2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени...

8
19 ақпан күні Жаңақала мектеп- гимназиясында аудандық мәдени демалыс орталығы және орталық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан» атты танымдық кеш өтті. Шараның басты мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық санамызды жаңғыртып, төл өнерді дәріптеу. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың ұлттық аспабымыз домбыраға деген қызығушылықтарын ояту еді. Шараға Жаңақала мектеп-гимназиясының ұстаздары, оқушылары, Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Салтанат Тұрарбекқызы тыңдаушысын тәнті еткен дәулескер домбырашылар өмірін дәріптеген кітап көрмесіне шолу жасады. Мұнан кейін Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушысы, жоғары санатты ұстаз Гүлбар Шуақбаева халқымыздың төл аспабы домбыраның шығу тарихын кеңінен әңгімелеп, ішкі құрылысын һәм түрлерімен таныстырды. Содан соң үйірме оқушылары сандық жүйеде үйретілген күйлерді орындаса, Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі мен Жаңақала мектеп- гимназиясы домбыра үйірмесінің оқушылары бірлесіп Құрманғазының «Балбырауын» күйін ойнап берді. Шарада жас кәсіпкер, «Қайырлы» шаруа қожалығының басшысы Жұмасейт Мағжан Қайырлыұлы кең пейіл қазаққа тән мәрттік танытып, білім ордасына су жаңа үкілі домбыраны сыйға тартты. Өз кезегінде Жаңақала мектеп- гимназиясының директоры Лариса Тұрарқызы жас кәсіпкерге ризашылық білдірді. Ал, мұндай игі бастаманы аудандағы іскер азаматтар әрі қарай жалғастырса, қолға алып, қолдау білдірсе нұр үстіне нұр болар еді. Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ. Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы. Газет 1934 жылдан бастап шығады №8 (7667) [email protected] СЕНБІ 24 ақпан 2018 жыл Жаңарған өңір 2 www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz 5 3 Өнегелі өмірдің өшпес іздері Қазақстанға әкелген жол Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет Шалғай ауылда өткен тартысты турнир Жуалыой ауылында қазақ күресінен 2005- 2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында ашық аймақтық турнир өтті. Турнирдің мақсаты - қазақ күресін дамыту, насихаттау, жасөспірімдерді достық- қа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Жарысқа М.Жүнісов атындағы ЖОББМ, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ, Айдархан ЖОББМ, Абай атындағы ЖОББМ- нің командаларымен бірге көршілес Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылындағы Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ-нің жасөспірімдері де қатысты. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің директоры Қаныш Садыр жасөспірімдерге сәттілік, толағай табыстар тіледі. Көк байрағымыз көкке көтеріліп, мемлекеттік Әнұранымыз шырқалған соң турнир бірден басталып кетті. Турнир 10 салмақ дәрежесінде өтіп, 60 жасөспірім боз кілемде өз бақтарын сынады. Сондай-ақ, турнирге ауданымызға, облысымызға танымал бапкер Айбек Ишанов төрелік етті. Жас палуандар үлкен дайындықпен келіпті. Боз кілемдегі күрес тартыстары да қызықты өтті. Сонымен, турнир қорытындысында А.Ишанов жаттықтыратын Айдархан ЖОББМ-нің жасөспірімдері командалық есепте I орынды иеленсе, ІІ орынды боз кілем иелері Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің жасөспірімдері еншіледі (бапкері Т.Оразғалиев). Ал, Абай атындағы ЖОББМ-нің жасөспірімдері III орынды місе тұтты. Оларды баптап- баулыған бапкер И.Жолдыбаев. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, шағын естелік сыйлықтармен марапатталды. А.АТТАНОВ, Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. «ҮЛГІЛІ» һӘМ «ХАЛыҚТыҚ» АТАҚТАРыН АЛДы Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (Үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Батыс Қазақстан облысының өнер ұжымдарына 2018 жылдың 13 ақпандағы №41 бұйрығы негізінде ауданымыздағы өнер ұжымдары атақтарын алды. Атап айтар болсақ, аудандық мәдени демалыс орталығы жанындағы «Нұрбибі» би ансамбліне (жетекшісі Лунара Қанатова) «Үлгілі» атағы берілді. Сондай-ақ, Көпжасар ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Ақ әжелер әуені» ансамблі (жетекшісі Лаура Баймулдина) мен Жаңақазан ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Вокалды аспаптар» ансамблі (жетекшісі Ибат Оразайұлы) «Халықтық» атағын алды. Осы уақытқа дейін ауданымызда 6 атағы бар өнер ұжымы жұмыс жасап келсе, үздік ұжымдардың қатары одан әрі молая түсті. Қазіргі таңда аудан мәдениетінде көркемөнерпаздар ұжымдарында «Үлгілі», «Халықтық» атақтарының саны артып, мәртебемізді асқақтатты. Райгүл РАМАЗАНОВА, аудандық мәдени демалыс орталығының көркемдік жетекшісі. Ақпан айының 15 күні аудандық орталықтандырылған ауруханада Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай оқу-жаттығу іс- шаралары өтті. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе өткізілген іс-шарада аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Мамаев аурухана ұжымына азаматтық қорғаныс туралы баяндама оқып, төтенше жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек турасында дәріс өткізді. Сондай-ақ, азаматтық қорғаныс туралы кең көлемде мәлімет беру мақсатында медицина қызметкерлеріне бейнероликтер көрсетілді. Шара соңында аурухана ғимаратындағы дабыл іске қосылып, аурухана ұжымына оқу-жаттығу эвакуациясы жасалды. Н.ҒАББАС. Ауруханадағы оқу-жаттығу дабылы ЖАС КӘСІпКЕР БІЛІМ ОРДАСыНА ДОМБыРА СыйЛАДы

Upload: others

Post on 15-Feb-2020

44 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

19 ақпан күні Жаңақала мектеп-гимназиясында аудандық мәдени демалыс орталығы және орталық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан» атты

танымдық кеш өтті. Шараның басты мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» б а ғ д а р л а м а л ы қ мақаласы аясында ұлттық санамызды жаңғыртып, төл өнерді дәріптеу. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың ұлттық аспабымыз домбыраға деген қызығушылықтарын ояту еді.

Шараға Жаңақала мектеп-гимназиясының ұстаздары, оқушылары, Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында аудандық балалар к і т а п х а н а с ы н ы ң кітапханашысы Салтанат

Тұрарбекқызы тыңдаушысын тәнті еткен дәулескер домбырашылар өмірін дәріптеген кітап көрмесіне шолу жасады. Мұнан кейін Қали Жантілеуов

атындағы балалар саз мектебінің оқытушысы, жоғары санатты ұстаз Гүлбар Шуақбаева халқымыздың төл аспабы домбыраның шығу тарихын кеңінен әңгімелеп, ішкі құрылысын һәм түрлерімен таныстырды. Содан соң үйірме оқушылары сандық жүйеде үйретілген күйлерді орындаса, Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі мен Жаңақала мектеп-гимназиясы домбыра үйірмесінің оқушылары бірлесіп Құрманғазының «Балбырауын» күйін ойнап берді. Шарада жас кәсіпкер, «Қайырлы» шаруа қожалығының басшысы Жұмасейт Мағжан Қайырлыұлы кең пейіл қазаққа тән мәрттік танытып, білім ордасына су жаңа үкілі домбыраны сыйға тартты. Өз кезегінде Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Тұрарқызы жас кәсіпкерге ризашылық білдірді.

Ал, мұндай игі бастаманы аудандағы іскер азаматтар әрі қарай жалғастырса, қолға алып, қолдау білдірсе нұр үстіне нұр болар еді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ.

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан бастап шығады

№8 (7667) zһ[email protected]

СЕНБІ24 ақпан 2018 жыл

Жаңарған өңір2

www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz

53

Өнегелі өмірдің өшпес іздері Қазақстанға әкелген жол Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет

Шалғай ауылда өткен тартысты турнир

Жуалыой ауылында қазақ күресінен 2005-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында ашық аймақтық турнир өтті. Турнирдің мақсаты - қазақ күресін дамыту, насихаттау, жасөспірімдерді достық-қа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Жарысқа М.Жүнісов атындағы ЖОББМ, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ, Айдархан ЖОББМ, Абай атындағы ЖОББМ-нің командаларымен бірге көршілес Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылындағы Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ-нің жасөспірімдері де қатысты.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің директоры Қаныш Садыр жасөспірімдерге сәттілік, толағай табыстар тіледі.

Көк байрағымыз көкке көтеріліп, мемлекеттік Әнұранымыз шырқалған соң турнир бірден басталып кетті.

Турнир 10 салмақ дәрежесінде өтіп, 60 жасөспірім боз кілемде өз бақтарын сынады. Сондай-ақ, турнирге ауданымызға, облысымызға танымал бапкер Айбек Ишанов төрелік етті.

Жас палуандар үлкен дайындықпен келіпті. Боз кілемдегі күрес тартыстары да қызықты өтті.

Сонымен, турнир қорытындысында А.Ишанов жаттықтыратын Айдархан ЖОББМ-нің жасөспірімдері командалық есепте I орынды иеленсе, ІІ орынды боз кілем иелері Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің жасөспірімдері еншіледі (бапкері Т.Оразғалиев). Ал, Абай атындағы ЖОББМ-нің жасөспірімдері III орынды місе тұтты. Оларды баптап-баулыған бапкер И.Жолдыбаев.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, шағын естелік сыйлықтармен марапатталды.

А.АТТАНОВ, Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

«ҮЛГІЛІ» һӘМ «ХАЛыҚТыҚ» АТАҚТАРыН АЛДыКөркемөнерпаздар ұжымдарына

«Халықтық» (Үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Батыс Қазақстан облысының өнер ұжымдарына 2018 жылдың 13 ақпандағы №41 бұйрығы негізінде ауданымыздағы өнер ұжымдары атақтарын алды. Атап айтар болсақ, аудандық мәдени демалыс орталығы жанындағы «Нұрбибі» би ансамбліне (жетекшісі Лунара Қанатова) «Үлгілі» атағы берілді. Сондай-ақ, Көпжасар ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Ақ әжелер әуені» ансамблі (жетекшісі Лаура Баймулдина) мен Жаңақазан ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Вокалды аспаптар» ансамблі (жетекшісі Ибат Оразайұлы) «Халықтық» атағын алды.

Осы уақытқа дейін ауданымызда 6 атағы бар өнер ұжымы жұмыс жасап келсе, үздік ұжымдардың қатары одан әрі молая түсті. Қазіргі таңда аудан мәдениетінде көркемөнерпаздар ұжымдарында «Үлгілі», «Халықтық» атақтарының саны артып, мәртебемізді асқақтатты.

Райгүл РАМАЗАНОВА, аудандық мәдени

демалыс орталығының көркемдік

жетекшісі.

Ақпан айының 15 күні аудандық орталықтандырылған ауруханада Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай оқу-жаттығу іс-шаралары өтті. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе өткізілген іс-шарада аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Мамаев аурухана ұжымына

азаматтық қорғаныс туралы баяндама оқып, төтенше жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек турасында дәріс өткізді. Сондай-ақ, азаматтық қорғаныс туралы кең көлемде мәлімет беру мақсатында медицина қызметкерлеріне бейнероликтер көрсетілді. Шара соңында аурухана ғимаратындағы дабыл іске қосылып, аурухана ұжымына оқу-жаттығу эвакуациясы жасалды.

Н.ҒАББАС.

Ауруханадағы оқу-жаттығу дабылы

ЖАС КӘСІпКЕР БІЛІМ ОРДАСыНА ДОМБыРА СыйЛАДы

Page 2: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

Рухани жаңғыру 24 ақпан 2018 жыл

Семинар жүктеген міндет мол

14 ақпан күні Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оқу-тәрбие үдерісінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміров, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Нұрғалиқызы және мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сипаттау және сананы сілкіндіретін ұлттық құндылықтарды жаңғырту, тәжірибе алмасу.

Жиында алғысөз сөйлеген аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Елдосұлы семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалаубек Баубекұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына кеңінен тоқталып, мәні мен мазмұнын сөз етіп, одан туындаған міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ, жоспарлы шаралардың бәрін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында деп жалаулата бермей, іс-шараларды бағдарламаның нақты бағыттары мен жүйелі жобаларына сай өткізу керектігін тілге тиек етті. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Нұрғалиқызы ұлттық ойын түрлерін дамыту, латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме өрбітті. Келесі кезекте баяндамашыларға кезек берілді. Алғашқы болып Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі А.Төлеуғалиевтің «Өлкетану – рухани жаңғырудың бастауы» атты баяндамасы тыңдалды. Сосын Айдархан ЖОББМ-нің география пәнінің мұғалімі «Жаңақаланың киелі жерлері», Жаңақала ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Сапарова «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыптарында баяндама жасады.

Семинар одан әрі ашық сабақтар мен тәжірибе алмасу бөліміне жалғасты. Жаңақала ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі С.Әлиев «Жаңақала ауданында жүргізілген археологиялық зерттеулер», география пәнінің мұғалімі М.Зияғалиева «Туған жер бедері», жаратылыстану пәнінің мұғалімі Г.Нұрланова «Ұлттық ойындар – рухани құндылығымыз» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, Жаңақала мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Сүндетқалиева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын мектепте іске асыру жөніндегі кеңестерімен бөлісті.

Семинар барысында әр мектептің өздері дайындап әкелген қолөнер бұйымдары мен көне жәдігерлері ұстаздар қауымының назарын бірден аударды. Айта кетсек, №3 қазақ орта мектебі, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, Абай атындағы орта мектептері ұлттық қолөнер көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырған.

Семинарды аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Б.Тілеубаева қорытындылап, қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

Қ.ҚҰМАРОВ.

Өнегелі өмірдің өшпес іздері

Е л б а с ы м ы з д ы ң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы көкірегінде туған елге деген сүйіспеншілік сезімі бар әрбір жасты елең еткізгені сөзсіз. Өйткені, кемеңгер басшы әр оқырманның болашағына бағ-дар бере отырып, дұрыс өмір сүру үрдісін көрсете білді. Ал, өткенін білмеген, ескісін ескермеген, қатпарлы тарих беттеріне үңіліп, ақтара алмаған жанның рухани жаңғыра алмайтыны ақиқат.

Кешегі күнімізді саралап, келешегіміздің бағытын бағдарлау мүмкіндігін сезіне білген мен де қолыма қалам алып, есімі де, ел үшін атқарған еңбектері де тарихтың көне беттерінде жасырынып, ұмытыла бастаған ауылымыздың ардақты азаматтарының бірі, ұлағатты ұстаз, білікті басшы қызметін абыроймен атқара жүріп, небәрі 32 жыл ғұмыр кешкен Құрмашев Килаж атамның өнегелі еңбек жолын оқырман қауым назарына ұсынбақпын.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының құмды өлкесінде 1913 жылы қарапайым шаруа шаңырағында дүниеге келген Килаж Құрмашұлы бала жасынан әкесімен бірге байлардың қойын бағып, ата-анасының қолғанаты бола жүріп, ауыл молдасынан хат таниды. Кейін ашаршылық кезінде үлкендермен бірге балық аулап, ауылдастарын аштықтан қорғауға өз үлесін қосады. 1927-1930 жылдары бастауыш сыныптан білім алып, қабілеттілігімен назарға ілінген атамыз ауылдық әкімшіліктің ұсынысымен 1931 жылы 4 айлық ФЗУ курсын тыңдауға жолдама алады. 1932 жылы 4 айлық мұғалімдер курсын оқып келген ол бастауыш мектепке мұғалім болып орналасып, 1933 жылы облыстық білім жетілдіру курсын тыңдайды. 1936 жылы бастауыш мектеп мұғалімі қызметін атқара жүріп, А.С.пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түскен Килаж Құрмашұлы С.М.Киров атындағы балалар үйі директорының орынбасары қызметіне көтеріліп, 1937-1941 жылдары аудандық мектептің инспекторы міндетін жауапкершілікпен атқарады. 1938 жылы аталған мектептің директоры қызметі дәрежесіне дейін жоғарылаған атамыз Алматы қаласындағы мектеп директорларын дайындайтын 6 айлық курсты

оқып тәмамдайды. Кейін аудандық оқу бөлімінің бастығы, аудандық партия комитетінің кабинет меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде ҰОС басталып, Килаж атамыз ел басшыларын брон-мен алып қалу үрдісімен соғысқа жіберілмей, аудан-дық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметтерін

атқара жүріп, 1943-1944 жылдары Жоғарғы қолбасшымыздың «Атты әскер жасақтау» жоспарына сәйкес жаудан босатылған Сталинград, Саратов, Ростов облыстарына табын-табын жылқылар жеткізудегі еңбегі үшін ҚССР-ның Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады.

Сол кездегі Жаңақала аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметін Мұзафар Дайыров атқарған жылдары Қ.Баймұхамбетов, Д.Ақмурзин, Б.Уәлиев, Ниязғалиева сынды ел азаматтарымен бірге халықты ортақ іске жұмылдыруда қажырлы қызмет атқарып, Ұлы Жеңісті жақындату жолында айрықша еңбек етіп, өзіне жүктелген абыройлы міндетті үлкен жауапкершілікпен атқара білген есіл ер елімен бірге Жеңіс қуанышын көре алмайды. Бар-жоғы 32 жыл ғұмыр кешіп, сынаптай сырғып өткен қысқа өмірін оқу-білім мен ел игілігі жолындағы қызметтерге арнап, бақытын еселі еңбегінен таба алған асыл жан 1945 жылы 22 маусым күні кенеттен өмірмен қош айтысады.

Артында жастай жесір қалған аяулы жары, емшектен аузы кеппеген қос ұлы Асқар мен Елдос қалады. Алайда, «Орнында бар оңалар» деп халқым текке айтпаған. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің арқасында қос ұлдан тараған немерелер өсіп-жетіліп, туған ел қажетіне жарар бір-бір маман иесі атанса, олардан тараған шөберелер көк байрағымыз астында алаңсыз ғұмыр кешуде. Еліміз жылдан жылға кемелдене дамып, болашаққа қарқынды нық қадам жасауда.

Бұл Елбасымыз атап көрсеткеніндей, халқымыздың рухани жаңғырып, болашаққа сеніммен қарауы емес пе?!

Сабыржан АСҚАРҰЛы, немересі.

Жаңақазан ауылы.

Кітапханаға саяхатқа келдіАудандық балалар кітапха-

насына Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 2 «в» сыныбы оқушылары өздерінің ұстаздары Гүлназ Мирманованың жетекшілігімен саяхатқа келді. Оқушылар Жаңақала аудандық балалар кітапханасымен таныстықты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай жасақталған тұрақты көрмені тамашалаудан бастады. Одан әрі бағдарламалық мақала аясында өткізілген іс-шаралардың фотодеректерін көріп, туған жеріміз – Жаңақала ауылының тарихын, бай шежіресін қамтитын «Жаңақала ауданының энциклопедиясы», «Жаңақала ауданының тарихи-танымдық энциклопедиясы», «Қамыс-Самар-Жаңақала. Өткені мен бүгіні», «Жасампаз жылдар жаңғырығы», «Жаңақала - ақиық алыптар мен жайсаң жандар мекені» сынды құнды кітаптармен, ауылдан шыққан танымал тұлғалардың еңбектерімен танысты. Сонымен қатар, былтырдан бастап қолға алынған «Ауылға жол» жобасы мен

«Туған жер» бағдарламасы аясына орай мәдени мұраларымызды дәріптеп, көне ескерткіш, бейіттерді зерттеуге шыққан өлкетанушылар мен кітапханашылардың жорықтағы зерттеулерін, суреттерін «Dana.kaz» журналына шыққан айқарма беттерден

көрді.Саяхаттың келесі кезегінде биыл

Астана қаласының еліміздің бас ордасы болып жарияланғанына 20 жыл толуына орай «Ел жүрегі – Астана» атты виртуалды кітап көрмесімен балалар кітапханасының меңгерушісі

Ақдинаш Қабдрешқызы толықтай таныстырды. Саяхатшылар Астана туралы кітаптар мен Елордамыздың басты символдарының суреттерін тамашалады. Одан кейін еліміздің бас қаласы Астана шаһары кеңінен насихатталып, балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу, отан-сүйгіштікке баулу мақсатында «Сұрақтарға жауап беріп, сыйлық ұтып ал» атты акцияға белсене қатысуға шақырды. Өлең шумақтарын жаттап, өз елінің патриоттары болуға міндетті екендіктерін түсіндірді. Оқушылар экраннан әншілердің Астанаға арқау еткен әндері мен қызықты бейне-көріністерді көріп, мультимедиялық бөлмеге сапар шекті. Бұл бөлмеден ән мен күйге қатысты кітаптар алуға болатынын ұғынып, электронды кітаптарды тыңдап, «Қастерлі қалам» деп аталатын кітапты оқу құрылғысын пайдаланып көрді. Қонақтар саяхат соңында кішкентай оқырмандардың қолдан жасаған

қолөнер бұйымдарымен танысты.Құндыз ҚАДыРБАЕВА,

аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.

Page 3: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

Қазақстан – көпұлтты, д е м о к р а т и я л ы қ , зайырлы мемлекет. Бүгінгі таңда елімізде 133 ұлт өкілдері бар. Барлығы да бір шаңырақтың астында, бір отбасыдай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Оларды Қазақстанға әкелген жол әрқалай. Бірі өткен ғасырда көп халықты зар жылатқан қуғын-сүргін кезінде келген болса, бірі тұрмыстық жағдайына байланысты қоныс аударып келгендер. Қандай жағдайда келмесін пейілі кең, бауырмал қазақ халқы ешкімді сыртқа тепкен жоқ. Керісінше, құшақ жая қарсы алып, бір үзім нандарын бөлісіп жеп, бауырға басты.

Міне, осындай жандардың бірі – Саломов Меродж Чулейұлы. Меродждың ұлты – өзбек. Ол 1984 жылы Өзбекстан Республикасы, Самарқанд қаласында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген әкесі Чулей прокурор, анасы үй шаруасында болған. Әкесінен ерте айырылған Меродж отбасын қиындықтан алып шығу үшін 9-сыныпты аяқтай сала еңбекке араласты. Алғашқыда өзінің туған жері Самарқанттағы асханалардың бірінде аспаз болып қызмет атқарады. Ол жерде Немон есімді ұстазынан аспаздық өнердің қыр-сырын үйренеді. Аспаздықты өзіне нан табар мамандыққа айналдырған Меродж 2004 жылы Қазақстанға келіп, Атырау қаласында «Қуат» құрылыс фирмасында аспаз болып еңбек етеді. Сол жылдан бастап Атырау, Көкшетау, Ақтөбе сынды Қазақстанның бірнеше қалаларында және Украина Республикасының Одесса қаласында болып, кәсіп қылады. Дегенмен, қазақ халқының бауырмалдығы, елдің саяси тұрақтылығы, жұмыс көзінің көптігі және жалақының жоғары болуы Меродждың Қазақстанда тұрақтауына түрткі болды. 2008 жылы Атырау қаласында бас аспаз

болып жүріп, өз қарауындағы аспаз көмекшісінің қызымен танысып, дәм-тұздары жарасқасын отбасын құрады. Қазір қазақ қызы Әселге үйленген Меродж 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. Өз отбасымен сүйген жарының ауылы Жаңақалаға қоныс аударған Меродж бүгінгі таңда Жаңақала ауданындағы жеке кәсіпкер Әділбек Жанболатұлының шағын кафесінде аспаз болып еңбек етіп жатыр. Ал жолдасы Әсел аудан орталығындағы жеке дүкендердің бірінде сатушы.

- Мені Қазақстанға әкелген, осында тұрақтап қалуыма себепші болған бірден бір жол, ол – қазақ халқының бауырмалдығы. Иә, әкем дүние салғаннан кейін отбасымызға қиын болды. Анама қолғабыс етіп, отбасымызды сол қиындықтан алып шығу үшін аянбай жұмыс жасап, қаржы табу қажет еді. Ал біздің елде, яғни Өзбекстанда біріншіден, жұмыс көзі тапшы болса, екіншіден, жалақы да мардымсыз. Сол себепті өзім бұрын келіп көрмеген Қазақстан еліне жол тарттым. Қазір Қазақстанға келгеніме еш өкінбеймін. Бұл жерде өзіме көптеген дос таптым, жанашыр бауыр таптым. Сондай-ақ, өз сүйген жарымды тауып, қазір бақытты әке атандым. Ешкімнен кем де, ешкімнен артық та емеспін. Құдайға шүкір, еңбек етіп, нәпақамды осы жерден тауып отырмын. Сол арқылы өз отбасымды асырап, Өзбекстандағы туған-туыстарыма да көмектесіп отырмын. Қазақстанда жұмыс жасап, тапқан табысыма Өзбекстандағы үш бауырымның тойларын да жасап бердім. Әрине, бұның бәрі бауырмал қазақ халқының және күн санап өркендеп келе жатырған Қазақстан елінің арқасы деп білемін. Сондықтан жақындап қалған «Алғыс айту» мерекесіне орай, барша қазақстандықтарға, соның ішінде қиналған кезімде қол ұшын созған қазақ бауырларыма мың мәрте алғыс айтамын,- деп ағынан жарылды Меродж.

Н.ҒАББАС.

«Қазақ еліне алғысым шексіз»

Жолдау

24 ақпан 2018 жыл Ел-жұрт

Алдағы міндеттер ауқымды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы ел арасында қызу талқылануда. Жолдау жүктеген міндеттерді тұрғындарға түсіндіріп, оны насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов Мәстексай ауылдық округінде болып, С.Меңдешев орта мектебінде жергілікті халықпен кездесті. Жиынға ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов Елбасының Жолдауы еліміз үшін тың бастамаларға жол ашып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол біздің негізгі міндетіміз Елбасының Жолдауынан туындаған тапсырмаларды және жүктелген он міндетті мүлтіксіз орындауға тиіс екенімізді хабарлады.

-Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Қазақстанды жаңаша дамытудың идеясын нақтылайтын маңызды құжат деп білемін. Ел президенті өзінің биылғы кезекті Жолдауында еліміздің дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынды. Әр жыл сайынғы президент Жолдауы құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдамаларымен ерекшеленеді. Бұл Жолдау Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап берді,-деді Елбасы Жолдауының маңызына тоқталған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов.

Кездесу соңында жиынды қорытындылаған ауылдық округ әкімі Сәуле Төлегенқызы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматовқа алғысын білдіріп, барлық қатысушыларды көпшілік ортада Елбасы Жолдауын насихаттап жүруге шақырды.

Ақсұңқар СӘДІР.

Алғыс

Осы елде тамыр жайып, ұрпақ өрбітіп отырған жанның бірі - Жаңақала ауылының тұрғыны Рысқалиева Гүлнұр Хатибқызы. Татарстан елінің Апостовский ауданына қарасты Танайтурай ауылының тумасы 1960 жылдың 15 сәуірінде Хатиб отбасында дүниеге келді. Өзі алты ағайынды Гүлнұр Хатибқызының қыз кезіндегі тегі - Валиулина.

Татарстанда 10 сыныптық білім алып, Казань қаласында жұмыс істеп, 1978 жылы Жаңақала ауылына атбасын бұрады. Сол жылдары осы ауылда татарлар көптеп қоныс тепті, соның бірі Гүлнұрдың апа-жездесі. Жасы небәрі 18-дегі Гүлнұрды апасы баласын бағысуға қолғабыс болсын деп шақырып, өзі жұмыс табуына көмектесетінін айтқан. Сөйтіп, ел-жер көріп, бір жағынан жұмыс істеп қайтамын деген мақсатпен апа-жездесінің қолдарына келеді.

Жаңақала ауылына 1978 жылы тамыздың тамып тұрған ыстығында келіп, біраз үйренісіп алғаннан кейін, құрылысқа жұмысқа орналасады. Жолдасы Рысқалиев Ізжанды осы құрылыста жұмыс істеп жүріп кезіктіреді. Ізжан Қазиұлының мамандығы - құрылысшы, өз ісінің хас шебері, ауылға еңбегі сіңген азамат.

Араға бір жыл салып, апа-жездесі елге қайта оралады, ал Гүлнұр мен Ізжан бір-бірін ұнатып, көктемнің жайма-шуақ күндерінде шаңырақ көтеріп, осында қалып тамыр жаяды.

-1979 жылы Рысқалиев Қази әулетіне келін болып түстім, алайда, Рысқалиева Мастура әжейдің қолында тәрбиелендім. Қазақтың келін деген атына лайық болуға, салт-дәстүрді жетік білуге, жалпы қазақилыққа баулыды.

Аллаға шүкір, қазір де жолдасым екеуміз үш баланы тәрбиелеп, қызды қияға, ұлды ұяға қондырып,

бақытты жанұялық өмір кешіп жатырмыз. Балаларым өз еңбектерімен білім алып, жетілді. Жұмысқа орналасып, қазір де бір-бір отбасының шаңырағын шайқалтпай, тұтқасын ұстап отыр.

«Қызым мен ұлдарымды қазақ жігітке тұрмысқа шығып, қазақтың текті қыздарын аласыңдар деп кішкентай кездерінен тәрбиеледім»,-дейді Гүлнұр Хатибқызы. Әрине, бұл өз ұлтын кем санағаны емес, балаларының ұлтына адалдығы, бақытқа бөлеген қазақ жұртына құрметі.

Тұңғышы Динара Орал қаласында педагогикалық инсти-тутты тәмамдап, Ақжайық ауданының жігітіне тұрмысқа шыққан. Қазіргі таңда Орал қаласында тұрады, институтта сабақ береді.

Одан кейінгі ұлы Жеңіс фи-зика-математика бакалаврын, магистратураны бітіріп, Астана қаласында қызмет етуде. Тағдырдың жолықтыруымен отбасын құрған жары, келіні Талдықорған жерінің қызы.

Сүткенжесі Данияр Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-тің автоматтандыру және басқару мамандығын бітірді. Өзіміздің Батыс Қазақстан облысына

қарасты Жәнібек ауданының қазақи отбасынан шыққан қызды алып, Ақтау қаласында әскери салада қызмет етіп, жанұясымен сонда тұрады.

Қазақстанға 18 жасында келді, ал қазір 58-де. 40 жылды артқа тастағанын айтып, өмірінің қызықты сәттерімен бөлісіп отырды.

Жас кезінде Татарстанға жиі барып тұратынын, балаларын кішкентайында бесікке тербетіп, татарша әлдилетіп отырып, елін сағынып жылап алатынын айтты. Бірақ, балалары өсе келе, солардың қамымен жүріп, сол кездің біраз қиындығымен 15 жылдай елге бармағанын тілге тиек етті. «Қыз жат жұрттық» деген қазақта мақал бар, кейін төркініне барғанда, өз үйін сағынып, кеткісі келіп тұратынын да жасырмады.

СУ-2, ДЭУ-18 мекемелерінде біраз жыл еңбек етіп, екінші баласы дүниеге келгеннен кейін, жолдасының айтуымен аудандық желілік өндірістік басқарманың балабақшасында 10 жылдай, ол жабылғанға дейін қызмет етеді.

Қазіргі таңда, аудан әкімдігінде, оның ішінде ауыл шаруашылық бөлімінде тазалықшы, осы жерден 21 жылдық қызмет өтіліммен күзде зейнетке шығады.

-Қазақстан еліне алғыстан басқа айтарым жоқ. Осы жерде жолдасымды жолықтырдым, текті әулетке келін болып түсіп, ұрпақ өрбітіп отырмын. Қазақ ұлты өзге ұлтты жат көріп, кеудеден итермейтін халық. Бәрімен теңдей еңбек етіп, лайықты табысымды алып, халықпен қиындықты да, қуанышты да бірге көріп келеміз. Еліміз аман, тыныш болсын. Әр отбасыға денсаулық тілеймін, -дейді ол.

Айтолқын АСҚАРҚыЗы.Жаңа міндеттерді

жаңаша шешуге бастайды2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасы

Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты елді дамыту мәселесіне бағытталған кезекті Жолдауын жолдады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында көптеген жұмыстардың атқарылғанын, «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының 60 қадамы орындалғанын айта келе, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін 10 бағытқа арналған тапсырманы атап көрсетті.

Соның ішінде жетінші тапсырмасы «Адами капитал - жаңғыру негізі» деп аталады. Онда орта білім беру саласы жаңартылған мазмұнға көшуді бастағанын, ол 2021 жылға дейін аяқталатынын, ол үшін жаңартылған бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар дайындау жолдарын қайта қарау керек болатыны сөз болды. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектігіне баса назар аударды. Қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде, бірақ қазақ тілінің ғұмырлы болуы үшін жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықты терминология тұрғысынан халықаралық деңгейге жақындатуымыз қажет және ол латын әліпбиіне көшу мәселесін реттеуге мүмкіндік беретініне назар аударды.

2019 жылдан бастап жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіруді бастайтынын, нәтижесінде түлектеріміздің жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін үш тілді меңгеріп, нағыз азаматтық қоғам құрылатынын атап көрсетті.

Осы тапсырма аясында «Баршаға тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруды, жұмыс берушілерді тарту арқылы және цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керектігін ескертті. Шалғайдағы елді мекен тұрғындырына озық білім мен құзіреттілікке қол жеткізуге жол ашу үшін орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын ғаламторға орналастыру керектігін тапсырды.

Осы тапсырмаларды орындау білім саласының басты міндеттеріне айналмақ.

Камила АБАйҚыЗы, Жаңақала колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қазақстанға әкелген жол

Page 4: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

24 ақпан 2018 жыл

Жаңарған өңір 4 Қоғам

Әдетте өрт сөндіру техникасы-ның құлаққа жағымсыз дабылы денеңді мұздатып, ойыңды сан-саққа жүгіртеді. Сол мезетте өрт дер уақытында ауыздықталып, адам баласы ажал құшпаса екен деген тілек көкейіңде тұратыны да жасырын емес. Бұл көріністі сырттан бақылап тұрған кез келген адам үшін өрт сөндірушілердің жұмысы қауырт, қатерге толы болып көрінетіні де анық. Қалай десек те ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Бұл бағытта аудандағы өрт оқиғаларының жай-күйін, аталмыш бөлімнің тыныс-тіршілігін білу мақсатында №14 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Қанат Мақсотовпен сұхбаттасқан едік.

-Ассалаумағалайкүм, Қанат аға! Өткен жылы ауданымызда қанша өрт оқиғасы болды? Өрт неден тұтанады? Оның себептері анықталды ма?

- Атам қазақ өртті «тілсіз жауға» бекерден-бекер теңемеген. Қызыл жалын тосыннан тұтанады. Өрт көбінесе адамдардың бейқамдығынан, ұқыпсыздығынан шығып жатады. Өрт қауіпсіздігін қатал сақтауға қанша шақырсақ та, жұртшылықтың оған мән бере бермейтіні өкінішті. Мұның соңы кейде қайғылы оқиғаға әкеліп соғады.

2017 жылы 14 өрт оқиғасы орын алса, оның 13-і біздің тарапымыздан өшірілді. Ал, 1-еуін елді мекен тұрғындары ауыздықтап алды. Сондай-ақ, 27 далалық жану оқиғасы болды. Аудан аумағында 5 авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген талдауға сәйкес өрт туындауының негізгі себептері отты дұрыс қолданбағандықтан, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік

ережелерін сақтамағандықтан екен. Сондықтан, мамандар өрт қауіпсіздігін сақтап, пешті, электрге қосылған барлық заттарды қадағалап, дер кезінде өшіріп отыруды және кішкентай балаларды мүмкіндігінше қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Әрине, апат айтып келмейді. Дегенмен де, «Сақтанғанды құдай да сақтайды».

– Өрт сөндіруге әбден мамандан-ған жандардың қандай қасиетін айрықша атар едіңіз?

– Бөлімде 14 қызметкер бар. Олардың алды 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Нағыз өрт сөндіруші өрт оқиғасы болған жағдайда ең алдымен қобалжымай, қорықпай, батылдық танытып, отты сөндіре білуі шарт. Сонымен қатар, өрт ішінде арпалысқанда тез шешім қабылдай білуі қажет. Ең басты міндет адам өмірін сақтауы керек.

– «Тілсіз жаудың» қай жерден бастап тұтанғанын қалай білесіздер?

- Өрт басталған жер ағарып немесе сұрғылт тартып тұрады. Бұны желдің бағытынан байқай аламыз.

– Өрт сөндірушілерге қандай мінез тән?

– Қызыл жалынды ауыздықтау – бүкіл бір команданың жұмысы. Сондықтан, біздің күшіміз бірлікте, бір-бірімізге деген нық сенімде. Ең басты қағидат – осы. Бұған қоса, өрт сөндірушілерге шапшаңдық, жүректілік, қырағылық, әп-сәтте шешім қабылдай алатын тәуекелшілдік тән. Жауынгерлер алғашқы медициналық көмектен де хабардар болуы керек. Улы газға тұншыққан, күйік шалған адамдарға жәрдем бере алатындай қабілеті болғаны жөн.

– «Тілсіз жаумен» арпалысқан уақытта қандай сезімде боласыз?

– Қызыл жалынның ортасына кіргенде біздің бар аңсар-назарымыз от ортасында қалған адамды құтқаруға, өртті сөндіруге ауады. Басқа әлемді

мүлдем ұмытамыз.– Жүрексінетін кездеріңіз

болды ма?– Оттан қорықсам, өрт сөндіруші

болмас едім…– Өрт сөндіру барысында

қандай кедергілерге кездесесіздер?

– Кедергілер жоқ емес. Әсіресе, тұрғын үй өртенген жағдайда иесі тарапынан көп кедергілерге ұшыраймыз. Сондай-ақ көшеден өтіп бара жатқан адамдардың жиналып алып фотоға, видеоға түсірулері де қазаққа жат қылық. Бұрын адамдар бір-біріне болсын деп тұратын еді. Қазір басқаша, бәрі саған ақыл үйретеді.

– Өрт сөндірушілердің уақытынан кешігетіні, машиналардың дайын болмай, қайта-қайта су толтыруға кететіні кейде сынға ұшырап жатады…

– Мұндай жағдай біздің тарапымыздан болған жоқ. Өрт оқиғасы орын алған жағдайда кейбір тұрғындар біздің бөлімге шұғыл хабарлауды білмейді. Ал, мекемелердегі күзетшілерден «Өрт болған кезде қай нөмірге

звондайсыз?» деп әдейі сұрасам, өрт сөндіру бөлімінің нөмірін нақты білмейді.

–Техникаларыңыз жеткілікті ме?–Техникаларымыз жеткілікті. Ол

жағынан өкпе жоқ. Әлі де жаңартамыз. Бұл жағы шешіліп тұрған мәселе.

–Жастар өрт сөндіруші болу үшін қайда баруы керек?

–Көкшетау қаласында арнайы оқу орны бар. Ол жерден жоғары білім алып шығады және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

–Ақжарма әңгімеңізге көп-көп рақмет! Өрт сөндірушілердің арасында «Жеңдерің құрғақ болсын» деген әдемі тілек бар. Бұл «өрт болмасын» деген сөз екен. Лайым солай болсын!

Сұхбаттасқан Ақсұңқар СӘДІР.

Депутат мінбесі МІНДЕТ АйҚыН, ІС ОРТАҚ Депутат – қашанда халық

қызметшісі, елдің мақсат-мүддесін атқарушы орган, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялармен бірге жүзеге асырушы мемлекеттік құрылым. Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар өз өңір, аймақтарындағы мәселелерді шешуде халықтың көпшілік дауысымен сайланған жергілікті өзін-өзі басқаратын өкілетті орган болып табылады.

Міне, осы орайда аудандық мәслихат, оның құрамындағы депутаттар өз өкілеттіктерін жыл басында сессияда бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік заң шеңберінде атқарып келеді.

Аудан тұрғындары, яғни сайлаушыларымыздың хабардар болуы үшін өткен жылы атқарылған жұмыстардың басты-бастыларына тоқталып кеткім келеді.

Тарих қойнауына кеткен жылы мәслихаттың 4 кезекті, 6 кезектен тыс, барлығы 10 сессиясы өткізіліп, 49 шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес сессияның құқықтық нормаларды белгілейтін 11 шешімі әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмірі беріліп, мемлекеттік тізімге енгізілді. Шешімдерді тіркеуге наразылық білдірген немесе кері қайтару жағдайлары болған жоқ. Мұның өзі мәслихат аппараты мамандарының өз ісіне жауапкершілігін және мол тәжірибелері мен біліктіліктерін көрсетеді.

Өткен жылы аудандық мәслихаттың электронды сайты ашылды. Демек, кім-кімнің де мәслихат жұмысына сәйкес алдын ала өз ұсыныс-пікірлерін мәслихат хатшысының блогына білдіруге заңдық құқы бар. Тұрғындардың қойған әрбір сұрақ-сауалына дер кезінде жауап беріледі. Тағы бір айта

кетеріміз, мемлекеттік тіркеуден өткен шешімдерді осы сайттан таба аласыз. Бұл біріншіден, жариялылықтың, халықпен ашық жұмыс істеудің көрінісі болса, екіншіден, Елбасымыз алдымызға қойып отырған цифрлық технологияның жемісі.

Аудандық мәслихат сессияларында, сондай-ақ, 2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар бекітілді. 2016 жылғы бюджеттің орындалуы қаралып, Мәстексай, Жаңажол, Бірлік, пятимар, Жаңақала ауылдық

округтері әкімдерінің, аудандық білім беру бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, жергілікті полиция қызметі басшыларының жұмыс есептері тыңдалды.

Өткен жылғы аудан көлеміндегі ең елеулі оқиғалар ауданның бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, халықтың алдын ала пікірлерін тыңдай отырып, ауылдық округтер әкімдерінің сайлануы өтті.

Жергілікті қоғамдық ұйымдар мен жұртшылық өкілдері пікірлерін ескере отырып, әкімдер сайлауын өткізу тәжірибесі өз нәтижесін беретінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Әрине, депутаттардың жұмысы тек шешімдер қабылдап, атқарушы органдар мен мекеме, кәсіпорындардың жұмыс есебін тыңдаумен шектелмейді. Әр депутат – халықтың көзі, үні, һәм қамқоршысы. Сондықтан да оларды жұртшылық пен биліктің арасын жалғастырушы заңды тұлға дейміз.

Осы бағытта өз жұмыстарына әрдайым зор жауапкершілікпен қарап, қашанда өз сайлаушыларының ортасынан табылып, олардың мұң-мұқтаждарын, ортақ мәселелерін орындауда белсенділікпен жұмыстанып жүрген С.Жәрдемалиев, Қ.Ешімов, Б.Жағыпаров, С.Сұлтанова, Э.Әлмұқанов, Е.Текебаев сынды халық қалаулыларының есімдерін лайықты түрде атап өткеніміз орынды болмақ.

Жалпы, аудандық мәслихат сессиясында қаралатын негізгі мәселелер атқарушы органдар мен депутаттардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Сөз жоқ олардың қай-қайсысы да өңірлік маңызы зор істер болып табылады. Сондықтан да әрбір депутаттан іс жауапкершілігі талап етіледі.

Жасыратыны жоқ, қайсыбір сәттерде депутаттар тарапынан жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеу белсенділігі жетіспей жатады.

Қазір өңірімізде бірнеше компаниялар жұмыс істеп жатыр. Олардың жұмыстарының сапасын, орындалу мерзімін саяси партиялар мен өкілетті органдардың бақылауын заң шектемейді. Себебі, ол жұмыстардың бәрі де халықтың игілігі үшін іске асырылмақ. Өкінішке орай, осындай мақсатты істерге араласуға депутаттар тым енжарлық танытып келеді. Бұл тек уақытша жұмыс атқарып кететін компанияларға ғана емес, ауданның барлық тыныс-тіршілігіне қатысы бар мәселе. Демек, мәслихаттың депутаттарға қоятын талабы да ендігі жерде өзгеше сипатта болмақ.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын дәстүрлі Жолдауы елімізді дамытудың жаңа кезеңдерін ашқан кешенді бағдарлама болды.

Елбасының Жолдауда көрсетілген он тапсырмасы еліміздің даму қарқынын бұрынғыдан да еселеп, жай ғана алға жылжу емес, әр саланы ғылыми жетістіктермен ұштастырып, заманауи технологияларды қолданысқа енгізу арқылы өркениетке өрлеуде зор міндет етіп қойылып отыр.

Ал, Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтардың абыройлы міндеті, асыл мұраты. Себебі, Жолдаудың қай тармағын алып қарасаң да, одан халықтың игілігіне асар асқақ арманды, толайым істерді көресің.

Осы орайда депутаттарға да жүктелер міндеттер аз болмайды. Өйткені, мақсат айқын, іс ортақ.

Закария СИСЕНҒАЛИ, аудандық мәслихат хатшысы.

«Басты міндет – адам өмірін сақтау»

Page 5: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

5Жаңарған өңірАқпарат 24 ақпан

2018 жыл

2018 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан күндері аралығында «Жаппай оқумен қамту» айлығы және «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы республика көлемінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Акцияның мақсаты - мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және күнкөрісі төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, басқа да санаттағы көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.

Бұл игі шара Абай атындағы орта мектепте де жоспарлы түрде оздырылады. Осыған орай «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы «Балаларға бірге көмек берейік!» атты ақпараттық стенд дайындалды. Стендке акцияға қатысты халықты ақпараттандыру мақсатында керек мәліметтер ілінді.

Ұстаздар ұжымы тарапынан мектепке қатысты ауылда тұратын 0-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу, оқумен қамтылған балалар мен жасөспірімдерді анықтау рейдтері, аулаларды, пәтерлерді аралау қорытындысы бойынша мәліметтер жиналды.

Қайырымдылық айлығы барысында мектебіміздегі аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 24 балаға ауыл тұрғындары Қ.Жангереев, М.Қабиев, Т.Жұмашев, медбике З.Рахимова, кітапханашы М.Қазиева, ауылдық клуб меңгерушісі Р.Даутова, мектебіміздің директоры Ж..Жұмағұлова бастаған ұстаздар қауымы, шағын кәсіпкер Н.Нұрышева, «Таңат» ШҚ иесі М.Таңатов, «Ғалым» ШҚ иесі Б.Сағынғалиев оқу құралдарынан, киім-кешектерден 120 000 теңге көлемінде қаржылай демеушілік көрсетті.

Бала - өмірдің гүлі. Сондықтан оның өсіп-жетілуі үшін, оқып, білім алуы үшін әрқашан да жағдай жасауымыз қажет. Және біз болып, сіз болып мұқтаж жандарға қол ұшын созғанымыз абзал.

Бұл сауапты іс болашақта да жалғасын таба бермек. Өтеулі ӘДІЛҒАЛИҰЛы,

Абай атындағы ЖОББМ-нің мұғалімі.

Ауған соғысы ардагерлеріне құрметКеңес әскерінің Ауғанстан

жерінен шығарылғанына биыл 29 жыл толып отыр. Осыған орай Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудандағы Ауған соғысы ардагерлерін арнайы қабылдады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған шараға аталған ардагерлердің алтауы мен бүгінге дейін бақилық болған үш ардагердің жесірі қатысты.

Аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы ардагерлерге өзінің және халықтың атынан ризашылығын білдірді.

-Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің 12-сі аман-сау келгенімен, қазір арамызда 6 азамат қана отыр. Қатарларыңыз азаймасын,-деп

ардагерлерді еркін әңгімеге шақырды.Әрі қарай ардагерлерді құттықтап

келген қоғамдық ұйым өкілдері жылы лебіздерін білдірді.

Сонан соң, Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу рәсімі өтті. Аудан әкімі

ардагерлерге ауыл тұрғындары атынан алғыс хат пен Ә.Нұрғалиевтің «Дара тұлға» кітабын ұсынып, қаржылай қолдау көрсетті. Сондай-ақ, өмірден өткен ардагерлердің жұбайларына сыйлықтар табыстады.

Осы шараға арнайы дайындалған музыкалық сәлемдемемен кеш әрлене түсіп, еркін әңгімеге ұласты. Ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, көңілдері біраз толқыды.

-Соғыс адамның нағыз сыналатын шағы екені шүбәсіз. Көзім жеткені - қазақтар нағыз намысшыл, жолдасын жолға тастамайтын ер мінез халық екенбіз. Табандылықпен, соңғы демі қалғанша, асқан ерлікпен күресті, - деп қандастарына ризашылығын білдірген ардагер С.Тілешов қалай әскер қатарына алынғанын, жасалған ұрыс операциялары мен қызықты сәттерін есіне алды.

Кешімізді аудан әкімі Н.Қарағойшин:

-Соғыс болмасын, еліміз қиындықты, қанды қырғынды көрмесін. Сіздердің дендеріңізге

саулық, отбасыларыңызға береке, бастарыңызға амандық тілеймін,-деп қорытындылады.

Айтолқын АСҚАРҚыЗы.

Қылмыстың алдын алайық

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттердің кешенді іс-шаралары жүйелі жүзеге асуда. Елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданса, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірқатар қағазбастылықтан арылуда. Еліміздің 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді даму стратегиясы аясында біздің болашаққа деген сеніміміз күннен-күнге артып келеді. Біздің басты мақсатымыз еліміздің тыныштығы мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Алайда, атқарылып жатырған игі істерге қарамастан, еліміздің әр аймағында келеңсіз жағдайлар орын алуда. Мысалы, айта кетсек, Жаңақала ауданы аумағында қаскүнемдер жасаған мал ұрлығымен қатар, мемлекеттік тыйым салынған киік жануарларын аяусыз атып, мүйіздерін кесіп алу деректері де тыйылмай отыр. Сондықтан осындай түбі жақсылыққа апармайтын жағдайларға жол бермеу мақсатында аудан тұрғындарын бірлесе жұмыс жасауға шақырамын. Аталған фактілерге қатысты маңызды ақпарат алғыңыз келсе, аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі бойынша кез-келген уақытта келулеріңіз сұралады:

- Аудандық ішкі істер бөлімі басшысы, полиция полковнигі Өтеш Әділұлы күн сайын сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін (және қажеттілік туындағанда) қабылдайды;

- Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Дулат Ниетқұлұлы әр аптаның бейсенбі күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін (және қажеттілік туындағанда) қабылдайды;

- Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Ғалым Құмарұлы әр аптаның жұма күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін (және қажеттілік туындағанда) қабылдайды;

- Жаңақала АІІб жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Темірхан Алшекенұлы күн сайын сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін (және қажеттілік туындағанда) қабылдайды.

Ө.ӘБУҒАЛИЕВ, аудандық ішкі істер бөлімінің

басшысы, полиция полковнигі.

16-18 ақпан күндері Орал қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 17, 19, 21 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан

классика және блиц түрлерінен Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Бөрлі, Тасқала, Теректі, Сырым, Жаңақала, Қазталов, Шыңғырлау аудандары және қала мектептерінен, жоғары оқу

орындарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Үш күнге созылған чемпионат өте тартысты, жоғары деңгейде өтті.

Бұл жарыста аудан командасының сапында өнер көрсеткен Інжу Қайыржанова 17 жасар қыздар арасында III орынға ие болды. Інжудің жасы кіші болса да, үлкендермен иық тіресіп, жүлдегерлер қатарынан көрінгені аудан үшін

зор абырой. Ал, 19 жасар ұлдар арасында Маралбек Темірғали классика түрінен II орын, блиц (шапшаң ойын) түрінен III орынды еншіледі. Айта кетсек,

М.Темірғали наурыз айының 24-31 күндері Астана қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛы.

Кәсіподақ жұмысы ауқымдыБатыс Қазақстан аумақтық кәсіподақтар

орталығының төрағасы Ербол Салықов Жаңақала ауданында болып, аудан активімен кездесті. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали кіріспе сөз сөйлеп ашты. Дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, аудандағы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысқан бұл шарада Батыс Қазақстан аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов сөз сөйледі. Ол облыс көлеміндегі кәсіподақ ұйымдарының жаңа заманға сай жұмыстарына тоқталып, кәсіподақ ұйымдарының дамуы жайында хабарлама жасады.

-Елбасымыз «Кәсіподақ ұйымдары, кәсіподақтар Федерациясы жаңа Қазақстанды қалыптастыруға белсене қатысып, қазіргі таңда тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік еңбек қатынастарының негізін қалаушы» деп атап көрсеткеніндей, кәсіподақ қозғалысы жалпы еліміз бойынша жаңаша сипатта

даму жолын таңдады. Еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуы кәсіподақтардың негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. «Кәсіподақтар туралы» заңға сәйкес, кәсіподақтар жұмыс берушілермен бірге тең құқылы деңгейде жұмыс жасай алады,-деген Ербол Ғұмарұлы облыстық кәсіподақтар орталығының жүйелі жұмыстарына тоқталып, алдағы атқарылар шаруалар жайын әңгімеледі. Бұдан кейін аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали сөз алып, жиынды қорытындылады.

Ақсұңқар СӘДІР.

Қайырымды болу - өз мәртебең

Маралбек ел біріншілігіне жолдама алды

Page 6: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

24 ақпан 2018 жылАрдагер

Кім адал еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленсе, сол адамның өмірі ғибрат. Біз сөз еткелі отырған Ғыйлымхан Ғабдуллин ақсақал да өнегелі еңбек иесі. Ол кісі өзінің сексен жыл ғұмырында тағдыр маңдайына жазған қиындықты да, бейнетті де бір кісідей кешудей-ақ кешкен. Табиғат бойына дарытқан төзімділік пен қайсарлық арқасында шыңдалып, қиындықты жеңіп, алдына кесе көлденең тұрған бейнетті еңсеріпті. Ал, кімде кім қиындықты жеңсе, бейнетті еңсерсе, ол адам өмірдің тәтті жемісін де татпақ. Тіпті, мұндай адамның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі, ал күреске толы тағдыры болашаққа жазылған хаттай болмақшы.

Иә, қашанда адал еңбек еткен жанның өзгелерден жүзі жарқын, еңсесі биік келетіні рас. Кезінде ата кәсіпті нәсіп етіп, маңдай терін сүртіп, табан етін жыртып адал еңбек еткен жанның бірі - Ғыйлымхан Ғабдуллин. Ол 1936 жылы ақпан айында Жалпақтал ауданы, Жас ауылының «Әлкеш» деген қыстағында дүниеге келеді. Әкесі Ғабдолла Ералұлы ел қатарлы 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Отан үшін от кеше білген Ғ.Ералұлы бірден Сталинград майданындағы сұрапыл соғысқа қатысады. Майдан шебінің алдыңғы шебінде болған Ғабдолла жаумен арпалысқан сұрапыл соғыстың бірінде табанды ерлікпен қаза табады. Ал, Ғыйлымхан болса 6 жасында әкесінен айрылады. Інісі Махан екеуін анасы Уәсила бір өзі өсіріп, жетілдіреді.

Құстың қос қанатындай болған екі ұлын өсіру, оларды қатарынан кемітпей адами тәрбие беру, оқыту, бәрі-бәрі анасы Уәсиланың мойнына жүктеледі. Қайғыға салған сарсаң жылдарды ой елегінен өткізген абзал ана майданға кеткен азаматының орнын басып, шаруашылық басшыларының тапсырмасын қалт жібермей, ұжымшарда шөп шауып, пішен тасиды, сауыншы болып сүт өндіріп, тіпті мал да бағады. Міндетті жұмысын атқара жүріп, балаларын да оқытады. Сөйтіп, өсірген ұлы Ғыйлымхан да есейіп, ержетеді. Ол Жалпақтал орта мектебін бітіреді. Ол оқуын ілгері қарай жалғастыра алмады. Оған қолбайлау болған сол кездегі тұрмыстың нашарлығы әсер етті.

Ғыйлымханның мектеп бітіруі сол жылдардағы Компартияның жастарды ауыл шаруашылығына шақырған ұранымен тұспа-тұс келіпті. Компартияның шақыруына үндестік білдірген Ғ.Ғабдуллин қолына шопан таяғын ұстап, ұжымшардан бағымына бір отар саулық қой алады. Ол алғашқы күннен бастап өзіне тапсырылған істі адал атқару үшін ұқыптылық пен жауапкершілікті өзіне серік етеді. Қоғамдық малды өз төлі есебінен өсіру мен оның өнімін арттырудың жолдарына арналып ұйымдастырылған алқалы жиындарға, семинар-кеңестерге қатысады. Қой малын бағудың қыры мен сырын жетік меңгерген ауылдастары Социалистік Еңбек Ерлері Қайша Миханованың, Сағындық Ерешовтың бай тәжірибесін ұстанып, оны оң пайдалана біледі. Соның нәтижесінде ол өзіне тапсырылған қоғамдық малды өз төлі

есебінен өсіру, жүн өндіру тапсырмасын жыл сайын асыра орындау арқылы еңбек озаты атанады.

Мысалы, 1977 жылы бағымындағы 650 саулықтың әр жүзінен 150-ден қозы алынуын қамтамасыз етіп, жүн өндіруде де жоғары көрсеткішке қол жеткізеді. Аудан, совхоз басшылары оны еңбек табысымен құттықтады және кезектен тыс «Москвич-412» жеңіл автокөлігін алуына көмек жасайды. Қоғам малын баққан отыз жылдан астам уақыт ішінде өз төлі есебінен мыңдаған мал өсіріп, тонналап жүн өндірген Ғыйлымхан Ғабдуллин есімінің еңбек озаты ретінде аталмай қалған күні жоқ деуге болады. Қарияның өңіріндегі «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалі мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі сол бір жылдардағы абыройлы болған өнегелі еңбегі мен адами кісілігінің айғағы іспеттес.

Шаруабасты болғанмен Ғыйлымхан совхоздың, ауданның қоғамдық өміріне де белсене араласады. Ол талай рет аупарткомның конференцияларына бірнеше мәрте делегат болып қатысады. Сондай-ақ, ауылдық кеңестің депутаты болып дүркін-дүркін сайланады.

Әбуғалиқызы Қырмызымен жүз жарастырып, қырық төрт жыл жанұя құраған ғұмырында екеуі төрт ұл, екі қыз өсіріп тәрбиеледі. Бұл күнде олардың бәрі өз алдарына бір-бір отау.

Тірлікте қуаныш пен өкініштің қатар жүретені белгілі. Шаңыраққа ұрпақ сыйлап, жанұяның ұйытқысы болған Қырмызы апай 62 жасында дүниеден озады.

Ғыйлымхан ақсақалдың адамгершілігі, адалдығы, арына кір келтірмеген тазалығы, пайым-парасаты кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екені даусыз. Сол үшін де оны елі ерекше құрметтеп, сыйлайды.

Қ.ҚҰМАРОВ.

Орны бөлек оташы1988 жылдың жаз мезгілі еді. Тізем

ауырып, отырып-тұруым мұңға айналды. Екінші қабаттағы үйіме көтерілу қиын болды.

-Тізеңіздің сіңірі үзілген, ота жасау керек,-деді қолы жеңіл, білікті оташының бірі. Ол дәлізге шығып кеткенде үнсіз отырған екінші хирург тіземді қарап көрді де:

-Сарысу жиналған, салқыннан ғой. Ертеңнен бастап бір ай егілесіз, еңбекке жарамсыздық қағазын ашып қоямын,-дегені.

Тізеден салар екпені тек хирургтің өзі ғана екті. Бір айда сауығып кеттім. Бұл хирург Серік Қамидуллаұлы болатын.

Тағы бірде жұмыс бабымен ауруханаға келсем, есігі алдында 6-7 жасар ұл бала ерткен егделеу әйел адам тұр екен.

-Інім баласы еді. Құлап қолын сындырып, осында келіп гипстетіп кетіп едік. Дұрыс салмапты, білегі қисық бітті. Осылай қалар ма екен?-дейді пұшайман болған әйел.

Білектің қисық біткені көзге көрініп тұр. Баланы Серік Қамидуллаұлына ертіп кірдім.

-Дұрыс салмаған ғой. Осындай салғырттық бола ма екен?

Сәкең «ұйықтататын» дәрі егіп, баланы ұйықтатты да, қисық біткен білегін сындырып, қайта салып, гипстеп тастады. Аз күнде қолы қалпына келген бала қуанып ауылына кетті.

Серік Қамидуллаұлының білікті дәрігер екенін көрсететін мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Оның бойындағы дәрігер ретінде бір жақсы қасиеті – алдына келген науқасты емдеп жазудан жаны рахат алатыны.

Екінші жақсы қасиеті – өзінің кәсіби саласындағы озық тәжірибе, соны жаңалықтарды үнемі оқып, біліп, қолдануға тырысып отырады.

Серік Сүлейменов көршілес Қазталов ауданының Шильная Балка ауылында 1948 жылы дүниеге келген азамат. Жасынан оқуға аса

ынталы, білімге құштар болды. Әр сыныпты үздік бітіре жүріп, Богатырев орта мектебін 1966 жылы тамамдады.

Арман қуған жас жігіттің алдында екі жол тұрды. Ұшқыш болу не дәрігерлік мамандықты таңдау. Көңілі ұшқыш болуды көбірек қалады. Арманы Ресейдің Красный путь қаласындағы ұшқыштар дайындайтын училищеге алып келді. Жолы да болатын еді. Өкініштісі – училище басшыларының «қазаққа штурман болу да жарамай ма» дегенді ұқтырған астамшыл көзқарасы көңіліне қаяу түсірді. Намысты бозбала құжаттарын қайтарып алды да, Алматы қаласындағы медицина институтына әкеліп тапсырды. Мұнда да қамшы салдырған жоқ. Үздік оқыды, қоғамдық жұмыстардың белсендісі болды, спортпен айналысты.

Институтты 1973 жылы бітіріп, балалар хирургі мамандығын алып шықты. Медициналық интернатурасын №11 Алматы қалалық балалар ауруханасында өткізді. Оған институтта қалуға ұсыныс, Алматыда қалуға мүмкіндік мол еді. 1974 жылы әке қалауымен туған ауданына оралды.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің жолдамасымен Фурманов аудандық орталық ауруханасына хирург болып жұмысқа орналасып, 1979 жылға дейін жұмыс жасады. 1979 жылы Жаңақала аудандық орталық ауруханасына бас дәрігер болып қызметке жіберілді. Бұл лауазымдық қызметті 1987 жылға дейін атқарып, аудандық орталық аурухана жұмысының жандануына, аудан халқының денсаулығын сақтау ісіне лайықты үлесін қоса білді. Осы жылдар ішінде аудандық аурухана білікті кадрлармен толығып,

дәрігерлік қызметтің қолжетімдігі артты.

1988 жылы оташы қызметіне ауысып, 1990-1992 жылдары аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы жұмысына басшылық етті. Мұнда да өзінің кәсіби біліктілігі, басшылық қызметке сөтілгендігімен көріне білді.

1993 жылдан 1998 жылға дейін аудандық орталық ауруханада хирург болып жұмыс жасап, шебер оташы ретінде қаншама жерлестерін ажал

тырнағынан арашалап, отбастарына қуаныш сыйлады.

Тағдыры шығар, өзгеге өмір сыйлаған Сәкеңе денсаулығына байланысты 1998 жылы ІІ топ мүгедектігі беріліп, кәсіби қызметін тоқтатты. 2011 жылдан бері зейнеттік демалысында.

Серік Қамидуллаұлы қызмет атқарған жылдары аудан өміріндегі қоғамдық жұмыстардың да белсендісі болды.

1982 жылы Халық депутаттары Жаңақала аудандық Советінің депутаты, 1983 жылы Қазақстан Компартиясы Жаңақала аудандық Комитетінің мүшесі, 1989 жылы Қазақ ССР халық депутаттары Орал облыстық Советінің депутаты болып, халық қалаулысы ретінде ел аманатын орындауға жүйелі жұмыс жасады. Сәкеңнің бойында жақсы адами қасиеттер көп-ақ. Ол алдына келген науқасты алалап көрген жоқ. Кім келсе де жылы қабылдап, қолынан келген көмегін көрсетуге тырысты. Ажалдан арашалап қалған адамдарына «мен сөйттім» деп бәлсініп көрген жоқ.

Тағы бір қасиеті – кітапқұмарлығы. Үйінің бір қабырғасы тұтас кітап сөресі. Классик атаулының бәрін ұлтына, жынысына қарамай оқиды.

Сүйікті жазушылары ТМД көлемінде Ш.Айтматов та, шетелдіктерде Джек Лондон. Сонымен қатар О.Сүлейменов, Ж.Молдағалиев, орыс ақыны Е.Евтушенко сияқты ақындардың біраз өлеңдерін жатқа біледі.

Мынандай бір қызық оқиға болыпты. Белгілі ақын Жұбан Молдағалиевпен дастарқандас болған бір отырыста Жұбан ақын:

-Кім менің қай өлеңімді жатқа оқиды?-деп сұрапты. Жұрттың бәрі ақиық ақынның айтулы «Мен қазақпын» өлеңінен үзінділер оқыса керек. Сәкең өзіне ұнаған басқа бір өлеңді жатқа оқып бергенде ақын:

-Жарадың, Серік!-деп бауырына басып, сол жерде бір кітабына қолтаңба жазып беріпті. Айтқандай, сапар үстінде ауырып қалған Жұбанға дәрігерлік көмек көрсеткені үшін риза болып, ақ тілегін жазып берген де кітабы бар.

Сәкеңнің студент кезінде спортпен шұғылданып, екі дүркін самбодан Алматы қаласының чемпионы болғанын ешкім біле бермейді.

Кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Қадыр Тоқтамысұлы-мен достығы да студенттік кезден, спорттан басталған екен. Осы лауазымдық қызметте тұрған кезіндегі бір сапарында Қ.Тоқтамысұлының арнайы іздеп келуі Сәкеңнің өз ортасына беделінің биіктігін аңдатпай ма?

Айтқандай, сол жолы Гиппократ антына адалдық танытып, бар ғұмырын арнаған Серік Қамидуллаұлының омырауына «Медицина ісінің үздігі» белгісі қадалған еді-ау. Міне, еліне елеулі еңбек сіңірген Серік Сүлейменов ағамыз таяу күндері жоталы 70 жасқа толғалы отыр.

Жолдасы Света апай екеуі ұзақ жыл жұбайлық ғұмыр кешіп, «ища» деспей, ұл-қыз қызығын бірге көрген өнегелі өмір иесі, бақытты ата мен әже.

Өмірзақ АҚБАСОВ.

Адал еңбек иесі

Page 7: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

Жер сатылады

Көңіл айту

24 ақпан 2018 жыл

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 2 баспатабақТапсырыс: 8Таралымы: 2578 дана

Жаңақала аудандық Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі бос жұмыс

орнына конкурс жариялайды1.Бірлік ауылына баян аспабының оқытушысы -1 бірлік

(декреттік демалыстағы қызметкердің орнына).Қойылатын талаптар:-Музыкалық жоғары арнаулы орта, музыкалық колледж

бітірген білім;Қажетті құжаттар тізімі:-Байқауға қатысу туралы өтініш;-Жеке куәлігінің көшірмесі;-Жеке іс-парағы;-Білім туралы құжаттың көшірмесі;-Жасаған қызметін куәландырған құжаттың көшірмесі;-Медициналық тексеруден өткендігін растайтын құжат.Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру шыққан

соң 15 күнтізбелік күнде төмендегі мекенжайға тапсырылуы қажет: Жаңақала ауданы, С.Сапаров көшесі, №13, телефон: 21 9 50, 22 3 99.

«Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» ШЖҚ МКК бос жұмыс

орнына конкурс жариялайдыЗаңгер: (С–2 санаты, 1 бірлік). Қойылатын талаптар: Кәсіптік (заң) жоғары (немесе

жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке

парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;6) Денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады /086/

нысанда;7) құқықбұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не

жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.Конкурсқа қатысу үшін хабарландыру бұқаралық ақпарат

құралдарының ресми басылымдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, А.Дауылбаев көшесі, 14-үй. Анықтама тел: 8 7 1141 32 4 75.

Қосымша ақпаратты www.mbvl.medorg.kz сайтынан қарай аласыздар.

Жаңақала аудандық жас туристер станциясы бос азаматтық лауазым орнына конкурс

жариялайдыХатшы – 1 бірлік.Қойылатын талаптар: Мамандығы бойынша арнайы білімінің болуы; Компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.Қажетті құжаттар тізімі:-Конкурсқа қатысу жөнінде өтініш;-Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-парақ;-Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;-Білімі туралы құжаттың көшірмесі;-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;-Медициналық анықтама.Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру

жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Сапарова көшесі, №2.

Тел: 21-9-82, факс: 21-7-13.

Ағымдағы жылдың ақпан айының 19-ы күні ауданымызға белгілі азамат, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері Фазыл Дүйсемғалиұлы Баймағамбетов 94 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Фазыл Дүйсемғалиұлы 1924 жылы 1 қаңтарда Жуантөбе ауылында жарық дүниеге көрінген. 1942 жылы күзде Ұлы Отан соғысына алынып, Башкирияның Уфа қаласында жаңа құрылған

бөлімшеде 5 айдай дайындықта болып, Сталинград бағытындағы ұрысқа жіберілген. Бірінші Украина майданының 343-атқыштар полкында болған. 1943 жылы Сталинград қаласындағы 343-атқыштар дивизиясының құрамында 373-гвардия дивизиясымен қосылып майданға кірген. Сталинградты жаудан азат етуде ауыр жаралы болып, Тамбов қаласындағы госпитальде емделеді. Соғысуға жарамсыз деп танылып, елге келіп еңбекке араласады. Ұзақ жылдар кеңшарда мал бағып, 1984 жылы зейнеткерлікке шығады. «прага қаласын азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, I дәрежелі

«Отан соғысы» орденімен марапатталған. Сондай-ақ, Қызыл тулы Сталинград-Дунай гвардиялық атқыштар дивизиясы ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-лейтенант, Кеңес Одағының Батыры В.И.Давыденко мен ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры Н.Ященконың қолы қойылған алғыс хаттың да иесі атанған. Сонымен қатар, ұзақ жылғы мал шаруашылығында еткен еңбегі де ескеріліп, «Мал шаруашылығының үздігі» атағымен марапатталады. Соғыстан келген соң 1949 жылы Злиха Мерешқызымен отау құрып, өмірге 5 ұл, 3 қыз көрініп, соларды тәрбиелеп өсіріп, сол балаларынан 12 немере, 14 жиен, 4 шөбере сүйген ардақты ата.

Фазыл Дүйсемғалиұлының жарқын жүзі Жаңақала жұртшылығының, ауылдастарының жадында мәңгі сақталмақ. Отан үшін қан майданда от кешкен арда азаматтың жатқан жері жарық, топырағы торқа болғай.

Марқұмның үрім-бұтағы мен ағайын-туысының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Н.Қ.Қарағойшин, З.Ж.Сисенғали, Р.А.Саматов, А.Ж.Мұқамбетжанов,

М.Ш.Шапихов, А.И.Салауатов, С.С.Боранбаев, Н.С.Бектілеу.

БАйМАҒАМБЕТОВ ФАЗыЛ ДҮйСЕМҒАЛИҰЛы

Жаңақала ауылының тұрғыны болған, асқар таудай әкеміз, немерелерінің сүйікті атасы Семғалиев Кенжеғалиды 1 наурызда 70 жасқа толуына орай сағынышпен еске аламыз.Фәниден сіз кеткелі бес жыл болды,Ойлаумен сізді әрдайым көңіл солды.Келер ең тірі болсаң жетпіс жасқа,Не амал бұлай болса оның соңы.

Әрқашан сізді ойлап еске аламыз,Арналып бір өзіңе бар дұғамыз.Рухың болсын деумен пейішіңде,Құдыретке тәубе ете сыйынамыз.

Жатқан жеріңіз жұмақ, иманыңыз жолдас болсын.Сағына еске алушылар: жолдасы Күләш, бала-

келіндері Тұрарбек-София, Нұрлыбек-Жанаргүл, Бақтығали-Майра, немерелері Ерасыл, Ералы, Айдана, Нұрасыл, Рамина, Кенжебек, Зере.

Бірлік ауылының тұрғыны болған, әкеміз Құбышұлы Ізбасарды арамызда болса ақпанның 23 жұлдызында 70 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз. Амал нешік, сұм ажал әкемізге тойлауға жазбапты.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда?Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.Өзімізді санаушы едік бақытты,Әкеміз ортамызда болғанда.

Алла алды өзі берген жандарын,Тілейміз біз жұмақта орын болғанын.Туыс бауыр, достарынан сұраймыз,Дұға оқып, естеріне алғанын.Еске алушылар: жұбайы Сәлима, бала-

келіндері, қыз-күйеулері, немере-жиендері.

Бірлік ауылының тұрғыны, адал жар, ардақты әке, немере-жиендерінің сүйікті атасы болған Шаймарданов Мұратқалиды бақилық болғанына 2 жыл толуына орай сағына еске аламыз.

Жан едің орны бөлек өмірдегі,Жарқын бейнең өшпейді көңілдегі.Жүректегі сарғайған сағыныштар,Жас болып жанарлардан төгіледі.

Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа, иманыңыз жолдас болсын.

Сағына еске алушылар: жолдасы Меңдіғаным, бала-келіні, балалары, қыз-күйеулері және немере-жиендері.

Жаңақала ауылының тұрғыны болған, асыл жар, аяулы әке Қобыланды Төлегенұлын дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай сағынышпен еске аламыз. Ақжарқын пейілімен туған-туыстарының, дос- жолдастарының құрметіне бөленген ардақты жанымызды сұм ажал ерте алып кетті. Тағдырға не шара, сағынышпен еске алып, жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын дейміз.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,Сағынышпен туғандарың еске алады.Өзіңізбен бірге өткен күндер,Жадымызда мәңгілік сақталады.

Тағдырдың амал барма жазғанына,Көнесің басқа нені салғанына.Ардақты әке, ұрпағың ұмытпайды,Құран оқып, бағыштайды әруағыңа.

Еске алушылар: жары Райса, қыз-күйеуі Ерген-Толқын, жиендері Аяжан, Керемет, балдызы Дулат.

1 мамыр көшесінде орналасқан көпқабатты 11 үйдің 4 пәтері сатылады. Үш бөлмелі.

Бағасы келісім бойынша. Тел: 8 702 684 59 24.

Үй сатылады

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымы мен кәсіподақ ұйымы қосымша білім беру мұғалімі Фазылова Арайлымның атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері

Фазыл Баймағамбетовтыңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып,

көңіл айтады.

Жаңақала колледжі ұжымы және кәсіподақ ұйымы ардагер ұстаз

Қисмеден Жасұлан Қазешұлыныңқайтыс болуына орай отбасына, барлық тума-

туыстарына қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтады.

«Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы ұжымы мен кәсіподақ ұйымы Қисмеден Ағырысқа атасы

Қисмеден ЖасұланныңФазылов Нұрманғали мен Каменова Айнұрға аталары

Баймағамбетов Фазылдыңқайтыс болуларына орай қайғыларына ортақтасып,

көңіл айтады.

Көпжасар ауылының тұрғыны Мұқанжанов Арайға жолдасы, Айзада мен Азаматқа аналары және тума-туысқандарына бауырлары

Қарлығаштыңкенеттен болған ауыр науқастан қайтыс болуына орай қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтамыз.

Бажа-балдызы Сыралы-Гауһар.Көпжасар ауылы.

Жаңақала ауылынан сауықтыру орталығы жанынан (үйдің фундаменті құйылып, топырағы

төселген) 12 сотық жер телімі сатылады. Бағасы келісім бойынша.

Тел: 8 702 795 45 02, 8 705 515 61 67.

Алғыс айтамызЖақында менің отбасымнан алты адам газден уланып,

қалды. Ішінде 6 айлық бала да бар. Сол кезде ауылдық дәрігерлер Бисенова Клара, Сабиров Есораз, Орынбек, Иралиялар бізге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейіннен біздерді аудандық ауруханаға жеткізді. Онда да бізге көмек қолдарын созған Абатқызы Гүлденге, медбике Әсемгүлге және тағы басқаларға шексіз алғысымызды айтамыз.

Және біз осындай ауыр жағдайға душар болғанда басымызды сүйеп, хабарласып, тіпті демеушілік жасаған көрші-көлем, жақын-жуық, тума-туыстардың барлығына ризашылығымызды білдіреміз.

Аллаға шүкір, осындай адамдардың көмегімен қазір аяғымыздан тұрып, дін аманбыз.

Жасаған жақсы істеріңіздің сауабын Алла берсін.Отбастарыңызбен аман болып, қайғы-қасірет

көрмеңіздер.Шексіз алғыс айтушы: Бахитов Сыралы.

Көпжасар ауылы.

Page 8: 2 3 5 Жаңарған өңір«Туған жер – туған ел» және «Мәдени даму» базалық бағыттары аясында «Домбыра - дастан»

Жаңақала ауылының тұрғыны, сүйікті немерем Мұратқали Дәулетқалиды 21 ақпан күні 7 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз. Оқуда озат, достарының арасында сыйлы, өмірі ұзақ болып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың абыройлы азаматы болуға тілектестік білдіреміз.

Тілек білдірушілер: әжесі Меңдіғаным, ата-анасы Әділғали-Айнұр, ағалары Аққали, Мұхамбетқали, Бақытқали, апа-жезделері, бауырлары және жиендері.

8 Жаңарған өңір Хабар-ошар

Құттықтаймыз!

24 ақпан 2018 жыл

Жаңақала ауылының тұрғыны, құрметті әкеміз, ағамыз Губайдуллин Марат Ысқақұлын мерейлі 70 жасымен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, шаңырағыңызға ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз.

Өмірдің көріп ащысы мен тұщысын,Келіпсіз ақсақалдық жасыңызға.Алланың сыйы – адамның мына өмірі,Амандық берсінші тек басыңызға.

Шын жүректен құттықтаушылар: Губайдуллиндер әулеті.

Жаңақала ауылының тұрғыны, аяулы анамыз Исмурзина Нұржамал Елемесқызын 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз. Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.

Қызғалдақтай жайнай берсін өміріңіз, Судай толып көтерілсін көңіліңіз.Ешқашанда көңілді кір шалмай, Бақытты да ұзақ болсын өміріңіз.

Шын жүректен құттықтаушылар: жолдасы Бақтығали, қызы Самал, бала-келіндері, немерелері.

Мәстексай ауылының тұрғыны, шаңырағымыздың алтын қазығы, асыл анамыз Құспанова Танзиланы 23 ақпанда толатын мерейлі 70 жасымен құттықтаймыз.

70 деген құтты болсын жасыңыз,Ден сау болып, аман болсын басыңыз.Артқа тастап бейнетті жыл белесін,Сыйлы болып, жүзден де әрі асыңыз.

Асыл анамыз, 70 жасыңыз құтты болсын. Қара шаңырақтың құтты төрінде ақ жаулығыңызды кір шалмай, мейірімге толы жүзіңізді мұң шалмай, аман-есен ғұмыр кешіңіз.

Игі тілекпен: қыз-күйеулері мен жиендері, бала-келіндері мен немерелері.

Жаңақазан ауылының тұрғыны Бисұлтанов Тұяққали Нұрланұлын 23 ақпанда толған мерейлі 40 жасымен құттықтаймыз. Жан-жарың Гүлайым екеуің өсіріп отырған ұл-қыздарыңның қызықтарына бөленіп, қара шаңырақтың қадірін одан әрі асқақтатып, денің сау, жұмысың жемісті болып, бақытқа кенеле беруіңе шын жүректен тілекшіміз.

40 жасқа толдың міне, жан балам,Орындалсын армандарың аңсаған.Қырық жасты қуанышпен қарсы алшы,Жаратушы иемнің берген сыйын Алладан.

Қуанып бүгін неге толғанбасқа,Бауырымыз толды бүгін 40 жасқа.Аман болып арамызда жүріңізші,Бізге бақыт табылмас бұдан басқа.

Игі тілекпен: анасы Айсұлу, бауырлары Ізғали-Гүлназ, Мельс-Гаухар, Жангелді-Нұрсәуле және жолдасы Гүлайым мен балалары.

Жаңақала ауылының тұрғыны, әулетіміздің асқар таудай азаматы,ағайын-тумаға қамқор, қорған, сүйенеріміз Оразбаев Нұрбол Алпысбайұлын мерейлі 30 жасымен құттықтаймыз. Деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз.

Құтты болсын мерейтойың, белесің,Барлық жаннан мақтау алып келесің.Аман болшы, жасыңа жас қосылсын,Алла жазса, талай тойды көресің.

Тілек білдірушілер: ата-анасы Алпысбай-Маншүк, жары Әйгерім, балалары Әли, Әділ, апа-қарындастары Мөлдір, Нұрлы, Назерке, Зердегүл, жиендері Құралай, Адият.

Жаңақала ауылының тұрғыны, жұмыстасымыз Мұхтарова Жанарым Бақтығалиқызын 30 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз. Деніңе саулық, еңбегіңнің жемісін көр. Ата-анаңды, ұжымыңды қуантып жүре бер.Тілеріміз ұзақ өмір сүріңіз,Ашық болсын, жарқын болсын жүзіңіз.30 жасқа толғаның қандай жақсы,Ешқашан ауырмай, аман-есен жүріңіз.Игі тілекпен: жұмыстастары Жұмағаным апа,

Гүлнар, Марал, Нәсіпқаным, Венера, Гүлшат, Болғанай, Гүлжиһан, Балғаным, Айнұр, Әсем.

Жаңақала ауылының тұрғыны Бегалиев Азаматты 20 жасқа толуымен құттықтаймыз. Деніңе саулық, өмірің ұзақ, достарыңа сыйлы болып, оқуыңды аман-есен бітіріп, өз мамандығыңның иесі бол демекпіз. Және Болатов Юсуп Жеңісұлын 13 мүшел жасқа толуымен құттықтаймыз. Оқуда озат, достарыңның алдында сыйлы, ата-анаңның

көз қуанышы болып,аман-есен жүре беруіңе тілектеспіз.Тілек білдірушілер: анасы Айгүл, апалары Айнагүл,

Жаңылдық, апа-жездесі Серікқали-Ұлмекен, ағасы Мақсот, Райымбек, Мейрамбек, Фархат-Жазира, Әсемгүл, Бекзат, Дияс.

Жаңақала ауданының п с и х о л о г и я л ы қ -п е д а г о г и к а л ы қ түзеу кабинетінде Е л б а с ы м ы з д ы ң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғырту идеяларын кеңінен насихаттау және Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы олимпиададағы ж е р л е с т е р і м і з д і қолдау мақсатында ата-аналарымыздың қатысуымен «Көңілді қыс» атты қысқы ойындар сайысы ұ й ы м д а с т ы р ы л д ы . Алдымен кабинет м е ң г е р у ш і с і А.Рахимова сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Б.Ғабдешев және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Жарасов келіп қатысты. Сосын ойыншыларымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасы таныстырылды. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды. Ата-аналарымыз «Алғырлар» және «Ептілер» топтарына бөлініп, топ басшылары сайланды, топтарын таныстырды. Ең алдымен «Қояндар» ойыны ойналды. Онда ойыншыларымыз аппақ қардың үстінде қоянша секіре отырып, төмпешікке жетіп, тұрған сәбіздерді алып, ауыздарына тістеп, қайтадан қоянша секіріп, кейін қайтты. Сәбіздерді көп жинаған топ ұпайға ие болды. «Кім жылдам?» ойынында ойыншыларымыз балаларын шанаға отырғызып, қар үстімен сырғаната кедергілер арасымен өтіп, межеге дейін жеткізіп, құрғақ бассейндегі шарларды жинап алып, кейін қарай жарыса қайтты. Шарларды көп жинаған топ ұпайға ие болды. «Аққала суретін қар

бетіне салу» ойыны топ басшыларына ойнатылды. Ортаға топ басшылары шығып, қолдарына жіңішке таяқ алып, қардың бетіне аққаланың суретін салды. Екі топтың да топ басшыларының салған суреттері өте жақсы деп бағаланып, әр топқа бір-бір ұпайдан берілді. «Қар тасу» ойынында ойыншылар қарды күрекпен тасып, үлкен ыдысқа жарыса салып толтырды. Тасыған қар ыдыста көп болса, сол топ ұпайға ие болды. «Шаңғымен жүріп көр» ойынында екі топтың да ойыншылары шаңғы киіп, белгіленген жермен айналып жүрді. Шаңғымен тез жүріп өткен топ ұпайға ие болды. Денсаулық шарасы өте тартысты өтті. Бұл сайыста «Алғырлар» тобы жеңіске жетті. Ойынға қатысқан ата-аналар кабинетіміздің алғыс хаттарымен марапатталды.

Жанаргул ЧУКИНА, аудандық психологиялық-

педагогикалық түзеу кабинетінің маманы.

Олимпиадашыларға қолдау білдірді

16 ақпан күні «Тәуелсіздік» саябағында аудандық туризм орталығының ұйымдастыруымен көпшілік шаңғымен жүгіру спорттық шарасы өтті. Оңтүстік Кореяда өтіп жатырған қысқы олимпиадаға қатысып жатырған еліміздің спортшыларын қолдау мақсатында өткен спорттық шараға ауданымыздың ардагер спортшылары, туризм орталығының оқушылары және аудан жастары қатысты.

Н.ҒАББАС.

*** *** ***

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің 2018 жылғы І тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобаны іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 19-24 ақпан аралығында республика аумағында «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы өткізілген болатын. Аталмыш акция аясында Жаңақала ауданында іс-шаралар жоспары жасақта-лып, жоспарға сай шаралар өткізілді. Осыған орай 21 ақпан күні Жаңақала ЖОББМ-де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен

бірлескен «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» атты дөңгелек үстел оздырылды.

Басқосу барысында жер-гілікті полиция қызмет-кері Ф.Нұрғалиев мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне кәмелетке толмағандар арасында жыныстық зорлық-зомбылық және қорқытып алушылық туралы дәріс оқып, кәмелетке толмағандардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі, интернет желісіндегі суицидтік ойындардың алдын алу шаралары туралы әңгімелеп берді. Одан әрі Жаңақала ЖОББМ директорының

тәрбие ісі жөніндегі орын-басары А.Жолаев сөз алып, оқушыларға қоғамдық орын-дардағы және мінез-құлық қағидалары туралы жан-жақты түсінік берді.

Сондай-ақ, 22 ақпан күні жоспарға сай аудан орталығындағы ішкі істер бөлімінің ғимаратына экскур-сия ұйымдастырылатындығын тілге тиек етті.

Ф.НҰРҒАЛИЕВ, АІІб КТІЖ учаскелік

полиция инспекторының

міндетін уақытша атқарушы, полиция аға

лейтенанты.

«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы өтті