№25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем...

12
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады, деп хабар- лады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қасым-Жомарт Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы кілдігінің директоры Томас Хельмді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №25 (29754) 6 АҚПАН, БЕЙСЕНБІ 2020 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ Ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби 5-бет 437 рет ереже бұзған 7-бет EUR/KZT 419.53 USD/KZT 379.53 RUB/KZT 6 CNY/KZT 54.27 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Қасым-Жомарт Тоқаевқа Семей қаласының əлеуметтік- экономикалық дамуы, халық- тың əл-ауқатын арттыру бағы- тында атқарылып жатқан шара- лар туралы баяндалды. Кездесуде тоқтап тұрған кəсіпорындарды іске қосу, атап айтқанда, тері-жүн комбинаты- ның жұмысын қайта жүргізу мəселесі қарастырылды. Соны- мен қатар радиологиялық ор- талықты пайдалануға беру мен жаңа мектептің құрылысы, жол жөндеу жұмыстары мен көшелердің абаттандырылуы сөз болды. Президент Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтой- лық шараларды сапалы əрі шетелден мамандар тартпай ұйымдастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы Семейге тарихи орталық мəртебесін беру жөнінде маңызды қадам жасалғанын атап өтіп, оның музейлер жұмысының сапа- сын арттыруға жəне қаланың көрікті жерлерін абаттандыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдауды талап ететінін айт- ты. Аталған нысандар туристер мен қала қонақтары үшін тар- тымды болып, қызмет етуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Сəлімовке волонтерлер қозғалысымен бірлесіп, «Семей орманы» аумағында ағаш егу жұмыстарын ұйымдастырып, бұл акцияға жастардың қаты- суын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Кездесуде Томас Хельм Мемлекет басшысына Қордың Қазақстандағы қызметінің негіз- гі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен ұйым- ның елімізбен арадағы ынты- мақтастығының перспективасы жайында айтты. Өкілдік басшысы Қазақстан- дағы цифрландыру, энергетика, дуалды білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары салаларын да- мытуға, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару жұмысын жетілдіруге қатысты өз ойымен бөлісті. Қ.Тоқаев Т.Хельмге өзінің жуырда Германияға жасаған сапарының нəтижелері туралы айтып, Қазақстанның аталған ел- мен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мəн беретінін атап өтті. Семей тарихи орталыққа айналады Ықпалдастыққа ерекше мән беріледі КӨКЕЙКЕСТІ Байқал БАЙДІЛ, «Egemen Qazaqstan» Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күні- мен құттықтаған сөзінде: «Біз Қазақ- станның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамына лайықты құрмет көрсетеміз. Əсіресе, ардагерлерімізге айрықша алғыс айтамыз. Еңбек – бəрін жеңбек. Əрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!» деген болатын. Президентіміздің осы айтқан сөзі айрықша маңызды. Егер əркім де туған елінің түтіні түзу ұшу үшін өз үлесін қосатын жəне жан аямай еңбек ететін болса, ел экономикасының дамитындығына, бай да бақуатты күн кешетіндігімізге еш күмəн жоқ. Еңбекқор ұлт болудың, жалпақ жұртты осы жолға жұмылдырудың жанама себептері көп. Соның бірі – алдыңғы буын ағалардың айрықша еңбегін ешқашан ұмыт қалдырмау. Жағымыз талғанша айтып, қолымыз талғанша жазып, үлгі ретінде ұсыну. Олардың көкірегінде жүрген ойды тап басу. Қазіргі күні Социалистік Еңбек Ерлерінің көкірегінде өзекті өртер өкініш бар. Еткен еңбегіне емес, сол еңбегінің бағаланбай қалғандығына. Негізінен ақтылы мал өсіріп, ақық дəн тербеткен біздің өңірде топ жарып омырауына Алтын Жұлдыз таққандардың басым көпшілігі диқан мен шопан екен. Ауыл шаруашылығы саласының ақтаңгерлері кешегі кеңес заманында құрметтен кенде болған жоқ. Есесіне өкшелерін басып келе жатқан ұрпақ – біз де қатардан қалмайықшы деп ұмтылды. Дəстүр сабақтастығы жалпы көпшілікті еңбекке тарту, оның ішінде өз ісінің озаты болуға баулыды. Кейін өтпелі кезеңде ілкіден жалғасып келе жатқан əдемі дəстүр үзіліп қалды. (Соңы 8-бетте) Ерден ердің несі кем?! Партияға 213 мыңнан астам өтініш түскен –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қарапайым еңбек адамын атқарған адал еңбегіне сай құрметтеу те маңызды. Еңбегіне сай зейнетін крсе, кейінгі де ұқсап бағуға тырысар еді. ттең осы тұста үлкен кемшілік жіберіп алғандаймыз. Заманында табаны тастан таймаған тарланбоздай жан аямай жұмыс істеген Социалистік Еңбек Ерлерінің бүгінгі күні Үкіметке кпесі қара қазандай. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Трағасының бірінші орынбаса- ры Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Әуе қатынастарын кеңейтуді тапсырды ––––––––––––––––––––––– Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Премьер-Ми- нистрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп ха- барлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––– Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақ- станда «ашық аспан» жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар тура- лы баяндалды. Биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Əмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал əуе компания- лары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспар- лануда. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Роман Скляр Мемлекет басшысы- ның 2019 жылғы тапсырмалары орын- далып, нəтижесінде жаңа 12 бағыт – елордадан Прагаға, Ұлан-Батыр жəне Токиоға рейстер ашылғанын хабар- лады. Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы əуе қатынастарын кеңейтуді, сондай-ақ, Қазақстанның негізгі əуе- жайлары арқылы өтетін жүк тасыма- лының көлемін ұлғайтуды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы бəсекелестікті арт- тырудың маңыздылығын атап өтіп, оның жолаушыларға қызмет көрсету сапасына жəне азаматтық авиацияны дамытуға оң əсер ететінін айтты. Қазақстанның Тұңғыш Прези- дентіне халықпен кері байланысты күшейту жəне партия активі құра- мының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде, сон- дай-ақ Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы баяндалды. – 2019 жылы партияға 213 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34 пайыз- ға көп. Сауалнамаларға сəйкес, əрбір төртінші қазақстандық мəселе туын- даған жағдайда Nur Otan партиясына жүгінеді. Сіздің тапсырмаңызға сəйкес өңірлерді аралау басталды. Əсіресе шалғайдағы елді мекендерге ерекше на- зар аударып отырмыз. Жуырда Атырау облысының Мақат жəне Жылыой аудан- дарында болдық, – деді Б.Байбек. Елбасы азаматтардың мəселелерін шешуде партияның белсенді болуының маңыздылығын айта келе, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру тұрғысынан өңірлердегі инфрақұрылымдық даму мəселесіне тоқталды. – Атырау мен Астрахань арасындағы жол құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе мен Атырау қалалары арасында да жол салынады. Ірі автожолдардың құры- лысын аяқтағаннан кейін, облысішілік жолдардың құрылысына кірісу қажет. Бұл тұрғындар үшін өте маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу соңында Nur Otan партия- сының Төрағасы бірқатар нақты тап- сырма берді. Айнаш ЕСАЛЫ, «Egemen Qazaqstan» Қоғамдық бірлестіктің мəлімдеуінше, 2020 жылдың 22 қаңтарында Алматы облысы Іле ауданындағы 1989 жылғы Берік Жандəулетов гемофилияның ауыр ингибиторлық түрінен көз жұмды. Оның жасы бар-жоғы 30-да болған, ар- тында кішкентай баласы қалды. 2019 жылдың 1 маусымында Жамбыл об- лысы Шу қаласындағы Николай Белых 42 жасында аталған дерт бойынша дүниеден өтті. 2018 жылы гемофи- лиямен ауыратын үш науқас қайтыс болды (Сергей Нуштаев – 17 жас, Қы- зылордадан, Алексей Миронов – 46 жас, Өскеменнен, Юрий Подгрушный 49 жас, Ақтөбеден). Қайғылы аяқталған бұл оқиғалардың барлығын ұйым Қазақстанда гемофилияға шалдыққан науқастарға көрсетілетін емдік-профилактикалық емдеудің төмен деңгейімен байланыстырып отыр. Өйткені дəрілік заттарды сатып алуда бюджет қаржысының азаюы, тендерлік сатып алулардың кеш өткізілуі, жеке төзушілікті ескермей, дəрілік препа- раттарды сатып алу, амбулаториялық дəрімен қамтуда бұйрықтардың шыға- рылу мерзімінің кештетілуі, гемо- филияның ингибиторлық түрін ем- демеу, гематологиялық ауру сала- сындағы мамандардың жетіспеушілігі, осы науқастар тобына əлеуметтік жауап- кершілікпен мүлдем қарамаушылық осы күрделі ахуалды қалыптастырды. (Соңы 9-бетте) ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Бүгінгі таңда гемофилия дейтін дерт те кез келген мемлекеттің мойнына артылған әлеуметтік мәселе. Алайда, оның тауқыметі басына түскендерге ғана аян. Жуырда «Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі аталған дертті емдеудегі қордаланған мәселелерді бүге-шігесіне дейін баяндай келе, Денсаулық сақтау министрлігіне, Парламент Мәжілісінің депу- таттарына, құқық қорғаушы ұйымдарға, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінуге тура келіп отырғандарын мәлімдеді. Неге? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Дертті жандар тендерді күте алмайды Сурет Елбасының баспасз қызметінен алынды Суреттер Президенттің баспасз қызметінен алынды Жауынгерлік Ту ел аймақтарын аралайды 4-бет

Upload: others

Post on 27-Jul-2020

18 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады, деп хабар-лады Президенттің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қасым-Жомарт Тоқаев Конрад Аденауэр атын дағы қордың Қазақстандағы �кілдігінің директоры Томас Хельмді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

№25 (29754) 6 АҚПАН, БЕЙСЕНБІ 2020 ЖЫЛ

E-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

Ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби

5-бет

437 рет ереже бұзған

7-бет

EUR/KZT 419.53 USD/KZT 379.53 RUB/KZT 6 CNY/KZT 54.27ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Семей қаласының əлеуметтік-экономикалық дамуы, халық-тың əл-ауқатын арттыру бағы-тында атқарылып жатқан шара-лар туралы баяндалды.

Кездесуде тоқтап тұрған кəсіпорындарды іске қосу, атап айтқанда, тері-жүн комби на ты-ның жұмысын қайта жүргізу мəселесі қарастырылды. Соны-мен қатар радиологиялық ор-талықты пайдалануға беру мен жаңа мектептің құрылысы, жол жөндеу жұмыстары мен

көшелердің абаттандырылуы сөз болды.

Президент Абайдың 175 жыл дығына арналған мерейтой-лық шараларды сапалы əрі шетелден мамандар тартпай ұйымдастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Семейге тарихи орталық мəртебесін беру жөнінде маңызды қадам жасалғанын атап өтіп, оның музейлер жұмысының сапа-сын арттыруға жəне қаланың көрікті жерлерін абаттандыруға бағытталған тиісті шаралар

қабылдауды талап ететінін айт-ты. Аталған нысандар туристер мен қала қонақтары үшін тар-тымды болып, қызмет етуі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Сəлімовке волонтерлер қозғалысымен бірлесіп, «Семей орманы» аумағында ағаш егу

жұмыстарын ұйымдастырып, бұл акцияға жастардың қа ты-су ын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің негіз-гі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен ұйым-ның елімізбен арадағы ынты-мақ тастығының перспективасы жа йында айтты.

Өкілдік басшысы Қазақстан-дағы цифрландыру, энергетика, дуалды білім беру, бұқаралық

ақ парат құралдары салаларын да-мытуға, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару жұмысын же тіл ді руге қатысты өз ойымен бө лісті.

Қ.Тоқаев Т.Хельмге өзінің жуырда Гер ма нияға жасаған сапарының нəти желері туралы айтып, Қазақ станның аталған ел-мен жан-жақ ты ықпалдастықты нығай туға баса мəн беретінін атап өтті.

Семей тарихи орталыққа айналады

Ықпалдастыққа ерекше мән беріледі

КӨКЕЙКЕСТІ

Байқал БАЙ�ДІЛ,«Egemen Qazaqstan»

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күні-мен құттықтаған сөзінде: «Біз Қазақ-станның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамына лайықты құрмет көрсетеміз. Əсіресе, ардагерлерімізге айрықша алғыс айтамыз. Еңбек – бəрін жеңбек. Əрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!» деген болатын.

Президентіміздің осы айтқан сөзі айрықша маңызды. Егер əркім де туған елінің түтіні түзу ұшу үшін өз үлесін қосатын жəне жан аямай еңбек ететін болса, ел экономикасының дамитындығына, бай да бақуатты күн кешетіндігімізге еш күмəн жоқ. Еңбекқор ұлт болудың, жалпақ жұртты осы жолға жұмылдырудың жанама себептері көп. Соның бірі – алдыңғы буын ағалардың айрықша

еңбегін ешқашан ұмыт қалдырмау. Жағымыз талғанша айтып, қолымыз талғанша жазып, үлгі ретінде ұсыну. Олардың көкірегінде жүрген ойды тап басу. Қазіргі күні Социалистік Еңбек Ерлерінің көкірегінде өзекті өртер өкініш бар. Еткен еңбегіне емес, сол еңбегінің бағаланбай қалғандығына.

Негізінен ақтылы мал өсіріп, ақық дəн тербеткен біздің өңірде топ жарып омырауына Алтын Жұлдыз таққандардың басым көпшілігі диқан мен шопан екен. Ауыл шаруашылығы саласының ақтаңгерлері кешегі кеңес заманында құрметтен кенде болған жоқ. Есесіне өкшелерін басып келе жатқан ұрпақ – біз де қатардан қалмайықшы деп ұмтылды. Дəстүр сабақтастығы жалпы көпшілікті еңбекке тарту, оның ішінде өз ісінің озаты болуға баулыды. Кейін өтпелі кезеңде ілкіден жалғасып келе жатқан əдемі дəстүр үзіліп қалды.

(Соңы 8-бетте)

Ерден ердің несі кем?!Партияға 213 мыңнан астам өтініш түскен

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қарапайым еңбек адамын атқарған адал еңбегіне сай құрметтеу �те маңызды. Еңбегіне сай зейнетін к�рсе, кейінгі де ұқсап бағуға тырысар еді. �ттең осы тұста үлкен кемшілік жіберіп алғандаймыз. Заманында табаны тастан таймаған тарланбоздай жан аямай жұмыс істеген Социалистік Еңбек Ерлерінің бүгінгі күні Үкіметке �кпесі қара қазандай. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Т�рағасының бірінші орынбаса-ры Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Әуе қатынастарын кеңейтуді тапсырды

–––––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Ми-нис трдің орынбасары Роман Скляр ды қабылдады, деп ха-барлады Президенттің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақ-стан да «ашық аспан» жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар тура-лы баяндалды. Биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Əмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал əуе компания-лары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспар-лануда. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елде ріндегі авиация саласының басшы лы ғымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Роман Скляр Мемлекет басшы сы-ның 2019 жылғы тапсырмалары орын-далып, нəтижесінде жаңа 12 бағыт – елордадан Прагаға, Ұлан-Батыр жəне Токиоға рейстер ашылғанын хабар-лады.

Президент мүдделі мемлекеттер мен арадағы əуе қатынастарын кеңей туді, сондай-ақ, Қазақстанның негізгі əуе-жайлары арқылы өтетін жүк тасы ма-лының көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы бəсекелестікті арт-тырудың маңыздылығын атап өтіп, оның жолаушыларға қызмет көрсету сапасына жəне азаматтық авиацияны дамытуға оң əсер ететінін айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Прези-ден тіне халықпен кері байланысты күшейту жəне партия активі құра-мының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде, сон-дай-ақ Саяси кеңестің кеңейтілген

отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

– 2019 жылы партияға 213 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34 па йыз-ға көп. Сауалнамаларға сəйкес, əрбір

төр тінші қазақстандық мəселе туын-даған жағдайда Nur Otan партиясына жүгінеді. Сіздің тапсырмаңызға сəйкес өңірлерді аралау басталды. Əсіресе шалғайдағы елді мекендерге ерекше на-зар аударып отырмыз. Жуырда Атырау облысының Ма қат жəне Жылыой аудан-дарында болдық, – деді Б.Байбек.

Елбасы азаматтардың мəселелерін шешуде партияның белсенді болуының маңыздылығын айта келе, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру тұрғысынан өңірлердегі инфрақұрылымдық даму мəселесіне тоқталды.

– Атырау мен Астрахань арасындағы жол құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе мен Атырау қалалары арасында да жол са лынады. Ірі автожолдардың құры-лы сын аяқтағаннан кейін, облысішілік жолдардың құрылысына кірісу қажет. Бұл тұрғындар үшін өте маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Nur Otan партия-сының Төрағасы бірқатар нақты тап-сырма берді.

Айнаш ЕСАЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Қоғамдық бірлестіктің мəлімдеуінше, 2020 жылдың 22 қаңтарында Алматы облысы Іле ауданындағы 1989 жылғы Берік Жандəулетов гемофилияның ауыр ингибиторлық түрінен көз жұмды. Оның жасы бар-жоғы 30-да болған, ар-тында кішкентай баласы қалды. 2019

жылдың 1 маусымында Жамбыл об-лысы Шу қаласындағы Николай Белых 42 жасында аталған дерт бойынша дүниеден өтті. 2018 жылы гемофи-лиямен ауы ра тын үш науқас қайтыс болды (Сергей Нуштаев – 17 жас, Қы-зылордадан, Алексей Миронов – 46 жас, Өскеменнен, Юрий Под грушный 49 жас, Ақтөбеден).

Қайғылы аяқталған бұл оқи ғалардың

барлығын ұйым Қазақстанда гемофилияға шал дыққан науқастарға көр сетілетін емдік-профилактикалық емдеу дің төмен деңгейімен байланыс тырып отыр. Өйткені дəрі лік заттарды сатып алуда бюд жет қаржысының азаюы, тендер лік сатып алулардың кеш өткі зілуі, жеке төзушілікті ескермей, дəрілік препа-раттарды сатып алу, амбулаториялық дəрі мен қамтуда бұйрықтардың шыға-рылу мерзімінің кештетілуі, гемо-фи лияның ингибиторлық түрін ем-демеу, гематологиялық ауру сала-сындағы мамандардың жетіспеушілігі, осы науқастар тобына əлеуметтік жауап-кершілікпен мүлдем қарамау шы лық осы күрделі ахуалды қалып тастырды.

(Соңы 9-бетте)

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінгі таңда гемофилия дейтін дерт те кез келген мемлекеттің мойнына артыл ған әлеуметтік мәселе. Алайда, оның тауқыметі басына түскендерге ғана аян. Жуырда «Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» қо ғамдық бірлестігі аталған дертті емдеудегі қордаланған мәселелерді бүге-шіге сіне дейін баяндай келе, Денсаулық сақтау министрлігіне, Парламент Мә жі лісінің депу-таттарына, құқық қорғаушы ұйымдарға, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінуге тура келіп отырғандарын мәлімдеді. Неге?–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Дертті жандар тендерді күте алмайды

Сур

ет Е

лбас

ыны

ң ба

спас

�з қ

ызм

етін

ен а

лынд

ы

Сур

етт

ер П

рези

дент

тің

бас

пас�

з қы

змет

інен

алы

нды

Жауынгерлік Ту ел аймақтарын аралайды

4-бет

Page 2: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

2 6 АҚПАН 2020 ЖЫЛСАЯСАТ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сенатта Дариға Назарбаеваның т�рағалық етуімен Бюджет заңнамасын жетілдіру ж�ніндегі кеңестің отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспас�з қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Іс-шараға Парламент Сена-тының депутаттары, Ақпарат жəне қоғамдық даму, Білім жəне ғы лым, Еңбек жəне əлеуметтік қор ғау министрліктерінің бас-шылары, мəслихат депутаттары, респуб ликалық жастар ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сенат Төрағасы құттықтау сө-зінде жастар мен жастар саяса ты біздің мемлекетіміздің əрдайым басты назарында екенін атап өтті. «Жас ұрпақ елдің прогресі мен дамуының негізгі қозғаушы күші екенін бəріміз жақсы түсі-неміз. Бұл дегеніміз, жастарға жақсы білім алуға, заманауи кəсі би даярлықтан өтуге, өзін өзі да мытуға, Отанымыздың игілі гі үшін жұмыс істеуге барлық мүм-кіндіктер берілуі керек», деді Сенат Төрағасы іс-шараға қатысу-шыларға арнаған сөзінде.

Сенат басшысының айтуынша, Жастар кеңесі консультативтік-кеңесші орган болып табылады жəне жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру мəселелерін қарастыратын болады. «Мемлекет бөлетін қаражат көлемі мен оны

жұмсайтын бағдарламалар да белгілі. Бірақ сонымен бірге біз елдегі көптеген жастарға қатысты мəселелер шешілмей, тек жылдан-жылға проблема көбейіп бара жатқанын көріп отырмыз», деді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева ауылдық жерлерден қалаларға келген жас-тар дың əлеуметтік бейімделу мəсе лесі, жұмыссыздық пробле-масы өткір мəселе күйінде қалып отырғанын да атап өтті. «Біздің кеңестің міндеті – тұрақты жұмыс алаңы на айналу, онда қоғамдас-тық тың, атқарушы билік пен заң шығару органдарының, облыс-тық мəслихат депутат тарының қатысуымен мəселелер талқы ла-нады», деді Сенат Төрағасы.

Отырыс барысында Кеңестің 2020 жылғы жұмысының негізгі бағыт тары белгіленді. Кеңес төр-ағасының орынбасары, Сенат тың Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғы-лым комитетінің төр а ғасы Мұрат Бақтиярұлы Кеңес құ ра мын төрт топқа бөліп, олардың жұ мы сын ұйымдастыруды ұсын ды.

Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна

Ми ронюк өз сөзінде Қазақстан Респуб ликасының 2019-2021 жыл дарға арналған еріктілер қызметін дамыту жөніндегі жол картасына егжей-тегжейлі тоқ-талып, қолданыстағы заңнаманы же тілдіру жөнінде бірқатар ұсы-ныс айтты.

Балалар мен жасөспірімдердің «Жас Ұлан» бірыңғай ұйымының төрағасы Динара Сəдуақасова 14 жасқа дейінгі балаларды еңбек ке тəрбиелеуді заңнамалық деңгейде көтермелеуді, сондай-ақ балалардың проблемаларын жан-жақты қарастыру үшін Жастар жылы мен еріктілер іс-шаралары үл гісінде «Балалар жылын» өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсын-ды. Жоғарғы палата басшысы бұл бастамаларға қолдау білдірді.

Отырысқа Ақпарат жəне қоғам дық даму министрі Д.Абаев, Білім жəне ғылым министрі А.Ай-ма ғам бетов, Еңбек жəне халықты əлеу меттік қорғау министрі Б.Нұ -рым бетов қатысып, Кеңес мүше-лерінің сұрақтарына жауап берді.

Дариға Назарбаева отырыс-ты аяқтай келіп, жастар арасын-да ажырасудың алдын алу тақы-рыбын көтерді жəне Кеңестің жұ мыс жоспарына осы мəселе бо-йынша ұсыныстар əзірлеуді енгізу қажеттігін атап өтті.

Сенат Төрағасы іс-шараны аша келіп, өткен отырыста көптеген мəселе тал қыланғанын жəне бюджет заңнамасын жетілдіру жөнінде тапсырмалар беріл генін атап өтті.

Сенаторлар алдында Ұлттық экономика министрі Руслан Дəленов баяндама жасады. Ол бюд жет процесін реформалау жөніндегі жол картасының орын-далу барысы туралы айтты. Ми-нистрдің айтуынша, өткен жылы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы əзірленген болатын.

Сенат Төрағасы өз кезегінде мақсатты көрсеткіштерді жетіл-діру мəселесін кө теріп, оны нақты талқылауды ұсынды. Дариға Назар баеваның айтуынша, көрсет-кіштерге ұмтылу əкімдерді мəлі-мет терге қосып жазуға мəжбүр етіп отыр.

«Өйткені олардың орынды-ғында «отыруы» осыған байла-ныс ты болуда. Ауыл шаруашы-лы ғының бəрі жекеменшікте əрі өнім өндірушілер де жеке адам-дар болғанда – бұл таңғаларлық жағдай. Біз жоспарлы эконо-микадан бас тарттық. Ендеше, əкім діктер неге цифрларды ой-дан шығаруға мəжбүр болып отыр?! Сондықтан əдіс-тəсілдерді өзгерту керек», деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаеваның пікірінше, бюджет тік бағдарламаларды жү-зеге асыру бары сындағы мем ле-кет тік сатып алу кезінде əжептəуір проблемалар туындайды.

«Бастапқы идея жақсы бол-ды. Ол бюд жет қаражатын жым-қы руды қысқар туға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жəне мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру кезіндегі ашықтыққа бағытталған. Қағаз жүзінде бəрі жақсы болды. Заңдар да қабыл-дан ды, қаншама түзетулер енгі-зілді. Əйтсе де, осының бəрі

жұ мыс істемей отыр», деді Сенат Төр ағасы.

Сондай-ақ Дариға Назарбаева мемле кеттік қорғаныс тапсы ры-сының жекелеген баптары бо-йынша ақпаратқа қол жеткізуге қатысты ойын ортаға салды: «Мен онда құпия техника, əскери жабдықтар, электроника, байла-ныс бар екенін түсінемін. Бірақ əскерді өмірлік қажетті тауар-лармен жабдықтауға қатысты – тамақтану, киім-кешек, жиһаз туралы мəселелер неге өте құпия болды? Əскери техника мен қауіп-сіздік мəселесіне қатысты емес мəселелердің бəрі ашық болуы тиіс. Сатып алынған осы өнім кө-лемінің қандай екенін білесіз бе? Бұл біздегі бизнес, агроөнеркəсіп кешені, жеңіл өнеркəсіп үшін та-маша қолдау болар еді», деді ол.

Республикалық бюджеттің атқары луын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың ақпа раттары бойын-ша, мемлекеттік сатып алу тура-лы заң жетілдірілсе де, ол заңды сырт айналып өткен сатып алулар белең алған. Еліміздің барлық аймақтарындағы мемлекеттік са-тып алулардың 90%-ы бір жерден жүзеге асып келеді.

Отырыс барысында бюджет-тің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар туралы мəселе де қаралды. Руслан Дəленов өз сөзін-де салықтық жеңілдіктер мен суб -сидиялардың тиімділігіне жүргі -зілген талдау нəтижелері туралы айтты. Са рапшылардың баға-лауынша, салықтық жеңілдіктерді толық көрсету үшін есеп-қисап сипаттарына өзгерістер қажет болып отыр. Ұлттық эконо-мика министрі «қол жет кен» жеңілдіктерге тал дау жүр гізуді салалық мемле кеттік орган дарға заң жүзінде міндеттеуді ұсын-ды. «Əйтпесе олардағы жеңіл-діктердің мультипликативтік əсері жө нін дегі міндеттемелерді

орындауда жауап кершіліктің бол-мауы бюджет түсіміне кері əсер етеді», деді Р.Дəленов. Ол сондай-ақ əртүрлі салада болғандықтан олардағы жеңілдіктердің тиім ді-лігін бірың ғай тəсіл арқылы баға-лау мүмкін еместігін атап өтті.

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов өз баяндамасында бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөнінде қабылданып жатқан іс-шаралар тақырыбын одан əрі жалғастырды. Б.Шолпанқұлов «Атамекен» жəне басқа бизнес-қауымдастықтардың өкілдері тарапынан сынға түсіп жатса да, қосымша құн салығы бойынша есепке қою шегін 20 мың айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы ұсыныс дұрыс екенін атап өтті: «Бұл іс-шара электронды түрде шот-фактураларды жазатын салық төлеушілер санын ұлғайтады, тиі-сінше, сауда айналымының едəуір бөлігін теңдей түрде жарыққа шығарады».

Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау ор гандары комитетінің төрағасы Владимир Волков Армения, Ресей жəне Қырғызстаннан əкелінген автомобильдердің кедендік баж бен кəдеге жарату төлемдерінің, қосымша құн салығының бюд-жеттен тыс қалуы туралы мəсе-ле көтерді. Сенатор сондай көлік иелерінің есебін алмаған мемле-кет тік органдардың, атап айтқан-да, Ішкі істер, Əділет, Қаржы минис тр ліктерінің жұмысына сын айтты.

Қаржы министрінің бірін-ші орынбасары жауап сөзінде одаққа қатыспайтын басқа мемле-кеттердің аумағы арқылы авто-мобильдерді шығару жөніндегі тармақтарды кедендік бақылау орган дарының қарастырмағаны туралы айтты. Бүгінгі күні бұл кем шіліктерді жою жөнінде келіс-сөздер жүргізілуде.

Жоғарғы палата басшысы өз кезе гінде шығындарды бюджетке қай тару нұсқаларын қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Көлік мар-касына, құнына, көле міне байла-нысты қанша төлеуі керек екенін əр адам түсіну керек. Оны саралап қарап, ымыраға келу керек», деді Д.Назарбаева.

Отырыста сөз алған сенатор Дəу рен Əділбеков мемлекеттік бағ дар ламалардың тиімділік көр-сет кіштерін анықтау, сондай-ақ жер гілікті бюджеттің ауыспалы шы ғындарын жабу мəселелерін қозғады.

Дариға Назарбаева отырыс қо ры тын дысы бойынша бюджет-аралық қаты настарды жаңғырту, бюджеттің төртінші деңгейін ен гі-зу мəселелерін қарастыру бойын-ша жұмыс тобын құруды ұсынды.

Орынбек �ТЕМҰРАТ,«Egemen Qazaqstan»

Табыстың бір бөлігі спортты

дамытуға бағытталадыАлқалы жиынның күн тəрті-

біндегі негізгі мəселе – «Қазақ-стан Республикасының кейбір заң намалық актілеріне лотерея-лар жəне лотерея қызметі мəсе-ле лері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» заң жо басы бірінші оқылымда қарал ды. Аталған заң жобасы лоте реялық қызметті құқықтық негіз де жүйелеуге бағытталған. Мақ саты – лотереялық қызметті жүзе ге асырудың жаңа ұстаным-дарын одан əрі нығайту. Жалпы, «Лотереялар жəне лотерея қыз-меті туралы» заң 2016 жылы 9 сə уірде қабылданған.

Əзірленген құжаттың жай-жап сарын депутаттарға Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райым құлова таныстырды. Оның ай туынша, 2017 жылғы 10 ақпан-дағы №48 Үкімет қаулысымен «Сəтті жұлдыз» АҚ лотерея опе-раторы болып анықталды. Жаңа заңға сəйкес, анықталған лотерея операторы лотерея билеттерін сату, қазақстандықтарға ұтыс тар-ды төлеу, Қазақстан бюджетіне са лық төлеу, спортты дамытуға тө лем дер, сондай-ақ үш мың нан астам шағын бизнес субъек ті-леріне қосымша табыс көздерін жəне жұмыс орындарын құру мəсе-лесін қамтамасыз етті. Бастысы, мем лекет пен қоғам алдында ло-терея қызметінің ашықтығына жол ашылды. Мұндай тəсілдің құқықтық негіздерін одан əрі ны-ғайту қажет.

– Лотерея туралы қысқаша түсін дірме бергім келеді. Лоте-рея да лотерея операторы қатысу-шы лардың ақшасын жинай ды жəне кейіннен оларды осы қа-ты су шылардың арасында тара-тады. Барлығына емес, сəтті түс кендерге кепілдік береді. Сон дай-ақ жиналған қаражат-тың бір бөлігін елдегі спорт тың дамуына бағыттайды. Лотерея операторының міндеті – ұтыс-тарды лотерея қатысушылары арасында еркін таңдау тəсілімен бөліп беру. Лотерея – елімізде мемлекет бақылауында. Оны өткізудің маңызды элементі – мемлекеттің əлеуметтік бағдар-ламаларын қолдау. Біздің елде қаражат спортты дамытуға бағыт-талады. Заң жобасы лотерея та-ратушылар агенттерінің қыз-метіне құқықтық негіз жасай-ды. Бүгінде лотерея операторы-мен келісімшарт бойынша агенттік қызметті жүзеге асыра-тын үш мыңнан астам субъект қызметін атқарып жүр. Бұған қоса заңнамада «лотерея таратушысы» агенті ұғымының жоқтығынан құқықтық коллизиялар пайда

болып, көптеген жеке кəсіпкерлік субъектілердің, сондай-ақ ло-терея операторының қызметіне ке дергі тудыртып отыр. Бұған қо са, заң жобасында лотереяны заң сыз өткізгені үшін əкімшілік жауап кер шілік белгіленді, – деді министр.

Сонымен қатар Ақтоты Райым құлова қазіргі уақытта Əкім шілік құқық бұзушылық ту-ралы кодексте лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаның лотерея қызметін жүзеге асы-руына тыйым салу бөлігінде «Лотерея жəне лотерея қызмет туралы» заңның ережелерін іске асыруды қамтамасыз ететін нормалар жоқ екенін алға тар-тып, лотереялық қызмет атын жамылған алаяқтықтан, жалған жарнамадан азаматтардың сақтандырылмағанын атап өтті. Осыған орай лотерея операторы-нан басқа жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынбақ. Заң жобасымен Мəдениет жəне спорт министрлігіне құзырет беру арқылы лотереялық қызметті тиімді əрі жедел мемлекеттік рет-теу тетігі енгізіліп отыр. Яғни, ло-терея өткізудің ережелерін бекіту, лотерея өткізудің тəсілдеріне қойылатын талаптарды бекіту ескерілген. Бұл шаралар бір жағынан, лотерея қызметі сала-сын дамытуды əрі ақпараттық технологиялар қолдануды шек-темеуге мүмкіндік берсе, екінші жағы нан, уəкілетті орган ретінде минис трлікке лотерея қызметі сала сындағы құқыққа қарсы қыз-метті тиімді шектеуге жол ашады.

Осы тұста Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин лотерея қыз-метінде айқын тəртіп пен қатаң бақылау орнатып, одан түскен кі-рістер əлеуметтік мақсаттарға ба-ғытталуы тиіс екенін алға тартты.

– Əзірге 376 млн теңге спорт-ты дамытуға аударылсын, бірақ лотерея қызметінен түсетін ай-налым айтарлықтай өседі. «Сəт-ті жұлдыз» табысының 15%-ын аударуға міндеттелді. Сəй ке-сінше, лотереядан спортты дамы-туға бөлінетін қаражат өседі. Кезінде «Спортлото» сияқты таны мал лотерея табысының көме гімен бұқаралық спорт қаржы ландырылды, соның ішінде спорт ғимараттары салынды. Бұл жақсы тəжірибе болды. Көптеген нысанға «Спорт лотереялары қаражатының есебінен салынды» деген тақтайшалар ілінді. Яғни, мұндай бастамаларға лотерея билеттерін сатып алғандар да үлес қосты, – деді Мəжіліс Спикері.

Депутаттар заң жобасын тал қылау барысында Ақтоты Райым құловадан заңсыз лотерея ойнатқандар қандай əкімшілік жауапкершілікке тартылаты-нын сұрады. Бұған жауап берген министр ұлттық лотерея опера-торынан лицензия алмай, ұтыс

ойындарын ұйымдастырған жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын бизнес субъектілер мен ком-мерциялық емес бірлестіктерге – 700 АЕК, орта бизнеске – 1000 АЕК жəне ірі бизнеске 2000 АЕК айыппұл белгіленетінін айтты.

Сондай-ақ министр заңсыз лотерея ойнатқандарға алдымен ескерту берілетінін, ал егер бір жыл ішінде екінші рет қайталанса, жауапқа тартылатынын атап өтті. Бірақ бұған қарсы Мəжіліс Төр ағасы: «Ескі көлігін лотерея арқылы сəтті өткізіп жіберген адам ескертумен оңай құтылып кетеді. Яғни, сата алмай отырған екінші көлігі болмаса, жазадан жалта-рып қала ды. Сондықтан екінші оқы лымға дейін жауапкершілікті арттыру мəселесін пысықтауды тапсырамын», деді.

Субсидия әділ бөлінбей, ауыл

шаруасы шалқымайдыСонымен қатар жалпы оты-

рыста депутаттар «2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бер-меу туралы конвенция жəне оған Хаттама шеңберінде Қазақстан мен Армения уəкілетті орган-дары берген резиденттікті рас-тайтын ресми құжаттарды тану тəртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратифи-кациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Бұл заң жобасын депутаттар-дың назарына Премьер-Минис тр-дің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Əлихан Смайылов ұсынды. Оның айтуынша, Келісім екіжақты халықаралық шарт бо-лып саналады жəне Қазақстан мен Армения уəкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тəртібін жеңілдету мақсатында жасалды. Аталған тəртіп екі мемлекеттің салық төлеушілеріне апостиль қою сыз резиденттігін растайтын құжатты салық агенттігіне ұсы-нуға жағдай туғызады. Бұған қоса мұндай ретроспективтік екі мемлекеттің салық төлеушілеріне қосарланған салық салу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді. Осы Келісім біздің елдердің əрі қарай қарым-қатынасының да-муына бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шаралардың бірі болып саналады. Келісімді іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Жиын соңында əдеттегідей құзыретті органдарға депутаттық сауал дар жолданды. Осы қатарда Нұр жан Əлтаев бір топ депутат-тың атынан Үкімет басшысы Ас-қар Маминге жолдаған сауалын да ауылшаруашылық субсидия лары мен жеңілдетілген несиелер беру-де əділетсіздік пен кемсітушілік жүйе бар екендігін алға тартты.

Депутаттың айтуынша, Елба-сы мен Президенттің орта жəне шағын бизнесті қолдау қажет тігі туралы тапсырмаларына қара-мастан, қазіргі қолданыстағы суб-сидиялар мен жеңілдетілген несие-лер негізінен ірі бизнесті қолдауға бағытталған. Бұл – өте қолайсыз жəне ауыл шаруашылығындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін фак-тор. Шын мəнінде, шағын жəне орта бизнес мемлекеттік қолдау жүйесінен ажырап, өздерінің əлеуеті мен даму болашағын жоғалтып отыр.

Соңында Премьер-Минис тр-ден аталған мəселені қарас ты рып, заңда белгіленген мер зімде жазба-ша жауап беруді сұрады.

Бюджет заңнамасы жетілдіруді қажетсінеді

Лотерея қызметізаңмен реттеледі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кейінгі кезде әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдаланып, жарнамасы «жер жаратын» лотереяларды кім к�рінген ой-ната беретін болды. Осындай ойындардың құқықтың негізін күшейтіп, лотерея қызметін жедел реттеуге бағытталған ар-найы заң жобасы Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің т�рағалығымен �ткен палатаның жалпы оты-рысында жан-жақты талқыланды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұл-тан Назарбаев партияның Саяси кеңесінің кеңей -тілген отырысын 2020 жылғы 18 наурызда шақы ру туралы қаулыға қол қойды. Отырыста партия ның биылғы жылдағы міндеттері қаралатын болады.

Nur Otan-ның Саяси кеңесі партияның жоғары өкілді органы болып табылады. Саяси кеңес

мүше лері партияның съезінде сайланады. Қазіргі Саяси кеңес тің құрамы 100 адамнан тұрады, олардың қатар ын да саяси жəне қоғам қайраткерлері, бизнес, ҮЕҰ, кəсіподақ жəне жастар ұйымдарының өкіл дері бар.

«Егемен-ақпарат»

Партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Жастар мәселелерін шешу уақыт күттірмейді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Дариға Назарбаеваның т�рағалық етуімен Парламент Сенаты жанындағы Жастар кеңесінің алғашқы отырысы болды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

6 АҚПАН 2020 ЖЫЛ 3САЯСАТ

–––––––––––––––––––––––––––––Ақордада Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағ-дарламасын іске асыру ж�нін дегі Ұлттық комиссияның отырысы �тіп, атқарылған жұмыстың есебі тыңдалды. –––––––––––––––––––––––––––––

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Кө-шер баевтың төрағалығымен өткен жиын-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың нəтижелері мен алда ат қарылатын жұмыстың жаңа басым бағыттары қаралды.

«Қазақстан Республикасының Тұң-ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асыры-лып жатқанына биыл үш жыл толды. Осы уақыт аралығында елеулі жұмыс атқарылып, нақты жобалар жүзеге асы-рылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында жарық көрген «Абай жəне ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылған бағыттар да осы бағдарламамен табиғи сабақтастық тауып, оны қоғам қолдап отыр», деді Қ.Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы «Рухани жаң-ғыру» нақты жобаларды іске асыруға ба ғыт талған кешенді бағдарлама екенін атап көр сетіп, оның тиімді тұстарына тоқталды.

«Бағдарлама заманауи қазақстандық мəдениет, озық білім, ғылыми-зерттеу, ар-хеология жəне басқа да түрлі бағыттардың дамуына едəуір серпіліс берді. Қазіргі таңда 6 бағыт бойынша 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Жасыратыны жоқ, бірқатар жоба нəтижелі жүргізілсе де, кейбірі діттеген межеге жете алған жоқ. «Туған жер» жобасы аясында меце нат-тардың қолдауымен 2019 жылы 60 млрд теңгеге жуық қаражат жиналды. Бұ дан бөлек, 889 нысан жаңадан салынып, 631 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ай-та кетерлігі, қаржыландырудың ең көп көлемі Маңғыстау, Алматы, Атырау, Қызылорда жəне Ақмола облыстары-на тиесілі. Бұл Қазақстандағы бизнес өкілдерінің əлеуметтік жауапкершілігі артқанын аңғартады», деді Қ.Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жылдағы іс-шараларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 90 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Оның ішінде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлініп, 711 жоба жүзеге асып, 53 елді мекенде 452 инфрақұрылым салынды. Қалған жоба-лар еліміздің руханияты мен тарихын, əде биеті мен мəдениетін, білімі мен ғы-лы мын тереңдету, таныту, зерттеу бағыт-тары бойынша жалғасады.

Сондай-ақ Қ.Көшербаев бағдар ла-маны іске асырудың кей бағытына ерек-ше көңіл бөлу қажеттігіне баса назар аудар ды. Соның ішінде, тұлғалық даму, праг ма тизм, ұлттық бірегейлікті сақтау ма ңыз ға ие. Мемлекет пен қоғамның дамуы «Халық үніне құлақ асатын мем-лекет» тұ жы рымдамасы аясында жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орын-дау барысында олқылық жібермеуді ескертіп, науқаншылдыққа жол бермеу-ге шақырды.

«Өкінішке қарай, кейбір өңірде

бағ дарламаға мазмұндық жағынан сай келмейтін шараларды «Рухани жаң -ғырудың» есебіне енгізіп жіберу кез-деседі. Мұндай науқаншылдық əре кет тер бағ дарлама мен биліктің беделіне нұқсан келтіреді. Əсіресе бағдарламаның құнын түсіретінін түсінуіміз керек. Сондықтан барлық атқарушы орган бағдарламаны жүзеге асыру кезінде білім жəне ғылымға құштарлық, еңбексүйгіштік, ұлттық жəне өркениеттік құндылықтарды насихаттау шараларына басымдық беруі керек», деді Қ.Көшербаев.

С о н д а й - а қ ж и ы н б а р ы с ы н д а Премьер-Ми нистрдің орынбасары Бер-ді бек Сапар баев «Рухани жаңғыру» бағдар лама сы ның орындалуына қатысты пікір білдірді.

«Елбасы осыдан үш жыл бұрын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қабылдаған кездегі негізгі мақсат сана-сезімімізді, ұлттық дəстүрімізді, ұлттық құндылығымызды одан əрі дамыту бола-тын. Осының бəрі билік пен қоғам бірге жұмыс істесе, жүзеге асатыны сөзсіз. Сон дықтан зиялы қауыммен бірге осы іске жұмылу керек», деді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, берілген тапсырма орындал маған жағдайда, кез келген ла-уазымды тұлға жауап беруі тиіс. Бұдан бөлек, вице-премьер ауылдық жерді дамытудың маңызына ерекше екпін беріп, Алаш арыстарын ардақтау, əл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығын атап өтуге байланысты атқарылатын жұ мыстарға тоқталды.

Бұдан кейін Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дəурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылға арналған жаңа жоспарын таны-стырды.

«Өңірлерде жобаларды сапасыз жос-парлау проблемасы бар. Нəтижесінде бастапқы мақсат күткен нəтижеге сай кел-мей қалуы кездесті. 2020 жылға арналған жаңа жоспар аталған мəселелерде ес кері-ліп жасалды. Мемлекеттік хатшы бекіт-кен құжат 122 бөлімнен тұрады», деген Дəурен Абаев жаңа жоспарда көптеген шараның қысқартылғанын жеткізіп, оның негізгі бағыттарын айтып берді.

«Бөлімдердің санын екі есе қысқарт-тық. Сапа көтеріледі деп сенеміз. Жоспар негізгі үш бағытта жүзеге асырылмақ. Біріншісі – жеке даму. Екіншісі – ұлттық бірегейлік пен халықаралық таныстыры-лым. Үшіншісі – мемлекеттің, азаматтық қоғам мен жергілікті қоғамдастықтардың дамуы. Биыл құжат бойынша шара-лар легі екі есе қысқарды. Осы шар а-лар дың үштен бірі ғана форумдар мен

фестивальдардан, сайыстар мен конфе-ренциялардан тұрады», деді министр.

Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бренд-бугын дайындау бойынша жұмыс-тардың басталып кеткенін мəлім етті.

«Биылғы 20 қаңтарда министрлік Пре-зидент Əкімшілігінің мемлекеттік инс-пек торларымен бағдарламаны жергілікті деңгейде жүзеге асыру мəселелерін тал-қылады. Мемлекеттік инспекторларға бағ дарламаның жергілікті деңгейде жүзе-ге асырылуын қадағалау мақсатында əр өңір бойынша əдістемелік материал ұсы-нылды», деді Д.Абаев.

Министрдің сөзіне сүйенсек, мұн-дай қадам аймақтарда жоспардың орын-далғанына жедел мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

«Алдағы жылда мемлекеттік тапсы-рыс аясында жаңа жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, от ба сы лық құндылықты дəріптейтін дəс-түр лі музыканы, кəсіпкерлік сала мен ұлт тық өнер түрлерін насихаттайтын ж о ба лар, əлемдегі жаңа технологиялар тұр ғы с ын да жасалған, сонымен бірге бала ларға ар налған анимациялық жо-балар бар. Дəс түрлі музыка мен күйдің, Абай Құ нан байұлының шығармалары мен қазақ стан дық авторлардың 100 жаңа оқу лығ ын алға жылжыту бойын-ша аудио под кас ттар əзірленеді», деді ведомство басшысы.

Д.Абаев Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан туралы видеороликтер топтамасы əзірленгенін айтты. 7 ролик өңірлердің табиғи сұлулығына арналған. Видеороликтердің тағы бір парасы елдің туристік, инвестициялық жəне экологиялық тартымдылығы жөнінде. 2019 жылы түсірілім жұмыстары респуб-ликалық маңыздағы үш қала, сонымен қатар Алматы, Маңғыстау, Түркістан жəне Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген.

Министрдің баяндамасын мұқият тыңдаған Мемлекеттік хатшы Қ.Көшер-баев қазақтың жерін сақтап қалған, сол үшін күрескен Ж.Тəшеновті, танымал ғалым А.Бараевты өскелең ұрпаққа таны-ту дың маңызын атап өтті.

Бұдан кейін баяндама жасаған Прези-дент Əкімшілігінің мемлекеттік бақылау жəне аймақтық ұйымдастыру бөлімінің мең герушісі Нұрлан Сауранбаев «Туған жер» жо басына жүргізілген талдау жұ-мыс тары ның қорытындысын таныстырды.

Баяндамашының айтуынша, «Туған жер» жобасы аясында 2019 жылы 14 мың-нан астам іс-шара өткізілді. 4 миллион нан

астам адам қамтылды. 2019 жылы ме це-наттар есебінен 1 мыңнан аса əлеу мет-тік маңызы бар нысан салынды, 700-ден астам нысан күрделі жөндеуден өт кізі ліп, ауылдар мен қалаларды дамы туға ба ғыт-талған жобалар іске асырылды. Қар жы-ландыру көлемі 60 млрд теңгеден асты.

Алайда, Н.Сауранбаев «Туған жер» бағдарламасының осындай оң əсеріне қарамастан, түйіні тарқамаған түйткіл-дердің əлі де бар екенін жеткізді. Мəселен, аймақтарда бұл бағыттағы жұмыс əрқилы жүргізілген.

«Солтүстік Қазақстан облысында бұл бағытта 510 мың адам жұмылдырылған 1155 шара өткені жөнінде есеп берді. Ал аймақта халықтың саны 549 мың адам ғана», деді Н.Сауранбаев.

Отырыста сөз сөйлеген Президент Əкімшілігі Басшысының бірінші орын-басары Мəулен Əшімбаев «Рухани жаң-ғыру» бағдарламасын жүзеге асыру да жас тарға тəрбие беруге басымдық беру-дің маңызын түсіндіріп берді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда науқаншылық болып жатқаны жасырын емес. Оны айтуымыз керек. Əрине рухани салада өңірлерде көп шаруа атқарылады. Бірақ соның бəрін бағдарлама аясында жасай беру де шарт емес шығар. Сондықтан бұл тұрғыда сан нан сапаға көшу керек. Ақпарат жəне қоғамдық даму министрінің шараны қыс-қарту, оның сапасын арттыру жөнін дегі бастамасын толықтай қолдай мыз», деді М.Əшімбаев.

Сонымен қатар Ұлттық комиссия оты-рысы барысында Алматы облысының əкі-мі Амандық Баталов, жазушы Төлен Əб дік жəне тағы басқалар сөз сөйлеп, «Ру хани жаңғыру» бағдарламасы аясында ат қа рыл-ған жұмыстардың маңызына тоқ тал ды.

Жиын соңында баяндамалар мен айтылған пікірлерді мұқият тыңдаған Мем лекеттік хатшы Қ.Көшербаев «Руха-ни жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асы-ру аясында аймақ басшыларының мін-детін түсіндіріп берді.

Сондай-ақ министрлер мен əкімдер осы жұмыстың алдында жүруі керек еке-нін тағы бір мəрте еске салып, қоғам дық сананы жаңғыртуда ұлттық дəстүрге иек артуды міндеттеді.

«Бүгінгі таңда той ұлттық салт-дəстүр салтанат құратын, ұрпақ ұлағат алатын, өнер, мəдениет көрініс табатын шараға айналса деген тілегіміз бар. Қазір Наурыз мерекесінің қарсаңында тұрмыз. Батыста «көрісу» деген жақсы дəстүр бар. Қыс-тыгүні ешкім ешқайда қатынай алмай-ды. Қар еріп, жер қарайғанда жастар

жи налып, ақсақалдардың батасын алады. Осыған байланысты 14 наурызда Амал мерекесін кеңінен атап, 22-24 нау рызда Наурыз мерекесін тойлауға қатыс ты ұсыны сы мызды береміз. Ұлттық дəстүр-лерімізді елдің басын біріктіруге дұрыс пайдалануымыз керек», деді Мемлекеттік хатшы.

Іс-шара соңында Қ.Көшербаев «Руха-ни жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асы-ру бойынша бірқатар нақты тапсырма беріп, оның басым бағыттарына қатысты бүкіл өңірде жұмысты жандандырудың маңы зына ерекше тоқталды.

«Ру хани жаңғыру» бағдарламасы шең бе рін де Үкіметтен бастап, жергілікті ат қа ру шы органдарға берілетін тапсырма-лар бар. Алдағы жұмыс жоспарын жина-қы, мақ сат ты əрі нысаналы түрде жүргізу қажет.

«Жұмыс жоспарын үш бағытқа жіктеп отырмыз. Бірінші бағыт – тұлғалық даму бағыты. Бұл бағыттың ішіне білім нің сал-танат құруы, прагматикалық құнды лық-тарды сіңіру, бəсекеге қабілеттілік сынды құндылықтарды жинақтап, адам капи-талын арттыруға бағыттаймыз. Əсіресе жастар мəселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Екінші бағыт – ұлттық бірегейлікті сақтау. Бұл бағыт ұлттық құндылықтарды сақтау, ұлттық бірегейлікті халықаралық деңгейде көрсету сынды кешенді шара-ларды қамтиды. Үшінші бағыт – мемлекет пен қоғамның дамуы. Бұл бағыт елімізде революциялық даму емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асады. Бағдарламаны жүзеге асыруда науқаншылыққа жол бер-меуіміз керек», деді Мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ аталған міндеттерді сапа-лы түрде орындау үшін комиссия аты-нан нақты бірқатар тапсырма берілетінін жеткізді.

«Біріншіден, мемлекеттік комиссия-ның хаттамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жос пары бекітілсін. Екіншіден, Қазақстан Респуб-ликасының Үкіметі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жос -парында көзделген шаралардың қаржы-ландырылуын жəне сапалы іске асыры-луын қамтамасыз етуі керек. Үшіншіден, Білім жəне ғылым министрлігі білім беру-ді дамытудың мемлекеттік бағдар лама-сына патриоттық білімділік, бəсе кеге қабілеттілік, функционалдық, ұлттық код сияқты тəрбиелік элементтерді қам ти отырып, күшейтілген тəрбие ком по нентін енгізу жөнінде шұғыл шаралар қабыл-дасын. Сонымен қатар біртұтас Қазақстан мемлекеттік идеологиясының пəрменін жүргізу мақсатында жалпы Қазақстанда балалар мен жастар қозғалысын құру жөнінде Мемлекет басшысының аты-на ұсыныс дайындалсын. Жас ұрпақты пат риотизмге баулу жəне олардың бəсе-кеге қабілеттігін арттыру мақсатында халық саны 30 мыңнан жоғары аудан ор талықтарында ауыл балаларына арнал-ған бейімдік дарынды балалар мек теп-интернаттарын ашу, сондай-ақ əске ри кадеттер мектептерін ашу, онда жетім жəне ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың да оқуына қажетті мүмкіндік жасау жөнінде Президент Əкімшілігіне 1 наурызға дейін тиісті ұсыныс енгізілсін», деді Қ.Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы сонымен қатар танымдық бағдарламалар шығаруға бар-лық БАҚ-ты жұмылдыруды жүктеді. Айта кетерлігі, бағдарламаның орын-далуы Президент Əкімшілігінің бақы-лауын да болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаңа сапалы кезеңге шықты

Т�лен �БДІК,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы:

– Рухани жаңғыру – тұрақ-ты даму деген сөз. Рухани жаң-ғырусыз даму мүмкін емес. Заман өзгереді, уақыт өзге-реді, жаңа талаптар, жаңа құн-дылықтар пайда болады. Халық та, қоғам да даму керек. Даму үшін алдымен өзін тану керек. Тану деген сөз – дұрыс тарих жасау деген сөз. Əспеттеген, əдемілеген тарих емес, шын мəнінде өзінің халық ішіндегі қайшылығымен, кемшілігімен соның бəрін көрсететін анық, əділ тарихымыз болуы керек. Егер біз өзімізге ғана ұнайтын, өзіміз ғана білетін, өзіміз ғана іштей мақтанып отыратын томаға-тұйық тарих жасасақ одан пайда шамалы. Сондықтан кейде мен əсірелеуге қарсы шығамын.

Бұл бағдарламаның іске асырылуын толық қолдаймын. Бірақ науқаншылық пен ресмиліктен арылуымыз керек. Жаңа ғана осы бағдарламаны іске асыру бойынша 14000 іс-шара өткізілгені айтылды. 14000 іс-шара деген не сөз? Есеп беруде ресмилік болмаса екен деймін.

Бір ұсынысым бар. Биыл Əбу Насыр əл-Фарабидың туғанына 1150 толып отыр. Əбу Насыр əл-Фараби – екін-ші Аристотель атанған адам-зат тарихындағы ең ұлы адам-дардың бірі. Онымен қалай мақтансақ та артық болмай ды. Сондықтан менің ұсыны сым: осы мерейтой қарсаңында əл-Фарабидің ескерткішін осы елордада орнатуға болады. Шет е лден келген азаматтар ес керт к ішке қарап, оны бірден танитын еді.

Талғат ҚАЛИЕВ,саясаттанушы:

– «Рухани жаңғыру» бағдар ла масын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысын-да түрлі пікір айтылып, орынды ұсыныстар жасалды. Ойды ой қозғайды ғой. Сондықтан ко мис сия мүшелерінің əр айт қан пікірі бағалы. Ең бастысы, «Ру хани жаңғыру» бағ дар лама-сының мазмұнын, арқа лаған жүгі мен қозғау салар күшін зиялы қауым өкілдері де, бұқара халық та түсініп отыр. Бағдарламаны барынша

тиімді жүзеге асыруға байланысты тың идеялар мен орамды ойлар ортаға салынды.

Ашығын айту керек, елі міз дің түрлі аймақ-тарында бағ дарламаны іске асырудың жө ні осы екен деп, қатардағы шаралар да жоба ретінде қабылданып, ұйымдастырылып жатыр. Мұны бұрыс деп емес, түсінбеушілік салдары деп айтқан орынды іспетті. Бүгінгі таңда осы жоба мə селесіне қатысты да сан қилы өзгерістер енгі-зіліп, түрлі индикаторлар қосылуда.

Бағдарламаның түпкі мақ саты – қоғамдық

сананы жаң ғырту болған соң əлі де қыруар жұмыс атқарылатыны бел гілі. Қалыптасқан заманауи қоғам ға айналу үшін бұл жол ды да жүріп өту керекпіз. Сон дық тан бұл міндетті бір ғана би ліктің, не болмаса зиялы қауым өкіл дерінің ғана иығына артыл ған жүк деп ұғын бауымыз керек. Қазақстандық əр азамат өз саласы бойынша осы бағытта жұмыс істеп, ой елегінен өткізуі тиіс. «Қайтсем дамимын, бəсе кеге қабілетті боламын?» деген ұс таным қажет бізге.

�ли БЕКТАЕВ,«Ауыл» ХДП т�рағасы, Парламент Сенатының депутаты:

– Бірегей бағдарлама рухы мыз ды көтеріп, бір лігімізді бекі те түсті. «Туған жер» баста-ма сы ат қа мінер азаматтардың, та бы с ты кəсіп-керлердің кіндік қаны там ған ауыл-аймағына наза рын аудар тып, елді мекен дер дің көр ке ю і-не септесті. Жалпы, үш жыл дың кө лемінде 61 млрд теңге көле мін де нысандар салынған екен.

«Рухани жаңғыру» бағдар ла масының бергені

де, берері де көп екені күмəн туғызбайды. Бірақ іс-шаралардың көпшілігі мемлекеттік органдардың тарапынан атқарылып жатыр. Алдағы уақытта бағдарламаның бұдан да кең қанатын жаюы үшін жаппай халық болып атсалыссақ, құба-құп болар еді. Сонда ғана біз рухани жаң-ғырудың биігіне шыға аламыз, бағдарламаның пəрменді шараларын атқаруға қол жеткіземіз. Бұл əрбір азаматтың санасының өзгеруіне байланысты. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мақаласында атап өткен прагма-тизмге ерекше мəн беру керек деп ойлаймын.

Прагматизм ұлт тық құндылықтарымыз бен бай-лығымызға өте үлкен жауап кер шілікпен қарауды білдіреді. Егер азаматтарымыз өзінің отбасына, тіршілігіне, дүниесіне жауапкершілікпен қарай алмаса, онда олар мемлекеттің де бай лығына жауапкершілікпен қарай алмайды. Сондықтан отбасылық құндылықтарды сақтау ізгілікті қоғам құруға бастайды. Қазір əрбір адам тапқан табы-сын, жеткен жетістігін міндет қылмай, өзінің отбасына, балаларының тəрбиесіне, мемлекет пен тəуелсіздігіміздің құндылықтарын арт ты-ру ға қызмет етуі қажет.

Тұрақты дамудың тұғыры

Қоғамдық санаға қозғау салған отырыс

Прагматизм жауапкершілікті күшейтеді

Сур

етт

і түс

ірге

н Е

рлан

ОМ

АР

, «Е

Page 4: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

4 6 АҚПАН 2020 ЖЫЛСАЯСАТ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министр Асқар Мамин инвестициялық ынтымақ тас-тықты одан әрі дамыту мәселелері ж�ніндегі диалог алаңы ая-сында Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің дипло ма тиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесу �ткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ел аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу ж�ніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті оты-рысын �ткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арман ОКТЯБРЬ,«Egemen Qazaqstan»

Ел басына алапат қасірет əкелген қан майданда ерен ерлік көрсеткен пан-филовшылар дивизиясы сарыла күткен Ұлы Жеңіске ауқымды үлес қосты. Еліміздегі тұңғыш гвардия атағы берілген даңқты дивизия сарбаздарының жүріп өткен жолы Жеңіс тарихының айнасы-на айналғанын жақсы білеміз. Еске алу қозғалысының кестесі бойынша эстафе-та жолын жалғау үшін Ұлттық ұланның 37 əскери бөлімінен Ту ұстаушылар тобы жасақталған. Тұтас ел аумағында салтанат

құратын эстафета барысында соғыс жəне еңбек ардагерлерімен 68 кездесу өткізу жоспарланыпты.

– Қазақта «Өткендерін еске алу өскендіктің белгісі» дейтін сөз бар. Аға ұрпақтың майданда төккен қаны мен ана-ларымыздың тылдағы төгілген терімен келген Жеңіс күнін біз ешқашан ұмытуға тиіс емеспіз. Жеңіс əрбір əулеттің тарихы-мен астасып жатыр. Келер ұрпаққа өсиет етіп айтатын ұлы күн. Заман өзгереді, əр дəуірдің өзіндік үні болады. Бірақ өткен тарих ешқашан өзгермейді. Өйткені бұл халықтың басып өткен жолы. Сондықтан біз бұл күнді жыл сайын аталарымызды

еске алумен өткіземіз. Панфиловшылардың ардақты, қасиетті Туы Қазақстанның қаншама аймағын аралайды. Бұл жас ұрпақтың санасына сəуле түсіріп, жүрегін дір еткізбеуі мүмкін емес, – дейді Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова.

Расында, біз Ұлы Жеңіс деп атайтын қасиетті күннің тасасында талай жан -ның кермек тағдыры жатыр. Өткен күнге үңілсек, елімізде қан майданға бозда ғы аттанбаған əулет жоқ. Айту лы шара ая-сында панфиловшылар дивизия сының көзі тірі жауынгері Қайырлы Жоң қабаев -тың үйінің ауласында салтанатты ше ру ұйымдастырылды. Ардагерді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, ге нерал-майор Мұхаметқали Сатов баста ған ұлан-дықтар Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Қайырлы Жоңқабаев 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы Шығыс Қазақстан об-лысы Құлжа орта мектебінде мұғалім болып бастаған ол, соғыс басталған жылы панфи-ловшылар дивизиясының 23-ші гвардиялық полкіне Қызыл Əскер жауынгері ретінде қабылданған. Ардагер соғысқа бастан- аяқ қатысып, майдан даласында Кеңес Одағының Батыры Мəлік Ғабдуллинмен бір сапта шайқасыпты. 1943 жылы ақ-панда Ржевтегі қанды қақтығыста ауыр жараланған жауынгер жеңісті Дрезденде қарсы алыпты.

«Бейбітшілік пен берекенің қадірін біліңдер. Одан асқан бақыт жоқ. Үл-кенге құрмет, кішіге ізет көрсету қаны-мыздан келе жатқан қасиет. Ең бастысы, осы қасиетті жоғалтып алмаңдар. Тəуел-сіздігіміз мəңгілік, ел іргесі берік бол-сын. Келешек ұрпағымның алдынан енді ешқандай кедергі кездеспесін. Тек қана мамыражай бейбіт заман болып, соғыс өрті тұтанбасын. Адамды адам қылатын, адамгершілік пен адал еңбек қана» – дейді көпті көрген соғыс ардагері Қайырлы Жоңқабаев.

АЛМАТЫ

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,«Egemen Qazaqstan»

Осы шараға байланысты Алматы қаласындағы Достық үйінде баспасөз-мəслихаты ұйымдастырылды. Оған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұ мыс тар жөніндегі орынбасары ге-нерал-майор Мұхаметқали Сатов, Ішкі істер органдары мен Ұлт тық ұлан ардагерлері кеңесінің төр-ағасы, милиция генерал-майоры Өмір зақ Болсамбеков, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Əмриев, «Генерал Панфилов қорының» құрылтайшысы, даңқты қолбасшының немересі Алуа Байқадамова қатысты.

Жиынды ашқан Мұхаметқали Сатов: «Қазақстандықтар Екінші дүниежүзілік соғыстың басынан аяғына дейін майданның алғы шебінде болды. Сұрапыл басталғанда Брест қамалын мыңнан аса жерлестеріміз қорғаса, Жеңіс күні Григорий Булатовпен бірге Рақымжан Қошқарбаев Рейх-стаг тың төбесіне ту тікті. Мəскеу қор ғанысындағы Бауыржан Момыш-ұлының ерлігі өз алдына бір əңгіме. Жалпы республикамыздың 1 миллион 200 мыңнан аса тұрғыны соғысқа қатысып, сол сарбаздардың тең жар-тысын астамы қан майданнан орал-мады. Асқан ерлігі үшін 528 жауын-герге Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, бұл атақ Талғат Бигельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов жəне Сергей Луганскийге екі реттен бұйырды. Пулеметші Мəншүк Мəметова, мер-ген Əлия Молдағұлова, ұшқыш Хиуаз Доспанова сынды аруларымыздың да

батырлығы мен батылдығын кейінгі ұрпақ аңыз қылып айтуда. Қасиетті еліміз бен жерімізді басқыншылардан қорғап, келешек ұрпаққа бейбіт өмірді аманат ету үшін ата-апаларымыз, аға-тəтелеріміз жау əскерімен аянбай айқасты. Одан бөлек, Қазақстан хал-қының тылдағы ерлігін де ерекше атап өтуге тиіспіз. Соғыс оты өршіп тұрған кездері еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін таңның атысынан күннің батысына дейін қара жұмысқа жегілді. Олар да Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Мұның барлығы да бүгінгі ұрпақтың жадында», – деп теберіне сөйледі.

Сол секілді, айтулы жиынға қаты-сушы ардагерлер соғыс кезіндегі қазақ стандық жауынгерлердің көзсіз ерлігі жəне тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі жайында баяндай келе, осы тақырыпқа байланысты бірқатар қызықты деректі алға тартты.

Ал эстафетаның өзіне келер бол сақ, оның мақсаты – соғыста Отанын жан-қиярлықпен қор ғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсе-ту; есімдерін ел есінде сақтау; майдан даласында қаза тапқан əр солдаттың ерлігіне бас ию, жастардың, Ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұлан əскери қызметкерлерінің бойына отансүйгіштік құндылықтарды сіңіріп, патриотизмге тəрбиелеу, əскери бо-рыштарын үлгілі атқаруға ықпал ету, Қазақстан халқының батырлық тари-хына құрметпен қарау.

Осылайша Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы басталды.

АЛМАТЫ

Біз – Жеңістің мұрагеріміз!

Жауынгерлік Ту ел аймақтарын аралайды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматы қаласында алауын тұтатқан «Біз – Жеңіс тің мұрагеріміз!» эстафетасы аясында әйгілі панфилов шылар дивизиясының Жауынгерлік Туының к�шір месі Ұлттық ұлан сарбаздарының қолына тапсырыл ды. Жалынды жауынгерлердің к�зіндей болған симво ликалық мәні терең жәдігер 11 мың шақырымды артқа тастап, еліміздің барлық қалаларын шарлайтын болады. Айтулы рәсімнің Алматыдан бастау алғаны тегін емес. �йткені 1941 жылы генерал-

майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Алматыда жасақталған болатын.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биылғы 5 ақпан мен 5 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Ұлттық ұланда Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты эстафета �теді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жер серігі интернетін дамыту мәселесі талқыланды

––––––––––––––––––––Премьер-Министр Асқар Мамин «One Web» бри-тан компаниясының бас атқарушы директоры А.Штекельді қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––

А.Штекель осы жылдың 7 ақ панында Байқоңыр ғарыш айла ғынан «One Web» əзірлеген жаһандық жерсерік желісі ая-сында 34 жерсерікті ұшыру да-йындығы туралы баяндады. Биыл Байқоңыр ғарыш айла ғы-нан барлығы 8 ұшыруды жүзе-ге асыру көзделген. Жаһан дық жерсеріктік желі 1200 шақы-рым биіктікте 12 орбита жазық-тығында 504 спутниктен тұратын болады. Жерсеріктік желіні то-лық пайдалануға беру жəне Қазақ стан аумағында қызмет көр се туі 2021 жылдың соңына бол жанған.

Тараптар Қазақстан аумағын,

соның ішінде шалғайдағы жə-не жетуге жолы қиын аудандар-ды байланыс спутниктері арқы-лы жоғары жылдамдықты кең-жолақты интернетпен қамту жө-ніндегі жобаны іске асыру перс-пективаларын талқылады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығының жа-нын дағы Ғарыш аппарат тарын құрастыру-сынау кешенінің ба-засында «One Web» үшін жер-серіктер құрастыру жобасын іске асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ одан кейін Орталық Азия, Кавказ,

Иран, Ауғанстан елдеріне «One Web» жерсеріктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау-мен Қазақстан аумағында шлюз стансасын орналастыру бойын-ша бірлескен кəсіпорын құру мəселесі қаралды.

«One Web» компаниясы Ин-тернет жəне жылдамдығы жоғары деректерді жеткізу (қолданушы терминалына 5-50 Мбит/с) желісіне қолжетімділік бойынша қызметтерді ұсыну үшін ғаламдық төмен орбиталы жерсерік желісін жасайды.

Премьер-Министр Асқар Ма-мин Тұңғыш Президент – Елба сы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мем-лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық одақ елдерімен орнаған ынты мақтастыққа аса көңіл бөлетінін атап өтті.

«ЕО – Қазақстанның басты ин-весторларының бірі жəне ірі сауда серіктесі. 2019 жылдың 9 айында ел экономикасына түскен тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 8,7 млрд долларға дейін, яғни 15,8%-ға артты», деді А.Мамин.

Үкімет басшысы биыл 1 нау-рызда Қазақстан мен Еуроодақ ара сындағы кеңейтілген серік тес-тік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КСЫК) күші не енуі Қазақстан – Еуропа қатынас-тарындағы сапалы жаңа кезең-нің басталуын білдіретінін атап өтті. Құжат сауда, инвестиция-лар, инновациялар жəне инфра құ-рылымдық дамуды қоса алғанда,

қызметтің 29 саласын қамтиды.А.Мамин Еуропалық одақтың

елшілерін Қазақстанның ЕО-мен сауда-экономикалық жə не инвестициялық ынтымақ тас-тығына жəрдемдесу бойынша ашық əрі белсенді диалогты одан əрі жалғастыруға шақырды.

Өз кезегінде, дипломатиялық миссиялардың басшылары Қазақ-станда бизнесті жүргізу үшін қо лайлы жағдай жасау жұмыс-та рының оң қарқынын атап өтті.

«Қазақстан «Doing Business» рейтингінде тұрақты прогреске қол жеткізуде жəне инвестициялық ахуал мен іскерлік ортаны одан əрі жақсарту үшін зор əлеуетке ие. Мұнда Қазақстанның ЕО-мен ин вестициялық ынтымақтастығы жө ніндегі диалог үлкен рөл атқа-ра ды», деді Қазақстандағы ЕО өкіл дігінің басшысы Свен-Олов Карлссон.

Тараптар ел Президенті

Қ.То қаевтың Брюссель қаласына алда ғы сапарына дайындықты, КСЫК іске асыру бойынша қазақ-стан дық тарап əзірлеген жол кар та-сын, сондай-ақ Қазақстанда ин вес -торларды сыбайлас жем қор лық қа қарсы сүйемелдеу жəне са лық саясаты мəселелерін талқы лады.

Кездесуге Аустрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланды, Польша, Испания, Эстония, Италия, Латвия, Литва, Грекия, Испания, Хорватия, Румыния, Словакия, Мажарстан, Финляндия, Швеция елшілері, Португалия, Бол гария, Чехия, сондай-ақ ірі еуро палық компаниялардың өкіл-дері қатысты.

Биыл сəуір айында өтетін Қа зақстанның ЕО-мен инвести-ция лық ынтымақтастығы жөнін-дегі диалогтың келесі отыры-сында КСЫК жүзеге асыру бо йынша нақты қадамдарды, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу мəселелерін жəне осы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ДСҰ XII Министрлер конференциясына дайындық мəселелерін талқылау жоспарланған.

Инвестициялық ынтымақтастық нығаяды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың берген мəлі-меті бойынша, бүгінгі таңда Қа-зақ станда коронавирустық инфек-ция мен сырқаттану жағдай лары тір келмеген. ҚХР-мен мемле кет-тік шекара арқылы барлық өткі зу пункттерінде санитар лық-эпи-демиологиялық бақылау жұмыс-тары жалғасуда, оның бары сында осы жылдың 6 қаңтары нан бастап 21,8 мың адам қаралды.

«Осы жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша 104 адам жоғары тем пературамен ауруханаға жатқы зылды, олардың 71-і бүгін-де ауруханадан шығарылған. Ста-цио нарларда 33 адам қалып отыр, барлығына коронавирусқа қатыс-ты зерттеу жүргізілді – нəтижелері теріс», деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ таяуда Ухань қала-сынан эвакуацияланған 83 отанда-сымыз карантинге жатқызылған еді. Зертханалық тексерулер елге оралғандардың бойында да коронавирустық инфекцияның жоқ екенін анықтады.

Өз кезегінде Сыртқы істер ми нистрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қазіргі таңда ҚХР аумағында Қазақстанның 780 азаматы, оның ішінде 559 студенті жүргенін хабарлады. Қазақстанға жеткізу туралы 427 адам өтініш берген, қалғандары ҚХР-да қалуға ниет білдірген. Сыртқы саяси ве-домство дипломатиялық арналар арқылы азаматтарымызды елге əкетуді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Осы жылдың 3 ақпанынан

бастап ҚХР рейстеріне билеттері бар жолаушыларға авиабилеттерді сатып алу орны бойынша қайтару немесе қайта ресімдеу жүзеге асы-рылуда. Бұл жағдайда проблема жоқ, деп сендірді Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.

Сондай-ақ комиссия отыры-сында атқарылып жатқан жұ-мыс тар туралы Ішкі істер вице-министрі А.Калайчиди, бас мем-лекеттік санитарлық дəрігер Ж.Бекшин, Алматы, Шығыс Қазақ стан облыстары, Нұр-Сұл-тан жəне Алматы қалалары əкім-де рінің орынбасарлары баяндады.

Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев корона ви рус-тың пайда болуы мен таралуы-на жол бермеу бойынша бір-қатар нақты міндетті белгі леп, барлық қызметтердің жұмыс ты күшейтілген режімде жалғас-тыруы қажет екенін атап өтті.

«Егемен-ақпарат»

Күшейтілген режімде жалғастыруды тапсырды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Денсаулық сақтау министрлігінің ресми �кілі Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясының жағдайы туралы ресми мәлімдеме жасады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Рауан ҚАЙДАР,«Egemen Qazaqstan»

Оның сөзінше, биылғы 6 қаң тардан бастап бүгінге дейін Қазақстанға Қытайдан мемле-кеттік шекара пункттері арқылы 30 394 адам келген.

«6 қаңтардан 4 ақпанға де-йін Денсаулық сақтау министр-лігінің мамандары Қытаймен мем лекеттік шекара арқылы өтетін əуежайлар мен темір жол бекет терінде 21 838 адамды, оның ішін де 20 084 жолаушы мен 1 814 эки паж мүшелерін тексерді. 29 жолаушыдан дене

қызуы мен жедел респираторлы ви рустық инфекция белгілері анықталды, олардың 28-і ауру-ханаға жатқызылды. Қазіргі уа-қытта пойыздардың қозғалысы, əуе қатынасы жəне Қытаймен жеңіл автомобильдер тасыма-лы тоқтатылды. Медициналық ұйымдар тұрғылықты жері бо-йынша Қытайдан келген азамат-тардың денсаулығын бақылауды жалғастыруда. 5 ақпанға дейін ЖРВИ белгілері бар 104 адам ауруханаға жатқызылды, 71 адам ауруханадан шығарылды, 33 пациент стационарда қалды. Науқастардың жағдайы жақсы.

Коронавирус анықталған жоқ. Біз барлық ауруханадан алынған сы-намаларды Алматыдағы Ұлттық жоғары инфекциялық ғылыми орталығына жібереміз. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау əдістемесін игерген. Соңғы 14 күнде келген 10 131 адам қазір медициналық бақылауда», деді ресми өкіл.

Маңызды мəлімдеме бары-сында ол ағымдағы жылдың 2-4 ақпан аралығында Қазақстанға басқа елдерден мемлекеттік ше-кара пункттері арқылы 127 573 адам кіргенін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 764 683 адам келгенін атап өтті. Олардан еш қауіп жоқ екенін атап көрсеткен ресми өкіл соңында жалған ақпараттарға жол бермеуге шақырды.

Карантин біткенше жолығуға болмайды

Page 5: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

6 АҚПАН 2020 ЖЫЛ 5

Тұлғаны тану – парасаттылық. Хакім Абай айтқан нұрлы ақылға сабыр қонса парасаттылық орнамақ. Сабырлылық – адам көркі. Қандай қиын, тар заман бол са да, сабыр сақтау халқымыздың ата дəстүрі.

«Сабыр түбі – сары алтын» – деп ғұлама бабамыз əл-Фарабидің туғаны-на 1150 жыл толған мерейтойына да жеттік.

Есімде, осыдан елу жыл бұрын ке-ңес тік дəуірде Ақжан Машани, Əнуар Əлімжанов, т.б. азаматтардың игі қа ре-кет тері негізінде ғұламаның 1100 жыл-дық мерейтойы аталып өтті. Алайда, бү-гін гідей мемлекеттік деңгейдегі шара -лар жоспарланбады. Себебі халқы мыз -дың төл тарихында ғұламалар бол ды деу, кеңестік саясатқа кереғар. Сон дық-тан зиялы қауым негізінен бұл мерей-тойдан бойларын аулақ ұстады. Біздер, жас аспиранттар бұл халді анық сездік.

Мерейтойға Мəскеудегі коммунистік партияның орталық комитетінен ар-найы келген өкіл, бір сұрақты əркімге қоя беріпті. Сұрақ мəнісі:

– Əл-Фарабиге, оның шығарма шы-лығына орыс халқының əсері қандай болған? Не деуге болады? Азаматтар əл-Фараби қазақ жерінде, Отырар өңірінде туғанымен Бағдатта ғұмыр кешкен, сондықтан сіздің сұрағыңызды зерттеп, ескереміз, – деп құтылған. Басқаша айтсаң, пəлеге қаласың. Əл-Фараби өмір сүрген 1100 жыл бұрын Ресейдің жағдайы қалай еді деуге тағы да болмайды. Ол заманда Ресей өңіріне православ діні де таралмаған еді.

Қазір жағдай басқаша. Тəуелсіз елміз, олай болса ғұлама əл-Фараби ту ралы да тəуелсіз ой түзеуіміз қажет, бірақ осы күрделілеу мəселе болып тұрғаны. Айтар ойым түсінікті болуы үшін, əңгімені еліміздегі ірі телеар-надан əл-Фарабиге арналған хабарды көргенімнен бастайын.

Телехабарда – екі адам, бірі жүргізу-ші журналист, екіншісі белгілі, сыйлы ғалым:

Журналист ғалымға:– əл-Фараби кім деген орынды са-

уал қойды. – əл-Фараби – философ деп жауап

берді ғалым. Бұл қалай деп, өз-өзіме сауал қойып,

жүдеп қалдым. Əл-Фараби 870-950 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Ол кезде философия деген ұғым бол-ды ма екен? Тіптен, сондай ұғым болса да, оның əл-Фарабиге еш қатысы жоқ.

Философия – дінсіздердің ой-са-насы. Философия дегенде Құдай, Жара-тушы деген қасиетті ұғымдар жоқ. Дүние өз дігінен жаралған. Философия дін атау-лыға қарсы. Батыста күні бүгінге дейін философия мен теологияны бір-біріне қарсы қояды. Теология деген Құдай тура-лы ой-сана. Философия – мате риалистік, атеистік бағыттағы ой-сана.

Философияда дін мен ғылым бір-біріне қарама-қарсы. Ал əл-Фараби мə се лені мүлдем басқаша қойған, ол мұ сыл мандық жолдағы ғұлама. Ол кісі Алла бір, Пайғамбар хақ деген түсі ніктен шықпаған ойшыл. Құран Кəрімге қарсы жазылған əл-Фарабидің еңбегі бар дегенді білмейміз, естіген де жоқпыз.

Ендеше, мұсылман ойшылын, ғалы -мын қалайша жеп-жеңіл, өзіміз дің адасқан түсінігіміз бойынша фило со-фияға сала салмақпыз. Бұл əл-Фараби туралы жалпақ жұртқа жаятын ақпарат емес, ең бастысы шындық емес.

Философия – батысеуропалық ой-лау жүйесі, батысеуропалық мəдениет фено мені. Реті келген соң, айта кетейін, еуропалық Огюст Конт философияны

ешқандай қажеті жоқ деп ғылым сана-тынан шығарып тастап, оның орнына социологияны енгізген. Бұл жалпақ жұртқа белгілі жағдай.

Тіптен, Фридрих Энгельс 1888 жылы жарыққа шыққан «Людвиг Фейербах неміс классикалық философиясының ақыры» деген еңбегінде Гегельмен классикалық философия аяқталды деген тұжырым жасаған. Одан əріде Карл Маркстың «маргиналдық фило-софиясы» басталады. Философия Карл Маркстің айтуынша, пролетариаттың рухани қаруы. Масқара. Ал филосо-фия ның қашан басталғаны үлкен дау, сон дықтан оған тоқталып сөзімді созып ал майын, ол өз алдына бөлек тақырып.

Сонда айтамын ғой, əл-Фараби қай-да, философия қайда? Əл-Фарабидің кім екенін ағылшын ғалымы Карен Армстронг «Құдайтану баяны» деген еңбегінде «Пəлсапаның негізін салушы түрік ғұламасы Əбу Насыр əл-Фараби» деп анық жазған.

Əл-Фараби пəлсапаның негізін қа-лау шы. «Пəл» – жақсы деген мағына бер-се, «сапа» деген сапа, яғни жақсы, сапа-лы ойлау жүйесі деген мазмұндағы сөз.

Əл-Фараби – ғұлама, ғалым, даныш-пан, хакім, пəлсапашы.

* * *Журналист сұхбаттасып отырған

адамына:– «Айтыңызшы, осы жұрт əл-

Фарабиді «екінші ұстаз» дейді, сонда «бірінші ұстаз» деген кім?» деген сұрақ қойды.

– «Бірінші ұстаз Аристотель ғой» деген жауап алды журналист.

Иə, санамызға шегелеп тұрып енгіз-ген стереотиптер тəуелсіз ойлауға кесір-лерін əлі де тигізуде. Осындай теріс пікір лерге ұшырасып қалғанда Шəкəрім «Ноқталы ой» дегенді қолданған. Менің есіме қазақ тұрмысындағы «шідер» деген түсіп отырғаны. Мінезді жыл-қыларға ауа жайылып кетпесін деп шідер, тұсау салады. Шідер жылқының алдыңғы екі аяғын, оған қоса артқы бір аяғын қоса тұсайды. Үш аяғы тұсалған жылқы қайда кетпек.

Айтарым, қазақ халқының санасы на дұшпандар шідер салып еді, тəуелсіздік ол шідерді алып тастады, бірақ біз əлі шідерлі қалыпта секілдіміз. Шідер жоқ, алайда «шідерлі ойлау» сақталған. Əйт-пегенде деймін грек Аристотель қайда, мұсылман əл-Фараби қайда? Екеуінің арасында қандай байланыс бар. Əрине, ғалым ретінде əл-Фараби Арис тотель еңбектерін қажетіне пайда ланған, ол қалыпты жағдай, біз немістің Иммануил Кантын оқып жатқан жоқпыз ба? Оқу бар, білім алу бар, бірақ бас иіп, ұстаз санау бір басқа.

Əл-Фараби қай мəселеде Аристо-тель ді ұстаз санаған. Əңгіме басталған соң, түбегейлі айтқан жөн. Əл-Фараби т у ра лы бізге жеткен ақпараттардан, оның Аристотельдің «Метафизикасын» зер сала оқы ғаны белгілі, сонымен бірге оның жан ға қатысты трактатын отыз рет ке жуық қайталап оқығаны туралы дерек бар.

Батыста ғалымдардың ақсүйегі атанған Ибн Синаның айтуынша, ол Аристотельдің «Метафизикасын» əл-Фа рабидің бұл еңбекке жазған түсінік-темесі арқылы ұғынғанын айтқан. Əл-Фараби, Ибн Сина, Аристотель еңбектерімен таныс болған, оқыған, оларға түсініктемелер жазған, бірақ Арис тотельді ұстаз деп мойындап айтқан өздерінен шыққан сөз жоқ.

Ұстаз туралы түсінік басқа. Əл-Фараби мұсылман ойшылы. Демек, оның ұстазы да осы жолда болуы түс і-нікті. Осы жайды түсіндірейін.

Мұсылман əлемінде теңдесі жоқ қасиетті кітап бар, ол Пайғамбарларға Алла тағаладан түскен Құран Кəрім.

Құран пайғамбарға түсті. Ендігі жерде бұл кітап мұсылмандар жəне

өзгелер арасында насихатталуы па-рыз. Насихатшы – пайғамбар, демек ол ұстаз. Мұсылмандар үшін бірінші ұстаз – пайғамбар.

Құранды ғылыми түсінікке салып, насихаттаушы, сол мақсатта сапалы ойлау тəсілін жасаушы (пəлсапа) – əл-Фараби, демек ол мұсылман əлеміндегі екінші ұстаз.

Сонымен сөзді жинақтай айтқан-да, əл-Фараби ғұлама, данышпан, ой-шыл, хакім, ғалым, бірақ философ емес жəне де оның бірінші ұстазы Арис то-тель де емес, Құран түскен Мұхаммед пайғамбар.

* * *Əл-Фарабидің «Ғылымдардың

шы ғуы» туралы трактаты бар. Сонда былай дейді: «білгейсің, субстанция-лар мен акциденциялардан басқа жəне сол субстанциялар мен акци-денцияларды жаратқан мəңгілік жарылқаушыдан өзге ештеменің жоқ екенін». Субстанция – зат, ак-циденция – қасиет. Заттар сансыз, қасиеттер тіпті сансыз. Соның бəрін Жаратушы бар. Жаратушыны ол кісі – «Хақ тағала» дейді. Хақ тағала тілімізде жиі қолданылатын – Алла тағала. Ол ғылымның шығуы тура-лы алдағы ойын тағы да нақтылаған: «Субстанциялар бар, акциденциялар бар. Енді осы субстанциялар мен ак-циденцияларды Жаратушы бар». Бұл дəрісте қолданылатын тəсіл.

Əл-Фараби: «Акциденцияларды сезім арқылы танимыз» – дейді. Яғни, ак циденциялар бізге сезім мүшелері арқылы мағлұм болмақ. Ал субстанция-ны қалай танымақпыз? Субстанцияны ақыл арқылы танимыз. Субстанцияны ақыл арқылы танысақ, ақылдан сезім-нің айырмашылығы неде? Сезім сезі-ліп тұрады. Ақылда сезім жоқ. Ақыл – дерексіз. Абстракция. Ойша. Прин-циптік тұрғыда. Сонда ақыл бізге қай дан келеді, сірə Жаратушыдан. Тəжірибеге дейінгі ақылды бүгінде «априори» дейміз. Жаратушының

ақылы қандай ақыл? Тəжірибеге дейінгі ақыл. Ақыл арқылы біз заттарды тани-мыз. Енді ақылдың дегенімен жүретін болсақ, ақыл бізді білімге, ғылымға алып келмек. Содан, ол кісі білім сала-сын жүйелейді:

1. Есеп туралы ғылым. Бұл есеп туралы ғылым деген – сан. Бір, екі, .... он,... он бес... Сандарды қосу, алу, бөлу, көбейту. Сандарды ретімен алу. Есеп туралы ғылымды гректер – «арифме-тика» деген дейді.

2. Өлшемдер туралы ғылым. Дү ние де неше түрлі өлшем бар: төрт бұрыш, үш бұрыш, тікбұрыш, жазықтық, дене, нүкте. Мысалы, Евклид геометрия сында екі сызық ешқашанда қосылмайды. Осы ның бəрін гректер «геометрия» деп атайды деген əл-Фараби.

3. Жұлдыздар туралы ғылым. Бұл ғылымды гректер – «астрономия» дей-ді. Ол гректердің айтқанын əрі қарай түсіндірген.

4. Дыбыстар туралы ғылым. Əуен. Ырғақ. Жоғары нота, төмен нота. Неге дыбыстар шығады? Өйткені дү-ние өзгерісте. Өзгерістегі əлем дыбыс шы ғарады. Сол дыбыстардың реті бар. Ды быстар жайдан-жай шық пай ды. Қан-дай нəрсе болмасын сол дыбыс тардың ретіне байланысты аспаптар пайда болған. Əрқайсысының өзіндік дыбы-стау ерекшеліктері бар.

5. Табиғат туралы ғылым. Таби-ғатта төрт қасиет бар: от, су, ауа, жер. Со ларға байланысты су дымқыл жəне құр ғақ субстанциялар, акциденциялар көрі не бастайды. Соған байланысты сегіз бөлімнен тұратын ғылымдардың жүйесі бар. Медицина, физика, нави-гация, агромəдениет, алхимия... Бұлар жаратылыстану ғылымдар жүйесін құрайды.

6. Айналар туралы ғылым. Айна-лар туралы ғылым қоғамдық ғылым деген сөз. Айна деген – қоғам. Қоғам – осы отырған өзіміздің суретіміз. Біздің бейнеміз. Адам өз-өзіне айна болмаған кезде неше түрлі пиғылдар жасайды. Ешкім көріп тұрған жоқ деп ойлайды, ол қате қоғам деген айна. Мысалы, айна ның беті қисық болса, қисық көрі-несің. Көмескі болса түріңді дұрыс көре алмайсың. Айнаның беті теп-тегіс болуы арман. Айнада бəрі көрінеді. Айнаның тегіс болуы – қоғамнан. Біз қалай болсақ, қоғамымыз сондай. Қоғам – біздің бейнеміз.

* * *Əл-Фараби: ««Метафизика» деген

ғылым бар, ол құдіретті ғылым» дейді. «Метафизика» деген физикадан кейінгі деген сөз. Аристотель «Метафизика» деген еңбек жазған. Дүние жүзіндегі барлық нəрсені түсіндіруші – фи-зика. Альберт Эйнштейн: «физика астро номияның қарындасы еді, енді физиканың қарындасы биология» – дейді. Биология – тірі жүйелер фи-зикасы. Физикадан асқан ғылым. Физикаға қажетті бір ғылым бар. Ол – математика. Математикасыз фи зиканы түсіндіре алмайсыз. Мысалы, кварк. Ол көрінбейді. Оны тек мате мати-калық жолмен бар деп отырмыз. Оны математикалық жолмен ғана табуға бо-лады. Математикасыз физика ешқашан алға баса алмайды. Математика қызмет етуші ғылым. Сонда əл-Фараби «мета-физикадан кейін ғылым жоқ» – дейді. «Метафизика» деп отырғаны ол – пəл-сапа. Физикалық тұрғыдан бір нəрсені нақты түсіндіресің, ал бір нəрсені ойша түсіндіресің. Нəрсені ойша түсіндіретін – пəлсапа. Ол ғылымдардың ғылымы. Бұл ғылым ең жоғарғы табиғи ғылымы метафизика немесе құдіретті ғылым деп аталады. Ғылым осымен тəмам.

* * *Əл-Фараби ғылымдарды жіктеуді

арифметикадан бастап, метафизикамен, яғни пəлсапамен аяқтаған.

Құдіретті ғылым дегенде бұл кісінің айтып отырған метафизикасы Хақ тағалаға тікелей қатысты. Ал құдірет деген Алланың ғана қасиеті. Сонда ол кісі ғылым мен дінді бөліп отыр ма? Бөліп отырған жоқ. Біз Кеңес зама-нында: дінді ғылымға, ғылымды дінге қарсы қойдық. Ғылым мен дін əл-Фара-би түсінігінде ажырап тұрған жоқ. Дүниеде субстанциялар мен акциден-циялар бар. Бəрі метафизикамен бітеді деген керемет ой. Пəлсапамен ғылым бітеді. Пəлсападан əрі қарай басқа нəрсе кетеді, сірə, ол ғұламалық.

* * *Ол кісі айтады: «осындай жағдай-

лардың бəрін жиынтықтап келіп, суб-станциялар мен акциденцияларға атау қойдым» – деп, оны «тіл білімі» – дейді.

Екінші ғылым – грамматика. Грам-матика сөздердің рет-ретімен орнала-суы. Грамматика семантикалық жағы-нан алғанда – пəлсапалық пəн. Өйткені грамматика деген атауларды реттеу. Сөйлемнің грамматикасы дұрыс реттел-месе, оның мағынасы айқындалмайды.

Үшінші ғылым – логика. Ол əлі танылмаған нəрсені танитын жəне не ақиқат, не жалған екені туралы пікіріміз тиянақ табатын тұжырымдар жасау үшін хабарлы сөйлемдерді логикалық фигураларға сай сапқа түзуге үйретеді.

Төртінші ғылым – поэтика. Аристо-тельдің «Поэтика» деген еңбегі бар. Поэтика деген өнерге қатысты. Суб-стан цияны түсіндіргенде мысалы, алма – субстанция, оның қызыл болуы – ак-циденция.

Ғарифолла ЕСІМ, Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің профессоры, академик

Ғұлама Әбу Насыр әл-ФарабиПәлсапаның негізін салушы түрік ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби

Карен АРМСТРОНГ,ағылшын ғалымы

Арман ОКТЯБРЬ,«Egemen Qazaqstan»

Бұл бастама Алматыда Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдық

мерейтойының ашылу салтанаты бары-сында айтылған болатын.

Мерейтойлық жылдың ресми ашылуында сөз алған еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырым бек

Көшербаев ұлы ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын атап өту ая-сында ауқымды шаралар тек ел көлемінде ғана емес, шетелдерде де жоспарланғанын, соның ішінде Қазақстанның Дамаск қаласын дағы тарихи-мəдени орталығы базасын-да ҚазҰУ филиалын ашу қарас-тырылғанын жеткізген еді.

Бұл бастама ҚазҰУ ректоры, ака-демик Ғалым Мұтанов тың Дамаск университетінің пре зи денті профес-сор Мұхам мед Маһир Қабақибимен кездесуінде жан-жақты тал қыланды.

«Біз бұл идеяны толықтай қол-даймыз жəне филиалдың құрылуына, алға жылжуына көмек береміз. Бұл халықаралық колоборация үшін

жақсы үлгі болады, Қазақстан мен Сирия ғылыми-білім беру салала-рында екіжақты қарым-қатынасын нығайтып, əл-Фараби мұра ларына тереңнен зерттеу жүр гізуді артты-рады», деді Дамаск университетінің ректоры.

АЛМАТЫ

Сирияда ҚазҰУ филиалы ашылады

ӘЛ-ФАРАБИ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖІКТЕУДІ АРИФМЕТИКАДАН БАСТАП, МЕТАФИЗИКАМЕН, ЯҒНИ ПӘЛСАПАМЕН АЯҚТАҒАН. ҚҰДІРЕТТІ ҒЫЛЫМ ДЕГЕНДЕ БҰЛ КІСІНІҢ АЙТЫП ОТЫРҒАН МЕТАФИЗИКАСЫ ХАҚ ТАҒАЛАҒА ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫ. АЛ ҚҰДІРЕТ ДЕГЕН АЛЛАНЫҢ ҒАНА ҚАСИЕТІ. СОНДА ОЛ КІСІ ҒЫЛЫМ МЕН ДІНДІ БӨЛІП ОТЫР МА? БӨЛІП ОТЫРҒАН ЖОҚ. БІЗ КЕҢЕС ЗАМА НЫН ДА: ДІНДІ ҒЫЛЫМҒА, ҒЫЛЫМДЫ ДІНГЕ ҚАРСЫ ҚОЙДЫҚ. ҒЫ ЛЫМ МЕН ДІН ӘЛ-ФАРА БИ ТҮСІНІГІНДЕ АЖЫРАП ТҰРҒАН ЖОҚ.

ƏЛ-ФАРАБИ-1150

P.S.Философияның орнына əл-Фараби негізін қалаған пəлсапа пəнін енгізсек, ойлау жүйеміз табиғи өріске шығып, тəуелсіз елдің тəуелсіз ой-санасы қалыптасуына аса зор мүмкіндік туар еді.

Пəлсапа ойлау жүйеміздің генетикасына сай, табиғи үйлесімді құбылыс. Хакім Абай айтқан толық адам осындай жағдайда қалыптаспақ.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Отандық жетекші білім ордасы �л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ-ситеті Сирия астанасы Дамаск қаласы нан �з филиалын ашады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 6: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

6 6 АҚПАН 2020 ЖЫЛЭКОНОМИКА

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ ІЛКІМДІЛІК – ІЛГЕРІЛЕУ КЕПІЛІ

Еліміздің Сауда жəне интегра-ция министрлігінің алқа мəжілісінде айтылған ақпараттар осы байлам-ды бекіте түсті. Ведомство басшы-сы Бақыт Сұлтанов 2019 жылғы жұмыстың қорытындылары жəне 2020 жылға арналған жоспарлар тура-лы баяндама жасады. Министрдің ай-туынша, əлемдік сауданың өзгерген жəне əлемнің ірі экономикалары ара-сында протекционистік шаралардың күшейген жағдайында сыртқы сауда саясатын жетілдіру қажеттілігі ар-тады. Өйткені сауда бірлестіктері-не қарамастан, халықаралық сау-да протекционизм саясатына жəне елдердің өзара шектеу шарала-рын қолдануға тап болуда. Осы мəселеде министрліктің миссиясы сауда дипломатиясының құралдарын қолдану арқылы отандық бизнестің ұлттық мүдделерін қорғау екені анық.

Министр атап көрсеткен нақты кейстерге тоқталсақ, Ресей нары ғы на тағам өнімдерін жеткізу («Зенченко и К», «J.F.M. Company» ЖШС мен «Айсберг ПВ» ЖШС өнімдерін жеткізуді шектеу алып тастал-ды) жəне Қазақстаннан Украинаға қазақстандық көмірді транзиттеу (көмір экспортының көлемін 40%-ға – 140 мың тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткі-зілді) кезіндегі кедергілер жойылды. Министрліктің мемлекеттік орган-дармен бірлесіп істеген жұмысының нəтижесінде АҚШ үкіметі қазақ с-тандық уранды əкелуге квота ен-гізуден бас тартты. Одан əрі даму үшін ЕАЭО мүше мемлекеттері арасында кедендік əкелу бажда-ры сомасын бөлу нормативтерінің мөлшері жөнінде ымыра шешім-ге қол жеткізді. Бұл тараптағы талқылау 2 жыл дан астам уақыт жүргізілген бола тын. Халықаралық аренада Қазақ станның мүдделерін қорғау бойынша жəне ортаазия-лық, ресейлік жəне басқа нарықтар-да отандық экспортты ілгерілетуге

бөгет болатын кедергілерді жою жөніндегі жұмыс жалғасады, деді еліміздің Сауда министрі.

Еркін сауда аймағы Қазақстанға не береді?

Сондай-ақ Сауда жəне интег-рация министрі Бақыт Сұлтанов еркін сауда аймақтарының əсері туралы əңгімеледі. Оның айтуын-ша, еркін сауда аймақтары туралы келі сімдерді өңірлік сауданың даму тетігі ретінде қарастыру керек.

– Бұл – тарифтік жəне тариф тік емес (квоталар, техникалық кедергі-лер жəне басқа) кедергілерді өзара жою арқылы тауарлардың нарық тар-ға қолжетімділігін қамтамасыз ететін сауданы ырықтандырудың ең тиімді құралының бірі, – деді министр.

Ведомство басшысы келтірген цифр лар растағандай, өсім байқа-лады. Сонымен Еуразиялық эконо-мика лық одақ аясында Вьетнаммен Еркін сауда аймағы туралы келі сім 2016 жылғы қазаннан бері қолданыс-та. Осы уақыт ішінде тауар айна-лымы 51%-ға (366,3 млн-нан 554,3 млн долларға дейін) өскен. Иранмен уа қытша келісім 2019 жылғы қазан-нан бастап қолданыла бастады. Бұл ретте Қазақстан үшін (ЕАЭО мүшесі ретінде) сиыр еті, өсімдік майы, кондитерлік бұйымдар мен мака-рондар сияқты тауарларға импорт баждары төмендетілген. ЕАЭО-да Сербиямен жəне Сингапурмен Еркін сауда аймағы туралы келісімдерге жақын арада қол қойылды жəне осы елдерге экспорттық жеткізілімдерді ұлғайту əлеуеті 150 млн жəне 416 млн долларды құрады. Қазіргі уақытта ЕАЭО арасында осындай аймақтар құру жөнінде Израильмен жəне Египетпен белсенді келіссөздер жүргізілуде. Экспортты ұлғайтудың күтілетін сомасы 790 млн доллардан астам қаржыны құрайды.

«Егемен-ақпарат»

––––––––––––––––––––––––––––�улиеата �ңірінде «Жамбыл об-лысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақ сарту» жобасы �ңір тұрғын дары тарапынан қолдау тау-ып, жүйелі түрде жүзеге асы рылып келеді.––––––––––––––––––––––––––––

Хамит ЕСАМАН, «Egemen Qazaqstan»

Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан жоба аясында өңірдегі он ауданнан қанатқақты жобаға енген ауылдардың тұрғындары несиеге мал алып, тірлігін тіктеуде. Сонымен қатар əрбір тұрғын ауласындағы жерді тиімді пайдалану арқылы тұрақты өнім алуға қол жеткізіп отыр. Енді аталған жоба аясында ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында бір-қатар техникалар сатып алынған бола-тын. Тараз қаласындағы «Атакент-Тараз» сау да орталығында өңір де құрылған коо перативтерге ауыл шаруашылық тех-никаларын салтанатты табыстау рəсімі өтті. Оған Жамбыл облысының əкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, қанатқақты 11 округте құрылған коо пе-ративтерге 194 бірлік техниканы табыс-тады.

Іс-шара барысында Асқар Мыр-захметов алдағы уақытта атал ған жоба облыс тұрғындарының табысын артты-рып қана қоймай, өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына да өз септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар бұл бас тамаға Мемлекет басшысының, Үкімет басшысының көңіл бөліп отыр ғанын, сондықтан да əр азамат бұл бастамаға ерекше қы зы ғу шылық таныту керектігін əрі же місті болуына атсалысу қа жет тігін жеткізді. «Жамбыл өңі рінде əлеуметтік маңызы зор жоба басталды. Бұл жобаның артық шылығы – халықтың тұрмы сын жақ сартуға көңіл бөлу. Жобаны іске асы-рудың бірден-бір тиімді тетігі – коопе-ратив құру. Коо перативтерге қажетті техникалар алу үшін республикалық бюд жеттен 7,2 миллиард теңге бөлінсе, облыстық бюджеттен 2 миллиард теңге қарастырылды. Жобамызды Президент те, Үкімет те қолдады. Əйтпесе мұнша техниканы сатып алу деген оңай емес. Енді тұр ғын дардың тұрмысын жақсарту мақ сатында 40 мыңға жуық мал басы мен құс сатып алынады. Бұл тек қана істің бастамасы», деді əкім. Сонымен

қатар А.Мырзахметов тұрғындардың тұрмысын жақ сарту жұмыстарын бастау үшін əзірге кооперативтердің ет пен сүт бағытын алып отырғанын, ендігі мақсат алынған өнімдерді өңдейтін шағын цех-тар құру екенін де атап өтті. Аталған жобаның төртінші бағыты – құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникалармен қамтамасыз ету болатын. Бұл бағытқа 1 070,9 миллион теңге қарастырылып, ол қаржыға коопе-ративтерге қа жетті ауыл шаруашылығы тех ника ларының 29 түрінен 194 дана тех-ника алынған еді. Оның ішінде 33 трактор, 11 комбайн, 3 КамАЗ көлігі жəне тағы басқа 149 дана агросалаға қажетті техни-калар бар.

«Атакент-Тараз» сауда ке ше нінде өткен жиында Бай зақ ауданы, Қостөбе ауылындағы «Қостөбе-2019» кооперативі-не 14 дана, Түймекент ауылындағы «Түймекент-2019» кооперативіне 18 дана, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылындағы «Іске Сəт» коо пера тивіне 22 дана, Жуалы ауданы, Бəйтерек ауылындағы «Атамекен Бастау» кооперативіне 19 дана, Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы «Жаңатұрмыс-Бірлік» кооперативіне 19 дана, Меркі ауданы, Сұрат ауылындағы «Сұрат Даму» кооперативіне 19 дана, Мо -йын құм ауданы, Айдарлы ауы лын дағы «Айдарлы Агро-2019» кооперативіне 13 дана, Са ры су ауданы, Саудакент ауылын-дағы «Саудакент-2019» ко опе ративіне 20 дана, Талас ауданы, Үшарал ауылындағы «Талас-2020» кооперативіне 18 дана,

Т.Рыс құлов ауданы, Құмарық ауы лын дағы «Құмарық-Тау» коопе ра тивіне 17 дана, Шу ауданы, Жаңақоғам ауылындағы «Омар-Шу» кооперативіне 15 дана техника берілді. Бұл жаңа техникалар Беларусь, Украина, Түркия, Ресей, Польша жəне отандық за-уыттардан шыққан. Талас ауданы, Үшарал ауылынан құрылған «Талас-2020» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Рахым жан Əденов мемлекеттің, облыс-тың бұл қамқорлығына өз риза шылығын білдірсе, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылынан құ рыл ған «Құмарық-Тау» ауыл шаруа шылығы кооперативінің төрағасы Еркін Сəрсебаев бұл бас таманың барлық тұрғындарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін, енді тек қана аянбай жұмыс істеу қажеттігін жеткізді.

Табысталған ауыл шаруа шы лығы тех-никалары «Тараз» əлеу меттік кəсіпкер-лік корпорация сы арқылы 5 пайызбен қосымша кепіл сіз лизингке беріліп отыр. Алдағы уақытта осы техника лар дың күшімен барлық үй іргесін дегі 1071,7 гектар жəне ауыл сыр тын дағы 77362 гек-тар жер игері летін болады. Облыстың 10 ауда нынан қанатқақты жобаға енген 11 ауылдың өзінде 50 мың адам тұратынын ескерсек, бұл тұр ғындардың тұрмысын жақсартуға елеулі көмек. Сондықтан да Асқар Мырзахметов өз сөзінде аталған жоба жемісін берген кезде бұл бас-таманың өңірдің барлық ауылдарына та-ратылатынын айтты.

Жамбыл облысы

Жамбылдық кооперативтергежаңа техникалар берілді

Фарида БЫҚАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Палатаның кəсіпкерлікті қаржы-лық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Зарина Шаймерденованың айтуынша, былтыр «Altyn Design» ЖШС, «Феникс» жиһаз фабрикасы», SP GLOBAL GAS жетекшілері Aлтын Атеева, Сапар Құда-баев, Светлана Павловалар «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқып, тəжірибеден өтті. Алдымен жобаға қатысушылар облыс орталығында өтетін үш апталық курсқа қатысады. Оларға отандық жəне шетелдік бизнес-тренерлер тауарды сату, келіссөздер жүргізу бағыттарында дəріс оқиды. Сонымен қатар WhatsApp əлеуметтік желісіндегі топта вебинар жүргізіледі. Оқу курсының соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Оқудан өткен кəсіпкерлер екінші кезеңге, яғни Германиядағы тағылымдамаға қатысу үшін тиісті құжаттарды тапсырып, биз-нес-жоспар əзірлейді. Сонымен қатар кəсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы 3963 кəсіпкерге көмек көрсетсе, 10 358 адамға кеңес берген.

– Кəсіпкерлер палатасы «Бизнес тің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдар-ламасының төртінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде бірнеше бағыт бой-ынша қаржылық емес қолдау көрсетеді, – дейді Зарина Шаймерденова. – Бұл кəсіпкерлікті жүргізуге сервистік қол-дау көрсету, кəсіпкерлікті ақпарат тық-сараптамалық қамтамасыз ету, биз-нес-мектеп, іскерлік байланыстар жəне аға сеньорлар компоненті бағыттары. Жалпы, шағын жəне орта бизнес ны-сандары арасында іскерлік байланыстар

жəне аға сеньорлар жобалары сұранысқа ие.

Аты айтып тұрғандай, «Іскерлік бай-ла ныстар» бағыты шетелдік серіктес-термен іскерлік байланыстар орнатуға бағытталса, «Аға сеньорлар» жобасы аясында кəсіпкер жоғары білікті ма-манды шетелден алдыртып, техноло-гияларды игере алады. Мысалы, «Аға сеньорлардың» үш сарапшылық жобасы «Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС, «Ақсу жылыжай комбинаты» ЖШС, «Jet Logistics» ЖШС кəсіпорындарына жа-салды. Жылыжайлардың техникалық жабдықталуына сарапшылық жобаны Канададан келген ғылым докторы Прем Карбанда жүргізді. Ал «Jet Logistics» ЖШС кəсіпорнына келген Пьер Глот атты сарапшы басшылық құрамына өндірісті басқарудың жаңа əдістерін енгізу, логистика, стратегиялық жос пар-лауды оңтайландыруды үйретіп, қыз-меткерлер оқу курстарынан өтті.

Шетелдік мамандар «Станоктар əлемі» ЖШС, «RWS Binding» ЖШС, «Черноярка маржаны» ЖШС, «Техно-логиялар желісі» ЖШС-нің өндірістік стратегиясын өзгертуге қатысты, бо-лат құюдан шеберлік сабақтарын берді. Сондай-ақ болат құю формаларын өзгертіп, кəсіпорындардың дамуы үшін бірқатар ұсынымдар жасады. Мысалы, Германиядан келген сарапшы Наталья Майер егде тартқан адамдарға арналған оңалту жұмыстарымен айналысатын «Черноярка маржаны» ЖШС-на қолдау көрсетті. Қазір бұл жоба мемлекет-жекеменшік əріптестігі жобасы аясында жүзеге асуда. Сонымен бірге «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында өз елімізде оқу тренингтерінен өтіп, Германияда

тағылымдамада болған кəсіпкерлер бар. Мысалы, жібек матаға қолмен жазылған өрнек жасаушы «Altyn Design» ЖШС бас шысы, қолөнерші Aлтын Атеева атал-ған жобаның игілігін көріп отыр.

– 2018 жылы Кəсіпкерлік палатасы «Іскерлік байланыстар» бағдарлама сы-на қатысуды ұсынды, – дейді Алтын Атеева. – Мен өз жобамды ұсынып, оқудан өттім. Кейін шақырту алып, жо-баны ұйымдастырушылармен кездестім. Оған Германиядан келген өкілдер де қатысты. Олар бізбен əңгімелесіп, жеке кəсібіміз туралы сұрады.

Жалпы, қатысушылар «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасының Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық аппа-ратында əңгімелесуден өтеді. Нəти жесінде еліміз бойынша ондаған кəсіпкер іріктеліп, шетелдік əріптес терімен тəжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мақсатта «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер пала-тасы мен германия лық орталық ара-сында өзара келісім шарт жасалған.

Қатысушы лар дың барып-қайтуы, оқуы, тағылым дамадан өтуі, барлығы тегін. Кəсіп керлердің Германияда 4 апта бойы кəсіпорындарға барып, тренингтерге қатысуына қажетті қаражатты мемле-кет өтейді. Германиялық мамандардың шеберлік сағаттары орыс жəне ағылшын тілдерінде өтеді. Кəсіпкердің айтуын-ша, Германияда тағылымдамадан өту ірі компаниялардың жұмысын көруге, бизнес-жобаларды құруға, бизнес-келіссөздерді сауатты жүргізуге жəне шетелдік бизнес-серіктестерді табуға мүмкіндік берді.

– Біз шетел компаниялармен келісім-шарт жасастық, – дейді Алтын Атеева. – Бір ай ішінде оннан астам фабрика мен зауытқа барып кездесулер өткіздім.

Биыл жергілікті «ТриКота-Ж» ЖШС бас шысы да Германияға барып тəжі ри-беден өтпек.

– Кəсіпкер үшін тағылымдамадан өту – дамуға қарай бет бұру деген сөз. Германияның бизнес-мотиваторлары

бізді өнім өндіруді жетілдіруге ынталан-дырады, – дейді кəсіпкерлер.

Ал «Іскерлік байланыстар» жоба-сы қолға алынған 2016 жылдан бастап өңірден 80-ге жуық кəсіпкер тəжірибе алмасып, біліктілігін жетілдірді. Был-тыр жобаның алғашқы кезеңінде 37 кəсіпкер оқып келген. Германияда тағылымдамадан өткен кəсіпкерлермен арнайы келісімшарт жасалады. Олар басшылық ететін кəсіпорындардың бір жылғы жұмысына мониторинг жүр-гізіледі. Жарты жылда бір рет нарық ауқымының кеңеюі, қуаттың артуы, бай-ланыстар орнату, келіссөздер жүргізу жəне тағы басқа бағыттар бо йынша есеп береді. Бүгінде кəсіпорынның табысты болуы инновацияларды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, басқару əдіс-терін қолдану мен бизнесті оң тай лан-дыруда екенін кез келген кəсіпкер жете түсінеді.

Павлодар облысы

ЕАЭО: кәсіпкерлерге қойылған кедергілер жойылды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еуразиялық экономикалық одақ алаңындағы соңғы кездесулердің нәти-жесі к�рсеткендей, Қазақстанның сауда дипломатиясының деңгейі айтарлықтай �сті. Себебі қазақстандық тарап ашық мәлімдейді және �з мүдделерін қорғайды. Осы негізде қазақстандық Үкімет жаңа нарықта �з кәсіпорындарының сауда әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беруде. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ӘРІПТЕСТІК ӘЛЕУЕТІ

Іскерлік байланысты арттыруға септеседі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Павлодар �ңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау б�лімінің мәліметінше, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалар экономиканың маңызды салаларын-да қызмет ететін кәсіпкерлерді оқытып, білімі мен біліктілігін арттыруға бағытталған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 7: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

6 АҚПАН 2020 ЖЫЛ 7ҚҰҚЫҚ

Меруерт БҮРКІТБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Қоғамның заңгер кеңесіне жүгінуге қаржылай мүм-кіндігі жоқ əлсіз топтарына арналған жоба алғаш был-тыр тамыз айынан бастап жүзеге аса бастаған. Сол уақыт аралығында заңгерлер 20 мыңнан астам тұрғынның мəселесін шешуге көмектескен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ірі қала орталықтарынан гөрі, облыс-тар мен аудан тұрғындарына бағытталған. Себебі Нұр-Сұлтан, Алматы секілді орталық қалаларда тұратын адамдар кеңес алуға мемлекеттік не жергілікті басқару органдардың қабылдауына жазыла алады, ал интернеті жоқ ауылдық жерлердің тұрғындарында мұндай мүмкіндік жоқ. Құқықтық кеңес беретін заңгерлер ерікті негізде жұмыс істейді, қызметтері үшін қордан неме-се жоба ұйымдастырушыларынан қаражат алмайды. Ұйымдастырушылар Волонтерлер жылында жүзеге асып жат қан бұл жобаның Қазақстан тұрғындарының құқықтық білімінің артуына, заң мəселелеріне келгенде сауатты болуға көмектесетініне сенімді.

«Қазақстанның Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі, Жастар жəне отбасы істері комитеті мен «Eurasian Expert Council» қоры 2019 жылы басталған игі жобаны əрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылдады. «Qorgau» акциясы арқылы тұрғындарымыз нақты көмек алып, жобаның игілігін көріп жатса біз алдағы жылдары да жобаны жүзеге асыруға тырысамыз», дейді Жастар жəне отбасы істері комитеті төрағасы Мадияр Кожахмет.

Қазақстанның барлық облыс жəне аудан орталық-тарында мемлекеттік грант көмегімен 210 кеңсе ашылған. Онда тұрғындарға көмекті кемінде 3 жылдық тəжірибесі бар білікті мамандар көрсетеді. Тегін құқықтық кеңес бе-руге адвокаттар алқасы немесе заңгерлер палатасының мүшелері келіскен. Заңгерлер өздерінің басты қызметімен қатар, осындай ерікті жұмыспен де айналысатын көрінеді. Жобаның басты серіктестерінің бірі Adilzanger Заң кеңесшілері палатасының атқарушы директоры Жібек Хамитованың айтуынша, Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам заңгер палата мүшесі. Олар тұрғындарға кеңес берумен қатар, сотта мүддесін қорғауға дайын. Жоба бойынша келіп түскен өтініштің көбісі азаматтық істер екен, көп жағдайда адамдар мемлекеттен алатын қаржылай көмек, ажырасу немесе жалақыға қатысты мəселелерге шағымданады. Мысалға, Атырау облысының аудандарының бірінде атаулы əлеуметтік көмекті дұрыс есептемегені туралы бірнеше көп балалы анадан өтініш келген. Заңгерлердің қайта есептеу туралы ұсыныстарына ауданда жауап болмаған соң, олар мəселені облыстық деңгейде шешуге тырысқан. Нəтижесінде, АƏК мөлшері қайта есептеліп, тиісті қаражатты ала алмай келген тұрғын-дар оң нəтижеге қол жеткізген. Бұл келіп түс кен 20 мың өтініштің біреуі ғана, осы секілді 18 мың іс оң шешілген.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар жағдайға байланысты республика бойынша құқық қорғау қызметімен айналы-сатын 70-тен астам қоғамдық ұйыммен жұмыс істейді. Одан бөлек заңгерлерді дайындайтын 175 оқу орнымен келісіп, 407 жоғары курс студенттерін тағылымдамадан өткізген. Жоба жетекшісі Шыңғыс Лепсібаев бұл тəжірибе болашақ мамандар үшін біліктігін арттыруда таптырмас мүмкіндік екенін айтады.

Құқықтық кеңес кеңселерде бетпе-бет қана емес, телефон арқылы немесе онлайн жүре береді, тек өтініш білдіруші өзіне ыңғайлы əдісін таңдаса болды. Жобаның басы-қасында жүргендер көп тұрғындардың құқықтық мəселеге келгенде білімінің аздығы сонша, мəселесін телефон арқылы баяндап бере алмайтынын айтады. Бұл халықтың құқық саласында білім деңгейінің төмендігін көрсетсе керек. Қайта жалғасқан жобаға көп балалы от-басылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, зейнеткерлер, мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдар, жұмысшылар, журналистер түрлі сауалдары бойынша жүгіне алады.

Тегін құқықтық кеңес көрсетіледі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�мірде қиын жағдайға тап болған жандарға тегін құқықтық кеңес беруге бағытталған «Qorgau» ак-циясы биыл да жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде болған брифингте жоба жетекшісі, «Eurasian Expert Council» қорының президенті Шыңғыс Лепсібаев мәлімдеді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жолдыбай БАЗАР,«Egemen Qazaqstan»

Полиция департаменті таратқан

мəліметке қарағанда, Қазақстанда тіркелмеген көліктердің жүргізу-ші лері жауапқа тартылмайтынын сезіп, жүйелі түрде ереже бұзып келген.

Қазіргі таңда белгілі болғандай, 2019 жылдың қазанынан бастап Əкімшілік полиция сақтандыру компанияларының базасына кіруге рұқсат алды. Бұған дейін шетелдік нөмірі бар көлік иелері айыппұлы 817 млн теңге көлемінде ереже бұз-ған. Алайда, айыппұлдың 93%-ы

төленбеген. Жүргізушілер тиіс ті органдардың шарасыздығын, «тісі батпайтынын» пайдаланып, жол-дағы басқа көліктерге кедергі кел-тірген жəне апаттық жағдайлар туғызған.

2019 жылы ереже бұзған жүр-гізушілер рейтингі:

Анти-рейтингте бірінші орын-да Армения Республикасында есепте тұрған «BMW» маркалы көлік иесі тұр. Бұл көліктің иесі – Қазақстанның 1989 жылы туған азаматы, ол өткен жылы 437 рет ереже бұзған.

«Toyota Camry» көлігі 369 рет əкімшілік құқық бұзған. Бұл көлік

те көрші елде есепте тұр, оның иесі – 1969 жылы туған ер адам. Ол «мəртебелі» екінші орынға ие.

Үшінші жəне төртінші орын-ды екі көліктің иесі – 1987 жылы туған азамат алған. Оның көліктері де Арменияда есепте тұр. «Toyota IPSUM» маркалы көлікпен 72 рет

əкімшілік құқық бұзса, «Nissan Tida» – 69, жалпы 141 рет ереже бұзған.

Бесінші орында – 29 жастағы астана тұрғыны. Ол «Porsche Cayenne» маркалы көлігімен 74 рет жол ережесін бұзған. Бұл көлік те шетелде тіркелген.

МӘССАҒАН!

437 рет ереже бұзған–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жол ережесін к�зге ілмейтін «жүгермек» жүргізу шілердің рейтингін жариялады. Мәлім болғандай, жол ережесін ең к�п бұзғандардың к�шін шетелдік есепте тұрған к�лік құралдарының иелері бастап тұр.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Камералар ел жолдарын-дағы қозғалысты тəулік бойы бақылайды. Тұтастай алғанда, мұндай қондырғылар 2024 жылға дейін еліміздегі рес-публикалық маңызы бар жолдардың 32 учаскесінде пайда болмақ.

Əзірлеушілердің айтуы-на қарағанда, есептеу қуат -тылығы мен арнайы бағ-дар ламалық қамтама сыз ету ақпараттың кең көле -мін нақты уақыт режімін де өң деуге мүмкіндік бе ре ді. Осы лайша, көлік қозғалы-сының жылдамдығы мен бағы ты, жеке деректерді пай даланусыз көлік құра-лының типі, сондай-ақ жол жиегімен қозғалып келе

жат қан жəне мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген ав токөліктер анықталатын болады. Бейнебақылау ка-ме раларының басты мін-деттерінің бірі – белгі лен-беген жерде тоқтау, кері ба-ғытта қозғалу, қозғалыстың қарсы жиегімен жүру, жыл-дамдықты асыру сияқты жол да жүру ережелерін бұ-зудың фактілерін тіркеу. Бұдан бөлек, жүйе автомат-ты режімде жол трафигінің мөлшерін тіркеуге, каме-раның осіне қарамастан көлік құралының қозға лы-сын анық тауға мүм кіндік береді.

Жолдарда төлем алу жүйесі инфрақұрылымның

кең шоғырын ұсынбақ. Осы-лайша, оларға стационар-лы бақылау пункті, авто-матты идентификациялау құрал дарының аппаратты-бағдарламалық кешені, мо-ниторинг, деректерді өңдеу, пайдаланушылармен жұмыс орталықтары, сондай-ақ де-ректерді жіберуге арнал ған байланыс каналдары жат-қызылатын болады.

«QazAvtoJol» ұлттық ком паниясы өткен жыл дың желтоқсанында рес пуб ли-калық маңызы бар автомо-биль жолдары арқылы жүріп өту үшін ақы алу жүйесін ор нату жəне қызмет көрсету бойынша инвестициялық конкурстың қорытындысын жариялағанын еске салайық. Оның қорытындыларына сəйкес қазақстандық жəне тайваньдық консорциум-мен ынтымақтастық ту-ралы келісімшартқа қол қойылған.

«Егемен-ақпарат»

Ресми өкіл Оксана Петерс мəлім еткендей, өткен жылы анықталған құқық бұзушылық бойын ша жауапкершілікке 19 мың адам тартыл-ды. Мемлекетке 32 млрд теңге қайта рыл ған. Прокурорлардың қолдаухаттары мен нара зы-лықтары бойынша азаматтық жəне əкім шілік істер бойынша 1025 сот актілерінің күші жойылды жəне өзгертілді.

Брифингте мүгедектердің, оның ішінде мүм-кіндігі шектеулі балалардың құқықтары қалай сақталатыны айтылды.

«7 мың мүгедектен 90 млн теңгеге заңсыз салық ұстап қалу фактілері орын алған. Ұзақ уақыттан бері мүгедек балаларды оқытатын мектептердің 30 мыңнан астам мұғаліміне – заң бойынша тиесілі 40 пайыз мөлшерінде үстемақы төленбей келген. Біздің араласуымыздан кейін қазір бұл төлемдер іске асырылуда», деді Оксана Петерс.

Бас прокурордың нұсқауы бойынша бала ларға қарсы қылмыстар мен зорлау қылмыстарын тер-геп-тексеруге жəне ашуға маманданған 96 же-дел тергеу тобы құрылды. Олардың құра мында тəжірибелі тергеуші жəне прокурор əйел дер бар. Мұндай істерді тергеп-тексеру əдіс темесі əзірленген. Нəтижесінде жыныстық қылмыстарды тергеп-тексеру тиімділігі 42% өсті.

Қазақстандық жəне шетелдік жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеудегі тепе-теңсіздіктің 500-ге жуық фактісі анықталған. Барлық заң бұзу-шылықтар бойынша тиісті шаралар қабыл данған.

Өткен жылы прокурорлар қызметтік үй-жай-лардан 752 адамды босатты. 295 адамды негізсіз қудалауды тоқтатқан. Тергеп-тексеруді тоқтату жəне мерзімдерін үзу туралы 16 мыңнан астам қаулы ның күші жойылған.

Прокурорлардың шаралары бойынша бір жарым мыңдай азаматқа қатысты үкімдер қайта қа рал ды.

Бұл ретте 572 сотталған адамның жағдайы жақсарды, яғни олардың жазасы мен айыптау көле мі төмендетілді. Бас прокуратураның баста-масымен 41 адам ақталған.

«Егемен-ақпарат»

Мемлекетке 32 млрд теңге қайтарылды

–––––––––––––––––––––––––––––––––Бас прокуратурада �ткен брифинг-2019 жылғы жұмыс қорытындылары мен проку-ратура органдарының негізгі функциялары-на, жоғары қадағалаудың маңыздылығына арналды. –––––––––––––––––––––––––––––––––

Жол бойына бейнебақылау камералары орнатылады

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақылы жолдарда т�лем алу жүйесін орнату және қызмет к�рсетуге қатысты инвестициялық жоба ая-сында биыл еліміздің тас жолдарында бейнебақылау камералары орнатыла бастайды. Жалпылай алғанда, еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында 600 бейнебақылау камерасы орнатылады деп жоспарлануда. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Александр ТАСБОЛАТ,«Egemen Qazaqstan»

Бүгінде Жоғарғы сот Елбасы мен Мемлекет басшысының сот кадрларының, сот актілері мен сот қызметінің сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау ба-рысында біраз іс-шара ат қарған. Жоғарғы cот 17 заң жобасын əзір леп, 9 заң қолданысқа ен гі-зіл ген. Қазіргі күні кем деген-де 8 заңмен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған қоса бірқатар бас-тама жүзеге асырылып, олар су дьялардың, адвокаттардың, заң герлер қауымдастығының пікір леріне негізделген көрінеді. Мəселен, «Сот төрелігінің 7 тасы» шеңберінде сот жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар

кешені іске асырылды. Олар тек судьялар үшін ғана емес, адам-дар мен бизнес үшін де нəтиже берген. Бұл орайда Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асанов: «Көптеген іс-шаралар өткізілді. Енді нəтижелер туралы да айтатын уақыт келді. Біздің күн сайын кездесетін қиындықтарды жұрттың бəрі біле бермейді. Адамдар жылдам өзгерістерді талап етеді. Олар бізде сот төрелігінің дəл қазір мінсіз болғанын қалайды. Бірақ елеулі өзгерістер уақытты талап етеді», деді.

Жоғарғы соттың атқарған жұ-мы сының елеулі нəтижесі деп, ақтау үкімдерінің 2 жыл ішін-де көбейгенін айтуға болады. Мə селен, бұл көрсеткіш ауыр қыл мыстар бойынша 15 есе,

ал аса ауыр қылмыстар бойын-ша 5 еседен асқан. Сөйтіп қыл-мыстық қудалауға тартылған азаматтардың құқықтарын су-дья лардың қорғауы жақсарды. Шағымдардың 42%-дан астамы қанағаттандырылуда. Жалпы, жоғарыдағы аталған заңна ма-лық новеллалар енгізілгеннен кейін сот жүйесіне оң өзгерістер болғаны анық. Мəселен, сот жюриі жұмысының жаңа фор-маты туралы Жоғарғы соттың судьясы Ақылтай Қасымов атап өтті. 2019 жылы теріс себептер-мен 37 судьяны жұмыстан бо-сату ұсынылған. Бұлар – заңсыз сот шешімін қабылдаған, аттес-таттаудан өтпеген жəне судья этикасын бұзған судьялар. Ал сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның төрайымы, Жоғарғы соттың судьясы Лариса Шепелева мұның себептерін əлемдік үздік тəжірибелерді ескере отырып, судья лардың кəсіби сапасын баға лау дың жаңа əдістемесін

енгізумен түсіндірді. Егер бұрын олардың аттестаттаудан кемінде 1%-ы өтпесе, енді 10-нан астамы өте алмай отыр.

Сот төрелігі жұмысын жақ-сарту ісіне байланысты Сот тө-релігі академиясының ректо ры Зəуреш Баймолдина сот кадр-ларын даярлаудағы жəне сот төрелігін жүзеге асыру сапасы-ның төмендігіне жол берген ма-мандардың біліктілігін артты-рудағы негізгі өзгерістермен та-ныстырды. Ал Жоғарғы соттың судьясы Айгүл Сапарова судья-ларға жаңа форматта шешімдер дайындау жəне оларды тиімді түсіндіру бойынша тренингтер қалай өткізілетінін айтты.

Одан əрі Жақып Асанов «Қа-зақ станның сот төрелігі: реалия-лар, трендтер, перспективалар» жинағын таныстырды. Бұл оқу құралында сот жүйесі туралы өзек ті мəліметтер қамтылған. Оның цифрлы нұсқасы əзірлен-ген соң маз мұны нақты уақыт

режі мінде жаңартылады. Сөйтіп мұ ның көмегімен сарапшылар, ха лық аралық институттар, сот қыз меттерін тұтынушылар кез келген уақытта сот жүйесінде не болып жатқанымен таныса алады екен. Міне, осы жинақ слайдта-рын ақ тара отырып, Жоғарғы сот төр ағасы оған қысқаша тоқталды. Онда судьялар штатының өзгер-меген жағдайында істердің ұдайы өсуі көрсетілген. «2018 жылы сот тарға 4,5 млн іс пен материал-дар түсті. 2019 жылы бізді 6 млн-нан астам ауқымды жұмыс күтті. Сот төрелігінің сапасын арт тыру туралы сөз бола да ал-мады. Өткен жылы қабылданған заң дардың арқасында жағдай өзгерді», деді ол. Жалпы, бұл жи нақ кадрдағы, сот құрылысы мен сот ісін жүргізудегі, замана-уи ІТ-технологиялардағы, «Сот төрелігінің 7 тасы» өзгеріс тер бағ дарламасын жүзеге асырудағы бір неше жыл ішіндегі өзгері с-тердің динамикасын көрсетеді.

Одан əрі Жақып Асанов 2020 жылға арналған міндеттерді бел-гіледі. Олардың қатарында сот тө-релігінің сапасын мони то рингілеу бойынша IT-өнімді енгізу, судья-лар штатын ұлғайтпай, арнайы соттар құру, қылмыстық істер бо-йынша кассацияға қолжетімділікті кеңейту, апелляцияның рөлі мен жа уапкершілігін арттыру көз-делген. Ол сонымен қатар қоғам-мен тиімді кері байланыс құру қа-жеттілігін атап өтіп, 2020 жылды коммуникация сапасының жы лы деп жариялады.

Кеңес жұмысына Президент Əкімшілігі Басшысының орынба-сары Ержан Жиенбаев, Парламент депутаттары Нұрлан Əбдіров пен Вла димир Волков, Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Дона-қов, Бас прокурордың орынба-сары Марат Ахметжанов, Адам құқықтары жөніндегі уəкіл Эль-вира Əзімова, «Атамекен» ҰКП, адвокатура мен нотариат басшы-лары қатысты.

МЕЖЕЛЕР МЕН МІНДЕТТЕР

Алда тұрған және атқарылған жұмыстар сараланды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміздің Жоғарғы соты 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша республика соттарымен кеңейтілген кеңес �ткізді. Онда атқарылған жұмыс, жүзеге асырылған бастамалар, келелі �згерістерге негізделген іс-шаралар туралы айтылды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ТАЛАП ЖӘНЕ ТӘРТІП

Page 8: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

8 6 АҚПАН 2020 ЖЫЛҚОҒАМ

Елбасы шеттен көшіп ке-ле тін ағайынды қолдау үшін «Отан дастар қорын» құрып, Дү-ние жүзі қазақтары қауым дас -тығымен бірлесіп, қандас та ры-мыз ға жан-жақты қолдау мен көмек берудің іс-шараларын анық тап, соған сəйкес кешенді бағ дарлама əзірлеуді тапсыр-ды. Сол кезде «Нұрлы көш» мем лекеттік бағдарламасына қо сым ша жоба ұсындым. Бұл «Ауылдарға қандастар мен іш-кі қоныстанушыларды орна -лас тырудың жаңа үлгі-мо-де лі» деп аталады. Қысқаша айт қанда, «Ауыл – Ана» жо-басы. Бұл жоба бойынша 2,8-3,2 мың, яғни төрт отар қойы бар қауымдық шаруашылық құрылуы тиіс. 4 отар қойды төрт шопан, төрт көмекші шо-пан бағып күтеді. Сол төрт отар қой қысы-жазы 8 отбасының ортақ жауапкершілігінде болады. Сонда бір ауылдың өзінен сиыр мен жыл қыны қоспағанда жазда 4 отар қой жайлауға шығып, мал шаруа шылығын қалпына келтіру ісі де орнына келер еді.

Екіншіден, сегіз отбасына арнал ған əмбебап тұрғын үй ке ше нін салу. Сегіз пəтерлік екі қабатты үй салынады. Бұл үйдің ерекшелігі, мəдени тұр-мыс тық бөлмелері де болады. Атап айтқанда, шағын кітап ха-насы бар клуб бөлмесі, бала лар-дың ортақ ойын залы, бастауыш мектеп бөлмесі. Егер сегіз отба-сы ның ішінде мұғалім болса, бас тауышта өз балаларын өздері оқы татын болады. Яғни, сегіз отбасы өздері бір шағын авто-номды ауыл болып өмір сүреді. Төрт отардың екеуі саулық қой, қал ған екеуі етке өткізетін мал, ақша лай кіріс кіргізеді. Сонда жыл сайын кемінде 700-800 қой бордақыланып сатылады. Өз төлі есебінен жыл сайын мал басы көбейіп, табыстары да арта бер мек.

Қой фермасынан басқа дəл осындай үлгіде сиыр ферма-сы да болуы керек. Онда сауын сиыр лар жəне бордақыланатын өгіздер бағылады. Қысқасы, біз осы жоба бойынша Қостанай облы сының Арқалық ауданына қарас ты бұрын ірі кеңшар болған Қа йыңды мен Қызылжұлдыз елді ме кендерінің бірінде қой өсі ру ге, екіншісінде сиыр фер-масын құруға қаржы бөлуді сұ-ра дық. Əрине, қолдау болғанда, Қайыңды қайта еңсе көтеріп, аяғы нан тік тұрып кетер еді. Аз-ақ жылда бая ғыдай қой мен сиырдың басы кө бейіп, ха лық саны да өсіп, ауыл да жұ мыс-сыз дық жойылып, шаруа шылық өркендеп кеткен болар еді-ау.

Бұл жобаны сол кездегі Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Əбдіқалықова мен Парламенттің бір топ депу-таттары қызу қолдады. Министр Қостанай облысының сол кездегі əкімі В.Кулагинге арнайы қа ты-нас хат жолдап, алдағы жыл дың қанатқақты жобасына ен гізу-ді, қажетті қаржының сме та-лық көлемін анықтап жіберу ді сұрады. Бірақ, Кулагин болса, «Қайыңды – қолайсыз жер» деп бұл жобаны қолдамады.

Енді «Нұрлы көш» бағдар-лама сын дайындаған сол кездегі Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаевтың «Түркістан» газетінің 2008 жыл-дың 20 қараша күнгі санында жария ланған сұхбатында: «Көшіп келудің екі түрін ойластырып отырмыз. Бірі – шоғырландырып орналастыру, екіншісі – қазіргі ауылдық мекендерге барып ор-наласу» деген жолдар бар. Бірақ министрдің басқа жұмысқа ауы-сып кетуіне байланысты оралман-дарды орналастырудың екінші жобасы орындалмай қалды. Олай болса, «Нұрлы көш-2» жобасын қайта жаңғыртып, көш бағытын əуелгі жоспардағыдай қаладан далаға, бұрынғы кеңшарлар мен олардың бөлімшелерінің қо лайлы қоныстарына бұрып қо ныс тандыру керек. Бұдан Қазақстан халқының санын 20 мил лионға жеткізу жөніндегі Елбасымыздың тапсырмасы да орындалар еді. «Көбей, қазақ!» деген жалаң ұранмен қазақ көбеймейді. Қазақстанда бұрын 30-40 миллион қойы болған ұжымшарлар мен кеңшарлардың құт ты қоныстарының көбі қазір бос жатыр. Көш бағытын ауыл-дар ға бұру арқылы соларды қай та жан мен малға толтыру міндет. Жай міндет емес – қа сиет-ті міндет! Тағы бір міндет – рес-пуб лика мызда болашағы жоқ деп жабыла бастаған 4719 ауыл ды қалай да жапқызбай сақтап қалу! Қазақстанда болашақсыз ауыл жоқ, бəрінің де болашағы бар. Ауылдардың болашағын болды-ра алмай отырған облыстар мен аудандардың біліксіз əкімдері.

Мен ұсынған жоба бойын ша Ұлт тық экономика, Еңбек жəне ха лықты əлеуметтік қор ғау, Ақ парат жəне қоғамдық даму министр ліктері жəне «Отан дас-тар қорынан» жауапты адамдар мені мен кездесіп, мəселені тал-қы лап, қанатқақты жоба жасау керек деген ұйғарымға кел ді. Одан кейін Ұлттық экономи-ка министр лігі барлық облыс-тар дың əкім дік те ріне «Ауыл – Ана» жобасын жіберіп, оны қарауды, тиісті ұсыныстар

енгізуді тапсырды. Бірақ со-дан бері қанша айлар өтсе де олардан ешқандай жауап жоқ. Мəселе, «Ауыл – Ана» жо-басын Қостанай облысының аумағындағы Торғай өзенінің ең шұрайлы жерінде орналасқан Қайыңды, Қараторғай жəне Са-ры торғай ауылдарында жүзеге асы рып, «Үлгітірек» қауымдық шаруашылықтарын құруда бо-лып отыр. Алайда Қостанай облысының əкімі түгілі орын-басарларымен сөйлесудің өзі мұң болды. Көмекшілері мен хатшылары біріне бірі сілтеп, сөйлестірмейді, қоспайды, неше түрлі сылтаулар айтады. Бұл Мем лекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын Үкі-мет» қағидасына қайшы келеді.

Жақында Ұлттық экономи-ка министрлігінің Өңірлерді да мыту комитеті осы жобаны жү зеге асырудың шараларын тал қылады. Тұрғын үйлер мен мал қораларын салуға қан ша қаржы қажет, малшылар мен шо пан дарды қайдан көші ріп əке-ле міз, өз ауылдарынан малшы-лар шыға ма деген мəсе ле лер ді ақылдастық. Мем лекет тара-пынан қаржы бөлін се, бұл мə-се лелер шешілері сөз сіз. Ауыл-дарда жұмыссыз жастар же тер-лік. Туған ауылдарын сақ тап қа-лу ға олар да мүдделі екені анық.

Жобаның экономикалық мін-дет терінен бірнеше мысалдар келтірелік.

• Қауымдық шаруашылық жеке шелендіру кезінде ыды-рап кеткен, соның салдарынан шаруалары күйзелген, нарық қыспағына ұшырап жұмыссыз қалған ауыл тұрғындарының бас та рын қайта құрап, бірлесіп еңбек етуді, қауымдасып үйле-сім ді өмір сүруді қамтамасыз етеді.

• Ауыл шаруашылығын, оның мал, егін, көкөніс, бау-бақша, құс өсіру, құрылыс са-лаларын дамытып, өркендетеді, сол өнімдерді өткізіп табыс түсі-реді. Соның нəтижесінде көп те-ген жұмыс орындары ашылады.

• Өндірілген ауыл шаруа шы-лы ғы өнімдерін шикізат күйінде арзанға өткізе салмай, оларды жер гі лікті жерде өңдейтін ұн тарту, май дайындау, шұжық жасау шағын кəсіпорындарын салады.

• Қазақтың ұлттық тағам да-рын: қымыз, айран, тары, талқан, жент, құрт, ірімшік, сүзбе, сары-май жасап өндіріп, оны да қала базарларына саудаға шыға рып сатып, қауымшар кассасына ақша түсіреді.

• Ауыл шаруашылығы өнім-дері мен қолөнер бұйымдарын тиім ді сатып, табыс табу үшін қалаларда: аудан, облыс орта-лық та рында, тіпті, астанада сауда орындарын, яғни дүкен, шайхана, қымызхана, дəмханалар ашады.

Түйіндей келгенде, «Ауыл – Ана» мен «Ауыл – ел бесігі» бір-бірін толықтырып, қатар жүзеге асатын жобалар.

Жұма-Назар СОМЖҮРЕК, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі

ОЙЛАСУ

Барлық ауылдың болашағы бар

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы-мен қабылданған «Нұрлы к�ш» мемлекеттік бағдарламасы шет елдердегі қандас бауырларымызды мың-мыңдап елге к�шіріп әкелуге мүмкіндік беретін, сол арқылы қазіргі ел к�шіп, қаңырап қалған ауылдарды жанға, қыстаулар мен жайлауды малға, мектептерді балаға толтырып, шаруашылықты �ркендетуге мүмкіндік беретін оңтайлы мемлекеттік шара болатын. Алайда жергілікті билік к�штің басын ауылға бұрудың орнына, қандастарымызды онсыз да халқы к�п, жұмыссыздары да жетерлік қалалар мен облыс орталықтарының жанына орналастыра бастады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Хамит ЕСАМАН, «Egemen Qazaqstan»

Жас ғалым ғарышқа ұшу үшін балама энергия көздерін алу жолын зерттеп, өзіндік теория-сын жасап шыққан болатын. Мүм кіндігі шектеулі еке ні не қа ра мастан он жеті жасар ға-лым ғылым жолында бұдан да басқа ізденістерге барып жүр. Оның Лондон қаласында əлемге əйгілі физик Стивен Хокингпен кездес кені де талайдың қызы ғу-шы лығын тудырды. Жас ғалым

осы уақытқа дейін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған STEM инновациялары ұлттық кон курсының лауреаты ата-нып үлгерді. Сондай-ақ былтыр қараша айында Корея елінде əлем нің 23 елінің өкілдері қатыс-қан ақпараттық технологиялар бай қауында да үздік деп таны-лып, жеңіске жетті.

«Бүгінде біздің қоғамда мүм-кіндігі шектеулі адамдарға ба-рынша жағдай жасалуда. Əрине, бұл қуанарлық жағдай. Шын-ды ғында, əлемдегі барлық сала

қарқынды даму үстінде. Мұн-дай үдерістен Тараз қаласы да қалыс қалмай келеді», дейді И.Мустопуло. Исаак жуырда об-лыс əкімі Асқар Мырзахметовпен кездесіп, ғылым жолындағы жаңалықтарымен бөліскен еді. А.Мырзахметов И.Мустопулоға жа қында ашылған Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият жəне тарихтану» орталығында ғы лым жолында ізденіп жүрген жастар үшін үйірме немесе клуб ұйым дастыру туралы ұсынысын айтқан болатын. Исаак бұл бас-таманы қуана қолдады. Себебі, ол да өзі оқитын мектептің қа-быр ғасында осы іспетті шаруа ұйым дастыруға əрекеттеніп жүр екен. Мақсаты – ғылымның шы ңына шығу, қоғам игілігіне

жарайтын жаңалықтар ашу. «Егер клубты облыс көлемінде ұйымдастыратын болса, онда жас-тар үшін кең перспективаларға жол ашылатын болады», дейді жас ғалым.

Бүгінгі таңда өңірде 166 бала бақша мен 331 мектеп-те инк лю зивті білім беруді да мы ту ға барлық мүмкіндік қарас тырылған. Аталған білім нысан да рында пандустар , тұтқалар, кең есіктер, демалыс бұрыштары, так тильді жол-дар жəне дене мүм кін діктері шектеулі адамдар үшін басқа да қолайлы жағдайлар жа салған. Бұдан өзге 46 орта жəне арнау-лы оқу орындарының 20-сын-да ерекше білім беру қа жет -тіліктері бар студенттердің еш

ке дергісіз білім алуы қамтамасыз етілген. Бұл жерлерде де Исаак Мустопуло сияқты шектеулі мүмкіндіг і арман жолына

кедергі бола алмайтын білімді жастар өсіп келеді.

Жамбыл облысы

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕР МҮМКІНДІГІ

Он жеті жасар ғалым––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінде қоғамға табысты идеяларды қалыптастыра алатын, креативті ойлайтын жастар керек. Бұл орайда Тараз қаласында тұратын талантты жас ғалым Исаак Мустопуло �зінің қарым-қабілетімен ерекше дараланып к�рінеді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы. Басы 1-бетте)

Адамды еңбекке тəрбиелеу, атқар ған еңбегіне байланыс ты құрмет көрсету кейінгі жас ұр пақ-ты адал кəсіпке баулитын тетік. Біздің кейіпкеріміз даңғайыр ди қан Есілбай Қадыралин де жо ғары оқу орнын бітірсе де, еш қашан қыз мет сатысымен кө те рілуге ұм тылған жан емес. Бақы тын ең бек тен тапқан.

Адал еңбек қай кезде бол-сын адамды бақытқа бөлейді, мерейін елден ерек үстем етеді. Бұл – 23 жа сында Қазақ КСР Жоғары Ке ңе сінің депутаты, 32 жасында Социа лис тік Еңбек Ері атанған Есілбай Қадыралиннің тұжырымы. Сонау жетпісінші, сексенінші жылдары даңқы жер жарып тұрған диқанды қаламы қарымды біздің ағайын «жұлдызды жігіт» деп жазу-шы еді. Шы нында да жұлдызы еңбекпен жан ған адам.

– 1968 жылдың аяғында өзімнің кіндік қаным тамған Мортық ауылы Комсомолдың 50 жылдығы атын дағы кеңшар болып бой кө терді. 16 жасым-да шопан болып еңбек жо-лын бастаған мен кейін бірде комбайнның, бірде трактордың тізгінін ұстадым. Сол жылы егін өте бітік шықты. Гек тар берекесі 20 центнерден ай налды. Өзім басшылық жасайтын №5 комсо-мол-жастар бригадасы əр гектар-дан 20 центнерден өнім жинады. Алғаш рет еңбекке көрсетілетін құрметті осы кезден сезініппін. Иə, еңбегім бағаланды, «Ленин», «Октябрь Революциясы» орден-де рін, Социалистік Еңбек Ерінің алтын жұлдызын кеудеме тақ-тым. 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алдым, 1971-1975 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы ХV съе-зінің, ВЛКСМ-нің ХVІІ-ХVІІІ съез дерінің делегаты, Орталық Ко ми тетінің мүшесі болдым. Айт пақшы, Дүниежүзілік жас-тар фо румына барған жалғыз қазақ екен мін, – дейді Есілбай аға.

Кейіпкеріміздің айтуына қа-ра ған да, 1968 жылдың қысы ала-пат қатты болған екен. Əр күні ақтүтек боран, сақылдаған сары аяз. Бірақ, диқан қауым көктемгі егіске мұқият дайындалған. Ақ боранмен алысып жүріп егіс тік алқаптарға тау-теңіз қар тоқтат-қан, тыңайтқышты да тасыған, тұқымды да тазартқан. Осы ең-бек терінің арқасында мол өнім жинаған. Кеңшардың əуелгі 13 мың гектар егістік алқабын келер жылы 25 мың гектарға жет кі зіп, Қызылту ауданында алдың ғы қатарға шыққан.

1972 жылы Қазақстан мил-лиардына бұл шаруашылық та зор үлес қос қан. Көне деректерді қайта ті рілт сек, 1 миллион 800 мың пұт астық жинапты. Есілбай аға тəрізді есіл ерлердің еңбе-гі нің нəтижесі. Ол тұста бес жыл дық атанған кезеңдердің өз

атау лары болған. Алға шқысы беташар, екінші жəне үшін шісі – шешуші, ал ке йін гі жыл дар қорытындылаушы деп атал ған. Міне, осы бес жыл дық тар да Қазақ стан миллиардтары қамбаға құ йылды. Көкшетау облысы 1971 жылы – 116, 1972 жылы – 132, 1973 жылы 143 мил лион пұт астық тапсырған. Осы ның барлығы Есілбай аға тəрізді ең-бек кер қауымның ғұмыр даста-ны.

– Біз еңбек етуді ауылдағы алдыңғы толқыннан үйрендік. Со лардың ішіндегі алдынан жұ -мыс үркіп отыратын, шар шап-шалдығуды білмейтін жан себіл адам дарды ауылдың ақса қал да-ры, аяулы əжелеріміз бізге мы-сал қы лып, құрметтеп отырушы еді. Біз де сондай құрметке ие болсақ деген көкірегімізде ниет, жас жү ре гімізде балауса арман болды. Сол арман алға жете-леп, кезінде ауыл дың ғана емес, аймақтың құрметіне бөле ндік. Ілкіден қалыптасқан осын дай дəстүр бүгінде жалғасын тапса дейсің, – дейді Есілбай аға.

Иə, жақсылыққа жетелейтін жарқын мысал аз емес. Көкше өңі рінде ақтылы мал өсіріп, ақық дəн аялаған Еңбек Ерлері бір тұ-тас шо ғыр, сəулесі мол жарық жұл дыз дар болатын. Күні кешегі Социа листік Еңбек Ері, КСРО Мем ле кеттік сыйлы ғы ның лау-реаты Тұр лыбек Əбілпейісовтің еңбек өне гесі қандай ғажап. Зерен ді ауда нындағы Бұлақ ауы лының пер зенті Сартай Жұ-ма ға лиевтің аңызға айналған еңбек тегі ерлігі қандай, шіркін! Мұн дай мысалдар ды жіпке тіз-ген дей етіп айта берсек, алысқа кетер едік.

– Ол кезде кеңшардың пар-тия ұйы мының хатшысы болып қызмет ете тінмін, – дейді еңбек арда гері, Зеренді ауданының құр метті азаматы Мағауия Ра-хым бергенов, – Сартай аға мыз бастаған даңғайыр ди қан дар-дың адал еңбектерін көзі міз-бен көрдік. Олардың əр ісі, қа-уырт қимылы, уақытпен санас-пайтын əбжілдіктері көпке өнеге. Еңбек озаттарын замандас та-рына мысал етіп əр күн сай-ын қабырға газетін шығарып,

қырман басындағы қас-қағым сəт уақыт алатын кездесулерде абы ройларын асқақтатып айтып отырушы едік. Осындай ұй ым-дастырушылық жұмыс арқы-лы ұжымның бір лігі ныға йып, жұмысқа деген ықылас молая түсетін. Қай-қай сы сы болсын сайдың тасындай аза маттар еді. Қазіргі қоғам аға буын ның ақ адал еңбегін, қосқан үлесін ұм-ыт пауы керек. Бұл жай сəтімен са бақталса, Отанымыздың еңбек та рихын алтын əріптермен жаза-тын жарқын жылнамасы болар еді.

– Ертеректе əр ауданның, об-лыс тың орталықтарында Құр-мет тақ тасы тұратын. Өнер кə-сіп пен өн дірісте, ауыл шаруа -шылығында жо ғары көр сет кіш-ке қол жеткізген еңбек адам-да рының толайым табыстары көрсетіліп, суреттері ілінетін. Бұл бір жалпы қауымды еңбекке бау лудың əдемі үрдісі еді, – дейді Көк шетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Əлиев, – қоғамда еңбек адамын наси-хаттау айрықша маңызды. Біз жастарды адал еңбек ете білуге, өз бетінше қарекет істеуге жəне сол еңбекте табысты болуға үйретуіміз керек.

– «Қазақстан Респуб ли ка сын-дағы арнаулы мемлекеттік жəр-демақы туралы» Заңның 4-бабы-на сəйкес Социалистік Ең бек Ер леріне ай сайын 25 450 теңге, ал Қазақстанның Еңбек Ері мен Ха лық Қаһармандарына 367509 теңге жəрдемақы төленеді. Жəр -демақының дəл осылай та ғайын -далғанына көңілім жүдеп қал ды, – дей ді Социалистік Еңбек Ері Есіл бай Қадыралин, – қазақта «қар нымның ашқанына емес, қаді рім нің қашқанына жылай-мын» дейтұғын сөз бар ғой. Басқа тарапта еш кемістік жоқ. Емделу, санаторий ге бару мəселелері ше-шіл ген. Тек Социалистік Еңбек Ер ле рінің қадірі қазіргі ерлер-ден неге кем болды екен деймін. Қазір осы облыста екеуіміз ғана қалдық.

Шынында да, есіл ер Есілбай аға айтқандай, ерден ердің несі кем?!

Ақмола облысы

КӨКЕЙКЕСТІ

Ерден ердің несі кем?!

PЕДАКЦИЯДАН: Шынында да екіұдай пікірге қалдыратын шешім екен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз» деп айтып отырғанда Еңбек Ерлері алатын мемлекеттік жəрдемақының мөлшері қандай логикаға сəйкес тағайындалғаны түсініксіз. Қалай болғанда да елдің дамуына елеулі үлес қосқан ерлердің еңбегін бірдей бағалаған жөн болар!

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан А

ман

гелд

і ҚИ

ЯС

, «E

Page 9: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

6 АҚПАН 2020 ЖЫЛ 9ДЕНСАУЛЫҚ

Оралхан Д�УІТ,«Egemen Qazaqstan»

Əрине, қақпағын «пыш» еткізіп ашып, ыдысқа шүпілдетіп құй ған-да көбігі басылып, бел ортасынан қалатын тəтті сусындардың адам денсаулығына зияны бірден білін-бей ді. Дəл содан бүгін-ертең ауы-ра қоймайсың. Тіпті «тағы ішші» де гендей аузыңды лезде қуратып тұ рады. Бірақ тəтті сусындардың түбінде денсаулыққа зиян екенін түсінген адам су емес, у ішіп жүргендей əрі-сəрі болар еді. Қыс-қа сы, дəл осы тəтті сусындардан біз тек басты байлығымыздан ғана емес, жиған-терген байлығымыздан да айырылып жатырмыз.

Дүниежүзілік банктің өкілі Кейт Мандевиль Қазақстанда қанты көп сусындарға салынатын салықтың өте төмен екенін айтады. Шетелдік сарапшы темекі, арақ, қанты көп сусындарға салықты 10 пайызға көтеру керек дейді. Тəтті сусын-дар, тіпті кəдімгі салқындатылған шай деп сатылып жатқан пластмас-са құтыдағы сусынның өзі адамды тез семіртіп, қант диабеті, жүрек-қантамыр жүйесі, əртүрлі ісік ауру-ла рына шалдықтырады. Сонда біз тəтті сусындардың саудасын жүргізіп, денсаулығымызды өз қо-лы мызбен құртамыз жəне содан ауырып, денсаулығымызды түзеу үшін тағы ақша жұмсаймыз. Қазір Қазақстанда осы тəтті сусындар-дан түсіп жатқан салықтан гөрі, со-дан ауру тауып, емделу үшін жұм-са л ып жатқан ақшаның мөлшері көп. Яғни Қазақстан жыл сайын инфекциялық емес ауруларды емдеу үшін 2,3 триллион теңге жұмсайды. Бұл дегеніміз – ішкі жалпы өнімнің 4,5 пайызы. Дүниежүзілік банк Қазақстанда осы мəселе бойынша зерттеу жүргізіп, тəтті сусындарға салынған салықтың тым аз екенін, дəл осыдан ел қазынасы 182

миллиард теңге ұтылып жатқанын айтып отыр.

Əрине, əр адамның денсаулығы оның тұрмыс салтына байланысты. Дегенмен де тəтті сусындар тым көбейіп кеткелі бері елімізде дерт-ке шалдығып, ем алған жандардың 57 пайызы инфекциялық емес аурулармен ауырған. Сондай-ақ дерт салдарынан қайтыс болған марқұмдардың 60 пайызы да осы инфекциялық емес аурулардың үлесінде. Денсаулық сақтау ми-нис тр лігіне қарасты Қо ғам дық денсаулық сақтау депар та мен ті басшысының орынбасары Зəуре Ахметованың айтуына қара -ғанда, соңғы бес жылда елі міз-де жүрек-қан тамыр жүйесіне шалдыққандардың саны 16 пайызға, қатерлі ісікпен ауыратындардың саны 24 пайызға, ал қант диабетіне шалдыққандардың саны 31,1 па-йыз ға көбейген. Дəл осы дұрыс тамақ танбаудың салдарынан ел тұрғындарының 33 пайызында артық салмақ пайда болған. Бұл 6 миллион адам деген сөз. Мектеп оқушыларының 50 пайызы газдалған тəтті сусындарды үнемі пайдалана-ды. Соның салдарынан 8-9 жастағы балалардың 20 пайызы, еліміздегі барлық балалардың 3,2 пайызы семіздік ауруына шалдыққан.

Осыған қарамастан елімізде тəтті сусындар шығаратын кəсіпорындар саны жыл сайын көбейіп келеді. Əлем елдері мұндай кəсіпорындарға салықты көбейтуді 2010 жылдан бастап соңғы бес жылда салықты еселеген елдердің саны 30-ға жетті. Мысалы, Ұлыбритания салықты көтерген жылы осы іспен айналы-сатын кəсіпорындар тəтті сусынның қантын 18 пайызға бірден азайтты. Енді алдағы үш жылда 30 пайызға дейін азайтпақ. Дүниежүзілік банктің өкілі Кейт Мандевиль тəтті сусын шығаратын кəсіпорындар салықтан жалтару үшін осындай

қадамға баратынын айтады. Ал біздің кəсіпкерлер осындай қадамға бара ма? Еліміздегі Кірістер комите-ті не қарасты əкімшіліктік акциздер басқармасының басшысы Дамир Нұрғалиевтің əңгімесінен түсін-геніміз, бұл өнімдерге салық салу мəселесін əлі де əбден сарап тау қажет сияқты. Яғни тəтті сусын дар-ға салықты көбейту биыл шешіл-мей ді. Өйткені комитет биыл темекі өнімдеріне бақылауды күшейтумен айналысып жатыр екен. Яғни əзірге тəттіге қарайтын шамалары жоқ.

Тағы бір айтары, біздің елде сол тəтті сусындардың жарнамасы көп. Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бөлім меңгерушісі Насима Жүнісова елімізде балалар көретін телеарналардың өзінде су-сындар жарнамасының 22 пайызға дейін үлесі бар екенін айтады.

Əрине, басқа-басқа, салықты көтеру оңай шаруа емес. Қит етсең, «Қысым көріп жатырмыз, биз несі-міз ге зиян келді», деп кəсіп керлер де дүр ете қалатыны анық. Бұл өте кең таралған өнімдер бол ған-дық тан қазірдің өзінде кəсіпорын басшыл ары тарапынан қарсылықтар болып жатыр. Өйткені сусын шығаратын кəсіпорындар бүгінде ірі компанияларға айналып кет-кен. Оларды қолдаушылар да көп. Егер сол қолдаушылар болмаса осыдан бес-алты жыл бұрын салық

өсіп те кетер ме еді? Сондықтан бұл мəселені Денсаулық сақтау минис трлігінің жалғыз өзі шеше алмайды. Бұл жерде бірнеше ми-нис трлік жұмылып жұмыс істеуі керек. Өйткені бұл сусындардан адам денсаулығына келетін зиян тіптен орасан. Əрине бір зауыттың, кəсіпорынның тұсауы кесіліп, жұ-мы сы жүріп кеткені – ел экономи-касы үшін үлкен қуаныш. Бірақ кез келген істің астарында адам ден-сау лығы басты назарда тұруы тиіс. Шығарған өнімі қанша жерден қат болса да мұржасынан шыққан түтін төңірегіне зиян келтіріп жатса, эко-логтер бірден дабыл қағар еді. Бұл да тура сондай жағдай ғой. Ендеше, бұл істе кім дабыл қағуы керек? Бұл – ұлт денсаулығы үшін өзекті мəсе ле.

Жалпы алғанда, халықтың ден-сау лығын жақсарту бойынша 2020-2025 жылдарға арналған бағ дар-лама бойынша тəтті сусындар құ ра мындағы қанттың мөлшерін азай ту туралы нақты тапсырмалар бе рілген. Осыдан кейін халық ден-сау лығын сақтау туралы кодекске де өзгертулер енгізіліп, темекі, қанты көп сусындарға салықты көбейту мəселесі тайға таңба бас-қан дай жазылған. Енді бұл тап-сырмалар жүзеге аса ма, жоқ əлде əңгі ме күйінде қала ма? Бұл – ұлт денсаулығы үшін өзекті мəселе.

Бүгінде Қытай еліндегі індетке əлем үрке қарауда. Егер, оны талдап қарасақ, бұл бірінші індет емес. Та рихта мұндай індеттер оқтын-оқтын болғаны да бел гілі əрі оның себебі не-ден екені айдан анық. Бұған мəн бермеушілік танытып, оған жеңіл қарамау керек. Əрине тиісті сақтық шара-ларын қолданған абзал.

Əйгілі Омар (р.ғ) хали-фа ның тұсында бір елде жұқ палы індет тарайды. Жо лаушылап келе жатқан ол (р.ғ) адамдарымен сол індеті бар елді мекенге жа-қын да ған да, қасындағы біреу:

– Я, халифа, тағдыр өзгер мейді, пешене міз де гі-ні кө рерміз, осы індетті елге кір ейік, – дейді. Омар (р.ғ) оған ілеспей, ауылды ай на-лып өтеді.

Əлгі адамның қайтадан: – Тағдырдан қашамыз

ба? – дегеніне:– Біз тағдырдан тағ дыр ға

кетіп барамыз! – деген екен. Демек, бұдан түйетініміз, ауру-сырқау тағдыр болса, одан сақтану да тағдыр деген сөз шыға ды.

Бүгінде сақтанатын дү-ние лер көп. Жеп ішу мен тұрмыс-тіршілікті жағ дая-т тарда аса қағілездік қа жет. Дінімізде тазалық жо ға-ры орынға қойылған бол-са, рухани тазалық одан да жоғары. Жалпы, тиіс ті мамандарға жүгініп, ке ңе-сіне құлақ асқан жөн. Не-гізінде, тазалықты тек індет кезеңінде ғана ұста нып емес, оны өмірлік салт қа ай-налдырса, құба-құп. Себебі адамның жеке бас таза лы-ғы ның жоқтығы, тұрмыс-тіршілігінің ретсіздігі, са-ла мат ты өмір салтының бұ-зыл уы – індеттің басы. Біле

білгенге, «Дін тазалықтың үстінде орныққан» деген хадис те жеткілікті, онда адам ағза мүшесінің таза-лы ғы тəптіштелінген. Яғни азаннан ауыз-мұрынды шайып, дəрет алу – таза-лықтың таңы. Қолын жуып, дастарқанға оты-ру – сүннеті тазалықтың күні. Дəрет алып, өзіне дем салу, Құдайға жалба-рыну, дұға оқып жату – тазалықтың түні. Түшкіріп жөтелгенде, есінегенде, ауызды қолмен көлегейлеу – шариғаттың шарасы. Ыстық асқа үрлемеу – мик-роб таратпаудың жолы. Ал жүрек тазалығы, яғни барша тазалықтың қа лы-бы. Бастысы, Аллаға тəуе-кел ету, оған үміт арту, əр уақыт дұға ету. Оны мен қоса, үрейге берілмеу, са-бырлы болу, ынтымақты болу. Желі лер дегі негізсіз, əрқилы мəлі мет терге, ақ-па раттарға иланып, оны əркім ге таратпау, яғни сақ-тан ғанды Құдай сақ тай ды.

Мұхаммед (с.ғ.с) пай-ғам ба рымыз: «Алла һум ма инни ағузу би кə минəл ба-раси, уəл жунуни, уəл жу-зам, уə мин сəйиил əсқəм», яғни осы дұға арқы -лы алапес, ессіздік, теріс ой, əртүрлі кеселдер ден Жа ратқан Аллаға сыйы-ну ды үйреткен. Ал дуа-лы ауызды бабаларымыз нəпіл құлшылықтарын кү-шейткен, жамағаттар дұ-ға ларын асырған, ел бір лі-гін бекемдеген. Бұл кезең жақ сылықтардың көбейіп, мейірім діліктің артып, кү-нə дан қашатын нағыз ұлы мүм кіншіліктің сындарлы сəті.

Нұрлан БАЙЖІГІТҰЛЫ, дінтанушы, имам

Тазалық – сақтықтың кепілі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Рахман Иеміздің �мірімізге нәсіп еткен барша нығметтерін бағалап, оны сақтап, қызғыштай қору әр мұсылман баласының ұлы міндеті. Оның жекеге немесе қоғамға тиесілі болса да, құндылығы бірдей.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САҚТАНСАҢ – САҚТАЙДЫСАЛАМАТТЫЛЫҚ САЛТЫ

Басы – тәтті, аяғы – қатты–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінде тәтті-пәтті деген қат емес. Баяғыдай тәтті атаулыны сан дық-қа салып, аузын құлыптап, қонақ келгенде ғана дастарқанға шы ға-ратын апа-әжелеріміздің заманы �ткен. Қазір кез келген азық-тү лік дүкеніне кірсеңіз, тәттінің түр-түрі бар. Бағалары да анау айт қан дай қымбат емес. Үйдегі дастарқан да тәттіге толы. Содан үлкен де, кіші де кәмпит-сәмпит, шоколад, тәтті сусындардан қашып құ ты ла ал-майды. Тіпті, ш�лдеп тұрмаса да қонақта отырғанда ермек үшін тәтті сусынды ұрттап қойып, әңгіме тыңдап отыра беру әдетке ай налған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы. Басы 1-бетте)

Халықаралық қағидалар әрдайым

сақталмайдыҚалай десек те, гемофилия

кез келген мемлекеттің мойнын-да тұрған əлеуметтік мəселе, бұл Дүние жүзілік гемофилия фе де -рация сының ұраны екенін алға тартқан ұйым оның өте ауыр, сирек кездесетін əрі өмір ге қауіп төндіретін күрделі ауру бол ған-дық тан, мұндай нау қас тар дың саны аз болса да, олар өмір сүруге жəне білікті емді алуға құқылы санайды.

– Дегенмен елімізде халық-ара лық қағидалар əрдайым сақ-тал майды. Ұлт жəне халық ден-сау лығының кодексінде бұл əлеу-меттік маңызға ие аурулар ті зі-міне енгізілмегенін қаперге ал-сақ, онда сапалы емдеу туралы сөз болудың өзі мүмкін емес. Бүкіл əлем гемофилияны əлеу-мет тік маңызға ие ауру деп мо-йындаса, Қазақстан ғана бұлай есептемейді. Бізде бас балалар гематологі жəне бас ересектер гематологі жоқ болғанымен қоса, енді қаржы үнемдеу мақсатында мамандардың саны қысқартылып жатыр. Қазір гематологиялық қызмет мəселелерін ешкіммен бірлесіп шеше алмайтын халге жеттік, – дейді «Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын мүгедек-тер қауымдастығы» ҚБ президенті Тамара Рыбалова.

Мамандар неге тапшы?

Ұйым өкілдерінің айтуынша, Ден саулық сақтау министрлігінде ге ма тология саласында қызмет ете тін бірде-бір маман жоқ, де мек

емдеу нəтижелерінің жақ сара ты-ны на да үміт жоқ.

Халықаралық конгрестер де гематология саласында маман-дан ған дəрігерлердің елде бол-мауы мүмкін емес деп таң ға лып жатады. Енді бұған қоса, Ден сау-лық сақтау министрлігінің ше -шіміне сəйкес гематология учас-келік педиатрлар мен терапев тер деңгейінде қаралатын сала ре-тін де белгіленіп отыр. Мұндай мамандар гематологияны қалай емдей алуы мүмкін деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан ем-деу сапасы туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін емес. Гемофилия си-рек кездесетін ауру, оны əрбір маман біле бермейді. Сондықтан білікті емдеу мүлдем дерлік беріліп жатқан жоқ. Терапевтер мен педиа-трлар препараттардың атауын,

гемофилия санатын біл мейді, фак-тор белсенділігі дегенді ажыра-та алмайды, 1 кг дене салмағына шаққанда пре па рат мөлшері қандай болуы керектігінен хабарсыз, емдеу хаттамасын меңгермеген, өтінім-дерді толтыруды білмейді. Олар-ды жалғыз таңғалдыратыны – пре-параттың бағасы ғана, сол себеп ті де препаратты тағайындау ке зін-де оның мөлшерлемесін азайтып тағайындап береді дейді қоғамдық бірлестік жетекшілері.

Гемофилиямен ауыратын нау-қас тардың шұғыл госпитализа-ция сы 5-8 сағатқа созылады. Соң ғы уақытта Денсаулық сақтау минис трлігі дəрі сатып алуға кете-тін қаржыны үнемдей бастады. Ал нау қастардың емделуге қаншама қаржы жұмсайтынын есептеген жан бар ма?

Гемофилия орталықтары қажет

Мұндай орталықтар басқа ел-дер дің көпшілігінде, тіпті Аф рика елдерінде де бар. Ұйым Қазақ-станның гематологиялық бө лім-шелері бар өңірлерінде шағын орта лықтарды құруды талай мəрте ұсынды. Гемофилиямен ауы ратын науқастар маман дан-ды рылған медициналық көмектің барлық түріне, соның ішінде хирургиялық, орто-хирургиялық, неврологиялық, психологиялық, стом атологиялық көмекке мұқ-таж.

Алматы қаласында осындай шағын орталықтар құрылып, тіп-ті оқу кабинеттері (2-ші балалар ауруханасында) жəне күндізгі стационар (7-ші клиникалық ау-руханада) жабдықталды. Алайда

дəрігерлердің атқаратын жұмысы қар жы ландырылмағандықтан, бұл орта лықтар қызметі тоқтатылды. Сұрау салған кезде əрдайым «бізге орталықтар қажет емес» деген жауап беріледі.

Медицинадағы ең күрделі сала

Елімізде гематологиялық қыз-мет деңгейі төмен екені жасы рын емес. Бұл туралы қауым дас тық өкілдері мынандай дəйек білдірді.

«Иə, соңғы жылдары онко-гематологиялық қызмет дами бас-та ды, алайда бұл гематологияның бір бөлігі ғана. Қазақстанда Кеңес заманынан бері бірде-бір ҒЗИ-да жəне Медициналық академия-да бірде-бір гематология кафе-драсы болған емес. Аудандық орталықтарды айтпағанда, тіпті қалалардың өзінде гематологтерді іздеп таппайсың. Бүкіл елде 100 гематолог жұмыс істейді, олардың 60-ы Педиатрия ғылыми орталығында қызмет етсе, қалған 40 маман өңірлерде еңбек етіп жа-тыр. Гематология – медицинадағы ең күрделі сала. Қан – адам ағза-сын дағы басты құрылыс матери-алы, сондықтан оны терең зерттеу қажет. Ал біз терапевтерді үш айлық мамандану курстарынан өткі зіп, терапевтерден гематолог-тер ді шығаратын болдық. Бірақ енді оған деген қажеттілік те қал майды, қазір терапевтер мен педиатр лардың барлығы ешбір маман данусыз-ақ гематологтерге айналып отыр», деді олар.

Ауру күте тұрмайды2018 жылға дейін қанның ұю

факторлары бойынша тендерлік сатып алулар жазғы маусым-да жүргізілетін, ал препараттар

қараша айында «Фармация» СҚ ЖШС қоймаларында сақталып тұратын.

Амбулаториялық дəрімен қам-ту туралы бұйрықтар қыркүйек айы нан кешіктірілмей шыға ры ла-тын. Ал қазір 2020 жылға арнал-ған сатып алу жөніндегі тендер қарашаның соңында өткізіліп, амбулаториялық дəрімен қамту тура лы бұйрық 2020 жылдың қаң тарында ғана шықты, ал бұл дəрі лік затты жеткізу кезінде іркі-ліс терге себеп болады.

Берік Жандəулеттің өлімімен аяқ талған оқиғаға үңілсек, амбу-ла ториялық дəрімен қамту тура-лы бұйрықтың жоқтығы себепті, науқасқа препарат берілмеген. Ал бұл препараттар «Медсервис» ЖШС қоймаларында сол кезде сақтаулы тұрған болатын.

Қысқасы, жоғарыдағы көте-ріл ген мəселелерге қатысты бір қатар конференцияның өтке-ні не жəне көптеген өтініш жол-данып, Денсаулық жəне Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрліктерінің бұйрығы қазір Əділет министрлігінде қол қоюдан өтіп жатыр деген бос уəделердің айтылғанына қарамастан, гемо фи лияға бай-ланысты мүгедект ік мəсе-лесі əлі шешілген жоқ. Осы-ның салдарынан ең ауыр ауру ға шалдыққан науқастар əлеу мет тік қорғаусыз қалып отыр. Сау бо-лып дүниеге келу бақыты маң-дайына жазылмаған, бүкіл өмір бойы айықпас аурумен күре су ге мəжбүр болып отырған балалар мен олардың аналарының қо-лынан соңғы нанын тартып алды дейді осы тауқымет басына түс-кен адамдар.

АЛМАТЫ

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Дертті жандар тендерді күте алмайды

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан А

ман

гелд

і ҚИ

ЯС

, «E

Page 10: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

10 6 АҚПАН 2020 ЖЫЛРУХАНИЯТ

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан облысын дағы Ақ жайық ауданы аумағына кіре бе-рісте «Жұбан елі» деген жа зу көзге бір ден түседі. Иə, ақ жайықтықтар өз дерін «Жұбан еліненбіз» деп атап, мақ таныш етеді. Оның себебі – ақын сан жырлаған, жыл сайы н келіп ара лайтын туған жері – Жы-ланды, Сай құдық, Тайпақ өңірі дəл осы аудан аумағында жатыр.

Жұбан ақын көзі тірісінде туған жеріне жиі ке ліп, шаруа-шы лықтарды аралап, халықпен кездесіп жүретін. 1980 жылы сай -құдықтықтар асарлатып кітап-хана салған кезде Жұбан Мол-дағалиев өз қаржысына 500 кітап сыйға тартқан екен. Қазақ КСР Жоғарғы Советінің депутаты ретінде туған жерінің – Тай пақ өңірінің талай түйіткілді мəсе-лелерін депутаттық сауал са лып жүріп шешкенін аға буын əлі ұмыт пайды.

Жұбанды жерлестері де ерек-ше сүйеді. 1990 жылы, ақын ның 70 жылдығы тұсында ауыл-дас та ры қаражат жинап, округ орталығы Қурайлысай ауылын-да еңселі ескерткіш орнатты. «Жұбанға ескерткіш орнатамыз де генде бүкіл ауыл қолдады. Қария лар зейнетақыларын бер-ді. Сөйтіп мүсінге қажетті 40 мың кеңес сомы (рубль) тез жи-нал ды», дейді сол кездегі аға шопан, мақтаулы малшы бол ған Нау рызбай Əбілқайыров ақса қал. Нау рызбай аға сол жолы бас та ма-ға бір өзі 1 мың сом қосқан екен.

Туған жерден ТҮРКСОЙ-ға дейінМіне, содан бері ақынның

5-10 жыл сайын келетін мерей-тойлары оның туған жерінде жүйелі өтіп келеді. Əдеттегідей биылғы той да ерекше басталды.

Алдымен Жұбан Молда ға -лиев атындағы Батыс Қа зақ-стан облыстық ғы лыми-əм бе -бап кітапханасы, Ал маты қала-сындағы Ұлттық кі тапхана, Ғабдол Сланов атын дағы Атырау

облыстық кі тапханасы жəне Ақ-жайық аудан дық кітапханасы арасында онлайн видеоконфе-ренция ұйым дастырылды. Бей-не жиынға Ал маты қаласынан қо сылған Мыңбай Рəш, Ақұштап Бақ тыгереева, Исраил Сапарбай, Темірхан Медетбек, Нұрдəулет Ақыш сынды қаламгерлер Жұбан ақын жайлы естеліктерін ортаға сал ды. Атырау қаласынан сазгер əрі қаламгер Ілия Жақанов мə-тінін Молдағалиев жазған əйгі лі «Еділ-Жайық» əнінің шығу та ри-хын əңгімелеп берді. Ал ақынның жерлестері мəдениет са ла сының ардагері Жайсаң Ақ бай, ақын Айтқали Нəріков Жұ бан ақынның туған жеріне, Ақжа йық өңіріне келген ке зіндегі оқиғаларды ортаға сал са, ақын, жұбантанушы Үзіл дік Елеубаева ақынның туған же рінде биыл атқарылатын мерей тойлық шаралар туралы айтты.

– Бүгін Ақжайық ауданының орталығынан шыққан бір топ қаламгер, зиялы қауым өкілдері Жұбан Молдағалиевтің кіндік қа ны тамған жері – Қурайлысай, Сай құдық ауылдарына аттанды. Осылайша ақын тойына старт берілді. Жыл соңына қа рай ау-дан орталығында Жұбан Мол-дағалиев атындағы əдебиет жəне өнер орталығы ашылмақ, ол жер-де ақын мұражайы, кітапхана жə-не көпшілік шаралар өткізетін ар-найы зал болмақ, – дейді Үзілдік Елеубайқызы.

«Жұбан ақынның жүз жыл-дық мерейтойы аталып өтетін жылдың басында ұйым дас ты-рылған онлайн конфе рен ция-ға Қазақстанның əр айма ғын-дағы кітапханалардың қа ты суы – қаламгер тойының жал пы-халықтық сипатын көрсетеді», дейді ақынның көзін көрген əріп-тестері.

Айта кететін жайт, Жұбан тойына халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы да атсалысатыны белгілі болды.

«Республикалық деңгейде той-лануы жоспарланған ме рей тойдың ақынның туған өңірі Ақжайық ау-данынан бастау алуы да заңды əрі абыройлы іс деп білемін. Ақтаңгер

ақын, əрі та маша аудармашы Жұ-бан Молдағалиевтің мерейто йы ха қындағы ақпараттар Ха лық-аралық ТҮРКСОЙ ұйы мының 2020 жылғы «Түркі мəдениетінің күнтізбесіне» енгізіліп, ұйымға мүше мемлекеттердің мəдениет саласы министрліктеріне тара-тылды. Жұбан ақынның мерей-тойын түрік елінде де лайықты деңгейде атап өту туралы ше-шім қабылданып, ТҮРКСОЙ іс-ша ралар жоспарына алынды. Сондай-ақ республикалық жəне облыстық деңгейдегі ақын ме-рейтойына қатысты іс-ша раларға да өз үлесімізді қосуға жə не бұл бағыттағы кез келген ұсы нысты қабылдауға дайын екенімізді білдіремін», делінген ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің Ақжайық ауданы əкімі Қалияр Айтмұхамбетовке жолдаған же-делхатында.

Жұбан тойының ғибраты

Ақынның тойы төменнен бастау, жоғарыдан қолдау бол-маса, өз дəрежесінде өтпес те еді. Бұл ретте Батыс Қазақстан об лысының əкімі Ғали Есқа-лиев ті ерекше бөліп айтуға бо-лады. Өңір басшысы ретінде алғашқы іссапарын дəл осы Ақ-жайық ауданынан бастаған Ғали Нəжімеденұлы сол күннен бастап Жұбанның жүзжылдық тойын ғибраты мол, елге пайдалы етіп өткізуге тапсырма берген.

Облыс əкімі Ғали Есқалиев Жұ бан Молдағалиевтің ғасырлық то йы ның ғибраты қандай деген та қы рыпта бізбен де ой бөліскен еді:

– Ақын Жұбан Молдағалиев жалпы қазаққа ортақ болғанымен, əрине, ақын аруағының алдында біздің, жерлестерінің иығындағы парыз да, қарыз да көбірек. Əсі-ресе ақынның 1986 жылғы 31 жел тоқсанда Жазушылар ода ғына Қазақстан Компартиясы Ор талық Комитетінің бірінші хат шысы Г.Колбин келгенде айтқан əйгілі сөзін қайта-қайта оқып шықтым. Сонда түсінгенім – ақын сол бір жүрекжарды сө зін Колбинге неме-се сол залда отырған əріптестеріне ғана емес, болашақ ұрпаққа бағыштап айт қандай екен. Мұны біз арада 33 жылдан артық уақыт өткенде анық байқағандаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойларды атап өту той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, руха-ни тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілетінін ескертіп, даңғаза ұрандарды, тиімсіз шараларды азайтып, нақты іспен айналысу

қажеттігін тапсырған болатын, – дейді өңір басшысы.

Елдің ерге құрметіАқын Қайрат Жұмағалиев

Жұбан Молдағалиевтің өз өмі-рінде кемінде үш мəрте ерлік жа-са ғанын айтатын. Мұның бірін-шісі – 1941-1945 жылғы қанды қырғында қарумен де, қаламмен де соғысып, аман келуі болса, екінші ерлігі 1964 жылы кеңестік идеология күшіне мініп, «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» жаңа кеңес халқын қалыптастыру саясаты дəурендеп тұрған кезінде ұлттық идентификацияны оя-тып, «Мен – қазақпын» деп саңқ ете қалған поэмасы. Ал үшінші ерлігі – 1986 жылғы Желтоқсан оқи ғасынан кейін Колбинге қас-қайып тұрып өз халқының на-мысын қорғап айтқан сөзі еді. Ақын ның көзін көрген, əріптес болған бір топ ақсақалдың Жұ бан Молдағалиевке «Халық қаһар-маны» атағын беру туралы ұсы-нысы да осыдан шықса керек.

Жоғарыда айттық, «Елім» де-ген Ерге елдің де құрметі ерекше.

Биыл жүзжылдық мерейтой аясын-да Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін ірілі-ұсақты 817 шара өткізу жоспар ланған екен.

– Күзге таман аудан ор та -лығында Жұбан орта лы ғы ның ашылуы болады. Бұл ор талықтың іргетасын құю рəсіміне ақын Ақұштап Бақтыгереева апа мыз қатысып, батасын беріп кеткен еді. Мұнда ақынға ар налған му-зей, ақынның кітап ханасы орнала-сады. Жəне аудан орталығындағы барлық мəдени-рухани шара өтетін арнайы залы болмақ, – дейді Ақжайық ауда нының əкімі Қалияр Айтмұ хамбетов.

Мерейтойға байланысты ша-ра лардың бір парасын Ж.Мол-дағалиев атын да ғы облыстық ғылыми əмбе бап кітапхана қол-ға алған. Мұнда ақынның өмі-рі мен шығармашылығын на-сихаттауға арналған əдіс те-мелік-библиографиялық құ рал жасақталса, AQJAYIQ те ле-арнасы «Мен қазақпын!» ат-ты тележобаның тұсауын ке-сіп, ақынның өмірі мен шы-ғармашылығына арналған бей-нефильм даярламақ. Одан бөлек кіріспесі үш тілде дайындала-тын «Жұбан энциклопедиясы» жарық көреді. Ақын тойында есте қалатын шаралардың бірі – Орал қаласында қаламгердің кеудемүсіні тұрған жерге енді ақынның тұтас бейнесі сомдалған үлкен ескерткіш орнатылады.

– Орал қаласында Жұбанның есі мімен байланысты ғимарат-тарға ескерткіш тақта ілеміз. Жұ бан ақынның жазған өлең-деріне жазылған патриоттық əн дер байқауы, жазба ақындар мүшəйрасы, ақындар айтысы жоспарланған. Бұл шаралар «Жұбанның жыры – ғасырлар үні» атты республикалық ғы-лыми-тəжірибелік конференци-ямен қорытындыланатын бо-лады, – дейді Батыс Қазақстан облыстық мəдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайран Дүйсентегі.

«Мен – қазақпын. Өз хал қым-ды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қым бат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат» деп өткен Жұбан Молдағалиевтің ға сырлық тойы басталды. Енді оның елге, əсіресе жас ұрпаққа берер ғибраты молынан болғай.

Батыс Қазақстан облысы

Назерке ЖҰМАБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Адам болса сезім мен сенім іздер,Келіңіздер, бері қарай еніңіздер.Менің байтақ əлемім – планетамдыКөріңіздер, аралап келіңіздер!Осылай деп өлең-өмірін жыр ға қоса

сахнаға шыққан ақын əлемінің жұм-баққа толы шет сіз-шексіз кеңістігі бір-тіндеп кө рермен көңіліне де құйыла бер гендей...

Фариза жырымен сусындауға жи-нал ған оқырман жанарынан осын-дай бір отты байқадық. Иə, бүгінгі кеш бұ рынғылардан өзге рек. Өзгерек болуының себебі – поэзия падишасы Фариза Оң ғар сынова жырлары тұтас қо-йы лым өзегінде өріліпті. Қа зақстанның еңбек сіңірген қай раткерлері Болат Ұзақов пен Нұрлан Жұманиязовтың режис серлігімен сахна төріне шық қан «Сенің махаббатың» атты поэтикалық қойылым бізге ақын əле мімен сырласу сыйын тарту етті.

– Фариза апамыздың 80 жыл дық мерейтойы былтыр еліміздің түкпір-түкпірінде аса жоғары деңгейде аталып өтті. Ақын рухына тағзым етуді мұрат тұтқан түрлі іс-шаралар Фариза əле-міне жаңа, соны тыныс сыйлағандай болды. Осы айтулы оқиғаға орай біз де – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мем-лекеттік академиялық музыкалық драма театрының ұжы мы сол кездің өзінде-ақ шы ғар машылық ізденістерін жүйе леп қойғанымен, қойылымның жарыққа шығу сəті бүгінге бұ йырыпты. Көзі тірісінде Фариза апамыз біздің театрмен

өте ты ғыз шығармашылық қарым-қа-ты наста болды. Бірнеше пьесасы сах-наланып, А.Дударевтің «Кеш» драмасы ақын аудармасында көрерменіне жол тартқан еді. Сондықтан болса керек, біз апамызды тек өлеңдері арқылы ғана емес, жекелей танып, тұл ғалық болмы-сын білгеннен кейін де ақын əлемін өнер тілінде өр нектеп көргіміз келді. Фариза бей несін сахнаға шығарғанда бас ты рөлді ойнайтын актрисадан сыртқы ұқсас тық емес, ең бастысы ой, жан еркін-дігін алға шығаруын талап еттік. Сол не-гізде ақын философиясының жұмба ғына бойлауды мақсат тұттық, – дейді қо йы-лымның тең режиссері Болат Ұзақов.

Қос режиссер қиялы қанат бітірген туын ды бас-аяғы төрт бөлімге жүйе-леніпті. Ақынның ба лалық шағынан, жастық ша ғына, кейінгі есейген кезеңі мен жалпы философиясына ре тімен ауы-сып оты ратын оқи ға желісі көрерменіне ақын өмі рін кезең-кезеңімен баян етті. Поэ тикалық қойылымда Фариза бей-несін Қазақстанның еңбек сіңірген қай раткері, Мемлекеттік сыйлықтың лау реаты Алтынай Нөгербек ойнады. Ақынның анасы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Исабекованың кейіптеуінде көрерменімен қауышты. Аталған кейіпкерлерден бөлек, көпшілік сахнада Бақыт Жұмағұлова, Қуандық Қыстықбаев, Ержан Нұрымбет, Айнұр Бермұхамбетова, Сырым Қашқабаев, Жəнібек Мұсаев, Сая Тоқманғалиева бастаған театрдың жетекші актерлерімен бірге, жас сахнагерлер де сəтті өнер көрсетті.

– Фариза апамыздың өлеңдерін

барлығы сүйіп оқиды ғой. Фариза – ха лықтың ақыны. Əрқайсымыздың жүрегімізде, жанымызда өз Фаризамыз өмір сүреді. Фариза əлемі, əсіресе,

нəзік жанды оқырманның жанына ерек-ше жақын. Сондықтан да болар, əу баста, жұмыс қолға алына бастаған кезде-ақ ак-терлер бірауыздан аталған қойылымның

пьеса емес, таза поэзияға құрылғанын қаладық. Осы тілегімізді ескерген ре-жиссерлер өлеңмен өрнектеліп, əнмен көмкерілген бүгінгі қойылымды өмірге əкелді. Өйткені Фариза ақынның бар бол-мысы өлеңінде жатыр ғой. Сондықтан қойылымда ақын шығармашылығының алғашқы кезеңдері, яғни тырнақалды туындыларынан бастап кемелденген, тіпті өмірінің соңғы кездерінде жазған өлеңдерін барынша қамтуға тырыстық. Сөз жетпеген жерді музыкамен, əуезді əнмен көмкеруге талпындық. Одан кейін көрермендеріміздің дені жастар екенін ескеріп, махаббат бөліміне ба-рынша көбірек өлең мен əн қостық. Бұл қойылымда оқылған өлең де, орындалған əн де, тіпті менің аузыммен айтылатын əңгімелеу жанрындағы ой-естеліктер де толығымен Фариза апамыздың өз шығармашылығынан, күнделігінен, естеліктерінен алынды. Біз ойдан ештеңе де қосқан жоқпыз. Барлығы ақынның өзіне тиесілі, – дейді актриса Алтынай Нөгербек.

Рас, ақын мерейтойы қарсаңында республикамыздың түкпір-түкпірінде сахна төріне шыққан поэзия падиша-сы туралы қойылымдардың санында есеп болмады. Талай тағылымды дүние көрерменін қуантты. Фаризатану іліміне драматургия бағытында жаңаша жол ашты. Оның біразын көріп те үлгердік. Сондағы байқағанымыз – əр театр өзі танып, зерделеген Фаризасын тудыруға тырысқандығы. Сондықтан да болса ке-рек, бүгінгі біз куə болған елордалық те-атр ұсынған ақын əлемі де өз өрнегімен есте қалды. Шымылдық жабылған соң да қойылым əсерінен арылмаған көрермен көңілде жатталған Фариза өлеңдерін күбірлей оқып есікті бетке алды. Бұл – поэзияға деген махаббат, сүйікті ақы-нына деген халқының өлмейтін мəңгілік сағы нышы еді...

«Мен қазақпын» деп өткен Жұбан ақын–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл қазақтың к�рнекті ақыны, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл. Осы атаулы датаға орай ақынның туған жері – Батыс Қазақстан облысында кешенді шаралар басталып та кетті.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«МЕН – ҚАЗАҚПЫН. ӨЗ ХАЛ ҚЫМ ДЫ МАҚТАН ЕТЕМІН. МАҒАН ОНЫҢ КӨП ҚАТПАРЛЫ ТАРИХЫ ҚЫМ БАТ, АЛ ОНЫҢ БҮГІНГІ КҮНІ ОДАН ДА ҚЫМБАТ» ДЕП ӨТКЕН ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ ҒА СЫРЛЫҚ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ. ЕНДІ ОНЫҢ ЕЛГЕ, ӘСІРЕСЕ ЖАС ҰРПАҚҚА БЕРЕР ҒИБРАТЫ МОЛЫНАН БОЛҒАЙ.

ТЕАТР

Өнермен өрілген өлең-өмір––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сахна қараңғылығын т�беден себезгілей құйылған жарық сейілтті. Ақын �леңдерін кезектесе оқып ортаға шыққан актерлер к�рерменін ә дегеннен �зіне елітіп ала ж�нелді. Себебі залдағы әр адамға бұл шумақтар әрі аса та-ныс, әрі сондай жақын еді... ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 11: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

6 АҚПАН 2020 ЖЫЛ 11АЙМАҚ / ЖАРНАМА

Егер сіз «Egemen Qazaqstan» газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:Нұр-Сұлтан 37-64-48, 37-60-49.

Электронды пошта: [email protected], [email protected]Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

ТОО «Сaspian oil machine» ликвидируется. Претензии принимаются в течение двух месяцев со дня опубликования по адресу: Мангистауская область, г. Актау 15 микрорайон, 53 дом, 82 квартира.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ кепілге қойылған мүлікке сауда-саттық жариялайды

№1 Лот: Нұр-Сұлтан қ., 23 к-сі (қазір Керей Жəнібек хандар к-сі), 9-үй, 118 пəтер бойынша жалпы алаңы 46,70 шаршы м., тұрғын алаңы 24,80 шаршы м., орналасқан екі бөлмелі пəтер. Бастапқы бағасы 14 698 031 теңге. Кепілдік жарнасы 146 980 теңге. Сауда-саттық 18.02.2020 ж. сағат 11.00-де, ағылшын əдісімен (бағаның өсу бағытында) жүргізіледі. Сауда-саттық 18.02.2020 ж. өткізілмеген деп жарияланған болса, келесі сауда-саттық 20.02.2020 ж. сағат 11.00-де голландтық əдісімен (бағаның төмендеу бағытында) жүргізіледі. Бастапқы бағасы 14 698 031 теңге. Кепілдік жарна-сы 146 980 теңге. Сауда-саттық Нұр-Сұлтан қ., Мəңгілік ел даңғылы, 55 А, 0215-ка-бинетте жүргізіледі. Өтінім сенім білдірілген тұлғадан 18.02.2020 ж. жəне 20.02.2020 ж. сағат 10.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қ., Мəңгілік ел даңғылы, 55 А, 0215-кабинет, тел.: 8 (7172) 79-75-75, ішкі: 2201, 2206. Сауда-саттыққа қатысу үшін міндетті түрде өтініш беріп, төменде көрсетілген шотқа кепілдік жарна аудару қажет. Сатылым бағасын төлеу сауда-саттық аяқталған сəттен бастап 5 күн аралығында №KZ75722S000000486984 шотқа, бенефициар банк: «Kaspi Bank» АҚ, БСН – 001 240 001 720, БСК - CASPKZKA, Кбе-15, «ҚИК» ИҰ» АҚ атына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Сенім білдірілген тұлға: Лесбаев У.А.

АО «ИО «Казахстанская Ипотечная Компания» объявляет торги на заложенное имущество

Лот №1: Двухкомнатная квартира, общей площадью – 46,70 кв.м., в том числе жилой площадью – 24,80 кв.м. расположенная, по адресу: г.Нур-Султан, ул. 23 (ныне Керей Жанибек хандар), д. 9, кв. 118. Стартовая цена 14 698 031 тенге. Гарантийный взнос 146 980 тенге. Метод торгов английский (на повышение цены). Торги будут проводиться в 11.00 ч. 18.02.2020 г. В случае признания торгов 18.02.2020 г. несосто-явшимися следующие торги будут проведены в 11.00 ч. 20.02.2020 г. по голландскому методу (на понижение цены). Стартовая цена 14 698 031 тенге. Гарантийный взнос 146 980 тенге. Торги будут проводиться по адресу: г. Нур-Султан, пр. Мангилик ел, 55 А, кабинет 0215. Заявки для участия в торгах принимаются доверенным лицом до 10.00 ч. 18.02.2020 г./20.02.2020 г. по адресу: г. Нур-Султан, пр. Мангилик ел, 55 А, кабинет 0215, тел.: 8(7172) 79-75-75 вн. 2201, 2206. Для участия в торгах необходимо подать заявление и перечислить на нижеуказанный счет, гарантийный взнос. Оплата покупной цены производиться в течении 5-ти дней с момента завершения торгов путем перечисления денег на счет №KZ75722S000000486984, банк бенефициара: АО «Kaspi Bank», БИН – 001 240 001 720, БИК- CASPKZKA, Кбе – 15, наименование: АО «ИО «Казахстанская Ипотечная Компания». Доверенное лицо: Лесбаев У.А.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Аппараты Палата Аппаратының қызметкері Айгүл Қадырбекқызы Игибаеваға əкесі

Қадырбек Алшынбекұлы АСЫЛБЕКОВТІҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Дегдар» гуманитарлық қоры» КҚ 2019 жылғы 22 қазандағы «Egemen Qazaqstan» газетінің №204 (29683) санының 15-бетінде жарияланған қордың 2018 жылғы есебінде қате кеткендігін хабарлайды.

Соңғы абзацта: Қордың 31.12.2018 жылғы активі, өзіндік капиталы мен міндеттері 1 682 518 (бір миллион алты жүз сексен екі мың бес жүз он сегіз) мың теңге құрайды деп түзетілсін.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,«Egemen Qazaqstan»

Жиынға қатысқан Экология, геология жəне табиғи ресурс тар ми нистрі Мағзұм Мырзағалиев қор шаған ортаны сақтауда во-лон терлердің орны ерекше еке-нін айта келіп, жастар ды бұл бағытта бірлесіп жұ мыс ат -қа руға шақырды. Ве дом ство басшысының айтуын ша, қа зір адам мен таби ғаттың ара қа-тынасындағы үй ле сім діліктің жоқтығынан қор ша ған ортаның архитектурасы алаң датарлық

халге жетті. Сол себепті эко-логиялық сананы өзгертпе сек, табиғатты құрдымға жібе руіміз мүмкін.

– Биылғы жыл елімізде Во-лон тер жылы деп белгі лен-ді. Осы орайда біз сана-се-зімді жəне білімімізді шың да-уымыз керек. Ол үшін во лон-терлер керек. Елімізде эко -ло гияға қатысты мə селе көп. Бұл мəселелерді шешуде ерік-ті лердің көмегі сөзсіз қажет. Ең бастысы – бір-бірімізге қол ұшын созуға дайынбыз. Осы жи ын нан кейін волонтерлердің қатары артады. Экологиялық

са наны өзгертетін оң істер қолға алынады деген сенімдемін, – деді М.Мырзағалиев.

Экология, геология жəне та-биғи ресурстар министрлігі бұл басқосудың өңірлердегі бір лес-кен экологиялық жоба лардың басталуына серпін беретініне сенімді.

– Былтыр «Бірге – Таза Қа-зақстан» акциясы барысында мыңдаған тонна қоқыс жиналды. Осы ақцияға қазақстандықтар жаппай тартылды. Мұндай бас-тамаларды қоғам қолдайды əрі бірлесіп жүзеге асыруға ниет -ті. Бүгінгі құрылтайда бар -лық еріктілермен жеке та ны-сып, бірлескен жобалар тал-қы ланады. Дəл осы мақсатта Қа зақ станның əр өңірінен елі-міз дегі экологиялық баста-ма лардың жүзеге асырылуын

қа дағалап оты ратын амбасса-дорлар анықталады, – деді ми-нистр.

Волонтер жылы аясында ми-нистрлік «Birgemiz: Taza Álem» атты жалпыұлттық жо баны іске асыруды жос парлап отыр. Соған сəйкес волон тер лердің деректер базасы жа са лып, «Taza Álem» атты ерік ті лер дің 3 əдістемелік қол дау ор талығы құрылмақ.

Басқосуда қоқысты сұрыптау, қатты-тұрмыстық қалдықтарды тұтыну мен оның пайда болуын азайту, экологиялық сана мен тəрбиенің маңызы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, браконьерлермен күрес сынды маңызды мəселелер қозғалды. Кездесудің нəтижесінде жол кар-тасы əзірленіп, белсенділердің барлық бастамалары мен ұсы-ныстары енгізіледі.

Гүлайым Д�УІТБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Аталған мектепте тағы бір жа ңалық орын алды. АҚШ-та-ғы Массачусетс техноло гия-лық уни верситетінің (МІТ) сту-денттері Октавио Вега мен Варша Сандади Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде тағылымдамадан өтті. Үш ап-таға созылған тəжірибе б ары-сында студенттер мектеп мұ ға-лімдерімен бірге командалық са бақтар беріп, мектептегі БҰҰ мо делі жұмысын ұйым-дастыруға оқушыларға көмек қолын созды, жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша кеңес берді.

Октавио мен Варша – АҚШ-тағы жетекші университеттің 2-курс студенттері. Олар фи зи-ка, электроника жəне компью-тер ғылымдарын меңгереді. АҚШ студенттері Қазақстанға оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы білі-мін кеңейту, теориялық білімді тəжірибеде қолдануға баулу, сыни ойлау қабілетін дамыту мен мəдениеттану бағытындағы білімін арттыруға бағытталған MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы аясын-да келген.

Мектеппен етене жақын танысу үшін тағылымдамадан өтуші жастар мектепішілік ша-ралар мен кездесулерге белсенді

қатысты. Сонымен қатар өзде-рінің МІТ жоғары оқу орнына түсу оқиғасын баяндап, түрлі кеңестер берді.

– NIS оқушылары өте ең-бекқор жəне өршіл, əртүрлі академиялық жəне мектепішілік емес бағдарламаларға, пəндерге қызығушылықтары жоғары. Бəрінен де таңғалдырғаны – БҰҰ моделі ұйымының үлкендігі, атқарып жатқан жұмыстарының

ауқымдылығы. Сонымен қатар оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының өз жұмыстарын ұйым дастыруы, түрлі шаралар-ды жоспарлауы тəнті етті, – дей-ді Октавио Вега.

Қазақ мəдениеті мен əдет-ғұр-пымен таныстыру мақсатында мектеп қонақтары жергілікті от-басына қоныстандырылды.

Маңғыстау облысы

БІЛІМ ЖӘНЕ БІЛІК

АҚШ студенттері – Ақтауда–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Былтырғы мамыр айында халықаралық мектеп мәртебесіне ие болуы Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне үлкен әлемге жол ашты. Бүгінде әрбір іс-шарасы халықаралық маңызы бар деңгейде �тіп, оқушылары шетелдік іргелі оқу орындарымен ғылыми байланысқа түскен мектеп – �ңір мектептері арасында �зіндік ерекшелікке ие.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,«Egemen Qazaqstan»

Жалпы, əлем дəрігерлерінің қатерлі ісік ауруымен күресу ісі толық жеңіспен аяқталмаса да, адам зат үшін үміт сəулесін жақты. Яғни, рак қазір адам үшін «өлім үкімі» тізімінен шыға бастады. Бұл жер дегі жеңіс тек медицинаның қо лында емес, науқастардың өмір сүруге құш тарлығы мен ауру дың ал дын алуға деген жа уапкершілігіне де бай ланысты екен.

– Рак ауруымен күресу бары-сында медицина үшін науқастың бастапқы кезеңде келгені өте ма-ңызды. Адам əрі қарай ем алса, қажетті шараны үзбесе, құ лан таза айығып кетуіне 100 пайыз кепілдік бар. Ал адам бо йын-да ауру белгілерінің бар-жо ғын тек медициналық тексеру ке-зінде ғана анықтай аламыз. Ол үшін тұрғындардың өз ден сау-лығына немқұрайлы қарамай, мүм кіндігінше жиі тексеруден өт кені дұрыс, – дейді Алматы об лысы аймақтық онкология дис пансерінің директоры Саяхат Олжаев.

Аумағы үлкен Алматы об-лысында 2 онкология диспансері бар. Жоғарыдағы деректер Алматы қаласы маңындағы об-лыс тұрғындарына қатысты мəлім болған дəйек. Ал өңірдің шығыс аймағындағы аудан дар мен об-лыс орталығы тұрғындарының денсаулығына жауапты – Талды-қорғандағы онкология дис пан-сері. Өкінішке қарай, былтыр осы аймақтағы тексеруден өткен тұрғындардың 21,2 пайызы-нан обыр ауруының алғашқы белгілері табылып отыр. Талдау нəтижелері көрсеткендей, рактың 3-4 стадиясындағы адамдар қа-тары Ақсу ауданында 12,5 па йыз-дан 28,6 пайызға, Кербұлақ ауда-нында 9,1 пайыздан 22,2 пайызға көбейгені белгілі болды. Ал бұған дейін аты жаман ауру белгілері тіркелмеген Балқаш ауданында да науқас саны 33,3 пайызға жетіпті.

Жалпы, аты жаман аурудың күрт көбеюін онкологтер бірнеше факторға сілтейді. Табиғи пата-логияның асқынуы мен сыртқы жарақат салдарынан пайда болатын обыр түрлерін айтпағанда, қазір рак ісігінің асқынуына əлеу меттік жағдай жиі əсер ете бастапты. Адамның жүйкесіне түскен салмақ пен саламатты өмір салтының сақталмауы дерттің пайда бо-луына ғана емес, ем қонбайтын деңгейге дейін жетуіне себепші бо-лып отыр екен. Бұл жерде дерттің

асқынуына қатысты науқас пен дəрігер арасындағы пікірлерде алшақтық барын да айтуымыз керек. Мысалы, онкологтер рак-тың көбеюін науқастардың ем қабылдауға кешігіп келуіне апа-рып тіресе, науқастар дертті анық-таудағы кедергілердің барын алға тартады. Былай қарағанға екі жақтың да уəжі орынды. Алайда облыс аудандарында білікті он-колог дəрігерлердің тапшылығын денсаулық саласының басшыла-ры да мойындайды. Тіпті онколог маман былай тұрсын, аймақ тың барлық ауданында жалпы тəжірибе дəрігерлері жетіспей отыр.

Сондай-ақ обырға қарсы тек-серілуге кететін қаржы мен дəрі-дəрмек бағасын кез келген ауыл əйелінің қалтасы көтермейді. Мə селен, Еңбекшіқазақ ауданын-дағы Сөгеті ауылының тұрғыны Ғалия Бартаева ауыл мен аудан-да білікті онкологтың болмауы-нан Алматы қаласына барып қа-ралуға тура келетінін айтады. 4 жылдан бері сүт безі обырымен күресіп жүрген ана облыстық диспансерге қаралудың ұзын-сонар кезек екенін əрі қажетті са-раптамалар мен талдаулар үшін ақша төлеуге мəжбүр болғанына налиды. Əр қаралған сайы 3 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейін қаржы жұмсайтынын айт-қан Ғалия Бартаева ауылдағы жұмыссыз əйел үшін бұл өте ауыр соғатынын да айтты. Қазір ауыл тұрғыны жергілікті дəрі-гер лердің немқұрайлылығымен та ғайындаған емнің са пасыздығы шар шатқаннан кейін, жекеменшік клиникаларға қаралуға көшкен.

Өкінішке қарай, Алматы об-лысында да тұрғындардың қа -терлі ісікке шалдығу дерегі азай -май отыр. Өткен жылы өңірде 2835 адамға осы дерттің диаг но зы қойылыпты. Ал ауруы ас қынған 1108 адамның ажалына араша түсу мүмкін болмаған. Статистиканы сараптағанда, аты жаман аурудың əйелдер арасында өршіп келе жатқаны байқалған. Жалпы, рак ауруының 20 мың түрі бар екен. Оның ішінде алғашқы тізімде сүт безінің ісігі тұр. Жатыр мойны обы-рына шалдығу да жоғары. Былтыр осы диагноз бо йынша аймақтың он-кология диспансерінде 238 науқас ем қабылдапты. Ауру белгілері ерте анықталған 178 əйелдің дерт-тен құлан таза айығуына үміт бар. Ал жағдайы өте ауыр 14 науқас рак тың соңғы стадиясында ғана он кологтерден ем-дом іздеп кел-ген екен.

Алматы облысы

Еңбек жəне халықты əлеу-меттік қорғау вице-министрі Ерлан Əукеновтің айтуынша, жеке қабылдау, конференция режіміндегі жиналыстар мен жазбаша өтініштер аясында мүгедектігі бар адамдар көбінесе жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға қатысты ескертулер мен ұсыныстар қалдырды.

2020 жылғы шілдеден бастап жеке көмекшілердің қызметтері Əлеуметтік қызметтер порталына ауысады, содан кейін мүгедектігі бар адаммен жеке көмекшінің арасында келісімшарт жасала-ды, ерекше қажеттіліктері бар адамның жақын туыстары да жеке көмекші бола алады.

Сонымен қатар еліміздің

барлық облыстарында көмек-шілердің қызметтеріне сағатына ақы төлеудің бірыңғай мөлшері белгіленетін болады. Бұйрықта бұған дейін бұл мəселе реттелме-ген болатын, сондықтан əртүрлі өңірлерде жеке көмекшілердің жалақыларында елеулі айыр-машылық болды.

Сонымен қатар жаңа редак-цияда жеке көмекшінің жəне ым-дау тілі маманының қызметтерін көрсетуге қарсы көрсетімдерден АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдар санаты алынып тастал-ды. Бұл олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге мүмкіндік береді.

«Егемен-ақпарат»

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Қатерлі ісікпен күрес –өмірге үлес

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша қазір ғаламшарда қатерлі ісік ауруына шалдыққан 20 миллион-нан астам науқас бар. Аты жаман дерттің алғашқы белгісі жыл сайын 30 мың адамның бойынан анықталады. Ал Қазақстанда обыр диагнозымен 180 мыңнан астам тұрғын тіркелген. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Оңалту мәселелері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мүгедектігі бар адамдар жеке к�мекшілермен тікелей келісім шарт жасайды және бұл ереже туыстарына да қолда-нылады. Осы және басқа да �згерістер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың �тініші бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына енгізілді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

2020 – ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫ

Экологиялық сананы өзгерту керек–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстандық волонтерлер қоршаған ортаны қорғау үшін бірлесіп жұмыс атқармақ. Бұл туралы экология белсенділерінің бірінші республикалық құрылтайында мәлім болды. Жиында қоршаған ортаның амбассадорлары сайланды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сур

етт

і түс

ірге

н Е

рлан

ОМ

АР

, «E

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

Page 12: №25 (29754) 6 А ПАН, 2020 ЖЫЛ · Кездесуде Томас Хельм Мем лекет басшысына Қордың Қа зақстандағы қызметінің

12 6 АҚПАН 2020 ЖЫЛДИДАР

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІ

Басқарма төрағасының орынбасары – бас редакторАйбын ШАҒАЛАҚ

Басқарма төрағасының орынбасарыЕрболат ҚАМЕН

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 12 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2018 жылғы 23 сəуірдеҚазақстан Республи касының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті берген. «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар талаптарына сəйкес сертификатталған.

А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыс телефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)ТАРАЛЫМЫ 185 720 дана

Нөмірдің кезекші редакторыЖақсылық МҰРАТҚАЛИ

MЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 Нұр-Сұлтан, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАНЫҚТАМА ҮШІН:Нұр-Сұлтан: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] МАРКЕТИНГ БӨЛІМІ: Нұр-Сұлтанда – 8 (7172) 37-60-49, 37-64-48, [email protected], [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Нұр-Сұлтан – [email protected] Ақтау – [email protected]Ақтөбе – [email protected]Талдықорған – [email protected]Атырау – [email protected]Көкшетау – [email protected]Қарағанды – [email protected]Қызылорда – [email protected]Қостанай – [email protected]Орал – [email protected]Өскемен – [email protected]Павлодар – [email protected]Тараз – [email protected]Шымкент – [email protected]Петропавл – [email protected]

Бас редактордың орынбасарларыҒабит ІСКЕНДЕРҰЛЫДуман АНАШТалғат БАТЫРХАН

Жауапты хатшы Самат МҰСА

Саясат жəне құқық бөліміЖолдыбай БАЗАР

Экономика бөліміАрнұр АСҚАР

Əлеумет жəне білім бөліміОралхан ДƏУІТ

Мəдениет жəне руханият бөлімі Мирас АСАН

Əдебиет жəне өнер бөліміЕрлан ЖҮНІС

Интернет-редакция бөлімі Бекен ҚОНЫС

МЕНШІК ИЕСІ:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Жастар алты жүлде алды

–––––––––––––––––––––––––––––Бұл күндері Ыстанбұлда таэквон-додан «Turkish Open» халықаралық тур нирі �туде. Ересектер арасындағы жарыс аяқталғаннан кейін даянға жас-тар шықты. –––––––––––––––––––––––––––––

Түркияда жас өрендер де өздерін жақсы қырынан көрсетті. Əсіресе, 59 кило салмақ дəрежесінде күш сынасқан Бағжан Қанаттың өнеріне жанкүйерлер айрықша тамсан-ды. Алты бəсекенің барлығында айқын басымдық танытқан жас қазақстандық бас жүлдені қанжығасына байлады. Соны-мен қатар жиналған жұрт 48 кило сал-мақтағы Ілияс Жарылғасыновтың да асқан шеберлігіне тəнті болды. Ол да алтын тұ-ғырға көтерілді. Ал Абдурахман Марипов (73 кило), Жəния Əмірхан (52 кило) жəне Ка-мила Аймұқашева (49 кило) күміс алса, Нұр-риза Тұрарова (68 кило) қолаға қол созды.

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғаш қы күні Қазақстанның ұлттық құра-масы үш күміс пен төрт қола медальды ие ленді. Атап айтсақ, Əлімжан Серікбаев (63 кило), Смайыл Дүйсебай (87 кило) жəне Жансел Дениз (73 кило) финалда ғана ұтылса, Елдар Бірімбай (68 кило), Ақсəуле Ерқасымова (+73 кило), Лес Абдуссамат (74 кило) жəне Руслан Жапаров (+87 кило) үшінші орынға табан тіреді.

Азия чемпионатына аттанады

–––––––––––––––––––––––––––––18-23 ақпан күндері Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде күрес түрле-рінен Азия чемпионатының жалауы желбірейді. –––––––––––––––––––––––––––––

Айтулы жарыста Қазақстанның əйелдер командасы мынадай құрамда өнер көрсетеді: 50 кило – Валентина Исламова, 53 кило – Татьяна Ахметова, 55 кило – Марина Зуева, 57 кило – Алтынай Сатылған, 59 кило – Мəди на Бақбергенова, 62 кило – Аяулым Қасымова, 65 кило – Гауһар Мұқатай, 68 кило – Əлбина Қайыргелдинова, 72 кило – Жəмила Бақбергенова жəне 76 кило – Елмира Сыздықова.

Бұл күндері біздің балуандар Нұр-Сұл-танда бас қосып, Азия чемпионаты қарса-ңындағы өздерінің соңғы оқу-жаттығу жиы-нын өткізуде.

Алты спортшымыз –ширек финалда

–––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның негізгі емес құрама-сының алты боксшысы Мажарстанның Дебрецен қаласында �тіп жатқан Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирдің ширек фина-лына шықты. –––––––––––––––––––––––––––––

Тарқатып айтсақ, 52 кило салмақтағы Махмұд Сабырхан ринг қожайыны Нандор Соканы сан соқтырды. 69 кило салмақтағы Талғат Шəйкен ботсваналық Капинг Шипанды шаң қаптырып кетті. Сол секілді ағайынды Оралбайлардың да үстемдігі еш күмəн туғызған жоқ. 81 кило салмақтағы Нұрбек аустралиялық Хабрезе Мобиннен айласын асырса, 91 кило салмақтағы Айбек Беларусь өкілі Владислав Смягликовтан басым түсті. Аса ауыр салмақта айқасқан Дамир Тойбай Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, франциялық Жамили-Дини Абоуду Моиндзенің осал тұсын оңай тау-ып, барша көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ширек финалға жолдама алған тағы бір қандасымыз Айдос Арапов осыдан бір тəулік бұрын Ботсванадан келген Майтева Тефоны тізе бүктірген еді.

Өкінішке қарай, екі боксшымыз үшін бұл жарыс аяқталды. 63 кило салмақтағы Санатəлі Төлтаев пен 75 кило салмақтағы Ермахан Жақпеков қарсыластарынан жеңіліп қалды.

ДайындағанҒалым СҮЛЕЙМЕН, «Egemen Qazaqstan»

ТАЭКВОНДО

БОКС

КҮРЕС

ЭТЮД

Сур

етт

і түс

ірге

н Д

уман

ҚҰ

РМ

АН

ҒАЛ

ИЕ

В

Түрлі түсті құрт жасап, табыс тауып отыр

––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бәйдібек ауданына қарасты Жамбыл ауылының тумасы, жас кәсіпкер Назерке Аскер химиялық коспасыз құрттың таза табиғи 10 түрін жасап шығаруда. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нұршат Т�КЕН,«Egemen Qazaqstan»

Аудандық кəсіпкерлер палатасына жас кəсіпкер ретінде тіркелген іскер əйел «Бастау-бизнес» жобасы бойынша арнайы курстан өтіп, сертификат иелен-ген. Бизнес жоспар құрып, оны арнайы комиссияда қорғап, «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорынан 3 млн теңге қайтарымсыз несие алған. Кəсібін 2019 жылы ашқан Назерке құрт өңдейтін жəне дөңгелек пішінде жасайтын аппараттар мен салқындатқыш құрылғы сатып алды.

Қазіргі таңда арнайы тапсырыспен ащы, тұзды, кептірілген жемістерден, қан көбейтуге арналған қызылшадан, мейізден, қан қысымы жоғары адам-дарға жалбыздан, асқазанға пайдалы райхан гүлінен, сəбіз сығындысынан, кептірілген өріктен араласты-рып құрт жасап сатуда. Осылайша, жас болса да осы үрдісті жаңғыртып, батыл қадамға барып отырған Назеркенің бұл бастамасы бүгінде жұмыссыз жүрген ауыл жастарына үлгі болып отыр. Бала кезінен əжесінен, анасынан ағарғаннан əртүрлі өнім дайын-дауды үйренген Назерке заман талабына сай алуан түсті құрт жасап, несібесін ағарғаннан айыруда.

Кəсіпкер Əу баста, адамдарға таңсықтау бұл құрт-тарды сатып аларына күдік те болғанын жасырмайды. Алайда дəмі тіл үйірер түрлі түсті құрттан ауыз тиген ауыл тұрғындары тапсырыс бере бастағанда көңілі күдіктен арылып, ата кəсіпке деген құш тарлығы арта түскен. Назерке алдағы уақытта осы кə сіпті кеңейтіп, сүтті сиырларды көбейтіп, түрлі түсті құртқа деген сұранысты жоғарылатуды көздеп отыр.

Ең əуелі сүттен алынған дайын өнімді өзі туып-өскен Жамбыл ауылындағы дүкендерге, одан кейін көрші ауыл-аймаққа, қала берді ірі қалаларға шығарып сатуды жоспарлауда.

Түркістан облысы,Бәйдібек ауданы

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,«Egemen Qazaqstan»

Жас зерттеушілер өнімдердің сыртқы қабатындағы крахмал мен целлюлозаны био ло гиялық

ыдырайтын плас тмассаны жа-сауға қолдануға бола тын дығын анықтады. Био пластик жа сауға 2 күн кетіпті. Ал қажет ті ма те-риалдарды табу да қиын дық туғыз-байды. Яғни, биопластик өндірісі ешқандай мамандандырылған

жабдықты қажет етпейді жəне оны ең қа рапайым əрі қолжетімді құрал дарды пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

– Банан мен картоптың қабы-ғын натрий метабисульфитіне салып, қайнаттық, содан кейін оны мұқият ұнтақтадық. Алынған паста «Петри» ыдысында қа лып-тастырып, қыздырамыз. Про-цестердің əртүрлі комбинацияла-рында бірнеше тəжірибе жүр гізіп көрдік. Осының бəріне бізге екі айдан сəл асатын уақыт қажет болды, – дейді Дана мен Айдана.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өнертапқыш оқушылары жаңа ма-териал шынымен дəстүрлі пластикті алмастыра алатынына сенімді. Өйткені қазір қоршаған ортаның пластикалық заттармен ластануы адамзаттың өзекті мəселелерінің бірі болып отыр. Ал талдықорғандық оқушылар ойлап тапқан биопластик-тен мұндай қауіп жоқ.

Алматы облысы

Қайрат �БІЛДА,«Egemen Qazaqstan»

Кеншілер астанасында ұйым-дастырылған «Қансо нар-2020» байқауы аясында тазы тұқымдас иттер арнайы тіркеуден өткізіліп, электронды төлқұжаттар бе-рілді. Игі шара барысында құ-май тазылардың жылдамдығы сыналған жарыс өтіп, демеушілер есе бінен жиналған 300 мың тең-ге лік жүлде қоры сарапқа са-лынды.

Желден жүйрік тазылардың бұл сайысына облыстың түкпір-түкпірінен əкелінген жүзге тарта тазы қатыстырылды.

Жарысты ұйым дастырушы-лардың бірі, спорт саласының маманы Балғабай Нұрланов атал-ған сайыстың басты мақсаты рес публикалық байқауда облыс атынан сынға түсетін жүйрік тазы ларды іріктеу екен. «Біздің облысымызда тазы тұқымының сақталуына, оны атадан қалған

мұра ретінде əрі қарата дамытуға үлкен мəн беріліп келеді», дейді маман.

Жарыс қорытындысы бойын-ша «Үздік құмай тазы» сынында Нұра ауданынан келген Нұрдəулет Мырзахановтың «Көк сұлуы» бас жүлдені жеңіп алды. Арлан та-зылар арасындағы сайыста Абай ауданының өкілі Аман тай Төлеген қосқан «Май лақ» атты тазы топ жарды. Ұр ғашы тазылардың жа-рысында Қара ғандының тұрғыны Мадияр Махатовтың «Ақ желке» деген иті үздік шықты. Сондай-ақ

осы тазы жалпы жарыста да озып шығып, иесін бас жүл деге жет-кізді. Ал бір қар басқан күшік та-зылар арасындағы жыл дамдық сыналған додада нұралық Əлішер Дүйсенбаевтың «Тұйғыны» бас жүлденің иегері атанды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының алғыс хаттары-мен жəне ақшалай сертификат-тармен марапатталды.

ҚАРАҒАНДЫ

КӘСІБІҢ – НӘСІБІҢ ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

Банан қабығынан биопластик жасады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Дана Мәжит пен Айдан Қолдасбаева банан қабығы мен картоп крахмалынан биопластик жасады. Зерттеу жоба-сы республиканың «Жылдың 100 үздік жобасы» байқауында Гран-при жеңіп алды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САЯТ

Жүз тазы жарысты