45minut › 2014 › 02 › d0...  · web viewХор: «Жау, жау жаңбыр » әні. І...

4
Қызылорда қаласының №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Ақмарал» шағын орталығының тәрбиешісі Абуова Дүрияш Бекболатқызы Ертеңгілік кеш жоспары: Күні: 14.11.2013ж Уақыты: 15:30 Өткізілетін орны: «Балдырған» тобы Тақырыбы: «Берекелі күз – мерекелі күз» Жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған, Кешімізді бастайық! ІІ жүргізуші: Қайырлы күн! Армыссыздар, құрметті ата – аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп бүгінгі «Берекелі күз – мерекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. І жүргізуші: Біз - бақытты баламыз Би билеп, ән саламыз. Құс боп қанат қағамыз Міне, былай қараңыз. (Ортаға «Балдырған» тобын шақырамыз. (Музыка ырғағымен шығады). ІІ жүргізуші: Көңілді өскен баламыз, Шырқатып әнге саламыз. Тойымызға сән берер, Ән де айта аламыз. Хор: «Жау, жау жаңбыр» әні І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды айтайық. Балбала: Бұтағындай емініп, Күзде жеміс піседі. Сабағынан жел үзіп, Жерге топ – топ түседі. Жәния: Ой, балалар, балалар, Қоңырай күз болыпты. Құрап жапырақ солыпты, Ел егінін алыпты, Ақ үзіктер жауыпты. 1

Upload: others

Post on 05-Jul-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut › 2014 › 02 › d0...  · Web viewХор: «Жау, жау жаңбыр » әні. І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды

Қызылорда қаласының №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Ақмарал» шағын орталығының тәрбиешісі

Абуова Дүрияш Бекболатқызы

Ертеңгілік кеш жоспары:

Күні: 14.11.2013жУақыты: 15:30Өткізілетін орны: «Балдырған» тобыТақырыбы: «Берекелі күз – мерекелі күз» Жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған, Кешімізді бастайық!ІІ жүргізуші: Қайырлы күн! Армыссыздар, құрметті ата – аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп бүгінгі «Берекелі күз – мерекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.І жүргізуші: Біз - бақытты баламыз Би билеп, ән саламыз. Құс боп қанат қағамыз Міне, былай қараңыз.(Ортаға «Балдырған» тобын шақырамыз. (Музыка ырғағымен шығады).ІІ жүргізуші: Көңілді өскен баламыз, Шырқатып әнге саламыз. Тойымызға сән берер, Ән де айта аламыз.Хор: «Жау, жау жаңбыр» әніІ жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды айтайық.Балбала: Бұтағындай емініп, Күзде жеміс піседі. Сабағынан жел үзіп, Жерге топ – топ түседі.Жәния: Ой, балалар, балалар, Қоңырай күз болыпты. Құрап жапырақ солыпты, Ел егінін алыпты, Ақ үзіктер жауыпты.Айзат: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан – алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап.Мадияр: Күн шуаққа маужырап, Жатыр еді атырап. Ағаштар жамырап, Ұшты кенет жапырақ.Аруна: Таудан жақын жел соқсаң,

1

Page 2: 45minut › 2014 › 02 › d0...  · Web viewХор: «Жау, жау жаңбыр » әні. І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды

Сыбдырлайды қалтырап. Жақын қалды желтоқсан Жабыр қайды жапырақ.І жүргізуші: Жапқандай жапырағы іздерді, Қуантып жапырағы ізгі елді. Бір тойдырып қайту үшін елімді Сабырлы сары алтындай күз келді.(Ішке сары киім киген түрлі – түсті жапырақтар тағылған Алтын күз ханшайымы кіреді).ІІ жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз. Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз.Алтын күз: Балалар мен сендерге әдемі түрлі – түсті жапырақтар ала келдім. Қане, балаларымыздың маған қандай сыйы бар екен. ІІ жүргізуші: Ән: «Біз бақытты баламыз».І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік:Назым: Үйрек – үйрек қаздарды, Шулайды көл жағасы, Дәурен өтіп жаздағы Күздің желі соғады.Гүлден: Алма, өрікті қамбаларға , Толтырыпты Алтын күз. Шәкірт болып парталарға, Отырыпты Алтын күз.Абдрасул: Ақтарады мырза күз, Уылжыған жемісін. Күзге біз де ризамыз Аянбаған ел үшін.Даниял: О, алақай, тамаша, Шашу шашты жапырақ. Бақтың іші алаша, Аунар ма еді жатып ап!Айғаным: Сау – сау етіп жапырақ, Сабағынан үзілді. Қоңыр тартып атырап, Көкте құстар тізілді.Алтын күз: Балалар мен сендерге бір ойын алып келдім. Ойнағыларын келе ме?

- Балалар: Ия.Ойын: «Көкеністер мен жемістер» жинау.

І жүргізуші: Балалар Адельдің орындауында «Қуыршақ» әні. ІІ жүргізуші: Бала, бала балдаймыз, Балдай тәтті баламыз. Бала болып ән салып, Би де билей аламыз.Би: Орыс биіІ жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік.Дильназ: Ұшты талдан жапырақ, Сары көбелек секілді. Аспанда жай шатырлап, Тамшы жерде секірді.Дамир: Астық, жеміс жиналды, Қамбаларға құйылды, Ардақты күз, мың алғыс, Алдым өнім сайымды.

2

Page 3: 45minut › 2014 › 02 › d0...  · Web viewХор: «Жау, жау жаңбыр » әні. І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды

Нұрперзент: Дала сары секілді, Самал соқты салқындау. Қырмандарға үйілді, Алтын астық, алтын дән.Бекзат: Көбейеді құт - береке, Астық толы қамбамыз, Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаймыз.Ж.Ислам: Кездескен соң күзімен, Бұтағынан үзілген. Ай жапырақ сары алтын, Айналаның бәрі алтын.Әлкен: Туған жерден кетерде, Қоңыр әнге саламыз. Қош болыңдар бәрің де, Қимай кетіп барамыз.ІІ жүргізуші: Айзеренің орындауында «Анашым» әнін қабылалыңыздар.

І жүргізуші: Ендігі кезекті «Шалқан» ертегісіне берейік.ІІ жүргізуші: Бізге қонаққа шие, жүзім, құлпынай, өрік келіпті, қарсыалайық.Өрік: Өрік, алма, шие, алша, Қауын, қарбыз, қияр Дүкендерге түседі.Шие: Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар Төмен басты иемін.Жүзім: Жүзім пісті бір – бірлеп, Үзіп мәзбіз біз енді Қоңырауы күңбірлеп Қыркүйекте күз келеді.Құлпынай: Жапырақта тасалап, Өскен жері бақша – бақ. Күлен қызыл шиені – ай, Оның аты құлпынай.І жүргізуші: Балалардың орындауында «Балапан»әнін қабылалыңыздар.Хор: «Балапан» әні.І жүргізуші: Балалар, бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын.ІІ жүргізуші: Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын. Осымен біздің «Берекелі күз – мерекелі күз» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

3

Page 4: 45minut › 2014 › 02 › d0...  · Web viewХор: «Жау, жау жаңбыр » әні. І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды

4