82 (3139) 2014-07-26

12
ǭزǫʵǪǬǷ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 82 ÒÆμ 26 Ù¼ÌÅÆ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +19°..+21° +13°.. +15° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ĞÂÒ ½°¸¼Á ½ÅÂÒ ÃĞÇ·ÈÒ ĝðÉÁ¼Ç ¸·Ě ÈÒÄ·Ç ÈĘÉ ÉÊ»Ò ʫˬ˯˲˞˘˞˘ ˙ˬ ˪ˮ˞˟ ೪˘˙ˬ˞˘˶ ˪˯˭ˤ˳˳ˤˬ˘˲ ˣ ˢ˭˳ˮ ˙˘˳˵˘˞ ʮ˯೦˘˲ ˯೪˶ ˯˲ˮ˞˘˲Ͳ ˮ˘ ˵˳˶˛˟ ˮˤ˟˵˵˧ ˘˙ˤ˵˶˲ˤ˟ˮ˵˵˟˲ ˟ˬ˧˭˧ˣ˞˧೮ ˵˲ˬ˧ ˘˥˭˘೪˵˘˲ˮ˘ˮ ˪˟ˬ˶˞˟ Дүйсенбі, 28 шілде күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Халида ШАРИПОВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына хабарласуға болады. 12 ˘˞˧˲ˬ˧ ˭˳ˬ˭˘ˮ ˙˘˶˲ˬ˘˲ ʤ˥ˬ˘˲˞೮ ˳ˬ˵˘ˮ ഉ˲˧ ˪ˬˬ˧ ˭˳ˬ˭˘ˮ ˙˘ˬ˘˳ ˾˧ˮ ೪˘˳ˤ˟˵˵˧ ˀ˘˭˘ˣ˘ˮ ˘˥˭˟ˮ ೪ˤ˭˘˥ ೪˯˾˵˘˳˘˵ˮ ˪ˮ ˞˟ ˵˘˱ ೪˘ˬ˞ ʫˬ˧˭˧ˣ˞˟˛˧ ˙˘˲˾˘ ÒÔÄËÄ ÄÍÖ ĩįÖÖß ÅÒÏÕßÑ ˭˳ˬ˭˘ˮ ೪˘˶˭ ˾˧ˬ˧೮˛˧˲ ˾˧ˬ˞˟ˮ˧೮ ˳˵೦ˮ˘ ೪˘˲˘˭˘˳˵˘ˮ ˱˘˲ˣ ˙˯ˬ೦˘ˮ ˯˲˘ˣ˘˳ˮ ˳˵˘˱ ˵ˮ˧ˮ ˵˘೦˘˵Ͳ೪ˬ˾ˬ೪˱˟ˮ ˵˪˧ˣ˞˧ ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және ҚазГЗУ-де орналасқан қабылдау комиссияларын- да жұмыс қызу жүріп жатыр. Құжаттарды қабылдау шілде айының соңына дейін жүргізілетін болса да, бірінші күннен-ақ келген абитуриенттердің саны көп болды. Комиссия мүшелерінің атап өтуінше, алғашқы күндердің қорытындысы бой- ынша биыл түлектер экономикалық, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық мамандықтарына көп қызығушылық танытып отыр, сондай-ақ, техникалық мамандықтарға түскісі келетіндер де аз емес. Бұған дейін хабарланғанындай, білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін кем дегенде 50 балл және Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін кемінде 70 балл, соның ішінде бейіндік пән бойынша 7, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жи- нау қажет. Гранттар ҰБТ мен АКТ сертификаттарының баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жүргізіледі, ал нәтижелер 15 тамызға дейін белгілі болады. Білім беру гранттарын иеленген түлектердің тізімі университеттер- де және мемлекеттік БАҚ-тарда жа- рияланады. Ақылы негізде оқитын абитуриенттердің құжаттары 10- 25 тамыз аралығында қабылданады. Жұма ҚАЗИЕВ 7

Upload: -

Post on 01-Apr-2016

233 views

Category:

Documents


1 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №82 (3139) 26 шілде 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 82 (3139) 2014-07-26

82 26

+19°..+21°+13°.. +15°

Дүйсенбі, 28 шілде күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Халида ШАРИПОВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.

Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына хабарласуға болады.

12

Л . Гу м и л е в ат ы н д а ғ ы Еу раз и я ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және ҚазГЗУ-де орналасқан қабылдау комиссияларын-да жұмыс қызу жүріп жатыр.

Құ ж а т т а рд ы қ а б ы л д а у ш і л д е айының соңына дейін жүргізілетін болса да, бірінші күннен-ақ келген абитуриенттердің саны көп болды. Комиссия мүшелерінің атап өтуінше, алғашқы күндердің қорытындысы бой-ынша биыл түлектер экономикалық, х а л ы қ а р а л ы қ қ а т ы н а с т а р , халықаралық құқық мамандықтарына

к ө п қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ т а н ы т ы п о т ы р, с о н д а й - а қ , т е х н и к а л ы қ мамандықтарға түскісі келетіндер де аз емес.

Бұған дейін хабарланғанындай, білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін кем дегенде 50 балл және Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін кемінде 70 балл, соның ішінде бейіндік пән бойынша 7, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жи-нау қажет. Гранттар ҰБТ мен АКТ сертификаттарының баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жүргізіледі, ал нәтижелер 15 тамызға дейін белгілі болады. Білім беру гранттарын иеленген түлектердің тізімі университеттер-де және мемлекеттік БАҚ-тарда жа-рияланады. Ақылы негізде оқитын абитуриенттердің құжаттары 10-25 тамыз аралығында қабылданады.

Жұма ҚАЗИЕВ

7

Page 2: 82 (3139) 2014-07-26

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Жаз жай-натып, күн күлдіріп...» атты флеш-акция өтті.

Тәуелсіздік сарайында елордалықтар Б.Әлібайдың «Ата өнері – ұрпаққа мұра» көрмесін там-шалайды. Басталуы: сағат 10.00-де

«Көрме» орталығында «Көңілді кездесулер» кеші ұйымдас-тырылады. Басталуы: сағат 17.00-де

Биыл алғашқы алты айда елорданың орта және ірі өнеркәсіп

кәсіпорындарында 94,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Бұл туралы ҚР Президенті жа-нындағы Орталық коммуникация-лар қызметінің брифингінде Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті. «Тиісті 50 балды 56 017 талапкер игере алмады, егер шығармашылық емтихан тапсырған талапкерлерді ескерсек, шектік деңгейге 47 759 адам жете алмады. Ал, 9 абиту-риент ең жоғары 100 балл жинады», деді ол. Вице-министрдің айтуынша, тестілеуден соң аппеляцияға 27 шағым түскен. Оның 24-і кері қайтарылып, үшеуі қанағаттандырылды. Оның үстіне 46 мың дана тыйым салынған

заттар – калькулятор, шпаргалкалар тәркіленген.

Брифинг барысында талапкерлер асыға күткен білім гранттарының да саны белгілі болды. 23 шілдеден бастап 30 шіл-деге дейін мемлекеттік білім грантта-рына өтініштер қабылдау жүргізілуде. Биылғы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 34 165, күндізгі оқыту нысаны бо йынша 31 135 және қысқаша оқыту бо йынша 500, дайындық бөліміне 2530 грант бөлініп отыр. 12 мың грант техни-ка лық мамандықтардың, 5 мың 864-і гу манитарлық ғылымдардың еншісінде.

Еркежан СӘТІМБЕК

Есеп беру жиналыстарында пәтер иелері жөндеу жұмыс-тарының көлемін анықтап, мақсатты қаражат жинауды ұйымдастырды. Осылайша, дайындық барысында 43 үйдің төбе жабындысы жаңғыртылды. Отыз жеті үйдің жылумен қамту жүйелері және 12 үйде жылу алмастыру қондырғылары ауыстырылды. Сондай-ақ, 140 кіреберіске жөндеу жүргізіліп, 80 үйдің су және кәріз құбырлары, 60 үйдің электр жүйелері жаңартылды.

Бұдан басқа, қысқа дайындық жұмыстары аясында 140 кіреберіс жөнделді, 35 тұрғын үйде су енгізу құбырлары ауыстырылды, 31 үйде су есептеу құралдары, сондай-ақ, 245 тұрғын үйде жалпыға ортақ жылу есептеу құралдары орнатылды.

Қысқа дайындық жұмыстары ауданның әлеуметтік нысан-дарында да жүргізілуде.

Бүгінде 16 денсаулық сақтау мекемесінің 12-сі, 65 білім беру мекемесінің 58-і және 4 мәдиниет нысанының біреуі дайындық жұмыстарын аяқтады.

Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады және 1 қыркүйекке дейін толығымен аяқталмақ.

Сағи ОРАЛ

Ж а с т а р с а я с а т ы мәселелері бас қар ма-с ы н ы ң қол д ау ы м е н қалалық Студенттік құ-рылыс және жастардың еңбек жасақтары шта-бы ұйымдастырған бұл шара тазалықты наси-хаттап, қысы-жазы ұйыт -қыған желден қалқа боп қаламызды көмкеріп тұратын жасыл белдеуді көздің қарашығындай сақтап, күтіп-баптау ниетінен т у ған. Ак-

цияға қатысушы жас-тар «Астана орманы» ЖШС-ны көмегімен енді ғана та мыр ланған ағаштар маңын арам-шөптен, қоқыстан та-зартып, орман шаруа-шылығының адам өмі-ріндегі маңызы туралы дәрістер тыңдады.

Сондай-ақ, олар таби-ғат аясында түстеніп, көк шалғын үстінде фут-бол ойнап, бой жазды.

Мәдина ЖАҚЫП

1-31

Page 3: 82 (3139) 2014-07-26

www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

3

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

Л а р н а к а д а ғ ы « А н т о н и с Пападопулос » с тад ионында өткен кездесуде елордалық ко-манда алаң иелері болып сана-латын «Хапоэль» клу бының футболшыларынан 1:0 ұтылып қа лса да , а лғашқы ойынның қорытындысын қоса есептегенде 3:1 есебімен келесі кезеңге өтті.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады.

Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша:

1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2. ірі кәсіпкерлік субъектісі;және мынадай номинациялар бойынша

беріледі:1 . « Ү з д і к ә л е у м е т т і к ж а у а п т ы

кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персо-налын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даяр-

лау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердің

еңбек ету барысында денсаулығын сақтау әрекеті қаралады.

3.«Үздік ұжымдық шарт». Бұл но-минацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 21-29-88(Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы), 55-54-80 (Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы) және 22-65-95 (Астана қаласы Экология департаменті) телефондары арқылы алуға болады.

Әдетте мұндай күмәнді әрекеттерге әрқилы қитұрқы жолдарды пайдалана отырып, салықтан жалтару арқылы мемле-кетке зиян келтіретін, сөйтіп көлеңкелі эко-номиканы «гүлдендіретін» сенімсіздеу салық төлеушілер, ұшарын жел, қонарын сай білетін тұрақсыз кәсіпорындар бара-ды. Ресми деректерге сенсек, Астанаға басқа жақтан келген кәсіпорындардың 61 пайызы осындай көпқабатты тұрғын үй кешендерін жағалайды.

Ал, өз кезегінде пәтер иелері азын-аулақ қолүздікке бола тұрғылықты жерлеріне жалған тіркелуге келісім беру арқылы теріс ниетті салықтөлеушінің сыбайласы болып шыға келгенін байқамай қалады.

Салық департаменті мұндай алаяқтыққа тосқауыл қою үшін коммуналдық қызмет көрсетушілерге ақыны коммерциялық мекеме есебінде өндіріп алу мақсатында әлгіндей пәтер иелерінің тізімін жөнелтіп отырады. Яғни, мұндай пәтерлерді коммуналдық қызмет мекемелері, ПИК бизнес нысаны ретінде қарастырып, ай сайынғы жылу, жарық, ыстық және суық су сияқты коммуналдық қызмет төлемдеріне еселетіп шот қоюға толықтай қақылары бар.

Сол себепті, Салық департаменті іс насырға шауып, кейін материалдық, заңдық зардабын тартпас үшін азамат-тарды өз мекенжайларына заңи тұлғаны тіркеуден аулақ болуды қатаң ескертеді.

Арман ӘУБӘКІРОВ

Б і р і н ш і т а й м д а гол с о ғ а алмаған қарсыластар ойынның екінші бөлімінде де аса белсе-не қоймады. Дегенмен 58-ми-ну тта Лукас Аффини төреші белгілеген 11 метрліктен мүлт кетпей, израильдіктерді алға шығарды. Осыдан кейін кезек-кезек шабуылдардан еш нәтиже шықпай, 90 минут біткенше есеп өзгеріссіз қалды.

Ке й і н б е л г і л і б ол ға н д а й , «Астананың» келесі қарсыласы – Солтүстік Ирландияның Бел-фаст қаласына тиесілі « Лин-ф и л ь д » ко м а н д а с ы н жол д а қалдырған (2:0, 0:1) швециялық «АИК».

« А И К » р е с м и т ү р д е Сток гольм қа л асында сонау 19 ғасырдың аяқ жағында, яғни 1891 жылы құрылған клуб бо-лып саналады. Қазіргі уақытта

ол ар Швецияның ең мықт ы ұжымдарының бірі екені дау-с ы з . О с ы ғ а н д е й і н У Е Ф А аясындағы турнирлердің топтық кезеңіне бірнеше рет өт кен команданың сапында Коста-Рика құрамасының ойыншысы Сельсо Борхес өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, қазақстандық басқа да клубтар еуротурнир жолында қарымта кездесулерін өткізді. Алғашқы ойынды сырт алаңда 1:0 есебімен өз пайдасы-на шешкен «Ақтөбе» Тблиси қаласынан келген «Динамоны» тас-талқан етсе, Литвада тең ойнаған қарағандылық «Шах-тер» да Клайпеда қаласынан келген «Аталантасты» аямады. Қазақстандық қос команда осы-лайша қарсыластарына жауап-сыз үш гол соғып, УЕФА чемпи-ондар лигасының және Еуропа

лигасының үшінші кезеңіне өтіп отыр. Тек алматылық «Қайрат» қана даниялық «Эсбьерг» ко-мандасына жол беріп, жарысты жарты жолдан аяқтады. Жалпы есеп – 1:2. Бірақ соңғы жыл-дары Қазақстан фу тболында ілгерілеу бар екенін байқап та,

байқатып та жүрміз. Отандық клубтардың биылғы қарқынына қарап отырып, бұлардың бәрін қарағандылық «Шахтердың» былтырғы жетістігінің заңды жалғасы деп түсінуге болатын-дай.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 4: 82 (3139) 2014-07-26

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Әділбек Жақсыбеков еліміздің тәуелсіздік алып, дербес мем ле-кетіміз құрыла бастаған қиын тұ-сында жаңа экономикалық қаты-насты игеруге батыл кіріскен са-наулы кәсіпкерлердің қатарынан. Мәскеудегі Бүкілодақтық мем ле-кеттік кинематография инс ти-тутының экономика факультетін бітірді. Алайда, жаңа заманның талабын тез ұғынды ма екен, 1987 жылы Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтының қайта даярлауынан өтті. Қат-қабат шаруаға бел шеше кірісіп кеткен жас кәсіпкер таңдаған мамандығына қарай ғылыми жұмыспен де ай-

Өмірдерек

Міне, дәл осы тұста жаңа елорадаға аса жауапты, аса іскер басшы ке-рек болғаны сөзсіз еді. Қай істі болсын асқан көрегенділікпен, терең талғампаздықпен шешетін Нұрсұлтан Әбішұлының осы жолғы таңдауы Жақсыбековке түсті. Сөйтіп 1997 жылдың 10 желтоқсанында Әділбек Рыскел-діұлы Жақсыбеков Мемлекет бас-шысының Жарлығымен жаңа ас-танамыздың әкімі болып тағайын-далды. Елдікті көксеген ер азамат үшін бұдан артық жауапкершілік болуы мүмкін бе?! Осы орайда, кезінде қала әкімінің баспасөз хат-шысы болған, танымал публи-

жұмыс барысында дұрыс пайдалана білетіндігін сан мәрте дәлелдеген азамат» деп ағынан жарылады әріптес ағамыз.

Әділбек Жақсыбеков әкім болған кездегі куә болған мына бір оқиға да ойымызда әлі жаңғырып тұрғандай. Астана қаласының алғашқы тұсау -кесеріне орай өткізілген бас пасөз мәслихатына қатысқан шетелдік журналистің бірі оған «Қазақ-станның жаңа елордасы Астана қаласында ауызсудың сапасы

қаласының құрметті азаматы» атағын алғашқылардың бірі болып иеленген атпал азаматтың қарымды да қайырымды істері жайында әлі күнге дейін ел аузында жылы лебіздер айтылады.

Елордамыздың алғашқы қазы-ғын қадауға қатысып, Астана қала-сының негізін қалаушы Елбасы-мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа қаланы салудағы идеяларын жүзеге асыруға қомақты үлес қосқан Әділбек Жақсыбеков 2003 жылы маусым айында ҚР Индустрия және сауда министрі қызметіне ауысты. Одан кейін Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті.

Мемлекет басшысы жүктеген қай жұмысты болсын мұқият орын-дай білетін Ә.Жақсыбеков басқа да мем лекеттік маңызды жоғары лауазымды қызметтерді атқарды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республи-ка сының Мемлекеттік хатшысы қызметін абыроймен атқарып жүрген Әділбек Рыскелдіұлы Жақ-сы беков асқаралы жасты бағын-дырып, кемел шағына келіп отыр.

Ел мүддесі үшін аянбайтын аза-маттың еңбегі еленіп, жұрты ның құрметіне бөленіп жатса, кімге бол-сын, бұдан асқан абырой бола ма?! Осы орайда, біздің ойымызша қазақ елінің жаңа Астанасының тұңғыш әкімі болған Әділбек Жақсыбеков нағыз абыройы асқақтаған азамат. Асқақтай беріңіз!

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

нашар деген сөз рас па?» деген сұрақ қойды. Сонда Әділбек Рыс-келдіұлы «Сіздің бұл сөзді қайдан естігеніңізді білмеймін, бірақ мен үшін осы қаланың суы – ең тәтті су...» деп жауап берді. ... Біз болсақ «Туған елдің, туған жердің па-триоты деген осындай болар» десіп, марқайып қалдық. Шыны-мен солай емес пе?! Астананың тұңғыш әкіміне қатысты мұндай жайларды дәйектеп түгендей бер-сек, ұзын-сонар әңгімеге жалғаса бермек. Олай дейтініміз «Астана

налысып, нәтижесінде эконо-мика ғы лымдарының кандида-ты атанды. 1988-1995 жылдар аралығында «Цесна» көп салалы кор порациясын басқарып, отан-дық өндірісті ұйымдастырудың өнегесін көрсете білді. Корпорация құрамындағы кәсіпорындардың түрлі өнімдері мен көрсеткен қызметі тұтынушының игілігіне айнала берді. Берекелі іске бас бо лып жүрген азаматты Ақмола тұр ғындары 1995 жылы Қазақстан Республикасының Парламент Сенатына депутат етіп сайлады. Еліміз енді егемендігін алған, алайда, Кеңес одағы кезіндегі әлеу мет тік-экономика лық жағдай құлдырап түскен тұста күнкөрістің жаңа тәсілін игеру-ге, яғни бизнес жүргізу арқылы отандық экономиканы дамытуға қалай үлес қосудың жолын тапқан Жақсыбековтің жігер-қайраты еленбей қалуы мүмкін емес еді. Бұған қоса Парламент қа бырғасындағы белсенді пози-циясы да айқын байқала бас тады. Көп ұзамай-ақ нақтылап айтқанда 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалады. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел астана-сын Алматыдан Ақмолаға көшіру ба-стамасын көтеруімен тұспа-тұс кел-ген кезең болатын. Елбасымыздың осы бір тарихи идеясы көп ұзамай жүзеге асты, ақиқатқа айналды.

цист Сәдібек Түгелдің мына бір естелігін келтіргенді жөн сана-дым: «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кадр саясатындағы үлкен жетістіктерінің бірі – Ақмола қаласына Әділбек Жақсыбековті әкім етіп тағайындауы еді. Бұл – бір менің ғана пікірім емес, Арқа өңі ріндегі ағайынның аузында жүр ген әңгіме. Жаңа астанамен бір ге жасасып келе жатқан жұрт шы-лықтың көзбен көріп, ойға түйген шынайы шындығының өзі осы бо-

ларына еш күмән келтіре алмай сың! Шынтуайтында, Әділбек Рыскел-діұлының қала басшылығына таға-йын далуымен бас шаһарға соны өзгеріс, жаңа леп келгендей болды. Ең басты ерекшелігі – Елбасы тапсырмаларын мүлтіксіз орын-дап, сенімнен шыға білуінде жатса керек қой. Әрдайым ізденіс үстінде жүретін Әдекең – жылт еткен жа-ңалыққа жаны құмар. Мүлдем жаңаша ойлайтын ұрпақтың өкілі. Туған қаласының ой-шұқырын бес саусақтай жатқа біліп, соны

Page 5: 82 (3139) 2014-07-26

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қаласында үкіметтік емес ұйымдар арқылы қоғамдық жұмысты жандандыру жақсы жолға қойылған. Түрлі бағытта и г і ш а р а л а р ұ й ы м д а с т ы р ы п ,

қоғамға пайдалы істерімен көрініп жүрген ұйымдардың бірі – Астана қаласындағы «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі. Бүгінде жауын-гер-интернационалист Серік Кенже-беков басқаратын ұйым жыл басы-нан бері Астана қаласы Ішкі саясат басқармасымен алдын ала келісіліп жасалған іс-шаралар жоспары бойын-ша жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Биыл ТМД елдерінде Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толды. Міне, осы датаға орай қалалық ұйым бірқатар ша-ралар өткізді. Қала мектептері мен жоғары оқу орындарында «Ерлік сабақтары», Ұлы Отан соғысы майдангерлерімен кездесулер, мүгедек қаруластар мен Ауғанстанда қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына қолдау көрсету акцияла-ры ұйымдастырылды. Жастар мен балалар арасында отандық патри-отизм мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында оқушылар арасында футбол жарысы, қол жекпе-жегі сайысы, қала маңындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандармен өткізген спорт шара-сы тәрбие мен қайырымдылықтың өнегесі іспетті болды. Ал, жыл сай-ын ұйымдастырылатын жауынгер-интернационалист Қазбек Абдрах-манов есімін еске алуға арналған шағын-футбол турниріне биыл да

қаладан тыс аймақтардан коман-далар қатысты. Ардагерлер мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға және жауынгер мәртебесін көтеруге б а ғ ы т т а л ы п ө т к і з і л е т і н а й -тулы жарыс биыл 13-ші рет өз жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Целиноград қаласында туып-өскен, Ауғанстан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «За боевые заслуги» медалімен марапатталған Қазбек Абдрахманов институтта оқып жүріп, қалада алғашқылардың бірі болып әскери-патриоттық клуб құрып, студент жастар мен мектеп оқушыларын спортқа және отандық патриотизмге баули бастаған бола-тын. Кейіннен Ауғанстан соғысында қаза болған жауынгерлердің ата-аналарын және соғыс зардабы-нан мүгедек болып қалған май-дандастарын қолдау жөніндегі қоғамдық қор ұйымдастырды. Өкінішке қарай, ауыр сырқатынан айыға алмай өмірден ерте озған еді. Дегенмен, оның ізгі ниетті көздеген істерін, яғни қордың жұмысын оның майдандас достары жалғастырып келеді. Ал жыл сайын өтіп келе жатқан дәстүрлі жарыс Қазбек Үкібайұлының қайсарлығы мен қайырымдылығына берілген құрметтің белгісі болса керек. Биылғы жарыста бірінші орынды

Степногорск қаласының Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымының ко-мандасы жеңіп алса, екінші орын-ды Асхат Тұрсынбеков бастаған «Әлім» командасы иеленді. Ал үшінші орынды офицер Ма-рат Кусельбаев бастаған «Жас Ұлан» республикалық мектебі мен Нұрлан Ахметов бастаған астаналық «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» бөлісті.

Иван ПРОНИН, Степно-

горск қалалық Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы командасының жетекшісі, жауынгер-интернаци-оналист:

- Астанада жыл сайын өтетін бұл жарысқа аса қызығушылықпен қатысамыз. Майдандас достармен кездесеміз. Балаларды жарысқа қосамыз. Осындай шаралар арқылы

жас ұрпақ жауынгердің, яғни Отан қ о р ғ а у ш ы н ы ң қ а д і р - қ а с и е т і н ұғынатын болады деп ойлаймын. Майдандас досымыздың атындағы жарысты өткізуге қолдау көрсететін Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына, « Н ұ р О т а н » п а р т и я с ы н ы ң астаналық филиалына және өзіміздің жауынгер-интернационалистерге ризалығымызды білдіреміз. Ал біздің команда жеңімпаз атанды. Бұл – үлкен қуаныш.

Серік КЕНЖЕБЕКОВ, Аста-на қаласы «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Біздің ұйымның ең басты мақсаты Ауғанстан соғысына қатысып келген азаматтарға, сонымен қатар сол соғыста қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына, отбасыларына ру-

хани әрі әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Бұл орайда, біз өз тарапымыздан қолымыздан кел-генше көмек көрсетіп келеміз. Со-нымен қатар, жастар мен балаларды отандық патриотизмге тәрбиелеу, қалада өтіп тұратын қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени шараларға белсенділікпен қатысу да ұйымның негізгі бағыт-бағдары болып са-налады. Жалпы айтқанда, туған ел мен жерді қорғай білген ата-бабаларымыздың ерліктері бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге болуы керек. Біз осы орайда қалалық әкімдікпен, республикалық мекеме-лермен, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргіземіз. Әрине, пробле-малар да жоқ емес. Бірақ, біз қай мәселені болса да бірлесіп шешуге ұмтыламыз.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Менің атам Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер болған. Ал, әкем Ауғанстанда әскери міндетін атқарып келген. Әкемнің майдан-дас достары жылына екі-үш рет біздің үйге

ОФИЦЕР БОЛУ – АРМАНЫМкеледі. Кеуделерінде орден-медальдары тізілген ағайларға қарап, «Өскенде мен де әскерге барып, Отаным үшін қызмет етсем ғой...» деп қиялдап қоямын. Бірақ, мен осы мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Қазірден бастап Астанадағы «Жас Ұлан» мектебіне оқуға түсуге дайында-лып жүрмін. Осы орайда, Ауғанстан соғысына қатысып келген әкем мен оның достары маған жақсы қолдау беріп жүр. Олар оқуға түсу үшін

қандай талаптар болатынын, менің қаншалықты дайын болуым жөнінде біліп әрі кеңестерін беріп тұрады. Өзім қазір мектептегі спорттық-патриоттық шараларға тұрақты қатысамын. Әскер тақырыбындағы хабарлар мен киноларды жиі көремін. Осылайша өзімді өзім шыңдап, қайтсем де Қазақстан Қарулы күштерінің офицері боламын деп қайрап жүремін. Өйткені, еліміздің әскеріне мемлекет тарапынан өте

жақсы қолдау берілетінін білемін. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда офицерлер мен жауынгерлерімізді көтермелейді.

Түйіндеп айтсам, Қазақстан әскерінің офицері болу үлкен мәртебелі мамандық деп білемін. Туған елдің қорғаны болу нағыз ер жігіттің міндеті болып саналады. Сондықтан да мен осындай қасиетті мамандықтың иегері болғым келеді.

Жәнібек МӘЖИТ,Астана қаласы

№37 орта мектептің оқушысы

Page 6: 82 (3139) 2014-07-26

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Көшеде сағыз шайнап жүргендерге 400 доллар, қоғамдық орында дәретханаға отырған соң, суды ағызбаған адамға 500 доллар айыппұл салынады. Егер, айыппұлмен түзелмей, тағы да үш рет қоқыс тастаған адам, заң бойынша мойнына «Мен қоқыс тастағышпын» деген жазуды іліп жүріп, көшені тазалайды, жуады және оны жергілікті теле-арналардан көрсетіп, масқарасын шығарады.

Заң бойынша ұлттық ақшаны, тиынды басуға болмайды. Өйткені, онда патшаларының суреті басылған. Бұл заң талаптарын көбіне сырттан келген туристер бұзады екен. Сонымен қатар, көліктің тізгініне кеудеңізді жалаңаштап отырсаңыз да (жейде, футболка т.б. кимей) айыппұл төлеткізеді.

Эболи деген қаланың көшесінде немесе көліктің ішінде сүйіскендерге 500 евро айыппұл салынады. Тауардың түпнұсқасының көшірмесін жасаған адам 10000 евроға дейін айыппұл төлейді. Ал, Форте-деи-Марми курорт қаласында тынығу уақытында туристердің мазасын алмау үшін мото-шөпшапқышты қосқандарға да айыппұл салады.

Егер велосипед мінген азамат жүргіншілерге арналған тротуармен жүрсе, 100 евро айыппұл төлейді. Көшеде тоқтаған көлік жүргізушісі автокөлігінің моторын 3 минуттан астам сөндірмей, оталдырып тұрса, оған 120 евро айыппұл салынады.

Германия автобандарында автокөліктерге жанармайы таусылып қалса да тоқтауға болмайды. Мұндай жағдайда 100 евро айыппұл салынады. Бұл – үлкен жолдардағы кептелістің алдын алуы үшін жасалған шара.

Адамның денесінде екі сантиметрден асатын та-туировка болса, әскерге алынбайды. Суға батып бара жатқан адамның өмірін құтқаруға рұқсат етілмейді. Бұл біреудің тағдырына араласып, кедергі келтіру деп танылып, жауапқа тартылады.

14 жастан асқан ер адамдардың қалтасында міндетті түрде мүшеқап (презерватив) болуы керек. Керісінше жағдайда, айыппұл салынып, жауапқа тартылады.

2009 жылдан бастап толық адамдарды заң бойынша жауапқа тартады. Бұл елде ер адамның белі 80 см-ден, әйелдердікі 90 см-ден аспауы керек.

Көпқабатты үйлерде түнгі сағат 10.00 кейін дәретхана суын ағызуға болмайды. Ал егер дәретханаға барсаңыз, су ағызуды таң атқанға дейін күту керек.

Маңдайшалардағы барлық жазулар француз тілінде жазылуы керек. Егер фирманың иесі ағылшынша жазғысы келсе, ағылшын әрпі француз әрпінен екі есе кіші болуы тиіс. Басқа тілде жазу заңға қайшы.

Джорджида штатында 2010 жылдан бері көшеде киіп жүрген юбка немесе шалбардың белбеуінің өлшемі мықыннан 3 см төмен болса 25 доллар айыппұл төлеткізеді. Миннесотеде автокөлігіңіздің дөңгелегі таза болмаса, 2000 долларға дейін айыппұл салады. Нью-Джерси штатының Форт-Ли қаласында ұялы телефоныңызбен көлікте ғана емес, жаяу жүргіншілерге де смс-пен хат жазысуға болмайды, айыппұл - 85 доллар. Ма-рикопа-Кауниде жанұяңызда алты қыздан асса, бір шаңырақ астында тұруға болмайды. Лос-Анджелесте бақаны сипалап, сүюге болмайтыны туралы арнаулы заң шыққан. Флоридада ғимараттар мен үйлердің сыртқы есіктері сыртқа қарай ашы-луы керек. Ішке қарай ашылса, айыппұл төлейсіз. Кентуккиде заң бойынша қанша арақ-шарап ішсе де, аяғынан тік тұрса мас деп саналмайды. Кресскилде әр адам мысығының мойынына үш кішкентай қоңырау тағып қоюға міндетті. Нью-Йоркте дүкендерде немесе басқа жерлерде манекенді жалаңаш қоюға болмайды. Аризонада кактус кескендер 25 жылға дейін түрмеге тоғытылады. Гавайи штатында қоғамдық жерлер мен көшелерде жарнама плакаттарын ілу заңға қайшы.

Жол апатына әкеліп соғатын басты себеп – жүргізушілердің мас күйінде көлікке отыруы. Астана қаласы Ішкі істер депар-таменті Әкімшілік-полиция басқармасының аға инспек-торы Бақытжан Алтыбаевтың айт уынша, 2013 жылы мас жүргізушілердің кесірінен 583 жол апаты тіркеліпті. Соның салдарынан 106 адам қаза та-уып, 867 адам жарақат алған. Осы статистикалық көрсеткішті төмендету мақсатында Әкімшілік-полиция басқармасы бүгінде шама-шарқынша түрлі шаралар-ды қолға алып келеді. Мәселен, таяуда ғана «Біз қауіпсіз жолды таңдаймыз!» атты акция өткізді. Шара барысында полицейлер апатқа ұшыраған көліктерді қала көшелерімен алып өтті. Бас ты мақсаты мас күйінде көлік жүргізудің салдары қандай болатындығын қала жұртшылығына түсіндіру болатын. Ақция барысын-да жас жол сақшылары көлік жү ргізу шілеріне сақтыққа үндейтін арнайы парақшалар таратты.

Мамандардың айт уынша, жол апатына көп жағдайда көлік жүр гізгеніне 1 жыл болған жүр-гізушілер немесе 20 жылдан астам тәжірибесі бар жүргізушілер себепкер болады екен. Темір тұл-парды жақында тізгіндегендер қысылтаяң шақтарда сасқалақтап қалады. Ал 20 жылдан астам тә-жірибесі барлар өздеріне сеніп, асығыс сәттерде жолдан тез өтіп кетем деп осындай оқыс жағдайға ұшырайды.

Жол полициясы комитеті ма ман дарының айтуынша, әр-бір жетінші жол апаты рес пуб-ликалық және халық аралық ма ңызы бар жолдарда тіркелген. Автомобиль апатына көбінесе, жол сапасының нашарлығы се-

беп деп санайтындар да жиі кез-деседі. Мұнымен келісуге тура келеді. Мәселен, Қазақстан жол сапасы жөнінен әлемде 140 елдің ішінде 117-ші орында екен. Бұл тізімде Ресей 136, Қырғызстан 139-орынға табан тіресе, жолы тақтайдай тегіс елдердің көшін Франция бас тап тұр. Еліміздегі жолдардың 33 пайызының сапа-сы өте нашар екенін Көлік және коммуникация министрлігі өкіл-дері де растайды.

Қазіргі күні ел аумағы бойынша жол апаты жиі тіркелетін он алты қауіпті аймақ та анықталыпты. Бүгінге дейінгі апаттың 30 пайыз-дан астамы осы жолдарда тіркел-ген. Оның ұзындығы рес публика тас жолының 7 пайызына тең екен. Бір ғана мысал, біздегі «Астана –

Теміртау» бағы тындағы тас жол өткен ғасырдың 70-ші жыл да-рында салынған. Ол кезде бұл жолмен қазіргідей тәулігіне 3 жарым мың көлік жүріп өтетіндігі ес керілген жоқ, әрине. Қазір бұл жол өз мүмкіндігінен артық жүк-темемен жұмыс істейді. Міне, осы лайша, жол сапасының уақыт өлше міне сай келмеуі де жол-көлік оқи ғаларының көбеюі не себеп болады.

Талдаудың екінші жағы жол апатының жиілеуіне автокөліктер санының артуы теріс ықпал ете-тінін көрсетіп отыр. Егер 2007 жылы еліміздегі автокөлік саны 2 млн 671 мың болса, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 4 миллионнан асып кеткен.

Естеріңізде болса, өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген оты-рысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жол көлік оқиғасы мен кісі өліміне себепші болған жүргізушілерге жазаны қатаңдатуды тапсырған еді. Аз уақыт бұрын халық қалаулылары мас күйінде көлік жүргізгендерді 15 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру керек деген ұсыныс жасады. «Жол жүру ережелері туралы» заң жо-басындағы мұндай түзетулер бір ауыздан мақұлданды.

Осылайша, көлікті мас күйінде жүргізген адам бірінші рет ұсталса, оны 3 жылға дейін көлік жүргізе алмайды. Бұл жағдай екінші рет қайталанса, ол 6 жылға көлік жүргізу құқығынан айыры-

лады және 15 тәулікке қамауға алы-нады. Ал үшінші рет қайталанған жағдайда осы азамат 10 жылға көлік жүргізу куәлігінен айыры-лады және 30 тәулікке қамауға алынады.

Сондай-ақ, көлік жылдам дығын белгіленген жылдам дықтан 40 шақырымға дейін арттыр ған-дарды жүргізу куәлігінен айыру жазасын депутаттар 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлға ауыстырды.

Жол қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті органдар қолдан келгеннің бәрін жасауда. Оның қаншалықты тиімді болатынын алдағы уақыт көрсетсе керек.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

ОР ЕЛДIН ЗАНЫ БАСКА...

Дайындаған: Ерлан ЖҰРЫНБАЕВ

Page 7: 82 (3139) 2014-07-26

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)Шынында, Рамазан – құлшылық, сабыр,

береке, мейірім, рахым, қайырымдылық айы. Міне, осы айда сауап алу мақсатымен көптеген мұсылман бауырларымыз жер-жердегі үлкенді-кішілі қайырымды істерге хал-қадірінше атсалысып, Рамазан айын халықтық деңгейде өткізуге өз үлестерін қоса білді. Ел мұсылмандары Рамазан айының ерекшелігін сезініп, бір ай бойы рухани жігерге бөлене алды.

Алла елшісінің (с.а.с) сахих хадистерінде Айт мейрамына тамақ жеп, сусын ішу, Алланы еске алу, қонақ күту, сырқат мұсылмандардың көңілін сұрау мен жоқ-жітік, кембағалдарға садақа беру тән екендігі айтылған. Олай болса, айт күндерін ізгі амалдарымызды кемітпестен көтеріңкі мерекелік көңіл-күймен және басқа да сау-абы мол істермен өткізген мақұл.

Пайғамбарымыз (с.а.с) Меккеден Меди-неге қоныс аударғанда, жергілікті халықтың мейрамдап, көңіл көтеріп жүргенін көріп: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда, олар-дан: «Бұл – біздің Исламға дейінгі тойлап келе жатқан мерекеміз», – деген жауап естіді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с): «Алла сіздерге мұнан да ұлық екі мереке берді. Олар – Рамазан және Құрбан айттары!» – деп, осы екі ислами мейрамдардың ұлық екендігін сездірген.

Айттың өзіне лайық жарасымды да са-уабы мол амалдары жетерлік. Сол таңда ерте оянып, ғұсыл құйынып, дәрет алып,

– Алханбай Сатыбалдыұлы, алды-мен өзіңіз ойлап тапқан электронды жайнамаздың артықшылықтары жөнінде айтып өтсеңіз...

– Ең басты айтарым, әдеттегі ж а й н а м а з д а р д ы ң ұ з ы н д ы ғ ы көбінесе 110 сантиметр болады. Ал менің жайнамазым 140 сантиметрге лайықталған. Бұл жайнамаз арқылы намаздың үркіндерін шариғатқа сай толымды орындауға болады. Яғни, намазхан сәждеге жығылып, рукуғқа тұрғандағы барлық қимылын қалыптасқан үлгіге сай жасай ала-

таза, жаңа киім киіп, жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу – сүннет.

Айт мерекесінде ата-ана мен қарияларға сәлем беріп, батасын алу, сырқат кісілердің үйіне (ауруханаға) зиярат етіп, көңілін сұрау да ізгі амалдар қатарына жатады.

Араздасып қалған кісілермен татула-сып, қатынас үзілген туыстардың үйлерін аралаудың да маңызы ерекше. Өйткені, Алла тағала: «Сен, кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят) деп мүміндерді барынша кешірімді болуға үндеген. Көңілі жабырқау, қамқорлыққа мұқтаж жандар

Қасиетті айдың қуанышын сүйіншілейтін Ораза айт күндері елорда мешіттерінде түрлі шаралар ұйымдастырылмақ.

Атап айтсақ, 28 шілде күні сағат 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылып, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалады. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылады.

Елордалық мұсылмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сағат 10:00-ден бастап бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастарқан жайылады. Сондай-ақ, қазақи дәстүрімізге сай ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп, ән-термелер жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Барша елордалық мұсылмандарды мерекелік айт намазына қатысып, мәдени шараларды тамашалауға шақырамыз.

ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

мен жоқ-жітіктер айт күндерінде көбірек көмек-қолдау, садақа күтіп, дәметері хақ. Сондықтан да мұндай жандарға қайыр-садақа үлестіріп, көңілдерін аулаған абзал.

Ораза айт адамдарды бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады. Бұл күндері үй-үйде мерекелік дастарқан жайылып, туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң бір-бірін аралап, дәм татысып, мәре-сәре болады.

Ел мұсылмандарын ұлтаралық келісім мен дінаралық төзімділікті одан әрі де нығайтуға, сүйікті От-анымызды өркендету мен оның мәдени, рухани құндылықтарын сақтап, дамыта түсуге мұнан былай да күш-жігерін аямай

жұмсай беруге шақырамыз. Біздегі бүгінгі өзара сыйластық пен жарасымдылық, ынтымақтастық пен діндерге деген құрмет – басты мақсатымыз болып қала бермек.

Біз бұл жетістіктеріміз үшін Алла Тағалаға сансыз мадақ айтып, шүкірлік етуге тиіспіз.

Құрметті ағайын! Баршаңызды ең қасиетті де ұлық мереке – Ораза айт мейрамының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Мұсылман баласын қуанышқа бөлейтін бұл мейрам елімізге, жерімізге құт-береке мен ынтымағын, ыры-сы мен берекесін ала келсін деп тілейміз. Алла тағала баршамыздың ұстаған оразамызды бен жасаған құлшылық-ғибадаттарымызды және сауапты істерімізді қабыл етіп, келер жылғы Рамазан айына аман-есен жетуді нәсіп еткей. Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалы-нан молайтқай! Дінімізге қуат, халқымызға иман байлығын бергей! Әумин!

ды. Арнаулы құрылғы орнатылған жайнамаздың көмегімен жаңадан намаз оқи бастаған мұсылмандар да намаз талаптарын мұқият орындап үйренеді.

Біз намаз оқып Алла тағаладан шексіз сауап аламыз, соған сай намаздың тәртібін де толық, дұрыс орындай алсақ, теңдессіз сауапқа қол жеткіземіз. Намаз оқығанда Құран сүрелерін дұрыс

оқу қаншалықты маңызды болса, намаздың үркіндерін де дұрыс орындау сондай маңызды. Тағы бір ескерерлігі, электронды жайнамаз әртүрлі бояуда, қазақы нақышпен безендірілген.

– Б ұ л ж а ң а л ы ғ ы ң ы з т е к қазақстандықтарға ғана арналған ба, әлде?..

– Құран тілі барлық мұсылманға ортақ. Бұл жайнамаздың да дүниежеүзіндегі өзін мұсылманмын деп есептейтін кез келген адамға қажет екендіг і сөзс із . Осы орайда, мүмкіндігінше әлем мұсылмандарының назарына ілігіп, ұлттық үлгіде тігілген жайнамаз шартарапты шарласа, нұр үстіне нұр болар еді.

– Әдепкіде өнертапқыштардың д е н і ф и з и к а , м а т е м а т и к а салаларының маманы болып келеді. Ал сіздің мамандығыңыз қандай?

– Құран сөздері, намаздағы аяттар, барлығы араб тілінде екенін, адамзатқа ортақ екенін айттық. Бірақ, біз араб емеспіз ғой, сондықтан оны жаттау арамыздағы жасы егде кісілер үшін қиынға соғады. Мұны өзім мешітте көп болатындықтан, замандастарым-нан жиі естимін. Осыдан кейін Құран, намаз сөздерін, дұғаларын

үйренудің оңай жолын іздестіре бастадым.

Негізгі мамандығым спорт сала-сына жақын. Алайда, қазір ғылыми техниканың қарыштап дамыған заманы. Нақты идеяңыз болса, оны жүзеге асырудың түрлі жолдарын табуға болады. Мәселен, көлікке қажетті бір бөлшекті жасату үшін токорьға барамыз ғой. Бұл да сол сияқты, интернет арқылы жол-дарын іздестіріп, ойымдағы істі жүзеге асырдым.

– Жаңа жайнамаздың бағасы қанша және нарыққа қаншасын шығардыңыздар?

– Б ү г і н д е э л е к т р о н д ы жайнамаздың он үш мыңнан аса данасын саудаға қойдық. Бағасы да қолжетімді, 4500 теңге. Он данадан артық алған намазхандарға 4000 теңгеге жеңілдікпен сатып отырмыз.

– Әңгімеңізге рахмет! Алла жаңалығыңыздың игілігін көруге жазсын!

Сұхбатты жүргізген Асан ЫСТЫ

Page 8: 82 (3139) 2014-07-26

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

24.07.2014

( )

№ 111-893Астана қаласы 03.06.2014

№ 197-1202Астана қаласы 22.07.2014

5

№ 197-1199Астана қаласы

Page 9: 82 (3139) 2014-07-26

9www.astana-akshamy.kz

№ 197-1203Астана қаласы 24.07.2014

Page 10: 82 (3139) 2014-07-26

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

10166 16.10.2012

10167 16.10.2012

10168 17.10.2012

10169 17.10.2012

10170 17.10.2012

10171 17.10.2012

10172 17.10.2012

10173 17.10.2012

10174 17.10.2012

10175 18.10.2012

10176 18.10.2012

10177 18.10.2012

10178 18.10.201210179 18.10.2012

10180 18.10.2012

10181 18.10.2012

10182 19.10.201210183 19.10.2012

10184 19.10.2012

10185 19.10.2012

10186 19.10.201210187 19.10.2012

10188 19.10.2012

10189 22.10.2012

10190 22.10.2012

10191 22.10.2012

10192 22.10.2012

10193 22.10.2012

10194 22.10.2012

10195 22.10.2012

10196 22.10.2012

10197 22.10.2012

10198 22.10.2012

10199 22.10.201210200 22.10.2012

10201 23.10.201210202 23.10.2012

10203 23.10.2012

10204 23.10.201210205 23.10.2012

10206 23.10.201210207 23.10.2012

10208 23.10.2012

10209 23.10.2012

10210 23.10.2012

10211 23.10.2012

10212 23.10.2012

10213 24.10.2012

10214 24.10.2012

10215 24.10.2012

10216 24.10.2012

10217 24.10.2012

10218 24.10.2012

10219 24.10.2012

10220 25.10.2012

10221 25.10.2012

10222 25.10.2012

10223 25.10.2012

10224 25.10.2012

10225 25.10.2012

10226 25.10.2012

10227 25.10.2012

10228 25.10.2012

10229 29.10.2012

10230 29.10.2012

10231 29.10.2012

10232 29.10.2012

10233 29.10.201210234 29.10.201210235 29.10.2012

10236 29.10.2012

10237 29.10.2012

10238 29.10.2012

10239 30.10.2012

10240 30.10.2012

10241 30.10.2012

10242 30.10.201210243 30.10.201210244 30.10.2012

10245 30.10.2012

10246 30.10.2012

10247 30.10.2012

10248 31.10.2012

10249 31.10.2012

10250 31.10.2012

10251 31.10.2012

10252 31.10.2012

10253 31.10.2012

10254 01.11.2012

10255 01.11.2012

10256 01.11.2012

10257 01.11.201210258 01.11.2012

10259 01.11.2012

10260 01.11.2012

10261 01.11.2012

10262 02.11.201210263 02.11.2012

10264 02.11.201210265 02.11.2012

10266 02.11.2012

10267 02.11.2012

10268 02.11.2012

10269 02.11.2012

10270 02.11.2012

10271 05.11.2012

10272 05.11.2012

10273 05.11.2012

10274 05.11.2012

10275 05.11.2012

10276 05.11.201210277 05.11.2012

10278 05.11.2012

10279 05.11.2012

10280 06.11.2012

10281 06.11.2012

10282 06.11.2012

10283 06.11.2012

10284 06.11.2012

10285 06.11.2012

10286 06.11.2012

10287 07.11.2012

10288 07.11.2012

10289 07.11.2012

10290 07.11.2012

10291 07.11.2012

10292 07.11.2012

10293 07.11.2012

10294 08.11.2012

10295 08.11.2012

10296 08.11.2012

10297 08.11.2012

10298 08.11.2012

10299 09.11.2012

10300 09.11.2012

10301 09.11.2012

10302 09.11.201210303 09.11.2012

10304 09.11.2012

10305 09.11.2012

10306 09.11.2012

10307 09.11.2012

10308 09.11.2012

10309 09.11.2012

10310 12.11.2012

10311 12.11.2012

10312 12.11.2012

10313 12.11.2012

10314 12.11.2012

10315 12.11.2012

10316 12.11.2012

10317 12.11.2012

10318 12.11.2012

10319 12.11.201210320 12.11.2012

10321 13.11.2012

10322 13.11.2012

10323 13.11.2012

10324 13.11.2012

10325 13.11.2012

10326 13.11.201210327 13.11.2012

10328 13.11.201210329 13.11.201210330 13.11.2012

10331 13.11.2012

10332 13.11.2012

10333 14.11.2012

10334 14.11.2012

10335 14.11.2012

10336 14.11.2012

10337 14.11.2012

10338 14.11.2012

10339 16.11.2012

10340 16.11.2012

10341 16.11.2012

10342 16.11.2012

10343 19.11.2012

10344 19.11.2012

10345 19.11.2012

10346 20.11.2012

10347 20.11.2012

10348 20.11.2012

10349 20.11.2012

10350 21.11.2012

10351 21.11.2012

10352 22.11.2012

10353 22.11.2012

10354 22.11.2012

10355 23.11.2012

10356 23.11.2012

10357 23.11.2012

10358 23.11.2012

10359 26.11.2012

10360 26.11.2012

10361 27.11.2012

10362 27.11.2012

10363 27.11.201210364 28.11.2012

10365 28.11.2012

10366 29.11.2012

10367 29.11.2012

10368 30.11.201210369 30.11.201210370 30.11.2012

10371 30.11.2012

10372 04.12.2012

10373 04.12.2012

10374 04.12.2012

10375 04.12.2012

10376 05.12.2012

10377 05.12.2012

10378 05.12.2012

10379 05.12.2012

10380 06.12.2012

10381 06.12.2012

10382 07.12.2012

10383 07.12.2012

10384 07.12.2012

10385 07.12.2012

10386 07.12.2012

10387 07.12.2012

10388 10.12.2012

10389 10.12.2012

10390 10.12.2012

10391 10.12.2012

10392 10.12.2012

10393 10.12.2012

10394 11.12.2012

10395 11.12.2012

10396 12.12.2012

10397 12.12.2012

10398 13.12.2012

10399 13.12.2012

10400 13.12.2012

10401 13.12.2012

10402 13.12.2012

10403 13.12.2012

10404 14.12.2012

(Жалғасы. Басы газетіміздің №81(3138) санында)

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

Page 11: 82 (3139) 2014-07-26

11www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

«Астана қаласы мәслихатының ап параты» ММ Астана қаласы мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен «Туристтік ақпараттық орталық» ЖШС бірлесіп, қонақүй

және мейрамхана бизнесі жұмысшыларының, ішкі туризм менеджерлерінің біліктілігін арттыру бой-ынша ақысыз тегін тренингтер ұйымдас тырады.

Толық ақпаратты 39-16-76, 87012332383 телефондары арқылы алуға болады.

II.

IV

V.

: www.mcppz.kz E-mail: [email protected]

« » – 1953 , .

59 19 88, 52 78 87(Астана қаласы бойынша)

Есіл аудандық ардагерлер кеңесі тыл еңбеккері

ҚОЙШАНОВ Шайх Ермекбайұлының

қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Аст

ана қ

алас

ы әк

імді

гінің

«Ж

ұмыс

пен қ

амт

у орт

алығ

ы» К

МК-

ге

хаба

рлас

ыңыз

! Мек

енжа

йы: А

стан

а қал

асы,

Бру

сило

вски

й көш

есі,

17/3

, Биз

нес-о

ртал

ық ғи

мара

тын

ың 2-

қаба

ты.

104,

5,14

,34

авт

обус

тар

ымен

келу

ге бо

лады

. Аны

қтам

а алу

тел

ефон

ы: 5

7-88

-88.

Page 12: 82 (3139) 2014-07-26

Бүгінгі таңда жаңарған Ұлы Жібек жолы тіршіліктің барлық саласында, оның ішінде мәдениет саласы бойынша да халықаралық қатынастардың дамуына ерекше серпін беріп келеді. Ондаған ғасырлар бойы қос құрлықты жалғастырған бұл жол біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырлардан бастап Азия мен Еуропаның арасын жалғастырушы көпір, яғни, Шығыс пен Батысты байланыстырушы желі болды. Ұлы Жібек жолының сауда жолдарының сілемдері XX ғасырдың басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды.

Аталмыш көрмеде қазақ бұйымдарымен қатар, түркімен, тәжік, әзербайжан, абхаз, қырғыз, армян, шешен ұлттарының 400-ден аса жәдігерлерін тамашалауға бола-ды. Олардың арасында құрал-саймандар, киім-кешектер, үй бұйымдары, көлік жабдықтары, мата үлгілері, кілемдер мен кестелер, үйлену тойы мен ислам дініне қатысты заттар бар. Сонымен қатар, Орыс этнографиялық музейінің қорында Қазақстан тарихына қатысты дүниелер де

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

жетерлік. Көрмеге қойылған киіз үй, ат әбзелдері, кілемдер – осының дәлелі.

Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге, олардың табиғи ерекшеліктерін анықтауда да маңызды қызмет атқарды. Мәселен, кілем тоқу станогы, кілем түгін қырқатын қайшы, түрлі тарақтар, ер адам жейделері – түркімен жұрты тұтынған бұйымдар. Ал тоқыма қайшы, жібекті орауға арналған шығыр, матаны жылтыратуға арналған құрал – өзбек халқына тиесілі. Бір қызығы, бұл дүниелердің ешқайсысын өңдеу қажет болмаған. Барлығы да сол қалпында с а қ т а л ы п т ы . С о н д ы қ т а н д а к ө р м е г е қызығушылардың қатары көбейе түсуде. «Мұндағы жәдігерлер Орта Азия мен Кавказ тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігін көз алдымызға елестетеді .

Б ұ р ы н ғ ы з а м а н д а ғ ы д ә у і р л е р м е н мәдениеттердің бір-бірімен байланысын сезінуге мүмкіндік береді» дейді көрме қонақтары.

О р ы с э т н о г р а ф и я л ы қ м у з е й і ұйымдастырған көрме 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Аталмыш музейдің 100

жылдық тарихы бар. Ол орыс музейінің этнографиялық бөлімі ретінде император II Николай пәрменімен оның әкесі импера-тор III Александрдың аманатын орындау және оны есте қалдыру үшін құрылған. Император және оның отбасының басқа мүшелері алғашқылардың бірі болып

қор қалыптастырды. Романовтар үйінің жекелеген заттарының коллекциялары бөлімнің жинағына кірді. Музей 1991 жылы Ресей Федерациясы халықтары мәдени мұрасының аса құнды нысаны ретінде мемлекеттің назарына алынды.

Еркежан СӘТІМБЕК