дарынды балалармен жұмыс

28
1

Upload: -

Post on 19-Mar-2017

72 views

Category:

Internet


3 download

TRANSCRIPT

Page 1: дарынды балалармен жұмыс

1

Page 2: дарынды балалармен жұмыс

Жоспары бет

І.Кіріспе

1.1. Дарынды балалармен жұмыс _____________________________________3

ІІ.Негізгі бөлім.

2.1.Дарындылыққа жеткізер сара жол._______________________________4-6

2.2.Дарынды балалар қалай байқалады?_______________________________7

2.3.Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімнің біліміне қойылатын

талаптар._________________________________________________________8

2.4.Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімнің іскерлігіне қойылатын

талаптар._________________________________________________________8

2.5.Дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары_______________________9

2.6.Дарынды баланы ғылыми ізденіске жетелейтін қадамдар __________10-11

2.7.Дарынды оқушылармен атқарылатын жұмыс жоспары____________12-13

2.8.Дарынды оқушының бойындағы көшбасшылық қасиет ______________14

2.9.Дарынды балалармен жұмыс жасау тәжірибемнен___________15-18

Қорытынды______________________________________________________19

Қолданылған әдебиеттер___________________________________________20

2

Page 3: дарынды балалармен жұмыс

І.Кіріспе

1.1. Дарынды балалармен жұмысАннотация

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері,күш-қуаты,табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет деген. Сол себепті менің шығармашылық жұмысымның құндылығы осында болып табылады.Жұмысымның мақсаты:Оқушыларда: Ғылыми көзқарасы қалыптасқан,ақыл –ойы ұшқыр,әлемдік білім деңгейіне жеткен, өмірге сенімді көзқараспен қарайтын,өзіндік ой – пікірі жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру.Оқушылардың бойында ғылыми – көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алатын қабілетін арттыру.Мұғалімдерде: Мұғалімдердің әр сабақты жаңаша тұрғыдан жасауына ықпал жасау.

• Сабақты жоспарлауда сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін ықпалдастыруМіндеттер:1.Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру.2. Баланың дара тұлғасын барынша дамыту білім алудың тәсілдерін игерген ақыл – ой иесін тәрбиелеу3. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өмірдегі өзгерістерге икемді жеке тұлғаны қалыптастыру.4. Сынып оқушыларын шығармашылығы арқылы өзін - өзі жетілдіруге қабілетті болуға тәрбиелеу.Көкейтестілігі: Жеке тұлғаның білім дағдыларын қалыптастыра отырып, шынайы өмірге бейімдеуӨзектілігі: Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,өз бетінше ізденуге үйрету.”

Күтілетін нәтиже: Қабілетті, өз ойын еркін айта біледі, білімді,түрлі жағдаяттарды шешуге ұмтылады

• Мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесін жаксартады;• Ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;

3

Page 4: дарынды балалармен жұмыс

• Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;• Оқу сапасы артады;• Топтағы әр оқушы сабаққа белсене қатысады;• Топта бірлесе жұмыс атқарады;• Өз ойларын еркін айтуға үйренеді

Ғылыми құндылығы: Оқушының ғылыми ізденісіне жол ашу.

ІІ.Негізгі бөлім.

2.1.Дарындылыққа жеткізер сара жол.

Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. «Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудін алғашқы сатысы – бастауыш білім.Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетіне шешім қабылдай алуға,практикалык әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту-бүгінгі күннін басты талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздін саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. Шығармашылық- бүкіл тіршіліктің көзі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары, құралдары өте көп. Мен оқытудың ұжымды әдістерін , соның ішінде Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос – Қазақстан» қоры арқылы келген «Сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша курсын оқып, осы бағдарламаны іске асырудамын Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлануға үйретеді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларың қолданамын: 

1) Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/

2)  Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/ 

4

Page 5: дарынды балалармен жұмыс

3) Әнгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ 

4) Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы / 

5) Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ 

6) Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/

Балалардың шығармашылығын,жан-жақты қабілеттерін арттыруда мен СТО технологиясын өз сабақтарыма қалай қолданып жүрмін? 4сыныпта әдебиеттік оқу пәнінде Мылтықбай Ерімбетовтың «Құмыра сабағындағы мақсатым оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуына жағдай туғызу. Өз елінің тарихын қадірлеуге, қастерлеп, бағалауға үйрету. Тарихты құраушы, жазушы, зерттеуші өзі екенін ұғына отырып, автормен бірге толғану арқылы сыни ойлауға және көркем сөйлеуге дағдыландыру,оқушылардың жан-жақты ойлауын шығармашылық қабілеттерін қалыптастырдым. Оқушылар топта жұмыс жасады. «Сұрақтары бар қорап» стратегиясын, «Ғажайып сандықшаны» ойын түрін пайдаландым.Оқушылар топта жұмыс жасады. Жаңа сабақты түсіндіру барысында құмыраның неден жасалғанына зерттеу жүргізді.Ежелгі қала Отырар туралы айтылды. РАФТ стратегиясы бойынша құмыра туралы әңгіме жүргізілді.Мысалы Диас:Рөл: құмыраАудитория :музейФорма: (мысал әңгіме)Тақырып: «Сынған құмыра»Оқушыңың әңгімесі:Мен сынған құмырамын.Мені археологтар тауып алды.Менің ата – бабам жоғалып кеткен.Мені тауып алғандар осы жерге әкеліп берген. «Құмыра» өлеңінің мазмұнын әр шумақты мәнерлей оқып отырып түсіндірілді.Сабақтың бағалау кезеңінде «бас бармақпен бағалау» арқылы бағаланды. Оқушылар өзін-өзі бағалады және өзара бірін-бірі бағалады.Міне мұның бәрі баланың ойлануына,шығармашылықпен жұмыс жасауына ерекше әсер етті.Егер осы сабақты сіздермен өткізсер болсам:1.Түстерге сәйкес топтарға бөліну2. « Алақан» тренингін өткізу3. Топпен жұмыс: Тарихқа көз жүгіртіп, ата-бабамыздан қалған көне жәдігер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, мұра болып келе жатқан

5

Page 6: дарынды балалармен жұмыс

бұйымдар туралы айтамыз.Әр топ көне жәдігерлер туралы өздерінің не білетіндерін қағаз бетіне суреттермен немесе әңгіме,өлең түрінде береді. Топтар жұмыстарын аяқтаған соң қабырғаға іледі.Әр топтан бір мұғалім мұражай қызметкері болады.Ол әріптестерге өз тобының бұйымы туралы әңгімелеп береді.Қалған әріптестер сағаттың тілінің қозғалысындай әр мұражайға саяхат жасайды.Аралап жүріп әр мұражай қызметкеріне өздерінің «Екі жұлдыз,бір тілегін»білдіреді.Бұл жерде қандай шығармашылық жетістікке жете алдық?

1) Әркім ойлануға ұмтылды.Ішінара ізденді.Өз ойларын ортаға салу арқылы бірін – бірі толықтырды.

2) Ойларын айтуға төселді.Салған суреттерін көркем тілдерімен жеткізді3) Құмыраның қандай қажеттілігі бар екенін білді.Ата – баба өнерін қастарлеуге

тәрбиеленді.С.Кенжеғұлов: «Ахмет мерген» деген тақырыптағы сабақта «Топтастыру», «Жигсо», «Қосжазба күнділігі» және «Жылдам тап» ойындары өтілді. Сабақты топқа бөлуден бастап сергіту сәтін өткіздім. Сұрақты ұстап ал да,дәл тигіз!» ойыны арқылы өтілген сабақтарға шолу жасалды. Оқулықпен жұмыс: «Жигсо» әдісі арқылы жүргізілді.Оқушылар 1,2,3,4 «жанұя» топтарына бөлініп мәтінді төрт бөлімге бөліп оқыды. Соңынан мәтіндегі шешімді «қосжазба күнделігінің» мәтіннің шешімі бөлігіне толтырып екі шешімді салыстыру арқылы екі шешімдегі ұқсастық пен айырмашылыққа көңіл бөліп өз ойларыны айтты. Мәтіндегі негізгі идея аюды ату емес үркіту екенін оқушылар білді.Мәтіндегі негізгі кейіпкер Ахметке мінездеме берді. Сабақты қолданған «Жигсо» әдісі кезінде оқушы өздеріне сенім артылатынын түсінді және де сол сенімнен шығу үшін ықылас қоя тыңдады.Топта бірінің айтқан түсініктемесін екіншісі тыңдап өз түсінгенін келесі оқушыға асыға жеткізді. Әсіресе оқушыларға «Жылдам тап» ойыны керемет болды.Бұл ойын негізінде балалардың әртістік қабілеттерін,шығармашылық белсенділігін артыруға көп септігін тигізеді.Топтық жұмыстарда оқушылар постерлерін қорғады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер көтеріліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу,  бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді. Дарынды балаларды іздеп табу алтынның түйірін тапқанмен бірдей.

6

Page 7: дарынды балалармен жұмыс

Педагогикалық энциклопедияларда дарындылық туралы былай деп анықтама берген: «дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттіліктерінің жете жақсы дамуының жоғарғы сатысы» Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі.Дарындылық – қабілеттілік және талант деген бір ұғымды білдіреді.

2.2.Дарынды балалар қалай байқалады? Ақыл – ойы ұшқыр,өмірде болып жатқан оқиғаларға,құбылыстарға

көңіл қойып қызығушылық танытады. Еңбек сүйгіш, біреуге қуаныш сыйлауды ұнатады. Өздігінен білім алуға,ізденімпаздық қасиеті басым. Мектеп оқулығындағы қиын тапсырмаларды, жоғарғы оқу орындарына

берілетін қиын тапсырмаларды орындауға қабілетті. Ойлау,есте сақтау,қабылдау,зейіні,сөздік қоры,тіл байлығы өте жақсы

жетілген. Мектепте мектептен тыс жерлерде өзінің білімділігін көрсете алады. Жаңа білімді тез меңгереді Компьютерді,техникалық құралдарды жылдам меңгереді. Драмалық ойындар ойнағанды ұнатады. Өлеңді жақсы айтады.

7

Дарындылық дегеніміз

“Дарындылық- адам бойындағы

қабiлеттiлiктiң жоғары деңгейде дамуы, iс-әрекет

барысында ерекше жетiстiкке жетуi”

Дарынды бала – бұл, iс-әрекет барысында асқан

талантымен, ерекше қабiлетiмен танылған,

жоғары жетiстiкке жетуге талпынушы.

Page 8: дарынды балалармен жұмыс

2.3.Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар.

• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

• оқушы дарындылығының моделін білу;• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл

бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға

шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

2.4.Дарынды оқушымен жұмыс жасайтын мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар.

• дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;• дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған

бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе

алуы;• дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;• дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына

жетекшілік етуі;• дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда

жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

8

Дарынды балалар кез - келген жерде өзін көрсете алады.

Page 9: дарынды балалармен жұмыс

2.5.Дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты

ұзақ үдеріс.Дарынды балалар мектеп бағдарламасын тез меңгереді.

Зеректік,байқағыштық қасиеттері жоғары болады.Олардың көпшілігі өз

уақыттарын шығармашылық жұмыстарға арнайды.Сурет салады,өлең

жазады.

9

Дарындылық белгілері

Ойлау қабілетінің

дәлдігі

Шешім қабылдауда

ғы ерекшелігі

Ешкімге ұқсамайтын өзгешелігі

Дарынды бала

бойындағы ерекшелік

шынайы іс - әрекет пен

бақылаудың бағалау

жолдарымен пайда болатын

іс - қимыл

Page 10: дарынды балалармен жұмыс

2.6.Дарынды баланы ғылыми ізденіске жетелейтін қадамдар.

І қадам. Оқушыны не қызықтырады сол туралы ойланып, өзіне өзі сұрақ

қоя білуі.Мені қай пән көбірек қызықтырады? Неге көңілім бұрады?

ІІ қадам. Оқушы өзін қызықтырған пән, сұрақтар бойынша материалдар

жинақтап, тізімін жасау. Кітапханаға бару. Әрине, ұстаздың көмегі

арқылы.Әрбір ұстаз балалардың дарындылығын шешуде бір-бірімен тығыз

байланысқан 3 параметрге назар аударуы керек:

Мұғалім күнделікті сабақтарда,тәрбие жұмысында,үйірме жұмысында

дарынды баланы танып,оның бойындағы ерекше қабілетті анықтай алады.

Рейтинг жүйесі бойынша балаларды былай бағалауға болады:

деңг

ейлі

к та

псы

рмал

ар

таны

мды

қ сұ

рақт

ар

теор

иялы

қ та

псы

рма

Вен

н

диаг

рама

сы

бойы

нша

тапс

ырм

аТі

рек

схем

асы

н сы

зу

Мән

жаз

ба

Сұр

ақ -

жау

ап

Тест

жұм

ысы

ұпай

сан

ау

Бұл рейтинг жүйесін мұғалім өз жұмысының ретіне қарай өзгертуіне болады.Оқушылар бұл тапсырмалады орындағанда оқулық материалдарын толық біліп қоймай,өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып,ойланып

10

Үш параметр

Психологиялық дамуы

Таным қасиеттерінің

дамуыДене бітімінің

дамуы

Page 11: дарынды балалармен жұмыс

жұмыс істеуге үйренеді.Оқушылардың ақыл – ой,танымдық қабілеттерін анықтау арқылы дарындылық қасиетін тану.

№ Критерий лері БағалауЖоғары Орташа Төмен

Ақыл – ойыМәдениетіШығармашылығыБелсенділігіҚызығушылығыҰйымдастырушылық қабілетіӨзін - өзі басқара алуыӨзін тыңдата білуіӨзгелердің пікірлерін тыңдап ,бағалай білуі

Дарынды баланың бойында енжарлық,ұялшақтық,еріншектік,өз – өзіне деген сенімсіздік, т.б. қасиеттер де кездеседі.Сондықтан да дарынды балалармен жұмыстар жүргізуде мұғалімдердің алдына мынандай мақсаттар қойылады :

Ғылыми техникалық жетістіктерді ұлттық салт – дәстүрлермен ұштастыра білу;

Оқушылардың бойында ғылыми – көпшілік жұмыстарға деген қызығушылық қабілеттерін арттыру;

Оқушының өз бетінше ізденуіне бағыт – бағдар беріп отыру;

Ғылыми тұрғыдағы шығармашылық жұмыстар жасауға талпындырып отыру;

Оқушының шығармашылық қабілеттерін көрсетіп дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету.

Дарынды бала бойынан көрінетін жетістіктер:

1. Өз ұлтына деген сүйіспеншілік деңгейі өседі.

2. Рухани – адамгершілік деңгейі дамиды.

3. Әлеуметтік ортаны танып біледі.

4. Ой – өрісі,дүниетанымы кеңейеді.

5. Шығармашылық қабілеті қарқынды дамиды.

11

Page 12: дарынды балалармен жұмыс

2.7.Дарынды оқушылармен атқарылатын жұмыс жоспары

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ҮЛГІ ЖОСПАРЫ

Кезеңдер № Жұмыс түрі Орындаушы МерзіміБақылау 1 Зерттеу:

сынып оқушыларының білім деңгейі тексеріледі;психологтар тарапынан тест, тренингтер ұйымдастырылады;отбасы жағдайы зерттеледі.

Пән мұғалімдері,Психолог, ата-ана.

ІХ

2 Нәтижемен жұмыс:дарындылықтың түрлерін анықтап білу;балаларды дарындылық түрлеріне қарай жіктеу немесе топтастыру;ата-анамен жұмыс.

Пән мұғалімдеріІХ

3 Дамыту жұмыстары:бала біліміндегі кемшін тұстарды анықтап, толықтыру;қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау;бейімділіктері бойынша жұмыс тақырыптарын белгілеу;әңгімелесу-түзету (коррекциялау) жұмыстары.

Пән мұғалімдері

ПсихологХ

Практикалық

4 Жұмыстың жүргізілу барысы:тапсырма-күнделігін толтырту;оқушының жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету;коррекциялық жұмыс.

Пән мұғалімі,психолог ХІ

5 Оқушыларды :мектепішілік байқауға қатыстыру;аудандық (қалалық) байқауға қатыстыру;мектепішілік конференция, жобалар жарысы, пікірсайыстар өткізу;түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаға қатыстыру;өзіндік рефлексия, тренингтер.

Пән мұғалімдері, психологтар, тәлімгер, ата-аналар, оқу ісінің меңгерушісі.

ХІІ – ІІ

6 Нәтижесін жариялау, жарыққа шығару, презентациялау:ақпарат құралдарының көмегімен жариялау;облыстық деңгейдегі байқауларға жеңімпаздарды ұсыну;«Жас ғалым» республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, түрлі

Пән мұғалімдері, әкімшілік, психолог.

ІІІ – ІҮ

12

Page 13: дарынды балалармен жұмыс

деңгейдегі форумдарға қатыстыру.Қорытынды

7 Мектепішілік жалпы қорытынды:Диагностикалау;Мониторингілеу;Оқушылардың шығармашылық есебі;Жазғы тапсырма беру.

Пән мұғалімдері, ата-аналар, психологтар,әкімшілік

1 – сынып. Ана тілі пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жоспары

Мақсаты: Оқушылардың мәнерлі оқу машықтарын дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Жұмыстың орындалуы УақытыЖүргізіп оқи білу қабілеттерін арттыру ҚыркүйекШығармашылық жұмыстар жасауға дағдыландыру. Қазан

Білімге,еңбекке арналған мақал – мәтелдер жаттау ҚарашаҚыс тақырыбына арналған өлеңдер жаттап алу. ЖелтоқсанОқылған мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен айту,мазмұнына сәйкес сурет салу.

Қаңтар

Сурет бойынша әңгімелер құрай білуге үйрету Ақпан

Балаларға арналған ертегілерді оқып беру,талдау.Өз ойларынан ертегі құрату

Наурыз

Жыл мезгілдеріне арналған мақал – мәтелдер жаттап алу.Оқу техникасының орындалуына қойылатын талаптардың орындалуы.

Сәуір

Еркін тақырыпта әңгіме,ертегілерден шығарма жазу.Ертегі мзмұны бойынша сахналық қойылымда ойнай білу шеберліктерін шыңдау.

Мамыр

Математика пәні бойынша дарынды балалармен жұмыс жоспары.

Мақсаты:математикалық қабілеттерін қалыптастыру,логикалық ойлау процестерін жетілдіру.

№ Жұмыстың орындалуы Уақыты1 Оқушының математикаға қызығушылық деңгейін

анықтауқыркүйек

23

1 – 20 дейінгі сандарды оқу,жазу.Амалдарды орындау тәсіліне байланысты есептер шығару.

Қазан

4 Белгісіз сандарды табуға арналған мысалдарды Қараша13

Page 14: дарынды балалармен жұмыс

5шығара білуМатематикалық ойындар.

6 Есептер ұғымын түсіне білу.Есептің шартын, сұрағын,шешуін,жауабын таба білу.

Желтоқсан

7 Геометриялық фигураларды өлшеміне қарай дәптерге сыза білу,бір – бірімен салыстыра білу.

Қаңтар

89

Теңдеулер шеше білуге үйрету.1 – 20 дейінгі сандарға қатысты амалдар тәртібін орындау.

Ақпан

1011

Қызықты математикалық танымдық есептер шығару.Амалдар тәртібін орындау

Наурыз

1213

Логикалық есептердің шешуін таба білу әдістерін үйрену.Тест тапсырмаларын орындау.

Сәуір

1415

Математикалық ребустар шешу.Логикалық ойындар

Мамыр

2.8.Дарынды оқушының бойындағы көшбасшылық қасиет.

1. Барлық жауапкершілікті өз міндетіне алады.

2. Оны сыныптастары ұнатады.

3. Іс - әрекеттің бірнеше түрінен көшбасшысы бола алады.

Әрбір оқушы сынып көшбасшысы болуға ұмтылады.Ондай оқушының бойынан көшбасшыға тән қасиеттерді байқауға болады. Өзім сабақ беретін 2 – сынып оқушыларына көшбасшылық туралы жүргізген әңгімемде әрбір баланың ерекше тұлға көшбасшылыққа ұмтылу талаптары бар екенін байқадым. Кей бала өзін спорт түрлеріне қатысу арқылы көрсетсе,кей бала мен өскенде ел басқаратын президент болсам дейді. Қандай жастағы бала болмасын,әсіресе бастауыш сынып оқушысы өзін ешкімнен кеммін деп ойламайды.Олардың армандары мен талаптары таудай.

Оқушының бойындағы көшбасшылық қасиетті қай қырынан байқауға болады?

1) Ол әнді кереметтей айтады.Өзінің әсем әуенімен ол көпшілікті өзіне қарата алады. «Мен өскенде елімнің атын өзімнің әніммен шығарамын».

2) Ол өлеңді мәнерлеп оқудың шебері.Ұлы ақын Абайдың,М.Мақатаев өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып көпшіліктің ықыласын өзіне аудара біледі.

14

Page 15: дарынды балалармен жұмыс

3) Шахмат,дойбыны өте жақсы ойнайды.4) Спортпен шұғылданғанды ұнатады.5) Көпшілікті өзіне баурай біледі.6) Сыныптастарына көмек көрсетуге ұмтылып тұрады.7) Өзінің ойын басқаларға айтып,олармен келісімге келе алады.8) Мерекелік іс – шаралар кезінде жақсы ұйымдастыра алады.9) Рөлдерді жақсы сомдай алады,т.б.

Көшбасшы оқушы байқағанымдай рөлдерде кейіпкерлердің бейнесін жақсы сомдай алады.Ол зерттеу жұмыстарын жасағанда жақсы көреді.

Көшбасшы оқушы кез -келген рөлдердісомдауда басқаларға үлгі бола алады.

2.9.ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘЖІРИБЕМНЕН

Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асуы тиіс. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы

15

Зерттеу жұмысы кезінде өз ойларын басқаларға дәлелдей алады.

Page 16: дарынды балалармен жұмыс

үшін

қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының қабілеті, дарыны ашылар еді. «Бұлақ көрсең

көзін аш» дегендей, әр баланың бойынын жылт еткен бір сәуле байқалса, оны жарыққа шығару – ұстаз қауымының алдында тұрған зор міндеттердің бірі.Сыныбымда талантты, қабілетті оқушылар көп. Соның бірі Искаков Диас.Диастың дүниетанымы кең.Көп білуге,ізденуге ұмтылады.Сөздік қоры мол.Өзінің ойын еркін түрде жеткізе біледі.Ол әсіресе өсімдіктер әлемі жайлы көп білгісі келеді,өзінше ізденеді.Бірінші сыныптан бастап оның бойындағы осы қасиетті білген соң оны өсімдіктердің құрамын зерттеуге үйрете бастадым.Онымен бірге жалбыз өсімдігінің шипалық қасиетіне зерттеу жұмысын жүргіздік.Жалбыздың дәрілік,емге қолдануға болатыны жөнінде тәжірибе жасадық.Диас жалбызды ата – анасының көмегімен де зерттеді.Нәтижесінде Диас «Жалбыз жанға шипа – дертке дауа» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы бойынша өткен ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанды.

Жалбыздың дертке дауа болар қасиетін айта келіп,оның көптеген ауруларды емдеуге пайдасының молдығын делелдей білді.Диастың дарындылық қабілетін үнемі ұштап отырамын. Мектепішілік«Ғасырға тірек - жырлайды жүрек» атты байқауда ойлы да өрнекті өлең оқығаны үшін Мақтау

16

Page 17: дарынды балалармен жұмыс

грамотасымен марапатталды.Аудандық мәдениет үйінде көркем сөз оқу,түрлі іс –шараларға қатысады.Дарынды балаларды даралау-бұл дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке бөлуге болады.

1. Шығармашылық дарындылық.2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық.3. Лидерлік дарындылық

Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше болып келеді. Сабақ процессінде дарынды балалардың танымдық әрекеті ерекше болады.Дарынды оқушылар тез әрі жасай біледі.Сондықтан сабақты түрлендіріп өткізген жөн.Оқу мен жазу арқылы СТО дамыту жобасында жұмыс жасаған әрбір мұғалімдер бұл сабақтарда баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жо-ғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағ-дай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.Менің ойымша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

Біріншіден:баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан ұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!

Екіншіден: баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым – қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

Үшіншіден: шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқсн сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.

17

Page 18: дарынды балалармен жұмыс

Төртіншіден: ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз керек.

Дарынды да талантты балалардың шығармашылық қабілеттерін ұштай түсу үшін мектебімізде бастауыш сыныптар арасында әр түрлі іс – шаралар өткізіліп тұрады.Ғылыми жобалар конкурсы,балалардың шығармашылық сайысы.

Сыныптан тыс уақыттарда да оқушылармен бірге көптеген жұмыстар атқаруға болады.Бұның дәлелі өзім сабақ беретін бірінші сыныппен сыныптан тыс математикадан өткізілген «Сиқырлы фигуралар әлемінде» сабағында да балалар жақсы жағынан көріне білді.

Оқушыларымның бойынан мынандай қабілет –нышандары байқалды:Әр қандай мәселеге сыни тұрғыдан қарауға үйрене алды; Геометриялық фигураларды тани білді және сол фигуралардың көмегімен әр түрлі заттар құрастырды;Топпен жұмыс жасауға дағдыланды;Еркін ойлап, жан-жақты ізденді; Белсенділігі артты;Өздері жасаған заттары жөнінде жұмыстарын қорғап сөйлеуге үйренді;Бір-бірін тыңдап, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

18

Page 19: дарынды балалармен жұмыс

Қорытынды.

Қорыта келгенде оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге,оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.Олай болса, Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады. Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудан алынатын нәтиже: жауапкершілігі артады, қажет болса көзқарасын өзгертеді, басқаларды тыңдай біледі, өзін-өзі бағалайды, қарым-қатынас жасауға үйренеді, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.Әр оқушының өзіне деген сенімі нығаяды және өзінің меңгерген біліктілігінің нәтижесі күнделікті білім деңгейін көтеруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.Әрине, артқарылған істер көп емес.Әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқандай, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой- өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

19

Page 20: дарынды балалармен жұмыс

Түйін мен тәжірибелік ұсыныстар

Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі болуы тиіс.

Ұсыныс: Баланың шығармашылық қабілетін ашу, дарынды балалардың алға қарай дамуы үшін ең бастысы жағдайлар жасау.

Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.

3. Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

4. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г.

20

Page 21: дарынды балалармен жұмыс

21