45minutkz.files.wordpress.com€¦  · web viewШона Смаханұлы атындағы №62...

16
Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Жиырма тоғызыншы қара сөзі» ( 7 - сынып) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзінің идеялық-тақырыптық мәнін ашу, талдау; Дамытушылық: Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту; оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін дамыту; Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа асыл қасиеттерге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: Өнеге сабақ Сабақтың әдісі: Шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау, өз пікірін қозғау, іздену.

Upload: donhi

Post on 17-Sep-2018

244 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Шона Смаханұлы атындағы

№62 гимназияның

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Жиырма тоғызыншы қара сөзі» ( 7 - сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзінің идеялық-тақырыптық мәнін ашу, талдау;

Дамытушылық: Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту; оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Өнеге сабақ

Сабақтың әдісі: Шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау, өз пікірін қозғау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, буклеттер, сызба кестелер, Т кестесі, екі түрлі күнделік, ыстық орындық, слайд.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Тақтадағы суреттер бойынша оқушылардың көңіл күйін біліп, бүгінгі сбақтан не

күтетіндерін білу. Оқушыларды топқа бөлу кезеңі. Оқушыларды туылған мезгілдері бойынша бөлу:

Бұл суреттерге қарап оқушылардың көңіл- күйінің өте жақсы екенін, сабаққа деген құлшыныстарын байқауға болады.

I топ «Көктем » II топ«Жаз»

III топ «Күз» IV топ «Қыс»

Әр топтан бір оқушы Абайдың төрт мезгілге шығарған өлеңін оқиды

Ә)Үй тапсырмасын пысықтау:

I.Ой қозғау. Нені білеміз?

Өткен сабақта Абайдың өмірі ,ақындығына ,оның шығармаларына тоқталған болатынбыз.Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» , «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұралады.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. «Қараңғы түнде тау қалғып» жаттау.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1«Қараңғы түнде тау қалғып»өлеңін кімнен аударған?

2 Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?

3 Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

Қорытындылау.

М.Әуезов сөзімен :«Қараңғы түнде тау қалғып» -аудармадағы көркемдіктің ,

Бейнеліліктің,әуезділіктің,дәлдіктің эталоны.Лермонтовтағы "тау шыңдарын" "тауға " түсіріп,асқақтаған шыңы жоқ Шыңғыс тауына келтіріп ,"аңғарды " жазық "далаға " ауыстырып,қарауылдың айналасына айналдырып жіберген данышпандығының арқасында Гете картинасы қазақ жеріне көшкен де қойған.Тегінде ,Абайға Пушкиннен гөрі Лермонтов жақынырақ болған деп айтудың реті бар. Абай өз жанының қажетін Лермонтовтан көбірек тапқандай ...

Сабақ барысы туралы түсінік беру.

Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек ,

Еңбекті сат,ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат ,нұрлы ақыл, жылы жүрек,

II.Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз,соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

1.Қара сөз туралы

2.Абай қара сөздерінің мәні мен мақсатын ұғындыру.

Ақыры ойладым:Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін,ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын,кімде –кім ішінен керекті сөз тапса,жазып алсын, я оқысын ,керегі жоқ десе,өз сөзім өзімдікі дедім де ,ақыры осыған байладым ,енді мұнан басқа ешбір жұмыс жоқ.(Абайдың 1-қара сөзініен)

Дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күн ретін,тақырыпты жазып алыңдар.

1.Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин болса,оны ары қарай жалғастырған Абай болған.Ыбырай Алтынсрин көркем сөз әдебиетінің атасы болса,Абайдың ғақлиялық даналық сөздері болған.

2.Абай осы қара сөздерін 1890-1898 жылдары арасында жазған .Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған .Ақыл –ой толсып ,жасы кемелденген ,көрген-білгенін ой елегінен өткізіп ,сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.Бұған дейін шығыс ойшылдары Әл-Фараби ,Фридоуси ,Бабыр,Батыс философ ,ғалымдары Галилей,Коперник,Спенсер,Дарвин,Ньютон,Пифагор еңбектер мен танысып, үлкен дайындықта өтіп келеді .

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз»деп аталады. Ол сыншылдық ,ойшылдық және көбінесе адамгершілік ,мораль мәселелеріне арналған өсиет ,толғау тәрізді Абайдың 45қара сөзі бар.

Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз- арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғақлия көркем сөз , дана сөз,асыл сөз деген мағынаны білдіреді.Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес ,алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді.Абайдың қара сөздері орыс,қытай,француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

Жиырма тоғызыншы қара сөзі.Үнтаспадан тыңдату.

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар ,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылықа жарамайтұғыныда бар.

2(2)Жаңа сабақты талдау:

Проблема туғызу: Мақал сөздерінің бәрі маржан сөзі м

1. «Т» кестесі

Келіспеу себептерім

Келісу себептерім

Ас адамның арқауы ___________ Ауру –астан

Есепті дос айырылмас___________Есептескен дос болмас

Жақсыға сөз үйір___________Жақсыға шаң жуымас

Әке-асқар тау___________Әкенің жақсысы жездедей-ақ

Әуелі«Жарлы болсан, арлы болма»дейді.Ардан кеткен соң,тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса,ол-ар кететұғын іс емес.Тыныш жатып,көзің сатып,біреуден тіленбей, жанын қарманып,адал еңбекпен мал іздемек-ол арлы адамның ісі.

«Қалауын тапса ,қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген –ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы.Сұрауын табамың,қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше,малды не жерден сұрау керек ,не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса ,жер өрте» дейді.Жер өртеп шығарған атыңнын несі мұрат?

«Жүз күн атан болғанша,бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей –түспей арып тұр шөмендеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе,берсе жолдан таяды» дейді.Періштеден садаға кеткір –ай.Періште алтынды не қылсын,өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.«Ата – анадан мал тәтті,алтынды үйден жан тәтті» дейді.Ата-анасынан мал тәтті көріне тұғын аң тұрғаның тәтті дерлік не жаны бар.Бұлардын бәріненде қымбат ата –анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емеспе?Ата-анам шамасы келсе,михнаттаным мал жиса да,дүниелік жиса да артымда балаларыма қалсың дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң құдайға дұшпандық іс емеспе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

2.3 Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіндер.

Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің1. «Жарлы болсаң, арлы болма»

Ардан кеткен соң,тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса,ол-ар кететұғын іс емес

2. «Атың шықпаса ,жер өрте»

Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?

3. «Алтын көрсе,берсе жолдан таяды»

Періштеден садаға кеткір –ай.Періште алтынды не қылсын,өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

4. «Ата – анадан мал тәтті,алтынды үйден жан тәтті»

Ата-анасынан мал тәтті көріне тұғын аң тұрғаның тәтті дерлік не жаны бар.Бұлардын бәріненде қымбат ата –анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емеспе?

3,1« Екі түрлі күнделік» стратегиялары бойынша қарама –қарсы мәндес мағынасы бұлыңғыр мақал –мәтелдерге сын тұрғысынан баға беру.

1.Күлшелі бала сүюге жақсы

2.Жақсы ас қалғанша,жаман қарын жарылсын

3.Кісі ақылымен бай болғанша өз ақылыңмен жарлы бол!

4.Шашы ұзын әйелді ақылы қысқа

5.Адасқан жігіт жол таппаса

3.5,6,29-сөзлдерінің тақырыптық ұстатығы .

4.29-сөзге аудиожазба арқылы танысу;

5.29-сөзінің идеялық мәнін түсіндіру ,мағыналық құрылымдық талдау

3.2 Асыл сөздің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық ,Тамағы тоқтық...(Аздырар адам баласын )

Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті ...(Ыстық қайрат ,нұрлы ақыл ,жылы жүрек)

Тағы сене бастаймын ,Күнде алдағыш қуларға ...(Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

Баламды медіресеге біл деп бердім ...(Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)

Талап ,еңбек ,терең ой...(Қанағат ,рахым ойлап қой ,Бес асыл іс ,көнсеңіз)

Білімдіден шыққын сөз ...............(Талаптыға болсын кез)

Сатылай кешенді талдау.Абайдың «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі

Тәрбиелік түйіні :Кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей,сын көзбен қарауға ,өзіне керекті нәрсені танып ,талғап ала білуге шақырады.

Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Қара сөзден қандай тағлым ,үлгі ,ақыл-нақыл алдыңдар?

2.Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?

3.Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?

Бекіту.

3.3 Халық арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1. Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей...

2. Жаман дос –көлеңке

3. Басыңды күн шалса,қашып құтыла алмайсың

Басыңды бұлт алса,іздеп таба алмайсың

4.Адал бол-бай тап,адам бол-мал тап,

5.Тамағы тоқты,жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын

6. Баяғы жартас-бір жартас

7.Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең өзің біл

8.Ойын-арзан,күлкі қымбат

Оқушыларға тірек сөздер беріледі олар ол Абайдың қай қара сөзінен екенін тауып мағынасын байланыстыру керек

Қорытынды:

3.4 Ыстық орындығы

1.Сабақта өтілген материалдар қорытындыланады

2.Сұрақ-жауаптар арқылы білім бекітіледі

3.Оқушылар мазмұнды сұрақ қоюға дағдыланады

4.Автор орындығына отыруға тырысады

5.Сабақты қорытындылау

Абай-ұлы ақын,ғалым,философ,көркем әдеттін темір қазығы.

Абай насихаты –ынтымақшыл,арлы ,адал,еңбекқор,иманды,талапты,үлкен жүректі кісі болу.

Абай «Жиырма тоғызыншы»қара сөзі арқылы кез -келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей ,сын көзбен қарауға ,өзіне керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады .

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар ,

Тесіле көп қараса ,көңілі ұғар

Рефлекция кезеңі:Оқушылар сабақтың басындағы көңіл-күйі мен сабақтың соңындағы көңіл-күйі мен салыстырып ,сабақ кезінде өзіне ұнаған жақсы сөзбен қорытындылайды.

Мына суретке қарасақ оқушылардың сабақ басталатын кездегі көңіл күйімен, сабақ соңындағы көңіл күйлерінде айырмашылық байқалады. Мәселен тасбақа суретіндегі 2 стикердегі оқушы пікірі сабақта баялық танытқанын жазған. Ал бұлтты, жаңбырлы, найзағайы бар суретте оқушының өз жауаптарына көңілі толмай, ойындағы бағасын ала алмағандығын білдіреді.

Білімді бағалау:оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

v- білемін ?- білгім келеді + алда күтетін ! – шығарған нәтиже

Үйге тапсырма:Абайдың 29 –ыншы қара сөзін жаттап ,жан-жақты талдау ;

Өз пікірлерін жазбаша талдау.