45minut€¦  · web view,Тарихты таразыласақ – Сламғалиева...

6
Кең Жылыой –аты шулы дүлдүл едің, Нәр беріп жатушы еді;Қайнар –жемің. Мал жайылым Тасастау,Ұшқан,Үйтас, Бір-біріне санаспас артық –кемің. М.Сабырқызы «Киелі мекен Кең жылыой» Кітап беташары Жүргізуші сөзі: Ізбасарова Диана Бүгінгі шараға жиналып отырған ұстаздар,оқушылар,қош келдіңіздер! Өлке тарихын білу-әрбір азаматтың парызы болса,өз өлкемізді кейінгі ұрпаққа таныстырып,парасатты да,білімді жастар дайындау ұрпақтар сабақтастығының нәтижесі деп білемін.Осы мақсатта сіздерге жақында баспадан жарық көрген «Киелі мекен –кең Жылыой»кітабымен таныстырғалы отырмыз.Бұл жаңа тарихи –танымдық тағылымдық кітап Жылыой ауданының құрылғанына 85 жыл толуына арналған тарихи-танымдық тағылымдық дүние. Кешті бастап сөйлеген:Кітапхана меңгерушісі:Нұрхасанова Зеріп 1.Бөлімде:. Бүгінде жаңарған заманмен жарасым тауып,ел мен жұртқа құт мекен болып отырған,өзіміздің кіндік қанымыз тамған Жылыой өлкесі тарихының әрбір парағы біз үшін ерекше қымбат,ерекше қастерлі.Бұл басылымда шынайы тарихтың бірнеше жылдар шаң басқан беттерімен жүздесесіңдер. Ауданның географиялық орналасуы,пайдалы қазбалары,су

Upload: others

Post on 21-Jul-2020

11 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut€¦  · Web view,Тарихты таразыласақ – Сламғалиева Шапағат 8д сынып оқушысы- тоқталып түсіндіріп айтып

Кең Жылыой –аты шулы дүлдүл едің,

Нәр беріп жатушы еді;Қайнар –жемің.

Мал жайылым Тасастау,Ұшқан,Үйтас,

Бір-біріне санаспас артық –кемің.

М.Сабырқызы

«Киелі мекен Кең жылыой»

Кітап беташары

Жүргізуші сөзі: Ізбасарова Диана

Бүгінгі шараға жиналып отырған ұстаздар,оқушылар,қош келдіңіздер!

Өлке тарихын білу-әрбір азаматтың парызы болса,өз өлкемізді кейінгі ұрпаққа таныстырып,парасатты да,білімді жастар дайындау ұрпақтар сабақтастығының нәтижесі деп білемін.Осы мақсатта сіздерге жақында баспадан жарық көрген «Киелі мекен –кең Жылыой»кітабымен таныстырғалы отырмыз.Бұл жаңа тарихи –танымдық тағылымдық кітап Жылыой ауданының құрылғанына 85 жыл толуына арналған тарихи-танымдық тағылымдық дүние.

Кешті бастап сөйлеген:Кітапхана меңгерушісі:Нұрхасанова Зеріп

1.Бөлімде:. Бүгінде жаңарған заманмен жарасым тауып,ел мен жұртқа құт мекен болып отырған,өзіміздің кіндік қанымыз тамған Жылыой өлкесі тарихының әрбір парағы біз үшін ерекше қымбат,ерекше қастерлі.Бұл басылымда шынайы тарихтың бірнеше жылдар шаң басқан беттерімен жүздесесіңдер. Ауданның географиялық орналасуы,пайдалы қазбалары,су көздері,жан-жануарлар, өсімдіктер дүниесінен бастап билері мен шешендері,халық батырлары,көне мешіттері мен кесенелері,мәдени-әдеби жаңару кезеңдері,ел өміріндегі орын алған елеулі оқиғалары мен бүгінгі өндірістік өрлеу кезеңдеріне дейін қамтылған.Кітап туған ел,өскен жер тарихы мен өлкенің құндылықтарын білуге құштар оқырман қауымға арналған. Кітап жеке – жеке тақырыптарға бөлінген,бүгін біздер 3 бөлімге бөліп тоқталайық.

Олай болса,осы кітапты жан-жақты қысқаша таныстырудың реті келді,оқушыларға кезек беремін.

Page 2: 45minut€¦  · Web view,Тарихты таразыласақ – Сламғалиева Шапағат 8д сынып оқушысы- тоқталып түсіндіріп айтып

1 Тарау:,Тарихты таразыласақ – Сламғалиева Шапағат 8д сынып оқушысы- тоқталып түсіндіріп айтып өтеді.

2.Тарау: Ғасырлар қойнауының сыры – Жексенова Жанар 8 д сынып оқушысы –осы тараудағы мәліметтерге қысқаша түсінік береді.

3.Тарау: Артында асылдардың сөзі қалған – Мұхаммедяров Ерназ 8 д сынып оқушысы – асыл сөзді,көпті көрген көреген тұлғаларға қысқаша тоқталып өтеді.

Page 3: 45minut€¦  · Web view,Тарихты таразыласақ – Сламғалиева Шапағат 8д сынып оқушысы- тоқталып түсіндіріп айтып
Page 4: 45minut€¦  · Web view,Тарихты таразыласақ – Сламғалиева Шапағат 8д сынып оқушысы- тоқталып түсіндіріп айтып
Page 5: 45minut€¦  · Web view,Тарихты таразыласақ – Сламғалиева Шапағат 8д сынып оқушысы- тоқталып түсіндіріп айтып

2.Бөлімде: «Киелі мекен кең жылыой»кітабына шолу,яғни кітапты оқырманға таныстыру.

3.Бөлімде:Жылыойдың ақын-жазушыларының өлеңдерін насихаттап,кезекті өлең оқитын оқушыларға беріледі.

Кең дала,,Үш аққу,Жерлестер,Туған жер,Туған топыраққа тағзым т.б

Қорытынды:Кітапхана меңгерушісі:Зеріп Нұрхасанова сөз алып,Бұл Жылыой жерінің өзі айтып таратсам,Кең жылыой - «Елінің жел жақтағы панасы,ық жақтағы саясы бола білген азамат,жаудан елді арашалаған батыр,дауды әділетті арашалаған қази,озбырлықтан пірәдар –Пір ата Бекеттің кіндік қаны тамған,тал бесікке тербеліп,балалық-жастық балғын дәуірі өткен қасиетті де киелі топырақ».-деп айталамыз.Біздің бір нәрседен қорыққанда,я болмаса бір нәрсеге абыржығанда ИӘ Бекет атам –дейтініміз ,біздің ұранымыз... дей келіп

«Кең Жылыой құт мекен ел мақтаны» атты кітап көрмесімен таыстырылды.Осы кітап көрмесін толықтыру мақсатында «Өзіңе лайықты кітапты таңда».жаңаша әдіспен –жаңа әдебиеттер нгасихатталды.

Сөйтіп ,оқушылармен өткізген «Киелі мекен Кең Жылыой»кітап беташары аяқталды.

Кең Жылыой, мен өзіңді мақтан етемін,

Тарихын туған жердің жаттап өтем.

Қойныңда қазының бар қара алтынның,

Қай адам соны іздеп тапқан екен.