Журнал №15

162

Upload: serik-yeleussizov

Post on 28-Dec-2015

540 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Журнал №15
Page 2: Журнал №15

«Тәуелсіздік - еліміздің жүрегі мен тірегі!»

Page 3: Журнал №15

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 43ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected] www.tat-astana.kz

ТАРАЛЫМЫ 7 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

№15 (3) МАМЫР 2014 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Оразғали Қаршегенов Ақылдастар алқасының төрағасы«Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Облыстық мәслихаттың депутаты

Бақытжан ЕртаевӘскери қайраткер, генерал-лейтенат, Халық Қаһарманы,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан Халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Ерсайын ИхсановАтырау облыстық маслихатының депутаты, Академик

Қуаныш Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтарыжөніндегі комиссияның Төрағасы

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жандарбек ЖанзақовҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, контр-адмирал

Махмуд Нәлібаев«Марсель Петролеум» ЖШС-нің басшысы, «Алтын жүрек» және Халықаралық Сократ сыйлығының иегері

Алтынсары ҮмбетәлиевОҚО бойынша Салық департаментінің басшысы

Аманкелді Абдолов Атырау облыстық жеке сот орындаушылар алқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Рая ЖорабайқызыҚР Кәсіподағының төрайымы

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Дария ҚожамжароваЖамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Бөріхан БеркімбаевАтырау облыстық Мәслихатының депутаты, Құрметті теміржолшы

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Әлжан Шәмшідін”Асыл-түлік” РМШО АҚ-ның директоры

Гүлжамал Жапарова«Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор

Жаннат СамұратоваАқтөбе облыстық білім басқармасының бастығы

Марите ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Жүрсінбай Ергешов”Гидроспецстрой №5” ЖШС-і Бас директоры

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Нұрлан БекназаровШымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Гүлнар ЖұмашеваҚызылорда қалалық мәслихатының депутаты, қалалық перзентхананың бас дәрігері

Гүлнар ҚұрманбековаШымкент қалалық мәслихатының депутаты, №2 қалалық емхананың бас дәрігері 3

БАС РЕДАКТОР

БАС РЕДАКТОРДЫҢ КӨМЕКШІСІ

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР ГҮЛСТАН ТОҚТЫБЕКОВАҰЛЖАН ШОРАЕВАДИАНА АЛИЯКБАРОВААҚНҰР СЕРІКБАЕВААЙСҰЛУ САҒЫНТАЕВА

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФ

СТИЛИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

ПЕРИЗАТ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

ГҮЛСТАН ЕСІРКЕПҚЫЗЫ

НҰРАЙ СӘБИТҚЫЗЫМАРЖАН ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫМӨЛДІР ҚҰРМАНЛӘЙЛӘ НЫҒМАТУЛЛИНАСАЯ ЕСИМОВА

ГҮЛЖАЙНА ДӨНЕНҚЫЗЫ

ДЖОН ЛАУ

АРАЙЛЫМ ЖУСИПОВА8 (702) 780 89 86

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

Page 4: Журнал №15

4

Бас редактор бағаны

Қадірменді оқырман қауым!

Мамыр айының мамыражай маусымы баршамыз үшін достық пен татулықтың, бейбітшілік пен бірліктің алтын туын желбіретіп келетіні рас. Қанатын көкке сермеген қыран құстай тәуелсіз, ынтымағы жарасқан елде өмір сүрудің өзі үлкен бақыт емес пе?! Бұл – кешегі зұлмат күндерде Отан үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың ерен де намысшыл, рухты ерліктерінің арқасы деп білеміз. Елі үшін отқа да күйіп, суға да батқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың бүгінгі ұрпаққа сыйлаған Ұлы Жеңісінің ғұмыры мәңгілік өмір сүреді деген тілек әрбіріміздің жүрегімізден маңызды орын алған деп білемін. Ендеше, мәңгілікке бастар патриоттық рухымыз асқақтай берсін, елдігіміздің, ерлігіміздің жемісті күндері көп болғай!

Журналымыздың кезекті санында Сіздер бейбіт күннің тыныштығын күзететін батыр ұландарымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысатын боласыздар. Сондай-ақ, ауқымы кең журналымыздың шығармашылық ұжымы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Батыс өңірінің белгілі тұлғаларымен жүздесіп, олардың басшылық етіп отырған белді мекемелерінің жетістіктері жайлы өрбіген сұхбатты назарларыңызға ұсынатын боламыз. Біздің ұсынған тақырыптарымыздан рухани азық алатыныңызға сенімдіміз, құрметті оқырман!

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы!

Page 5: Журнал №15

46

130

6

36

Мазмұны

5

Ұланы бар елдің ұраны бар..................................................

Соғыстың аты да, заты да жаман.........................................

«Отанды сөзбен емес, жүрекпен сүю керек»...................

Тәуекелдің қайығы суға кетпес..........................................

Бейбіт өмірдің сақшылары................................................

Жас ұланның жарқырасын көкжиегі.................................

Ер – ырыстың қорғаны.......................................................

Біздің дәстүр – біздің мақтаныш.......................................

Алтынның сынығы, асылдың тұяғы...................................

Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін................................................................

«Балаларды пәктігі үшін сүйемін».....................................

Ұстаздық еткен жалықпас..................................................

Таңданысқа толы Тайланд..................................................

«Елімнің бақыты – менің бақытым деп білемін».............................................

«Адалдық – бар істің көшбасшысы».................................

Әділдіктің ақ туы құламасын!............................................

Жау келгенде батыр, дау келгендеақыл болған Төлендиев......................................................

Қайсар мінез – қайратты тұлға...........................................

Тауарға да талғаммен қарау керек....................................

Жүйелі жұмыстың жемісі...................................................

Тегіс жол – табыс кепілі......................................................

«Сан мен сапа қатар өріледі»............................................

Тарихқа тұнған өлке............................................................

Ел іші – өнер кеніші.............................................................

Гендік үлестің теңдігі..........................................................

«Еңбегіміз сапалы, бірлігіміз қуатты, біліміміз жоғары болсын...»..............................................

«Мектеп – болашақтың бастауы».....................................

«Алтын жүрек» иесі............................................................

Ананың денсаулығы – баланың амандығы......................

Саулық – байлық негізі.......................................................

Тарихы тереңге жайылған емхана..................................

Әкеден жақсы ұл туса.......................................................

«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған!»....................................................

Қазыналы қара алтын қойнауы – Атырау!......................

«Спортты сүю бір ерлік, спортшы болу мың ерлік!»..............................................

Білімді мыңды жығады.....................................................

Денсаулық сақтау саласының үздіктері........................

Атыраудың алыптары!......................................................

«Негізгі тәрбие – Отбасы»................................................

Озар елдің баласы өнерлі келеді....................................

Дені сау ұрпақ – ел болашағы.........................................

Көгінде ән қалықтаған киелі шаңырақ...........................

Талапқа сай сапалы жол...................................................

Ісі де көркем өзі де...........................................................

«Әр үйдің жылуы сөнбесін...» .........................................

Дені саудың - жаны сау.....................................................

«Тәуелсіздік – сананың еркіндігі»...................................

«Халқымның саулығы – Елімнің тыныштығы!»..............

80

83

86

90

95

98

101

104

107

110

112

115

118

121

122

130

133

136

142

146

149

152

155

158

6

8

10

14

20

24

30

32

34

36

39

42

44

46

52

56

60

61

64

68

71

74

77

78

Page 6: Журнал №15

6

ҰЛАНЫ БАР ЕЛДІҢ ҰРАНЫ БАР

Ерлік үшін еңіреген ағалар,Кеше болды. Бүгін енді жоқ олар.Ерліктерін ескермесек бізді де,Ертеңгі ұрпақ еске алуын доғарар, - деп қазақ

поэзиясында елеулі із қалдыра білген ақын Нарша Қашағанов жырлағандай, еліміздің бақытты болашағы жолында қан майданның төрінде білек сыбана жаумен тойтарысқа түскен батыр ағаларымыздың ерлігі жайлы сөз етпеу мүмкін емес. Отан үшін жанын қиюға тәуекел еткен азаматтардың қайсарлығы қай заманда болмасын кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Намыс пен рух кеудесінде жалау болған сарбаздардың ерлігі ел есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Кешегі қан-ды қырғынды елестететін Ұлы Отан соғысы көптеген батыр тұлғалардың есімін айғақтап берді. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Рахымжан Қошқарбаевтарды атауға болады. Ал, есімдері аталмағандары қаншама?! Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болатын тау тұлғаның есімі де, соғыс жылдарындағы, Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі де ерлігі атойлап тұрғаны мәлім. Яғни, Тәуелсіз еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты бүгінде танымайтын ел жоқ шығар, сірә.

Кәмелет жасқа енді ғана толып үлгерген жеткіншекке соғыс сұрапылымен көзбе-көз жолығу үлкен сын болды деуге келеді. Себебі, жастықтың адуынды шағында ойын мен күлкіні ұмыт еткен зұлмат күндердің ауыртпалығы әсіресе Сағадат Нұрмағамбетовты ерте есейтті. Жүрегінде қорқыныш

емес, жауды тізгіннен құлатар айбарлы от Отан үшін жеңісті күндерді сыйлауға себепші бола білді. 1924 жылдың 25 мамырында Ақмола облысы Еңбек ауылында дүниеге келген Сағадат атамыз әскери салада қызмет етуді тіпті жоспарламаған көрінеді. Бала кезінен география мен тарих пәндерін сүйіп оқыған кейіпкеріміз болашақта мұғалім болуды арман еткені шын. Бірақ, тағдырдың тәлкегімен мектептегі оқушыларға емес, соғыс жауынгерлерін тәрбиелеу бағына бұйырған екен. 1942 жылдан бастап 1-Белорусь майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында жан беріспей соғысып, пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын біліктілігі мен асқан жауапкершілігінің арқасында басқара білді. Тіпті, Гитлер кеңсесін шабуылдауға екпіні жетіп, немістердің жер астында орналасқан жасырын зауытын тәркілеп, ондағы медициналық мүліктер мен өнімдерді, басқа да қажетті дүниелерді өзіміздің әскери емханаларға жөнелткен. Бір қызығы, өзге балаларды кіші деп менсінбегені сияқты емес, бүгінгі генералдың болмысы мен зеректігін жіті байқаған кісілер әскерге бірден қабылдаған. Мұның алдындағы оқиға да кейіпкерімізге әсер етпей қоймаған. Қарапайым еңбек адамы болған, шахтада, кейін колхозда жұмыс істеген Сағадат атамыздың жалғыз ағасы Сағит артында жары мен екі баласын қалдырып майданға аттанған. Ол 1941 жылдың соңына дейін хабарсыз кетті де, сол бойда оралмаған. Сүйікті ағасынан айырған сұм соғыстан өшін алуға деген көңілі күш-қуатын еселей түскендей. Тәртіптің жолын берік ұстанған

НҰРМАҒАМБЕТОВСағадат

Қожахметұлына90 жыл

Page 7: Журнал №15

7

батырдың соғыста көрген қиыншлықтарының бар-лығы Сағадат атамыздың бойында үлкен тәрбие мектебін қалыптастырғандай еді. Оның естеліктеріне көз жүгіртсек, отты кезеңнің жағымсыз көріністерін тебірене еске алады. Жаздың аптапты ыстығы, қыстың аязы мен боранына қарамастан иығына қару кезініп, қып-қызыл өрттің ортасында қалудың өзі қазіргі кезде қорқынышты түс секілді көрінеді. Туған өлкесін, жанұясын көре алмай кеткен арыстар үшін талай рет жүрек тұсы сыздағанын да айтады. Сол кезде жеңіске жетуге достықтың ерекше әсер еткенін мойындайды. Тек қана қазақ емес, басқа да ұлттың жауынгерлерімен түйір нанды бөлісе жеп, бақыттың арайлы таңына бірге қол созғандарын жеткізген болатын. Иә, көп оқығаннан емес, көп көргеннен сұра деп дана халқымыз айтпақшы, мол қиыншылықты көрген азаматтың халыққа айтары да, берері де көп болатын. Барша жұртты асыға күткен мерейлі, шуақты күнімен қауыштырып, жеңістің туын ұстатқан осындай батыр тұлғаларға біздің де айтар алғысымыз шексіз, әрине.

Сағадат Қожахметұлы соғыстан аман оралғанына шүкір етіп, Отанына қызмет етуін жалғастыра түседі. Әскери саладағы шыңдалған талабы мен біліктілігін енді игі істерге жаратуға кіріседі. Талапшыл, әділ, жауапты әрі қарапайымдылық қасиеттерімен ел сенімін ақтауға тырысатын жанға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз алғаш тәуелсіздігін алған жылда-ры Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі қызметін сеніммен тапсырды. Жеткілікті тәжірибесінің арқасында еліміздің Қарулы Күштерін қалыптастырып, оны нығайтуда өшпес із қалдырғаны тарихтың мұрағатында мәңгі сақталып қала бермек. Ерен еңбегінің еленгені сол, Сағадат Нұрмағамбетов 1994 жылы 23 мамырда ҚР Президенті Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды. 1995 жылы армия генералы атағында құрметті демалысқа

шыққан батыр өмірінің соңына дейін Президенттің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Сондай-ақ, Сағадат Қожахметұлы Ленин, 2 Қызыл Жұлдыз, 1,2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы», «Отан» ордені және төсбелгілерімен марапатталғанын мақтанышпен жеткізуге болады. Қиын қыстау заманның тар жол тайғақ кешуіне тағдырының тұспа-тұс келгені азаматтың қолына қалам алып, соғыс тауқыметтерін, өмір мен өлім арасындағы қилы тағдырлар жайлы жазуына себепші болды. Бүгінде «Лицом к огню», «Мой передний край», «А в памяти нет тишины» атты кітаптары соның айғағы болып табылады. «Арыстандай жігітте, Алатаудай үміт бар» дегендей, ел сенімін ақтағаны үшін 1999 жылы Астанадағы «Жас Ұлан» республикалық мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілді. Нар тұлғалы арысына қарап бүгінгі сарбаздар бой түзесе, еліміздің әскери саласының әр кірпішін берік етіп қалаудың маңызды қадамы болып есептелер еді. Ел Президенті «Бүкіл өмірі мен қызметі – өз Отаны мен халқына адал әрі беріле қызмет етудің үздік үлгісі» деп бағалаған Сағадат Нұрмағамбетов 90-ға таяған шағында өмірден озды. Сағадат Нұрмағамбетовпен өмір жолының со-ңында біздің басылым арнайы кездесіп, сұхбаттасқан болатын. Сол кездегі сұхбат барысында біздерге тура жол көрсетіп, ақ батасын берген кезді де ұмытпаймыз. Сағадат атамыз дүние салғанда қабырғамыз қайысқа-ны рас. Әттең...арамызда болса 90 жылдық мерей-тойын бірге тойлаушы едік.

Батырымызды жоқтап, бүгінгі ұрпаққа өнегелі жол болсын дей отыра, «Сарбаз – мемлекеттің символы» атты айдарды сол кісінің құрметіне аштық. Ұланы бар елдің ұраны барда Сағадат Нұрмағамбетовтың аты да, ерлігі де санадан жоғалмасы анық.

Эльмира Үсенқызы

Page 8: Журнал №15

8

СОҒЫСТЫҢ АТЫ ДА, ЗАТЫ ДА ЖАМАН...«Соғыс» деген сұрапылдың аты да, заты да жаман. Оны бүгінгі ұрпақ білмеуі

де, көрмеуі де тиіс. Бүткіл әлем күлге оранған берекетсіз заманның оқиғалары аңыз болып қала берсе игі. Әке мен аға жолында зар жылаған отбасы, қара түтінге тұншыққан жер ана, шаңырағы қираған ғимараттар – бәрі өткеннің жағымсыз көрінісі болып қала бергей.

Иә, талқаны шыққан ғұмырлар, тағдырлар, бояуы қарайған өмір-ай! Келмеске кеткені жөн болар. Заманның шырайын құртқан қатыгез күндердің билігі осал тартқалы биыл 69 жыл болмақ. Соғыстың ащы уынан қаймықпай дәм татқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың қатары да жылдан жылға сиреп барады. Олардың есімі ардақталғаны да бар, елеусіз қалғандары да қаншама! Болашақтың ертеңі мен ұрпақ үшін, бейбіт күннің арайлы таңы үшін жан аямай күрескен бабаларымыздың ерлігін ұлықтап, рухына тағзым ету баршамыздың айнымас борышымыз. Тарих беттерінде алтын әріппен жазылатын батырлардың есімі мен намысшыл болмысы бүгінгі мен ертеңгінің жастарына үлгі болары сөзсіз. Ендеше, Отан үшін қан майданның отын басып, суын ішкен аптал азаматтардың бәрін болмаса да, біршамасымен таныстырып өткенді жөн санадық.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982 ж.ж.) - Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Кейін қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, онда батальон, полк командирі

қызметтерін атқарды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарған Бауыржан Момышұлы соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түсті. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шыққаны және Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылған болатын.

Соғыстан кейін Бауыржан Кеңес Әскері Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіріп, Кеңес Әскері әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары оқырман назарына ұсынылды.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922-1943 жж.) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. Туған жері - Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. 1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынғандағы жұбайына айтқан соңғы сөзінде: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта» деген екен.

Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түседі.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк небәрі 18 жаста болатын.

Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдап, «Фашистерді жою үшін

Page 9: Журнал №15

9

майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп өтініш жазған. Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы рұқсат ала алмай, ақыры дегеніне жетіп 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді - жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. Нәтижесінде, 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағын иеленді. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал шайқас орын алып, Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Бірақ, Мәншүктің басына оқ тиіп, ауыр жараланады. Соңғы күшін жинап үлгерген Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925-1944 жж.) – Кеңес Одағының Батыры. Шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атаған. Туған жері - Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылы. Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. 8 жасында анасынан айрылған Әлияға әжесі Тәжікен адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты бойына терең сіңіріп өсіреді. 1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға, 1935 жылы Москваға, ал соғыстың алдында Ленинградқа көшіп барады. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияны Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсыруға мәжбүр болды. Әлия Ленинградты екінші отаны санап, шын жүрегімен жақсы көрді. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Батыр қыз 1942 жылы Жұмысшы-

Шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болады. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған Әлия 1944 жылдың 14 қаңтарында Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (1922-2008 жж.) – Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы. Туған жері – Атырау облысы Бөкей гөбернесі Ганюшкино селосы. Әкесi - Қайыр балықшы, анасы - Меруерт мұғалiм болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын

училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды.

Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. Туған жері - Ақмола облысы, Тайтөбе ауылы. 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсеткені де баршаға мәлім. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарғанын да айтуға болады.

Ұлжан Шораева

Page 10: Журнал №15

10

БақытжанЕртаев

Page 11: Журнал №15

11

«ОТАНДЫ СӨЗБЕН ЕМЕС, ЖҮРЕКПЕН СҮЮ КЕРЕК»

«Астаудың суы лайланса, су тартылады, рух лайланса, ел тұншығады». Бұл біздің журналымыздың бас кейіпкерінің өмірлік ұстанымы болып табылады. Батырлық – ер жігітке табиғатпен, тәртіппен, тағдырмен бітетін қасиет. Қазақ елінің сан ғасырлық тарихында Отан үшін жан беріскен батыр бабаларымыздың есімдері аталып қана қоймай, ел аузында аңыз болып таратылып келеді. Бұл – біздің құндылығымыз. Қанжығалы Қабанбай, Шапырашты Наурызбайдай бабаларымыз-дың арқасында жеріміз жаттықтарға тапталмады. Тарихтың тағылымы да осы болмақ шығар. Бірақ, көш кетті, заман өзгерді. Біздің тарихымыздың бас па-рақшаларында жаңа батырлардың есімдері жазыла бастады. Соның бірі, әскери қайраткер, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Ертаев Бақытжан Ертайұлы киелі Жуалы же-рінің тумасы болып табылады. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының ерлігі жайлы ақсақалдардың әңгімелеріне қанып өскен бала жігіт тағдырдың жазуымен 1969 жылы Ташкент қаласындағы Жалпыәскери командалық жоғары училищесіне оқуға түседі. Ауылдың қара баласының генерал-лейтенант болуына дейінгі өмірі осы кезеңнен бастау алады. Бақытжан Ертайұлы 1992 жылы Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаннан бастап Казақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс ко-митетінде әскери қызмет өткерген. «Халық қаһарманы» құрмет атағымен, «Отан», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқада жауынгерлік ордендермен және медальдардың иегері Бақытжан Ертайұлы бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарып келеді.

Ер жігіт ел үшін туады...

Бақытжан аға, Сіз небәрі 27 жасыңызда кез келгеннің қолынан келе бермейтін көзсіз ерлікке бардыңыз. Өмір мен өлім арасындағы жылдарыңыз-дан қандай естелік айта аласыз? Әскери тәрбие Сізді неге үйрет-ті?

Әр елдің тарихы болса, әр адамның да өзіндік тарихы бар. Тарихы дегеніміз – адамның тағ-дыры болып табылады. Әрине, алақандай ауылда әкесіз өскен бала осындай дәрежеге жетеді деп ешкім ойлаған жоқ. Бірақ, біздің ауылдағы әрбір қарадома-лақ баланың арманы Бауыржан Момышұлындай батыр болу еді. Тағдырдың жазуымен мен әскери салаға келіп, училищені бітірдім. Бірақ, әскери сапқа енді ғана қосылған біз соғыс көреміз деп ойлаған жоқпыз. Ол кезде біз

бейбіт өмір сүріп жатқан едік. Дегенмен, Отан алдында ант қабылдадың ба, сен өз парызыңа берік болуың керек. Әрине, ол соғысқа мен болмасам, басқа сарбаз баратын да еді. Себебі, біз батыр халықтың ұрпақтарымыз. Біз антымызға берік бола білдік. Ауған жеріне қаймықпай барып, ерлік көрсеттік. Сол жерде жүр-генде батальон командирі атанған қазақтың ең жас аға лейтенанты болдым. Алайда маршал Соколов таулы аймақтағы әскери тактикам-ды байқап, мені комбат етіп қойды. Ал, комбат атану үшін әскери адам ең кемінде майор не полковник болуы керек еді. Осылай қазақ-тың қарапайым жігітіне үлкен батальонды басқару бұйырды.

Сізді Ауған елінің тұрғын-дары «Мұсылман командир» деп

атаған екен. Мұндай атаққа ие болудың себебі неде?

Біздің Ауған жерінде орна-ласқан аймағымыз Қонар деген ауыл болатын. Ең бірінші, мен сарбаздарыма сол елдің дінін, тарихын сыйлата білдім. Ал, атал-мыш атаудың шыққан тарихын қысқаша айтып кетер болсам, мен сарбаздарыма сол ауылдың мешітін жөндеткен болатынмын. Кейін ақпан айының 22 жұлды-зында «Комсомольская правда» газеті шықты. Аталмыш газеттің тілшісі Ауған жеріне барған ке-зінде сол ауылдың тұрғындары мені естеріне алыпты. Ол жердің тұрғындары мені «Бақтияр» дей-тін. Сол жерге ағаш отырғызып, тасқа «Бақтияр тоғайы» деп жазып қойыпты. Әрине, бұл өз ретінде үлкен құрмет деп білемін. Себебі, ол кісілер өзге ұлт болса

Page 12: Журнал №15

12

да, қазақтың қайсарлығы мен қарапайымдылығын толықтай бағалай білді. Ауған жерінде мен алты ай батальон басқардым. Жал-пы, батальонның командирлері алты айда ауысып тұратын. Бірақ, мені сарбаздарым жібергілері келмеді. Сөйтіп, мен батальонды екі жыл басқардым.

Сіздің Ауған елінде сан түрлі әскери тәсілдерді қолдана білген қазақтан шыққан әйгілі стратег болғаныңызды білеміз. Бүгінгі таңда еліміздің әскери саласында өзіңіз ойлап тапқан әдіс-тәсілдер қаншалықты тәжірибеге еніп жатыр?

Бұрынғы Кеңес кезінде саясат өзгеше болатын. Тоба, тәуелсіздік алып, егеменді ел атандық. Біздің бабаларымыз ел үшін, жер үшін аямай жан берісіп, қан төгісті. Қабанбай, Наурызбай бабалары-мыздың ерлігі әлі күнге дейін ел аузында жыр болып айтылып келеді. Әрине, олар да өмір сүр-гілері келді. Бірақ, Отан алдын-дағы қасиетті борыштарын өтеу мақсатында ұрпақтарының бүгін-гі жарқын күндері үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен жау-ға шапты, жан алып, жан берісті. Олар бізге «Ұрпақтарым, сендер үшін жан береміз. Осы елге ие болыңдар!» деп атап кеткенін ұмытпауымыз керек. Шүкір, біз елге ие болдық. Бүгінгі таңда әрбір азаматтың парызы Отан алдындағы қасиетті борышын өтеу болып табылады. «Астаудың суы лайланса, су тартылады, рух лайланса, ел тұншығады». Біздің басты парызымыз – рухымыздың биіктігін сақтап қалуымыз керек. Бұл – біздің адами борышымыз деп білемін. Қазір жастарды әскер қатарына шақыру азайып келеді. Көп жастар әскерге бармай, көк-базарда жүк тасып, күнкөріс қамы-мен жүр. Әрине, бұл біз үшін үл-кен сын болып табылады. Менің айтарым, біз болашағы жарқын «Мәңгілік Елге» қадам бастық па, алдағыны анық көре білуіміз керек. Біздің ұрпақтарымыз

өз жерінде бақытқа толы өмір сүрулері қажет. Себебі, бұл жер – олардың болашағының кепілі. Сонымен қатар, қазіргі қатардағы сарбаздан бастап генералдардың парызы – Отанды сөзбен емес, жұмсақ тілмен емес, жүрекпен сүю керек. Әр азаматтың көзі ашық, көкірегі ояу болуы қажет. Негізі, әскери адам өз ісінің толық маманы болса, өз елінің тарихын, тілін, ділін жақсы таныса, еліміз-дің тірегі мықты болары хақ.

Биылғы жылы тәуелсіз елі-міздің тұңғыш қорғаныс минис-трі, армия генералы, Кеңес Ода-ғының батыры, Халық қаһарма-ны Сағадат Нұрмағамбетовтың 90 жылдығы аталып өтілмек. Ол кісі жайлы қандай естелік айта аласыз?

Өз басым маңдайынымызға ол кісінің жаралғаны үшін тоба деймін. Әрине, Баукеңнің орны бөлек. Ал Сағадат Қожахметұлы Халық қаһарманы, еліміздің Қару-лы Күштерінің алғашқы кірпішін қалаған ардагер болып табылады. Ол кісі қазақ елінің Қарулы Күш-терінің төресі бола білді. Ол кезде мен Германия жерінде болатын-мын. Елбасымыздың Сағадат Қожахметұлын тұңғыш қорғаныс министрі етіп тағайындағанын ести сала, елге аттандым. Ол кісі мені жақсы білетін. Себебі, мен ол кісінің қолында өсіп-же-тілдім, лейтенант болдым. Міне, сол кездің өзінде мен Сағадат Қожахметұлының біліктілігіне, біліміне, ісіндегі шеберлігіне разы болғанмын. Алғашқы кезде туындаған қиыншылықтарға бой бермей, еліміздегі Қарулы Күштер-дің дәрежесін көтере білген кісі еді. Ол кісі бізді басымыздан си-пап, еркелететін де, сенетін де, сонымен қатар қатал да ұстай-тын. Мен сол кезде Германия жерінде полк басқардым. Сағадат Қожахметұлы маған девизия берді. Жас болсам да мен Қазақстанның үлкен девизиясын басқардым. Бүгінгі таңда мен ол кісіні әкемдей сыйлаймын. Қазіргі таңда ҚР

Қарулы Күштері ардагерлерінің төрағасы ретінде үкіметке нұсқау бердім. Мәселен, Ресей елінде қорғаныс саласында еңбегі сіңген азаматтарға «Суворов», «Жуков» атты даңқ ордендерін береді. Біздің де өз «Жуковымыз» бар ғой. Біздің «Жуков» – Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигельдинов, Қасым Қайсенов. Жас қаһармандарымызды осын-дай алып кісілердің атымен неге марапаттамаймыз?! Міне, осы бір мәселені көтеру қажет болды. Бүгінгі таңда Сағадат ағаның 90 жасына арнап медаль шығаруды жоспарлап жатырмыз. Ол кісінің алдында біздің парызымыз әлі көп. Сол себепті, мен осындай кісінің қарамағында өсіп-жетілуді жазған тағдырыма әлі күнге дейін ризамын.

Отанға деген сүйіспеншілікті жоғары бағалап, елі үшін емірене қызмет ететін тұлғалардың бірі де бірегейі өзіңіз! Ал бейбіт

Page 13: Журнал №15

13

күнде өз пайдасы үшін елін сатып, бөтен жерді пана тұтқан азаматтар жайлы не айтасыз?

Ол кісілерді екіжүзді адам деуге болады. Себебі, олар жылы суға қолдарын малып отыруды қалайтын жандар. Ал, сәл қиын-дық туындаса, жымқырған дүние-лерін алып, өзге елді паналайды. Біз осындай жәйттерді болдыр-мауымыз керек. Дегенмен, кей-кейде осындай жағдайларды көре тұра, біле тұра, үндемейтін жан-дардың бар екені де ақиқат. Соны-мен қатар, айтылған ақиқатқа көз жұма қарап, сенбейтіндердің бары рас. Осы себепті, біз шындықты айтқан адамды тыңдай білуіміз қажет. Жұмсақ тілмен сайрайтын жандар жетерлік. Бірақ, жүрекпен сөйлей білу бір өнер. Әрине, жү-рекпен айтылған сөз қатал да болуы мүмкін, бірақ, ол – шындық. Бүгінгі таңда біз лепіре мақтануды жөн көріп жүрміз. Біз қазақ жері-міздей кең, ауқымды, мағыналы сөздерді қолдануымыз керек. Екін-ші бір мәселе, ол – тәртіп. Біз өз құлқынымыздың емес, елдің құлы

болуымыз керек. Тарихтың бетін шындықпен ашып, жамандыққа қасқая қарсы тұра білсек, қазақ елінің туы да желбірейді, ұраны да шырқала бермек деген ойдамын.

Сіз туып-өскен киелі Жуалы өңірінен небір мықты тұлғалар шыққаны мәлім. Бұның құпия-сы неде деп ойлайсыз? Туған жеріңіз жайлы айта отырсаңыз.

Негізі, табиғат баланың міне-зіне сәйкес болады. Мен әкесіз өстім. Бірақ, алақандай ауыл мені өз бауырына алып өсірді. Жас кезімізде ақсақалдардың алдына барып, әңгімелерін тыңдайтынбыз. Сол кезде ол кісілер «Сен Ертай-дың баласысың!» деп айтып оты-ратын. Бұл дегеніміз – өз тегіңді ұмытпа, адам бол, елдің ұлы бол дегендері емес пе?! Әкеміз болмаса да, анамыз бізге әке де, шеше де бола білді. Бір күні анам маған сұрақ қойды. «Бақытжан, әкеңнің жоқтығын білдіре алдым ба?» деді. Мен «Жоқ, ана, білдіре алмадыңыз. Сіз одан асырдыңыз!» деп жауап бердім. Анамыздың тә-лімімен қатар сөз басында айтып өткен туған жерімнің табиғаты да бала тәрбиесіне қатты әсер етті. Біздің ауылда үш ай боран болатын. Бұл – біздің табиғаттың құдіреттілігі деп білемін. Ал, адам баласы нақты табиғатқа сәйкес тәрбие көреді. Екінші, сол елдің тарихы. Барлығымыз бала кезіміз-де Баукеңе ұқсаймыз дейтінбіз. Кейде маған жора-жолдастарым сұрақ қояды «Сен осы өміріңді қайта бастан өткізер ме едің?» дегенде, мен еш ойланбастан «Иә, мен осы өмірімді қайта бастар едім» деп нық сеніммен жауап беремін. Әрине, жұбайым бұл жәйтке көнбес еді. Әскери адам өмірде көп қиыншылық көреді. Бірақ, ант – әскери адамның ең бірінші парызы болып қала бермек. Мен Германия елінде полк коман-дирі болып жүрген кезде маған бір топ кісі келді деп хабарлады. Халифа Мұстафа бастаған бір топ қазақ азаматтары келіп тұр екен. Алдарынан қарсы алып, күтіп ал-

дық. Сол кезде ол кісі маған «Бақытжан! Қуанып күлейікші бір уақыт... Бізге өзіңнің полкінді көрсетші» деді. Менің полкімде 1800 сарбаз бартын. Барлығы ше-тінен өзге ұлт азаматтары, соны-мен қатар бойлары биік, денелі сарбаздар болатын. Сол кезде ол кісілер көздеріне жас алып, «Қа-зақтың осындай жігіттері барына разымыз!» деген болатын. Бұл біз үшін үлкен мәртебе деп санаймын. Қазақтың батырлығына ешкім шүбә келтірмеген. Болашақ ұрпақ осыны жақсы түсініп, қадірлей білсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Бақытжан аға, біздің журна-лымыздың дәстүрлі сұрағын қойсақ. Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Жалпы, тәуелсіздік – әр адам-ның жүрек түбінде сақтап, баға-лайтын асыл қазынасы деуге бо-лады. Отанымыздың тәуелсіз бол-ғанынан артық не бар? Бұл – үлкен бақыт. Бірақ, осындай дүниенің абыройын біз сыйлап, жүрекпен түсінуіміз керек. Біз – «Мәңгілік Елміз». Бүгінгі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Себебі, бізде бабадан келе жатқан қонақжайлық қасиеті қанымызға сіңген. Сонымен қатар, біз – батыр халықтың ұрпағы екенімізді жадымызда сақтауымыз қажет.

Біздің ұжымға айтар тілегі-ңіз...

Негізі, журналисттер әділет жаршылары болып табылады. Осы себепті, Сіздер шындықты жазуларыңыз керек. Тек ақиқат арқылы біз өркениетті ел бола аламыз. Ал, ақиқат дегеніміз – Сіз-дердің қолдарыңызбен жасалатын дүние болып табылады. Осы се-бепті, Сіздердің ұжымға шығарма-шылық табыс тілеймін! Жеріміз тыныш, еліміз аман болғай!

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанАқнұр Серікбаева

Page 14: Журнал №15

14

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Маңғыстау облыстық кеме жөндеу зауытының бас директоры Ратмир Комратов

Page 15: Журнал №15

15

Ел ауырын ер көтерер...

ТӘУЕКЕЛДІҢ ҚАЙЫҒЫ СУҒА КЕТПЕС«Батыл жігіт жол бастар» дейді атам қазақ. Біздің мақаламыздың бас кейіпкері

өмірлік жолын елге тың әскери-теңіз күштерімен байланыстырып, мемлекетіміз-дің қорғаны мен қолдауы болған теңіз саласын жаңа белеске бастаған азамат жай-лы болмақ. Ратмир Әлімханұлы бос сөздің емес, нағыз істің адамы екенін әлі күнге дейін дәлелдеп келеді.

Бүгінгі таңда Комратов Ратмир Әлімханұлы Маңғыстау облыстық кеме жөн-деу зауытының бас директоры лауазымында қызмет атқарады.

Қазақтан шыққан тұңғыш адмирал және оның тұлғалық бейнесіЕлбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде «Шынайы патриотизм дауыс кө-

тере сөйлеген сөздерден емес, нақты істер мен жауапты қимыл-әрекеттерден көрінуі керек» деген еді. Елбасымыздың осы сөзін негізге алатын болсақ, Ратмир Әлімханұлы өз елінің нағыз патриоты екеніне көз жеткізе аламыз. Қазақтан шыққан тұңғыш адмирал атану кез келген адамның маңдайына жазыла бермейді. Тек қана әке қанымен, ана сүтімен дарыған асыл қасиеттерге ие жан ғана үлкен мемлекеттің басты бір саласының тізгінін ұстай алады. Контр-адмирал Ратмир Әлімханұлының Қазақстанның қорғаныс саласына, соның ішінде әскери-теңіз күштерінің құрылуына қосқан үлесі ерен, еңбегі мол. Елінің ардақты ұлының осын-дай жетістіктері Елбасымыздың қырағы көзінен тыс қалмады. Ратмир Комратов 1998 жылы контр-адмирал атағын иемденіп, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, КСРО және Қазақстан Республикасының бірнеше медальдарымен марапатталған. Ал, ең бастысы келешекте Ратмир Әлімханұлының есімі тарихымыздың басты бет-терінде алтын әріппен жазылатыны анық.

Еңбек жолы Ратмир Әлімханұлы алғашқы еңбек жолын 1973 жылы Ресей жерінде орналас-

қан Камчаткадағы 2-ші Флотилияның стратегиялық мақсаттағы ракеталық сүңгуір кемесінде турбиналы топтың командирі болып бастайды. Әрине, кең далада ойнап өскен жас ұланның бірнеше шақырым тереңдікте орналасқан сүңгуір кемеде жұмыс істеуі ерлікпен пара-пар. Бірақ, бойында қазаққа тән төзімділік бар Ратмир Әлімханұлы 1982 жылдан бастап КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінде кіші әскери өкілден аталмыш мекеменің басшысының орынбасарлығына дейін қызмет атқарған. Кейін қазіргі «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы қызметін абыроймен атқарып, жұмысының жемісін көреді. Бүгінгі таңда Ратмир Әлімханұлы Маңғыстау облыстық қайық жөндеу зауытының бас директоры лауазымында жұмыс жасайды.

Page 16: Журнал №15

16

Өмір жолыРатмир Әлімханұлы 1951 жылы маусым айының 23 жұлдызында қазіргі

Жамбыл облысында дүниеге келген. Әкесі – Әлімхан Комратов Жамбыл облысын-дағы атқарушы комитеттің төрағасы болып қызмет атқарған, көргені көп әскери қызметкер болған кісі. Ратмир Әлімханұлына тән жігерлілік пен батылдылық әке қанымен сіңгені көрініп тұр. Ал, біздің кейіпкердің бойындағы ақкөңілділік пен шығармашылық қасиет ананың ақ сүтімен дарығаны анық. Себебі, Ратмир Әлімханұлының анасы – Роза Нығметоллақызы үш ұлымен қатар біршама шә-кірттерге екінші ана бола білген ұлағатты ұстаз кісі. Осындай көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың отбасында дүниеге келген Ратмир Әлімханұлы мектеп жасы-нан білімі мол жас екенін көрсете білді. 1973 жылы Севастопольдық Жоғары Әскери-Теңіз инженерлік училищесінің «Ядролық энергетикалық қондырғыны пайдалану» факультетіне арнайы шақырумен оқуға түседі. Жас ұланның әскери өмірі осы оқу орнынан бастау алып, Ратмир Әлімханұлын тәуелсіз Қазақстан- ның ең алғашқы адмиралдығына алып келеді.

Еліміздің абыройына айналған азаматтар жайында көп айтып, көп жазуға болады. Бірақ, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болар дүниелерді сол азаматтардың өз аузынан естіген құнды естелік болып қалары хақ.

Осы ретте еліміздің теңіз қорғанысын нығайтуға ат салысып, мемлекеттің жоғары бағалайтын азаматы болып отырған Комратов Ратмир Әлімханұлының сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз!

Page 17: Журнал №15

17

Ратмир Әлімханұлы, әңгіме-мізді Сіздің еңбек жолыңыздан бастасақ. Әскери саланы таңда-уыңызға не себеп болды?

Бала кезімде футбол мен бас-кетболға әуес болдым. Сонымен қатар, біздің Жамбыл облысында баскетболдан өте жақсы мектеп бар-тын. Жаттықтырушымыз Евгений Иванұлы Егоров тамаша жан әрі талапшыл басшы бола-тын. 1968 жылдың басында біздің құрама баскетболдан Қазақстан бойынша 2-ші орынды иеленіп, мен еліміздің ұлттық құрамасына ен-дім. Сол кезде КСРО көлемінде өткізіліп жатқан сайысқа аттанған едік. Аталмыш сайыс кезінде мені Севастопольдық Жоғары Әскери-Теңіз инженерлік училищеге түсу-ге шақырды. Ол жерде «Ядролық энергетикалық қондырғыны пайда-лану» факультеті барын білген кез-де лезде келісімімді бердім. Негізі, физика мен математика – менің сүйікті пәндерім болатын. Сөйтіп, мен училищені бітіріп, әскери те-ңізші мамандығын алып шықтым. Менің алғашқы еңбек жолым атом-дық сүңгуір кемелердің ішінде басталды. Сонымен қатар, 9 авто-номдық жүзуге қатыстым. Камчат-ка жерінде әскери қызметкер бо-лып біраз уақыт жұмыс жасаған-нан кейін, КСРО әскери-теңіз флоттарын құрастыру жабық зауы-тының қорғаныс бөлімінде қызмет атқардым. Кейін, КСРО құлдыра-ған кезде Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің шақыруымен қор-ғаныс өндірісінің басшысы лауа-зымына тағайындалып, бір жылдан кейін әскери-теңіз қорының коман-дирі қызметін атқардым. Тәуелсіз-дік алған алғашқы жылдары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің Қор-ғаныс өнеркәсібі басқармасы бас-шысының орынбасары, әскери-теңіз базасының командирі, әске-ри-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары, Қорғаныс министрлі-гінің генерал-инспекторы болдым. Ал, 2002 жылдың ақпан айынан қазіргі «Батыс» аймақтық қолбас-

шылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалдым. Өздеріңіз білетіндей, әскери сала өзіндік тәртіп пен талапқа бағына-тыны белгілі. Осы себепті, мен 2009 жылы әскери саланың тәртібі бойынша зейнетке шықтым. Бүгін-гі таңда Маңғыстау облыстық ке-ме жөндеу зауытының бас дирек-торы болып жұмыс жасаймын.

Мен неге әскери саланы таң-дадым? Басты себеп – Отаныма деген шексіз сүйіспеншілігім деп білемін. Жас та болсам, осы еліме бір пайдамды тигізгім келгендік-тен әскери саланы қаладым. Менің әкем Әлімхан Комратов та әскери қызметкер болған. Ол кісі 1932 мен 1936 жылдары Ташкенттегі Тамбов атты әскери училищесін бітірген. Әр адамның тағдыры өзіндік белестерге толы болады. Менің әкем ақ финдермен болған соғысты, Ұлы Отан соғысын, со-нымен қатар Жапониядағы Кван-тун армиясын талқандауға қатыс-қан соғысты көрген кісі. Ажалмен үш рет айқасқа түсіп, батырлық танытқан әкем «Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» орден-дерімен және «Ерлігі үшін» меда-лімен марапатталған. Міне, осын-дай кісіден тәлім-тәрбие алған мен үшін Отан ұғымы әрқашан биік, ал әскери сала өмірлік таңдауым болды.

Бүгінгі таңда Сіз басшылық етіп отырған «Маңғыстау облы-сының кеме жөндеу зауытында» атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтсеңіз.

«Маңғыстау облысының ке-ме жөндеу зауыты» өз жұмысын 2010 жылы бастады. Содан бергі уақыт ішінде біздің мамандар біршама жұмыс атқарып, біраз жетістіктерге жеттік. Мәселен, 2011-2013 жылдар аралығында біздің зауыттың жұмысы қарқын-ды болды. Бірақ, біздің басшылық құрамнан зауыт құрылтайшыла-рының бірталайы кеткеннен кейін, жұмысымыз біраз дағдарысқа тап

болды. Себебі, біздің зауыт бір құрылтайшының жерінде несиеге салынған болатын. Сондықтан, зауыт мемлекеттік салық пен несиені қоса төлеу үшін өте көп жұмыс жасауы қажет екені анық. Осы ретте біз кеме жөндеу сала-сын әрі қарай дамыту мақсатында шұғыл түрде салымшыларды іздеп жатырмыз. Бүгінгі таңда «Kazakhstan Engineering» АҚ сияқты белгілі компаниялармен байланыс жасап жатқан жөніміз бар. Өз басым еліміздің әлемдік деңгейге көтерілуі үшін кеме шаруашылығының қажеттілігіне толық сенімдімін. Себебі, кешегі көшпенді заман өтіп кетті. Мемле-кеттің дамуына құрлықпен қатар, теңіз жүйесі де өте маңызды екенін ұмытпайық.

Мамандарыңыздың білікті-лік деңгейі жөнінде не айта ала-сыз? Жас қызметкерлермен қан-дай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Біз жас мамандармен қатар тәжірибелі қызметкерлерімізбен де түрлі бағыттағы оқыту сабақта-рын жүргізіп отырамыз. Себебі, зауыттағы біршама шетелдік құ-рылтайшылар кеткеннен кейін, барлық инженерлік-техникалық құрама, сонымен қатар жоғары санаттағы мамандар да жұмыста-рынан кетті. Сондықтан, біз тез арада барлық мамандарымызды қайтадан оқытуға мәжбүр болдық. Мәселен, бүгінгі таңда маманда-рымыздың көпшілігі Астрахань жерінде орналасқан кеме жасау зауыттарының арнайы сертифи-каттары мен мамандықтарын игер-ген.

Маңғыстау облысында кеме жасау зауытының құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Аталмыш жоба Құрық ауы-лында салынады деп күтілуде. Бұл жоба – Қазақстандағы экспорт жүйесіне қолайлы кемелерді жасау

Page 18: Журнал №15

18

мен жөндеуді көздеп отырған үл-кен нысан болып табылады.

Ратмир Әлімханұлы, әскери салада жүрген кезінізде Елбасы-мен кездесу болғаны жайлы білеміз. Бүгінгі таңда сол кезде талқыланған мәселелер өз шеші-мін тапты ма?

Ол кезде әскери тәртіп бойын-ша барлық мәселелерді инстанция-мен айту керек еді. Әскери-теңіз күштерінің дамуы, кеме жасау зауыты бойынша бағдарламалар, Әскери-теңіз институтын ашу сияқты мәселелер Бас Қолбасшы-ның алдына барған кезде тез ше-шілетін. Мәселен, Каспий теңізін-де өткізілген әскери оқыту кезінде Бас Қолбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев барлық жаттығу түр-лерін жоғары бағалады. Кейін біз-дерге бұрылып, «Бұл жерде кім

басшылық етеді?» деп сұрады. Сол кездегі қорғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Қапашұлы «Контр-адмирал Комратов» деп жауап берген болатын. Елбасымыз маған қарап, «Вице-адмиралдық шендеріңді дайындай беруіңе болады» деді. Әрине, әскери тәртіп бойынша тік тұрып жауап беруім керек еді. Бірақ, мен «Құрметті Елбасы, алдымен әскери-теңіз күштерін құрып алайықшы, сосын вице-адмирал боламын» деп жауап қаттым. Себебі, ол кезде әскери-теңіз күштері ҰҚК Шекаралық әскердің теңіз саласының құра-мында болатын. Шынымен, көп ұзамай Елбасымыздың ұсынысы-мен елімізде «Әскери-теңіз күш-терін құру туралы» заң қабылдан-ды. Әрине, мен вице-адмирал шенін алған жоқпын, бірақ батыс құрылымын құрудағы көмегім

үшін орден иегері атандым. Егер Елбасымен тағы кезде-

сетін мүмкіндік болса, мен кеме жасау жобасын көтеретін едім. Әрине, бүгінгі таңда Ақтау бекіні-сі мен Шевченко темір жолын құ-ру, теңізде жүзу саласын дамыту, жас теңізшілерді дайындауға ар-налған арнайы оқу орнын ашу, Қазақстан Республикасының Қор-ғаныс министрлігін, ҰҚК шекара қызметінің теңіз құрылымдарын, Мұнай және газ министрлігін мұнай жинайтын кемелер, мұзжар-ғыштар, баржалар, сүйреушілер, сонымен қатар кемелермен, қайық-тармен қамтамасыз ету мәселесін шешу керектігін көпшілік жақсы түсінеді. Алайда, бұл мәселелерді жай ғана мәселе ретінде қарастыр-май, оның түйінін де тарқатқан ма-ңызды. Бұл ретте Елбасымыздың Бас Қолбасшы ретінде көптеген мәселелерде көмек көрсете ала-тыны анық. Әрине, аталмыш бас-тамалар қолға алынса, жаңа жұмыс орындары ашылып, батыс айма-ғының ісі өрге домалайтын еді. Сонымен қатар, өңірдің шығын көлемі де төмендейтіні анық. Себебі, біз өңдеушіден өндіруші аймаққа айналар едік. Егер де елімізді әлемдік дамыған 30 елдің қатарынан көргіміз келсе, шетел-дік дүниелерді сатып алғанша, отандық өнімді өндіруді бастайық. Бұл өз ретінде Қазақстанды алға жетелейтін басты тетіктердің бірі болып табылары анық. Осы ретте жастарға айтарым, олар кез келген жаңашылдыққа қызығушылық та-нытулары қажет. Өйткені, мемле-кеттің болашағы – бүгінгі жастар-дың қолында екенін айта кеткім келеді. Сондықтан да біздің жаста-рымыз өздеріне артылған жауап-кершіліктің ауыртпашылығын то-лық түсінсе игі болар еді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір

Page 19: Журнал №15

19

болашақ» Жолдауына қатысты азаматтық пікіріңізді білсек.

Елбасымыздың әр жылғы үндеуі барша қазақстандықтар үшін жақсылықтың нышаны екеніне сенімдімін. Нұрсұлтан Әбішұлы тек қана Елбасы емес, еліміздің Бас Қолбасшысы болып табылады. Сондықтан да, Елбасы-ның әрбір сөзі әскери адам үшін бұлжытпай орындауға тиіс парыз екені анық. Егер де біз көп жұмыс жасап, қарқынды істерді тындыра-тын болсақ, нұр үстіне нұр бола-ры хақ. Ел біздің сөзімізге емес, жасаған жұмысымыздың нәтиже-сін көруі керек. Өзіме жақыны әскери-теңіз саласы болғандықтан, аталмыш дүние алғашқы сатыда тұрып қалмай, алға қарай дамуы керек. Бұл – біз үшін үлкен мақ-сат болып табылады. Мен әскери саладан кетсем де, артымда ісімді жалғастырар шәкірттерім бар. Олардың барлығы істеріне мығым, ойлары ашық сарбаздар екенін жақсы білемін. Осы себепті, мен Елбасымыздың әрбір тапсырмасы

іс жүзінде орындалады деген сенімдемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде?

Тәуелсіздік мен үшін ең бірін-ші орында қауіпсіздік деп есеп-теймін. Еліміз аман, жеріміз ты-ныш болса, біз үшін осыдан асқан бақыт болмайды. Қауіпсіздік үшін ең бірінші не қажет? Әрине, біздің елде барлығы бірлік пен татулыққа

негізделген. Бірақ, бұл өз ретінде қорғаныс саласының мемлекет назарында болмауы керек деген сөз емес. Біздің барлық қорғаныс күштеріміз бүгінгі заманға лайық-ты жандандырылған болса ғана, басқа елдермен бәсекелестікке түсе аламыз.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанНұрай Сәбитқызы

Page 20: Журнал №15

20

МұратМайкеев

Page 21: Журнал №15

21

БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ САҚШЫЛАРЫЕлі үшін туған ер жігіттің еңселі еңбегі ел аузында жүрері сөзсіз. Көпті біл-

геннен емес, көргеннен сұра демекші, ғұмырын әскери салаға арнаған аптал аза-маттың күннің ыстығы мен суығына қарамастан Отанды қорғаудың барлық әді-сі мен тәсілдерін бес саусақтай танып үлгереді. Бейбіт тұрғындардың ақ арайлы таңдары шуақты болу үшін күн демей, түн демей қызмет ететін ұжымды басқару үшін шыңдалған күш пен жігердің маңыздылығы басым. Бір бойына батылдық пен қайраттылық, өжеттік пен қайсарлықты жинаған ел патриотын үлгі тұта-тын азаматтар да баршылық. Тайсалмай еңбек ететін кезекті кейіпкеріміз ІІІ дәрежелі «Отанға қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендері және өзге де марапаттарының иегері. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшы-сы, генерал- майор Майкеев Мұрат Жәлелұлымен болған мазмұнды сұхбатқа қаныға отырыңыздар.

Мұрат Жәлелұлы, Тәуелсіздігімізді алған жыл-дан бастап еліміздің егемендігін жан-жақты кү-зететін дербес әскерімізді қалыптастырдық. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қалыптасуы мен өсіп-өркен-деу жолын тарқатып айтып берсеңіз.

Біз тәуелсіздігімізді жариялаған кезге дейін елі-міздің шекарасына көп қауіп төніп тұрған шағымен жақсы таныспыз. 1991 жылдың 16 желтоқсанында барша қазақ елінің аңсап күткен жеңісті күні есігіміз-ді қаққанда халықтың қуанышында шек болмады. Ен-ді жан-жақтан шекарамызды бекітіп, оны бөтен көздің пиғылынан сақтау үшін берік қорғаныс күші қажет болып, Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын күзету мақсатында өз Қарулы Күштерін құруға құқылы деп анықталды. Осы кезеңдерде өткен Қауіпсіздік кеңесі жағдайды жан-жақты және терең зерделегеннен кейін республика-да орналасқан бөлімдер мен құрамалардың бәрін Қазақстан Президентінің бақылауына алу қажет деген қорытындыға келді. Осылайша өзінің дербес әскерін құруға заңды құқығын ҚР 1992 жылғы 7 мамырда ел Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығы шығуымен іске асырылғанын айтуға болады. Міне, 22 жылдың көлемінде бұл салаға аса ден қойылып, талай қиын-қыстау кезеңді бастан өткерсе де, тек қана дамып, өркендеп келеді. ҚР Қарулы Күштерінің өзі бірнеше салаға бөлінетінін білеміз. Соның ішінде, Сіз бен біздің тақырыбымыздың өзегі болып отырған Құрлық әскеріне тоқталар болсақ, алғаш 1996 жылдың 19 шілдесінде Қорғаныс министрінің ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің басқармасын құру туралы Директивасы шықты. Еліміздің Қарулы Күштерінің басқа түр-лерінің дамуымен қатар, Құрлық әскерлерінің ма-ңыздылығы әлі күнге дейін басым күшке ие. Атап айтар болсақ, құрамында төрт өңірлік қолбасшылық

әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер, Ракета әскерлері мен артиллерия, арнайы әскерлер, сондай-ақ тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бө-лімдері, медициналық мекемелер бар Құрлық әскері еліміздің 24 аймағында орналасқан әскери шептері арқылы Ақтау мен Өскемен, Астана мен Шымкенттің арасын жалғап жатыр. Осы тұста атап өтер болсам, ҚР Президенті әрі Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Н.Назарбаев еліміздің әскери саласына айтарлықтай көп көңіл бөлуінің арқасында Құрлық әскерлері кез келген жауынгерлік әзірлікке немесе кез келген қауіпке төтеп беруге дайын екенін жеткізуге болады.

Жалпы, әскеріміздің қару-жарақпен қамтама-сыз етілуі төңірегінде сөз қозғасақ.

Әскери құрылымның барлық жасақтары қару-жарақтың сапалы түрімен толықтай қамтамасыз етіл-генін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қорғаныс өнеркәсібінің қайта жандануына байланысты броне-транспортер, жаяу әскер мінетін көлік пен танктердің жаңа үлгісін жасауға мүмкіндік алғанымызды ескергім келеді. Мысалы, Семей қаласында орналасқан «Қазақстан инжиниринг» АҚ зауытынында броне-транспортердің ескі түрлері судай жаңа кейіпке еніп, Алматы қаласында өткен сынақта жоғары сапаны дәлелдеп берді. Іле өзенінен өтіп, Панфилов ау-данындағы Көктал полигонына сүрінбей жеткен техниканың қуаттылығына тәнті болғанымыз бар. Міне, Құрлық әскерінің дамуына бар қырынан жағдай жасалынып келеді. Ең бастысы, жауынгерлердің кез келген сынаққа төтеп беруге қабілеті жетеді.

Қару-жарақтың кез келген түрін еркін игере алатын сарбаздардың біліктілігі мен олардың елімізде жасақталу құрамы қандай екенін айта аласыз ба?

Page 22: Журнал №15

22

Қазақстан Қарулы Күштерінің биылғы мерекелік іс-шарасы «Кәсіпқой маман – армия негізі» деп аталға-ны бекерден болмас. Себебі, жыл сайынғы жаттығу-дың нәтижесі сарбаздардың жоғары шыныққанын, кәсіби біліктілігін тағы бір айғақтап берді десем болады. Бүгінде біз әскери қызметкерлерді негізінен келісімшарт бойынша қабылдап, оларға жауынгерлік тәртіпті терең меңгертеміз. Ал, қосымша күш тудыратын әскердің қатары 35 пайызды ғана құрайтын болып тұр. Яғни, арнайы шақырту арқылы әскерге қабылданғандардың да әскери өмірдің қыры мен сы-рына қанығып, париоттық пен ерлікті тұмар етіп, Отан алдындағы борышын абыроймен орындауына құқы-ғы мен мүмкіншілігі бар. Дегенмен, келісімшарттық негізде қызмет ететін әскерилердің бір жылдық әскери тәжірибесі бар сарбаздарға қарағанда қару-жарақты қолдану шеберлігі, оқу-жаттығу алаңындағы өз ісі мен әрекетіне жауап бере алатын шапшаң қимылдары, кәсіби біліктілігі артық бағаға ие екенін айтуға бо-лады. Себебі, олардың алған білімі мен тәжірибесін еселеп, сәт сайын дамытып отыруға уақыт пен мүм-кіншілік жеткілікті. Аталған келісімшарттың ғұмы-рын әскери салаға арнаған ер азаматтардың қызметте өсуіне, әскери атақты иеленуіне, сондай-ақ, отбасын асырауға материалдық тұрғыда көптеген жағдайлар жасалған. Сол себепті, Құрлық әскерлерінің құрамы аз деп айта алмаймын. Біз оларға және жанұясына жайлы өмір сыйлай отырып, қызметте қатал талаптың сақталуын жіті қадағалаймыз. Сол арқылы сапалы көрсеткішке ие болып отырмыз.

Еліміздің Құрлық әскерлері негізінен оңтүстік пен шығыс өңірлерінде көбірек орналасқан. Әрі жуырда Елбасы мемлекетіміздің батыс шекара-сындағы тәртіпті күшейтуді тапсырған еді. Бұл үшін қаншалықты қорқуға болады?

Расымен де, тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бері Құрлық әскерлерінің бөлімшелері негізінен еліміздің шығыс бөлігіне орналастырылып келді. Геосаяси жағдайларға байланысты Елбасы 2000 жылдардан бастап оңтүстік бағытты күшейте түсті. Бүгінде Меркі, Арыс, Жібек жолы, Шымкент және Луговой елді мекендерінде күш-қуаты мол әскери топтар шоғырланған. Ендігі кезекте Қызылорда облы-сына әскерлерді жасақтап жатырмыз. Сондай-ақ, Бас Қолбасшымыздың бұйрығымен Батыс шекараның тыныштығын күзететін әскери топтың қарқынын кү-шейту үстіндеміз. Оның ішінде, теңіздің жаяу әскері-нен құралған 4 батальон мен бригада, Әуе Қорғаныс әскерлері және авиациялық құрамды атауға болады.

Аталған шекараларды күшейтуді негізсіз деп те айта алмаймыз. Себебі, Оңтүстікте Ауғанстан мен АҚШ-тың тұрақсыз қарым-қатынасынан сақтана білу керек. Батыста Каспий теңізіне қатысты Батыс елдері мен Иран арасындағы күрмеуі қиын халықаралық

Page 23: Журнал №15

23

мәселелер және бұл аймақта біздің бай экономика-мыздың тұрақтылығын сақтап отырған кендеріміз жатқандығын ұмытпаған жөн. Себебі, аталған жағ-дайларды пайдаланып бейбіт өмірімізге қызыққан бөтен көздердің ірткі салуы да ғажап емес. Әрі бү-гінгі таңда діни ағымдардың көбеюі де біраз алаң-даушылық тудырады емес пе?! Сондықтан біз бар жағдайға дайын тұруымыз қажет.

Осы орайда әңгімемізді өзіңізге қарай бұрсақ.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қалыптасуы мен дамуына зор үлесін қосып жүрген Бас қолбасшы, генерал-лейтенанттың осы белесті бағындырудағы жолы қандай болды?

Менің кіндік қаным тамған киелі мекенім – Ақтө-бе қаласы. Ата-ананың үлгілі тәрбиесінің, қолдауының арқасында 1980 жылы Алматы жоғары Жалпыәскери командалық училищесін, 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдадым. Ал-ғашқы әскери қызметімді мотоатқыштар полкінде мотоатқыштар взводы командирлігінен бастап, мотоатқыштар ротасының командирі, штаб бастығы – командирдің орынбасары, мотоатқыштар батальо-нының командирі, бригада командирінің орын-басарлығынан ҚР Республикалық Ұланның полк командиріне дейін жоғарыладым. 2002-2003 жылдар аралығында ҚР ҚМ Тәрбие және әлеуметтік-құқық-тық жұмыстар департаментінің бастығы. 2003-2009 жылдары ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшы-сы, кейінгі бір жылымды ҚР ҚМ Штабтар бастық-тары комитеті төрағасының орынбасары қызметін жалғап, 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы лауазымын үлкен жауапкершілікпен атқарып келемін. Ең басты-сы, Отаныма адал қызмет етіп жүргенімді өзіме абырой, парыз санаймын. Халықтың тыныш ұйқысы біз үшін аса маңызды.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына да кезек келіп жеткен сияқты. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде деп ой-лайсыз?

Елбасының салиқалы саясатының арқасында күндеріміз шырайлы, экономикамыз бай, әскеріміз қуатты дәрежеге жетіп үлгердік. Ішкі және сыртқы татулық, бірлік пен ынтымақтың арқасында біз бала-ларымызды оқытып, немерелерімізді өсіріп, бақытты өмір сүріп келеміз. Осыған біз шүкір етуіміз керек. Ал тәуелсіз еліміздің осы еркіндігін баптап күту үшін әрбір азамат мұқалмай еңбек етіп, ел дамуына өзін-дік үлесін тигізуі шарт. Еліміздің көгеруіне бірге күш салғанымыз береке болмақ.

СұхбаттасқанҰлжан Шораева

Page 24: Журнал №15

24

МаратБотин

Page 25: Журнал №15

25

ЖАС ҰЛАННЫҢ ЖАРҚЫРАСЫН КӨКЖИЕГІБүгін тек қана бір жанұяның емес, жұдырықтай жүрегінде патриоттық сезім

асқақтаған кішкентай ұландардың ардақты да салмақты әкесіне айналған, әділ де адал, қамқор әрі талапшыл қасиеттерді бар бойына жинаған ізгі жанның еңбегі жайлы журналымыз сыр шертетін болады. Құтты Отанына деген сүйіспеншілік-ті ертеңгі сарбаздардың кеудесінде маздата білген азамат Герман елінде туылып, сырт елдің әскери білімінен сусындап өссе де, Кеңес Үкіметі құлдырағаннан кейін қазақ жерінде алғашқы еңбек жолын бастауға батыл қадам жасайды. Жезқазған және Қостанай облыстарындағы әскери комиссариатқа алғашқы бес жылын ар-наса, 1997 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының орынбасарлығына, кейін басшылығына тағайындалады. 2005 жылы әскери институтта басшының орынбасары қызметін атқарып, 2008 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебі» Республикалық мемлекеттік мекемесін басқару құқығына ие болады. Ендеше, полковник Ботин Марат Торғайұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз!

Марат Торғайұлы, «Жас ұлан» республикалық мектебі қалай құрылды? Бүгінгі таңға дейінгі жеткен жетістіктері қандай?

«Тәрбие басы – тал бесік» дегендей, еліміздің тыныштығын күзететін ертеңгі еңселі азамат-тарды жастайынан сапалы білім-мен, әскери саланың қыр-сырына терең баулып өсіру мақсатында ару қала Астананың төрінде құ-рылған «Жас ұлан» республика-лық мектебі бұл күнде барша жұртқа танымал екені мәлім. Ал-ғашқы тарихи даму кезеңі 1999 жылдан бастау алған мектепке Елбасы Н.Ә.Назарбаев Кеңес Ода-ғының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімін беріп, болашақ Отан қорғаушыларға үлкен сенім мен үміт артты. Жа-уынгерлік-патриоттық рухы асқақ тәрбиеленушілеріміз осы жауап-кершілікті жүрекпен сезініп, оқу мен тәжірибеде әркез белсенділік танытып келетіні көңіл қуанатады. Бүгінгі таңда ұландарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да аз емес. Мысалы, Тәуелсіздіктің

20 жылдығы қарсаңында жаңа ғимараттың тарту етілгені ерек-ше сый-құрметтің белгісін аңғар-тады. Сондай-ақ, биыл біздің мектепке 15 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздіктің соңынан тәй-тәй-лап еріп жүрген бұл уақытты аз деп есептемеймін. Он бес жыл-дың ішінде бұл ұядан 12 лек жас түлектің қанат қағып, еліміздегі және алыс, жақын шетелдегі жо-ғары әскери оқу орындарын үздік тәмамдап, қазіргі кезде Қазақстан Қарулы Күштерінің сабында офицерлік қызметпен Отан алдындағы борышын абы-роймен атқарып жүргенін зор мақтанышпен жеткізуге болады. Шәкірттеріміздің жеңісті күндері біздің еңбегіміздің жемісі деп білемін.

Жас жеткіншектерге тәлім тәрбие беріп жатқан ұстаздар қауымының біліктілігі мен білім берудегі ерекшеліктері қандай?

Алдымен айтар болсам, мек-тепте ұландардың заман талабы-на сай білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Яғни, заманауи құрал-жабдықтар мен оқу-әдістемелік база толықтай қамтамасыз етіл-

ген. Болашақ Отан қорғаушыла-рымызды сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындатып жүрген жоғары әскери білімді оқыту-шыларымызбен тек қана мақтана аламыз. Себебі, мықты ұстаздар-дың ғана шәкірттері өзінен оза шаба алады. Мұнда сабақ беретін 39 мұғалімнің ішінде 30,8 пайыз жоғары, 28,2 пайыз екінші, 20,5 пайыз бірінші санат дәрежесіне ие. Сондай-ақ, бұл жерде жалпы орта білім беріп қана қоймай, ағылшын және қазақ тілдерін тереңдетіп оқытамыз. Ең негізгі пән ретінде алғашқы әскери даярлық пен дене тәрбиесіне ерекше назар аудары-лады. Педагогикалық ұжымның да жоғары дәрежелі шығармашы-лыққа ие және мектептің алдына қойған міндеттерін табысты орындап келетінін де айта кетке-нім жөн болар. Мысалы, 2012 жылы ұлан Талғат Сейсенов мектеп тарихында алғаш рет ҰБТ бойынша 112 ұпай жинап, «Алтын белгі» таңбасын дәлелдеп шықты. Бәлкім осы ретте оқырманның көкейінде сауал бар шығар, мен шағын ақпар беріп өтсем. Біз ұландарды 12 жасынан бастап қа-былдаймыз. Денсаулық жағдайы

Page 26: Журнал №15

26

бойынша жарамды, психология-лық іріктеудің және дене бітімі дайындығының талаптарына жауап беретін ер балалар үш кезең бойынша сынақтан ірікте-ліп алынады. Біздің мектепте білім алу мүмкіншілігі бұйыр-ған балаларға қосымша әскери дайындық сабағын 7-сыныптан бастап тереңдете оқытып, 10 сы-нып оқушылары Щучинскідегі Кадет корпусының полигонында іс-тәжірибеден өтуге жібереміз. Олар сол жерде қаруды қолдануды, әскери тактиканың қыр-сырына қанығып, көп нәрсені үйренеді. Осы тұста ескеретін жәйт, бала-лардың әскери салаға келуінің дұрыстығын түсініп немесе ма-мандық таңдауда жаңылысқа-нын мойындап, азаматтық салаға бет бұрулары осы тәжірибелік сабақтардан айқын көрініс табады.

«Жас ұлан» республикалық мектебі Сағадат Нұрмағамбетов-тың есімін үлкен абыроймен иеленіп жүргендіктен, ол кісінің биылғы 90 жылдық мерекесіне орай қандай да іс-шаралар ұйымдастырылды ма?

Әрине, Елбасы Сағадат аға-мыздың есімін ардақтап, біздің мектепке аманаттап берген соң, шәкірттерімізді әркез сол кісіге ұқсатып тәрбиелеуге тырысамыз.

Мысалы, жақында ғана «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мек-тебіндегі әскери-патриоттық бі-лімнің жағдайы, мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық семинар-кеңес өткізілді. Семи-нардың мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарғы патриоттық сезімін, Отанға деген адалдығын, консти-туциялық борыштарын орындау-ды қалыптастыратын патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіруге ба-ғытталды. Республиканың бар-лық аймағынан 90-ға жуық қа-тысушылар жиналған ғылыми конференцияда ұландар аты аңыз-ға айналған еліміздің патриот азаматының қызметі мен өмірі жайлы зерттеу жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Қазақстан мектептеріндегі патриоттық тәрбиенің маңызды сұрақтары арнайы әзірленген ток-шоу кезінде талқыланып, аталған семинар бағдарламасы қатысушыларды марапаттау әрі «Отанымызды қастерлейміз» атты мектебіміздің көркемөнерпаздар тобымен әзірленген концертімен аяқталды.

Мектеп түлектеріне бола-шақта қандай мүмкіндіктер ұсынылады?

Мектеп бітіруші түлектерге білімдерін әрі қарай жалғастыру үшін мемлекет көптеген мүм-кіншіліктер қарастырған. Атап айтар болсақ, Қазақстан Респу-бликасының Қорғаныс министр-лігі атынан жоғарғы әскери оқу орындарына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі басшы-лығының шешімі бойынша басқа мемлекеттердің «ең жақсы» деген жоғарғы әскери оқу орындарына арнайы жіберіледі. Сондықтан, ата-аналар біздің мектепке бала-сын үлкен сеніммен табыстаса, біз де сол балалардың жарқын келешегі үшін бар жағдайды жа-сауға әрекеттенеміз.

Жас ұландықтардың па-триоттық рухын арттыру мақ-сатында қандай тәрбиелік іс- шаралар жүргізіледі?

Әскери-патриоттық тәрбие – адамның бойында Отанын қор-ғауға деген қабілеті мен дайын-дығын қалыптастыруға бағыт-талған жалпы мемлекеттік руха-ни құндылықтардың маңызды бөлігі болып табылады. Соның бастамасы ретінде мектептің айналасы түрлі көрнекіліктері-мен безендірілгенін атауға бола-ды. Әрі 35 мыңнан астам кітап қоры бар кітапханадан ұландар

Page 27: Журнал №15

27

қажетті білімін жетілдіруге мүм-кіндік ала алады. Сондай-ақ, түрлі мерекелік және қалалық байқауларға, іс-шараларға атса-лыса жүріп, бірнеше дүркін сар-баз-әскери әндер байқауының жүлдегері атанған өнерлі тәрбие-ленушілеріміз де бар. Жеткін-шектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін домбыра, би үйірмелері және спорттық секциялар жұмыс істейді. Ұлан-дарды Отанымыздың патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, сапалы білім алып, саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелей отырып, аптаның әр дүйсенбісінде кездесулер, дөңге-лек үстелдер, тақырыптық кештер өткізіп отырамыз.

Марат Торғайұлы, Сіз елі-міздің әскери саласына үлес қосып отырған азаматсыз, өне-гелі ұстазсыз. Осындай дәреже-ге қалай жеттіңіз? Еңбек жолы-ңызды баяндап берсеңіз.

Мен офицер жанұясында дү-ниеге келгендіктен, бала кезім-нен әскери бөлім, солдат пен офицерлер, казарма секілді әске-ри өмірге қатысты дүниелерді көріп өстім. Сондықтан менің болашақтағы мамандығым сол кездің өзінде айқындалып қой-ған. Сегізінші сыныпты аяқтап,

Свердловскідегі Суворов әскери училищесіне оқуға қабылдандым. Сондағы офицерлер мен оқыту-шылардың іскерліктерін үлгі тұтып, өзім де офицер-педагог болуды көп армандаушы едім. Кейін Курганск жоғары әскери-саяси авиациялық училищесін тәмамдап, 1982 жылы алғаш офицер атандым. Бүгінгі таңға дейін жүрегімнің қалауы бойын-ша тәрбие мен оқуға байланыс-ты қызметтерді атқарып келемін. Жоғарыда айтқанымдай, шәкірт-терімнің үлкен табыстарға қол жеткенін көріп, еңбегімнің зая кетпегенін сеземін. Әрі маманды-ғыма деген сүйіспеншілігім арта түсетіндей, қызметімді құлшына жалғастырамын. Мен небәрі 15 жасымда Суворовшы болып жүрген кезімде взвод командирім: «Бәрін өзіңе ұнайтындай жасау керек. Егер саған ұнамаса, онда ештеңе де жасаудың керегі жоқ» деп жиі айтатын. Сондықтан, өз қызметімді өзіме аса ұнағандық-тан үлкен жауапкершілікпен, адал атқарып жүрмін деп айта аламын. Мен әкемнің ізгі жолын жалғастырғаныма қуанамын әрі мақтанамын. Өмірдегі ең үлгілі ұстаз да, дос та болған әкеме қашан да борыштармын. Егер есептеп қарасам, әкем әскер саласында 32 жыл қызмет еткен

көрінеді. Ал, мен 36 жылға табан тіресем, дәстүрлі бұл мамандық-ты жалғастырып келе жатқан ұлымның әскери ортада жүргені-не 17 жылдан асып барады. Міне, ең бастысы, қажымай, талмай, мамандыққа деген сүйіспеншілік өзіңнен де артық тұруы керек.

Біздің дәстүрлі сұрағымызға келіп жеттік. Сіз үшін «Тәуелсіз-дік» қандай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Бүгін Қазақстан – әлемдегі ең танымал әрі жоғары жылдам-дықпен өсіп-өркендеп, дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі. Бұл ҚР Прези-денті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің арқасы деп жоғары бағалаймын. Аз уақыт ішінде Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына қосу-дың өзі үлкен ерлік. Ендігі кезекте «Мәңгілік Ел» болып, елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу-дың қамына білек сыбана кірісуі-міз керек. Отанымызға адал қыз-мет етсек, тәуелсіздігіміздің туы көкке қарай желбірей түсетін бо-лады.

Сұхбаттасқан Маржан Әбдіғалиқызы

Page 28: Журнал №15

28

Page 29: Журнал №15

29

Page 30: Журнал №15

30

ЕР – ЫРЫСТЫҢ ҚОРҒАНЫ«Біздің ұлттық әскеріміз – ұлыстың берік қорғаны,тәуелсіздіктің мығым тірегі!»

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

Биыл ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 22 жыл толып отыр. Бұл айтулы күнді жыл сайын дүбірлете атап өту дәстүрге айналған. Еңселі биік еліміздің тыныштығын күзетіп, бейбіт күндердің шұғылалы таңын атыруға үлкен жауапкершілік алған қайсар, ержүрек, аптал азаматтарымыздың ерен еңбегі осы күнде ерекше көзге түсті. Яғни, көктемнің шуақты 7 мамыр – мерекелі күні әрбір жүректе Отанға деген патриоттық сезімнің алауы еселене түскен шақ болды. Еліміздің бас қаласы – Астанада ҚР Қарулы Күштері-нің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен ауқымды әскери шеру болып өтті. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметінің және Республикалық гвардия қызметкерлері мен жауынгерлерінен тұратын 2000-нан астам әскери қызметкерлер қатысты. Сонымен қатар, салтанатты шарада 250 дана әскери техника түрлері, 600-ге жуық десанттар мен экипаж мүшелері және 75 дана ұшақтар көрермен назарына ұсынылды. Шеру барысында ұшқыштар халықтың назарына Су-27 ұшақтарымен түрлі әскери әдіс-тәсілдерді көрсетіп, жұртшылықтың зор қошеметіне бөленді. Ал, бұл шеру-дің биылғы ерекшелігі – Evrocopter ЕС-145 концерннің жаңа техникалары мен Airbus Mili-tary C-295s маркалы әскери ұшақтардың алғаш рет көпшілік алдында сыналып, жақсы сапаның көрсеткішін дәлелдеді.

Сондай-ақ, мерекенің бастамасы ретінде өткізілген бейбіт күннің батырларын марапаттау рәсімін айта кеткеніміз жөн болар. Елбасы өзінің кең сарайында әскери қызметкерлерді ресми қабылдап, мерейін үстем ете түсті. Атап айтсақ, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен М.Ахметжанов, Б.Бердалин, А.Жұмакеев, М.Искаков, Н.Орманбетов марапатталды. Ал, Р.Жамбылов, А.Мұқатаев, Е.Смағұлов, С.Климчук есімді азамат-тар ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері атанды. ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері атанғандардың қатарында Б.Мойнов, Ю.Новосельцев, Г.Тойшыбаев есімді әс-кери қызметкерлер бар. «Ерлігі үшін» төсбелгісін өз ісінің мамандары, еңбегі еленген батыр азаматтар М.Дүйсенбаев, Е.Нұрғалиев иемденді. Ал, «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгісімен А.Асанбай, Д.Гроц, Ю.Евдокимов атты азаматтар марапатталды.

Сонымен қатар, Ұлттық гвардияның бас қолбасшысы Р.Жақсылықов пен қорғаныс министрінің орынбасары О.Сапаров генерал-лейтенант атанды. Генерал-майор ата-ғына Б.Ашкаров, Ж.Жұмашев, Н.Мұқанов, М.Уашпаев, М.Хусайнов есімді азаматтар лайықты деп танылды. Ұлттық қауіпсіздіктің арнайы генерал-майор атағы С.Абишев, К.Елубаев, Н.Қыдырбаевтарға бұйырды. Ал, Салық полициясының арнайы генерал-майор атағын А.Боданов алды. Полиция қызметінің арнайы генерал-майор атағын М.Жаппаров, С.Кудебаев, Т.Маткенов иеленді.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналының ұжымы жоғарыда есімдері аталған аза-маттардың еңбегін бағалап, толағай табыстар тілейді!

Редакция

Page 31: Журнал №15

31

Page 32: Журнал №15

32

БІЗДІҢ ДӘСТҮР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШБіз шаншарКең байтақ қазақ даласында салт-дәстүрдің қызықты түрлері көп. Соның бірі – «біз шаншар». Ақсақал,

қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдет бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерден шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.

Итаяқ Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, үлкен әжелері оған «итаяғыңа сал» деп сақина, күміс, жүзік

сияқты заттар береді. «Итаяқ» дегеніміз – келіншек босанып, баланы алғаш шаранасын жуатын суға, яғни «шілде суына» әлгіндей күміс, жүзік, сақина, түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені шомылдыру болып табылады. Шомылдырып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз-мәйрам болып тарқасады.

Құрсақ шашу «Құтты болсын деді де, Құрсақ шашу жеді де, қайтадан халқы тараған» («Алпамыс»)Жас келіннің екіқабат болғаны белгілі болса, оның абысын-ажындары, енелері әйелдерді шақырып, құрсақ

тойын жасап, оның аман-сау қол-аяғын бауырына алуына тілек білдіріп, шашу шашып, дастарханды түрлі дәмге толтырып, сауық жасайды. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады. Бұл сөздің мәнісі жас келін қысылып, ұялмасын, тіл-көздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан.

Жас келін бала біткен соң бойына ас сіңбей кұса береді. Әлдеқандай тағамға көңілі шабады. Мұны жерік болды дейді. Мұндайда әйелдер жерік ананың көңілі қалаған асын табуға тырысады. Жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді. Мұндайды «ит жерік» дейді. Қалаған асы табылып, жерігі қанған әйелдің құмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастайды. «Жерік асын жегендей қуанды» деген сөз осындайдан шыққан. Жеріктікті басудың тек анаға ғана емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы, жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кем тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы.

Халық екіқабат ананы да тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген. Бұл жөнінде жазушы Зейнеп Ахметова былай деп жазған: «Қарағым, биік тауға қара – көңілің өседі, көңілің өссе – немерең кең пейілді болады. Жайқалған шөпке, жайнаған гүлге қара, сәбиің шырайлы болады. Бұлақтың көзін аш, бала қайырымды болады» деген секілді ұлағатты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным-талғамын ұштап, баулыған. Міне, бұл ұлттық ұғымның ұлағаты.

Дәстүр бойынша жас келін босанғаннан кейін оның анасы әдейі келіп, қуанышқа ортақтасады. Бұл – ананың басты парыздарының бірі.

Тобық жұту Халықта қоян тобығын жұту ырымы ежелден бар дәстүр. Оның шарты – тобықты жұтушы жас адам жұтар

алдында:Батыр болсам, жүрегімнен шық,Палуан болсам, білегімнен шық,Шешен болсам, таңдайымнан шық,Бақытты болсам, маңдайымнан шық – деп, серттесіп барып жұтады.Халық ұғымында тобық қасиетіне қарай әлгі адамның айтқан жерінен шығады деген түсінік бар.

Деңгене Соңғы жылдарда ұмытылып бара жатқан дәстүрдің бірі – осы деңгене. Екі немесе үш жігіт бас қосып,

Page 33: Журнал №15

33

ауқатты үйге «деңгене» жеуге келдік – дейді. Оның шарты мынандай: Үй иесі бір семіз қойды сояды да әлгі екі не үш жігіттің алдына қояды. Олар бір қойдың етін сорпасымен ішіп, жеп кетуі керек. Егер олар қойды жеп кетсе, қойдың құны сұраусыз, егер етті тауыса алмаса, олар үй иесінің қойын төлеуге тиіс. Кей жерлерде мұны «сірне» деп те атайды. Тағы бір қызығы ел арасында бұрын бір қойды бір өзі жеп кететін мешкейлер көп болған.

Жылу «Жұрт малын жылулаған аясын ба?» (І. Жансүгіров)Өртке ұшыраған, мал-мүлкі суға кеткенде, тағы басқа бақытсыздық жағдайға ұшыраған жанұяға ауыл-

аймақта тұратын адамдар мал, дүние, ақшалай көмек көрсетіп, жәрдем беруді халық «жылу» деп атайды. Кейінгі кезде қоғам мүлкін жеп мойнына ақша мінгендер «жылу» жинайтын болып жүр. Қазақ заңы бойынша ондайларға «жылу» берілмейді. Жылу беру – адамгершілік көрінісі.

Қазан шегелеу «Қазан шегелейік» – деп Жексен кеңкілдеді, Екі иығы селкілдеді» («Мірдің оғы»)Өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып «осы үйдің

қазанын шегелей келдік» дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып «жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді. Бұл дәстүр де қазақтың қонақжайлық бейнесін танытатын ғұрыптардың бірі.

Шүлен тарту «Шүлен таратты (тарқатты)» (І. Кеңсебаев)Шүлен тарту – мырзалық пен жомарттықтың бір белгісі. Бұрын малды мырзалар, билер алыс-жақын

жерлердегі адамдарға мал, ақша, бұйым, тамақ үлестірген. Бірақ, бұл садақа да емес, зекет те емес, құдайы да емес, «шүлен тарту» деп аталады. Мұның мағынасы – кедей-кепшіктерге жәрдем мен қамқорлықтың бір түрі. Мұны бай адамдар әсіресе күзгі күндері мал басы көбейіп, өсіп, қонайып қысқа түсер кезде үлестіретін болған.

Шүлен тартушылар пайда үшін емес, көптің алғысын алу үшін және оларға қол үшін беру мақсатымен адамгершілік парызын өтеу үшін істейтін болған. Бұрын бай мен мырзаларды қанша жамандағанымызбен оларды қалың бұқара халыққа пайдасы тиіп отырғанын енді ғана мойындап отырмыз.

КеусенБұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп, мол өнім алынғанда егіншілер туған-

туысқандары мен ауылдастарына астық береді. Оны «кеусен» деп атаған. Бұл малшылардың «көгентүп» беретіні сияқты мырзалық дәстүрдің бір түрі.

КөгентүпБір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал (қозы, қой,

бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп – малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүрген жақсы, жарасымды салттарының бірі.

Қолкесер«Ділдебек қолкесерім деп санның шақпақ етінен пышақты салды да жаяның қыртысынан апарып бір-ақ

шығарды» (Ғ. Мүсірепов)Біреудің соғымын сойысқан соғымшыға үй иесі «қолкесерің» деп сыбағалы етін береді. «Қолкесер»

білетіндердің айтуынша, соғым союшының байқаусызда қолын кесіп алса, соның төлеуі ретінде шыққан көрінеді.

Лау«Атшабар келді лепілдеп, «Ояз шықты, сияз бар», «Ылау» деп – үй» – деп, дікілдеп... (Абай)Бұрынғы кездерде лауазымды адамдар немесе көліксіз кісілер әр ауылдан лау мініп, яғни жұрттан көлік

алып жететін болған. Лауға ат, арба, түйе пайдаланылады.

Page 34: Журнал №15

34

АЛТЫННЫҢ СЫНЫҒЫ, АСЫЛДЫҢ ТҰЯҒЫТеңізшевройл

Қыз өссе – елдiң көркi...

«Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе» дейді атам қазақ. Шынымен, бағзы замандардан бері қазақ елінің тәрбиелік жүйесінде сыртқы әдеміліктен гөрі, жан сұлулығына аса назар аударылған болатын. Бұл ретте апа-жеңгелеріміз жас қыз бала-ға қажетті тәлім-тәрбиені бала кезінен құлағына құйып отырған. Осының арқасында қазақ қызда-ры қайратты да намысты болып өсіп келеді. Бүгінгі мақаламыздың бас кейіпкерінің де ананың аялы алақаны мен нақыл сөздеріне қа-нып өскен қазақ қызы екенін бір көргеннен байқауға болады. Екі елдің бастамасымен құрылған алып «Теңізшевройл» біріккен кә-

сіпорнында 20 жылдан бері қызмет етіп, еліміздің ғана емес, шетелдік мамандар-дың құрметі мен мойындауына ие болған Қаражігітова Мария Жапаққызының со-нымен қатар, депутаттық қызметтегі ерен еңбегі жәйлі ашып айтсақ артық-тық етпес.

Мария Жапаққызы 1950 жылы қазіргі Атырау қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын тәмамдаған ол кісінің өмірлік ұстанымы «Оқы, оқы және оқы!» болып табылады. Мәселен, Мария Жапаққызы 50 жастан асқан шағында Халықаралық Бизнес Академиясының жә-не Маастрихт менеджмент мектебінің магистратурасында оқыған. Алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы клиникалық және экс-перименталды хирургия институтында кітапханашылықтан бастаған. Кейін Маңғыстау мектептері мен Атырау қаласы мектептерінде ұстаздық етіп, Атырау қалалық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарған.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасының иегері Мария Жапаққызы бүгінгі таңда «Теңізшевройл» ЖШС-нің Атырау облысындағы мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры қызметімен қоса Атырау облыстық мәслихат депутат-тығы міндетін абыроймен атқарып келеді.

Page 35: Журнал №15

35

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Теңізшев-ройл» – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы нағыз корпотаривтік көшбасшысы» деген болатын. Шы-нымен, аталмыш компанияның ал-ғашқы іргетасы 1993 жылы қалан-ған уақыттан бері «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорны жәйлі тек ма-дақтаулар мен мақтауларды естіп жүрміз. Мәселен, компания құрыл-ған 20 жыл бойы Атырау облысы мен Жылыой ауданы әкімшілікте-рімен бірлесе отырып, әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға, коммуникациялық жүйелерді са-луға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын жақсартуға бағытталған небір бас-тамаларды жүзеге асырып келеді. Осы бастамалардың басы-қасында жүріп, әлеуметтік бағдарламалар-ды іске асыруда үлкен жауапкер-шілік таныта білген Мария Жапаққызы бұл жетістіктерді қат-ты бағалайды. Себебі, шетелдік компанияның алғашқы бастамасы-ның тікелей куәсі болған Мария Жапаққызы 1993-1995 жылдары «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры мен директорының көмекшісі және аудармашысы болып еңбек жолын бастағаннан бері аталмыш компанияда 20 жыл-дан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Бұл ретте Мария Жапаққы-зының 1999 жылы құрылған «Игі-лік» бағдарламасы аясында Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ғимаратын салуға, қаладағы тұр-ғын үйлерді жаңартуға, сонымен қатар медицина қызметкерлері мен тұрғындарға жүрек-қан дертінің

алдын алуға арналған бағдарлама-ны жүзеге асырудың басында жү-ріп, барлық мәселелердің толық-қанды шешілуін қадағалап, көпте-ген жұмыстардың нәтижелі болуы-на ат салысқаны жәйлі айтып өт-кен жөн. Сонымен қатар, Мария Жапаққызының бүгінгі таңда Аты-рау облыстық мәслихат депутаты ретіндегі атқарып жатқан ерен ең-бегі мен елеулі жұмыстарының нә-тижелі жемісі – аталмыш өңірдің өмірінен көрініс тауып жатқан жә-йі бар. Осы себепті, бүгінгі таңда 60 жастан асса да, елінің ерке қы-зы болып отырған Мария Жапақ-қызын халқы мақтаныш тұтып, құрметтейді.

Әкеден – ақыл, анадан – мейір...

«Бір бала бар әкеге жете туар» демекші, әр ата-ананың арманы мен үміті сәбиінің биік шыңдарға жетіп, өмірдегі өз орнын таба біл-гені болар. Мария Қаражігітованың әкесі Жапақ Есқабылұлы шәкірт-тері арасында «Бұлтақтауға көн-бейтін Пифогор теоремасы» ата-нып кеткен, білікті де білімді ұстаз болған кісі. Әке жолын қумаса да, әке тәрбиесін берік ұстанған Мария Жапаққызы бар ғұмырын ұстаздық мамандығымен сабақтас-тырған әкесіне «Әке туралы ән» атты кітабын арнады. Әрине, ата-ананың алдындағы перзенттік па-рыз ешқашан өтелмейді. Бірақ, Мария Жапаққызының бұл қада-мы көп адамға үлгі болары анық. Ал, ол кісінің анасы Раш Сағындыққызы жәйлі көп толға-нып, көп айтуға болады. Себебі, сәби үшін ананың орны әрқа-шан бір бөлек болары анық.

Отбасының тірегіне айнала білген Раш Сағындыққызы балаларының санасына әрқашан әке қасиеті жәйлі айтып отырған. Осындай зиялы отбасында дүниеге келген Мария Жапаққызының бойындағы асыл дүниелердің бастауы қайдан шыққанын осы жерден байқауға болады.

Екi жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар...

«Келiнi жақсының – керегесi алтын» дейді атам қазақ. Мария Жапаққызы жайында осы бір ма-қаланы толығымен қолдануға бо-лады. Себебі, сүйген жары Серік Ержанұлының етегінен ұстап, алыс ауылға барып тұру – кез келген жанның қолынан келе бермейтін ерлік деуге болады. Бұл – қазақ келінінің бойынан ғана табылатын ерекше қасиет деп бағалауға бола-ды. Бірақ, қанша таршылық пен қиыншылыққа тап болса да, қазақ қызының жігері құламады. Тіпті, жарының жұмыс барысымен қыр-ғын соғыстың ордасы атанған Ауған жеріне көшіп барып, үш жыл бойы өмір сүру үшін қайтпас қайсарлық пен таусылмас төзім-ділік қажет. Осындай асыл қасиет-терді бойына сіңірген Мария Жапаққызы басынан өткен тағды-рына қуанышпен қарап, шүкірші-лік білдіреді. Себебі, ол кісі үшін отбасы бақыты – алтыннан да қымбат дүние болып табылады. Сөз соңында Қаражігітова Мария Жапаққызы секілді қызметіне адал, жанұясына сенімді тірек бола біле-тін қазақтың қайсар қыздары көп болсын деп тілейміз!

Ақнұр Серікбаева

Page 36: Журнал №15

36

ЕҢБЕК ДЕГЕН БАЙЛЫҚ БАР, ЕРІНБЕГЕН ЖЕТЕТІН...

«Еңбек етсең еленерсің, Еңбегіңе кенелерсің» демекші, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгілерімен, ҚР ТКМ Министрінің, Астана қаласы әкімінің, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталған азаматтың жемісті еңбегі бүгінде көп адамға үлгі болмақ. Білімнің жолында талмай ізденіп, өмірдегі асыл мақсаттарына еріксіз ұмтылған жанның мағыналы, мәнді ғұмыры-на тек қана тәнті бола аламыз. Әр қадамын аңдап басатын журналымыздың кезекті кейіпкері өзі үшін емес, Отанының гүлденуі мен көркеюі үшін қызмет етіп, жақсы жетістіктерге қол созады. Әділдігі мен адалдығы ұжымның берекесін ұйытқан басшы қызметкерлеріне сыйлы да құрметті бола білді. Тек ұжымның емес, отбасының да ұйытқысына айналған жан бүгінде төрт перзентіне өнегелі тәрбие беріп, әкелік парызын лайықты атқарып жатқанын көреміз. Ендеше, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Президенті Жауханов Қайрат Кенесбекұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз, оқи отырыңыздар!

Page 37: Журнал №15

37

Қайрат Кенесбекұлы, Сіз тө-рағалық етіп отырған «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның құрылу тарихы мен бүгінгі таңда-ғы атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтып өтсеңіз.

Бүгінгі таңда Еуразия конти-нентіндегі заманауи озық үлгіні көрсететін Астана әуежайының та-рихына үңілер болсақ, 1930 жылы Ақмола қаласынан ең алғаш 3 шар-шы шақырым қашықтықта әуежай салынды. 1931 жылдың 1 желтоқ-санында Ақмола-Семей бағыттары бойынша тұрақты ұшатын әуе қаты-насы ашылды. Ауа райы қолайсыз болған күндері әуежай жабылып, қала мен әуежай телефон арқылы байланысқа шығып отыратын. Тіп-ті, әуе қозғалысы тұрақты болмай, «Ұшақ дүйсенбі күні таңертең ұша-ды» немесе «сәрсенбі күні күн шы-ғыста ұшады» деп шамалап қана хабарлайтын. Жолаушыларды, пош-та жүктерін тасымалдау қызметі К-4, К-5, ПР-5, П-5,П-2 ұшақтарымен жүзеге асырылып, 1934 жылдан бас-тап тұрақты ұшатын ұшақтар қызмет көрсете бастады. Осылай, жылдар-дың тізбегіне еріп, әуежайдың ішкі және сыртқы құрылысы ақырын ғана кеңейе берді. Осында қызмет ететін мамандардың саны 40-50 адамға жетті. Әуежай жеңіл ұшақ түрлерінен ЛИ-2 тәріздес басқа да ауыр ұшақтарды қабылдауға көшті. 2002 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта әуежайды қайта жаңар-тудың ірі көлемді халықаралық жо-басы жүзеге асырылып, бұл күнде Астана халықаралық әуежайы Аза-маттық Авиацияның Халықаралық Ассоциациясы санатына ие екенін айтуға болады. Бүгінгінің жетістік-терін атап айтар болсақ, 80 жылдан артық тарихы бар Астана әуежайы тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 80-ге жуық ұшақтың 15 авиакомпаниясына тұ-рақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Астана әуежайынан Қазақстан

Республикасының барлық облыс орталықтарына және Мәскеу, Ташкент, Омск, Санкт – Петербург, Красноярск, Киев, Минск, Екате-ринбург, Баку, Новосибирск секілді ТМД қалаларына, Франкфурт, Вена, Абу – Даби, Стамбул, Бейжін, Анта-лия, Үрімші, Шарджа, Лондон, Банг-кок сияқты алыс шетелдерге дейін тұрақты рейстер ұшатынын айтуға болады. Былтырғы жылдың қоры-тындысына сүйенер болсам, 2 609 мың жолаушыға қызмет көрсетіп, 8 329 тонна жүкті артып, оны тиеп түсірген екенбіз. Мінекей, Астана әуежайы мемлекеттің бет пердесі болғандықтан, сапалы қызметіміз-бен Елордаға келген әрбір қонақтың жадында мейлінше жақсы әсер қал-дыруға тырысамыз.

Сіздің қарамағыңызда қызмет ететін мамандардың біліктілік деңгейі жайлы айта кетсеңіз.

Өздеріңіз білетіндей, кез келген әуежай техникалық қауіпсіздікті қа-таң талап ететін мекеме болып та-былады. Түймедей қателіктің өзінен үлкен қауіптің төну деңгейі бар. Сондықтан, бізде қызмет ететін мамандардың жоғары біліктілігіне баса назар аударылады. Әрі сол бі-ліктілікті арнайы оқу бағдарлама-лары арқылы шыңдап, дамытып отыру аса маңызды. Біз қызметкер-лерімізді өз еліміздегі немесе ше-телдік оқыту мекемелеріне арнайы жіберіп отырамыз. Әуежайдың ішінде техникалық жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақса-тында оқу орталығы жұмыс істейді. Бұл жерде әуежай қызметкерлері күн сайын жаңарып жатқан техниканың тетігін игеріп, оны дұрыс пайдалану үшін дәріс алып тұрады. Жыл сайын 200-дей адам жоғары білікті маман-дардан көп нәрсені үйреніп шығады. Нәтижесінде оқу бағдарламасын толықтай аяқтаған қызметкерлерге куәлік табысталады. Сондай-ақ, әуежайда көктем-жаз және күз-қыс

мезгілдеріне сай тәжірибе жүргізуге мүмкіншілік бар. Тек қана теория-лық тұрғыда білім алып қоймай, оны іс жүзінде пайдаланып көруге жағдай жасалған.

Бүгінгі таңда елімізде ұшақ апаттары жиілеп кетті. Осы мәсе-ленің себеп-салдары неде деп ой-лайсыз? Болашақта осы жайсыз-дықтардың алдын алу үшін қан-дай жұмыстар атқарылуы керек?

Азаматтық авияцияның негізгі мақсаты – қауіпсіздік болып табыла-ды. Бұл тұрғыда ең алдымен ұшақ-тың техникалық жағдайы ескеріле-тіні белгілі. Бұдан өзге, ұшып-қону жолағынан басталып, техниканы дұрыс басқару және жердегі қыз-меттің ұйымдасқан жұмысының нә-тижесі бірімен бірі тығыз байланыс-та орындалуы тиіс. Алып техниканы белгілі деңгейде биікке көтере білу үшін де ұшқыш пен өзге де қосым-ша мамандардың біліктілігі басым рөл ойнайды. Сол себепті, әуежай қызметкерлері әр бес жыл сайын халықаралық стандартқа сай сынақ-тан өтіп тұруы тиіс. Әуедегі алып кемеде отырған қаншама жолаушы-ның амандығына жауап беру мінде-тін алған ұшқыштың өзінде батыр жүрек болуы керек. Қолайсыз ауа-райы мен өзге де кедергілерге төтеп беру үшін ұшқыштың бойында тап-қырлық пен жылдамдық секілді жеке қасиеттердің болғаны жөн деп есеп-теймін. Негізінен әлем бойынша әуе көлік құралдары ең қауіпсіз тасы-малдаушы техника болып табылады. Әуе қатынасының Халықаралық Ас-социациясы хабарлағандай, миллион ұшып-қонудың ішінде біреуі ғана апатты болуы ықтимал. Сондықтан, жоғарыда аталған мәселелер өз дең-гейінде жетік болса, мұндай апаттар-ды болдырмауға мүмкіндік арта тү-седі.

Сондай-ақ, Сізді Астана қала-лық мәслихатының депутаты ре-

Page 38: Журнал №15

38

тінде білеміз. Халық қалаулысы болуыңызға не түрткі болды? Қан-дай мәселелердің түйінін шешуге атсалыстыңыз?

Менің Астана әуежайын басқар-ғаныма биыл бес жылдан асып бара-ды. Астананың сол жағалауы бойы-мен жалғасқан Пригородный, Зареч-ный деп аталатын ауылдардың бар-лығы әуежайдың аймағына жатады. Қаладан алшақ тіршілік ететін тұр-ғындардың тұрмыстық жағдайы мен өзге де қоғамдық дау туғызатын мә-селелерін шешуге қол ұшымды беру-ге тырысып, 2012 жылы Астана қа-лалық мәслихатының депутаты бо-лып сайландым. 19-сайлау бөлімше-сіне қарасты тұрғындар үлкен сенім-мен маған дауыс беріп, маңызды мә-селелердің шешімін шығаруды өзіме табыстады. Ендігі кезек менің сол үмітті ақтауымда болғандықтан, жұ-мыспен қамту, балабақшадағы орын жетіспеушілік, тұрғын үй-коммунал-дық шаруашылық секілді халықтың өзге де мәселелері жөнінде өтініш-тілектерін жауапсыз қалдырмауға тырысып келемін.

Мен балабақша, аурухана, мек-теп секілді мекемелердің құрылы-сына партиялық қадағалауды жүргі-зетін болғандықтан, қазіргі маңызды нысандардың бірін атап өтсем дей-мін. Құрылысы 2008 жылы бастал-ған 250 орындық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы белгілі себеп-термен жұмысын тоқтатып қалған еді. Депутаттық тергеудің нәтижесін-де аурухананың құрылысы қайта жанданып, биылғы жылдың аяғында халық игілігіне беріледі деп күтілу-де.

Бұған дейін осы аймақтың кө-шелеріне біршама жөндеу жұмыста-ры жүргізілді. Пригородный ауылы-на баратын жол толықтай тегістеліп, балалар алаңқайы мен футбол ой-найтын алаң соғылып, жаңа балабақ-ша пайдалануға берілді. Бұл был-тырғы жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар. Биылғы жылы Тельман және Зареч-ный ауылдарының жағдайына көңіл бөліп келеміз. Жоғарыда айтқаным-дай, ару Астананың жалғасын құрап жатқан бұл аймақтарды барынша көркейту тек қана осындағы тұрғын-дардың емес, Елордамыздың алдын-да үлкен жауапкершіліктің барын сездіреді.

Қайрат Кенесбекұлы, енді әң-гіме желісін өзіңізге қарай бұрсақ. Еңбегіңіздің жемісті жолдары ту-ралы баяндап берсеңіз.

Мен Қарағанды облысы Жезқаз-ған қаласында дүниеге келдім. 1988 жылы М.М. Раскова атындағы Тамбов жоғары әскери ұшқыштар авиациялық училищесін, 1990 жылы КСРО Әскери Әуе Күштері Акаде-миясын тәмамдадым. Елден жырақта жүріп қандай да қиындыққа мойы-май, көздеген мақсатыма жете білуді үйрендім. Көп білім мен тәжірибе-нің арқасында ҚР Көлік және комму-никациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және кадрларды дайындау бөлімінің бас-шысы, «Авиакомпания Евро-Азия Эйр» АҚ Алматы филиалы директо-ры, «Авиакомпания Евро-Азия Эйр» АҚ бірінші вице-президенті,

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры лауазымдарын атқар-дым. 2009 жылдан бастап «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Прези-денті лауазымына тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызметімді адал әрі жауапты түрде орындап келемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғы-

мы қандай? Қадірі мен қасиеті не-де деп ойлайсыз?

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан, бұл шаңырақты бақ пен берекеге толтыру осындағы әрбір тұрғынның міндеті мен парызы болып есептеледі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер мен тапсырмалар ауқымды әрі күр-делі. Бірақ, тәуелсіздігіміздің ал-ғашқы 20 жылын біз қоғамдық-эко-номикалық және саяси ірі жетістік-термен толтыра білдік. Өзге мемле-кеттермен салыстырып қарасақ, бұл жетістікке бір ғасыр бойы күрескен-дері де бар. Міне, сондықтан білек сыбана еңбек етіп, дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Отанымызға адал қызмет етсек, тауды да көтеруге ша-мамыз келеді. Егемен елдің ұрпағы болғанымыызға қуанып, осы еркін-дікті, тәуелсіздікті немере-шөбере-лерімізге сау күйінде табыстау біз-дің басты міндетіміз. Сол себепті, татулық пен бірліктің арқасында «Мәңгілік Елдігімізді» жалғасты-райық.

СұхбаттасқанЛәйлә Нығматуллина

Page 39: Журнал №15

39

«БАЛАЛАРДЫ ПӘКТІГІ ҮШІН СҮЙЕМІН»

Астананың төрінде орна-ласқан «Оқушылар сарайы» ғимаратының сұлулығына көз тоймай тамсана қарауға болады. Ал, бұл ғимараттың ішкі тыныс-тіршілігі қандай? Мекеменің құрылу тарихы қалай басталады?

Иә, адам баласының жәудір көздері қашанда сұлулыққа құштар екені мәлім. Біздің орналасқан ғимаратымыз да көрген көзді бірден еліктірері сөзсіз. Бұл ғимарат Елбасының тапсырысы бойынша, Ресейдің Санкт-Петербург қаласының белді дизайнерлерінің қолынан шыққан көркем туынды десек болады. Әйнектің сыртына қа-шалған ою-өрнектің өзі ұлттық құндылықтарға бай мекеме екенінің бір дәлелі секілді әсер қалдырады. Небәрі 11 айдың ішінде бой көтерген мазмұны терең ғимараттың оқушыларға үздіксіз қызмет етіп келе жат-қанына биыл екі жылдың жүзі толып отыр. 2011 жылы бой

көтерген ғимараттың сыртқы сұ-лулығымен қатар, ішкі тіршілігін көркейту үшін бар еңбегімізді са-лып, ауқымды жұмыстар атқарып келеміз.

Осы жерден рухани қуат көзін іздеп келетін жеткіншек-терге қандай бағыт-бағдар бо-йынша қызмет етесіздер? Мұн-дағы үйірмелердің түрлеріне жете тоқталсаңыз.

Өмір сүрген сайын заманның талабы да артып келеді ғой. Біз-дің кезіміздегідей емес, бүгін-гінің жастарына өсіп-өркендеу үшін, білім мен ғылым нәрімен сусындап, жан-жақты тәрбие-лену үшін барлық жағдай жаса-лынып келеді. Біз әңгіме етіп отырған Оқушылар сарайы да заманауи үлгіде жабдықталған. Оқушылардың мектептен тыс бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 109 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде, спорт, өнер және ғылым бағыттары бойынша үйірменің түр-түрін

атауға болады. Алдымен спортқа келер болсақ, қазақша күрес, каратэ, таэквандо, гимнастика, воллейбол, жеңіл атлетикаларды атай аламын. Сондай-ақ, балалар бассейнде жүзудің қыр-сырын терең меңгере алады. Арнайы соғылған мұз айдынымызда сыр-ғанай жүріп, балалар тобынан «Тас түлек» деп аталатын хоккей клубын құрдық. Мән берсеңіз, атауында үлкен мағына жатыр. Яғни, бүркіттің жаңадан туылған баласы секілді, өскенде біздің де бүлдіршіндер Қазақстанның үкілі үмітін ақтап, қырандай биікте самғайтын болады деген сенім басым. Қыздардың волейбол командасы жоғары лиганың бір-шама жарыстарында жеңімпаз атанып «В» тобында ІІІ орынға ие болып жүргені және Қазақстанның 2 дүркін чемпионы болғаны да біз үшін үлкен абырой әрі мақтаныш. Арнайы спорттық мекеме болмасақ та, екі жылдың ішінде көптеген жоғары дәрежелі жарыстардың алдын бермей келеміз. Каратэ-

Мәдениет қайраткері, ҚР және РФ суретшілер Одағы-ның, Халықаралық суретші-лер Ассоциациясының мүшесіАрқабаева Ұмсын Нұржігіт-қызы бүгінгі таңда Сарыарқаның кіндігінде орналасқан Оқушылар сарайының ұстаздары мен оқушыларының бірлігін бір шаңырақтың астына ұйытып отырған аяулы жан. Өлшеу-сіз еңбегімен ұжымды алға қарай бастайтын басшының жемісті жетістіктері біршама. Ақылды, белсенді, заманауи жетекшінің оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне деген сүйіспеншілігі ерекше. Ендеше, ең-бек еткенді жаны сүйетін Ұмсын Нұржігітқызының журналымызға берген арнайы сұхбатын назарларыңызға ұсына-мыз, оқи отырыңыздар!

Page 40: Журнал №15

40

шинкиокушинкайдан (жаттықты-рушысы Азия, Еуропа чемпионы М.Гриднева) Монреальда өткен Әлем чемпионатында 5 алтын медаль жеңіп алды.

Өнер саласы бойынша бал-дық би, спорттық, брек данс, хип-хоп секілді бидің түрлері де жетерлік. «Тұмар» би тобының мың бұралған қыздары жайлы да ерекше тоқталуға болады. Екі жылдан бері ұлттық би түрлерін тамаша меңгерген қыздар минис-трліктің арнайы марапатына ие болып, «Халықтық» атағы берілді. Жақында ғана өткен Ұлттық Дельфий ойындарының күміс медалін жеңіп алды.

Сонымен қатар, театр үйір-месіне қатысатын қыз-жігіттер-дің таланты мен дарынын көп мақтауға болады. Сахналық қойы-лымдарды асқан шеберлікпен орындап, үлкен әртістерден артық болмаса, кем ойнамайтынына тек қана біз емес, ата-аналар да талай көз жеткізген. Мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылуына өздері атсалысып, көпшілікті сахнадағы актерлық шеберлікте-рімен таң қалдырып жүрген де осы үйірменің балалары. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын жеткіншектеріміз вокал, музыка-

лық аспаптар үйірмелеріне де көп жазылады. Домбыра, шертер, қобыз, жетіген, скрипка және фортепиано сынды аспаптардың барлығымен өнерлі жастарымыз-ды қамтамасыз етіп отырмыз. Өзіміздің бүлдіршіндерімізден құралған әнші топтарымыз да бар.

Ғылыми бағыттағы үйірме-лердің де заманауи тұрғыда ерек-шеліктері біршама. Биотехноло-гия, биохимия, нанотехнология, алтернативті энергетика салала-ры бойынша зертханаларымыз белсенді жұмыс істейді. Тіпті, ғылым жолын таңдауға әуес балаларымыз алғашқы зерттеу жұмыстарын жариялап үлгерді. Дала гүлдерінің жұпарын аң-қытатын иіссу ойлап тапқаны үйірменің келешегіне кең жол аша түскенін көреміз. Ең бастысы, қай сала болмасын, балалар бұл мекемеден жан дүниесінің рухани әлеуетін байыта түседі.

Оқушылардың шығарма-шылық әлеуетін арттыратын ұстаздар қауымының біліктілі-гі жайлы не айтасыз? Қанша маман қызмет етеді? Жас ұс-таздардың үлесі қанша?

Оқушылар сарайында қыз-мет ететін ұстаздардың саны 171-ге жетеді. Біздегі үйірмелер-ге балалардың 40 пайызы ақылы негізде қабылданса, 60 пайызына тегін қызмет көрсетіледі. Сон-дықтан, мұнда ұстаздық ететін мамандарымызға көп жалақы береміз деп те айта алмаймын. Соған қарамастан, өз маманды-ғын сүйіп орындайтын жандарға аса тәнті боламын. Жалақыға емес, рухани құндылықтардың байлығына қызмет ететін ұстаз-дардың еңбегіне кім болсын сүйсіне қарайды емес пе?! Сол себепті, олардың басқа мекеме-лерде қатар жұмыс істеуіне рұқ-сат етілген. Мысалы, бейнелеу өнері пәні бойынша суретшілер Одағының мүшесі, мемлекет қайраткерлері сабақ береді. Суретші үшін ең қажетті дүние – шеберхана болғандықтан,

ала таңнан қара кешке дейін оқушыларға тәжірибесімен үлгі көрсетуді әдетке айналдырған. Соның арқасында көптеген бала-лар өнердің үлкен ордаларына қаймықпай қанат қаға алады.

Біздің ғылыми зертханамызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің аға оқы-тушылары сабақ береді. Жоғарыда аталған бейнелеу өнері үйірмесі және театрдан жасы үлкен кісі-лер сарайда қызмет етеді. Маман-дарымыздың қалған бөлігі тек жастарды құрайды деп айта аламын. Себебі, жастық жалын мен тың жоспарлардың иесі деп олардан көп жаңашылдықты та-лап етемін. Сол арқылы, шығар-машылық ортаның шабытты жұ-мысын арттырып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз етіп келеміз деуге болады.

«Ұстаздан шәкірт озар» демекші осында тәрбиеленіп жатқан жас буынның әр сала бойынша жеткен жетістіктері аз емес екенін білеміз. Солардың бастыларын атап өтсеңіз.

Қашанда өз ісіне аса жауап-кершілікпен қарайтын біздегі ұстаздар әрбір шәкіртінің топты

Page 41: Журнал №15

41

жарып, биік белестерді бағын-дырғанын қалайды. Балаларды мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болуға тәрбиелеп, сапалы білім беруге бар күш-жігерін салатынын білеміз. Сондықтан, олардың қол жеткізген әрбір жетістігі ұстаз үшін де үлкен абырой алып келеді деп білемін. Халықаралық, республикалық деңгейдегі барлық фестиваль, байқаулардың тізгінін жібермей-тін сарайымыздың оқушылары жүлделі орындарды қанжығасы-нан түсірген емес. Лондонда өткен олимпиада жүлдегерлері де біздің балаларға үлкен серпін беретіндей. Соларға еліктеп, Әлем және Азия чемпионы атанған балаларымыз да бар. Мәнерлеп сырғанау, қыздар арасындағы воллейбол ойыны, каратэ секілді спорттың барлық түрінен әлемді шарлап жүрген мақтаныштары-мыз көп. Халықаралық фестиваль-байқауларда Сагидолда Мерей, Кенесов Алпамыс, Серік Сәулет, Ерсайынов Саят, Искаков Асаналі – I дәрежелі дипломдарды иеле-ніп қайтты. «Бамонд» балдық би ансамбліміз Ресейде өткен Ашық Европа чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, екі рет чемпион атанды. Сондай-ақ, жас суретшілеріміз Беларусия, Франция, Америка Елшіліктері-нің ұйымдастыруымен өткізілген көрмелерге қатысып тұрады.

Тізбектей берсем, осы секіл-ді жетістіктер біздің сұхбатқа тіпті сыя алмай қалатын шығар. Жетістікке ұмтылып тұрған осын-дай балалар үшін сарайымыздың ішінен «Айбала» деп аталатын журнал басып шығарамыз. Онда жас жеткіншектеріміздің жеңісті шақтары мен белсенділіктерін жариялауға тырысамыз. Түрлі-түсті суреттермен безендірілген, сапалы журналымызда біздің кішкентай журналистеріміз лауа-зымды тұлғалардан сұхбат алып, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі.

Оқушылар сарайын әлі де гүлдендіре түсу үшін алда қандай жоспар-мақсаттар тосып тұрғанын атап өте аласыз ба?

Орынбасарым Даниель Оразбековты жаңа дүниелердің жаршысы болуды мақсат еткен ұжымның «миы» деп айтуыма болатын шығар. Себебі, Даниель-дің сәт сайын жаңарып жататын идеялары арқылы балаларға көп-теген жағдай жасап келеміз. Бір жолы әкім келетін болып, барлық жоспарымыздың 3D үлгісін үлкен экраннан көрсеттік. Сонда ол кісі «Мұның бәрі бар ма? Жоқ нәрсені не үшін көрсетіп жатырсыңдар?» деп бізді қатты ұялтқан еді. Содан кейін әлі орындалмаған дүниені алдын ала көрсетуге құмартпай-тын болдық. Бірақ, әкімнің келе-сі келген сапарына дейін әлгі жобаны жүзеге асырып, кейін мақтанышпен таныстырдық. Ал, қазір тағы да әлі орындалып бітпеген жобамыз туралы айтуға тура келіп тұр. «Шындыққа жанасатын» виртуалды музейді әлем бойынша бірінші болып ашуға дайындалып жатырмыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан ірі кәсіпорындарын жете тану үшін, 3D үлгісіндегі суреттер арқылы бір кіргенде 20 шақты бала көзіне арнайы көзіл-дірік киіп, виртуалды әлемде ұмытылмас саяхат жасай алады. Қазақстан темір жолынан бастап демеушілік жасаса, енді басқа да ұлттық компаниялардан жағымды жауап күтіп отырмыз. Мәскеуде әзірленіп жатқан ғажайып дүние-міз келер күзде аяқталып қалады деген болжам бар. Сондай-ақ, математика, физика сияқты күр-делі пәндердің формуласы мен заңдылықтарын тәжірибелік тұрғыда баланың есінде сақтауы үшін интерактивті саябақты ой-лап таптық. Екі жыл бұрын тек парталары ғана болған сарайымыз осылай гүлденіп жатыр. Көп ең-бектің арқасында әлі де гүлдене береді деп ойлаймын.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына да келіп жеткен сияқ-тымыз. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Ешкімге тәуелді болмай, еш-кімнен кем қалмай, әрқашан озық мемлекеттердің қатарынан табылу – тәуелсіздіктің арқасында бұйырған бақыт деп білемін. Шет елдерде жиі болатыным рас. Сонда егеменді еліміздің бүгінгі жастары ақылды, білімді, мәдениетті еке-ніне көз жеткізе түсемін. Біздің ел жапырағын жайған мәуелі ағаш секілді, әлем елдерінің арасында беделі мен сыйы жоғары. Соған шүкір деп, Отанға деген сүйіспен-шіліктің арқасында тәуелсіздігі-міздің іргетасын нығайта түсуге атсалысқанымыз – бәріміз үшін үлкен міндет.

СұхбаттасқанҰлжан Шораева

Page 42: Журнал №15

42

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

«Ұстаз болу жүректің батырлығы» демекші, өмірін ұстаздықпен ұштастыр-ған журналымыздың кезекті кейіпкері шәкірттерінің жарқын болашағы үшін талмай еңбек етіп жүрген ардақты жан. Жүрегі нәзік болса да, үлкен ұжымды басқаруға қабілеті мен жігері жететін, ақылы мен көркі әдемі үйлесім тапқан жанның табиғи болмысынан тек қана жақсы қасиеттерді көруге болады. Өз ма-мандығына деген асқан сүйіспеншіліктің арқасында жеңісті, жемісті күндермен көбірек қауышатын кісінің бүгінгі атқарып жатқан еңбегі мен жетістіктері-мен кеңірек танысатын боламыз. Яғни, Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушы-лар сарайының басшысы Мұқышева Құралай Балғабайқызы журналымызға арнайы сұхбат берді. Олай болса, әдемі сұхбаттың оқырманы болыңыздар!

Махамбет Өтемісұлы атын-дағы Оқушылар сарайы бірша-ма тарихи даму кезеңін өткерді десек болады. Жылдардың енші-сінде жатқан бұл сарайдың қол жеткізген жетістіктері қандай болды? Сол туралы баяндап бер-сеңіз.

Иә, былтыр ғана 25 жылдық мерейтойын атап өткен Оқушылар сарайы тағы да бір жылға өсіп жа-тыр. Бұл тек қана сандық өсу емес, оқушылардың рухани әлеуетін арт-тыратын мекемеміздің жетістікте-рі мен шығармашылық табыстары-ның есейіп жатқанын айғақтайды. 1988 жылы салтанатты түрде тұ-

сауы кесілген сарайымыз көп жыл-дан бері оқушылардың бос уақы-тын тиімді өткізу мақсатында ла-йықты қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда қазақтың батыр тұлғалы ақыны Махамбет Өтемісұлының есімін иеленген мекеме ұжымы оқушы мен ата-ананың көңілінен шығу үшін адал еңбегімен дарала-нып жүр. Астана қаласы бойынша 13 қосымша білім беру мекемесі болса, соның көлемділерінің бірі біздің сарай болып табылады. Еуропадағы қосымша білім беру ұйымдарымен халықаралық қаты-насымыз да жоғары деңгейде қа-лыптасқан. Сол арқылы тәжірибе-

міз де шыңдалып, осында қосым-ша білім алатын балалардың жан-жақты қалыптасуы үшін жағдай-дың бәрі жасалған деп айта ала-мын.

Жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуге бағыт-талған үйірмелер саны қанша және олардың негізгі түрлерін атай отырсаңыз.

Баланың күндік жоспарында бос уақыты аз болған сайын тәр-биелі, ұқыпты, зерек болып өседі. Бүгінгінің ата-аналары баласының сабақтан тыс бос уақытын тиімді өткізуді мақсат етіп, біздегі үйір-

Page 43: Журнал №15

43

мелерге көптеп қатыстырып жата-ды. Яғни, баланың шығармашылық қабілетін ашып, оны шыңдау арқы-лы перзентінің келешегі кемел бо-латынын терең түсінеді. Бес жас-тан он алты жас аралығындағы жасөспірім балалар өнер, спорт, білім салалары бойынша 50-ден аса үйірменің түріне жазыла ала-ды. Мысалы, каратэ, воллейбол, баскетбол, жүзу, шахмат сынды спорттың өзге де түрлері арқылы салауатты өмір салтын қалыптас-тырып, жастайынан алғыр болуды үйренеді. Бізде өнерлі жастарымыз да өте көп. Дәстүрлі ән орындау, халық аспаптары, би билеу, көркем театр секілді үйірмелеріміз бала-ның таланты мен дарынын еселеп, көптеген байқаулар арқылы кәсіби-лігін арттыруға мол септігін тигі-зеді. Сондай-ақ, «мемлекеттік тілді меңгеру» үйірмесін ерекше атауға болады. Қазақ тілін үйренуге құл-шыныс танытқан балалардың қар-қыны көбейіп, жақында тағы да қосымша топ ашуды ұйымдасты-рып жатырмыз. Өзге ұлт өкілдері-нің мемлекеттік тілді жетік білуге деген құмарлығы көңілімізді елең еткізбей қоймады. Бұдан өзге, ағылшын тілі, компьютерлік ди-зайн, тоқыма, цирк, бейнелеу өне-рі, мүсін жасау секілді үйірмелер-дің сан түрі оқушылардың қалауы бойынша ұсынылып, қарқынды жұмыс істеп келеді.

Оқушылардың шығарма-шылық әлеуетін арттыратын ұстаздар қауымының біліктілігі жайлы не айтасыз? Қанша ма-ман қызмет етеді?

Мұнда қызмет ететін ұстаздар-дың біліктілігін өте жоғары деп бағалай аламын. Бұл мекемені бас-қарғаныма небәрі бір жылдың кө-лемі болса да, 25 жылдық тарихы бар сарайдың тірегіне айналып үлгерген мұғалімдердің тәжірибе-лілігіне күн сайын көз жеткізіп жүрмін. Білімді, білікті ұстаздан ғана мықты шәкірт шығады емес пе?! Бірақ, ертеңгі күні аға-әпке-лерінің орнын басатын жас маман-дарды дайындау ісін барынша қол-ға алып келеміз. Жігері мен жас-

тық жалыны басым ұстаздардың қатарын көбейтіп, олардың зама-науи жоспарларының іске асуына жағдай жасап жүрміз.

«Ұстаздан шәкірт озар» де-мекші осында тәрбиеленіп жат-қан жас буынның әр сала бойын-ша жеткен жетістіктері аз емес екенін білеміз. Солардың басты-ларын атап өтсеңіз.

Жоғарыда атап өткенімдей, біздегі ұстаздардың өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсіби деңгейі жоғары болғандықтан, үйірмеге қатысатын шәкірттерін де нағыз біліктілікке тәрбиелейді. Мысалы, «Бәйтерек» би ансамблінің жоғары санатты жетекшілері Майя Байте-нова мен Лариса Гражданованың қыздары халықаралық, республи-калық байқаулардан жүлделі орын-сыз қайтпайды. Қалада өтетін ме-рекелік іс-шаралардың бәріне бел-сенді қатысып, мың бұралған биле-рімен жұртшылықты таң қалды-рып келеді. Сондай-ақ, жақында ғана Италия мемлекетінде өткен үлкен фестивальде ұлттық аспап-тардың құлағында ойнайтын «Болашақ» домбыра ансамблінің ұл-қыздары шетелдіктерді бір жо-ла шулатып келді десем болады. Қос ішекті домбыраның қайталан-бас үніне еліткені бір бөлек, ою-өрнекпен безендірілген ұлттық нақыштағы киімдерінің көз тоймас сұлулығы үшін тағы да марапатты еншілегенін мақтанышпен жет-кізгім келеді. Бұл тек қана біздің емес, ұлттық өнеріміздің жоғары дәріптелгені үшін барша қазақ халқының абыройы, жетістігі деп айтуға келеді. Спорттық жарыс-тарда туымызды көкке желбіретіп жүрген жеткіншектеріміздің де ауыз толтырып айтар жетістіктері едәуір.

Осы тұста әңгімемізді өзі-

ңізге қарай бұрсақ. Сіздің еңбек жолыңыз қалай өрбіді? Бүгінгі жетістіктеріңізге қалай қол жет-кіздіңіз? Алдағы жоспарларыңыз қандай?

Мен, Ақмола облысы, Қорғал-жын ауданында мұғалімдер отба-

сында туып-өстім. Әкем мектеп директоры болған, елге сыйлы, құрметті кісі. Бүгінде солардың жолын қуып, көп жылдан бері ұстаздық жолдың түзу бағытында жүріп келемін. Алғашқы жыл-дарымда химия және биология пәндерінен сабақ беріп, кейін директордың орынбасары, білім басқармасында тәрбие жұмысы-ның әдіскері, қосымша білім беру мекемелері бөлімінің басшысы қызметтерін атқардым. Бүгінгі таңда біз әңгіме етіп отырған М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайын басқару жауапкершілігі маған табысталды. Ендігі кезекте осы сенімді ақтап, сарайымызды гүлдендіре түсуге тынымсыз еңбектеніп келемін. Балаларға қажетті жаңа үйірмелер ашып, олардың жабдықталуын толық-қанды қамтамасыз ету, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын бастап үлгердік. Тың жобалар әзірлеп, балалар-дың жүздеріне күлкі ұялату үшін көптеген жоспар, мақсаттарымыз бар. Олардың жүзеге асуы тек уақыттың еншісіне қалып отыр.

Дәстүрлі сұрағымызға да келіп жеттік. Сіз үшін «Тәуелсіз-діктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ой-лайсыз?

Біздің бүгінгі тынымсыз ең-бек етіп, балаларымыздың бақыт-ты болашағын қалыптастырып, оларға алаңсыз өнегелі тәлім-тәрбие беріп жатқанымыздың бәрі – Тәуелсіздігіміздің арқасы. Бүгінгі ұрпақ саналы, білімді, жан-жақты мәдениетті болып өссе, тәуелсіздігіміздің беріктілігі мен мәңгілік ғұмыры үшін аян-бай қызмет етіп, ертеңгі ұрпаққа аман-есен табыстайды деп сене-мін. Сондықтан, жастарымыз өсе берсін, өне берсін. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікке желбірей түссін!

Сұхбаттасқан Маржан Әбдіғалиқызы

Page 44: Журнал №15

44

ТАҢДАНЫСҚА ТОЛЫ ТАЙЛАНДСыртқы туризм

Күн нұры жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елін көргіңіз келеді ме? Онда көп ойланбастан мыңдаған ғибадатханалар мен күлімдеулердің шахары және құрлықтардан келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны болып табылатын Тайланд патшалығына жол тартсаңыз болады. Тайландтың солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Сонымен қатар, Тайланд тауар мен қызметтің төмен бағасы үйлескен жоғары экономикалық деңгейінің арқасында Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемлекеттерінің бірі ретінде әйгілі. Мұндағы тамаша демалыс орындары, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.

Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақтылығы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты басты ерекшелік болып саналады. Тайландта әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер көптеп кездеседі.

Саяси құрылымыТайланд – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Аталмыш ел оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында

Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан. Астанасы – Бангкок. Мемлекеттік тіл – тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданылады. Мемлекеттік дін – будда діні. Халықтың 93 пайызы будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Патша конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.

КлиматыЖылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін

созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0°С дейін төмендесе, Бангкокте 16°С болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі – наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шашын түсімі мүлдем болмайды.

ХалқыХалық саны – 65 млн. адам. Халықтың көп бөлігін тай этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша

екінші орынды қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады.

ЭкономикасыТайландта саяси-экономикалық және қоғамдық жағдай тұрақты болғандықтан, ол инвестициялар үшін Азия

елдерінің ішіндегі ең бір қолайлы ел болып саналады. Соңғы он жылдың ішінде Тайландтағы инвестиция көлемі бірнеше миллиард долларға дейін жеткен. Соның нәтижесінде жұмыс орындары тұрғызылды, халықтың әл-ауқаты жоғарылады. Ақша бірлігі – «Бат». 1 бат = 100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен 1฿ = 31$ болады. Ақша бірлігінің күнделікті жағдайы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. 1 бат = 5 теңгеге тең.

БангкокБүгінгі таңда Бангкоктен алатын алғашқы әсер екі түрлі сезім қалыптастырады. Мұнда бамбуктан жасалған

лашықтармен қатар, әйнек пен бетоннан салынған қазіргі заман талабына сай биік ғимараттар тұр. Миллиондаған ұсақ айналармен жарқырап тұрған сәнді сарайлар мен шіркеулер, төменде орналасқан жіңішке көшелер мен жерден 15-30 метр биіктікте орналасқан жылдамды эстакадалар, дабылдатқан көліктердің үлкен ағымы, дәке таңғышын байлаған полицей қызметкерлері, қоңырқай киім киген будда монахтары мен пілдер, жеміс-

Page 45: Журнал №15

45

жидектердің молдығы мен әртүрлілігі, тамақтың жұпар иісі, ашық мейрамханалар мен көше дәмханаларындағы таңғажайып омарлар, рапандар, ұлылар сияқты түрлі экзотикалық жәйттар қарапайым адамға шынымен де ерекше әсер беретіні анық. Бангкоктың негізгі байлықтары: Будда шіркеуі мен Үлкен Король Сарай кешені, Зари шіркеуі, Алтын қырат шіркеуі, Мәрмәр шіркеуі, Рама патшаның сүйікті ризиденциясы болып табылатын Вимак Мек сарайы мен «алтын» тик ағашынан жасалған ең үлкен ғимарат, экзотикалық ханзадалық қайық, улы жыландарды өрбітумен қоса, уларынан баға жетпес дәрі жасаумен айналысатын Пастер институтының Жыланды өнеркәсібі, өнердің тамаша туындылары жинақталған Джим Томпсонның азиялық коллекциясы орналасқан Үй мұражайы, әшекеймен қатпалған және алтын жапырақты ортағасырлық әйнектермен көркемделген Суан Паккад сарайы, дүние жүзі бойынша қолтырауындарды өсірумен айналысатын ең үлкен өнеркәсіп, ауданы 200 акр болатын ашық аспан астындағы «Көне қала» мұражайы, көңіл көтеру және сауықтыру кешендері болып табылады. Бангкок өзінің әртүрлі тағамдарымен қатар, түнгі өмірімен ерекшеленеді.

ПаттаяБангкоктен мың шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінгі таңда Паттая Тайландтың бай тұрғындарының

сүйікті орны «Азиялық Ривьера» деп аталады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристтерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері қарсы алады. Олар: малту, су шаңғылары, спорт қайықтарын жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, қайықтың артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша қонақ үйлер желісі және толыққанды демалуға қажет ғимараттар салынған. Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада шексіз көңіл көтеру – барлығы жыл бойына созылады.

Тай елінің мәдени заңдылығы:Тайлықтар үшін адамның басы – ең маңызды мүше болып табылады. Сонымен қатар, бас барлығынан жоғары

тұрады деп есептеледі екен. Сондықтан, Тай елінің тұрғындары өз балаларының бастарын ұстамайды және бөгде адамдарға да тыйым салады. Себебі, баланың басына тиген қол оның бағын байлайды деп жорамалдайды. Байқаусызда қателік жасаған адам баланың басын ұстағаны үшін заң алдында жауап береді.

Қазақстанмен қарым-қатынасы:1996 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Тайланд Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы

Әуе қатынасы туралы келiсiм бекiтiлді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Тайланд Корольдігінің Геоинформатика және ғарыш технологияларын дамыту жөніндегі агенттігінің делегациясымен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі мен GISTDA арасында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылып, екі ел ғарыштық кеңістікті бірлесе игерейін деп жатыр. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы саяси диалог, саяси-экономикалық, мәдениет, туризм, білім саласындағы өзара қарым-қатынас дамып келеді.

ҚР-ның Тайландтағы елшісі – Есенбаев Марат Төлеубекұлы

ҚР-ның Тайландтағы елшілігіSuite 4301, 43rd Floor, JTC Building 919/501 Silom Road, Bangkok 10500 код +662 тел. 234-63-65, 234-63-66, факс 234-63-68e-mail: [email protected] [email protected] сайт: www.kazembassythailand.org

Ақнұр Серікбаева

Page 46: Журнал №15

46

СерікжанСейтжанов

Page 47: Журнал №15

47

«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫ – МЕНІҢ БАҚЫТЫМ ДЕП БІЛЕМІН»

Әкем аты шапқан сайын өрлейді...«Әке көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» демекші, ата-ананың өнегелі тәрбиесімен

сусындап, асқар таудай әкенің күллі елге танымал асқаралы еңбегінен үлгі алып өскен азамат-тың да бүгінгі қол жеткізген биігі аз емес. Тарих шежіресіне үңілер болсақ, қазақ балалары үшін ең алғаш болып Жәңгір хан мектеп салдыртса, оның бұл қайырымды ісін ғасыр сабақтасты-ғында Ыбырай Алтынсарин жалғастырған. Еліміз тәуелсіздігін алып, байрағын көкке жел-біреткен заманда типтік жобамен мектеп салдырған тұңғыш қазақ кәсіпкерін Серікжан Сейтжанов деп білеміз. Бұл тұрғыда 1939 жылдары әркімнің қолы жете бермейтін Орта Азия мемлекеттік университетін тәмамдап, өз ауылында мектеп тұрғызып, қазақ балаларын білім нәрімен қуаттаған әкесі Сейтжан Құртаевтың қайталанбас үлгі болғанын көреміз. Кең пейіл мен жомарттық, адамгершілік пен қарапайымыдылық, еліне, жеріне деген патриоттық сүйіспеншілікті перзентінің бойына тұмар еткен әкені Серікжан ағамыз өмірдегі ең асыл ұста-зына балап, оның берген тәлімі мен тәрбиесі жадында жаңғырып жүргені мәлім. Серікжан Сейтжанұлының бір емес, үш президентке, яғни Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, сол кездегі Өзбекс-тан президенті Ислам Каримов және Қырғызстанның сол кезеңдегі басшысы Асқар Ақаевқа ақбозат сыйлағаны, 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасында тұңғыш мешіт салдырғаны да ел аузында әлі күнге дейін аңыз болып тарап жүр. Мінекей, бір бойына асқан көрегендік пен ақыл-парасатты сыйдыра білген аптал жанның сан жетпес жемісті жетістіктері мұнымен шектелмейді.

Алтын мінез - «Алтын жүрек»...«FORBES» журналы жариялаған Қазақстанның 50 белді кәсіпкерлерінің қатарына енген

тұлғалар жайлы көп айтылып, көп жазылатын да шығар. Солардың бірі де бірегейі Серікжан Сейтжанұлының жетістіктерін журналымыздың алтын тақтасына жариялауға бізде де толық негіз бар. «Құрмет белгісі» орденімен, «Білім беру саласының маценаты-2008», «ҚР Жер қойнауын барлау үздігі», «ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы», «Біріккен Еуропа» беделді халықаралық марапатымен, «Парыз» алтын мүсіншесімен, «Қамқорлық» мүсіншесімен марапатталып, қайырымдылық жасауда алтын мінезімен дараланған азамат ҚР «Алтын Жүрек» сыйлығымен марапатталды.

Өнегелі тұлғаның ерен еңбегі...Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Шелек ауылының тумасы 1971 жылы

Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша тәмамдап, «Шымкентпромстрой» ЖШС-не 19 жыл еңбек жолын арнады. Алдымен жай жұмысшыдан бастап, цех басшысы, аға инженер, асылы біліктілігі мен жұмыстағы зор жауапкершілігінің арқасында бүкіл серіктестікті басқару тізгіні өзіне бұйырды. Еңбегіндегі елеулі жетістіктері мен қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі ретінде 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған азамат бүгінгі таңда ел үмітін ақтап келеді. Ал, 1997 жылы Калифорния қаласындағы Халықаралық академиясының кейіпкерімізді ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер саласының белсенді мүшесі ретінде танығаны да көлемді жетістік болып табылады. Осылай қашан да көштің басында жүретін Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы үшін 2003 жылы алып кәсіптің алғашқы қадамы басталды. Кеңес заманында немесе одан бұрын да жеті қат жердің астына бұрғы салғандардың қатарында тек шетел алпауыттарының есім-дері аталатын болса, тәуелсіздіктің ақ таңы тыңнан түрен салған додаға өз отандастары-мызды да қосты. Яғни, Серікжан Сейтжанұлы «САУТС-ОЙЛ» компаниясына тікелей басшы-лық ете отырып, мұнай-газ саласындағы отандық өндірістің көшін бастап келеді. Ендеше, өнегелі тұлғаның елі үшін жасаған ерен еңбегі жайлы келесі сұхбаттан оқи аласыздар!

Оңтүстік Қазақстан облысы

Page 48: Журнал №15

48

Сіз басшылық етіп отырған «Саутс-Ойл» ЖШС-нің тарихи даму кезеңі жайлы не айтасыз? Компанияның негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталсаңыз.

Сыр өңіріндегі Құмкөл аты-рабына алғаш табан тіреген қа-зақстандық компанияның алғаш жер қойнауына бұрғы салғанына биыл 11 жыл толып отыр. Ал, осы салаға бет бұру, еліміздің энергетика және минералды ре-сурстар министрлігімен бірлесіп келісімшартқа қол қою кезеңі 2001 жылдан бастау алады. Құжаттары-мыз реттелісімен, кен игеру құқы-ғы берілетін инвестициялық бағ-дарламалардың ашық байқауына қатысып, жеңімпаз атандық. Бұл жетістіктермен мақтану оңай болғанымен, астарында біршама қиыншылықтардың демі жатқан-дығы сезіледі. Дегенмен, сол кез-де Қайыржан Айтбаев, Махмұт Нәлібаев, Орынбасар Садуев сын-ды бетке ұстар бауырларымыздың ақыл-кеңесі жігерімді қуаттап, құм суырған Құмкөлге қазығымызды қағуға себеп болды деп айта ала-мын. Соның нәтижесінде, 2013 жылдың 15 сәуірінде жапан дала-ға барып жан бітірдік. Ал, компа-нияның атын «САУТС-ОЙЛ» деп атауды ұлым Бақытжан ұсынған болатын. «САУТС» сөзін ағыл-шын тілінен аударғанда «Оңтүстік» деген мағынаны білдіреді. Яғни, осы арқылы жан-жағымыздағы қаптаған канадалық компания-лардың көзі үйрене берсін деген мақсатты берік ұстандық.

Қайбір істің басталуы күрде-

лілік туғызады емес пе?! Бірақ, сол қиыншылыққа төтеп бере алғандар ғана діттеген мақсатына қол жеткізе алады. Бізге де асқан табандылық пен үлкен еңбек қажет болды. Тиыннан теңге құралатыны сияқты, алдымен кішігірім ауыл салып, көлік келетін, адам жүретін жолды ретке келтірдік. Содан кейін бұл жерге су құбырларын тартып, жұмысшылардың жағдайын қам-тамасыз етуге білек сыбана кіріс-тік. Алғашында 48 адамнан бас-талған жұмыс орны бірте-бірте қанатын кеңге жайып, сынаптай сырғыған 10 жылдың ішінде Құм-көл атырабындағы деңгейі биік, қызмет сапасы жоғары компания-ның гүлденген, көркейген шағы-на куә болдық. Бүгінгі таңда жұмысшылардың саны 700-ден асып отыр. Жалпы өзге де кәсіп салалары мен зауыттарды қосқан-да бізде бүгінгі таңда 4500 адам жұмыс жасауда.

Қазақстан – жер асты қазы-насына өте бай мемлекет екенін білеміз. Осы байлығымыз кешегі кеңес заманы кезінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында жүргені де баршамызға мәлім. Еліміз тәуелсіздігін алып, егемен-дікке қол жеткізгеннен кейін өз несібемізді өзіміз игеріп, кәдеміз-ге жаратпасақ, жан-жағымызда анталап тұрған алпауыттардың қанжығасында кету қаупі басым болды. Сол себепті, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында отандық өндіріске екпін беріп, бизнес өкілдерінің белін буған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа әлі күнге дейін ри-зашылығымыз зор. Яғни, 1992 жылы Елбасы бір топ кәсіпкерді Америкаға алып барды. Көп оқы-ғаннан емес, көпті көргеннен сұра демекші: «Мен сендерді әлемдегі ең алпауыт елге алып келдім. Сен-дер кәсіпті осы жерден үйреніңдер. Келешекте Қазақстанның эконо-микасын көтеретін өздерің бола-сыңдар» деп бізге үлкен сенім артқан болатын. Міне, сол сөз тек қана маған емес, отандық өндірістің даму жолына бет бұрған

Page 49: Журнал №15

49

әріптестеріме де жалынды рух, жігерлі күш сыйлады деп айта аламын. Сарқылмас жігердің арқасында Елбасы тапсырмасын бұлжытпай орындап жүрмін деу-ге де негіз бар. «САУТС-ОЙЛ» компаниясының негізгі мақсаты да осы. Тек өнім өндіру, оны өңдеу ғана емес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында елдің еңсесін көтеру, ауыл-аймақты жандандыру, мектеп, бала-бақша, тағы да басқа әлеуметтік қажет-тіліктерге көмектесу арқылы біздің компания көптеген игілікті істерге мұрындық болды дей аламын.

Ел экономикасының дамуы-на үлкен үлесі бар компанияның бүгінгі жеткен жетістіктері қан-дай?

Бүгінгі таңда Қызылорда, Алматы, Астана қалаларындағы филиалдары қарқынды жұмыс істеп отырған компания ел қазы-насына жыл сайын 45-50 миллиард теңге кіріс келтіріп отыр. Соның ішінде, мұнай өндіру көлемі 800 мың тоннаға жуықтады. Елбасы ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерінің бірі – энергетикалық қауіпсіздік екенін атап өткен бол-са, біз осы салаға төтеп беретін маман дайындауды қолға алып үлгердік. Яғни, компанияның құрылтайшылығымен құрылған инновациялық-технологиялық колледж қабырғасында электро-ника мен геофизика өндірісін игеретін мамандар даярлана бастады. Олардың алғашқы легі «ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесіне өз өнімін шығаратын кәсіпорындарда жұмыс істейтін болады. Солардың бірі ретінде 30 ұжымдық озық жобалар тізіміне еніп, «Стандарт – Цемент» зауы-тының екінші кезегінде іске қо-сылғалы отырған 600-700 таңба-лы цемент өндірісін атай аламын. Бұл цемент өнімі ең ірі деген темір-бетон құрастыруларына, атом өндірісіне, көпір, жол құры-лыстарына қажетті шикізат. Қытай кәсіпорнымен бірлесіп, 120 мега-ваттық газ-электр стансасын са-

ламыз деп жоспарлап отырмыз. Аталған жобалар 2015 жылдың бірінші жартысында өз жемісін бере бастайды деп күтілуде.

Сондай-ақ, Шымкент қала-сында әлемдік деңгейдегі бес жұл-дызды қонақ үйдің, медициналық академияның құрылыстары қар-қын ала бастады. Бұл қатарға, мұсылман жамағатына арналған 5000 орындық мешіттің құры-лысын да қосуға болады. Мұның бәрі нарықты зерттеп, диверсифи-кациялық жолмен жүзеге асатын тиімді жобалар екенін ескерген жөн. Біздің әлі де жүзеге асыра-тын жобаларымыз бен атқаратын жұмыстарымыз біршама. Бір же-тістік үшін масайрап, арқаны кеңге созу біздегі тәртіпке жат деп есептеймін. Сондықтан, еліміздің дамуы үшін ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз әлі көп болады деген ниеттемін.

Компанияда қызмет ететін мамандардың біліктілігі мен техникалық құрал-жабдықтары-мен қамтамасыз етілуі туралы айтып өтсеңіз.

Мұнай өндірісі - әлемдегі та-быс мөлшері ең мол түсетін биз-нестің түрі болып табылады. Бірақ, оны игеру оңай дүние еместігін ескерген жөн. Шикізат қорын тап-қанша шығынға белшеден батуға тура келеді. Бұл жағдайда геоло-гиялық, сейсмикалық зерттеу жүр-гізетін мамандардың білімі мен біліктілігіне арқа сүйейтініміз рас. Сол себепті, мамандарға қойыла-тын талап та қатал. Олардың гео-

Page 50: Журнал №15

50

логия, техникалық қауіпсіздік не-гіздерін меңгеру деңгейі, күрделі қондырғылармен жұмыс істеу тә-жірибесі бірінші кезекте сынала-ды. Бұл сынға төтеп беру үшін компания есебінен жұмысшылар-ды арнайы оқу бағдарламалары бойынша сабаққа жібереміз. 2011-2012 жылдар аралығында 600-ден астам қызметкер осы бағдарлама негізінде біліктілігін шыңдап, тәжірибесін жетілдіріп келді. Сондай-ақ, мамандардың бәсекелестікке шыдап, білімдерін халықаралық стандарттарға сай бейімдеу мақсатын орындау үшін жоғарыда атап өткен біздегі инно-вациялық-технологиялық колледж-де барлық жағдай қарастырылған. Еліміздің басқа өңірлеріндегі жо-ғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер де біздің компа-нияда өндірістік тәжірибеден өту-ге құлшыныс танытып тұрады. Бұл дегеніміз, біздегі техникалық құрал-жабдықтардың тұтастай қамтылуы жастардың кітаптан оқып, көрген білімдерін тәжіри-беде пайдаланып көруіне зор мүм-кіндік туғызады.

Біздің компанияның жақсы же-тістіктерге қол жеткізуіне тікелей әрекет етуші осы мамандарымыз екенін жақсы түсінеміз. Сондық-тан, жұмысшылардың жататын орны мен тамақтану жайы өз жауапкершілігімізде. Әр мейрам сайын жалақының 33 пайыз кө-леміндегі сыйақысын міндетте түрде төлеп отырамыз. Олардың қолы бос уақытында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін сауықтыру орнын да ұйымдасты-рып қойғанбыз. Әр жұмысшының дені сау, қарны тоқ болғаны біз үшін аса маңызды. Сол себепті, «Алатау» шипажайына арнайы жолдамалар беріліп тұрады.

Сіздің Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депу-таты екеніңізден хабарымыз бар. Саясат сахнасына қарай бет алуыңызға қандай себеп түрткі болды?

Менің ойымша, депутат болу

мансап та, атақ пен дәреже де емес. Бар ғұмырын ағартушылық жолға арнаған әкем мен балалардың тәрбиесін бірінші орынға қойған анамның «халықтың үмітін ақтап, елдің тілегін тіле» деген сөздерін жастайымыздан құлағымызға сі-ңіріп өстік. Әр баспалдаққа көте-рілген сайын бұл сөздер санамда жаңғырып тұра береді. Өндіріс саласында жүрсем де, халқымды бір сәтке болса да есімнен шығар-ған емеспін. Саясат сахнасында белгілі бір билік өкілінің рөлі сезілгенімен, ортақ мақсаты біреу ғана. Яғни, халықтың мұң мен на-ладан, жоқшылық пен таршылық тауқыметінен ада болып, бақытты күн кешуі әрбір депутат үшін маңызды дүние болып табылады. Менің де депутаттық жұмысым билік пен халық арасындағы алтын көпір қызметін атқарады. Елдің аманатына қиянат жасамауды бас-ты парыз деп есептеймін. Халық-тың тілегін орындауға қандай да септігім тисе, өзіме өзім шүкір деймін. Елімнің бақыты – менің бақытым деп білемін.

Еліміз тұңғыш Тәуелсіздік алғанда Сіз өзіңіздің туып-өс-кен жеріңізге меценат ретінде мектеп салдырып, халыққа үлкен сый жасадыңыз. Осындай игі істердің басында жүрудегі мақсатыңызбен бөліссеңіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы Жезқазған қаласында өткен жиында кәсіпкерлерге тағы бір тапсырма берген болатын. Бизнес-тің әлеуметтік жауапкершілігі не-гізінде мектеп және аурухана салу-ды бәрімізге жүктеген еді. Бұл ретте де тосылып қалмадық. Қо-ғамға пайдалы істі ертерек қолға алып, шамамыздың келгенінше жүктелген тапсырманы ойдағы-дай орындап шықтық. Ал, бұл бір жағынан әкеміз Сейтжан Құртаев арманын жүзеге асырғанымыз деп қуануға негіз бар. Себебі, кезінде әкеміз балалардың білім алуына көп алаңдап, ақыры асарлатып мектеп салдырды, шәкірт тәрбие-леді. Ол кісі Ыбырай Алтынсарин-

нан үлгі алса, біз әкеміздің ізін жалғадық дей аламын. Топырағына аунап, бархыт ауасымен тыныстап өскен туған ауылым Шілікке 240, Сайрам жеріндегі Тассай ауылы-на 280 орындық мектеп тұрғызып бердік. Жалпы, 2003 жылдан бері «САУТС-ОЙЛ» компания-сы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек ретінде 700 миллион теңгеден аса қаржы жұмсаған екен. Олардың бәрін тарқатып айтар болсам, сұхба-тымыздың шегі болмай қалатын шығар. Ең бастысы, халыққа қа-тысы бар білім, медицина, спорт, мәдениет салаларының қасынан табылуға тырысамыз. Сондағы түпкілікті мақсатымыз елді, жерді көркейтуге бағытталған.

Сізді ұлттық құндылықтар-ға, оның ішінде өнерге деген ықыласыңыз ерекше екенін білеміз. Бойыңызда кәсіпкерлік-тен басқа біз білмейтін қандай дарынның бар екенін айта отыр-саңыз.

Ұлттық құндылықтарды ұрпа-ғына ұран етіп кеткен ата-бабала-рымызға рахметтен басқа айта-рым жоқ дер едім. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тек қана жерімізді емес, ұлттық дәстүр-салтымызды, мәдениет пен өнерімізді қорғап, көздің қарашығындай сақтауды барша-мызға аманаттап кеткені рас. Ал, Аллаһ Тағала маған қазақтың қос ішекті қара домбырасын күмбір-летіп, әуезді әндерін шырқау үшін өзгеше бір талант берген екен. Студент шағымда Шәмші ағамыздың бірнеше әндерін орын-дап, қазақ радиосының әуе толқы-ны арқылы күллі елге таралған кез де болған. Ән өнері болсын, сөз өнері болсын, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің жаухарларына айналған Шәмші Қалдаяқов, Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шаханов, Төлен Әбдіков сынды ағаларымызбен аралас-құралас болып өстім. Қазір бар тірлігім-ді кәсіпкерлік арнаға бұрсам да, өнерге деген махаббатымды

Page 51: Журнал №15

51

жүректен еш сөндірген емеспін. Қайта қолдан келгенше, жастар-дың талантына, әсіресе суырып-салмалық айтыс өнеріне барын-ша көмек көрсетіп келемін. Өнер өлкесінде ұлттық құндылықтары-мызды қуаттап жүрген табиғи дарын иелеріне қашан да бас иемін.

Биыл тәуелсіз еліміздің тұң-ғыш қорғаныс министрі, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 90 жылды-ғын бар қазақ болып атап өтке-лі жатырмыз. Батыр ағамызбен Сіздің де етене таныс болғаны-ңыздан хабарымыз бар. Ол кісі жайлы қандай естеліктер айта аласыз?

Қазақ елінің дамыған елу ел-дің қатарына еніп, тәуелсіздігі-міздің беріктігін қалыптастыруда Елбасымен бірге жан аямай атса-лысқан кісілердің бірі де бірегейі Сағадат Нұрмағамбетов ағамыз еді. Ішкі тәртібі әлі бекітілмеген Қорғаныс министрлігіне үлкен жауапкершілікпен басшылық етіп, тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштерінің сапасын нығайтуға бар күш-жігерін сарп еткен азаматтың өзі өмірден өтсе де, оның ерлігі мен ерен еңбегі ел есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Кейінгі жылдары Сағадат ағамызбен жете танысып, аралас болғанымыз да шындық. Ол кісінің атынан үлкен қор құрылып, оны басқаруға ағамыздың өзі мені таң-дап алды. Бізді байланыстырған негізгі күш осы қор болды. Інім деп ілтипатпен қарайтын маған Тұрғамбай датқа, Қапан батыр, Иманжүсіп бабаларымызға арнап ескерткіш ашуымды өтінді. Ұзамай егемендік үшін күрес ұрпақ сабақ-тастығына айналған батырларға Отырар ауданы Шілікті ауылында ескерткіш тұрғызып, құран бағыш-тап, ас бердік. Бірақ, өкінішке орай Сағадат ағамыз келе алмады. Ас берерден үш күн бұрын о дүниелік атанды. Тоқсан жасын жасаушы

едік, оған дейін шыдамады. Сағадат Нұрмағамбетов атын-

дағы қор әлі де өз жұмысын жал-ғастырып келеді. Үлкен азамат-тармен бірлесіп қордың әрі қарай жанданып, кейінгі ұрпақтың тәр-бие көзіне айналдыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, Қостанай, Атырау секілді өзге де қалаларда филиалдардың ашылуын қолға алып жатырмыз. Сондай-ақ, тәуелсіздік жолында ерен еңбегімен көзге түскен ба-тыр бабаларымыздың есімдерін жаңғыртып, ескерткіш ашып, көше мен мекемелерге сол азаматтар-дың атын беруге күш салу үстінде-міз. Сонымен қатар, Сағадат Қожахметұлының 90 жылдығына арнап арнайы естелікке толы кітап басып жатырмыз.

Сағадат ағамыздың тұлғасы қатал көрінгенімен, жан дүниесі-нің сыры басқа. Өте қарапайым, мейірімді, кішіпейіл, мәдениетті, адамгершілік қасиеттерімен кез келгенді өзіне лезде баурап алады. Ол кісінің халыққа деген

махаббаты шексіз болғанын да байқадық. Себебі, соңғы жоспар-ларының бірі ел аралап, елмен танысу болатын. Жүрегінде жақ-сылықтың нұры тасыған азаматты халқы да еш уақыт ұмыта алмай-тынына сенімдімін.

Журналымыздың соңғы сұрағына оралсақ, Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – тәуекелдің тұрағы, Тәуелсіздік – ұлы дала ұраны.Тәуелсіздік – ақындардың жыр-

әні,Тәуелсіздік – еркіндіктің тұмары,

– дегендей, Тәуелсіздіктің ұғымы да, қадірі мен қасиеті де мен үшін ешкімнің қолы жетпес, ешкім са-тып ала алмас, алтыннан да қым-бат бай дүние дер едім.

CұхбаттасқанЭльмира Усенқызы

Page 52: Журнал №15

52

СұлтанбекСүгірбаев

Page 53: Журнал №15

53

«АДАЛДЫҚ – БАР ІСТІҢ КӨШБАСШЫСЫ»Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрылыс саласының қарқынды дамуына

қосып келе жатқан үлесі үшін «Құрмет» ордені және «ҚР тәуелсіздігіне 20 және 10 жыл», «ҚР Конститутциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» төсбелгілерімен, облыстың сәулет және қала құрылысы саласына қосқан үлесі үшін «Алтын дипломмен» марапатталған журналымыздың кезекті кейіпкерінің осы жетістіктері онсыз да көп нәрсені баян етіп тұрғандай. «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» демекші елі үшін емірене қызмет етіп жүрген азаматты бүгінде шырайлы өлкенің барша тұрғындары жақсы таниды, құрмет пен қошеме-тін аямай, әрдайым сыйлап жүретіні бізге де белгілі. Жастары болса еңбексүйгіш, адал әрі әділ, белсенді, зейнет жасына келсе де, қайраты мен жігері бойынан әлі тарқамаған аптал азаматқа ұқсап бағуға тырысады. Мемлекеттік қызметтің өз тәртібі мен қатаң тұстары да болады. Қырық жылдан астам уақытын осы салаға арнаған азаматтың ертеңгі ұрпаққа өнегелі еңбек жолы үлгі болып қалатыны да сөзсіз. Ендеше, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Тұран құрылыс» ЖШС-нің басшысы Сүгірбаев Сұлтанбек Шойынбайұлының келелі әңгімесіне қанық болғыларыңыз келсе, арнайы сұхбатқа назар аударыңыздар!

«Тұран құрылыс» ЖШС-нің тарихы сонау 60-жылдардан бастау алады. Ендеше басқарма-ның бүгінгі таңға дейінгі даму жолы туралы біздің оқырманда-рымызға да айтып берсеңіз.

Иә, бұл құрылыс компания 40 жылдан астам тарихи даму кезеңін бастан өткерді. Ең алғаш 1969 жылы Шымкент қаласында-ғы облыстық атқару комитетінің жанынан күрделі құрылыс бөлімі құрылған болатын. Қаланың жаңа ғимараттармен толысып, дамудың белгілі сатылары жүріп жатқан кезеңде көптеген нысандардың құрылысы мен жобасына жауапты тапсырыстар қабылдайтын бөлім жиырма жылдан кейін облыс әкімшілігінің меншігіндегі бас-қарма болып өзгертілсе де аталған қызметтер бойынша жұмысын еш дамылдатпады. Сапалы қызмет көрсететін құрылыс басқармасы бұдан былай да атауын өзгертуде тұрақтай алмады. Яғни, 1998 жы-лы аталмыш ұйым «Оңтүстік құ-рылыс» МКК болып, 2002 жылы «Тұран құрылыс» МКК қайта құрылды. Осы аралықта аталмыш құрылыс компанияның негізгі

міндеттемелері де айқындала түскендей еді. Оның ішінде атап өтер болсам, мердігерлік ұйым-дармен бірлесе отырып, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес салынған өндірістік қуаттылық-тар мен нысандарды қолданысқа енгізуді, оларды қолданысқа беруге дайындауға, құрылыс-тың бекітілген сметалық құнын, келісім-шарттық бағасын, жаб-дықтарды мерзімінде жеткізіп беруді, сондай-ақ орындалған жұмыстардың төлемін анықта-уын және сақталуын қамтамасыз етіп келді. Ал, 2006 жылдың қазан айында тағы да тынымсыз тіршіліктің науқаны көрініс тап-ты. Нақтырақ айтсам, «Тұран құрылыс» МКК «Тұран құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігі ретінде қайта ұйымдас-тырылып, инженерлік қызмет көрсетуге мамандандырыла бастады. Және тағы бір ай-та кетерлік жәйт, Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс департаменті және Шымкент қаласы құрылыс бөлімі арнайы келісім-шарт құрған болатын. Бұл тұрғыда ҚР Президентінің

2004 жылғы 11 маусымдағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын еске түсіруге болады. Яғни, осы жоба негізінде «Нұрсәт» шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен инженерлік желілер құрылысы сәтті аяқталғанын тілге тиек еткім келеді. Мақсаты берік серіктестік бұл күнде облыс бойынша біршама беделге ие екенін жасырып қалғым келмейді.

Құрылыстың сапалылы-ғына жауап беретін негізгі та-рап құрылысшылар болып табылады. Бұл ретте маман-дардың біліктілігі туралы не айтасыз?

Әрине, жақсы жетістікке қол жеткізу үшін ең алдымен басшының ұйымдастыру қабі-леті жоғары болуы тиіс деп есептеймін. Сол белсенділігінің арқасында ұжымды бір жұдырық-қа жұмылдырып, олардың еңбек-ке деген құлшынысын арттыра түсуге болады. Қай қызметтің түрін алып қарасақ та, сонда

Page 54: Журнал №15

54

жұмыс істейтін мамандардың сауаттылығы, білімі, кәсіби шеберлігі басты рөл ойнайтынын білеміз. Дегенмен, заман көші бір орында тоқтап қалған жоқ. Күн сайын жаңа технология, дамудың жаңа түрлері орын алып жатыр. Сондықтан да, әр маман жетістікке жетудің жаңа қырын аша түсуге ұмтылуы керек. Бір білетінім бар деп жүре бермей, айналаға көз тастау қажет. Ал, ол айнала қай жақ?! Арнайы оқу курстары, өзге өңірлермен тәжірибе алмасуды жатқызуға болады. Мысалы, біздің серіктестік айтылған мәселенің бәріне жіті мән береді деп айта аламын. Себебі, тапсырыс беру-шілерге сапалы нәтиже беру үшін, құрылыс алаңындағы әр маманның біліктілігін әрдайым ескеріп отырамыз. Яғни, компа-нияда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді және қомақты материалдық-техникалық жаб-дықтармен толықтай қамтылған деп ауыз толтырып айта аламын. Жұмысшыларыма рахмет, нанын адал еңбекпен тауып жейді.

Сіз басқарып отырған құ-рылыс басқармасының атап айтар жетістіктері қандай?

Жетістік дегенде ең алдымен 2008 жылы серіктестіктің сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алғанын айтар едім. Бұдан өзге, «Тұран құрылыс» ЖШС орындайтын жұмыс көлем-дері үнемі өсу үстінде. 2006 жылы ол 8,9 миллиард теңге сомасын құраса, 2007 жылы 17,8 миллиард теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 350-ден аса нысандардың құрылыс барысына инженерлік қызметтер көрсетіліп үлгергенін айтуыма

болады. 2008 жылы әртүрлі мақсатта жоспарланған 178 нысан, оның ішінде: 15 денсаулық сақтау, 21 білім беру, 20 инженерлік ком-муникациялық инфрақұрылым, 24 сумен қамтамасыз ету, 44 тұрғын үй құрылысы толықтай игерілді дей аламын.

Қазіргі таңда «Тұран құры-лыс» ЖШС сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан бес нысандар бойынша инженерлік қызмет көрсетуде. Оның құрылу мақсаты жоғары технологиялық мақта өңдеу өндірістерін, тоқыма және тігін өнеркәсіп салаларын кешенді түрде дамыту болып табылады. Бұл жобаның сметалық құны 3 миллиард теңгені құрайды. Мұнан басқа, «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша төтенше жағ-дайлар зардаптарын жою және қалпына келтіру жөніндегі ди-рекциясы» МКК бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім-шарт не-гізінде Сарыағаш ауданындағы нысандарды қалпына келтіруге және құрылысын салуға қатысты. Мұнда жұмыстардың орындалған көлемдері шамамен 6 миллиард теңгені қамтығанын айтуға бола-ды. Бұдан өзге ауқымды жобалар бойынша біршама жұмыстар атқарылып, өз нәтижесін беріп келеді.

Сондай-ақ, Сізді Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты ретінде танимыз. Саясат жолына қарай бағыт алуыңызға не себеп болды?

Менің саясат жолына түсуім тосыннан болды деп айтсам

дұрыс шығар. Қазір есептеп отырсам, 40 жылдай уақыт еңбек жолымды мемлекеттік қызметке арнаған екенмін. Қызметімді абыроймен орындап, зейнетке шығайын деп жатқан кезімде «Нұр Отан» партиясынан пар-тиялық тізім бойынша маған Мақтаарал ауданынан сайлауға түсуіме ұсыныс келіп түсті. Мен алғашында абдырап, тіпті не айта-рымды білмей қалдым. Ұзамай келісімімді бердім. Дегенмен, көңілімде күдіктің болғанын да жасыра алмаймын. Себебі, халық сайлайды ма, сайламаса ше?! Өзім мектеп бітірісімен арман қуып туған жерден алыстап кеткенім болмаса, сол Мақтаарал ауданының тумасымын. Бірақ, ол жақтағы жұртымды ұмытқан емеспін, байланысым еш үзілмеген еді. Не де болса, тәуекелге белімді бекем буып, сайлауға түстім. Кеңес Одағы тұсында да менің сайлауға түскенім рас. Қазіргімен салыстырғанда ол кездің тәртібі басқа болды ғой. Ал, қазір менің қарсыластарымның басым бөлігі кәсіпкерлер. Елге өзімді көп жарнамалаудан аулақ болып, бір-ақ ауыз сөзбен айтарымды жеткіздім: «Үміткерлердің қай-қайсы да осы орынға лайық, кемі жоқ. Бірақ, менің де еңбек жолыма көңіл аударыңыздар. Менің тәжірибем – менің өмір мектебім» деп қорытындыладым. Сөзімнің өткірлігі болды ма, әлде халықтың сенімін оята білдім бе, әйтеуір сайлау нәтижесінде 80 пайыз дауыс жинаған екенмін. Сайлау науқаны аяқталған соң, мен зейнетке шығып, алты ай бой жазып демалдым. Қызмет атқарып үйреніп қалғандықтан болар,

Page 55: Журнал №15

55

одан ұзақ бос жүре алмадым. Сол күйімді түсінді ме, сезді ме, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Мырзахметов маған «Тұран құрылыс» ЖШС басшы-сы қызметін ұсынды. Мен еріксіз келісуге дайын болдым. Міне, бүгінгі таңда екі міндетті қатар алып жүрген жайым бар.

Бүгінгі таңда Мақтаарал

ауданының жағдайына қалай баға бересіз? Сізге қарасты бұл аймақтың тұрғындарының көңілінен шығып жатырсыз ба?

Мен Мақтаарал ауданындағы №25 сайлау аумағынан облыстық мәслихаттың депутаттығына сай-лауға түстiм. Оған Бiрлiк, Иiржар, Еңбекшi, Жаңажол, Нұрлыбаев ауылдық округтерi мен Мырза-кент елдi мекенi қарайды. Жалпы саны 30 мыңдай сайлаушы бар. Осы тұрғындар менің азды-көп-тi беделiмнiң барын сездіріп, үлкен сенімдерін артты. Енді мен де олардың сенімінен шығуға тиіспін. Ауылды жерге ең бірінші керегі таза су, жарық және табиғи отын түрі. Ойыс жолдардың қа-лыптылығы, мектеп, балабақша секілді мәселелер өз кезегінде айтылып, шешімін көп кешік-пей тауып жүр деп айта аламын. Ең бастысы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалып жүрген азаматпын. Жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қаржылай және заттай көмек көрсетіп тұрамыз. Бірінші қыркүйекте сондай балаларға құрал-жабдықтарын, мектепке киетін киімдерін алып беріп, жүздеріне шаттық нұрын ұялатамыз. Осы секілді өзге де қайырымдылық іс-шаралардың

ұйымдастырылуына түрткі болып, халықтың разылығы үшін адал қызмет етіп келеміз.

Орайы келгенде, еңбек жолыңыздың қалай өрбігенін сұрасақ. Еңбегі елеулі Сіздей азамат қандай отбасында тәрбие алды, кімдерді үлгі тұтады?

Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Кеңес-шіл ауылының топырағына аунап өскен перзентімін. Бірінші жо-ғары білімім Алматы халық шаруашылық институтында эко-номист мамандығы бойынша, ал инженер-механик мамандығы Ауыл шаруашылық институтын-да алып шықтым. 2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универ-ситетін құрылыс мамандығын бойынша тәмамдап шықтым. Алғашқы еңбек жолымды қара-пайым жүргізушіліктен бастап, Шымкент қалалық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1970-2009 жылдар аралығында Халықара-лық тасымалдау агенттігі басшы-сының орынбасары, кейінірек Түркістан қаласының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орын-басары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, 2009 жылдан бастап ОҚО мемлекеттік сәулет-құры-лыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарып келдім. 2013 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Акционерлік қоғамы «Тұран құрылысы» ЖШС-нің басшылығына тағайындалып, осы жауапты қызметті адал еңбегіммен орындап келемін. Мен қызмет еткен 40 жылдан астам уақытта

көптеген жақсы кiсiлермен жолықтырған Жаратқанға мың да бір алғысымды айтамын. Талай мықты мамандармен қоян-қолтық қызметтес болдым. Десек те, солардың арасынан мен бiр кiсiнiң есiмiн бөле-жара атап кетсем деймiн. Ол – Сансызбай Абдуллаұлы Бекбосынов. Кезiнде қалалық комсомол комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып, кейiн де үлкен қызметтердi абыроймен атқарып шықты. Сол кiсiнiң тәлiм-тәрбиесiн алдым. Үлгi тұттым. Бiр сөзбен айтқанда, ол кiсi әкемнен кем болмады. Бастысы, менi өмiрде де, қызметте де адал болуға үйреттi. Сансызбай Абдуллаұлының бойындағы адамгершiлiк қасиетi мен бiлiм-бiлiктiлiгi жөнiнде таңды таңға ұрып әңгiме айтуға болады. Сондықтан мен осындай бiр үлкен мектептен өткенiмдi мақтан тұтамын.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қа-сиеті неде деп ойлайсыз?

«Тәуелсіздіктің» ұғымын әркім әрқалай жеткізгенімен, жүректерінде бір ғана сезімнің алаулап тұратыны сөзсіз. Яғни, осы бір қасиетті сөздің астарында үлкен патриоттық мән, Отанға деген махаббаттың алып күші атойлап тұратыны даусыз. Сол сезім барда тәуелсіздігіміз мәңгі жасайтынына берік сенім болады. Қазақстанның кез келген азаматы бақытты күндеріміздің бүгінгі тіршілігіне тәубе етіп, биік шыңдарға қарай ұмтыла түскен жөн.

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 56: Журнал №15

56

Нұрсерік Шәріпов

Page 57: Журнал №15

57

Халық қамын ойлаған Халық ағасы – нар кісі...

ӘДІЛДІКТІҢ АҚ ТУЫ ҚҰЛАМАСЫН!Әділдіктің ақ туын ұстанған елде тәртіп те, тәрбие де болатыны анық. «Тура

биде туған жоқ» демекші, мемлекеттік маңызы бар әр істің басында өз ісіне адал маман тұратын болса, ел экономикасы талай белестерден асып, қарқыны күшейе-ді. Осы ретте Елбасымыз биылғы Жолдауында дамыған елдің негізі – бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі екенін атап айтты. Демек, кешегі Төле би бабамыз бастаған әділдік жолы еліміздің ұстанар басты бағытына айналуы хақ. Адал сөзді адами жолына балаған біздің кейіпкеріміз де ел ішіндегі тәртіпті жоғары санайды.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымын абы-роймен атқарып келеді. Сот жүйесіндегі маңызды мәселелер жайында Нұрсерік Кәрімұлының келелі сұхбатынан біле аласыздар!

Нұрсерік Кәрімұлы, Оң-түстік Қазақстан облыстық сотының құрылу тарихы мен қазіргі таңдағы атқарып жат-қан жұмыс нәтижелері жайын-да айтып өтсеңіз.

Оңтүстік Қазақстан облыс-тық соты Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің «Қазақстан-да 6 облыстық сот құру туралы» Қаулысына сәйкес 1932 жылы құрылды. 80 жылдық тарихы бар облыстық соттың құрамында алғашқы кезде 9 ғана судья жұмыс жасайтын. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 175 судья қызмет атқарады. Сонымен қатар, облыстық соттың іргетасы қаланған алғашқы жылдан бері бүгінгі таңға дейін сотқа 18 аза-мат төрағалық еткен. Тұңғыш төрағамыз Омар Бейсенов атты білікті маман, адал сөздің адамы болатын. Ал, мен Елбасымыздың Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына 19-шы төраға болып тағайындалдым. Сот жүйесінің өзіндік салалары болатыны белгілі. Мәселен, 1936 жылы облыстық сотта қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі алқалар құрылды. Кейін 1954 жылы облыстық сот төралқасы

құрылып, сот жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

2012 жылы біз облыстық соттың 80 жылдық мерейтойын жаңа ғимаратта қарсы алдық. Қоныс тепкен ғимаратымызда сот төрағаларының алаңсыз жұмыс жасауына толық мүм-кіндік жасалған. Сонымен қа-тар, азаматтардың өтініштерін қабылдайтын және анықтамалық-ақпараттық бөлімшелер халыққа күнделікті қызмет көрсетеді. Үлкен ғимарат ішінде қазіргі за-ман талабына сай бейнебайланыс жүйесімен жабдықталған 12 сот мәжіліс залы, оқу орталығы, кі-тапхана, ардагерлер бөлмесі және баспасөз орталығы бар. Соны-мен қатар, облыстық соттың 80 жылдық тарихынан сыр шерте-тін «Тарихы терең – еңбегі ерен» атты кітап шығардық. Сондай-ақ, облыстық соттың тарихына қатысты құжаттарды жергілікті мұрағаттардан іздестіріп тауып, бірнеше арнайы тақырыптық стендтер жасатып, мұражай аштық.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қандай деңгейде қызмет етіп

жатыр? Алға қойылған мақ-саттар мен жоспарлар орын-далуда ма?

Бүгінгі таңда жүйелі түрде жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде жақсы сапаға қол жеткізіп келеміз. Қоғам ішінде туындаған кез келген дауға соңғы нүктені қоятын – судья болып табылады. Осы себепті, әр сот төрағасы өз жұмысының бағасы қабылдаған шешімінің сапасымен өлшенетінін жақсы түсіне білуі маңызды. Өйткені, әрбір қаралған істің артында адам тағдыры тұрады. Сондықтан, бүгінгі таңда біз сот актілерінің сапасын арттыруға барынша күш салудамыз. Осы мақсатта өзім төрағалық етіп отырған Оңтүстік Қазақстан облыстық соты тарапынан аудандық және оған теңестірілген соттарға жү-гінушілердің талап-арыздарын негізсіз қайтару жағдайларын, сот барысында қатысушылардың дәлелсіз себептермен келмей қалуын, жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларына сырттай шешім қабылдауын барынша азайту туралы қатаң талап қойылды. Бүгінгі таңда қойылған талаптардың әсерінен

Page 58: Журнал №15

58

сот жүйесіндегі келеңсіздіктер 3 есеге дейін азайды.

Оңтүстік Қазақстан облы-сы судьяларының қызметке адалдығы және әділ шешімдері жөнінде сөз қозғасақ.

Өткен жылы Елбасымыз сот жүйесінің алдына стратегиялық міндеттер қойған болатын. Сол міндеттерді орындау мақсатын-да еліміздегі барлық соттарда ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру бағытында жасалынып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, кейінгі жылдары еліміздегі сот реформасы одан әрі жетілдіріліп, Ата Заңымыздың аясында аза-маттардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау нәтижесінде халықтың сотқа деген сенімінің арта бастағаны байқалады. Со-ның бір дәлелі, өткен жылы облыс соттарымен жалпы, 102 964 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер қаралған. Бұл 2012 жылы қаралған істерге қарағанда біршама жоғары көрсеткіш болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облы-сының сот төрелігі 82 жылдық тарихында бірнеше ұрпақтар-мен алмасып, еліміздегі сан түрлі сот-құқық реформаларын бастан өткерді. Мәселен, тәуел-сіздік алған жылдан бастап қазіргі таңға дейін өңірімізде әділдік туын құлатпай ұстап,

сот жүйесінің ілгері дамуына өз үлестерін қосқан облыстық сотта төрағалық қызмет атқарған – Бекет Тұрғараев, Жарылқасын Достаев, Мұсабек Әлімбеков, Марат Нұрбеков, Тілектес Бәрпі-баев және Абай Рахметуллин сынды ағаларымызға қарап, жас мамандарымыз бой түзейді. Сонымен қатар, облысымызда сот билігін жүзеге асыруда еселі еңбегі бар ардагер Би ағаларымыз Айтжан Тассейітұлы, Өмірбек Темір, Кенжебек Медетұлы, Владимир Андреевич пен Лариса Николаевна, Гүлжахан Сапар-қызы, Гүлбану Бикенқызының қызметте орындары ерекше. Өз басым тәлімгерлерінен тура жолға қарауды үйреніп келе жатқан ізбасарларымыздың қай бағытта болмасын әділ шешім шығаратынына сенімдімін.

ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жол-дауында дамыған елдің негізі – бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі екенін атап көрсеткен болатын. Елбасымыздың осы айтқаны жүзеге асу үшін қандай жұмыстар атқарылу керек деп ойлайсыз?

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күнделікті жұмыстарымен қатар, сот сала-сын да бір мезетке назарынан

тыс қалдырған емес. Жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында Елба-сымыз сот саласын одан әрі дамытудың бағыт-бағдарларын көрсетіп отырады. Биылғы Жолдауда бұл дәстүрден тыс қалмады. Елбасы «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет» деген болатын. Осы ретте Елбасымыздың аталмыш тапсырмасын жүзеге асыру үшін қарқынды жұмыстарға көшіп кеттік. Бұл мақсатта облыстық сот қызметінің ашықтығы мен жариялылық деңгейін арттыру бағытында «Облыс соттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2014 жылға арналған МЕДИА-ЖОСПАРЫН» бекітіп, барлық аудандық соттардың төрағаларына тиісті жұмыстар-ды ұйымдастыруды тапсырдым. Содан бері үш айдың ішінде об-лыс соттары тарапынан басылым-дарда 270 мақала жарияланып, 122 телесұхбат көрсетілді және 26 брифинг пен 22 баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қоғамдық пікір туғызатын істер жөніндегі сот актілері баспасөз беттерінде, облыс соттарының сайттарында жүйелі түрде жарияланып тұрады. Бүгінгі таңда облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың

Page 59: Журнал №15

59

сайттарының «Жаңалықтар» ай-дарында 600-ден астам мақала жарияланған.

Жалпы, сот жүйесі Елбасы-мыздың әрбір тапсырмасын дер кезінде орындайды десем, артық айтқандық болмас. Мәселен, Елбасымыз былтырғы жылы өт-кен Республика сот төрағалары-ның VI съезінде сөйлеген сөзінде: «Соттар қызметінің заңнамалық және іс жүргізу нормаларын жү-йелі түрде жетілдіру маңызды. Сондықтан, азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту керек» – де-ген болатын. Осы ретте биылғы жылы ҚР Жоғарғы Соты әзірлеген «Азаматтық іс жүргізу» кодексі аясында екі күндік аймақтық семинар өткіздік. Семинар бары-сында айтылған барлық ескерт-пелер мен ұсыныстарды жинақ-тап, Жоғары Соттың қарауына жолдадық. Жалпы, «Азаматтық іс жүргізу» кодексінің жаңа жоба-сы соттардың азаматтық істерді қарау кезіндегі тиімділігі мен шапшаңдылығын және мінсіздігін арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде сот билігінің түбегейлі тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп қана қоймай, Қазақстан-ның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруіне ықпал ететін болады.

Нұрсерік Кәрімұлы, ендігі әңгіме желісін өзіңіздің еңбек жолыңызға бұрсақ. Осы сала-

ға қалай келдіңіз? Өмірлік ұстазыңыз кім?

Негізі, мен Павлодар өңірі-нің тумасымын. Ата-анам өмір бойы ауыл шаруашылығымен ай-налысқан, қазіргі таңда 80 жасты алқымдап қалған үлкен кісілер. Жалпы, заңгер болуды мектеп қабырғасынан армандадым. Осы ниетпен С.М.Киров атындағы Қа-зақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы тәмамдадым. Ал, алғашқы еңбек жолым 1988 жылы атал-мыш университет қабырғасын-да заң факультетінің комсомол комитетінің хатшысы болып басталды. Кейін факультеттің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті, ҚР Президенті Әкім-шілігінің рақымшылық ету бөлі-мінің референті, аға референті болып жұмыс жасадым. 1995 жылы Алматы қаласы қазіргі Медеу аудандық халық сотының төрағасы, кейін Алматы қала-сының мамандандырылған ау-данаралық әкімшілік сотының төрағасы, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға-сы лауазымдарын атқардым. 2012 жылы Елбасымыздың Жар-лығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалып, бүгін-гі таңда осы салада қызмет етіп келемін. Менің осы жылдар ая-сында жеткен жетістіктерім мен

кәсіби деңгейім сот саласында өмір бойы жұмыс жасаған, өз ісінің шынайы маманы, белгі-лі заңгер Ыдырысова Роза Сағымбайқызының зор еңбегінің арқасында деп білемін. Ол кісі менің тәлімгерім ғана емес, өмірлік ұстазым бола білді. Осы ретте Роза Сағымбайқызына шәкірттік алғысымды білдіргім келеді.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздік – қазақ халқы-ның ғасырлар бойы аңсап күткен арманы ғана емес, басынан небір қиын-қыстау кезеңдерді өткізген ата-бабамыздың бізге жеткен үмі-ті мен сенімі, егемендік пен дер-бестіктің самал желі, азаттықтың алтын шуағы деп білемін.

Тәуелсіз елдің ең басты тұ-ғыры – қоғамның, сол мемле-кеттегі халықтың рухы, жігері, қоғамдық санасы болып табыла-ды. Қазақстанның бүгінгі құді-ретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Сондықтан, Тәуелсіздік – бұл ешкімге, еште-ңеге айырбастамайтын халқы-мыздың бауыр етіндей ең қым-баты, ең асылы, ең аяулысы екенін ұмытпағанымыз абзал.

СұхбаттасқанГүлстан Есіркепқызы

Page 60: Журнал №15

60

ЖАУ КЕЛГЕНДЕ БАТЫР, ДАУ КЕЛГЕНДЕ АҚЫЛ БОЛҒАН

ТӨЛЕНДИЕВ

Қай қоғамда болмасын, Сот болу мәртебелі міндет. Кешегі кеңестік заманда елдің жүгін көтеріп, әділ қазылық етіп, бүкіл өмірін сот саласына арнаған судьяларымыз мұның жарқын дәлелі. Олар қазақ билерінің ізін жалғап, кешегі қылышынан қан тамған Компартияның тұсында да ақыл мен арды тең ұстап, әділ төрелік етіп, халықтың құрметіне бөленген. Сондай беделді судьялардың қатарында Алматы, Атырау, Қызылорда, Жамбыл және қазіргі Оңтүстік Қазақстан облыстарында қызмет етіп, төбе би болған Нығмет Төлендиевті айтуға болады.

«Би мен қазы – жау келгенде батырың, дау келгенде ақылың» дегендей, Нығмет ағамыз елге жау тигенде қолына қару ұстап жауынгер болса, ал соғыстан кейін дауды шешетін халық сотының судьясы болды. Ол өзінің саналы ғұмырын әділдіктің ақ туын биік ұстауға арнап, 40 жылдай төрелік етіп, одан кейін де тынымсыз еңбектеніп өмірден өтті. Оның азаматтық ар-намысы мен судьялық болмыс-бітіміне дақ түсірмей өткен өмір жолы бүгінгі билерімізге үлгі-өнеге.

Нығмет ағамыз судья бола жүріп, жастарды оқу-білімге үйретіп ұстаздық етті және сот жұмысына қатысты, құқықтық, әскери-патриоттық тақырыптарда әңгіме, деректі повестер және тарихи роман да жазды. Ол ашаршылық пен соғысты басынан өткеріп, көптеген қиыншылықтардың бәрін жеңіп шықты. Нәкең өзінің ақыл-парасатының, білімі мен біліктілігінің арқасында қарапайым судьядан облыстық соттың төрағасына дейін өсіп, қарапайым мұғалімнен ұлағатты ұстаз деңгейіне көтеріліп, халықты заңды сыйлауға тәрбиелейтін, адамдарға ой салатын оннан астам кітап жазып, жазушыға айналды. Оның «Ар туралы аңыз», «Терезедегі таңба», «Айсыз түн операциясы», «Әділет атымен», «Белгісіз екеу», «Қазақтың Шерлок Холмсы» повестері мен «Война, исчезни навсегда» және «Күнгей мен көлеңке» жинағы, «Қазақтың қос батыры» тарихи романы т.б. кітаптары жарық көрген.

Н.Төлендіұлы 1922 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылында туған. 1940 жылы Түрген педагогикалық училищесін бітірген соң, бастауыш мектепте мұғалім болып, содан ұстаздық жолын кейін 40 жыл заң саласында еңбек ете жүріп жалғастырды. Ол 1941 жылы соғысқа аттанып, соғыста бірнеше мәрте жау оғынан ауыр жараланады. Смоленск жерінде жау шебін бұзып, ерлік жасаған. 1943 жылы бір шайқаста тура жүрек астынан тиген оқ арқасынан тесіп шығып, бір жылдай госпиталда емделіп, қайтадан соғысқа аттанып, 1945 жылы 25 қыркүйекте елге оралады. Содан Алматыда екі жылдық заң мектебін мерзімінен бұрын үздік бітіріп, 1948 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында халық сотының судьясы қызметіне кіріседі. Сол бір қиын-қыстау жылдары Қаскелеңде өзі судья, өзі төраға болады. 1953 жылы еліміздің Әділет министрлігінде бөлім бастығы қызметін атқара жүріп, Алматы Заң институтын сырттай оқып, үздік бағамен тамамдап, 1955-1962 жылдары қазіргі Атырау облыстық, 1962-1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік (Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) соттарына төрағалық етеді. Ал 1964 жылдан 1986 жылға дейін қазіргі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, облыстық әділет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

Н.Төлендиев Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» және тағы басқа көптеген медальдармен марапатталған. Сот, Әділет қызметіндегі жемісті еңбегі және заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше рет Жоғары Кеңес Президиумының, министрдің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

«Би жайлаған Алатау, хан жайлаған Қаратау» қаншама данышпан даналар мен дара тұлғалар қызмет еткен киелі де қасиетті жер. Сондай дара тұлғалардың қатарында кешегі Ұлы Отан соғысында бес жыл бойы елін қорғап, одан соң адалдық пен туралықты басшылыққа алып судья, кейін облыстық соттарда төрағалық етіп әрі жазушылықпен айналысып, ал 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанған Нығмет Төлендиевті айтуға болады.

Оның сұрапыл соғыстағы ерліктері мен бейбіт заманда атқарған ерен еңбектері және ұстаздық етіп, мыңдаған шәкірттерді тәрбиелегені Төлендиевтің қайраткер екендігін көрсетеді. Қазақтың «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген қанатты сөзі ар-намысын жоғары ұстап, елдің жүгін, бидің жүгін көтеріп, жерін жаудан қорғап, 40 жыл қара қылды қақ жара қазылық еткен Нығмет Төлендиевтей төбе билерге арналған сөз екендігі даусыз!

Қабыл ДҮЙСЕНБИ, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Page 61: Журнал №15

61

ҚАЙСАР МІНЕЗ – ҚАЙРАТТЫ ТҰЛҒА

«Айнымас жүрек, ер көңіл – ер жігіттің серігі» дейді атам қазақ. Бұл мақалдың дәлелін санғасырлық тарихымыздың ақ парақшаларынан көре аламыз. Бауыржан Момышұлындай батырымыздан бастап кеше ғана арамызда болған Сағадат Қожахметұлының елге деген шынайы сүйіспеншілігі мен бабамыздан тараған қайраты бүгінгі ұрпаққа үлгі де өнеге бола алады. Біздің арамызда ел үшін сіңірген еңбегі ерен, бірақ аты аталмай қалатын батыр аталарымыздың бары да рас. Демек, ол кісілердің атын алты алашқа ашып айту – біздің міндет. Біздің сұхбатымыздың келесі кейіпкерінің өмірлік жолы осындай батыр аталарымыздың арасында өрбіген. Тоғанбай Қауымбаев, Абылай Әлімбетов сияқты еліміздің батыр ұлдарынан тәлім-тәрбие алып, жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік өрілген Аликулов Талғат Шымкентбайұлы бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы қызметін атқарып келеді.

Өңірдің әскери саласы жайында Талғат Шымкентбайұлының сұхбатынан біле аласыздар.

Талғат Шымкентбайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысын-дағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі жайында айта кетсеңіз.

Жалпы, біздің қорғаныс депар-таменті облысымыз бойынша

жастарды әскер қатарына шақыру мақсатында жұмыстар атқарады. Осы ретте біз еліміздің Қарулы Күштерінің қатарына келісімшарт бойынша 19 жастан асқан, әскерде қызмет еткен немесе арнайы оқу орнын тәмамдаған жігіттерді қа-былдауды жүргізіп жатырмыз. Не-

гізі, бірінші келісімшарт 3 жылға созылады. Кейін сарбаздың қала-уымен 5 жылға ұзартылады. Бүгін-гі таңда Елбасымыздың бастама-сымен әскер қатарындағы азамат-тарға жан-жақты көмек көрсе-тіліп, олардың тұрмыстық жағ-дайларымен қатар жалақы мөлшері

Page 62: Журнал №15

62

жоғары пайызды құрап келетінін айта кеткен жөн. Өз басым Ақтау мен Өскемен қалаларында орна-ласқан әскери бөлімдерге жұмыс барысымен барған кезде әскери қызметкерлердің жағдайын кө-ріп, қуанып қалдым. Бұрынғы Кеңес кезіндегі әл-ахуалымен салыстырғанда, біздің Қарулы Күштеріміздің сапасы да, саны да артқан. Сарбаздар жататын казармалар ыңғайлы әрі сапалы жиһазбен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануға арналған арнайы жаттығу орындары, рухани дема-луға арнайы мәдени ошақтар орналасқан. Бұл жәйттер әскери саланың дамуының тек бастамасы десек болады. Бүгінгі таңда атал-мыш бағыттағы жұмыстар өз жал-ғасын тауып келеді. Осы ретте ке-лісімшарт бойынша қабылданған әскери қызметкер жалақысынан бөлек өзіне және отбасының әр мүшесіне тиесілі белгілі бір көлемдегі қаражат алатынын айта кеткен жөн. Біздің өңірде бұл қаржының көлемі 13 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, әр әске-ри аумақта арнайы балабақшалар, мектептер, дәрігерлік мекемелер бой көтеріп келеді. Ал, ең бас-тысы бұл қызметтің еш жерде таптырмайтын үлкен бір байлығы бар. Ол – тәжірибе. Себебі, әскери қызметкер әр аймақтан келген әртүрлі адамдармен араласып, бірлесіп жұмыс атқарады. Екінші айта кететін жәйт, әскери қызмет-кер жыл сайын тәжірибе жинақтап, лауазымы көтеріледі. Осы ретте

ол кісі зейнетке шыққан кезде жалақысының 30 есеге дейін кө-бейтілген мөлшерін ала алады. Әрине, бұл әскери қызметкердің болашағы үшін өте жақсы болып табылады. Мен осы жәйттерді көптеген жастарға түсіндіріп, олардың болашағы үшін дұрыс қадам жасауларына ниеттімін.

Қазіргі таңда жас буынға патриоттық қасиеттерді дарыту мақсатында қандай да бір іс-шаралар атқарылып жатыр ма?

Біздің Оңтүстік Қазақстан облысында 1000-ға жуық мектеп бар. Оның 889 мектебінде алғаш-қы әскери дайындық пәні жүреді. Сонымен қатар, көктем мезгілінде жоғары сынып оқушыларына 5 күндік әскери дала жиыны өткі-зіледі. Өз басым осы өңірдегі қорғаныс істері жөніндегі депар-таменттің басшысы ретінде аудан-дарды аралап, аталмыш жиындарға әрдайым қатысып отырамын. Сол кезде байқағаным, біздің бүгінгі жастарымыздың отансүйгіш, патриот екендеріне көзім жетті. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Мен жастардың әскери киімді киіп тұрып, балаға тән емес жігерлілік есіп тұрған жүздеріне қарап, ерте-ңіміздің жарқын болатынына се-немін.

Жыл сайын Ұлы Жеңіс күні-не орай облыс көлемінде қандай жұмыстар атқарылады?

Бүгінгі таңда бізде 587 Ұлы Отан соғыс ардагерлері, бір Кеңес Одағының батыры бар. Тоғанбай

Қауымбаев атамыз бүгінгі таңда 92 жасты алқымдап қалса да, жі-гері мойымаған дана кісі болып табылады. Ол кісі «Ленин», «Ал-тын Жұлдыз» медальдарының иегері екенін айта кетейін. Біздің өңірде ардагерлерімізге арналған жыл сайынғы әскери шеру өткі-зіледі. Сонымен қатар, облысы-мыздың әкімі Асқар Исабекұлы-ның қатысуымен үлкен салтанатты жиын болады. Әрине, бүгінгі таң-да көптеген соғыс ардагерлері жүз жасқа таяп қалған үлкен кісілер болғандықтан, кейде денсаулық-тарының нашарлығынан төсек тартып қалады. Біз сол кісілерге арнайы барып, сыйлықтармен марапаттаймыз. Сонымен қатар, өткен жылы Шымкент қаласын-дағы Абай атындағы саябақта біздің өңірден шыққан 52 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері жазылған белгі ашылды. Ол жерде Абдалиев Қарақозы, Әлімбетов Абылай сияқты ата-ларымыздың есімдері қызыл мра-мордың үстінде алтын әріптермен жазылып тұр. Және де ол жерде біздің өңірден шыққан 140 мыңға жуық сарбаздардың есімдері көр-сетілген тақтайша бар. Ол кісілер – нағыз құрметке ие еліміздің құндылықтары деп білемін. Осы себепті, жастарымыз осындай кісілердің ерлігін мақтана да мар-қая айтып, үлгі тұтса, жақсы болар еді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы-ның «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір бола-шақ» Жолдауына қатысты аза-маттық ой-пікіріңізді білдірсеңіз.

Бұл Жолдау барша қазақ елі қуанышпен қарсы алған құнды мұрамыз деп есептеймін. Еліміз-дегі әрбір азамат өз ісінің нағыз маманы ретінде осы Жолдауда көрсетілген әр дүниені іске асыру үшін жұмыс істеуі керек. Бізде мақсат та, бағыт та бар. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ештеңеден тайсалмай, тек еңбек етуіміз керек.

Page 63: Журнал №15

63

Биылғы жылы тәуелсіз елі-міздің тұңғыш қорғаныс минис-трі, армия генералы, Кеңес Ода-ғының батыры, Халық қаһар-маны Сағадат Нұрмағамбетов-тың 90 жылдығы аталып өтіл-мек. Осы ретте Оңтүстік Қазақ-стан облысында қандай іс-шара-лар өткізілмек?

Негізі, менің әкем де әскери қызметкер болған, өзіміздің Оңтүс-тік Қазақстан өңірінде орналас-қан Отырар, Шардара елді мекен-дерінде әскери саланы басқарған азамат. Бала кезімде әкем Сағадат Қожахметұлы жайлы көп айтып, қазақтың біртуар батырларын қат-ты құрмет тұтып, ол кісілердің ерлігін құлағымызға құйып отыра-тын. «Қазақтан шыққан тұңғыш екі генерал бар. Бірі – Сағадат Қожахметұлы, екіншісі – Нұрлы Бәйкенов» дейтін. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғыс ардагері, Қазақстан Республикасының әскери комис-сариатын басқарған полковник Әлім Мұхамеджанов аталардың еңбегін мысал ретінде келтіретін. Шыны керек, Сағадат атамен тіке-лей таныс болу маған бұйырмады. Бірақ, тағдырдың жазуымен ол кісіні соңғы сапарға шығарып салу маңдайыма жазылыпты. Мен ол кісіні әрқашан мақтан тұтамын. Қазақтың пешенесіне жазылған осындай батыр атамыздың болға-нына шүкір дейміз. Бір айта кетер жәйт, биылғы жылы Сағадат Қожахметұлының 90 жылдығына орай арнайы медаль жарық көрмек. Атамыздың өмір жолы туралы де-ректі фильмдер көрсетіліп, ол кісі-

нің батырлық жолы ел арасында насихатталады.

Талғат Шымкентбайұлы, әңгіме басын өзіңіздің еңбек жо-лыңызға бұрсақ. Осындай дәре-жеге қалай жеттіңіз? Өмірлік ұс-таздарыңыз кім?

Мен Оңтүстік Қазақстан облы-сы Асықата ауылының тумасымын. 1990 жылы Жамбыл технология-лық институына оқуға түсіп, кейін білімімді жетілдіру мақсатында Д.Қонаев атындағы университетін 2009 жылы тәмамдап шықтым. Алғашқы еңбек жолымды 1995 жылы Төле би ауданындағы әске-ри комиссариат басшының көмек-шісі болып бастадым. 2013 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысын-дағы қорғаныс істері жөніндегі де-партаментінің басшысы қызметін атқарып келемін. Ал, өмірлік ұс-таздарыма келетін болсам, мен өз тағдырыма шексіз ризамын десем де болады. Ең бірінші – жаратқан-ның, одан кейін анамыздың тәлім-тәрбиесінің арқасында осындай дәрежеге жетіп, елге сыйлы азамат болып отырмыз. Әкем – Шымкентбай Әліқұлұлы 1941 жылы Шымкент қаласында дүние-ге келген. Сөз басында айтып кет-кенімдей, әкем Алматы қаласын-дағы жоғары әскери оқу орнын тәмамдаған әскери қызметкер бол-ған кісі. Менің осы салада жүрге-німнің өзі де әкемді үлгі тұтып, сол кісідей сөзіне берік, ісіне мығым азамат болғым келгенінің айғағы болар. Ал, анам – Абдырайымқызы Аманкүл біздің барымыз да, нары-

мыз да болып келеді. Сонымен қатар, әскери саладағы ұстаздары-ма келетін болсам, Нұров Төлеген Малағаждарұлы атамыздың есімін арнайы атап өткім келеді. Ол кісі 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін облыс комиссары болып қызмет еткен өңіріміздің біртуар азаматы, полковник болып табыла-ды. Ол кісіден көп өнеге алдық. Бүгінгі таңда Төлеген Малағаждар-ұлымен байланысымыз үзілмеген, арнайы барып тұрамын. Тағы атап өткім келетін азамат ҚМ Бас штаб басшысының Жұмылдыру депар-тамент басшысы полковник Мұхамеджанов Бақыт Әлімұлы болып табылады. Бақыт Әлімұлы маған әрдайым кеңес беріп, ағалық қамқорлығын аямады. Негізі, мен еңбек жолымда осындай абзал кісілермен қызметтес болғаныма шексіз қуаныштымын.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде?

Тәуелсіздік мен үшін қазағы-мыздың тілі, діні, ділі деп білемін. Ол біз үшін ешқашан ұмытылмай-тын құнды дүние болып табылады. Біз – бар елміз, бай елміз. Осы құндылықтарымыз атадан балаға мирас болып жете берсін дегім келеді. Ең бастысы, көгімізде тәуелсіздіктің ақ таңы ата берсін!

СұхбаттасқанАқнұр Серікбаева

Page 64: Журнал №15

64

Оразғали Егембердиев

Page 65: Журнал №15

65

ТАУАРҒА ДА ТАЛҒАММЕН ҚАРАУ КЕРЕКЕңбек еткен адамның айналасы береке мен бірлікке толы екені қашанда ақи-

қатты көрініс. Ата-ананың үлгілі тәрбиесі ағайындарына деген бауырмалдықты ғана емес, өмірдің бұралаң жолында білімнің нәр бұлағынан сусындап, мемлекетке адал қызмет етіп, қоғам ортасында адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалауға үйретті. Мінекей, жанұяда ардақты әке атын иеленсе, қызметте әділ басшының құрметіне лайықты азаматқа халықтың қалың қошеметі дайын тұрады емес пе?! Ендеше, «Прокуратура Үздігі» төсбелгісі және кедендік бақылау комитетінің төрағасының грамотасымен марапатталған, кеден қызметінің полковнигі, Техникалық реттеу және метрология комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Егембердиев Оразғали Қуандықұлы журна-лымыздың кезекті кейіпкері болмақ. Мақтаулы ердің мақтаулы сұхбатын назар-ларыңызға ұсынамыз, оқи отырыңыздар!

Оразғали Қуандықұлы, Сіз басшылық етіп отырған Техникалық реттеу және ме-трология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бүгінгі таңдағы атқарып жат-қан жұмыстары жайлы айтып өтсеңіз.

Алдымен Қазақстан Респуб-ликасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метро-логия комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті-нің негізгі міндеттеріне тоқта-лып өткенім жөн болар. Ең біріншіден, халық тұтынатын қандай да бір өнімнің адам өмі-ріне, денсаулығына қауіпсіздігі және тауардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету, мемлекетіміз бен Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарының орындалуын қадағалау, серти-фикаттау ережелерінің және метрологиялық тәртіптердің бұзылуына жол бермеу немесе алдын алу міндеттемелері біздің жауапкершілігімізге жүктелген. Аталған міндеттер-ді толық орындау үшін біздің департамент қызметкерлері арнайы тексерістерге шығамыз. Біз пайдаланып жүрген өнімдерді

сату барысында техникалық регламенттерге сәйкес немесе сәйкес еместігін жіті қадағалап, шет елден кірген немесе өзіміз-ден шығатын тауарлардың заңға негізделгеніне көз жеткіземіз. Ал, мен жоғарыда сөз етіп отырған «техникалық регламентке» тоқ-талар болсам, бұл біздің жұмыс барысында қолданылатын өзекті құжаттарымыздың бірі болып табылады. Яғни, кез келген тауар түрінің өзіндік кестеге сай тәртіп-ережесі бар. Оның түр-түсі, сал-мағы, құрамы, қауіпсіздігі, жарам-дылығы секілді ұсақ-түйекке дейін сарапталады. Бұл регламент тек қана біздің департаментке емес, Кеден одағына енген барлық мемлекетке ортақ әрі түсінікті жүйе ретінде қалыптасқан. Сол арқылы өнімнің сапалық деңгейін анықтаймыз әрі осы техникалық регламенттің барлық талаптарына дұрыс жауап бере алған жағдайда ғана біз өнімді тауар ретінде та-нып, сатылымға жібере аламыз.

Ал, техникалық регламент-тің азулы тістеріне жем болмас үшін не істеу керек?! Ол үшін өнім өндіруші өнеркәсіптердің техникалық жабдықталулары толық және стандартқа сай қызмет етуі тиіс. Әрі әр зауыт-

тың немесе фабриканың Үкімет бекіткен сертификатқа сай сараптамалық зертханасы болуы шарт. Бүгінгі таңда бұл зертхана барлық кәсіпорында әлі салынып үлгермеген. Қазір осы міндет қарқынды түрде жүктеліп жатыр. Есесіне, шығарылған өнімді қымсынбай шет елдерге сатылымға жіберу мүмкіндігі арта түседі. Елбасы биылғы Жолдауында шағын және орта кәсіп өкілдеріне еркіндік бергенін ескерсек, олардың техникалық регламентке сай болмауына рұқ-сат етіледі деген сөз емес. Себебі, айналып келгенде өнімнің сапа-сыздығына жауап беретін біздер. Сондықтан, департамент шағын және орта кәсіп өкілдерімен дөңгелек үстелдер, жиналыстар ұйымдастырып, техникалық регламенттердің бәріне ортақ міндеттемелерін түсіндіріп жатыр. Кәсіпкерлердің ережеге сай жұмыс істеуде кезігетін қиыншылықтары болса, бағыт-бағдар беріп, кө-мектесуге тырысамыз. Ондай қиыншылықтарды аз деп те айта алмаймын. Өткен жылғы сараптама бойынша, еліміздегі индустрия-инновациялық бағ-дарлама аясында облыс аумағын-да 170 жоба жүзеге асып жатыр.

Page 66: Журнал №15

6666

Жаңадан іске қосылып жатқан зауыттар мен өндіріс мекемелеріне қандай және қанша зертхана керек деген сұрақтардың шешімін тауып, нәтижесінде кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен қоян қолтық жұ-мыс істейтін болдық.

Департаменттің басты мін-деттерінің бірі - өнімнің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта қандай іс-шаралар атқарып жатырсыздар?

Тек қана отандық өнімдерді тексеріп, қадағалаумен шектеліп қалған жоқпыз, әрине. Сырттан келетін киім болсын, тағам немесе өзге де қолданыстағы заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қадаға-лау біз үшін өте маңызды. Өткен жылы департамент тарапынан 184 тексеру жүргізіліп, оның 95 жағдайында заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, өнім-нің құны 97 821,80 мың теңгеге

278 топтамасын сатуға тыйым салынды. Сомасы 22 360,01 мың теңгеге 186 әкімшілік айыппұл төленетін болса, салыстырып тексеруден өтпеген 1092 бірлік өлшем құралдарды қолдануға шек қойылды.

Сіз атап өткен заң бұзу-шылықтарды тарқатып айтар болсақ, халықтың сапалы өнім таңдауда қателеспеуі үшін қандай кеңес берер едіңіз?

Иә, тексеріс барысында тауар өндірушілер тарапынан құқық бұзушылықтар әйтеуір кездеспей қоймасы анық. Нақтырақ айтсам, өнімді сату кезінде оның сәйкестік сертификатының болмауы, өл-шем құралдарының салыстырып тексеруден өтпегені, өнім бетіне жазылған тұтынушыларға арнал-ған ақпараттарының мемлекеттік тілде жазылмағаны, өнімге ар-налған техникалық регламент талаптарының орындалмауы секілді мәселелермен жиі ұшы-

расып жатамыз. Ал, тауар тұты-нушыларға айтарым, өнімді сатып алар кезде оның таңбалануына назар аударыңыздар. Яғни, өнім қаптамасында ең алдымен оның атауы, содан кейін өндіруші мекеменің аты және мекен-жайы, өнімнің көлемі, таза салмағы, құ-рамы, тамақ құндылығы, сақтау шарттары сақтау мен қолдану мерзімі, ең соңында нормативтік құжаттың белгісі жазылуы тиіс. Ең бастысы, сатушыдан сәйкестік сертификатты әрбір тұтынушы-ның сұрауға толық құқығы бар. Керісінше, аталған құжатты немесе сапа және қауіпсіздігі туралы мәліметті көрсетпеген жағдайда сатушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойын-ша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Технологиялық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінде

Page 67: Журнал №15

67

қызмет ететін мамандардың біліктілігі туралы не айтасыз?

Әрине, бұл департаментте білімді, тәжірибелі, білікті ма-мандар адал қызмет жасап, жемісті еңбек етіп жүр дей аламын. Ондай болмаған жағдайда департамент-тің жұмысы баяғыда-ақ әлсіреп қалар еді ғой. Әріптестерімізді облыстарда өтетін конференция, жиындарға жиі жіберіп, тәжірибе алмасуларға мүмкіндік жасап тұра-мыз. Менің бұл департаментке басшылық еткеніме бір жылға ғана жуықтады. Ендігі мақсатым, шет елдің тәжірибесімен алмасуға мамандарымыз үшін қолайлы жағдай туғызып, біліктілік дең-гейін одан әрі жоғарылата түсу. Ал, жаңадан жұмысқа қабылдан-ған жас мамандарға арнайы оқыту сабақтары жүргізіледі.

Оразғали Қуандықұлы, өзіңіз және отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз. Осы салаға қалай келдіңіз?

Мен Оңтүстік Қазақстан облысы тарихы терең Қазығұрт ауданында туып-өскен азаматпын. Әкем құрылысшы, анам өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ар-дақты ұстаз қауымынан. Ата-анамыздың қазақы тәрбиесінен сусындап, білім алдық, оқыдық. Алдымда ағаларым да мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, 1994 жылы Қазақ химия-технология институтын, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдап шықтым. Алғашқы ең-бек жолымды 1997 жылы проку-ратура саласынан бастадым. Отырар, Төле би, Түлкібас аудан-дардағы прокурордың көмекші-сінен бастап, 2008 жылға дейін аудан прокуроры, тергеу басқар-масының басшысы қызметтерін атқардым. Осы аралықта ОҚО бойынша кедендік бақылау де-партаментіне ауысып, кейін Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы бойынша Кедендік

бақылау департаментерінің басшыларының орынбасары болдым. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлі-гінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комите-тінің сарапшысы қызметін атқа-рып, бүгінгі қызметіме тағайын-далдым. Әйтеуір, әу бастан заң-дардың талаптарын орындалуын қадағалау, мемлекеттік талаптар-ды орындау сияқты үйреншікті жұмыстардың аясында жемісті еңбек етіп келемін. Ең бастысы жауапты істі жауапкершілікпен атқаруға тырысамын.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына кезекті берсек, Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздігімізге қол жет-кізгелі жиырма жылдан асып

барады. Осы уақыт аралығында біздің ел қаншама жетістіктерге өз еңбегімен қол жеткізді. Бүгіп тастаған еңсемізді көтеріп, кең байтақ жерімізде арқаны кеңге соза еркін жүре аламыз, өз тілі-мізде еркін сөйлей аламыз. Алла-ға шүкір, не ішем, не жеймін демейміз. Бәріне қолымыз жете-тін дәрежедеміз. Ең бастысы, ұрпағымыздың жүзінде күлкі, жүрегінде тыныштық бар. Осы тыныштық заманның ғұмыры мәңгілік болуды баршамыз қалай-мыз, сол үшін тырмысамыз. Елба-сының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен бірге көркейіп, бола-шаққа сенімді қадам жасаймыз деп сенемін!

СұхбаттасқанГүлстан Тоқтыбекова

Page 68: Журнал №15

68

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІКеңес дәуірі кезеңінде қазақ

елінің көптеген салалары дағ-дарысқа тап болған еді. Тек көгі-мізде тәуелсіздіктің көк туы желбіреген кезде ғана көлеңкеде қалып қойған салалар бой тү-зеп, мемлекеттің тірегіне айнал-ды. Денсаулық сақтау саласы да біраз дағдарысқа тап болып, қиыншылықтарға төтеп бере ал-ған жүйе болып табылады. Бүгінгі таңда заманауи жаңартулар ен-гізіліп, әлемдік деңгейге қадам басқан медицина жайында көп айтып, жазуға да болады. Бірақ, бос сөздің қазіргі қоғамға қаже-ті шамалы екені анық. Демек, бүгінгі медицинаның жетістігі жайлы өз ісінің шебері, ақ ха-латты абзал жаннан сұрап біл-геніміз дұрыс болар.

Назарларыңызға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қыз-метке ақы төлеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бо-

Асхат Асанұлы, Оңтүстік Қазақстан облысында меди-циналық қызметке ақы төлеу қалай жүзеге асырылады?

Біздің өңірде тегін медици-налық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілген меди-циналық көмектің шығындарын қаржыландыру 2009 жылы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулы-ғы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сай жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда біздің денсаулық сақтау жүйемізде көптеген өзгерістер болып жатқаны белгілі. Себебі, заманмен бірге еліміздің саясат

және әлеуметтік жүйесі де тың жаңартуларға тап болды. Оның бірі - дәрігерді және медицина-лық мекемені «еркін таңдау» қағидатына, бәсекелестік орта құру мен медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындығына негізделген Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін құру. «Еркін таңдау» қағидаты негізінде елі-міздің әр азаматы қажетті кезде аурухананы немесе дәрігерді өз қалауымен таңдап, сол жерде жос-парлы түрде емделуіне болады. Мысалы, 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 125 мың адам осы қағидаттың арқасында

жоспарлы түрде ем қабылдады. Ал, 6100 адам Астана және Алматы қалаларында орналасқан ғылыми емдеу орталықтарында қаралып, емделген. Сонымен қатар, әрбір емделуші сырқатынан сауығып шыққаннан кейін ол кісінің ем қабылдау тарихы «Стационарлық науқастың электрондық тізілімі» атты электронды ақпаратты жүйеге енгізіледі де, көрсетіл-ген медициналық қызметтің көлемі мен сапасы және нақты шығындары айқындалады. Денсаулық сақтау жүйесін бас-қарудың қазіргі заманғы қағидаттарын енгізу – саланың

йынша департаментінің директоры Бейсенбаев Асхат Асанұлымен болған сұх-батты ұсынып отырмыз.

Page 69: Журнал №15

69

электрондық ақпарат жүйесін және салалық статистиканы дамытуға мүмкіндік беріп, түп-кілікті нәтижеге бағытталған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыланды-руды жетілдірді. Бұл еліміздегі медицина саласының деңгейін көтеру мақсатында жасалған нәтижелі қадам деп есептеймін.

Медициналық қызмет көр-сету барысында іске асырыла-тын жұмыстарды қалай бақы-лайсыздар?

Сөз басында айтып өткенім-дей, әр науқастың шығу тари-хы «Стационарлық науқастың электрондық тізілімі» атты электронды ақпаратты жүйеге келіп түседі. Ол жерде науқастың ауру тарихы, жалпы жүргізілген диагностикасы мен емі көрсеті-ліп тұрады. Егер де орталыққа түскен емдеу тарихы емдеу және диагностикалық хаттамаға сәйкес болса, ол ешқандай бақылаудан өтпестен лезде төлемақыға тү-седі. Негізі, бізде бақылау екі түрде жүргізіледі. Бірі – емдеу сапасы, екіншісі – көлемі болып табылады. Емдеу сапасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті ба-қылау комитетіне барып түседі. Егер медициналық қызметтің сапасы төмен болса, 30 пайыздан 100 пайызға дейін төлем ақыдан алынып, емдеу тарихы орталық-қа қайтып келеді. Ал, біздің департамент емдеудің жалпы көлеміне бақылау жүргізеді. Ол медициналық көмекті көрсетудің белгіленген стандарттарға, ден-саулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады және төлеуге ұсынылған медициналық көмектің көлемінің растығын анықтауға арналған.

Елімізде Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі 2010 жылы жаңа бастау алған кезге дейін орта есеппен 1 науқасқа 41 мың тең-

ге жұмсалатын болса, бүгінгі таңда 79 мың теңгеге дейін көрсеткіш орнатылған. Осы-ның арқасында медициналық мекемелердегі материалдық – техникалық базасы заманауи құралдармен жабдықталып, күрделі аурулар дер кезінде анықталып, алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Көптеген өте жоғары технологияларды талап ететін оталардың түрлері облыс орталықтарында жасалуда. Со-нымен қатар, Бірыңғай денсау-лық сақтау жүйесінің екінші бір артықшылығы – бәсекелестік ортаны құру. Бәсекелестіктің арқасында емдеу орындары мен дәрігерлердің жұмысының сапасы артып келеді. Себебі, бәсекелес-тік бар жерде сапа болатыны анық. Жалпы, бұл жүйенің артық-шылықтары өте мол.

Елбасы биылғы Жолдауын-да Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады деп айтып өткен еді. ОҚО бойынша медицина саласын дамыту мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан да медицина саласына көп көңіл бөліп отырады. Мәселен, өткен жылы Президентіміз онкологиялық аурулардың көбейіп кеткені жайлы айтқан болса, биылғы жылғы ең бастапқы мәселе аурудың алдын алу екендігін атап өтті. Негізі, бұл – медицина саласының бұрыннан келе жатқан арманы. Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауыр-маудың жолын ізде» деген жақсы сөз бар. Бәрімізге белгілі: адам денсаулығы және көптеген со-зылмалы инфекциялық емес ауру-лардың (жүрек-қантамыры жүйе-лерiнiң аурулары, қант диабетi және басқалар) дамуы - адамның өмiр сүру салтына байланысты. Дегенмен, адамның өмір сүру жасын ұзарту үшін денсаулық сақтау саласы көптеген жұмыс-тар атқаруда: аурулардың алдын

- алу үшін профилактикалық тексерулер, арналған жастарда скринингтер және диспансерлік бақылау жүргізуде, облысымызда жоғары және оңтайландыру технологиялары кең дамуда (кардиохирургия, ортопедия). Амбулаториялық медициналық санитариялық көмекте психолог-тар мен әлеуметтік қызметкерлер еңгізілді. Біздің облыста 2008 жылы өмірдің ұзақтығы 67,9 жыл құраған болса, 2013 жылдың аяғына бұл көрсеткіш – 70,7 құ-рады. Дегенмен, денсаулық сақ-тау саласының басты қағидаты – мемлекеттің, жұмыс берушінің және адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі. Әрбір азамат өзінің денсаулығына толық жауапкершілікпен қарап, салауат-ты өмір салтын ұстанса, нұр үстіне нұр болар еді.

Халықтың денсаулығын қорғау мақсатында қандай істер атқарылып жатыр?

Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қызме-тінде дерттің алдын алу белсен-ділігінің төмендігі, яғни аурулар-ды болдырмауға емес, оларды емдеуге бағытталып келді. Осы жылдан бастап алғашқы меди-циналық-санитариялық көмек қызметі түбегейлі өзгертіліп, негізгі қызметі – аурудың ал-дын алу іс-шаралары болады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматылық деклара-циясында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту-дың негізгі қағидаттары бел-гіленген. Олар – халықты емдеу ісіне қатыстыру, денсаулық сақтау саласындағы жоғары технологияларды дамыту, сек-тораралық қарым-қатынасты күшейту. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізу бізге алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласына деген мамандардың құлшынысын нығайтуға мүмкіндік берді. Бүгін-гі таңда отбасылық дәрігерлер

Page 70: Журнал №15

70

мен аймақтық дәрігерлерге 3 мейірбике және психолог пен әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. Негізі, жүрек-қан тамыр ауруларын, онкология, құрт ауруы, нашақорлық, жүйке ауруларын емдеуге арналған қызметтер, ана мен баланың денсаулығын қор-ғау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын жүр-гізетін ұйымдар, сонымен қатар медициналық жоғары оқу ұйым-дары алғашқы медициналық санитариялық көмекпен толық және тығыз байланысуға мін-детті. Сонымен қатар, аталған қызметтердің өкілдері амбула-торлық емхана дәрігеріне мүм-кіндігінше көмектесуі қажет.

Халыққа қызмет ету аясын-да алға қойған жоспарларыңыз-бен бөліссеңіз.

Келешекте Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамытуға, оның ішінде ха-лықтың дәрігер мен медицина-лық ұйымды еркін таңдауы, бәсекелестік ортаны құру, меди-циналық қызмет көрсетудің ай-қындығы, медициналық ұйым-дарды соңғы нәтижелері бойынша қаржыландыру қағидаттарының орындалуын қамтуға қатысты көптеген жұмыстар атқару ойы-мызда бар. Сонымен қатар, халық және медициналық қызметкерлер арасында мүмкіндігінше кең ақпараттық жұмыстар жүргізіп, негізгі әлеуметтік мәні бар ау-рулар мен жарақаттарды диаг-ностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру мақсатын-да қаржыландыру мәселелері бойынша құзыретімізге сай іс-шаралар жүргізуді де жоспарлап отырмыз. Негізі халықтың ден-саулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында еңгізіліп отырған жаңалықтар Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей бас-қаруымен жүзеге асырылуда.

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Жолдауы туралы пікіріңіз қан-дай?

«Қазақстан – 2050» страте-гиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы деп есеп-теймін. Ол – елдігіміз бен бір-лігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шың-далатын үлкен емтихан. Біз үшін аталмыш стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту ортақ парыз, абыройлы мін-дет екенін ұмытпағанымыз абзал. Елбасымыз өзінің «Қазақстан жо-лы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «болашаққа ұмтылған жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашуға жаңа мүмкіндіктермен байланысқан» деп айтып өткен болатын. Елбасы «ХХІ ғасырдағы дамыған мемлекет – бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар. Бұл үшін бізге не істеу керек?» дей отырып, денсаулық саласын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Оның ішіндегі ден-саулық саласында ең басым бағыт болып табылатын алғаш-қы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, міндетті меди-циналық сақтандыруды енгізу мәселесін зерттеу қажеттігін атап көрсетіп, осы бағытта жұмыс жа-сау керектігін белгіледі.

Асхат Асанұлы, өзіңіз және отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Осы салаға қалай келдіңіз?

Мен Түлкібас ауданы Даубаба ауылында өнегелі, өнерлі кісілер-дің отбасында дүниеге келгенмін. 1980 жылы «стоматология» мамандығы бойынша Алматы медициналық институтына оқу-

ға түстім. Кейін алғашқы еңбек жолымды Түлкібас ауданында дәрігер-стоматолог қызметінен бастап, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бо-йынша департаментінің басшысы лауазымын атқарып келемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғы-мы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздігімізді жариялаған-нан бергі уақыт ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл – Елбасымыздың жүргі-зіп отырған парасатты саясаты-ның нәтижесі, сонымен қатар еліміздің тыныштығы мен қа-уіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ын-тымақтастығының арқасын-да болып отыр. Ата-бабалары-мыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны ны-ғайта түсу міндеті тұр. Елімізді бұл күнге дейін жеткізген ұмы-тылмас оқиғалар – ұлт-азаттық көтерілістер, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы біздің жадымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 71: Журнал №15

71

ТЕГІС ЖОЛ – ТАБЫС КЕПІЛІНарық заманына аяқ басқан алғашқы

жылдары еліміздің экономикасы құлдырау мен өркендеу кезеңдерінен тұратын. Бүгінгі таңда ел азаматтарының елеулі еңбегінің арқасында қазақ жұрты еркін тыныстап, арқасын кеңге жая алатын жағдайға жетті. Бірақ, заман бір орнында тұрмақ емес. Заманмен бірге нарық сах-насының заңы да өзгерістерге ұшырады. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы жайлы және сапалы жолдары жоқ елдерде дамыған бәсекелестікке қа-білетті өндірістік база да, келешегі бар ғылыми технология да, тұрғындарының жоғары өмір сүру деңгейі де жоқ екендігін атап көрсеткен болатын. Демек, ендігі мақсат – еліміздің жол саласын қамтып қана қоймай, жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл ретте атқарылған жұмыстардың жемісі ретінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің мемлекетіміздің көлік саласындағы маңызды және үлкен жобалардың бірі болып табылатыны белгілі.

Аталмыш жобаға еңбегін сіңіріп жүрген Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы ұлттық компаниясы филиалының бүгінгі таңдағы жұмыстары жайында мекеме басшысы Дүйсембеков Мұхтар Манасұлы-мен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз!

«ҚазАвтоЖол» акционер-лік қоғамы ұлттық компания-сы ОҚО филиалының құрылу тарихы мен бүгінгі таңдағы жеткен жетістіктері жайлы айтып өтсеңіз.

Біздің «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының іргетасы Үкімет қаулысымен 2013 жылдың ақпан айының 1 жұлдызында қаланды. Аталмыш жобадағы бастапқы мақсат – еліміздегі жол саласын дамытып, халықаралық деңгейге көтеру болып табылады. Елбасы-мыз Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде жақсы жолдар салуға үйренбейтін болсақ, өзіміздің стратегиялық мақсатымыздың бірде-біріне жете алмайтынымызды атап айтқан болатын. Бұл өз кезегінде Президентіміздің бізге деген се-німі мен талабы деп білеміз. Осы

ретте біздің компанияда ағымдағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау, орташа, күрделі жөндеу, қайта құ-ру жұмыстарын ұйымдастыру, ба-қылауды жүзеге асыру, жол маңа-йындағы құрылымды дамыту және тағы да басқа жұмыстар кіреді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда еліміз бойынша аса маңызды «Батыс Еу-ропа – Батыс Қытай» дәлізін іске асыру мақсатында көптеген жұ-мыстар атқарылып жатыр. Әрине, аталмыш жоба үлкен инвестиция-лық қаражатты қажет ететіні анық. Сондықтан, «Батыс Еуропа – Ба-тыс Қытай» дәлізін толық аяқта-ғаннан кейін келешекте аталмыш дәліз ақылы болады деп күтілуде. Осыған байланысты біздің жол саласына көптеген жаңартулар енгізу жоспарланып отыр. Ал, біз-дің «ҚазАвтоЖол» акционерлік

қоғамы ұлттық компаниясы Оңтүс-тік Қазақстан облыстық филиалы 2013 жылы қыркүйек айында құрылды. Негізі, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бас меке-месі Астана қаласында орналасқан. Осы ретте біздің бөлімше заңды тұлға болып есептелмейді. Біздің мамандар арнайы сенімхат арқылы өңірлерде қызмет атқарады. Бас-тапқы біздің мақсат республикалық маңызы бар жолдарда атқарылып жатқан істерді жіте назарда ұстау болып табылады. Мәселен, біздің өңірде республикалық маңызды 786 шақырым жол бар екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, бүгін-гі таңда аталмыш аймақта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бо-йынша қайта құрылу, күтіп баптау, орташа және күрделі жөндеу жұ-мыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы,

Page 72: Журнал №15

72

жоба енді ғана қолға алынып жат-қан кезде 2000-3000 адам ғана жұ-мыс жасайтын. Бүгінгі таңда 4000 маман жұмыспен толық қамтама-сыз етілген.

Стратегиялық маңызды ны-сандардың бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасы жайлы айта кетсеңіз.

Сөз басында айтып кеткенім-дей, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық маңызы бар көлік жолдарының жалпы ұзындығы 786 шақырымды құра-са, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тран-зиттік көлік дәлізі жобасының жалпы ұзындығы 448 шақырымды құрап отыр. 2013 жылы қыркүйек айынан бастап «Шымкент-Тараз» бағытындағы автокөлік жолының 81 шақырымын құрайтын жол құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы «Todini & Im-pregillo & Akkord» бас мердігер мекемесі «Шымкент-Ташкент» бағыты бойынша 37 шақырым жолды қайта жаңарту және құру жұмыстарын бастап кетті. Атал-мыш жобалар Азиялық Қайта құру және Даму Банкі инвесторларымен қаржыландырылады. Жоғарыда аталған мердігер мекемелерге өн-дірістік жұмыстар үшін 1500-ден аса жол құрылыс құрылғылары және 2000-ға жуық адам тартыл-ған, оның ішінде 80 пайызы жергі-лікті тұрғындардан құралған. Егер де әр компанияны атап айтатын болсақ, Қызылорда облысының шекарасынан Түркістанға дейінгі жол бағытында «Dena Rahsaz/Sargin» атты Иран компаниясы қызмет етті. Аталмыш компания 10 жыл көлемінде еліміздің құрылыс саласында жұмыс жасап, таны-малдылыққа ие болған. Одан кейін Түркістаннан Иқанға дейін 24 ша-

қырымда «СейСер» атты өзіміздің қазақстандық компания қызмет атқарып келді. Бұрындары Қара-ғанды өлкесінде жұмыс жасап, елеулі еңбегімен көзге түскен ком-пания болып табылады. Ал, Икан-нан Төрткүлге дейінгі 48 шақырым жол құрылысымен «Poskoengineer-ing & Сonstruction» атты Оңтүстік Корей компаниясы, Төрткүлден Темірланға дейінгі 33 шақырым жолдың құрылысымен «Sinohydro Corporation Limited» атты Қытай компаниясы айналысып жатыр. Аталмыш компаниялар біздің елге 2011 жылы ғана келген болатын. Сонымен қатар, бізде «Kukdong engineering & Сonstruction» атты Оңтүстік Корей елінің тағы бір компаниясы қызмет атқарады. Олар Темірланнан Шымкент қала-сына дейінгі жол аралығында жұ-мыс жасады. Ал, Шымкент айнал-ма жолының құрылысымен «Aзер-керпу/Тепе» атты Әзірбайжан және Түркия елдерінің бірлескен компаниясы айналысқан болатын.

Оңтүстік Қазақстан облы-сын сапалы жолдармен қамтама-сыз ету қарқыны қалай жүріп жатыр?

2011 жылы біздің өңірде Шымкент қаласынан Қызылорда облысы шекарасына дейінгі аймақ-ты қамтитын 224 шақырым жол жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш жол уақыт-ша қолданысқа берілді. Әрине, кейбір ұсақ-түйек жұмыстардың қалғаны анық. Бірақ, биылғы жы-лы бұл жоба толық қолданысқа беріледі деген сенімдеміз. Одан бөлек, 2012 жылы 15 шақырымды қамтитын «Темірлан» айналма жолының құрылысы басталған болатын. Биылғы жылы күз айы-на дейін жол құрылысы тәмамда-лып, қолданысқа беріледі деп жос-

парланып отыр. 2013 жылы қыр-күйек айында Шымкент пен Жамбыл облысының шекарасын-дағы 81 шақырымдық жол құры-лысы басталып кетті. Негізі, жұ-мыс қазіргі таңда қарқынды түр-де жүріп жатыр. Әрине, қыс мез-гілінде белгілі себептермен жұ-мыстар тоқтатылатыны анық. Ол кезде тек қана жол құрылысына керекті материалдарды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда көктем мезгіліне орай да-йындық жұмыстары жүріп жатыр. Сәуір айынан бастап жұмыс қар-қынды жүреді деген ойдамыз. Аталмыш жобаны 2015 жылдың аяғына дейін бітіру жоспарымызда бар.

Мұхтар Манасұлы, біз жұ-мыс барысымен көптеген елді мекендерге іс-сапармен барып жүрміз. Сол кезде байқағаны-мыз, әр өңірдің жолдары әр түрлі болып келеді. Мәселен, Қызылорда облысының жол-дары тегіс бір қалыпты орна-ласқан. Көлікпен жүрген кезде ыңғайлы әрі сенімді жол екені көрініп тұрады. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының жолда-рына келер болсақ, көптеген олқылықтарды байқап жүрміз. Осының себебі неде?

Жалпы, барлық жерде талап бірдей болғандықтан, сапа да сол бір көрсеткішті ұстайтыны анық. Ал, егер айырмашылықтарына келетін болсақ, жолдың екі түрі болатынын көп кісілер біле бер-мейді. Мәселен, жол қатты қабат және жұмсақ қабат болып бөлінеді. Қызылорда облысында жолдың үсті асфальтті-бетонды қабатпен көмкерілген. Ол жер бетіне жұм-сақ әрі тегіс болып жатады. Ал, біздің өңірдің жолдарында бетонді қабат орналасқан. Жаз мезгілінде

Page 73: Журнал №15

73

күн ысығанда, қыс мезгілінде күн суығанда бетон қысылып, қайта-дан кеңейеді. Сол кезде бетон жа-рылып кетпеу үшін әрбір 5 метр сайын тігіс саламыз. Әрине, көлік-пен жүрген кезде бұл жәйт сезіл-мей қоймайды. Сонымен қатар, әрбір 300-500 метр сайын тігісті аумақтау болады. Мүмкін, атал-мыш жәйт сырт көзге олқылық болып көрінгенмен, бұл жұмыс барысындағы заңдылық болып табылады. Бүгінгі таңда көптеген аймақтарда жол құрылысы әлі жүріп жатқандықтан ол жерлер көзге оғаш көрінетіні анық. Бірақ, болашақта аталмыш жобалардың барлығы іске асырылған шақта біздің өңірдің жол сапасы және көрінісі халықтың көңілінен шы-ғады деген ойдамын.

Сіз басшылық етіп отырған «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы ұлттық компаниясы ОҚО филиал мамандарының біліктілік деңгейі жайлы айта кетсеңіз.

Біздің филиалда бүгінгі таңда 17 адам жұмыс істейді. Әрқайсы-сының біліктіліктері өте жоғары. Себебі, біз жұмысқа қабылдар ал-дында әрбір маманға үлкен талап қоямыз. Бірінші – мамандығы, одан кейін тәжірибесі. Сонымен қатар, біздің мекемеде республика көлеміндегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасы басталар ал-дында арнайы оқыту жұмыстары жүргізілді. Халықаралық дәреже-де келісімшарт жасасу, ұйымдас-тыру жұмыстарын толық игеру мақсатында біздің мамандарымыз-дың барлығы Астанада арнайы оқудан өткен болатын.

Шетелдік әріптестеріңізбен тығыз қарым-қатынас жасап жатырсыздар ма? Осы ретте

қандай жобалар іске асырылып жатыр?

Біздің салада жұмыс барысы кезінде мердігерлерден бөлек «Құрылыс сапасын бақылаушы консультант» атты халықаралық инженерлік компаниялар қызмет атқарып жатыр. Олардың басты мақсаты – жұмыстың сапасын қадағалау, көлемін бақылау болып табылады. Жалпы, бұл жерге бү-кіл дүние жүзінен мамандар келіп жатыр десек те болады. Біз олар-дан көп нәрсе үйрендік. 2010 жыл-дан бастап халықаралық деңгей-дегі жұмыстар атқарылып жатқан-дықтан тәжірибеміз де жеткілікті деп нық сеніммен айтуға болады. Көп мамандарымыз қызмет бары-сында сол компаниялармен тығыз жұмыс жасап, тәжірибе алмасты. Сол кездегі мамандармен қазіргі мамандарды, әрине салыстыруға болмайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына қатысты азаматтық ой-пікіріңізді білсек.

Негізі, осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Елбасы-мыздың Жолдауында көрсетілген болатын. Бүгінгі біздің жұмыс Жолдаудың нәтижесі деуге бола-ды. Жолдар – еліміздің күретамыр-лары, ел экономикасына өз әсерін тигізетін мемлекеттік маңызы бар дүние болып есептелінеді. Осының арқасында транзиттік көлемдер ұлғайды. Ал, бұл өз кезегінде ша-ғын және орта бизнестің дамуына, халықтың жұмысқа тартылуына, жалпы экономикамыздың көтері-луіне өзіндік үлес қосты.

Мұхтар Манасұлы, әңгіме басын Сіздің еңбек жолыңызға

бұрсақ. Осындай дәрежеге қалай жеттіңіз?

Мен Оңтүстік Қазақстан облы-сы Төле би ауданында дүниеге келгенмін. 1992 жыл «инженер-құрылысшы» мамандығы бойын-ша Иркутск политехникалық инс-титутын тәмамдадым. Алғашқы еңбек жолым 1993 жылы Ленгер аудандық автомобиль жолдарының жол шебері болып басталды. Кейін 1999 жылы «Қазақавтожол» РМҚК сапаны бақылау және өндірістік жұмыстар бөлімінің жетекші маманы болып бастап, бас инже-нерінің міндетін атқарушы, Оңтүс-тік Қазақстан облыстық филиа-лының бас инженері болып жұмыс жасадым. 2013 жылы «ҚазАвто-Жол» ҰК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры лауазымына тағайындалып, бүгінгі таңда осы салада еңбек етіп келе-мін. Менің жеткен әр шыңым ата-анамның және ұстаздарымның жастайымнан берген тәлім-тәрбие-сінің жемісі деп ойлаймын. Ол кі-сілер мен үшін әрқашан үлгі болып қала бермек.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде?

Тәуелсіздік ең бастысы бізге еркіндік берді. Бұрынғы Кеңес уақытында біз көп нәрсені өзіміз шеше алмайтынбыз. Біздің тіліміз де, діліміз де белгілі бір шектеу-лерге тап болды. Бірақ, бүгінгі таңда еліміз арқасын кеңге жая алады. Себебі, біз тәуелсіз елміз. Балаларымыз жан-жақты дамып жатыр. Ел экономикасы жаңарту-ларға толып келеді. Осының бар-лығы тек тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.

Сұхбаттасқан

Айсұлу Сағынтаева

Page 74: Журнал №15

74

«САН МЕН САПА ҚАТАР ӨРІЛЕДІ»Бүгінгі таңда елі үшін емі-

рене қызмет ететін аптал азаматтарымыз атқарған жұ-мыстарынан, тынымсыз еңбе-гімен ерекше дараланып, жұрт-шылықтың назарына бірден ілігетіні сөзсіз. Қызметіне де-ген адалдық, жауапкершілік, зор сүйіспеншілік арқылы ел се-німін алған жандардың басар тауы, алар шыңы бір басқа. Дегенмен, өзі де, сөзі де биік бол-ған сайын, қарапайымдылық қа-ғидаларынан асып түсе алмай-тын кісілердің табиғи бол-мысына көпшілік қашанда тән-ті бола алады. Атқарған қыз-меті тек қана ел болашағы жолына бағытталған ардақты жандардың бірі, «Тәуелсіздікке 10 және 20 жыл» төсбелгілері-мен марапатталған, «Оңтүс-тік Қазақстан облысы бойын-ша қаржылық бақылау инспек-циясы» мемлекеттік мекеме-

сінің басшысы Өксікбаев Жанболат Абдешұлы біздің журналымызға арнайы сұх-бат берді. Ендеше, аталмыш инспекцияның атқарып жатқан жұмыстары мен жеткен жетістіктері жайлы келелі әңгімеден сусындай отырыңыздар!

Жанболат Абдешұлы, Сіз басшылық етіп отырған ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік меке-месінің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары жайлы ай-тып өтсеңіз.

Алдымен біздің инспекция-ның қызмет беру мазмұнымен таныстыра өткенім жөн болар. Біріншіден, ОҚО бойынша қар-жылық бақылау инспекция өз құзіреті аясында мемлекеттік қаржылық бақылау және мемле-кеттік сатып алу саласында бақы-лау функцияларын жүзеге асыра-

ды. Оның негізгі міндеттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, есебін жүргізу және атқарылуы жөнінде есеп беру, олардың атқарылуын бағалау, гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің иелі-гінде қалған тауарларды сатудан түскен ақшаны пайдалану жатады. Сондай-ақ, мемлекеттік қаржылық бақылау нысандары қызметінің Қазақстан Республикасының заң-намасына сәйкес келуін тексеру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы

заңнамасының сақталуын бақылау болып табылады.

Аталған бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес және жоспардан тыс жүргізіліп тұрады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей, мемлекеттік қар-жылық бақылау мекемелері ке-шенді бақылауды екі жылда бір рет жүргізіліп тұрады. Бұл ретте Республикалық бюджеттің атқа-рылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комис-сиясымен ақпарат алмасып, екі жақты келісе отырып бекітеді.

Page 75: Журнал №15

75

Жоспардан тыс бақылаулар Қазақстан Республикасы Прези-дентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар-дың тапсырмалары негізінде, депутаттық сауалдар және құқық қорғау органдарының сұраныс хаттары бойынша жүргізілетінін айтуға болады. Облыс бойынша мәлімет берер болсам, былтырғы жылы 274 нысан бойынша бар-лығы 487 тексеру жүргізілді. Оның ішінде жоспар бойынша – 73 болса, 414-і жоспардан тыс тексерілді. Нәтижесін сараптай-тын болсақ, мемлекеттік мекеме-лерде, кәсіпорындарда және ша-руашылық мекемелерде барлығы 33283371,1 мың теңге құрайтын заң бұзушылықтар анықталды. Соңында, қаржылық есептіліктің жасалуы мен бухгалтерлік есеп-тегі талаптардың және бюджеттік несиелердің берілуіндегі заң бұзу-шылықтар сомасы – 27450835,9 мың тенгені құрайды.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жол-дауында сыбайлас жемқорлық-қа қарсы жаңа стратегияны қа-лыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды мін-дет екенін айтты. Бұл ретте Сіз-дер қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

Елбасының биылғы Жолда-уында еліміздің дамуы үшін ба-

ғытталған стратегиялық жоспар-лар мен тапсырмалар нақты айтылды. Ендігі мақсат, әр сала бойынша аталған міндеттерді орындау керек. Сонда ғана мемле-кетіміздің экономикасына сүбе-лі үлес қосарымыз анық. Ал, Сіз атап өткен сыбайлас жемқорлық-тың жолын тежеу әлі де өз жұмы-сын тоқтатқан жоқ. Біздің инспек-цияда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға» сәйкес көптеген жұ-мыстар нәтижесін көрсетіп келеді. Сол арқылы бақылау барысында-ғы сапалық көрсеткіштер де жақ-сы нәтижеге ие екенін айта ала-мын. Мысалы, «Нұр Отан» партия-сының өңірлік филиалы мен инс-пекция арасындағы өзара түсініс-тік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Сол арқылы аталған мәселе жөнінде дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, ар-найы дәрістер оқу жұмыстары ұйымдастырылып тұрады. Онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында түрлі деректер мен мәліметтер ашық айтылып, көпшілік алдында талқыға түсіп отырады. Бұдан бөлек инспекция тарапынан өзге де шаралар бел-сенді түрде атқарылып тұрады. Бөлім басшыларымен апта сайын өткізілетін жоспарлы кеңестерде және жалпы өндірістік жиналыс-тарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шараларын күшей-туге үлкен мән берілетінін тілге тиек еткім келеді. Үстіміздегі

жылдың 19 тамызында «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет жасаудағы жүйелілік ша-ралар» тақырыбында кеңес өткі-зіліп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру, қызмектерлердің сыбайластыққа баруын алдын алу жөнінде маңызды шешімдер қабылданған болатын.

Ең басты айта кетерім, инспек-цияда сенім телефоны мен жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін пошта жәшігі тұрақты жұмыс істейді. Бір қуан-тарлығы, қазіргі таңға ондай өті-ніштер түскен жоқ. Сонымен бірге, инспекция ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, мем-лекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі туралы заңнамалықтары бойынша көрнекілік тақталары жасақталған. Мұның бәрі Елбасы-ның аталған тапсырмасына сал-мақпен және ұқыптылықпен қарап, еліміздің сыбайлас жемқорлықтың жемтігі болудан аман сақтаудың негізіне бағытталады.

Облыс көлемінде өткізіліп тұратын тексерулерге тоқтал-саңыз. Олардың жоспарлы жә-не жоспардан тыс түрлері бары-сында қандай теріс әрекеттер байқалды?

Иә, тексерудің аталған осы екі түрі арқылы да бұрыстықтар орын алып жатады. Оның бәрін әкімшілік жазаға тартып, белгілі ережелерге сай айыппұл төлеуге әкеліп соқтырамыз. Мәселен, аяқталған құрылыс нысандарын

Page 76: Журнал №15

76

жаппай тексеруден өткіздік. Яғни, 2010-2012 жылдары біткен құры-лыс нысандарын пайдаланушы-лардың теңгеріміне өткізу-қабыл-дау актілерімен тапсырылмағаны анықталып отыр. Атап айтар болсақ, «Шымкент қаласының құрылыс бөлімі» ММ – 660 031 мың теңге, «Ордабасы ауданы-ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 875 939 мың теңге, «Шардара ауданының құрылыс бөлімі» ММ – 722 251 мың теңге, «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 204 484 мың теңге, «Қазығұрт ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 225 5829, 5 мың теңге, «Түлкібас ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 184 4232 мың тең-геге дейін орын алған. Аталған мекемелерге қаржылық есептілік заңнаманы бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық-тар туралы» кодексіне сәйкес 7 лауазымды тұлғаға 1199,0 мың теңге сомасында әкімшілік жаза қолданылып, бүгінгі таңда толық мемлекет қоржынына өндіріліп алынды. Осы және өзге де нәти-желер инспекцияның қарқын-ды жұмыс жасап жатқандығын аңғартады.

«ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» мемле-кеттік мекеме мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?

Қандай да қызметтің түрі болмасын, оның жемісті еңбегі бір ғана адамның емес, тұтастай ұжымның бірлесе атқарған жұ-мысымен айқындалады. Яғни, «жұмыла көтерген іс жеңіл» де-мекші, ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығы қай кезде болма-сын басты назарда болғаны маңыз-ды. Және де әрбір қызметкердің өз жұмысына деген сүйіспеншілігі, шынайы ықыласы мен мақсатты

әрекеті көп нәрсеге себепші бола алады. Сол арқылы өзінің білік-тілігі мен кәсібилігін шыңдай түсетіні тағы бар. Өңіріміздегі қаржылық бақылау инспекциясын басқара отырып, өзіме қарасты қызметкерлердің біліктілігін әр-кез бақылауда ұстағанды жөн санаймын. Біздің мекеменің жұмысы негізінен сандармен ты-ғыз байланысты болғандықтан, қателесуге, жаңылысуға қатаң тыйым салынады. Сол себепті, зеректілік пен байқампаздық қасиет те басты рөл ойнайды. Соның ішінде, жас маман тәрбие-леуге де көп назар аударамыз. Се-бебі, бүгінгінің жастары заман көшіне ілесе білетін жалынды рухқа ие екенін мойындау керек-піз. Тиыннан теңге құралатыны сияқты, айлар мен жылдардың еселенуінен жас мамандар өзде-ріне тәжірибе жинақтай түседі. Оларды аранайы оқу курстарына жіберіп, біліктілігін арттыруға белгілі бағдарламалар бойынша жоспарлар ұйымдастырып тұра-мыз. Басқа өңір инспекциялары-мен тәжірибе алмасуға қызмет-керлерімізді мекеме тарапынан арнайы жібереміз. Сол арқылы, инспекцияның әр кірпішін қат-тырақ бекіте түсеміз деп айта аламын.

Осы тұста әңгіме басын өзіңіздің өмір жолыңызға қарай бұрсақ. Осы салаға қалай кел-діңіз?

Мен киелі Түркістан қаласын-да, дәрігерлер отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам көзі ашық, көкірегі ояу кісілер болғандықтан, біздің де білім алып, оқу оқып, елге адал қызмет етуге баулып өсірді. Екі әпкем және төрт інім бар. Олар еліміздің кәсіпкерлік саласын дамытуға атсалып жүр-ген жандар. Бүгінгі таңда үш перзенттің ардақты әкесі болып, ата-анамыздан алған тәрбиемен оларға да өмірдің дұрыс бағдарын беріп келеміз деп ойлаймын.

Өзіме келер болсам, мектеп бітіргеннен кейін әскерде Отан

алдындағы борышымды өтеп келдім. 1985 жылы сол кездегі Свердлов заң институтын үздік тәмамдап, алғашқы еңбек жолым-ды Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында тергеушліктен бастадым. Кейін бұл тергеушілігім ауданда, ауылда жалғасып, тергеу бөлімі бастығының орынбасарына дейін көтерілдім. 1995 жылы Мемлекеттік тергеу комитеті құрылғаннан кейін, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары қызметін атқардым. 1997 жылы қазіргі облыстық қаржы полициясының бастығы қызметінде болдым. Келесі жылы қаржы саласын тастап, полиция қызметкері атандым. Ал, 1999 жылдан бастап ОҚО сот акті-лерінің орындау департаментін басқардым. 2004 жылдан бері қаржылық бақылау инспекциясы саласына араласа бастадым. Ал-ғашқы бес жылында орынбасар, ал бүгінгі таңда инспекцияны басқару жауапкершілігі өзіме бұ-йырып отыр.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын өзіңізге де жолдасақ. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Кеңес Үкіметі жойылып, еліміз Тәуелсіз мемлекетке айналғаны бәріміз үшін үлкен бақыт болды. Мінекей, осы бақытты үкілеп келе жатқанымызға бүгінде 23 жылға жыл толып үлгерді. Армандап жеткен тәуелсіздігімізді сақтап қалу да баршамыз үшін үлкен міндет деп есептеймін. Әсіресе, жастар жағы алтыннан да қымбат бұл дүниенің мәңгілік ғұмыры үшін әрекет жасау керек. Яғни, білім алып, Отанына адал қызмет етіп, ұрпақ көбейтуге бірауыздан атсалысқаны жөн. Сонда ғана еліміз гүлденіп, сынға да, мінге де ұшырай алмайтын берік бола түспек.

Сұхбаттасқан Ұлжан Шораева

Page 77: Журнал №15

77

ТАРИХҚА ТҰНҒАН ӨЛКЕТарихы мен тағлымы терең Оңтүстік Қазақстан облысының бүгінгі ұрпаққа таныстырар,

өткеннің аңыз-әңгімелерінің шындыққа жанасатын дәлелдемелері ретінде ондағы әулиелі, киелі саналатын көне орындар мен ескерткіштерге бай екенін айтуға болады. Ата-бабамыздың өткенінен өрілген, тарихи оқиғалардың куәсі саналатын ескерткіштер бүгінде өзге мемлекеттерден келген туристердің назарын аударып, көпшілікті тәнті етіп келеді. Ендеше, сол жәдігерлеріміздің тарихи анықтамаларына назар салсақ...

Алдымен Арыстан баб кесенесіне тоқталсақ, бұл – көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші болып табылады. Кесене XI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Уақыт өткен сайын кесененің сәулеті біраз тозыңқырап, XX ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен қайта қалпына келтірілген болатын. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын беріп, ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынады. Кесененің ішкі құрылымына назар аударсақ, бірінші бөлмеде Арыстан баб орналасқан, екіншісінде - шәкірттері Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген. Дәліз-қақпасының маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деген жазу көрсетілген. Сондай-ақ, Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Бұл құдыққа арнайы саяхаттап келген қонақтар бос шелек түсіріп, бұйыртқан суынан нәр татып жатады. Бүгінгі таңда Арыстан баб кесенесі мемлекеттік қорғауға алынып, Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман халқының киелі жерлерінің бірі болып саналады.

Бұдан кейін орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіштерінің бірі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтсақ. Бұл ескерткіш XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауи бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам өлкесінде туылып, көне түркі тілінде жазылған «Диуани Хикмат» атты діни өлеңдер жинағымен әйгілі болған Ахмет Яссауидің кесенесі — аса үлкен күмбезді құрылыс болып табылады. Кесене Темір дәуірінің айтулы төрт ескерткішінен, Шахрисябздегі Ақсарай, Темір әулетінің зираты Доруссиядат, Самаркандтағы Бибі ханым мешіті, бізге жеткен жалғыз құрылыс екендігімен де қымбат. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. Ғимараттың орталық залының төңірегі түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме және Қазандық, Үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай, Құдықхана, Кітапхана, Асхана, Көрхана, Мешіт деп аталатын 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның шешімімен «Мәдени мұра» тізіміне еніп отыр.

Шымкент қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жердегі Сайрамсу өзенінің жағасында орналасқан ежелгі Сайрам ескерткіштері туралы да біраз айтуға болады. Қазіргі Сайрам ауылының орнында Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі – Исфиджаб кезінде осы аймақтың орталығы болған. VIII ғасырдан бастап Исфиджаб Ұлы Жібек жолындағы сауда қаласы екені белгілі. Ал, бүгінгі Сайрам кентінің орталығында ортағасырлық сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері сақталып отыр. Оның ішінде, Ибраһим ата, Қарашаш ана мазарлары шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда Ахмет Иасауидің әкесі мен шешесіне арналып тұрғызылған. Абду-л-Әзиз баб күмбезі – үлкен порталдан, орталық бөлмеден, қатар орналасқан екі бөлмеден, төбесі күмбезбен жабылған Сайрамдағы ең үлкен құрылыс болып табылса, ХVIII ғасырға тән Қожа Толығ кесенесі Сайрамдағы ең бір әдемі құрылыстардың бірінен саналады. Сыртқы, ішкі өлшемдері шаршыға жуықтап, күйдірілген кірпіштен қаланған. Сайрамда бұдан басқа да ХІ-ХVIII ғасырлардың арасын қамтыған ірілі-ұсақты ескерткіштер көп. Негізгілері мемлекет қарауына алынып, туристердің назарын елітіп келеді.

Ендігі әңгімені Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан Домалақ ана кесенесі туралы жалғастырсақ. Қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында Домалақ ана атанған Нұрилә Әли Сланқызының зиратының басына тұрғызылған. «Нұриләны» араб тілінен аударғанда «Алланың нұры» деген мағынаны білдіреді. Домалақ ана Жетісу, Әулиеата, Шымкент, Ташкентті мекен еткен барлық халықтың анасы саналады. Бірде Домалақ ананың түсіне ері Бәйдібек ата кіріп, туған мекені Қаратауға көш деп аян береді. Осы жол сілтеумен өмірінің соңғы уақыттарын Қаратауда өткізген аяулы ана намаз уақытында қайтыс болады. 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып қайта өңделген.

«Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған...» деген өлең шумақтары арқылы күллі дүниеге белгілі болған, Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан, Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа жоталы Қазығұрт тауының қасиетті де киелі саналатынынын баршамыз жақсы білеміз. Түркі аңызы бойынша топан су қаптаған кезде Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрттың шыңында тұрып қалған деп айтылады. Топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі сыртқы бітімі кемеге ұқсас Қазығұрттан басталған деседі. Мінекей, тарихқа тұнған Оңтүстік өңірінің әулиелі жерлерінің тізбегі осындай.

Маржан Әбдіғалиқызы

Page 78: Журнал №15

78

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІӨнерлі өрге озады...

Тағылымға толы тарихы бар қазақ елі атақты ұлдары мен талантты қыздарынан кем емес-ті. Ғылымның түрлі саласын меңгерген дана ойшылдары мен өнердің қасиетін сезіне білген дара әртістерінің есімдері бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталары анық. Сондай-ақ, «Жақсының аты өлмейді» демек-ші, ескінің көзі болатын тарих парақшаларына көз жүгіртіп, даналарымызды жәйлі айтып өтсек артықтық етпес. Сонымен қатар, асылдың тұяғы болып табылатын бүгінгі таңда еліміз марқая да, мақтана да атай алатын елеулі азаматтарымызды да айта кеткеніміз жөн болар. Осы ретте талантқа бай, тарихы зор Оңтүстік Қазақстан облысының даралары жәйлі деректерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Әбу Насыр Әл Фараби – қазақ халқының пешенесіне бұйырған жарық жұлдызы, дана ойшыл, математика, физика, астрономия сынды түрлі бағыттағы ғылым түрлерін жетік меңгерген ақылгөй, тіл маманы, музыка зерттеушісі, барлық саланы қамтыған 160 трактаттың авторы. Әл Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырдария-ға келіп құятын жағасында орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Фараб қаласының қазіргі орналасқан аймағы – Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданының аумағы болып табылады. Әл-Фарабидің саясаттың қыр-сырын танып білуге арналған «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері», «Азаматтық саясат», ғылым сала-сын толыққанды қамтыған «Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап», «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Логика» сынды еңбектері – ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер болып қала бермек. «Екінші Аристотель» атанған халық данышпаны Әбу Насыр Әл Фараби 950 жылы 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болды.

Оңдасынов Нұртас – қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы. Нұртас Оңдасынов 1904 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Фрунзе ауданының «Үшқайық» ауылында туған. Ол кісінің жіте бастамасымен шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, облыс орталықтарында Мұғалімдер институты, Қыздар педагогикалық институты мен Ұлттық консерватория, политехникалық институттар ашылып, медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосылады. Сонымен қатар, Нұртас Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қара-май Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын аса биік дәрежеде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы өзі болып өткізгені жәйлі дерек бар. Бұл ретте Нұртас Оңдасыновтың елі үшін елеулі еңбегі жоғары бағаланып, үш «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол кісі 1989 жылы Мәскеу қаласында дүние салды.

Жандарбеков Құрманбек – қазақ халқының тұңғыш ұлттық музыка театрының іргетасын қалаушылар-дың бірі, атақты әнші, режиссер, Қазақстанның халық әртісі. Ол кісі 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. Құрманбек Жандарбековтың алғашқы еңбек жолы 1926 жылы Қазақ драма театрында бастау алады. Алғашқы рөлдері – М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Сырым, кейін «Еңлік – Кебекте» Кебек, «Бүліншілік» спектаклінде жазушы Фурмановтың рөлі қазақ халқының жүрегінен орын алып, тарих беттерінде мәңгі сақталып қалуының себепшісі бола білді. Ал, 1926-1930 жылы режиссер ретінде Әуезов-тің «Қарагөзін», Н.Гогольдің «Үйленуін» және Ж.Шаниннің «Шахтасын» қойғаны Құрманбек Жандарбеков-тың еңбегін елеулі етті. Осындай ерен жұмыстардың арқасында ол кісі КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ленин» ордені, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Құрманбек Жандарбеков 1973 жылы Алматы қаласында дүние салды.

Page 79: Журнал №15

79

Қалдаяқов Шәмші – аса көрнекті сазгер, ән саласының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның халық әртісі, қазақтың музыка өнерінде ерекше орын алған 300-ден аса сазды да сырлы әуендердің авторы. Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған. Ол кісінің «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Қарқаралы», «Байқоңыр» сынды әуендері қазақ тыңдарманының жүрегінде мәңгі сақталып қалғаны анық. Қазақ сазды өнеріне сіңірген елеулі еңбегі үшін Шәмші Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты атанады. Ал, 2005 жылы «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілгені тарихи оқиға болды. 1991 жылы ол кісі жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» атты ғұмырнамалық деректі телефильм түсірілді. Ал, 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді. Артына музыкалық мол мұра қалдырған Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы ақпан айының 29 жұлдызында Алматы қаласында қайтыс болды.

Жұрынов Мұрат – химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академия-сының академигі, бірқатар халықаралық ғылым академияларының және жоғары мектеп халықаралық академиясының мүшесі. Сонымен қатар, ол кісі ҚР Президенті жанындағы Ұлттар кеңесінің, Ислам Конфе-ренциясы Ұйымының ғылым академиялары ассоциациясының вице-президенті, ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚР Парламентінің Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі болып табылады. Ол кісі 1941 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Мұрат Жұрынов Отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген 500-ден астам ғылыми еңбектер, соның ішінде 17 монографиялар, 120-ға жуық авторлық куәліктер мен патенттердің иегері болып табылады. Сонымен қатар, ғылым, техника және білім саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Жұрынов «Парасат» орденімен, сондай-ақ, Токио университетінің Алтын медалімен, Францияның ғылыми-өндірістік қоғамының және Украина ҰҒА жанындағы «Золотая Фортуна» қоғамының алтын медальдарымен марапатталған.

Шаханов Мұхтар – қоғам қайраткері, қазақ халқының жігерлі ақыны. Мұхтар Шаханов 1942 жылы Оң-түстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Қасқасу ауылында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Мұхтар Шаханов «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «XXI ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті лауазымын атқарып келеді. М.Шахановтың шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды. Ол кісі – Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері болып табылады.

Үсенбаева Нұржамал – әнші, Қазақстанның халық әртісі. Ол кісі 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1984 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Қазақтың мемлекеттік академиясы опера және балет театрының соло-әншісі болып жұмыс жасайды. Нұржамал Үсенбаеваның осы театр сахнасын-да орындаған аса елеулі партиялары қатарында Қыз Жібек, Дана, Ажар, Сара сияқты қазақ қыздарының ерек-ше рөлдері бар. Сондай-ақ, Нұржамал Үсенбаеваның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музықалық шығармалары мол орын алған. Қазақ мәдениет саласына сіңірген ерең еңбегі үшін Нұржамал Үсенбаева «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ибрагимов Бауыржан – театр әртісі, «Бауыржан Шоу» әзіл-ысқақ театрының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Бауыржан Ибрагимов 1962 жылы Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылында дүниеге келген. Астарлы әзілі мен ерекше ойынының арқасында халықтың шын ықыласына бөлене білген Бауыржан Ибрагимов Мәскеу қаласында өткен Халықаралық эстрада артистері байқауының лауреаты болып табылады. Бүгінгі таңда ол кісі өзі негізін салған «Бауыржан Шоу» әзіл-ысқақ театрының бас директоры қызметін атқарып келеді.

Дайындаған Ақнұр Серікбаева

Page 80: Журнал №15

80

ГЕНДІК ҮЛЕСТІҢ ТЕҢДІГІ

1920 жылы қазақ жерінде статистика ғылымының алғашқы қадамы жаса-лынды. Сан мен сапаға қызмет ететін аталмыш сала ел ішіне қажетті талап пен тәртіптің келуіне себепкер болды. Әр саланың жемісі мен жеңісінің айқын кө-рінісін көрсететін статистика саласының бүгінгі таңда көптеген жетістік-терге жетіп отырғаны мәлім. Ал, аталмыш жүйеде еңбек ететін мамандардың өз ісінің хас шеберлері екенінің айқын дәлелін сұхбатымыздың келесі кейіпкері басшылық етіп отырған мекемеден көре алдық.

Қазақстан Республикасының Президенті «Құрмет грамотасымен», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Статистика үздігі» төс белгісімен марапаталған Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы бүгінгі таң-да Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің басшысы лауазымын атқарып келеді.

Білімі мен біліктілігі үйлесім тапқан Айдар Ахметбекұлының аталмыш өңір-дің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында сұхбатына назар аударыңыздар.

Page 81: Журнал №15

81

Айдар Ахметбекұлы, Сіз басшылық етіп отырған Оңтүс-тік Қазақстан облысының Ста-тистика департаментінің тари-хы мен бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі жайлы айтып өтсеңіз.

Біздің өңірде облыстық халық шаруашылығы есебін жүргізу басқармасы 1932 жылы жұмыс істей бастады. Бұл жыл біз үшін айтулы кезең болатын. Себебі, осы жылы Оңтүстік Қазақстан облысының іргетасы қаланды. Аталмыш мекеменің басты міндеті – оңтүстік өңірге кіретін Қызылорда, Жамбыл, Оң-түстік Қазақстан облыстарының халық шаруашылығының жалпы есебін жүргізетін бөлімшелердің қызметін басқару болатын. 1948 жылы халық шаруашылығы есе-бін жүргізу басқармасының атауы Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика басқармасы болып өзгертілді. Бүгінгі таңда біздің мекеме департамент ретінде жұмыс жасап келеді. Статистика департаментінде менің алдымда 9 азамат басшылық еткен. Депар-таменттің әрбір ауданда қызмет ететін аудандық (қалалық) Статистика басқармалары бар. Жалпы, облыс көлемінде 241 мемлекеттік қызметші, ал, облыс аппаратында 119 қызметкер жұ-мыс жасайды. Әр маманның білі-мі жоғары, тәжірибесі мол екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, біздің қызметкерлер Қазақстан Республикасы Статистика агентті-гі ұйымдастырған әр сала бойынша семинарларға белсенді қатысып тұрады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің Жар-лығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау жә-не олардың біліктiлігін арттыру ережесiне сәйкес, әр 3 жыл сайын мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқу оқиды. Осы ретте биылғы жылы 63 маман оқудан өтпек.

Статистика бойынша Оңтүс-тік Қазақстан облысының әлеу-

меттік-экономикалық дамуы қандай деңгейде?

Өткен 2013 жылдың қоры-тындысы бойынша облысымыз-дағы барлық саланың пайыздық көрсеткіштері жоғарылады. Әрине, бұл жетістік осы облыс халқының қажырлы еңбегі мен бірлігінің арқасында болып отыр. Мәселен, облыс бойынша халық саны бір жылдың ішінде 55,8 мың адамға немесе 2,1 пайыз артты. Ал, ағымдағы жылы жүргізілген статистикалық көрсеткішке сай өңіріміз туылғандардың саны бойынша республика көлемінде 1-ші орынға ие. Халық санының өсуімен қатар тұрмыс деңгейлері де біршама жақсарып, нақты ақшалай табыс 6,6 пайызға көте-рілді. Ал, экономиканың нақты секторларына тоқталар болсам, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 24,7 пайыз-ға артты, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі - 4 пайыз-ға, өнеркәсіп өнімі – 2,3 пайызға көтерілді. Міне, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары деңгейді көрсетіп отырғанының айғағы осы болар.

Осы өңірдегі туу коэффи-центі мен өлім коэффицентінің айырмашылықтары қандай?

Бүгінгі таңда облыстағы әр 1000 адамға шаққандағы туылғандардың саны 30,33

промильді құрап отыр. Негізі, республика бойынша аталмыш көрсеткіш 23,07 промильді көр-сетеді. Бұл дегеніміз – біздің өңірдегі туу коэффициентінің жоғары үлеске ие екенінің дәлелі. Ал, өлім коэффиценті республикамызда 8,08 промиль, ал бізде 5,75 промильді құрайды. Сонымен қатар, біздің облыста әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74,48 жасты, ер азаматтардікі 66,94 жас шамасын көрсетіп отыр. Өзіңіз байқап отырғандай, Оңтүс-тік Қазақстан облысында өлім коэффицентінен туылғандардың саны біршама жоғары. Бұл – өңіріміздің ең басты жетістігі болып табылады.

Ер азаматтар мен әйелдердің статистикалық саны жағынан теңдігі қандай?

2014 жылдың басына алын-ған көрсеткіштерге сүйенсек, облыстағы халық саны 2734,7 мың адамды құрады. Оның ішінде әйелдер саны 1377,5 мың адамды немесе халық санының 50,4 пайызын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, жалпы халық көрсеткіші қалалық және ауыл-дық болып екіге бөлінетіні белгі-лі. Бұл ретте қалалық жерлерде облыс халқының 39,1 пайызы өмір сүретінін айта кеткім келеді. Оның ішінде ер азаматтар – 46,4 пайызды, әйелдер – 53,6 пайыз-ды құрайды. Ал, ауылдық жерде

Page 82: Журнал №15

82

тұратын халық саны 1664,2 мың адам, оның ішінде ер азаматтар – 51,7 пайыз және әйелдер – 48,3 пайызын көрсетіп отыр. Өздеріңіз көріп отырғандай, биылғы жылы қалалық жерлерде әйелдердің басымдылық қарқыны сақталып тұр. Осы ретте статистикалық көрсеткішке сай 1000 ер азаматқа 1074 әйелден келеді, ал ауылдық жерлерде керісінше 1000 әйелге – 1020 ер азаматтан келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына қатысты айтар ойыңыз.

Биылғы Жолдау қазақ елі үшін өте уақытылы жеткізілген үндеу деп ойлаймын. Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүре-ді. Егер де бүкіл қазақстандықтар бір жеңнен қол шығарып, біріге жұмыс жасайтын болсақ, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіре-тін күніміздің ауылы алшақ емес. Осы ретте Елбасымыз өте дұрыс стратегиялық бағдарлама қойып отыр. Жолдауда көрсетілген тап-сырмаларды анық орындай ал-сақ, өте жоғары көрсеткішке ие бола алатынымыз анық. Демек, еліміздегі шағын және орта биз-несті дамытып, инфрақұрылым жүйесін жетілдіруіміз керек. Сонымен қатар, білім мен меди-цина саласының маңыздылығын ұмытпағанымыз абзал. Егер елі-міздегі барлық сала өз басына

әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын жағдайға жетсе, Елбасымыздың талабы орындалды деп есептей беруге болады.

Айдар Ахметбекұлы, әңгіме басын өзіңіздің еңбек жолыңызға бұрсақ. Осы салаға қалай келді-ңіз? Өмірлік ұстазыңыз кім?

Негізі, мен бұрынғы Қырғыз ССР жерінде дүниеге келгенмін. Әкем 1970 жылы Алматы қала-сындағы ауылшаруашылық институтын тәмамдағаннан кейін, Қырғыз жеріне әскери борышын өтеуге аттанды. Осы себепті, біз екі жыл көршілес елде тұрдық. Өз басым менің өмірлік ұстазым – әкем деп анық айта аламын. Бүгін-гі таңдағы менің жетіп отырған жетістіктерімнің бастамасы әкем-нің тәлім-тәрбиесінің көрінісі еке-ніне анық сенімдімін. Ал, еңбек жолыма келер болсам, «экономист» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін тәмам-дадым. Кейін білімімді жетілдіру мақсатында Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша оқуды бітірдім. Алғашқы еңбек жолым 1987 жылы МТЖ базасында қарапайым жұмысшы болып басталды. Мемлекеттік қызметті 1998 жылы Кеден қызметінде бастап, 2003 жылға дейін ОҚО Кеден басқармасының «Абай», «Жібек-Жолы» кеден бекетте-рінде инспектор, аға инспектор,

басшы орынбасары болып қызмет атқардым. 2003-2009 жылдар аралығында Кедендік бақылау департаментінде бас маман, бөлім басшысы болып қызмет атқарғанмын. 2009 жы-лы ҚР Статистика агенттігінің Қызмет көрсету статистика департаментінің Қызмет, көлік және байланыс басқармасының басшысы болып тағайындалдым. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика депар-таментінің басшысы лауазымын атқарып келемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – әр елге бұйы-ра бермейтін бақыт, ең басты байлығымыз. Дүниеде 3000-нан астам ұлт бар. Солардың ішінде тәуелсіздікті әлі армандап жүрген күрдтер, ұйғырлар, сығандар сияқты ұлт өкілдерінің саны 10 миллионнан асады. Осы себепті, біз – бақытты ел екенімізді айт-қым келеді. Тәуелсіздік – біздің болашақ ұрпағымыздың алдын-дағы үлкен жауапкершілігіміз болып табылады. Ал, тәуелсіз-діктің қадірі де, қасиеті де – ғасырлар бойы арман еткен ата-бабаларымыздың ұлы рухының, ұлт руханиятының еркіндік алуы деп ойлаймын.

СұхбаттасқанНұрай Сәбитқызы

Page 83: Журнал №15

83

«ЕҢБЕГІМІЗ САПАЛЫ, БІРЛІГІМІЗ ҚУАТТЫ, БІЛІМІМІЗ ЖОҒАРЫ БОЛСЫН...»

ҚР Президентiнiң Алғыс хатын, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн артты-ру жөнiндегi конкурстың арнайы дипломын иеленген, облыстың қоғамдық өмiрiне белсене қатысқаны және ерекше қызметi үшiн алғыс грамотасымен марапатта-лып, «Түлкiбастың жыл адамы» атанған, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісі және «Ұлт Даңқы» орденiнің иегері Оңтүстік Қазақстан облысының мақтаулы азаматтарының бірі, жемісті еңбек жолында қанаты талмай, көп қияны шарлаған аптал жанның ел сүйсініп, ел жақтайтын дара қасиеттері қаншама. Табандылығы мен жеңіске жету жолындағы қайсар да алғыр мінезінің арқасында өзінің тұлғалық бейнесін қалыптастыра білген азамат-пен сұхбаттасудың орайы келген сияқты. Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты, «КазТрансГазАймақ» компаниясының Түлкібас филиалының басшысы Жартыбаев Келесбек Ешенқұлұлының еңбегі мен өмір жолынан сыр шертетін кезекті сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Page 84: Журнал №15

84

Келесбек Ешенқұлұлы, бүгінгі таңда облыстық мәс-лихат депутаты болуыңыздағы басты мақсатыңыз қандай?

Көп жағдайда депутаттарға «Депутаттық мансап па әлде міндет пе?» деген сауал қойып жатады. Мен әрине, міндет болып есептелуі керек деп ойлаймын. Себебі, халық көптің ішінен суырып алып таңдаған соң, олардың сенімін ақтап, туындаған мәселелерінің шешілуіне орынды жауап бере білген дұрыс. Тұрғындардың тұрмыс жағдайындағы кем-кетікті түзеу арқылы біз пай-далы іс жасаймыз. Халықтың қолы қысқа келетін жағдайлар кездесіп отыратыны да ақиқат. Сондай сәтте қарбаласты қа-лыпқа келтіруге атсалысатын адамның керек екені шындық. Ендеше, менің де бар мақсатым халыққа жәрдемдесу, солардың игілігі үшін қызмет ету болып табылады. Ағаштың биігінде өсіп тұрған алмаға қолымды созып, халыққа қызылынан теріп беру секілді ғой. Бүгінгі таңда сол елдің рахметін алып жүрмін, есесіне бұл менің қызметіме деген адалдығым-ды еселей түседі. Жауапкерші-лігі мол депутаттықтың да күретамыры адалдық пен әділдікке негізделеді. Халық қалап сайлаған соң, халықтың уайымсыз күндерінің кірпішін қалауға біз де міндеттіміз.

Сіз басшылық ететін «КазТрансГаз-Аймақ» Түлкібас филиалының құрылу тарихы мен бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі жайында баяндап берсеңіз.

Республикадағы тауарлы газ нарығының 75 пайызын қамтып отырған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ елiмiздегi «көгiл-дiр отынға» деген сұранысты өтеудегi iрi газ тарату жүйесi

болып табылады. Елiмiздi газбен жабдықтауда бiрыңғай ұлттық басқарушы болуды алдарына мақсат етiп қойған iргелi ком-панияның 22 мың шақырым газ құбыры тартылған, барлық инфрақұрылымы жетiлдiрiлген мекеме екенiн ескерсек, бұл орайда Түлкiбас филиалының да осынау жеткен жетiстiктерде өзiндiк бедерi, қолтаңбасы бар екенiн айтуға болады. Бұған қоса, кәсiпорындар мен тұрғын үйлерге «көгiлдiр отынды» кi-дiрiссiз тасымалдап, жеткiзуде біздің ұжымның қосып отырған үлесi салмақты. Инновациялық технологияларды өндiрiске енгiзуге айрықша көңiл бөлiнiп отырған заманда газ саласы жүйесiнде iстейтiндерге үл-кен жауапкершiлiк жүктелiп отырғанын да тілге тиек еткім келеді. Мысалы, қолданыста болып келген, пайдалану мерзiмi 50 жылдан асатын полиэтилендi құбырлар, смарт карта, термореттеуiштi жаңа үлгiдегi есептегiштер, ағынды хромотографтар және күн жылытқыштары мен арнайы техникаларға, автокөлiктерге GPS жүйесiн орналастыру асқан шеберлiктi талап етедi. Басты құндылығымыз – кәсiби шеберлiгi жоғары мамандар болғандықтан мекеменiң ұс-танған бағыты да айқын. Ол – жұмысты халықаралық сапа-лық стандартқа сәйкес жүргiзiп, еңбек қауiпсiздiгiн, адамдар мен қоршаған ортаны сақтап, қорғау. Жоғарыда GPS жүйесi жөнiнде айттық. Бұл жүйенi орнықтыру – газ құбырларын пайдалану-дың кепiлдi мерзiмiн ұлғайтуға, қызметке ақы төленбеу мен өзге де шығындарды болдырмау жағын ретке келтiрмек. Сайып келгенде, осының барлығы газ инфрақұрылымын жетiлдiрiп қана қоймай, тұтынушымен өзара қатынастың озық жүйесiн

орнықтырады. Былайша айт-қанда, инновациялық және тәуекел-менеджментiн қалып-тастыруға жол ашылады. Жұрт жаңа технологиялық үдерiстер-ге тосырқай қарамай, үкiмет ұстанған инновациялық бағыт-қа үлкен сенiммен қарамақ. Мiне, осы бағыттағы даму бағдарламасы бiздiң ұжымда мықтап орнығып келедi. Бiр ғана аудандағы елдi мекендердi жүз пайыз «көгiлдiр отынмен» қамтамасыз етiп отырғанымыз мұның жарқын айғағы десем болатын шығар.

Шет аймақтардағы халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі реттелген бе?

Бізде Қараүңгiр, Иiрсу, Дәубаба дейтiн ауылдар бар. Үйлерi де, адам саны да аз. Орталықтан сол елдi мекен-дерге газ құбырын тау-тастың арасымен тарту экономикалық шығындарды қоса есептегенде қиынның қиыны деп айтуға болады. Бұл тұста Үкiметтiң iрiлендiру саясаты дұрыс секiл-дi. Сондықтан, сұйық газды арнайы ыдысқа толтырып, сол жерден үйдi-үйге құбырмен жеткiзу арқылы болса да, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға барынша тырысып-бақтық. Аудандағы 62 елдi мекеннiң сонау 2002 жылдары бесеуiнде ғана «кө-гiлдiр отын» маздаса, қазiр жоғарыда аталғандай тұрғыны аз ауылдардың жағдайы шешіліп келеді. Ал, облыстағы көгілдір отынмен тұрғындары жүз пайыз қамтылған бiрден-бiр аудан Түлкiбас саналады. Мәселен, ауданда тұтынылған табиғи газдың көлемi 14 млн. текше метр болса, 2011 жылы бұл көрсеткiш 80 млн.-ға жеткен. Алғашқы жылы бiрлестiкте бар-жоғы 33 адам еңбек етсе,

Page 85: Журнал №15

85

бүгiнде 133-тен аса адам осы саладан нанын тауып жүр. Осы тұста айтып кеткім келіп отыр, мен еңбек ұжымының саны көп болғанын қалаймын. Өйткенi, олардың бiрiне сен ақыл-кеңес берсең, тәжiрибелi, байырғы қызметкерлер өзiңе қысылтаяң шақта таптырмас ақылшы-ұстаз екен. Сондықтан, өзiм жетекшiлiк ететiн бiрлестiкте ешкiмдi де бөле-жармаймын. Бәрi де өз iстерiнiң нағыз марқасқалары. Ешкiмдi ұятқа қалдырмайды. Солар барда жұмыс iстеу анағұрлым оңайырақ деп есептеймін. Сол арқылы бүгінде тұтынушылар санының арта түсуі де осыған дәлел деп ойлаймын. Яғни, алғашқы жылдардағыдай 3500 емес, тұтынушы саны бүгiнде 18 мыңға жетіп отыр. Қызмет көрсету сапасы жылдан жылға жаңарып, тұтынушы тарапынан шағым айту азайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолда-уына қатысты азаматтық ой-пікіріңізді білдірсеңіз.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың кезекті Жолдауы «Мәңгілік Қазақстан» жобасы арқылы жылдағыдан ерекшеленеді. Еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосылуы жолында атқарылатын жұмыстардың жоспары нақтыланып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Елбасының әр Жолдауында мазмұны терең ойдың барын баршамыз жақсы білеміз. Расымен де, тәуелсіздігімізді алғалы бері 22 жылдан асып барады. Бұл сырт көзге аз уа-қыт болып көрінгенімен, сол қысқа мерзімде біздің алып жетістіктерге қол жеткізіп үлгергенімізді айтуға болады. Бейбіт күннің берекелі

шаңырағында бақытты ғұмыр кешіп жатқанымыз үшін тәубе деймін. Ұлттық медицина, білім мен спорт, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларын дамытуға жұмыла күш бірікті-ре түсуіміз керек. Меніңше, әр адам тынымсыз еңбек етіп, тек қана өзі үшін емес, ел мүдде-сі үшін адал қызмет атқарса, Президентіміздің аталған бағдарламасына өзіндік үлес қосқаны болып табылады. Әсіресе, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы өзгелер секілді менің де патриоттық сезімімді есе-лей түсті. Мәңгілік болу үшін еңбегіміз сапалы, бірлігіміз қуатты, біліміміз жоғары бол-ғаны дұрыс деп есептеймін. Сонда ғана жемісті, жеңісті күндеріміз арта түседі.

Келесбек Ешенқұлұлы, ендігі әңгіме тізгінін Сіздің еңбек жолыңызға бұрсақ. Осындай дәрежеге қалай жеттіңіз?

Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Елтай деген шағын ғана ауылда ат жалын тартып өскен азаматпын. Жанұяда көп бала тәрбиеленсек те, ата-анамыз бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқ-тырмай, өнегесін барынша бойымызға дарытып өсірді. Әкем Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылда ферма мен ауылдық кеңесті басқарды. Мен мектепті бітірген соң жоғары білім алып, еңбек жолымның алғашқы 10 жылын «Алғабас» ұжымшарында бастадым. Кейін «Ақсу-Жабағылы» құс фабрикасында директордың орынбасарлығын сегiз жылдай атқарып, басқарудың әкiмдiк жүйесi енгiзiлгенде әуелi Жа-бағылы, содан соң Түлкiбас ауылдық әкiмшiлiктерiнде әкiм болып қызмет еттім. Осылай халық мүддесі үшін

мемлекеттік қызметке 10 жы-лымды арнаған екенмін. 1992 жылдың басында «ҚазТрансГаз Аймақтың» Түлкiбас аудандық өндiрiстiк бiрлестiгi құрылып, оны басқарудың тiзгiнi маған бұйырды. Мен бұл жетістікке бірден қол жеткізген жоқпын. Қиыншылық та, күресу де болды. Ең бастысы еңбектену-ден бас тартқан жоқпын. Мен тағы туған ел тарихын, ұлттық өнердi жаныма жақын тұтамын. Кiндiк кескен туған өлке мен үшiн бәрiнен қымбат. Қал-қа-дерiмiзше елге қызмет етсек деймiз ғой.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде?

«Біз тәуелсіз елміз!» деп сөзбен айту оңай болғанымен, оны қолда ұстап тұруға үлкен еңбек қажет. Ол үшін жүректе патриоттық сезімнің жалындап тұрғаны маңызды. Отанға де-ген махаббат бәрінен де артық бағалануы керек. Қазіргі ұр-пақ ата-баба аманатын түсініп, бақытты күндерді ғұмырын мәңгі ете білгені абзал. Бұл ретте айта кетер болсам, Елбасы жастардың білім алып, ғылымға тың жаңалықтар алып келуіне көптеген мүмкіндіктер жасап жатыр. Соны дұрыс пайдалана білсе нұр үстіне нұр болады емес пе?! «Болашақ – жастардың қолында!» деген ұран бекерден айтылмаса ке-рек. Ең бастысы, әрбір ата-ана баласын елінің патриоты етіп тәрбиелеуге асықсын. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің туын көкке желбірететін жастарымыз көбейе түсетін болады.

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 86: Журнал №15

86

ТалғатӘмірбеков

Page 87: Журнал №15

87

«МЕКТЕП – БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ»Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан

жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аты биылғы Жолдауында ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құ-ралы – шағын және орта бизнесті дамыту деген болатын. Еліміздің өркендеуіне, сапалы әрі тиімді өнімді халыққа жеткізуге бірден бір себепкер, кәсіпкерлер болмақ! Кәсіпкерлер үшін халыққа бір табан жақын болудағы басты шарт әрине – адалдық пен жемісті еңбек!

«Халық менің шын атым» деп ұлы ақын Жамбыл Жабаев айтқандай, өмірінің өнегесін халқымен өріп келе жатырған, адал еңбек, маңдай тердің арқасында үлгілі тұлға болып қалыптасып, жұртының сүйіктісіне айналған КСРО-ның спорт шебері, жеке кәсібінің арқасында жерлестерінің жағдайын жасап отырған, көпшіліктің құрметіне бөленген «Айжарық» компаниялар тобының президенті, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Әмірбеков Талғат Әмірбекұлымен болған сұхбатты оқи отырыңыздар!

«Айжарық» компаниялар тобының бүгінгі таңдағы жұ-мыс нәтижесі туралы айта отырсаңыз. Компания қандай бағыт-бағдар бойынша жұмыс істеп келеді?

«Айжарық» компаниясы Оң-түстік Қазақстан облысы бойын-ша 105,9 FM толқынында «NS-Айжарық» атты радиосын халыққа тарту етіп, алғашқы қадамын бастаған болатын. Сонымен бірге, арнайы «Айжарық» күзет агенттігі де жұмысын бастағанды. Ал, қазіргі таңда «Айжарық» компаниялар тобы ірі компаниялардың бірі деп айта аламын. Оған себеп, компания тобында 7 заңды компания 1300-ге жуық жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде. Барлық компаниялар заман тала-бына сай қызмет етеді. «Айжарық» күзет агентігі 300-ден астам қа-руымен жабықталып, арнайы мамандармен жұмысын жалғас-тырса, «АйжарықТур» компа-ниясы да қаламызда маңызға ие агенттіктердің қатарында. Бүгінде компаниямызда «Амир-А» металл балқыту және кірпіш құю зауыттарында 700 ге жуық

жұмысшы жұмыс жасауда. Өңі-рімізде арнайы тапсырыспен кірпіш құйғызатындар саны күн-нен-күнге артып келеді. Және де бір қуантарлығы қаламызда көптеген көпқабатты тұрғын үйлермен мешіттер бой көтеріп жатыр. Міне, біздің кірпіштер мен металл өнімдеріміз тұр-ғын үйлермен мешіттер салуда лайықты деп танылып, зауыты-мызда арнайы өнімдер өндірілуде.

«Айжарық» компаниялар то-бының алдағы басты жоспары-ның бірі – тас өндіру ісі бойынша құрылыс компаниясын қалып-тастыру. Қазіргі таңда мақсаты-мызға жету жолында тынымсыз еңбек етудеміз.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жол-дауында шағын және орта биз-несті ұрпақтан-ұрпаққа бері-летін отбасы дәстүріне айнал-дыру керектігін жеткізді. Бұл ретте Сізден кәсіпкерлік салаға қалай келгеніңізді біле отырсақ.

Қазіргі таңда, Елбасының жыл сайынғы Жолдауының орындалу

жолында еліміз қарыштап, тоқ-таусыз дамып келеді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында халқымыздың әл-аухаты жақсы дәрежеге жетті. Оған басты себеп шағын және орта бизнестің дамуы. Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы халыққа еркіндік берілді, әр адам қолынан келгенше еңбек етіп, жеке кәсібін ашуда. Бір кә-сіпкер кем дегенде бес адамды жұмыспен қамтып, жалақысын уақытылы беріп отырса, бұл – мемлекетімізге де үлкен көмек. Егерде мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп тұрса, кәсіпкерлік отбасы дәстүріне айналатын бірден бір мамандық болып қалыптасатынына сене-мін. Қажытатын кедергілер аз болған сайын, еңбегіңнің жемісін көргенде өз ісіңе деген сүйіспеншілік арта түседі.

Мен, мектеп жасымда «Дина-мо» спорт құрамында болдым. «Динамо» мені мектепке қажетті барлық құралдарыммен, киім-деріммен толық қамтамасыз етіп отырды. Анам мен үшін алаңда-майтын. Себебі, ол да мемлекет-ке шынайы сенді. Жастайымнан елімнің қамқорлығын көріп,

Page 88: Журнал №15

88

еркін өсіп-жетілдім. Азамат атанғаннан кейін енді Отаныма еңбегіммен еселеп қайтаруым керек деген ойға келдім. Сөйтіп, «Айжарық» компаниясын құруды қолға алып, 1999 жылы жеке кәсіпкерлікке қадам бастым. Міне, 15 жылдың ішінде бейбіт еліміздің қолдауының арқасында кәсіпкерліктен қажыған емеспін. Алғашында шағын компания болып ашылған едік, қазіргі таң-да құдайға шүкір, көлемді істер атқарып, халықтың көңілінен шығып келеміз. 1300-ден аса жұмыс орнын беріп отырмыз.

Сіздің тағы бір жан-жақты

қырыңызды Шымкент қала-лық мәслихатының депутаты екеніңізден аңғаруға болады. Саяси бағытқа көңіл бұруы-ңызға не себеп болды? Бұл күн-ге дейін Сіздің ықпалыңызбен шешімін тапқан мәселелер тура-лы айтып берсеңіз.

Жеке кәсіпкерлікке бет бұр-ғаннан кейін, шамам жеткенше жерлестеріме қолдау көрсетіп, демеушілік танытып тұрдым. Халықтың мұң-мұқтажын жеткі-зіп, әл-аухатын арттыру, тағдыр тауқыметіне түскен жандарға қол ұшын беру, жүрегі жұртым деп

соққан әр адамның азаматтық борышы! Менде азаматтық борышымды, одан әрі кеңінен атқармақ ниетте депутаттыққа сайландым.

Депутат ретінде алға тартып, көтеріп жүрген басты тақыры-бым – мектеп! Өздеріңізге белгілі, құдайға шүкір, қазір елімізде сауатсыз адамдар жоқтың қасы. Ата-анасымен бірге балалары да жоғары деңгейде білімді.

Халықтың білімділігі, ізденім-паздығы артқанның да басты себебі, тәуелсіздігіміз! Қазіргі таңда, барлық жағдай білімділік пен белсенділік үшін жасалған. Ал, жастарымызды білімділік пен белсенділікке, мәдениетке тәрибелейтін ол – мектеп! Мектептің жағдайы бірінші кезекте тұру, басты шарт. Ол үшін бізде әрине, білікті маман, білімді ұстаз, қауіпсіз орта болуы керек. Біз, жас босанған ана немесе дүниеге келген сәби әлсіз болса дәрігерлерден кінә-рат іздеуді әдетке айналдырып алғанбыз. Бұның бастауы қайда жатыр?! Не үшін ана әлсіз, сәби шала?! Не себепті, тепсе темір үзетін, еңбекке жарамды жас жі-гіттеріміз темір торда қамаулы?! Неге жастар арасында суицид белең алып тұр?! Біле білсек, бұл – мектептен дұрыс тәлім-тәрбие алмай, потриоттықтың не екенін сезінбей және де мек-тепте дұрыс жағдайдың болмау салдарынан туындаған мәселе. Енді бүршік атып, бой түзеп келе жатқан өрендерімізге өмірдің мән-мағынасын, құндылығын, уақыттың қымбаттығын түсінді-

Page 89: Журнал №15

89

ріп белсенді жұмыс жасайтын психолог мамандар аз. Ал, дұрыс жағдай жасалмау дегеніміз – салқын кабинетте сабақ оқу, лас әжетханаға бару, асханадан сапасыз ас ішу. Жыл сайын әр өңірде бой көтерген, заманауи технологиялармен жабдықталған мектептеріміз көбейіп келе жатыр, бірақ өздеріңіз көріп жүргендей тез тозып, жарамсыз күйге де тез жетеді. Міне, осы мәселелер шешілмей еліміздің діңгегі берік болмайды. Сондықтан, менің жә-не әріптестерімнің басты мақсаты мемлекеттің қаржысын дұрыс жұмсау арқылы, білімді, салауат-ты ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу.

Және де қаламыздағы ретсіз сауда, заңсыз тұрақтармен бейбе-рекетсіздікке жол бермеуге ат-салысып, осы бағытта жұмыс атқарудамын.

Сіздің еңбек жолыңызға тоқталсақ. Бүгінгі жетістікте-ріңіздің бастауы қайда жатыр? Сонымен қатар, Сіздің спорттан да алшақ емес екеніңізді білеміз. КСРО-ның спорт шебері атанған екенсіз. Қазіргі таңда спортқа деген белсенділігіңіз қандай?

Алғашқы еңбек жолымды, 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының ішкі істер бөлімі қызметкерінен бастап, Оңтүстік Қазақстан облы-сы Салық полициясы департамен-ті басқармасының бөлім басқару жүйесінде жемісті қызмет атқар-дым. Ал, 1999 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікке бет бұрдым. Қазіргі таңда кәсіпкерліктің арқасында халқымның жағдайын жақсартуға тырысып келемін. Осы тұста айта кетерім жетістіктеріме қолдау болған еңбекқор анам болды.

Салауатты өмір салтын ұста-ну, әр бір азаматтың өзіне деген парызы. Спорт менің қазіргі таңда да өмірімнің бөлігі. Мен, 1982 жылдан бастап достарыммен бірге грек-рим күресіне бара бастадым. Міне, сол жылдан бастап, аталған

спорт түрі бойынша белсенді түр-де шұғылданып, нәтижесінде 24 қарсыласымды жеңіп, 15 жасымда КСРО-ның спорт шебері атандым. Бірақта, бір өкініштісі әлемдік лицензиям бола тұра, жарысты жалғастыра алмадым. Оған себеп, еліміз тәуелсіздік алған жылдары әлеуметтік жағдайы нашар болды. Шынын айту керек, мемлекетімнің мені жарысқа жіберіп, қаржыландыратын жағ-дайы ол жылдары болмады. Ал, қазіргі таңда шүкір, еліміз барлық мүмкіндікті жасап отыр. Менің спортқа деген құлшынысым, махаббатымның арқасында мен жете алмаған жетістіктерге Тәуел-сіз елімнің ұрпақтары жетсе екен деген ниетпен қазіргі таңда ай сайын спортқа арнайы компания атынан қаржы бөліп, әр түрлі спорт түрлерін ұйымдастырып тұрамыз. Және де жастармен қатар, қария-ларымыздың да көңілінен шығуды борышым деп санап, аптасына үш рет «Айжарық» бильярд клу-бында қарияларға тегін бильярд ойнауға столдар бөліп қойғанбыз. Ақсақалдар армансыз шар қуып, еркін демалып, рахаттанып қалады. Қарттарымыздың да спортқа деген белсенділігін көріп, арнайы облыс, республика

көлемінде бильярд спортынан қариялардың жарысын өткізіп тұруды қолға алдық. Жыл сайын өтетін жарысымыздың тұрақты көрермендері мен белсенді қа-тысушылары бар. Жеңімпаздар республикалық ойынға жолдама алып, арнайы жүлделермен марапатталады.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына оралсақ, Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздігіміз басымызға қонаған бағымыз. Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін, оған жету жолындағы күресін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, ата-баба арманын, батырлардың ерлігін мәңгі дәріптеп өту басты міндетіміз. Тәуелсіздігімізді ұстап қалу жолында ең бастысы Заң кітабамызда жазылған тәртіпті сақтап, Елбасымыздың салиқалы саясатына қолдау жасап, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші алға қойған жоспарларымызды бірге жүзеге асырсақ тәуелсіздігіміз басымыздан ешқашан таймады.

СұхбаттасқанГүлстан Есіркепқызы

Page 90: Журнал №15

90

АбдухаккарПайзахметов

Page 91: Журнал №15

91

«АЛТЫН ЖҮРЕК» ИЕСІҚазақ елін достықтың мекені деп жұрт бекер айтпаса керек. Журналымыздың

кезекті кейіпкері секілді жұдырықтай жүрегіне Отанға деген алып махаббатын сыйдырған азаматтардың бейбіт заманға тән ерлік әрекеттерін біреу білсе, бас-қасы біле бермес. Тынымсыз еңбегінің жемісінен өзі ғана нәр татпай, өзгелермен де бөлісуді жақсы әдетке айналдырған адамның жан дүниесі мейірімге тұнып тұр. Бұл қасиетінің бағаланғаны шығар, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен, облыс және қала әкімдерінің, ауған әскери-ардагерлер кеңесінің және облыстық өзбек мәдени орталығының ал-ғыс хаттарымен, ең бастысы, ҚР Қоғамдық Ұлттық «Алтын жүрек» сыйлығы-мен марапатталғанын жар сала жеткізуге болады. Қайырымдылық көрсетуде еш уақыт бөгеліп қалмайтын ардақты, құрметті, сыйлы азаматты бүгінде Оңтүс-тік Қазақстан облысының барша тұрғындары мақтан тұтады. Әрі Шымкент қалалық мәслихатының депутаты бүгінгі таңда «Алтын сарай» мейрамханасы-ның төрінде меймандарын қонақжай қасиетімен қарсы алуға дайын. Ендеше, Пайзахметов Абдухаккар Хашимұлының журналымызға берген сұхбатын оқып, оның атқарып жатқан еңбегі мен мейірімді істерінен үлгі ала отырыңыздар!

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолда-уында шағын және орта бизнесті ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналдыру керектігін жеткізді. Бұл ретте Сіздің кәсіпкерлік салаға қалай келгеніңізді біле отырсақ, және де осы дәстүр жалғасып жатыр ма?

Еліміз егемендігін алғанға дейін біршама қиындықтардың болғаны рас. Қарапайым халық-тың баласын асырауға шамасы жетпей, жұмысыздық белең алып, жоқшылықтың зардабын көрген кез де орын алған. Сол кезде өмір сүрудің қолайлы кезеңін аңсап күткен жұрттың саны аз болмады. Тау баласы тауға қарап өседі емес пе?! Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміздің туы көгімізде желбіреп, бақыттың ақ арайлы таңы атқан соң біздің арманымыз бен мақсаттарымыздың орында-луына үлкен жол ашыла түсті. Қаншама ұлт өкілдері қоныс тепкен қасиетті шаңырақтың астында бейбіт күндердің тірші-

лігін жалғап жатқан халықтың бәрін биікті ғана көксейтін «Тау баласы» деп айтар едім. Себебі, неше түрлі қиын қыстау заманды бастан кешірген еліміздің асқақ рухы еш уақыт сөнбеді. Кеуде-мізде жалындаған сол алаудың арқасында мінекей, көптеген бе-лесті бағындырып, жақсылықпен әр күнімізді өткеріп жатырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында еліміз қас-қағым сәтте гүлденіп, көр-кейіп, көштің алдын игеріп үл-герді. Уақыттың парқын жоғары бағалайтын Президентіміз әр жыл сайын Қазақстан халқына арналған Жолдауы арқылы даму мен өркендаудің жаңа бағдарын, жоспарын ұсынып, оның жүзеге асуына күш салып келеді. Сол арқылы көзі ашық, көкірегі ояу мемлекеттің білімді, мәдениетті, байқуатты тұрғындарына айнала білдік. Мұның бәрі басшымыздың арқасы, әрине.

Ал, Сіз айтып отырған Елба-сының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір бола-шақ» атты биылғы Жолдауы да халыққа біршама серпін берді.

Онда көптеген мазмұнды ойдың жатқандығы айқын. Әсіресе, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы халқымызды бірлікке, татулыққа бастайтын, мемлекетіміздің тамыры тереңге беки түсетін тың идея деп бағалаймыз. Ел экономикасының әр саласын түпкілікті зерттей келе, оның шапшаң дамуына байланысты маңызды тапсырмалар жіктелге-нін білеміз. Соның ішінде, кәсіп-керлерді қуантатын, оларға жаңа леп сыйлайтындай жақсы сөздер айтылды. Иә, кәсіпкерлік сала қанат жайған сайын, экономика-мыздың жағдайы да жақсара түспек. Әр азамат кәсіпкерлікті қолға алғанда бірден үш міндетті қоса атқарады. Мысалы, мемле-кет қазынасын толтырады, адам-дарды жұмыспен қамтиды және халықтың қажетіне жарамды қызмет түрін ұсынады. Міне, осыларды түсінгендіктен болар, кәсіпкерліктің дамуына ақ жол-дың төселіп жатқандығы. Ал, отбасылық дәстүрге айналуы тиіс дегенді біз әлдеқашан орын-дап қойдық деп айта аламын. Жоғарыда аталған қиыншылық-

Page 92: Журнал №15

92

тардан аман-есен өтіп, тәуелсіз-дікке қол жеткізген жылы біз алғашқы кәсібімізді тауарды алып-сатудың тетігінен бастадық. Міне, 1991 жылдан бері көп еңбектенудің арқасында кәсібіміздің тасын өрге домалатып, ірі жобалар бойынша жұмыс істеп келеміз. Менің жұба-йым, екі ұлым да осы саланың хас маманы атанып үлгерді. Негі-зінен, бұл кәсіп отбасымызда әкемнен басталған еді. Осылай, жанұямызбен бірге еліміздің эко-номикалық өсуіне өз үлесімізді қосып жатырмыз.

Сондай-ақ, Елбасы биылғы Жолдауда кәсіпкерлерге барлық қолайлы жағдайдың жасалуын тапсырған болатын. Осы тұр-ғыдан алғанда Оңтүстік Қазақстан облысында қандай да кәсіпті қолға алуға бекінген азаматтар үшін күрделілік сезілмейді ме?

Бүгінгі таңда кемінде үш адамды жұмыспен қамтамасыз ететін кез келген кәсіпкер мем-лекет үшін маңызы бар тұлға болып есептеледі. Ал, «мен мем-лекетке өз пайдамды тигіземін» деген адамның қорғаушысы да, қолдаушысы да болуы керек. Елбасының айтпағы да осы деп білемін. Өйткені, жүйесіз тексерістер көбінде кәсіпті дамытуға емес, парақорлыққа әкелетін жағдай. Шағын және орта бизнеске деген ерекше ықылас – барша кәсіпкерлерді

шынайы қуантқаны жасырын емес. Соның ішінде, экономика-сы қуатты өңірге айналып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының іскерлік жұмысы алға қарай өрби түсетініне кепіл бере аламын. Істі жаңадан қолға алған азаматтар үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар да ұсынылып жатыр ғой. Мысалы, несиенің түрлі бағытқа жұмсалатын түр-лері көпшілік көңілінен шығып жатқаны мәлім. Бұл ретте біздің облыс жақсы еңбек етіп жатқанын айтуға болады. Ең бастысы, халық-қа ұсынатын қызметтің адал әрі сапалық деңгейіне әр кәсіпкер жауапкершілікпен қараса болғаны деп ойлаймын.

«Алтын сарай» салтанат үйінің халыққа қызмет етіп тұрғанына неше уақыт болды? Мұнда меймандар үшін қандай ерекшеліктер жасалғанын айтып өтсеңіз.

Қазақ – салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа бай халық қой. Сәбидің іңгәлеп дүниеге келгені мен ержетіп, бойжетіп, тұрмыс құр-ғанының бәрі дүбірлі тойдың бас-талғанынан хабар береді. Ежелгі дәстүрде ақ үй, көк үй деп бүкіл ауыл киіз үйін дөңгелетіп, алыс-жақын жерден туған-туыс, жек-жат-жұраттың бас қосуымен қырық күн тойын жасайтын болған. Ал, бүгінгі таңда заман өзгерді. Ескінің той жасау әде-бі сақталғанымен, оның өтілу

барысы, мекені басқаша көрініс тапқан. Яғни, бұрынғыдай ашық аспан астында ақ дастарханды жайып тастап, үстелдің үстін ыстық тоқаштарға толтыру емес, сәулеті жағынан бірінен-бірі асқан көрікті, бір-бірінен асып түсетін биік ғимаратта той жасау мызғымас дәстүрге айналып отыр. Сондықтан, біз де шамамыздың жеткендігінен болар, халықтың қуанышты мерекесін бөлісуге атсалысып, зәулім мейрамхана тұрғызуды жөн санадық. Ал, өмі-рінде үлкен маңызға ие мерекелік думан иелері ханның ордасында жүргендей сезінсін деп мейрам-хананың атын да «Алтын сарай» деп атағанды жөн санадық. Аты-на заты сай сарайымызға 500 мейманның еріксіз көңіл көте-руіне мүмкіндігі бар. Жарықпен қамтамасыз етілуі, дауыстың жаң-ғыруын тежеу үшін әрі бөлмені әдемі түске бөлеу мақсатында қызыл кілеммен жабдықталуы, биікке ұмтылған қабырғалар мен сахнаның безендірілуі – бәрі сарайдың сәнін көріктеп, келген қонақтардың назарын елітіп алары сөзсіз. Біздің сарайымызда еліміз-ге танымал белді тұлғалар жиі қонақта болып тұрады. Әсіресе, өнер майталмандарының көпшілігі бізге қарай ат басын көп бұрады. Бұл бізге және мейрамхана үшін жақсы жетістік деп ойлаймын. Сонымен қатар, 70 адамға жұмыс беріп отырған соң, ұжымның жұмысын жақсы жүйеде деп айта аламын.

Осы тұста айта өткенім жөн болар, бұған дейін «Абай» саябағында біздің «Жастар» деп аталатын алғашқы мейрамхана-мыз болған. Оны кейін Шымкент қаласы әкімшілігінің меншігіне өткізіп, халыққа игілігіне пайда-лансын деп сыйға тарттық. Бүгінгі таңда бұл мейрамхананың орнына көркем сурет галереясы ашылып жатыр.

Кәсіпкерлікпен қатар Шымкент қалалық мәслиха-тының депутаты жұмысын

Page 93: Журнал №15

93

қатар алып жүргеніңізді білеміз. Халыққа жақын болуыңызға түрткі болған не нәрсе?

Менің депутаттық жауапты жұмысты қоса алып жүргеніме екі жылдың жүзі болды. Бірақ, бұған дейін киімімнің кеуде тұсына қызметімді танытатын төсбелгі тағып жүрмесем де, қарапайым халыққа көмегімді беруден жалыққан емеспін. Бірақ, кей кезде жай адамның қолы жетпейтін дүниелер барын түсініп, халықтың қолдауымен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайландым. Сол арқылы билік пен тұрғындар арасындағы алтын көпірге айна-луға тырыстым. Олардың өтініш-тілектерін жоғарыға жеткізіп, ешнәрседен таршылық көрмеуіне көп көңіл бөліп келемін. Халық маған сенсе, сол сенімді шын жүрегімнен ақтауға жұмыс істеп жүрмін. Менің табиғатым халыққа жақын болу үшін жаратылған деп есептеймін. Туған жерімді, оның тұрғындарына деген сүйіс-пеншілігім барлық дүние-мүлік-тен де бағалы сезім деп білемін. Отаныма деген кіршіксіз көңілім-ді ешбір Америка, Ресей, қанша ғажайып болса да Эмираттармен алмастыра алмаймын. Туған өлкеме, еліме, жұртыма қызмет етпесем, өмір сүруімнің мәні мен сәні қашады деп ойлаймын.

Қалалық мәслихаттың депу-

таты болғалы бері халықтың қандай өтініш-тілектерінің орындап үлгердіңіз?

Біз бейбіт елде өмір сүріп жатқандықтан, әлеуметтік жағ-дайы төмен отбасыларға, тағдыр тауқыметіне кезіккен бейкүнә жандарға, өздері еңбек етіп, нанын жеуге шамасы жетпейтін мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолымыздан келгенінше көмек-тесуге тиіспіз. Егер жағдайымыз келіп тұрса, осындай сауапты істерді орындауды азаматтық борышымыз деп қабылдау керек-піз. Әрі Елбасының биылғы Жол-дауында да бұл мәселе жақсы

айтылған болатын. Ол кісінің сындарлы саясатын қолдау ар-қылы біз кедейліктің алдын ала түсетініміз тағы бар. Сол себепті, Қазақстанның әрбір азаматын өз туысымыздай көріп, қол ұшын беруге әзір тұрғанымыз абзал.

Көп жылдан бері бұл менің жақсы қасиетіме сіңіп келе жа-тыр. Қолымдағыны ешкімнен аяп қалмаймын. Алдыма келген адамның үмітін сөндірмей, жы-лағанын күлдіріп, жоқты бар етуге бар күш-жігерімді салуға тырысамын. Өзімнің тікелей демеушілігіммен балалар үйін-де тәрбиеленген жас жұбайлар отбасына және Қызылжар елді мекенінде тұратын мүгедектер жанұясына жеке тұрғын үй және осы елді мекендегі №53 орта мектептің жанынан спорт кешені мен «Жұлдыз» елді меке-нінде 300 орындық балабақша құрылысын салып бердім. Жеңіс күні мерекесі қарсаңында әр жыл сайын ардагерлерімізді на-зардан тыс қалдырмаймыз. Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне дастархан жайып, сыйлық жасауды ұмытқан емеспіз. Сондай-ақ, №20 орта мектепке осы оқу орнының түлегі, Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Ж. Ережеповке мемориалдық тақта орнатқанымызды айта аламын. Бәйдібек би, Ерімбетов атындағы көшелердің нашар жолдарын ескеріп, оның күрделі жөндеу жұмыстарына атсалысып, тұрғындардың алғысына бөлен-геніміз тағы бар.

Тек қана облыстың экономи-калық дамуына емес, мәдениеті мен өнеріне де ерекше ықыласым ауады да тұрады. Халықтың өне-рі барда рухымыз еш уақыт сол-майды деуге болады. Сондықтан, республикалық және облыстық айтыстарға, Шымкент қаласын-дағы №2 мүгедектер үйіне демеу-шілік жасаудан еш уақыт бас тарт-қан емеспін. Облыстық өзбек мә-дени орталығы ұйымдастыратын әрбір іс-шара мен өзбек телеарна-

сына материалдық көмек көрсе-туді өз дәстүріме айналдырып келемін. Мұның бәрі жоғарыда айтқанымдай, депутаттық қыз-метке келмей тұрып халыққа жасаған жақсылығым. Ал, Шым-кент қалалық мәслихатының де-путаты болғалы бері Қызылжар шағын ауданының 15 көшесіне, Ынтымақ шағын ауданының 10 көшесі және Жиделі мөлтек ауданының 6 көшесіне қара жол салынып, күрделі құрылысын жүргізуге, 12 мың халыққа таза су, көгілдір отын, жарық кіргізуге атсалыстым. Міне, мақтанғаным емес, Сіздердің сұрақтарыңызға берер жауабым осы.

Сізді кез келгеннің бағына бұйыра бермейтін Қоғамдық Ұлттық «Алтын жүрек» сый-лығын иемденгеніңізді естідік. Бұл сыйлықты алғанда қандай сезімде болдыңыз?

Иә, «Алтын жүрек» сыйлығы дүкен сөрелерінде сатылатын дүние емес. Бұл сыйлықты алу тізіміне әр жылда санаулы адам-дар ғана іліге алады. 2010 жыл-дың күзінде болатын. Мені облыс бойынша халыққа, көмекке зәру жандарға ең көп қаржылай демеу болған азамат ретінде танып, Астана қаласына жөнелтті. Әрине, мұндай құрметті, сыйлықты же-ңіп алу үш ұйықтасам да түсіме

Page 94: Журнал №15

94

кірген емес. Сондықтан, толқу да, қуану да болды. Қайырымдылық жасағаным үшін мақтанып, кеуде кермеймін. Бірақ, өзінің қара ба-сын ғана ойламай, қалталы адам-дар қарны аш жандарға жәрдем еткеннің үлкен сауабы бар. Біз бір мемлекетте, бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқандықтан, бір-бірімізге қарайласып жүру әр-біріміздің парызымызға айналуы тиіс.

Жер бетінде адам өмірінен асқан құндылық жоқ деп есеп-теймін. Дүниеде көмекке мұқтаж адамдардың өмірлерін сақтауға және олардың өркендеуіне өз уа-қыты мен білімін, бар мүмкінші-лігін толықтай арнау, адамзат бала-сының амандығы үшін қызмет ету, тіпті, сол жолда өз өмірін тәуекел-ге арту – ізгілік атаулының биік шыңы болып табылады. Қай за-манда да өз тағдырын өзгелердің бақыты үшін құрбан ету қайырым-дылықтың ең үздік үлгісі болып есептелген. Жасаған жақсылығың үшін ешбір ақы сұрамай, халықтың алғысына бөлену, жан аямай еңбек ету өзгелер тарапынан зор құрмет туғызатыны ақиқат. Сол себепті, елімізде «Алтын жүректі» адамдар көп болуына шынайы тілектеспін.

Осы орайда әңгімемізді өзі-ңізге қарай бұрсақ. Сіз қандай отбасында туып-өстіңіз? Жеке кәсіпкерлікті бастамай тұрып, еңбек жолыңыз қалай өрбіді?

Мен елімнің бірлігін, татулы-ғын жоғары бағалайтынымдай,

отбасымның бауырмалдылығы, ұйымшылдығы өте маңызды. От-басыма көп көңіл бөлуге тыры-самын. Әке-шешемнің бізге бер-ген тәрбиесін өзімнің ұл-қызыма да дұрыс жеткізуді о бастан көз-дейтінмін. Біреудің ала жібін ат-тамауға, мейірімділік пен жүрек-терінде имандылық сезімі басым болғанына назар аударамын. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда олар менің үмітімді ақтап келеді дей аламын.

Мен өзім ұстаздар отбасында дүниеге келгенмін. Әкемнің үш ағасы соғысқа қатысып, қан май-даннан оралмады. Отан үшін жа-нын пида еткен аталарымыздың есімдерін ұрпағы ретінде елеп жүрміз. Әкемнің үлкен ағасы Әзім Пайзахметовке бір көшенің атын беріп, ескерткіш тақта ор-наттық. Аталарымыздың шыра-ғын сөндірмей, бүгінгі күнге жалғап келеміз. Ата-анам тоғыз құрсақ тәрбиелеп, барлығының білім алып, белді маман иелері атануына жағдай жасады. Бірі дәрігер, бірі оқытушы, басқасы инженер сияқты түрлі сала бойынша абыройлы қызмет етіп келеді. Ал, өзімнің балаларым да ел қатарлы білім алып, жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бірақ, өз мамандықтары бойынша емес, менің жолымды қуып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды жөн санады. Ең бастысы, өздері маңдай термен ақша тауып, еңбектің қаді-рін дұрыс бағалап жүргені.

Мен 1985 жылы Ташкент

политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдадым. Ал, алғаш-қы еңбек жолым 1977-1980 жылдары 21-партсьезд совхозын-да жұмысшылықтан басталды. Институтты аяқтап, қолыма диплом алған соң номері 3-ші автобазада механик болып жұ-мыс істедім. Екі жылдан кейін автомектепке нұсқаушы болып ауыстым. Ал, 1991 жылдан бастап жеке кәсібімді бастадым. Бүгінгі таңда осы кәсібімнің жемісін жеп келемін.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын да өзіңізге жолдасақ. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Бұл дүниеде әрбір нәрсенің қадірі мен қасиеті болады. Соның ең бастысы деп «Тәуелсіздігімізді» атай аламыз. Бейбіт елде бақытты өмір сүріп жатқан әрбір азамат ата-бабамыз армандап қол жет-кізген тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауға міндетті. Бұл міндетті қайта-қайта еске са-лудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Оны әрбір саналы жан жүрегімен сезініп, санасымен түйсінуі қа-жет. Ал, өйтпеген жағдайда, бұл ардың ұяттан безгендігі болар еді. Сондықтан, Отан алдындағы пейіліміз таза, көңіліміз адал болсын деймін.

СұхбаттасқанҰлжан Шораева

Page 95: Журнал №15

95

АНАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАЛАНЫҢ АМАНДЫҒЫ

Әйел затының бұл өмірдегі бас-ты рөлі аяулы ана болуы екені анық. Сонымен қатар, әр ана өз сәбиінің дені сау, аман болғанын қалайды. Бұл жәйт тек жалғыз ананың ғана емес, мемлекетіміздің басты назарында тұрған мәселеге айналып отыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар-дан бергі уақыт ішінде ана мен бала денсаулығына қатысты көп айты-лып, біршама істер атқарылды. Се-бебі, дүниеге келген әр сәби – еліміз-дің жарқын болашағының кепілі бо-лып табылады. Біздің еліміздің басты саясаты да осы болмақ. Бұл ретте ана мен баланың амандығы үшін күні-түні аянбай қызмет атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарымызды ұмытпағанымыз абзал. Біздің сұхба-тымыздың келесі кейіпкерінің де ана-ларға қорған, сәбилерге екінші ана болып отырған өз ісінің маманы екені көрініп тұр.

«Шапағат» медалінің иегері Нәлібаева Рахима Кенжебекқызы бү-

гінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы №2 облыстық перинаталдық орталы-ғының бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып келеді. Рахима Кенжебекқызы басшылық етіп отырған орталықтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы ана мен бала денсаулығының пайыздық үлесін көтеру мақсатында атқарып жатқан жұмыстары жайында келесі сұхбатымыздан біле аласыздар.

Рахима Кенжебекқызы, Оң-түстік Қазақстан облысындағы №2 перинаталдық орталықтың қалыптасу кезеңі жайлы аз-кем баяндап берсеңіз. Орталықтың атқаратын қызмет түрлері қан-дай?

Біздің орталықтың алғашқы іргетасы 1957 жылы облыстық перзентхана ретінде қаланған. Кейін 1989 жылы №4 Шымкент

қалалық перзентхана ретінде қыз-мет атқарып, 2009 жылдан бастап қалалық перинаталдық орталық болып жұмыс жасай бастады. Ал 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Қаулысына сәйкес «№2 облыстық перинатал-дық орталық» мемлекеттік ком-муналдық қазыналық кәсіпорын болып атауы өзгертілді. Бүгінгі таңда біздің орталық Оңтүстік

Қазақстан облысындағы әйелдерді босандыру және оларға әртүрлі нысандағы медициналық көмек көрсету ұйымдарының ішіндегі ең ірісі болып табылады. Сонымен қатар, орталық облыс көлемінде аса қауіпті топтағы жүкті, жас босанған, босанатын әйелдерге акушерлік-гинекологиялық және жаңа туған сәбилер мен шала туылған нәрестелерге медицина-

Page 96: Журнал №15

96

лық қызмет көрсетеді. Біздің мақ-сатымыз – дені сау ұрпақтың дү-ниеге келуін қадағалау болып табылады. Осы ретте көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, ана мен бала өлімінің пайыздық үлесін төмендету мақса-тында литвалық әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың медицинаға алып келген заманауи жаңалықтарын біздің күнделікті жұмыс барысымызда қолданысқа енгізіп жатырмыз. Бұл өз ретінде жемісін беріп жатқан дүние болғандығын айта кеткен жөн. Оңтүстік Қазақстан облысында ана мен бала өлімінің пайыздық үлесі 50 пайызға төмен-детілді. Бірақ, бұл әлі нәтижелі жұмыстың бастамасы ғана деп ойлаймын.

Қазіргі заманауи медицина-лық құрылғылар жыл сайын жаңарып келеді. Сіздердің орта-лықтарыңыз заманауи барлық құрал-жабдықтармен қамтама-сыз етілген бе?

Соңғы жылдары біздің орта-лық көптеген заманауи құрал-жаб-дықтарға айтарлықтай қол жеткіз-ді. Атап айтар болсам, жаңа туған нәрестелерге арналған жетілдір-гіш, өкпені жасанды дем алдыру құрылғысы, көп жүйелі неонатал-дық монитор, жаңа туған нәресте-лерге арналған ашық жан сақтау жүйесі, қанның газы мен электро-литтер анализаторы, пульсокси-метр, фетальдық монитор, элек-трокоагулятор, лапароскоп аппа-раты сияқты түрлі сипаттағы перинаталдық құралдармен орта-лығымыз толық жабдықталған. ХХІ ғасыр – нанотехнология зама-ны болды. Барлық сала заманауи жаңартуларға тап болып, дамып жатыр. Біздің орталықта заман-мен бірге жүруге талпынып келе-ді. Мәселен, ана мен бала өмірін сақтап қалуға аз да болса пайдасы бар деп табылған медициналық жабдықтарды орталыққа алып келуге тырысамыз. Бұл – аяулы аналар мен бөбектердің алдындағы дәрігерлік міндетіміз деп білемін.

Перинаталдық орталықтың маман саясаты қай деңгейде? Үздік мамандарды дайындауда ерекшеліктеріңіз қандай?

Орталықтағы мамандар сая-сатына келер болсақ, медицина қызметкерлерінде тұрақтылық көп, дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің жар-тысынан астамы көп жылдан аса үздіксіз еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер болып табылады. Өткен жылы Литва, Израиль шет елдерінде және Астана, Алматы қалаларында орналасқан жоғар-ғы біліктілік арттыру институт-тарында 56 қызметкер оқып келді. Денсаулық сақтау басқармасы-ның бастамасымен және облыс әкімшілігінің қолдауымен 2013 жылы Литва «Дағдарысты зерт-теу орталығы» ЖАҚ-мен көш-пелі топтама өткізіліп, 55 маман білімдерін арттырды. Осы және өзге де жұмыстардың арқасында бүгінгі таңда біздің ұжымның 52 пайызы біліктілік санатына ие болған. Сонымен қатар, орталық-тықтың жұмысына эндовидеохи-рургиялық емдеу әдісі енгізілген. Жалпы, мамандарымыздың бі-ліктілігі артқан сайын аналарға және сәбилерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы жоғары пайызды көрсетіп отыр. Мәселен, биылғы жылы мерзімі-нен бұрын дүниеге келген 400-дей нәрестенің 80 пайызы аман қалды.

Осы орталықта жылына неше сәби дүние есігін ашады?

Өткен 2012 жылы біздің орта-лықта 7 мыңнан аса ана сәбилі болды. Ал, 2013 жылы 6500-дей сәби дүниеге келіп отыр. Бұл – ортақ көрсеткіш болғанымен, жыл сайын өңірімізде балалардың саны артып келеді. Сондай-ақ, биыл біздің орталықта ерекше жағдай орын алды. Сайрам ауданының Ақсукент ауылының 27 жастағы тұрғыны 4 егіз баланың анасы атанды. 3 қыз бен 1 ұл баланың бір отбасында дүниеге келгені біз үшін қуанышты жәйт болды.

Page 97: Журнал №15

97

Жалпы, мекеме қызметкер-лері неше адамды құрайды? Олардың ғылыми дәрежелері жайында айтып өтсеңіз.

Бүгінгі таңда біздің мекемеде 380 қызметкер жұмыс жасайды. Барлығы білімі мен біліктілігі үйлесім тапқан, тәжірибелі маман-дар болып табылады. Олардың ішінде 74 маман дәрігерлік қызмет атқарады, ал қалғаны орта буын-дағы қызметкерлер болып жұмыс жасайды. Негізі, біздің ұжымда ғылыммен тікелей айналысқан мамандар жоқ. Себебі, біздің ор-талықтағы әрбір маман өз ісінің нағыз шебері болып табылған-дықтан, олар ғылыми атақ алу-ды мақсат етпейді. Өз басым әр маманды жоғары бағалап,

әрқашан құрмет етіп отырамын. Себебі, олардың атқарып жатқан жұмыстары нағыз ерлікпен пара-пар екеніне анық сенімдімін.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына қатысты азаматтық пікіріңізді білсек.

«Ұранды ердің – ұрпағы қай-сар» дейді біздің қазақ елі. Иә, Елбасымыздың салиқалы саяса-тының арқасында бүгінгі таңда дамыған 50 елдің қатарынан көрінген, өткенге бай, келешегі бар мемлекет болып отырған жайымыз бар. Ендігі мақсат та,

бағыт та – әлемдегі өсіп-өнген 30 елдің қатарына қосылу болып табылады. Елбасымыз биылғы Жолдауында осы жәйтке ерекше тоқталып өтті. Әсіресе, ана мен бала денсаулығының мемлекет болашағы үшін аса маңызды еке-нін қазықтай қадап көрсетіп, ақ халатты абзал жандарға тапсырма берді. Біз өз ісіміздің хас шебері бола білсек, еліміздің ертеңі үшін алаңдамайтын едік. Осы себепті, әрбір маман өзіне жүктелген жауапкершілікті санамен, жүрек-пен түсіне білуі керек. Айтылған тапсырманың нәтижесі болмаса, ондай маманның қоғам үшін қа-жеті шамалы екені анық. Демек, күні-түні аянбай еңбек ете білсек қана, «Мәңгілік Ел» бола аламыз.

Рахима Кенжебекқызы, Сіз осы салада көп жылдан бері жұмыс атқарып отырған жайы-ңыз бар. Осы ретте мына бір сауал туындайды. Сізді бүгінгі таңда жастар ортасында қандай мәселе алаңдатады?

Денсаулық сақтау жүйесінің ең күрделі саласы – ана мен бала жәйті болып табылады. Мен осы бір салада еңбек етіп келе жатқан-дықтан, көбінесе қыздарымызға қатысты мәселелерге алаңдаушы-лық білдіремін. Ашығын айтар болсақ, бүгінгі таңда мектеп жасындағы жас қыздарымыз, әсіресе ауылдық жерлердегі қа-зақ қыздарының ойнап жүріп от басып, дүниеге сәби алып келіп,

жазықсыз нәрестелерді тастап кетіп жататыны ел арасында жиі-леп кетті. Сонымен қатар, кейде сол жас қыздарымыз емханаларға есепке тұрмай, жеке мекемелерге жасырын көрініп, жақсы күтін-бей, баланың өліміне алып келе-ді. Бұл жастардың арасында насихат жұмыстарының нашар жүргізілетінін көрсетеді. «Қызға қырық үйден тию» деп кешегі ата-бабамыз бекер айтпаған. Менің айтпағым, әр ата-ана өз сәбиіне дұрыс тәрбие беріп, білім беру ошақтарында жастар арасында жұмыстар жақсы жолға қойылып, «көкек» аналар, тастанды балалар болмаса екен деймін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік кез келген халық үшін өте қадірлі ұғым деп есеп-теймін. Азаттықты ғасырлар бойы аңсаған еліміз төрткүл дүниеге танылып, әлем мойындаған ел бола білді. Басымыздан өткен тәуелсіз дамудың жиырма жыл-дан астам уақыт ішінде еліміз өзгерістердің биік белестерінен өтіп, экономикалық-әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкін-дік алдық.

СұхбаттасқанНұрай Сәбитқызы

Page 98: Журнал №15

98

САУЛЫҚ – БАЙЛЫҚ НЕГІЗІЕл саясатындағы басты на-

зарда тұратын саланың бірі – ден-саулық сақтау болып табылады. Себебі, мемлекеттің дамуы ха-лықтың ел экономикасына қо-сып жатқан үлесінің басты көр-сеткішіне айналатыны белгілі. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында са-палы медициналық көмек көрсе-тудің маңыздылығын қазықтай қадап көрсетіп, денсаулық сақтау саласының мамандарына бағыт-бағдар берді.

Біздің сұхбатымыздың келесі кейіпкері басшылық етіп отырған №8 қалалық емхана аталмыш ба-ғытта қарқынды жұмыс жасай отырып, көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Ал, ең бастысы 100 мыңға жуық халықтың ри-

зашылдығына ие. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, атал-мыш емдеу орнының бас дәрігері Айгүл Құбашқызы ақжарқын мінезі мен ақ-көңілділігінің арқасында көптеген науқастардың жүрегіне жол таба білгені тасқа таңба басқандай көрініп тұрады. Отбасында аяулы ана, асыл жар болып отырған біздің кейіпкеріміздің басты ұстанымы «Адамға деген махаббат!» екен.

2007 жылы ғана іргесі қаланған аталмыш емдеу орнының бүгінгі таң-дағы елеулі еңбегі жайында №8 қалалық емхананың бас дәрігері Қасымова Айгүл Құбашқызымен болған сұхбат барысында біле аласыздар!

Айгүл Құбашқызы, өзіңіз басшылық етіп отырған №8 қа-лалық емхананың құрылу тари-хы мен бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі жайында айта кетсеңіз.

Біздің емхана 2007 жылы жел-тоқсан айында ашылды. Бүгінгі таңда емханада 78-79 мың адам тіркеуде тұр. Сонымен қатар, бізде «Демеу» атты жалпы тәжірибелік-дәрігерлік оқыту қосымша меке-месінде тіркелген халыққа қызмет көрсетеміз. Ол жерде тіркелген халықтың саны 26-28 мың адамға

жетеді. Осы ретте біздің емханаға 100 мыңнан аса адам келеді десек болады. Жалпы, емханаға жоспар бойынша 50-60 мыңдай адам тіркелуі қажет. Бірақ, Астанамыз өсіп, дамып келеді. Осы себепті, бізге де келетін адамдар саны өсіп жатыр. Біздің емхананың көмек көрсететін бағыты алғаш-қы медико-санитарлық көмек, алдын-алу, диагностикалық және емдеу қызметімен қоса тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында мамандандырыл-

ған медициналық көмек көрсету болып табылады. Сонымен қа-тар, бізде аймақтар бойынша тәжірибелі балалар дәрігері, терапевттер қызмет етеді. Және де емханада 26 керуетке негіз-делген күндізгі емдеу бөлімі жұмыс жасайды. Ол жерге бас-қа да қалалық емханалардан науқастар емделуге келіп тұра-ды. Себебі, біздің емханада Астана қаласындағы ең алғашқы офтальмологиялық орталық орна-ласқан. Сонымен қатар, біздің

Астана қаласы

Page 99: Журнал №15

99

емханада «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған аурудың алдын алу бөлімі және әлеуметтік қызметкерлер мен психолог мамандардан құрылған бөлімше 4 жыл көлемінде жұмыс жасап келеді. Бұл өз кезегінде біздің дәрігерлерімізге өзіндік көмек болып жатыр. Себебі, нау-қастың әрбір ауруының негізі жүйке жүйесінің жұқаруынан болып табылады. Мәселен, әлеу-меттік мәселелердің кесірінен адам рухани түрде шаршайды. Сонымен қатар, кейбір науқас кісілер үшін өзінің дертін қабылдау қиын бо-лып табылады. Біз осы ретте ол кісілермен тығыз қарым-қатынас орнатып, психолог мамандардың көмегіне сүйенеміз. Ол кісінің өз дертіне назар аудармай, өмірге бейімделіп кетуі біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Сіздің қарамағыңызда қыз-мет ететін мамандардың білік-тілік деңгейі жөнінде айтып өтсеңіз. Шет елдермен тәжірибе алмасу мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр ма?

Бүгінгі таңда біздің емхана 85 пайызға тәжірибелі мамандармен қамтамасыз етілген. Негізі, біздің емханада көбінесе аймақтарда қызмет ететін білікті дәрігерлер-дің жетіспеушілігі бар. Алғашқы жылдары емханамыздың іргесі енді ғана қаланып жатқан кезде біраз қиыншылықтар болғаны анық. Ол кезде мамандардың тапшылығы көзге көрініп тұрған еді. Бүгінгі таңда біздің ұжым

толық қалыптасып, үлкен отба-сыға айналды деп нық сеніммен айта аламын. Жалпы, біздің ұжымның 25-30 пайызы жас дәрі-герлер болып табылады. Бірақ, жас та болса, барлығы жоғары білімді, біліктілік деңгейлері де үлкен көрсеткішке ие. Егер нақ-ты сандармен айтар болсам, дәрі-герлердің тәжірибелік деңгейлері 56 пайызды, медбикелердікі 58 пайызды құрайды. Дегенмен, біз бұл жетістікпен тоқтап қалмай-мыз деген ойдамын. Мамандары-мыздың біліктіліктерін арттыру мақсатында жыл сайын арнайы оқу бөлімдеріне жіберіп отыра-мыз. Мәселен, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен біздің ең жақсы көрсеткіш көрсетіп, үздік атанған мамандарымыз Ресей, Литва, Беларусь елі, Финляндия сияқты шет елдерге бару мүмкіншілігіне ие болып отырады. Соңғы алты жылдың ішінде біздің 20 шақты мамандарымыз шет елдерге ба-рып келді. Мәселен, Финляндия еліндегі медициналық көмек көрсету деңгейі өте жоғары пайызды құрайды. Біз сол елдегі әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасу мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта осы жұмыстардың нәтижелі жемісін көреміз деген үміттемін. Себебі, дәрігер әрқашан да жан-жақты білімді болуы керек. Біздің емхана осы бағытта қалтқысыз еңбек етуге даяр.

Емхананың медициналық жабдықталуы жайында не айта аласыз? Жалпы заманауи құ-рылғылармен толық қамтама-сыз етілген бе?

Қазіргі таңда біздің емхана барлық медициналық құрылғы-лармен 82 пайызға толық қам-тылған деуге болады. Мәселен, Астана қаласындағы мемлекет-тік мекемелерде жоқ офтальмо-логиялық орталық бізде жұмыс жасайды. Осы ретте біздің мекеме өзінің кепілдендірілген көлеміне сәйкес елорда тұрғындарына тегін қызмет етеді. Сонымен қатар, бізде көз қарашығын отасыз емдейтін арнайы құрылғымыз бар. Аталмыш құрылғы көз қарашығының аға-рып кетуін емдеу үшін арналған. Бұрынғы Кеңес дәуірінде көздің қарашығына арнайы ота жасау қажет болатын. Сондай-ақ, науқас отадан кейін 10-12 күн ауруханада жататын. Бүгінгі таңда аталмыш құрылғының арқасында науқас тез арада ем қабылдап, 3 сағаттың көлемінде өз қалпына келе алады. Сонымен қатар, суқараңғылық ауруын мезгілімен анықтау өте маңызды болып табылады. Бұл ауру жүрек-қан айналуының бұзылуынан, қанттың деңгейі көтерілуінен не генетикалық тұр-ғыда таратылады. Осы аурудың алдын алып, анықтау мақсатында республика көлемінде арнайы скрининг жұмыстары жүріп жатыр. Біздің емханада аталмыш дерттің алдын алу үшін арнайы құрылғылармен толық қамтамасыз етілген бөлім қызмет етеді.

Page 100: Журнал №15

100

Бүгінгі таңда қоршаған ор-таның әсерінен онкологиялық, аллергиялық аурулардың кө-бейіп кеткені белгілі. Осы дерт-тің алдын алу үшін қандай жұ-мыстар жүргізіп жатырсыздар?

Бұрынғы кезде ата-бабамыз-дың нағыз табиғи тамақ жеп, таза ауамен дем алғаны белгілі. Сол себепті, ол кісілерде аллергия сияқты аурулар болмаған. Ал, қазіргі таңда заман дамып, жағ-дай өзгерді. Қала дами бастады, сонымен қатар көлік түтіндері көбейді. Адамдардың қолданатын азық-түлік сапасы да өзгеріске ұшырады. Табиғи дүниелердің орнын жасанды қоспалар басты. Айтылған жәйттердің барлығы адам денсаулығына өз әсерін ти-гізіп қана қоймай, зиянды болып табылатыны анық. Әрине, бүгінгі таңда осы мәселелердің алдын алу үшін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен де, әрбір адам өз басына салауатты өмір сүруді қаласа, дұрыс та-мақтанудың маңыздылығын түсінсе, денсаулықтарында дерт пайда болмайтын еді. Мысалы, Финляндия елінде үлкен дүкен-дерде арнайы салауатты өмір салтын сақтауға арналған бөлім-шелер бар екен. Ол жерлерде дәрігерлер әр тағамның зиян жағын көрсетіп отырады. Мәсе-лен, сіз газдалған сусын алатын болсаңыз, ол жерде сол сусынның ішіндегі қант мөлшері көрсетіліп тұрады. Өз басым, бұл өте тиімді және дұрыс жасалған қадам деп ойлаймын.

Ал, енді онкологиялық ауру-ларға келетін болсақ, көп дерттің бастамасы жүйке жүйесіндегі кінәраттан туындайды. Әрбір қо-балжу, қайғы-қасірет адам ден-саулығына өз әсерін тигізбей қоймайды. Негізі, ауруды емде-геннен гөрі сол дерттің алдын алғаны жақсы ғой. Осы себепті, «Саламатты Қазақстан» бағдарла-масы аясында соңғы бес жылдың ішінде әртүрлі бағыттағы 14 түрлі скрининг өткізілді. Соның ішінде 5 түрі онкологиялық ауруларға арналған болып табылады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына қатысты азаматтық пікіріңізді білсек.

Жалпы, Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауының әрқайсысы үлкен маңызға ие екенін түсіне білген жөн. Ол кісі өз халқының алдына мақсат қоя білді. Сонымен қатар, сол мақсатқа жетудің бағыт-бағдарын көрсетті. Шыны керек, өзіміз әйел заты болғаннан кейін, бала мен ананың денсаулығына қатысты бөлімге көп көңіл бөлемін. Бүгінгі таңда осы бір жәйт күрделі мәселелердің қатарынан табылатыны анық. Егер қыз баланың денсаулығын жас кезінен толық қадағалайтын болсақ, ертеңгі күні көптеген мәселелер туындамайтын еді. Әйел – отбасының тірегі бола-тынын ұмытпағанымыз жөн. Осы себепті, аталмыш жәйтке қатысты Жолдаудың бағыты маған қатты әсер етті. Сонымен қатар, Елбасымыз еліміздегі медициналық көмек көрсету саласының қызметі халықаралық сапаға сәйкес болу керектігін де атап өткен болатын. Осы ретте біздің мекеменің өткен жылы шетелдік «TUV Rheinland Inter-Cert» компаниясының тіркеуінен сүрінбей өткені емхананың үлкен жетістігі болып табылады. Бұл біздің емханадағы дәрігерлердің жұмыстағы жемісімен қатар, емхананың жеңісі екені анық. Негізі, еліміздегі әр мекеменің жыл сайынғы жұмыс сапасын тексеріп отыру қажет дүние деп ойлаймын. Себебі, біздің дамыған 30 елдің қатарына кіруіміз үшін жасалған жұмыстарымыз жоғары дәрежеде болуы қажет. Біздің жұмыстарымыздың сапалық деңгейі шетелдермен бір сатыда тұрса ғана үлкен жетістікке жете-тініміз анық.

Айгүл Құбашқызы, ендігі әңгіме желісін өзіңіздің еңбек жолыңызға қарай бұрсақ. Осы салаға қалай келдіңіз?

Мен негізі Атырау өңірінің тумасымын. Мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін Қарағанды медициналық мемлекеттік инсти-тутының «емдеу ісі» бөлімін 1993 жылы тәмамдап шықтым. Кейін Қарағанды облысында кар-диология бөлімінің дәрігерінен бас дәрігердің орынбасарына дейін 15 жылдай қызмет еттім. 2007 жылы осы емхананың іргесі енді ғана қаланып жатқан кезде бас дәрігер қызметіне тағайындалдым. Бүгінгі таңда осы мекемеде қызмет етіп келемін. Жалпы, медицина саласына келгеннен кейін дәрігер әрбір адамды сыйлап, жақсы көру керек деп ойлаймын. Көбінесе бізге жас мамандар келгенде, менің қоятын ең басты сұрағым «Сіз адамдарды жақсы көресіз бе?» деймін. Себебі, университет қабырғасын жаңа ғана бітіріп келген жас маман дәрігердің алдындағы басты жауапкершілік неде екенін сезіне білуі қажет. Біз адамдарды емдеп қана қоймай, олардың жан дүниесін де көре білуіміз керек. Міне, сонда ғана дәрігер науқасты толық жазып шыға алады.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде деп ойлайсыз?

Жалпы, тәуелсіздік біздің елі-міз үшін өте маңызды ұғым болып табылады. Тәуелсіздіктің арқасын-да біздің өз тіліміз, діліміз, дініміз бар. Әрине, тәуелсіздік жолында қазақ елінің басынан көптеген қиын-қыстау кезеңдер өткені белгілі. Бүгінгі таңда да көгімізде көк туымыз желбіреп тұру үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Жастарымыз жан-жақты білім алып, заманауи дамып келеді. Себебі, ендігі кезек олардікі болмақ. Бұл – олардың заманы. Ал, тәуелсіздік жастарымыздың қолындағы жігер оты деуге болады.

Сұхбаттасқан Ақнұр Серікбаева

Page 101: Журнал №15

101

ТАРИХЫ ТЕРЕҢГЕ ЖАЙЫЛҒАН ЕМХАНА

Адамның тұлғалық бей-несі, жақсылығы мен дара

қасиетінің көрінісі оның жа-саған еңбегінен танылатыны сөзсіз. Журналымыздың кезек-ті кейіпкері де жаны нәзік болғанымен, қызметте батыл мінезімен көпшіліктің сенімін жаулап алғанын айтуға бола-ды. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгілерімен мара-патталғаны сол еңбегінің елен-генін айғақтайды емес пе?! Ал, қаншама науқасты жүрекпен емдей білген ақ халатты абзал жанға халықтың да айтар алғысы шексіз екенін білеміз. Ендеше, №2 Астана қала-лық емханасының бас дәрігері Руспекова Ләззат Асығатқызы журналымызға берген сұхба-тында мамандығының нағыз жанашыры екенін танытты. Олай болса, әдемі әңгімеден келелі ой түйе отырыңыздар.

Алдымен Сіз басшылық етіп отырған №2 қалалық емха-наның тарихи даму жолдары мен бүгінгі таңдағы қызмет көрсету бағдары туралы әңгімелеп бер-сеңіз.

Иә, былтыр ғана тарихы те-реңге жайылған емхананың 60 жылдық мерейтойын дүбірлете атап өттік. Өткенге көз жүгірте-тін болсақ, №2 қалалық аурухана базасында ересек тұрғындарға амбулаторлық-емханалық көмек көрсету үшін 1953 жылы «№2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұйымдастырылған болатын. Сол кездің өзінде 4 терапиялық аймақ,

1 цех пункт бойынша 25000 тұр-ғынға қызмет көрсетіле бастады. 1999 жылдың 22 маусымынан бастап емхана өз жұмысын мемле-кеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын ретінде жалғастырды. Грязнова Юлия Дмитриевна, Сторожук Вячеслав Борисович-тардан кейін емхананың бас дәрі-герлігіне тағайындалған медицина ғылымдарының кандидаты, жо-ғары санатты дәрігер Гаркалов Константин Анатольевич 2006 жылы жалпы тәжірибедегі дәрі-герлер бөлімшесінің ашылуына бастамашы болды. Яғни, бір адамға, анығырақ отбасылық

дәрігерге жүгінуге мүмкіндік бе-ретін бұл дәрігерлердің бүгінгі таңда 2 бөлімшесі қызмет атқара-ды. Осы қарқынмен тұрғындарға ем көрсетудің шеңберін кеңейтіп, жаңа жүйелер бойынша емхана-ның сапалық деңгейін арттырып келеміз. Осы тұрғыда, алпыс жыл-дық мерейтойда ұйымдастырылған республикалық конференцияны айтпай кетсек болмайды. Жан-жақ-ты медициналық орталықтардан, академиялардан маңызды қонақтар келіп, көлемді мәселелерді талқыға салды. Оның ішінде, бүгінде қаупі өршіп тұрған жаман аурулардың алдын алу, оларды емдеу және

Page 102: Журнал №15

102

медицинаның экономикалық жағ-дайына да баса назар аударып, біршама түйіндердің шешімін тапты. Жаңа жоспар бойынша әр тұрғынның қаржылық есебі бойынша көрсетілетін қызметтің ауқымы кеңейе түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің экономика бөлімі аталған шешімдерді қол-дап, заң жүзінде іс-тәжірибеге ене бастады. Сондықтан, 96 мың емделушісі бар емхана ешбірінің көңіліне кірбің түсіре алмайды. Және тағы да айта кетерлік жәйт, біз тек қана бір ғимаратта емес, қызмет көрсетілетін тұрғындар саны артқандықтан филиалдары-мызды да арттырдық. Мысалы, Ә. Молдағұлова көшесі бойынша 11 мың баланы қабылдауға мүм-кіншілік жетеді. Ал, қаладан алшақ орналасқан Өндіріс елді мекенінің тұрғындарына да білікті дәрігер-лер сапалы қызмет көрсетеді. Осы секілді бөлімшелеріміз жалғаса береді. Ең бастысы, халықтың игілігі мен олардың денсаулығы-ның бұзылмауы үшін аянбай еңбек етіп келеміз.

Тұрғындардың жақсы денсаулығы үшін жан аямай еңбек етіп жүрген емхана қыз-меткерлерінің біліктілік деңгейі қандай?

Жалпы алғанда, емхана бо-йынша 462 маман қызмет етеді. Оның ішінде 123 дәрігер, 260 мед-бике, аймақтық 48 дәрігер және өзге де қосымша мамандардың барын айта аламын. Әрбір жас маманның біліктілік деңгейі үш жылдан кейін ғана айқындала бастайды. Бүгінгі таңда емхана-дағы дәрігерлердің біліктілік деңгейін 90 пайызға жеткізгені-мізді мақтанышпен айтуға болады. Ал, бұл пайызға жеткізу үшін әрине едәуір күш салдық. Яғни, шет елдердің тәжірибесімен та-нысып, өзімізге қажеттісін алу үшін арнайы бағдарлама бойын-ша жұмыс жасаймыз. Кез келген маман білімі мен біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасамын деп ниет білдірсе болғаны, қалған жауапкершіліктің бәрі мекеме өз жауапкершілігіне алады. Мысалы, жақында ғана үш дәрігер және

медбикеміз Финляндияға, бір дәрігеріміз Израилға, он дәрігер Беларусия және Минскке барып, тәжірибенің мол қорын жинап қайтты. Соның ішінде, Германия-ның медициналық сақтандыру жүйесінен үлгі ала отырып, ұза-май өз елімізде де енгізуді жоспар-лап жүрміз. Осы секілді, медици-наның әр саласы бойынша нау-қастарға сапалы қызмет түрін ұсынуда алдымызға жан салмай келеміз. Жоғарыда атап өткенім-дей, бізге келіп қаралатын емде-лушілердің саны сапаның жақсы болғандығынан көбейіп жатыр. Бізге халық сенсе, сол сенімді шын ықыласымызбен ақтауға тырысамыз. Ең бастысы, маман-дыққа деген сүйіспеншіліктің арқасында үлкен жетістіктерге же-ту мүмкіндігіне ие бола түсеміз.

Заманның талабына сай техниканың мүмкіншіліктері де күн санап өсіп жатыр. Атал-мыш емхананың заманауи құ-ралдармен жабдықталуы қан-дай?

Page 103: Журнал №15

103

Емделушілерге сапалы қыз-мет түрін ұсыну үшін ақ халатты абзал жандардың маңызды рөл ойнайтынын айттық. Ал, сол са-паны іс жүзінде дәлелдей түсуге техникалық жабдықтардың ті-келей байланысы бары сөзсіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әр жылғы Жолдауында ұлттық медицина-ның дамуын басты міндеттердің қатарына қосады. Және бұл міндет жүйелі түрде өз нәтижесін беріп келе жатыр. Бұл ретте біздің ем-хана да артта қалған жоқ. Мысалы, бұрын жүректің қан тамырларына зерттеу жүргізетін құрылғылар қол жетімсіз болатын. Ал, бүгінгі таңда мұның ең мықтыларын пайдаланып келеміз. Ультракүл-гінді сәулелер арқылы емдеудің барлық техникалық түрлері біз-дің емханада қамтылған. Скри-нингтен өтудің толық мүмкінші-лік жасалғаны да соңғы кезде емхананың басты жаңалығына айналып келген. Сондай-ақ, ста-ционарды алмастыру технология-сына көшу мен хирургиялық нау-қастарға амбулаторлық-емханалық көмекті бұдан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында 2003 жы-лы амбулаторлық хирургиялық орталығы ұйымдастырылғанын айта кеткенім жөн болар. Бұл ор-талықтың негізгі тапсырмалары «Күндізгі- стационар» кешенінде хирургиялық науқастарды емдеу-дің ең жақсы сабақтастығын қамтамасыз ету, заманауи техно-логияларды қолдану есебінен науқастарды емдеу мерзімін қыс-қарту, хирургиялық саладағы науқастардың еміне шығынды төмендету, стационардың төсек-орын қоры жұмысын оңтайлан-дыру болып саналады. Бұл заманда техника бір орында тұрған дүние емес, күн сайын күрделеніп, сан түрі көбейіп жатыр. Сондықтан, біз ешбірінен қалыс қалмаймыз деп есептеймін.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев бәсекелестіктің денсаулық сақ-тау саласын дамытуда үлкен рөл ойнайтынын айтты. Ал, Сіз

басшылық етіп отырған емхана бәсекеге қаншалықты дайын деп есептейсіз?

Әрине, біздің ұлттық меди-цинамыз бәсекелестіктің бел ор-тасында тұр деп айта аламын. Кез келген дамыған елдің денсаулық сақтау саласымен біздің тереземіз тең дәрежеге жетті. Соның ішінде, №2 қалалық емхананың жеткен жетістіктерін де атап өтуге болады. Жуырда ғана Мәскеуден нефролог дәрігеріміз бүйрек ауыстырған науқастардың жағдайын бақылап, оларды әрмен қарай емдеп, күтім жасаудың қыр-сырын меңгеріп келді. Қала бойынша 61 адам аталған жәрдемге зәру екенін ескерсек, бөтен адамның бүйре-гін өзгесі қабылдау немесе қа-былдамаудың артын бағу одан да қауіпті жағдай. Сондықтан, бұл жағдайды қаламызда жалғыз өзі меңгеріп келген дәрігердің бұл жетістігі бізге де тіреу болмақ. Осы секілді мамандардың еңбе-гін бағалап, олардың білімі мен біліктілігіне демеу көрсетіп, жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасасақ, бәсекелестіктің шығар биігіне жете береміз. Осы тұрғы-да емхананың атқарып жатқан жұмыстары да аз емес. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, скрининг арқылы ауруды болдырмаудың алдын ала шараларын жүзеге асырып жатыр-мыз. Бұл біздің жұмысымыздың 40 пайызын қамтып отыр. Әр жылдың аяғында аймақ бойын-ша топ құрып, келесі жылға скринингтік байқауға жататын адамдардың тізімін шығарып, тексеру науқанына қабылдаймыз. Міне, осындай тынымсыз еңбек пен мамандығымызға деген адалдықтың арқасында бәсекеге қабілетті емдеу мекемесінің тізгінін ұстап отырмыз деп айта аламын.

Осы тұста әңгіме басын өзі-ңізге қарай бұрсақ. Бүгінгі жетіс-тіктеріңізге жету үшін жүріп өт-кен еңбек жолыңыз туралы ай-тып берсеңіз. Және қандай от-

басында тәрбиелендіңіз?Мен көп балалы отбасында,

үлгілі әкеден, өнегелі анадан тәр-бие алып өскен жанмын. Алды-мен тоғыз перзентін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтыр-май өсірген әкеміз туралы айтар болсам, ол шәкірт тәрбиелеген ардақты ұстаз, біршама жыл мектеп басқарған сыйлы кісі, әрі Ұлы Отан соғысының ардагері болған. Сондықтан, 9 мамыр – Жеңіс күні біз үшін ескерусіз қал-майтын айтулы күндердің бірі болып табылады. Ата-анамыздың арқасында білім алып, жақсы жетістіктерге қол жеткізіп отыр-мыз. 1985 жылы Целиноград мем-лекеттік медициналық институ-тын тәмамдап, осындағы қалалық балалар ауруханасында алғашқы еңбек жолымды бастадым. Кейін Атбасар бекетіндегі ауруханада педиатр болып, жедел жәрдем қызметінде орынбасарлыққа дейін көтеріліп, 2011 жылдан бастап №2 емхананың бас дәрігерлігіне тағайындалдым. Дәрігер болуды аңсаған бала күнгі арманыма қол жеткізіп, халыққа өте қажетті маман иесі болғаным үшін тәубе деймін.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына да келіп жеттік. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Бүгінде біз маңдайында жұл-дызы жанған елміз десем бола-ды. Парасатты, көреген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тыныш та бейбіт күндердің жалауын желбіретіп жүрміз. Оның ел дамуына бағытталған мақсатты жоспары, бағдарламалары халық-тың тұрмыстық әлеуетін жақсар-тып, саламатты елдің тұрақты тұрғындары ете білді. Осы тұрақ-тылықты «мәңгілікке» айналдыру үшін бәріміз тек қана аянбай еңбек етуіміз керек.

СұхбаттасқанМаржан Әбдіғалиқызы

Page 104: Журнал №15

104

ӘКЕДЕН ЖАҚСЫ ҰЛ ТУСА...

Көзі ашық, көкірегі ояу азамат қашан да ел сүйіспеншілігі мен халықтың ілтипатына бөленетіні сөзсіз. Ал, адамды көрікті де сүйкімді ететін бірден-бір

дүние оның еңбегі болып табылады. Білімге, ғылымға құштар жанның алдынан алтын қақпалардың ашыла түсетіні де ақиқат. Ғұмырын арзан ойын-күлкімен өрнектемей, мазмұнды мағынаға толтыруды көздейтін журналымыздың кезекті кейіпкерінен үлгі алатындар да көп шығар. Халық ризашылығы үшін қызмет ететін, олардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықпен күн кешетін өнегелі отбасында тәрбиеленіп, солардың үлгілі тәлімінің арқасында өніп, өсіп, жасыл бұталы ағаштай көгеріп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген азамат-пен қалайша мақтанбасқа?! Атқарып жатқан қызметіне адал, жаңашылдыққа ұмтылатын белсенді жанның әке жолын жалғастырып келе жатқаны да көңілге медеу болатындай. Жас та болса, кейінгі ұрпақтың дәстүр сабақтастығы үшін көп алаңдайтын «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚК бас дәрігері Нұрқатов Ербол Маратұлы журналымызға арнайы сұхбат берді. Ендеше, келелі әңгімеден мазмұнды ой түйе отырыңыздар.

Page 105: Журнал №15

105

Ербол Маратұлы, Сіз басқа-рып отырған «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» қай жылдан бастап қызмет ете бас-тады және бүгінгі таңдағы ты-ныс-тіршілігі қандай?

Тарихи діңгегі тереңде жатқан біздің медициналық орталықтың 1953 жылы негізі қаланып, бүгін-гі таңда Қазақстанның ең байырғы мемлекеттік медициналық меке-мелерінің бірі болып табылады. Былтыр ғана 60 жылдық мерей-тойымызды атап өткенімізді де айта кеткенім жөн болар. Респуб-ликадан, шет елдерден арнайы шақырылған қонақтарға жарты ғасырдан көп уақыт аралығында жеткен жетістіктерімізді танысты-рып, бар ғұмырын осы орталыққа арнаған ардагер дәрігерлерімізге үлкен құрмет көрсеткеніміз бар. Бір ғасырға жеткенше, орталық-тың шығар биігі әлі алда деп есеп-теймін. Ал, бүгінгі таңда Астана қаласы әкімдігінің «Психикалық денсаулық проблемаларының ме-дициналық орталығы» МКҚК ба-лалар мен ересек тұрғындарға стационарлық, балалар мен ересек тұрғындарға психиатрия, психо-терапия, хирургия, офтальмология, оториноларингология мамандық-тары бойынша амбулаториялық-емханалық, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, еңбекке жарамдылық сараптамасы, кәсіби жарамдылық, алдын алу және мезгілдік тексеріс, психиатриялық сараптама, соның ішінде сот-психиатриялық, жастар-дың денсаулық жағдайы сарапта-масы сияқты медициналық қызмет түрлерін ұсынады. Сонымен бірге, 10 ересектерге, 4 балаларға, 1 жас-өспірімдерге қызмет көрсететін аймақтық орындар да белсенді жұмыс істейді. Соның негізінде, күндізгі стационар туралы айта кетсем, емделушілермен психоло-гиялық білім беру бағдарламалары бойынша арнайы жұмыстар жүр-гізіледі. Бұл жұмысты әлеумет-тік қызметкерлер мен психологтар атқарады. Оған қоса, сенім теле-фоны арқылы тегін психологиялық кеңестер берілетінін қоса айтуға

болады. Дәл осы секілді орталық қызметінің ауқымы өте кең.

Астана қаласы бойынша шамамен жылына қанша адам жүйке ауруларына шалдығады? Олардың толық жазылып шығу мүмкіншілігі қандай?

Ақпараттық есепке жүгінер болсақ, жылына 48 650 адамға медициналық көмек түрін ұсына-мыз. Оның ішінде ересектер де, жасөспірім мен балалар да бар. Көбінде психикалық ауытқулар орта жасты адамдарда көп кезде-седі. Айналадағы болып жатқан құбылыстардың әсері мен жеке басының жағдайы көп әсер етеді. Бізге емделуге келген науқастар-дың барлығы қатаң бақылауға алы-нады. Бұл саланың өз заңдылығы бойынша адамның жүйке жүйесі-нің ауытқуы мен психикалық же-тіспеушілікті 100 пайыз емдеп шығу мүмкін емес. Ең жоғары жетістік 70 пайызды ғана құрай алады. Себебі, ми мен жүйке жүйе-сінің тамырлары кез келген жағ-дайда сыр беруі ықтимал. Мұны клиникалық жазылу деп атайды. Науқастың психикалық аурудан арылып, қалыпты өмір тәртібіне көшкенге дейін жағдайын қалып-тастырамыз. Сондай-ақ, осы тұста айтып өтуге болатын жағдай, Аста-на қалалық әкімшілігінің қолдауы-мен қаламызда арнайы шеберхана-лардың құрылыс жұмыстары аяқ-талып қалды. Мұнда бізден емде-ліп шыққан науқастардың жұмыс-пен қамтылуы жүзеге асырылады. Себебі, күрделі психикалық ауруға шалдыққан адамдардың ашық ор-тада жұмыс істеуі қиынға соғады. Олар үшін қызмет барысында орын алатын күйзеліс жағдайла-рына төтеп беру қиынға соғады. Сондықтан, әрі жұмыс істеп, тір-шілік ететін, cабырлы қарым-қаты-насқа түсетін өзіндік ортасын қа-лыптастырады. Бұны да елімізге жаңа енгізіліп жатқан әлемдік тә-жірибенің бір көрінісі әрі жетістігі.

Жүйке ауруына науқастар-дың көпшілігі қандай себептер-мен шалдығады?

Жүйке ауруына шалдығудың

себептері біршама. Оның өзін екіге бөліп қарауға болады. Біріншіден, эндогендік психикалық аурулар-дың қатарында сыртқы жағдайлар-дың байланысы жатыр. Яғни, күн-делікті тіршілік барысында күй-зелістік және жабығу қысымның салдарынан психиканың ауытқуы-на алып келеді. Бұлар еселеніп, күрделі емді қажет ететін жағдайға ұласуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, генетикалық ауруларды екінші түрге жатқызамыз. Ол туылғаннан бастап мидың баяу жетілуі, бас сүйектің әлсіздігі се-кілді белгілер жүйкенің қалыптан тыс мазасыздануына соқтырады. Ал, аталған екі түрдің араласуынан қояншық ауруына шалдығатындар да бар. Бұл өте қауіпті жағдай деп есептелінсе, бүгінгі таңда әрбір екінші адамда кездесетін аурудың жеңіл түрі бар. Оны біздің салада «жүйкенің тозуы» деп атайды. Көп жағдайда біз мұны қалыпты өзге-ріс ретінде танимыз. Дегенмен, психолог дәрігерлердің көмегіне жүгінудің қажеттілігі барын ескер-гім келеді. Тіршіліктің ауыртпашы-лықтарын жүйке талшықтарына жинай беру қауіпті. Сондықтан, қандайда бір аурудың алдын алуға әрекет ете білген жөн. Сондай-ақ, «суицид» мәселесі де бұл күнде өзекті тақырыптардың бірі болып тұр. Жүйкенің шамадан тыс жұқаруынан өзіне өзі қол жұмсау-ға әкеліп соғуы ғажап емес. Ашу қысқан жағдайда өте мұқият бол-ған абзал.

Психикалық денсаулық про-блемаларының медициналық орталығы заманауи технология-лармен толық жабдықталған ба?

Кеңес Одағы құлдырап, еліміз жаңадан тәуелсіздікке қол жеткіз-ген жылдары біз көп қиыншылық-тарды бастан өткердік. Науқастар-ды емдейтін дәрі-дәрмектің тап-шылығы жұмысымыздың әлсіре-уіне алып келеді. Қаржы мәселесі көп дүниеге тұсау болды. Бірақ, шыдамдылық пен еңбекке деген ынтызарлықтың арқасында бәрі-не де төтеп беруге күшіміз жетті. Ақырындап көздеген жетістіктері-мізге қол жеткізе бастадық. Әсіре-

Page 106: Журнал №15

106

се соңғы 10 жылдың өзінде біздің мекемені қаржыландыру мәселесі 4 есеге ұлғайып, заманауи техни-калық құрал-жабдықтармен бұрын-ғы кем-кетіктерімізді бүтіндеп алдық. Республика бойынша ең сапалы, заман талабына сай жаб-дықтарға ие орталық болып та-нылғанымыз да соның дәлелі. Жатып емделетін науқастар үшін 365 төсек орын және 100 пайыз тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Бұл біздің үлкен жетістік-теріміздің бірі деп айтуға болады.

Осы орталықта қызмет ететін мамандардың біліктілік деңгейі жайлы не айтасыз?

Орталық дамыған сайын жаңа мүмкіндіктерге қол созып жатқа-нымыз ақиқат. Шет елдердің тәжі-рибесіне сүйене отырып, тың дү-ниелерді өз саламызда пайдалану үстіндеміз. Соның ішінде науқас-тарға қызмет көрсететін мамандар-дың шеңберін көбейтіп жатырмыз. Мысалы, бұрын тек қана психолог, психиатр, медбикелермен ғана ұжым толықса, қазір оңалту, бе-йімделу секілді емдеу салалары бойынша тағы да еселеніп келеді. Және мұндағы дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін кез келген медициналық мекемелер мен дамыған мемлекеттердегідей арнайы оқу-тәжірибеге жіберіп тұрамыз. Әсіресе, біздің ертеңгі орнымызды басар жас мамандар-дың кәсіби біліктілігін нығайту үшін көп күш саламыз. Дәрігер-лердің жалпы кәсіби санатын жоғарылату үшін қосымша білім беру мекемелері де өз елімізде қарқынды даму үстінде. Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған мекеменің 70-80 пайызы жоғары санатты дәрігерлерімен мақтана алады. Сол арқылы сапалы қызмет етіп, көштің басында жүруге тал-пынамыз.

Ербол Маратұлы, әңгіме барысын өзіңізге бұрсақ. Меди-цина саласын таңдауыңызға не себеп болды? Жақсы жетіс-тіктердің төрінен көріну үшін

жүріп өткен еңбек жолыңыз ту-ралы айтып берсеңіз.

Менің әкем де, анам да – дә-рігер. Ата-анамның араласатын ортасы да осы саланың адамдары болғандықтан, бала күнімнен бастап айналамды қаумалаған ақ халатты абзал жандарды көріп өстім. Сондықтан, бұл маңдайы-ма жазылған мамандық деген ой мен сенімнің ықпалында еш кідірместен Алматы медициналық институтына оқуға түстім. Ал, әкем психиатр болғандықтан жә-не медицинаның аталған саласы өзімнің де қызығушылығымды оята білген соң, адамның жүйке жүйесі ауруларын емдейтін маман боламын деп шештім. Жоғары оқу орнында оқи жүріп, жедел жәрдемде қосымша жұмыс істе-дім. Осылай еңбек жолымның алғашқы баспалдақтарына та-бан тірей бастадым. 1995 жылы оқуымды тәмамдап, клиникалық ординатура, асперантурада білі-мімді жалғастырып, кейін канди-даттығымды қорғап шықтым. Соң-ғы жеті жылдан бері осы орталық-тың дамуына бар үлесімді қосып келемін. Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-ның Колумбия университетінде, 2012 жылы Ұлы-британияның Лондон мектебінде тәжірибеден өтіп, психикалық ауытқуы бар адамдарға көмек көр-сетудің жаңа жүйелерімен таны-

сып, технологияларды пайдалану-дың аясын кеңейтіп келдім. Әрі біздің тәжірибеміз дұрыс бағытта келе жатқанына көз жеткіздім. Енді біз де науқастарды аурухана бөлмесінен тыс, үй жағдайында, ішкі жан дүниесінің жайлылығын сездіру үшін отбасы қасында ем-деудің әдісіне көше бастадық. Бұдан өзге нұсқалар бойынша емдеудің тиімді жолдарын талқы-лап жатқан жағдайымыз бар.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына көшсек, Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздің арқасында ғана біздің еңбегіміз жемісті нәтижесін беріп жатыр. Бізді бүгінде күллі әлем таниды. Еліміздің бірлігіне, татулығына, салт-дәстүрі мен мәдениетіне, тарихына қызыға да, қызғана қарайтындар да баршылық. Осыған шүкір деуіміз керек. Ата-бабамыз бізге үлкен аманат қалдырды. Сол аманатқа қиянат жасамау әрбіріміздің жа-дымызда өмір сүретін өмірлік қағида болғаны жөн. Отанды сүю керек, сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгі тұғырлы болады.

Сұхбаттасқан Ләйлә Нығматуллина

Page 107: Журнал №15

107

«СӘБИДІҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН!»

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «ХХІ ғасырда-ғы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар», – деген болатын. Ал, осы белсенді, білімді, дені сау азаматтарды дүниеге алып келе-тін ол – әрине Ана! Ендеше, ананың саулығы – сыңғырлаған сәби күлкісі мен жар-қын өмір, шынайы бақыттың кепілі!

Елордамыз Астанамызда ана саулығы мен сәби тыныштығын күзетіп, елі-міздің ертеңі үшін дені сау ұрпақ дүниеге келуіне себепкер болып жүрген біздің келесі кейіпкеріміз Астана қаласындағы №1 қалалық перзентхананың бас дәрігері Хамидуллина Зайтуна Ғаділқызы. Ол: «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жарал-ған!» демекші дүние есігін ашқан әрбір сәби дені сау анасының қасында алаңсыз ұйықтауға құқылы», – дейді. Ендеше, сәби бақыты үшін аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жанның салиқалы сұхбатын оқи отырыңыздар!

Page 108: Журнал №15

108

Зайтуна Ғаділқызы, Астана қаласындағы №1 қалалық перзентхананың тарихы, тыныс-тірші-лігі туралы айтып өтсеңіз. Жалпы, перзентхана аналарымыз бен дүние есігін ашқан сәбилерімізге қандай жағдай жасап отыр?

Жарты ғасыр бойы тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан перзентханамыз Астана қаласындағы ең алғашқы перзентханалардың бірі болып табылады. Халқымыздың санының өсуіне ықпал етіп, еліміздің ертеңі мен мемлекетіміздің тірегі бола білетін сәбидің дүниеге келуіне барлық жағдай жасалған. Жайлы тө-сегі, жарық бөлмесі, тыныш орны, білікті мамандары бар бірден бір перзентхана болса, ол осы №1 қалалық перзентхана деп мақтанышпен айта аламыз. Оған себеп, 1965 жылы құрылған біздің перзентханамызда қазіргі уақытқа дейін 500 мың жүкті аналарымызға медициналық қызмет көрсетіліп, 300 мың нәрестенің дүние есігін ашуына себепкер болды.

Ал, бүгінгі таңда 11 клиникалық-диагностикада оның ішінде кеңестік-диагностикалық, гинеколо-гиялық, ультрадыбыстық, жүкті әйелдер потологиясы және жоғары қауіп-қатер тобындағы әйелдерді бақылау сияқты бөлімшелермен, зертханаларда 381 қызметкерлеріміз ана мен сәби өмірі үшін еңбек ету-де. Перзентхана мамандары жыл сайын біліктілігін ар-ттыру мақсатында Оңтүстік-Корея, Израиль, Мәскеу, Беларуссия елдерінде тәжірибе алмасып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді. Сонымен бірге, биыл, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының және оқу-клиникалық орталығының бастамасымен Литва өкілдерінің қатысуымен «Перинаталды тех-нология» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Міне, заманмен бірге бізде болашағымыз үшін қалыс қал-май тырысып келеміз. Себебі, біздегі басты мақсат жоғары мамандандырылған медициналық көмек дең-гейін көтеру арқылы, ана мен сәбиге сенім сыйлау!

Сіз басшылық етіп отырған №1 қалалық пер-зентханада жылына шамамен қанша сәби дүние есігін ашады?

Иә, сәби сүю, артыңда ұрпақ қалдыру ол – әйел бақытына қол жеткізу! Өмірге келген әр нәресте – бұл дүниенің кірпіші болып қалануы тиіс! Сондықтан, біз дүние есігін ашқан әрбір сәбиге қуанамыз, денінің сау болып туылуын шын жүрегімізбен қалап, бар күш-жігерімізді саламыз! Біздің перзентханамызда жыл сайын орта есеппен 6500 жас сәби дүние есігін ашып, бізді қуанышқа бөлейді. Биылғы жылдың 1 тоқсанының өзінде 1700 анамыз 1780 сәбиді дүниеге алып келген екен. Бұл – жоғары көрсеткішпен бірге, еліміздің байлығы деп қуана айта аламыз.

Перзентханада нәрестелер денсаулығы үшін барлық жағдай жасалған ба? Перзентхананың ал-дағы жоспарлары қандай?

Қазір дүние есігін ашқан нәрестелеріміз үшін перзентханада арнайы Астана қаласы әкімдігі және Денсаулық сақтау басқармасы көмегімен «жаңа туған нәрестелерді күту бөлімшесін» ұйымдастыру бойынша, сонымен бірге, жаңа заманауи үлгідегі құ-рылғыларды сатып алу мақсатында ауқымды жұмыс-тар жүргізіліп жатыр. Ал, бүгінгі күні перзентхана-ның босану бөлімшелерінде білікті де тәжірибелі дәрігерлердің қатысуымен лапароскопиялық оталар жасалса, гинекология бөлімшесінде эндоскопиялық хирургиялық отаны заманауи жаңа құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру қолға алынған.

Және алдағы ауқымды жоспарларымыздың бі-рі перзентхана ішінен перинаталдық орталықты ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Осындай деңгейге жету арқылы, халықаралық JSO талабына сай аккре-дитациядан өту ойымызда бар. Міне, осы айтылған жоспарларымыз жүзеге асса нұр үстіне нұр болып,

Page 109: Журнал №15

109

сәбиге мейірімді перзентхана деңгейінен ажырамас едік.

Зайтуна Ғаділқызы, қалалық перзентхананың бас дәрігері ретінде болашақ аналарымызға айтар кеңесіңіз қандай?

Әрине, дүние есігін ашқан әрбір сәбидің ата-анасының жанында толық түрде қамтамасыз етіліп, еліміздің ертеңі болып өскенге не жетсін?! Бірақ, өкінішке орай, көптеген аналарымыз жүктілік кезінде денсаулықтарына немқұрайлы қарағанының нәтиже-сінде ананың әлсіз, баланың шала болуы жиі орын алып жатады. Осының бәрін болдырмау үшін, жаңадан шаңырақ көтерген немесе сәбилі болуды жоспарлаған ата-ана толық медициналық сараптаудан өтсе деп үлкен талап пен өтініш айтқым келеді. Өміріміздің жалғасы болатын балаларымыз аяулы, ал, жүктілік жоспарлы болсын деймін. Дені сау анадан ғана дені сау бала туылатынын естен шығармайық.

Әңіме басын осы жерден өзіңізге бұрсақ. Еңбек жолыңызды айта отырсаңыз, перзентхананың бас дәрігері дәрежесіне қалай жеттіңіз?

Мен, еңбек жолымды Семей қаласындағы қала-лық перзентхананың акушер-гинеколог дәрігері қыз-метінен бастап, бас дәрігердің орынбасары дәрежесіне дейін көтерілдім. Осыдан кейін, 2007 жылы бас қаламыздың төрінде орналасқан «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» босану бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып 4 жыл еңбек етіп, 2011 жылы Астана қаласындағы №3 қалалық перзентханасына бас дәрігердің аурудың алдын алу жұмыстарының орынбасары қызметіне ауыстым. Ал, біз әңгіме етіп отырған №1 қалалық перзентхананың бас дәрігері лауазымына биылғы жылдың ақпан айын-да тағайындалдым.

Соңғы, дәстүрлі сұрағымызға да келіп жеттік, Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – атаның қанымен, ананың жасымен келген біздің ең басты құндылығымыз. Қазіргі таңда кез келген елдің аяғы баспайтын кең байтақ жеріміз, ешкімнің қолы жетпейтін «Мәңгілік Еліміз» бар. Осы тәуелсіздігіміздің арқасында дамыған 30 елдің қатары-на енуге ұмтылыс жасап жатырмыз. Біз, тәуелсіздігі-мізді үлкен мәртебемен, мақтанышпен ұрпақтан-ұр-паққа табыстауымыз керек. Ендеше, тәуелсіздігімізді жоғалтып алмау жолында жастарымызды Отанымыз бен тілімізді қадірлеп сақтауға үйретейік. Ананың дені сау, сәбидің ұйқысы тыныш болсын!

СұхбаттасқанГүлстан Есіркепқызы

Page 110: Журнал №15

110

Атырау қаласы

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРА АЛТЫН ҚОЙНАУЫ – АТЫРАУ!

...Еділ менен ЖайықтыңБірін жазға сайласаң,Бірін қыста қыстасаң,Ал, қолыңды маларсыңАлтын менен күміске, – деп бар ғұмырын жерұйықты іздеуге арнаған, елі, жері үшін оңтайлы жер іздеп,

жиһан кезген Асан қайғы қартайған шағында, Жәнібек хан Сарайшықты қазақ хандығының астанасы етіп мекен еткенде: «Қазақ елі үшін мен іздеген жерұйық осы еді ғой», – деп егілгені және Жәнібек хан қоныс аударып Сарайшықты тастап көшкен кезде жоғарыдағы өлең шумақтарын жырға қосып ханға: «Халқың үшін жерұйықты мекен осы, оны тастама», – деп зарлағаны баршамызға өткен ғасыр куәсі тарих беттерінен аян. Иә, Асан баба жырға қосып, тапқанда қуаныштан, көшкенде қайғыдан еңіреген мекен осы батыс өңірі еді. Жеті ханның сүйегі жерленген, Махамбет пен Исатай, Құрманғазы орын тепкен өңірде 1662 жылы Гурьев қалашығы құрылып, 1938 жылы облыс орталығына айналады. Кейін, 1992 жылы Атырау болып өзгертілген оңтүстігінде Ресеймен шектесіп, Еуропа мен Азияны бөліп жатқан облыстың қазіргі таңда 570 мыңнан аса жұрты бар. Облысты Қазақстандағы ірі өзендердің бірі Жайық өзені сондай-ақ, жарты бөлігін Каспий теңізі және Жем, Ойыл, Сағыз өзендері, Индер көлі алып жатыр.

Атырау облысының жері шөлейтті, өсімдіктері шөлге төзімді болып келеді. Шөлейтті болуының, себебі, облыс аймағының көп бөлігін ащы және сортаңды тұзды жерлер алып жатыр. Облыс қойнауы мұнай, газ, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Қара алтынның отанына айналған облыста халықтың басым көпшілігі ірі мұнай өндіру өнеркәсіптерінде жұмыс жасайды. Облыста «Ембімұнайгаз», «Облтрансгаз», «Қазмұнайгаз», «ПрикаспийбурнефтьҚазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауоблгаз» сияқты ірі өнеркәсіптер шет елдік компаниялармен бірігіп, әлемдік деңгейде жұмыс жасауда. Бірақ, бір әттең-ай дейтін сәті облысқа жылына жүз мың тоннадан аса ластанушы заттар шығып, 85 пайызы ауаға тарайды.

Сонымен қоса, облыс орталығында созылмалы аурулар мен аллергиялық аурудан бастап әртүрлі ауруларға шипа беретін «Атырау» шипажайы халыққа қызмет етуде. Ал, қалаға көрік беріп, өткен тарихтан сыр шертіп тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың, жастайыннан құлдыққа сатылып, Египет сұлтаны болған Сұлтан Бейбарыстың, он саусағынан өнер тамған, күй өнерінің хас шебері Құрманғазы Сағырбайұлы мен шәкірті Дина Нүрпейісованың және «Еділ үшін егесіп, Жайық үшін жандасқан» батыр бабаларымыз Исатай мен Махамбет ескерткіштері әдемі архитектуралық үлгіде жасалынған. Және Атырау облысында Бекет ата мен шәкірті Құлшан жасатқан «Ақмешіт» және «Құлшан» мешіті деп аталатын

Page 111: Журнал №15

111

жер асты мешіті орналасқан. Ал, қазіргі таңда облыс орталығында «Иманғали» мешіті ниет еткен барша жұртқа қызмет етуде.

Бүгінгі таңда облыс орталығы Атырау қаласы болып және жеті ауданға бөлінген Олар: Индер, Жылыой, Махамбет, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандары. Атырау облысының табиғаты ауыл шаруашылығына қолайсыз болып келеді. Себебі, жазы – қатты ыстық, жауын-шашынсыз ұзаққа созылады, ал, қысы – жылы, қар аз түседі. Бірақта, облыс халқы салт-дәстүр, әдет-ғұрпты ұстанған өте ақкөңіл, кеңпейіл. Қазақстанның көп өңірлерінде сақталмай қалған «Көрісу» мерекесі осы өңірде айтулы мерекелердің қатарында. «Көрісу» – жерге көк шығып аққа аузы тиіп, сүр етпен қоштасар сәт туған кезде үй-үйді аралып қонақ болып, қол алысып, төс қағысып, жаңа күннің келгеніне, қыстан аман-сау шықанына қуанып, жастар үлкендері арнайы барып құттықтап, қуаныш тойын жасайды. Сондай-ақ Атырау халқының 95 пайызы қазақтар және 100 пайыз қазақ тілінде сөйлейді.

Атырау қаласы – 1964 жылы қаланып Патша жарлығымен Гурьев атанып, кейін тәуелсіздіктің ақ таңы атқан шақта қала атауы Атырау болып өзгертіледі. Қала өнеркәсібінің басты саласы мұнай, химия өндірісі болып табылады. Атырау өңірінде мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан бастау алады. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, металл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіпорындары кеңінен дамыған.

Индер ауданы – Жайық өзені екіге бөліп өтетін Атырау облысындағы ірі аудандардың бірі болып табылады. 1933 құрылған ауданның орталығы – Индербор кенті. Ауданда борат, калий, магний, астұзының аса күшті арпа тұздығы, гипс, қиыршықтас, ұлутас және т.б. шығаратын пайдалы қазба орындары бар. Тек қана гипстің жалпы қоры 1015 миллард тоннаны құрайды. Ауданда Индер тауы және облыстағы ірі көл – Индер көлі бар. Индер тауында қарыстық опрылымдар мен үйінділер көп таралса, Индер көлінің жағасындағы төбешіктердің асты күмбез пішінді тұздардан және әртүрлі шикізат қорынан тұрады. Бірақ, ауданның басым бөлігі құмды, шөлді дала болып келеді. Индер ауданында Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Малайсары бидің мазарлары бар.

Жылыой ауданы – 1928 құрылған, жер аумағы 29,4 мың шаршы шақырымды алып жатқан Атырау облысының шығысында орналасқан аудан. Аудан орталығы – Құлсары қаласы. Оңтүстік жағында Желтау тауы мен Қарақұм құмы, ал, солтүстігін түгелдей сорлар алып жатыр. Және аудан Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін кен орны болып табылады. 1899 жылы Қазақстанда тұңғыш рет мұнай атқыланған Қарашұңғыл ұңғымасы осы ауданда орналасқан. Республика бойынша 1-ші орында тұрған 40-қа жуық көмірсутектің жалпы қоры орналасқан ауданда Теңіз, Қаратон, Каспий теңізіндегі Шығыс Қашаған, Құлсары кен орындары еліміз үшін нәтижелі жұмыс жасауда.

Махамбет ауданы – тарихта ерекше есіммен сақталған Хан Ордалы Сарайшық орналасқан, сан ғасырлар қазақ хандығының астанасы болған, 12 әулие мен 7 ханның денесі, 1 ханның басы жерленген киелі мекен. Махамбет ауданының жері құмды, шөлді және Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Жайық өзенінің екі жағасын бойлай аудан арқылы республикалық маңызы бар Атырау-Орал автомобиль тас жолы өтеді.

Исатай ауданы – 1997 жылы облыстың Құрманғазы және Махамбет аудандары жерлерін қосу негізінде құрылған, жер аумағы 14,7 мың шаршы шақырымды құрайды. Каспий теңізінің жағалауында орналасқан аудан жері құмды және сортаң болып келеді. Исатай ауданының оңтүстік шығысында Сазанқұрақ, Забурунье, Батыс және оңтүстік-шығыс Новобогат сияқты т.б көптеген кен орындары табылып, қазіргі таңда ауданның тұрғындары мұнай барлау жұмыстарын кәсіп етуде.

Құрманғазы ауданы – Ресейдің Астрахан облысымен және Бөкей ордасымен шектесіп жатқан аудан. Ауданның жер көлемі 20,8 мың шаршы шақырымды құрайды. 1928 жылы қаланған ауданның басым көпшілігін Нарын құмдарының бөліктері алып жатыр. Ауданда көптеген «Ақжонас», «Жаңажол», «ДельтаКаспий», «Қызылтаң» т.б. секілді мұнай өндіру кәсіпорындары мен балық зауыттары орналасқан. Аудан халқы мұнай, балықпен қоса төрт түлік мал өсірумен, суармалы егін егумен айналысады. Құрманғазы ауданы арқылы өтетін Атырау-Астрахан тас жолы бар.

Қызылқоға ауданы – аумағы құмды, сор, сортанды болып келетін, Атырау облысының басқа аудандарына қарағанда қысы суық болатын аудан. Тамыры темір илеуге пайдаланылатын кермек және лак жасауға қолданылатын қызылмия өсімдіктері өседі. Ойыл мен Сағыз өзенінің жағасында орналасқан Қызылқоға ауданының ерекшелігі Аққұдық, Белқұдық, Тақырқұдық, Қарағанқазғанқұдық атты көптеген құдықтар мен шағын көлдер алып жатыр.

Мақат ауданы – Жер аумағы 4,9 мың шаршы шақырымды құрайтын ауданда 1911 жылы алғаш мұнай бұрғыланып, қазіргі таңда ірі мұнай, газ өнеркәсібімен айналысатын Бекбике, Сағыз, Доссор, Комсомол, Қошқар сынды ірі кен орындары шоғырланған. Тұзды күмбезде калий тұзы және гипс кен орындары кездеседі. Ауданның шығыс бөлігін минералдылығы жоғары, суы тұзды Сағыз өзені алып жатыр.

Сая Есимова

Page 112: Журнал №15

112

«СПОРТТЫ СҮЮ БІР ЕРЛІК, СПОРТШЫ БОЛУ МЫҢ ЕРЛІК!»

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт қайраткері, бар ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, еркін күрес, жекпе-жек күрес, классикалық күрес түрлері бойынша Атырау облысының намысын қорғап, биік шыңдардан көрінген Раушанов Асан Сайынұлы қазіргі таңда Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас-шысы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Елбасының «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін жа-уапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» деген сөзін басшылыққа ала отырып, Атырау жастарын спортты сүюге шақырып, тәрбиелеп отырған басшымен болған салиқалы сұхбаттың куәсі болыңыздар!

Page 113: Журнал №15

113

ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жол-дауында ХХІ ғасырдағы дамы-ған ел дегеніміз – белсенді, бі-лімді және денсаулығы мықты азаматтар екенін атап өтті. Осы ретте Атырау облысы дене шы-нықтыру және спорт басқарма-сы қандай жұмыстар атқарып жатыр?

«Спорт – игілікті іс. Спортта мінез-құлық қалыптасады. Жаста-йынан спортпен айналысқандар бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжіри-бемнен білемін» деп Елбасымыз айтқандай, біздің өткізетін әрбір жарысымыз, жастар үшін үлкен өнеге болып табылады. Себебі, жасөспірімдер спортшылардың жүріс-тұрысын, қабілетін өздеріне үлгі тұтып қана қоймай, белгілі бір спорт түріне деген қызығушылық-тары арта түспек. Осы мақсатта Атырау облысы бойынша алға қо-йылған жоспарларды белгілі бір бағыт-бағдар бойынша атқаруға тырысып жатырмыз. Сонымен қа-тар, өздеріңізге белгілі салауатты өмір салтын насихаттау дегеніміз спортпен ғана айналсу деген сөз емес, дұрыс тамақтанудан бастап, ғаламторға көп отырмауда кіреді. Әрине, ғаламтордың берер пайда-сы көп, бірақ, сонымен бірге, зия-ны да баршылық. Міне, сондықтан, жастарымыз ғаламтордың жетегін-де кетіп қалмас үшін қолдан келген барлық жағдайды жасап жатыр-мыз. Тіпті, облысымыздағы жас-тардың спортқа деген қызығушы-лығы күннен күнге артып келе жа-тыр десем артық айтпағаным шы-ғар. Оның айғағы болып биыл 16-шы орында тұрған дзюдо федера-циясы 3-ші орынға көтерілді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Жүйелі жемістің нәтижелі жемісі ретінде көптеген спортшыларымыз әр түрлі спорт чемпионаттарында үздік дәрежеге қол жеткізіп жүр.

2014 жылы Атырау облы-сында өткен қандай да бір үлкен спорттық іс-шаралар жайлы ай-тып кетсеңіз.

«Спортты сүю бір ерлік, Спортшы болу мың ерлік!» де-мекші спортпен шұғылданып, оған өмірін арнаған әрбір адамды спорт тек қана биік шыңдарға жетелей түспек. Республикалық, облыстық деңгейде жарыстарға қатыстыру үшін бапкерлердің өз майталман-дарын ұсынып, сенім білдіріп жат-қаны көңілге қуаныш ұялатады. Міне, сондықтан біз жоспарлы түрде жастар арасындағы спорт түрлерінен сайыстар жиі ұйымдас-тырып тұрамыз. Ереже бойынша іріктеуден өткен спортшыларымыз республика деңгейіндегі жарыстар-да, әлемдік ареналарда ел намысын қорғау үшін екі кезеңнен тұратын 10 күндік оқу-жаттығу жиынына арнайы жіберіп дайындықтан өткі-земіз. Оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі техникалық-такти-калық болса, екінші кезеңі қоры-тындылайтын болып табылады. Біздің спортшыларымыз үшін бұл дайындықтар игі әсерлерін тигізіп, жеңістің шыңынан көрінуге мүм-кіндік беруде.

Ал, өткізілген спорттық іс-ша-раларға келетін болсақ үстіміздегі жылдың ақпан айында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтсе, сәуір айында республикалық деңгейдегі көптеген іс-шараларды абыроймен атқардық. Олардың ішінде бокстан қазақ халқының батырлары Исатай-Махамбет атындағы АИБА дәрежесіндегі халықаралық турнир және грек-рим күресінен қазақтың даңқты палуаны Қ.Мұңайтпасовты еске алуға арналған жасөспірімдер ара-сындағы халықаралық турнир өтіп, өз мәресіне жетті. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының кикбоксингтен жастар арасындағы чемпионаты, панкратионнан Азия чемпионаты, су қол добынан Қазақстан Республикасының чем-пионаттары сынды үлкен спорттық іс-шаралар облысымызда өз дәре-жесінде өткені біз үшін мақтаныш. Осы тұста облысымыздың жеткен жетістіктеріне тоқталсам волейбол-дан ерлер командалары арасында өткізілген Жоғарғы Лига бойынша Қазақстан Республикасы чемпио-

натының тур ойындарының бесін-ші айналымында Атырау команда-сы 1-ші орынға қол жеткізсе, бас-кетболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Ұлттық Лига Ойындарында командамыз 2-ші орынды иеленді. Осындай жеңіс-терге деген талпыныстың арқа-сында биік шыңдардан көрінуге мол мүмкіндік туады, сондықтан біздің Атырау командасы бұнымен тоқтап қалмақ емес.

Асан Сайынұлы, өзіңіз бас-қарып отырған сала бойынша елімізге танымал спорт шеберле-рінің есімдерін олардың дәреже-лерін атап кетсеңіз.

«Жеңілгенді жер көтереді» демекші, спортта жеңіс пен жеңі-лісті қатар көтере алатын азамат-тар ғана қала алады. Оған себеп, өздеріңізге белгілі спорт ол – ере-жесі мен жазылмаған заңды-лықтары көп қатал ойын. Міне, спортқа деген махаббатының арқа-сында ел намысын қорғап жүрген азаматтарымыз біздің облысымыз-да да жоқ емес. Солардың бірі әрі бірегейі Кеңес Үкіметі кезінде биік шыңдардан көрінген Болат Тимиров ағамыздың ізін жалғап жүрген мақтаныштарымыз 2006 жылы Бангкок қаласында өткен Азия ойындарының алтын белгі иегері Арман Чилманов, 2008 жы-лы дзюдодан Азия ойындарында күміс белгі иегері атанған Ринат Ибрагимов сияқты спорт шеберле-рін айтуға болады. Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Халықаралық Төреші дәрежесін иеленген менің шәкіртім Қиян Жандосты мақтанышпен айта ала-мын. Кешегі ағаларының ізін жал-ғап, спорт саласына өз үлестерін қосып жүрген Асхат Тельманов, Құбашева Назгүл сынды жастары-мыздан зор үміт күтудеміз.

Бүгінгі күні ауыл жастары-ның спортпен шұғылдануына барлық жағдай қарастырылған ба?

Ауыл-аймақтарды толық жат-тығу орындарымен қамтамасыз ету біздің басты жоспарда тұрған жұ-мысымыз. Сол үшін бар күш жі-

Page 114: Журнал №15

114

герімізді салудамыз. Себебі, әр өсіп келе жатқан өрен спортпен шұғылдану дегенді көзімен көру арқылы қалаған спорт түрін таң-дап, биік белеске шыға алады. Сондықтан, мектеп қабырғасын-да жүрген жасөспірімдерімізге спорттық жаттығу орындары қолжетімді болуы керек. Осы мақсаттарды алға тарта оты-рып, 2011-2013 жылдары облыс орталығы Атырау қаласында ес-кек есу базасы, Балықшы, Геолог елді-мекендерінде және Индер ауданында, Құрманғазы ауданы-ның Ганюшкино ауылында, Исатай ауданының Аққыстау ауылында, Қызылқоға ауданының Миялы және Сағыз ауылдарын-да спорттық кешендер ашылып пайдалануға берілген болатын. Және де Құрманғазы ауданының Байда, Шортамбай ауылдарында, Атырау қаласының Нұрсая мөл-тек ауданында спорт кешенінің құрылысы өз мәресіне жетіп, биыл іске қосылу жоспарлануда. Ашылған аталмыш спорттық кешендер облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санын артты-рып келеді. Оған себеп, облыста спортпен тұрақты түрде шұғыл-данушылар саны артып, 127 417 адамды құрап, 23 пайызға жетті. Тағы бір айта кететін жоспарда тұрған айтулы іс Жылыой ауда-нының Құлсары қаласында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және спорттың жекпе-жек түрлері конфедерация-сының есебінен спорт кешенін салуды көздеп отырмыз.

Атырау өңірінде қанша спорт мектебі қызмет көрсетеді? Жаттықтырушылардың қандай дәрежеде деп айта аласыз?

Сөзімнің басын, облысымыз-дағы республика көлемінде мүге-дектерге берілген бірден бір ны-сан «Балықшы» спорт кешені мен «Мүгедектер спорт клубынан» бастағым келіп отыр. Себебі, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы ашылған нысанда-рымызда отырып ойнау волей-болы, грек-рим күресі, арбада

билеу, пауэрлифтинг, мылтық ату секілді спорт түрлері бойынша тірек қозғалыс жүйелері бұзыл-ған мүгедектермен есту қабілеті төмен жандарға және зағиптарға әр түрлі үйірмелер жұмыс жасауда. Жалпы, Атырау облысы бойын-ша облыстық спорт басқарма-сына қарасты 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасаса, олимпиадалық резервті даярлау орталығы 10000-нан аса жасөспірімдерге тегін қызмет көрсетуде. Сонымен қоса, Атырау қаласындағы халықаралық стандартқа сай Орталық жүзу бассейнінде су спорты түрлері бойынша 6 жастан 18 жас аралы-ғындағы жасөспірімдерімізге тегін спортпен шұғылдануға мол мүмкіндік жасалса, басқа да спорттық кешендер сабақтан тыс уақыттарда жастарымызға тегін қызмет етеді.

Ал, жаттықтырушы мәселесі-не келер болсақ, облыс бойынша 250 жаттықтырушы болса, оның 140 арнайы білімді. Ал, арнайы білімі жоқ, бірақ тәжірибесі мол жаттықтырушылардың біліктілі-гін арттыру мақсатында Алматы қаласындағы спорт академиясына жіберіп отырамыз. Себебі, спорт саласында көптеген жетістіктерге жеткен жатықтырушыларымыздың тәжірибесі біздің болашағымыз үшін өте маңызды.

Атырау облысы дене шы-нықтыру және спорт басқарма-сының алдағы жоспарларымен бөлісе отырсаңыз.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақ-сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп айтып өткендей еліміздің саламатты өмір сал-тын ұстанған әрбір азаматымыз белсенді, білімді әрі дені сау болатыны белгілі. Сондықтан, мемлекет тарапынан берілген барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, жалпы ұлттық жоспар-ды орындау басты міндетіміз

болып табылады. Облысымызда биылғы жылы футбол орталығы ашылып, 250 спортшымызды тәжі-рибесі мол жаттықтырушымыз дайындауда. Ал, ұлттық спорт түрлерін дамытуды алға қойған облысымызда ипподром салуға жобалық сметалық құжаттамалар жасақталып жатса, жоғары спорт шеберлік мектебі мен спорттағы дарынды балаларға арналған мек-теп-интернатын ашу жоспарда бар.

Асан Сайынұлы, осы салаға қалай келдіңіз? Еңбек жолыңыз жайлы айта отырсаңыз.

Мен 1988 Гурьев педогогика институтында «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алып, алғашқы еңбек жолымды Ембі ауданында А.Жданов атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі мамандығынан бастаған болатынмын. Мамандығыма де-ген сүйіспеншілігімнің арқасында бүгінгі таңда Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқарма-сының басшысы лауазымын атқа-рып келемін. Осы жылдар арасын-да аудандық, қалалық спорт бөлім-дерінің меңгерушісі, басшысы қызметтерін, спорт мектептерінің директоры дәрежесін абыроймен атқарған болатынмын.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғы-

мы қандай? Оның қадір мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – келелі де киелі ұғым. Бұл ұғымның парқына бару үшін еліміздің кешегісін ешқашан естен шығармауымыз қажет. Себе-бі, басқасын айтпағанда біздің спорт саласы үшін қиындық, кедергілер көп еді. Ал, қазір, тә-уелсіз еліміздің арқасында спорт шеберлерінің әрқайсысы үшін әлемдік аренаға жол ашық. Бұл – кез келгеннің қолы жете бермей-тін үлкен мүмкіндік. Біз тәуелсіз-дігімізбен мақтануымыз керек. Сондықтан, еліміздің әрбір аза-маты Қазақстанның мәртебесін көтеру үшін аянбай еңбек етсе, тәуелсіздігімізді жоғалтпасымыз анық!

Сұхбаттасқан Гүлстан Есіркепқызы

Page 115: Журнал №15

115

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ

Білімдінің мыңды жыға алатын қасиетін ата-бабамыз ерте бастан түсініп қойған көрінеді. Өмірдің толқынына ілесіп, алдағы белестерді ретімен бағындырып отырған азамат артына бұрылып, көп жалтақтайтындардың қатарында емес. Еңбектің қадірін жете түсіне білген жан ғана қиыншылық атаулыға мойымай, сол еңбегінің жемісінен рахаттана дәм тата алады. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгілері, ҚР Президентінің Алғыс хаты, ҚР Парламенті Сенатының «Құрмет грамотасына» ие болған мақтаулы азаматпен біздің журнал да мақтанғысы келеді. Ендеше, Атырау облысының білім беру басқармасының басшысы Сәрсенғалиев Берікқали Жоланұлымен болған келелі сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Page 116: Журнал №15

116

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында білім сапасын нығайту керектігін жеткізді. Осы ретте Атырау облыстық білім беру басқарма-сы қандай жұмыстар атқарып жатыр?

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясын ұсына отырып, Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу міндетін нақ-тылаған болатын. Ол үшін Қа-зақстан дамуының 7 бағытын айқындап бергенін де білеміз. Соның бірі – білім саласы. Білім деңгейін көтере отырып, Қазақстанды сауаттылығы жоғары елге айналдыратынымыз сөзсіз. Бұл тұрғыда Атырау облысының білім беру басқармасы да өз үле-сін айтарлықтай қосып келеді. Атап айтар болсақ, өңірімізде қа-зақстандық үлгідегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қалыптасты. Ол барынша оңтай-ландырылып, облыс экономи-касының салаларына маман-дандырылып үлгерді. Сонымен қатар, «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес білікті жұ-мысшылар даярлайтын лицейлер колледж мәртебесін алғанын да айтуға болады. Бұл дегеніміз, оқу орындары үшін үш деңгейлі кәсіптік білім беру бағдарлама-сын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Оқу орындарының 86 пайызында шеберханалық құ-рал-жабдықтар жаңартылып, онда тәрбиеленушілердің тәжі-рибесін шыңдауға тағы бір мүм-кіндік сыйлады деуге келеді. Сонымен қатар, облысымыздың білім беру жүйесіндегі тағы да жетістіктерге тоқтсалсақ, екі оқу орнында Еуропа қорының ұйымдастыруымен бітіруші тү-лектерді халықаралық сертифи-каттау тәжірибесін өткізіп, түлек-тердің 75 пайызы мамандарға қойылатын талаптарға сай екен-діктерін көрсетті. Бұдан өзге, Елбасы берген тапсырмаға сай 5

оқу орнында «Дуальдық оқыту» жүйесі бойынша 15 кәсіпорында, 450 маман даярланып жатыр. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықтың қатарын азайтады деп күтілуде. Ал, алдағы уақытта осы мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамту басқармасымен бірлесе отырып еңбек нарығы қандай мамандарды қажет ететіндігіне болжам жасауымыз керек. Жаңа мамандықтар ашу, материалдық - техникалық базаны нығайту осы болжамға негізделуі тиіс деп ойлаймын. Бұл Елбасы айтқандай, көп жағынан халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.

Көп сатылы оқу гранттары жүйесіндегі мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік қарым-қатынас туралы айтатын болсақ, негізінен жастардың техникалық және кә-сіптік білім алуы мемлекеттік гранттар мен тапсырыстар ар-қылы жүзеге асырылып келеді. Бұл техникалық және кәсіптік білім алушылардың 51 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, 250 білім алушы кәсіпорындар қолдауымен оқиды. Қалғандары ақылы білім алады. Дегенмен, әр баланың жағдайы келе бермейді ғой. Сон-дықтан, жыл бойы осы санаттағы білім алушылардан облыс әкімі-нің атына, басқармаға оқу ақысын төлеуге көмек көрсету туралы өтініштер көптеп түсіп жатады. Оның бәрін қанағаттандыру мүмкін болмаса да, мейлінше жәрдемдесуге тырысамыз. Атап айтар болсақ, облыс әкімі қазы-надан тыс қаражаттар есебінен биыл 100 оқушыға оқу ақысын төлеуге өз көмегін көрсетті. Ал, заманның көшіне ілесе білген облысымыздың білім саласы былтыр ғана 24 оқу орынына «Электрондық оқыту жүйесін» енгізді. Биыл тағы 30 оқу орынына осы жүйемен жабдықтау жоспарда бар.

Атырау облысының мек-тепке дейінгі оқыту жүйесі қандай қарқында жүзеге асып келеді? «Үш тұғырлы

тіл» бағдарламасы аясында жоспарларыңыз бар ма?

Бұл ретте 2010 жылдан бастап жүзеге асқан «Балапан» бағдарламасы қарқынды жұмыс істеп келе жатқанын айтуға бо-лады. Осы бағдарлама аясында 2013 жылы облыс бойынша 1070 жаңа орын енгізілуі тиіс болса, нәтижесінде 254 орынға артығымен, яғни 1324 жаңа орын іске қосылды. Был-тырғы 15499 өтініштің 4235-і қанағаттандырылып, 310 балаға жолдама берілгенін айтып өтуге болады. Бұл көрсеткіштер 134 балабақша мен 292 шағын орталықтардың ашылғанынан хабар береді. 1 мен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен орташа қамту 53,9 пайыз немесе 27742 бүлдіршін-ді қамтыса, 3 пен 6 жастағы балаларды қамту 78,9 пайыз-ды құрап отыр. Дегенмен, туу көрсеткіші артқан сайын, кезек саны да өсіп келеді. Бүгінгі күні 18 495 өтініш тіркеліп үлгерге-нін айтуға болады. Сол себепті, құрылыс та тоқтап қалған жоқ. Биылғы жылдың соңына дейін 4800 орындық 34 нысан іске қосылуы тиіс деп күтілуде.

Үш тұғырлы тіл мәселесіне келер болсақ, мектепке дейінгі ұйымдарда үштілділікті үйрету мәселесі жоспарлы жүзеге асып келеді. Ерте жастан көптілділікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мектепке де-йінгі ұйымдарда арнайы тіл ка-бинеттері құрылып, қажетті жаб-дықтармен қамтамасыз етілген. Бұның бастауы 2010 жылдың еншісіне бұйырған. Атырау қала-сындағы №1 мектепке дейінгі гимназиясының ұстаздары «Мек-тепке дейінгі ұйымдарда ерте жастан көптілділікті үйрету» бағ-дарламасын жасақтап, тәжірибе алаңын құруды ең алғаш болып бастады. Былтыр бұл оң нәтиже-сін беріп, аталған мектеп ұжымы авторлық құқыққа ие болғанын және үздік бағдарламалардың республикалық байқауында

Page 117: Журнал №15

117

жүлделі ІІІ орын иеленгенін айтуға болады.

Білімді шәкірт тәрбиелеу үшін ұстаздардың біліктілігі бірінші кезекте тұруы шарт. Орта білім беру мекемелері бұл ретте қандай көрсеткішке ие?

Әрине, айтқаныңыз орынды. Былтыр Атырау облысында жаңа деңгейлік оқу бағдарламасы бо-йынша 566 ұстаз біліктілік арт-тыру курсынан өтті. Атап айтар болсақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 10 білім беру ұйымының басшысы, бірін-ші деңгей бағдарламасы бойын-ша 150 қызметкер, екінші деңгей бағдарламасы бойынша 24 ма-ман болса, үшінші деңгейде 10 педагог қызметкер біліктілікте-рін арттырып келді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоға-мының филиалы Қазақстан Рес-публикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогика-лық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық инс-титутында екінші деңгей бағдар-ламасы бойынша 60 мұғалім, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогика-лық қызметкерлердің біліктілі-гін арттыру институтында 312 қызметкер қосымша білім алып, кәсіби деңгейін арттыра түсті.

Биылғы жылы облыс бо-йынша қанша білім беру мекеме-сін қолданысқа беру жоспарда бар?

Мынанша мектеп салдық екен деп, сол санмен шектеліп қалуға болмайды ғой әрине. Дегенмен, балабақша мен мектептің салынуы қарқын алған сайын жас ұрпақтың көбейіп жатқандығына куә бола түскендей боламыз. Биылғы жылы мемлекет тапсырысы бойынша барлығы 3440 орындық 12 нысан бой көтереді деп күтілуде. Оның ішінде, 1200 орындық 4 мектеп пен

әрқайсысы 280 орындық 8 бала-бақша халық игілігіне тарту етіледі деген жоспар бар. Сонымен қатар, арнайы демеушілер, «НКПОК» компаниясы арқылы Мақат ау-даны Доссор поселкесінде 100 орындық шипажай балабақша-ның құрылысы жалғасуда. «КТК» компаниясының демеушілігімен Индер ауданы Құрылыс ауылында 100 орындық орта мектептің құрылысы басталады. «ТШО» компаниясы Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында 624 оқу орындық техникалық гимназияның құрылысын аяқтап, таяу күндері тұрғындарды бір қуантпақшы.

Берікқали Жоланұлы, әңгіме басын өзіңіздің еңбек жолыңызға бұрсақ. Осы салаға қалай кел-діңіз?

Мен қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауы-лының топырағына аунап өскен азаматпын. Біреудің ала жібін аттамауды үйреткен ата-анамыз-дың арқасында оқыдық, білім алдық, арман мен мақсаттардың жолында талмай еңбек етуді үйрендік. Алғашқы еңбек жо-лымды 1977 жылы Миялы ауы-лындағы «Казсельхозтехника» бірлестігінің Қызылқоға аудан-дық бөлімінде трактор жөңдеу-шісі болып бастадым. 1978-1981 жылдары – Гурьев ауыл шаруашылығы техникумында оқып, «Мал дәрігері» мамандығы бойынша білім алып шықтым. Осы білімімнің арқасында Қы-зылқоға ауданы Абай атындағы кеңшарында мал дәрігері болып қызмет атқардым. 1981-1983 жылдары КСРО Әуе күштерінің қатарында Карши қаласында Отан алдындағы борышымды атқарып келіп, Гурьев педагогикалық институтының тарих және қоғам-тану пәндерінің мұғалімі маман-дығы бойынша қосымша білім алып үлгердім. Енді қайтадан қызметтің мінберіне жақындай түсіп, Қазақстан ЛКЖО Қызылқоға аудандық комитетінде, Қызылқоға аудандық кәсіподақтар кеңесі мен

Қызылқоға аудандық білім беру және спорт бөлімінде қызметтер атқарып, кейін әкімшілік басқару саласына да өз еңбегімді сіңіре білдім деп айта аламын. Оның ішінде, Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық аймағының Қызылқоға ауданының, Индер ауданының әкімі қызметтерін абыроймен атқарып келдім. 2013 жылдан бастап Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын аса жауапкершілікпен атқару міндеті маған бұйырды. Халық игілігі үшін, ел болашағы үшін маңдай терімді төгіп, адал қызметімді арнасам, мен үшін бұдан артық қуаныш жоқ шығар деп ойлаймын.

Журналымыздың дәстүр-

лі сұрағына да келіп жеткен сияқты. Сіз үшін «Тәуелсіздік-тің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіз ел болғандығымыз-дың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Артта қалған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқа-тымыз артты. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Білім саласының дамуына аса мән беріліп, жаңа бі-лім нысандары салынды. Мектеп-тер заманауи кабинеттермен жаб-дықталып, жаңа технологиялар енгізілді. Әсіресе, электрондық оқыту жүйесінің жаңашылдығы оқу-тәрбие үрдісінің жаңа фор-матта ұйымдасуына қол жеткізді. Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады.

СұхбаттасқанМаржан Әбдіғалиқызы

Page 118: Журнал №15

118

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

«ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Шапағат» төсбелгілерінің иесі, жоғары санатты дәрігер үздіксіз ізденіс пен білімнің арқасында жеткен жетістіктері біршама. Атырау облысы Теңіз ауданы Ганюшкино ауылында дүниеге келген жур-налымыздың кезекті кейіпкері Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын үздік тәмамдап, облыстық ауруханада анестезолог-реаниматолог мамандығы бо-йынша тәжірибеден өтіп, 1975 жылы туберкулезге қарсы диспансерінің хирургия бөліміне жұмысқа орналасады. 1982-1986 жылдар аралығында №2 қалалық ауруха-нада жан сақтау бөлімінің меңгерушісі, бұдан кейін №1 қалалық аурухананың, 1992-1995 жылдары облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері, 1998 жылға дейін денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, кейін денсаулық сақтау басқармасында, «Интертич» сақтандыру компаниясында лауазымды қызметтер атқарып, бүгінгі таңда Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасында басшылық етіп отыр-ған Өтепқалиев Меңдіхан Мырзалыұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз, оқи отырыңыздар!

Page 119: Журнал №15

119

Меңдіхан Мырзалыұлы, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігі жайлы айтып өтсеңіз.

Бүгінгі таңда Атырау облысы-ның мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 160 медициналық ұйым-дар халыққа сапалы қызмет түрін ұсынып келеді. Оның ішінде 3074 кереуеттік 33 стационарлық ұйым, құрамында 52 дәрігерлік амбулато-рия, 2 ФАП, 47 медпункті бар 7 қа-лалық емхана, 7 аудандық емхана-лық бөлімшелер, 2 дәрігерлік амбу-латория жұмыс істейді. Сондай-ақ, өңірдің денсаулық сақтау саласын-да демографиялық көрсеткіштер-дің жақсарып, сәби өлімінің тұрақ-тануы мен саланың материалдық-техникалық базасының күн санап жаңарып жатқанын айтуға болады. Мысалы, былтырғы жылы туу көр-сеткіші 2 пайызға өсіп, өлім дең-гейі 5 пайызға төмендеді. Соның нәтижесінде, табиғи өсім 4 пайыз-ға жоғарылай түсті. Бұл дегеніміз, туу көрсеткіші бойынша Маңғыс-тау, Оңтүстік Қазақстан облыста-рынан кейінгі 3-ші орында, табиғи өсімнен 4-ші орында тұрғанымыз-ды дәлелдейді. Елбасы биылғы Жолдауында саламатты өмір сал-тының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзарту керектігін айтқан болатын. Бұл ретте өңіріміздің көрсеткіші 0,4 жасқа дейін өсті. Соңғы уа-қытта белең алған тақырыптың біріне айналған сәби өлімі бір жылдың ішінде 35 пайызға төмен-деді. Ал, өкінішке орай, ана өлімі-нің көрсеткіші тұрақты болған жоқ. Соған байланысты 4 жағдай тіркеліп, бүгінде олардың шешімі оң нәтиже беріп келетінін ескеруге болады.

2011-2015 жылдарға арнал-ған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ая-сында қандай жұмыстар атқа-рылып жатыр?

Аталған бағдарламаны жүзе-ге асыру барысында 45 бағыттан

тұратын негізгі 6 көрсеткішті атап өтуге болады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, соның бесеуі ғана орындалып, халықтың туберкулезбен аурушаңдық көрсет-кішін тежеу мүмкін болмады. Сон-дықтан биылғы жылы саламатты еліміздің сау ұрпағын тәрбиелеу үшін қарқынды жұмыстар жүргізі-ліп жатыр. Оның ішінде, аталған ауруға шалдыққан адамдарға же-дел түрде ем көрсетіп, оның таралу кеңістіктерін алдын-ала шектеу және тұрғындарды маңызды ақпа-ратпен қамтамасыз ету болып та-былады. Сонымен қатар, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендердің де саны соңғы жылдары күрт ар-тып кеткені де көңілге мұң ұялата-ды, әрине. Бұл тұрғыда біз жол сақ-шыларымен бірге жүргізушілерге жылдамдықты арттырмай, қауіп-сіздік ережелерін сақтауды наси-хаттап, арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс жасап келеміз. Әр тұрғын саламатты Қазақстанда өмір сүргісі келсе, алдымен бұл өз денсаулығына күтіммен қарау-дан бастауы тиіс деп ойлаймын. Елбасы айтқандай, спортпен шұ-ғылданып, дененің қуаттылығын жақсарту керек. Сонда ғана шы-мыр да, дені сау, өмір сүрудің ұзақ-тығы арта түседі.

Атырау өңірі бойынша бүгін-гі таңда қандай ауру түрі өршіп тұр? Алдын алу шаралары жүр-гізіліп жатыр ма?

Сөзімді тағы да өкінішке орай-дан бастауға тура келіп тұр. Себе-бі, алдында сөз еткенімдей, тубер-кулез ауруының жағдайы жақсы емес. Облыстың көрсеткіші респу-бликалық көрсеткіштен 23,5 па-йызға жоғары және ең алдыңғы орында тұрғанымыз көңіл қуант-пайды. Соңғы 10 жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,5 есеге төмендегені-мен, әлі де тұрақтамай отыр. Сон-дай-ақ, облыста скринингтік тек-серулер нәтижесінде қатерлі ісік-пен аурушаңдық деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,3 па-йызға өскені жақсы емес, әрине. Бұл тек қана біздің емес, әлемдік

мәселеге айналып отырған даулы тақырыптар екені белгілі. Деген-мен, бұл ауру түрлерімен күресу-дің тиімді шаралары әлі де қара-лып жатыр. Сондықтан, ұлттық медицинамызды әлі де дамыта тү-су арқылы көптеген оңды жетістік-терге қол жеткізе түсетініміз ай-қын.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында медициналық қыз-меттер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу керекті-гін айтқан еді. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы не айтасыз?

Елбасы Қазақстанның дамы-ған 30 елдің қатарына қосылуы-ның тұжырымдамасында алда тұрған жұмыстардың ұзақ мер-зімді басымдық берілетін бағыт-тарды тізе келе, 6-бағытта бізді болашаққа апарар жол қазақстан-дықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктерді құруммен байланысты болатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, XXI ғасыр-дағы дамыған елді тек белсенді, дені сау, білімді адамдар ғана тұрғыза алатынын айтып, денсау-лық сақтау саласында бастапқы медико-санитарлық көмекті да-мытуды негізгі басымдық ретін-де айқындады. Бұл күнде облы-сымызда тұрғындарға бастапқы медико-санитарлық көмек көрсе-ту ұйымдарының материалдық базасы жаңартылуда. Яғни, 7 ауданның бесеуінде толық жаңартылып, әрқайсында 250 келушіге арналған жаңа емхана-лар салынып, пайдалануға беріл-ді. Сонымен қатар, 2011-2015 жылдарға арналған Ұлттық скри-нингтік бағдарламасының жүзеге асырылуы қарқынды екенін тілге тиек еткім келеді. Биылғы жылы 12 түрлі ауруға скринингтік бағ-дарлама жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта балалар мен белгілі бір санаттар бойынша азаматтар жоспарланған межеден артығымен қаралып, ауруды ерте

Page 120: Журнал №15

120

кезеңінде анықтау арқылы есепке алынуда.

Атырау облысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында мамандар жеткілікті ме? Олар-дың біліктілік деңгейлері қан-дай?

Өңіріміздің денсаулық сақтау саласында дәрігер мамандарының жетіспеуі жылдан жылға төмен-деп келеді. Жалпы алғанда облыс бойынша 1699 дәрігер есепте тұрса, ДСМ жүйесінде 1370, же-ке нысанда 306 дәрігер халыққа қызмет көрсетеді. Олардың білік-тілік дәрежесі 55 пайызды құрай-ды. Біліктілік көрсеткіші 50 па-йызды құрайтын орта медицина-лық қызметкерлер саны 4140-қа жетеді. Осы тұста ауылдық медициналық ұйымдарына тоқ-талар болсақ, ақ халатты абзал жанның саны 328-ге жетеді. Қа-ладан шалғай жатқан елді мекен-дерде аталған мамандардың же-тіспеушілігін қамтамасыз ету мақ-сатында жергілікті мемлекеттік ұйымдардың тарапынан белсенді шаралар ұйымдастырып тұрады. 2013-2015 жылдары салынатын 16 дәрігерлік амбулаториялардың қасынан дәрігерлерге жаңа жайлы пәтерлер бірге салынатын болады. Сондай-ақ, Құлсары қаласынан, Индер, Аққыстау, Ганюшкино ауылдарынан мемлекет тарапынан мамандарға 3 қабатты 60 пәтерлік үйлер салынады деп күтілуде.

Атырау өңірі медицина са-ласында қандай жетістіктерге жетіп отыр?

Облыстық денсаулық сақтау саласының материалдық-техни-калық базасы айтарлықтай ны-ғайып келетінін жеткізгім келеді. Жеке тоқталып өтсем, 2000 жыл-дан бастап жалпы соммасы 20,1 миллиард теңгеге 37 жаңа ны-сан пайдалануға берілді. Яғни, 570 кереуеттік 9 аурухана, 100 кереуеттік бір перзентхана, тәулі-гіне 2210 науқасты қабылдауға мүмкіншілігі бар 7 емхана, 6 амбулатория, 9 фельдшерлік-аку-

шерлік бөлімдерді атауға болады. Соңғы бес жылдың ішінде 1,3 мил-лиард теңге қаржы 165 медицина ұйымдарын күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалды. Алдағы жыл-дары облыстың шалғайда тұратын ауыл тұрғындарын медициналық көмекке қол жетімділігін қамта-масыз ету мақсатында шағын елді мекендерде 16 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Бұған қоса, соңғы екі жылдың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-тех-никалық базасын жақсартуға республикалық және жергілікті бюджеттен 1 244 458 мың теңге қаржы жұмсалды. Онкологиялық диспансер 125 миллион теңгенің сәулелі терапия құрылғысымен жарақталса, облыстық қан орта-лығы да заманауи құрал-жабдық-тармен толықтай қамтамасыз етілді. Облыстық кардиохирур-гиялық орталыққа арнайы техника орнатылып, үш ауруханаға соңғы үлгідегі сәулелі құрылғылар, бей-неэндоскопиялық ота жасайтын кешенді қондырғылар, инкубатор, УДЗ жабдықтары секілді өзге де

көптеген сапалы техника түрлері тиісті мекемелеріне жол тартты. Осы секілді жетістіктерімізді айта берсек өте көп.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Еліміздің тәуелсіздігі біздің еркіндікке қанат жаюымызға үл-кен серпін сыйлады. Тіл мен мә-дениетіміз, тарихымыз жанданып, жаңа биікке қарай өріс алды. Бей-біт мемлекеттің тізгінін ұстаған ел ретінде шетелдік инвесторларды тартатын дәрежеге жеттік. «Бола-шақ» бағдарламасы бойынша 30-дан астам елдерде 10 мың-нан аса студент білім алып келді. Денсаулық сақтау саласында бұ-рын болмаған жетістіктерге қол жеткізе бастадық. Мұның бәрі тә-уелсіздігіміздің ғана арқасы. Сон-дықтан, тәуелсіздігіміздің ғұмыры мәңгі болсын деп тілеймін.

СұхбаттасқанҰлжан Шораева

Page 121: Журнал №15

121

АТЫРАУДЫҢ АЛЫПТАРЫ!

Ерліктері айналмайтын елеске,Атыраудың алыбының бәрі есте...

Мұрат Мөңкеұлы – тығырыққа тірлеген елінің тағдырын жырлап тебіренген «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» атты толғаулардың авторы, зар заман ақыны атанған жырау. Ол – 1843 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда ақынның бізге жеткен «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған туындылары сақталған. Сонымен бірге, ел арасында «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек?», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» сынды ескілікті көздейтін термелері кеңінен таралған.

Жұмекен Нәжімеденов – 1935 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қошалақ ауылында дүниеге келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Ақынның алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарыққа шығарылып, осыдан кейін «Ақ шағылдар», «Кішкентай», «Атақ пен дақпырат» атты романдары оқырманға жол тартты. Ақын 1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының игері атанады. Жұмекен Нәжімиденовтың бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылып, жарық көруде.

Фариза Оңғарсынова – қайсар мінезінің арқасында, нәзік жырлары барша оқырманның жүрегіне жол тапқан халық жазушысы 1939 жылы Атырау облысында дүниеге келеді. Таңдамалы шет ел ақындарының шығармаларын қазақша жырлатқан ақынымыздың тұңғыш «Сандуғаш» өлеңдер жинағы 1966 жылы жарық көрген. Ақын 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады.

Қаршыға Ахмедьяров – 1946 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында дүниеге келген Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітап пен «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя» сынды 500 ден аса күйлердің авторы. Сонымен қоса, қазақ музыкасының өнерін дамытуға зор үлесін қосқаны үшін «Парасат» орденімен марапатталған күйшінің репертуарында шет ел компазиторларының да шығармалары бар. Қаршыға Ахмедьяров күй атасы Құрманғазы мен Динаның, Дәулеткерей мен Қазанғаптың күйлерін жинақтап «Атырау» атты күйлер жинағын жарыққа шығарған.

Табылды Досымов – 1965 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген қазақтың тұңғыш бард ақыны. Ақынның «Сәйгүлік», «Қара гүл», «Биіктік» әндерімен қоса, «Жанарымның жарқылы», «Ұнатамын мен сені» жыр жинақтары халық арасында кең тараған. Табылды Досымов шығармашылық жолындағы еңбегі үшін Облыстық Жастар сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері атанған.

Айгүл Үлкенбаева – Батыс өңірінің күйшілері Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай күйлерін аманат етіп жеткізіп жүрген қазақтың күйші қызы 1962 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанған күйшінің «Күй ғұмыр» атты кітабы жарық көрді. Айгүл Үлкенбаеваның орындауында «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Аққу», «Күй анасы», «Шалқыма» сынды халқымыздың күйлерімен қоса, шет ел компазиторларының да туындылары мол орын алған.

Page 122: Журнал №15

122

Бақытгүл Хаменова

Page 123: Журнал №15

123

«НЕГІЗГІ ТӘРБИЕ – ОТБАСЫ»

Атадан – өсиет, анадан – қасиет

Қазақ қызы – бір бойында әсемдік пен ұяңдық, қайрат пен намыс үйлесім тапқан еліміздің басты құндылығы болып табылады. Бағзы замандардан бері қазақ жұртының сан ғасырлық тарихының бас парақшаларында қазақтың қайсар қыздарының есімдерін көре аламыз. Ибалылық пен инабаттылықтың көрінісі іспетті Баян мен Жібектей аруларымыз, ерліктің қос қанатына балаған Әлия мен Мәншүктей қыздарымыздың өнеге мен үлгіге толы өміріне таңдана қарайтынымыз анық. Бұл – бүгінгі жас буынның маңдайына бұйыр-ған үлкен сый деуге болады. Дегенмен, өткеннің тарихы біз үшін тек өнеге-мен шектеліп қалатыны анық. Ал, бүгінгі таңда саясат атты алып дүниеге ер кісілермен иық тіресе көтеріліп, халықтың намысы үшін арпалысып жүр-ген намысты қыздарымыз жәйлі айтпай кету біз үшін сын болар.

Біздің сұхбатымыздың бас кейіпкері Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы өзі басшылық етіп отырған оқу орнының қорғаны ғана емес, халқының жоқшысы, балаларының қамқоршысы болып отырған жәйті бар. Ол кісінің алғашқы еңбек жолы 1999 жылы Атырау облыстық телеарнада журналист болып қызмет етуден басталған. Кейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қарамағындағы мектеп директорының тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары, Атырау мұнай және газ институтында ұс-таз болып қызмет атқарған. 2005 жылдан бері бүгінгі таңға дейін Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры лауазымын атқарып келеді. Сонымен қатар, Бақытгүл Қайыржанқызы Атырау қалалық мәслихатының депутаты ретінде аталмыш өңірдегі біршама мәселелердің шешімін тауып, қарқынды жұмыс атқарып жатыр. Бұл жұмыстардың дәлелі – шәкірттер-дің ризашылығы, мамандардың құрметі мен халықтың шынайы көңілінен көрініс табады.

ҚР Президентінің алғыс хатымен және ҚР Білім және ғылым министр-лігінің алғыс хатымен, Атырау облыстық Білім беру басқармасының алғыс ха-тымен, «Эхо Манас» грамотасымен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған «Білім беру саласының үздігі» атағының иегері Бақытгүл Қайыржанқызының алдағы жоспары – айқын, ісі – анық. Назарларыңызға талапшыл басшы болса да, жүрегі кең, намысшыл қазақ қызының қалпын сақтап қалған Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызымен болған сұхбатты ұсынып отырмыз.

Page 124: Журнал №15

124

Бақытгүл Қайыржанқызы, өзіңіз басшылық етіп отырған «Каспий өңірінің қазіргі заман-ғы колледжінің» тарихына тоқ-талып өтсеңіз. Жалпы бүгінгі таңда қанша шәкірт тәрбиелеп отырсыздар?

«Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі» жеке меншік білім беру ұйымы ретінде 2004 жылы алғашқы талапкерлер-ді қабылдады. Бастапқыда 5 мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізген біздің мекеме өлкеміздің еңбек нарығындағы қажеттіліктерді, сұраныстарды ескеріп, мамандықтар санын бүгінде 15-ке жеткіздік. Кол-ледждегі білім алушылар са-ны да жылдан жылға ұлғайып, облысымызда саны мен сапасы тұрғысынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында алдыңғы орындардан көрініп келеміз.

Ашылғанына биыл 10 жыл толғалы отырған колледждің мақсаты – нақты, межесі – айқын.

Қашан да игілікті істердің басы-қасында жүретін ұжымымды әр-кез мақтанышпен айтып жүремін. Колледж оқытушылары қай кез-де де жаңашыл ұсыныстарды, заманауи идеяларды жүзеге асы-руға мүдделі. Алдағы уақытта колледж техникалық және кә-сіптік білім беру ұйымдары ара-сындағы көшбасшы оқу орын-дары арасынан өзіндік орнын ойып тұрып алатынына шүбәсіз сенемін. Жалпы, колледж ұжымы Стив Джобстың «Басы істейтін» адамдарды жалдап, оларға не істеу керек екенін айтатын болсаңыз, оның ешқандай мәні жоқ. Біз «ба-сы істейтін» адамдарды бізге не істеу керек екенін айтулары үшін жалдаймыз» деген қағидасымен қалыптасып келеді.

Сонымен қатар, колледжіміз-де «үштік құндылық» бағытында жүргізілетін жұмыстар нақты нәтижелерге ие. Ата-ана, бала және колледж арасындағы ын-тымақтастық талай түйіннің шешімін табуына сүрлеу жол

болғанын, дұрыс жолға қойылған байланыстың жас жеткіншектерге оңды ықпал етіп жүргенін айта кету керек.

Сарабдал саясаттың нәти-жесі екендігіне дау жоқ, бүгінде шетелдік сарапшылар тарапынан Қазақстанның ТжКБ жүйесін да-мыту бағдарламасы өте заманауи деп танылуда. Өндірістен қол үзбей кәсіби біліктілікті шың-дау – кәсіпорын үшін мамандар дайындаудың озық үлгісі ретін-де танылып, оқыту мен өндіріс арасында тығыз байланысты жүзеге асыру міндеттеліп отыр. Әлемдік деңгейдегі озық жүйе – дуалдық оқыту жүйесі бойын-ша колледж ұжымы Атырау өңі-ріндегі «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Таңдай Петролеум», «ESS Support Service Atyrau» сынды ірі кәсіпорындармен нақты іс-шараларды бастап кетті. Сөз орайы келгенде, жас буынның болашағына бей-жай қарамай, қашанда колледжі-мізге жанашырлық танытып

Page 125: Журнал №15

125

жүрген жоғарыда аталған ме-кеме басшыларына алғысымды білдіремін.

Сондай-ақ, колледж ұжымы-ның жан-жақты еңбектенуінің нәтижесі – колледж 2011 жылы республикалық «Білім ұясы» байқауында 3-орынды иеленді. 2012 жылы Дүниежүзілік Банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі-нің бірлескен жобасына қатысып, 380 000 АҚШ долларын құрай-тын грантқа қол жеткізді. Негізі, Елбасының тікелей тапсырма-сымен мазмұны тұтастай жаңғыр-тылып жатқан техникалық және кәсіптік білім саласындағы бар-лық қолдауды сезінудеміз. Мәсе-лен, мемлекеттік білім беру тапсы-рысын иеленуіміз, түрлі халықара-лық жобаларға қатысып, әлеуеті-мізді көтеруіміздің барлығы осы бір жұмыстың нәтижесі десек болады. Осы орайда Атыраудағы техникалық және кәсіптік білім саласының ерекше қарқынмен дамып келе жатқанын атап кеткен орынды.

Колледжге түсу үшін мектеп түлектеріне қандай талап қойы-лады?

Жалпы, біз өз талапкерлері-мізге артық талап қоймаймыз. Колледжге қабылдау мемлеке-тіміздегі заңнамалық құжаттар негізінде жүргізіледі. Міндетті емтихандарды тапсырып, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізген талапкерлер үшін колледжге қабылдануда еш кедергі жоқ. Сол сияқты жетім, мүмкіндігі шектеулі талапкерлер, оқу үлгері-мі үздік оқушыларды қабылдауда колледж Жарғысында бекітілген арнаулы жеңілдіктер де бар. 2 жыл қатарынан колледж мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бюджеттік негізде мамандар даяр-лаумен айналысып келеді.

Сонымен қатар, колледждің қабылдау комиссиясы өз қызметін қала, аудан мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізуден бастайды. Мәселен, бүгінгі таңда облыс бойынша барлық мектеп-тер түгел қамтылып, үгіт-насихат жұмыстары толығымен жүргізілді деп айтуға болады.

Негізі, біздің колледжде бір-ақ дүние талап етіледі. Ол – бірегей классикалық киім үлгісін кию болып табылады. Бұл, бірінші-ден, әр білім алушыны өз-өзіне құрметпен қарауға үйретеді. Кеңсе үлгісінде киінген, әп-әдемі үріп ауызға салғандай балаларын көрген ата-аналардың тарапынан айтылып жатқан алғыстар да аз емес. Студенттер ғана емес, кол-ледждің барлық оқытушылары да классикалық үлгідегі бірегей киім киеді. Талап – баршаға ортақ.

Ал, бірегей киім үлгісін көл-денең тартып, оны қиынсыну, астарынан түрлі мән іздеу бізді, соның ішінде болашағымыз деп сенім артып отырған жас-тарымызды өсірмейді. Біз киім-кешектің мәселесін еш дау-да-майсыз, түсінісушілікпен ше-шіп, қоғамымыз үшін маңызды мәселелерге ден қоюымыз керек, рухани өсуге жұмыстануымыз керек. Ұсақ-түйек нәрселерге осыншама мән беретін болсақ, елдігімізді, бірлігімізді, ертеңгі күнімізді ойлауға уақыт қайда?!

Page 126: Журнал №15

126

Колледждің білім берудегі артықшылықтары қандай? Өзге оқу орындарымен қаншалықты бәсекелесе алады?

Бүгінгі таңда біздің колледжде білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың академиялық бейімделуін жақсарту және білім беру ісіндегі барлық буындардың сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың модульдік, интерактивтік жабдықтарды, ма-ман даярлаудың интегралданған білім беру бағдарламалары қолданысқа енгізілді. Бүгінгі күні Еуропалық Білім Қоры, Еуропалық Одақ, ТИКА сияқ-ты халықаралық жобалардың қатысушысы болып табылатын колледжімізде техникалық бағыттағы мамандықтарға модульдік технология бойын-ша ғылыми тәжірибелік оқу жоспарлары жасалып жатыр. Бұл өз кезегінде шәкірттердің әрқайсысына сараланған дербес көзқарасын қолдануға, олардың бір мамандық аясында кәсіби жұмыс түрлері бойынша әртүрлі біліктілік

деңгейлерін игеруге жағдай жа-сайды.

Дуалды оқыту жүйесін бо-йынша да нәтижелі жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Бұл орай-да сапаға, икемділікке қызмет ететін әлеуметтік серіктестер қатарындағы «Атырау мұнай өңдеу» зауытын, «Таңдай Петролеум», «ESS Support Ser-vice Atyrau» компанияларын атап өтпекпін.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екенін атап айтқан еді. Осы ретте «Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі» қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?

Елбасы Жолдауларындағы ұлттық идея, елдік мұрат – бұл біздің оқу-тәрбие жұмысымыз-дың негізі болып табылады.

Колледжімізде жоғары білімді мамандар даярлау ісі ұлттық құндылықтарға, халықтық тәрбиеге, білім берудің қазіргі заманғы инновациялық қон-дырғыларынан құрылған оқу-тәрбие ісі арқылы жүзеге асы-рылмақ. Колледждің өзіндік қолтаңбасын, өзіндік үлгісін қалыптастыруда тәрбие бөлімі аянбай еңбек етіп жатыр, нәти-желері де жетерлік.

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауынан туындайтын тап-сырмаларды орындауда сүбелі үлес қосып жүрген колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитетінің орны ерекше. «РУХ» пікірсайыс клубы, «ПСК пысықтары» КВН командасы, «Ақберен» ақындар клубы, «Кәусар» драма үйірмесі, спорт үйірмесі талай таланттың шыңдалуына, қоғамнан өзіндік орнын табуына септігін тигізіп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ, колледж-де «Мансаптық өсу орталығы» тарапынан мамандықтар бойынша дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік

Page 127: Журнал №15

127

кәсіп иесі» байқауы да білімді, білікті, жан-жақты бітірушілерді әлеуметтік серіктестерге танытып, олардың еңбекке орналасуына ықпалын тигізіп жатады. Сайып келгенде, әр жастың қоғамнан өз орнын табуына, білімді, білікті маман болып қалыптасуына, олардың еліміздің дамуына қыз-мет етуіне бар мүмкіндігімізше атсалысып келеміз.

Бақытгүл Қайыржанқызы, Сіз ұлағатты ұстаз ғана емессіз, Атырау қалалық мәслихатының депутатысыз. Халық қалаулысы болып елдің мәселесін шешу нәзік әйел жанына қиын емес пе?

Осыдан 7 жыл бұрын жер-гілікті «Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатымда «Саясатқа араласпақ ниетіңіз жоқ па?» деген сауалға «...ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын» дейді дана халқымыз. Саясатта өзіндік қолтаңбасы бар аға-апаларымыздың іскерлік тәжірибелері, өнегелі істері

біздерге үлгі боларлықтай. Бойымызда жігеріміз, күшіміз барда, қолдайтын ел жақсылары болса, неге араласпасқа?! Неге халқымызға қызмет етпеске?! Араласуым әбден мүмкін...» деп жауап бергенмін. Шыны керек, «төмен етектілердің» қатарынан болсам да, халық қалаулысы атануым – кездейсоқтық емес, ойланып-толғанып, кесіп-пішіп қабылданған шешім. «Көтере алмайтын шоқпарды беліне байлайтындардың» қатарынан емеспін. Аллаға шүкір, анам-ның ақ сүтінен, әкемнің тәлім-тәрбиесінен дарыған қайсарлық, өжеттік, сын сәтте тәуекелге бел буу, рахымшылдық таныту, қашанда адалдықтан аттамау сияқты құнды қасиеттер мені халықпен етене жақындасты-рып, бүгінгі болмысымды қалыптастырды. Елдің мұң-мұқтажын билікке жеткізуде, шама-шарқы жеткенше әлсіз-ге жәрдемдесуде жаны нәзік әйелдердің көп ер-азамат атау-лыдан көш ілгері жүргенін көзі

қарақты оқырман жақсы білетін шығар.

Гендерлік саясатқа көзқа-расыңыз қандай?

Елбасымыздың «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Жарлығы бойынша ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестіру қарастырылып отыр. Бұл – әйел-дерді үстемдікке үндеу емес, керісінше, қоғамдағы әйел мен еркекке ортақ емес мәселелелерді оңтайландыру деп түсінемін. Әр істің басында сол мәселені көріп тани білетін, жанымен сезіне алатын адам отырса, нәтиже оң болады. Кейде ескі танымды ұс-танып, әйел ерден төмен болсын деген қағидаға қатып қалғысы ке-летін азаматтарды да байқаймын. Азаматын ардақтап, айналасына арайлы нұр сыйлап, жылағанды жұбатып, сүрінгенді демеп, қиын істі қиюластырып жібере алатын кемеңгер төмен етектіні

Page 128: Журнал №15

128

төрге оздырмағаннан не ұтамыз?! Демократиялық мем-лекетте ген-дерлік саясат болуы заңдылық.

Қазақтың саналы азаматтары қашанда қызды жоғары бағалап, мәпелеп өсірген. «Алып анадан туады» демекші, біздің қайсар аналарымыз талай-талай талант-тарды дүниеге алып келді. Қазақ әйелін ешқашан төмендетіп көр-меген, сонда біз қалай теңсіздік деп айта аламыз? Есіңізде бо-лар, 1920 жылы Семей қала-сындағы «Абай» журналында

Мұхтар Әуезов пен Жүсiпбек Аймауытовтың қазақ әйелiнiң сол кезгі халiне арналған мақаласы шыққан. Сол мақалада ұлтының қамын жеген екi кемеңгер «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» деп қалың қазаққа ұран тастады. Мұның мәнiсi – қазақ әйелiнiң жағдайын түзе, қазақ әйелi надан болып қалмасын, оқыт, тәрбиеле, өйткенi бала кiмдi жақсы көрсе, соған ұқсап кетедi деген даналық ой емес пе?! Меніңше, гендер-лік саясатты қолдаймын немесе

қолдамаймын деген пікірдің өзі дұрыс емес. Талантты, білімді әйел ешқандай тосқауылға қарамай, отбасын құрып, билік басында отырып, керек десеңіз министр қызметін де атқара алады. Әрине, Еуропаға еліктеп, қыз-келіншектердің барлығы саясатқа араласса, отбасының бе-рекесін кім сақтайды, балаларды кім тәрбиелейді деген сауал-дың тууы заңды. Дегенмен, ел болатын халық түбін ойлайты-ны белгілі ғой. Бастысы – елдің

Page 129: Журнал №15

129

ертеңін жасайтын бүгінгі жас ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімінің деңгейі. Ал, негізгі тәрбиеші – отбасы.

Бүгінгі таңда кәмелеттік жасқа толмаған қыздарымыз-дың арасында жүктілік сияқты мәселелер жиілеп кеткені аян. Оның себебі неде деп ойлайсыз? Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Ұлт болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір қазақты осы сауал жиі мазалайтын шығар. Атырау өңіріндегі жастардың басым көпшілігі басын қосқан білім беру ұйымы басшысы ре-тінде де, ана ретінде де, халық қалаулысы ретінде де мені осы келеңсіздік қатты толғандырады. Кейде «қазаннан қақпақ кетсе, ұрыдан ұят кетедінің» кері ме деп те ойлаймын. Берісі Кеңес-тік дәуірдің идеологиясымен ауыздықтанған кешегі буында да, әрісі қаймағы бұзылмаған қазақылық қасиет тамырын жайған ата-бабаларымыздың кезінде де бұл мәселе өзектілігін жоймаған болатын. «Қалайша ырықтан шығарып алдық?» де-ген сауал біздің ұжымдағы талай басқосулардың арқауына айналды. Кейде «ұят болады» дегенге сайып, жабық тақырыпты жылы жауып қойғанның зардабын қазір тартып отырмыз ба деген ойға қаламын да, көп ұзамай бұл ойыма өзім қарсы шығамын. Мәселенің шығу себебін отбасындағы әлеуметтік хал-ахуалдан іздеймін. Қоғам тарапынан қыз баланың бос уақытының тиімді үйлестіріл-меуі де өзіндік кері әсерін тигізіп жатқандығын байқаймын. Өйт-кені, «ішкені – алдында, ішпегені – артында» өмір сүріп отырған жанұядағы қыз балалардың да ойнап жүріп от басқанының куәсі болып жүрміз. Менің түйгенім, пайдасынан зияны басым ақпа-раттық майданда өмір сүріп жат-қан қазақ қоғамын ата-бабамыз аманаттаған «қызға қырық үйден

тыю», «қыздың жолы - жіңішке» деген ұлттық әл-ауқат қана құтқара алатын сияқты. Колледжде де осы бағытта кешенді түрде шаралар жүзеге асырылуда. Қыздар мектебі, мамандармен кездесу, ата-аналар кеңесінің тұрақты үйлестірілген жұмысы талай келеңсіз жайдың алдын алуға септігін тигізіп жатыр.

Ендігі әңгіме басын өзіңізге бұрсақ. Ұстаздық жолды таң-дауыңызға не түрткі болды? Жалпы Сіз үшін нағыз әйел бақыты не деп деп ойлайсыз?

Адамның адам болып қа-лыптасуына ата-анамен қатар мұғалімнің де ықпалы зор. Ме-нің де өмірімде Темірқазықтай бағдаршы бола білген ұстаздар жетерлік. Мұғалімдік мамандық – ел алдында талқыда тұратын мамандық. Мойындауымыз керек, он саусақ бірдей емес. Алайда, сол қадірімізді қашырған мамандар қайдан шықты? Қабілет-қарымына қарамай, қалай болса солай кәсіп таңдаған жасөспірімнің тағдырына ата-ана да, мектептегі мұғалім де, тіпті барша қоғам жауапты. Сол себепті кей замандастарымның «мұғалімдіктің қадірі кетті» деген-деріне келісе алмаймын. Оған себеп, өзім басшылық ететін оқу орнындағы студенттердің барша ұстаз қауымына деген құрметі немесе колледж бітіріп кеткен жастардың ерекше қимастықпен жолдайтын сағынышты сәлемі. Айналайыннан асатын бала жоқ. Тек аялай білсек болғаны келешегімізді.

Нағыз әйел бақыты дейсіз бе?! Сүйгенінің сүйіктісі, аяу-лы жар, ибалы келін, қысқасы, қырық шырақты әйел болуды кім армандамайды дейсіз?! Бірақ, әзірге маған бұйырғаны – ана-лық бақыт. Мүмкін, әйел атау-лы үшін ең басты бақыт өлшемі де осы шығар. Өмір дегеніңіз қалағаныңыздай бола бермейді екен.

«Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»

деген қанатты сөзді ғұмырыма тірек сөз еткен көп аналардың бірімін. Кейде қым-қуыт тірлік-тен, шаш-етек жұмыстан шаршап кеткен сәтте барлық «кем-кеті-гімді» толтырар екі ұлымды көргенде барлығына шүкірлік етіп, тәубеге келемін. Аналық мейірім дегеннің әйел атаулы-ның ғұмырының мән-мағынасына татитындығын ұғынамын. Аналық жүрегіммен үлкен ұлым Нұрсейіт пен кіші ұлым Сардарсейітімнің ақылды азамат болып өсіп, ана-сының емес, адамның балалары болуы үшін барымды салуға да-йынмын. Бүгінгі шаршағаным - өзіме олжа, ертеңіме – қадірлі қолтаңба деп білемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Заманының заңғар тұлғасы У.Годвиннің «Барлық игіліктердің ең ұлысы – Тәуелсіздік» деген қанатты сөзі менің жаныма жақын. Алыс-жақын шетелдердегі қисы-ны қашқан қазіргі тірлікті көріп-білген сайын, Тәңіріме тәубе етуден танбаймын. Жаратушы Тәуелсіздігімді баянды қылып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен деп дұға қыламын. Қа-ра су болса да қайғысыз ішкенге не жетсін!

Тәуелсіздіктің тәтті дәмін та-тып жүрген бізге қазіргі уақытта ең қажеті – рухани сілкініс, мәде-ни үдеріс. Тек қана тұрмыс түзеу мен ақша санау сананы билеп алар болса, біз дағдарыссыз-ақ әлсірейміз. Сана, мәдениет, рух өрлеуі, әрине, жұртшылықтың білімі мен білігінің деңгейіне тікелей байланысты. Елбасымыз осы салаға ерекше көңіл бөліп отыруының себебі – осы ұлы мақсатты ойлағандық деп түсінемін.

СұхбаттасқанНұрай Сәбитқызы

Page 130: Журнал №15

130

ОЗАР ЕЛДІҢ БАЛАСЫ ӨНЕРЛІ КЕЛЕДІ

«Өнерлі жігіт елдің көркі» деп қазақ бабамыз көргенін топшылағаннан айтқа-ны ғой. Біз де бүгін атадан қалған жақсы сөзге сүйеніп, Атырау облысының өнерлі майталмандары туралы сөз етпекшіміз. Облыстың мәдени дамуына зор үлесін қосып, Түркия елінде өткен Д.Нұрпейісованың туғанына 150 жыл толуына орай Түрксой бас хатшысының «Құрмет грамотасымен» және биыл ғана Қазақстан-ның Ыстамбул қаласындағы Бас консулы Арслан Дандыбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған кезекті кейіпкеріміз қазақтың ұлттық өнерін күллі дүниеге паш етіп қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен ұлттық аспаптарда шебер орындаушы ретінде қазақты мойындатып жүргені де елеулі еңбек екені даусыз. Ендеше, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің басшысы Дүйсембай Қамбар Қамзаұлымен болған сұхбаттан қазақтың ұлттық өнерінің дамуы туралы кеңірек таныса отырыңыздар!

Қамбар Қамзаұлы, Дина Нұрпейісова атындағы Акаде-миялық қазақ халық аспаптар оркестрінің негізі қашан қалан-ды? Оркестрдің бастауында тұрған өнер қайраткерлерінің есімдерін атап өтсеңіз.

Өнер деген қасиетті ұғымның

құдіретінде шек бар ма?! Ықылым заманнан бері жүректің тіліне ай-нала білген ұлттық өнеріміздің бүгінде сан түрі болса да, әрқайсы-ның өз биігі, өз құндылығы қалып-тасқан. Соның бірі ретінде қазақ халқының ұлт-аспаптары үнінен шыққан қоңыр саз, сылқым әуенді

атауға болады. Мұның бәрін бір арнаға тоғыстырып отырған біз-дің оркестрдің орындауындағы шебер туындыларды ерекше сөз етуге тура келіп тұр. Яғни, Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі – Қазақстан Республикасы

Page 131: Журнал №15

131

бойынша үлкен оркестрлердің бі-рі болып саналады. Бұл – 1990 жы-лы облыстық халық депутаттары кеңесінің шешімімен халқымыз-дың ұлттық музыка дәстүрін жал-ғастырып, Қазақстан Республика-сының халқын концертпен қамти-тын және оркестрдің орындау ше-берлігін одан әрі дамытып, тек Республика көлемінде халықтық шығармалармен айналысып қана қоймай, жер жүзі музыка әлемін-дегі ең озық классиктердің таңдау-лы шығармаларын орындайтындай дәрежеге жеткізу мақсатында құ-рылған үлкен ұжым. Оркестрдің халқымыздың ХІХ ғасырдағы көр-некті ұлы күйші – композиторы Дина Нұрпейісова есімімен ата-луында да үлкен салмақ жатыр деп есептеймін. Оркестрді алғаш-қы басқарған көркемдік жетекші және Бас дирижер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің иегері марқұм Рыспай Хисметұлы Ғабдиев болғанын айтпасқа бол-майды. Себебі, ол кісінің бұл ұжымдағы еңбегі өте елеулі деп есептеймін. Бүгінде оркестрдің құрамында домбыра, қобыз, саз-сырнай, прима-шертер, сыбызғы тағы да басқа әртүрлі саз музыка-лық аспаптары ойналады.

Оркестрдің қоржынында қандай шығармалалар бар? Кім-дердің туындыларын орындап жүрсіздер?

Біздің оркестр үлкен ізденіс пен тынбай жұмыс жасағанның арқасында репертуарын жиі өз-гертіп, жаңартып отырады. Атап айтар болсақ, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қазанғап, Түркеш тағы да басқа халық композитор-ларының күйлері және Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Е.Бруссиловский, К.Күмісбеков, С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, А.Жұбанов, Н.Тілендиев, А.Жайы-мовтардың белгілі музыкалық шы-ғармалары тамаша шеберлікпен орындалып жүр. Сондай-ақ, П.Чайковский, М.Огинский, Р.Глиэр, В. Моцарт, И. Штраус,

И. Брамс, Ж. Бизе сияқты ірі орыс және шетел классик композитор-ларының шығармалары да ұжым-ның орындауында халық көңіліне жол тартып келеді. Жиырма үш жылға жуық тарихы бар оркестр-дің қоржынында жиналған шығар-малардың саны бүгінде 350-ден асып кетті деуге болады.

Бүгінгі таңда оркестр құра-мында қызмет ететін өнерпаз-дардың жас ерекшеліктері жө-нінде не айта аласыз? Жалпы, жастардың өнерге деген қызы-ғушылығы оркестр құрамынан қаншалықты байқалады?

Бүгінгі таңда оркестрдің құра-мында 70-тен аса адам жұмыс жасайды. Олар негізінен Алматы Мемлекеттік Консерваториясының түлектері және басқа да облыстар-дан шақырылып алынған жоғары білімді маман музыканттар бо-лып табылады. Мамандардың жас ерекшеліктерін саралайтын болсақ, негізінен 20 және 35 жас аралығын қамтиды. Кемедегілердің жаны бір демекші, оркестрмен бірге талай белестен асып, жетістіктерімен көсегесі көгеріп жүрген аға буын өкілдері де баршылық. Олардың жастарға берер тәжірибесі де орасан. Сол аға-әпкелерін үлгі тұтқан жастардың да бұл ұжымға бет бұруын ерекше бағалауға бо-лады. Бұрындары өнердің дамуына бүгінгідей аса ден қойылмаушы еді. Ал қазір бәрі басқаша. Жоғары жақтан мәдениет пен өнерге қол-даудың барын сезінген, көріп жүр-ген жастардың өнерге деген қызы-ғушылығы да жыл сайын артып келеді десем болады. Арнайы му-зыкалық білімі бар жеткіншектер осында жұмысқа орналасуға асық екенін де көп аңғарамыз.

Осы жылы оркестрдің Еуро-па елдеріне арнайы сапары тура-лы барша әлем жар салып жүр-гендей. Қазақ елінің ұлттық құн-дылықтарын бойына сіңірген оркестрді шетелдіктер қалай қарсы алды?

Ұлыстың ұлы күні- Наурыз

мейрамы қарсаңында қазақ мәде-ниетін насихаттау мақсатында гастрольдік сапармен Германия, Түркия, Австрия елдерін аралап қайтқанымыз рас. Атырау облы-сы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған топты ең алды-мен Түркия елі үлкен қошеметпен қарсы алды. Өнер құдіреті деген сол, оны түсіну үшін қай құрлықта тұратының, қай тілде сөйлейтінің маңызды емес. Өнерді түсіну үшін көкірек көзің ашық болса жеткілік-ті екен. Сахнадан төгілген сырлы саз бен шалқыған ән концертке жиналған көрерменді ғажап бір гармониямен табыстырғандай болды. Жаңа репертуар, жаңа сах-налық киімдер мен музыкалық аспаптар, бастысы, талғамы биік тыңдарман алдындағы жауапкер-шілікті жете сезіну арқылы өнері-мізді құлшына, шалқар шабытпен жүректен жүрекке жеткізе білдік деп ойлаймын. Өнер де бір миуа бақ секілді, оны баптап-күтіп отырмасаң, жайқалып өсуі мүмкін емес. Өнер ұжымдарына қамқор-лық танытып отырған облыс бас-шылығына ризашылығымыз шек-сіз. Ел сенімін ақтап, дәстүрлі өнердің шырағын сөндірмеу жо-лында еңбектене береміз.

Бұдан өзге қандай жетістік-теріңізбен мақтана аласыздар? Үздік шәкірттеріңіздің есімдерін атай аласыз ба?

Оркестр Ресей елінің Астра-хань қаласында, 1995 жылы Дина Нұрпейісованың 130 жылдығы, 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы, 1996 жылы Құрман-ғазы кесенесінің ашылуы, 1995 жылы оркестр ұжымының кон-церттік бағдарламалары арқылы және 2000 жылы «Жолдастықтың қазақ ұлттық мәдени қоғамына 10 жыл, осы аталған салтанатты кезеңдерде оркестр ұжымы ерек-ше көзге түсіп үлкен табыстарға қол жеткізді. 1998 жылы оркестр ұжымы Республикамыздың орта-лығы Астана қаласының ашы-луына қатысып, дүркірете кон-церт қойды. 2000 жылы Дина

Page 132: Журнал №15

132

Нұрпейісова оркестріне «Акаде-миялық» деген құрметті атақ берілгенін де үлкен жетістік деп бағалауға болады. Осы уақыт ара-лығында айтулы жетістіктерге қол жеткізген шәкірттеріміз деп Орақ Жауыров, Рахила Құлсариеваны, домбырашы Темірбек Қайдаров, әнші Маржан Төреханова, әнші-термеші Қайрат Какимов, қобыз-шы Әуезова Гүлжазира секілді өнерпаздарымызды атауға болады. Айта берсек, бұл тізім үзілмейді. Бізде тек қана өнер десе ішкен асын жерге қоятын майталмандар жұмыс істейді.

Қамбар Қамзаұлы, сөз со-ңында өзіңіздің еңбек жолыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Өнерге қалай келдіңіз? Өнердегі ұстаз-дарыңыз кім?

Менің туып-өскен жерім Атырау облысы Махамбет ауданы. Ата-анам елге сыйлы, құрметті кісілер болған. Солардың өнегелі тәрбиесінің арқасында білім алып, көзі ашық көкірегі ояу азамат атандым. 1981 жылдары Гурьев музыка училищесін, 1988 жылдары Алматы мемлекеттік Құрманғазы

атындағы консерваториясын тә-мамдап шықтым. Алғашқы еңбек жолымды 1983-1984 жылдары Балалар хор студия музыка мек-тебінің басшылығынан бастадым. 1986-2002 жылдары Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда «Сазген», «Адыр-на», «Алтынай» фольклорлық ансамбльдерінде әртіс, оркестр солисі болып жұмыс жасадым. Кейін Қорғаныс министрлігі жа-нындағы оркестрінде, Атырау облысы Мәдениет басқармасын-да, қалалық мәдениет және тіл-дерді дамыту басқармасы мен Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясында лауазымды қызметтер атқарып, 2011 жылдан бастап аталмыш оркестрді басқару жауапкершілігіне ие болдым.

Ал, өмірдегі және өнердегі ұстазым деп әрине, әкемді айтар едім. Марқұм домбырада ән шыр-қап, айналаны өнердің құдіретіне бөлей түсуші еді. Бала күнімнен сол кісіден үлгі алып, кішкентай күнімнен бастап сол кісіге ұқсауға тырысып, көп нәрсені үйреніп өстім. Сол қызығушылығым мен сүйіспеншілігім мені өнердің алып

өлкесіне алып келді. Музыкалық училищеге түскенде менің кәсі-билігімді шыңдаған Қуантай Есқалиев, Айбек Бектаев сынды ұстаздарымды да ерекше мақ-тайтын едім. Ең бастысы, өнерде өз орнымды тапқаным үшін өзім-ді шексіз бақыттымын деп есеп-теймін.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

«Тәуелсіздіктің» ұғымы әрбір қазақтың жүрегінде сайрап жатқан патриоттық сезіммен ұштасады деп ойлаймын. Егемен еліміздің әр перзенті бұл құндылығымызды басымызға қонған бақыт құсы деп бағалауы тиіс шығар. Себебі, бейбіт елдің берекелі күндерін өткізіп, шұғылалы таңдарын атырып жатқандығына тәубе етіп, оны кейінгі ұрпаққа қастерлеп сақтауды ұмытпағаны дұрыс деп есептеймін. Тәуелсіздігіміздің туы көгімізде мәңгі желбірей берсін!

СұхбаттасқанҰлжан Шораева

Page 133: Журнал №15

133

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Бүгінгі таңда «Дені сау ана – дені сау бала – дені сау ұлт» ұстанымы еліміздің басты бағытына айналып отыр. Себебі, болашақ – келесі ұрпақтың еншісіндегі

дүние екені табиғи заңдылық болып табылады. Осы ретте Елбасымыз өз сөзінде ана мен баланы қорғау – әлеуметтік саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі еке-нін атап көрсеткен болатын. Демек, еліміздегі денсаулық сақтау сала мамандары Елбасының осы тапсырмасын бұлжытпай орындау мақсатында қарқынды жұ-мыс жасаулары қажет. Біздің сұхбатымыздың келесі кейіпкері басшылық ететін Атырау облыстық перзентхана ұжымы аталмыш бағытта сапалы жұмыс ат-қарып қана қоймай, талапқа сай нәтижеге жетіп отыр. Ақ халатты абзал жан-дардың арқасында осы өңірдегі ана мен бала өлімінің деңгейі төмендеді. Бұл – үлкен жетістік деп тануға болады. Осындай білікті де білімі мол мамандарды бір шаңырақ басына жинаған тәжірибелі басшы, Атырау облыстық перзентхананың бас дәрігері, жоғары санатты акушер-гинеколог Хасанова Ұлжан Ахметқызы жеткен жетістіктермен тоқтамайтынын алға тартты. Отбасында ғана емес, алып Атырау өңірінің бөбектеріне екінші ана болып отырған аяулы жанның келелі

сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз!

Page 134: Журнал №15

134

Ұлжан Ахметқызы, Атырау облыстық перинаталдық орта-лықтың тарихы жайлы айтып өтсеңіз.

Ана денсаулығын қорғау, өмірге дені сау ұрпақтың келуі, халық санының көбеюі – меди-цина саласының басымды және маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, біздің перзентхана Атырау өңіріндегі ана мен бала денсаулығын жақ-сарту мақсатында көптеген жұ-мыстар атқарып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алды. Бүгінгі таңда 250 керуеттік облыстық перзентхана бөлім-шелерінде балалардың өмірін сақтап қалуға барынша қажетті жағдай жасалынған. Сонымен қатар, өткен жылы перзентхана күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, заманауи қондырғылар ор-натылып, босану залдары талап-қа сай жабдықталды. Біздің пер-зентханада жыл сайын 8000-ға жуық нәресте дүниеге келеді.

Бүгінгі таңда облыстық пер-зентхана бірнеше бөлімшеден тұ-рады. Мәселен, еліміздегі ден-саулық сақтау саласының 2011-2015 жылдарға арналған «Сала-матты Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген медициналық мекемелерде оңалту бөлімшесі ашылды. Мұндай бөлімше облыс-тық перзентхана жанынан да өз жұмысын бастаған болатын. Оның басты мақсаты – науқас нәресте мен ананың тез сауығып кетуіне ықпал ету. Осы ретте бізде жаңа емдеу тәсілдері енгізілді. Оның ішінде Атырау облысындағы жалғыз бізде қолданылатын, қатты ауа қысымы арқылы қан айналымын түзетіп, ағзадағы барлық бөгде заттарды шыға-руға арналған «Лимфодринаж» қондырғысын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда елімізде бедеулік мәселесі белең алғаны белгілі.

Осы бір жәйттің алдын алу мақ-сатында перзентхана ішінде отбасын жоспарлау және бала жоспарлайтын отбасыларына көмек көрсету бөлімі қызмет етеді. Ал, жүкті әйелдер пата-логиясы бөлімшесі тәулік бойы әртүрлі паталогиялық жүкті әйелдерге мамандандырылған көмек көрсетеді. Сондай-ақ, бү-гінгі таңда жас нәрестелер пата-логиясы бөлімшесінің қызметі де талап деңгейінен шығып отыр. Бұл бөлімшенің басты бағыты – дүниеге әртүрлі ақаулармен келген және шала туған сәбилердің жүйке жүйесі зақымданған жағдайларда есепке алып, бір жасқа дейін емдеп, оңалту болып табылады. Сонымен қатар, жүкті әйелдерді күндіз немесе тәулік бойы емдеу станционарында жоғары сапалы дәрігерлік тексеріс емдеу тиім-ділігін нығайтып отыр.

Бүгінгі таңда Атырау облы-сында ана мен бала өлімінің деңгейі қандай?

Бүгінгі таңда ана мен бала өлімін болдырмау, оның алдын алу облыстық денсаулық сақтау басқармасының тікелей бақы-лауындағы мәселе болып табы-лады. Осы ретте біздің мамандар аудандарға барып, әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Облыстың шалғай жерлерінде ана мен бала денсау-лығына қауіпті жағдай туында-ғанда, облыс деңгейінде жоғары мамандандырылған дәрігерлерді шұғыл жеткізу және тиімді кө-мек көрсету үшін санитариялық авиацияның ұшақпен келу жұ-мысы да қолға алынған. Ал, Бі-рыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бағдарламасының енгізі-луі биыл перзентхана қызметінің көрсеткіштерін екі есе көтеруге ықпалын тигізді. Жасыратыны жоқ, бұрынғы жылдары ана өлімі мен бала шетінеу оқиғаларының

орын алғаны рас. Бірақ, бүгінгі таңда біздің мамандарымыздың біліктілігінің, ал қондырғылар-дың сапалылығының арқасында соңғы екі-үш жылда ана мен бала өлімі біршама азайды. Елбасы өз Жолдауында 2020 жылға дейін ана мен бала өлімін екі есе азайту туралы атап көрсеткен болатын. Міне, бұл мақсаттар – бізге тап-сырылған сенім, оны орындау – парыз. Қазіргі заман талабына сай перзентханада әйелді босан-дырудың жаңа технологиясы ен-гізілді. Соның нәтижесінде 500 грамм және одан да салмағы аз нәрестелерді арнайы камераларда күтіп, жетілдіріп шығаруға мүм-кіндік бар.

Ұлжан Ахметқызы, қара-мағыңызда қызмет ететін ма-мандардың білімі мен білікті-лік деңгейі қандай? Жалпы, жас мамандардың тәжірибелі-гін жетілдіру мақсатында қан-дай жұмыстар жүргізіледі?

Біздің мекемеде мамандар-дың жоғары біліктілігіне аса на-зар аударылады. Себебі, әр маман-ның мойнында ана мен баланың өмірі тұратыны белгілі. Осы рет-те перзентхана қызметкерлерінің өзге елде оқыту, тәжірибе алма-су мәселелері де ретке қойылған. Бүгінгі таңда олардың көпшілі-гі шетелдерде арнайы тағылым-дамадан өтіп келген. Сонымен қатар, соңғы жылдары шетел-дерден білікті мамандар шақы-рылып, перзентханада тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізу үрдісі қалыптасты.

Өкінішке орай, бұрынғы-мен салыстырғанда бүгінгі таңда жасанды түсік жасату қалыпты жағдай ретінде қа-былданады. Осы тұрғыда жас қыздарымызға кеңес ретінде жасанды түсіктің салдары жайлы айтып өтсеңіз.

Page 135: Журнал №15

135

Егер статистикалық мәлімет-ке сүйенсек, жыл сайын елімізде 130 мыңға жуық әйел түсік жаса-тады екен. Оның ішінде отбасын құрмағандар да бар. Өз баласы-нан бас тартушылардың жас ерекшелігі 17 мен 25-тің арасын-дағы бойжеткендер болып та-былады. Мұндай қадамға бірі – балалықпен, бірі – шалалықпен барса, енді біріне тұрмыстың да себебі бар болуы мүмкін.

Перзентханамызға келуші-лердің арасында осындай түсік жасатуға ниет білдіретіндер де баршылық. Біз оларға мүмкінді-гінше түсік жасатудың денсау-лыққа зияндылығын, ертеңгі ана болатын шағында қатты опық жейтінін айтып, ақыл-кеңесі-мізді беріп жатамыз. Кейбіреу-лері түсініп, болашақ ұрпағы үшін түсік жасатудан бас тартса, ал кейбірі тыңдамай жатады. Тағы бір айтар жәйт, кейбір қыздар алданып қалғанын ай-тып, дүниеге келген нәрестесін алудан бас тартып жатады. Біз ондай жағдайда қалалық білім басқармасымен хабарласып, тастанды сәбиге арнайы құжат толтырып, сәбилер үйіне тапсы-руға мәжбүр боламыз.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында инновацияға негізделген сала ғана даму-дың алғы шарттарын жасай алатынын айтқан болатын. Осы ретте Атырау облыстық перинаталдық орталық инновациялық дамуға қан-шалықты ілесе алды?

Бүгінгі таңда перзентхана-дағы босандыру бөлмесі, нәрес-телер бөлімдері сияқты өзге де бөлімшелер осы заманның үл-гісіндегі медициналық құрал-

жабдықтармен жабдықталған. Шала туылған нәрестелерді күтіп-бағу үшін жаңа құрылғы «Куросурф» енгізілді. Сонымен қатар, нәрестелердің ақауына байланысты неонатологиялық хирургияның дамуының арқа-сында өткен жылы 16 балаға ота жасалынды. Бұл үлкен жетістік деп есептейміз.

Өз басым облыстық перзент-хананы Еуропа елдеріндегі таны-мал перинаталдық орталықтар-мен салыстыруға болады деп ойлаймын. Себебі, бізде сапа да бар, сандық көрсеткішіміз де жо-ғары болып табылады.

Ұлжан Ахметқызы, әңгіме желісін өзіңізге бұрсақ. Осы са-лаға қалай келдіңіз? Дәрігерлік жолды таңдауыңызға не түрткі болды?

Бала кезімде дәрігер болуды қатты армандаған болатынмын. Сонымен қатар, үйдегі ата-анам үстіме ақ халат киіп, кісілерге көмек көрсетіп жүргенімді қа-лады. Осы себепті, институтқа оқуға түсіп, аталмыш оқу ор-нын бітіргеннен кейін 16 жыл онкодиспансерде онкогинеколог болып жұмыс жасадым. Менің

ұстаздарым А.Б.Кушембаев, К.Д.Байбусынова, Р.Ш.Шынтаева өздерінің біліктілігімен, төзім-ділігімен, алға қойған мақсатқа жетуге, ерінбей еңбек етуге үйретті. Кейін 2003 жылы мені облыстық перезентхана бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орын-басары етіп ауыстырды. Бүгінгі таңда аталмыш мекеменің бас дәрігері лауазымында қызмет ат-қарып келемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздік – бұл Елбасы-мыздың жүргізіп отырған пара-сатты саясатының нәтижесі, елі-міздің тыныштығы мен қауіпсіз-дігі, жарастығы мен ынтымақ-тастығы деп білемін. Тәуелсіз-діктің арқасында медицина сала-сында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл өз кезегінде көп-теген мәселелрдің алдын алуға мүмкіншілік беріп отыр. Осы себепті, тәуелсіздігіміздің шаңы-рағы биік, керегесі кең болсын деген тілек айтқым келеді.

Сұхбаттасқан Ақнұр Серікбаева

Page 136: Журнал №15

136

ҒаділДүйсенғалиев

Page 137: Журнал №15

137

КӨГІНДЕ ӘН ҚАЛЫҚТАҒАН КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ

Өнер – ұлтымыздың таусылмайтын, сарқылмайтын қазыналарының бірі. Осы өнеріміз арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден сыр шертіп, қазақ елінің атын күллі әлемге асқақтатып жүрген талантты азаматтар қаншама?! Әнші болсын, күйші болсын, биші немесе жыршы болсын – барлығы сиқырлы әлемнің сазын оятып жүрген, жүректерге сұлулықтың, әсемдіктің, еркіндік пен махаббаттың әуенін сыйлап, құлпыртып жүргені даусыз. Қазақтың бұрынғы Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса секілді сал-серілерін еске түсірсек, қос ішекті қара домбырасын күмбірлетіп, қазақ даласының үстіне ән ойнатқаны тарихтың майда сырын шертеді емес пе?! Ендеше, атадан балаға мирас болып келе жатқан қасиетті өнердің шәрбатынан сусындап, кешегі ата-бабаның асыл мұрасын бүгінгі ұрпаққа жалғастырып жүрген аптал азаматтардың бірі, ұлттық аспаптардың құлағын-да ойнайтын, қаншама шәкірттің талантын шыңдап, қабілетін өсірген, білікті де білімді басшы, Атырау облыстық филармониясының директоры Дүйсенғалиев Ғаділ Зайденұлымен болған келелі сұхбатымен таныса отырыңыздар. Өнердің өлкесіне бірге саяхаттайық.

Ғаділ Зайденұлы, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның іргетасы қашан қаланды? Филармонияның сол кездегі тыныс-тіршілігі жайында айта кетсеніз?

Қазақтың біртуар ұлы Нұрмұхан Жантөриннің есімін иеленген облыстық филармо-нияның тарихы тереңде жатыр деп айтсам болады. Бір кездері қазақтың төл өнері жанданып, еркіндікке қарай самғай алмаған еді. Дегенмен, өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары қазақ өнері жаңа биіктерге қанат қағып, өрлеудің алғашқы баспалдақтарына қадам тіреуге мүмкіндік ала бастады. Әрине, аузын ашса жүрегі көрі-нетін қазақ бабамыздың өнерге келгенде қашанда таласы болған. Ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын ұштастыратын қасиеті мол талантты бар бойына сі-ңіре білген азаматтарымыз да қаншама. Өнердің құдіреті же-ңіс табатын күннің есік қағып, есімдері көлеңкеде қалып қойған апталдардың өлмес мұралары қайтадан түлей бастайтын мезгі-лі де ұзамай жетті. Сол сияқты,

идеология басында отырған қо-ғам қайраткерлері Құрманғазы, Дина туған топырақтан өнер ордасын ашуға тырысып, елге ұлттың інжу-маржандарын сіңіргісі келгендер де болды. Осы мақсатпен 1964 жылы республикалық «Қазақ концерт» мекемесінің біздің облысымызда концерттік кеңсесі ашылды. Бұдан кейін біршама еңбектің нәтижесі қылаң беріп, 1966 жылдың 15 сәуірінде Қазақ КСР-і министр-лер Кеңесінің Қаулысы бойынша облыстық филармония шаңыра-ғы бой көтеріп, өнерпаздардың қуанышында шек болмады. Бұл ұжымды алғаш басқарған бас-шыға келер болсақ, ұлтын ерек-ше қастерлеген, өнердің нағыз жанашыры әрі майталманы Үмбетов Ғинаят Мәжитұлының есімін ерекше толғаныспен атауға болады. Ғинаят ағаның жұмысқа деген кіршіксіз сүйіспеншілігінің арқасында аталмыш мекемеде 18 адам штат бойынша, 33 адам штаттан тыс қызмет етіп, халыққа рухани қуаныш сыйлауда бар күш-жігерін салды. Сол кезде Ғинаят Мәжитұлының берілген

тапсырмаларын мүлтіксіз орын-дап, күрмеуі қиын мәселелерді шешуге атсалысып, кеңесі мен ақылын арнап жүретін Қасбай Хасановтың да филормонияға сіңірген еңбегі ерен екенін атап өткен жөн болар. Айтуға оңай болғанымен, бүгінгідей емес, дамуға мүмкіншіліктің аз кезінде қандай да қиыншылыққа төтеп беріп, өнер ұжымын өз биігіне жетелеген асылдардың есімі еш уақытта елеусіз қалмайтынын жеткізгім келеді. Уақыттың көші-не ілескен жарты ғасырлық тари-хы бар филармонияның ғұмыры осылай басталған еді.

Филармония ұжымы қандай өнер салалары бойынша қызмет етеді?

Бүгінде біздің филармо-ния жайлы естімеген жан жоқ шығар, сірә. Себебі, қайбір ха-лықтың тұтастай салт-дәстүр, тарихы мен мәдениетін оның өнерінен-ақ тануға болады емес пе?! Шығармашылықтың өзі тынымсыз еңбек пен жан-жақты ізденісті қажет етеді. Тіршілігі қайнаған ортаның әрбір

Page 138: Журнал №15

138

минутын бағалайтын ұжым ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Біздің филармонияның өнерпаздары да абыройлы еңбегімен біршама белестерді бағындырып үлгерді деп айта аламын. Яғни, бүгінгі таңда өнердің барлық саласы осы шаңырақтың астында айрандай ұйып отырғанын ерекше мақтан тұтамын. Оның ішінде, ұлттың тарихи тағылымын, мәдениеті-нің жоғары деңгейде екендігін музыка тілімен жүрекке жеткі-зіп, өткен шақты бүгінгі күннің көрінісіне алып келетін құдіреті бар «Нарын» оркестрінің өзі – бір төбе болмақ. Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Орақ Жауыровтай дауылпаз дирижері бар оркестр бес құрлықты шарлап, қазақ деген халықтың рухы биік, жа-ны азат екенін сан мәрте дәлел-деді. Даланың дархандығын көз алдыңа елестететін Ержан Қитаровтың жетекшілігімен құрылған «Мұрагер» ансамблі де зор мақтанышымызға айна-лып отыр. Сондай-ақ, Назгүл Жүсіпованың «Зерде», Гүлвира Тұрақбаеваның «Інжу-маржан» би топтарының, Алтын Жұматина-ның «Дарын» ер балалар хорының шетел сахналарында көрсеткен өнерлеріне ел сүйсінеді. Әзіл-сықақ жанры бойынша көрермен-ге күлкі сыйлап жүретін Нұрбек Мадиевтың «Ара-Атырау» сатира театрының да филармонияда және халық арасында орны бөлек дей аламын. Себебі, бұл театрдың өнеріне Атырау облысының тұрғындарымен қатар, барша қазақстандықтар да зор қошеме-тін аямайды. Міне, осы секілді өнер топтары шаңырағымызды шаттыққа бөлеп, халықтың руха-ни әлеуетін байыта түсуге аянбай қызмет етеді. Филармонияда өнерін ел мойындаған, халық арасында есімі әйгілі жеке орын-даушыларымызбен де мақтануға болады. Яғни, ҚР мәдениет қайраткерлері Гүлмайдан Сүндетова, Ханзада Сақыпова,

Құттыкерей Дүйсеев, Жәнібек Дүйсеналиев, Елемес Мағазов және де Шарипа Жаменова, Манарбек Даулетов, Нұрбек Мадиев, Сағадат Нұрманов, Сая Жұмашева, Медет Қарамырза, Венера Машкалиева, Болат Мажитов, Қуандық Нұғмаровтар секілді табиғи таланты шыңдал-ған дарын иелері бар.

Филармония өнерпазда-рының бүгінгі таңдағы жеткен жетістіктері жайында не айта аласыз?

Өнер ұжымы болғандықтан, жетістік пен жеңіс ұғымдары біз үшін етене жақын, жанымыз-дың жалауы іспеттес саналады. Сондықтан, жарты ғасырдан бері қоржынымызды тек қана алтын пен күміске толтырып жатырмыз десек болатын шығар. Байқау – әрбір таланттың бағын сынай-тын шайқасты дода деп аталатын шығар. Сондықтан, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың тізгінін жібермеу-ге тырысамыз. Жастарымыздың да талабын байқап, сол арқылы үлкендердің орнын басуға жақ-сылап тәрбиелейміз. Тек қана таудың ішімен жүретін филар-мония ұжымы көп асудан, көп белден өтті. Мысалы, атақты «Нарын» оркестрінің, «Мұрагер» этнографиялық ансамблінің алыс-жақын шетелдерге шығып, көптеген шараларда жарқырап көрінуінің өзі – жетістік атау-лының тұтас галереясы шығар. Үлкен додаларда жеңімпаз атанған «Қобызшылар квартеті», «Дарын» ер балалар хоры, жеке орындаушылардан республика-лық конкурстың лауреаты А.Машимова, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары биші Назгүл Жүсіпова, термеші Шолпан Мұқашева, қобызшы Гүлмира Қуанышбаева, әншілерден Назым Шаймарданова мен Хамиль Сүйекбаевтар облысымыздың мақтаныштарына айналып отыр. Қазақтың төл өнерінің

бірі – айтыстан өңіріміздің атын шығарып жүрген Сағадат Нұрманов та біздің филармония-да қызмет етеді. Осылай жеңіске ұмтылған өнерпаздар барда фи-лармонияның жеміссіз қалмасы анық.

Өңірдің мәдени дамуына

өз тарапыңыздан атқарылған қандай маңызды істерді атай аласыз?

Шаңғышы табиғаттың су-ық райына қарамастан, шаңғы-сын тебеді, темірші қайнаған оттың алауына қарамастан темірін балқытып, жұмысын жалғастырады. Ал, көпшілік ел филармонияның немесе жал-пы өнерпаздардың жұмысын жеңіл-желпі бағалап, әдемі киім киіп, ел алдында сауық-сайран құрады да кетеді деп байыбына терең үңіле бермейді. Негізінде олай емес. Қандай да іс-шара, маңызды мерекелер филармония ұжымынсыз өтпейтінін ұмытып кетеді-ау. Қайта рухани байлық-тың қайнар бұлағы өнерде емес пе?! Егер тізбектейтін болсам, 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесінде «Нәзік жанға сый» атты концерттік бағдарламамыз-ды барша Атырау облысының кәсіпорын, мекемелерінде жұмыс істейтін әйелдер қауымына арнап, үлкен сый жасадық. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы да біздің өнерпаздарымыздың қатысуынсыз өтпейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарламалар әзірлеп, ұлттық дәстүр мен салтымыздан тарту жасаймыз. Жыл сайын орын алатын дәстүрлі думаннан жұрт құр алақан қайтпайды. Күнделікті күйбең тірліктен бір сәтке босап, келесі Наурызға дейін қуат болатын рухани әлемнің сұлулығын байыта түседі. Облыстағы жетімдер және қарттар, мүгедектер үйіне барып, әсем саздың құдіретімен жан дауасын емдеп, көңілдерін көтеріп қайтуға арнайы сапарлар ұйымдастырамыз. Жуырда ғана

Page 139: Журнал №15

ҚР Мәдениет қайраткеріҚ. Дүйсеев

ҚР Мәдениет қайраткері М. Даулетов

Әнші Қ. Нұғымаров

Республикалық конкурстардың лауреаты

Ш. Мұқашева

Республикалық Халықаралық конкурстар

лауреаты В. Машкалиева

Республикалық Халықаралық конкурстар

лауреаты Н. Жүсіпова

Республикалық конкурстар лауреаты

Х. Сүйкбаев

Жастар сыйлығының лауреаты Н. Мадиев

ҚР Мәдениет қайраткері А. Машимова

ҚР Мәдениет қайраткерлері Х.Сақыпова

Н. Шаймарданова

ҚР Мәдениет қайраткері Е. Магазов

ҚР Мәдениет қайраткері Ж. Дүйсемалиев

Page 140: Журнал №15

140

Маңғыстау облысында өткен Атырау облысының мәдениет күндеріне үлкен дайындықпен барып ол жақтың тұрғындарын өнерімізбен таңқалдырып қайт-қанымызды айтуға болады. Осы жылдың тағы бір жетістігі деп – Мұнайшы стадионында Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылығына орай ұйымдастырыл-ған республикалық күй фести-валін атауға болады. Бұл ша-рада 1000 адамнан құралған оркестр өнер көрсетіп, облыста алғаш рет осындай тың дүние орын алды. Елордамыз Астана қаласының 15 жылдығына орай көптеген ауқымды шаралар да ұйымдастырылып келеді. Ал, фи-лармонияның 48-ші концерттік маусымы қазақтың батыры әрі ақыны Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналып ашыл-ғанынан хабар беруге болады. Таяуда бір топ өнерпаздарымыз Түркия елінің Болу қаласында өткен халықаралық «Көріғолы» фестивалінде ұлттық өнеріміздің тамаша туындыларын таныс-тырып қайтқан еді. Мінекей, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымы жоғарыда көрсетілген концерттер, шаралар, байқау-фестивальдермен қатар, жоспардан тыс, облысымыз-дың ішкі мәдени шараларына айтарлықтай ат салысып келе-ді. Мұның бәрі үлкен еңбек. Сананың, шығармашылықтың еңбегі. Сондықтан, әр саланың өз қиыншылығы, өз қызығы бар деп есептеймін.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына қатысты азаматтық ой-пікіріңізді айтып өтсеңіз?

Біздің идеалымыз – Елбасы. Өз басым Президентіміздің саясатын қолдаймын. Дүние дүрбелеңге түскенде де сабырлы қалыппен, алғырлығы, білімі, біліктілігі-мен әлемді аузына қаратып, бейбітшілік жолында тынымсыз

Республикалық Халықаралық конкурстар лауреаты «Нарын» Ұлт аспаптар оркестрі

Республикалық Халықаралық конкурстар лауреаты «Мұрагері» фольклорлы ансамблі

Республикалық Халықаралық конкурстар лауреаты «Зерде» би тобы

Республикалық Халықаралық конкурстар лауреаты «Дарын» ербалалар хоры

Үрлемелі аспаптар оркестрі

Page 141: Журнал №15

141

еңбек еткен жалғыз ғана азамат-тың еңбегін жоғары бағалаймын. Бүгінде қазақты төрткүл дүние таниды. Бұл ең алдымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы деп білеміз. Жыл сайын жолданған Жолдаулар ішінде биылғы Жолдаудың жөні де, жолы да бөлек. Онда біз үшін аса маңызды ойлар, нұсқаулар, тапсырмалар айтылды. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу алғы-шарттары да баршамызды үл-кен бастамаға құлшындырды. Шекарасы анықталған, мемле-кеттігін әлем мойындайтын, шикізатқа бай

«Қазақ Елі» келешекте осы үрдіспен көшбасшы елдердің бірі атанарына сенімім мол. Ол үшін тек еңбек етіп, Отанымызға адал қызмет көрсетуіміз керек. Екіншіден, ана тіліміздің мәр-тебесін асқақтату туралы да біршама түйіткілді пікірлер аталды. Мемлекеттік тіліміздің мәңгілік ғұмыры үшін баршамыз жауаптымыз. Сондықтан, ана тіліміздің мәртебесін ешкімнің алдында төмендетуге қақымыз жоқ екенін айтқым келеді. Соны-мен қатар, мемлекеттік және бюд-жеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысының көбеюі секілді бағдарламалар кім-кімді де қуантқаны анық. Айта берсек, талдайтын нәрселер көп қой. Бастысы, дана әрі парасаты мол Президентіміз аман болсын деп тілеймін. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің ғұ-мырлы болуына Елбасымызбен бірге атсалысып, қызмет етуіміз керек.

Ғаділ Зайденұлы, сөз со-ңында өзіңіздің еңбек жолыңыз жайлы айта кетсеңіз? Өнерге деген сүйіспеншілігіңіз қалай туындады? Өмірдегі ұстазыңыз кім?

Мен қазіргі Атырау облы-сы Балықшы ауданы Еркінқала ауылында дүниеге келдім. Біздің балалық шағымыз соғыстан кейінгі

жылдарғы елдің еңсесін енді ғана тіктеп, экономикасының көтері-лер тұсында өтті ғой. Мектепте алдыңғы қатарлы оқушылар сапында болдым. Ол кезеңдегі аға-әпкелеріміздің мақсаты еңбек етіп, қоғамға пайдалы іспен шұ-ғылдану болатын. Қарапайым тұрмыс кешкен менің отбасым-ның жағдайы да осыған саятын. Тұрмыс тауқыметінен шаршап, күйкі тірліктен бір сәтке боса-майтын ата-анама қалай көмек-тесем деген ой ылғи санамда жүретін. Құдайдың бергені шығар, өнерге жастайымнан жақын болып өстім. Бала кезім-нен-ақ сырнайымды серік етіп, үлкендердің, мұғалімдердің алғысына кенелуден ләззат табу-шы едім. Жетінші сыныбымда алғаш рет пионер лагерінде жұмыс істеп, еңбек жолымды бастадым. Сырнайлатып көпте-ген шаралардың әдемі өтуіне септігімді тигіздім. Қолыма ұс-таған алғашқы жалақыма үйдегі әжеме қымбат матадан көйлек тіктіріп бергенім әлі есімнен кетпейді. Бұған қатты қуанған әжем жарықтық көршілерді шақырып, «балам азамат атанды» деп кішігірім той жасады. Сол кезде бар болғаны 13 жаста екенмін. Өнерді сүюіме, оның тылсымына сүңгіп, бесігінде тер-белуіме осы секілді қарапайым оқиғалар себепші болған шығар деп есептеймін. Осылай жүріп ер жеттік. 1974 жылы Гурьев музыка училищесін тәмамдап шықтым. Жоғары оқу орнын бітірген соң, алғашқы еңбек жолымды Балық-шы ауданындағы Ғ. Мұратбаев атындағы №23 орта мектепте музыка пәні бойынша мұғалім болудан бастадым. 1976-1989 жылдары М. Қойшыбаев атын-дағы балалар музыка мектебінде сырнай сыныбының мұғалімі, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқа-рып, көптеген шәкірттерімді өнер жолына дұрыс бағдар бе-ріп, қанат қақтырып шығардым.

Бұдай кейінгі жылдарымды Балықшы аудандық музыка мектебі, Балықшы аудандық мәдениет бөлімі, облыстық мәдениет басқармасы, Құрман-ғазы атындағы балалар музыка мектебінде белді қызметтерді атқарып келдім. Республикалық және халықаралық байқаулар-дың лауреаты атанып жүрген «Қызғалдақ», «Жетіген», «Аты-рау» ансамблдерінің жетекшісі ретінде жақсы жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Бүгінгі таңда облыстың бетке ұстар өнер майталмандарының басын қосқан Н. Жантөрин атындағы филармониясына басшылық ету жауапкершілігі өзіме бұйырған екен, ұжымды төрге қарай сүй-реуге бар күш-жігерімді салып жатырмын. Ал, әу бастан менің өнерімді ұштап, дамуына себепші болған Ажекенов Сатым ағайыма ерекше ілтипатымды білдіргім келеді.

Сіз үшін Тәуелсіздік қандай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – қаншама азапты күндерді бастан өткерген қазақ еліне деген Тәңірдің берген сыйы. Өйткені, біз тәуелсіздікті ғасыр-лар бойы аңсадық. Үш ғасыр бойына бұлқындық, бұғаудан босай алмадық. Қан да төгілді, жан да құрбан болды. Үзілмеген үміттің арқасында жарқырап күн шықты, егемендіктің шуағына шомылып, шапағатына бөлендік. Көк байрағымыз көкте желбіреп, бақытты күндермен қауыша түстік. Тәуелсіздіктің қадірін тек қазақтың баласы ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері де білгені дұрыс. Елбасының соңғы Жолдауы да бізде бір ғана Отан бар екенін ұқтырады. Ең бастысы ұрпағымыз ұлағатты, ертеңіміз жарқын болсын деп тілейміз.

СұхбаттасқанҰлжан Шораева

Page 142: Журнал №15

142

ЖантасШарипов

Page 143: Журнал №15

143

ТАЛАПҚА САЙ САПАЛЫ ЖОЛЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде жайлы және сапалы жолдары

жоқ елдерде дамыған бәсекелестікке қабілетті өндірістік база да, келешегі бар ғылыми технология да, тұрғындарының жоғары өмір сүру деңгейі де жоқ екендігін айтып өтті. Бұл дегеніміз – жол саласының ел ішіндегі әрбір жүйемен тығыз байланысып қана қоймай, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі болуы-ның бірден бір үлескері екенінің айғағы. Жол – мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес қосатын маңызды нысан. Сонымен қатар, ол – қоғамды байланысты-рушы күретамыр болып табылады. Міне, ел үшін маңызды нысандардың бірі – жол саласы екенін анықтадық. Ал, осындай стратегиялық маңызы бар нысандарды күні-түні бақылауында ұстап, ішкі және сыртқы құрылым жүйесінде жаңа бағыттар-ға жол ашатын, талапқа сай тәртіп орната білген азаматтарымыз жайында аз айтылады. Осы бір олқылықтың алдын алу мақсатында, сонымен қатар елеулі ең-бегімен үлкен өңірді сапалы жолмен қамтамасыз етіп отырған мекеменің жеміс-ті жұмыстарын көрсету ниетінде келесі кейіпкерімізден сұхбат алған едік.

Қара байлықтың мекені атанып кеткен Атырау өңіріндегі «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры Шарипов Жантас Ғазизұлының келелі сұхбатына назар салыңыздар!

Жантас Ғазизұлы, Сіз бас-қарып отырған «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы ұлттық компаниясы Атырау облыстық филиалы қандай тарихи даму кезеңдерінен өтті?

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық ком-паниясы» акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылы құрылды. Осы ретте рес-публикалық маңызы бар автокө-лік жолдарын басқаратын Ұлттық оператор мәртебесі біздің ком-панияға берілген болатын. Атал-мыш компанияның басты бағыт-тары – республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын жобалау, салу, қайта жаңарту, ағымдағы жөндеу, орташа және күрделі жөндеу, жолды күтіп ұстау, пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру және жол жиегіндегі қызмет түрлерін бақылау болып табылады. Ал, стратегиялық жоспарлау, қалып-тастыру, жол саласының даму саясатын жүргізу және тиісті деңгейде мемлекеттік бақылау – Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің құзіретінде қалды.

Сонымен қатар, Елбасымыз-дың Жолдауында көрсетілген тап-сырмаға сай, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру нәтижесінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің аймақтық бөлімше-лері таратылып, орнында «Қаз-АвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыс-тық филиалдары құрылды. «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының алғашқы іргетасы 2013 жылы қыркүйек айының 2 жұлдызында қаланды. Бұрындары біздің мекеме Көлік және коммуникация министрлі-гінің автокөлік жолдары коми-тетінің Атырау облыстық депар-таменті атанған болатын. Атау өзгертілсе де, сапалы жұмыс көрсеткіші сол қалпын сақтап қалды. Біздің бөлімше автокө-лік жолдарына қатысты барлық қызмет түрлерін көрсетеді. Бү-гінгі таңда мекемеде 18 маман қызмет атқарады. Барлығы да біліктілігі мен білімі үйлескен, жоғары санаттағы тәжірибелі қызметкерлер болып табылады.

Жол жөндеуде қандай жа-ңа әдіс-тәсілдерді қолданып жатырсыздар?

Жол – елдің дамуына бірден бір үлес қосатын сала болып та-былады. Осы себепті, мемлекет әр жолдың сапалы болуын аса назар-да ұстайтыны белгілі. Бұл ретте біз жол жөндеу не салу жұмыста-ры кезінде түрлі бағыттағы әдіс-тәсілдерді қолданып отырамыз. Мәселен, жаңа жол жөндеу әдісте-рі күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, орташа жөндеу және күтіп ұстау саласында қолданылады. Осыған орай, орташа жөндеу жұмыстары-на өңдеу қабаты, тоздыру қабаты сияқты әдіс-тәсілдер енгізіліп, осы бағытта, жол қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында және де жол жамылғысын қорғау үшін былтыр «Атырау-Доссор» автожолының 18 шақырымын пилоттық жобамен жамылғы бетін өңдеу қабатына «Сларри Сил» жаңа әдісін қол-данып, ағымдағы жөндеу жұмыс-тарын жүргіздік. Ағымдағы жы-лы тағы да 30 шақырым жолды аталмыш әдіс арқылы жөндеуді жоспарлап жатырмыз. Бұл әдіспен

Page 144: Журнал №15

144

неміс компаниясы лицензиясы бойынша дайындалған қорға-ғыш, эмульсионды-минералды құйылмалы қоспамен жабылады. Мұндай жол қорғанышы Герма-нияда 60-шы жылдардан бері қолданылып келеді. Бірнеше жылдан бері Ресейде де қолда-нысқа ие. ҚР аумағындада бұл тәжірибе былтырғы жылдан бастап Ақмола, Атырау және Алматы облыстарында алғаш рет қолданысқа енгізілді. Аталмыш әдіс үстіңгі қабатты кедір-бұдыр-лы өңдеуді еске түсіреді. Бірақ, немістер қиыршықтасты қорға-ғыш қабатын ыстық күйінде емес, салқын күйінде төсейді және оларды нығыздап тегістемейді.

Жантас Ғазизұлы, республи-камыздың біршама өңірлерінде жолдар сапалы болса, өзге ай-мақтарда бұл көрсеткіш кері-сінше болып келеді. Осы ретте Атырау облысының жол сапасы жайлы не айта аласыз?

Өңіріміздегі жол сапасы жайында айтып өтсем, біздің өңірде 3573 шақырым жол бар. Оның ішінде 990 шақырымы республикалық маңызы бар жол болып табылады. Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар жол-дардың ішінде 310 шақырымы сапалы әрі тегіс, 184 шақырымы

қанағаттанарлық болса, 496 шақырым жолдың сапасы төмен болып келеді. Себебі, ол жолдар 35 жыл бұрын салынған. Күні бү-гінге, өкінішке орай қаражаттың тапшылығынан қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Міне, осы жолдар біздің көрсеткішті төмендетіп отыр. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар автокөлік жолдары облыс көлемінде орналасқан 7 ауданның аумағымен, 6 аудан орталығының үстімен өтеді. Облыс орталығы Атырау қаласын көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының орта-лықтарымен және көршілес Ресей жеріндегі Астрахань қаласымен, Өзбекстан елімен Құлсары-Бейнеу-Ақжігіт елді мекендері арқылы, Түркмения елімен Құлсары-Бейнеу-Жетібай-Жаңаөзен елді мекендері арқылы және Каспий теңізінің арғы жағалауындағы Иран, Әзербайжан елдерімен Ақтау теңіз порты арқылы байла-ныстырылады. Атырау облысы көлемінде орналасқан жалпы пайдаланымдағы република-лық маңызы бар «Атырау-Орал», «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы», «Доссор-Құлсары-Ақтау» және «Махамбет-Новобогат» автокөлік жолдарында жыл бойы үздіксіз, қауіпсіз көлік қозғалысын қамта-

масыз ету мақсаттарында күтіп ұстау, орташа жөндеу жұмыстары атқарылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына қатысты азаматтық ой-пікіріңізді айта кетсеңіз.

Елбасымыздың биылғы Жолдауына қатысты көп айтуға болады. Елбасымыз мемлекеттің тірегіне айналатын әрбір бағыт-ты атап көрсетіп, сол сала маман-дарына арнайы тапсырма қоя білді. Жүктелген тапсырмалар-дың нәтижесі – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ. Осы-ның ішінде, Елбасымыз көлік инфрақұрылымына да аса назар аударып, жолдың мемлекет үшін маңыздылығына тоқталып өткен болатын. Біз өз ретінде айтылған тапсырмаларды толығымен орын-дап, еліміздегі республикалық маңызы бар, сонымен қатар қара-пайым халық жүретін жолдар-ды басты назарымызда ұста-уымыз керек. Тек қарбалас жұмыстың арқасында біздің жұмыс жемісті боларына сенімдімін. Елбасымыздың биылғы Жолдауына қатысты көп пікір айтуға болады. Бірақ, бос сөзден гөрі, істің адамы болуды қалаймын. Осы себепті, өзім басшылық етіп отырған «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалының алдағы жоспарда тұрған мәселелерін осы жылы толығымен орындауға кіріспекпін. Міне, бұл нағыз табыстың кепілі болмақ деген ойдамын.

Жантас Ғазизұлы, осы тұста әңгімемізді өзіңізге қарай бұрсақ. Қандай отбасында тәлім-тәрбие алып өстіңіз? Еңбек жолыңыз қалай өрбіді?

Мен 1962 жылы Атырау облысы Индер ауданының Кулагино ауылында дүниеге келдім. 1979 жылы Өскемен жол құрылыс институтының

Page 145: Журнал №15

145

Алматы жалпы техникалық бөлімшесіне жол құрылысы ма-мандығы бойынша оқуға түстім. Кейін Атырау облысы Индер ауданы орталығындағы ДСУ-38 мекемесінде зертхананың аға инженері болып еңбек жолын бастадым. 1986 жылдан бастап ДСУ-38 мекемесінде прораб, аға прораб, аймақ басшысы, бас инженер қызметтерін атқар-дым. Кейін «Атырау жолдары» акционерлік қоғамының ПДСУ-4 мекемесінің басшысы лауазы-мына тағайындалдым. 2012 жылы Көлік және коммуника-ция министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Маңғыстау облыстық департаментінде ди-ректордың орынбасары қызметін-де болдым. 2013 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін жаңадан құрылған «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалының директоры қызметін атқарып келемін. Отба-сымда бір ұл бала, бір қыз баланың әкесімін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде?

Тәуелсіз елдің ұланы болу – біз үшін бақыт деп білемін. Өз

елің, жерің, тілің, ділің болға-нына не жетсін?! Ертедегі ата-бабамыз аңсап өткен, арман еткен тәуелсіздіктің көк туы бүгінгі таңда біздің көгімізде желбіреп тұр. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дамыған 50 елдің қатарына кіріп қана қой-май, көш басында тұрған алып мемлекеттермен нарықтық бәсе-келестікке түсіп жатырмыз. Біздің

осындай деңгейге көтеріліп, көр-кейгеніміз Тәуелсіздіктің арқа-сында екені белгілі. Қаз дауысты Қазыбек бабамыз айтып кеткендей, біз – бір басында батырлықпен қатар даналық үйлесім тапқан ел екенімізді ұмытпағанымыз абзал.

СұхбаттасқанАқнұр Серікбаева

Page 146: Журнал №15

146

ІСІ ДЕ КӨРКЕМ ӨЗІ ДЕ...

Жаратқан әйел затын сұлу да көркем, гүлдей нәзік, айналасын мейірім мен шуағына көмкеріп, тек жақсылығын сыйлап жүретін қасиетімен даралап жа-ратқаны ақиқат. Жанұяда тек шаттықтың сыңғыр үні естіліп, махаббаттың бесігі тербелсе – бұл әйел затының мықтылығын көрсетеді. Біздің кезекті ке-йіпкеріміз де отбасында аяулы ана, қызметінде іскер әйел лауазымын иеленіп, өз бақытының іргетасын қалай білген жандардың қатарында. «ҚР Салық қызметінің үздігі», «ҚР қаржы қызметінің үздігі», «ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі» белгіле-рі мен ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісін де елге сыйлы, мемлекетімізге қадірлі болған соң иеленіп отыр. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының «Іскер әйелдер және отбасылық-демографиялық комитетінің» және Атырау облысы бойынша саясат-кер-әйелдер комиссиясына мүшелік етіп, әрі Атырау облыстық Салық департамен-ті басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып жүрген Рзағұлова Айгүл Сералықызы журналымызға сұхбат берді. Іскер жанның келелі әңгімесіне назар аударайық.

Page 147: Журнал №15

147

Айгүл Сералықызы, Атырау өңірінде салық жүйе-сі қашан құрылды? Облыс бойынша бүгінгі таңда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Тарихи құжат негізінде саралайтын болсақ, «Қазақ КСРО мемлекеттік салық қыз-метін құру және Қазақ КСРО Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақ КСРО мемлекеттік салық қызметі сұрақтары» туралы жарлығына сәйкес облыс, ау-дан, қалалық мемлекеттік салық инспекциялары негізінде, Қазақ КСРО-сы сол кездегі Гурьев облысы бойынша мемлекеттік Бас салық инспекциясын құрды. Яғни, бүгінде тәуелсіздігімізбен түйдей құрдас салық қызметі өз қызметін қарқынды жалғас-тырып келеді.

Жалпы инспекцияның ат-қаратын негізгі қызметтері жайлы сөз етер болсам, бұл негізінен тексерісті талап ете-ді. Бастапқы жылдары құрыл-ған салық инспекциялары облыстағы салық төлемдерін тексеріп, оны жинақтап отырған болатын. Ел экономикасының даму жолында аталмыш мекеме алдымен инспекция деп аталса, кейін басқарма, департамент болып өзгертіліп отырған. Ен-дігі кезекте департаменттің жұмысы бюджетке түсімнің уақытында әрі толықтай түсуін қамтамасыз етуге негізделіп отыр. Сондықтан, түсімдердің қосымша қорларын іздеу де-партамент жұмысының бірден-бір маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Былтырғы есеп бойынша қорытындыла-сақ, мемлекет қазынасына облыс бойынша 4,1 миллиард тенге қосымша қор түскен. Мұ-ны айтарлықтай жетістік деп бағалауға болады.

Атырау облыстық Салық департаменті мемлекет қа-зынасын байытуда қанша-лықты үлес қосып жатыр?

Жоғарыда атап өткенімдей, Байғазиев Нұржан Дамирұлы басшылық етіп отырған салық департаменті үшін өткен жыл өте табысты болды деп айта аламын. Атырау өңірі жер асты кендеріне бай болғанымен, көп адамдар салықтың барлық қоры мұнайдан түседі деп ойлайтын шығар. Бірақ, бізде шағын жә-не орта кәсіпкерлік қарқынды дамып тұрғанын ескерсек, мем-лекет қазынасын толықтыру бойынша көшбасшылардың бірі болып қала береміз. Ағым-дағы жылдың 1-і тоқсанын қорытындылай келсек, мем-лекетіміздің қоржынына 162,0 миллиард теңге пайда түсірдік. Бұл дегеніміз жылдағы түсім деңгейінен 75,6 миллиард теңгеге артық немесе түсім қарқыны 188 пайызды құрайды. Ал, республикалық қазынаға түсім қарқыны 230 пайызбен 129,1 милиард теңге түсірдік. Одан бөлек, 32,9 миллиард теңгені жергілікті қорға түсі-ріп, белгіленген межеден 109 пайызбен асып оздық. Міне, бұл облысымыздағы барлық кәсіпорындардың және салық мекемелерінің тынымсыз еңбек етіп жатқанын көрсетеді.

Атырау облысы бойын-ша Салық департаментінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары қалай жүзеге асып келеді?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты күрес бар-лық мемлекеттік органдар-дың қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып отыр ғой. Салық органда-

рында да бұл мәселе бағдар-ламалар жоспарында тұрған мәселелердің бірі. Бұл тұр-ғыда электрондық салық қызметтерінің санын көбейту арқылы салық қызметі орган-дарының қызметкерлері мен салық төлеушілер арасындағы байланысты төмендету болып табылады. 2013 жылы Қазақ-стан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комите-ті 23 қызмет түрі бойынша регламент әзірлеп, өндіріске енгізді, 16 қызмет Электрон-ды Үкімет порталы арқылы кәсіпкерлерге қол жетімді етілді. Сондай-ақ, аумақтық салық басқармаларында қызметкерлердің құқыққа қарсы әрекеттері жайлы хабарлама жіберуге болатын электронды мекен-жайлар көрсетілген ақпарат тақтасы ілініп тұр. Сенім телефондары тағы бар. Салық басқармасы ғимаратында, салық есептілі-гін қабылдау орталықтарында бейнекамералар және арыздар мен ұсыныстар қорапшасы орналастырылған. Пара беру-шілікпен күрестің алдын алу шараларын қабылдау бөлігі бойынша құқық қорғау орган-дарымен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл әрекеттері жандан-дырылды.

Атырау облысы бойын-

ша кәсіпкерлердің ең үздік салықтөлеушілерін атап өтсеңіз?

Бүгінгі таңда салық тө-леушілер арасында ең үздік салық төлеуші атағын анық-тау бойынша талдаулар жүргізілмейді. Алайда ең үздік салықтөлеуші атағына сай болу үшін түсімдерінің жоғары пайызда болуы, салық берешектерінің болмауы және

Page 148: Журнал №15

148

салық заңнамалары бойынша бұзушылықтар анықталмауы қажет. Осы талапқа сай келіп отырған Атырау облысы бо-йынша бюджет түсімдерінің 72 пайызын «Тенгизшевройл» ЖШС-гі құрап отыр. Яғни, қорға түскен барлық түсімдер 633,8 миллиард тенгені құраса, соның ішінде «Тенгизшевройл» ЖШС-нің түсімі 462,1 миллиард тенгені құрап отыр. Бұдан кейін келесі алпауыт кәсіпорындар тізбектіліп кете береді.

Елбасымыз биылғы Жолдауында кәсіпкерлерді қолдаудың маңыздылығын атап айтты. Бұл ретте Аты-рау облысында орта және ша-ғын кәсіп өкілдері арасында салық жүйесіндегі ережелер мен талаптарды насихаттау жұмыстары қай деңгейде жүргізіледі?

Иә, Елбасы өте орынды талап қойды деп ойлаймын. Расымен де, кәсіпкерлердің жұмыстары одан әрі жанда-нуы үшін ешқандай кедергі-нің болмағаны дұрыс. «ҚР кәсіпкерлік қызмет үшін жағ-дайды түбегейлі жақсарту мақсатында шағын және орта кәсіп орындарына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен тек-серу 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын», – деген Елбасының Жарлығы 2014 жылдың 27 ақпанында шыққан болатын. Міне, сол уақыттан бері Президенттің тапсырмасы мүлтіксіз орындалып келеді. Кәсіпкерлерге бағыт пен бағдар сілтеп, қажетті ақпараттармен сусындатуды о бастан қолға алып келеміз.

Қазақстан Республикасы

Президентінің «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына қатысты аза-маттық ой-пікіріңізді айта кетсеңіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған «Қазақстан - 2050» Стратегия-сы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы болып табылады. Яғни, елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын үлкен емтиханға келіп жеттік деп есептеймін. Осы стратегияны мүлтіксіз орындауға, емти-ханнан мүдірмей өтуге және барша ұжым мүшелерінің күш жігерін жұмылдыруға мемлекеттік органның жауап-ты қызметкері ретінде менің де міндетім мен парызым басым деп білемін. Сондықтан, тек адал қызметімнің арқасында нысанадағы көздеген жетіс-тіктерге жете аламыз деп се-немін.

Осы тұста әңгіме төркі-нін өзіңізге қарай бұрсақ. Отбасы бақыты мен қызмет-тегі жетістіктерін қатар алып жүрген Сіздей нәзік жанды-ның еңбек жолы қалай өрбіді?

Мен Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келіп, өнегелі отбасында үлгілі тәрбие алып өскен, қазақтың ибалы қыздарының бірімін. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының «қаржы және несие» маманды-ғы бойынша үздік дипломмен бітіріп, экономист біліктілігін алып шықтым. Алғашқы еңбек жолымды сол кездегі Гурьев облыстық қаржы басқармасы

мемлекеттік кіріс бөлімінде аға экономист болып бастап, І санатты экономист, есептеу және ақпараттандыру бөлімі-нің салық инспекторы қызмет-терін атқардым. 1991 жылдан бастап салық жүйесінде: са-лық инспекторы, аға, бас са-лық инспекторы, сектор мең-герушісі, бөлім бастығы, Өн-діріп алу басқармасы, Салық төлеушілермен жұмыс жө-ніндегі басқармасы, Салық-ты әкімшіліктендіру басқар-масының басшысы қызметте-рін атқарып, 2008 жылдың шілде айынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Атырау облысы бойынша Салық департамен-ті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалып, бүгінде осы қызметімді адал орындап келемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік»

қандай ұғым? Оның қа-дірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – ата-бабала-рымыздың сан мың жылдан бері аңсап күткен асыл арманы. Тәуелсіздік жолында қазақтың қаншама батыр ұлдары мен қыздары қанын төгіп, жан аямай күрескенін тарихтан білеміз. Бабаларымыздың сол арманы бүгінде ақи-қатқа айналып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қазақ деген елдің барын бүкіл әлем біледі. Сол арқылы халқымыз ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты жұртқа айналды.

СұхбаттасқанПеризат Бақытжанқызы

Page 149: Журнал №15

149

«ӘР ҮЙДІҢ ЖЫЛУЫ СӨНБЕСІН...»Еңбек – ердің несібі екендігін

журналымыздың кезекті кейіпке-рі дәлелдей түскендей. Себебі, ты-нымсыз еңбегі көп жетістіктер-дің оң нәтижесін беріп отырғанын келелі әңгімесінен анық байқауға болады. Қызметіне деген адалды-ғы, жанын салып тірлік жасауы, ұжымда сыйлы, мәртебелі, құрмет-ті ете түскендей. Алғырлығы мен тапқырлығы, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейі оның әр ісінен аңғарылып тұратын қа-сиеттерін әріптестері жақсы ба-ғалайды. Соның арқасында көшті ілгері бастауға көпшіліктің ақ ба-тасын алып, демеуіне ие болды. Отбасында да аяулы жар, ардақ-ты әке атанған азамат болашақта Отанымыздың адал қорғаушысы болатын үш ерді өзі секілді ұқып-тылыққа, шыншылдыққа, адамдық пен әділдікке тәрбиелеп келеді. Ендеше, көп бөгелмей, «Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ-ның жөндеу мәселелері бойынша вице-президенті Қалиев Бағытжан

Қизатбайұлының сұхбатын назарларыңызға ұсынайық, оқи отырыңыздар.

Бағытжан Қизатбайұлы, Өзіңіз, өндірістік жөндеу жө-ніндегі вице-президент болып қызмет етіп отырған «Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ- да атқарылып жатқан жұмыс-тар жайында не айтасыз?

«Атырау жылу электр орта-лығы» акционерлік қоғамының даму тарихы 1963 жылдан бас-тау алады. Аталмыш қоғамның құрамына сол кездері Атырау ЖЭО және Аудандық қазандық нысандары кіретін болған. Ең алғаш орталық құрылған кезде бу қуаты сағатына 120 тонна

болатын 2 қазан агрегатынан және жиынтық қуаты 24 МВт болатын 2 турбина агрегатынан тұратын І кезек пайдалануға берілді. Жылдар өте, яғни 1993 жылы ЖЭО құрамы 10 қазан және 5 қозғалтқыш құ-рылғысына жетті. Тағы да уақыт көшінің жетістігі деп 1991-1994 жылдары «Атырау ЖЭО» мазут-тан отынның аса экологиялық таза түрі – табиғи газ жағуға көшкенін, сол арқылы зиянды заттардың атмосфераға шығарылуын 3 есеге төмендегенін айтуға болады. Осы бағытқа қарай бет алған жылу

электр орталығының қазіргі уақытта электр қуаты 314 МВт-қа және жылу қуаты 695 Гкал-ға жетті. Бүгінгі таңда Атырау Жылу Электр Орталығында аса үлкен жұмыстар жалғасын табуда. Турбоагрегаттар, бу қазандары секілді басқа да үлкен және көмекші құрылғылар жаңадан іске қосылып, орталықтың ісін өрістетіп жатыр. Мұндағы жұмысты оңай деп те айта ал-маймын. Дегенмен, күрделі құ-рылғылардың ортасында жүріп, біліктілігі мен білгірлігін қатар

Page 150: Журнал №15

150

шыңдаған мамандардың арқасын-да барлық жұмыстарымыз жүйелі нәтижесін беріп келеді.

Бүгінгі таңда Атырау

облыстық жылу электр ор-талығының қуаттылығын арттыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Көпшілікке мәлім, 2009 жылы мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы-мен Атырау ЖЭО-ның төртінші кезеңі іске қосылған болатын. Сонда Елбасы: «Міне, Атырау-да тағы бір маңызды нысан іске қосылды. Біз индустриялық-инновациялық стратегия аясын-да энергетика саласын дамыту-ға айрықша көңіл бөлудеміз. Қазақстан бүгінде мұнай мен энергетика өндіруде әлемдегі жетекші елдердің біріне айнал-ды. Біз шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдай туғыза

отырып, қазақстандық қатысуды ұдайы дамытып келеміз», – деп энергетиктердің жігеріне жігер қоса түскендей болды.

Міне, соңғы жылдардың жетістігін саралайтын болсақ, 2009-2013 жылғы инвестиция-лық бағдарламаны жүзеге асыру барысында табиғи және сапасы жағынан тозығы жеткен электро-техникалық сорғы жабдықтардың бөлігі жаңартылды, жаңа қуаттар іске қосылды, ол негізгі және көмекші жабдықтың жұмысы-ның сенімділігін арттырып, апат-тылықты төмендетті, өндірістің автоматизация деңгейін, қыз-мет ету кезіндегі қауіпсіздігін жоғарылатты. Осылайша, мем-лекеттің тарифтік реттеу жүйе-сі оның инвестициялық қызы-ғушылығын жоғарлатуға ба-ғытталған, тозығы жеткен өн-дірістік активтерді жаңарту, қай-та жаңғыртуды ынталандыру жұ-

мыстары нақты нәтижелерімен дараланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялы және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы шағын және орта бизнесті дамыту екендігін айтып өтті. Қазіргі таңда Атырау өңірінде кәсіпкерлерге қаншалықты жағдай жасалған деп ойлайсыз?

Мемлекет басшысы өз Жол-дауында халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеген болатын. Елбасының «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру бі-рінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастырып, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу-ге бағытталған болатын. Жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру тиімді қадам деп ойлаймын. Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар кез келген азамат бағдарламаның қатысушысы бола алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға да көптеген мүмкіндіктер қарастырылған ғой. Әрине, экономикамызда шағын және орта кәсіптің үлесі артқан сайын еліміздің дамуы да орнықты бола түседі. Бұған Үкіметтің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық филиалы жұмысын жаңадан бас-таған кәсіпкерлерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасап жатқандығы қуанта түседі.

Биылғы Жолдауда Елба-сымыз сыбайлас жемқорлық-қа қарсы жаңа стратегияны

Page 151: Журнал №15

151

қалыптастырудың маңызды-лығын жеткізді. Осы ретте ме-кемелер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қандай шаралар атқарылу керек деп ойлайсыз?

Елбасы сыбайлас жемқор-лықты еліміздің дамуына тікелей балта шабатын қауіптіліктердің бірі деп бағалайды. Оның алдын алу үшін мемлекет тарапынан көптеген бақылау тәртіптілік-тері ұйымдастырылып келеді. Облыс көлемінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Сенің Жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды!», «Өзіңнен баста!» атты іс-шаралар және құқықтық оқыту, дәріс беру сабақтары сияқты ауқымды бағдарламалар өткізіліп тұрады. Оған әр мекеме мен орталықтың қатысуы міндетті. Себебі, мұндай қатерді бірге жеңу баршамызға ортақ мәселе болып табылады. Ал, біздің ұжымның да сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсы екенін олардың қызметіне деген адалдығы айғақтай түседі деп үлкен сеніммен айта аламын.

Бағытжан Қизатбайұлы, ендігі әңгіме тізгінін Сіздің өмір жолыңыз бен еңбек жолыңызға берсек. Қай өңірде туып-өстіңіз? Өмірілік ұстанымыңыз қандай?

Мен мұнайлы Атырау өлке-сінің тумасымын. 1996 жылы Алматы қаласындағы Алматы энергетикалық институтын автоматтандыру инженері ма-

мандығы бойынша тәмамдап, алғашқы еңбек жолымды «Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ-да «Жылу автоматикасы және өлшеу» цехына үшінші разряд-пен темір ұстасы болып, кейін жұмысқа деген зор құлшынысым мен адал еңбегімнің арқасында жоғарылай бердім. 2012 жылдан бастап атылмыш орталықтың жөндеу мәселелері бойынша вице-президенті қызметін зор жауапкершілікпен атқарып келе-мін. Бүгінгі таңға дейін жылу мен электр қуатын халыққа тарату ісінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, үлкен аға буын өкілде-рінен көп тәлім алдым десем болады. Соның бірі бүгінгі бас-шымыз Мұхамбетқали Қалиевтің іскерлігі мен ұжымды басқару-дағы кәсіби біліктілігін үлгі тұтатынымды айтқым келеді.

Өткен жыл мен үшін тағы бір қырынан табысты болды деп мақтана аламын. Себебі, Елбасы тағайындаған «Болашақ» бағдарламасының «Энергия тиімділігін арттыру және энер-гия үнемдеу мәселесін дамыту» мамандығы бойынша байқауына қатысып, Германияның Берлин қаласындағы Берлин технология университетінде білімім мен бі-ліктілігімді арттыруға мүмкіндік алдым. Бұл мен үшін өте жағым-ды жаңалық әрі білмейтінімді үй-ренуге деген өте зор жағдайдың туғаны деп бағалаймын.

Отбасыма келер болсам, жұ-

байым Ләйлә да осы сала бойын-ша жоғары маман иесі, бүгінде үш перзентке өнегелі тәлім-тәрбие беріп отырған ардақты ата-анамыз. Үлкен ұлым Норвегия еліндегі халықаралық университетте бі-лім алып келеді. Кейінгі ұлдарым мектеп және балабақша оқушы-лары. Өзіміздің ата-анамыз бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықта-ғы шоқтырмай әлпештеп өсіргені сияқты, біз де балаларымызға дұрыс тәрбие беріп, өмірде жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауға тырысып келеміз.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – өте киелі ұғым, халқымыздың қасиетті құндылы-ғы. Қазақстанның барлық табыста-рына тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілді деп ойлаймын. Тәуелсіздік – бар бақытымыздың бастауы. Қалыптасқан мемлекет-тің берік іргетасын қалыптастыра отырып, біз алдағы уақытта да халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайта түсеміз деген сенім бар. Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың барлық күш-жігері тәуелсіздікті нығайта түсуге ба-ғытталуы тиіс. Елдігімізді бізге аманаттаған соң, оны қорғау ата- баба басты парызымыз болып табылады.

СұхбаттасқанДиана Алиякпарова

Page 152: Журнал №15

152

ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ

Жүрек – адам ағзасының патшасы болып есептелінеді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлем бойынша бірінші орында тұрған дерт осы жүрекпен байла-

нысты екен. Демек, барлық ағзаның «оталдырғышы» аталып кеткен жүректің амандығы – денсаулықтың кепілі болып табылады. Осы бір мәселені Елбасымыз өз сөзінде атап көрсетіп, еліміздегі кардиология және кардиохирургия саласының жетіліп, дамуын арнайы тапсырған болатын. Бұл ретте мемлекетіміздің денсаулық сақтау мамандары қауырт жұмыстарға кірісіп те кеткен. Мәселен, Атырау облысында арнайы кардиологиялық орталық ашылып, бүгінгі таңда аталмыш мекеме 3500 адамды қабылдап жатыр. Сонымен қатар, орталықтың білікті мамандары жылына 200 науқасқа ота жасайды екен. Осындай нәтижелі жұмыстардың бастауында тұрған басшының да үздік маман екені анық. «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Алтын дәрігер» медалінің иегері, Атырау облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Марат Нұрышұлы өз ісінің маманы болғандықтан, қызметкерлерінен де тәртіп пен біліктілікті талап етеді. Сонымен қатар, ол кісі 60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы болып табылады.

«Ауру жайын баққан білер» демекші, аталмыш дерт жәйлі медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы хирург дәрігер Қонысов Марат

Нұрышұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Page 153: Журнал №15

153

Марат Нұрышұлы, «Атырау облыстық кардиологиялық орталық» өз жұмысын қашан бастады? Бүгінгі таңда орта-лықта қанша маман қызмет атқарады?

Біз бұрындары «Атырау қалалық ауруханасы» болып жұмыс жасаған едік. Тек өткен жылдан бастап «Атырау облыс-тық кардиологиялық орталық» атанып, біздегі барлық қызмет түрлері жүрек-қан айналымына байланысты туындайтын аурулар-ға бағытталды. Бұл орталықтың мақсаты – Атырау өңірінің бар-лық тұрғындарының қан айна-лым жүйесі зақымданған жағдай-да станционарлық медициналық көмек көрсету болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, 2007 жы-лы елімізде кардиология және кардиохирургия саласына көңіл бөлініп, қолға алынған болатын. Осы ретте біздің орталықта кар-диохирургия, тамырлы хирургия, хирургиялық зертхана және ар-найы кардиология бөлімшелері ашылып, бүгінгі таңда аталмыш бөлімшелер толыққанды жұмыс жасайды. Сонымен қатар, біздің орталықта жылына 200 науқасқа ота жасалынса, жылы-на 3500 адамға емдеу шаралары қолданылады. Бұл дегеніміз үлкен жетістік болып табылады. Негізі, жүрек тамырларына қатысты ау-рулар әлемдегі ең бірінші орынды алып тұрған мәселе екенін айта кеткен жөн. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде жүрек-қанайналым ауруларының қауіптілігі мен осы дерттің алдын алу керектігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағытта біздің елімізде көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, біздің орталықта 2009 жылы алғаш рет жасанды қан айналым арқылы жүрекке ашық ота жасау әдісі қолданылды. Бүгінгі таңда жасанды қан айналымсыз ми

тамырларына ота жасау сияқты күрделі медициналық бағытқа ауысып жатырмыз. Сонымен қатар, жақын арада қосымша ангиографиялық ота жасау бө-лімшесін ашпақ ниеттеміз. Міне, осындай шаралардың арқасында еліміздегі жүрек дертіне шал-дыққан науқастарымыз тез са-уығып, өмір жастары ұзарады деген сенімдемін.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басты бағыттарының бірі – медици-налық-санитариялық қыз-меттерді жетілдіру болып та-былады. Осы ретте «Атырау облыстық кардиологиялық орталықтың» мамандары арасында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Бүгінгі таңда орталықта 192 маман жұмыс жасайды. Оның ішінде 31-і дәрігер, қалғаны орта буын қызметкерлері болып табылады. Барлығы нағыз ақ халатты абзал жан деп атануға лайық тәжірибесі мол, біліктілі-гі зор мамандар екенін айта кет-кен жөн. Сонымен қатар, біздің орталықта жас мамандарды да-ярлау мақсатында түрлі бағыт-тағы оқыту сабақтары жүргізі-леді. Бұл өз кезегінде шетелдік әріптестерімізбен қарым-қатынас орнатуға өзіндік мүмкіншілік берді. Мәселен, біздің орталыққа Ресей, Еуропа елдерінен өз ісінің хас шеберлері арнайы келіп, түрлі кездесулер ұйымдастырылды. Ал, Литва елінде кардиохирургиялық институтта біздің бір топ дәрі-герлер мен медбикелер бастаған өкілдік арнайы оқу оқып, куәлік-тердің иегерлері болды.

Бүгінгі таңда Атырау қала-сында қандай ауру түрлері бе-лең алып отыр? Сол дерттердің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр ма?

Негізі, елімізде ең көп та-ралған дерт түрі – жүректің ише-мия ауруы екенін айта кеткен жөн. Бұл дертке сыртқы не ішкі ықпал әсер етпейді. Ал, бұл аурудың себебі – атеросклероз болып табылады. Жалпы, артроскле-роз қанайналымда ауру пайда болуының бірден бір себепкері болады. Сондықтан да еліміздегі әр адам өзінің денсаулығын жіте қадағалап, арнайы тексерістерден өтіп отыруы керек.

Науқастарды емдеу бары-сында заманауи құрылғылар-дың маңызды рөл ойнайтыны белгілі. Осы тұрғыда аталмыш орталық медициналық құрал-жабдықтармен қаншалықты қамтамасыз етілген?

Әрине, әр науқастың толық-қанды жазылып шығуы тек ма-манның біліктілігіне байланысты емес. Сонымен қатар, бұл жәйт емдеу іс-шараларына арналған медициналық қондырғылардың сапасы мен заманауилығына қарайды. Мәселен, егер емдеу орнында қажетті қондырғы болмаса, бұл өз кезегінде нау-қастың денсаулығына кері әсерін тигізері анық. Осы себепті, біз орталықтың жаңартылған сапалы медициналық құрал-жабдықтар-мен қамтамасыз етілуін басты назарда ұстаймыз. Сонымен қатар, бөлімдердің жабдықталуы бар-лық халықаралық стандарттар-ға сай болуын қадағалаймыз. Мәселен, біздің орталықта көп функционалды жансақтау төсек-орындары, ангрографиялық қондырғылар сияқты түрлі бағыттағы заманауи жабдықтар жұмыс жасайды. Бұл өз кезегінде біздің науқастардың толыққанды жазылып шығуына ықпал етеді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050:

Page 154: Журнал №15

154

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында қа-зақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырудың бірден бір жолы саламатты өмір салтының орнығуы екенін атап кеткен еді. Бүгінгі таңда Атырау қаласының тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары қаншалықты жиі жүргізіледі?

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әр адам өзінің денсаулығына үлкен жа-уапкершілікпен қарауы керек. Бұл – адам денсаулығына зиян келтіретін әрекеттерден аулақ бо-лу, адам денсаулығына қатерлі деп табылатын барлық ықпалдардан бас тарту деген сөз. Сонымен қа-тар, бүгінгі нарық заманында көп адамдардың жұмысы бірқалыпты отырыспен өтетіні анық. Бірақ, бұл өз кезегінде көптеген аурулардың себепшісі болатынын бірі білсе, көбі біле бермейді. Жүрек-қан айналым ауруларының да се-бепкері салауатты өмір салтын ұстанбаудың салдары екенін түсіне білу қажет. Әрине, біз орталыққа келген әрбір науқасқа салауатты өмір сүру салтының

маңыздылығын насихаттап, түсіндіреміз. Себебі, жүрек – көз жұма қарайтын дерт емес. Егер науқастың жүрегі дертке шалдықса, демек ол кісі арнайы ас ішіп, қажетті өмір салтын ұстану керек. Тек осы жағдайда ғана ол кісі толық сауығып шыға алады. Өз басым еліміздегі әр адам мына бір дүниені толық түсінгенін қалаймын. Егер денің сау болғанын қалайтын болсаң, жамандықтан алшақ жүріп, жақсы өмірге талпынуың қажет.

Марат Нұрышұлы, сөз соңында өзіңіздің еңбек жо-лыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Медицина саласына қалай келдіңіз? Дәрігер атануға не себеп болды?

Мен Атырау облысында зиялы отбасында дүниеге кел-генмін. Менің анам Атырау өңіріне танымал, талай жылдар бойы ұлағатты ұстаздық жолды ұстанған көзі ашық, көкірегі ояу жан еді. Ол кісінің қолынан талай шәкірттер өтті. Өз басым менің осындай азамат болып қа-лыптасуым ақ пейілді анамның арқасында деп білемін. Ал, еңбек жолыма келетін болсақ, 1985 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе Мемлекеттік медициналық институтын тәмамдадым. Кейін білімімді жетілдіру мақсатында

Мәскеу қаласында орналасқан Ресей Ғылыми Хирургия Орта-лығында білім алдым. Сонымен қатар, 1999-2003 жылдар аралы-ғында Мәскеудегі А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан айналым хирургиясының Ғылыми орталығында оқып келдім. Ал, алғашқы еңбек жолымды 1986 жылы Атырау облысы Балық-шы ауданында «хирург-дәрігер» болып бастадым. Кейін «Атырау облыстық ауруханасының» хи-рургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасадым. 2007 жылдан бері бүгінгі таңға дейін «Атырау облыстық кардиохирур-гиялық орталықтың» бас дәрігері қызметін атқарып келемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғы-мы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде?

«Тәуелсіздік» ұғымының қадірі мен қасиеті жәйлі көп толғанып, көп айтуға болады. Себебі, тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Тарихымыз-ды ашып қарайтын болсақ, ата-бабаларымыздың қаны мен жа-сына толы жолды көреміз. Міне, бізге келген тәуелсіздіктің қасиеті осында деп ойлаймын.

СұхбаттасқанАқнұр Серікбаева

Page 155: Журнал №15

155

«ТӘУЕЛСІЗДІК – САНАНЫҢ ЕРКІНДІГІ»

Өмірлік ұстанымы «Ырыс алды – ынтымақ!» деп білген біздің сұхбаты-мыздың келесі кейіпкері жәйлы көп айтып, көп жазуға болады. Себебі, қазақ

елі өзінің аяулы қыздары жайлы білуге тиіс. 23 жыл бойы дәрігерлік антты бе-рік ұстанып, Атырау өңірінің тұрғындарына көмек көрсетіп келе жатқан Нұргүл Сатанқызы бүгінгі таңда елінің мақтанышы, ұжымының беделіне айналған. Ке-шегі Әлиядай батыр апамыз дүниеге келген батыс өңірінің намысты қызы өзіне ғана емес, мамандарына да талап қоя біледі екен. Осының арқасында бүгінгі таңда «Атырау қалалық балалар стоматологиялық емханасы» шағын ғана ұжыммен үлкен облысқа медициналық көмек көрсетіп отыр.

Ерен еңбектің иегері, Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен ма-рапатталған «Атырау қалалық балалар стоматологиялық емханасының» бас дәрігері Намазғалиева Нұргүл Сатанқызымен болған сұхбатты назарларыңызға

ұсынып отырмыз.

Page 156: Журнал №15

156

Кез келген дүниенің тарихи құрылымы бо-латындай, Сіз басшылық етіп отырған «Атырау қалалық балалар стоматологиялық емханасы» қандай тарихи даму жолдардан өткенін баяндап берсеңіз.

Біздің емхана 1984 жылға дейін облыстық сто-матология емханасының балалар бөлімшесі болып қызмет көрсеткен. Кейін балалар стоматологиясы жалпы стоматология жүйесінен дербес бөлініп шықты. Негізі, бүгінгі таңға дейінгі 30 жыл ішін-де стоматология саласының тарихы сан-қилы өзге-рістерге тап болған еді. Себебі, бастапқы кезде Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқару органдарының стоматология саласына көзқарастары әртүрлі болды. Біздің емхананың өмірі осы бір қай-шылықтармен тұспа-тұс келіп, біраз қиындықтарға кездестік. Мәселен, 1987-1999 жылдары біздің емхана бесқабат үйдің 1-ші қабатын жалдап тұрған болатын. Бүгінгі таңда емхананың тыныс-тіршілігі қалыптасып, заманауи жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, емхана ұжымы жоғары санаттағы білімді де тәжірибелі мамандар-мен толықтырылды. Міне, осындай білікті дәрігерлер мен сапалы қондырғылардың арқасында беделіміз артып, абыройымыз асқақтап отыр. Біз үшін бұл үл-кен мақтаныш деп білемін.

Бүгінгі таңда емхананың қанша науқасты қабылдауға қауқары бар және емхана заманауи техникалық құрал-жабдықтармен толықтай қам-тамасыз етілген бе?

Жалпы, біздің мекеме осы өңір бойынша жалғыз мемлекеттік стоматологиялық емхана болғандықтан, облыстың 15 жасқа дейінгі 159412 балаға жедел стоматологиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, қалалық және шет аудандардағы 83518 балаға емдеу-сауықтыру қызметін толықтай атқарамыз. Біздің емхана терапиялық, хирургиялық, ортодонтиялық және қосалқы бөлімшелер арқылы халыққа қызмет көрсетіп отыр. Емдеу және қосалқы бөлмелердің

санитарлық-техникалық жағдайы қалалық санита-риялық талаптарға сай. Сондай-ақ, бүгінгі таңда емханамыз диагностикалық-стоматологиялық қон-дырғылармен толық қамтамасыз етілген.

Ересектерге қарағанда балалардың ауруы-мен күресу қашан да күрделі екенін білеміз. Бұл тұрғыда дәрігерлердің біліктілігі қандай? Ұжым-да қанша маман жұмыс істейді?

Негізі, емхана жұмысының тиімділігі оның қажетті мамандармен қамтылуы, олардың жұмыс жағдайын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Бүгін-гі таңда біздің ұжымда жоғары санаттағы 19 дәрігер қызмет етеді. Сонымен қатар, әр дәрігер-стоматолог 5 жыл сайын өз біліктіліктерін жетілдіру мақсатын-да арнайы оқу оқиды. Ал, орта буын қызметкерлеріне келетін болсақ, бізде жоғарғы санаттағы 18 маман жұмыс жасайды.

Атырау қаласында балалар арасындағы тіс ауруының деңгейі қандай? Осы дерттің алдын алу үшін ата-аналар не істеу қажет?

Тіс – әр адамның ең басты көркі деп есептеймін. Себебі, тіс ауруға шалдықса, бұл жәйт барлық ағзаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал, осы аурудың алдын алу үшін ең алдымен ауыз қуысының тазалығын сақтау керек. Себебі, тісте және ауыз қуысында қалған тамақ қалдықтарына жай көзге түспейтін бөгде заттардың жиналуына, көбеюіне және олардан бөлінген зиянды өнімдер эмальды зақымдайды да, тіс жегісінің пайда болуына әкеліп соқтырады. Екіншіден, арнайы жүргізілген зерттеулерге жүгінсек, фтордың ағзадағы «оптимальды» мөлшері 0,05-0,07 мг/кг болып есептеледі. Оның судағы мөлшері 0,7 – 1,0 мг/л болуы тиіс болса, ал, Атырауда бұл көрсет-кіш 0,2 мг/л төмен екенін көрсетіп отыр. Сондық-тан, біздің тұрғындарымызға құрамында фторы бар тіс пасталарын, ауыз шайғыштарын қолдану керек. Мәселен, біздің елде 1985 жылдарға дейін балабақшаларда, мектептерде сүтті фторлап берген.

Page 157: Журнал №15

157

Бұл өз кезегінде үлкен шығынсыз өте пайдалы әдіс деп ойлаймын.

Аталмыш емхана әлеуметтік аз қамтылған балаларға қандай жәрдем түрлерін ұсына алады? Оларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған ба?

Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған тағы бір үлкен мәселе – іштей туа біткен жақ-бет аймағының ауытқушылығы. Мәселен, Атырау облысы бойынша «Д» тізімінде бүгінгі таңда 205 бала тіркелген. 2011 жылы Үкімет қаулысымен кепілді медициналық кө-мек көрсету тізіміне осы науқастарға ортодонтиялық көмек көрсету енгізілген болатын. Бұл өз кезегінде өте орынды шешім болғаны анық. Осы ретте науқас балаларға толыққанды көмек көрсетіліп, қажетті емдік шаралар қолданылды.

Биылғы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы неде деп ойлайсыз?

Еліміздің 20 жылда жеткен жетістіктері ұшан-те-ңіз екендігі сөзсіз және біз оны мақтан тұта аламыз. Осының бәрі Елбасының көрегендігі, алға мақсат қоя білуінің арқасы деп ашық айтуға болады. Биылғы Жолдау бастамасынан аяғына дейін тек қана халық-тың жағдайын жан-жақты жақсартуға негізделген. Бұл ретте денсаулық сақтау саласының алдына қойылған басты міндет – алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметін әрі қарай жандандырумен қатар, сөз-сіз медициналық сақтандыруды енгізу сұрақтарын қарастыру болып табылады. Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу тапсырылғаны белгілі. Бұл дегеніміз – денсаулық сақтау саласы жұмысшыларының ең-бекақысын 29 пайызға өсіру арқылы сапаның артуы деп ойлаймын.

Сонымен қатар, өз басым әр медициналық ме-кеме «Мәңгілік Ел» идеясына сай бола білуі керек екендігіне сенімдімін. Елбасымыздың «Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!» деген Үндеуінің өзі әр азаматтың жүрегіне қонып, патриоттық сезімді оятатыны сөзсіз. Бүгінгі таңда жоспарланған емдеу ісімен қатар алға қойған мақсатымыз – оқушылар саны 800-ден кем емес білім беру ұйымдарында стоматологиялық кабинеттер ашу болып табылады. Осындай жұмыстардың арқасында алдын алу бағ-дарламасын әрдайым қатаң орындай отырып, дәрістер оқып, халықтың сана-сезіміне адамның денсаулығы өзіне тікелей байланысты екенін жеткізуіміз керек.

Осы орайда әңгіме төркінін өзіңізге қарай бұрсақ. Бүгінгі жемісті жетістіктеріңізге дейінгі еңбек жолыңыз қалай өрбіді?

Мен Атырау облысы Миялы ауылының тумасы-мын. Мектеп қабырғасын тәмамдағаннан кейін 1985

жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетіне оқуға түстім. Алғашқы еңбек жолымды Исатай ауданы Аққыстау ауылында дәрігер-стоматолог болып бастадым. Кейін Атырау қа-лалық балалар стоматология емханасының дәрігері, емхананың мектеп жасына дейінгі бөлімшесінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасадым. 2011 жы-лы емхананың бұрынғы бас дәрігері, менің ұстазым Уразбаев Таласпай Жатақұлы зейнеткерлікке шығып, ұжымымның үлкен сенім артқанының арқасында бас дәрігер лауазымына тағайындалдым. Жалпы, осы мекемеде қызмет етіп келе жатқаныма 23 жыл болып отыр. Бірақ, дәрігерлік жолды таңдағаныма ешқашан-да өкініп көрген емеспін. Әр адамның өз тағдыры болатыны анық. Мен өз өмір жолымның медицина саласында өрбігеніне шексіз қуаныштымын.

Әңгіме соңында журналымыздың дәстүрлі сұ-рағын жолдасақ. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғы-мы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – әуелі сана-сезімнің еркіндігі деп түсінемін. Ал, сана-сезімнің тәуелсіз болуы үшін әр адам білімді, түйсігі терең, патриоттық сезімі зор, парасатты бола білуі керек. Осы қасиеттерді біздің ұрпақ өз бойынан таба білсе, Тәуелсіздігіміз әрда-йым сақталады деген сенімдемін.

Сұхбаттасқан Перизат Бақытжанқызы

Page 158: Журнал №15

158

«ХАЛҚЫМНЫҢ САУЛЫҒЫ – ЕЛІМНІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ!»

Қай саланың болмасын хас шебері бар, сол шеберлердің арқасында еліміз гүлде-ніп, жанымыз жадырап, ұйқымыздың тыныш болатыны анық. Міне, өз ма-мандығының шебері, ақ халат жамылған адал ниетті абзал жан Есқали Ғазиз Қаламұлы бүгінгі таңда Атырау қалалық №7 емхананың бас дәрігері қызметінде. Пайғамбар жасына келсе де халқына деген сүйіспеншіліктің арқасында еңбек етіп жүрген бас дәрігердің салиқалы сұхбатын ұсынамыз!

Ғазиз Қаламұлы, Сіз бас-шылық етіп отырған «Атырау қалалық №7 емхана қай уақыт-тан бастап халыққа қызмет етіп келеді? Бүгінгі таңда қандай са-лалар бойынша жұмыс жасап жатыр?

№7 Атырау қалалық емхана-сы Елбасының жарлығымен орын-далып жатқан «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасының ая-сында 2011 жылы бой көтерген

болатын. Негізінен, 50 мың тұр-ғынға қызмет көрсетуге арналған емхана, қазіргі таңда 34 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетіп келеді. Емханада 22 мамандық тү-рі бойынша 302 қызметкер, соның ішінде 82 дәрігер мен 170 орта буын медицина мамандары екі ғимаратта қызмет етуде. Емха-наның екі ғимаратының бірі ба-лаларға қызмет етсе, екіншісі ауы-сымына 350 ересек адамдарды

қабылдайтын дәрежеде жұмы-сын жалғастыруда. Біздің емха-намыз, өздеріңізге белгілі жаңа-дан салынған жас емхана бол-ғандықтан бұл жерде қызмет етіп жүрген мамандарымыздың көп бөлігі жастар. Және зейнет жасы-на шыққан немесе зейнет жасына жақындап қалған тәжірибесі мол дәрігерлеріміз. Міне, осы тәжіри-белі дәрігерлеріміздің арқасында қазіргі таңда жас мамандарымыз

Page 159: Журнал №15

159

да жұмыс барысында көп тәжіри-бе жинақтауда. Бұл біз үшін үлкен жетістік болып табылады. Соны-мен қатар, емхана ашылған күн-нен бастап ұлттық медицина са-ласына өз үлесімізді қосу мақса-тында тынымсыз еңбек етіп келе-міз. Нәтижесінде, емханада жаңа технология шеңберінде жеке кә-сіпкерлермен біріге отырып орта-лықтанған лаборотория ашылып, халыққа қызмет етуде. Тұрғын-дарға осындай жағдай жасап беріп отырған кәсіпкерлерімізге мемлекет тарапынан қаржы бө-лініп, ал, біз аурудың алдын алуға көп мүкіндік алып отырмыз.

Емханада қызмет ететін ақ

халатты абзал жандардың кәсі-би біліктілік деңгейі қандай?

Бүгінгі таңда, емхана дәрі-герлерінің жүз пайыз біліктілігін арттырдық деп қуанышпен айта аламын. Біздің емханамызда 2011 жылдан бері «Жанұялық тәрбие-лер ассоциациясы» жұмысын жалғастырып келеді. Ондағы бас-ты мақсат мамандардың білікті-лік деңгейін арттыру арқылы са-ламатты өмір салтын қалыптас-тыру. Осыған орай біздің дәрігер-леріміз барлық жағдайы жасалған, заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген орталықтарда біліктіліктерін шыңдауда. Осы тұста айта кететін, қуанышты жаңалығымыз «Теңізшевройл» компаниясының демеушілік жа-сауымен медицина саласы жақ-сы дамыған елдерден арнайы мамандар келіп дәріс оқуда. Бұл – біз үшін үлкен мүмкіндік. Соны-мен бірге, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтымен біріге отырып, дәрігерлеріміз халықара-лық сертификатқа қол жеткізу мақсатында жарты жылдық оқу-тәжірибесін өткізіп тұрамыз. Нәтижесін қазір көріп те келеміз, оған себеп, емханада балаларды оңалту орталығы, қан қысымын өлшеу сияқты орталықтар мен зертханалар халыққа қызмет

етуде. Мемлекет тарапынан бе-ріліп отырған мол мүмкіндікті пайдалана отырып біздің ұлттық медицинамыз қатерлі ісікті 3 жыл бұрын анықтап, 100 пайыз емдеп шыға алатындай дәрежеге жетті. Бірақ, осындай жетістіктермен қатар, бір әттең-ай дейтін тұсы тұрғындардың жұқпалы ауруға қарсы екпе салғызуынан бас тартуы болып тұр. Бұның да се-бебі жоқ емес, екпе салдырған 10000 адамның біреуінің жағдайы нашарласа халық тез құлақтанады. Себебі, өздеріңізге белгілі XXI ғасыр жаңа технологияның заманы болғаннан кейін ақпарат тез тарап, оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдары республика деңгейіне дейін жеткізіп дау тудыруды әдетке айналдырған. Осының салдарынан 10000-нан астам адамның өміріне қауіп төндіруге тура келеді. Бұл дегеніміз – заманның дертіне өз аяғымызбен барып түсу деген ғой. Қазірдің өзінде қаламыз бойынша 1000-нан астам тұрғын екпеден бас тартуда.

Қазіргі таңда науқастарды қандай ауру түрлері мазалайды? Мұндағы ауа райы адам денсау-лығына қаншалықты әсер етеді?

Біздің емхана негізінен шет аймақта орналасқан түгелдей дерлік жойылып кеткен ауыл-дың тұрғындарын қабылдау мақсатында құрылған болатын. Жойылып кеткен дегеніміз ауыл жойылып, жерлері қалаға кірігіп кеткен тұрғындар. Бұл тұрғындардың денсаулығы мен басқа аудандардың немесе қала тұрғындарының денсаулығын салыстыруға мүлде келмейді. Себебі, ауыл мұнайдың зиянды қалдықтары шығарылатын жерде орналасқан. Сонымен бірге, ауылды қалаға кіріктіру мақсатында көп жылдар бойы су, газ, жарық, жолмен қамтамасыз етілмеген. Ал, әлеуметтік жағдай адамдардың денсаулығына әсер етпей қоймайтыны өздеріңізге

белгілі. Сондықтан, біз қазіргі таңда ауыл тұрғындарының ауру тарихы жазылған анықтама кітапшасын ашып, тіркеуге алудан бастап барлық жағдайларды қа-растырып жатырмыз. Әр екі жыл сайын тегін тексерілуден өтіп, анықталған аурудың түрлеріне қарай алдын алып, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бар күшімізді салып келеміз.

Ал, науқастарды мазалайтын ауру түрлеріне келер болсақ ең бірінші өршіп тұрған қан қысы-мың жоғарылау нәтижесінде та-мырлардағы қан айналымының нашарлауы мен қатерлі ісік дерт-тері. Емханамызда осы аурулар-дың алдын алу мақсатында тегін дәрі дәрмекпен қамтамсыз етіліп, жоспарлы тексерулер өткізіліп тұрады.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай, оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік – біздің басымыз-ға қонған бағымыз, тыныш өмі-ріміз. Еліміздің әлеуметтік жағ-дайы тәуелсіздігіміздің арқасын-да жақсарып, қазіргі таңда өзі-мізді толық қамтамасыз ететін дәрежегеде жеттік. Басқасын айтпағанда медицина саласы күннен күнге тәуелсіздігімізбен бірге қарыштап дамып келеді. Әлемдік маңызы бар техноло-гиялар біздің әр емханамыз бен ауруханамызда тұр. Тіпті, еліміз-дің емханаларында арнайы шет ел азаматтары келіп емделуде, біздің мамандарымыз шет елге шығып дәріс оқуда. Бұның барлығы тәуелсіздіктің арқасында. Егер ұрпақтарымыздың өмірі де дәл осындай жақсы болсын десек, тәуелсіздікті ұстап қалу жолында аянбай еңбек етіп, тер төгейік дегім келеді.

Сұхбаттасқан Гүлстан Есіркепқызы

Page 160: Журнал №15

С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Сарбаз - мемлекеттің символы» атты

журналдың айдары негізінде «С.Қ.Нұрмағамбетовтың 90 жылдығы»

грамотасымен марапаттаймыз.

ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы1. Капитан Сансызбаев Ержан Әбдімүтәліпұлы2. Аға лейтенант Қалышев Арман Тілләбекұлы 3. Лейтенант Жанғалиев Нариман Амантайұлы

ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы Бас штабы

1. Капитан Еркебаев Алмасбек Каһарұлы2. Аға лейтенант Әмірбеков Ердос Сатыбекұлы

ҚР ҚК Құрлық әскерлері 36-шы жеке шабуылдаушы де-санттық бригадасы

1. Капитан Мукушев Асылхан Русланұлы 2. Капитан Махметов Руслан Қанатұлы3. Аға лейтенант Қалиев Ернар Қалиұлы4. Аға лейтенант Бейсембаев Асылхан Төреханұлы ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы бас-

қармасы1. Капитан Апешов Серік Әбдікерімұлы2. Капитан Жұматов Сайран Алтайұлы3. Аға лейтенант Азимов Габид Алексейұлы

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 44813 әскери бөлімі

1. Капитан Ноғайбаев Еділ Серікханұлы2. Капитан Абуов Берік Бахиұлы 3. Аға лейтенант Тұмарбаев Асхат Төлеутайұлы4. Аға лейтенант Жакеев Жаслан Маратұлы5. Лейтенант Калиуллин Мирас Сержанұлы6. Лейтенант Жұмаділов Елдос Қанатбекұлы7. Лейтенант Дәулетов Дастан Дәулетұлы

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 19132 әскери бөлімі

1. Лейтенант Серік Данияр Талғатұлы2. Лейтенант Нұржан Санат Мұратұлы3. Лейтенант Сыдықов Азат Бекболатұлы4. Лейтенант Литобченко Владимир Алексеевич

ҚР ҚК Әскери- теңіз күштерінің Бас штабы1. Капитан Мукумов Абзал Кабирұлы2. Аға лейтенант Базарлинов Жасұлан Үрүмханұлы3. Аға лейтенант Мукиев Жанболат Төленұлы4. Аға лейтенант Кикенов Данат Әмірұлы

Page 161: Журнал №15

161

Аға лейтенант, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштерінің энергети-камен қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы.

Республикалық Жас Ұлан мектебінің 2006 жылғы түлегі.Ресей Федерациясының Әуе Ғарыштық Әскери Академиясының 2011жылғы түлегі.19 қазанда 1988 жылы туған.Хоббиі – спорт, кітап оқуЖеңіл атлетикамен айналысады.

Жакеев Жаслан Маратұлы

«Сарбаз - мемлекеттің символы»Сағадат Нұрмағамбетов

Page 162: Журнал №15

Аға лейтенант, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Бас штабының аға офицері.Қазақстан Республикасының Ақтау қаласындағы Әскери-теңіз институтының 2009 жылғы түлегі.9 қазан 1987 жылы дүниеге келген. Қызығушылығы - дзюдо, баскетбол.

Кикенов Данат Әмірұлы

«Сарбаз - мемлекеттің символы»Сағадат Нұрмағамбетов