Ән жоспар

127
Күні : Пәні: Сыныбы: 5-сынып Сабақтың тақырыбы : Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы. Сабақтың мақсаты : - Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы жөнінде түсіндіру. - Балалардың музыкалық білімін дамыту. - Өз халқының музыкасынмен қатар өзге елдің музыкасын құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық. Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру Балалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Топтық тапсырма. І топ тапсырмасы: Түрік және Татар музыкасы.(7 минут) ІІ топ тпасырмасы: Башқұрт және Монғол музыкасы (7 минут) ІІІ топ тпасырмасы: Қытай және Үнді музыкасы (7 минут) Әр топ өз тапсырмасын қорғайды (5минут) Оқушылар бағаланады. Ән үйрету : Ә.Асылбеков, Ж.Тұрсынбаев «Ақбота» Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі. Қорытындылау : Қай елдің аспабы? (орнын тап) Гармонь Қытай Кубыз Башқұрт Лимба Монғол Вина Үнді Цинь Түрік Дэф Татар Манджира Қытай Яогу Үнді Дарбука Монғол Шанз Түрік

Upload: angel-shelton

Post on 26-Oct-2015

15.061 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ән жоспар

Күні : Пәні:Сыныбы: 5-сыныпСабақтың тақырыбы : Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы.Сабақтың мақсаты : - Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы жөнінде түсіндіру. - Балалардың музыкалық білімін дамыту.- Өз халқының музыкасынмен қатар өзге елдің музыкасын құрметтеуге баулу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Топтық тапсырма.І топ тапсырмасы: Түрік және Татар музыкасы.(7 минут)ІІ топ тпасырмасы: Башқұрт және Монғол музыкасы (7 минут)ІІІ топ тпасырмасы: Қытай және Үнді музыкасы (7 минут)Әр топ өз тапсырмасын қорғайды (5минут) Оқушылар бағаланады.Ән үйрету : Ә.Асылбеков, Ж.Тұрсынбаев «Ақбота» Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі. Қорытындылау : Қай елдің аспабы? (орнын тап)

Гармонь Қытай Кубыз Башқұрт Лимба Монғол Вина Үнді Цинь ТүрікДэф ТатарМанджира Қытай Яогу ҮндіДарбука Монғол Шанз Түрік

Үй тапсырмасы: Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы – оқу,реферат жазып немесе сөзжұмбақтар құрап келу Ә.Асылбеков, Ж.Тұрсынбаев «Ақбота» -жаттауБағалау.

Күні : Пәні:

Page 2: Ән жоспар

Сыныбы: 6-сыныпСабақтың тақырыбы : Аспаптық камералық шығармалар. Фортепиано аспабына арналған шығармалар. Сабақтың мақсаты : - Қазақстан композиторларының аспсптық камералық және ф-но аспабына арналған шығармалар жөнінде түсіндіру. - Балалардың музыкалық білімін дамыту.- Күрделі музыкаларды тыңдай білуге баулу..Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі.Сабақтың көрнекілігі : композиторлардың суреті,оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Қазақстан композиторларының аспсптық музыкасы туралы жазған рефераттары, сөзжұмбақтарын тексеру, бағалау. Н. Тілендиев «Өз елім» - орындау. ІІ. Жаңа сабақ. Қазақстан композиторларының фортепиано аспабына арналған көптеген композиторлар шығармалар жазды.Композиторлар Ғ.Жұбанова,Е.Рахмадиев, Қ. Қожамияров, М. Сағатов, Т. Қажығалиев, А. Серкебаевтардың шығармалары жиі орындалады. Композитор Н. Меңдіғалиевтің ф-но арналған шығармалары домбырадағы ұлттық сазға негізделіп, өзгеше нақышта естіледі. М. Сағатовтың «Күй» атты шығармасы да ежелгі халық аспаптық музыка негізінде жазылған. Қазақ халқының әндері мен күйлеріндегі әуендік ерекшеліктер ф-лық шығармалардың ең басты арнасы болып қалыптасты. Саз тыңдау: Н.Меңдіғалиев «Домбыра туралы аңыз». Л. Хамиди «Романс» Саз сауаты: Нюанс және екпін Ән үйрету : К.Дүйсекеев «Домбыра туралы баллада» Композитор туралы қысқаша таныстырып өту. Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі. Қорытындылау : Қай композитордың шығармасы? (орнын тап)

М. Сағатов «Домбыр туралы аңыз».Н. Меңдіғалиев «Домбыра туралы баллада» Л. Хамиди «Күй» Н. Тілендиев «Романс» К.Дүйсекеев «Өз елім»В.Великанов «№10 Тәжік биі» А. Жұбанов «Экспромт» Е. Брусиловский «Әуен»

Үй тапсырмасы: : Аспаптық камералық шығармалар.Фортепиано аспабына арналған шығармалар – оқу,реферат жазып немесе сөзжұмбақтар құрап келу К.Дүйсекеев «Домбыра туралы баллада» -жаттауБағалау.

Page 3: Ән жоспар

Күні :

Page 4: Ән жоспар

Пәні: МузыкаСыныбы : 4-сынып

Сабақтың тақырыбы : Халық музыкасы және оның операға ұласуы. Сабақтың мақсаты : Білімділік : халықтық және кәсіби музыкасының арасындағы байланыс жөніндегі ұғымдарды операның музыка материалдары негізінде түсіндіру.Композитор Е. Брусиловский және оның «Қыз Жібек»операсымен таныстыру, балалардың танымдық және музыкалық білімдерін дамыту.Дамытушылық: музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік :күрделі классикалық шығармаларына қызығушылықтарын қалыптастыру, оған шығармашылықпен қарауға бейімдеу.Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың әдісі : түсіндірмелі,видео сабақСабақтың көрнекілігі : үнтаспа, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Балалар, бүгінгі сабақта музыканың күрделі жанрларының бірі опера өнерімен таныс боласыңдар. Операда кездесетін музыкалық сөздіктермен алдымен таныс болыңдар.Опера – театр өнерінің бір түрі. Онда сахналық әрекет (қозғалыс) музыкамен – әншілік (әншілер, хор) және аспаптық (оркестр) өнермен, балетпне, бейнелеу өнерімен (грим, киім,декорация) тығыз байланысты.Операда ән, ария, би, симфониялық оркестр сүйемелдеуінде орындалады. Операны бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай-ақ сахнаға бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады.Либретто- опера, балет және ораторияның әдеби-поэтикалық мәтіні.Лейтмотив –музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы. Опера мен симфониялық шығармаларда негізгі ойды білдіріп, бірнеше рет қайталанатын музыкалық тақырып. Мысалы, операда ол басты кейіпкердің ой-арманын, іс-әрекетін, көңіл-күйін білдіруі шарт.Увертюра - опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық кіріспесі.Ария – белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.Ариоза- арияның шағын түрі.Қазақтың музыкалық фольклорының негізінде композитор Е. Брусиловский «Қыз Жібек» операсын жазды. Е. Брусиловский халық әндері мен күйлерін таңдау кезінде операдағы бейнелер мен әуенге қатысты эмоциялық сәйкестікті ғана емес, ол арқылы оқиғаларды бейнелеуді де ескерді.Енді композитор Е. Брусиловский мен оның «Қыз Жібек» операсы жөнінде видеодан тамашалайық.Ән үйрету: Ыбырай «Гәкку» әнін тыңдау және үзінді үйрету. Қорытындылау : Бүгінгі сабақта қандай музыкамен таныс болдыңдар? Олар музыканың қай жанрына жатады? Музыкалық сөздіктерді сұрап өту. Үй тапсырмасы: Е. Брусиловский және«Қыз Жібек» операсының мазмұнын оқу. Ыбырай «Гәкку» - жаттау.Бағалау.

Page 5: Ән жоспар

Күні : Пәні: МузыкаСыныбы : 6-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы. Сабақтың мақсаты : Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасымен таныстыру, балалардың танымдық білімдерін дамыту.

Page 6: Ән жоспар

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың әдісі : түсіндірмелі.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Қазақстан композиторларының бұл жанрдағы алғашқы шығармалары халықтың ән-күйлерін өңдеп,түрлі аспаптарға түсірубен басталған болатын. Кейін төл туындылары да пайда бола бастады. Оған Ахмет Жұбановтың ф-ноға арналған 10 «Тәжік биі», 8 «Қазақ биі» және қобызға арналған 5 «Пьесасы», Е. Брусиловскийдің ф-ноға арналған «Экспромт»,ф- ноға арналған 15 «Пьесасы», 5 «Вертуоздық пьесалары», «Хореографиялық пьесалары», скрипка мен ф-ноға арналған «Бозайғыр»атты сюитасы жатады.Л. Хамиди қобызға арнап – «Романс»,сым ішекті домбыраға – концерт, домбыраға «Юмореско», «Балаларға арнап ф-нолық пьесалар», «Фортепианоға арналған сюита» және т.б. шығармалар жазды.В. Великановтың ішекті квартет, скрипка мен ф-ноға арналған «Әуен», «Поэма», «Би» т.б. шығармалары дүниеге келді.М. Төлебаевтың скрипка мен ф-ноға арналған «Толғауы» және скрипкаға,оркестрге арналған «Поэмасы»- композитордың аспаптық музыка жанрындағы үлкен жетістігі.Қ. Мусин, С. Мұхамеджанов, Қ. Қожамияров, Ғ. Жұбанова, Е. Рахмадиевтер де жеке аспап пен ансамбльдерге арнап көптеген шығармалар жазды.1970 жылдардан бастап аспаптық-камералық музыка жаңа бір сатыға көтерілді. Кішігірім пьесалармен қатар көптеген күрделі шығармалар жазылды. Музыка тыңдау: Л. Хамиди «Романс», А .Жұбанов 10 «Тәжік биі» Музыкасы туралы өз ойларын айтады.Музыкалык сауат: Концерт, этюд, соната ұғымдарына түсініктеме айту.Ән үйрету : Н.Тілендиев «Өз елім» әні орындалады.Ән арқылы балаларды отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту.Қорытындылау : Бүгінгі сабақта қандай музыкамен таныс болдыңдар? Олар музыканың қай жанрына жатады?Үй тапсырмасы:Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы-оқу, рефераттар жазу немесе сөзжұмбақтар құрап әкелу.Бағалау.

Page 7: Ән жоспар

Күні : Пәні:Сыныбы :5 сынып.

Сабақтың тақырыбы : Кавказ халықтарының музыкасы.

Page 8: Ән жоспар

Сабақтың мақсаты : Кавказ халықтарының музыкасымен таныстыру, балалардың танымдық білімдерін дамыту.Өз халқының музыкасымен қатар өзге де елдің музыкасын танып-білуге, құрметтеуге баулу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару, дауыс жаттығуын жасау. ІІ. Жаңа сабақ. Кавказ халықтарының музыкасы мен музыкалық аспаптарын әзірбайжан, грузин, армян халықтарының музыкасы арқылы қарастырамыз. Әзірбайжан, грузин, армян халықтарының музыка мәдениетінде көптеген ұқсастықтар да, өздеріне тән ерекшеліетер де бар. Ал әзірбайжан,армян музыка аспаптарының Орта Азия халықтары музыка аспаптары атауларымен жанасып келетін тұстары да кездеседі. Оның себебі әзірбайжан түркі тілдес ел, ал армяндар ежелгі Алдыңғы және Кіші Азия мәдениетімен тығыз байланыста болады.Музыка тыңдау: Грузиннің халық әні «Күн».Музыкасы туралы өз ойларын айтады.Оқулықпен жұмыс.І топ тапсырмасы: Әзірбайжан музыкасы - оқып, өз тобында түсіндірме жүргізу(7минут)ІІ топ тпасырмасы: Грузин музыкасы - оқып, өз тобында түсіндірме жүргізу.(7минут)ІІ топ тпасырмасы:Армян музыкасы -оқып, өз тобында түсіндірме жүргізу.(7минут)Әр топ өз тапсырмасын қорғайды (5минут)Оқушылар бағаланады. Ән үйрету : Гусейнли «Шөжелерім» әні орындалады. Қорытындылау : Бүгінгі сабақта қай елдің музыкасымен таныс болдыңдар? Олардың музыкасында қандай ұқсастықтар бар? Үй тапсырмасы: Кавказ халықтарының музыкасы- оқу,рефераттар жазу немесе сөзжұмбақтар құрап әкелу.

Page 9: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 3– сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Жалынды ақын – Махамбет.Сабақтың мақсаты : Білімділік : Терменің өзі де жырдың үлгі-өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі екендігін көрсету, Махамбеттің шығармашылығымен таныстыру.Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік :Ақынның термесін насихаттау, орындау арқылы балаларды отансүйгіштікке, ерлікке тәрдиелеу. Сабақтың түрі : аралас.Сабақтың әдісі: видео арқылы, түсіндірмелі.Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, музыкалық аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Терме дегеніміз не? Бұқар жырау кім? Халық термесі «Он үш жаман»-орындау.ІІ. Жаңа сабақ .Махамбет – сауатты, оқыған-тоқығаны, көрген-білгені мол, қатарынан озық адам болуымен бірге ақындық, жыраулық, композиторлық қасиеті де жетік, үздік өнер иесі.

- Өмірбаяны жөнінде видеодан көрсету.- Виедеодан не ұққандары жөнінде сұрап өту.

Page 10: Ән жоспар

Саз тыңдау: Махамбеттің күйі «Жұмыр қылыш»Махамбеттің термесі «Мен – мен едім,мен едім» Бұл термеде ұлт-азаттық қозғалыс басшысының, жарлы-жақыбай, жетім-жесірдің қамы үшін басын бәйгеге тіккен ақылды да байсалды адамның кемеңгер тұлғасы елестейді.Терме 7-8 буынды жыр үлгісінде құрылған. Терме жылдам, жігерлі орындалады. Негізгі әуен бірнеше рет қайталанып, мәтіннің мазмұнына қарай дамиды.

Махамбеттің термесі «Мен – мен едім,мен едім»- үйрету. Ән орындау: К. Дүйсекеев «Солдат болам аен ертең»

Қорытынды: Махамбет кім? Ассосация арқылы талдау.

батыр ақын Махамбет орындаушы жырау, күйші

Үй тапсырмасы Махамбет Өтемісұлы – оқу. Махамбеттің термесі «Мен – мен едім,мен едім» -жаттау.

Бағалау.

Page 11: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 3– сынып Пәні : МузыкаСабақтың тақырыбы : Ұлағатты ұстаз – Тұрмағанбет. Жиенбай жырау.Сабақтың мақсаты : Білімділік : Сыр сүлейлерінің бірі – Тұрмағанбет пен Жиенбай жыраудың өмірі мен шығармашылығынан балаларға түсінік беру. Қазақтың жыршылық-термешілік өнері көбінесе Сыр бойында екендігін ұғындыру және терме тыңдату. Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Терме арқылы адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді салыстырып, ажыратуға, ата-бабасының өсиетін, қағидасын қадір тұтуға баулу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі: Тұрмағанбет пен Жиенбай жыраудың суреті, музыкалық аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Базар жырау; Базар жыраудың термесі «Әр нәрсенің парқы бар» - орындау.ІІ. Жаңа сабақ: Сыр бойында жыршылық-термешілік жақсы дамыған. Сондықтан да біз Сыр елін – жырдың елі дейміз. Тұрмағанбет Ізтілеуұлы 1882 жылы 9-шілдеде Қызылорда обылысы, Қазалы ауданында туып, 1939 жылы 15 мамырда қайтыс болған, аудармашы, ақын.Алғаш Алдашбай молдадан сауат ашқан. Бұқара

Page 12: Ән жоспар

қаласында әуелі «Мир араб» (1896-99), кейін «Көкілташ» медреселерінде (1896-1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. Тұрмағанбет жастайынан сөзге құмар,қағілез,таңдайынан бал тамған ерекше қасиеті бар бала болып өседі. Оның бала кезіндегі болған мына әңгімесін айтып берейін: Әкесі басты сәлдеге қоя бергенде, аяғымен жерді дүрс еткізіп қойып қалатын көрінеді. Әкесі намазын бұзбай әзер шыдайды, оқып болған бойда Тұрмағанбетті тұра қуа жөнеледі. Ол болса ауылдың ақсақалдары жиналып отырған жерге қашып келіп, ең үлкен би қариясының артына тығылған екен. Ауылдың биі: «- Ау, Тұрмағанбетжан, не болды?» дегенде ол былай деп жауап беріпті: «- Ау, өздерің емес пе, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна»дейтін»Саз тыңдау: Бұқар жыраудың термесі.Мұнда ер жігіттің халқына тигізетін пайдасы, ерлігі ардақталады.Термеден қысқа қайырым орындайды. Ән үйрету: халық термесі «Он үш жаман». «Он үш жаман»термесі адам бойында ең ізгі қасиеттерді пайымдайтын сұрақ-жауап түрінде құрылған.( Балалар оны диалог түрінде орындайды.)

Қорытынды: «Жырау»ұғымына ассосация құру.

Ұстаз,ақылшы ақын Жырау орындаушы

шешенТерме мен толғаудың қандай айырмашылығы бар?Терме орындаушыны кім дейді?

Үй тапсырмасы : Терме дегеніміз не? Бұқар жырау – оқу. Халық термесі «Он үш жаман» -жаттау.

Бағалау.

Page 13: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 3– сынып Пәні : МузыкаСабақтың тақырыбы : Терме дегеніміз не? Бұқар жырау.Сабақтың мақсаты : Білімділік : Терменің өзі де жырдың үлгі-өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі екендігін көрсету, Бұқар жыраудың шығармашылығымен таныстыру.Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Терме арқылы адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді салыстырып, ажыратуға, ата-бабасының өсиетін, қағидасын қадір тұтуға баулу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі: Бұқар жыраудың суреті, музыкалық аспап.

Page 14: Ән жоспар

Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; ІІ. Жаңа сабақ. Тоқсан тақырыбы қазақ халқының ертеден келе жатқан тағы бір өнерінің түрі термеге арналған.Терме – қазақ поэзиясының және вокалды ән музыкасының жанры.(Оқушылар эпосқа байланысты өткен материалдарды қайталап, жыр, жырау, жыршы ұғымдарын еске түсіреді.)Терме атауы «тер,теру» сөзінен шыққан, яғни жыр ішіндегі негізгі асыл ойлады бөліп алу, жинақтау.Қазақ халқы ежелден жырға қосылатын әуенді сарын, кейде мақам деп атаған. Терменің ән сияқты сөзімен қатар әуені, яғни мақамы бар. Терме айтушы(термеші) оның мақамын көбінесе, домбыраға, кейде гарьмонға қосып айтады.ХІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар жырау Қалқаманұлы жырау ғана болмай, Абылай хандық құрған заманда оның үнемі қасында жүріп, елдің ішкі-сыртқы саясатына араласқан. Жас жағынан Абылайдан көп үлкен ол өзінің бүкіл өмір тәжірибесі мен өнерін ханның ел билеу ісімен ұштастырған.(Бұқар жырау шығармашылығымен таныстыру)Жырау ұғымы таныстырылады.Жырау жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді. «Жырау – әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен ырғағы бар, ұйқасы бар белгілі өлшемге жататын өлеңді жыраулардың өздері шығаратын болуы шарт. Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәніндегі жырау атағына ие».Бұқар жыраудың жырлары ылғи толғау. Толғау – жырау заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын, жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарасын білдіретін үлгі-насихатқа толы өлеңдер.Толғау «толғану» деген мағынаны білдіреді.Толғау философиялық үлкен толғанысымен,заман жайлы кесек ойларымен ерекшеленсе, терме өмірдің жеке құбылыстарын нақтылы түрде термелеп айтып, белгілі бір қорытынды жасайды Толғаудың көлемі термеге қарағанда ұзақ және белгілі бір авторы болады.Саз тыңдау: Бұқар жыраудың термесі.Мұнда ер жігіттің халқына тигізетін пайдасы, ерлігі ардақталады.Термеден қысқа қайырым орындайды. Ән үйрету: халық термесі «Он үш жаман». «Он үш жаман»термесі адам бойында ең ізгі қасиеттерді пайымдайтын сұрақ-жауап түрінде құрылған.( Балалар оны диалог түрінде орындайды.)

Қорытынды: «Жырау»ұғымына ассосация құру.

Ұстаз,ақылшы

Page 15: Ән жоспар

ақын Жырау орындаушы

шешенТерме мен толғаудың қандай айырмашылығы бар?Терме орындаушыны кім дейді?

Үй тапсырмасы : Терме дегеніміз не? Бұқар жырау – оқу. Халық термесі «Он үш жаман» -жаттау.

Бағалау.

Page 16: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : МузыкаСабақтың тақырыбы : Менің сүйікті республикам – Қазақстан. Сабақтың мақсаты : Білімділік: І тоқсандағы өтілген тақырыптарға шолу жасай отырып, балаларға мемелекеттік рәміздер туралы білім беру. Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,партиоттық сезімдерін ояту.Сабақтың түрі: аралас.Әдісі сұрақ- жауап, тапсырмалар.Сабақтың көрнекілігі :оқулық, рәміздердің суреті, музыкалық аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Мемлекеттік әнұран орындалады.ІІ.Негізгі бөлім.Еліміздің басты рәміздері. Елтаңба.Елтаңбаның негізінде шаңырақ алынған. Ол әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы екенін бейнелейді. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және – Қазақстан сияқты бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлылығының белгісі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Ту. Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын ашық аспанды бейнелейді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты көрсетсе, қазақ ұғымында бүркіт – дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Page 17: Ән жоспар

Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасында тұратын барлық халық үшін ең негізгі ән болып саналады. Гимн салтанатты жағдайларда орыннан тұрып, оң қолдың алақаны омыраудың сол жағына қойылып, салтанатты да байсалды орындалады. Сондай-ақ ол күніне екі рет – таңертең және кешкілік радиодан орындалады. Әрбір Қазақстан азаматы оны жатқа білуі тиіс.

Гимннің өлеңін және әнін кім жазды? Авторларын атап шық.

Гимн – грек сөзінен салтанатты, мадақтау (мақтау) әні деп аударылады.Гимннің түрлері көп. Олар мемлекеттік, әскери, үлкен мерекелерге, сый ретінде батырларға немесе құрметті, елге белгілі адамдарға арналады.Кейбір мектептердің өз гимндері болады. Саған да оқушылармен бірге, мүмкіндігің болса, сыныбыңа арнап гимн шығаруға болады. 1-тапсырма. Музыкалық ұғымдардың анықтамаларын дұрыс тауып жаз.

Елтаңба салтанатты, мадақтау әні Ту шаңырақ, қанатты пырақ,

бес бұрышты жұлдызы бар Гимн Көгілдір түс, шұғылалы

алтын күн, бүркіт бейнеленген.

Ән үйрету: С. Тойлыбаев, А. Исағұлова «Отаным - Қазақстан»Қорытынды: Ассосация «Қазақстан қандай мемлекет?» Үй тапсырмасы : А. Исағұлова «Отаным - Қазақстан»-жаттау.Отан туралы мақал – мәтелдер жазып келу.Бағалау.

Page 18: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : МузыкаСабақтың тақырыбы :Симфониялық оркестрдің құрамына кіретін ішекті аспаптар. Қайталау. Сабақтың мақсаты : Білімділік:Балалардың І тоқсан алған білімдерін және музыкалық сауаттылығын бекіту.Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкасын танып – білуге, оны құрметтеуге баулуСабақтың түрі: Білімді бекіту, қайталау.Әдісі: жекелей сұрақтар, тапсырмалар.Сабақтың көрнекілігі :оқулық, музыкалық аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; ІІ.Негізгі бөлім.Біліміңді тексер.1-тапсырма. Музыкалық ұғымдардың анықтамаларын дұрыс тауып, дәптеріңе жаз. Ұғымдар Анықтамалар1.Симфониялық музыка а) музыкант-орындаушы ұжымды басқаратын

жетекші2. Симфония ә) барабан, литавра, дабыл, үшбұрыш,

цимбал,металлофон, ксиллофон3. Симфониялық поэма б) кларнет, гобой, флейта, фагот, валторна, труба,

тромбон. 4. Симфониялық оркестр. в) скрипка, альт, виолончель, контрабас.5. Ішекті аспаптар. г) ішекті, үрлемелі, ұрып ойнайтын аспаптардан

тұратын оркестрдің жетілдірілген түрі.6. Үрлемелі музыка ғ) халық өмірінен алынған, тарихи шындықты,

бостандықты немесе табиғат көріністерін баяндайтын бір бөлімді ірі шығарма.

7.Ұрып ойнайтын д) . симфониялық оркестр орындайтын ірі

Page 19: Ән жоспар

аспаптар. музыка.8. Дирижер. е) симфониялық оркестрге арналған көлемді

бірнеше (көбінде төрт) бөлімді музыкалық шығарма

2-тапсырма. «Тамырлар мен бұтақтар»Қазақтың халық әні «Ақ дариға», халық күйі «Ақсақ құлан», Ғ.Жұбанованың«Ақсақ құлан», және Қ. Мусиннің «Жайлауда» атты симфониялық поэмаларын төмендегі кестеге орналастырып, дәптеріңе көшір.

Музыка тамырлары Музыка бұтақтары

3-тапсырма.Жауабыңды жұмыс дәптеріңе жаз.1. Қазақтың халық әні«Ақ дариғада» қандай көңіл-күй орындалады?2. Қазақтың халық әні«Ақ дариғаны» өз шығармасында пайдаланған кім?

Қандай шығармасында?3. Қ. Мусин шығармашылығының ерекшелігі неде?4. Халық күйі «Ақсақ құлан» қандай аңыздың мазмұнын ашады?5. Ғ.Жұбанованың«Ақсақ құлан» симфониялық поэмасында бас кейіпкер кім?6. Ақсақ құлан» симфониялық поэмасының көңіл-күйі қандай?7. Симфониялық оркестр қандай негізгі музыкалық аспаптар тобынан тұрады?

4-тапсырма. «Оркестр» сөзжұмбағы.Симфониялық оркестрге кіретін музыкалық аспаптардың атын есіңе түсір.

1. Үрлемелі ағаш аспап.2. Ішекті аспаптардың ішіндегі төмен дауысты үлкен аспап.3. Әдемі қоңыр дауысты үрлемелі ағаш аспап.4. Жіңішке әдемі дауысты үрлемелі ағаш аспап.5. Ысқышпен ойналатын төрт ішекті, жіңішке дауысты аспап.6. Үрлемелі мыс аспап.7. Ұрып ойнайтын аспаптардың бірі. (40бет)

5-тапсырма. «Өлең жолдары»Қазақтың халық әні«Ақ дариғаның» өлең жолдарын жұмыс дәптеріңе дұрыс көшіріп жаз.

Қолымда бір қамшым бар шлдіргелі-айАйтайын мен бір сөзді бүлдіргелі-айОрныңнан әрі отырған күлдіргелі-айҚолымда қармағым жоқ ақау, бермен отыр-ай

6-тапсырма. «Әуенді тап»ойыны.

Page 20: Ән жоспар

Үй тапсырмасы : Өткенді қайталау.Бағалау.

Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : МузыкаСабақтың тақырыбы : Күй және хорға арналған шығармалар.Сабақтың мақсаты : Білімділік : Күйді хорға өңдеуге болатындығы,яғни күрделі музыкалық шығармалардағы тағы бір қолданысын көрсету, музыкалық сауаттылығын дамыту және композитор Б.Байқадамовтың шығармашылығымен таныстыру.Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкасын танып – білуге, оны құрметтеуге баулу

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі : Б.Байқадамов суреті, музыкалық аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Б.Байқадамов «Айгөлек» - орындау.«Айгөлек» әнін жазған қай композитор? Қазақстанда ең алғаш аранжировкалау тәсілін қолданған композитор кім? (Б.Байқадамов)Б.Байқадамов туралы кім қандай материалдар алып келді?Осындай тәсілдегі өткен сабағымызда қандай шығармамен таныс болдыңдар? Жаңа сабақтың тақырыбын осы сұрақтармен ашамын.Ендеше Б.Байқадамовтың шығармашылығымен таныстырып өтейін.Б.Байқадамов ( 1917 – 1977 ) – қазақтың көрнекті өнер қайраткерлерінің бірі, атақты композитор. Түрлі жанрда қызмет істей жүріп, Қазақстан музыка өнеріндегі тың, жаңа жанрдың – күйді хорға арнап өңдеу жанрының негізін қалаушы болды. Б.Байқадамов 1917 жылы 24 наурыз айында туған. Жас кезінен Б.Байқадамовжан-жақты, қабілетті болды.Оның балалық шағы Торғай жерінде өтті.Жас кезінен домбырада ойнап, өлең жазып, ән салған. Кейінірек балалар үйінде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, оркестрде ойнаған. Мектепте Бақытжан өзінің керемет математикалық қабілетін байқатады. «Математика мен музыка - мен үшін тың сұрақ емес» деп жазады композитор өзінің өмірбаянында. Алайда 7-сыныпты аяқтағаннан кейін, композитордың ерекше математикалық қабілетін ескере келе, оны қазақ педагогикалық институтының физика-математика

Page 21: Ән жоспар

факультетінің дайындық бөліміне оқушы етіп қабылдайды. Сөйтіп, 20 жасында математика пәнінің мұғалімі болып, 12 жылдай мектепте сабақ береді. Бірақ оның бойына біткен дарыны-өнерге деген құштарлық Алматы мемлекеттік консерваториясының композиторлар даярлайтын бөліміне алып келеді. Композитор ақыл тоқтатқан 32 жасында қайта студент атанады. Мұнан кейін композитор өмірі ешқашан музыкадан ажыраған емес.Композитор халық жүрегіне жақын музыка жазуға тырысты. Халық ол шығарған әуенді тез қабылдайтын. Кейде композитордың «құпияда » ұстаған әндерінің арнайы таныстырмай-ақ халық арасына кеңінен таралып кеткен кездері де болды. Мысалы, «Беспокойная весна» («Мазасыз маусым»)Кинофильмдегі атақты әзіл ән «Су тасушы қыз». Б.Байқадамовтың әндерін алғашқы орындаушылар композитор ұйымдастырған оушылардың көркемөнерпаздар үйірмесі болды.Оның шығармашылығында балаларға арналған көптеген әндер бар: «Айгөлек» , «Біз-Отанның бөбегі», т.б. Бұл әндер қазіргі кезде де үлкен сүйіспеншілікке ие.Сондай-ақ соғыс тақырыбына дарналған бірнеше әндер шығарды: «Панфиловшы батырлар», «Мәлік ғабдуллин туралы», «Біз-батырлар ұрпағымыз», «Папатай, жеңіспен орал», т.б. Әсіресе, соғыс жылдарындағы шығармаларында композитор атақты панфиловшы батырлар бейнесіне көп көңіл бөлген. Ол батыр панфиловшылар жөнінде газеттерде шыққан материалдар мен құжаттарды зерттеп, оларды жақын білетін адамдармен жүздескен. Соғыс аяқталар алдында Мәскеуден келе жатып панфиловшылар дивизиясын басқарған командир, Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Иван Васильевичтің қызы Валяға кездеседі. Валя да – Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан ардагерлердің бірі, кейінірек ол композитордың аяулы жары болды.Б.Байқадамов жастарға көп көңіл бөлді.ҚазПИ-де студент кезінде драмалық үйірме ұйымдастырған. ҚазПИ-ді аяқтағаннан кейін (1937 ж.) Аманкелді атындағы №38 мектепте математикадан сабақ береді. Онда да оқушылардың көркемөнерпаздар ансамблін ұйымдастырып, ел құрметіне бөленген.1961 ж. Б.Байқадамовтың ұйымдастыруымен Қыздар педагогикалық университеті ашылды. Осы кезден бастап ол педагогикалық қызметтен ажыраған емес. Қазақстанда көп дауысты хор мен сүйемелсіз айтылатын а сарреllа хорын ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақ халқының музыкасында бір дауыспен ән айту дәстүрі орын тепкен, сондықтан хор капелласын ұйымдастыру бірқатар қиындықтар келтірді. Ол-біріншіден, көп дауыста орындау дағдысын қалыптастыру, екіншіден, қажетті репертуарлардың жоқтығы. Ол алдымен қазақ халық әндерін өңдеуден бастады.Б.Байқадамовтың хорға арнап өңдеген, халық тақырыбына жазылған 1-сюитасы: «Тойбастар», «Жариям айдай», «Он алты қыз» және 2- сюитасы: «Ахау, Семей», «Жеңеше», «Құдаша», «Илигай» халық арасына кеңінен танымал болды.Өткен үй тапсырмасына берілген болатын-Б.Байқадамов туралы кім қандай материалдар алып келді? Менің сөзіме алып –қосарларың бар ма?

Оқулықпен жұмыс: 1,2,3,4,5-тапсырмалар.Қорытынды: Б.Байқадамов музыкасының әсемдігі оның халықтығында.Үй тапсырмасы: Композитор Б.Байқадамов жөнінде оқып келу.

Page 22: Ән жоспар

Б.Байқадамов «Айгөлек» -жаттау.

Бағалау. Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : МузыкаСабақтың тақырыбы : Халық әні және симфониялық музыка. Сабақтың мақсаты : Білімділік : симфониялық музыка,ондағы музыкалық ұғымдарды таныстырып, музыкалық сауаттылығын дамыту.Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкасын танып – білуге, оны құрметтеуге баулуСабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Әдісі: түсіндірмелі.Сабақтың көрнекілігі : Қ.Мусиннің суреті, музыкалық аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару; Б.Байқадамов «Айгөлек»-орындау.Жаңа сабақ:осы уақытқа дейін қаншама музыкалық шығармалармен таныстыңдар. Олардың ішінде айтып жүрген әндерің, тыңдап жүрген күйлерің, жыр-термелерің және де жаңадан танысқан оратория, вариация , хорлар да бар. Музыкалық шығармалар өзінің құрылымы, мазмұны, орындалу ерекшелігі мен көркемдеуші құралдары арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Оларды музыка тілінде музыка жанры немесе түрі деп атайды.Көп жанрлардың ішінде ерекше орын алатын күрделі болса да, өте мазмұнды, қызықты - симфониялық музыка жанры.Симфониялық музыканың өзі бірнеше жанрға бөлінеді: симфония, симфониетта, симфониялық картина, симф. поэма, оркестр мен жеке аспапқа арналған концерт,сюита, увертюра . Симфониялық музыка симфониялық оркестрге арналып жазылады «Симфония»грек тілінде «дыбыстар бірлестігі»деген мағынаны білдіреді. 4 бөлімнен тұратын бұл шығарма күрделі музыкалық шығармалар қатарына енеді. Симфония кейде бір немесе бірнеше бөлімнен тұруы мүмкін.Симфониялық поэма-халық өмірінен алынып, тарихи шындықты, бостандық үшін күресті немесе табиғат көріністерін баяндайтын бір бөлімді шығарма. Алдын ала дайындалған тақырыбы бар белгілі бір шығармаларды бағдарламалық музыка деп атайды.Композитор Қапан Мусиннің шығармашылығын таныстыру (муз. хр. 4-кл.)Қапан Мусиннің «Жайлауда»атты симфониялық поэмасында«Ақ дариға»халық әні негізінде орындалады.

Ән үйрету: Халық әні «Ақ дариға»

Жаңа білімді бекіту: Қандай ұғымдармен таныс болдыңдар? Қандай композиторды білдіңдер? Үй тапсырмасы: Композитор Қ .Мусин жөнінде мәліметтер жинау. Халық әні «Ақ дариға» -жаттау.

Бағалау.

Page 23: Ән жоспар

Ән үйрету: Б.Байқадамов «Айгөлек» Жаңа білімді бекіту: Қандай ұғымдармен таныс болдыңдар? Аранжировка дегеніміз не? Қай күйді хорға аранжировкалаған? Қай композитор? Үй тапсырмасы:Композитор Б.Байқадамов жөнінде мәліметтер жинау. Б.Байқадамов «Айгөлек» -жаттау. Бағалау.

Page 24: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : МузыкаСабақтың тақырыбы : Күй және хорға арналған шығармалар.Сабақтың мақсаты : Білімділік : Күйді хорға өңдеуге болатындығы,яғни күрделі музыкалық шығармалардағы тағы бір қолданысын көрсету, музыкалық сауаттылығын дамыту.Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкасын танып – білуге, оны құрметтеуге баулу

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі : Б.Байқадамов суреті, музыкалық аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Д.Көзмағанбетов «Қазақстан ұландары»-орындау. Жаңа сабақ: Құрманғазының «Ақбай»күйінен үзінді тыңдату.-Балалар, күй қандай жанрға жатады?Күйдің әуенін әндете айта аламыз ба? «Ақбай»күйінен үзінді тыңдата отырып, күйдің әуеніне қосыла әндету.Яғни, кез-келген музыканы әндетуге болады екен.бірақта оны кәсіби түрде орындау керек.Қазақстанда ең алғаш аранжировкалау тәсілін қолданған композитор Б.Байқадамов.Аранжировка – француз тілінен аударғанда «тәртіпке келтіру»дегенді білдіреді. Өңдеу арқылы музыкалық шығарманы басқаша орындауға болатынын көруге

Page 25: Ән жоспар

болады. Құрманғазының «Ақбай»күйіне композитор Б.Байқадамовтың хорға арналған өңдеуін мысалға алуға болады.Хордың орындауында күй жаңаша сипат алады.Аспаптық музыкаға вокалдық жолмен, ән айту арқылы домбыра дыбысын сала алады.Хор музыкасы – хор ұжымына арналған шығарма.Хор поэмасы – оратория сияқты хор музыкасының бір жанры. Онда нақтылы оқиғаға байланысты алынған музыкалық бейне, ой қамтылады.Ән үйрету: Б.Байқадамов «Айгөлек» Жаңа білімді бекіту: Қандай ұғымдармен таныс болдыңдар? Аранжировка дегеніміз не? Қай күйді хорға аранжировкалаған? Қай композитор? Үй тапсырмасы:Композитор Б.Байқадамов жөнінде мәліметтер жинау. Б.Байқадамов «Айгөлек» -жаттау. Бағалау.

Page 26: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : Музыка Сабақтың тақырыбы : Халық әні және фортепианоға арналған шығармалар.Сабақтың мақсаты : Білімділік : Халық әні «Елім-ай»ды күрделі музыкалық шығармалардағы тағы бір қолданысын көрсету, музыкалық сауаттылығын дамыту. Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, Отанын, туған жерін қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі : Н.Меңдіғалиевтің суреті, музыкалық аспап. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Жаңа сабақ: Халық әні «Елім-ай» - тыңдату. Қазақстан композиторы Н.Меңдіғалиев 1964 ж. ф-но аспабына арнап«Елім-ай» әніне вариациялар тобын жазды. Композитор Н.Меңдіғалиевтің өмірінен қысқаша мағлұмат беру.Нағым Меңдіғалиев (24.05.1921)- Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері, профессор. Орал обылысында дүниеге келген. Алматы Мемлекеттік консерваториясын ф-но және композиция сыныбы бойынша бітірген. Ол көптеген миниатюра, ф-нолық концерттер жазған алғашқы профессионал қазақ пианисі. Оның «Домбыра туралы аңыз» концерттік пьесасы қазақ ф-нолық муз-да кең танымал. Композитор ХҮІІ ғ. Жоңғар шапқыншылығына байланысты оқиғаны ф-но аспабында әсерлі дерген. Берілген тақырыпқа 8 вариация жазылған.

Page 27: Ән жоспар

Вариация-латын тілінен аударғанда «өзгерту, түрлену» дегенді білдіреді. Мұндай муз-қ шығармаларда негізгі тақырып темп,ырғақ,динамика арқылы түрлі өзгеріске ұшырап, құбылады. «Елім-ай» әніндегі негізгі әуенді екі дауыста орындау.Ән үйрету: Д.Көзмағанбетов «Қазақстан ұландары» Жаңа білімді бекіту: Қандай ұғымдармен таныс болдыңдар? Вариация дегеніміз не? Қандай композитормен таныс болдыңдар? Үй тапсырмасы Композитор Н.Меңдіғалиев жөнінде оқу,мәліметтер жинау. Д.Көзмағанбетов «Қазақстан ұландары» -жаттау.

Бағалау.

Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : Музыка Сабақтың тақырыбы : Халық әні және оратория.Сабақтың мақсаты : Білімділік : Күрделі музыкалық шығармалардың бірі С. Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториясын түсіндіру, музыкалық сауаттылығын дамыту. Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, Отанын, туған жерін қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі : С. Мұхамеджановтың суреті, музыкалық аспап. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Барысы:

Әнұран орындату Жаңа сабақ: Халық әні «Елім-ай» - тыңдату.Ән не туралы? Неліктен ән халық әні?(ән туралы түсініктеме айту)Көптеген композиторлар өз шығармаларында тарихи оқиғаларға байланысты шыққан халық әндері мен күйлерін қолданған. Осындай әндер қатарына халық әні «Елім-ай» жатады және оны композитор С. Мұхамеджанов «Ғасырлар үні» деп аталатын ораториясында пайдаланған. Композитор С. Мұхамеджановтың өмірінен қысқаша мағлұмат беру. «Ғасырлар үні»-қазақ кәсіби музыкасындағы алғашқы оратория.кең көлемді, 8 бөлімнен тұратын шығарманың басты қаhарманы – халық.Шығарманың барлық бөлімдеріндегі негізгі тақырып- халық пен қарама-қарсы күштердің тартысы.Оратория- итальян және латын тілінен енген сөз, «сөйлеймін, табынамын»деген мағынаны береді. Жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындайтын, бірнеше бөлімнен тұратын концерттік шығарма. Хор-әншілердің қосылып ән салатын үлкен тобы.(Хордың түрлері мен дауыстарын айтып өтемін)Оркестр - дыбыс саздары, құбылыстары әртүрлі аспаптарда музыкалық шығармаларды орындайтын музыканттар тобы.

Page 28: Ән жоспар

«Ғасырлар үні» ораториясы 4 жеке орындаушыға, хор мен оркестрге арналып жазылған 8 бөлімнен тұрады.1-ші бөлімі – «Жыраудың балладасы»2-ші бөлімі- «Шабуыл» 3-ші бөлімі- «Ақтабан шұбырынды»4-ші бөлімі- «Октябрь әні»5-ші бөлімі- «Бесік жыры»6-ші бөлімі- «Жас қазақ»7-ші бөлімі- «Еңбек мерекесі»8-ші бөлімі- «Отанға әнұран».«Шабуыл», «Ақтабан шұбырынды», «Октябрь әні» бөлімдерінен қысқаша мағлұмат беріп өтемін. Ән үйрету: Д.Көзмағанбетов «Қазақстан ұландары» Жаңа білімді бекіту: Қандай ұғымдармен таныс болдыңдар? «Қазақстан ұландары» қандай әнге жатады? Үй тапсырмасы: «Халлық әні және оратория «– оқу. Бағалау. Д.Көзмағанбетов «Қазақстан ұландары» -жаттау. Күні:Сыныбы : 4– сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Музыка шежіресі.Қазақстан композиторларының шығармаларындағы халық музыкасы.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға еліміздің рәміздерін таныстырып, олардың қасиетін түсіндіру, балалардың музыкалық білімін жетілдіру Дамытушылық:Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрдиелеу, көркемдік талғамын дамыту.Тәрбиелік : Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, Отанын, туған жерін қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың көрнекілігі : Рәміздердің суреті, музыкалық аспап. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Барысы:

Әнұран орындату8. Егемендігімізді білдіретін қандай белгілер бар?9. Әнұранды не үшін түрегеліп тұрып айтады?10. Суреттен рәміздердің суретін көрсете отырып, балалардың ойын тыңдау.

Музыка өзінің бастауын қайдан алатынын білесің бе? Музыканың тамыры өте терең. Сенің отбасы шежіреңе ұқсайтын оның да өзіндікшежіресі бар.Алдыңғы сыныптарда сен ата-бабадан мұра болып қалған әдемі ән-күйлермен, жыр-термелермен, айтыс өнерімен таныстың. Қашанда қазақ халқы музыка арқылы Отанына, табиғатына, құстар мен жануарларға махаббатын білдірген, өмірін, арманын, адам бойындағы жақсы қасиеттерін сипаттаған.Қазір халық музыкасы кәсіби композиторлар музыкасымен қатар орындалып, жаңаша өңделуде.Оқулықта өзінің шежіресін (бастауын) халық музыкасынан алатын кәсіби музыка туралы айтылады.

Page 29: Ән жоспар

Кәсіби музыка - халық музыкасы сияқты алуан түрлері бар музыка. Сонымен бірге кәсіби музыканы музыкалық оқу орнын бітірген, мамандығы музыкант, композиторлар жазады.Шежіре – тарихи дерекнама, туыстас бір рудың таралу жолы, рулық- туыстық кесте.Музыка шежіресін тамыры қазақ халық өнеріне нәр алған, бұтақтары кәсіби музыка өнерімен тармақталған биік бәйтерекке теңеуге болады. Ережелермен таныстыру:Музыка тыңдау ережелеріӘн айту ережелеріЕкі дауыста ән орындау ережелері Жаңа білімді бекіту: Кәсіби музыка дегеніміз не? Шежіре дегеніміз не?

Үй тапсырмасы: Музыка шежіресі – оқу.

Бағалау.

Күні:Сыныбы : 1 – сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Отан – менің ата - анамСабақтың мақсаты : Білімділік : Оқушыларға еліміздің рәміздерін таныстырып, олардың қасиеті туралы білімдерін бекіту.Дамытушылық : Әнді ести білу және есте сақтау, ән айту дағдыларын дамыту.Тәрбиелік : Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, Отанын, туған жерін қастерлеуге,өз оқулықтарының қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : аралас Сабақтың көрнекілігі : Рәміздердің суреті,оқулық, музыкалық аспап. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Барысы:

1) Әнұран орындату.2) Ө. Байділдаев «Менің Отаным»- орындау.

Ән не туралы? Әнді қалай орындау керек?Әнді жақсы орындаған балаларды бағалау.

Ән үйрету:

Page 30: Ән жоспар

Б. Ғизатов «Әліппе»Бұл шумақтық әндер қатарына жатады.-Әр қатардан кейін тыныс алу керек.-«Әліппе», «әліппе» деген екі сөзді айтқанда бірінші әліппеден екінші әліппенің сәл жоғарырақ орындалуын қадағалау керек.--«Әліппе» сөзі мен «әріппен» сөзін шатыстырып алмауын қадағалау.Осы екі сөзді қайталап, екеуінің айырмашылығын түсіндіру. Әліппе сендерге нені үйретеді. Оқулықты әр бала қалай ұстау керек? Сенің оқулығың қандай?

Сергіту сәті: Жұмбақты шеш:1. Қырық екі жауынгер, Сапын түзеп тұрады. Бүлдіршіндер – қауымды ел, Сырын терең ұғады. (Алфавит)

2. Қате жазсаң, өшіремін, Бар міндетім – осы менің. (Өшіргіш)

Қорытындылау:

- Біз қандай ән үйрендік? - Әнде не туралы?- «Менің Отаным», «Әліппе» әндері қалай олрындалады? (көңілді, көңілсіз)

Үй тапсырмасы: «Әліппе» әнін жаттау.

Бағалау. Жақсы айтқан балаларды мақтау, мадақтау.

Page 31: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 1 – сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Отан – менің ата - анамСабақтың мақсаты : Білімділік : Оқушыларға еліміздің рәміздерін таныстырып, олардың қасиетін түсіндіру.Дамытушылық : Әнді ести білу және есте сақтау, ән айту дағдыларын дамыту.Тәрбиелік : Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, Отаын, туған жерін қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : аралас Сабақтың көрнекілігі : Рәміздердің суреті, музыкалық аспап. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын аудару; Барысы:

3) Әнұран орындату11. Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?12. Егемендігімізді білдіретін қандай белгілер бар?13. Суреттен рәміздердің суретін көрсете отырып, түсіндіру. 14. Біздің Отанымыз не деп аталады?15. Елбасы кім?Отан – жерім, Отан – суым, Отан – қуат, Отан – нәр.Отан – ұран, Отан – туым,Отан – мәңгі гүлденер. (М. Хакімжанова)- Өлең не туралы? (Мазмұнын түсіндіру)

Ән үйрету:

Page 32: Ән жоспар

Ө. Байділдаев «Менің Отаным»Әннің мазмұнына тоқталу «Отан», «Ата – ана», «Өлкем» т.б сөздердің мәнін түсіндіру.ән тек шумақтардан тұрады. Қайырмасы жоқ. Қайырма деп әр шумақтан соң қайталанып келетін өлең жолдарын айтамыз. Мысалы, «Қошақаным қайда екен?» деген әнде қайырма қайталанып келеді. Тапсырма: Берілген екі сөзге «А» әрпін қосып оқы. - Н - Б – Л – - Сонымен «Отан» дегенде көз алдарыңа не елестейді? «Отан» сөзіне ассосация құру. Қорытындылау:

- Біз қандай ән үйрендік? - Әнде не туралы?- Туған аулыңды, көшеңді, оқып жүрген мектебіңді, достарыңды «Отан» деп атауға бола ма?

Үй тапсырмасы: «Менің Отаным» әнін жаттау.Бағалау. Жақсы айтқан балаларды мақтау, мадақтау.Күні:Сыныбы : 1 – сыныпПәні : МузыкаСабақтың тақырыбы : Ауылға саяхатСабақтың мақсаты :Білімділік : Қазақ халқының көшпелі өміріндегі киіз үйдің алатын орны мен пайдасы, оның құрылысы туралы балалардың білімін пысықтау және осы тоқсанда алған білімдерін бекіту.Дамытушылық : Балалардың танымдық, ұлттық ой – көзқарастарын сұрақ-жауап арқылы дамыту, ән айту қабілетін арттыру.Тәрбиелік : Қазақ халқының тұрмысында көп кездесетін және көп қолданатын ұлттық құрал – жабдықтарға құрметпен қарап, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі : аралас. Сабақтың әдісі: СТО сұрақ-жауап,ой қозғауСабақтың көрнекілігі : киіз үйдің макеті, «Ауылға саяхат» суреті, муз. аспап. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалармен музыкалық сәлемдесу.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Ж. Тұрсынбаев «Киіз үй»Үй тапсырмасын қорытындылау.

16. Қандай әндер үйрендік?17. Неге байланысты шығарылған әндер? ІІІ. Жаңа сабақ - Балалар, төрт түлік малды қалада ұстай аламыз ба? Себебін айтыңдаршы.Төрт түлік малға байланысты қандай әндер үйрендік?Ән үйрету: Ә. Бейсеуов «Қошақаным қайда екен?»1) Әнді тыңдату2) Мазмұнына талдау жүргізу3) Сөзін жаттату4) Фраза бойынша үйрету

Page 33: Ән жоспар

5) Топ – топқа бөліп орындату немесе 1-топ әнді айтса,2-топ қолдарымен ырғағын соғып отырады. Осылайша топты ауыстыруға болады.Сергіту

Жұмбақ Қазша қанатын жаяды Үйрекше мойнын созады, Құсша қонады. ( Киіз үй)

Ерте тұрдым, алып ұрдым. (Есік) Әкесі баласын көтеріп тұр, Баласы бөркін көтеріп тұр. (кереге, уық, шаңырақ) «Киіз үй» жұмбағы бойынша сергіту жаттығуын орындату.Қорытындылау: «Қалай айтуды білемін», «Малды төлін емізуге шақыру», «Малды суға шақыру»әндері бойынша сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі және сол әндерді орындату. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру (24-25бет)Үй тапсырмасы: «Қошақаным қайда екен?»әнді жаттау. ғалау.Жақсы орындаған және сабаққа араласып, жауап берген баланы мақтау, мадақтау.Күні:Сыныбы : 1 – сыныпПәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Ауылға саяхат

Сабақтың мақсаты :Білімділік : Қазақ халқының көшпелі өміріндегі киіз үйдің алатын орны туралы әңгімеДамытушылық : Балалардың танымдық, ұлттық ой – көзқарастарын дамыту.Тәрбиелік : Қазақ халқының тұрмысында көп кездесетін және көп қолданатвн ұлттық құрал – жабдықтарға құрметпен қарап, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі : аралас, саяхат сабақ.Сабақтың көрнекілігі : киіз үйдің макеті, «Ауылға саяхат» суреті, муз. аспап.Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалармен музыкалық сәлемдесу.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Кім қалай дауыстайды?2) «Бөрте лақ»

Үй тапсырмасын қорытындылау.18. Қандай әндер үйрендік?19. Неге байланысты шығарылған әндер?20. Осы тақырыпта кім қандай жұмбақтар немесе тақпақтар біледі?ІІІ. Жаңа сабақЖұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады:«Қазша қанатын жаяды, үйрекше мойнын созады, құсша қонады» (Киіз үй)21. Киіз үй қайда болады? (ауылда, жайлауда)22. Ендеше ауылға саяхат жасайық.(Суреттен киіз үй таныстырылды)Киіз үйдің сүйегі – кереге, уық, шаңырақ, есік (сықырлауық, маңдайша, таяныш, табалдырық)Жабуы – туырлық, түндік.Бөлшектері – шым ши, киіз елік, басқұр, үзік бау, желбау, шашақ бау, белдеу.Жиһаздары – кебеже, сандық, жүк аяқ, адалбақан т.б.(Балаларға ауыл өмірі, малшы ауыл туралы әңгіме жүргізіледі.)

Page 34: Ән жоспар

Ән үйрету:Ж. Тұрсынбаев «Киіз үй»1) Әнді тыңдату2) Мазмұнына талдау жүргізу3) Сөзін жаттату4) Фраза бойынша үйрету5) Топ – топқа бөліп орындатуСергіту

«Киіз үй» жұмбағы бойынша сергіту жаттығуын орындату.Қорытындылау:«Ауылға саяхат» суреті бойынша әңгіме жүргізу.Үй тапсырмасы:«Киіз үй» әнді жаттау. Киіз үйдің суретін салу.Бағалау. Жақсы орындаған және сабаққа араласып, жауап берген баланы мақтау, мадақтау.Күні:Сыныбы : 2 – сынып Сабақтың тақырыбы: Қоштасу әндері мен күйлері. Сабақтың мақсаты : Білімділік : Қоштасу әндері қай жерде және қашан айтылатыны жөнінде әңгіме өткізіп, балаларға тұрмыс-салт дәстүрі жөнінде білім беру.Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Халық музыкасы арқылы туған еліне, өз халқының салт-дәстүріне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Сабақтың көрнекілігі: оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру1.Дауыс жаттығуы Балалар, балалар, Тату – тәтті болыңдар. Достық деген – бұл байлық,Достарыңды сыйлаңдар. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: халық әні «Жар-жар» орындау. Ән не туралы? Қандай әнге жатады? Сенің ата-анаң, іні-қарындасың бар. Сондай-ақ жақын туыстарың, бірге жүретін достарың бар. Сен оларды жақсы көресің. Кейде үйде ата-анаң, бауырларыңның бірі болмаса немесе мектепке досың келмей қалса, сен оларды шздей бастайсың. Адам өмірінде қуанышпен бірге қайғылы, мұңды жағдайлар да болып тұрады. Осындайда қазақтар жақын адамымен жылдап қоштасатын болған. Мұндай әндерді немесе күйлерді қоштасу әндері мен күйлері дейді. Сондай әндердің бірі – қазақтың халық әні «Елім - ай». Саз тыңдау: Қазақтың халық күйі «Елім - ай» Жоңғар шапқыншылары қазақ халқын туған жерінен, атамекенінен, ағайын-туыстарынан айырып, қуғынға салды. Әке-бауырларынан айырылған халық «Елім - ай»деп қайғырып, Қаратауға қарай беттеді. Сөйтіп дүниеге «Елім - ай» әні келді. Ән қалай естіліп тұр? Қандай әнге жатады? -Жай орындалады. Қайғылы, мұңды ән.Ән үйрету: Ә.Асылбек, Ә.Тінәлі «Ұрпақ үні»

- Әнді тыңдату;- Мазмұны түсіндіріледі.

Page 35: Ән жоспар

- Фраза бойынша үйрету;- 1-шумақ үйрету.

Сергіту сәті: «Дауысын тап» Қорытындылау: жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады, жауап бергендер нота ұзақтықтарын жинайды, сол бойынша бағаланады. «5» - бүтін нота. «4» - жартылық нота. «3» - төрттік нотаСұрақтар: 1.«Елім - ай» әні қалай пайда болды?

2.«Елім - ай» әні қандай әнге жатады? 3. «Елім - ай» әнін кім шығарған? 4. Қоштасу әні қандай кезде орындалады?

Бағалау. Үй тапсырмасы: Ә. Асылбек, Ә.Тінәлі «Ұрпақ үні» - 1-шумақ жаттау.

Page 36: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 2 – сыныпПәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы: Үйлену тойының әндері мен күйлері.

Сабақтың мақсаты : Білімділік : Үйлену тойының әндері қай жерде және қашан айтылатыны жөнінде әңгіме өткізіп, үйлену тойы жырларының түрлеріне (беташар, жар-жар, қыз сыңсуы) тоқталу.Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Халық музыкасы арқылы туған еліне, өз халқының салт-дәстүріне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Сабақтың көрнекілігі: оқулық, музыкалық аспсаптар. Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру1.Дауыс жаттығуы Балалар, балалар, Тату – тәтті болыңдар. Достық деген – бұл байлық,Достарыңды сыйлаңдар. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ә.Тінәлі «Анамның тілі – аяулы үні» орындау. Ән не туралы? Форте, пиано белгілері нені білдіреді? Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты ақын, әнші-композиторлар тұрмыс – салт әндері мен күйлерін шығарған. Тұрмыс – салт әндері мен күйлері

1. Бесік жыры 4. Той жыры.2. Жар-жар 5.Қоштасу3. Беташар

Тұрмыс – салт жырларының бірі -үйлену тойының әндері мен күйлері. Үйлену тойының әндеріне жар-жар, беташар жатады.Қыз ұзату тойы – қыздың басқа жерге келін болып түсер алдында ата-анасы жасайтын той. Мұндай тойда қыздың өзі ата-анасы, жақын туыстары қимастық сезімдерін ән немесе күй арқылы білдірген.Күй тыңдау: Қазақтың халық күйі «қыз ұзату тойы» Жар-жар - үйлену тойларында айтылатын ән. Оны тойға жиналған қыздар мен жігіттер орындайды. Олар екі жасқа жақсы ниетті тілектер айтады. Ата-ананың арман-тілегін, ананың ақ сүтін ақтауды міндет етеді.Ән тыңдау және үзінді орындау: «Жар-жар»әні халықтікі, өлеңін жазған Ә. Асылбек.

Page 37: Ән жоспар

Беташар – жас келінге өлең түрінде айтылатын ақыл-кеңес. Онда келінді елін сүюге, ата-енесін ардақтауға, инабатты, әдепті болуға шақырады.Ән тыңдау және үзінді орындау: «Беташар» қазақтың халық әні. Қорытындылау: Қандай ән үйрендік? Әндерді қайда, қандай кезде орындайды?Қандай әндер дейміз?Үй тапсырмасы: «Жар-жар»әні халықтікі, өлеңін жазған Ә. Асылбек - үзінді жаттау. Бағалау.

Page 38: Ән жоспар

Сыныбы : 2 – сынып Пәні : Музыка Сабақтың тақырыбы : Тұрмыс – салт әндері мен күйлері. Сабақтың мақсаты : Білімділік : Қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу», «Тұсау кесу» тойы туарлы таныстыру, бесіктің құрал – жабдықтары жөнінде әңгімелеп беру. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Халық музыкасы арқылы туған еліне, өз халқының салт-дәстүріне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Сабақтың көрнекілігі : Бесіктің суреті және оның жабдықтары, үкісі. Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру1.Дауыс жаттығуы Балалар, балалар, Тату – тәтті болыңдар. Достық деген – бұл байлық,Достарыңды сыйлаңдар. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты ақын, әнші-композиторлар тұрмыс – салт әндері мен күйлерін шығарған. Тұрмыс – салт әндері мен күйлері

4. Бесік жыры 4. Той жыры.5. Жар-жар 5.Қоштасу6. Беташар

Ән үйрету. Қазақтың халық әні «Әлди-әлди» үзінді орындау.1 сыныпта өткен нәрестеге арналған әндерді еске түсіріп, оны орындау.

Күй тыңдау: Т. Тоқжанов «Бөбегім»Саз сауаттылығы: форте, пиано.Музыкада дыбыс күшін бірте-бірте қатты( крещендо), бірте-бірте бәсеңдетіп ( диминуэндо ) көрсететін белгілермен қатар, дыбысты қатты немесе ақырын орындауды білдіретін белгілер де бар. Мұндай дыбыс күшін көрсететін белгілер форте f- қатты, пиано- р – ақырын деп аталады. Дыбыс күшін көрсететін белгілер ән мен күйдің мазмұнына, көңіл-күйіне қарай белгіленеді.(Мысал келтіріледі).

Қорытындылау:

Қандай ән үйрендік? Әндерді қайда, қандай кезде орындайды?(«Бесік жыры», «Бала уату», «Тұсаукесер» )Қандай әндер дейміз?Үй тапсырмасы:

Page 39: Ән жоспар

«Әлди-әлди» үзінді жаттау. Бағалау.Жақсы орындаған балаларды мақтау, мадақтау

Page 40: Ән жоспар

Сыныбы : 1 – сынып Пәні : Музыка Сабақтың тақырыбы : Тұрмыс – салт әндері Сабақтың мақсаты : Білімділік : Қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу», «Тұсау кесу» тойы туарлы таныстыру, бесіктің құрал – жабдықтары жөнінде әңгімелеп беру. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкасын танып – білуге, оны құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Сабақтың көрнекілігі : Бесіктің суреті және оның жабдықтары, үкісі. Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру1.Дауыс жаттығуы Балалар, балалар, Тату – тәтті болыңдар. Достық деген – бұл байлық,Достарыңды сыйлаңдар. 2. Кіріспе: «Әнші ата туралы аңыз»«Ерте заманда, халықтар әлі ән салудың не екенін білмейтін кезде әнші ата шығып, дүние жүзін аралап жүріп, халықтарға әннен енші үлестіреді. Әнші атаны бұрын кездестіріп, әнінен молырақ алған халық әнші болады. сол халықтың бірі юіздің әнқұмар қазақ екен». Сондықтан да бала дүниеге келген күннен бастап, оны ән мен күй әлдилейді. Ол ең бірінші «Бесік жырын» естиді.

«Бесік жыры» әні үйретіледі.1) Бесіктің жабдықтары және оған тағылатын үкісі туралы әңгімелеу. 2) «Шілдехана» тойы туралы әңгіме жүргізу. «Бала уату» әнін тыңдату. 3) «Тұсаукесер» тойы туралы әңгіме жүргізу.

Еңбектенуге әбден машқытанып алған нәресте 9 – 12 айлығында қаз тұрып, жүруге алғаш талпынады. Сәби, «тәй – тәйлап» жүре бастаған кезде ата – анасы бала тез жүгіріп кетсін деген оймен «Тұсаукесер» тойын жасайды. Әдетте қазақтар баланың тұсауын ала жіптен жасаған. Бұдан соң «Жығылма», «Сүрінбе», «Жүйрік бол!», «Шауып кет!», т.б тілектер айтылады. Баланың екі қолынан ұстап, тұсауын кеседі. Тұсауын кескен адамға арнайы сыйлық жасап береді. Ән үйрету.

«Тұсаукесер» жыры1) Әнді суретке қарап айтқызу. 2) Қадам басқызып үйрету.

Қорытындылау:

Қандай ән үйрендік? Әндерді қайда, қандай кезде орындайды?(«Бесік жыры», «Бала уату», «Тұсаукесер» )Қандай әндер дейміз?Үй тапсырмасы: «Тұсаукесер» әнін жаттау. Бағалау.Жақсы орындаған балаларды мақтау, мадақтау.

Page 41: Ән жоспар

Күні :Пәні : Музыка 1 сынып

Сабақтың тақырыбы : Төрт түлік малға арналған әндерСабақтың мақсаты : Білімділік : Төрт түлік малдың тұрмыстағы орны, олар жөнінде мақал – мәтелдер, ән – күйлер бар екендігін түсіндіру.

Дамытушылық : осы тақырыпта ойындар ойнатып, сөз құрастыру, жұмбақтар шешу, кітаппен жұмыс жасауға балалардың есте сақтауы мен ой ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік : Төрт түлік малға құрметпен қарауға, оны күтіп – баптауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Аралас

Сабақтың көрнекілігі : Төрт түлік малдың суреті, оқулық, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1) Халық әні «Жұмбақ саусақ» - орындау. 2) С. Мұхамеджанов «Он саусақ» - орындау. 3) Халық әні дегеніміз не?4) Композитор әні дегеніміз не?5) Композитор мен ақынның қандай айырмашылығы бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.«Малдың төлдерін былай атайды» дейтін халық әні сахналық көріністен басталады.

23. Жол болсын (Әлей болсын)24. Мал – жан аман ба? (Аман - есен)25. Мына көрші ауылдағы жылқышы, түйеші, сиырш, қойшыларға бара жатырмын. Осы көрініс арқылы төрт түлік мал, оның иелері жөнінде әңгіме жүргізіліп және қазақ тұрмысында алатын орны жайында түсінік беріледі. Қазақтың халық әні «Малдың төлдерін былай атайды» - тыңдату. Б. Ғизатов «Төлдер» - үйрету. Композитор Б. Ғизатовтың шығармашылығына тоқталу26. Халық әні мен композитордың әнінің айырмашылығына тоқталу. 27. Әнді диалог түрінде орындату. 28. Ө. Байділдаев «Бөрте лақ» - үйрету.

(композитор жөнінде мағлұмат беру)Музыкалық сауат: сөз, әуен.

Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған. Әрбір сөз әріптерден құралса, әуен музыкалық дыбыстардан тұрады. Музыкалық дыбыстар биік немесе төмен болып орналасады. Сергіту: «Қай малдың төлі?» ойынын ойнату. Қорытындылау: Қандай әндер үйрендік? Қандай композиторлармен таныс болдыңдар?

Үй тапсырмасы: Төрт түлік малға байланысты жұмбақтар, суреттер әкелу. Әндерді жаттау. Бағалау.Жақсы айтып отырған балаларды атап, мақтау – мадақтау.

Күні :

Page 42: Ән жоспар

Пәні : Музыка 2 сынып

Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ.Сабақтың мақсаты :

Білімділік : І тоқсанда алған білімдерін пысықтау, бекіту.

Дамытушылық : сұрақтар қойып,ойындар ойнатып, сөз құрастыру, жұмбақтар шешу, кітаппен жұмыс жасауда балалардың есте сақтауы мен ой ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік : балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : білімді бекіту.

Сабақтың көрнекілігі : сұрақтар,оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. -« Ортеке» Ә.Еспаев орындату

ІІІ. Жаңа сабақ. Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін тыңдату.Ән не туралы? Қандай жылдамдықта естіп тұрсыңдар?( Жылдамдық туралы еске түсіреді.)

Ән үйрету. И. Нүсіпбаев «Жарқын жүзді ұстазым» Мектепке алғаш барған әсеріңді еске түсір. Ән қандай жылдамдықта?

Оқулықпен жұмыс. «Біліміңді тексер» (20-21 бет)Жұмбақты шеш. К-ден егер бастасаң,Аспаптан естілер саған үн.К-ні алып тастасаң,Баспана саған болар ол. (Күй, үй)

Садақша мойнын иілтіп,Көрген жанды сүйсінтіп.Жүзгенде көлдің әні өзі,Судағы құстың сәні өзі.Жердегі құстың серкесі,Көктегі құстың еркесі. (Аққу )

Қорытындылау: бұл тоқсанда қандай әндер үйрендік?Қандай күйлермен таныс болдыңдар?

Үй тапсырмасы: Ітоқсанда өтілген тақырыптар мен әндерді қайталау.

Бағалау.Жақсы айтып отырған балаларды атап бағалау.

Күні :Пәні : Музыка 2 сынып

Page 43: Ән жоспар

Сабақтың тақырыбы : Төрт түлік малға арналған әндер күйлер.Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Төрт түлік малдың тұрмыстағы орны, олар жөнінде мақал – мәтелдер, ән – күйлер бар екендігін түсіндіру.

Дамытушылық : осы тақырыпта ойындар ойнатып, сөз құрастыру, жұмбақтар шешу, кітаппен жұмыс жасауға балалардың есте сақтауы мен ой ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік : Төрт түлік малға құрметпен қарауға, оны күтіп – баптауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың көрнекілігі : Төрт түлік малдың суреті, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. . Жаңа сабақ. Қазақ халқы төрт түлік малды құт санаған. Төрт түлік мал туралы көптеген ән-жырлар бар. Ал күйшілер оларға арнап түрлі күйлер шығарды. Ондай күйлерді төрт түлік малға арналған күйлер дейді. Сондай күйлердің бірі – Тәттімбеттің күйі «Секіртпе»

Тәттімбеттің күйі «Секіртпе»- тыңдату.Ерте заманда театр, кино, теледидар, компьютер болмаған. Слндықтан балаларға қызықты болу үшін күйшілер ағаштан жануарлардың мүсінін жасаған. Оны саусаққа жіппен байлап, домбыраның қағысына қарай қимылға келтірген.Бір қарағанда орындалып жатқан күйге теке мүсіндері билеп жүргендей көрінеді.Сергіту:Теке биін дене қимылымен балалар көрсетеді.Ән үйрету: «Ортеке»

Музыкалық сауат ЫрғақӘнді өте тез немесе созып орындасаң, ән әуені әдемі болмас еді. Сондықтан музыкадкғы дыбыстар ұзақ немесе қысқа орындалып, реттілікпен ауысып отырады. Ол реттілік ырғақ деп аталады.

Дәптермен жұмыс: «Ортеке» әнінің 1- шумағының ырғағын таяқшалармен жазып көрсету.

Қалғанын әр бала өзі көрсетеді.

Қорытындылау: Қандай ән үйрендік? Қандай композиторлармен,музыка сауаттылығымен таныс болдыңдар?

Үй тапсырмасы: Төрт түлік малға байланысты жұмбақтар, суреттер әкелу. Әнді жаттау. Бағалау.Жақсы айтып отырған балаларды атап, мақтау – мадақтау.

Күні :Пәні : Музыка 2 сынып

Page 44: Ән жоспар

Сабақтың тақырыбы : Төрт түлік малға арналған әндер мен күйлер.Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Төрт түлік малдың тұрмыстағы орны, олар жөнінде мақал – мәтелдер, ән – күйлер бар екендігін түсіндіру.

Дамытушылық : осы тақырыпта ойындар ойнатып, сөз құрастыру, жұмбақтар шешу, кітаппен жұмыс жасауға балалардың есте сақтауы мен ой ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік : Төрт түлік малға құрметпен қарауға, оны күтіп – баптауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың көрнекілігі : Төрт түлік малдың суреті, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-« Ортеке» Ә.Еспаев орындату- Ырғақ дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Құйрық жалы сусылдап,Тез жетсін деп зуылдапҚұрау-құрау- құраулап,Қай малды мен шақырдым?( Жұмбақ жасырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамын )Ой толғаныс: Жылқы қандай жануар?Жорға – кейбір жылқы малының ең жайлы жүрісі. Жылқының жүрісі аяң, желіс, шабыс, жорға болып бөлінеді. Жылқы түріне қарай Қаражорға, бозжорға, торыжорға деп атаған.Саз тыңдау: Халық күйі «Қара жорға» ( күйді тыңдай отырып, жылқының жүрісін қолмен шапалақтап көрсету )Дәптермен жұмыс: суреттен Жорға түсін көрсету.

Музыкалық сауат: Жылдамдық, суырыпсалма Әндер мен күйлер мазмұнына қарай бірде жай, бірде тез немесе жай да, тез де емес, орташа орындалады. Музыка тілінде жылдамдық (темп) деп атайды.Суырыпсалма-тез арада өз жанынан өлең мен күй шығару.Ырғақтық суырыпсалма (18бет)

Қорытындылау: Қандай күй тыңдадыңдар? Қандай композиторлармен,музыка сауаттылығымен таныс болдыңдар?

Үй тапсырмасы:Жылқыға байланысты жұмбақтар дайындау,суреттерсалу.Әнді жаттау.

Бағалау.Жақсы айтып отырған балаларды атап бағалау.

Күні:Сыныбы : 3 – сынып Пәні : Музыка

Page 45: Ән жоспар

Сабақтың тақырыбы : Көріпкел Шашты Әзіз Сабақтың мақсаты : Білімділік музыканы тыңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды қазақтың ақындық,жыршылық өнеріне баулу, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі : Дәстүрлі,аралас сабақ Әдісі:әңгімелеуСабақтың көрнекілігі : музыкалық аспаптар Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру1.Дауыс жаттығуы Балалар, балалар, Тату – тәтті болыңдар. Достық деген – бұл байлық,Достарыңды сыйлаңдар. Әлқисса, Ұлтан ер жеткен соң Байбөрі мен Құлтайды алжыған деп, шешесі Аналыққа тіл тигізеді. Байбөрі мен Аналық: «Қой, бүйткенше әулиелер мен Құдайға жалбарынып, бала сұрайық»,- деп жолға шығады. Арада тоқсан күн өтіп, Байбөрінің көзі ұйқыға кеткен уақытында: «Ақ сәлдесі басында, Жарылқады жаратқан, Сырлы асасы қолында, Ей, бейшара, көзіңді аш! Өзі ақтың жолында, Ұлыңның аты Алпамыс, Бір диуана келді де, Қызыңның аты Қарлығаш. Асаменен түртіп оятты: Атса мылтық өтпейді, «Менің атым Шашты Әзіз, Шапса қылыш кеспейді! » ,- деп аян береді. Қыламын десең ықылас,Сөйтіп дүниеге Алпамыс, одан кейін Қарлығаш келеді.Музыка сауаттылығы ӘлқиссаЖырау тыңдаушыларын қызықтыра түсу үшін тақпақ сазды әуенмен қатар жыр мазмұнын қара сөзбен, түрлі қимыл-қозғалыстармен де бере білген. «Алпамыс батыр»жырында да осындай тақпақ сазды әуен қара сөзбен кезектесіп отырады.Оны әлқисса деп атайды. Музыкада нота сызығына жеті дыбыс орналасады.Бірінші нота-До нотасы. Ол негізгі сызықтың астындағы қосымша сызықта жазылады:

До нотасына қысқа қайырым орындау (11 бет)

Ән үйрету. «Біз осылай өсеміз»Өлеңін жазған М. Әлімбаев.Әнін жазған И.Нүсіпбаев.

Қорытынды: Жырда қандай кейіпкермен таныс болдыңдар?Музыкадағы бірінші дыбыс? Әлқисса дегеніміз не?Үйге тапсырма: «Көріпкел Шашты Әзіз» - оқу. «Біз осылай өсеміз» әнді жаттау

Күні:Сыныбы : 3 – сынып Пәні : Музыка

Page 46: Ән жоспар

Сабақтың тақырыбы : Жақсы ат – ер қанаты.

Сабақтың мақсаты : Білімділік музыканы тыңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды қазақтың ақындық,жыршылық өнеріне баулу, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі : Дәстүрлі,аралас сабақ Әдісі:әңгімелеу,ой толғаныс.Сабақтың көрнекілігі : музыкалық аспаптар, құлыншақтың суреті. Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру Дауыс жаттығуы Мен отырмын бақылап, Бірінші сызық жақын-ақ. До нотасы болған соң, Көтерілем сатылап.Көпшілік халық жырларында батырлар айттырылған қалыңдығын әкелу үшін өзіне сай ат іздейді. Жырда Алпамыстың қалыңдығы Гүлбаршын бейнесі арқылы беріледі. Халық Гүлбаршын бойына талай қасиеттер дарытқан. Сонымен қатар «Алмадай қызыл жүз ,«он бесінде туған айға» теңеп сұлу етіп суреттейді.Сол Гүлбаршынды әкелу үшін батыр топ жылқының ішінен өзіне ат таңдайды. Алпамыстың жаратылысы қандай ерекше болса, оның тұлпары да сондай қасиетке ие.Шұбарға суреттеме оқылады.Ой толғаныс: Неге қазақтар атты құрмет тұтады? Неге оны жеті қазынаның бірі деп атайды? «Жақсы ат – ер қанаты» тақырыбы қандай ой тудырады? 2 сыныпта өткен жылқыға арналған әндер мен күйлерді еске түсіреді.Күй тыңдау: Қазақтың халық күйі «Шұбар ат»Оқушылар назарын күйдегі аттың шщабысын бейнелейтін ырғағына, жылдамдығына аударамыз.Ән үйрету: «Құлыншақ» Ә. Еспаев. Балалар күйдегі шұбар ат пен әндегі құлыншақ бейнесін салыстырады.Музыка сауаттылығы Ре нотасы. «Мен ре, ре-мін, ре-мін,Ре ретін де білемін.Бірінші сызық астында,Қатарласып келемін».

Қорытынды: Байбөрі түсінде не көреді? Шашты Әзіз кім? Алпамыстың жары кім? Алпамыс жылқыны қалай таңдайды? Жылқының аты? «Біз осылай өсеміз»әнді орындау.

Үйге тапсырма: «Жақсы ат – ер қанаты» - оқу. « Құлыншақ» әнді жаттау

Күні:Сыныбы : 3 – сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Тайшық ханның елінде.

Page 47: Ән жоспар

Сабақтың мақсаты : Білімділік музыканы тыңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды қазақтың ақындық,жыршылық өнеріне баулу, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.Ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Дәстүрлі,аралас сабақ Әдісі:әңгімелеу,ой толғаныс.Сабақтың көрнекілігі : музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру Дауыс жаттығуы 1-топ. Мен отырмын бақылап, Бірінші сызық жақын-ақ. До нотасы болған соң, Көтерілем сатылап.

2-топ Мен ре, ре-мін, ре-мін, Ре ретін де білемін. Бірінші сызық астында, Қатарласып келемін.Шұбарға мінген Алпамыс Гүлбаршын ауылына кеткенде Байбөрінің жылқысын қалмақтың Тайшық деген ханы шауып әкетеді.Байбөрі еліне оралған баласы мен келінін ренжіп қарсы алады.Саз тыңдау: «Байбөрінің сөзі» «Байбөрінің сөзі» 7,8 буыннан тұрады. Оның әуені бар және әуен алдында шағын кіріспе орындалады.Байбөрінің сөзін буынға бөліп санау (17 бет).Ата-анасын қадірлейтін Алпамыс әкесіне әдептілікпен жауап қайтарады. Ой толғаныс: Алпамыс не деп жауап беруі мүмкін? Ал, сен қалай жауап берер едің? Байбөрінің орнында сен болсаң не істер едің? «Байбөрінің сөзі» әуеніне салып Алпамыстың жауабын оқушылар орындайды. Ән үйрету: « Мейірбан ұстаздар» И. Нүсіпбаев. Балалар күйдегі шұбар ат пен әндегі құлыншақ бейнесін салыстырады.Музыка сауаттылығы : Ми нотасы. «Бірінші сызық үстіне, Шығып алдым, күш міне! Ми нотасы боламын, Естеріңе түсті ме?».

Қорытынды: Әкесі мен баласына сипаттама беріңдер. Үйге тапсырма: «Байбөрінің сөзі» - жаттау. «Алпамыстың жауабы» оқу.

Күні:

Page 48: Ән жоспар

Сыныбы : 3 – сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Туған елім – Қазақстан.

Сабақтың мақсаты : Білімділік:балалардың :І тоқсанда алған білімдерін музыкалық сауаттылықтарын бекіту. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды қазақтың ақындық,жыршылық өнеріне баулу, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.Ата-анасын құрметтеуге және елін-жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі,қайталау сабақ Әдісі: сұрақтар, тапсырмалар,ой толғаныс.Сабақтың көрнекілігі : музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру:Әнұран орындалады. Гимн (әнұран) – грек сөзі, ол салтанатты деген мағынаны білдіреді. Әнұран бұқаралық үгіт-насихат ұйымдастыру құралы ретінде қоғамның саяси өмірінде үлкен орын алады. Бұқаралық орындау мен қабылдауға арналған. Әнұранның мемлекеттік, революциялық, діни, әскери сияқты түрлері бар. Олар қандай да бір тарихи жағдайда, батырдың құрметіне орындалады.ҚР-ның Әнұраны мемлекеттік болып табылады. Ол барлық салтанатты жерлерде орындалады. Халық олны тұрып орындайды және тыңдайды. ҚР-ның Әнұраны алғаш рет 1945жылы қазан айында жазылған. Кейін еліміздің егемендік алуына байланысты ҚР-ның Әнұраны өзгерді.Авторлары:Н.Ә.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов. ІІ. Негізгі бөлім.Ән үйрету: «Қазақстан» Ғ. Жұмабаев, С.Мұхамеджанов.

Музыка сауаттылығы :Си нотасы.

До нотасының інісімін,Танысайы, бауырлар.Барлығыңа сәлем беріп,Мен түсемін сатылап. – әндетіп орындалады

Си нотасынан кейін қайтадан До нотасы басталады. Осындай төменгі До нотасы мен жоғарғы До нотасының аралығын октава деп атайды.

«Қазақстан» әніндегі ноталарды оқып шығайық.( оқулықпен жұмыс).Сұрақтар: Жыр дегеніміз не?

Page 49: Ән жоспар

Жырдың әннен қандай айырмашылығы бар?«Алпамыс батыр» жыры қандай жырға жатады?Батырлар жыры дегеніміз не?Батырлар жыры неге байланысты туған?«Алпамыс батыр» жырында қандай тұрмыс-салт әндері бар?«Алпамыс батыр» жырының қандай бөлімдері бар?Батыр қандай болуы керек?Кроссвордты шеш.Сұрақтарға дұрыс жауап берсең, «Алпамыс» сөзі шығады.

1 А2 Л

3 П4 А

5М6 Ы

«Әуенді тап» ойыны.Үйренген әндері бойынша жасырылады және одан үзінді орындайды.

Қорытынды: Батырлық, ерлік дегенді өз ұғымыңда қалай түсінесің?

Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.Бағалау.

Page 50: Ән жоспар

Күні:Сыныбы : 3 – сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Жиделі Байсын жерінде.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік музыканы тыңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды қазақтың ақындық,жыршылық өнеріне баулу, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.Ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі,аралас сабақ Әдісі:әңгімелеу,ой толғаныс.Сабақтың көрнекілігі : музыкалық аспаптар.

Page 51: Ән жоспар

Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру Дауыс жаттығуы 1-топ. Мен отырмын бақылап, Бірінші сызық жақын-ақ. До нотасы болған соң, Көтерілем сатылап.

2-топ Мен ре, ре-мін, ре-мін, Ре ретін де білемін. Бірінші сызық астында, Қатарласып келемін.

1-топ «Бірінші сызық үстіне, Шығып алдым, күш міне! 2-топ Ми нотасы боламын, Естеріңе түсті ме?». Әлқисса, тыныш жатқан елдің шырқын бұзып, малын айдап әкеткен қалмақ ханы Тайшық түс көреді.

Саз тыңдау: «Тайшық ханның түсі»

Ой толғаныс: Алпамыстың батырлық тұлғасын неге теңеген? Тайшық ханның батырдың жоқтығын пайдаланып малын айдап кетуі дұрыс па?Біреудің малын айдап әкетуін қандай іс-әрекетке жатқызамыз?Балалар үш кейіпкердің ( Байбөрі, Алпамыс, Тайшық хан ) сөздерінің буындарын талдайды.Кейіпкерлер Сөз мәтіні Буынға бөл Шағын кіріспесі Әуені

бар ма,жоқ па? бар ма, жоқ па?

1 2 3 4 5

Эпостағы жағымсыз кейіпкерлердің тағы бірі – Мыстан кемпір. Халық жауыздық пен зұлымдықтың ерлер арасындағы өкілін-жалғыз көзді Дәу, ал әйелдер арасындағы өкілін Мыстан кемпір бейнесінде көрсетеді.Мыстанға сипаттама оқылады.Мыстан кемпірдің сөзіне еріп батыр Шұбардың басын қылышпен кесіп тастай жаздайды. Мыстанның құрған торына алданып түсіп қалады.

Саз тыңдау: Е. Рахмадиев «Алпамыс»операсынан «Мыстан тарантелласы»Алпамыс үнемі аңғалдыққа салынбайды, ол-алды-артын болжай білетін ақылды, керекті жерінде әдіс-айласы да бар, он саусағынан өнер тамған шебер. Ол зынданда жатып серкерлердің мүйізі мен қабырға сүйегінен сырнай жасайды. Осы сырнайдың үні хан қызы Қаракөзайымның назарын аударады. Сөйтіп Алпамыстың зынданнан шығуына Кейқуат пен Қаракөзайым көмектеседі. Қаракөзайым Алпамыстың шұбарын алдырады.Атының көмегімен зынданнан шыққан ашулы батыр тайшықтың бар әскерін жеңіп, хан мен мыстаннан кегін алады.

Музыка сауаттылығы : Фа нотасы. Мен фа, фа нотасы болғасын, Екі сызықтың ортасын Иеленіп жатырмын, Меншігімді қорғасып.

Page 52: Ән жоспар

Ән үйрету: «Біздің ән» Б. Ғизатов.

Қорытынды: Алпамыстың жасаған аспабы қандай? Ол зынданнан қалай шықты? Алпамысқа сипаттама беріңдер.

Үйге тапсырма: «Тайшық ханның түсі» - жаттау. «Мыстанға сипаттама» - оқу. Бағалау.

Күні:Сыныбы : 3 – сынып Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Диуана мен Бадамшаның айтысы.

Сабақтың мақсаты : Білімділік музыканы тыңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру. Дамытушылық : Әуен ырғағын ести білуін, сөзі мен ән айту ережелерін есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды қазақтың ақындық,жыршылық өнеріне баулу, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі : Дәстүрлі,аралас сабақ Әдісі:әңгімелеу,ой толғаныс.Сабақтың көрнекілігі : музыкалық аспаптар, құлыншақтың суреті.

Сабақтың барысы :І. Ұйымдастыру Дауыс жаттығуы 1-топ. Мен отырмын бақылап, Бірінші сызық жақын-ақ. До нотасы болған соң, Көтерілем сатылап.

2-топ Мен ре, ре-мін, ре-мін, Ре ретін де білемін. Бірінші сызық астында, Қатарласып келемін.

1-топ. «Бірінші сызық үстіне, Шығып алдым, күш міне!

29. Ми нотасы боламын, Естеріңе түсті ме?».

2-топ Мен фа, фа нотасы болғасын, Екі сызықтың ортасын Иеленіп жатырмын, Меншігімді қорғасып

Page 53: Ән жоспар

. Әлқисса, арада жеті жыл өтеді. Алпамыс кімнің дос, кімнің қас екенін білу үшін еліне диуана кейпінде оралады. Келсе елінде Ұлтан бек болып, әкесі Байбөрі мен бабасы Құлтайды мал соңына салып, өзі жоқта туған баласы Жәдігерді жалаң аяқ, жалаң бас, мойнына шынжыр байлап, аяғына кісен салып, қозы бақтырып қойыпты. Сол кезде Ұлтан құл той жасап, Гүлбаршынды алмақшы болып жатады.Көкпарға Алпамыстың жеті жасар баласы Жәдігерді тартқызбақ болады.

Саз тыңдау: «Жәдігердің зары»

Ой толғаныс: «Жәдігердің зары» қандай әнге жатады? Осындай жауыздықты істеген кім? Ұлтанның қылығын сипатта.Ашулы Алпамыс Ұлтан құлдың тойына келеді. Сонда Ұлтанның сақау әйелі Бадамша мен Ұлтанды мақтап өлең айтуға шақырады.

Саз тыңдау: «Диуана мен Бадамшаның айтысы»Ән үйрету: « Келші, келші, балашым» Е. Хасанғалиев.

Музыка сауаттылығы Соль нотасы. Соль-мін, соль-мін, тұз деме, Төменнен де іздеме. Екінші сызық үстінде, Тұрмын түспей, түс деме.

Қорытынды: Алпамыс қайдан келеді? Ол не үшін диуана кейпінде келеді? Кіммен айтысады?

Үйге тапсырма: «Диуана мен Бадамшаның айтысы» - үзінді жаттау. «Келші, келші, балашым » әнді орындау Бағалау.Күні :

Пәні : Музыка 1сынып.

Сабақтың тақырыбы : Төрт түлік малға арналған әндер

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Төрт түлік малдың тұрмыстағы орны, олар жөнінде мақал – мәтелдер, ән – күйлер бар екендігін түсіндіру.

Дамытушылық : осы тақырыпта ойындар ойнатып, сөз құрастыру, жұмбақтар шешу, кітаппен жұмыс жасауға балалардың есте сақтауы мен ой ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік : Төрт түлік малға құрметпен қарауға, оны күтіп – баптауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас

Сабақтың көрнекілігі : Төрт түлік малдың суреті, оқулық, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы :

Page 54: Ән жоспар

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 30. «Бөрте лақ» Ө. Байділдаев31. «Төлдер» Б. Ғизатов

(әндерді орындату). ІІІ. Жаңа сабақ. «Төлді қалай шақырады?» жұмбақ – жыр оқылады (18-19бет)«Кім қалай дауыстайды?» Әні орындалады. Ән ойын түрінде орындалады.Сергіту: «Қай малдың төлі?» ойынын ойнату. «Малдың төлін емізуге шақыру» халық әнін үйрету. Халық әні мен композитор әні дегеніміз не?- еске түсіру. Төрт түлік мал жөнінде жұмбақтар шешу.

Қорытындылау: Бүгінгі сабақта не үйрендік? Әндер ұнады ма?Әсіресе...

Үй тапсырмасы:

Төрт түлік малға байланысты жұмбақтар, суреттер әкелу. Әндерді жаттау.

Бағалау.

Жақсы айтып отырған балаларды атап, мақтау – мадақтау.

Күні :

Пәні : Музыка 6 сынып.

Сабақтың тақырыбы : Музыка – драма техникумы.

Сабақтың мақсаты :

Қазақ музыка драма техникумының даму сатысы туралы білім беру.32. Балалардың музыкалық – танымдық білімін дамыту.

Сабақтың түрі : Аралас

Сабақтың көрнекілігі :кәсіби әншілер мен композиторлардың суреті, оқулық, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Page 55: Ән жоспар

Музыка және театр өнерін кәсіби түрде дамыту үшін оқу жүйелерін жолға қою қажет болды. Сол мақматпен 1932 ж. Алматыда Музыка – драма техникумы ашылды. Оның алғашқы студенттері қатарында әншілер: ришат, Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, дирижер Ғазиз Дуғашев, музыка зерттеуші Гауһар Шомбалова т. б. болды.Композиторлар Қ. Мусин, Қ. Қожамияровтар осы оқу орнынан бастауыш музыкалық білім алды.Алғаш ұстаздық еткендер: Л. Майзель, В. Дьяков, домбыра сыныбы бойынша халық күйшілері М. Бөкейханов, Л. Мұхитов, Қ. Медетовтер. Ұстаздық ететін мамандар жетіспейтін болғандықтан 1933 ж. Ленинградтан А. Жұбанов шақыртылып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын ұйымдастырылу тапсырылады. А. Жұбанов содан екі жыл бұрын . Ленинград консерваториясын бітірген Е. Брусиловскийді қызметке шақырады. Енді техникум тек оқу орны ғана емес, муз. мәдениетінің жаңаша өркендетудің маңызды ошағына айналды. А. Жұбанов пен Е. Брусиловскийдің бастамасымен техникум жанынан халық музыкасын зерттеу кабинеті мен қазақ муз. аспаптарын жетілдіру муз.-тәжірибелік шеберханасы ашылды. Ондағы қызметкерлер: Ә. Қашаубаев, А. Айтбаев, И. Байзақов, Қ. Байсейітов, Д. Нұрпейісова, М. Бөкейханов, аспап жасаушы шеберлер – ағайынды Романенколар тартылды. Орал және Алматы қалаларында муз. мектептері ашылды.Ол мектептердің алғашқы оқушылары қала маңындағы ауыл-аймақтардан, балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер жиналып алынды.Ол мектептерге кейіннен Д. Нұрпейісова мен Ә. Қашаубаев есімдері берілді. Музыка – драма тнхникумынан еуропалық аспаптарды меңгерген алғашқы кәсіби музыканттардың, еуропалық жазба муз. ережелерін игерген композиторлардың даярланып шығуы мәдениетімізді жаңаша өрістетуге жол ашты. Енді концерттік, орындаушылық, шығармашылық ұжымдар құру және еуропалық музыка жанрларын игеру қажеттілігі туды.

Музыка сауаттылығы : Тоника – тональдықтың аты аталатын негізгі тон.Ән үйрету : Е. Серікбаев «Жаса, Қазақстан!» Қорытындылау : Сұрақ-жауап таблосы (дұрыс жауаптың реттілігін тауып жаз ) № Сұрақтар № Жауаптар

1 Алматыдағы қазақ драма театры қай жылы ашылды?

1922

2 Мемлекеттік ұлттық театрдың шымылдығы қай жылы ашылды?

1919

3 Музыкалық студия қай жылы ашылды? 19264 Музыка-драма техникумы қай жылы

ашылды? 1930

5 Қазақ кәсіби жазба музыка мәдениеті қай жылы қалыпиаса бастады?

1933

6 Верный қаласында халық таланттарының 1 – слеті қай жылы өтті?

1932

7 Қарқаралы жәрмеңкесінде әншілер конкурсы қай жылы өтті?

1925

8 М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек»пьесасы алғаш рет қай жылы сахналанды?

1933

9 Қай жылы атақты әншілер мен актерлер алғаш рет Мәскеуде болды?

1917

10 Ленинградтан А. Жұбанов қай жылы шақырылды?

1927

Бағалау.

Page 56: Ән жоспар

Үй тапсырмасы: Музыка – драма техникумы - оқу

Күні :Пәні : Музыка 6 сынып.

Сабақтың тақырыбы : Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. Қазақ драма театры.Сабақтың мақсаты : Музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы екенін және оның даму сатысын түсіндіру. Өз халқының музыкасын құрметтеуге баулу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі , топтық.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту: Б. Райымбекова «Білімнің бұлағы»-орындау. Фраза, вибрация, фермата ұғымдарын айту. ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақтың кәсіби музыка мәлениетінің дамуы бірнеше кезеңнен тұрады. Оның іргетасы қазақтың халық музыкасы-ән-күйлері негізінде 1920 ж.қалыптаса бастады. Сол жылдары өнер салаларының қай-қайсысында болмасын кәсіби музыкаға бетбұрыстар жасалды. Қазақстанның әр түрлі қалаларында хор, музыка, драма үйірмелері жұмыс істей бастады. 1917 ж. ұлы Абайдың туған жерінде М.Әуезовтың өзі сахналап, өзі қойған «Еңлік-Кебек» пьесасы кәсіби өнерге деген ұмтылыстың алғашқы көрінісі еді. Өйткені бұл актерлер ойнаған рөлдер мен

Page 57: Ән жоспар

орындалған әндер шебер үйлестірілген театр әлеміне алғашқы қадам болды. Алдағы уақытта кәсіби музыка мәлениетін ұлттық өнер негізінде қалыптастыру міндеті тұрды.Осыған байланысты 1919ж. Верный (қазіргі Алматы) қаласында халық таланттарының бірінші слеті өткізілді. Оған 40-тан астам әнші, күйші, ақын, жыршы-жыраулар қатынасты. Одан кейін де халық таланттарының олимпиадалары, конкурстары, фестивальдары мен онкүндіктері өткізіліп тұлды. Мысалы, 1922 ж. Қарқаралы жәрмеңкесінде халық арасындағы әншілер конкурсы өткізілді. Әсіресе, 1930 ж. қазақтың жазба кәсіби музыка өнерін дамытуға А.Затаевич, И.Коцык, Д.Мацуцин, А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Б.Ерзаковичтер белсене кірісті. Олардың біразы Ресейден музыкалық білім алған, тез арада кәсіби музыканы дамытып, музыкалық білім беруді ұйымдастыру үшін Қазақстанға арнайы шақырылған мамандар еді. Сол30-жылдарда-ақ композиторлардың төл туындылары ф-но сүйемелдеуімен орындала бастады, сондай-ақ халық композиторларының күйлері бірнеше аспаптың қосылуы арқылы арқылы орындалатын болды. Бұл халық әндерін ф-но сүйемелдеуімен орындауға, ал күйлерді аспаптар ансамбліне лайықтап өңдеуге жағдай туғызды.І топ тапсырмасы: Қазақ драма театры – оқуІІ топ тапсырмасы: Ж. Шанин, Ш.Айманов - оқуІІІ топ тапсырмасы: К.Байсейітова, Ш.Жиенқұлова – оқу(10минут беріледі)Әр топ қарсы топқа 3 сұрақтан қояды. Саз тыңдау:Ыбырайдың әні «Гәкку» Ән үйрету: Халық әні « Ақ дариға» Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі.Қорытындылау : Бүгінгі сабақтан не түйдің? Қандай мәліметтер алдың? Үй тапсырмасы Халық әні « Ақ дариға» - жаттау. Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. Қазақ драма театры.-оқу.Бағалау.Күні :Пәні : Музыка 6 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Білім – ақыл-ой дариясы.Сабақтың мақсаты : Ән орындау барысында балалардың музыкалық қабілетін дамыта отырып, тақырыпқа сай балаларды білімге-ілімге шақыру. Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : СТО әдісі.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту: А.Меңжанованың «Қоңырау» әнін орындау. Аккордтар мен дыбыс үндестіктері ұғымдарын айту. ІІІ. Жаңа сабақ. Өздерің жаңа ғана орындаған әндерің қайда шақырады? Не туралы?Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

Ақыл керек ... таңдап аларға,... керек жақсы іске қарарға. (Ж. Баласағұн)

Page 58: Ән жоспар

... шыққан сөз

... болсын кез. (Абай) Білім, талап.

Білімді адам қандай болу керек? Білімді болу үшін не істеу керек? Осы тақырыпта қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?Балалар өз ойларын айтады. Ой қозғау: Білім қайда жетелейді?

Саз тыңдау: Ә. Телғозиев «Ұстазыма» Ән үйрету: Б.Райымбекова, Б.Шамданұлы «Білімнің бұлағы» Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі.Қорытындылау :Бес жолды өлең І топ «Білім» ІІ топ «Ұстаз»Зат есім (1)Сын есім (2)Етістік (3)Сөйлем (4) Бағалау.

Үй тапсырмасы : Б.Райымбекова, Б.Шамданұлы «Білімнің бұлағы» - жаттау.

Page 59: Ән жоспар

Күні :

Пәні : Музыка 6 сынып.

Сабақтың тақырыбы : Музыка-әлемнің рухани елшісі.Сабақтың мақсаты :

Музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы екенін түсіндіру барысында музыкада шекара жоқ екендігін ашу. Өз халқының музыкасымен қатар әлем халықтарының музыкасын да құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту: Ж. Еңсепов « Мейірбан ұстаздар »-орындау. ІІІ. Жаңа сабақ.

Page 60: Ән жоспар

Қазақтьың аса бай музыкасы халұымыздың рухани дүниесінде айрықша орын алады. Мұнда қазақтың тағылымы, көзқарасы, дүниетанымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, ой-арманы, көңіл-күйі, отншылдық-азаматтық сезімі, т.б ұлттық сезімі музыка тілімен бейнеленген. Халық тұрмысының әрбір көрінісі ,--, нәрестенің шыр етіп дүниеге келгенінен бастап, бүкіл ғұмыры халықтың жүрегінен шыққан шалқыған әндері мен күмбірлеген күйлерінде жырланған. Қазақтың кең даласы өзінің ұл-қыздарын ерекше рухтандырып, оларға шығармашылық дарын мнен шабыт беріп, тамаша поэтикалық, прозалық, музыкалық туындылардың пайда болуына ықпалын тигізген. Осылайша қазақ мәдениеті өткір тілдің, жалынды сөздің, әсерлі үннің сарқылмас бұлағына айналған. Оның көпжылдық тарихында небір керемет дарын иелері өмір сүріп, шығармашылықтарын келешек ұрпақтарға ауызекі түрде аманат етіп, өлмес мұраға қалдырған. Қазақ баласы шарықтаған ән, құдіретті күйді рухани байлық, асыл қазына етіп құрметтеген. Кйінірек келе шет ел және орыс ғалымдары, саяхатшылары, фольклортанушылары қазақ жалқының көркемдік дүниесіне таңырқаған, құштарлықпен қабылдап, оны биік бағалаған. Орыс ғалымы Г. Потанин: «маған бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай»,- деп жэазған екен. Саз тыңдау: Құрманғазы «Сарыарқа», Дәулеткерей «Қосалқа»,Тәттімбет «Саржайлау»күйлерін тыңдап, оны ауызша суреттейді.Музыкалық сауат: Темп- музыканың тез, жай, орташа орындалуын музыка тілінде жылдамдық(темп) деп атайды. Ән үйрету: Н. Тілендиев « Алатау» Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі.Қорытындылау : Бүгінгі сабақтан не түйдің? Өзіңнің қорытынды сөзің?Бағалау. Үй тапсырмасы: Н. Тілендиев « Алатау» - жаттау. Тоқсанда өтілген сабақтарды қайталау.

Күні:Пәні: Музыка 6 сынып

Сабақтың тақырыбы : Қазақтың халық аспаптары оркестрі.

Сабақтың мақсаты : Қазақтың халық аспаптары оркестрі және ән және аспаптық музыка материалы арқылы қарапайым музыкалық сауаттылық жөнінде білім беру.Ән айту барысында балалардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту Балаларды өз музыкасының тарихын білуге оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі.Сабақтың көрнекілігі :ұлт аспаптар оркестрінің суреті, әндер жинағы, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ. 1934жылы халық дарындарының бүкілқазақстандық слеті өткізілді. Оған Қазақстаннығ түкпір-түкпірінен сан саладағы өнерпаздар келіп, өнер сайысына түсті. Өнер сайысы кезінде техникум жанынан бұрынырақта құрылған (құрамында әуелде -11,кейіннен-17 адам) шағын ансамбль өнер көрсетті.

Page 61: Ән жоспар

Өнер байқауының нәтижелерін қорытындылау барысында осы ансамбль негізінде аса танымал дарынды домбырашы, қобызшы, сыбызғышылардың басын біріктіріп, қазақтың халық аспаптары оркестрін құруды жоспарланды. Оркестрді ұйымдастыру мен оған басшылық жасау А.Жұбановқа жүктелді. Осылайша 1934 жылы дүние жүзіне әйгілі болған қазіргі Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің іргетасы қаланған болатын. Басында ол Қазатком атындағы ұлттық оркестр атанды.Алғашқы оркестр құрамында Д.Нұрпейісова, О.Қабиғожин, Л.Мұхитов, Қ.Жантілеуов, Н.Бөкейханов, Ғ.Матов сынды т.б. дарындар қызмет етті. 20 жылға жуық оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған белгілі композитор, ұстаз-профессор, ғалым-академик А.Жұбанов мол үлес қосты. Ол халқымыздың және халық композиторларының шығармаларын оркестр құрамына енгізу, әртүрлі орындаушылардан жинақталған туындыларды сұрыптап, бір жүйеге келтіріп, нотаға түсіру, оркестрге лайықтап өңдеу, артистердің сауатын ашып, жазба кәсіби мамандыққа баулу сияқты сан салалы жұмыстарды атқарды. А.Жұбановтан тәлім алып, оркестрді ұзақ жылдар бойы басқарған КСРО халық артисі, профессор Шамғон Қажығалиевтің де оркестр тарихындағы орны ерекше. Оркестрге Л.Хамиди, Л.Шаргородский, М.Төлебаев, Қ. Мусин, Н.Тілендиев сынды көптеген өнер иелері әр кезеңде дирижерлік етті.ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХғ.өмір сүрген әйгілі халық композиторларымен қатар шетел композиторлары Гайдн, Моцарт, Бетховен, Глинка, Чайковский шығармалары да оркестр репертуарына енгізілді.1930-40 жылдары жаңа өнер ұжымдары, 1939ж. хор капелласы, 1944 ж. консерватория, 1958 ж. симфониялық оркестр құрылды.А.Жұбанов жөнінде қысқаша таныстырып өтемін.

Музыка тыңдау: А.Жұбанов «Би күйі»

Музыка сауаты: Импровизация, рапсодия, скерцо ұғымдарына түсініктеме жүргізу.

Ән үйрету :«Қарлығаш» А.Жұбанов. Әннің текстісін жаздырту; Әннің мазмұны жөнінде әңгімелеу; Әнді тыңдату; Ән бойынша музыкалық талдау жүргізу. Қорытындылау : ұлттық өнерімізді дәріптеу, оны құрметтеу – біздің парызымыз!

Үй тапсырмасы : «Қарлығаш» А.Жұбанов - жаттау. Қазақтың халық аспаптары оркестрі-оқу,Бағалау

Page 62: Ән жоспар
Page 63: Ән жоспар

Күні:Пәні: Музыка 5 сынып

Сабақтың тақырыбы : Ұстаз – үлгі-өнеге, ұлағатым.

Сабақтың мақсаты : Ән айту барысында балалардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту, ән және аспаптық музыка материалы арқылы қарапайым музыкалық сауаттылық жөнінде білім беру.Балаларды ұстаздарын құрметтеуге, үлгі тұта білуге үйрету,адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : әндер жинағы, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару, дауыс жаттығуын жасау. ІІ. Жаңа сабақ. Ақын Ф.Оңғарсынованың «Ұстазым» өлеңі оқылады.. Балалар, бұл өлеңде қандай мағына жатыр?(Балалар ойы айтылады)Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар-бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсызх өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық. Өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап көңілін де табады.«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.Ұстаз туралы кім қандай өлең-жырлар, нақыл сөздер біледі?Өз білгендерін ортаға айтады. «Ұстаз» деген сөзге қандай ұғымдарды кіргізуге болады?

ақылшың Ұстаз ұлағатты сырласың тәрбиеші

Page 64: Ән жоспар

жанашырың

Балалар өз ойларын айтады. Бүгін біздің үйренер әніміз ұстаз тақырыбында болмақ.

Саз тыңдау: Ж. Ғабдолдаев, Ғ. Рманов «Ұстаз».

Ән үйрету :«Мейірбан ұстаздар» Ж.Еңсепов. Қ.Жұмағалиев. Әннің текстісін жаздырту; Әннің мазмұны жөнінде әңгімелеу; Әнді тыңдату; Ән бойынша музыкалық талдау жүргізу. Қорытындылау : Дұрыс жауапты тап. Сұрақтар Жауаптар Халық дарындарының бүкілқазақстандық слеті қай жылы өткізілді?

1934 жылы немесе 1940жылы

Техникум жанынан құрылған алғашқы ансамбльдің құрамы нешеу?

11 немесе 17 адам

Алғашқы оркестрді ұйымдастырған кім?

Ахмет Жұбанов немесе Ш.Қажығалиев

Оркестр қай жылы құрылды?. 1934 жылы немесе 1935жылыОркестрдің алғашқы атауы? Құрманғазы атындағы Мемлекеттік

академиялық халық аспаптар оркестрі

Оркестрдің қазіргі атауы? Қазатком атындағы ұлттық оркестр.«Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» кітаптың авторы кім?

О.Қабиғожин немесе А.Жұбанов

«Мейірбан ұстаздар»қай екпінде орындалады?

Көңілді немесе жәй.

Үй тапсырмасы : «Мейірбан ұстаздар» Ж.Еңсепов. Қ.Жұмағалиев. - жаттау.Ұстаз жөнінде әндер, нақыл сөздер жинақтап, өлең-жырлар әкелу.

Бағалау

Page 65: Ән жоспар
Page 66: Ән жоспар

Күні : Пәні: Музыка 5 сыныпСабақтың тақырыбы : Ұстаз – үлгі-өнеге, ұлағатым. Халықаралық музыка күні.

Сабақтың мақсаты : Ән айту барысында балалардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту, ән және аспаптық музыка материалы арқылы қарапайым музыкалық сауаттылық жөнінде білім беру.Балаларды ұстаздарын құрметтеуге, үлгі тұта білуге үйрету,адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : әндер жинағы, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару, дауыс жаттығуын жасау.

ІІ. Жаңа сабақ. «Ұстазым»әні тыңдалады. Балалар, бұл әнде қандай мағына жатыр?(Балалар ойы айтылады)Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар-бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсызх өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық. Өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап көңілін де табады.«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.Ұстаз туралы кім қандай өлең-жырлар, нақыл сөздер біледі?Өз білгендерін ортаға айтады. «Ұстаз» деген сөзге қандай ұғымдарды кіргізуге болады? ақылшың Ұстаз ұлағатты сырласың тәрбиеші жанашырың

Page 67: Ән жоспар

Балалар өз ойларын айтады.Осы мерекемен қатар қазан айының бірі- Халықаралық музыка күні деп аталады.Музыка- сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Музыка адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сезімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге, жалпы өмірдің мән-мағынасын түсініп-білуге көмектеседі. Музыка- әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін, сезімге құрылған күрделі өнер.Ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық түрлерге бөлінеді.«Ырғақ пен әуенде әрқашан өмір шындығы болады. Онда адамдардың қайраты мен көркемдігі, ерлігі мен байсалдылығы және соларға тән барлық қайшылықтар, сонымен бірге адамдардың мінез-құлықтары да бейнеленеді»(Аристотель) Бүгін біздің үйренер әніміз ұстаз тақырыбында болмақ.Саз тыңдау: Ж.Еңсепов «Құтты болсын мереке».Ән үйрету :«Ұстазым» Ә.Еспаев. А. Шамкенов. Әннің текстісін жаздырту; Әннің мазмұны жөнінде әңгімелеу; Әнді тыңдату; Ән бойынша музыкалық талдау жүргізу. Қорытындылау : № 1сөзжұмбақ(33бет) және №1 тапсырма (37бет) орындалады.Үй тапсырмасы : Ә.Еспаев, А. Шамкенов «Ұстазым» - жаттау.Ұстаз жөнінде әндер, нақыл сөздер жинақтап, өлең-жырлар жаттау.Бағалау

Page 68: Ән жоспар

Күні :

Сабақтың тақырыбы : Ұстазым – ақылшым.

Сабақтың мақсаты : Ән айту барысында балалардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту, ән және аспаптық музыка материалы арқылы қарапайым музыкалық сауаттылық жөнінде білім беру.Балаларды ұстаздарын құрметтеуге, үлгі тұта білуге үйрету,адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : әндер жинағы, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару, дауыс жаттығуын жасау.

ІІ. Жаңа сабақ. «Ұстазым»әні тыңдалады. Балалар, бұл әнде қандай мағына жатыр?(Балалар ойы айтылады)Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар-бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсызх өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық. Өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап көңілін де табады.«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.Ұстаз туралы кім қандай өлең-жырлар, нақыл сөздер біледі?Өз білгендерін ортаға айтады. «Ұстаз» деген сөзге қандай ұғымдарды кіргізуге болады? ақылшың Ұстаз ұлағатты сырласың тәрбиеші жанашырың Балалар өз ойларын айтады.

Page 69: Ән жоспар

Ұстаз туралы көптеген әндер мен күйлер де баршылық.Бүгін біздің үйренер әніміз де ұстаз тақырыбында болмақ.

Ән үйрету :(2сағат) «Ұстазым» Ә.Еспаев. А. Шамкенов. Әннің текстісін жаздырту; Әннің мазмұны жөнінде әңгімелеу; Әнді тыңдату; Ән бойынша музыкалық талдау жүргізу. Қорытындылау : Бүгінгі сабақтан не түйдің? Өзіңнің қорытынды сөзің? Үй тапсырмасы : Ә.Еспаев. А. Шамкенов «Ұстазым» - жаттау.Ұстаз жөнінде әндер, нақыл сөздер жинақтап, өлең-жырлар жаттау. Ұстазым . Әнін жазған Ә.Еспаев. Өлеңін жазған А. Шамкенов

7. Тұлғаңды арманыма ұқсатқаным,Үлгіңді көңіліме қыстатқаным.

Есімде әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік Жадымда тұрар жаңғырып, Ұстазым менің, ұстазым

2. Зердемді сен ашпасаң не етер едім? Өмірден сыбағасыз өтер едім. Ғажайып дүниенің сырын жайып, Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы.

3.Өзіңнен өмірге азық ала бердім,Ұшырып мені алысқа қала бердің.Бойымда отың кетті ұшқын атқан,Келеді жана бергім, жана бергім!

Қайырмасы.

Page 70: Ән жоспар

Күні :

Сабақтың тақырыбы : Қазақтың халық музыкасы.

Сабақтың мақсаты : Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы екенін түсіндіру . Өз халқының музыкасын құрметтеуге, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымызды көкейге тоқып өсуге баулу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер,әндер жинағы, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару, дауыс жаттығуын жасау.

ІІ. Жаңа сабақ. Халық әні «Елім-айды» тыңдату арқылы қосымша сұрақтармен сабақтың тақырыбын ашу.

33.Ән қалай естіліп тұр?34.Әнде не туралы айтылады?35.Әнде тарихта болған оқиғаны баяндайды. Ән құлаққа зарлы болып естіледі.

Себебі мұнда елдің көз жасы, қайғы-шері, мұң-зары бар.Әнді кім шығарғаны белгісіз, авторы да белгісіз.Бұл ән бізге ауыздан-ауызға тарап жеткен.Яғни, мұндай әндерді халық әні дейміз. Жалпы өнер- халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әднт-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканыңалатын орны ерекше.Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы-ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-ақ тірліктің барлық тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Халықтың барлық тойлары мен ойын-сауықтары ән-күй аясында өтеді.Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт, ұлы ғұлама Әл-Фараби, бейбіт тыныш өмірді аңсап, желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізді. Одан бергі Құрманғазы,

Page 71: Ән жоспар

Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл,біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және т.б. дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет-тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.Сөйтіп, халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптаса жалғасып келеді.Бүгінде халық музыкасы өз жалғасын тауып келе жатыр деп ойлайсыңдар ма?Осы сұраққа жауап ретінде бүгін біз халық әні «Гүлдәуренді» үйренеміз.Ән үйрету : халық әні «Гүлдәурен»Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі.

Қорытындылау : Бүгінгі сабақтан не түйдің? Не үйрендің? Өзіңнің қорытынды сөзің?

Үй тапсырмасы : халық әні «Гүлдәурен» - жаттау.

Гүлдәурен Өзіңмен тұрмағанмен сын мен сымбат,Адамға қай жаста да өмір қымбат,Шарықтап шыққанменне шыңдарынаШапса егер шын жүйрікте шыдам бар ма, достар-ай, Қайырмасы: Ай, гүл-гүл дәурен,Бұлбұл дәурен, бал дәуренӨмір әлі сын ғой дәурен, сал дәурен.

Лауазым, барлығына өктем етпе қолыңнан, Келсе адамды өкпелетпе, достар-ай.Даналық айтайын деп ойламадым сендерсіз,Көріп тойым тойламадым, достар-ай

Қайырмасы.

Page 72: Ән жоспар

Күні : Пәні:Сыныбы: 5-сыныпСабақтың тақырыбы : Байжігіт (ХҮІ-ХҮІІ) Боғда(ХІХ ғасыр) Сабақтың мақсаты : - Тарихи әлеуметтік өмір мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян еткен Байжігіт пен Боғда туралы түсіндіру .- Балалардың музыкалық білімін дамыту.- Өз халқының музыкасын құрметтеуге баулу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.Н. Алғашбаев «Егеменді ел Қазақстан»-орындау. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мағынаны тану: Асанқайғы, Кетбұға суреттері көрсетіледі.І топ тапсырмасы: Асанқайғы жөнінде жазған рефераттар саны, жинаған мәліметтері.Асанқайғы кім? және оның қандай шығармалары бар?(3 минут)ІІ топ тпасырмасы: Кетбұға жөнінде жазған рефераттар саны, жинаған мәліметтері . Кетбұға және оның қандай шығармалары бар?(3 минут) Оқушылар бағаланады.ІІІ. Жаңа сабақ.Келесі тапсырма Байжігіт пен Боғда жөнінде І және ІІ топ өз топтарында оқып, түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.І топ тапсырмасы: Байжігіт және оның шығармалары.(7 минут)ІІ топ тпасырмасы: Боғда және оның шығармалары. .(7 минут)Әр топ өз тапсырмасын қорғайды (5минут)ВЕНН диаграммасы бойынша салыстыру.Ассосация құру:І топ - Боғда ІІ топ-Байжігіт Әр топ жауаптарына сай бағаланады. Ән үйрету : Н. Тілендиев «Өз елім» Композитор Н. Тілендиев жөнінде таныстырып кетемін. Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі.Балалардың патриоттық сезімдерін ояту.Қорытындылау : Бүгінгі сабақта қай композиторлармен таныс болдыңдар? Олардың шығармаларын музыканың қай жанрына жатқызамыз?Үй тапсырмасы:Байжігіт пен Боғда жөнінде реферат жазып, оны оқып келу

Page 73: Ән жоспар

Н. Тілендиев «Өз елім» -жаттау

Күні : Пәні:Сабақтың тақырыбы : Музыка- халықтың рухани қазынасы. Асан қайғы (ХҮІ-ХҮІІ ғ.) Кетбұға (ХІІ-ХІІІ ғ.)Сабақтың мақсаты : Музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы екенін түсіндіру . Өз халқының музыкасын құрметтеуге баулу.Сабақтың түрі : Аралас Сабақтың әдісі : түсіндірмелі, топтық.Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер, оқулық, музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы :І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару, дауыс жаттығуын жасау. ІІ. Жаңа сабақ. Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асы ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері,қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына – ұшы-қиыры жоқ аса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Жер бетінде қандай да бір музыкасыз ғұмыр кешу мүмкін емес. Олай болса, балалар, музыка- біздің өмірлік жан серігіміз.Музыканы опералардан, концерт залдарынан тыңдаймыз, түрлі сахналардан, шерулерден естиміз.Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Әр халықтың музыкасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшелік жеке адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірдегі тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, түсінік-түйсігі мен ойлау, сезіну қасиеттері сияқты дара сипаттарға байланысты. Сондықтан халық музыкасының ерекшеліктерін ескермей, ұлттық сипатын танып-білмей, оларды бір өлшеммен бағалауға болмайды. Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында.Музыка өнердің басқа түрлеріне қарағанда тым ерекше. Оның бейнелеу құралдары мен образдары әдебиет, сурет, театр, кино өнерлеріндегідей көзге көрнекі, ұғымға деректі емес. Эмоциялық әсер ету арқылы музыка адамның көңіл-күйі мен сезіміне бағытталады. Егер адамның жан дүниесіндегі құбылыстардың бәрін сөзбен айтып жеткізе алсақ, онда музыканың қажеті де болмас еді.Сонымен, музыканың айтар ойына, мазмұн-мағынасына терең мән бере, ықылас-ынтамен зейін қоя, үлкен талғаммен тыңдай білуге дағдылану керек.І топ тапсырмасы: Асанқайғы жөнінде оқып, өз тобында түсіндірме жүргізу (7минут)ІІ топ тпасырмасы: Кетбұға жөнінде оқып, өз тобында түсіндірме жүргізу.(7минут)Әр топ өз тапсырмасын қорғайды (5минут)

Page 74: Ән жоспар

Оқушылар бағаланады. Ән үйрету : Н. Алғашбаев «Егеменді ел Қазақстан»Жергілікті композитор Н. Алғашбаев жөнінде таныстырып кетемін. Ән бойынша музыкалық талдау жүргізіледі.Қорытындылау : Бүгінгі сабақта қай композиторлармен таныс болдыңдар? Олардың шығармаларын музыканың қай жанрына жатқызамыз? Үй тапсырмасы: Асанқайғы, Кетбұға жөнінде реферат жазып келу . Н.Алғашбаев «Егеменді ел Қазақстан»-жаттау Күні: Пәні : Музыка Сабақтың тақырыбы : Сыбызғы аспабына арналған күйлер Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Сыбызғы аспабының пайда болуы, құрылысы, дыбыс бояуы жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Көру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды әсемдікті сезінуге,өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Дәстүрлі

Типі: Аралас

Әдісі: Түсіндірмелі - суретті

Сабақтың көрнекілігі : Сыбызғы аспабының, Б. Сарыбаевтың суреті

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1) Жетіген аспабы2) Шаңқобыз аспабы3) Аспаптардың ойнау тәсілі

ІІІ. Жаңа сабақ.Сыбызғы аспабының пайда болуы жөнінде түсіндіру. Сыбызғы аспабының пайда болуы жөніндегі аңызда былай делінген: «Баяғы өткен заманда бір жылқышы жігіт табын жылқыны үлкен көлге әкеліп бағып жүреді. Бір күні көл жақтан естілген әсем дауысты құлағы шалады. Ол көлге жақындаған сайын жаңағы дауыс құлақтан кіріп, бойды алып, айқын естіледі. Көл жиегіне жеткенде жылқышы жігіт дауыстың самал желмен сәл шайқалып тұрған қамыс үні екенін аңғарады. Жылқышы жігіт қамысты кесіп алып, одан дыбыс шығарудың амалын ойлайды. Ол іші қуыс қамысты үрлеп көріп, кенет үн шығарғанын өзі де сезбей қалады. Өзі ойлап тапқан осы үнге елтіп жігіт те алабұртып қуанады. Айнала кең дала, барша әлем қамыстан сызылта шыққан тәтті күйге қосылып, әндетіп тұрғандай әсерленіп, рақат сезімге бөленеді».Сыбызғы туралы қысқа қайырым үйрену (сөзі Ұ. Әбдіғапбарованікі). Орындау барысында сөздеріне және әніне көңіл бөлу. Қайырымды сызылта мәнерлеп орындауға тырысу керек.

Page 75: Ән жоспар

Сыбызғы – үрмелі аспаптардың бірі. Оның бірнеше түрі бар: қурай, ағаш, жез. Бармақпен басатын бірнеше тесігі болады (үш, төрт, бес). Оның құрылысы шанақ, өзек, ойықтан тұрады. Шанақ өзектің ішіне бағытталған ауа тербеліп жаңғырып, дыбыс шығару қызметін атқарады. Өзек – дыбыс толқынын шашыратпай, шанақ бойымен сыртқа өткізуші. Ойық дыбыс толқынын бұзып, нақты үн шығару қызметін атқарады. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады. Сыбызғы аспабында көп күйлер шығарған қазақтың халық күйшісі Сарымалаймен танысу. Сарымалай Орал өңіріндегі талдықұдық деген жерде туған. Азан шақырып қойған аты – Садық. Кедейліктің қамытынан құтла алмай, байларға малай болып жалданады. Сол кезден бастап төңірегіндегілер Садықты «Сарымалай» деп атап кеткен. Сыбызғышылықты ата – бабасынан мұра қылған Сарымалай есейе келе Сабыр деген сыбызғышыны ұстаз еткен. Сарымалай күйлері негізінен өзі өскен ортаның сан алуан көріністеріне арналады. Сарымалай күйлерінде табиғат, қоршаған орта еш уақытта жалаң алынбайды. Ұдайы адам мен табиғаттың, адам мен жан – жануарлар дүниесінің, адам мен қоғамның біте қайнасқан тұтастығын әйгілеп отырады. Сарымалай күйлері: «Ақсақ құлан», «Бұлбұл», «Қара жорға», «Нар идірген». «Нар идірген» күйі тыңдалады. «Ауыл маңында асқан екі күйші келе жатып, ботасынан айырылған түйенің боздаған дауысын естиді. Түйенің иесі түйені иітіп берген күйшіге қызын бермекші болады. Шал күйші отыра қалып, домбырасымен күй шертеді. Күйдің сарыны түйенің емшегін иіте бастайды. Бұны көрген қыз түйенің емшегін қысып ұстап, сүтін шығармай отырады. Жігіт күй шерткенде сүт аға бастайды. Қыздың әкесі өзінің берген сөзін жерге тастамай, қызын жігітке қосқан екен». Осы екі аңызға құрылған күй бізге дейін домбыра және сыбызғы аспабының орындауында жеткен. Біз осы сабақта күйді сыбызғының орындауында тыңдатамыз.

Ән үйрету: «Сыбызғы» қысқа қайырым орындау. Ә. Еспаев «Ақ тайлық»

Қорытындылау:

1) Сыбызғы қандай аспапқа жатады?2) Көлемі қандай?3) Оны жинақтаған кім?

Үй тапсырмасы:

Сыбызғы аспабының суретін салу. «Ақ тайлақ» - жаттау.

Бағалау.

Page 76: Ән жоспар

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Наурыз келді, алақай!

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Балаларға Шығыс халықтарының ұлы мейрамы – Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Ойын айтып жеткізе білуді, ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды салт – дәстүрге, әдет – ғұрыптарды танып – білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі

Әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Қосымша сұрақтармен жаңа сабақты ашу. 1) Наурыз – қай айға жатады?2) Көктем айын сипаттап беріңдер?3) Бұл айда қандай мерекелер болады?

Наурыз мерекесі туралы ой қозғау.

«Наурыз тілегі» тыңдау.

Ән үйрету: С. Мұратов «Наурыз тойы» Қорытынды:

1) Наурыз қандай мереке?2) Оны халық қалай тойлайды?3) Қандай ән үйрендік?

Үй тапсырмасы:

8. Әнді жаттау9. Наурызға бата беруді жаттау.

Page 77: Ән жоспар

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Нәзік сазды әуендер

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Қыз балаға арналған ұлттық киімдермен таныстыру.

Дамытушылық: Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлетінін түсіндіру барысында балаларды сұлулықты сезінуге, еңбекке баулу.

Тәрбиелік: Ән айтуда оның сөздерін анық айтуды, ырғақты сезініп оған би қимылдарын қосып, ырғақтық қабілетін дамыту. Сабақтың түрі : Іскерлік – музыкалық сабақ

Әдісі: Түсіндірмелі – суреттемелік, би қимылын жасау.

Сабақтың көрнекілігі : «Қазақ ұлттық өнері» кітап, баян, оқулық

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ.Қазақ халқы қыз тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген. Қыз бала сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі. Сонымен қатар оны жас кезінен бастап, оны еңбекке баулып, әжелері, анасы, жеңгелері өмірден алған ақылдарын үйретіп отырған. Әсіресе қыз киіміне көп көңіл бөледі.

1) Қазақтың ұлттық киімдері – суреттерін көрсетіп таныстыру. 2) Әшекей бұйымдары – таныстыру.

Музыка тыңдату. – Халық әні «Қамажай»

1) Тынысты дұрыс алуға, сөздерін анық айтуға көңіл бөлу.2) Оқушылармен қосылып әуенін қол соғу арқылы үйрету. 3) Әнге би қимылдарын қосу.

Үй тапсырмасы:

«Қамажай» (1 шумақ)

Page 78: Ән жоспар

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Арқаның асқақ әншілері

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Халық арасына танымал әнші – композиторлардың бірі – Біржан сал Қожағұлұлының шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Қазақтың сал – серілері секілді турашыл, өнерлі болуға, сұлулыққа құмарлықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Ән айту және саз тыңдау дағдыларын дамыту. Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: Түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі : Біржан салдың суреті, баян аспабы.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Халық әні «Қамажай»

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Арқаның (Көкшетау) асқақ әншілерінің бірі – Біржан сал Қожағұлұлы. Біржан сал әншілігімен қатар композитор, ақын, саятшы. Осындай дарынды өнер иелерін халық «сал», «сері» деп атаған. Бұл атақты халық тектен – тек бере бермеген. (Сал, сері ұғымын кеңірек таныстыру)

2) Оқулықта берілген суретке қарап отырып, балалар сал – серінің киімдеріне назар аударып, олардың әсем және әдемі талғаммен киінетініне көздерін жеткізу.

3) Сал – серілердің өздеріне сай атақты жүйрік аты не жорға аты болады. Әңгіме барысында аттың ер – тұрмандарына, әбзелдеріне, оның бұйымдарына оқушының назарын аудару.

4) Сондай – ақ, аңға шыққанда қолдарына қыран құс қондырып, құмай тазы жүгірткен. Біржан ал «Көкшетау» - таңдату. (үзінді)Ән туралы әңгіме жүргізу.

Ән үйрету. Ө. Байділдаев «Құлыншақ» (1 шумақ)

Қорытынды : Ассоциация

Page 79: Ән жоспар

Атбегі Ақын Сері Ақын

Композитор Саятшы Әнші

Бағалау.

Үй тапсырмасы:

«Құлыншақ» жаттау.

Ақан сері

Page 80: Ән жоспар

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Тәттімбет Қазанғапұлы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Күйші – композитор Т. Қазанғапұлының өмірі мен күйлерін таныстыру.

Дамытушылық: Қазақ халқының ой – арманының музыкада бейнеленуі мен оның өмірмен байланыстылығын түсіндіру.

Тәрбиелік: Балалардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту. Сабақтың түрі : Аралас

Әдісі: Түсіндірмелі .

Сабақтың көрнекілігі : Тәттімбеттің суреті, баян

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Құлыншақ» орындау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тәттімбет Қазанғапұлы Қарқаралы өңірінің Қызылжар қыстауында дүниеге келген. Әкесінің үйінде ән мен күй үзілмейтін еді. Баласының бетінен қақпай, той – думаннан қалмай, қалаған ауылына барып тұруына ерік берген. Осылай Тәттімбеттің өнері ұштала бастайды. Әр алуан өнер сайыстарына қатысып, үнемі озып жүреді. Көптеген күйлері бар.

1) «Сылқылдақ» - тыңдату.Көз алдымызға нені елестетуге болады?36. Қыздың нәзік күлкісі, сылқым жүрісі, кербез қимылы байқалады. 2) Құрманғазы «Балбырауын» - тыңдату. Мұнда үлкен қуанышты, тойды немесе аттың шабысын елестетуге болады.

«Сылқылдақ» - шертпе күй. (түсіндіріледі)«Балбырауын» - төкпе күй (түсіндіріледі).

Ән үйрету. А. Меңжанова «Болайықшы осындай»Қорытынды:

Үй тапсырмасы: Әнді жаттау

Page 81: Ән жоспар

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Қобыз үнін тербеткен Ықылас

Сабақтың мақсаты :

Қазақ елінде есімі әйгілі, атақты күйші Ықылас Дүкенұлымен таныстыру. Балалардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі : Аралас

Әдісі: Түсіндірмелі, саз тыңдау, ән үйрету

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық, Ықыластың суреті.

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1) Қорқыт кім?2) «Әуіппай» күйінің мазмұны3) Қобыз аспабы 4) «Қобыз» - қысқа қайырым орындау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ықылас Дүкенұлының туып өскен жері – жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы. Оның ата – бабалары шетінен қобызшы болған адамдар. Мың жылдан соң, Қорқыттан кейін қасиетті қара қобызға тіл бітірген Ықылас еді. Ықылас дарынының тегеуріні бақсы қолындағы тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, адамның жоғын жоқтатып, адамның мұнына ортақтастырғаны үшін тәнті боламыз. Ықыластың көптеген күйлері халыққа танымал. Соның ішінде «Жез киік» күйінің орны бөлек. Қобыз аспабының орындауында Ықыластың «Жез киік» күйін тыңдай отырып, оқушылар далада еркін жүрген киікті көз алдына елестетеді. Қорқыттың «Әуіппай» күйімен салыстырады. Екі күйдің темпін (жылдамдығын) ажырату. (жай, тез). Өткен сабақтарды қайталап отырып, жаңа ән үйретіледі. К. Қуатбаевтың «Есеп сабағы» әні үйретіледі. Әннің жеңіл, тез орындалу керектігіне қарамастан, ол жай екпінде үйретіледі.

Сергіту сәті: 5 -3 = 4 – 2 =

Үй тапсырмасы:

Әнді жаттау. Киіктің суретін салу.

Page 82: Ән жоспар

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Ән мен күйді не жақындатады?

Сабақтың мақсаты :

Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу. Әнші, бишілерді таныту.

Сабақтың түрі : Аралас

Әдісі: Түсіндірмелі, саз тыңдау, ән үйрету

Сабақтың көрнекілігі : К. Байсейітова, Ш. Жиенқұлова, Л. Хамидидің суреті.

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.1) Ән үйрету: К. Қуатбаев «Ән сабағы»2) Әннің мазмұнына тоқталып, мына сөздерге көңіл қояды:

«Шарипа Шара болып, би билесе,Күлипа Күләш болып, ән салады». Шара Жиенқұлова - қазақ қыздарының ішінен шыққан тұңғыш шебер биші. Күләш Байсейітова – «қазақтың бұлбұлы» атанған күміс көмей әнші. Әнді үйрету кезінде шумақтың соңғы сөзінде «ән салады» екі он алтылық ноталарының бір буынға келуіне байланысты, оның ырғағын қол шапалақтап көрсеткен дұрыс болады. Бибігүл Төлегенованың орындауында Л. Хамидидің «Бұлбұл» әні тыңдалады. Балалар әннің орындалу ерекшелігі мен әншінің дауысына көңіл бөледі (жоғарғы әйел дауысы). Копозитор Л. Хамиди мен орындаушы Б. Төлегеновамен танысады. Л. Хамиди – Қазақстан Республикасының композиторы, балаларға арналған көптеген әндердің авторы. Соның ішінде»Салем, саған мектебім» әнін оқушылар үйренген. Б. Төлегенова – Қазақстан Республикасының халық әртісі, опера театрында және консерваторияда қымет істеп, көптеген шәкірттер дайындаған. Опера спектакльдерімен бірге ол түрлі концерттерде халық әндерін әсем шырқайды. Халық құрметіне бөленген сүйікті әнші. Ерлер дауысының жоғары, төмен болып бөлінуі жөнінде айтып өту (бас, баритон, тенор) . Біржан сал, Ақан серінің әндерін жоғары ерлер даусы орындайтынын айтып өту. Сонымен бірге оқушыларға регистр (жоғары, орташа, төмен), тембр (дыбыс бояуы) туралы түсінік беріледі. Бұлбұл үнінің домбыра аспабымен қалай берілетінін Динаның «Бұлбұл» күйін тыңдату арқылы білуге болады. Динаны Құрманғазының шәкірті ретінде таныстырамыз. Күйдің орындалу ерекшелігі мен күйдің төкпе түріне жататындығын көрсетіп өту. Дина Нұрпейіскеліні Батыс қазақстан облысында Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасынан бастап көптеген атақты күйшілердің күйлерін тартқан. Оны домбырашы қыз деп атаған. Әйгілі Құрманғазы Динаны арнайы іздеп келіп, батасын берген. Дина қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. сол Дина 90 жасында Құрманғазының күйлерін шабыттана тартып, дүйім жұртты таңқалдырған.

Page 83: Ән жоспар

75 жасында Дина Алматыға тұңғыш рет келіп, халық өнерпаздарының Бүкілқазақстандық байқауында бірінші орынға ие болды. 83 жасында Орта Азия республикаларының өнерпаздары қатысқан жарыста да жеңімпаз атанады. «Дина – қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын».Балалар К. Қуатбаевтың «Ән сабағы» әнін қайталап орындайды. Ән өте сазды, мәнерлі орындалады. Күйлердің (Құрманғазы. «Балбырауын»; Дина. «Бұлбұл», Тәттімбет «Сылқылдақ») орындалу ерекшеліктеріне тоқталып, олардың төкпе күйге немесе шертпе күйге жататындығын, сол сияқты балалар өздері танысқан басқа күйлермен салыстырады.

Ән тыңдату: Л. Хамиди «Бұлбұл»

К. Қуатбаев «Ән сабағы» - орындау.

Үй тапсырмасы:

Әнді жаттау.

Page 84: Ән жоспар

Күні : Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ.Сабақтың мақсаты : І тоқсанда өтілген тақырыптарға шолу жасап, білімді бекіту.Үйренген әндерді қайталап орындау барысында баланың есте сақтауы мен орындаушылық қабілетін арттыру. Сабақтың түрі : cайыс сабақ, ойын, концерт .

Әдісі: Сұрақ – жауап, «Әуенді тап» және «Жалғастыр» ойыны, «Кім тапқыр»

Сабақтың көрнекілігі : музыкалық аспаптарСабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Негізгі бөлім. 1) «Кім тапқыр?» ойыны. Мұнда әр түрлі композиторлардың суретін көрсету

арқылы оның кім екенін тауып айтып беруі тиіс. 2) «Әуенді тап» ойыны. Мұнда кез – келген әуен орындалады. (алғ.тактілері). сол

әуенді табуы тиіс. (үзінді орындалуы керек).3) «Жалғастыр» ойыны. Мұнда әннің бастапқы әуені айтылады, оқушы

жалғастыруы керек. 4) Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ – жауап жүргізіледі. Сұрақтар. І топ (5-сынып) 1.Ән айтар алдында әнші ең бірінші не істеу керек?2.Тынысты қай уақытқа дейін сақтау керек?3. Халық әні дегеніміз не?4. Халық әні мен композитор әнінің айырмашылығы неде?5. Халық композиторы мен кәсіби композиторларының айырмашылығы неде?Оларға кімдер жатады?ІІ топ (6-сынып)1. Хор дегеніміз не?2. Хордың қандай түрлері бар?3. Хордың қандай дауыстары бар?4. Дауыстың таза, әрі жақсы шығуы үшін әнші қандай ережелерді білу керек?5. Пауза дегеніміз не?

Әндер орындау: 5- сынып оқушыларының орындауындағы әндер - халық әні «Үкілі қыз», «Ой көк», Жаяу Мұса «Ақ сиса», Абай «Желсіз түнде жарық ай».6 - сынып оқушыларының орындауындағы хорлар – Ө. Байділдаевтің әні «Шалғындағы бақбақ», И. Нүсіпбаевтің әні «Туған жер»

Page 85: Ән жоспар

Қорытынды: Жеңімпаз топтарды анықтап, марапаттау.

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Қайталау

Сабақтың мақсаты : ІІІ тоқсанда өтілген тақырыптарға шолу жасап, білімді бекіту.Үйренген әндерді қайталап орындау барысында баланың есте сақтауы мен орындаушылық қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі : қайталау сабақ, ойын түрі

Әдісі: Сұрақ – жауап, «Әуенді тап» және «Жалғастыр» ойыны, «Кім тапқыр»

Сабақтың көрнекілігі : оқулық, баян аспабы.

Сабақтың барысы :

І. ҰйымдастыруБалалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Негізгі бөлім. 5) «Кім тапқыр?» ойыны. Мұнда әр түрлі композиторлардың суретін көрсету арқылы оның

кім екенін тауып айтып беруі тиіс. 6) «Әуенді тап» ойыны. Мұнда кез – келген әуен орындалады. (алғ.тактілері). сол әуенді

табуы тиіс. (үзінді орындалуы керек).7) «Жалғастыр» ойыны. Мұнда әннің бастапқы әуені айтылады, оқушы жалғастыруы керек. 8) Аспаптар туралы сұрақ – жауап жүргізіледі. «Жұмбақтар» жасырылады.

Қорытынды: ІІІ тоқсанда не ұқтың, нені білдің? Деген сұрақтар қойып балалардың ойын білу.

К. Қуатбаев «Ән сабағы» - орындау.

Үй тапсырмасы:

Ұлттық аспапты жинақтау.

Page 86: Ән жоспар

Күні:Пәні: музыкаСыныбы: 1-сынып

Табиғат туралы әндер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: таныс шығармаларды кіріспесінен,үзіндісінен тануға,ән мазмұнына сәйкес биде,ойында өзіндік қимылдарын ойлап табуға талпындыру;2.Тәрбиелілік: табиғатты тамашалай білуге,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі:аралас саяхат сабақСабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі: оқулық, табиғатқа арналған сурет, музыкалық аспап.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Жайлау суреті көрсетіледі.

- Суретте не бейнеленген?Дала,жайлау.

- Балалар, мына суретке назар аударыңдар.- Қазір табиғатқа байланысты ән тыңдаймыз.Көз алдарыңа не елестейді?Оқушылар әнді тыңдағанда,жазған сөз тіркестеріне байланысты суреттерді орналастырады.Мысалы:ақ боз үй.шай ішіп отырған атам,әжем.Қыдырып келген балалар,төрт-түлік мал. Балалар тақтаға шығып, табиғатқа,жайлауға байланысты суреттерді орналастырады.-Міне,бүгін біз табиғаты керемет,ауасы таза,суы мөлдір,әсем гүлдері бар жайлауға келдік.Тыңдалған музыка К. Қуатбаевтың «Сурет сабағы»

деп аталатын әніЕнді жергілікті сазгер Н.Алғашбаевтың «Аралым»әнін тыңдайық.Екі әнді салыстырады.Қай ән көңілді,мұңды екенін ажыратады.

Оқушыларға жайлау,табиғат жайлы суреттер көрсетіледі.-Біз бүгінгі сабақта саяхатқа шығып, табиғатты тамашаладық.-Енді сол табиғатты әнге қосып, өзіміз де жырлайық.

Дауыс жаттығуын жасау.Үйретілетін ән. К.Қуатбаев «Сурет сабағы»

Сергіту сәті: «Әнші бала»(ән- ойын).(Дауыс тембірін айыра білуге көмектеседі).Оқушылар 2 топқа бөлініп,орындарында отырады.

Page 87: Ән жоспар

Содан кейін бір жағындағы топтан бір баланы теріс қаратып қояды да,2-ші жақтағы топтан 1 бала ән салады. Ән айтылып біткен соң теріс қарап тұрған баланы топқа қаратады да,жаңағы ән салған баланың кім екенін дәл тапса, ән салған бала қарсы топқа барып қосылады,Ойын бір топ жеңіп шыққанға дейін жалғаса береді

Сабақты графикалық диктант арқылы бекітіп, қортындылау.

Дұрыс жауап « ^ » Дұрыс емес «- » Алатау.«Менің Отаным» табиғат жайлы ән -« Сурет сабағы» табиғат жайлы күй ^Әнді жазатын адамды күйші дейміз- «Бала уату» тұрмыс-салт әні.^ - Сонымен, бүгін біз өзімізді қоршаған табиғат туралы әндер тыңдап, оны орындадық.Саяхатқа шығып, табиғат сұлулығын тамашаладық.

Табиғатты қорғай білейік!

Бағалау.Үйге тапсырма: «Сурет сабағы» әнін жаттау.

Page 88: Ән жоспар

Табиғатқа арналған әндер

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: таныс шығармаларды кіріспесінен,үзіндісінен тануға,ән мазмұнына сәйкес биде,ойында өзіндік қимылдарын ойлап табуға талпындыру;2.Тәрбиелілік: табиғатты тамашалай білуге,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі:аралас саяхат сабақСабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі:кодоскоп,слайдтар,баян.Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі;2.Жаңа сабақ(табиғатқа саяхат);3.Сергіту сәті;4.Дауыс жаттығуы;5.Ән үйрету;6.Сабақты қорытындылау;7.Үйге тапсырма.

- Тақтаға жайлау суреті ілінеді.- Суретте не бейнеленген?

Дала,жайлау.

Page 89: Ән жоспар

- Балалар, мына суретке назар аударыңдар.- Қазір табиғатқа байланысты күй тыңдаймыз.Көз алдарына не елестейді?Оқушылар күй әуенін тыңдағанда,жазған сөз тіркестеріне байланысты суреттерді орналастырады.Мысалы:ақ боз үй.шай ішіп отырған атам,әжем.Қыдырып келген балалар,төрт-түлік мал. Балалар тақтаға шығып, табиғатқа,жайлауға байланысты суреттерді орналастырады.-Міне,бүгін біз табиғаты керемет,ауасы таза,суы мөлдір,әсем гүлдері бар жайлауға келдік.Тыңдалған музыка К. Қуатбаевтың «Сурет сабағы»

деп аталатын әніЕнді жергілікті сазгер Н.Алғашдаевтың «Аралым»әнін тыңдайық.Екі әнді салыстырады.Қай ән көңілді,мұңды екенін ажыратады.

Оқушыларға жайлау,табиғат жайлы слайдтан суреттер көрсетіледі.Осы жайлауға қыдырып келген балалар ата-әжелеріне көмектесіп болған соң,түрлі ойындар ойнайды, сурет салады. Табиғатта балалар түрлі ойындар ойнайды «Әнші бала»(ән- ойын).(Дауыс тембірін айыра білуге көмектеседі).Оқушылар 2 топқа бөлініп,орындарында отырады. Содан кейін бір жағындағы топтан бір баланы теріс қаратып қояды да,2-ші жақтағы топтан 1 бала ән салады. Ән айтылып біткен соң теріс қарап тұрған баланы топқа қаратады да,жаңағы ән салған баланың кім екенін дәл тапса, ән салған бала қарсы топқа барып қосылады,Ойын бір топ жеңіп шыққанға дейін жалғаса береді:-Біз бүгінгі сабақта саяхатқа шығып, табиғатты тамашаладық.-Енді сол табиғатты әнге қосып, өзіміз де жырлайық.

Дауыс жаттығуын жасау.Үйретілетін ән. «Алатау» қаз халық әні

Сабақты графикалық диктант арқылы бекітіп, қортындылау.

Дұрыс жауап « ^ » Дұрыс емес «- » Алатау.«Менің Отаным» табиғат жайлы ән -«Саржайлау» табиғат жайлы күй ^Әнді жазатын адамды күйші дейміз- Аспапта орындалатын музыка күй деп аталады.^

- Сонымен, бүгін біз өзімізді қоршаған табиғат туралы әндер тыңдап, оны орындадық.Саяхатқа шығып, табиғат сұлулығын тамашаладық.

Табиғатты қорғай білейік!Бағалау.Үйге тапсырма: «Алатау» әнін жаттау

Page 90: Ән жоспар

Қорқыт – күй атасы.Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Халқымыздың қадір тұтып, атын аңызға айналдырған Қорқыт бабамыздың өмірі мен тарихи, әдеби музыкалық мұраларын оқушылардың өзіндік ізденістері арқылы меңгерту.Дамытушылығы: Олардың сөйлеу мәдениеті мен музыкаға деген қызығушылықтарын арттырып,ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелілігі:Қорқыт атаның өсиет,нақыл сөздері,қобызда ойнайтын күйлері арқылы рухани адамгершілікке,эстетикалық талғамға тәрбиелеу.Әдісі; Түсіндіру.сұрақ-жауап, баяндау,бағалау,күй және ән тыңдатып,айтқызу.Пәнаралық байланыс;ана тілі,сурет. Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа,Қорқыттың суреті,музыкалық аспаптар. Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.Балалар сыныпқа Қорқыттың «Әуіппай»күйімен кіреді.11.Жаңа сабақ Қорқыт ата

-Балалар,біз сыныпқа күй арқылы кірген болатынбыз. Күй қай аспапта орындалды? Әрине.қобызда орындалды.Менің бұл күйді қойған себебім, ол бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен тығыз байланысты. Ендеше, сол қобыз аспабын ойлап табушы және оны алғаш жасап шығарған Қорқыт ата туралы баяндаймыз.

Қорқыт атаның туған жері- Қараспан таулары. Ол дүниеге келер алдында анасы Қорқытты құрсағында үш жыл, тоғыз күн көтеріп жүріпті. Қорқыт туатын күні аспанды бұлт басып, күн күркіреп, найзағай жарқылдап, қара бұлт басып,күн

Page 91: Ән жоспар

күркіреп, найзағай жарқылдап, қара дауыл соғып, төңірек астаң-кестең, алай-дүлей болады. Бір сұмдықтың жақындағанын сезген ел-жұртты қатты қорқыныш билейді.Қорқыт туа салысымен соққан жел саябырлап, бұлт тарқап, дүние нұр шуаққа малынады. Жиналған жұрт: «Бұл бала бізді қорқытып туылғаны үшін аты Қорқыт болсын!»-деп ұйғарып, молда азан шақырып, жаңа туған нәрестенің құлағына:

«сенің атың – Қорқыт»,-деп үш рет айқайлайды.Қорқыттың дүниеге келуі қандай өзгеше болса да, оның бүкіл өмірі де сондай ерекше болған еді.Бірде Қорқыттың жасы 20-ға толған кезде оған түсінде бір ақ сақалды қария аян береді.Қария: «Әй, Қорқыт, мына жалған дүниеде саған 40 жыл ғана ғұмыр берілген. Одан артық өмір сүрмейсің»-дейді.Қорқыт әбден мазасызданып, қатыгез жазмыштан қалай құтылмақтың жолын ойлайды.Өзінің Желмаясына мініп алып,ажалдан қашып жүреді.Бірақ қайда барса да жер қазып жатқан қабіршілерден «Қорқыттың көрін қазып жатырмыз»,-деген жауап алады. «Қайда барсаң, Қорқыттың көрі»,-деген көне мәтел содан қалған екен.Тағы бір күні түсінде ақ сақалды әулие қария келіп аян береді. «Әй,Қорқыт тұр орныңнан!Менің айтқанымдай қобыз аспабын жаса, осы қобыз сенің сапар шексең,жолыңа жарық түсіріп,сәуле шашады,пәле-жаладан сақтайтын,желеп-жебеушісерігің болады».Қорқыт қарағайдан қобыз жасап,өмірінің соңына дейін күй толғап өтеді.Абыз ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздеп,мәңгілік өлмейтін өмір оның өнерінде екенін түсінеді.Ол қобызын тоқтаусыз тартып, өзі өлгенімен артына көптеген күйлер меннақыл сөздерін қалдырды.Қорқыт ажалдан қашып жүріп, Сырдарияның бойында қобызын күні-түні тастамай күй тартатын,себебі қобыздың үні ғана оны ажалдан қорғайтын.Күйден үріккен ажал Қорқытқа жолай алмай қалады.Сиқырлы қобыздың сырлы үнімен қайғыны алыстатып,жүз жылға жуық өмір сүреді.Қорқыт қолына қобызын ұстап:Өмірімнің соңында мен өлмейтін ғұмырды таптым.Ол, міне қобыз.Менің атымды мәңгілік сақтап қалатын-қобыз.Халқым бар да қобызыма, қобызым бар да халқыма ажал жоқ.Өлмейтін сөзді де қобыз айтады, өшпейтін күйді де қобыз тартады.Өлмейтін мәңгілік ғұмырды қобыздың сарынан таптым.Оның «Қорқыт», «Аққу», «Әуіппай», «Бәшпай», «Желмая»,«Елім-ай» .б.күйлері сақталған.Бірде Қорқыт қасиетті кілемін төсеп,су бетінде отырғанда,Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді.Өзі арып-ашып,емшегінен сүт шықпай, аш бала жылай береді.Ол дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын «Әуіппай, әуіппай»деп жұбатып тұрады.Сонда қолынан келер қауқары,жәрдем берер халі жоқ күйші: «Айналайын, балам-ай, Жас балаға алаңдай, Аш болсаң да ойыңда Аман сақтау балаңды-ау»,-деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй тілімен сөйлеткен екен.Күй тыңдау: «Әуіппай»

Page 92: Ән жоспар

Күйдегі «әуіппай»деген жерін,жылап тұрған ана мен сәбидің суреттеуін ажыратып.бейнелерін көз алдарына елестетеді.Ән үйрету: К.Дүйсекеевтің әні«Ана»Ана бейнесін, оның кіші пейілділігін, нәзіктігін, қамқоршы анамыз туралы әңгімелейміз.

Білімін тиянақтау:Ассоциация

Композитор Жырау

Бақсы Қобызшы

Күйші Көріпкел

Қорытынды.Бағалау.Үйге тапсырма:К.Дүйсекеевтің«Ана»әнін жаттау

Қорқыт

Page 93: Ән жоспар

Сабақтың тақырыбы: СанамақМақсаты

- Ән үйрету барысында сандарды және соған сәйкес жануарлар Мен тұрмыстағы заттарды танып-білуге үйркту;

- Салт-дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу;- Әуенді ести білу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:араласӘдісі:суреттеу,сұрақ-жауап.Көрнекілігі:суреттер, оқулық, музыкалық аспаптар. Барысы1.Ұйымдастыру сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.11.Жаңа сабақ: кезеңі:-Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде тілі тез шығуы үшін«Тілашар» тойы ырымын жасайды.Мал сойылып, ауылдан шешен ақсақлдар,қартялар арнайы шақырылады.Олар:«Тілің тез шықсын» деп сәбиге қойдың тілін жегізеді,тілін қойдың ішегімен байлап тұрықалдап,«Сөйлейсің бе?»деп 3 рет сұрақ беріп,анасы мен баласынан 3 рет«сөйлеймін»деген уәде алады.Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет! »,«Жиреншедей шешен бол!» т.б. ақ баталарын береді.Қоршаған дүниені таныстыру мақсатымен баласын далаға алып шыққын әке айналадағы заттардың шығаратын дыбыс-әуендері арқылы сәбидің тілін сындырады.Мысалы,бұзауды көрсетіп «Бө-бө»,күшікті көрсетіп«Ап-ап»,мысықты көрсетіп «мияу-мияу»дейді.Күн өткен сайын үйретілетін сөздер мен берілетін ұғым-түсініктер бірте-бірте күрделене түседі:«сиыр мөңірейді», «қой маңырайды»т.б.Оқулықпен жұмыс:халық әні«Жұмбақ саусақ»үйретіледі.Әнді үйретпес бұрын Әнші атаның дорбасынан 1-10 сандарының қиындыларын, жануарлардың түрлі-түсті суреттерін(бұзау,ешкі, қозы т.б.),тұрмыстағы заттарды(үстел,қасық, ожау т.б) карточка түрінде дайындап көрсетіледі.С.Мұхамеджановтың «Он саусақ» әні үйретіледі.Әндерді салыстыру барысында «композитор әні»,«халық әні»жөнінде түсінік беру.

Page 94: Ән жоспар

Композитор- әнді шығарушы адам, оның аты белгілі және ол әнді нотаға түсіріп жазады.Халық әні- ауызба-ауыз жатталып,таралады. Қорытынды: үй жануарлары, тұрмыс заттары, сандар туралы жұмбақтар шешу.Бағалау.Үйге тапсырма: Әндерді жаттау және соған байланысты қалаған суреттерін салу.

Page 95: Ән жоспар
Page 96: Ән жоспар

Күні: Сыныбы: 2Сабақтың тақырыбы: Халық композиторы - Дәулеткерей Мақсаты.Білімділігі:Күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының өмірі мен күйлері жөнінде мағлұмат беру;Дамытушылығы: Әуенді ести білу және есте сақтау қабілетін дамыту.Тәрбиелілігі:Ән үйрету барысында балаларды үлгілі, ұқыпты, еңбекқор және жақсы оқитын оқушы болуға шақыруСабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдісі:түсіндірмелі, сұрақ-жауапКөрнекілігі:Дулеткерейдің суреті,үнтаспа, домбыра, баян аспаптары. Барысы1.Ұйымдастыру кезеңі2.Үй тапсырмасын сұрау: Тәттімбет Қазанғапұлы «Алғашқы қоңырау»-орындау3.Жаңа сабақ: Балалар Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін тыңдайды.- Балалар, күй қандай екпінде орындалып тұр?- Бұл қазақтың әйгілі күйшісі Дәулеткерей Шығайұлының «Қосалқа»деген күйі.Ендеше,бүгінгі сабағымызда осы композитормен таныс боламыз.Дәулеткерей Шығайұлы қазіргі Орал обылысы Орда ауданында туған. Оның ата-бабасы Ұрыс ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген.Дәулеткерей төрелік билікке қызықпай, күйшілік өнерге жақын болды.«Төре күйлерінің атасы» атанған Дәулеткерей өзінің әрбір күйін айрықша талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдаған. Оның кез – келген күйі табиғаттың өзіндей табиғи қалпымен, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезімімен қайран қалдырады.«Қосалқа»күйінде сұлу қыздың бейнесін, оның әдемі жүрісін.алқаның сылдырын бейнелеген.Күй тыңдау:«Қосалқа»Салыстыру: Өткен сабақтан таныс «Сылқылдақ», «Балбырауын» күйлерімен салыстыру, олардың өзара айырмашылығы неде,ұқсастығы жөнінде, би ырғақтарында қандай айырмашылықтары барын анықтайды.Оның басқа да «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Жігер», «Топан»атты күйлері бар.Дәулеткерей күйлері «төре қағыспен» нәзік орындалады.Муз.сауат: Төкпе күй – домбырада оң қолды сермеп тарту тәсілімен орындалатын музыкалық шығарма.Ән үйрету: С.Асанов, Ә.Бейсеуов «Қошақаным қайда екен?»Әнді диалог түрінде үйрету.Қорытынды: Дәулеткерей кім?(ассоцация құрылады). Қандай ән үйрендік?

Page 97: Ән жоспар

Дәулеткерей мен Құрманғазы қалай кездеседі?Дәулеткерей қандай күй тартады?Дәулеткерей «Қосалқа»күйін кімге арнаған?«Төкпе күй» дегеніміз не?Бағалау.Үйге тапсырма: «Қошақаным қайда екен?» - әнді жаттау