24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация

30
«ҚазАгроИнновация» АҚ Директорлар кеңесі БЕКІТКЕН 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 6 хаттама «ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ» АҚ БАСҚАРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 1

Upload: -

Post on 24-May-2015

532 views

Category:

Documents


8 download

TRANSCRIPT

Page 1: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

«ҚазАгроИнновация» АҚДиректорлар кеңесі

БЕКІТКЕН2012 жылғы 6 сәуірдегі

№ 6 хаттама

«ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ» АҚБАСҚАРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Астана – 2012 жыл

1

Page 2: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Осы «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқармасы туралы ереже (бұдан әрі ― Ереже) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына және «ҚазАгроИнновация» АҚ (бұдан әрі ― Қоғам) Жарғысына сәйкес әзірленген.

2. Осы Ереже Қоғам Басқармасының (бұдан әрі ― Басқарма) жұмыс істеу тәртібін, Басқарма мүшелерінің өкілеттіктерін, Басқарма отырыстарын шақырудың, өткізудің, оның шешімдерін қабылдаудың және ресімдеудің тәртібін айқындайды.

3. Басқарма өзінің қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, Жарғыны, осы Ережені, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

4. Басқарма Қоғамның ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асыратын, оның алқалы атқарушы органы болып табылады.

5. Қоғамның қызметі акционерлердің (Жалғыз акционердің) жалпы жиналысының мүдделерін мейлінше сақтау және акционерлердің (Жалғыз акционердің) жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің алдында есеп беру қағидатының негізінде құрылады.

6. Ешбір тұлға немесе тұлғалар тобы (бөгде адамдар) Басқарманың шешім қабылдауына ықпал етпеуі тиіс.

7. Басқарма мүшелерінің санын, оның өкілеттілігінің мерзімдерін айқындау, Қоғам мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін Басқарма төрағасын қоспағанда мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

2. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

8. Басқарма қызметінің мақсаты Қоғамның ағымдағы қызметін басқару және оның тиімді жұмыс істеуін қаматамасыз ету болып табылады.

2

Page 3: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

9. Қоғам қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: кәсіби біліктілік, объективтілік, адалдық, таза ниеттілік, парасаттылық, сақтық, үздіксіздік.

10. Қоғам Басқармасының мүшелері:1) өздеріне жүктелген міндеттерді таза ниетпен атқарады және

Қоғам мен оның акционерлерінің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) мүдделеріне мейлінше сәйкес келетін тәсілдерді қолданады;

2) Қоғамның Жарғысына және акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) және Директорлар кеңесінің шешімдеріне қарама-қайшылықпен Қоғам мүлкін пайдалануға, сондай-ақ өз пайдасына жаратуға және өзінің аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер жасасқанда өзінің жеке пайдасына және теріс пайдалануға тиіс емес;

3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашылуын және берілуін бақылайды;

5) Қоғамның коммерциялық құпиясы болып табылатын, Қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға, сонымен бірге Қоғамның атқарушы органының мүшесі ретінде өз өкілеттілігін тоқтатқан сәттен бастап бес жыл ішінде, сақтауға міндетті.

3. БАСҚАРМАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ МЕН ҚҰРЫЛУЫ

11. Басқарманың құзыретін Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғамның Жарғысы және осы Ереже айқындайды.

Заңнамада және Жарғыда Қоғамның басқа да органдарының және оның лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған, Қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға Басқарма құқылы, соның ішінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның атынан жасалынған мәмілелер бойынша Қоғамның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етіледі;

3

Page 4: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

2) Директорлар кеңесі бекіткен штат санын және мақұлданған басқару құрылымын ескере отырып Қоғамның құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

3) Директорлар кеңесі бекіткен сыныптамаға сәйкес Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын құжаттарды бекітеді;

4) Қоғамның өз капиталы көлемінің 2 пайызынан 10 пайызына дейін құрайтын сомада Қоғамның міндеттемелерін ұлғайту туралы шешім қабылдайды;

5) уақытша бос ақшаны орналастыру мақсатында бағалы қағаздарды, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттің жарғылық капиталының он пайызынан артық емес көлемде акциялар сатып алу немесе иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

6) Қоғамның тауарлық белгісін және өзге де корпоративтік бірдейлендіру құралдарын бекітеді;

7) Қоғамның мүддесін қорғайды;8) Қоғамның барлық қызметкерлері міндетті түрде орындауы

тиіс болған шешімдер шығарады және тапсырмалар береді; 9) еншілес және бағынышты ұйымдардың жұмысын үйлестіріп

бағыт беріп отырады;10) Қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша

шешімдер қабылдайды;11) акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз

акционердің) және Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылмаған, Қоғамның қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

12. Басқарма акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

13. Егер мәміле жасасу сәтінде тараптар Қоғам белгілеген шектеулер туралы біле тұра шектеулерді орындамағанын дәлелдесе, Басқарма жасасқан мұндай мәмілелердің заңдылығына келіспеуге Қоғам құқылы;

14. Басқарманың құрылуы және оның мүшелерін сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына сәйкес және осы Ережені ескере отырып жүзеге асырылады.

4

Page 5: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

15. Акционерлер және Қоғамның акционері емес қызметкерлері Басқарма мүшелері бола алады.

16. Басқарма ең кемінде 3 (үш) адамнан құралады.17. Басқарма құрамына сайлау (тағайындау) жөніндегі

кандидаттар бойынша ұсыныстарды Директорлар кеңесіне Басқарма Төрағасы береді.

Басқармадағы бір бос лауазымға сайлау (тағайындау) жөніндегі кандидат бойынша ұсыныстарды Басқарма Төрағасы Директорлар кеңесінің қарауына екі реттен артық қайталамай беруге құқылы.

18. Басқарма Төрағасы ұсынған кандидатты Директорлар кеңесі екінші рет қабылдамай қайтарған жағдайда Директорлар кеңесінің төрағасы бос лауазымға кандидат ұсыну құқығына ие болады.

19. Басқарма мүшелерін таңдап алуды және сайлауды (тағайындауды) Директорлар кеңесі сайлау (тағайындау) процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін мынадай рәсімдер негізінде жүргізеді.

Басқарма мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат Директорлар кеңесінің отырысына дейін Директорлар кеңесіне берілуі тиіс және онда мынадай деректер қамтылуы керек:

1) кандидаттың аты, тегі, әкесінің аты;2) кандидаттың жасы;3) кейінгі бес жылда кандидат атқарған лауазымдар;4) өзі ұсынылған сәтте кандидат атқарып отырған лауазымдар.Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам Басқарма

мүшелігіне сайлана алмайды. Қоғамның Басқармасының мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары айқындайды.

20. Басқармадағы лауазымға кандидаттарды таңдағанда олар акционерлердің жалпы жиналысы (Жалғыз акционер) мен Директорлар кеңесі қойған талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Егер отырысқа қатысушы Директорлар кеңесі мүшелерінің басым көпшілігі кандидатты қолдап дауыс берсе ол Басқарма құрамына сайланған (тағайындалған) болып есептеледі.

21. Қоғам Басқармасының сайланған (тағайындалған) мүшелерімен, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгіленген тәртіппен еңбек келісімшарттары жасалады.

22. Директорлар кеңесінің тиісті шешімі қабылданған сәттен бастап Қоғам Басқармасының мүшелері сайланған (тағайындалған) болып есептеледі.

5

Page 6: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

23. Басқарма мүшелерінің неше рет қайтадан сайлануына шек қойылмайды.

24. Басқарма Төрағасын қоспағанда, Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма мүшелерінің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Басқарма мүшесі Директорлар кеңесі төрағасының атына өтініш жазып, өз бастамасы бойынша Басқарма құрамынан шыға алады. Басқарма мүшесінің өз өкілеттілігін өз бастамасы бойынша тоқтатуы, осы мәселе туралы Директорлар кеңесінің шешімі қабылданған сәттен басталады.

25. Басқарма мүшелері педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға құқылы емес. Басқарма мүшесі Қоғаммен мәміле жасасуға мүдделі болған жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты Басқармаға және Директорлар кеңесіне хабарлауға міндетті.

26. Басқарманың төрағасы және оның мүшелері өздерінің мүдделері мен Қоғамның мүдделері арасында жанжал туындауына себеп болатын әрекеттер жасаудан бас тартуға міндетті, ал осындай жанжал туындаған жағдайда дереу Директорлар кеңесіне хабарлауға міндетті.

4. БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ, ОНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТУЫ

27. Басқарма Төрағасы Қоғамның Басқармасын басқарады.28. Басқарма Төрағасы Қоғамның Директорлар кеңесінің

төрағасы болып сайлана алмайды, атқарушы органның басшысы немесе басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның лауазымын атқаруға құқылы емес, акционерлердің жалпы жиналысы (Жалғыз акционер) сайлайтын есеп комиссиясының құрамына кіре алмайды.

29. Басқарма Төрағасы акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) шешімімен сайланады. Акционерлердің жалпы жиналысы (Жалғыз акционер) Басқарма Төрағасының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

30. Басқарма Төрағасының Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақысының көлемі, еңбекақы мен сыйақы төлеу жағдайларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып Директорлар кеңесі айқындайды.

6

Page 7: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

31. Қоғамның атынан Басқарма төрағасымен жасасқан өзге де келісімшарттарға Директорлар кеңесінің төрағасы немесе акционерлердің жалпы жиналысы (Жалғыз акционер) осыған өкілеттік берген адам қол қояды. Басқарманың басқа мүшелерімен жасасқан басқа келісімшарттарға Басқарма төрағасы қол қояды.

32. Басқарма төрағасы өкілеттілігі мен сайлану мерзімі және өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) айрықша құзіретіне жатады.

33. Басқарма төрағасы осы Ережеде белгіленген тәртіппен:1) акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің)

және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастырады;2) Қоғамның үшінші тараптармен қарым-қатынастарында оның

атынан сенімхатсыз әрекет етеді;3) Қоғамның үшінші тараптармен қарым-қатынастарында оның

мүдделерін қорғау құқығына арналған сенімхаттар береді;4) Қоғамның өз капиталының 2 пайызы көлеміне дейінгі сомада

Қоғамның міндеттемелерін ұлғайту туралы шешімдер қабылдайды;5) Қоғамның атынан Қоғамның қызметкерлерімен еңбек

келісімшарттарын жасасады және бұзады, сонымен бірге, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді, корпоративтік хатшыны қоспағанда, Қоғамның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды (заңнамада белгіленген жағдайдарлардан басқа), оларға ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза тағайындайды, Қоғамның штат кестесіне сәйкес лауазымдық жалақылар мен дербес үстеме ақылардың, сыйақылардың көлемін белгілейді;

6) өзі жұмыста болмаған жағдайда өзінің міндеттерін атқаруды Басқарма мүшелерінің біріне жүктейді;

7) Басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттілік пен жауапкершілік салаларын бөледі;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Директорлар кеңесінің алдында есеп береді;

9) Қоғамның банктік және басқа да есептерін ашу туралы шешім қабылдайды;

10) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады, өкімдер береді;

11) Қоғамның еншілес ұйымдарының басшыларымен Қоғамның атынан еңбек келісімшарттарын жасасады және бұзады;

7

Page 8: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

12) Директорлар кеңесі бекіткен сыныптамаға сәйкес, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дамыту жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ оның орындалуы туралы есептерді қамтамасыз етеді;

14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастырады және осы көрсетілген жұмыстар үшін жеке өзі жауап береді;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

34. Басқарма төрағасы жұмыста болмаған жағдайда оның функцияларын оның орынбасары атқарады.

35. Басқарма төрағасының шешімі бойынша, белгіленген тәртіппен оның кейбір өкілеттіктері Басқарма мүшелеріне берілуі мүмкін.

36. Қоғам қызметінің Басқарма мүшелері басқаратын бағыттарын дербес бекітіп беруді, олардың тәжірибесі мен біліктілігін негізге ала отырып тиісті бұйрық шығару арқылы, Басқарма төрағасы жүзеге асырады.

37. Іс қағаздарын жүргізу үшін Басқарма төрағасы Басқарманың хатшысын тағайындайды. Басқарма құрамына енбейтін Қоғамның қызметкері Басқарма хатшысы бола алады.

5. БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

38. Басқарма мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның жарғысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың әрқайсысы Қоғаммен жасасқан еңбек келісімшартына сәйкес айқындалады.

39. Еңбек келісімшарттарында тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және басқа да талаптар, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару кодексінің ережелерін орындау жөніндегі міндететтемелер де қамтылуы тиіс.

40. Басқарманың тағайындалған мүшесімен жасалатын еңбек келісімшартына, Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін 5 (бес) күн ішінде Басқарма төрағасы қол қояды.

8

Page 9: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

41. Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақысының көлемін, еңбек жағдайын және сыйақы беру мәселесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесі айқындайды.

42. Басқарма мүшелері:1) Басқарманың қарауына мәселелер ұсынуға;2) Басқарма отырысының күн тәртібін өзгерту жөнінде

ұсыныстар енгізуге;3) Қоғамның қызметіне қатысы бар және өзіне жүктелген

функциялар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін қажетті кез келген ақпаратты сұратып алуға;

4) Басқарманың Жұмыс жоспарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

5) Басқарма отырысын шақыруды талап етуге;6) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Жарғыда

және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

43. Басқарма мүшелері:1) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса, бухгалтерлік есеп пен

қаржылық есептіліктің тұтастығын қамтамасыз етуге;2) Басқарма отырысын шақыруға бастамашы болу, Басқарма

төрағасын хабардар ету немесе өзге де қолайлы тәсіл арқылы залалдың алдын алуға, Қоғамның қызметін оңтайландыруға қажетті шаралар қолдануға;

3) өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты Қоғамға мәлім ету;

4) бәсекелес компаниялардың Директорлар кеңесі құрамына енбеуге және/немесе атқарушылық лауазымдарға орналаспауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы ережеде және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де міндеттерді атқаруға;

6) өзі басқаратын мәселелер төңірегіндегі істердің ахуалы туралы Басқарма Төрағасын хабардар етуге міндетті.

44. Басқарма мүшесінің өзге де функциялары, құқықтары мен міндеттерін осы Жарғы, сондай-ақ көрсетілген кісі мен Қоғам арасында жасалған еңбек келісімшарты айқындайды.

9

Page 10: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

6. БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

45. Басқарма мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді адал, саналы түрде, әділ, Қоғамның және акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) мүдделері үшін мейлінше тиімді деп есептелетін тәсілдерді қолдана отырып атқарады.

46. Басқарма мүшелері өздерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірген зияндары үшін Қоғамның және акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) алдында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді, сонымен бірге, мынадай себептердің нәтижесі бойынша:

1) жаңылыстыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген ақпарат берудің тәртібін бұзу.

47. Қоғам Басқармасының мүшелері Қоғамның зиян шегуіне себеп болған, Қоғамның Басқармасы қабылдаған шешімге немесе акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) шешіміне қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.

48. Акционерлердің жалпы жиналысының (Жалғыз акционердің) шешімін негізге алып, Қоғамға келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы Басқарма мүшесі жөнінде талап арыз жазып сотқа өтініш беруге Қоғам құқылы.

49. Қоғам белгілеген шектеулерді орындамай Қоғамның атқарушы органымен мәміле жасасқан сәтте тараптардың мұндай шектеулер туралы білгенін дәлелдей алса, Қоғам мұндай мәміленің заңдылығымен келіспеуге құқылы.

7. БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ШАҚЫРУДЫҢ, ДАЙЫНДАУДЫҢ, ӨТКІЗУДІҢ ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТӘРТІБІ

50. Басқарма отырыстары қажеттілігіне қарай, алайда ең кемінде ай сайын бір рет өткізіледі.

51. Басқарма тиісті жылға арнап жыл сайынғы Жұмыс жоспарын қалыптастырады. Басқарма хатшысы Басқарманың

10

Page 11: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

төрағасымен және мүшелерімен келісе отырып Жұмыс жоспарын қалыптастырады.

52. Басқарма отырысы оның Төрағасының немесе Басқарма мүшесінің бастамасымен шақырылуы мүмкін.

53. Егер отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазбаша түрде дауыс берген Басқарма мүшелерінің ең кемінде жартысы қатысып отырса, Басқарма күн тәртібіндегі мәселелерді қарап шешім қабылдауға құқылы.

54. Отырысқа қатыспаған Басқарма мүшесі Басқарма отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазбаша хабарласу арқылы дауыс беруге құқылы.

55. Басқарма төрағасы жұмыста болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен Басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген Басқарма мүшесі отырысты шақыруды, оның күн тәртібін белгілеуді, өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілеуді жүзеге асырады.

56. Басқарма мүшелерінің көпшілігі отырыста қатысып отырған және келісім берген жағдайда, Басқарма мүшелерінің талап етуі бойынша, күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді отырыста қосымша қарауға Басқарма құқылы.

57. Басқарманың қарауына ұсынылатын мәселелер жөніндегі қажетті материалдарды осы ережеге және Қоғам Басқармасының Регламентіне сәйкес тиісті құрылымдық бөлімше дайындайды.

58. Басқарма отырысына қажетті материалдардың толықтығы, уақытылы және сапалы дайындалуы үшін жауапкершілік осы мәселені Басқарманың қарауына ұсынған құрылымдық бөлімшеге жүктеледі. Басқарма хатшысы Басқарма отырысының хаттамасында мәлімденген деректердің толықтығы мен растығы үшін жауап береді.

59. Басқарма отырысына материалдар беруді Басқарма хатшысы жүзеге асырады. Мұндай материалдарда мыналар қамтылады:

1) құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған, нақты мәселені қараудың қажеттігіне негіздеме берілген, осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес түсіндірме жазба және сол мәселе бойынша шешім қабылдау;

2) егер Басқарманың қарауына құжатты бекіту туралы мәселе ұсынылған болса, мұндай ішкі құжаттың жобасы;

3) қаржы ресурстарын тарту және бөлу мәселелері бойынша ― менеджмент тәуекелін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің

11

Page 12: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

шешім қабылдауға арналған ұсынымдары қамтылған сараптамалық қорытындысы;

4) қажет болғанда тұсаукесер, нақты мәселе бойынша отырысқа шақырылған тұлғалардың тізімі;

5) шешімнің орындалу мерзімдері және жауапты орындаушыларды белгілеу қажет болмайтын жағдайларды қоспағанда, Басқарманың шешімдерін орындайтын нақты орындаушылардың тізбесі және орындалу мерзімдері;

6) Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға бастамашы болғанда ― Директорлар кеңесінің материалдары (түсіндірме жазба, шешімнің жобасы, Директорлар кеңесінің бекітуіне ұсынылған ішкі нормативтік құжаттың жобасы және басқа да қажетті құжаттар).

60. Шешімнің жобасында мыналар қамтылуы тиіс:1) Басқарма отырысының күн тәртібіндегі мәселенің қысқаша

мәнін қамтитын мәселенің атауы; 2) шешім қабылдаудың мақсатын, шешім қабылдауға негіз

болған немесе іске асыру үшін осы шешімді қабылдау қажет болған Қазақстан Республикасы заңнамасының және/немесе Қоғам жарғысының және/немесе осы Ереженің және/немесе Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарының нормалары көрсетілген шешімнің кіріспесі;

3) мәселе бойынша шешім;4) егер шешімнің қабылдануы қосымша шаралар қолдануды

қажет ететін болса, қабылданған шешімнен туындайтын шараларды қолдану туралы тапсырма;

5) қажет болғанда, қабылданған шешімнің қолданысқа енгізілетін мерзімі.

61. Берілген құжаттар пакеті осы Ереженің 59 және 60-тармақтарының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда Басқарма хатшысы құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

62. Түсіндірме жазбаға осы мәселені дайындаған құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қояды және осы құрылымдық бөлімшені басқаратын Басқарушы директор (болғанда) мен Басқарма мүшесі қол қояды. Түсіндірме жазбаға қол қойған қызметкер мәселені Басқарма алдына дайындап беруге жауапты болып табылады.

63. Басқарма шешімінің жобасына осы мәселені дайындаған құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қояды, осы құрылымдық бөлімшені басқаратын Басқарушы директор (болғанда) мен Басқарма мүшесі, сондай-ақ, бұл шешім жобасының заңнамаға

12

Page 13: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

сәйкестігін растау үшін Қоғам қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің басшысы және Қоғамның тәуекелдерді басқару саясатына сәйкестігін растау үшін менеджмент тәуекелін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды.

64. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін Басқарманың материалдарын ресімдегеннен кейін құрылымдық бөлімше Басқарма төрағасына немесе Басқарма мүшесіне қызметтік хат жолдап Басқарма отырысын шақыруға бастамашы болуды өтінеді. Тиісті қарарды алғаннан кейін жауапты құрылымдық бөлімше қарар мен материалдар қамтылған қызметтік хаттың түпнұсқасын Басқарма хатшысына қағаз тасымалдағышпен береді, материалдардың электрондық көшірмелері электрондық байланыс арқылы беріледі.

65. Басқарма хатшысы материалдарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде сырттай дауыс беру бюллетендерін (Басқарманың сырттай отырысы өткізілген жағдайда) немесе отырыс хаттамасын (Басқарманың тікелей отырысы өткізілген жағдайда) дайындайды да, материалдарды және алдағы болатын отырыс туралы хабарды қоса Басқарманың барлық мүшелеріне электрондық байланыс арқылы жолдайды.

66. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды қоса, Басқарма отырысы өткізілетіні туралы жазбаша хабар отырыс өткізілетін күннен ең кемінде 3 (үш) күн бұрын жіберілуі тиіс.

67. Басқарма төрағасының шешімі бойынша осы Ереженің 66-тармағында белгіленген мерзім қысқартылуы мүмкін.

68. Басқарма мүшелері Басқарманың тікелей отырысында таратып берілетін өзге де материалдарға қосу үшін Басқарманың шешімінің жобасы бойынша ұсыныстары мен ескертулерін Басқарма хатшысына алдын ала беруге тиіс.

69. Мәселені қарау үшін дайындаудың осы Ережеде көзделген тәртібі бұзылған жағдайда, Басқарма төрағасының шешімімен бұл мәселе қараудан алынып тасталуы мүмкін.

70. Үшінші тараптарға жариялауға жатпайтын құпия болып саналатын материалдар, қажет болғанда тікелей отырыс басталар алдында қосымша ретінде, Басқарма мүшелеріне берілуі мүмкін.

71. Басқарма мүшесі тиісті құрылымдық бөлімшелерден Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселенің мәні бойынша қосымша құжаттарды немесе түсініктемелерді сұратып

13

Page 14: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

алуға құқылы. Мұндай құжаттар (ақпарат, түсініктеме) отырыс басталғанша, сондай-ақ отырыс жүріп жатқанда, сонымен бірге ауызша немесе жазбаша жауап түрінде берілуі мүмкін.

72. Басқарманың отырысын өткізуге арналған кворум болғанда, Басқарма мүшелерінің отырысында қатысып отырғандардың көпшілігі күн тәртібіне өзгерістер және/немесе қосымша мәселелер енгізуге келіскен жағдайда Басқарма отырысының өзінде мұндай өзгерістер енгізілуі мүмкін.

73. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетендер жан-жаққа жолданғаннан кейін, сырттай дауыс беруге арналған жаңа бюллетендерді қоса бере отырып, күн тәртібіне өзгерістер енгізудің себептері туралы Басқарма мүшелерін хабардар ету арқылы, Басқарма Төрағасының шешімі бойынша Басқарманың сырттай отырысының күн тәртібіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеннің түпнұсқасы оған қол қойған Басқарма мүшесіне қайтып беріледі.

74. Күн тәртібіндегі мәселелердің барлығы, қаралатын мәселелердің мазмұны туралы бір мәндес қорытынды жасауға мүмкіндік беретіндей айқын мағынада болуы тиіс.

75. Басқарма мүшесі Басқарманың отырысына қатысуға міндетті, олай болмаған жағдайда, себебін көрсете отырып, Басқарма отырысына өзінің қатыса алмайтыны туралы Басқарманы және/немесе Басқарма хатшысын алдын ала хабардар етуге міндетті.

76. Егер Басқарма мүшесі отырысқа келе алмайтын болса, ол қаралатын мәселелер бойынша өзінің жазбаша пікірін Басқармаға беруге құқылы. Жазбаша пікір, отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Басқарма мүшесінің дауыс беру нәтижесі қамтылған (дауыс берудің аралас нысаны) дауыс беру қорытындыларын шығаруда ескеріледі.

Басқарма мүшесі Басқарма отырысына бейне байланыс арқылы қатысуға құқылы. Мұндай Басқарма мүшесінің дауыс беруі Басқарма хатшысы дайындаған, Басқарманың тікелей отырысы хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді толтырып қол қою арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қатысқан жағдайда Басқарма мүшесі Басқарманың отырысына келген болып есептеледі.

77. Басқарма мүшесі өзінің жазбаша пікірін Қоғамның Басқарма отырысы өткізілгенге дейін Басқарма хатшысына беруге тиіс.

14

Page 15: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

78. Егер Басқарма мүшесінің жазбаша пікірі отырыс алдында Басқарма мүшелеріне берілген материалдарға енгізілмеген болса, Басқарма отырысында төрағалық етуші кісі Басқарма отырысына қатыспаған Басқарма мүшесінің жазбаша пікіріне қатысы бар күн тәртібіндегі мәселе бойынша дауыс беру басталудан бұрын бұл пікірді жария етуге міндетті.

79. Бұрын өзінің жазбаша пікірін жолдаған Басқарма мүшесі аралас дауыс беру қолданылатын Басқарма отырысына қатысу үшін келсе, Басқарма отырысының кворумын анықтау және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс санау кезінде оның жазбаша пікірі есепке алынбайды.

80. Басқарма отырысын осы Ереженің 84-тармағында көзделген кворум жиналған кезде, жарияланған уақытта, төрағалық етуші кісі ашады.

81. Кворумның болмауы, Басқарма хатшысы қол қоятын, кворумның болмағаны туралы хаттамада жазылады. Кворум болмағандықтан қаралмай қалған мәселелерді Басқарманың қарауына ұсынуға, Жарғыда және осы Ережеде көзделген тәртіппен, Қоғамның лауазымды адамдары немесе органдары қайтадан бастамашы бола алады.

82. Мәселені талқылау үшін қатысуы қажет болған өзге де адамдар Басқарма отырысына шықырылуы мүмкін. Шақырылған адамдардың тізімі хаттамаға жазылады.

83. Басқарма отырысы немесе Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау қатысып отырған барлық Басқарма мүшелерінің келісімімен кейінге қалдырылуы (басқа күнге ауыстырылуы) мүмкін.

Тек Басқарма мүшелері ғана қатыса алатын, өзінің жабық отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға Басқарма құқылы.

84. Басқарма отырыстарын өткізу үшін кворум Басқарма мүшелері санының ең кемінде жартысын құрайды және қатыспайтын Басқарма мүшелерін ескере отырып (олардың жазбаша келіп түскен дауыстары болғанда) анықталуы мүмкін.

85. Басқарманың әр мүшесінің бір дауысы болады. Басқарма мүшесі өз дауысын өзге адамға, сонымен бірге Басқарманың басқа мүшесіне беруіне рұқсат етілмейді.

86. Басқарманың шешімі отырыста қатысып отырған Басқарма мүшелерінің (сырттай дауыс берген жағдайда, дауыс берушілердің) қарапайым көпшілігі дауыс бергенде қабылданады.

15

Page 16: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

Дауыс саны тең болғанда Басқарма Төрағасының (оның міндетін атқарушының) даусы шешуші болып табылады. Дауысқа салынған күн тәртібіндегі мәселенің әрқайсысы бойынша Басқарма төрағасы, қатысып отырған Басқарма мүшелерінің арасындағы ең соңғысы болып өз шешімін білдіреді.

87. Дауыс санауды және дауыс берудің қорытындыларын шығаруды Басқарма хатшысы жүзеге асырады.

88. Басқарма отырысында дауыс берудің мынадай нысандары қолданылады:

1) тікелей;2) сырттай;3) аралас.89. Басқарма отырысын белгіленген уақытта және белгіленген

орында өткізуге кедергі жасайтын жағдайлар болып қалса, Басқарма төрағасы оны өткізетін орынды да, өткізетін уақытты да өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.

90. Сырттай дауыс беру рәсімі қолданылған жағдайда жазбаша хабарға және күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдарға дауыс беру бюллетені қоса беріледі.

91. Сырттай дауыс беру бюллетенінде мыналар қамтылуы тиіс:1) Басқарманың толық атауы және тұрған жері;2) Басқарма мүшесі туралы деректер;3) отырыстың шақырылуын жүзеге асырған адам (орган);4) Басқарма мүшесіне бюллетень жолданған күн;5) сырттай дауыс беруге арналған бюллетендерді берудің және

дауыс санаудың түпкілікті күні;6) Басқарма отырысының күн тәртібі; 7) дауысқа салынған мәселелер бойынша шешімдердің

түсіндірмесі;8) «жақтаймын», «қарсымын», «қалыс қалдым» деген

сөздермен білдірілген, күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нұсқалары;

9) күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру (бюллетень толтыру) тәртібін түсіндіру.

Дауыс беруге арналған бюллетенге Басқарма мүшесі қол қоюға тиіс.

92. Дауыс беруге арналған бюллетень толтырылғаннан кейін оның түпнұсқасын немесе сканерден өткізілген электрондық нұсқасын Басқарма мүшелері Басқарма хатшысына бере алады. Дауыс

16

Page 17: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

беруге арналған бюллетень бірнеше беттен тұратын болса, әрбір бетке Басқарма мүшесінің қолы қойылуы тиіс.

93. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетендерді Басқарма мүшелеріне жолдаған кезде Басқарма хатшысы олардың дұрыс әрі бір үлгіде толтырылуын өзінің қолын қою арқылы растайды.

94. Егер Басқарма мүшесі толтырылған дауыс беруге арналған бюллетенді Басқарма хатшысының қолы қойылмаған күйде (электрондық байланыс арқылы) берсе, Басқарма хатшысы бюллетенді толтырудың бірізділігін тексеріп өзінің қолын қою арқылы оны растайды.

95. Дауыстарды санаған кезде Басқарма мүшесі бюллетенде айқындалған дауыс беру тәртібін сақтай отырып дауыс берген және дауыс берудің тек бір нұсқасын ғана белгілеген мәселелер бойынша дауыстар есепке алынады.

96. Басқарма мүшесі күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім қабылдаудан қалыс қалса немесе дауысқа салынған мәселе бойынша қарсы дауыс берсе, мұндай Басқарма мүшесі Басқарманың тікелей отырысы өткізілген күннен кейін бір тәулік ішінде өзінің айрықша пікірін жазбаша түрде беруі тиіс. Сырттай дауыс берілгенде айрықша пікір сырттай дауыс беру бюллетеніне қоса беріледі. Айрықша пікірге Басқарма мүшесінің қолы қойылуы тиіс.

97. Мерзімінде алынған бюллетендер бойынша кворум болса, сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылданған болып танылады.

98. Басқарманың сырттай отырысының шешімін Басқарма хатшысы жазбаша түрде мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде ресімдейді, отырыс өткізілген күннен кейін 1 (бір) күннен кешіктірмей Қоғамның мөрімен растап өзінің қолын қояды және Басқарма төрағасына немесе оның міндетін атқарушы адамға қол қойдырады, шешімде мыналар қамтылуы тиіс:

1) Басқарманың толық атауы мен тұрған жері;2) сырттай отырыс шешімінің ресімделген күні мен орны;3) бюллетендердің Басқарма мүшелеріне жолданған күні;4) сырттай дауыс беруге арналған бюллетендерді берудің және

дауыс санаудың түпкілікті күні;5) бюллетендерді белгіленген мерзімде берген Басқарма

мүшелері туралы деректер;6) бюллетендерді белгіленген мерзімде бермеген Басқарма

мүшелері туралы деректер;7) шешім қабылдау үшін кворумның болуы туралы жазба;

17

Page 18: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

8) отырыстың күн тәртібі;9) отырыстың күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша

қабылданған шешімдер;10) дауысқа салынған мәселелер және олар бойынша әрбір

Басқарма мүшесінің дауыс беруінің нәтижесі көрсетілген, Басқарма отырысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары;

11) қажет болғанда қабылданған шешімнің қолданысқа енгізілетін мерзімі;

12) өзге де деректер.Басқарманың сырттай отырысының шешіміне, сырттай дауыс

беру арқылы шешім қабылдауда негізге алынған, Басқарма мүшелерінің біріктіріліп тігілген бюллетендері қоса беріледі.

99. Сырттай қабылданған шешім ресімделген күннен бастап жиырма күн ішінде ол шешім қабылдауда негізге алынған, бюллетендер қоса беріле отырып Басқарма мүшелеріне жолдануы тиіс.

100. Тікелей тәртіпте өткізілген Басқарма отырысының шешімдерін Басқарма хатшысы жазбаша түрде мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде ресімдейді, отырыс өткізілген күннен кейін 1 (бір) күннен кешіктірмей Қоғамның мөрімен растап өзінің қолын қояды және Басқарма төрағасына немесе оның міндетін атқарушы адамға, отырысқа қатысқан барлық Басқарма мүшелеріне қол қойдырады, шешімде мыналар қамтылуы тиіс:

1) Басқарманың толық атауы мен тұрған жері;2) отырыстың өткізілген күні мен орны;3) отырысқа қатысушылар, сонымен бірге қатысқан және

қатыспаған Басқарма мүшелері туралы деректер;4) күн тәртібіндегі мәселелердің мәні бойынша пікірлерімен

жазбаша хабар жолдаған Басқарма мүшелері туралы деректер;5) шешім қабылдау үшін кворумның болуы туралы жазба;6) отырыстың күн тәртібі;7) дауысқа салынған мәселелер және олар бойынша әрбір

Басқарма мүшесінің дауыс беруінің нәтижесі көрсетілген, Басқарма отырысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары;

8) қабылданған шешімдер;9) Басқарманың шешімі бойынша өзге де деректер.

18

Page 19: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

101. Басқарма хатшысы Басқарма отырысының хаттамаларын (шешімдерін) тіркеуді және оларды тиісті іс қағаздары етіп қалыптастыруды жүзеге асырады. Басқарма хатшысы материалдарды бергеннен кейін, қағаздағы түпнұсқалардың сақталуын Қоғамның мұрағатын жүргізуге жауапты қызметкер қамтамасыз етеді.

102. Басқарма хатшысы хаттамалардың (шешімдердің) электрондық мұрағатын жүргізеді.

103. Басқарма хатшысы Басқарманың шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Басқарма шешімдерінің орындалмауы туралы Басқарма хатшысы Басқарма төрағасын хабардар етеді.

104. Басқарма мүшесінің жазбаша талап етуімен Басқарма хатшысы оған Басқарма отырысының хаттамасын (шешімін) танысу үшін береді және/немесе Басқарма хатшысының қолы қойылып мөрдің баспа таңбасымен расталған хаттама мен шешімнің үзінді көшірмесін беруге міндетті.

105. Басқарма хатшысы лауазымды тұлғаның, Ішкі аудит қызметінің, Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның, Қоғамның құрылымдық бөлімшесі басшысының талап етуі бойынша, Қоғамның ішкі нормативтік құжатында белгіленген коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын деректерді қолданудың талаптарын сақтай отырып, Басқарма отырысы хаттамасының (шешімінің) үзінді көшірмесін береді.

8. БАСҚАРМА ХАТШЫСЫ

106. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен Басқарманың қарым-қатынасын, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізуді Басқарма хатшысы қамтамасыз етеді. Басқарма хатшысы Басқарма құрамына кірмейді, Басқарма мүшесінің өкілеттіктеріне ие емес және күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатыспайды.

107. Басқарма хатшысы:1) Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастырады;2) Басқарма отырысының болатын күнін, уақытын және орнын

Басқарма мүшелеріне, шақырылған тұлғаларға және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге хабарлауды жүзеге асырады;

3) Басқарма отырысының қарауына ұсынылатын мәселелер бойынша Басқарма мүшелеріне материалдар береді;

19

Page 20: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

4) Басқарма отырысын хаттамалауды, Басқарманың сырттай отырысының шешімдерін ресімдеуді жүзеге асырады;

5) Басқарма отырысы хаттамаларының (шешімдерінің) электрондық және қағаз тасымалдағыштарда сақталуын қамтамасыз ету үшін хаттамаларынан (шешімдерінен) тиісті істер қалыптастыру.

6) Қоғамның отырыстарын дайындап өткізу бойынша Қоғамның Жарғысында, Осы Ережеде және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдайды;

7) Басқарма отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны және/немесе күн тәртібі өзгертілген жағдайда, бұл туралы Басқарма мүшелерінің барлығын хабардар етеді.

8) тікелей отырысқа қатыспаған Басқарма мүшелерінің жазбаша хабарларын (пікірлерін) жинап алып Басқарма төрағасына береді.

9) Басқарма қабылдаған шешімдерді, Хаттамаға (шешімге) қол қойылған сәттен бастап 3 (үш) күннен кешіктірмей, Басқарма мүшелеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға көшірмелерді жолдау арқылы хабарлайды;

10) жаңадан сайланған (тағайындалған) Басқарма мүшелеріне Қоғамда қолданылатын Басқарманың жұмыс тәртібін хабарлайды, Басқарма туралы ережемен, Басқарманың бір жылдық Жұмыс жоспарымен таныстырады және Басқарма мүшелерінің өз міндеттерін тиісінше атқаруы үшін маңызы бар өзге де ақпаратты береді;

11) Басқарма төрағасының орынбасарларынан, басқарушы директорлардан (олар болса), сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан Қоғам Басқармасының жұмысын қамтамасыз етуге қажетті құжаттарға (материалдарға, ақпаратқа және т.б.) сұрау салады;

12) Хаттамалардың (шешімдердің) көшірмелерін немесе үзінді көшірмелерін дайындауды және беруді жүзеге асырады;

13) Басқарма Хаттамаларының (шешімдерінің) орындалуын бақылауды және орындалмаған шешімдер туралы Басқарма төрағасына хабарлауды қамтамасыз етеді;

14) осы Ережеде көзделген өзге де міндеттерді орындайды.108. Басқарма хатшысы жұмыста болмаған жағдайда оның

міндеттерін атқару Басқарма төрағасының бұйрығының негізінде өзге қызметкерге жүктелуі мүмкін.

20

Page 21: 24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация

9. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

109. Ережені бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу Директорлар кеңесінің құзыретінде болады.

110. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе Қоғамның Жарғысын өзгертудің нәтижесінде Ереженің жекелеген нормалары оларға қарама-қайшы болса, Ереженің мұндай нормалары өз күшін жояды және Ережеге өзгерістер енгізілген сәтке дейін Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Қоғамның Жарғысын басшылыққа алады.

____________________________________________________

21