компьютерлик жане биологиялык вирустар

29
Рудный қаласының әкімшілігі «Рудный қалалық білім бөлімі» ММ «№15 орта мектебі» КММ «КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ВИРУСТАР» Бағыты: Информатика Орындаған: Музарапова Фариза 5 «Ә» сынып оқушысы Ғылыми жұмыс жетекшісі: Каржауова Гулнур Давлетияровна информатика пәні мұғалімі 1

Upload: -

Post on 03-Mar-2017

36 views

Category:

Internet


9 download

TRANSCRIPT

Page 1: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Рудный қаласының әкімшілігі

«Рудный қалалық білім бөлімі» ММ

«№15 орта мектебі» КММ

«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ВИРУСТАР»

Бағыты: Информатика

Орындаған:

Музарапова Фариза

5 «Ә» сынып оқушысы

Ғылыми жұмыс жетекшісі:

Каржауова Гулнур

Давлетияровна

информатика пәні мұғалімі

Рудный, 2017 ж.1

Page 2: компьютерлик жане биологиялык вирустар

МАЗМҰНЫ

I. Абстракт (аннотация)

II. Кіріспе ВИРУСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТIРШIЛIК

ПРОЦЕСТЕРI

III.Зерттеу бөлімі

I тарау: ВИРУСТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРI

II тарау: ВИРУСТАРДЫҢ  ШЫҒУ ТЕГI

IV. Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

2

Page 3: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Аңдатпа

Зерттеу объектісі: Компьютерлік және биологиялық вирустар.

Зерттеу мақсаты: Компьютерлік және биологиялық вирустардың

ұқсастығы мен айырмашылығын, шығу тегін, ұстанымы мен қимылын

және күресу жолдарын айқындау.

Зерттеу міндеті: Оқушыларды антивирустық программалармен

таныстыру. Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау

дағдылары мен қабілеттерін дамыту. Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті

жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Болжам: Егер біз компьютерлік және биологиялық вирустар туралы

көбірек білсек, онда компьютер мен өзіміздің денсаулығымыздың алдын

алу, ал зақымданған кезде емдей де алаламыз.

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Неге ол вирус деп атанған?

Компьютерлік және биологиялық вирустардың қандай ұқсастығы,

айырмашылығы бар?

Компьютерлік және биологиялық вирустардың алдын алу және күресу

әдісі ұқсас па?

3

Page 4: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Кіріспе

Вирустар – клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ

немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар

бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн

электрондық микроскоп арқылы көруге болады.

Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек

күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ

молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан

вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады.

Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы

бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар

синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi

түзiледi.

Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк

қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын

бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт

өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа

клеткаларды зақымдайды.

Тұмау вирусының көптеген түрлерi бар. Вирустар бiрте - бiрте өзгерiп

жаңа қасиеттерге ие болады, сондықтан ғалымдар вирустың жаңа түрлерiн

анықтауда. Микроскоптың көмегiмен тұмау вирустарын зерттеп, ғалымдар

адамдарды аурудан сақтайтын арнайы препараттарды шығаруда. Бұл

препараттар вакцина деп аталады.

Адам организмiнде мұрны мен тамағының сiлекейлi қабықшасын

зақымдайтын суық тигiзетiн вирустар бар.

ВИРУСТАР 

Вирус  (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік

иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин

қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті

нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша 4

Page 5: компьютерлик жане биологиялык вирустар

вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз

жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин

қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині)

және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп

көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп

қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр

пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын

уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды

уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі

белгілі болып отыр.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға

алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы

хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы

бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте

жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған

жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері

алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды

бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт

сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды.

Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді

түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды,

ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал

«құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз

молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және

бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік

иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды

қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы 5

Page 6: компьютерлик жане биологиялык вирустар

орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі

бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық

бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-

тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе

«жалмаушылар» деп атады.

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім)

программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына

қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ

компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен

осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп

аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа

кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады.

Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады"

және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды

немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы

бос орынды жайлап алады және т. с. с.). 

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды

бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне

бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске

асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты

басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында

әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша

жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде

байқалмай қалады. 

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ-ты қайта жүктегенше

тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. 

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға

байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін,

сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше 6

Page 7: компьютерлик жане биологиялык вирустар

жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. 

Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда

вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен

соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны

білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: 

— кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс

істемейді; 

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады; 

- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; 

— көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с. 

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен

каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне

пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері

бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені

байқалмай да қалады. 

ВИРУСТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРI

Вирустар – бұл көлемi шамамен 20 нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте

ұсақ тiрi организмдер; орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi.

Жоғарыда айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен

көру мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының

жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап

қалатын сүзгiштен өтiп кетедi.

“Вирустар тiрi ме?” деген сұрақтар жиi қойылады. Егер тiрi деп,

генетикалық материалдары (ДНҚ немесе РНҚ) бар және өзiн — өзi өндiру

қабiлетi бар құрылымды есептесек, вирустарды тiрi деуге болады. Ал

егерде тiрi деп, клеткалық құрылымды есептесек, жауап керi болу керек.

Тағы да айта кететiн жәйт, вирустар қожайын-клеткасыз өмiр сүре

алмайды. Олар өзiн-өзi тек қана тiрi клетканың iшiнде өндiре алады,

сондықтан олар облигатты паразиттер болып табылады. Әдетте олар

аурудың айқын белгiлерiн көрсетедi. Қожайын клетканың iшiне кiрген соң, 7

Page 8: компьютерлик жане биологиялык вирустар

олар қожайынның ДНҚ-ын “жойып” және өзiнiң ДНҚ немесе РНҚ

пайдаланып, клеткаға вирустың жаңа көшiрмелерiн түзуге бұйрық бередi.

Вирустар клеткадан клеткаға инерттi бөлшектер ретiнде жеткiзiледi.

Вирустың құрылымы өте қарапайым. Олар вирустың өзегiн құрайтын

генетикалық материалдан ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған

капсид деп аталатын қорғаныс белок қабықшасынан тұрады. Толығымен

қалыптасқан инфекциялық бөлшек вирион деп аталады. Герпес немесе

грипп вирустары сияқты кейбiр вирустарда, қожайын – клетканың

плазмалық мембранадан пайда болған қосымша қабықшалары болады.

Басқа барлық организмдерден айырмашылығы, вирустарда клеткалық

құрылым болмайды.

Жиi вирустың қабықшасы ұқсас қайталанатын субъбiрлiктер –

капсомерлерден құралады. Капсомерлер де кристалдануға қабiлеттi,

симметрияның жоғары дәрежесi бар жүйелер құрылады. Бұл рентгендiк

сәулелердi қолдануға негiзделген, кристаллографикалық әдiстермен

электрондық микроскопия көмегiмен, олардың құрылымы туралы

мағлұмат алуға мүмкiндiк бередi. Қожайын клеткасында вирустың

субъбiрлiгi пайда болысымен, олар бүтiн вирусты түзуге қабiлеттерi

көрiнiс табады. Өзiн-өзi түзеу басқа да көптеген биологиялық жүйелерге

тән, бұл биологиялық құбылыстарда iргелi маңызы бар.

Мысалға аденовирусында, полиома вирусында (папилломалар, полиомелит

вирусы) икосаэдролар мен додекаэдрлар. Икосаэдраның 20 үшбұрышты

қыры, 12 шыңдары және 30 қабырғасы бар. Аденовирустың әр 20 қыры

бiрқатар капсомерлерден тұрады. Қосындысында капсомерлер саны 252

(240 алтыбұрышты және 12 бесбұрышты, икосаэдраның шыңдарында).

Әртүрлi вирустарда бұл сандар өзгерiп тұрады. Мысалы: рХ174

бактерияларында 12-ге тең, герпес вирусында – 162, полиома вирусында –

42. Бұл вирустардың барлығында 12 бесбұрышты капсомерлер бар, соның

өзiнде бактериофагта алтыбұрышты капсомерлер мүлдем жоқ және

додекаэдр деп аталатын жүйе құрылады.8

Page 9: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Спиральдi симметрияның ең жақсы суреттемесi болып РНҚ құрамдас

темекi теңбiлi болып табылады. 2130 бiркелкi белок субъбiрлiктерi РНҚ

мен қоса бүтiн жүйе – нуклеокапсидтi құрайды. Мысалы грипп вирусында

нуклеокапсид қабықшамен қапталған.

ВИРУСТАРДЫҢ  ШЫҒУ ТЕГI

Ең шынайы және қолайлы гипотеза болып вирустың “қашқын” нуклеин

қышқылынан пайда болуы, яғни нуклеин қышқылының өзi шыққан

клеткадан тәуелсiз репликациялануға қабiлеттенуi, бiрақ мұндай ДНҚ осы

немесе басқа клеткаларды пайдалануымен (паразиттiк) репликацияланады.

Сол себептен вирустар клеткалық организмдерден шыққан болу керек,

және оларды клеткалық организмдердiң ата-тегi деп қарастыруға

болмайды.

Бұл “өркендердi” қаншалық қарапайым екендiгiн бiлу тым қиын, бiрақ

генетиканың жетiстiктерi, паразиттiк нуклеин қышқылдарының басқа

түрлерiн вирус себепшi, соған қарамастан кейбiр гүл өсушiлер бұл

қызғалдақтың ерекше сорты деп сатады. Өсiмдiк вирустары РНҚ-құрамдас

вирустарға жатады.

Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары.

Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары бiрдей

болғандықтан, бұл сұрақты бiрге қарастыру ыңғайлы.

Тамшылы инфекция – респираторлық аурулардың ең әдеттi таралу жолы

(әдiсi). Жөтелу және түшкiру кезiнде ауаға миллиондаған кiшкентай

сұйықтық тамшылары шашырайды. Iшiнде тiрi микроорганизмдерi бар бұл

тамшыны, адамдар көп жиналған әсiресе ауа желдетiлмейтiн жерлерде

жұтып алуы мүмкiн. Тамшылы инфекциядан сақтанудың гигиеналық

тәсiлi-бет орамалдармен дұрыс пайдалану және бөлмелердi уақтылы

желдетiп тұру.

Компьютерлік және биологиялық вирустар

Өлі әлем Тірі әлем

Компьютерлік вирус- Биологиялық вирус-9

Page 10: компьютерлик жане биологиялык вирустар

өздігінен көбеюге қабілетті -өздігінен пайда болған,

арнайы программалар, ол тәуелсіз генетикалық құрылым,

программалар мен файлдарды өздерінің қызметтік тіршілігін

құртуы, жоюы және компьютерді басқа жасушалардың ішінде

істен шығаруы мүмкін. атқарады.

Вирустардың таралу жолдары:

Интернет Қан

Вирустардың қимыл әдісі

Компьютерлік:

Вирустардың ДК-ға түсуі.

Файлдардың зардап шегу процесі.

ЖЖҚ бұзылуы.

ДК-дің бұзылуы.

Биологиялық:

Вирустардың организмге түсуі.

Жасушалардың зардап шегу процесі.

Қабыну.

Организмнің әлсіреуі.

Жасушалардың өлуі.

Компьютерлік вирустарды топтастыру.

Компьютерлік вирустарды әр түрлі себептері бойынша топастыруға

болады:

Мекендеу ортасы бойынша

Зақымдау әдісі бойынша

Мүмкіндіктері бойынша

10

Зақымдау әдісі

Резиденттік вирустар

Резиденттік емес вирустар

Page 11: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Мекендеуортасы

Файлдықвирустар

Жүктемелік вирустар

Жүктемелік-файлдық вирустар

Драйверлік вирустар

Желілік вирустар

Биологиялық вирустарды топтастыру

Антивирустық типтері:

Детектор-программалар

Фагтар, доктор-программалар

Ревизор-программалар

Фильтр-программалар

Вакцина-программалар

Алдын алу шаралары

Компьютерлік вирустарды :

Дискеттерді вирусқа тексеру

Компьютерді ұдайы вирусқа тексеру

Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту

11

Мүмкіндіктері бойынша

Қауіпсіз Қауіпті Өте қауіпті

Page 12: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Зақымдануы ықтимал кездейсоқ “пираттық” (ұрлық) программаларды

қолданбау.

Қосалқы көшірме жасау-ақпаратты архивтеу

Биологиялық вирустарды :

Вакцина алу.

Химиялық терапия.

Салауатты өмір салты.

Гигиеналық ережені сақтау.

Уақытымен дәрігерге тексерілу.

Дәрумендерді пайдалану.

Зиянды қылықтардан арылу.

Ұқсастығы Айырмашылығы

Вируспен зақымданған кезде, пайда

болуының белгілері бар .

Вирустардың алдын алу жолдары

бар.

Вирустар мен күресу жолдары бар.

Таралу жолдары ұқсас.

Адамның организмі де компьютер

сияқты вирустардың тарағаның

бақыламайды.

Зиянсыз вирустар адам ағзасында

және компьютерде тіршілік етеді

Биологиялық және компьютерлік

вирустар мен зақымдану адамзатқа

нарықтық зиян келтіреді.

Компьютерлік вирустарға

қарағанда, биологиялық вирустар

қауіп тудырады.

Биологиялық вирустарды зерттеу,

компьютерлік вирустарға қарағанда

ұзаққа созылады, кейде емі

табылмайды.

Биологиялық вирусқа қарағанда

компьютерлік вирустардың саны өте

көп.

Биологиялық және компьютерлік вирустардың айырмашылығына

қарағанда, ұқсастығы көп.

12

Page 13: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Вирус адамзатқа қауіп төңдіреді, сондықтан да адамдар оған қарсы

тұруды білу керек.

Алдымен, екеуінің атауын ажыратып алауық. Жалпақ тілмен екеуін де

вирус дегенімізбен, біреуі — қарпайым вирус (биологиядан өткен),

екіншісі — компьютерлік вирус (арнайы программа, өз бетінше көбейе

алады). 

Компьютерлік вирустар

Комьпютерлік вирустар дегеніміз, пайдаланушының компьютеріне

ақаусыздан еніп, оның мәліметтеріне және жүйесіне толығымен зиянын

туғызатын бағдарлама болып табылады. Вирустарды анықтаудың ең тиімді

тәсілі бұл оның жұмыс сипаттамасы емес, оның тарау жолы мен басқа

бағдарламаларға жұғу тісілін анықтаған тиімді.

Компьютерлік вирустын қылығы биологиялық вирустын қылығына тән.

Биологиялық вирус адам ағзасына еніп, дене мүшелеріне тарау арқылы,

адам ағзасы жүйесін тоқтатып немесе сыртқы қосымша факторлардын

әсерімен жойылуна себепші болады. Сол тәрізді компьютерлік вирус-та

компьютерлік жүйеге ену арқылы бағдарламаға (қосымшаға) бекітіледі.

Бағдарламаны іске қосқаннан соң вирус өз ісіне кірісіп жүйенің басқа да

бөліктеріне өрши бастайды.

Өз алдына вирустар зиянсыз және қауіпті болуы мүмкін. Зиянсыз болған

жағдайда компьютерге тиетін зарар көлемі қауіптіге қарағанда әлде қайда

аз.

Компьютерлік вирустардың түрлері

Бұл бөлімде компьютерлік вирустардың түрлері көрсетілген, бірақ

негізінен көбісі әр қайсысының «буданы» болып табылады.

Файлдық вирустар . Ең көп бағдарламалық файлдарға жұғатын вирустын

турі. Бұл вирус кез келген бастапқы кодты файлды, скритпттарды және

бағдарламалық уйлесім файлдарына зақым келтіреді. Бағдарламаның,

скритпттардың немесе уйлесім файлдарының іске қосылуымен қатар

вирустар да жанданады.13

Page 14: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Жүйелік немесе жүктелуші вирус. Бұл түрлі вирус файлға жұқпауы

мүмкін, бірақ зиянкестің мақсаты қатты дисктің жүйелік үдерісне жауапты

аймақтарға жұғу болып табылады. Қатты дисктің бұндай аймақтарына

жүктелуші жазбасы (boot record) жатады, кейін оның қажеттілігі

операциялық жүйені жүктеу болып табылады. Және де қатты дискте вирус

бастапқы жүктелуші жазбасына (Master Boot Record) бекітіледі.

Multipartite түрлі вирус. Бұл түрлі вирус жүктелуші бөліміне де,

файлдарға да жұғады. Будандасудын нәтижесінде пайда болған бұл вирус

ата-анасының ең жаман жақтарын иемденген, сол себепті бұл вирус

алдыңғыларымен салыстырғанда неғұрлым жұқпалырақ және қиратушы

болып келеді.

Макровирустар (macro viruses).  Макравирустар деректерді өндеу

жүйесіне (мәтіндік редактор, электрондық кестелер және т.б.) орнатылған

тілдерде (макротілдерде) жазылған бағдарлама. Өздерінің көбейуі үшін

бұл вирустар макротілдерді қолданып және олардың көммегімен

зарарланған файлдан (құжаттан немесе кестеден) келесісіне

тасымалданады. Көбіне макравирустар Microsoft Word, Excel және Office

құжаттарында кең таралды.

Компьютерлік вирус өмірінің кезеңдері

Әдетте өмір сүру барысында вирус келесі кезеңдерден өтеді:

1.      Беймәлім/жасырын фаза. Бұл фаза кезінде вирус еш әрекеттерді

орындамайды.

2.      Таралу фазасы. Бұл кезең барысында вирус өзін-өзі көбейтеді.

3.      Жұқтыру немесе ерекше мақсатталған функцияларды орындау кезеңі

4.      Көріну фазасы. Вирус әрекеті іс жүзінде осы фаза барысында

орындалады.

Компьютерлік вирустарды айқындау

Вирустарды айқындаудың келесі әдістері белгілі:

1.      Сигнатуралық талдау технологиялары – файлдарда вирус

сигнатураларының болуына тексеруден, яғни бағдарламалық кодта 14

Page 15: компьютерлик жане биологиялык вирустар

вирустардың белгілі түріне тән жолдарды іздеуден тұратын вирустарды

анықтау әдісі. Сигнатуралық талдау вирустарды айқындаудың ең танымал

әдісі болып табылады және қазіргі кездегі антивирустардың негізінен

барлығында қолданылады. Әдістің бұл түрінде келесі кемшіліктер бар:

антивирус қорында сақталатын вирустік сигнатуралар жиыны

антивирустке тексеріс жасау үшін қажет, сондықтан да антивирус қоры

жиі жаңартылып тұруы қажет; бұл әдіс танымал вирустарды айқындау

барысында тиімді болып келеді.

2.      Эмуляция. Жұқтырылған файлдың іске қосылуын имитациялайды,

солайша қандай болмасын зиянды кодты (БҚ) тексереді. Басында файл

құмсалғыш аталатын виртуалды ортаға орналастырылады. Қарапайым

сөзбен айтқанда, файл шынайы ортамен, яғни операциялық жүйемен өзара

әрекеттесетіндігіне нанады, ал бұл шын мәнінде олай емес. Бұл әдіс үлкен

уақыт шығындарын қажет етуі мүмкін – бұл жүйенің баяу жұмысына

әкеліп соқтыруы мүмкін.

3.      Эвристикалық талдау – жұмыс нәтижесі күдікті объектілерді

айқындау болып табылатын ықтималды алгоритмдерге негізделген

технология. Эвристикалық талдау барысында файл құрылымы, оның вирус

үлгілеріне сәйкестігі тексеріледі. Ең әйгілі эвристикалық технология

болып файл қамтылымын танымал вирустар сигнатуралары мен олардың

комбинацияларының модификацияларының болуына тексеру табылады.

Мұның барлығы бұрыннан танымал вирустардың жаңа нұсқалары мен

гибридтерін антивирус қорын қосымша жаңартусыз айқындауға

көмектеседі. Эвристикалық талдау белгісіз вирустарды айқындауда

қолданылады, сәйкесінше, емдеуді қажет етпейді. Бұл технология оның

алдында вирус не вирус емес екендігін 100 пайызды айқындай алмайды,

және кез-келген ықтималды алгоритм сияқты жалған ҚОСЫЛУЛАРМЕН

(срабатывание) қателеседі.

4.      Мінез-құлық бойынша талдау – тексеріліп жатқан объектінің сипаты

туралы шешім оның жасаған операциялар талдауына негізделіп 15

Page 16: компьютерлик жане биологиялык вирустар

қабылданатын технология. Мінез-құлық бойынша талдау тәжірибе жүзінде

тар шеңберлі түрде қолданылады, себебі вирустарға тән әрекеттердің

көбісі кәдімгі бағдарламалық қосымшалар арқылы да орындала алады. Ең

көп атақты макростар мен скрипттердің мінез-құлық талдағыштары алды,

себебі сәйкес вирустар бір типті әрекеттерді іс жүзінде әрдайым

орындайды. Мысалы, жүйеге ендіру үшін әр макровирус дерлік ылғи да

бір алгоритмді қолданады: стандартты командаларды орындау барысында

(мысалы, «Save», « Save As», «Open», және т.б.) Microsoft Office ортасымен

іске қосылатын кез-келген стандартты макросқа normal.dot

шаблондарының негізгі файлын және қайта ашылатын құжатты

жұқтыратын код жазылады. BIOS-қа ендірілетін қорғаныс құралдарын

мінез-құлық талдағыштарының қатарына апаруға болады. Компьютер

MBR-іне өзгерістерді енгізу талпыныс жасалғанда талдағыш әрекетті

блоктап, қолданушыға сәйкес ескертуді көрсетеді. Одан басқа, мінез-құлық

талдағыштары файлдарға тікелей қол жеткізу талпыныстарын, жүктелетін

жазбаға өзгерістерді енгізуді, қатқыл дисктерді форматтауды және т.б.

әрекеттерді қадағалай алады. Мінез-құлық талдағыштары жұмыс үшін

вирус қорлары секілді қосымша объектілерді қолданбайды, соның

салдарынан танымал және белгісіз вирустарды ажырата алмайды – барлық

күдікті бағдарламалар белгісіз вирус болып саналады. Осыған ұқсас, мінез-

құлық талдау технологияларын жүзеге асыратын құралдар жұмысының

ерекшеліктері емдеуді қажет етпейді.

5.      Бақылау сомасын талдау – бұл компьютерлік жүйедегі объектілердегі

өзгерістерді қадағалау әдісі. Өзгерістер сипатының – бір уақытта

орындалуы, көпшілікке ортақтығы, файл ұзындықтарының бірдей өзгеруі –

талдауына негізделе отырып, жүйе жұқтырылуы туралы қорытынды

жасауға болады. Бақылау сомасының талдағыштары (сонымен қатар

«өзгерістер ревизоры» атауы қолданылады), мінез-құлық талдағыштары

секілді, жұмыс барысында қосымша объектілерді қолданбай, жүйеде

вирустың болуы туралы үкімді тек сарапшылық бағалау әдісімен 16

Page 17: компьютерлик жане биологиялык вирустар

шығарады. Бақылау сомасын талдаудың үлкен атағы бір есепті

операциялық жүйеге қатысты еске түсірулермен байланысты, ол кезде

вирустар саны бұған қарағанда шамалы аздау болатын, файлдар саны

азырақ келіп, сирек ауысатын. Бүгінгі күні өзгеріс ревизорлары өзінің

күшін жойып, антивирустарда өте сирек қолданылады. Жиі осындай

технологиялар қол жетімдік бар болған жағдайда сканерлерде

қолданылады – алғаш тексеріс кезінде файлдан бақылау сомасы алынып,

кэште орналастырылады, бұл файлдың келесі тексерісі алдында сома тағы

бір рет алынып салыстырылады, өзгерістер табылмаған жағдайда файл

жұқтырылмаған болып саналады. 

Биологиялық вирустар

Биологиялық вирустар – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу

құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың

тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын

зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау

материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. Биологиялық қаруды

қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік

микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін

қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру

тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы

аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе

зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.

БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:

Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды қоздырғыштар

(оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды

қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит);

риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба);

Қорытынды

17

Page 18: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Қорытындылай келе бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды

ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін

анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай,

пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне

және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт

қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының

сапасын төмендетеді.

Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин

Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли

вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі

өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж.

неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл

вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық

саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды

жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш

жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың

адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады.

Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді,

сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың клеткадан тыс (вириондар)

және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты

түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин

қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп

және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы

мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және

ферменттерден тұрады. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық

заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың

белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың

тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%,

күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал

тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл 18

Page 19: компьютерлик жане биологиялык вирустар

калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес

сатыға бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының

құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым

бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың

клеткадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы

арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады.

Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене

алады. Бір клетканы «іштей жеген» вирустар көршілес клеткаларға

ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды

молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының

гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.

Компьютерлік вирус – компьютердегі мәліметтерді қасақана бүлдіру

мақсатында жазылған арнаулы шағын бағдарлама. Ол өзінен-өзі

(автоматты түрде) басқа бағдарламалардың соңына немесе алдына

қосымша жасырын жазылып, оларды бүлдіруге кіріседі. Кейіннен

дискідегі немесе желідегі мәліметтерді тасымалдау, көшіру кезінде,

мәліметтерге ілесе отырып, басқа компьютерлерге «ауру жұқтырады».

Мұндай зақымданған бағдарламаны пайдаланғанда зиянды іс-әрекеттер

байқалады (мысалы, дискідегі файлдардың орналасу тәртібі бұзылады;

кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады; экранға әдеттегіден тыс

бөтен символдар шығады; компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы

баяулайды; көптеген файлдардың бүлінгені не жоғалып кеткені байқалады,

тіпті компьютердің қатты дискісін қайта форматтап шығады). Қазіргі кезде

компьютерлік вирустардың жүз мыңдаған түрлері белгілі. Компьютердегі

вирустарды анықтап, оларды жою үшін арнайы антивирустық (вирустарға

қарсы) бағдарламалар қолданылады.

Ұсыныс

Менің ұсынысым осы вирустарға байланысты түрлі жеңіл емдер

қолдансақ. Мысалы өлі вирустарға арналған антивирус (қарсы жоятын

вирус) программаларын кез келген адам компьютерлерге оранластыра 19

Page 20: компьютерлик жане биологиялык вирустар

беретіндей дискілер шықса, әсіресе қазақ тілінде және тірі вирустарға

арналған вирусты бірден өліретін дәрі – дәрмектер, аппаратар шықса.

Түрлі шағын кітапшалар шықса дер едім.

20

Page 21: компьютерлик жане биологиялык вирустар

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Сәтбай Әбилаев. Молекулалық биология. 2008жыл

2.А.Оспанова. Шың биология. 2009 жыл

3.К.Сәтжанов. Биология. 10-сынып. 2009жыл

4.Н.Н. Мушкамбаров., С.Л.Кузнецов. Молекулярлық биология 2003жыл

5.С.Ж.Стамбеков «Гнетика» 2002жыл

6.Ф.Файтс, П.Джонстон, М.Кратц «Компьютерлік вирустар, оларды

болжау және қорғану» Москва, "Мир", 1993 ж.

7.Н.Н.Безруков « MS-DOS компьютерлік вирустарының түрлері және

олардан қорғану әдістері» , Москва, СП "ICE", 1990 ж.

8.Н.Н.Безруков "Компьютерлік вирустар ", Москва, Наука, 1991.

9.Д.Ю. Мостовой "Қазіргі кездегі вирустарға қарсы күрес" // Мир ПК. –

№8. - 1993.

10.Т.В. Денисов "Антивирустық қорғаныс "//Мой Компьютер-№4-1999ж

21