2021цуцуцуццц

Post on 20-Jul-2015

295 Views

Category:

Education

3 Downloads

Preview:

Click to see full reader

TRANSCRIPT

Сабақ №15 Мерзімі:Сынып: 9Пән: информатикаТақырып: Тармақталу алгоритмдер .

Мақсаты:• Паскаль тіліндегі IF шартты операторымен және оның қасиеттерімен

таныстыру.• Паскаль программалау тілінде есептерді шығару барысында IF шартты

операторын қолдану;• Оқушыларда мәдениетті, зейінділіктілікті, тәртіптілікті тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, ДКСабақ құрылысы:

I. ҰйымдастыруII. Қайталау

III. Жаңа материалды түсіндіру IV. Жаңа материалды бекітуV. Қорытынды

VI. Үй жұмысы

Кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті

Ескерту

I.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мұғаліммен амандасып. Кезекшілер сыныпта кім бар кім жоқ екенін айтып өтеді. Есепке алу журналын толтырады

II.Қайталау Сұрақ-жауап арқылы қайталау жүргізу.1.Pascal тілінің операторлары қандай?

Балалар сұраққа жауап береді.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

. Конспект: Орындалатын іс-әрекетті таңдау есеп шарттарымен анықталады. Есептеудің мүмкін бағыттарының әрқайсысы тармақ деп аталады, кейбір шарттың орындалуына байланысты есептеу процесі белгілі бір тармақ бойынша жүруі мүмкін. Мұндай алгоритм тармақталған деп аталады. Тармақтар саны екіден көп болуы мүмкін.

Тармақталу командасы

Блок-схема Алгоритмдік тіл

Pascal

Тармақталу командасы:А) толық түрі:егер шарт онда 1-серия әйтпесе

Шартты оператор:if <шарт> then begin {егер шарт дұрыс болса не істеу

Оқушылар жұмыс дәптерлеріне конспекті жазып қояды.

2-серия

Ә) қысқартылған түрі:егер шарт онда серия әйтпесе

керек} end else begin {егер шарт дұрыс емес болса не істеу керек} end;

Қысқартылған түрде else қызметші сөзі және сәйкес командалар сериясы болмайды. Егер серия бір командадан тұрса, онда begin … end; операторлық жақшаларын жазбауға болады

Шарттарды жазу үшін пайдаланылатын қатынас операцияларының таңбалары:

Мысал, Екі А және В сандары берілсін. Екі санның үлкенін табу (ЕСУ) алгоритмін және программасын құрайық.

• алг ЕСҮ (арг нақ А,В, нәт нақ Ү)• басы • енгізу А,В• егер А>B• онда Y:=A• әйтпесе Y:=В• бітті• шығару Ү• соңы.

Екі санның үлкенің табу алгоритмін Pascal тіліне аударайық

Мысалды дәптерлеріне жазып алып, Pascal тілінде орындайды.

Қатынас белгісі

Қатынас белгісін Pascal-да жазу

Қатынас операциясының аты

= = Тең

≠ < > Тең емес > > Үлкен

≥ > = Үлкен немесе тең

< < Кіші

≤ < = Кіші немесе тең

• program qq;• var a, b, max: integer; • begin• writeln(‘Екі бүтін санды енгізіңдер'); • read ( a, b );• if a > b then begin• max:=a; • end• else begin• max:=b; • end;• writeln (‘Ең үлкен сан ', max); • end.

Мысал2,

• алг есептеу Ү (арг нақ Х, нәт нақ Ү)• басы • енгізу Х• егер Х≤0 • онда Y:=Х • әйтпесе Y:= • бітті• шығару Ү• соңы.

Pascal тілінде жазайық• program 5;• var х, у: real; • begin• Readln (x);• If x<=0 then y:= sqr(x) else y:=sqrt (x);• Writeln (‘y=’, y:2:0);• End.

Мысал 3,

• 1 тәсіл • program 6;• var х, а: real; • begin• Readln (x); • if x<-1 then a:= x+sin(x)• Else if x<5 then a:=3-sqr(x+1)• Else a:=x+sin(x);• Writeln (‘a=’, a:6:2);• End.• 2-тәсіл.• program 6;• var х, а: real; • begin• Readln (x); • if (-1<=x) and (x<5) then a:=3*sqr(x+1)• else a:=x+sin(x);• Writeln (‘a=’, a:6:2);• End.

III.Жаңа материалды бекіту.

Тапсырма1. Практикумдағы, Практикалық жұмыс-4 орындау

Оқушылар өз компьютерлері алдында отырып, тапсырманы орындайды.

IV.Қорытынды Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау. Бағалау, белсенді болған оқушыларды

Балалар сұрақтарға жауап береді.

V.Үй жұмысы

§1.7-Оқып, сұрақтарға жауап беру, 35 бет 7,11 тапсырма.

Күнделіктеріне жазып алады

Сабақ №16Мерзімі:Сынып: 9Пән: информатикаТақырып: Шартты операторы бар есептер шығару.

Мақсаты:• Паскаль тіліндегі IF шартты операторымен және оның қасиеттерімен

таныстыру.• Паскаль программалау тілінде есептерді шығару барысында IF шартты

операторын қолдану;• Оқушыларда мәдениетті, зейінділіктілікті, тәртіптілікті тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, ДКСабақ құрылысы:

I. ҰйымдастыруII. Қайталау

III. Есептер шығаруIV. ҚорытындыV. Үй жұмысы

Кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті Ескерту

I.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мұғаліммен амандасып. Кезекшілер сыныпта кім бар кім жоқ екенін айтып өтеді. Есепке алу журналын толтырады

II. Есептер шығару

. Практика: Практикалық жұмыс-5Практикалық жұмыс-6

Оқушылар практикалық жұмыстарды өз компьютерлерінде отырып орындайды.

III.Қорытынды Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау. Практикалық жұмысты бағалау

Оқушылар практикалық жұмыстарын тексертіп, сақтайды.

IV. Үй жұмысы

§1.7-Оқып, сұрақтарға жауап беру, 44бет 7,11 тапсырма.

Күнделіктеріне жазып алады

Сабақ №16Мерзімі:Сынып: 9Пән: информатикаТақырып: Күрделі шарттар. Логикалық операцияларды қолдану.

Мақсаты:• Және, немесе, емес логикалық операциялармен таныстыру.• Паскаль программалау тілінде есептерді шығару барысында күрделі

шарттарды қолдану біліктіліктерін дамыту;• Оқушыларда мәдениетті, зейінділіктілікті, тәртіптілікті тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, ДКСабақ құрылысы:

I. ҰйымдастыруII. Қайталау

III. Жаңа материалды түсіндіру IV. Жаңа материалды бекітуV. Қорытынды

VI. Үй жұмысы

Кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті Ескерту

I.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мұғаліммен амандасып. Кезекшілер сыныпта кім бар кім жоқ екенін айтып өтеді. Есепке алу журналын толтырады

II.Қайталау Сұрақ-жауап арқылы қайталау жүргізу.1.Шартты оператор дегеніміз не?

Балалар сұраққа жауап береді.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

. Конспект: және, немесе, емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар құрама шарттар деп аталады

Алгоритмдік тілде жазылуы

Pascal тілінде жазылуы

жәненемесе емес

andornot

And (және) логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.Мысалы, программаныңa:=2; b:=4; c:=10;if (a>1) and (b=0) then c:=a+b;Ал егер қарапайым шарттардың кемінде біреуі орындалса, онда or (немесе) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат деп есептеледі.Мысалы, программаның

Оқушылар жұмыс дәптерлеріне конспекті жазып қояды.

a:=2; b:=4; c:=10;if (a>1) or (b=0) then c:=a+b;үзіндісі орындалғанда с айнымалысы 6-ға тең мән қабылдайды, өйткені (2>1) or (4>0) шарты айнымалылардың берілген мәндерінде ақиқат.Not A=0 логикалық операциясы А≠0 шартымен бірдей.Мысалы, “Ойлан, тап” ойыны.Есепті шешу жоспары:1. ЭЕМ кездесоқ сандар бергішінің көмегімен 0-ден 100-ге дейінгі интервалда у бүтін санын жасыруы керек.random функциясы 0< =x< Диапазон шартын қанағаттандыратын word типті кездейсоқ санды қайтарады. Сандарды қажет диапазонын алу үшін Ү-ті мына жолмен анықтау керек:Y=random (101).2. ЭЕМ адамнан: “Бұл сан х пе?” деп сұрайды. Сонда мына үш жағдайдың бірі шығуы мүмкін:x=y болғанда, ЭЕМ “Құттықтаймын” деп жауап береді;x>y болса, “Сіздің саныныз үлкен”;x<y болса, “Сіздің саныныз кіші” деп жауап береді.

• Program 7;• Label 1,2:• Var x,y:integer;• Begin• Randomize;• y:=random (101);• 1: writeln (‘0-ден 100-ге дейін кез

келген санды енгіз’);• Readln (x);• If x=y then• Begin• Writeln (‘Құттықтаймын’); goto 2;• End;• If x>y then Writeln (‘сенің санын

үлкен’); • If x<y then Writeln (‘сенің санын

кіші’); • goto 1;• End.

Мысалды дәптерлеріне жазып алып, Pascal тілінде орындайды.

III.Жаңа материалды бекіту.

Тапсырма1. Практикумдағы, Практикалық жұмыс-6 аяқтау

Оқушылар өз компьютерлері алдында отырып, тапсырманы орындайды.

IV.Қорытынды Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау. Бағалау, белсенді болған оқушыларды

Балалар сұрақтарға жауап береді.

V.Үй жұмысы

§1.7-Оқып, сұрақтарға жауап беру, тап.орындау

Күнделіктеріне жазады

top related