45minutkz.files.wordpress.com  · web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей...

31
Күні: 10.12.2016 ж. 10 «Ә» сыныбы Тарих пәнінің мұғалімі Жаханова Роза Макулбековна Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Алаш қозғалысының көсемдері» Әлихан Бөкейхановтың туғанына - 150 жыл Міржақып Дулатұлының туғанына – 130 жыл Мақсаты: Оқушыларға Алаш мемлекетінің құрылуы, бір туар алаш арыстарының тарих сахнасынан ерекше орын алатындығы жайлы қосымша мағлұмат беріп, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялату, қоғам азаматын қалыптастыру. Түрі: тарихи оқулар Көрнекілігі: презентация, бейнебаян Жоспары: 1. «Әлихан – ұлт көшбасшысы» (Шайкенова Малика) 2. «Әлихан – Алаш қозғалысының көсемі» (Ондасынова Томирис) 3. «Алаш арысы – Міржақып Дулатұлы» (Төкенова Айсулу) эпиграф: Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын... Әлихан Бөкейханов Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан-

Upload: others

Post on 10-Jan-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Күні: 10.12.2016 ж.10 «Ә» сыныбыТарих пәнінің мұғалімі Жаханова Роза Макулбековна Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Алаш қозғалысының көсемдері» Әлихан Бөкейхановтың туғанына - 150 жыл Міржақып Дулатұлының туғанына – 130 жылМақсаты: Оқушыларға Алаш мемлекетінің құрылуы, бір туар алаш арыстарының тарих сахнасынан ерекше орын алатындығы жайлы қосымша мағлұмат беріп, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялату, қоғам азаматын қалыптастыру.Түрі: тарихи оқуларКөрнекілігі: презентация, бейнебаянЖоспары:1. «Әлихан – ұлт көшбасшысы» (Шайкенова Малика) 2. «Әлихан – Алаш қозғалысының көсемі» (Ондасынова Томирис)3. «Алаш арысы – Міржақып Дулатұлы» (Төкенова Айсулу) эпиграф: Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын... Әлихан Бөкейханов Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.

Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдағы Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды.

XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал.

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

І – оқушы: «Әлихан – ұлт көшбасшысы» Әлихан Нұрмұхам едұлы Бөкейхан  (05   наурыз  1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы,  Дала Өлкесі ) — XIX ғ. соңы мен  XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.ӨмірбаяныАта тегі  Шыңғыс ханның  үлкен ұлы  Жошыдан  тарайтын  төре  тұқымы. Арғы атасы атақты  Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі.  Бөкей  осы Сұлтан Барақтың  баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туылған.Әлиханды әкесі тоғыз жасында молданың қолына оқуға береді. Бала қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.1879-1886 ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.1890-1894 жылдар аралығында  Санкт-Петербургтегі  Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.Қоғамдық-саяси әрекеттеріОқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.«Народная свобода» ( Халық бостандығы ) партиясының  қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған  Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы  қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

«Голос степи» газетінің 1907 жылғы қаңтардың 13-і күні шыққан саны.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан шығарған "Иртышъ" пен "Омичъ" газеттері.«Бұрынғы билеушілердің көпшілігі, – деп жазады Әлихан Бөкейхан, – күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен қырқысқа сарп етті» (Түрік баласы. Қазақтың тарихы. «Қазақ», 1913, № 2.1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.Әлиханның ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің IМемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Алаш Орда Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының  құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылы желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.

1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады.

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Он жыл қамауда отарған Әлиханды 1937 жылы тамызда тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі. 1989 жылы  мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Ғылыми еңбектеріXIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады.1896 жылы ол көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.1904  жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.1911-14 жылдары Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. Франция төрінен сүйінші хабар жетті. Яғни, Париждегі ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 196-шы сессиясында 2016-2017 жылдары Ұйымның қатысуымен аталып өтетін ағартушы тұлғаларға арналған еске алу-мерейтой шаралары мен тарихи және мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелер Қазақстан үшін де олжалы болды. Үстіміздегі жылдың қараша айына белгіленген ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында қабылдау үшін жіберілген ұсыныстар ішінде 2016 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жайы қарастырылып отыр. Қуанышты хабар Алаш қайраткерлерінің ғұмыр жолын зерттеп, ұлт мүддесі жолындағы еңбектерін паш етуде көптеген істерге мұрындық болып жүрген Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін де маңызды оқиғаға айналды. Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев  мұның барша қазаққа маңызы зор үлкен жеңіс екендігін атап өтті. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығының ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуіне себепкер болған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет, рухани даму институтының директоры, белгілі тарихшы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы еді.

ІІ – оқушы: «Әлихан – Алаш қозғалысының көсемі» 1917 жылы шiлде-тамыз айларының өлi арасында Жалпықазақтық I құрылтай шақырылып, "Алаш" партиясы тарих сахнасына шықты. "Алаш" партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлi тұжырымға негiзделдi. Бiрiншi ұстаным: жер, жер және жер. Жерсiз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: "Қазақтың байырғы жерiн қашан қазақтар өз бетiнше ғылым мен техникаға сүйенiп толық игермейiнше, жер жеке меншiкке де, қоныстанушыларға да берiлмейдi".Яғни бұл ұстаным: Жер - Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншiкке

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

айналдыруға да болмайды. Сол жер үшiн әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың терi мен қаны төгiлген - деген тұжырымға саяды.Екiншi ұстаным: жердiң астындағы, үстiндегi, аспанындағы барлық игiлiк қазақ мемлекетiне қызмет етуi керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бiр түйiр тасы әр қазақтың өңiрiне түйме болып қадалу керек» болатын. Яғни бұл - өз жерiнiң игiлiгiн - әуелi өз елi игiлiгiне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат - деген емеуiрiндi танытады.Абай данышпанның:Өздерiңдi түзелер дей алмаймын,Өз қолыңнан кеткен соңендi өз ырқың, -дегенiндегi "ырық" - осы ырық.Жердiң астына, үстiне, аспанына иелiк ете алмасаң - ырықтың кеткенi сол емес пе?!.Үшiншi ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерiнде өндiрiлген» бiр уыс жүн сол мемлекеттiң азаматтарының үстiне тоқыма болып киiлуi" керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсiздiк пен бiрлiкке қол жеткiзуге ұмтылуы тиiс едi.Тағы да сол Абай:«Бiрлiк - ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Малыңды берiп отырсаң: атасы басқа, дiнi басқа, күнi басқалар да жалданып тiрлiк қылады. Бiрлiк сатылса - антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек», - дегендегi бiрлiк - осы экономикалық бiрлiк.Ал бiздегi сатылмайтын құндылық - тек «жалданып тiрлiк құру» ғана болып қалды.Төртiншi нысана: қазақ мемлекетiнде мемлекет құрушы ұлттың тiл, дiн, дiл үстемдiгi болуы керек, яғни Х.Досмхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек, «ұлттық мәдениет үстемдiгi сақталуы» тиiс болатын.«Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнiм,»- деп Сара ақынның сал Бiржанға қарата айтқанындай, бұл үш мәселеге келгенде, бiздiң де үнiмiз шықпайды. Егер қоғамның дамуы осы бетiмен кете берсе, күнi ертең бiз «Құранды» да орыс тiлiнде оқитын боламыз. Бесiншi, түпкi мақсат: тәуелсiз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негiзделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру едi. Әлихан Бөкейханов - ұлттық саясаткер. Ұлт тәуелсiздiгi жолында ықпалы тиетiн барлық мүмкiндiктi пайдалануға мәжбүр. Ал 1905 жылы ұлттық автономия, патшаны тақтан түсiру, конституциялық демократия орнату, бұратана ұлттарға - нәсiлiне, дiнiне қарамастан азаттық беру, өзiнiң

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

даму жолын анықтауға ерiк беру мәселесiн кiм көтердi? Кадет партиясы көтердi. Ендеше, "бұратана ұлттарға - нәсiлiне, дiнiне қарамастан азаттық беру, өзiнiң даму жолын анықтауға ерiк берудi" мақсат етiп қойған саяси партияның құрамына Әлихан Бөкейханов неге кiрмеуi тиiс? Конституциялық демократия партиясы өзiнiң күрес жолына: адамға адам - бауыр, дос, бiрiң - бәрiң үшiн, бәрiң - бiрiң үшiн, нәсiлдiк, ұлттық, дiндiк, әлеуметтiк теңдiк, азаматтық қоғам сияқты тура өзiмiз ұрандатып өскен коммунизмнiң принциптерiн негiзгi етiп алды. Мiне, сол мақсатқа жету үшiн Әлихан Бөкейханов кадет партиясына өттi. Бұл мақсатқа жету жолында бауырлас түркi халықтарының ұлт зиялылары да топтасты. Соның нәтижесiнде Ресей мұсылмандарының бiрiншi құрылтайын ұйымдастыруға мүмкiндiк алды.

Сол құрылтайда көтерiлген жасыл тудың шылауымен 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өткен I Бүкiлресейлiк мұсылмандар құрылтайына Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ғ.Әлiбеков, К.Жәленов, Ғұбайдолла және Дәулет ишандар, У.Танашев пен Ш.Бекмұхамедов қатысты. Бұл құрылтай Ресей бодандығындағы мұсылмандарды ғана бiрiктiрiп қойған жоқ, сонымен қатар тәуелсiз республика туралы мәселе ашық мiнбеде көтерiлген тұңғыш бас қосу болды.Ә.Бөкейханов ресми түрде кадет партиясынан шықты.Өйткенi бұл кезде қазақ арасында дербес партия құру мәселесi толық пiсiп-жетiлген едi. Ә.Бөкейханов өзiнiң бұл шешiмiн: кадет партиясының мақсаты - ұлттық автономия жариялауға қарсы болғандықтан да, Алаш идеясына сәйкес келмегендiктен де, оның құрамынан шығамын - дедi. Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саясаткерлердің бірі, тарихшы, журналист, жазушы және драматург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы бұл очеркін 1922 жылы аяқтап, 1924 жылы Мәскеудегі СССР халықтарының орталық баспасынан шығарды. Совет өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы 15 жылын осы Мәскеуде өткізіп, Кремльдің жіті бақылауында болған еді. Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.

1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында Алаш

Page 12: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады «Түрік баласы» («Қазақ», 1913, № 7). 1914 жылы оның серіктестері әрі достары, сол кезде Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің бас редакторы мен орынбасары – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы «газет бетінде үкіметке қарсы мақала жариялады» деген желеумен тұтқынға алынды.Бұл уақиғаны жеделхат арқылы білген Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінің келесі нөміріне «Ұят!» деген мақала жариялап, Алаштың біртуар азаматтарына қолдау көрсетті. Өзінің де Самара губерниясында айдауда жүргеніне алты жыл болғанына қарамастан «Алаш» көсемі пікірлестеріне тілекші екендігін осылайша танытты.«А.Н.Радищев... абақтыға жабылып, 10 жылға Сібірге айдалды. Оның замандасы, тағы бір газетші, Еуропаға жол ашқан Н.И.Новиков Шлиссельбург бекінісінде 15 жылын өткізді. Ахмет және Міржақып бауырларым! Сендерді қамаған түрме – Радищев пен Новиков отырған түрме. Ресейде ең болмағанда бір рет тұтқында болмаған саналы адамдар санаулы-ақ. Достоевский, Потанин, Короленко, Чернышевский, Морозов сынды жазушылар да түрмеде отырды.... Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеневтер айдауға кетті... 1917 жылы қараша айында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі «Үш жүз» партиясын емес, «Алаш» партиясын қолдады, сөйтіп «Алаш» партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді.Алаш партиясы Қазан төңкерісінің қарсаңында Ресейдегі елуге жуық партияның ішінде сегізінші орында тұрған еді.Әлихан Бөкейханның адамшылығы, қайраткерлігі мен кісілік қасиеттерімен ерекшеленді. Ол пікірлестері мен жолдастарының еңбектерін қай уақытта да орынды бағалай білді. «Азамат Ә.Н.Бөкейханов 1922 жылдың 14 желтоқсанынан 1927 жылдың 1 қазанына дейін Мәскеудегі ССРО халықтары орталық баспасының Қазақ секциясында әдеби қызметкер болып жұмыс істеді», – деп жазылған Әлихан Бөкейханның осы баспадағы жұмысына қатысты пікірде. 1937 жылдың шілде айында тұтқындалғанға дейін Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 10 жыл бойы Мәскеуде үй қамағында болды. Туған еліне барар жол ол үшін жабылған болатын. Осыған қарамастан ол отандастарымен хат жазысып тұруға тырысты. Сәрсен Аманжоловтың мұрағатында ғайыптан сақталып қалған оның бірден бір хаты 1934 жылы жазылған екен.

Page 13: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған анкета Ресей ФСБ-ның мұрағатында құжат ретінде сақталған. (Мәскеу, ақпан, 1995 жыл)

1937 жылы атылып кеткенде, қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбалары, сондай-ақ, қазір Алматыда өмір сүретін немере туысының қолында сақтаулы тұрған насыбай шақша ғана қалды.Әлихан Бөкейханға да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Тек таяуда ғана Алаш көсемінің күйеу баласы, 1920 жылдардағы ірі мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов денесінің күлі Мәскеуден Астанаға әкелінді. Бірақ әлі күнге дейін оны қайда жерлеу мәселесі шешілмей отыр. ІІІ – оқушы: «Алаш арысы – Міржақып Дулатұлы» Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Алыстан Алаш десе аттанамын,Қазақты қазақ десе мақтанамын.Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-

Page 14: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың

Page 15: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды.

Page 16: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды. Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады. М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды. Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағын мынандай өлең жолдарымен бастайды: Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне

Page 17: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.Жүректен қашан шығар қадалған оқ,Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?Қажыған қам көңілді бip көтерерЖанымда жан ашитын адам да жоқ, —деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,Емеспін жемісі көп тамаша ағашҚалғанша жарты жаңқам мен сенікі —Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.

Page 18: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —деп келш, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақБірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.Алашым, айтқанды алсаң, без бұларданЕш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған,Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады."Бақытсыз Жамал" романы Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды

Page 19: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады."Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі

Page 20: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды. Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық, атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы Абайдың шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер.

Page 21: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-01-05 · сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де

Міржақып Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.Қорытынды: Париждегі ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 196-шы сессиясында 2016-2017 жылдары Ұйымның қатысуымен аталып өтетін ағартушы тұлғаларға арналған еске алу-мерейтой шаралары мен тарихи және мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелер Қазақстан үшін де олжалы болды. Үстіміздегі жылдың қараша айына белгіленген ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында қабылдау үшін жіберілген ұсыныстар ішінде 2016 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жайы қарастырылды.Қуанышты хабар Алаш қайраткерлерінің ғұмыр жолын зерттеп, ұлт мүддесі жолындағы еңбектерін паш етуде көптеген істерге мұрындық болып жүрген Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін де маңызды оқиғаға айналды.

Азаттықты аңсаған алаш қайраткерлері