ertegi koyannin kalindigi

32
¡îÿííû¤ ¢àëû¤äûµû Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды

Upload: ernur-esenjolov

Post on 27-Jul-2015

91 views

Category:

Education


2 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ertegi koyannin kalindigi

¡îÿííû¤ ¢àëû¤äûµû

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»

бағдарламасы бойынша шығарылды

Page 2: Ertegi koyannin kalindigi

Ертедегі бір елде, шалғыны мол көк белде шағын ауыл болыпты. Ауылдың ауасы тәтті, алмасы шырын, тұрғындары еңбекқор екен. Осындағы бір үйде анасы мен қызы өмір сүріпті. Бір күні олардың бақшасына белгісіз бір ұрылар түседі. Сөйтсе,

ұры дегендері қарапайым қояндар екен! Тап берген үй иелерінен қорыққан қояндар жан-жаққа қашады. Тек арасындағы үлкен қоян

ғана орнынан қозғалмай тұрып қалыпты.

2

Page 3: Ertegi koyannin kalindigi

Кенет, күтпеген жерден: «Маған қалыңдық бола сың ба, сүйкімді қыз? Егер

келіссең, бақшаңа тиіс пеймін, бауырларыма да тыйым саламын» деп, қоян сайрап қоя жөнеліпті.

Таң қалған қызы мен анасы бұл ұсынысқа күліп жі-береді. «Қандай ақылға сый май тын ақымақтық! Мен

әлі кішкентаймын. Оның үстіне, қыздың қоянға тұр-мысқа шыққанын қай дан көрдің?!» – дейді қыз. Тек алған бетінен қайтпа ған қоян: «Мен сенің жауабыңды күтемін» деп, орамжапырақтың ортасына кіріп, жоқ болады!

3

Page 4: Ertegi koyannin kalindigi

Осыдан кейін бақша иелері күзетті күшейтіп, егістікті күн де тексереді. Сөйтіп жүргенде, жалғыз тұратын көрші кемпірдің үйіне қонаққа немере ұлы келеді. Өзі сондай сымбатты да сыпайы екен. Ол бақша күзеткен сүйкімді қызбен тез таны-сып, түрлі ойындар ойнап, тіпті сыр бөлісетін болады. Бірде қыз оған қоян туралы оқиғаны айтып берді.

– Қоянды неге ұнатпадың? – деп қызықтай сұ-ра йды бала.

– Мен қоянға емес, ханзадаға тұрмысқа шы-ғамын, ал қояндардың иісі маған ұнамайды! – деді қыз

бұртиып.

4

Page 5: Ertegi koyannin kalindigi

– Жарайды, онда ертең екеуміз бақшаны қояндардан қорғайтын қоршау жасайық.

Баланың бұл ұсынысы қызға ұнайды. Ертеңіне балалар ерінбей еңбектеніп, нәтижесінде мықты қоршау дайын болады. Сүйкімді қыз сүйсіне қарап, қуанып тұр.

– Енді қояндар бақшаға кіре алмайды! Саған үлкен рақмет. Жүр, үйге кір, – дейді қыз досын қонаққа шақырып.

5

Page 6: Ertegi koyannin kalindigi

Екеуі асқа отыра бергенде, қыз баладан қоян-ның киімін киіп, билеп беруін өтінеді.

– «Доспын» дейсің, өзің мені қоянға айналды-рып, келеке еткің келеді! – деп ренжиді бала.

– Сені мазақтағым келген жоқ. Осылай-ша қояндардан өшімді алсам деп едім, – дейді қыз.

Өкпелеген бала үйіне кетіп қалады. Достар бірін-бірі бірнеше күн

көрген жоқ.

6

Page 7: Ertegi koyannin kalindigi

Бір түні ұйықтай алмаған қыз бақшаға шықса, бая ғы үл-кен қоян тағы келіпті. Қыз оған ашуланып, ұрысады. Қоян:

«Менің қалыңдығым бол» деп, орамжа пы рақ тың ортасына кіріп, жоқ болады.

7

Page 8: Ertegi koyannin kalindigi

Таңертең анасы мен қызы бақшаны айналып, қоян ның кіретін жерін іздейді. Бірақ қоршау бұ зыл-ма ған, саңылау да жоқ. Қыз баладан көмек сұрайды. Сөйтіп қайта та ту ласқан достар бірге жүріп, қоян кіретін інді табады. Түнде қыз іннің тұсына қақпан қояды да: «Енді арсыз ұры бақшаға тағы кіретін болса, қақпанға түседі!» деген оймен төсе-гіне келіп жатады. Ұйықтап жатып ол түс көреді. Түсінде бір сұлу ханзадамен билеп жүр екен. Сол кезде қатты дауыстан қыз шошып оянады. Жүгіріп бақшаға келсе, қақпанға қоян түсіпті.

8

Page 9: Ertegi koyannin kalindigi

– Сүйкімді қыз, аяғым ауырып барады. Мені қақпаннан босата гөр, әйтпесе қазір жан тапсырамын, – деп жалынады қоян.

Қыз оны аяп кетеді. Қақпанның ауызын ашқаны сол екен, есінен тана құлайды. Ал қоян қашып кетеді.

9

Page 10: Ertegi koyannin kalindigi

Күн сәулесі көзіне түсіп, шұғы лаға шомылып оянған қыз кешегі

оқиғаны «түсім» деп ойлай-ды. Және досына айтқанша асы ғып, көршінің үйіне қа рай жү гіреді. Келсе, бала төсек

тар тып жатып қалыпты. Жа-быр қаған қыз жасқана қарап:

– Саған не болды? – деп сұрайды.

– Шатырды жөндеймін деп құлап қалдым, енді

бірнеше күн жүре алмайтын шы ғар-мын.

10

Page 11: Ertegi koyannin kalindigi

– Саған қандай көмек керек?– Орамжапырақты аяғыма байласаң, тез жазыламын.Қыз жүгіріп бақшасына келеді. Қараса, тапа-тал түсте

бақшада қояндар жүр. Қыз ашуланады.Қояндар ханзадаларының ауырып қал ға нын, жа-

зылу үшін орамжапырақ керек еке нін айтады. – Жарайды, алыңдар, – дейді қыз.Қояндар қызға орамжапырақты өзі алып

ба руы керектігін айтады, бірақ қыз «бар май-мын» деп бас тар тады.

11

Page 12: Ertegi koyannin kalindigi

Қыз орамжапырақтың біреуін үзіп алып, досына қайта оралады да, оған болған жайды айтып береді. «Қояндардың хан задасы қандай болады екен? Мүмкін оның құлағы өз-ге лер ден ұзын, үлпілдек кеудесінде тұмары бар шығар» деп достар мәз-мейрам болады.

12

Page 13: Ertegi koyannin kalindigi

Күн артынан күн, түн артынан түн өтіп жатады. Қыз бен баланың достығы арта түседі. Бала емделіп жазылған соң, екеуі қайта бірге ойнайды. Бірде бала:

– Біздер есейген соң, маған қалыңдық боласың ба? – деп сұрайды.

– Мен тек ханзадаға тұрмысқа шығамын! Ал сен менің жай досымсың ғой, – дейді қыз күліп.

Осылайша ұзақ уақыт қонақ болған баланың өз үйіне қайтатын күні де келіп жетеді.

13

Page 14: Ertegi koyannin kalindigi

Достар қимай қоштасады. Қыздың көңілі қатты құлазиды. Күні бойы бақшада анасына көмектесіп, досымен кездесетін келесі жазды асыға күтеді. Осы кезде оны баяғы қояндар қайта

іздеп келеді:

14

Page 15: Ertegi koyannin kalindigi

– Сұлу қыз, біздің ханзаданың қалыңдығы болшы! Біз сені патша-лық қа алып кетеміз!

– Сендер неге мені жайыма қал дыр-майсыңдар? «Ешқашан қоянға тұр-мыс қа шықпаймын» деп айттым емес пе?! Мен үшін әлемдегі ең қым бат жан – өзімнің досым! – дейді қыз налып.

15

Page 16: Ertegi koyannin kalindigi

Қояндар тағы кетіп қалады. Ал қыз ән салып жүріп, бақшаны бабына келтіреді. Қиялдаған сайын алыстағы

арман жақындай түс кен дей. Бойжеткен кезін ойласа, үлкен үйдегі бақытты өмі рі елестейді. Сол кезде

бір қоян орам жапы рақтың орта сы нан атып шығып, ханзаданың қалыңдығы болса, хан

сарайында тұратынын, бал жеп, сәбіз шы-рынын ішетінін айтады.

16

Page 17: Ertegi koyannin kalindigi

Қыз: «Маған ондай ханзаданың қажеті жоқ!» деп оны қуып жібереді. Дегенмен, қояндар өз дегенінен қайтпаған екен. Бір күні аспанды қара бұлт басып, түн қоюлана түскенде, қалың ұйқыда жатқан қызды ұрылар қапқа салып, алып қашады. Қатты бұлқынып, қаптан босап шыға алмаған қыз,

енді ұрыларға жалына түседі. Бірақ қояндар орманнан ұзап, қызды үйінен жыраққа

алып кете барады.

17

Page 18: Ertegi koyannin kalindigi

Қояндар ұзақ жүріп, қызды өз патшалы-ғына алып келеді. Қаптан шығарып, бір бөл меге кіргізеді. Қараса, сол бөлмеде қол-аяғы байлан ған досы отыр екен. Сол кезде қояндардың бірі:

– «Досымнан артық қымбат жан жоқ» деген едің. Енді ол аман бол-сын десең, біздің хан задаға тұрмыс қа шығасың! – дейді.

Қояндар баланы бірнеше күн бойы қамауда ұстап отырған екен. Қоянға

18

Page 19: Ertegi koyannin kalindigi

қалыңдық болғысы келмеген қыз жылап жібереді, бірақ бәрінен бұрын ол досы үшін қайғырады.

Ешқандай да ханзада қажет емес, тек досы жанында болса жеткілікті екенін де енді түсінген сияқты.

Осылай қояндар қызға қатаң шарт қойып, бөлек қамап қояды. Ертесіне бір қоян той көйлегін алып келіп:

– Мына көйлекті ки! Күн ұясына батқан кезде, сен ханзада қоянның қалыңдығы боласың! – дейді.

Досын құтқаруды ойлаған қыз амалсыз келіседі.– Қазір ас үйге барамыз. Сен орамжапырақ қайна-

т ып, тойға ас әзірлейсің. Ал мен тойға қонақтарды шақырайын, – дейді қоян.

19

Page 20: Ertegi koyannin kalindigi

Сөйтіп қоян қызды жұмысқа салады.– Ханзаданың өзі қайда? Кімнің қалыңдығы болғанымды

көрсем деп едім, – дейді қыз.Сонда қоян:– Ол – қояндардың арасындағы ең сұлу да сымбат-

тысы! Екеуің бақытты боласыңдар! Оның құлағы бәрінен де ұзын! Өзі әрі батыл, әрі күшті, – деп

тамсанады. – Сен ойыңды бөлмей, тағам әзірле. Мен тезірек той қамына кірісейін.

20

Page 21: Ertegi koyannin kalindigi

Қыз жылап жүріп ас әзірлейді. Дастарқан дайын болған соң, той көйлегін киеді. Айнаға қараса, әдемілігі одан сайын арта түсіпті. Әсем көйлек өзін одан әрі құлпыртып жібергендей. Басқа кез болса, мұндай сыйға тек қуанар еді. Бірақ мына жағдайда оның көңілін жаңа көйлек те көтере алмады. Осы кезде бір қоян кіріп, қонақтардың жиналғанын айтады да, қалыңдықтытой алаңына ертіп шығады. Тойға патшалықтағыбар қоян жиналыпты. Некелерін қию қарғаға жүктеліпті. Куәгері – түлкі. Ханзада дегені сол бая ғы үлкен қоян екен.

21

Page 22: Ertegi koyannin kalindigi

Сонымен не керек, үлкен қоян мен қыз некелеседі. Қонақтар қол соғып, қуаныштарын білдіріп әлек. Тек қыздың көзінен жас тыйылар емес.

– Неге жылайсың? «Ханзадаға тұрмысқа шықсам» деп армандаған өзің едің ғой! – дейді қоян қалыңдығына қарап.

– Маған ханзада керек емес, досымды босатыңдар! – дейді жас қалыңдық қайғыға булығып.

Қыздың бұл көңіл-күйі қоянға ұнамайды. Сондықтан ол көңілсіз қалыңдығын қайта қамап, өзі той той лауға

шығып кетеді.

22

Page 23: Ertegi koyannin kalindigi

Ал сүйкімді қыз, ең бастысы – досының аман қалғанын ойлап, өзін жұбатумен отырады. Кенет есік сықырлап ашылғандай болады. Қараса, досы байлауды амалын тауып шешіп, қа шып шығып, қызды іздеп келіпті.

– Сені әрең таптым ғой! Қояндар көрмей тұрғанда, тезірек қашып кетейік! – дейді бала құшақтай алып.

Қызға патшалық та, ханзада да керек емес екен. Әсем көй-лек ті көргісі жоқ! Қуанған ол өз көйлегін киіп, досы екеуі қол

ұстасқан күйде үйлеріне қарай жүгіре жөнеледі.

23

Page 24: Ertegi koyannin kalindigi

Ал тойдан қайтқан ханзада түнделетіп үйіне келсе, қалыңдығы қашып кетіпті. Ол құлағын қасып тұрып:

– Ханшайым болғысы келген қыз қоянға да тұрмысқа шығады, бақытты болғысы келген ару сүйгенімен бірге болады, – деп

күбірлейді.Қоян қыздың өзін ұнатпағанына өкінеді. Ешкімді де қинап қалыңдық етуге болмайтынын түсінеді. Сөй -

тіп бұл оқиғаны тез ұмытуға тырысқан ол дос та ры-мен бірге қайта көңіл көтеруге аттанады.

24

Page 25: Ertegi koyannin kalindigi

Жауабы: 1-г, 2-в, 3-а, 4-ә, 5-б.

1

а

2

ə

3

б

4

в

5

г

Әр�айсысыны� көле�келерін тап.СәйкестендірСәйкестендір

25

Page 26: Ertegi koyannin kalindigi

Диалог құрДиалог құр

26

Page 27: Ertegi koyannin kalindigi

Айырмашылығын тапАйырмашылығын тап

27

Page 28: Ertegi koyannin kalindigi

БоямақБоямақ

28

Page 29: Ertegi koyannin kalindigi

46

472

1

4 5

3

6

7

8

9

11

10

1213

1415

1617

18

19

20

21

222324

25

27

2829

26

30

32

31

33

34

36 35

37

3839

40

4142

43

44

45

Ғажайып нүктелерН�ктелерді бір-бірімен сызы� ар�ылы �ос,

шы��ан суретті боя.

Ғажайып нүктелер

29

Page 30: Ertegi koyannin kalindigi

Кейіпкерлерді тап

Кейіпкерлерді тап

30

Page 31: Ertegi koyannin kalindigi

Әр �оянны алдында �анша орамжапыра�тан бар?

Жауаптарын жаз.

Жұп санЖұп сан

31

Page 32: Ertegi koyannin kalindigi

Тігінен:

1. Ба�ша өнімі.

Сөзж мба�ты шеш:

Жауабы:

Т

1

О

Б

Қ2 1

4

Х3

Қ5

Қ6

ОРАМЖАПЫРАҚЗ Ы

Ш О ҚУ А

Д

Л БА

ХА А З Н

ЯН Қ

Көлдене�інен:

2. �ры;3. К�йеу жігіт;4. �ызды� көмекшісі;5. �ыз бен бала жаса!ан зат;6. Ертегіні� басты кейіпкері.

СөзжұмбақСөзжұмбақ

32