Ұлағаты мол –Ұлы мейрам Ел ер · pdf file№5 (213) 17...

12
№5 (213) 17 наурыз 2015 жыл Ұлағаты мол –Ұлы мейрам Жер-ана бусанып, бар табиғат тіршілікке еніп, адамдар да, жан-жануарлар да бастарын көтеріп қыстан аман шыққандарын тойлап, жан-жақтарына қарап, күннің нұрынан, шуағынан жылылық сезініп ерекше бір күйге енеді.Бұл көктем мерекелерінің тоғысқан махаббатқа толы наурыз айының кереметі. Наурыз айы-бұл халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Маусымдық мерекелерге жалпы халықтық тойлар жыл басы тойы - Наурызды тойлаймыз. Осы Наурызда өзіміздің «қазақ» екенімізді сезінеміз.Балалар осындай халықтың ұрпағы екендігін мақтанышпен айтады. Өзіміздің қаймағы бұзылмаған ұлт екендігімізді тек қана осы Наурыз айы келе бастағаннан-ақ сезе бастайтындаймыз. Яғни, салт - дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі. Олай болса, салт- дәстүрімізді білетін, әдет-ғұрыптарымызды құрметтейтін халықтың ұрпағы бола тұра мен соған лайық тәрбие алғым келеді.Қоғам өзгерді,жаһандану деп өзінің тілін білмейтін балалар көбейіп жатыр.Тіл білмеген менің құрбыларым салт-дәстүр дегенді қалай дәріптесін, – деп ойлаймын. Ата-аналарымызбен бірге бесікте жатып-ақ ана әлдиімен келетін барлық ұлттық санамызды қалыптастыруда ата- аналарымыз белсенділік танытса екен. Наурыз мерекесі ежелгі заманнан басталып қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мерекесі- әжеміз бесік жырын айтып, анамыз тұсауымды кесетін, әкеміз атқа шауып, құрбы- құрдастар жымиып алты бақан тебетін, іні- сіңлілеріміз ұлттық киімдерін киіп,«наурыз көже» ішіп, халық бір-бірімен мәз-мейрам болып бар-мейірімдерімен бір- бірін құттықтайтын киелі мереке. Ендеше Наурыз мерекесі- мен үшін де барша қазақ халқы үшін де ұлттық ерекшеліктерімен құнды, тәлім-тәрбиелі ай екенін әр кез өз қатарластарыма осылайша насихаттағым келеді. Балмира МИФХАТОВА №6 ЖОББМ-нің 5 «в» сынып оқушысы Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы Наурызым- мақтанышым! «Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы» қарсаңында мектебімзде «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мереке оздырылды. Бұл шара мектептің спорт залында барлық сыныптардың қатысуымен театрландырылған көрініс түрінде өтті. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, атап айтсақ «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Құда түсу», «Ұлттық ойындар», «Ұйқыашар», «Селт еткізер» шынайы түрде көрсетілді. Әр сынып ұлттық тағамдардан дастархан жайып, келген қонақтарға, ата-аналарға, ұстаздарға дәм татқызды. Ауылдық округі бойынша өткізілген «Наурыз мейрамына» арналған шарада да мектеп ұжымы шет қалған жоқ. Жоспар бойынша әрбір мекемеге ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсету, елімізде достық қарым- қатынаста тұрып жатқан әрбір ұлттың дастарханын дайындау тапсырылған еді, мектеп ұжымы «Құда түсу» салтын және өзбек ұлтының дастарханын жайып, көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болды. Сонымен бірге арнайы стенд-көрме жасақталды. Бұл көрмеде оқушылардың «Наурыз мейрамына» арнаған қолөнер туындылары қойылды. Мектеп ұстаздары Ж.Кұрмашев Ж. Т.Бекетаев, Г.Жаманкұлов, Қ.Табылдиева, А.Кадралиева, Л.Ескалиева наурыз мерекесінің мәдени шарасына белсене қатысты. Бір сөзбен айтқанда тәуелсіздігіне тәу еткен мереке ауылының кәрі-жасы «ұлағаты мол ұлы мейрамымыздың бергенінен берері мол болғай»,- деп тарқасты. Анаргүл МЕҢДІҒАЛИЕВА, Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп-балабақшасының 11-сынып оқушысы Мереке ауылы,Тасқала ауданы Міне, наурыз айы да келіп жетті.Бұл айда жаңа жылмен қатар адам көңіліне жылулық пен сұлулықтың да қатар енетіні сөзсіз. Бірінші күнінің өзінде –ақ табиғатта аса бір өзгешелік сезілмесе де, жүздері әлдебір қуаныштан бал-бұл жанып тұрған бүлдіршіндердің «Ұстаз, бүгін көктемнің алғашқы күні ғой» деген қуанышты үнін естігенде –ақ осы айда адам көңілін жібітіп, бойын сергітетін, жүрекке имандылық ұялататын тылсым құдірет бар ма деп қаласың... Шынында, бұл айда бүлдіршіндер көңіліне қуаныш сыйлайтын мерекелер өте көп. Ұстаздық еткен 20 жылдың ішінде осы айдың бір күнін жайбарақат өткізген бір де –бір ұстазды көрген емеспін. Өйткені алдағы мерекелерді оқушылар мен ата-ана көңілінен шығатындай етіп ұйымдастыру - әр ұстаз үшін үлкен сын. 8- наурыз - Халықаралық Әйелдер күні, 14- наурыз –Көрісу күні, 22- наурыз – барша мұсылман қауымының Жаңа Жылы – ерекше тәрбиелік мәні бар маңызды мерекелер. Әсіресе, бастауыш сыныптарда әзірлік айдың бірінші күнінен басталып кетеді. Сүйікті аналарына, әпкелеріне, қарындас- сіңлілеріне өз қолдарымен сыйлық жасау – бастауыш сынып жасындағы балалар үшін ең сүйікті істерінің бірі болса, балаларының өз қолдарымен жасаған сыйлықтары әр ана үшін баға жетпес байлықпен тең .Сонымен қатар әр бүлдіршінге тақпақ жаттатып, ән айтқызу, би үйрету де – ұстаз міндеті. Бұл мерекені абыроймен атқарған әр ұстаз жаңа жыл мерекесінің қамына кіріседі. Осы бір мейрамдардың арасында рухани құндылығы мол Көрісу күні де аталып өтеді. Бұл мерекенің ұлттық дәстүрімізді дәріптеуде, ұрпақты ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеудегі қырларын ашу да - ұстазға артылатын міндеттердің бірі. Осы күндері ата- әжелеріне басқа да жасы үлкен туысқандарына барып көрісіп, бата алудың маңызын бүлдіршіндер санасына ұялатуға тырысамын. Биыл Қазақстан халқы Асамблеясының 20 жылдығына байланысты мектебімізде ұлттар достығын дәріптейтін ауқымды шара оздырылғалы отыр. Біздің сыныпқа Корей халқының салт- дәстүрін көрсету туралы тапсырма берілді. Бұл тапсырманы ойдағыдай атқарып шығатынымызға сенімдімін. Өйткені менің кішкентай болса да , болашақтары зор 25 шәкіртім бар ғой! Жұмыла көтерген жүк қашан да жеңіл болады емес пе? Ендеше, бірлігімізді ту қылып, тыныштығымызды жыр қылып, ұлағатты ісімізді абыроймен атқарып жүрейік, әріптестер! Жаңа жылымыз, бақытты жыл болсын! Т.ӨТЕШЕВА Казталов ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Казталов ауданы Шұғыласы мол шуақты мереке

Upload: vanbao

Post on 22-Feb-2018

332 views

Category:

Documents


23 download

TRANSCRIPT

№5 (213)17 наурыз2015 жыл

Ел ерҰлағаты мол –Ұлы мейрам

Жер-ана бусанып, бар табиғат тіршілікке еніп, адамдар да, жан-жануарлар да бастарын көтеріп қыстан аман шыққандарын тойлап, жан-жақтарына қарап, күннің нұрынан, шуағынан жылылық сезініп ерекше бір күйге енеді.Бұл көктем мерекелерінің тоғысқан махаббатқа толы наурыз айының кереметі.

Наурыз айы-бұл халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Маусымдық мерекелерге жалпы халықтық тойлар жыл басы тойы - Наурызды тойлаймыз. Осы Наурызда өзіміздің «қазақ» екенімізді сезінеміз.Балалар осындай халықтың ұрпағы екендігін мақтанышпен айтады. Өзіміздің қаймағы бұзылмаған ұлт екендігімізді тек қана осы Наурыз айы келе бастағаннан-ақ сезе бастайтындаймыз.

Яғни, салт - дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі. Олай болса, салт-дәстүрімізді білетін, әдет-ғұрыптарымызды құрметтейтін халықтың ұрпағы бола тұра мен соған лайық тәрбие алғым келеді.Қоғам өзгерді,жаһандану деп өзінің тілін білмейтін балалар көбейіп жатыр.Тіл білмеген менің құрбыларым салт-дәстүр дегенді қалай дәріптесін, – деп ойлаймын. Ата-аналарымызбен бірге бесікте жатып-ақ ана әлдиімен келетін барлық ұлттық санамызды қалыптастыруда ата-аналарымыз белсенділік танытса екен.

Наурыз мерекесі ежелгі заманнан басталып

қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мерекесі-әжеміз бесік жырын айтып, анамыз тұсауымды кесетін, әкеміз атқа шауып, құрбы-құрдастар жымиып алты бақан тебетін, іні- сіңлілеріміз ұлттық киімдерін киіп,«наурыз көже» ішіп, халық бір-бірімен мәз-мейрам болып бар-мейірімдерімен бір-бірін құттықтайтын киелі мереке.Ендеше Наурыз мерекесі- мен үшін де барша қазақ халқы үшін де ұлттық ерекшеліктерімен құнды, тәлім-тәрбиелі ай екенін әр кез өз қатарластарыма осылайша насихаттағым келеді.

Балмира МИФХАТОВА№6 ЖОББМ-нің 5 «в» сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

Наурызым-мақтанышым!

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз м е й р а м ы » қ а р с а ң ы н д а мектебімзде «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мереке оздырылды. Бұл шара мектептің

спорт залында барлық сыныптардың қатысуымен театрландырылған көрініс түрінде өтті. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, атап айтсақ «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Құда түсу», «Ұлттық ойындар», «Ұйқыашар», «Селт еткізер» шынайы түрде көрсетілді. Әр сынып ұлттық тағамдардан дастархан жайып, келген қонақтарға, ата-аналарға, ұстаздарға дәм татқызды.

Ауылдық округі бойынша өткізілген «Наурыз мейрамына» арналған шарада да мектеп ұжымы шет қалған жоқ. Жоспар бойынша әрбір мекемеге ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсету, елімізде достық қарым-қатынаста тұрып жатқан әрбір ұлттың дастарханын дайындау тапсырылған еді, мектеп ұжымы «Құда түсу» салтын және өзбек ұлтының дастарханын жайып, көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болды. Сонымен бірге арнайы стенд-көрме жасақталды. Бұл көрмеде оқушылардың «Наурыз мейрамына» арнаған қолөнер туындылары

қойылды. Мектеп ұстаздары Ж.Кұрмашев Ж. Т.Бекетаев, Г . Ж а м а н к ұ л о в , Қ . Т а б ы л д и е в а , А . К а д р а л и е в а , Л.Ескалиева наурыз мерекесінің мәдени шарасына белсене қатысты.

Бір сөзбен айтқанда тәуелсіздігіне тәу еткен мереке ауылының кәрі-жасы «ұлағаты мол ұлы мейрамымыздың бергенінен берері мол болғай»,- деп тарқасты.

Анаргүл МЕҢДІҒАЛИЕВА,Жалпы орта білім беретін Мереке

мектеп-балабақшасының 11-сынып оқушысыМереке ауылы,Тасқала ауданы

Міне, наурыз айы да келіп жетті.Бұл айда жаңа жылмен қатар адам көңіліне жылулық пен сұлулықтың да қатар енетіні сөзсіз.

Бірінші күнінің өзінде –ақ табиғатта аса бір өзгешелік сезілмесе де, жүздері әлдебір қуаныштан бал-бұл жанып тұрған бүлдіршіндердің «Ұстаз, бүгін көктемнің алғашқы күні ғой» деген қуанышты үнін естігенде –ақ осы айда адам көңілін жібітіп, бойын сергітетін, жүрекке имандылық ұялататын тылсым құдірет бар ма деп қаласың...

Шынында, бұл айда бүлдіршіндер көңіліне қуаныш сыйлайтын мерекелер өте көп. Ұстаздық еткен 20 жылдың

ішінде осы айдың бір күнін жайбарақат өткізген бір де –бір ұстазды көрген емеспін. Өйткені алдағы мерекелерді оқушылар мен ата-ана көңілінен шығатындай етіп ұйымдастыру - әр ұстаз үшін үлкен сын.

8- наурыз - Халықаралық Әйелдер күні, 14- наурыз –Көрісу күні, 22- наурыз – барша мұсылман қауымының Жаңа Жылы – ерекше тәрбиелік мәні бар маңызды мерекелер.

Әсіресе, бастауыш

сыныптарда әзірлік айдың бірінші күнінен басталып кетеді. Сүйікті аналарына, әпкелеріне, қарындас-сіңлілеріне өз қолдарымен сыйлық жасау – бастауыш

сынып жасындағы балалар үшін ең сүйікті істерінің бірі болса, балаларының өз қолдарымен жасаған сыйлықтары әр ана үшін баға жетпес байлықпен тең .Сонымен қатар әр бүлдіршінге тақпақ жаттатып, ән айтқызу, би үйрету де – ұстаз міндеті.

Бұл мерекені абыроймен атқарған әр ұстаз жаңа жыл мерекесінің қамына кіріседі.

Осы бір мейрамдардың арасында рухани құндылығы мол Көрісу күні де аталып өтеді.

Бұл мерекенің ұлттық дәстүрімізді дәріптеуде, ұрпақты ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеудегі қырларын ашу

да - ұстазға артылатын міндеттердің бірі. Осы күндері ата-әжелеріне басқа да жасы үлкен туысқандарына барып көрісіп, бата алудың маңызын бүлдіршіндер санасына

ұялатуға тырысамын. Биыл Қазақстан халқы Асамблеясының 20

жылдығына байланысты мектебімізде ұлттар достығын дәріптейтін ауқымды шара оздырылғалы отыр. Біздің сыныпқа Корей халқының салт- дәстүрін көрсету туралы тапсырма берілді. Бұл тапсырманы ойдағыдай атқарып шығатынымызға сенімдімін. Өйткені менің кішкентай болса да , болашақтары зор 25 шәкіртім бар ғой! Жұмыла көтерген жүк қашан да жеңіл болады емес пе?

Ендеше, бірлігімізді ту қылып, тыныштығымызды жыр қылып, ұлағатты ісімізді абыроймен атқарып жүрейік, әріптестер! Жаңа жылымыз, бақытты жыл болсын!

Т.ӨТЕШЕВАКазталов ОЖББМ-нің

бастауыш сынып мұғалімі, Казталов ауданы

Шұғыласы мол шуақты мереке

№5 (213) 17.03.2015 ж.2

Жақында №37 жалпы орта білім беретін мектебінде өсіп келе жатқан жас буынға өнер адамдарының талантын, дарынын паш ету,үлгі-өнеге тұту мақсатында жерлесіміз Ақжайықтың жас өрен жүйрігі, ақын, айтыс өнерінің ақтаңгері Талғат Мықиевпен қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі сыр-сұхбат ұйымдастырып, бетпе-бет жүздесуде мектептің өнер-білімге құштар өрендері ақынмен жақынырақ танысып, сыр бөлісті.

Бүгінде жастар арасындағы айтыс өнерінде де, жазба поэзияда да өзіне ғана тән ерекшеліктерін байқатып жүрген жас ақынның өмірі мен шығармашылығына 8 «в» сынып оқушысы Б.Жақсылықова презентация дайындап оқушыларға ақын өмірінен сыр шертсе, Н.Әди, Т.Жеңісова, Г.Гайсиева, Л.Дуйсекенова, А.Амангелдиева сынды оқушылар ақынның «Жан дауыс», «Қылшыққұм» жинақтарынан махаббат сезім, ел мен жер тақырыптарымен қатар, ақынның азаматтық үнін білдіретін жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды. Мектебіміздегі қазақ поэзиясына, қазақтың қара өлеңіне елең етіп жүрген, ақындыққа құштарлығы бар шәкірттеріміз А.Шалабаев, Г.Насимуллина, Д.Науханова, Т.Жеңісова өздерінің қаламынан шыққан дүниелерін оқып ақынның ақ жолтай тілек-батасын алды. Құқық пәнінің мұғалімі –А.Кенжегалиева өзінің төл туындысы «Қадыр ақын рухымен тілдесуін» оқыды.

Шара барысында ақындық шабытымен, суырыпсалма дарынымен үлкенді-кішілі айтыстарға қатысып, өз бағасын алып жүрген айтыс ақынының айтыстағы бейнесінен экранда үзінділер де көрсетіліп, «Суырыпсалма дарындылық, яғни айтыс ақыны болу үшін, қарсыласыңызды сүріндіру үшін айтыс алдын ала әзірлікті қажет ете ме?»,«Ақындыққа, айтыс өнеріне баулыған ұстазыңыз барма, жалпы бұл дарын сізге қайдан, қалай дарыды?», «Өнердегі достарыңыз, сырласыңыз кім?», «Арман-мақсатыңыз, алдағы жоспарыңыз қандай?» сынды сұрақтарға оқушылар жауап алып, ақыннан қонақкәде сұралып, ақын өзінің айтыстағы мақамымен домбырасын шертіп «Мектепке арнау»-ын әзіл-шыны аралас өлеңмен өрілген жыр-шашуын арнап, тыңдарман қошеметіне бөленді.

Шараны қорытындылаған бірлестік жетекшісі Есенова Бекзат Бақтығұлқызы, мектеп басшысы Мурадимова Тамара Мусақызы осындай әсерлі, тағлымды кездесу кештерінің өсіп келе жатқан жас буынға үлгі-өнеге боларлық тәлімі мол екенін айта келіп , ақынға поэзия әлемінде өзіндік өлең өрнегімен дараланып,шыңдала беруіне зор шығармашылық шабыт тілеп, алғысын білдірді. «Өнер алды-қызыл тіл» демекші, әдебиетті, өнерді сүйетін балғын өрендер кеште дән риза болып,ақынды қаумалап, қолтаңба алып ,мәре-сәре болып алған әсерлерін бір-біріне айтып шат-шадыман әсерге бөленді.

Ботакөз ЖАСАНОВА№37 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ АНЫҚТАЛДЫ»

Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп-балабақшасында оқу жылының екінші тоқсаны басында сынып жетекшілерінің бір жылғы еңбегін саралап, оларды өз дәрежесінде марапаттап, бағалау үшін «Үздік сынып жетекшісі – 2015» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға төрт сынып жетекшісі қатысты. Олар әрбір мектепішілік әдістемелік бірлестік мұғалімдері: 7-сынып жетекшісі Гүлназ Нагимова /жаратылыстану-математикалық/,6-сынып жетекшісі Аида Өтепқалиева /гуманитарлық/, 3-сынып жетекшісі Эльмира Валиева /бастауыш сыныптар/, шағын орталық тәрбиешісі Алтынай Малаева /мектепке дейінгі ұйым/.

Алдымен қатысушыларға алдын ала байқаудың мақсаты мен міндеттері таныстырылып, тапсырмалар берілді. Байқаудың шарты бойынша, сынып жетекшілеріне өздері жетекшілік ететін сыныптарда ашық тәрбие сағаттары мен ата-аналар жиналысын өткізу тапсырылды. Барлық ұйымдастыру жұмыстары мектептің қосымша білім беретін педагогы Ж.Жұмагалиеваға жүктелді. Байқау шарты бойынша үміткерлер алдымен өздерін өлең жолдарымен таныстырды. Онан кейін, «Сынып жетекшісінің өмірінен бір күн» атты слайд көрсетіп, өз қолдарымен жасалған бұйымдарды көрерменге ұсынып, қазылар алқасынан қойылған тосын сұрақтарға да жауап берді. Байқауға қатысушы сынып жетекшілеріне өздері жетекшілік ететін сынып оқушылары ән-жырдан сыйлық жасады. Балабақша тәрбиеленушісі Еламан Әлішер тақпақ айтса, 3-сынып оқушысы Жарқынай Дюсенгалиева «Ұстазыма» өлеңін, 6-сынып оқушысы Бақытқали Аяжан «Сүйікті ұстазыма» атты арнауын, 7-сынып оқушысы Ілиясова Балсұлу мың бұрала «Қазақ биін» билеп берді. Сонымен бірге мектептің саз пәні мұғалімі Е.Шайдуллин ұстаздардың әнұраны «Ұстазым» әнін шырқап, бір серпілтіп тастады.

Байқауға қатысушы сынып жетекшілерінің екі тоқсан арасында атқарған жұмыстарын әділқазы мүшелері сараптай келе, бас жүлдені Э.Валиева, І-орынды А.Малаева, ІІ-орынды Г.Нагимова, ІІІ-орынды А.Өтепқалиевалар өзара бөлісіп, естелік сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.

Қуаныш МАЮКОВ,ЖОББ Мереке мектеп-балабақшасы

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мереке ауылы,Тасқала ауданы

Отбасылар байқауыТайпақ ауылының «Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының ата – аналары

арасында қарым – қатынасты нығайту, балалардың дене мүшелерінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл – қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету, қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, «Балбөбек» тобының тәрбиешісі Алпаева Күлшат Т ө л е п б е р г е н қ ы з ы н ы ң ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н «Отбасым менің –

тірегім» атты алты кезеңнен тұратын сайыс өткізді. Сайысқа: Кубаевтар, Жаксимбетовтар, Масеновтар отбасылар қатысты. Спорттық сайыс нәтижесінде І орынды Құбаевтар отбасы иеленді.

Осындай тәрбиелік мәні зор, балаларды қызықтыра алатын шараларды мейрам сайын үнемі өткізіп отыратын, жауапкершілігі мол Күлшат Төлепбергенқызының тобында балаларымыздың тәрбиеленіп отырғанына, ризашылығымызды ата – аналар атынан білдіремін.

Райхан ЕСҚАБЫЛОВА, «Балбөбек» тобының ата –анасы Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

Ағымдағы ақпарат2015 - Года Ассамблеи

народа Казахстана

По всей стране стартуют мероприятия, посвященные открытию 2015 - Года

Ассамблеи народа Казахстана . В школьной библиотеке №8 с учащимися 6 «а» класса был проведен тематический час «Бірлік – береке бастауы». Открыла мероприятие Менслу Утепкалиевна Арыкова с рассказами об истории деятельности Ассамблея народа Казахстана. Вниманию учеников были представлены книжная выставка, обзор выставки, показ слайдов об Ассамблеи народа Казахстана.Украсило мероприятие выступление детей разных национальностей хороводом дружбы , читали стихи о дружбе, о Казахстане, на казахском и русском языках это: Сятова Альфия, Мещерякова Валерия, Мурзашев Карим, Левковский Артем, Джумагалиев Айдар, Адиев Бекнар, Кеслер Юлия. В конце мероприятие провели мини путешествие, было задание написать на стикерах.

Мы живем в мире и согласии, помогаем друг другу, плодотворно трудимся на благо Отчизны. Единство и согласие – золотое достояние Казахстанцев. Глава государства Нурсултан Назарбаев отметил: « Каждый народ сам несет отвественность за сохранение мира в своей стране.

А.БАЙЖАНОВА Зав филиала №16, г.Уральск

Бірлігі жарасқан біртұтас елміз

«Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте екенін баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай елімізде 2015 жыл Ассамблия жылы болып жарияланды. Тайпақ ауылында осы мерекенің ашылуына орай,әкімшілік алдына сахна қойылып, аудан әкімінің орынбасары Т.Шиниязов ауыл тұрғындарын осы мерекемен құттықтап, ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Садиров Ұлттар достығы туын көтерді. Ауылдық кітапхана меңгерушісі С.Тлекиева мерекеге

түсініктеме берді. Осы шаралар

легін Тайпақ мектеп – гимназиясы - өзбек ұлтын, Қ.Байсықов ЖОББМ- і – орыс ұлтын, Краснояр ЖОББМ-і украйна ұлтының ұлттық нақыштары көрсету арналған көрмелерімен ауыл халқын таң тамаша етті. Сол ұлттың биін, тағамдарынан дәм татқызып, ұлттық киімдері, ұлттық нақыштары сипаттап,өз өнерлерін ортаға салды. Көрме соңы ауыл өнерпаздарынан ұйымдастырылған мерекелік концертпен жалғасты.

Ақбөбек АПЫРОВАТайпақ мектеп – гимназиясы тәлімгері

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

Березов мектеп-балабақша кешенінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, 5 «А» сынып жетекшісі Д.Шоханова «Өнерлі қыз, өнегелі ана» тақырыбында аналар мен қыздар арасында байқау өткізді.

Міне, зымырап тіршілікке жан бітірер, жүрекке шуақ ұялатар, сағындырған сұлу көқтем де келіп жетті. Күннің шуағы шашылып, табиғат ана жарқырап, жүректерге қуаныш сезім ұялар, ең керемет мезгіл көктемнің алғашқы күндерінде 5 «А» сынып қыздары мен аналары сынып жетекшісі Д.Шоханованың ұйымдастыруымен «Өнерлі қыз, өнегелі ана» тақырыбында байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы түсінік беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Бұл шараға А.Тажекенова қызы Айымгүлмен, С.Балмолдина қызы Аружанмен, Г.Сахипкереева қызы Риммамен, Ә. қызы Мақпалмен қатысты. Арнайы әділқазылар А.Б Татжекенова оқу ісінің меңгерушісі, И.Ж Сугурбаева тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп психологы К.Е

Джумагалиева әр сайысқа ұпайлар беріп отырды. Сайыста 5 «А» сынып оқушылары ана тақырыбында өлеңдерді мәнерлеп оқып, байқау шымылдығын ашты.Байқау 5 сатыдан тұрды: «Сәлем сөздің атасы», «Салт-дәстүрді білесің бе?», «Өнерлі өрге жүзер», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Дәм думан». Аналар мен қыздар тапсырмаларды бірігіп отырып, өз біліктерін көрсетті. Сонымен қатар, көрермендерге жұмбақтар жасырылып, мақалдың жалғасын тауып отырды.

Сайыс соңында 1-орынды А.Тажекенова қызы Айымгүл, 2-орынды Ә.Ануарова қызы Мақпал, 3-орынды С.Балмолдина мен қызы Аружан және Г.Сахипкереева мен қызы Римма алды.

Ф.ДЕМИСИНОВАБерезов мектеп-балабақша кешені

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҰБТ-ға дайындық жүйесін жетілдіру барысындағы аудандық семинар

Ақжайық аудандық әдістемелік кабинеті мен «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің тыңдаушылары бірлесе ұйымдастыруларымен «Оқушылардың жеке тұлғалық және шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына тиімді жағдай жасау жолдарын үйрету, жаратылыстану-математика пәндерінен оқушыларды ҰБТ-ға даярлауда мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің артуына әдістемелік көмек көрсету» мақсатында аудан орталығы Чапаев ауылындағы М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ-нің базасында «Жаратылыстану-математика пәндері бойынша облыстық олимпиадада және ҰБТ-де кездесетін күрделілігі жоғары сұрақтарды талдау» тақырыбында жаратылыстану (биология, химия, география) және математика-физика пәндерінен 11 сыныпқа сабақ беретін

пән мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті. Аталмыш семинар-практикум бірінші бөлімінде «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің мақсаты мен жұмысы, аудандық ҰБТ байқау сынақтарының қорытындысы қаралды.Екінші практикалық бөлімде «Олимпиадада және ҰБТ-де кездесетін күрделілігі жоғары сұрақтарды және есептерді талдау» тақырыбы аясында жүрді. Пән мұғалімдері секцияларға бөлініп, іс-тәжірибе алмасып, талқылау жүргізіп, қызу жұмыстанды. Семинардың соңғы бөлімін А.Кайсакова мен Г.Уразгалиева «ҰБТ-ға жүйелі дайындық-білім сапасын арттыру негізі» тақырыбында коучингімен аяқтады. Семинар жұмысын қорытындылған мұғалімдер ұйымдастырушыларға ризашылықтыарын білдіріп, осындай семинарларды жиі ұйымдастырылып тұрса деген өтініштерін білдірді.

Б.ЕЛЕКЕШОВ А.БАЙМУХАНОВА

Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері

«Өнерлі қыз, өнегелі ана» - болашақтың биігі

Жас ақынмен кездесу балғындарды жігерлендірді

№5 (213) 17.03.2015 ж. 3Ардагерлерді аялайық

АУЫЛЫМЫзДАҒЫ АРДАгЕР Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. Салқыны сан жылдарға созылған сол бір сұрапыл

соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері –бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей. Қыршынынан қиылып, атақ-даңқ иелену тұрмақ, әлі күнге дейін жерленген жерлері белгісіз жауынгерлер, туған жер топырағы бұйырмаған боздақтарымыз қаншама?...

Отан - өз батырларымен бай. Отаннын қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық -нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар болып қалыптасады. Халықта дана мақал-мәтел бар: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Ер барда – ел қор болмас» деген.

Ауылымыздың құрметті азаматы Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз - Мәжит Жаданов атамызбен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай, құрбыларым мен барып жүздесіп сол бір ауыр жылдар жайында сыр шертуін сұраған едік.

- Атамыз 1942 жылы Қызыл туды әскери училищесінде оқып әскери білім алдым деп бастады әңгімесін. 1943 жылы сәуірде әскерге алынып бірден майданға кіріпті. «Екі жыл бойына талай қанды ұрыста талай қаруластарымнан айырылдым. Дәм-тұзымның таусылмағаны болар, бүгінгідей сендердің бақытты ғұмырларыңды көріп отырғаным, аман болыңдар, Отаншыл болыңдар, айналайындарым» – деп, көкірегінде жатқан ащы запранға толы сол бір сұрапыл жылдардың зұлматын жадымызда жаңғыртқысы келмегенін жанарынан байқап бізде қазбаламадық.

Ауданымыздан бес мыңға жуық адам сол соғысқа қатысса соның екі мыңнан астамына жат жерден топырақ бұйырды. Бүгінде аз қалған ардагерлерімізді қалай мадақтасақ та жарасады. Ұрпағы барда ұмытылмайтын ардагерлерлерім,- аман болыңыздаршы.

Жансая ЛҰҚПАНОВА

«Сөз мерген» үйірмесінің мүшесі Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы , Жаңақала ауданы

«Отан,- деп соққан жүрегім»

Ұлы Отан соғысы... Бұл-сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бүгінде Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбегінгдегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Бес жүзден аса жерлестеріміз, оның ішінде тоқсан алты Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова және біз білмейтін жауынгерлер ерлігі қаншама. Көрнекті қазақ ақын, Жамбыл Жабаев, Ленинградтың ауыр тағдыры туралы;

Ленинградтық өренім,Мақтанышым сен едің!Нева өзенінен сүйкімді,

Бұлағымдай көремін...,- деп жауынгерлерді жалынды жырымын жеііске жігерлендірді.

Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған басқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жауып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. жеңіс жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындақтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. Жеңістің күні 1945 жылдың 9 мамырында барша жұртшылыққа шапағын шашып, ел еңсесін тіктей бастады. Бүгін де міне сол жеңістің туын желбіреткенімізге 70 жыл толып отыр.

Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының барлығын қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.

Біз-бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік.

Айтолқын БАзАРБАЕВАЧапаев ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы

Теректі ауданы,Долиный ауылы

«Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай.

Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге

болмайды» Баубек Бұлқышев

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің 2015 жылға арналған іс-шаралар жұмыс жоспарына сай Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бастауыш сынып оқушылар арасында «Туған өлкенің батырлары» тақырыбында аудандық шығармалар байқауы оздырылды.

Байқаудың мақсаты: Отанға деген оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ерлігін насихаттау. Туған өлкенің тарихын зерделеу арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен ізденушілік-зерттеушілік шығармашылығын дамыту. Отансүйгіштікке баулу.

Байқаудың міндеттері:1.Оқушыларды қазақстандық отансүйгіштікке

және азаматтылыққа тәрбиелеу;2. Рухани және әлеуметтік-адамгершілік

әлеуеті бай тұлғаны қалыптастыру;3.Туған өлкені тану арқылы көпұлтты

қоғамға сай құндылықтарға бағдарланған қарым - қатынастарды қалыптастыру.

4.Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеуБайқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең

- мектепішілікЕкінші кезең - аудандықМектептерден аудандық кезеңге

жолданған бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын ауданның бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ құрамы өз бағасын берді. Оқушыларға мектеп ұстаздары мен ата-аналардың бағыт-бағдар бергендері жұмыстарынан көрініп тұр.Тақырыптық

шығармашылық байқау болғандықтан, шығармалар тақырыпқа сай,жоспарлы түрде жазылған, оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі дамыған. Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптасқан туындылар шеберлікпен бейнелі жеткізген. Туған өлкенің тарихын ізденіп, зерттеу, зерделеу арқылы тарихи тұлғалардың ерлігін танып, ата-бабасының үлгі болар ерлігін зор мақтанышпен ұрпақтары ақ қағазға суреттей білген.

«Туған өлкенің батырлары» тақырыбындағы аудандық шығармалар байқауына барлық мектептің 2-4 сынып оқушылары қатысып, үздік жазған шығармалары жеке жинақ кітапша болып шықты.Байқауға қатысқан оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.

Үздік жазған оқушылардың шығармалары аудандық қоғамдық-саяси «Шұғыла», облыстық «Самал» балалар мен жасөспірімдер газетіне, республикалық «Айгөлек», «Балдырған» балалар журналына жолданды.

Ұлы Отан соғысында бейбіт күн үшін күрескен батыр аталардың ерлігін, бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін үлгі тұтып, өз ойларын айта да жаза білетін егеменді еліміздің болашағына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарды отансүйгіштікке баулып, патриоттық

сезімін ояту мақсатында: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген болатын. Олай болса «жүрегі елім» - деп соққан ұл-қыздарымыз көбейе берсін. Оқушылардың қаламдары ұшталып, талаптарына нұр жаусын демекпін!

Толқын КИСЕКОВАЖәнібек аудандық білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинеттіңбастауыш сыныптар бойынша әдіскері

Жәнібек ауданы

«Біздің өлке қаһарманы»Насиболла Сахметов. Орал педогогикалық училищесін тәмамдаған соң, Орлы-ой

бастауыш мектебінде ұстаздық жұмысын атқарады.1939 жылдың ақырабында Совет армиясы қатарына шақырылады. Насиболла атаның әскери қызметі Забайкал әскери округінен

басталды. Ол Маннаргейм бекінісін жасаған ақфиндер соғысына қатысты. 1940 жылдың 12 наурызында ақфиндер тізе бүккен соң, жас жауынгердің әскери қызметі Жапониямен шекаралықта қайта жалғасады.

Насиболла Сахметовтың жинақылық пен тәртіптілікті, саяси және әскери әзірліктің озаттылығымен қабілеттілігін байқаған командирлер оны взвод командирлерін дайындайтын қысқа мерзімді әскери училищеге жібереді. Насиболла кіші лейтенант атағын алып, 1942 жылдың қаңтарында бітіріп шығып, жас лейтенант Насиболла Сахметов Батыс майданға келіп, взвод басқарады.

316-ы атқыштар дивизиясының құрамында лейтенант Сахметов басқарған бөлім үш тәулікке созылған қан төгіс ұрыста Москва-Варшава тас жолын кесіп, жаудың ілгері жылжуына мүмкіндік бермей, шабуылға тойтарыс береді.Ақырында ол оң жақ бұғанадан жараланып, аз уақыт емделгесін ол майданға қайта оралады. Сұрапыл соғыстың алғы шебінде болып, не бір қиындықты бастан кешкен атамыз, Украйна жерінің Хвостово

селосы маңында ұрыста екінші рет аяғынан жараланып, кейін сауыққан соң, 2-Украйна майданының атқыштар дивизясының құрамындағы Насиболла Сахметов басқарған пулеметшілер ротасы Днепр мен Десна өзендерінен көктей өтіп жау қолынан Киевті, Черниговті, Житомирді,Украйна мен Молдавияны азат етеді. Румынияны, Полшаны, Венгрияны азат еткен майдан жауынгерлерімен бірге шайқаста Н.Сахметов басқарған бөлімнің көрсеткен ерлік істері айтарлықтай болды.

1944жылдың көктеміндепулеметшілер ротасының командирі аға лейтенант Н.Сахметов дивизия штабына шақыртылып, оған Карпат тауынан өтіп, жаудың тылынан соққы беруді ұйымдастыру операциясы тапсырылады.

Жас қазақ батальон жауынгерлері карпат тауының биік шатқалды құздарынан өтіп, жаудың тас және темір жолдарының коммуникациясын кесіп,тылдан соққы берңп, үш тәулікке созылған кескілескен ұрыстан кейін меже алынып, совет жауынгерлерінің ілгері жылжуына қолайлы жағдай жасалады.

Осы шайқастағы ерлігі үшін қазақ ұлы «Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі» орденімен наградталады. Майданнан жеңіспен оралған запастағы капитан Насиболла Сахметов халық шаруашылығын қалпына

келтіру, тылдағы титықтаған шаруашылықты түзеуге қомақты үлес қосты. Ол Қазақстан Компартиясы Фурманов аудандық комитетінде әскери және ауылшаруашылық бөлімін басқарды. Кейін ұзақ жылдар бойына «Пятимар» жылқы заводы, Жұлдыз МТС-і, Фурманов қой совхозы партия комитеттеріне жетекшілік етті. Үш жыл «Пятимар» жылқы заводында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.1963жылы «Айдархан» совхозы директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып ұзақ жыл жемісті қызмет атқарған. 1974 жылы 30 наурызда дүниеден озды. Атамыздың жұбайы Қимаш әжеміздің көзі тірі. Қазір шөбере сүйіп, келіні Жұмабике әжемізбен немерелерінің қызығын көріп отырған аяулы әже. Насиболла атамыздың ерлігі ұрпақтарының есінде мәңгі сақталады деп сенемін.

Асылай БИҒАЛИЕВААйдархан жалпы орта білім беретін мектебінің

7-сынып оқушысы Жаңажол ауылы,Жаңақала ауданы

Жеңістің т уын желбіреткен батыр Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов өлкеміздегі Кеңес Одағының батыры. Сұрапыл

сұм соғыстан аман-есен оралып, талай жыл туған жері, елі үшін еңбек еткен талапты тұлға еді. Жеңіс күнін жақындатуға жол салған, көп жылдар жемісті еңбек еткен ер соғыстан алған ауыр жарақатының салдарынан қаза тапты.

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай асыл азаматымызды еске алу, оның өмір жолын, ерліктерін келешек ұрпақтың бойына сіңіру, Ұлы Отан соғысының мән-мағынасын айқын түсіндіру мақсатында Мендалиев ЖОББМ-де батырды еске алу шарасы оздырылды. Бұл шараға «Жас ұлан» мүшелері, мектеп оқушылары, ардагердер мен ұстаздар қауымы қатысты. Мектепішілік «Жас Қыран» балалар ұйымының кішкене бүлдіршіндері сұрапыл соғыс жайлы және батырға арналған жүрекжарды жырларын төкті. Ортада А. Хұсайыновтың елі үшін жасаған ерлігіне берілген медальдар мен ордендері, еңбек кітапшасы, құжаттары көрсетілген көрме ұйымдастырылды. Бұл құнды құжаттар Жалпақтал ауылдық мұражайынан алынған. Шара барысында көрсетілген материалдарды Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал филиалы мұражайының директоры Едекешов Ғилым Шәріпұлы таныстырды.

Тағылымға толы тәрбие ісінің кезекті кезеңі –мектепшілік «Өлкетану» мұражайына саяхатпен жалғасын тапты. Мұражайда Утешов Ахмет Мақсотұлының жетекшілігімен «Жеңістің туын желбіреткен батыр» тақырыбындағы ғылыми жобаны 10-сынып оқушысы Ержан Мақсотов қорғады. Жобада батырдың өмірі, соғыстан кейінгі өмірі, жазылған хаттары, отбасы туралы мағлұматтар кеңінен қамтылды. Осыдан соң сөз кезегі Батырдың көзін көрген Жалпақтал ауылының тұрғындары, еңбек ардагерлері Қоңырбаев Әлібек Қоңырбайұлы, Шымболат Өтешқалиевтерге берілді. Ардагерлер батыр туралы естеліктерді еске алып, қаншалықты еліне адал азамат болғандығын айтты.

Болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырымыздың еңбегін ел жақсылары елеп бірнеше нысандар мен көшелерге Батыр есімін бергеніне қуанамыз. Айта кетсек, А. Хұсайынов атындағы Бөкей Ордасы ауданына қарасты Мұратсай мектебі, Жалпақтал аймағындағы «Жұлдыз» мектебі және аталмыш ауылдарда көшелер де бар. Ер есімі-ел есінде. Болашаққа бақытты ғұмыр сыйлап, өз жанын құрбан қылған мұндай бабаларымыздың қасиетті рухы-әрдайым ұлтын қорғап жүрері хақ. А.Хұсайыновтың еңбек жолымен шара барысында оқушылардың барлығы дерлік танысты. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Амирова Жанар Құрманбайқызы мұндай шаралар мамыр айына дейін әртүрлі апталықтармен жалғасын табатындығын жеткізді.

гүлжанат АМАНгЕЛДИЕВА К.Мендалиев ЖОББМ-нің машықкері

Казталов ауданы

№5 (213) 17.03.2015 ж.4 Ардагерлерге тағзым

Мен өз арғы атамды мақтан тұтамын

Осыдан 70 жыл соғыс жеңіспен аяқталып, бейбітшілік орнады. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Атамның айтуынша солардың ішінде менің арғы атам – Меңдіғали Нұрымовта болыпты. Атам 1895 жылы Күйгенкөл ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін ұста болып жұмыс жасаған,1941 жылы қараша айында соғысқа аттаныпты. Сталинград – Дубовск станциясы арасында теміржол салуда болған,сол кезде жұмыста жүргенде бомба жарылып, госпитальда 3 ай емделіп, қайтадан соғысқа аттаныпты.1943 жылы ауыр жараланып ауылға оралады. Ауылға оралған соң ұсталық жұмысын жалғастырыпты. Ерен еңбегінің

арқасында көптеген мақтау қағаздарымен марапатталыпты. 1963 жылы қыркүйек айында дүниеден өткен екен. Жолдасы Шәрипа екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріпті. Оның біреуі менің атам - Меңдіғалиев Жұматай. Көп жылдар бойы фототілші, механизатор, тракторист – комбайыншы болып жұмыс жасады. №2 фермада меңгеруші, завхоз болып жұмыс жасады, қазір -зейнеткер. Өз немерелерінің қызығын қызықтап, ақылшы болып отырған бақытты ата.

Соншама жылдар өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Өйткені сұрапыл соғыста жауынгерлер Жеңіс сағатын минуттап күтіп,сол қасиетті жолда қаншама боздақтар қыршыннан қиылды, қаншама отбасы ойран болды. Демек аталарымыздың бақытты өмір үшін төккен терлері, аққан қандары бекер кетпеді. Сенімдері мен үміттері ақталды. Олардың оқ пен от ортасындағы ерлігін жас ұрпақ ешқашан да ұмытуға тиіс емес.

Бүгінгі бейбіт заманда бүлдіршіндерге алаңсыз бақытты балалық шақ сыйлаған, ардагер аталарымызды мақтан тұтып, олардың еңбектерін ешқашан ұмытпайық дегім келеді.

Айшагүл ЖҰМАТЕВАӨ.Сахипов атындағыЖББ орта мектебінің

4-сынып оқушысы, Күйгенкөл ауылы,.Жәнібек ауданы

Мой дедушка верно служил своему Отечеству

День Победы – один из самых важных казахстанских праздников. Ежегодно, 9 мая мы празднуем Великую Победу Великого народа. 9 мая, бывшие государства Советского союза, забыв обо всех разногласиях, вспоминают, что мы единый народ. Этот праздник касается каждого жителя страны, он объединяет поколения и заставляет каждого почувствовать себя частью чего-то важного.

К сожалению, с каждым годом ветеранов Великой Отечественной войны становится все меньше, и скоро следущее поколение учащихся смогут узнать о подвиге поколения наших дедушек и бабушек только из наших рассказов и

уроков истории. В то же время, с развитием интернета появилось больше возможностей воссоздать и сохранить историю этого

всенародного подвига.Хочу прежде всего выразить огромную благодарность организаторам конкурса. Готовили свои конкурсные материалы с большой ответственностью к памяти ветеранов ВОВ.

Мой дедушка Байгабылов Гусман родился в 22 апреля 1924 года в поселке Лбищенск. Когда он ушел на войну, ему было всего 17 лет. В самый тяжелый период Великой Отечественной Войны в августе 1942 года он становиться курсантом Ленинградского училища. Но, совсем не долго продолжалась учеба и в тот же год моего дедушку отправляют в самое пекло войны в 3-й Белорусский фронт, в котором он прошел до конца Великой Отечественной войны. Встретил эту радостную новость весной в немецком городе Кенингсберге.

Великая Отечественная Война не закончилась победным маршем 1945г. Для моего дедушки, как и для многих других таких же солдат она продолжалась на полях Манджурии против активно сопротивляющейся японской армии.

Дедушка уже в мирное время с болью в сердце вспоминает о своих товарищах обнополчанцах, которые остались на полях сражениях в чужих странах.

В 1942 году в месте с ним забрали на фронт 143 односельчан

чапаевцев, и в 1947 году их вернулось всего 12 человек...

Послевоенные годы Гусман Байгабулов верно служил своему Отечеству, проработав в органах Министарства внутренних дел практический 30 лет. И везде, как в собственной жизни, мой дед остается честным и глубоко порядочным человеком, для которого Кодекс чести и нравственные ценности, остаются всегда важны.

О больших сражениях, горьких потерях и радостных событиях говорят ордена и медали моего боевого дедушки. Я очень сильно горжусь им, и память о войне будет жить со мной, и вечная память, всем, кто защищал Родину.

ЖУСУП АЙНАгУЛьУченица 9 класса, СОШ №1.

С. Чапаево, Акжаикского района, Учитель: Анесова Айнат Бахтыгалиевна

АТАМНЫҢ АЙТҚАН әҢгІМЕСІ Атамның айтуы бойынша 1941-1945

жылғы соғыстың аяқталуының 70 жылдығына арналған 100-ге жуық әртүрлі шаралар жоспарланып отыр. Осы ардагерлерге байланысты біздің қалада «Ардагерлер саябағы» ашылды.

Бәрі білгендей соғыс деген өте қиын. Соғысқа ер адамдар мен әйел адамдар қатысты. Бірақ елдің женуіне, соғыстың аяқталуына әр адам өз үлесін қосты. Бұл Ұлы Отан соғысы болып таңылды. Қазіргі ардагерлер, біздің, жаңа ұрпақтың аспаны ашық, дүние жүзінде тек бақыт болғаның біз үшін қаның төккен.

Сол себепті біз отансүйгіш, патриот болу қажетпіз. Сондықтан біз олардың жасаған ерлігін ешқашанда ұмытпау керекпіз.

Асылхан ЕСЕНгУБЕКОВ №2 ЖББОМ-нің 5»ә» сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

МИРА БУДИРОВА 7 «А» класс г. Аксай

Өнегелі өмір иесіМенің туып өскен ауылымда өскелең ұрпаққа үлгі

боларлық адамдар көп–ақ.Солардың бірі менің әжем – Қама Қуанышқалиева.

Әжем қайтыс болса да,оның өз өмірінен шерткен әңгімелері менің есімде жатталып қалды. Ол неміс басқыншы-ларымен болған соғыс жылдарында бар жоғы жиырма жаста болған екен. Кішкен-тайынан еңбекке араласып,ауылда қалған қариялар,балалар, аналармен бірлесіп тынбай еңбек еткен.Ел басына күн туғанда қырда шөп шауып,мал бағып,сиыр сауып сауыншы болса, үйге келгенде де қарап отырмай майданда жүрген сарбаз-дарға арнап шұлықтар тоқып күні-түні бел жазбай еңбектеніп жеңістің жақында-уына өз үлесін қосқан адам.Әжемнің өткен өмірі,өнегелі еңбегі ,адамдық қасиеті бізге үлгі. Мен әжемді мақтан етем.

Айару ӨТЕМІСЖББ Ұзынкөл орта мектебінің

4-сынып оқушысы Ұзынкөл ауылы,Жәнібек ауданы

Мен атамды мақтан етемінӨскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін қанда майданда ажалмен бетпе-бет кездесіп,қаруын қанға

малған жаумен шайқаста ержүрек ерлігі үшін екі «Даңқ»,үш «Қызыл жұлдыз», үш «Ерлігі»т.б мемлекеттік наградалармен марапатталған, КСРО Мемлкеттік сыйлығының лауреаты менің атам Ибат Құбашевтың есімін бірі білсе бірі біле бермейді. Ибат құбашев 1920 жылы 5 қазанда Жаңқала ауданында дүниеге келген. Он екі жасқа толғанда ата-анасы қайтыс болып №500 Совхоз деп аталатын Қазақстанның 40 жылдығы атындағы шаруашылықта тұратын бауырлас апасы Нәсидің қолында өседі.

1939 жылы азаматтық борышын өтеу үшін Армия қатарына аттанады.Содан 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, майданға кетеді. Ленинград маңындағы 45-ші мотоатқыштар ротасында жаумен шайқасады.Соғыс барысында алты рет жараланғанына қарамастан, әскери сапқа қайта оралып, Жапон милитаристеріне қарсы күресті жалғастырады. 1946 жылы 22 мамырда Отан алдындағы қасиетті борышы өтеп, елге аман-есен оралды.

1951 жылы аға шопан болып тағайындалып ,бұл жұмыста қол үзбестен 33 жыл еңбек етеді.1976 жылы «Еңбек Қызыл Ту»орденімен марапатталып,1979 жылы Мемлекет сыйлығының иегері атанады. Қазақстан облысы бойынша КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған екі азамат, оның бірі-Жұбан Молдағалиев болса,екіншісі менің атам - Ибат Құбашев.

Майданда ерлік көрсетіп, еңбекте зор табыстарға қол жеткізген атамды мен әрқашан мақтан тұтамын.Осындай елім деп еңіреп өткен ерлер есімінің көлеңкеде қалуы,біз үшін, яғни келер ұрпақ үшін –үлкен сын.Ең болмағанда,туған мекеніндегі мектепке, көшеге есімі берілмеуі қынжылтады.Батырларымыздың ерлігі мен еңбегін бағалап, ел есінде ұстаған жағдайда ғана келер ұрпаққа мұра болар, ұлтымыздың данышпандылығын, абыройын асқақтата білеміз.

Айсұлу СЕРІКҚАЛИ Совхоз ЖБОМБ-нің 8-сынып оқушысы

Атамекен ауылы,Тасқала ауданы

Атамның ерлігіАтам 1916 жылы 8 наурызда дүниеге келген. Соғысқа аттанарда 25 жаста болатын.

Әскери борышын өтеп келгенде, соғыс басталып, атам майданға қайта аттанды. Жақсылық атам Мәскеу,Сталинград,Днепр,Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Киев, Будапеш, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Атам Жеңісті Кенингсбург, қазіргі Калининград қаласында қарсы алды. Өзінің ерлігі үшін медальмен марапатталды.Туған жеріне 1945 жылы оралды. 1976 жылы соғыста алған ауыр жарақаттың аяғын ампутацияға ұшырады. Атам өз немерелеріне татулық, достық, бауырмалдылық, кішіпейілділік секілді адами асыл қасиеттерді насихаттап отыратын. Өтірікті жаны сүймейтін. «Адамға жақсылық жаса, қолыңнан келсе көмектес. Біреудің ала жібін аттама, адамның наласына қалма», - деп отыратын. Жаны жайсаң атамды қатты сағындым. Оның өсиет сөздерін жадыма тоқып, жақсы адам болуға барынша тырысып, ізгілікті іс жасауға талпанып жүрмін. Өйткені, атамның жеңісі – менің жеңісім. Мен атамды мақтан тұтамын! Менің жүрегімде Жақсылық атамның орны бөлек. Жан ата , қатал әскери сынақ жылдары белсенді Отанын қорғағандардың қатарында болдыңыз. Сіздің Ұлы Отан соғысы кезіндегі жетістіктеріңіз бен ерліктері ңіз, біздің – жас ұрпақтың жадында мәңгілік сақталады. Өміріңізбен де,аталық мейірімізбен де, жадымызда жатталған әрбір ғибрат сөзіңізбен де тағылымды тәрбие тамыршысы болдыңыз. «Ер есімі-ел есінде», - деген сөзді халық текке айтпағанына көзім анық жетті.

Замандастар, аға буынға Соғыс және Еңбек ардагерлеріне тағзым етейік! Райхан КАРАБАЛИЕВА

Амангелді орта мектеп-балабақшасының4 «а» сынып оқушысы

Амангелді ауылы,Тасқала ауданы

МЕРЕКЕҢМЕН, АНАШЫМ!

Менің анам жақсы адам. Үнемі барлығына қамқор болып жүреді. Жаным, ботам деп еркелетеді. А н а м н ы ң д а й ы н д а ғ а н б е ш б а р м а ғ ы н , картобын тағы басқа тағамдары

ұнайды. Анам мен үшін «Самал» газетіне, «Балақан » деген журналға және «Асыл сөз деген газетке жазылған. Осы газет-журналдарымды асыға күтемін. «Балақан» журналында біздерге арналған тапсырмалар көп . Соларды орындаймын. Ал «Самал» газетінде жарияланған суреттерді қараймын. Анам сонда жазылған ертегілер мен тақпақтарды оқып береді. Сүйікті анам мен 4 жасар Алина есімді қарындасымды келе жатқан мерекелерімен құттықтағым келеді. Олар ешуақытта ауырмаса екен.Әкем екеуміз анамыз бен қарындасыма сыйлық дайындаймыз.

әлімжан АСЫЛХАНҰЛЫТегісшіл ЖББНМ-нің

Даярлық тобының оқушысыЖәнібек ауданы Тегісшіл ауылы

Әже (эссе)Әже немере үшін ең жақын аяулы адам.

Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлесін қосып келеді. Анамның қолы босамай қалған жағдайда, әжем жәрдемдесіп, менің қасымнан табылады. Ол өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады. Осындай жаңына жылу сыйлайтын, аяулы алақанына салып өсіріп келген, әжем жайлы айтпай кетуге хақым жоқ. Әжемді күндізгі жарқырып шығып, жылуды шашатын күнге, түңгі аспандағы жымындаған жұлдызға теңеп келемін. Әжем біздің тек қана жақсылығымызды көріп, қызығымызға тоймай жүре берсін деп, тілеймін.

Мадияр ИБАТОВҚ.Сәтбаев атындағы

жалпы орта білім беру мектебінің 2 «а» сынып оқушысы Тасқала ауылы,Тасқала ауданы,

Менің сыныбым Мен 3-сыныпта оқимын. Сыныпта бес ұл үш қыз бар. Ұстазымыз – Гүлмира Аманғалиқызы өте білімді ұстаз. Біздің сынып оқушылары

ұйымшыл, өнерлі. Сыныпта бәріміз татумыз. Көптеген жарыстарға қатысып, алдыңғы қатардан көрініп жүрміз.

Есімбек ЖАСҚАЙРАТОВ Оян ЖОББМ-нің

3-сынып оқушысы Тасқала ауданы,

Оян ауылы

№5 (213) 17.03.2015 ж. 5

«Ерлігі елге өнеге болған майдангер атам» Адамзат тарихындағы қанды қырғынға толы болған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70

жыл. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін жанын қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа жеткіземіз.

Нағашы атам Айтасов Бекешұлы Хамит 1930 жылы 1 шілдеде Нарынқұмда «Ойтақан» пунктінде дүниеге келген. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы Бисен ауылында тұрады. 85 жаста. Еңбек ардагері.

1941 жылы соғыс басталғанда 11 жаста болған. Оқушы бала болса да, еңбекке ерте араласқан. Колхозда пошта тасушы болып жұмыс істеген. Бұл міндетті атқару атам үшін өте қиын болған. Өйткені ауылда қалған үйлерге көптеген қаралы қағаз тасыған. Көп жылдар бойы ел басқарған, еңбек ері. Қазір еңбегін ел сыйлаған зейнеткер. Мен атамды мақтан тұтамын. Ардагер атамды Ұлы жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын.Зор денсаулық, отбасына амандық тілеймін. Елімізде бейбіт күн болсын!

Жадыра ЖАНЗАХҚЫЗЫ № 1 ОЖББМ-нің, 4 «А» сынып оқушысы , Жәнібек ауданы

Ардагерлерге тағзым

МайдангЕрлЕрҰзақ таңға қанша рет өксімедің?Ешкімнен бір жылы сөз естімедіңТөрт жылғы ауыр сынға төтеп бергенБас иеміз сендерге – текті ерлерім.

Жаралы дала жатты аңыранып,Төсінде қан мен тердің дағы қалып,Сен жүрдің ұзақты күн қан майдандаАрқаңа қаруыңды таңып алып

Әр таңның атушы еді айқасыменАуыр шақ бәрін саған міндеттегенМайдангерлер, шыдамыңнан айналайын,Кеудеңді оққа тосып мыңқ етпеген.

Майдангерлер келеді артып жылда бағаңУақытта қасиетіңді ұрламағанҚайран жандар қиындық көп көрседе,Еңбегін ешкімге де бұлдамаған.

Сендерді қалай жұртым демесін ер!Бәрін, бәрін көтеріп келесіңдерЕрлікпен сақтап қалған ұрпағыңаМейірімнің шапағатын төгесіңдерБәрін, бәрін көтеріп келесіңдер!

Дәуренбек ЖҰМАБЕКОВ Тайпақ мектеп-гимназиясының

8-сынып оқушысы Тайпақ ауылы,Ақжайық ауданы

* * * * *

Жеңісті жақындатқан каhармандар

Соғыс....Қандай жаман атауыАқырында желбіреді

Жеңістің қызыл жалауы.

Бауыржан, Талғат, Тоқтар, РақымжанЗәресін жаудың қашырған

Әлия атқан әрбір оқ,Жауға өлім боп қадалған.

Мәншүк пен Хиуаздай қырандарСын сағатта сыналған.

Ардагерлер аз қалған,Әрдайым аман болыңдар

Бас иіп мәңгі өтемізҰрпақтарың ұмытпас

Фарида МАҚСОТОВАПятимар ЖОББМ-нің 6 «а» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

Біз соғысты жек көремізБіз соғысты жек көреміз.Себебі соғыс талай адамды жылатты. Талай адам

соғысқа қатысып қазақ тапты. Біз соғыс ккезіндегі қиыншылықтарды көрген жоқпыз. Бірақ соғыс деген сөздің мағынасы түсінікті. Ұлы жеңістің жетпіс жылдығына арнлған мерекелік шаралар біздің мектебімізде басталып кетті. Ұстаздарымыз сыныптарда ашық тәрбие сағаттарын өткізуде. Біздің болашақ үшін жанын берген жандарға біз қашанда қарыздармыз.

Біз ендігі болашақта соғыс көрмей, бейбіт өмір сүруімізді қалаймыз .Біз осындай өмірге аталарымыздың, ағаларымыздың, апаларымыздың, әжелеріміздің арқасында жетіп отырмыз. Олар өз елі, өз жері үшін жанын қиюға әзір болды. Міне, олардың армандары орындалды. Олар бізге тәуелсіз, бейбіт өмір сыйлады. .Сол үшін біз, кейінгі ұрпақ батырларымызға өмір бойы бас иіп, тағзым етуіміз керек.

Жаннұр РАМАзАНОВАНурия ТАЛАПОВА

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ-тің5 «б» сынып оқушылары, Теректі ауданы

Біз жеңістің ұрпақтарымыз...Григорьев МБК–ң 1-сынып оқушыларымен

ұйымдастырылған Ұлы жеңістің – 70 жылдығына арналған «Біз жеңістің ұрпақтарымыз» атты сыныптан тыс шара өткізілді. Шараның басты мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдарынан мәлімет беріп, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру, оқушыларға патриоттық тәрбие берумен қоса батырларымыздың ерлігін үлгі ету болды.

Бұл шараға ұстаздар қауымы, ата-аналар және оқушылардың әжелері де келіп қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер әжелерге соғыс жылдарындағы түрлі естеліктер туралы сұрақтар қойып , олардың жауаптарына дән риза болды. Әжелері өздерінің ата-аналарын да еске алып, олардың қиын кезеңді қалай бастан кешіргендері

туралы да айтып өтті. Шара қонағымыздың бірі Гүлайхан мен Тамерланның әжесі Насипханым әжей кішкентай бүлдіршіндерге тілектерін айтып, еліміздің амандығымен тыныштығын тіледі. Басқа да келген қонақтар мен әжелер өз жүрек-жарды тілектерін айтып балаларға тәтті шашуларын да үлестірді. Шара соңында оқушылар «Сарбаздар» әні мен биін билеп қорытындылады.

Тұрсынай ҮМБЕТАЛИЕВВАГригорьев МБК-нің

Бөрлі ауданы.

Менің атам - Ғаббасов Абайдың айтуынша ол кісінің әкесі Мұжықпанов Ғаббас пен оның інісі Мұжықпанов Жұбан есімді азаматтар болған. Ғаббас 1914жылы, ал Жұбан 1912жылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаракөл селосында дүниеге келген. 1942 жылдың қаңтар айында әскер қатарына шақырылған. Ғаббас ата 1942жылы шілде айында, ал Жұбан ата 1943жылы маусым айында ұрыс майданында қазақ тапқан.

Бүгінгі бейбіт күнді тарту еткен аталарыма

арнап төмендегі өлең жолдарын арнаймын. Ұлы Жеңіс оңай жолмен келмедіТалай боздақ жеңіс үшін терледі.Елі үшін жанын кешкен боздақтарды

Мақтанышпен айта аламыз қозғап әлі.

Талай жастар аттанды ғой майданғаКүш жігерін жоғалтпады алайдаЖеңіспенен жоғалғалы елінеМерейтоймен тойланады қоғамда.

Воронеж қаласында жер жастанған,Ерлікпен ұрыста қаза тапқанҚатардағы жауынгер аталарым,Жұбан менен Ғаббасты айта аламын.

Отан үшін от кешкен қаһарманды,Құрметтеп қастерлейді қазақ мәңгі.Есімдері сақталған ел есінде.Есінен шығармайды ұрпақтары.

Нұрәділ АБАЕВАлакөл ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы

Алакөл ауылы.

Соғыстағы ата-баба ерлігіне тағзымҚан майданда етегімен қан кешкен,Халқы үшін қас жауымен егескен.Бар дәм-тұзын батырлармен бөліскен,Елі үшін аштықпенен күн кешкен.

Ата-әжелер егін егіп,мал баққан,Жас балалар отын жарып,от жаққан.Жас жігіттер қолдарына ту алып,Қаруланып жауларына оқ атқан.

Еліміздің тыныш күйін қалаған,Елін,жерін жақсылыққа балаған.Еліне күн туған кезде батырлар,Жердің жаудан тазарғанын қалаған.

Жерімізді қорғап қалған немістен,Түнде ұйқысыз жаудан елді күзеткен.Жеңіс дәмін сезген аға – әпкелер,Қуаныштан күн өткенін сезбеген.

Рақымжан, Бауржандай ағаларым,Сіздерге арналады жыр жолдарым.70 жыл бұрын сыйлап Жеңіс Туын,Мінекей тойлап жатыр балаларың.

Бүгінде міне біздер бейбіт елміз,Бейбітшілік жолында біз келеміз.Биік ұстап әрқашан Туымызды, «Мәңгілік ел» болуға серт береміз.

Альмира САПАРҒАЛИАбай атындағы мектеп – гимназия

8 «ә» сынып оқушысыАқжайық ауданы

* * * * *

ЕрліккЕ тағзыМКелді міне 70 жылы жеңістің. Ұмытылмас тарихы ерліктіңОтан үшін жанын берген жандардыңМәрмарінде жылап тұрып тәу еттім.

Ардагерлер арамызда аз қалғанОмыраулары орден, медаль толыОтан үшін кеуделерін қалқан етіпТоссадағы көрерлері бар сау қалған

Мың тағзым саған ардагерАқ таңым үшін арайлы.Бас иіп, бүгін ұрпағың жүрСапта бол әлі көрерің бар шырайлы.

Айжан ҚАНАТОВА №1 Подстепный ЖОББМ- нің 6 «А» сынып оқушысы

Теректі ауданы

Пат ри о т т ы қ ән де р бай қау ы«Рухы күшті ел-алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Отан –қасиетті ұғым. Ұлы Жеңіс

күнінің 70 жылдығына арналған Алмаз орта жалпы білім беретін мектеп – балақашасында «Қазақтын елі, қазақтың жері» атты патриоттық әндер байқауы оздырылды. 1-5 сыныптар арасында өткен байқаудың негізгі мақсаты оқушылар бойына отансүйгіштік, елге, жерге деген құрмет сезімдерін ояту. «Жас Ұлан» ұйымының 6-сынып оқушылары және өзін-өзі тану пәні мұғалімі В.М. Токпаеваның жетекшілігімен өткізілген іс-шарада 1-сынып «Көк тудың желбірегені», 2-сынып «Елім менің», 3-сынып«Атамекен», 4-сынып «Қазақ жігіттері», 5-сынып оқушылары «Әлия» әндерін нақышына келтіре орындады. Нәтежесінде І орында 2-сынып оқушылары, ІІ орын 3-сынып оқушылары, ІІІ орынды 1-сынып және 4-сынып оқушылары бөлісті. Елім деп жүрегі соққан нағыз патриот бүлдіршіндерімізге бақытты балалық шақ тілейміз.

М. РАШКАЛИЕВААлмаз ОЖББМБ-ның аға тәлімгері, Шыңғырлау ауданы

ЖЕҢІС ОҢАЙ КЕЛМЕДІ

Ынтымағы жарасқан жанұя Елбасының «Ассамблея дегеніміз – бұл 17 миллион қазақстандық» - деген сөзінде терең сыр бар. Елімізде әртүрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулық пен достықта бірге тұрып жатырғанын жие кездестіреміз. Осындай жанұялардың бірі ауылдасым Прудченко Анатолий атаның отбасы. 1954 жылы Украина елінен жұмыс бабымен Қостанай қаласына көшіп келеді. Жүргізуші болып 5 жыл жұмыс жасап 1954 жылы Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылына ауысады. Осы ауылда Ресей қаласынан көшіп келген татар қызы Невметова Хасянямен отау құрады. 1960 жылы Алмаз ауылына қоныс аударып, 2 қыз 3ұл тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда балаларынан 3 немере 2 шөбере сүйіп отыр. Ұлты басқа болса да қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ салтын ұстанған Анатолий

ата жыл сайын Құрбан айт мерекесін тойлап, соғым беріп, Наурыз мейрамында дастархан жайып балалары, немерелері және көршілерімен бірге тойлайды. Қазақ дәстүрін жетік меңгірген Анатолий атаның немере қызы Альбина қазақ жігіті Мерекемен отбасы құрып, Хасяня әже шашу шашып, бауыр-құйрық жегізіп, төс қағысып мың жылдық құда болды. Кең пейілді, ақжарқын, қонақжай отбасының дастарханы ешқашан жиналмайды. Алмаз ауылының байырғы тұрғынына айналған Анатолий ата мен Хасяня әженің деніне саулық, отбасына амандық тілеймін.

Н. ТОҚПАЕВААлмаз ОЖББМБ-ның 7-сынып оқушысы,

«Жас тілші» клубының мүшесі Шыңғырлау ауданы

Енді соғыс болмасынМен тәуелсіз қазақстанда өмір сүріп жатырмын. Халқымыз көп қиыншылық

көрді. Сол ауыр жылдардың бірі – 1941-1945 жылдары болған Ұлы отан соғысы болды. Сол кездегі аға-апалардың бәрі майдан,а аттанып, отанымызды жаудан қорғаған. Ал, еліміздегі еңбекке жарамды жандардың бәрі майдан үшін. Жеңіс үшін еңбек еткен. Солардың қатырында менің әжем – Сәбила да болған. Ол жылдардың ауыртпалығын ерлеріміздің біз үшін қиған өмірлері жайында ұстазым – Ақтоты Дәулетқалиқызы бізге айтып берді.

Біз ардагерлерге шексіз ризамыз. Біздің жарқын өміріміз үшін жандарын қиған солдаттарға бас иеміз. Енді соғыс болмасын. Бейбітшілігіміз баянды болсын.

Меруерт ТАЛҒАТ№3 ЖОББМ-інің 2 «ә» сынып оқушысы, Жаңақала ауылы, Жаңақала ауданы

№5 (213) 17.03.2015 ж.6

«Ауыл — елдің алтын бесігі»

«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлыБұдан артық рахат табылмайды.Бұлдырасын сағымдай өткен бір

күн,Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы». М. Мақатаев.

Елбасымыздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауга тиіспіз» ,- деген сөзі өте дұрыс айтылған. «Ауыл – елдің алтын бесігі» атты сабақ өткізуді жөн көрдім. Мұндағы мақсатым –

оқушылардың өнегелілік қасиеттерін қалыптастыруға, отансүйгіштікке,еліне, жеріне деген махаббаттарын ояту, әдемілікке баулу болды.Балаларымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағын сағынып жүреді.

Сабақтан әсеріміз туралы ой салсақ ...Сәлім Ғайса:- Таяуда жүрегім алып – ұшып үлкен сағынышпен ауылыма бардым.

Туған ауылым Бөкей Орда ауданы.Тарихи қала. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қолдауымен биыл Қазақ хандығына 550 жылдығы қолға алынып жатыр. Менің елімнің тарихына әлем назар аударса мен үшін үлкен қуаныш!

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, әр өрнегін айшықтаған сазгер, күйшілеріміз де, аты аңыздға айналған дана да ауылдан шыққан.

Ауыл — адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі. Ауыл — халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен –жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей,

ауыл көркейсе, халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі деген сөз.

Жусаны мен жуасы бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні емес пе?

Мен өзім жақсы көретін ақ нармен әкем, анам үшеуміз суретке түстік. Ауыл табиғаты қандай тамаша! Қалада қазір оны сағынып жүрмін.

Алдағы уақытта барлық адамзат көрікті ауыл, келбетті қалада бақытты тұрмыс

кешуге тиіс.Терең білім алып өз ауылыма көмек берем деп ойлап жүрмін. Ауылдың көркеюі – ұрпақтың рухы мен ерлігіне, білімі мен билігіне байланысты. Сол үшін біз білім шыңына талаптануымыз керек!

Хайруллина Карина:- Менің ауылым, Жаңа таң ауылы. Ауылда балапан бағып өсіріп жүрмін. Олар мені жақсы көреді. Мен де оларды жақсы көремін. Міне, сондықтан да балалар, осы ауылды көркейтуге келешекте өз үлестеріңді қосады,- деп ойлаймын.

Бақыт ЖҰБАНЫШАЛИЕВА№1 Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Бөкейордасы ауданы

Менің анам шұбатты шебер дайындайды.

Ауылға қашан келесің, а?

«Ауылым -алтын бесігім»

Мен, Айнабұлақ ауылында тұрамын.Маған өз ауылым қатты ұнайды.Біздің ауылымызда кең жайлау,мөлдір бұлақ,биік таулар бар.Достарыммен кең жайлауда ойнаймыз.Онда ойнаған өте қызықты.Менің ауылым өз анам сияқты қымбат.Менің ауылымда құстардың түрлері көп.Біздің ауылымызды туған жерімді тамаша деп айтуға болдады.Әр адамға туып өскен жері өте қымбат. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»-деп халқымыз бекер айтпаған.Мен өз ауылымды мақтан тұтамын.

Дильназ АЯПБЕРгЕНОВА, 3-сынып оқушысы

Айнабұлақ ауылы,Тасқала ауданы

Құт мекенімОрал қаласының жетпіс шақырым жерде

Айнабұлақ ауылы орналасқан.Тасқала ауданына қарасты Айнабұлақ ауылының байрағы аты-Родник. Мен жалпы білім беретін Родник негізгі мектебінде биылдан бастап оқимын.Айнабұлақ ауылында екіге бөліп тұрған жыраны қуалай аққан бұлақ бар.Родник ауылы сонау 1930-1931 жылдары бас көтерген.Көшіп қон халықтармен Родник ауылында халқы таласып,ірге тасы көтеріліп келеді.Маған Айнабұлақ ауылы ұнайды.Ішетін суы мөп-мөлдір,тап-таза.Ауылда мал өрісі бар.Сонымен қатар, ауылда бөгет бар.Бөгетімізден адамдар ұсақ балық аулайды.Ауылым өте тамаша.Ауылымның көркіне өз үлесімді қосамын.

Диас ОРЫНБАЙ Айнабұлақ ауылы,Тасқала ауданы

-Ей, адамдар, суды ластамаңдар.Ол бізге өте қажет.Су жоқ болса, жан-жануар қиналады.Адам өмірі нашарлайды.Сондықтан да суды аялап, қастерлеу керек.

3-топ. 3 «д» сынып оқушылары№42 «Ақ ниет» гимназиясы

Туған жердің табиғаты

Әр адамның өзінің туған жері бар. Әркім туған жерімен әр түрлі мақтанады. Мысалы, біреулері ақын-жазушыларымен, табиғатымен мақтанса, кейбіреулері тау-тасымен, мөлдір бұлағымен, қазба байлығымен мақтанады. Ал мен болсам туған жерімнің табиғатымен мақтанамын. Әсем, таза, әдемі, тіпті табиғатын сөзбен жеткізе алмаймын. Қысы да, жазы да, көктемі де, күзі де таң қаларлықтай. Мен оны қыста «ақ көрпе жамылған қысым» деймін. Көктемде «құлпырған айналам» деймін. Жазда «әдемі неткен далам!» деймін. Күзде «сары жапырағым» деймін. Менің туған жерім қашан да әдемі.

Индира СИСЕНҒАЛИЕВА«Үміт» гимназиясының 5-сынып

оқушысы«Жас қаламгерлер» үйірмесінің мүшесі

Теректі ауданы

ТАБИҒАТЖап-жасыл табиғат Жайнап тұр жалтылдап,Аспандағы күнімізКүліп тұр жарқырап.

РИзАТ КЕНЖЕгАЛИЕВ№4 ЖОББМ-нің оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

КөктемКөктем келді тамаша,Құстар келді қуана.Жылғалардан су ақты.Көктем қандай көңілді.

Бекзат ЖИЕНБАЕВШалқар бастауыш мектебінің

3- сынып оқушысы Дана МАҚСОТОВА

Пятимар ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

Тимур БАзАРБАЕВХарькин ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысыАқжайық ауданы

Серік КУДИЯРОВЖәнібек ауданы ЖББ А.Оразбаева

атындағы негізгі мектебінің 2- сынып оқушысы

Айару ЖАЙЫҚҚАЛИЕВАТ.Жарков атындағы ЖОББМ-нің

3-сынып оқушысы

Біз болашақ ұрпағымызға үлкен сенім артамыз.Рухани білімі терең оқушы мемлекетіміздің тұтқасы.Келешекке үлкен сеніммен көз тастасаң, біздің ауылымыз — сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекеліде, мерекелі, құтты мекенге айналады.

Менің әжем Менің әжемнің аты – Ағилаш. Оның мамандығы -дәрігер. Мен әжемді жақсы көремін. Ол да мені жақсы көреді. Оның екі ұлы, бір қызы бар. Олар: Данияр, Әнуар және Альфия. Мен Ануардың баласымын.Әжем бізге үнемі әдепті, шыншыл бол деп үйреткен. Мен сыныпта оқу озатымын. Әжемнің тәрбиесінің арқасында, болашаққа батыл қадам басамын.

АлдирЖАЛЕЛОВ №37 ЖОББМ-нің

3 «а» сынып оқушысы

Ақмоншақ КАРИМОВАВ.Шубин атындағы ЖОББМ-нің

2 «б» сынып оқушысыТоғанас ауылы, Сырым ауданы

Жиенбаев Бекзат3 сынып оқушысы

№5 (213) 17.03.2015 ж. 7

Мен және менің отбасым

Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран

Сайлау МҮТИАқжайық ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы

Дәрігермін мен деген

Менің арманым дәрігер болу. Адам өмірін арашалап қалатын ақ халатты абзал жандар сияқты елге қызмет еткім келеді. Бұл мамандыққа жету үшін сабақты өте жақсы оқып жүрмін.

Анэля зЕЙНЕТУЛЛИНА№3 ЖОББМ-нің,

2 «ә»сынып оқушысыЖаңақала

ауылы,Жаңақала ауданы

Еркінбек әЛІПӘ.Жангелдин

атындағы НОББМ-нің 2-сынып оқушысы

Мұқыр ауылы, Жаңақала ауданы

Өзін-өзі тану әлеміне саяхатЖақында мектебімізде «махаббат пен

шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік оздырылды.

Апталықта барлық мектеп оқушылары қатысты. Маған өте қатты ұнады. Біз көптеген тәрбиелік мәні бар, соның ішінде ата-ананы қамқорлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы бейнематериалдарды көрдік. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі – Жүнүсова Гүлзада Ты н ы ш т ы б а й қ ы з ы – Сара Алпысқызы

секілді алтын жүректі абзал жан. Әрқашан да бала десе ішкен асын жерге қояды. Бізге «Менің отбасым» тақырыбында фотоальбом жасауға берді. Апталықта мен өзімді жақсы сезіндім.

Бақберген ЖҰМЫРБАЕВПодстепный қазақ ЖОББМ-нің

2 «в» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Ана деген асылың Біз өмірге келіп,тіліміз

енді шыға бастағанда «Мама» дейміз. Мектепке келгенде ең бірінші жазып үйренетініміз де «ана» деген сөз. Ана- жер бетіндегі ең ардақты адам. Отанымызды да «Отан-Ана»,- деп қастерлейміз. Сондықтан анамызды қадірлеуіміз керек.

Аналарға құрмет көрсетіп, ренжітпеуіміз керек. Жақсы оқып, үлкен азамат болып аналардың еңбегін ақтаймыз.

Талап ТІЛЕП Харькин ОЖББМ 2-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

«Ұстазымызға мың алғыс!»Ж. Молдағалиев атындағы №2 ОЖББМ-де 2сыныптар аралығында «Көңілді старт» атты эстафеталық жарыс

ұйымдастырылды. 2 сыныптардың арасынан

2 «ә» сыныбы суырылып алға шығып,

I орынды иемдендік. Сынып жетекшіміз Оразгалиева Салтанат Сұлтанқызына алғысымызды білдіре отырып, 22-наурыз халықаралық мерекесімен құттықтаймыз.

Ақ ниетпен : 2 «ә»сынып шәкірттері

АнаАна сөзін естігенде кім-кімнің де жүрегіне жылулық, сыйластық

сияқты ұғымдар келері анық. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін асыл жан. Бізге жарық дүние сыйлап, оқытып, тәрбиелеп, әлпештеп өсіретін сол анамыз.

Қуансақ бірге қуанып, мұңайсақ бірге мұңаятын жандар. Біздер үнемі сабағымызды жақсы оқып, көмектесіп, тәртіпті болып жүрсек, сол анаға деген құрметіміз. Сондықтан анамызды ренжітпей, сыйлап, үмітін ақтауымыз керек.

Әрқашан дендері сау болсын! Жүздерінен күлкі, қуаныш кетпесін!

Ақ анамӨзің маған қарайсың,Нұрын шашқан, ақ анам.Мен үшін сен арайсың,Басымдағы бақ, анам!

Жарқынай ДЮСЕНгАЛИЕВА,Жалпы орта білім беретін , Мереке мектеп-балабақшасының

3-сынып оқушысы, Тасқала ауданы

Отбасым менің ең жақын адамдарым. Ол анашым, әкешім және Алина деген қарындасым. Әкем маған сабақ оқуға көмектеседі. Анашым өзімнің апайым . Маған сабақ береді. Мен матикатика сабағын жақсы көремін. Біздің сыныпта барлығы ұл бала. Олармен доспын. Бірге ойнаймын. Менің атам мен әжелерім көп. Оларды да жақсы көремін. Мен өскенде

полиция болғым келеді. Адамдарды қорғаймын.

әлімжан АСЫЛХАНҰЛЫ

Тегісшіл ЖББНМ-ніңдаярлық тобының

оқушысыТегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы

Үлкенге құрмет - баршаға міндет

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы облыстық «Бірге болайық-

2015» акциясы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Евгений Тихонович Кошечкиннің үйіне барып, көмек көрсетті. Оқушылардың ұйымшылдықпен атқарылған еңбектеріне риза болған ардагер ата соғыстағы ерліктерімен бөлісіп, үлкен алғысын білдірді.

Елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін өз бастарын қатерге тігіп, бақытты өмір сыйлады. Сондықтан да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға көзі тірісінде құрмет көрсету - біздің парызымыз.

Эльвира ОРЫНБАЕВА М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы

білім беретін мектебінің тәлімгері

«Анама сыйлық»

Ақерке ОРЫНҒАЛИ

4- жастаЖеткіншек» балабақшасыТәрбиешісі: Г.Халиуллина Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

Регина ХАЛИУЛЛИНА

Жаңақала ЖОББМ-нің

2«б» сынып оқушысыЖаңақала ауданы

Асыл анамАнам менің асыл жан, Табылған әркез қасымнанТүн ұйқысын төрт бөліп, Сипағанда өзің басымнан

Құлыным,- деп құлатпайМәпеледің аялапБарыңды тосып алдымаБола білдің сая бақ.

Жанарымды жас жусаСенен тіреу табамын.Кеудемді қысса кей ойлар,Жасқа толады жанарым

Сен барда мен анашым,Жарқыраған күндеймін,Күлімдеген жүзіңдіБақыт нұрға бөлеймін.

Аман бол анам қасымда Өзіңсің менің шын бағым. Күлімдеп жүр шаттанып, Алладан осы сұрарым.

Қадірбек БИСЕНҒАЛИЕВХарькин ОЖББ мектебінің

8-сынып оқушысыАқжайық ауданы,

«Ер есімі-ел есінде»Мектебімізде Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына орай, әр сыныпта тәрбие сағаттары мен тәрбиелік

шаралар өтуде. Бұл тәрбие сағатының басты мақсаты екі Ұлы Отан соғысы ардагерінің, екі еңбек, тыл ардагерлерінің өмір жолдарынан үзінді келтіріп, бейнеролик көрсету еді. Мен 5 «б» сыныбында өткен «Ер есімі- ел есінде» атты тәрбие сағатына қатыстым.

Сынып жетекшісі - Демеуова Алмагүл Хамитқызы мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Әбуов Әнуар Бақытжанұлы өздерінің ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл секілді жақсы қасиеттерімен бірге, жаңа технологиялық құралдарды өте жақсы меңгергендерін көрсетті. Б.Момышұлы, Жамбыл Жабаев секілді аталарымыздың ұлағатты, жігерлі сөздері мен өлең жолдарынан үзінді келтіре отырып, балалардың өздеріне өлең жолдарын жатқа айтқызды.

Жанболат Ақжан Қ.Жұмағалиевтің «Көп жыл өтті» өлеңін нақышына келтіріп айтса, Б.Исаеваның «Ел есінде ер Саттар» өлеңін Бақтығалиева Аяулым жүрек тебіренте, төгілте жатқа айтты. Балалар тәрбие сағатына өте жақсы, белсенді қатысты. Еңбек ардагерлері Әмірғалиев Нәжмеден ата мен Халелов Хази атаның өмір жолдары туралы бейнеролик көрсетті. Тәрбие сағатының соңында оқушылар «Мен соғысты жек көремін» атты шағын эссе жазды.

Еліміздің тыныштығын тілеп, бейбіт өмірімізге сан мәрте алғыс айтқан сәби жүректердің шағын эсселерін назарларыңызға ұсынамын. Байыпты да шығармашыл ұстаз Алмагүл Хамитқызы мен машықкер Әнуар Бақытжанұлына бейбіт өмірде, көк туымыз желбіреген бейбіт Қазақстанда тәрбиелеген шәкірттеріңіз елінің айтулы азаматтары болсын деген тілек пен шығармашылық табыс тілеймін.

гүлнұр УТЕгЕНОВАХ.Есенжанов атындағы ЖОББ мектептің

мұғалім- дефектологі, Теректі ауданы

Мен батырдың ұрпағымынМен атамды мақтан етемін. Өйткені менің арғы атам - Дишенов Рақымғали да еліміз

үшін көп еңбек еткен. Қазір ортамызда қарт әжеміз бар. Сол кісінің айтуы бойынша арғы атамыз 1944 жылы әскер қатарына аттанып, соғыста алты жыл болыпты. 1950 жылы қайтып оралып, 1951 жылдан бастап шопан таяғын ұстап, еңбек еткен. Атамыз атақты шопан атанып, депутат болып жолдама бойынша Румыния, Москваға барды. 1952 жылы отау құрып, 11 бала тәрбиелеген. 1956 жылы орыс жерінде темір жолда начальник болып, 6 жыл жұмыс жасады. Тегісшіл ауылына 1956 жылы мамыр айында көшіп келді. Ауылға келіп, мал бақты. 1971-1978 жылдар аралығында завхоз болып істеді. 1978 жылдан кейін денсаулығына байланысты жұмыстан босатылды.

Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін көптеген медаль, орден, значоктармен награтталған. Мақтау грамотасы «Жеңіске 41 жыл» Германияда жеңіске жеткені үшін медалі берілген.

Қазір Жеңістің 70 жылдығына арналған мектебімізде кештер өтіп жатыр. Сол кештерге қарт әжемізді шақырады. Әжеміз балаларға атамыз туралы әңгімелеп береді. Мен де өскенде атам сияқты батыр, ержүрек, батыл боламын.

Шөбересі: Дидар НҰРЛАДИН Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылы

Жәнібек ауданы

Ислам СҰПЫҒАЛИЖаңақала ЖОББМ-нің2«б» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

№5 (213) 17.03.2015 ж.8

“Шәкірттерімнің шыңы менің бағым”

А на л ары м аман б ол ы ң дарӨмірдегі адал адам, ол – ана. Ол бізді дүниеге әкелген, бізге өмір сыйлаған

адал жан. Бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербеткен. Түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтімен аялаған – ана. Біз аналарға өмір бақи қарызбыз.

Мен анамды қатты жақсы көремін, өмір бақи сыйлап өтемін. Аналарға ұзақ өмір тілеймін.

Құндыз БӨгЕНБАЕВА,Жалпы орта білім беретін

Мереке мектеп-балабақшасының, 2-сынып оқушысыТасқала ауданы

АрдАгерМенің әкемнің атасы – Төлеев Хайролла Ұлы

Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. Ол кісі сонау Фин соғысынан бастап, Герман, Жапон соғысымен аяқтаған. Үлкен атам соғыста көп ерлік көрсеткен, бөлімше командирі болған. Ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» 1,2 дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, көптеген медальдарымен марапатталған. Мен үлкен атамды мақтан етемін.

Айжан ТУЛЕЕВА№ 46 ЖОББМ-нің 2 «а» сынып оқушысы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын

Ғ.Қайырбеков жырлағандай, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Дәл осындай қиын да қызықты мамандықты игергендердің бірі – Суйншкалиева Галина Евгеньқызы. Ол көршілес Ресейдің Саратов облысының тумасы. Мектепті бітірісімен 1980 жылы Орал педагогикалық институтының филология бөліміне оқуға түсіп, 1985 жылы аяқтаған соң, жолдамамен Жаңақала ауданына келген. Содан бері Д.Нұрпейісова атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда. Міне, содан бері отыз жылдай уақыт өтіпті.

Бүгінгі таңда Галина Евгеньқызының мектепте өткізген баяндамалары мен ашық сабақтары аудандық тамыз маслихатына, әртүрлі семинарларға жолданып отырылуда. Ұстаздың 2012 жылы Жаңақала орта мектебінің 11-сыныбына «Лексика» тақырыбына өткізген «шеберлік сыныбы» әріптестері арасында жоғары қолдауға ие болса, 2014 жылы қаңтар айында аудандық семинар-практикумда тыңдалған «Подготовительная работа к ЕНТ» атты баяндамасы аудан көлеміне, 2013 жылы тамыз маслихатында жасалған «Работа с текстом на уроке русского языка» атты баяндамасы облыс көлеміне таратылуға ұсынылды. 2012 жылы аудандық «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты семинарда «Консультаций по русскому языку» атты баяндамасы аудандық мұғалімдер шығармашылық жинағына енді. Өз ісіне шын берілген, майталманы атанған ұстаз әрқашан еңбектенуден, ізденуден шаршаған емес. Шәкірттері де талай білім бпйқауларының шыңынан көрініп жүр.

- «Тәрбиесіз берген – білім тұл» деп ұлы ойшыл Әл-Фараби атамыз айтқандай ұзақ жылдар бойы сынып жетекшілік қызметін атқарған жылдарымда тынымсыз еңбегім, теккен терім далаға кетпеді. Мектепті 2000 жылы бітірген шәкірттерім республикамыздың түкпір-түкіпірінде еңбек етіп, жыл сайын халімді сұрап, мерекелерде құттықтап отырса, 2012 жылы өзім 5-сыныптан бастап сынып

жетекшілік еткен шәкірттерімнің 12-сі де білім грантын жеңіп алды. Олардың екеуі Айгүл Қуанышева мен Гүлжазира Даулетиярова мектепті «Алтын белгімен» тәмамдады. Екеуі де Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, мамандығы бойынша жұмысқа кірісіп те кетті», - дейді ұстаз сөз арасында.

Галина Евгеньқызы тек шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, өзі де қоғамдағы, мектепте атқарылып жатырылған шаралардан тыс қалған емес. Ол 2002 жылы мектепте өткен «Жыл мұғалімі» сайысына қатысып, І орынды иемденсе, аудандық кезеңде «Ұлағатты ұстаз» номинациясына, 2001 жылы сынып жетекшілер сайысына қатысып, «Сабырлы ұстаз» номинациясына ие болды. Сонымен қоса өткізген әртүрлі шаралары, ашық сабақтары аудан, облыс көлеміне таратылып қоймай, республика көлемінде де әріптестерімен тәжірибе алмасып отыруда. Еңбекқор ұстаздың «Антонимы», «Смелость и находчивость Ивана – царевича в сказке «Иван – царевич и серый волк» атты үлгілі сабақтары www.sabak.kz республикалық әдістемелік сайтында жарық көрген. 2012 жылы облыстық ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналына «Разноуровневые задания на уроке русского языка» атты баяндамасы жарық көрді. Тынымсыз еңбегінің арқасында ол 2011-2012 жылдары мектеп әкімшілігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталса, 2012 жылы аудандық білім бөлімінің Алғыс Хатына ие болды.

«Мұғалім үнемі оқып, үнемі ізденісте жүруі керек» деп есептейтін ұстаз 2012 жылы қараша айында «Сыни тұрғыдан ойлау» курсын, 2014 жылдың 17-28 ақпан аралығында ИПК-да білім жетілдіру курсында дәріс алып келді. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жан. Бұл орайда, менің кейіпкерімнің әлі талай биіктерден көрінері анық.

Азиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВАД.Нұрпейісова атындағы

орта мектептің 11-сынып оқушысы Көпжасар ауылы, Жаңақала ауданы

Сүйікті ұстазым» Ұстаз әр адамға қымбат жан. Себебі біз бар

білімді ұстаздан аламыз. Менің де сүйікті және әркез үлгі тұтатын адамым бар. Ол - әрине ұстазым. Көктемнің шуақты күндерінде күн нұрындай көңіл күй, көктем гүліндей әдемілік, еңбек жолыңызға сәттілік тілеймін.

Менің мектебімде сіздей ұстаздарымның бары үлкен қуаныш. Сізге деген алғысым шексіз. Оны өлең шумақтарымен жеткізгім келеді.

Мектебім менің Ақ ниетҰстазым менің керемет.Сахиқызы КенжегүлМың да бір сізге рахмет!

Аружан ШОРАБАЕВА№42 «Ақ ниет» гимназиясының 3 «г» сынып оқушысы

Мен өзіңмен мақтанамынҰстаз- бар оқушының жүрегіне жол тауып,олардың екінші анасындай болған

жан. Өзі тәрбиелеген,білім нәрімен сусындатқан шәкіртінің жетістігін мақтан тұтқан, шәкіртінің өзінен озып, үлкен жетістіктерге жеткенін қалаған адам.Алтын ұя мектебімде шәкірт үшін, әсіресе мен үшін ең асыл екі адам бар. Олардың бірі – алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтте жайдары жүзімен қарсы алған, қолыма алғаш қалам ұстатқан,әліппені танытқан алғашқы ұстазым, ал екіншісі – үлкен өмір табалдырығын аттаған сәтке дейін жаныңда болып, қолынан келгенін үйрететін адам.

Менің ұстазым –Хибашева Нұрлы Қабдоллақызы. Ол – құрметтеуге лайықты жан. Ұстазымыз бізге білім берумен қатар, тазалыққа, еңбекке, елімізді, туған жерімізді сүюге, ана тілімізді құрметтеуге үйретеді. Әр апта сайын өтетін тәрбие сағаттарында бізге адамгершілік, достық, ата – ана туралы әңгіме айтып береді.Нұрлы апайдың арқасында мен және менің сыныптастарым қиындығы мен қызығы мол өмірдің табалдырығын аттауға әзірміз. Мен осындай Еңбекші НЖББ мектебінде оқығанымды, Нұрлы Қабдоллақызындай ұстазға шәкірт болғанымды мақтан тұтамын.Ұстазым- Нұрлы Қабдоллақызына зор денсаулық тілеп, еңбегінің еленіп, үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспін.

гүлжанар ЖОЛАМАНОВА Еңбекші НЖББМ-нің 9-сынып оқушысы

Қызылжарауылы,Ақжайық ауданы

Ер ерлігі – ел есінде«Егер бұл Жеңіс болмаса,тәуелсіз Қазақстан да

болмас еді!» н.Ә.назарбаев

Жылдар қаншалықты тез жылжығанымен,Ұлы Жеңістің шұғыласы соншалықты жарқырап,маздай түсуде.Жеңіс!Бұл сөз құлаққа жағымды естігенмен,жеңіс оңай келген жоқ.Ата-бабаларымыз жеңіс тұғырына жету үшін қаншама қан төккен.Ұлы Германия фашизмді жеңу үшін талай боздақтарымыз құрбан болып,талай үйдің шамы сөнді.Баласын зарыға күткен ана, жарын аңсаған әйел,әкесін сағынған бала,қаншама қартайған қариядан қолына күрек ұстай алатын балаға дейін тылда еңбек етіп,өздері аш жалаңаш отырсада, бір уыс бидай, киім-кешекті майданға жіберіп,жеңіс күнің бір табан жақындатуға тырысқан.Өйткені,ол соғыстың тарихы – халық ерлігінің тарихы деп білеміз. Бізге бейбітшіліксүйгіш адамзатқа Ұлы Жеңісті сыйлағандардың бірі- Габдолов Шәнім 1923 ж Орал обылысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1943 ж Харьков атындағы танк училищесін аяқтап, лейтенант атағын алады. 1943 ж соғысқа қатысып, танк командирі болған.

1944ж. Украйна майданында шайқасқан.1946 ж Киев әскери аймағынан босап, 1948 ж оралған. Елге келгесін елеулі еңбек еткені үшін бірнеше медальдарымен марапатталған.Ғұмырды бірге кешкен зайыбы Нұрбеке апаймен 3 қыз 2 бала тәрбиелеп өсірген. Нұрбике апай Ұлы Отан соғысы жылдарында мектепте дәріс бере жүріп, трактор айдап, тылда да еселі еңбек еткен, еңбек ардагерлерінің бірі. Көп жылғы еңбектің айғағы ретінде:“ҚазақССР-ның үздік мұғалімі” атағымен және көптеген облыстық, аудандық алғыс хаттарымен марапатталған.Осы орайда ата мен әженің қызы мен күйеу баласы яғни Әділғай ағай мен Лора апайда осы білім саласында көптеген жылдар бойы қызмет атқарып ауылымызга елеулы үлес қосқан жандардың бірі болған.Ал атамызға келетін болсақ Осындай бейбітшілік заманға жеткізген атамыздың бірі Шәнім атаның жасаған ерліктері мәңгі ұмытылмай,жас ұрпақтың жүрегінде ұзаққа сақталады. Отан үшін от кешіп,мұз жастанған боздақтарымызды ұмыту әрине мүмкін емес.

Айдана ШАДМАНОВА,Жаңажол ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Алғабас ауылы, Ақжайық ауданы

Қазақстан – ортақ үйімізЕліміздегі ұлтар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы өзге елдерге

өнеге боларлықтай. Қазақ халқы өзге ұлттармен бірге бір ананың баласы секілді ғұмыр кешуде. Міне , биыл Ассамблеяның 20 жылдығы. Барша жұрт бұл мерекені тойлау үстінде. Біздің мектебімізде де келе жатқан жас ұрпаққа достық, бірлік, татулық деген сөздерің мәнісін ұғындыру және де өзге ұлттарды құрметтеу мақсатында иегі шаралар оздыруда. Солардың бірі өзімнің «Қазақстан-ортақ үйіміз» атты «Еркетай» шағын орталығының бүлдіршіндерімен, даярлық тобы және бастауыш сынып оқушыларымен бірге өткізген мерекелік кешім. Оқушылар әр ұлттың киімдерін киіп, билерін билеп, әндерін шырқады.Сонымен қатар, көркем сөз шеберлері өз өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кешке өзге ұлттардың ішінен орыстар,негрлер және үнділер қонаққа келді. Кеш соңы «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды.

Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу мақсатында осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек демекпін.

гүлайым МЕҢДЕШЕВАТегісшіл ЖББНМ-нің

«Шапағат» бастауыш сынып бірлестік жетекшісі,даярлық тобының мұғалімі Тегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы

Тілім менің - тірегімМен қазақ болып туылғаннан кейін ана тілімді қазақ тілін құрметтеуге тиіспін.

Ана тілінің ана сүтімен бойға даритынын, сондықтан да оны басқа тілдермен араласатырмай таза күйінде сөйлеук керектігін маған әжелерім айтып берді. Менің екі әжем бар. Екеуі де бастауыш сыныптың мұғалімдері. Тілің бұзылса, ұлтыңды сақтап қалудың қиындығын ескертті. Олар маған көп нәрсені айтып береді. Кейбірін мен түсіне бермеймін.

Мен қазір ауладағы достарым мен өз тілімде сөйлесемін. Олар қазақша сқйлей алмаса да менің айтқаныма түсінеді. Тіпті кейбірі қазақша балабаұшаға барады. Қай ұлт болмасын қазақ елінде тұрғасын тілін құрметткп, білу керек деп ойлаймын.

Айвина БИСЕК№19ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы

Ата –ананың қадірі

Ата-ананың қадірі барлығынан жоғары .Ата-ана баланы дүниеге әкеледі, содан соң оны бағып қағып әлпештеп өсіреді . Ата – ана әрқашан баланың аман жүргенін қалайды. Қайда жүрсе де тек баласының амандығын ойлап жүреді. Ата-ана деген ол ғажап адамдар. Баласына ұрысып айқайлап жатса да, баласын жақсы көріп тұрады. Өйткені ол өз баласы. Бала әкесінен тәрбие алады. Ата-анасы жақсы болса балаға жақсы тәрбие берсе бала да тәрбиелі ұқыпты, әдепті болып өседі. Бала өскенше әкенің жылы мейірімі мен ананың ачлы алақанын қажет етеді. Ата-анаға баласы өссе де әлі кішкентай сәби сезіледі. Ата- анаға бір мін таға алмайсың. Сол себебі ата-анамызды өле-өлгенше сыйлап, қадірлеп, үлгі тұтып, жерге қаратпауымыз керек. Ата-ана балаларының жеткен жетістігімен қуануы керек. Сондықтан ешқайсысымыз ата –ананы жылатпайық.

Аяна ЕРМЕКОВАЛбішін НЖОББМ-нің, 7 сынып оқушысы

Қабыл ауылы,Ақжайық ауданы

Бала жанының бағбаны

«Мектеп – кеме, білім теңіз»,- деп айтылған ұлағатты сөзге ой жүгіртсек, мұғалім сол білім дариясындағы заман талабына сай, ағыс пен қайық есуші тәрізді көрінеді. Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа, озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мұғалімдік келбетін анықтап алса, яғни ескегі мықты болса, қандай болмасын биік мақсатқа қол жеткізеді. Бүгінгі өмір өзгерген, адам жаңарған жаңа

заманда білім беруді де өзгерту – уақыт талабы.Осы мақсат жолында үнемі ізденіспен еңбек етіп келе

жатырған ұстаздарымыздың бірі – дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі - Абилов Бекқайыр Сисенбайұлы. Өнегелі ата-ана тәрбиесін көрген, табиғатынан сабырлы Бекқайыр Сисенбайұлының бойында мұғалімге тән қасиеттің бәрі табылады десем артық айтқандығым болмас. Жаңа белсенді оқыту әдістері оқушыны тұлға ретінде қалыптасуға, оқушылардың өз тәжірибесіне, біліміне сүйенуге үйрететінін терең сезінген іздемпаз мұғалім топтық оқыту жұмыстарына көп көңіл бөледі. Оқушылардың бойында салауатты өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру мақсатында, бала мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, үздіксіз үйренуге, деген тұрақты дағдыларын қалыптастыруға жетелейді. Оқушыны қызықтырған «Спортты ал серікке», «Біз- чемпион» атты тәрбиелік шаралары, 3-сыныпқа өткізген «Кіші аттан секіру», 8-сыныпқа өткізген «Айып алаңынан доп лақтыру» т.б ашық сабақтарындағы «Қол шапалақтау», «Кері байланыс» сияқты бағалау әдістері мұғалімнің жаңашылдыққа ұмтылысын байқатады.Сабақтан тыс уақыттарда спорттық үйірмелер жүргізіп, оқушы әсіресе ұл балалар тәрбиесіне жете көңіл бөледі, басқада қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді. Пән иесінің соңғы жыларда алған түрлі марапттары іздемпаз мұғалім еңбегінің дәлеліндей.

Осындай шәкіртіміз, қазіргі әріптесіміз, Бекқайыр Сисенбайұлына әріптестер атынан «жас ұрпақ тәрбиесінде шәкірттеріңіз биік шыңдардан көріне берсін» – дегім келеді.

Қамажай зАЙНУЛЛАҚЫзЫКраснояр ОЖББМ-нің мұғалімі

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

НаурызЖасандырып жас талдыКөктем айы басталды.Қызыл түсті қыздардыңМерекесі басталды.

Наурыз неткен ұлы едіңДәстүрім терең білемін.Жеті түрлі дәмнен жасалғанДәмін татқам көженің

Наурыз ырыс бастауыБерерің сенің мол болсын.Елім тыныш жұрт аман,Қазағыма құт қонсын.

Мұхамеджан ЕШМҰХАНБЕТОВ №37 ЖОББМ-нің

4 «б» сынып оқушысы

АҚЫН БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Ақын болғым келеді...Абай атам секілді.Ақын болғым келедіКөп-көп оқып кітапты.

Бәрін білгім келедіЖақсы оқып сабақты.Әжем, әкем анам да Меннен үміт күтеді.

Дильназ Айдынгалиева№37 ЖОББМ-нің

2 «б» сынып оқушысы

№5 (213) 17.03.2015 ж. 9Армысың, Әз-Наурыз!

Наурыз-қазақтың төл мерекесі. Шығыс халықтары сияқты бізде бұл мерекені ерекше қуанышпен тойлаймыз. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже дайындалады. Қазақтың көрісу айтынан кейін келетін бұл мереке де алты ай қыс бойы көріспеген ағайындар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, мал сойып бір-біріне құрмет көрсетеді. Ұлан-ғайыр даланы дүбірлетіп, той жасап қыз қуу, көкпар тарту, жамбы ату, сынды ұлттық ойындарымыздың көрігін қыздырады. Ат десе, делбезесі қызатын ағаларымыз жүйріктерін аламан бәйге қосып, соның қызығына батады. Өнер жұлдыздыры сахнада халықты әсем әнімен халықты қуантады.

Мен алдымен мектебімде өткен наурыз мерекесіне қатыстым. Сыныбымыз болып, көктем мерекесіне қуанып шаттандық. Көрікті қаламызда да бұл мереке кең түрде қуанышпен аталып өтті. Жасыл қаламыздың тал-теректері де наурыз айының шуақты күндерінен бойларына күш қуат алғандай. Ендеше, жасарып, жаңара кір, қой жылының көктемі. Берекеміз бен мерекеміз көп болғай!

Сайда САХИПОВАА.Байтұрсынов атындағы ЖОББм-нің4 «д» сынып оқушысы

КӨКТЕМ КӨРІНІСІЖазғытұры қалмайды қыстың сызы,Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Жан-жануар, адамзат анталаса,Ата-анадай елжірер күннің көзі, - деп Абай атамыз жырлағандай, көктем – жақсылықтың,

жылылықтың мезгілі. Теректер бүршік атып, жасылға боялады. Күн шуағын айқара ашып, бұлбұлдар ұйқыдағы биші сияқты болып көрінеді. Жер жүзі кішкене балалардай қуанып, алтындай жарқырайды. Көктем көрінісі көгілдір көктей болады. Міне, көктемнің көрікті көріністері осындай.

әділхан МҰХСИТТеректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 5-сынып оқушысы

«Жас қаламгерлер» үйірмесінің мүшесі, Теректі ауданы

Ұс та з ы м – мақтан ы ш ы м«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Қандай тамаша ой орамы. Мұғалім

болу, ұстаздық ету оңай емес екенін бәрі біледі деп ойлаймын. Қазіргі уақытта мұғалімдік мамандықты кез-келген адам таңдай қоймайды. Осы мәртебелі мамандықты таңдап, оқушыларын алыс белеске жіберіп жүрген мұғалімдер де баршылық. Осындай үлгілі ұстаздарымыздың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерментаева Мерует Сатқанқызы. Әр нәрсені орнымен сараптай білетін ұстазымыздың сабақ беру тәсілі алуан түрлі. Сабағында өзінің сөзге шешендігімен оқушыны баурап әкетеді. Қосымша тапсырмалар беру арқылы шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтіп отырады. Мерует Сатқанқызының алдынан түлеп ұшқан шәкірттері бұл күнде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Мен де осындай ұстаздан дәріс алғанымды мақтан тұтамын. Ұстазымның арқасында түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Болашақта апайыма ұқсағым келеді. Жаңалықтан тыс қалмайтын ұстазым әрдайым ізденімпаз, еңбекқор. Өзінің қатал да сабырлы мінезімен бізді алға қарай жетелеп, жақсы қасиеттерді бойымызғы сіңіруде. Үйінде асыл ана, мектепте үлгілі ұстаз қай кезде де алдыңғы қатардан табылады.

Мерует Сатқанқызын «сегіз қырлы, бір сырлы» деп атауға болады. Шәкірттеріне білім берумен қатар оларды өнерге де баулып жүреді. Апайымыз білім беруді қалай сүйсе, әнді де солай сүйіп орындайды. «Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, апайымыз домбырада да өте тамаша ойнайды. Бізді осындай ұстаз тәрбиелеп, жан-жақты етіп өсіріп жатқанына өте қатты қуаныштымыз және ұстазымызды мақтан етеміз. Осындай мамандығын жанымен сүйетін ұстаздарымыз көп болсын деймін.

әйгерім ШАПХАТЖайық негізгі жалпы білім беретін

мектебінің 9-сынып оқушысыАқжайық ауданы

Жетім көрсең жебей жүрЖаудыраған ботакөздер, ыстық жас, ата-анаға деген сағыныш,

көңілге медеу болған «мамаң келеді, сені алып кетеді» деген сөздер, мамалап жылаған сәбилер, мұның бәрі балалар үйіне таңсық емес. Кішкентай шақалақ күйінде дорбаға салып, балалар үйінің алдында тастап кететін тас жүрек аналар қаншама! Бала, асырап алатын мысық емес, тастап кете беретін қоқыс емес, бұл кішкентай өмір иесінің де сезімі бар. Балалар үйінің тәрбиешілері қанша қамқор болса да ата-ананың орны ерекше, ананың аялы алақаны, әкенің жылы шырайы жетпей тұрады. Сәби шағында асыр салып ойнаудың орнына, көздері жәудіреп кім менің әкем, кім менің анам деп айналадағы адамдарға қараумен болады. Бақытты балаларға қуанышпен қарап жетімдігіне қамиды. Жан дүниесінде, көздерінде бір мұң бар. Бір қызығы осындай жетім болған балалар өр мінезді болады. Еркелікті қойып, жігерлі, сенімді, батыл, ержүрек мына фәни дүниеге үлкендерше қарап өмірдің ыссы - суығына шыдап, ата-анасыз ер жетіп үлкен өмірге қадам басып өзіндей балаларға аянышпен қарап басқаларға қол ұшын беруге құштар болады.

Бар сырын, жүрек қалауын, арманын айтар жанашыры жоқ. Іштей тынып, өмірдің ащы-тұщысын татып, әлемге басқаша көзбен қарайды. Қандай қиын еді! Бала кезінен қиындық кешіп бар ауыртпалықты өзі көтереді. Жетім көрсек жебей жүрейік!

Бибізада САЙЫНОВАА.Оразбаева атындағы НЖББМ-нің 8-сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

Ұстаз- ұлы тұлға Дүние де туған анадан кейінгі

екігші ана-Ұстаз. Еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін ұстаз алдынан білім тәрбие алады. Мектепке алғаш келгенде, алғашқы ұстазым Ақбөбек Сағиқызы болатын. Сол күннен бастап өзімді оқушы сезіндім. Ұстаз деген кісінің екінші анадай болатынын түсіндім. Себебі әр баланың әр түрлі мінезін, ақылмен түсіндіруге бар күшін жұмсайды. Сыныптастарыңмен ренжісіп қалсаң, жөнге салып достастырады. Маған «А» деген әріп пен «1» деген санды үйреткен осы Ақбөбек апайым болатын. Ол кісі өте мейірімді жан. Біздер қаншама қателіктер жасасақта, үнемі кешіріммен қарайтын. Қазір ол кісі зейнет жасында. Қазіргі ұстазымыз - Гүлден Байыржанқызы. Гүлден апай ақкөңіл, жайдарлы жан. Бізді бауырмал, білімді, ақылды болуға жетелейді. Гүлден апайдың сабақ түсіндірудегі күнделікті жаңа ізденістері бізді таң қалдырады. Бастауыш сыныпты бітіргенде біз өз ойымызды еркін жазатын, жүргізіп оқитын дәрежеге жеттік. Тіпті сурет салып, кесте тігетін де болдық. Үлкенмен, кішімен сыныптастармен қалай сөйлесу керек екендігін де білдік. Ұстаздардың барлығы осындай болса, әрине жақсы оқисың!

гүлдана МАНАРБЕКЕсенсай ОЖББМ-нің

4 «а» сынып оқушысыАқжайық ауданы

Ұстазым - өзіңменен мақтанамын «Ұстаз» бұл сөзді естігенде, менің ойыма ең алғаш мектеп таблдырығын аттағанда, алдымнан

күлімдеп шығып, бар мейірімі мен қамқорлығын көрсетіп, құшақ жая қарсы алған Гүлшат Исатайқызы түседі. Алғаш келген күннен бастап, ол бар ыстық ықыласымен, салмақты мінезмен менің білімге деген құштарлығымды оятты. Әліппемен достастырып, оқуға, жазуға үйретті. Менің ұстазым өте ақылды, кеңпейіл, білімді жан. Ұстазымның арқасында мен қазіргі уақытта еркін оқып, сауатты жаза аламын. Мектепте өтетін әртүрлі шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Бұл әрине, ұстазымның еңбегі. Гүлшат Исатайқызының салмақты мінезі, қарапайымдылығы, талапшылдығының нәтижесінде әлі талай жетістіктерге жететініме сенемін. Мен осындай ұстаздың шәкірті болғанымды мақтан тұтамын және ұстазыма мың сан алғыс айтамын

Бибарыс СҮНДЕТҚАЛИЕВАқжайық ЖОББМ-нің3 «а» сынып оқушысы

Ақжайық ауылы.Теректі ауданы

Менің Отаным Біздің Отанымыз әрқашан күлімдеп

тұрады. Менің Отаным- Қазақстан. Біздің Отан біреу ғана. Ол көп ұлттар мекені. Қазақстанда көп ұлттар өмір сүруде. Барлығы тату-тәтті тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Еліміздің татулығын, бірлігін, ынтымағын сақтайды. Мен Отанымды жақсы көремін. Мен өз Отаныммен мақтанамын. Өйткені, қазақ елі өте қонақ жай,көптеген жетістіктерге жете біледі. Осындай елімен әрбір адам баласы мақтануы тиіс.

Нұралы БАҚТЫҒАЛИ№ 46 ЖОББМ-нің 2 «а» сынып оқушысы

Мектепке сағынышМіне,күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған

бүлдіршін қыз,алтын ұя мектебінен түлеп ұшты. Тоғыз жыл бойы оқыған мектебіммен қоштасу қиынның қиыны.Соның ішінде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарынның орны ерекше. Оқуды,жазуды білмейтін оқушыларға қолына қалам ұстатқызып,алғаш жаздырған ұстаздың орны бөлек. Мен Сырым ауданы Қазақстан негізгі жалпы білім беретін мектебінде оқыдым.Еркелікті қоя алмай жүрген бүлдіршін лезде оқушыға айналуы қандай керемет! Мектепке келіп,алғаш партаға отырып,кітап оқыған баланың қуанышында шек жоқ. Жалпы 1 қыркүйек білім күні барлық оқушылар қуанып,ақ жейделерін киіп,қолдарына гүл ұстап,ұстаздарын құттықтауға асығатын мереке. Міне,осылай күндер,айлар,жылдар өтіп,балалар да жоғары сыныпқа аяқ басады. Бұл кезеңде оқушылар еркеліктерін қойып,көптеген қоғамдық шараларға қатысатын сәт. Жылға жыл қосылған сайын мектепті бітіру уақыты да жақындап қалады. Маған осындай уақыт та келіп жетті. Жүрегім алып-ұшып жүрген кезім. Себебі алтын ұя,ыстық мектебіммен қоштасу қиын болды.Соңғы қоңырау мерекесіне қызу дайындалып жүрген кезіміз.Оқушының,ұстаздардың,ата-аналардың жүрегінде қимастық сезім бар.Ол сезімді айтып жеткізу де,түсіндіру де мүмкін емес. Мен мектеп бітіргенде өмірімнің басқа арнаға бұрылатынын білдім. Қиындық та,қуаныш та болатынын сездім.Енді алдымдағы мақсатым оқуымды одан әрі жалғастыру.Ата-анаммен,ұстаздарымның үкілеген үмітін ақтауым керек деп ойладым. «Тарыдай болып кіресің,таудай болып шығасың» деген нақыл сөздің мағынасын осы сәттерде түсе бастадым. Өзімнің бала кезімнен оқып,бітірген мектебімнен ойымда әдемі естеліктер қалды.Ол естеліктер менің жадымнан мәңгі өшпейді. Бірде мектеп басшысы Исламғалиев Марат Ғабділкәрімұлының сабағында журналға ойыншық кесіртке салып қойдық. Не деген тентектік десеңізші. Ол кезде арты не болады деп ойламайтын бала екенбіз- ау! Бейне бір Қожа фильмінің көшірмесіндей. Сіздер ары қарай қалай болды деп ойлайсыздар...

Бүгінгі таңда ұстаздарымыздың сол кездегі айтқан ақыл - кеңестерін өмірде қолданып жүрміз. Менің көптеген жетістіктерге жетіп жүргенім әкем мен анамның,мұғалімдерімнің арқасы.Сол кісілерге балалық,шәкірттік мың алғысымды білдіремін.Қазіргі сәтте «Алтын ұям» мектебімді қатты сағынамын. Қайтадан барып оқысам деп армандаймын.Әттең,бірақ ол енді орындалмайтын арман. Мектебіме деген сағынышымды ақынның мынадай өлең жолдарымен жеткізсем деймін.

Арманыңда,жаныңда жалын ән бар,Жас талапкер сөзіме көңіл аудар.Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.Алтын ұя мектебімнің ғұмыры ұзақ болсын,білімді

жастары көп болғай!

зейнұр НЫҒМЕТЖАН. №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

Баршаға қымбат ана

Анадан ыстық, жылы әлемде ешкім жоқ. Ана жер бетіндегі ең асыл да ардақты адам. Әр адамның өз жанынан артық жақсы көретін адам ол - ана. Ананы адамдар құрметтейді, сыйлайды. Ана есімінің өзінің астында қанша мағына жатқанын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Біз өзіміздің қарындасымызды, дос қыздарымызды болашақ Ана деп сыйлауымыз керек. Әрбір жас қыз ана есімін иемденуі үшін анаға тән қасиетті, адамгершілікті білуі қажет. Ана біз үшін қымбат жан, бізді жарық дүниеге

әкелген адам. Мәпелеп өсіріп қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген анамыз. Не болса да төзіп, қиындықты қақ жарып біздің елге адал қызмет жасайтын азамат, азаматша болатынымызға сенетін анамыз. Қазақта мақал бар емес пе «Алып анадан туады» дегендей батырда, ақында анадан туып ана сүтінен нәр алып өседі. Ана адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақты ана. Кез-келген адамның әдептілігі мен сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды. Ана туралы мақалдар өте көп мысалға: «Анасын көріп қызын ал», «Анасын сүйгеннің баласын сүй», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман қыз», «Ананың сүті – бал, баланың тілі бал, «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар», «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді», «Анасыз өмір-сөнген көмір», «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаңда қарызынан құтылы алмайсың», «Ана сүтін ақтамағанды-ешкім мақтамайды» деген тәрбиелік мағынасы зор мақалдар бар. Анасына арнап жыр арнамаған ақын жоқ. Осы қоғам қайраткері, ақын Қадыр Мырза Әлінің мына бір өлеңдеріне тоқталғым келеді. Алғашқы дәм ол да сендік сүт еді, Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді. Отанымның өзі сенен басталып , Жауларыма жеткен жерден бітеді,- деп баршамыз дүниеге әкелген анамызды сыйлап өтейік.

Алпамыс гАЙНУЛЛИНМектептен тыс жұмыс орталығының

«Сөз мерген» үйірмесінің мүшесі , Жетекшісі Каратаева Еркежан Төлегенқызы Жаңақала ауданы

Ақмоншақ КАРИМОВАВ.И.Шубин атындағы орта мектептіің 2 «б» сынып оқушысы.Сырым ауданы

№5 (213) 17.03.2015 ж.10

А л ға

Өздерің жазған хаттардан

Сө й ле м де р пат ша л ы ғ ы н ы ң

қ ы з ы қт ы оқ и ға с ыЕрте заманда Леп деген патша болған. Ол

қызметшілеріне әйнектен зәулім сарай салдырған. Сарайдың алдынан қарасаң ол көзге дұрыс түсе бермейді.Жаулар шабулдаса оны байқамай өтіп кететін болған.Оның Нүкте деген әйелі, Сұрақ деген ұлы мен Үтір атты қызы бар. Сарайдың іші алтындармен безендірген.Ол сарайдың бір ерекшелігі есігі жоқ. Тек қана жер асты арқылы жүре аласың. Жер астындағы су арналары арқылы қайықпен баратын жеріне тез

жете аласың.Ақылды патша мен еңбекқор қызметшілердің арқасында осындай ғажап әдемі зәулім тұрғызады, ол патша жанұясымен бақытты ғұмыр кешкен.

Марина зЕКЕШОВАКеңсуат ЖОББМ-нің 2-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

«С» әрпінен басталған әңгіме

Анашым меніңМен жан анашымды өте жақсы көремін. Анамның есімі – Мира.

Менің анам өте мейірімді және ақылды. Мен анама барлық сырымды айтамын. Анам мені сабақтан келе жатқанда қарсылап алады. Мен анамды қатты-қатты құшақтаймын. Анадан артық дос бар ма?!

Сұлу ҚҰСПАНОВА,Жалпы орта білім беретін

Мереке мектеп-балабақшасының 2-сынып оқушысы

«Сүйікті атам»Менің атамның аты-Бақтығали. Ол өте

мейірімді,ақылды адам. Ата-әжем бізден бөлек тұрса да, атам маған көп уақытын бөледі. Мені еркелетеп, ойнатып, қыдыртады. Атам 5 наурызда 58 жасқа толады. Атамды туған кунімен құттықтап, денсаулық, бақыт, қуаныш тілеймін. Мен атамды өте қатты жақсы көремін.

Ильяс БАҚТЫҒАЛИ №31ОЖББМ МАД оқушысы

Мейірімге толы жүрегі

Ананың мейірімі-Сара Алпысқызы!Ананың бақыттысы, сымбаттысы,Халқының ардақтысы, қымбаттысы.Өзін-өзі танытып, үлгі еткен,Мың алғыс сізге, Сара Алпысқызы . Әр баланың қабілеті мен дарындылығын

ашуға ат салысқан, бойларына адамгершілік қасиеттерді дарытуда көп еңбек сіңірген, әрдайым жүрек жылуын сыйлаған шәкірттерінің сүйікті ұстазы бола білген адамгершіліктің құндылық негізінде өзара түсіністік пен үйлесімділікте жүретін Сара Алпысқызын мақтанышпен айта аламын. «Балам» дейтін ана болмаса, «Анам» дейтін бала қайдан табылады демекші әлемге мейірімін шашу арқылы мұңайғанда қуантып, жылағанда жұбатып барша халқымызға күлкі сыйлаған Сара Алпысқызындай мейірімді болайық ағайын!

Жанел КАРИМОВАМұхит атындағыЖОББМ-нің 4 «в» сынып

оқушысыҚаратөбе ауданы

Атам күткен саябақ

Мен әрқашанда игі істер жасағанда жақсы көремін. Қолымнан келгенінше үлкенге де, кішіге де көмектескім келеді. Жақында біздің Сейітқали Меңдешев атындағы ЖОББМ-де, бастауыш сынып мұғалімі Сисенова Күмістің ұйымдастыруымен «100 игі іс» атты апталық өткізілді. Бұл іс – шарада барлық сынып оқушыларының үлкенге ізеті, көмегі жәйлі айтса, сондай – ақ ауыл аға – апалаымыздың ауыл игілігі үшін жасап жатқан ерен еңбектері суретке түсіріліп көрсетілді.

Осы еңбектерді көргенде атам Құзырғали Абдрахмановтың елі, халқы үшін жасаған игі ісі есіме түсті. Атам бұл дүниеде болмаса да, біздің көшеде «Атам күткен саябақ» бар. Ол саябақты өсіруге атамның еңбегі зор. Менің атам саябаққа кірген малдарды айдап, суарып, демалыста ішінде шашылған қағаздарын жинататын. Қазір жайқалып, ағаштары биіктеп келеді. Менің арманым атамның еңбегін бағалап, саябақты одан әрі күтімге алуымыз.

Қайран, атам! Сол кезде елге игі іс жасап кейінгі ұрпақтың қамын ойлаған екен ғой!

Мира АБДРАХМАНОВАС.Мендешев атындағы ЖОББМ-нің

3-сынып оқушысыМәстексай селосы,Жаңақала ауданы

БАҚЫТ ДЕгЕН НЕ?Бақыт деген-қырау шашты аналар,Бақыт деген-ұлы ойшыл даналар.Бақыт деген-күліп атқан таң нұры,Бақыт деген-өздеріміздей балалар.Ия, тәуелсіз Отанымыздың кішкентай ғана жайма шуақ ауылында, сүттей ұйыған

отбасында өмірге келіп өсіп келе жатырғыным мен үшін бақыт!Айтпақшы, адам баласының барлық басқа жаратылыс иесінен айырмашылығы

оның ақылында емес пе? Олай болса бақыт дегеніміз-ақыл. Ақыл бар жерде байлық та, бақыт та, бірлік те, тірлік те бар.

Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген інісі немесе арқа сүйер ағасы болды. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ.

Сондықтан, ақылды болып еңбек ете білген адам баласы-байлыққа да, бақытқа кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады.

Айкөркем ХАМИДУЛЛИНАҚызылжар негізгі орта мектебінің

8-сынып оқушысы

Отты жылдар жаңғырығы Сынымызда ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған ашық

тәрбие сағаты өтті. Алдымен бәріміз оианын жаудан қорғап өалған жауынгерлердің рухына бас иіп, бір минут үнсіздік пен еске алдық. Тәрбие сағатына оқушылардың бәрі белсене қатысты. Ауданнан біздің өнерімізді тамашалау үшін көп мұғалімдер келді. Біздің өнеріміз оларға ұнады деп ойлаймын. Сыныбымыздың жас ақыны Айжан «Ерлікке тағзым» атты өленің оқып берді. Кеңес одағының батыры, Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк туралы слайдтар көрсеттік. Оларға арнап ән айттық.

Тәрбие сағатымыздың соңында барша бейбітшілік сүйетін адамдар үшін ең қымбат өлең «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындадық.Мұғалімдер қуанышты көңіл күймен қайтты.

Шырын КЕНЖЕБЕКОВА Подстепный №1 ЖОББМ- нің

6 «а» сынып оқушысы, Теректі ауданыәЛДИЛЕгЕН АНАШЫМАна-ол әлемді жаратушы.Ол біз үшін аландап әрқашан

біздің қамқоршымыз болып жүреді.Біз анамызды сыйлаумыз керек.Өйткені ол біз үшін жаным беруге әзір.Осындай әрдақтаған,аялаған анамызды әрдайым құрметтеуіміз керек.

Бақдәулет МақсотТегісшіл ЖББНМ-нің

2-ші сынып оқушысы,Жәнібек ауданы

Сәлем Сандуғаш!Саған сыйлық сыйлаймын. Сені сіңлімдей санаймын. Сен сұлусың.

Сендей сүйкімді сіңлімді сағынамын. Саған сақина сыйлаймын. Себебі сақина саусағыңда сәнді.

Сәлеммен: САРА Назерке ІзБАСАР№20 ЖОББМ-нің 2 «в сынып оқушысы

СОҒЫС АРДАгЕРЛЕРІСоғыс 1941 жылы басталып, 1945 жылы аяқталды. Бауыржан Момышұлы,

Мәншөк Маметова, Әлия Молдағалиева, Рақымжан Қошқарбаев т.б. қатысты. Бауыржан Момышұлын бүкіл қазақ біледі. Ол соғыстан оралып келгенде ақындық шығармаларын жазды. Осы қазақтың қайсар ұлдары мен қыздары «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Олардың есімімен қала, аудан, ауыл, көше атаулары аталды. Қазақ халқы өз батырларының есімін мәңгі есте сақтайды.

Қайсар ҚАЙЛАУ№ 46 ЖОББМ-нің 2 «а» сынып оқушысы

Сиқырлы бұлақЕртеде сиқыршы және оның жалғыз

қызы болыпты.Сиқыршы қатал, қатігез екен. Ал оның қызы мейірімді, адал жан болыпты.Бір күні сиқыршы бұлақтан су ішуге келіп еді, су тартылып қалды.Тағы да бір рет ішейін деген де,су тартылып қалды.Қыз су ішкісі келгенде, бұлақ оған мұздай салқын суын ұсынды.Ал сиқыршы бұған түсінбей таң қалды.

Сонда қызы: - Әке, бұл сиқырлы бұлақ. Ол тек мейірімді жандарға

өзінің салқын суын ұсынады. - Міне, бұл бұлақтың сыры осы. Өзінің жаман қылықтары

есіне түсіп, енді әкесі жақсы болуды ойлады.

№42 «Ақ ниет» гимназиясының3 «д» сынып оқушылары

АНАШЫМАнашым-менің тірегім, Жүрегім менің аяулы. Әкем – менің жылуым.Аққуына балайды.

Аяулым ОҢҒАРОВАВ.И.Шубин атындағы

мектептің 2«б»сынып оқушысыСырым ауданы

АнамАйналайын ақ анам, Жүзің әркез жайнаған.Айналайын анам деп, Саған арнап жыр жазам.

Ерасыл ТАЛАП Харькин ОЖББМ-нің 2-сынып оқушысы

Сабағымды беске оқып,Тақпақ,өлең жаттаймынЕсейген соң бой жетіп,

Ана сүтін ақтаймын.Ақнұр БОЛАТ

Харькин ОЖББМ 2-нің сынып оқушысы

АНАМААқ сүт беріп өсірген,Жүрегі жұмсақ анашым.Ешбір жан оған жетпейді,Анам ғой,менің жанашыр.

Құрметтеймін анамды,Түн ұйқысын төрт бөлген.Бақытты қылдырар біздерді,Сүйікті менің анашым.

Асылжан МҰРАТОВАӘ.Жангелдин атындағы НОББМ-нің

2-сынып оқушысыМұқыр ауылы,Жаңақала ауданы

Менің сыныбымМен 2-сыныпта оқимын. Сынып та бәріміз татумыз.

Апайымыз – Айнұр Даниярқызы бізге сабақты күшті түсіндіреді. Әркез байсалды, тәртіпті болыңдар- деп, айтып отырады. Мен кітапханаға барып балалр жайындағы кітаптарды оқып, суреттерін қараймын.сыныпта оқу озатымын.

Дарина ОРЫНБАСАРЖаңақала ЖОББМ-нің, 2«б» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

Қиялшыл ҚанатЖанат пілмен ойнадыҚой десе де қоймады.

Мініп алып піліне Айға ұшуды ойлады.

АЯНАТ ТІЛЕКҚАБЫЛ

№42 «Ақниет» гимназиясының 3 «д» сынып оқушысы

ҰстазғаБілім берген адамға,Ұстаз асыл аналар.

Оған басын иеді,Үлкендерде, балалар.

Бибінұр БЕЙБІТҚЫзЫ

№37 ЖОББМ-нің 1 «Б» сынып оқушысы

№5 (213) 17.03.2015 ж. 11«ТЕз ОЙЛА, СӨз ОЙЛА»

( қарама –қарсы сөздерді тауып жаз)

Аңсар СҰЛТАШЕВЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің

2-сынып оқушысы, Жәнібек ауданы

Қауырсын қалам

МЕНІҢ СІҢЛІМ

Қамқорлаймын үнемі, Сүп-сүкімді сіңлімді. Ол да өзінше сыйлайды, «А-па-тайым» деп мені.

Әжем менің мейірімді, Әрбір сөзі иірімді. Үйретеді әрдайым, Еңбекке болуға бейімді.

Меруерт МәЛІКОВАЕ.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің

3-сынып оқушысы, Жаңақала ауданы

Үй жануары.1. Адамның жақсы қасиеті.2.

Білім көзі.3. Кеңес Одағының батыры4.

Біздің тұратын жеріміз.5. Беттің синонимі. 6.

Ақтоты ҒАДІЛ№19ЖОББМ-нің

4 «е» сынып оқушысы

Өз ұлтыңАспан әлеміТіршілікті зерттейтін маманТүнде жарқырайтын неҚазақта ғарышқа алғаш ұшқан адамЖер бетіндегі адмның атыЕң үлкен және жерге жақын жұлдыз

Ахмет СәДІР№20 орта мектептің 2 «б» сынып оқушысы

Жеміс атыКиелі құс

АспапБатыр қыздың аты

Рустам САБИТОВ, №20 орта мектептің 2 «в»

сынып оқушысы

Пәннің атауы1. Ол бәрін жеңбек2. Мезгілдің атауы3.

Бірдейдің 2-ші атауы4. Оны малдан 5.

алып пісіріп жейміз.Үйді жылытады6. .

7. Ерболат МЕҢЛІБАЕВ 8.

№19 ОЖББМ-нің 4 «е» сынып оқушысы

1. Ауа қысымын өлшейтін құрал.2.20- 55 км. Биіктіктегі ауа қабаты.

3.Ылғалдылықты өлшейтін құрал.

4.Ауа температурасын өлшейтін құрал.5.Бағытын жыл мезгіліне байланысты өзгертетін жел.

6.Желдің бағытын анықтайтын құрал.7.Атмосфералық жағдайды бақылайтын станция.

8.Тәулігіне бағытын 2 рет өзгертетін жел.

9.Ең жоғарғы және ең төменгі температураның арасындағы айырма.

Шалқыма МАСҚАРС.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің

6 «а» сынып оқушысы, Жаңақала ауданы

Сөзжұмбақ «Топырақ»1.Орманды дала зонасының өзені.2.Жердің құнарлы беткі қабаты.3.Топырақты зерттейтін ғылым.4.Қазақстанның ең лайлы өзені.5.Шөл зонасындағы қорық.6.Судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өзгеруі.7.Топырақ түрі.

Жангүл БОРАНБАЕВА С.Меңдешев атындағы

ЖОББМ-нің 8 «ә» сынып оқушысы,

жаңақала ауданы

ҚұлыншағымҚұлыншағым шабады,Енесіне жетсем деп.Көз алмаймын мен сенен,Алыс ұзап кетпе деп.

Ислам ОРЫНҒАЛИЕВ

«Қаракөл ЖОББМБ»-ның

3-сынып оқушысы.Қаратөбе ауданы

Досым меніңДосым менің әдепті,

Қылмайды жаман әдетті.Таласпаймыз, ойнаймыз,Қызыққа біз тоймаймыз.

Таңшолпан МАХАМБЕТОВА

«Қаракөл ЖОББМБ» -ның 3-сынып оқушысы. Қаратөбе ауданы

ҚАрАқ қар жауып далаға,Қызықтырды біздерді.Көп санадық жүгіріп,Анық түскен іздерді.

Назира СЕМБЕКОВА«Қаракөл ЖОББМБ» -ның

3-сынып оқушысы. Қаратөбе ауданы

СағынышымӘкем,анам алыстаЖұмыс істеп жүреді.Қатты-қатты сағынамОлар оны біледі.

Әтсе дағы келмейді,Айтқан сөзге ермейді.Сағыныштан ауырыпҚалатынымды білмейді.

Алматы,Орал арасыАлыс екен қарашы.Әке,анам бірге бопБірге болса баласы.

Жани ЕРНАРТоғанас аауылы,В.И.Шубин атындағы мектептің

2-сынып оқушысы

Білім Балалар-ау, балалар,Қолға кітап алыңдар.Оқып, тоқып білімді. Өскенде ғалым болыңдар.

Ыбырайдай, Абайдай,Ақын, ғалым тағы да, Не қаласаң сол болсын,Тілегенің оң болсын.

Мөлдір БАзАРМАҒАМБЕТОВА Круглоозерный ОЖББМ-нің 6-сынып оқушысы

Ыбырай атағаЖырын жаттап жүреміз,Жалықпастан қыс - жазы.Ұлы Ыбырай атамыз,Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп жұртқа,Кел, балалар оқылық.Деген сөзін көңілге,Ықыласпен тоқылық.

Атамыздың өлеңдерін,Білдік оқып мектепте.Бітіріп мектеп кетсекте,Ұлы ұстазға шәкіртпіз.

Радмир ҚАБЕРОВАлғабас ОЖББ мектебінің 4-сынып оқушысы

Алғабас ауылы,Ақжайық ауданы

ҰстазМектептің ол жүрегі,Мектептің ол тірегі.Ұстазым менің ұстазым,Ақылшым ол ардақты.

Ұстазым жақысылықтан жаралдың,Төрт жылдай білімге мені баулыдың.Күлімдеген жүзіңді,Көрейікші әрдайым.

Диас ЕЛАМАНОВ Чапаев бастауыш мектебінің 4-сынып оқушысы

Құтсиық ауылы,Теректі ауданы

Ұстазым Нұрбану Серікқызына!

Анамыздай болып кеткен апайым,Қателессек кешіретін әрдайым.Қалмасын деп оқушылар соңында,Бар білгенін үйрететін қашанда.

Үш тілде еркін сөйлейтін,Бар жылуын әр сөзінен білгейсің.Ешқашанда қартаймаңыз,талмаңыз.Бақыт құс боп тек биікке самғаңыз.

Светлана ОРАзАЛИЕВАЧапаев бастауыш мектебінің 4-сынып оқушысы

Құтсиық ауылы,Теректі ауданы

МЕНІҢ АРМАНЫМ

Ардақтаған сөздерін,Құрметтеген өздерін.Мен боламын бай адам,Ауылына қараған.

Келер бақыт өзіме,Қол соғатын сөзіме.Қол ұшымды беремін,Бәрін жақсы көремін.

Ариана СЕРгАзИЕВАҚызылтал ЖББОМ-нің 2 «в»

сынып оқушысыБөрлі ауданы

Кім болам? Спортшы болғым келеді,

Аман болсам керегі.Спорттың да түрлері,Санап қалсаң көп еді.

Қажымұқандай бәрінен,Мықты болғым келеді.

Сабақты да қалдырмай,Беске оқыңымғым келеді.

Баласымын Отанның,Бақыттымын себебі!

ИсламМАҚСАТ

Қызылтал ЖОББМ-нің 2 «в»сынып оқушысы

Бөрлі ауданы

Бастайын өлеңімді ана деп менӨйткені ол ғой бізді адам еткенБіз үшін түн ұйқысын төртке бөліпӨмірде ең қымбатым анам екен.

Сабина АСЫЛХАН №37 ЖОББМ-нің

3«а» сынып оқушысы

АнашымаКүнде мені жетектеп,Үйге алып кететін.Киімімді үтіктеп,Мұнтаздай ғып беретін.

Әй,әй, әйбәт анашым,Қамқорым гүл панашым.Мен уәдемді беремін.

Айтқаныңа көнемін. Сұлтан БАХИТОВ

№37 ЖОББМ-нің 1 «б» сынып оқушысы

Ана

№5 (213) 17.03.2015 ж.12

әсемгүл АзАМАТОВА Харькин ОЖББМ-нің мектебінің

3-сынып оқушысы

Альмира ОРАзОВА Харькин ОЖББМ-нің 3-сынып оқушысы

Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж

№ 9661 – Г куәлігі берілгенИндексі: 65771

Газет айына бір рет шығадыТаралым 2 500 дана

Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.

Бас редактор:Сүндетов Жұмажан Қадимұлы

Ұялы тел: 8-701-687-58-86

Газет ЖШС «Полиграфсервис» баспаханасында басылады.

Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1Тел.: 51-41-99

Редакция мекен-жайы:Орал қаласы, пр. Евразия

89/79, Факс: 26-93-62 [email protected]

12 Самал сенің газетіңЖас балғын

өнерпаздардың фестивалі

Еліміздің барлық жерлерінде «Қазақстан Ассамблеясы Жылының басталуы» салтанатты өз жұмысын бастаған болатын. Қаладағы мектептен тыс жұмыс орталығыда бұл мерекені «Менің Елім

–Мәңгілік ел» атты балалар шығармашылығың фестивалімен ашқан еді. Фестиваль ақпан айында басталып, жыл бойы әр ай сайын түрлі ұлттардың мәдениетін көрсететін концерттермен жалғасын таппақ.

Осы фестиваль аясында ақпанның Жалпы орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары білім алушылары арасында «Орыс және кәріс халқы мәдениетінің диалогі» атты балалар шығармашылығы ның фестивалі өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақты Қазақстан халқының мәдени және рухани құндылықтарын тануға, ұлттық мәдениетті сақтауға, дамытуға, дәріптеуге тәрбиелеу.

Шараның басты қонақтары ҚР Орал қаласындағы Ресей Федерациясының вице елшісі Ю.П.Пономарев, «Қазақстан кәріс Ассоциациясы»РОО БҚО бөлімшесінің төрағасы М.В.Пак, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КМБ-нен А.С.Нуриева, Орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы С.М.Погодин, ата-аналар қоғамы болды.

Шараға қаланың мектептен тыс ұйымдары, саз мектептері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары белсене қатысты. Фестиваль көркемсөз, хореография, эстрада, халықтық, академиялық

вокал,сән театры, сәндік-қолданбалы, бейнелеу өнері бағыттары бойынша оздырылып, 300 –ге жуық оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Фестивальде орыс және кәріс мәдениетінің әндері мен билері, көркем сөз шығармашылығы орындалды.

Фестивальге қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілер диплом, орыс және кәріс этно-мәдени бірлестіктерінің сыйлықтарымен марапатталды.

Нұргұл МҰРАТОВАОрал қаласының Мектептен тыс жұмыс

орталығының әдіскері

Жұмбақты шешіп, көр

Қорада емес сарайда,Аспанда емес тоғайда.

Отында жоқ күйеде,Жылқыда жоқ, түйеде.

Қырда емес, сайда бар,Құнанда жоқ, тайда бар.Бұл жұмбақты шешетін

Тапқыр бала қайда бар?Қай әріп? ........

Анель ЕРАЛИЕВА А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің

2-сынып оқушысыЖәнібек ауданы

Думан ҚОЙШЕКЕНПЯТИМАР ЖОББМ-нің

2-сынып оқушысы

Ерасыл БАзАРБАЕВПЯТИМАР ЖОББМ-нің

8-сынып оқушысы

СанамақБір дегенім -бесік,Шықтық содан өсіп.Екі дегенім –елің,vАрман қуған жерің.Үш дегенім – үміт,Артар саған елің.Төрт дегенім - төріңСайран салған жерің.Бес дегенім - бірлікБірлік түбі – тірлік.Алты дегенім -алтынАлтын болсын басыңЖеті дегенім -Жетісу,Кіреді оған жеті су.Сегіз дегенім - сезім,Ғашық болған кезің.Тоғыз дегенім -тілек,Болайын саған тірек.Он дегенім- ойым,Болсын таза бойың.

АсылымАБДРАХМАНОВААқсуат ЖОББМ-нің

4 «а» сынып оқушысыТеректі ауданы

Бала біздің болашағымызҚазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясында №7 «Айналайын» мектепке

дейінгі ұйымында отбасылармен «Жүзден жүйрік» спорттық ойын- сауығы ұйымдастырылды.МдҰ ұйымдастырған шара өте қызықты өтті. Біздер ата-аналар осы мекеменің көптеген

шараларына қатысамыз, әр тақырыптағы шаралары жоғары деңгейде өтеді. Былтырғы жылы Сочи олимпиадасын қолдау мақсатында да таза ауада спорттық шара өте қызықты ұйымдастырылды. Ал биылғы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырған шаралары өте қызықты, балаларымыздың бізбен бірге жарысқандағы көңіл-күйлерін көрсеңіздер, қандай тамаша. Сайыстағы .«Кім шапшаң», «Ым-шарамен тап», «Кім батыр», «Кім епті», «Көңілді бақалар», «Дәлдеп түсір» ойындары өте қызықты, жаңаша бағытта таңдалған.Негізі балабақшаның отбасымен ынтымақтастығы өте жақсы ұйымдастырылады. Жазира Нариманқызы мен Айдана Есқарақызы жүргізген бұл шараға алғысымыз шексіз, бізге сондай қызықты болған шара, балаларымызға одан да қызықты болды. Бұлмектеп дейінгі ұйымда балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттырумен қатар қалалық, облыстық деңгейде де семинарлар жиі жүргізіледі.

«Балдырған» тобының ата-аналарыОрал қаласы

Алиахмет Айша№37 ЖОББМ

3 «а» сынып оқушысы

Айгерим АсқароваС.Есетова атындағы ЖОББМ-нің

3-сынып оқушысыҚазталов ауданы

Дильназ НҰРМҰХАНМ.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ-нің

3 «А» сынып оқушысы

№5 (213) 17.03.2015 ж.