2016 жылдың i жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

40
85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі. - Астана: Фолиант, 2014. - 320 б. Бұл басылым қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, республикамыздың ұлттық сахна және кино декорациясы өнерінің негізін салушысы Құлахмет Қожықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітап-альбомның жарыққа шығуы қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр. Кітапта суретшінің театрдағы және кинодағы жұмыстары мен Ұлы Отан соғысы жылдарында Орталық Біріккен киностудияда С. Эйзенштейнмен және басқа да кеңес киносының майталмандармен кездесуі, олармен бірлесіп еңбек еткендері және «Қазақфильмдегі» одан кейінгі жұмысы жайлы баяндайтын естеліктері пайдаланылған. Альбомда декорациялық театр және кино эскиздері, тұғырлы кескіндемелік және графикалық туындылары, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған костюмдер және отбасылық мұрағаттан алынған фотосуреттер бірінші рет жарыққа шығып отыр. Кітап суретшілерге, театртанушыларға, кинотанушылар мен өнертанушыларға, өнерсүйер қауымға және Қазақстан өнері мен мәдениетіне ықыласты барлық оқырман қауымға арналған. Нурекеев М. Кітап-альбом. - Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. - 240 б. Қазақ өнеріндегі тұлпар тұлғалар ғасырдың әр кезеңінде қылаң беріп, оқ бойы озық көрініп отырады... Оның әрқайсысын ұақыт белгілейді, халық таңдайды. Мейірман Нұрекеев - XX ғасырдың 70-інші жылдарында өнер сахнасына шығып танылып, 90- ыншы жылдардың аяғына қарай фәни дүниемен қош айтысқан қайталанбас тұлға. 1972 жылы М.Нүрекеев Арқалықтағы жаңа ашылған музыкалық драма театрында актерлік қыз-метін бастады да, кейіннен Қазақтың балалар және жасөспірімдер театрының, сонан соң М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасына көтеріліп, ондаған спек- такльдерде сан түрлі рольдерді сомдады, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген әлденеше көркем фильмдерде негізгі рольдерді орындап шықты. Алайда өнер шеберінің актерлік жарқын тұлғасы 80-інші жылдарда қазақ сахнасының інжу-маржанына айналған «Тамаша» ойын-сауық отауындағы қойылымдармен ерекше биік сипат алған болатын. «Өнер» баспасынан Мейірман Нұрекеевтің 70 жылдығына орай жарық көріп отырған осы кітап-альбомда актердің балалық шағынан басталатын өмір жолын, кейінгі - өнердегі ол шыққан биік кезеңдерді, сахнада және фильмдерде орныққан, «Тамашадағы» аңқау, аңғал, күлкілі образ-дарды бейнелейтін фотосуреттер және замандастарының естеліктері топтастырылды. Өзі де адал, аңқау, сырбаз қалпында қазақ халқының есінде қалған Мейірман Нурекеевтей актерді бағалай алатын әр адам үшін бұл басылым ерекше құнды. Әсеттің 500 әні. 2-кітап. Құраст.: Н. Нүсіпжан, Д. Беисеуов. - Алматы: «Өнер», 2015. - 256 б.

Upload: doanngoc

Post on 28-Jan-2017

291 views

Category:

Documents


11 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

85. Өнер. Өнер тану

Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі. - Астана: Фолиант, 2014. - 320 б. Бұл басылым қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, республикамыздың ұлттық сахна және кино декорациясы өнерінің негізін салушысы Құлахмет Қожықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітап-альбомның жарыққа шығуы қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр. Кітапта суретшінің театрдағы және кинодағы жұмыстары мен Ұлы Отан соғысы жылдарында Орталық Біріккен киностудияда С. Эйзенштейнмен және басқа да кеңес киносының майталмандармен кездесуі, олармен бірлесіп еңбек еткендері және «Қазақфильмдегі» одан кейінгі жұмысы жайлы баяндайтын естеліктері пайдаланылған. Альбомда декорациялық театр және кино эскиздері, тұғырлы

кескіндемелік және графикалық туындылары, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған костюмдер және отбасылық мұрағаттан алынған фотосуреттер бірінші рет жарыққа шығып отыр. Кітап суретшілерге, театртанушыларға, кинотанушылар мен өнертанушыларға, өнерсүйер қауымға және Қазақстан өнері мен мәдениетіне ықыласты барлық оқырман қауымға арналған.

Нурекеев М. Кітап-альбом. - Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. - 240 б. Қазақ өнеріндегі тұлпар тұлғалар ғасырдың әр кезеңінде қылаң беріп, оқ бойы озық көрініп отырады... Оның әрқайсысын ұақыт белгілейді, халық таңдайды. Мейірман Нұрекеев - XX ғасырдың 70-інші жылдарында өнер сахнасына шығып танылып, 90-ыншы жылдардың аяғына қарай фәни дүниемен қош айтысқан қайталанбас тұлға. 1972 жылы М.Нүрекеев Арқалықтағы жаңа ашылған музыкалық драма театрында актерлік қыз-метін бастады да, кейіннен Қазақтың балалар және жасөспірімдер театрының, сонан соң М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасына көтеріліп, ондаған спек-такльдерде сан түрлі рольдерді сомдады, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген әлденеше көркем фильмдерде негізгі рольдерді орындап шықты. Алайда өнер шеберінің актерлік жарқын тұлғасы 80-інші жылдарда қазақ

сахнасының інжу-маржанына айналған «Тамаша» ойын-сауық отауындағы қойылымдармен ерекше биік сипат алған болатын. «Өнер» баспасынан Мейірман Нұрекеевтің 70 жылдығына орай жарық көріп отырған осы кітап-альбомда актердің балалық шағынан басталатын өмір жолын, кейінгі - өнердегі ол шыққан биік кезеңдерді, сахнада және фильмдерде орныққан, «Тамашадағы» аңқау, аңғал, күлкілі образ-дарды бейнелейтін фотосуреттер және замандастарының естеліктері топтастырылды. Өзі де адал, аңқау, сырбаз қалпында қазақ халқының есінде қалған Мейірман Нурекеевтей актерді бағалай алатын әр адам үшін бұл басылым ерекше құнды.

Әсеттің 500 әні. 2-кітап. Құраст.: Н. Нүсіпжан, Д. Беисеуов. - Алматы: «Өнер», 2015. - 256 б. Қазақ даласының көпғасырлық тарихы, оның ішіндегі халқымыздың ежелгі ән шығарушылық-сазгерлік өнерінің тарихы заман көшін алға қарай алып жөнелген тұлпарлар тұяғының таңбасындай - бүгінде ел санасында сайрап жатыр. Көне заманның мұң-шежірелерін кейінгі ұрпағына үнмен - қобыз сарынымен, ән-күймен жеткізіп берген Корқыт Ата, Асан Қайғы мұралары кеиінгі күйші-жыршылар дәстүріне ұласты. Оны соңғы ХІХ-ХХ ғасырларда Құрманғазы, Ақан, Біржан, Мәди, Балуан Шолақ, Кенен жалғастырып, жаңа тарихымыздың көшіне әкеп қосты. Өткен XX ғасырдың 50-60 жылдарында қазақтың композиторлық-сазгерлік өнері, әншілік және орындаушылық дәстүрі

жаңаша серпін алды. Ән өнерін шарықтата дамытқан сазгерлердің талантты шоғыры биікке көтерілді. Солардың ішінде жарық жұлдыздардың біреуі - Әсет Бейсеуов. Композитордың 75 жылдығын Қазақстан жұртшылығы айрықша атап өтті. Қолдарыңыздағы «Әсеттің 500 әні» атты қос томдыққа композитордың ел арасында кеңінен таралған танымал әндерін жинақтап, ұсынып отырмыз. Әсеттің өзге музыкалық мұраларын әлі де жинақтай түсу — алдағы күндердің мүддесіне жататындығы ақиқат. Әсеттің әндері адам жанын әлдилейді, мұңайғанды жұбатады, қуанғанды тасытады. Әсеттің әуендері сырға толып тұр. Ендеше, аса талантты композитор Әсет Бейсеуовтің әндері осы және алдағы ғасырларда өз халқының жасампаз, жаңа ұрпақтарымен бірге келешекке тоқтаусыз самғай береді.

Page 2: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Капекова Г. Өрнек жолы. - Алматы: «Асыл Сөз» баспасы, 2014. - 240 б. - қазақша, орысша, ағылшынша. Қазақтың ұлттық өнері - дәуірлер мен ғасырлардың қолтаңбасы іспетті шеті мен шегі белгісіз дара шығармашылық әлем. Жаратылыстың көп құпиясы, ұлттық құндылықтар, діни ұстанымдар, тіпті, қоғамдық қалыптық мәңгілік категориялары осы ою-өрнектерде бейнеленген. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің астарына үңілу, оның тұңғиығына бойлау үшін авторлар дәуірлер тереңін философиялық, тарихи, этнографиялық, мәдениеттанушылық, теологиялық тұрғыдан зерделеуді мақсат тұтты. Кітап көпшілік оқырман қауымға сондай-ақ қазақтың қолданбалы-декоративтік өнерінің сыр-сипаты, тарихына қызығушылық танытушыларға арналған.

Page 3: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

66(5Қаз) Саясат. Саяси ғылымдар

Саяси сана саңлақтары. Орыс тілінен аударған Ғ.Төлеғұлұлы. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. - 496 б.

Кітапқа ХІХ-ХХ ғасырларда дүние жүзіне белгілі болған философтар мен саясаттанушылардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кең танымал еңбектері топтастырылған. Өткен замандардағы ғұлама оқымыстылардың тұңғиық рухани әлеміне үңілуге, бүгінгі таңдағы адамзат дамуының күрделі бағыт – бағдарын пайымдауға, «Мәңгілік ел» идеологиясын басшылыққа алған Қазақстан қоғамының рухани – мәдени өмірін кемелдендіругешама – шарқынша септігін тигізеді деген сеніммен аталмыш еңбектер оқырман

қауымына ұсынылып отыр.

Назарбаев Н. Казахстан в контексте мировых тенденций: Сб. выступлений. - Хроника глобального диалога . - Алматы: Раритет, 2015. - 304 с. Сборник выступлений Президента Республики Казахстан содержит избранные концептуальные речи Н.Назарбаева по самым актуальным те-мам международной политики. Представленные в нем материалы дают возможность ознакомиться с казахстанским видением важнейших миро-вых проблем и предложениями по их решению. С момента обретения независимости с самых высоких трибун авто-ритетнейших диалоговых площадок, форумов и конференций лидер Ка-захстана представляет позицию нашей страны как активного участника международных процессов. В выступлениях Н.Назарбаева четко просле-живается

приверженность Казахстана к построению демократического государства с конкурентоспособной рыночной экономикой и уникальной культурой толерантности, вносящего значимый вклад в созидание ново-го глобального миропорядка, основанного на приверженности идеалам сотрудничества, всеобъемлющей безопасности и устойчивого развития.

Онжанов Н. Бітімгер. Дипломат жазбалары. - Астана: Фолиант, 2015. - 240 б. Соңғы жылдары Украина дағдарысы газеттердің бірінші беті мен әлемдік БАҚ-тардың жаңалықтар таспаларынан түсер емес. Аталған жанжалды бейбіт реттеудің жолдарын іздестіру белсенді жалғасуда. Әлемдік қоғамдастық 2014 жылдың тамызындағы Минск кездесуінің, сондай-ақ 2015 жылдың ақпанында Минскіде өткен «норманд пішіміндегі» саммиттің даму барысын мұқият бақылап отырды. Минск-2 әуел баста Астанада жоспарланғанын көпшілік біледі, бірақ Украина үдерісінде кенеттен Қазақстан астанасы қалай пайда болғаны туралы, тіпті, түйсіне де алмауыда ықтимал. Шынтуайтында, Минск-1 және Минск-2, Украина дағдарысын реттеудегі басқа да көптеген ілгерілеушіліктер Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың делдалдық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде жүзеге асты. Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстік-шығысындағы бітімге әкелген белсенді қызметінің куәгері болған еді. Кітапта Майдандағы 2015 жылдың ақпан айына дейінгі оқиғалар қамтылған.

Page 4: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

63.3(5Қаз) Қазақстан тарихы.

Алаш қозғалысы. Құраст.: Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Сардар, 2014. - 528 б. Бұл энциклопедиялық анықтамалыққа Алаш қайраткерлері мен қаты- сушылардың өмірбаяны, Алаш қозғалысына, партиясына қатысты ұғымдар мен атаулар, сол кезеңнің тарихи-қоғамдық, мәдени, әдеби дамуын байқататын мағлұматтар енгізілді. Сондай-ақ, Алаш қозғалысын, оның қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар жөнінде де мәліметтер берілді.

Ұзақбаев Б. Ерлік сүйген ел нұрлы. Фотоальбом. Алматы. «ARNA-b», 2015. - 216 б.

Кітап фотоальбом Жеңістің 70 жылдығына арналған. Кітапта Қызылорда облысынан майданға аттанған ардагерлер туралы деректер топтастырылған. Сондай-ақ кітапта ардагерлердің мерейтойлық суреттері, ерлікке қойылған ескерткіштер де беріліп отыр.

Кәрібаев Б. Қазақ хандары. - Алматы: Сардар, 2015. - 128 б. Қазақша, орысша, ағылшынша. Қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар - хандар. Хандар тарихы арқылы сол дәуірдегі мемлекетіміздің тарихын терең білуге болады. Осы кітапта хандық дәуірдің біртұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды калың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік кұрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орны туралы баяндалады. Кітап жалпы оқырманға арналған.

Шәріпов Қ. Қаруластар. Деректі хикаяттар. - Алматы: “Қазақстан” баспа үйі”, 2015. - 320 б.

«Қаруластар» - майдангер журналист Қасым Шәріповтің көп жылдар бойы ойланып, толғанып жазған соңғы кітабы. Кітаптың атынан да көрініп тұрғандай, негізгі кейіпкерлер автордың өзі білетін, кешегі Отан соғысының сұрапыл күндерінде оқ пен оттың арасында ыстық-суықты бірге көрген қаруластары, Жеңістің солдаттары. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Page 5: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Сыздықов С. Қарқаралы - Қазылық Ғылыми-танымдық кітап. Астана: Фолиант 2015, 304 бет. Кітапта автордың Қарқаралы атауының қалыптасуы мен этимологиялық мәселелері және сол өңірді көне дәуірден бері мекен етіп, кейін қазақ халқының қалыптасу үрдісіне ықпал еткен түркі ру-тайпалары туралы зерттеулерінің нәтижелері баяндалған. Қарқаралы - Алаш қозғалысының бастау алған алтын бесігі ретінде қарастырылып, Мәңгілік Елдің тұлғалары мен мәдени мұралары туралы автордың ғылыми мақалалары енгізілген. Сонымен қатар оқырман қауымын Қарқаралы өңірі туралы деректік мәліметтермен толығырақ таныстыру мақсатында кітапта мұрағаттар қорындағы құжаттар, халықтың тарихи жырлары мен ауызекі аңыз-әңгімелері және кейбір жекелеген авторлардың қызықты мақалалары орын алған. Ұсынылған еңбекте өлке тарихы түркі әлемінің құрамдас бір бөлігі ретінде, жалпы түркілік өркениет контексінде қарастырылады. Ғылыми танымдық тұрғыдан жазылған бұл

кітап Мәңгілік Елдің ежелгі бір мекені - Қарқаралы өңірінің тарихы мен мәдениетін көпшілік оқырмандардың жете білуі және жас ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы үшін ұсынылады.

Шәлекенов У. Ғылыми еңбектер. Үш томдық. Т.2: Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті. - Алматы: Жібек жолы, 2015. - 600 б. + 16 қосарбет. Қазақ және орыс тілдерінде. Белгілі археолог-ғалым, ҚР ¥ҒА құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы У.Х. Шәлекеновтың үш томдық ғылыми еңбектерінің екінші томына «Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті» еңбегі еніп отыр. Кітап әлем халықтарының тарихында әлі шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі - арийлер этносына арналған. Кейінгі ғасырларда жиналған бай жазбалар мен артефактілер негізінде бұл мәселе жаңаша көзқараста сәулелендірілген. Зороастризм дінінің қасиетті кітабы Авестадан арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия екендігін дәлелдейтін деректер келтіріле отырып, олардың табиғи-жағрапиялық

өрбіген орталығы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері, этнологиялық наным-сенімдері, діни ұстанымы, жалпы рухани мәдениеті кеңінен талданып, ғылыми тұжырым жасалады. Бұл түркітектес халықтардың түп-тегі - арийлер тарихына кешенді көңіл бөлінген алғашқы ғылыми еңбек. Екінші томға сондай-ақ автордың қазақ халқының өркениеті туралы жарық көрген еңбегі де енген.

Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы тарихы. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2015. - 520 б.

Монографияда орта ғасырдағы қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті - Қазақ хандығының құрылу тарихының мәселелері қарастырылған. Автор әр тілде жазылған көптеген ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне, түрік халықтары мен казақ халқының ауыз әдебиеті материалдарына сүйене отырып, Қазақ хандығының құрьлу тарихындағы күрделі мәселелерді жүйелі түрде тереңірек зерттейді. Қазақ халқының калыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының кұрылуы бір кезеңде жүзеге асқан тарихи үрдіс деп есептеп, Қазақ хандығының негізін қалаған тарихи тұлғалар - Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөлін ашып көрсетеді. Монография қоғамтанушыларға, тарихшыларға, жоғарғы оқу орындарының

студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарына және жалпы қазақ елінің тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырмандарға арналған.

Page 6: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Монография. Үш томдық шығармалар жинағы: 1-том. - Алматы: “Дәуір-Кітап” баспасы, 2015. - 344 б.

Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жұмат Тілеповтің үш томдық шығармалар жинағы - автордың «Тарих және әдебиет», «Елім деп еніреген ерлер жыры», «Қазақ поэзиясының тарихилығы», «XIV - XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы һәм жыраулар мұрасы», «Таным мен тағылым», «Ел мүддесі — ерлер еншісі», «Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті» секілді ғылыми монографиялары мен оқу құралдарының, сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті тарихы. 3-том», «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», «XIX ғасырдағы қазақ ақындары», «Бабалар сөзі. 65-том», т.б. іргелі еңбекгердегі зерттеулерінін негізінде қүрастырылған. Бірінші томға ғалымның «Тарих жэне әдебиет (XIV - XX ғасыр басындағы қазақ

әдебиетінің тарихилығы)» атты монографиясы беріліп отыр.

Көлбаев Т. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!». - Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2015. - 384 б. Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақ баспасөзіне сіңірген айрықша еңбегі үшін» дипломының иегері Тілеу Көлбаевтың «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» кітабында ел басына күн туған ауыр жылдарда қан майданда жаумен жағаласқан, тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс қиындықтарына төзе білген, Ұлы Жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық істері жайлы сөз етіледі.

Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерен ерліктері ешқашан ұмытылмауы тиіс. Аға ұрпақтың ерлігі жастарға өшпес үлгі - өнеге болып қала береді. Қаһармандар ісін көпшілікке насихаттау, сөйтіп жас буынды патриоттыққа, отансүйгіштікке

баулу — қасиетті парыз.Кітап мұрағат құжаттары мен уақыт сынынан өткен, жарияланған деректердің, соғыс пен тыл

ардагерлерінің естеліктері негізінде жазылған. Сондай-ақ, автордын ғылыми басылымдар мен Республикалық баспасөзде жарық көрген мақалалары мен очерктері кітаптың негізгі арқауы болған.

Өмірбекова М. Ш. Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері. Ғылыми-танымдық басылым. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2014. - 292 б. Көшпенділердің философиясының антропологиялық негізгі мәселесі ретінде төрт этникалық тайпаның рухани дүниетанымы мен материалдық мәдениеті, қола дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін жан-жақты зерттелген. «Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» атты тақырып бұған дейін философия, мәдениет, тарих, семиотика, лингвистика, этнография, археология, әдебиет саласында көтерілген емес. Еңбекте бұрын-сонды қарастырылмаған бейнелеу өнеріндегі таңбалар мен тотемдердің рәміздік мағынасы талданады.

Кітап ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқьпушыларына, докторанттар мен магистранттарға, сондай – ақ тарихты құрметтейтін барша қауымға арналған.

Page 7: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

5(5Қаз) Денсаулық сақтау. Медицина ғылымдары

Хамчиев Курейш. Адам организміне сиқырлы саяхат. «Шикула және К» ЖШС, 2014. - 136 б. - қазақша, орысша. Бұл кітап балаларға қарапайым да түсінікті саяхат жасау арқылы өз организмімен танысуға, салауатты өмір салтының басты заңдарын түсінуге мүмкіндік береді. Бәлкім, осы кітапты оқығаннан кейін, бала өзіне ең ауыр, бірақ ең игілікті және қолайлы мамандықтардың бірі – дәрігер мамандығын таңдап алатын шығар. Кітап мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына, сондай-ақ тәрбиешілерге, оқытушыларға және ата-аналарға арналған.

Page 8: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

81 (5Қаз) Тіл білімі

Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы: Көптомдық шығармалар жинағы. - Алматы: «Ел-шежіре», 2014. - 384 б.

Кітапта Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, «Қара сөздерінің» де) сөздік кұрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай колданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби, тілімізге өзі қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр-сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда, Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер талданып, олардың мән-мәнісі, қолданылудағы себеп-дәлелі көрсетіледі. Кітаптағы негізгі мазмұнды ширата түсу мақсатында «Абай» энциклопедиясында

жарияланған ғылыми-теориялық мақалалар» бөлімін осы қосуды орынды көрдік.

Жайлыбай Ғ. Таңдамалы. Т.1. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы. - Алматы: «Ел-шежіре», 2014. - 384 б. Кітапта Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, «Қара сөздерінің» де) сөздік құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби, тілімізге өзі қосқап немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр-сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда, Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер талданып, олардың мән-мәнісі, қолданьшудағы себеп-дәлелі көрсетіледі.

Ержанова С. Сөз мәдениеті және көркем мәтін. Оқу қүралы. - Алматы: «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2015. - 232 б.

«Сөз мәдениеті және көркем мәтін» деп аталатын оқу құралы қазақ шешендік өнерінің сан ғасырлық тарихы болғандығын, ежелден бұл өнер ұлт тағдырын, ел, жер мүддесі үшін қоғамдық қызмет атқарғандығын, бұл мақсатты жүзеге асыруға көмектескен парасатты да пәрменді тіл болғандығын зерделеуге мән береді. Шешендік сөздің қуатын арттыратын көркем мәтін, тілдік құралдар, дидактикалық сипаттағы ақыл, нақыл сөздер таным процесі мен терең ойлаудың айқын жемісі екендігін көрсетеді. Шешендердің сөйлеу мәнерін, сөйлеу түрлерін, шешен бейнесін талдаудан туындаған шешендік сөз тағылымы кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде өзекті мәселе болып табылады.

Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Құраст.: ф.ғ.д. Ғ. Әнес және К. Шаймерденова. - Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. - 640 б.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев (1937-2009) қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы - сөз тіркесінің қалыптасу кезеңдері, даму тарихы және тілдік қолданыстағы өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген бірден-бір жетекші ғалым. Оның еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тәсілдері, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады. Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркітану

Page 9: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

синтаксис мамандарының осы мәселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды тұстары талданып көрсетіледі.

Айтбайұлы Ө. Тілтірес. (Мемлекеттік тілді қалыптастыру хақындағы ойлар, сұхбаттар, тұжырымдар, баяндамалар, мақалалар). – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. - 400 б. Автордың кейінгі бес-он жыл ауымында жазылган ой-пікірлері жинақталған бұл кітапта қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеленуінің қиын да қызықты жолдары, пікірталастар, тілтірестер барланады. Елмен бірге еңсерілген тіл шеруі өзіндік топшылаулар негізінде сараланады. Еңбек қазақ тілі жанашырларына және жалпы окырман көпшілікке арналған. Мемлекеттік тіл тағдырына кызығушы мамандар мен жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттері үшін де танымдық мәні бар.

Page 10: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

84(5 Қаз) Қазақ әдебиеті шығармалары

Сыздықов Мұрат. Ақ басты тырна. Повестер, әңгімелер. Құраст.: А.Кұлбаев - Алматы: «Балалар әдебиеті» , 2015. - 160 б. Бұл жинаққа марқұм Мұрат Сыздықовтың “Ақ басты тырна” атты шағын повесі мен әңгімелерін ұсынған. Ал фантастикалық әңгімелерінің өзі бір төбе. Нені жазса да, аса ұқыпты, тілі жатық, бала психологиясын жақсы білетін қаламгердің бұл кітабы өз оқырманын табары анық. Жазушы балалар өмірінің қызықты сәттерін тілге тиек етеді. Кітап адалдыққа, туған жерді сүюге тәрбиелейді.

Есенин Сергей. Өкінбеймін, Шақырмаймын, Жыламан... Ауд.: И. Сапарбай. - Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015. - 324 б. Қазақ және орыс әдебиеттері байланыстарының түп-тамыры тереңде жатыр. Кешегі Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан байланыстардың Одақ тарап еліміз егемендік алған тұста әлсіреп қалғаны рас. Қазақтың белгілі ақыны Исраил Сапарбайдың аудармасымен жарық көргелі отырған бұл жинақ қалын оқырман қауымды орыс табиғаты мен жанының, жыршысы, ғажайып лирик ақын С. Есениннің шығармашылығымен жақынырақ таныстыруға септігін тигізеді.

Нұрпеис Әбді-Жамил. ҚАН МЕН ТЕР: Трилогия. “ҚАЗақпарат” баспасы, - Алматы: 2015. - 960 б.

Жазушы «...тағы қарасам, тағы да өзгерістер енгізетін тәріздімін» дегенді осыдан он бір жыл бұрын айтқан екен. Міне, сол күн, күн емес-ау, айлар мен жылдарға созылған ұзақ уақыттан кейін.

Есенберлин І. Ілияс Есенберлиннің поэзиясы. Құраст.: Қ.Есенберлин. - Алматы: БПКА, 2015. - 288 б. Халқымыздың біртуар азаматы, жазушы, драматург, оқырмандар жүрегінен өзінің тарихи шығармаларымен орын алған қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі кемеңгер тұлға І.Есенберлиннің поэзия жинағына «Намыс», «Айша», «Сұлтан» соғыс дастандары, «Қазақ қызы», «Біржан сал» сияқты өткен кезең дастандары мен ән текстері енген.

Page 11: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Латиева С. Туған жердің түтіні. - Алматы: «Сораба» қоғамдық қоры, 2015. - 368 б.

Ұсынылып отырған «Туған жердің түтіні» жинағына кіріп отырған «Наркескен», «Ең әдемісі - Жер», «Өнерге өктемдік жүрмейді» тағы басқаларының кейіпкерлері қазір айнала айқайлап жоқтап жүрген патриотизм, елді сүю деген ұғымды еңбегімен дәлелдеп жүрген адамдар.Кітаптағы деректі, керкем шағын шығармалар болсын, «Сахнаның падишасы» атты повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шығар деген ойдамыз

Ыбырайымұлы Ә. Мизам көк. Хикаяттар мен әңгімелер. - Астана: Фолиант, 2015. - 456 б.

Ұлттық сөз өнерінде өзіндік өрнегімен, айрықша қолтаңбасы мен танылған қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, иегері. Ыбырайымұлының бұл жинағына бір топ таңдаулы әңгіме-хикаяттары топтастырылды. Құнарлы да шұрайлы тіл, көркем де келісті сурет-бояулармен кестеленген, өмірдің өзіндей шынайы, астарлы да тағылымды туындылардың, қай-қайсысы да өз оқырманын үйіре баурап, санасын сәулелендіреді, сезім қылын шертіп, көңіл пернесін дөп басады.

Жанұзақұлы Н. Бір ауыз сөзім - мың ділда. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2015. – 256 б. Нұрмұқан Жанұзақұлының «Бір ауыз сөзім - мың ділда» атты кітабы жаңа формада жазылған. Философиялық ой-пікірді қазақ ұлтының шешендік сөздері мен лирикалық көңіл-күй толғамы арқылы бейнелейді. Кітап 13 бөлімнен, 1500 қарасөзден құралған. Әр бөлімде өмір мен қоғамның алуан қырынан алынған ой тізбектері бір ауыз немесе бірнеше сөйлемге жинақталып, оқырманға ой салады. Жинаққа, сондай-ақ, автордың «Тұғыры биік, тұлғалы жыр» атты әдеби сын мақаласы да енгізілді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Есенберлин Ілияс. Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар. Құраст.: Қ. Есенберлин, ауд. А.Дюсенбаев. - қазақша, орысша. - Алматы: БПКА, 2015.- 48 б. Бұл кітапқа Ілияс Есенберлиннің айтылған ойлары, хаттары, баяндама күнделіктерінен алынған үзінділері енген. Сонымен қатар замандастарының, Н. Назарбаевтың, Д. Қонаевтың, Ә.Әлімжановтың, туған інісі Раунақ Есенберлиннің жэне үлы Қозыкөрпеш Есенберлиннің естеліктері бар.

Page 12: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Ахметбекұлы А. Көктудың желбірегені. - Алматы: Көктудың желбірегені «Сардар» баспа үйі, 2015. - 320 б. Бұл жинаққа автордың «Атамекен», «Дауыс», «Астынан алты қырдың» «Ширығу», «Өлең» атты кітаптарынан іріктелген өлең поэмалары мен соңғы жылдары жазған бір топ өлеңдері енгізілді. Сонымен бірге бұл күнде «Көк тудың желбірегені» атты ән-өлеңдермен танымал ақынның әнге айналған өлеңдері де нотасымен бірге топтастырылды. Ақын өлеңдерінде рухани бостандық, адамдық өмірге деген сенім, мемлекетке деген құштарлық, биік рух асқақ шабытпен, бейнелі өлеңдермен өрнектеледі. Автордың «Сөзтану» атты кітабынан поэзия - өлең өнері туралы пайымдаулары кітап соңына арнайы кіргізілді. Кітап қалың оқырманға арналған.

Әлімқұлов Қ. Мәңгілік мұра. Зерттеулер. - Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015. - 352 б.

Автор бұл кітабында заманымыздың заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың шұрайлы шығармашылығына жан-жақты талдау жасауға талпынған. Оқырмандар көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап тауып, кітапта келтірілген кейбір тың деректерге діттейтіні даусыз. Әсіресе, жыр жолдары боп өрілген жәдігерлерді ақын өмірінің өзекті өрімдерімен тікелей байланысты бағамдау бағыты сәтті нәтижелерге жетелейді дегеніміз жөн. Сондай-ақ, Мұқағалидай мұзарт шыңның шығармашылық мұрасын бөліп-жармай толық талдау ниеті де құптарлық қадам ретінде қабылданатынына сеніміміз зор. Кітаптың тілі шұрайлы, айтылар ойдың бояуы қанық. Қай жастағы, қай мамандық иесі екеніне қарамастан, барлық оқырманға бірдей көзайым дүние деуіміз керек.

Сейітман С. Домбыра. Алматы: Хантәңірі, 2014. - 324 б. Ақын Серік Сейітманның бұл жинағына азаматтық лирикалары мен өлең тақырыптарына сай «Шумақталмаған ойлары», «Лебіздің мәні» айдарымен зиялы қауымның пікірлері еніп отыр. Кітапта қазақтың ұлттық жэне мемлекеттік кұндылықтары өлең тілімен өрнектелген.

Page 13: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Ерман Ж. Алыстан және жақыннан. Өлеңдер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар, көркем очерктер, естелік-эсселер. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013. - 384 б. Жыр мүшәйраларында бас бәйгені де, басқа бәйгені де канжығасына талай байлаған Жүрсін Ерманның бұл кітабына жүлделі өлеңдері топтасқан. Әріптестерінен оң бағасын алған көркем очерктері бүгінгі ел тынысын қызғылықты суреттейді. Қазақ руханиятының көрнекті қайраткерлері Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбаев және айтыскер ақын Оразалы Досбосынов жайлы естелік-эсселері де оқырман ықыласына лайық. Мерейтойға орайлас жазылған арнау өлеңдер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар да өз оқырманын табары сөзсіз

Матайқызы Д. Айналайындарым менің. - Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2014. - 288 б. Өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан ана Ділдә Матайқызының «Айналайындарым менің» кітабы жас ұрпақтың тәрбиесіне арналған. Автор өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық салт-санамызбен, дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра отырып кейінгі толқын — жас ұрпақтың санасына ғибратты әңгімелерді құяды. «Таң торғайы шырылдағанда ұлы төсегімнен көтеріліп, жарық дүниенің нұрына жүзімді шәйіп: «Иә, жаратқан ием, әр пендеңе ынсап, қанағат бере гөр. Бауырын бүтін, басын аман ете гөр. Ел мен ерімізді жақсылыққа жолықтыр. Ақ сөйлеген адалдың «бұ дүниеде жиғаны бұйырғай, о дүниеде иманы бұйырғай», — деп тілек ететінім бар» деген әдемі де әсерлі, оқырманын бірден баурап алатын жолдарымен басталатын кітап жеңіл оқылады. Оқырманын

ойландырады, ойландыра отырып, Отан сүйгіштікке, туған халқы мен ана тілін шексіз сүюге, қайратты да қайсар, өжет те ержүрек әрі ақылды һәм парасатты болып өсуге тәрбиелейді.

Сәрсеке М. Шығармалары. Деректі хикаяттар мен әңгімелер. Т2. - Астана: Фолиант, 2014. - 330 бет. Қазақ қауымына жақсы мәлім, орыс тіліне де аударылып, жұртшылық тезінен өткен деректі хикаяттары туралы: «Өмірлік мүраттарымыз жаңарған соң өткен тарихымызға деген бұрынғы көзқарас түбірімен өзгерді. Күні кеше құнды болған жайттарға сыпыра жаңару жүруде. Кезінде жұртшылыққа ұсынылған, мақтау-мадақ көрген кейбір шығармалар қате түйсікпен марапатталған деген желеумен қайбатталатын болды. Алайда сол туындыларды бүгінгі талапқа қабыспайды деп жадымыздан сызып тастауға бола ма? Өз басым соған шүбәлімін. Жоқ, ұмытуға болмайтын да жайттар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда сақтарлық құндылықтар аз емес...» - деген тұжырым айтады сексен жастың өріне таяған кексе жазушы Медеу Сөрсеке.

Абылай ханның арманы. Пьесалар, аудармалар, жолжазбалар. - Астана: Фолиант, 2014. - 320 б. Белгілі жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына пьесалары мен аудармалары, әдеби сын мақалалары мен жолжазбалары топтастырылған. Қарымды қаламгердің «Абылай ханның арманы», «Кенесары - Кү-німжан» «Бала Қазыбек» сынды пьесалары, Харуки Мураками, Уильям Сароян, Әзиз Несин, Марио Варгас Льоса, Леонид Владимирский секілді әлемге әйгілі көркемсөз шеберлерінен жасаған аудармалары, Ғалым Жайлыбай, Маралтай Райымбекұлы тәрізді айтулы ақындар жөніндегі әдеби мақалалары мен Моңғолия және Ресейдегі қандас ағайындар өмірінен сыр шертетін жолсапар жазбалары айтар ойының айшықтығымен, теңіздей телегей мән-мазмұнымен, ішіне бүккен құпия-сырымен һәм самалдай ескен жаңашылдығымен

ерекшеленеді. Аталмыш шығармалар оқырман қауымның таным-түсінігі мен ой-өрісін өсіріп, көңіл көкжиегін кеңейте түсері анық.

Page 14: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Сәрсеке М. Шығармалары. Деректі хикаяттар. Т.3. - Астана: Фолиант, 2014. - 336 б.

Осы кітапта шерлі тағдыры сөз болатын бес ағайынды Қадылбековтердің алғашқы екеуі - Кодаленко атанған Нұрғали мен Мерғали - өз заманында мемлекеттік қыруар еңбектерімен күллі Қазақстан атырабына танылған айтулы қайраткерлер. Амал қанша, қызыл репрессияның тасдөңбегі екеуін де орта жасқа жеткізбей қүртқан. Деректі жанрға әуей жазушы олар туралы ұзақ ізденіс жасап, мұрағат деректері мен замандастарының естеліктері арқылы сол тұлғаларды ел тарихына қайтарып отыр. Эссе түрінде қағазға түскен екінші хикаят, «Мен білетін Ер Ғабең» деген атынан-ақ аңғарылып тұрғандай, 1960-70 жылдарда аралас-құралас болып, шәкірт ретінде жақын-жуық жүріп, ғұмыр жолын, жазушылық өнерін, азаматтық ділін жете таныған көркем сөздің хас шебері Ғабит Мүсіреповтің өміріндегі ұлағатты оқиғаларды саралап өрнектеуімен дараланады.

Сәрсеке М. Шығармалары. Ғылыми-фантастикалық хикаяттар және әңгімелер. Т.1. - Астана: Фолиант, 2014. - 328 б. Қолыңыздағы кітапқа жазушының ғылыми-фантастикалық және техника туралы тартымды сюжетпен өрілген және 60 жылға таяу шығармашылық ғұмырының алғашқы кезеңінде қиялы өрген хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр. «Көрінбестің көлеңкесі» және қазақша да, орысша да сан мәрте жарияланған «Жетінші толқын» хикаяттары кезінде қазақ әдебиетінде ғылыми-фантастикалық жанрдың өрістеуіне мұрындық болып, «М. Сэрсекеев қазақ эдебиетіндегі гылыми-фантастика жанрының негізін қалаушы» атанған. Алпыс жылға таяу шығармашылық ғүмырында инженер-жазушы тынымсыз еңбек етіп, Қазақстан ғана емес, кешегі КСРО көлемінде де өзіне етене таныс өндіріс тақырыбына қалам сілтеп, «Жарылыс», «Көмбе» романдарын жазды, оған қоса ұлтымыздың біртуар ғұлама перзенттері Сәтбаев, Бөкетов және Бекмаханов туралы деректі ғұмырналар толғап,

деректі жанрдың хас шебері атанды. Біздің баспа 80 жастың өріне көтерілер қарсаңында М. Сәрсекенің таңдамалы туындыларын жариялауды жоспарлап отыр.

Әріп Ғ. Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен... Өлеңдер. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. - 216 б.

Бұған дейін жарық көрген «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Каспий трагедиясы», «Ақын арманы (азабы), тағы басқа да кітаптары арқылы қалың оқырманға жақсы таныс қаламгер, ҚР Мөдениет қайраткері Ғалым Әріптің ұсынылып отырған жаңа жыр жинағы адамгершілік, имандылық, асқақ адамзаттық-гуманистік үнімен ерекшеленеді. Әрбір жазған шығармасында елді, жерді, Отанды, ата-ана мен бауырларды шексіз сүю идеясын айқара алға тартатын автор өмірден түйін түйіп, тіршіліктің мән-маңызын өз бағасымен өлшей білуге, ақылмен ғұмыр кешуге үндейді. Бүгінгідей дүбірлі дүние, адами пейілге селкеу түскен қоғамда автор адамның барша ғаламға тек жақсылық ойлау, қайырымдылық жасау, ұлттар мен халықтардың өзара тату болуы, ана тілің мен ата

дәстүрді құрмет тұту арқылы ғана шынайы бақытқа жете алатынына даусыз иландырады. Ақ жауындай ақтарылған алғаусыз сезім, жаратылысқа, махаббат, достық, мәрттік, ізгілік әлеміне деген құштарлықтан туындаған пәк те шынайы жырлар жан дүниеңізге жылы шуақ ұялатады. Тұнба бұлақтай мөлдір лирикалық туындылардағы ақжал толқындардай асау иірімдер мен сыршыл ырғақтар кіршіксіз ақын жаны мен кісілік болмысының жарқын айнасы тәрізді әсер қалдырады. Кітаптың тілі көркем, бейнелі, жырсүйер қауымның жан әлемін баурап алары сөзсіз.

Page 15: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Шолақ Қ. Күзде гүлдеген тобылғы. Өлеңдер. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2015. - 288 бет.

Астанадан алыста ауылда тұратын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, аз жазса да саз жазатын сұңғыла суреткер ақын Қуандық Шолақтың «Күзде гүлдеген тобылғы» атты жинағы «Мезгіл мақамдары», «Өлеңім - ойдың өрнегі» деген екі бөлімнен тұрады. Ақынның шуақты шумақтарға толы өміршең өлеңдері көпшіліктің көңілінен шығатын дүние.

Күзембаев Қ. «Ой-хой, дүние». Өлендер. - Алматы: «Нұрақынов» ЖК, 2015. - 380 б.

Ұлтының киелі қасиеттерін, тәлім-тәрбиесін бойына терең сіңірген ақын Қабылхан Күзембайдың бұл жинағына алуан тақырыпты қамтитын өлеңдері мен толғаулары енгізілген. Оның қай-қайсысын оқысаңыз да халқым, жерім деп соққан ақынның от жүрегі алаулап тұр. Өмірге деген іңкәрлігіне, ұлтын жан-тәнімен сүйетіндігіне көз жеткізеді. Ақынның ыстық жүрегінен көңіл қайнарынан буырқанып шыққан шумақтар соның куәсі. Ақынның жастық, махаббат, өмір туралы әр кезде жазған өлеңдері енген бұл еңбек, өмірге деген құштарлықты, адамгершілік, ар-иманды ту ете отырып, өзіндік шеберлігін бейнелейді.

Омар һайам. Наурызнама Рисала. Аударған: Исраил Сапарбай. Алматы, «Білім» баспасы, 2015. - 256 бет.

Әлемге аты мәшһүр шығыс шайырларының бірі. Омар һайамның «Наурызнама» атты еңбегіне халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық кұндылықтар, Наурызға байланысты діни-танымдық қағидалар, түрлі қызықты материалдар еніп отыр. Жинаққа сонымен қатар әйгілі Әмір Темір көрегеннің жорық жолдары, әскери амал-әдісі, ғибратты кеңестеріне құрылған деректі шығарма да қосылды. Кітап ел тарихын тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға, әсіресе жастарға арналады.

Бәдіғұл Н. Сағым бейне. Өлеңдер, поэмалар. - Алматы: «Баспалар үйі» АҚ, 2015. - 384 б. Қазақ поэзиясында өзіндік үні, өрнекті қолтаңбасы бар белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, марқұм Нүкеш Бәдіғұлдың артында қалған мол мұраның өзегі - Отан сүйгіштік, ел тарихы мен адамгершілік тақырыбы.Қаламгердің оқырман назарына ұсынылып отырған «Сағым бейне» атты жинағына әр жылдары жазылған таңдаулы лирикалары мен поэмалары енді.

Page 16: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Тікебаева Б. Рауан. Өлеңдер. Лирикалық поэмалар. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2015. -

256 б.

Автор бұл жинағында ауылдың тыныс-тіршілігін, өмір өзгерістерін, сондай-ақ қилы тағдырларды жырға арқау етеді. Әсіресе тіршіліктің шырайын келтіретін табиғаты тұнық Жетісудың, асқаралы Алатаудың келбеті жырмен әсерлі өрнектелген. Адамның кіндігі байланған қара жердің үстіндегі қым-қуыт қарбаластың махаббат атты тылсым күшпен де, сұлулықпен де үйлесім тапқанын автор биік талғаммен бере білген.

Шашубай Қошқарбайұлының шығармалары. Өлендер, толғаулар, дастан, айтыстар, зерттеулер, естеліктер. - Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2015. - 288 бет. Шашубай Қошқарбайұлынын бұл жинағына өмірді әнмен өріп, сөзбен әрлеген ақынның шығармашылық мұрасы - ел ішіне кең тараған толғаулары мен өлеңдері, атақты айтыстары мен дастандары, сондай-ақ ақын шығармашылығы жайлы зерттеулер мен естеліктер беріліп отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Жұбатова Ш. Шаңқай түс. Өлеңдер. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. - 288 б.

Ақын бұл кітабында адам жанының тазалығын, рухани құндылықты, мың құбылған қоғамдық өзгерісті өзіндік мәнермен айшықты жырлайды. Адамзат пен қоғамның ара байланысын, олардың қалыптасу сатыларындағы ішкі болмысының қыр-сырын нәзік сезіммен суреттеп, өз оқырманына салмақты ой айтуға ұмтылады. Суреткердің көзбен көріп, көкірекке түйгенін шебер түйіндеуінен қаламгердің тынымсыз ізденісте жүргендігі байқалады. Ақынның тілі шебер, теңеулері әсерлі, сөз саптауы жетік.

Қайратқызы Ә. Қыз өссе — елдің көркі. Проза. - Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2015. - 136 б. Жас талапкер Әсел Қайратқызының «Қыз өссе - елдің көркі» атты тырнақалды еңбегі өз замандастары: он екіден жасы асқан бойжеткендерге арналған. Жас автор өз кұрбыларының балғын балалық шақтан бойжеткен аруға айналу кезеңіндегі ақпараттар қажеттілігіне зәрулігін ескере отырып олардың адамның өзін-өзі тануы, өзгелермен қарым-қатынас жасауы халқының салт-дәстүрін білуі, денсаулығын күтуі, келін болу әдебі, болашақ: ана болуы тәріздес тіршіліктің толып жатқан қыр-сырларын ұлы тұлғалар өнегесі арқылы танып-білуіне, түсінуіне көмектесуді мұрат тұтқан.

Page 17: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Баянбай Қ. Ақшам. Өлең-дастандар. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2015. - 232 б.

Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қастек Баянбайдың жаңа жинағына енген өлең-дастаңдары екі қоғам өліарасындағы адам тағдыры туралы толғаныстарға толы.

Төлепбергенұлы Н. Жемқордың жеткен жері. Әзіл-оспақ, сын-сықақ, мысқыл-мысалдар, шымыр-шымыр шымшымалар, сықақ әңгімелер. - Алматы . «Баспалар үйі» АҚ, 2015. - 480 б. Уытты тілімен, қыршаңқы сөздерімен қыңыр-қисық жандарды тезге салатын, реті келген жерінде «іреп-іреп» алатын елімізге есімі мәшһур сатирик - ақынның бұл кітабына «мандай терін төгіп» жазған сықақ өлеңдерінің баяғыдан, өткен ғасырдың аяғынан бастап «дүниеге келген» әзіл-оспақ, сын-сықақ, шымыр-шымыр шымшымаларының біразы топтастырылып отыр. Автордың сандығының түбінде сақтаулы дүниелерін келесі кітабынан оқисыздар.

Сәдуақас Т. Шығармалар жинағы Т.2. Поэмалар, өлеңдер. - Алматы: «Сораба» қоғамдық қоры, 2015. - 400 б.

Кітаптың негізгі арқауын халқымыздың басты қасиеттері — елдік пен ерлік мұраттары құрайды. Ақын ұлтымыздың атақты хандары мен батырларының, би-бағыландарының монологтары арқылы отанымыздың өткен тарихын, алаш жұртының қиын-қыстау кездердегі бодандыкқа қарсы күресін, еліміздің ерлік шежіресін, ішкі ынтымақ-бірлігін жырға косады. Және де ол өз ойын негізгі тарихи оқиғаларға, нақты деректерге сүйене отырып өрбітеді. Мұның бәрі бүгінгі «Мәңгілік ел» ұлттық идеямыздың арман-мұратына үндеседі. Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін әспеттей түседі. Жинақтағы тағы бір сүбелі тарау көркем аударма туындылары. Автор бүгінгі еуразия аумағындағы мүдделес мемлекеттердің белгілі ақындарының әртүрлі тақырыптардағы жырларын ана тілімізде айшықты сөйлете отырып, мәдени-әдеби байланыс желілерін жалғай түседі.

Page 18: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Тілеужанұлы Зейнолла. От адам. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. 320 б.

«От адам» атты өлеңдер жинағына - дарынды ақын Зейнолла Тілеужанұлының әр жылдарда жазған: өлеңдері мен поэмалары, дастандары енген. Қазақ поэмасында өз қолтаңбасы қалыптасқан ақын оқырмандарына өзінің жаңа жыр жинағын ұсынып отыр. Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қабанбаев Марат. Шығармалары.Т.4. Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2015. - 320 б.

Бұл кітапқа жазушының оқырманды адамгершілікке, шынайы сүйіспеншілікке, рухани тазалыққа жетелейтін «Айшылық алыс жол» атты романы енгізілген.

Қожакеев Т. Шығармалары. Т.5 – Алматы: "Айғаным" баспа үйі, 2014. - 286 б.

Көрнекті ғалым Темірбек Қожакеев шығармалары жинағының 5-томына «Үркіншілік» атты деректі повесі мен әңгіме-деректері, шаншу сөздері – фельетондары және танымдық мақалалары беріліп отыр.

Бектемісов А. Жүрек жылуы. Естелік - эсселер, публицистикалық ой-толғамдар мен өлендер. - Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2015. - 286 б.

Есімі көпке танымал қаламгер-журналист Асқарбек Бектемісовтің бұл жинағына Тәуелсіздік жайлы ой-толғамдары, естелік-эсселері, өлең-жырлары, киелі Торғай өңірінің тарихы, азаматтары жайлы мақала, очерктері еніп отыр.Кітаптың ел болашағы - жастар үшін тәлім-тәрбиелік мәні зор болары даусыз.

Page 19: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Бабадан қалған асыл сөз. Құраст.: А.Акишева. Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлары мен қанатты сөздері. -Алматы: Раритет, 2015. - 200 б.

Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері — елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта ¥лы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер үрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-

ақ Отан туралы, тіл туралы жыр-толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық түрғыдан топтастырылған.

Әріп Д. Бел-белестер. Публицистикалық шығармалар жинағы. - Алматы: «Нұракынов» ЖК, 2015. - 356 бет + 24 бет сурет Белгілі жазушы-журналист, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Дүйсенбі Әріптің бұл жинағына публицистикалық ой-толғамдары, ел мен жер, тарих, қоғам қайраткерлері, белгілі азаматтар жайлы мақала, очерктері еніп отыр.

Идрисов А. Таншолпан. Пер. В. Буренков, К. Жорабеков - члены Союза писателей Казахстана. - Алматы: Издательство «Алатау», 2015. - 400 с. Роман известного писателя, профессора Абильфайыза Идрисова «Таншолпан» в свое время был тепло принят казахской аудиторией. Эта подлинная история счастливой и горячей любви имеет огромное воспитательное значение для сегодняшней молодежи. Надеемся, что роман в переводе на русский язык вызовет неподдельный интерес у самого широкого круга читателей.

Байбол Ә.Ой ұшқындары. Проза. - Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2015. - 136 б.

Бұл кітапта автордың оңашада қалғанда қойын дәптеріне түртіп қойған жылт еткен ойлары мен әлемге әйгілі драматургтардың туындыларының тәржімалары топтастырылған. Әлібек Байболдың аудармаларындағы ерекше екпін, қазақы орамдар мен парасат-пайым қатар жүреді. «Ой ұшқындары» кітабынан театр саласында еңбектеніп жүрген өнерпаздар өзі үшін қажетті дүние табады деген ойдамыз!..

Жүз жиырма түңғыш. Құраст.: Бексұлтан Нүржеке-ұлы. - Алматы: “Жалын баспасы” ЖШС, 2015. - 384 б.

Page 20: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Бұл жинақ - қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға түңғыш із салған қазақ ұл-қыздары туралы жинақ.

Темірбек Қ. Шығармалары. - Алматы: Айғаным баспа үйі, 2014. - 286 б. Қазақ сатирасын тынбай зерттеп, жүйелеп, толымды да татымды еңбек жасаған ғалым, профессор Темірбек Қожакеевтің шығармалар жинағынын 4-томына Абай бастаған қазақ ақын-жазушыларының, сатириктерінің шығармалары сараланып талданған зерттеулері еніп отыр.

Асанов С. Арман ағысы. Өлеңдер. - Алматы: “Хантәңірі”, 2015, - 342 бет. Белгілі ақын Сабырхан Асановтың бұл жинағына еніп отырған өлең-жырлары «Қоштасқым келмейді», «Шолпан» сияқты кітаптарынан іріктеліп алынды. Сонымен қатар мұнда еш жерде жарық көрмеген бірқатар туындылары да оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Қазақ өлеңінде өзіндік өрнек қалдырған шайырдың еліміздің тәуелсіздігі, Отан, туған жер, достық, махаббат жайлы сыршыл да нәзік лирикалық өлеңдері қай уакытта да оқырмандар жүрегінде.

Тапиқұлы Д. Өмір философиясы. Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015. - 285 б.

Өмір сапарында бірде шуақты, бірде ызғарлы, күндердің, ал бірде қатерге толы қатаң кезеңдердің болуы да табиғи, мейлі қалай болсын, өзінің қысқа да қымбатты тірлігінде барлық адам азды-көпті табысқа жетуге, адамдық өмірдің арман-мұратын жүзеге асыруға талпынады. Осы сапарыңызда бір ауыз ұлағатты сөздің сізге күшті ықпал жасайтыны, терең философиялық мәнге әрбір ақылиялық ойдың тағдырыңызды өзгертуіңізге септігін тигізетіні шындық. Олай болса сансыз аға буын табыскерлердің бұраң да жұлдызды өмір тәжірибесі мен ақыл-парасатының жауһарынан жинақталған «Өмір философиясы» — деген бұл кітаптың ұлтымыздың жастарына берері мол деген сеніммен кітапты жинақтап, алдарыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Сығай Ә. Жансарай (Сыр - сұхбаттар). Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2015, - 432 б.

Театр тіршілігімен тыныстап, саналы ғұмырын осы салаға арнаған өнер зерттеушісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығай шығармашылық мұрасы мол көрнекті тұлға. “Хабар” телеарнасынан жүргізген “Жансарай” бағдарламасымен елдің ықыласына бөленген автордың бұл кітабында 2013-2014 жылдары теледидарда халыққа кеңінен танымал өнер тарландарымен, сондай-ақ белгілі тұлғалармен жүргізген сұхбат-сырласуларды ұсынып отырмыз. Ғибраты мол сырлы сұхбаттарды оқырманның қызыға оқитынына сенім мол. Кітап

Page 21: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

көпшілік оқырман қауымға арналған.

.

Сатыбалдыұлы Қ. Ақиқат мінбесі. Әңгімелер. Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015, -342 б.

Қуантай Сатыбалдыұлы - жаңа ғасырдағы, шет елдегі қазақ әдебиетінде қазақ студенттері туралы жазылған, тұңғыш көлемді көркем шығармасы «Бақытқа бодау» романымен әдебиет есігін ашқан жас жазушы. Автордың бұл шағын прозалық шығармалар жинағына адам бойындағы бойкүйездікті, опасыздықты, дүниеқоңыздықты, сондай-ақ, тіршілік иелері мен табиғат ортасындағы таусылып бітпес теке тіресті, асқақ рухты, өміршең көзқарасты, үзілмес үміткерлікті, тектілікті ту етіп көтерген түрлі жанрдағы көркем шығармалары еніп отыр. Жазушы шығармалары негізінен бүгінгі күн тақырыбын өзіне арқау етіп, жазылғандығымен де өзінше бағалы. Қалған төрелік - оқырман қауымның өз еншісінде. Кітап жұртшылыққа қауымға арналады.

Нұрғалиев Ө. Соғыстың соңғы жазы: 2-том. - Алматы: Жазушы, 2015. - 288 б. Ақынның бұл томға енген өлеңдерінде соғыс жылдарындағы ел басына түскен ауыртпалық, балалықсыз өткен сәби шақ, қиын кезеңдегі тұрмыс тауқыметіне мойымаған адамдар бойындағы жігер, қажыр, содан қуат алып тасыған жасампаздық, достық, махаббат, ізгілік сезімдері бедерлі тіл, бейнелі образдар арқылы боямасыз өрнектелген. Автор осылайша өз өмір кешкен заман шындығын ақындық шалқар шабытпен жырлай отырып тұтастай бір дөуірдің поэтикалық панорамасын беруді мақсат тұтқан.

Шәмшиева Гүлнар. «Аққудың үні».. Өлеңдер. Алматы: «Айғаным» баспа үйі 2015, - 286 б. Ақын, сазгер Гүлнәр Шәмшиеваның бұл жинағына адамгершілік, достық, имандылық тақырыбында жазылған туындылары еніп отыр. Автордың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстар, барша адамдарға ортақ қасиеттер нәзік өлең жолдарымен өріліп, оқырманға ой салады.

Әкімханов М. Көңілге тұнған көп сурет. Өлең, естелік, сыр-сұхбаттар. - Алматы «Ан Арыс» баспасы, 2015. - 288 б. Белгілі ақын Мінуар Әкімхановтың «Көңілге тұнған көп сурет» атты жаңа кітабы «Өлеңім-өмірім», «Жадымда қалған жайсаңдар», «Сыр-сұхбат – ой-толғамдар», «Қаламдастар лебізі» дейтін төрт бөлімнен тұрады. Мұнда өрнеті өлеңдермен қатар, автордың араласып, сыйласқан-сырласқан қаламдастары жайлы да сөз болады.

Page 22: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Рахматулла Ж. Дала толғауы. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. - 464 б Жазушы Жақсылық Рахматулланың «Дала толғауы» кітабы адам өмірінің әр қилы құбылыстарын бейнелейді. Оқырманды туған дала табиғатынан ізгілік пен зұлымдықтың, махаббат пен ғазабаттың қуанышы мен қайғысын тең татқан замандастар тағдыры еріксіз толғандырады. «Жала мен жаза», «Алтын күрек», «Сағым жылдар», «Қоғалы» хикаяттары мен «Кие», «Үш жігіттің әңгімесі» шығармалары мазмұн байлығымен, көркем тілімен бағалы болса, қарасөздің көсемі Ғ.Мүсірепов, жыр алыбы Жамбыл, акын әрі әнші Құтбай Дүрбаев, алаш ардақтысы Ахмет ишан туралы эсселер тың деректері мен ой-пікірлерінің өткірлігімен тартымды. Автор жаңа кітабында адамдарды туған дала тіршілігін экологиялық апаттан сақтауға үндейді, жастарды азғындық пен қатігездіктен сақтандырады.

Нұрғалиев Ө. Соны сұхбаттар: 3-том. - Алматы: Жазушы, 2015. - 288 б.

Ақынның “Соны сұхбаттар” деп аталатын шығармалар жинағының 3-томына өр жылдары шыққан сұхбаттары, ой-толғамдары, түрлі тақырыпты қамтыған мақалалары еніп отыр. Қазақ әдебиетіндегі айрықша құбылыс болып саналатын ақынның шығармашылық лабораториясына үңілмек болған оқырман үшін, бұл кітап - таптырмас құрал.

Әлімжанов Баянғали. Ғарыш пен қазақ. Өлең-жырлар. Алматы: «Таймас» баспа үйі, - 2015. – 208 б. Жазушы Баянғали Әлімжановтың «Ғарыш пен қазақ» атты кітабына соңғы жылдары жазылған сүйікті өлеңдері мен сүйікті жырлары топтастырылған. Шынайы, ойлы өлеңдер мен халқымыздың күрделі тарихының әр кезеңдегі адам тағдырынан сыр шертетін оқиғалар, тартымды жырлар ұсынылады.

Page 23: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

86 (5Қаз) Дінтану

Рахманов Қ. Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы. - Алматы. «Қазақ энциклопедиясы», 2015. - 320 б. Ислам дінінің ұстанымдары мен оның ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан тәжірибесіне үңілген кез келген жан Ислам мен лаңкестіктің экстремизмнің т.б. адамзатқа қарсы қастандықтардың бір-біріне мүлдем жат екеніне куә болады. Мұхаммед (с.а.с.) терроризм, экстремизм сияқты қан құйылу әрекеттермен байланыстыру асыл дінімізге күйе жағып, нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан ақпараттық жымысқа насихат екені көрінеді. Исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілдердің» ара жігін ажыратып, халайыққа нақты жағдайды ашып көрсету мақсатын ұстанған осы жинақта белгілі қоғам және дін қайраткерлері бірауыздан Исламдағы «жиһад» ұғымының лаңкестікке ешбір қатысы жоқ екеніне дәлелді жауап береді.

Бағашар Қ. Ислам және өнеге. - Алматы:«Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2015. - 192 б.

Имандылықтың тамырын Исламнан іздеп, бүгінгі күннің өміршеңдігімен танылған тақырыптарын бүкпесіз сөз еткен дінтанушы Құдайберді Бағашар бұл еңбегінде «өмір» атты кеңістіктің галлереясын түзіп, рухани құндылықтармен сусындауға шақыратын, оқырмандарға ой саларлық туындыларын ұсынады.

Page 24: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

51.1(5Қаз) Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды уйымдастыру

Апатқа апарар үш індет (темекі, арақ, есірткі). Құраст.: Нұрбек Қайырмұхаммед. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2015. - 144 б. Еңбекте бүгінгі күні қоғамдық кеселге айналып отырған темекі, арақ, есірткінің тигізген зардаптары мен адам өміріне қаншалықты қауіптілігі сөз етіледі. Мақсат - ендігі жерде жас ұрпактың бұлармен улануына жол бермеу. Барша оқырман қауымға арналған бұл кітап арнайы әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне, статистикалық мәліметтерге, зерттеулерге сүйенумен, сондай-ақ адам сезімін селт еткізетін мағыналы өлең, әңгімелермен қатар имандылық жағын қоса сөз етуімен де құнды.

Page 25: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

83(5Қаз) Әдебиеттану

Дәулетхан Ә. Шығыс Түркістан халықтарының ұлт-азаттық дәуірі әдебиеті (1679-1949). Ғылыми монография. - Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр» 2015. - 384 б.

Белгілі тарихшы Әлімғазы Дәулетхан назарларыңызға ұсынып отырған «Шығыс Түркістан халықтары ұлт-азаттық дәуірі әдебиеті (1679-1949) атты көлемді ғылыми монографиясы автордың көп жылдарға созылған іздену-зерттеулері нәтижесінде жазылған құнды еңбек болып табылады. Зерттеу жұмысы әлемдік тілдердегі алуан түрлі дерек көздеріне сүйенген, ойлау жүйесі жаңаша, ұлттық-түркілік көзқарасы айқын, тілі жатық әрі көркем болғандықтан көпшілік оқырмандар мен ізденушілер сүйіп оқитын кітап болар деген ойдамыз.

Сыздықова Р. Абайдын сөз өрнегі. Көптомдьқ шығармалар жинағы. Т.2. - Алматы: «Ел-шежіре», 2014. - 580 б. Кітапқа «Абайдың сөз өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік кұрылысы» атты зерттеулері еніп отыр. Абай тілінің көркемдік бітімі, «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмайтын сөз өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың кұдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады. Абайдың поэтикалық тіл үлгісінің жалғасын тапқандығы Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдерін ішінара талдау арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми ойларды одан әрі ширата түсу мақсатында кітаптағы негізгі тақырыпқа үндес, әр жылдары жарық көрген

Абай шығармашылығына катысты мақалалар да беріліп отыр.

Сыздыкова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-ХІХ ғасырлар). Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 3 - Алматы: «Ел-шежіре» 2014. - 352 б. Оқулықта қазақ әдеби тілінің ХV-ХІХ ғасырлардағы тарихы белгілі бір бағдарламамен жүйелі түрде баяндалады. Қазақтың әдеби тілін танытатын үлгілер мен олардың тілдік-көркемдік белгілері сипатталады. Санғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға қызмет етіп отырған, мемлекетгік тіл статусына ие болған қазақ тілі сияқты ірі тілдің бірнеше ғасырлық тарихын тану үшін бұл кітап - тек студенттер кауымы ғана емес, өз ана тілін қадірлейтін әр адам үшін пайдалы еңбек.

Page 26: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

42(5Қаз) Арнаулы (жеке) өсімдік шаруашылығы Сабырұлы С. Қазақстан астығы: кеше және бүгін. Ғылыми-тәжірибелік талдау. - Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2015. - 384 б. Еңбек жолын бөлімше агрономынан бастаған ғалым-ұстаздың бұл кітабында Қазақстанның топырақ, табиғат жағдайларына сай келетін астық өндірісінің ғасырлық тәжірибесі талданды. Дәлірек айтқанда, бұл жұмысты бірінші бастаған жатақтардың жанкештілігі, кеңестік колхозшы шаруалардың, совхоз жұмысшыларының аштықты тыю, Отан корғаушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, тын астығын алу, қайта құру қиыншылықтарын жеңу, ел егемендігі жағдайындағы агрофирмалар, шаруа қожалықтарының еңбегі қарастырылады.

Page 27: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

76(5Қаз) Көпшілік-бұқаралық ақпараттар. Кітаптану

Болатбек Төлепберген. Біз осы не бітіріп жүрміз? Публицистикалық толғаулар мен мақалалар. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. - 280 б.

ҚР Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының лауреты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Біз осы не бітіріп жүрміз?» атты публицистикалық еңбегі ұлтымыздың кешегісі мен бүгінгісіне арналған. Атап айтқанда, Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы алатын орны мен тәуелсіздік толғауы - қазіргі әлеуметтік болмыс пен санадағы ұлттық идея арақатынасын зерделеген. Сонымен қатар, қазақтың ортақ құндылық бастауын жасау және жас ұрпақ бойына отансүйгіштікті сіңіру мәселелері аталған еңбекте жан-жақты көрініс тапқан.

Елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаратын басымдықтар мен ұлттық идеяны іздестіру мәселесі, сонымен қатар, қазіргі уақытта ұзақ мерзімдік ұлттық идеологияны айқындаудың қажеттілігі аталған еңбекте лайықты тұрғыда талданған. Автордың тілі жатық, ойы түсінікті, қаламгерлік қарымы айшықты.

Page 28: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

85(5Каз) Искусство. Искусствознание.

Капекова Г. Путь орнамента. - Алматы: издательство «Асыл Сөз», 2014. - 240 с.

Уникально и неповторимо народное творчество казахского народа. Тайны мировоззрения, сакральность, правовые нормы и религия - все воплощено в толерантном пути орнамента. При проведении исследования по данному вопросу составителями был использован философский, исторический, этнографический, культурологический, теологический материал разных эпох. Книга представляет большой интерес для широких кругов читателей, интересующихся историей казахского декаративно-прикладного искусства.

63.3(5Каз) История Казахстана Ташпеков Г.А. Казахи Саратовской области: история и современность. - Алматы: Всемирная ассоциация казахов издательский центр «Атажұрт», 2015. — 284 с.: 24 табл., 34 илл. В книге исследуются процессы формирования и развития казахской диаспоры Саратовской области с учетом социально-экономических, политических, культурных, образовательных особенностей, имевших место в различные исторические периоды, и описывается деятельность казахских культурно-национальных организаций. Книга будет интересна историкам, краеведам, культурологам и всем, кто интересуется этнодемографической историей Саратовского региона и казахской диаспоры.

Солдаты Победы. Карагандинцы в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 г.г. Тема победы в самой кровопролитной войне в разные времена жизни нашего государства никогда не утрачивала своей актуальности и морально-нравственного значения в воспитании многих поколений молодых людей, особенно сейчас, в год 70-летия Великой Победы. Каждую весну мы отдаем ему, солдату Великой Отечественной, воспитанного на принципах патриотизма и интернационализма, дань уважения. Его подвиг всегда будет восхищать умы людей, служит и будет служить ярким примером и ориентиром в жизни нынешних молодых людей, ровесников суверенного Казахстана. В книге отражены ратные подвиги во время войны и послевоенная трудовая деятельность карагандинцев - участников и инвалидов

войны, тех, кто приближал Победу, мужественно продолжал свое благородное дело уже на мирном трудовом фронте.

Карибаев Б. Казахские ханы. - Алматы: Сардар, 2015 г. - 128 с.

На протяжении нескольких веков в период Казахского ханства его возглавляли значимые личности — ханы, тем самым они оставили яркий след в истории становления государства. Через их судьбу можно глубже узнать историю государства тех времен. В этой книге рассказывается о семнадцати ханах, о времени их правления, они составляют единый целостный ханский период, повествуется о годах их власти, об их политике и роли в истории казахов. Книга предназначена для широкой публики.

Page 29: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

Увайсов М.З. Дагестанцы в Казахстане. Информационно-познавательная книга. - Алматы: Издательство «Дәуір-Кітап», 2015, - 144 с., порт. Предлагаемая читателям информационно-познавательная книга посвящена истории заселения дагестанской диаспоры в Казахстане, условиям ее проживания, размещения по территории республики, организации дагестанских этнокультурных объединений и их работе. Книга знакомит с конкретными представителями дагестанской диаспоры, обычами и традициями дагестанского народа, вопросами его ассимиляции среди других народов, с состоянием межнациональных отношений и проблемой сохранения родных языков. Издание рассчитано на казахстанского читателя, в том числе и на дагестанцев, проживающих в Казахстане, а также будет полезно широкому кругу читателей, интересующихся вопросами адаптации той или иной диаспоры к культуре коренного населения страны.

5(5Каз) Здравоохранение. Медицинские науки

Хамчиев Курейш. Волшебное путешествие в организм человека. «Шикула және К»

ТОО, 2014. — 136 с.

Эта книга позволит детям в интересном и понятном путешествии познакомиться со словами организмом, понять главные законы здорового образа жизни. Возможно, прочитав эту книгу, ребёнок выберет для себя одну из самых тяжёлых, но и самых благородных и удивительных профессий — профессию врача. Книга рассчитана на детей дошкольного и младшего школьного возраста, а также на воспитателей, учителей и родителей.

81.Языкознание

Репетитор или 55 занятий по русскому языку. ТОО «Шикула и К», 2014 - 264 с. Материал, данный в «Репетиторе», поможет выучить правила по русскому языку, усвоить написание и произношение трудных слов и словосочетаний, поможет развитию правильной речи на основе использованной в данной книге казахской литературы. В конце книги для самопроверки даны ответы.Пособие предназначено учащимся для самостоятельного изучения русского языка, учителям и родителям для закрепления знаний ребенка по русскому языку.

Page 30: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар

84(5Каз) Произведения казахской литературы

Есенберлин Ильяс. Мысли, выступления, дневники, письма. Сост.: К. Есенберлин, пер. А.Дюсенбаев. - Алматы: БПКА, 2015.- 48 с. В состав сборника вошли избранные высказывания, письма, отрывки из дневников и выступлений самого Ильяса Есенберлина, а также воспоминания его современников, в т. ч. Н.Назарбаева, Д.Кунаева, А.Алимжанова, его родного брата Равнака Есенберлина и его сына Козыкорпеша Есенберлина.

Бегалин К. Когда душа не может молчать. - Астана: «Елорда», 2014. - 320 с. Эта книга коллективная повесть о жизни и творческой деятельности человека, наделенного редчайшим талантом, в судьбе которого, как в капле воды отражаются судьбы любого национального таланта в условиях советской тоталитарной системы - о Мажите Бегалине.В мастерскую великого режиссера и педагога С.А.Герасимова Мажит пришел с поля Великой Отечественной войны в 1943 году, в возрасте 21 года, инвалидом. Он родился в семье известного писателя Сапаргали Бегалина рос в пору, когда казахские интеллигенты тесно общались между собой и жили мыслями о возрождении национальной культуры и ее настоящих ценностей.

Как и у всякого одаренного человека у Мажита Бегалина был сложный, бесскомпромиссный характер, он отличался совестливым отношением к жизни. Его фильмы «Это было в Шугле», «Возвращение на землю», «Его время придет», «Следы уходят за горизонт», «Песнь о Маншук», «За нами Москва», «Степные раскаты» сыграли огромную роль в деле становления казахского кинематографа и развития национальной культуры в целом. В книгу вошли воспоминания известных писателей и деятелей кино, и они воссоздают правдивую и незабываемую картину борьбы художнической мысли, в какое бы время это не происходило.

Page 31: 2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар