Тіл мерейі №12,13til-mereii.webpress.kz/storage/62/62d39127a724dd809af88581bc02… ·...

6
Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Қоғамның қажет- тілігін өтеу мақсатында барша- мыз тіл мəселесіне қырағылықпен мəн беруіміз қажет. Ана тіліңді өз дəрежесінде құрметтеп, өзге тілді қоғам қажеттілігне сəйкес білу ке- рек. Қазіргі таңда тіл мəселесіне көп мəн берілуде. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елба- сымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауын- да “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Əрине, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Себебі, əрбір ұлт өз ана тілін меңгеріп, күнделікті өмірде кеңінен қолданбаса, оны же- келенген ұлт деп толық айта алмай- мыз. Енді келесі кезекте біздің ре- спубликамызда мемлекеттік тілмен бірдей дəрежеде қолданылатын орыс тіліне тоқталамыз. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тари- хи артықшылығы екені баршаға белгілі. Латын тілі қайтадан тарихымызға енейін деп тұр. Бұл – Елбасы тапсырмасы. Жұмысшы тобы құрылды. Тек басталған істі жүйелі жүргізу керек. Бірақ қалай? Мұның барлығы елеп, ескеріліп, екшеліп жатыр. Жал- пы латын алфавиті қазақ тіл ғылымына тыңнан келіп қосылып отырған жоқ. Тарихымызға көз жүгіртсек, талай деректерге қанығамыз. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарла- ры Кеңесінің Президиумы – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдағаны белгілі. Латын əліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ау- ыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған əліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылай- ша, қазақ тілінің əліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен өзгертіліп отырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын атап көрсетті. «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын əліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мəлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс- қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бəрін де латын əліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін ла- тын əліпбиіне көш-рудің нақты кестесін жасауы керек», –деді. Тəуелсіз жылдардың ішінде біздің мемлекет бұрын жетпеген табыстарға жетті. Еліміз əлемде танымал жəне сый- лы. Жерімізде көптеген халықаралық іс- шаралар өткізілді. Осынша аз уақыттың ішінде əлемдік аренада үлкен абыройға кенелдік. Мұның барлығы Елбасының сындарлы саясаты мен халқымыздың тұтастығының арқасы. Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Жолдауында үш тілді оқуға кезең- кезеңмен көшу мəселесін атап көрсетті. Əлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін қалыптастырмай, Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес. Білім болашақ дамудың кепілі. Жолдаудың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бəсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі өрісіміз бен өркениеттілігіміздің əлемдік талғамға кеңірек құлаш сермегенін аңғартады. Бірде Discovery телеарнасы болашақтың білім беру жүйесіне арналған бағдарламалар топта- масын көрсеткен болатын. Онда көрермендерге: «Сіз балаңыздың мектептегі үлгерімі жақсару үшін ба- сына чип имплантациялауға келісер ме едіңіз?» –деген сауал қойылды. Сəлден кейін сауал мағынасы өзгертіліп, «Егер барлық балаларға чип орнатылып, олар тамаша жетістіктерге жетсе, ал сіздің балаңыз сол қалпында қалып, қатарластарынан көп артта қалып қойса қайтесіз?» – деп қойылды. Дəл осы- дан кейін көрерменнің көпшілігі қалың ойдың жетегінде қалғаны анық. Əрине балаңыздың басына чип орнатудың еш қажеті жоқ. Алайда, жаңа технологиялар мен əлем тілін меңгеру қажет екендігі түсінікті. Бəсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексін иемденген озық 10 елде көптілділік жақсы дамыған. «Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасау- ымыз керек. Қазіргі əлемнің осы «линг- ва франкасын» меңгеру біздің еліміздің əрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деп Елбасы- мыз айтқандай, ағылшын тілін меңгеру – жастарға жаһандану үрдісінің кілті болмақ. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланатынын ескерсек, ағылшын тілінде білім алу – жаһандық бəсекеге қабілеттіліктің кепілі болып тұр. Сол лингвистика ғылымының тілімен сөйлейтін болсақ, екі тілді білетін адамды «қостілді», ал 3 немесе одан да көп тілді білетін адамды «поли- глот» дейді. Бүгінгі таңда үштілді оқыту үрдісінің теориясы мен тəжірибесін ши- рек ғасырға жуық уақыт қолданып кел- ген «Білім-инновация» лицейлері Жол- дауда аталған міндеттерді орындауға ат салысып келеді. 2016 жылдан бүгінгі таңға дейін облыстың инновациялық мектептерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, жалпы саны 100-ден аса ұстазға тақырыптық семинарлар өткізді. Жаратылыстану пəндерін жоғары деңгейде ағылшын тілінде оқыту əдіс- тəсілдерімен, материалдық-теориялық базасымен бөлісті. 2016 жылдың мау- сым, тамыз айларында лицей-интернат мұғалімдері физика, химия, биология, информатика пəндерін ағылшын тілінде оқытудан 1 айлық курс өткізді. Осы оқу жылының басынан бастап «Білім- инновация» лицейлері Қызылорда қала- сындағы 8 инновациялық мектепте жаратылыстану-математика пəндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша ал- ғашқы терминологиялық сабақтар беріп келеді. Бағдарламаға сəйкес елімізде 2019 жылдан бастап 10 жəне 11-сынып оқушылары 4 пəнді: физика, химия, био- логия, информатика пəндерін ағылшын тілінде оқитын болады. Өркендеген мемлекеттер қатарына қосылу жолында ұстаздар қауымына, үлкен міндет жүктеліп отыр. Осы орай- да ұстаздар ел болашығының тұтқасын ұстар жастарға жаңа инновациялық əдіс-тəсілдер арқылы болашаққа бағдар көрсетіп, үш тілде терең білім бере білуіміз керек. Инновациялық əдіс- тəсілдерге негізделіп берілген терең білім арқылы жарқын болашаққа жетеміз. Білім арқылы бəсекеге түсу, білім арқылы озу – қай жағынан алғанда да маңызды міндет. «Білім-инновация» лицейлері үш тілді білім берудегі өзіндік іс-тəжіри- бесімен бөлісуге, облыс мектептерімен бірлесіп жұмыс істеуге əрқашан дайын. Нұрлан Өтепов, Педагогика ғылымдарының магистрі, №9 «Білім-инновация» лицейінің физика пəні мұғалімі ÒІË ÌÅÐÅÉІ Газет 2016 жылдың қарашасынан бастап шығады 15 - 26 мамыр, 2017 жыл Республикалық қоғамдық газет Тіл мерейі - ұлт мерейі E-mail: [email protected] № 12-13 (13) 2-бет 2-бет 2-бет 2-бет Ұлт болып қалыптасу үшін алдымен, ұлттық сана-сезім пай- да болу керек. Қазақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырған – оның əдет-ғұрыптары, салт-жоралары, соларда шырқалған, айтылған өміршең ойларға толы өлең-жырлар. Қазақтың салт- дəстүрлерін көп көрген, өзі де қатысып, басынан өткерген адам- ды онда айтылған небір ойлар ойландырмай, қызықтырмай, бүкіл жан-дүниесін шымырлатып, өзіне тартпай қоймайды. Соңында ол қазақтың халықтық дəстүрлерін жақсы білетін, ұлттық мұраттары бойына сіңіп, ұлттық сана-сезімі əбден қалыптасқан, өмірге ұлттық көзбен қарайтын саналы азамат бо- лып шығады. Демек, жас ұрпақты ұлттық дəстүрлер негізінде тəрбиелеу, сол арқылы оның бойына халқымыздың ғасырлар бойғы даму барысында жинақталған асыл қасиеттерін сіңдіру, ұлттық мұраттар бағытында өмір сүруді үйрету –бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі. Сонымен, белгілі бір халық ұлт болып өмір сүруі үшін оның міндетті түрде əдет-ғұрып, салт-сана түріндегі ұлттық дəстүрлері болуы керек. Ұлттық дəстүрлердің кеми бастауы- ұлттың да жойыла бастауының белгісі. Сондықтан да ұлт болып өмір сүремін деген халық алдымен тілін сақтайды, сол тілде қалыптасқан ұлттық дəстүрлерін жаңғырта жалғастырып отыра- ды. Ұлттық дəстүрлері мықты сақталынған халықтың ұлттық болмысы оқшаулана көз тартып, ұлттық сана – сезімі де, ұлттық рухы да жоғары тұрады. Қазіргі таңда əлемдік ауқымда жүргізіліп жатқан жаһандану саясаты да халықтарды ұлттық тілінен, ұлттық дəстүрлерінен айырып, олардың тілін, ұлттық болмысын жою арқылы барып, үстемдік орнатуды көздейді. Осындай қауіпті сезінген көптеген мемлекеттер қазір өздерінің ұлттық тілін, ұлттық дəстүрлерін сақтап қалуға барынша кірісіп жатыр. САЛТ - ДƏСТҮР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ТАЙҚАЗАНЫ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУ ҚАЖЕТ Ұлт дегеніміз- тіл, сол тілмен өрнектелген адам- дар арасындағы əлеуметтік қарым-қатынастардың дамуы барысында заманалар, əдет- ғұрыптардың, салт- жоралардың, бір сөзбен айтқанда, ата- дəстүрдің негізіндегі ұлттық болмыс. Адам баласы дүниеге келген сəттен бастап, қоғамдағы барлық құбылыстарды, қоғамдық, мə- дени, рухани байлықтарды тіл арқылы игереді. Өз тілің өскені өркенің, Ананың берген ақ сүті, Мақтаның ұлттық ол сенің,-демекші, ең алды- мен, титтейінен баланың аузына ана сүті мен ана тілінің сұлу сазы құйылады. Əрине, ол біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бəрін біл, Өз тіліңді құрметте,-деп ақын ағамыз Қадыр Мырзалиев жырлағандай, жас қауымға өзге тілді білуді, өз тіліңді құрметтеуді көздеген. Өсірген мəуелетіп санам гүлін, Сүйемін бабам тілін, анам тілін. Өмірден өзге бақыт тілемеймін, Өзімдей құрметтесе, балам тілін,- деп жырлағанда да, біз ол шумақтардан ақынның тілге деген қуаты мен құштар іңкəрлігін байқаймыз. Əрине, əр адам өз тілінің жанашыры бола отырып, тіл үйренгені қажет. Бірнеше тілді білу арқылы қоғамдағы барлық адамзат иелері бір-бірімен сөйлесіп, пікір алмасады. Ғылымды немесе білімді тіл арқылы игеріп үйренеді. Абай атамыздың «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» деген нəрлі нақылын əрі қарай «тіл игеру үшін тілек те керек жүрек те керек» деп, жалғастыруы тілді үйренуге үстірт қарамай, үңіле зерделеп, үйренуді қажет етеді деп меңзейді. ÒІËÄÅÐÄІ ÌÅҢÃÅÐÓ- ÇÀÌÀÍ ÒÀËÀÁÛ ҚÀDzÐò ÇÀÌÀÍ ҚÀÆÅÒҲ˲ò ÆÀҺÀÍÄÛҚ ÁӘÑÅÊÅÃÅ ҚÀÁІËÅÒÒІËІÊ ÁÀÑÒÀÓÛ

Upload: others

Post on 18-Oct-2020

20 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тіл мерейі №12,13til-mereii.webpress.kz/storage/62/62d39127a724dd809af88581bc02… · алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын

Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Қоғамның қажет-тілігін өтеу мақсатында барша-мыз тіл мəселесіне қырағылықпен мəн беруіміз қажет. Ана тіліңді өз дəрежесінде құрметтеп, өзге тілді қоғам қажеттілігне сəйкес білу ке-рек.

Қазіргі таңда тіл мəселесіне көп мəн берілуде. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елба-сымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауын-да “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш

тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Əрине, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Себебі, əрбір ұлт өз ана тілін меңгеріп, күнделікті өмірде кеңінен қолданбаса, оны же-келенген ұлт деп толық айта алмай-мыз.

Енді келесі кезекте біздің ре-спубликамызда мемлекеттік тілмен бірдей дəрежеде қолданылатын орыс тіліне тоқталамыз. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тари-хи артықшылығы екені баршаға белгілі.

Латын тілі қайтадан тарихымызға енейін деп тұр. Бұл – Елбасы тапсырмасы. Жұмысшы тобы құрылды. Тек басталған істі жүйелі жүргізу керек. Бірақ қалай? Мұның барлығы елеп, ескеріліп, екшеліп жатыр. Жал-пы латын алфавиті қазақ тіл ғылымына тыңнан келіп қосылып отырған жоқ. Тарихымызға көз жүгіртсек, талай деректерге қанығамыз. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарла-ры Кеңесінің Президиумы – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдағаны белгілі. Латын əліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ау-ыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған əліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылай-ша, қазақ тілінің əліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен өзгертіліп отырды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын атап көрсетті. «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын əліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мəлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс- қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бəрін де латын əліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін ла-тын əліпбиіне көш-рудің нақты кестесін жасауы керек», –деді.

Тəуелсіз жылдардың ішінде біздің мемлекет бұрын жетпеген табыстарға жетті. Еліміз əлемде танымал жəне сый-лы. Жерімізде көптеген халықаралық іс-шаралар өткізілді. Осынша аз уақыттың ішінде əлемдік аренада үлкен абыройға кенелдік. Мұның барлығы Елбасының сындарлы саясаты мен халқымыздың тұтастығының арқасы.

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев «Қазақ станның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Жолдауында үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мəселесін атап көрсетті. Əлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін қалыптастырмай, Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес. Білім болашақ дамудың кепілі. Жолдаудың «Қазақ станның үшінші жаң ғыруы: Жаһандық бəсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі өрісіміз бен өркениеттілігіміздің əлемдік талғамға кеңірек құлаш сермегенін аңғартады.

Бірде Discovery телеарнасы болашақтың білім беру жүйесіне

арналған бағдарламалар топта-масын көрсеткен болатын. Онда көрермендерге: «Сіз балаңыздың мектептегі үлгерімі жақсару үшін ба-сына чип имплантациялауға келісер ме едіңіз?» –деген сауал қойылды. Сəлден кейін сауал мағынасы өзгертіліп, «Егер барлық балаларға чип орнатылып, олар тамаша жетістіктерге жетсе, ал сіздің балаңыз сол қалпында қалып, қатарластарынан көп артта қалып қойса қайтесіз?» – деп қойылды. Дəл осы-дан кейін көрерменнің көпшілігі қалың ойдың жетегінде қалғаны анық. Əрине балаңыздың басына чип орнатудың еш қажеті жоқ. Алайда, жаңа технологиялар мен əлем тілін меңгеру қажет екендігі түсінікті. Бəсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексін иемденген озық 10 елде көптілділік жақсы дамыған. «Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасау-ымыз керек. Қазіргі əлемнің осы «линг-ва франкасын» меңгеру біздің еліміздің əрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деп Елбасы-мыз айтқандай, ағылшын тілін меңгеру – жастарға жаһандану үрдісінің кілті болмақ. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланатынын ескерсек, ағылшын тілінде білім алу – жаһандық бəсекеге қабілеттіліктің кепілі болып тұр.

Сол лингвистика ғылымының тілімен сөйлейтін болсақ, екі тілді білетін адамды «қостілді», ал 3 немесе одан да көп тілді білетін адамды «поли-глот» дейді.

Бүгінгі таңда үштілді оқыту үрдісінің теориясы мен тəжірибесін ши-рек ғасырға жуық уақыт қолданып кел-ген «Білім-инновация» лицейлері Жол-дауда аталған міндеттерді орындауға ат салысып келеді. 2016 жылдан бүгінгі таңға дейін облыстың инновациялық

мектептерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, жалпы саны 100-ден аса ұстазға тақырыптық семинарлар өткізді. Жаратылыстану пəндерін жоғары деңгейде ағылшын тілінде оқыту əдіс-тəсілдерімен, материалдық-теориялық базасымен бөлісті. 2016 жылдың мау-сым, тамыз айларында лицей-интернат мұғалімдері физика, химия, биология, информатика пəндерін ағылшын тілінде оқытудан 1 айлық курс өткізді. Осы оқу жылының басынан бастап «Білім-инновация» лицейлері Қызылорда қала-сындағы 8 инновациялық мектепте жаратылыстану-математика пəндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша ал-ғашқы терминологиялық сабақтар беріп келеді. Бағдарламаға сəйкес елімізде 2019 жылдан бастап 10 жəне 11-сынып оқушылары 4 пəнді: физика, химия, био-логия, информатика пəндерін ағылшын тілінде оқитын болады.

Өркендеген мемлекеттер қатарына қосылу жолында ұстаздар қауымына, үлкен міндет жүктеліп отыр. Осы орай-да ұстаздар ел болашығының тұтқасын ұстар жастарға жаңа инновациялық əдіс-тəсілдер арқылы болашаққа бағдар көрсетіп, үш тілде терең білім бере білуіміз керек. Инновациялық əдіс-тəсілдерге негізделіп берілген терең білім арқылы жарқын болашаққа жетеміз. Білім арқылы бəсекеге түсу, білім арқылы озу – қай жағынан алғанда да маңызды міндет.

«Білім-инновация» лицейлері үш тілді білім берудегі өзіндік іс-тəжіри-бесімен бөлісуге, облыс мектептерімен бірлесіп жұмыс істеуге əрқашан дайын.

Нұрлан Өтепов,Педагогика ғылымдарының

магистрі, №9 «Білім-инновация» лицейінің физика пəні мұғалімі

ÒІË ÌÅÐÅÉІГазет 2016 жылдың қарашасынан бастап шығады

15 - 26 мамыр, 2017 жыл

Республикалық қоғамдық газет

Тіл мерейі - ұлт мерейі

E-mail: [email protected]

№ 12-13 (13)

2-бет

2-бет 2-бет

2-бет

Бесіктің

киесі

Ұлт болып қалыптасу үшін алдымен, ұлттық сана-сезім пай-да болу керек. Қазақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырған – оның əдет-ғұрыптары, салт-жоралары, соларда шырқалған, айтылған өміршең ойларға толы өлең-жырлар. Қазақтың салт-дəстүрлерін көп көрген, өзі де қатысып, басынан өткерген адам-ды онда айтылған небір ойлар ойландырмай, қызықтырмай, бүкіл жан-дүниесін шымырлатып, өзіне тартпай қоймайды. Соңында ол қазақтың халықтық дəстүрлерін жақсы білетін, ұлттық мұраттары бойына сіңіп, ұлттық сана-сезімі əбден

қалыптасқан, өмірге ұлттық көзбен қарайтын саналы азамат бо-лып шығады. Демек, жас ұрпақты ұлттық дəстүрлер негізінде тəрбиелеу, сол арқылы оның бойына халқымыздың ғасырлар бойғы даму барысында жинақталған асыл қасиеттерін сіңдіру, ұлттық мұраттар бағытында өмір сүруді үйрету –бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі.

Сонымен, белгілі бір халық ұлт болып өмір сүруі үшін оның міндетті түрде əдет-ғұрып, салт-сана түріндегі ұлттық дəстүрлері болуы керек. Ұлттық дəстүрлердің кеми бастауы- ұлттың да жойыла бастауының белгісі. Сондықтан да ұлт болып өмір сүремін деген халық алдымен тілін сақтайды, сол тілде қалыптасқан ұлттық дəстүрлерін жаңғырта жалғастырып отыра-ды. Ұлттық дəстүрлері мықты сақталынған халықтың ұлттық болмысы оқшаулана көз тартып, ұлттық сана – сезімі де, ұлттық рухы да жоғары тұрады. Қазіргі таңда əлемдік ауқымда жүргізіліп жатқан жаһандану саясаты да халықтарды ұлттық тілінен, ұлттық дəстүрлерінен айырып, олардың тілін, ұлттық болмысын жою арқылы барып, үстемдік орнатуды көздейді. Осындай қауіпті сезінген көптеген мемлекеттер қазір өздерінің ұлттық тілін, ұлттық дəстүрлерін сақтап қалуға барынша кірісіп жатыр.

САЛТ - ДƏСТҮР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ТАЙҚАЗАНЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУ ҚАЖЕТ Ұлт дегеніміз- тіл, сол

тілмен өрнектелген адам-дар арасындағы əлеуметтік қарым-қатынастардың дамуы барысында заманалар, əдет-ғұрыптардың, салт- жоралардың, бір сөзбен айтқанда, ата-дəстүрдің негізіндегі ұлттық болмыс.

Адам баласы дүниеге келген сəттен бастап, қоғамдағы барлық құбылыстарды, қоғамдық, мə-де ни, рухани байлықтарды тіл арқылы игереді.

Өз тілің өскені өркенің,Ананың берген ақ сүті,Мақтаның ұлттық ол сенің,-демекші, ең алды-

мен, титтейінен баланың аузына ана сүті мен ана тілінің сұлу сазы құйылады. Əрине, ол біздің ана тіліміз- қазақ тілі.

Ана тілің-арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бəрін біл,Өз тіліңді құрметте,-деп ақын ағамыз Қадыр

Мырзалиев жырлағандай, жас қауымға өзге тілді білуді, өз тіліңді құрметтеуді көздеген.

Өсірген мəуелетіп санам гүлін,Сүйемін бабам тілін, анам тілін.

Өмірден өзге бақыт тілемеймін, Өзімдей құрметтесе, балам тілін,- деп

жырлағанда да, біз ол шумақтардан ақынның тілге деген қуаты мен құштар іңкəрлігін байқаймыз. Əрине, əр адам өз тілінің жанашыры бола отырып, тіл үйренгені қажет. Бірнеше тілді білу арқылы қоғамдағы барлық адамзат иелері бір-бірімен сөйлесіп, пікір алмасады. Ғылымды немесе білімді тіл арқылы игеріп үйренеді. Абай атамыздың «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» деген нəрлі нақылын əрі қарай «тіл игеру үшін тілек те керек жүрек те керек» деп, жалғастыруы тілді үйренуге үстірт қарамай, үңіле зерделеп, үйренуді қажет етеді деп меңзейді.

ÒІËÄÅÐÄІ ÌÅҢÃÅÐÓ-ÇÀÌÀÍ ÒÀËÀÁÛ

ҚÀDzÐò ÇÀÌÀÍ ҚÀÆÅÒҲ˲ò

ÆÀҺÀÍÄÛҚ ÁӘÑÅÊÅÃÅ ҚÀÁІËÅÒÒІËІÊ ÁÀÑÒÀÓÛ

Page 2: Тіл мерейі №12,13til-mereii.webpress.kz/storage/62/62d39127a724dd809af88581bc02… · алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын

Бұл жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы Абай да ай-тып өткен болатын. Ақын «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады» дейді. Дəл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тəтті ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Осыған байланысты Елба-сымыз тіл саясаты бірде-бір тілге қысым көрсетілмей жүргізілу қажеттігін айтып өтті. Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми мəртебесі жəне барлық этностар мен олардың мəдениеттерінің тең жағдайда дамуы туралы мəселе шешілген.

Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интегра-

циялық қызметтердің діңгегі. Ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі əлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім де дау айта алмас. Сондай-ақ, əлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бəсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс.

Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек... Бұл сөздерді президентіміз Нұрсұлтан Назарба-ев «Қазақстан-2050» стратегиясында айтады. Сонымен қатар, ол: «Орыс тіліне жəне кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дəл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.

Сол лингвистика ғылымының тілімен сөйлейтін болсақ, екі тілді білетін адамды «қостілді», ал 3 немесе одан да көп тілді білетін адамды «полиглот» дейді. Дүние жүзі тарихына көз жіберсең, жаһанға атағы жайылған дара тұлғалардың, ғалымдар мен ақындардың барлығы дерлік кемінде 2 немесе 3 тілді меңгергенін байқауға бо-лады. Қазақ поэзиясының атасы - Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгеріп, сол тілдерде бірнеше кітаптарды оқыған. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. Дегенмен, ештен кеш жақсы ұстанымын ұстанған ұлы данамыз, ғылым игеруде тіл білудің маңыздылығын өте жақсы ұққан. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлы перзенті, Абы-лай ханның немересі Шоқан Уəлиханов араб, шағатай жəне түркі тілдерінің біразын білген екен. Кадет корпу-сында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген. Сол тұстарда қазақтан шыққан жалғыз зерттеуші ғалым Шоқан болғанына ешкім күмəн келтіре алмас. Оның ғылымға, зерттеушілікке деген қызығушылығы көптілді

меңгергенінен кейін пайда болғаны да жасырын емес. Көптілді адам білім мен ғылымға құштар болатыны бүгінгі күнде де талай дəлелденіп отыр.

Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» мəдени жобасын іске асыру аясында жалпы білім беретін мек-тептерде көптілді жəне билингвалды білім беруді жолға қою мұғалімнің тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту міндеттерін алдыңғы орынға қояды. Би-лингвалды əдіспен білім беру ана тілінде білім алуға, сонымен бірге мемлекеттік жəне ресми тілдерді игеру мүмкіндігін береді, сондықтан ол тілдік жəне этникалық топтардың интеграциялануына жəне қоғам дамуына септігін тигізеді. «Тілдердің үштұғырлылығы» мəдени жобасының негізгі бағыттарын іске асыруда үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, жастардың зияткер ұлтымыздың орасан əлеуетін құрайтынына сенімдіміз. Бұл үшін əр жас қазақстандық білім алуға, мемлекеттік жəне басқа тілдерді игеруге тиіс, өз елі мен жерінің

өміріне белсенді араласып, бастамашыл болуы қажет. Біз осылай ғана елімізді нығайтамыз жəне келешекте оған тірек бола аламыз.

Үш тұғырлы тіл дегенді басқаша түсініп жүргендер бар. Елбасының көтеріп отырғаны – ел басқарған адам-дар бір тілмен шектелмей əлемдік тілдерді меңгерсін, солармен иықтассын деген алысты көздеген мақсат. 17 наурызда Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан» телеарнасында көрсетілген журналистермен сұхба-тындағы: «Орыс тілі арқылы дүниенің кілті ашылды. Қажеттіліктен баршамыз орыс тілін білуіміз керек. Қазақтың тіліне зиян келеді деп ойламауымыз керек. Латын графикасына сатылай көшуіміз керек», -деген түйінді сөздері баршамызға тиянақты түсіндірілген.

Ағылшын тілін меңгеру - қазақ баласына да керек дүние. Екі тілді қоса меңгерсе, қоғамның табысы да мол болады. Бірақ қалған тілдер ана тілі деген тұғырға та-бан тіреуі керек. Сондықтан Елбасы саясатын қолдап, мүмкіндігінше атсалысуымыз керек. Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасын-да қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дəрежеде жүзеге асырылады.

«Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Бұл үш құрамдас бөліктердің негізгі идеясы мынаған саяды: Қазақстанды бүкіл əлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мем-лекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілді дамы-тамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз. Демек, үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі.

Гүлмира Əлжанова

215 - 26 мамыр, 2017 жыл

ÒІË ÌÅÐÅÉІ П А Р А С А Т

Расында да қазіргі таңда ла-тынға көшудің үлкен саяси мəні бар. Өйткені бүгінгі ғасыр озық технологиялық ортаның, ком муни-ка цияның кезеңі. Жас ұрпақтың ағылшын тіліне ынтасы артты. Сондықтан латын алфавитіне өту олар үшін еш қиындық емес. Біз заманға бейімделуіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен нені қаперге алған дұрыс? Қазір пікірлер сан алуан. Бірақ ең нəтиже беретін жолын ғана таңдаған дұрыс.

Журналист Бауыржан Карипов-ке берген сұхбатында Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжан жүйелі сөз айтты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бəрімізді қуантқан, ұлтымыздың болашағын айқындаған нағыз ұлттық ұлы құжатында Ел-басы 2017 жылы көшеміз деп тап-сырма берді. 2012 жылғы жолда-уында 2025 жылға дейін көшейік деді. Демек, сең қозғалды. Латын қарпіне көшу мəселесі ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері көтерілген. Оның дайын базасы бар. Академик ағамыз Əбдуəли Қайдарұлы ба-стап көтерген бұл мəселе бүгінде институтымызда ғылыми негіздері жағынан жан-жақты зерттелді. Бүкіл түркі посткеңестік мемлекеттері кирилл қарпінен бас тартып, ортақ түркі əліпбиін жасайық деген 90–жылдардағы экономикалық дағдарыс кезінде емес, IT-технологиялар дамыған саяси тұрақтылық кезінде көшкеніміз əбден дұрыс болды. Əліпби жасайтын болсақ, қазақ тілінің тілдік, дыбыстық жүйесін көрсете алатын, екінші, ауызша тілді жазба тілге жеңіл, оңай кодтай-тын графика (ауызша мəтінді жазба мəтінге перекадировка жасайтын таңбалар) қажет. Сол принциптер-ге сүйеніп жасауымыз керек» деп латынға көшудегі ескеретін жайт-тарды айтты.

Демек, бұл дұрыс мəселе. Тек қолдап, қуаттауымыз керек. Бірақ өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл-

дарынан кейін латын алфавитімен өмір сүріп келе жатқан Орта Азиядағы түркітілдес елдердің жүріп өткен қателіктерін қайталамауға тиіспіз. Бірақ мəселе мынада: латын əліпбиіне өтуде не ескерілуі тиіс? Қазақтың белді ақыны, ұлтжанды азамат Қазыбек Иса жақында елді алаңдатып жүрген үлкен мəселе көтерді.

«Ең алдымен, «латын əліпбиіне мемлекет тұтас, түгел өте ме, əлде тек қазақ тілі ғана өте ме?»-деген ба-сты сұрақ – елдің сұрағы.

Біріншіден, ертең бүгінгі ха лі-міздей мемлекеттік тіл өз жайын-да- босағада, ресми тіл – орыс тілі төрде келе жатқанындай жағдай енді əліпби статусында да қайталанбай ма? Заң тілімен айтқанда, де-юре ойдағыдай екі тілдің де - факто əділетсіз статустары енді əліпбиде қайталанбайтынына кім кепілдік бере алады? Екіншіден, орыс мек-теп терінің 70 пайызы қазақ бала-лары. Ертең екі əліпби елді екіге бөліп, қазақтілді жəне орыстілді бо-лып бөлінген бір қазақ (мемлекеттің ұлттық идеологиясы жоқтығының айқын кемшілігі) тағы да екіге бөлініп кететіні анық.

Ертең мемлекеттік іс-қағаздарын орыстілділер кирилицамен, қазақ-тілділер латынмен жазып жат-са, нағыз рухани бөліну мен ірге сөгілудің көкесін сонда көретін бо-ламыз.

Сондықтан, мемлекеттің тұтас-тығы мен бірлігі – тəуелсіздігіміздің берік негізі екенін ойласақ, латынға мемлекет болып, қазақ тілімен бірге орыс тілі де, тұтас, түгел өтуі ке-рек!».

Бұл сөздің жаны бар. Шын-ды ғында бүгінгі қоғамда орын алып жатқан олқылық ертең ла-тын алфавитіне көшкен сəтте қайталанбауы тиіс. Бүгінгі қазақ қоғамы ақиқатында екітілділіктен зардап шегіп тұр. Сондықтан ұлт-жанды азаматтың көтеріп отыр ған мəселесі өте орынды. Егер латын қарпіне ауыссақ, тұтас қоғам болып

көшкеніміз абзал. Бұл орайда Байтұрсынов атын -

дағы Тіл білімі институты дирек-торының орынбасары Анар Фа-зылжан «Біздің кеңістіктегі əртүрлі мəдениеттердің қалыптасуының та-рихи себептері басқалармен бірдей емес. Этностарымыздың бір-бірімен арақатынасы да – ерекше феномен. Сондықтан шетелдің тəжірибесіне сүйене беруге болмайды. Бізге өз миымызбен ойлану керек. Қазақ-стандық көпмəдениеттілікті сая-си жүйеде, əлеуметтік кеңістікте өз ұлттық мүддемізге қарай қалай ұйымдастырып, басқарамыз, сəйке-сінше көптілділікті қалай енгізіп, мүддемізге жұмыс жасатамыз» деген мəселеде əлі ойлану керек. Ағылшын тілі керек, орыс тілі керек, бірақ оны қалай қазақ тілінің мүддесіне қалай жұмсаймыз? Көптілді білім беру жүйесінің моделін таңдағанда өз тілімізге нұқсан келтіріп алмаймыз ба деген мəселені мұқият ойлану ке-рек», -дегенді айтты.

Сондықтан ақыл таразысына са-лар нəрсе көп. Латын қарпіне көшу туралы əңгіме қозғалғалы бері сан алуан пікірлер айтылуда. Əлі де ай-тыла береді. Бірақ уақыт бар, бəрі де сарапқа салынады. Ең бастысы, сең қозғалды.

«2017 жылдың аяғына дейін ғалым дардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ əліпбиінің жаңа графикадағы бірың ғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан ба-стап жаңа əліпбиді үйрететін ма-мандарды жəне орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жыл-да ұйымдастыру жəне əдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс»,–деді Президент «Болашаққа бағдар: руха-ни жаңғыру» атты мақаласында.

Демек, бəрін асықпай, аптықпай, ақылмен шешкен абзал. Бізге Пре-зидент айтқан тапсырмалардың барлығы да ендігі жерде жүйелі түрде жүзеге асқаны керек...

Батыр ЖАСҰЛАН

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУ ҚАЖЕТ

ҚÀDzÐò ÇÀÌÀÍ ҚÀÆÅÒҲ˲ò

Үш ғасырға жуық отаршылдықтың бұғауында бо-лып, енді ғана тəуелсіздіктің туын тігіп отырған қазақ халқының алдында да егемендігімізді баянды етіп, жасай беруі үшін ұлтының ұлттық асыл қасиеттерін сақтап қалу жолында қыруар міндеттер тұр. Ол жұмыстар түптеп келгенде, тілді, ұлттық дəстүрлерді сақтауға келіп тіреледі. Сондықтан да, жас ұрпақты ата салты рухында тəрбиелеу,бабаларымыз болашақ үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен салған даңғыл жо-лымен жүріп, өмір сүру-əрбір қазақтың ұлт алдындағы азаматтық борышы.

Ана тілінде сөйлеп, ұлттық құндылықтармен өмір сүру – ұлтымызға сын. Қазақ болып өмірге келген адамға қазақ болып өмір сүруден басқа жол жоқ.

Ұлт дегеніміз-тіл, белгілі бір тілде сөйлейтін, белгілі бір салт-дəстүрмен өмір сүретін халық. Тіл мен əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер – ұлттың ұлт болып, халық

болып өмір сүруінің басты шарты, негізгі ережелері, басқаша айтқанда, ата-баба салты кейінгі ұрпақ үшін –Ата жол. Ал, ұлттық дəстүрлерге негізделген ата салты-мен өмір сүру- əрбір азаматтың мына қым-қиғаш заманда адаспай,тура жолмен жүріп, бақытты ғұмыр кешуінің бірден-бір кепілі; Сонымен бірге өз бақытын ұлт болашағымен байланыстырған əрбір адамның қоғам алдындағы азаматтық парызы.

Ұлттық дамуда ұлт бірлігі-аса маңызды. Əдетте, адам-дар өмірде бір-бірімен туысқан, жегжат,нағашы, жиен, құда, бөле, бажа,дос болып дегендей, қарым-қатынасып жатады. Осылай келгенде, қазақта бөтен адам жоқ;бəрі бір-бірімен байланыста. Осы туысқандық байланыстар түрлі салт-жоралар түрінде ұлттық дəстүрлерге айна-лып, ұлт бірлігін, ұлт тұтастығын қорғайтын ата салтқа айналған; ұлттық дəстүрлерде алдыңғы қатарға шығады.

Ал, ұлттық мүдденің негізі-ұлттық руханият. Ұлттық руханият ұлттық сана-сезімді қалыптастырады да ол өз кезегінде ұлттық қоғамдық даму жолында дұрыс бағытта болуының темірқазығына айналады.

Ұлттық əдет-ғұрыптар, салт-дəстүрлер əрбір адамның жеке индивид ретіндегі ғұмырынан бастап, ұлттық мүддеге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына, сол адамдардан тұратын халықтың ұлт ретінде ұйысып, қоғамдық өмір сүруіне барлық жағдайлар жасайды. Яғни жеке адам мен қоғамның арасындағы қайшылықтарды, түрлі алауыздықтарды жойып, халықтың біртұтас ұлт болып жасай беруін қамтамассыз етеді; адам-дарды туысқандық жағынан ғана емес, рух жағынан біріктіріп, ұлттың іргетасын бекіте түседі. Сондықтан

да тіл бірлігіне, дін бірлігіне, осы негізде қалыптасқан діл бірлігіне бастайтын ұлттық дəстүрлерді ұстану, сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жасаған мəдени қазынасын жоғалтпай, келешек ұрпақтың руха-ни азығына айналдыру- ертеңін ойлаған елдің барлық уақытта да есте ұстар басты міндеті.

Ұлттық ұлылығы оның ұлттық дəстүрлерінен, ұлттық табиғатынан көрінеді. Нағыз қазақ –бəрін біліп, орысша, ағылшынша сайрап тұрған, сонымен бірге ана сүтімен ауызданып, ұлтының бар жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, халқының дəстүрлерін, тарихын, əдебиетін, өнерін жетік білетін, əлемдік руханияттың озық үлгілері де жат емес азамат. Қазақты əлемге та-ныту дегенде, қазақтығымыздың басты белгісі ұлттық мəдениетімізбен, ұлттық дəстүрлерімізбен, тұрмыс-салтымызбен танылу барлық уақытта есте болғаны жөн.

Ұлттың басты белгісі –ұлттық руханияттың, ұлттың

сана-сезімінің болуы. Ал ұлттық руханияттың өмірдегі көрінісі- əдет-ғұрыптар, салт-жоралар. Əдет-ғұрыптар, салт-жоралар-ұлттық руханияттың өмір сүру форма-сы да , тұрмыс-салт жырлары -оның ұлттық мазмұны. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты; бірінсіз-бірі жоқ. Халықтың ұлттық болмысы, ерекшеліктері, арман-аңсары тұрмыс-салт жырларында өнер тілімен шынайы өрнектеліп, рухани өмірдің өзегін құрайды.

Сонымен, ұлт дегеніміз-тіл, сол тілмен өрнектелген адамдар арасындағы əлеуметтік қарым-қатынастардың дамуы барысында заманалар бойы қалыптасқан əдет-ғұрыптардың, салт-жоралардың, бір сөзбен айтқанда, ата дəстүрдің негізіндегі ұлттық болмыс. Ұлттық бол-мысты ұлттық сана- сезім құрайды. Ұлттық сана-сезім, рухы жетілмеген, немесе əлсіреген халықтың болашағы күңгірт. сондықтан да ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы жоғары ұрпақты ата-баба жолымен тəрбиелеу, сол үшін ұлттық дəстүрлерді жаңашылдықпен жалғастыра түсу –қай заманда болмасын, аса маңызды мəселе, ұлттық дамудың бірден-бір шарты.

Тілін, ата салтын білмеген, ұлтының қадір-қасиетін білмей,өгей ұлдай күй кешеді. Туған тілінен, халқының жақсы дəстүрлерінен ада адам ұлтын сүйе алмайды; халқына адал қызмет ете алмайды. Онда туған жерді сүю,отаншылдық сезімдері жоқ; халқының басына қиын жағдай туғанда, Отанды қорғаудың орнына бас қамының жағдайын жасап, жайына кетеді. Ал халыққа ұлттық намысты, туған жерді қасық қаны қалғанша қорғауға дайын ұлтшыл патриоттар керек...

Гүлназия ҚАСЫМОВА

Əрине, қазіргі кезде көп тіл білу-заман талабы. Еліміздің болашағы-ұрпақ тəрбиесі мен білімінде десек, бүгінгі таңда ұрпағымызға əлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сəйкес, білім мен тəрбие беру, оның рухани байлығы мен мəдениеттілігін ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, əр адамның кəсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру – бұл қазіргі қоғамның міндеті. Сол міндеттің көшбасында əлемдік аре-нада білім, ой бөлісу, салыстыру үшін көп тіл білу тұратыны анық.

Сондықтан да елімізде «Үштілділік» саясаты жүргізілуде. Орыс тілі мен ағылшын тілін меңгеру - бүгінгі күннің талабы. Біз қазір əлемдік қауымдастықпен біте қайнасып, араласып жатырмыз. Енді осы өркениеттің көшінде өзіміздің ұлттық мəдениетімізді, ұлттық құн-дылықтарымызды үйлестіру үшін өзге елдердің тілін білуіміз керек. Ол, əрине, əлемдік деңгейдегі тіл- ағылшын тілі мен көршілес елдің тілі-орыс тілі. Əлемде өзімізді мықты сезіну мен білімді екенімізді көрсету үшін аталған екі тілді де меңгергеніміз жөн.

Сол себепті Елбасы «Үштілділік» саясатын алға қойып отыр. Ел-басының сындарлы саясатының аста-ры өте тереңде. Біз əлемдік аренаға шығу үшін, ағылшын тілін жетік меңгерген мəңгілік Елге айналуы-мыз керек. Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін керек. Көп тіл білетін адамның көп нəрсеге қол жеткізетіні, қалаған жерінде жұмыс істеуіне мүмкіндігі мол екендігі, қай елге бар-са да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі жəйт. Бұл жолда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Мен Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған сы-ныптары бар «Мұрагер» мектебінде жұмыс жасаймын. Осы жылдар-да мен көргендей жəне жалпыға белгілі, мектепте көптілділік мəселесі дұрыс жолға қойылған. Алдымен, оқушылардың өзінің ұлттық тілін меңгеруіне жете мəн беріліп, бірнеше тілдің дамуына ерекше ден қойылған. Оқушылардың басым көпшілігі үш тілде емін-еркін жақсы сөйлей ала-ды. Оқушы жетістігінің бірден- бір көрінісі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иелену болса, бүгінгі күні біздің оқушылар əр түрлі білім бəйгелеріне қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Жыл сайын Республикалық олим пиаданың қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінде оқу-шылардың барлығы дерлік жүлделі орындарды иеленіп, қала бойын-ша мектептерден оқ бойы озық тұр. Олимпиада нəтижесінде был-тыр 36 жүлделі орынды иеленсе, биылғы жылы 51 оқушы қатысып, 49 жүлделі орынды иеленді. Қазақ тілі пəнінен қатысқан 8,9,10,11 сыныптың оқушыларының барлығы дерлік бірінші орынды иеленді.

Республикалық олимпиаданың об -лыстық кезеңінде де 9 оқушы жүлделі орын алып, жоғары дең гейден көрінді.

Ғылыми жоба бойынша да биыл-дың өзінде республикалық ғылыми сайыстардың облыстық кезеңінде 13 жүлделі орынды иеленді.

Мектеп бітіруші талантты, дарын-ды оқушыларымыздың көбісі дерлік Ұлттық Бірынғай Тесті леуге дейін-ақ, республикалық, халықаралық əртүрлі бағыттағы байқауларға қатысып, жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алуда.

Жыл сайын өткізілетін Халық-аралық ғылыми байқаулар бойынша Оңтүстік Корея, Тэджон қаласында өткен «Жас ғалым» жобасына да тұрақты қатысады. Биылғы жылы осы жоба бойынша, облыстың аты-нан шыққан мектебіміздің 4 оқушысы жүлделі ІІ орынды иеленіп, Ко-рей еліндегі Тэджон қаласының Солбридж университетінің грант иегерлері атанды.

Осындай мемлекеттік оқу гран-ты мен Петро-Қазақстан проектісі бойынша шетелде оқып жатқан оқушыларымыз да жеткілікті. Қытайдың Пекин Университетінде, Кореяның Сеул Университетінің мұнай жəне газ факультетінде, Туркияның Халықаралық туризм академиясында, Чекияның Прага университетінің заң факультетінде екі оқушымыз, Кореяда КМУ-дың экономика факультетінде жəне де Англияның Уэльс Университеті мен Польшаның мемлекеттік университетінде оқушыларымыз оқып жатыр. Жəне де Ресей Федера-циясы Мəскеу қаласы мен Санк- Пе-тербург қаласы университеттерінде былтырғы оқу жылында 37 оқушымыз грант иегерлері атанды. Халықаралық Флекс пен Акселс бағдарламасы бой-ынша да 10 сыныптың 4 оқушысы Америка Құрама Штаттарының əр қалаларында білім алып, сөйлеу тілін жетілдіруде.

Мұғалімдеріміз дарынды, та-лантты балаларды оқу əрекетіне машықтандырып, шығармашылық жетістіктерін əйгілеуде. Мектеп-те қазақ тілін тереңдетіп оқыту мақсатында орыс сыныптарына арналған «Тілашар» бағдарламасы, қазақ сыныптарында түрлі курстар, оқушылардың шығармашылығын шыңдау үшін «Балдəурен» шығар-шылық клубы нəтижелі жұмыс жаса-уда.

Осы жұмыстардың нəтижесінде, оқушылар халықаралық, рес пуб-ликалық зияткерлік сайыстарда, қоғамдағы зия лы қауым өкілдеріне арналған оқуларда, шығармалар мен мүшайралар байқауларында қабілеттерін көрсетіп, білікті шыңдайтын олимпиадаларда топ жа-рып, мұндай үрдісті жылдан-жылға нығайтып, дəстүрге айналдырып, интелектуалдық дамуға аса зор мəн беруде.

Абай атамыз: «Талап қыл артық

білуге» - деп тегін айтпаған. Оқушыларымыз мектепте те рең-

детіп қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруде. Жыл сайын шет елдер-ге шығып, өз білімдерін көрсетуде. «Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ол бақытқа жетеді» деп ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, өз ана тілімен қатар, орыс ағылшын тілдерін еркін меңгерген оқушым Ақпан Димаш жетістіктерге жеткен жан. Димаштың көп тілді білгеннен ұтқаны - жақында Оңтүстік Корей еліне бару бақытына қол жеткізуі. Яғни, қазақ əдебиеті пəнінен бірге дайындаған ғылыми жобаны ағылшын тіліне аударып, «Жием-бай жыраудың жазба айтыс дəстүрі» тақырыбында қорғады. Қазақтың төл əдебиетін жəне жыраулық халық өнерін шет елге кеңінен насихат-тап келген оқушым үшін бұл үлкен жетістік. Қазақ əдебиеті пəні бойынша жүлделі екінші орынды иеленіп, Ко-рей еліндегі Тэджон қаласының Сол-бридж университетінің грант иегері атанды. Əрине, жоғарыда келтірілген бұл мысалдарға қарап-ақ, шет тілдерін талабы жоғары оқушының үйреніп алуға болатынына көз жеткіземіз. Ең бастысы, ынта мен жігер керек. Сондықтан да «Үштілділікті» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) меңгеру жастар үшін қиындық келтірмейтінін білуге тиіспіз. Ұстаз ретінде ұстанып отырған бағытымыздың дұрыстығын шəкірттеріміздің осындай елеулі жет-кен жетістіктері арқылы анықтап оты-рамыз. Бұл да болса ұлттық тілімізді өркендетуге, əдебиетімізді танытуға қосып жатқан аздаған еңбегіміздің бағаланғандығы, өзімнің еңбек ететін оқу орнында қазақ, орыс, ағылшын жəне де басқа да тілдерді дамыту жұмыстарыныңдұрысжолғақойылғандығыдепбілемін.

«Тіл саясатын сауатты жəне дəйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек», - деген Елбасының сөзін əр уақытта жадымда берік ұстаймын. Қазақ халқының «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген мақалы «Үштілділік» саясатын жүргізудің негізі бола алады. Ендеше, əр ұлттың өз тілі өзге тілге жеткізетін көпір іспетті. Ұмытуға болмайтын бір мəселе бар, ол – əруақытта мемлекеттік тілдің, яғни, қазақ тілінің бірінші кезек-те тұратындығы. Біз ұстаз қауымы, ең бастысы, өз оқушыларымыздың көкірек сарайын өз ана тілі бен кəусар əдебиетімен сусындатып, екіншіден, бірнеше тілді меңгертіп, үшіншіден «Отанын, Қазағын, Тілін,» əлемге та-нытатын, ұлттық сана-сезімі жоғары оқушылар тəр биелесек, Жүсіп Баласағұн айт қандай, əрбіріміз де бақытқа же теріміз кəміл.

Гүлбану Тебегенова,№2 Мұрагер мектебінің

қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі.

САЛТ - ДƏСТҮР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ТАЙҚАЗАНЫ

ÒІËÄÅÐÄІ ÌÅҢÃÅÐÓ-ÓÀҚÛÒ ÒÀËÀÁÛ

Page 3: Тіл мерейі №12,13til-mereii.webpress.kz/storage/62/62d39127a724dd809af88581bc02… · алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын

315 - 26 мамыр, 2017 жыл

ÒІË ÌÅÐÅÉІМ Е Р Е Й

Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жо-лына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл əлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемле-кет ретінде танылды. Елбасымыз ендігі ке-зекте барша қазақстандықтың алдына осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан əрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет бас-шысы биылғы Жолдауда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынды.

Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бəсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.

Алға қойған үлкен мақсаты – 2050 жылға қарай əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу.

Қарқынды даму үстіндегі əлем бізден өзіне сай болуды талап етеді.

Ілесе алмағандар көштің соңында қалады.

Сондықтан біз жаңа жаһандық болмыс талаптарын қабылдауға тиіспіз.

Əлемде кезекті Төртінші өнеркəсіптік революция басталды.

Осы ретте, Елбасы алдымызға Қазақстанды Үшінші жаңғырту міндетін қойып отыр.

Оны жүзеге асыру үшін осы күрделі кезеңде еліміздің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.

Мемлекет басшысы бұл міндетті іске асыру барысында бес негізгі басымдықты ұсынды.

Бүгін төртінші басымдық бойын-ша облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тоқталып өтпекпіз.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесінің ролін өзгерту туралы тапсырма-сында білікті педагогтардың тапшылығын ескере отырып, Президент ағылшын тілін кезен-кезеңімен енгізуге тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.

Осы ретте, Елбасы « ...Қазақ тілінің басымдығы сақталады...», - деген-дей мемлекеттік тіліміздің мəртебесін асқақтату, тіл байлығын сақтау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Сондықтан мектептерде жаңа буын оқулықтары тіл дамытуға, оқылым, ай-тылым, тыңдалым, жазылым бөлімдері арқылы қайта өңделіп ұсынылуда. Демек, қазақ тілі бойынша, оқушыларымыздың тек грамматикалық материалды игеріп шығуын ғана емес, сөздік қорын молайту, сауатты жазып, сөйлей білу дағдыларын дамыту да ескеріліп отыр. ЖОО-на емти-хан тапсырғанда да «Оқу сауаттылығын» тапсыру осы мақсатты көздейді. Жəне барлық басқа пəндердің сұрақтары қазақша құрастырылып отыр, яғни қазақ

тілінсіз ешкім ілігері баса алмайды. Олай болса, тіліміздің тұғырлылығы өз өзектілігін ешқашан жоймақ емес.

Көптілді меңгеру деген ұғым - қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дəл бүгінгі дамыған дəуірімізге сəйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, əлемде Аристотельден кейін екінші ұстаз аталған ұлы ғұлама Əбу Насыр əл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-тен аса ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мəңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық.

Бүгінгі технология жəне жаһандану за-манында көптілді меңгеру - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Педагог қызметкерлеріне əдістемелік қолдау көрсету, білім беру жүйесінде жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын» іске асыру жəне үштілдік оқытуды облыс мектептерінде енгізу, мектеп мұғалімдерінің ағылшын тілін жетік меңгеруі мен олардың кəсіби біліктілігін арттыру мақсатында ар-найы бейнесабақтар каналы ашылды, канал «Қашықтан оқыту» бағдарламасы негізінде əзірленген.Ол youtube сайтында жарияланған. Аталған канал Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тəжірибелерін та-рату мақсатында «Кіріктірілген сабақтар» жаңа бейне сабақтармен қатар облыстық деңгейде өткізілген іс-шаралар енгізілген жəне «Білім –инновация» лицейлері мен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының ағылшын тілі пəнінің мұғалімдерінің облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы «Оқу сағаты» айдарында ең үздік деген сабақтары түсіріліп, жергілікті телеарна-лар арқылы насихатталды.

Бүгінгі күні, облыс көлемінде 46 инновациялық білім беру ұйымдары жұмыс жасайды.

Аталған 46 білім беру ұйымының: 4 мектебі - мамандандырылған білім беру ұйымы, 2 мектеп орта білім беру стату-сында, 40 мектебі – біріктірілген білім беру ұйымы болып есептеледі (30 мектеп-лицей, 10 мектеп-гимназия).

Мақсат бəрімізге айқын :Назарбаев зияткерлік мектептері тəжірибесін тарату.

Инновациялық мектептердің жұмысы нəтижелі болуы үшін тəжірибе алма-су жəне үздік тəжірибелерді ендіру, ынтымақтастықты орнату мақсатында облыстық оқу əдістемелік орталығы мен НЗМ ДББҰ ПШО бірлесіп магниттік мектептер желісі бекітіліп, қоян-қолтық жұмыс жасауда.

Тағы бір басты жаңалықтардың бірі НЗМ жəне олардың базалық мектептері тəжірибесінің негізінде 2016-2017 оқу жылынан бастап, инновациялық білім беру ұйымдарындағы 5-11 сыныптар ара-лы ғында (лицей, гимназия сыныптарын-да) ағылшын тілі пəні аптасына 5 cағат оқытылуда.

Инновациялық мектептердің негізгі ерекшелігі - оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды ұйымдастыру.

Инновациялық мектептердегі пе-

дагог қызметкерлердің біліктілік арт-тыруына да баса мəн берілуде. Бүгінгі күні, магниттик мектеп мұғалімдерімен жұмыс жасайтындығын ескеріп деңгейлік бағ дарламаның І жəне ІІ деңгейлері, басшыларға арналған 9 айлық курстар бой-ынша бірінші кезекте осы инновациялық мектеп мұғалімдері курска жіберілуде.

Облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі пəн мұғалімдерінің ағылшын тілін жетік меңгеруі жəне олардың кəсіби біліктілігін арттыру мақсатында 162 ағылшын тілі пəні мұғалімдері 2017 жылдың 17 қаңтар күні тестілеуден өтті. Алдағы уақытта деңгейлері бойынша арнайы курстан өтетін болады.

Сондай-ақ,№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесіп, үстіміздегі жылдың 31 қаңтар күні «Көптілділік – қазіргі білім беру басымдықтарының бірі: жай-күйі мен болашағы» тақы-ры бында облыстық семинар өткізілді. Инновациялық мектептердің тəжірибесіне қолдау көрсету мақсатында лицей-интернатының ұстаздары өз іс-тəжіри-бе лерімен бөлісті. Ағылшын тілі жəне жаратылыстану бағытындағы мұғалім-де рінің сұранысы бойынша жеке ке-ңес тер өткізілді. Инновациялық мектеп мұғалімдеріне ағылшын тіліндегі түрлі-түсті суреттері бар жаратылыстану бағы-тын дағы оқулықтар бойынша призентация көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды.

№9 дарынды балаларға арналған об-лыс тық «Білім-инновация» лицейімен бір лесіп, үстіміздегі жылдың 15 ақпа-нында «Жаратылыстану – матема-тика бағытындағы ағылшын тілінде жүргізілетін күрделі пəндерді жаңа педа-гогикалық технологиямен оқыту» тақыры-бын дағы облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында жаратылыстану пəндеріндегі терминологияны меңгертудің тиімді жолдары, алғы шарттары қарас ты-рылды.

2017 жылдың 23 ақпан қүні Қызылорда қаласы №2 Үш тілде оқытатын маман дан-дырылған сыныптары бар дарынды бала-ларға арналған «Мұрагер» мектебінде «Болашақ ұрпақты үштілде ұштастыра оқыту арқылы тəрбиелеу жəне білім беру» тақы рыбында ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күннің мақсаты- жоғары сыныптарда пəндерді ағылшын тілінде оқыту үшін төменгі сыныптарда тілдік орта қалыптастырып, ағылшын тілі пəнін қосымша оқыту бағытындағы (бірік ті ріл-ген сабақтар) жұмыстар көрсетті.

Үстіміздегі жылдың 3 наурызында Арал ауданы №262 мектеп-гимназия ба-засында «Үштілділікке батыл қадам: жаратылыстану-математика пəндеріне тіл дік дағдыларды ендіру жəне қолдау мəселелері» тақырыбында облыстық се-минар өтті. Жаратылыстану бағытындағы пəндерді ағылшын тілінде оқытуға көмек көрсету мақсатында білім беру ұйым-да рының тəжірибесінде шетелдік ма-мандарды тарту арқылы ағылшын тілін меңгерту деңгейін жоғарылату бағытында жұмыстар мен ашық сабақтар,тренингтер, коучингтер жүргізілді.

Гүлшат Смағұлова,Облыстық оқу орталығының

бөлім меңгерушісі.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАСЫМДЫҒЫ САҚТАЛАДЫ

«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын.

Мемлекеттік тіл – мемле-кет құрушы ұлттық тілі,ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі

болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Үштұғырлы тіл өмірдің қа-жеттілігі. Бұл бүгінгі елдің ке лешектегі тыныс-тір ші лі-гін айқындайды. Көп тіл мең-геру бəсекеге қабілетті ел аза матының міндеті. Қазақ-стан ның білікті, білімді əр аза-матын ғаламдық ақпа раттар мен инновациялық ағынына ілесу мақсатында ағыл шын тілін үйренуге жете лейді.

Үштұғырлы тіл жөнінде Ел-

басы Н.Назарбаев “Тілдердің үштұғырлығы мəдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын мəдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деп атап көрсетті. Сонымен қатар, мектеп қабырғасынан бастап балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дəрежеге қол жеткізуіміз міндет” - деген-ді.

Осыған байланысты бола-шақта еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ

бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Ағылшын тілі - əлемдік бизнеске қолдану үшін қажет. Мемлекеттік тілде сөйлеу - əрбір Қазақстан азаматының борышы. Тек осыны түсіне білуіміз керек.

Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ тілін дұрыс жұмсай біл сек, ол қоғамдағы тілге жүк те-ле тін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай тіл»,- деді. Мəселе, тілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі жəне халықаралық дəрежедегі позициясын нығайтқан кез-де біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің

əлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмəн келтірмеуге болады. Дəл бүгін де қазақ тілінің əлем тілдерінің ешқасысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық əдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмəн жоқ.

Ақнұр Ахметова,И.Əбдікəрімов атындағы

аграрлық- техникалық жоғары колледжінің

ағылшын тілі пəні оқытушысы.

ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ ЖОҒАРЫ

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – тіл саясаты.

Еліміздің тіл саясаты Ата заңымыздан бастау алып, «ҚР Тіл туралы « Заңы мен Елбасының жарлығы бекітілген Тілдерді дамыту мен қол-данудың 2011-2020 жылдарға арналған мемле-кеттік бағдарламасына сəйкес жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртек-тілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды фак-

торы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамассыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дəрежесін нығайту жəне оның əлеуметтік- коммуникативтік міндеттерін кеңейту тіл саясатының басты стратегиялық басымдығы бо-лып қала береді.

Тіл саясатының дамытудың негізгі бағыт-тарына тоқталатын болсақ, ол біріншіден, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, екіншіден қазақ тілімен қатар жүретін орыс тілінің фун -кция сын сақтау, үшіншіден көп ұлтты Қазақ-станды мекен еткен өзге этнос өкілдері тіл дерінің сақталуы мен дамуына барынша қам қорлық жа-сап, қолдау көрсету, төртіншіден, үш тілділікті дамытуда насихаттау, ынталандыру шараларын жүргізу.

Бүгінгі таңда елімізде тіл саясаты үйлесімді толеранттық бағытта жүзеге асырылуда.

Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында мем-ле к еттілігіміздің тірегі ретінде қазақ тілінің өрі-сін кеңейту жайына айрықша тоқталып отырады.

Мелмлекет басшысы биылғы « Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілет-тілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақ тілінің басымдығы сақталатынын, оның əрі қарай дамуына зор көңіл бөлетінін қадап айт-ты.

Бүгінде қазақ тілі қоғамның барлық саласын-да қолданыста жүр. Мəдениет пен руханият тан бөлек, банктердің тілі де қазақылана бастады. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге этнос өкілдері жетерлік.

«Сыр-Алаштың анасы» атанған киелі Сыр елінде 96 пайыз қазақ ұлты тұрады. Сөздің де, тілдің де мөрі Сыр бойында. Себебі, бұл жер қобыздың тілін игерген Қорқыттың, жырдың тілін игерген Жиенбайдың, тау-тастың тілін игерген Шахмарданның, күріштің тілін игерген Ыбырайдың елі. Ал, сырдың тілі дегеніміз, ол-Əуезовтың дуалы аузына аты іліккен Асқардың, жырымен жұртын аялаған əйгілі Əбділдəнің, қара сөзден толқын ойнатып, дауыл тұрғызған Əбдіжəмілдердің тілі екені даусыз.

Сыр сүлейлерін қанаттандырған өлкеде тілге деген оң көзқарас, шынайы сүйіспеншілік қалыптасқан.Соның бір айғағы-обылысымыз сонау 2001 жылы республикада бірінші бо-лып мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшірді.

Кеңес дəуірінің басында-ақ, Алаш арысы Сакен Сейуллин кеңсе тілі қазақша болмай,іс оңбайды.деген екен. Əрине, кеңсе тілі қазақша жүргізілмей, мемлекеттік оргондардың тілі қазақшаланбай,мемлекеттік тіл өз мəртебесіне ие бола алмайды. Бұл тұрғыда обылыста айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, 2017 жылғы 1 тоқсанның қортындысымен облыстық, қалалық, аудандық əкімдіктерінің шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды құрады.Ал аумақтық департаменттер мен инспекциялар-да 98,2 пайыз көлемінде.

Арнайы, жүргізілген əлеуметтік зерттеудің нəтижесінде облыс тұрғындарының 99,2 пайызы қазақ тілін еркін менгергендерді құрады.

Облысымызда тіл тақырыбында түрлі шаралар жиі өтізілуде. Тіл жанашырлары республикалық шараларға қатысып, өз білік-тік терін, білімдарлығын көрсетуде. Осындай байқаулардың жеңімпазы, қарапайым жұмысшы Геннадий Шиповских бүгінде Республика Пар-ла ментінің депутаты болып сайланып, Астанада жемісті еңбек етуде.

Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Қызылорда об-лы сының 4 азаматы сөз сөйлеп, облыстың мерейін үстем етті. Сөйлеген азаматтардың үшеуі республикалық тіл байқауларының жеңім -паздары болса,оның екеуі мемлекеттік тілді

жетік менгерген этнос өкілдері.Тілді білу,менгеру балабақша мен мектеп-

тен басталады десек, облыс бойынша 298жалпы білім беретін мектептің 262-сі қазақ мектебі, 4-еуі орыс, 27 мектеп аралас. Мектепке дейінгі тəрбие беретін 463 балабақшаның 449-ы қазақ, 13-і аралас, 1-еуі орыс балабақшасы. Облыста 258 өзге этнос балалары қазақ мектептерінде оқыса, 230-ы қазақ балабақшаларында тəр бие-ленуде.

Өзге этнос өкілдері балаларын қазак бала-бақ шасы мен мектептеріне беріп жатыр. Мұның барлығы мемлекекеттік тілдің мəртебесінің жыл санап артып келе жатқанын айғақтады.

Сонымен қатар, елімізде «Үштілдікті да-мыту» саясаты іске асырылуда.Алғаш рет иде-яны Мемлекет басшысы 2006жылы Қазақстан халқы ассамблеясының құрылтайында жария етіп,2017жылғы Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын-да «Тілдердің үштұғырлы»мəдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды ұсынды.

Ал, «Нұр Отан» партиясының сьезінде жарияланған бес халықтық рефермада «Қазақ, орыс, жəне ағылшын тілдерін дамыту - бұл қоғамды шоғырландырудың, оның бəсе-кеге қəбілеттілігін арттырудың кепілі» деп, Қазақстанда үш тілді дамыту қажеттігін баса айтқан болатын,

Бүгінде таңда заман талабына сай көп тілді білу-ол білімділіктің белгісі. Əсіресе, бəсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуды мақсат еткен

тəуелсіз Қазақстан үшін үштілдік саясаты аса маңызды.

Үштілдікті дамытудың көздеген мақсаты-мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қол-даныстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп,əлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу. Бұл жөнінде Елбасы «Қазақ тілі-үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» де-ген болатын.

Ақпараттық қогамда сапалы білім алудың негізгі шарттарының бірі көптілдік болып отыр, себебі заманауи тұлғаның толыққанды дамуы екі немесе оданда көп тілдерді меңгерумен тығыс байланысты, осыған байланысты ЮНЕСКО та-рапынан «Полиглоттар ғасыры»деп аталып отыр. Уақыт өте үдеп бара жатқан жаһандану үдерісіне ілесуі қазақстандық қогам алдына жаңа сипат-ты міндеттер жүктеп отыр,ал олардың оңтайлы шешім табуы еліміздің экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне жол ашып қана қоймай,рухани қауіпсіздікті, қазақ стандық біртектілік пен бірлікті нығайтуға мүмкіндік жасайды.

Мемлекет басшысы биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы:жаһандық бəсекеге қабі лет-тілік» атты. Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақ-стан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» деген болатын.

Қазіргі таңда əлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді əсіресе, халықаралық тілдерді мең-геруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан бізде өз халқымыздың қарыштап дамып, өрке-ниеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.

Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін, маман бəсекеге қабілетті тұлғаға ай-налатыны сөзсіз. Міне, осындай тұлғаларды тəрбиелеп, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп өз қабілетінін танытуға мүмкіншілік беретін алтын кілт – үш тілді меңгеру. Үш тілді меңгеру-бұл заман талабы. Үштілдік – бəсекеге қаілетті елдер қатарына апа-рар басты баспалдақ.

Алайда, үштілдікті үрейлі кейіпте елестететін қандастарымызда бар. Бірақ, біз өзге тілдерді үйренуден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып, өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет.

Елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілі- үшеуінің өз орындары, атқарар қызметтері бар. Қазақ тілі – біздің ана тіліміз, елдігіміздің белгісі, ұлтымыздың рухы, мұрасы, мəдениеті, біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шешірелі тарихымыз, орыс тілі - көп ұлтты еліміздің ұлт аралық қатынас тілі, ағылшын тілі - қазақ жерін жан əлемге ашар есігі, жаһанданудың кепілі.

Көптілді білім берудің негізгі мақсаты- оқушыларды білімді, тəрбиелі, дарынды, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра оты-рып, оларға өздерінің білімдерін ары қарай Қазақстаннан сырт елдерде, мысалы, Ре-сей, Еуропа, Америка мен Азияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік беру.

Бұл өз алдына білім беру сапасының, ғылым салаларының дамуы мен ілгері басуына алып келуі тиіс. Əлемдегі дамыған елдердің санаты-на енуді көздеген халықтың басты мақсаты са-уатты ұрпақ тəрбиелеу. Ол дегеніміз- ана тілін терең меңгерген, ол тілде еркін сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше халықтың тілін білетін ұрпақты тəрбиелеу болып табылады.

Лəззат Есімова,Облыстық ішкі саясат

басқармасы тілдерді дамыту жəне

əдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы.

ƏЛЕМДІК ДАМУҒА БАСТАР ЖОЛ

Page 4: Тіл мерейі №12,13til-mereii.webpress.kz/storage/62/62d39127a724dd809af88581bc02… · алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назар-баев тың еліміздің ішкі жəне сыртқы саясатындағы ең маңызды 30 бағытын атап көрсеткен «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынған еді. Онда Қазақстан бүкіл əлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс деп көрсетілген.

Бұл жоба жүзеге қалай асырылады? Оның бұрынғы-соңғы қандай тəжірибелері бар? Ғылыми негіздемелері жасалған ба? Бұл сұрақтарға нақты жау-ап, біздіңше ғылымға, оның ішінде тіл білімінің жаңа салаларының бірі - əлеуметтік лингвистикалық ілімге, оның теориялық жəне практикалық жетістіктеріне сүйене отырып беріл гені жөн.

Адам - əлеуметтік тұлға. Ол белгілі бір тілде сөйлейтін этникалық қауымдастыққа енеді. Ал этно-стар өзара саяси, экономикалық, мəдени т.б байланысқа түсіп, қарым-қатынас жасайды. Бұл қарым-қатынас екі этностың тілдерін бірдей қамтуы да немесе бір ғана тілде жүзеге асуы да мүмкін. Осыдан келіп адамдарға өз ана тілмен қоса екінші тілді білу қажеттілігі туады. Мұны қазақ «адамның күні адаммен» десе, əлеуметтік лингвистика «қостілділік, көптілділік» деп атайды.

Көптілді қоғамда адамдарға бір тілді ғана меңгеру аздық етеді. Мұндай жағдайда тілдер меңгерілу тəртібі бойынша немесе тілдердің адам өміріндегі рөліне бай-ланысты бір-бірінен ажыратылады.

1. АНА ТІЛІƏлеуметтік лингвистикалық əдебиеттерде алғашқы

меңгерілген тілді, адамның бала кезінде ересектер-ден үйренген тілін (бесік тілін) ана тілі деп атайды (О.С.Ахманова).

Бала тілі бола алмаса ана тіл,Ана тілі бола алмайды ешқашан (Қ.Мырзалиев). Əдетте ана тілі адамның ата-анасының біреуінің

тілімен сəйкес келеді. Сондықтан ол адамның белгілі бір ұлтқа (этнос) жататындығының негізгі белгісі ретінде қызмет етеді. Олай болса, мұны этнос тілі деп те атауға болады.

Арнайы жүргізілген əлеу-меттік лингвистикалық зертте-улер көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы этнос-

тар үшін «ана тілі» ұғымы оны меңгеру деңгейіне қара мастан өз ұлтының тілімен мызғымастай берік байланысқан жəне ол сол ұлтқа жататындығының негізгі белгісі болып саналады.

Ана тілі дегеніміз – белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мəдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына (жас, жыныс, сенім, кəсіп, əлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей жəне жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы

Ана тілі – адамның ана сүтімен бойына дарыған өмір бойғы серігі.

Ана тілі – оны білмеу қасіретімен сыйспайтын ұғым.

Ана тілі – адам өзге тілде сөйлегенде рухы үздіксіз ілесіп отыратын тіл.

Ана тілі –бөгде тілді оқып үйренде бірден-бір тірек тіл.

Ана тілі – қостілділік пен көптілділіктің негізгі сыңары (Б.Хасанұлы).

2. ЕКІНШІ ТІЛБіздіңше, ана тілінен кейін меңгерілген барлық кез

келген тілді бөгеде тіл немесе екінші тіл деп атаған жөн. Өйткені адамның лингвистикалық қабілетілігіне қарай мұндай тілдердің саны бірнешеу болуы да мүмкін.

Оларды, яғни екінші үйренген тілін үшіншіден не-месе төртінші үйренген тілдерінен айырып көрсетудің қажеттілігі жоқ, себебі мұндай тілдердің қызметі, олар-ды меңгеру деңгейлері адамдардың оларды қолдану тəртібіне бағына бермейді.

Олардың пайданауы əртүрлі əлеуметтік ортаға, əр жағдаятқа байланысты орыны алмаса беруі мүмкін.

3. ҚОСТІЛДІЛІКҚостілділік табиғатында жеке адамға ғана тəн

құбылыс емес, жалпы əлеуметтік сипаттағы құбылыс болып табылады. «Қостілділік» термині қазақтың «қос» жəне «тіл» деген сөздерінен жасалса, оның синонимі ретінде қолданылатын «билингвизм» термині арғы тегі латынның «bi» - екі жəне «lingua» - тіл деген сөздерінен тұрады. «Билингвизм» терминін ғылымға У.Вайнрайх 1953 жылы енгізген.

Қостілділіктің мынадай түрлері ажыратылады: Жеке адамдық қостілділік – белгілі бір этностың

жекелеген мүшелерінің екі тілді білуі мен қолданылуы. Жаппай қостілділік – екі тілді этностың басым

көпшілігінің білуі мен қолданылуы. Аймақтық қостілділік – елдің белгілі бір аудан

тұрғындарының екі тілді білуі мен қолдануы. Табиғи қостілділік – сол тілдің тұтынушыларының

тікелей өзара қатынасының нəтижесінде екі тілді білуі мен қолданылуы.

Жасанды қостілділік – екінші тілді үйренуге арнайы бейімделу жəне əлеуметтік жағдай жасау нəтижесінде екі тілді білу мен қолдану т.б.

Сол сияқты біржақты немесе екіжақты қостілділік түлері де бар.

4. ҚОСТІЛДІЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕБІҚостілділіктің пайда болу себебі түрлі тілдік

ұжымға жататын адамдардың бір-бірімен қатынас жа-

сау қажеттігі болып табылады. Қарым-қатынасқа кедергі болатын тілдік бөгетті

жеңу бірнеше тəсілдермен жүзеге асады. Бұл тəсілдерді былайша түсіндіруге болады. Ол үшін А жəне Б деген біртілді этностарды алып қарастырайық. Бұл екі тілдік ұжымның өзара түсіністікке жетуі теориялық тұрғыдан мынадай төрт тəсілмен жүзеге асатынын айтады:

1.А тілдік этнос өкілдері (барлығы не бір бөлігі) Б этносының тілін меңгереді, Б этносы біртілді күйінде қалады (А Б).

2.Б этносының өкілдері (барлығы не бір бөлігі) А-ның тілін меңгереді де, мұнда енді А этносы біртілді күйінде қалады (А Б).

3.А этносының өкілдері Б-ның тілін, Б этносының өкілдер А-ның тілін меңгереді сөйтіп екі этностың барлығы не бір бөлігі қостілді болады (А Б).

4.А жəне Б этнос өкілдері (барлығы не бір бөлігі) үшінші В этносының тілін меңгереді. Өзара қостілді бола отырып, олар В этносының өкілдерімен, сондай-ақ өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. А Б В (1) жəне (2) жағдайда біржақты қостілділік ту-ралы сөз болады. Олардың арасындағы айырмашылық тілдік əсер бағытына байланысты анықталады.

(3) жағдай екіжақты қостілділікті көрсетеді. Оны (1) жəне (2) жағдайлардың өзара əрекеті ретінде қарастыруға болады. Мұнда тілдік əсер ету бағытын анықтайтын күштің өзара теңдігі байқалады.

(4) жағдай өзара біржақты қостілділікті танытады. Оны екі қырлы қостілділік (двухфокусный билинг-визм) деп те атауға болады. Бұл жағдайда В этносының өкілдері əдетте біртілді күйінде қалады да аралық тіл қызметін атқарады.

5. АРАЛЫҚ ТІЛАралық тілдің пайда болуындағы қажеттілік қандай

да бір əкімшілік-шаруашылық ұйымдағы қоғамның əлеуметтік өмірінің ерекшелігімен анықталады. Егер мұндай ұйым бірнеше этникалық топтардан тұратын болса, олар тек өз ана тілдерін меңгерген болса, мұндай түрлі топ өкілдерінің қарым-қатынас жасау мүмкіндігі нөлге тең.

Тілдік бөгетті жеңу үшін олар бір-бірінің тілін үйренсе, онда олар мультилингвистерге айналар еді, яғни барлық этностар бір-бірінің тілдерін меңгеруіне тура келер еді. Егер көпэтносты қоғамдағы тілдер он-дап, кейде жүздеп кездессе (Индияда – 179, Қазақстанда – 128, Филиппинде – 93 т.б.), бұл тұрғындардың басым көпшілігі үшін алынбас қамалға айналары сөзсіз.

Міне, осындай жағдайда этносаралық қатынаста аралық тілді қолдану қажеттігі пайда болады. Оның тиімді тəсіліне біржақты көпқырлы (многофокус-ный) билингвизм сай келеді. Сондықтан көптілді мемлекеттегі аралық тілдің пайда болуы мен қызмет етуі қарым-қатынас жасау қажеттігін туындайтын табиғи үдеріс болып табылады.

Аралық тілді таңдауға түрлі объективті, тіпті субъективті факторлар (мемлекетті басқарушылардың ана тілі, жекелеген мүдделі топтардың тілі, саны көп этнос тілі немесе басқыншылар тілі) əсер етуі мүмкін. Дегенмен соңында өзіне жүктелген қоғамдық қызметті орындауға жарамды тіл жеңіске жетеді.

Қостілділіктің пайда болуындағы тілдік əсер бағыты, əдетте өзара қатынастағы тілдік ұжымдардың санына, тілдерінің қоғамдық қызметіне жəне əлеуметтік ерекшелігіне байланысты болады. Айталық, аз санды

тілдік ұжым көп сандыларға қарағанда қостілділікке бейім болады.

Сондай-ақ белгілі бір əлеуметтік топтағылар (мы-салы, қарапайым еңбек адамдары, жұмысшылар) басқа кəсіби топтың өкілдеріне (саудагерлерге, кəсіпкерлерге, ителегенцияға) қарағанда қостілділікке бейімділігі төмен болады.

Алайда тəжірибеде осы аталған жайттарға қарама-қарсы келетін жағдайлар да кездеседі. Мұны былайша түсіндіруге болады: егер тілдік бөгетті жеңуге практикалық қажеттілік пайда болса, онда қостілділікке бейім болатындар көп санды болуына қарамастан қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдің сөйлеушілері болады.

Біздің жағдайымызда қостілділікке бейімділер қатарына орыстар мен орыстілділерден басқа этно-стар, оның ішінде қазақтардың басым бөлігі ие болып отыр. Бұл қазақ тілінің орыс тіліне қарағанда қоғамда атқаратын қызметінің нашар, қолданыс аясы əлі де жетілдіруді қажет етуіне байланысты туып отыр.

Егер тілдің атқаратын қызметтік жүктемесіне сол тіл қамтамасыз ететін қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларын бірлік ретінде алатын болсақ (отбасылық қатынас, ауызекі шығармашылық, əдебиет, білім беру, ғылым т.б.), онда көп ұлтты мемлекеттегі, тіпті бүкіл əлемдегі тілдердің қызметтік типологиясынның үлгісін жасауға болады (кестеге қараңыз).

Осы мəселелерге қарап отырсақ, қарым-қатынасқа түсуші тілдердің бір-біріне əсер ету бағытын ғана көріп қоймаймыз, оның нəтижелі көріністерін де байқаймыз. Қостілділікке икемді көбіне тайпа тілдері мен ұлыс тілдері болады екен. Өзге тілді меңгеру олар үшін өз ана тілдері атқармайтын салалардағы (ғылым, білім беру, қоғамдық-саяси өмір т.б.) қарым-қатынас мүмкіндігін алып келеді. Осыған ұқсас мүмкіндіктерді көптілді мемлекеттердегі ұлтаралық қатынас тілін меңгерген қостілді тұтынушылары да алады.

Қорыта айтқанда, қостілділік жеке адамдар үшін əлеуметтік артықшылықты тудырады. Дегенмен қостілділік белең алуы ана тілге өзге тілдің əсерін де əкеледі.

Бұл əсердің сипаты қостілділіктің пайда болуы мен өмір сүруінің əлеуметтік жағдайына байланысты бола-ды.

Тіл Қоғамдық салалар

Отб

асы

лық

қаты

нас

Фол

ькло

р

Өне

р

Қоғ

амды

қ-са

яси

өмір

Көр

кем

əдеб

иет

Іс қ

ағаз

дары

н ж

үргі

зу

жəн

е са

ясат

Білі

м бе

ру

Ғылы

м

Мер

зімд

і бас

пасө

з

Үлт

арал

ық

қаты

нас

Əле

мді

к қа

тына

с

Жалпы ортақ тіл + + + + + + + + + + +

Халықаралық тіл + + + + + + + + + + -

Ұлтаралық тіл + + + + + + + + + - -

Ұлттық тіл + + + + + + + + - - -

Ұлыс тілі (диаспора)

+ + + + + + + - - - -

Тайпа тілі + + + + - - - - - - -

Диалект + - - - - - - - - - -

415 - 26 мамыр, 2017 жыл

ÒІË ÌÅÐÅÉІ Р У Х А Н И Я Т

Еліміздегі жаңа саяси жəне əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, халықаралық байланыстардың дамуы, халықаралық стандарттарға сəйкес білім беру жүйесінің модернизациялануы тілдерді оқы тып, игертудің əдістемесінің қалып тасуына зор ықпал етіп отыр. Қазіргі таңда мəселе тілді үйренуде ғана болып тұрған жоқ, тілдерді өмір бойы үйрену дағдыларының қалыптасуы мен үштілділік білім беру, еліміздің білім саласындағы жаңа міндеттер мен мақсаттарымыздың бірі.

Ең алғаш рет Елбасымыз үштіл ділік иде-ясын 2004 жылы жариялады. Ал, 2007 жылғы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: «Үштілділік мəдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын мəдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі, əлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор» деп атап көрсетті. Жəне де « Ағылшын тілі - əлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға əлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі», «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дəуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы ба-тыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» деп, ағылшын тілінің қоғамдағы ролін нақтылады.

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу əрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты, халық пен халықты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» деген халық даналығы осы турасында айтылса керек. Өзге тілді білу дегеніміз сол тілде ойлап, өз тілін ұмыту, мəңгүрттену деген сияқты түсінік емес ( өкінішке орай мұндай пікірлер ара-кідік кездесіп жатады). Орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеру арқылы адам əлем кеңістігіне еркін жол ашады, жаңа білім мен ғылымға қол жеткізеді.

Қазіргі таңда ағылшын тілінің қоғамдағы ролі өте зор. Мектептер мен университеттер-де, арнайы курстарда оқытылуда. Сандық технологиялар арқылы үйде отырып та үйренуге мол мүмкіндіктер бар. Тіл үйрену ұзақ уақыт алатын үрдіс. Ой жəне қаражат шығындарын қажет етеді. Дегенмен, тіл

үйрену керек. Шет елге шығу, өзге ұлт өкілімен еркін пікір алмасу, шет елде студент атану, тіпті лауазымыңыздың жоғарылауына да ағылшын тілін білуіңіз себеп болуы əбден мүмкін. Халықаралық қатынас тілін игеру арқылы өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіз. Жəне ағылшын тілін меңгерудің мəні зор екенін міндетті түрде түсінесіз.

Ұлы ғұлама Əбу-Насыр Əл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілін білсе, қазақтың бір туар ұлы Шоқан да бірнеше тіл білсе ке-рек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. Аударма жұмыстарын жасап, теңдесі жоқ мұра қалдырды. "Орыс тілін оқыңыздар. Ол сіздердің көздеріңізді ашады!" деді. Қазақ геология ғылымының атасы – Қаныш Имантайұлы Сəтпаев орысша оқып, зерт-теу жұмыстарын жасады. Өзге тілді игеру арқылы өз халқының ілімі мен ғылымына зор үлес қосты. Яғни, орыс тілін білу 19-20 ғасырлардың ілім-ғылымындағы басты қажеттілік болса, 21- ғасырда ағылшын тілін білу жаһандық қажеттіліктен туындап отыр.

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл та-рихынан айқын. Адам көп тіл білген сай-ын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады.

«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей, бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақ стан – 2050» стратегиясында мұ ға лім дерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады, «Мен сөзімді, əсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға ай-тарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»,-деген жол дарда жастарымызға деген үміт пен сенім жа-тыр. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі əлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің

еліміздің əрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады».

Осынау мүмкіндіктерді игеру мақ са-тында бүгінгі білім ордалары үштіл ді лікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолда-рынан ізденіс табуда.

Мен жұмыс жасайтын білім ордасы да жоғарыда айтылғандарға мысал болады.

Мектеп 1919 жылы құрылып, 1969 жылы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп атауын алды. 2007 жылы 7 тамыздағы ҚР Білім жəне Ғылым минис-трлігінің №387 бұйрығымен үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды ба ла ларға арналған сыныптары бар «Мұра гер» мектебі болып өзгертілді. Сол уақыттан бері мектебіміз елі міздің білім саласына айтарлықтай үлес қосып келеді. Оқушыларымыз халықаралық, рес пуб ли-калық ғы лы ми жобалар мен пəндік олим-пиадалар мен ҰБТ қорытындылары бой-ынша үздік орындарға ие. Жыл сайын пəндік олимпиаданың қала лық кезеңдерінде ағылшын тілі пəні бойынша 8-9-10-11 сы-нып оқу шыларымыз жүлделі 1-орындар алып келеді. Халықаралық FLEX-ACCELS бағдарламасы бойынша мектеп оқушылары жыл сайын қатысып, білімдерін сынап жүр. Былтырғы оқу жылында 6 оқушымыз жеңімпаз атанып, 4-еуі бүгінде өз білімдерін АҚШ –да жалғастыруда. 1995 жылдан бері 77 оқушымыз АҚШ мемлекетінде білім алды.

5-6 сыныптарда «Ағылшын ті лінде мате-матика» пəні оқытылады. Пилоттық жоба ая-сында 1-сыныптарда «Ағылшын тілі» пəнін оқыту алғаш біздің мектебімізде тəжірибеде сəтті жүзеге асып, бүгінде мұғалімдеріміз оқыту мен оқудағы жаңа технология ларды меңгерген, өз тəжірибелерін облыс, қала мұғалімдеріне таратып, қалалық, облыстық семинарларда бір сабақты үш тілде жүргізіп, ше бер ліктерімен бөлісіп жүр.

Шығармашылық бағытта зерт теушілік жұмыстар жүргізуге да ғдыланған оқу мен оқыту про цесі жүйелі жолға қойылған. Жа-ңар тылған білім мазмұны аясында оқытуды қолға алып, оқуға, яғни, жеке тұлғаның əрекетін дамытуды мақсат етудеміз.

Көп тіл білу - қоғам талабы. Мемлекетіміздің бəсекеге қа бі летті ел болуының дəлелі - аза мат тарымыздың үш тілді мең геруі не бағытталған. Бірнеше тіл дерді еркін меңгерген азаматтарымыз бəсекеге қабілетті тұлғаға айна лып, өз елі үшін абыройлы еңбек ететіні сөссіз.

Гүлжайна Қуандықова

ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС

КӨПТІЛДІЛІК МƏСЕЛЕЛЕРІАман АБАСИЛОВ,филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Ұстаз – ұлағатты есім. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп ұлы Абай ата-мыз айтып кеткендей, баланы – өмірдің тетігі, ұлт болашағы деп білер болсақ, осы саналы ұрпақты тəрбиелеп, білім нəрімен сусындататын өнегесі мол тұлғалардың бірі ұстаз екені - сөзсіз. Ұстаз болу – балаға тек сабақ берумен шектеліп қалуды емес, сонымен қатар, оқушының оқу процесіндегі жүріс тұрысын бақылап, оның дамып-жетілуіне сүбелі үлес қосып, баланың қоршаған ортаға деген көзқарасының қалыптасуына аянбай тер төгуді де талап етеді.

Шəкірттеріне өз баласындай мейірімін төгіп, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып жүрген №11 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Рашова Лиза Темірбекқызының бойы-нан осындай ұстаздық қасиетті жұмыс бабымен барған бір ретте онымен сұхбаттасу барысында байқалды.

Лиза апай, - «Ұстаздық - ұлы іс» деп ке-меңгер жазушымыз М.Əуезов айтқандай, бұл іске лайық болудың басты қағидасы неде деп есептейсіз.

Балаларды қабақ шытпай қарсы алып, этика-эстетикалық талаптарға сай қарым-қатынас жасап, олардың шығармашылығын дамыту бағытындағы сыныптан тыс шаралар ұйымдастырып, барынша жаңа инновациялық-технологиялық əдістермен дəріс беріп,үштілдік жүйенің орнауына үлесімізді қосып жүрген жайымыз бар.

Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтаныш, əрі бақыт. Осы бастауышта мұғалім бо-лып істеп келе жатқаныма 10 жылдан астам уақыт өтті. Шəкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Қазіргі таңда заманауи оқыту-үйретудің мазмұны да, сипаты да, амал-тəсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет-қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Соған орай ұстазға қойылар талап та күшеюде. Осындай күрделі де

қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім - біздер, өз пəніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педа го-гикалық-психологиялық өрісін дамытып отыруға да міндеттіміз деп санаймын».

«Мұғалімнің еңбегі қашан да оқушының жетістігімен, оның тəрбие беру ісінде жаңа əдіс-тəсілдерді тиімді қолдануымен бағаланатыны сөзсіз. Лиза апай шакірттерінізге берген ерек-ше тəсілді білімініздің арқасында көптеген жетістерге қол жеткізіп, мектепаралық, қа-ла лық, облыстық пəн жəне спорт сайыста-рында жүлделі орындарды бермей келеді.Сол шəкірттерініз туралы айта кетсеніз.

Мен жетекшілік жасап келе жатқан 4 «Б» сыныбының тағы бір үлкен жетістігі - Халықаралық «ПОНИ», «Кенгуру», «BS-Press», «Ақбота», «Зо-лотое руно», «British Bulldog» сияқты сайыстарға қатысып, өз білімін жоғары белестерден көрсетіп жүрген Рысбек Нұрдəулеттің математика про-фессоры Джейн Бруноның қолынан сертификат пен алтын медаль иеленуі ерекше мақтаныш деп айтар едім.Осы орайда ата-аналар жиналысының үстінен түскен менің Нұрдəулеттің анасымен тілдесуіме мүмкіндік туды.

«Ұлымыздың осындай ерекше қабілетті, алғыр болып қалыптасқандығына ең алдымен жаратқанға шүкіршілік етеміз.Одан қалды үйдегі ата-əжесі мен ата-анасы - біздердің тəлім-тəрбие беріп өсірген баланың мектеп табалдырығын аттағалы бойынан жақсы қасиеттерін байқап, өз білгенін үйретіп, білім нəрімен сусында-тып, айрықша тəсілдерімен баптап,бүгінгідей жетістіктерге жеткізе білген ұстазы Лиза апай-ларына ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.Нұрдəулеттің бұдан да басқа жетістіктері бар екендігін мақтанышпен айта аламын жəне де баламның сол жеңістерінің əрбірі осы ұстазының жемісі деп білемін».Қуаныш пен ризашылыққа толы сезімін жасыра алмаған ата-ана өз сөзін осы-лай қысқаша қайырды.

Шəкірт бойына өзінің жақсы қасиеттерін да-рытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі еңбегі ескерліп, Егеменді еліміздің бəсекеге қабілетті ұрпағын оқыту мен тəрбиелеудегі ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеті жоғары бағаланған Лиза апайлары «Өрлеу» білім-ғы лым технология порталының директоры Ж.Ф.Кошкимбаевтың қолынан төсбелгімен де марапат талыпты.

Олай болса, №11 мектеп-лицейінің ескі түлек терінің бірі ретінде өзімнің жəне 4 «Б» сыныбының ата-аналар ұжымы атынан Рысбек Нұрдəулет Əлиасқарұлы мен сынып жетекшісі Ра-шова Лиза Темірбекқызын осыған дейінгі бірлесе қол жеткізген жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!Сондай-ақ, алда алар асуларының биік, жетістіктерінің мол болуына тілектес екендігімізді білдіреміз!

Олжас Нұрмағамбетов,Тасбөгет кенті əкімшілігінің

Ішкі саясат бөлімінің маманы.

ҰСТАЗ ҰЛЫ ТҰЛҒА

Page 5: Тіл мерейі №12,13til-mereii.webpress.kz/storage/62/62d39127a724dd809af88581bc02… · алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын

515 - 26 мамыр, 2017 жыл

ÒІË ÌÅÐÅÉІН А З А Р

Елдің анау-мынауға елең етпей, ерекше жаңалықтарға зейін қоя таңдайтыны анық. Ал, салмағы зор саяси тақырып барысын-да бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері санаға сақ, халыққа жақ келеді. Шындықты айту, оны халыққа жеткізу журналистердің парызы. Баспасөз «Халықтың құлағы, һəм көзі» деп жүрміз. Алай-да, «Тіл сақшысы» газеті облысқа 10 мыңнан аса таралыммен тарай-ды екен. Осы газетте Елбасының жүргізіп отырған «Үш тұғырлы «тіл саясатына байланыс ты неше түрлі көңілге қонымсыз ой-пікірлерлер жазып келеді. Президентіміз Н.Назарбаев атап көрсеткен «Үш тұғырлы тілдің» шын мəнінде, мемлекеттік тілге зияны жоқ. Бұл жердегі мəселе, сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізе білуде. Жарқын болашақтың нəтижесінің оң болуын қамтамасыз ету болып отыр. Мысалы, орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер мін детті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дамыту үшін қазақ тілін, мемлекет тарапынан ең бірінші орынға қойылып отырғанын көзі ашық жандар жақсы біледі. Бұл жерде « Үш тұғырлы тіл жайлы ешқандай бұра тартып ой айтудың қажеті жоқ. Десек те, «Тіл сақшысы» газетіндегі 1-15.09.2016 жылғы №17 (90) санды нөміріндегі «Үш тілдік – үш басты аждаһадан да жа-ман, мұндай кесірлі «реформаның» аяғы ұлттың жайылуына əкеп соғуы

əбден мүмкін» атты тақырыптағы мақаланың саяси бағытта жария-лан ғандығы, «Үш тұғырлы» тілдің болашаққа зиян екенін, Елбасының бағдарламасының теріс бағытта көр сетіп отырғандығы жайлы «Тіл мерейі» газеті өз көзқарасын біл-дірген-ді. Бұндай, адам санасына кері əсер ететін сөздерді жазуы, оқырманды үркітіп отырғаны түсі-нік ті емес пе?

Ал, өзінің кемшілігін мойын-даған адам «Жүз адамға ақыл - айтады»-деген. Үлкен бе, кіші ме өзінің кемшілігін мойындаған дұрыс. Ал, аталмыш газет-те жарияланған «Үш тұғырлы тіл» тексіздікке бастаса» атты мақаладағы осы сөздің жолдарын арнайы алып естіген құлаққа, көрген көзге өте ұшқыры көрінетінін тағы ескерткендей едік. Билік «Туған тілің- тұғырың» деген халқымыздың дана сөзін «Үш тұғырлы тіл» де-генге ауыстырылып жатыр» деген сөзді сөзбе-сөз көшіріп жаздық. «Туған тілің-тұғырың» деген рухты сөзді «Үш тұғырлы тіл» қалайша орын баса алады? Осы жерде Сəдуақас Аңсатовтың немерелері «қазақ тілін білмейді екен де-ген қауесет бар» деген жолдары айналадағы көпшіліктің ауыздары-нан естігендіктен тілге тиек еттік. Өйткені, «Халық айтса, қалт айт-пайды» деген тəмсілді дана қазақ орынсыз айтпаса керек. Бұл жер-де ол кісі аталы сөздің ар жағынан кір іздеуінің қисыны жоқ еді. Біз Сəдуақас Аңсатовтың жеке басына

тиісу ойымызда жоқ. Көшті бұра тартқан тұстарды көрсетіп, кет-кен көлеңкелі жақтарын түсінер деген ойда едік. Əйтсе де, кеудесі қазыналы қартымыз сотқа берді. Сонымен, «Тіл сақшысының» ре-дакторы Сəдуақас Аңсатовтың «немерелері «қазақ тілін» білмейді екен, деген қауесет бар. Бірақ, оның қаншалықты шындық екені бір Аллаға аян» деген жолдарда қандайда бір келтіретін, немесе ар-намыс, абыройға нұсқан келетін ақпараттар жоқ. Жеке адам туралы ондай мəлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай əрекеттерді кір келтіретін мəліметтерді тарту деп, есептеуге болады.

Сонымен «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сəдуақас Аңсатов сотқа талап қою арызында « Тіл мерейі» газеті жазған мəліметтерді теріске шығаруды міндеттеуді, жауапкерден келтірілген маральдық залал 500 000 теңгеге, өкілдік қызметке кеткен шығын 70 000 теңгеге, мемлекеттік бажға кеткен шығын 2269 теңге өндіруді сұраған болатын.

Сонымен «Тоқсан ауыз сөз-дің тобықтай түйіні» қалалық соттың төрағасы Н.Төлеш əділ-дік танытқанына сіздің қайта ша-ғым дануыңызға түрткі болғаны шындық. Алайда, шындықты көлең-келей алмайтыныңыз анық.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,Қызылорда қаласы

ӘДІЛДІККЕ ӘДІЛЕТСІЗДІК ТАНЫТҚАНЫ ҚАЛАЙ?

2017 жылғы 19 мамыр күні Ə. Тəжібаев атындағы облыстық ғылыми-əмбебап кітап ха насында Қы зыл-орда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қорының ұйым дастыруымен қазақ тілінде білім алатын жас-тардың орыс əдебиетіне деген қызы ғу шы лығын арт-тыру, сөйлеу мəдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық бай қауы өтті.

Байқауға Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткен байқаулардың жеңімпаздары, жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарынан 14-22 жас аралығындағы 21 талапкер қатысты.

Талапкерлер мына аталымдар бойынша сынға түсті:

1) Бірінші аталым: белгілі қазақ, орыс жазушы-ларының көркемдігі жоғары прозалық шы-ғармаларынан жатқа үзінді оқу;

2) Екінші аталым: белгілі қазақ, орыс ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан жатқа үзінді оқу.

Байқауға қатысушыларды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ си тетінің орыс тілі мен əдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педа-

гогика ғылымдарының кандидаты Жарбулова Сəуле Тұрарқызы бастаған қазылар алқасы бағалады.

Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мəтінді оқу шеберлігіне, дауыс мəнеріне жəне тіл тазалығына, көркем мəтінді таңдау талғамына, сахналық жəне оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мəдениетіне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласындағы №274 орта мектептің 10-сынып оқушысы Жалғасов Икрам І орынды жеңіп алса, Қармақшы ауданындағы №274 орта мектептің 9-сы-нып оқушысы Əбдіғаппарова Гүлжазира ІІ орын-ды, Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Қарасай Аружан ІІІ орынды жеңіп алды.

Қызылорда қаласындағы №267 орта мектептің 8-сынып оқушысы - Жұмаханова Жанна, Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – Ақынтай Қазына, М. Мəметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті - Нағашыбаева Аружан ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдары-мен жəне ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

ПУШКИН ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

ОБЪЯВЛЕНИЯТОО «Акниет» сообщает БИИН 940140001432 РНН 331000007548 о ликвида-ций фирмы

АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!Қызылорда қаласы ІІБ Тасбөгет полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі

мен Криминалдық полиция бөлімшесі 2017 жылдың 10 сəуірінен бастап тұрғындардан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дəрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бой-ынша республика аумағында акция өткізіліп жатқандығын хабарлайды.

Осы ретте барлық елді мекен тұрғындарынан қарумен жасалуы мүмкін қылмыс-тардың жəне төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатындағы акцияға белсене қатысып, заңсыз қаруларын тапсыру арқылы өз үлестерін қосуларын сұраймыз!

Қару тапсыру орны: Облыстық ІІД жəне Қалалық ІІБТел.: 8 (7242) 29 57 22, 8 (7242) 29 75 71Моб.: 8 702 495 85 85, 8 705 963 27 07

И.Əбдікəрімов атындағы аг рар-лық - техникалық жоғары кол лед-жінде «Политехникалық жəне жаңа технологиялар мамандықтары» бө-лім шесінің «Білімді жастар-жаhан-дық бəсекелестікке бейімділік негізі» тақырыбында өткен он күндікте қала мектептері мен колледж оқушылар арасында ағылшын тілінен «Үш тіл-дің патшалығы» интелектуалдық сайыс болып өтті. Сайыс талабы бой-ынша əр мектеп оқушылары берілген

түсті таңдай отырып топ жасап топ бойынша жарысты.

Сайыстың мақсаты: оқушы-лар дың үш тілді жетік білуге дағ-дыландыру,

қазақ тілі,орыс тілі жəне ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуге үйрету.

Сайыстың бірінші аталымы жұм-бақтың жауабын үш тілде беру болса, екінші аталым елтану бой-ынша европа,азия елдері бойын-ша сұрақтар берілді. Бұл аталым оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуге үлкен үлесін қосты деуге болады. Үшінші аталымда оқушылар əр топқа беріл ген бірнеше сұраққа

тез, жылдам жауап беру арқылы ұпай жинады. «Мақал мəтел эксперті» деп аталған төртінші турда оқушылар үш тілде берілген мақал мəтелдің жалғасын тапты. «Əйгілі адамдар» деп аталған соңғы аталымда халыққа еңбегі сіңген əлемге белгілі атақты жазушы, ақындар туралы тапсырма-лар берілді.

Жинаған ұпайлары бойынша əділ қазылар алқасы жеңіске жет-кен топ оқушыларын мақтау қағаз-дарымен құттықтады.

Ақнұр Ахметова,И.Əбдікəрімов

атындағы аграрлық -техникалық жоғары колледжі

ағылшын тілі пəні оқытушысы.

«ҮØ Ò²ËIJҢ ÏÀÒØÀËÛҒÛ» ÀÒÒÛ ÈÍÒÅËËÅÊÒÓÀËÄÛҚ ÑÀÉÛÑ

Елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында атап көрсеткеніндей, «Біз – көпұлтты қоғамбыз» жəне ұлтаралық қатынастар мəселесінде ешқандай қосарланған стандарт-тар болмауы тиіс. Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады» дегенді. Бұл күнгі іс- шара – елдегі тұрақтылық пен татулықтың кепілі. Халықтар арасындағы достықты, жас ұрпақты патриоттық жəне интернационализм рухында тəр- биелеуге, халықтық мəдени мұраны сақтауға, ұлттың өзін- өзі тануына, көп ұлтты халық арасындағы сыйластықты нығайтуға, Қазақстан халқының тең құқылы аза-маттары ретінде ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті қалыптастыруға бағытталары анық. Қазақ халқы қашаннан бауырмал халық. Тарихтың сан тараулы қатпарына үңілер болсақ, елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бəрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоңыс аударды. Архив деректерін ақтарып, көз жүгіртсек, төмендегідей деректерге қанығамыз. 1938 жылы 13 наурызда Қызылорда облысының КСРО ОСК ұйымдастыру комитеті жəне КП/б/К ОК ұйымдастыру бюросының қаулысымен Қызылорда облысында жер аударылған кəрістерді шаруашылық құрылысын ұйымдастыру жəне орналасты-ру туралы қаулы шыққан екен. Онда облысымызға келген 7457 қоныс аударылған кəріс халқын шаруашылықтарға жұмысқа тұрғызу туралы айтылған. Арал ауданына-712, Қазалы ауданына-1249, Қармақшы ауданына-1480, Тереңөзек ауданы-на-584, Сырдария ауданына-996, Шиелі ауданына-906, Жаңақорған ауданына-262 отбасыны əр- түрлі шаруашылықтарға, атап айтқанда, облыстағы күріш егумен айналысатын шаруашылықтарға, дəнді дақылдар жəне бау-бақша мəдениетіне, балық шаруашылықтарына, кооперативтік өнеркəсіптерге орналастыру мəселесі қаралған. Ұлы Отан соғысы басталысымен-ақ, Сыр еліне жерлерін неміс фашистері басып алған қоныс аударушылар көше бастаған. Сан мыңдаған деректің ішінен бір ғана мы-сал: 1942 жылғы 21 шілдеде жазылған Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің дерек хатында көрсетілгеніндей, Австрияның полиэ-мигранты Лерер Мария Франце наны 2 баласымен Қазалы ауданының «Со-циализм» колхозында қалдыру туралы жазылған. Деректерде сол жылдары Қазалы аудандық еңбекшілер депу-

таттары атқару кеңесі жəне аудандық коммунистік партия бюросының оты-рысында немістерді жұмыс бағанасын (колонна) ұйымдастырылған. Сондай-ақ, осы жылдың 1 қазанында Қызылорда облысының коммунистік партия комитенің хаттамасындағы мəлімет бойынша, соңғы уақытта елімізге қоныс аударушылардың көп болғаны соншалықты, олардың арасында көптеген аурулар түрі байқалған. Сол себепті, Қызылорда қаласында, Қазалы, Арал ауданда-рында са- нитарлық бекеттер ор-натуды қарастырған. 1944 жылы 20 маусымда Ұлттық Ішкі Істер комитетінің басқармасы арнайы жаз-басында Солтүстік Кавказдан қоныс аударғандарды Қызылорда об- лысына орналастыру туралы жазылған. 1945 жылы 22 ақпанда Арал ауданында қоныс аударған түріктердің тұрмыстық жəне əл-ауқат жағдайы көрсетілген. (829) 1946 жылы 24 маусымда Арал ауданында қоныстанушылар, барлығы – 994 от- басы, 2887 адам болса, оның ішінде қалмақтардан – 652 от- басы, 1780 адам, шешендерден – 286 отба-сы, 834 адам, түріктерден – 56 отбасы, 254 адам қоныс аударған. Осы жылы 1 қазанда Шиелі ауданына барлығы – 1047 отбасы, 3695 адам, оның ішінде – Солтүстік Кавказдан – 962 отбасы, КСР Грузиядан – 85 отбасы көшіп келген деген құжаттар сақтаулы. 1947 жылы 30 сəуірдегі Қызылорда облысының коммунистік партия комитеті Қызылора қалалық телефон станциясының телефонисті, қоныс аударылған Брозгель Роза Исаевнаға қызметін мақтау мен алғыс айтылған хаты да архивтен табылады. 1948 жылы 23 маусымдағы Қызылорда облысының коммунистік партия комитетінің хатшысы Б.Ибрагимов қоныс аударған кəрістерді қайтару туралы хатында көрсетіп кеткен. Ал 1957 жылғы Арал ау- дандық пар-тия комитетінің құжаттарында қоныс аударған азаматтарды «қоныстанушы» деген аттан босатуды қарасырыпты. Қызылорда облысының коммунистік партия комитетіне əр ауданның бер-ген есебі бойынша, Шешен-Ингуштар Жалағаш ауданында – 151, Жаңақорған ауданында – 496, Қазалы – 191, Сыр-дария – 54, Тереңөзек – 283 отба-сын құраған. 1957 жылы Қазақстан партия комитеті ОК-ның хат- шысы Н.Журиннің хатында Шешен-Ин-гуш АКСР ұйымдастыру комитетінің өкілі А.М.Жучковтың қатысуымен жергілікті партия жəне кеңес мүшелерімен шешен мен ингуштарды өз елдеріне қайтару туралы іс-шара ұйым- дастырылатындығы да қоса ха-барланыпты. Қазақстанда өмір кешіп жатқан көптеген өзге ұлттың «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» əрекет етіп жатуын Елбасының көреген саясаты мен халқымыздың еліміздің болашағына деген сенімі

деп түсінеміз. Осындай бейбіт өмір қалыптасуына 1995 жылдың 1 на-урызында құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының рөлі басым. 1995 жылғы 14 ақпанда облыс əкімінің қаулысымен құрылған Қызылорда облыстық Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы құрылды. Бұл Кіші Ассамблеяның негізгі жұмысы аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, татулықты, келісімді қамтамасыз ету болатын. Жəне бұл айтарлықтай өз нəтижесін берген бірегей Ассамблея жұмысы дей ала-мыз. Қызылорда облысы əкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №634 қаулысымен «Қызылорда облысы əкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мем лекеттік мекемесі құрылды. 2015 жылғы 16

сəуірдегі Қызылорда облысының қаулысымен Қызылорда облысы əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі болып өзгертілді. Бұл мекеме қызметі облыстағы ұлттық- мəдени бірлестіктердің жəне басқа қоғамдық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру жəне үйлестіру, өзге ұлттың мəдениеті мен тілдерін өркендету жəне дамыту, оларды қоғамдық келісімді нығайту, халықтық дəстүрлер мен кəсіпшілікті насихаттау болып табылады. Сыр елінде 11 ұлттық- мəдени орталықтар жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, Грек, Түрік, Татар, Шешен, Ев- рей, Өзбек, Неміс, Қырғыз ұлттық-мəдени орталықтары, «Қазақстан кəрістерінің Қауым- дастығы» облыстық филиалы, «Қазақстандағы орыс Қауымдастығы» Қызылорда филиалы, «Славяне» мəдени орталығы. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен өзге ұлттараралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету əрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Біртұтас Қазақстан туралы алыс-жақын шетелдіктер еліміз туралы достық пен сыйластықтың, бауырмалдық пен жомарттықтың, келісім мен бейбітшіліктің салтанат құрған мекені деп баға беріп отыр. Мерекеден ме-рекеге басымыз аман, бауырымыз бүтін, іргеміз берік, шаңырағымыз биік боп мол табыспен, оң нəтижемен жете берейік! Үстіміздегі жылдың 12 сəуірдегі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» деген екінші бөлімінде ұлттық жаңғыру жолында жүзеге асыру тиіс бірнеше міндеттер алға қойылған. Сонын ішінде қазақ тілін латын əліпбиіне көшіру. 2012 жылғы Елбасының «Қазақстан-2050» Стра-тегиянда «2025 жылдан бастап ла-тын əліпбиіне көшуге кірісеміз» деп мəлімдеген болатын. Латын əліпбиіне көшу – уақыт талабы. Латын əліпбиі мемлекеттік тілді дамытуға ғана емес, ол əлем қажет еткен заманауи ақпарат тіліне айналары даусыз. Келесі айта кететініміз «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы заманымыздың сөзін айтып жүрген қоғам қайрат-керлері мен əдебиет жəне өнер сала-сының тұлғалар жайлы зерделеп, зерттеуде жаңа тынысын ашып, соны серпін береді деп ойлаймын. Ел-басы айтқан рухани жаңғырудың жүзеге асырылуы баршаға айрықша жауапкершілік жүктейді. Біз ол биікті де бағындырамыз.

К.САУХАНОВА,Қызылорда облысының

қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік

архивінің қызметкері.

БІРЛІГІ ТАТУ ЕЛ ОЗАР

Page 6: Тіл мерейі №12,13til-mereii.webpress.kz/storage/62/62d39127a724dd809af88581bc02… · алфавитіне көшудің қандай қажеттілігі барын

15 - 26 мамыр, 2017 жыл

«ÒІË ÌÅÐÅÉІ»Меншік иесі: Директор - Бас редактор

Миуа БАЙНАЗАРОВА

ÒІË ÌÅÐÅÉІ

Газет редакцияны компьютерлік орталығында беттелді. «Print» бас-паханасында басылды. Оның шығу сапасына баспахана жауапты. Қызылорда қаласы, Байтұрсынов №49

Газет ҚР Байланыс, ақпараттандыру жəне бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін жəне желілік басылымды есепке қою туралы 27. 10. 2016 жылы тіркеліп, №16187-Г Куəлігі берілді.Айына 2 рет шығады.

Жарияланған материалдардағы пікірлер редакция көзқарасын білдірмейді. Деректер мен мəліметтердің нақтылығына автордың жауапты екендігі ескертіледі.

Таралымы 6050 дана.Редакция мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, М.Шоқай к-сі-19/1

Қабылдау бөлмесі 21-50-29

Т А Н Ы М

Жазылу индексі: 65017Аудандарға: 68017

6

Ұялы тел: 87013519329, 87027221625

ЌАЗАЌЫ ЌЎНДЫЛЫЌ ЖАРАЙСЫЅ!

2017 ЖЫЛҒА ЖАЗЫЛУ ЖҮРІП ЖАТЫР

ÃÀÇÅÒІÍÅÆÀÇÛËÛҢÛÇ!

Тел: 87013519329, 87027221625

«ÒІË ÌÅÐÅÉІ»«ÒІË ÌÅÐÅÉІ»«ÒІË ÌÅÐÅÉІ»«ÒІË ÌÅÐÅÉІ»«ÒІË ÌÅÐÅÉІ»«ÒІË ÌÅÐÅÉІ»

E-m

ail:

tilm

erei

-201

6@m

ail.r

u

Жеке тұлғаларға

жазылу бағасы -1200 теңге, мекемелер үшін-2000 теңге. Жа-зылу индексі: 65017. Аудандарға: 68017.

Жаз

ылу

ға қ

аты

сты

қан

дай

да

бір

сұра

қ, м

əсел

е бо

лса,

мы

на

тел

ефон

дарғ

а ха

барл

асы

ңыз:

6 ЖАСАР ЧЕМПИОНЖуырда Байқоңыр қаласында «Байқоңыр кубогы» атты халықаралық

турнирі өтті. Турнирге Өзбекстан, Астана, Шымкент, Тараз, Орал, Маңғыстау Ақтөбе, Қызылорда жəне Байқоңыр қаласынан талапкерлер қатысты. Спортшылардың жалпы саны 350-400. Қызылорда қаласынан Қалалық спорт бөліміне қарасты Қажымұқан Мұңайтпасовтың спорт клубынан жас спорт-шылары елеулі орындарға ие болып, болашақ батырларымыз ел намысын, өңіріміздің намысын қорғап шықты. Атап айтатын болсақ:

Ал, 6 жастағы Қызылордалық жас өрен Қанатжанұлы Қайсар 25 келі салмақ бойынша 2 орынды иеленді.

Жас батырлардың орын алуына бірден бір септігін тигізген баптаушысы Кударов Мақсаттың еңбегі өте зор.

Жерлестерімізді жеңістерімен шын жүрекпен құттықтаймыз!Бердібек МЕРЕЕВ

Байлық адам басына қонған бақ па? Шынында да солай ма? Олай болса, «байлық қолға ұстаған мұз секілді» деп даналарымыз байлық жайлы толғамдары мен толқыныстарын кейінгіге айтып ке-тер ме еді? Солардың бірі «Байдың айтқанын кедейде айта алады, бірақ, қолында байлығы болмағасын аузының дуасы жоқ», деген екен. Қарап тұрсаң өмір жанталас. Қара қазандай қайнаған тіршіліктің ішінде бəрі аралас. Əркім əр қилы жолмен жан бағып жүр. Атамыз Тұрсынбай датқа айтқан екен де-ген мынадай сөз бар: «Ақыл ал-тын, байлық жез, Дүние жиған құлыңыз, Ажалына болған кез» Өз заманында асып туған толымдылар кейінгілерге үлгі болсын деп ай-тып кеткені шындық шығар. Бірақ бүгінгінің шалабайлары үлкендер айтқан ғибратқа соншалықты аса мəн беріп жүргендері де шама-лы. Өйткені олар өздерін өткен бабалардан да ақылды сезінеді. Қазіргі біздің шалабайлар бөсіп сөйлеуге құмар. Дүниені өзінің пысықтығынан тауып отырғандай тасынады-ай келіп. Оның барлығы Алланың басына берген бақыты, сыйы екенін əсте де ойламайды. Біреулерінде алаңсыз шүкіршілік жоқ.

Алып ел ыдырап, он бес одақтас елдер өз алдына тəуелсіздігіне ие бо-лып, бұрын естіп білмеген нарықтық үлгіге көшкен тұста, қолында билігі барлар үкіметтің мүлкі мен дүниесін жекешеліндіріп алып, күн көріс қамына кірісті. Өйткені өмір талабы «өз күніңді өзің көр», болды. Əркім өзінше тырбанды. «Балапан басқа, тұрымтай тұсқа» күй кешті. Əдепкіде жұмыссыз қалған көпшілік не істерін білмей абдырап біраз жүрді. Сөйтті де өмір ыңғайына қарай тіршілік ету-ге көшті. Соның ішінде қолынан іс келетін адамдар тіптен қиналмай кəсіптің көзін тауып, өмір көшіне ілесіп кетті. Сондай азаматтардың бірі саналатын сыйласып жүрген бір досым болды. Қолы алтын аза-мат болатын. Əр тірліктің басын шалып жүріп тұрақты бір кəсіптің

көзін тапты. Темірді өңдеп жонатын шағын цех ашып алды. Қолынан бəрі келеді. Қазақшалап айтқанда темірден түйін түйеді.

Машинаның ұсақ-түйек де-тальдарын жонып-ақ жағдайын жақсартып алды. Жанына өзіне қарасты ағайын-тумаларын жинап, олардың бəрін жұмыспен қамтып, кəсібінің ауқымын үлкейтті. Бірақ, жоғарыдағы биліктегілерге шығып, ешкімнен көмек сұрамады. Өз тіршілігін өздері жасай берді. Со-дан қарамағандағы ағайындары оның тірліген риза болып, жұмыстарын жасай берді. Сөйтіп жүргенде біреудің жерін сатып алып, ұқсатып тұрып котедж сал-ды. Екінші тіршіліктің көзін тау-ып омарташылықпен айналысты. Оныңда жемісін татты.

Дүния деген жаман ғой. Бір күні туған бауыры келіп: «мына темір жонатын станокты мен əкеліп қойғанмын, осыны алып кетіп өз цехыма қоямын. Қалай алдың, со-лай апарып бересің. Маған енді өкпең жоқ шығар. Осы кезге дейін күніңді көріп, жағдайыңды түзетіп алды ғой. Енді станокты қайтар», дейді. Ол енді арнайы салынған цехтың ішінде тұр. Оны қалай бұзады. Осы жағын ойлаған азамат інісіне: «мен саған осындай станок алуға ақша берейін, жаңасын са-тып алсаң, қалай болады», дейді. Оған бауыры көне қоймайды. Туған бауырыныңда жағдайы жаман емес. Оныңда өз алдына осындай жеке кəсібі бар. Ол да ешкімге алақан жайып отырған жоқ. Керісінше олда адамдарды жұмыспен қамтып отыр.

Бұл жерде пендешіліктің мысы басып, кеудеге «шайтан» кіріп түрткілеп, екі ортаға от салып тұрғандай. Əйтпесе «боқ дүния» екеуіне де жетіп тұр. Табыстары да, күн көрістері де бірдей. Тек шама-лап ағасының əлеуметтік жағдайы жақсы болуы керек. Соны көре алмағандай кейіп танытқандай ба-уыры. Екеуі ағайындардың құдайы, тойларында кездесе қалса, бірін-бірі көрмегендей кейіп танытып, бір-біріне сəлемдеспейді де. Соны

көрген сəтте мына бір хикаят ойға оралады. «Елге белгілі бір шіріген бай адам қайтыс болыпты. Сол байдың жаназасы шығарылып болғаннан кейін, табытты көтеріп көлікке салуға алып бара жатқанда екі қолы сыртқа шығып кетіпті. Сонда көреген молда көпшілікке: «Ей, Алланың құлдары, көрдіңдер ме, ана кісінің екі қолының сыртқа шығып бара жатқанын. Дүниеде менен асқан бай адам жоқ болатын. Мен қанша бай болсамда «қолыма ешнəрсе ұстап алып бара жатқан жоқпын, көрдіңдер ме», деп бара жатыр. Сондықтан мына фəни жалғанда байлық мəңгілік емес, артыңда қалдырған ізгілікті ісің, ағайынға жасаған жақсылығың мəңгілік. Оны адамдар айтып жүреді. Байлық та бұлт секілді көшеді, ертең басқа жанға барып көлеңкесін түсіреді. Бəрін айт та, бірін айт, ағайын арасындағы ауызбірлікке ештеңе жетпейді»,- деген екен əлгі сəуегей молда.

Дүния үшін тартысып жүрген ағайындылар арасындағы хикаяны білетін көршісі Жəкеш ағай: «Менің соңымнан соқыр іні де ермеді. Інім болғанда, ең болмаса үйіне барып, бір көсіліп жатып шерімді тарқатып қайтар едім. Соңымнан ерген бір тұяқ жоқ. Дүния деген не? Бауыр-дан артық не керек» деп көкірегін кере күрсініп қояды. Сол сəтте

тағыда еске екі ағайын арасындағы қыймастық пен сыйластық түседі. «Баяғыда елге жау шауып елді ба-сып алған көрінеді. Сонда жаудың ортасында қалып қойған бауырын көрген есіл ер, артына мінгізіп алып бара жатқан баласын жаудың орта-сын тастап, бауырын атқа мінгізіп алып кетіпті. Кетіп бара жатып, кешір балам: «Бала белде, қатын жолда, бала табылғанмен, ой, бауы-рымдап жылайтын бірге туған бау-ыр табылмас» деген екен дейді. Бұл сол кездегі бірге туған бауырлардың бірі-біріне деген ынтызарлығын көрсетсе керек.

Қазір қоғам бай мен кедейдің арасын бөліп келеді. Осындайда бай құдай болсам, жұрттың бəрі менің аузыма қараса екен деп жан-таласып дүния жиып жүргендері қаншама. Дүния жиса жия берсін, бірақ ағайын арасындағы бірлікті, тірлікті түзетуді ұмытпаса екен дейміз. Майлықожа айтқандай: «көре де алмайтын, бере де алмай-тын, көметін де ағайын, ағайынннан асып мен, қайда барып оңайын» дейтін халықпыз ғой. Сондықтан дүние табам деп құнықпай, ағайын арасын дұрыстай жүрейік. Қазіргі аламағайып бес күн тірлікте ауызбірлік пен сыйластыққа не жетсін ағайын!

Есенсері əл-ДОСАН,еңбек ардагері, зейнеткер.

БАЙЛЫҚҚА ЕРМЕ БАҒЫМ ДЕП, БИІК ТҰРСЫН АРЫҢ ТЕК

Біздің осынау құс ұшса қанаты та-латын, ұланғайыр ұлы дала аймағында 6000 мыңға жуық өсімдік түрлері өседі. Олардың түрлерінің көптігінен Қазақстан əлемде 7 орында екен. Міне, осындай табиғат сыйлаған өсімдіктер əлемінің ғажайып сырла-ры мен емдік қасиеттерін, олардың тіршілік ету тəсілдері мен пайдалы жақтарын адамдар ерте кезден-ақ ден қойып байқаған. Жеріміздің көбісін далалық аймақ құрайды. Ол кезеңде адам айтса сенгісіз су ен даланы жайлап, жеріміз ну қалың тоғайға айналып, оның арасында неше түрлі сыңсыған өсімдіктер өсіп, жолбары-стар жортқан жаһан дүз болған.

Халқымыз қашанда табиғаттың тілі мен үнін ұғынып, күн райынан қабағын таныған. Өсімдіктердің дəрулік жақтарын ажырата білген. Бір ғана мысал, баяғыда үлкен кісілер бас бармақтың басына түкіріп, оны балаң үйрекпен үйкеп тұрып, ертеңгі күннің ауа райын болжап, жауын-шашын немесе күннің ыстық бо-латынын айта білген. Біз осындай ойы жүйрік халықтың ұрпағымыз. Сондықтан болар, ертеректе бойына табиғат сыйлаған, туа бітті емшілік дарыны бар кісілер сырқат жан-дарды емдеп жазуда өсімдіктерді пайдалана білген. Емші-тəуіптер, бақсылар бойын суық ұстап қалған адамдарды құм бұлау, су бұлау, қан бұлау арқылы емдеген. Құм бұлауға салған адамға су ішкізбей жалбыз-ды, жантақты қайнатып ішкізіп отырған. Бұл адамның ішкі ағзасына əсер етіп, асқазан, ішек жұмыстарын жақсартқан. Одан қалды, қауынның көк түйнегін жегізген. Оның да ішкі ағзаға пайдасы зор, іштің қызуын алған. Əсіресе, буыны ісіп ауыратын (полиатрит) адамдар үшін бұл тап-тырмайтын ем болған.

Өткен ғасырда Сыр бойында атағы кеңінен танымал, ұлы жүз-дің Жалайыр руынан шыққан Жо-ламан деген емші-тəуіп өткен. Ол кісі кезінде Петербор əскери медициналық академиясының түлек-тері – Сəдуақас Шалымбетов пен Əли Кеңесбаевтан емшілік тəлім алған. Ол ел арасында жүріп сауатсыз бол-са да, өзінің туа бітті табиғат берген дарының арқасында кеңінен таны-мал емші атанған. Жоламан тəуіп жоғарыдағы емдерді жақсы меңгере білген жан. Менің Ибагүл анам жас кезінде қатты ауырғанда осы кісінің бір өлімнен алып қалғандығы жайлы жиі айтатын. Ол кісі ем жасар алдын-да тамыр ұстау арқылы ауру түрін ажыратып, соған қарай ем жүргізген. Анам ол кісінің жасаған емі жайлы айтып отыратын еді. Осы итсигекпен қоспалар қосу арқылы аты жаман ау-руды да емдеген көрінеді.

Су бұлау кезеңінде итсигек сілтісінен бір шымшым етіп ыстық суға салып, адам денесін шайған. Сол кезде ол адам бойынан құмырсқа жүргендей шымырлатып өтіп, əсер еткен. Оның емдік қасиетінің зор екендігін осылай байқаған. Бұл өсімдіктің суына шомылған жанды кəдімгі қойдың немесе қаздың май-ымен əбден сылап, терісін үгіткен. Былайша айтқанда, массаж жасаған. Ал, қан бұлау жасау тəсілі бүгінде ел арасында жоқтың қасы. Ұмыт қалып кеткендігі соншалықты, оны бүгінгі емшілер біле бермейді. Ер-теректе қан бұлауды жасағанда адам денесінен арам қанды ала отырып, буыннан сары су шығарып емдеген. Бұдан басқа, көбіне адам денесіне қасқырдың, иттің қанын толығымен жағып, түссіз киізге орап тастай-тын емдеу түрі болған. Осыдан соң барып, итсигектің жылы суымен науқасты шайындырып барып, таза сумен жуындырған.

Итсигек негізінде улы əрі май-да бұтақты өсімдік. Алабұта тек-тес. Одан ертеректе қазақтар дəрі жасаған. Ондай дəрі жасау үшін адам білмейтін, көрмейтін жерге апарып, 40 жыл қазаннын астына бастырып қойған. Содан оны аша-тын кезде қырық метр арқан апарып, қазанды құрсау салып, 40 шақырым жерге алып қашқан. Сол қазанның ішкі жиегінде қалған итсигек уын шыныға 4 метр келетін ұзын ағаштың ұшымен құтыға салып, сосын барып соны пайдаланған. Ағашты жалаң қолмен ұстамай, қолына бірнеше қабаттап қолғап киген. Оны жазатай-ым кез келген жерге жағып кеткен жағдайда ол уды ұстаған, болмаса басып кеткен адамға бір ай көлемінде əсер етіп, жүрек талмасына ұшырап өлетін болған. Оны малдың түрлі ауруларына қолданған. Кез келген малдың өзі көктем кезінде итсигектің үстінен жүріп өтеді. Оның себебі, олардың денесіне жабысқан кене-лер түсіп қалады немесе итсигектің жанына барып, аунайды. Жалпы, қазақ итсигекті сабын жасаған кезде оған қосатынын жақсы біледі. Одан тері илеу үшін сахар алынатыны да белгілі. Міне, біздің жерімізде өсіп тұрған бұтақты итсигектің осындай қасиеттері бар.

К. БАЙЕГІЗ.

Біздерден бірнеше ғасыр бұрын ғұмыр кешкен əл-Фараби, Ибн Сина, Баруни əл-Джуржани жəне одан беріде өмір сүрген тағы да басқа ғалымдардың қазақ халық медицинасының дамуына үлес қосқандығы белгілі. Олар даладағы жабайы өсімдіктердің дəрілік, емдік қасиеттерін танып, білуге, пайдалануға ықпалы зор екендігін жақсы білеміз.

ÈÒÑÈÃÅÊ ÅÌÄ²Ê ӨѲÌIJÊ