МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген...

38
МАЗМҰНЫ Кіріспе...........................................................................................................................1 Облыстық Абай оқуларын өткізу ережесі................................................................ 2 Облыстық М.Мақатаев оқуларының ережесі...........................................................4 Мағжан оқуларының облыстық кезеңін өткізу ережесі..........................................7 Облыстық «Ақберен» байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі.....................9 8-11 сынып оқушыларының арасында «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» атты байқаудың өткізу ережесі.........................................................................................11 Жалынды ақын Махамбет Өтемісұлы шығармашылығының білгірлері............13 Облыстық «Ақберен» байкауының жұлдыздары..................................................15 Павлодарда М-Ж.Көпейұлы шығармашылығы білгірлерінің сайысының қорытындысы.............................................................................................................16 Павлодар облысының Мағжан танушылары..........................................................18 Қазақтың лирик ақыны - Мұқағали Мақатаев........................................................20 КӨЗ ҚАРАС Амренов Ә.Д. Ғылыми танымдық шығармашылық сайыстан кейінгі түйін....22 Ысқақ Б.Ә. Олимпиаданың мақсаты мен міндеті, оқу процесіндегі алатын орны........................................................................................................................... 25 АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕ Мұхаметжанова Р.Ж. Дарынды бала болашақ кепілі.........................................32 Окпина Б.М Ғылыми-зерттеушілік еңбекке баулу - оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың кепілі........................................................35

Upload: others

Post on 09-Jan-2020

28 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

МАЗМҰНЫ Кіріспе...........................................................................................................................1 Облыстық Абай оқуларын өткізу ережесі................................................................ 2 Облыстық М.Мақатаев оқуларының ережесі...........................................................4 Мағжан оқуларының облыстық кезеңін өткізу ережесі..........................................7 Облыстық «Ақберен» байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі.....................9 8-11 сынып оқушыларының арасында «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» атты байқаудың өткізу ережесі.........................................................................................11 Жалынды ақын Махамбет Өтемісұлы шығармашылығының білгірлері............13 Облыстық «Ақберен» байкауының жұлдыздары..................................................15 Павлодарда М-Ж.Көпейұлы шығармашылығы білгірлерінің сайысының қорытындысы.............................................................................................................16 Павлодар облысының Мағжан танушылары..........................................................18 Қазақтың лирик ақыны - Мұқағали Мақатаев........................................................20 КӨЗ ҚАРАС Амренов Ә.Д. Ғылыми –танымдық шығармашылық сайыстан кейінгі түйін....22 Ысқақ Б.Ә. Олимпиаданың мақсаты мен міндеті, оқу процесіндегі алатын орны........................................................................................................................... 25 АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕ Мұхаметжанова Р.Ж. Дарынды бала – болашақ кепілі.........................................32 Окпина Б.М Ғылыми-зерттеушілік еңбекке баулу - оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың кепілі........................................................35

Page 2: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

1

Кіріспе

Әрбір ұлттың, халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ тәрбиелеудегі талғамдары әртүрлі болғанмен, бәріне ортақ бір түпқазық - ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Жас ұрпақ - жеке адамның ғана емес, ұлт пен елдің ертеңі, болашақтың мұрагері.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Ұлттық салт-дəстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, əдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мəңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұл біздің рухани мəдениетіміздің бір парасы ғана», -деп атап көрсеткендей рухани құндылықтардан сырт қалып, бойкүйездене бастаған қоғамның бетін ұлттық даму арнасына бұрып, бағыттайтын кез жетті.

Зерделі ұрпақ тәрбиелеуде ғылыми – танымдық шығармашылық жұмыстардың алатын орны үлкен.

Алайда, облысымыздағы қазақ мектептеріндегі талантты балалардың қабілетін жетілдірудің біршама ілгерлеушілігімен қатар, кемшін түсіп жатқан тұстары да жоқ емес. Оны «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйытқы болуымен Павлодар облысы бойынша жыл сайын «Мәшһүртану», «Абай оқулары», «М.Мақатаев оқулары», «Мағжан оқулары», «Ақберен» байқауы және «Махамбет оқулары» облыстық кезеңдерін өткізіп отырады. Облыстық шығармашылық сайысқа аудан, қала және мамандандырылған мектептерден талантты оқушылар қатысып бақтарын сынайды. Мектеп оқушыларының белсенді түрде қатысуы, талаптанып, ізденіп жүргендердің саны жыл сайын арта түсуі көңіл көншітерлік жайт. Бұл оқушылардың ғылымға деген талпынысын көрсетеді.

Қазақ ақын, жазушыларының сан салалы шығармашылық қызметі заман талабынан туды. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына қажет деген тұстардың барлығын дерлік қазақ қаламгері өз туындыларында қамти алады. Сондықтан да әр кезеңдегі ұл мұратын тақырып ету – қазақ зиялыларының барлығына дерлік ортақ сипат болып табылады.

Осы кітапшада сіздер өздеріңізге қажетті мәлеметтерді оқи аласыздар.

Page 3: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

2

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында республикалық Абай оқуларын

өткізу ережесі

І.Жалпы ереже

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ХІХ республикалық Абай оқуларын өткізу ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласына, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленеді.

Осы ереже Абай оқуларының мақсаты мен міндеттерін, әдістемелік-ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ету, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін белгілейді.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы бірлесіп өткізеді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты-мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау, қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Абай оқуларының негізгі міндеттері-білім алушыларды ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

ІІ. Абай оқуларының қатысушылары

Абай оқуларына облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім

беретін ұйымдардың 5-11 сынып оқушылары қатысады. Команда 4 оқушы мен 1 жетекшіден құралады. Абай оқулары Абай мен Шәкәрім елінде өткізілгендіктен, тек Абай ауданынан жеке команда болып 4 оқушы қатыса алады.

Қатысушылардың жетекшілері Абай оқуларына келген сәттен бастап өтетін орынға дейін, өткізу уақытында және тұрғылықты орнына жеткізілгенге дейін қатысушылар үшін толық жауапты.

ІІІ. Абай оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Абай оқулары 4 номинация бойынша өткізіледі. -«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы-Абай және Шәкәрім

шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет. Қазылар

Page 4: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

3

алқасы бұл номинацияда оқушының Абай және Шәкәрім шығармаларын көп жатқа айта білуіне байланысты бағалайды.

-«Көңілім-әнді ұғады» номинациясы-оқушылардың өлең, ән, музыкалық өз шығармаларын орындау.

-«Ұлылар әлемі» номинациясы Абай мен Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.

Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылады. Оқушы бір тақырыпты таңдап 1 сағат 30 минут көлемінде эссе жазып тапсырады. Жазба жұмыстары тексерілгеннен кейін ең үздік эссе авторлары көпшілік алдында өз шығармашылығын оқып таныстырады.

Абай оқулары 3 кезеңге бөлінеді: 1 кезең-аудандық білім басқармаларымен өткізіледі; 2 кезең-облыстық қалалық білім басқармалары; 3кезең-республикалық қорытынды. Абай оқуларының соңғы қорытынды

кезеңіне әр номинация бойынша 1 қатысушыдан құралған команда қатыса алады.

Абай оқуларының өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру үшін республикалық ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті Абай оқуларының қорытынды кезеңінің өткізілу орнын белгілеп, дайындық жұмыстарын жүргізуде тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, конкурстың өткізу бағдарламасын, қатысушылардың тізімін бекітіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

Қазылар алқасының құрамы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан, білім беру ұйымдарының атақты мұғалімдерінен, жазушы журналистерден тұрады.

Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстық жұмыстарының білімі мен өнеріне талдау жасайды, ұйымдастыру және өткізу барысындағы мәселелерді талқылайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықайды.

ІV. Қорытындылау және марапаттау

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан

Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен, номинациялар бойынша «Дарын» РҒПО дипломдары мен грамоталарымен марапатталады.

Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

Page 5: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

4

Республикалық жалпы білім беретін оқу орындары

оқушылары арасында өтетін М.Мақатаев оқуларының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. М.Мақатаев оқуларының құрылтайшылары об-лыстық білім департаменті, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен басқарламары, жергілікті жер-лердегі білім ұйымдары болып табылады.

1.2. Осы ережелер республикалық жалпы білім бе-ретін оқу орындарының оқушылары арасында

өткізілетін М.Мақатаев оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.3. Республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары ара-сында өткізілетін М.Мақатаев оқуларының мақсаты мен міндеттері:

- республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары ара-сында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

- республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құд-реті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи та-нымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетаным-дары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

2. Мүшәйраның шарттары

2.1. М.Мақатаев оқуларына қатысатын оқушының жан-жанқты дарынды поэзи-яны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық талабы болуы шарт және облыстық байқаудың жүлдегері болу керек.

М.Мақатаев оқуларына қатысушы үміткер ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын жақсы білуі керек және кез келген өлеңін талдай алуы қажет. Сонымен бірге талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек.

2.2 «Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс-тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілік дәрежеде болуы тиіс (5-10 балл).

Page 6: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

5

2.2. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап ...» айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады (5-10 балл).

2.4. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» жатқа толық білуі керек. Оқушылар жеребе бойын-ша талдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға түседі.

2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты пайдалана оты-рып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал. (5-10 балл)

2.6. «Өлеңнен өрілген ой» айдарында үміткер берілген Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі. Мәселен «Көшеді өлең, немесе өшеді өлең» немесе «Шеше сен бақыттысын тербете бер, Құба талдан иілген бесігімді» деген тақырыптағы өлеңдерінен ой өрістету (5-10 балл).

2.7. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - сұрақ-жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойындағы «Жорға» ойыны секілді, 1 минутта 10 сұрақтың қаншасына жауап береді, әрі оның шешуі дұрыс екендігі ескеріледі. әр дұрыс жауап – 1 ұпай.

2.8. М.Мақатаев оқуларының соңғы кезеңіне қатысуға жолдама алған талап-кер толық мәліметті іріктеу комиссиясы республикалық ұйымдастыру коми-тетіне жібереді. Қатысушылардың аты-жөні бүркеншек атпен (псевдоним) берілуі тиіс.

2.9. М.Мақатаев қатысушы талапкер туралы 2 конверт болуы керек. 1 кон-вертте мына мәліметтер болуы тиіс: мүшәйраға қатысушының толық аты-жөні, мектебі, ауданы, оқитын сыныбы, 1 фотосуреті, бүркеншек аты. 2 кон-вертте жоғарыда айтылғандай ақын шығармашылығы бойынша жазған ғы-лыми-зерттеу еңбектерін жіберулері керек.

2.10. 1 конверт облыстық білім департаментінің жанынан құрылған ұйымда-стыру комитетіне, 2 конверт облыстық мамандар кәсібін дамыту институ-ты жанынан құрылған іріктеу комиссиясына жіберіледі.

2.11. М.Мақатаев оқуларына жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.

2.12. Облыстық, аудандық, қалалық, мектепішілік М.Мақатаев оқуларын өткізудің нақты мерзімін тиісті білім бөлімдері мен мекеме басшылары белгілейді.

2.13. М.Мақатаев оқуларының соңғы кезеңі, республикалық кезең Райымбек ауданы Қарасаз ауылында өткізіледі.

3. Қаржыландыру 3.1. Облыстық, аудандық, қалалық, мектепішілік М.Мақатаев оқуларын өткізудің 1-кезеңін қаржыландыруды тиісті білім органдары жүзеге асырады. 3.2. М.Мақатаев оқуларына қатысушылардың жолда жүруге байланысты шығындарын, орналастыруын жіберіп отырған мекеме көтереді.

Page 7: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

6

3.3. М.Мақатаев оқуларына қатысушыларды тамақтандыру, марапаттауға және жүлделері мен кеңсе заттарын сатып алуға байланысты шығындарын Алматы облыстық білім департаменті көтереді.

4.Жұмыс органдары 4.1.М.Мақатаев оқуларының шешуші соңғы кезеңін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру мақсатында облыстық білім департаментінің бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылды. 4.2. Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамына облыстық білім депар-таменті мен облыстық білім ұйымдарының қызметкерлері, тиісті аудандық білім бөлімдерінің жетекшілері енгізіледі. 4.3. М.Мақатаев оқуларының соңғы кезеңін өткізудің ұйымдастыру комитеті:

- М.Мақатаев оқуларының өткізудің жалпы тәртібін белгілейді; - тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады; - М.Мақатаев оқуларының қорытындысына талдау жасайды және жи-

нақтап қорытады; - М.Мақатаев оқуларының материадарын баспасөзге жариялауға береді.

2.14. Республикалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы – облыстық білім де-партаментінің директоры.

5.Қазылар алқасы 5.1. М.Мақатаев оқуларының қазылар алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерінен тұрады. 5.2. Қазылар алқасының құрамын облыстық ұйымдастыру комитетінің ұсынуы бойынша облыстық білім департментінің басшылары бекітеді. 5.3. Қазылар алқасы:

- талапкердің өнеріне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалай-ды;

- қатысушылардың өнерін бағалаудағы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. 2.15. Облыстық білім департаментіне М.Мақатаев оқуларының қорытындысы

бойынша есеп береді.

6.Жүлдегерлерді марапаттау 6.1. М.Мақатаев оқуларының ашылу және қорытындылануы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтеді. 6.2. М.Мақатаев оқуларының облыстық, аудандық, қалалық жеңімпаздары тиісті білім мекемелерінің дипломдарымен, ынталандыру грамоталарымен және ескерткіш сыйлықтарымен марапатталады. 6.3. М.Мақатаев оқуларының соңғы кезеңінің жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша, Алматы облыстық білім департаментінің 1, 2, 3 дәрежелі ди-пломдарымен, ынталандыру грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен ма-рапатталады.

Page 8: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

7

2.16. М.Мақатаев оқуларының шешуші кезеңінде 9 жүлделі орын бел-гіленеді:

- басжүлде; - 1 орын (екеу); - 2 орын (үшеу); - 3 орын (үшеу).

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Республикалық Мағжан оқуларының

облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ 1.Осы ереже жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін республикалық Мағжан оқуларын өткізу тәртібін айқындайды. 2.Байқау мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында, жалын-

ды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету. Міндеттері:

-мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау; - жаңа буынның зияткерлік пайым-парасатын арттыру; - дарынды оқушыларға қолдау жасау. 3. Байқауға қатысушылар: Республикалық Мағжан оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимна-зиялардың 5-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады. 4.Байқау шарттары: Мағжан оқулары үш бағыт бойынша өткізіледі: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін кон-курс басталғанға дейін ұсынуы қажет. «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары) 1 қосымша «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы. (өз шығармаларын орындау) Қосымша берілген тақырыпқа 4 жол өлең жолда-рын жазу. (Қатысушы өз шығармаларының жинағын алдын ала тапсыруы тиіс). 5. Мағжан оқулары төменде көрсетілген үш бағыт бойынша 3 кезеңде:

Page 9: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

8

1 кезең - аудандық кезең; 2 кезең – облыстық (қалалық) кезең; 3-кезең – республикалық кезең. 6. Облыстық оқуларда бірінші орын алған оқушылар конкурстың респуб-ликалық кезеңіне қатысады. Әрбір облыс 3 үміткер, яғни әр номинацияға 1 оқушыдан ұсынады. 7. Конкурстың әр бағыты бойынша бір «Бас жүлде»; алты жүлделі орын: 1 бірінші, 2 екінші, 3 үшінші орын белгіленеді.

8. Мағжан оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмы-старын Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады.

9.Мағжан оқуларының төрағадан, хатшыдан, алқа мүшелерінен тұратын қазылар алқасының құрамын облыстық ұйымдастыру комитеті бекітеді.

10. Білім беру басқармасы Мағжан оқуларының қорытындылары туралы есепті білім басқармасының сайтына орналастырады.

Облыстық Мағжан оқуларының «Толқынмен толқын сырласып...»

атты ІІІ номинациясына қойылатын талаптар

Мақсаты: Мағжан рухымен сырласа отырып, шығармашыл жастар ақынның рухани мұрасының қазіргі заман жастары үшін маңыздылығын өздеріне жаңалық ретінде ашады. Зерттеу аспектілері:

1. Поэзиялық туындыда танылатын жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтар;

2. Бүгінгі күн проблемасымен үндестігі; 3. Ақынның тілдік шеберлігі; 4. Суреткерлік шеберлігі; 5. Ақын поэзиясындағы символдық бейнелер т.б.

Зерттеуге ұсынылатын өлеңдер: «Жан сөзі» «Сүйемін» «Мен жастарға сенемін» «Шолпы» «Жел» «От» «Пайғамбар» «Бесік жыры» «Сағындым» «Толқын» «Жұлдызды – жүзік, Айды алқа ғып берейін» «Түркістан» Зерттеу жобасының құрылымы: Зерттеудің а) тақырыбы ә) проблемасы

Page 10: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

9

б) проблеманы шешудің болжамы в) пәні мен нысанасы г) мақсат, міндеттері д) әдіс-тәсілдері е) ақпарат көзіне талдау ж) оны шешудің жолдары з) алынған нәтижені талқылау, қорытындылау Зерттеу жобасына қойылатын талаптар:

- Ғалымдардың тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектерін «ұрлауға» бол-майды, цитата түрінде қолдануға ғана болады;

- Талдаулар бүгінгі күнгі жастардың танымы тұрғысынан ерекшеленуі ке-рек;

- Проблеманы шешуде автордың өзіндік көзқарасы танылуы керек; - Автордың Мағжан шығармашылығының бүгінгі күн үшін маңызын аша

білуі. - Жұмыс 7 минуттан аспауы тиіс.

Оқушыларды ақындық, шешендік

өнерге баулитын «Ақберен» республикалық байқауын

ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-

«Дарын» РҒПО) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Ақберен» республикалық байқауын өткізеді. Байқаудың қорытынды кезеңін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы наурыз айында Түркістан қаласында Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститетінің базасында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебептық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау т.б) шығармашылық қабілеттерін дайындау.

ІІ. Байқауға қатысушылар

Байқауға республикадағы арнайы мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Команда құрамына әр номинация бойынша 1 оқушыдан, барлығы 6

Page 11: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

10

оқушы 1 жетекші кіреді. Байқауға әр номинация бойынша облыстық байқауда жүлдегер атанған 6 оқушыдан құралған команда қатысады.

Байқау үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең -аудандық (қалалық), білім мекемелерінің ұйымдастыруымен Екінші кезең-облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен облыс орталықтарында өткізіледі. Үшінші кезең-«Дарын» РҒПО және Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастырумен жалпы командалық топтар сайысы түрінде Түркістан қаласында өткізіледі.

Байқау номинациялары 6 бағытта қаралады:

1.Шешендік өнер (шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу); 2.Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді); 3.Шығарма; 4.Ұлттық аспапта ойнау (домбыра, қобыз, жетіген және т.б); 5.Ақындар айтысы; 6.Ақындар мүшәйрасы;

ІІІ.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Байқауды үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру

комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамына қазылар алқасы, ғалымдар мен өнер зерттеушілері, мәдениет қайраткерлері, «Дарын» РҒПО-ның өкілдері, мамандары кіреді. Қазылар алқасы құрамының саны 13 адамнан аспауы қажет. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы байқауды жыл сайын жетілдіріп өзгеріс ұсыныстар енгізуге құқылы. Қазылар алқасы байқауға төрелік жасайды. Байқау тапсырмаларын құрастырады және жұмыстарды бағалайды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сараптап ұйымдастыру комитеніне тізімін ұсынады. Оқушылар мен жетекшілерге сертификаттар берліеді. Әрбір облыстық білім басқармалары өздерінің іріктеу нәтижесінде ережеде көрсетілген әр бағыт бойынша іріктеп команда жасақтауы тиіс. Номинациялар бойынша сайыстарды өткізу тәртібі:

Шешендік өнер (шешен сөйлеу) номинациясы бойынша екі оқушы қазылар алқасы тарапынан берілген тақырып бойынша алдымен өз ойларын жеткізеді (5 мин).Одан кейін бір-біріне сұрақ қойып, сұраққа жауап береді (7 мин), соңынан қорытындыларын айтады (3мин). Сонымен қатар қазылар алқасы тарапынан қойылған қазақ шешендік өнері бойынша 1 сұраққа жауап береді.

Көркем сөз оқу номинациясы бойынша байқауға қатысушы өзі таңдаған шығармасынан үзінді оқиды. (5-7 мин).

Шығарма номинациясы бойынша қазылар алқасы тарапынан ұсынылған еркін тақырыпқа шығарма жазу (3 сағат).

Page 12: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

11

Ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша қазылар алқасының ұсынған туындысын, өзінің білетін бір шығармасын орындау.

Ақындар айтысы номинациясы бойынша ойының тапқырлығы, сөз көркеміндегі тақырыпты аша білуі, салмалық орындаушылық шеберлігі.

Ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша жазбаша 3 өлең ұсынады.1 өлеңді жатқа оқып береді.

IV.Байқаудың бағалау өлшемдері

Байқауға қатысушыларды бағалау арнайы бекітілген қазылар алқасы жүргізеді. Жүлдегерлерді де қазылар алқасы анықтайды. Жалпы бағалау 10 баллдық жүйемен де қазылар алқасы анықтайды. Ең жоғары ұпай жинаған үміткер жүлдегер болады.

Шешендік өнер (шешен сөйлеу) номинациясы бойынша оқушының сөз саптау мәнері, өз ойын әдеби мәлеметтерді келтіре отырып дәлелдеуі, сұрақ қою және сұраққа жауап беру шеберлігі шығарманы оқу мәнеріне көңіл аударылады.

Көркем сөз оқу номинациясы бойынша берілген шығарманы оқу мәнеріне көңіл аударылады.

Шығарма жазу номинациясы бойынша мазмұны, сауаттылығы, әдеби мәлеметтерді орнымен пайдалану бағаланады.

Ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша музыкалық сауаттылығы, орындау шеберлігі ескеріледі.

Ақындар айтысы номинациясы бойынша суырып сала білу өнері, жақсы ой айтуы көркемділігіне назар аударылады.

Ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша өлеңнің идеясы, құрылысы, мазмұны, тақырыбы, көркемдігі назарға алынады.

Республиканың жалпы білім беру ұйымдары 8-11 сынып оқушыларының арасында

«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» атты байқаудың өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Осы ереже Республиканың жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін Мәшһүр-Жүсіп оқуларын өткізу тәртібін

айқындайды. 2. Байқаудың мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп оқуларының мақсаты – қазақ руханиятының таным-түсініктерінен мол мағлұмат беретін ұлы тұлғаның шығармашылығы бүгінгі егемен елдің елдігін суреттеуде көркемөнердің құндылықтары ретінде ұлттың сақтаушысы да болғандығын ескере отырып, ұлы баба мұралары арқылы ел өткенін таныту, дала танымын насихаттау.

Міндеттері:

Page 13: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

12

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың 7 қыры» мақалаларынан туындайтын міндеттердің бірі ретінде ұлттық кодты сақтаушы ретіндегі туындыларының орнын көрсету;

- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру; - оқу-білім, өнер үйрену, адамгершілік тақырыптарын негіз еткен туындылары арқылы Тәуелсіз Қазақстанның отансүйер, білімді, рухы берік азаматтарын тәрбиелеу; - әдебиетті сүйетін, тіл мен өнерді ерекше құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау;

- қазақ әдебиетіндегі жеке мемлекет болуға ұмтылған, сол идеяны әдеби туындыларының негізгі өзегі етіп ала білген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбегі мен істерінің қазіргі кезеңдегі ел Тәуелсіздігінің бастауларының бірі болғандығын көрсету; - әдеби-тарихи деректерге толы шығармаларындағы, әсіресе фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын таныту; - Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласындағы ұлы есімдердің істерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, оны тани алуы, ел тарихымен сабақтастыра кейіпкердің ерекшеліктеріне бүгінгі күн талаптарымен сараптама жасай білу. 3. Байқауға қатысушылар: Мәшһүр-Жүсіп оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, республикалық білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары қатыса алады. 4. Байқау шарттары:

Байқау 4 бағыт бойынша өткізіледі: I бағыт. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым

мен де білген» Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын түсіне білу, оны дамыту, өз сезімімен

байланыстыра алу талабын қояды. Қатысушыларға бірнеше тақырыптар ұсынылады. Таңдап алынған тақырып бойынша қатысушы өз өлеңін оқиды. Өлеңнің идеясы, тақырыбы ақын шығармаларымен үндес және өзектес болу талабы қойылады. Өлеңдерін мәнерлеп, көркем оқи білулері шарт.

II бағыт. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» Ақын, әдебиетші, ел тарихын жинақтаушы бабаның туындыларына

зерттеушілік көзқараспен баға бере білуді талап етеді. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы көркем ой мен мазмұн, талғам мен түсінік, ұлттық танымның ерекшеліктерін, адамзат, ұлт руханиятындағы мәнімен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жоба әзірлеу және оны қорғау.

ІІІ бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығынан туындайтын идеялар мен көркем ойларды кеңейте жазу, ашу, ұлт тарихымен, әдебиетінің өзге

Page 14: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

13

өкілдерінің көркем мазмұнымен байланыстыра алу, ұлы баба туындыларынан өріс алатын терең танымды тарата отырып, эссе жазу. IVбағыт: «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы, әсіресе фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау. Сайысқа қатысушыға «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар», «Әнші-ақындар», «Бақсы және тылсым күш иелері» жіктеулерінен бірін таңдап, қорғау ұсынылады. Фольклорлық жазбаларды, соның ішінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының кейіпкерлер галереясын талдай білумен бірге, топтау, ерекшеліктерін тану талап етіледі. 5. Байқау 4 бағыт бойынша 3 кезеңде: 1 кезең - аудандық кезең; 2 кезең – облыстық (қалалық) кезең; 3-кезең – республикалық кезең. Республикалық кезеңі Павлодар облысы Павлодар қаласында өтеді. 6. Әр облыс 4 үміткер, яғни әр номинацияға 1 оқушыдан ұсынады. 7. Конкурстың (1) бір «Бас жүлде»; әр бағытта 6 жүлделі орын: 1- бірінші, 2 - екінші, 3- үшінші орын белгіленеді.

8. Мәшһүр-Жүсіп оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын Павлодар облысының білім басқармасы, «Ертіс дарыны» аймақтық оқу-әдістемелік орталығы жүзеге асырады.

9. Мәшһүр-Жүсіп оқуларының төрағадан, хатшыдан, алқа мүшелерінен тұратын қазылар алқасының құрамын облыстық ұйымдастыру комитеті бекітеді.

10. Павлодар облысының білім басқармасы Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындылары туралы есепті білім басқармасының, «Ертіс дарыны» аймақтық оқу-әдістемелік орталығы сайтына орналастырады.

Жалынды ақын Махамбет Өтемісұлы

шығармашылығының білгірлері

Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 27 ақпанда «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Х облыстық «Махамбет оқулары» өтті. Оқуларға жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 5-11 сыныптарының 53 оқушысы, қалалық және аудандық

кезеңдерінің жеңімпаздары қатысып, арасынан І,ІІ,ІІІ дипломдарына ие болған 24 оқушы озып шықты.

Облыстық «Махамбет оқуларына» ақынның шығармаларын жақсы білетін, жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, күйлерін нақышына келтіріп

Page 15: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

14

орындайтын, тақырыбына сай талдай білетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті, әрі ақындық қабілеті бар оқушылар қатысады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ел құтқарар ер едім» (Махамбет өлеңдерін жатқа оқу) номинациясында І дәрежелі дипломына Ақсу қ. Қызылжар орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кенжебаев Адильхан; ІІ дәрежелі дипломына Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Хаманай Асхат, Аққулы ауданы Жабағылы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Рахатбек Нұрсая, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы Қали Ақерке; III дәрежелі дипломына Павлодар ауданы Кеңес негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Шакенов Балабек, Павлодар қ. №38 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Рамазан Махамбет, Ақтоғай ауданы Мүткенов ат. орта мектебінің 9 сынып оқушысы Рымбек Абзал, Ертіс ауданы Абай орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жамбылова Мергуль ие болды.

«Тартынбай сөйлер асылмын...» (жас дарындар) номинациясында І дәрежелі дипломын Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қабиден Ділнәз; ІІ дәрежелі дипломын «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Кеңжебек Әл-Фараби, Железин ауданы Железин №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мұхаметхали Айдана, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Абдраимов Эрназ; III дәрежелі димпломын Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл, Ақсу қ. Қызылжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мектепхан Сыдых, Ертіс ауданы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Серіг Иса, Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 10 сынып оқушысы Қыдырхан Жазира иеленді.

«Ұлы арман» (ән орындау) номинациясында І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Ахат Ахмеди; ІІ дәрежелі дипломмен Шарбақты ауданы А.Құнанбаев ат. орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хизир Нұрғиса, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Абдираимов Ердәулет, Екібастұз қ. №18 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сериков Арман; ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 7 сынып оқушысы Алимжанов Алибек, Аққулы ауданы Лебяжі орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бегжан Серікгүл, Баянауыл ауданы Қ.Сәтбаев ат. оқу-тәрбие кешенінің 9 сынып оқушысы Кеңес Сержан, Ертіс ауданы Панфилов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Киноятова Залина марапатталды.

Page 16: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

15

Облыстық «Ақберен» байкауының жұлдыздары

Ел басы Н.Ә.Назар-баевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғыру мәселесі жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыз-дың, халқымыздың өткені мен бүгінгінің және болашағының іргелі негіз-деріне тікелей қатысты.

Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан бастау тиіс. Сондықтан ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.

Облыстық білім беру басқармасының және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 15 қаңтарда дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебептық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау т.б) шығармашылық қабілеттерін

Page 17: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

16

дайындау. Биылғы жылы облыстық «Ақберен» байқауына 10 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты. Олардың арасынан 39 оқушы оза шықты. Соның ішінен бірінші дәрежелі дипломды иеленген оқушылар республикалық «Ақберен» байқуына Баянауыл ауданы З.Ақышев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мүбарак Айдана, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Оразбаев Марлен, Успен ауданы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бердмұрат Марат, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гүлнәр Жанболат, «Музыкалық колледж дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының» 8 сынып оқушысы Ахат Ахмади және Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Базарбай Азамат жолдама алды. Байқаудың қорытынды кезеңін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы наурыз айында Түркістан қаласында Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститетінің базасында өткізеді.

Павлодарда М-Ж.Көпейұлы шығармашылығы

білгірлерінің конкурсы өткізілді

М.-Ж. Көпейұлы шығармашы-лығын кеңінен насихаттау мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2019 жылғы 29 наурызда өткізген «Мәшһүр-Жүсіп оқуларына» облысымыздың 54 оқушысы қатысты, оның ішінде 31 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын - 4, ІІ орын - 10, ІІІ орын - 13.

Қазылар алқасының шешімі негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрасында Бас жүлдені Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гульнара Жанболат; І орынды – Абай ат. №10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Жанатова Асем; ІІ орынды – Екібастұз қ. №22 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Қайдар Бексұлтан және №18 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Сүйіндік Перизат; ІІІ орынды – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Рамазанова Айжан, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл,

Page 18: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

17

Баянауыл ауданы З.Ақышев ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Төлепберген Адай иеленді; «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау

бойынша Бас жүлдеге Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Тұрсынханов Райымбек; І орынға – Екібастұз қ. №26 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Төлеген Ұлпан. ІІ орынға – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушылары Дроздова Милана және Карабашева Алина, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9 сынып оқушылары Жоламан Алина және Амантай Азамат; ІІІ орынға – Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Кусаинова Камила, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Жанибек Жансая, Ақсу қ. №1 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Карташова Людмила ие болды; «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе

жазуда Бас жүлдені Ақсу қ. №1 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Жусупова Ақбөпе; І орынды – Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Мухтарбек Әсел; ІІ орынды - Екібастұз қ. №26 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Серік Сымбат, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Садыкова Жанерке; ІІІ орынды –

дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Тоқпанова Амина, Павлодар қ. №12 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Камиева Сабина, Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Оспанова Риза иеленді; «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың

Page 19: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

18

ұлы есімдері» бағытында Бас жүлде иегері - Баянауыл ауданы М.-Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Айтмұхамбетова Айғаным; І орында – Успен ауданы Қаратай ат.ЖОББМ 9 сынып оқушысы Сапар Темірлан; ІІ орында - Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Құдыш Сания және Павлодар қаласы №37 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Сурумбетова Камила; ІІІ орында - дарыныды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Жумабаева Айжан, Ақсу қаласы №2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Жанболат Альфараби, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Кабышева Елдана, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Шәкәр Мадина.

Павлодар облысының Мағжан танушылары

Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. Ағымдағы жылдың 25 қазан күні Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында VІ облыстық Мағжан оқулары өткізілді.

Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша

аудандық және қалалық жеңімпаздары 52 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық жүлделі орын алған оқушылар саны 20 оқушы, оның ішінде Бас жүлде иегері – 2, І орынға ие болғаны – 3, ІІ орынға – 6, ІІІ орынға ие болған оқушылар саны – 9.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында Бас жүлдеге дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Муканова Сабина; І дәрежелі дипломына Екібастұз қаласы, «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Манапова Зарина; ІІ дәрежелі дипломына Ертіс ауданы, Қарақұдық ЖОББМ 10 сынып оқушысы Хымбат Құлын, Успен ауданы №3 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Бердмурат

Page 20: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

19

Салтанат; ІІІ дәрежелі дипломына Баянауыл ауданы, М.Ж.Көпеев ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Талиф Арайлым, Май ауданы, Ақжар ЖОББМ 9 сынып оқушысы Кумарханов Бекзат және Павлодар қаласы №25 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Сәрсембаева Жасмин марапатталды.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар бағытында Бас жүлдені Баянауыл ауданы, Ш.Айманов ат.ЖОББМИ 10 сынып оқушысы Базарбай Азамат; І дәрежелі дипломды Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Тұрғанбек Ақжүніс ІІ дәрежелі дипломды дарынды балаларға

арналған Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Абдраимов Ерназ, Аққулы ауданы, Лебяжі ЖОББМ 10 сынып оқушысы Тілеген Айбек; ІІІ дәрежелі дипломды Железин ауданы, Железин №3 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мұхаметқали Айдана, Павлодар ауданы, Ямышев ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ермекұлы Ернұр және Ақсу қаласы, Қызылжар ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мектепхан Сыдых ие болды. «Толқынмен толқын сырласып...» - М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары бағытында І дәрежелі дипломымен Екібастұз қаласы №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нұржанова Айнагүл; ІІ дәрежелі дипломымен Успен ауданы, Қаратай ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ораз Гүлдана, дарынды балаларға арналған Абай ат.№10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Асайынова Жамила; ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 7 сынып оқушылары Әубәкір Әмина және Окпина Айым; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10-11 сынып оқушылары Мажикова Дания және Джекшебаев Құттыбек; Облыстық әскери мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Мухтаров Архат иеленді.

«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы жеңімпаздарды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне табысталды.Олардың қатарында: Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы, Ахатов Танат Қанатұлы, Шыныкулова Кунзираш Асамбаевна.

Page 21: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

20

Қазақтың лирик ақыны - Мұқағали Мақатаев

2018 жылдың 11-шы қазанында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде ХІІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларына облыстық оқу орындарынан 31 оқушы қатысты.

«Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп

Page 22: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

21

біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

Оқулардың қорытындысы бойынша бас жүлдені Павлодар ауданы, Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Хауметқали Айкерім иеленді. І дәрежелі дипломымен Ақсу қаласы, Қалқаман орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жүнісхан Айтолған марапатталды. ІІ дәрежелі дипломына Аққулы ауданы, Тілектес орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Хайратбек Мақпал, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Қайкен Айдана ие болды. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Жанибек Жансая, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Дәуренбекұлы Рамазан және Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Тыныбек Қазына марапатталды.

«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен Павлодар ауданы, Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толеу Каукер марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жеңіске деген жігерлігі үшін Ақтоғай ауданы, Естай ат. орта

Page 23: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

22

мектебінің 8 сынып оқушысы Егінбай Айымгүл, Успен ауданы Қаратай орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құнанбай Жайдар, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Лангольф Дарья, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Соколова Екатерина, дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Құрбан Арай және Павлодар қаласы №37 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Қасымхан Алуа Құрмет грамотасымен марапатталды. КӨЗ ҚАРАС

ҒЫЛЫМИ –ТАНЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЙЫСТАН КЕЙІНГІ ТҮЙІН

Ә.Д.Әміренов ПМПУ доценті, филология

ғылымының кандидаты Қазіргі білім берудің басты мақсаты —

шығармашыл тұлға қалыптастыру. Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Қазақ мектептерінде оқитын балалар келешегінің қандай болмағы мектеп мұғалімдерінің білім беруде қазіргі уақыт

талабына сай дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуіне тікелей байланыстылығы - әліптік ақиқат.

Зерделі ұрпақ тәрбиелеуде ғылыми –танымдық шығармашылық жұмыстардың алатын орны үлкен. Шығармашылық жұмыстың да түрлері әр алуан. Мектеп бағдарламасынан тыс өтетін әр түрлі тақырыптағы факультатив сабақтар оқушының білімін кеңейтіп, оларды өздігінен ізденуге бағыттайтын дәстүрлі де тиімді жолдардың бірі.

Алайда, облысымыздағы қазақ мектептеріндегі талантты балалардың қабілетін жетілдірудің біршама ілгерлеушілігімен қатар, кемшін түсіп жатқан тұстары да жоқ емес. Оны «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйытқы болуымен Павлодар облысы бойынша жыл сайын өткізіліп отыратын «Абай оқулары», «Мәшһүр Жүсіп оқулары», «Мағжан оқулары» «М.Мақатаев оқулары», «Ақберен» т.б шығармашылық бағыттағы байқаулардың іріктеу сайысына әділ қазы ретінде қатысқанда байқадық.

Page 24: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

23

Ғылыми, танымдық шығармашылық сайысқа мектеп оқушыларының белсенді түрде қатысуы, талаптанып, ізденіп жүргендердің саны жыл сайын арта түсуі көңіл көншітерлік жайт. Бұл оқушылардың білімге деген талпынысын көрсетеді.

Енді жалпы шығармашылық сайыстың өзіне келетін болсақ, ең алдымен оқушылардың тақырыптық сайыстарға қатысты білім деңгейінің шашыраңқылығы болды, яғни жоғарыдағы аталған тұлғалар шығармашылығына байланысты білімдік танымның жалпыланбауы оқушылардың әдеби процесті білмейтіндігін байқатты. Атап айтқанда, Абай Құнанабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев шығармаларының басты бағыты – ағартушылық бағыт, соған қатысты әр қаламгердің идеялық аңсары, шығармаларының жанрлық ерекшелігі (бәрі ақындар), көркемдік қуаты сияқты жалпы шығармашылық өзгешеліктерін сайыскерлердің басым бөлігі ашып бере алмады.

Екіншіден, оқушылардың көркем мәтіндік талдаулар жасай алмауы, олардың теориялық білімнің нашарлығын көрсетті. Мәселен прозалық мәтіндерді талдағанда сюжет, композиция, образ түрлері, поэзиялық мәтіндерді талдағанда өлең құрылысы, ұйқас түрлері сияқты қарапайым әдебиеттанудың терминдерін білмейтін оқушылар да кездесті.

Үшіншіден, аталған тұлғалардың шығармашылығы мектеп бағдарламасында шолу ретінде өткізілетіндіктен оқушылардың көбі қаламгерлер шығармаларының тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктерін тереңдеп ашып бере алмады, тек мектептік тар көлемдегі біліммен келгендері де бар. Қосымша, мектеп бағдарламасынан тыс мағлұмат алу, іздену жағы жетіспейді.

Төртіншіден, оқушылар өздерінің қабілеттеріне, ізденудегі бағытына, талантына байланысты тұлғатанулық байқаудың өзі дайындалып келген кезеңіне қатысады. Мұнда ол өз қабілетін, біліктілігін танытауы керек. Мәселен, мәшһүртануда, мағжантануда, мұқағалитануда ақындық талабын сынға салған оқушылар болды. Әрине мұнда да оза шауып мәреге жеткендері де бар. Кейбір сайыскерлердің ақындық қабілеті төмендігін көрсетті. Әсіресе тақырыптық ақындық сайысқа келгенде көп ақындар өздерін таныта алмай жатты. Әрине бұл жерде тапсырыспен өлең жазу нағыз талантты шабыттандармайтынын да ескертуіміз керек.

Бесіншіден, жазбаша шығармашылық жұмыстары: эссе (Абай оқуларында, Мәшһүр Жүсіп оқуларында), шығарма (Ақберенде) және ғылыми зерттеу жұмыстары (Мағжан оқулары) бағытында да кейбір олқылықтар байқалып жатады. Атап айтқанда, ең алдымен оқушылар шығармашылық жұмыстың түрлерін ажырата алмайды. Эссенің орнына шығарма немесе құр

Page 25: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

24

баяндама сияқты жазба жұмыстарды ұсынып жатады. Әрбір жазбаша шығармашылық жұмыстың жекелеген түрлері бар. Мәселен Абай, Мәшһүр Жүсіп оқуларында эссе жазу керек болса, эссенің әдеби түрінің орнына сипаттамалық немесе хабарламалық эссе жазылады. Яғни эссенің сипаттамалық, анықтамалық, хабарламалық, дәлеледеме, әдеби т.б түрлерін білмейтіндіктерін көрсетеді. Сонымен қатар эссенің құрылымы, жазылу үлгісін білмейтін сайыскерлер де бар. Яғни эссенің кіріспе (екі-үш сөйлемдік), негізігі бөлім (тақырыптың ашылуына қарай үш-төрт не одан да көп абзац), қорытынды бөлім (бір-екі сөйлем) сияқты құрылымы жоқ, ішікі мазмұны дұрыс емес, тақырыбы ашылмаған эсселерді көп байқадық.

Алтыншыдан, «Ақберен» шығармашылық байқауындағы «Шешендік өнер» бағыты бойынша сайыскерлердің кейбір шешендік өнер тарихын, қазақтың би-шешендерін, олардың шешендік сөздерін, шешендік өнердің түрлерінен бейхабар сайыскерлер болды. «Қазақ тілінде мүдірмей сөйлесем болды, шешендік өнер осы емес пе !?», дейтін оқушылар да кездесті. Әрине бұл жерде сөз мәдениеті, сөйлеу әдебі, тіл тазалығы, ой тереңдгі, көркемдік ойлау сияқты т.б шешендік өнердің қағидаттары орындалмай жатты.

Әрине, мектеп оқушыларының ғылыми- танымдық шығармашылық қабілетімен жұмыс істеуде алға қойған мақсатты мұқалтардай мұндай кедергілер санай берсең толып жатыр.

Бұдан шығатын қорытынды – оқушыларды ғылыми шығармашылық жұмысқа баулу мектеп ұжымына, шығармашылық сайысқа дайындаған мұғалімдердің жауапкершілігіне қатысты. Жоғарыда санамалап өткен олқылықтар да солардың үлесінде. Әйтеуір қатысса болды деген немқұрайлықтың нәтижесі. Бұндай үрдіс соңғы жылдары көбеймесе азайған жоқ. Оның себебі жалпы білім беру мекемесі мен жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми ортаның, шығармашылық байланыстың жоқтығында деп білеміз. Әр ғылым саласы бойынша еңбектеніп жүрген ғалымдармен тығыз қатынаста болып, олардың ақыл-кеңесіне жүгініп отырса оқушылардың ғылыми шығармашылық ойлау дағдысының қалыптасып, әр қаламгердің, тұлғаның шығармашылығына терең бойлап талдау жасайтыны сөзсіз. Біз байқаған сайыстарда ондай нәтижелер де жоқ емес. Сол себепті оқушылардың ғылыми шығармашылық танымын мұғалімдердің өздері қадағалап, басшылық жасап, ғылыми кеңесші ретінде ғалымдардан ақыл-кеңес алып, әр мектепте ғылыми, шығармашылық үйірмелер ашып бірлесе жұмыс істесе ғана іс-әрекет нәтижесі сапалы болмақ.

Сондықтан да өз білімін жетілдіріп, ізденіп біліктілігін арттыру мақсатында ЖОО-дағы білім жетілдіру курстарына қатысып, оқу-әдістемелік, ғылыми танымдық білімін кеңейткен де дұрыс шығар. Өйткені таланттың көзін ашып, шығармашылық деңгейі қалыптасқан білімді шәкірт дайындап шығару өмірдің өзі талап етіп отырған заңды құбылыс. Бұл тек қана білікті, ізденімпаз мұғалімдердің қолынан келетін іс. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды. Уақыттан ұтыламыз. Ал уақыттан ұтылу – сапалы ұрпақ тәрбиелеуде орны толмас олқылықтарға апарып соқтыратыны сөзссіз.

Page 26: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

25

Олимпиаданың мақсаты мен міндеті, оқу процесіндегі алатын орны

Б.Ә.Ысқақ С.Торайғыров ат.

Павлодар мемлекеттік университетінің ф.ғ.к., профессоры

Мұғалімдердің (оның ішінде білікті, санатты) мектеп бағдарламасын жетік білуімен қатар, өзі таңдаған мамандығынан жоғарғы жетістіктерге жетуі үшін өз біліктілігі мен білімін, педагогикалық және инновациялық тәжірибесін оқушы білігі арқылы сарапқа сала білуді, шығармашылықпен жұмыс атқаруын, сондай-ақ жаңа

білім жүйесін игерудегі мұғалім мен оқушы қарым- қатынасын және қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады. 1.1 Мақсаты Машықты эссе жазу сауатын, теориялық тапсырмаларды белгілей алу қабілетін шыңдау, қажетті мәліметтер оқудың сатыларын, амал-тәсілдерін практикада орындау арқылы мұғалімнің және оның оқушысының өзін-өзі көрсетуі.

1.2 Міндеті Тапсырмалардың қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы жаттығулар мен пәнаралық байланысы, теориялық және практикалық дағдыларын машыққа (дағдыға) айналдыру.

1.3 Мұғалім олимпиада барысында білуі керек - қазақ тіл білімі саласынан теориялық білімін сыннан өткізетінін; - практикалық, әдістемелік, теориялық білімінің тұтастығын педтехнологиялық шеберлікке шыңдайтынын; - көркем мәтіннің мәнерлілігін тани білу.

1.4 Мұғалім олимпиада қорытындысында орындай алуы тиіс - байланыстыра сөйлеу және мәнерлі айтуды жазбаша ой кқрінісінде

жалғастыра алуы. - кез-келген мәтіннің ұйтқы сөздерін және көркем мәтіннің әуезін табу;

1.5 Олимпиада тапсырмалары мен нұсқауларына байланысты өтілген мектеп бағдарламасындағы пән саласы шешендік өнер, тіл мәдениеті, қазақ әдебиеті тарихы (көркем мәтіндер: поэзия, проза, т.б.), қазақ тілі (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) т.б. пәндік материалдар кешені

Page 27: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

26

Олимпиада тапсырмалары мен нұсқауларына байланысты тақырыптық жоспар

№ Тур нысанасы Орындау

уақыты Бағалану ұпай саны

қосымша

1 Лексика- грамматикалық тапсырма, тест

40 минут 20 I тур, тест (теориялық) Елтану тақырыбымен қоса

2 Оқылым

40 минут

20

I тур, мәтін тапсырмасынан тест: ой реттілігін жүйелеу, маңызды ақпарат, мәтінде жоқ ақпаратқа жауап іздеу,

3 Тыңдалым 3/3 минут тыңдау уақыты, орындау уақыты 24минут

20 I тур, тест үнжазба, бейнежазба арқылы тапсырма

4 Жазылым (эссе)

40 минут

20 I тур, эссе

5 Айтылым, тілдесім 25минут, 3жұпқа: 5минут дайындыққа, 2 минут айтылымға, ары қарай тілдесім жалғастырылады

20 II тур, ауызша

Барлық ұпай саны I тур 2,5 сағат, II тур 25 ми-нуттан

100

ТІЛДІ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕЛЕР ЖҮЙЕСІ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты (2014 ж 17 қараша, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы)

Page 28: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

27

АРГУМЕНТТІ ЭССЕ ЖАЗУ

ЭССЕ қай тілден енген? француз тілінен “essai”, ағылшын тілінен “essay”, “assay” – талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен “exaqium” – ойлау. Оқу әрекеттері неден басталуы тиіс (эссе жазуға дайындық):

МАТЕРИАЛ ІРІКТЕУ 1

ИДЕЯЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

ЖОСПАР ҚҰРУ

АЛҒАШҚЫ ЖАЗБА НҰСҚАСЫ

СОҢҒЫ НҰСҚАСЫН ЖАЗУ

2

3

4

5

Мұғалім мен оқушы әрекетінде, жұмыс барысында маңызды ескерілетін оқу техникалар: Оқылым техникасы -лингвистикалық (сөздік қор, грамматика) -Ақпараттық (идея, көзқарас, пікір) -Жаңа білім (білу, тану) Оқылым техникасы Оқылым мәтіні тым жеңіл немесе тым күрделі болмауы тиіс

Қандай тапсырмалар? Мәтіннің мазмұны: ------------------------ Мәтіндегі негізгі өзекті мәселе: --------------------------

Page 29: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

28

Мәтіндегі мәселелер:------------------------- Атқарылған іс-шаралар:------------------ Атқарылған іс-шаралар, мәселені шешу жолдары:---------------------- Көтерілген мәселелердің шығу себептері------------------------------------ Оқылым техникасы: Кері байланыс Мәтінді оқу барысында неден қиналдың? Мәтіннің қай бөлігі қиындау болды? Түсіну қиын болған жағдайда ұандай жұмыстар атұардың? Осы идея өткенде оқыған қай материалды айтылып еді? Оқылым техникасы БАҒАЛАУ Түсіну деңгейі-20% -шығарма тақырыбы мен идеясын анықтай алу; -негізгі фактілер мен оқиға желісін анықтай алу; -автор ойын жеткізетін сөздердің мағынасын түсіне алу; -көтерілген тақырыптың өзектілігін анықтай білу; Талдау жасау деңгейі-30% -өз пікірін мәселені талдай отырып, яғни фактілер аргументтер келтіріп нақты жеткізе алу; -мәтінді нақты идеялар немесе ақпараттарға талдау жасап, қорытындылай алу; -жағдайлар мен мәселелерді, кейіпкерлерді автор сөзімен сипаттау немесе автордың ойын перефраз арқылы жеткізу; Бағалай деңгейі-30% -шығармада көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айту (келісу/келіспеу, дұрыс /бұрыс т.б) -болған оқиғаны, кейіпкерлерді қазіргі өмірмен байланыстыру, салыстыру; Пікір білдіру-20% -оқыған шығармаға қатысты өз эмоциалдық сезімдерін білдіру; -шығарманы ерекшелендіретін жайттарға тоқталу; -автордың ойы мен идеясына қатысты өз пікірін білдіру; -шығарманың бберер өнегесі (сабақ талдау, түйген ой) жайлы жеке пікір; Сөйлем/оқылым *Синонимдік қатар *Қыстырма сөздер *Байланыстырушы құралдар *Грамматикалық материал *Материалдың өзекті болуы *Деңгейге сай болуы *Тілдік кедергіні жою *Ойлау, білім, адамзаттық

Page 30: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

29

МƏСЕЛЕНІ ЖАЛПЫ ҚАРАСТЫРУ

НАҚТЫ АРГУМЕНТ

ОЙ

АРГУМЕНТТІ ЭССЕ ЖАЗУДА

Әр бөлім бойынша қолданылатын сөздер

Кіріспе Алдымен, ең бастысы Негізгі бөлім Негізінде, негізінен, мысалы, мәселен, мысалға алатын болсақ, атап айтқанда, сондай-ақ сонымен қатар (бәрге), дәлірек (нақтырақ) айтатын болсақ, соның ішінде, көбінесе, салыстыратын болсақ, әрі қарай айтатын болсақ. Қорытынды бөлім Сонымен қорыта айтатын болсақ жалпы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе......деп айтуға болады.

Жиі кездесетін қателер:

1. Проблема ашылмайды;2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;8. Логиканың болмауы;9. Қайталаулардың көп болуы. 10. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.

Page 31: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

30

Page 32: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

31

Талдау эссе

Аргументті эссе

Рецензия Салыстыру эссесі

Зерттеу эссе

Жазылым түрлері

ADEBIETPORTAL.KZABAY.KZKITAP.KZKAZGAZETA.KZ: «АНА ТІЛІ», «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН», «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ», ЖАС ҚАЗАҚ», Т.Б.HTTP://EMLE.KZ/TERMINCOM.KZ

3 Дайындыққа арналған электрондық ресурстар

Тапсырмаларды орындау және қорғау барысындағы дайындықтың алғышарттары:

- Материалды толық меңгеру; - Талқыланатын тақырыптың, берілген мәселесінің мазмұнын ашу; - Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы; - Айтқан ойдың негізділігі, реттілігі және жүйелілігі; - Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын

айта білуі.

Page 33: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

32

АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Дарынды бала – болашақ кепілі

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының

қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы

Әрбір ұлттың, халық пен елдің әр қилы

кезеңдерде ұрпақ тәрбиелеудегі талғамдары әр түрлі болғанмен, бәріне ортақ бір түпқазық - ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Жас ұрпақ - жеке адамның ғана емес, ұлт пен елдің ертеңі, болашақтың мұрагері. Шәкірт –саналы өмірдің ең басты кепілдігі. Олардың қабілетін анықтап, жас бұлақтың көзін ашып, бағын жағу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мен жалпы ұстаздық тәжірибемде көбіне оқушылардың қабілеті мен ыңғайын саралап бағдарлаймын. Қабілеттілік–табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажап сыйы. Егер де оқушының жаттау қабілеті, мәнерлеп оқу мақамы жақсы екендігін аңғарсам, оны жатқа оқу сайысына дайындаймын. Ал егер де оқушы сөз саптауымен, ойын көркем жеткізе білуімен ерекшеленіп тұрса мен ыңғайына қарай жетілдіріп, ақындық не ғылыми жоба қорғау бағыттына дайындаймын. Мақсатым - жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, өнерлі, дарынды жастарды анықтау, оларды білім шыңына жетелеу. Осы бағытта бірнеше жыл бойы өз тәжірибемдегі жүйеммен жұмыс істеймін. Оқушыны 5-сыныптан таңдап аламын да, алдымен ақынның шағын өлеңдерін теріп жаттатамын, ол тез жаттап саны артқан сайын қызығушылығы да артады, кейін шағын шығармаларын бітірген соң орташа көлемді өлеңдерді, ал соңында күрделі туындыларын жаттап алады. Санымен қоса сапалы жаттағанына да назар аударамын. Өзім бірнеше рет оқып, өлеңнің ырғағын, бунағын, кідірісін, интоннациясын қойып, оқу мәнерімен жұмыс жасаймын. Осы күні талабым мен талғамыма сай келген дарынды шәкірттеріммен мақтанамын. Дәстүрлі түрде «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін байқауларда төмендегідей оқушыларым менің беделімді асқақтатып, үкілеген үмітімді ақтап келеді. 2016ж. ХҮІІ Облыстық Абай оқуларының «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом, республикалық кезеңде ІІІ дәрежелі диплом иегері 6-сынып оқушысы Мұрат Нұрдәулет. Облыстық кезеңге баптағанымда Нұрдәулет 5-сынып оқушысы болса да, Абай Құнанбайұлының 100 өлеңін жаттап алды. Республикалық кезеңге жаздай дайындалып, тағы 100 өлең қосып, жалпы 200 шығармасын жаттап республикалық кезеңде бағын сынады. Сыннан сүрінбей, қанжығасы майланып оралды. Мұрат Нұрдәулеттің әжесі де үнемі қадағалап, ата-ана тарапынан жақсы қолдау бола білді. «Жалғыздың үні,

Page 34: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

33

жаяудың шаңы шықпас» демекші, жалғыз бәрін өзім жеткіздім деу ағаттық. Сол себепті менің оқушыларымның ата-аналары мәдениетті, зиялы жандар, адаммен жақсы қарым-қатыныс жасап, үнемі байланыста бола білді. Ең бірінші, әрине, Алланың қолдауы, екінші, ата-аналарымның адамгершілігінің арқасы, үшінші, мектеп әкімшілігі тарапынан да еңбекті бағалап демеудің нәтижесі деп білемін. 2016 оқу жылында 8-сынып оқушысы Оразбаев Мәрлен облыстық ҮІІІ Мәшһүр-Жүсіп оқуларының «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген...» бағытында І дәрежелі дипломға қол жеткізді. 2015ж. 9-сынып оқушысы Нұрбекова Жансаяны ҮІ облыстық Махамбет оқуларының «Ел құтқарар ер едім...» бағытына дайындадым, облыстық кезеңде 120 өлең жаттап І орынға иеленсе, 160 өлеңмен республикалық кезеңде бағын сынады. Атырау облысына республикалық кезеңге қатысып, сертифиатпен оралды. 2014 оқу жылында 7-сынып оқушысы Изюмская Жаннаны ІІ облыстық Мағжан оқулары сайысының «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытына дайындап баптадым. Жанна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016-2017 оқу жылында өткен ІҮоблыстық Мағжан оқуларының «Толқынмен толқын сырласып» ғылыми жоба қорғау бағытында 9-сынып оқушысы Изюмская Жанна І дәрежелі диплом иегері атанып, республикалық кезеңде ІІІ жүлделі орынға ие болды. Ал Оразбай Марлен «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында І І орынды иеленіп, республикалық байқауда бағы жанып І орынға ие болды. Аталмыш шәкірттерімнің жетістігіне орай, облыстық Махамбет, Мәшһүр-Жүсіп, Мағжан, Абай оқуларында сан мәрте «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен марапатталдым. Облыстық ғылыми жобалар байқауында (2016ж.) 8-сынып оқушысы Изюская Жанна ІІ дәрежелі дипломмен, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында 9-сыныпта (2015ж.) Нұрбекова Жансая ІІІ орын, ал 10-сыныпта (2016ж.) ІІ орынды иеленді. 2017-2018ж. 9-сынып оқушысы Асқар Күлімжан облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломға және Қ. Бітібаева атындағы олипиадаға да қатысып, ІІ орынға ие болды. Менің төменгі сыныптарда оқуларға дайындаған шәкірттерім кейін жоғары сыныптарда пән олимпиадасының, ғылыми жоба байқауының жеңімпазына айналады. Себебі жаттаудың арқасында шығарма жазуға төселеді, үзінділерді жаттағаны бойынша талдап ойын көркем де бейнелі жеткізе біледі.

Сондай–ақ облыстық КАТЕҮ «Жарқын болашақ» пән олимпиадасында «Көркемсөз оқу шеберлері» бағытында 8-сынып оқушысы Сейілжан Бектас (2016ж.) І орын алып, республикалық кезеңде сертификатпен оралды. Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі қалалық (2014ж.) «Мәшһүр оқуларында» 11-сынып оқушысы Бойрон Досбек «Бас жүлдеге» ие болды. 2017ж. 30 мамырында өткен қалалық «Оралхан Бөкей» оқуларында 9-сынып оқушысы Оразбай Марлен І орынды иеленіп, ноутбук және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткізілген Оралхан Бөкей атындағы

Page 35: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

34

көркемсөз оқу шеберлері қалалық конкурсының жеңімпазын дайындағаным үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым. Жеңімпаз атанған Марлен Оразбай облыстық кезеңде Павлодар қаласының намысын қорғап, «Өрелі өрен» номинациясын иеленді. 2018-2019 оқу жылында 11-сынып оқушысы Жаябаева Даяна облыстық Абай оқуларына 170 өлең жаттап, ал республикалық кезеңде 310 өлең жатқа оқып ІІІ орынға ие болды. Қазан айында өткен Мағжан оқуларынды 10-сынып оқушысы Муканова Сабина «Бас жүлдеге» ие болды, енді республикалық кезеңге дайындық үстінде.

Қорытындылай келе, жатқа оқулардың пайдасы мен нәижесі пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар қорғауда көрінеді. Оқулар олимпиадаға алдын–ала дайындық баспалдақтары деп білемін. Жаттаған туындылары шығарма жазуда көбірек кәделеріне асады, себебі жаттаған шығармаларынан үзінділерді талдай отырып сөз саптайды, сөздік қорын қалыптастырады. Оқулардың ғылыми жоба қорғауда да пайдасы орасан, өйткені тілі жаттығады, өзін-өзі еркін ұстауы қалыптасады, сахна мәдениетіне бейімделеді. Еліміз егемендік алып, еңсе көтеріп келе жатқан тұста атқарылып жатқан жұмыстар күн өткен сайын арта түсуде. Қоғамның қайсыбір саласында болмасын тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған игі істер жасалып жатса, ол ертеңгі ұрпақ алдындағы борышымызды ақтау деп түсіну әрбір азаматтың міндеті деп білемін.

Page 36: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

35

Ғылыми-зерттеушілік еңбекке баулу - оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың кепілі

Окпина Б.М., Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық

қазақ гимназия-интернаты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Халқымызда «Білекті бірді жығады,

білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Бұл мақалдың өзектілігі бүгінгі таңда тіптен айрықша. Себебі бүгінгі күнде білектің күшіне сенетін емес, білімнің күшіне сенетін заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін бізге, мұғалімдерге, жауапкершілік күннен күнге артып келеді. Біздің алдымызда отырған әр оқушы болашақта «білім», «ғылым», «технология», «инновция» билеген әлемнің мүшесі болмақ. Біз сол бағытқа ақырындап қадам басып келеміз. Заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген. Бүгінгі әлемде әр елдің қуаты сол елдің дамыған білімі мен озық технологиясына қарай өлшенетіні анық. Ендеше біздің де еліміз сол қатардың соңында ғана ілесіп қалмай, бел ортасынан, тіпті, алдыңғы қатарынан нық орын алуы үшін, келешегіміз нық, біліміміз терең болуымыз шарт. Олай болса бүгінде дарынды балалармен жұмыс асқан қажеттіліктен туып отыр.

Мектеп оқушыларына арналған облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өтетін сайыстардың саны да, түрі де жыл сайын артуда. Сол сайыстардың бірі – ғылыми жобалар сайысы. Бұл сайыс оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық еңбекке баулуда өте тиімді. Ғылыми жобалар сайысына оқушыларым Құрманғали Назерке, Дауенова Дильназ (8-сынып) қатысып, облыстық кезеңде «С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы тұрақты тіркестер» тақырыбындағы ғылыми жобасымен 2017-2018 оқу жылында І орын, «С.Торайғыров шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің қолданылуы» тақырыбындағы ғылыми жобасымен 2018-2019 оқу жылында қатысып, ІІІ орын иеленді.

Ғылыми жоба әзірлеу - ұзақ та күрделі үрдіс. Жалпы, оқушыларды ғылыми еңбекке бейімдеу сабақтан басталады. Сабақта әдебиет пәнін әрі өнер деп, әрі ғылым ретінде танытып, тоғыстыра білу керек. Көркем шығарма – өнер, ал оны әдеби талдау, тану, қаламгердің шеберлігін таныту арқылы шығарманың халқымыздың мәдени құндылығына қосқан үлес-салмағын бағамдау, т.б. осы бағыттағы мәселелер – ғылым. Ғылыми жобалар сайысынан басқа, кейбір атаулы оқуларда да ғылыми жоба бағыты бар екені бәрімізге

Page 37: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

36

белгілі. Мысалы, «Мәшһүр-Жүсіп өмірдің философиялық мәні мен ізденістері» тақырыбындағы дәстүрлі ІХ Мәшһүр оқуларында «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» бағытына Шәкәр Мәдина(7-сынып) «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдеріндегі метафоралық қолданыстар» тақырыбында ғылыми жобасымен қатысып, ІІ орын жүлдегері(2017, мамыр) атанды. Алдымен Мәдина Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің І томдағы өлеңдерінен метафораларды тауып, дәптеріне жазып, оны талдап, кейін картотекаға салды. Терілген метафораларды тақырыбы жағынан және жасалу жолына қарай топтастырып, шағын шығарма жазды. Кейін шығарманы ғылыми мақалаға жалғастырды. Ол мақаласымен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырған халықаралық «ХҮІІ Сәтбаев оқулары» конференциясына(2017, сәуір) қатысты. Конференция материалдары жинағына мақаласы енді. Сосын ғылыми мақаланы ғылыми жобаға жалғастырдық. Әрине, ІІ том шығармаларынан метафораларды теріп, талдап, оқушы жұмыс атқарды. Шәкәр Мәдина бұл бағытта екі жылдай айналысты. Айта кететін жайт, Мәдинаның ата-анасы да қолдау танытты. Жазғы демалыста Баянауылдағы Мәшһүр бабамыздың кесенесіне отбасымен барды. Мәдина видио, фотосуреттер жинастырды. Сұхбат жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өлеңдерін жаттады. Қалалық Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларын мәнерлеп оқуда көркем сөз шеберлерінің сайысына қатынасты. Ол сайыста І орынды(2017, қазан) қанжығасына байлады.

М.Жұмабаев оқуларында ғылыми жоба бағытына қатынасу үшін оқушы алдымен ақынның бір өлеңін таңдап алып, зерттеу жүргізіп, шығармашылық жұмыс жасайды. Кез келген өлеңді таңдай алмайсыз, яғни сайыстың республикалық кезеңінде берілген арнайы өлең тізімдерінің ішінен болуы керек. Әйтпесе, республикалық кезеңге қатысып қалсаңыз, бұл еңбектеріңіз көп еңбектердің бірі болып қалуы мүмкін. Оқушылар алдымен мәліметтер қорын жинайды. Мәліметтер қорына ақынның өмірі, шығармашылығы, өлең мәтіні, ғалымдардың зерттеу мақалалары кіреді. Оқушылардың келесі қадамы - талдау. Талдауда өлеңге поэтикалық, қисынды талдау жүргізеді. Бұл үрдіс жазбаша түрде талап етіледі. Соңғысы – оқушылардың жазған шығармашылық жұмысы. Шығармашылық жұмыста авторға, зерттеу жасаған өлеңнің әдеби мазмұны мен идеясына, көркемдік ерекшелігіне өздерінің сыни пікірі, берген бағасы, жасаған қорытындысы болуы міндетті. Әрине, өлең үзінділері келтіріліп, ғылыми еңбектерден алынған пікірлерге сілтемелер қойылып, негізгі айғақтармен дәлелденіп, өзіндік тұрғыдан қорытынды жасалуына басты талап қоясыз. Осы жұмыстардан кейін сіз жетекші ретінде оқушылардың шығармашылық зерттеу еңбектерін жүйелеп, ғылыми аппаратын құрастырып бересіз. Оқушылардың жасаған ғылыми шығармашылық еңбектерін түзету жұмыстары аяқталып, жүйеленгеннен кейін балаларды қорғауға дайындайсыз.

Қорғауға дайындауда көбінесе мен ғылыми зерттеу жұмыстарының критерийлерін басшылыққа аламын. Тақырып бойынша кез келген сұраққа оқушыңыз жауап бере алуы керек. Сөйлеу мәнері, өзіне деген сенімділігі, білімі сақадай сай болуы шат. Сондықтан бұл кезеңге де ерекше мән беруіміз қажет.

Page 38: МАЗМҰНЫ Кіріспе1 2 8-11 сынып оқушыларының ...2.5. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты

37

Қарап отырғанымыздай, бұл дайындық мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті, терең білімді, шығармашылықты талап ететінін аңғарамыз. Мағжан оқуларында «Толқын мен толқын сырласып» ғылыми бағыты бойынша Каирова Аяулым(5-сынып) «М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңіндегі ақын тұлғасы» тақырыбындағы ғылыми жобамен облыстық кезеңде ІІ орын(2015 жылы), Манарбекова Аружан(6-сынып) «М.Жұмабаев шығармаларындағы пейзаж» тақырыбында ғылыми жобасымен облыстық кезеңде І орын(2016), республикалық кезеңде ІІІ орын, Қанатұлы Даниял, Ермек Дарын(6-сынып) «М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңіндегі суреткерлік ерекшелік» тақырыбында ғылыми жобасымен облыстық кезеңде ІІ орын(2017), Окпина Айым, Әубәкір Әмина(7-сынып) «М.Жұмабаевтың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі» тақырыбында ғылыми жобасымен облыстық кезеңде ІІІ орын иеленді. Оқушыларды ғылыми еңбекке баулып, зерттеу жобасын дайындатуға, мақала жаздырып, шығармашылыққа төселдіруге әрі негізгі ақпаратты презентациялауға жаттықтырудың маңызы зор. Өйткені оқушы ғылыми жоба әзірлеудің, оған енетін әрекеттің, әр қадамдарының барлығын бағамдап, жоспарлап, жетекшісімен бірге саналы түрде жүзеге асырады. Әсіресе, ұтымдылығы – зерттеуге алынған тақырыптың жан-жақтылығы мен толықтығы, тереңділігі, тәжірибелік, теориялық мәні кеңірек ашылатындығы. Осы тұрғыда оқушы интеллектуалдық жағынан да, психологиялық жағынан да, әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыту жағынан да саналы әрекет жасауға мүдделі болады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде оқушы өз ойын ашық жеткізіп, кең көлемдегі ақпаратпен жұмыс жасап, ғылыми фактілерге сүйене отырып, пайымдап, негіздемелі қорытынды шығара алатын болады.