ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН /НАУКА И...

255
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ 1 Ғылыми басылым Научное издание Халықаралық ғылыми-білім беру конференция материалдарының жинағы Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции Петропавл, 2016

Upload: others

Post on 03-Nov-2019

70 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    1

    Ғылыми басылым

    Научное издание

    Халықаралық ғылыми-білім беру конференция материалдарының жинағы

    Сборник материалов

    Международной научно-образовательной конференции

    Петропавл, 2016

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    2

    ӘОЖ 001

    КБЖ 73

    Қ 16

    Редакциялық кеңес:

    Печерица В.Ф. - т.ғ.д., профессор(төраға)

    Джуасбаев Б.Д., Алибаев Е.А., Алибаева Л.М.

    Конференция өткізуге жауаптылар:

    Алибаев Е.А., Алибаева Л.М.

    Қ 16 «Ғылым және қазіргі заман»: атты мақалалар жинағы/Петропавл,

    2016. - 255 б.

    ISBN 978-601-275-641-8

    Бұл ғылыми басылым 2016 жылдың 23 қыркүйегінде өткен

    «Ғылым және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-білім беру

    конференция материалдарының жинағы болып табылады.

    Жинақ ұстаздар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының

    педагог қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер,

    студенттер, магистранттар, PhD докторанттарының (аспиранттар) ғылыми

    тәжірибесі, зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.

    Жас ғалымдарға арналған.

    ӘОЖ 001

    КБЖ 72

    ISBN 978-601-275-641-8

    «Білім-Образование-Education» РҒПО қарасты баспа орталығында

    беттеліп, басылды. Басуға 21.05.2016ж. қол қойылды. Пішімі 60х84/16.

    Қаріп түрі Times New Roman. Ризографиялық басылыс. Көлемі 10,75

    шартты баспа табақ. Таралымы 100 дана.

    15000, Петропавл қаласы, Бостандық көшесі, 11/11

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    3

    Биологиялық ғылымдар

    Биологические науки

    Назерке Бакенбаевна БАККАРАЕВА,

    «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі»,

    жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы

    Петропавл қ., Қазақстан Республикасы

    АНТРОПОТЕХНОГЕНДІ АУМАҚТАРДЫҢ ЗАМАНАУИ

    ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    Түйін

    Мақалада Қазақстан аумағында көбіне кәсіби патологиялық аурулар

    антропотехногенді аумақтардың экологиялық-гигиеналық жағдайларынан

    туындайтын мәселелер қарастырылған. Еліміздің пайдалы қазбаларынан

    туындайтын аурулардың түрлері, табиғатқа келтіретін зиянды заттардың

    қауіптілігін көрсеткен. Автор заманауи әлемде осындай экологиялық

    олқылықтардың алдын-алу шараларын ұсынады.

    Аннотация

    В данной статье рассмотрены вопросы (проблемы)профессиональных

    патологических болезней, возникающих из-за экологическо-гигиенической

    ситуации в антропогенных районах. Показаны виды болезней ,возникших из-за

    полезных ископаемых нашей страны. Она подчеркивает всю опасность вредных

    веществ, влияющих на природу и человека. Автор вносит идеи

    профилактических мер по устранению экологических недостатков в

    современном мире.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің

    халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық – әлеуметтік биіктерге

    көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі туралы және

    Жолдаудағы « Қазақстан азаматтарының денсаулығы , білім мен әл-ауқаты»

    бағдарламасы халқымыздың ойына ой салғаны анақ. Шынында да

    «Денсаулық- зор байлық» деп бекер айтпаса керек. Әрине денсаулықтың

    жақсы болуы әр адамның өзіне байланысты. Әйтсе де адам денсаулығына оны

    қоршаған ортаның, ауанынң, тамақтың, судың құрамының лас болуы бәрі

    адам денсаулығына әсерін тигізетіні сөзсіз. Өйткені адамның өмірі, болашақ

    ұрпақтарының өмірі табиғат экологиясына бағынышты. Дүниежүзілік

    денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, адам денсаулығының 40

    проценті экологияға,40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты ал,

    18-20 проценті ғана дәрігерлік – медициналық көмекке тәуелді екен.

    Сондықтан да адамдардың өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    4

    ортаның ластануы салдарынан науқастар саны жылдан- жылға өсіп отырғаны

    рас.

    Көбіне кәсіби патологиялық аурулар антропотехногенді аумақтардың

    экологиялық – гигиеналық жағдайларына байланысты туындайды. Осыған

    байланысты Қазақстан аумағында көптеген мәселелер туындап отыр. Еліміз

    пайдалы қазбаларға өте бай. Қазақстанда дүние жүзіндегі хром қорының–30%

    , уран мен марганецтің – 25%, қорғасынның–19 %- ы, мыс пен темірдің -10%-

    ы кездеседі. Қазір дүние жүзінде шикізат көздері ретінде 55 түрлі химиялық

    элемент кеңінен пайдаланылады. Соның Қазақстанда 39-ы өндіріледі екен.

    Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған

    мемлекеттің бірі. Еліміз аумағының 60 % – дан астам алқабы экологиялық

    апатты аймақтарға жатады. Енді осыларға жеке тоқталып өтсек: Ресми

    деректор бойынша: Қазақстан жерінде түрлі зиянды қалдықтардың мөлшері

    30 млрд.т-ға жеткен. Осы қалдықтардың ішінде: 6,7 млрд т-сы улы қалдықтар.

    Мұндай улы қалдықтардың еліміздің табиғатына және адам денсаулығына

    қаншалықты зиянды екендігі айтпаса да түсінікті.-Ауыл шаруашылығындағы

    пестицидтер « сатуризм» немесе қорғасынмен улану, қан аздық, бүйректің

    зақымдануы ,жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану , түсік тастауды

    тудырады;-Тас көмірдің шаңы химиялық тыңайтқыштар , пластмассаның

    қалдықтары,темекі түтіні бүйректе жиналады , жүйке жүйесін ,жыныс

    мүшелерін, тыныс алу жүйесін зақымдайды.- Ағзаға тамақпен не тері арқылы

    енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары – Автокөліктер шығаратын

    газдарда , аллергия , артрит ,көру нашарлайды, бүйрек аурулары , иммундық

    қабілеті төмендейді, буын аурулары , ой қабілеті төмендейді. Арнаулы түрде

    жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда қалай болса солай

    шашылып – төгіліп жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары

    республикамыздың әрбір қалаларымен елді мекеңдеінің айналасынан

    табылады. Осындай қауіпті кедегілер тікелей халық денсаулығының жай-

    күйіне қауіп төндіруде. Міне, осыдан келеңсіз жағдайлардың мәселелері

    туындайды. Бірақ айта кету керек, бұл келеңсіз мәселелер бүкіл Қазақстан

    халқының проблемасына айналып отыр. Әрине бұл мәселелердің түйіні бір

    адамның қолынан келмейтін іс «Жұмыла көтерген жүк ауыр.»

    барлығымыздың ортақ міндетіміз. Қазіргі уақытта тұрғындардың тұрмыс

    тіршілігін жақсарту үшін қолайлы ортамен қамтамасыз ету және қаланың,

    ауылдардың елді мекендердің санитарлық және гигиеналық жағдайын

    жақсарту мақсаты тұр. Өйткені ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарда

    асқынып тұрған, тыныс алу мүшелерінің ауруларымен,онкологиялық

    аурулармен, жүрек-тамыр жүйесінің ауруларымен, неврологиялық және тағы

    басқа аурулармен ауырған науқастардың жоғары деңгейі байқалады.

    Қазақстан аумағында Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар

    аудандары мен басқа облыстардың таулы аудандарындағы тұрғын және

    қоғамдық ғимараттарда радон мен оның ыдыраған өнімдерінің таралуы

    қолданыстағы гигиеналық нормативтердің көрсеткішінен ондаған есе артық.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    5

    Сондықтан, халық денсаулығы жай-күйінің өлшеміне елдің

    экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, халықты сауықтыру жөніндегі

    іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру үдерісінде басым сипат берілуі тиіс.

    Экологиялық проблемалардың пайда болуына антропогендік факторлардың

    әсері бар екенін бәріміз білеміз. Айта кету керек, бүгінгі таңда адамзат

    алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе-биосфера тіршілігін тұрақты

    ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі бүгінгі

    күннің мәселесі болып қалмақ. Ғылыми деректер бойынша Қазақстандағы –

    Арал, Семей;Байқоңыр, Балқаш, Каспий антропогендік фактор әсерінің

    нәтижесі. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді

    орындау қажет: -«жасыл экономиканы» дамыту; -қоршаған орта

    құрамдауыштары мен денсаулыққа антропогендік әсерді төмендету, -табиғи

    экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, -қоршаған орта сапасын басқару

    жүйесін дамыту және жетілдіру. Кез келген аумақтың мынадай экологиялық

    мәселелері бар: -атмосфералық ауаның, -су ресурстарының ластануы, -өндіріс

    және тұтыну қалдықтарының жиналуы, -биологиялық әртүрлілікті сақтау

    болып қалуда, ауаның автокөлікпен ластануы Алайда еліміздің бірқатар

    аймақтарында тұрғындар жақсы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген,

    кейбір қалалардың ауа бассейндерінде денсаулық үшін зиянды заттардың

    шоғырлануы белгіленген нормативтерден бірнеше есе артады. Осыдан

    адамның тіршілік етуіне қолайлы (оптимальды) орта тудыру жөнінде мәселе

    туындайды. Дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек,

    ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа

    құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық

    мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында

    тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық

    жауатыны да байқалады Әрине қоғамның экологиялық мәселелері заманауи

    әлемде өзекті шешулердің бірі болып отырғанын білеміз, сондықтан ауқымда

    өткізілетін әлеуметтік-экологиялық мәселелерге қолдау көрсетіп, бұлақ көзін

    ашу, ағаш отырғызу, өмір сүріп отырған аумағымызды көріктендіру секілді

    шараларға белсенді атсалысу біздің міндетіміз. Айта кету керек, бүгінгі таңда

    адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе-биосфера тіршілігін

    тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау бүгінгі

    күннің басты мәселесі болып қала бермек. Сөзімнің соңында айтарым,

    адамның бірінші байлығы – денсаулық. Демек, қоршаған ортаның

    экологиялық дағдарысқа ұшырауы адам денсаулығына орасан зиян

    келтіретінін анық білеміз. Сондықтан экологиялық зиянды факторларды

    болдырмас үшін мынадай мүмкіндіктер орындалса: экология

    заңнамасы(кодексі), экологиялық нақты бағдарлама(жүйе), экологиялық білім

    жүйесін балабақшадан ұйымдастыру (жоспарлау), экологиялық қауіпсіздікті

    қамтамасыз ету, табиғатты қорғау бағдарламалары ұйымдастырылып , заң

    жүзінде бекітілсе. Еліміздің сұлу да ғажайып тылсым сырларға толы

    табиғатын сақтап қалу бәріміздің ортақ ісіміз. Тәуелсіз Қазақстан

    азаматтарының басты мақсаты.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    6

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Артамонова В.Г, Артамонов Н.Н, Шаталов Н.Н. Кәсіби аурулар. –М.,

    Медицина, 1988. Кәсіби аурулар. / Л.А. Зорина, М.И. Даулетбакова.-Алматы,

    1990-372б.

    Алия Сайрановна БАКТУБАЕВА,

    Химия-биология бағытындағы НЗМ, биология пәнінің мұғалімі

    Петропавл қ., Қазақстан Республикасы

    «ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ»

    Түйін

    Мақалада Қазақстанның экологиялық проблемалары және су

    экожүйелерінің экологиясы қарастырылған. Соңғы жылдары өңделмеген

    сарқынды сулардың көлемін азайту арқылы су ластануының төмендеуі жоғары

    қарқында. Антропогендік су ортасының ластануы және оны жетілдіру деңгейін

    төмендету үшін тиімді шараларды жүзеге асыру қажет.

    Су экожүйелері мен олардың өзгермелі тұрақтылығын токсинді заттармен

    ластану әсерінен және оны төмендету туралы жағдайды қалыптастыру.

    Су экожүйесінің жаңа модификациясының дамуы экожүйе сукцессия

    заңдылықтарының токсиндік заттармен ластануының төмендеуін қарастырады:

    неғұрлым оның модификациялары тұрақты болса, соғұрлым табиғи құрылымы

    ерекше.

    Аннотация

    В статье рассмотрены экологические проблемы Казахстана, а также

    экология водных экосистем. В последние годы наблюдается незначительное

    снижение стабильно высоких показателей загрязнения водоемов за счет

    сокращения объемов неочищенных стоков. Необходима реализация

    эффективных мер по снижению общего уровня антропогенного загрязнения

    водной среды и ее оздоровление.

    Рассматривается формирование представления об устойчивости водных

    экосистем и их изменчивости под воздействием токсичного загрязнения и его

    снижения. Показано, что развитие новой модификации водной экосистемы после

    снижения токсичного загрязнения согласуется с закономерностями сукцессий

    экосистем: от природной через критическую стадию к более стабильной ее

    модификации, но отличной по структуре от природной.

    Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

    Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

    Судың біз біле тұра маңызын,

    Көп болған соң ұмытамыз қадірін

    Т.Есімжанов

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    7

    Су экожүйесі гидроэкологияның негізгі объектісі болып есептеледі. Тірі

    ағзалардың өзара және қоршаған ортамен байланысы зат, энергия, ақпарат

    алмасу арқылы жүреді.

    Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді.

    Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық

    ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа

    соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар

    аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз

    жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда

    адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп

    отыр.

    Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек

    әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың

    концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның

    жоғарлауына әкеліп соғады.

    Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және

    машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне

    байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

    Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның

    көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып,

    жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен

    жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл

    шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің

    қамымен басқа жерлерге көшеді.

    Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.

    Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И.

    Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні

    жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды

    бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі

    істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп

    тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді.

    Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң

    дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы

    жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің

    ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған

    ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы

    және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына,

    қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды.

    Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап

    аурулардың түрлері және саны көбейді.

    Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты

    қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен,

    адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу

    керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    8

    орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын

    өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет.

    Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе

    көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы,

    экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында,

    қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз

    қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік

    көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан

    мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері

    мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне

    жеткізу өте маңызды.

    Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін

    тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым

    саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын

    кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап

    барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз

    ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын

    дайындауға мүмкіндік аламыз.

    Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал

    кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама

    мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр.

    Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.

    Мектепте интеграцияланған білім беру бағдарламасына байланысты, алынған

    үш негізгі пәндер «Биология, математика, информатика» курсы бойынша

    құрастырылды.Аталған курс жалпы білім ұйымдарының 7-8 сынып

    оқушыларына байланысты жүргізіледі. Курстың тақырыбы «Су экожүйесінің

    экологиясы».

    Арнайы курс кіші су қоймаларының (өзендер, көлдер) экожүйесін оқып білуге

    арналған. Оқыту процесі кезінде оқушылар су қоймаларының флора және

    фаунасымен танысады, биоалуантүрлілікке сандық және сапалық сипаттама

    береді және зерттеу жұмыстың нәтижесін жасалынған веб- сайтта көрсетеді.

    Курстың мақсаты: су экожүйесінің құрылысын су қоймалары экожүйесінің

    мысалында сипаттау және өз зерттеу жұмыстарының нәтижесін интернет- сайтта

    жариялау.

    Міндеттері :

    1.Синэкология бөлімінің негіздерін қайталау: «экожүйе», экожүйенің

    құрылымы, қоректік тізбектер;

    2.Далалық зерттеулер әдістермен танысу: жағалау флорасын жинау, фито- және

    зоопланктондар, су жәндіктерін жинау;

    3.Өсімдіктер және жануарлардың анықтамалармен жұмыстар істеп үйрену;

    4.Биоалуантүрліліктің сандық әдістерімен танысу;

    5.Интернет-сайт құрудың негізгі әдістерін зерттеу;

    Негізгі курс материалын оқыту нәтижесінде оқушы біледі:

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    9

    •әртүрлі экологиялық мәліметтер көздерімен жұмыс істей білу (оқулықтар,

    ғылыми және анықтамалар әдебиеті, сөздіктер, интернет) мәліметтерді талдау

    және бағалау;

    •Далалық зерттеулердің негізгі техникасын білу және оларды тәжірибеде

    қолдана білу;

    •Қазақстанның су экожүйесінде мекендейтін өсімдіктер мен жануарларды

    анықтай білу;

    •Табиғи бірлестік жағдайын бағалаумен сипаттамасына математикалық әдістер

    қолдана білу;

    •web-сайт-пен жұмыс істеу және оны тәжірибеде қолдана білу.

    Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі,

    Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық,

    табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен

    өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың

    жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.

    Қазақстан Республикасы: су қоры. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен

    жер асты суының таралуы және су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең

    алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың

    арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл

    ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі

    күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2–

    4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады.

    Экологтар еліміздегі ең көп ластанып жатқан өзендер қатарында Елек, Нұра,

    Іле, Ертіс, Сырдариямен қоса Есілді де атайды, оның жағдайы «орташа

    ластанған» дәрежеде деп бағалануда. Оған сеп те, себеп те болып жатқан тек

    өзіміз. Аймақта өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық секторының, тұрмыстық-

    коммуналдық саланың дамуы өзеннің осы салалардың қалдық суларымен

    ластануына әкелуде. Мәселен, биыл жазда Петропавл кәсіпорындары ластанған

    ағын суларын өз аймағындағы Есіл өзеніне ағызғаны анықталды. Қоршаған

    ортаға келтірілген шығын 6,5 миллион теңгеден асқан. Тексеріс қызметі қалалық

    ағын суды тазалауы тиіс кәсіпорынның су қоймасына жеткілікті тазартылмаған

    суларды ағызып, су ресурстарын өздері ластағанын көрсетті. «Тазартылған суды

    бөлістіру және су жіберу құрылғылары» мекемесінен 09.06. 2014 ж. алынған

    ағызылған ағын суды зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша фосфаттың нақты

    шоғырлануы белгіленген нормадан 2,36 есеге асып түскені анықталды.

    Есіл өзенінің елордадағы екі арнасы - Сарыбұлақ пен Ақбұлақ. Ақбұлақтың

    жағалауы қала тұрғындары серуендейтін абаттандырылған көрікті жерге

    айналды. Ал Сарыбұлақтың экологиялық жағдайы алаңдатады. Адамдардың

    мұнда тастаған қоқыстарымен ауыр металдар, улы заттар Есілдің суына түседі.

    Себебі, екі бұлақ та Есілге құяды. Сондықтан суларды ластанудан қорғау үшін

    олардың жағалауларында арнайы алаңдар жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ ағаш

    отырғызып, гүл егіп, лас судың ағынына қорған салу қажет.

    Әрі, Есілдің су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқару мен

    бақылау жүргізетін мекемелер тұрғындарға су жүйесін ластағандары үшін

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    10

    айыппұл салумен ғана шектелмей, Есіл экологиясына қатысты белгілі бір

    шаралар өткізу, өзеннің ластануының өздеріне тигізетін зардаптары туралы

    түсіндіру жұмыстарын жүргізуі аса қажет-ақ. Яғни су қорын пайдалану мен

    қорғауға, су нысандарын қалпына келтіру, суды пайдалануға рұқсат беру

    жұмыстарымен айналысатын олар өзеннің жай-күйіне әсер ететін өндірістік,

    ауыл шаруашылық факторлардың және тұрғын үйлер мен ғимараттардың,

    өндіріс орындарының қоршаған ортаға зиянын анықтап, оның жолын кесетін

    шараларды тиісті деңгейде үйлестіріп отыруы тиіс.

    Қазақстанның су корларына беткі сулардан басқа жер асты суы мен минералды

    су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі

    болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын

    пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт

    пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды,

    суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты

    суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына

    қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан,

    Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-

    курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.

    Су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау қағидалары:

    өзендер мен көлдердің ағын сулармен ластанудың алдын алу; жер беті суларын прогрессивті су қорғау технологияларына негізделген

    үнемді пайдалану;

    тазаланбаған өндірістік және комуникалдық-тұрмыстық ағын сулардың келіп түсуін болдырмау үшін прогрессивті технологиялар мен тазалау

    құрылғыларын енгізу;

    ауылшаруашылығында суды пайдалану нормаларын қысқарту; жерасты суларын үнемді пайдалану.

    Қорыта айтқанда, табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті

    экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет.

    Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана

    экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.

    Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара –

    табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою.

    Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен

    тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық

    ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық

    психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

    Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан

    біз табиғатты аялай білейік!

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. География Биология Экология орта мектепте 2008- 2011 ж.ж

    2. Биология және салауаттылық негізі 2007-2010жж

    3. Қазақстандағы жануарлар әлемі Алматы кітап, 2004ж.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    11

    4. Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматы кітап, 2004ж. 2012 ж.

    5. Микробиология 1-2 том Астана, 2011ж.

    6. Қазақстанның Қызыл кітап беттерінен Алматы кітап, 2004ж.

    7. Қазақстандағы экологиялық проблемалар http://kitaphana.kz/ru/

    8. Экология водных экосистем http://www.ecosystema.ru/

    9. Экологические проблемы малых водных экосистем http://bibliofond.ru/

    Алтынгуль ҚОЖАҚЫЗЫ,

    М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия, биология пәні мұғалімі

    Қарағанда қаласы, Қазақстан Республикасы

    БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-

    ТӘСІЛДЕРДІ

    ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ

    Түйін

    ХХІ-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша

    білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

    Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте

    дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік

    стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы

    оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде.

    Заманауи инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі

    қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі,

    баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, өз бетімен әрекеттену

    әдістерін меңгерту, танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр

    оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық

    оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

    Ұстаз өзі – әрдайым ізденуші. Әрбір сабақта жаңа технологиялады

    пайдалапы оқыту, міндетті түрде өз нәтижесін береді.

    Аннотация

    ХХІ век – век науки. Поэтому основательно идут изменения в сфере

    образование подрастающего поколоения.

    В эпохе развития науки и техники традиционное обучение в школе не может

    дать полное освоение учащимся основу наук на уровне государственного

    стандарта, это видно от результатов учебной деятельности.

    Основные правила педагогики современных инновационных технологий:

    гуманистический подход к детям; единство обучение и воспитание, укрепление,

    формирование и укрепление позновательных сил учащихся, обучение методам

    саморазвития, развитие позновательных и творческих способностей; обучение

    каждого ребенка по его способностей и возможностей; вести систематическую

    работу для развитие всех учащихся.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    12

    Учитель – это человек который непрерывно занимается поисками новых

    технологии и методов обучения. Применение новых технологии на каждом уроке

    непрменно дает свой результат.

    «Балаға күштеп білім беруден гөрі,

    баланың білімге деген құштарлығын ояту –

    ең маңызды мақсат»

    К.Д.Ушинский

    ХХІ-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша

    білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру

    жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,

    білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық

    желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан білім беру саласы да өзінің

    дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда.

    Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте

    дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік

    стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы

    оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-

    тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән

    сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты

    бағыт-бағдар берілуде. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде

    дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың инновациялық

    технологиялары пайда болуда.

    Заманауи инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі

    қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі,

    баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, өз бетімен әрекеттену

    әдістерін меңгерту, танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр

    оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық

    оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

    Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын

    меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық

    технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,

    рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі

    әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына

    көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технологияларын шығармашылық

    қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

    Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының бабына сәйкес

    мұғалімдер білім алушылар мен тәрбиеленушілер және тиісті мемлекеттік жалпы

    міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,

    шеберлік пен дағды алуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазіргі білім беру

    саласындағы оқытудың озық саласы технологияларын меңгермейінше сауатты

    жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру

    мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    13

    басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі

    дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

    Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп

    келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту,

    жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана

    тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен

    білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені, оқытудың әр

    түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі

    зерттеліп мектеп өміріне енуде. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары

    деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында

    сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл тәсіл

    оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа

    немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және

    әріптестерінен алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады

    деген тұжырымға негізделеді. Осыған орай оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда

    оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгеріп қана жетуге болады.

    Мектепте білім беруді жақсарту мұғалімге байланысты екені сөзсіз.

    Сондықтан да қазіргі мұғалімдердің білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуде.

    Соған орай білім берудің жаңа технологияларын (білім беруді ізгілендіру, ойын

    арқылы оқыту, өздігінен дамыту т.б.) мақсатқа сай қолдана білу қажет.

    Оқытудың заманауи технологиясын жете меңгеріп, оны оқушылардың

    жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.

    Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын

    меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

    Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани және де

    көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-

    тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеді. Жаңа технологияларды күнделікті

    сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған

    оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-

    мүддесіне байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа

    технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз

    мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше

    орын алады. Мұғалімдерге шығармашылық еркіндік берілуі. Әр сабақты сапалы

    беру, оның тиімділігін арттыру, ізденімпаз, шығармашылығына жол ашады.

    Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және

    интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлықты,

    ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі

    өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту

    бағыттарын талап етеді.

    Қазіргі әдістемеде заманауи иновациялық технологиялардың көптеген

    түрлері бар. Солардың ішінде оқу барысына кейбір элементтерін қолданып

    жүрген заманауи иновациялық әдіс-тәсілдерінің біріне - оқушылардың

    шығармашылық қабілетін, ұшқыр қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп

    саралап оқыту технологиясы.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    14

    Деңгейлеп оқыту технологиясы -

    оқушылардың даму деңгейінің біркелкі болуынан, олардың

    жеке қабілеттерінің әртүрлі болуынан сыныпта үлгермеушілер мен

    оқу үздіктері пайда болады. Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде:

    жаңа материалдарды беру, бекіту, қайталау, тексеру, бағалау кезінде деңгейлеп,

    саралап оқытуды ұйымдастыру тиісті. Деңгейлеп оқыту идеясының авторы

    Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларында да

    А,В,С-3 деңгейге бөлуді ұсынды. Деңгейлеп оқыту технологиясының басты

    артықшылығы: әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін

    қамтамасыз ететіндігі болып табылады.

    Оқытудың - «Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы» бойынша өткізілетін

    сабақты да жатқызуға болады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр

    бір оқушы өз ойын еркін жеткізеді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ойын

    сынайды, олар туралы өз пікірін ортаға салады, өз қорытындасын жасайды. Бұл

    әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқуыту

    әдістерін жетілдіруге, дамытуға, тиімділігін арттыруға көмектеседі.

    Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаса бойынша жүргізілген

    сабақтарда оқушы ізденуге, білімді тереңінен алуға, дәлелдер келтіруге,

    дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады. Жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін

    шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір

    сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.

    Бұл бағдарламаны өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдану барысында

    түсінгенім оқушылардың бірін - бірі тыңдап, құрметтеуі, бұрын үндемей

    отыратын оқушылардың сабақ барысында белсенді араласуы, олардың еркін

    сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Бұндай әрекет сабақтың

    барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. «Сын тұрғысынан ойлау»

    бағдарламасы арқылы оқытудың тиімді екенін атап айтуға болады.

    Ғылыми – техникалық прогресс заманында білім беруді

    демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларының бірі - оны

    ақпараттандыру.

    Оқу барысында ақпараттық технологияны қолдану өз нәтижесін беруде.

    Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған

    әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарда

    интерактивті әдіс-тәсілді пайдалана отырып жүргізу– бүгінгі күннің кезек

    күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

    Инновациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға,

    электрондық күнделік жүйесін, электрондық оқулықтарды, интерактивті

    құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту

    бағдарламаларына негізделеді.

    Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-

    жақты даярлайтын процестер болуы қажет.Сондықтан білім беру жүйесінде

    компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор.Өйткені компьютер адам қызметінің

    барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    15

    мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың

    компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.

    Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,

    іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын

    педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

    Білім беру саласында оқытудың заманауи озық технологияларын

    меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа

    технологияны меңгеру – мұғалімнің, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,

    рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі

    әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына

    көмектеседі.

    Заманауи жаңа технологиялардың оқу – тәрбие жұмысындағы негізгі

    мақсаты – оқушының барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді біліп,

    табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жаңдайда шешіп, іс-

    әрекет жасай алатын болуы керек. Жас ұрпақты білім беруде қоғамның

    әлеметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтардан,

    ұлттық дәстүр, рухани негізден бөліп қарауға болмайды. Осы орайда жаңа

    технологияның ұтымдылығы оқушының өздігінен білім алуға, үйренуге, өзін-өзі

    тәрбиелеуге ықпалы зор екендігін дәлелдеп отыр.

    Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге

    асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау

    жүйесінен өзгеше болады және оқушы жан-жақты ізденіп, дамиды.

    Кез-келген сабағың қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу

    жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де

    үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне

    жаңалық болуы тиіс.

    Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын

    басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық

    технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез

    ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты

    ете алады.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.«ҚР Білім туралы» Заңы.

    2. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту»

    Тұжырымдамасы.

    3. Р. Қ. Қарсыбаева. Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясының

    ерекшелігі. «45-Минут» №1 2009 ж.

    4. Әмір Ш.. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары // Қазақстан

    мектебі. – 2000. - № 5. - 13 б.

    5. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    16

    Географиялық ғылымдар

    Географические науки

    Марина Викторовна НИКИТЦОВА,

    КГУ «Смирновская средняя школа № 2»,

    учитель географии,

    Республика Казахстан

    ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНЫХ

    ТЕХНОЛОГИЙ

    НА УРОКАХ ГЕОГРАФИИ

    Түйін

    Заманауи жағдайда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың ролі

    сабақта және сабақтан тыс кезінде манызды. Сондықтан осы мақала маңызды

    болады. Ол мұғалімнің сабақ беруін түрлендіруге көмектеседі. Мақала география

    мұғалімдеріне арналады.

    Аннотация

    В современных условиях велика роль информационно-коммуникативных

    технологий на уроках и во внеурочной деятельности. Поэтому данная статья

    является актуальной. Она призвана помочь учителям разнообразить

    преподавательскую деятельность и повысить эффективность урока. Статья

    предназначена для учителей географии.

    Использование современных образовательных технологий является

    необходимым условием достижения качества современного

    образования. Школа должна не только сформировать у учащихся определенный

    набор знаний и умений, но и пробудить их стремление к самообразованию,

    реализации своих способностей. Необходимым условием развития этих

    процессов является активизация учебно-познавательной деятельности. Важная

    роль в решении этой задачи отводится новым информационным технологиям.

    Компьютер, как универсальное средство обработки, хранения и предоставления

    информации прочно вошел в нашу жизнь. Увеличивающиеся информационные

    потоки требуют нового уровня в обработке и осмыслении информации, быстрого

    и эффективного усвоения новых приемов ее представления. Ни для кого

    не секрет, что успеваемость школьника определяется и не только его

    способностями, но и мотивацией. Использование информационных технологий

    существенно повышает качество образования, так как обеспечивает:

    - внедрение новых форм представления информации.

    - расширение объема и достижимости информации.

    - применение новых форм урока.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    17

    Специфика географии как предмета заключается в том, что она содержит

    большой объем материала. Для того чтобы подготовить наиболее полный,

    интересный и современный урок географии, учителю необходимо переработать

    большое количество различных источников, начиная от энциклопедии и

    заканчивая газетами и журналами.

    Применение компьютера и интернета позволяет уменьшить количество

    используемой для подготовки литературы и сократить время поиска нужной

    информации. Чем чаще используешь компьютер в учебном процессе, тем глубже

    осознаешь практически безграничный диапазон его применения.

    Применение информационно-коммуникативных технологий на уроках

    географии не только облегчает усвоение учебного материала, но и способствует

    развитию способностей учащихся:

    - повышает мотивацию к изучению предмета;

    - активизирует познавательную деятельность учащихся;

    - способствует развитию мышления и творческих способностей;

    - позволяет наглядно увидеть изучаемые явления, процессы и взаимосвязь

    между компонентами природы.

    - помогает предоставить уникальные информационные материалы ( картины,

    видеофрагменты, звукозаписи).

    - позволяет преодолеть дефицит источников учебного материала;

    - формирует умения и навыки информационно-поисковой деятельности;

    - создает условия для эффективной реализации экспериментальных,

    исследовательских, проектных, игровых форм обучения;

    - позволяет быстро и объективно оценивать знания, умения и навыки;

    - повышает информационную культуру учащихся;

    - развивает самостоятельность.

    Информационно – коммуникативные технологии, применяемые на уроках

    географии, призваны направить внимание учащихся не на изучение

    разрозненных географических фактов, объектов и явлений, а на овладение

    способами работы с географической информацией, на формирование

    собственной аргументированной позиции, а также способствует созданию

    обстановки психологического комфорта.

    В зависимости от дидактических целей и специфики географии как

    учебного предмета можно выделить следующие виды ИКТ:

    - учебные;

    - тренажеры;

    - контролирующие;

    - демонстрационные;

    - справочно-информационные;

    - электронные учебники.

    1. Учебные программы направлены преимущественно на усвоение новых

    знаний. К таким программам можно отнести цифровые образовательные

    ресурсы.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    18

    2. Программы-тренажеры предназначены для формирования и

    закрепления умений и навыков, а также для самоподготовки учащихся.

    Использование этих программ предполагает, что теоретический материал уже

    усвоен.

    3. Контролирующие программы предназначены для контроля

    определенного уровня знаний и умений. Этот тип программ представлен

    разнообразными проверочными заданиями, в том числе в тестовой форме.

    4. Демонстрационные программы предназначены для наглядной

    демонстрации учебного материала описательного характера, разнообразных

    наглядных пособий (картины, фотографии, видеофрагменты). Их

    разновидностью можно считать географические интерактивные карты,

    презентационные программы.

    5. Информационно-справочные программы предназначены для вывода

    необходимой информации с подключением к сети Интернет.

    7. Электронные учебники - комплексные программы, сочетающие в себе

    большинство элементов перечисленных видов программ.

    В презентации для проверки знаний я использую триггеры – копки,

    нажимая на которые вы включаете выполнение каких-либо действий. Например,

    в начале или в конце урока вы предлагаете прочитать или записать текст, вставив

    пропущенные слова. Это могут быть определения понятий, описания процессов

    и т.д. Компьютерную презентацию можно использовать на протяжении всего

    урока или же на отдельном его фрагменте. В презентации можно вставлять фото,

    видеофрагменты, голосовое сопровождение, анимации. Благодаря мультимедиа-

    технологиям появляется возможность представить материал ярко и

    увлекательно.

    Презентация даёт большие возможности для организации проверки знаний –

    после выполнения задания можно дать правильные ответы и оценить степень

    выполнения.

    Презентации позволяют последовательно изучать тему, в ней может

    содержаться необходимая номенклатура, схемы и др. Ее можно использовать

    также индивидуально с каждым учеником. В качестве иллюстраций можно

    использовать фотографии местных географических объектов: возвышенностей,

    холмов, рек, родников и т.д. Презентация может заканчиваться тестом, который

    должны выполнить все и географическими задачами , направленными на более

    широкое знание предмета, смекалку. Работая индивидуально с презентацией,

    ученик выбирает свой темп, повторяет то, что забыл, выполняет задания в том

    темпе, который удобен ему.

    Использование на уроках различных анимаций также повышает

    эффективность обучения. Анимации дают возможность увидеть различные

    природные явления в динамике.

    Важную роль играют видеоролики. Они позволяют увидеть различные

    уголки планеты своими глазами. Видеоролики можно смотреть как

    самостоятельные фильмы, так и вставлять в презентацию.

  • ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН НАУКА И СОВРЕМЕННОСТЬ

    19

    Главное место в их ряду современных средств обучения занимают

    интерактивные карты. Они позволяют определенную территорию увидеть в

    различных масштабах.

    С помощью текстового редактора набираются тексты раздаточных

    материалов: списки географической номенклатуры, шаблоны характеристики

    географического положения, планы характеристики географических объектов.

    Учащиеся набирают тексты докладов, сообщений и рефератов.

    Электронные таблицы Excel используются для составления диаграмм при

    сравнении размера географических объектов и для выполнения некоторых

    практических работ.

    Интернет – одно из важнейших средств на уроке и во внеурочное время. С

    появлением Интернета ученики получили возможность находить информацию в

    сети и выполнять задания. Интернет дает возможность находить и использовать

    информацию непосредственно на уроке.

    Также мне нравится работать с тестовыми оболочками, которые позволяют

    проверить знания учащихся по определенным темам и сразу выставить оценку.

    ИКТ можно использовать в течение всего урока независимо от формы урока. Для

    изучения нового материала хорошо подходят цифровые образовательные

    ресурсы, слайдовые презентации, видеоролики, голосовое сопровождение,

    электронные учебники. Для опроса домашнего задания и закрепления – задания

    в презентациях, тестовые оболочки.

    Особый интерес представляют уроки по обобщению изученного

    материала. На таких уроках учащиеся могут защищать свои творческие работы

    по определенной теме. Такие типы работы учат детей структурировать материал,

    выбирать нужную информацию, развивает коммуникативные умения, умение

    оценить себя и партнера.

    Развитию самостоятельности учащихся ИКТ способствуют в ходе

    практических и самостоятельных работ.

    Обучающие работы проводятся под руководством учителя, который

    объясняет последовательность действий, контролирует и проверяет

    правильность выполнения.

    Развивающие работы нацелены на закрепление умений и навыков.

    Контролирующие работы проводят с целью контроля за тем, как учащиеся

    овладели необходимыми знан