2002 жылдың тамыз - kaznpu.kzkaznpu.kz/docs/gazeta_abai/october_2015.pdf · Дін...

4
Ғылым таппай мақтанба Не гордись без знаний Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті № 7-8 (143-144) қазан октябрь 2002 жылдың тамыз айынан бастап шығады 2015 Қыркүйек айының алғашқы жұлдызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білім күніне» арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев бастаған профессор-оқытушылар қауымы және 1 курс студенттері мен олардың ата- аналары қатысты. Сөз арасында ректор 1 курс студенттері мен ата-аналарды университеттің оқытушылар құрамымен де таныстырып өтті. - Бізде студенттерге білікті профессор- оқытушылар дәріс оқиды. Атап айтқанда, профессор-оқытушылар құрамында 183 ғы- лым докторлары мен профессорлар, 421 ғы- лым кандидаттары – доценттер, 137 ғылым магистрлері, 13 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелері, 37 қоғамдық ғылымдар академияларының академиктері бар, - дей келе, бүгінгі таңда әлемнің 36 мемлекетінің 115 жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдарымен және ассоциа- цияларымен келісім-шарт бойынша әріптес- тік қарым-қатынастар орнағанын, универ- ситетіміздің базасында ашылған Сорбонна- Қазақстан француз институты биыл екінші жыл талапкерлерді қабылдауда екенін мақта- нышпен жеткізді. Киелі қара шаңырақтың отандық білім беру кеңістігінде алатын орны ерекше. Себебі, классикалық үлгідегі жоғары білім берудің негізінде ғылыми жаңашылдық пен ұлттық тәрбие ұстанымдарын басшылыққа алған білім ордасында ең әуелі білім берудің қазіргі заманға сай жаңа технологиялары игерілуде. Сондай-ақ, Абай атындағы білім ордасы Еуропа халықаралық білім, Еуропаның заң университеттері, Әлеуметтанушылардың ха- лықаралық ассоцияцияларына, Еуропаның психологияны дамыту қоғамына, Еуропаның саяси зерттеулер жөніндегі Консорциумына мүше болып отыр. Ал, үстіміздегі жылдың ма- мыры айында университетіміз Педагогикалық жоғары оқу орындарының Еуразиялық қауым- дастығының құрамына мүшелікке қабыл- данды. Студенттер мен магистранттарымызға дәріс оқып, шеберлік сыныптар өткізу үшін, келісім-шарт бойынша, 2011 жылдан бері бізге 227 шетелдік профессорлар келді. Соңғы үш жылда ғана профессор-оқытушылар ал- масу жөнінде шетелдік университеттермен 65 шартқа қол қойылды. Кадрлар даярлау және студенттер мен магистранттар алмасу жөнінде Германияның Фрайбург, Венгрияның Печь, Бельгияның Вридж, Кореяның Кунпук университеттерімен екі жақты келісімдерге келдік. Айтпақшы, биылғы оқу жылы универ- ситетімізде білім алатын студентеріміз, бака- лавр – 1515, магистранттарымыз – 487, док- торанттарымыздың қатары – 36 адамға, бар- лығы 2000-нан астам жаңа лекпен толығып отыр екен. Сондай-ақ, іс-шарада университет рек- торы Серік Жайлауұлы 1 курс студенттері Әуезов Саламат пен Диана Гальскийге «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» табыстады. Мерекелік шара барысында университе- тіміздің жас дарындары және Қазақстан Рес- публикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Құдайберген Бекіш, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Индира Расылхан, танымал жас әнші Төреғали Төрәлі киелі қара шаңырақты жаңа оқу орны- мен құттықтап, әсем әннен шашу шашты. Елдар БОЛАТҰЛЫ Шара барысында университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев универ- ситет ұжымы мен студенттерін білім күнімен құттықтап, салтанатты түрде өтіп жатқан ме- рекеде барша қазақстандықтарға биылғы оқу жылының сәтті өтуін тіледі. Жаңа ғасырдың тұтқасы білімді ұрпақтың қолында десек, білімді ел ғана әлемдік өркениеттер көшіне ілесе алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан хал- қына арнаған жолдаулары мен «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму жоспарында елімізде білім берудің халықаралық инновациялық технологияларын терең меңгеріп, әлемдік бі- лім беру кеңістігіне ену туралы міндеттер бел- гіленуі де осы мақсаттан туындап отыр. Университет басшысы қазақ жоғары бі- лімінің қара шаңырағы, еліміздегі тұңғыш жо- ғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Елбасы алдыға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, оқу және тәрбие үдерісін жаңа инновациялық технологияларға сәйкестендіру, білім берудің сыннан өткен озық тәжірибелерін кеңінен енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне қарай көш түзеп келетінін айта келіп, Елбасының қара шаңырағымыз туралы айтқан нұсқауын негізге ала сөзін әрі қарай өрбітті: «Елба- сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Абай атындағы ҚазҰПУ – Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы болуға тиіс» деген нұсқауын басшылыққа алған біз оқу-тәрбие үдерісін жаңа заман талаптарына сәйкес жаңа бағытта үйлестіре отырып, табыстарға жетіп келеміз. Бұл – университетіміздің профессор-оқыту- шылар құрамының қажырлы еңбегінің жемісі. Өйткені, біздің оқу орнымызда өз өмірлерін жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алу- ына арнаған ұлағатты, білікті ұстаздар көптеп саналады. Сондықтан осы мереке үстінде барша ұстаздар қауымына зор алғысымды білдіремін!» - деді Серік Жайлауұлы. да «Ұстаз - білімнің шамшырағы» атты мерекелік салтанатты іс-шара ұйымдасты- рылды. Салтанатты іс-шара барысында сөз сөйлеген университеттің бірінші проректо- ры Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы: «Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, шыдамдылықта- рыңызбен өз істеріңізге деген сүйіспеншілік- теріңіз басқаларға өнеге. Осында бүкіл сана- лы өмірін педагогикаға арналған ардагерлер де отыр. Барлықтарыңыз да шәкірттеріңізге білім беріп, өз Отаны мен жерін сүюге үйреттіңіздер. Ертеңгі ел болашағы ұрпақ қолында екенін түсіндіріп, жандарына сенім ұялаттыңыздар», деп жиналған білім ісінің саңлақтарын Ұстаздар күнімен құттықтады. Басқосудың басты мақсаты озат ұстаздарды ұлықтау десек, университетіміздің қабырға- сында жастарға тәлім-тәрбие берген іргелі де еңбегі елеулі ұстаздар қауымына универ- ситет ректорының атынан құрмет грамо- тасы мен алғыс хаттар табысталды. Медеу ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филилының алғыс хаттарыменбірқатар про - фессор-оқытушылар марапатталды. Эстрада жұлдыздары да ұстаздарды арнайы құттық- тап, өздерінің әсем әндерімен тарту етті. Мерекелік шара барысында әншілер Арман Дүйсенов, Толқын Забирова және скрипка- шы үлкен талант иесі Жәмиля Серкебаева және университетіміздің жас өнерпаздары өнерлерін ортаға салып, ұстаздар қауымының алғысын арқалады. Өз тілшімізден. Қазан айының 23 күні Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұжымы жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында республикалық ақпарат- тық-насихат топ мүшелерімен кездесу өткізді. Екі сағатқа созылған жиынды ұйымдастырған аталған университеттің жастар комитеті. Дін саласындағы өзекті мәселені талқыға салу үшін бүгінгі кезде- суге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шой- кин, Дін істері комитеті Діни сараптама басқармасының басшысы Балғабек Мыр- заев, «Білім» білім беру және мәдениет орталығының директоры Руслан Иржа- нов, «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директо- ры Айдын Сәбитов, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шегебек Қауымбаев қатысты. Алқалы басқсуда дінтану мен діни-экстремизмнің бүгінгі күнгі өзекті мәселелері ортаға салынды. Қазіргі таңда жастардың діни сауат- тылығын арттыру, оларды радикалды ағымдардың ықпалынан алыстату өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда радикалды ағымдардың жұмысына тыйым салу, ақпараттық-идео- логиялық жұмыстарды күшейту, жастар- дың діни сауаттылығын арттыру мақса- тында университетімізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Мәселен, бес жылдан бері университет ректорының бұйрығына сәй- кес дінтанушы, педагог, психолог ғалым- дар құрамынан лекторлық топ құрылып, аталмыш топпен жыл бойы дәрістер ци- клы оқытылып келеді.Жыл сайын «Экс- тремизм мен лаңкестіктің алдын алу және діни сауаттылықты жетілдіру» он- күндігі ұйымдастырылады. Жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік коми- теті, Орталық мешіт қызметкерлері, Ал- маты қаласы Дін істер департаменті өкіл- дерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дәрістер өткізілі келеді.Сту- дент жастардың теріс пиғылды діни иде- ологияны қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған фильмдер топтамасының көр- сетілімі үздіксіз ұйымдастырылып келеді. «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және ұлтаралық келісім мен толеренттық тәрбие жөніндегі» іс- шаралар жоспары әзірленіп соған сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігінің дінтану сараптама- сынан өткен «Дінде де сақтық керек» атты ақпараттық-танымдық кітапшасы шыға- рылып, жастарға тарқатылған болатын. Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы күні кеше ғана университетіміз Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы- мен бірлесе барлық жатақханаларда діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты үгіт- насихат жұмыстары бойынша онкүндігі болып өтті. Міне, осы ауқымды шаралар- дың жалғасы ретінде бүгін Республикалық ақпараттық-насихат топ мүшелері сту- денттермен кездесуге келіп отыр. Сұрақ-жауап түрінде өрбіген жиын тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің бүгінгі жай-күйі, олардың еш қысымсыз өз жұмыстарын жалғастыруы, заңсыз жүрген миссионерлер, мектеп мұғалімдерінің діни сауаттылығының бүгінгі деңгейі, «дін- тану» пәнінің оқытылу жағдайы дін мен дәстүрдің арақатынасы, діни сауаттылыққа байланысты жүргізілетін әлеуметтік зерт- теулер, дінтану саласында кадр дайын- дау мәселесін талқылап, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Жұлдыз ЖҰМЫН Ұстаз – құрметті мамандық. Ол – адамдар- дың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Еліміздің үміт артқан болашақ жастарын білім нәрімен сусында- тып, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ре- тінде ерекшеленеді. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстазболу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы, – деп жазған ақын Ғ.Қайырбековтің де бұл сөздері ұстаздың құрметті тұлға екендігін дәлелдей- ді. Сонымен қатар, «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының да бұл сөздері ұстаздың құрметті тұлға екендігін дәлелдейді. Бүгінгі жастар – ертеңгі күннің жарық сәулесі. Олардың келешегіне үлкен мән беріп, білімі мен тәрбиесіне, талабы мен ақылына, мақсат-мұратына, имандылығы мен адамгершілігіне, бір сөзбен айтқанда, бойындағы ең асыл қасиеттеріне қызығушылық таныту, оларға бағыт-бағдар сілтеу, қолдан келсе көмекті аямау – ұстаздар қауымының ең басты мақсаты, міндеті болып табылады. Осы Ұстаздар күніне орай 7 қазан күні университетіміздің үлкен мәжіліс залын- • 1 қыркүйек – Білім күні! ҚҰТ ОРНАҒАН ҚАРА ШАҢЫРАҚ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАДАМ БАСТЫ ҰРПАҚ ТАҒДЫРЫ ҰСТАЗ ҚОЛЫНДА ЖАСТАР ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ

Upload: others

Post on 08-Feb-2020

26 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2002 жылдың тамыз - kaznpu.kzkaznpu.kz/docs/gazeta_abai/October_2015.pdf · Дін істер агенттігінің дінтану сараптама-сынан өткен

Ғылым таппай мақтанба ● Не гордись без знаний

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті

№ 7-8 (143-144)қазан октябрь

2002 жылдың тамызайынан бастап шығады

2015

Қыркүйек айының алғашқы жұлдызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білім күніне» арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев бастаған профессор-оқытушылар қауымы және 1 курс студенттері мен олардың ата-аналары қатысты.

Сөз арасында ректор 1 курс студенттері мен ата-аналарды университеттің оқытушылар құрамымен де таныстырып өтті.

- Бізде студенттерге білікті профессор-оқытушылар дәріс оқиды. Атап айтқанда, про фессор-оқытушылар құрамында 183 ғы-лым докторлары мен профессорлар, 421 ғы-лым кандидаттары – доценттер, 137 ғылым ма гис трлері, 13 Қазақстан Республикасы Ұлт тық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелері, 37 қоғамдық ғы лым дар академияларының академиктері бар, - дей келе, бүгінгі таңда әлемнің 36 мем лекетінің 115 жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдарымен және ассоциа-ция ларымен келісім-шарт бойынша әріп тес-тік қарым-қатынастар орнағанын, универ-си тетіміздің базасында ашылған Сорбонна-Қазақстан француз институты биыл екінші жыл талапкерлерді қабылдауда екенін мақта-нышпен жеткізді.

Киелі қара шаңырақтың отандық білім беру кеңістігінде алатын орны ерекше. Себебі, классикалық үлгідегі жоғары білім берудің негізінде ғылыми жаңашылдық пен ұлттық

тәрбие ұстанымдарын басшылыққа алған білім ордасында ең әуелі білім берудің қазіргі заманға сай жаңа технологиялары игерілуде. Сондай-ақ, Абай атындағы білім ордасы Еуропа халықаралық білім, Еуропаның заң университеттері, Әлеуметтанушылардың ха-лық аралық ассоцияцияларына, Еуропаның пси хологияны дамыту қоғамына, Еуропаның саяси зерттеулер жөніндегі Консорциумына мүше болып отыр. Ал, үстіміздегі жылдың ма-мыры айында университетіміз Педагогикалық жоға ры оқу орындарының Еуразиялық қауым-дастығының құрамына мүшелікке қабыл-данды.

Студенттер мен магистранттарымызға дә ріс оқып, шеберлік сыныптар өткізу үшін, келісім-шарт бойынша, 2011 жылдан бері бізге 227 шетелдік профессорлар келді. Соңғы үш жылда ғана профессор-оқытушылар ал-масу жөнінде шетелдік университеттермен 65 шартқа қол қойылды. Кадрлар даярлау және студенттер мен магистранттар алмасу жөнінде Германияның Фрайбург, Венгрияның Печь, Бельгияның Вридж, Кореяның Кунпук университеттерімен екі жақты келісімдерге келдік. Айтпақшы, биылғы оқу жылы универ-ситетімізде білім алатын студентеріміз, бака-лавр – 1515, магистранттарымыз – 487, док-торант тарымыздың қатары – 36 адамға, бар-лығы 2000-нан астам жаңа лекпен толығып отыр екен.

Сондай-ақ, іс-шарада университет рек-торы Серік Жайлауұлы 1 курс студенттері Әуезов Саламат пен Диана Гальскийге «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» табыстады.

Мерекелік шара барысында универси те-тіміздің жас дарындары және Қазақстан Рес-публикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Құдайберген Бекіш, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Индира Расылхан, танымал жас әнші Төреғали Төрәлі киелі қара шаңырақты жаңа оқу орны-мен құттықтап, әсем әннен шашу шашты.

Елдар БОЛАТҰЛЫ

Шара барысында университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев универ-ситет ұжымы мен студенттерін білім күнімен құттықтап, салтанатты түрде өтіп жатқан ме-рекеде барша қазақстандықтарға биылғы оқу жылының сәтті өтуін тіледі. Жаңа ғасырдың тұтқасы білімді ұрпақтың қолында десек, білімді ел ғана әлемдік өркениеттер көшіне ілесе алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан хал-қына арнаған жолдаулары мен «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму жоспарында елімізде білім берудің халықаралық инновациялық технологияларын терең меңгеріп, әлемдік бі-лім беру кеңістігіне ену туралы міндеттер бел-гіленуі де осы мақсаттан туындап отыр.

Университет басшысы қазақ жоғары бі-лімінің қара шаңырағы, еліміздегі тұңғыш жо-ға ры оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті Елбасы алдыға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, оқу және тәрбие үдерісін жаңа инновациялық технологияларға сәйкестендіру, білім берудің сыннан өткен озық тәжірибелерін кеңінен енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне қарай көш түзеп келетінін айта келіп, Елбасының қара шаңырағымыз туралы айтқан нұсқауын негізге ала сөзін әрі қарай өрбітті: «Елба-сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Абай атындағы ҚазҰПУ – Қазақстандағы педа гогикалық жоғары оқу орындарының көш басшысы болуға тиіс» деген нұсқауын бас шылыққа алған біз оқу-тәрбие үдерісін жаңа заман талаптарына сәйкес жаңа бағыт та үйлестіре отырып, табыстарға жетіп келе міз. Бұл – университетіміздің профессор-оқы ту-шылар құрамының қажырлы еңбегінің жемісі. Өйткені, біздің оқу орнымызда өз өмірлерін жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алу-ына арнаған ұлағатты, білікті ұстаздар көптеп саналады. Сондықтан осы мереке үстінде барша ұстаздар қауымына зор алғысымды білдіремін!» - деді Серік Жайлауұлы.

да «Ұстаз - білімнің шамшырағы» атты мерекелік салтанатты іс-шара ұйымдас ты-рыл ды. Салтанатты іс-шара барысында сөз сөй леген университеттің бірінші проректо-ры Ермаған бетов Мүбәрак Ермағанбетұлы: «Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті жүк тей ді. Сіздердің кәсі би ліктеріңіз, шы дам дылық та-рыңызбен өз істеріңізге деген сүйіс пен ші лік-теріңіз басқа лар ға өнеге. Осында бүкіл сана-лы өмірін педа гогикаға арналған ардагерлер де отыр. Бар лық тарыңыз да шәкірт теріңізге білім беріп, өз Отаны мен жерін сүюге үйрет тіңіздер. Ер тең гі ел болашағы ұрпақ қолында екенін түсін діріп, жандарына сенім ұялаттыңыздар», деп жиналған білім ісінің саңлақтарын Ұстаздар күнімен құттықтады. Басқосудың басты мақ саты озат ұстаздарды ұлықтау десек, уни вер ситетіміздің қабырға-сында жастарға тәлім-тәрбие берген іргелі де еңбегі елеулі ұстаздар қауымына универ-

ситет ректорының атынан құрмет грамо-тасы мен алғыс хаттар табысталды. Медеу ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы фи лилының алғыс хатта рыменбірқатар про-

фессор-оқытушылар мара пат талды. Эстра да жұлдыздары да ұстаз дарды арнайы құттық-тап, өздерінің әсем әндерімен тарту етті. Мерекелік шара барысында әнші лер Арман Дүйсенов, Толқын Забирова және скрипка-шы үлкен талант иесі Жәмиля Серке баева және университетіміздің жас өнер паз дары өнерлерін ортаға салып, ұстаздар қауы мының алғысын арқалады.

Өз тілшімізден.

Қазан айының 23 күні Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұжымы жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында республикалық ақпа рат-тық-насихат топ мүшелерімен кездесу өткізді. Екі сағатқа созылған жиынды ұйым дастырған аталған университеттің жас тар комитеті. Дін саласындағы өзекті мәсе лені талқыға салу үшін бүгінгі кезде-суге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шой-кин, Дін істері комитеті Діни сараптама басқармасының басшысы Балғабек Мыр-заев, «Білім» білім беру және мәдениет орталығының директоры Руслан Иржа-нов, «Қазақстан жастары конгресі» заңды

тұлғалар бірлестігінің атқарушы директо-ры Айдын Сәбитов, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шегебек Қауымбаев қатысты. Алқалы басқсуда дінтану мен діни-экстремизмнің бүгінгі күнгі өзекті мәселелері ортаға салынды.

Қазіргі таңда жастардың діни сауат-ты лығын арттыру, оларды радикалды ағым дардың ықпалынан алыстату өзекті мә се лелердің бірі болып табылады.

Осы орайда радикалды ағымдардың жұмысына тыйым салу, ақпараттық-идео-логиялық жұмыстарды күшейту, жастар-дың діни сауаттылығын арттыру мақса-тында университетімізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Мәселен, бес жылдан бері

уни верситет ректорының бұйрығына сәй-кес дінтанушы, педагог, психолог ға лым-дар құрамынан лекторлық топ құрылып, аталмыш топпен жыл бойы дәрістер ци-клы оқытылып келеді.Жыл сайын «Экс-тремизм мен лаңкестіктің алдын алу және діни сауаттылықты жетілдіру» он-күндігі ұйымдастырылады.

Жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік коми-теті, Орталық мешіт қызметкерлері, Ал-маты қаласы Дін істер департаменті өкіл-дерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дәрістер өткізілі келеді.Сту-дент жастардың теріс пиғылды діни иде-ологияны қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған фильмдер топтамасының көр-сетілімі үздіксіз ұйымдастырылып ке леді.

«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және ұлтаралық келісім мен толеренттық тәрбие жөніндегі» іс-ша ра лар жоспары әзірленіп соған сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігінің дінтану сараптама-сынан өткен «Дінде де сақтық керек» атты ақпараттық-танымдық кітапшасы шыға-ры лып, жастарға тарқатылған болатын.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы күні кеше ғана университетіміз Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма сы-мен бірлесе барлық жатақханаларда діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты үгіт-насихат жұмыстары бойынша онкүн дігі болып өтті. Міне, осы ауқымды шаралар-

дың жалғасы ретінде бүгін Республикалық ақпараттық-насихат топ мүшелері сту-денттермен кездесуге келіп отыр.

Сұрақ-жауап түрінде өрбіген жиын тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің бүгінгі жай-күйі, олардың еш қысымсыз өз жұмыстарын жалғастыруы, заңсыз жүрген миссионерлер, мектеп мұғалімдерінің діни сауаттылығының бүгінгі деңгейі, «дін-тану» пәнінің оқытылу жағдайы дін мен дәстүрдің арақатынасы, діни сауаттылыққа байланысты жүргізілетін әлеуметтік зерт-теулер, дінтану саласында кадр дайын-дау мәселесін талқылап, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Жұлдыз ЖҰМЫН

Ұстаз – құрметті мамандық. Ол – адам дар-дың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Еліміздің үміт артқан бо ла шақ жастарын білім нәрімен сусында-тып, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ре-тін де ерекшеленеді.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстазболу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы, – деп

жазған ақын Ғ.Қайырбековтің де бұл сөздері ұстаздың құрметті тұлға екендігін дәлел дей-ді. Сонымен қатар, «Ұстаздық – ұлы құр мет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Бола шақ тың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіре ді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қан дай ардақтасақ, сол

ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының да бұл сөздері ұстаздың құр метті тұлға екендігін дәлелдейді. Бүгінгі жас тар – ертеңгі күннің жарық сәулесі. Олардың келешегіне үлкен мән беріп, білімі мен тәрбие сіне, талабы мен ақылына, мақсат-мұратына, имандылығы мен адамгершілігіне, бір сөзбен айтқанда, бойындағы ең асыл қасиеттеріне қызы ғушылық таныту, оларға бағыт-бағдар сіл теу, қолдан келсе көмекті аямау – ұстаздар қа уымының ең басты мақсаты, міндеті болып та былады.

Осы Ұстаздар күніне орай 7 қазан күні университетіміздің үлкен мәжіліс залын-

• 1 қыркүйек – Білім күні!

ҚҰТ ОРНАҒАН ҚАРА ШАҢЫРАҚ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАДАМ БАСТЫ

ҰРПАҚ ТАҒДЫРЫ ҰСТАЗ ҚОЛЫНДА

ЖАСТАР ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ

Page 2: 2002 жылдың тамыз - kaznpu.kzkaznpu.kz/docs/gazeta_abai/October_2015.pdf · Дін істер агенттігінің дінтану сараптама-сынан өткен

қазаноктябрь № 7-8 (143-144)2015

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кіші мәжілі залында Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен ерекшеленген, Кеңес Ода ғы ның Батыры, көрнекті ғалым, қо-ғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына орай «Тұл ға тану» орталығының ұйымдас ты-руы мен «Мәлік Ғабдуллин – батыр, қоғам қайраткері, жазушы, ғалым» атты тарихи-танымдық кеш болып өтті. Мақсаты белгілі тұлғаның ерен ең бегі мен шығармашылығы еңбегі ар қалы жастарды патриоттыққа, рухани-адам-гершілікке тәрбиелеу болып табылады.

Кешке қадірлі қонақ ретінде Мәлік Ғабдулиннің қызы Майдан Мәлікқызы Ғабдуллина,Көпжасар Нәрібаев- ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі төрағасының орын-басары, академик, ЖанатбекІшпекбаев– Абай атындағы ҚазҰПУ-ніңТәрбие ісі жөніндегі проректоры, Темірхан Тебе-генов – Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор, Дана Мұқатова – М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының директоры, Болат Шара-хымбай – «Абай университеті» газетінің редакторы, тағы басқалар қатысты.

Іс-шара барысында Мәлік Ғабду-лин нің өмірі мен шығармашылығы қа-тар жүрген өмірлік деректерінен тың мә лі меттер батырдың кызы Майдан Мә лікқызының өз аузынан естіп, әкесі туралы көптеген деректер мен мәлі-мет тер берілді. Мәлік Ғабдуллиннің өмір деректеріне арналған слайд-шоу-лар дайындалып көрермендерге ұсы-ныл ды. Мәлік Ғабдуллиннің 100 жыл -дығына арналған шара барысында: «Мәлік Ғабдуллиннің ғибратты ғұ-мыры», «Мәлік Ғабдуллин және Қобы-ланды батыр», «Біздің қаһарман жер-ле сі міз», «Қилы кезең, қаһарман тұл-ғалар», «Мәлік Ғабдуллин - отандық фоль клор танудың классигі» және

«Мәлік Ғабдуллин туралы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған деректер» атты тақырыптар мен отандық және ТМД көлеміндегі белгілі әдебиетшілер мен ғалымдардың Мәлік Ғабдуллин жайында жазған ғылыми еңбектері, мақалалары мен талдамалы жұмыстары жайлы ба-яндамалар талқыланып, арнайы слайд-тар көрсетілді. Батырдың қызы Майдан

Мәлікқызы Ғабдуллина өзінің ұстазы, әкесі туралы көптеген ақпараттар айтып, балалық шақтағы әкесінің балалары-на деген мейірімі және бала үшін әке орнынынң асқар таумен тең екенін айта отырып, әкемен сырласқан өмірін еске алып, ҰОС-на аттанған әкесінің аман-есен келуін күткен, сол кездегі басынан өткізген қиыншылықтарын еске алып, ағынан жарылды. «Өмірден ерте озса да, әкеміз көп іс тындырып, соғыстан кейінгі жылдарда әдебиет саласынан қол үзген жоқ,ел есінде мәңгі қалды. Осын-дай батыр ұлдарын ұмыт қалдырмай әрқашан есімін елге айтып жүрген баршаларыңызға ризашылығымыз зор», - деді өз сөзінде Майдан Мәлікқызы. Өзінің балалық шағының соғыс жыл-дармен тұспа-тұс келгенін, өмірлік дерегінің соғыспен арпалысқан заман-да балалығын ұрлаған зұлмат соғысты ұмыта алмаған Майдан Мәлікқызы әкесінің еңбегінің еленіп, жер-жерде аталып өтіп, батырға арнап қойылып жатқан ескерткіштер және ол кісі тура-лы тың еңбектердің шығуы мен жарық көрулері мені қатты қуантады,– деді өзін аяқтай келіп.

Балауса БЕСІР

МӘЛІК ҒАБДУЛЛИНДІ ЕСКЕ АЛДЫ

«ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ» Елімізде 1989 жылы 22 қыркүйекте

Тіл туралы Заң қабылданды. Мінеки, содан бері бұл күн Қазақстан халқы тілдері күні ретінде аталып өтіп келеді. Осы ретте үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық пкдагогикалық университетінің Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы мен Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірлесе отырып «Тіл – халықтар достас-тығының алтын діңгегі» атты акция ұйым дастырылды. Аталған акцияға уни вер ситетіміздегі барлық институт-тары белсенді қатысып, әр институт бір ұлт тың салт-дәстүрлері мен мәдениетін

дә ріп теп, өзара өнер сайысына түсті. Бай қау 6 институт арасында жүргізілді. Сайыс тың бірінші турында бір институт (бір ұлт) өздеріне берілген халықтың жал пы сипаттамасымен таныстырса, екін ші тур «Ұлттық тағам» деп ата-лып, бұл бөлімде барлық сайысқа түсу-шілер өздеріне берілген ұлттың ұлттық тағамдарын дайындап, олар жайлы то-лық тай ақпарат беру бойынш өзара са-

йыс қа түседі. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпарлар анықталатын бұл сайысты қо ры тындылаушы сайыстың 3 бөлімі «Ұлт тық өнер» туры болды. «Ұлттық өнер» туры бойынша сайысқа түскен ұлт өкіл дері (институттар) Қазақстанда мекен етуші ұлттардың өнері мен мәде ние тін ба-рынша айқын көрсетуге тырысып бақты.

Тіл білімінің барлық салаларын зерт теп келе жатқан Филология инсти-тутына қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу бұйырса, Педагоги-ка және психология институтына ауған халқын дәріптеу бұйырды. Дәл солай Физика, математика және информатика инситиутына қытай халқы, Сорбонна-

Қазақстан институтына француз халқы, Өнер, мәдениет және спорт институтына оыс халқы, Жаратылыстану-география институтына түрік халқының ұлттық мәде ниеті мен өнерімен таныстырды. Сайыс қа түскен институттардың әділ бағасын беру үшін арнайы комиссия құра мы бекітілді: Олар: Тәрбие жұмысы жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Абды-

қалықов Арман, Тәрбие жұмысы жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығының орынба-сары Бекбенбетова Қазына, Студенттік Кәсіп одақ ұйымының төрайымы Ын-тыбаева Гүлдана, Мәдениет бөлімінің бас ты ғы Бекмырза Ғани және қазылар алқасының төрағасы болып Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шілдебаев Жұмаділ тағайыдалды.

Бас оқу ғимратының алдында ұйым-дас тырылған бұл сайысқа универси теті-міздің барлық институттары белсенділік танытып, қатысушы институттардың жан күйерлері мен көрермендер қызықты ду манға куә болды.

Сайыс қорытындысы шыға мын де -генше жиналған қауымға универ си те -ті міздің өнерпаздары өз өнер ле рін ар-на ды. Қазақтың халық әнімен Педаго-гика және психология институ ты ның 3 курс студенті Айкүміс Бөлеген, Италия хал қының әнімен Өнер, мәдениет және спорт институтның 1 курс студенті Марат Стан, сонымен қатар Испания халқының биін керемет жеткізген «Жорға» би тобы мен «Сырлы әуен» аспапты тобы күм бірлеген күймен кештің одан әрі шырайын келтіре түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша орыс халқыныңмәдениетін дәріптеген Өнер, мәдениет және спорт институты ІІІ орынға ие болса, түрік халқының өне рін паш еткен Жаратылыстану және гео графия институты ІІ-орын ға ие болды. Қасиеті қанымызға сіңіп, бо йы-мыз ға дарыған қазақ халқының өнері мен мәдениетін, тамыры тереңде жат-қан тарихынан ақпарат беріп, бір ғана көрі ніске сыйдра білген Филоло гия инс-титуты І-орын иеленді. Жеңімпаз дар ға ұйымдастырушылар тарапынан ақша лай сыйақы сертификаттары табыс талды.

Қысқасы, бұл күні Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл халықтар достығының алтын діңгегі» атты ме-рекелік шара жоғары деңгейде, өте қы-зық ты өтті деуге болады.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Бәйбектің №020 жылғы 16 мауысымдағы қаулысымен

«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы жарияланған болатын.Ағымдағы жылдың 29 қазаны күні Медеу ауданы бойынша аумақтық

партия филиалы деңгейінде өткізілген байқаудың бірінші кезеңі қорытындыланып, нәтижесінде университетіміздің «Абай» бастауыш партия ұйымы 1 орынды иеленсе,

23 қазаны күні Алматы қаласы бойынша өткізілген іректеу сайысында партия мүшелерінің саны 500-ден жоғары БПҰ арасында жүлделі 3 орынға ие болды. «Абай»бастауыш партия ұйымын осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алда үлкен табыстар тілейміз!

АТА ЗАҢЫМЫЗҒА – 20 ЖЫЛ!

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, биыл Ата Заңымыз жиыр-ма жылдық төл мерекесін тойлағалы жатыр. Бұл әрбір қазақстандық тұрғын үшін маңызды мереке. Себебі, сонау Қасым ханның қасқа жолынан, Есім ханның ескі жолынан бастау алған бұл заң бүгінде кемеліне жетіп, заманауи ереже лерімен толықтырып, өркениетті елдердің қатарындағы мәртебесі биік құжаттардың бірі болып отыр. Ата Заңымыз әрбір азаматтың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік берді, оның мүддесін қорға, құқығының барлығымен тең болуын қамтамасыздандырды, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы тәрті ен бірлікті нығайтып отырған басты төлқұжат. Сондықтан да біз өсіп келе жатқан ұрпағымызға алар асуы алда жас мемлекеттің тұлғалары ретінде аталған мерекені ата өтудің көкейкестілігі мен маңызы жайында ақпарат беруді міндетіміз деп есептейміз.

Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің ректоры, академик С.Ж.Пірәлиев, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Д.М.Айнақұлова, Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбаса-ры Ғ.А.Майлыбаев, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Н.Е.Сыдықов, Медеу ауданы әкімшілігінің Жастар ресурстары орталығының бас маманы М.М.Нұрлытанова, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Ж.Қ.Симтиков, Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, та-рих ғылымдарының кандидаты Ғ.А.Меңілбаев, «Атамекен» пікір-сайыс клубының мүшесі, Жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті Қадірбекова Зиба қатысты. Жиынды Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің ректоры Серік Жайлауұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашты.

Одан кейін сөз кезегін алған Тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде орнығуы Конституцияда қаралған президенттік басқару жүйесінің әсеріне тікелей байланысты екендігіне тоқтала келе,қазіргі таңда нақ осы басқару – мемлекетіміздің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық және саяси реформаны жүргізуге, елдегі ішкі саяси тұрақтылықты орнығыуы мен сақтауға мүмкіндік беріп отырғандығын түсіндіріп өтті. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналуды өзіне басты міндет етіп алған еліміздің бұл күндері қол жеткізіп отырған қыруар табыстары да осы Конституцияның және кемел ой, қайсар рух, мұқалмас күш-жігермен еліміз үшін атқарып жүрген әр азаматтың ұлан-ғайыр еңбегінің арқасы. Тыныштық, Тұрақтылық, Ынтымақ атты ұлы құндылықтарға негізделген Ата Заңымыз ел бірлігін қамтамасыз етіп, елге ырыс, жақсы тұрмыс әкеліп отыр.Бүгінгі еліміз қол жеткізген барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміз де осы Конституцияның айқынды жемісінің жарқын көрінісі болып табылады, деп қортындылады.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылым да-ры ның докторы Жомарт Симтиков «Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың тірегі - Кон-ституция» тақырыбында баяндама жасап,

шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы екенін ұмытпау керек. Алаш ұмтылысынан кейін республикамызда бірнеше Конституциялар өмірге келген. Соның алғашқысы 1926 жылы 18 ақпанда Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетімен тұңғыш Конституция жазылып, РСФСР Орталық атқару комитеті бекітпегеннен кейін күшіне енбеген. Со-сын 1937 жылы 26 наурызда Жалпықазақ кеңестерінің X төтенше съезі қабылдап, бекіткен Конституция бар. Қырық жылдық ғұмыры болған осы құжаттың орнын 1978 жылы 20 сәуірдегі «кемелденген социализм» аталған заманның Конституци-ясы басқан болатын. Міне, осы құжат Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылып қабылданған, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстанның төл Ата Заңы қолданысқа енгенге дейін өмір сүрді. Елдің егемендігін танытатын 1993 жылғы тұңғыш Кон-ституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатқа ие басты құжат болып табылды. Осылайша, дүниеге келген Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл жолының басты бағдары болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алай-да, заман ағымына қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс,-деп сөзін аяқтады.

Медеу ауданы әкімшілігінің Жастар ресурстары орталығының бас маманы Ме-руерт Нұрлытанова «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы», Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ғани Меңілбаев «Конституциядағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары», «Атамекен» пікір-сайыс клу бы-ның мүшесі, Жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті Қадір-бек ова Зиба «Азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі-Ата Заң!» тақырыбында баяндама жасап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Еліміздің Ата Заңы мемлекеттің басты мерекелерінің бірі екені айғақ. Сондықтан тәртіп пен ауызбіршіліктің белгісі болған бұл мейрамның мәртебесі үстем болсын. Ғасырлар бойы сақталған осы Ата Заңымыздың құндылығын өскелең ұрпақ бағалай білсін. Тәуелсіздіктің тұғырын тік ұстау жолында әрбір қазақстандық аянбай еңбек етсін деп тілейміз.

***

Тәрбие жұмысы жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 28 тамызы күні № 10 оқу ғимаратының конфе-ренц залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арнал ған «Конституция-мемлекеттілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы» атты тақы-рып та кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді.

Қазына БЕКПЕНБЕТОВА

• Құттықтаймыз!

Page 3: 2002 жылдың тамыз - kaznpu.kzkaznpu.kz/docs/gazeta_abai/October_2015.pdf · Дін істер агенттігінің дінтану сараптама-сынан өткен

қазаноктябрь№ 7-8 (143-144) 2015 7

Адамзат өркениетінің қазынасы жеке тұлғалардың сапалы еңбек көрсеткіштері нәтижелерінен құралады. Жаратылыста-ну, қоғамдық-гуманитарлық, техникалық ғылымдар салалары бойынша жүзеге асырылған ақыл-ой еңбегінің нәтижелері негізінде жаңа буын ұрпақтардың ізденістеріне бағдар жа-салады. Адамдардың материалдық және рухани мәдениет сала ларындағы игерген жетістіктері жаңа толқын өкілдерінің лайықты істерімен жалғастырылуы арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі қалыптасады. Ата-бабаларымыздың қалыптастырып кеткен өнегелі дәстүрлі жолын жалғастыратын әрбір жаңа толқынның азаматтық-перзенттік жауапкершілікті сезінуі де өркениет дамуын-да ықпалды орын алады. Бұл орайда, Түркі өркениетінің негізгі орталық өңірі Қаратау атырабында орналасқан Қазақ мемлекеттілігінің рухани астанасы Түркістан қаласында өмірге келген, сонда орта мектепте оқып білім алған, бұл күндері отанымызға белгілі ғалым-ұстаз Әбдіразақ Мақанұлы Бабашев есімін айта аламыз.

Әбдіразақ - 1962-1972 жылдары Түркістан қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы орта мектепте оқыды. Бастауыш сыныптарда (1962-1965 жж.) оқытқан алғашқы ұстазы Бәтима Бекбауова апайынының білімділігінің , біліктілігінің аса ықпалды болғаны алдағы білім-ғылым игеру сапарында тиянақты, берік негіз болды. Бастауыш және орталау, орта білім

беретін сыныптар жүйесіндегі пән сабақтарын үздік оқыған шәкірттердің өздері қалаған болашақ еңбек сапарында нәтижелі өмір сүргендері – тарихи шындық. Орта мектепте оқып жүргенде сыныптастары Әбдіразаққа «профессор» деп қосымша атақ-есім қойған екен, себебі ол мектебінің атынан қалалық, аудандық, облыстық (Шымкентте), Республикалық (Алматыда) пәндік олимпиадаларға үнемі қатысты, жүлделі орындарды иеленді. Сынып старостасы, мектептегі қоғамдық ұйымдардың (пионер, комсомол) басқару – ұйымдастыру комиссияларының, комитеттерінің құрамындағы белсенді қызметтерін атқарды. Әбдіразақ орта білім алу кезеңінде Түркістандағы қалалық музыкалық мектептегі домбыра сыныбы бойынша да үздік оқып бітірді. Түркістан қаласы бойынша ұйымдастырылған Халық аспаптары оркестрі құрамындағы домбырашылар тобында болып, сол кездегі Астана, Алматыда өткен Республикалық өнер фестиваліне қатысып, ұжымымен бірге жүлделі орын иегері атанды.

Орта мектептегі оқу жылдары – барлық адамдардың жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық, техникалық ғылым-дардың бастау негіздерін білікті, білімді ұстаздар арқылы ғана игеретін кезең. Оқыту мен адамгершілік-имандылық, тәлім-тәрбиесін тұтастандыра шәкірттер санасына сіңдіретін мұғалімдер – өркениет кеңістігіндегі барлық шәкірттер үшін мәңгілік ұмытылмайтын ұлағат иелері. Бұл күндері өзі де талай буын шәкірттерді оқытып тәрбиелеген профессор Әбдіразақ Мақанұлы Түркістан қаласындағы сол өзі онжылдық білім алған мектебіндегі білімімен, тәлім-тәрбиесімен өзінің және сыныптастарының, мектептестерінің алдағы өмір сапарына айқын бағдар, бағыт жолдарын ұғындырған аяулы ұстаздарының оқу-әдістемелік, тәлім-тәрбие қызметін мәңгілік бағдарлама, озат тәжірибе үлгілер ретінде ұстанумен келеді. Сынып жетекшісі және француз тілінен сабақ берген Жібек апайынының ұлттық және әлемдік рухани құндылықтарымен таныстырған қызметі өзін өмір бойы рухтандырумен келеді. Ал математика пәнін оқытқан Кеңес Дүйсенбаев ағайының сонау Эвклит, Пифагор, Архимед, Әл-Фараби, әл-Беруни , Әбуғали ибн Сина және т.б. ғасырлар белестеріндегі ғалымдар еңбектері мен қазіргі заманғы математика ғылымы жетістіктерін ұштастыра түсіндірген сабақтары шәкірттер қиялын шарықтататын, талай күрделі есептерді шешуге жігерлендіретін. Қазақ тілі және әдебиеті пәндерін оқытқан Жанәділ Төлегенов ағайының сабақтарында шәкірттер өздері мекендеп отырған бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласындағы ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерін басты назарға алатын. Орта ғасырлардағы түркілік ойшыл ақындар Ахмед Йүгінекидің , Жүсіп Баласағұнның, Сүлеймен Бақырғанидің мұралары мен кейінгі ғасырлар әдебиеттері сабақтастығын әдебиетші – ұстаз жүйелей түсіндіретін. Қазақ әдебиеті сабақтары мен сыныптан тыс оқылатын кітаптарды тәлім-тәрбие жұмыстарымен ұщтастыра жүргізетін аяулы Жанәділ ағайы шәкірттеріне ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерін адамгершілік-имандылық, эстетикалық тәрбие беру насихаты қызметінде шеберлікпен пайдаланатын. Әсіресе ойшыл ақынның тәлім-тәрбиелік хикметтерін ұсынатын:

Қайда жүрсең, көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғылМахшар күні Тәңірге жақын болғыл,Менменсінген халайықтан қаштым міне.... Ақылға ерсең, ғаріптерді мейіріммен сүй,Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый.Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый,Бойым тыйып дариядай тастым міне (Ясауи Қожа Ахмет. «Диуани хикмет (Акыл кітабы). –

Алматы : Мұраттас, 1993. -262 бап.; 17-18-бб.) . Түркістанда туып, қысқа ғұмырында ұлттық сөз өнерінде

мол мұра қалдырған Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романында Әбдіразақ сол Жібек апайының айтуымен оқып шықты. Саттар ақынның «Мәңглілік өмір туралы жыр» балла-дасындағы өлең жолдары да жасөспірім Әбдіразаққа қас-қағымдық, ғарыштық уақыт кеңістігіндегі адамдар арманының орындалу өлшемдерін ұғындыратын, әсерге бөлейтін. Осы жырдағы «Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім, Өне-рімнің барлық гүлін аша алмаған жан едім, - деген тармақтар жасөспірімге фәни дүниенің соншалықты қысқалығын, адамдардың мүмкіндігі жеткенінше ғана үлгеретін тағдырын сезіндіретін, ал «Менің құрдастарым» романында басты кейіпкер Рахмет Дәуірұлының өршіл ойы мен тіршілік қазанын қайнатуға деген құштарлығымен жүзеге асырған іс-әрекеттері жас оқырман, албырт ойлы шәкірт Әбдіразақтың алыстарға ұшатын арман-қанаттарын қомдай түсуіне айрықша әсер ететін. Қазақ әдебиеті мұраларын орта мектеп бағдарламасы бойынша оқып жүрген Әбдіразақтың ата-бабалық әуез аспабы домбыра тартудағы өнернамалық ұстанымы да ұлттық сөз өнері шығармаларына деген оқырмандық дағдысын мәңгілік қалыптастырды. Химия пәнінен сабақ берген Хасен Дәменов ағайының сабақтарында ежелгі дәуірлерден біздің заманымызға дейін ұласқан химия ғылымының тәжірибелік-теориялық алғашқы түсініктеріне қанық болды.

Ал физика пәнін оқытқан Шәмсия Сағынбаева апайы-ның сабақтарында адамдарды қоршаған бүкіл әлемдегі заттар мен құбылыстардың, өзара байланыстарының, сабақтасты-лықтарының, үндестіктерінің, өзгешеліктерін танымдық сыр-лары бойынша ұғынды. Жаратылыстану саласындағы пәндерді оқу барысында жасөспірім бозбала Әбдіразақтың жүрегінде осы ғылымның негіздерін жан-жақты игеруге деген құштарлық оты

тұтана бастаған. Әрине орта мектептегі оқу жылдарды барлық пәндерді (орыс тілінен - Асанхан Көппаев, дене тәрбиесінен – Нұрғали Алдабергенов, Айтан ағайы, т.б.) оқытқан ұстаздары Әбдіразақтың жанында оларға арналған шәкірттік құрмет –ілтипат сезімдерімен мәңгі сақталып қалды.

Қазіргі уақытта осындай ұлағатты ұстаздарынан білім алып, республикамызға танымал өнегесімен өзі оқыған мектебінің үлгілі түлегі болуына байланысты профессор Әбдіразақ Мақанұлы Бабашевтың есімі ғалым ұстаздың орта бі лім алған алтын бесігіндегі биология кабинетіне берілгені де жаңа буын шәкірттерге өнеге көрсеткіші болып отыр.

Әбдіразақ Мақанұлы ғұмырнамасының ер жету, есею жылдарындағы жоғары білім алған, одан кейінгі ғылыми - зерттеулер жүргізген, ғалымдық пен жоғары деңгейдегі ұстаз-дық қызметтері тұтасқан кезеңдер – бәрі де оның биіктен-биікке өрлеген замандастарымен тағдырлас жолын таңдады. Ол 1972 жылы аталған онжылдық мектепті бітіргеннен кейін Түркістан қаласындағы медициналық училищесінде (қазіргі колледж) түсіп, оны үздік (қызыл) дипломмен бітірді. Одан кейін арнайы жолдамамен Алматыдағы қазіргі әл-Фараби атын дағы Қазақ Ұлттық (ол кезде С.М.Киров атындағы мемлекеттік) университетіне арнаулы орта оқу орнын үздік бітіруші болғандықтан, бір ғана химия пәнінен тапсырған емтиханнан «5» («өте жақсы») бағасын алып, студент қатарына қабылданған еді.

Қазақ ұлттық университетіндегі биология мамандығының биофизика бөлімін 1980 жылы үздік дипломмен бітірген жас маманға Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясына қарасты Адам мен жануарлар физиологиясы ғылыми –зерттеу институтына арнайы жолдама берілді. Сонау онжылдық мектепте оқып жүрген балалық, жасөспірімдік шақтарында биология мен химия пәндері бағдарламалары негізінде препаратталған құс-тар дың, жәндіктердің, үй жануарлары мүшелерінің, алуан түрлі өсімдіктердің кептірілген фиксацияланған гербарий көшірмелерін жасайтын, ол жұмыс көрсеткіштері арнаулы жалпыхалықтық көрсетілімді көрмелерге, мектептегі пәндік кабинеттерге қойылатын. Ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен жылдары ол тәжірибелік нәтижелер және теориялық тұжырымдар сабақтасығындағы ізденістерін нәтижелі жүргзді. Қазақтың биология ғылымдары салалары бойынша тұңғыш докторы, академик, қазақ қызы -

Н.О. Базанованың мектебі бағдарымен іргелі зерттеулер жүргізген жас ғалым Әбдіразақ жаңалығы анық ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. 1990 жылы «Организмнің жеке даму барысындағы төзімділікке жаттықтырудағы симпато-адреналдық жүйесінің рөлі» күрделі тақырыбымен диссер-тациясын сәтті қорғап, биология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленді. Ғылыми нәтижелері тікелей адамдардың тән саулығын сақтау мен емдеу тетіктеріне арналған жұмыстарына қолданылып, игі нәтижелерімен дәлелденген ғалымның жаңалығы осы бағдардағы жаңа ізденістерге де серпін берді. Бірнеше рационализаторлық пен өнертапқыштық куәліктері бар ғалымның ғылыми ұсыныстары да өмірде өз орнында қолданыста бар, мысалы, мүгедектер мен қозғалыссыз жандар үшін ойлап тапқан қарапайым массаждық құрылымы мен т.с.с. жаңалықтары халыққа қызмет етуде.

Әбдіразақ Мақанұлының соңғы ширек ғасырлық еңбек өтілі Қазақстандағы жоғары білім берудің Қара Шаңырақ ордасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ-ситетіндегі жаратылыстану және география институтының (бұрынғы факультеттің) еңбек ұжымы ортасында өтіп келеді. Жаратылыстану және георгафия институтының анатомия, физио логия, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасында профессор болып еңбек етіп жүрген Әбдіразақтың қызметі Тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа тарихындағы игі көрсеткіштер құрамындағы сипатымен бағаланады. Өзі еңбек ететін кафе-драның оқу-әдістемелік кешендердің, типтік пән бағдар-ламалардың, т.б. оқу-әдістемелік құжаттардың дайындалуында жоғары деңгейдегі біліктілігімен танылуда. 1991 жылдан бері 3 рет декаанның оқу ісі жөніндегі, сол сияқты тәрбие жұмысы және ғылыми – халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары қызметтерінде де жігерлі, байыпты басшы тұрғысында еңбек етуімен дараланды. 2007 жылы Үнді еліне Дели университетіне психофизиологиялық бағытпен шақырылып, жолдамамен сол университетте оқыған шет елдік білім алушылардың және үнділік мамандардың мол алғысына ие болып келгеннен соң, басқа да еліміздегі әріптестерінің ұсыныстарымен Абай атындағы университеттің профессоры атағын иеленді, осы күнге дейін ғалым-ұстаздың отандық және шетелдік басылымдарда 150-ден аса ғылыми – теориялық, оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрді. Сол жаңа 2000 жылдардағы биология, химия, география, экология, туризм, валеология мамандықтарының ЖМЖКБС – жалпы мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стан дарт тарын жасауға белсенді қатысқан. Биология-химия, биология-психология, биология-валеология сияқты қосар-ланған жаңа бағыттағы мамандықтардың ашылуына ұйытқы болып, осы университетте сол мамандықтардың ашылуына да көп еңбегі сіңген ғылыми - әдістемелік еңбектері де, сол сияқты биология пәні бойынша алғашқы тестік тапсырмалар жинақтауға да, әрі жыл сайын өтетін ҰБТ-ге қатысып орта-лықтың алғысы мен марапаттауларына ие болып келеді. Биологиялық-медициналлық күрделі өзекті тақырыптардың ұжымдық тәжірибелері негізінде орындалуына байланысты ғалым-ұстаздың бірлескен авторлықпен жарық көрген еңбектері (оқу құралдары, мақалалары, т.б.) жаратылыстану ғылымы ауқымындағы қазіргі заманғы әлеуметтік-экологиялық аса маңызды мәселелерге арналуымен ерекшеленеді. Мыса-лы: «Оқушылардың мазасыздану деңгейін бағалау», «Ой еңбегі кезіндегі кейбір психо-физиологиялық және мор фо-физиологиялық көрсеткіштердің өзгерістері», «Пуберант тық кезең және жыныстық тәрбие», «Кредиттік оқытуды жос пар-лық және ұйымдастыру», «Уран өндіретін өндіріс жұмыс-шыларының денсаулығын бағалау және емдеу туралы», «Жас тарды рухани тәрбиелеудің физиологиялық негіз дері», «Қоғамдағы психо-физиологиялық әсерлер», «Алматы қаласы мемлекеттік қорығындағы сирек кездесетін өсімдік тердің морфо-физиологиялық жағдайларына антро погендік фактор-лардың әсері», «Ұялы телефонның денсаулыққа әсері туралы», т.б. бірқатар еңбектері үшін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелері тарапынан арнаулы алғысхаттармен, сертификаттармен әлденеше дүркін мара патталды. Ғалым-ұстаздың жетекшілігімен студенттер ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсында көптеген шәкірт тері де үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр.

Бұл күндері профессор Әбдіразақ Мақанұлы И.П.Павлов атындағы Қазақстан физиологтар қоғамының белді мүшесі, Алматы қаласындағы бірнеше жоғарғы оқу орындарының профессоры атақтарының иесі тұғырындағы танымал ғалым-ұстаз. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтіліне 40 жыл, ал Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде еңбек еткеніне сирек ғасыр толыпты. Мемлекетімізге ғылыми зерттеулерімен және оқу-әдістемелік, тәлімгерлік-тәрбиешілік қызметімен өмір бойы аянбай елеулі үлес қосып келе жатқан әріптесіміз Әбдіразақ - өнегелі отбасы отағасы. Сонау 1975 жылы отбасылық одақ құрған жары Қайырхан Қасыбайқызымен бірге перзенттерін (қызы -Айнұр, ұлдары- Ернұр, Елнар) өсіріп-тәрбиелеп, олардан өрбіген немерелерін (қызынан –Лиана, ұлынан-Сәбина, Сәл-сәбиль, Жүсіп, Имран, Самир), келіндерін, құда-жегжаттарын Жаратушы Алла сыйлаған бай-лығы тұрғысында сезінеді. Ұрпақтарының ата-бабаларымыз қалыптастырған адамгершілік-имандылық жолынан ауыт қы-май, Тәуелсіз Қазақ Елінің Мәңгілік Ел бағдарындағы жолымен отаншыл азаматтар қатарында болуын тілейді.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде жасы алты ондық белесіне жеткен ғалым-ұстаз, профессор Әбдіразақ Мақанұлы Бабашев замандасымыздың ғылыми-шығармашылық, педагогикалық еңбек жолында Отанымыздың сапалы мамандарын даярлау ісінде әлі талай игі нәтижелерге жететіні ақиқат. Бұл – тіршілік әлемінің сұлулығын сақтауға өмірін арнаған Әбдіразақ сынды абзал жүректі адамдар ұлағатының болашаққа жалғаса беретін қастерлі жолы.

ҒАЛЫМ-ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫТемірхан ТЕБЕГЕНОВ

филология ғылымдарының докторы, профессор

Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев, Филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлы, және институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және студенттер мен магистранттар, ал құрметті қонақ ретінде халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Ж.Әпетова, шетелде тұратын қазақ диаспорасының ақпараттық топ өкілдері – Каюм Кесижи, саясаттану ғылымдарының докторы, Ерол Шұғайып, Шадкам Сулейман (Германия),Алтай Абдулсамет (Франция), Умитаева Арайлым, Утешова Жарқын (Ресей), Ушар Бахадур (Түркия),Бахатрысбай Құндыз (Моңғолия), Жапалова Камила, Өмірәлі Сал-танат (ҚХР), Худаяр Харун Мухаммед Ибрахим (Сауд Арабиясы), Жеменей Ислам, шығыстанушы ғалым, Ауғанстан қазақтары атынан Жаңалтай Бешир, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Әділбек Әбіш, тағы басқа күйші, жыршылар, БАҚ өкілдеріқатысты.

Мәдениет және спорт министрлігінің «Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерін қазақс тан-дық қоғаммен ақпарттық жұмыс жүргізу үшін жұмыл-дыру»тапсырмасы бойынша өткен «Тарих та ғы-лымы» атты тағлымды кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты шетелде тұратын отандастарымыз бен қа-рым-қатынасты нығайту, Қазақстанның даму басым-дық тарын ілгерілету үшін ақпарттық жұмыс тарды жүргізуге шетелде тұратын қазақ диаспора өкілдерінен қоғамдық бірлестік құру, әр түрлі форматтарды қолдана отырып ақпараттық жұмыстарды жүргізу.

Сонымен басты мақсаты – шетелдердегі отанда-старымызбен тығыз байланыс орнату болып табылатын шараның алғашқы кіріспе сөзін Тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев бастап, бүгінгі таңдағысырт жерлердегі қазақ диаспорасы жайлы, олардың ұлттық-мәдени, саяси-әлеуметтік ахуалды-рын тілге тиек етті. Содан кейін сөз кезегін Филоло-гия институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы алып, шетелде жасайтын қандастарымыздыңқолда бар мүмкіндіктері мен ресурстарына байланысты өзін мазалап жүрген мәселелерге тоқталды.Мысалы, шетелдердегі 5 млн. қазақ диаспорасы. Сырт жерлердегі диаспорасын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-на жан-жақты пайдалану – өркениетті елдердің бәрінде де кездеседі. Мысалы, Израиль мемлекетінің қазіргідей биік деңгейге көтерілуі – шетелдегі диаспорасының жаппай көмек беріп, қолдау жасауының нәтижесі. Соңғы кезде Қытай мемлекеті де ел экономикасын өркендетуге сырт жерлердегі диаспорасын барын-ша тиімді пайдалануда.Біз де бұл мәселені ешқашан естен шығармағанымыз жөн. Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап шетелдегі ағайындармен байланыс жасауға айрықша көңіл бөлуінің басты себебі де, міне, осыған байланысты еді.Осыған орай, тәуелсіздік алған жи-ырма төрт жыл ішінде Қазақстанның бүгінгідей биік деңгейге көтерілуіне шетелдегі қазақ диаспорасының да үлкен үлес қосқанын айта кеткеніміз жөн. Мыса-лы, тоқсаныншы жылдарда Қазақстаннан сырт жер-лерге бірнеше миллион халық көшіп кетті. Сөйтіп, көптеген елді мекендердің тұрғындары азайып, жұмыс қолы кеміп, экономикамыз құлдырады. Осындай қиын жағдайда сырт жерлерден этникалық қазақтардың көптеп келуі Қазақстанға үлкен демеу болды. Бос қалған елді мекендер оралмандармен толықты; эконо-микамыздың түрлі салаларында, шағын және орта кәсіпкерлікте, ауылшаруашылығында істің көзін та-уып, аянбай жұмыс істейтін азаматтар көбейді. Ана тіліміздің, ұлттық болмысыздың қайта жаңғыруына да оралмандардың қосқан үлесі мол. Демографиялық жағдайымыздың жақсарып, халқымыздың санының өсуіне де оралман ағайындар ерекше ықпал етті.Бұл игілікті бастама болашақта да тоқтамай жалғаса бе-руге тиіс. Соған орай, Дүниежүзі қазақтары қауым-дастығы «Қазақстан-2050» стратегиясы, «100 нақты қадам» аясында жүзеге асыру мақсатында шетел-дердегі қазақ диаспорасының ақпарттық топ өкілдері университет студенттері мен магистранттарына тұ жы-рым дамалық бағдарламасын ұсынды.

Сондай-ақ, жиында кезекті сөз кезегін алған Ха-лық аралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетованың айтқандары да шынайы естілді.

ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУДІҢ БЕРЕРІ МОЛ

Мәселен, оның айтуы бойынша, қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайы, тағыдыры, өмір-тіршілігі, олардың тарихи отанына оралман-дар болып келуі өте маңызды екен.«Әлемнің 40-тан астам елдеріндеде 4,5 млн. қазақ тұратындығы аян. 2002 жылғы кейбір есептер бойынша бес миллионның үстінде. Ең көбі, 1,5миллиондай (кейбір бейресми пайымдамаларға қарағанда 2 миллионға да жетіп қалады) Қытайда тұрады. Басым көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болғандар.Өрке ниетті елдер қатарына толық құқықты мүше ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жа-сауы, балаларын оқытуға мүмкіндік жасауы, орал-мандардың елге қайтып келуіне себепкер болуы әбден орынды әрі дүниежүзілік қауымдастық бас-шылыққа алып отырған халықаралық құқық қағи-дат тары мен нормалырына толық сәйкескеледі. «Ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса ма-ңыз ды шаруа» – деп айтқан еді Елбасы Н.Ә. Назарбаев Түркістанда 2002 жылғы 23 қарашада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ форумында. Бұл орайда Үкімет бекіткен 2001-2010 жылдарға арналған ҚР көші-қон саясатының салалық бағдарламасын айта кеткен де жөн. Онда қазақ диаспорасының елге көшіп келуіне, олардың бейімделуіне, және қазіргі тіршілігінде қолдау білдіру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Әрине жыл сайын белгіленетін квотаның оралмандардың басым көпшілігін қамтымауы бәрімізді алаңдатады. Бірақ, мемлекет тарапынан қазақ диаспорасы үшін жа-салып жатқан игі істерді сол мемлекеттің дәулеттілігіне және сыртқы саясатына қарап бағалаған дұрыс. 1996 жылғы желтоқсанда “Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданған болатын.Диаспора бұл– мемлекеттің ішкі және сырт саясатын жалғастырып тұрған ішкі са-ясат нысаны және халықаралық қатынастар субъектісі болып табылады. Сондықтан, қазіргі саяси ғылымда диаспоралардың халықаралық қатынастарға әсерін зерттеуге деген қызығушылық үлкен. Осы саланың көптен бері зерттеп жүрген Г.Меңдіғұлова, ең бастысы, диаспоралар мәселесін зерттегенде үш компонентті бір-бірінен ажырағысыз қарастыру керек дейді. Ол қазақ диаспорасы, Қазақстан мемлекеті және отандастар тұрып жатқан шетел мемлекеті. Қазақ диаспорасының тұрмыс-тіршілігі Қазақстан мемлекетінің халықаралық қатынастардағы сыртқы саясатының басым бағыт-тарының бірі болып табылады» деген сөздері өте на-нымды шықты.

Бұдан кейін де өз ойын ортаға салушылар көп болды. Бәріне тән бір ортақ ой – ата жұртта өмір ке-шіп отырған қазақтар мен шетелде тұрып жатқан қан-дастарымыздың арасында тығыз байланыс орнату, қарым-қатынасты нығайту, қоғамдық бірлестіктер құру және ақпараттармен алмасу, бұл кезек күттірмейтін негізгі шаруа мыз екендігіне сайды.

Арман АБДЫХАЛЫҚОВ

Қазан айының 10 күні ару қала Алматы шаһа-рында сенбілік ұымдастырылды. Алматы қала-сы ның әкімі Б.Бәйбектің тікелей тапсырмасымен ұйым дастырылған игі шараға қала тұрғындары мен мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының сту-дент тері қолдау көрсетті. СОның бірі – Біздің Абай атын дағы ҚазҰПУ. Білім беру саласында өзіндік орны бар бұл білі ордасы оқу жылының алғашқы сен білігіне ерекше мән берді.

Білім ұясының білгір де білікті басшылары мен оқытушы-профессорлары шәкірттеріне үлгі көр се тіп, күннің қолайсыздығына қарамастан сен-бі лік ті қызу қарқынмен бастады.Әр институттың белгі леніп берілген жер учаскелеріне студенттер мен магистранттар арнайы формамен, еңбек құрал-дарымен келгенін атап айтуымыз керек.Қала кө ше-лері, саябақ аумақтары мен өзен жағалауларын қоқыс пен катты қалдықтардан тазалау мақсатында өткі-зілген Жалпықалалық сенбілікке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен барлығы 750 профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысып, өз үлестерін қосты.Сенбілік жұмыстары Медеу әкімшілігімен бекітілген аумақтарда жүргізілді.

Қызу еңбек қарқынында жүрген Жаратылыстану институты директорының Тәрбие ісі жөніндегі орын-басары манапұлын сөзге тартқан едік:

– Университет – білім ұясы ғана емес, тәр-бие ошағы. Бұл жерде білім алып қана қоймай, сту-дент адам баласына қажетті асыл қасиеттермен де сусындайды. Тазалықтың жаршысы сенбілікке атса-лысу – болашақ буынға көрсетер игі істеріміздің бірі. Жастардың жан-жақты білім алуына жағдай жасап отырған білім ұжымына көмектесіп,бір жаға-дан бас шығарып бір кісідей жұмылуымыз керек деп есептеймін, - деп ағынан жарылды білікті ұстаз.

Үлкен ұйымшылдықпен ұйымдастырылған ал ғаш қы сенбілік сәтті аяқталды. Күз мезгілінің соңына дейін ұйымдастырылып тұратын мұндай сен біліктің қала тұрғындарының салауатты өмір сүруі мен жастар тәрбиесіне септігін тигізері анық.

Өз тілшімізден

СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Page 4: 2002 жылдың тамыз - kaznpu.kzkaznpu.kz/docs/gazeta_abai/October_2015.pdf · Дін істер агенттігінің дінтану сараптама-сынан өткен

маусымиюнь № 7-8 (143-144)20158

Бас редакторБолат ШАРАХЫМБАЙ

Көркемдеуші-дизайнерСержан ҚАСЫМОВ

фототілшіСерік ИМАНҚҰЛОВ

МЕНШІК ИЕСІ:АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 30.01.2009 ж. тіркеліп, тіркеу туралы №9874 -Г куәлігі берілген

Редакцияныңмекен-жайы:050010

Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,30-үй, № 323-бөлме.

Байланыс тел.: +7 /727/ 291-18-65Газет бүкіл республикаға тарайды.

Тапсырыс № 200Индекс 65285

Таралымы 1000● Автордың мақалалары

редакция көзқарасын білдірмейді.● Редакцияға түскен материал

қайтарылмайды.

Газет “ҰЛАҒАТ” баспасының баспаханасында басылды.

Баспа директоры Әлібек НАУРЫЗБАЕВ

Баспаның мекен-жайы:050010

Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30 - үй.

Сонау тоқсаныншы жылдары Бірік-кен Ұлттар ұймының ұйғаруымен ата-лып келе жатқан 1 қазан – Қарттар күні аясын кеңейті, апталық емес, айлыққа ұласып жатыр. Мұның өзі біздің үл-кен дерге, қарт ата-аналарымызға де-ген құрметіміз бен ізетімізді, оларға деген ыстық ықыласымызды білдірсе керек. Үлкенге ізет көрсету – бүгінгі ұр пақтың басты парызы десек, ақылы дариядай қадірлі қарияларын құрмет тұтқан халқымыздың игі дәстүрін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы жыл сайын жа-расымды жалғастырып, биыл да Халық-аралық қарттар күніне орай Алматы қаласындағы қарттарға арналған «Ар-дагерлер үйінде» қайырымдылық акци-ясын өткізіп қайтты.

Шара бастамасын қарттарға арнал-ған «Ардагерлер үйі» мекемесі дирек-тороның орынбасары Нүрзия Аға бек-қызы арнайы сөз сөйлеп, ардагер қарт-тарды мерекелерімен құттықтап, соны-мен қатар осы шараны ұйымдастырып келіп отырған университетке, универ-ситет басшылығына және ұжымына алғыс айтып, білім беруде мол табыстар тіледі. Сонымен қатар өз ойлары мен, алғыстарын білдіру үшін алдыңғы аға буын қарттарға сөз кезегі берілді.Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық

университетінің Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев қарттарды ай-тулы мерекесімен құттықтады.

– «Қарттарын қадірлеген ел ардақ-ты» демекші, біз – қашаннан асқар тау-дай аталарын ардақтап, ақ жаулықты аналарын аялаған ұлттың ұрпағымыз. Сон дықтан, сіздердің алдарыңызда бас иіп, өркендеуімізге қосқан ерен еңбек те-ріңіз үшін, үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай нұрлы күнге жетуімізге себеп болған сіздер үшін бар күш жігерімізді салып, алдағы күндерде игі істерімізді шын жүрекпен жалғастыра бермекпіз, – деген Жанатбек Ешенқожаұлы, универ-ситет ұжымының атынан сыйлықтар табыстады.

Соңынан университетіміздің өнер-паз студенттері концерттік бағдар лама

ұсын ды. Білім ордамыздың бір топ өнерпаз студенттері қазыналы қарттарға арнап әуелетіп ән салып, мың бұралып би билеп, қүмбірлеген күй төгіп, қы-зықты сахналық қойылымдарымен қарт тардың көңілдерін көтерді. Өз ке-зе гінде қадірлі қариялар жастарға риза-шылықтарын біл дірі, алғыстарын ай-тып жатты.

Шара соңында қазыналы қарттарға арнап би қойылып ортада студенттер мен қарттар бірлесе фотоға түсіп, Би би-леп көңіл көтерді.

Октябрь – ноябрь месяцы – это для абитуриентов – 2016 время выбора их будущей специальности. Родители аби-туриентов в это время заняты поиском хороших репетиторов для усиления под-готовки по отдельным дисциплинам.

Учитывая это, на ректорате было принято решение – именно в данное вре-мя начинать профориентационную рабо-ту, т.е. помочь молодежи правильно выб-рать специальность.

Поэтому приемная комиссия КазН-ПУ им. Абая провела с 19 октября по 24 октября профориентационную неделю в Кызылординской области.

Реальная действительность показала правильность ранней профориентаци-онной работы. Это было видно по коли-честву участников (около 900 человек), по задаваемым вопросам, по тому как участники интересовались и брали раз-даточные материалы и буклеты.

Предварительно были проведены пе-реговоры с областным управлением об-разования и районными отделами образования Кызылординской области, которые поддержали идею проведения профориентаци-онного форума в г. Кызылорде и пяти районах области (Сырдарьинском (п. Теренозек), Жалагашском (п. Жалагаш), Кармакшин-ском (п. Жосалы), Шиелинском (п. Шиели), Жанакорганском (п. Жанакорган)). Затем была создана бригада, состоящая из четырех профориентаторов, фотографа, инженера по аудио и видео аппаратуре и водителя. Форум проходил по следующему распорядку:

1. Открытие форума.2. Показ видеоролика об университете.3. Выступления профориентаторов.4. Вручение раздаточных материалов и буклетов об институтах и специальностях университета.5. Вопросы – ответы.6. Закрытие форума.По отзывам работников народного образования области и районов форум достиг своей цели как по информативности, так и

по профориентации молодежи Кызылординской области.Хотелось бы, чтобы на таких форумах более активное участие принимали институты, в которых в этом году был незначитель-

ный набор студентов.

17-22 қыркүйек күндері аралы ғын-да Қазақстан Республикасы халқы ның Тілдері күні мерекесіне орай уни вер -ситет көлемінде «Тілге құр мет – елге құрмет» атты апталық ұйым дас тырыл-ды. Апталықтың мақсаты жас тар дың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арт тыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөй леу ге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіс -пен шілігін ояту. Ана тіліміздің тұғы -рының мықты болуына негізін қалаған ба баларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілі нің мәртебесін көтеру, Қазақ стан мем лекетінде тұратын барлық ха лық-тар дың тілдерін құрметтеу болып та бы-лады.

Ұлтжанды болу, рухани мұраны құр-мет теу, халықтың салт-дәстүрі мен мәде-ниетін құрметтеу қазақ тілінен бастау алады. Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тір-лігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Де мек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы те-рең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.Қа зір гі таңда ана тіліміздің мәртебесін кө теру әрбір қазақстандық үшін басты міндет болып отырғаны аян. Тілге деген құрметті насихаттау, ұрпағымыздың ал-дын дағы борыш екенін ескерсек, ана тілі міздің абыройы да асқақтай беретіні ақиқат. Апталық аясында 2015 жылдың 18 қыркүйегі күні Жаратылыстану және география институтында «22-қыркүйек Қазақстан Республикасының Мемле-кет тік Тілдер күні» тақырыбында тәр-бие сағаты өткізілді. Институт тәлім-герлері өз баяндамаларын оқып, мере-кеге арналған слайдттарын көрсетіп өтті. 2015 жылдың 21 қыркүйегі күні Ма те матика, физика және информатика институтында «Тіл-ұлт бірлігінің ұйт-қысы» атты дөңгелек үстел ұйым дас-тырылды. Дөңгелек үстел барысын да инс титут директорының орынбасары А.Біргебаев «Құлдық санадан ұлтты қа лай құтқарамыз?» («Айқын») және «Үміт еткен көзімнің нұры...» немесе жас тардың әп-сәттегі бүлігінен кейінгі ой атты Қарагөз Сімаділ («ҚӘ») мақала-ларына талдау жасап, екі мақаланың да Ұлт тағдыры және ұлттық тіл туралы өте күрделі мәселе көтергенін атап өтіп, мақалалардың мазмұнына шолу

жа са лынды. Аталмыш жылдың 22 қыр күйегі күні Тәрбие басқармасы мен Филология институтытының бір-лесе ұйымдастыруымен Қазақ тілі мен әде биеті кафедрасында өткен «Мем -лекеттік тілді дамыту бағыт тары мен филологиялық білім беру пара-диг малырының сабақтастығы» атты кеңейтілген дөңгелек үстел өт кі зіл-ді. Университет деңгейінде ұйым дас-ты рылған дөңгелек үстелде Тәр бие ісі жөніндегі проректор, про фес сор Ж.Е. Ішпекбаевалғы сөзімен жинал ған

қауымды маңызды мерекемен құт тық тап, бір қара шаңырақ астында білім алатын әр ұлттың өз тілін,ділін, мәдениетін сақтап, сыйлау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар Институт директоры, ф.ғ.д., профессор Әбді ғази ұлы Балтабай «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» идеясы: бола шақ филолог маман даярлаудағы ұлттық құндылықтардың мәні» тақыры-бындабаяндама жасады. Көптілді бі-лім беру институтында «Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Мерекелік кеш те институт директоры Т.Т.Аяпова

жинал ған қауымды мерекелерімен құт-тықтап, Елбасымыздың ұстанған сая са-ты ғасырлыр бойы жалғасын тауып келе жатқанын айтып, достық пен бір ліктің мызғымас берік шаңырағын құ рып бергендігін айта кетті. Мерекелік кеш инс титут студенттерінің өнерімен жал-ға сын тапты.

Апталықты қорытындалай келе 2015 жылдың 23 қыркүйегі күні Тәрбие бас қармасы, Жастар ісі жөніндегі коми-тетпен бірлесе «Тіл - достықтың алтын діңгегі» атты университет деңгейінде

акция ұйымдастырды.Акция барысында институттар алдын ала бөлінген өзге ұлт-тардың салтын, дәстүрін, тілін, тағамын көрсету арқылы сайысқа түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша әділқазылардың шешімімен жеңімпаздар анықталып, Сту денттік кәсіподақ ұйымы тапапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар университеттің өнерпаз студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты

Қ. БЕКПЕНБЕТОВА.

Республика деңгейінде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатқан қазан айында Та-рих және құқық институтында қос қабылдаулар бір-бірімен ұштасып, рухани-патриоттық мәні бар мереке аталып өтті. 2015-2016 оқу жылында институттың 1 курсқа қабылданған студенттері салтанатты түрде Студенттік қатарға қабылданса, 2 курс студенттері «Нұр-Отан» партиясына мүше-лікке қабылданып, электронды үкімет порталында тіркелген мүшелік билеттер табысталды. Дәстүрлі мерекеге Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасынан, инсти-тут басшылығы, Ақсақалдар кеғесінің мүшелері, түлектер, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Мерекелік шараны ашып берген институт директоры, профессор Жұмағұлов Болат инс-ти туттың 1 курс студенттерін салтанатты түрде «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» қабылдау рәсімімен және Алматы қаласының «Қала күніне» орай 2015 жылдың 19 қыркүйегінде «МӘРТЕБЕҢ АСА БЕРСІН ӘСЕМ ҚАЛА» атты 1 курс студенттері арасында университет дең-гейінде өткен эстафеталық жарыста ІІІ-орынды иеленулерімен құттықтады. Салтанатты түрде «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» 5В011400-Тарих мамандығының 4-курс студенті Ильясова Асем мен 5В030100-Құқықтану мамандығының 4 курс студенті Қарамурзаев Қолқанат, 5В011400-Тарих мамандығының 1-курс студенті Ақ жігіт Қарлығаш пен 5В030100-Құқықтану маман ды-ғының 1-курс студенті Манап Айбекке салтанатты түрде табыстады.

Студент қатарына қабылданған болашақ ма-мандарды Тарих және құқық институтының Арда-герлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аделхан Құдайбергенов, Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Арман Абдықалықов, Әлем тарихы кафедрасының мең-герушісі, тарих ғылымдарының докторы, про-фессор Айткүл Махаева, тарих ғылымдарының док торы, профессор Ханзада Сутеева, Тәрбие бас-қармасы жанындағы Мәдениет бөлімінің бастығы Ғани Бекмырза, Тарих және құқық институтының оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Ба-лахметовалар құттықтап, ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік шара барысында университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене атсаласқан оқу озаттары Тұрлыханқызы Құралай, Ергебек Ұлан, Бейсен Бағдат, Таубалды Эльдар, Аймен Аян, Ер-болова Жанна, Қожамбек Назымға «Нұр-Отан» партиясының мүшелік билеттері табысталып, жастарға егеменді еліміздің ертеңгі тірегі болары-на сенім білдірді.

Қос қабылдаулар ұштасқан ұлы бастама ин-ститут студенттерінің ұйымдастыруымен дайын-далған арнайы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ғалымжан БИТҰРСЫН,Тарих және құқық институтының

тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары

«ҚАРТТАРЫМ - ҚАЗЫНАМ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

ИНСТИТУТТА ӨТКЕН ҚОС ҚАБЫЛДАУ – МӘНДІ МЕРЕКЕ

НЕДЕЛЯ ПРОФОРИЕНТАЦИОННОГО ФОРУМА В КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ