Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай...

12
МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ №3 (29234) 5 ҚАҢТАР, ЖҰМА 2018 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ӨТКЕННІҢ БЕДЕРІ 8-бет Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТТАР ҚҰНЫ АРТТЫ 6-бет Александр ТАСБОЛАТ ӘЛЕУМЕТ ӘДЕБИЕТ ЗЕРДЕ 9-бет 10-бет КЕЛБЕТ 4-бет САҚТАНДЫРУ ҚАРЖЫСЫНАН БІР ТИЫН ШАШАУ ШЫҚПАЙДЫ 7-бет «ӨМІР ДЕГЕН ЖАРҚ-ЖҰРҚ ЕТКЕН НАЙЗАҒАЙ» СЫН МҰРАТЫ – ТАНУ АБЫЗ-ҒҰМЫР EUR/KZT 400.91 USD/KZT 332.29 RUB/KZT 5.81 CNY/KZT 51.31 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: САРАПТАМА –––––––––––––––––––––––– Иә, самайға кірген ақ жоғары рлеп, кмірдей қара шаш- ты боз қырау басар кәріліктің ауылы жақындаған сайын іштей мазасыздық билей бас- таса, соның бірі – зейнетақы мәселесі. Дана халқымыз да «Еңбек түбі – зейнет» деп бе- кер айтпаса керек. Бірақ осы зейнеттің игілігін круге кз бен кңіл жетпей тұрған сыңайлы. Қазіргі қоғамның ойы осыған саяды. –––––––––––––––––––––––– Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Көп деңгейлі жүйеге көшу Мемлекет басшысының Үшінші жаңғыртуға бастаған Жолдауында да əлеуметтік жаңғыру негізінде биыл зейнетақы өсімі мен жаңа əдістемесі қабылданды. Жалпы, Елбасы тап- сырмасы бойынша соңғы 20 жыл- да қазақстандық зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгерді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне еніп, ғұмыр бойы қанша қаржы жинақтағанымызға қарай инвестициялық табыс табу ұйғарымына тоқтадық. Бұрын жеке инвестициялық қорлар жұмыс істесе, 2014 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жүйесіне көштік. Осылайша, барлық зейнетақы қаржысы бір қорға шоғырланды. Бұл – шамамен ішкі жал- пы өнімнің 20 пайызы. Яғни отандық зейнетақы жүйесінде экономика үшін айтарлықтай қолдау боларлық қаражат бар. Бұл қаржы қайткенде де инвестициялануы тиіс. Бүгінде БЖЗҚ зейнетақы активтерін Ұлттық банк басқарады. Аталған банк БЖЗҚ- ның кастодиан-банкі рөліне де ие. Ұлттық қорды басқару кеңесі аталған активтерді басқарудың тиімділігін арттыру ұсыныстарын қарауға жауап- ты. Дегенмен қоғамда жаңа жүйедегі коммуникациялық платформаға алаңдаушылық байқалады. Таяуда елордада «Ашық эко- номика» форумында талқыланған мəселеде БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің бұрынғы мүшесі, журналист Бота Жұманова халықтың 20-30 пайызы ғана қорға құйған ақшасын келешек- те алатынына сенетінін, ал өзгелер зейнетақылық жарнаны салық ретінде қабылдайтынын айтты. Зейнетақы жүйесі ашық болуы үшін не істеу керек? М.Гладуээлдің «Сындарлы кезең» атты кітабы бар. Көпшілігіміз «сынған əйнек» тео- риясын білеміз. Сіз сынған əйнекті ауыстырып отырсаңыз, қылмыс бол- майды. Егер түн баласында электр жарығын қоссаңыз қылмыс азаяды. Зейнетақы жүйесі де осы сияқты. Онда жүргізіліп жатқан амалдарды көпшілік түсіне бермейді. Біз осыған жарық түсіріп, онда не болғанын айтып оты- ратын майшам жасағымыз келеді, дейді ол. Яғни жүйені жетілдіру бо- йынша күнделікті ақпарат алмасуды жолға қоюдың маңызы зор. Журна- листің айтуынша, бұл – жақсы нарық. Мəселен, БЗЖҚ-ның алғашқы өнімі ретінде корпоративті секторда еңбек етіп жүрген 1 миллион жеке тұлғаны айтуға болады. Олар жоғары білімді, тəжірибелі, кəсіби, жалақысы жоғары мамандар. Ай сайын қорға 80 миллиард теңге келсе, жартысын осы 1 миллион адам құяды. Сондай-ақ статистика бо- йынша елімізде əр екінші азаматтың жеке зейнетақы шоты бос. Қаржылық есебіне қарағанда 2015-2016 жылда- ры БЖЗҚ қызметкерлерінің саны 60 адамға артқанымен, шығыны 1,5 мил- лиард теңгеге көбейген. Мұның бəрі қор қызметіне қатысты туындайтын сауалдың көптігін көрсетеді. – Отандық зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданып, нарықта жеке басқарушы компания пайда болса салымшылар үшін салымын инвестициялау туралы таңдау туар еді. Барлық салада мемле- кеттің үлесі ғана емес, жеке тұлғаның да үлесі мен таңдауының болуы ма- ңызды. Сондықтан зейнетақы жүйесі арқылы инвестициялық сауатымызды көтеру өте өзекті, – дейді Б.Жұманова. Ал Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, əлеу- меттік қорғау жəне миграция комитеті төрағасының орынбасары Дəмежан Сəдуақасова Қазақстанның зейнет- ақымен қамтамасыз етуді реформа- лауы тең бөлу ұстанымынан жеке зей- нетақы жинақтау ұстанымына кезең- кезеңмен өтуге негізделгенін айтады. Мұндағы мақсат – нарықтық экономи- ка мен зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейіне сəйкес келетін қаржылық тұрақты жүйе құру. (Соңы 4-бетте) Зейнетақы жүйесін зерделегенде... Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» АХҚО-ның жаңа жылмен бірге басталған жұмысы бірден қарқынды жалғасын тапты. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Ислам қаржылық қызметі жөніндегі кеңесінің (IFSB) мүшелігіне өтті. Комитеттің IFSB- ға мүше болып қабылдануы АХҚО- ның Еуразиядағы Исламдық қаржы орталығына айналу жолындағы басты міндетінің бастауы болып табылады. Исламдық қаржы қызметі жөніндегі кеңестің толыққанды мүшесі болу Еуразия кеңістігінде Исламдық қаржы индустриясын дамытуға тікелей жол ашады. Еуразия кеңістігінде алғаш жұмысын бастаған бұл халықаралық ірі жоба бастауы қалай еді? Сонау 2004 жылы елімізде қаржы орталығын құру тура- лы алғаш бастама көтеріліп, сол бой- ынша кешенді іс-шаралар қолға алы- на бастаған еді. Себебі, Қазақстан сол кездің өзінде-ақ қаржылық хабқа айнала алатын əлеуетін көрсеткен болатын. Арнайы агенттік те құрылды. Үкімет пен Ұлттық банктің назары осы шараға мейлінше бағытталды. Бірінші кезекте Алматы өңірлік қаржы орталығын дамы- ту жоспарына басымдық берілді. Алайда 2008-2010 жылдары белең алған əлемдік қаржы дағдарысы салдарынан əлсіреген экономикалық ахуал оған мүмкіндік бермеді. Ең бастысы, саяси шешімнің болмауының салдарынан тəуелсіз сот, ағылшын құқығы секілді ойлар жүзеге асырылмады. Бүгінгі халықаралық қаржы орта- лығы мен сол кездегі өңірлік қаржы ор- талығының айырмашылығы жер мен көктей. Бұл – бір-бірінен бөлек стратегия, мүлде өзгеше бизнес-жоба. 2015 жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи бастама – «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық дең- гейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. (Соңы 2-бетте) –––––––––––––––––––––––––– Табалдырықтан аттаған – 2018 жылдың алғашқы айтулы оқи- ғаларының бірі «Астана» халық- аралық қаржы орталығының 1 қаңтардан з жұмысын баста- ғандығы десек, артық айтқандық бола қоймас. Сйтіп, тарихта алғаш рет Орталық Азияда, ТМД мемлекеттерінің кеңістігінде ха- лықаралық ірі қаржы орталығы құ- рылып, Еуразияның «қаржы қақ- пасы» – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әлем инвесторлары үшін есігін айқара ашты. –––––––––––––––––––––––––– Еуразияның қаржы қақпасы

Upload: others

Post on 15-Feb-2020

6 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ

№3 (29234) 5 ҚАҢТАР, ЖҰМА 2018 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ӨТКЕННІҢ БЕДЕРІ

8-бет

ЖұмабайШАШТАЙҰЛЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТТАР ҚҰНЫ АРТТЫ

6-бет

Александр ТАСБОЛАТ

ӘЛЕУМЕТ

ӘДЕБИЕТ

ЗЕРДЕ

9-бет

10-бет

КЕЛБЕТ

4-бет

САҚТАНДЫРУ ҚАРЖЫСЫНАНБІР ТИЫН ШАШАУ ШЫҚПАЙДЫ

7-бет

«ӨМІР ДЕГЕН ЖАРҚ-ЖҰРҚ ЕТКЕН НАЙЗАҒАЙ»

СЫН МҰРАТЫ – ТАНУ

АБЫЗ-ҒҰМЫР

EUR/KZT 400.91 USD/KZT 332.29 RUB/KZT 5.81 CNY/KZT 51.31ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

САРАПТАМА

––––––––––––––––––––––––Иә, самайға кірген ақ жоғары �рлеп, к�мірдей қара шаш-ты боз қырау басар кәріліктің ауылы жақындаған сайын іштей мазасыздық билей бас-таса, соның бірі – зейнетақы мәселесі. Дана халқымыз да «Еңбек түбі – зейнет» деп бе-кер айтпаса керек. Бірақ осы зейнеттің игілігін к�руге к�з бен к�ңіл жетпей тұрған сыңайлы. Қазіргі қоғамның ойы осыған саяды. ––––––––––––––––––––––––

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Көп деңгейлі жүйеге көшу

Мемлекет басшысының Үшінші жаңғыртуға бастаған Жолдауында да əлеуметтік жаңғыру негізінде биыл зейнетақы өсімі мен жаңа əдістемесі қабылданды. Жалпы, Елбасы тап-сырмасы бойынша соңғы 20 жыл-да қазақстандық зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгерді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне еніп, ғұмыр бойы қанша қаржы жинақтағанымызға қарай инвестициялық табыс табу ұйғарымына тоқтадық. Бұрын жеке инвестициялық қорлар жұмыс істесе, 2014 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жүйесіне көштік. Осылайша, барлық зейнетақы қаржысы бір қорға шоғырланды. Бұл – шамамен ішкі жал-пы өнімнің 20 пайызы. Яғни отандық зейнетақы жүйесінде экономика үшін айтарлықтай қолдау боларлық қаражат бар. Бұл қаржы қайткенде де инвестициялануы тиіс. Бүгінде БЖЗҚ зейнетақы активтерін Ұлттық банк басқарады. Аталған банк БЖЗҚ-ның кастодиан-банкі рөліне де ие. Ұлттық қорды басқару кеңесі аталған активтерді басқарудың тиімділігін

арттыру ұсыныстарын қарауға жауап-ты. Дегенмен қоғамда жаңа жүйедегі коммуникациялық платформаға алаңдаушылық байқалады.

Таяуда елордада «Ашық эко-номика» форумында талқыланған мəселеде БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің бұрынғы мүшесі, журналист Бота Жұманова халықтың 20-30 пайызы ғана қорға құйған ақшасын келешек-те алатынына сенетінін, ал өзгелер зейнетақылық жарнаны салық ретінде қабылдайтынын айтты.

Зейнетақы жүйесі ашық болуы үшін не істеу керек? М.Гладуээлдің «Сындарлы кезең» атты кітабы бар. Көпшілігіміз «сынған əйнек» тео-риясын білеміз. Сіз сынған əйнекті ауыстырып отырсаңыз, қылмыс бол-майды. Егер түн баласында электр жарығын қоссаңыз қылмыс азаяды. Зейнетақы жүйесі де осы сияқты. Онда жүргізіліп жатқан амалдарды көпшілік түсіне бермейді. Біз осыған жарық

түсіріп, онда не болғанын айтып оты-ратын майшам жасағымыз келеді, дейді ол. Яғни жүйені жетілдіру бо-йын ша күнделікті ақпарат алмасуды жол ға қоюдың маңызы зор. Журна-лис тің айтуынша, бұл – жақсы нарық. Мəселен, БЗЖҚ-ның алғашқы өнімі ретінде корпоративті секторда еңбек етіп жүрген 1 миллион жеке тұлғаны айтуға болады. Олар жоғары білімді, тəжірибелі, кəсіби, жалақысы жоғары мамандар. Ай сайын қорға 80 миллиард теңге келсе, жартысын осы 1 миллион адам құяды. Сондай-ақ статистика бо-йынша елімізде əр екінші азаматтың жеке зейнетақы шоты бос. Қаржылық есебіне қарағанда 2015-2016 жылда-ры БЖЗҚ қызметкерлерінің саны 60 адамға артқанымен, шығыны 1,5 мил-лиард теңгеге көбейген. Мұның бəрі қор қызметіне қатысты туындайтын сауалдың көптігін көрсетеді.

– Отандық зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа тұжырымдамасы

қабылданып, нарықта жеке басқарушы компания пайда болса салымшылар үшін салымын инвестициялау туралы таңдау туар еді. Барлық салада мем ле-кеттің үлесі ғана емес, жеке тұлға ның да үлесі мен таңдауының болуы ма-ңызды. Сондықтан зейнетақы жүйесі арқылы инвестициялық сауатымызды көтеру өте өзекті, – дейді Б.Жұманова.

Ал Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, əлеу-меттік қорғау жəне миграция коми теті төрағасының орынбасары Дəме жан Сəдуақасова Қазақстанның зей нет-ақымен қамтамасыз етуді реформа-лауы тең бөлу ұстанымынан жеке зей-нетақы жинақтау ұстанымына кезең-кезеңмен өтуге негізделгенін айтады. Мұндағы мақсат – нарықтық экономи-ка мен зейнетақымен қам тамасыз ету деңгейіне сəйкес келетін қаржылық тұрақты жүйе құру.

(Соңы 4-бетте)

Зейнетақы жүйесін зерделегенде...

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

АХҚО-ның жаңа жылмен бірге басталған жұмысы бірден қарқынды жалғасын тапты. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Ислам қаржылық қызметі жөніндегі кеңесінің (IFSB) мүшелігіне өтті. Комитеттің IFSB-ға мүше болып қабылдануы АХҚО-ның Еуразиядағы Исламдық қаржы орталығына айналу жолындағы басты міндетінің бастауы болып табылады. Исламдық қаржы қызметі жөніндегі кеңестің толыққанды мүшесі болу Еуразия кеңістігінде Исламдық қаржы индустриясын дамытуға тікелей жол ашады.

Еуразия кеңістігінде алғаш жұмысын бастаған бұл халықаралық ірі жоба бастауы қалай еді? Сонау 2004 жылы елімізде қаржы орталығын құру тура-лы алғаш бастама көтеріліп, сол бой-ынша кешенді іс-шаралар қолға алы-на бастаған еді. Себебі, Қазақстан сол кездің өзінде-ақ қаржылық хабқа айнала

алатын əлеуетін көрсеткен болатын. Арнайы агенттік те құрылды. Үкімет пен Ұлттық банктің назары осы шараға мейлінше бағытталды. Бірінші кезекте Алматы өңірлік қаржы орталығын дамы-ту жоспарына басымдық берілді. Алайда 2008-2010 жылдары белең алған əлемдік

қаржы дағдарысы салдарынан əлсіреген экономикалық ахуал оған мүмкіндік бермеді. Ең бастысы, саяси шешімнің болмауының салдарынан тəуелсіз сот, ағылшын құқығы секілді ойлар жүзеге асырылмады.

Бүгінгі халықаралық қаржы орта -

лығы мен сол кездегі өңірлік қаржы ор-та лығының айырмашылығы жер мен көктей. Бұл – бір-бірінен бөлек стратегия, мүлде өзгеше бизнес-жоба. 2015 жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи бастама – «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО)

құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық дең-гейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады.

(Соңы 2-бетте)

––––––––––––––––––––––––––Табалдырықтан аттаған – 2018 жылдың алғашқы айтулы оқи-ғаларының бірі «Астана» халық-аралық қаржы орталығының 1 қаңтардан �з жұмысын баста-ған дығы десек, артық айтқандық бола қоймас. С�йтіп, тарихта алғаш рет Орталық Азияда, ТМД мемлекеттерінің кеңістігінде ха-лықаралық ірі қаржы орталығы құ-рылып, Еуразияның «қаржы қақ-пасы» – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әлем ин весторлары үшін есігін айқара ашты.––––––––––––––––––––––––––

Еуразияның қаржы қақпасы

Page 2: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

2 5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛСАЯСАТ

Александр ТАСБОЛАТ,«Егемен Қазақстан»

Міне, соның бір көрінісін бү-гінде құқық қорғау органдары қолданып та жатыр. Сонымен қатар цифрлы технологиялардың игілігін алдымен халық көру үшін, оның соңы жаңалықтары халыққа қызмет көрсету бары-сында іске аспақ. Бұл ретте Қа-зақ стан 2025 жылы цифрлы тех-нологиялар бойынша бəсекеге қа білеттілікті анықтайтын əлем дік рейтингте 30-орыннан көрі нуі тиіс. Елімізде цифрлы техно логияларды енгізу жо-лында энергетика мен шикізат, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп, IT, ло гистика сынды 9 салаға басым дық беріліп отыр. Демек, Пре зи дент айтқандай, цифрлан-дыру – бұл тек нəтиже емес, бұл Қа зақстанның жетістікке жету-дегі түпкілікті басымдығы. Осы арқылы барлық салада бəсе-келестік артады. Сонда бар-лық сала бірдей дамиды. Міне, осы тұста Қазақстанның заңна-масы кəсіпкерлік бастамалар-ды ынталандырып, ғылыми зерт теулерді, əзірлемелер мен жаңа технологияларды енгізуді қол дауы тиіс. Ал бұл бағытта даму үшін заңдарымыз да жан-жақты жетілген жəне соған сай оның орындалуы, яғни іске асуы тиімді болуы керек. Бұл жағынан құқық қорғау органда-рымыз кенде қалып жатқан жоқ. Басқа заңдарды былай қойғанда, төрт бірдей жаңартылған кодекс қолданысқа еніп, ізгілендіру ісіне ықпалын тигізіп жатыр. Өйткені Қылмыстық, Қылмыстық-про-цестік, Қылмыстық-атқару жəне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер заман талабы-нан туындаған заңдар деп айтуға болады. Бұл жөнінде Елбасы: «Соттар қызметінің заңнамалық жəне іс жүргізу нормаларын жүйелі түрде жетілдіру маңызды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқару-шы лық жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер ұзақ əрі тыңғылықты дайындал-ды, оны барлығы, мен де қара-дым. Онда соттардың жаңа құзы-реті, соның ішінде сот жүргі-зудің жеңілдетілген жаңа тəртібі қарастырылған. Сот бақылауы мен сот тексеруі барысындағы судьялар өкілдіктерінің аясы кеңеюде. Əрине, ізгілендіру жүріп жатыр, бірақ ол мақсат емес, ең бастысы біз босаңсып кетпеуіміз керек. Тиянақты қарау керек. Бұл кодекстердің жүзеге асуы қылмыстық сот төрелігінің сапасы мен жеделдігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады», де-ген болатын.

Бұл орайда прокуратура ор-гандары да заңның адамға мүл-тіксіз қызмет етуі қажеттігіне əр қа шанда назар аударып келеді. Əрқашан заңның үстемдігі жо-ғары тұруы қажет. Ал заңның үс тем дігі дегеніміз не? Ол

құ қық тық заңдылықты, адамның құ қық тары мен бостандықтарын мем ле кетте ең қымбат қазына деп білу. Ендеше құқықтық, демо кратиялық, зайырлы жəне əлеу меттік мемлекет құру үшін біз заңдылықты, заңға бағы-ну ды ең жоғары тұрған жəне мүл тіксіз орындайтын міндет

деп қабылдауымыз керек. Осы орайда түрлі жобалар да дү ниеге келіп, іске асып жатыр. Оның бəрі жоғарыда айтқаны мыз дай, заңдарымыздың түйт кіл дері болса тарқатып, кемшілік те-рін түзеу болып табылады. Мə-селен, дəлел жеткілікті болса да, кінəлі адам мойындап тұр -са да, қылмыстық іс айлап тер -геледі. Жəбірленушілер, куə-лар бар жұмысын, кəсібін ысы-рып қойып, күндеп, тіпті апта-лап тергеу органдарында жү-руге мəжбүр. Сондықтан осы мəсе ленің сырына прокурорлар тереңдеп үңіліп көріпті. Со сын оның сырын да тауыпты. Ен ді қазір бұл істе айтарлықтай нə-тиже бар. Дəлелденіп тұрған іс-тер бұрынғыдай 1-2 ай емес, 5 күн де, əрі кетсе бір аптада тер-геліп, үкімдер шығып жатыр. Сот қа жолданған істердің 75 пайы зы осындай қысқа мерзімде аяқтал ды. Қалғандары егжей-тегжей лі зерттеуді қажет ететін күрделі істер.

Бұған қалай қол жеткізілді? «Ең алдымен, істі қарап, виза қоя тын адамдардың саны қыс-қар тылды. Іс полиция мен проку-ра турада біраз лауазымды адам-дардың қолынан өтеді екен. Əрине, бұл қыруар уақытты ала-ды. Сотта істі қарау үшін кемінде 1 ай керек. Соған адамдардың өкпесі қара қазандай. Сондықтан полиция мен прокуратурадағы процедураны жылдамдаттық. ҚПК бойынша түскен қыл мыс-тық теріс қылық туралы істі про курор 1 тəулікте зерттеуі тиіс. Бұл мерзім 6 сағатқа дейін

қыс қарды. Ал, жеделдетілген фор мадағы істер 3 тəулік емес, 24 сағатта қаралып, сотқа жол-дануда. Бұрын полиция істі прокурорға өткізу үшін көп уақыт жоғалтатын. Прокуратураға ба-рады, канцелярияға тапсырады, сосын қала, аудан прокуроры арқылы орындаушыға жетемін дегенше біршама уақыт кетеді. Қазір мұндай артық кедергілерді алып тастадық. Жергілікті ішкі істер бөліміне кезекші прокурор-ды əдейі отырғыздық. Ол істерді қарап, өзі бірден сотқа жолдай-ды», дейді Бас прокурор.

Міне, Елбасы айтқандай, цифрлы технологияның жұртқа берер пайдасы көп. Соған сəйкес тағы бір үлкен жаңалық, Бас про-куратура Жоғарғы сотпен бірігіп

заң үстемдігін арттыру үшін жаңа жоба дайындаған болатын. Бұл енді нағыз ІТ технологияның өнімі болып табылады. Осы жо-бада, яғни «Заңдылық» жүйе-сінде Қылмыстық кодекстің бар лық нормалары цифрланған. Прокурор немесе судья шешімді компьютерде дайындағанда бұл жүйе қате болса, оларды сол сəтте көрсетіп, яғни қызылға бояп көрсетіп береді. Бұл қандай қа телер? Жаза тым қатал неме-се негізсіз жеңіл емес пе, режім түрі қаншалықты дəл таңдалды, кон фискация жасау керек пе, қосымша жаза қалып қойған жоқ па, тағы басқа 100-ден астам па-раметр бойынша сұрақтар елек-тен өткізіледі.

Осы база арқылы 2016 жыл-ғы 40 мың үкім тексеруден өт-кі зіліпті. Сонда прокурорлар на разылығы бойынша 559 үкім түзетілген. Жүзден астам сот-талғанға тағылған айып көлемі төмендетіліп, тым жоғары жа-залар қайта қаралып, қайсыбір сот талғандар жазасы колония түріне ауыстырылған. Осы лай-ша, сарапшылардың айтуына қарағанда, аталған «Заңдылық» жүйесі прокурорлар мен судья-лардың санасын өзгерте бас-таған. Базаға ілікпеу үшін олар заңдарды мұқият оқып, білік ті-ліктерін үнемі көтеруге тырыса-тын болған. Соның арқасында сот шешімдерінің сапасы да жақсара түсті. Сондықтан апелляция-да қайта қаралған қылмыстық істердің саны 40 пайызға азайған екен. Енді бұл іс қолдау таба берсе, онда көп ұзамай онлайн

режімде қылмыс тіркелгеннен бастап жазаны орындауға дейінгі жолдың бəрін көретін бола-мыз. Сөйтіп, жыл соңына дейін «Заңдылық» жүйесін барынша күшейтіп, 2018 жылдың 1 қаң-тары нан бастап өндіріске толық ен гізу жоспарланып отыр. Сонда сот үкімдеріндегі айқын қате лік-тер күрт азаяды деп күтіледі.

Тағы бір мəселе, жыл сайын 500 мыңнан астам іс терге ле-ті нін көпшілік біле қоймайды. Олар дың бəрі қағазда жазылаты-ны сөзсіз. Ал жасыратыны жоқ, оны жоғалтуға, тіпті жалған құ жат тар жасауға немесе қала-масаңыз, мүлде жойып жіберуге болады. Көп жағдайда оны ешкім білмей қалады. Бұл сөзі-мізге нақты деректер де бар. Ресми органдардың айтуы бо-йынша 2,5 жылда осындай 3,5 мың іс жоғалған көрінеді. Дəлел-демелерді қолдан жа са ғаны үшін 33 қызметкер сотталған. Демек, бұл қаншама адамның арызы қаралмай қалды немесе қаншама адамның ісі бұрмаланды деген сөз. Ал алыс ауылдардан жа-зыл ған арызды тексеру үшін өңірлерден сұралатын істер жолда 2-3 апта жүреді. Тағы 20 күн оны қайтаруға кетеді. Осы-лайша жүздеген мың істер «қы-дырып» жүреді екен. Енді бұдан құтылудың жолы қандай? Міне, осы кемшіліктерді жою үшін электронды қылмыстық істер жобасы дүниеге келді.

Сөйтіп, аталған істерді е-фор-мат қа көшіру – жоғарыдағы ол-қ ылықты жағдайды түзетуге бағытталған алғашқы қадам бол-ды. Бұған көңіл бөлген елдерде қылмыс та аз жасалады екен жəне болып жатса оның ашылуы да тез жүргізіледі дейді. Дамыған елдердің көбінде қылмыстық іс қағаз жүзінде емес, электрон-ды түрде жүргізіледі. Сондық-тан Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу коми теті «Е-қылмыстық іс» бағдар-ламасын əзірледі. Оған бюджет-тен қосымша қаржы сұралмаған көрінеді. Ол қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу жəне қылмыстық жазаны орындау кезеңдерін қамтиды. Сонда элек-тронды қылмыстық істің пайда-сы қандай дейсіз ғой. Айтайық. Қылмыстық істі бұрмалау бол-майды, істер жоғалмайды; бəрі-нен бұрын қағазбастылық мүлде азаяды. Ал электронды форматқа көшірілсе, істер бұдан да тезірек тергелмек. Тергеу, сараптау күшейген соң əрбір қылмыстық іске терең үңіліп, дұрыс практи-каны қалыптастыруға мүмкіндік туады. Жəбірленуші, айыпталу-шы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын кез келген уақытта онлайн режімде көре алады. Электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Ол де-ген, тараптар тергеушінің іс-əрекетіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн арқылы тексере алады. Осылайша бұл қанатқақты жобаның баста-лып кеткеніне біраз уақыт өтті. Енді келесі жылдың шілдесінен бастап барлық қылмыстық іс жүргізу цифрлы түрге ауыспақ. Міне, осылайша прокуратура, жалпы сот жүйесі мен құқық қорғау органдары Елбасының цифрландыру туралы тапсырма-сын орындауда басымдық таны-тып отыр дегіміз келеді.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіліп, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болып белгіленді. АХҚО-ның негізгі міндеттері қаржылық қызмет саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел эконо-микасына тікелей шетел инвестиция-ларын тартуға жəрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады.

Біздің еліміз əлдеқашан жаһандық экономикаға кірігіп, халықаралық экономикалық заңдылықтар бойын-ша жұмыс істей бастады. Тəуелсіз Қазақстанның экономикасын өркениет талаптарына сай əртараптандыру мақсатындағы шараларға Елбасының бастамасымен жүзеге асырыла бастаған индустриялық-инновациялық даму жəне «Нұрлы жол» бағдарламалары тың серпін əкелгені анық. Ал елімізде бастау алған «Нұрлы жол» бағдарламасы Қытай Халық Республикасы жариялаған «Бір белдеу – бір жол» халықаралық бастамасымен үндесіп шыға келді. Бұл халықаралық

ірі бағдарлама өз кезегінде өңірлік ірі қаржы орталығының қажеттігін күн тəртібіне шығарды. Сөйтіп, АХҚО бүгінде əлемнің көптеген мемлекеттері қолдау білдірген «Бір белдеу – бір жол» халықаралық бағдарламасына қаржылық қызмет көрсететін орталыққа айналу мүмкіндігіне ие болып отыр.

АХҚО-ның халықаралық ауқымда жемісті жұмыс атқаруына ағылшын құқығының қағидаттары жəне қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болуы жоғары мүмкіндіктер жасамақ. Мəселен, бүгінде əлемдегі ең ірі Лондон, Нью-Йорк, Гонконг жəне Сингапур қаржы орталықтары ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейді. Осыған байланысты өткен желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО тəуелсіз сотының 9 судьясын тағайындады. Сонымен бірге Астана қаласында Елбасының қатысуымен АХҚО сотының төрағасы Гарри Кеннет Вульф ант қабылдады. Гарри Кеннет Вульф əлемдік құқықтану саласында белгілі тұлға болып табыла-ды. Ол Англия жəне Уэльс азаматтық сот істерінің бірегей реформаторы. Міне, осындай танымал тұлғаның еліміздің қаржы орталығы сотының төрағасы болып тағайындалуы бұл орталықтың

əлемдік қаржы институттары алдындағы беделін арттыра түспек.

Сөйтіп, АХҚО-ның қаржылық заңдылықтарының негізгі қағидаттары белгіленді. Орталықтың реттеуші ор-ганы – Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет (AFSA) құрылды. Міне, бірнеше айдан бері AFSA-ның директорлар кеңесі құрылды. Оның құрамына АҚШ, Ұлыбритания, А у с т р а л и я ж ə н е Д у б а й қ а р ж ы орталықтарының жетекші сарапшыла-ры кірді. Қаржы орталығының алғашқы мүшелері қабылданып, тіркелуде. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бас-тап АХҚО-ның биржасы жұмыс істей бастады. АХҚО биржасының құрылуына жəне одан əрі жемісті жұмыс атқаруына Шанхай қор биржасының қосатын үлесі қомақты. Жасалған келісім бойынша АХҚО биржасы акциясының 25 пайыз үлесін Шанхай қор биржасы иеленді. Сөйтіп, əлемдік қаржы нарығында кеңінен танымал Шанхай қор бир-жасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жемісті жұмыс істеуіне мүдделі болып отыр. Сонымен бірге елордамызда құрылып, жұмыс істей бастаған халықаралық қаржы орталығы жұмысының кеңінен өрістеуіне

«ашық аспан» халықаралық жобасының қосар үлесі зор. Яғни, алдағы уақытта халықаралық қаржы орталығына мүше елдермен Астана қаласы тікелей əуе қатынасын қалыптастыратын болады. Ел Үкіметі бекіткен арнайы жол картасына сəйкес жақын арада əлемнің бірқатар ірі қаржылық орталықтары орналасқан қалалармен тікелей жəне тұрақты əуе бағыттары ашылады. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар дамыған елдердің азаматтары біздің елімізге 30 күн мерзімге визасыз келуіне болады. Ал қаржы орталығында еңбек ететін шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ұзақ мерзімді виза беріледі. Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Бір терезе» қағидатымен жұмыс істеу үрдісі енгізілуде. Сонымен бірге елордадағы халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына бірқатар салықтық жеңілдіктер жасалмақ.

Бұл ретте, ең алдымен, өз қаржы ор-та лығымыздың қызметтері ұсынылатын елдердің өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды. Олар біздің көршілеріміз – Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін ел-дер, Орталық Азия елдері жəне

Қытай. «Дубай» халықаралық қаржы орталығымен тікелей ынтымақтастық байланыс орнатылды. АХҚО-ның Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі серіктесі – «Дубай» ХҚО болмақ. Сондай-ақ Лондон жəне Нью-Йорк халықаралық қаржы орталықтарымен түсіністік əріптестік ахуал қалыптасуда.

Иə, Еуразия кеңістігінің шежіресінде алғаш рет əлемдік ірі қаржы инсти-туты – «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылып, жұмысын сəтті бас-тады. Орталықтың межелеп отырған асулары да биік. 2020 жылға дейін АХҚО Азия құрлығындағы ең ірі 10 қаржы орталығының құрамына кірмек. Сонымен бірге АХҚО қазақстандық компанияларға қаржылық жəне сервистік қызмет көрсетуді дамытудың драйверіне айналмақ. Таяудағы 7-10 жыл көлемінде АХҚО аумағында 18 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде 2-3 мың жұмыс орны қазақстандық қаржыгерлер, заңгерлер жəне басқа мамандық иелеріне тиеді. Жоғарыда атап айтқанымыздай, қазір АХҚО-ның қор биржасы толыққанды жұмыс істеп тұр. 2018 жылдың шілдесінен бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы толық ауқымда жұмыс істей бастайды.

МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ

Еуразияның қаржы қақпасы

Заң үстемдігін орнатудың заманауи жолы айқын

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлы Қазақстан» мәселелері ж�ніндегі республикалық кеңесте еліміздің экономикасын да, әлеуетін де дамыту мен арт-тыру үшін цифрлы технологияларды жаппай енгізудің маңыздылығын атап, оның тура жолын к�рсетіп берді. Цифрлы технология ларды енгізу арқылы халықтың әл-ауқаты оңалып, елдің барынша жылдам дамуына жол ашылмақ. Сондықтан да Елбасының тікелей тапсырмасымен бұл бағытта тыңғылықты жұмыстар басталып та кеткен болатын.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сайлаушылармен кездесті––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісі Т�р аға сының орынбасары Гүлмира Исим-баева, Мәжілістің �леумет тік-мәдени даму комитетінің т�р ағасы Гүлнар Иқсанова және Мә жіліс депутаты Серік Сейдуманов Ал-маты қалалық кардиология орта лығының жұмысымен таныс ты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Еліміздегі ең іргелі ауруха на-лар дың бірі саналатын аталған орта лықта өткен жылдың өзінде жүрек ке 600-ден астам ашық операция жасалған. Кездесу ба-рысында депутат тар Пар ламент Мəжілісінің қызметі туралы əңгімелеп, мемлекеттік жəне үкі-меттік бағдарламалардың, мін-детті əлеуметтік медициналық

сақтандырудың, сондай-ақ жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Ме-дицина қызметкерлері өз ке зегінде денсаулық сақтау сала сын дағы ақпараттық жүйелерге, цифр-ландыруды енгізуге, кардио-логиялық қызметтегі ақпараттық жүйелердің жай-күйіне жəне ха-лықты дəрі-дəрмекпен қамта масыз етуге қатысты сауалдарын қойды.

АЛМАТЫ

* * * ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының депутаттары Манап К�бенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысында болды. Сенаторларға Ақсу ферроқорытпа зауытында металлургтер жұмысының нәтижелері к�рсетілді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

С о н д а й - а қ д е п у т а т т а р Евгеньев ауылдық округінде өткен жылы пайдалануға берілген бірқатар əлеуметтік нысандар-да болды. Сенаторлар сумен жабдықтау желісімен танысып, құрылысына 160 миллион теңге жұмсалған денешынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.

Сапарларын қорытындылаған

сенаторлар аймақтың əлеуметтік дамуындағы табыстар мен ауыл шаруашылығы саласын көтерудегі жергілікті кəсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының зор үлестерін атап өтті. Депутаттар жүздесу барысында отандық өнім өндірушілерді қолдауға қатысты айтылған ұсыныстар заң шығару жұмыстары барысында ескерілетінін айтты.

ПАВЛОДАР

* * * ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Біздің сапарымыздың басты мақсаты – ел-жұртпен жүздесіп, әлеуметтің жай-күйі мен тыныс-тіршілігі ж�нінде жан-жақты пікір алысу, деді Ақт�бедегі кездесулері кезінде Парламент Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский мен Дания Еспаева.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Сондай-ақ олар ауыл шаруа-шы лығына қатысты мəселелерді де көтеріп, бұл бағыттағы мем-ле кеттік бағдарламалардың тиім-ділігін арттыру қажеттілігіне тоқ талды. Ал депутат Құралай Қаракен əлеуметтік сипаттағы жайларға басымдық берсе,

Сергей Симонов депутаттардың заң шығарушылық қызметіндегі кейбір жайларға тоқтала келіп, бұл істе ел мүддесі қай кезде де бірінші орында тұратынын мəл імдед і . Оның ойынша бұған көпшіліктің ой-пікірлері мен ұсыныстары басты негіз болмақ.

АҚТ�БЕ

* * * ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының депутаты Рысқали �бдікеров Қарағанды қаласында азаматтарды қабылдады. Сенатормен кездесуге әртүрлі әлеуметтік мәселелер толғандырған облыс орталығының тұрғындары келді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

* * * ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары-мен кездесті. Олардың қатарында Уәлихан Қайназаров, Берік Оспанов, Сапар Ахметов және Фахриддин Қаратаев бар.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

«Қорғау» ардагерлер кеңесінің мүшесі В. Чайка қабылдау кезінде қала мен облысты дамытудағы аға буын өкілдерінің рөлі тура-лы айта келіп, олардың жастар тəрбиесіне атсалысуы керектігі туралы өз ойын ортаға салды.

Жалпы алғанда, депутатқа 11 аза-мат қабылдауға келіп, екі шағым бойынша оң шешім қабылданды. Қабылданған 5 шағым тиісті ме-кемелерге жіберілді. Сондай-ақ 4 азаматты толғандырған мəселелер бойынша тиіст і түс індіру жұмыстары жүзеге асырылды.

ҚАРАҒАНДЫ

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Кездесуде облыстың əлеумет-тік-экономикалық дамуы мен алда атқарылатын жұмыстар сөз болды. – Елбасының бастамасы-мен қолға алынған мемлекеттік бағ дар ламалар өңірде белсенді түрде жүзеге асып келеді, – деді облыс əкімі.

Ө з к е з е г і н д е М ə ж і л і с

де путаттары да өз ойларын ор -таға салып, сапарлары бары-сында Пре зиденттің саяса тын насихат тап, алдағы жылда-ры атқары латын жұмыстарды жүйе леуді жөн көріп отырған-дарын айтты.

Бұдан соң халық қалаулылары бірқатар аудандарды аралап, жұртшылықпен кездесті.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Page 3: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 3САЯСАТ

�мір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Олардың қатарында ғылым, білім, өнер, денсаулық сақ-тау, спорт салаларының бел-сенді өкілдері, мəдениет жəне өнер қайраткерлері болды. Мəртебелі меймандар «Тəрбие жəне білім», «Атамекен», «Руxани қазына» жəне «Ақпа-рат толқыны» ая сын да жү-зеге асырылып жат қан жер -гі лікті жобалармен та ныс -ты. Сəндік-қолданбалы қол -өнер бұйымдарын, қару-жа-рақ, əшекейлер, қыш ыдыс -тар көрмесін тамашалады. 2017-2022 жылдар аралы ғын-да өңірде «Атамекен» жəне «Рухани қазына» бағ дар лама -ла ры аясында екі респуб лика -лық шара мен 43 жобаны, «Ақ-па рат толқыны» шеңберінде 282 жобаны жүзеге асыру жос-парланған. Бүгінде бұл ба-ғыттар бойынша 1 миллиард

297 миллион теңгенің 8 жобасы мен 126 шарасы іске қосылған.

Жерлестердің жылы жүзді кездесуінде облыс əкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет форум мақсаты Мағжан елінен шыққан азаматтарды өскен өлкенің тыныс-тіршілігімен та-ныстыру, өңірдің өркендеуіне үлес қосқан жерлестерімізді дəріптеу мақсатын діттейтінін жеткізді.

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік уни-верситетінің кафедра мең-герушісі, «Лингва» тіл жəне аудар ма институтының ректо-ры Нұрсұлу Ыбырайқызы өзі өс кен өлкені қатты сағын ға нын жет кізді. Ол Шал ақын ауда нын-дағы Сергеевка қала сында бос тұрған ғимараттардың бірін баспанасыз қалған аза маттарға уақытша пана болатын орынға айналдыру жөніндегі жоспары-мен бөлісті.

« Г е о т е р м » ө н д і р і с т і к

компаниясы» ЖШС-нің ди-ректоры, геология-минероло-гия ғылымдарының кандида-ты, профессор Дулат Қалитов отыз жылдан бері жырақта жүрсе де, кіндік қаны тамған Есіл ауданындағы Жарға-йың ауылында «Данияр-агро» жауап кершілігі шектеулі серік-тестігін құрып, 350 милли-он теңге инвестициялық қар-жысын құйыпты. Жарғайың, Өрнек, Мектеп ауылдары ның қырыққа жуық тұрғынын жұ-мыспен қамтып отырған ол сүт жəне қымыз өңдеу цехын іске қосқан. Кəсіпкер өзге жер-лестерін туған өлкеге қолдау көр сетуге шақырды. Атақты скрип кашы Жəмила Серкебаева өз сөзінде «Рухани жаңғыру» жал пыұлттық жобасының ерек-шеліктерін атап өтті.

Форум соңында «Үздік кəсіпкер – 2017» байқауының қоры тындысы шығарылып, же-ңімпаздар марапатталды. Аль-бина Қайырбекова, Ақмарал Жақыпова, Раушан Мұстафина, Юрий Пилипушко, Ляйла Сайдашева өз салалары бойын-ша үздік деп танылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қамқорлыққа құлшыныс қуантады

––––––––––––––––––––––Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа-ласында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша Тараз қаласында жұмысшы топ пен арнайы офис құрылды. Сондай-ақ 2017-2019 жылдарға ар-нал ған іс-шаралар жос-пары бекітілді.–––––––––––––––––––––– Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Қалалық жобалық офис арқылы жалпы құны 2 милли-ард 43 миллион теңгені құрай-тын 20 жобаның іске асыры-луы жоспарланған. Қала əкімі Рүстем Дəулеттің айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік тап-сырыс шеңберінде 2 жоба жүзеге асқан. Сонымен қатар Тараз шаһарындағы жоғары жəне ар-наулы оқу орындарында «Рухани дамыту», «Рухани қазына», «Өнеге», «Зерде» орталықтары ашылып, жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, өңірдегі кəсіпкер азамат тардың қамқорлыққа құл-шы нысы қуантады. Елбасының «Туған жер» жобасы бойынша «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ди-ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров «Мыңбұлақ» шағын ауданынан өз қаражатына заманауи əмбебап спорт алаңын салып беруді қолға алмақшы. Ал «Бином» жауапкершілігі шек-теулі серіктестігінің директоры Қуат Баққараев компания атынан аз қамтамасыз етілген отба сына екі бөлмелі пəтер сыйлау ға уəде етіп отыр. Сондай-ақ Əлімбек Жұ мабаев, Арман Еділ баев, Марат Рахманбердиев сияқ ты кə-сіпкерлердің де қайы рым ды лық қағидаттары талайға үлгі.

Жамбыл облысы

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Ел үшін етігімен су ке-шер ерлердің орны қашан-да бөлек. Халқы ның жел жағында жүріп, жұртының қамын жеу қазақтың қанында бар қасиет. Кəсібі өрге дома-лап, нəсібі молайса, «жемін ша шып» жейтін азаматтар – елдің жанашырлары, тəу-ел сіздіктің нығаюына нақ-ты ісімен атсалысқан ер-лер. Кəсіпкерлер мен халық мүд десін ескеріп, олар дың еңбек пен іскерлік əрекет-терінің белсенділігін артты-ру арқылы əлеуметтік жо-баларды іске асыру, «Туған жер» бағдарламасы аясында өңірдің дамуына үлес қосып, елдің тұрақты экономика-лық кеңіс тігін қалыптастыру мақ сатындағы форум ел мен жердің көркеюіне əр салада қомақты үлес қосқан кəсіп-кер азаматтарды танытты. Маң ғыстауда меценаттар-дың қаржылай қолдауымен ауылдар абаттандыры лып, əлеу меттік нысандар са-лынып жатыр, сондай-ақ тарихи ескерт кіштер мен мəдени орын дарды қалпына келтіруге ба ғыт талған жо-балар да бар. Биыл 100 меценаттың демеу шілігімен жалпы сомасы 43 млрд 699 млн теңге болатын 110 жоба жүзеге асырылған.

«Туған жер» бағдар ла-масы аясында халықтың жағ дайын жақсартып, қо-ғам дық санасын жаңғырту м а қ с а т ы н д а , о б л ы с т ы ң

дамуы на ықпал ететін əлеу-меттік жобаларды ұсын у мүм кіндігі берілген аук-цион өтті . Аукционға 7 жоба ұсынылды. Олардың бірі – жалпы құны 516 млн теңгелік Мұнайлы ауда нын-дағы спортзал кешенін салу болса, екіншісі – инвестиция көл емі 250 млн теңге қара-жат болатын Түпқараған ауданындағы спорт кеше-ні. Сондай-ақ Ақтау қала-сын да Абай Құнанбаев пен Нұрмұхан Жантөринге ар-нал ғ ан ескерткіш орнату 80 млн теңгеге түспек.

Форумда «Рухани жаң-ғыру» бағдарламасы аясында аймақтың климаттық ерек-шелігіне байланысты об-лыс тағы барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мек-тебім – жасыл мекенім» атты жобаның тұсауы кесіл-ді. Эко логиялық мəсе лені шешу үшін айналаны көгал-дандыру, балаларды ең бекке баулу ар қылы тəр биелеу, оқушыларға арналған ғы-лыми-тəжірибелік орта лық ашу, тамшылатып суа ру, пай даланған суды қай та өңдеу арқылы жаңа техно -ло гия ларды дамыту, мек-теп терде өз өнімін қол дану ар қы лы кəсіпкерлікті дамы-туды жəне бюджеттен тыс ин вес ти ция ларды тарту мəсе-лелерін шешуді мақсат еткен меценаттар мектеп жа ны нан өз қаражаттарына жылыжай салуды қолға алды. Форум ая-сында аукционмен бірге жаңа жобалардың көр месі ұсы-нылып, еліне қыз мет еткен атымтайлар марапатталды.

Тəуелсіздігімізді жариялаған жылдардан басталған мемлекет тарихындағы жаңғыру кезең дері, əлеуметтік-саяси, эконо мика-лық оқиғалар тұтас бір дəуір дің жетістігін көрсетеді. Тəуел сіз мем-лекет құру жолында қоғам шеш-кен мін дет тер дің қатарында əлем-дік қо ғам дастықтағы өзінің рөлін түсіну міндеті тұрды. «Тəуелсіз-дікт ің 26 жылы – адамзат өрке-ниетін дегі ғаламат жаһандық өз ге-р іс тер дəуіріндегі біздің хал қы мыз -дың мықты мемлекет құру жəне бақуатты өмірге жету ж олын дағы күресінің шежіресі. Бұл жы лдар таңғажайып құбылыс – тари хи уақыттың жылдамдауын көр сетті» – деп атап өтеді автор.

Кітапта тəуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңдері, тағдыршешті шешімдердің қалай жүзеге асқаны жайлы баяндалған. Оқыр ман қауым Президенттің тəуел сіз -дік жылдары жайлы жаз ған ой-толғамдарымен қатар ат қа рылған игі істер, көптеген қазақ стан дық-тарға беймəлім əлеуметтік жəне сая си құбылыстар тура лы ке ңі нен біле түседі. Елба сы қиын-қыс тау сол жылдарда өзімен бірге ел мүд-десі үшін қыз мет ет кен ел аға лары қиын да көп кезең дік жұ мыс тарды абыроймен еңсер генін атап айта-ды. Бүгінде, біз Елба сы жолының тиімділігіне көз жет кіздік. Əлемдік жəне қазақ стан дық экономиканы терең тал дауға негіз делген Прези-дент тің көр е ген дік қасиеті оған жаһан дық өз ге ріс терді жүзеге асы-ру мүм кіндігіне сеніп қана қой май, сон дай-ақ қабылданған мақсат тар-ды жүзеге асыру үшін Қазақстан халқын біріктіруге де мүмкіндік берді.

Тəуелсіздіктің алғашқы жыл-дары – Тəуелсіз Қазақстанның негіз гі демократиялық құндылық-тарын қалыптастырған тағдыр-шешті жылдар болып табыла-ды. Осы кезеңде еліміз əлемдік қоғамдастық мойындайтын табыс-ты жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиялар қабылданды. «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асыру мемлекетіміздің əлемд егі ең дамыған 50 елдің қата-рына кіруіне мүмкіндік туғызды. Бүгінде Қазақстан посткеңестік кеңістікте танымал көшбасшы елдердің қатарында, қауіпсіз дікті,

экономикалық тұрақтылықты нығайтуға жəне халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған көптеген үдерістердің бастамашысы болып табыла-ды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы, Астана Саммиті, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық экономикалық одақ, ЭКСПО-2017 – əріптестік пен сенім саясатының маңызды нəтижесіне айналды. Мұның бəрі мемлекеттік құрылымды түбегейлі өзгертусіз мүмкін болмас еді. Тəуел сіздіктің алғашқы жылдарын да үш мил-лионнан астам қазақстандықтың талқылауымен Ата Заңымыз қа-был данды, өрке ниетке бет бұр-ған дағдарыс жылдары өзінің өміршеңдігін дəлел деген эконо-мика реформа ланды, банк жүйесі құрылып, ұлттық валюта енгізілді, шетелдік инвестициялар тартылды. Ұлттық валютаның енуі тəуелсіздік нышанына жəне түбегейлі нарық-тық реформалардың кепіліне ай-налды, теңгені енгізу нақты қажет -тілік болды. Алайда сол 1993 жылы осы батыл бастал ған істің та быс-ты лығына деген жауап кер ші лік-тің бар ауыртпалығы бір адам ның мойнына түсті, халықты өз шеші-мі нің дұрыстығына сен ді ріп қана қой май, теңгені нығай тып, айыр-бас талымды етуге тиіс бол ды. Бүгінде Мемлекет басшысы қа зақ-стан дық теңге əлемдік ақ ша та ри-хын да өзіндік орнын ие лен ге нін мақ танышпен айта алады.

Барша қазақстандықтар мақ-тан ететін елордамыз Астанаға арналған бөлімді ерекше сезіммен оқисың. Қазақстан халқы үшін Астана елдің қалыптасуы мен өркендеуінің нышанына айнал-ды, халықаралық қоғамдастық бейбітшілік пен келісім қаласы ретінде мойындады. Сол аумалы-төкпелі тоқсаныншы жылдарда елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімнің дұрыс-тығына, бұл Қазақстанның жарқын болашағы үшін жаса-лып отырған сəтті қадам екеніне халықты сендіру аса қиын болғаны кітапта баяндалады. Еліміздің тарихында алғаш рет астананы көшіру жəне оны салу туралы сая-си маңызы зор ұлы шешім ұлттық

мүддеге негізделді. Елорданың ауысуы Қазақстанның экономи-касын қалпына келтіруге үлкен ықпал етті. Елорда халқының көпұлтты сипаты көп этностық мем лекет құрудағы бағытын, Қазақ стандағы халықтардың досты ғын нығайту сая сатын рас-тайды. Шешімін тапқан жəне болашақ қа жоспарланған мін-деттердің ауқымдылығы таң қал-дырады. Президентті архитек-туралық жəне коммуникация мəселелерімен қатар қазақтарға тəн қонақжайлылық пен мейірім ділікті ғана емес, сондай-ақ өнді ріс тік, интеллектуалдық жəне шығар-машылық мəдениетті қамти тын елорданың менталитетін қалып-тастыру мəселесі де алаңдатты. Астанада өткен барлық əлемдік форумдар жаһандық саяси тұрақ-тылықты, діни төзімділікті жəне халықаралық келісімді сақтауға бағытталған. Бұл Елбасы саясаты-ның жарқын бір көрінісі.

Зияткерлік əлеует қазіргі за-ман ғы əлемдік экономиканың ең құ н ды ресурстарының бірі бо-лып табылады. Ол зияткерлік ең-бек дағ дыларын дамытатын жо-ғары білім беру жүйесі арқылы қа лып тасады. Президент білім-ді, озық ойлай алатын азаматтар ғана Қазақ станды жоғары дамы-ған мем лекетке айналдыра ала ды деп жа зады. Университет қо ғам -дас тығы Елбасының бұл сөзін сту дент жастарға қарата айт қан т іке лей үндеуі ретінде қа был-дай ды. Тəуелсіздік жылдарында Тə уел сіз Қазақстанның негізгі құн ды лық тарымен тəрбие лен ген қа зақ стандық жас ұрпақ елінің жар қын болашағы үшін аянбай ең бек етуге дайын. Елбасының «Тəуел сіз дік дəуірі» кітабын оқу ар қы лы жас ұрпақ отансүйгіштік қа сие тін одан əрі дамыта түсетіні сөз сіз. Оқиғалардың баяндалуы, өзек тілігі, нақтылығы, автор дың терең мағыналы өзіндік ұстаным-да рының сақталуы еліміздің жүріп өткен жолын кеңінен түсінуге, ат-қа рыл ған істерге баға беріп, бо ла-шақ қа сеніммен қарауға мүм кіндік береді.

Еркін К�БЕЕВ,Е.Б�кетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры

Адамзат керуені шежіресінің əдетте кемел көшбасшы, жар-қын тұлғалар қолымен жасалы-нарын кəрі тарих дəйектейді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тəуелсіздік дəуірі» атты елдік туын көтерген кең ты-нысты туындысын оқып отырып осыған қайыра бір көз жеткізесіз.

Жаңа кітап жасымыз бар, жа-самысымыз бар, Отанымызды сүйер патриоттардың күнделікті парақ тар басты шығармасына, бағыт-бағ дар алар шырағданына айналуы шарт деп есептейміз. Мұндағы қағи дат ты тұжырымдар жастар тəрбие сін де, орта жəне жоғары білім беруде əсіресе, мем-ле кеттік қыз мет жүйесінде кеңінен талқыла нып, ғибратты қайнарға алынса – ұтқанымыз дер едік.

Иə, осы шығармада айтыл-ғандай, біз Елбасымен бірге қасиетті жерімізге ұйысқан ұлт-тарды ұйытып, ел татулығын, түр лі дін өкілдерінің өзара түсі-ніс тігін қамтамасыз еттік. Оттан да ыстық Отанымыздың өш-пес шырағын жарқырата жаға білдік. Мың өліп, мың тірілген ата мұ рамызды əспеттеп, келер ұр пақ мирас тұтар ұлттық құн-ды лықтарымызды айшық тадық. Асу бермес реформаларды ауыз-дықтап, елдің тұрмыстық əл-ауқа-тын жаңа деңгейге көтердік, эко-логияға өң беріп, демография ны дамыттық. Көп ұзамай-ақ, əлем-дегі дамыған отыздықты айтасыз, алғашқы ондықтың көшіне еркін енерімізге бек сенеміз. Себебі елімізде бəріміздің де зор шабыт-пен өнімді еңбек етуімізге барлық жағдай туғызылған. Бай-қуатты, тай-тұяқтымыз. Елбасы тұғыры – еліміздің ғұмыры. Біз ертеңіне үкілі үміт артқан байтақ жұртпыз!

Бұл туынды, түптеп келген-де, Елбасымыздың азат елі мен туған халқына деген перзенттік шексіз сүйіспеншілігінің көрінісі дер едік. Елдің ертеңі мен кеше-гісі ой-санасынан бір сəтке де шықпайтынын аңғарасыз. Бұл

ретте айтар пікірін кез келген қолайлы сəтте іркілмей ақтарып салатындығы да содан. Аталмыш кітап осы сөзіміздің жанды айғағы!

Дана халқымыз: «Құдай жақ-қан шырақты шайтан үрлеп өшіре алмайды» демеуші ме еді. Мыңдаған жылдар мұғдарында менмұндалаған шырағымыз дың Тəуелсіздік жылдарында тіп тен жарқырай түсуі, сөз жоқ, елін сүйген, жерін сүйген, жаным арым ның садағасы деп Қазақ елі нің келешегі жолында ертегі-ге пара-пар ерлік жасап жүр ген Нұрсұлтан Əбішұлының кемең -гер лікпен пішілген кенен сая-сатының арқасы! Елбасы ның Мек кедегі Қағба қақпасының алдын да тұрып тəуелсіз туған халқымды бақытты ете гөр деп үш мəрте тілегенін білеміз. Құдіретті Алла қабыл алды шын ниетті. Еңсеміз көтерілді – елдігімізді қас терледік. Беделіміз артты – бəс е келестікке бел будық. Сана-мыз жаңғырды – тарихымыз ды та ра зыладық. Рухымыз өсті – ха-лықтық қалпымызды бедерледік.

Автор Отанымыздың шеңбе-ріндегі тындырылған, енді қолға сəтімен алынып жатқан шырай-лы шаруаларды саусақпен са-нап тұрып дəн риза күй кешеді. Бəрінің ақ бастауында барша эт-нос өкілдері бір атаның бала-ларындай белсенділік танытып отырғандығын ерекше толғаныс үстінде жеткізеді. Расында, осы-нау ширек ғасыр мемлекетіміздің бар-жоғын түгендеумен, ұлттық болмысымыз бен шекарамызды ше-гендеумен өтіпті. Өзгелермен бой теңестіруді айтасыз, ғасырлар бо-йы на елдігін түзіп келген көп мем-лекеттерден мерейіміз асып түсті.

Кəрі тарихтың арғы-бергі иірімдерінде əлемді аузына қа-рат қан небір алпауыт елдердің іштен іріп, үйіндіге айналғандығы саналы жанға сабақтың төресі. Елбасымыз кітаптың өн бойында қол жеткен толағай табыстармен қатар орын алған олқылықтарды,

тың реформаларды жүзеге асыру-д ағы қазақстандықтардың бірлігі мен берекелі істерін де жүрек түбі-не сыр жасырмастан толғайды. Нақтылы мысалдар алдыңызға тар-тылады. Жан дү ниеңізбен беріле иланасыз. Сондай жасампаз дық шеруіне миллиондаған заман дас-тарымызбен бірге өзіміздің де ақ-жа рыла атсалысқанымызды мақ-таныш тұтамыз!

Қазақ елінің жаппай қырып-жоятын ядролық алапат қару-дан өз еркімен бас тартып, бей-біт шіліктің символына айна-луы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанып, адамзат тың ақберен арашашысы бейнесі не енуі, сөз жоқ, мыңжылдықтар толқынында түзілген алғаусыз ұлттық құндылықтарымыздың өтеуі дер едік!

Бүгінде дөңгеленген дүниеде ширек миллиардтан астам түр-кілер түтінін түзу шығарып жа-тыр десек, солардың баршасы-ның көшбасшысы тұғырына түркітектес мемлекеттер басшы-лары пəтихасымен Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерілуі мəрте-бе нің мұзарт шыңы емес пе?! Кемінде төрт мың жылдықтың шеңберінде алдынан құс ұшыртып, жан қаратпаған тұрандықтардың қара орман жұртында бөрілі байрақты қолға ұстап қалуымыз – миллиондаған қандастарымыз шабытының шалқары, мерейінің асқары! Ұлы қағандардың асыл тақтарынан құрыштай құйылған төл табиғатымыз төрінен Мəңгілік Елдің мəрт оғландарына сай жа-сындай жарқылдай білуіміз – Ұлы Даланың ұлағаты, жасам-паздығымыздың жарқын белгісі! Ал Алланың атқан əр ақ таңында Тəуелсіздік шапағатына шомылу – шексіз бақыт!

�міре �РІН, ақын, Алматы облыстық

«Жетісу» газетінің бас редакторы

Жерлестер форумы

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚАҒИДАТТАРЫ

Маңғыстауда жігіттер бар марғасқа

Елдіктің туын көтерген туынды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елдің дамуы тек түрлі бағдарламаларға «ілініп», бюд-жеттен б�лінетін қаржылармен шектеліп қалмауы керек. Осы ойды ұстаным еткен маңғыстаулық кәсіпкерлер туған жердің, туған елдің к�ркеюіне �з үлестерін қосып келеді. �ңірде алғаш рет ұйымдастырылған «Туған жерге – тағзым» атты ме-ценаттар форумында маңғыстаулық атымтайлардың түрлі әлеуметтік жобалардың іске асуына 43 млрд теңге қаражат жұмсағаны белгілі болды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміздің әр қиырында және алыс-жақын шетелдерде еңбек етіп жүрген бір топ солтүстікқазақстандық М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне жиналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында �ткен «Жерлестер форумында» бас қосты.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан �бішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында жарыққа шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында егемен еліміздің тәуелсіздік алған жыл-дардан бергі даму тарихы толығымен қамтылған. Кітапта жас мемлекетіміз үшін аса маңызды еліміздің сая-си, экономикалық және әлеуметтік �міріндегі барлық үдерістерінің тікелей қатысушысы, бастамашысы болған Тұңғыш Президентіміздің к�зқарастары берілген. Нұрсұлтан �бішұлы еліміздің сындарлы жылдардағы жүріп �ткен даму жолын баяндай келе, мемлекеттің басшысы ретінде қысылтаяң тарихи сәтте аса үлкен жауапкершілікпен шешім қабылдағаны туралы мәлімдейді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Тарихтың шындығы, өмірдің шындығы

Page 4: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

4 5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛӘЛЕУМЕТ

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі екі жыл-дан кейін енгізілетін болды. Осы уақыт ішінде қор қандай жұмыстармен айналыспақ?

– Негізінен қор тек міндетті әлеу мет тік медициналық сақтан­дыру дың ғана емес, Кепілден­дірілген тегін медициналық көмек пакетінің де операторы болып табылады. Бұрын бұл қызметті Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті атқарған болатын. 2018 жылы комитет жұмысын тоқтатады. Сондықтан біз қазір заңда көр­сетілген міндетімізді атқаруға кірі сіп кеттік. Осы мақсатта қыр­күйек айында қор аталған бағдар­лама шеңберінде қызмет көр­сетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын жаса­ған болатын. Мемлекеттік тапсы­рысты орналастыруға 1600­ден астам денсаулық сақтау субъектісі қатысып жатыр. Оның 45 пайыздан астамы – жекеменшік клиникалар. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, екі есе көп және бұл жекеменшік ұйымдардың қор бастамасын қолдап, медициналық қызмет көрсетуде белсенділік таныт қанын көрсетсе керек. Соны­мен қатар тұңғыш рет бұл процес­ке еліміздегі ірі­ірі жеке меншік клиникалар қатысып отыр. Бұл да халық арасында білікті маман­дарымен, заманауи технология­ларымен көзге түскен медицина орталықтарының қызығушылығы артып отырғанын білдіреді.

– Жүйені енгізу мерзімі кейін­ге шегерілді. Ал жарна төлеу тәр­тібі өзгерді ме?

– Жұртшылық тарапынан айтыл­ған сыни пікірлер мен Елбасы ның тапсырмасынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік ме­ди циналық сақтандыру жүйесін ен гізуді екі жылға шегеру туралы ұсыныс жасаған болатын. Бірер апта бұрын депутаттар тарапынан толық мақұлданған заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.

Әлбетте, жарна төлеу тәртібін­де айтарлықтай өзгерістер бар. Қолданыстағы заң бойынша, 2017 жыл ғы шілдеден бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай­ақ азаматтық­құқықтық келі сім шарт негізінде еңбек ете­тін тұлғалар сақтандыру жарна­сын аударып жатқаны белгілі. Заң ға ұсынылған өзгерістер бо­йын ша, жұмыс берушілер өз қара­ма ғындағы жұмыскерлер үшін жарна төлеуді тоқтатпайды және олар аударатын жарна мөлшері де өзгермейді. Бұл санат 2018­2019

жылдары жұмыскер табысының 1,5%­ы, 2020 жылдан бастап 2 пай­ызы көлемінде жарна аударады. Осы жерде жарнаның жұмыскер жалақы сынан емес, жұмыс беру­шінің өз есебінен төленетінін де айта кеткен жөн. Қарамағында жал да малы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық­тарының иелері де жарнаны осы тәртіп бойынша аударады. Ал жеке кәсіпкерлер 2018­2019 жыл­дары өзі үшін жарна төлемейді (жеңіл детілген тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер биыл­ғы жартыжылдықтың жарнасын алдағы ақпан айының 25­іне де йін төлеп болуы тиіс). Бірақ олар жұ­мыс беруші ретінде жарна төлеу ді тоқтатпайды.

Жаңа өзгерістер бойынша жеке тұлғалар да екі жылға дейін жарна төлеу міндетінен босатылып отыр. Бұл санаттағылар, яғни, жал да­нып жұмыс істейтін жеке тұлға­лар өзі үшін жарнаны 2020 жыл ­дан бастап төлей бастамақ (2020 жылы – 1%, 2021 жылы – 2%). Оны жұмыс беруші ай сайын ұстап, қорға аударып отырады. Есі ңізде болса, сақтандыру жү йесі енгі зіл­геннен кейін дау ту дыр ған үлкен мә селенің бірі аза ма ттық­құ қық т ық келісімшарт не гі зінде еңбек ететін тұлғалар бола тын. Қол даныс тағы заңда АҚК негі зінде еңбек ететіндер табы сы ның бес пайызын қорға ауда руға мін деттелген еді. Ал бұл атал ған са нат тағылар тарапынан сынға ілік ті. Сол себепті заң жоба­сын әзірлеу барысында министрлік бұл мәселеге де баса мән берді. Нәти жесінде, АҚК негізінде еңбек ете тін тұлғалар төлейтін жарна мөл шері төмендеді. Бұл санаттағы аза мат тар 2020 жылы табысының 1%­ын ал 2021 жылдан бастап 2%­ын аударады. Ал 2018­2019 жыл­дары бұл топ жарна төлеуден бо­сатылады.

– Он миллионға жуық адамды сақ тан дыратын мемлекет жар-наны қай кезден бастап төлейтін болды?

– Жалпы, мемлекет халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен бөлігін қолдауды тоқтатпақ емес. Атап айтқанда, елі­міз де тұратын он миллионға жуық адам мемлекеттің қамқорлы ғы на алынбақ. Бұл – Қазақстан халқы­ның жартысынан астамы. Яғни 2020 жылдан бастап мемлекет әлеуметтік әлсіз топтарға жататын зейнеткерлер, көп балалы аналар, жүкті әйелдер мен бала күтімімен декреттік демалыста отырғандар, студенттер мен 18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, жұмыссыз

ретінде ресми тіркелген азаматтар т.б. үшін жарна аударады. Жеңіл­дігі бар санатқа жататын әр адам үшін аударылатын жарна мөл­шері статистика органы тарапы­нан өткен екі жылға бекітілген ор та ша айлық жалақының 4%­ын құ ра мақ. Ендеше, бұл медицина­лық сақ тан дыруды енгізу арқылы мем лекет ұлт саулығы үшін жауап­к е р ші ліктен жалтарып отыр деген пікірлердің негізсіз екенін дәлел­десе керек.

– Жүйе екі жылдан кейін іске қосылады дедіңіз. Осы уақыт ішін де жарна төлеуді тоқтат пай­тын жұмыс берушіге түсетін жүк­тің салмағы ауырлап кетпей ме?

– Дұрыс айтасыз, жүйе кейінге шегерілгенімен, жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлер үшін аударым жасауды тоқтатпайды. Бірақ сақтандыру жұмыс беруші үшін қиындық тудырмайды деуге болады. Себебі, Үкімет 2018 жыл­дан бастап әлеуметтік салықты 1,5 пайызға төмендету туралы шешім қабылдаған болатын. Яғни жұмыс беруші үшін ештеңе өзгермейді. Жалпы, біздің елімізде сақтан дыру жарнасының мөлшері өте төмен. Сақтандыру өзінің тиімділігін дәлел деген әлем елдерінде жұмыс беру шілер мен бизнес өкілдерінің төлейтін жарнасы кем дегенде 5­7 пайызды құраса, бізде жұмыс берушілер төлейтін жарнаның ең жоғары мөлшері 3­ақ пайыз. Бұл экономикалық секторға әсер ете қоятындай сома емес.

– Бұл қаржы қайда жұмсалады және қалай сақталады?

– «Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес, қор активтерінің тұтастығына мем­лекет тарапынан кепілдік беріл ген. Түскен жарналар Ұлттық банк тегі шотта сақталады. Ұлттық банк қар жы ны сақтап қана қой май, ак ­тив терді сақтандыру пакеті шең ­берінде көрсетілетін медици на лық қызметтерді сатып алу бас тал ғанға дейін басқарады. Қар жыны инвес­тициялау туралы шешімді Ұлт­тық банк қабылдайды. Бұл түс­кен қаржыны инфляция салдары­нан құнсызданудан сақ тайды. Екі жылдан кейін қаржы меди­циналық қызметтерді сатып алуға

жұмсалады. Оған дейін бұл резерв­тен бір тиын да шашау шықпайды.

– Сақтандыру жүйесі енгі­зілгелі бері жарты жылға жуық­тады. Осы уақыт ішінде қор қанша қаржы жинады?

– Жаңа жүйе іске қосылған шілде айынан бері жұмыс беру­ші лер мен жеке кәсіпкерлер сақ­тан дыру жарнасын белсенді түрде төлеп жатыр. 2017 жылғы шілде­нің 1­і мен желтоқсанның 14­і ара лығында МСҚ­ның Ұлттық банк тегі шотына 27 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Оның 81 пайы­зы немесе 21,8 млрд теңгесі жұмыс берушілер аударған жарна болса, қалған 19 пайызы (4,9 млрд теңге) жеке кәсіпкерлер мен АҚК бойын­ша еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

– Жыл сайынғы дәстүрлі тіркеу науқанын былтыр алғаш рет Меди циналық сақтандыру қоры өткізді. Оның нәтижесі қалай болды?

– Былтырғы қыркүйек айында еліміз бойынша емханаға тіркеу науқаны басталған болатын. Екі айға созылған жыл сайынғы дәс­түрлі шара барысында бұрын­соңды тіркеуге тұрмаған тұрғын­дар қалаған емханасына барып тіркелуге мүмкіндік алды. Сондай­ақ бұл науқан азаматтардың меди­цина мекемесін таңдау құқығын іске асыруға мүмкіндік берді. Қор өкілдерінің дерегіне сүйенсек, қазақстандықтар науқанға үлкен қызығушылықпен қатысты. Нау­қанға біздің дерекқорға енген ем­ханалар, соның ішінде көптеген жекеменшік клиникалар қатысты.

Биылғы тіркеу науқаны бары­сында 300 мыңнан астам қазақ­стандық емхана таңдау құқы ғын пайдаланды. Бұл алдыңғы жыл­дардағы көрсеткішпен салыс тыр­ғанда екі есе көп. Ендеше, бұл жұрт шылық тарапынан тіркеу нау­қанына деген қызығушылықтың артып, аза мат тардың емхана таң­дау құқығы жайлы көбірек біле бас тағанын растаса керек.

ӘңгімелескенАйгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Бағдарламаны жүзеге асырудың басталғанына онша көп бола қойған жоқ. Дегенмен, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жобаның қалай жүргізіліп жатқанына назар салып қоюдың артықшылығы жоқ деген ойдамыз.

Ел Үкіметінің мәліметіне сүйе­нер болсақ, 2017 жылдың соңына дейін «Нұрлы жер» бойынша 10,1 млн шаршы метр, түсініктірек тіл мен айтқанда, 99 мың баспана беру жоспарланған болатын. Оның ішінде 545 мың пәтер мемлекеттік инвес тицияның есебінен салынып жат қанын айта кетейік. Он айдың қоры тындысына көз жүгіртер бол­сақ, тиісті жұмыс 87,1 пайызға орын далып, 8,8 млн шаршы метр, яғни 77 мың пәтер иесін тауыпты.

Он ай ішінде өңірлерде атқа­рыл ған жұмыстарға шолу жасасақ, басқа облыстарға қараған да Батыс Қазақстанда халықты баспанамен қамту ісі қарқын алғанын байқауға болады. Бұл облыста пайдалануға берілген баспана көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 49,2 пайыз­ға асып түскені осыны айғақтайды. Одан кейінгі орындарға Павлодар, Атырау, Қызылорда, Ақмола, Қос ­танай, Жамбыл облыстары жай­ғасыпты.

Өңірлерде халықтың әлеуметтік

жағынан аз қамтылған бөлігіне арналған арендалық құрылысқа үміт артып отырғандар аз емес. Осы мақсатта 2017 жылдың соңына дейін – 2697 пәтер, 2018 жылы – 2270 пәтер, 2019 жылы 979 пәтер беру жоспарланып отыр. Жергілікті әкімдіктердің кезе­гінде тұрған мүгедек жандарға, асы рау шысы жоқ отбасыларға арнал ған арендалық пәтерлердің төлемі де біршама арзан екенін айта кетейік. Мысалы, 50 шаршы метрлік пәтердің айлық жалға алу құны 5 мың теңге шамасында екен.

Бағдарламаның табысты жүр­гізілуінің басты тетігі қаржы­ға тірелетіні мәлім. Жыл ішінде «Нұрлы жерге» барлық қаржы көз­дерінен бас­аяғы 744,8 млрд тең ге инвестицияланғанын, оның өт кен жылғы көрсеткіштен 16 па йыз ға жуық асып түскенін айт сақ, қара­жат бөлінуден кемшілік жоқ деу­ге болады. Жалпы, бағдар ламаны жүзеге асыру үшін 2017 жыл­дың басында «Бәйтерек» ұлттық бас қарушы холдингінің еншілес ұйым дарын жұмылдыру туралы шешім қабылданған болатын.

Бүгінде жоба бірнеше бағыт бойынша өрістеуде. Бірінші кезек­те тұрғындардың ипотекалық не­сие алуына ыңғайлы жағдай туғызу көзделген. Ол үшін жыл сайынғы сыйақы мөлшері 7 пайыздан аспай­тын субсидия бөліне бастады.

Субсидия үшін мемлекеттік бюд­жеттен 10 млрд теңге қарас­тырылып отыр. Қаржыны игеру­мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ айналысады. Қаржыны екінші деңгейлі банк­тер халыққа жеңілдетілген несие түрінде ұсынуда. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Цеснабанк, Tengri Bank сынды қаржы ұйымдары да осы жұмысқа жұмылдырылған. Осы бағыт бо­йынша күні бүгінге дейін 8 770 пәтер пайдалануға беріліпті.

Елб асы Н . Н азарб аевтың «Қазақ стан ның үшінші жаң ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет тілік» атты Жолдауында ел эконо ми­касының толыққанды драйвері ретінде құрылыс секторын одан әрі дамыту міндеті жүктелгені мәлім. Ал баспанамен қамту бағдарламасы құрылыс секторына тың серпін бе­руге тиіс екені анық. Сол себепті сөз етіп отырған жобаны жүзеге асырудың тағы бір маңызды бағы­ты ретінде тұрғын үй құрылысымен айналысатын компанияларды ынталандыру тетіктері жолға қо­йылып отыр. Атап айтар болсақ, құ ры лыс компанияларының банк­терден алған займдары бюджет есебінен субсидияланады. Есесіне тұрғызылған үйлердің бір бөлігі жоғарыда тілге тиек етіп өткен Тұр ғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына берілуде.

Үшінші бағыт еліміздің әрбір азаматына 10 сотық жер бөлу мәсе­ле сіне қатысты. Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй­коммуналдық шаруашылық істері комитеті таратқан ақпарға сәйкес, «Еліміздің әр азаматының жер заңнамасымен регламенттел­ген жеке тұрғын үй құрылысына әкімдік инфрақұрылым тартқан 10

сотық жерді тегін алуға құқы бар. 10 сотық жер алу үшін әкімдікке өтініш беру керек, яғни жер телі­міне кезекке тұрған жөн».

Жоспар бойынша 2017 жылдың соңына дейін тұрғын үй салу үшін облыс әкімдіктері түзген тізімнің ретімен республика бойынша 60 мыңға жуық жер телімі таратылуға тиіс. Халық саны әр өңірде әртүрлі екенін ескерсек, беріліп жатқан жер телімдерінің көлемі де әртүрлі. Мәселен, Маңғыстауда – 15 мың, Ақтөбеде 11 мың жер телімі бері­луде. Қостанай, Шығыс Қазақ стан, Павлодар облыстарында бұл көр­сет кіш біршама төмен. 2017­2018 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлудің арқасында жалпы аумағы 2019,3 мың шаршы метрден астам 1 975 үй салынады деп жоспарланып отыр.

Жоғарыда атап өткеніміздей, «Нұрлы жер» бағдарламасы – Елбасы Жолдауында алға қойыл­ған міндеттердің бірі. Президент Жолдауында бұл туралы «Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса ма ңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұр­ғын үймен қамтамасыз етуге ба ғыт­талған», деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Үкіметтің есебі бой­ынша соңғы 10 айда елімізде 77 мыңнан астам пәтер беріл генін, 2017 жылдың соңына дейін оны 99 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отырғанын ескерсек, бағдарлама біршама сәтті жүргі зіліп жатыр деу­ге болатындай. «Үйі бардың – күйі бар» деген аксиоманы алға тарта отырып, еліміздің әр азаматының әлеуметтік ахуалын жақсартуға бұл бағдарламаның әлеуеті жетеді деген үміт мол.

САРАПТАМА

Зейнетақы жүйесін зерделегенде...

(Соңы. Басы 1-бетте)

Жинақтау жүйесіне көшу­мен бірге кеңес кезінде сын­нан өткен мемлекеттік бюд­жеттен ынтымақты зейнет­ақы алу құқығы да сақталды. Соның нәтижесінде мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы зейнетақымен қамту жауапкершілігінің оң­тайлы бөлінісіне негізделген көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты. Қазақстандық зейнетақы жүйесін жаңғырту 2030 жылға дейін зейнетақы төлемдері жиынтығын ауыс­тыру коэффициентін Ха лық­аралық еңбек ұйымын ың ұсы­нымына сәйкес 40 па йыздан төмен емес күйде сақ тауды қамтамасыз етуі қажет.

Тең дәрежелі төлемде тәуекел көп

Осы орайда кейбір шет мемле кеттердің зейнетақы жүйе сіне үңіліп көрелік. Аста­наға арнайы келген Жаңа Зелан дияның экономикалық зерттеу институты бас дирек­торының орынбасары Джон Балингалдың айтуынша, арал­мемлекетте 65 жастан асқан әр азамат зейнетақы алу ға құқылы және активі мен кірі­сіне қарамастан зейнетақы тең дәрежеде беріледі. Оның көлемі еңбекақының 3/2 бөлігін құрайды. Әкімші­лік алымдар орта есеппен 2 па йызға тең. Мемлекеттік және жеке зейнетақы қор­лары жұмыс істейді. Десе де әмбебап зейнетақы жүйесінде барша халықтың бір көлемде зейнетақы алуы үлкен тәуекел тудырады. Оның үстіне соңғы 30­40 жылда Жаңа Зеландияда миграциялық үрдіс белең алды. Әсіресе, азиялықтардың көптеп келуі елдің зейнетақы төлеміне айтарлықтай салмақ салды. Тіпті зейнетақы төлемі ІЖӨ­нің 200 пайызына жетуі мүмкін. Сондықтан өзгерістер

қажеттілігі байқалады. Зейнет­ақы реформасы туралы ойлан­сақ, нұсқа көп. Қордың төле­мін төмендету мен жасты өзгертуге, индекстеу өткізу­ге билік қарсы. Өйткені қол­дау шылардың даусынан ай­рылады. Сондықтан әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Жалпы, мұндай өзгеріс басқа салаларға да қажет, дейді шетелдік мей­ман.

Келешектегі зейнетақы

коэффициентке байланысты ма?Ал халықаралық даму

бағдарламаларында 20 жыл­дан аса еңбек етіп келе жатқан USAID жобасының зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі кеңесшісі және бас экономисі Владимир Яценко еңбек өтіліне байла­нысты қатаң шаралар, ерлер мен әйелдер арасындағы зей­нет жасын теңестіру ең алды­мен жинақтаушы зейнетақы қорына қолайлы екенін айта­ды. Мәселен, Чили елі 1981 жылы зейнетақы жүйесін рефор малағанда салым шы­ларға 70 пайызға дейінгі ауыс­тыру коэффициентіне уәде берді. Жалақының 10 пайы­зын төлесеңіз, инвестициялық табыс орта есеппен 4 пайызға, ал нақты жалақы жылына 2 пайызға артса зейнетақыңыз 70

пайызға көбейеді. Яғни қаржы нарығы еңбек нарығынан гөрі көбірек табыс әкеледі. Содан бері 35 жыл өтті. Қазіргі Чили­дегі көрсеткіш уәде берілген зейнетақыдан екі есе төмен. Бірақ бұған бұл жүйе кінәлі деуге болмас. Өйткені Чилиде формальды емес секторда нәпақа табатын жалдамалы жұмыс орны көп. Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар жарна құюға міндеттелмеген. Сон­дықтан бұған экономика мен еңбек нарығы кінәлі деуге бола ды. Ең қызығы, чили лік жүйе әйелдерге жұмыс істей­ді. Жалпы, көптеген елдерде зейнет керлердің 3/2 бөлігі – нәзік жандылар. Статистика дерек тері Қазақстанда да осы жағ дай қалыптасқанын көрсетеді.

Өкінішке қарай, көптеген сарапшылар жеке жинақтаушы қорлары туралы сөз қозғағанда зейнетақы активтері ІЖӨ­нің 70 пайызын құрайтынын ай­тады. Ал зейнетақының өзіне келгенде жағдай басқаша болып шығады. Кез келген зейнетақы жүйесінің өнімі – зейнетақы. Ал келешектегі зейнетақы турасына келген­де, оны ешкім де болжап біле алмайды. Сондықтан оны ауыстыру коэффициенті арқылы ғана елестетуге бола­ды. Тоқсаныншы жылдардың соңында Қазақстан, Чили, Шығыс Еуропа елдерінде қор на рығының кірісі жоғары­лап, зейнетақы коэффициенті шыңына жетті. Ал сексенінші жылдардың соңында Жапо­нияда, екі мыңыншы жылда­ры АҚШ­та қор нарығы қатты құлады. Бұл жеке жинақтау­шы қорларға сенімді азайт­ты. Жапонияда зейнетақы қор л ары инвестициялық табыс ты 70 пайызға дейін арт ты руға уәде берсе, қазіргі айыр машылық бар­жоғы 10 пайыз ғана. Швецияда зейнетақының сыйақылық жүйесі қалыптасқан. Жалпы

жарнасы 18,5 пайызға тең. Оның 2,5 пайызы жинақтауға жұмсалады. Жинақтау жүйесі орталықтандырылған.

Сарапшылар БЖЗҚ ин­вес тициялық портфелінің қ ұры лымына байланыс ты қар жының жартысын мем­лекеттік облигацияға салу­дың реті жоқ екенін жет­кізді. Егер қазақстандық зей­нетақы қорының кірісін сара­ласақ, 2000 жылдан бері опе­рация мен құнсыздану шы­ғын дарын алып тастағанда, табыс мүлдем аз екен. Осы уақытта еңбекақы 3 мәрте өсті. Десе де оның орнын басу коэффициенті 10 пайыз­дан да төмен болып отыр. Бұл – макроэкономикалық көр­сеткіштерге байланысты. Өйт­кені нақты кіріс еңбек нары­ғының кірісінен жоғары. Яғни Чилиге ұқсас жағдай туады. Жалақы жылына 2 пайызға өседі, ал инвестициялық кіріс 4 пайызға артады. Сарапшы­лар Қазақстанда зейнетақы­лық қаржы экономикада жаңа жұмыс орындарын құру үшін емес, қаржылық сек­торды сауықтыру үшін банк­терді құтқаруға жұмсалып отырғанын, сондықтан зейнет­ақы жүйесін жаңғыртуды ашық жүргізу, нарыққа жеке зейнетақы қорларын қай тар­маса да, жеке басқарушы ком панияларды қайтарудың өзекті екенін айтады.

КӨКЕЙКЕСТІ

Сақтандыру қаржысынанбір тиын шашау шықпайды

НҰРЛЫ ЖЕР

Баспана – басты қажеттілік

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыруды енгізу мерзімін екі жылға шегеру туралы заңға қол қойды. Ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа жүйе 2020 жылдан бастап толық іске қосылмақ. Алдағы жылдары кім қанша жарна төлейді? Жарна төлеу міндетінен кімдер босатылады? Бұл туралы толығырақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бас­қарушы директоры Забира ОРАЗАЛИЕВАДАН сұрап білген едік.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп, қара шаңырағында көсіліп жатуды кім армандамайды дейсіз?! Әсіресе урбанизация үдерісі белең алған бүгінгі қоғамда баспана проблемасының өзектілігі күшейіп, жоғарыда тілге тиек еткен тіркестің мәні арта түскені түсінікті. 2016 жылдың соңында Үкіметте «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын бекітудегі басты мақсат та халықтың баспаналы болсам деген арманын ақиқатқа айналдыру болатын. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 5

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде қалыптасқан жағдай көптеген елдердің қарқынды дамуына мүмкіндік берді. Қоғам және мемлекет істерін реттеуде батыстың бастамасы арқылы қалыптасқан жаңа жүйелер адамның тұрмысын жақсартып, өмір сапасын анағұрлым арттыруға жағдай жасады, сөйтіп адами өлшемдердің жаңа белестері бой көтерді. Белгілі жалпыәлемдік жаңа стандарттар пайда болды. Олардың енуі мен орындалу-ын бақылайтын халық аралық ұйымдар құрылды.

Халықаралық саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас-тарды реттеуге бағытталған ереже-лер бекітіліп, тиісті құрылымдар іске қосыл ды. Гуманитарлық салада жаңа ұғымдар мен түсініктер орнықты. Осының барлы ғы адам өмірінің жаңа мәдениетінің қалыптасуына себеп бол-ды. Орнаған экономикалық ахуал адам мүмкіндіктерін барынша ашуға қолайлы жағдайлар туғызды. Адам (тұлға) мен қоғамның құқықтарын қорғау күшейіп, мемлекеттің жауапкершілігі артты. Жаһанданудың лебі жақындап, орныққан жабық жүйелер дағдарысқа ұшырады. Бірқатар елдер өз тәуелсіздіктерін жа-риялады.

Соңғы бірнеше онжылдықта адамзат баласы бұрын болмаған өсімді бастан өткеріп жатыр. Адамның өмір жасы ұза рып, жаңа әлеуметтік заңдылықтар қалып тасуда. Бүгінгінің бұл ерекшелігі адам тір шілігінің барлық саласына өз әсе рін ти гізуде. Өткен ғасырда жер бетін дегі адам саны төрт есе өсіп, ал орташа өмір жасы ның ұзақтығы екі есе артқан. Білім ге, ден саулық сақтау жүйесіне, жалпы әлеу мет тік қызметтерге қолжетімділік еселенген.

Бүгінде кеңінен етек алған ғаламдық үрдіс – адамның өмір жасының ұзарып, ал туу көрсеткіштерінің төмендей түсуі салдарынан бірқатар ұлттардың қар-тая бастауы. Ол өз кезегінде әлеумет тік жүйе г е қосымша салмақ салып, адамның

экономиканың дамуына қатысуының жаңа жолдарын іздестіруге итермелеу-де. Қазір көптеген елдер зейнет жа-сын ұлғайтып, сырттан арзан жұмыс күшін тарту мәселесін егжей-тегжейлі қарастыруда. Ал кедей елдерде, керісін-ше, орта жас мөлшері төмендеп, тұрғын-дар саны артып, жұмыссыздық пен әлеуметтік тұрақсыздық адамдарды қоныс аударуға мәжбүрлеуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының болжа-уынша, 2100 жылы Жер шарында орта есеппен 11,2 миллиардқа жуық адам өмір сүреді екен. Еуропа елдері халқының саны алдағы жылдарда кеми түспек. Ал көршіміз Ресейде адам саны 83 жыл-дан кейін 18,7%-ға азайып, 60 жас тан асқан азаматтар саны бүгінгі 20%-дан 27,5%-ға дейін ұлғаймақ. «Жалпы, Азия аймағы адамдар санының өсуі-мен ерекшеленеді», – дейді ғалымдар. Нағыз демографиялық дүмпу Африка елдерінде болмақ. Ғасыр дың аяғына қарай бұл құрлықтағы тұр ғын дар саны 3-4 есеге көбейіп, 5,6 мил лиардқа дейін жетуі мүмкін. Бүгінгі күні әлем тұр-ғындарының 46%-ы халық саны ның өсуін қамтамасыз ете алмайтын, туу көр сет кіші төмен елдерде тұрады. Бұл жалпы Жер тұрғындарының қартаюына алып келеді.

Қазақстанға келсек, тәуелсіздік жыл-дары адамның орташа өмір жасы ұзарып, 70-тен асып жығылды. БҰҰ сарап шы-лары ның пікірінше, 2100 жылы бұл көр-сеткіш 80 жасқа жетпек. Ал Қазақстан халқының саны 24,7 миллион болады. Әрине бұл болжамдардың іске асуы жүйелі жұмысқа байланысты екенін естен шығармаған жөн.

Шиеленістер мен түрлі әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты ауқымды көші-қон орын алған жағ дай-да, қабылдаушы елдердің ішкі демо гра -фия лық, діни әрі мәдени карт а сы шұ-бар лануы мүмкін. Мұндай үрдіс өзімен бірге көптеген әлеуметтік, құқықтық және басқа қауіп-қатерлер әке летінін тарихтан білеміз. Еуропаның бүгінгі

көрінісі – осының айшықты дәлелі. Осы орайда кейбір ғалымдардың адам-зат тарихындағы кезекті «ұлы көш бастал ды» деуі қисынды. Бұл бағыт-тағы бола шақ үрдістер құрлықтың кіндігінде орналасқан Қазақстан үшін аса маңызды.

Ғылым мен техника дамуының жаңа кезеңі адамзат алдынан бұрын-соңды болмаған, тіпті армандап көрмеген дүние лерге жол ашты. Науқастарды емдеудің, дерт тің алдын алудың сан алуан жаңа түр лері табылуда, тіпті биороботты тех ника саласы көз алдымызда өрістеп, даму үстінде. Көлік-қатынас, байланыс пен ком муникация, бейне-фото түсірілім жүйе лерінің революциялық шешімдері эконо мика, тәртіпті сақтау, қорғаныс сияқ ты салалардың мүмкіндіктері ая-сын барынша кеңейте түсті. Азық-түлік мәсе лесін ауыл шаруашылығы сала-сын дағы жаңа шешімдер арқылы рет-теу кеңінен қанат жаюда. Ғарыштық тех но логиялардың әлеуетін пайдалану Қазақ станда да қолданысқа ене бастады. Бұл – ел дамуының мүлде басқа сапалы деңгейі. Ал смартфон, интернет және мо -биль ді қосымшалардың бірігуі қоғам дық

қа тынастардың жаңа қырларын аша түсуде.

Осындай құрылғысы бар адам қазір жалғыз өзі бір теледидардың міндетін атқара алады. Бұл мүмкіндіктердің азаматтық қоғамның дамуына да тигізер әсері мол. Адам, қоғам және мемлекет арасындағы қалыптасқан ұғымдар мен қатынастардың осы арнада жаңа дүние-лермен толығуы күн тәртібіне шы ғып отыр. Білім беру, түрлі қызмет көрсету, ақпарат жеткізу, тіпті уағыздау мен наси хаттаудың өзі жаңашылдыққа толы.

Ғалымдардың пайымдауынша, осы-нау ауқымды өзгерістер бұдан да же-дел қарқынмен жалғаса бермек. Осы өзгерістердің ерекшелігі – уақыттың жеделдеуі және адам қатысуының аза-юы. Мәселен цифрлы технологиялардың дамуы мен интернеттің кең етек жаюы қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтықты айтарлықтай кеміткені біздің елде анық байқалады. Сонымен қатар хат-хабар алмасудың дәстүрлі жүйелері қазір дағдарысқа түсіп, адамның атқарып келген көптеген қол жұмыстары қажетсіз болып қалуда. Яғни жұмыссыздық туғызуда. Зымыраған

жаңа заман әкелген осындай және басқа да көптеген өзгерістердің оң-теріс салда-рына біз дайын болуымыз керек.

Әлемдік үздік үлгі бойынша уни-верситеттер, дарынды балаларға ар-налған арнаулы мектептер ашу, жалпы мектептердің бүгінгі жабдықталуының жоғары деңгейі, озық технологияларды игерген емханалар мен ауруханалар-ды іске қосу, жастарымызды арнаулы бағдарлама арқылы шетелдердің ең үздік оқу орындарына жолдау сияқ-ты, адам капиталын дамыту бойынша көптеген ауқымды істердің негізінде ұлтымыздың өз болашағын өзі басқара алатын қабілетін арттыру ниеті жатқаны анық.

Әрине, кей мәселе жөнінде кешегі келеңсіздік пен еңселі ертеңгінің арасын-дағы тартыстың бүгін жүріп жатқанын естен шығармаған абзал. Алайда барып орнығар орныңды алдын ала ойластыр-май атқарған істің бәрі бекер.

Абзал НҮКЕНОВ, Дін істері және азаматтық

қоғам вице-министрі, саяси ғылымдар кандидаты

ҚОҒАМ

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе аймағында «Нұр Отан» партиясының облыстық фи лиалы қолға алынған іс-шара-лар дың нәтижелі болуына баса назар аударып келеді. Пар тия мүшелері қоғамдық қа был дау-лар кезінде ел-жұртты тол ған-ды рып жүрген әлеумет тік-тұр-мыс тық мәселелердің ше ші мін табуға ұмтылады. Мұн дайда уа қыт созылып кетсе не ме се бе-ріл ген уәде, айтылған сөз сол кү -йінде қалып қойса ең бір ін ші ден партияның абы ро йы на нұқсан келуі мүмкін. Сон дық тан да фи-лиалда сөз бен іс тің арасында алшақтық болмауын көздейтін ойлау жүйесі орныққан.

Өңірдегі «Нұр Отан» пар-тия сы мүшелерінің басым бөлігін экономикалық жағы-нан белсенді қызмет атқара алатындар құрайды. Олардың

бәрі де аймақтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүр. Тәуелсіздік таңымен бірге ере келген еркін ойлау жүйесі, қоғам дық құндылықтарға жаңа-ша көзқарас филиал қыз меті нің мазмұн жағынан да, түр жа-ғынан да толыға түсуіне әсерін тигізгені байқалады. Мұн да-ғы тағы бір оң бағыт – «Нұр Отан ның» қатарында тек ең ла йықтылар болуы керек деген ұстанымның үстем түсіп отыр-ғаны. Әрине жыл сайын бел гілі бір мөлшерде пар тия мүше-лерінің қатарын толы қ тырып отыру керек-ақ. Алай да бұл тәртіп пен талап оның сапа лық құрамына әсерін тигізбеуі тиіс.

Елдің ертеңі – жастар. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы баст амашы болып жүрген ел дік мәселелерді ертеңгі күнге жал-ғайтын да бүгінгі ұрпақ өкіл-дері. Сондықтан да облыстық

филиал партия қатарын жастар есебінен өсіруге көңіл бөліп отыр. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының құрамына жаңадан қабылданған жастардың бірі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ-сите тінің төртінші курс студен-ті Никита Капицын «Нұр Отан» партиясының қатарына қабы л-дану зор сенім, үлкен жауап кер-шілік, болашаққа айқын бағдар екенін жеткізді. Ал Шалқар аудандық мұражайы жанындағы бастауыш партия ұйымының төрайымы Нағима Тіленбиева пар тияның басты тірегі – бас-тауыш ұйымдар, егер мұндағы іс жүйелі жолға қойылса, бұл жағдай тұтастай нұротандықтар жүзеге асыратын сан қырлы бағ дарламалардың байыпты әрі баян ды бола беруіне әсерін тигізеді, дейді.

АҚТӨБЕ

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Глубокое аудандық Достық үйі жаңа жыл мерекесі қар-саңын да Уваров ауылына көші-рі ліп, екі қабатты еңселі жаңа ғимаратқа ие болды. Биыл құ-рыл ғанына 10 жыл толатын Достық үйінде бұған дейін жеке ғимарат болмай, этномәдени бірлестік мүшелері әр есікті бір жағалап келіпті. Қоғамдық келі-сім орталығының ашылу сал-танатына қатысқан аудан әкімі Қалихан Байғонысов жаңа нысан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында пайдалануға беріл генін, аймақта 50-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тіршілік кешіп жатқанын айта келіп, «Уваров ауылында ашылған Достық үйі өңір тұрғындарының береке-бірлігін одан әрі нығайта түседі деп сенеміз», деп ізгі тілегін жеткізді.

Глубокое аудандық Достық үйінің директоры Жанар Қаби-дол лақызы жаңа ғимаратта жұмыс істеуге барлық жағдай

жасалғанын, алдағы уақытта Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын жан-дандырып, бірқатар шаралар-ды қолға алуды жоспарлап отырғандарын айтады.

«Ауданымызда 17 ауылдық округ, 40-тан астам ауыл бар. Өңірде 54 ұлттың өкілдері тұрады. Осы айдан бастап аудандағы барлық ұлттардың

мәдениеті мен дәстүрін наси-хаттау үшін әр ұлттың мәдени күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы ретте Достық үйінің жайлы да жаңа ғимаратқа көшуіне ұйытқы болған азамат-тарға айтар алғысымыз шексіз», дейді Достық үйінің директоры.

Шығыс Қазақстан облысы,Глубокое ауданы

Ақиық ақын, жазушы қазақ әде биетінің қалыптасуы мен дамуы на сүбелі үлес қосты. Ол өзінің дарыны мен өнерін халық мү д десіне, туған елінің жарқын бола шағына арнады, жаңа заман-ның дауылпаз сайыпқыран ақыны атанды. Әттең «кінәсіз кінәлі» болып, 1938 жылы атылып кетті. Қазақ елінің тарихында елеулі орны бар Сәкеннің есімін халқы қас терлеп, әркез құрмет тұтады. Рес пуб ликамызда көшелер, мек-тептер, театр мен жоғары оқу ор ны Сәкен Сейфул лин есімімен ата ла -ды. Астана қала сында С.Сей фул-лин мұра жайы жұмыс істейді.

Дей тұрғанмен, осындай тари-х и тұлға, абзал азаматқа Қос та най өңірінде лайықты құрмет көр се-тіл мей отырғаны өкінішті-ақ. Рас, қостанайлықтар да оны ұмыт қан жоқ. Қалада С.Сейфуллин атын -да көше бар. Көше атауы бір «л» әрпімен «Сейфулин» деп қате жазылған. Әңгіме осы кө ше нің атында емес, затында бо лып тұр. Оны көше деп атау ға ауыз бар -майды. Кезінде дүріл де ген мауы-ты-шұға комбинаты орн а лас қан шағын ауданға кіре бер генде оң жақ қапталда қала тын, қал-тарыста тұрған бір неше үйді Сей-фуллин көшесі деп атай сал ған деп естігенбіз. Бұ дан Қос та най қа ла-лық кеңесі басшы лары ның іске немқұрайлы қараға ны байқалады.

Біз сол көшені іздеуге шық-тық. Қасымда қарт педагог, ха-лық ағарту ісінің үздігі Елтай Шо жанов жолдасым бар. Қалта-рыс тау орналасқансын ба, әлде күн суық болғандықтан ба жүргін-шілер сирек. Алдымыздан 70-тен асқан әйел кезекті. Өзін Райса Ивановна деп таныстырған оған шаруамызды айтып, Сейфуллин көшесін сұрадық. Сөзге бейіл кісі екен, өзінің Спандияр Көбеев көшісінде тұратынын айтты.

– Бүгінде көшелердің аты жиі өзгеріп жатыр ғой. Сейфуллин көшесі дегенді сіздерден бірінші рет естіп тұрмын, деді.

Әрі қарай кеттік. Бір бойжет-кенді кезіктірдік, шамасы студент болса керек. Ол да ондай көшеден бейхабар. Сөз арасында «Сәкен Сейфуллиннің кім екенін біле сің бе?» деп сұрағанбыз. «Жоқ, біл-меймін» деп кесіп айтты әлгі қыз.

Енді не істейміз деп аңтары-лып тұрғанымызда, бала жетек-теген, жасы 60-ты алқымдаған әйел кезікті. Оған да шаруамызды айтып, жөн сұрадық.

– Анау бір үйде саққұлақ, көп нәрседен хабары бар кісі тұр а ды. Бір білсе сол кісі біледі, соған бар ғ а н дарыңыз жөн болар,– деп кеңес берді.

Ерінбей ол үйге де бардық. Есік алдында кезіккен қарт өзін Ана то -лий Степанович деп таныс тыр ды. Жөнімізді білген соң қария:

– Тура келіпсіздер, біздің үй Сәкен Сейфуллин көшесінің бо йында орналасқан. Ал ағым-нан жарылып айтар болсам, бұл көше нің басы қайда, аяғы қайда екенінен өзім де бейхабармын. Көріп тұрсыңдар ғой, сонау тұр-ған ескілеу екі үй, ана тұста бір үй, мына алты қабатты үй Сей фул лин көшесі саналады. Ұмыт па сам, Сейфуллин көшесі атал ғанына қырық жылдай болып қалды-ау,– деп әңгімесін аяқтады.

Тағы да олай-бұлай жүріп, бір бүйірде тұрған үш пәтерлі үйге бұрылдық. Жатағандау келген баспананың күншығыс жағын-дағы есігінен ішке ендік. Үй иесі алпыстан асқан кісі екен, оған да келгендегі шаруамызды айттық.

– Иә, сіздер іздеген көшенің тұрғынымын. Өкінішке қарай, Сейфуллин атындағы көше ту-ралы бәлендей ештеңе айта ал-маймын, оны көше деуге де ауыз бармайды. Бір белгілісі, ана маң-дағы алты қабатты тұрғын үй де сол көшеге жатады. Үлкендеу үй, бір қауым ел ғой, жай-жапсарын солар білетін болар,– деп бізді шығарып салды.

Әлгі кісінің сілтеуімен ире-лең деген жалғыз аяқ жолға тү сіп

алып, алты қабатты үйге де ат ба сын тіредік. Ішке кіріп, екі-үш есік ті қағып едік, ешкім жауап берме ді. Әйтеуір, бір есікті үлкен кісі ашты.

– Үй таппай келмеген шығар-сыңдар, төрлетіңдер,– деп бәйек болып жатыр ақсақал. Танысып, жөн сұрасқаннан кейін оған да шаруамызды айттық.

– Біздің бұл үйде тұрып жатқа -нымызға үш жылдан асып бара-ды. Мен бұл тұста көше көріп тұр-ғаным жоқ. Көршілері міздің айту-ынша, көше бар, 20 шақты үйден тұрады екен. Өткен ғасырдың 50-жылдары олардың басын біріктіріп, Герцен көшесінің 1-ші өтпесі деп атапты. Ал біз тұрып жатқан үй кейінірек ескірген соң, 80-жылдары күреліп тасталып, солардың орнына тұрғы зы лып ты. Осы шағын аудан д ағы 6 қа бат ты жалғыз үй осы ғана. Сәкен Сей-фул лин сияқ ты бір туар асыл аза-матымыз ға осын дай көшені бер-ген сол кез дегі қала басшылығы, қалалық кеңестің депутаттары не ойлады екен?! Бұл Сәкеннің әруағын қорлау ғой, – деп қария біраз өкпе-назын ақтарды.

Сонымен Сәкен Сейфуллин-нің атындағы көшенің оң жақ бетінде алты қабатты №2-үй, ал сол жақ бетінде 3, 5, 7, 13 нөмірлі үй лер орналасыпты. №1, №9-үй-лер тозығы жеткен соң күреліп тасталса керек.

Осыдан 50 жыл бұрынғы мына ақпаратқа назар аударайық. Об-лыстың мемлекеттік архивінің маманы Наталья Здоровец Қоста-най қаласының «Наша газета» апталығында «Что было, то было» деген айдармен апта сайын шаһар өмірінде болған айтулы оқиғалар жөнінде қысқа ақпараттар беріп тұрады. Газеттің 2009 жылғы 14 мамырдағы санында (№20) бы-лай деп жазылған: «22 мая 1968 года в районе комбината хлебо-продуктов в Кустанае переиме-нован 1-й проезд Герцена в улицу Сейфуллина».

Қайран Сәкен! Елім деп еңіре-ген атпал азаматқа Қоста най да жөні түзу бір көшенің бұйыр-мағанын қайтерсің.

Қанапия МЫРЗАҒОЖИН, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі, Әулиекөл ауданының құрметті азаматы

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Болашақты басқарудың сыры – адами капитал–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Жолдауының мән-маңызы ерекше. Ол болашаққа ұмтылудың басым тұстарын айшықтауымен бірге қалыптасқан кейбір жайсыз ахуалды түзеуді көздейді. Мәселен, жаппай цифрлы технологияларға өту мен жемқорлықтың алдын алу немесе адами капитал сапасын жақсарту мен экстремизмге қарсы жұмыс жүргізу. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің арғы-бергі тарихына, оңды-солды жақтарына ғылым-білім тілімен ой жүгірткен жөн. Тәуелсіздіктің арқасында біз жаһанның жаңалықтарымен тікелей беттесуге мүмкіндік алдық. Азаттық бізге болашағымызды басқаруға жол ашты.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!

Қостанайда «көшесі» бар Сәкеннің Достық үйі жаңа ғимаратқа көшті

Сан мен сапа бірлігі

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сәкен Сейфуллин – қазақ халқының дарынды перзенті, елінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қажырлы еңбек етіп, бүкіл күш-жігерін, білімін сарт еткен абзал азамат. Сәкен қазақ-кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақстан Кеңестерінің ІІІ съезінде (1922 ж.) Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып сайланғаны да көпшілікке мәлім.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 6: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

6 5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Президент Н.Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне на-зар аударып, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған еді. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақтауда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сы-байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жергілікті және орталық атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ облыстық филиалының басшылары мен қызметкерлері қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалы жанында жұмыс істейтін «Денсаулық сақтау» комиссиясының отырысында медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту шаралары қарастырылып, бірқатар міндеттер белгіленді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық қауіпті дерттің бірі. Басқа да-мушы елдер сияқты біздің жас мем лекетімізді де бұл кесел айна-лып өтпеді. Сондықтан да Қа-зақстан Республикасының мем-ле кеттік саясатының негізгі ба-сым дықтарының бірі осы ке лең-сіз дікпен күресу болып табылады. –––––––––––––––––––––––––

ҚҰҚЫҚ

Электронды құжаттар құны артты

«Қолхат», «сенімхат» секілді құ жаттар жұрттың бәріне таныс шы ғар. Оның бәрі қолмен жа зы ­латындығы және белгілі. Бі рақ бүгінде цифрлы техноло гия ларды кеңінен пайдалану ар қасында сенімхатты сенім біл ді ру шінің элек­тронды цифрлық қол таңбасымен куәландырылған элек тронды құжат нысанында рәсімдеу де көзделіп отыр. Бұл Ел ба сы Жолдауында айтылғандай, үшін ші жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеу де­ген сөз.

Иә, сенімхатты сенім білдірушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куә ландырылған электронды құжат ны санында рәсімдеу жолға қойылғаны ти імді болды. Өйткені кезінде істерден қағазға жазылған сенімхаттар жоғалып қалып, талай адамның аузы күйген көрінеді. Енді сот жүйесіне цифр- лы тех нологияның енуі арқасында қажетті құ жаттардың жоғалып қалуы деген болмайды. Сонымен қатар енді се німхатты ресімдеу кезінде тарап-тар дың өз өкіліне өкілеттік беруі үшін нотариусқа барудың да қажеті жоқ. интернет желісіне қолжетімділік пен электронды-цифрлы қолтаңбасы бол-са жеткілікті.

Бүгінде ел халқының көпшілігі ин тернетпен жұмыс істеуді жақсы бі леді. Бұл электронды құжаттарды пай далануды да жеңілдете түседі. Ал сенімхатты қалыптастыру үшін Сот кабинетінде авторизациядан өткеннен кейін «Электронды сенімхат» бөлі мі-не кіру қажет. «Сенімхат» ашыл ған бетте «Қосу» батырмасын басып, се-нім хат нысанын, соның ішінде өкіл-дің деректері толтырылады. ЖСН ар қылы өкілдің жеке деректерін жеке тұлғалардың мемлекеттік базасынан автоматты түрде де толтыруға бола-ды. «Электронды сенімхат» қыз ме-ті Азаматтық кодекстің 167-бабына сәй кес әзірленген, атап айтқанда, бiр адамның өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға берген жазба-ша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. Сон дықтан Азаматтық процестік ко-декс тің 61-бабының 1-бөліміне сәй-кес сенімхатты сенім білдірушінің элек тронды цифрлы қолтаңбасымен куә ландырылған электронды құжат ны санында рәсімдеу көзделгенін ес-кер ген жөн.

Сенім білдірушіге электронды сенімхат жасау кезінде «Электронды сенімхат» бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың АПК-нің 46-бабының 1-бөлігінде және 60-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген негізгі құқықтарын тізбе түрінде көрсету мүм кіндігі ұсынылған, бұл сенім біл-ді рушіге нақты азаматтық іске қаты-су үшін сенім білдірілген тұлғаға ұсы нылатын құқықтар шеңберін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ал АПК-нің 58-бабының негізінде сенім біл діруші сенім білдірген өкілге: бір-інші сатыдағы сотта мүддесін біл-діру; апелляциялық сатыдағы сотта мүд десін білдіру; кассациялық саты-да ғы сотта мүддесін білдіру; талап арыз, шағымдар, өтініштер мен арыз-дар беру және қол қою; талап қоюдан толық немесе ішінара бас тарту; та-лапты тану; талап қою талаптарының мәнін ұлғайту; талап қою мәнін неме-се негізін өзгерту; азаматтық іс мате-риалдарымен танысу, олардан үзінді көшірмелер жасау және көшірмелерін алу; қарсылық білдіру; өтінішті, соның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау тура-лы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы мәлімдеу; сот отырысының хаттамасымен танысу және оған жазбаша ескертпелер беру; сот шешіміне, ұйғарымына және қаулысына шағымдану; бітімгершілік келісім жасау және басқа да құқығын сеніп тапсыруға құқылы.

Электронды сенімхатты бірнеше се німді өкілге беру көзделген, өйткені бір іс бойынша қатысатын сенімді өкіл дер саны заңнамамен шектел-меген. Электронды сенімхатты тоқ-тату Азаматтық кодекстің 170-ба-бына сәйкес жүзеге асырылады. Элек тронды сенімхат электронды түр де қаралатын бір істің шегінде бе ріледі, сенімхаттың қолданылу мерзімі сот актісінің заңды күшіне ен-ген және құжаттарды орындауға беру уақытымен шектелген. Осылайша, «Сот кабинеті» сервисі іске қосылған сәт тен бастап ол азаматтардың құ-қық тық мәдениетін жетілдіруге жә-не олардың конституциялық құқық-та рының қорғалуына оң ықпал ете бас тауына байланысты цифрлы тех-нологияның өмірімізге енгені оң ды болды дейміз. Сөйтіп енді «Сот ка-бинеті» сервисінің тұтынушылары сот қа сенімхатты электронды түрде жол дай алады.

Александр ТАСБОЛАТ,«Егемен Қазақстан»

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Департамент қолдауымен мемлекеттік қыз меттің оң имиджін және қоғамда сыбай-лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қа -лыптастыру мақсатында 698 іс-шара ұй-ым дастырылып, 170 мыңнан астам адам қамтылған, сондай-ақ құрамына мем -лекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйым-дардың, «Нұр Отан» партиясының, Өңір-лік кәсіпкерлер палатасының және басқа да саланың өкілдері енген облыстық сы-байлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ өз жұмысын бастап, аталған топ тұрғындар және еңбек ұжымдарымен 159 кездесу мен қоғамдық қабылдаулар өткізіп, жалпы саны 36 032 адамды қамтыды. Қазіргі таңда мобильдік топтар қалалық және аудандық деңгейлерде құрылып, азаматтардың шағымдарын жедел түрде қарауды жүзеге асырып келеді.

Жиында департаменттің сыбайлас жем-қорлық профилактикасы басқар ма сының бас шысы Н.Айтжанов биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жем қорлық профилактикасы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, «Есіктен есікке», «Жолдарда сыбайлас жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» жобаларын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қар-сы мобильдік және арнайы мониторинг топ тарының, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп оқу шылары клубтарының қызметі тура-лы, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәу екелдерін талдау және әкімшілік тә жі-рибе қорытындыларын баяндады.

Де партаменттің мемлекеттік көрсетілетін қыз меттер басқармасының басшысы Ж.Мар-шакұлы тұрғындарға мемлекеттік көр-сетілетін қызметтердің сапасын көтеру са-ла сындағы негізгі бағыттарға тоқталып өтті. Бұдан басқа «Құпия тұтынушы» әдісі бойын-ша қоғамдық мониторингтің нә тижелеріне, департамент тарапынан тексе ру жұмыстары барысында анықталған заң бұ зушылықтар айтылды.

Жиында ауыл тұрғындарына қолайлы жағ дай жасау мақсатында ауыл әкімі аппа-раттары ғимараттарында штаттан тыс ма-ман бөліп, арнайы компьютермен жаб- д ық тап, қала, аудан орталығына бармай-ақ, элек тронды қызмет алу мүмкіндіктерін қа рас тыру жөнінде ұсыныстар беріліп, ол қа ла, аудан әкімдері тарапынан қолдау тап-ты. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын іш кі бақылау жұмыстарын жандандыру мақсатында, қала, аудан әкімі аппараттарын-да өз алдына ішкі бақылау бөлімін немесе дербес қызметін құру қажеттігі айтылған мә жілісте мемлекеттік органдар басшыла-рына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи-мыл мен мемлекеттік көрсетілетін қыз мет тер саласындағы кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта оларды болдырмау үшін нақты тап-сырмалар берілді.

Маңғыстау облысы

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Облыстық денсаулық сақ тау басқармасының бас ма маны Әлия Ораза ли на -ның есебіне қараған да, «Нә-тижелі жұмыспен қам ту жә-не жаппай кә сіп керлікті да-мыту» бағ дар ламасы бойын-ша ны санд арды жөндеу жұ мыс та рына 452 миллион, м а те риалдық-техникалық ба за ны нығайтуға 1 милли-ард 225 миллион теңге бө-лінген. Нәтижесінде 13 жоба жүзеге асырылып, 20 нысан қалпына келтірілген. 21

санитарлық, 5 жеңіл көлік, 136 бірлік ме дициналық құрал-жаб дық тар сатып алынған. Кар диологиялық орталық кар тографиялау және элек тро физиологиялық жү йе леу аппараттарымен, шалғай елді мекендер ЭКГ құрылғыларымен то лыққан.

Алайда тындырылған істерге қарамастан, отырыс-та орын алған бірқатар ол-қы лықтар да атап өтілді. Облыстық мәслихаттың де-путаты, комиссия жетекшісі Юрий Белоногтың айтуын-ша, Қызылжар аудандық орталық ауруханасына

жөндеу шараларының гра-фиктен кешеуілдеуі бай-қалған. Осы ауданда 2016 жылы әкелінген меди ци-налық жабдық арада бір жыл өткен соң ғана іске қо сылған. Бірінші қалалық ау ру ханаға 40 миллион тең-генің УЗИ аппараты ор на-тылғанымен, толық қу а- тында жұмыс істемейді. Ба-ғасы қымбат. Одан екі есе арзанын алуға болатыны ескерілмеген.

Емдеу мекемелерінің өкіл дері мамандардың же-тіспеушілігін, тап шы лығын қанша алға тартса да, бұл уәжбен келіс пе ген комис-сия мүшелері мен халық қалаулылары кемшіліктерді шұғыл түзетуді талап етті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қазір дау көбейді. Оған бірден бір себеп – меншік түрлерінің мола юы, нарықтық қатынастардың ор науы және халықтың құқықтық сау аты мен талабының артуы. Аза-маттар кез келген ұсақ-түйек дау-шармен сотқа жүгінетін болды. Облыс, аудандар бойынша сот қа түскен істердің 35 пайызын ұсақ-түйек дау-шарлар құраған. Маң-ғыс тау облысында өткен жылы 5 айдың ішінде 170 азаматтық іс қаралған. Шығынды өндіруге қатысты даулар бойынша 18 іс, ортақ мүліктегі үлесті анықтау бой-ынша 11 іс, неке бұзу туралы 53 іс, келісімшарт дауларынан туындай-тын даулар 20 іс, отбасына қатысты басқа да даулар бойынша 21 іс сот медиациясымен шешілген. Халық-аралық статистикаға сәйкес, барлық дау лардың 40 пайызы медиа- ция рәсі м і мен шешілген. Олардың 85 пай ызында оң нәтижелерге қол жет к ізілген. Ресейде,Украинада дау лар ды соттан тыс қарау үрдісі қар қын ды дамып келе жатқанын БАҚ беттерінен көріп отырмыз. Оларда да медиация туралы неме-се соған ұқсас заңдар қабылданған.

Медиацияның пайдасының көп екендігін білеміз, бірақ өңірде осы медиация ұғымын онша түсін-бей тіндер де баршылық. Ха лық ара сында жүргізілген сауалдама нә тижесі бойынша 20 адамның тек төртеуі ғана медиация туралы біледі екен. Өңірде медиация за ңын түсіндіру мақсатында бір қа тар іс-шаралар атқарылып та келеді.

Медиация термині латын ті лін-дегі геометриялық «медиана» – орта сызық деген ұғымды біл ді реді. Қазақ ұғымына сәйкес тен дірсек, медиатор – екі жаққа да ортақ, дау-дамайда ай-тысушы жақ тарды мәмілеге келтіріп, тең ше шетін араағайын. «Медиация ту ралы» Заңның 1-бабында оның қол данылу аясы белгіленген. Же ке немесе заңды тұлғалар қа ты са тын азаматтық, еңбек, отба сы лық және өзге де құқықтық қа ты настардан туындайтын даулар, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын дау- лар ме диацияның қолданылу са-ласы болып табылады. Медиация, яғ ни, араағайындық негізінен тұр-ғын үй, еңбек, отбасылық жә-не көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қол-данылады. Ал қылмыстық істер, егер олар аса ауыр болмаса, сотта

қаралуға жатпаса, оларды да ме-диаторлардың қарауына беруге бо-лады.

Сонымен медиация – тарап-тар дың ерікті келісімі бойынша жү зеге асырылатын, олардың өз-а ра қолайлы шешімге қол жет-кізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен арадағы дауды рет теу рәсімі. Ал медиатор – кәсі-би және кәсіби емес негізінде ме-диация жүргізу үшін тараптар тар татын тәуелсіз тұлға. Жоғарғы сот төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен жекеле-ген санаттары бойынша даулар-ды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске асыру ережесі бекітілген. Аталған жо-баның басты мақсаты мен мін дет-тері – даулардың жекелеген санат-тарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Қазір Қазақстанда 78 медиа- тор қызмет атқарады. Барлығы ар найы сертификат алғандар жә не медиаторлардың тізімдік реестрлерінде тұрғандар. Азамат-тық немесе қылмыстық үдеріс ше гінен тыс жүзеге асырылатын медиация келісім жасағаннан бас-тап отыз күнтізбелік күннен ке-шіктірілмей аяқталуы тиіс. Қа-жет болса, тараптардың өзара ше-шімі бойынша медиацияны өтк ізу мер зімі отыз күнтізбелік күн ге дей ін ұзартылуы мүмкін. Де ген-мен бұл мерзім жиынтығы ал пыс күнтізбелік күннен аспауы ти іс. Ерекше жағдайларда ше ші летін даудың қиындығына байланысты қосымша ақпарат пен құжаттар қажет болған жағдайда медиация- ны өткізу мерзімі тараптардың жә-не медиатордың келісуімен отыз күн тізбелік күннен асырмай ұзар -ты луы мүмкін. Медиацияны қол -дануға байланысты бір мысал кел-тіретін болсақ, некені жал ғас ты-руға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күту жағдайына қа тысты ерлі-зайыптылар ара сын-дағы келіспеушіліктер медиация ар қылы шешілуі мүмкін.

Абай САБИРАДДИНОВ,Мұнайлы аудандық

сотының бас маманы

Маңғыстау облысы

Бұл дерттін жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы-нуына және орындауына көмек те су дің алғышарттарының бірінен санала ды. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са на қа-жет. Сыбайлас жемқорлыққа қар сы са-на қалыптасқан жағдайда адам адам-гершілікке жат қылықтардан бой ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай шы ке-летін әрекеттерді жасауға жол бер мейді.

Жастардың бойында сыбайлас жем-қор лыққа қарсы мәдениет қалып та суы үшін жастарымыз сыбайлас жем қор-лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланыс- ты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген се нім-ді лігін күшейтеді. «Нұр Отан» пар тия-сы ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы ке-рек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал» делінген. Бұл жерде жас ұрпақтың құқықтық са-насы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды.

2014 жылы «Қазақстан Респуб ли-касының 2015-2025 жылдарға арналған сы байлас жемқорлыққа қарсы стратегия- сы» қабылданды. Осы стратегияда да қо ғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә дениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дамыған елдерде сыбайлас жем қорлыққа қарсы саясатты іске асыру

ба рысында сыбайлас жемқорлықты руха-ни жағынан қабылдамауға мән беріледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә дениеттің қалыптастырылуын оқу орын дарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұр пақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүл дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке рек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза маттарының құқықтық санасын арт-ты ру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жем қорлыққа қарсы білімінің болмау-ына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа лады. Бүгінде мемлекеттік органдар да сенім телефондары орнатылған. Бұ қа-ралық ақпарат құралдарында мем ле кет-тік қызметтердің көрсетілуі туралы ма-қалалар жариялануда. Мемлекеттік ор-гандардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өт-кізілуде. Халыққа қызмет көрсету орта-лық тарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады.

Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү -зеге асырылып келеді. Сыбайлас же-м қорлықтың көріністерін жою мақ са-тында заңнамалық актілер қа был дан ды.

Рұқсаттар мен мемлекеттік қыз мет -тердің алынуын жеңілдету үшін элек-тронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты ен-гізілді. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Рес публикасының Мемлекеттік қызмет іс тері және сыбайлас жемқорлыққа қар-сы іс-қимыл агенттігі құрылды. Оның негізгі міндеті мемлекеттік қызмет са-ла сындағы басшылықты, мемлекеттік қыз мет көрсету санасын бақылау, сыбай-лас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұ зу шылықтардың алдын алу болып та бы лады.

Жоғарыда айтқанымыздай, «Қазақ-стан Республикасының 2015-2025 жыл дарға арналған сыбайлас жем қор-лыққа қарсы стратегиясы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая саттың не гізі. Осы стратегияда сы бай лас жем қор-лыққа қарсы шаралар кешені жұ р т- шы лықтың қатысуымен жүр гі зілуі қа -жеттігі айтылған. Мемлекет пен қо-ғам тығыз қарым-қатынаста бол ған-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тө-теп бере аламыз. Сондай-ақ страте-гия да сыбайлас жемқорлыққа деген төз беушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасы-на айналу керек. Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұр-пақ пен жұмыс істеу қажет. Адамды ба ла кезінен қазақстандық патриоти зм және сы байлас жемқорлықты қабылдамау ру хында тәрбиелеп өсіру керек. Стра-те гияның мақсаты – мемлекеттің сы-байлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жем қор-лықтың кез келген көрінісіне «мүл дем төзбеушілік» ахуалын жасау ар қы лы сы байлас жемқорлыққа қарсы қоз ға-лысқа бүкіл қоғамды тарту және Қа зақ-станда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаң-ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі леттілік» атты Жолдауында Қазақстанның мем ле-кет тілігін нығайту жолындағы стра те-гия лық маңызды мәселелерді айқындап, қо ғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өз гертуге, жаңғыртуға бағытталған бес не гізгі басымдылықты белгілеп берді. Мұн да бесінші басымдықтың бірі – сы-бай лас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сы-бай лас жемқорлықтың себептері мен ал ғышарттарын анықтап, оларды жою жұ мысын күшейту қажет. Маңызды мә-селенің бірі – сатып алу саласын жетіл-ді ру. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйе сін орталықтандырылған қызмет қа ғидаты бойынша енгізуді тапсыра-мын. Квазимемлекеттік секторда, табиғи мо но полия және жер қойнауын пайда-ла ну салаларында да сатып алу ша ра-ларын өткізу әдістерін түбегейлі қай та қарастыру керек. Сыбайлас жем қор лық-пен күресте көп нәрсе бүкіл қо ғам ның белсене атсалысуына байланысты. Әлеу-меттік желінің, өзге де медиа-ресурс тар-дың дамуы жағдайында, сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі кү рес тің қуатты құралына айналуға тиіс» делінген.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы кү ресті күшейту мәселелері нақты көр-сетілген. Мұның барлығы сыбайлас жем-қор лыққа қарсы күресте нақты нә ти же-лер ге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Анарбай РАДЖАПОВ,тарих ғылымдарының

кандидаты, доцент

АЛМАТЫ

Медиатор жұмысы – дауды шешу кепілі

Сыбайлас жемқорлық мәселелері сөз болды

Қондырғы қымбат, маман қат

Қауіпті індетке қауқарлы күрес қажет

Page 7: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 7КЕЛБЕТ

– Ержұман Өтешұлы, бүкіл ми жүйе сін, саналы ғұмырын жұмысқа ба ғыт та ған, өзіңіздей кәсібіне барынша адал жан ­дар некен­саяқ. Бұл қасиет кі сі ге не гізі отбасылық құн­ды лықтар ар қы лы, ата­ана­сының тәрбиесінен даритын бол са керек. Сіз үшін ша ңы ­рақтың шат ты ғы неде?

– Қарашаш, журналистік қызметімде газет жанрларының ішінде интервьюді көбірек пайда-ландым. Бірақ ешқашан бірінші сұрақты былайша асқақтатып қоймаған едім. Жұмыс істеп жүрген соңғы кездеріне өзім куә болған маңғыстаулық меншікті тілші Саламат Хайдаров ағамыз бір мерейтойында: «Осында айтылған сөздерде, оқылған тілек-одаларда, келген құт тықтауларда менің атыма көптеген жы лы лебіз, ыстық ықылас айтылды. Мен өз деңгейімді, мүмкіндігімді біле мін, сондықтан өзіме лайық-тал ғанын қа был дай мын, ал артығына айыпқа бұй ыр ма ңыз-дар», деген көрінеді. Саламат аға мыз дың өлшемін сұрақтарыңа қатысты да айтқым келеді.

Елімізде алғашқы колхоз-дар құрыл ған да соларға үрке қа раған, бірақ советтердің де-геніне көніп, айтқанымен жүр -ген діни адамдардың ұр пақ-тарының отбасынан шық қан -мын. Әкеміздің арғы аталары 1913 жылы қажылыққа барса, әкем Смайыл Өтешұлының өзі кол хоздың қара жұмысымен қа тар Есік өзенінің бой ын д ағы шөптерден түрлі қай на т палар жа сап, емшілікпен ай налысқан. Анам Күләш Рыс бай қызы діни сауатын ашып, өзі айтатындай «Құранға түсуіне әкесінің өмір-ден өтуі тоқтау болған» екен. Соғыс кезінде бірі еңбек бата-льонына алынып, Новосібір об-лысында зауыт салуға қа тыс са, бірі таңғы алагеуімнен түн қа-ра ң ғысына дейін кетпен шауып, сол кез дегі ХТЗ тракторларының алғашқы жүр гі зу шілерінің бірі болған. Ауылдың ауыр тір-лігінің жұпыны тұрмысын кеш-кен қа рапайым отбасының кіші ұлымын.

Бес жасымда әкем қайтыс болып, не гіз гі тәрбиешім анам болды. Екі ағай ым жастайынан колхоз жұмысына ара лас ты да, мен көбіне үй шаруасымен ай-налысыппын. Апамның жеңгесі, көр ші міз Ұлтай апамның қа-рауымен өс тім. Адам ның адал-дығы өз үйіне деген, ай на ла-сындағы үлкендерге деген қаты-на сынан қа лыптасатын бол са керек. Ауылдық жер де гі үлкен тәрбиешілер қарт атала рымыз бен апаларымыз еді ғой. Мен солардың ыңылдап отыр ған әуендерімен әлдиленіп, әң-гімелерін тыңдап өстім.

Бала кезде қасымдағы жол-дастарыма дұ рыс қатынаста болып, өз ісімді ойда ғы дай ат-қа руды адалдық деп ұғынсақ, қазір ат қарған ісің, сөйлеген сөз-ің, жасаған қы лығың ертең ал-дың нан қандай болып шы ғады, қан дай қайтарымы болады деп ойланасың.

Шаңырақтың шаттығы өз ойларыңмен, өз пайымыңмен бірге өсіп, ұлғайып отыр-са керек. Бала кезімізде апа-мыз түске қарай жұ мыстан кел-генде, жүгіріп жүріп са ма у- рынға қайнатқан шайымыз-ды екі кесеге құй ып, терлеп-тепшіп ішкені, жау ын жау- са, шидің үстіне жайып кеткен құртты су қыл май жинап алуы- мыз, кешкілік бұзауды емі зіп қоймай байлап қоюымыз қуаныш еді. Сәл есейгенде біз оқысын деп он алты жасынан колхоздың қойын баққан үлкен ағайға де-малыс беруіміз, қолғабыс жаса-уымыз айрықша іс болған. Жар құшқан отбасылық өмірде бала-лы болғанда, олар өскен сайын шаңырақтың шаттығы еселене түскен. Ал жақсы қартаю, алаңсыз қарттық қандай бақыт десеңізші. Қазір енді елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп, күніге ұл-қыздарыңның есендігін білу, немерелеріңмен телефон арқылы тіл де су шаңырақтың шаттығын келтіреді.

– Көрнекті жазушы Дейл Кар неги: «Досыңыздың кім екенін айт са ңыз, сіздің кім екеніңізді айтып бе ре мін... Бақыт тапқыңыз келсе, өз ге ­лердің сізді мойындауы туралы

ой ла маңыз. Қу анышты өз ішіңізден та бу ға ты ры сы ңыз», деген екен. Сол айт қан дай, жан дү ниеңіздің байлығын шын ба­ға лай тын дос тарыңыз көп пе?

– Адам ғұмырында көп жан-дармен жолдас, қызметтес, ұжымдас, ниеттес болады. Қазір зей неткерлік жаста солардың әр қай сысы еске түсіп, ойша із-дестіре бас тай сың. Қайда, не іс-теп, қалай жүргенін білгің келеді. Өзгелердің мені мойындауынан гөрі, менің өзгелерді мойында-уым кө бірек ойлантады. Өзім мойындаған адам дарды доста-рым санаймын. Ондайлар көп емес. Оларды өзім іздеймін, сағынып тұра мын. Хабарласып, әңгімелерін тыңдағанды ұна-тамын. Еліміз үшін, ортасы үшін, отбасы үшін жақсы істер тындырып жүргендері кө ңілімді жадыратады. Ал жан дүниеңнің бай лығын шын бағалайтын адам қандай бо латынын білу мүмкін бе екен өзі? Сон дық тан мен үшін өзімнің мойындауым ма ңызды көрінеді.

– «Өмір деген – жол үсті» кітабыңызда оқитын, көңілге тоқитын ғибратты көп ой лар бар. Тағы қандай тұшымды дүниелер жаздыңыз?

– Университетте Х.Бекхожин, Т.Қожа кее в, З.Тұрарбеков, П.Құсайынов, М.Бар ман құлов, Ә.Ыдырысов, Қ.Қам бар ов, А.Мархабаев, Т.Дүйсебаева сын-ды ұстаз да рымыз не үшін жа-зуды ғана емес, қалай жа зуды да үйретті ғой. Журналистика фа культетінде бес жыл бойы кураторымыз болған профес-сор Тауман Амандосов ағай ы- мыз «күніге өзің үшін болса да жүз жол жазып қой» дейтін. Осы өсиетке барынша адал болуға ұмтылдым.

1976 жылы оқуды бітіріп, бір жылдай журналистика факультетінде ассистент болып, 1978 жылғы көктемде Тауман ағайдың айтуымен «Социалистік Қазақстан» газетіне әу бастағы жолдамам бойынша келдім. Ол кезде редакторы Сапар Бай жа-нов, бірінші орынбасары Бал-ғабек Қыдырбекұлы болатын. Қызметке кіріскен екінші күнімде Бәкең шақырып әңгімелесті де, соңында газетке өз ауылым туралы ештеңе жазбауды тап-сырды. Зейнеткерлікке шыққан соң ғана бала күнгі достарым жөнінде «Достар еске түскенде», Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыл дағы ауыртпалықтар, май-дандағы өшпес ерлік, тыл-дағы жанқиярлық еңбек туралы «Ағалар естен кетпейді» деген кітаптар жазып шығардым. Ар-тында қалған ұрпағының қандай б о латынын әкеміз ойлап, көп сөз қылады екен. Әке арманын орындап, «Әулет» деген суретті кітап шығардым. Анам тура-лы, ауылдағы апаларым тура-лы жазғым келеді. Бірақ соңғы кездері қолыма қалам алмайтын күндер көбейіп барады. Өкінішті-ақ...

– Журналистердің арасын­да «Бүгін іс тейтін жұмысты ертеңге қал дырма» де ген қанатты қағида бар. Өз тә жі ри­бе ңізде осы қағиданы қанша­лық ты ұс тан дыңыз?

– Газет дегеніміз бел гілі анықтама бойын ша коллективтік үгітші, кол лек тивтік насихатшы ғана емес, коллективтік ұйым-дас тырушы да. Мен осындағы «кол лек тивтік» деген сөзге де ай рықша мән бе рер едім. Со ны-сына қарай газет – кол лек тив тік еңбектің жемісі. Демек әр нөмірде сенің де үлесің болуы керек. Ал әр нөмір белгіленген мерзімде шы ғады. Га зетті үзбей оқитын адамдар әр нөмірдегі кіш кентай хабардың өзі дәл осы мер зім-де қажет екенін аңғарады. Олай болса, ол хабардың нөмірдің қатталуынан ке шік ті ріл мегені – тәртіп. Газет соған үйретеді, соған тәрбиелейді.

«СҚ»-ның редакциясына практика дан өтуге келген кезімде Қаби Мың жа нов , Әбдібек Нұрмағамбетов секіл ді алып-тар қатарының соңғы өкілдерін, ұлы жазушыларымыздың талай кітап та рын мәшінкеге басып бер-ген Бибіш Ба тыр бекова, Халима Үсіпова, Сәнәм Мыр забекова секілді апайларды көр дім. Кейінірек тілшілік қызметке қа-был данғанда Бекділда Абдуллин, Х а й д а р Б а й м ұ х а м б е т о в ,

Ха мидолла Рахматуллин, Сы-дық Алдабергенов, Пер небек Б е й с е н о в , У а х а п Қ ы д ы р -ханов, Мыңбай Ілесов, Тәжібай Битаев , Мағзұм Көшеков, Совет Шиманбаев се кілді ре-дак цияның ақсақал жур на ли-стерімен, облыстардағы бе-делі обком хатшыларынан кем соқ пайтын меншікті тілшілер: қызыл ордалық Бай жігіт Әбдіра-за қов, шымкенттік Алтын бек Жолдасбеков, жезқазғандық Шәртай Сүлейменов, өскемендік Мұқан Әбу ға лиев, оралдық Боранғали Ырзабаев, көк шелік Баян Нұрпейісов, талды қор ған-дық Сейдахмет Мұхаметшин, ал ма ты лық Саматай Кәрі ба ев- тармен біраз уа қыт қызмет-тес болдым. Сол үлкен жур на-листердің бәрі де газетке «сіз» де-ген көзқараста болды. Олардың бәрі үшін «газет тәртібі» деген қағида айрықша еді.

Редакцияға қызметке тұрған кез келген журналист жұмыс барысында ең алдымен маш-бюро мен корбюроның, хат бөлімінің сынағынан өтетін. Сондағы машинисткалар Өлмес Қалқабаева, Күлтай Биебаева, Шолпан Текеева, хат тіркеушілер Нәзигүл Байсарынова, Сарагүл Төребаева, корректорлар Ғайни Шәріпова, Тұрыскүл Дайрабаева, қабылдау бөліміндегі Халида Қазбақова секілді «СҚ»-ның қыздары» деген атпен танымал болған апайлар да «газет тәртібі» дегенде қаз тұратын.

Осындай қағиданың тәр-бие с ін көр ген Қойшығара Сал ғарин, Ақселеу Сей дім-беков, Әділ Дүйсенбек, Кеңес Юсупов, Сайраш Әбі шева, Тоқ-тарбек Қызықбаев, Кеңшілік Мырзабеков, Сабыржан Шү кі-ров, Жа нат Елшібеков, Жұма-гүл Солтиева, Қайсар Әлім және басқалары кейіннен танымал ақын-жазушылар, ғалымдар мен журналистер дәрежесіне көтерілді. Сол қағиданы қатаң ұстанғандардың бірі Сауытбек Абдрахманов басылымды ең ұзақ басқар ған басшы ретінде белгілі болса, бүгінде Пар ламент депута-ты болып жүр. Сұрақта айтылған қағидадан гөрі мен үшін «газет тәртібі», «нөмір талабы» деген қағидалар жақынырақ сияқты.

Аттары аталған журналис-тер дің өткен жолына қарасақ та, жеті жылдан бері зейнеткерлікте жүріп, жетпіс дейтін жасқа жет-кен өзімнің артыма бұрылып қарасам да, үнемі өмір де-ген жолдың үстінде жүре тін журналистердің болмысы жарқ-жұрқ ет кен найзағай секілді көрінеді маған.

– Ераға, белгілі қаламгер әріптесіміз Бауыржан Омар­ұлы «11­ші қаламұш» кіта­бын да өзіңізді «...Қазақ жур­налистикасында сесі мен мысы Арқаның қысы секілді білікті бапкерлер жеткілікті. Тіпті, есімі қазақ баспасөзі деген ұғым мен әбден тамырласып кеткен адамдар бар. Соның бірі және бірегейі – Ержұман Смай ыл» деп сипаттайды. Ал журналисти када өзіңіз кімді бапкер тұт тыңыз? Кәсіби шеберлігіңіздің қа лып тасуына кімдердің септігі тиді?

– Журналист әріптестерім туралы жаз ғаны үшін ғана емес, жалпысында Бауыр жан күшті қаламгер, алғыр азамат болып қалыптасты. «Лениншіл жасқа» алғаш келгенде ебедейсіздеу, аңғалдау болып көрінетін. Курстас досым Сүлеймен Мәмет өз арамызда «тірі классигіміз» деп мақтан тұтатын қазіргі

белгілі жазушы досым Қуаныш Жиенбайдың тәлімгерлігімен шыңдалды, пісіп-жетілді. Мен туралы жазғанын алғаш газет-тен бас алмай оқып шыққанмын. Екінші рет кітаптан астын сы-зып, асықпай оқыдым да, менің тұрғымнан кей сөйлемдерін ре-дакциялау, кей сөздерін алып тастау артық болмас еді деп түйгенмін. Мәселен, «есімі қазақ бас па сөзі деген ұғымға ете-не болған адамдар бар. Соның бірі...» деп кетсе, же тіп жатар еді. Қалай дегенде де өзіңнен кейін гі іні-қа рын д астарыңның сен тура-лы жаз ға ны жақсы екен.

Журналистік қызметімде сегіз бас редак тордың қарамағында жұмыс істеп пін. Сапар Байжанов «Социалистік Қазақ станның» басшысы кезінде қатар да ғы тілші, Көрік Дүйсеевтің кезінде пар тия тұрмысы, насихат бөлімдерінің мең герушісі болдым. «Лениншіл жас та» Сейдахмет Бердіқұлов, «Егемен Қазақ станда» Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекіл байұлы сынды ұлы ағаларымның, Нұр-лан Оразалин, Уәлихан Қалижан, Сау ыт бек Абдрахманов секілді керемет заманда с та рым ның бірінші орынбасарлары болып, екі рет бас редактор, акционерлік қоғамның президенті болып көріп те – барлығы отыз үш жыл қызмет атқардым.

Үйренгісі келген, үйрене білген адамға бұл аз мерзім емес қой. Үлкен ағалардан адалдықты, адамдарға қиянат жасамауды, қарамағыңдағы қызметкерлерді өзіңнен кем көрмеуді, әр күннен, әр кездесу, әр сапар, әр оқиғадан ой түюді, берілген тапсырма, айтылған ойды дамыта білуді, бүгін ер теңгі күнге жоспар жа-сай жүріп жұмыс іс теуді, өмір бір орында тұрмайтынын, бү гін бар дегенің ертең өзгеретінін үйрен-дім. Орынбасарлық қызметте маңыз дысы, бас ты ғыңның орнын басуды көздеу емес, орындаушылық қабілетіңмен та-нылу, соны көрсету, басқаларды соған тәрбиелеу деп ұқтым. Жаман болған жоқпын, нақтырақ айтсақ, ешкімнен кем қалған жоқпын. Саналы ғұмырымда ме нің айнымас көмекшім, өмір-лік қосағым, берік тылым бо-лып келе жатқан жан жарым Жақан Сүлейменқызының: «Бәрі қолыңнан келіп тұрғанда маған бір кішкентай бизнес ашып бермедің ғой», дейтін назы болмаса, жетпіс жасқа қалыпты жеткен сия қтымын. Ұл мен қызым, келінім мен күй еу ба лам бар, төртеуі де елі үшін қыз мет атқарып жүр, алты неме-ре мнің ал ды екін ші курстың студенті, кішісі әлі бала бақ шада, шүкіршілік етемін.

Журналистикадағы бап кер-лерім, қа лып тасуыма септігі ти-ген тәлімгерлерім де ген де үш адамның аттарым атағым ке-леді. «Социалистік Қазақстан» газетінде дип ломдық практи-кадан өтуге келгенде өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі Мамадияр Жақып ағамның қарамағында болдым. Мәкең диплом тақы-ры бына газеттің эконо мика мәселелерін жазуды таң дау ы- ма көмектесіп, оның жазы-луына ұйытқы болды. Ол кейін «Жетісу» газетінің басшысы болып жүргенде Колбиннің қудалауына ұшырап, Шер-ағаңның тұсында «Егеменге» алынды. Университетте Ленин-дік стипендиат болып, қызыл дипломмен бітірдім. Ойдағыдай білім алдым. Сол тұста «СҚ»-да маркстік-лениндік саяси сабақ болып тұратын. Бір аға мыз

Коммунистік партияның рө-лі туралы лекция жасап, мен «КПСС кейін тарап кеткен-де не болады?» деген сұрақ қойғанмын. Лекция өткізген бөлім меңгерушісі ағайымыз «СҚ»-ға жаңадан қызметке келіп жатқанда мына қойған сұрағың аполитичный болды» деп мені біраз тұқыртқан. Сонда тікелей бастығым насихат бөлімінің меңгерушісі, нағыз бапкерім Бекболат Әдетов қоғамдық құрылымдардың ешқайсысы мәңгілік еместігін, КПСС те сон-дай ұйым екендігін айтып, қорғап шығып еді. Бекеңнен сөйлем құрудан бастап, өткір жаза білуге дейін үйрендім. Әлі де болса ақыл-кеңестерін айтып тұрады. Тағы бір бапкерім жаңағындай саяси сабақтарға жетекшілік ет-кен, сол тұста қарамағындағы екі қызметкердің пікірлеріне түсіністікпен қарай білген «СҚ»-ның орынбасары, кейін «Халық кеңесі» газетін шығарған алғыр қаламгер Сарбас Ақтаев ағамыз болды. Осындай адамдарға жолықтырған тағдырыма риза-мын.

– Қазір алдыңғы буын өкілдерінің дені естелік­мемуар жазудан алдына жан салмай кетті. Бұл үрдіске сіз қалай қа­рай сыз?

– Егер кейінгілерге үлгі бо-лар лықтай айтар ойларың бол-са, естелік-мемуар жазғанның әбестігі болмас. Жалпысында, өз ұрпағың үшін болса да, өмірбаяның жө нінде жазып, артыңа бірдеңе қалдыр ға н ның артықтығы жоқ.

– Журналистің басқа ма­ман дық ие сінен ең басты айыр машылығы – өмір бойы қо лынан қаламын тас тамай, ақ парат алаңынан алыстамай­тыны, қоғаммен қоян­қол­тық арала сып, қия да ғы ны қы рағылықпен ша ла ты ны, сер гек зерделеп, үнемі ой құ­ша ғында жүретіні, іс­әре кет­терінің бәрі көпшіліктің көз ал дында өтетіні... т.т. Деген мен қа зір не жазып жүрсіз, аға?

– Мен мектепті бітірген өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасында жұрт жаппай өндірістік, экономикалық мамандықтарды таңдап жатқанда, төрт рет конкурстарда бір-екі балым жетпей «құлап қалып» жүріп, журналистік мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Бұл мамандық маған мың сан адам-дармен кездесуге, семейлік атақты шопанмен, алматылық тоқымашы келіншекпен, үш-төрт облыстың әкімдерімен дос болуға жол ашты. Қасымдағы жолдастарымның болмысы-на терең үңілуге мүмкіндік берді. Журналистік қызметімнің арқасында еліміздің барлық түкпірлерінде болып, әлемнің талай елдерін көрдім.

Қызметте жүргенде партия-ның съез дері, егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз ту ра лы, алғашқы аяқ алыстарымыз, жас мем ле ке тіміз шешіп жатқан сандаған міндеттер жөнінде жазудан, сол тақырыптардың жазылуына ұйытқы болудан қол тимеді. Қазір енді өз жа-ныма жақын адамдар туралы жазып жүрмін.

– Ағаш жапырағымен, жер топырағымен құнды, ал адам баласы кіндік қаны тамған Отанымен, туған жерімен еңсе­лі ғой. Туып­өскен алтын бесік мекеніңізге ат басын жиі бұрып тұрасыз ба?

– Алматы қаласынан алпыс шақырым жердегі, Есік және

Талғар өзендерінің Қап ша ғай теңізіне құяр тұсындағы бұрын-ғы Фрунзе, қазіргі Туғанбай ауылында туып-өскенмін. Апам, үлкен аға-жеңгем бар кез де ауылға жиі баратынмын. Ас-танаға көшкелі бері жылына үш-төрт рет баруға жағдай туады.

Балалық шағым өткен, әкем мен анам мәңгілік қоныс теп-кен мекен маған ыс тық. Талай елдерді аралап, әлемнің небір алып шаһарларын көрген мен үшін туған ауылым ең үлкен қорғаным. Қан дай лық танымал-мын, өстім десем де сол ауылға кішкентай бала болып бара-мын. Өскеніне, ұл ғай ғанына қуанамын. Ау ыл адам да рының алдында өзімді әркез қа рыз дар санаймын.

– Өзіңізді біреулердің мақ­тап­ма дақ тағанын жек көре­сіз, жағынып, жал тақ тауды білмейсіз, шымбайға батса да шын дықты айтасыз... Адамды қандай қа сиеттеріне қарап бағалайсыз?

– Адалдығына, қарапайым сөйлесе білуіне, ата-анасын ар-дақ тауына қарап құрметтеймін, жаныма жақын тұтамын.

– Абай атамыз Он төр тін­ші қара сө зінде «Тірі адам­ның жүректен аяулы же рі бола ма? Біздің қазақтың жү­рек ті кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жү рек­тің қасиеттерін анықтап бі­ле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі» дейді. Оң мен солын онша айыра қоймаған қан­шама жасқа сіз де көмек қолын созды ңыз, жақсылық жа­садыңыз... Бас па сөз де жасын­дай жарқырап жүрген сондай шәкірттеріңізден кімдердің есімін ай рық ша атар едіңіз?

– Хакім Абайдың айтқандарын ұғыну, тү сіну, түйсіну келе-ке-ле қалыптасатын бол са керек. Алғаш кітап жинай бастағанда ал ған қос томдығын әлсін-әлсін қарап қо я мын. Әр оқыған сайын жаңаша сыр аша мын, ұлы ұстаздың жаңаша ғибратын та-ба мын.

Мың сан шәкірттерімнің ішінен жар қырап жүргендерін атап, әрқайсысына бір ауыз сөзден арнағанның өзінде газеттің бір беті жетпес. Баяғыда «СҚ»-ның на си хат бөлімінің меңгерушісі болып жүр ге нім-де бір жап-жас қыз бала келді. Ашық екен, біраз ойларын айтты. Мен де бірер сұрақ қойып, ола-рыма жауап естідім. Кейін осы қыз жөнінде айтып жүріп, Шер-ағаңның тұсында «Егеменге» қызметке алдық. Сол кішкентай қыздың қазір енді газетте белді қызметкерге айналып, менен сұхбат алып отырған Қарашаш Тоқсанбай екенін айтсам бола-тын шығар.

Журфакта бір жыл ассистент болған да ғы студенттерімді ата-сам, тіпті таң қала сың: Мей-рам бек Төлепберген, Жұма-бек Кенжалин, Қайнар Олжай, Қайыммұнар Тәбеев, Әмір Оралбай, Шархан Қазығұл... Жарқырап көр іне б ілген , көрініп жүрген қандай жігіттер десеңізші! «Лениншіл жас- та» жүргенде журфактың бірінші курсымен кездесіп, араларынан он екі ұл-қызды таңдап алдым. Солар үнемі редакцияға келіп, газет шығару дегеннің не екенін біліп еді. Өкінішке орай редакция- да бос орын болмай, жұмысқа ала алмай қалдық. Алайда со-лардың екеуімен кейін бірге жұ-мыс істедік, олар: Нұртөре Жүсіп пен Еркін Қыдыр. Тағы екеу ін атайын: Баян Бекетова та нымал ақын, Бейбіт Сапаралы тамаша зерттеуші журналист болды.

«Егемендегі» кезімде курс- тасым, алпыс жасқа да жетпей о дүниелік болып кеткен до-сым Ербол Шаймерденұлы бір кітап берді. Оқып шығып, ав-торын Солтүстік Қазақстаннан қызметке шақырдық – біліп тұрған шығарсың қазір гі жүйрік журнали ст Жақ сы бай Самратты. Семейдің қа ла лық газетінің редакторы, өзім сыйлай тын қарындас хабарласып, бір қыз бала ту ралы айтты. Сөйлестік, жазғандарын көр дім. Қазір ол «Егеменнің» мықты бір қыз мет-кері дәрежесіне көтерілді – сіңлің Ләй ла Тілеубаеваны білесің ғой. Айта берсе, ондай шәкірттерім жетіп жатыр.

Бірақ мен ешкімге өзімнің жақ сы лы ғым ды, тәлімгерлігімді таңбай мын. Мен үшін соны өздерінің біліп жүргені жет-кілікті. Өмір солай жалғаса бере-ді екен.

ӘңгімелескенҚарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Ержұман Смайыл!Ержұман, қош дегізіп өрт күніңеЖетпіс те жылжып басып жетті, міне!..Көрсек те дүрсіліңді со-оу заманда,Риза болатынбыз мәрттігіңе.

Бір жанға титімдей де қастығың жоқ.Сен үшін қалды Жұмыс басты ұғым боп.Кей кезде шашылсаң да тас-талқан боп,Сол сәтте шығушы едің тас-түйін боп.

Болмастан өр аға да, төраға да,Айналдың жүк көтерер Бел ағаға...Оңды-сол найзағайын сілкіп атқанҚашанда адал болдың Шер-ағама!

Сен үшін көп-көп адам аласа тым.(Жан аз ғой үйлесетін, жарасатын.)Кеудеңе сыйғызғанша құйып алдыңӘбіштің пайымы мен парасатын.

Жарасып әрбір келген жаңа күнменӨз жолын Азаматсың таба білген.Ержұман, жасай берші, ұзақ жаса! –Бірде айқын, бірде жұмбақ заманыңмен!

Темірхан МЕДЕТБЕК

«Өмір деген жарқ-жұрқ еткен найзағай»––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Егемен Қазақстан» газеті ұжымының Ерағасы – Ержұман Өтешұлы бүгін 70 деген мерейлі жасқа келіп отыр. Ол қазақ журналистикасына 33 жыл калтқысыз қызмет етіп, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакто-ры, акционерлік қоғам президенті болып жұмыс істеді. Мерейтой иесін егемендіктер атынан шын жүректен құттықтай отырып, Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі журналист Ержұман СМАЙЫЛМЕН әңгімені оқырман назарына ұсынып отырмыз.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

8 5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛРУХАНИЯТ

Өткеннің бедері

Қазан революциясының жүз жыл ды ғына орай «Халыққа ол сор болып жабысты ма, жоқ, əкелген жақсылығы бар ма?» деген төтесінен қойылған сұрақ – орыс ой айдынын шымырлатып, бір-бірін қуалаған сөз нөпірінің толқыны жағалаудың біраз аумағын көпіршіген көбікке айналдырып тастағандай. Кө кейде жүрген тақырыптар қозғалса да, басқа халықтар тағдырына қатысы ша малы сарын астамшылығын аулай түскен сайын бір түрлі қиянат шеккендей қолайсыз күй кешетіні несі екен? Басқа шығару мен жапа шегудің неше атасын көрген ата-баба халін осындайда тура жақыннан сезіну адам болмысында көп қайталана бермейтін құбылыс.

Жиырмасыншы ғасырдың осынау бас-ты оқиғасына бүйрегі бұратындар, қата-рының молдығын малданып, марқаятын құлықтарын байқатпай қоймады. Бүгінгі аға ұрпақ қатарына қосылатын қалың қауым арасынан Кеңес Одағы тəрбиесін алып, шарапат шуағына бөленгенін тілге тиек етіп, аңсары сол заманға ауа беретінін жасырмай жалғанға жария қылатын отандастар жеткілікті. Мəс кеу теледидары мен баспасөзінен өз өкі-ліміз дің ажар-келбетін ұшырата қалсақ бітті, мерейіміз өсіп, мейіріміміз қанатын халді бастан талай өткергенімізді жады-дан шығарып жіберуге тиіспіз бе, тиіс емеспіз бе? Оны зерттеп, қазылық кесімін ақи-тақи жариялаған қорытындыны əл-əзірге ұшыратпасақ та, ең басты ыры-сымыз бұйырған Тəуелсіздік екенін сезінудің өзіне едəуір ерік-жігер керек тəрізді. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының орта шенінен былай қарай қарбаласқа толы қапылыс соңы ойранға ұласатынын Кеңес Одағы билігінің бол-жай алмау салдарын өзегі өртене еске қанша алса да, енді қайтып оралмайтын дəуренді жоқтаудың түпкілікті себебін барып-барып аңғаратынымыз қызық. Мəскеу сарапшыларына Желтоқсан көтерілісі бейне болмағандай, қасақана атап өтпейтін дағдысын қараулыққа ба-лау жетімсіздік жасайтын сияқты. Кеше ғана қор саналған жұрт өкілі жастарының алып империя құлауының бастауындағы ашық қарсылығы əлі күнге дейін қатты шамдандыратынын аңдайсың.

Кеңес Одағының ыдырау қарсаңын-дағы орыс əдебиеті өкілдерінің қолтаң-бала рын талдаған танымал шолушы тұл ғалар тоқтамдары көкейге қанша қонымды көрінсе де, бет-əлпеттерінен аңқыған тəкаппар кейіптері адамды сұмдық жабырқататынын несіне жасы-рамыз. Орыстың аса талантты ақыны Юрий Кузнецов Абайды аударуға кірісіп, «Адамзаттың бəрін сүй бауы-рым депті» кезіктіргенде таң-тамаша болғаны сонша, «мұндай тұжырымды Пушкин мен Лермонтовтың өзінен кезіктіре алмайсың» десе керек қой. Көп жылдар Мəскеуде тұрған адам аузы нан естіген бұл əңгіменің өзегінде. адамгершілікке саятын ізгілік барын аңдайсың. «Алла шексіз, адам өлшеулі» деген Абай қарасөзінен кезігетін тұжы-рымды Лев Толстой күнделігінен ұшырат-қан уақытта ойшылдықтың үндесу нүк тесіне таңданбасқа амалың қайсы. Бірінің ойын бірі іліп əкетіп, тарпа бас салып меншіктеп ала жөнелетін қазіргі заманның рухани барымтасы мен сырым-тасы олар үшін мүлде жат.

Жариялылық дəуірі күшіне кіргеннен былай Мəскеудің Орталық Азияға деген қас-қабағы жараспай, ендігінің тілімен айтқанда, бүкіл кұрмет басымдығы Бал-тық жағалауы елдері мен Еуропада қоныс-танған ағайындарына қарай ауып, Хан Тəңірінен Памирге дейінгі аралыққа көпе-көрінеу танытқан өгейлігі күні бүгінге дейін жадыда. Сонысымен қоймай əртүрлі атаудағы істерді қозғап, еңсені езіп, рухты жанши бастаған қадамдарында кемсітуші пиғыл ап-анық сезілетін. Қазақстан басшылығы ауысып, орнына қонжиған бейтаныс кісіге деген қарсылық дүр көтерілген əзелгі кездегі желпініп, желіге түскен халімізді айтпаңыз. Кеңес Одағы билігіне қыр көрсетіп, бүкіл халықтан кешірім сұрататындай өрекпу екпіні екі сөтке арасында сап басылды. Міне, содан кейінгі ауыр ахуалды көптің көптігінің арқасында өткердік-ау...

Желтоқсан көтерілісінің табын суыт-пас тан бас көтерген əртүрлі оқиға-лар жариялылықты ұлттық мүддеге қарай ұластырып, тəуелсіздік деген тұжырым бел ала бастады. Кеңес Одағы іргесі шайқала бастаған уақытта тек Орталық Азия ғана қалқан болатыны-на көзі жеткен Горбачев əйелі екеуінің Ташкентке жасаған сапарының еске түсе беретін себебі – өзбек кейуанасының аттанғалы тұрған екеуіне тандырдың күлшесін əкеліп қолдарына ұстатқаны еді. Алматыға да жолы түсіп, теледи-дар арқылы сөйлеген кезде Қонаевтың өз орнына ұсынатын ешкім жоқ деп айтқанын атап көрсетіп, тұнығымызды шайқап, былықтырып кеткенінен бы-лай – бұлар да халық-ау деп санаспаған менмендігінен сол жолы жұрнақ та қалмағанын көзіміз көрді. Желтоқсанның қанды оқиғасының тікелей себепкері қазақ теледидары арқылы əлгіндей мəлімдеме жасауы көңілге əлбетте сы-йымсыз. Кеңес Одағы құлауының қар-саңында Қазақстан территориясының тұ-тастығына қасақана көз алартқан сөзі нен көңіл қалып, түңілуден бұрын, қазақ ты құдайы анық қаққан халық-ау деп еріксіз ойлайсың.

Ұлы деген мемлекеттің бірінші бас-шыларының тұрқы осындай, қалған-дарының сұрқы айтпаса да белгілі емес пе?!

ЖұмабайШАШТАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

– Бақыт Əбдіғалиұлы, биыл Қазақ циркі «Ер Төс-тік» бағ дар ламасын əзір леді. Бұл ла зерлік шоу баяғы «Таң-ға жа йыптар елінің» табы сын қай талай ала ма?

– Цирк өнері де ел өмірі нің бір бөлшегі. Елімізде қабыл данған «Рухани жаңғыру» бағ дар ламасы біздің жаңа идея ларымызға түрткі болды. Нə ти жесінде, цирк «Ер Төс тік ті» оятып, жаңа қырынан жаң ғыртты. Лазерлік шоудың кү ші мен зұлымдық пен қайы-рымдылықтың арасындағы тар-тысты көрсетуге қол жеткіздік. Осыған дейін лазер жарық сəулесі күйінде ғана концертте, дискоте-каларда пайдаланылып келген бо-латын. Ал біздің циркте алғаш рет кəдімгі сурет арқылы көрерменге арнайы бағдарлама ұсындық.

Көрермен өте жақсы қабыл-дады. Цирк тіл таңдамайды, күй таңдайды ғой. Бірақ бағ-дар лама екі тілде де жүреді. Қойы лымға отбасымен келген атақты Асанəлі Əшімов аға мыз аттың құлағында ойнаған цирк əртістерінің шеберлігіне аса риза болды, ертегі циркте қандай та-маша көрсетілді деп ықыласын білдірді. Асанəлі ағамыздың келісі циркке кəдім гідей жарна-ма болды, себебі өнердің жілігін шағып, майын ішкен ағамыз таң-тамаша бол ған соң, басқа көрермендер де ағы ла бастады.

– Шынында да бұрын цирк бағ дар ламасына ертегілер ар-қау бола қойған жоқ. Қазақ цир кі биыл бірінші рет «Ер Төс тікті» тірілтті.

– Кез келген цирк қойылым-дары дивертисмент тік түрде өр биді. Яғни цирк əртістері бі-рінен кейін бірі шығып, жүр-гізуші хабарлап, өнерін жал-ғастыра береді. Бұл кейде кіш-кентай көрермен үшін аса қы-зықты бола бермейді, өйт кені бү гінгі заман талабы басқа. Ал ертегі түріндегі қо йылымдарда цирк жанрларын бір-бірімен қабыстырып, байланысты-рып, кейіпкерлер оқиғаларды өрбітіп, тұтас бас-аяғы бар дү-ниеге айналады. Əрбір ертегі кейіпкері үшін 200-ге жуық кос тюм тігіліп, ол лазерлік

шоу мен көмкерілгенде сəтті бо-лып шық ты.

Біз жастарымызды классика-лық туындыларға, бекзат өнер-ге тəрбиелеуіміз керек. Даң-ғаза, арзан музыка мен арзан өнер ден адамдар шаршады. Ең бас тысы, «Ер Төстікте» кəсі би ком позиторларымыздың шы-ғар машылығын арқау ет тік. Нұр ғиса Тілендиев, Төле ген Мұ ха меджанов, Қуат Шілде-баев сынды жəне басқа да ком-по зи торларымыздың тама-ша музыкалары мен кəсіби ке ре мет орындаушылардың өнері үйлесімін əдемі тапты. Наурыз айында Астананың жиырма жылдығына осы «Ер Төстік» қойылымымен Қазақ мемлекеттік циркі отыз жыл-дан кейін алғаш рет гастрольдік сапар ға шықпақ.

– Кезінде Қазақ циркінің шабандоздары əлемнің ешбір елінде қайталанбаған трюктер жасаған ғой. Солар кімдер еді?

– Сіз Омархан Жамана қов пен Орынбасар Құрманбаев ты айтып отырсыз ғой? Бұл «Қос аттың астынан өту» деп ата ла-тын трюк. Бар болғаны 13 метрлік шеңбердің ішінде атпен шауып келе жатып, үстіне шығып, яки болмаса қос аттың сауырынан өтпек түгі л, жай ғана үстінде құлап кет пей оты рудың өзі өте қиын. Сон дықтан атпен бірге қисая жүйт кіп, оған икемделу үшін үлкен шеберлік қажет.

– Сол Жаманақов сияқ ты шабандоздардан сарқын шақ бар ма?

– Біздегі «Номад» тобында небір жігіттер бар. Түркия, АҚШ, Ресейдегі телесериал, көркем фильмдерге күрделі трюктерді орындау үшін «Но мад» тобының жігіттері шақы рылады. Олардың аттары да əб ден үйретілген. «Жат» десе – жатады, «тұр» десе – тұра ды. «Ер Тұғрыл», «Тобол», «Ви кинг тер» сияқты көптеген кар тиналардағы, өзіміздің «Көш-пенділер», «Кек», «Батыр Баян» сияқты фильмдердегі қауіпті трюктерді біздің шабандоздар орындаған.

– Осы Қазақ циркі өзін-өзі асы рай ала ма?

– Əрине, асырай алады. Ол үшін кəсіби мамандарды, цирк жанрларын көбейту керек. Қа-зір қандай қызметке болса да жарнама қажет. Мəселен, қа зір əлеуметтік желілердегі жұмыс та жақсы нəтижесін бере ала-ды. Міне, осы бағыттағы жұ-мысымызды жандандырып жатырмыз. Негізінен циркті үш нəрсе құрайды: ол үйретілген жануарлар, клоундар жəне елді таң-тамаша қалдыратын цирк əртістері. Осы үштіктің үйлесімі цирк өнерін өрге шығарады.

– Жануарлар демекші, олар ды ұрмай-соқпай үйре ту -ге бола ма?

– Жануарларды ұрып-соғып өнер ге баулу деген – түбегейлі қате пікір. Өйткені өзіңіз ой-лаңыз шы, бір тонна тартатын ат ты ұрсаңыз, ол оны мін дет ті түрде есіне сақтайды. Орайы келгенде қораның ішін де немесе көлікке мінгізіп жат қан да кузо-вына қысып жібереді. Жануар-дың да тілін табу арқылы ғана айтқаныңды орындатуға бола-ды. Ол үшін уақтылы тамақ-тандырып, кəмпит-күлшесін бе ріп отырасың.

Менің бір таңданғаным, бір жануар бір трюкті жаса-са, екіншісі оны жылдам қай-талайд ы. Олар өзінен соны ке рек етіп тұрғанын ішкі түй-сікпен түйсінеді. Ендеше, ұрып-соғу деген артық əңгіме.

– Алматыдағы цирк атта ры іргесінде тұр ғой. Қ о йы лым -дар болмаған кездерде олар -ды трейлерде ұстау қатыгез дік болар?

– Қойылымдар болмаған кезде біз оларды вольерлерде қаңтарып ұстамаймыз. Қала сыртындағы Таутүргенде ар-найы орынға бос жіберіп қоямыз. Қойылымдар бас талған кезде бір мезетте 12 атқа дейін алып келе алатын көліктеріміз бар. Бақанас жақта да мамандарымыз бар, олар түйелеріміздің де мінез-құлқын жақсы біледі. Тұжырымдап айт-қанда, жануарлардың бабы жа-салып, олардың қойылымдарға əзірлігі үнемі бақылауда бола ды.

Адамдар тек өздерін ғана ақыл ды деп ойлайды. Алайда, кейбір жан-жануарлардың түсі-ну түйсігі адамнан да артық. Мəсе лен, жылқыларымызды жуын дыратын кезде өздері жү-гі ріп келіп, себезгінің астына тұра қалады. Тіпті, аюлар да қуа-нып, құнжыңдап же тіп келеді.

Ризашылықтары көз дерінен көрініп тұрады.

– Осы тоқсаныншы жыл -дары бала пан басымен, тұ-рымтай тұсы мен кеткенде Қа зақ циркінің іліп алар мық-ты əртістері ше тел дік шапи-толармен келі сім шартқа оты-рып, кетіп қа луға мəжбүр бол-ды. Солар дың оралғандары бар ма?

– Сол кезде АҚШ-қа ке тіп қалғандар əлі сол жақта жұ-мыс істеп жатыр. Ресейге кет-кен дердің көбі қайтып келді. Өйт кені бөтеннің аты бөтен. Себебі дайындық кезінде олар манеж бен көмекшілерін бере бермейді. Бірақ əртістеріміз қинал са да тəжірибесін байы-тып қайтты. Қазір цирктің бет-ке ұстар өнерпаздарына қол-дан келгенше жағдай жасап, халықаралық фестивальдарға қатысу үшін костюмдерін тігіп, керек-жарақтарын тауып береміз.

Соңғы екі жылда біраз же-тіс тікке де қол жеткіздік. Тə-жі ри белі əртістеріміз Қытай, Ис па ния, Ресейде өтіп жатқан бай қаулардан жүлдемен оралды. Кө лік ұтып алғандары да бар. Өнер де тек өз қазаныңда ғана қайнап, өсе берем деген болмай-ды. Шетелдік фестивальдарға міндетті түрде қатысып, бəсе-ке ге қабілетті екенімізді дəлел-деуіміз керек. Ең бастысы, Ал-ма тыда өзіміздің Цирк фести-валін өткізуіміз қажет, ол дү ние жүзіне Алматымызды дəріп-теуге, туризмді дамытуға үлкен септігін тигізері сөзсіз. 15-20 мем лекеттен фестивальға кел-ген қатысушылар қаншама жар-нама жасап кетеді десеңізші.

– Бүгінгі Қазақ циркінің жас жұлдыздары кімдер?

– Əділет Тиканов, ағайынды Қады ровтар, Талғат, Индира Оңал баевтар, Аня Демидова, Марина Стародубова, Нұрлан Алшынбаев пен Серік Бура-шевтің жігіттері бар. Бұлар өте мықты дарындар. Бірақ цирк əртістері тұйықтау келеді. Даң-ғаза, жарнама дегенді біл мейді. Мені көр, мені жаз де мейді. Цирк əртістері аспанда шарықтап жүріп, арқандарға өрмелеп небір өнер көрсетеді. Бұл үшін оған жүрек пен жан кештілік, құдайдың берген қабі леті, сенім қажет.

«Щелкунчикте» періштелер ді ойнайтын небір мықты кіш кентай өнерпаздарымыз бар. Олар өнер көрсеткенде көрер мен қуаныш-қошеметтен орнынан дүр етіп

көтеріледі. Міне, таңғажайып өнердің құді реті.

– Сіздердің көрерменде рі ңіз қиялдары аспанмен талас қан айрықша аудитория. Олар ды залда ұстап оты ру, ты ныш -тандыру қиын ба? Өйт кені, олар таңданады, қор қа ды, жы-лайды...

– Циркке тек балалар келеді деген пікір қате. Адамдар цирк-ке таңдану үшін, таң қалу үшін келеді. Адам баласының мүм-кіншілігі шектеусіз, талай таң-ғажайыптар жасай алады. Қыс-қасы, таңғажайыптар тау сылмақ емес. Біздің əр тіс тер де сол кө-рер менін таң ғал ды ру шылар са-натынан.

– Осы əр елдің циркінің өз ерекшелігі, дамыған жанрла-ры бар. Трансформациялық шоу ларға бейімделіп алған ша питолар да жетеді. Ал Қа з ақ циркінің «фишкасы» қан дай?

– Бізге де талай елдің циркі келген. Біз де талай елдің цир-кін көрдік. Бірақ кейбір ел дердің циркі іш пыстырып жібереді. Неге? Өйткені олар бірсыдырғы. Музыкасы да бірдей, орындай-тын жанрлары да ұқсас. Біздің Қазақ циркінің өзіндік ерекшелігі, əртүрлі жанрды қатар меңгерген. Соның ішін де көзге ұратыны ша-бандоз əртіс теріміздің трюктері мен акро баттарымыздың өнері жоғары бағаланады.

– Ал балалардың қазір сү-йік ті клоундары бар ма? Мен «сайқымазақ» деген сөз ден əде-йі қашып отырмын...

– Бұл жанр бүгінгі таңда цирк-тердің ең басты проблемасына айналды. Манежге шық қаннан көрермендерін баурап алатын 5-10 ғана клоун қалды десем өтірік емес.

– Дүние жүзінде ме?– Жоқ, Еуропа мен Азия -

да деп айтуға болады. Оның өзінде Еуропада жүр ген клоун-дардың негізі – ресейлік тер. Франциядағылар да солар. Олар-дың да өз сайқымазақтары бар. Бірақ нөмірлері көрерменді тəн ті ете бермейді, ал Батыстың əзіл-дік қойылымдары Азияда жақсы жүре бермейтіні тағы бар. Бірақ Қазақ циркінде Ақбаев, Шадко, Өмірзақовтар бар. Нөмірлері өз болмысымызға арналған, жақсы қабылданады.

– Əңгімеңізге рахмет!

�ңгімелескенАйнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

ӨНЕР

«Таңғажайыптар таусылмайды»––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматының қақ жүрегіндегі осы бір тамаша ғимаратта қателесуге қақысы жоқ �нер �кілдерінің қатысуымен небір таңғажайыптар жасалып жатады. Мегаполистегі әрі байырғы әрі кенже дамыған жанрдың қара шаңырағындағы �згерістер туралы Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Б�КЕБАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Елбасы рухани жаңғырудың басым бағыттарын белгілей отырып, ғалымдар мен мəде-ниет қайраткерлеріне жаңа мін деттер жүктеді. Сондай мін деттің бірі халқымыздың жадысына айналған табиғи, мəдени жерлерін, діни жəне за-манауи сəулет құ рылыстарын ұлттық кодымызды сақтау дың, жалпыұлттық ұғым қа лып -тастырудың бір тетігі етіп алу болып табылады. Ұлт тық му-зей жанынан құ рыл ған «Киелі Қазақстан» ор талығы «Қа-зақстандағы 100 жал пыұлттық деңгейдегі киелі орын дар» тізі-мінің жобасын жариялағаны мəлім. Осы ретте ғимаратының өзі рес публикалық маңыздағы сəу лет ескерткіші санатына жа-татын Ұлттық ғылым академия-сын да сол тізімнің қатарына əбден қосуға болар еді-ау деген ой келеді. Ғылым академиясы өзінің құрылған кезінен бастап ұлттық мəдени жəне ғылыми мұраны сақтауға барынша бел-сенді, көшбасшы сипатқа ие. Со-нымен қатар академия отандық ғы лымның белді орталығы бо-лумен қатар көп жылдар бойы еліміздің мəдени ошағы ретінде де ай тар лықтай жобаларымен ерек шеленді. Мемориалдық му зейдің бүгінде академияның сəу лет кешенінде орналасуы біз үшін айрықша жағдай əрі үлкен

мəртебе саналады. Бұл музей ондаған жылдар бұрынғы тари-хи кезеңдерге сапар шеккізеді. Музей өзінің ғылыми жəне тə-лім-тəрбиелік қызметі арқылы Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сəтбаевтың өмірі мен қызметі жайындағы сан-сапатты мағлұматты ұлт тық ғылыми жəне тарихи-мəдени мұраның бір бөлігі ретін де қарастырып, насихаттаумен ай-налысады.

Бүгінгі өскелең ұрпақты ғы-лымға, оның ішінде геологияға, геологиялық барлауға тарту – өте маңызды мəселе, дер едік. Қаныш ағамыз 1963 жылы жа-рия ланған мақаласында былай деп жазған болатын:

«Болашақтың ғылымы! Кім оны көз алдына келтіре алады!..Болашақтың ғылымы бұрын болмағандай адамзат қоғамының бақыттылық пен ауқаттылық мақ саттарына толық қызмет етеді. Ол адам-дар дың тек қана материал-дық қажеттіліктерін қанағат-тандырып қоймай, жан-жақты рухани гүлденуге əкелетін арма-нын өмірге алып келеді».

Былтыр күзде Ақмола облы-сының Степногор қаласында ғалым Қ.Сəтбаевтың ескерткіші бой көтергенде оған бəріміз шат танып, марқайдық. Бұл іс-шараға еліміздің тұңғыш

ға рыш кері Тоқтар Əубəкіров, ғалым ның немерелері, ғылым докторлары Əлима Жармағам-бетова, Александр Третьяков, Қ.Сəтбаев атындағы Геология инс титутының директоры Герой Жолтаев жəне т.б. белгілі тұлға-лар қатысты.

Ескерткіштің ашылу рəсі-мін де Степногор қаласының əкімі А.Күмпекеев: «Ұлы тұлға-лардың есімін мəңгі сақтау, тарихи-мəдени мұра нысан-дарын, ескерткіштер ашу бұл Президенттің «Рухани жаң-ғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы басым бағыт-тардың бірі болып табылады» деді. Соңынан «Тау-кен өн-дірушілер» сарайында акаде-мик Қаныш Сəтбаевтың мемо-риалдық музейінен алын ған жəді герлер бойынша тамаша көр ме өтті. Іс-шараны белгілі ғалым дардың қатысуымен өткен «Қаныш Сəтбаев – ұлы ғалым-ұйымдастырушы, да-нышпан, патриот» ғылыми конференциясы жалғастырды. Конференцияға 100-ге жуық ма ман дар мен сарапшылар, мем лекеттік мекемелердің, өнер кəсіп кəсіпорындарының, ғылым, білім саласының, мəде-ниет мекемелерінің басшыла-ры, студенттер, аспиранттар, қоғамдық ұйымдардың белсен-ділері атсалысты.

Олар академиктің ғылыми мұрасына, оның Қазақстандағы ғылымның қалыптасуына жəне дамуына қосқан үлесіне қатыс-ты ауқымды ойларын орт-аға салды. Баяндамаларда негі зінен ел аумағында сирек кездесетін элементтер, кө мір-су тектердің кен орындарын тə жірибелік қолдану жəне оны анықтау мəселелері бойын ша теориялық-əдістемелік, ғылы-ми пайдалануы жөніндегі ой-пікірлер көрініс тапты.

Конференцияға қатысушы-лар Қаныш Сəтбаев тың 125 жыл дық мерейтойына дайын-дық жұмыстарына тоқ талды. Бұған түрлі сала ма ман да-рын қамтуға орай тілек тер біл дірілді. Респуб лика аума-ғындағы табиғи гео ло гия лық ескерткіштерді, мəде ни мұра нысандарын күтіп сақтау үшін қоғамдық-пайдалы жұмыстарға əсіресе, оқушылар мен студент-терді кеңінен тартуға назар аударылды. Мұнан басқа

«Қазақ станның киелі орындар» тізіміне ҰҒА жəне академик Қ.Сəт баевтың мемориалдық музейі ғимаратының енгізілуі, мем лекеттік музейлердің база-сында Қазақстан ғылымының жетістіктері мен тарихы, тау-кен ісі дамуының тарихы жəне гео логия негіздерін зерде-леу бойынша орта білім беру бағдарламаларына факуль-тативтік сабақтар енгізу сияқты т.б. бірқатар өзекті мəселелер туралы əңгіме қозғалды. Осы-нау шарадан көкейге түйгеніміз – көрнекті ғалым Қаныш Иман-тайұлы негізін қалаған ұлан-ғайыр іске бүгінде жалынды жастар қамтылып, жарасымды жалғасын табуда.

Бақытжамал АЙТМҰХАМБЕТОВА,

«академик, Қ.Сәтбаевтың

мемориалдық музейі» ММ директоры

ТАҒЫЛЫМ

Киелі орынның бірі

Page 9: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 9ӘДЕБИЕТ

Томас Стернз ЭЛИОТ

Бірде əр жаңа буын өзінің əдеби сынын ала келуі керек деген едім, өйткені əр ұрпақ «өнерге өз өлшем-дерімен қарайды, өз талаптарын ай-тып, жаңа мақсат қояды». Талғам мен сəннің өзгеретінін ға на айтқым кел-ген жоқ. Тіпті одан да терең сыр жа-тыр. Өткен күннің үздік шығармасын басқаша қабыл дап, алдыңғы толқынға қарағанда көбі рек басқалардың ықпа-лына ұры натынын ескеріп отырмын. Қан дай да бір ауқымды сыни мақа ла «əдеби сын» деген ұғымды тү бегейлі өзгертіп, мазмұнын байытады деп те айтпаймын. ХVI ғасырдан бері «білім» сөзінің мағынасының өзгеруіне жаңа пəндерді өзіне жинақтауы ғана емес, жалпы халыққа қарата көп айтыла бастауы да ықпал етті. Осыған ұқсас өзгерісті «əдеби сын» ұғымының эволюциясына қарап та байқар едік. Джонсонның «Ақындардың ғұмыр-намасы» сияқ ты жауһар шығармасы мен бүгін гі күннің сыны Кольридждің «Əдебиет биографиясы» еңбегін уақы-ты мен маңыздылығына қарап салыс-тырыңызшы. Джон сон ның əдебиет дəстүрін ұстанатын кезеңнің соңғы

өкілі болғанымен, ал Кольридж жаңа стильдің мықты жағын мақтап, əлсіз тұсын сынауымен ғана айырмашылық бітпейді. Мұндағы басты ұқсамайтын дүние Кольридждің поэзияға терең мəн, кең мағына беруінде. Ол сынды философиямен, эстетикамен, психоло-гиямен байланыстырды, бұл ғылымдар əдеби сынға дендеп енді. Одан кейінгі буын өздерінің қорқынышы мен тəуекеліне байланысты ғылым са-лаларын пайдаланды һəм пайда-ланбады. Бүгінгі күні Джонсонды бағалау үшін тарихи пайым керек, есесіне Кольриджбен жаңа заман сыншысының ортақ тақырыбы көп-ақ. Бүгінгі сын Кольридждің мұрагері десек те болады, һəм бүгінге жет-се, өз заманындағыдай қоғамдық білімдерге қызығып, лингвистикамен,

семиотикамен де шұғылданарына се-нер едім.

Осы ғылымдардың бірінің пози-циясымен əдебиетті зерттеу – біздің замандағы əдеби сынның өзгеруіне əкелген екі себептің бірі. Екінші себебі: белгілі. Ағылшын, Америка əде биетін университеттерде тереңдеп оқытуға баса назар аударылды, тіпті, Америкадағы мектептерде сыншылар сабақ беретін, ал ұстаздар сын жазатын кезең пайда болды. Мұны жаман дей алмас едім: қазіргі қызықты сынның көбін сол кезде университетте оқыған əдебиетшілер не-месе өзін сыншы ретінде алғаш мектеп-те сынап көрген ғалымдар жазып жүр. Бірен-сараны болмаса, біздің заманы-мызда журналдағы сын кəсіби сыншы-лар үшін ұзақ өмір сүрудің жолы емес жəне бұл қалыпты жағдай. Қазіргі сын-шылар сонда бұрынғыларға қарағанда басқа əлемде, өзге аудиторияға жазып жүр ме? Менің ойымша салмақты сын азшылық үшін жазылады. ХIХ ғасырмен салыстырғанда сол азшылықтың саны көп болмай-ақ қойсын.

...Егер əдеби сында тек конондарға, ұғымдарға жабысып алсақ, онда ерте ме, кеш пе, сын тек түсіндірме дəрежесіне құлайды. Тіпті, сын ешқашандай ғылым

саласы болмаса да (болғанда емес), ғылымиланып кету қаупі бар. Бір жағынан, импрес сионистік, субъективтік көзқарастарды да ас қындырып алмауы-мыз керек. Онда біздің сынымыздың бос əңгі ме мен зая сөзден айырмасы болмайды. Отыз үш жыл бұрын, осы импрес сионистік сын маған ұнамай «Сынның мақсатын» жазған ем. Енді менің пікірімше біз таза түсіндірумен ай-налысатын сыннан сақтануымыз қажет. Соңғы отыз жыл ағылшын, америка əдеби сынында сəтті кезең болды деп ойлаймын. Артқа қарап, тіпті, тамаша ма деймін. Кім біледі?

«Сын шекарасы»мақаласынан, 1956 жыл

Аударған Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

Талғам – таразы

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ,сыншы

«Əдеби сын арасына бірнеше ғасыр салып, проза мен поэзия-дан кейін дүниеге келді» дейтін-дердің пікірі шындыққа жана-спайды. Көркем сын да əде-биеттің – бел баласы, ол өнер туындыларымен бір мез гіл де өмірдің есігін ашқан. Ежел гі дəуірдегі ойлай алатын, эстети-калық көзқарасы қа лып тасқан, шығармашылық тəжірибесі бар адамдардың көркем туын-ды жайындағы тол ғам-тұжы-рымдарын алғашқы əде би сынға əбден жатқыза аламыз.

Əрине, уақыт өте келе сын өнерден ен шісін алып, бөлек отау болып шық ты, өз бетінше да-мып, ақын мен жазушы еңбегінің құндылығы мен олқы лығын көрсетіп, қаламгердің танымын тереңдетіп, шығармашылық ше бер лігін шыңдай түсуіне игі əсерін ти гізді. Көркем сын -ның əдебиет тарихынан айыр-машылығы, ол ең алдымен қазіргі күндегі прозамыз бен поэзиямыздағы болып жат-қан құбы лыстарды саралай-ды, классикалық мұ ра мызды бүгінгі уақыттың қоғамдық жəне көркемдік мақсаттары тұрғысы-нан түсіндіреді. Əдеби сын өмір мен, қоғам дық күреспен,

сондай-ақ дəуірдің эсте тикалық жəне философиялық ойларымен тығыз байланыста болады, ол түрлі тарихи кезеңдерден өтіп, тек ХІХ ғасырда əдебиеттің ерекше түрі ретінде қалыптасты. Батыста Д.Дидро мен Г.Лессинг, Г.Гейне, В.Гюго, Э.Золя, Ш.О.Сент-Бёв, И.Тэн и Ф.Брюнетьер, М.Арнолд, Г.Брандестер сын саласының да-муына зор ықпалын тигізді.

Біздің елімізде əдебиеттану саласында еңбек етіп жатқан ғалым дар көп болғанымен, кəсі-би сыншылар жоқтың қасы. Өйткені нағыз сыншы болу – жанкештілікті, үздіксіз іздену ді,

тау-тау кітаптарды оқып қа на қоймай, солардың ішінен пай-далысын ажырата алатын ішкі түйсігіңнің мықты болуын талап етеді. Саясатты, əлеу меттануды, психологияны, тарихты, өнер мен эстетиканы терең білетін жəне оларды əдемі ұштастыра алатын адамнан ғана кəсіби сын-шы шығады. Сонымен бірге, ұлы ақынның немесе ірі суреткердің шығармашылығы туралы əңгіме қозғаған сыншының бойында, оның талантына пара-пар қабілет болуы тиіс. Басқаша жағдайда сен тұлғаның тереңдігін тани алмай, шығармашылығының бетінен ғана қалқисың.

Сынның басты мақсаты əде биеттің қозғаушы күші бо-лу. Көркем сыны дамы ған ел-дің əдебиеті ғана биік белес ке көтеріле алады. Кейде сөз өнері-нің мұраты үшін сын шы лар-дың өз заманының ақын-жазу-шыларын қам шылап, тым қатты кететін кездері де жоқ емес. Міне, осы жерде орыстың атақ ты

сыншысы В.Г.Белинскийді ес-ке алуға тура келеді. «Бізде əдебиет жоқ, – дейді Белинский бір сөзінде. – Мен бұл сөздерді шат тықпен, лəззат ала отырып айтамын, өйткені, осы ақи -қаттан келешектегі біздің əде би табыстарымыздың кепілі бола алатын зор мүмкіндігін көре-мін». Одан əрі əйгілі сыншы, сөз өнерінің балалық кезеңінің өт-кенін, нағыз əдебиетті туғыза тын уақыттың енді келгенін жүрегі жарыла жаздап, жалпақ жұртқа жария етеді. Бізде осыдан он жыл бұрын бір үлкен сыншы апа-мыз «Нағыз əдебиет енді туа ды» дегенді айтып қалып еді, қазақ қаламгерлерінің бəрі оны ағаш атқа мінгізіп, түтіп жеп қоя жаз-дады. Міне, осыған қарап, сын-ды қабылдау мəдениетінің қазақ қоғамында төмендеп кет кенін көреміз.

Өткен ғасырдың сексенінші жылда ры ның басында, «Жалын» журналында сыншы Тұрсынжан Шапайдың шартты тұрғыда

«соғыстан соң туған ұрпақ» ата-лып жүрген, жастары қырыққа таяп қалған ақындардың поэзия-лық шығармаларын қат ты сына-ған «Алыс пен жақынның арас ы» деген зерттеуінің жарық көргені есі ме түсіп отырғаны. Жасы жиыр мадан жаңа ғана асқан жігіттің талдауында «шындықты шым байға батырып айтамын» деген оймен, тым артық кет-кен тұстары да бар болатын. Алай да, көлемді еңбектің əде-биет тің ұлы мақсатын көзде-ген, қазақ поэзиясының бүгі ні мен болашағына деген алаң-даушылықтан, жанашырлық пи-ғыл дан туған дүние екені бірден көзге ұрып тұрды. Əлбетте, сын есту оңай деймісің. Ренжігендер болды, келіспегендер болды, қатты өкпелегендер де табыл-ды. Бір ғажабы мақалада өлең-дері сыналған, сол жылда ры қазақ поэзиясының аспанын-да жұлдыздары жарқы раған ғажайып ақындар Темір хан, Жұматай, Кеңшілік, Жарас-қандар ізін басып келе жатқан əдебиеттегі талантты інісінің жағасына жармасқан жоқ. Айтқан сындарына түсіністікпен қарады.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда ақын-жазушылардың сынды қабылдай алатын ішкі мəдениеті жоғалып кетті. Бір кішкентай сын айтқан адамға шоқпар ала жүгіретін жаман əдет, жұлдыз ауруына шалдыққан бəріміздің бойымызға кесел болып жабысты. Ақындар мен жазушылар бірін-бірі жамандап, бірін-бірі жоққа шығарып, бейшара оқырман бір адамның таза субъективті пікірі ғана болып табылатын осындай дүмбілез дүниелерді сын ретінде қабылдап, рухани қорек етіп жүр. Сынның азусыздығын пай-даланып, кейбір ақындар теле-дидардан, газеттен, əлеуметтік

желіден аузына не келсе, соны сөйлей беретін болды. Он жыл бұрын жетпістен асқан ақса-қал ақынымыз: «Мен өлеңді шығармаймын, Құдай маған оны құла ғыма сыбырлап оты-рады. Соны сол қалпында қағаз бетіне түсіре беремін» деп сұхбат бергенде, жасы біразға келіп қалған адамға аяушылықпен қарағанмын. Енді бүгін жасы əлі қырыққа да толмаған бір ақынның «Менің ішімде Құ-дайдың құпиясын білетін кісі отыр» деген сөзін естіп, не жы-ларымды, не күлерімді білмей, қатты сасып қалдым. Сын жоғал-ған жерде, əдебиет осындай «депрессияға» түседі.

Сынды құрметтеу парыз емес, сынды бағалау парыз емес, бірақ сынмен санасу парыз. Əлем əдебиетіндегі əйгілі қалам-герлердің бəрі де сын естіген. Айтылған сындарды қабыл дай алмағанымен, онымен санасқан. Қоры тынды шы ғар ған. Қолына қалам алған кез келген ақын не-месе жазу шының шығармалары міндетті түрде сынға ұшы райды жə не бұл өте дұрыс, қалып-ты жағ дай. Көп жазған сайын сені сынау шылардың қатары да арта түседі. Үлкен ақын неме-се ірі суреткер болғысы келетін шығармашылық адамы үшін бұл өзін-өзін тексерудің үлкен мектебі, өйт кені сен өзіңді мұқият оқитын адамдардың бар екенін көресің жəне олардың сенің болмашы кемшілігіңді де кешірмейтінін түсініп, барын-ша жақсы жазуға тырысасың. Сын шығармашылық адамының рухының қайралуына, жігерінің шынығуына мол мүмкіндік береді. Өмірі сыналмай, тек қана мақтау ести беру, шы ғар-машылық адамы үшін – өте қауіпті.

Сын мұраты – тану–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�дебиет алып мұхит болса, сын оны танудың – әмбебап құралы. Ол с�з �нерінің табиғатын зерттеумен, ақиқатты танудың эстетикалық заңдылығын белгілеумен, классикалық мұрамызды талдаумен ғана айналысып қоймай, бүгінгі әдебиетіміздің бағыт-бағдарын айқындап, жетістігіміз бен кемшілігімізді к�рсетіп, к�ркем шығарманың ерекшелігін, жілігін шағып түсіндіреді. Оқырманның дүниетанымын байытпайтын, адамға рухани ләззат сыйламайтын шығарма нағыз �нер туындысы бола алмайды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Жер бетіне тынымсыз тіршілік үшін келгендей бір сəт дамыл таппай, ты-ным көрмей арпалысты ғұмыр кешетін адам баласы ішкі сипатына да терең мəн беріп, жан əлеміне шексіз бойлап-ақ келеді. Сонда да іздегенін таппағандай, ынтық көңілін баса алмай, Құдай берген сананың түпсіз тұңғиығында мелдектеп бағуда. Осы күнге дейін ғылымның неше түрі ашылып, рухани хəлдің қанша алуан сыры сөз болса да, əдебиет деп ат қойған – асыл сөздің жəрдемімен мыңдаған жауһарлар кітап болып шыққанымен, тағы бір керемет туынды əне-міне жа-зылып қалардай алдағы күнге елеңдеп қарайды. Сонда адам жанының қанағаты жоқ па? Əлде сыртқы дүниенің шексіз болатыны сияқты, жан да, ішкі əлем де соншалықты түпсіз терең бе? «Менің білетінім – ештеңе білмейтінім» деген данышпан сөзінің қайдан шыққанын аздап ұғуға болатындай. Бірақ түсіну қиын. Жету – азап.

Əдебиет ғұмырында пайда болған

кейіпкерлер мен оқиғалар санау-лы өмірімізде пайдамызға жарап, өз қызметін атқарып келеді. Жазу да тоқтаған емес. Ал əр шығарманың ішкі құпиясы мен сырына үңілген, содан сəуле тауып, нұр шашқан əдеби сын да осы тіршілігімізге мағына сыйлар бір ермегіміз сияқты. Осы əдеби сынның төңірегінде əртүрлі пікірлер айтылып, жазылып жатады. «Əдебиет өсу үшін сын керек» дейді алдымен. Иə, керек. Бірақ қандай сын? Сынның мақсаты, мұраты не? Тек əдебиетті өсіру ғана ма?

Бұған айтар уəж көп-ақ. Бернард Шоу көркем шығармаға қанша сын жазылса да екеуі дербес шығармашылық екенін айтады (Онда əдебиетті өсіргені қайда?). Толстой Пушкинді Белинскийдің сы-нынан кейін түсініпті. Əбіштің əдеби портреттерінен кейін Ілияс пен Қасымды, Тұманбайды, Мұқағалиды, Төлегенді етене тани түскендей болдық. Тұрсынжан Шапайдың «Анық Абайы» санамызда монолит боп қатқан хəкімнің тұлғасына жан бітірді. Таласбек Əсемқұловтың «Шукшиннің қырқыншы синонимі» мақаласы əрбір

шығарманың түбіне сəуле түсіруге шақырды. Ағылшын, Америка сыншы-лары Эзра Паунд пен Элиот автор мен кейіпкердің жан əлеміне ғылымның шырағын ұстап үңілуге үндеді. Цвейг автор мен шығарманың арасындағы өмірлік һəм көркем шындықтарды байланыстырса, Лотман мен Умберто Эко сөзге терең мəн беріпті. Бұл тізім бұнымен бітпейді... Осында бəріне ортақ бір мақсат бар. Адамның рухани күйін һəм қабілетін бағалау. Жан қозғалысы арқылы болмыс ашылса, шығарма арқылы қабілет көрінеді. Сын əдеби акт сияқты. Соңғы үкімді де, тұжырымды да айтады. Шынайы сынның бір мақсаты осы болса керек-ті. Ал осы соңғы сөзге жетудің жолы əртүрлі жəне ұзақ процесс. «Бір-біріне ұқсамайтын ақындардың көп болған жақсы» деген сияқты əдебиетке сыншылардың да көп болғаны, бірін-бірі қайталамағаны керек.

Жазушының мақсаты – жан əлемін ашу. Сынның мақсаты – жазушы əлемін ашу. Өмірдің өзі бір жерден жақсылық тауып, бір күнде жаңалық ашудан тұрмай ма?!

Әдеби акт

Сүлеймен М�МЕТ,«Егемен Қазақстан»

Жазушының болмысын жазған шығармасынан ұғу қиын емес. Бұл тұрғыдан келгенде белгілі қаламгер Дидахмет Əшімханұлының кісілік келбеті, асып-таспайтын біртоға мінезі, сөйлеу мəнері, пенделікке салынып, қалыбын бұзбайтын өзіндік байлам пайы мы, тоқтар тоқтамы, турашылдығы туындыларын оқып отырғанда кейіп-керлерімен қатарласып көз алдыңда тұра қалады. Алтайдай биік жердің түлегі əр туындысына терең мəн беріп, ойлы көзбен қарады. Аз жазды, бірақ сандықта жататын сап алтындай бабына келтіріп саз жазды. Бəріне талғаммен қарады. Сол талғам таразысынан сығымдалып шыққан шығармаларының үш томы («Нұра-Астана» баспасынан) таяуда қолға тиіп, қайта бір қарап шықтық. Бір байқағанымыз, Дидахмет үш томды да өзі əзірлеп кеткен секілді.

Бірінші том «Тасқала» деп ата-лып, профессор Құлбек Ергөбектің «Ұлт тық рух жыршысы» деген салмақты мақаласымен ашылыпты. «Д.Əшімханұлы – əңгіме жанрының айтулы шебері, қазақ əдебиетінің

қабырғалы қаламгері», депті замандас ғалым бауыры. Бұл – алып қосары жоқ ақиқат сөз. Əсіресе сөз қолданысындағы халықтық бояу тəнті етеді. Ол «Жер аңсаған Саратан» повесінен байқалады. Есберген мен Қожық арасындағы əңгіме, сыбызғы үнімен баяндалатын Саратан оқиғасы кімді де болса бей-жай қалдырмайды. Туған жер адам үшін ғана емес, жануар үшін де қымбат дегенді санаңа мысқалдап сіңіріп, ұйқыға батқан ойыңа себезгілеп сəуле түсіреді. Тіпті кейде сыбызғы үнімен көркем тілді ұштастырғанда толқытады, толғантады.

Екінші том «Ақшоқы» деп ата-лып, өзінің «Сырласу» атты алғы сө-зінен бастау алып, бес əңгімесімен ұштасып, əдеби эсселерге жалғасып, м а қ а л а л а р ы м е н т ү й і н д е л е д і .

Мақа ла ларының ішінде «Жүсіпбектің сын шылығы туралы» дүниесі сауат-ты жазылған. Сөз зергері Аймауытов əлемі жан-жақты талданады. Сол секілді П.Мерименің новеллалары, əсіресе «Таманго» новелласындағы Таманго атты құл сатушының өзінің қандастарын өзгеге құлдыққа беріп есіргені, есіре келіп арақтың буымен əйелін де тегін құлдыққа өткізіп жібергені, артынан өзі ит өліммен өлгені алға тартылып, осы-дан сабақ алсақ, қане, дегенді меңзейді.

Үшінші том «Теңіз қорқауы» деп аталып, əлем əдебиетінің айтулылары Джек Лондон мен Джон Голсуорсидің романы мен новеллалары топтастыры-лыпты. Қазақ тілінің көркемдігін жетік меңгерген жазушы аудармада да өзінің қарымды екенін дəлелдепті.

Дидахмет Əшімханұлының бұл сү-белі еңбегі, асқар Алтайын, мұз құр-санған Мұзтауын, ерен Ертісін, өзге де атажұртын көркем тілмен келістіріп суреттеген құндылық. Ұлт тілінде сөй-леген кітаптардан адам деген ардақты атқа қылау түсірмеген «Өмірді сүйген, адамды сүйген жүрекпен, Қаламмен мынау қағазға талай гүл еккем» деген Дидахметтей талантты жазушының да дидары көрініп тұрғаны анық.

Дидахмет дидары

сынын ала келуі керек деген едім, өйткені əр ұрпақ «өнерге өз өлшем-дерімен қарайды, өз талаптарын ай-тып, жаңа мақсат қояды». Талғам мен сəннің өзгеретінін ға на айтқым кел-ген жоқ. Тіпті одан да терең сыр жа-

Талғам – таразы

Page 10: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

10 5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛЗЕРДЕ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Айып Қисаұлы Құсайынов – Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болған, ғылым докторы, ел басқарудың сан алуан сатысынан өт­кен қайраткер. Рес публикада мал тұ қымын асылдандыру ісінде де ол кезінде көптеген жаңалықтардың ұйыт қысы атанды.Ал жеке басындағы қа сиет терге келсек, Айе кең қай жерде жүр сін, қандай ортаға кір сін адал дығымен, аза мат ты ғымен дараланды. Айып Қисаұлын білетіндердің оған деген құрметінің шексіз болуы да сондықтан.Айып Қисаұлы тірі жүргенде 80­ге толар еді. Мына, төменде айтылған ілтипатты пікірлер азамат бейнесін жан­жақты сомдап, атағын одан сайын асқақтатып тұрғаны анық. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақтың ардақты ақыны, көр кем сөз абызы Мұзафар Әлімбай ғұмыр нама­сының басты кредосын өзінің мына өлең жолдары айқындап тұрғандай:

Дүниені таза тапсыру парызКезегі келген көктемге.Осылай жырлаған ақын бар адами

болмысымен, табиғи дарынымен бұл ұс­танымынан ешқашан ауытқыған емес. Мұзағаңның өмір жолы мен шығар­машылығын зерделеп зерттеген кісінің бұған көзі жетері хақ. Ақын ағамыз қазақ­тың саф алтындай табиғи мінез­құлқын, тереңнен толғайтын телегейлігін бойы­на сіңіріп өскендіктен, ел қадірін, жер қадірін перзенттік жүрек тебіренісімен ұғып, дарабоз дала тағдырымен жан дүниесі бітісіп, бірігіп кеткендей.

Мен даламмен өлшеймін тағдырымды, Маған дос сол Даламның досы ғана,Немесе: Туған елді лайық неге теңермін?Елім – Емен: Жапырағымын Еменнің.Туған жердің нәрін жұтып, нұр құшып,Еменімнің арқасында көгердім.Шалқып Емен жайқалады менсіз­ақ,Еменсіз мен қайтіп күнім көрермін?!

– дейді ақын аға.Иә, әрбір «Отаным», «елім», «хал­

қым» дейтін адамның жанының шырағ­данындай иман­ұғымы осылай болуға тиісті. «Отсыз жүректе ғана Отан жоқ» – осы имани ұғым Мұзағаңды тағдырдың небір сұрапыл дүмпулерінен аман алып шыққан. Елінің басына түскен қилы­қилы қиындықтар мен қайғылы, қасіретті кезеңдерде де жұртының жанына нұрлы сөзбен нәр беріп, ұрпақ санасын саралап, халқымыздың дана даралығын танытып, ұлттық келбетін сақтап қалуға жанұшыра атсалысып жүр ген зиялыларымыздың бірі – сан қыр лы талант иесі Мұзафар Әлімбай. «Елдің қамын ойлаған ерте есейер» деп ақын өзі айтқандай, Ертістің керекулік өңірінде, Маралдыда, мұғалімнің отба­сында дүниеге келген оның азаматтығы мен дарынын дәуір күрделілігі, аласапы­ран жылдар құйыны сомдап, мақсатын айқындатты.

Мұзафар ағамыздың әкесі Айтма­ғанбет ХХ ғасырдың басында Уфа қала­сындағы «Ғалия» медресесін бітіріп, туған ауылын да мектеп аш қан. Сол мек­теп әлі бар екен. Анасы Зейнептің бойына ақындық дарыған кісі болыпты, он екі құр­сақ көтерген, 9 перзенті шетінеп кетіпті. Тірі қалғандардың ішін дегі кенжесі Мұзафар 4­5 жасынан бастап ана аузы­нан Абай, Бұқар жырау, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Иса, Естай жырларын естіп, жаттап өседі. Жалпы, Маралды атырабында ақын­жыраулар, ертегішілер,

әншілер көп болған. Солардың бірі Мағауия Бәс те миұлы парсы, араб тілдерін жетік меңгерген айтулы ақын екен. 1935­1938 жылдары жас Мұзафарға Шығыс поэзиясының жеті жұлдызын танысты­рып, тағылым берген сол кісі.

1938 жылы Мұзафар Әлімбай Пав­лодар қаласындағы педучилищеге оқуға түседі. Сол жерде жүріп поэзияға құш­тарлығы артып, қалалық әдебиет үйір­месіне қатысып, өлеңдер жаза бастай­ды, олар облыстық газетке шығады. Педучи лищені үздік бітірген жас жігіт Ұлы Отан соғысы басталғанда, облыс­та құрылған мәдени­үгіт бригадасында болады. 1941 жылдың желтоқсанында ол әскерге өз еркімен аттанып, 3 айдай қатардағы сарбаз, кейін саяси жетек­шінің орынбасары етіп бекітіледі. 1942 жылы ол 101­ші дербес атқыштар брига­дасының миномет дивизиясында батарея командирінің саяси қызмет жөніндегі орынбасары, 1943 жылы армияда саяси қызметкерлер институты таратылғанда, Мұзафар Әлімбай танк училищесіне оқуға жіберіледі. Жауынгер­командир кейін кадр офицерлері қатарында қалды­рылған. Тек 1948 жылы сәуір айында ғана Қазақстан Үкіметінің араласуы­мен әскерден босап, елге оралған. Сол жылы Қазақ Мемлекеттік университетіне оқуға түскен ол «Пионер» журналының бөлім меңгерушілігіне бекітілген. 1949 жылы «Жастар дауысы» атты ұжымдық жинаққа Мұзафар Әлімбайдың майдан жырлары енеді. Оның бірнеше өлеңіне ай­бынды ақын Қасым Аманжолов сүйсініс білдіріп, мақтаған екен, осы жайт жас ақынға қанат бітіргендей. «Қарағанды

жинағы» атты бірінші кітабы 1952 жы­лы жарық көрген. Осылай басталған ақын ның шығармашылық жолы әртүрлі қызметтегі өсуімен ұштаса отырып, ша­рық тай бастаған.

1958 жылы Қазақстанда алғаш рет «Балдырған» журналы ашылғанда, Мұзафар Әлімбай оның бас редакторы болып бекітіліп, оны 1986 жылдың қазан айына дейін басқарған. Қазақ балаларын әдебиетке баулып, олардың ұлттық са­насын қалыптастыруға осы журналдың қосқан үлесі мол екені анық.

Ақын Мұзафар Әлімбайдың шығар­ма шылы ғындағы аса үлкен арналы сала – балалар әдебиеті. Зерттеушілер де, қалың қауым да Мұзағаңды бала­лар поэзиясының классигі деп баға­лайды. Оның танымдық та тәлімдік туын дылары сонау елуінші жылдардың басынан бері бастауыш мектеп оқу­лық тарына, балабақша репертуарына молынан енген. «Жыл он екі ай» күн­тізбесінен үзбей орын тепкен маңызды тақы рыптардағы таңдаулы өлең­жырла­рының өзі бір төбе. Көптеген шығар­малары бүлдіршіндердің қолынан түс­пес құндылыққа айналған.1984 жылы «Аспандағы әпке» атты өлеңдер жина ғы үшін Мұзафар Әлімбаевқа Абай атын дағы мемлекеттік сыйлық берілді. Ол қазақ ба­лалар әдебиеті бойынша осы сый лық тың лауреаты атанған бірден­бір қаламгер.

Мұзағаң шын мәнінде педагог­жазу­шы. Ол кісінің сонау алпысыншы жылда­ры қазақ радиосынан жүргізген лекцияла­ры ата­аналарға таптырмас бағыт­бағдар болды. «Тәрбие туралы әңгімелер» (1972 ж.), «Халық қапысыз тәрбиеші» (1976 ж.),

«Халық ғажап тәлімгер» (1994 ж.) соның нәтижесі. Халық шығармашылығындағы тағылымдық тенденцияларға арналған зерттемелері баспасөзде үздіксіз жария­ланып келеді.

Мұзафар Әлімбай – эссеист жазушы, әдебиет зерттеушісі, сыншы. Әсіресе оның «Өрнекті сөз – ортақ қазына» (1967 ж.) атты ғылыми монографиясы, ма қал­мәтелдің көркемдік табиғатын, оны аударудың теориясы мен практи­касын талда ған зерттеулері жоғары оқу орын дарының студенттеріне оқулық әрі тәржімашыларға көмек ші құрал болып табылады.

«Қалам қайраты» (1976 ж.), «Тол­қын нан толқын туады» (1992 ж.) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен өне­рінің келелі мәселелеріне, жеке қайрат­керлеріне арналған эсселер, сын мақа­лала ры болса, «Көңіл күнделігінен» (1980 ж.) атты кітабы қазақ әдебиетінде жазу шы лабораториясын тұң ғыш сөз еткен еңбек.

Мұзафар Әлімбайдың эпикалық жанрда жазған оннан астам поэмасы бар. Соның ішінде шоқтығы биіктігімен халық сүйіспеншілігіне бөленгені «Ес­тай­Қорлан» атты лиро­эпостық даста­ны. Бұл шығарма қазақ сахарасына аты кеңінен жайылған даңғайыр компози­тор, ақын, әнші Естай Беркімбайұлының трагедиялық тағдырына арналған, ол бірнеше рет қайталанып басылды, орыс тіліне де аударылды. Отанға, туған халқына деген ыстық сезім Мұзағаңның жүрегінен небір жалынды шығармаларды жарқ еткізді. «Менің Қазақстаным», «Елдік тің еңсесі», «Зерденің зері», «Аяз би» атты өрнекті туындылар солардың қата рында.

Мұзағаңның 350­дей өлеңіне атақты композиторлар ән шығарған, 1984 жылы жарық көрген «Ақмаңдайлым» атты жинағында сол әндердің жартысындайы қамтылған.

Өмірдің мән­мағынасын фәлсафалық оймен түйіндеп, оны шұрайлы да шы­райлы бір­екі сөйлеммен үйіріп нақыл шығару ақын сана­сезімінің қуат­тылығының жемісі деп білу қажет. «Нар ға татыр мақал бар» дейтін Мұзағаң тынбай ізденіс үстінде жүреді. Ұлан ша­ғынан бас тап төл нақылдар шығара тын ақынның бір неше «Нақылдар кітабы» жарық көрді.

Естелік жанрында да елеулі еңбек ет­кен Мұзафар Әлімбай өзі араласқан қазақ әдебиетінің майталмандары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы, С.Мәуленов, М.Иманжанов және т.б. 50­60 шақты қазақ зиялыларының кісілік парасатын ашып, «Өмір. Өнер. Өнерпаз» (1990 ж.), «Көргендерім көңілімде»

(1992 ж.), «Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның» (2002 ж.) кітаптарын оқыр­манға тарту етті.

2003 жылдың 4 шілдесінде «Қазақ әдебиеті» газетінде Мұзағаңның «Заңғар замандас тар – қайран қаламдастар» деген атпен реквием­жырлары шықты. Әрбір төрт жол – қазақ әдебиетінің біртуар­ларына нәрлі көркем сөзбен бейнелеп, фәлсафалық оймен түйіндеп жасалған ескерткіштей.

Кеудемнен арылта алмай қара бұлтты,Көңілім өткенді ойлап алабұртты...О, заңғар замандастар – қаламдастар!Туған ел сендер кетіп нала жұтты.

Мұншама қадіріңді ұғар ма едім, Ұға алмасам майысып сынар ма едім?! Жас ұрпақ жалғастырсын: бұл өлеңім, Баршаңа бағыштаған дұғам менің! Осылайша Мұзағаң заман даста рының

заңғарлығын асқақтатып, кейін гілерге өмірдің мәнін де, сәнін де ұқты рып, ұлт­тың санасын өсіріп, рухын шың дайтын ірі тұлғаларды қадірлеп­қастер леуді үйретеді. Өйткені сол бір туарлар елдің руха ни ғұмырының бағ даршамы ғой.

Мұзафар Әлімбай шығармалары 39 тілге аударылған, ақын өзі де көркем аудармамен көп айналысып, Еуропа, Шығыс елдері әдебиеті классиктерінің татымды туындыларын қазақшалаған.

«Ақын болу деген не? Ақын болу – халық атынан сөйлеуге хақың болу» және «Әміршіге ел «Хан ием!» деген, ал ақынға ел «Әулием!» деген. Осын дай нақылдарымен Мұзағаң ақындықтың киелілігін қастерлеп, оған қойылар та лап­тың да биік екенін ұқтырады.

Мұзафар ақынның талантының шың­далуына ықпал етіп, оның адамдық, тазалық, парасаттылық, кішіпейілділік, ең бек қорлық қасиеттеріне тәнті болған аға­іні, замандастарының өз пікірлерін біл ді ріп жазғандар қатарында М.Әуезов, Ғ.Мүсі репов, І.Омаров және т. б. көптеген қазақ зия лылары бар.

Еліміздің егемендігіне шаттанбаған қазақ зиялысы бар ма, Мұзағаң да тебі­реніп, алғашқы мемлекеттік Әнұранның сөзін жазып, төрт автордың бірі болды. 1994 жылы ақын ағаға «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді. Ол «Құрмет» орденімен марапатталған. Ақын халқы үшін тер төксе, елі де ақы­нын ардақтайды.

Халық жазушысы Мұзафар Әлімбай­дың жанынан, жадынан толқын болып құйылған туындылары келер ұрпаққа аманат болып қала бермек.

Жадыра ДӘРІБАЕВА,ақын

Еңбегімен еленді

Бәйкен ӘШІМОВ, кеңестік партия, мем лекет және қо ғам қайраткері, Қазақ КСР Минис тр лер Кеңесінің Төрағасы (1970-1984 жж):

– Кезінде Алматы зоотех ни калық­малдәрігерлік инсти тутын үздік бітірген, сосын инс ти туттың аспирантурасын­да оқып, кейін Павлодар облы сын­дағы «Бесқарағай» асыл тұ қымды қой зауытында зоотехник болып еңбек жолын бастаған, сөйтіп кандидаттық диссертациясын қорғаған жас маман Айып Қисаұлы Құсайынов та бұл іспен шындап шұғылдана бастап еді. Ол бірнеше жыл бойы совхоз директоры болып қызмет істеп, кейін Екібастұз аудандық партия комитетінің біріншісі хатшысы болып жүргенде республика Ауыл шаруашылығы министрінің мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметіне жоғарылатылды.

Мен Айып Қисаұлын осы кезеңнен бастап жұмыс барысында танысып, жа­қынырақ білдім. Айып таза ака де миялық ғалым болған жоқ. Өмірден тәжірибе жинақтаған, мал шаруашылығын өз қолымен басқарып, түрлі түйін ді мәсе­лелерді шешу ге араласқан білгір маман ретін де де, алғыр ғалым, шебер ұйым­дастырушы тұр ғысынан да көзге түсіп, жоға ры қызметте тез бедел жинады. Үкімет басқарып отырған маған ол талай келіп, өзінің ұсыныс тарын ай тып, оны қорғап және өткізуге орын ды дәлелдер кел тіріп, табандылық көрсетуші еді.

Оның орынды талап­тілектері, ұсыныстары мен жобалары бізден де қолдау тауып, іске асып жатты. Ол үз бей 15 жылдан астам республи ка мал шаруа­шылығын басқарды. Ауыл шаруашылығы министрінің, Мем ле кеттік агро өнеркәсіп комитеті басты ғының орынбасары, кейін «Асыл» мем ле кеттік акционерлік компа­ния сының президенті бола жүріп, респуб­ликада түліктерді асылдандыру ісімен шұғыл данды. Ғылым докторы дәрежесін қорғады. Австралиядан асыл тұқымды мал әкеліп, малдың саны мен сапасын

арттыруға зор үлес қосты. Ірі қа ра ның сүтті, етті болуын көз де ген тә жі рибелері жақсы нәти же берді. Қой жүні нің сапасын арттыруға, биязы жүнді қой тұқымын мо­лынан өсіруге қол жеткізді. Егер оның іске асыр ған ғылыми, басшылық еңбектерінің рес пуб ликамызға тигізген пайдасын мөл­шер лесек, миллиондаған қаржы кіріс кіргізіп, мал шаруашылығында жүр ген жұрттың жақсы табыс тауып, әл­ауқат­тарының жақсаруына өз үлесін қосқанын көрер едік.

Ұлы Абайдың «Адамның адамшы­лығы істі қалай бастағанынан белгілі бо­лады. Қалай аяқтағанынан емес...» деген даналық сөзі бар. Айып Қисаұлы қандай дәрежедегі қызметте болмасын, қандай ауқымды істі де жақсы бастап, жақсы жалғастырып, тамаша нәтижелермен аяқтап жүрді.

Амал қанша, Айып Қисаұлы өмір­тәжірибесі толысқан, ғылым жолында өзіндік жол салған дарынды ғалым, шебер ұйымдастырушы, білгір басшы, абзал аза­мат болып қалыптасқан шағында өмірден өтті. Тірі болса, тәуелсіз Қазақстанның нығайып, гүлденуіне өз үлесін әлі де қосар еді. Ол өз өмірінде зор беделге, құрметке, жақсы атаққа ие болды. Еңбегі Үкіметтің бірнеше жоғары наградасымен аталып өтті. Артында әке атағына лайық ұрпағы қалды.

Мәңгі ұмытылмайтын бейне

Нариман ҚАРАЖІГІТОВ,Қазақстанның халық әртісі:

– Айекең сегіз қырлы, бір сырлы жігіт еді. Мен оның өнерді жақсы көре­тін қырын ғана көрсеткім келеді. Оның өзгелерден бір ерекшелігі – тек қызмет аясымен ғана шектеліп қалмай, әдебиетті, музыканы, өнерді сүйіп бағалайтын еді. Осы тұрғыдан ол маған да сый­құрмет көрсететін. Қандай той болмасын мен ән айтсам, ол маған «Нәке», «Ләйлімді» маған қалдыр, мен айтайын», дейтін. Ол Евгений Брусиловскийдің «Шолпанын», Әбілахат Еспаевтың «Достар» әнін, Әсет

Бейсеуовтің «Ағалар» әнін, Милютиннің «Чайка» әнін нақышына келтіріп орын­дайтын. Әсіресе менің есімде қалғаны – кеңестік композитор Мокроусовтың «Күзгі жапырақтар» әні. Осы әнді орын­дағанда тойға жиналған халық ду қол шапалақтап Айекеңе шынайы сүйіс­пеншіліктерін білдірген болатын. Сол кезде мен Айекеңнің ән айтқанын соңғы рет естіп тұрғанымды білмеппін. Айекең­нің жарқын бейнесі менің есімде осы қалпында мәңгілік қалады.

Абзал аға

Әбдірахман ОМБАЕВ,ауыл шаруашылығы ғылымда рының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, Қазақстан Рес пуб-ликасы Мемлекеттік сыйлығы ның лауреаты:

– Республика халқының атакәсібі – мал шаруашылығының бірінші басшы­сы ретінде оның бұл салаға өзі еңбек еткен кезеңде қосқан үлесі орасан зор болды. Ол Қазақстанда қаракөл шаруа­шылығының өсіп­өркендеуіне ерекше мән берді. Қаракөл қойын селекциялық­асылдандыру бағытындағы жұмыстар, елтіріні өңдеу, дүниежүзілік деңгейге сай өнім шығару мақсатында жаңа тех­нологияларды енгізу ісі Айекеңнің қолдауымен және тікелей араласуымен жүргізілді.

Айекең Қазақстанда қаншама ғалым­дардың еңбектерін дұрыс баға лай біліп, олардың ғалым болып қалып тасуына өзі­нің әріптестік септігін тигізді де се ңізші!.. Айып Қисаұлы адал еңбекті ар дақ тай білетін осындай абзал азамат еді.

Айекең адал дос, үлкенге іні, кішіге

аға бола білді. Асыл да ардақты ағаның еткен еңбегі, парасатты әділ сөзі, қимас мінезі, құлақтан кетпес әні, ұмытылмас бейнесі оны білетіндердің көңілінде мәңгі орын алды.

Нағыз адам болатын

Төлеубек ҚОҢЫР, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, журналист:

– Айып Қисаұлы Құсайыновпен за­мандаспын. Осыдан қырық бес жыл бұрын Алматыда студенттік шақта кездескенім есімде. 1956 жылы күзде Алматы зоотехникалық­малдәрігерлік институтында саяси құғын­сүргін құр­баны, жазушы Бейімбет Майлиннің от­басымен болған кездесуде жерлестер ретінде танысқан едік. Бір жастай ғана үлкендігі бар Айып (ол институттың 2­ші курсында оқып жатты) ересек, ақылды, байсалды жан ретінде таныл­ды. Жерлестер болғандықтан, ара­тұра жолығысып та жүрдік.

1960 жылы Айып институтты бітіріп, жолдамамен Павлодар облы­сына оралды. Мұнда жас ғалым­зоо­тех ник «Бесқарағай» асыл тұқым ды қой зауытына бас зоотехник болып тағайындалды. Академик Ә.Елама­новтың басшылығымен қой тұқы мын асылдандыру­селекциялық жұмыс­тарымен айналысты.

Шаруашылықта тоғыз жыл бас зоо­техник болып істеген Айып Қисаұлы №23 қой совхозына директор болып келді. Мен журналист ретінде шаруа­шылығында жиі болып, жас басшымен жүздесіп жүрдім. Отыз бір жасар Айыпқа үлкен совхоз сеніп тапсырылды. Мұның да шаруашылық бағыты «Бесқарағаймен» бірдей еді. Жүн, ет бағытындағы қой өсіретін. Биязы жүнді қой өсіру енді ғана қолға алына бастаған. Мұнда Социалистік Еңбек Ері Күләй Шарбақбаева, оның ұлы Қабдынәсір Шарбақбаев, Серікбай Темірханов, Нәскен Тиіштенов сияқты атақты шопандар болды.

Шаруашылығы тұралап қалған сов­хозды өрге бастыру үлесі Айыпқа тиді.

Абырой, атақ бірден келе қоя ма. Жаңа келген басшы ең алдымен еңбек адамдарымен қарым­қатынасын орнық­тырды. Шопандардың тұрмыстық жағ­дайын жақсарту, тұрғын үйлер салу басты назарында болды. Келе сала бәрін тап­тұйнақтай етті деуден, әрине, аулақ пыз. Бірақ әрдайым еңбек адамын қолдап, қамқорлық жасап, тиісті көме гін көрсетіп отыруы нәтижесінде бірте­бірте жұрттың жас басшыға сенімі артты.

Осының өзі тегін кетпеді. Көп ұзамай

Қарақала шопандары биікке өрледі. Төл мен жүн алудан алдына жан салмады. Облысқа ғана емес, республикаға да бел­гілі болды. Айып Қисаұлының абыройы да артты, беделі де өсті.

Оның жұмыс кабинетінде отыруы аз болатын. Ауа райының қандай болға­нына қарамастан, ерте тұрып қатар­қатар орна ласқан қой отарларын аралап шыға тын. Сонда алдымен сұрайтыны – шопандардың амандығы. Сонан соң барып шаруашылық жайына көшетін. Отарларды аралаған кезде не көрді, қойшылармен әңгімеде не байқады – соның бәрі совхоз мамандарының кешкі басқо суында үлкен әңгіме болатын. Ерте ңіне сол кемшіліктер қалай жойылып, жаңадан қандай пробле­ма туындады – бәрін қайта пысықтайтын.

Ол осы ауылдан КОКП ХХV съезіне делегат болып қатысты. Облыстық партия конференциясында Айыптың сол съезге делегат болып баратыны белгілі болған. Арнайы іздеп барып жолықтым, ежелгі достардай емен­жарқын әңгімелестік. Айыптан Мәскеуде қайда орналаса­тынын біліп алып, съезд басталар күні телефон соқтым. Бізде сағат – тоғыз. Ал Мәскеуде таңер теңгі – алты. Телефон қоңырауына Айып тың өзі жауап берді. Әдеттегідей көңіл күйін, үлкен астананың әсерін сұрай бастадым. Досым көтеріңкі кө ңілмен көрген­білгенін асығыс айта бастады. Оның осы әңгімесінен шағын сұхбат құрастырып, газетке жарияладым.

Съезден кейін Айып Қисаұлы Екі­бас тұз аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Қарақала халқы сол жолы Айыппен қимай қоштасып, игі тілекпен шығарып салған еді. Екібастұз ауданының біраз шаруашылықтары қазіргі Ақтоғай ауда­нынан бөлінген­ді. «Ақкөл» совхозында ұзақ жыл бас бухгалтер болып Айыптың әкесі Қиса Құсайынов істеген. Ел де, жер де өзіне таныс, халқы да біледі. Осы ара­дан Айып астанаға тартты...

Ел, ағайын арасында Әйкен атанған Айып Қисаұлы қашан болсын азамат ретінде танылды. Оны үлкен­кіші бірдей сыйлады, құрмет тұтты.

Суық хабарды таңертең жұмыс үстінде естідік. Айып кенеттен дүние салыпты. Оқыс хабар есеңгіретіп жібергендей болды. Қимас досыммен бірге өткізген қуанышты күндер еріксіз есіме оралды. 1998 жылы Павлодарда 60­қа толған мүшел тойын өткізген едік, ел­жұртының құрметіне бөленіп қайтып еді. Жоқ жер­ден Айыптан айырылып қалғанымыз!..

Айып нағыз азамат еді.

ДайындағанНұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ТҰЛҒА

Абыз-ғұмыр

Ел-жұрты ардақтаған азамат едіЕСІМІ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

Page 11: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 11АЙМАҚ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––О баста өзіне өлшеусіз ын тықтырған өнерді жан серігіндей көріп, ба лаң жастығынан серік еткенде осы аппа ратқа ғұмыры байлана тынын да ойлаған жоқ екен. Баянауыл сияқ ты табиғаты ғажап өңірде дүниеге келген Жақсылық Тұрлы бе ковтің кәсіби маман ретінде өмірі фото өнермен өрілуі тағ дыр жазуы шығар. Алма ты қалалық әкім дігінде өткен шарада ТМД елдерінің Парл а ментаралық Ассам­блеясы кеңесінің төр аға сы Валентина Мат виенконың «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісін сал­танатпен тапсыруы үлкен мәртебе болды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміз бойынша қолына қару ұстап, батысқа аттанған боздақтардың саны 1 миллион 200 мыңдай болса, төрттен бірі Украинаны азат ету жорықтарына қатысқан екен. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Дәл жаңа жыл мерекесі қарсаңында Орал қаласында 9 қабатты 156 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сөйтіп бірнеше жылдан бері Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржы жинаған салымшылар 2018 жылдың алғашқы таңын жаңа баспанада – өз пәтерінде қарсы алды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

Иттің қадірі біздің есімізге әрбір ит жылы айналып келгенде түсетін сияқты көрінеді маған. Баяғы қазақы иттің тұқымы – тазымыз, төбетіміз қайда деп сол кезде ғана іздеп жата-мыз. Тазыны біл меймін, нағыз ар-лан төбеттің тұқымы қолдан шығып кеткелі қашан! Оқта-текте баспасөз бет те рінен әлі де бар екен деген ха-барды оқып қалып жатамын. Алайда оның бір кездегі біз көрген қазақы төбет екеніне сенбеймін, қазіргі кез-ге жүдеп-жадап, сұйылып жеткен түрі болар деп ойлаймын. Тірсегі жұп-жуан, табаны аюдың табанын-дай жап-жалпақ, тұрқы төбедей болып жататын, қарала, сарала, ақ төс, тарғыл, өңкей дөкей төбеттер елуінші жылдардың ортасына дейін малды ауылдарда кездесетін. Кейін қой малынан айналма ауру шықты. Миына құрт түседі. Осы құрт иттен жұ ға ды десті. Алғашқыда малшы итіне құрттан тазартатын дәрі бері-ліп жүрді де, көп ұзамай жаппай атты. Біз айтып отырған асыл тұқым-ды иттер де соның ішінде кет кенге ұқсайды. Әйтеуір сол жыл дардан соң қазақы иттің бұл тұқымы көзден бұл-бұл ұшты.

Мен алыс сапарға шығып, ау-

ылдарды аралаған кезде көзбен екі нәрсені іздеймін. Оның бірі – біздің бала күнімізде көлікпен бара жатсаң, төбеңнен жанап кетіп, жанап кетіп, жаныңнан қалмай ұшып жүретін, отырған үйіңнің қабырғасына әсем ұя салатын айыр құйрық, ақ тамақ қарлығаштар. Екіншісі – мой-нында қарғы бауы бар, бірақ бай-ланбайтын, әупілдеп бірер үріп, маңқиып еріне көтеріліп, орнына қайта барып тыныш жата қалатын осы қазақы ақылды төбет иттер. Екеуін де қанша уақыттан бері іздеп келемін, өкінішке қа рай, еш жерден кездестірмедім. Жоғарыда ақылды деген сөзді бекер қосып отырғаным жоқ, қазақы төбет иттің ақылдылығы туралы үлкендерден көп есті дім. Сексен жасты орталап, тоқса нын-шы жылдары өмірден өткен шешем марқұм:

– Жақсы ит те босағаға біте ді екен. Соғыс бітетін жылы Өгіз мо-лаға суармаға көшіп барып, Атырау жағынан әкеліп бір күшік асырадық. Бірер жылда тайыншадай ірі бо-лып өсті. Қасқыр алатын. Ақылды ит еді. Айтқаныңды түсінетін, тіл білетін ит еді. Бер ге ніңді ішеді, бермесең қазан-аяқ қа сұқаңдап жақындамайды, – деп отыратын.

Шешем айтып отырған өмір маған таныс. Өйткені мен соғыс аяқталғаннан кейін екі жылдан соң өмірге келгенмін. Шығанақ ата ның ізбасары ретінде Ойыл өзе нінің төменгі сағасында, Аты-раудың Қызылқоға ауданының жеріне арқа тіреп, суармалы тары егіп отырған шағын ауыл кү ні бүгінге дейін есімде. Естияр бала болғанша тұрдық ол жерде. «Май-лыаяқ» деп шақыратын еңге зердей ала төбет те еміс-еміс көз алдыма келетіндей. Содан да шешем құтты иті – Майлыаяғы тура лы әңгіме ба-стаса:

– Өздеріңнің ертең ішетін тамақ-тарың жоқ. Өгіздей итті қалай тойындырасыңдар? – деп колхоздың тақ-тұқ тіршілігін көріп өскендіктен де сауал тастаймын.

– Қазан қырып қаспақ, көже-қатық құямыз ғой. Үйім, қожайы-ным бар деп жатады ғой үйдің ал-дында. Болмаса, ол тамаққа зәру емес. Қысы-жазы өз тамағын дала-дан өзі табады. Ұзап кетіп аң ау-лайды. Ол кезде қыс қатты болады. Қызылшұнақ аяз, ақтүтек боран, күртік қар. Аяздың күштілігі сондай,

ұшып бара жатқан құс жерге топ етіп құлайтын. Сондай кезде үйге талай рет қоян аулап әке ліп, қызылсырап отырған біз ді асырағаны бар. Сонда тісін тигізбейді ғой, жарықтық. Мұн-дай итті ақылды емес деп қа лай ай-та сың, – деп шешем бәсін арттыра түседі.

Тіпті әрі-беріден соң, менің кү-мән данып отырғанымды сезіп, шын-дыққа көзімді жеткізе түсу үшін:

– Керек десең, құйттайыңда сені баққан сол ит. Сталин заманында жұмысқа шықпай қалу деген жоқ. Әкең екеуміз сарыала таңнан тары егісін баптауға кетеміз. Тек біз емес, бір қауым елдің тірлігі сол. Күні бойы егін суарамыз, шөптейміз, тыным таппай іңірлетіп ораламыз. Сонда әлгі ит үйді бағады. Бұзауды басжібінен тістеп, далаға жайып келеді. Байлағаны сол – басжібін қазыққа орап қояды. Өрістен сиыр-ды айдап келеді. Біздің ит те, мал да бір-біріне үйренген. Бүкіл ауыл сүйсінетін еді итіміздің қылығына, –деп шешем әңгімесін жалғай түсетін.

Әрине біздің үйде сондай бір ақылды төбеттің болғанын мен тек шешем емес, әкемнен де, көрші-көлемнен де талай естігенмін. Жек-

пе-жекте қасқыр алатын, тіпті үйірлі қасқырға тайсалмай шабатын нағыз төбет еді десетін. Ауылдан шығып кетіп, үйірлі қасқырдың құрсауына тү сіп, қызылала қан боп жараланып, аман сытылып келген кездері де аз болмаған.

Біздің шағын ауыл аңыз қылып айтатын қасқыр алатын осы әлді әрі ақылды төбет мен есімді білгенде жоқ. Айдың күні аманында ұшты-күйлі жоғалған. Шешем ауылға келген керуен ертіп кетті десе, әкем басқаша болжам айтатын.

– Сірә, ауырған сияқты. Дертіне шипа іздеп, дәрілік шөп қарап дала кезіп, қаңғып кеткен болар. Айда лада әр шөптің түбін искеп, сергелдең болып, бұратылып жүрген иттер тегін жүрмейді. «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» дегенде сон-дай сыр жатыр, – деп қоятын.

Ат жалын тартып мініп, адам болып, отау құрып үй болғаннан бастап, ұзақ уақытым ауылда өтті. Осы жылдарда иттің де түр-түрін ұстадық. Бірақ Майлыаяқ сынды қазақы төбет қолға түспеді. Өз басым қазақтың төбетіне жететін ит жоқ деп есептеймін. Немістің овчарка-сы, ағылшын догы, кавказ төбеттері оған тең келе алмайды. Тіпті қанша ұқсастық іздегенмен түрікменнің алабайы да қазақтың арлан төбетінен кем. Кемдігі сол, ызақор, қабаған, шын жырлап ұстауға тура келеді. Алдындағы тамағын қызғанып иесіне шабады. Мұндай итті ақылды деуге бола ма?! Ал қазақы төбет көрін генге шабалаңдап үрмейді, байлаусыз тұрып кісі қаппайды. Иесінің бұйрығын бағады.

Әр өңірде қазақтың төбеті мен тазысын қайта оралтуды қолға алып жүрген азаматтар бар екенін естимін. Алайда олардың қолына әзір қазақтың таза қанды байырғы төбеті түсе қоймаған сыңайлы. Қазақы төбетті іздейтін жер де жылдан-жылға тарылып бара жатқандай. Ма мандар, зерттеушілер, бір болса, таза қанды қазақы төбеттің тұқымы Қазақ станның батысында – Атырау, Маңғыстау жағында, Жайық бойын-да ұшырасып қалуы мүмкін деп сырттан тон пішеді. Мен де осы пікірге қосыламын.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ, журналист

АҚТӨБЕ

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Алғаш рет нағашы аға сының фотоаппаратқа әуес тігі балалық қиялын оя та білді. Ол кісі кезінде соғыс қа қатысқан, полковник ше ніндегі әскери адам бола-тын. Шағын фотоаппаратының жөн-жосығын үйретіп, арман-шыл жасты болашаққа ма-шық тандырып, үлкен іске ба-ғыт сілтегендей еді. Ала бұрт-қан бала көңіл ай наладағы табиғаттың таңғажайып тыл-сымын мойнына асқан кіш-кентай «Зениті» үйіріп әкеліп алдына тастайтын таңғажайып сәттерінен бастап кейінгі са-палы да сәнді EOS 5D Mark 11 аппаратын қолданатын кезеңге дейінгі уақыт аралығындағы ұзақ жылдар әлетінде өмір иірімдері не көрсетпеді. Алғаш 1970 жылы Қарағанды қала-сындағы фотографтар дай-ындайтын училищені бітіріп, еңбекке араласқан жылда-ры жастықтың жалынымен

арманшыл жас Алматы кино тех ни кумын аяқтайды. Осы техникумның зертханасында меңгеруші болып қызмет атқа-рады. Содан кейін Павло дардағы педагогикалық инс титутының филология фа культетінде оқып, фото тілші қыз метіне белсене кі рісті, ке шегі Жоғарғы Ке-ңесте, Ал ма ты дағы Парламент фо тос ту диясында шетелдер-мен байланыстағы «Достық» қоға мында, «Хабар» телеар-насында, «Түркістан», «Еге-мен Қазақстан» газет терінде фототілші болып, туған жер дің төсін шарлады. «1991 жылы Тоқтар Әубә кіров ғарыш қа ұшқан кезде тұңғыш ғарыш-керіміздің көкке көтерілу сә-тіне куә болғанымды өзіме ерек ше мақтаныш көремін, – дейді Жақсылық аға айрықша толқыған сезіммен. – Тари-хына, мәдениетіне үңілген адам ғана елдің рухания-тын көтереді. 1995 жылы Семейге жол түсіп, Абай же рінде ұлы ақынның 150 жыл дық мерекесін көзбен

көріп, салтанаттың айрықша сәттерін суретке түсіріп көр-сету мүмкіндігі туғанына қуанамын. Кейіннен Парижде болған сапарымда Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық ме-рейтойына қатысқанымда, сол делегацияның құрамында айтулы ағалар болғаны ұмы-тылмайтын кездер дер едім. Мәселен, Шыңғыс Айтматов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ол-жас Сүлейменов, Сәкен Жү-нісов, Айман Мұсақожаева, Мұ рат Әуезов, Қаршыға Ах ме -дияровтардың болуы, әрқай-сысының ілкім сәттерін су-реттерімде бейнелей алу да мен үшін айтып жүретін сыр-лы сәттер болып қала бе реді.

Сол кезде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде арнайы фото -репортаждар түсірдім». Бү гін-де бұл жұмыстар Мұхтар Әуе -зов музей-үйінде сақтаулы тұр.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Астанадағы Тәуел сіздік сарайында үлкен көрме, сондай-ақ осыдан үш жыл бұрын, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Алматыдағы Рес публика сарайында Елбасына арналған арнайы көрме өткізді. Уыздай ынтықтырған өрнектер әле-мі Жақсылықты жақсы ізде-ністерге бастай беретіндей.

АЛМАТЫ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Солардың бірі – солтүс-тікқазақстандық Әйіп Рама-занов. Есепшілік қызмет ат-қарып жүрген ол тепсе темір үзетін екі мүшел ша ғында алғаш рет неміс бас қын шы-лармен бетпе-бет кездеседі. Талай қанды шайқастарды басынан өткеріп, бірінде қаза табады. Кейін туған-т у ы с т а р ы қ а н ш а і з д е у

салса да, «хабар-ошарсыз кетті» деген қысқа ғана жа-уап алып отырады. Биыл күзде Березань қаласы ма-ңында жүргізілген қазба жұмыстары барысында екі жауынгердің сүйегі табыла-ды. Украинаның қауіпсіздік қызметі академиясының кур-санттары ұйымдастырған экспедиция медальондағы жазбалар арқылы қазақ сол-даты Әйіп Рамазанов екенін анық тайды.

Киевтегі Офицерлер үйінде қызыл әскер жауынгерінің мәйіті Қазақстан елшілігіне табысталып, Қазақстанның осындағы Төтенше және өкі-летті елшісі Самат Ордабаев өз сөзінде бұл акция тарихымыз-ды қастерлеудің, отан үшін от кешкен бауырларамызға көрсетілген ерекше құрмет екенін жеткізді. Осылайша екіжақты келісім аясында атқарылған шара барысын-да батырдың денесі туған жеріне жеткізіліп, жерленді. Марқұмды жер қойнына тап-сыру рәсіміне ауылдастары мен туыстары, ішкі істер, қорғаныс істері жөніндегі

департаменттердің, Ұлттық ұлан Петропавл әскери инсти-тутының өкілдері жиналып, ауылдық мемориалға гүл шоқ тарын қойды. Аруақтарға тағзым етті.

Ағамның ата-анасы қашан көздері жұмылғанша ұлда-рының тірі оралатынына сенді, батыс жаққа қарайлаумен өтті. Соғыс жылдары Орман деп аталған қазіргі Ленин елді мекенінен соғысқа 95 аза-мат аттанып, 61-і ғана аман-есен оралған, дейді неме-ре қа рындасы Күлбаршын Қамыспаева.

Солтүстік Қазақстан облысы

ОЙЛАСУ

Қазақтың қайран төбеті-ай!

АО «АК Алтыналмас», г. Тараз, Казыбек би, 111, офис 212, БИН 95064000810, Кбе17, ИИК KZ8594806KZT22031329 в Филиале №6 АО «Евразийский банк» г.Алматы, БИК EURIKZKA, извещает держателей привилегированных акций о выплате дивидендов с 10.01.2018г. по привилегированным акциям за четвертый квартал 2017г. Размер дивиденда 125 тенге в расчете на одну акцию. Дивиденды выплачиваются в безналичной форме – перечислением на банковские счета акционеров.

«Абаттандыру» ЖШС, БСН 96074000330 өзінің тарағандығы туралы ха-барлайды. Шағымдар хабарландыру жарық көрген кезден бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша: Қарағанды облысы, Саран қ., Қужанов к-сі, 2, офис 10, электрондық мекенжай too.abattandyru @ mail.ru қабылданады.

Утерян сертификат о прохождении теста по английскому языку для поступле-ния в магистратуру, на имя Махатаев Жақсылық Махамбетқұлұлы. Тестирование проходило в КазНАУ в 6 корпусе, 15.08.2017. ИКТ №02602222, номер сертифи-ката №AI3180634. Прошу сертификат считать недействительным.

После смерти Жатекова Назара Калиевича, умершего 11.12.2017 г., открылось наследственное дело у нотариуса Жамалбековой А.С., адрес: г.Алматы, ул. Зорге 9.

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

Туған жер қойнына жерленді

ӘРІПТЕС ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

Ынтықтырған өрнектер

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Жаңа жыл иек асты -на келіп, қарбалас көбейсе де жаңа үй тұрғындарының қуанышын бөлісуге Батыс Қазақстан облы сының әкімі Алтай Көлгінов арнайы келді.

– Өңірімізде мемлекеттік «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясын-да көп жұмыс атқарылды. Соның ішінде облыста 115 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Барлық қаржы көздерін қоссақ, бір жыл ішінде жалпы 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген екен. Мұның барлығы халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыс. Қоныстарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл тек бүгінгідей шаттық, қуаныш әкеле берсін, – деді өңір бас-шысы.

2017 жылы облыста 14 көп қабатты, 188 бір қабатты тұрғын үй салы нып, 1500 отбасы баспаналы бол -ды. Соның ішінде «Нұр-лы жер» бағдарламасы ая-сында 985 пәтерден тұратын 7 үй салынған. Мемлекеттік

бағ дарламаның «Жергілікті атқарушы органдар желісі бо йын ша кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша 481 пәтерлі 4 үй, «Бәйтерек Де-велопмент» АҚ желісі бойын-ша 504 пәтерлі 3 үй бой көтерді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық фи-лиалының директоры Ай гүл Наурызәлиеваның айтуын ша, банк қызметі өңірде өте та-нымал. Тұрғын үй құрылыс

жинақ банкінен салым ашқан аймақ тұрғындарының саны 55 мыңға таяған. Банктің 18 722 клиенті келісімшартты 2017 жылы ресімдеген.

2018 жылы банк «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады. «Құ -ры лысты жеке құрылыс жүр-гізушілер арқылы ынталанды-ру» бағдарламасы аясында об-лыста 173 тұрғын қоныс той-ын тойламақ. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қаз-Хол» ЖШС және «Караванный путь» ЖШС арасында қол қойыл ған келісімдерге сәйкес, Орал қаласындағы Құрманғазы көшесі, 198 мекенжайында 9

қабатты тұрғын үйдің және Гагарин көшесі, 2 мекенжайы бойынша 126 пәтерлі үй дің құрылысы жүруде. Үйлер 2018 жылдың тамызында пай-далануға беріледі деп жос-парланып отыр. Бұл – апат-ты тұрғын үйлердің орнына көтеріліп жатқан жаңа ғи-мараттар.

Құрылыс тек Орал қала-сында жүріп жатқан жоқ. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Жеке тұрғын үй құры лысын дамыту» бағы-тында Тоқпай, Федоровка, Пере метное және Дариян елді мекендерінде жер үйлер са-лынады. Бұл елді мекендер облыс орталығына жақын орналасқан.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке өнімі – «Өз үйім» бағдарламасы да аймақта сәтті жүріп жатыр. Аталған жоба аясында 2018 жылы БҚО ІІД қызметкерлері баспаналы бо-лады. Сонымен қатар Оралдың солтүстік-шығыс бөлігінде «Ба тыс Қазақстан электр та-рату желісі компаниясы» АҚ пен «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлері үшін 9 қабатты тұрғын үй салу жоспарлану-да. Бұл ұйымдарда істейтін қызметкерлердің жалпы саны 800-ден асады. Олардың көп-шілігі баспаналы боламын деп ақша жинап жатқан банк салымшылары.

ОРАЛ

НҰРЛЫ ЖЕР

Жаңа жылға жаңа пәтермен

ww

w.to

bet.k

z

Page 12: Еуразияны €аржы €а€пасыБЕДЕРІ 8- бет Ж мабай ШАШТАЙ˚ЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАТТАР НЫ АРТТЫ 6 ... та лығының айырмашылығы

12 5 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛДИДАР

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Атыраулықтар енді �здерін толғандырған мәселелер жайында мемле кеттік мекемелермен онлайн режімде байланыса алады. Бұған «Атырау цифрлық қабылдау» қосымшасының енгізілуі мүмкіндік беріп отыр. Мобильді қосымшаны ұялы телефоннан жүктеп алуға болады, ол үшін App Store немесе PlayMarket-тің іздеу жолына ACQ Атырау деп жазса жеткілікті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік қыз мет терді проактивті прин цип бойын-ша алған алғашқы қа зақ стандық Астана қа ла сының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нә рестесі Айымға туу туралы куәлігін «Азаматтарға ар налған үкімет» мем лекеттік кор по ра циясының бас қарма т�р-ағасы Абы лайхан Оспанов табыс етті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––Дүниетанымы терең, к�ріпкелдігі керемет, жаратылысы б�лек жан есебінде елге танылған Оспанқожа 1862 жылы туып, 1928 жылы 66 жасында дүниеден озған. Жуырда Оспанқожа �з тұрмысында кәдеге жаратқан ағаш табақ табылды. Бұл туралы Оспанқожа ш�бересі Шоқан Ғазезұлы қажы шешіле сыр шертті. Оның ай-туынша әйгілі әулиенің �мірхан, Мұхаммедуәли, Хамза атты үш бала-сы болыпты. 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырауына байланысты Хамза Оспанов болып жазылған. Ортаншы ұлы Мұхаммедуәли Бекет ата есіміне жазылған. Мұхаммедуәлиде перзент болмағандықтан, �мірханның Ғазезі оған Майраш есімді қызын берген. –––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІ

Басқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дəуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сəтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мəуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 4, «Сыр медиа» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Əлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 204 165 дана

Нөмірдің кезекші редакторыАя ӨМІРТАЙ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

ФОТОЭТЮД ДЕРЕК

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкі-мет» мемлекеттік корпора-циясы мен «Ұлттық ақпарат-тық технология лар» АҚ сəбилі болған аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тəсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра баста-ды. Ақпараттық жүйе лердің бірігуінің арқасында жа ңа туған нəрестені тір кеу бой-ынша өтініш автоматты түрде келетін болады.

Қанатқақты жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабар-лама арқылы 1208 əйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сəбиді тіркеу бойын-ша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орай-да Электронды үкімет порта-лы барлық мəліметтерді түрлі мемле кеттік органдардың ақ па-раттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ телефон ар -қы лы шот нөмірін жі беріп, жəр демақыларды рəсімдеуге жəне балабақ шаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына

бала ның куəлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пай-далануға болады.

«Егемен-ақпарат»

Ізгілік қаталдықтан мықты болар...

Өмірде таңқаларлық жағдайлар жиі кездеседі. Мəселен, Орынбор қазақтарының Шығыс бөлігінің билеуші сұлтаны болған Ахмет Жантөрин (Ы.Алтынсариннің Орынборда оқуына жағдай жа-сап, қаржылай көмек көрсет кен адам – С.О.) Кенесары Қасы-мовтың бітіспес жауы бола тұра «Кенесары» деп аталатын қазақ-тың халық жырын жолма-жол орыс тіліне аударып, оны П.Распопов ұйқастырып, өлеңге ай налдырған. Бұл жыр «Образцы киргизской поэзии в песнях эпичес кого и ли-рического содержания, пе рело-женных в русские стихи» де ген тақырыппен 1885 жылы Ефи -мовский-Мировицкийдің ти по-литографиясынан жарық көреді.

Орыс миссионері, профес-сор Н.Ильминскиий бұратана х а л ы қ т ы о р ы с ш а о қ ы т ы п , бірте-бірте өз ана тілін ұмыт-тырып, шоқындыруды ойлас-тырып жүріп, өзі қазақ тілін үйре нуге құштар болған. Қазақ тілін сүйгені сондай, оны жақсы меңгеріп, грамматикасын жасап, сөздерін құрастырған тұңғыш ғалым. Оның жас Ыбырайға жаса-ған қамқорлығы да бір төбе.

Ыбырайдың əкесі Алтын-сарыны Балғожа бидің ауылын шапқан кезде Кенесары жасағы өлтіріп кеткені тарихтан белгілі. Соған қарамастан Ыбырай да Кенесары мен Наурызбай туралы аңыз əңгіме жазыпты. Бұл туын-дыны жақында 1901 жылы жарық көрген «Тургайская газетаның» 21 нөмірінен таптық. Аңыз соңында «И.А.» деп қол қойыпты. Бұл – Ы.Алтынсариннің бүркеншік аты. «Оренбургский листок» газетінде шыққан публицистикалық мақа-лаларының соңына да ұлы ұстаз осылай қол қойған.

Рас, 1901 жылы Ыбырай бұл дүниеден өтіп кеткен болатын. Алайда, қайтыс болғаннан кейін де шығармалары жарық көре бер-мей ме?! «И. А.» басқа біреудің аты мен тегінің алғашқы əріптері шығар деп іздестіріп көріп едік, таба қоймадық. Оның үстіне ол кезде (Ыбырай заманында) орыс тілінде мұндай шығарма жаза ала-тын адам қазақ даласында жоқтың қасы еді. Кенесары-Наурызбай тарихының тасқа басылуын, ел есінде қалуын ойлаған кемеңгер ұстаз əке өлімін де кешіргендей ғой. Асылы, ізгілік қаталдықтан мықты ма дейсің...

Серікбай ОСПАНҰЛЫ,ақын, Қостанай мемлекеттік

педагогикалық институтының профессоры

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Қосымша құрылымы жұ-мысқа орналасу, қоғамдық

бақылау, ТКШ, қоғамдық кө лік, білім, сұрақ қою се-кілді маңызды мəселелер мен салалар бойынша ал-ты бөлімнен жасалған. Əр

бөлімде мəзір бар, қолданушы қажет бағанды таңдап, сауа-лын қалдыра алады. Барлық

бөлімде фото мен бейне енгізу қызметі де орнатылған, сол арқылы түрлі құқық бұзушылықтарға куə болған азаматтар фото мен бейне-жазбасын жібереді жəне сауал жолдап, мемлекеттік орган-дардан түпкілікті мəлімет алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мысалы, білім бағанында балабақша, колледж, универ-ситеттер туралы ақпарат алып, өтінім бере алады.

Ал жұмыс іздеушілерге

еңбек биржасы мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат пайдалы болмақ, бұл бөлім күн сайын жаңартылады. Жақындары деструктивті діни ағымдардың ықпалына тап болғандар немесе сезік-тенетіндер психологтарға хабарласып, дінтанушы ма-мандардан ақпарат ала алады. Бұл бөлімде өтінімді анонимді түрде қалдыруға болады.

АТЫРАУ

Нұрғали ОРАЗ,«Егемен Қазақстан»

Жол үсті. Купеде төрт қа-зақ отырмыз. Кондиционер уілдеп тұр. Салқын ызғар бой тоңазыта бастады. Ал сыртта қырық градус ыстық.

Қарсы алдымда отырған жап-жас жігіттің жүзі күнге күйіп, тотығып қалған. Қа-ра торы. Сонсоң... жастау ке-лін шек. Жаз бойы ұрадан шық пай, бүгін ғана күн көзін көргендей аппақ.

Екеуі ресми тілде сөйлесіп отыр.

Тыңдаған құлақта жазық жоқ. Жас жігіт үнемі сапарда жүретінге ұқсайды. Жұмыс бабы солай көрінеді. Əке-шешесі, отбасы Сарышаған стансасында тұрады екен. Айына бір рет, екі рет келем, кетем дейді...

Ал күн көзін көрмеген аппақ келіншек бұған дейін Алматы мен Астананың ара-сына тек ұшақпен ғана қаты-напты. Тек бүгін ғайып тан тайып, қаладағы көлік кеп-телісінің кесірінен əуежайға үлге ре алмай, амал жоқ, пойыз ға отырған.

Бұл менің бір құлағыммен ғана естіп-біліп келе жатқан-дарым. Өйткені екінші құ-л а ғ ы м м е н қ а с ы м д а ғ ы

се рігімнің əңгімесін тыңдап ке лем.

Біз екеуміз өз тілімізде, яғни, қазақша сөйлейміз ғой.

Кенет терезе жақта отыр-ған қараторы жас жігіт бізге қарай мойнын бұрып:

– Сіздер қазақша таза сөй-лейді екенсіздер, – деді біртүрлі таңданған кейіпте. – Ал мен қазақша теледидар қарасам, түк түсінбей қалам. Сонсоң: «Папа, не туралы айтты?» деп сұраймын əкемнен. Ал ол: «Қазір орысша-сы болады ғой, балам. Содан түсініп аларсың дейді».

Біз, серігім екеуміз бір-бірімізге ыңғайсыздана қарап, ұлы далаға басқа бір планета-дан келген қонақтар секілді біртүрлі қысылып қалдық...

Мұхаммедуəли Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, жараланған. Дін жо-лын ұстап, Тəуіш ауылында имам болған. 1984 жылы 78 жасында бақилық болған Мұхаммедуəлидің үйінде əулие Оспанқожа қолданған ағаш табақ болыпты. Ақсақал дүниеден озар алдында табақты үлкен қызы Майрашқа қалдырыпты. Былтыр шілде айының аяғында Қостанай қаласы маңындағы ауылда тұратын Майраш та ауыр сырқаттан жарық дүниемен қош айтысты. Бірінші бейсенбі шайында жиналған қауым тағылымы мол көріністің куəгері болды. Майраштың ұлы Арман, келіні Қызғалдақ ағаш табақты ақ дастарқанға орап əкеліп тұрып:

– Анамыз осы табақтың Оспанқожа немересі, дін жолындағы бауыры Шоқанның үйінде жақсы ырым ретінде қалғанын қалады, – деді ерлі-зайыптылар қатарласа сөйлеп. Бұл оқиғаға Шоқан қажы да, оның зайыбы Салиха да ерекше тебіренді. Шоқан Ғазезұлының шаңырағында жуырда мей-ман бола отырып біз де ғажайып əсерге бөлендік. Қанша дегенмен ғасырдан астам сақталған ағаш табақ қой. Қазір түрлі үлгіде табақ жасайтын қолөнер щеберлері баршылық. Тіпті кəсіпке айналып кетті. Бірақ солардың көбі ескінің көзі болған табақтарды ауыстыра алмайтындай. Бəлкім, бүкіл қасиеті, мықтылығы таңдап алынған ағашында шығар. Ең бастысы, халыққа қадірменді тұлғаның тұтынған дүниесінде ғой.

Нағашыбай МҰҚАТОВ

ҚОСТАНАЙ

ЖӘДІГЕР БӘРЕКЕЛДІ!

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Әулиеден қалған ағаш табақ

Бірінші «проактивті» куәлік

Цифрлы қабылдау қосымшасы іске қосылды

ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА

Екіге бөлінген төрт қазақ

Қызықты каникул күндері...