КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ

Post on 15-Mar-2016

218 Views

Category:

Documents

15 Downloads

Preview:

Click to see full reader

DESCRIPTION

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ. Дайындаған: ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Р.М. Сәдуақасова. - PowerPoint PPT Presentation

TRANSCRIPT

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ

ЗАҢЫ

Дайындаған: ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Р.М. Сәдуақасова

«Конституция» термині «constitutio» – «орнатамын, тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Ол біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі. Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың әлемдік қауымдастығындағы егеменді мемлекеттік дамудың жаңа дәуірін Қазақстанның алдында бүкілхалықтық талқылаудан кейін ел парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы және халықаралық әрі ішкі саяси өмір шындығына сәйкес Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Жаңа Конституциясы ашып берді.

Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді. Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді (12 б. 2 т.).1995 ж. ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:

1-бөлім. «Жалпы ережелер» мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.

2-бөлім. «Адам және азамат» жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздері реттемеленеді.

3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халық пен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табылады және мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

4-бөлім. «Парламент» заң шығару

функцияларын жүзеге асыратын Парламенттің

жоғары өкілетті орган ретіндегі құқықтық

мәртебесін белгілейді, Парламент қызметінің

ұйымдастыру-құқықтық түрлерін және оның

депутаттарының мәртебесін бекітеді.

5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын

Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкімет пен Премьер-министрдің құзыретін

бекітеді.

6-бөлім. «Конституциялық

Кеңес» Конституциялық Кеңестің құқықтық

қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі

Конституция нормаларына ресми

түсіндірме беру болып табылады.

Әдебиеттер тізімі1. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. - Алматы: Онер, 1996. - 285 с.2. Назарбаев Н.А. День_Конституции_Республики Казахстан. http: //ru.wikipedia.3. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г. с изменениями и дополнениями от 21 мая 2007 г. - Алматы: Жеті Жарғы, - 2007.

top related