11 - технол. 5-9 -kz.doc

67
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ТЕХНОЛОГИЯ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 сыныптар

Upload: -

Post on 16-Apr-2015

13.181 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ТЕХНОЛОГИЯ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5-9 сыныптар

Аcтана 2010

Page 2: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ТЕХНОЛОГИЯжалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

2

Page 3: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Устемиров К. У., Чимекеева Г. М., Каимова Р. Т., Ирсимбетов М. М., Кенжебеков Б.Т., Кутпанбаев А.К., Калназаров Б.М., Литвинова Т.В., Нуралиева С.К.

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Технология» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 50 б.

© Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім беру академиясы, 2010

3

Page 4: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

I. ТҮСІНІК ХАТ

Оқушыларды техника мен технологияның даму бағыты, жаңа материалдар, еңбек және тұрмыс мәдениеті, өндірістік процестердің аутоматтандырылуы, компьютерлендірілуі мен экологияландыруымен қоса қазіргі өндірістің технологиялық процестерімен таныстыруға бағытталған «Технология» білім беру аймағы жалпы білім берудің міндетті компоненттері болып табылады.

«Технология» оқу пәнінің жалпы мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері: Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндетттер анықталған: оқушы тұлғасының, әлеуметтік және кәсіби қалыптасу проблемаларынтүсіну негізінде өзіндік саналылығы мен өмірлік тәжірибесінің бірлігіарқылы қабілеттерін дамыту; оқыту процесін ұйымдастыруға денсаулық сақтау көзқарастарынқамтамасыз ету; технологиялық жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыру,- жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру;

Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.

Өз мазмұнында «Технология» білім беру аймағы оқушылардың жалпы білім беру даярлығының политехникалық және қолданбалы құрылымдарын ашады, мемлекет, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерінің үйлесімдігі Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты негізінде қарастырылған.

Пән бойынша оқу жүктемесі: 5 сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды;6 сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды;7 сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды;8 сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды;

4

Page 5: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

9 сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру

стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады.

5

Page 6: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

5-сынып (барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағат)

Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 18 сағат)

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Егіншілік туралы түсінік. Топырақ туралы ұғым. Топырақтану. Топырақтың қасиеттері. Топырақтың құрамы мен қасиеттері.

Топырақты өңдеу, оның түрлері. Топырақты қолмен өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасы көмегімен өңдеу. Топырақ өңдейтін машина туралы түсінік.

Топырақты тыңайту. Тыңайтқыш түрлері. Ауыспалы егіс: егістік, мал азықтық, шалғындық. Ауыл шаруашылығын суландыру жүйесі. Суландыру. Құрғату. Топырақты қорғау үшін отырғызылған орман алқаптары. Топырақты қорғау шаралары.Ауыл шаруашылығының негізгі мамандықтары. Гүл өсіру - өсімдік шаруашылығының бір саласы, оған жалпы сипаттама.

Бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық өсімдіктерге агробиологиялық сипаттама. Сәнді дақылдардың көбею жолдары.

Құрал-жабдықтар. Кетпен, күрек, зембіл, елеуіш, тырма, айыр, қазық, жіп, арқан.

Көрнекілік. Кепкеншөп. Тыңайтқыштар коллекциясы, топырақ түрлері. Топырақ өңдейтін машинанын макеті. Кинофильм, диафильм.

Топсеруен. Егін алқабы, жылыжай, астық қоймасы,мектептің тәжірибе үлескісі.

Практикалық жұмыс. Ауыл шаруашылық жұмыстарын орыңдау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін меңгеру.

Күзгі топырақты өңдеуге дайыңдық. Тыңайтқыш себу. Үлескіде көктемгі топырақ өңдеу.Топырақ өңдейтін техника түрлерімен танысу. Топырақтың сапасын және құрамын анықтау. Ауыспалы егістіңжобасын жасау.

Сәндік-гүлді өсімдіктердің тұқымын жинау. Ашық алаңдарға гүл тұқымын себу. Көпжылдық гүлді өсімдіктерді қысқа даярлау. Күзде қызғалдақ, нарцисс және т.б. жуашықтарын отырғызу. Сәнді өсімдіктерді мектептің гүл алаңында, тірі табиғат бұрышында, жылыжайда күтіп-баптау.

Егіс алқабында топырақтың сыртқы белгілерінің және оның ылғалдылығы мен механикалық құрамын анықтау.

Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 10 сағат, қала

мектептерінің ұлдары үшін 16 сағат)Техникалық-технологиялық мәліметтер. Ауыл шаруашылығы

машиналарының жеке бөлшектері мен механизмдері туралы түсінік.

6

Page 7: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Конструкциялық материалдардың түрлерімен (металл, ағаш, полимерлік және керамикалық материалдар), олардың қасиеттерімен танысу.

Бөлшектің техникалық суреті, нобайы, сызбалары туралы түсінік; олардың өлшемдерін белгілеу.

Еңбектің адам өміріндегі маңызы. Еңбек құралдары мен түрлері туралы жалпы түсінік. Ағаш, металл, пластмасса өңдеу салаларындағы жұмысшы мамандықтар.

Ағашты халық шаруашылығында табиғи байлық, конструкциялық материал ретінде пайдалану. Халық шаруашылығында ағаштың маңызы және қолданылуы. Ағаштың құрылысы және тұқымы, олардың сипаттамалық белгілері. Ағаштың текстурасы, пайдалануы.

Ағашпен жұмыс істеу әдістері: өлшеу, аралау, кесу, сүргілеу, тазалау, жону, шабу, бұрғылау, бояу.

Ағашты өңдеу және даярлау кезінде қоршаған ортаны қорғау. Ағаш өңдеуді үйрету оқушыларға эстетикалық, экономикалық тәрбие беру.

Қара металды алу. Тұрмыста болатты пайдалану. Түсті металл және оның құймалары. Металдарды кесу әдістері. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.

Металдың майысқыштығын түзету. Бүгу әдістері. Металды төске қойып шабу. Шабу әдістері. Металды аралау. Бөлшектерді тойтарма арқылы біріктіру.

"Құрал-жабдықтар. Қол ара, лобзик, бұрғы, сүргі, балға, қысқыш, слесарлық сызғыш, үшбұрышты сызғыш,кернер, ағаш балға, тістеуік, верстак, өлшеуіш құралдар, лак,бояу.

Көрнекілік. Ағаш, металл, сымтемірден жасалған заттардың дайын үлгілері.

Топсеруен. Ағаш, темір шеберханалары.Практикалық жұмыс. Техникалық суреттің және бұйымның долбарын

жасау, өлшемін анықтау.Даярлау әдістері. Кесу, сүргілеу, тесу, ағашты тазалау. Бөлшектерді

біріктіру, құрастыру, лактау.Дөңгелек және түзу металдарды жону. Металл кескіш арамен темірді

кесу. Металдың бетін тегістеп аралау. Металдарды бір-біріне тойтармамен байланыстыру.

Сәндік қолданбалы өнердің элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 18 сағат, қала

мектептерінің ұлдары үшін 22 сағат)Ағашты көркемдеп өңдеуТехникалық-технологиялық мәліметтер. Ағашты көркемдеп оюды

дамыту мен оның түрлері туралы мәлімет. Оқушының жұмыс орны. Құрал-жабдықтар.

Ағаш - көркем еңбекке арналған материал. Тақтайды таңдау және кептіру. Сақтау.

7

Page 8: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Көркем сызу. Ою-өрнектер. Трафарет жасау.

Ағашты өңдеу негізі: аралау, сүргілеу, белгілеу, ұштау, әрлеу.Кесу құралдарымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерінен негізгі мәлімет.

Жұмыс киімі. Оқушының жеке басы тазалығы. Ағашқа көркемдеп оюды жүргізудің бастапқы түрлерінің техникасы.

Ағашқа геометриялық оюды орындау технологиясы.Құрал-жабдықтар. Ағаш шеберлігі мен ағашты көркемдеп оюға арналған

құрал-сайман топтамалары. Қарындаш, сызғыш, қағаз, тақтайлар, жұқа қатырмақағаз.

Көрнекілік. Құрал-саймандар және ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы түрлерінің плакаттары. Геометриялы өрнекті оюдың түрлері, диафильм, диапозитивтер.

Демонстрациялау. Ағашты өңдеу элементтерін пайдалану. Құрал-жабдықтарды сақтау орны, олардың жұмыс үстеліңде орналасуы. Ағашты өңдеу және көркем өңдеу үшін тиісті құралдарды пайдаланудың қауіпсіз тәсілдері

Топсеруен. Мұражай, көрме, ағаш өңдеу шеберханалары.

Практикалық жұмыс. Ағашты алғашқы өңдеу, тақтай бетіне өрнекті белгі салу. Өрнек оюдың алғашқы түзу және жіңішке сызықтарын, бейнелі сызық сызуға, геометриялық өрнек бейнелерін пышақпен немесе қашаумен орындаудың тәсілдеріне қолды жаттықтыру. Өсімдік, жануар текті және геометриялық денелер бейнесіндегі ("Төртбұрыш","Үшбұрыш", "Квадрат") өрнектерді сызу. Өрнекті қатар және тізбектей сызу. Ағаш тақтайшаға ою-өрнек тізбегін салу, бедерлеу, түрлендіру.

Табиғи материалдармен жұмыс.

Металл өңдеуТехникалық-техникалық мәліметтер. Қазақстан халықтарының металл

бетіне бедер салу өнері. Жалпақ материалды бедерлеуде пайдаланылатын мыстың, алюминийдің және олардың құймаларының қасиеттері.

Бедерлеу өнерінде ритмнің, тепе-тендіктің, ою-өрнектің алатын орны. Жұмсақ сымнан сырға, моншақ жасау.

Слесарлық және арнаулы бедер салатын құралдар, олардың қызметі, экономикалық, эстетикалық қасиеттері. Құралдарды сақтау.

Қауіпсіз жұмыс істеу ережелері. Оқушы гигиенасы.Құрал-жабдықтар. Оқу шеберханасын жабдықтау. Слесарлық құралдар,

бәкі, балға, шеңбер сызғыш, ағаш, шапқы, қышқыштар, қалың темір, кемпірауыз.

Көрнекілік.Түрлі-түсті металдан жасалған қаңылтыр кесінділері.Демонстрациялау. Қаңылтыр, сым материалдардың қаттылығы мен

жұмсақтығы. Балғалардың әр түрі. Материалдарды жұмысқа дайындау. Ағашты әрлендіру әдістері. Плакаттар, құралдар, ою-өрнектредің графикалық сызбасы. Технологиялық карталар. Сәнді бұйымдардың үлгісі.

8

Page 9: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Топсеруен. Мұражай, сәнді-қолданбалы өнерінің көрмелері. Сувенирлер дүкені.

Практикалық жұмыс. Жұмыс орнын және құрал-саймандарды жұмысқа дайындау. Жұмсақ сымтемірден дайындамалар жасау.Қаңылтыр бетін қарапайым сызықтармен бедерлеу және зергерлік жұмыстарын орындау. Бедерлеу элементтері: түзу сызық, үшбұрыш, төртбұрыш. "Түйемойын" ою-өрнегі, жазықтықта өсімдік тектес ою-өрнектібедерлеу.

Өсімдік тектес өрнектер мен геометриялық формалардан қарапайым композиция құрастыру.

Тері өңдеуТехникалық-технологиялық мәліметтер. Қолданбалы өнердің негізгі

шикізаты - тері өнімі. Теріні өндеу бойынша технологиялық мәліметтер. Теріден таспа тілу. Ат саймандары.

Оқушының жұмыс орнына құралдарды орналастыру. Қауіпсіз жұмыс істеу тәсілі. Оқушының гигиенасы.

Құрал-жабдықтар. Пышақ, қайшы, біз, сызғыш, тері кесінділері, былғары таспалары.

Көрнекілік.. Теріден жасалған қарапайым сыйлық заттары. Таспалар. Тері кесінділері, плакаттар.

Демонстрациялау. Теріден қарапайым сыйлық жасау технологиясы. Диафильм және слайдтар.

Топсеруен. Тігін цехы. Тері өнімін өңдейтін цех. Аяқ киім фабрикасы.Практикалық жұмыс. Теріден "Қошқар мүйіз", "Құс қанаты"

өрнектерін үлгі бойынша қию. Өрнектерді сыйлық заттарына тігу. Сыйлық бұйымдарын жасау.

Жапсырмалау өнеріТехникалық-технологиялық мәліметтер. Жапсырма жұмысының

шығу тарихы. Жапсырмалау элементтері. Түрлері. Қала құрылысыңда және басқа да ғимараттарда кездесетін қарапайым жапсырмалау жұмыстары. Үйдің маңдайшасын, бағанасын жапсырмалау және оның техникасы. Құйма. Қайта жөндеу, әрлеу жұмыстары. Қауіпсіз жұмыс істеу ережелері. Гигиенаны сақтау.

Құрал-жабдықтар. Тақтайша, балға, шеге, қырғыштар, балшық, ермексаз, гипс, алебастр, сызғыш, арнайы майлар, циркуль, қарындаш, бояу, қылқалам.

Көрнекілік. Дайын бұйымдар, жапсырмалауға арналған бөлшектер. Плакаттар.

Демонстрациялау. Мүсін бөлшектері және оны тетіктерінің жалпы түрі.

Топсеруен. Мұражайлар, мүсін шығармашылығы мен жапсырмалау шеберлерінің көрмесі.

Практикалық жұмыс. Көрнекті құрал арқылы объектіні жапсырмалау жұмысы.

Үлгімен жұмыс. Жапсырмалау жапсырмалау жұмыстарын Арнаулы жұмыс киімін кию. Тегістеу технологиясы.

9

Page 10: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Өру өнері

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Өру өнерің шығу тарихы. Өру тәсілдері. Қайың қабығынан, қамыстан,шиден ,теріден өру түрлері және макраме техникасындағы өру түрлері. Өру жұмысына керекті заттарды дайындау ережесі. Кескіш құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері.

Макраме техникасымен бұйым дайындау технологиясы.Құрал-жабдықтар. Жіп, шеңбер, қайшы, ілгектер, жіп орайтын

шығыршық, түйреуіш, жастықша.Көрнекілік. Дайын ерілген заттардың үлгілері.Демонстрациялау: Жіптен еру бөліктерінің дұрыс орындалуы. Өткір

құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілін көрсету.Практикалық жұмыс. Өруге қажетті материалдарды дайындау. Өру

тәсілдері бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу. Қарапайым өрнектермен сыйлық заттарын жасау: панно "Шым ши", макраме.

Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері (ауыл және қала мектептерінің қыздары мен қала мектептерінің ұлдары үшін 8

сағат)Техникалық-технологиялық мәліметтер. Көкөніс дақылдарының негізгі

сипаттамасы. Көкөніс дақылдарының ауыспалы егісі. Пиязшық (пияз, сарымсақ), оларды отырғызу әдістері. Капустаның сорттары (капуста, шалқан), оларды өсіру ерекшеліктері. Қызанақты егу кезінде экологиялық-биологиялық ерекшеліктерді ескеру.

Жабық алаңдардың түрлері. Көшетті отырғызу әдістері.Көшеттерді шырпу және көшеттерді күту. Көшеттерді ашық алаңға отырғызу. Кәді және қияр. Тамыр жемісті дақылдарға жалпы сипаттама. Асханалық қызылша мен сәбізді отырғызу әдістері.

Құрал-жабдықтар.Күрек,тырма,айыр, шелек, су сепкіш,пакеттер,секатор. Егетін және отырғызатын машина макеті.

Көрнекілік.Көкөніс дақылдары тұқымдарының жиынтығы,плакаттар,кестелер, диафильмдер.

Топсеруен. Көкөніс сақтау орны. Бау-бақша.Практикалық жұмыс. Пияз бен сарымсақты отырғызуға даярлық.

Көкөніс дақылдарының көшеттерін шырпу. Топырақты көкөніс дақылдарына арнап әзірлеу. Көшеттерді ашық алаңға отырғызу.

Қияр өсімдіктерін күту. Тамыр жемістілердің өнімін жинау және есептеу.Тәжірибе қою ережелері және күнделік жүргізу.

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркемдік қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу (ауыл және қала мектептерінің

қыздары үшін 24 сағат)

10

Page 11: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Өсімдіктерден алынатын мата талшықтары (мақта, зығыр). Жануарлардан алынатын мата талшықтары (жүн, жібек), олардың ерекшеліктері.

Мата туралы жалпы мағлұмат. Өру түрлері. Бетінің сипатына қарай мата түрлері: жылтыр, сырғымалы, түкті.

Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері: әмбебап, арнайы, жартылай автоматты, үй тұрмысында қолданатын машина түрлері (қол машина, аяқ машина, электрлі жетекші машина). Тігін машинасында түзу тігіс жүргізуге үйрету. Машина тігісінің сапасын анықтау.

Алжапқыш және бас орамал тігу: сызбасын сызу, өлшемін түсіру, моделін тандау, моделдің сыртқы түрін сипаттау. Сантиметрлі таспаны дұрыс пайдалану. Алжапқыш пен бас орамалдың үлгісін дайындау. Пішуде матаны үнемді пайдалану. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.

Бұйым дайындауда сәндік-қолданбалы қолөнер элементтерін пайдалану: кестелеу, жапсырмалау, моншақпен кестелеу, шашақтау. Жұлдызшалы, алты бұрышты, төрт бұрышты құрақ құрау. Құрақ құрау технологиясы бойынша бұйым жасау (көрпеше, жастықша, тұтқыш, шәйнек қойғыш).

Құрал-жабдықтар. Тігін машинасы, ине, қайшы, сызғыш, сантимерлік таспа, бор, қарындаш, ілгекше, сәнді түйреуіштер, тақтайша, жіп.

Көрнекілік. Тігін машинасының сызбасы. Тігін машинасының түрлері (аяқ машинасы, электр машинасы және механикалық машина). Матаның негізгі және арқау жіптерін анықтау кестесі. Мата түрлерінің жиынтығы. Нұсқау карталар.

Демонстрациялау. Матаның талшықты құрамын жағу арқылы анықтау. Матаның негізгі және арқау жіптерін керсету. Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

Топсеруен. Сән ательесі. Мұражай, тігін фабрикасы.Практикалық жұмыс. Адам денесінің өлшемін алу. М1:1 өлшемін

пайдаланып, алжапқыш және бас орамал сызбасын жасау. Өлшемдері бойынша үлгіні пішіп қиып, мата бетіне орналастыру. Қол және машина тігістерін қолдану. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын (жапсырмалап, кес-телеп, таспа бастыру арқылы) сәндеу.

Тамақ әзірлеу технологиясы (қала және ауыл мектептерінің қыздары үшін 10 сағат)

Техникалық-технологиялық мэліметтер. Адам ағзасына дұрыс тамақтанудың маңызы. Ас үйде жұмыс орынды тиімді ұйымдастыру. Тамақ дайындауда қауіпсіздік ережелерін, жеке тазалықты сақтау. Ас ыдыстары мен құралдарының қолданылатын орындары.

Екінші түскі және түстен кейінгі асқа дастарқанды әзірлеу ережелері. Сулықтарды бүктеу тәсілдері.

Көкөністердің түрлері, тағамдық құңдылығы, алғашқы өңдеу тәсілдері. Көкөніс салаттарын дайындау негіздері.

Бутербродтар. Бутербродтарды дайындауға қажетті негізгі азық-түліктер. Майлы қоспалар.

11

Page 12: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Нан. Нан өнімдерінің тағамдық құндылығы. "Нанға" байланысты мақал-мәтелдер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. Нанды адам ағзасына зиянсыз орауыштарда сақтау жағдайлары.

Бутербродтарға арналған сусындар: шай, кофе және т.б.Тағамдардың дәмін тату туралы түсінік. Тағамдардың сапасының

органолептикалық бағасы.Экологиялық таза азық-түліктер мен ыдыстарды пайдалану туралы

түсінік. Тағамды дайындау кезінде азық-түліктерді үнемдеу және тиімді жұмсау.

Құрал-жабдықтар. Тақтайша, пышақ, тегеш, тарелкалар, қасықтар, шанышқылар, шұңғыл ыдыстар.

Көрнекілік. Нұсқау карталар. Табиғи азық-түліктер.Демонстрациялау. Нан және басқа тағамдарды кесу, турау тәсілдері.

Плакаттар, сызба, кестелер.Топсеруен. Қоғамдық тамақтану орны.

Практикалық жұмыс. Көкөністі қолданып бутерброд дайындау. Бутербродпен ішетін сусындар. Кептірілген наннан дайындалатын тағамдар. Нанды әр түрлі етіп кесіп, бутерброд жасау.

Көкөністерден салат дайындау. Оларды әшекейлеу. Түстен кейінгі асқа әзірлік. Астың оргалептикалық сапасын анықтау. Сулықтарды бүктеу тәсілі.

Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника (ауыл мектептері мен қала мектептерінің ұлдары үшін 6 сағат, ауыл және қала мектептерінің қыздары

үшін 10 сағат)Техникалық-технологиялық мәліметтер. Тұрғын үйдің безендірілуі.

Киетін киімді және аяқ киімдерді күту, тазалау. Киімдерді қарапайым жөндеу жұмыстары. Қонақтарды қабылдау ережелері. Отбасындағы әйел мен еркектің міндеттері. Гүл шоғын жасау талаптары және оны сыйға тарту өнері. Салауатты өмір салтының принциптері.

Электрлік техникалық жұмыстар үшін жұмыс орнын жабдықтау; қауіпсіз ережелерін сақтау.

Қарапайым тармақталған және тармақталмаған электр тізбегінің сұлбасы. Электрлік және радиосұлбалардағы элементтердің шартты белгілері. Электр тізбегі мен оның элементтері туралы түсінік.

Құрал-жабдықтар. Аяқ киім щеткасы, аяқ киім кремі, қайшы, мақта, желім, тістеуік, кемпірауыз, бұрандалар жиынтығы, изолента, пинцет.

Көрнекілік. Тұрғын үй жобасы жөніндегі плакаттар. Электр және электр-радио бөлшектері, электрлік техникалық жұмыстармен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелері. Диафильм, кинофильм. Гүлдер. Тұрмыстық электр заттары.

Топсеруен. Электр-радио шеберханалары, телешеберхана.Практикалық жұмыс. Тұрғын үй және мектептің сыныптарын әрлеу,

әшекейлеу.Гүлдерден гүл шоғын құрастыру.Шаш сән үлгісін тандау.

12

Page 13: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Терезені жылылау. Еден саңылауларын бітеу. Линолеумнің бүлінген бөліктерін жапсыру.

Қарапайым электр, радиосұлбаларды оқу және құрастыру.Сұлба тетіктерін тандау және құрастыру. Өткізгіштерді тұйықтау.

Құраманың дұрыстығын тексеру.

6-сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)

Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 18 сағат)

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Өсімдік шаруашылығы — ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Өсімдік шаруашылығының егіншілік, топырақтану ғылымы, мал шаруашылығы және басқа да ауыл шаруашылығы ғылымдарымен тығыз байланысы.

Мәдени өсімдіктердің шығу тегі. Тұқым сорттары туралы түсінік. Тұқым және тұқым шаруашылығы. Тұқымды себуге даярлау. Жоғары сапалы тұқымды себу мен отырғызудың экономикалық тиімділігі. Тұқым себуге экологиялық факторлардың әсері.

Тұқымды себетін және отырғызатын ауыл шаруашылық машиналарының жалпы құрылысы, жұмыс істеу принциптері. Астық тұқымын себетін машиналардың құрылысы.

Көкөніс дақылдарына негізгі сипаттама, ауыспалы көкөніс отырғызу орны. Пияз бен сарымсақты өсіру. Орам-жапырақ сорттары, оларды өсіру ерекшеліктері. Қызанақтар, қызанақты өсірудің экологиялық-биологиялық ерекшеліктері. Көшеттерді өсіру тәсілдері. Көшеттерді күту және шырпу. Көшеттерді алаңға отырғызу. Кәді және қияр.

Тамыр жемісті дақылдар. Жалпы сипаттама. Асханалық қызылша және сәбіз отырғызу тәсілдері.

Көкөніс шаруашылығындағы күзгі жұмыстар. Өнімді жинау. Тұқымды іріктеу және сақтау. Ашық алаңдарда көктемгі көкөніс дақылдарын отырғызу. Орамжапырақ, сәбіз, қызылша тұқымдарын іріктеу және жинау. Оларды арамшөптерден, зиянды жәндіктерден және әр түрлі аурулардан қорғау.

Жеміс-жидек өсімдіктеріне жалпы сипаттама. Бау, жидектік будандастырылған өсімдіктер бірлестіктері ретінде.

Алманы өсірудегі агротехникалық цикл. Жеміс ағаштарын отырғызу ережелері. Кесу түрлері, жеміс беретін ағаштарды кесу. Бақты күту. Жидек дақылдары: құлпынай, қарақат, таңқурай, крыжовник.

Жидектер: вегетативтік көбеюі; отырғызу ережелері; күту; арам шөптерден, зиянкес жәндіктерден және аурулардан қорғау, піскендігін анықтау. Жеміс-жидек дақылдарын жинау, алынған өнімнің есебі.

Құрал-жабдықтар. Күрек, тырма, айыр, кетпен, шелек, су сепкіш, пакеттер, секатор.

13

Page 14: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Көрнекілік. Әртүрлі тұқымдардардың жиынтығы, плакаттар, кестелер, диафильм, тұқым себетін және отырғызатын машина макеттері.

Топсеруен. Көкөніс сақтайтын қойма, алма бақ.Практикалық жұмыс. Пияз бен сарымсақтың кешеттерін отырғызуға

дайындау. Көкөніс дақылдарын көшеттеу. Топырақты көкөніс дақылдарына арнап даярлау. Көшеттерді отырғызу. Қиярды күту. Тамыржемістілердің өнімдерін жинау және алынған өнімнің есебі.

Тәжірибе қою ережелері. Бақылау күнделігін жүргізу.Питомниктегі күзгі жұмыстар, жеміс-жидек өсірілетін бақты қысқа

дайындау. Көзсабақтау. Жеміс-жидек ағаштарын кесу.Жеміс-жидек ағаштарын күзде және көктемде отырғызу. Жеміс-жидек

дақылдарын күту, арам шөптерден, әртүрлі зиянкестерден, аурулардан сақтау. Суару. Жеміс-жидек өнімдерін жинау және алынған өнім есебі.

Машинатану элементтері негізіңде конструкциялык материалдарды өңдеу технологиясы (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 10 сағат, қала мектептерінің

ұлдары үшін 14 сағат)Техникалық-технологиялық мәліметтер. Призма формалы

бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері. Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы). Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).

Қозғалыс берілісінің механизмі туралы түсінік. Тісті және белдікті беріліс. Бұрандалы механизм. Қол бұрғы: құрылысы, қолданылуы.

Оймалы біріктіру және олардың қолданымы. Оймалар кесу құралдары. Металдарды қиыстырып өңдеу. Металдардың механикалық қасиеттері. Өлшейтін және бақылау жасайтын құралдар. Электр шарыққа құралдарды қайрау.

Көрнекілік. Ағаштан және темірден жасалған дайын материалдар. Техникалық еңбек бойынша оқу кестелері. Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша плакаттар.

Құрал-жабдықтар. Слесарлық құралдар.Топсеруен. Ағаш және темір өндейтін шеберханалар.Практикалық жұмыс. Бөлшектерді сызбаға қарап құрастыру. Құрастыру

сызбасын оқып түсіну. Жұмысты жоспарлау. Құрастыруға керекті материалдарды дайындау. Құрастырылған бөлшектерді қолмен құм қағаз арқылы өңдеу, тегістеу, бұрандалар арқылы бекіту. Бақылау және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу.

Сәндік-қолданбалы өнердің элементтері арқылы материалдарды көркемдеп өңдеу (қала мектептерінің ұлдары үшін 20 сағат, ауыл

мектептерінің ұлдары үшін 18 сағат)Ағашты көркемдеп өңдеу

14

Page 15: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Қазақтардың және басқа ұлттардың қолданбалы қолөнер түрлері туралы мәлімет. Туған өлкемізде ағаштың көркем өңделуі туралы мәлімет, олардың ерекшеліктері.

Ағашты көркем өңдеудегі материалдардың түрлері. Текстуралық ағаштың маңызы. Ағаштың сапасы. Материалдарды өңдеу. Контурлық оюдың техникасы.

Ағаш бөлшектерінің желімі. Ағашты желімдеу. Желімдеу материалдары. Қауіпсіздік жұмыстарының ережелері.

Құрал-жабдықтар. Ағаш өндеуге пайдаланатын құралдар жиынтығы. Ағаштарды әртүрлі көркемдеп ою құралдары, жіңішке темір кескіш, трафареттер.

Көрнекілік. Әртүрлі ағаш түрлерінің жиынтығы және плакаттар. Жұқпалы ауруы бар ағаштар кесінділері, ағаштың текстуралары. Халық шеберлерінің ағашты көркем өңдеуде жасаған экспонаттары.

Демонстрациялау. Диафильмдер, слайдтар. Рельфтік және контурлық оюлардың орындалуы.

Топсеруен. Ағаш өңдеу орындары, шеберханалар.

Практикалық жұмыс. Тақтай бетіне "Түйе мойын" ою-өрнегін салу. Ағаш және фанерден әр түрлі формада розетка, брелок жасап, оларға өрнек салу. Табиғи материалдармен жұмыс.

Метал өңдеуТехникалық-технологиялық мәліметтер. Түсті металдардың физикалық

қасиеттері: жез,болат және олардың құймалары.Бедер салғыш құрал-жабдық түрлері және олармен жұмыс жасау.

Білезіктің қарапайым түрлерін жасау технологиясы.Металдарды майысқақтық ерекшеліктері мен қасиеттеріне қарай тандау.

Қауіпсіздікті сақтау ережелері.Бедер салу жұмыстарын орындау үшін жез металдарды жасыту. Болат

метал беттерін жұмсарту. Металды термиялық өңдеу. Бұйымды көркем құрастырудың ерекшеліктері мен принциптері.

Құрал-жабдықтар. Пышақ, циркуль, балға, шапқы, күйдіргіш лампа, слесарлық құралдардың жиынтығы, түрлі-түсті метал қаңылтырлар.

Көрнекілік. Түсті метал үлгілері, сәнді-бедерлі және зергерлік бұйымдар, құралдар; рельфті және контурлы бедерлер. Технологиялық карта.

Демонстрациялау. Көлеңкелі бедер салудың қарапайым түрлерін жасаудың әдістері.

Топсеруен. Сәндік бұйымдар шығаратын фабрика, мұражайлар.Практикалық жұмыс. Объектіні тандау. Қарапайым ою-өрнек

бедерлерін жасау. Алдын-ала долбар мен сызбаны орындау. Металл таңдау. Бедер салу үшін металдар дайындау бойынша технологиялық жұмыстар орындау. Жиектерді белгілеу, кесу, түзету, арамен кесу. Жасалған бейнені металл бетіне көшіру. Метал бетіне контур салу. Ыңғайлы тәсілмен әрлеу. Білезік, тұмарша, әйелдер мен еркектер үшін айылбас жасау.

15

Page 16: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Тері өңдеуТехникалық-технологиялық мәліметтер. Былғарыдан, өрілген

материалдардан және т.б. сыйлық заттарының өрнекті композициясын құру әдістері. Былғарының бетіне өрнек салу әдістері. Еңбек қауіпсіздігі ережесі.Құрал-жабдықтар. Темір кесетін қайшы, сызғыш, пышақ, біз, таспа, тері бөліктері, әртүрлі ойылған өрнектер, үлгілер.

Көрнекілік. Плакаттар, былғарыдан оюлап жасалған заттардың үлгілері, диафильм, слайдтар.

Топсеруен. Былғары-тері өңдеу фабрикасы, тігін цехы, сәндік бұйымдар жасайтын фабрика.

Практикалық жұмыс. Былғары бетіне өрнек салу. Ою-өрнекті жапсырмалау. Тоқымға, торсыққа өрнек салу.

Жапсырмалау өнеріТехникалық-технологиялық мәліметтер. Жапсырмалау жұмысы

техникасы туралы түсінік. Бөлменің төбесіне өрнектеуді орындау технологиясы. Түйе мойын және оның композициялық құрылымы. Сыйлық бұйымдарын орындау технологиясы. Оқушы тазалығы. Қауіпсіздік техника-сы ережесін сақтау.

Құрал-жабдықтар. Түрлі-түсті бояулар, қарындаштар, қылқалам, қатырма қағаз, пышақ, қайшы, фанер, электр сымдар, тақтайша, шеге, жіңішке темір кескіш ара, балға. Жапсырмалауға арналған материалдар: сазбалшық, гипс, алебастр, ермексаз.

Көрнекілік. Аудио және бейне көріністі аппараттар, слайдтар, диафильмдер, кестелер, технологиялық карта.

Демонстрациялау. Жапсырмалау жұмыстарының орындалу үрдісі.Топсеруен. Әдемі архитектуралық сарайлар, ғимараттар.Практикалық жұмыс. Жапырақ формалы, үй-іші әшекейін, сувенир

жұмыстарын орындау."Азия даусы" конкурсының эмблемасы, түйе.

Өру өнеріТехникалық-технологиялық мәліметтер. Қайыңның сыртқы

қабығынан, қайыстан және қамыстан өрім өру туралы мәлімет. Былғарыдан, қамыстан және қайынның сыртқы қабығынан бұйымдар дайындау ережесі. Қайыңның сыртқы қабығынан, қайыстан және қамыстан өрудің түрлері: үлгімен және қалыппен жұмыс істеу.

Құралдарды таңдау. Кесу құралдарымен жұмыс істеуде техника қауіпсіздігін сақтау.

Қабықтардан, қамыстан және қайыстан өру жұмыстарын орындау технологиясы.

Құрал-жабдықтар. Пышақ, қайшы, біз, қысқыш, жұмыр ағаш. Әртүрлі таспалар, жіптер.

Көрнекілік. Дайын бұйымдардың үлгілері.

16

Page 17: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Демонстрациялау. Әр түрлі материалдардан (қайыңның сыртқы қабығынан, қамыстан және былғарыдан) өруді дұрыс орындау тәсілдері.

Практикалық жұмыс. Әртүрлі таспаларды даярлау. Қарапайым өрім түрі. Өру арқылы ыдыс қойғыш, белдік, ши қалпақ, сувенир, себет, кітап қаптағыш, шым ши панносын және т.б. дайындау.

Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы (қала мектептерінің ұлдары мен қыздары үшін 12 сағат)

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Көкөніс саласындағы күзгі жүмыстар. Өнімді жинау, оларды сорттау, сақтау. Күздік көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру, оны көктемде отырғызу. Сәбіз, қызылша, орамжапырақ тұқымдарын іріктеу, жинау. Көкөніс дақылдарын арам шөптерден, әртүрлі зиянкес жәндіктерден, аурулардан сақтау шаралары.

Жеміс-жидек өсімдіктеріне жалпы сипаттама.Жидек дақылдарын вегатативтік жолмен көбейту, отырғызу әдістері, күту,

арам шөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау. Олардың пісіп жетілу мерзімін анықтау. Жеміс-жидек дақылдарын жинау, өнімдерді есепке алу.

Құрал-жабдықтар. Күрек, кетпен, тырма, айыр, шелек, су сепкіш, пакеттер, секатор. Себетін және отырғызатын машина макеті.

Көрнекілік. Әртүрлі тұқым жиынтығы, плакаттары, кестелер, диафильмдер.

Топсеруен. Алма бағы.Практикалық жұмыс. Жеміс беретін тәлім бақтарының күзгі

жұмыстары. Бақты және жеміс-жидек ағаштарын қысқа әзірлеу. Көзсабақтау. Жеміс ағаштары мен жидек бұтақтарын кесу.

Күзде және көктемде жеміс ағаштарын отырғызу, күту, арам шөптерден тазарту, әртүрлі аурулар мен зиянкес жәндіктерден қорғау шаралары. Суару. Жеміс-жидек өнімдерін жинау, алынған өнімді есепке алу.

Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркемдік қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарын моделдеу (ауыл және қала мектептерінің

қыздары үшін 20 сағат)Техникалық-технологиялық мәліметтер. Маталардың физикалық және механикалық (беріктігі, мыжылуы) қасиеттері. Мақта-матадан жасалған киімдерді күту. Жүн және жібек жіптің (матаның құрамы, төзімділігі, ауасорғыштығы) экологиялық қасиеттері.

Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеуі принципі. Қол және машина тігістерінің түрлері. Инелерді орналастыру.

Белді бұйымдар (юбка, алжапқыш, қысқа шалбар). Юбка тігу үшін материал тандау, қажетті өлшемдерді алу. Үлгі дайындау, пішу. Қол және машина тігістерін қолданып бұйымдар тігу. Юбка дайындаудың нұсқаулық-технологиялық картасын жасау.

Белді бұйымдар дайындау үшін сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдану: кестелеу, түрлі қиқымдардан құрастырылған өрнектер жасау, інжу-маржанмен кестелеу, таспалар, шырмауық тігу. Сәнді жастықтар дайындау.

17

Page 18: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Құрал-жабдықтар. Аяқ тігін машинасы, мата өлшейтін сантиметрлік таспа, жіптер, кергіш, инелер, калька, қарындаш, бор, қайшы, сызғыш.

Көрнекілік. Кестелер. Технологиялық нұсқау карта. Қол және машина тігістерінің түрлері. Белді бұйымдар үлгілері. Тігін машинасын орналастыру. Лекало.

Демонстрациялау. Адамның дене өлшемін дұрыс алу. Қол және машина тігістері. Тігін машинасын жұмысқа дайындау; тігін машинасы туралы негізгі мәлімет.

Топсеруен. Сән ательесі, мұражайлар, тігін фабрикалары.Практикалық жұмыс. Матаның технологиялық (шуылуы, сетінегіштігі,

сусылмалығы) және гигиеналық (ауа өткізгіштік, ылғал өткізгіштік) қасиеттерін анықтау. Пішу кезінде кесінділердің дұрыс орналасуы. Матаны үнемді пайдалану. "Бурда" журналынан пішу үлгілерін дұрыс түсіру. Өлшемдік белгілерді анықтау. Қол тігістері мен машина тігістерін орыңдау. Тігіс сапасын анықтау. Бұйымдарды дайындауда сәндік-қолданбалы өнер элементтерін пайдалану.

Тамақ әзірлеу технологиясы (ауыл және қала мектептерінің қыздары үшін 10 сағат)

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Қазіргі ас үй бөлмесі: қазіргі заманға лайықты ыдыс-аяқтар. Ас даярлайтын ыдыс-аяқ түрлері. Электр жабдықтарын пайдалану ережелері. Қауіпсіздік техникасы.

Азық-түліктерді жылу арқылы өңдеу тәсілдерінің жіктемесі. Жылу арқылы өндеудің құрастырылған және көмекші тәсілдері.

Түскі асқа дастархан әзірлеу (кешкі ас).Көкөністерден тамақ жасау технологиясы. Қуырылған және қайнатылған

көкөніс тағамдары. Езілген картоп. Картоп котлеті. Қуырылған картоп.Жармадан (бұршақты, макаронды) тамақ дайындау технологиясы.

Жарманы тазалау. Макарон өнімдерін пісіру тәсілдері мен мерзімі. Кеспе. Пісірудің жалпы ережесі. Сүтпен ботқа пісіру. Ірімшектен жасалған құймақ.

Ыдыс-аяқтар және кұрал-жабдықтар. ОС, ОВ кескіш тақтайшалары, кастрюль, ас-үй ыдыстары, ас әзірлеуге керекті құралдар, кепсер, пышақ, тағам әзірлейтін ыдыстар.

Көрнекілік. Нұсқау карталар. Әртүрлі тағамдар плакаттары мен кестелері. Дәнді-дақылдан, бұршақ тұқымдастардан, ұннан дайындалатын тағамдар. Азық-түліктер.

Демонстрациялау. Дайын тағам үлгілері. Тақырып бойынша әрлендірілген гүл шоқтары.

Топсеруен: Қоғамдық тамақтану орындары.Практикалық жұмыс. Түскі, кешкі дастарханды мәзірлеу. Қуырылған

және қайнатылған көкөністен тамақ дайындау.

Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника (ауыл және қала мектептерінің қыздары үшіи 10 сағат, ауыл және қала мектептерінің ұлдары үшін 6

сағат)

18

Page 19: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Салынатын тұрғын үйді, қосымша салынатын құрылыстарды, бау-бақша орындарын

жоспарлау. Тұрғын үй бөлмелерін әрлеу, әктеу және әшекейлеу.Киімдердегі дақтарды кетіргіш заттармен тазалау.Қонақтарды ұлттық дәстүрде күту.Арнайы бөлме жиһаздарын тазартқыштармен күту. Жиһаз

фурнитураларының конструкциялық ерекшеліктері.Сәтсіз оқиға болған жағдайда дәрігерлер келгенше көмек керсету.Ауыл шаруашылығы жануарларын күтудің санитарлық-гигиеналық

талаптары.

Электр құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережесін сақтау (орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес). Электр қоңырауларының жұмыс істеу принциптерімен таныстыру. Электр двигателінің қолданыстағы моделі.

Құрал-жабдықтар. Қайшы, мақта, желім, пышақ, кемпірауыз, шебер қысқышы, қысқыш, электр дәнекері, пинцет.

Көрнекілік. Плакаттар, гүлдер, әртүрлі құрастырылған электр тауарлары және тұрмыстық тауарлар, диафильм, кинофильм.

Топсеруен. Жиһаз салоны, бақылау-өлшеуіш электр құралдары, мектептің шеберханасы. Зауыт және фабрикалар.

Практикалық жұмыс. Үй жиһаздарын қарапайым жөндеу жұмыстары. Электр қосқыштары мен жалғауыштарын ауыстыру. Еденнің ақауланған жерлеріндегі саңлауларды бітеу, жыртылған линолеумды желімдеу.

Қарапайым электр сұлбаларын оқу. Жұмысты жоспарлау. Бөлшектерді тандау. Бұйымдары жинау. Өткізгіштерді тұйықтау. Бұйымдардың электр тізбегін монтаждау. Электр тізбегінің дұрыстығын тексеру. Жұмыс барысында электр тізбегін тексеру.

7 сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)

Ауыл шаруашылыгы өндірісінің техникасы мен технологиясы (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 18 сағат, қала мектептерінің ұлдары үшін 8

сағат)Техникалық-технологиялық мәліметтер. Ауыл шаруашылығының

дамуына егіншіліктің маңызы. Егіншіліктің мал шаруашылығымен байланысы.

Картоп, жүгері, қарақұмық өсімдіктерінің агробиологиялық сипаттамасы, оларды ауыспалы егіс алқаптарына орналастыру. Пар алаңы. Ауыл шаруашылық техникаларын пайдаланып дәнді дақылдарды күту. Әр түрлі ауру тудыратын зиянкестер мен арам шөптерден қорғау.

Картоп жинайтын машиналардың жалпы құрылысы.

19

Page 20: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Мал шаруашылығына жалпы сипаттама: ірі қара мал, жылқы, шошқа, қоян шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы малдарын ұстау. Малдарға арналған минералды және арнайы азықтар.

Үй кептерлерін өсіру.Құрал-жабдықтар. Күрек, шелек, айыр, тырма, су құйғыш, секатор,

зімпара.Көрнекілік. Кесте, сызба, тұлыптар, макеттер, тұқым жиынтығы, азық

түрлері.Топсеруен. Жеке шаруа қожалығы, мал шаруашылығы фермасы.Практикалық жұмыс.Топырақ дайындау және дала дақылдарын себу.

Картоп отырғызу. Вегетациялық даму кезеңіңде егістік дала дақыдарын (түптеу, қопсыту, әр түрлі зиянкестер мен аурулардан қорғау) күту. Дала дақылдарынның өнімдерін жинау және есептеу.

Ауыл шаруашылығы малдарын күту және бақылау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.Сыртқы түрлеріне қарай азық сапасын (шөп, сүрлем, пішендеме) анықтау.

Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 8 сағат, қала мектептерінің

ұлдары үшін 20 сағат)Техникалық-технологиялық мәліметтер. Цилиндр формалы бөлшектер

сызбасы. Бөлшектердің конструкциялық ерекшеліктері. Базалық бетін ескере отырып өлшемдерін алу.

Жону станогында ағаштармен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Станоктын негізгі бөліктері: қолданылуы, жұмыс істеу принципі, тиісті .малдарды орындауы. Жону станогын күту, техника қауіпсіздігін сақтау. Қарапайым бөлшектерді өңдеу бойынша технологиялық карта жасау.

Металл цилиндрлік бетті жермеу. Тілу.Құрал-жабдықтар. Темір кескіш ара, лобзик, токарлық станок, қашау,

түрпі, егеу, токарлық кескіш, штан-генциркуль.Көрнекілік. Дайын бұйымдардың үлгілері. Құрастырмалы бұйымдардың

сызбалары. Диафильмдер, бейнефильмдер. Қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша плакаттар.

Практикалық жұмыс. Даярлайтын бұйымдарды тандау. Жұмысты жоспарлау, сызбаны белгілеу. Сыртқы металл цилиндрлік бетті жермеу. Тілу.

Сәндік қолданбалы өнердің элементтері арқылы материалдарды көркемдеп өңдеу (ауыл мектептерінің ұлдары үшін 20 сағат, қала

мектептерінің ұлдары үшін 18 сағат)Ағашты көркемдеп өңдеуТехникалық-технологиялық мәліметтер. Ағашты көркемдеп өңдеу.

Ағаш өңдейтін токарлық станоктар. Қайрау, бұрғылау, токарлық станоктармен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы. Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы. Халықтық дәстүрі үлгісіндегі ағаш

20

Page 21: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

жиһаздар: сандық, кебеже және т.б. Ою-өрнектің әртүрлілігі: сандық, кебеже, төсек ағаш өрнектері. Өрнегі бар бетті әрлеу әдістері және күйдіру.

Құрал-жабдықтар. Ағаш шеберханасындағы құралдар топтамасы. Токарлық, бұрғылау, қайрау станоктары. Өрнекті экспонаттар: сандық, жүк аяқ, кебеже және т.б. Ағаштан жасалған қарапайым біріктіру бөлшектері. Күйдіргіш құрал. Бөлшек бетін әрлеу пигменттері.

Көрнекілік. Экспонаттар: сандық, жүк аяқ, кебеже. Демонстрациялау. Бөлшектерді біріктіру. Сандық пен кебеже жасаудың құрылымдық айырмашылықтары.Топсеруен. Мұражайлар, көрмелер. Практшалық жұмыс. Геометриялық формадағы және өсімдік формалы өрнектерді пайдалану арқылы үй іші бұйымдарын жасау. Қарапайым сувенирлік бұйымдар жасау. Сандықтың немесе кебеженің бетін әрлеу. Металмен жұмыс

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Бұрама жасау үшін қажетті материалдар мен құралдар. Материаддардың қасиеттері. Қол құралдарымен жұмыс істеу әдісі. Бұрама дайындау технологиясы.

Құралдармен және реактивтермен жұмыс істеу орны және қауіпсіздік техникасы. Оқушылардың жеке гигиенасы.

Құрал-жабдықтар. Қол бұрғы, егеу, тістеуіштер, пинцет, кемпірауыз, кішкентай балға, қысқыш, дәнекерлейтін лампа.

Реактивтер: күкірт және азот қышқылдарының 10%-тік ерітіндісі, бор қышқылы, күкірт. Дәнекерлеуші заттар: ПСР-37, ПСР-45, кәдімгі дәнекерлеуші зат.

Көрнекілік. Материалдардың үлгілері, реактивтер, дәнекерлеуші зат. Плакаттар: құралдар, өрнектердің әртүрлілігі. Технологиялық карта. Қауіпсіз жұмыс істеу ережесі. Бұрама техникасы бойынша орындалған жұмыстар үлгісі.Практикалық жұмыс. Қарапайым ою-өрнектермен бұйымдардың долбарын жасау. Жұқа қаңылтырдан, фольгадан, мыс сымнан бұйымдар жасау. Әшекейлі тікбұрышты формада сувенирлер мен білезіктер дайындау. Тері өңдеу

Техникалық-технологиялықмәліметтер. Теріден әр түрлі сувенирлер дайындау технологиясы. Теріні жапсырмалау техникасы. Бұйым бетіне геометриялық фигуралардан ком-позиция құрастыру. Теріден жасалатын композициялық бұйымдарды басқа материалдармен (жұмсақ сым, жылтырақтар, ойылған ою және т.б.) толықтыру.Құрал-жабдықтар. Пышақ, балға, кемпірауыз, сызғыш, біз, ине, жіп, жұмсақ және қатты материалдардан жасалған ою-өрнектер, тері, бедерленген бұйымдардың бөлшектері.

Көрнекілік. Тері бұйымдарының экспонаттары. Сувенирлік жұмыстардың плакаттары мен суреттері. Долбар, слайдтар.

21

Page 22: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Демонстрациялау. Сыйлық бұйымдарын жасау, қарапайым өрнек салу техникасы.

Топсеруен. Аяқ киім, сувенир фабрикалары. Көркем жұмыстармен айналысатын цехтар.

Практикалық жұмыс. Тері бұйымынан сувенир жасау. Қатты материалдардың әр түрлерін композициялауда пайдалану.

Сәндік қолданбалы өнер элементтері бар көркемдік қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарын моделдеу (қала және ауыл мектептерінің қыздары үшін

30 сағат)Техника-технологиялық мәліметтер. Иықтың жасамдары. Оның

түрлері: түнгі көйлек, бешпет, қамзол, желет. Мата тандау. Адам ағзасына матаның экологиялық әсері. Моделді таңдау. Бұйымның сыртқы түріне сипаттама.

Түнгі көйлекке қажетті өлшемдерді түсіру, оның сызбасын дайыңдау. Түнгі көйлекке мата таңдау. Лекало, пішін дайындау. Матаны үнемді пайдалану. Түнгі көйлек дайындаудың нұсқау картасын жасау. Түнгі көйлек сызбасы негізінде қамзол сызбасын құру. Қиықтарды жиектеу тігістері арқылы өңдеу: қалта, иініш, мойын ойындысы.

Киімдердің стилі туралы түсінік.Сапасыз тігістердің тігілу себептері. Машинамен жұмыс барысында

ақауларды болдырмау. Ине мүкістігі, иненің дұрыс орналасуы. Машинаны дайындау. Машина тігістерінің түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

Әр ұлттың бас киімдерінің түрлері.Қазақ халқының ою-өрнектерін желет, камзол және бас киімдер

дайындауға пайдалану. Қағаздан ою дайындау (симметрияны сақтау) технологиясы. Өрнекті қатырмамен өңдеу. Өрнекті жапсыру, тігу.

Көркем еңбек технологиясы. Табиғи материалдардан бұйым жасау: икебана, сабан панно. Табиғи өсімдіктерді жинау, кептіру әдістері. Фитодизайнның маңызы.

Құрал-жабдықтар. Сантиметрлік таспа, сызғыш, бор, қарындаш, сәнді түйреуіштер, пышақ, тақтайша, желім, қылқалам.

Көрнекілік. Плакаттар. Түнгі көйлек үлгілері. Технологиялық нұсқау карта.

Демонстрациялау. Дайын киім үлгілері. ұлттық киім түрлері.Топсеруен. Сән ательесі, тігін фабрикасы. Практикальщ жұмыс. Әр түрлі матадан түнгі көйлек, камзол, желет пішу, тігу.

Тамақ әзірлеу технологиясы (ауыл және қала мектептерінің қыздары үшін 22 сағат)

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Қазақстан халықтарының аспаздық өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Қазақ халқының ұлттық тағамдары. Мерекелік тағамдар. Ұмытылған тағамдардың қайта оралуы.

22

Page 23: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Дастархан мәзірі. Мереке дастарханын мәзірлеу ережелері. Дастархан басында отыру мәдениеті. Отбасылық жексенбілік ас.

Балық тағамдарын жасау технологиясы. Балықтың тағамдық бағалығы. Балықты алғашқы өңдеу. Балықтың сапалық белгілері. Балықты бөлшектеу, оны аспаздық тағамға пайдалану. Жартылай дайын балық өнімдері. Балық тағамдарының жіктемесі. Балық ұлпасының құрамы мен құрылымының ерекшеліктеріне қарай жылу арқылы өңдеу тәсілдерін таңдау. Қайнатылған және өткізілген балық тағамдары. Бұқтырылған балық тағамдары. Қуырылған балықтан жасалған тағамдар. Тағам сапасына қойылатын талаптар. Тағамды безендіру.

Қамырдан дайындалатын тағамдар технологиясы. Қамырдан дайындалатын тағамдар технологиясы Қамырдын дайындалатын тағамның маңызы пен ұнның мөлшері, дайындалған қамырдың көтерілуінің қажеттігі. Қою қамырдан дайындалатын тағамдар: мәнті, қазақша ет, мәнпар, вареники, тұшпара, кеспе.

Сұйық қамырды дайындау технологиясы. Сұйық қамырды дайындау ережесі: сұйық пен ұнның мөлшері, дайындалған қамырдың көтерілуінің қажеттігі. Сұйық қамырдан жасалатын тағамдар. Жұқа құйма нан дайындау, оны пісіру ережелері. Жұқа құйма нанға оралатын ұсақталып туралған ет және т.б. Қамыр сапасына және дайындалған құйма нанға қойылатын талаптар.

Үгілмелі қамыр дайындау технологиясы. Үгілмелі қамыр илеу ережесі. Үгілмелі қамырды әшекейлеу: печенье, үгілмелі сақина, үгілмелі таяқша. Үгілмелі қамыр өнімдерін дайындау үшін қажетті пеш температурасы, оларды пісіру реті.

Қамырдан жасалған өнімдерді безендіру. Қамыр өнімдерінің технологиялық сипаттамасы.

Кұрал-жабдықтар. Кастрюль, табақ, тақтайлар, балық тазартатын қырғыш формалар, РС тақтайшалары, пышақ, тақтайша, тағам өнімдері, ыдыстар, елеуіш, оқтау, өлшейтін ыдыстар, кондитерлік қап.

Көрнекілік. Нұсқау карталар, технологиялық карталар. Тағам дайындау сызбалары. Плакаттар, кестелер.

Демонстрациялау. Балық тағамдары, кондитерлік тағамдардың тұлыптары. Дастархан әзірлеу үлгілері. Сүлгілерді бүктеу әдістері. Тақырып бойынша безендіру әдістері мен түрлері.

Топсеруен. Қоғамдық тамақтану орындары. Нан зауыты, кондитерлік цех. Сәнді-қолданбалы өнер мұражайлары.

Практикалық жұмыс. Мерекелік дастарханды мәзірлеу «Қонақ күту дастарханы» («Отбасылық жексенбілік ас»). Ұмытыла бастаған тағамдар бойынша іздену жұмыстары. Балықтан дайындалатын тағамдар: балық, көкөніспен бұқтырылған балық, қуырылған балық, қамырда қуырылған балық (тандауы бойынша). Сұйық қамыр және одан повидломен немесе тәтті соуспен жұқа құйма нан дайындау.

Қою қамыр және одан кеспе, қазақша ет дайындау.

23

Page 24: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Үгілмелі қамыр және одан печенье, үгілмелі сақина, жидекті торт дайындау.

Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника (ауыл және қала мектептерінің ұлдары үшін 6 сағат)

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Тұрғын үй интерьері. Жиһаздарды жөндеу. Жиһаздарды бұранданың көмегімен біріктіру, желімдеу.

Электр желілерінің торабы туралы түсінік. Электр жүйесімен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасы ережелері. Радиосхемалар туралы түсінік. Қарапайым детекторлы ра-диоқабылдағыштарды жинау сұлбасымен таныстыру. Омметрмен электр тізбегін тексеру ережелері. Электр энергиясын үнемдеу негіздері.Құрал-жабдықтар. Ағаш желімі, бұрандалар, тістеуіштер, монтаждау пышағы, біз, бұранда, электр пояльнигі, кемпірауыз, пинцет.

Көрнекілік. Әр түрлі конструкциялық бұйымдар үлгісі. Электерлік техникалық жұмысты орындау плакаттары мен кестелері.

Топсеруен. Зауыттар және фабрикалар.Практикалық жұмыс. Жиһаздарды жөңдеу. Бұзылған бұйымдарды

желімдеу. Тиекпен түйістіріп және ойып біріктіру. Электрлік монтаждық жұмыстарға өткізгіштерді дайындау, жұмысты жоспарлау.

Лампадан, сақтандырғыштан, қосқыштан тармақталған электр тізбектерін жинау. Өткізгіштерді тұйықтау, бұйымның электр тізбегін монтаждау.

8 сынып(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағатган)

1бөлім. Ауыл шаруашылыгы өндірісінің технологиясыТехникалық-технологиялық мәліметгер. Жергілікті жердегі ауыл шаруашылық

дақылдары. Дәнді дақылдардың биологиялық негіздері. Егістік жерлерге дәнді дақылдарды себу жолдарымен таныстыру; егінді жинау және есепке алу; дәнді сақтау; дәнді жинау техникасы; дәнді жинайтын комбайнның жалпы құрылымы.

Мал азықтарын дайындау тәсілдерімен және олардың экономикалық тиімділігімен таныстыру; жем-шөп дайындайтын машина және оның құралдары. Мүйізді ірі қара мал үшін дайындалатын жем-шөп.

Көрнекілігі: макеттер, оқу кестелері, сызбалар және т.б,Топсаяхат. Фермерлік, шаруа шаруашылықтарына, мал

шаруашылықтарына саяхат.Практикалық жұмыс. Дәнді дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін

оқу. Дәнді дақылдарды сақтайтын орынмен танысу. Әртүрлі үй жануарларының қорек құрамын құру. Үйретуші ұстаздың көмегімен азық-түлік дайындайтын машинаның құрылысымен танысу.

24

Page 25: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

2бөлім. Машинатану элементтері негізінде конструкциялықматериалдарды өңдеу технологиясы

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Бет үйлесімдері цилиндр, конус және фасон түрінде жасалған құрал-саймандардың бөлшектері сызбасының мазмұны. Станоктың кинематикалық сызбасы және оны оқу.

Термикалық негізде металл өңдеумен танысу. Бұйымды көркемдеп конструкциялаудың жалпы принциптері мен ерекшеліктері. Металды тесу. Жаңа конструкцияны құрудың жалпы алгоритмі.

Қауіпсіздік техника ережесі.Құрал-жабдықтар: бұрғылау станогы, токарлық станок, металл үлгілері,

бұрғы және т.б.Көрнекілігі: оқу кестелері, диафильмдер, сызбалар.Практикалық жұмыс. Металды бұрғылау. Металдың қаттылығын

анықтау.

3 бөлім. Сәндік-қолданбалы элементтер негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу Ағашты көркемдеп өңдеу

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Композиция негіздері. Жазықтықта декоративті әсемдеудің негізгі принциптері. Көркемдеп өңдеуде (кесуде) жиі қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеті.

Бұйымды дайыңдаудың технологиялық процесі. Бұйымды күйдіру және ою. Еңбек және өрт қауіпсіздігінің ережелері. Жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.

Құрал-жабдықтар: ағашты көркемдеп кесу үшін ұстаға арналған саймандар жиынтығы, араланған материалдардың бетін күйдіруге арналған күйдіргіш шам.

Көрнекілігі: ағаштан жасалған бұйымдар, кестелср, әшекей бұйымдар, ою-орнекті жазықтық.

Көрсетілім. Дайын жұмыстың үлгісін көрсету. Материалдардың ерекше қасиеттерін көрсету: терек, үйеңкі, кедр, қарағай ағаштары.

Практикалық жұмыс. Ағашты кесуге арналған құралдарды жұмыс істеуге дайындау. Көркемдік бұйымдар дайындауда ағашты қолдан өңдеу бойынша негізгі операцияларды орындау. Көркем бұйымдарды күйдіру арқылы өңдеу.

Металмен жұмыс жасауТехникалық-технологиялық мәліметтер. ұсталық жұмыстағы зергерлік өнер мен темір бұйымдарының даму тарихы. Күйдіру технологиясы әдістерімен білезік, шығыршық және т.б. бұйымдар дайындау. Бұйымға өң, түс беру технологиясы. Темір кесінділерімен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік техникасы.

Құрал-жабдықтар: темір ұстасына арналған құралдар жиынтыгы, жұқа металдарды кесуге арналған құралдар; түрлі-түсті металл кесінділері және металл кесінділерінің бетін өңдеуге арналған химикаттар.

Көрнекілігі: кестелер, темірден кесілген қабырғаға ілінген көрнекіліктер, экспонаттар.

25

Page 26: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Көрсетілім. Метал кесінділерін кесу процесін көрсету.Практикалық жұмыс. Жұқа түсті металл кесінділерінен шағын көлемдегі

сәндік бұйымдар дайындау.

4 бөлім. Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Тігін машиналарын қолдануға икемдеу (арнайы тігістері). Тігін машиналарымен жұмыс жасау. Аяқпен тігін тігетін машинаның электр машинадан айырмашылығы. Тігін операцияларының технологиясы.

Киім түрлері. Сән үлгілері туралы түсінік. Жең пішу. Көйлекті сәндеу (кестелеу, аппликациялар жапсыру, тоқымаман өрлеу). Ілгек түрлері. Ілгекті өңдеу. Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін киімді және бөлмені әрлеуде пайдалану. Кілем (тықыр, түкті), ши (ақ ши, шын ши) туралы түсінік. Тоқуға қажет жүн түрлері. Кілем тоқу туралы ұғым.

Батик туралы негізгі мағлұмат. "Батик" технологиясы бойынша дайындалған бұйым.

Құралдар: қима, сызғыш, бор, өлшегіш жіп, қағаз, жұқа калька, қайшы, желім, ине-жіп.

Көрнекілік: оқу сызбалары, нұсқау карталары, дайын бұйым үлгілері.Көрсетілім. Жұмыс басталар алдында арнайы тігіс табандарын дұрыс

орналастыру. Жеңнің қимасын көрсету. Дұрыс тігілген көйлек үлгісін көрсету.

Топсаяхат. Сән ателъесіне, тігін фабрикаларына, өнер мұражайларына саяхат.

Практикалық жұмыс. Кеудеше тігу үшін мата таңдау. Нұсқау картасымен жұмыс жасау. Кеудешені есептеп қию.Бұйымның сыртқы түрін сипаттау, машинаны жұмысқа дайындау. Қолмен және машинамен тігу арқылы киім бөлшектерін біріктіру.

5бөлім. Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясыТехникалық-технологиялық мәліметтер. Тамақпен байланысты жұқпалы

аурулардың алдын алу шаралары. Тамақтан улану. Зиянсыз тағамдарды бағалау. Ет пен балықтың тағамдық құндылығы.

Қой етін ұлттық мүшелеу және дайындау туралы ұғым. Қонақтарға дайын етті ұсынудың әдет-ғұрыптары және оның ерекшеліктері. Қой етінен жасалған жартылай дайын өнімдер. Ет пен балықты қайнату мерзімі, олардың айырмашылығы, дайын болғанын анықтау.

Бірінші тағамды дайындау технологиясы. Сорпаның түрлері. Сұйық, қоймалжың, суық (наурыз көже, әс-көк) сорпаларды дайындау технологиясы.

Ашытылған қамыр. Ашытылған қамырды дайындау технологиясы, оны бөлу, пісіру және қуыру, оған кететін уақыт.

Үстел басында өзін-өзі ұстау ережелері.Құрал-жабдықтар: ас үйге арналған ыдыс-аяқтар, пышақтар жиынтығы,

кесуге арналған тақтайлар.

26

Page 27: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Көрнекілігі: нұсқаулық-технологиялық карталар, сызбалар, кестелер, табиғи тағамдар.

Көрсетілім. Айныған қамыр үшін ашытқыны дайындау тәсілдерін көрсету. Етті кесу тәсілдерін көрсету.

Практикалық жұмыс. Таңдау бойынша бірінші тағам дайындау. Ашыған қамыр дайындап, одан тағам пісіру.

6 бөлім. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техникаТехникалық-технологиялық мәліметгер. Жиһаздың тұтқа-топсаларын

орналастыру. Тұрғын үйді жөндеуден өткізу. Обойлар туралы түсінік, оларды жапсырмалау технологиясы. Сантехникалық құралдарды жөндеу. Тұрмыстағы электрлік-техникалық жұмыстар. Электр-жылытқыш құралдарды, электр шамдарын жөндеуден өткізу.

Құрал-жабдықтар: ағаш және темір ұстасына арналған құралдар жиынтығы, электрлі-күйдіргіш құралдар.

Көрнекілігі: оқу кестелері, макеттер, дайын бұйымдардың үлгісі.Практикалық жұмыс. Жиһазды, электр-жылытқыш құралдарды, электр

шамдарын жөндеуден өткізу. Істен шыққан сантехникалық құралдарды жөндеу. Жиһаздың бүлінген жерлерін қайта өңдеу.

7 бөлім. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техникаТехникалық-технологиялық мәліметтер. Тұрғын үйді жөндеуден өткізу.

Жиһаздың бүлінген жерлерін қайта өндеу. Тұрмыстағы электрлік-техникалық жұмыстар. Киімді, төсек жаймаларын тігіп, қайта өңдеу. Үйдегі қолайлы жағдайдың болуын қамтамасыз ету.

Құрал-жабдықтар: ағаш және темір ұстасына арналған құралдар жиынтығы, ине-жіп, үтік және т.б.

Көрнекілігі: оқу кестелері, макеттер, дайын бұйымдардың үлгісі.Практикалық жұмыс. Киімді, төсек жаймаларын тігіп, қайта өңдеу.

8 бөлім. Үй экономикасы мен кәсіпкерлік негізіТехникалық-технологиялық мәліметтер. Үй экономикасының маңызы

және мақсаты. Үй шаруашылығын жүргізудің жалпы ережелері. Үйге кіретін табысты құрастыру. Үйге кіретін кіріс және шығыс табыс көздері. Құралдарды ұтымды пайдалану және оларды ұлғайту жолдары. Отбасылық маркетинг және менеджмент элементтері. Тауар және қызмет көрсету өндірісі.

Кәсіпкерлік іс-әрекеттің қызметі мен мәні. Кіші бизнес негіздерін оқып үйрену. Жеке кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру.

Практикалық сабақ. Тұтыну тауарларының жарнамаларын оқып үйрену және талдау. Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысу үшін өз мүмкіндік деңгейін бағалау. Бизнес-жоспар жасау.

Кіші және орта бизнес объектілеріне, фермерлік шаруашылыққа, жеке кәсіпкерлікке және т.б. топсаяхат жасау.

9 бөлім. Ақпараттық технология негіздері

27

Page 28: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Ақпарат туралы түсінік. Ақпарат түрлері. Ақпарат алу, жіберу, сақтау және пайдалану тәсілдері.

Қазіргі дүниедегі ақпараттың рөлі. Компьютерді құжат дайындауда пайдалану мүмкіндіктері.

Құрал-жабдықтар: компьютер, таспа, компьютер техникасын пайдалану жөніндегі оқу құралдары.

Практикалық жұмыс. Компьютерде құжат дайындау.

9 сынып(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)

1 бөлім. Ауыл шаруашылыгы өндірісінің технологиясы.Техникалық-технологиялық мәліметтер. Дәнді дақылдардың аудандастырылған сорттарын жинау және өсіру, егін егу технологияларының негізі.

Дәнді дақылдарды өндіру технологиялық процестерінде қолданылатын негізгі ауыл шаруашылық машиналары. Ауыл шаруашылық машиналарының жалпы құрылымы, жұмыс істеу принципі. Шағын тракторларды, мотоблоктарды, мотокультиваторларды белгілеу және олардың құрылысымен танысу.

Дәнді дақылдарды жинау және өсіру процесінде шығынды азайту тәсілдері. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу. Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау.

Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру үшін машиналардың жұмыс істеу принципімен және жалпы құрылымымен танысу.

Мелиоративтік техника туралы түсінікпен танысу. Ауыл шаруашылық жұмысын орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Құрал-жабдықтар: дән сепкіштер, комбайндар, дән орғыштар.Көрнекілігі: плакаттар, кестелер, макеттер, диафильмдер.Ферма шаруашылығына, машина-трактор шеберханаларына топсаяхат.

2 бөлім. Сәндік-қолданбалы элементтер негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу

Ағашты көркемдеп өңдеуТехникалық-технологиялық мәліметтер. Туған жердің халықтық қолөнері.

Композиция негіздері.Ұсталық тәсілмен көркем бұйымдарды дайындау технологиясы. Ағаштан

көркемдеп оюдың түрлері. Ағаштан және әртүрлі қолда бар материалдардан сувенир дайындау. Шеберханада электр қондырғыларымен жұмыс істеу техникасы және қауіпсіздік ережелері. Еңбекшілердің еңбегін қорғау.

Құрал-жабдықтар: ұсталық құралдар жиынтығы және ағаштан көркем оюды ою үшін кескіштер, ағашты сүргілеу үшін кескіштер жиынтығы мен ұсталық станоктар, ұсталық жұмысқа ағаш дайындау.

Көрнекілігі: оқу кестелері мен плакаттары, дайын бұйымдар үлгілері.

28

Page 29: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Практикалық жұмыс. Ұсталық станоктарда және қолда бар материалдар мен ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау.

Металмен жұмысТехникалық-технологиялық мәліметтер. Сандықтың немесе басқа

бұйымның бет жағын және жүк аяқты қаңылтыр материалдармен көркемдеу, металл таспалармен шеттерін қоршау. Сандықтың немесе басқа бұйымның беткі жағына жапсырылатын ою-өрнектер және олардың формалары туралы мәліметтер. Қаңылтырмен жұмыс кезінде қолданылатын ұлттық ою-өрнектердің түрлері және ерекшеліктері. Кескіш құралдармен және қаңылтырмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері. Оқушылардың еңбегін қорғау.Құрал-жабдықтар: ұста құрал-жабдықтарының жиынтығы, қаңылтыр,

шеге, металл кескіш қайшылар, сызғыш, даяр үлгілер.Көрнекілігі: дайын бұйым үлгілері, дайын ою-өрнек түрлері, техникалық

қауіпсіздік туралы оқу плакаттары.Практикалық жұмыс. Жұқа металл таспалардың бетінде геометриялық

ою-өрнектерді орындау. Қаңылтыр бұйымдарынан сувенирлердің түрлі нұсқасын жасау.

3 бөлім. Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету саласы, экология және кәсіптік бағдар

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Ауыл шаруашылыгы мамандығы туралы мәлімет. Өсімдік және мал шаруашылығы саласының мамандары. Ауыл шаруашылығын механикаландыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге байланысты мамандық түрлері.

Кең ауқымды жұмысшы мамандықтарымен танысу. Ауыр, жеңіл және тамақ өнеркәсібі және құрылыс саласында қызмет көрсетуге байланысты мамандықтар.

Әртүрлі маңызды кәсіби қасиеттерін дамытудағы адамның мүмкіндіктері. Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану. Кәсіпорын, фабрика, зауыттарда қоршаған ортаны қорғау.

Көрнекілігі: плакаттар, бейне таспалар және т.б.Практикалық жұмыс. Түрлі саладағы мамандық иелеріне сипаттама.

Мамандықтарды зерттеп-зерделеу бойынша шығармашылық есеп. Кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған пікірталас, ой қозғау шараларына дайындық және оны өткізу.

4 бөлім. Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері

Техникалық-технологиялық мәліметтер. Сән үлгісі, пропорция туралы түсінік. Журнал бойынша сән үлгілерін таңдау. Типтік өлшемдерді анықтау. Типтік өлшемдердің пішімін алу. Дублерин таңдау. Киімнің жеке бөліктерін дублеринмен өңдеу.

Сумоншақ (бисер) бұйымдары (алқа, сырға , білезік).

29

Page 30: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Сумоншақтан бұйым дайындау технологиясы. Ұлттық киімдерді әшекейлеу үшін сумоншақтарды пайдалану. Тоқу. Тоқу үшін әртүрлі жіп түрлерін қолдану, ілгекпен тоқу технологиялары. Тоқыма бұйымдарын қолдану және пайдалану. Үтікпен, тігін машиналарымен және басқа да құралдармен жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздікті қайталау.

Құрал-жабдықтар: тігін машиналары, қайшы, сантиметрлік таспа, оймақ, сызғыш, кескіш, тоқыма жіптері, жіптер, ілгек, сумоншақ және т.б.

Көрнекілігі: нұсқау картасы, машина және өңдеу тігіс түрлері, сумоншақтан дайындалған дайын үлгілер.

Практикалық жұмыс. Журналдан сән үлгісін таңдау. Типтік өлшемді анықтау. Кальканың көмегімен пішінін түсіру. Бұйымдарды пішу. Бөліктерді машина тігістерімен біріктіру. Тігін бұйымдарын сумоншақпен өңдеу. Тоқыма бұйымдарын жасау. Шығармашылық көрмеге дайындық.

5 бөлім. Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясыТехникалық-технологиялық мәліметтер. Ет тағамдарын дайындаудың

технологиясы. Ет тағамдарын жіктеу. Екінші тағамға гарнир мен соусты тандау. Соустың негізгі түрлерін дайындау технологиясы. Қазақстан халықтарының ас үйіндегі ет тағамдары.

Бисквит және үлпілдек қамырларды дайындау технологиясы. Крем және сиропты дайындау тәсілі және негізгі құрамы. Торт және тәтті тағамдарды әшекейлеу тәсілі. Күндік мәзірді құру ережесі. Тағамның өзіндік құнын есептеу. Мәзір түрлері.

Құрал-жабдықтар: ас үйлік және асханалық ыдыстар, құралдар, миксер, кондитерлік инелер.

Практикалық жұмыс. Ет тағамдарын гарнирмен және соуспен дайындау. Бисквит және үлпілдек қамырларды дайындау және пісіру. Дайын тағамдарды үстелге жабдықтап қою.

6 бөлім. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техникаТехникалық-технологиялық мәліметтер. Есікті қаптау. Кітап сөрелерін,

гүлдің және телефонның астына қоятын тақтайшалар жасау. Еденге төселінетін линолеумдердің жыртылған жерлерін қайта өңдеп жамау. Әйнекті кесу технологияларын меңгеру. Электр двигательдерінің жұмысын басқару. Ағаш кескіш құралдармен танысу. Әйнекпен және электр құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Құрал-жабдықтар: дермантин, сәнді шегелер, кемпірауыз, балға, жапсырғыш желімдер, қысқыштар, қайшы және т.б.

Көрнекілігі: оқу плакаттары және кестелері, макеттер, дайын бұйымдардың үлгісі.

Практикалық жұмыс. Бөлшектерді бір-біріне бекіту тәсілдері, материал таңдау. Қарапайым тұрмыстық бұйымдарды дайындау. Паркет, линолеумдердің жыртылған орындарын жапсыру ережелері. Терезе әйнектерін кесу тәсілдері. Сымдарды бір-біріне жалғастыру. Қарапайым автоматтандырылған құрылым бөлшектерін дайындау.

30

Page 31: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

«Технологая» курсы бойынша сағаттарды бөлу

5-6 сыныптар (ауыл мектептерінің ұлдары үшін)

№ Бөлінген сағаттары

Бөлімнің аты 5 сынып

6 сынып

бар-лығы

теория-лык

практи-калық

бар-лығы

теория-лық

практи-калық

1 Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы

18 6 12 18 6 12

2 Машинатану элементтері негізінде конструк-циялық материалды өңдеу технологиясы

10 3 7 10 3 7

3 Сәнді к- қолданбал ы өнер элементтері негі-зінде материалдарды көркемдеп өңдеу

18 6 12 18 6 12

4 Үй мәдениеті, тұрмыстық

6 2 4 6 2 4

5 Жоба 16 5 11 16 5 11

Барлығы 68 22 46 68 22 46

31

Page 32: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

7-сынып (ауыл мектептерінің ұлдары үшін)

№ Бөлімнін аты Бөлінген сағаттары

барлығы теориялық практикалық

1 Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы

18 6 12

2Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалды өндеу технологиясы

8 2 6

3 Сәндік-қолданбалы өнер элемент-тері негізінде материалдарды көркемдеп өндеу

20 8 12

4 2 4Үй мәдениеті, түрмыстық техника 6

5 Жоба 16 6 10

Барлығы 68 24 44

32

Page 33: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

5-6 сыныптар (қала мектептерінің ұлдары үшін)

№ Бөлімнің аты Бөлінген сағаттары

5 сынып 6 сынып

бар-лығы

теория-лық

практикалык

бар-лығы

теория-лық

практикалық

1 Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

8 3 5 12 3 9

2 конструкциялық материалдарды өндеу технологиясы

16 6 10 14 4 10

3 Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркемдеп ендеу

22 8 14 20 8 12

4 Үй мәдениеті, тұрмыстағы техника

6 2 4 6 2 4

5 Жоба 16 5 11 16 5 11

Барлығы 68 24 44 68 22 46

33

Page 34: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

7-сынып (қала мектептерінің ұлдары үшін)

№ Бөлімнің аты Бөлінген сағаттары

барлығы теория-лық

практи-калық

1 Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

8 2 6

2 Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өндеу технологиясы

206 14

3 Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды керкемдеп өндеу

18 4 14

4 Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника 6 2 4

5 Жоба 16 6 10

Барлығы 68 20 48

34

Page 35: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Ауыл және қала мектептерінің қыздары үшін 5-6 сынып

№ Бөлімнің аты Бөлінген сағаттары

5 сынып 6 сынып

бар-лығы

теория-лық

практикалық

бар-лығы

теория-лық

практи-калық

1 Жеміс-көкеніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

8 3 5 12 3 9

2 Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркем қолөнер техноло-гиясы. Тігін бұйымдарының сән үлгілері

24 10 14 20 8 12

3 Тамақ әзірлеу технологиясы

10 3 7 10 3 7

4 Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника

10 3 7 10 3 7

5 Жоба 16 5 11 16 5 11

Барлығы 68 24 44 68 20 48

35

Page 36: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

7-сынып (ауыл және қала мектептерінің қыздары үшін)

№ Бөлімнің аты Бөлінген сағатгары

барлыгы теория-лық

практи-калық

1 Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркем қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарының сән ұлгілері

30 10 20

2 Тамақ әзірлеу технологиясы 22 6 16

3 Жоба 16 6 10

Барлығы 68 22 46

36

Page 37: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

«Технология» курсы бойынша сағат санын бөлу (8 сынып қала мектептеріндегі ұл балалар үшін)

№ Бөлімнің аты Барлықсағатсаны

Теор. Практ.

1 Машинатану элементгері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы

18 6 12

2 Сәндік-қолданбалы элементтер негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу

22 8 14

3 Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника

6 2 4

4 Үй экономикасы мен кәсіпкерлік негізі

8 2 6

5 Ақпараттық технология негіздері

6 2 4

6 Жоба 8 2 6

Барлығы: 68 22 46

37

Page 38: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

«Технология» курсы бойынша сағат санын бөлу (ауыл мектептеріндегі ұл балалар үшін 8 сынып)

№ Бөлімнің аты Барлықсағатсаны

Теор. Практ.

1 Ауыл шаруашылығы өндірісі технологиясы

14 4 10

2 Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өндеу технологиясы

10 2 8

3 Сәндік-қолданбалы элементтер негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу

16 6 10

4 Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника

6 2 4

5 Үй экономикасы мен кәсіпкерлік негізі

8 2 6

6 Акпараттық технология негіздері

6 2 4

7 Жоба 8 2 |6

Барлығы: 68 20 48

38

Page 39: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

«Технология» курсы бойынша сағат санын бөлу (қала және ауыл мектептеріндегі қыз балалар үшін 8 сынып)

№ Бөлімнің аты Барлықсағат саны

Теор. Практ.

1 Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері

28 10 18

2 Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы

12 4 8

3 Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника

6 2 4

4 Үй экономикасы мен кәсіпкерлік негізі

8 2 6

5 Ақпараттық технология негіздері

6 2 4

6 Жоба 8 2 6

Барлығы: 68 22 46

Ескерту: «Технология» пәні бойынша 8 сыныпта «Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника», «Үй экономикасы мен кәсіпкерлік негізі», «Ақпараттық технология негіздері» тарауларының материалдары ауыл және қала мектептеріндегі ұл жөне қыз балалар үшін бірдей болады.

9 сыныпқа арналған бағдарлама бойынша оқу материалдары оқушыларда жалпы еңбек, техникалық және арнайы білім, білікгілік, дағдыларын қалыптастыру үшін қол құрал-жабдықтарымен өңдеу тәсілдерін меңгеруден әртүрлі технологиялық машиналармен жұмыс істеуді басқаруға біртіндеп көшу қарастырылған. Оқушылар станокта (бұрғылау, ағаш және металл кесу, темір қию және т.б.) жұмыс істеуге үйренеді, мектеп шеберханасындағы технологиялық қүрал-жабдықтар құрылымының жалпы принциптерімен, ережелерімен және басқару тәсілдерімен танысады.

9 сыныптың оқу процесінде еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық формалары, жеке тапсырмалар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, өзара көмек

39

Page 40: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

көрсетуді қамтамасыз ету, моральдық және материалдық көмек, шығармашылық жарыстар ұйымдастыруды кеңінен қолдану керек.

Практикалық жұмыс түрлі еңбек объектілерін дайындауда қоғамдық иайдалы сипатқа бағытталуы тиіс.

Оқу процесін үйымдастыруда қауіпсіздік ережелерін, жеке гигиеналық және санитарлық, өрттен сақтану қауіпсіздік ережелерін сақтауға көп көңіл бөлу қарастырылған.

«Технология» курсы бойынша сағат санын бөлу (қала мектептеріндегі ұл балалар үшін 9 сынып)

№ Бөлімнің аты Барлықсағатсаны

Теор. Практ.

1 Сәндік-қолданбалы элементтер негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу

24 8 16

2 Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету саласы, экология жөне кәсіптік бағдар

22 8 14

3 Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника

6 2 4

4 Жоба 16 2 14

Барлығы: 68 20 48

40

Page 41: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

«Технология» курсы бойынша сағат санын бөлу (ауыл мектептеріндегі ұл балалар үшін 9 сынып)

№ Бөлімнің аты Барлықсағатсаны

Теор. Практ.

1 Ауыл шаруашылығы өндірісі технологиясы

20 8 12

2 Сәндік-қолданбалы элементтер негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу

18 6 12

3 Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету саласы, экология және кәсіптік бағдар

16 6 10

4 Үй мәдениеті. Тұрмыстық техника

6 2 4

5 Жоба 8 2 6

Барлығы: 68 24 44

41

Page 42: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

«Технологая» курсы бойынша сағат санын бөлу(қала және ауыл мектептеріндегі қыз балалар үшін 9- сынып)

Бөлімнің аты Барлық сағат саны

Теор. Практ.

Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері

30 10 20

Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы

12 4 8

Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету саласы, экология және кәсіптік бағдар

10 6 4

Жоба 16 6 10

Барлығы: 68 26 42

Ескерту: «Технология» пәнін 9 сыныпта оқытуда «Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету саласы, экология кәсіптік бағдар» тарауының материалдары ауыл және қала мектептеріндегі ұл және қыз балалар үшін бірдей болады.

«Жоба»бөлімі бойынша (8, 9 сынып ұлдары мен қыздары үшін де) оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстары ұйымдастырылады. Сондықтан да оған бөлінген сағат санын мүғалім оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға бөлуі мүмкін. Сондай-ақ осы сағат мөлшерін оқушыларға кеңес беру, еңбек операцияларын көрсетіп, үйрету немесе жобаны қорғауға жұмсауға болады.

Бағдарламада көрсетілген тапсырмалар жүйесі еңбек объектілері мен мектептің материалдық базасына байланысты өзгеруі мүмкін.

Әр блоктың кезегі мен кейбір бөлімнің мазмұнын 15%-ға дейін өзгертуге мұғалімнің құқығы бар.

42

Page 43: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5 сынып оқушылары үшін:Білуі тиіс:

құрастыру материалдары мен олардың қасиеттерін; материалдарды өңдеудің әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін; дұрыс тамақтану жолдарын, тағам өнімдерінің сәйкестігін,

құндылығын, негізгі; дәрумендер, сапаларын; еңбек әрекеттердің әртүрлі саласында шикізат пен материалдарды

өңдеудің технологиялық негіздерін; форма қалыптастыру мен бұйымның бетін қайта өңдеу тәсілдерін

қолдануды; проблеманы сәйкестендіруді (анықтауды); ойлаған жағдаятты негіздеуді; нақты жағдаятқа талдау жасауды; әрекетті жоспарлау және мақсат қоюды; технологияларды қолдануды; ресурстарды жоспарлауды; қызметті бағалауды біледі; ойлаған және нақты жағдаяттар арасындағы қарама-қайшылықты

ажырата алады; өз әрекетінің жоспарланған өнімін бағалауға берілген өлшемдер

негізінде сипаттамасын өз бетінше анықтай алады; нақты міндеттерді шешу үшін белгілі бір алгоритмнің бөлігін алады

және әрекетінің жоспарын жасай алады; қойылған міндеттерді шешуге қажетті ресурстарды жоспарлай алады; өз әрекетінің өнімін өз бетінше анықталған әрекет өлшемдерінің

мақсаттарына сәйкес бағалай алады; әрекеттегі жетістіктер мен кемшіліктердің себептерін, міндеттерді

шешуде кездескен қиыншылықтарды атап көрсетеалады; болашақтағы әрекетте оны болдырмаудың жолдарын ұсына алады;

шешім қабылдауда өзінің қызығушылығы мен сыртқы жағдайларға талдау жасай алады.

6 сынып оқушылары үшін Білуі тиіс:

қызмет өнімінің нәтижесін бағалауды; қойылған проблемаға мақсат қоюды; проблеманың пайда болуының кейбір себептерін көрсетуді; белгілі әрекеттер технологиясын (міндеттерді шешу тәсілдері)

таңдауды;

43

Page 44: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

ағымдағы бақылауды іс-әрекетіне өз бетінше жоспарлайды және жүзеге асырауды;

өзіндік қозғалысын бағалауды; ақпараттық ізденісті жоспарлауды; ақпаратты алғашқы өңдеуді; ақпараттарды өңдеуді; ақпаратты жіктеу үшін міндеттерге сәйкес негіздеме ұсынуды;

алынған ақпаратты шешілетін міндеттердің контексінде жеткізуді; тақырып бойынша алғашқы ақпаратты жүйелеу үшін өз бетінше

қарапайым құрылымын тапсыруды; ұсынылған ақпараттың нақтылығын тексеру тәсілдерін жүзеге

асыруды; өз бетінше қорытынды жасауды; түсініктерді жалпы категорияға жинақтауды; ұсынысты (болжамды) тексеруді; берілген өлшемдер бойынша нысандар мен құбылыстарды

салыстыруды; ұқсастықтары мен айырмашылық-тары бойынша қорытынды жасауды; ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалануды

біледі; қойылған міндеттерді шешу үшін қандай ақпарат (не туралы) талап

етілетінін атап көрсете алады; бөліп алған ақпаратты берілген күрделі құрылым шеңберінде (екі

немесе одан да көп белгілеріне қарай) жүйелей алады; күрделі ақпараттарды құрамына қарай графикалық түрінен мәтінге

немесе керісінше ауыстыра алады; немесе алынған ақпарат негізінде қорытынды жасайды және оны

дәлелдеу үшін бірнеше дәйектер келтіре алады; және түсініктерге өз бетінше анықтама бере алады; берілген өлшемдер (негіздер) бойынша белгілерін анықтай алады; жағдаятқа дейінгі және кейінгі толық сипаттамаға ие бола тұрып,

байланыстың себеп-салдарын анықтайды.

7 сынып оқушылары үші :Білуі тиіс:

күрделі құрылымдағы жазбаша байланысудың стандартты өнімдері формасында өз ойын ресімдейді;

көпшілік алдында сөз сөйлеу: өз баяндамасының мағыналық блоктарын ерекшелеу үшін вербальды құралдарды (қисындық байланыс құралдары) пайдаланады, вербальды емес немесе көрнекі материалдарды пайдаланады, тақырыпты дамытуға берілген сұрақтармен жұмыс жүргізеді, байланысу мен мақсатты аудиторияның берілген мақсатына сәйкес сөйлеу жанры мен мазмұнын анықтайды.

44

Page 45: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

монолог, диалог, пікірталаста (топ) нақты/бағалау ақпараттың талап етілетін мазмұнын қабылдауды;

диалог аясында әріптесінің пікірін тыңдауды; оқушылар өз бетімен топ алдына қойылған міндетке сәйкес, талқылау

ережелері мен сұрақтары туралы келісуді; күрделі құрылымды тақырыпты баяндай алады; қосымша құралдарды сауатты пайдалана алады; байланысу мен мекен-жай қойған мақсатқа сәйкес жазбаша құжаттың

жанры мен құрылымын анықтай алады (белгілі формалар санынан); оқушылар іс-әрекеттің сақталуын қадағалайды және жұмыс соңында

шешімді жинақ-тайды/тіркейді, топтық жұмысты орындау аясында міндеттерді бөледі және мойындарына ала алады;

оқушылар бір-бірінің идеяларын түсіну мен пысықтау үшін сұрақтар қояды, өз идеяларын топтың өзге де мүшеле-рінің идеяларымен сәйкестендіре алады;

еңбек қауіпсіздігінің талаптарын және қол, механикалық аспаптар, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін білуі және қолдана алады;

8 сынып оқушылары үшінБілуі тиіс:

құралдармен, механизм, станок және өңдеу материалдарымен, электрқұралдармен жұмыс істеу кезінде қолданылатын қауіпсіздік ережелерін;

жұмыс орнын ұйымдастыруды; жеке гигиена мен сақтық құралдарын қолдануды; материалдарды өңдеу технологияларын қолданудың экологиялық

зардабын; ағаш, металл, тігін, тоқыма, табиғи және жаңа материалдар, тағамның

құрылымы мен қасиеттерін; олардың қолданылатын орнын, гигиеналық, технологиялық

қасиеттерін, материалдың экологиялық тазалығы мен заттардың пайдалылығын;

бұйымның қолданатын орнын біледі; олардың сапасын анықтауды; қолданылатын өнімнің экологиялық бағасын; тұрмыстық электр заттардың жұмыс принципін; материалдарды жою мен қайта өңдеу тәсілдерін; сумен қамтамасыз ету мен канализацияның қарапайым жөндеу

жұмыстарын жүргізуді; интерьер дизайнына сәйкес кейбір жөндеу-өңдеу жұмыстарын

орындауды; материалдарды байланыстыруды және жинау-құрастыру жұмыстарын; дайындаманы өңдеудің технологиялық реттілігін жоспарлауды; қарапайым бұйымдардың түрлерінің үлгісін жасайды және

модельдеуді біледі;

45

Page 46: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

түрлі өнімдерді және олардың пайдалылығы тұрғысына салысытыра алады;

аймақтық және ұлттық ерекшеліктерге сәйкес дәстүрлі қолөнер түрлерін ажырата алады;

тұрмыстық бұйымдарды жасау үшін түрлі технологияларды қолданып, материалдарды іріктей алады;

бұйым жасауда алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланаа алады; біртұтас көркем қабылдауды қамтамасыз ететін материалды өңдеудің

жаңа тәсілдерін пайдалана алады; технологиялық, экономикалық және пайдалану қасиеттеріне сәйкес

материал таңдай алады; бұйым жасау немесе өнім алу үшін технологиялық операциялар

алгоритмдерін құрып, қолдана алады; технологиялық процестің алгоритмін меңгере алады; Ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, түрлі

материалдардан қарапайым сәндік-қолданбалы бұйымдарды жасай алады;

материалдарды көркемдеп өңдеу технологиясын пайдаланып сәндік-қолданбалы өнер бұйымын жасай алады;

Экономика мен әлеуметтік саланың түрлі бөліктеріндегі кәсіптік іс-әрекет ерекшеліктерін дәлелдей алады.

9 сынып оқушылары үші :Білуі тиіс:

• технологиялық құжаттарды жасап негізгі технологиялық операцияларды орындауды;

ұлттық қолданбалы бұйымдар негізінде дизайн-жоба жасауды; бұйымды көркемдеп өңдеу техникасы мен технологиясына дизайн-

талдау жасауды; тұрмыстық заттар мен техниканың құрылысын тежеуді және онымен

қызмет етуді; шығарылатын өнімнің сипатына қарай негізгі өндіріс салаларын және

өндірістік процесс кезеңдерін біледі; үй шаруашылығын жүргізуге қатысады және жанұяның қажетіне

сәйкес тиімді жоспарлауды және жұмсауды; тауар мен қызмет нарығында жүзеге асыруға жұмсалған шығын мен

алынған пайданы есебін жүргізуді; компьютер көмегімен сызба және графикалық жұмыстарды

орындауды; объектілер мен технологиялық үдерістерді шартты-графикалық түрде

орындауды біледі; еңбек іс-әрекеті саласы бойынша өзінің кәсіптік қызығушылығы мен

икемділігін бағалай алады; аймақтық ерекшеліктерге сәйкес кәсіпкерлік іс-әрекеттің нысаны мен

қызметін таңдай алады;

46

Page 47: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы зерттеу және жобалау іс-әрекетінде модельдер, символдар, сызбалар мен эскиздерді білуі және қолдан а алады;

техникалық сурет, кесте, эскиз, сызба және макеттің көмегімен өз бетінше конструктивті шешім қабылдай алады;

аспаптар, машиналар, жабдықтар мен құрылғыларды (оның ішінде компьютерлер) пайдалану арқылы өнім алу немесе бұйым жасай алады;

бақылау-өлшеуіш құрал-самандарды, қондырғыларды қолдана алады; шикізатты алғашқы және қайта өңдеуде жабдықтарды пайдалана

алады; компьютерлік PowerPoint, Excel, Word бағдарламаларының көмегімен

бұйымның құрылымын және оны жасау ретін жобалай алады; бұйымның немесе өнімнің жарамдылығын бақылау құралдары мен

қондырғыларды пайдаланады; жаңа құралдар мен заттық ортаны сәндеу және жабдықтау

механизмдерін пайдалана алады.

47

Page 48: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

ІV ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Репродуктивті әдістер үлгі бойынша қызмет тәжірибесін қалыптастырады, есте сақтау қабілетін дамытады, технологиялық лперацияларды орындау тәсілдеріне деген зейінін арттырады, педагогтің кәсіби іс-әрекетін қайталау дағдыларын қалыптастырады.

Белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ұжымдық іс-әрекетінде оқушылардың теориялық және практикалық қызметін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Қызмет ойындары оқыту әдістер ретінде оқытуды жан-жақты интеграциялауды қамтамасыз етеді, кәсіпорындағы толық өндірістік-экономикалық процестердің мағынасын ашады.

Жобалау әдісін қолдану негізінде оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыру бұйым жасау барысында шығармашылық көзқарас білдіруге кәсіпкерлік тапқыштық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Жобалау әдісі – «идеядан бұйымға дейін» түсінігінде оқушылар технология сабағынан алынған білімдерін шығармашыл қолданып және қайта өңдеу әдістерінің кешенін қолданып жеке ақырғы бұйым алу. Оқу қызметінің репродуктивті түрінен өзіндік, ізденіс жұмыстарының түріне көшу оқу барысын ғылыми-зерттеу компонентіне ауысуды қамтамасыз етеді, әр-түрлі ақпараттармен және олардың көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Сабақта төрт қызмет түрін пайдалану ұсынылады: жаттығу, дизайн-талдау, дизайн-жоба, дизайн-зерттеу.

Жаттығу – оқушылар орындау барысында белгілі білімдер немесе дағдыларға үйренетін қысқаша тапсырмалар. Оларға практикалық тапсырмалар (тігістерді немесе тігін машинасында немесе токарлық станоктарда жұмыс орындау біліктіліктерін үйрену); білім алуға және когнитивті білітілігін дамытуға бағытталған жаттығулар (сұранысты зерттеуді немесе дизайн-критерийлерді талдауын қалай жүргізу керек); коммуникациялық дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар (үшөлшемді нысанды бейнелеу біліктілігі немесе өз ойын қағазға түсіру тәсілдері).

Дизайн-талдау – оқушылар бұйым жасауда және пайдалануда әлеуметтік, экономикалық, экологиялық әсерін қарастырып нақтылап талдау қызметі.

Дизайн-зерттеу – ұсынған идеяны өз бетінше ізденісін практикалық жүзеге асыру және бұйым дайындаудың тұтас әдістері мен тәсілдерін пайдалану процесі.

Дизайн-жоба –жаңа инновациялық өнімде ұсынылған идеяны талдау және дайындау, игеру, практикалық жүзеге асыру процесінде келесілерді қамтитын күрделі қызмет түрі: адамдардың сұранысына жауап беретін бұйымды талдау мен жасаудың мақсатын анықтау. Сұраныстарды терең

48

Page 49: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

зерттеу. Бұйымның сапалық критерийлерін талдау. Қабылданған идеяны талдау және біреуін жасауға дейінгі деңгейге жеткізіп талдау (немесе бірнешеуінің комбинациясы). Бұйымды жасау нақты жағдайда сынақтан өткізу талаптарға сәйкестікке дайын бұйымды бағалау.

Жоба мен жаттығудың өзара айырмашылықтары бар Жаттығуда оқушылар белгілі практикалық біліктіліктерді меңгереді. Жоба – бұйымды кейінгі сынау мен қажеттіліккек сәйкестігіне бағалауымен талдау және дайындау процесі. Жобалау барысында белсенді оқыту әдістерін пайдаланып оқушыларға жаттығулар орындату барысында біліктіліктер мен дағдыларға үйретуін жалғастырады.

Әр жобаның мақсаты мен міндеттеріне байланысты оқыту реті әртүрлі болуы мүмкін. Жобаны орындау ретінің бірнеше түрін ұсынамыз:.

Бірінші түрі: Сұранысты зерттеу, міндетін анықтау.Алғашқы бірнеше идеяны ұсыну. Зерттеуді жүргізу (оның ішінде нарықты зерттеу), материалды таңдау мен дайындау тәсілін анықтау. Ақырғы идеяны талдау. Дайындау дағдысы мен іскерлігін үйрену. Үлгілі идеяны жүзеге асыру және оны дайындау. Бұйымды сынау және бағалау.

Екінші түрі: Бұйымның ұқсас бірнеше түрін талдау. Бұйымның кемшіліктерін анықтау. Бұйымның жаңа усынысын талдау, қысқаша міндетін анықтау. Адам факторын зерттеу. Дизайн-спецификациясын жасау (критерийлер тізімі) Ұсынған идеяның негізінде бөлшектеп талдау барысында дайындау дағдыларын дамыту үшін жаттығулар орындау. Бұйым дайындау. Бұйым дайындау технологиясын қолдану. Өзін өзі бағалау және бұйымды сынау процесінде бағалау.

Үшінші түрі: Материал таңдау (мысалы, өндірістің тастанды). Нақты материалды пайдалану үшін бірнеше алғашқы идеяларды ұсыну және үйрену. Бұйымға деген сұранысты зерттеу. Бірнеше идеяны бөлшектеп талдау және жүзеге асырылатын жолын талдау үшін қажетті қосымша ақпаратты анықтау. Келешекте зерттеулер жүргізу.Дизайн-спецификация жасау. Алғы идеяны талдап жүргізу. Бұйым жасау процесін жоспарлау. Бұйым жасау барысында өзгерістерді енгізе отырып дайындау. Бұйымды бағалау.

Дизайн-зерттеу: Жобаны сәтті орындау үшін оқушы әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізулері керек. Олар мынаны қамтиды:бұйымның қажеттілігі туралы толық ақпарат жинау, адам факторын қарастыру (эргономика талабы), қажетті сұранысты қанағаттандыратын басқа бұйымдарды талдау, әр түрлі материалдарды оқып біледі, дайындау тәсілдерін оқып біледі (шеберханада немесе өнеркәсіптік жағдайында), нақты шешім қабылдау мен ойын бағыттау мақсатында әртүрлі құрал-жабдықтарды, материалдарды пайдаланып эксперимент жүргізу.

Дизайн-спецификация: Бұйымның сұранысты қанағаттандыратын немесе қысқаша міндет қоюға сәйкес болу үшін көрсеткіштерінің тізімі. Көрсеткіштерде бұйымның функционалдық қызметі, оның өлшемі, түсі, құны, материалы қарастырылады.

49

Page 50: 11 - технол. 5-9 -kz.doc

Алғашқы идеялар жиынтығы: Сұранысты қанағаттандыру үшін оқушылардың ойына келетін дайындалатын бұйым туралы алғашқы идеясы.

Идеяларды жүйелі талдау: Қарастырылатын бұйымды бөлшектеп талдау барысында (дайын болу дәрежесіне дейін) бір және одан да көп идеяны нақтылап жүйелі талдау (немесе бірнеше идеяның жиынтығы).

Сынау: Бұйым дайын болғаннан кейін, ол сұранысты қанағаттандыруын бағалау үшін нақты жағдайларда сынақтан өткізілуі керек.

Бұйымды бағалау: Жобаны аяқтағанда ұсынған идеясының тиімділігін, қабылданған шешімнің дұрыстығын және жобаның сауатты орындалуын оқушының жазбаша есеп түрінде өзін өзі бағалау. Технология сабақтарын ұйымдастыру формалары: жекеше, звенолық, топпен, бригадалық. Технологиялық дайындықты ұйымдастыру әдістемесі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және политехникалық бағыттағы пәндерді оқығанда алған білімдерінің синтезі негізінде қолданылады.

50