мұхтар омарханұлы әуезов

7
МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВ

Upload: gotov-kz

Post on 16-Jul-2015

587 views

Category:

Documents


6 download

TRANSCRIPT

Page 1: мұхтар омарханұлы әуезов

МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВ

Page 2: мұхтар омарханұлы әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі(1946), филологияғылымдарының докторы,профессор (1946), Қазақ КСРO-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері

Page 3: мұхтар омарханұлы әуезов

ӨМІРБАЯНЫ

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырмасегізінші қыркүйекте туған.

Мұхтар атасының қолында өскен. АтасыӘуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы.

Page 4: мұхтар омарханұлы әуезов

Алғашқыда1908 жылыСемейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылыаяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясынатүседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының«Жолсызжаза» дастанының негізінде «Еңлік –Кебек» пьесасынжазып, оны 1917 жылымаусым айындаОйқұдық деген жердесахнаға шығарады.

Page 5: мұхтар омарханұлы әуезов

1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және«Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1926 жылы жазайында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болыпшығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.

Page 6: мұхтар омарханұлы әуезов

«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» –қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.

Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай»романы үшін жазушыға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол 1959 жылы Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

Page 7: мұхтар омарханұлы әуезов

ӘУЕЗОВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ

Әуезов қаламынан 30-дан аса

драмалық шығарма туды. Жеке

пьесалардың варианттарын

қоссақ, 50-ден асады. Әуезов

драматургиясында жанрлық

формалардың бәрін қамтыған.

Онда трагедия да, комедия да, драм

а да бар. Әуезов кейбір

шығармаларын бірігіп жазған. Олар:

Л. Соболев («Абай»), С.

Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ.

Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә.

Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә.

Әбішев («Намыс

гвардиясы»), «Октябрь үшін»

пьесасының материалдары -

Жетісу қазақтарының революцияға

келеді.

Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы -көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.