210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос...

13
1 210 mm 145 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 180 mm 180 mm 240 mm 145 mm 210 mm 240 mm 145 mm 210 mm 260 mm 145 mm 210 mm 280/180 mm 145 mm

Upload: others

Post on 31-Dec-2020

22 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

1

210 mm 145 mm

180 mm145 mm

210 mm 145 mm

210 mm145 mm

210 mm 180 mm

145 mm 180 mm

180 mm 240 mm

145 mm

210 mm 240 mm

145 mm

210 mm 260 mm

145 mm

210 mm 280/180 mm

145 mm

Page 2: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

2

483 mm 553 mm 30

mm

+1 0

580 mm510 mm

54 m

m

A R = Min. 6,5 mmMax. 8 mm

490 mm

560 mm

0+2

0+2

513 mm

583 mm

0+2

0+2

6 mm

560 mm490 mm

R = 11,5 mm

R = Min. 6,5 mmMax. 8 mm

R = 11,5 mm

0+2

0+2

B

Min. 50 mm

483 mm 742 mm

30

mm

+1 0

770 mm 510 mm

54 m

m

R = Min. 6,5 mmMax. 8 mm

490 mm

750 mm

0+2

0+2

Min. 50 mm

513 mm

Min. 50 mm773 mm

0+2

0+2

750 mm490 mm

R = 11,5 mm

0+2

0+2

6 mm

R = 11,5 mm

R = Min. 6,5 mmMax. 8 mm

Min. 3 cmMax. 6 cm

Min. 5 mm

Page 3: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

3

Min. 40 cm

Min. 10 cmMin. 5 cm

X 4

1 2

3

4 5 6

Page 4: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

Бұл нұсқаулар, сондай-ақ, келесі веб-сайтта қолжетімді болуы керек: www.whirlpool.euСІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫБұл нұсқаулық жəне құрылғының өзі оқылып, əрқашан сақталуы тиіс маңызды қауіпсіздік хабарларын қамтиды.

Қауіпсіздікке қатысты барлық хабарлар өздері байланысты ықтимал қауіпті жəне құрылғыны дұрыс пайдаланбауға байланысты жарақат, зақымдалу жəне электр тогының соғу қаупін азайту жолын көрсетеді. Келесілерді орындағаныңызға көз жеткізіңіз: - Барлық қаптамадан шығару жəне орнату əрекеттерін орындау үшін қорғағыш

қолғаптарды пайдаланыңыз.- Кез келген орнату əрекетін орындаудан бұрын құрылғы қуат көзінен ажыратылуы

тиіс.- Орнату жəне техникалық күтім өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік

ережелеріне сəйкес мамандандырылған техник маман тарапынан жүзеге асырылуы тиіс. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.

- Құрылғы жерге тұйықталуы қажет.- Шкафқа орнатылған құрылғы қуат көзіне қосылуы үшін қуат кабелінің ұзындығы

жеткілікті болуы тиіс.- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сəйкес орнату үшін минималды 3 мм контактілі

саңылау көп полюсті қосқышты қолдану керек. - Бірнеше розеткалы жалғастырғыш тетіктерді немесе ұзартқыш сымдарды

пайдаланбаңыз.- Құрылғының қуат кабелін тартпаңыз.- Орнатудан кейін пайдаланушы электр бөліктеріне қатынаспауы тиіс.- Құрылғы тек тағам дайындау үшін тұрмыстық қолданысқа арнап жасақталған.

Басқа қолданысқа рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту). Өндіруші тиісінше пайдаланбау немесе басқару құралдарының дұрыс емес параметрлері қолданылу жағдайында барлық жауапкершіліктен босатылады.

- Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану кезінде қызуы мүмкін. Қыздыру элементтерін ұстап алмау үшін сақ болу қажет. Өте жас (0-3 жастағы) жəне жас балалар (3-8 жастағы) бақылаусыз болғанда құрылғыдан алшақ болуы керек.

МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

Бұл - пайдаланушылар мен басқа адамдарға ықтимал қауіптерді ескертетін, қауіпсіздікке қатысты қауіп белгісі.Барлық қауіпсіздік хабарларына қауіп белгісі мен келесі сөздер арқылы алдын ала шолу жасалады:

ҚАУІП Болдырылмаған жағдайда нəтижесінде ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайға əкеледі.

ЕСКЕРТУ Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.

KZ1

Page 5: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

- 8 жастан үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар бұл құрылғыны біреудің бақылауында болғанда ғана немесе қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауларды алған жəне ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда ғана осы құрылғыны пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.

- Пайдалану кезінде немесе пайдаланғаннан кейін құрылғының қыздыру элементтерін ұстамаңыз. Барлық құрамдастар толығымен суымағанша құрылғының маталармен немесе басқа жанғыш материалдармен жанасуын болдырмаңыз.

- Құрылғының ішіне немесе қасына жанғыш материалдарды қоймаңыз.- Қыздырылған майлар отқа оңай жанады. Майы мол тағам өнімдерін дайындау

кезінде аса назар аударыңыз.- Бөлгіш панельді (құрылғымен бірге ұсынылмайды) құрылғы астындағы бөлімге

орнату қажет.- Құрылғының беті жарылған болса, электр тогының соғу ықтималдығын

болдырмау үшін құрылғыны өшіріңіз (тек беті əйнек құрылғылар үшін).- Құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы

басқарылу үшін арналмаған.- Тағамды плитада ыстық майға бақылаусыз дайындау қауіпті, əрі өрт тудыруы

мүмкін. Өртті судың көмегімен ЕШҚАШАН сөндірмеңіз, тек құрылғыны өшіріп, содан кейін қақпақ немесе өрт жабыны сияқты затпен жабыңыз. Өрт қаупі: заттарды дайындау беттерінің үстінде сақтамаңыз.

- Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.- Пышақтар, шаңышқылар, қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл нысандарды

плитаның бетіне қоймау қажет, себебі олар қызуы мүмкін.- Пайдаланғаннан кейін, плита элементін оның басқару элементі арқылы өшіріңіз,

таба детекторына сенбеңіз (тек индукциялық құрылғылар үшін).

Қаптаманы қоқысқа тастау

Қаптама материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне қайта өңдеу белгісімен ( ) таңбаланған. Қаптаманың түрлі бөліктерін қоршаған ортаға тастамау қажет, бірақ жергілікті ережелерге сəйкес тасталуы тиіс.

Қоқысқа тастауБұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық директивасына сəйкес белгіленген.Құрылғының қоқысқа тиісті түрде тасталуын қамтамасыз ете отыра, пайдаланушы қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы үшін ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға көмектесе алады.

Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл өнім тұрмыстық қоқыс болып есептелмеуі керек жəне WEEE қайта өңдеуге арналған сəйкес жинау пунктіне өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.Қуат үнемдеу бойынша кеңестерОңтайлы нəтижелерге қол жеткізу үшін келесілерді орындау ұсынылады:• Түбінің өлшемі дайындау аймағымен бірдей кастрөлдер мен табаларды пайдаланыңыз.• Астыңғы жағы тегіс кастрөлдер мен табаларды ғана пайдаланыңыз.• Мүмкін болса, дайындау кезінде кастрөлдің қақпағын жабыңыз.• Қуат пен дайындау уақытын анағұрлым үнемдеу үшін жылдам қайнатқышты пайдаланыңыз.• Кастрөлді плитада белгіленген дайындау аймағының ортасына орналастырыңыз.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

KZ2

Page 6: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

- Осы құрылғы 2006/95/EC «Төмен кернеу» директивасының қауіпсіздік талаптарына (кейінгі түзетулер ретінде 73/23/EEC ауыстырады) жəне 2004/108/EC «EMC» директивасының қорғаныс талаптарына сəйкес жасақталған, өндірілген жəне нарыққа өткізілген.

- Бұл құрылғы EN 60350-2 Еуропалық стандартына сəйкес, N. 66/2014 Еуропалық ережелерінің экологиялық талаптарына сай.

Кастрөлдің астыңғы жағы индукциялық плитамен үйлесімді екендігін тексеру үшін магнитті қолданыңыз: магнитке тартылмаса, кастрөлдер мен табалардың астыңғы жақтары жарамсыз болып табылады.- Кастрөлдердің асты тегіс екеніне көз жеткізіңіз, əйтпесе ол плитаның бетіне сызат түсіруі мүмкін.

Ыдыстарды тексеріңіз.- Ешқашан ыстық кастрөлдер мен табаларды плитаның басқару панелінің бетіне қоймаңыз. Ол

құрылғының зақымдалуына алып келуі мүмкін.

Жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін, бір мезгілде екі кастрөлді пайдаланған кезде, оларды төмендегі суреттерге сəйкес қойыңыз:

СƏЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДАМАҢЫЗДЫ: Кастрөлдердің көлемі дұрыс болмаса, дайындау аймақтары қосылмайды. Тек «INDUCTION SYSTEM» (ИНДУКЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ) белгісімен таңбаланған кастрөлдерді пайдаланыңыз (қарама-қарсы жағындағы суретті қараңыз). Плитаны қоспас бұрын кастрөлді қажет дайындау аймағына қою қажет. Үйлесімді кастрөлдерді пайдаланған кезде температурасы 10°C-тан төмен дайындау аймағын пайдалануға болмайды.

БАР КАСТРӨЛДЕР МЕН ТАБАЛАР

ҰСЫНЫЛАТЫН КАСТРӨЛ ТҮБІНІҢ ӨЛШЕМДЕРІ

ҰСЫНЫЛҒАН КАСТРӨЛ ОРНЫ

ЖОҚOK

Ø28 см XL

Ø17 см мин. 28 см макс.

Ø21 см L

Ø15 см мин. 21 см макс.

Ø18 см M

Ø14,5 см S

Ø12 см мин. 18 см макс.

Ø10 см мин. 14,5 см макс.

KZ3

Page 7: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

ЕСКЕРТПЕ:Қызудың жақсы таралуын қажет ететін жылдам дайындалатын тағамдарды əзірлеген кезде (мысалы, құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі 24 см шамасынан аспайтын табаларды пайдаланыңыз. Мұқият дайындау (мысалы, шоколадты немесе сарымайды еріту) үшін диаметрі шағын жалғыз аймақтарды пайдаланыңыз.

ҚУАТ ДЕҢГЕЙІНІҢ КЕСТЕСІ

Қуат деңгейі Дайындау түрі Деңгей қолданысы (дайындау тəжірибесі мен дағдыларын көрсету)

Макс. қуат

Жылдам қайнату

Жылдам қыздыруСуды жылдам қайнату немесе сұйық тағамдарды тез арада қыздыру жағдайында тағам температурасын тез арттыру үшін мінсіз

9-7

Қуыру - қайнатуБіркелкі қуыру, дайындауды бастау, мұздатылған өнімдерді қуыру, жылдам қайнату үшін мінсіз

Жоғары қуат

Біркелкі қуыру - аз мөлшерлі майда қуыру - қайнату -

гриль

Аз мөлшерлі майда қуыру, қатты қайнаған күйінде ұстап тұру, пісіру жəне гриль (қысқа мерзімді дайындау, 5-10 минут) үшін мінсіз

7-5

Біркелкі қуыру - дайындау - бұқтыру

- аз мөлшерлі майда қуыру - гриль

Аз мөлшерлі майда қуыру, əлсіз қайнаған күйінде ұстап тұру, пісіру жəне гриль (орта мерзімді дайындау, 10-20 минут), алдын ала қыздыру үшін мінсіз

Орташа қуат

Дайындау - бұқтыру - аз мөлшерлі

майда қуыру - гриль

Бұқтыру, ақырын қайнаған күйінде ұстап тұру, пісіру жəне гриль (ұзақ мерзімді дайындау) үшін мінсіз.

4-3

Дайындау - баяу қайнату -

қоюландыру - крем тəрізді күйге жеткізу

Құрамында сұйықтықтар (мысалы су, шарап, сорпа, сүт) бар ұзақ дайындалатын рецептілер (күріш, тұздықтар, қуырдақ, балық), тұздығы крем тəрізді күйге жеткізілген паста үшін мінсіз.

Құрамында сұйықтықтар (мысалы, су, шарап, сорпа, сүт) бар ұзақ дайындалатын рецептілер (көлемі литрден аз: күріш, тұздықтар, қуырдақ, балық) үшін мінсіз

Төмен қуат 2-1

Еріту - жібіту - тағамды жылы күйінде сақтау - крем тəрізді күйге

жеткізу

Сарымайды жұмсарту, шоколадты мұқият еріту, шағын көлемдегі өнімдерді еріту жəне жаңа дайындалған тағамды (мысалы, тұздықтар, сорпалар, көкөніс сорпасы) ыстық күйде сақтау үшін мінсіз

Жаңа дайындалған тағамды ыстық күйінде сақтау, рисоттоны дайындалған күйге жеткізу жəне тамақ ішетін ыдыстарды жылы күйде сақтау (индукциялық плита үшін үйлесімді керек-жарақ) үшін мінсіз

ӨШІРУҚуат нөлге тең

Таяныш бет ретінде пайдалану

Плита күту режимінде немесе өшірулі (дайындау аяқталғаннан кейінгі қалған қызу болуы мүмкін, оны «Н» белгісі көрсетеді)

KZ4

Page 8: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

Өнімді қаптамасынан шығарғаннан кейін оның тасымалдау барысында зақымдалмағанын тексеріңіз. Мəселелер орын алған жағдайда, дилерге немесе Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.Ендірмелі өлшемдер мен орнату нұсқауы үшін 2-беттегі суреттерді қараңыз.

ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН ШКАФТЫ ДАЙЫНДАУ

1. Бұранданы бұрау арқылы ұяшық қақпағын ашып (A), қақпақты ұяшықтың (B) ілмегіне енгізіңіз.2. Қуат сымын қысқышқа жалғап, сымдарды ұяшықтар блогына ұяшық қасында орналасқан сызбаға сай жалғаңыз.3. Сым кабелін кабель қыстырғышқа бекітіңіз.4. Қақпақты жабыңыз (C) жəне ұяшыққа осыған дейін шешіп алынған бұрандамен бекітіңіз.

ОРНАТУ

ЕСКЕРТУ

- Плитаның астына бөлгіш панельді орнатыңыз.

- Орнатқаннан кейін өнімнің төменгі бөліктері қол жетпейтіндей болу керек.

- Плитаның астына пеш орнатылған жағдайда бөлгіш панельді орнатпаңыз.

• Құрылғының төменгі жағы мен бөлгіш панель арасындағы қашықтық суретте берілген өлшемдерге сəйкес болу қажет.

• Өнімнің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін плита мен құрылғының жоғарғы бөлігі арасындағы минималды қажет саңылауды бөгемеңіз (мин. 5 мм).

• Егер плитаның астына пеш орнатылса, пештің суыту жүйесімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.• Плитаны ыдыс жуу машинасының немесе кір жуу машинасының үстіне орнатпаңыз, əйтпесе электронды

тізбектер бу немесе ылғалмен жанасып, нəтижесінде зақымдалуға алып келуі мүмкін.• Бір деңгейде орнатылған жағдайда 4801 211 00112 бұрандалар жинағын сұрау үшін Кепілдік бойынша

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.• Плитаны алып тастау мақсатында құрылғының астында периметрі бойынша орналасқан қысқыштарды

иінтірекпен көтеру үшін бұрағышты (бірге жабдықталмайды) пайдаланыңыз.

ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН ЖАЛҒАУ

ЕСКЕРТУ - Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.- Орнатуды токтан қорғану жəне орнату ережелерін білетін білікті

маман орындауы керек.- Өнім жасаушысы жоғарыда көрсетілген процедуралар мен ескертулерді орындамаған жағдайда

орын алатын адам немесе жануар жарақаты мен мүліктің зақымдануы үшін жауапты болмайды.- Қуат сымы плитаны жұмыс істеу бетінен алуға мүмкіндік болатындай жеткілікті ұзын болуы керек.- Құрылғының төменгі жағында орналасқан деректер тақтасында көрсетілген кернеудің үй желісінің

кернеуімен бірдей екеніне көз жеткізіңіз.

6-7 cm

min. 20 mmmin

. 5 m

m57

75 80

көк/сұрқара/қоңырсары/жасыл

KZ5

Page 9: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

Желіге əрбір қосылған сайын плита бірнеше секунд тексеру əрекеттерін орындап отырады.

Басқару панелінің сипаттамасы

Басқару панелі

Плитаны ҚОСУ/ӨШІРУ

Плитаны қосу үшін дайындау аймағының дисплейлері жанғанша түймешігін шамамен 2 секунд бойы

ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ

Негізгі қуат көзіне жалғау

ТЕК БЕЛЬГИЯ ҮШІН230 В, 2 фаза, 2N

}

қара

қоңыр

көккөк (сұр)

сары/жасыл

}

}

қарақоңыр

сары/жасыл

көккөк (сұр)

}

қара

қоңыр

көккөк (сұр)

сары/жасыл

қара

қоңыр

сары/жасыл

көккөк (сұр)

ТЕК НИДЕРЛАНДИЯ ҮШІН

АВСТРАЛИЯ жəне ҰЛЫБРИТАНИЯ

Control panel lock

Cooking zone controls and corresponding display

On/Off Quick access

Slider

Cooking zone controls and corresponding display

On/Off Control panel lockTimer

POWERTimer/Lock

function button

Power Management/

Ecobooster/Automatic/Lock function button

Power Management/

KZ6

Page 10: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

басып тұрыңыз. Өшіру үшін дисплейлер өшкенше сол түймешікті басыңыз. Барлық дайындау аймақтары өшіріледі.Плитаны пайдаланғаннан кейін «Н» қалған қызу индикаторы дайындау аймақтары суығанша жанған күйде қалады.Егер қосқаннан кейін 10 секунд ішінде ешқандай функция таңдалмаса, плита автоматты түрде өшеді.

Қосу жəне дайындау аймақтарын реттеу

Плитаны қоса отыра кастрөлді дайындау аймағына орналастырыңыз, дисплейде пайда болатын тиісті «0» доңғалақ түймешігін басу арқылы қажетті дайындау аймағын белсендіріңіз. Слайдер көмегімен (қолжетімді болса) мин. 0 - макс. 9 аралығында қажет қуат деңгейін немесе қолжетімді болса «Р» бустерін таңдауға болады. Қуат деңгейін арттыру үшін, слайдерді саусағыңызбен сол жақтан оң жаққа қарай бірнеше рет сырғытыңыз, азайту үшін, кері бағытта сырғытыңыз. Балама ретінде «+» жəне «-» жылдам қатынасу түймешіктерін пайдалануға болады.

Дайындау аймақтарын өшіруДайындау аймағын өшіру үшін тиісті «+» жəне «-» түймешігін 3 секундтан артық басып тұрыңыз.Дайындау аймағы өшіріледі жəне əлі ыстық болса, аймақ дисплейінде «Н» əрпі пайда болады.

Басқару панелін құлыптауОсы функция плитаның кездейсоқ белсендірілуін болдырмау үшін басқару элементтерін құлыптайды. Басқару панелін құлыптау функциясын белсендіру үшін плитаны қосыңыз жəне Құлыптау функциясының түймешігін үш секунд бойы басып тұрыңыз; дыбыстық сигнал жəне аспа құлып белгісінің жанындағы жанып тұратын индикатор белсендіріледі. Өшіру функциясынан басқа, басқару панелі құлыпталады. Басқару панелін құлыптау функциясын өшіру үшін белсендіру процедурасын қайталаңыз. Жанып тұратын нүкте өшеді жəне плита қайта белсенді болады.Белгінің төменгі жағындағы түймешікке орналасқан кастрөлдегі су, сұйықтық немесе кез келген нысандар басқару панелін құлыптау функциясын кездейсоқ белсендіруі немесе өшіруі мүмкін.

Timer (Таймер)Барлық дайындау аймақтары үшін таймерді максималды 99 минут (1 сағат 39 минут) дайындау уақытына орнату үшін пайдалануға болады.Таймермен пайдаланылатын дайындау аймағын таңдаңыз, таймерді басыңыз (суретті қараңыз)

жəне дыбыстық сигнал функцияның қосылғаны туралы хабар береді. Дисплейде «00» белгісі көрсетіледі жəне жарық диодының белгісі жанады. Таймер мəнін слайдер функциясының «+» жəне «-» түймешіктерін басып тұру арқылы азайтуға жəне арттыруға болады. Орнатылған уақыт өткен кезде дыбыстық сигнал шығады жəне дайындау аймағы автоматты түрде өшеді. Таймерді өшіру үшін Timer (Таймер) түймешігін кемінде 3 секунд бойы басып тұрыңыз.Таймерді басқа аймаққа орнату үшін жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз. Таймер дисплейінде əрқашан таңдалған аймақ таймері немесе ең қысқа уақыт таймері көрсетіледі.Таймерді өзгерту немесе өшіру үшін көрсетілген таймерге арналған дайындау аймағын таңдау түймешігін басыңыз.

Басқару панеліндегі ескертулерАрнайы функциялар (қолжетімді болса)Кейбір үлгілерде арнайы функциялар бар:

Automatic function (Автоматты функция) Функция төмен қайнатуды сақтап тұру үшін үйлесімді қуат деңгейін автоматты түрде орнатады. Қайнағаннан

кейін алдымен тиісті аймақ түймешігін, содан кейін түймешігін басу арқылы осы функцияны белсендіріңіз.

Қуат индикаторының дисплейі

Таңдалған дайындау аймағының белгісі

Дайындау аймағын орналастыру

Жүгірткіні басқару

Қуат деңгейін арттыру

Қуат деңгейін азайту

KZ7

Page 11: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

Қалған қызу индикаторы.Плита əрбір дайындау аймағы үшін қалған қызу индикаторымен жабдықталған. Бұл индикаторлар дайындау аймағы əлі ыстық болған кезде пайдаланушыға ескертеді.

Егер дисплейде белгісі көрсетілсе, дайындау аймағы əлі ыстық. Берілген дайындау аймағының қалған қызу индикаторы жанып тұрса, ол аймақты пайдалануға болады, мысалы, тағамды жылы күйде сақтау немесе майды еріту үшін.Дайындау аймағы суыған кезде дисплей өшеді.

Кастрөл дұрыс емес немесе кастрөл жоқ индикаторыҮйлесімді емес кастрөлді пайдалансаңыз, кастрөлді дұрыс орналастырмасаңыз немесе кастрөлдің индукция плитасы үшін өлшемдері дұрыс болмаса, дисплейде «no pot» (кастрөл жоқ) хабары пайда болады (шеткі суретті қараңыз). Мұндай жағдайда жұмыс орнын таппайынша, плита үстіндегі

кастрөлдің орнын ауыстыру ұсынылады. 60 секунд ішінде кастрөл анықталмаса, плита өшеді.

Fast boil (Жылдам қайнату) функциясы (Booster (Жылдам қайнату) функциясы қолжетімді болса)Бұл функция тек кейбір дайындау аймақтарында болады, плитаның максималды қуатын пайдалануды мүмкін етеді (мысалы, суды өте жылдам қайнату үшін). Функцияны белсендіру үшін дисплейде «Р» белгісі пайда болғанша «+» түймешігін басыңыз. Booster (Жылдам қайнату) функциясын пайдаланғаннан кейін 5 минуттан соң құрылғы автоматты түрде аймақты 9-деңгейге орнатады.«Power management» (Қуатты басқару) (Қолжетімді болса)«Power management» (Қуатты басқару) функциясының арқасында пайдаланушы плитаның максималды қуатын қажетінше орната алады. Бұл параметрді кез келген уақытта орнатуға болады жəне келесі өзгертуге дейін қалады. Қажетті максималды қуатты орнату арқылы плита түрлі дайындау аймақтарында таралуды автоматты түрде реттейді, осы шектен ешқашан аспауын қамтамасыз етеді; сонымен қатар бір уақытта барлық аймақтарды басқару артықшылығы қарастырылған, бірақ шамадан тыс жүктеу мəселелері орын алмайды. 4 максималды қуат деңгейі қолжетімді жəне дисплейде көрсетілген: 2,5 – 4,0 – 6.0 – 7,2 кВт (7,2 кВт плита үстіндегі максималды қуат ретінде қарастырылады)Сатып алу кезінде плита максималды қуат деңгейіне орнатылады.Құрылғыны электр розеткасына қосқаннан кейін, алғашқы 60 секундта келесі нұсқауларды орындау арқылы қажет қуат деңгейін орнатуға болады:

Қуатты орнату кезінде қате орын алған жағдайда, ортада белгісі пайда болады жəне 5 секунд бойы дыбыстық сигнал естіледі. Осындай жағдайда конфигурация процедурасын басынан қайталаңыз. Қате қайтадан орын алса, Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қалыпты қолданыс барысында қолжетімді қуат деңгейіне жеткен кезде пайдаланушы максималды қуатты арттыруға əрекеттенсе, қолданыстағы аймақ деңгейі екі рет жыпылықтап, дыбыстық сигнал естіледі. Сол аймақта жоғары қуат деңгейіне қол жеткізу үшін бір немесе бірнеше əлдеқашан белсенді дайындау аймағы қуатының деңгейін қолмен азайту қажет.

Акустикалық сигналды қосу/өшіру (слайдері бар нұсқада қолжетімді емес)Плитаны қосқаннан кейін, «+» түймешігі мен оң жақтағы ең шеткі түймешікті бір мезгілде басып, кемінде үш секунд бойы ұстап тұрыңыз («басқару панелі құлыпталады»).

Қадам Басқару панелі Дисплей

1 Шамамен 3 секунд бойы басып тұрыңыз

2 Алдыңғы қадамды растау үшін Қуатты басқару түймешігін басыңыз

Дисплейде көрсетіледі:

3 / Түрлі қолжетімді опциялар арасынан деңгейді таңдау үшін басыңыз

Жеке дайындау аймақтары үшін шам қолданыстағы шамдармен бірге жанады

4 Алдыңғы қадамды растау үшін Қуатты басқару түймешігін басыңыз

Дисплейде шамамен 2 секунд бойы жыпылықтайтын орнатылған деңгей көрсетіледі; одан кейін плита дыбыстық сигнал шығарады жəне өздігінен өшеді; ол енді пайдалану үшін дайын

KZ8

Page 12: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

Егер шыныңызда iXeliumTM ені болса, плитаңыз iXeliumTM қабатымен жабдықталғаны. iXeliumTM дегеніміз ерекше Whirlpool қабаты болып табылады, ол керемет тазалау жəне ұзақ уақыт бойы жылтырап тұру мүмкіндігін береді. Сондықтан, егер сізде IXELIUM плитасы болса, мына тазалау ұсыныстарын міндетті түрде қарап шыққаныңыз жөн болады:• Су мен күнделікті шыны тазалау сұйықтығының қоспасына дымқылданған жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз

(шағын талшықты шүберек өте ыңғайлы). • Егер тазалау нəтижелерін одан əрі жақсартқыңыз келсе, ылғал шүберекті шыныға бір-екі минут тигізіп қойыңыз.МАҢЫЗДЫ: Қырғыш губкаларды пайдаланбаңыз. Оларды пайдалану шыныны зақымдауы мүмкін.• Əрбір қолданыстан соң, тағам қалдықтарынан қалған кез келген қалдықтар мен дақтарды кетіру үшін плитаны

тазалаңыз (ол салқындаған кезде).• Қант жəне құрамында қанты көп тағамдар плитаны зақымдайды. сондықтан оларды плитаға тиген соң дереу

алып тастау керек.• Тұз, қант жəне құм шыны бетін сызып тастауы мүмкін.• Жұмсақ, сіңіргіш ас қағазын немесе арнайы плита тазартқышын пайдаланыңыз (өнім жасаушысының

нұсқауларын орындаңыз).• Пісіру аймақтарына төгілетін сұйықтықтар кастрөлдерді дірілдетуі немесе қозғалтуы мүмкін• Плитаны тазалаған соң мұқият кептіріңіз.

• «Пайдалану нұсқаулары» бөлімінде берілген нұсқауларды оқыңыз жəне орындаңыз.• Электрлік қуат көзінің өшпегенін тексеріңіз.• Тазалағаннан кейін плитаны толығымен құрғатыңыз.• Егер плита өшірілген кезде дисплейде əріптік-сандық кодтар пайда болса, нұсқаулар үшін келесі кестені

қараңыз.• Пайдаланғаннан кейін плитаны өшіру мүмкін болмаса, оны қуат көзінен ажыратыңыз.

Қалыпты жұмыс барысында индукциялық плиталардың үстінде материал түріне жəне тағамды өңдеуге байланысты төменде сипатталған шу жəне діріл түрлері пайда болуы мүмкін: • Жанасу кезіндегі шу: бұл діріл түрі біріктірілген түрлі материалдардан жасалған табаларды

пайдалануға байланысты пайда болады.

ТАЗАЛАУ

ЕСКЕРТУ - Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.- Тазалау алдында пісіру аймақтарының өшірілгеніне жəне қалған қызу

индикаторының (“H”) көрсетілмей тұрғанына көз жеткізіңіз.

АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

ҚАТЕ КОДЫ СИПАТТАМА ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ ҚАТЕНІ ЖОЮ ƏДІСІ

C81, C82

Басқару панелі шамадан тыс жоғары

температураларға байланысты өшеді

Электрондық бөліктердің ішкі температурасы тым

жоғары

Қайта пайдаланбас бұрын плитаның суығанын күтіңіз.

C83

Басқару панелі плитаның өшірілгендігі туралы қате

кодын электрондық тізбектегі ақаулыққа байланысты көрсетеді

Плита үсті ток кернеуі ұлғаюының əсеріне

ұшырады

Плита үстін əлі де пайдалануға болады,

алайда Кепілдік бойынша қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз

C85 Плита табаны қыздыра алмайды

Таба индукциялық плита үшін жарамды емес

Басқа индукциялық табаны пайдаланыңыз

F02, F04 немесе C84Қуат көзінің кернеуі дұрыс емес немесе қуат көзінде

ақаулық бар

Датчик құрылғы кернеуі мен желілік қуат

кернеуінің арасындағы айырмашылықты

анықтайды

Плитаны желілік розеткадан

ажыратыңыз жəне электрлік қосылымды

тексеріңіз

F01, F05, F06, F07, F10, F12, F25, F33, F34, F36, F37, F46, F47, F48, F49, F58, F61, F62, F63, F72,

F74, F77

Плитаны қуат көзінен ажыратыңыз. Бірнеше секунд күтіп, оны қайта қосыңыз.

Егер ақаулық шешілмесе, Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласып, қате кодын көрсетіңіз

ПЛИТА ШЫҒАРАТЫН ШУЛАР

KZ9

Page 13: 210 mm 145 mm 210 mm 180 mm 145 mm 210 mm 145 mm ...құймақтар), 28 см қос дайындау аймағында (ол қарастырылған жерде) диаметрі

• Орташа-төмен қуат деңгейіндегі шырт еткен дыбыс: бұл шу қажетті төмен-орташа қуат деңгейіне жеткен кезде шығады.

• Ырғақты шырт еткен дыбыстар: бұл шу бірнеше дайындау аймақтарын пайдаланған кезде жəне / немесе жоғары өнімділік кезінде шығады.

• Əлсіз пышылдаған дыбыс: бұл шу пайдаланылған контейнер түріне жəне контейнердегі тағам мөлшеріне байланысты пайда болады.

• Фондық шу: индукциялық пеш электрондық құрамдастарды суытуға арналған желдеткішпен жабдықталған жəне сол себепті жұмыс істеу барысында жəне плитаны өшіргеннен кейін желдеткіш шуы естіледі. Белсенді дайындау аймақтарын күшейткен / азайтқан сайын, желдеткіштің фондық шуы артуы немесе бəсеңдеуі мүмкін.

Бұл шарттар индукциялық жүйенің дұрыс қызмет етуі үшін қалыпты жəне маңызды, олар ақаулық немесе зақымның белгісі болып табылмайды.

Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына қоңырау шалу алдында:1. «Ақаулықтарды шешу нұсқаулығында» берілген ұсыныстар көмегімен мəселені өздігіңізбен шеше

алатындығыңызды анықтаңыз.2. Құрылғыны өшіріңіз жəне ақаулық шешілгендігін көру үшін оны қайта қосыңыз.Жоғарыдағы тексерістерден кейін мəселе шешілмесе, жақын маңдағы Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.Əрдайым келесілерді көрсетіңіз:• ақаулықтың қысқа сипаттамасы;• өнім түрі жəне нақты үлгісі;• Қызметтік нөмір (техникалық төлқұжаттағы Қызмет сөзінен кейінгі нөмір), ол құрылғының астыңғы

жағында орналасқан (металл тақтада). • толық мекенжайыңыз;• телефон нөміріңіз.

Егер қандай да бір жөндеу жұмыстары қажет болса, Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (түпнұсқа зауыт-өндіруші бөліктерінің пайдаланылатынын жəне дұрыс жөндеу жұмыстарының дұрыс орындалатынын қамтамасыз ету үшін). Зауыт-өндіруші бөліктері 10 жыл бойы қолжетімді.

КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

KZ10