almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · web view16. Мүмкiндiгi...

64
Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын, оның iшiнде балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 2) Жалпы бiлiм беру ұйымдары (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 3) Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 4) Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 5) Жоғары бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 7) Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 8) Арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 9) Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 10) Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары; 11) Ересектерге арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 17 мамырдағы

Upload: others

Post on 03-Feb-2020

16 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын, оның iшiнде балаларға

арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң

үлгiлiк қағидаларын бекiту туралыҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы

 

 

      «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:      1. Қоса берiлiп отырған:      1) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      2) Жалпы бiлiм беру ұйымдары (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      3) Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      4) Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      5) Жоғары бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      6) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      7) Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      8) Арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      9) Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      10) Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары;      11) Ересектерге арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары бекiтiлсiн.      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен   

бекiтiлген      

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес әзiрлендi. Қағидалар «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» дербес бiлiм беру ұйымдарының мектепке дейiнгi ұйымдарын қоспағанда, меншiк нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – мектепке дейiнгi ұйымдар) қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушiлердi тәрбиелеу, оқыту мен дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемiн орындауды қамтамасыз етедi.

Page 2: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      3. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негiзгi мiндеттерi:      1) балалардың өмiрiн және денсаулығын қорғау;      2) тәрбиеленушiлердiң дене, зияткерлiк және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар жасау;      3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;      4) азаматтылықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудi, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйiспеншiлiктi тәрбиелеу;      5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшiн отбасымен өзара iс-қимыл жасау;      6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтiк және әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.      4. Мектепке дейiнгi ұйымдар мынадай түрлерге бөлiнедi:      1) бөбекжай;      2) балабақша;      3) отбасылық бөбекжай;      4) санаториялық бөбекжай;      5) «мектеп-балабақша» кешенi;      6) мектепке дейiнгi шағын орталық.      5. Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымының негiзгi құрылымдық бiрлiгi мектеп жасына дейiнгi тәрбиеленушiлер тобы болып табылады. Топтар жас ерекшелiгi бiр немесе жас ерекшелiгi әртүрлi қағидаты бойынша жасақталады.      6. Мектепке дейiнгi ұйым топтарының толымдылығы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекiтiлген «Балалар мен жасөспiрiмдердi тәрбиелеу мен бiлiм беру объектiлерiне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.      7. Топтар тәрбиеленушiлердiң болу уақыты бойынша бөлiнедi және мынадай режимде қызмет етедi:      1) толық күн болу;      2) жарты күн болу;      3) тәулiк бойы болу.      8. Мектепке дейiнгi ұйымдар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Бiлiм туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекiтiлген Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын, мектепке дейiнгi ұйымның Жарғысын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.      9. Мектепке дейiнгi ұйымдар меншiк нысаны бойынша мемлекеттiк және жеке меншiк болып табылады.      10. Балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.      11. Балаларды мектепке дейiнгi ұйымдарға тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргiзiледi.      12. Мектепке дейiнгi ұйымда баланың орны мынадай:      1) бала ауырып қалған;      2) бала медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделген және сауықтырылған;      3) ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң бiреуiне еңбек демалысы берiлген;      4) бала жаз маусымында екi айға дейiнгi мерзiмде сауықтырылған жағдайларда сақталады.      13. Басшы баланы мектепке дейiнгi ұйымдардан мынадай:      1) баланы мектепке дейiнгi ұйымда ұстау үшiн ай сайынғы төлемақы уақтылы төленбеген (төлемақыны белгiленген мерзiмнен күнтiзбелiк 15 күннен астам кешiктiру);      2) бала бiр айдан астам дәлелсiз себеппен және әкiмшiлiкке ескертпей келмеген;      3) дәрiгерлiк бақылау комиссиясы анықтамасының негiзiнде баланың келуiне кедергi болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы болған жағдайларда шығарады.      14. Мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдарда баланы күтiп-бағу үшiн ата-аналардан немесе заңды өкiлдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерi баланың жасына қарамастан тамақтануға кететiн шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгiлейдi.      15. Жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкiлдерден төлемақы алу тәртiбiн мектепке дейiнгi ұйымның құрылтайшысы белгiлейдi.

Page 3: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда, мектепке дейiнгi ұйымдарда балаларды күтiп-бағу тегiн негiзде ұсынылады.      17. Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымның басшысы үш жылда бiр рет «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтедi.      Педагог қызметкер бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтедi.      Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бiр рет өткiзедi.

2. Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң тәртiбi

      18. Мектепке дейiнгi ұйымды құрылтайшы құрады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi. Тiркелгеннен кейiн мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары өз қызметi туралы бiлiм беру басқармаларының органдарына хабарлайды.      19. Мектепке дейiнгi ұйымдар «Бiлiм туралы» Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негiзiнде өз жарғысын әзiрлейдi.      20. Мектепке дейiнгi ұйымдар:      1) өз жарғысында белгiленген функциялардың орындалуын;      2) балалардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды;      3) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн бағдарламаларының толық көлемде iске асырылуын;      4) педагогикалық процестi ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдiстердiң және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабiлеттерiне, қызығушылықтары мен қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.      21. Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы штат саны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарына сәйкес белгiленедi.      22. Мектепке дейiнгi ұйымдар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудiң аумақтық медициналық ұйымдарымен бiрлесiп балаларды мектепке дейiнгi ұйымның штатына кiретiн медициналық қызметкерлер жүзеге асыратын ағымдағы медициналық бақылауды, иммундауды және профилактикалық тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Мектепке дейiнгi ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық тексеруден өтедi.      23. Мектепке дейiнгi ұйымдар балаларды үйлесiмдi тамақтандыруды қамтамасыз етедi. Балаларды тамақтандыру жас ерекшелiктерiн, жұмыс режимiн ескере отырып жүргiзiледi, оның жиiлiгi санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен және Жарғымен айқындалады.      24. Мектепке дейiнгi ұйымдар мектепке дейiнгi ұйым басшысы белгiлеген тәртiппен бiлiм беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетедi. Ақылы қызметтерден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиiстi дамытушы орта құруға бағытталуы мүмкiн.      25. Отбасы мен баланы әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшiн мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады.      26. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық кеңестер болып табылады.      27. Мектепке дейiнгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.      28. Мектепке дейiнгi ұйым басшысы:      1) мектепке дейiнгi ұйымның атынан әрекет етедi, барлық мемлекеттiк және жеке меншiк ұйымдарда оның атынан өкiлдiк етедi;      2) қаражатты басқарушы болып табылады, шарттар жасайды, сенiмхаттар бередi, банктерде есептiк және басқа да шоттар ашады;      3) өз құзыретi шегiнде мектепке дейiнгi ұйым қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, жаза қолданады;      4) кадрларды iрiктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату құқығын пайдаланады;      5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының талаптарына және санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес мектепке дейiнгi ұйымдағы тәрбиелеу-бiлiм беру процесiн жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасайды;      6) балалар мүдделерiн, отбасы қажеттiктерiн қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызметтердi ұйымдастырады;

Page 4: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      7) баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдаған кезде ата-анасын немесе заңды өкiлдерiн жарғымен, қабылдау тәртiбi мен оқыту-тәрбиелеу процесiн және медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру тәртiбiн регламенттейтiн құжаттармен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкiлдермен шарт жасасады;      8) мектепке дейiнгi ұйымға бекiтiлген мүлiктiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етедi.      29. Мектепке дейiнгi ұйымның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:      1) тәрбиеленушiлердiң, қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының талаптарын бұзғаны;      4) тәрбиеленушiлер мен қызметкерлердiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығын сақтау үшiн;      5) қаржы-шаруашылық қызметiнiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақшалай қаражаттардың мақсатты пайдаланылмағаны үшiн;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптардың өзге де бұзылғаны үшiн жауапты болады.      30. Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi мектепке дейiнгi ұйым дербес әзiрлейтiн iшкi тәртiп қағидаларында және қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарында нақтыланады. Бұл ретте көрсетiлген актiлерде белгiленген құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм туралы» Заңға, өзге де заңнамалық актiлер мен ұйым жарғысына қайшы келмеуi тиiс.

Мектепке дейiнгi ұйымдағы тәрбиелеу-бiлiм беру процесi

      31. Мектепке дейiнгi ұйымдағы тәрбиелеу-бiлiм беру процесi мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты негiзiнде әзiрленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымның жарғысымен айқындалады.      32. Тәрбиелеу-бiлiм беру процесiнiң негiзгi қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкiлдер, педагогикалық қызметкерлер болып табылады.      33. Мектепке дейiнгi ұйымдарда педагогикалық қызметпен айналысуға бiлiмi және бiлiктiлiгiнiң тиiстi деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттармен расталған педагогикалық бiлiмi бар (техникалық және кәсiптiк, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi) адамдар жiберiледi.      Педагогикалық қызметке соттың үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған, сондай-ақ өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар тұлғалар жiберiлмейдi.      34. Мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдары мектепалды сыныптарының педагог қызметкерлерiне айлық еңбекақыны есептеу үшiн аптасына нормативтiк оқу жүктемесi 24 сағаттан артық емес болып белгiленедi.      «Бiлiм туралы» Заңның 30-бабының 2-тармағына сәйкес мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.      Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегiн болып табылады.      35. Мектепке дейiнгi ұйымдардың педагогтары тиiмдi тәрбиелеу-бiлiм беру процесiн қамтамасыз ету мақсатында балама авторлық бағдарламаларды дербес таңдайды және қолданады, мектепке дейiнгi тәрбие және оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартын сақтау шартымен тәрбиелеудiң, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгiзедi.      36. Мектепке дейiнгi ұйым тәрбиеленушiсiнiң, ата-аналары мен қызметкерлерiнiң қарым-қатынасы тәрбиелеу-бiлiм беру процесiне қатысушылардың ынтымақтастығы, өзара сыйластығы негiзiнде және жеке ерекшелiктерiне сәйкес тәрбиеленушiге даму еркiндiгiн ұсынуды ескере отырып құрылады.      37. Мектепке дейiнгi ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкiлдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледi. Шартта баланың мектепке дейiнгi ұйымға бару режимi, тамақтану жиiлiгi, қосымша бiлiм беру, сауықтыру қызметтерiн көрсету деңгейi және ұсыну мерзiмi, мектепке дейiнгi ұйымда баланы күтiп-бағу ақысының мөлшерi, қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар айқындалады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы

Page 5: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

№ 499 қаулысымен   бекiтiлген     

Жалпы бiлiм беру ұйымдары (бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта) қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы бiлiм беру ұйымдары (бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта) қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» дербес бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, меншiк нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ұйымдар (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Бiлiм беру ұйымдарының негiзгi мiндеттерi:      1) бiлiктi жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшiн жағдайлар жасау;      2) бiлiм алушылардың тиiстi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартында көзделген базистiк ғылыми негiздердi алуын қамтамасыз ету;      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бiтiмi мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру;      4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi және мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қадiрлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеушiлiкке тәрбиелеу;      5) белсендi азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне араласу қажеттiлiгiн, жеке тұлғаның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;      6) отандық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне баулу; қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу.      3. Бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.      4. Жеке тұлғаның қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұнына, бiлiм берудiң әрбiр деңгейiн алуға қол жеткiзу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндiзгi, сырттай, кешкi, экстернат және мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады.      5. Мемлекет инклюзивтi бiлiм беру мақсаттарын iске асыра отырып, бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға олардың бiлiм алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.      6. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшiн үйде немесе стационарлық көмек көрсететiн, сондай-ақ қалпына келтiрiп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегiн жеке оқыту ұйымдастырылады.      7. Ақылы бiлiм беру қызметтерiн iске асыратын мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушының, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өзара қарым-қатынастары оқу мерзiмiн, оқу үшiн төлем мөлшерiн, өзге де жағдайларды айқындайтын шартпен реттеледi.      8. Бiлiм алушыларды құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, бiлiм беру ұйымының жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғаны үшiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарынан шығаруға бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк басқару органының шешiмi бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етiледi.      Жетiм балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бiлiм беру ұйымдарынан шығару туралы шешiм қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келiсiмiмен қабылданады.      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарынан шығарылған балалардың жалпы орта бiлiм алуы түзеу мекемелерi жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектепте, кешкi, жеке меншiк мектепте немесе экстернат нысанында жалғасады.      9. Қызметкер мен бiлiм беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.

2. Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

Қызметiн ұйымдастыру

      10. Оқушылар, педагог қызметкерлер, оқушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдер бiлiм беру процесiнiң субъектiлерi болып табылады.

Page 6: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      11. Негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм туралы құжаттар бередi.      12. Педагогтiк қызметпен айналысуға тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар жiберiледi.      Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметке сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi.      13. Нормативтiк оқу жүктемесi белгiленбеген бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.

Бiлiм беру процесi

      14. Бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру процесiн жалпы орта бiлiм беру деңгейлерiнiң: бастауыш (1-4 сыныптар), негiзгi орта (5-9 (10) сыныптар) және жалпы орта (10-11 (12) сыныптар) бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.      15. Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабiлеттерiн, оқу iсiндегi оң талпынысы мен алғырлығын: негiзгi мектептiң бiлiм беру бағдарламаларын кейiннен меңгеру үшiн оқудың, жазудың, есептеудiң, тiлдiк қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзiн-өзi көрсетудiң, мiнез-құлық мәдениетiнiң берiк дағдыларын дамытуға бағытталған.      Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру мерзiмi - төрт жыл.      16. Негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары (2-деңгей) бiлiм алушылардың ғылым жүйесiнiң базалық негiздерiн меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға, жеке адамның өзiн-өзi билеуiне және кәсiптiк бағдарлануына бағытталады.      Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасы бiлiм алушылардың бейiн алды даярлығын қамтиды.      Әрбiр пәннiң мазмұнын зерделеу негiзгi орта бiлiм беру деңгейiнде аяқталады.      Негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - бес жыл.      Он екi жылдық бiлiм беруге көшкен кезде негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - алты жыл.      17. Жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары (3-деңгей) жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейiндiк оқытуды енгiзе отырып саралау, интеграциялау және бiлiм беру мазмұнын кәсiптiк бағдарлау негiзiнде әзiрленедi.      Жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын игеру мерзiмi - екi жыл.      18. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарымен келiсiм бойынша бiлiм беру ұйымдарында даму мүмкiндiгi шектеулi балалармен денi сау балалардың бiрлесiп оқитын сыныптары (бiр сыныпта даму мүмкiндiгi шектеулi екi баладан артық оқытылмауы тиiс) немесе арнайы бiлiм беру ұйымдарының үлгiлiк қағидаларында көрсетiлген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлерi бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.      Инклюзивтiк және арнайы сыныптардағы даму мүмкiндiгi шектеулi барлық бiлiм алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкiндiгi шектеулi балалар жалпы бiлiм беретiн бағдарламалар бойынша бiлiм алады.      19. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесi оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.      20. Бiлiм беру ұйымдарында қосымша бiлiмнiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары iске асырылады.      21. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру процесiн ұйымдастыру оқу жоспарының негiзiнде құрылады, жылдық күнтiзбелiк жұмыс оқу кестесiмен және сабақтар кестесiмен регламенттеледi.      22. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесi, сабақтар режимi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және бiлiм беру органдарының ұсынымдары негiзiнде дайындалған бiлiм беру ұйымдары бекiтетiн ережелермен айқындалады.      23. Бiлiм беру ұйымдарында балалар мен жасөспiрiмдердi медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.      Бiлiм беру ұйымдарындағы медициналық пункттердiң ең шағын үй-жайлары медициналық қызметкердiң кабинетi мен процедуралық кабинеттi қамтиды.      Жалпы бiлiм беретiн мектептiң штаттық кестесi медициналық қызметкер (медбике, дәрiгер) бiрлiгiн қамтиды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мектептегi медициналық қызметкер өз бiлiктiлiгiн уақытылы арттырып отырады.

Page 7: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      Шағын жинақты мектептерде медициналық пункт және медициналық қызметкер болмаған жағдайда медициналық қамтамасыз етудi өңiрлiк алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары жүзеге асырады.      24. Бiлiм беру ұйымындағы сабақтар кестесiн оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекiтедi.      25. Сабақ кестесiнде оқу сабақтарының күнделiктi саны, ұзақтығы және ретi көрсетiледi.      Бiлiм беру ұйымдарындағы сабақ кестесi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тамақтануы мен белсендi демалуы үшiн ұзақтығы жеткiлiктi үзiлiстердi көздейдi.      Жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың барлық түрлерiнiң оқушылары үшiн сабақтар арасындағы үзiлiстер ұзақтығы кемiнде 10 минутты, үлкен үзiлiс (2 немесе 3 сабақтан кейiнгi) кемiнде 30 минутты құрайды: бiр үлкен үзiлiстiң орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екi рет үзiлiс жасауға жол берiледi.      26. Бiлiм беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы – қырық бес минут (арнайы сыныптарда – қырық минуттан аспайды).      Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегiзден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндiзгi оқу жүктемесi бастауыш сыныпта бес сабақтан және негiзгi мектепте жетi сабақтан, жоғары сыныптарда сегiз сабақтан аспайды.      27. Бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруiн бақылау мақсатында оқушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылауды және бiлiм алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.      28. Бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды жүргiзудiң нысандарын, тәртiбiн және мерзiмдiлiгiн дербес таңдайды.      29. Бiлiм беру ұйымдары өздерiнiң жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдiстерiн дербес таңдайды.      30. Меншiк нысандарына қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлуiн, сондай-ақ бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес орыс тiлiн және шет тiлдерiнiң бiреуiн оқып-үйренуiн қамтамасыз етедi.      31. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтедi.      Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы тәртiппен бес жылда бiр рет өткiзедi.

Бiлiм беру ұйымдарын басқару

      32. Бiлiм беру ұйымдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және бiлiм беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.      Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.      33. Бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.      34. Бiлiм беру ұйымының басшысы:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.      35. Бiлiм беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

Page 8: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      1. Осы Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес әзiрлендi және меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымы) қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Техникалық және кәсiптiк бiлiм негiзгi орта және (немесе) жалпы орта бiлiм беру базасында, училищелерде, колледждер мен жоғары техникалық мектептерде алынады.      3. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;      2) бiлiм алушылармен кәсiби бағдарлану жұмыстарын қамтамасыз ету;      3) теориялық оқыту, өндiрiсте оқыту және еңбек нарығының қажеттiлiктерi арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететiн және әркiмге бiлiмге негiзделген өзiнiң жеке әлеуетiн қоғамда барынша пайдалануға көмектесетiн оқыту жүйесiн дамыту;      4) кәсiптiк бiлiм берудiң қоғам мен еңбек нарығының өзгерiп отыратын қажеттiлiктерiне уақытында бейiмделуiне ықпал ететiн оқытудың жаңа технологияларын енгiзу және тиiмдi пайдалану;      5) техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi бiлiм беру бағдарламалары мен өндiрiстi ықпалдастыру.      4. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Үлгiлiк қағидаларға және олардың негiзiнде әзiрленген бiлiм беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.      5. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары бiр немесе бiрнеше бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын және бiлiм алушыларды оқыту мен тәрбиелеудi қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар болып табылады.

2. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

      6. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары «Бiлiм туралы» Заңда, осы Үлгiлiк қағидалар мен техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының жарғыларында белгiленген шекте оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда, оқу-әдiстемелiк, қаржы-шаруашылық қызметтi ұйымдастыруда дербес.      7. Оқу және тәрбие процесiн ұйымдастырудың негiзi техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-әдiстемелiк және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.      8. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесiнiң кестесi мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесiн бекiту арқылы жүзеге асырылады.      Оқу-тәрбие процесiнiң кестесi мен оқу сабақтарының кестесiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымының басшысы бекiтедi.      Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебi теориялық және өндiрiстiк оқытудың есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерiн жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.      Әскери мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары оқу-тәрбие процесiн тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiткен нормативтiк құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдастырады.      9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиiстi үлгiлiк оқу жоспарлары мен үлгiлiк оқу бағдарламаларының негiзiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi.      Үлгiлiк оқу жоспарлары мен үлгiлiк оқу бағдарламалары бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарына сәйкес әзiрленедi.      10. Тұлғаның қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуға қол жеткiзу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндiзгi, кешкi және сырттай бөлiм (сырттай, кешкi нысанда бiлiм алу рұқсат етiлмейтiн жекелеген кәсiптер мен мамандықтардан басқа).      Әскери мамандықтар бойынша үлгiлiк оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi.      11. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекiтiлген Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға

Page 9: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

қабылдаудың үлгiлiк қағидаларына сәйкес белгiленедi.      12. Бiлiм алушыларды ауыстыру тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарының түрi бойынша бiлiм алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.      13. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар беру «Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 108 қаулысында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      14. Бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.      15. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.      16. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесiнiң кестесiне сәйкес басталады және аяқталады.      Бiлiм алушыларға толық оқу жылында кемiнде екi рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның iшiнде қысқы мерзiмде 2 аптадан кем емес демалыстар белгiленедi.      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесi оқу процесiнiң кестесiне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлерi үшiн 5 минуттық үзiлiспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгiленедi, 2 академиялық сағаттан кейiн 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға жол берiледi.      Бiлiм алушылардың тамақтануы және белсендi демалуы үшiн 2 қосарланған сабақтан кейiн ұзақтығы кемiнде 15 минут үзiлiс көзделедi.      17. Оқытудың кредиттiк технологиясы бойынша оқу процесiн ұйымдастыру «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.      18. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқу сабақтары дәрiстер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзiндiк жұмыстар, консультациялар, әңгiмелесулер, факультативтiк сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрiнде өткiзiледi.      19. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткiзу үшiн оқу топтары құрылады.      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында оқу топтары оқытудың күндiзгi нысанында мамандықтар бойынша - саны 25 адамнан артық емес (әскери мамандықтар бойынша 30 адамға дейiн), сыртқы, кешкi оқыту нысанында кемiнде 15 адамнан жинақталады.      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында кәсiп немесе мамандық бейiнiнiң ерекшелiктерiне қарай бiлiм алушылармен жеке сабақтар өткiзiледi.      20. Тiзбесi оқу жоспарларына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткiзуде, оның iшiнде дене тәрбиесi мен жекелеген пәндер бойынша, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндiрiстiк оқыту кезiнде оқу топтарының саны 13 адамнан артық емес кiшi топтарға, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарында клиникалық пәндер бойынша саны 8 адамнан аспайтын кiшi топтарға бөлiнедi.      21. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру процесiнiң қатысушылары бiлiм алушылар, педагог қызметкерлер мен ата-аналар және кәмелетке толмаған бiлiм алушылардың заңды өкiлдерi болып табылады.      22. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар жатады.      23. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар жатады.      24. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердiң саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарының және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдардың тiзбесi негiзiнде айқындалады.      25. Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      26. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейiнiне байланысты оқу-тәрбие процесiн басқару үшiн мамандықтар (кәсiптер) топтары бойынша бөлiмдер және басқа да құрылымдық бөлiмшелер құрылады.

Page 10: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      Бөлiмдер (күндiзгi, сырттай, кешкi) бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар мен кәсiптер бойынша кадрлар даярлау кезiнде құрылады.      27. Бөлiмге басшылықты техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының басшысы тағайындайтын меңгерушi жүзеге асырады.      Бөлiм меңгерушiсi:      1) бөлiмдегi оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тiкелей басқаруды;      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;      3) бiлiм алушылар үлгерiмiнiң есебiн ұйымдастыруды;      4) бiлiм алушылардың тәртiбiн бақылауды;      5) курстық және дипломдық жобалау кезеңiнде бiлiм алушылардың жұмысын бақылауды;      6) стипендиялық комиссияның (күндiзгi нысан) жұмысына қатысуды;      7) бөлiм бойынша жұмысты есепке алуды және есептiлiк берудi қамтамасыз етедi.      28. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында (Қорғаныс министрлiгiнiң бiлiм беру ұйымдарынан басқа) бөлiмдер:      1) оқытудың күндiзгi нысанында бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар мен кәсiптер бойынша кемiнде 150 бiлiм алушы;      2) оқытудың сырттай, кешкi нысандарында кемiнде 100 бiлiм алушы болған кезде құрылады.      29. Бiлiм алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, бiлiм беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негiзiнде жұмыс берушiлер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады.      Өндiрiстiк оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейдi.      Әскери мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың лауазымы бойынша мiндетiн атқарудағы практикалық дағдыларды қалыптастыру және жетiлдiру мақсатында әскери тағылымдамадан өтудi ұйымдастырады.      30. Кәсiптiк практиканы өткiзу үшiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары шарттық негiзде практикалар базасы ретiнде ұйымдарды айқындайды, олармен келiсiлген практиканы өткiзудiң бағдарламалары мен күнтiзбелiк кестелерiн бекiтедi.      Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 бұйрығымен бекiтiлген кәсiптiк практиканы өткiзуге арналған үлгiлiк шарттың нысаны негiзiнде жасалады.      31. Оқу-өндiрiстiк шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейiнiне байланысты жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндiрiстiк оқытуды және кәсiптiк практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық бөлiмшелерi.      Оқу-өндiрiстiк шеберханалар:      1) теориялық оқытуды өндiрiстiк еңбекпен үйлестiрудi;      2) бiлiм алушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес кәсiптiк дағдылар алуын;      3) өнiм шығаруды, шеберханалар үшiн құрал-саймандар мен құрылғыларды, зертханалар мен кабинеттер үшiн көрнекi құралдар мен аспаптарды дайындау, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетiктердi жөндеудi;      4) кәсiпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн оқу және өндiрiстiк база болып табылады.      Оқу шаруашылықтарында өсiмдiк шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша(оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) әртүрлi зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлерi өткiзiледi.      Оқу полигондарында автомобильдердi, тракторларды, әртүрлi өзi жүретiн машиналарды жүргiзу, әртүрлi жабдықтар мен тетiктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргiзiледi.      32. Оқыту шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау бойынша тiзбенi, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушiлермен келiсiм бойынша тiкелей техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары айқындайды.      33. Өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және ұйымдарда өндiрiстiк оқыту шеберiнiң басшылығымен ұйымдастырылады.      34. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаларында жүзеге асырылады.      35. Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.      Бiлiм беру ұйымының басшысы «Бiлiм туралы» Заңда белгiленген тәртiппен:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары

Page 11: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу және тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды бұзғаны үшiн жауапты болады.      Бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының басшысы үш жылда бiр рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.      36. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы тәртiппен бес жылда бiр рет өткiзедi.      Техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн мемлекеттiк аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.      37. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық тексеруден өтедi.      38. Бiлiм алушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлiгiн арттыру және әдiстемелiк жұмысты жетiлдiру мақсатында техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдiстемелiк, қамқоршылық кеңестер болып табылады.      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымының алқалық органдарының қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес әзiрлендi және меншiк нысандарына қарамастан орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымы) қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмдi жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары (жоғары кәсiптiк) бiлiмi бар азаматтар орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында алады.      Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламаларының мазмұны:      1) кәсiптiк оқу бағдарламаларымен қатар жоғары бiлiмнiң 1-2 курстарының кәсiптiк оқу бағдарламаларымен кiрiктiрiлген әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану пәндерiн оқытуды;      2) оқыту аяқталғаннан кейiн қызмет көрсету және басқару iсiнiң кiшi маманы бiлiктiлiгiн берудi көздейдi.      3. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:      1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;      2) бiлiм алушылардың кәсiби бағдарлануын қамтамасыз ету;      3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту және еңбек нарығының қажеттiлiктерi арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететiн және әрбiр адамға бiлiмге негiзделген өзiнiң жеке әлеуетiн қоғамда барынша пайдалануға көмек беретiн өмiр бойы оқыту жүйесiн дамыту.      4. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырады.      5. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламалары күндiзгi нысан бойынша оқитын

Page 12: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

тиiстi контингент болған жағдайда негiзгi түрi колледж, жоғары техникалық мектеп болып табылатын бiлiм беру ұйымдарында iске асырылады.

2. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

      6. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгiлiк қағидалар мен орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымының жарғысында белгiленген шекте оқу және тәрбие процестерiн жүзеге асыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда, оқу-әдiстемелiк, қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметте дербес.      7. Оқу және тәрбие процесiн ұйымдастырудың негiзi орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-әдiстемелiк және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.      8. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесiнiң кестесi мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесiн бекiту арқылы жүзеге асырылады.      Оқу-тәрбие процесiнiң кестесi мен оқу сабақтарының кестесiн орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымының басшысы бекiтедi.      Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысының есебi теориялық және өндiрiстiк оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерiн жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.      9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиiстi үлгiлiк оқу жоспарлары мен үлгiлiк оқу бағдарламаларының негiзiнде орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi және олар жұмыс берушiлермен келiсiледi.      Үлгiлiк оқу жоспарлары мен үлгiлiк оқу бағдарламалары тиiстi бiлiм деңгейлерi бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзiрленедi.      10. Тұлғаның қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұнына, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуға қол жеткiзу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндiзгi, кешкi, сырттай оқу (Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрлiктерiнiң, құқық қорғау органдарының бiлiм беру ұйымдарынан басқа).      11. Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарға оқуға қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекiтiлген Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларына сәйкес белгiленедi.      12. Бiлiм алушыларды:      1) бiр орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне;      2) бiр мамандықтан екiншiсiне немесе бiр оқыту нысанынан екiншiсiне;      3) бiр орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымында ақылы негiздегi оқудан мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымы басшысының бұйрығы негiзiнде жүргiзiледi.      Бiлiм алушыларды ауыстыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Бiлiм беру ұйымдарының түрi бойынша бiлiм алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.      13. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.      14. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.      15. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу процесiнiң кестесiне сәйкес аяқталады.      Бiлiм алушыларға толық оқу жылында кемiнде екi рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның iшiнде қысқы мерзiмде кемiнде 2 апта демалыс белгiленедi.      Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесi оқу процесiнiң кестесiне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлерi үшiн 5 минуттық үзiлiспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгiленедi, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етiледi.      16. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрiстер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзiндiк жұмыстар, консультациялар, әңгiмелесулер, факультативтiк сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрiнде өткiзiледi.      17. Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда бiлiм алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткiзу үшiн оқу топтары құрылады.

Page 13: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда оқу топтары мамандықтар бойынша күндiзгi оқыту нысанында 25 адамнан аспайды, сырттай, кешкi оқыту нысандарында кемiнде 15 адамнан жинақталады.      Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда кәсiп немесе мамандық бейiнiнiң ерекшелiктерiне қарай бiлiм алушылармен жеке сабақтар өткiзiледi.      18. Тiзбесi оқу жоспарларына сәйкес айқындалатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның iшiнде дене тәрбиесi мен жекелеген пәндер бойынша сабақтарды өткiзу, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндiрiстiк оқыту кезiнде оқу топтары саны 12-13 адамнан аспайтын кiшi топтарға бөлiнедi.      19. Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдардың бiлiм беру процесiне қатысушылар бiлiм алушылар мен ата-аналар, педагог қызметкерлер мен кәмелетке толмаған бiлiм алушылардың заңды өкiлдерi болып табылады.      20. Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар жатады.      21.Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдардағы педагог қызметкерлерге орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда, сондай-ақ орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушыларды оқытумен тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар жатады.      22. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердiң саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесi негiзiнде айқындалады.      23. Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      24. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан басқа тыс жерде мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейiнiне байланысты оқу-тәрбие процесiн басқару үшiн мамандықтар (кәсiптер) топтары бойынша бөлiмдер және басқа да құрылымдық бөлiмшелер құрылады.      Бөлiмдер (күндiзгi, сырттай, кешкi) бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар мен кәсiптер бойынша кадрлар даярлау кезiнде құрылады.      25. Бөлiмге басшылықты орта бiлiмнен кейiнгi ұйым басшысы тағайындайтын меңгерушi жүзеге асырады.      Бөлiм меңгерушiсi:      1) бөлiмдегi оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тiкелей басқаруды;      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;      3) бiлiм алушылар үлгерiмiнiң есебiн ұйымдастыруды;      4) бiлiм алушылардың тәртiбiн бақылауды;      5) курстық және дипломдық жобалау кезеңiнде бiлiм алушылардың жұмысын бақылауды;      6) стипендиялық комиссияның (күндiзгi нысан) жұмысына қатысуды;      7) бөлiм бойынша жұмысты есепке алуды және есептiлiк берудi қамтамасыз етедi.      26. Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда (Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрлiктерiнiң, құқық қорғау органдарының бiлiм беру ұйымдарынан басқа) бөлiмдер:      1) оқытудың күндiзгi нысанында бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар мен кәсiптер бойынша кемiнде 150 бiлiм алушы болған;      2) оқытудың кешкi, сырттай нысандарында кемiнде 100 бiлiм алушы болған кезде құрылады.      27. Бiлiм алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, бiлiм беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негiзiнде жұмыс берушiлер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады.      Өндiрiстiк оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейдi.      28. Кәсiптiк практиканы өткiзу үшiн орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары шарттық негiзде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бiлiм беру ұйымдарынан басқа) практиканың базасы ретiнде ұйымдарды айқындайды, олармен келiсiлген практиканы өткiзудiң оқу бағдарламалары мен күнтiзбелiк кестелерiн бекiтедi.      29. Оқу-өндiрiстiк шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейiнiне қарай мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндiрiстiк оқыту мен кәсiптiк практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi.      Оқу-өндiрiстiк шеберханалар:      1) теориялық оқытуды өндiрiстiк еңбекпен үйлестiрудi;      2) бiлiм алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсiптiк дағдылар алуын;      3) өнiм шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшiн құрал-саймандар мен құрылғыларды,

Page 14: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

кабинеттер мен зертханалар үшiн көрнекi құралдар мен аспаптарды дайындауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетiктердi жөндеудi;      4) кәсiпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн оқу және өндiрiстiк база болып табылады.      Оқу шаруашылықтарында өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы (оқу шаруашылығының егiстiктерi мен фермаларында) технологиялары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлерi өткiзiледi.      Оқу полигондарында автомобильдердi, тракторларды, әртүрлi өзi жүретiн машиналарды жүргiзу; әртүрлi құралдармен және тетiктермен қызмет көрсету және оларды пайдалану бойынша оқыту жүргiзiледi.      30. Оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау бойынша тiзбенi, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушiлермен келiсiм бойынша тiкелей орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары айқындайды.      31. Өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және ұйымдарда өндiрiстiк оқыту шеберiнiң басшылығымен ұйымдастырылады.      32. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.      33. Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.      Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.      Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.      Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдардың педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық тексеруден өтедi.      Орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi.      34. Бiлiм алушыларды оқытумен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлiгiн арттыру және әдiстемелiк жұмысты жетiлдiру мақсатында орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Жоғары бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Жоғары бiлiм жоғары оқу орындарында - институттарда және оларға теңестiрiлген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) берiледi.      Жоғары оқу орындарын жiктеу критерийлерiн бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.      3. Жоғары оқу орындарының негiзгi мiндетi – ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде тұлғаның кәсiби қалыптасуы мен дамуына бағытталған бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жоғары бiлiмдi кадрлар даярлау.

Page 15: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      4. Жоғары оқу орны (бұдан әрi – ЖОО) өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, бiлiм беру және ғылым қызметiн регламенттейтiн «Бiлiм туралы», «Ғылым туралы» заңдарға, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негiзiнде әзiрленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

2. Жоғары бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

      5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.      6. ЖОО-ны тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (тиiстi органның оқу орнының басшысы) жүзеге асырады.      7. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн орынбасарлары – проректорлары болады.      8. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, барлық органдарда оның мүдделерiн бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ЖОО мүлкiн басқарады, шарттар жасайды, сенiмхаттар бередi, банк шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен бiлiм алушыларға мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады.      9. Ректор (басшы) өзiне берiлген құқықтар шегiнде қаржы, экономикалық, өндiрiстiк-шаруашылық қызмет мәселелерiн шешедi.      10. Мемлекеттiк ЖОО ректоры (басшы) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЖОО жарғысында белгiленген тәртiппен үш жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.      Мемлекеттiк емес ЖОО ректоры оның өкiлеттiктер шеңберiн, тағайындалу (сайлау) және лауазымнан босату тәртiбiн айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысында есеп бередi.      11. Ректордың кандидатурасы бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен педагогика қызметкерлерi және оларға теңестiрiлген тұлғалар лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына (бұдан әрi – лауазымдардың бiлiктiлiк сипаттамалары) сәйкес келуi тиiс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-ларында оқу орнының бастығы лауазымдары тиiстi мемлекеттiк орган бекiтетiн лауазымдар санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.      12. Ректор (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының (бұдан әрi – МЖМБС) талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.      13. ЖОО-ларда алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО-ның алқалық басқару нысандары ғылыми, байқау немесе қамқоршылық кеңесi бола алады, олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледi.      14. ЖОО құрылымын өзi дербес айқындайды және бекiтедi. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-ларында құрылымды тиiстi мемлекеттiк орган айқындайды.      Бұл ретте құрылымдық бөлiмшелер ЖОО қызметiнiң барлық түрлерiн қамтиды.      15. ЖОО өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелерiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi, онда олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлiмшеге оның мәртебесiн әкiмшiлiк-құқықтық бекiту бойынша талаптар айқындалады.      16. Бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес ЖОО қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзiрлейдi және бекiтедi, онда олардың лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртiбi, құқықтары, мiндеттерi, өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерi айқындалады.      17. Штаттық кестенi ЖОО дербес айқындайды және оны ректор жыл сайын бекiтедi. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-да штаттық кестенi тиiстi мемлекеттiк орган айқындайды.      18. ЖОО-ның құрылымдық бөлiмшелерi өз қызметiн осы Қағидалар, ЖОО жарғысы негiзiнде

Page 16: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

жүзеге асырады, ал олардың санын аталған ЖОО мамандықтарының, бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесiне, сондай-ақ бiлiм алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгiлейдi.      19. Факультет бiр немесе бiрнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын ЖОО-ның негiзгi оқу, ғылыми және әкiмшiлiк құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.      20. Факультет күндiзгi, кешкi, сыртқы және экстернат нысанында мамандар дайындауды жүзеге асырады.      21. Факультет жұмысын басқаруды ғылыми дәрежесi мен атағы (әскериден басқа) бар факультет деканы (басшысы) жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуi тиiс. Факультет басшысының лауазымдық мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.      22. Факультет деканы (басшысы) ЖОО-ның қабылдау және аттестаттау комиссиясының мүшесi болып табылады.      23. ЖОО-лар факультет туралы өз ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi. Факультет деканы (басшысы) жанынан және оның төрағалық етуiмен өз жұмысын ЖОО кеңесi бекiткен қағидаларға сәйкес ұйымдастыратын факультет кеңесi ұйымдастырылуы мүмкiн.      24. Кафедра бiр немесе бiрнеше мәндес пәндер бойынша оқу-әдiстемелiк және ғылыми жұмысты, бiлiм алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын ЖОО-ның (факультеттiң) негiзгi оқу-ғылыми құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.      25. Кафедра штаты профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлемiне және орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады (әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқу процесiнiң ерекшелiгiн ескере отырып).      26. Кафедра штатына кафедраның меңгерушiсi (басшысы), профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-стажерлер, оқу-көмекшi персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерi кiредi. Әскери (азаматтық емес) оқу орындарының кафедралары үшiн ерекшелiктерiне қарай басқа да лауазымдар көзделедi.      27. Кафедраны ғылыми дәрежесi және/немесе ғылыми атағы бар меңгерушi (басшы) басқарады (әскерилерден басқа). Кафедра меңгерушiсiнiң (басшысының) лауазымдық мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.      28. Тиiстi мамандықтар бойынша ЖОО-ның бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кафедра бейiнi бойынша кемiнде 10 штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесi кемiнде 45 %-ды, педагогикалық институттарда кемiнде 50 %-ды, өнер және мәдени бiлiм беру ұйымдары үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары бар және оларға теңестiрiлген оқытушылар кемiнде 35 %-ды құрауы тиiс.      Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тәрбиесi, сурет және сызу, графика, шетел тiлдерi, қазақ тiлi, орыс тiлi (тiлдi оқытпайтын ЖОО үшiн) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкiн.      29. Бекiтiлген оқу пәндерiнiң циклы бойынша кафедралар жалпы бiлiм беретiн және арнайы деп сыныпталады.      30. ЖОО-да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқа да мүдделi тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкiн.      31. Кафедра жұмысы жоғары бiлiмнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталуы тиiс.      32. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

Жоғары бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын негiзгi талаптар

      33. Оқу процесiн тиiмдi ұйымдастыру, бiлiм беру қызметiне тартылған материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану үшiн институттарда және оларға теңестiрiлген ЖОО-да (консерваторияларда, жоғары мектепте, жоғары училищеде) күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылардың ең аз контингентi кемiнде 960 адам болуы тиiс. Ерекшелiктi күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылардың саны мемлекеттiк тапсырыспен айқындалатын құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-лары құрайды.      34. Институттар және оларға теңестiрiлген ЖОО (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылардың тиiстi контингентi болғанда ғана сырттай оқу нысаны бойынша кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске

Page 17: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

асыра алады.      ЖОО-ның күндiзгi және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердiң арақатынасы кемiнде 4:1 болуы тиiс.      Бұл ретте, бiлiм алушылардың келтiрiлген контингентi олардың күндiзгi, кешкi және сырттай оқу нысандарындағы санына қарай айқындалады. Күндiзгi оқу нысанының студенттерi 1,0, кешкi оқыту нысанының студенттерi - 0,5 және сыртқы оқу нысанының студенттерi - 0,25 коэффициентiмен есептеледi.      35. Жоғары бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың контингентi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес бiр бiлiм алушыға шаққандағы оқу алаңының санитариялық нормаларына сәйкес келуi тиiс.      36. ЖОО-да академиялық лек пен топтың толымдылығын ЖОО-лар дербес айқындайды.      Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-ның академиялық легiнiң толықтығы жыл сайынғы мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына және қызмет ету ерекшелiктерiне қарай айқындалады.      37. Даму мүмкiндiктерi шектеулi, оның iшiнде мүгедектiгi бар азаматтар үшiн олардың дара қажеттiлiктерiн ескере отырып бiлiм алуына арнайы жағдайлар жасалады.

ЖОО-ның оқу-тәрбие қызметi

      38. ЖОО-ға бiлiм алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жоғары бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк қағидаларына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады.      39. ЖОО-да жоғары бiлiмi бар кадрлар даярлау мазмұны мен оқыту мерзiмдерi бойынша әртүрлi бiлiм бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.      40. ЖОО-ның оқу-әдiстемелiк жұмысы:      1) академиялық күнтiзбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзiрлеудi, элективтiк пәндер каталогтарын, силлабустар, пәндер мен мамандықтардың оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеудi;      2) оқу пәндерiн оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешендi тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәндi оқу бойынша әдiстемелiк ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелiк және қорытынды бiлiм бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;      3) кәсiптiк практикалардың барлық түрлерiнiң бағдарламаларын, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша әдiстемелiк құралдар әзiрлеудi;      4) бiлiм алушылардың оқу материалын меңгеруiн арттыратын заманауи бiлiм технологиялары мен оқыту әдiстерiн әзiрлеудi;      5) iзденiске, талдауға және қызмет нәтижелерiн қалыптастыруға қабiлеттiлiгiн дамытуға бағытталған студенттердiң өзiндiк жұмысын оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;      6) оқытушылар мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлеудi қамтиды.      41. Оқу-әдiстемелiк қызметтiң мазмұнын, ұйымдастыру тәсiлiн және құрылымын жоспарлауды ЖОО кредиттiк оқыту технологиясы негiзiнде жүзеге асырады.      42. Құқық қорғау органдарына, арнайы мемлекеттiк органдарға және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органға бағынысты ЖОО бiлiм саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу арқылы, дайындық деңгейлерi мен мiндеттерiне сәйкес, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм тапсырысына қарай оқыту технологияларын (дәстүрлi немесе кредиттiк) және пәнаралық байланыстарды айқындайды.      43. Оқу қызметiн ұйымдастыру академиялық күнтiзбе, оқу сабақтарының кестесi негiзiнде жүзеге асырылады.      Оқу қызметiнiң құрылымы оқу жоспарларының (үлгiлiк, жеке, жұмысы) және кәсiптiк оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесi көлемiнiң, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерiнiң, оқу материалы көлемiнiң негiзiнде қалыптасады.      Оқудың жұмыс жоспарлары және бағдарламалары жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты негiзiнде әзiрленедi.      Бiлiм беру бағдарламалары кәсiптiк стандарттар және бiлiм алушылардың құзыреттерiн қалыптастыру негiзiнде (әскерилерден басқа) әзiрленедi.      44. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар, «Әскери iс және қауiпсiздiк» мамандығының топтары бойынша МЖМБС тиiс бiлiм беру деңгейлерiнiң сәйкес МЖМБС және оларды әзiрлеу құрылымы негiзiнде әзiрленедi, оларды тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдары бекiтедi және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiседi.      45. Академиялық күнтiзбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесi ЖОО кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiледi.

Page 18: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      46. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттiк оқыту технологиясының негiзгi қағидаттарын iске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пәндерiнiң аннотацияланған тiзбесiн қамтитын элективтi пәндер каталогы жасалады.      47. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негiзгi түрлерi белгiленедi: дәрiстер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттiң өзiндiк жұмысы, курстық, есептiк-графикалық жұмыстар, кәсiптiк практикалардың барлық түрлерi, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.      Бұл ретте дәрiстер мен семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар арасындағы кредиттер көлемiнiң арақатынасын ЖОО үлгiлiк оқу жоспарына сәйкес айқындайды.      48. Дәрiс сабақтарын өткiзуге, студенттердiң дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшiлiкке профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жiберiледi.      49. Дәрiстер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерiн өткiзуге ғылыми қызметкерлер, еңбегi сiңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлерi немесе мамандық бейiнi бойынша кемiнде 3 жыл практикалық тәжiрибесi бар тәжiрибелi мамандар да тартылуы мүмкiн.      50. Оқу жұмысының басқа түрлерi атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесiне кiруi мүмкiн.      51. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрiстер, семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар) және оқу жұмысының барлық қалған түрлерi кiретiн аудиториядан тыс деп бөлiнедi.      52. Бiлiм алушылардың жоғары бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО оқыту нысандарын, әдiстерi мен құралдарын дербес анықтайды.      Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердiң ең жаңа жетiстiктерiн пайдалана отырып және интерактивтi нысанда өткiзiледi.      53. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткiзу тәсiлдерi мен нысандарын, оқыту әдiстерiн таңдау еркiндiгiне ие.      54. Жоғары бiлiм берудiң бiлiм бағдарламалары пәндердiң үш циклын қамтиды: жалпы бiлiм беретiн пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейiнделген пәндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлерi (мамандық бойынша кәсiптiк практика, дене шынықтыру және т.б.) және қорытынды аттестаттау.      55. Пәндердiң әр циклы практика тiзбесi мен мазмұны үлгiлiк оқу жоспарларында және типтiк оқу бағдарламаларында анықталатын мiндеттi компонент пәндерiнен, сондай-ақ тiзбесi мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау компонентi пәндерiнен тұрады.      Әрбiр пән, әдетте, бiр академиялық кезең iшiнде оқытылады.      56. Оқыту барлық оқу нысандарына бiрдей оқу бағдарламалары негiзiнде жүзеге асырылады.      57. ЖОО-да оқу процесi техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмi бар адамдар үшiн жеделдетiлген оқу мерзiмiмен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкiн.      Бұл жағдайда көлемдерiнiң жеткiлiктiгi және бiлiм беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттердi қайта есептеу және бұрын игерген пәндердi есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзiмi транскрипт (дипломға қосымшалар) негiзiнде айқындалатын бiлiм алушылардың пререквизиттерi ескерiле отырып айқындалады.      Техникалық және кәсiптiк және орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар адамдар үшiн қысқартылған бағдарламалары бойынша күндiзгi нысан бойынша оқу мерзiмi кемiнде 3 жылды, жоғары бiлiмi бар тұлғалар үшiн кемiнде 2 жылды құрайды.      58. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы мен қорытынды аттестаттауы мемлекеттiк жоғары бiлiмнiң жалпыға мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес академиялық күнтiзбеге сәйкес жүргiзiледi.      59. Кәсiптiк практика оқыту процесiнде алынған теориялық бiлiмдердi бекiтуге, практикалық дағдылар мен құзыреттердi меңгеруге бағытталған.      Кәсiптiк практиканың барлық түрлерiне жолдама мерзiмi, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ресiмделедi.      60. ЖОО әзiрлейтiн кәсiптiк практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейiнiне (бiлiм бағдарламасына) сәйкес келуi тиiс.      61. ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейiн 1 айдан кешiктiрмей кәсiптiк практиканы ұйымдастыру бойынша үлгiлiк шарттың нысанына сәйкес практика базаларымен тиiстi шарттар жасайды.      Диплом алды практикаға ғылыми жетекшiлiктi дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшiсi жүзеге асырады.

Page 19: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      62. Кешкi және сыртқы нысанда бiлiм алушылар мамандығы бойынша жұмыс iстеген жағдайда, кәсiптiк практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсiби қызметiн көрсететiн мiнездеме ұсынады.      63. ЖОО бiлiм алушылардың ағымдағы және межелiк үлгерiмiн бақылау және аралық аттестаттаудан өткiзу нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн дербес таңдайды.      64. Бiлiм алушыларды оқу пәндерiне тiркеу, меңгерiлген кредиттердi есепке алу, аралық аттестаттауды өткiзу және бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiнiң бүкiл тарихын жүргiзу үшiн ЖОО-да офис тiркеушi құрылады.      65. Офис тiркеушi мынадай функцияларды атқарады:      1) бiлiм алушыларды оқу пәндерiне тiркеудi жүргiзедi;      2) академиялық топтар мен лектер құрады;      3) бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарларын белгiленген тәртiппен тiркейдi;      4) бiлiм алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады және өткiзедi;      5) бiлiм алушылардың академиялық рейтингiн есептеудi жүзеге асырады;      6) оқытудың барлық кезеңi iшiнде және бүкiл оқыту кезеңiнде бiлiм алушылардың игерген кредиттерiн есепке алуды жүргiзедi;      7) бiлiм алушылардың транскриптiн жазып бередi;      8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады.      66. Оқу процесi мен ғылыми-зерттеу қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврлар даярлаудың бағдарламаларына барабар болуы тиiс.      67. ЖОО-ның тәрбие қызметi оқу процесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және тұлғаның кәсiби, әлеуметтiк, зияткерлiк, адамгершiлiк, шығармашылық қасиеттерi мен салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағытталған.      68. Оқу және тәрбие қызметi бiлiм алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадiр-қасиетiн өзара құрметтеу негiзiнде жүзеге асырылады.      69. ЖОО-ның тәрбие қызметi тәрбие жұмысы бойынша кешендi жоспар негiзiнде жүзеге асырылады.      70. ЖОО-ның тәрбие жұмысы:      1) бiлiм алушылардың бойында өз бетiнше және бiлiктi түрде шешiмдер қабылдау мен бiлiктiлiктi жүзеге асыру икемдiлiктерiн қалыптастыру;      2) бiлiм алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершiлiктi қалыптастыру;      3) бiлiм алушыларды салауатты өмiр салтына, қоғамдық iс-шараларға белсендi қатысуға ынталандыру;      4) кафедра бейiнi бойынша бiлiм алушылардың ой-өрiсiн кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететiн тақырыптық iс-шаралар өткiзу;      5) жалпы бiлiм беретiн орта мектептерде, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың арасында кәсiптiк бағдарлау жұмысын жүргiзу кiредi.

Бiлiмдi бақылау мен бағалау

      71. Бiлiм алушылардың бiлiмiн бағалау үшiн ЖОО-да бiлiм алушылардың бiлiмiн бақылау мен бағалау жүйесi жұмыс iстеуi тиiс.      Бақылау мен бағалау жүйесi ЖОО-да ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту және бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс iстеуi тиiс.      72. ЖОО-да бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн бақылау жүйесi түрлi нысандарды қамтиды: үлгерiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау.      73. Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау пәннiң оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргiзетiн бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн жүйелi тексерудi қамтамасыз етедi.      74. Пәннiң оқу бағдарламасы бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылаудың алуан түрлерiн айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пiкiрталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестер және т.б.      75. Курстық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлерi емтихан сессиясы басталғанға дейiн қорғалып, осы пәннен емтиханға жiберу қызметiн атқаруы тиiс. Осы жұмыс түрлерi бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жiберу рейтингiсiн есептеу кезiнде (яғни рейтингiлiк бақылау жүргiзу кезiнде) ескерiлуi тиiс.      Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.

Page 20: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      76. Бiлiм алушылардың әр пәннен оқу жетiстiктерiнiң деңгейi емтиханға жiберу рейтингiсiнiң бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жiберу рейтингiсiнiң бағасы үлгерiмдi ағымдағы бақылау бағасы мен межелiк бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жiберу рейтингiсiнiң бағасы пәннен қорытынды бiлiм бағасының 60 %-ын құрайды.      77. Үлгерiмдi ағымдағы бақылау нәтижелерiн есепке алуды оқытушы студенттердiң жеке сабақ түрлерiн орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргiзедi. Тапсырмаларды орындау студенттердiң сабаққа қатысу және үлгерiм журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегi бiлiм алушылардың бiлiмiн ағымдағы бақылаудың электрондық тiзбесiнде тiркеледi.      78. Кешкi және сырттай оқыту нысандарының студенттерi емтиханға жiберу рейтингiн барлық тиiстi тапсырмаларды орындау шартымен белгiленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейiн жинайды.      79. Экстернат нысанында бiлiм алушылар ЖОО құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы бекiткен жеке кесте бойынша емтиханға жiберу рейтингiн жинайды.      80. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңiнде жүргiзiледi. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша бiлiмдi қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды.      Қорытынды бағалау бiлiм алушы жiберу рейтингiсiмен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледi.      81. Бiлiм алушы жiберу рейтингiсiнiң қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы берiледi. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен бiлiктiлiгi апелляцияланушы пән бейiнiне сәйкес келетiн оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады.      82. Кәсiптiк практика қорытындылары бойынша студенттер тиiстi кафедраға есеп тапсырады, оны жетекшi мен кеңесшi тексередi және кафедра меңгерушiсi өкiмiмен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есептi қорғау нәтижелерi бағалаудың белгiленген балдық-рейтингiлiк әрiптiк жүйесi сараланған сынақпен бағаланады.      Практика бойынша бiр жетекшiнi тағайындау кезiнде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) баға көрсетiлген бiлiмге сәйкес ұсынылған есептi қорғау қорытындылары бойынша қойылады.      Практика бойынша екi жетекшiнi тағайындау кезiнде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) практика базасынан жетекшiсiнiң үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшiнiң қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескерiле отырып қорытынды баға қойылады.      83. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы терiс пiкiр алған немесе есептi қорғау кезiнде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесi академиялық мерзiмде немесе жазғы семестр кезеңiнде практикаға қайта жiберiледi.      84. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған бiлiм алушылар қорытынды мемлекеттiк аттестаттауға жiберiледi.      Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартын меңгеру дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.      Қорытынды аттестаттау тиiстi мамандықты игеру процесiнде бiлiм алушылардың алған бiлiмдерiн, шеберлiктерiн, дағдылары мен бiлiктiлiгiн тексеруге бағытталған.      Қорытынды аттестаттау бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартында көзделген нысанда жүргiзiледi – жалпы мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық және/немесе бейiндiк пәндер бойынша жалпы мемлекеттiк емтихан тапсыру және дипломдық жоба (жұмыс) қорғау.      85. Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерiнiң пiкiрiн және балдық-рейтингiлiк әрiптiк жүйе бойынша игерiлген бiлiмдi ескере отырып қойылады.      86. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы ғылыми жетекшi пiкiрiн, рецензент пiкiрiн және қорғау нәтижелерiн ескере отырып, қойылады.      Қорытынды аттестаттаудың әрбiр нысаны бойынша балдық-рейтингiлiк әрiптiк жүйе бойынша жеке баға қойылады.      87. Қорытынды аттестаттау нәтижелерi бойынша бiлiм алушыға тиiстi академиялық бакалавр дәрежесi тағайындалады және жоғары бiлiм туралы диплом берiледi.      88. Студенттiң бiр жылғы академиялық үлгерiм деңгейi кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңi iшiндегi кредиттер сомасына қатынасы ретiнде есептелетiн орташа балл (GPA) түрiнде айқындалады.      89. Жазғы емтихан сессиясын өткiзгеннен кейiн факультет деканаттары кейiннен мәлiметтердi офис тiркеушiге жiбере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейi) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеудi жүргiзедi.      90. Офис тiркеушiсi факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректердi, оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау нәтижелерiн қорытындылай отырып, факультеттердi ранжирлеудi

Page 21: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

жүргiзедi, ЖОО бойынша үздiк студенттер мен үздiк академиялық топтарды айқындайды және осы ақпаратты ЖОО-ның веб-сайтына орналастырады.

ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметi

      91. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметi iргелi, iзденгiштiк, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды және инновациялық қызметi (бұдан әрi – ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ)) ұйымдастыруға және жүргiзуге бағытталған.      Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негiзгi жұмыс уақытында өз қызметiнiң мiндеттi құрамдас бөлiгi ретiнде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды.      92. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы:      1) iргелi, iзденгiштiк, қолданбалы ғылыми-зерттеушiлiк, тәжiрибелiк-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргiзудi;      2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен бiлiм алушылардың ғылыми зерттеулерi мен шығармашылық қызметi арқылы жаңа бiлiмдердi алуды;      3) жоғары бiлiмдi дамытудың теориялық және әдiснамалық негiздерiн зерттеудi және әзiрлеудi;      4) ЖОО оқу процесiне оқытудың инновациялық технологияларын әзiрлеу мен енгiзудi;      5) ғылыми зерттеулер нәтижелерiн оқу процесiне және өндiрiске енгiзудi;      6) өз ғылыми мектептерiн қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен бiлiм алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсендi тартуды;      7) әзiрлемелердi коммерциялау және ғылымды көп қажет ететiн және бәсекеге қабiлеттi техника мен технологиялар трансфертi;      8) зерттеушiлер мен әзiрлеушiлердiң зияткерлiк меншiгi мен авторлық құқықтарын қорғауды;      9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметтi пайдалану есебiнен зерттеулер мен әзiрлемелердiң қаржылық негiзiн кеңейтудi;      10) бiлiм алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшiлiк етудi қамтиды.      93. ЖОО-ның ғылыми қызметi мамандар даярлау процесiнiң қажеттi құрамдас бөлiгi болып табылады. Оқу және ғылыми процестер бiрлiгi:      1) студенттердi республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздерi есебiнен орындалатын ғылыми-зерттеу және жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту;      2) ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк бөлiмшелер базасында белсендi оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндiрiстiк практиканың, студенттердi мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да әралуан нысандарын жүргiзу;      3) оқу және ғылыми процестердi компьютерлендiру, бiртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттердiң информатиканың заманауи әдiстерi мен құралдарын игеруi есебiнен қамтамасыз етiледi.      94. Ғылыми-зерттеу қызметiн үйлестiрудi ғылыми жұмыс жөнiндегi проректор (басшының орынбасары) жүзеге асырады.      Аталған бөлiмшелер ҒЗЖ перспективалық және ағымдағы жоспарларын, есептiлiк нысандарын әзiрлейдi, ЖОО ҒЗЖ тiзiлiмiн жүргiзедi, ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерiн қорытындылайды, оларды жинақтайды.      95. ҒЗЖ орындау нәтижелерi бойынша күнтiзбелiк жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердiң дұрыстығына ҒЗЖ жетекшiлерi мен орындаушылар жауапты болады.

ЖОО қызметiн ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      96. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етiлуi бiлiм беру қызметiн жүзеге асырудың мiндеттi шарты болып табылады.      97. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен бiлiмдердi, әртүрлi деректердi, олардың жинау әдiстерi мен құралдарын, ақпарат көздерi мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды бiлдiредi.      Ақпараттық ресурстар кез келген тасымалдағыштағы бiлiм беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдiстемелiк) толық мәтiндiк, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-iздестiру жүйелерiн; оның iшiнде дәстүрлi және электронды кiтапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергiлiктi қолжетiмдiлiктегi электронды ресурстарды; бiлiм берушi ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; бiлiм беру мақсатты ретiнде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.      98. Кiтапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлiгi болып табылады және оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттi, сондай-ақ заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердi қамтиды.      Жоғары бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру бiлiм алушылардың электронды

Page 22: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

кiтапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздердi қоса алғанда, кiтапхана қорына, компьютерлiк технологияларға, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына еркiн қол жеткiзумен қамтамасыз етiледi.      Оқу және ғылыми әдебиеттер қоры келтiрiлген студенттер контингентiне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемiнде 140 бiрлiгiн құрауы тиiс. Бұл ретте қазақ және орыс тiлдерiндегi басылымдар оқыту тiлi бойынша бiлiм алушылар контингентiне барабар болуы тиiс. Кiтапхана қоры әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша соңғы 5 жылда шығарылған, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндерi бойынша – соңғы 10 жылда шығарылған негiзгi оқу әдебиетiнен тұрады. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерiмен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейiндiк пәндерiнiң (әскери мамандықтардан басқа) кемiнде 40 %-ын құрайды.      99. Оқу-әдiстемелiк әдебиеттерге оқу-әдiстемелiк құралдар, әдiстемелiк құралдар, дидактикалық, көрнекi құралдар, оқу-әдiстемелiк әзiрлемелер – пәндi оқыту бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерiн орындау жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулықтар, оқу пәндерi бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады.      100. ЖОО кiтапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына сәйкес келетiн зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк сипаттағы кiтаптар тiзбесiн қамтиды.      Ғылыми қорға, сондай-ақ энциклопедиялар, сөздiктер, анықтамалықтар, түсiнiктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтiк құқықтық актiлер, мерзiмдi басылымдар, оның iшiнде бiлiм беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердiң, оқыту бейiнiне сәйкес келетiн халықаралық конференциялардың жинақтары кiредi.      101. Оқу әдебиетiнiң өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдiстемелiк құралдарды қамтиды.      Әдiстемелiк әдебиеттiң өз басылымдары әдiстемелiк ұсыныстарды, оқу пәндерiн оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерiн орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды.      102. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерiн жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестерi бiлiм беру ұйымдары кiтапханаларының жұмысы жөнiндегi әдiстемелiк материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.      103. Арнайы мемлекеттiк органдардың оқу орындарын (әскери) қоспағанда, ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-бiлiм порталын, оқытудың кредиттiк технологиясын қамтамасыз етудiң автоматтандырылған жүйесiн, ЖОО жергiлiктi желiлерiнде орналасқан ақпараттық-бiлiм ресурстарының жиынтығын және ЖОО-ның кез келген компьютерiнен Интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетiмдiлiктi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тармақталған компьютерлiк желiнi қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-бiлiм беру ортасы құрылуы тиiс.      104. Ақпараттық және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету бiлiм алушылардың өзiндiк жұмысына дәйектi ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады.      105. Тиiстi дәрiсханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерiнiң, спорт залдарының және оның қызметiн қамтамасыз ететiн және оған меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметiнiң мiндеттi шарты болып табылады.      106. ЖОО-ның екi ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргiзу үшiн қажеттi дәрiсханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиiс.      107. Бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыру үшiн ЖОО-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттерi (компьютерлiк сыныптар, лингафонды кабинеттер және басқа), сондай-ақ мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес оқу-ғылыми процестi сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тапсырмалардың әралуан түрлерiмен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен және басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етiлген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиiс.      108. Ғимараттың оқу алаңы, дәрiсхана қоры, оқу және ғылыми зертханалар, оқу кабинеттерi, спорт залдары, кiтапханалар, шеберханалар мен ЖОО-ның қызметiн қамтамасыз ететiн басқа да үй-жайлары қолданыстағы санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиiс.      109. Бiр студентке оқу алаңының нормасы ЖОО типiне байланысты белгiленедi және кемiнде 6 м2 болуы тиiс.      110. Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлерiне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сәйкес белгiленедi.      Студенттердiң есептiк саны күндiзгi оқу нысаны студенттерiнiң ең көп саны бойынша және сырттай оқу нысаны студенттерiнiң 10 % саны бойынша қабылданады.      111. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңiл атлетикалық манеждердi есептемегенде) бiр студентке кемiнде 1,0 м2 қабылдануы тиiс.

Page 23: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      112. Бiлiм беру мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн ЖОО-да техникалық ресурстардың әралуан түрi болуы тиiс: зертханалық құрал-жабдықтар, қондырғылар, тетiктер, стендтер, өлшеу құралдары, оқу және зерттеу мақсаттарында қолданылатын макеттер мен бұйым модельдерi, эксперименталдық үлгiлер, материалдар, компьютерлiк және өзге де есептеуiш техника бағдарламалық құралдар.      113. Техникалық ресурстар құрылымы, құрамы мен саны оқу процесi мен басқа да барлық процестердi және ЖОО жарғылық қызметiн жалпыға мiндеттi жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарына, оқу жұмыс жоспарларына, пәндердiң оқу жұмыс бағдарламаларына, оқу-әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына және басқа да құжаттамаға сәйкес сапалы жүзеге асыруды мiндеттi қамтамасыз етумен анықталады.      114. ЖОО-ның бiлiм алушылар контингентi мен айқындалатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, бiлiм алу жағдайларын қамтамасыз ететiн қаржылық ресурстары болады.      115. Қаржылық ресурстар көздерi бiлiм беру және ғылыми гранттардан алынған бюджеттiк қаражат, ақылы негiзде бiлiм беруден, ғылыми және басылым өнiмдерiн сатудан түсетiн қаражат, демеушiлiк көмек және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асырудан алынған өзге де көздерi болады.      116. ЖОО-лардың бiлiм беру қызметiне арналған шығыстары мамандар даярлаудың бағыттары, оқыту нысандары (күндiзгi, кешкi, сырттай), тиiстi нормативтiк құжаттардағы бiлiм беруге арналған шығыстарды айқындайтын ақшалар және заттай нормалар бөлiнiсiнде студенттер контингентiне қарай айқындалады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм жоғары оқу орындарының мынадай түрлерiнде: ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерiнде, ұлттық жоғары оқу орындарында, университеттерде, академияларда берiледi.      Жоғары оқу орындарын жiктеу критерийлерiн бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.      3. Жоғары оқу орындарының негiзгi мiндетi – ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылыми және практикалық жетiстiктер негiзiнде тұлғаның кәсiби қалыптасуы мен дамуына бағытталған бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн қажеттi жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлау.      4. Жоғары оқу орны (бұдан әрi – ЖОО) өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, бiлiм беру және ғылым қызметiн регламенттейтiн «Бiлiм туралы», «Ғылым туралы» Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негiзiнде әзiрленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

      5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.      6. ЖОО-ны тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (басшы) жүзеге асырады.      7. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн орынбасарлары – проректорлары болады.      8. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, барлық органдарда оның мүдделерiн бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ЖОО мүлкiн басқарады, шарттар жасайды, сенiмхаттар бередi, банк шоттарын ашады және өзге де

Page 24: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен бiлiм алушыларға мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады.      9. Ректор (басшы) өзiне берiлген құқықтар шегiнде қаржы, экономикалық, өндiрiстiк-шаруашылық қызмет мәселелерiн шешедi.      10. Мемлекеттiк ЖОО ректоры Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЖОО жарғысында белгiленген тәртiппен үш жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.      Мемлекеттiк емес ЖОО ректоры оның өкiлеттiктер шеңберiн, тағайындалу (сайлау) және лауазымнан босату тәртiбiн айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысына есеп бередi.      11. Ректордың кандидатурасы бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен педагогика қызметкерлерi және оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына (бұдан әрi – лауазымдардың бiлiктiлiк сипаттамалары) сәйкес келуi тиiс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-ларында оқу орнының бастығы лауазымдары тиiстi мемлекеттiк орган бекiтетiн лауазымдар санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.      12. Ректор (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының (бұдан әрi – МЖМБС) талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.      13. ЖОО-ларда алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО-ның алқалық басқару нысандары ғылыми, байқау немесе қамқоршылық кеңес бола алады, олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледi.      14. ЖОО құрылымын өзi дербес айқындайды және бекiтедi. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-ларында құрылымды тиiстi мемлекеттiк орган айқындайды.      Бұл ретте құрылымдық бөлiмшелер ЖОО қызметiнiң барлық түрлерiн қамтиды.      15. ЖОО өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелерiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi, онда олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлiмшеге оның мәртебесiн әкiмшiлiк-құқықтық бекiту бойынша талаптар айқындалады.      16. Бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес ЖОО қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзiрлейдi және бекiтедi, онда олардың лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртiбi, құқықтары, мiндеттерi, өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерi айқындалады.      17. Штаттық кестенi ЖОО дербес айқындайды және оны ректор жыл сайын бекiтедi. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-да штаттық кестенi тиiстi мемлекеттiк орган айқындайды.      18. ЖОО-ның құрылымдық бөлiмшелерi өз қызметiн осы Қағидалар, ЖОО жарғысы негiзiнде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған ЖОО мамандықтарының, бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесiне, сондай-ақ бiлiм алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгiлейдi.      19. Факультет бiр немесе бiрнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын ЖОО-ның негiзгi оқу, ғылыми және әкiмшiлiк құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.      20. Факультет күндiзгi, кешкi, сыртқы және экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады.      21. Факультет жұмысын басқаруды ғылыми дәрежесi мен атағы (әскериден басқа) бар факультет деканы (басшысы) жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуi тиiс. Факультет басшысының лауазымдық мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.      22. Факультет деканы (басшысы) ЖОО-ның қабылдау және аттестаттау комиссиясының мүшесi болып табылады.      23. ЖОО-лар факультет туралы өз ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi. Факультет деканы (басшысы) жанынан және оның төрағалық етуiмен өз жұмысын ЖОО кеңесi бекiткен қағидаларға сәйкес ұйымдастыратын факультет кеңесi ұйымдастырылуы мүмкiн.

Page 25: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      24. Кафедра бiр немесе бiрнеше мәндес пәндер бойынша оқу-әдiстемелiк және ғылыми жұмысты, бiлiм алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын ЖОО-ның (факультеттiң) негiзгi оқу-ғылыми құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.      25. Кафедра штаты, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлемiне және орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады (әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқу процесiнiң ерекшелiгiн ескере отырып).      26. Кафедра штатына кафедраның меңгерушiсi (басшысы), профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-стажерлер, оқу-көмекшi персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлiмшелер кiредi. Әскери (азаматтық емес) оқу орындарының кафедралары үшiн ерекшелiктерiне қарай басқа да лауазымдар көзделедi.      27. Кафедраны ғылыми дәрежесi және/немесе ғылыми атағы бар меңгерушi (басшы) басқарады (әскерилерден басқа). Кафедра меңгерушiсiнiң (басшысының) лауазымдық мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.      28. Тиiстi мамандықтар бойынша ЖОО-ның бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кафедра бейiнi бойынша (құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттiк органдардан және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органнан басқа) кемiнде 10 штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесi кемiнде 45 %-ды педагогикалық институттарда кемiнде 50 %-ды өнер және мәдени бiлiм беру ұйымдары үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары бар және оларға теңестiрiлген оқытушылар кемiнде 35 %-ды құрауы тиiс.      Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тәрбиесi, сурет және сызу, графика, шетел тiлдерi, қазақ тiлi, орыс тiлi (тiлдi оқытпайтын ЖОО үшiн) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкiн.      29. Бекiтiлген оқу пәндерiнiң циклы бойынша кафедралар жалпы бiлiм беретiн және арнайы болып сыныпталады.      30. ЖОО-да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқа да мүдделi тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкiн.      31. Кафедра жұмысы жоғары бiлiмнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталуы тиiс.      32. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын негiзгi талаптар

       33. Оқу процесiн тиiмдi ұйымдастыру, материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану, университеттер мен академияларда бiлiм беру қызметiне тартылған күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылардың ең аз контингентi кемiнде 2100 және 700 адам сәйкес болуы қажет. Ерекшелiктi күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылардың саны мемлекеттiк тапсырыспен айқындалатын құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО құрайды.      34. Бiлiм алушылардың келтiрiлген контингентi олардың күндiзгi, кешкi және сырттай оқу нысандары бойынша санына қарай айқындалады.      ЖОО-ның күндiзгi және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердiң арақатынасы кемiнде 4:1 болуы тиiс.      Құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттiк органдардан және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органнан орындары үшiн бiлiм алушылардың контингентiнiң сандық құрамының қатынасы тиiстi органның бiрiншi басшысымен анықталады.      35. Бiлiм алушылардың контингентi бiлiм беру қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiр бiлiм алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына сай келуi тиiс.      36. ЖОО-да академиялық топтың толымдылығын бiлiм беру ұйымдары дербес айқындайды.      Құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттiк органдары және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-ның академиялық тобының толықтығы жыл сайынғы мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына және қызмет ету ерекшелiктерiне қарай айқындалады.      37. Даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтар, оның iшiнде мүгедектерге жеке қажеттiлiгiн ескере отырып бiлiм алуына арнайы жағдайлар жасалады.

ЖОО-ның оқу-тәрбие қызметi

      38. ЖОО-ға бiлiм алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру

Page 26: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк қағидаларына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады.      39. ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзiмдерi бойынша әртүрлi бiлiм бағдарламалары бойынша жүргiзiледi.      Ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерiнде оқыту күндiзгi нысанда ғана жүзеге асырылады.      40. ЖОО-ның оқу-әдiстемелiк жұмысы:      1) академиялық күнтiзбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзiрлеудi, элективтiк пәндер каталогтарын, силлабустар, пәндер мен мамандықтардың оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеудi;      2) оқу пәндерiн оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешендi тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәндi оқу бойынша әдiстемелiк ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелiк және қорытынды бiлiм бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;      3) кәсiптiк практикалардың барлық түрлерiнiң бағдарламалары, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша әдiстемелiк құралдар әзiрлеудi;      4) бiлiм алушылардың оқу материалын меңгеруiн арттыратын заманауи бiлiм технологиялары мен оқыту әдiстерiн әзiрлеудi;      5) iзденiске, талдауға және қызмет нәтижелерiн қалыптастыруға қабiлеттiлiгiн дамытуға бағытталған студенттердiң өзiндiк жұмысын оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;      6) оқытушылар мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлеудi қамтиды.      41. Оқу-тәрбие қызметiнiң мазмұнын жоспарлауды, ұйымдастыру тәсiлiн, құрылымын кредиттiк оқыту технологиясы негiзiнде ЖОО жүзеге асырады.      42. Құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттiк органдарға және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары бiлiм саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу арқылы, дайындық деңгейлерi мен мiндеттерiне сәйкес, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм тапсырысына қарай оқыту технологияларын (дәстүрлi немесе кредиттiк) және пәнаралық байланыстарды айқындайды.      43. Оқу-тәрбие қызметiн ұйымдастыру академиялық күнтiзбе, оқу сабақтарының кестесi негiзiнде жүзеге асырылады.      Оқу-тәрбие қызметiнiң құрылымы оқу жоспарларының (үлгiлiк, жеке, жұмысшы) және кәсiптiк оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесi көлемiнiң, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерiнiң, оқу материалы көлемiнiң негiзiнде қалыптасады.      44. Ұлттық зерттеу және зерттеу университеттерi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен даму бағдарламаларына сәйкес қызмет етедi.      Ұлттық зерттеу және зерттеу университеттерiнiң даму бағдарламаларын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу тәртiбiн бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.      Ұлттық зерттеу университеттерi және зерттеу университеттерi Қазақстан Республикасының экономика салаларын дамытудың басым бағыттары бойынша iргелi және қолданбалы зерттеулерге негiзделген бiлiм бағдарламаларын дербес әзiрлейдi.      45. Бiлiм беру бағдарламалары кәсiптiк стандарттар және бiлiм алушылардың бiлiктiлiк (әскерилерден басқа) қалыптастыру қағидаттары негiзiнде әзiрленедi.      46. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар, «Әскери iс және қауiпсiздiк» мамандығының топтары бойынша МЖМБС тиiс бiлiм беру деңгейлерiнiң сәйкес МЖМБС және оларды әзiрлеу құрылымы негiзiнде әзiрленедi, оларды тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдары бекiтедi және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiседi.      47. Академиялық күнтiзбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесi ЖОО кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiледi.      48. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттiк оқыту технологиясының негiзгi қағидаттарын iске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пәндерiнiң аннотацияланған тiзбесiн қамтитын элективтi пәндер каталогы жасалады.      49. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негiзгi түрлерi белгiленедi: дәрiстер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттiң өзiндiк жұмысы, курстық, есептiк-графикалық жұмыстар, кәсiптiк практикалардың барлық түрлерi, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.      Дәрiстер мен семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар арасындағы кредит көлемiнiң арақатынасын ЖОО үлгiлiк оқу жоспарына сәйкес анықтайды.      50. Дәрiс сабақтарын өткiзуге, студенттердiң дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшiлiкке профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жiберiледi.      51. Дәрiстер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерiн өткiзуге ғылыми

Page 27: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

қызметкерлер, еңбегi сiңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлерi немесе мамандық бейiнi бойынша кемiнде 3 жыл практикалық тәжiрибесi бар тәжiрибелi мамандар да тартылуы мүмкiн.      52. Оқу жұмысының басқа түрлерi атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесiне кiруi мүмкiн.      53. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрiстер, семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар) және аудиториядан тыс деп бөлiнедi, оған оқу жұмысының барлық қалған түрлерi кiредi.      54. Бiлiм алушылардың жоғары бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО оқыту нысандарын, әдiстерi мен құралдарын дербес анықтайды.      Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердiң ең жаңа жетiстiктерiн пайдалана отырып және интерактивтi нысанда өткiзiледi.      55. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткiзу тәсiлдерi мен нысандарын, оқыту әдiстерiн таңдау еркiндiгiне ие.      56. Жоғары бiлiм берудiң бiлiм бағдарламалары пәндердiң үш циклын қамтиды: жалпы бiлiм беретiн пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейiнделген пәндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлерi (мамандық бойынша кәсiптiк практика, дене шынықтыру және т.б.) және қорытынды аттестаттау.      57. Пәндердiң әр циклы практика тiзбесi мен мазмұны үлгiлiк оқу жоспарларында және типтiк оқу бағдарламаларында анықталатын мiндеттi компонент пәндерiнен, сондай-ақ тiзбесi мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау компонентi пәндерiнен тұрады.      Әрбiр пән, әдетте, бiр академиялық кезең iшiнде оқытылады.      58. Оқыту барлық оқу нысандарына бiрдей оқу бағдарламалары негiзiнде жүзеге асырылады.      59. ЖОО-да оқу процесi техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмi бар адамдар үшiн жеделдетiлген оқу мерзiмiмен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкiн.      Бұл жағдайда көлемдерiнiң жеткiлiктiгi және бiлiм беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттердi есептеу және бұрын игерген пәндердi есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзiмi транскрипт (дипломға қосымшалар) негiзiнде айқындалатын бiлiм алушылардың пререквизиттерi ескерiле отырып айқындалады.      Техникалық және кәсiптiк және орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар адамдар үшiн қысқартылған бағдарламалары бойынша күндiзгi нысан бойынша оқу мерзiмi кемiнде 3 жылды, жоғары бiлiмi бар тұлғалар үшiн кемiнде 2 жылды құрайды.      60. Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасы мен қорытынды аттестаттауды мемлекеттiк жоғары бiлiмнiң жалпыға мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес академиялық күнтiзбеге сәйкес жүргiзiледi.      Кәсiптiк практика оқыту процесiнде алынған теориялық бiлiмдердi бекiтуге, практикалық дағдылар мен құзыреттердi меңгеруге бағытталған.      61. ЖОО әзiрлеген кәсiптiк практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейiнiне (бiлiм бағдарламасына) сәйкес келуi тиiс.      62. ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттiк органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейiн 1 айдан кешiктiрмей кәсiптiк практиканы ұйымдастыру бойынша үлгiлiк шарттың нысанына сәйкес практика базаларымен тиiстi шарттар жасайды.      63. Кәсiптiк практиканың барлық түрлерiне жолдама мерзiмi, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен рәсiмделедi.      Диплом алды практикаға ғылыми жетекшiлiктi дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшiсi жүзеге асырады.      64. Кешкi және сыртқы нысанда бiлiм алушылары мамандығы бойынша жұмыс iстеген жағдайда, кәсiптiк практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсiби қызметiн көрсететiн мiнездеме ұсынады.      65. ЖОО бiлiм алушылардың ағымдағы және межелiк үлгерiмiн бақылау және аралық аттестаттаудан өткiзу нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн дербес таңдайды.      66. Бiлiм алушыларды оқу пәндерiне тiркеу, меңгерiлген кредиттердi есепке алу, аралық аттестаттауды өткiзу және бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiнiң бүкiл тарихын жүргiзу үшiн ЖОО-да офис тiркеушi құрылады.      Тiркеу қызметiнiң жұмыс ережелерi мен құрылымын ЖОО дербес анықтайды.      67. Офис тiркеушi мынадай функцияларды атқарады:      1) бiлiм алушыларды оқу пәндерiне тiркеудi жүргiзедi;      2) академиялық топтар мен лектер құрады;      3) бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарларын белгiленген тәртiппен тiркейдi;

Page 28: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      4) бiлiм алушыларды аралық және қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады және өткiзедi;      5) бiлiм алушылардың академиялық рейтингiн есептеудi жүзеге асырады;      6) оқытудың барлық кезеңi iшiнде және бүкiл оқыту кезеңiнде бiлiм алушылардың игерген кредиттерiн есепке алуды жүргiзедi;      7) бiлiм алушылардың транскриптiн жазып бередi;      8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады.      68. Оқу процесi мен ғылыми-зерттеу қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврлар даярлаудың бағдарламаларына барабар болуы тиiс.      69. ЖОО-ның тәрбие қызметi оқу процесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және тұлғаның кәсiби, әлеуметтiк, зияткерлiк, адамгершiлiк, шығармашылық қасиеттерi мен салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағытталған.      70. Оқу және тәрбие қызметi бiлiм алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадiр-қасиетiн өзара құрметтеу негiзiнде жүзеге асырылады.      71. ЖОО-ның тәрбие қызметi тәрбие жұмысы бойынша кешендi жоспар негiзiнде жүзеге асырылады.      ЖОО-ның тәрбие жұмысы:      1) бiлiм алушылардың бойында өз бетiнше және бiлiктi түрде шешiмдер қабылдау мен бiлiктiлiктi жүзеге асыру икемдiлiктерiн қалыптастыру;      2) бiлiм алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершiлiктi қалыптастыру;      3) бiлiм алушыларды салауатты өмiр салтына, қоғамдық iс-шараларға белсендi қатысуға ынталандыру;      4) кафедра бейiнi бойынша бiлiм алушылардың ой-өрiсiн кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететiн тақырыптық iс-шаралар өткiзу;      5) жалпы бiлiм беретiн орта мектептерде, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың арасында кәсiптiк бағдарлау жұмысын жүргiзу кiредi.

Бiлiмдi бақылау мен бағалау

      72. Бiлiм алушылардың бiлiмiн бағалау үшiн ЖОО-да бiлiм алушылардың бiлiмiн бақылау мен бағалау жүйесi жұмыс iстеуi тиiс.      Бақылау мен бағалау жүйесi ЖОО-да ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту және бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс iстеуi тиiс.      73. ЖОО-да бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн бақылау жүйесi түрлi нысандарды қамтиды: үлгерiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау.      74. Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау пәннiң оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргiзетiн бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн жүйелi тексерудi қамтамасыз етедi.      75. Пәннiң оқу бағдарламасы бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылаудың алуан түрлерiн айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пiкiрталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестер және т.б.      76. Курстық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлерi емтихан сессиясы басталғанға дейiн қорғалып, осы пәннен емтиханға жiберу қызметiн атқаруы тиiс. Осы жұмыс түрлерi бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жiберу рейтингiсiн есептеу кезiнде (яғни рейтингiлiк бақылау жүргiзу кезiнде) ескерiлуi тиiс.      Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып қана айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.      77. Бiлiм алушылардың әр пәннен оқу жетiстiктерiнiң деңгейi емтиханға жiберу рейтингiсiнiң бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жiберу рейтингiсiнiң бағасы үлгерiмдi ағымдағы бақылау бағасы мен межелiк бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жiберу рейтингiсiнiң бағасы пәннен қорытынды бiлiм бағасының 60 %-ын құрайды.      78. Үлгерiмдi ағымдағы бақылау нәтижелерiн есепке алуды оқытушы студенттердiң жеке сабақ түрлерiн орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргiзедi. Тапсырмаларды орындау студенттердiң сабаққа қатысу және үлгерiм журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегi бiлiм алушылардың бiлiмiн ағымдағы бақылаудың электрондық тiзбесiнде тiркеледi.      79. Кешкi және сырттай оқыту нысандарының студенттерi емтиханға жiберу рейтингiн барлық тиiстi тапсырмаларды орындау шартымен белгiленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейiн жинайды.

Page 29: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      80. Экстернат нысанында бiлiм алушылар ЖОО құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы бекiткен жеке кесте бойынша емтиханға жiберу рейтингiн жинайды.      81. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңiнде жүргiзiледi. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша бiлiмдi қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды.      Қорытынды бағалау бiлiм алушы жiберу рейтингiсiмен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледi.      82. Бiлiм алушы жiберу рейтингiсiнiң қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы берiледi. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен бiлiктiлiгi апелляцияланушы пән бейiнiне сәйкес келетiн оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады.      83. Кәсiптiк практика қорытындылары бойынша студенттер тиiстi кафедраға есеп тапсырады, оны жетекшi мен кеңесшi тексередi және кафедра меңгерушiсi өкiмiмен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есептi қорғау нәтижелерi бағалаудың белгiленген балдық-рейтингiлiк әрiптiк жүйесi сараланған сынақпен бағаланады.      Практика бойынша бiр жетекшiнi тағайындау кезiнде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) баға көрсетiлген бiлiмге сәйкес ұсынылған есептi қорғау қорытындылары бойынша қойылады.      Практика бойынша екi жетекшiнi тағайындау кезiнде (әдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық және т.б.) практика базасынан жетекшiсiнiң үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшiнiң қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескерiле отырып қорытынды баға қойылады.      84. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы терiс пiкiр алған немесе есептi қорғау кезiнде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесi академиялық мерзiмде немесе жазғы семестр кезеңiнде практикаға қайта жiберiледi.      85. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған бiлiм алушылар қорытынды мемлекеттiк аттестаттауға жiберiледi.      Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартын меңгеру дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.      Қорытынды аттестаттау тиiстi мамандықты игеру процесiнде бiлiм алушылардың алған бiлiмдерiн, шеберлiктерiн, дағдылары мен бiлiктiлiгiн тексеруге бағытталған.      Қорытынды аттестаттау бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына көзделген нысанда жүргiзiледi жалпы мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық және/немесе бейiндiк пәндер бойынша жалпы мемлекеттiк емтихан тапсыру және дипломдық жоба (жұмыс) қорғау.      86. Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерiнiң пiкiрiн және балдық-рейтингiлiк әрiптiк жүйе бойынша игерiлген бiлiмдi ескере отырып қойылады.      87. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы ғылыми жетекшi пiкiрiн, рецензент пiкiрiн және қорғау нәтижелерiн ескере отырып, қойылады.      Қорытынды аттестаттаудың әрбiр нысаны бойынша балдық-рейтингiлiк әрiптiк жүйе бойынша жеке баға қойылады.      88. Қорытынды аттестаттау нәтижелерi бойынша бiлiм алушыға тиiстi академиялық бакалавр дәрежесi тағайындалады және жоғары бiлiм туралы диплом берiледi.      89. Студенттiң бiр жылғы академиялық үлгерiм деңгейi кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңi iшiндегi кредиттер сомасына қатынасы ретiнде есептелетiн орташа балл (GPA) түрiнде айқындалады.      90. Жазғы емтихан сессиясын өткiзгеннен кейiн факультет деканаттары кейiннен мәлiметтердi офис тiркеушiге жiбере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейi) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеудi жүргiзедi.      91. Офис тiркеушiсi факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректердi, оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау нәтижелерiн қорытындылай отырып, факультеттердi ранжирлеудi жүргiзедi, ЖОО бойынша үздiк студенттер мен үздiк академиялық топтарды айқындайды және осы ақпаратты ЖОО-ның веб-сайтына орналастырады.

ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметi

      92. Ғылыми-зерттеу қызметi бiлiм мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негiзде ғылыми-бiлiм беру процесiн,бәсекеге қабiлеттi ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтi ұлттық инновациялық жүйенiң нәтижелiлiгi мен тиiмдiлiгiнiң маңызды элементi ретiнде дамытуға бағытталған.      Iргелi, iзденгiштiк, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық қызметтер (бұдан әрi – ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ)) ЖОО-ның құрылымдық бөлiмшелерiнде жүзеге асырылады.

Page 30: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негiзгi жұмыс уақытында өз қызметiнiң мiндеттi құрамдас бөлiгi ретiнде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды.      93. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы:      1) iргелi, iзденгiштiк, қолданбалы ғылыми-зерттеушiлiк, тәжiрибелiк-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргiзудi;      2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен бiлiм алушылардың ғылыми зерттеулерi мен шығармашылық қызметi арқылы жаңа бiлiмдердi алуды;      3) жоғары бiлiмдi дамытудың теориялық және әдiснамалық негiздерiн зерттеудi және әзiрлеудi;      4) ЖОО оқу процесiне оқытудың инновациялық технологияларын әзiрлеу мен енгiзудi;      5) ғылыми зерттеулер нәтижелерiн оқу процесiне және өндiрiске енгiзудi;      6) өз ғылыми мектептерiн қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен бiлiм алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсендi тартуды;      7) әзiрлемелердi коммерциялау және ғылымды көп қажет ететiн және бәсекеге қабiлеттi техника мен технологиялар трансфертi;      8) зерттеушiлер мен әзiрлеушiлердiң зияткерлiк меншiгi мен авторлық құқықтарын қорғауды;      9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметтi пайдалану есебiнен зерттеулер мен әзiрлемелердiң қаржылық негiзiн кеңейтудi;      10) бiлiм алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшiлiк етудi қамтиды.      94. ЖОО-ның ғылыми қызметi мамандар даярлау процесiнiң қажеттi құрамдас бөлiгi болып табылады. Оқу және ғылыми процестер бiрлiгi:      студенттердi республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздерi есебiнен орындалатын ғылыми-зерттеу және жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту;      ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк бөлiмшелер базасында белсендi оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндiрiстiк практиканың, студенттердi мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да әралуан нысандарын жүргiзу;      оқу және ғылыми процестердi компьютерлендiру, бiртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттердiң информатиканың заманауи әдiстерi мен құралдарын игеруi есебiнен қамтамасыз етiледi.      95. Ғылыми-зерттеу қызметiн үйлестiрудi ғылыми жұмыс жөнiндегi проректор (басшының орынбасары) жүзеге асырады.      Аталған бөлiмшелер ҒЗЖ перспективалық және ағымдағы жоспарларын, есептiлiк нысандарын әзiрлейдi, ЖОО ҒЗЖ тiзiлiмiн жүргiзедi, ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерiн қорытындылайды, оларды жинақтайды.      96. ҒЗЖ орындау нәтижелерi бойынша күнтiзбелiк жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердiң дұрыстығына ҒЗЖ жетекшiлерi мен орындаушылар жауапты болады.      97. ЖОО-ның халықаралық қызметi жетекшi шетелдiк университеттермен ынтымақтастық жасау бағдарламасының, халықаралық бiлiм беру бағдарламалары мен жобаларын iске асыру, бiрлескен ғылыми-зерттеу қызметiн жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылық кадрлармен алмасу және студенттiк ұтқырлықты дамыту шеңберiнде жүзеге асырылады.

ЖОО қызметiн ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      98. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етiлуi бiлiм беру қызметiн жүзеге асырудың мiндеттi шарты болып табылады.      99. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен бiлiмдердi, әртүрлi деректердi, олардың жинау әдiстерi мен құралдарын, ақпарат көздерi мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды бiлдiредi.      Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы бiлiм беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдiстемелiк) толық мәтiндiк, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-iздестiру жүйелерiн; оның iшiнде дәстүрлi және электронды кiтапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергiлiктi қолжетiмдiлiктегi электронды ресурстарды; бiлiм берушi ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; бiлiм беру мақсатты ретiнде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.      100. Кiтапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлiгi болып табылады және оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттi, сондай-ақ заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердi қамтиды.      Жоғары бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру бiлiм алушылардың электронды кiтапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздердi қоса алғанда, кiтапхана қорына, компьютерлiк технологияларға, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық

Page 31: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

деректер базасына, еркiн қол жеткiзумен қамтамасыз етiледi.      Оқу және ғылыми әдебиеттер қоры келтiрiлген студенттер контингентiне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемiнде 140 бiрлiгiн құрауы тиiс. Бұл ретте қазақ және орыс тiлдерiндегi басылымдар оқыту тiлi бойынша бiлiм алушылар контингентiне барабар болуы тиiс. Кiтапхана қоры әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша соңғы 5 жылда шығарылған, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндерi бойынша – соңғы 10 жылда шығарылған негiзгi оқу әдебиетiнен тұрады. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерiмен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейiндiк пәндерiнiң (әскери мамандықтардан басқа) кемiнде 40 %-ын құрайды.      101. Оқу-әдiстемелiк әдебиеттерге оқу-әдiстемелiк құралдар, әдiстемелiк құралдар, дидактикалық, көрнекi құралдар, оқу-әдiстемелiк әзiрлемелер – пәндi оқыту бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерiн орындау жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулықтар, оқу пәндерi бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады.      102. ЖОО кiтапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк сипаттағы кiтаптар тiзбесiн қамтиды.      Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздiктер, анықтамалықтар, түсiнiктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтiк құқықтық актiлер, мерзiмдi басылымдар, оның iшiнде бiлiм беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердiң, оқыту бейiнiне сәйкес келетiн халықаралық конференциялардың жинақтары кiредi.      103. Оқу әдебиетiнiң өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдiстемелiк құралдарды қамтиды.      Әдiстемелiк әдебиеттiң өз басылымдары әдiстемелiк ұсыныстарды, оқу пәндерiн оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерiн орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды.      104. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерiн жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестерi бiлiм беру ұйымдары кiтапханаларының жұмысы жөнiндегi әдiстемелiк материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.      105. Арнайы мемлекеттiк органдардың оқу орындарын (әскери) қоспағанда, ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-бiлiм порталын, оқытудың кредиттiк технологиясын қамтамасыз етудiң автоматтандырылған жүйесiн, ЖОО жергiлiктi желiлерiнде орналасқан ақпараттық-бiлiм ресурстарының жиынтығын және ЖОО-ның кез келген компьютерiнен Интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетiмдiлiктi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тармақталған компьютерлiк желiнi қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-бiлiм беру ортасы құрылуы тиiс.      106. Ақпараттық және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету бiлiм алушылардың өзiндiк жұмысына дәйектi ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады.      107. Тиiстi дәрiсханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерiнiң, спорт залдарының және оның қызметiн қамтамасыз ететiн және оған меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметiнiң мiндеттi шарты болып табылады.      108. ЖОО-ның екi ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргiзу үшiн қажеттi дәрiсханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиiс.      109. Бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыру үшiн ЖОО-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттерi (компьютерлiк сыныптар, лингафонды кабинеттер және басқа), сондай-ақ мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес оқу-ғылыми процестi сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тапсырмалардың әралуан түрлерiмен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен және басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етiлген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиiс.      110. Ғимараттың оқу алаңы, дәрiсхана қоры, оқу және ғылыми зертханалар, оқу кабинеттерi, спорт залдары, кiтапханалар, шеберханалар мен ЖОО-ның қызметiн қамтамасыз ететiн басқа да үй-жайлары қолданыстағы санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиiс.      111. Бiр студентке оқу алаңының нормасы ЖОО типiне байланысты белгiленедi және кемiнде 6 м2 болуы тиiс.      112. Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлерiне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сәйкес белгiленедi.      Студенттердiң есептiк саны күндiзгi оқу нысаны студенттерiнiң ең көп саны бойынша және сырттай оқу нысаны студенттерiнiң 10 % саны бойынша қабылданады.      113. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңiл атлетикалық манеждердi есептемегенде) бiр студентке кемiнде 1,0 м2 қабылдануы тиiс.      114. ЖОО-ның бiлiм алушылар контингентi мен айқындалатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, бiлiм алу

Page 32: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

жағдайларын қамтамасыз ететiн қаржылық ресурстары болады.      115. Қаржылық ресурстар көздерi бiлiм беру және ғылыми гранттардан алынған бюджеттiк қаражат, ақылы негiзде бiлiм беруден, ғылыми және басылым өнiмдерiн сатудан түсетiн қаражат, демеушiлiк көмек және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асырудан алынған өзге де көздерi болады.      116. ЖОО-лардың бiлiм беру қызметiне арналған шығыстары мамандар даярлаудың бағыттары, оқыту нысандары (күндiзгi, кешкi, сырттай), тиiстi нормативтiк құжаттардағы бiлiм беруге арналған шығыстарды айқындайтын ақшалар және заттай нормалар бөлiнiсiнде студенттер контингентiне қарай айқындалады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) әзiрлендi және меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртiбiн айқындайды.      2. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери iс негiздерiн терең меңгеруiне бағытталған элитарлық бiлiм берудi қамтамасыз ететiн мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асырады.      3. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Қағидаларға және осылардың негiзiнде әзiрленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған бiлiм беру ұйымы әзiрлейдi.      4. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының негiзгi мақсаты – серпiндi даму ортасында өзiн-өзi белсендiруге дайын бәсекеге қабiлеттi адамды және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету.      5. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының мiндеттерi:      1) элитарлық бiлiм берудi iске асыру;      2) елдiң зияткерлiк әлеуетiн сақтау және дамыта түсу;      3) дарынды балаларды даралап оқытуды және бiлiм алушылардың мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруiн қамтамасыз ету;      4) дарынды балалардың өзiндiк, жобалық және зерттеушiлiк қызмет дағдыларын жетiлдiру;      5) ұлттық мақтаныш, азаматтық қадiр-қасиет, Отанына, өз халқына деген сүйiспеншiлiк сезiмi бар азамат пен патриоттың әлеуметтiк белсендi тұлғасын қалыптастыру.      6. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметiн ұйымдастыру нысаны бойынша мыналарға бөлiнедi:      1) мамандандырылған мектептер;      2) интернаттық мекемесi бар мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары;      3) мамандандырылған мектеп-кешендер.      7. Қызметiн ұйымдастыру нысанына сәйкес мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi мыналар болып табылады:      1) мамандандырылған мектеп;      2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);      3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия);      4) мамандандырылған мектеп-интернат;      5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;      6) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;      7) мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;      8) мамандандырылған спорт мектеп-интернаты;      9) мамандандырылған әскери мектеп-интернат;      10) қазақ-түрiк лицейi;      11) мамандандырылған мектеп-кешен.      8. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымының мынадай бағыттары бар: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.      9. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы бiлiм берудiң жаңа мазмұнын iздеудi, әзiрлеудi, оны

Page 33: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

енгiзу нысандары мен әдiстерiн, эксперименттiк оқу бағдарламалары мен жоспарларын сынақтан өткiзудi ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

2. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

Қызметтi ұйымдастыру

      10. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарын құру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      11. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бiлiм деңгейi бойынша берiлген лицензияның негiзiнде жүзеге асырады.      12. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған мөрi, ағымдағы шоты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген басқа да шоттары болады.      13. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн жүзеге асыру үшiн жоғары бiлiктi кадрлардың, қажеттi материалдық-техникалық базаның және бiлiм беру процесiн тиiстi оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету және ғылыми сүйемелдеу болуы қажет. Даму мүмкiндiгi шектеулi дарынды балаларды оқыту үшiн олардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, қажеттi жағдайлар жасалады.      14. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.      Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк органдары олардың құзыретiне сәйкес бес жылда бiр рет жоспарлы тәртiппен өткiзедi.

Бiлiм беру процесi

      15. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымындағы бiлiм беру процесiн ұйымдастыру бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарына арналған үлгiлiк оқу жоспарлары негiзiнде әзiрленген оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.      16. Оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзiрлеудi мамандандырылған бiлiм беру ұйымы дербес жүзеге асырады.      17. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдiстерiн өздiгiнен дербес таңдайды.      18. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы бiлiм алушылардың сұрауларына және кадрлық әлеуеттiң мүмкiндiктерiне сәйкес iшкi бейiндi пәндер, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтердiң бiлiм салаларын айқындайды.      19. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының әр деңгейдегi сынып-комплектiлер мен сыныптардағы бiлiм алушылар саны тиiстi жағдайлар болғанда қалыптастырылады.      20. Мемлекеттiк (орыс тiлiнде оқытатын сыныптар үшiн) және орыс (қазақ тiлiнде оқытатын сыныптар үшiн) тiлдерiн,ақпараттық есептеу техникасы негiздерiн, ритмиканы, хореографияны, музыканы, дене тәрбиесiн, технологияны оқыту, сондай-ақ бейiндiк пәндерден зертханалық, практикалық жұмыстар жүргiзу кезiнде сыныптар 2 топқа, шетел тiлдерiн және шетел тiлiндегi пәндердi оқыту кезiнде 3 топқа бөлiндi.      21. Сыныптарды қосымша бөлу, икемдi вариативтi кесте, деңгейлiк бөлу, консультациялар мен таңдау бойынша пәндер жүйесi арқылы жалпы орта бiлiм беру деңгейiнде бейiндi саралауды жүзеге асыру мамандандырылған бiлiм беру ұйымының толық күн режимiнде жұмыс iстеуiн талап етедi.      22. Бiлiм алушылардың оқу-тәрбие қызметiн тиiмдi ұйымдастыру үшiн 10 сынып-комплектiге психологтың бiр ставкасы есебiнен психологиялық қызмет құрылады, сынып-комплектiлер санын арттыру кезiнде психолог ставкасының саны тиiстi жылға көзделген жалақы қорының есебiнен және оның шегiнде артады.      23. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарындағы сабақ кестесiнде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тамақтануы және белсендi демалуы үшiн ұзақтығы жеткiлiктi үзiлiс уақыты көзделуi тиiс.

Басқару және кадрлық қамтамасыз ету

       24. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған бiлiм беру ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.      25. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, оқу-әдiстемелiк кеңес, қамқоршылық кеңес және т.б. болып табылады.      26. Тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен

Page 34: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

тағайындалатын басшы жүзеге асырады.      27. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымының басшысы:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын мақсатты пайдаланбағаны;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшiн жауапты болады.      28. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымының басшысы белгiленген тәртiппен үш жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.      29. Педагог кадрлар мен басқа да қызметкерлердi жұмысқа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес басшы қабылдайды.      30. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша шарттық негiзде өзiнiң қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен өзара iс-қимыл жасайды.      31. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi «Бiлiм туралы» Заңмен, жарғымен, Iшкi тәртiп ережелерiмен және қызметтiк нұсқаулықтармен айқындалады.

Қаржыландыру

      32. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      33. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымының қызметiн қаржыландыру:      1) мемлекеттiк – жергiлiктi және республикалық бюджет қаражаты;      2) заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары;      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуден және қызметтiң басқа да түрлерiнен түскен қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

Халықаралық ынтымақтастық

      34. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы халықаралық қызметке бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның желiсi бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебiнен өз бастамасы бойынша қатысады.      35. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымы оқыту, тағылымдама өту, тәжiрибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар жұмыстарына қатысу және т.б. бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асырады.

Қайта құру және тарату

      36. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Арнайы бiлiм беру ұйымдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Бiлiм туралы» Заңды, осы Қағидаларды, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi

Page 35: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

басшылыққа алады.      Мемлекет даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға олардың бiлiм алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне арнайы жағдайларды қамтамасыз етедi.      3. Арнайы бiлiм беру ұйымдарына:      1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартқа сәйкес мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң арнайы түзету бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын ұйымдар:      арнайы мектепке дейiнгi ұйымдар;      арнайы жалпы бiлiм беру ұйымдары жатады.      Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оңалту жөнiндегi бiлiм беру процесiнiң қызмет бағыттарының нақты мiндеттерi мен ерекшелiктерiне, сондай-ақ даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар үшiн iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының деңгейлерiне байланысты:      есту қабiлетi бұзылған (естiмейтiн, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған);      көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған);      тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған;      сөйлеу қабiлетi бұзылған;      ақыл-ойы кенжелеп қалған;      психикалық дамуы тежелген;      эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;      күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арнайы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру ұйымдары құрылады;      2) арнайы түзету жеке, топтық және шағын топтық дамытушы, диагностикалық бағдарламаларды iске асыратын ұйымдар:      - психологиялық-медициналық-педагогтiк консультация;      - оңалту орталығы;      - психологиялық-педагогтiк түзету кабинетi.      Сыныптардың (топтарының) толымдылығы:      1) есту қабiлетi бұзылған: естiмейтiндер үшiн – 8 баладан көп емес, нашар еститiндер мен кейiннен саңырау болып қалғандар үшiн – 10 баладан көп емес;      2) көру қабiлетi бұзылған: көзi көрмейтiндер үшiн – 8 баладан көп емес, нашар көретiндер мен кейiннен соқыр болып қалғандар үшiн – 12 баладан көп емес;      3) тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылғандар үшiн – 12 баладан көп емес;      4) сөйлеу қабiлетi бұзылғандар үшiн – 12 баладан көп емес;      5) ақыл-ойы кенжелеп қалғандар үшiн – 8 баладан көп емес;      6) психикалық дамуы тежелгендер үшiн – 12 баладан көп емес;      7) эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылғандар үшiн – 6 баладан көп емес;      8) күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалғандар үшiн – 6 баладан көп емес.

2. Арнайы бiлiм беру ұйымдарының мiндеттерi

      4. Арнайы бiлiм беру ұйымдары жалпы бiлiм беру ұйымымен негiзгi мiндеттердi шеше отырып, бiр мезгiлде жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге, бастапқы және қайталама ауытқуды түзетуге, сақталған талдауыштардың функцияларын дамытуға бағытталған бейiндiк функцияларды орындайды:      1) азаматтылықпен отансүйгiштiкке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, ұлттық дәстүрлердi қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;      2) балалар мен жасөспiрiмдердiң қоғамда әлеуметтiк-еңбектiк бейiмделуiне, оңалуы мен кiрiгуiне ықпал ететiн өтемдеуiш дағдыларын қалыптастыру;      3) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, тұлғаның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы қарым-қатынасын қалыптастыру;      4) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу, қазақ және республиканың өзге де халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шет тiлдерiн меңгеру;      5) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу.

3. Арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

Қызметтi ұйымдастыру

      5. Арнайы бiлiм беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы бар мөрi, ағымдағы шоты және Қазақстан

Page 36: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да шоттары болады.      6. Арнайы жалпы бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметi ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.      7. Арнайы бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды құзыреттiлiгiне сәйкес бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк органдары жоспарлы тәртiппен бес жылда бiр рет өткiзедi.      8. Арнайы бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм беру қызметiн арнайы бiлiмi бар, «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтетiн педагогтар жүзеге асырады.      9. Арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi «Бiлiм туралы» Заңмен, жарғымен, Iшкi тәртiп қағидаларымен және қызметтiк нұсқаулықтармен айқындалады.

Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру

      10. Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлiк бұзылулары бар) балаларға арналған ұйымдарды қоспағанда, арнайы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.      Арнайы бiлiм беру ұйымында бiлiм беру мазмұны тәрбиеленушiлердiң психикалық-дене дамуының және жеке мүмкiндiктерiнiң ерекшелiктерiне байланысты әзiрленетiн бiлiм беру бағдарламасымен айқындалады.      Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар үшiн бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң даму ерекшелiктерi мен әлеуеттi мүмкiндiктерiн ескеретiн, психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялар ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын арнайы бiлiм беру бағдарламалары әзiрленедi.      11. Бiлiм беру процесiн ұйымдастыру оқу жоспары негiзiнде жасалады және жылдық күнтiзбелiк оқу жоспарымен және сабақ кестесiмен регламенттеледi.      12. Бiлiм алушы тұлғасының жеке қажеттiлiгi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, бiлiм беру бағдарламалары арнайы жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту, сондай-ақ облыстың жергiлiктi атқарушы органы берген рұқсатпен экстернат нысанында игерiлуi мүмкiн.      Бiлiм алудың әртүрлi нысандарына үйлестiруге мүмкiндiк берiледi.      13. Арнайы бiлiм беру ұйымдарының педагогтары қажет болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкiлдерге) каникул кезiнде балаларға арналған түзету сабақтарын ұйымдастыру мәселесi бойынша консультациялар өткiзедi.      14. Есту, көру, тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған арнайы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру ұйымдарының құрамында ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлiк бұзылулары бар) (8 баладан көп емес) және психикалық дамуында бұзылулары бар (12 баладан көп емес)арнайы сыныптар (топтар),арнайы ұйымдардың барлық түрлерiнде – кемiстiк құрылымы күрделi балаларға арналған арнайы сыныптар (6 баладан көп емес)ашылуы мүмкiн.      15. Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлiк бұзылыстары бap) балаларға арналған арнайы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру ұйымының педагогикалық кеңесiнiң шешiмi бойынша және қажеттi жағдайлар болған кезде зияткерлiк бұзылыстары бap ақыл-ойы кенжелеп қалған балалар үшiн (8 баладан көп емес) арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.      16. Әлеуметтiк-тұрмыстық бағдар бойынша факультативтiк сабақтар өткiзу кезiнде сынып екi топқа бөлiнедi. Қоғамдық пайдалы өндiрiс еңбегiн ұйымдастыру кезiнде сынып 5-сыныптан бастап оқушылардың еңбекке даярлығы бейiндерiн ескере отырып топтарға бөлiнедi.      Кәсiби-еңбекке оқыту жөнiндегi сабақтар үшiн сыныптар бесiншi сыныптан бастап, ал ақыл-ойы кенжелеп қалған балалар үшiн төртiншi сыныптан бастап екi топқа бөлiнедi. Топтарды еңбек түрлерi бойынша жинақтау бiлiм алушылардың психикалық-дене жағдайы мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, дәрiгердiң ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырылады.      17. Арнайы бiлiм беру ұйымындағы сабақ кестесiн арнайы бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгi әзiрлейдi және бекiтедi.      Кестеде оқу және жеке түзету сабақтарының күнделiктi саны, ұзақтығы мен бiрiздiлiгi көрсетiледi.      Сабақтардың ұзақтығы белгiленген норманың ұзақтығына сәйкес болады.      Арнайы бiлiм беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат 8-ден ерте басталмайды.      18. Арнайы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беретiн ұйымдар мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сәйкес мемлекеттiк, орыс және басқа да шет тiлдерiн оқытумен дамытуды қамтамасыз етедi.      19. Оқу-тәрбие процесi баланың психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерделеу деректерiне негiзделген сараланған және жеке тұрғыдан келу қағидаттарының негiзiнде жүзеге асырылады. Балалардың сөйлеуiнiң, назарының, жұмысқа қабiлетiнiң ерекшелiктерiн,

Page 37: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

олардың даму серпiнiн, бiлiм алушылардың нақты бiлiмдерiн, олардың оқу материалын меңгеруiнiң мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерiн анықтауды жүйелi зерделеу бiлiм алушының даму перспективасын айқындау және түзеу жұмысының құралдарын таңдау үшiн жүргiзiледi.      20. Оқу аптасының ұзақтығын тиiстi бiлiм берудi басқару органының келiсiмiмен педагогтiк кеңес белгiлейдi және ол жарғыда бекiтiледi.      21. Дамуындағы ауытқуларды еңсеру мақсатында арнайы түзету ұйымында топтық және жеке түзету сабақтары жүргiзiледi (логопед, олигофренопедагог, тифло және сурдопедагог).      22. Арнайы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру ұйымының педагогикалық кеңесi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде оқуда қиындық көретiн бiлiм алушыларға, сол сияқты неғұрлым қабiлеттi бiлiм алушыларға арналған жеке оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын бекiтедi.      23. Арнайы жалпы бiлiм беру ұйымында еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттiлiкке бағдарланған өңiрлiк, жергiлiктi жағдайларға қарай және жеке еңбек қызметiне тәрбиеленушiнi даярлауды қамтитын еңбек бейiнiн таңдау негiзiнде тәрбиеленушiлер мен олардың ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) психикалық-дене дамуының жеке ерекшелiктерiн, денсаулығын, мүмкiндiктерiн, сондай-ақ қызығушылығын ескере отырып жүзеге асырылады.      24. Балаларды арнайы бiлiм беру ұйымдарына жiберу ата-аналардың (заңды өкiлдердiң) келiсiмiмен ғана және психологиялық-медициналық-педагогтiк консультацияның (бұдан әрi – ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.      Арнайы мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру ұйымының көмекшi сыныбына (тобына) бiлiм алушылар (тәрбиеленушiлер) ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) келiсiмiмен ПМПК қорытындысы негiзiнде арнайы бiлiм беру ұйымында бiр жыл оқығаннан және тәрбиеленгеннен кейiн ғана ауыстырылады.      Кемiстiк құрылымы күрделi тәрбиеленушiлерге арналған сыныптар (топтар) арнайы бiлiм беру ұйымында осындай тәрбиеленушiлердiң бiлiм беру процесi жағдайында психологиялық-медициналық-педагогтiк бақылаудың барысында айқындалуына қарай жинақталады.      25. Тәрбиеленушiнi арнайы бiлiм беру ұйымынан басқа бiлiм беру ұйымына ауыстыруды бiлiм берудi басқару органдары ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) келiсiмiмен және ПМПК қорытындысы негiзiнде жүзеге асырады.      26. Арнайы бiлiм беру ұйымдарында оқу бағдарламаларын игеру кезiнде ерекше жетiстiктерге қол жеткiзген арнайы бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне үздiк бiлiмi туралы құжаттар берiледi.      Көру, есту және тiрек-қозғалыс аппараты функцияларының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк қорытынды аттестаттаудан сәттi өткен бiтiрушiлерiне ұйымның мөрi басылған, тиiстi бiлiмi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат берiледi.      Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлiк ауытқулары бар) балаларға арналған арнайы ұйымның бiтiрушiлерi ұйымның осы түрi үшiн белгiленген үлгiдегi куәлiктi алады.      27. Арнайы бiлiм беру ұйымының персоналын жинақтау тәртiбi оның жарғысымен және тиiстi нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледi.      28. Жалпы орта бiлiм берудiң, бастауыш, негiзгi және орта бiлiм беру деңгейлерiнiң мұғалiмдерi, арнайы бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi үшiн нормативтiк оқу жүктемесi аптасына 18 сағатты, тәрбиешiлер үшiн - 25 сағатты құрайды. Ағымдағы жылы белгiленген оқу жүктемесiнiң көлемiн әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша осы жылдың аяғына дейiн азайтуға болмайды.      29. Арнайы бiлiм беру ұйымында медициналық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы ұйымның әкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауға және олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуға, диспансерлеуге, алдын алу iс-шараларын өткiзуге жауап беретiн және санитариялық-гигиеналық әрi эпидемияға қарсы режимдi, дене тәрбиесi мен шынығуды, тамақтандыруды, оның iшiнде диеталық тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылайтын штаттағы медицина қызметкерлерi жүзеге асырады.      30. Медицина қызметкерлерi педагогтерге тәрбиеленушiлердiң денсаулығы мен даму ерекшелiктерiн ескере отырып оларға жеке және сараланған тәсiлдi ұйымдастыруға көмек көрсетедi, медициналық-педагогтiк түзеу, еңбекке баулудың бейiнiн таңдау, кәсiби бағдар беру, жұмысқа орналастыру бойынша, ата-аналарға (заңды өкiлдерге) аурудың алдын алу мақсатында үйдегi жағдайда қорғау режимiн сақтау қажеттiлiгi туралы ұсынымдар бередi.      31. Арнайы бiлiм беру ұйымдарында дәрi-дәрмектiк және физиотерапевтiк емдеу, климаттық емдеу және шынығу, емдiк дене шынықтыру, массаж бен психотерапия жүргiзiледi.

Арнайы бiлiм беру ұйымын басқару

      32. Арнайы бiлiм беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.      Алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, әдiстемелiк кеңес және

Page 38: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

басқалар болып табылады.      Арнайы бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы жүзеге асырады.      33. Арнайы бiлiм беру ұйымының басшысы өз жұмысында «Бiлiм туралы» Заңды және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады. Ұйымның кеңестерi мен басшы арасындағы өкiлеттiлiктердiң ара-жiгiн ажырату бiлiм беру ұйымының жарғысымен айқындалады.      34. Бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен үш жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi және:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.      35. Арнайы ұйымның басшысы оқу орнының жарғысына сәйкес бiлiм берудi басқарудың уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша өз орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Оларды тағайындау және босату тәртiбi бiлiм беру ұйымының жарғысымен айқындалады.      36. Арнайы бiлiм беру ұйымдары оқу-тәрбие процесiн, кадрларды таңдау мен орналастыру, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметтi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар шегiнде дербес жүзеге асырады.      37. Арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi, әлеуметтiк кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi «Бiлiм туралы» Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалады.

Арнайы ұйымның материалдық базасы, қаржыландыру

      38. Арнайы бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      39. Арнайы бiлiм беру ұйымдары жергiлiктi жағдайларға қарай қосалқы шаруашылық, оқу-тәжiрибе учаскесiн және оқу-өндiрiстiк шеберханалар құра алады.

Қайта ұйымдастыру және тарату

      40. Арнайы бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес әзiрлендi және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейдi.      2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) – жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тәрбиеленуiне, бiлiм алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады.      3. Бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк, жеке меншiк болуы мүмкiн.      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алатын және (немесе) тәрбиеленетiн жетiм балалар

Page 39: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттiң қамқорлығында ұсталады.      4. Бiлiм беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады.      Бiлiм беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушiлердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.      5. Бiлiм беру ұйымы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға және бiлiм беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.      6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай:      1) мектепке дейiнгi жастағы балалар үшiн;      2) мектеп жасындағы балалар үшiн;      3) ерте, мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар үшiн;      4) бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер үшiн құрылады.      7. Бiлiм беру ұйымдарында әр жастағы және бiрыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтары құрыла алады.      8. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi ұйымның әкiмшiлiгiмен және денсаулық сақтау жүйесiнiң аумақтық ұйымдарымен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауды қамтамасыз eтeтiн штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.      9. Бiлiм беру ұйымдарының қызметiн бақылау «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне, «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

      10. Бiлiм беру ұйымына бүкiл күнтiзбелiк жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi (жасөспiрiмдер үйлерiне – 23 жасқа дейiнгi балалар үйлерi, балалар ауылдарының және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi):      1) жетiм балалар;      2) ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.      11. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.      12. Бiлiм беру ұйымына жiберiлетiн әр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады:      1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;      2) туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);      3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;      4) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);      5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;      6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);

Page 40: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң, қарындастарының және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;      8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;      9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар;      10) әлеуметтiк жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшiрмесi, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде).      13. Мектебi бар бiлiм беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесi жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) үлгi қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.      Бiлiм беру ұйымындағы тәрбие жұмыстары тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгi мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидаттарында жүргiзiледi.      Жергiлiктi атқарушы органдар мектебi жоқ бiлiм беру ұйымының мектеп жасындағы тәрбиеленушiлерiнiң тиiстi елдi мекеннiң жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етедi.      14. Бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.      Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегi, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегi, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегi, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз етедi.      15. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.      16. Мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейiнгi ұйымдардың үлгi қағидаларын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.      17. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртiбi мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандартына сәйкес жүзеге асырылады.      18. Бiлiм беру ұйымында болу кезiнде әр тәрбиеленушiге:      1) өмiрi мен денсаулығының сақталуына;      2) қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;      3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына;      4) шығармашылық қабiлеттерi мен қызығушылықтарының дамуына;      5) дамудағы кемшiлiктердi түзеуде бiлiктi көмек алуына;      6) бейiмдiлiгiне, қабiлеттерiне, тiлегiне және денсаулық жағдайына сәйкес қосымша бiлiм беру, сауықтыру қызметтерiн алуына кепiлдiк берiледi.      19. Бiр бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне ауысқанда немесе бiтiрген кезде тәрбиеленушiге:      1) туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);      2) бiлiм беру ұйымында болғаны туралы анықтама;      3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама;      4) бiлiмi туралы құжат;      5) ата-аналары немесе туыстары туралы мәлiметтер қамтылған құжат;      6) егер жеке iсiнде осындай болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшiрмесi, алимент өндiруге арналған орындау парағы және басқа да құжаттар берiледi.      20. Бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен, ондай болмаған кезде – ұйым әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен жүргiзiледi.      21. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалар мен ұйым жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.      22. Бiлiм беру ұйымын алқалық басқару нысандары «Бiлiм туралы» Заңның 44-бабының 9-тармағына сәйкес педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады.      23. Бiлiм беру ұйымын басқаруды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бiлiм беру ұйымының құрылтайшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.      24. Бiлiм беру ұйымының басшысы:      1) заңнамада белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;      2) өзге ұйымдар мен өзара қатынаста бiлiм беру ұйымының атынан өкiлдiк етедi;      3) бiлiм беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.      Басшының еңбегiне ақы төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделедi.      25. Бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

Page 41: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын бұзғаны;      4) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      5) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      6) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.      26. Бiлiм беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.      27. Бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерi «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтуге тиiс.      28. Бiлiм беру ұйымының персоналын жинақтау тәртiбi «Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен және оның жарғысымен регламенттеледi.      29. Бiлiм беру ұйымы жергiлiктi жағдайларға қарай қосалқы оқу шаруашылығын, оқу-тәжiрибе учаскесiн, оқу-өндiрiстiк шеберханаларды құра алады.      30. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттiк бiлiм беру ұйымы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылады.      31. Бiлiм беру ұйымы белгiленген нысан бойынша iс қағаздарын жүргiзедi және бағыныстылығына қарай бiлiм беру органдарына есеп бередi.      32. Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

бекiтiлген      

Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес әзiрлендi және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларға арналған қосымша бiлiм алу құқықтарын тегiн және шарттық негiзде қамтамасыз етуге бағытталған.      2. Балаларға арналған қосымша бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы) өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңдарын, «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын, «Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысын (бұдан әрi – Үлгi штаттар), осы Қағидаларды, балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының жарғысын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.      3. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымында жеке тұлға, қоғаммен мемлекеттiң мүддесi үшiн бiлiм алушының бiлiм алу және мәдени қажеттiлiктерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша бiлiм берудiң оқу бағдарламалары iске асырылады.      Балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының түрлерi:      1) қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы;      2) оқушылар (үйi, орталығы, кешенi, балалар-жасөспiрiмдер шығармашылығы орталығы және басқалар) сарайы;

Page 42: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

      3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталық, экология және өлкетану балалар-жасөспiрiмдер орталығы және басқалар);      4) жас техниктер станциясы (орталық, балалар және жасөспiрiмдер техникалық шығармашылық мектебi және басқалар);      5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспiрiмдер туризм орталығы, балалар-жасөспiрiмдер экология және туризм орталығы, балалар-жасөспiрiмдер туризм және өлкетану орталығы және басқалар);      6) балалар аула клубы (басқа да клубтық демалыс ұйымдары);      7) балалар өнер мектебi (балалар музыка мектебi, балалар көркемөнер мектебi, балалар өнер мектебi және көркемдiк-эстетикалық бағыттағы басқа да мектептер);      8) балалар сауықтыру (орталығы, кешенi, қала сыртындағы сауықтыру лагерi және күндiзгi уақытта болу лагерi, палаталық лагерь, киiз үй лагерi және басқалар) лагерi;      9) балалар-жасөспiрiмдер спорттық мектебi;      10) олимпиадалық резервтегi мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер мектебi;      11) балалардың қызметi мен қызығушылықтары бағытындағы басқа ұйымдар.      4. Мемлекет балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ дамуында мүмкiндiгi шектеулi балаларға және олардың қосымша бiлiм алуы үшiн арнайы жағдайларды қамтамасыз етедi.      5. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының негiзгi мiндеттерi:      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби қалыптасуына бағытталған сапалы қосымша бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;      2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене мүмкiндiктерiн дамыту, олардың қабiлеттерiн iске асыру;      3) адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы зияткерлiктi байыту;      4) азаматтылық пен отансүйгiштiкке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздер мен мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қадiрлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеушiлiкке тәрбиелеу;      5) азаматтық ұстанымы белсендi жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың саяси-қоғамдық, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысуға қажеттiлiктi, тұлғаның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы қарым-қатынасты қалыптастыру;      6) балалар бойында экологиялық мәдениеттi тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау iсiне тарту;      7) қоғамдағы өмiрге бейiмдеу;      8) мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру.      6. Балаларға арналған қосымша бiлiм берудiң оқу бағдарламалары жалпы бiлiм беретiн мектептерде, лицейлерде және гимназияларда да iске асырылады.

2. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

Қызметтi ұйымдастыру

      7. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.      8. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының мәртебесiн оның құрылтайшысы айқындайды және оның жарғысында «Бiлiм туралы» Заңның талаптары ескерiле отырып, көрсетiледi.      9. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарының басшыларын және педагог қызметкерлерiн аттестаттау «Бiлiм туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.      Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды бiлiм берудi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес жоспарлы тәртiппен бес жылда бiр рет өткiзедi.      10. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн педагогтер, әдiскерлер, педагог-ұйымдастырушылар және оларға теңестiрiлген тұлғалар (бұдан әрi – педагог қызметкерлер), тиiстi бейiндегi мамандар жүзеге асырады.      11. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының басшы кадрларының және педагог қызметкерлерiнiң, сондай-ақ тиiстi бейiндегi мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру, бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.      12. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының материалдық-техникалық базасын құру және дамыту құрылтайшының қаражаты, ақылы негiзде көрсетiлетiн қызметтерден түскен кiрiстер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.      13. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн және өзге де қызметтердi ұсынады,

Page 43: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

осы қызметтен алынған кiрiстерге дербес иелiк етедi. Ақылы қызметтер көрсету тiзбесi және тәртiбi балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының жарғысымен айқындалады.      14. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мүлiкке иелiк етедi және оны пайдаланады. Қосымша бiлiм беретiн мемлекеттiк ұйымның мүлкi ұйымның негiзгi мiндеттерiне қайшы келетiн мақсаттарда пайдалануға жатпайды.

Бiлiм беру және тәрбиелеу процесi

      15. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда, кадрларды iрiктеу мен қабылдауда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметтерде дербес.      16. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы балалардың сұрауларын, отбасының, бiлiм беру ұйымдарының, қоғамдық (оның iшiнде балалар мен жасөспiрiм) ұйымдардың қажеттiлiктерiн, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн, ұлттық-мәдени дәстүрлерiн ескере отырып, бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын дербес әзiрлейдi.      17. Бiлiм берудiң оқу бағдарламасын iске асыру кезiндегi оқу-тәрбие процесi балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының (клуб, студия, ансамбль, топ, үйiрме, театр және басқа) қызығушылықтар бойынша бiрлестiктерiнде (бұдан әрi – бiрлестiктер) жүзеге асырылады.      18. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарында балалардың қызметi қызығушылықтары бойынша бiрыңғай жастағы және түрлi жастағы бiрлестiктерiнде жүзеге асырылады. Қызығушылықтары бойынша бiрлестiктердi қалыптастыру балалардың ерiктi таңдауына негiзделедi.      19. Әр бала бiрнеше бiрлестiктерде шұғылдануды таңдауға, оларды ауыстыруға құқылы.      20. Бiрлестiктiң қызығушылықтар бойынша қызметiнiң мазмұнын оқу жоспарларын және бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын ескере отырып қосымша бiлiм беру педагогы айқындайды.      21. Қызығушылықтар бойынша бiрлестiктердегi сабақтар бiр тақырыптық бағыттағы бiлiм берудiң оқу бағдарламалары немесе кешендi, кiрiктiрiлген бағдарламалар бойынша өткiзiледi. Бағдарламаның талаптарына байланысты сабақтар түгел оқу жылына, сол сияқты одан қысқа мерзiмге де ұйымдастырылады.      22. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы келiсiм бойынша және (немесе) ұйымдармен, кәсiпорындармен бiрлесiп, балалардың бейiндiк дайындығын жүргiзедi. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсырған бiлiм алушыларға бағалар қойылады немесе бейiндiгi бойынша (көркемдiк, музыкалық және өнер мектептерi) бiлiктiлiк беру туралы куәлiк берiледi.      23. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымындағы тәрбиелiк бағдарламалар бiлiм беру бағдарламаларының құрамдасы болып табылады және отансүйгiштiктi, азаматтықты, төзiмдiлiктi, жоғары өнеге мен адамгершiлiктi қалыптастыруға, сондай-ақ тәрбиеленушiлердiң жан-жақты қызығушылықтары мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталған.      24. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру және тәрбиелеу процесi тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Онда бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң ауруын болдырмау, денсаулығын нығайту, физикалық жетiлдiру, салауатты өмiр салтына ынталандыру жөнiндегi шараларды орындау қамтамасыз етiледi.      25. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымында оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз етуге және жетiлдiруге бағытталған әдiстемелiк жұмыс, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу және енгiзу, педагог қызметкерлердiң, сондай-ақ тиiстi бейiндегi мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылады.      26. Бiлiм алушыларды әлеуметтiк бейiмдеу және бiлiм беру процесiн оңтайландыру мақсатында балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымында әдiстемелiк, әлеуметтiк-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.      27. Балалардың бастамасы бойынша балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымында өз жарғыларына және осы қағидаларға сәйкес қызмет ететiн балалардың қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдары құрылады.      Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгi осы бiрлестiктер мен ұйымдар жұмысына жәрдемдеседi.      28. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы балалармен жұмысты барлық күнтiзбелiк жыл бойына ұйымдастырады. Демалыс уақытында қажеттiлiгiне қарай белгiленген тәртiппен клубтар, лагерьлер және туристiк базалар ашады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты орны бойынша лагерьлерде (қала сыртында немесе күндiзгi болу) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамымен түрлi топтар құрады, шеберлiк сағаттарын өткiзедi.      29. Балалар мен ата-аналардың бiрлескен шығармашылығы, демалысы үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында бiрлестiктер жұмысына, сондай-ақ бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде педагогтiң келiсiмiмен оларды негiзгi құрамға қоспай балалардың ата-аналары (заңды

Page 44: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

өкiлдерi) қатысуы мүмкiн.      30. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм беру және тәрбиелеу процесiне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, бейiнi бойынша мамандар, бiлiм алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге заңды өкiлдерi) болып табылады.      31. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы балаларды қабылдау кезiнде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi оқу-тәрбие процесiнiң жүргiзiлуiмен және мазмұнымен, жарғымен және қабылдау қағидалары мен бiлiм беру және тәрбиелеу процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруды қамтамасыз етедi.      32. Бiлiм алушылардың, ата-аналардың (кәмелетке толмағандардың өзге заңды өкiлдерiнiң) және қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының жарғысында айқындалады.      33. Қызметкер мен балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.

Ұйымды басқару

      34. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымын басқару «Бiлiм туралы» Заңның 44-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға, осы Қағидаларға, балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының жарғысына, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.      35. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, әдiстемелiк кеңес және басқа да нысандар болып табылады.      36. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.      37. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының басшысын құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.      38. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметке арнайы педагогикалық немесе тиiстi бейiндер бойынша кәсiптiк бiлiмi бар адамдарға рұқсат етiледi.      39. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарындағы жұмысқа сот үкiмi немесе медициналық қорытындымен педагогикалық қызметке тыйым салынған, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарға рұқсат етiлмейдi.      40. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының басшысы:      1) ұйым бiлiм алушыларының, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) бiлiм алушыларының және ұйым қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi және денсаулығы, еңбектi қорғау нормалары мен қауiпсiздiк техникасын сақтамағаны;      4) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      5) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.

Халықаралық ынтымақтастық

      41. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.      42. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы бiлiм саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша шетелдiк бiлiм беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орнатады, халықаралық бағдарламаларға қатысады, бiлiм беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты шарттар жасасады.      43. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы шетелге жiберу үшiн (тәжiрибе алмасу, түрлi iс-шараларға, конференцияларға, жарыстарға, конкурстарға, байқауларға, олимпиадаларға, фестивальдарға және тағы сол сияқтыларға қатысу мақсатында) қызметкерлер мен бiлiм алушыларды iрiктеудi және даярлауды жүзеге асырады.

Қайта құру және тарату

      44. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Page 45: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен  

бекiтiлген     

Ересектерге арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ересектерге арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары (бұдан әрi – Үлгiлiк қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – «Бiлiм туралы» Заң) сәйкес әзiрлендi және меншiк нысандарына қарамастан ересектерге арналған қосымша бiлiм беретiн бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.      2. Ересектерге арналған қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар, қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) жүзеге асырады.      3. Бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (бұдан әрi – Еңбек кодексi), «Бiлiм туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының заңдарына, бiлiм беру қызметiн регламенттейтiн өзге де Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Үлгiлiк қағидаларға және оның негiзiнде әзiрленген бiлiм беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.      4. Бiлiм беру ұйымдарының негiзгi мiндеттерi:      1) жұмысшылар, қызметкерлер, мамандар бiлiктiлiгiн технологиялар мен өндiрiсте болып жатқан өзгерiстерге байланысты оларға қойылатын талаптарды тұрақты арттыруды ескере отырып арттыру;      2) бұрын алынған кәсiптiк бiлiмдер, бiлiктiлiк пен дағдыларды тереңдету және жетiлдiру;      3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруiне байланысты қосымша бiлiктiлiктi алу арқылы кәсiптiк мүмкiндiктердi кеңейту болып табылады.

2. Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбi

      5. Бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгiлiк қағидаларда және бiлiм беру ұйымы жарғыларында белгiленген шектерде оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру, кадрларды iрiктеу және орналастыруда, оқу-әдiстемелiк, қаржы-шаруашылық қызметте дербес.      6. Бiлiм беру ұйымының оқу және тәрбие процесiнiң негiзi ұйым жүзеге асыратын оқу, оқу-әдiстемелiк және тәрбие жұмыстарын жоспарлау және есепке алу болып табылады.      7. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесi оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесiнiң оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтiзбелiк кестелерiн ұйымдар бекiтедi. Мүмкiндiгi шектеулi адамдар оқыту кезiнде олардың дара қажеттiлiктерiн ескере отырып жағдайлар жасалады.      8. Ересектерге арналған қосымша бiлiм беретiн бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiктiлiктi арттырудан өткен бiлiм алушылардың бiлiм деңгейiн қорытынды бағалауды құрамын бiлiм беру ұйымдарының басшылары бекiтетiн емтихан комиссиялары жүргiзедi.      9. Бiлiм алушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған және бiлiм беру ұйымының жарғысын бұзған жағдайда ол бiлiм беру ұйымы басшысының бұйрығымен бiлiм алушылар құрамынан шығарылады.      10. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру кәсiпорындармен (бiрлестiктермен), ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.      11. Ересектерге арналған қосымша бiлiмдi алған тұлғаларға белгiленген үлгiдегi бiлiктiлiктi беру туралы куәлiк (сертификат) берiледi.      12. Мамандардың бiлiктiлiктi арттырудан өту кезеңдiлiгiн «Бiлiм туралы» Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушi белгiлейдi.      13. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын тұлғалар жатады.      14. Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      15. Ересектерге арналған қосымша бiлiм беру жұмыс берушiлер немесе Қазақстан

Page 46: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебiнен оқу шартына сәйкес жүзеге асырылады.      Ересектерге арналған қосымша бiлiм беру нысандарын, мазмұнын, көлемiн тиiстi мамандық бойынша қолданыстағы қосымша бiлiм беру бағдарламаларының негiзiнде жұмыс берушi айқындайды.      Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргiзiледi.      Бiлiм алушыға оқу кезiнде оның аталған ұйымда оқуда болу мерзiмiн куәландыратын анықтама берiледi.      16. Шетел мемлекеттерi азаматтарының ересектерге арналған қосымша бiлiм алу тәртiбi халықаралық келiсiмдермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.      17. Ересектерге арналған қосымша бiлiм беру бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.      Ақылы негiздегi оқу құнын бiлiм беру ұйымы айқындайды.      18. Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары:      1) бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға қатысады;      2) қосымша бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн қажеттi нормативтiк және нұсқаулық құжаттарды, оқу және оқу-әдiстемелiк материалдарды, сондай-ақ кiтапханалық және ақпараттық қорды, басқа да бөлiмшелер қызметтерiн пайдаланады;      3) конференцияларға және ғылыми семинарларға қатысады, бiлiм беру ұйымдарының басылымдарында өз рефераттарын, еңбектерiн және басқа да материалдарын жариялайды.      19. Бiлiктiлiктi арттырудан өтiп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексiнде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепiлдiктердi пайдаланады.      20. Жұмыс берушi Еңбек кодексiнде, келiсiмдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген жұмысты оқумен қоса атқару үшiн бiлiктiлiктi арттырудан өтiп жатқан қызметкерлерге жағдайлар жасайды.      21. Бiлiм беру ұйымының қызмет етуi және дамуы үшiн бiлiктiлiктi арттырудың қажеттiлiгiн және көлемiн жұмыс берушi айқындайды.      22. Еңбек шарты қызметкердiң немесе қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша оқуға арналған шартты белгiленген мерзiмге дейiн бұзылған жағдайда, қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмысын өтеудiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне барабар мөлшерде жұмыс берушiге өтейдi. Жұмыс берушiнiң келiсiмiнде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты жеңiлдiктер мен өтемақы төлемдерi көзделуi мүмкiн.      23. Бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және одан босатылады.      24. Бiлiм беру ұйымының басшысы:      1) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының, тәрбиеленушiлерiнiң, қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған функцияларды орындамағаны;      3) бiлiм беру ұйымы бiлiм алушыларының және қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;      4) қаржы-шаруашылық қызметтiң жай-күйi, оның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;      5) нормативтiк құқықтық актiлерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшiн жауапты болады.      25. Бiлiм беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң       

2013 жылғы 17 мамырдағы№ 499 қаулысымен    

қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 523-құжат).      2. «Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 29 бет).      3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысына

Page 47: almaobledu-gov.kzalmaobledu-gov.kz/uploads/npa/file6.docx · Web view16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда,

толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 571-құжат).      4. «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 647-құжат).      5. «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 31-құжат).      6. «Қосымша кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 47-құжат).      7. «Арнаулы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 50-құжат).      8. «Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы № 113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 6, 61-құжат).      9. «Кәсiптiк бастауыш бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 28 ақпандағы № 174 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 95-құжат).      10. «Жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 110-құжат).      11. «Кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 115-құжат).      12. «Жалпы орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы № 224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 124-құжат).      13. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 28 қыркүйектегi № 934 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 400-құжат).      14. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 69 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 32-құжат);      15. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң республикалық оқу орындарының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 974-құжат).