18 (3222) 2015-02-17

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 18 ÒÆÊÒÆμ 17 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -11°.. -9° -9°.. -7° ˏǴǬǷǨǧȆǴ ǹʵDZǬDzǬǰ ǹʵDzǫǬǸǺ ǸǶǵǷǹ 6 7 12 ÓÆļΠÑÆ×ÆÐÓ ÁÌÔ ĠټΠӼÑËÆÌÔ ËÆÑÆË ĭÁÌÌÆËÉ ÓÆÁÓÑÜÎÜħ ÁÎÁÒÜ kĭīÊÜÎÎÜħv ÂÆӼΠĭÁÊÓÁÑÅÜ ////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// ////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// džəlj ǎʃnjǎƲƽƲljǀǁ ǂɛLjǗǍǍǗǃǀǗɅǎǗ ǂNJǚ ǔƼnjƼLJƼnjǗ Кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық кеңес өткізді. Жиналыстың күн тәртібінде Мемлекет басшысының төрағалығымен таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған бірқатар тапсырмаларды орындау, сонымен қатар, коммуналдық қызмет, көлік жүйесі мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстары талқыланды. Жиын басында Ә.Жақсыбеков елорданың қарқынды дамуы үшін Мемлекет басшысы қойған талаптар мен тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті. (Жалғасы 3-бетте) ಉ˵˪˟ˮ ˳˟ˮ˙˧ ˪ˮ˧ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˺˘ˬ೪ ˘˳˳˘˭˙ˬ˟˳ˮ೮ ˭˾˟ˬ˟˲˧ ˀ ʿ˘˲ˬ˘˭˟ˮ˵˧ ʺഉˢ˧ˬ˧˳˧ˮ˞˟˛˧ ˈʤ ˞˟˱˶˵˵˘˵˵೪ ˵˯˙ˮ˘ ˳˘˳ˤ ˱˘˲˵ˤˬ˘˲೦˘ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˟˭˟˳ ˥˭˞˘˲೦˘ ˢഉˮ˟ ˙˪˧ˬ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˺˘ˬ೪ˮ˘ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ˮ˧೮ ˳˘˥ˬ˘˶ˮ ˭˟˲ˣ˧˭˧ˮ˟ˮ ˙˲ˮ ˵˪˧ˣ˶˛˟ ˙˘˳˵˘˭˘ ˪˵˟˲˶ ˵˶˲˘ˬ ౬ˮ˞˟˶ ˢ˯ˬ˞˘˞ Біз, Қазақстан халқы Ассамблея- сы Кеңесі мүшелері, болашаққа де- ген жауапкершілігімізді сезіне оты- рып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақтастары әрі Отанымыздың па- триоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз. Қазақстан халқы Ассамблея- сына Қазақстан Республика- сы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда. Қазақстан халқы Ассамблея- сы осы маңызды мәселе бойын- ша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт тала- бы болып табылады. Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет. Әлемде тұрақсыздық орын алған жаңа әрі күрделі кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақстанды жаңғырту және дүние жүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа сенім білдіру қажет. (Жалғасы 2-бетте) IJ¼Ã¼IJÍÎ¼É Ñ¼ÇIJ× ¼ÍͼȽÇÁÛÍ× ÆÁĶÁͳ ÈĴÔÁÇÁ̳ɳĶ ĴÉÀÁϳ ʫ˲˵˟೮ ˳˘೦˘˵ ϭϬϬϬͲ˞˟ ʶ˯ˮ˛˲˟˳˳Ͳ˺˯ˬˬ ˳˘˲˘˥ˮ˞˘ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ˞˧ˬ˙˟˪ ʮ˘೪˳˙˟˪˯˚˵˧೮ ˟ˬ˯˲˞˘ ˵˲೦ˮ˞˘˲˭˟ˮ ˟˳˟˱ ˙˟˲˶ ˪˟ˣ˞˟˳˶˧ ˵˟˞˧

Upload: -

Post on 07-Apr-2016

231 views

Category:

Documents


1 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №18 (3222) 17 ақпан

TRANSCRIPT

Page 1: 18 (3222) 2015-02-17

18 17

-11°.. -9°-9°.. -7°

6 7 12

//////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

//////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық кеңес өткізді.

Жиналыстың күн тәртібінде Мемлекет басшысының төрағалығымен таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған бірқатар тапсырмаларды орындау, сонымен қатар, коммуналдық қызмет, көлік жүйесі мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстары талқыланды.

Жиын басында Ә.Жақсыбеков елорданың қарқынды дамуы үшін Мемлекет басшысы қойған талаптар мен тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті.

(Жалғасы 3-бетте)

Біз, Қазақстан халқы Ассамблея-сы Кеңесі мүшелері, болашаққа де-ген жауапкершілігімізді сезіне оты-рып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Ә б і ш ұ л ы Н а з а р б а е в т ы ң жақтастары әрі Отанымыздың па-триоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз.

Қазақстан халқы Ассамблея-сына Қазақстан Республика-сы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда.

Қазақстан халқы Ассамблея-сы осы маңызды мәселе бойын-ша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.

Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт тала-бы болып табылады.

Ж а һ а н д ы қ с ы н - қ а т е р л е р кезеңінде еліміздің Президенті Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в қ а Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет.

Әлемде тұрақсыздық орын алған жаңа әрі күрделі кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақстанды жаңғырту және дүние жүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа сенім білдіру қажет.

(Жалғасы 2-бетте)

Page 2: 18 (3222) 2015-02-17

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Отырыс барысында Кеңес мүше лері бір ауыздан Прези-дент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардың ҚХА-ға жасаған ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

К е ң е с м ү ш е л е р і а т а п өткендей, әлемдік эконо ми-калық дағдарыс кезінде біздің елімізде мерзімінен бұрын сайлау өткізу «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдар ламасын тиімді жүзеге асыруға, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген елімізді дамытуға бағытталған бағдарламаларды дамы туға мүмкіндік береді.

От ырыс қорыт ынд ысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері депуттаттық топқа Парламент Мәжілісінде Қазақстан Респу-бликасы Президентінің сайла-уын мерзімінен бұрын өткізуге бастама көтеру туралы Үндеу жолдады.

Құжатта мерзімінен бұрын сайлау өткізу уақыт талабы екендігін көрсеткен.

(Басы 1-бетте)

Сонымен қатар Елбасына сенім манда-тын білдіру арқылы әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мем лекетті дамытудағы маңызды мәселелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз.

Бүгінде «Нұрлы жол - бола шаққа бас-тар жол» бағдар ла масын және «Қа зақ-стан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру керек.

Мемлекет басшысы жүр гізіп отырған саясат төңі ре гінде топтасу арқылы еліміз дің одан әрі қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізе алаты-нымызға сенімдіміз.

Сондықтан осы кү рделі заманда біз барша қазақстандықтарды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегінде топтасуға ша қырамыз.

Президенттік сайлауды мер зімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл бастамаға шын мәнінде басқа балама жоқ.

Сонымен бірге ендігі 2016 жылы президенттік және пар ламенттік сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нор-маларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі кезеңдерде өткізген жөн.

Қ а з а қс т а н х а л қ ы А с с а м б л е я с ы Отанымыздың орнықты дамуы мен алға жылжуына бағытталған бастамаларды қашанда қолдап келді және болашақта да солай бола бермек.

Осы жалпыхалықтық бас таманы көтере отырып, қазақ стандықтар тарапынан да, ха лықаралық қауымдастық тарапынан да қолдауға ие боламыз деген сенімдеміз, өйткені, біз халқымыз бен еліміздің биік мүддесін көздеп отырмыз.

Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!Қазақстан жылдан жылға гүлденіп, әлемнің

белді әрі беделді мемлекетіне айнала берсін!Біз, Қазақстан халқы Ассам блея сы Кеңесі

мүшелері Қазақстан Республикасы Пар-ламентінің Мәжілі сіндегі Қазақстан халқы Ассам блея сының депутаттар тобына Қазақстан Республикасы Пре зидентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтерсін деп үндеу жолдаймыз.

Қазақстандықтар әлемнің ең озық отыз экономикасы қа та рына енуге мүмкіндік бере тін «Қазақстан-2050» Стра те гиясын жалғастыруды қалайды!

Қазақстандықтар «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын қолдайды!

Қазақстандықтар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуды, одан әрі дамуды қалайды!

Біз барша Қазақстан халқын, саяси пар тия ларды, азаматтық секторды және еліміздің патриоттарын Қазақстан Рес-публикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз!

Астана, 2015 жылғы 14 ақпан

– Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігі жөніндегі

мәселелер өткен жылдан бері қоғамда, сарапшылар қауымдастықтарында және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ, интернетте қызу талқыланып жүр. Елдегі ең ықпалды саяси күштердің бірі ретінде «Нұр Отан» партиясы бұл үдерістен сырт қала алмайды. Сол себепті біз бүгін «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының арнайы мәжілісін өткізіп, осындай мәлімдеме қабылдадық. Яғни, «Нұр Отан» партиясы ҚХА-ы өкілдерінің бастамасын толық қолдайды.

Бүгінгі таңда әлемді қаржы-экономикалық тұрақсыздықтың жаңа толқыны жайлай бастады. Онсыз да қиын жағдай күрделі геосаяси мәселелермен ұштасып отыр. Мұндайда әдетте ең дамыған деген мемлекеттердің өзінде діни төзімсіздік пен радикалды әрекеттер үдей түседі. Мемлекет бас-шысы «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің отырысында: «Алдағы бірнеше жыл жаһандық деңгейдегі сынақтардың кезеңі болмақ. Мұндай күрделі жағдайдан әлемдегі мемлекеттердің барлығы бірдей сәтті өте алмайды. Бұдан тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өте алады» деген болатын. Осыған байланысты Қазақстан халқы ассамблеясын қолдай отыра, Президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санаймыз. Сонымен қатар, бұл біздің «Қазақстан-2050», «Мәңгілік ел» сияқты ірі жобаларды жүзеге асыра отырып, бұрынғыдан да мықты, ұйымшыл бола түсуіміз үшін жасалған тағы бір мүмкіндік.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл елімізде кезектен тыс Прези-

дент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысын қолдаймын. Себебі, бұл шын мәнінде халық мүддесіне сай келетін шешім деп есептеймін.

Бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отырған бүгінгідей кезеңде әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде Қазақстан дүниежүзілік дағдарыстың әсерін сезінуде. Дегенмен, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, біз барлық қазақстандықтар жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдыруға күш жұмылдырып келеміз. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлі-гімізді бекемдеп, жарқын болашақ үшін аянбай тер төгуге тиіспіз. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан тау-сылмас қуат көзі. Сондықтан, барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуымыз керек.

Ынтымақ ырысқа бастайды. Ал, ынтымағы жарасқан елдің ырысы ортаймайды. Ендеше, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай бірігіп, татулығымыз бен тұрақтылығымызды сақтай білсек, тыныштық, бірлік бар жерде, Қазақстан қандай кедергі кездессе де, қиналмай өтеді. Бұл жолда біз тек көреген басшы, ұлт көшбасшысымен бірге қуатты әрі гүлденген Отанымыздың өркендеуі жолындағы кездескен қиындықтарды жеңіп шығатынымызға сенімдімін.

– Жаһандық дағдарыс кезінде кез келген елдің ішкі стратегиялық

жоспары, әлеуметтік деңгейі сынға тү сетіні белгілі. Дамыған елдердің өзін есеңгіретіп жі-берген қиындықтардан сүрінбей өту – бәріміздің ортақ міндетіміз. Сырт көз біздің саясатқа сұқтана қарап, қызығып жатқан шақта, дұрыс бағытымыздан жаңылу абырой әкелмейді. Біздің алдымызда атқарылатын үлкен міндеттер тұр. Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, халықтың игілігіне жарату – кезек күттірмейтін тапсырма. Осы орайда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен «Қа зақ-стан-2050» ұзақмерзімді стратегиясы мемлекет әл-ауқатының басты кепілі болмақ. Қазіргі таңда ұлттың көшбасшысы болып, топ бастайтын тұлғамыздың бар екенін бүкіл әлем біледі. Елімізде қалыптасқан сарабдал саясатты одан әрі жалғастыру үшін Қазақстан Рес-публикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бастамасын толығымен қолдаймын. Осындай сын сағатта Қазақстан халқы көрегендік танытып, бір арнаға бірігіп, елдікті, тәуелсіздікті баянды етуді басшылыққа алатынына сенімдімін.

Page 3: 18 (3222) 2015-02-17

3www.astana-akshamy.kz

– Елімізде Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі

Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің бастамасын толық қолдаймын.

Өткен жылдың қараша айында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жол-дауында айтылған жаңа экономикалық саясаттың алға қой-ған міндеттері өте ауқымды да жауапты. Онда халықтың әлеуметтік-тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту басты міндет етіп қойылған. Міне, осы маңызы да, мәні де айырықша құжатты жүзеге асыру үшін біз бір тудың астына бұрынғыдан да біріге түсуіміз қажет. Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясының да елдегі экономикалық реформаларды сәтті жүргізу арқылы шағын және орта бизнесті қолдап, инвестициялық ахуалды жақсартуды көздейтіні белгілі. Олай болса, Ұлт көш басшысының төңірегіне топтасып, ұйыса түсу ойға алған жоспарларымызды мүлтіксіз орындап, жақсы өмір сүруге деген сенімімізді арттыра түседі.

Екіншіден, Үндеуде айтылғанындай, келесі жылы президенттік және парламенттік сайлаулар бір мезгілде келеді. Бұл электоратқа үлкен салмақ түсіреді. Сондықтан екі сайлауды әртүрлі кезеңде өткізу орынды болады. Қазір әлемде тұрақсыздық байқалып тұрған аумалы-төкпелі кезеңде дамудың жаңа сатысына көтеріліп, халықтың ауызбіршілігін арттырып, мемлекеттің өркендеуіндегі маңызды мәселелерге ден қою үшін президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің маңызы зор.

(Басы 1-бетте)– Алдымызда тұрған басты талап –

елорданың экономикалық өсімін сақтап қалу және тұрғындарды әлеуметтік жа-ғынан қолдауды күшейту. Сондықтан бюджеттік қаржыны тиімді пайда-лану және мемлекеттік органдардың нәтижелі жұмыс жасауы үшін бюджетті оңтайландыру бойынша тез арада ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл арада жүзеге асып жатқан жобаларды игеру ісіне басымдық берілуі керек, – деді қала әкімі.

Аппараттық жиналыста айрықша мән берілген тағы бір мәселе – жұмыс сыз-дықты жою шаралары. Ә.Жақсыбеков барлық қалалық мекемелерге еліміз бойынша ең төменгі көрсеткіш сана-латын елордадағы жұмыссыздықты жою шараларын тез арада қолға алу-ды тапсырды. Ол үшін қала басшысы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына арнайы жоба әзірлеп, бұқаралық ақ-парат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға кеңес берді.

Қалалық басқармалардың жұмыс деңгейін айта келе Ә.Жақсыбеков көлік логистикасындағы жүйелі жұ-мыстардың жоқтығын, шаһар тұр-ғын дарын ақ па рат тандыру ісінің сапа -сыздығын сынға алды. Мәселен, қоғам-

дық көліктердегі жол ақысының қалай қалыптасатыны жайында мүлдем айтыл-майтыны атап өтілді.

Қарғын суға қарсы шаралар мен қаланы қардан тазалау жұмыстары да сөз етті.

қауіп төндірмей қалыпты еріп, жыл ға-лап ағуын қам тамасыз ету үшін Есіл, Ақбұлақ, Са рыбұлақ өзендерінің арна-ларын тазалау керек, – деді елорда әкімі.

Жиын соңында аудандық әкімдік-терге шағын және орта кәсіпкерлік

– Қазақстан халқы ассамблеясының Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы

Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысын орынды санай-

мын. Қоғамдық ынтымақ пен татулықты ту етіп ұстайтын алқалы ұйымның бұл бастамасы көпшіліктің ойынан шығады деп ойлаймын.

Осынау дүбірлі кезеңде Президенттің ықпалы мен беделін күшейткен әбден дұрыс. Сондықтан Мемлекет басшысы өз халқының сеніміне тағы да ие болатынына сенемін.

Қазіргі алыста жатқан шетелдерді айтпағанда, посткеңестік мемлекеттердегі алуан оқиғалар Президент билігін нығайтуды талап етеді. Сол себептен Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаушылар қолдайды. Ел арасына шыққанда халық өз Президентінің ел үшін атқарған еңбегіне риза екеніне көзім жетті.

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отыр-мыз. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Тәуке ханның тура жолы делінген тарихи кезеңдерге Нұрсұлтанның «Нұрлы жолы» қосылды. «Нұрлы жол» – Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосатын бағдарлама. Жаңа экономикалық саясат жүктейтін міндетке бүгінгі әлемдік дағдарыс кезеңінде жету үшін, ел экономикасына жаңа күш, тың қуат беру үшін бұл сайлауды өткізген өте дұрыс.

– Қазақстан халқы ассамблеясы Отанымыздың тұрақты дамуына

ықпал етіп, оң үдерістерге бағытталған бастамаларды әрдайым қолдап келе жатыр.

Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесінде көптің көкейінде жүрген маңызды мәселенің бір ұштығын жария етілді деп ойлай-мын. Ассамблея мүшелері тарихи таңдауда өз көзқарасын білдіруді азаматтық борышы деп танитындарын Үндеуде жеткізді.

Расында, шартарапта болып жатқан үдерістерді пайым-дасақ, елдің тыныштығы, халықтың ынтымағы мен бақуаты көздің қарашығындай сақтайтын құндылық екеніне көзіміз жете түседі. Осындай күрделі кезеңдерде кезектен тыс президент сайлауын өткізу бастамасы – уақыт талабы, ертеңін ойлаған елдің байыпты қадамы.

Бұл – тұрақтылық, тыныштық факторы.

Министрдің айтуынша, жаңадан ашылған жұмыс орындарына жұмыссыз қалған мамандар орналастырылады.

«Бiз қазiр барлық мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi әкiмшiлiктермен бiрге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай инфрақұрылымдық жобалар iске асырылатынын және бұл жобаларда қанша жаңа жұмыс орны ашылатынын анықтап жатырмыз. 15 наурызға дейiн бұл жұмысты аяқтау керек, содан кейiн жергiлiктi жерлерде жұмыспен қамту орталықтары арқылы азаматтарды тарта бастаймыз» дедi Тамара Дүйсенова.

Қазақстанда 1 миллион жұмыс орнын сақтап қалу үшiн жергiлiктi әкiмдiк-термен 19 мыңнан астам меморандум жасалған. Ақпан айының басында облыстардағы ірі мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларымен жүзден аса осындай құжатқа қол қойылған.

Еркежан СӘТІМБЕК

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен рес-публикалық имамдар форумына еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имам мен аудан, ауыл молдалары қатысады.

Аталмыш шара барысында еліміздің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атап айтқанда, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қоғам қайраткері Мыр-затай Жолдасбеков, республикалық ар-дагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Озғанбаев сынды танымал тұлғалар қатысып, баяндама жасайды.

Форумда дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жол-

– Көктемгі қызыл суға қарсы шаралар белгіленген уақыт бойынша жүргізіліп жатқанына қарамастан, жеке сектор аумағындағы қарды шығаруға бар күшті жұмсау керек, әсіресе, жылда су басу қаупі төнетін аудандарға айрықша на-зар аудару қажет. Аулаларды тазартуға көп көңіл бөлген жөн. Индустриалды парк пен ЖЭО-2 аумақтарында судың

субъектілеріне жататын дәмхана, шаштараз, дүкен аумақтарының са-нитариялық тазалығын мұқият қа-дағалау тапсырылды.

Денсаулық басқармасына тұрғын-дарға медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу керектігі ескертілді.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

дары талқыланады. Форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсыл-мандарының тұғырнамасы», «Шы-найы мұсылманның тұлғалық келбеті»,

«Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік эти-касы» сияқты маңызды құжаттар қабылданбақшы.

Page 4: 18 (3222) 2015-02-17

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«АЛЖИР» мұражай кешенінде Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуының 26 жылдығына арналған көшпелі көрме ұйымдас-тырылды.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музы-калық драма театрында А.Дударевтың «Кеш» драма-сы қойылады.Басталуы: 18.30.

«Қазақстан» орталық концерт залында Ресей әншісі Ёлканың концерті өтеді.Басталуы: 20.00.

Елордада жыл басынан бері бейнебақылау жүйесінің көмегімен

300 қылмыс анықталды.

Концертте «Еркеназ» триосы, саксофоншы Наталья Бейсенова, Еркебұлан Атығожин, Ернұр Балапанов сынды әншілер өнер көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленді. Ал, Бақытжан Ауылбеков «Шарманка» әніне салғанда, қария лар тіптен көңілденіп, ортаға шығып билей жөнелді.

Шара басында Қарулы күштердің сарбаздары 924 жасанды алқызыл гүлді ескерткіш түбіндегі ақ қарға қадап, Ауғанстанда қаза тапқан 924 қазақстандық жауынгердің рухына тағ зым етті. Соғыс боз-дақтарын бір минут еске алу рәсі-мінен кейін Халық қаһарманы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Ер-таев, Қорғаныс министрлігі Бас штабы басшысының орынбасары Мұқан Дүйсекеев, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов, Ауғанстанда қаза болған жауынгердің анасы Пейшенкүл Тоқмағанбетова сөз сөйлеп, он жылға созылған соғыстың қасіретті дерек-дәйегі жөнінде айтып, қазақстандықтар үшін бүгінгі таңдағы

ең асыл мұрат еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті сақтау екенін жеткізді.

Астана қаласы Ішкі саясат басқар-масының басшысы Бақыт Есімова кезінде Ауғанстан соғысында жан-қиярлық ерлік көрсеткен, Отан алдындағы антына адалдық танытқан жауынгерлерге ризашылық сезімін білдірді. Бүгінде ортамызда жүрген жауынгер-интер националистердің қала өміріндегі қоғамдық шара-ларға, сондай-ақ, жас ұрпақты отан-шылдыққа тәрбиелеу ісіне белсен-ділікпен қатысып жүргендерін атап өтті. Қала әкімдігі атынан Ауған-станда қаза тапқан жауынгер-интер-нацио налистердің аналарына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Ескерткішке г үл шоқтарын қою рәсімінен кейін жауынгер-

интер националистер елордалық «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ар дагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің баста ма сы мен Аста-на қаласы әкім дігінің қолдауымен ұйым дастырылған еске алу дас тар-қа ны басында бас қосты. Отырыс бары сында қоғам дық ұйым ның төр ағасы Серік Кенжебеков айтулы ша раға қолдау көрсеткен мекеме-лерге, сондай-ақ, бір қатар белсенді жауын гер-интернационалистер мен жеке леген азаматтарға алғыс айтты.

Жалпы, қала бойынша атаулы күнге орай бірқатар игілікті шаралар, атап айт қанда, мүгедектерге мате риалдық жәрдем беру, мектептер мен колледж-дерде, мекемелер мен ұйымдарда «Ерлік сабақтары», спорт жарыстары ұйымдастырылды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Азда ған техникалық ақаудың кесірінен «Сарыарқа» тобы ән орындаған кезде ара-арасында микрофон істемей қалды. Ата-әжелер сол мезетте шапалақ ұрып, әншілерге демеу болуға тырысты. «Сарыарқа» тобы-ның жігіттері де тосылып қалмай, еш сүйемел деусіз акапелла түрінде Шәмшінің әндерін шырқап берді.

Кеш соңында Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі директорының орынбасары Жанар Есенаманова «Сіздерге жас тар-дың концерті ұнады ма?» деп сұрағанда, үлкендер хор-мен «иә» деп жауап беріп, риясыз риза шылықтарын жасырмады. Елуді еңсерген Ұмкен Рахымжановна апамыз сахнаға шығып: «Бізге мұнда әрдайым қам-қорлықпен, асқан ілтипатпен, өз туысындай етіп қарайды. Ыстық тамақ, жылы төсек, жағдайымыз жақсы. Бүгін де, міне, жастар келіп, бізге шаттық сыйлап, көңілімізді бір серпілтті» деп алғыс айтты.

Мәдина ЖАҚЫП

Жиынға қаламыздағы аула клубтарының тәрбиеленушілері, ата-аналар мен клуб қызметкерлері қатысты. Экскурсия аясында қатысушыларға Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін бірқатар туындылар таныстырылды.

Аталмыш шара 20 және 26 ақпан күндері жалғасын табады.Бағлан ОРАЗАЛЫ

Page 5: 18 (3222) 2015-02-17

Аталмыш сауалға Астана қаласы Қ а з а қ с т а н х а л қ ы а с с а м б л е я -сы хатшылығы меңгерушісі Ләззат ҚҰСАЙЫНОВА жауап береді:

– Қ а з а қ с т а н х а л қ ы а с с а м б л е я -сы жылы және Қазақстан Республика-сы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шараларының бірі – «Тіл – татулық тірегі» мемлекеттік тілді білу конкурсын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған қатысып, қазақ тілін қаншалықты меңгергеніңізді сынағыңыз келсе, онда өз этносыңыздың мәдени орталығымен хабар-ласып, өтініш беруге болады. Мемлекеттік тілді дамыту тұрғысында осы жылы өтетін басқа да іс-шараларға қатысуыңызға бола-ды. Атап айтқанда, Оқушылар сарайында өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған шығармалар байқауы мен осындағы лингвистика бөлімінің тәрбиеленушілері арасындағы мәнерлеп оқу сайысы, «Тілдарын-2015» қалалық байқауы сіз сияқты талапты жастарға арналады.

Одан басқа қазақ халқының тілі мен

мәдениетін, тарихын тереңірек білгіңіз келсе, «Туған өлке – тұнған тарих!» әдеби кешіне, «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты этнос өкілдері арасын-да Абай шығармаларын оқудан өтетін байқауға, «Түркі және славян жазбасы мен мәдениеті» тақырыбындағы сайысқа, «Қазақстан – достық аумағы» атты по-эзия кешіне шақырамыз.

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛГІМ КЕЛЕДІЭЛЕКТРОНДЫ ТІРКЕУ ТИІМДІ МЕ?О қ ы р м а н с ұ р а ғ ы н а

А с т а н а қ а л а с ы Ә д і л е т департаменті басшысының о р ы н б а с а р ы С ү й і н д і к Ж Ұ М А Ғ Ұ Л О В ж а у а п береді:

– Бүгінгі таңда әділет о р г а н д а р ы ү к і м е т п о р -талы арқылы электрон-ды форматта 22 қызмет түрін көрсетеді. Осындай қызметтердің бірі – 2013 жылғы 1 қаңтарда енгізілген жылжымайтын мүлікті

электронды тіркеу . Ол үшін Қазақстан азамат-тары нотариуста келісім рәсімделгеннен кейін 1 күн і ш і н д е ә д і л е т о р г а н д а -р ы н д а ө з қ ұ қ ы қ т а р ы н тіркей алады. Келісімге қол қойылғаннан кейін но-тариус сатып алушының ж а з б а ш а к е л і с і м і м е н өзінің электронды цифрлы қолтаңбасымен құпталған құжаттарды электрон-ды түрде «Е-нотариат»,

яғни бірыңғай нотариал-ды ақпараттық жүйенің б а ғ д а р л а м а с ы а р қ ы л ы аумақтық әділет органы-на жібереді. Жылжымай-тын мүлікті сатып алушы келісімге қол қойғаннан кейін, Қазақстан Республикасы электронды үкіметінің төлем шлюзі арқылы тіркеу үшін алым сомасын төлеуі қажет. Электронды тіркеу үшін азаматтардың электронды цифрлы қолтаңбасы қажет емес.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің элек-тронды түрі рәсімдеу шарала-рын түбегейлі жеңілдетумен бірге кедергілерді жойып, а з а м а т т а р ғ а қ о л а й л ы жағдайлар туғызуда. Қазіргі таңда осы жеделдетілген мемлекеттік қызмет түрін қолданушылар саны күннен-күнге өсуде.

– Менің қызым – 3-сынып оқушысы. Мектеп асханасының тамағы қымбат әрі дәмсіз, жылы күйінде берілмейді. Осы жағдайды қалай реттер едіңіздер?

– Бастауыш сынып оқушыларына б ө л і н г е н т е г і н т а м а қ т ы ң мәзірін Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қазақ тағамтану академиясы тағамтану проблемалары институты бекіткен еді.

Қаладағы барлық мектепте «Мек-теп сүті» жобасы қарастырылған. Б а с т а у ы ш с ы н ы п б а л а л а р ы н а арналған дастарқан қоңырауға 15-20 минут қалғанда жайылады. Оның үстіне барлық мектеп асханасы ас жы-лыту үшін арнайы қысқа толқынды пешпен жабдықталған.

– Тұрмысқа шыққаныма 10 жыл болды. Денсаулығыма байла-нысты бала көтере алмаймын. Күйеуім екеуміз туыстарымызбен ақылдаса келе балалар үйінен бір сәби асырап аламыз деп шешім қабылдадық. Қазір usynovite.kz порталынан 7 жасар бір қызды көріп ұнатып отырмыз. Ары қарай қалай әрекет еткеніміз жөн?

– Сәлеметсіз бе, Оксана! Атал-мыш сауал бойынша Астана қаласы Білім басқармасына жүгіне ала-сыз. Қабылдау уақыты – сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін. Қамқорлық, қорғаншылық және балаларды қолдау бөлімі, 101-кабинет.

– Оқушылар сарайының арнау-лы үйірмелеріне қатысуға көп ба-лалы отбасылардың балалары үшін жеңілдіктер қарастырылған ба?

– Иә. Құжаттарыңыз талапқа сай болса, Оқушылар сарайында көп балалы отбасынан шықандар үшін тегін үйірмелер бар.

– Биылғы ҰБТ қалай өтеді? Бұрынғы қалыпта ма? Түлектер қай пәндер бойынша тест тапсы-рады?

– Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

өзгертілмейді. ҰБТ 5 пән бойын-ша, яғни, оқу тіліне қарай қазақ тілі немесе орыс тілі, математи-ка, Қазақстан тарихы және таңдау пәндерінен қабылданады. Тест тапсырмаларының барлығы мек-теп бағдарламасына негізделіп құрастырылады.

– Балам биыл мектепке барады. Қандай бағдарлама бойынша

білім алады? 11 жылдық па әлде 12 жылдық па?

– Қазіргі таңда қала мектептерінде 12 жылдық білімге көшу эксперименті жалғасуда, яғни, бірнеше сыныпқа тәжірибе жасалып жатыр.

– Балам дүниеге келген 2012 жылы балабақшадағы кезек реті 17000 болатын. Содан бері жылжып 13000-ға келді. Балабақшаға іріктеу

қашан болады және біз оған іліге аламыз ба?

– Жыл сайын Білім басқармасы маусым айында мектепке дейінгі мекемелерге балаларды қабылдау үшін жинақтау (комплектация) өткізеді. Жинақтау алдында баспасөз беттері және қала әкімдігі мен Білім басқармасының сайты арқылы хабар-дар етіледі. Балабақшадағы орын кезек арқылы қамтамасыз етіледі.

– Менің балаларым былтыр пайдалануға берілген №78 мектеп-гимназиясында оқиды. Олардың жолдағы қауіпсіздігіне қатты алаңдаймын. Өйткені мектепке ба-рар жолда бірде-бір жол белгісі жоқ. Жаяу жүргіншіге арналған жолақ, «Назар аударыңыз, балалар» сын-ды белгілер мүлде қойылмаған. Осы мәселе қалай шешіледі?

– Жаңа оқу жылы басталғалы бері аталған мәселе бойынша Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Жол полициясы басқармасына, Есіл ауданы әкімдігіне бірнеше рет хат жолданды. Жол белгілерін орнату мәселесін тағы да қозғап жатырмыз. Алдағы күндері оң шешімін тауып жатса, жауабын хабарлаймыз.

– Сәлеметсіз бе! Балам биыл 1-сыныпқа барады. Мен баламды тұрып жатқан мекенжайым бой-ынша жақын маңда орналасқан мектепке бере аламын ба?

– Мектепке бала тұрғылықты жері бойынша қабылданады. Сіздің мекенжайыңыз жақын маңдағы мектептің шағын учаскесіне кіреді. Сол себепті, нақты мекенжайыңызды растайтын құжаттарды алып, мектепке хабарласуыңызға болады.

Дайындаған: Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Page 6: 18 (3222) 2015-02-17

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Шыр етіп дүниеге келгенімнен маңдайыма театр, сахна жазыл-ды. Сахнасыз бір күн өмір сүре алмаймын» дейтін актрисаның елу жылдан астам ғұмыры қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов «Хас сұлудың көз жасына» теңеген киелі өнер ор-дасында өтіп келеді.

Алтын бесігі – Қарқаралыдағы халық театрынан түлеп ұшқан Р ы м к е ш О м а р х а н о в а н ы ң қанаты Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы Қазақ музыкалық драма театрын-да қатайды. Ақмола қаласында ұлттық театр ашылғанда, қазірде Қ.Қуанышбаевтың атын алған өнер ұжымының негізін қалаушы, белгілі режиссер, актер Жақып Омаровтың шақыруымен Есіл өзенінің бойына орда тіккен әсем шаһарға келді. Театр 1991 жылдың 15 қарашасында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедия-сымен алғаш рет өз шымылдығын ашқанда Дәмелі атты кейіпкердің рөлін сомдады. Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт осы театрмен бірге жасап келеді. Сондықтан Қ . Қ у а н ы ш б а е в а т ы н д а ғ ы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының керегесін керіп, уығын шанышқан адамдардың қатарына Рымкеш Омарханованы да қосуға болады.

Белгілі сыншы Әшірбек Сығай актрисаны театр анасы деп атаған. Расымен, Рымкеш Омарханова бүгінде осы дәрежеге жетті. Халық театрындағы ұстазы Атығай

Шанин кезінде қанатын қалай қатайтса, бүгіндері өзі Қаллеки театрының жас әртістерінің өнері өсіп жетілуіне септігін тигізіп жүр.

Былтыр Рымкеш Омарханова 75 жасқа толды. «Ақ самайлы актриса» атты шығармашылық кеші осы мерейлі жасына орай өткізілді. Елордалық көрермен көптеп жиналып, ине шаншар орын қалдырмаған кеште Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтауы оқылды. Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина ізгі лебіздерін білдірді. Құттықтаулар легін республикалық театр бас-шылары жалғастырды. Қарағанды мен Қарқаралыдан елордаға ат терлетіп жеткен актрисаның жерлестері елден сәлем жеткізді. Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы әдемі естелікті жаңғыртып, жырдан шашу шашты.

Актриса өзі сомдайтын бірнеше рөльдерден үзінді көрсетті . М.Әуезовтің «Қаракөз» траге-диясында Мөржан болып шықса, А.Дударевтің «Кеш» драмасында Ганна дейтін кейуана бейнесін ж а ң ғ ы р т т ы . Б ұ л қ о й ы л ы м 2010 жылы Тараз қаласында өткен ХVIII республикалық театрлар фестивалінде Гран-приді иеленген. Рымкеш Омарханованың өнеріне осы драманы қазақшалаған поэзия патшайымы Фариза Оңғарсынова да тәнті болған.

Рымкеш Омарханова жас кезінде қазақ киносының ата-сы Шәкен Аймановтың «Най-затас» көркем фильмінде де ойнаған. Тәуелсіздік жылда-рында «Ханталапай», «Алып қашу операциясы», Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» ш ы ғ а р м а с ы н ы ң ж е л і с і м е н түсірілген фильмдерде әженің ролін сомдады. Кеш бары-сында осы телетуындылардан үзінділер көрсетілді. Актрисаға қонақтар сый-сыяпат жаса-ды. Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Те-менов: «Сіз саналы ғұмырыңызды сахнаға арнадыңыз. Елдің бәрі ба-зар жағалап кеткенде, сахнаны сатпай, киелі өнерге адалдық танытып келесіз» деп, кеш иесін мерейлі ж а с ы м е н қ ұ т т ы қ т а д ы .

Өнерін – өмірі деп бағалайтын актриса өз кезегінде кешті ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р м е н к ө р е р м е н д е р і н е а л ғ ы с ы н ж е т к і з д і . Ж а қ ы п О м а -р о в , Қ а д ы р Ж е т п і с б а е в , Әзербайжан Мәмбетов сынды сахна саңлақтарының есімін жаңғыртып өтті.

Тәттімбет Қазанғапұлы – иісі қазақ жұртына өзінің қайталанбас дара тұлғасымен, е р е к ш е т а л а н т ы м е н танылған, туған халқымыздың маңдайына біткен дүлдүлдері мен жарық жұлдыздарының бірі.

К о н ц е р т т е А с т а -н а қ а л а с ы ә к і м д і г і мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптар оркестрі өзінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профес-сор Айтқали Жайымовтың дирижерлік етуімен өнер көрсетті.

Т ә т т і м б е т а т ы н д а ғ ы оркестрдің басшылары және күйшінің ұрпақтары, сөз сөйлеп, күй күмбірлетті.

Олардан бөлек ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мынтаев жетекшілік ететін Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болатхан Тәшімов, Мәдениет саласының үздігі Анар Мұздаханова, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Ж ү с і п о в а Т ә т т і м б е т т і ң «Қосбасар», «Боз айғыр», «Сылқылдақ», «Алшағыр», «Секіртпе», «Сән қосбасар», «Сарыжайлау» т.б күйлерін орындады. Бе

тті д

айы

ндағ

ан: А

манғ

али

ҚАЛ

ЖАН

ОВ

Page 7: 18 (3222) 2015-02-17

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Менің аты-жөнім – Айнагүл Ахметова. Өзім тұратын Ин-тернациональный тұрғын алабында емхана қашан ашы-латынын білсем деп едім...

– Интернациональный тұр-ғын алабында емхана салу қарас-тырылған. Бүгінде құрылысқа керек жер бөлінген. Жобалық-сметалық құжаттамалары да әзір тұр. Ал құрылыс жұмысының өзі 2016 жылға жоспарланған. Жоба қаржы мәселесі шешілгеннен кейін мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде жүзеге асатын болады.

– Мен – І топтағы мүгедекпін. Менің санаториялық-курорт-тық емдеуге тегін жолдама алуға құқым бар ма?

– Сіз ол үшін тіркелген емхана-ңызға барып, сырқатыңыз бойынша санаториялық-курорттық емделуге мұқтаждығыңыз жөнінде анықтама алуға тиіссіз. Осы анықтамамен әлеуметтік қамсыздандыру меке-месіне баруыңыз қажет.

– Менің аты-жөнім – Қанат Бейсембаев. Қордай көшесі, 77-ші үйде тұрамын. №6 қалалық емханада тіркеуде тұрмын. Мұнда қант диабеті бойынша дәрі-дәрмектер жазып бермейді. Маманның сауатты кеңесіне де жүгіне алмай жүрмін. Эндокринолог-дәрігер қашан көрсең ауысады да жатады. Уролог-дәрігерге де барып көрдім. Олар қандай диагноз қоятынын білмейді. Сондықтан Республикалық диагностикалық орталыққа жолдама беруіңізді сұраймын, сонда қаралғым келеді.

– Кепілдендірілген медициналық тегін көмектің көлемі шеңберінде берілетін дәрі-дәрмектер қаңтар айының алғашқы күндерінен ба-стап қамтамасыз етіледі. Жалпы тегін берілетін дәрілердің рецептін алу үшін мекенжайыңыз бойынша емханаға тіркеліп, диспансерлік есеп те тұруыңыз қажет. Ал, Рес пуб-ликалық диагностикалық орталық мамандарының кеңесіне жүгіну үшін №6 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасарына жолығуыңыз ке-рек. Сіздің сырқатыңыз бен тап-сырған сараптамаларыңыздың көр сеткіштері бойынша аталған рес публикалық орталыққа квота берілетін болады.

– Мені №4 қалалық емхана тіркеуге алудан бас тартып жатыр. Аты-жөнім – Станис-лав Пукас. Негізі, тұрғылықты мекенжай бойынша осы емханаға қаралуға тиіспін. Өзім – зейнеткермін.

– Мекенжайыңызды нақты айтып жіберсеңіз?

– Республика даңғылы, 23, 36-пәтер.

–«Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесіндегі мәлімет бойынша сіз 2009 жылдан бері №4 қалалық емханада тіркеуде тұрсыз. Кепілдендірілген медициналық тегін көмектің көлемі шеңберінде осы емханада қарала аласыз.

– Атым – Лина. Тегім – Жда-нова. №6 қалалық емханаға қараламын. Гипертония ауруымен есепте тұрмын. Енді осы сырқатым бойынша дәрі-дәрмекті тегін алайын десем, жазып бермейді маған.

Медбикенің сөзінен ұққаным, тендер әлі өткізілмеген-мыс.

– Кепілдендірілген медициналық тегін көмектің көлемі шеңберіндегі дәрі-дәрмекті жіберуде және рецеп-терді тағайындауда кешігулер бол-мас үшін Басқарма осы қызметтер бойынша сатып алуларды 2015 жыл дың қаңтар айының алғашқы күндерінде қамтамасыз еткен. Сіздің арыз-шағымыңызбен №6 қалалық емхананың басшылығы құлақтанды. Енді өзіңіз осы емдеу мекемесінің бас дәрігерінің орынбасарына жолы-ғуыңыз қажет.

– Мен, Елизавета Курносо-ва кеуде тұсым ауырғанына байланысты маммолог-дәрі-герге барған едім. Бірақ, дәрі-гер ақылы негіздегі УДЗ- тек серілуге жіберді. Оның ақысы 3 мың теңге тұрады екен. Дәрігердің бұл әрекеті қаншалықты заңды?

бекіту туралы» Қаулысы бойын-ша белгілі бір сала маманының, соның ішінде окулистің кез келген мамандандырылған медициналық көмегін, консультациялық-диаг-ностикалық қызметтерін алу тек учаскелік терапевтің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

– Мен Евгения Власенко, №5 қалалық емханаға қараламын. Өзім артериалдық гипер-тензия мен бронх астмасы бойынша есепте тұрамын. Бірақ емделгеніме қарамай, қ а н қ ы с ы м ы м ж о ғ а р ы . Дәрігердің рецепт бойынша жазып берген дәрілері жете бермейді. Ал сатып алайын десем, тым қымбат. Жалпы дәрі-дәрмектің бағасын неге қадағаламайсыздар? Бұған кім жауап береді?

– Тегін медициналық көмектің

айтар болсам, учаскелік дәрігеріңіз емдеу тәсілін өзгертіп, арнайы ко-миссия шешімінен кейін нақты ем-дом тағайындайтын болады.

– Мен өзге елдің азаматы-мын. Қазақстанда жүріп, ем-ханада, стационарда тегін ем қабылдауға құқым бар ма?

– ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 15 желтоқсанындағы №2136-ші Қаулысына сәйкес, тегін меди ци-налық көмек тек Қазақстан Рес-публикасының азаматтарына және оралмандарға ғана көрсетіледі. Ал өзге елдің азаматтарына тегін көмек жіті аурулар бойынша шұғыл емделу қажет болғанда және сырқат түрі өзгелерге, қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайда ғана көрсетіледі.

Дайындаған: Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

– Мұндай тексеру түрі кепіл-дендірілген медициналық тегін көмектің көлемі шеңберіне жатады. Сондықтан өзіңіз мекенжайыңыз бойынша тіркелген емханаңызға барып, тегін тексеруден өте аласыз.

– Сізге хабарласып тұрған – Евгения Григорьевна. Жасым – 65-те. Бұған дейін көз ауруы-на байланысты жанарыма ота жасатқан едім. Енді окулистке қаралайын десем, учаскелік терапевтің жолдамасы қажет дейді. Бұл заң қашаннан бері шыққан? Бұрын тіркеу бөлімінде жазылсақ болды, қалаған дәрігерге қарала бере-тін едік қой? Өзім №2 қалалық емханада тіркеудемін.

– ҚР Үкіметінің 2011 жыл-дың 24 қарашасындағы №1374-ші «Консультациялық-диаг нос-тикалық көмек көрсету қағидаларын

кепілдік берілген көлемі шеңбе-рінде стационарлық және амбу-ла торлық деңгейдегі мекеме-лерге арналған дәрі-дәрмектер және медициналық бағыттағы өнімдерге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі шекті баға тағайындайды. Айталық, «Гиппократ» дәріханалар желі-сінде аурулардың түрі бойынша жіберілетін дәрілер сол бекітілген бағадан аспайды. Ал тегін меди-циналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіне кірмейтін дәрілік заттардың бағасы заң бойынша реттелмейді.

Қаладағы дәріханалық ұйым-дардың фармацевтикалық қызметін бақылау Медициналық және фар-мацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің құзырына жатады. Мекенжайы: Иманов көше-сі, 19, тел. 78-75-28.

Сіздің диагнозыңызға қатысты

Page 8: 18 (3222) 2015-02-17

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

орналасуы мүмкін. Бөртпелер кезек-кезек: бірінші күні бетіне, мойнына, екінші күні – денесіне, үшінші күні аяқ-қолдарына шы-ғады. Бөртпелердің кезек бойынша шығуы қызылшаның маңызды диагностикалық көрінісі болып табылады. 3-4 күннен бастап бөрт-пелер қоңырланады, сонан соң дақтар қалады, дене қызуы бас-талады. Дақтар 1-1,5 апта бойы сақталады.

Кейбір егу жүргізілген бала-ларда бөртпелер аз шығып, ауру жеңіл түрінде өтеді және жылдам жазылады. Егу жүргізілмеген адам-дарда қызылша ауыр өтеді, егер олар уақытында емделмесе, ауру асқынуы мүмкін. Науқастарда асқыну болмаған жағдайда арнайы ем жүргізудің қажеті жоқ. Дене қызуы қайта көтерілген науқаста

отит, пневмония, ларинготрахе-ит, энцефалит, менингит сияқты асқынулар дамуы мүмкін.

Қызылшамен ауырған баланың бөртпесіне бриллиант көгін, калий перманганаты ерітіндісін жағудың, егер қышыну белгілері болмаса, аллергияға қарсы антигистаминді дәрілерді берудің қажеті жоқ. Жұқпалы ауруды таратпау үшін дене қызуы көтеріліп, катараль-ды белгілер басталған баланы емханаға алып бармай, дәрігерді үйге шақырған жөн. Қызылшаның ауыр түріне шалдығып, асқынуға айналған науқастарды, әсіресе, ол кішкентай бала болса, міндетті түрде жұқпалы аурулар аурухана-сына жатқызу керек.

А.ЖАППАРОВА, №8 қалалық емхананың

мектепке дейінгі бөлімінің меңгерушісі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтыну-шылар құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2015 жылдың 16-26 ақпаны аралығында 15-тен 19 жас қа дейінгілерге қызылшаға қарсы қосымша егу жүргізілетінін хабарлайды.

Ақпан айының соңына дейін жалғасатын қосымша иммундау барысында аталмыш жас тобы-нан 31500 адам қызылшаға қарсы егіледі деп жоспарланып отыр.

Вакцинация қаланың 142 егу пунктінде (қалалық емханалар, мектептер, жоғары және орта оқу орындары) жүргізіледі. Иммун-дауды 138 медицина қызметкері,

соның ішінде 92 вакцинатор жүзеге асырады.

Аталмыш мәселеге қатысты алаңдатарлық сауалдарыңыз болса, жедел желі телефонына хабар-ласуыңызды өтінеміз: 55-68-28 (Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы) және 31-71-69 (Астана қаласы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті)

2012 жылдан бері республикада қызылшамен сырқаттанушылар көбейіп, 400-ден аса науқас есепке алынды.

Ал, 2014 жылы Астанада қызыл-шамен ауырудың 30 зерт ханалық тұрғыдан дәлел денген жағдайы тіркелді.

Қызылшамен, негізінен, 15-29 жас аралығындағылар жиі ау-ырады. Олардың жұқпалы дертке шалдыққандардың ішіндегі үлес салмағы – 46%. Ал, әлі егу жасына жет пеген 1 жасқа толмаған бала-лар жалпы статистиканың 18%-ын құрайды.

Ол үш кезеңнен тұрады: бастапқы кезеңі – 3-5 күн, бөртпе шығу – 3 күн, дақтану 2 аптаға дейін со-зылады.

Аурудың бастапқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрыннан су ағады. Сонымен қатар коньюнктивит, қатты жөтел, круп синдромы дамуы мүмкін. Ұрттың шырышты қабатында қызыл жи-екпен қоршалған ұсақ ақ дақтар шығады, ал таңдайында энанте-малар пайда болады. Кішкентай балаларда іштің өтуі мүмкін. Ересек балаларда құсу, мұрыннан қан кету және іші ауруы мүмкін.

Ал бөртпе шығу кезеңінде дене қызуы қайтадан жоғары сандарға көтеріледі. Бөртпе тері жабындысының өзгермеген бетіне шығып, өте көп болады немесе кей-де, керісінше, аз мөлшерде әр жерде

Қызылша ауруын қоздырушы – морбилливирустар. Ол науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөй ле-генде ауа арқылы жұғады. Қызыл-ша тыныс жолдарының шырышты қабатының қабынуымен, улану белгілерімен, дене қызуының кө терілуі, коньюнктивит, ката-ральді белгілерімен сипаттала-ды. Қызылшаның міндетті түрде

білінетін белгісінің бірі – дақты-папулезді бөртпелер. Ол аурудың 3-4-ші күндері шығады. Аурудың клиникалық белгілері науқас адаммен қарым-қатынаста болған күннен бастап 7-13 күн аралығында көрініс бере бастайды. Бұл кезеңді инкубациялық, яғни жасырын кезең деп атайды. Одан кейін аурудың белгілері айқын білінеді.

Сонымен қатар, жұмысқа және еңбек жағдайын жақсартуға мұқтаж 11 борышкер есепке тұрғызылып, 14 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал 5 жауапкерге қатысты сотпен «әкім-шілік қамау» түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Мысалы, Астана қаласы Алматы ауданы-ның прокуратурасымен азаматша Н-ның арызын қарау барысында оның күйеуі М-дан кәмелеттік жасқа толмаған ба-ласы Ермекті асырауға жалақысының ¼ бөлігіндегі алименттік төлемдерін өндіру туралы сот актілерінің орындалу заңдылығына тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында борышкердің 2011 жылдан осы күнге дейін тұрақты жұмыс орны бола тұра өз баласына алименттік тө-

лем дерін төлеуден жалтарғаны анықталды.Аталған факті бойынша аудан прокура-

турасы әкімшілік іс қозғап, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолдады.

Әкімшілік соттың қаулысымен, борыш-кер М. ӘқБК-нің 669-бабына сәйкес 2 тәулікке «әкімшілік қамауға алу» түріндегі жазаға тартылды.

Егер осындай жағдайлар туындаған бол-са, әрдайым Астана қ., Жеңіс даңғылы, 9 мекенжайымыз бойынша немесе www.115.kz электрондық порталы мен прокуратура органдарының www.prokuror.kz ресми сайтына жазу арқылы біздің көмегімізге жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз.

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы

Page 9: 18 (3222) 2015-02-17

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 197-165 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтағы «2013 жылғы 25 мамырда» деген сандар мен

сөздер «2015 жылғы 10 мамырдан 2016 жылғы 10 мамырға дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

2- тармақтағы «Құрылыс салушы» деген сөздер «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;

3- тармақтағы «Құрылыс салушыға» деген сөздер «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

13.02.2015

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 6-бабына, «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас-шысы осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет ор-гандарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы

әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тір-

келген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Әкімнің орынбасары Е. Аманшаев

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Д. Досқұлов

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылаужөніндегі бөлімінің басшысы Р. Бешеев

«Астана қаласының Жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасы» мемлекеттік мекемесібасшысы Л. Әбуова

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Ре-гламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әзірленді.

2. «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден немесе шетелдік қызметкерден) өтініштерді қабылдау және оларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Аcтана қаласы әкімдігінің2015 жылғы «___» __________

№ ____қаулысының жобасынақосымша

(бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық

(ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:1) көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге)

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту;

2) көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) жұмысқа орналасуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік

жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік

жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жұмысқа орналасуға, көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) рұқсат алу, ұзарту, жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу үшін Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

порталда – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс негіздеме болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және олардың тіркелуін жүзеге асырады.

Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына бұрыштама қоюға жолдау;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.

Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орын-даушысына құжаттарды жолдау;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды:

(жұмыс берушілерге) рұқсат беруге – 41 (қырық бір) жұмыс күні ішінде;

рұқсатты қайта ресімдеуге – 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;рұқсатты ұзартуға – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;жұмысқа орналасуға (шетелдік қызметкерге) рұқсат беруге

және ұзартуға – 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;жұмысқа орналасуға (шетелдік қызметкерге) рұқсатты қайта

ресімдеуге – 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.Нәтижесі – рұқсат беруді көрсетілетін қызметті берушінің

басшылығына қол қою үшін жіберу;4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 10 (он)

минут ішінде рұқсатқа қол қояды.Нәтижесі – қол қойылған рұқсатты көрсетілетін қызметті

берушінің кеңсесіне жолдау;5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 15 (он

бес) минут ішінде рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекетік қызмет нәтижесін береді.

Нәтижесі - рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға беру. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа да көрсетілетін қызмет берушілермен өзара әрекет

ету тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін

сипаттау

9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті

алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркелеуді жүзеге асырады;

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН және паролін (авторландыру үдерісі) енгізу үдерісі;

3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болғандығына байланысты авторландыру-дан бас тарту туралы порталмен хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы Регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныстың нысаны шығарылады және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушы нысанды (мәліметтерді енгізу) толтырады, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар көшірмелерінің электрондық түрінде сұраныс нысанына қоса береді, сондай-ақ сұранысты куәландіру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды ;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН аралығында) тексеру;

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты, сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ) жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қызмет көрсетуге негіз болатын көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының сәйкестігін тексереді;

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжат-тарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеті Регла-ментке 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көр сетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы портал-да және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік

аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және

ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

–15 ( )

–10 ( )

:

41

31 ;

8 (

31 (

3 .

:

–15 ( )

–10 ( )

Page 10: 18 (3222) 2015-02-17

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуғажәне жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтықбірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне 3-қосымша

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуғажәне жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтықбірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне 3-қосымша

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республи ка-сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына 2-2 тармағына және Қазақстан Республикасының«Ветеринария туралы»2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережесі бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихатысессиясының төрағасы Т. Оразаков

Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов

(бесінші шақырылымдағы қырық жетінші кезекті сессиясы)

Астана қаласы 2015 жылғы «__» ____________

1. Жалпы ережелер

1. Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 2-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 10-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Ереже Астана қаласының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.

3. Ереже меншік нысанына қарамастан, иттерді, мысық-тарды күтіп ұстайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – иелер) қолданылады.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, уақытша ұстауды, тасымалдауды және жоюды жергілікті мемлекеттік органмен құрылған мемлекеттік ветеринариялық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асырады.

5. Ереже қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, сондай-ақ олардың кімге тиесілі екені анықталғанға дейін уақытша ұстау оқшаулағышына тасымалдау бойынша жұмыстарының талаптарын (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық) белгілейді. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар жоюға жатады.

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібі

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау Кәсіпорынның қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорын қызметкерлеріне аулаған иттер мен мысық-тарды өзіне қалдыруға немесе басқа тұлғаларға беруге жол берілмейді.

7. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, гүлзарларда және басқа орындарда) жауапты тұлғаның жетегінсіз жүрген, кәсіпорындар мен мекемелердің жанында байлауда қалдырған қаңғыбас иттер мен мысықтар аулауға жатады.

8. Кәсіпорын қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұйықтату және тасымалдау шараларын жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталған болуы тиіс.

9. Кәсіпорын аулауды жүргізетін қызметкерлерін жеке қорғайтын құралдармен жабдықтайды, нұсқама жасайды, оларға қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға құқық беретін, азаматтардың талабы бойынша көрсететін куәлік береді.

10. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына медициналық тексеруден өткен, құтырыққа қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмаған тұлғалар жіберіледі.

11. Аулауда рұқсат етілген құралдарға: құрық, тиісті серти-фикаты бар қозғалғыш қасиеттерін тежейтін препараттарды қолданатын (жануардың салмағына сәйкес дозаланған) пневматикалық қару, торлар, тор-қақпандар, сондай-ақ жану-арларды аулау кезінде олардың өлуіне әкеліп соқтырмайтын басқа да құралдар және құрылғылар жатады.

12. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар иесін анық-тағанға дейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде ұсталатын уа-қытша ұстау оқшаулау орнына жеткізіледі. Ауланған қаңғыбас жануарлар туралы ақпарат Кәсіпорынның интернет-ресурсы-на орналастырылады.

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды оқшаулауорнына тасымалдау

13. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасы-малдау техникалық бұзылмаған, арнайы темір торлармен жабдықталған, Кәсіпорынның белгісі және телефоны бар автокөлікпен (бұдан әрі - арнайы автокөлік) жүргізіледі.

14. Арнайы автокөлік қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және өлген иттер мен мысықтардың өліктерін жинауға қажетті барлық құралдармен және құрылғылармен жабдықталған болуы тиіс.

15. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау ит немесе мысықпен олардың мертігуін болдырмайтын не-месе денсаулығына басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.

16. Күн сайын жұмыстар аяқталғаннан кейін арнайы автокөлік құралының қорабына, сондай-ақ бар құралдар мен темір торларға санитариялық тазалау мен дезинфекция жасалады.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытшаоқшаулау орнында ұстау тәртібі

17. Уақытша ұстау оқшаулау орнында ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарға клиникалық зерттеу, тіркеу жүргізіледі. Арнайы журналдарға келесі деректер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, ажырату белгілерінің болуы.

18. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар темір тор лар ға орналастырылады. Ауланған қаңғыбас иттер мен мы сықтарды қажетті деңгейде күтеді және азықтандырады, тор ларда күнделікті механикалық тазалау және дезинфекция жүргізіледі.

5. Иттер мен мысықтарды қайтару тәртібі

19. Иттер мен мысықтарды қайтару Ереженің 5-тармағына сәйкес қайтару рәсімін сақтаған жағдайда жүргізіледі.

20. Кәсіпорынға иелері жүгінген кезде: жеке басының төлқұжаты, иттер мен мысықтардың ветеринариялық па-спорты, иттер мен мысықтарды ұстауға кеткен шығындарды төлегендігі туралы өтініштерді көрсетуі тиіс.

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі

21. Сұраныс болмаған иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препа-раттармен, медикаментоздық жолмен жансыздандырылуға жатады.

22. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өліктерін жою өлексе жағатын пеш қойылған Кәсіпорынның өндірістік базасында жүзеге асады.

23. Құралдар мен аумақ ветеринариялық-санитариялық нормаларға және талаптарға сәйкес ұсталады.

24. Үй иттері мен мысықтарының өліктерін (қалдықтарын) лақтыруға және оларды мал қорымдарынан тысқары көму ге жол берілмейді. Қажет болған жағдайда иттер мен мы сықтардың өліктері (қалдықтары) жою үшін аулаумен айналысатын кәсіпорынға берілуі мүмкін.

7. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік

25. Ережені бұзған айыпты тұлғалар «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексiне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Астана қаласы мәслихатының2015 жылғы «__» ____________

№ ___________ шешімінеқосымша

«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің сенім телефонын хабарлайды: 54-09-47

«051 Қызметі» мемлекеттік мекемесі бос қызмет орындарына қабылдау жүргізетінін хабарлайды: Заңгер (G-10 санаттағы 1 орын); бағдарламашы (G-12 санаттағы 1 орын), аудармашы (декреттік де-малыс уақытына) (G-10 санаттағы 1 орын), эксперт (декреттік демалыс уа қытына) (G-7 санаттағы 1 орын). Лауазымдардың негізгі талаптары: жоға-рыдағы айтыл ған мамандықтар бойын-ша жоғары немесе орта-кәсіптік білім. Ақпарат үшін телефондар: 57-41-26, 8-701-335-23-46.

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ Астана қаласы

мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманың, «Мемлекеттік

қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері

бойынша үндеулер үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Page 11: 18 (3222) 2015-02-17

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

1. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 71751 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Астана қаласында азаматтарды тәрбиелеу және құқықтық

оқыту, мәдени құқықтық деңгейін көтеру, құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша 2012-2016 жылдарға арнал-ған өңірлік бағдарламаның орындалуын бақылау және негізгі көрсеткіштерін жинақтау. Сотта және өзге сатыларда Астана қаласы әкімдігінің мүддесін білдіру. Жетекшілік ететін сала жұмысы туралы нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі ақпараттық-талдамалдық материалдарды әзірлеу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Құқықтану мамандығы бойынша құқық саласындағы

жоғары білімЖұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес

болуы тиіс: 1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық

бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Ше-телде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесiнiң болуы. Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, азаматтық іс

жүргізу және еңбек құқықтарын 2. Баспасөз қызметінің жетекші ма маны (D-5 са-

наты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне бай-ланысты демалысы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Жедел сипаттағы ақпараттық материалдарды дайындау,

бөлімде іс жүргізу. БАҚ жарияланымдарға мониторинг жасау. Баспасөз-брифингтерді ұйымдастыру және өткізу, интернет-сайттар жарияланымдарының дайджестерін дайындау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес;

құқық; гуманитарлық ғылымдар салаларындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не-месе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; құқық; гуманитарлық ғылымдар салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Бұқаралық ақпараттық құрал саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (не-месе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мем лекеттік қызметшілермен тапсырыла-тын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияла-нымдар және өзге де олар дың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электрон-ды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 431 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комис-сия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комис-сиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласы әкімінің аппа-раты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқа ралық ақпа рат құралдарының, басқа мемлекеттік орган дардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкі меттік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйым дардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұл ға лар персо-налды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйым дарға тиесілігін растайтын құжаттардың түп нұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазы-мына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтө бе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгі ленген тәртіппен өтеді.

Тестілеу бағдарламалары: D-4, D-5 cанаты үшін тестілеу бағ дарламасы: мемлекеттік

тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тап-сырма); Қазақстан Республикасының заңна масын білуге арналған тестке Қазақстан Рес пуб ликасының Конститу-циясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Пре-зиденті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

1. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік инспек-тор (санаты D-О-4, 6 бірлік (1 бірлік 2016 жылдың 3 ақпанына дейін негізгі қызметкердің бала күтуге арналған демалысы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жерді пайдала-ну мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы жер заңнамасы бұзушылығында әкімшілік жаза қолдану туралы хаттама жасау және қаулы шығару; жер заңнамасын бұзу нәтижесінде зиянның ор-нын толтыру туралы сот органдарына жеке және заңды тұлғаларға салынған айыппұл өндіріп алу бойынша заңсыз иеленген жерлерді босату туралы істері бойынша матери-алдарды дайындау; жерді пайдалану мен қорғау жағдайы бойынша статистикалық есептерін уақытылы жасау және тапсыру; ҚР жер заңнамасы бұзушылығын жоюын анықтап шара қолдану; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету; мекеменің интернет-ресур-сына ақпараттарды дайындау және жолдау; лауазымдық нұсқаулыққа жүктелген өзге де міндеттерді орындау

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары: қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау); құқық (құқықтану); техникалық ғылымдар және технологи-ялар (геодезия, құрылыс); өнер (сәулет); ауылшаруашылық ғылымдар (агрономия) салаларында.

Ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі: қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау); құқық (құқықтану); техникалық ғылымдар және технологиялар (геодезия, құрылыс); өнер (сәулет); ауылшаруашылық ғылымдар (агрономия) салаларында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда.

Жерге орналастыру саласындағы Қазақстан Рес-публикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу қажет.

2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас мама-ны - мемлекеттік инспектор (санаты D-О-4, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін

Негізгі функционалдық міндеттері: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауын жүзеге асыру; жер қатынастарын жетілдіруде және қабілеттілігін дамытуда іс - шаралар жүргізу; Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзушылығында әкімшілік жаза қолдануда қаулы шығару және хаттама жасау; сот органдарына мәліметтерді дайындау; сот және құқық қорғау органдарына, мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарға және кәсіпорындарға мекеменің мүддесін қорғауын ұсыну; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастыру, жер құқық қатынастарын реттеуде материалдарды қарастыру; жер заңнамасы бұзушылығын уақытылы жоюды бақылау, әкімшілік айыппұлды өндіріп алу; сот талап жұмыстары туралы есепті уақытылы жасау және тапсыру; мекеменің және оның қызметкерлерінің қызметтерінің тиімділігін бағалау; мекеменің интернет-ресурстарына ақпараттарды әзірлеу және жолдау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану); қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау) салаларында.

Ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі: құқық (құқықтану); қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау) салаларында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда.

Заңтану, жерге орналастыру және кадастр саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті

мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені тура-лы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырыла-тын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияла-нымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере ала-ды. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарла-мада көрсетілген электронды почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешік тірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 25, 203 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс ко-миссия шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабар-ландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 25) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқа ралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-О-4 санаты үшін тестілеу бағдарламасы: мем-лекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) арналған тест сұрақтары кiредi.

Page 12: 18 (3222) 2015-02-17

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

шаңғы фестивалі шақырады!

«Бұрқасын-2015»

Әуесқой шаңғышылар жас шамаларына қарай жарысатын болады. Атап айтқанда, ардагерлер арасында, оқушылар мен студент-тер, мемлекеттік қызметкерлер өзара сайысқа түсетін болады. Сонымен қатар, әуесқойлар арасында хоккей, қар үстіндегі футбол, қол күресі, белбеу күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс және «бұқа тартыс» сайыстары ұйымдастырылады. Фестиваль аясында мұз астынан балық аулаудан қала чемпионаты да өтеді. Бұл сайыстарға қатысуға өтініш білдірген адамдардың бәрі де қатыса алады.

Мерекелік жарыстарға қатысушыларды тіркеу 28 ақпан күні сағат 11.00-де басталады.

Көңілді жарысқа келіңіздер, мерекенің қызығын көріңіздер!

Айсұлтан ЖАҚЫПБЕКОВ, ардагер-ұстаз, спорт шебері:– «Бұрқасын» фестивалін жыл сайын күтетін болдым. Жасым 70-тен асса да қаладағы бұқаралық жарыстарға қатысып тұрамын. Біздің қалада шаңғы, жалпы қысқы спорт түрлерімен айналысатын қарттар аз емес. Осы мерекелік жарыстарда тек жарысып қана қоймай, өзара емен-жарқын пікірлесеміз. Биылғы фести-валь 28 ақпан күніне қойылған екен. Яғни, қысты жақсы көңілмен шығарып салатын болдық. Өзім замандаста-рымды, қала зейнеткерлерін осы мерекелік шараға шақырамын. Ашық аспан астында, шаңғы теуіп, серуен жасаған бір ғанибет деп ойлаймын.

ПЛЕЙ-ОФФ ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ

«ҚҰЙЫННЫҢ» бетін қайтарды

Бірінші ойында команда капитаны Брендон Боченски дубль жасап, көзге түсті. Сонымен қатар, команданың жеңісіне Талғат Жайлауов, Найджел Доус және Бастин Бойд дәл соққыларымен үлес қосты.

Ал кешегі ойында Константин Романов, Олег Кваша және Николай Антропов мергендігімен көзге түсті.

Чемпионаттың соңғы үш ойынын «Барыс» Астанада өткізетін болады. 20 ақпанда «Металлург» (Новокуз-нецк), 22 ақпанда «Сибирь» (Новосибирск), 24 ақпанда «Торпедо» (Нижний Новгород) командаларымен ойнайды.

Осы ойындардан кейін плей-офф басталады. Плей-офта екі дивизионның үздік 8 командасы шығатын бола-ды. Бүгінде біздің «Барыс» шығыс дивизионы бойынша алтыншы орында келеді. Ал жалпы чемпионтта оныншы орында тұр.

Олимпиада ойындарының, әлемнің екі дүркін чемпи-оны Серік Сәпиевтің бокс кешенінде өткен жекпе-жектерді бастаған Мардан Берікбаев ең жеңіл салмақта қарсыласын ұпай санымен ұтты. Келесі, 56 келі салмақта астаналық Мейірболат Той-ытов нокаутпен жеңіске жетті. Оның бүйірден ұрған соққыларына Гарибалди Го-мес шыдай алмады. Команда капитаны Самат Бәшенов те жерге қаратпады. Ал 75 келіде сынға түскен әлем чем-пионы Жәнібек Әлімханұлы бірінші раундта-ақ жекпе-жек тағдырын шешіп таста-ды. Қазақ боксшысының дүркін-дүркін соққыларынан Джеффри Флаз есеңгіреп құлады. Сонымен қатар, ауыр салмақта айқасқа шыққан Василий Левит те өз қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді.

О с ы л а й ш а , « қ ұ й ы н -дардың» бетін қайтарған «Астана арландары» жаңа маусымдағы жеңіліссіз сери-ясын жалғастыра түсті.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ