web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери...

66
Аймагамбетова Шахизада Бейсембаевна. Хлебодаровка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Сабақтың тақырыбы:Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты:Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері туралы түсіндіру. Міндеттері: Білімділік:Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы мағлұмат беру; Дамытушылық:Оқушыларға танымдық сипаты бар әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын дамыту; Тәрбиелік:Оқушыларды еңбекқорлыққа және тарихи деректергедеген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі:жаңа білімді игерту Сабақтың түрі:танымдық ойын Сабақтың әдісі:СТО технологиясы Көрнекілігі:Қазақстан картасы,слайдтар Сабақтың барысы: I.Қызығушылықты ояту. А)Ұйымдастыру ә)психологиялық тренинг б)топқа бөлу(геометриялық фигуралар арқылы) в)үй тапсырмасын тексеру

Upload: vuongdang

Post on 15-Feb-2018

268 views

Category:

Documents


10 download

TRANSCRIPT

Page 1: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Аймагамбетова Шахизада Бейсембаевна.

Хлебодаровка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің

ерекшеліктері туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік:Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық:Оқушыларға танымдық сипаты бар әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын дамыту;

Тәрбиелік:Оқушыларды еңбекқорлыққа және тарихи деректергедеген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі:танымдық ойын

Сабақтың әдісі:СТО технологиясы

Көрнекілігі:Қазақстан картасы,слайдтар

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту.

А)Ұйымдастыру ә)психологиялық тренинг б)топқа бөлу(геометриялық фигуралар арқылы) в)үй тапсырмасын тексеру

Бағалау жөнінде оқушыларға ескерту:әрбір тапсырманы орындау барысында өздеріне ұпай қосып отыру.

Үй тапсырмасына арналған тапсырмалар:

1.Сақтардың тайпалық құрамы қандай топқа бөлінген және олар қай жерлерде мекендеген?

2.Сақтардың орналасқан жерлерін картадан көрсету?

3.Сақ тайпаларын әр елде әртүрлі атаған?

Page 2: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

4.Кімнің сөзі:

1.«Дұшпанға-қатал,досқа – адал»(грек тарихшылары)

2 .«Сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады»(грек авторы Ктесий)

3. «Садақпен,қылышпен және қола балталармен қаруланған,сауыт киген»(грек авторы Страбон)

4. Сақ қоғамы (кластер құру)

II.Мағынаны тану.Жаңа сабақ.

Тақырыптың мәнін ашу үшін « шаруашылық» сөзіне кластер құрайық.

Шаруашылық

(оқушылардың айтқан жауабын тақтаға жазамын,слайд арқылы көрсетемін)

Енді оқушылар,сіздерге сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы,қолөнері және діни –нанымдары мен ғұрыптары туралы түсінік беремін.

Сонымен,оқушылар сақтар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан екен?

Шаруашылық

Page 3: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Одан әрі тереңірек меңгеру үшін топтарға мынадай тапсырмалар беремін.

I топтың тапсырмасы: «Сақтар» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

Сақтар

батыр,еңбекқор

көшті,екті,дамыды

сақтар арғы ата-бабамыз

қазақтар

II.топтың тапсырмасы: Венн диаграммасы.

Сақтар жасаған заттарын қайда пайдаланды?

-тұрмыста

Онда сақтардың бұрынғы тұрмысы мен қазіргі қазақтардың тұрмысын салыстыру.

IIIтоптың тапсырмасы: Проблемалық сұрақ:

«Сендер өздеріңді сақтардың ұрпағымын деп есептейсің бе?Оған қандай дәлелің бар?»Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

«Болжам»кестесі. Ұжымдық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.Үзінді оқылады,оқушылар болжам картасын толтырады.

Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген,сыйлаған.сақ әйелдері тайпа көсемдері болып та сайланатын.Мысалы,сақтардың бір бөлігін патшайым Томирис басқарды.Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы: «егер сақ жігіті үйленгісі келсе,қызбен әуелі күш сынасуы керек.Қыз жеңсе,жігіт оның тұқыны болып есептеліп,оған толық тәуелді болады.Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады»деп жазды.Тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын халық жиналысына ерлермен бірге әйелдері де қатысуға құқылы болған.

Болжам кестесі

Не болды? Дәлелдеу Шын мәнінде не болды?

Page 4: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

III.Ой толғаныс.Сабақты қорыту. «Сақ көші» шағын эссе жазу.

IV.Бағалау.Оқушылар өзін-өзі бағалау,түстер арқылы.Қызыл түс-«5»,көк түс-«4»,сары түс-«3».

V.Үйге тапсырма: «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы»тақырыбын оқу.Ежелгі грек ғалымдары Герадот пен Страбонның еңбектерінен үзінділерді оқып,ертедегі сақтардың тіршілігінен қандай жаңалықтардың болғандығын біліп келу.

Рефлексия.

Тақырыбы: Тәуелсіздік –ел тілегі

Сыныптар:5-6

Мақсаты: Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін жүйелеу.Интеллектуалдық ойын өткізу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.Өз ойларын ортаға салуға,өзіндік санасының қалыптасуына жағдай жасау.Оқушыларды ұлтжандылыққа,елжандылыққа,Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілігі:интерактивті тақтадан слайдтар

Түрі: интеллектуалдық ойын

Жүру барысы: I.Ұйымдастыру

Оқушыларды топтастыру:1. «Тарих» 2. «Шежіре»

II.Кіріспе.

Жүргізуші:Құрметті,оқушылар,тарих апталығына байланысты 5-6 сыныптар арасында өтетін «Тәуелсіздік-ел тілегі»атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Түсеміз біз білімнің сайысына

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа,

Талапкердің талабы таудай болар,

Page 5: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Аямас тиіп кетсең намысына,-дей келе,ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.Әділ-қазылар алқасын сайлау.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Сайыс жүрісі мынадай турлардан тұрады.

1. «Жұлдызды сәт» ойыны

2. «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»

3. «Алтын қақпа» ойыны

Жүргізуші:Ендеше сайысымыздыбастаймыз.Әрбір берілген жауапқа 1 ұпайдан қойылады.

« Жұлдызды» сәт ойыны

«Шежіре» тобына:

1.Тарих сөзі қандай мағына береді?(зерттеу,өткен оқиғалар жайлы ұғым)

2.Қазақстан өзін тәуелсіз деп қашан жариялады?(1991жыл 16желтоқсан)

3.Рәміздер қашан қабылданды?(1992жыл 4маусым)

4.Әлем халықтары неше нәсілге бөлінеді?(3нәсілге)

5.Ислам дінінің негізін салған пайғамбар?(Мұхаммед Пайғамбар)

6.Мұсылмандардың қасиетті кітабы?(Құран)

7.Ежелгі тарих неше дәуірге бөлінеді?(3ке)

8. «Жеті жарғы» заңдар жинағын кім шығарды?(Тәуке хан)

«Тарих»тобына:

1.Археология нені зерттейтін ғылым?(Ежелгі адамдардың тіршілігін заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым.)

2.ҚР-сының жаңа конституциясы қашан қабылданды?(1995ж 30тамызда)

3.Сақтардың ержүрек әйел патшайымы кім болған?(Томирис)

Page 6: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

4.Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?(тастан)

5.Қазақ елін билеген хандар әулеті кімнен тараған?( Жошыдан)

6.Батыс әлеміне тарихтың атасы деген атпен белгілі болған тарихшы?(Геродот)

7.Халықтың әдет-ғұрпын,шығу-тегін зерттейтін ғылым саласы?(Этнография)

8.Саналы адам қашан пайда болды? (Тас дәуірінде)

II тур «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»

1.Отан,ерлік,батырлық туралы мақал-мәтел жасыру.Екі топ бір-біріне мақалдың басын айтып,келесі топ жалғастырады.

2.Жұмбақ жасырып,келесі топ шешімін табады.

III тур «Алтын қақпа»ойыны

Жүргізуші:Екі топқа кезек-кезек 3сұрақ қойылады.Қай топ бірінші жауап берсе,сол топ тас қақапаны бірінші ашады.

«Шежіре» тобына:

1.Шығыстың ғұлама ғалымы IIАристотель атанған?( Әл-Фараби)

2.Темір дәуірінде қандай мал шаруашылығы дамыды?(көшпелі,жартылай көшпелі)

3.Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?(б.з.б. IIғ.соңы)

«Тарих» тобына:

1.Алғашқы пайдаланған металл?(мыс)

2.Сақ өнері стилі қалай аталады?( Аң стилі)

3. «Епті адам» қашан қалыптасты?

«Күміс қақпа»сұрақтары:

1. «Алтын киімді адам» қай жерден ,қай жылы табылды?(Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан,1969ж)

2. «Қыш құмыралар заманы» деп аталған дәуір?(неолит)

3.Алты ай бойыжауға берілмей,шайқасқан қай қала?(Отырар)

Page 7: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Күміс қақапаның сұрақтарына 1минутта жауап берген топ алтын қақпаны ашуға жолдама алады.

«Алтын қақпа» сұрақтары:

1. «Желтоқсан оқиғасы» өткен қала?(Алматы)

2. Н.Ә.Назарбаев қай жылы,қашан президент болып сайланды?

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен,неше

баптан тұрады(9бөлім,98бап)

«Алтын қақпа» сұрақтары:

1.Атақты ойшыл,әрі ақын Бұқара қаласында білімін жетілдірген.Қазақ жерінде мұсылман дінін таратуға атсалысқан .Оның түрік тілінде жазған Диуани Хикмет атты шығармасы адамзатты адалдыққа,имандылыққа шақырады.(Қожа Амет Йассауи)

2.Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері,шешен,Әз Тәукенің Жеті жарғысн жасауға қатыскан.

Болмас іске қарыспа,Біреуге ор қазыспа,Жауыздық іске барыспа,т.б.нақыл сөздері халық ауызында сақталған.(Төле би)

Қорытынды.

ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман» – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.Сондықтан да, заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел меңгеріп,кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында:қазіргі білім берудегі басты мәселе –білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды

Page 8: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап көрсетіледі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға өз көзқарастарын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді.

Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді.Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу менбілім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары,өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек.Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін

Page 9: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет.Оқыту технологияларының құрылымдық элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, нәтиже. Оқыту технологияларына тән белгілер: негізділігі(кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжырымдамасы болуы шарт); жүйелілігі(құрылымдық элементтердің біртұтастығы); басқарылмалығы( оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан – аяқ тексеруге болатындығы); тиімділігі( қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі). Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Менің тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Қазіргі кездегі оқытушының басты мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.Тарихты оқыту – өзара байланыста және ұнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс.Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Бұл ретте өзім тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.

Интерактивті әдіс – бұл: Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;

Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау

Өздерін – өздеріне бағалату

Page 10: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Іс – әрекет барысында білім алу

Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді. Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру; Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеңіз, ондай жағдайда тек топпен «келісесіздер ме?» – деп сұрау керек.Зейінсіз, енжар оқушыны анықтау, олардың бойындағы ашылмай жатқан «ғажайыпты» ашу.

Бұл әдіс оқытушы мен оқушылар тобы,шағын топ, жеке студент арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы хабарлама беруші – модератордың қызметін атқарады.Оқытушы студенттерге өз көзқарастарын өздері айқындап белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік беруі тиіс.

1.Диагностика сәті. – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы мұғалім оқушылардың білгендерін ортаға салдыртады.

2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.

3. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.

4. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістеріарқылы бекітіледі.

Бұл әдісте оқытушы 5 – 7 минут уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде оқушылардың өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша оқушылар өз білімін өздері бағалайды.Жаңа әдіс – тәсілдердің бірі – СТО технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын. Қазақстан тарихынан «Ұлт – азаттық көтерілістері» тақырыбының қорытынды кезеңінде Венн диаграммасын қолдандым.Бұл оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, материалды жан – жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды.

ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық ойлау – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық ортада

Page 11: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

жұмыс жасау үшін кез келген мұғалім өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, комуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған интерактивтік тақтаны пайдалана білетін болуы тиіс.Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады.Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқытушыларға баланы оқытуда уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Демонстрациялық материалдар дайындау, топпен кері байланыс жүргізу ұшін интерактивті тақтаның мүмкіндігі шексіз.Мен тарих сабақтарында мүмкіндігінше компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалануға тырысамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп,оқушылардың түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер де көрсетіп отырамын.Мысалы Қазақстан тарихы бойынша «1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы» атты тақырыпты өткен кезде, сол оқиға туралы видеофильм көрсетіліп, соңынан студенттер көргендері негізінде қысқаша эссе жазды.Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы.Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр.Оқушылардың өзбетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек сабақ кезінде ғанаемес сабақтан тыс кезде де оқушыларға компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін..Әр сабақта тапсырмаларды алдын ала беру арқылы оқушыларға қосымша материалдарды табудың жолын көрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді.Нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға, сараптауға, дәлел келтіруге, ақпарат көздерімен ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады. Мысалы «Маңғыстаудағы адайлар көтерілісі», «Маңғыстау Ұлы отан соғысы жылдарында» тақырыптарына байланысты студенттерге

Page 12: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

ізденіс тапсырмаларын бердім. Студенттер қалалық, облыстық кітапханаларға, облыстық мұражайға барып өзбеттерінше көптеген мәліметтер жинап, соның негізінде баяндамалар, рефераттар жазды, буклеттер дайындады.Тапсырманы орындау арқылы олар компьютерді пайдаланды және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін арттырды.Жалпы тарих пәні оқытушысы ретінде сабақтан тыс колледж студенттері арасында әртүрлі тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, тарихи оқиғаларға байланысты кештер өткізіп отырамын.Бұл шараларды ұйымдастыруда мен студенттерге тек қана бағыт беріп отырамын, ондағы мақсатым студенттердің жан – жақты шығармашылық, терең ізденіс, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Және де барлық шараларды өткізген кезде ақпараттық технологиялар – интерактивті тақта, компьютер,видеокамера қолданылды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, біздің міндетіміз – жеке тұлғаның өзіне,қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін – өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау.Сондықтан да әрбір оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды өз мамандығын жақсы меңгерген, теориялық біліммен тереңсусындаған, қазіргі қоғамның талабына сай, нарықтық экономиканың сұранысын қанағаттандыра білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға етіп шығару мына біздің қолымызда. Осы қиын да, қызықты ұстаздық мамандықта сіздерге шығармашылық жолында талмас қанат, үлкен шабыт тілеймін!

Пайдаланған әдебиеттер

1.Н.Ә.Назарбаев 2012 ж14 желтоқсан «Қазақстан – 2050 даму стратегиясы»

2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

3. С.Т.Мұхамбетжанова,Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті технологиямен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері – Алматы,2008

4.А.Иманбаева «Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру » Қазақстан мектебі,№2,2005ж

5. Интернет мәліметтері

Page 13: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан

§12. Көшпелі мал шаруашылығы

Мақсаты: Темір дәуіріндегі Қазақстанның тарихын,мал шаруашылығы жайлы толық мағлұмат беріп толықтыру.

Білімділік: Темір дәуіріндегі тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып,оқушылардың білімін арттыру

Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін,қабілетін дамыта отырып,жаңа тақырыпты меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

Б) оқушылардың зейінін аудару

ІІ.Үй тапсырмасы

Қола дәуіріндегі Қазақстан

1.Өндіріске металл құрал – саймандардың енуі

2.Қола дәуірінің ерекшеліктері, негізгі сипаттамасы

3.Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі

Қола дәуірінің ерекшеліктері Тірек сызбамен жұмыс

1. Металл өңдеу игерілді

Page 14: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу

3. Жер өңдеудің қарапайым түрі,теселі егіншілік дамыды

Андрон мәдениеті. Тірек сызбамен жұмыс

1. Егін шаруашылығы

2. Мал шаруашылығы

3. Қолөнер

Беғазы –Дәндібай мәдениет. Тірек сызбамен жұмыс

1. Егін шаруашылығы

2. Мал шаруашылығы

3. Қолөнер

Кім жылдам....

Сұрақ- жауап

• Қола дәуіріндегі адамдар қандай әшекей бұйымдарын таққан?

• Андрондықтар бойтұмары неден жасалды және не

• үшін тақты?

• Адамдарды қалай жерлеген?

• Қола дәуіріндегі адамдардың қайтыс болған адамдар туралы діни көзқарастары қандай?

• Қайтыс болған адамның қасына не үшин еңбек құралдарын қоса көмген?

• Абыз кім және оның коғамдағы рөлі кандай?

• Қола дәуіріндегі адамдар неге табынған?

• Қазақстан жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым?

Суретпен жұмыс. Қола дәуіріндегі қыш ыдыстар қоладан жасалған құмыралар тақырыбы:

Суретпен жұмыс. Бұл кім?Ол туралы не білесің?

Page 15: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

ІІІ. Жаңа сабақ

§ 12 . Көшпелі мал шаруашылығы

Жоспары:

1. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.

2. Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу

3. Тебіндік жайылым

4. Төрт түлік мал

Адамзат дамуының тарихи үш кезеңі

Тас дәуірі Қола дәуірі Темір дәуір

Б.з.б 5мыңжылдықта жаңа тас ғасыры неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратуды, тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін үккіш келі, балта, қайланы т.б ойлап тапты.

Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді темір дәуірі деп атайды.

Ерте темір дәуірі б.з.б

8 ғасырдан б.з-дың 5 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.

Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді

дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір берік әрі салмақты металл.

Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық (сурет

Көшпелі мал шаруашылығы

Себептері

1. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын шашыназайды.егіншілікпен шұғылдану қиындады

2. Ат абзелдерін жетілдіру жылқыныкөлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді

3. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті

Page 16: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Көшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Тебіндеп жайылуына икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.

Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.

Олар суық пен ыстыққа төзімді.

4. Жаңа сабақты бекіту.Ой қорыту

Сәйкестігін тап:

Түйелер Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.

Олар суық пен ыстыққа төзімді

Қойлар Тебіндеп жайылуңа икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлуді қажет етеді.

Жылқылар Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Сиырлар Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.

Тарихи диктант

1.................берік әрі салмақты металл

2.................еңбек өнімділігі өсті.

3 Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі.....................

аралықты қамтыды

Page 17: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

5 ............................ киіз үйін, киім кешегін,тұрмыстық

заттарын артты.

Тест тапсырмасы

1.Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі

А) б.з.б 4мыңжылдық

Ә) б.з.б 5-3 мыңжылдық аралығы

Б)б.з.б 1 мыңжылдықтың соңы

в) б.з.б 8 ғасыр

2.Ертедегі темір өңдірудің қарапайым тәсілі

А) домна пеші

Ә) пеш көрік

Б) қазандық

в) мартен пеші

3 Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі

А) көрші халықтардың ықпалымен

Ә) климаттың өзгеруінен

Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

в) ежелгі Қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады.

4. Батыс Қазақстанның шөлді аумақтарында өсірілетін түлік

А) сиыр

Ә )жылқык

Page 18: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Б) түйе

в) ешкі

5. Тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік

А) сиыр

Ә )жылқык

Б) түйе

в) ешкі

Венн диаграммасы

ІҮ. Үйге тапсырма

§12 . Көшпелі мал шаруашылығы

Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық.Суретке әңгіме құрастыру

Ү.Оқушыларды бағалау

Сабақтың тақырыбы: .Халық ауыз әдебиеті.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау,сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.

2. Дамытушылық. Нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бақылау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, сағат.

Page 19: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтарға жауап беру

1. Әдебиет деген не?

2. Ауыз әдебиеті қалай тараған?

3. Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

4. ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылықтары бар?

5. «Фольклор» сөзінің мағынасы қандай?

6. Халық ауыз әдебиетінің манызы қандай?

7. Әдебиет Әдебиет- араб сөзі, аударғанда улгілі сөз деген мағынаны береді. Әдебиет оқиғаны сөзбен суреттеп жеткізетін сөз өнері.

8. Қазақ халқының ауыз әдебиеті . Қазақ халқының ауыз әдебиеті- ауыздан- ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге дейін жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Дәлме- дәл аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері» деген мағынаны береді.

Ауыз әдебиет түрлері:

• Ертегілер

• Мақал- мәтелдер

• Жұмбақтар

• Эпостық жырлар ( батырлар жыры) Қобыланды батыр жыры

• Лиро-эпостық жырлар. Қозы Көрпеш – Баян сұлу

• Айтыс өлеңдер

• Тарихи жырлар

• Тұрмыс салт жыры

3 . Ертегілер адам қиялынан туған шағын шығармалар.

Page 20: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4 –ке бөлінеді

• Қиял- ғажайып ертегілер. Олар қиалға, фантазиаға құрылады. Өмірде болмайтын нәрселер туралы айтылады. (Алтын сақа, Ер Төстік)

Қиял- ғажайып ертегілер екіге бөлінеді

• Қазақ ертегілері

• Сырттан келген ертегілер

• Хайуанаттар туралы ертегілер. Олардың кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келеді. Халық жануарлардың мінездері, қылықтары арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды танып білген. «Аю түлкі және арыстан», «Күшік пен мысық»

• Тұрмыс- салт ертегілері . Тұрмыс- салт ертегілері қойшы, малшы, бақташылардың тұрмысы бейнеленген. Бұл ертегіде өмірде болатын оқиғалар мен болмайтын оқиғалар араласып отырады. «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы»

• Шыншыл ертегілер. Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы (Алдар көсе, Дүмше молда)

1. Мақал-мәтелдер.

Отан туралы

Еңбек пен кәсіп

Батырлық

Оқу, білім, ғылым туралы

Тіл өнері сөз өнері

Тәлім- тәрбие, әдептілік туралы

Достық пен жолдастық туралы

Адам туралы

2. Аңыз- әңгімелер. Аңыз- тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс әрекетіне байланысты туған шығарма. Мұнда адамдардың халық үшін еткен еңбегі, іс әрекеттері ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгіменің ерекшелігі тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.

Page 21: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

ІІІ. «Шеңбер бойымен әнгімелеу» ойыны

Ойын шарты: барлық оқушылар шеңбер бойымен отырады. Араларынан бір жүргізушіні сайлап алады. Ойын басында тақырып таңдап алынады. Жүргізуші ортаға шығып , көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұскайды. Жүргізуші нұсқаған оқушы алынған тақырып бойынша бір сөйлем айтады. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әр ойыншы бір-бір сөйлемнен айта береді. Егер жауапта қате жіберілсе, келесі оқушы түзетуге тиіс. Жауаптарды толықтыруға болады. Ойын сонында ең белсенді оқушы анықталады.

ІV.Қорытынды Балалар, біз бүгін ауыз әдебиеті туралы білімдерімізді пысықтадық.

V.Бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Кесте толтыру.

Сабақтың тақырыбы: Қоныс аударушылардың шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ресей империясының Қазақстанды кең көлемде отарлауын, еуропалық аймақтан келген орыс шаруашларының қазақтарың өміріне тигізген әсерін және Қазақстандағы өзгерістер туралы түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыпты түсінеді,оқиды,тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау,мәтінмен жұмыс істеу әрекетін, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастырады.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,іздену

Сабақтың ресурсы: керекті мәліметтер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын тексеру, түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтар қою арқылы оқушылардың бұған дейінгі сабақтардан алған білімдерін тексеру.

Page 22: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

1. Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуының негізгі бес себебін атап шық?

2. Шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы қалай басталды?

3. Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшеюі неден көрінді?

4. Столыпинның аграрлық реформасының ақыры неге алып келіп соқтырды?

5. Патша үкіметінің шаруаларды қоныс аудару саясатына қазақ халқының қарсылығы неден көрінді?

Жаңа сабақ:

Сабақ жоспары:

1. Қоныс аударып келген шаруалардың тұрғын үйі?

2. Қоныс аударып келген шаруалардың көрген қиындықтары?

3. Егіншілік-шарушылықтың негізгі кәсібі.

4. Мал шаруашылығы.

5. Омарта шаруашылығы.

6. Бау-бақша өсіру және балық аулау кәсібі.

7. Қоныс аударушы шаруалар мен жергілікті қазақтардың шаруашылық және мәдени байланыстары.

Сабақ жоспар бойынша түсіндіріледі. Оқулықтағы кейбір мәтіндерді оқушыларға оқытамын.

Қоныс аударып келген шаруаларға берілген көмек: оларға көшіп келген бойда 185 сом ақшалай қарыз, тұқым азық-түлік алуға қаржы бөлінді. Әр отпасына 200-ге жуық құрылыстық бөрене, 50 сырғауыл берілді. Патша үкіметінің шаруаларға көмек беру себебі айтылады. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасау үшін үш топқа бөлінеді әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топқа тапсырма:

Қоныс аударып келген шаруалар қандай қиындықтар көрді?

2-топқа тапсырма:

Егіншіліпен айналысатын шаруаларға мемлекет қандай қолдау көрсетті?

Page 23: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

3-топқа тапсырма:

Мал шаруашылығы және омарта ұстау, бау-бақша, балық аулау кәсібімен қалай айналысты?

Оқушылардың дайындалуына 5 минут уақыт беріледі. Оқушылар дайындалып болған соң «Мергендер сайысы» ойыны ойналады. Ойынның шарты: тақтағы плакатқа сызылған нысана ілінеді нысанады 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған, әр топқа 10 сұрақтан қойылады дұрыс жауап берген топ нысанадағы ондыққақа тигізген болып есептеледі.

1-топқа қойылатын сұрақтар:

1.Қоныс аударушыларға үй салу үшін қандай материалдар уақытында жеткізілмеді?

2. Қоныс аударушылар уақытша қандай баспаналарда тұрды?

3.Таңдап алған жердің топырағы қандай болып шықты?

4. Қоныс аударушыларды ауыз сумен қамтамасыз ету қандай жағдайда болды?

5. Егінді қандай зиянды жәндік жеп қойды?

6. Егінің шықпай қалуына тағы қандай жағдайлар әсер етті?

7. Шаруалар кімдерден пәтер жалдады?

8. Қүйзелген шарулар қайда қоныс аударды?

9. Қай жылы егін шықпай ашаршылық Қазақстан аумағын қамтыды?

10. Омбы қаласына неше мыңға жуық шаруа шоғырланды?

2- топқа қойылатын сұрақтар:

1.Қоныс аударып келген шаруалардың негідгі кәсібі не?

2. Қоныс аударушы әрбір ер азаматқа неше диятина жер берілді?

3. Берілген жерді толық игеріп үлгерген шаруа неше жылға алым-салық төлеуден босатылды?

4. Қоныс аударушыларға үй сайын қанда түп жеміс ағашы берілді?

5. Ауылшаруалық құрал саймандарын сатып алу үшін неше сом қайтарусыз ақша берді?

Page 24: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

6. Шаруалар құрал-саймандардан басқан тағы не сатып алды?

7. Шаруалар өздерінің меншігіндегі жерлері тозып өнім беруден қалған кезде кімдердің құнарлы жерлерін жалға алды?

8. Жалға алған жерге қанша тиын төледі?

9. Шаруалар жерді жыртуға қандай малды пайдаланды?

10. Шаруалар дәнді-дақылдардың қандай түрін өсірді?

3- топқа қойылатын сұрақтар:

1. Шаруалар қандай мал түрін ұстады?

2. Қоныс аударушылар түйені қандай жұмыстаға пайдаланды?

3. Қоныс аударушылардың малын кімдер бақты?

4. Қазақстандың қай аймағындағы орыс шаруалары омарта шаруашылығымен айналысты?

5. Шарауалар омарта шаруашылығын кімдерден үйренген?

6. 1883 жылы Өсекмен уезінде шамамен ара ұясының неше мыңға жуық жәшігі болды?

7. Орыс шаруалары балықты қайдан аулады?

8. Орыс шаруалары қандай бау-бақша дақылдарын өсірді?

9. Кендір және сора өсірумен қай обылыстың шаруалары айналысты?

10. Өсекемен және Семей уездерінің шаруаралы қандай дақылдыар кеті?

Келесі ойын әр топтан бір оқушы шығып берілген проблемалық сұраққа өз ойын айтады.

1-ші сұрақ:

Қоныс аударушы орыс шаруаларына патша үкіметі тарапынан көмек берілмесе оның үкіметке кері әсері болама?

2-ші сұрақ:

Орыс шаруалары не себепті мал шаруашылығымен айналыспады?

Page 25: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

3-ші сұрақ:

Орыс шаруаларының қазақ шаруаларынан қандай артықшылығы болды?

Әр топ оқушыларының жауабын топ мүшелері толықтырып отырады.

Сабақтың қортындылау кезеңіде «Алтын тәж» сайысы өткізіледі. Сайыстың шарты: тақтаға әр топтан бір оқушы шығады. Шыққан оқушының басына тәж кигізіледі, тәжде сөз жазылған осы сөздерді оқушылар сұрақ қою арқылы айтқызады.

Тәжде жазылған сөздер:

1-ші топқа: 2-топқа 3-топқа

1.Қар тоқтату 1. 15 дисятина 1. 400 сом

2. Омарта 2. 20 сом 2. 200 сом

3. Түйе 3. Шошқа 3. 85 сом

4. 5-7 тиын 4. Өгіз 4. Жеркепе үнгір

5. Бидай, сұлы, арпа 5. Құдық 5. Пәтер жалдау

Бұл сөздерді айтқызу үшін дұрыс сұрақ қоя білу керек. Сұрақ дұрыс болмаса бұл сұрақты келесі оқушы дұрыстап қояды. Ойын соңында жеңілпаз топ анйықталып марапатталады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: 70 – 80 жылдардағы ауыл шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы 70 - 80 ж. ауыл шаруашылығының даму жағдайын, оны басқару мен ұйымдастыруда орын алған бағыттарды, жетістіктер мен кемшіліктерді, олардың себептерін түсіну.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыпты түсінеді,ойланады,ой бөліседі,ойларын ашық жеткізе біледі, тақырыпта меңгереді.

Ресурсы: Керекті материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, баяндау, талдау, пікір алысу.

Page 26: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Пән аралық байланыс: география.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг өткізу.

1.« Мен қандаймын? »

2. Қызығушылығын ояту.

3. Мағынаны тану.

4. Ой - толғаныс.

5. Үйге тапсырма.

ІІ. Қызығушылығын ояту:

а) Оқушылар география пәнінен білесіңдер ауыл шаруашылығына не жатады?

ә). Ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті және интенсивті даму жолы деген не?

ә). Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен қандай айырмашылығы бар?

ІІІ. Мағынаны талдау: Оқулықпен жұмыс жасау. Оқушылар кесте толтырады.

1. Ауыл шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктер және оны басқарудағы кемшіліктер.

2. Мал шаруашылығының дамуы. Қазақ жастарын мал шаруашылығында тұрақтандыру саясаты.

Оқушыларға түсінік беру.

1. а). Оқушылардың жауабын тірек – сызбаны пайдалана отырып қорытындылап, толықтырамыз.(Кесте: Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен айырмашылығы ). Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық - түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Шындығында, дүниежүзінде

Page 27: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде - бір ел жоқ. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд - тан астам адам еңбек етеді, Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ - та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%- ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.

ә) 70 - 80 жылдардағы ауыл шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктер және оны басқарудағы кемшіліктер туралы мәтінмен жұмыс істеуге тапсырма беріледі.

Кестені толтыру:

Жетістіктер: 1. Ауыл шаруашылығының өнімдерін сатып алу бағасы екі есе артты.

2. Жоспардан тыс өнім өндіргені үшін үстеме ақы төленді.

3. Ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы көбейді.

4. Ауыл шаруашылық техникасы молайды.

5. 1960 жылдардың соңынан бастап ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 6. Республиканың 50 - ден астам кәсіпорны ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығара бастады.

7. 1970 жылы Қазақстан Одақта бидайдың 23, 9 %, күріштің 24, 6 % өндірді. 8. Астық өндіруден 2 – ші, ет пен жұмыртқа өндіруден 3 - ші, сүт өндіруден 4 – ші, қаракөл дайындаудан 2 – ші орында болды.

Кемшіліктер:

1. 1971 – 1975 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 13% құлдырады.

2. Көптеген дамыған елдерге қарағанда республикада ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдар саны өсті.

3. Жыртылған жер көлемінің артуына байланысты мал жайылымы тарылды.

4. 1965 – 1985 жылдары 4, 2 млн ірі қара, 5, 1 млн шошқа шығынға ұшырады.

5. Жол қатынас нашар болды.

6. Өңдеу кәсіпорындары аз.

Page 28: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

7. Жоспарды қол жеткен табыстарға қарай құру.

7. Ауыл шаруашылығының экстенсивті дамуы.

2. Мал шаруашылығының дамуы.

Республикадағы мал шаруашылығының даму жағдайымен таныстыру. Шұбартаулық жастардың бастамасы.

70 - 80 жылдары қазақ жастары мен жастар ұйымдарын шопандар бригадасын құруға мәжбүрледі. Малшы еңбегі оңай жұмыс емес. Тәулік бойы демалмайтын кездері болады. Өз білімін көтеруге, мәдени орындарға баруға уақыты да болмайды. 1960 жылдары өкімет басына келген КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л. И Брежнев қой шаруашылығының дамуына қанағаттанбайтынын білдірді. Сөйтіп тың игеруді қалай қолға алдық, бұл істі де солай қолға алу керек деп қоғам алдына үлкен міндет қойды. Егер өз кезінде тың және тыңайған жерлерді игеруге Одақтың барлық түкпірінен жастар тартылған болса, қой шаруашылығын өркендету тек қазақ ұлтының жастарына тапсырылды. Партия мен үкімет мектеп бітіруші жастарды ауыл шаруашылығы жұмыстарына комсомол - жастар бригадасын құру арқылы тартпақ болды. «Қой шаруа - шылығы – жастар ісі» деген ұран тасталды. Ол жастар арасында лезде таралып, қой өсіруші комсомол – жастар бригадаларын құру науқаны басталды. Мәскеудің шешімін Қазақстан Жастар Одағының Орталық Комитеті қолдады. Алғашқы болып республикада қой шаруашылығына көмекке келуге Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданының мектеп бітірушілері бастама көтерді. Шұбартаулықтардың бастамасы барлық жастар ұйымдарына жеткізіліп «Қой шаруашылығы – комсомолдың екпінді еңбегі» деп жарияланып, ауыл жастарының ұранына айналды. Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп бітіруші түлектері сыныбымен бірден мал фермаларына аттанды. Мал шаруашылығындағы жастардың жарқын өмірі баспасөзде үсті – үстіне жазылып жатты. Патриоттық бастама ретінде көтерілген бұл бағыт жылдан – жылға шопандардың комсомол – жастар бригадаларының санын көбейтті. Сондай комсомол – жастар бригадалары Атырау облысында да құрылды.(Слайдтар көрсету)

ІҮ. Ой толғаныс:

1. Шұбартаулық жастардың бастамасын ерлік деп есептейсің бе?

2. Қазіргі жастардың осындай патриоттық бастамаларды қолдауы мүмкін бе?

3. Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы не білесің?

Page 29: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Қорытынды:

1970 жылдары ауыл шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық - техникалық базасын нығайту, даму қарқынын арттыру, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқыны төмендеп, мал басы азайып кетті.

Ү. Үйге тапсырма: Ақтөбе облысында құрылған қой өсіруші комсомол жастар бригадасы туралы қосымша деректер ізденіп келу.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Діннің пайда болуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен,

наным-сенімдерімен,ежелгі адамдардың діни түсініктерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың оқулықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту жұмысын жалғастыру.

Сабақтың ресурсы: керекті оқулықтар,видеоролик,слайд.

Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

2. Қазақ халқының сенім-нанымдары.

Қазақтардың қазіргі күнге дейін сақталған қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Басқа ұлттардың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Салт-дәстүр деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отқа табыну деген не?

Бұл сабақта «Халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері» атты

үлкен шеңбермен жұмыс жүргізіледі.

Бұл жаттығу ойдағыдай өту үшін алдын ала §39 тақырыпты оқып-

үйрену барысында үйге тапсырма беріледі. Оқушылардың барлығы

дайындалып келуі үшін қажетті әдебиет тізімі беріліп, не туралы айту

керектігі, ата-аналардан білетіндерін жазып алуы туралы нақты нұсқаулар

Page 30: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

беріледі. Мәселен, §40–42 тақырыптарын оқып-үйрену барысында, не сабақ

соңында оқушылардың есіне салып, түсінбеген жерлерін түсіндіріп, өзінде

бар қосымша материалдарды оқушыларға беріп, осы жаттығуға дайындық

жұмыстары жүргізіледі.

Жаттығу басталмас бұрын мұғалім тақтаға «Алтын ережелер» деп

аталатын жаднама іледі. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің сөзін тыңдап,

қайталамай, сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуі қажеттігін тағы бір рет

ескертеді.

Оқушылар үлкен шеңбер құрады. Сөйтіп, бірінен кейін бірі кезектесіп

қазақ халқы мен республикада тұратын басқа халықтардың әдет-ғұрыптары

мен салт-дәстүрлері туралы оқығандарын, өздері тікелей қатысқан

мерекелерді, дәстүрлерді, ата-аналардан естігенін баяндайды.

Оқушылардың қысқа және негізгілерін айтуына 1–2 минут уақыт

беріледі. Бірінші оқушы сөзін аяқтаған соң келесі оқушы айтады, барлығы

үлгергенше жалғаса береді.

Оқушылардың жауаптарын мұғалім толықтырып, қателерін түзеп,

қорытынды жасайды.

Содан кейін оқушыларға «Дұрыс жауабын тап» деген тапсырма бе-

ріледі. Бұл жұмысты дұрыс орындау үшін, оқулықпен өздігінше жұмыс

жүргізіліп, кесте толтырылады.

Кесте: Дұрыс жауабын тап.

1) Бір Аллаға сыйынады

2) Пұтқа табынады

3) Отқа табынады

4) Құдай суретіне сыйынады

Page 31: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

1) Тәңір

2) Будда

3) Христиан

4) Ислам

Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.

Үйге тапсырма: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-

сенімдері» әңгімесімен танысу және оқулықтағы сұрақтар мен тапсырма-

ларға дайындалып келу.

Сабақтың тақырыбы: Моңғол- татар шапқыншылығы

Сабақтың мақсаты: XIII ғасырда Моңғол мемлекетінің құрылуы олардың

шапқыншылық соғыстары туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: Моңғол мемлекетінің құрылуы, саяси құрылымы, басқыншылық

саясаты және ұлы қолбасшы Шыңғысхан өмірі туралы оқушылар түсінеді,меңгереді, мағлұмат береді.

Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.

Әдісі:СТО технологиясының элементтері. Сұрақ-жауап, баяндау түсіндіру.

Технологиясы: Тірек- сызба, дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, математика, география.

Ресурсы:АКТ,керекті мәліметтер,материалдар.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу,

Түгендеу,

Сабаққа дайындық.

Балалар,бүгін бізде қандай сабақ ? Тарих сабағы.

Page 32: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Ал,Тарих сабағына дайын болу үшін не айтамыз?

-Өз елінің тарихын білмеген адам өзге елдің тарихын біліп жарытпас.

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Мына тарихи портреттерге сипаттама беріңдер:

1.Юрий Долгорукий-

2.Андрей Боголюбский-

3.Всеволод Юрьевич Большое гнездо-

4.Ярослав Осмомысл-

5.Роман Мстиславович-

3.Жаңа сабақ:

Сабақ жоспары:

1.Моңғол мемлекетінің құрылуы

2.Саяси құрылымы

3.Шапқыншылық соғыстар

Кендітау аймағы, Онон жағасы.

Болдоң жері

Есукей- Ұлұн-Еке

1155 ж. Ақпан –Темучин-1227 ж. Тамыз

1206 ж. Моңғол құрылтайы ( онон – Керулен жағасы )

« Шыңғыс хан

« Шың » -тау, « ғыс » - нұр « жеңіс хан »

Page 33: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Меркіт Моңғол

Найман Моңғол мемлекеті Татар

Керей Қият

2. Саяси құрылымы.

Моңғол мемлекетінің саяси құрылымы

Аймақтарды басқару үшін –дарғы бекеттер, тамғаш және басқақтар тағайындалды

3. Шапқыншылық соғыстар

Жылдар

Оқиғалар

1207-1208 жж.

Жошы-Енисей қырғыздары, Сібір халқы

1207-1209 жж.

Шыңғысхан – Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр

1211-1215 жж.

Қытай жері, соғыс техникасы

1216 ж.

Жошы, Керей, Торғай даласы

1217 ж.

Жебе Ноян –Жетісу –Күшілік хан

Page 34: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

1218 ж.

Отырарға керуен

1219 ж.

200 мың әскер Орта Азия, Үгедей, Шағатай, Отырар, Жайық Жент, Янгикент, Шыңғысхан Төле- Бұхара

1220 ж.

Мауараннахр

1221 ж.

Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран

1223 ж.

Калка өзен бойы Орыс- Қыпшақ

4. Шыңғысхан –тарихи тұлға.

IV. Сабақты бекіту:

1. 1962 ж. Кендітау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрден ескерткіш орнатылған, онда төмендегі Шыңғысханның өсиет сөзі жазылған. Әріптердің орны ауыстырып беріледі.

« Құлаш денем құласа құласын, құраған елім, қолымдағы байрағым құламасын ».

2. Сөзжұмбақ « Моңғол ».

1. Моңғол ханның шын есімі

2. Шыңғысханның баласы.

3. Моңғолиядағы өзен.

4. Тайпа.

5. 6- ай берілмеген қала.

6. Батый құрған мемлекет.

Page 35: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

V. Үй тапсырмасын беру: Шыңғысханға мінездеме жазу. Материал жинау.

VI. Бағалау: Оқушыларды бағалау.

VII. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: 1867 - 1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ХІХ ғ. 60 - ж. Қазақстандағы басқару жүйесін өзгерту мақсатындағы реформаның дайындалғанын, оның мазмұны мен мәнін, сипатын көрсету.

Дамытушылық: Реформаның зардаптарын түсіндіру. Оқушыларды реформаның саяси, әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы, сызба «Реформаның отаршылдық мәні»

Тақырып бойынша дайындалған слайд, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Үйге тапсырманы пысықтау сұрақтар

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

3. Жаңа сабақты бекіту

4. Үйге тапсырма

1. Үйге тапсырманы пысықтау сұрақтар

1. Махамбет және басқада ақындар шығармаларының мазмұны, мәні неде?

2. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алады?

Page 36: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

3. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін қалай сипаттауға

болады?

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

• ХІХ ғ. 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды.

• Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:

• Батыс облысы, орталығы - Торғай.

• Шығыс облысы, орталығы - Сергиополь \Қарқаралы\

• Бұл ұсыныс қабылданбады.

• 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған

“Дала комиссиясы” құрылды.

• 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жер иелену түрлері, ағарту ісі, сот ісі, салық, діни мәселелер т. б.

• Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш. Уәлиханов өз пікірін ұсынды:

• Халықтың өзін - өзі басқаруы негізінде қайта құру.

• Әлуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.

Алайда бұл пікір қабылданбай, комиссия мүшелері реформаны қазақ жеріне тезірек жүзеге асыру мақсатында феодалдармен (ірі бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уалиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

• 1867 жылғы 11 шілдеде “Сырдария мен Жетісу облыстары басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді.

• 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір генерал - губернаторлығын - дағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді.

Әкімшілік басқару құрылымы:

1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақ жері

Page 37: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

үш генерал - губераторлыққа бөлінді:

Батыс - Сібір генерал – губернаторлығы (Омбы)

Орынбор генерал – губернаторлығы(Орынбор)

Түркістан генерал - губернаторлығы(Ташкент)

1868 ж. 1867 ж.

21 қазан 11шілде

Көкшетау Баянауыл Орал Елек Сергиополь Қазалы

Омбы Зайсан Атырау Қостанай Қапал Перовск

Петропавл Көкпекті Калмыков Ырғыз Верный Түркістан

Сарысу Қарқаралы Жем(Темір) Торғай Ыстықкөл Шымкент

Тоқмақ Әулиеата

Ташкент

Ходжент

Жизақ

Реформа бойынша 5 сатылы басқару жүйесі енгізілді.

1. Ауыл (100 - 200 шаңырақ) - ауыл старшыны

2. Болыс(1 - 2, 3 мың шаңырақ) - болыс сұлтаны

3. Уезд - аға сұлтаны

4. Облыс - әскери - губернатор

5. Генерал - губернаторлық - генерал - губернатор

Уездік басқару:

Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал - губернаторлар тағайындады.

• Палиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер

• әкімшілік және полицейлік билік шоғырладырылды.

Аймақтық басқару:

Page 38: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Генерал - губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.

Реформа бойынша

1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді.

1872 жылы Бөкей хандығы Астархань губерниясына бағындырылды.

Түркістан генерал - губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.

Әкімшілік міндеттер:

Облыстық басқармалар – вице - губернатор қадағалады.

Басқарма 3 бөлімнен тұрды:

1) шаруашылық

2) сот

3) жарлықты іске асыру.

Шыңғыстың тұқымдары сұлтандар өмірлік зейнатақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды.

Сырдарияда басқару билігі ақсақалдарға берілді.

Облыстық әскери губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.

Ақсақалдарға қоладан құйылған арнайы белгі және мөр тапсырылды.

Ірі ақсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің тірегі болды.

Әскери және азаматтық билік генерал – губернатордың қолына шоғырланды.

Сот ісін басқару құрылымы:

1Әскери - сот комиссиялары

2. Уездік соттар

3. Билер мен қазылар соты

Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.

Page 39: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери - уездік соттардың рөлі басым болды.

Әскери - губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны еді.

Сот ісіндегі басты өзгеріс - ескі шариғаттық салттардың шектелуі. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін билер сайланды.

Салық реформасы

• Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді.

• Земство салығын (жер салығын) қосқада 3 сом 50 тиынға көтерілді.

Реформа нәтижесі, салдары:

• Өлкенің табиғи байлықтары игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

• Феодалдық - патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

• Таптық жіктелу салдарынан жатақтар (кедейлеген қазақтардың өдіріске жұмысқа жолдауы) қалыптаса бастады.

• Отарлық басқару, билік күшейді.

• Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.

• Орыс шаруаларын жаппай қоныстадыру басталды.

• 1867 - 1868 ж. ж. реформалар 2 жылға уақытша енгізілгенімен, бұл ”тәжірибе” 20 жылға созылды

• Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы реформаның теріс жақтарын мысқылдап, сынады.

Күлімбайға (1889 жыл)

Болыс болдым, мінеки

Бар малымды шығындап,

Түйеде қом, атта жал

Қалмады елге тығындап.

Сөйтсе – дағы елімді

Page 40: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса

Бас изеймін шыбындап...

3. Жаңа сабақты бекіту:

1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді?

2. Реформаны дайындай отырып, патша үкіметі қандай мақсат көздеді?

3. Реформа қашан қабылдандыжәне ол бойынша қазақ жері қандай басқару аймақтарына бөлінді?

4. Реформаның мәні қандай?

5. Сот жүйесінің қайта құрылуын қалай түсінесіңдер?

6. «Ереже - реформаның» әлеуметтік – экономикалық дамудағы рөлі қандай?

4. Үйге тапсырма: Мына тақырыпта сараптама баяндама әзірлеу.

1. «ХІХ ғасырда қазақ даласында жүргізілген реформалардың Қазақ халқының әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуына әсері»

2. «Сот реформасы туралы» Ш. Уалихановтың хаты.

АБЫЛАЙ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абылай ханның ХYІІІ ғасырда Орталық Азияның әлемдік деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшысы, дипломат болғанын, оның тұсындағы қазақ хандығының Жоңғарлармен, Ресей, Қытай империясымен және тағыда басқа елдермен жүргізген сыртқы саясатының негізгі оқиғаларын түсіндіру. Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып көрсету

Дамытушылық: Оқушыларға Абылай дәуірін, тұлғасын, оның сыртқы саясат саласындағы қайраткерлігін ғылыми тұрғыдан талдауға, саналылықпен түсіне білуге ұлы бабамыздың дипломатиялық қызметі туралы өздігінен ізденіп, білулеріне бағыт-бағдар беру.

Тәрбиелілік: Оқушылар бойында қазақтың ұлы ханы абылай тұлғасына, оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Page 41: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сахналық көрініс, тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд–шоу, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика,

Сабақ жоспары.

1.Абылай ханның өмірі.

2.Абылайдың ішкі саясаты.

3.Абылайдың Ресей және жоңғармен қарым-қатынасы.

4.Абылайдың қырғыз және қытаймен қарым-қатынасы.

5.Абылайдың қазақ тарихында алатын орны.

6.Криптограмма

7.Сандар сөйлейді.

8.Көрініс.

9.Абылай бейнесінің бүгінгі өмірмен байланысы.

10.РАФТ.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.

Оқушыларды «Шежірешілер» және «Тарихшылыр» деп екі топқа бөлемін.

Сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру.

- Сәлеметсіздер ме? Оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі, «Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы» атты ашық сабаққа қош келдіңіздер.

Мұғалім:

- Біз әуелі Абылай ханға дейінгі Қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларға тоқталайық. Қазақ халқы сонау жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» , «Аңырақай» оқиғаларын бастан кешірді. Осындай қиын –қыстау күндерде Абылай өзінің

Page 42: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

даналығымен, ақыл-ой парасаттылығымен халқына көмек берді. Соның арқасында қазақ елі бұрын-соңды қол жетпеген ұлттық бірлікке мемлекеттік тұтас басшылыққа кең, байтақ атамекен жеріне ие болды.Оқушылар Абылайдың өмірі мен ішкі саясатын өз беттерінше айтып шығады.

Мұғалім: Әрі қарай Абылай ханның сыртқы саясаты және тарихта алатын орны туралы түсінік берді.

Абылай хан Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.

Абылай өзінің негізгі күшін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағытталды. Қалден Церен -қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасындағы тақ таласын тиімді пайдаланып, олардан қазақ жерін қайтарып алды.

Жоңғар мемлекетін жоюдың басталған кезінде қазақ билеушілері мен Қытай үкімет билігі арасында жер қатынастарына байланысты шиеленісті дау туды. Қазақ басшылары Жоңғария жерінің бір бөлігін оның байырғы қожайыны болып табылатын қазақтарға қайтарып берілуін талап етті. Бірақ Қытай үзілді –кесілді бас тартты.1761жылы Қытай боғды хан ы Аягөз өзенінің оңтүстүк бөлігіне көшіп-қонуға тыйым салды . Абылай қытайлықтармен келіссөз жүргізуді күшейте түсті . Соның нәтижесінде 1767ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қайтарып беруге мәжбүр болды. Абылайдың қырғыздармен де қарым-қатынасы күрделі болды. Қырғыз жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап тыныштықтарын алды. Абылай екі рет шабуыл жасап, үшіншісінде келісімге келіп қырғыз манаптарының балаларын аманатқа алып, көптеген қырғыздарды айдап алып келді. Олардан екі болыс ел құрап, атығай руының арасына қоныстандырды. Абылай ханның бұл шаралары қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнауына үлкен себебі болды.Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жәгері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды.

Криптограмма.

1.3.37.16.1.13. 30.1.18. 10.20.34.37. 30.1.18.18.37.19. 27.23.22.1.6.37.

( Абылай хан Жошы ханның ұрпағы.)

13.37.16.1.13.7.37.19 8.23.16.38.5.38.18. 3.1.6.1.16.1.22. 10.1.26.6.1.34. 3.1.25.37.23. «10.1.16.1.19.1.34. 10.20.16.3.1.23.37.24.» 7.8.22. 1.25.16.1.18.

(Абылайдың ерлігін бағалап, Жауғаш батыр «жалаңаш батыр» деп атаған.

Page 43: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

1.3.37.16.1.13.7.37.19. 3,1.16.1. 14.8.11.7.8.5.38. 16.1.15.1.22. 1.25.37. 24.1.3.1.16.1.15.

(Абылайдың бала кездегі лақап аты Сабалақ.)

4)1.3.37.16.1.3. 30.1.18.18.37.19. 14.8.19.8.24.34.38.38.24.38 3.27.15.1.23. 10.37.23.1.26.

(Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жырау)

Сандар сөйлейді.

1.808+903=1711 Абылай ханның дүниеге келген жылы.

2.535+536+70*10=1771 Түркістан қаласында үш жүздің ханы

болып сайланды.

3.889*2=1778 Патша үкіметі Абылайды орта жүздің ханы деп

жариялады.

4.500*2+391+390=1781 Абылай хан қайтыс болды.

Көрініс. Абылайдың жоңғарларға тұтқынға түсуі.

Абылайдың бейнесі бүгінгі өмірмен байланысы.

Бүгінгі таңда қазақ халқының ақын – жыраулары абылайдың өмірін,ерлігін жырлады. Халқымыз Абылайдың атын ұран етіп шақыратын болды.Сол замандағы Абылайдың арман -мақсаты мен қазіргі таңдағы президент Н.Ә Назарбаевтыңда мақсат-мүддесі бір болатын. Ол еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығы еді. Абылай қарулы қақтығысқа жол бермеуге тырысты. Бейбітшілікті басты ұстаным ету бүгінгі Қазақстанның да негізгі бағыты. Біз бүкіл Азияны, қала берді күллі әлемді өзара сенімге, ынтымаққа шақырып отырған елміз.

РАФТ

Оқушылар Н.Ә Назарбаев пен Абылай ханға алғыс хат жазады.

Бағалау.

Үйге тапсырма . Абылай хан туралы аңыз әңгімелер жинау және тақырыпты оқу.

Page 44: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты - Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бөлімі бойынша игерген оқу материалдарын қайталау.

2. Дамытушылық мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін жинақтау мен реттеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік мақсаты - Қазақстанның XVIII ғасырдағы тарихын оқыта отырып, елжандылық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, тақырып бойынша арнайы плакаттарда суреттер,сызбалар, Қазақстанның саяси картасы.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,ой қорытындысын жасау

Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы,география

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қайталап, жинақтау сабағының жоспары.

1. «Иә» не «жоқ» ойыны.

2. «Тарихи блиц» ойыны.

3. «Тұлғаны таны» ойыны.

4. Сәйкестендіру тесті.

5. Мәтінді толықтыр.

І. «Иә» не «жоқ» ойыны.

І – топ «Әбілқайыр хан» тобына берілген сұрақтар.

Page 45: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

1. Әбілқайыр хан «Аңырақай шайқасында» аға хан болды ма? (жоқ)

2.Түмен бекінісі 1587 жылы салынды ма? (иә)

3.Жәміш бекінісі Жоғарғы Ертіс бойына салынды ма? (иә)

4. Тәуке хан билеген кезде қазақ хандығының сыртқы жағдайы жақсарды ма? (иә)

5. 1711-1717 жылдар аралығында жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кірді ме? (иә)

6. 1718 жылы Аягөз өзені бойында Қабанбай батырдың басшылығымен қалмақтар жеңіске жетті ме? (жоқ)

7.П.И.Рычков Семей тарихын зерттеді ме? (жоқ)

8. И.Г.Ренат (тұтқындағы швед) «Жоңғария картасын» жасады ма? (иә)

9. Тәтіқара ақын Орта жүздегі болған оқиғаларға белсене қатысты ма? (иә)

10.С.Датұлы 1778 жылы Кіші жүзде көтеріліс бастады ма? (жоқ)

ІІ-топ «Абылай хан» тобына берілген сұрақтар.

1.Әбілқайыр хан мен Сәмеке хан аға хан тағына таласты ма? (иә)

2. Томск бекінісі 1604 жылы салынды ма? (иә)

3. Ресей қазақ хандарының ойраттармен күресін өз мақсатына пайдаланды ма? (иә)

4. Өскемен бекінісі 1721 жылы салынды ма? (жоқ)

5. Ресей үкіметі мен Әбілқайыр арасындағы жікті жамауға Тевкелев әсер етті ме? (иә)

6. 1735 жылы Башқұртстандағы көтерілісте 100000 башқұрт қазақ жеріне бас сауғалап қашты ма? (жоқ)

7.Әмірсананы Қытай императоры Цянь-лун әскер беріп, қазақ жерін басып алуға жіберді ме? (жоқ)

8. Бұқар жырау 1684-1781 жылдары өмір сүрді ме? (иә)

9. Миллер «Сібір тарихының атасы» атанды ма? (иә)

Page 46: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

10. Е. Пугачев Кіші жүзде 1772 жылы көтеріліс бастады ма? (жоқ)

ІІІ-топ «Тәуке хан» тобына берілген сұрақтар.

1. Нұралыұлы Есім 1793 жылы хан болып сайланды ма? (жоқ )

2. Горькая шебі Ертістен Жайыққа дейінгі жерді алып жатыр ма? ( жоқ)

3. Бұқтырма бекінісі 1761 жылы салынды ма? (иә)

4. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы үш кезеңге бөлінді ме? (иә)

5. С.Датұлы байбақты руынан шыққан ба? (иә)

6. Сырым батырды казактардың тұтқынынан 1775 жылы Нұралы хан босаттырды ма ? (жоқ)

7.Үмбетей жырау Бөгенбай батырға арналған жоқтауды шығарды ма? (иә)

8.Жанақ ақын 1775-1846 жылдары өмір сүрді ме? (иә)

9.Сырым Датұлы көтерілісіне 7000 адам қатысты ма? (жоқ)

10.XVIII ғасырдың 40 жылдарының соңында кіші жүзді үш хан биледі ме? (жоқ)

ІІ . “Тарихи блиц ” ойыны

І – топ «Әбілқайыр хан» тобына берілген сұрақтар.

1. Қара сиыр деген жерде болған қанды шайқас тарихта қандай атпен қалады ? ("Қалмақ қырылған»)

2.1723 жылы жетекші хан болып кім танылды? (Әбілқайыр)

3.1771-1781 жылдары билік еткен қазақ ханы кім? (Абылай хан)

4.Тәуке ханның мирасқоры кім? (Қайып)

5. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары қай жылдар ? (1723-1727)

6.И.К.Кириллов басқарған экспедиция қай жылы жабдықталды? (1734)

Page 47: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

7.Пана табу үшін Орта жүзге қашқан жоңғар тағының дәмеленушісі? (Әмірсана)

8.Абылайдың мирасқоры кім? (Уәли)

9.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі қай жылдары болды? (1783-1797)

10.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері қай жерде бас қосып, жоңғарларға қарсы соққы беру мәселесін талқылады? (Қарақұмда)

ІІ-топ «Абылай хан» тобына берілген сұрақтар.

1.Аңырақай шайқасы болды? (1729/1730)

2.Абылай хан жоңғарлардың тұтқынында қашан болды? (1741-1743жж.)

3.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі? (Жетісу)

4.Е.И.Пугачев көтерілісіне қай қазақ жүздері қатысты? (Орта және кіші)

5.Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына орыс үкіметінің бекініс тұрғызған жылдары? (1740-1760)

6.Тәуке хан қай жылы қайтыс болды? (1715 жылдың күзінде)

7.1845 жылы Кенесары Сарыарқадан қайда бет алды? (Ұлы жүзге)

8.1718 жылы Қазақ жерінде салынған бекініс? (Семей)

9 .Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезінде рухын көтерген ірі шайқастар. (Бұланты, Аңырақай)

10.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі. (Башқұрт,татар, қазақтардың қатысуы)

ІІІ-топ «Тәуке хан» тобына берілген сұрақтар.

1.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған Кіші жүздің сұлтандары. (Ералы, Айшуақ)

2.Ақтамберді жырау қай жылдары өмір сүрді? (1675-1768)

3.Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды? (1771ж)

Page 48: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

4.С. Датұлы бастаған көтеріліс созылды? (14 жылға)

5.1706-1778 жылдары өмір сүрген белгілі жырау? (Үмбетей)

6.Абылай ханның Қытаймен жүргізілген келіссөз нәтижесінде қайтарылған жер. (Тарбағатай)

7.Игельстром жоспары бойынша шекаралық сотқа беру көзделді?(Кіші жүздегі әкімшілік билікті )

8.1738 жылы тамыз айында Орынборда қазақ сұлтандарының съезін кім

шақырды?(В.Н.Татищев)

9. «Жоңғария картасын » кім жасады? (И.Г.Ренат)

10.Петропавл қамалы қай жылы салынды? (1752)

ІІІ .«Тұлғаны таны» ойыны

1.Ол 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген, байбақты руының старшыны болған. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі. Ол Ресей патшасының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды . Орынбор генерал-губернаторына жазған хатында: «Сіздер түрлі тәсілмен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі. Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін , ханға сенбесін , сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықтым.»

2.Ол былай деп жоңғар қонтайшысына айтқан: « Біз қазақ деген –мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз . Елімізден құт-береке қашпасын деп , жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпен басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз . Достығымызды сақтай білген елміз , асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң , біз – қазақпыз, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң , біз-көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең шабысқалы

Page 49: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

келгенбіз . Сен қаблан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз.Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз.Берсең жөн деп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!»

3.Бұл хан - хандықтың бөлшектенуін тоқтатып, бір орталыққа бағындырды . Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады. Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері. Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді. Құрылтай Күлтөбеде өткізілді. Сұлтандар билігін шектеуге тырысты . Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық үкіметті орталықтандыруға ұмтылды .Бұқар хандығымен бейбіт қатынаста болды. Қырғыздарды би Қоқым Қорашор ,Қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарды.

IV. Сәйкестендіру тесті.

1771-1781 Аягөз шайқасы

1723-1727жж Жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды жаулап алды

1718 Тәуке хан дүние салады

1684-1781 Абылай билік құрды

1725 Бұқар жырау өмір сүрді

1715 «Ақтабан –шұбырынды,алқакөл сұлама» жылдары

V. Мәтінді толықтыр.

1. 1715 күзде __________ қайтыс болды.оның орнын баскан ___________ хандықты әлсіретіп алды.Келесі басқарушылардың бағытының бірдей болмауынан (Кіші жүзді Әбілхайыр, орта жүзді ______________,ұлы жүзді ______________ басқарған кезде) үш жүздің бірлігі әлсіреді.

2. Цинь императоры __________өлгеннен кейін 1723 жылы осы елмен қарым – қатынасын ретке келтірген Жоңғария қазақ жеріне қарсы шықты. Қазақ жерін талқандауға тырысқан ________ өздерінің жоспарын тезірек іске

Page 50: Web view1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, ... қарақалпақ, орыс елдері

асыруға тырысты. ____________жылдары «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары болды.

3. 1726 ж Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, ________ өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы ____________ жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен қаруланған жоңғарлардың қалың қолы қазақтардың біріккен күшіне төтеп бере алмады. «Қара сиыр» деген жерде болған қанды сайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың ____________ қолының толық жеңісімен аяқталды.