2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - zanmedia.kz · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін...

8
КЕЗ КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ӨТЕ ШИЕЛЕНІСТІ СӘТТЕРДЕ ҒАНА ЖА- РИЯЛАНАДЫ. ӘРБІР АЗАМАТ ЖАУАПКЕРШІЛІ- ГІНІҢ СЫНАЛАТЫНЫ ДА ОСЫ ШАҚ. БҮГІНГІДЕЙ ДҮРБЕЛЕҢГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕДЕ КӨЗСІЗ ЕРЛІК ЕМЕС, КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОРТАҚ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ, ӨЗІМЕН ҚАТАР ӨЗ- ГЕНІҢ ДЕ ӨМІРІ ҮШІН АЛАҢДАУ МАҢЫЗДЫ. ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІДЕЙ БІЗДІҢ ЕЛДЕ ДЕ КОРО- НАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ КӨ- БЕЮДЕ. ІНДЕТ ОШАҒЫ БОЛҒАН КӨРШІ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ АУРУДЫҢ БЕТІН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРҒАНЫ- НА БҮГІНДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМ НАЗАРЫН ТІГІП ОТЫР. БІРАЗ УАҚЫТТЫҚ ЖАНКЕШТІ ЕҢБЕК, МАҢДАЙ ТЕР, ТҮРЛІ ҚҰРБАНДЫҚТАР МЕН ЕСЕПСІЗ ШЫҒЫН. БІРАҚ, МҰНЫҢ БӘРІ АЛЫП МЕМЛЕ- КЕТТІҢ ТАЛАЙЛАРДЫҢ АЖАЛЫНА СЕБЕПКЕР БОЛҒАН ІНДЕТТІ АУЫЗДЫҚТАҒАНЫНЫҢ ҚАСЫНДА ЕШТЕҢЕ ЕМЕС. ЕНДЕШЕ, АТАЛМЫШ АУРУ ӨЗ ЖЕРІНДЕ ЕНДІ АСҚЫНА БАСТАҒАН ЕЛ- ДЕР ҮШІН ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨТЕ ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ. ОРАЙЫ КЕЛГЕН ӘҢГІМЕ (Соңы 5-бетте) О Й Т А Л Қ Ы АУДАНДЫҚ СОТҚА ТӨРАҒА БОЛУҒА ЫНТАЛЫЛАР НЕГЕ АЗ? А удандық сот төрағасы бо- луға талпына тындар саны сиреп ба - рады. Соның кесірінен шалғай аудандағы соттар - дың біразы жетекшісіз жұмыс істеуде. Абыройлы саналатын қызметке келуге неге көпшілік қызықпайды? Төрағалардың бос тұрған орындарына үміт- керлерді көбейту үшін не істе ген жөн? Осы сауал дарды мамандарға қой ған едік. (Соңы 4-бетте) Гүлажар БАҚЫТЖАНОВА, Маңғыстау облыстық сотының судьясы: – Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық сотының төрағасы А.Исмагуловтың «Заң газетінде» жарық көрген «Судьялар неге төраға болуға талпынбайды?» деген мақа- ласы судьяларды көптен бері толғандырып жүрген мәсе- ленің бірі. Әріптестерім секілді мені де осы сұрақ біраздан бері мазалайды. Шын мәнінде, аудандық сот болуға кедергі келтіретін тетіктерді әріптесіміз өте орынды атап өткен. Мен қазіргі таңда судьялық 15 жылдық жұмыс өтілі бар об- лыстық соттың судьясымын, аудандық соттың төраға- лығы сатысынан мен де өттім. Жас та болсам бас болып, соттың абыройы мен беделі – сот төрағасының жеке басының абыройы мен беделіне тікелей қатысты екенін сол кезде сезінгенмін. Ернар ҚАСЫМБЕКОВ, Алматы қаласы Алмалы аудан- дық соты төрағасының міндетін атқарушы: – Бұған дейін төрт жыл Алматы облысы Текелі қалалық сотының төрағасы болдым. Қазіргі уақыта Алмалы аудан- дық соты төрағасының міндетін атқарып отырмын. Сон- дықтан маған тақырып жақсы таныс. Жалпы төрағаның жұмысы өте қиын. Әсіресе, аудандық сот төрағаларының мойнына артылған міндет пен жауапкершілік жүгі ауыр. Өйткені, бұл соттар бірінші сот сатысы болғандықтан істің барлығы алдымен сонда түседі. Соған сай жүктеме де көп. Мысалы қазір сот төрағасы міндетін атқарып отырғандықтан жұмыс кестем таңғы сегізден түнгі он, он бірге дейін созылады. Кейде үзіліс жасауға мұрша болмайды. Соған қарамастан, төрағаның айлығы судьялар жалақы- сынан жеті пайыздай ғана артық. Сөзім дәлелді болуы үшін сіздерге бір күндік жұмыс кестемді айтып берейін. (Соңы 3-бетте) ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ (Соңы 3-бетте) – Қалжан Әріпжанұлы, биыл Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жұмыс істеп келе жатқанына 30 жыл. Осы кезеңде жеткен жетістігіміз қайсы, кемшілі- гіміз неде? – Бисимилляхи рахмани рахим, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жүз жылға жуық тарихы бар. Алайда, еліміз ұзақ жылдар бойы Кеңес одағы- ның құрамында болғандықтан, халқымыздың діни сенім бостан- дығы мен рухани өміріне қатыс ты мәселелер тікелей Мәскеудің бақылауында болды. Төтенше жағдайдың әлемдік статис тиканы күн сайын, сағат сайын өсіріп отырғаны жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін сездіреді. Ендеше, елдегі қабыл данып жатқан әрбір шешім мемлекеттің бұл істе қаншалықты пәрменді жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетеді. Наурыздың 22сінен басталған НұрСұлтан мен Ал матыдағы карантин, өзге облыстар мен қалалардағы залалсыздандыру жұмыста ры көп қауіптің бетін қайтаратыны анық. Дегенмен, менталитеттік нанымсенім, қатып қалған қағидалар елдегі төтенше жағдай тәртібіне біршама кедергі кел тіретіні тағы бар. Қауіпті дерттің бетін Қы тай мен Оңтүстік Корея темірдей тәртіптің арқасында ауыздықтады. Оңтүстік Корея тәжірибесінің озықтығы, медицинасы мен жедел іс қимылдары әлем үлгі алатын тәсіл екендігі бүгінде аз айтылып жатқан жоқ. Ал, еркін, қамсыз қалыпты ұстанған Италияның статистикасы күн сайын шарықтап барады және қаза тапқандар саны да қамсыз елдің қапы қалатынын көрсетіп жатыр. Жүректі ауыртар статис тика «Еуропаның жүрегі» саналатын сымбатты халықтың трагедиясына ай налды. Иран, АҚШ, Испания, Ұлыбрита ниядағы қайтыс болған адамдар саны да бұл мәселеде кез келген мемлекет ке, кез келген адамға қамсыз болмау керектігін көрсетті. Ендеше, Қазақстан билігінің әрбір шешімі әрбір азаматының өмірі үшін күрес жолындағы абыройлы әрекеттер. Әлемнің 428 мыңға жуық ада мына жұғып, 18 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған ауру қай қайсысымызға да қамсыз болмауымыз керек екенін көрсетті. «Ханда қырық адам- ның ақылы болса, биде қырық адамның ары бар», «Елге бай құт емес, би құт», – деген атам қазақ билік айтатын адамдарға ықылым заманнан зор талаппен қарап, арды жоғары қойған билерге ерекше құрмет білдірген. «Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол»,– деп олардың шешендігін, тапқырлығын, әділдігін, ел ұйытқысы екендігін ұрпағына үлгі тұтып отырған. Егемендік алғалы сот билігіне де мемле- кет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. Соның арқасында сот корпу- сы жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы жағынан өзгелерден оқ бойы озық тұр деп нық сеніммен айта аламыз. Заң саласын- да қызмет еткен 31 жылда, судьялықтың 23 жылы, оның ішінде бес ауданда төрағалық еткен 19 жыл ішінде түйгенім: сот билігі тек тұлғалар арасында дау туындап болған соң оны әділ таразылаумен, яғни, салдарымен ғана айналысып, оның себебі- не үңіліп, сотқа дейін дауларды шешуден тыс қалуда. №22 (3246) 27 наурыз 2020 ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ НАЗАРЫНА! ZANMEDIA.KZ [email protected] Қоғамдық-саяси, құқықтық газет ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС АЛДЫНДА ТҰР 2 бет АТҚАРУ ЖАЗБАСЫ НОТАРИУС ҚҰЗЫРЫНДА 6 бет САҒЫМҒА АЙНАЛҒАН ЖЕТПІС ЕКІ ЖОБА 8 бет Қалжан ИСЛАМХАНОВ, Алматы облысы Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бас имамы: «СИРИЯҒА КЕТКЕН АЗАМАТТАРДЫ АЙЫПТАУҒА АСЫҚПАЙЫҚ» ТӨРАҒА БОЛУ – ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС БІРЛІК ПЕН ТӨЗІМ СЫНАЛАР СӘТ

Upload: others

Post on 12-Aug-2020

14 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

КЕЗ КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ӨТЕ ШИЕЛЕНІСТІ СӘТТЕРДЕ ҒАНА ЖА-РИЯЛАНАДЫ. ӘРБІР АЗАМАТ ЖАУАПКЕРШІЛІ-ГІНІҢ СЫНАЛАТЫНЫ ДА ОСЫ ШАҚ. БҮГІНГІДЕЙ ДҮРБЕЛЕҢГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕДЕ КӨЗСІЗ ЕРЛІК ЕМЕС, КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОРТАҚ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ, ӨЗІМЕН ҚАТАР ӨЗ-ГЕНІҢ ДЕ ӨМІРІ ҮШІН АЛАҢДАУ МАҢЫЗДЫ.

ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІДЕЙ БІЗДІҢ ЕЛДЕ ДЕ КОРО-НАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ КӨ-БЕЮДЕ. ІНДЕТ ОШАҒЫ БОЛҒАН КӨРШІ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ АУРУДЫҢ БЕТІН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРҒАНЫ-НА БҮГІНДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМ НАЗАРЫН ТІГІП ОТЫР. БІРАЗ УАҚЫТТЫҚ ЖАНКЕШТІ ЕҢБЕК, МАҢДАЙ ТЕР, ТҮРЛІ ҚҰРБАНДЫҚТАР МЕН ЕСЕПСІЗ ШЫҒЫН. БІРАҚ, МҰНЫҢ БӘРІ АЛЫП МЕМЛЕ-КЕТТІҢ ТАЛАЙЛАРДЫҢ АЖАЛЫНА СЕБЕПКЕР БОЛҒАН ІНДЕТТІ АУЫЗДЫҚТАҒАНЫНЫҢ ҚАСЫНДА ЕШТЕҢЕ ЕМЕС. ЕНДЕШЕ, АТАЛМЫШ АУРУ ӨЗ ЖЕРІНДЕ ЕНДІ АСҚЫНА БАСТАҒАН ЕЛ-ДЕР ҮШІН ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨТЕ ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ.

ОРАЙЫ КЕЛГЕН ӘҢГІМЕ

(Соңы 5-бетте)

ОЙТАЛҚЫ

АУДАНДЫҚ СОТҚА ТӨРАҒА БОЛУҒА ЫНТАЛЫЛАР НЕГЕ АЗ?

Аудандық сот төрағасы бо-луға талпына­

тындар саны сиреп ба-р а д ы . С о н ы ң к е с і р і н е н

шалғай аудандағы соттар-дың біразы жетекшісіз жұмыс

істеуде. Абыройлы саналатын қызметке келуге неге көпшілік

қызықпайды? Төрағалардың бос тұрған орындарына үміт-

керлерді көбейту үшін не істе ген жөн? Осы сауал­

д а р д ы м а м а н д а р ғ а қой ған едік.

(Соңы 4-бетте)

Гүлажар БАҚЫТЖАНОВА, Маңғыстау облыстық сотының судьясы:

– Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық сотының төрағасы А.Исмагуловтың «Заң газетінде» жарық көрген «Судьялар неге төраға болуға талпынбайды?» деген мақа-ласы судьяларды көптен бері толғандырып жүрген мәсе-ленің бірі. Әріптестерім секілді мені де осы сұрақ біраздан бері мазалайды.

Шын мәнінде, аудандық сот болуға кедергі келтіретін тетіктерді әріптесіміз өте орынды атап өткен. Мен қазіргі таңда судьялық 15 жылдық жұмыс өтілі бар об-лыстық соттың судьясымын, аудандық соттың төраға-лығы сатысынан мен де өттім. Жас та болсам бас болып, соттың абыройы мен беделі – сот төрағасының жеке басының абыройы мен беделіне тікелей қатысты екенін сол кезде сезінгенмін.

Ернар ҚАСЫМБЕКОВ, Алматы қаласы Алмалы аудан-дық соты төрағасының міндетін атқарушы:

– Бұған дейін төрт жыл Алматы облысы Текелі қалалық сотының төрағасы болдым. Қазіргі уақыта Алмалы аудан-дық соты төрағасының міндетін атқарып отырмын. Сон-дықтан маған тақырып жақсы таныс. Жалпы төрағаның жұмысы өте қиын. Әсіресе, аудандық сот төрағаларының мойнына артылған міндет пен жауапкершілік жүгі ауыр. Өйткені, бұл соттар бірінші сот сатысы болғандықтан істің барлығы алдымен сонда түседі. Соған сай жүктеме де көп. Мысалы қазір сот төрағасы міндетін атқарып отырғандықтан жұмыс кестем таңғы сегізден түнгі он, он бірге дейін созылады. Кейде үзіліс жасауға мұрша болмайды. Соған қарамастан, төрағаның айлығы судьялар жалақы-сынан жеті пайыздай ғана артық. Сөзім дәлелді болуы үшін сіздерге бір күндік жұмыс кестемді айтып берейін. (С

оңы

3-б

етт

е)

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

(Соңы 3-бетте)

– Қалжан Әріпжанұлы, биыл Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жұмыс істеп келе жатқанына 30 жыл. Осы кезеңде жеткен жетістігіміз қайсы, кемшілі-гіміз неде?– Бисимилляхи рахмани рахим, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жүз жылға жуық тарихы бар. Алайда, еліміз ұзақ жылдар бойы Кеңес одағы-ның құрамында болғандықтан, халқы мыздың діни сенім бостан-дығы мен рухани өміріне қатыс­ты мәселелер тікелей Мәскеудің бақылауында болды.

Төтенше жағдайдың әлемдік статис­тиканы күн сайын, сағат сайын өсіріп отыр ғаны жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін сездіреді. Ендеше, елдегі қабыл­данып жатқан әрбір шешім мемлекеттің бұл істе қаншалықты пәрменді жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетеді. Наурыз дың 22­сінен басталған Нұр­Сұлтан мен Ал­матыдағы карантин, өзге облыстар мен қалалардағы залалсыздандыру жұмыста­ры көп қауіптің бетін қайтаратыны анық. Дегенмен, менталитеттік наным­сенім, қатып қалған қағидалар елдегі төтенше жағдай тәртібіне біршама кедергі кел­тіретіні тағы бар. Қауіпті дерттің бетін Қы­тай мен Оңтүстік Корея темірдей тәртіптің арқасында ауыздықтады. Оңтүстік Корея тәжірибесінің озықтығы, медицинасы мен жедел іс қимылдары әлем үлгі алатын тәсіл екендігі бүгінде аз айтылып жатқан

жоқ. Ал, еркін, қамсыз қалыпты ұстанған Италияның статистикасы күн сайын шарықтап барады және қаза тапқандар саны да қамсыз елдің қапы қалатынын көрсетіп жатыр. Жүректі ауыртар статис­тика «Еуропаның жүрегі» саналатын сымбатты халықтың трагедиясына ай­налды. Иран, АҚШ, Испания, Ұлыбрита­ниядағы қайтыс болған адамдар саны да бұл мәселеде кез келген мемлекет­ке, кез келген адамға қамсыз болмау керектігін көрсетті. Ендеше, Қазақстан билігінің әрбір шешімі әрбір азаматының өмірі үшін күрес жолындағы абыройлы әрекеттер. Әлемнің 428 мыңға жуық ада­мына жұғып, 18 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған ауру қай қайсысымызға да қамсыз болмауымыз керек екенін көрсетті.

«Ханда қырық адам-ның ақылы болса, биде қырық адамның ары бар», «Елге бай құт емес, би құт», – деген атам қазақ билік айтатын адамдарға ықылым заманнан зор талаппен қарап, арды жоғары қойған билерге ерекше құрмет білдірген. «Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол»,– деп олардың шешендігін, тапқырлығын, әділдігін, ел ұйытқысы екендігін ұрпағына үлгі тұтып отырған.

Егемендік алғалы сот билігіне де мемле-кет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. Соның арқасында сот корпу-сы жұмыс тың тиімді ұйымдас тырылуы жағынан өзгелерден оқ бойы озық тұр деп нық сеніммен айта аламыз. Заң саласын-да қызмет еткен 31 жылда, судьялықтың 23 жылы, оның ішінде бес ауданда төрағалық еткен 19 жыл ішінде түйгенім: сот билігі тек тұлғалар арасында дау туындап болған соң оны әділ таразылаумен, яғни, салдарымен ғана айналысып, оның себебі-не үңіліп, сотқа дейін дауларды шешуден тыс қалуда.

№22 (3246) 27 наурыз 2020

ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ НАЗАРЫНА!

ZANMEDIA.KZ

[email protected]

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ҮЛКЕНӨЗГЕРІС АЛДЫНДА ТҰР

2бет

АТҚАРУ ЖАЗБАСЫ НОТАРИУС ҚҰЗЫРЫНДА

6бет

САҒЫМҒА АЙНАЛҒАН ЖЕТПІС ЕКІ ЖОБА

8бет

Қалжан ИСЛАМХАНОВ, Алматы облысы Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бас имамы:

«СИРИЯҒА КЕТКЕН АЗАМАТТАРДЫ

АЙЫПТАУҒА АСЫҚПАЙЫҚ»

ТӨРАҒА БОЛУ – ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС

БІРЛІК ПЕН ТӨЗІМ СЫНАЛАР СӘТ

Page 2: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

2№22 (3246) 27 наурыз 2020

[email protected] ҚОҒАМ

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

ТҮЙТКІЛ

БАҚУАТТЫ ОТБАСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ҚЫЛМЫСҚА БЕЙІМ

Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандардың заң бұзуы тыйылмай отыр. Қылмыс жасайтындардың тең жартысы жағдайы жақсы отбасыдан шыққан. Бұл жөнінде жергілікті полиция қызметкерлерінің ата-аналармен, ұстаздармен өткізген кездесуі кезінде айтылды.

– Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 29 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 16-сы жалпы білім беретін мектептің оқушысы болса, 12-сі – колледж сту-денті, ал, біреуі ЖОО-да оқиды. Тонау дерегі «Рауан», Қ.Жұ-банов атындағы АӨМУ жанындағы «Тарлан» колледждерінде, Шұбарқұдық елдімекеніндегі №3 орта мектепте тіркелді. Ал, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде жасөспірім

адам өлтіруге оқталған. Алаяқтық дерегі Ақтөбе өнеркәсіптік технология және басқару колледжінде, С.Бәйішев атындағы кол-леджде, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде, техникалық колледжде, Ақтөбедегі №70 орта мектепте тір-келді. Жасөспірімдер ұрлық жасаудан да тартынбайды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Ардана Саймағамбетов.

Оның айтуынша, қылмыс жасайтындардың 52 пайызы жағ-дайы жақсы отбасыдан шыққандар. Көбі бұрын қылмыс жаса-маған. Бүгінгі күні жасөспірімдердің тәртібін бақылау да қиынға соғып отыр. Өйткені, облыстағы білім мекемелерінде небәрі 144 инспектор ғана жұмыс істейді. Орта есеппен алғанда, әр маман 3 мектепті бақылайды. Әлі 125 инспектор жетіспейді. Сол себепті полицейлер ата-аналардың бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуін сұрайды.

– Жасөспірімдер агрессияға бейім келеді. Оған тәрбиенің жетіспеуі мен телевизия, интернеттің әсер етуі мүмкін. Бала-

сының қайда жүргенін білмейтін, оны қадағаламайтын ата-ана-лар да бар. Өйткені, жасөспірімдер арасында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалып жатыр. Бұл полицейлердің, педагогтардың ғана емес, ата-аналардың да жауапкершілігін талап етеді, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орын-басары Қанат Әлиев.

Полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күн сайын рейд жүргізеді. Жыл басынан бері түнгі уақытта ата-анасыз көше кезген 600-ден астам бала жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандарға ішімдік сатқан 22 кәсіпкер заң алдында жауап берген. Жиын кезінде тәртіп сақшылары оқу орындарына бейнекамералар мен металл іздегіш құрылғылар орнатуға кеңес берді.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТОВА,

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ – ҚА-ЗАҚСТАН БИЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕ БА-

СЫМДЫҚ БЕРІП, АРНАЙЫ НАЗАРҒА АЛҒАН САЛАСЫ ДЕУГЕ БОЛАДЫ. МЕМЛЕКЕТТЕ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ОРЫН АЛЫП ЖҮРГЕН ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ, ОТБА-СЫНДАҒЫ КИКІЛЖІҢ, ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ-НЫҢ БҰЗЫЛУЫ, ҰРЫП-СОҒУ, СЕКСУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ СЕКІЛДІ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІҢ ТЫЙЫЛМАУЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНА ЖАҢА РЕФОРМА ҚАЖЕТТІГІН АЙҚЫН-ДАҒАН.

«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдік-тері туралы», «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар әлсіздерге әлімжеттік жасауды жою мақсатында қабыл-данды. Бүгінде бұл заңдар ел игілігіне, отбасы татулығы мен бірлігіне қызмет етуде.

Гендерлік теңдікке қатысты істердің басы-қа-сында жүрген Гүлшара Әбдіқалықова үнемі: «Ана мен баланың құқығы, оларды қорғау, олар-дың қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейту мәселе-лері – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы, жұмыс істейтін бағыты. Қазақстанның отба-сылық-гендерлік саясат саласындағы жетістік-тері – мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастықтың өзара тиімді іс-әрекетінің нәтижесі», – дейді.

Соған қарамастан, әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық, тұрмыстағы күш көрсету, ұрып-соғу дерегі де Ішкі істер министрлігінің

есебінен түспей келеді. Мәселен, 2018 жылы Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелеріне 40 мыңнан астам әйел көмекке жүгінген, олардың 3,5 мыңнан астамы психологиялық көмек алу үшін дағдарыс орталықтарына жіберіліпті, одан бөлек отбасында құқықбұзушылық жасағаны үшін 35 мыңнан астам адам әкімшілік жауап-кершілікке тартылып, 8 мың адамға қатысты әкімшілік қамауға алу түріндегі жазалау шарасы қолданылыпты.

Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі кезең-дер, одан берідегі 2000, 2010, 2020 жылдар белесі Қазақстандағы мұндай ахуалды едәуір алға ілгерілетті. Бүгінде мемлекеттегі әйел-дердің үлес салмағы 55 пайызды құрайды. Олар ерлермен қатар барлық салаларда табысты әрі өнімді еңбек етуде. Ұлттық экономикамыздың өркендеуіне, елдің әлеуметтік жағдайының түзеліп, жақсарып кетуіне теңдессіз пайдасын тигізіп отыр. Бірақ, соңғы кездері әйелдер мен ерлер арасындағы жалақы теңсіздігі ара-тұра айтылып жүр. «Қазақстан әйелдері күштері» альянсы өкілдерінің айтуынша, саясаттағы әйел-дер үлесі жағынан біздің ел 94-орынды иеленіпті. Сондықтан әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы артуы керек. Қоғамдағы әйелдерге деген әртүрлі көзқарас елдегі нәзік жандылар құқығын қорғайтын орталықтардың жұмысын жандандырды, әртүрлі феминистік ұйымдардың белсенді акцияларын арттырды. Сөзімізге елдегі BIGNAME репутациялық менедж мент агентті-гінің жетекшісі Азиза Шөжееваның inbusiness.kz сайтына білдірген пікірі дәлел. Ол: «Әйел-

АНЫҒЫ МЕН ҚАНЫҒЫ

Үкімет әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мемлекет қазынасы тек алғашқы тоқсанның өзінде 350 млрд теңге-ден қағылуы мүмкін екенін жарияла-ды. Сондай-ақ, экономиканың басты қозғаушысы болып келген Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына каран-тин режимі енгізілгеннен кейін бюд-жетке түсетін салықтық түсім де күрт

төмендейтіні қазір баршаға белгілі нәрсе. Бұл, әсіресе, қос қаланың ең-бек нарығындағы ахуалды да шие-леністіруде. Мәселен, тек республи-када қаржылық, банктік және өзге де қызмет көрсету салаларының негізгі орталығы ғана емес, шағын және орта бизнестің көшбасшысы болып отырған Алматыда және оған іргелес жатқан аудандардан күнделікті қатынап жұ-

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС АЛДЫНДА ТҰР

Теңқұқылық, толеранттық иде-ясы қазіргі таңда әйелдерге бі-раз мүмкіндік ашты. Оған шағын және орта бизнесті, тіпті елдегі үлкен бизнесті дөңгелетіп жүрген қыз-келіншектер дәлел. Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараттарына назар салғанда, бүгінгі таңда мемле-кеттік қызметте жүрген әйелдер үлесі 44,7%-ға жеткенін көруге болады. Парламенттегі әйелдер 27,4%, Мәслихаттардағы әйелдер 30%-дан асыпты. Ал, 2030 жылға арналған мемлекеттік арнайы бағдарламалар депутаттық кор-пустағы әйелдердің үлесін 30%-ға

жеткізуге күш салмақ. Бүгінгі таңда елдегі саяси және мемлекеттік қызметтегі әйелдер 10,1%-ды құрапты.

Енді мына бір дерекке назар салыңыз, мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде «А» кор-пусындағы қыз-келіншектер 14,8%-ға, «Б» корпусында – 55,9%-ға жеткен. Ендеше, бұл көрсеткіш мемлекет қамқорлық көрсетіп тұрған алдағы уақыттарда өзгереді. Демек, әйелдер сауаттанған, білім-білігі өскен қоғамда алдағы уақытта зорлық-зомбылық, қиянат та азаяды деген сөз.

Салыстырмалы статистикамен қарайтын болсақ, бүгінде педагогика, медицина саласында жүрген әйелдердің үлес салмағы 80 пайыздық мөлшерге жуықтайды. Бюджет саласының да 60%-ы әйелдерге тиесілі. Жергілікті жерлерде де бұл белсенділік алдағы уақытта көбеймесе азаймайды. Гендерлік теңдіктің қоғамды ілгеріле-туші үлкен күш екенін ескерсек, мемлекет үшін маңызды тұтқаны ұстайтын қыз-келіншектер бұдан бұлай өзін қорлатуға да, зорлатуға да жол бермейді деуге болады. Құқығын қорғайтын мем-лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді еңбек етуден өзге міндет те қалмайды.

Жадыра ЖОМАРТҚЫЗЫ

2019 ЖЫЛЫ ҚЫТАЙДА БАСТАЛЫП, 3 АЙДЫҢ ІШІНДЕ БҮКІЛ ДҮНИЕНІ ДҮРЛІКТІРГЕН COVІD-19 КОРОНА-

ВИРУСЫ 2008 ЖЫЛҒЫ ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫНАН КЕЙІН ҚАЙТА ТҰРАҚТАЛА БАСТАҒАН ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫН ТАҒЫ ДА ТЕЖЕЙ БАСТАДЫ. БҰЛ ӨНДІРІСІ ШИКІЗАТ БАҒАСЫ-НА ТӘУЕЛДІ ЖӘНЕ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ХАЛЫҚТЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНАТЫН НЕГІЗГІ ТАУАРЛАРЫН ӨНДІРУДЕ АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТАРЛЫҚТАЙ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ЖҮРГЕН ҚА-ЗАҚСТАН ҮШІН ДЕ ҮЛКЕН СЫНАҚ БОЛҒАЛЫ ТҰР.

мыс жасайтын 2 млн-ға жуық азамат-тың жартысынан көбі бүгінде уақытша еңбек демалысында жүр. Қалғанының жұмыс режимі өзгерді немесе жарым- жартылай жұмыс жасауда. Үкімет жұ мыс берушілерге демалыс кезінде қызметкерлердің еңбекақысы сақтал-сын деп ұсыныс жасағанымен, оның қалай орындалатыны әзірге белгісіз. Қолданыстағы еңбек заңнамасының бірқатар шарттары бойынша олардың кейбірі қазірдің өзінде табыс көзінен айырылуда. Егер карантин режимі ұзартылатын болса, бұл жағдай ары қарай да жалғаса беретіні күмәнсіз. Сондықтан да, ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев 23 наурыздағы Төтен-ше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзін-де түйткілді мәселелер бойынша өз ше шімін жариялады. Атап айтқанда, төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айырылған қазақстандықтарға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (42 500 теңге) төлем төлеу-ді үкіметке тапсырды. Бұл көмекке кемінде 1,5 миллион адам ілікпек. Мемлекет басшысы бұдан бөлек жұ-мыссыз жастарға «Жұмыспен қамту-дың жол картасы» бағдарламасы ая-сында тиісті жалақы төлей отырып, су тасқынына қарсы іс-қимылдарға, көк-темгі егінге, құрылысқа және басқа да жұмыстарға тартуға шақырды. Дағда-рыс жағдайында жұмыс істеп тұрған әрбір кәсіпорын, әрбір жұмыс орны аса маңызды екенін де назардан тыс қалдырған жоқ. Қысқа мерзім ішінде отандық тауар өндірушілердің реестрі жасалып, мемлекеттік сатып алулар-дың арнайы режимі де енгізілмек.

Әрине, бұл шаралар шаруасы шатқаяқтаған әлеумет үшін көңілге медеу боларлық жаңалық. Дегенмен, карантин режимі аяқталған күннің өзінде нарықтағы ахуал бірден түзеліп

кете қоюы екіталай. Біріншіден, табы-сы азайған халықтың тұтынушылық сұранысы төмендейді. Екінші, шағын және орта бизнеске арқа сүйеп отыр-ған Алматыдағы сауда мен қызмет көрсету салалары дағдарысқа дейінгі деңгейге көтерілуі үшін біршама уақыт қажет. Үшіншіден, Халықаралық еңбек ұйымының еңбек кірісінің бөлінуіне қа-тысты ғаламдық бағалауы бойынша, дүние жүзіндегі бүкіл жалақының 48,9 пайызы қызметкерлердің тек 10 пайы-зының ғана үлесіне тиеді екен. Ал, 50 пайызы ең аз жалақыны қанағат тұту-да және олардың әлемдік жалақыдағы үлесі небәрі 6,4 пайызды ғана құрауда. Ең төменгі жалақы алатын қызметкер-лердің ең жоғары жалақы алатын 10 пайыздық топты қуып жетуі үшін қазіргі жағдайда 300 жылдан астам уақыт қажет. Яғни, еңбекақы бөлісіне қан-дай да бір өзгеріс енгізу үшін әрбір ел азаматтары ұлттық табыстың көлемін өсіруге осы бастан қам жасамаса, қоғамдағы орта таптың үлесін артты-ру Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін алдағы онжылдықта да арман болып қалуы әбден мүмкін. Өйткені, Қазақстандағы орташа жалақының көлемі 2019 жылдың IV тоқсанында 203,9 мың теңгені құрағанмен, оған екінің бірінің қолы жетіп отырған жоқ. Атап айтқанда, статистика бойынша, ең жоғары айлық тау-кен өнеркәсібі (428,3 мың теңге), қаржы және сақтан-дыру саласы (402,5 мың теңге), кәсі-би, ғылыми және техникалық қызмет (373,4 мың теңге) пен өнеркәсіп (280,4 мың теңге) саласына тиесілі. Ал, ең төменгі орташа айлық жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы (127,3 мың теңге), білім (140,2 мың теңге), денсаулық және әлеуметтік қызмет (149,4 мың теңге), өнер, көңіл көтеру және демалыс (163,1 мың тең-ге) салаларында болып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбето-втың сөзіне қарағанда, Қазақстанда жалпы ішкі өнімде еңбекақы төлеу 30,5 пайызды құрайды, ал, бұл көр-сеткіш Ресейде 46,4%, Норвегияда 48,7%, Канадада 50,1% екен. Сон-дықтан, экономика және еңбек ми-нистрліктері деңгейінде ең төменгі жалақы деңгейін кезең-кезеңмен арт-тыруды есептеуге кіріскен еді. Теңге бағамының өзгерісінен кейін бұл ша-раға деген сенім аса жоғары емес. Өйткені, айлық орташа жалақының АҚШ долларына шаққандағы көлемі әлі күнге дейін 2013 жылғы (717$) дең-гейге жете алмауда. Мысалы, ол 2018 жылы 472 долларды, 2019 жылы 488 долларды құраса, биыл бұл одан ары төмендемесе өсетін түрі байқалмай-ды. Сондықтан, 2020 жылы Қазақстан Үкіметінің алдына үлкен міндет жүкте-леді. Оны мемлекет басшысы Төтен-ше жағдай жөніндегі мемлекеттік ко-миссия отырысында сөйлеген сөзінде тағы еске салып: «Әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл, әлбетте – қауіп, екіншіден, бұл – мүмкіншілік. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі құбылыс. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман- есен шығып, одан да мықты болу. Біз әрқайсысымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз деп сенемін, – дегенді айтты. Сондай-ақ, барлық қазақстандықты осы күрделі жағдайдан сабақ алуға және ахуал тұрақталғаннан кейінгі жағдайда қажет болатын жаңа жүйелі әдістерді іздеуге шақырды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

дердің құқығын әртүрлі кемсітушілік пен қорла-удан қорғамасақ, олар тұрмыстық зорлық-зом-былықтан көз ашпай жүре береді. Бұл дегеніңіз адам құқығын, әйел құқығын таптау болып есеп-теледі. Ал, құқықтық мемлекет мұндайға қарап отырмайды. Әйелдерге күш қолданатындарға қарсы шара мен заң талабын қатаңдату қажет»,– дейді.

Психолог Салтанат Тұрсынхан да «Әйелдер құқығы дәл бүгін барлық заңдылықтарға сай қорғалу керек» деп есептейді. «Әйел ер адамнан бір саты төмен тұруы, еркекке жол беруі керек. Әйел – үйдің ұйытқысы, оның орны отбасы, ошақтың қасы» деген түсініктен арылмай, біз ешқашан әйелдер мәртебесін көтере алмаймыз. Осындай тәрбиемен өскен қыз бала ертең зор-лық-зомбылыққа да, қорлық, кемсітушілікке де оп-оңай ұшырайды. Бұл, қыз баланы шолжаңдат, бетпақ қып өсір деген сөз емес. Біздің осын-дай ойымызды кейде ата-ана дұрыс түсінбей, сөзімізді бұрмалап жатады» дейді. Әйелдердің құқығын қорғайтын ұйым өкілдері ене институты, әжелер институты деген түсінікті де бүгінгі заман талабына сай қайта бейімдеу керек деп есеп-тейді. Олар «бұл тәрбие институттары өнегелік тұрғыдан керек шығар, бірақ ол қыз баланың құқығын ер-азаматтан бәрібір бір саты төменде-теді» деген пікірде.

Page 3: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

3№22 (3246)

27 наурыз [email protected]ҚҰҚЫҚ

ОЙТАЛҚЫ

АУДАНДЫҚ СОТҚА ТӨРАҒА БОЛУҒА ЫНТАЛЫЛАР НЕГЕ АЗ?

Гүлажар БАҚЫТЖАНОВА, Маңғыстау облыстық сотының судьясы:

– Ал, қазір ше? Маңғыстау облыстық сотына тоқтала өтсек, бүгінде 3 аудандық сот төрағасының орны бос тұр. Бұл аудандар шалғай жерде орналас-паған, соған қарамастан осы жерде судья қызметіндегі жастар бос орынға қызықпайды... Неге? Себебі мақа-лада айтылғандай төраға болуға ынталандыратын тетік жоқ. Сондықтан, төрағалық қызметті абырой-мен атқарған судьяларды ынталандыру жағы қарас­тырылу қажет.

Ернар ҚАСЫМБЕКОВ,Алматы қаласы Алмалы аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы:

– Таңғы сегізден тоғыз жарымға дейін тапжылмай отырып сот поштасына түскен кіріс хаттарды судьяларға бөліп, олармен танысып сот кеңсесіне тапсырма беремін. Бұл күн сайын қайталанатын үрдіс. Одан кейін Жоғарғы Соттан, қалалық соттан бақылау тапсырмалары түседі. Онымен танысып, орындалуын қадағалап, тапсырма беріп, статистикасын бақылап, қандай санатта қандай істер қаралып жатыр, ол бойынша республикалық прак-тика қандай, қорытуларды қарап, талдайсың тағы да басқа жауапты жұмыстардың ортасында жүресің. Мұның сыртында күн сайын бір сағат уақыт бөліп сотқа келуші азаматтарды қабылдап үлгеруің керек. Келген істерді судьяларға компьютер бөледі. Одан кейін сот төрағасы қай іс қай судьяға түсті, әр іспен жеке­жеке танысып, мамандану сақталды ма, сақталмады ма, бәрінен хабардар болып, мұнымен қоймай, арасында күрделі істер болса жоғары тұрған соттарға ақпарат беру керек. Осылайша, бір күннің тең жартысында төрағаның тікелей міндетін

Сауалнаманы дайындаған Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ, «Заң газеті»

ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ НАЗАРЫНА!

іске асырсақ, қалған уақытта іс қараймыз. Сот төрағасы болғандықтан қарайтын ісің де күрделі. Түстен кейінгі сағат 15:00 ден 18:30 дейінгі аралықта сот процесін жүргізсек, іс жүзінде үкім жазуға уақыт жетпей қалады. Сегіз сағаттық жұмыс уақыты бітті деп үйіңе қайтып кетпесің тағы анық. Түнгі он­он бірге дейін үкіммен жұмыс жасауға тура келеді. Сосын, сот төрағасына сұраныс көп. Әрбір судья үшін, әр кеңсе маманы үшін жауап бересің. Тіпті олардың әлеуметтік проблемаларынан да хабарың болуы керек. Себебі сот төрағасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да жауапты. Камерадан кімдер кіріп шығып жатқанына дейін қадағалап, барлық жағынан қырағы болуың қажет. Судьялар да мұны біледі. Содан келіп көбісі мұндай жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді. Жалақының аздығы, жауапкершіліктің көптігінен судьялар төраға болуға қызықпайды.

Кейде аудандық сот төрағаларының да өз қызметіне немқұрайлы қарап, тек заңмен белгіленген уақытты тез атқарып, қалаға қарай ұмтылып, жанұяларын ауылға апармайтыны ащы болса да шындық... Алайда, сол тізбектелген қиын-дықтарға қарамай, «ауылым – тал бесігім» деп өңірдің мәдениеті мен өмір сүру салтын ұғынып, сол ауылдың ақсақалдарының әңгімелеріне сусындап, мол тәжірибе жинауды мақсат ететін жастардың барына мен сенемін! Тек олардың биікке жетуіне қажетті жағдайды жасай алсақ болғаны.

(Соңы. Басы 1-бетте)

СОТ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ БОЛҒАНДЫҚТАН, ЗАҢНЫҢ КЕЙБІРЕ-УІНЕ СУДЬЯЛАР БІРНЕШЕ РЕТ ШОЛУ ЖАСАП, ҚОЛДАНАДЫ. ТІПТІ ПРОЦЕССУ-АЛДЫҚ КОДЕКСТЕРДІ КҮНІ БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ ПАЙДАЛАНАТЫН КЕЗДЕР БОЛА-ДЫ. ӘРИНЕ, БҰНДАЙ ҚОЛДАНЫСТАН КЕЙІН МҰҚАБАСЫ МҮЖІЛІП, ПАРАҒЫ ЖЫРЫМ-ЖЫРЫМ БОЛҒАН КІТАПТАР ТОЗЫП, СОНДЫҚТАН СУДЬЯНЫҢ ОЛАР-ДЫ ЖИІ-ЖИІ АУЫСТЫРУЫНА ТУРА КЕЛЕДІ. АЛ, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗАҢДАР МЕН КОДЕКСТЕР ЖИНАҚТАЛҒАН МҰНДАЙ КІТАПТАР ЕСКІРМЕЙДІ. СЕБЕБІ СОТТАР БҰЛ КІТАПТАРДЫ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ НҰСҚАЛАРЫ СИЯҚТЫ ҮЗДІКСІЗ ПАЙДАЛАНБАЙДЫ. СОНДЫҚТАН ОЛАР БАСПА БОЯУЫНЫҢ ИІСІ КЕТПЕГЕН КҮЙІНДЕ ҚАЛА БЕРЕДІ.

ТӨРАҒА БОЛУ – ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС

КИЕ

Үш биліктің бір тармағы болып сана латын сот билігі өзінің мүмкінші­лігін толық пайдалана алмай отыр. Мысалы: неке бұзу, алимент төлемеу даулары азаматтық істердің елу пайы­зына жуығын құрап отыр. Бұл даулар сотпен әділ шешілуде, бірақ неге орын алғанына баға берілмеуде, онымен айналысып отырған мекеме, бағдар­лама, шешу жолдары жоқ.

Ұрлық жасап, қарызды қайтармай, ар­намысқа тиетін сөздер айтып кісі ақысы көптеп аяққа тапталуда. Жасы үлкен адам мен басшыны сыйлаған халықпыз. Бірақ, әлеуметтік желілер­де осы қасиеттерімізге «диванда» жа­тып кері пікір айтатындар баршылық. Қасиеттерімізді қадірлемейміз. Кісі ақысы мойнында бар, кісі тонаған, елді бүлдіріп, бұзықтық жасаған адам­ның жағдайы дінімізде де, дәстүріміз­де де қиын екені жете айтылмайды.

Ел мен мемлекетті байланыстыра­тын тұлғалардың қатарында аудан басшыларының алатын орны зор. Оның ішінде аудандық сот төрағалары да бар. Сот төрағасы шешен, әділ, туралық айта алатын адам болса оған халық сеніп, айтқанына тоқтайды. Ел ішіндегі күрделі, даулы мәселелерді көріп, жергілікті, құқық қорғау орган­дарымен біріге отырып, жеке қаулы, ұйғарым шығармай­ақ, бұл дауларды сотқа дейін шеше алатын төрағаның ауданын дау жағаламайды.

Әр судьяның күнделікті жұмысында қолданатын заңдар мен кодекстерден тұратын жеке кітапханасы бар. Сот жұ­мысының негізгі құралы болғандықтан, оның кейбіреуіне судьяның бір жұмыс күн ішінде бірнеше рет шолу жасап, қолда­нуына тура келеді. Тіпті процессуалдық кодекстерді күні бойы үздіксіз пайдала­натын кездер да болады. Әрине, бұндай қолданыстан кейін мұқабасы мүжіліп, парағы жырым­жырым болған кітаптар тозып, сондықтан судьяның оларды жиі­жиі ауыстыруына тура келеді.

Сонда байқалатыны, қазақ тіліндегі заңдар мен кодекстер жинақталған кітаптар бұндай ескіруге ұшырамайды. Себебі соттар бұл кітаптарды орыс тіліндегі нұсқалары сияқты үздіксіз пай­даланбайды. Сондықтан, олар баспа бояуының иісі кетпеген күйінде қала береді. Ал, қолданыстағы заңдардың жиі өзгеріске ұшырайтынын ескерсек, бұл кітаптар судья кітапханасының «мұраға­тына» жап­жаңа күйінде сақталуға өтеді. Яғни, көп тиражбен шығатын кітаптар бүкіл қоғам үшін жеткілікті қызмет жа­сап үлгермейді. Бұл ешкімнен жасыра алмайтын, көпшілікке белгілі проблема.

Аталған жайт сот қауымдастығының қазақ тілді буынына белгілі нәрсе. Ал, орыс тілді сот қызметкерлері бұған көңіл аудармайды. Содан болар олар

Іріленген Мақтаарал ауданынан қазіргі Мақтаарал ауданы 2018 жылы шілде айында 138 000 халықпен бөлініп шықты. Аудан басшыларының ұйымдас тыруымен 2019 жылдың ба­сынан тұрғындар баспана қорын құрып, бір жыл ішінде тұрғын үйге мұқтаж алты отбасыдан тұратын 51 адамға баспана сыйға тартылды. 100­ге жуық жағдайы

десулер өткізгенде 300­ге жуық үйге газ кіргізу, бір ауыл округіндегі ағын су бағасы, мектеп директорының алты мұғалімді бірден шығарып жіберуі, мектеп жанында балалар өтетін бел­гілер қойылмауы, жәрдем ақы, құжат­сыз үйлерді заңдастыру тағы басқа мәселелері тез арада шешілді. Бұл іс­шараның барлығы соттарға істердің

лауа зымға білім­білігі мол, тәжірибесі бар, айналасы мойындаған жандар­дың таңдалғаны ләзім.

Дегенмен, төрағалық қызметте екі реттен артық отыруға болмайды деген заң төрағалық институтты әлсіретеді. Екі рет қана төраға болған қызметкер өзінің жинаған тәжірибесін осы мерзім ішінде елге беріп үлгермейді. Жасы үлкен, тәжірибесі мол азаматтар төраға болса елді ұйытып, даулардың алдын алады. Қазіргі заң талабына сәйкес бір жыл судья болған азамат аудандық сот төрағасы бола алады. Судьялық қыз­метті игеру үшін кемінде он жыл керек болса, тәжірибесіз адам ауданға қалай төбе би бола алады. Қызметті қыз­ғанғаннан емес, бұл сөз төрағалықтың қадірі кетпесін деген ниетпен айтылуда.

Қызметке оның ішінде судьялыққа, төрағалыққа таласуға мүлдем болмай­ды. Жақсылық жасауға бейім адамдарды тауып қызмет беру керек. Ол адамдар­дың аудан басқаратын болса жоспары (бизнес план секілді) болғаны дұрыс.

«Қанша шешен болса да жарлыны дауға, қанша батыр болса да жалғыз­ды жауға қойма», «Арзан сот қымбатқа түседі», – дегендей сот билігінде отырған азаматтарға халықтың күмәні болмау үшін олардың жағдайы толық жасалуы тиіс. Пара алумен ұсталып жатқан судьялар – мемлекетіміздің атына ұят.

30 жасқа толған азамат судья бол­са, 20 жылдан соң 50 жасында бір рет берілетін 25 айлығымен отставкаға

ТІЛІ ЖОҒАЛҒАН ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР

қазақ тілін соттағы іс жүргізуге енгізуге жеткілікті түрде атсалыспайды да. Тіпті бұндай мәселе бар­жоқтығынан бейха­бар. Реті келсе соттағы іс жүргізу ая­сының орыс тілінде өрбігенін қалайды. Бұл жерде басқа ұлт өкілдері туралы айтып отырған жоқпыз, себебі ана тілін жетік білмейтін өзіміздің қазақ мамандар да қазақ тілінің өркендеуіне мүдделік танытпайды. Мәселе тек сот саласын емес, мемлекеттік масштабты қамтып отыр.

Тағы да айта кететін жайт, біз көпшілік жиналған жерде, қоғамдық орында, қазақ тілін пайдалана қалсақ басқа ұлт­тардың құқығын шектейміз деген жалған көзқарас бар. Алайда, бұл әр азаматтың заңмен белгіленген құқығы, ал, өзіне тиесілі құқығын пайдалану азаматтың өз еркі. Керісінше, осындай әрекеттермен біз басқа ұлттарға ең болмаса күнделікті тұрмыстағы қазақша әңгімелесуді үй­ретеміз, ұлттық деңгейімізді, тіліміздің мәртебесін көтереміз. Ал, мұндай мәсе­лені көтерген азаматтар «ұлтшыл», «халықтар арасына іріткі салушы» деп аталмай, «ұлтжанды», «ұлтын сүйетін азамат» деген ұғым қалыптасуы тиіс. Әр ұлт өз тілі үшін күресуге, оның дең­гейін көтеруге құқылы. Даңқты қолбасшы Бауыр жан Момышұлы «Тіл – ұлт қаси­етін айқындайтын белгі, ұлттық салт­са­на өзегі» дегенді бекер айтпаған, себебі тілі жоқ ұлттың басқа ұлттық қасиеттерді дәріптеуі қисынсыз.

Ел Президент і Қасым­Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өр­кендеуінің негізі» атты Жолдауында «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жа­сай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұ­мыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деді.

Осы сөздерімен Президент, ұлт­жанды, ұлтын сүйетін азаматтарды, сонымен қатар қазақ халқымен ғасырлар бойы қоян­қолтық туыстық қатынаста өмір сүріп келе жатқан басқа да ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде бірлесіп жұмыс атқаруға шақы­рып отыр.

Мемлекет көлемінде көптеген қара­жат қазақ тілінің деңгейін көтеруге жұм­салуда, бірақ, соның дұрыс орындалуы тиісті деңгейде қадағаланып жатқан жоқ. Құзыретті органдардың жаттанды баяндауларына сәйкес қаражат толық игеріліп, жұмыс толық атқарылуда. Қа­ражат мүмкін толық игеріліп жатқан да

жиі айтылатын нақты құралының бірі – мекеме басшысының мемлекеттік тілде сөйлеуіне байланысты. Заңда, заңға сәйкес құқықтық актілерде басшының жиналысты мемлекеттік тілде жүргізуі белгіленіп, оның орындалуы тиісті хат­тамамен бекітілуі, қажет болған жағдай­да ол бейнетаспаға жазылуы тиіс. Бұл атқарылған жұмысты нақты қадағалауға мүмкіндік береді. Әрине, бастапқыда қиындық туындатар, бірақ уақыт өте ол қалыпты құбылысқа айналады. Со­нымен қатар, қазақ тілін меңгеруде айту­лы жетістікке жеткен басқа ұлт өкілдері міндетті түрде марапатталып, ол жария түрде жүргізілуі қажет.

нұсқасы аударма ретінде жүруі қажет. Құжаттар бастапқыда тек қазақ тілінде даярланып, содан кейін ғана орыс және басқа тілдерге аударылуы тиіс. Бұл про­цесс көп уақыт пен қаражат жұмсауды қажет ететіндігі рас, бірақ қазақ тілінің мәртебесін көтерудің басқа жолы жоқ.

Өз тілі мен ұлтын қастерлемеген аза­маттың, басқа ұлт өкілдері алдындағы абыройы асқақтай алмайды, себебі, қан­ша сұрыптасаң да қазақ ағылшын бола алмайды, ағылшын орыс бола алмайды. Ұлттың әдет­ғұрпы мен салт­дәстүрі бірінші кезекте сол ұлт өкіліне ғана ке­рек, ал, басқа ұлт өкілдері оны тек үлкен қызығушылық пайда болған кезде неме­се соған ықпал ететін тиісті жұмыстар нәтижесінде ғана қажет етеді.Әр этника­лық топтың тілі мен тұрмыс­тіршілігіндегі өз мәдениеті бар. Бұл құндылықтардың жоғалуы тұтастай бір ұлттың жоқ болып кетуіне әкеліп соғады.

Көптеген ұлттардың ұлт ретінде жоқ болып кетуінің ең басты себебі – тілінің жоғалуымен өзектес. Біздің кезеңіміздегі ғалым­этнологтар 10 мың адамнан аз қалған этникалық топтарды аз ұлттылар қатарына, 3 мыңнан аз қалғандарын жойылып бара жатқан ұлттар қатарына жатқызса, ал, бір мыңнан аз ұлт өкіл­дері барлар, олардың өздеріне ғана тән мәдениетін, тілін және тұрмыс­тіршілігін сақтап қалу мүмкін емес деп санайды екен. Бір ғасыр шамасындағы уақыт аралығында бұндай халықтың ұрпағы көршілес халықтармен ассимиляцияға ұшырап, жоқ болып кетеді екен. Біздің заманымызда да бұндай ұлттар аз емес, мысалы эскимостар, чукчалар, ненец­тер, якуттер және т.б.

Осындай статистика, ұлттың ұлт болып қалуында тіл мәселесінің маңыз­дылығын көрсетеді. Сондықтан да, ұлт түрінде жойылып кетпей, келешек ұр­паққа өз тұрмыс­тіршілік мәдениетін, тілін жеткізу үшін ұлттық мәртебені көтеру әр азаматтың басты міндеті болуы тиіс.

шыға алады. Бірақ, ол зейнет ақысын тек 63 жасында алады. 13 жыл басқа қызмет істеуге мәжбүр. 20 жыл мем­лекет атынан сот актілерін шығарған қызметкерді бұлай қалдыру судьялар тәуелсіз деген атағына дұрыс келмей­ді. 20 жыл қызмет жасаған судьяларды мемлекет өмір бойы қамтамасыз етсе артық болмас.

Тергеушілер айына 1­2 істі сотқа жіберсе, судьялар айына 150­200­ден астам іс қарайды. Адамдар тағдырын шешеді. Құқық қорғау қызметкерлері 40­45 жасынан зейнеткерлікке шыға­ды. Міне, айырмашылық қандай?

Ауылдық жерде қызмет жасайтын судьялардың көпшілігі қызметтік пә­терсіз жүр. Оған қоса, отбасы мүше­лері қаладағы мүмкіншіліктің (цивили­зация) барлығынан тыс қалған. Соған қарамастан еңбек ақысы қала судья­ларынан екі есе төмен. Соттардың ор­наласқан аймағы бөлек болғанымен, судьялардың атқаратын қызметі бір, статусы тең. Ендеше, неге еңбегі бір­дей бағаланбайды?

Елдің іргесін ұстап отырған, қазақ ұлты көп тұратын ауылдарға әлі де болса мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі керек. Сот билігі ел сенімінен шығу үшін судьялардың мәртебесі заңмен барынша қорғалса деймін.

Қ.МҰСАЕВ, Мақтаарал аудандық сотының

төрағасы ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

төмен отбасыларға ұн, май, қант секіл­ді қажетті өнімдер ай сайын тегін тара­тылуда. Өнертапқыш адамдарға қол­дау жасалуда. Салауатты өмір салтын сақтап спорттық ойындар, теріс ағымға кетпеу үшін жастар арасында діни са­уат ашу, мәдени іс­шаралар, халықпен кездесулер өтуде.

Аудан басшыларымен жылына бірнеше рет қоғамдық қабылдау, кез­

аз түсуіне септігін тигізуде және ел алдында мемлекеттің, оның ішінде сот билігінің абыройын өсіруде. Осындай аймақтағы түйткілдердің сотқа жетпей тарқатылуына соттардың ықпалы аз дей алмаймыз. Соның ішінде дау­ дамайдың сотқа жетпей шешілуіне төрағалардың аймақтағы беделі, сөзі аз әсер етпейтінін айта кеткеніміз жөн. Төрағаның арнайы оқуы жоқ. Бұл

Т ӨРАҒАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ЕКІ РЕТТЕН АРТЫҚ ОТЫРУҒА БОЛ-МАЙДЫ ДЕГЕН ЗАҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ИНСТИТУТТЫ ӘЛСІРЕТЕДІ. ЕКІ РЕТ ҚАНА ТӨРАҒА БОЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕР ӨЗІНІҢ ЖИ-

НАҒАН ТӘЖІРИБЕСІН ОСЫ МЕРЗІМ ІШІНДЕ ЕЛГЕ БЕРІП ҮЛГЕРМЕЙДІ. ЖАСЫ ҮЛКЕН, ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ АЗАМАТТАР ТӨРАҒА БОЛСА ЕЛДІ ҰЙ-ЫТЫП, ДАУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ. ҚАЗІРГІ ЗАҢ ТАЛАБЫНА СӘЙКЕС БІР ЖЫЛ СУДЬЯ БОЛҒАН АЗАМАТ АУДАНДЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ БОЛА АЛАДЫ. СУДЬЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ИГЕРУ ҮШІН КЕМІНДЕ ОН ЖЫЛ КЕРЕК БОЛСА, ТӘЖІРИБЕСІЗ АДАМ АУДАНҒА ҚАЛАЙ ТӨБЕ БИ БОЛА АЛАДЫ. ҚЫЗМЕТТІ ҚЫЗҒАНҒАННАН ЕМЕС, БҰЛ СӨЗ ТӨРАҒАЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІ КЕТПЕСІН ДЕГЕН НИЕТПЕН АЙТЫЛУДА.

Ардақ ӘКЕТАЕВ,Жамбыл облыстық сотының судьясы

шығар, ал, жұмыстың тиісті деңгейде атқарылғанына күмән бар, себебі, жұ­мыс толық түрде орындалған болса, осы оқу процесіне қатысқан азаматтар қазақ тілінде сөйлеген болар еді.

Бұл мәселемен қалай күресіп, осы бағыттағы жұмысты қалай жанданды­руға болады? Жиналыстар қазақша өткізіліп, баяндамалар қазақ тілінде жасалуы тиіс, мекемелердегі іс жүргізу қазақ тілінде жүргізілу қажет дерміз. Бірақ, содан өзгерген не бар? Жауап­кершілік жоқ жерде жұмыс өз деңгейінде орындалмайды. Сондықтан, атқарыл­маған жұмыстар жеке­жеке талданып, әр қателік назардан тыс қалмауы қажет.

Тіл мәртебесін көтерудің қоғамда

Сотта да тіл мәртебесіне қатысты келеңсіз жайттар орын алып тұрады. Атап айтқанда, заңның қазақ тіліндегі нұсқасы, оның орыс тіліндегі нұсқа­сымен сәйкес келмейтін кездер көп. Заң нормаларын саралағанда олар екі түрлі мағына беріп, заңды қолдануда қара­ма­қайшылық туындатады. Сондықтан, қандай жағдайда болмасын заңның тілге қатысты басымдылығы белгіленуі қажет.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңында «қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері теңтүпнұсқалы бо­луға тиіс» деген бап бар. Соған орай тек қазақ тіліндегі заңның түпнұсқалығы заң жүзінде белгіленіп, заңның басқа тілдегі

Page 4: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

4№22 (3246) 27 наурыз 2020

[email protected] ТЕМІРҚАЗЫҚ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

БІРЛІК пен ТӨЗІМСЫНАЛАР СӘТ

Блок-бекеттерді айналып өту –

карантиннен қашуОсы жолы төтенше жағдайдың

басты шарты «үйден шықпа» болды. «Тәртіпке бағынған ел құл болмай-ды». Бірақ, осы сөзді елеп, тәртіпке бағынғаннан гөрі Алматы мен Нұр-Сұл-тан қалаларындағы блокбекеттерді елеместен кіріп-шығуға талпынғандар көп болды. Жасырын жолдар мен өзендерді кешіп өтіп немесе пара бе-ріп өтпекші болғандар да табылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдайдың 5-ші күнінде тәртіп бұзған 143 адамға қатыс ты әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Оның ішінде рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істеген дәмханалар мен мейрамханалар бар. Алматы қаласы бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 84 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 73-і рұқсат етілмеген аймаққа өткені үшін, 11 кәсіпкер тәртіп бұзғаны үшін жаза-ланған. Құқық қорғау орындарының көмегімен медициналық бетперденің бағасын көтеріп сатқан 9 дерек анықта-лып, 4 миллионнан астам медици-налық бетперде тәркіленіп, Алматы қалалық Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасына берілген. Мамандар тө-тенше жағдайға кедергі жасаған мұн-дай әрекеттердің барлығының қоғам үшін кері әсері зор екенін айтады.

Өзбекстанда бетпердесіз жүргендер

айыппұл төлейдіКөрші ел де сақтық шараларын

күрт күшейтті. 25 наурыздан бастап кө-шеде бетпердесіз жүргендерге қомақ-ты айып пұл салынуда. Ереже бұзған адам 223 мың сум (23 АҚШ доллары) төлеуге міндетті. Егер заң бұзушылық екінші мәрте қайталанса, 669 мың сум (70 АҚШ доллары) айыппұл арқалай-ды. 23 доллар дегеніңіз – Өзбекстан-дағы ең төменгі жалақы мөлшерімен тең. Ал, бұл елде медициналық бет-перде тегін таратылған.

ТОҚ ҚАЛТАМЕН – ТҮРМЕГЕ

Тергеу мәліметінше, ол 2016 жылдың қарашасы мен 2019 жыл-дың қаңтары аралығында қызметкерлерінен 3 млн 652 мың теңге жинап, қалтасына басқан. Мемлекеттік айыптаушы Әсел Өтенова-ның айтуынша, Шалғынбай Жандосов қомақты қаржыны мекеменің шаруашылық жұмыстарына жұмсау үшін алған. Алайда, іс жүзінде ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Тіпті сот отырысында қызметкер-лер басшыларының Amway желілік компаниясына тіркеп, тазартқыш сүзгі сатып алуға мәжбүрлегенін де жайып салды.

Қылмыстық іс бойынша барлығы 21 жәбірленуші сотқа қатысқан. Бұған дейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бо йынша «билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайда-ланды» деген айып тағылған еді. Алайда сот жарыссөзінде айып Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігіне (лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану) ауыстырылды. Сотта Жандосов өзін кінәлі санамай-тынын айтты. Ол «менің үстімнен заңсыз іс қозғалды» деп есептейді. Сондықтан соттан өзін ақтауды сұрады.

62 жастағы шенеунік 2015 жылы Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының директоры болып тағайындалған. Алайда, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жұмыстан кеткен.

– Шалғынбай Жандосов Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлі-гі (лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырыл-сын. Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейді. Жәбірленушілердің азаматтық талабы толығымен қанағаттандырыл-сын. Оны ерікті түрде орындау үшін үкім заңды күшіне енгеннен кейін 15 күн уақыт беріледі, – деді судья Перизат Атыбаева.

Сотталушы бұған дейін кепілмен бостандықта жүрген еді. Сот залына ақталамын деген үмітпен келген ол мұндай жаза шығатынын күтпеген секілді. Бұл жолы өзін суретке түсіруге де тыйым салмады. Алайда үкім шыққаннан кейін оның қолына сот залында кісен салын-ды.

– Үкіммен келіспеймін. Жоғары сатыға шағымданамын. Мен ақта-ламын деп ойлаймын, – деді ол.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

МЕДИАЦИЯ, МЕДИАТОР ДЕГЕН СӨЗДЕР АЛҒАШЫНДА ТҮСІНІКСІЗ

КӨРІНГЕНІМЕН, БҮГІНДЕ ТІРШІЛІ-ГІМІЗДІҢ, ӘСІРЕСЕ, СОТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БІР БӨЛШЕГІНЕ АЙНАЛДЫ. ОСЫНДАЙ ТИІМДІЛІГІ ЗОР, ПАЙДАСЫ БАСЫМ ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ЖАҒЫМДЫ ҮРДІСКЕ АЙНАЛДЫРУҒА АЗ ЕҢБЕК КЕТКЕН ЖОҚ.

Дауларды сотқа дейін реттеудің заң-дық тетіктердің жетілдірілуі, бітімгер-шілікке үндейтін бастамалардың қолға алынуы, іс-шаралардың жүзеге асы-рылуы медиацияның мәнін арттырып, маңызын көтерді. Алдымен азаматтық, әкімшілік істерде кең көрініс тапқан ме-диация үрдісі қазір қылмыстық істерде де батыл қолданылуда.

Шетелдерде, соның ішінде Еуро-паның көптеген мемлекеттерінде қыл-мыстық істерді медиациялық тәртіппен жүргізу арнайы заңнамаларда бір ізге түсірілген. Соған орай бұл елдерде тараптарды татуластыру арқылы шешу-ге болатын істерді алдымен прокурор сараптан өткізіп, содан кейін ғана жәбір-ленуші мен жауапкерге ұсыныс ретінде жібереді. Істі шешуге кететін уақытты, қаржыны таразылаған тараптар көбінесе басымдықты медиацияға беріп жатады.

Азаматтық дауларды бітімгерші-лікпен шешуге халық үйреніп, дағдыла-нып қалғанымен, қылмыстық істердегі бітімгершілікке әлі де көпшіліктің көзі үйреніп, көңілдері сене қойған жоқ. Де-генмен, қылмыстық істерді татуластыру арқылы аяқтау мәселесі өте өзекті. Мұның бірнеше себебі бар. Мәселен қылмыстық іс болғанымен, азаматтар

бұл әрекетті абайсызда жасауы мүмкін. Екіншіден, алғаш рет білместікпен ала жіпті аттайтындар болады. Олардың бәрін топырлатып қапасқа қамай бер-геннен әлем өзгеріп, қылмыс түбірімен жойылып кетпейді. Керісінше, қателік жа-саған адамның түзелуіне, өз әрекетінен сабақ алуына жағдай жасау – зайырлы, құқықтық мемлекеттің басты міндеті бо-лып қала береді. Қоғамның жақсылығын көрген, қамқорлығын сезінген жанның қайталап қылмыс жасауы екіталай. Ал қатігездік – өмірге өкпелі жандардан шығады. Медиацияның маңыздылығын осы тұрғыдан қарастырған орынды.

Өкінішке орай, қылмыстық қудалау органдары да, прокурорлар мен адво-каттар да қылмыстық істі медиациямен аяқтауға аса ынталы емес. Көпшілігі мұн-дай қадамнан статистиканы бұзбау үшін, қоғамның талқысына қалмау үшін бас тартып жатады. Дұрысы мұндай жерде көпшіліктің пікірі емес, адамның тағдыры негізгі ұстаным болуы тиіс.

Қылмыстық кодекстің 67-бабында жауапкер жәбірленушінің кешірімін алып, шығынды толық төлеген жағдайда, өзінің қатесін мойындап, кешірім сұраған кезде іс медиация тәртібімен шешіліп, айыпты қылмыстық жауаптылықтан босатылаты-ны көрсетілген. Сондай-ақ, Қылмыстық процестік кодекстің 68, 69-бабындағы өзгерістер, 88-1-бабында медиатор лау-азымының бекітілуі медиацияның қолда-нылу аясын кеңейтуге қызмет етеді. Осы заңдылыққа сай судьялар қылмыстық істі таразы басына салмай тұрып процеске қатысушыларға заңның тетіктерін айтып, істі бітімгершілікпен реттеуге болатынын түсіндіреді. Өзіміз күнделікті көз жеткізіп

Лондондағы жағдай әлдеқайда күрделі

Қазір Лондонда жүрген журна-лист, мәдениеттанушы Әсия Бағдәу-летқызы мәселе біз ойлағаннан да күрделі дейді. Ол әлем қазір «соғыс жағдайында, оның ішінде көзге кө-рінбейтін жаумен соғысуда» деген пікірде.

...Британияда да ауру бір жарым ай бұрын 1 адамнан басталған. Қазір 71 адам қайтыс болды, 2000 адам дертті. Бұл 50 мыңға жуық адам тест тапсырғанда анықталған. Билік ау-рулар саны 10-20 мың үстінде дейді, тек бәрін анықтауға тест жетпей жа-тыр. Лондонда паб-мейрамханалар жабылмады, мектептерді бүгін ғана жапты, транспорт жүріп тұр. Бірақ, көшеде кісі саны күрт азайды. Дүкен-дер бос. Батыста жағдай ушығып тұр, бірақ Қазақстан мені көбірек алаңда-тады. Өйткені батыста жетпей жатқан аппараттар Қазақстанда жетпейтіні екі бастан. Әрі қалаға әскер кіргізіп карантин жариялап жатса туған күн тойлағысы келетін, намазды мешітте оқығысы келетін бейғам халқым бар. Біз бір-бірімізді шайға шақырып, той тойлағанды жақсы көреміз ғой. Қазір бір-бірімізді жақсы көргенімізді, баға-лайтынымызды кездесуге бармай,

алақан беріп амандаспай көрсетуге қажетті уақыт» – дейді.

Індет АҚШ-ты да әбігерге салды

АҚШ-тың Калифорния штатында жүрген қазақстандық Берік Сұлтан-ның пікірінше, «бұл бүкіл әлемнің басына түскен сынақ». Лос-Анже-лестің көшелерінде қазір әншейінде сабылып жүретін халық мүлдем жоқ. Тамақтану орындарына алдын ала тапсырыс беріп, алып кетуге болады. Бірақ, ол жерде тамақтануға рұқсат жоқ. Спорт залдар мен фитнес зал-дар да жабық. Сауда орталықтары-ның көбі жұмыс істемей тұр. Халық өз денсаулығына алаңдайтыны көрі-неді, олар бәрін жауып, үйлерінен шықпауға бекінген. Ең сұмдығы мұнда халық сақтауға болатын су, әжетхана қағазы, азық-түлік секілді заттардың бәрін талап алып кеткен. «Қарапайым су таппай қалғанда таң қалдым. Ешқашан су таппайтын күн болады деп ойламаппын. Соғыс кезеңі емес, бейбітшілік заманда осындай әрекеттер орын алғанына қарның ашады. Әлдене іздеп дүкен-ге кіре қалсаң таппайсың, тапсаң да сағаттап кезекте тұрасың!» – дейді Б. Сұлтан.

МІНБЕР

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДЕ МЕДИАЦИЯНЫҢ

ҚОЛДАНЫЛУЫ ТӨМЕН

СОТ ІС ҚАРАДЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТА-ЛЫҒЫНЫҢ ЭКС-ДИРЕКТОРЫ ШАЛҒЫНБАЙ ЖАНДОСОВ

1,5 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ. БҰҒАН ДЕЙ-ІН КЕПІЛМЕН БОСТАНДЫҚТА ЖҮРГЕН ШЕНДІ СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ.

жүргендей, мұндай түсіндіруден кейін медиация жолымен татуласуға ниет біл-діретіндер өте аз. Көпшілігі медиациялық келісім жасауға болатынын, ол проце-дураны медиаторлар жүргізетінін, ал, медиаторлар бұл жұмысты тегін жүзеге асырмайтынын білген соң істің сот оты-рысында, үйренген тәртіпте қаралғанын қалайды.

Сондай-ақ, медиаторлар туралы айтып, медиациямен істі бітіруге ұсы-ныс жасағанда тараптардың түсінбестік танытатын кездері де көп. «Судья неге біздің істі қараудан бас тартып отыр?», «Неге істі медиаторға итеріп жатыр?» деген пікірлер де жиі туындайды. Осыған орай судьяның түсіндіруі медиацияға мәжбүрлегендей, медиаторды жарнама-лағандай сипат алмауы керек. Жалпы, мұндай істерде адвокаттар белсенділі-гінің пайдасы зор. Адвокаттарға істі со-ңына дейін жеткізіп, қаламақысын толық көлемде алған тиімді болар. Дегенмен, адам тағдырына арашашы болатын қорғаушылар тараптарды татуласты-рудың сауабы да, маңызы да жоғары екенін ұғынса дейміз. Партисипативтік келісімдер көбейсе, Қазақстандағы түр-ме тұрғындарының да саны азаяр еді. Ал, бір адамның қапастан құтылып, түзу жолға түсуі қаншама отбасының сақта-лып, қаншама баланың толыққанды жанұяда тәрбие алуына септігін тигізеді. Бір адамның түзелуіне мүмкіндік беру арқылы талай адамға сабақ боларымы-зды естен шығармайық. Өйткені, жаза – тәрбиенің, қылмысты ауыздықтаудың өлшемі емес.

А.ТІЛЕПОВА,Жетісу аудандық №2 сотының

судьясыАЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Жедел сұхбат

Тимур БҰҒЫБАЕВ, студент:

«Италияда науқастарды

емдейтін орын жеткіліксіз»

– Италияда жүргеніңізге қанша уақыт болды? Қандай мақсатпен бардыңыз?

– Италияда тұрып жатқаныма үш жылдан асты. Осы жақтың оқу грантын ұтып алып, магистратураға оқуға түскем. Оқуым тегін. Қосымша қазіргі уақытта параллельді тезис жазып, интернационалды компанияда жұ-мыс істеймін. @tim_blancoo аккаунтыммен осы жақтың өмір сүру салтын, жалпы тұрмыс-тіршілігін жазып отырамын. Кеше коронавирустың дүрлігуі басталғанда да елге қайту туралы ойламадым. Өйткені, ең алдымен маған ата-анамның денсаулығы қымбат. Өзіммен ілестіре бару қаупі жоғары болған-дықтан осында қалып, сақтанып, күтінуді көбірек қаладым. Мен тұратын шағын қалашыққа ең жақыны Рим. Римге дейін 3 сағат пойыз және 1 сағат автобусқа міну қажет. Осы 4 сағат уақыт ішінде вирустық ауруды жұқты-рып алу мүмкіндігі өте көп. Сондықтан елге қайтуға тырысып, үрейге беріліп ұмтылудан гөрі, жылы орнымды суытпай отыруды жөн көрдім.

– Қазіргі карантиндік жағдай қалай?– Бүгінгі күні барлық адам үйде отыруға міндетті. Мейрамхана мен кафе,

сән салондары секілді қызмет көрсету орындарының барлығы жабық. Тек дәріханалар мен супермаркеттер ашық. Егер үйден шығатын болсаң арнайы декларацияны толтыруға міндеттісің. Онда аты-жөніңді, төлқұжаттағы мәліметтерді, қанша уақытта барып келетініңді, баратын межелі жеріңді жазуың керек. Егер ол парақшаны толтырмасаң 206 евро айыппұл салады немесе үш ай түрмеге қамайды. Жай серуендеуге немесе дене шынықтыру мақ-сатында жүгіру үшін шығуға да болмайды. Супермаркеттерде әрқашан кезек болады. Кезекте адамдар 1 метр арақашықтықты сақтауға міндетті. Арнайы қолғап киіп, маска тағып жүрміз. Барлық мектептер мен жұмыс орындары онлайн істеп жатыр.

– Індеттің белең алуының басты себебі неде деп ойлайсыз?– Менің ойымша, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, көп адам басында

вирус ты жай тұмау деп қабылдады. Мән берген жоқ. Екіншіден, Италияның 33 пайызы қарт адамдар, оларға вирус тез жұғып, денсаулығы әлсіз жандарды қауіпті дерт тез жеңіп жатыр. Көпшілік ары-бері қыдырып жүре берді. Вирус бірінші Кодонье қаласынан шықты. Содан кейін-ақ, Италияның солтүстік ай-мақтарына жайыла бастады. Италия бірден 14 облысты қарантинге жапты. Ал, солтүстіктегілер дереу оңтүстікке қарай қаша бастады. Халық Миланнан кету үшін барын салды. Тіпті пойызда орын болмаса да кетудің әртүрлі жолын қарастырды. Бір күннің ішінде қаланы карантинге жауып тастады. Қазір коронавирустан көз жұмғандардың санын айтпағанда, науқастарды емдейтін орын жеткіліксіз. Көшелерде патрульдік көліктер үйден шықпауымызды әр сағат сайын ескертіп айтып отырады.

– Елдегі тұтыну тауарларының, азық-түлік, дәрінің бағасын мемлекет қалай басқарып отыр?

– Азық-түліктің барлығы орнында. Тапшылық байқалмайды. Бағасы да сақталған. Дәрі-дәрмек бағасында өзгеріс жоқ. Тек медициналық маска, анти-септик, қолғаптар тапшылығы туындап отыр. Еш жерде жоқ. Сондықтан өзім ғаламтор арқылы тапсырыс беруге мәжбүр болдым. Бәрі жақсы болаты-нына үміттенемін. Әлем болып бұл пандемияны жеңетінімізге сенемін.

– Сұхбатыңызға рақмет. Ауырмаңыз!

ҚалдыбайДҮЙСЕМБАЕВ

Page 5: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

5№22 (3246)

27 наурыз [email protected]

(Соңы. Басы 1-бетте)

ТҰҒЫР

ИРИЯ МӘСЕЛЕСІ ЖАЛПЫ ҚОҒАМНЫҢ КІНӘСІ ДЕП ЕСЕПТЕЙ-МІН. СОЛ СИЯҚТЫ БҰҒАН МЕШІТТЕРДІ НЕМЕСЕ МОЛДАЛАР-ДЫ КІНӘЛАУ ДА ҚАТЕ. БҰЛ ҮЙДЕ ОТЫРҒАН АТА-АНАЛАРДАН БАСТАП, БҮГІНГІ ҚОҒАМНЫҢ ӘРБІР КӨЗІҚАРАҚТЫ АЗАМА-ТЫНЫҢ КІНӘСІ. ЯҒНИ, АҚПАРАТТЫҢ ДҰРЫС ТАРАТЫЛМАУЫ, ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ЖОҚТЫҒЫ, БІЛІМСІЗДІК, БЕЙ-ЖАЙЛЫҚ БАР-ЛЫҒЫ ҚОСЫЛЫП ОСЫНДАЙ ПРОБЛЕМАНЫҢ ЕТЕК АЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАП ОТЫР.

С

«СИРИЯҒА КЕТКЕН АЗАМАТТАРДЫ АЙЫПТАУҒА АСЫҚПАЙЫҚ»

Қалжан ИСЛАМХАНОВ, Алматы облысы Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бас имамы:

Яғни, кеңес заманында Ташкент қаласында орналасқан Мұсылмандар діни басқармасы азаматтардың ді-ни-сенім бостандығы мен рухани өмірі-не ықпал ете алатындай халде емес еді. 1990 жылы Рәтбек Нысанбай ұлы өз жерімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құру мақсатында М.С.Горбачевке дейін барып, нәтижесінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз Мұсыл-мандар Діни басқармасын құрды және оның алғашқы бас мүфтиі Рәтбек қажы-ның өзі болды. Алғашқы жылдары оңай болған жоқ. Өйткені, халықтың діни сауаты өте төмен, тіпті атеизм белең алған заман болатын. Дегенмен қанша жерден кеңес үкіметі халықтың санасын улап Құдай жоқ деп сендіруге тырысқа-нымен, ел арасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып әлі де болса сақталған болатын. Cол салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың астарында діни сенім жатқан еді. Кез келген дәстүрді қазбаласаңыз оның дінмен байланысы бар. Яғни, кеңестік идеология дінді жоққа шығарғанымен, әр елдің салт-дәстүріне аса мән берген жоқ. Нәтижесінде халықтың Аллаға деген сенімі жүрек түкпірінде сақталып қалды.

Кеңес үкіметі шамамен 1988 жыл-дардан бастап құлдырай бастады. Дәл осы сәтті Рәтбек қажы ұтымды пайда-ланып еліміз алдымен діни-сенім бос-тандығы тұрғысынан тәуелсіздік алды десек те болады.

– Жамбыл ауданы халық саны жөнінен Алматы облысы бойынша бесінші орында тұр. Тұрғындардың дені мұсылмандар. Ауданда мешіт саны жеткілікті ме?

– Жамбыл ауданында 46 мешіт, 2 намазхана бар. Оның ішінде Дегерес ауылдық мешіті мен Үмбетәлі ауылдық мешіті, Қарғалыдағы «Сәт» мешіті өт-кен жылы күрделі жөндеуден өтті. Мұ-ның сыртында Қарғалы, Шолаққорған, Ақсеңгір және Ұзынағашта жаңа мешіт-тердің құрылысы қарқын алып отыр. Иә, мешітке келуші жамағаттың саны да жылдан жылға көбейіп жатыр. Сон-дықтан, біз кейбір мешіттердің ауласын намаз оқуға ыңғайластырып қайта жа-сақтадық. Алайда, ауданымызда жеті мешітте имам жоқ.

– Бізде өз күнін өзі көріп жатқан бір мекеме болса, ол мешіт. Осы орайда, мешіттердің қаржылық ахуа лы туралы ақпарат берсеңіз.

– Орталықта орналасқан аудандық, қалалық мешіттер болмаса ауылдық мешіттер өзін-өзі ақтамайды. Не-гізі мешіттердің қаржылық жағдайы келушілердің саны мен жомарт жан-дарға байланысты. Тарихқа көз жү-гіртсек, кезінде Құнанбай да сонау Түркістаннан ат шалдырып шығысқа мықты деген имам, молдаларды ал-дырған. Қазір сол кездегі аты алты алашқа әйгілі қай тұлғаның өмірбая-нын оқысаңыз, ең әуелі оның ауыл молдасынан білім алып, хат танығаны туралы айтылады. Барлығы медресе-де сауат ашқан. Бұл өз алдына бөлек әңгіме. Менің айтпағым, негізі мешітті халық ұстап тұру керек. Болмаса, бүгінгі заманның Құнанбай сияқты қалталы азаматтары қолдау көрсетуі тиіс. Аллаға шүкір, қазір көптеген мешіттер осындай жомарт жандардың қолдауымен салынып жатыр. Біз сол кісілермен тығыз байланыс орнатып, мешіт имамдарының жалақы мәселе-сін де демеушілер көмегімен шешуге тырысамыз. Өйткені, мешіттердің сандығына түскен қаражат коммунал-дық шығынды жабуға да жетпейді.

Бір адамның қателігіне бола басқа-ларға күйе жағудан да аулақ болған абзал.

– Есесіне жастар арасында дінге бет бұрғандар көп қой.

– Оныңыз рас, жастар мешітке көптеп келуде. Бұл бізге екі есе жауап-кершілік жүктейді. Олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу күн тәртібіндегі мәселе. Реті келгенде айта кетейін, жасыратыны жоқ кеңес заманында арақ өте көп ішілді. Мы-салы, жүз грамм арақ адамның бой-ындағы 380 ауруын қоздырады екен. Соның ішінде ең көп тараған және үш-төрт ұрпаққа дейін салдары сезілетін аурулар да бар. Атап айтқанда, жүйке аурулары, ұмытшақтық. Қазір көпшілі-

– Имамды тағайындау қалай жүзеге асады? Оларға деген талап қандай?

– Екінің бірі имам бола алмайды. Имам көпшілікпен жұмыс істейтін болғандықтан, мақтауды да, даттауды да, сынды да көтере алуы керек. Тіпті жала жабылса да сабырлы болуы тиіс. Өйткені, ол бұл өмірдің өткінші, сынақ екенін біледі. Міне, осыны жүрегіне орнықтырған адам қазіргі тілмен айт-қанда психологиялық тұрғыдан имам болуға дайын. Яғни, ең бірінші кезекте керегі – көркем мінез, екіншіден, оның ілімі мықты болуы шарт. Негізінен имамдарды мүфтият сайлайды. Ауыл имамдарын сайлау аудандық мешіт-тер арқылы жүзеге асады. Біз оларды

бұған мешіттерді немесе молдаларды кінәлау да қате. Бұл үйде отырған ата-аналардан бастап, бүгінгі қоғам-ның әрбір көзіқарақты азаматының кінәсі. Яғни, ақпараттың дұрыс та-ратылмауы, қадағалаудың жоқтығы, білімсіздік, бей-жайлық барлығы қо-сылып осындай проблеманың етек алуына жағдай жасап отыр. Өз басым Сирияға кеткен азаматтарды айып-таудан аулақпын. Осы ауданнан да ол жаққа кеткендер бар. Біз оларға дер кезінде тосқауыл қоя алмадық. Қазір қарап отырсаңыз, Сириядан қайтарылып жатқандардың көбі әй-елдер. Олардың дені жесір қалған. Әрқайсысында төрт-бес баладан бар. Енді есептеп көріңіз, елге қайтарылған бір мың әйел бар десек, балаларын қосқанда бірнеше мыңнан асып кетеді. Ал, оларды оңалту жұмысын жүргізу оңай шаруа емес. Көбінің әкелері өлім құшқан. Шешелері өмір бойына қамауға алынғандары қаншама. Бала-ларын әкеліп жатыр. Оларды да қайта тәрбиелеу керек. Сириядан оралған әйелдермен сөйлескенмін. Бәрі өкі-нетіндерін айтады. Бірақ, іс жүзінде дінде теріс жолға түсіп, адасқан адам-ды тура жолға салу қиынның-қиыны. Осындай бір адамды тура жолға салу үшін кемі жиырма жыл керек. Сөз соңында жамағатқа айтарым, қандай жағдай болса да, дінге тіл тигізбесек екен. Молданың бойынан мін іздеймін деп Ислам дінін жамандауға болмай-ды! Онсыз да асыл дініміздің атын жамылып мұсылмандарды әлемге «жексұрын» етіп көрсету саясаты жүріп жатыр. Алла барлығымызға иман бер-сін! Бүгінгі сын сағаттарын да Алланың қалауымен еңсерейік!

– Уақыт тауып, ой бөліскеніңізге рақмет!

Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Мысалы біздің осы «Шынасыл» ау-дандық мешітінің бір айлық шығыны бір миллионға жуықтайды. Ал, са-дақаға түскен ақша осы шығынның жартысына да жетпейді. Сандықты әр айдың 25-27-сі аралығында бес адам-нан құралған комиссия мен жамағат арасынан бір адамды қосып ашамыз. Акт толтырып, барлығы құжат жүзін-де расталады. Алдағы уақытта осы есеп-қисапты арнайы тақтайшаға жа-зып, ашық жүргізсек деген ойымыз бар. Жамағат мешіттің кіріс-шығысын толық білуі керек. Себебі, осының өзі халық пен имамдардың арасын бөліп тұрған перде секілді. Біз осы көлеңкенің көзін жоюымыз керек. Жалпы түскен қаражаттың отыз пайызын ҚМДБ-на береміз. Ол жақтан біз оқулықтар, тағы басқа да қажетті материалдар аламыз. Жалпы, мүфтият деңгейінде атқарылып жатқан игі шаралар ұшан-теңіз. Батыста 37 мешіт бос тұр. Ал, оны қамтамасыз етіп жатқан мүфтият. Пітірден түскен қаражат пен күнделікті садақадан жиналған ақшаның жетпіс пайызы мешіттердің өзінде қалады. Қалған қаражат мешіттің бір жылдық шығынының ары кетсе төрт, бес айын ғана жабады. Өткен жылы пітірден түскен қаражат 940 мың теңгені құра-ды. Одан отыз пайызды алып тас-таңыз. Ал, біздің аудандық мешіттің жылдық коммуналдық шығыны 13,5 миллион теңге шамасында. Жылыту мерзімінде газдың өзіне 400 мыңның, жарыққа 200 мыңның үстінде төлем келеді. Мешітте қызмет ететіндердің де отбасы бар. Олар 60-70 мың теңге-ден айлық алады. Мұны халық дұрыс түсінсе деймін. Шыны керек, кезінде «Құдай жоқ» деген идеологиямен тәр-биеленген аға буын біздің мәселемізге мүлде бас қатырмайды. Бұл аз десеңіз, «патриот боламын» деп шектен шығып кететіндер де жетерлік.

Құрани кәрімде Алла тағала ор-таңғы жолды ұстаныңдар дейді. Біз қазір халықты осы ортадағы жолмен жүруге үндейміз. Десек те, патриотсы-мақтар мен атеизмнің ықпалындағы кейбір кісілердің молда атаулыға де-ген көзқарасы дұрыс емес. Олардың молдаларды сынға аламын деп асыл дінімізге де тіл тигізіп жататын кез-дері болады. Бес уақыт намаз оқи-тын жамағатты «арабқұл» деп жазғы-рады. Байыбына бармай, ақ-қарасын ажыратпай айыптау анығында күнә.

на газ кіргізуге септестік. Бұрын мен Қарғалыдағы «Сәт» мешітінде имам болғанда жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында 250 балаға мектеп құралдарын алуға көмектесетінбіз. Ау-данға келгелі осы мешітті салдырған кісінің демеушілігімен 500 баланың мектепке қажетті құралдарын алып бердік. Ең бастысы ниет болуы керек. Жалпы, бұл тұрғыда имамдардың ең-бегі зор. Барлығын ұйымдастырып, тіл табысу да оңай шаруа емес. Басқаша айтқанда көпір бола білуің керек.

гіміз жаңа ғана қолымызға ұстаған затымызды әйелімізден сұрайтын жағдайға жетіп отырмыз. Ал, бүгінгі жастардың дінге бет бұрып, ішімдіктен аулақ болуы бізді қуантады. Алла қа-ласа олардан тараған ұрпақ әлдеқай-да сапалы, дене бітімі, ақыл-парасаты жағынан да алдыңғылардан озық болады деген үміт зор.

– Мешіттер өзін-өзі ақтамайды дедіңіз. Алайда, мешіттен көмек күте-тін дер де бар ғой. Қайырымдылыққа қалай қаражат жеткізесіздер?

– Халықтан жиналған қаражат халықтың өзіне қайтып жатыр. Қазір біз имамдар арасындағы ауызбір-шілікке ерекше мән беріп отырмыз. Жиі-жиі бас қосып, тәжірибе алмасып, бір-бірімізге қолдан келгенінше көмек-тесіп тұрамыз. «Қай ауылда қандай мәселе бар? Кімге қандай көмек ке-рек? Біздің қолымыздан не келеді? Мүмкіндігіміз қандай?» деген сияқты сұрақтарға бірлесіп жауап беріп, алға мақсат қоямыз. Қандай да бір игі ша-раны қолға алсақ оған кәсіпкерлерді, жомарт жандарды тартудамыз. Ол үшін біз бай кісілердің зекет қорын ашып отырмыз. Мысалы өткен жылы әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасы-на баспана алып бердік. Алты отбасы-

аттестациядан өткіземіз. Алдымен ақидасын (сенім) анықтаймыз. Құран оқуын, тарихтан хабары бар-жоғын т.б. білімі мен мінез-құлқына қараймыз. Бәрі ойдағыдай болса, ол мүфтияттың мақұлдауымен имамдардың қатарына қосылады.

– Мүфтияттың отыз жылдығына орай өңірлерде отыз көпір салу бастамасын бірінші болып жүзеге асырған екенсіздер. Осы туралы айтып берсеңіз.

– Иә, Пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.с хадисінде былай дейді: «Қиямет-тің күніне дейін сауабы үзілмейтін үш нәрсе бар. Ол жария садақа. Кімде-кім мешіт, медресе, жол немесе көпір са-латын болса оның сауабы қиямет күні-не дейін жалғасады деген. Сондықтан, біз бұл істі бірден қолға алып, ауданы-мызға қарасты Қарғалы ауылындағы әбден тозығы жетіп, апатты жағдайда тұрған көпірді толықтай жаңарттық.

– Дін тым ауқымды тақырып. Әңгімемізді осы жерден қысқартпас бұрын елімізде жүргізіліп жатқан әйгілі «Жусан» операциясы туралы аз-кем айтып берсеңіз. Сіздің бұл бағытта тәжірибеңіз де бар екен.

– Сирия мәселесі жалпы қоғамның кінәсі деп есептеймін. Сол сияқты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

ҚАЗАҚСТАН ҚАУІПСІЗ ӘЛЕМ САЯСАТЫН ҰСТАНАДЫҚазақстан Республикасы мемле-кеттік-құқықтық дамудың қазіргі ке-зеңінде өзінің сыртқы саясатын табыс-ты жүргізіп келеді. Бүгінде егемен ел ретінде көптеген халықаралық және өңіраралық ұйымдардың толыққанды мүшесі. Осының арқасында дәйекті және болжамды сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде бағаланып отыр.

Егемендік алғаннан кейін көптеген күрделі экономикалық, экологиялық, соның ішінде саяси амбицияларға қол созған егеменді мемлекет жолына түсті. Бұл ретте әлемнің басқа мемле-кеттерімен дипломатиялық қарым-қа-тынас орнату, әмбебап және өңірлік халықаралық ұйымдармен диалог орнату, күрделі геосаяси ортадағы жас мемлекеттің нақты қауіпсіздігін қамта-масыз ету, оның заңды экономикалық мүдделерін сақтауға қол жеткізу, сон-дай-ақ, ішкі қайта құрулар үшін қолай-лы халықаралық жағдайлар жасауға айрықша маңыз берілді. Осы тұрғыда біздің тәуелсіз тарихымыздың сыртқы саясатын шын мәнінде таза парақтан жазуға тура келгені ешқашан ұмытыл-мауы тиіс.

Жаңа кезеңдегі сыртқы саясатты қалыптастырудың қиындықтары ту-ралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «бізде сыртқы саяси қызмет дәстүрі болған жоқ. Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық емес функцияларды атқарды. Күрделі проблемалар көп, бірақ, шетелде бірде-бір дипломатия-лық өкілдік жоқ, сыртқы саяси мәсе-лелер бойынша қарапайым жұмыс жоқ, сыртқы саясат дәстүрлері туралы айтпағанда, білікті кадрлар жоқ» деп еске алады.

Ел басшылығының, сыртқы саясат ведомствосының алдында тұрған мін-деттерді тек доктриналық деңгейде ғана емес, жедел ұйымдастыру жоспа-рын да (атап айтқанда, кадр құрамына қатысты; шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер мен миссияларды ұйымда-стыру; біздің елде ашылатын шетелдік елшіліктердің жұмысына жәрдемдесу және т.б.) қысқа мерзімде шешу қажет болды. Сонымен қатар, орасан зор та-

биғи байлығына ғана емес, сондай-ақ, бұрынғы Кеңес одағының ядролық әлеуетінің елеулі бөлігі болғандықтан Қазақстанға ерекше көңіл бөліне бастады.

Көптеген мемлекет пен халықа-ралық ұйымның тәуелсіз Қазақстан туралы шынайы ақпараты жоқ болған-дықтан, олар елдің экономикалық әлеуе тіне қатысты ескірген мәлімет-терді пайдалануға мәжбүр болды. Осыдан келіп жағдайды түбегейлі түзету, Қазақстанды халықаралық аренада танымал ету, бүкіл әлемдік қоғамдастық шегінде елдің оң имиджін жасау қажеттілігі туындады.

Осы күрделі жағдайларда мемлекет-тің халықаралық саясатын дамыту үшін жауапкершіліктің барлық ауыртпалығын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өзіне алды. Көптеген ше-телдік және отандық сарапшылардың мойындауы бойынша, дәл осы жағдай Қазақстанды әлемдік саяси кеңістікте

бекіту үдерісіндегі көптеген шығындар-ды болдырмауға мүмкіндік берді.

Бұл жағдай сыртқы саяси стратегия-ны әзірлеу кезінде қазақстандық бас-шылықтың еліміздің халықаралық қыз-метінің басты бағдары болып қалатын көп векторлы қағидатты жүзеге асыру қажеттілігін ұғынуына әкелді. Тұтастай алғанда, тәуелсіздік жылдары көпвек-торлық қағидат Қазақстанға өзінің ұлттық мүдделерін тиімді қорғау ға ғана емес, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуға мүмкіндік берді. Жас мемлекеттің өзінің даму жолындағы прогресін және барлық мүмкін болатын бітімгершілік күш-жігерін халықаралық қоғамдастық бүгінде жоғары бағалайды.

Қазірігі таңда Қазақстан егеменді мемлекет ретінде көптеген халықа-ралық және өңіраралық ұйымдардың толыққанды мүшесі. Еліміз инте-грация саясатын белсенді жүргізіп, әлемнің көптеген елдерімен екіжақты

және көпжақты әріптестік қарым-қатынас тар орнатуда. Рес публика бүгінде БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық институттармен және ұйымдармен қоянқолтық жұмыс істеу-де.Экономикалық ынтымақтастық, Еуропалық экономикалық комиссия, Халықаралық еңбек ұйымы және тағы да басқа адам құқықтарына қатысты көптеген халықаралық актілерге қол қойып, бекітті.

Негізгі шаралар Шанхай ынтымақ-тастық ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сол арқылы ауқым-ды Еуразия құрлығындағы сенім, әріп-тестік және тұрақтылық саясатының негізі қаланды.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,«Заң газеті»

ОРАЙЫ КЕЛГЕН ӘҢГІМЕ

Page 6: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

6№22 (3246) 27 наурыз 2020

[email protected] ТАРАЗЫ

ПАЙЫМ

Ұлттық құндылықтардың әлсіреуі, ажырасушылар санының көбеюі, толық емес отбасындағы тәрбиенің төмендігі соңғы кездері жиі көтерілетін мәселеге айналды. Ұлт тазалығын, ұрпақ бола-шағын ойлайтын ел мұндай түйткілге бейжай қарамаса керек. Біздің елімізде де ажырасамын деп арыз жазғандарды ақылға шақырып, некені сақтап қалуға барлық амалдар жасалып жатыр. Бірақ, оның нәтижесі айтарлықтай жоғары дей алмаймыз.

Ажырасудың салдары аз емес. Не-кенің бұзылуы ең әуелі балалардың психологиясына ауыр соққы. Өйткені, ұйып отырған отбасының бүлінуі ерлі-за-йыптылардан бұрын кішкентайларға қатты әсер етеді. Алайда олардың пікірін сұрап, тілегін тыңдап жатқан ата-ана жоқ. Оларға тезірек басын ажыратып алу маңызды. Өкініштісі, ажырасу бір сот процесінде шешілгенімен, оның соңы талай дауға негіз болып жатыр. Ажырасушылар алдымен баланың кім-де қалатынын анықтау үшін, кездесу уақытын белгілеу мақсатында да дау-ласып сот алдына келіп жатады. Соның ішінде бұрынғы жұбайлардың ортақ мүлікті бөлуге қатысты шағымдануы жиі кездеседі.

Сот тәжірибесінен байқағанымыз-дай, біздің азаматтар ортақ мүлікке қатысты келісім жасау керегін ескере бермейді. Өзара келісім болмаған жағдайда ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу «Неке және отбасы тура-лы» кодекс аясында шешіледі. Осыған сәйкес ерлі-зайыптылар жинаған мүлік сот барысында 50 де 50 үлесімен теңдей бөлінуі тиіс. Соған орай не-келік келісім не мүлікті бөлуге қатысты келісім болса, кәмелетке толмаған балалары бар кезде, сондай-ақ, ер-лі-зайыптылардың бірі жинаған мүлікті бүлдіріп, қаржылық шығын келтірсе, жұмыс істемесе, ішімдік ішіп, есірткіге таңылса, құмар ойындарға әуес болса бұл жағдай мүлікті бөлу барысында жан-жақты ескеріледі.

Сонымен қатар, қазір жастар қатынас-тарын заңдастырмай, азаматтық некеде тұруға әуес. Бұл жұбайлар арасындағы жауапсыздыққа алып келеді. Оның да зардабы әуелі балаларға тиеді. Ал, енді бірге тұрған кезде алынған мүлік

кімнің атына тіркелсе, соның иелігінде қалады. Істің бұлай шешілуі екінші та-раптың қарсылығын тудыратыны рас. Бірақ, ортақ балаларын мойындамай, алимент төлеуден қашатындардың жеке басының игілігі үшін неден болсын тартынбайтынын мойындайтын кез кел-ді. Осындай қолайсыз жағдайда қалмас үшін әрбір азамат некеге тұру, отбасын құру мәселесіне үлкен жауаптылықпен қарағаны жөн.

Ортақ мүлік дегенде нені білу ке-рек? Мәселен, некеде болған кездегі ерлі-зайыптылардың сатып алған жылжитын, жылжымайтын мүлкі, кәсіп-тен түскен табысы, жинаған ақшасы бөліске түседі. Сондай-ақ, ажырасқан-дар некелік одақ кезінде бірігіп алған несие, ипотекалық қарыз бойынша да теңдей жауаптылықта екендерін түсінгені жөн. Осы жерде ер-азамат-тар «Менің кәсібімнен түскен пайдаға бұрынғы әйелім неге ортақтасады?» деген сауалды жиі қояды. Заңға сәй-кес, әйелдің жұмыс істемеуі оның мүліктен шеттетілуіне негіз бола ал-майды. Өйткені, әйелдің орны – оты-ның басы, баланың қасы. Немесе, ажырасқаннан кейін келіншектері бірге алынған несиені төлеуден бас тартып жатады. Бұл да заңға қайшы.

Бұған қоса, некеге дейін сатып алған дүниелерді даулап, мұрагерлікпен берілген үйден, туыстары тарту еткен бағалы сыйлықтан өзінің үлесін алғысы келетіндер де табылады. Алайда, заң бойын ша ерлі-зайыптылардың жеке заттары, киім-кешегі, мұраға қалған дүниесі, сыйлыққа алған бұйымдары бөліске түспейді. Сонымен қатар, бала-ларға арнап алынған дүниелер, бала-ның болашағы үшін жиналған капитал да бөлуге жатпайды.

Мүлікті даулау уақытының шектеулі екені де қаперде жүрсін. Себебі, ер-лі-зайыптылар ажырасқаннан кейін үш жыл ішінде ғана мүліктен өз үлесін алу бойынша арыздана алады. Бұл уақыт-ты өткізіп алған жағдайда мүлікті сұрап арыз жазу бекер.

Берік ҚАЛЖІГІТОВ,Алматы қаласы Наурызбай

аудандық сотының судьясы

Сот жүктемесін оңтайландыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүкте-месін оңтайландыру мәселелері бо-йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске түзету енгізілді. Бұйрық арқылы іс жүргізу талаптарының 9-ы нотариатқа берілді. Олар бойынша өндіріп алу енді атқару жазбасы немесе нотариустың тиісті қаулысы негізінде жүргізілуі тиіс.

2019 жылдың қаңтар айында бе-решек өндіру туралы 31 талап арыз түскен болса, 2020 жылдың қаң тар айы бойынша 2 талап арыз түсті. Заң дағы өзгерістер сот жұмысын оңтай ландыруға және күрделі істерге көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Бұйрық арқылы іс жүргізу бойынша сотқа түскен жүздеген материал нотариус-тар мен сот орындау шыларына беріл-ді. Көптеген меншік даулары істі сот-тан тыс шешудің жаңа тәртібі арқылы қаралып, тараптардың уақыты мен ма-териалдық шығынын үнемдеуде. Бұл өзгерістер, әрине, сот ауыртпалығын да қысқартады.

Алайда, нотариустардың заң қолда-нуында бірыңғай тәжірибе қалыптасты дей алмаймыз. Мәселен, «Нотариат туралы» заңның 92-2-бабына сай егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса; сондай-ақ, талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе атқарушылық жазба жа-салады. Тура мағынасында түсінсек, борыштың даусыздығы борышкермен оның келісімі туралы пікірінің болуымен ғана расталуы мүмкін. Мұндай пікір болмаған кезде талаптың даусыздығы туралы мәселе өндіріп алушыларға бе-решектің бар-жоғын растайтын барлық құжаттарды іс жүзінде ұсыну кезінде де күмән тудыруы мүмкін. Сонымен бірге,

талаптың барлық тізбесінде заңның 92-1-бабының 2-тармағына сәйкес, тек бір жағдайда ғана – борышкердің талапты мойындағанын растайтын құжатты ұсынуы міндетті шарт ретінде көзделген. Бұл орындау мерзімі келген жазбаша мәмілеге негізделген бере-шекті өндіріп алу кезінде қолданылады, қалған талаптар бойынша мұндай мін-детті шарт жоқ. Осыған байланысты, заңның 92-2-бабындағы «даусыз бе-решек» ұғымын «берешектің болуы» деген ұғымға ауыстыру қажет секілді. Осы түзету аталған норманы біркелкі түсіндіруді қамтамасыз етуде айқындық енгізер еді.

Заңның 92-7-бабына сәйкес, бо-рышкерге атқару жазбасының көшір-месін тапсыру туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде нотариусқа борышкерден қарсылық түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға оны орындауға ұсыну үшін атқару жазбасын береді. Борыш-керге атқару жазбасының көшірмесін немесе нотариустың тиісті қаулысын тиісінше тапсыру немесе жіберу үл-кен мәселе. Заңның 92-6-бабының 1-тармағы нотариустың көшірмені бо-рышкерге: электрондық пошта; белгілі

тұрғылықты жері; борышкердің тір-келген жері бойынша жіберетінін көр-сеткен. Алайда, осы баптың 1-1-тар-мағында борышкердің көрсетілген хат-хабарды тиісті түрде алу шарттары нақтыланып, олардың тізбесінде бо-рышкердің тіркелген жері бойынша хабарлама жолдау жоқ. Борышкердің тұрғылықты жері әрдайым тіркелген жерімен сәйкес келмейтіндіктен, осы нормаға айқындық енгізу қажетті лігі туындап отыр. Заңның 92-7-бабы-ның талаптарын негізге ала оты-рып, нотариус оны орындауға ұсыну үшін борышкерге тапсыру туралы хабарлама келіп түскеннен кейін ғана атқарушылық жазба беруге құқылы. Іс жүзінде бұл борышкердің нақты тұратын мекен-жайының белгісізді-гіне байланысты қиындық тудыруы мүмкін. Осыған орай, нотариустың атқарушылық жазбаны табыс етуінің неғұрлым оңтайлы тәсілі – борыш-кердің тіркелген жері бойынша жіберу ұсынылады. Бұл ретте борышкердің барлық шығыны, кейіннен сот атқару-шылық жазбаны негізсіз деп таныған жағдайда, өндіріп алушыға тиесілі. Аталған тәртіп заңға енгізілген өз-герістің тиімділігін арттырар еді.

Заңның 92-6-бабының 2, 3-тармағы-на сәйкес, борышкер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесін алғаннан бастап он күн ішінде атқарушылық жазба жасаған не-месе тиісті қаулы шығарған нотариус-ты жазбаша хабардар ете отырып қарсылығын жіберуге құқылы. Борыш-кердің қарсылығында мәлімделген та-лаппен келіспеу себептері болуға тиіс. Осы ретте борышкер қарсылығының мазмұнына мәлімделген талаптармен келіспеу себептерін көрсету міндетінің енгізілуі екіойлылық тудыруда. Өйт-кені, қарсылық себебін борышкер ашпауы мүмкін, алайда оларды кел-тіру фактісінің өзі даудың бар-жоғын дәлелдейді. Борышкер қарсылығының себебіне құқықтық баға беру өкілеттігі нотариусқа берілмегендіктен, аталған нормадан талапты алып тастау қажет секілді. Борышкер қарсылық жіберу мерзімін өткізіп алған жағдайда дәлел-ді себептерін ескеріп мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігі заң жүзінде қарасты-рылуы қажет.

Атқару жазбасын сотта даулау кезін де нотариус жауапкершілігін анық-тау да маңызды. Жазбаның күшін жой маған нотариус заңды бұзған жағ-дайда, борышкердің құқықтарын сот қалпына келтіреді. Ал, сот борыш кер қарсылығының негізділігін анықтаса, нотариустың жауапкершілігі қандай болмақ? Борышкердің қарсылық біл-діру тәртібін сақтамауы оның бұзылған құқығын қалпына келтіруден соттың бастартуы үшін негіз бола ала ма? Жоғарыда аталған сәттер атқару жаз-басын жасау кезінде нотариустарда туындайтын мәселелердің бір бөлігі ғана. Бұл өз кезегінде, нотариустар-дың құзыретіне жатқызылған талаптар бойынша соттарға талап арыз түсіруді жалғастырады. Осыған байланысты, соттарда Азаматтық процестік ко-декстің (әрі қарай – АПК) 152-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы бойын-ша, яғни, осы санаттағы істер үшін

заңда белгіленген немесе тараптар-дың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібі және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған болса, мәлімделген деректерді қайтару бой-ынша тәжірибе қалыптасуда. Алайда, бұл тәжірибе дұрыс емес. Одан гөрі сол арыздарды азаматтық сот ісін жүр-гізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды деп АПК-нің 151-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы бойынша қайтармай, оларды қабылдаудан бас тарту неғұрлым дұрыс.

Аталған бағытта түсіндіру жұмыс-тарын жүргізу мақсатында Ақтөбе об-лысының Хромтау аудандық сотында меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағыт-талған сот жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел-дер өткізілді. Кездесу барысында ад-вокаттар атқарушылық жазбаның күшін жою негіздері мен тәртібі туралы, ал, нотариустар нотариат туралы заңдағы өзгерістерге байланысты кейбір мәсе-лелерді анықтап, іс жүргізу тәртібі мен айырмашылықтарын атап өтті. Со-нымен қатар, даусыз талаптарды шешу мақсатында соттан тыс тәртіпте нота-риустарға жүгіну қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендетуге, қаражаттың үнемделуіне ықпал ететіні айтылды. Себебі, атқарушылық жазбаны жүзеге асыру үшін нотариат қызметіне алына-тын ақы жеке тұлғалар үшін 0,2, заңды тұлғалар үшін 1 пайыз. Шараның қоры-тындысы бойынша заңды дұрыс және біркелкі қолдану туралы ұсыныстар ай-тылып, нотариаттық атқарушылық жаз-ба – нотариалдық әрекеттің жаңа түрі ретінде азаматтар мен заңды тұлғалар арасында қолдау тапты.

А.БИСЕНҒАЛИ,Ақтөбе облысы

Хромтау аудандық сотының судьясы

ҚҰҚЫҒЫҢА ҚҰЛАҚ САЛ!

АТҚАРУ ЖАЗБАСЫ НОТАРИУС ҚҰЗЫРЫНДА

ОРТАҚ МҮЛІКТІ БӨЛУДЕ НЕНІ ЕСКЕРГЕН ЖӨН?

КӨЗҚАРАС

Статистика бойынша Қазақ стан бұрынғы кеңестік елдер ішінде ажы-расудан алда тұр. Ажырасу тұрмақ, ағайын арасындағы араздықтың алдын алуға мән берген қазақы тәрбиенің әлсіреуі бәрімізді бейжай қалдырмаса керек.

Шаңырақтың құлдырауы отбасы құндылығының төмендегенін көр-сетеді. Өкініштісі, қазіргі жастардың үйлену туралы шешімді қабылдауы да, ажырасамын деген ойға келуі де өте тез. Оларды күні кеше бала-лары үшін қуанып барын шашқан ата-ананың абыройы да, өзінің ер-теңі де, баласының болашағы да ойландырмайды. Ажырасумен бар-

АЖЫРАСУ – АҚЫЛМЕН ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕ

лық қиындық шешілетіндей көреді. Шындығында ажырасудың салдары олар ойлағандай оңай емес. Некені бұзудың соңы бұрынғы туыстар, достар арасындағы сый ластыққа сына түсіреді. Кешегі ерлі-зайып-тылардың ажырасып кетуінен мүлік дауы басталады. Ортақ балаға қа-тысты туындайтын келіспеу шіліктер тіпті көп. Сонымен бірге, бұл процесс қаржылық жақтан да, уақыт тұрғы-сынан да тиімсіз. Жүйкеге салмақ түсіретіні, уайымға салатыны тағы бар. Ендеше, ажырасудың алдын алудың амалын жасау ұлт үшін, ұр-пақ үшін маңызды болмақ.

Ең алдымен біз «Үйлену оңай, үй болу қиын» екенін ұл-қызымыздың санасына бала кезден сіңіруіміз ке-рек. Өйткені, «Балапан ұяда не көр-се, ұшқанда соны іледі» дегендей, әрбір отбасында баланың міндеті, әкенің рөлі, ананың парызы тура-лы ортақ түсінік қалыптасуы керек. Ажырасудың салдары, жағымсыз қы-рлары тұспалдап болса да баланың санасына сіңе беруі қажет.

Қазір ажырасудың алдын алу үшін әр өңірдің соттары әртүрлі іс-шара-лар өткізіп, некені сақтап қалудың қамын жасап жатыр. Азаматтық хал-актілерін тіркеу органдарымен өзара бірлесе жұмыс жүргізіп, бас қосуға ниет еткен жастарға отбасын құрудың ұстанымы, әйел мен еркек-тің жанұядағы орнын, міндетін түсін-діру мақсатында сабақтар өткізуде.

Бұл жастардың бір-бірін тануына, некенің маңыздылығын ұғынуына көмектеседі деген ойдамыз. Жоғары оқу орындарында арнайы жиындар, имандылық сабақтарын ұйымда-стыру да дәстүрге айналып келеді. Мұнда да отбасын құрудың жауап-тылығы сөз болады. Шаңырақтың шайқал мауы – ерлі-зайыптылар сезімінің мықтылығына ғана емес, сенімінің беріктігіне, қиындыққа төзімділігіне, кедергіні бірігіп жеңе білуіне байланысты. Ажырасудың себептері туралы айтқанда міне, осы мәселелер алдыдан шығады. Отбасын құрамын, үй саламын, ұр-пақ өсіремін деп ниет еткендер тұр-мыстың төмендігін, туыстың кедергі келтіретінін, ойларының үйлеспей-тінін сылтау етпесе керек.

Некені сақтау, ажырасуды азайту тек Қазақстанды ғана алаңдатып отырған түйткіл дей алмаймыз. От-басылық құндылықтардың әлсіре-генін ұрпақтар арасындағы үндестікті мықты сақтаған Жапония мемлекеті да мойындап отыр. Ал, Ресейдің демографиялық құлдырауға, қыл-мыстың артуына түрткі болған басты себептердің бірі ретінде ажырасуды атауы біраз жайдан хабар берсе ке-рек. Сондай-ақ, әлемді мойындатқан АҚШ пен Еуропа елдері де соңғы жылдары отбасы институтына терең мән бере бастады. Батыс елдерінде неке бұзу процедураларына өте күрделі заңдар арқылы көп тосқауыл

қойылған. Бұл елдер де, азамат-тардың некеге тұруға асықпауын, балалы болуға талпынбауын, жеке бақытынан гөрі қызметтегі жетісті-гін жоғары қоятындардың көбеюін, азаматтық некенің артып, ажыра-суға арыз берушілердің жиілеуін отбасы институтының әлсіреуімен байланыстырады. Сондықтан болар, өркениетті елдер ажырасуға шешім қабылдағандарға қомақты айыппұл салуды, неке бұзуды қалағандардың сот процестеріне төлейтін ақысын неғұрлым өсіруді, сотқа дейін ерлі-за-йыптылардың психологтар кеңесінде болуын міндеттеуді тәжірибеге ен-гізген. Бұл да некені сақтаудың бір амалы шығар.

Біздің сотта да неке бұзу жөнін-дегі азаматтық істер күнделікті қа-ралады. Әрине, неке бұзу туралы шешім шығару сотқа ешқандай қиындық туғызбайды. Бірақ, біз ал-дымызға келген ерлі-зайыптылар-дың татуласуына жағдай туғызып, жарастырып жіберуге барынша тырысамыз. Жұбайлардың отбасын сақтап қалу, кәмелетке толмаған ба-лаларын тірі жетім қалдырмау үшін сот құзырындағы бар мүмкіншілік осы ғана. Ажырасуды ашумен емес, ақылмен жеңсе, шайқалған шаңы-рақтар азаяр еді.

Назкен БАЙМАХАНОВА,Алматы қаласы Жетісу

аудандық сотының судьясы

Page 7: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

7№22 (3246)

27 наурыз [email protected]

Алматы қаласы Ұялы тел.: 8(747)428-26-10Тел.: 8(727) 292-29-27, 292-40-89

E-mail: [email protected]

«GoldKapital» ЖК Нұр-Сұлтан қ.,Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.Тел.: 8 (7172) 52-02-11

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

«Қандыбаева» ЖК, Газеттерге, журналдарға және сайттарға хабарландыру қабылдау агенттігі: 8(727)327 30 92, тел/факс: 273 47 98, 8 707 895 21 99, 8 701 739 27 83, 8 705 185 75 73www.gazetyіsaіty.kz, e-maіl: vsegazety@maіl.ruАлматы қ., Абылай хан даң., 60, Мақатаев көш.қиылысы, 208 кеңсе.

ТОО Арлан-консалтинг, Семей қ., К.Мұхаметханов көшесі, 23 «А». Тел.: 8 (705) 798-58-18

«TRade and service» ЖК, Алматы қ., ш/а Жетісу-3, 55/133.

«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М.Горький көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар қ., Естай кө-шесі 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл кө шесі, 11. Тел.: 8 (7112) 42-00-71.Қалиасқаров Нұрлан Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішов көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.Тел.: 8 (7152) 46-02-57, ұялы тел.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.

Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов- Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07, ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.

«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.

ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.: 87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru. Ершова Людмила ЖК, Шымкент қ., Жел тоқсан көшесі, 20 б.

«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА), ди-ректоры Кривилова Татьяна Ивановна. Шым-кент қ., Г.Иляев көшесі, 47 (Шаймер денов к. бұрышы) RBK банктің жанында, Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp : +7-705-705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com

«Юридическая фирма «Консультант» ЖШС Орал қ., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.: 8 (7112) 50-88-05.

«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.

ИП «Сагидоллина Б.», 1 Теміржол вокза-лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы. ardawka_94@maіl.ru, Тел: 87058762218.«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған қ., ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221.ЖК Гавриленко И.И., Қостанай қ.,пр. әл-Фа-раби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс: 8 (7142) 53-63-21.

«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызыл-орда қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89, ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкелді көшесі 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.: 87017268772, 87054422939.

ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қабат. Тел.: (87152) 46-74-77.

«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым Да-тов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО, 102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы тел.: 8701 920 45 38.

ЖК «Выдай», Өскемен қаласы, 60. Тел.: 8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.

ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 4-қабат, 419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.: 8707-705-9222 Emaіl:kaldybayeva@maіl.ru.

ӘРТҮРЛІ

ТАРАТУ2. «Казталов ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Барлық талаптар хабарландыру жарияланған күннен бастап, екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, №1 үй. Тел.: 871144-31169.

3. «Зайсан ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, БСН 150340008322, өзінің таратылатындығы туралы хабарлайды. Талап- шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде қабылда-нады (нақты мекенжайы бойынша): 070700, Шығыс Қазақстан облысы, Зай-сан қаласы, Боқажанов көшесі, 100. Тел.: 8-723-40-3-00-29. Заңды мекенжайы: 070700, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Боқажанов көшесі, 100.

4. «Талдықорған қаласының ветеринариялық бөлімі» мемлекеттік ме-кемесі, БСН 120140006581, өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Та-лап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 101.

5. «Дубай Майнинг Уорлд Қазақстан» ЖШС (БСН 080840011543) өзінің ерікті түрде таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы ха-барландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекен-жайда қабылданады: ҚР, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 90-үй, 16-кеңсе.

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 25 ЖЫЛ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОҒАМ КЕПІЛІелулікке енгелі тұрған ұлы мұраттар түрткі болды.

Тәуелсіздік алған алғашқы жыл-дары қабылданған барлық заңдар бүгінгі өмір талабына сай қайта қа-ралып, өзгертулер мен толықтыру-ларға ие болды. Сондай құжаттың бірі – «Нотариаттар туралы» заңына 2019 жылы өзгеріс енгізіліп, жаңа талаптарға сай қайта қабылданды. Осы заң аясында елдегі нотариаттар қызметі көптеген жаңа ережелер-мен толықты. Бұл өзгертудің тиімді тұсының бірі – даулы емес біраз мәселелердің нотариаттар құзыреті-не өтуі болды. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары нотариустарға түрлі тұрмыстық мәселемен жүгінетіндер саны артты. Сол себепті де елдегі но-

9. «Рудненское-Агро» ЖШС, БСН 110740016231, жарғылық капиталы көлемінің азайғаны туралы хабарлайды. Несиегерлердің талап-шағымдары осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қостанай қаласы, Некрасов көшесі, 13-үй. Тел.: 87014075090.

6. «ERG Service» (И-Ар-Джи Сервис) акционерлік қоғамы (əрі қа-рай-Қоғам) (БСН 041040003658, заңды мекенжайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Северная өндірістік аймағы, 174-құрылыс) өзінің несиегерлеріне 2020 жылдың 16 наурызын-да өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында Қоғамды «ERG Service» (И-Ар-Джи Сервис) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құру туралы шешімнің қабылданғандығы жөнінде хабар-лайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 46-бабының 5-бөлімі-не сəйкес, «ERG Service» (И-Ар-Джи Сервис) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қоғамның, соның ішінде 2020 жылдың 16 наурызында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысымен бекітілген тапсыру актісіне сəйкес Қоғамның барлық міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.

Несиегерлердің талаптары осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде қоғамның атқарушы органы орналасқан (жоғарыда көрсетілген) мекенжайда қабылданады.

«Заң» Медиа-корпорация» ЖШС ұжымы Қанапия Омарха-новқа қайын атасы

Ертөре КАРИБАЕВТЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

7. «Рамазанов А.М.» ЖШС, БСН 190840023758, өзінің таратылатыны ту-ралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР, БҚО, Орал қаласы, Евразия даңғылы, 59/1.

8. Рудный қаласы əкімдігінің «Рудный қалалық ветеринария бөлімі» ММ, БСН 070440005265, өзінің жойылғандығы туралы хабарлайды. Шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде мына мекенжай бо-йынша қабылданады: ҚР, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Космонавтов даңғылы, 12, 316-бөлме.

10. «Жаңақала аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі тарату негізі бойынша тоқтатылатыны хабарланады, БСН 150240015598. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы, №44, индекс 090400, тел.: 87114121840, 87114122305.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ӘЛЕМНІҢ ОЗЫҚ ЖҮЙЕСІН ҮЛГІ ЕТЕ ОТЫРЫП ОСЫДАН 25 ЖЫЛ БҰРЫН

ХАЛЫҚҚА ЖОЛ ТАРТҚАН. МІНЕ, СОДАН БЕРІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ, АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛМАУЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕДІ. АТА ЗАҢ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ТЕГІН БІЛІМ, МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК, ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС СИЯҚТЫ КӨПТЕГЕН ҚЫЗМЕТ ҰСЫНДЫ. АЗАМАТТЫҚ ИНСТИТУТТАР МЕН БЕЙБІТ-ШІЛІК, СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ МЕН ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНЫП, ОНЫҢ ОДАН АРЫ БЕКУІНЕ ӨЛШЕУСІЗ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН КОНСТИТУЦИЯ БАРША ЗАҢНЫҢ АТАСЫ.

Демократиялық қоғамның жан-жақты дамуы, мемлекет пен халық арасындағы үйлесімділік бағдары-ның нәтижесінде елімізде әртүрлі тыйым мен шектеу жойылды. Мем-лекет Конституция аясында адам

сапасын көтеру, саналы да білімді азамат тәрбиелеу ісіне өте үлкен ең-бек сіңірді. Мемлекеттегі қолжетімділік пен ашықтық кез келген құқықтық саланың басымдық беретін құрылы-мына айналды. Мұның бәріне бүгінде

тариустардың атқаратын қызмет аясы кеңіді. ҚР «Нотариат туралы» заңына сәйкес нотариустар келісімшарттар-ды, жеке тұлғалардың арыздарын және де басқа құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, сенімхат-тарды куәландырады, өсиеттерді, мұрагерлік істерді ашады, мұрағат-тық істер бойынша мұрағаттық құ-жаттарды береді. Аталмыш қызмет түрлері «Нотариат туралы» заңның 32 және 34-бабында анық жазылған. Мұның қайқайсысы да қарапайым халық үшін өте өзекті. Ал, осындай қызметті халыққа дер шағында ұсыну нотариат тардың міндеті. Сондықтан да бұл қызметке келетін адам қатаң талаптан, іріктеуден өтеді. Халықтың көңілінен шығып, оларға сауатты қыз-мет көрсету нотариус мамандардың біліктілігін сынайды, әрі сол жолда оларды шыңдайды. Нотариустар қыз-меті мемлекет белгілеген орталықтар

арқылы бақыланады. ҚР заңдарын сыйлау, құрметтеу, ҚР Конституция бекіткен басты құндылық саналатын адам және оның құқығын қадірлеу кез келген нотариустың жадында тұратын қағида. Ендеше, қоғамдық бақылау мен әділетті қоғамды аңсайтын, со-ның жолында күресетін азаматтар тұрғанда елде құқықбұзушылықтар көбеймейді. Нотариустарға бейбіт құ-жаттарды заңдастырудан өткен ізгілік жоқ. Ендеше, алдағы уақытта нотари-аттар жұмысының заң аясында адал атқарылып, білім-білігін тереңдете беретіні де анық. Өйткені, сауатты халық қана заңдық дауларды болдыр-майды. Әрі құқықтық сауаттылықты ондай қоғам қалыпты, солай болуға міндетті деп қабылдауы керек.

Рысхан МАРТЕПБАЕВА, Алматы облысы нотариаттық

округінің нотариусі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЫ

Алматы 2020 жылғы 27 наурыз

Коллекциялық монеталарды айналысқа шығару туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ту-ралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Рес-публикасының №2155 заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 27 нау­рызда номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан және но-миналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Қазақстан Республикасында жарияланған тө-тенше жағдайға байланысты монеталарды сату ке-йінірек жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сай-тында қосымша орналастырылатын болады.

«ЖЕНІСКЕ 75 ЖЫЛ» монеталарының сипатта­масы:

«ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ» монетасының графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында совет жауынгерінің стильдендірілген бейнесі бар.

Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершін-дердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген.

Композицияның оң бөлігінде – қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде – мерей-тойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнелен-ген.

Монетаның реверсіндегі жазу кириллицада орын-далған, бұл сол уақыттағы оқиғалармен тарихи байланысты баса көрсетеді. Монетаның дизайнына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізген «ЖЕҢІС МОНЕТАСЫН ЖАСА!» жалпы республикалық конкурс жеңімпаздарының идеясы пайдаланылды.

«Қара proof» дайындау сапасымен күмістен жасалған монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы 2 000 (екі мың) дана дайындалды.

МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, мас -сасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, «bri l l iant uncirculated» дайындау сапасымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы 100 000 (бір жүз мың) дана.

МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, «brilliant uncirculated» дайындау сапа-сымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы 8 000 (сегіз мың) дана.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ, банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Республика-сы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағыл-шын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар «Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы рес-публикалық мемлекеттік кәсіпорнында дайын-далған.

Page 8: 2 ТӨРДЕ ОТЫРУ ЕМЕС - ZANMEDIA.KZ · 2020-03-26 · лекеті, сүйенетін заңы бар әрбір қыз-келіншекке еш алаңсыз, өнімді

8№22 (3246) 27 наурыз 2020

[email protected]

Редакторлар кеңесінің төрағасы – директорЖанахмет АҒЫБАЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61

E-mail: [email protected]«Заң газеті» аптасына 2 рет – сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5942 данаАпталық таралым 11884 дана

Тапсырыс №43 Индекс 65921

Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-да Қазақстан Респуб лика сының Мәде ниет және ақпарат министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Нұр-Сұлтан Айша Құрманғали 8 707 851 91 13.

Алматы Нұрбол Әлдібаевоблысы 8 701 357 66 84.

Ақмола Қалкөз Жүсiпоблысы 8 701 300 14 74.

Түркістан Шадияр облысы Мекен бай ұлы 8 775 733 56 65.

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

Бас редактор Айнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың орынбасары Шолпан ҚАРАЕВА

Нөмiрдiң кезекшi редакторы Ерлік КЕБЕКБАЙ

АЙНА

МҰНЫ АЙТПАСҚА БОЛА МА?!

САҒЫМҒА АЙНАЛҒАН ЖЕТПІС ЕКІ ЖОБА

КӨКЕЙКЕСТІ

Әрине, алғашқы бағдар жаман емес еді. Отандық кәсіпорындарды қолдаудың мақсаты мен жүйесі өзгертіліп, өнімділікке, экспортқа басымдық берілді. Алайда «атой-лап» ашылған жобалардың соңы сиырқұ-йымшақтанып кетті. Осыдан үш жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама-ның 72 жобасының тоқтап тұрғаны жалпақ жұртқа жария болды. Осы бойынша Елбасы біраз шенеунікке сөгіс беріп, Үкімет басшысы мұң болған мың зауытты қолына шырақ алып іздеуге ниет танытқан. Ниеті болғанымен, із-деуге шындап кіріскен жоқ. «Сұрау болмаған соң бүгін ашылған зауытты ертең таппай жер сипап қаламыз» дейді сарапшылар. Тіпті, Ел-басы тұсауын кескен өңірлердегі әлеуметтік жобалардың өзі тоқтап тұр.

БАНКРОТ БОЛҒАН «БИОХИМ»

Солтүстік Қазақстан облысында дүркіреп ашылған бидайдан биобензин өндіруі тиіс «Биохим» зауыты көпке бармай банкрот болды. Елбасының қатысуымен Тайынша қаласында ашылған бұл зауыт бастапқыда бүтін бір кластерлі өндіріс болуы тиіс еді. Өндірістен қалған қалдықтардың өзінен крахмал, көмір қышқыл газы мен мал азығын алу жоспарланып, зауыт өніміне шетелден де тапсырыс көптеп түсе бастаған. Алайда, биоэтанолды батысқа тиімді тарифпен экс-порттауға мүмкіндік беретін заң болмады. Артынша заң қабылданғанымен, зауыт бұл кезде қарызға белшесінен батқан. Ақыры 200-ге тарта жұмысшының жалақы берешегі облыстық прокуратураның араласуымен өтелген еді.

Дегенмен, банкрот болған «Биохим» қа-зір BioOperations компаниясы болып қайта ашылған. Әзірге қайта қалпына келтірілген кәсіпорын Америкаға глютен экспорттауда. «Бұл өнімділігі өте жоғары құрғатқыш. Ол сұйық барданы үлкен көлемде кептіруге, одан ылғалды бөліп шығарып, жоғары ақуызды азық-жем алуға мүмкіндік береді. Жем би-дай кебегіне ұқсас болып келеді. Бірақ, одан әлдеқайда тығыз, ақуызы көп, әрі мал үшін анағұрлым құнарлы», – дейді зауыттың бас технологы Евгений Синицкий. Кәсіпорынның қарымы қаншаға баратыны белгісіз. Өйткені, қазірдің өзінде кәсіпорын су және электр қуаты бойынша тапшылық көріп жатқанға ұқсайды.

КЕЛТЕ ҚАЙЫРЫЛҒАН ҚАНАТ

Ашылуынан жабылуы тез болған жоба-лардың бірі – «Сұңқар» зауыты. «Авиациялық

құрылыс тап осы жерден басталады. Бұл – мүлде жаңа инновациялық өндіріс», – деп еді Елбасы ашылу салтанатында. Алайда, әуе кемесін жасауға уәде берген кәсіпорынның өзі әуеге қалықтап кеткенге ұқсайды. Бұл кәсіпорын ауылшаруашылығында қолда-нылатын «Фермер-2» және «Фермер-500» ұшақтарын, ал, 2012 жылы төрт адамға арналған «Сұңқар» ұшағын жасауы тиіс бо-латын. 2015 жылға қарай мемлекеттің көмегі арқылы он адамдық «Экспедишн» ұшағы, одан кейін реактивті ұшақ құрастырылады деп те сүйіншіледі. Сөйтіп, мемлекет бұл жобаға «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 750 млн теңге, «ҚазАгро» ұлттық холдингі 846 млн теңге жеңілдетілген несие берген. Бірақ, бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өнім шығаруы тиіс зауыт бүгін-де қаңырап тұр. Компанияның заңды серік-тесі Казанның «МВЕН» фирмасы ұшақ пен полимерден өндіріс технологиясын әзірлеуші ретінде қатысқан. «Серіктестер тарапынан технологиялық сызба-нұсқалардан кеткен қа-теліктің кесірінен әрі қарай жұмыс істеу мүм-кін емес» деген зауыт басшылары қолды бір сілтеп, ұшақ шығаруы керек болған зауыттың қанаты келте қайырылып қалды.

ЖЕЛГЕ ҰШҚАН 120 МЛН

2003 жылы ашылған Балқаш мырыш зауы-ты да алты жыл ғана жұмыс істеді. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» зауытты қалпына келтіру көзделгенімен, одан кейінгі тағдыры бей-мәлім. Бұл жобаның да ашылуында Елбасы өзі қатысып, мырыш зауытынан жылына 100 мың тонна өнім өндірілетінін айтып мақтап еді. «Қазақмыс» корпорациясының басты жо-баларының бірі болған кәсіпорын осылайша 120 млн долларды желге ұшырды.

ТӨРТ ЖЫЛ ТОҚТАҒАН ТОҚЫМА ӨНДІРІСІ

2004 жылы ашылған «Ютекс» мақта өңдеу кешеніне де аз қаражат жұмсалмады. Бақан-дай 19,3 млн доллар жұмсалған зауыт 2011 жылы тоқырауға ұшырап, төрт жылдан кейін қайта жан бітті. «Бәйтерек» ұлттық басқа-рушы холдингі мен оның еншілес құрылымы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» бірігіп «Ютекс» және «Меланж» тоқыма фабри-калары қайта іске қосылды. Өндірісті қазір Қазақстан даму банкі қаржыландырып отыр. «Жоба сәтті жүзеге асса, екі фабрикадағы жіп өндірісінің қуаты жылына 8,4 мың тон-наны құрайды» дейді жұмыс берушілер. Ал, дайын тоқыма өнімінің көлемі жылына 10,6 млн метрге дейін жетеді деген жоспар бар.

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ІСТЕЛІНІП ЖАТҚАН ИГІ ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК. МӘСЕЛЕН, ИНДУС­ТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖЫЛДАРЫНДА 8 ТРЛН

ТЕҢГЕНІҢ 961 ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ЕЛУ МЫҢ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН. ДЕСЕ ДЕ 2011 ЖЫЛДАН БЕРІ ЕЛДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ РЕСМИ КӨРСЕТКІШІ БЕС ПАЙЫЗДАН КЕМІМЕГЕН. СЕБЕБІ, СОЛ 1250 КӘСІПОРЫННЫҢ НАҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАНЫНЫҢ САНЫ ЖҮЗДЕН ДЕ АСПАЙДЫ ЕКЕН.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА

КЕРЕГІ – МЕЙІРІМАДАМ ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛСЫН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ

ІЗДЕЙДІ, ТІПТІ КЕЙ ЖАҒДАЙДА ОҒАН МАТЕРИАЛ-ДЫҚ ИГІЛІКТІҢ ҚАЖЕТ БОЛМАУЫ ДА МҮМКІН. АЛ, МЕЙІРІМ, ЖЫЛЫ СӨЗ, РУХАНИ ҚОЛДАУ ӘРҚАШАН МАҢЫЗДЫ, БАРЛЫҚ КЕЗДЕ ДЕ ӨЗЕКТІ. ЕГЕР ОЛ АДАМНЫҢ МҮГЕДЕКТІГІ БОЛСА, ТІПТІ...

Оларды тіпті сіз мүмкіндігі шектеулі деп те айта ал-майсыз. Арасында мүгедектігі жайлы суырылып шығып, өз проблемасын өзгеге айтқысы, естірткісі келетіндер аз. Өйткені, олар намысқой, шамшыл. Сонысымен де бұл инклюзивті, «нәзік тақырып».

Ортадан оқшаулаудың керегі жоқ

Біз сөйлескен алғашқы кейіпкер Таңжарық «мүмкін-дігі шектеулі» деген ресми атауға қарсы. Оның ойынша, мұндай адамды қалыпты қоғам «мүгедектігі бар азамат» деп атау керек. Біздің кейіпкеріміз бұндай адамдарға қоғамда көзқарас өзгеруі керек деп есептейді. Инклю-зивті білім берудің де Таңжарықтың айтуынша, екі жағы, яғни, пайдасы мен зияны бар. «Зияны – мүгедектігі бар баланың ата-анасы оған адамдардың әртүрлі бола-тынын айтып түсіндіре бермейді. Кей ата-ана мектеп-тен кеміс бала көрсе оны қолымен нұсқап, баласына көрсетеді. Балалар да осыдан әлгі адамға қатыгездік танытады, ауыр сөз айтып кемсітеді. Яғни, біреудің жүрегін жаралап алмау керектігін үлкендер кез келген балаға кішкене күнінен ұғындыруы керек. Пайдалы жағы – инклюзивті мектепте оқыған балалардың ортаға үйренуі. Оларды изоляцияда қамап ұстаудың керегі жоқ. Мүгедектігі бар баланың қабілеті көтере ме, оны қалып-ты балалармен қатар оқыту керек. Қолы кеміс, аяғы жоқ, құлағы естімейді деп оларды қоғамнан оқшаулаудың керегі жоқ. Ол бала өзінің кемістігінің қоғамға ешқандай қауіпті емес екенін өзі қатарлы балалардың ортасына түскенде сезінеді» – дейді.

Таңжарықтың айтуынша, инклюзивті білімге кірген балаға, оның сыныптастарына да, ата-анасына да психологтың көмегі керек. «Барлық талапқа сай бұл баланың да жақсы оқи алатынын, жақсы оқыса жақсы жұмысқа ие бола алатынын, ары қарайғы өмірі осы білімге байланысты екенін түсіндіретін маман керек, ата-ана да осыған сенуге тиіс. Өз баласының қабілетіне өздері сенбесе еш нәтиже шықпайды. Мұндай жағдайда олар текке баланың сағын сындырады». «Қазақстандық мектептерге пандустар керек. Мүгедектігі бар балаға көтеріліп түскенге жағдай жасалған жөн. Сосын ұстаздар ол баланы мүсіркеп, аяушылықпен жоғары баға қой-масын. Бұл баланың мүмкіндігін шектейді, өзіне деген сенімін жоғалтады» – дейді кейіпкер.

Мемлекеттің көмегі көпКелесі кейіпкер Мерей әлеуметтік көмекші. Оның ай-

туынша, мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет үлкен көмек жасап отыр. Жылына бір рет ауылдағы балаларға мемлекет арба, балдақ секілді аса керек заттарды бе-реді. Айына памперс, ойыншық, әртүрлі дамыту құралын жеткізеді. Мерей, бірақ, олардың сапасының мәз емесін айтады. Алюминий қаңылтырдан жасаған бұл құралдар балалардың қолтығын қажап, кейде тез сынып жатады екен. Мерейдің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі кейбір балалардың қабілеті зор. «Біздің сабақтар көбіне дидак-тикалық оңалту тәсілімен өтеді. Мәселен, сол қолы әзер қимылдайтын баланың сол қолымен сурет салғызамыз, сол қолын көбірек жұмыс істетуге тырысамыз. Оң аяғы істемесе сол аяғымен пластмасса бөтелкелерді басқы-замыз. Олар өте сезімтал. Кейде сау баланың ойына келмейтін, сау бала айта алмайтын дүниелерді осылар айтады. Мысалы, он алты жастағы балам ашық теңізге шығуды, кеме капитаны болуды армандайды. Теңіздің, кеменің, шағалалардың суретін керемет салады. Тағы бір қызым қабағыма қарап отырады, сәл көңіл-күйім бол-маса «апай, ауырып отырсыз ба?», «Сіздің көңіліңізге келетін сөз айтып қойдым ба?» деп отырады. Басында жылап алатынмын, қазір бәріне үйрендім» – дейді.

Психологтар мүгедектігі бар баланы дүниеге әкелген ата-ананың қиындығы перзентханада диагнозын естіген-нен басталатынын айтады. Кемістігі бар нәрестені кө-теріп, қолына алудың өзі жас ана үшін үлкен сынақ. Ен-деше, бұндай отбасыларға психологтың, туған-туыстың қолдауы өте қажет. Егер ата-ана баласына өзі қолдау білдіруге, онымен бірге ертеңгі өмірінде күресуге дайын болмаса баланың ес біле бастаған сәтте-ақ сынып кетуі ғажап емес. Ендеше, инклюзивті қоғам өкілдеріне әрқа-шан қолдау мен түсіністік керек. Дамыған, адам құқығын сыйлайтын кез келген мемлекет үшін әрбір азаматы қадірлі болуға тиіс.

Жадыра ЖОМАРТҚЫЗЫ

Бүгінгі таңда 400-ден астам адамды жұмысқа тартып отырған тоқыма өндірісі қайта тоқтап қалмасын деп тілейік.

ЖЕРСЕРІК ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

2006 жылы жарнамасы жер жарған жер-серік «ҚазСaт» спутнигін ғарышқа шығарып салу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. Сол кезде ғарыш кеңістігінен шала-жансар хабар беріп тұрған спутник екі жылдан соң үшті-күйлі жоғалды. Бұл жоба құнының 65 млн долларын Қазақстан көтерді. Ғарышкер Талғат Мұсабаев «ҚазСaт-1» жо-басы ғұмырының қысқа болуына біліксіздерді кінәлады. Сөйтіп, спутникті құрастырған ре-сейлік зауыттың шығынды жапқан-жаппағаны да жұмбақ күйінде қалды. Соған қарағанда, «ҚазСaт-ты» жасауға тапсырыс берген зауыт спутник жасауға маманданбағаны, ыдыс-аяқ пен балалар ойыншығын шығарушы болғаны туралы әңгіменің растығына сенбеске шара жоқ.

КЕРАМОГРАНИТ ЖЕР СИПАТТЫ

Бір ашылып, бір жабылып, берекесі қашқан жобаның бірі – «Азия Керамик» ке-рамогранит зауыты. Бұл жобаны да Елбасы Шымкентке арнайы барып, лентасын қиған. Алғашында атауынан ат үріккен алып зауыт-тың артынша ісі тоқтады. Нысанның құны – 35 млн долларға жуық, қаржының басым бөлігін – 31,8 млн доллар соманы – несие түрінде Қазақстанның даму банкі беріп отырса, қал-ған 4 млн долларды – түрік инвесторлары салған. «Жобаны жүз пайыз жүзеге асыра-мыз» деген түріктің «Seramist Toprak Sanai Ve Tigaret Limited Sirketi» фирмасы жер сипатып кетті. «Зерде» ҮЕҰ» ЖШС қолдауымен 2015 жылы кәсіпорын «Зерде-Керамика» деген атаумен қайта іске қосылды. Әйткенмен, сай-ты да жаңартылмай, телефон нөмірі де тір-келмеген зауыттың болашағына сену қиын.

АЛАЯҚТЫҚҚА БАРҒАН АҚТАУЛЫҚ ЗАУЫТ

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына Ақтау қаласында «Caspiy Еlectronics» инновациялық жобасы тарту етілді. Сол жылы жалпыхалықтық телекөпір барысында Елбасыдан жоба жетекшілері «Планшет пен плазмалық телевизорлар өндірісімен айналысатын жобаны жүзеге асыруға мемлекеттен 800 млн теңге бөлуді сұраған. Мұнда жылына 67 мың планшет-ті компьютер, 40 мың теледидар және 43 мың монитор шығарылады» деп мақтанған. Алайда, ашыла сала шығыны көбейіп, ар-тынша жабылды. Кейін тергеу кезінде зауыт техникасына барлығы 600 млн теңге бөлін-гені, ал, негізінде оның бағасы 20 млн теңге болғаны анықталған. Тіпті, кәсіпорын түрлі көзбояушылыққа барғаны тергеу кезінде анықталып, бірде-бір планшетті компьютер жасалмағаны белгілі болды. Сұмдығы сол, барлық планшет Қытайдан әкелініп, өзіміздің өнім ретінде сатылған. Алаяқтыққа барған ақтаулық зауыттың жетекшісі Александр Пав-ленко бас бостандығынан айырылды.

Жол ортада қалған 72 жобаның жы-рын бүгін айтып бітпейсің. Оның ішінде заманауи, барлық халықаралық стан-дартқа сай болады деген Ақтау-Сити жо-басы, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында салынбақ болған Тасқала цемент, Қарағанды облысының Темір-тау қаласында ашылған кремний зауыт-тары да бар. Бір қызығы, металлургтер қаласында ашылған компанияның бас директоры Александр Сутягинский бұ-рын да ашылып-жабылған «Биохим» кәсіпорнының жетекшісі болыпты. Бұл ел қазынасынан берілетін қаржының қайтарымы тиісті деңгейде тексеріл-мейтіндігі мен шетелдік инвесторлар-дың мәселесін майшаммен қарайтын құзырлы орынның болмауын көрсетіп отыр. Сондықтан, бізге де «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші қазына қаржысынан қақпақ кетпеу үшін мемлекет қаржыландырған жобаларға жыл аралатып барып скринг-талдама жасайтын шетел тәжірибесін енгізген дұрыс-ақ.

Жадыра МҮСІЛІМ