qyzdar Ýniversitetikazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/06/МАУСЫМ-3.pdf · 2 aqparat №6...

4
2003 жылғы сәуір айынан шыға бастады БІЛІМ РУХАНИЯТ БІЛІМ ТОПЖАРҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАСТАР ГАЗЕТІ №6 (172) маусым 2018 жыл www.kazmkpu.kz E-mail: [email protected] facebook.com/qyzdaryniversiteti vk.com/qyzdaruniver qyzdar_yniversiteti QYZDAR ÝNIVERSITETI 3-бет 3-бет 4-бет 4-бет ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ... «БІР АПТАҒА – АУЫЛҒА» БАРДЫ ОҚУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ ҰЛТТЫҚ СТУ- ДЕНТТІК ЛИГА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ АҢДАТПА ӨРЕЛІ ІСТЕРГЕ ӨРІС АШАДЫ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дара» психологиялық- педагогикалық түзету орталығы мен Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталықтың ашылу салтанаты өтті. Тұсаукесер рәсіміне Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Толығырақ 2-бетте. Қазақ мемлекеттік қыздар педаго- гикалық университетінде талапкерлер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатын Call-орталық жұмысын бастады. Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге сапалы әрі дұрыс мәлімет беру және мейлінше жылдам қызмет көрсету. Қабылдау комиссиясының жанындағы АҚПАРАТТЫҚ CALL-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ Қазақ мемлекеттік қыздар педа- гогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі штаб- пәтері Италияның Мерано қаласында орналасқан Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына мүше болды. Университет музейі қызметкерлері биылғы жылдың қазан айында Түркияның Стамбұл қаласында өтетін I Еуропа және Азия Конгресіне қатысып, «Қазақстанның әйелдер тарихын қайта жаңғырту» тақырыбындағы баяндама жасамақ. Сонымен қатар, оқу орнының тарихынан сыр шертетін фото көрмені әлем жұртшылығының назарына ұсынады. Толығырақ 3-бетте. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМҒА МҮШЕ БОЛДЫ «Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» дейді заңғар жазушы, ұлт журналистикасының патриархы Шерхан Мұртаза. Қоғамның тыныс-тіршілігінен, әлеуметтің әл-ауқатынан, руханияты мен мәдениетінен хабар тарататын қалам иелері 2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісін журналистер күні ретінде атап өткенімен, 2011 жылдың 20 қазанында Мемлекет басшысының Жарлығымен маусым айының 28 жұлдызы – «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленді. Осы орайда Қыздар Университетінің ақпараттық саясатын жүргізетін Медиа департаментінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, мол табыс тілейміз! Ізгі ниетпен, Қыздар Университетінің ұжымы орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00, сенбі күні сағат 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді. Байланыс телефоны: 8 (727) 233-18-52. Сонымен қатар, Қыздар Универ- ситетінің ресми интернет-ресурсы мен Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында талапкерлерге арналған толыққанды ақпараттар қазақ және орыс тіл- дерінде жарияланған. Мақсат оқу орнының қызметі жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл жаңа- шылдықтар көпшілік тарапынан туын- даған сұрақтардың шешімін табуын арт- тырады, – деп атап өтті Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан. «УНИВЕРСИТЕТТІҢ ИМИДЖІН БІЗ ЖАСАЙМЫЗ!»

Upload: others

Post on 03-Mar-2020

18 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: QYZDAR ÝNIVERSITETIkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/06/МАУСЫМ-3.pdf · 2 AQPARAT №6 (172) маусым QYZDAR ÝNIVERSITETI 2018 жыл Адэлья БІРЖАН, «Qyzdar

2003 жылғысәуір айынан

шыға бастады

БІЛІМ

РУХАНИЯТ

БІЛІМ

ТОПЖАРҒАН

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАСТАР ГАЗЕТІ№6 (172)маусым

2018 жыл

www.kazmkpu.kz E-mail: [email protected] facebook.com/qyzdaryniversiteti vk.com/qyzdaruniverqyzdar_yniversiteti

QYZDAR ÝNIVERSITETI

3-бет

3-бет

4-бет

4-бет

ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ...

«БІР АПТАҒА – АУЫЛҒА» БАРДЫ

ОҚУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ

ҰЛТТЫҚ СТУ-ДЕНТТІК ЛИГА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АҢДАТПАӨРЕЛІ ІСТЕРГЕ ӨРІС АШАДЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дара» психологиялық-педагогикалық түзету орталығы мен Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталықтың ашылу салтанаты өтті. Тұсаукесер рәсіміне Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Толығырақ 2-бетте.

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго-гикалық университетінде талапкерлер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатын Call-орталық жұмысын бастады.

Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге сапалы әрі дұрыс мәлімет беру және мейлінше жылдам қызмет көрсету.Қабылдау комиссиясының жанындағы

АҚПАРАТТЫҚ CALL-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педа-гогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі штаб-пәтері Италияның Мерано қаласында орналасқан Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына мүше болды. Университет музейі қызметкерлері биылғы жылдың қазан айында Түркияның Стамбұл қаласында өтетін I Еуропа және Азия Конгресіне қатысып, «Қазақстанның әйелдер тарихын қайта жаңғырту» тақырыбындағы баяндама жасамақ. Сонымен қатар, оқу орнының тарихынан сыр шертетін фото көрмені әлем жұртшылығының назарына ұсынады.

Толығырақ 3-бетте.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМҒА МҮШЕ

БОЛДЫ

«Журналистің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» дейді заңғар жазушы, ұлт журналистикасының патриархы Шерхан Мұртаза. Қоғамның тыныс-тіршілігінен, әлеуметтің әл-ауқатынан, руханияты мен мәдениетінен хабар тарататын қалам иелері 2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісін журналистер күні ретінде атап өткенімен, 2011 жылдың 20 қазанында Мемлекет басшысының Жарлығымен маусым айының 28 жұлдызы – «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленді. Осы орайда Қыздар Университетінің ақпараттық саясатын жүргізетін Медиа департаментінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, мол табыс тілейміз!

Ізгі ниетпен, Қыздар Университетінің ұжымы

орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00, сенбі күні сағат 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді. Байланыс телефоны: 8 (727) 233-18-52.

– Сонымен қатар, Қыздар Универ-ситетінің ресми интернет-ресурсы мен Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында талапкерлерге арналған толыққанды

ақпараттар қазақ және орыс тіл-дерінде жарияланған. Мақсат – оқу орнының қызметі жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл жаңа-шылдықтар көпшілік тарапынан туын-даған сұрақтардың шешімін табуын арт-тырады, – деп атап өтті Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

«УНИВЕРСИТЕТТІҢ ИМИДЖІН БІЗ ЖАСАЙМЫЗ!»

Page 2: QYZDAR ÝNIVERSITETIkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/06/МАУСЫМ-3.pdf · 2 AQPARAT №6 (172) маусым QYZDAR ÝNIVERSITETI 2018 жыл Адэлья БІРЖАН, «Qyzdar

2 AQPARAT №6 (172)маусым

2018 жылQYZDAR ÝNIVERSITETI

Адэлья БІРЖАН,«Qyzdar Ýniversiteti»

Адэлья БІРЖАН,«Qyzdar Ýniversiteti»

Санжар АМАНТАЙ,«Qyzdar Ýniversiteti»

Айкерім БЕКЗАДА,«Qyzdar Ýniversiteti»

Мұқтаж балалар білім алады

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго-гикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтында гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру бағытында екі жоба қолға алынды.

БАЯНДЫ БАСТАМА

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

БӘРЕКЕЛДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

«Дара» психологиялық-педагогикалық түзету орталығы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен «Дара» жеке Қайырымдылық Қоры және Алматы қаласы білім беру басқармасы арасындағы өзара келісімшарт негізінде жүзеге асырылып отыр.

Мақсат – инклюзивті білім беру ұстанымдарын іске асыру, Қазақстандағы арнайы білім беруді қолдау, мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету және болашақ педагог мамандарға практикаға бағдарланған білім беруді дамыту.

Орталықтың ашылу рәсімінде Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің болашағы – балалар үшін жасалған осындай заманауи орталықтың де-меушілеріне алғысын білдіріп, республикамызда 2016 жылдан бергі аралықта білім беру мен ғылымды дамыту бойынша қабылданған бағдарлама аясында орталықтар ашу жолға қойылғандығын атап өтті.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арамыздағы бар-лық мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғам өміріне бел-сенді араласуына жағдай жасау қажет деп айтқан бола-тын. Олардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Бұл – біздің басты міндетіміз. Қазақстан мүгедектердің құқығын қорғау туралы Конвенцияға қосылып, Елбасы құжатты 2015 жылы ратификациялаған болатын. Бұл шараның маңызы өте зор. 2016 жылы білім және ғылым саласында үлкен бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарламаға сәйкес осындай педагогикалық-психологиялық түзету орталықтарын ашу міндеті қойылды. Республика бойынша бүгінде 176 кабинет ашылған. 2019 жылы олардың санын 220-ға жеткізу жоспарда бар. Елбасымыз айтқандай, балаларға кедергісіз орта жасауда осы орталықтың үлесі зор болмақ. Соңғы жылдарда Алматы қала-сының кәсіпкерлері «Балапан» бағдарламасына да белсенді атсалыса бастады. Ал «Дара» қайырым-дылық қоры қолдау көрсеткен орталықта балаларға қолайлы жағдайлар жасалғандығының куәсі болып отырмыз. Жеткіншектерге дер кезінде тиісті мамандар қолдау көрсетіп, әрі қарай денсаулықтарын түзетуге мүмкіндіктер қарастырылған екен. Игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін, – деді Гүлшара Наушақызы.

Өрелі істерге өріс ашады

«Мың келбетті жастық шақ: Алматы қаласының студент қыздарының әлеуметтік-психологиялық

– Бүгінде Қыздар Университеті әлем елдерінің 30-ға жуық жоғары оқу орнымен өзара әріптестік байланыс орнатқан. Олардың қатарында АҚШ, Англия, Үндістан, Франция, Қытай, Германия, Түркия, Малайзия сынды мемлекеттердің беделді университеттері бар. Осы орайда алдағы уақытта Гонконг университетімен де академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылар алмасуға және бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендігімізді айтқым келеді, – деді Гаухар Алдамбергенова.

Өз кезегінде қытайлық профессорлар екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы туралы әңгімелеп, алдағы уақытта Қыздар Университетінің басшысы айтқан ұсынысқа ықпал жасайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, сапар барысында Кай-Мин Чен мен Кэтрин Чан педагогикалық оқу орнының ұжымымен жүздесіп, келешекте атқарылар жұ-мыстар жайында уағдаласты. Сондай-ақ, Гонконг университетінің делегациясы оқу орны студенттеріне лекция оқып, «Ақтұмар» музейімен, «Латын тілі орталығының» жұмысымен танысты.

Алдағы уақытта Қыздар Университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты мен аталған жастар қозғалысы бірлесіп

Университет ректоры Г. Алдамбергенова жоға-ры оқу орны базасында ашылып отырған кәсіби орталық мамандары мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсете отырып, олардың денсаулығының жақсаруына, әрі қарай сапалы білім алып шығуы үшін тегін қызмет ететіндігін айтып, демеушілерге алғысын білдірді.

– Мемлекет тарапынан балаларға ерекше көңіл бөлініп, олардың болашағына әрқашан қамқорлық жасалып келеді. Бұл – ертеңгі күннің табысы. Келешекке салынған инвестиция. Сондықтан да қазақстандық педагогтардың алдында жаңа міндет тұр. Ол – балалардың жеке қабілетін, дарынын, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ дайындау. Университет базасында ашылған «Дара» педагогикалық-психологиялық түзету орталығы мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында адами қасиеттерді қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасамақ, – деді өз сөзінде Гаухар Төремұратқызы.

Оқу орны басшысының пайымдауынша, әлеуметтік әділдік, теңдік, өзара сыйластық пен қамқорлық туралы ниетті тек қана мемлекет емес, азаматтық ортаның өзінің көтеруі – қоғамымыздың кемелденгенін, жаңғырғанын көрсетеді.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г. Хожабергенованың айтуынша, оңтүстік аста-на бойынша үш жарым мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін балалар тіркелген. Бүгінде 14 штат бөлініп, 28 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Ал Алматы қаласы бойынша 115 мектептің базасында инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, осы мақсаттағы жұмыстарға да қосымша қаражат қарастырылып отыр. Салтанатты шара барысында сөз алған «Дара» қайырымдылық қорының

құрылтайшысы Гүлнар Досаеваның сөзінше, бұл – республика бойынша ашылып отырған 25-ші бейімдеу орталығы. Г. Досаева балдырғандар үшін заманға сай мүмкіндіктерді жасап, демеушілік жасаған С. Кан әулеті мен жақындарына ыстық лебізін білдіріп, Ж. Кан ханымға қор атынан арнайы Алғыс хат табыстады.

Тұсаукесер рәсімінен кейін жиналғандар балалар үшін жабдықталған бөлмелерді аралап, бейімдеу бары-сындағы жұмыс жоспарларымен танысты. Орталықта 7 жасқа дейінгі жарымжан және мүгедек сәбилер мен жеткіншектер емделіп, емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі. Бұл қызметтердің барлығы да тегін көрсетілмек. Балаларға тифлопедагог, логопед, дефек-толог, психолог, дене шынықтыру мамандары қызмет жасайды. Орталықта педагогтармен қатар студенттер де жасөспірімдердің тұрмыстық-әлеуметтік дағдыла-рын қалыптастыруға көмектесіп, оларды балабақша мен мектепке дайындайды. Алдағы уақытта орталық қызметін 200-ге жуық бала пайдалану жоспарланып отыр.

* * *

Латын графикасын оқыту орталығы

ашылдыСонымен қатар, университет қабырғасында Қазақ

алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталығы да пайдалануға берілді. Орталықта университеттің профессор-оқытушылары мен сту-денттері латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі бойынша оқып, жазуды меңгереді. Сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және жетілдіруге бағытталған қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары жүргізілмек. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін орталыққа білікті тіл мамандары жұмылдырылған. Олар жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясын қалыптастыру бағытында арнайы

сабақтар мен курстар өткізеді. Жаңа әліпби бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалып, алдағы уақытта арнайы оқу құралдары да жарық көрмек. Қазіргі күнде оның арнайы тұжырымдамасы бекітіліп, негізгі басым бағыттары түзілген.

Орталықтың ашылу рәсімінде Қыздар Универ-ситетінің ғалымдары құрастырған латын графикасын үйретуге арналған арнайы бағдарлама көпшілікке таныстырылды. Жоба атауы – «Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағ-дарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиялары». Аталған жобаның бағдарламасында Android, iOS, Windows платфор-масындағы лингвистикалық сөздік, латын әрпіне ав-томатты түрде аударма жасайтын арнайы сайт пен дыбыс және бейне материалдарымен сүйемелденген сандық электронды оқулақтар бар. Сонымен қатар, ла-тын графикасын үйрету үшін балаларға арналған ойын бағдарламалары мен мобильді қосымшалар енгізілген. Ғылыми жаңалық орталықта тәжірибеден өтеді.

– Жаңа заманның жастары өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болып қана қоймай, оқиғалар мен үдерістердің ортасында, көш басында болуы тиіс. Бұл терең түйсіне білгенге бәсекелестікке апарар жолдың басы, ұлттық кодымызды көздің қарашығындай сақтаудың негізі. Қазіргі мемлекетімізге ұлтты ұйыстыра алатын, тың бағыттағы рухани ағым керек. Латын әрпін енгізудің басты өзегі де осында жатыр. Сондықтан да жаңа әліпби еліміз үшін қажетті, уақыт талабынан туындап отырған жаңа атрибут, аса маңызды фактор деп санаймыз, – деп атап өтті орта-лық мамандары.

* * *

«Астана – Ұлы Дала елордасы» атты көрме

көпшілік назарына ұсынылды

Шара аясында «Астана – Ұлы Дала елордасы» атты көрме де ашылды. «Арт Дара» өнер галереясындағы іс-шара Елорданың 20 жылдығына арналған.

Көрмеде Қыздар Университетінің оқытушылары мен студенттерінің 30-дан астам картинасы мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылған. Өнер туындыларында авторлардың жүрек жылуы мен өнерге деген махаббаты, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері кеңінен орын алған.

– Іс-шараның мақсаты – Елорданың қалыптасу тарихын қылқалам шеберлерінің көзқарасы тұрғы-сынан дәріптеу және жергілікті суретшілер арасында тәжірбие алмасу. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бабадан балаға мұра болып келе жатқан мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа жеткізу һәм таныстыру, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Гүлшара Әбдіқалықова қылқалам шеберлеріне алғысын білдіріп, тілек кітапшасында өзінің қол-таңбасын қалдырды.

Гонконг университетінің делегациясы келді

Қазақ мемлекеттік қыздар педа-гогикалық университетінде Гонконг университетінің профессорлары Кай-Мин Чен мен Кэтрин Чан болды. Шетелдік жоғары оқу орнының өкілдері сапар аясында университет ректоры Гаухар Алдамбергеновамен кездесіп, ынтымақтастық орнату жай-ын талқылады.

Жобалар қолға алынды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги-калық университетінде «Дара» педа-гогикалық-психологиялық түзету орталығы мен Қазақ алфавитін ла-тын графикасына көшіру жөніндегі орталығының ашылу салтанаты өтті. Тұсаукесер рәсіміне Мемлекеттік хат-шы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

портреті» тақырыбындағы жоба оңтүстік астанадағы жоғары оқу орындары білімгерлерінің оқу-тәрбие саласындағы қызығушылығын арттыруға, осы тарапта туындаған мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған.

Зерттеудің басты нысаны – қыздардың рухани-адамгершілік құндылықтары мен олардың әлеуметтік, білім алу және кәсіби тұрғыдағы өзін өзі бағалауы. Осыған орай биылғы жылдың 4 сәуір мен 28 мамыр аралығында арнайы сауалнама жүргізілді. Оған Қыздар Университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни-верситеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, ALMA университеті мен

Шетел тілдері және іскерлік мансап университетінің 18-24 жас аралағындағы студенттері қатысты. Алдағы уақытта сауалнама қорытындысы жарияланбақ.

Ал «Әйелдердің жұмыспен қамтудың өмір сүру деңгейіне әсері: Қазақстандағы отбасы мүшелеріне ақысы төленбейтін жұмыстың экономикалық тұрғыдан тиімсіз жүктемесі» атты жоба нәзікжандылардың қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған. БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық зерттеудің мақсаты – қазақстандық әйелдердің тұрмыс деңгейі мен оларды жұмыспен қамту көрсеткішін анықтау.

Әлемдік ұйымның өкілдігі ашыладыҚазақ мемлекеттік қыздар педаго-гикалық университетінде БҰҰ Тұр-ғын халық саласындағы қорының Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысының ресурстық орталығы ашылады.

студенттерге гендерлік теңдік жайында, жастардың көшбасшылық деңгейін көтеру мақсатында семи-нарлар мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, жастар арасында тәрбие беру мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, олардың жеке азаматтық позициясын қалыптастыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту бүгінде үлкен маңызға ие.

– БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатын арттырудағы үлесі үлкен. Ұйым қызметі негізінен ана денсаулығын сақтау, әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік

денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қор-ғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қол жеткізуге көмек көрсетуге бағытталған, – дейді институт қызметкерлері.

Бүгінде Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысы әлем-нің 44 елінде қызмет атқарады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік теңдікті сақтау, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту басты мақсаты болып табылатын ұйым 1999 жылы БҰҰ жастарды дамыту және қорғау мәселелері бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бастамасымен құрылған.

Page 3: QYZDAR ÝNIVERSITETIkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/06/МАУСЫМ-3.pdf · 2 AQPARAT №6 (172) маусым QYZDAR ÝNIVERSITETI 2018 жыл Адэлья БІРЖАН, «Qyzdar

QYZDAR LIFE 3№6 (172)маусым2018 жыл QYZDAR ÝNIVERSITETI

Альрамина НҰРӘЛІ,«Qyzdar Ýniversiteti»

Қазақ мемлекеттік қыздар педа-гогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқып келген студенттермен және қыз-меткерлермен кездесті.

Айжан ДИДАР,«Qyzdar Ýniversiteti»

МАМАН СӨЗІ

ИГІЛІКТІ ІС ТӘЖІРБИЕ ЖАС ҚАЛАМ

РУХАНИЯТ БІЛІМ

Университет ректоры Гаухар Алдамбергенованың бастамасымен ұйымдастырылған жұмыс тобы киелі жерлер мен кешендерді анықтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жолға шыққан болатын.

Педагогика ғылымдарының кандидаты Г. Абдрасилова жетекшілік еткен экспедиция мүшелері маусым айының алғашқы күндерінде Кербұлақ, Сарқан, Панфилов, Іле және Жамбыл аудандарын аралады.

Кәсіби-танымдық экспедиция барысында университет ғалымдарының жоғары біліктілігі мен ұйымшылдығының арқасында жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде орындалды. Төл та-рихымыздың негіздерін ғылыми түрде дәйектеп, мәдени-рухани құндылықтарымызды жаңаша сараптауды мақсат еткен ғалымдар іс-сапар барысында аталған аудандардағы білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнатып, аймақтағы киелі жерлер бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу

«Бір аптаға – ауылға» бардыМемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бір топ ғалымдары «Бір аптаға – ауылға» кәсіби-танымдық экспедиция құра-мында Алматы облысының бірқатар ауылдарын аралап қайтты.

жобаларын жүзеге асырудың жоспарын түзді. Мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттырып, кәсіптік бағдар беріп, осы аймақтардағы «Қазақстанның 100 киелі орындарының» тізіміне кіретін нысандарға әрі көпшілікке беймәлім киелі, қасиетті орындарға экскурсия жасады.

Еліміздің қасиетті жерлерін түгендеу, қағазға түсіру тізімдеумен аяқталмайтыны анық. Әлі де ашылмаған, айқындалмаған тарихи нысандар бар. Осы орайда іздеу жұмыстарын ары қарай жалғастыру, аймақтағы тарихи тұлғаларды, киелі орындарды анықтау мақсатында жергілікті тұрғындармен бірлесе зерттеулер ұйымдастыру, сонымен бірге зерттеулер нәтижесін оқулықтарға енгізу алдағы уақыттың еншісінде.

Университет ғалымдарының бастама-сы Қазақстанның түкпір-түкпірінде осын-дай экспедициялар ұйымдастыруға үндейді. Мұн-дай іс-сапаралар жастар арасында патриотизмді насихаттап, ел мен жерді құрметтеуге шақырады.

Атап айтқанда, жиынға Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенттері Шынар Губайдуллина, Зулхумор Сатилханова, Гулафия Чатаева, Педагогика және психология факультетінің студенті Аида Бекешева, Физика-математика факультетінің магистранты Айдана Тынышқали, Биология кафедрасының оқытушысы Нұржамал Берік, Әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы Фарида Мырзаханова, Физика-матема-тика факультетінің оқытушысы Ботагөз Сәбит және Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкері Гүлнұр Омарова қатысты. Олар АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Миссисипи алқабы мемлекеттік университетінде білімдерін жетілдіріп қайтты.

Басқосуды Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова ашып, аруларға шетелдік оқу орнынан алып келген білімі мен тәжірбиесін еліміздің игілігі жолында қолданатындығына сенім білдірді.

– Қазақстандық жоғары мектеп дамуының халықаралық білім беру кеңістігіне кірігудегі аса маңызды бағыттарының бірі қосдипломды білім беру бағдарламасы. Қара шаңырақ Қыздар Университеті

Шетелдерде оқып жүр талай қазақ баласы...

қысқа мерзім ішінде қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша Миссисипи алқабы мемлекеттік университетімен және Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетімен әріптестік орнатып, меморандумға отырды. Аталған білім ордаларымен жасалған келісімшарт негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және шетелдік серіктестердің мамандықтарын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу пәндерімен жеке оқу жоспары әзірленеді, – деді Гаухар Төремұратқызы.

Оқу орны басшысының айтуынша, шетелдік серіктес оқу орындарының пәндері қазақстандық білім беру стандартының пәндерімен үйлестіріліп, студенттерге шетелдік университеттерде бакалавриаттың 4-курсы немесе магистратураның 2-курсында білім алуына мүмкіндік береді. Қосдипломды білім беру бағдарламасын аяқтаған білім алушылар отандық және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының дипломын алады.

Өз кезегінде студенттер мен қызметкерлер америкалық университеттің ерекшелігі жайында айтып, оқу үдерісіндегі басым бағыттарға тоқталды

Құқық тәжірибесі теорияда және тәжірибеде өте күрделі де ауқымды мәселенің қатарына жатады. Жалпы тәрбие қоғамды сауықтыру мен жүйелі бағытта жылжуында негізгі орынға ие болып табылатын қоғамдық факторлардың бірі. Құқықтық тәрбиені жастар арасында саяси, патриоттық, адамгершілік, рухани бастаулардан нәр алу бағытында өмір сүру міндетті де және қажеттілік те болып табылады. Себебі, жастардың бойында өмірлік ұстанымдар мен

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – маңызды ісҚазіргі кезде мәдениеттің қоғам өмірінде атқаратын рөлі мен алатын орны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Бүгінгі күні қалыптасып отырған мемлекеттік-құқықтық жүйенің басты міндеті – қоғам мүшелерінің барлық өздерінің құқықтары мен мүдделерін өмірде шынайы жүзеге асырып, пайдалана алатын құқықтық жағдай қалыптастыру, оның заңи тетіктерін жасау болып отыр.

құндылықтар әрі орныққан сенімге айнала қоймаған. Осы себептен де жастар арасында құқықтық тәрбиені кешенді және олардың әртүрлі ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып жүргізген орынды болып табылады. Бірінші мағынада немесе кең тұрғыда құқықтық тәрбие қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, саяси, идеологиялық, құқықтық, адамгершілік, хал-ахуалдардың әсерінен қалыптасатын қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің қалыптастыру процесінің жүйесі ретінде танылды. Екінші мағынада немесе тар мағынада, құқықтық тәрбие заң талабын мүлтіксіз орындайтын қоғам мүшелерін қалыптастыруға және олардың бойында тәртіпті сақтауға тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан қоғамда қандай дәрежеде біз құқықтық тәрбиені өз деңгейінде жүргізгенімізге қарай, соғұрлым қоғам мүшелерінің құқықтық санасын өз дәрежесінде дамытуға ұмтыламыз. Құ-қықтық тәрбиенің әсер ету обьектісі осы болып саналады. Құқықтық тәрбиені жүргізу барысында ең басты назарда ұстайтын қағиданың бірі демократизм болып табылуы керек. Демократизм адам құқықтары мен бостандықтары сақталуы мен қорғалуын олардың үстемділігін және адамдардың өздерінің

еркін қандай да болмасын мемлекеттік құқықтық деңгейде білдіре алуын көрсетеді. Құқықтық тәрбие барысында заңдылықты біз құқықтық тәрбиені жалпы заңдық негізде, заңи құралдарымен, әдіс-тәсілдері мен жүргізуді, тәрбиенің де басты мақсаты қоғам мүшелерінің заң талабын сақтау бағытына бейімдеу керек. Заңға деген қоғам мүшелерінің ерекше ілтипатын, ішкі құрметін орнықтыру қажет. Егеменді еліміз үшін ауадай қажет ұлттық мүдде де ескерілгені жөн. Оны тек бір ұлтқа деген сүйіспеншілік пен құрметтің аясында қарауға болмайды. Ұлттық мүдденің ауданы кең ұғым. Еліміздегі өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстардың барлығының мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған игі істің көрінісі. Құқықтық тәрбиенің алтын қазығына айналатын тұғырнамалық қағидасы осы ұлттық мүдденің басымдығы болып табылады десек, артық айтқандай болмас. Ұлттық мүддемен үйлесімділік табатын ұғымның бірі «патриотизм». Қазіргі кезде елімізде тек құқықтық тәрбие барысында ғана емес, басқа бағыттырдың барлығында осы қазақстандық патриотизмнің белгілерін көріп отырмыз. Еліміздегі құқықтық тәрбие жүйесі Отанға оның өткеніне құрметпен қарауға негізделген ұстанымдармен

Біліктілікті көтеру орталығының ұйымдастыруымен Кәсіптік білім кафедрасының оқытушылары Нұрзия Рахметова, Сара Қырықбаева және Гүлмария Қалдыбаева жүргізген курстың мақсаты – мектептегі кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнінің мазмұнына еңгізілген тақырыптарға сәйкес мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру.

– Мектеп қабырғасында аталған пәнді кіріктіру арқылы кәсіби білім беру аса маңызды орын алады. Ал сол білімді беретін пән мұғалімінің кәсіби біліктілігі қандай болмақ? Мәселен, ұстаздар өздерінің іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды шешеді. Қазіргі мұғалімдер білім беруде инновациялық технология негізінде теориялық білім берумен қатар шығармашылық жұмыстарды да заманауи тұрғыда орындаған жөн. Осындай мүмкіндіктерді шешудің бір жолы кәсіби біліктілікті жетілдіру курсы болып табылады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарымен мектеп арасында байланыс болса, білім беру саласына еңгізілген өзгерістерді бірге талқылап шешу мүмкін болмақ, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Курс барысында «Көркем еңбек» жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде әрбір тарау бойынша шығармашылық жұмыстар атқырылып, графикалық іс-әрекетті оқу шығармашылығымен байыту іске асырылды. Сонымен қатар, дидактикалық құрал ретінде мұғалімдердің жобалау іс-әрекеттеріне жалпы дайындығын дамытатын және ойлау амалдарын жоғарырақ деңгейдегі тапсырмаларды шешуге бағыттауды қамтамасыз ететін арнайы тапсырмалар қарастырылды. Курс аясында Алматы қаласындағы бірнеше мектептің «Көркем еңбек», «Технология» және «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдері ерекше белсенділік көрсетті. Атап айтқанда, олардың қатарында Гаухар Алмасбекова, Мейрам Көлбаев, Бауыржан Жанысбаев, Ерғали Тохтамбетов, Асылжан Кулшигашов, Урузия Жақыпова және Ақмарал Айғабыл бар. Курс қатысушылары білім беру жүйесінде оқу бағдарламаларына еңгізілген өзгерістер мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелерінде қолданылатын мүмкіндіктерді толық пайдалана білді. Олардың қатарында графикалық жобалаудың шарттары, әдістері мен технологиясы, академиялық кескіндеме, сурет, қолөнер, заманауи компьютерлік бағдарламаларды оқу үрдісінде қолдану мүмкіндіктері бар.

Қазіргі күнде әлемде оқырман мен кітаптың арасын жа-қындату мақсатында көптеген игілікті істер қолға алынып, түрлі жобалар жүзеге асуда. Кітап оқу акциялары ұйымдастырылуда. Бұл шара ең алдымен АҚШ-та кеңінен танымал болған. Бұл тарапта «Бір кітап – бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітап оқыса...» атты арнайы жобалар жұмыс іс-теген. Басты мақсат – кітап пен оқырман арасын жақындатып, бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында оқып, талқылау. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасы көптеген елдерде кең тараған. Елімізде оқу мәдениетін, кітап оқу мәселесі осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық көлемде қолға алынды. Бұған 2007 жылы Астанада өткен «Оқитын ел – бәсекеге қабілетті ел негізі» атты халықаралық оқу конгресінің өткені нақты дәлел болмақ. Конгресс жұмысының нәтижесінде сол жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізуді бастады. Осыдан бастап аталған шара ел тарихында елеулі орын алар ерекше оқиғаға айналды. Жалпы кітапқа қол жеткізудің бірнеше көзі бар екені белгілі. Ең алдымен, кітапханалар мен кітап дүкендерін айтуға болады. Ал үй кітапханасы негізінен білім-ғылым, әдебиет маңайындағы адамдардың еншісінде ғана бар дүние. Демек, басым көпшілік іздеген кітабын кітапханалардан тауып оқиды немесе дүкеннен сатып алады. Бұл ретте Алматыдағы атақты Ұлттық кітапхананың жөні бөлек. 7 миллионға жуық қоры бар кітапханаға күніне мыңдаған адам бас сұғады. Мұндағы оқырман қарасы үзілмейтін орынның бірі – көркем әдебиет залы. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, бұл бөлімнің негізгі оқырмандары – жастар. Күніне 700-800 оқырман келеді. Ор-таша алғанда бір оқырманға күніне 2-3 кітаптан тиесілі. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады», – депті. Алдағы уақытта да қоғамда кітап оқудың құндылығын ұққандар мен кітап оқымайтындар деген екі категорияның бір-бірінен айырмашылығы тереңдей бермек. Сондықтан кітап оқу мәдениетін насихаттау жөнінде жүйелі іс-шаралар жүргізумен қоса, менің қатарластарымның әдеби, тарихи, көркем ойлау жүйесін ұлттық мүддеге сай қалыптастыру мәселесін әрдайым қаперде ұстаған жөн.

Нұрайым ӘБДІНАСЫРОВА,«Кітапхана ісі» мамандығының 1-курс студенті

– Бұл ұлтымыздың ұлылығын ұлықтау мақсатында қолға алынып отырған игілік-ті іс. Сонымен қатар, қазақ халқының руха-ни құндылықтарын шетелде насихаттауға бағыттылған нақты қадам деп санаймыз. Бүгінде аталған қауымдастық құрамында әлемнің беделді музейлері бар, – деп атап өтті Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Университет музейі қызметкерлері биылғы жылдың қазан айында Түркияның Стамбұл қаласында өтетін I Еуропа және Азия Конгресіне қатысып, «Қазақстанның әйелдер тарихын қайта жаңғырту» тақырыбында баяндама жасамақ. Сонымен қатар, оқу орны-ның тарихынан сыр шертетін фото көрмені әлем жұртшылығының назарына ұсынады.

қаралуы тиіс. Біз құқықтық тәрбиені ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында, негізінен басымдық берілуі тиіс қағидалардың бастыларын ғана сөз етіп отырмыз. Құқықтық тәрбиенің бұдан да басқа әр түрлі негіздерге жіктеп қарауға болатын қағидалары баршылық. Қазақстан Республикасында құқықтық тәрбие және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында қыруар мәселелердің бар екендігі шындық. Қазіргі еліміздегі құқықтық тәрбие концепциясының іске асырылуы, объективті түрде қайта қаралуы, туындайтын құқықтық тәрбиеде құқықтық тәрбие процесінің сапалығын арттыруға бағытталған жаңаша талдауды қажет етеді. Қорытындылай келе қазіргі құқықтық тәрбие және құқықтық мәдениет айқын түрде жаңа теориялық талдауларды қажет етеді, сондай-ақ қоғамтанушы ғалымдардың бірлескен шығармашылығына негізделген жаңа ғылыми ізде-ністерді талап етеді. Болашақта құқықтық тәрбие құқықтық жүйеде іске асырылуы тиіс, адамгершілікке негізделген қоғамның құндылықтары мен талаптары үйлескен мінез-құлқын қалыптастыруға бағыттауы керек.

Ақмарал ҚОЖАБЕКОВА,тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Халықаралық ұйымға мүше болды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнограф-иялық музейі штаб-пәтері Италияның Мерано қаласында орналасқан Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына мүше болды.

Адэлья БІРЖАН,«Qyzdar Ýniversiteti»

Айта кетейік, бүгінде Халықаралық Әйелдер музейі Ассоциясына дүние жүзінің 80-нен астам мәдени нысаны мүше.

«Ақтұмар» музейі 2002 жылдың қараша айында құрылды. Кешен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дәстүрлі, мәдени-рухани құндылықтар арқылы студент жастарға елінің тарихын, тілін және көп ұлтты Қазақстанның тарихын құрметтеу қасиеттерін қалыптастыру мақсатында қызмет атқарады. Музей қорында оқу орнының құрылған уақтысынан бастап сыр шертетін жәдігерлер мен сирек фотосуреттер орналасқан. Атап айтқанда, Қыздар Университетінің қалып-тасуы, дамуында еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ректорлардың еңбектері, білім ордасының даңқты түлектері туралы ақпарат берілген. Сондай-ақ, музей экспозициясында қазақ мемлекетінің қалып-тасуындағы қазақ әйелінің рөлі – көне за-маннан қазіргі заманға дейін тыныс-тіршілігі көрсетілген.

Музей «Аналар ұлағаты – елге аманат», «Университет тарихы», «Әйел әлемі» этно-коллекциясы», «Әйелдер шығармашылығы» және «Әйелдердің қоғамдағы рөлі» атты бө-лімдерден тұрады.

Мәдени кешенде экскурсиялар, студент-тер мен түлектердің шығармашылық жұмыс-тарының көрмесі, танымдық сабақтар, дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Рухани кемелдену басы

Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деп пайымдаса, Толстой: «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деген ой айтады.

Біліктілікті жетілдіру курсы аяқталды

Білім саласына енгізілген реформалар мен өзгерістерді жете меңгеру барысында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін көтеру маңызды шараның бірі. Осы орайда Қазақ мемлекеттік қыздар педа-гогикалық университетінде «Көркем ең-бек және графикалық дизайн» курсы ұйымдастырылды.

Альрамина НҰРӘЛІ,«Qyzdar Ýniversiteti»

Page 4: QYZDAR ÝNIVERSITETIkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/06/МАУСЫМ-3.pdf · 2 AQPARAT №6 (172) маусым QYZDAR ÝNIVERSITETI 2018 жыл Адэлья БІРЖАН, «Qyzdar

Берік ДИДАР,«Qyzdar Ýniversiteti»

4 WEEKEND №6 (172)маусым

2018 жыл

Бағасы келiсiм бойынша. Таралымы – 1000 дана.

Тапсырыс №1205

Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция ның көзқарасын бiлдiрмейдi.

Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

«Qyzdar Ýniversiteti»-не жарияланған мақала көшiрiлiп басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

Медиа департаменті

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редакторЖандар АСАН

МЕКЕН-ЖАЙЫ:050000, Алматы қаласы,

Әйтеке би көшесі, 99Байланыс телефоны:

8 (727) 237-00-07 Газет «Qyzdar Ýniversiteti» газеті редакциясының компьютерлік

орта лығында беттелді. «Дәуір» РПК ЖШС баспасында басылды.

Мекен-жайы: Алматы қ., Ш. Қалдаяқов к., 17

Байланыс телефоны: 8(727) 273 12 04Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде

16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345-Г куәлiк берiлген.

ДизайнерГүлчаһра ЖЕКСЕНБИ

ФототілшіДәурен АБДИЛЬДИН

QYZDAR ÝNIVERSITETI

QYZDAR ÝNIVERSITETI

28 МАУСЫМ – БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

ТОПЖАРҒАН КЕРЕК ДЕРЕК

СПОРТБІЛІМ

Дәстүрлі жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу, елімізде футзал ойынын кеңінен тарату және жоғары оқу орындарының командаларына қолдау көрсету.

Турнирге еліміздің жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 7 команда қатысып, бақтары мен баптарын сынады. Атап айтқанда, жарыс жолында Қазақтың спорт және туризм академиясы, Астана агротехникалық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, Қазақ мемлекеттік шет тілдері университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті және Қазақ мемлекеттік

Оған сәйкес, жоғары оқу орындарының магистратурасына, докторантурасына, университеттер мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 - 31 шілде аралығында жүргізіледі.

Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандары – 10 - 15 тамыз аралығында, мамандық бойынша – 16 - 20 тамыз ара-лығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. Оқы-ту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистрату-рада білім алу үшін кешенді тестілеу 10 - 15 тамыз аралығында жүргізіледі.

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар адамдар қабылданады. Ғылыми-педагогикалық

Осыған дейін өткен жиырма әлем чемпионатында (финалдық турнирлер) ұзын-ырғасы 826 ойын өтіпті. Оның ең біріншісі 1930 жылдың 13 шілдесінде ойналды. «Дөңгелек санды» кездесулердің тізімі мынадай:

1-матч Франция – Мексика – 4:1 топ 13.07.1930100 Австрия – Уругвай – 3:1 3 орынға 03.07.1954200 Англия – Германия – 4:2 финал 30.07.1966300 Италия – Австрия – 1:0 2-кезең 18.06.1978400 Аргентина – Уругвай – 1:0 1/8 финал 16.06.1986500 Грекия – Нигерия – 0:2 топ 30.06.1994600 Оңт. Корея – АҚШ – 1:1топ 10.06.2002700 Уругвай – Франция – 0:0 топ 11.06.2010800 Коста-Рика – Англия – 0:0 топ 24.06.2014

Биылғы чемпионатта 64 матч өткізіледі. Алғашқы Ресей – Сауд Арабиясы матчының реттік саны – 827. Яғни дода соңында ойындардың жалпы саны 890-ға жетеді. Демек, 900-матчты тек 2022 жылы ғана көре аламыз.

• Спорт – депрессия қатерін екі есе азайтады.

• Антарктиданың мұзы бұрынғыдан үш есе тез еріп жатыр.

• Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған «7-20-25» бағдарламасы биылғы жылдың жартысында іске қосылады.

• Балаңыз әріп танымаса кітапты дауыстап оқып берген дұрыс.

• Таңертең ішкен бір стакан су ішкі ағзаны жақсы тазалайды.

• Күйзеліске қарсы азық – сүт. Ол жүйкені тез тыныштандырады.

• Әлемде 192,7 млн. адам жұмыссыз жүр. Оның көбісі жастар көрінеді.

• «Қазақ хандығы. Алтын тақ» жобасының екінші маусымы Түркістан облысының Түлкібас ауданында түсіріліп жатыр.

• Дубайда ұйымдастырылған ауызашар Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Дастархан 6 шақырымға жайылды. Ауызашарға 12 мың 830 адам қатысты. Ас мәзірін 35 мейрамхана әзірлеп, 500 даяшы қызмет көрсеткен.

«УНИВЕРСИТЕТТІҢ ИМИДЖІН БІЗ ЖАСАЙМЫЗ!»

«Журналистің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» дейді заңғар жазушы, ұлт журналистикасының патриархы Шерхан Мұртаза. Қоғамның тыныс-тіршілігінен, әлеуметтің әл-ауқатынан, руханияты мен мәдениетінен хабар тарататын қалам иелері 2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісін журналистер күні ретінде атап өткенімен, 2011 жылдың 20 қазанында Мемлекет басшысының Жарлығымен маусым айының 28 жұлдызы – «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленді. Осы орайда Қыздар Университетінің ақпараттық саясатын жүргізетін Медиа департаментінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, мол табыс тілейміз!

Ізгі ниетпен, Қыздар Университетінің ұжымы

Арнау-өлеңнің авторы: Олжас ҚАСЫМ,ақын, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Әріптестер біледі,Әділхандай үздігін.Медиадай ұстаған,Департамент тізгінін.

Біздің оқу орынын,Насихаттап келеді.Медиамен қызметі,Байланысты себебі.

Еңбек етіп газетте,БАҚ саласын таңдаған.Телеарнада әр жылы,Тәжірбиесін шыңдаған.

Жауапты әрі сауатты,Қойған биік талапты.Мұндай жандар тым сирек,Ең жоғарғы санатты.

Толып жатыр өнері,Қолынан бәрі келеді.Біздің «қайсар» Мұрагер,Өз ісінің шебері.

Кезі жоқ дәйім ерінер,Жайдары оның мінезі.ҚызПУ-дың фотоқорын ол,Толықтырған бір өзі.

Уақытын жұмысына бөлген өрен,Төзімді жан едің бір сен не деген?!Тарихын универдің таспалаған,Таспагер бұл Дәуреннің еңбегі ерен.

Еңбегімен таң қалдырған,Жаңалықты алған жылдам.Айсұлтандай бар ер жігіт,Сайт жұмысын жандандырған.

Дидары күлімдеген күндей нағыз,Жаратын көктем келсе гүлдей қауыз.Жүзіміз жайнамайды әсте біздің,Құжатты реттемесе Гүлжайнамыз.

Жүреді ол жұмысына күнде алаңдап,Асулар көп онымен бірге бармақ.Гүлімдей әріптес бар гүл ғұмырын,«Қыз-ғұмыр» журналына жүрген арнап.

Медиа департаментінің директоры Әділхан ШОРАБЕККЕ

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің бейнеоператоры Дәурен АЯЗБАЕВҚА Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің

инженер-бағдарламашысы Айсұлтан КЕҢЕСКЕ Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Гүлжайна АСАНОВАҒА

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің «Қыз-ғұмыр» журналының редакторы Гүлім КӨПБАЙҒА

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар АСАНҒА

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің бейнеинженері Мұрагер НҰРЛАНБЕКОВКЕ

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің фототілшісі Дәурен АБДИЛЬДИНГЕ

Ұлттық студенттік лига жүлдегері атандыҚазақ мемлекеттік қыздар педа-гогикалық университетінің студент-терінен құралған құрама команда футзалдан ұлттық студенттік лига ойындарында күміс медальға ие болды.

қыздар педагогикалық университетінің спортшылары өзара мықтыны анықтады.

Сайыстың алғашқы күні Қыздар Университетінің аяқ доп шеберлері С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің командасымен кездесіп, 11:0 есебімен ойсырата жеңді. Келесі кезеңдерде Қазақ Ұлттық аграрлық университетін 8:1, Қазақ-Британ техникалық университетін 6:0, Астана агротехникалық университетін 4:0, Қазақ мемлекеттік шет тілдері университетінің футболшыларын 5:0 есебімен ұтып, ақтық финалға жолдама алды. Финалда оқу орнының құрамасы Қазақтың спорт және туризм академиясының командасымен кездесті. Тартысты өткен ойында педагогикалық оқу орнының арулары қарсыласына 4:5 есебімен есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Жеңімпаздар арнайы кубокпен және алғыс хатпен марапатталды. Команда капитаны А. Сәдуақасова «Ең үздік футболшы» аталымына ие болды.

– Турнир студенттер арасында үлкен бәсекелестік тудырды. Жоғары оқу орындарының білімгерлері өз командаларына үлкен қолдау көрсетті. Студенттер лигасы футзалдың елімізде, әсіресе жастар арасында кеңінен танылуына ықпал етеді, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

Оқуға түсу ережелері өзгердіҚазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен жоғары оқу орнынан кейін магистратура мен докторантураға түсу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсыра алады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші адамдар оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсырады. Шет тілі бойынша түсу емтиханының, ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада, және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі. Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде

жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу ҰТО әзірлеген технология бойынша өткізіледі. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі. Магистратура, резидентура және докторантураға адамдарды қабылдау кешенді тестілеу қорытындылары бойынша мынадай балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша – кемінде 50 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша – кемінде 30 балл және мамандығы бой-ынша – кемінде 50 балл; ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және ағылшын тілінде бейінді магистратурада оқу үшін – кемінде 19 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 5 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 6 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл.

20 чемпионатта 826 ойын