екен.Өлкетанушы Д.Байдалиев Шабғар қалашығының Күркүреу Су маңында екендігін, қазіргі кезде жері жыртылып кеткен және орны сақталмаған, екі гектардай жерде топырақ үйіндісінің жатқандығын айтты. Шабғар – араб тілінен аударғанда қайрақ тас деген мағына береді. Жібек жолының бойында диірменнің тасын өндіріп, жан-жаққа таратқан екен. Осы қайрақ тас деген сөзден Шабғар сөзі шыққан.

49

Осы маңда тас жолы соғылғанда адам сүйектерінің көптеп табылуы бұл жердің көне жұрт орны болғандығын дәлелдеп отыр. Айналадағы төмпешіктер де тегін жатпағандығы, олардың бәрінің де бұрыңғы қоныстардың орны екендігі аян. Алайда, бұл жерлер әлі зерттелмеген, өз зерттеушілерін күтіп отыр. Ашаршылық жылдары қазақ халқы негізінен темір жол бойын жағалап, Ресей асып, қайың сауып кеткен болса, Жуалы жұрты қозықұйрық, рауағаш, алғы деген өсімдіктерді қорек етіп, жан сақтаған екен.

Жуалының ежелгі аты Қосбөлтек болған екен. Осыған байланысты жергілікті ақын:

«Атыңнан айналайын атамекен, Кім сені Қосбөлтек деп атады екен. Батысынды, шығыста Қаратауы, Ортасында жасыл мекен жатады екен», - деп жырлаған

екен. Бұдан кейінгі атауы Құланбасы болған.

ӘУЛИЕБАСТАУ БҰЛАҒЫ

Әулиебастау бұлағы - жоғарыдан қарағандағы пішіні көзге ұқсас, жан жағындағы қамыстар кірпікке ұқсайтын болған. Кезінде бұл жерде балықтар мен өзінің дәу жыланы болған. Адамдар келіп, тәу етіп суын ішкен. Әулиебастау, Көкбастау деген атаулары болған. Осы бастаудың суын құбырлар арқылы тартып, қалаға жеткізген, сол арқылы қала халқы ауыз сумен қамтамасыз етілсе керек. 60-70 см. диаметрі 16 см. қыш

50

құбырлар табылып, қазір мектеп мұражайында сақтаулы екен. Екі бастау қосылған, сол жерден қалаға су тартылған.

Жергілікті өлкетанушы Д.Байдалиев ертеректе бұл жерлерде аң құстың әр түрінің мекен еткендігін, темір жол салынғаннан соң олардың бұл маңнан ауа көшіп кеткендігін айтты. Каучук промхоз деген Қазақстандағы жалғыз резина шығаратын завод болған. 1956жылға дейін жұмыс істеген.

Теріс ауылында орналасқан С.Сейфуллин атындағы мектепте осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әмірқұл Атамбек мектеп мұражайындағы Баркуаб қалашығынан табылған қыпшақ кірпішпен таныстырды, оның көлемі 18:18, ұзындығы 5 см. Кезінде осы кірпіштен ғимараттар қалаған. Осы кірпіштің табылуы жергілікті халықтың кірпіш күйдіру технологиясын меңгергендігін дәлелдейді. Қыш құмыралардың қалдықтары табылған.

51

ОЙРАНТӨБЕ

Шақпақ асуынашығар жол бойында Қарасаз ауылына жақын

маңайдан Ойрантөбе деп аталатын төбе бар. Бұл жерде

жолбасшымыз Дәулетжан мырза төбенің Ойрантөбе аталу

себебіне біршама тоқталып өтті. Ертеректе қырғыздар

қазақтардың жеріне жиі шабуыл жасап, мал жанын олжалап

отырған заманда, осы төбенің басында қазақ қосыны қырғыздың

атақты екі батырын өлтірген екен. Бұл төбе туралы

қырғыздардың: «Ойрантөбе - қазақтар төбемізді ойған төбе» деп

жырлағанын тілге тиек етті.

VIII ғасырдың қала жұртының ерте орта ғасырға

жататын қалашықтың орны, әлі мүлдем зерттелмеген. Ынтымақ

ауылында Жартытөбе аталатын көне жұрт орнының бар екендігі

айтылды. Жартытөбенің басым бөлігін су шайып кеткен.

52

Мұнан ары қалмақтардың қолмен үйген Жеті төбе

аталатын төбелер тізбегімен таныстырды. Төбелер тізбегі Құлан

тауының етегіне дейін жалғасқан. Құлан тауынан Теріске дейін

үлкен 7 төбе бар екендігін атап өтті. Жолбастаушымыз мұнан

ары Адыраспантөбе қалашығының тарихымен таныстырды.

Адыраспантөбе - Жуалы ауданының Дихан ауылының жанында,

Ташкент-Алматы автомобиль жолынан солтүстікке қарай 400-

500 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қаланың орны. Бұл

қалашық туралы дерек жоқтың қасы екен. Адыраспантөбе төбе

қалашығы дөңес жерге салынған, екі сатылы алаңнан тұрады.

Бірінші (жоғарғы) алаңның жалпы аумағы - 180м*180м. Оның

ортасында төрт бұрышты кішігірім бекіністің қалдығы бар.

Екінші (төменгі) алаңның аумағы 100м*100м. Қалашық айнала

1,5-2 метрдей, ал қалыңдығы 5-60 метрлік дуалмен қоршалған.

Адыраспантөбенің батысында диаметрі 30 метрден астам,

биіктігі 2 метр шамасында дөңес бар. Табылған ыдыстар мен үй

бұйымдарына қарағанда қала тұрғындары ҮІІІ-Хғғ. мекен еткен

деген тұжырымдар жасауға болады.

Патша үкіметі кезеңінде Қошқар атадан Шақпақ атаға

дейін бірде бір қазақша елді мекен атауының қалмағандығын

еске салып өткен жөн болар. Қазіргі таңда бұл атаулардың

барлығы қазақша атауларға өзгертілген екен. Билікөлде 420-дан

астам обалар анықталғандығын атап өтті. Құлан асуында 1957

жылға дейін Боралдай шахтасы жұмыс істеген. Осы жерден

көмірді Түлкібас станциясына жеткізіп, ары қарай ағылшындар

53

алып кеткен. Орны сақталмаған Кәріқорған қалашығы туралы

атап өтті (Жетітөбе ауылдық округына тиесілі). Кезінде Кеңес

үкіметінің алғашқы жылдары сенаж соғу кезінде осы қала

орнынан 3 метр тереңдіктен қызғылықты құмыра табылған. Бұл

құмыра қазіргі кезде жолбасшының құдағиының үйінде

сақтаулы көрінеді. Мұнан ары Күреңбел жеріне жол тарттық.

Аталу себебі осында күреңті аталатын өсімдік өскен. Улы

өсімдік. Оны өзге жақтың малы жегенде уланып өлетін болған.

Шақпақ қалашығы, қазіргі Жуалы ауданының Шақпақ-

атаелді мекеніненоңтүстіккеқарай 50 метрдей жерде Алматы-

Ташкент автомобиль жолынан сәл ғана төмен орналасқан. 8-

10ғғ.пайда болған қалашық. 8 мұнарасы болған. «Қалашықтың

Шақпақ аталу себебі, бұл жерде Үйсіннің 12-ші ұрпағы Шақпақ

әулие мекен еткен», - деп түсіндірді жолбасшымыз. Осы

қалашықтың шығыс жағында Шақпақ өзенінің арғы бетіндегі

тауда өткен кеткендер зиярат ететін Шақпақ әулиенің үңгірі бар

екен. Шақпақ әулие үңгірі түрлі пішіндегі жақпар тастардың

етек 25 жағында орналасқан аузы солтүстікке қараған шағын

үңгір екен. Оның тереңдігі 6 метр ал биіктігі 2,5 метр болады.

Бұл үңгірді жұрт әулие санап, ауру-сырқаулар мен бала сұраған

әйелдер басына түнеп зиярат етіп жатады. Үңгір алдындағы

шеттікке ырым етіп шүберек байланған.

Муртазаева Баян Әбжапарқызы

ӘУЛИЕБАСТАУ (КӨКБАСТАУ) ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Әр бұлақтың өз иесі, егесі болады, дейді халық ұғымы. Біз

айтқалы отырған Теріс елді мекенінде орналасқан Көкбастау бұлағы орта ғасырларда сол маңда жасаған көне шаһар Баркубас қаласын сумен қамтыса керек. Оған жер астынан табылып жатқан қыш құбырлар дәлел. Ал, бүгінде ел табынатын Әулие бастауының біріне айналған – Көкбастау ауылдың оңтүстік қыр жақ бетіндегі жыра қолтығында қайнап жатыр. Аумағы шағын ғана бұлақ сырттан қарап тұрған жанға көз секілді көрінеді. Тура адамның көз қарашығы тәрізді – ортасы қайнар, айналасы ақ керіш, жағасы кірпік тәрізді көгеріп жатыр. Суы таза, мөлдір,

54

бал татиды. Әрі шипалы - асқазан, өт, бауыр, жалпы, ішкі ағзаларға дауа, бала көтермеген әйелдер мен жолы болмай жүргендерге септігі тиеді, - дейді айтушылар.

Түркістан өңіріндегі Әулие бастаулармен де байланысы бар деген болжам айтылады ел ішінде. Бастау иесі жалғыз көзді, арқасында жалы бар шолақ құйрық айдаһар көрінеді. Ол тек арқалы, Әруақты кісілердің көзіне көрінеді-мыс. Ол сондай-ақ, су бетінде әр түсті бейнелер беру арқылы да аян береді екен. Оның құдіретін кез келген қарапайым адам да көре алады. Басына барғанда құран оқып, мұқият су бетіне зер сала қарап отырса, түлеп сыпырылып түскендей, жылан терісінің әрбір бөлігін, тор көзін анық байқауға болады. Ол жылжып бұлақ аумағын толық алып, көз алдыңнан тірі жыландай өтіп жатады. Сол көріністі көрген адам өзі-ақ тәубаға келе береді. Бастауға байланысты аңызда көп. Соның бірі ел 50 жылдары оның Оңтүстік бетінен су жүретін тоған қазып жатыпты. Үлкендер кетпендерін құлаштай сермеп топырағын сыртқа атып, жас балалар бірін-бірі қуып топырақ үстінде мәре-сәре болып ойнап жатқанында шығыс беттен ақ киімді, ақ түйелі адам көрінеді. Бет алысы осы жақ. Ол келе бұлақ басына түседі. Ел оның түскенін көрсе де «түйемен қыдырып жүрген біреу болар су ішуге келген» деп аса мән бермесе керек. «Ойбай, жаңағы түйелі ақ адам жоқ болып кетті, бастауға түсіп кетті ме?» - деп бір әйел байбалам салғанда ғана барып жұрт елең етіпті. Ер кісілер кетпендерін тастай салып бұлақ басына жетеді. Бұлақ қаннен-қаперсіз буырқанып, бұрқылдап, құм атып қайнап жатыр. Маңында түйелі адамның болғанын айғақтар із, не бір белгі жоқ. Жұрт ойы сан саққа жүгіреді. Не жұмбақ, не сыр. Әлде бастау иесі өзінің бар екенін сездіріп қойғысы келді ме? Ертеңіне қой сойылып, құдайы таратылады. Бастау басына жан-жақтан тәубә етіп келушілер көп. Бәрі де Аллаға сиынып, бұлақтан су ішіп денсаулығын жақсарту үшін тілек тілеп келеді. Онда Ана есімді шырақшы жүреді. Ол бір күні су табанынан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған тайқазаннан әлдеқайда үлкен қазанның төңкеріліп жатқан сұлбасын көреді. Анаға бұл бір жаманаттан хабар беріп тұрғандай көрінеді. Бұлақ басына келушілермен ақылдаса келіп, ол қан шығарып, қазан көтеріп Көкбастау басында құдайы береді. Аллаға төңіректегі елдің басына түскелі тұрған ауыртпалықты жеңілдетуін сұрап

55

жалбарынады. Жөсөспірімдерді тәубаға келтіре көр, деп тілек тілейді. Бұл кезде сол төңіректегі ауыл балалары арасында жанжал туып, өзара нақты келісімге келе алмай, «разборка» жиі жүріп жатқан. Олардың бұл қақтығысулары ел-жұртты да бей-жай қалдырмағаны анық. «Әй, бұлар түбі бірнәрсе көрмей тынбас, тегін емес», - деп сәуегейсінгендер де жоқ емес. Әйтсе де, шайтан арбауына түскен ұрпақты арашалау Әулие-әмбиелердің үлесіне тигендей ме? Маңайдағы өзге Әулиелерде тыныш жатсын ба? Ананы мазалады. Енді шырақшы басы жастыққа тисе болды, Қаратау қойнауындағы Атабастаудың түбінде тұрған қара ағашты көретін болды.

Бейне, жеті қат көкке көтеріліпті. Қасына Атабастау

маңындағы қара ағаш келіп орнай қалыпты. «Бұл неге мұнда тұр», - деп таңданады Ана. Бұтақтары шайқалып, қабырғасынан жас тамшылап тұр. Оянып кетсе түсі екен. ...Түсі өңге айналғандай ма? Көкбастау, Атабастаудың күйттегені ұрпақ амандығы екен. Ауа райы күрт суытты. Өзенде буырқанып жатты. Алдын ала екі ауыл жастары уәде байласып, уақыт белгілеседі. Бір жағы ерте келіп, қарсы бетті бейбіт келісімге шақыруға ниеттенген еді... Арғы беттегі ауыл балалары өздерінше бір қауым. Олар сол күнгі «разборкаға» сақадай сай дайындалып, мұздай қаруланып келеді. Шынжыр-сойылдарын білеп, аспанға мылтық атып, шыға келгенде, өзі аз, әрі достасу ниетімен келген бергі біттің балалары тұра қашады.Кенет,

56

найзағай жарқылдап қап-қара түнгі аспанды тіліп, беймәлім ақ жолақ пайда болады. Сол ақ таңба табиғаттың біз біле бермейтін бір құпиясы іспетті. Оған ешкімнің мән бермесі бесенеден белгілі. Сол түні қашқан балалардың арасында жүгіріп келе жатқан Бақұл деген бала сол жолақтан ағып бара жатқан өз жұлдызын көргендей болды. Кенет, аяғы шалынып көпір жарықшағынан суға гүмп ете түсті. Қара ағаштың басынан көк шыбық үзіліп түсті. Жан қиылды, жұлдыз ақты. Өзге шыбықтар салбырап, тұңғиық ойға батты. Артынша елге ес кірді. Көкбастау басында қазан көтерілді, құдайы таратылды. Содан кейін бұл аймақта жасөспірімдер арасындағы төбелес пышақ кесті тиылды. Шырақшының айтуынша, ел басына төнген ауыртпалықты Бақұл-боздақ көтеріп кетті,- дейді.

Марат Құлибаев, Жуалы ауданы Бақалы ауылының

тұрғыны

АҢЫЗ АДАМ НЕМЕСЕ «ТЕСІК ТАМАҚ ҚАЛИ»

АТАНҒАН АҒА ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

Ауылдағылар оны «Тесік тамақ Қали» дейтін. Бір ғажабы

Қалекең бұған еш уақытта ренжімейтін. Әзілді де, сөзді де көтеретін көнтерлі кісі еді. Жымиып отыратын, жарықтық. Артық сөзі жоқ, құдай деген момын жан болатын. Қайрақтай қара шалдың қайсарлығына, қажымас қайратына қайран қалушыем. Сол елуінші жылдары «Кеңес» кеңшарында ферма меңгерушісі болатын. Малшылармен бірге қыста құмға, көктемде көктеуге, жазда жайлауға көшіп – қонып жүретін. Сол кездің адамдары жеке басының қамын күйттеп кетпейтін, адалдықтың ала жібін аттап өтпейтін. Қоғам мүлкі өз мүлкім деп есептейтін. Әсіресе, соғыстан жараланып қайтқан Қалекең сияқты азаматтар аттан түспей, уақтылы тамақ ішпей жеңіс үшін жеңін түріп жұмыс істеді.

Қызтай әпкемнің қонақ күтуден қолы босамайтын. Әйтеуір, Қалекеңнің қараща үйінен кісі үзілмейтін, бірі келіп, бірі кетіп жататын. Қалекеңнің үйі мен біздің үй ауыл сыртындағы өзекте бірге отыратын. Бие байлайтын. Қымызға қырымдағыны щақыратынына сонда көзім жеткен. Жалпы, Қалекең - батқан жан жарасын елемей, еңбек етіп, еліне еңбегі сіңген адам... Беу, дүние-

57

ай! Оның соғыстан келгеннен кейінгі көрген азабы аз ба. Сол соғыста алған тән жарасы өл- өлгенше жазылмады, сексенінші жылдың соның ала дүние салды. Қалекең көп сөйлемейтін, көп тыңдайтын кісі еді. Бір байқағаным, жанарында бір мұң тұнып тұратын. Жарасы жанына бататын болу керек. Отбасының берекесін алмайын дей ме, сырт көзге сыр бермей, көбінесе көңілді көрінуге тырысаын. Сол сабырлы қалпын сақтаған күйі ел алдында еңсесін түсірмей өмірден өтті. Осы бір аңыз адам атанбаса да нағыз адам атанған Қалекең туралы мардымды ештеме жазбағаныма бұл күнде қатты өкінемін. Иә, қолда барда алтынның қадірін кім білген. «Екі күн госпитальда есімді жия алмай жатыппын. Талқаным таусылмаған екен, көретін жарығым бар екен. Өлмей тірі қалдым. Соғысты жарты жолда аяқтап, жарым жан болып елге қайттым. Бірінші Аллаға, екінші өлімнен арашалап аман алып қалған дәрігерлерге дән ризамын»,―деп Қали Ордабаев өткен сол бір сұрапыл жылдарды жиі еске алатын. Адам айтса нанғысыз асыл ағаның тамағындағы түймедей тесікті көрген сайын сай сүйегім сырқырайтын. Айтпақшы жетпісінші жылы менің Қалекең туралы аудандақ «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінде «Жан жарасы жазылған жоқ»,-деген мақалам жарық көріпті. Енді содан үзінді келтіре кетейін.

...Қатардағы жауынгер Қали Ордабаевты рота командирі Ю.Макланов өзіне шақырды. Жаудың екпіні басылып, беті қайтып қалған кез еді. Көп кешікпей командирдің алдында ортадан төмен, тәпене бойлы, дөңгелек жүзді қалақтай қазақтың қара баласы тұрды. Командир елуді еңсеріп қалған кісі еді. Бар өмірі осы әскери салада өтіп келеді. Мұның алдында фин соғысына қатысқан екен. Бейнетінің зейнетін көрер шағында от кешіп жорықта жүр. Соғысқа өзі сұранып келген дейді. Құдай-ау осындай да қайсар, айтқанынан қайтпайтын өжет жандар да болады екен ғой. Қолы әкесіндей боп кеткен сүйікті командирінің бұйрығын күтіп, тірі сәтте тәтті ойға беріліп кеткен-ді. Оның ойын командирдің ашық үні бөлді.― Бүгін түнде мына селоны жаудан тазартуымыз керек, ― деді командир нық сеніммен. ― Осында жаудың қару- жарақ, оқ-дәрі сақталған склады (қойма) бар көрінеді. Сондықтан селоға барлау жасап, сол құпия қойманың бар- жоғын анықтау керек. Қауіпті. Тапсырма тығыз. Бұл селомен байланыстың үзілгеніне үш ай болған. Жау есіріп, әбден бауыр басып қалған көрінеді. Алдымен адам күшін анықтаңдар, шіркін- ай, бір фашистің беделді офицерінің біреуін «қонаққа» ала келсеңдер, тіпті жақсы болар еді.

58

Жо... жо жоқ. Бұлай етпеңдер. Қолға түсіп қаласыңдар. Мұндай көзсіз ерлік жасаудың қажеті жоқ. Жаудың бекінісі қандай соны біліңдер. Жау біздің таяқ тастам жерде тұрғанымызды сезбейтін болсын.― Құп болады, жолдас командир, ― деп Қали қолын шекесіне апарып, қаққан қазықтай қалшиып тұра қалды. Сол сәтте сымдай тартылған сымбатты жауынгерге сүйсінген сыңай танытып, «Айналайын, абайлаңдар! Еліңде ата-аналарың, сүйген жарларың күтіп отыр... Командир өзінің толқып тұрғанын сездіргісі келмей сырт айналып кетті де, стол үстінде жатқан картаға үңілді. ― Костя, ― ол Қалиды еркелетіп осылай атайтын, - бері кел. Мына картаны көріп ал. Ауылдан біз жеті шақырым жерде тұрмыз. Мынау тас жол, ауылды екіге бөліп жатыр. Көрдің бе. Жолға жақындамай өзеннің ішімен ауылға кіріңдер. Өз бөлімшеңнен үш жауынгерді ал да көп кідірмей жолға шық.― Құп болады, жолдас командир, ― деп Қали бойын тіктей беріп еді. Командир «жә, жетер»,- дегендей сыңай танытып, қас-қағым сәтте қарт командир тәтті сезімге беріліп толқу үстінде тұрып қалған. Бәлкім, ол Отанын сүйетін осындай өжет жауынгерлері бар командир өзін сол сәтте бақытты сезінген де болар... Төрт жауынгер жолға шықты. Қарағайлы қалың орман, қою қараңғылық тұншалап келеді. Төрт жауынгер жалғыз жолмен ауылға қарай тура тартты. Қали бастаған барлаушылар түн ортасында тапсырманы тастай етіп орындап, қайта оралды. Таңғы төртте бұлар селоға кіріп келді. Жол бастаған барлаушы жауыынгерлер тамаша тапқырлық көрсетті. Көргісіз қараңғы түн жауынгерлерді құпия қойманың үстінен түсірді. Қаннен қаперсіз ұйқыда жатқан жау берекесі кетті. Ауыл жаудан тез-ақ тазартылды. Мас фашистің офицерлері түкке түсінбей, қарсылық көрсете алмай арманда қалды. Кеше кешкілік күннің бір уағына дейін ішкілік ішіп, ықылық атқан, масайраған мырзалар сыбаға алды. Қаруын тастап қол көтерген фашистердің арасында еңгезердей егделеу офицер қолма-қол көз ілеспес шапшаңдықпен пистолетін суырып алып, Қалиға қарсы кезене берді...

Қали госпитальда жатып әрең есін жиды. Сол соғыс жылдарындағы дәрігерлердің не құдіреті бар. Талай-талай жауынгерлерді өлім тырнағынан құтқарып қалды. Соғыстан аяқ-қолынан айырылып, мүгедек болып қайтқандар қаншама? Ал, иектің астындағы кеңірдек жараланған жандарды көргенде де, естіген де еместі. Кеңірдекті тесіп өткен оқтың орнын жамап, сол жерге оймақтай «кнопкі» қойып берген дәрігерлердің шеберлігіне таңданасың. Дәл, осы Қалекеңдей тұп-тура талма тамақтан ауыр

59

жараланған жан еш жерде жоқ шығар. Тамағындағы түймедей тесікті бармағымен баспаса сезіне алмайтын. Басқасын былай қойғанда, тамағандағы жарақатының қырық жан «қызығып» көрген Қалекеңнің басына алтыннан ескерткіш қойса да артық емес. Қали Ордабаев соғыстан келген соң біраз жыл сол салада «тиіп- қашып» жұмыс істеді. Ауыр жұмысқа жарамады. Елуінші жылға дейін колхозда есепші, кейін ферма меңгерушісі болды. Бейнетінің зейнетін көрді. Артта қалған бөлімшені алдыңғы қатарға шығарды. Қалай десек те Қалекең «Сары дала» өңіріне ақтылы қой өргізіп, еңсесін көтеруге тамшыдай үлес қосқан тамаша жан. Қысқасы көзінің тірісінде көзге түспей, жазғыштардың қаламына ілікпей қалтарыста қалып келген соғыс мүгедек марқұм Қали Ордабаев осындай жан еді. Елім деген әр Қалекеңдей болса ғой, шіркін!!!

Әскербек Құйқабайұлы, журналист Аққөл ауылы

«ҚОТЫРБҰЛАҚ» ― ӘУЛИЕЛЕР МЕКЕНІ

Біз, қаратаулықтар, қасымыздағы «Қотырбұлақ» суының адамның ішкі ағзалар ауруына, әртүрлі қышыма, қотыр, жараларға бірден-бір ем екенін және оның әулиелер мекені екенін ести тұра, оның қадір-қасиетін көп ескере бермейтін секілдіміз. Әйтпесе, еліміздің ең шалғай деген жерінен өз дерттеріне шипа іздеген жандардың келіп жатқанын қалай түсіндіреміз. Осыдан аз ғана бұрын менің жұмыс кабинетіме бейтаныс адам келген. Мінезі ашық, әңгімеге де бай адам көрінеді.

― Мен Шымкенттен келдім. Аты-жөнім ― Халық Садықов, отставкадағы полиция полковнигімін, ― деп өзін таныстырған Халық ағамызбіраз әңгіме айтты.

Әйелі Есімкүл Майлыбаева емші, әрі көріпкел екен. Түсіне осы «Қотырбұлақ» еніп, әулиелер аян берген. Содан осы жаққа жол тартқан. Бұдан кейін де Халық ағамен бірнеше мәрте жолығып, әңгімелестік. Ол кісінің сөзінен Есімкүл емшінің де әртүрлі құдіретіне тәнті болдық.

Дегенмен, бұл жердегі біздің басты мақсатымыз «Қотырбұлақтағы» үш ата-Мысыр ата, Кәрім ата және Ықылас атаның басын көтеру, кесене тұрғызу мәселесіне қорғау салу,

60

көпшілікті жұмылдыру болғандықтан бірден осы мәселеге ойысқанды жөн көрдім.

«Қотырбұлақтағы» осы аталарымыздың басында 80 жасқа келген Жауғашов Асан мен ол кісінің зайыбы Ұлдан Жауғашова1992 жылдан бері шырақшы.

Бұл кісілердің мұнда келуінің өзі - бір үлкен хикая. ...Асан ағамыз бен Ұлдан апамыз 30 жыл совхоздың малын

бағып, зейнетке шыққан соң Тараз қаласынан жайлы пәтер алып, жан бағуды ойлады. Екеуі осыған келіседі. Көшетін күні «Қотырбұлақ» жаққа кеткен Асекең ізім-қайым жоғалады. Арада бірнеше күн өткенде ол кісіні есі ауысып, аузы-басы қисайған күйінде тауып алады. Сонымен, ол кісіге осында жатқан аталары аян беріп, бастарына шырақшы болуды аманат етіпті.

Міне, содан бері ол кісілер осында, қалаға көшуді мүлдем ұмытқан. Қазір Асекең бақуат, шаруасын күйттеп жүріп жатқан жайы бар.

Біз бірнеше мәрте Ұлдан апамызға жолығып, әңгімелестік. Қасиетті бұлақтың суын ішіп, бетімізді шайдық.

― Бұлақтың басындағы таста,-дейді Ұлдан апа,-таңбалар мен белгілер көп,-мынау Нұх пайғамбардың табанының ізі, мынау оң қолын қойған жері, ал мынау Алланың мөрінің таңбасы,-дейді тастағы бедерлер мен белгілерді бізге көрсетіп.

61

Шынындада таста адам табаны мен алақан, саусақтардың бедерлері айқын аңғарылады.

Асан қария мен Ұлдан апай қазір бұлақтың жоғарғы жағындағы биікте қатар жатқан Мысыр ата, Кәрім ата мен Ықылас атаның басын көтеруді өз қаражаттарымен қолға алған. Бұл кесене үш атаға байланысты үш күмбез түрінде жабылмақ. Қазір оның іргетасы қаланып бітті.

― Іргетасының өзіне 300 мыңдай қаражатымыз кетті. Сол үшін 1айғыр, 4 сиыр және 40 қой-ешкі саттық. Отағасы екеуміздің зейнетақымыз бар дегендей. Енді кірпішке деп 300 мыңдай ақшаны тағы сақтап отырмын,-деген Ұлдан апай.

Иманды істен қашанда шет қалмайтын Төлепбай Әлтеев ағамыз өз жұмыстарымен бірге кесене құрылысына шын ықыластарымен көптеп көмектесуде екен.

― Күні кеше ғана Құмшағалдан 10 мың дана ақ кірпішті (50 тонна) сол кісілердің қаражатына жеткізіп бердік. Ендігі жерде осындай ортақ ізгілікті істі көп болып қолға алғанымыз абзал,-дейді Төлепбай аға.

Мұндай ойды Ұлдан апа да айтқан. Шынында да, қала іргесіндегі қасиетті жерді біріміз білсек,

біріміз білмейміз. Барлық ауыртпалықты бір ғана кісінің мойнына артып қойғанымыз ақылға қона қояр ма екен?

Тамды әулиенің басын тұрғызамыз деп кезінде қор құрғанбыз, бірақ оның аяғы сиырқұйымшақтанып кетті.

Ал, Асан қария мен Ұлдан апамыз ешқашан қор ашып қаржы жинамай-ақ өздерінің табан ақы мен маңдай терлерімен тапқан табыстарын жұмсап отыр.

Иматаева Айгүл Жангелдіқызы, филология магистрі

ҚОРДАЙ БАТЫР

(І-ІІ ғасыр, Сақ дәуірі)

Қордай асуынан ылдиға түсер жерде, Тараздан Алматыға бет

алған бағытта сол жақта үлкен ескерткіш көзге түседі. Ескерткішке барар жолда шырақшыға арнайы үй соғылған. Шырақшы Думан Тұрсынғалиұлы ақасақал ескерткішке күндіз-түні қарап,

62

келушілерге Қордай батыр жайлы небір қызықты әңгімелер айтып береді.

«Тараз-Алматы» бағытымен жүйткіп ағып жатқан жүргіншілер ескерткіштің маңына келгенде жүрісін баяулатып, киелі жерге тағзым етуді әдет қылған. Көбісі арнайы тоқтап, батыр бабаның әруағына құран бағыштап жатады.

Тарихта ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген, яғни жоңғарлармен болған соғыста ерекше ерлік көрсеткен Қордай батыр жайлы деректер тамтұмдап кездеседі. Алматы-Астана тас жолының бойында, Мыңарал кеңшарының маңында (Мыңарал цемент зауытының қасында) биік шоқының басында шағын тасбелгі бар. Оны жергілікті жұрт Қордай батырға қойылған ескерткіш деп атап кеткен. Қордай батыр жайлы «Қордай Қаражігітұлы (1827-1885) – Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан батыр. Қордай батырдың екі қолы тоқпақтай, басы бақырдай, құлағы тебінгідей, көзі өткір, сесті, екі иығына екі кісі мінгендей, бойы барлық адамнан биік екен. Мінезі ақ көңіл, жомарт, мейір-шапқатты, даусы күлгенде қарқылдап, сөйлегенде гүрілдеп шығады екен. Жорыққа шыққан жау сарбаздары «қоңыр желімді Қордай батыр» деп, ол жүрген жерлерге жоламауға тырысқан. Жорықта жүргенде жау жапырған батыр өмірдің бейбіт кездерінде арық қазып, тоған-тоспа салып, жер жыртып, арпа, бидай, бау-бақша өсіруді кәсіп етеді екен», - деректер кездесіп жатады. Бұдан бөлек Қордай батырдың ерлігі мен істеген істері жөнінде бірннеше аңыз әңгімелер сақталған. Бірақ бұл аңыздардың біз әңгіме еткелі отырған Қордай батырға еш қатысы жоқ.

І-ІІ ғасырда өмір сүрген Қордай батыр жайлы трихи деректермен бекітілген мағұлымат жоққа тән. Тек аталмыш ескерткіш белгі ғана. Бірақ осының өзі-ақ біз білмес заманда ата қонысымызды жаудан қорғап, келешек ұрпақ үшін жан алысып, жан беріскен Қордай батырдың ерлік ісіне деген сүйіспеншілік сезімді оятады.

Қолда ешқандай дерек болмағандықтан, бірден Думан ақсақалдың әңгімесіне ден қоясың. Думан ақсақалдың айтуынша Қордай батыр І-ІІ ғасырда сақтардың үш батырының бірі. Сақтардың Қажы Ахмет Асиби деген билеушісі болған. Сол билеушінің Қордай, Аспара және Атар деген үш батыры болыпты. Атар батырдың сүйегі Кавказда жатыр, Аспараның сүйегі қазіргі Аспара өзенінің басында жатыр, ал Қордай батыр осы жерге жерленген.

63

Аңыз желісіне қарағанда, Қордай батырдың қазіргі жатқан

жері оның көзі тірісінде үйі болған. Ескерткіш басына бармас

бұрын алдыңыздан биік қақпа кезігеді. Қақпаның алдында

тақтаға жазылған мынадай сөздер кездеседі.

(Қақпа алдындағы жазуы бар тақта)

Сөзден хабары бар адам сөз мәтініндегі ұйқас та, сөйлем

мүшелерінің орналасу тәртібі де ерекше. Мұны Думан ақсақал

бұл сөздердің аян арқылы берілгендігін айтып өтті. Өйткені

64

ескерткіш алдындағы қақпа бұрын Қордай батырдың

тыныштығын күзетіп тұратын сарбаздардың орны болған.

Батырға келген кез-келген адам әлгі қақпадан өтпес бұрын

басын иіп өтуі тиіс екен. Осы дәстүр күні бүгінге дейін

сақталады келеді. Ал егер келуші басын имей өтсе батырдың

әруағына бағышталған құран қабыл болмайды екен.

Ескерткішке барар жолда орналасқан биік баспалдақтың

оң жағында үлкен тас жатыр. Таста төрт ойықтың орны

байқалады. Әлгі тастағы ойықтардың екеуі Қордай батырдың ізі

де, ал кішілеуі оның баласының іздері көрінеді. Думан ақсақал

оның сырын түсіндірді. Шығыс жақтан жау келе жатқанын көріп

Қордай батыр қатты ашуланған кезде аяғы тасқа батып кеткен.

(Тастағы Қордай батыр мен оның баласының іздері)

Қақпаны соғарда қақпаның орнында жатқан тасты

орнынан алғанда айналаны жылан басып кетіпті. Жыландарды

көрген жұмысшылар жұмыстарын тастап қашып кетеді. Сонан

кейін бір мал алып сойып, құран оқытқан кезде жыландар

қайтып, тасты орнына қайтып қоыған екен. Қазірге дейін әлгі

тастың үстінде бір жылан отыран көрінеді. Бірақ, ол кім

көрінгенге көріне бермейді. Бұл да жердің қасиетін білдірсе

керек.

Батыр жатқан жердің етегін ала бере үлкен жер арнайы

қоршауға алынған ол жерде батырдың қырық бір сарбазы

жатқан көрінеді.

65

(Қордай батырдың қырық бір сарбазы жатқан жер)

Қордай батырдың жанында батырдың анасы Мақпұза

ананың сүйегі жерленген.

Қордай батырдың жатқан жерінен батысқа қарай 300-400

метр жерде тағы екі қорым көрінеді. Оның оң жақтағысы

батырдың үлкен ұлы Атығай батырдың орны екен.

66

(Оң жақта Қордай батырдың баласы Атығай батырдың

бейіті)

Думан ақсақалдың үйінің алдында әлдеқандай балбал тас

тұр. Бұл тастың да өз сыры бар болып шықты. Тас құрғақ кезінде оның бет әлпеті көрінбейді. Ал тасқа жоғарыдан төмен сыздақтатып су құйса, балбал тас адам кейіпіне енеді. Ғажап бұл тасты Думан ақасақал ойда жоқта кезігіп тауып алыпты. Бірде ойда шөп шауып жүрген адамдарға бармақшы болып кетіп бара жатқандай жолда құмның арасында жатқан тасқа кезігеді. Ол тасқа мән бермей өте берейін десе алға қарай баса алмай қалады. Не болғанын түсінбей дал болып тұрып, әлгі тасқа қайта келіп, құмнан аршып қараса ықылым заманнан бері құмға көмілген балбал тасты аңғарады. Үйіне әкеліп, тұрғызып қояды, содан бері бұл тас осы жердің бір ескерткіші ретінде орын алып тұр, - дейді Думан ақсақал.

Мұқашев Темірбай Әліұлы Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

67

ТОПАҒАШ

Алматы-Тараз тас жолының бойында орналасқан Ақыртөбе елді мекенінен шығысқа қарай тоғыз шақырым жерде Топағаш киелі мекені орналасқан. Аумағы атшаптырым жерде бітік шыққан қалың ағашты халық солай атап кеткен. Киелі жердің шырақшысы Ғалымжан Ұзақбайұлы киелі мекенді күндіз-түні көздің қарашығындай күтіп, баптап, келген-кеткен адамдарға қызметін аямай келеді. 2004 жылдан бері Ғалымжан Ұзақбайұлы киелі жерді абаттандыруды қолға алып, арнайы қақпа тұрғызып, келуішілерге арнап бірнеше жайлы қоныс соқтырып қойған. Келуішілердің көмегімен тоғыз шақырымнан электр тоғын да тарттырып алған.

(Топағаштың қақпасы) Бүгінгі таңда Топағаш жайлы азды-көпті мәлімет

қалыптасқан. Алайда бұл мәліметтер көптің көңілін аудармасы анық. Сондықтан экспедиция мүшелері Ғалымжан Ұзақбайұлының аузынан киелі мекен жайлы толық мәліметтер алып, осы жердің қыр-сыры жөнінде кең таратуды жөн санады.

Әрине, елімізде орналасқан көптеген киелі жерлер жайлы деректер тек аңыз желісі негізінде құрылған. Сондықтан олардың барлығы тарихи деректермен негізделген деп айтуға келмейді. Мистикалық оқиғалар, мифтік бейнелер арқылы баяндалатын әлгі аңыздар шындыққа жанаспауы да мүмкін. Соған қарамастан жанына демеу іздеген, қалың жұртшылық күні бүгінге дейін киелі мекеннен медет сұрауын тоқтатқан емес.

68

(Экспедиция мүшелері Топағаштың шырақшысы Ғалымжан Ұзақбайұлымен бірге)

Енді Ғалымжан Ұзақбайұылының аузынан естіген аңыздарға

кезек береміз. Топағаштың тарихы шамамен 1378 жылдан бастау алады. Топағаш Мақтым ағзам Шахристанның немересі Домалақ ананың дүниеге келген жері. Атасы қыз дүниеге келген соң оның атын Қасиетті құраннан «Нұр» және Алланың есімі «ила» сөздерін біріктіріп қояды.

Домалақ ана 7-8 жасқа толған кезінде атасы оған осы киелі жерде тұрақтап, өрнек тоқуды тапсырады. Домалақ ана қасында 41 күтуші қызы бар, жерге қада қағып, өрнек тоқи бастайды. Сөйтіп, алаша, кілем тоқып, көптің алғысына бөленеді. Алланың құдіретімен жерге қағылған қадаларға жапырақ бітіп, үлкен алқап, қалың орманға айналады.

Домалақ ана 12 жасқа келгенде түсінде аян келеді. Аянда «Әй, балам, сенің білегіңнен алғаш болып кім ұстаса, соған үйленесің. Содан өніп, өсесің» делінеді. Жас қыздың киелі ұрпақтан екенін білген жұрт оған жан-жақтан келіп құда түсіп жатады. Алайда түсінде берген аян есінен шықпаған қыз олардың ешқайсысына келісім бермейді. Күндердің күнінде қасында бірнеше сарбаздары бар, өзі батыр, билеуші, алпыс үштегі Бәйдібек бабамыз Топағаштың басына келеді. Сол кезде Нұрила құдықтан су алып жатқан екен. Көзіне оқыстан түскен Пайғамбар жастағы Бәйдібекті көріп, мынау менің пірім емес пе деп, артқа шекіншектеген кезде, аяғына қылбұрау оралып сүрініп кетіп

69

құдыққа құлап кетеді. Бәйдібек бабамыз құлап бара жатқан қыздың білегінен шап беріп ұстап қалыпты. Сол кезде Нұрила: «Сіз менің пірім екенсіз ғой. Маған бір жыл бұрын аян берген» деп, екеуінің осы жерде некесі қиылады. Бұл кезде Нұрила он үш жаста, ал Бәйдік алпыс үш жаста екен. Осы жерде Алланың қалауымен Жарықшақ атамыз дүниеге келген. Аңыз осылай дейді. Көп ұзамай Жарықшақ та үйленіп, одан Албан, Суан, Дулат аталарымыз дүниеге келеді.

Бәйдібек бабамыз Тәшкентті бірнеше жыл билеген. Өзінің көзі тірісінде Бәйдібек бабамыз Дулаттың бойындағы ерекше қасиетті байқап, таққа отырғызады. Бұған Албан мен Суан өкпелеп, Қытайға қарай ауа көшеді. Үш айғырға кезектесіп мінген Дулат атамыз арттарынан қуып жетіп: «Албан, сен Алматыны биле, Суан, сен Жетісуды биле» деген екен.

Күндердің күнінде осы жерде жатқан Домалақ анамызға аян береді. Аянда «Нұрила, сен сол жерде жата бересің бе? Бүйте берсең жапан далада жалғыз қаласың. Менің қасыма Қорсанаға кел» делінеді. Онда Сары бәйбіше, Сыланды, Зере жатыр ғой. Мұны естіген Дулат тоқсан түйеден құралған арнайы керуен жібереді. Домалақ ана керуенге жүктерін тиеп, Қаратауды асып, Бала Бөгеннің тұсына келгенде қалың тұманға кезігіп, адасып кетеді. «Қап әттеген-ай, адасып кетіппін» деп түйеден түсіп, ғұсылданып, жоғарыға шығып намаз оқып отырған кезде қайтыс болады. Сөйтіп діттеген жерге жетпіс шақырым жетпей қалады. Сол жерде жерленеді. Домалақ анамен Бәйдібек анамыздың мазарын соққан кезде Домалақ анамыздың мазарын батысқа қаратып қояды да, Бәйдібек бабамыздың мазарын қырынан қаратып қояды. Бұл бір-біріне деген сағынышының жетпей қалғандығының белгісіндей көрінеді.

Бұл жер Домалақ анамыздың өсіп-өнген жері ғой. Домалақ ана айтқан екен «Кімде-кім менің басыма келсе, осы жердегі ағаштардай өсіп-өнеді». Күні бүгінге дейін өсем деген адам Домалақ ананың басына барып, мінәжат ету осыдан қалған.

Топағаштың басы құпияға толы. Топағашта өсіп тұрған талдардың жапырақтары үш түрлі, бас жағында теректің жапырағы, ортасында долананың жапырағы, төменгі жағында сәмбі талдың жапырағы өсіп тұрады. Табиғаттың бұл тылсым құпиясы күні бүгінге дейін белгісіз.

Алаңқайда екі құдық қатар орналасқан екеуінің арасы бес-он сантиметр. Алайда үлкен құдықтағы су тұщы да, ал кіші құдықтағы

70

су ащы. Екі құдықтың суының да емдік қасиеті бар. Үлкен құдықытың суы іш, бүйрек, бауыр ауыруларына ем болса, ал кіші құдықтағы ащы су тіл көзге таптырмас ем екен. Ғалымжанның айтуынша екі құдық та Домалақ ананың аян беруімен қазылған. Сондықтан бұл құдықты Домалақ ананың құдығы делінеді. Аталмыш құдықтағы су жиырма дертке ем болады екен.

Топағаштың ортасына таман екі ағаш ерекше көзге түседі. Ғалымжанның түсіндіруінше, оның бірі Хауа ананың ағашы да, екіншісі Адам Атананың ағашы көрінеді. Тіпті екі ағаштың түрлерінде де өзгешелік бар. Мысалы, Хауа ананың ағашының сырт көрінісі әйелдің дене мүшесіне ұқсайды.

Екі ағаштан да шырын бөлініп тұрады. Олардың да өзіне тән емдік қасиеті бар көрінеді. Талдардан бөлінетін шырын сәл кермек татығанымен, ішкен кезде ерекше дәмі бар екендігі байқалады.

Топағашта өсетін жас шыбықтар басқа жерге көшірсе шықпайды екен. Ал талдарды кескен адамдар белгісіз дертке шалдығатын көрінеді. Ғалымжанның айтуынша отыз жетінші жылы бірнеше орыс келіп талдарды шапқан. Сонда екі жүз орыстан бар жоғы жетеуі тірі қалып қалғандары белгісіз дерттен қырылған көрінеді. Бұл да- тылсым дүниенің құпиясы.

(Хауа ананың ағашы. Әйелге тән белгіні

арнайы тақтайшамен жауып қойған)

71

(Адам Атаның ағашы. Байқасақ бұл ағаштың еркекке

тән белгісі жоғарыда орналасқан)

Ну ағаштың ортасындағы алаңқайда бірнеше тастар

көрінеді. Сол тастардың да емдік қасиеттері бар екен. Асқазан,

бауыр, буын аурулары, жүрек тағысын тағы көптеген

аурулармен келген адамдар осы тастарды ауырған жеріне тигізіп

жатса, жазылып кететін көрінеді.

(Алла деген жазуы бар тас. Емдік қасиеті бар тастар

осының төңірегнде топтасқан)

Мұқашев Темірбай Әліұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

72

ӘУЛИЕ ТАЛ

Өткеннен сыр шертерлік, дүйім жұртқа таңсық, әлі күнге

тарихи маңызы аршылмаған жәдігерлер Әулиеата өңірінде көптеп

саналады. Солардың бірі – ерте заманнан ел аузында келе жатқан

«Әулие тал». «Әулие тал» – өлкеміздегі жұмбағы көп көне

орындардың бірі. Қасиетті өсімдіктің ұзындығы 60 метрдей, ені 50

метрдей аумақты алып жатыр. Талдың сырт жағында төбешік бар.

Талай қилы заманды басынан өткерген алып талдың сыры әлі күнге

беймәлім.

Тараз қаласынан 60 шақырым жердегі Өрнек ауылының

батыс жағында екі шақырымдай жерде өсіп тұрған «Әулие талдың»

тамыры қандай тереңде болса, оның тарихы да тым тереңде жатыр.

Ауыл ақсақалы Сапақ Құлшынбайұлының айтуынша, қаншама

жылдар күннің көзінде, желдің өтінде, жаңбыр мен қардың астында

жайқалған желектің аңызға бергісіз әңгімесі көп екен.

Бұл қасиетті талды ешкім отамаған, кеспеген, тұрмысқа

қолданбаған, отын қылып жақпаған. Осы өңірдің адамдарының ел

аузында «әулие» атанып кеткен мәуелі талға деген осындай

көзқарасы қалыптасқан және бұл әдет-әдеп ұрпақтан-ұрпаққа

беріліп отырған. Айтушылар бұны талдың әулиелігіне балайды. Бір

атап өтерлігі бұл талдың құпиясы немесе әулиелігі, табиғаттан тыс

тылсымы, шынын айту керек еш уақытта зерттелмеген. «Әулие

тал» деп аталған, жергілікті халық солай қабылдаған.

Сапақ Құлшынбайұлы осы тал туралы біраз деректерді

жинақтағанын айтады.

1905-1918 жылдар аралығында аштық, зорлық-зомбылық

көрген біраз халық Талас өзенінің бойындағы Үшарал ауылынан

Әулиеата маңына үдере көшеді. Сол кезде осы Өрнек ауылына

Үшаралдан он шақты отбасы тұрақтап қалады. Көшіп

келгендердің арасында иманы берік, арабша хат танитын Ошақты

елінің Тасжүрек руынан шыққан Есен (Есмағамбет) деген кісі

болған екен.

Есен ата ауырған балаларға ем-дом жасаған, көріпкелдік

қасиеттері де мол болған деседі көнекөздер. Арада жылдар өтеді,

Есен қария қатты науқастанады. Өлер алдында Есен ағайын-

туыстарын шақырып, өзін ауылдан аулақтау жерге жерлеуді аманат

73

етеді. Есен қария дәл Пайғамбар жасында өмірден өтеді. Ол кісінің

өтініші бойынша жақындары сүйегін ауыл сыртына жерлейді.

Есеннің бейіті қоршалмай, елеусіздеу қалған екен. Жылдар өте ол

кісінің бейітінің басына 2-3 тараңғы тал өседі.

Өрнек ауылындағы Миқыбай деген кісі мал басының

көптігіне байланысты өрісі ауыл сыртында болған екен. Күндер өте

Миқыбайдың өрістен келген малы араға күн салмай себепсізден-

себепсіз қырыла береді. Оның себебін ешкім білмейді. Ауыл

адамдары малға қандай індет келгенін түсінбейді. Ақсақалдары

жиылып, малдың өрісін батысқа қарай емес, оңтүстікке

бағыттайды. Содан бастап мал өлімі азаяды. Бірақ жұмбақтың

шешуін ешкім біле алмайды.

Тағы бір жолы Шымыр руынан шыққан Құлшынбай деген

ауыл адамы қатты науқастанады. Екі аяғынан сал болып жүре

алмай қалады. Ауылда аурухана, емхана жоқ. Науқасына шипа

іздеген адамдар Әулиатаға жол тартатын немесе бақсы, балгерлерге

жүгінетін. Құлшынбай атаны ағасы Әбет арбаға салып, Әулиеатаға

емшіге апарады. Ол ауруханада жатып ем қабылдайды. Бірақ

өкінішке қарай ешқандай ем шипа болмай, ауруы өрши түседі.

Құлшынбай атаны ағасы Әбет емдету үшін бақсы-балгерлерге

апаруға жолға шығады. Әулиеата қаласына келіп, бір емшіге

апарады. Емші Құлшынбай атаны қарап, «әулиелі жерлерге

түнеңдер» дейді.

Содан Құлшынбай ата Қарахан баба кесенесіне келіп

түнейді. Сол түні ақ киімі бар кісі Құлшынбайдың түсіне кіріп аян

береді.-Сен іздеген Әулие бұл емес, Әулие өз үйіңнің жанында,-

деп жоқ болып кетеді. Таң ата Құлшынбай ата ағасы Әбетке көрген

түсі туралы айтып береді. Содан ағасы Әбет ауыл жақта бір әулиелі

жер бар екендігін айтып, елге қайтады. Өрнек ауылынан 3-4

шақырым жерде орналасқан Ақбура ата кесенесіне келеді. Ақбура

ата әулиелі кесенелердің бірі еді. Сол кесенеге келіп түнейді. Ем

іздеп барған Құлшынбайға бұл жерде ақ киімді қария қайта аян

береді. Ол қария тағы «сен іздеген Әулие бұл емес, есігіңнің

алдында» деп ғайып болады. Түн ортасында Құлшынбай болған

жайды ағасына айтады. Әбет Құлшынбайды алып, үйіне қайтады.

Ауруы өрши түседі. Дәл сол уақытта ауылдың жайған малдары

қырылып, халық дел-сал болып жатыр екен. Әңгімеміздің басында

74

ақсақалдар жиналып, малдың өрісін батысқа емес, оңтүстікке

бағыттағанын айтқанбыз. Содан бастап мал өлімі азайғандығын да

жаздық. Ауыл тұрғындары осы бір жағдайдың сырын ашуға бел

буады. Жастар жағы мал жайылымын барлай тексеріп, шөптің

шығымына, түріне мән бере бастайды. Зеректеу бір жігіт баяғы

Есеннің тегістеліп кеткен моласына кезігеді. Мүрденің басында бір

топ тараңғы талдың өсіп тұрағанын байқайды. Ешқандай мал

жемеген. Бір-екі бұтасын жұлып тастайды. Сол жігіт ауырмай-

сырқамай ертесіне қайтыс болады. Мұны естіген Құлшынбай ата

«мен іздеген Әулие мүмкін осы болар» деп, сол жерге келіп

түнейді. Таң ата Құлшынбай атаның түсіне бұрынғы ақ киімді

қария келіп, қолын жайып батасын берген деседі. Сол жерден

құдық қаздырып, қыш құйдырып, кішкентай там тұрғызады.

Сөйтіп сол жерге түнейді.

Бұл оқиға жобамен 1920-1923 жылдар шамасында болған

деген болжам бар. Содан бастап Құлшынбай дертінен құлан таза

айығады. Бір топ тал тоғайға айналады. Құлшынбай ата сол

талдарды қоршатады. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан

әңгімелердің негізгі түйіні осындай. «Әулие тал» туралы

шындыққа жанаса бермейтін небір аңызға бергісіз әңгімелер де

бүінге дейін желдей есіп айтылып жүр. «Несін айтасың, соғыс

жылдарында біреу отын үшін талды кесем дегенде бұтағынан қан

шапшыпты», «көшіп келген немістердің бір ұстасы сол талды кесіп

бұйым жасауға бел буады, нәтижесінде ұста жазылмас ауруға

ұшырайды, жалғыз баласы мерт болады». Міне, мұндай-мұндай

әңгімелер күні бүгінге дейін айтылып жүр. Оның қайсысы

шындық, қайсысы аңыз, бір Аллаға ғана аян.

Осындай әңгімелердің өзегіне айналған бұл талды ел «Әулие

тал» деп атап кеткен. Бүгінге дейін солай.

Кейінгі жылдары «Әулие талдың» төңірегіне егіс егіледі.

1970 жылы осы ауылда колхоздың басқарма төрағасы болған

Батырбек Сейімқұлов деген азамат талдың қасиетін естіп-біліп, егін

егу, ору науқаны кезінде оған ешкімнің залалы тимесін деген

ниетпен мықтап қоршатады. Уақыт өте келе қоршау бұзылып, тал

күтімсіз қалады. Ал, 1994 жылы «Әулие тал» өртеніп кетеді.

Тұқылына дейін жанып орнында төбешік қана қалады. Талдың

әулиелігіне жергілікті жұртшылықтың көзі бұл жолы да тағы бір

75

рет жетеді. «Әулие тал» қайта тамырлап, бой алады. Бұтақтары

жайқала өседі. Ол талдың маңайында бейіттер де бар. Өзінің көзі

тірісінде айтқан өтініші бойынша Құлшынбай атаның сүйегі

талдың маңына жерленген екен.

«Әулие тал» туралы талай аңыз әңгімелерді естігеннен кейін

оны өз көзіммен көрдім. Көп ойлар түйдім. Өзіміз тұрып жатқан

Өрнек ауылында байқап отырсам біз білмейтін талай тарих бар

екен, киелі орындардың да аз еместігіне түсіндім. Бұл талдың

киелілігіне менің көзім жетті. Табиғатта тегіннен-тегін құбылыс

болмайды. Бұл тал – біздің ата-бабаларымыздың көрген

қиыншылығының, өткен тарихының куәгері іспетті. Өткеннен сыр

шертетін мұндай табиғи құбылыстарды зерттеп, бүгінгі ұрпақтың

санасына жеткізіп отыру біздің борышымыз.

Жайлаубек МҰСАЕВ, ардагер ұстаз, Жамбыл ауданы

ҚАРАҚОЖА МЕШІТІН САЛДЫРҒАН КІМ?

(ЖҰМАН-АНА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?)

Алланың разылығы үшін жасалған барлық амалдардың

сауабы мол. Жасаған жақсылығыңның қайтарымы Алладан.

Құранда да, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де

жақсылықты ең алдымен ата-анаңа жасау үкім етілген.

Жақсылық асырап-бағу, дүние-мүлікпен өлшенбейді екен. Ол –

онсыз да сенің парызың. Өйткені ата-анаң саған өмір сыйлады,

өсірді, бағып-қақты. Сондықтан «ол жақсылық – игі амал,

сауапты іс болуға тиіс» дейді имамдар.

Мұндай имандылық сауабы мол әрекеттер туралы бала

кезімізде әке-шешеміз де құлағымызға құйып отыратын.

Ұлы Отан соғысына қатысып, елге Жеңіспен оралған әкем

Ақымбек Далбайұлы 2014 жылы 96 жасында Алланың аманатын

тапсырып, дүниеден озған кісі. Талас ауданының «Майтөбе»,

Ильич атындағы кеңшарларында мал бағып, адал еңбегімен ел

құрметіне бөленді. Тағдырдың тауқыметін аз тартқан жоқ, содан

да болар арнайы оқып білім ала алмады. Жарықтық ата-баба

тарихы, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жөнінен тұнып

76

тұрған шежіре-тін. Ұлы жүз Ыстының Ойық руының Көкшекөз-

Жәдігінен тарайтынымызды әкем құлағамызға құйып отыратын.

Одан бері қарай өзіме дейін тарқата білемін және

аталарымыздың әрқайсысы туралы аңыз-әңгімелерден де

хабарым бар.

Мысалы, құлаққа жағымсыздау естілсе де, «шаш аламын

дегенің – Жәдіктігің, бас аламын дегенің – бәдіктігің» деген

мәтелге айналып кеткен сөз тіркесінің өзі бабамыздың тегін

адам болмағанын көрсетсе керек.

Ертеде елге келіп, ерулеп жатқан бір кісі Жәдікке

«шашымды алып бересің бе?» дейді ғой. Сонда бабамыз

«шашыңыз түгілі басыңызды да алып беремін» деген екен. Анау

кісі де тегін болмаса керек, «шаш аламын дегенің – Жәдіктігің,

бас аламын дегенің – бәдіктігің» депті ғой табан астында. Қанша

тауып айтылған десек те, осылай сөзбен қақтығысудың түп-

төркінінде бір себеп, бір шындық жатады.

Аңызда әлгі қонақ би-болыс не бай-бағланның бірі ретінде

көрсетіледі. Демек «шашымды алып бересің бенің» астарында

ашық айтылмаса да ептеп болса да өктемдіктің бар екенін үй

иесі іші сезеді ғой. Әйтпесе, өзі қонақ, өзі үлкен кісіге әлгіндей

жауап қайтармас есті азамат. Олай болса, «бабамыз басынан сөз

асырмаған, айтарын жасқанбай айтатын аузы батыр кісі болған-

ау» деп пайымдайды мендегі ой.

Одан беріде Қойбас бабамыз да шаруасын күйттеп, өзінен

тараған өрен-жарандарын тату-тәтті қалыпта ұстапты.

Ал, Марал бабамыз «жан-жануардың тілін білген екен»

дейді бізге жеткен аңыз.

Бірде ағайынға өкпелеп ауылдан кетіп қалған Маралды

іздей шыққандар иен далада киіктерге алақанымен жем беріп

жүрген жерінен тауыпты. Сонда бабамыз кісі көрсе шаңын

көрсетпей қашатын ақбөкендердің отарын емін-еркін аралап

жүрген ғой шамасы. Тегін кісі болмағанын содан-ақ біле беріңіз.

Одан кейінгі «майлы қазан Малдыбай» атанған бабамыз дәулетті

кісі болғаны осы теңеуден-ақ көрініп тұр. Істің көзін білетін,

мәмілегер, ұтқыр ұйымдастырушы болған бұл бабамыз ағайын

арасынан керуен жасақтап, Тәшкеннің базарына мал айдатып, ол

жақтан мата, киім-кешек, шай-қант, азық-түлік, тағы басқа

77

тұтыну заттарын алғызып отырған. Әрине, көшпелі халықтың

тері-терсек, жүн-жұрқасын пұлға айналдырғаны, сөз жоқ ол

кісінің ілкімді іскер адам болғанын көрсетеді. Қазіргі заманның

кәсіпкері дегеніңіз осы емес пе?!

Сол кезде-ақ елдің ертеңін ойлап, Талас өзені бойынан

тоған салдырып, Жәдік көлін де жасатқан осы Малдыбай. Бұл

көл күні бүгінге дейін халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Малдыбайдың баласы Күдері 114 жасқа жетіп, көп

жасаған кісі екен. Оның да қорасынан малы үзілмеген,

ошағынан қазаны түспеген, күбісінен қатығы арылмаған кісі

болғаны айтылады. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен сол бабамыз

ұлы Райдың әйелі Жұпан келініне ылғи «Шырағым, Алла

жарылқасын, басыңнан бақ-дәулетің арылмасын!» деп бата

береді екен. Батасы қабыл болып, одан бері әулеттің бірлігін

сақтап, тірлігін алға бастырған Жұпан-Ана болып, сол

анамыздың аты шежіреге жазылыпты. Жұбайынан жастай жесір

қалған Жұпан-Ана қара басының қамын күйттеген оттың басы,

ошақтың қасындағы күйбең тірлікпен отырып қалмай, елдік

мәселелерді шешуге атсалысқан кісі екен. Ол Райдың ошағының

отын сөндірмей, әмеңгерліктен дәметіп әукесі салбыраған

қайын-қайнағаларын да маңайлатпай қойыпты. Оның үстіне әлгі

дәмегөйлер ұлы анамыздың сол кезде ат жалын тартып мініп

қалған, сайыпқыран іс-әрекеттерімен «Қос көк» атанып

үлгерген, бірі – 14, бірі 12 жастағы Далбай, Талғарбай атты

ұлдарынан бата алмаса керек. Олардың «Қос көк» атануы

туралы аңызға бергісіз әңгіме де бар. Ол жағын тереңдеп

қозғамай-ақ қояйын.

Атасының батасынан бақ қонып, қызыр дарыған ұлы

әжеміз – Жұпан-Ана шаруаның тізгінін қолға алғаннан кейін

тарихи ескерткіш – Қарақожа мешітін салдыруға мұрындық

болып, басшылық жасаған кісі. Ол қайнысы Сәмбетбайды ертіп

Тәшкенге барып, ұста-шеберлер әкеліп, мешіт салдырып, 14

жасар Қарақожаны алдырып, имам етіп тағайындаған екен.

Әрине, мешіт құрылысы қаражатына жұрттан жылу жинатыпты.

Әйтпесе, бір өзінің шамасы қайдан жетсін. Дегенмен осындай

үлкен істі ұйымдастыра білудің өзі көрегендік, ерлік, батылдық

емес пе?! Неге екенін қайдам, Қарақожа мешіті жөнінде әңгіме

78

айтыла қалғанда бұл тарихи шындық көп ауызға алына

бермейді.

Әкем Қарақожа мешітінің тарихы туралы әңгімелегенде

менің көз алдыма елдің қамын ойлаған кешегі Ұлпан, Айғаным,

оның арғы жағында Домалақ ана бейнелері келгені шындық.

Жұпан-Ана бейнесі өз уақытына, заманына, ортасына қарай

соларға теңеуге әбден лайық.

Қарақожа мешіті өткен ғасырдың басында, Қазан төңкерісі

нәтижесінде дүниеге келген Кеңес өкіметі орнатқан зобалаң

заман – тәркілеу, ашаршылық, қуғын-сүргінге дейін, елге қызмет

көрсетіп иманды ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосты. Одан беріде

Тәуелсіздік алғанға дейін елеусіз-ескерусіз қалды. Астапыралла!

«Елеусіз, ескерусіз» дегенім сәл артықтау болар, иманды

адамдардың арқасында бұзылмай қалды. Бірақ оны қалпына

келтіруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ешкім бата алған жоқ.

Әйтеуір, тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінде мемлекет

қарауына алынғанына да шүкір!

Қарақожа ұрпақтары елде тұрақтап қалды. Қазақ –

иманды, қайырымды халық. Кез-келген ұлт өкілдері қазақтың

арасына сыйысып кететіні хақ.

Біздің ауылдағы ағайындар Қарақожа ұрпақтарын пір

санап, оларға деген құрметінен айныған емес. Әрине, кешегі

қуғын-сүргін заманында оларға тиіскен, саусағын шошайтқан

79

шолақ белсенділер болған. Бірақ ол үшін бүкіл елді кінәлаған

орынсыз.

Елде Рахметулла, Сүндетулла қожалардың жасырын түрде

емшілікпен айналысып, құранның күшімен талай ауруларды,

әсіресе жүйке ауруларымен ауырғандарды емдеп жазғанын анам

Жарқынайдың аузынан талай естігенмін. Бірде Сүндетулла қожа

жолы түсіп, малды ауылға келіп қалғанында әкемнің қол

қусырып күткеніне, ол кісінің Ақкөл көлі бойында шомылып

жүрген бізге қарай жүзіп келе жатқан жыланды «оқумен» кері

қайтарғанына өзім куәмін.

Жоғарыда мен атаған ата-бабаларымыз, әже-апаларымыз,

басқа да ағайындар Қарақожа мешіті маңайындағы, бүгінде

«Сейілбек ауылы» атанған Бестамның қасындағы қорымда

жатыр. Олардың қай-қайсыларының орны да белгісіз. Тегістеліп

кеткен.

Сондықтан олардың аттары атаусыз қалмасын әрі кейінгі

ұрпақтары ата-бабалары қайда тыныстап жатқанын білсін деген

ниетте баршасына ортақ белгі – мәрмәр тақтатас орнатуды

мақсат етіп, ол мақсатты жүзеге асыруды қасиетті Рамазан

айында қолға алдық. Құдай ниетті қабыл етсін деген тілегіміз

бар.

Бәрі де Алланың разылығы үшін...

Шүкірғали АҚЫМБЕКҰЛЫ,

Талас ауданы Сейілбек ауылы

ҚҰРАНҒА ЖІБИТІН ЖЫЛҒА

Қарт Қаратаудың жоталы шатқалдарының бірінде

«Жылаған ата» деп аталатын үңгір бар. Ол жайлы халық

аузында жүрген аңызға бергісіз әңгімелер өте көп. Жергілікті

тұрғындар ертеден бұл жерді қасиетті орын санайды.

Шатқалдың бір қиыры киелі Түркістанмен ұштасып жатыр. Биік

таудың шыңында орналасқан үңгірге тастың үстімен, бір аяқ

жолмен жаяу жүріп жетуге болады. Ол жерден төмен қарасаң

жер құдды теңіздей терең болып көрінеді. Үңгір маңайындағы

80

қара тасты қақ жарған қара су еш сарқылған емес. Бір қызығы

«Жылаған атаның» түбіндегі бұрқырап қайнап жатқан бұлақ

сыртқа тасып ақпайды. Тіпті, бұлақ суының ағуы - бес уақыт

намаздың мезгілімен сәйкес келеді.

Міне, ғажап! Киеліжердің бар қасиеті осында жатыр.

Судың дәмін татып көрген жанның құмары қанбайды. Тұщы

судың өзіне тән дәмі тіл үйіреді. Тағы бір таңқаларлығы – суды

қайнатып ішпекке ниеттенгендер, мұндайда судың көзден бірден

ғайып болатынын айтып жатады. Расында солай. Бұған дейін

аталмыш үңгірдің қасиетін естігенге археологтар зерттеу

жұмыстарын жүргізген екен. Барлық ойын іс-тәжірибемен

ұштастырып, физиканың қатып қалған заңдылықтарына

жүгінетін мамандар мұндай таңғажайып құбылысқа

таңданыстарын жасырмапты. Осындайда орыстың ұлы

жазушысы Лев Толстойдың «Адамзат баласының адасып барып

ақиқатқа тоқталар жері – Ислам» деген пікірі еріксіз ойға

оралады.

Таяуда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени

қорық-музейінің қызметкерлері «Жылаған ата кереметі»

тақырыбында танымдық экскурсия жүргізіпті. Мұндай табиғат

кереметін бір көруге ынтық болып келіп жатқандар баршылық

екен. Киелі жерге Қаршық, Жүйнек, Қарнақ, Шерт сынды елді

мекендер арқылы баруға болады. Қаратаудың бойын бетке алып,

шың-құз арасындағы соқпақпен тағы да үш шақырым жерді

жаяу жүруге тура келеді. Мен бұлардың барлығын неге

тәптіштеп айтып отыр дейсіздер ғой. «Әлемнің жеті кереметінен

еш кем түспейтін «Жылаған атаның» жаңалығын көзі қарақты

оқырмандар білсін» деген ниетпен айтып отырмын. Қойнауына

сыр бүккен қарт Қаратаудың қасиетін ел-жұрт танып-білсін

деген мақсат біздікі.

Бектемір МОЛДАНАЗАРОВ,

зейнеткер, Талас ауданы

81

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ МОЙЫНҚҰМ

Қазақ жері – тәңірдің тартуы, жаратушы Алланың сыйы.

Қазағымыздың нәсібі болар әркімдерге тие бермейтін өнер, байлық

үлесі – ұлтымыздың кең қолтықты, даладай дарқандығы,

жомарттығы, дос-жолдасына адал, қонағын құдайындай

сыйлайтын пейіліне тартуы болар.

Тәңірдің осыншама берген жеріне ие болу оңайлыққа

түспейді. Қазақ басынан небір қиындықтар өткізді. Қилы-қилы

замандарға тап болды, мың өліп, мың тірілді. Небір қиыншылықтар

мен ауыртпашылықтарды алма-кезек бастан өткерді. Бабаларымыз

жаратушының сыйын ат үстінде найзаның ұшымен, білектің

күшімен қорғап, болашақ ұрпақтарына жерді, тәуелсіздікті сый етіп

қалдырды. Жазиралы аумағымыздың бір пұшпағы – Жамбыл

облысындағы Мойынқұм өңірі. Жер көлемі – 59,3 млн. шаршы

шақырым.

Бұл аймақ сыр-шежіреге бай, аңыздар мен әңгімелерге

арқауы мол қасиетті жер. Ешқандай боямасыз шындық баяндалса,

ауыз толтырып айтарлық, ел тарихына қосарлық үлесі жеткілікті.

«Өткенсіз бүгін жоқ» дегендей, бұрынғыны ұғып, тарихи

тамырларымызды зерделеп білгеніміз, көпшілікке жеткізе

насихаттағанымыз – үлкен парызымыз.

Шу, Талас өңірлері ерте заманнан-ақ адам баласына құтты

қоныс, жайлы мекен болған. Қазақ кең далада көшпенді өмір

салтын ұстанумен қатар, орнықты отырықшылыққа да бой ұрған.

Қала салған, қолөнермен айналысқан, мал өсірген, егін еккен.

Бұның дәлелі ретінде әлі де зерттелмеген Хантауы аумағында

ауқымды жерді алып жатқан, асты, үсті, жаны тастан қашап

жасалған бейіттерді айтуға болады. Археолог-ғалым Карл

Байпақовтың айтуынша, бұл жерде біздің дәуірімізге дейінгі мың-

екі мың жылдар бұрын ірі көлемді отырықшы ел болған.

Біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықта қалыптасқан Ұлы

Жібек жолы жайында Х ғасырда өмір сүрген бағдадтық Кураш Ибн

Джафардың қолжазбасында керуен жолы бойындағы жерлер

сипатталғанда Тараз, Құлан, Мерке, Аспара мен Мойынқұм

жөнінде деректер келтірген. Ендеше, ерте заманнан-ақ сауда-

саттық арқылы Батыс пен Шығыстағы ел мен елді байланыстырған

82

Жібек жолы қазіргі Мойынқұм ауданының аумағын да басып

өткен.

Асан қайғы бабамыздың жер аралап жүріп: «Ей, Мойынқұм!

Құмдарың бұйрат-бұйрат таудай екен, Құлының тайдай екен.

Тайың айғырдай екен, Жеті жыл қатарынан жұт болса да, Тұяқты

мал қалса, Сенің бауырыңда қалады екен!» – деп сипаттаған.

Аңыздарға да, нақты тарихи деректерге де, археологиялық

қазба дәлелдерге де сүйенсек, қазақ хандығы осы Мойынқұм

жерінде бастау алған. Мұны тарих айтып тұр. Себебі, 1465

жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандар бір түмен елімен, төрт

түлік малымен қопарыла көшіп, Шу бойындағы Мойынқұмда

қыстап, Қозыбасының Тұлпарсаз жайлауында Керейді ақ киізге

көтеріп хан сайлап, өздерін қазақ деп атапты. Хан сайлауы кезінде

ел жабыла қозы сойып топтанып етін жейді, бас сүйектерін бір

жерге жинайды. Сөйтіп, бас көп үйілген жерді Қозыбасы деп

атаған. Қозыбасы жөнінде әлі айқындалмаған, айқындауды қажет

ететін талас тудырып отырған жайлар бар. Мұхамед Хайдар

Дулати өзінің «Тарихи Рашиди» еңбегінде Керейдің хан сайлауы

Шу бойы, Қозыбасы, Тұлпарсаз қыстауы Мойынқұм құмы деп

көрсеткен. Бұл атаулардың барлығы қазіргі Мойынқұм жерінде.

Қозыбасы Шу бойында, Жамбыл тауы баурайындағы үлкен алаң.

Ортасында Қозыбасы шоқысы. Төменгі жағында, 10-15

шақырымдай жерде Шу өзенінің арнасы, оның бойында ұзындығы

15-20 шақырымдай аумақты алып жатқан Тұлпарсаз жайлауы бар.

1998 жылы атақты жазушы, мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаев,

көрнекті тарихшы ғалым Манаш Қозыбаев, археолог-ғалым Карл

Байпақов бастаған ғалымдар тарихи орындарды аралап көріп,

Қозыбасы шоқысына шығып, міне, Мұхамед Хайдар Дулатидың

көрсеткен Қозыбасы осы болуы керек деген пікірге келіп еді.

Ақтабан шұбырынды заманындағы Аңырақай шайқасы,

Абылай, Кенесары хандардың жорық жолдары да, сауда-саттық,

қарым-қатынас жолдары да Мойынқұм жерін айналып өтпейді.

Тарихшылар мен географтардың зерттеуі бойынша ертеде сауда-

саттық қарым-қатынасы Шу өзенінің орта тұсы Көктерек елді

мекені тұсымен өткен. 1753 жылдары Абылай ханның

сарбаздарымен жүріп өткен жері «Хан жолы» деп аталған. Бұл

дерек ірі археолог-ғалым Әлкей Марғұлан еңбегінде де

83

көрсетілген. Осы жол экономикалық, мәдени тұрғыдан маңызды

сауда-саттық жолы болды. Ақмола, Қараөткел, Қоянды, Атбасар,

Қызылжар жәрмеңкелеріне бару үшін Жетісу қазақтары,

қырғыздар, қытайлар осы жолды пайдаланған.

Дәл осы деректерді 1890 жылдары туған Мұқатай қария 1970

жылы дәлелмен әңгімелеп беріп еді. «Хан жолы» бойында бекеттер

болған, онда ат ауыстырып, демалып, сапарларын жалғастыратын.

Мұқатай қария бар өмірін Сұңқар шыңы маңайында орналасқан

бекеттердің бірінде атшы болып өткізген. Өзі отырған бекеттен

басқа келесі бекетті де көрсеткені бар. Бекет орындары бүгінде

төмпешікке айналғанын аңғаруға болады. Кейбір тарихшы

зерттеушілеріміз Хантауының атын Керей-Жәнібек хандарының

атымен де байланыстырады. Қалай болғанда да Хантауы, Сұңқар

шыңы қазақ хандарымен байланысты екендігі ешбір талас

тудырмауы керек. Дәл осы Хантауы, Сұңқар шыңы маңында үш

жүздің жасақтары алдағы шешуші Аңырақай шайқасына дайындық

жүргізіп шеп құрған. Қазақ хандығының бас қолбасшысы

Әбілқайыр хан, Болат хан, Сәмеке хан, Жолбарыс хан және

Әбілмәмбет бастаған сұлтандар, батырлар бірлесе отырып алдағы

шайқасты сараптаған, осы жерден шайқасқа аттанған. Ұлы

шайқастың зардаптары болар, Сұңқар шыңы маңындағы үлкен-

үлкен 11 оба соның белгісіндей. Аңырақайдың 270 жылдығына

орай, 2007 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары Жібек

Әмірханова бастаған делегация келіп, шайқас орындарын аралап,

зерттеу жүргізіп Хантауы бауырына «Аңырақай шайқасына – 270

жыл» деген жазуы бар белгі қойған еді.

Мойынқұм жері қазақ пен жоңғарлардың, қазақ пен

қоқандықтардың, қазақ пен қырғыздардың арасында болған талас-

тартыс, шайқастардың да куәсі. Қалмақтөбе, Қалмаққырылған,

Қоқи сияқты жер, су атаулары осы оқиғалармен

байланыстырылған. Кенесары – Наурызбайдың тәуелсіздік үшін

күрескен жорықтарының ізі Мойынқұм жерінде де сайрап жатыр.

Ұлт-азаттық көтерілісін бастаған Кенесары хан Бетпақдаланы

басып өтіп, Шу бойымен өрлеген. Хан сарбаздарын бастаған

қолбасшы Ағыбай батырдың Шу өзенінен өткен жері Ағыбай

өткелі деп аталып кетті. Бұл өткел қазіргі Кеңес ауылы мен Бірлік

ауылының орта тұсындағы Шу өзенінің бойында.Тарихшылардың

84

айтуы бойынша, Кенесары хан жасақтарымен Мойынқұмның

Балқаш көлі жағалауындағы Мыңаралда екі жыл тұрақтап та

қалған.

Есімі әлемге әйгілі шығыс Гомері атанған ұлы ақын Жамбыл

бабамыз 1846 жылы дала төсінің келбетін келтіре жантая жатқан

Жамбыл тауының баурайында дүние есігін ашқан. Әрі батыр, әрі

шешен Бөлтірік бабамыздың да өмір жолының кейбір кезеңі

Мойынқұммен байланысты. Ұланбел ауылы тұсында Бөлтірік

қыстауы деген жер бабамыздың атымен аталады, дейді көнекөз

қариялар. Бұл жерде де талай даулар әділ шешіліп, төреліктер

жасалған.

От ауызды, орақ тілді ақын әрі шешен Қылышбай

Мойынқұмда туып өскен. Жамбыл бабамыз Қылышбайға арнап:

«Қылышбайдан таралып, Сөз нұсқасы келінген. Дос-жаранға,

кемтарға, Қайырлы бол делінген, – деп «Өсиет» өлеңінде бекер

айтпаса керек.

Мақтанышымыз, ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов

«Баянауыл дуаны жайында» деген зерттеу еңбегінде ел басынан

кешкен ауыр жағдайға да байланысты Баянауыл қазақтары 1849

жылдары Бетпақтың даласын екі жыл бойы паналап барып еліне

қайтқан, деп жазылған. Осындай ауыртпашылық кезеңдерде

жоңғар, орыс басқыншыларынан теперіш көрген Жетісу қазақтары

ХІХ ғасырдың орта шенінде 10 жыл бойы Шу, Талас өңірлерін

паналап аман-есен туған жерлеріне оралған.

Ел еркіндігі үшін күрескен, бар ғұмырын қазақтың қамына

арнаған, қоқандарға қарсы күресте көтерілісшілердің көсемі

болған, қызыл өкіметтің саясатын қолдамай қарсылық білдірген

атақты Иманжүсіп 1929-1930 жылдары Мойынқұмды паналаған.

Қызылдардың жандайшаптары оны осы жерден ұстап, 1931 жылы

ату жазасына бұйырған.

Отызыншы жылдардағы Созақ көтерілісіне қатынасқан 8

адам Мойынқұм жерінде ұсталып, оққа байланған. Кейіндері сол

жердегі ауыл біраз уақыт Семисозақ деп аталып келді. Сәкен

Сейфуллин атаман Анненковтің «Азап вагонынан» қашып шығып,

Әулиеатаға беттегенде, ақиық ақынды Бетпақтың даласымен ол

кезде өткел бермейтін екі жағы қамыс пен тоғай Шу өзенінен

өткізіп, артынан қуып келе жатқан ақ жендеттерден құтқарып,

85

аман-сау діттеген жеріне жеткізіп, сенімді серік болған

мойынқұмдық Сүйіндіков Сапақ еді. Сәкен өзінің «Тар жол, тайғақ

кешу» романында ол кісіні батыр деп ризашылық білдіріп,

құрметтеп атап көрсеткен.

Қасиетті Мойынқұм небір дастандар мен жырларға да арқау

болған. Мәселен, «Ақсақ құлан» күйі бәрімізге де белгілі.

Білетіндердің айтуы бойынша, Жошы хан дейді, мүмкін солай да

болар. Хан баласы атқа мініп құлан аулауға шығып қызықтап

жүргенде, ашынған құландардың тепкісінен мерт болған. Сөйтіп,

хан баласының бас киімі бір жерде, шоқпары екінші жерде қалып

кеткен. Сүйегі үшінші жерден бір жылдан соң табылған. Ол

жерлердің атауы Құлақшын, Шоқпар, Ақсүйек болып аталып

кеткен. Хан өлген баласының кегі үшін 2-3 жыл бойы үлкен ор

қаздырып, оған құландарды айдап түсіріп қырған екен. Қазіргі

«Ханның оры» деп аталатын жер осы. Сонымен бірге, Балқаш

көлінің терістігінде, шамамен 15 шақырымдай жерде, Хантауының

терістік баурайынан тасты ойып тұрып тереңдігі 15 метрдей, екі

жағынан түсіп шығатын тепкіншегі бар, алдындағы ағып жатқан

бұлаққа қарай шығатын есігі бар, диаметрі 25 метрдей жай жасаған.

Ол «Хан қорасы» деп аталып кеткен.

Қазақтың айбынды ақыны Иса Байзақовтың «Құралай сұлу»

дастаны мен Сауытбек ақынның «Ақбөпе» әніне өзек болған ару

Мойынқұм жерінде жай тапса, Ақбөпе сұлу осы жердің тумасы.

Махаббатына адал Құралай сұлу сүйгені Келден батырмен ата-

анасының қарсылығына қарамай қашып шығып, Шу бойына жетіп,

демалып суға түсіп жатқан сәтте ну қамысты мекендеген жолбарыс

шауып мерт еткен. Сұлудың денесі Шу бойы, қазіргі Кіші Қамқалы

жерінде жерленген. Сол жер махаббаттың ескерткіші есебінде

саналады. Мойынқұмның тумасы, Тараз инновациялық-

гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов

Құралай сұлу басына үлкен күмбез тұрғызып, маңайын

абаттандырып, азаматтық жасады. Өткен жылы күзде Мойынқұм

жұртшылығы күмбез басында болып, оның ашылу салтанатына

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысып ас берілді.

Айта берсе, әңгіме көп. 30-жылдардағы Голощекиннің «Кіші

Октябрь» саясаты титықтап отырған жандарды аяусыз есеңгіретті.

Ел 1930-1933 жылдары ашаршылықтан қырылды, біразы босып,

86

күн көріс қамымен жер ауып, шетелдерді паналады. Көнекөз

қариялардың еске алуы бойынша, қайсібір әулеттерден тұқым да

қалмаған. «Кіші Октябрь» саясаты онсыз да сауаты аз, бірлі-

жарымды оқығандарын да «халық жауы» деген айдар тағып, біраз

адамдарды түрмеге тоғытты, атты. Мысалы, бір ғана кішігірім

Коминтерн ауылынан 14 адам атылып, түрмеде азапталып, өмірден

өтті. Бірде-біреуі елге оралмады. Халық жауы болғандардың тең

жартысы сауатсыз болған. Мұндай жай әр ауылда кездеседі.

Есеңгіреген ел енді-енді есін жия бастағанда екінші

дүниежүзілік соғыс басталды. Ел басына күн туған заманда ел

қорғауға мойынқұмдықтардан 3010 адам аттанып, ерлікпен

шайқасты, 880 адам майдан алаңында қалып, мәңгілік жай тапты.

147 адам хабар-ошарсыз кетті. 1983-і елге оралды, көпшілігі

жаралы. Елге оралғандардың басым көпшілігі соғыста көрсеткен

жанқиярлық ерлігі үшін мемлекет тарапынан орден, медальдармен

марапатталды. Ұланбелде туып-өскен, кейін Түркіменстанға қоныс

аударған Мәди Бегенов жаумен ерлікпен шайқасып Кеңес

Одағының Батыры атанды. Күләш Майбасова апамыз

Калининградтағы офицер ағасына бара жатып, соғыс ойранына тап

болып, Украина жерінде партизандарға қосылып, жау тылында

шайқасты. Жұрт бұл кісіні «партизан апа» деп кетті. Әзір көзі тірі,

95-ке келген Әлмахан Смайылов 6 жыл бойы атақты

С.Буденныйдың атты әскер құрамында жаумен шайқасты.

Соғыстың басталуынан аяқталуына дейін қатысқан Әлекең алапат

шайқастарды үнемі еске алып отырады.

Ел соғыс зардаптарын жойып, қалпына келтіруге жұмыла

кірісіп еңбек етті. Халық шаруашылығын көтерудегі жанқиярлық

еңбектері үшін көптеген мойынқұмдықтар мемлекет тарапынан

құрметтеліп, марапатталды. 10 ауыл шаруашылығының

еңбеккерлері Социалистік Еңбек Ері атанды. Мал өсіріп, толайым

табысқа жеткені үшін ел құрметіне бөленіп, Жазылбек

Қуанышбаев екі мәрте Еңбек Ері атағына ие болды. «Дала

академигі», «малшылардың маршалы» деген атаққа, халық

қошеметіне бөленді. Жазекең КСРО, ҚСР Жоғарғы Кеңестеріне

депутат болып сайланды. Мәскеуде, Съездер сарайында

коммунистік партияның Бас хатшысы Л.И. Брежнев өзі келіп

сәлемдесіп, арқасынан қаққан. Ағыбай батыр бабамыздың фото-

87

суретін Ленинградтағы Эрмитаждан тауып, елге ең бірінші болып

көбейтіп таратқан, табыстырған осы Жазекең. Жалпы, Жазекеңнің

түр-тұлғасы мен мінезі, адамгершілік қасиеттері бірін-бірі әдемі

толықтырып тұрушы еді.

Аудан абыройын асқақтатып, атағын шығарғандардың бірі

Шотай Тайбағаров болды. Нар тұлғалы жігіт шыңдалған ше-

берлігін көрсетті. Екі дүркін қой қырқудан КСРО чемпионы,

Экономикалық Өзара Көмек Кеңесіне мүше елдердің абсолютті

чемпионы, Қазақстанның бас жүлдегері атанды.

Ал 1986 жылғы желтоқсанда азаттық үшін күрестің басы-

қасында жүрген жерлесіміз, Мойынқұмның тумасы Қайрат

Рысқұлбеков ше?! Еркіндік үшін күресте әкімшілік-әміршілік

жүйенің қолшоқпарлары жастарды бағытынан қайтарамыз деп

ұрды-соқты, жас Қайраттың өмірін қиды. Өміріне төнген қауіпке

қарамай ол: «Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек

тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар», – деп ұрандап өтті емес

пе!

Ел ұлы атанған Қайратқа Президентіміз өзінің Жарлығымен

Халық Қаһарманы атағын берді. Қадір тұтқан еліміз Қайратқа

ескерткіш орнатты, мәдениет ошақтарына, мектептерге, көшелерге

атын беріп, құрмет көрсетті. Осындай тұғыры биік тұлғаны

Мойынқұм ғана емес, бар қазақ құрметтейді.

Етек-жеңі кең, қонақ келсе барын жаятын, жолдас-достыққа

берік еліміз кешегі жаны қысылған заманда көптеген ұлт

өкілдеріне пана болып, құшағына алды. Депортациямен келген

немістер, чешендер, қарашайлар, балқарлар, күрділер күні бүгінге

дейін қазақтың қамқорлығын еске алып, ризашылығын, алғысын

жаудырып отырады. Осындай жағдаймен жер ауып келген орыс

«патриоты» А.Солженицын 4 жыл бойы Мойынқұмды мекендеді,

паналады. Құрметін көрді, асырады десе де болады, сол «патриот»

су ішкен құдығына түкіріп алжасты, жақсылықты ұмытып жанын

сақтаған Қазақ еліне қарсы топырақ шашты. Дәл осындай

жағдаймен келген Лениннің оққағары, латыш атқыштарының бірі

болған Вилис Крастин кейінгі жылымық заманда ақталса да өле-

өлгенше қазақтарға риза болып кетті. Денесі де өмірден өткен соң

Бірлік ауылында жай тапты.

88

Мойынқұм ауданының ауа райы әртүрлі, Бетпақ даласы,

Мойынқұмның құмы, Шу бойының әрқайсысында өзгешеліктері

көп. Қыстың 40 градус аязы мен желінен бастап, жазғы 40 градус

аптап ыстығы, ортасында Шу бойының қоңыр салқыны, шегедей

қатып жатқан тақырлары, ойдым-ойдым жер алып жатқан сор

құмы, көкмайсалы шалғыны, ну қамыс, ағаштары аралас орманы,

тарыдай шашылып жатқан аң-құстың мекенді көлдері, ең қажеттісі

адамдарды қызықтыратын таза алтындай ауасы. Табиғат, оның

байлығы – Жаратушының сыйы. Аялай білгенге берері көп, адамға

қызмет етеді. Жеріміздің асты да, үсті де тұнған байлық.

Ашылғаны да көп, ашылмай жатқан сыр сандығы қаншама, ол

болашақтың үлесі. Әлі де Мойынқұм жері талайларды

таңғалдырып, таңдай қақтыратын болады.

Осыншама жерді өзінің табиғи жаратылысына қарай

мекендейтін аң-құстар көптеп саналады. Арқар, құлан, киік,

қарақұйрық, елік, қоян, жыртқыштардан – қасқыр, шиебөрі,

борсық, қабан, түлкі, құстардан – дуадақ, кекілік, шіл, бөдене,

қырғауыл, қарақұс, ителгі, лашын мекендейді. Жыл құстары: үйрек,

қаз, қасқалдақ, аққу, бірқазан, бұлдырық, тырна, көкқұтан,

шағалалардың жаздық мекені болып саналады. Көлдері сазан, лақа,

шортан, аққайран, торта балықтары мен неше түрлі су жәндіктеріне

бай. Мойынқұмның осындай тамаша табиғаты әуесқой аңшылар,

балықшылардың қызықтап демалып құмарларын қандыратын

мекенге айналуда. Бір кездері Шу бойы жолбарыстардың да мекені

болғандығы аңыз-әңгімелерде, жазбаларда көрсетілген. Жазушы

М.Мағауиннің «Шақан шері» кітабында Балқаш, Шу бойы

жолбарыстың мекені болғаны көрсетілсе, бұл күнде 95 жастағы

Қылышбай ауылының қариясы Әлмахан Смайылов ағайынды Ыса

мен Зәуірдің қақпанына жолбарыстың түсіп, олжалы болғандығын,

Ысаға байқаусызда шауып, арқа терісіне тырнағы батып қан-жоса

болғанын өз аузынан естігенбіз. Бұл оқиға 1900 жылдардың

басында болған. Ал, 1952 жылы ауыл қариясы Адамжан Сма-

ғұлдың әкесі Тезекбаев Смағұлдың жас кезінде жолбарыс күшігін

қақпанымен алғанын қызықтап айтқаны есімде. Сол алған

күшігінің бір азу тісін шүбереке орап әкеме бергені, оның бесікке

ырым есебінде байлағаны бар.

89

Жері де, елі де, тарихы да бай, құшағы кең, алақаны ашық,

Қазақ хандығы алғаш өмірге келген жер, Жамбыл бабам туған жер,

Жазылбек тәрізді атамыздың, Қайрат сынды қаһарманымыздың

алтын бесігі болған Мойынқұм жері, шынында да, киелі жер ғой!

Бұған қалай мақтанбаймыз! Шіркін-ай, тарихтың қайнаған ордасы

болған жерде, Алматы – Астана, Астана – Бішкек – Ташкент

жолдарының тоқайласқан жері – Бурылбайталда, Балқаш көлінің

жағасы, Қозыбасының маңында әр кезде, әр жерде әңгіме арқауы

болып жүргендей ескерткіш есебінде үлкен монумент тұрғызылып,

жанынан демалыс орны, аялдама жасалып, халыққа қызмет етсе,

нұр үстіне нұр болар еді ау!

Есенаман ОШАҚБАЕВ - еңбек ардагері, Жамбыл

облысы Мойынқұм ауданы

90

ТҮЙІН

Отанды сүю кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа,

өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады.

Туған жері, туған елінің, тарихы мен мәдениетінен, аңыз-

әңгімелері мен батырлары мен ақын-жазушыларының

мұраларынан әрбір азамат хабардар болуы керек.

Осындай игі бастаманы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

ұсынды. Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты

бағдарламалық мақаласында адами құндылықтар, рухани

қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты

сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің

қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл – ұлтымыздың тарихын,

барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен

әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту.

Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға

маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін

жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Өйткені,

рухани байлықтың кемел болғаны әрбір жеке тұлғадан құралған

қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның

тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған

жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.

Тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағын отансүйгіштікке

тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі – туған

жеріңді сүю арқылы өз өлкеңді таныту, ұмыт қалған, белгісіз

әдеби, мәдени, тарихи мұраларды қайта жаңғырту.

Қазақ елінің кез келген аймағынан ежелгі,

ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді

немесе деректерді көптеп кездестіруге болады. Бай мұраларды

танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды

жастар тәрбиесіндегі маңызын анықтау арқылы өскелең ұрпаққа,

дұрыс бағдар беріп, тәрбиелеу - ұлт болашағы үшін жасалатын

міндетті жұмыстардың бірі. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың

профессор-оқытушылар құрамынан құрылған экспедиция

мүшелері Елбасының: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы,

тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының

91

төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір

өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел

есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас

ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген сөзін жұмыс тобының негізгі

ұраны ете отырып, нәтижелі жұмыстар атқарды.

Экспедицияның Жамбыл облысы аудандарына, шалғай

ауылдарға жасаған сапары нәтижелі аяқталды. Жұмыс тобы

қаншама белгісіз мәліметтерге қанық болып, көкейге көптеген

ой түйіп қайтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» атты мақаласы аясында атамекенге, ондағы тарихи

кешендерге, ескерткіштерге, кесенелерге және т.б. киелі

жерлерге ерекше назар аударылып, мөлдір бұлақтың көзі

ашылды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба

беруі керек. Өйткені, біз өзіміздің тарихи жерлерімізді тану

арқылы – тарихымызды, елдігімізді де танимыз. Еліңді, жеріңді

тану, әдеби мұраларды бойыңа сіңіре отырып, өзіңді

қалыптастырып, тәрбиелеу киелі де, қасиетті жерлерді білуден

басталады. Рухани құндылықтарымызды терең зерделеп,

қастерлей білсек, ілгері қарай дамып, өркениетті елдер қатарына

қосыларымыз анық.

92

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................... 3

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН КИЕЛІ МЕКЕН СЫРЛАРЫ ...... 6

БАЛ ЕСЕПШІ ...................................................................... 6

ЖЕР-СУ АТЫ – БАБАЛАРДЫҢ ҰРПАҚҚА ЖАЗҒАН

ХАТЫ! .................................................................................

11

ҚОБЫЛАНДЫ ҚҰМЖОТАДА БОЛҒАН БА? ................. 16

«...ТҰҢҒИЫҚ ҚАРА СУДЫҢ КЕМЕСІ ЕДІ» ................. 18

«ТАСТӨБЕ» ТӨБЕШІГІ .................................................... 22

«НОҒАЙШАН» МЕШІТІ .................................................. 25

ҚАЛМАҚҚИЯ ТУРАЛЫ АҢЫЗ ....................................... 28

НҰРМАНБЕТ БАЙ ............................................................. 29

ШАЙТАН КӨПІР ............................................................... 31

ҚОЖАХАН ӘУЛИЕ КҮМБЕЗІ ......................................... 34

АҚТӨБЕ ............................................................................... 38

ҚОТЫРБҰЛАҚ, ҮШ АТА МАЗАРЫ ............................... 39

ШӨЛТӨБЕ ТУРАЛЫ ЕЛ АУЗЫНДА ҚАЛҒАН АҢЫЗ . 41

ТҮЙМЕКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ ............................................ 44

ОҢҒАРБАЙ БИ ТУРАЛЫ АҢЫЗ ..................................... 46

БАРХУАБ ҚАЛАШЫҒЫ, ШАБҒАР ҚАЛАШЫҒЫ ....... 48

ӘУЛИЕБАСТАУ БҰЛАҒЫ ............................................... 49

ОЙРАНТӨБЕ ....................................................................... 51

ӘУЛИЕБАСТАУ (КӨКБАСТАУ) ТУРАЛЫ АҢЫЗ........ 53

АҢЫЗ АДАМ НЕМЕСЕ «ТЕСІК ТАМАҚ ҚАЛИ»

АТАЛҒАН АҒА ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС ……………….

56

«ҚОТЫРБҰЛАҚ» ― ӘУЛИЕЛЕР МЕКЕНІ .................... 59

ҚОРДАЙ БАТЫР (І-ІІ ғасыр, Сақ дәуірі) ......................... 61

ТОПАҒАШ .......................................................................... 67

ӘУЛИЕ ТАЛ .......................................................................... 72

ҚАРАҚОЖА МЕШІТІН САЛДЫРҒАН КІМ?(ЖҰМАН-

АНА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?)............................................

75

ҚҰРАНҒА ЖІБИТІН ЖЫЛҒА ........................................... 79

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ МОЙЫНҚҰМ ...................................... 81

ТҮЙІН ................................................................................. 90

93

КИЕЛІ МЕКЕН СЫРЛАРЫ

Техникалық редакторы Б.Ә.Әлімбаев

Редактор Г.М. Алдыкеева

Компьютерлік беттеу Г.Н. Дәуірбекова

Баспаға 07.06. 2018 ж. қол қойылды.

Пішімі 60х80 1/16. Есепті б.т. 6,3 Шартты б.т. 5,8

Таралымы 500. Тапсырыс 670.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ

«Тараз университеті» баспасы

080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60