73 (3130) 2014-07-03

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÂÆÊÒÆμ 3 Ù¼ÌÅÆ ÇÜÌ 6+$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +18°..+16° +15°.. +13° ʶ˟˾˟ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ೮ ˃೮೦˾ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ ʹ ʫˬ˙˘˳ˮ೮ ˪˧˵˘˱˺˘ˮ˘˳ˮ˞˘ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ˤˮ˞˶˳˵˲ˤˬ˘ˮ˞˲˶ ˙˘೦˵ˮ˘ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˪˟೮˟˳ ˵˪˧ˣ˞˧ ʶ˟೮˟˳ ˙˘˲˳ˮ˞˘ ˢ˘ˬ˱ˬ˵˵೪ ˵˟ˬ˟˪˱˧˲ ˘˲೪ˬ ʫˬ˙˘˳ ˘˥˭˘೪˵˘˲˞˘೦ ˙˧˲೪˘˵˘˲ ˮ˞˧˲˧˳ ˯˾˘೪˵˘˲ˮ೮ ˢ˭˳˭˟ˮ ˵˘ˮ˳˵ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮˮ೮ ʫ˶˲˘ˣˤˬ೪ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˯˞˘೪˵೮ ˤˮ˚˟˳˵ˤ˻ˤˬ೪ ˯˲˵˘ˬ೦ˮ˘ ˘˥ˮ˘ˬ˶ ˭˭˪˧ˮ˞˧˛˧ ˭˯ˬ ʥ˘˳Ͳ ˵ ˭˘೪˳˘˵ ˵˘ ˳˯ˬ ʽ˳ˬ˘˥ ˭ഉˬ˧˭˞˟˛˟ˮ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ˙ˬ ˲˟˵˵˟ ˘˵೪˘˲ˬ˱ ˯˵˲೦˘ˮ ˧˳˵˟˲˛˟ ˵˯೪˵˘ˬ˞ ИНВЕСТИЦИЯЛАР АЛАНЫНДАFЫ ʤ˳˵˘ˮ˘ ˪ˮ˧ ೪˘˲˳˘೮ˮ˞˘ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ೮ ౭ˬ˵˵೪ ˭˶ˣ˟˥˧ ˲˟˳˭ˤ ˵˲˞˟ ˘˾ˬ- ˞ ˁ˘ˬ˵˘ˮ˘˵˵ ˲ഉ˳˧˭˛˟ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ೪˘˵˳˵ yлттык музей – казакстан тарихынын жылнамасы МЫКТЫ ОЙЫНШЫ ˈʤʸˏʤˀʤʸˏ ˃ʫʤ˃ˀ ˇʫˁ˃ʰʦʤʸʳʻʳ౦ ʥʤʪʤˀʸʤʺʤˁˏ «Сахнадан сәлем!» ūŤůŤũŤŪ-ũ ŷşůşŪşů ũŤŰűŤŰ- 4-5 6-7 11 2

Upload: -

Post on 31-Mar-2016

239 views

Category:

Documents


6 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №73 (3130) 03 шілде 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 73 (3130) 2014-07-03

3 +18°..+16°+15°.. +13°

ИНВЕСТИЦИЯЛАР АЛАНЫНДАFЫ

-

yлттык музей – казакстан тарихынын жылнамасы

МЫКТЫ ОЙЫНШЫ

«Сахнадан сәлем!»

4-5

6-7

11

2

Page 2: 73 (3130) 2014-07-03

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жыл басынан бері елорданың травматологиялық

орталығында 17000 бала ем-дом қабылдады.

Жаңа оқушылар сарайында «Отан отбасынан басталады» атты конференция ұйымдас-тырылды.

«Жастар» сарайында Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай «Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш өтеді. Басталуы: 17.00

Қ.Қуанышбаев атын дағы мемлекеттік академиялық Қазақ драма театрында «Қаңбақ шал» спек таклі. Басталуы: 12.00.

Жақын және алыс шетел әртістерін жинайтын байқау жылдан-жылға құлашын кеңге жайып келеді. Бұл – әр елдің әртістері арасындағы ең мықтылардың өнер додасы ғана емес, сонымен қатар, халықаралық қазылар алқасы сараптайтын ең ірі бағалау алаңы. Биылғы сайыста әдеттегіден әсерлі жаңа көріністер көрермендерге тарту етіледі. Фестивальдің бағдарламасы жаңа, қызықты әрі қауіпті қойылымдарға толы. Әрбір қатысушы өз мемлекетінің ұлттық цирк ерекшеліктерін ортаға салады. «Астаналық цирк» манежінде Ресей, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Беларусь, Якутия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанның әртістері сегіз күн бойы өнер көрсетеді. Олардың көбі – бүкіләлемдік фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары, өз жанрларының хас шеберлері, цирк әулетінің ұрпақтары. Асқан шебер жонглерлер, әуе гим-настшылары мен акробаттар, көңілді сайқымазақтар көрерменге ерекше әсер қалдырады. Сондай-ақ, үйретілген түрлі жануарларды тамашалауға бо-

(Басы 1-бетте)

«Еліміздегі инвестициялық ахуал тартымды бола түсу үшін барлық күшімізді салып отырмыз. Менің ма-мыр айының аяғында Қытайға жасаған сапарымның қорытындысында эко-номикамызға тағы 10 миллиард дол-лар инвестиция құйылатын болды. Бұл инвестициялардың артында Та-раз бен Шымкенттегі, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы облыстарындағы химиялық және мұнай-газ салала-рын қамтитын жаңа кәсіпорындар тұр. Барлық әкімдер, министрліктер мен ведомстволар өз жұмыстарында осыны басшылыққа алулары керек. Өндіріс бейнесін инновациялық, ғылыми негізделген жобалар түбейгелі өзгертеді. Қазақстан осы жағынан бірқатар басымдықтарға ие. Бұл артықшылығымыз мемлекетімізді инвестициялар алаңында мықты

лады. Бұл циркке келген кішкентай көрермендерге теңдессіз сый болары анық.

«Астаналық цирктің» режиссері Лилия Кудерконың айтуынша, фести-вальге қатысуға он сегіз өтінім түсіпті. «Алғаш рет Якутия мен Вьетнамның өнерпаздары қатысайын деп отыр. Барлығы ерекше дайындықпен келіпті. Цирк сахнасына понилер, ауған та-зылары, арыстандар, иттер шығады. Өткен жылдарда бұл номерлер болған жоқ» дейді. Ал, Қытай циркінің әртісі Джан Юн Хвей Астанаға алғаш рет келіпті. «Арнайы дайындап келген классикалық бағдарламамыз бар. Ешқандай да сақтану құралдарын қолданбай әуеде өнер көрсетеміз. Қиын, қызық. Көруге тұрарлық қойылым» дейді.

Биылғы фестивальдің тағы бір ерекшелігі сайыс түрінде өткі-зіледі. Әлемдік әртістердің өнеріне халықаралық деңгейдегі жұл дыз-дар қазылық етеді. Байқау 6, 7 шіл-деде жүргізіліп, 8 шілдеде қоры тын-дыланады. Оған жұртшы лыққа кеңінен танымал «Астаналық цирктің» бас ди-ректоры Ерік Жолжақсынов – қазылар төрағасы, ресейлік «Росгосцирктің» бас директоры Вадим Гаглоев, Ре-сей халық әртісі, Вернадский даң-ғылындағы Мәскеу үлкен циркінің бас директоры Эдгард Запашный , Никулин атындағы Мәскеу циркінің бас директоры Максим Никулин, Украина мемлекеттік циркінің бас директоры Игорь Хлебосолов және басқа да тұлғалар төрелік етеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

ойыншыға айналдырып отыр» деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Шетелдік инвесторлар кеңесінде айтқандарын пысықтаған Елбасы геоэкономикалық тұрғыдан тиімді жағ дайымыз, саяси тұрақтылығымыз, экономикалық өсуіміз, дамыған инфра-құрылымымыз, мемлекет дамуы страте-гиясының айқындылығы инвестор-ларды елімізге тартуға септесіп, олар-дың ұтылмауына жағдай тудырады.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасының биылғы бірінші жартыжылдық қорытындыларын қамтыған Үкіметтің есебін тыңдады. Белгілі болғандай, осы кезеңде Индустрияландыру картасына ен-ген 21 жоба іске қосылып, 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Екінші жартыжылдықта тағы 100-ге тарта жоба жүзеге асып, 8 мың адамның екі қолына жұмыс тимек.

Жалпыұлттық телекөпір арқылы өңірлердегі өндіріс ошақтарының өкілдері ел Президентіне есеп берді. Жұмыстарының әрі қарайғы бағыты жөнінде әңгімеледі. Олардың арасын-да Атыраудағы дуальдық оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес келетін мұнай-газ саласының кадр-ларын даярлау және қайта даярлау жө-ніндегі өңіраралық кәсіби орталығы, Алматыдағы индустриялық аймақ, Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай индустриялық паркі, Ерейментаудағы қуаты 45 МВт өнеркәсіптік жел паркінің құрылысының басшылығы болды. Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жаңа кәсіпорындарды іске қосты. Атап айтсақ, кеше «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты және Семейдегі «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр беру желілері өз жұмыстарын бастады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Page 3: 73 (3130) 2014-07-03

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

, ww

w.24

.kzКонференцияны Қазақ-

станның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев құттықтау сөзбен ашты. Халық жазушысы бұл жиын екі ел арасындағы рухани-адамгершілік негіз-дерді нығайта түсетінін ай-тып, Мақтымқұлы шығар-ма ларын кеңінен таратып, жастардың бойына сіңіру қажеттігін баса айтты. «Шығыс поэзиясының жарық жұлдызы Мақтым-құлы Пырағы тек түркімен халқының ғана мақтаны емес, түгел түркінің тегеуі рінді ақыны һәм ортақ жау һары» деген Ә.Кекілбаев сөзінің соңында түркімен тілінен өзі тәржімалаған Мақ тұм құлы-ның «Мызғымас ел» дейтін өлеңін оқып берді.

Отырыс барысында Түркі-мен станның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мақтымқұлы Ақмырадов,

Қазақстан Жазу шылар одағының төрағасы, сенат депутаты Нұрлан Ораза-лин, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің п р е з и д е н т і Сау ы т б е к Абдрах манов, Түркі кеңесі а қс а қ а л д а р ке ң е с і н і ң т ө р а ғ а с ы Әд і л А х м е -тов, Президент баспасөз қызметі жетекшісінің орын-

Тағы бір маңызды сәт – тұңғыш отандық спорт телеарнасын құттықтауға АҚШ-тан Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким келді. Мерекелік шарада аты аңызға айналған гимнастшы, Олимпиада ойындарының

бес дүркін чемпионы Нелли Ким туралы түсірілген «Біздің Киманелли» деректі фильмі көрсетілді. Бұл – отандық телеар-на тарихында түсірілген алғашқы өмірбаяндық фильм. Туындыда атақты спортшының өмірі мен спорттағы жетістіктері туралы толық баяндалады.

Сонымен қатар, Олимпиада чем-пионы Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин, Азия ойындарының абсолютті чемпионы Әлия Жүсіпова және басқа да атақты спортшылар кеш қонақтары болды.

М е р е й т о й с о ң ы н д а ж и ы н ғ а қатысушылар дастарқан басында бас қосты.

Сапарғали ҚАНАТ

Көпшілікке кітапхана қорындағы елорда тура-лы дүниелерді таныстыру, Астананың құрылуы мен қалыптасу тарихында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін көрсету, келешек ұрпақты п ат р и о т т ы қ қ а тә р б и е л е у м а қс ат ы н д а ғ ы иллюстрациялық көрме төрт бөлімнен тұрады. Олар «Елорда шежіресі», «Қазақ астанасының сәулетшісі», «EXPO-2017» – әлем таныған әсем шаһар» және «Астана – шабытымның шалқары» деп аталады. Көрме сөрелеріне жүзден астам кітаптар мен журналдар қойылған.

Шараның ашылу салтанатында кітапхана дирек-торы Үмітхан Мұңалбаева сөз сөйлеп, көпшілікті мерекелерімен құттықтады. Содан кейін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы лебізін білдіріп, бас шаһардың ертеңі жалынды жастар екенін айтты. «Бұл – Отан үшін атқа қонып, найза ұстаған бабалардың, ұлты үшін опат болған арыстардың, қан майданда дұшпанмен алысқан ардагерлердің, туған жер үшін қан кешкен боздақтардың, азаттықтың, болашақтың астанасы» деді Н.Айтұлы.

Басқосуда Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, «Нұр Отан» партиясы баспасөз хатшысының орынбасары Амангелді Кеңшілікұлы, профессор Мырзагелді Кемел, Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығының жетекшісі Ибраһим Йылдырым және «Астананың бас жоспары» ғылыми зерттеу-жобалау институты экология бөлімінің бастығы Әсия Батырғожина сөз сөйлеп, Астана төңірегінде ой-пікірлері мен лебіздерін жеткізді.

Асхат РАЙҚҰЛ

Бұдан былай кез келген адам ХҚКО-ға келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады. Бірінші кезеңде пилоттық жоба елордадағы екі халыққа қызмет көрсету орталығында, атап айтқанда, Мирзоян көшесіндегі № 2 бөлімше мен Республика даңғылы 43 үйдегі № 4 бөлімшеде жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл қызметті еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосу жоспарлануда.

«Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алғаны, алмағаны жөнінде мәліметтер де анық жазылады» дейді ХҚКО РМК бас директорының орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев.

Жұма ҚАЗИЕВ

Ташкент қаласында өткен құрлық біріншілігінде астаналық шахматшы барлық қарсыластарынан басым түсті. Сәтбек биылғы Қазақстан чемпионатын-да да сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанған еді.

Он жасында Азия асуын бағындырған елордалық чемпионымыз енді әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Дүниежүзінің үздік шахматшыла-ры айқасқа түсетін дүбірлі дода алдағы қыркүйек айында Оңтүстік Африка Рес публикасында өтпекші. Осы жары-ста астаналық чемпионымызға сәттілік тілейміз.

басары Бауыржан Омаров, түркітанушы Шәкір Ыбыраев, түркіменстандық ғалым Ан-нагурбан Аширов баяндама жасады.

О с ы ғ а н д е й і н «ТҮРКСОЙ» халық аралық ұйы мы түр кі халық та рының ұлы тұл ға ларына арналған «Мақтым құлы» медалін әзір леген екен. Жиында осы

сыйлықтың алғашқысы түркі тілдес халықтардың әдебиетін әлемге таныт ып, қазақ-түркімен ынтымақтастығына үлес қосқаны үшін Әбіш Кекілбаевқа берілді.

Жиында арнаулы қарар қабылданып, Мақтымқұлының әндері шырқалды.

Сәния СПАНДИЯР

Page 4: 73 (3130) 2014-07-03

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Лувр – неше түрлі өнер туындылары арқылы халықтың сүйікті орнына айналған мекен. Бүгінде ол Францияның ұлттық мұражайы саналады. Сонымен қатар, Луврды Еуропадағы ең алғашқы мұражай деп санайтындар бар. Мұражай Париждың дәл ортасында Сена өзенінің оң жағалауына орын тепкен. Луврдың ең танымал құндылықтары ретінде Леонардо да Винчидің Мона Лизасын және Венера Милосская мен Ника Самофракийская мүсіндерін атап өтуге болады.

Бұл көркемөнер мұражайы Вашингтон қаласының Ұлттық саяжолында орналасқан. Галереяда әлемдегі ең үздік еуропалық және америкалық шеберлердің туындылары жинақталған. Мұнда суреттер, гра-фикалар, мүсіндер, акварельдер, фотосуреттер, фарфор және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жалықпастан тамашалуға болады.

Әлемнің ең таңдаулы әрі ең үлкен көркемсурет және мүсін мұражайы Флоренцияның Уффици алаңында орналасқан. Мұражайдың суреттер коллекциясы Джотто, Симоно Мартини, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Ми-келанджело және Караваджо сынды әлем мойындаған тұлғалардың туындыларымен толықтырылған. Сондай-ақ, Дюрер, Рембрандт және Рубенс секілді неміс, голланд шеберлерінің жұмыстары да бар.

(Басы 1-бетте)– Әсем Астанамыздың күніне

тарту болып отырған Ұлттық му-зей – ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді ә л е м г е т а н ы т у ы м е н қ ұ н д ы . Біздің тарихымыз – мақтан ету-ге лайық ерлік пен елдік тари-хы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі адамзат тарихының ажырамас бөлігі. Сақтар мен ғұндар дәуірінен бастау алып, түрік қағанатымен жалғасқан қазақ хандығының және бүкіл тәуелсіз Қазақстанның өткені – халқымыздың тұтастығы мен бірлігінің жылнамасы болып саналады. Мәңгілік еліміз барда

казакстан тарихынын қазақтың тарихы да мәңгілік. Бүгін ашылып отырған Ұлттық музейде Қазақстан тарихына айрықша мән берілетін болады. Дәуірлерге лайық іс тындырылған жиырма жылдан астам уақыт – ел тари-хында ең жасампаз кезең болып табылады. Кейінгі ұрпақ бүгінгі буын бастаған ұлы істерді лайықты жалғастыратынына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы құттықтау сөзінде.

Елбасының айтуынша, Ұлттық музейдің ашылуымен «Қазақ елі» бірегей сәулеттік кешені жобасы аяқталып отыр. Осылайша, «Қазақ елі» монументінің айналасындағы Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік

пен келісім сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті және Ұлттық Өнер университеті өзара үйлесімділікпен рухани тарихымыздың шежіресін жасамақ.

Мемлекет басшысы Ұлттық музейдің ғимараты архитектуралық масштабы жағынан қазірдің өзінде әлемдегі ең ірі 10 экспозицияның б і р і н е а й н а л ы п о т ы р ғ а н ы н атап өтті. Оның көрме залы, жәдігерлерді сақтау қоры, жұмыс зертханасы барлығы 74 мың шар-шы метр аумақты құрайды. Енді Ұлттық музейді Ресейдің Эрми-тажымен, Францияның Лувры-мен, Американың метрополитен-м у з е й і м е н т е ң е с т і р і п , б и і к

д е ң г е й г е ж е т к і з у м і н д е т і тұр. Бұл жауапкершілікті му-зей қызметкерлері абыроймен атқаратынына Елбасы сенім білдіріп, олардың жұмысына сәттілік тіледі.

Ұ л т т ы қ м у з е й ғ и м а р а т ы н салу барысында әлемдегі әйгілі музейлердің тәжірибесі пайдала-нылыпты. Ғимаратта орналасқан заманауи сенсорлық дүңгіршектер, медиа-экрандар, жарықдиодты LED-техникалар – Қазақстан та-рихы жылнамасын терең танып-білуге үндейді. Музей Қазақстанды көне тарих пен мәдениетке бай ел ретінде дәріптеу жағынан, ұлттық тарихты насихаттау тұрғысынан

өзгеге өнеге болуы тиіс. – Жыл сайын Астананы көруге

100 мыңдаған турист келеді. Енді ЭКСПО кезінде бұл сан миллионға жетеді деп отырмыз. Сол кезде б і з т а р и х и ж ә д і г е р л е р і м і з д і л а й ы қ т ы д е ң г е й д е ұ л ы қ т а п , отандастарымызға ғана емес, шетелдік қонақтарға да таныстыра білуіміз керек. Еліміздің өткені мен бүгінгі жетістіктерін жаһанға жарқырата көрсету – біздің ортақ парызымыз, – деп сөзін түйіндеді Елбасы.

Қазақстан Республикасының Ұ л т т ы қ м у з е й і қ о р ы н д а Қазақстанның ежелгі дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі кезеңінен

yлттык музей –

Page 5: 73 (3130) 2014-07-03

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Мемлекеттік Эрмитаж – әлемнің ең үлкен мұражайларының бірі әрі бірегейі. Мұражайға әлем мәдениетінің үш миллионға жуық өнер туындылары мен ескерткіштері қойылған. Мұражай 1764 жылы құрылған. Эрмитаждың негізін қалаушы ІІ Екатерина болып саналады. Ондағы коллекциясының құрамында көркемсурет, графика, мүсін және қолданбалы өнер бұйымдары, археологиялық ескерткіштер, нумизматикалық заттар, асыл тастар жетерлік.

Египет мұражайында көне Мысыр өнерінің әлемдегі ең көлемді топтамасы жинақталған. Мұражай тарихы 1835 жылдан басталады. Ал мұражайдың классикалық стильдегі қазіргі ғимараты француз сәулетшісі Марсель Дюнонның жобасы бойынша 1900 жылы тұрғызылған. Мұражайда сонау Грек-Роман кезеңінен бергі өнер туындыларының 120 000-ға жуық үлгісі қойылған.

В а т и к а н м ұ р а ж а й ы – ә л е м д е г і е ң ү л к е н мұражайлардың кешені. Мұражайда 1 400 зал бар және онда қойылған 50 000 бұйымды көріп шығу үшін 7 км жерді жүріп өту керек екен.

Дайындаған Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

жылнамасы

сыр шертетін жәдігерлер қоры жинақталыпты. Экспозициялардың басты жәдігері – Есік қаласынан табылған «Алтын адам».

147 мың шаршы метр алаңды алып жатқан көрме залдары жеті экспозицияға бөлінген.

Ежелгі және ортағасыр тари-хы залында тас дәуіріндегі еңбек қ ұ р а л д а р ы м е н т ұ р м ы с т ы қ б ұ й ы м д а р , қ о л а ж ә н е т е м і р дәуірлерінде қолданылған заттар қойылған.

Тарих залы XV-XX ғасырлардағы Қ а з а қ с т а н т а р и х ы н а н с ы р шертеді . Ондағы жәдігерлер қазақ хандығының құрылуы мен дамуының негіздері, ұлт-азаттық көтерілістері туралы баяндайды.

Алтын залдарында археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде т а б ы л ғ а н е л і м і з д е г і е ж е л г і көшпелілердің бірегей алтын бұйымдары түзілген.

Ал, қазіргі заманғы өнер за-лында отандық және шетелдік с у р е т ш і л е р д і ң е ң т а ң д а у л ы шығармалары қойылыпты.

Этнография залының экспози-циялары қазақ халқының әртүрлі зергерлік бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен, тұрмыстық заттары-мен толықтырылыпты.

Тәуелсіз Қазақстан залында егемендік алғанда қабылданған маңызды құжаттар, тәуелсіздік жылдарындағы әртүрлі саладағы жетістіктер жөніндегі мағлұматтар жинақталыпты.

Астана залында бас қаланың елорда ретіндегі қалыптасу, даму тарихын баяндайтын құжаттар, фо-тосуреттер, экспонаттар қойылған. Залдағы материалдар хроникалық-құжаттық тәртіппен беріліпті. Бұл көне дәуірлерден бастап, қазіргі заманға дейінгі қала тарихымен кеңінен танысуға мүмкіндік береді.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Page 6: 73 (3130) 2014-07-03

I

3.07 5.07 10 00

10 00

16 00

10 00

16 00

10 00

18 00

11 00

19 00

20 00

15 00

15 00

16 00

17 00

17 00

18 30

19 00

19 00

9 00

10 00

11 00

11 00

11 00

11 00

10 30

19 00

11 00

11 00

12 00

13 00

15 00

16 00

16 00

17 00

17 00

19 00

19 00

20 00

20 00

21 00

19 00

17 00

11 00

ÍåòðåáêîÀííà4.07

Құс қанат ғұмыр20 005/07

19 005/07

11 005/07

Page 7: 73 (3130) 2014-07-03

T O

www oncertyastanyCall Center

6.07 7.07 9 00

10 00

10 30

9 00

10 00

10 00

10 30

11 00

16 00

17 00

19 00

19 00

20 00

20 00

21 00

22 30

11 00

10 00

11 00

«Асқақтай бер, Астана!»

19 006/07

11 00

11 00

15 00

16 00

16 00

17 00

17 00

17 00

19 00

19 00

18 00

11 00

11 00

12 00

12 00

11 00

20 00

20 00

21 00

22 30

23 00

4-7/07

3-7/07

A’STUDIO20 007/07

Page 8: 73 (3130) 2014-07-03

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Дон Кихот» балеттік спек-таклі нің тарихы он сегізінші ғасырдың екінші жартысынан бас талады. Рудольф Нуриевтің хорео графиясындағы ласкалалық белгілі репертуардың 1980 жылғы қойылымы ұлы классикалық балет-тер пантеонында өзінің лайықты орнын иеленген еді. «La Scala» театрының гастрольдік сапарына орай өткен баспасөз мәслихатында балетке миландық театрдың шы-ғар машылық ұжымынан жүзден аса әртіс қатысқаны айтылды.

Аталған қойылым қос театр ара-сында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Екі жылдан астам уақыт бұрын бастау алған әріптестік қарым-қатынас алғашқы нәтижесін бере бастады, биылғы күзде италия-лық өнер ұжымы «Аида» опера-сының тұсауын Астанада кеспек. Режиссері – Франко Дзефирелли. Театр басшылары алдағы жұмыс жайын талқылаған басқосуда

– «La Scala» театрының алғашқы гастрольдік сапары 1878 жылы Париж қаласында өткен еді. Сол уақыттан бері әлемнің отыз сегіз елінде өнер көрсеттік. Біз «Астана-Опера» театрымен бұл келісімге екі жыл дайындалдық. Театрда жақында ғана Италияның белгілі опера туындысы «Тоска» қойылды. Алдағы уақытта бұл әріптестігіміз жалғасып, көптеген бірлескен жобаларға қол жеткіземіз деген ойдамын.

астаналық театрдың директоры Төлеген Мұхамеджанов «La Scala» театрының академиясымен білім алу саласындағы серіктестік жө-ніндегі жоба жүзеге асырылып жатқанын әңгімеледі.

Италиялық театрдың бес күндік гастролі өнерсүйер қауым үшін үлкен мерекеге айналуда. Рудольф Нуриев жасаған атақты «Дон Кихот» балеті бүгінде Испания, Мексика, Жапония елдерінде қо йылды және күні бүгінге дейін әлем театрларының репертуа-рында ең көп орындалатын қойы-лым дардың қатарында. Атал ған спектакльмен «La Scala» бірнеше рет өзінің театрлық маусымын да ашқан. «Дон Кихот» балеті-нің мерейі үстем болуының құ-пиясы мен өміршеңдігі – оның ең талғампаз деген көрерменнің өзін бейжай қалдырмайтын асып-тасыған шабытты биінде.

Рудольф Нуриев мұнда басты на-зарды күлкілі көріністерге аударған. Дегенмен, асқақтаған сығандар биі, Дон Кихоттың түсіне кірген әсем дриадалар, қиял мен арманға ұласып кететін махаббат қойылымның сал-мағын арттырады. Дон Кихот пен оның құлай сүйген ғашығы Дуль-синея (Китри) билейтін дуэт драмалық мәнер мен сипатқа қанық.

1987 жылы «La Scala» театрының бұл спектакл і Рафаэл ь дел ь Савионың жаңа д е к о р а ц и я -с ы м е н ж ә н е Анна Аннидің костюмдерімен ж а ң а р т ы л ы п , күні бүгінге дейін балеттік труппаны жарқыратып, әсерлі етіп келеді. Китридің айбынды па-де-десі ерекше көңіл аудартады, оның бұл балеттегі рөлінің маңызы айрықша. Жеңіл, ұшқалақ, оптимист қыз

қайғылы кейіпкер, ержүрек рыцарь Дон Кихоттың қиялынан шынайы өмірдің бейнесіне айналады.

Қойылымның музыкалық бөлігі «La Scala» театрының дирижеры Марселло Спакаротелла басшылық ететін «Астана Операның» симфо-ниялық оркестріне сеніп тапсы-рылды.

Құштарлықтың, күш-қуат пен әзіл-сықақтың еуропалық нұсқа-сымен баршаны шаттандыратын ласкалалық құрамда: Николетта Манни (Китри-Дульсинея) және жас, талантты солист Карло Ди Ланно (Базиль), Джузеппе Конте (Дон Кихот), Джанлука Скьявони (Санчо Панса), Алессандра Вассало (көше бишісі), Мик Зени (Эспада), Вирна Топпи (Дриадалар Короле-васы), Серена Сарнатаро (Амур), Федерико Фреси (сыған), Мэтью Эндикотт (Лоренцо) және Рикардо Массими (Гамаш) бар.

«La Scala» театрының «Астана Операдағы» гастролінің бас де-меушісі – «Самұрық-Қазына» ұлт-тық әл-ауқат қоры. Билет бағасы 500 теңгеден басталады.

«Астана Опера» театрында өткен баспасөз мәслихатында Неа поль-дағы ежелгі «San Carlo» опера театрының директоры Розанна Пур-

киа екі жақтың гас-троль алмасатыны жайында жет кізді. Қонақтар алдағы жылы Б.Эйф манның қойы лымындағы

В.Моцарттың «Рек-вием» балетінің тұ-

сауын елордада ке суді жоспарлап отыр екен.

Ал «Астана Опера» театрының труппасы

«San Carlo» өнер орда-сында ұйымдастырылатын

«Күзгі билер-2015» фес ти-валіне қатысады. Қо с теат рд ы ң жо с па р ы н -

да Г.Доницеттидің «Lucia di Lammermoor» қойылымын бірігіп қою да бар. Аталған қойылым жо-ғары деңгейде болатыны сөзсіз.

Қоюшы режиссері – көп теген кинематографиялық мара пат-тардың иегері, үздік шетелдік

фильмі бойынша «Оскар» сый-лығының жүлдегері – Gianni Amelio, сценографы – Nicola Rubertelli.

* * *Миланның белгілі мәдени

ордасы «La Scala» мен Неа -польдік «San Carlo» театр ла-

рының және «Астана Опера» театрының басшылары әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Алғашқы театрлық маусым бары-сында «Астана-Опера» әлем нің 13 жетекші театрымен әріп тестік жө нін де уағдаласқан еді.

Асхат РАЙҚҰЛ

Page 9: 73 (3130) 2014-07-03

9www.astana-akshamy.kz

Нелли Викторовна 15 жыл бойы басқарған Астананың қазіргі заманғы өнер музейі – елорда лық өнерсүйер қауымның жиі баратын орны. Мұнда еліміздің ғана емес, шетелдік белгілі суретшілердің көрмесі ұдайы өтіп тұрады. Бұл ұжымның әр шарасына асқан жа уапкершілікпен қарап, ыждаһатты дайын-далатынын білетін біздер де олардың бейне-леу өнерін дәріп теу ге арналған кештерінен қалмауға тырысатын едік.

Нелли Шивринаның ұлты – неміс. Алайда, қазақ халқына деген құрметі айрықша. Бұл музей ұжымының Наурыз мерекесін қалт жібергенін көрген емеспіз. Жыл сайын осы ха лықтық мейрамда өнер ордасынан бауырсақ тара тылып, шашу шашылып, тұсаукесерге дейін өткізіліп жататынына куәміз. Бейнелеу өнері туралы білмейтіні жоқ Нелли Шиврина қазақтың ұлттық салт-дәстүріне келгенде де ешкімді алдына сала бермейді.

Ол 1955 жылы Ресейдің Волчанск қаласында дүниеге келген. Бірақ, сәби кезінен Қазақстанда тұрып келеді. 1979 жылы Целиноград мем-лекеттік педагогикалық институтының фило-логия факультетін бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Целиноград облысы Шортанды ауда-нына қарасты мектептердің бірінде мұғалім болып бастайды. Кейін оқуды бітіргеннен кейін Целиноград облыстық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері, әртүрлі тұрғындар то бының арасында өлкенің тарихы, этно-графиясы және археология бойынша лектор болған. 1992 жылдан Ақмола облыстық әкім -шілігінің ішкі саясат бөлімінің өнер және спорт мәселелері бойынша бас маманы. 1999 жылдан бері Қазіргі заманғы өнер музейін басқарып келеді. Бейнелеу өнері мен кәсіби суретшілер туралы талай мақаланың авторы атанған Нелли Шиврина кітапты, соның ішінде суретшілер

19982 3

1

3

191

32

69 57

24 1 64

7

сынды түрлі кон курстар да өткі зіліп келді. Музей қабыр ға-сын да әлемдік беделі бар өнер -паздардың шеберлік дәрістері

де ұйымдастырылып тұра тын. Талай адам осында жұмырт-қа ға сурет салу өнерін, пейзаж,

портрет салуды меңгерді. Жыл сайын музейде 1 мыңға жуық

іс-шаралар өтетін. Ал оған қатысу-шылардың саны – 70 мыңнан асады.

Міне, кішкентай музейді қаланың қа-дірлі өнер мекеніне айналдырған Нелли Шивринаның еңбегі елорда үшін ерен. Қазақстанның бейнелеу өнері саласын дамытуға үлес қосып жүрген Нелли Вик-торовнаның еңбегіне табыс тілейміз.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

«Атадан балаға жалғасқан бір кәсіппен айналысып, алдыңғы толқынның тәжірибесін жаңа ұрпақтың жаңалығымен жаңғыр-туды дәстүрге айналдырған аза-маттарды дәріптеу арқылы еңбек адамының беделін көтереміз» деді қалалық кәсіподақ кеңесінің төр-ағасы Сәрсенбай Мыңбаев мара-паттау сәтінде сөйлеген сөзінде. Ол өнегелі отбасылар жайында қысқаша тоқталып өтіп, сый-сияпат табыс етті. Олардың арасында «Астана су арнасы» мекемесінің өкілі Далке-евтер отбасы, педагогтар әулетінен – №40 мектептің директоры Ербол Іргебаев, денсаулық сақтау саласы-нан Белокобыловтар отбасы және елорда мәдениетінің танымал әулеті Өселбаевтар мен теміржолшылар әулеті – Жапаровтардың отбасы-лары бар.

Жалпы еңбек өтілі 640 жыл-ды құрайтын Жапаровтар отба-сын Қазақстан темір жолының мақтанышы деп айтуға болады

әлемі туралы зерттеулерді, ғылыми еңбектерді оқығанды жақсы көреді. «Өз басым Ақмола өңіріндегі кәсіби сурет шілердің туындылары-мен 1974 жылдан бері таныспын. Біздің музей – осы өңірдегі ба йыр ғы өнер ошақтарының бірі. Алғашында Ақмола облыстық бейнелеу өнері музейі болған. 1980 жыл дың қазан ай-ында тың және тыңайған жерлерді игерудің 25 жылдығына орай ашылды. Музейдің ең алғашқы 500 жәдігері сол кезде Алматыда өткен «Жер және адамдар» атты бүкілодақтық көрмеге қойылған туындылар еді. Бүгінге дейін музей қорындағы туындылардың саны 4 мыңға жеткен болатын. Соның ішіндегі ең көнесі – ХVІІІ ғасырдың жәдігері» дейді Нелли Викторовна. Әрине, жаңадан ашылған музейді аяғынан тұрғызу, оның әр туындысын жинақтаудың қиындығын осында ұзақ жылдан қызмет етіп келе жатқан Нелли Шиврина бастаған ұжым ғана біледі.

Қазіргі заманғы өнер музейі бүгінде шынымен де нағыз өнер ошағына ай налған еді. Мұнда тұ рақты және жыл жымалы көрмелер ғана емес, 4-10 жастағы балаларға арналған «Түрлі-түсті әліппе» мек теп студиясы да жұмыс істейтін. Онда балдырғандар сурет салумен айналысып, өнердің әдемі әлеміне сүңгитін. Музей қызметкерлері де өз саласының мамандары. Әр көрме туралы са уатты экскурсиялар өткізіп, бейнелеу өне рінің негіздері, тарихы, теориясы, сурет-ші лердің шығармашылығы туралы дәрістер оқу ды дәстүрге айналдырған.

Музей тілі енді шыққан бал дыр ғандардан тартып, естияр жет кіншектерді де бейнелеу өнеріне тарта білді. Мұнда «Менің әлемім», «Абай мен Пушкинді оқу», «Астана – жасыл қала», «Кел, балалар, оқылық!»

мамандықтарын игерген. Бұл күнде Зейнелғабиденнің қызы Сәуле әулеттің үлкені ретінде әке жолын жалғастырып келеді. Даңқты әулеттен шыққан алты азамат бүгінде Астана стансасында еңбек етуде.

Астаналық педагогтар отбасының жарқын өкілі ретінде Іргебаевтарды айтуға болады. Ұстаздық етуден жалықпаған өнегелі жанұяда тарих-шы, әдебиетші, математика пәнінің мұғалімдері өскелең ұрпақты тәрбие-леуге атсалысуда.

Ал, Өселбаевтар әулеті астаналық-тарға жақсы таныс. Аң патшасы арыс-танды қолға үйретіп, дегеніне көн дір -ген марқұм Мұрат Өселбаевтың ісін бұл күнде жары мен келін-баласы,

жалғастырып келеді. Тунгалаг Өселбаева үйретілген арыстан-дарымен Астаналық цирктің шымылдығын ашқан еді. Сирек кәсіп әкеден балаға қалып, жалғасын тапты. Мұраттың ұлы Мұхтар – жас аң үйретушілердің бірі.

– Белгілі бір мекемеде бір әулеттің өкілдері еңбек етіп, абыройға бөленуі сирек кездеседі. Бұл бір жағынан кә сіпорынның орнықтылығын білдіреді. Одан бөлек жұмысшыларға жағдай жасалып, олардың әлеуметтік қол дауын да қосуға болады. Ал бұның бәрі отбасындағы бала тәрбиесінде көрініс тауып, олар-дың өмір жолын таңдауда дұрыс шешім жасай ты нына көзіміз жетіп отыр, - деді Рес публикалық мәде-ниет, спорт және ақпарат қыз-меткерлері кәсіп ода ғы ның Астана қалалық филиалының төрайымы Светлана Иманқұлова.

Айгүл УАЙСОВА

екен. Әулеттің тарихына үңілсек, 1934 жылдары ағайынды Зейнелғабиден мен Бейсембай Жапаровтар бірі дис-петчер, бірі жолсерік болып темір жол

бойына жұмысқа орналасады. Содан бері бұл әулеттің көптеген өкілдері машинист, инженер, оператор, кас-сир, тағы басқа осы саланың түрлі

Page 10: 73 (3130) 2014-07-03

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасының «Норма-тивтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемле-кеттік басқару және өзін-өзі басқару тура-лы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап:1) «Техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білімді маман-дар даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсы-рысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі №22-291қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 мамырда №630 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 мамырдағы №53 (2519) «Астана ақшамы», 2010 жылғы 8 маусымдағы №65 (2522) «Вечерняя Аста-на» газеттерінде жарияланған).

2) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даяр-

лаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі №22-291қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусым дағы №22-542қ қаулысының (Норма тивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 маусымда №679 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 шілдедегі №78 (2688) «Астана ақшамы», 2011 жыл ғы 9 шілдедегі №81 (2691) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. «Астана қаласының Білім басқар-масы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шара-ларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

Әкім И. Тасмағамбетов

Жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемей алкоголь өнімдерін сақтаған және сатқан жағдайда лицензияның күшін тоқтатып 120-дан бастап 700 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық көзделген.

Атап айтқанда, осы Заңда мынадай өзгерістер мен толықтырулар көзделген.

Біріншіден, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттардың, мәдени-демалыс ұйымдарының аумағында, сондай-ақ май құю стансаларында сатуға тыйым салынған.

Екіншіден, тыйым салу уақыты 15 сағатқа белгіленген, яғни демалыс және мейрам күндері деп бөлмей кешкі 21.00-ден ба-стап келесі күні күндізгі 12.00-ге дейін ұзартылды. Бұндай өзгерістер күштілігі 30 градустан жоғары спирттік ішімдіктерге ғана қатысты, ал күштілігі 30 градустан төмен алкогольге ты йым бұрынғыдай

қалады. Бұндай шектеу мейрамханаларға, барлар мен дәмханаларға жүрмейді.

Үшіншіден, балабақша мекемелері мен білім беру ұйымдарына 100 метр қашықтықта орналасқан орындарда алкогольді сатуға тыйым салу талаптарын алып тастап, жасы жиырма бірге толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға жауаптылық күшейтілді.

Төртіншіден, есепке алу-бақылау маркасының қорғаныш элементтерін айқындайтын аспаптарсыз алкогольді өнімдерді сақтауға әрі сатуға, яғни, нарық субъектілері мен тұтынушыларына есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалығын өздігінен анықтау құқығын беруге тыйым салынады.

Осы заң көлеңкелі айналымды азайтуға, алкогольді өнімдерді сатуға жауап-тылықты күшейтуге және сату уақытын шектеуге бағытталған.

Астана қаласы бойыншаСалық департаменті

27.06.2014

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы «Дәулет» спорткомбинаты» МКҚК директоры Елжанов Қуандық Ескермесұлының

анасының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасының, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Астана қаласы мәслихатының аппараты»

ММ Астана қаласы мәс ли хаты аппаратының мемлекет-

тік қызметшілері сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес

заңнамасын, «Мем ле кет тік қызмет туралы» Қазақ стан

Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін

хабарлайды: 55-66-35

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы»

КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы,

Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының

2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады.

Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

Page 11: 73 (3130) 2014-07-03

11www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

«Сахнадан

12.00

16.00

19.00

11.00

16.00

19.00

сәлем!»

16.00

19.00

05.07.2014

03.07.2014

04.07.2014

Қ .Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Болат Ұзақовтың айтуынша, 1-6 шілде аралығында өтетін бұл мерекелік шараға 13 театрдан 400 адам қатыспақшы. Олардың арасында Дағыстан Республикасы Ма-хачкала қаласының М.Горький атындағы республикалық Орыс драма театры мен Түркияның Эрзурум қаласының мемлекеттік театры фестивальдің арнайы қонақтары болмақ. Сонымен қатар, астаналық Қуыршақ театры да өз қойылымын көпшілік наза-рына ұсынады. «Қатысушыларды бір ай бойы іріктедік. Қандай спектакльді көрсетуге болатынын алдын ала жіберілген бейнежазба-лар арқылы сараптадық. Ал, келесі жылғы іріктеу жарты жыл бұрын басталатын болады. Талаптары да күшейе түспек» дейді ол. Театр және кино режиссері, жазушы және драматург Егише Геворкян аталмыш фестивальдің елор-да дамуының бір белесі екенін айтып, «мәдениеттер синтезі, өнердің шығармашылық диало-гы – бүгінгі Астананың тынысы болуы тиіс» деген ой білдірді.

«Сахнадан сәлем» атты театр шеруі жаңа шығармашылық дүниелердi көрермен назарына ұсынып қана қоймай, кәсiби мамандар арасында өзара пiкiр алмасып, тәжiрибе бөлісуді көздейді. Сол себепті өнер қайраткерлері үшін бұл шараның маңызы ерекше.

Ф е с т и в а л ь ш ы м ы л д ы ғ ы Қ . Қу а н ы ш б а е в а т ы н д а ғ ы академиялық Қазақ музыкалық драма театрында қойылған «Тіл табысқандар» комедиясымен ашылды. Мар Байжиевтің пье-сасы бойынша Болат Ұзақов сахналаған қойылымда Астана

қаласында тұратын бір ғана зиялы отбасының тағдырын суреттеу арқылы қазіргі қоғамда туындаған өзекті мәселелер көтеріледі. Бас-аяғы бес актер: Олжас Жақыпбек, Ақмарал Танабаева, Жанат Чайкина, Айнұр Бермұхамбетова, Мейрам Қайсанов шығарманың қыр-сырын терең сезіне біліп, образдарын қиналмай, шынайы ойнап шығады. Аты аңғартып т ұ рғанындай, мұндағы кейіпкерлер бір-бірімен тура мағынасында тіл табыса ал-мады. Мұқамбет пен Сүйімқан өмірлерінде бірінші рет Дубайға барып демалмақшы. Алайда, жол-дама саны – екеу ғана. «Қызымызды жалғыз қалай қалдырамыз?» деп амал таппай отырғанда, ойда жоқта ауылдан Мұқамбеттің әпкесі келе қалады. Қызды сол кісіге тапсы-райын десе, Дездемона бір ауыз сөз қазақша білмейді, ал ауылдан келген Болдуқан мүлдем орысша түсінбейді. Осы сәтте көмекке екілік бағаның кесірінен мемлекеттік емтиханға жіберілмеген Асқар атты студент келеді. Тығырықтан шығудың жолы – оны тілмаш ретінде пайдалану. «Түріңнен айналдым»

дегенді «Кружусь вокруг тебя», «Қасықтай қара басыңды» - «Твоя черная голова как ложка» деп ауда-руы көрермендерді күлкіге қарық қылады. Ерекшелігі сол – автор да, режиссер де, актерлер де қоғамда орын алған көңілге кірбің ұялатар қазақ тілінің трагедиялық жағдайын жарасымды әзіл-қалжыңдар арқылы комедияға айналдыра білген. Күліп отырып күйінесің, орыс сөздерінің қазақ тілін жеткізе алмайтындығын естіп, ана тіліміздің байлығына еріксіз сүйсінетінің тағы бар. Сондай-ақ, қалалықтардың ауыл өмірінен алшақтап бара жатқандығы да жақсы ашылған. «Ауылда ыстық су жоқ, ванна жоқ, дәретхана айдалада» деген тұрмыстық стереотипті ақыр аяғында қазақы көңілдің дарқандығы, махаббат жеңеді.

Ұйымдастырушылардың айтуын-ша, осы фестиваль географиясын одан әрі кеңейте түспек. Болашақта шараға қатысатын театр ұжымдары көрермендерге бір тақырып аясында арнайы дайындалған қойылымдарын ұсынуы мүмкін.

Мәдина ЖАҚЫП

Page 12: 73 (3130) 2014-07-03

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп ұлы Абай айтпақшы, қазақ өлеңсіз ешқашан ғұмыр кешкен емес. Жазба мәдениетіміз VII-VIII ғасырлардан бастау ала-тынын дәлелдейтін Күлтегін ескерткішіндегі мына жолдардың өзі өлең емес пе?!

Түнде ұйықтамадым,Күндіз отырмадым,Қара терімді төктімҚызыл қанымды жүгірттім Түркі халқы үшін.ХV ғасырда – Қазақ хандығы

құрылған уақыттан бері қарай Күлтегіннің ерліктерін ұрпақтарға ж е т к і з г е н И о л л ы ғ т е г і н н і ң үрдісін Асан қайғы, Сыпыра, Шалкиіз, Қазтуған, Ақтамберді, Бұқар, т.б. жыраулар, Махам-бет жалғастырды. Осыларды оқысаңыз жырларында елдіктің, ерліктің рухы атойлап, қазақ қамы жеке бастың мүддесінен жоғары тұрады.

Қазақ жырын биікке көтеріп кеткен ХХ ғасыр болды. Осы кезеңде түркілік рухымыздың ө ш п е у і н е М а ғ ж а н н ы ң , Сұлтанмахмұттың, Қасымның, Мұқағалидің, Жұмекеннің, Жұматайдың, Кеңшіліктің жыр-лары септігін тигізді. Ал, ХХІ

ғасыр ақындарының тегеуріні қ а н д а й ? О н ы « М ә ң г і л і к ел» мұратын байрақ еткен» (мүшәйраның екінші орын жүлдегері Абзал Бөкен) ақындар додасынан байқадық.

Жүлдегер ақындар оқыған өлеңдердің арасында асы-лы да жасығы да кездесті . Солтүстіктегі көршімізден үлгі алып жүретініміз бар, ендеше, «төрешімен даулас пайды». Қазылар алқасының мүшесі, Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының төрағасы, мүшәйра ұйымдастырушысы Несіпбек Айтұлы да: «Жүз ой-ланып, мың толғанып шешім шығардық. Кейде бұл шешімнің мүлт кететін тұстары болады. Әркімнің талғамы, танымы бөлек, сондықтан барынша әділ болуға тырыстық» деген еді шараның ашылуында.

Ө з і м і з д і ң т а л ғ а м ы м ы з ғ а салсақ, мүшәйраның үшінші орын жүлдегері, танымал ақын Рафаэль Ниязбектің «Қай ел шықса шындықтың ақ шыңына,

Сол ел мәңгі ел болып қалады» тармақтары жүрегімізге жылы тиді. Тағы бір үшінші орын иегері, жезқазғандық ақын Кенжебай Ахметовтің «Мейірленсе, мұз еріп,Қаһарланса, қар көшкен» деген жолдарынан өлеңге қойылар талап – көркемдік пен ұлтымыздың мінезін байқадық. Екінші орын жүлдегері, қарағандылық Ілияс Мұқаевтың: «Жүгіміз жол-да қалмас болса аман Алаштың аманатқа адал ұлы» дегенінен қазіргі жас ұрпақтың үнін естігендей болдық. Бірінші орын иегері Ақсүйрік Ізмұқанованың балғын жүрегі «Сендей бол-сын барлық Отан, бар ана!» деп толғаныпты. Бас жүлдені тақымына басқан семейлік Арман Шеризатов «Сайыпқыран» өлеңін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнапты. Оның

...Жеңіп шығып ақыретті, азап-ты,

Ж е ң і п ш ы ғ ы п қ а с і р е т т і , тозақты,

Самғап бара жатты қыран аспанда,

Қ а н а т ы н а қ о н д ы р ы п а п қазақты!.. деп аяқталатын осы өлеңі әсерлі шықты.

Марапаттау рәсімінің кезі кел-генде Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешовтің: «Ақындарға ұраннан гөрі тереңдікті тілер едік» деген сөзіне талайлар қосылады деп ойлаймыз. Қазылар алқасының төрағасы, академик Сейіт Қасқабасовтың мәліметінше, Ақмола Астана атанған кез-де осындағы қазақтардың саны 17 пайыз ғана болатын. Қазірде елордада тұратын қандастарымыз 72 пайыздан асқанын естіген ол осыған қуанатынын жеткізді. «Мәңгілік елдің бастауы осы! Аста-наны Алматыдан, жер жәннаты Жетісудан Арқаға көшіргендегі мақсат қазақтарды осында әкелу еді. Мектеп оқушыларынан бас-тап, мемлекет басшыларына дейінгі әрқайсымыз Мәңгілік елді жасауға ұмтылуымыз керек» деді Сейіт Асқарұлы. Ендеше, осыған тоқтаймыз.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ