Сақшы №20 (4186)

8
№20 (4186), 15.03.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ТүпКІ МАҚСАТЫМЫЗ – БЕЙБІТШІлІК пЕН ТҰРАҚТЫлЫҚ ҚҰРМЕТ пен АлҒЫС аЙМаҚ аЙШығы ТҮРКИЯ ХАЛҚЫНА КӨңІЛ АйТТЫ АЛМАТЫЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНДА АйНЫМАС БІР ДӘСТҮР БАР. ОЛ – КЕЗ КЕЛГЕН МЕРЕКЕ, ТОй-ДуМАНДА Ең БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА БОЛғАН ӘРІПТЕСТЕРІНІң ШАңЫРАғЫНА БАРЫП, АНАСЫ, ЖЕСІРІ МЕН ҰЛ-ҚЫЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТу, СЫйЛЫҚТАРЫН ТАРТу ЕТІП, КӨңІЛДЕРІН АуЛАу. Көктемнің алғашқы күні аталып өткен Алғыс айту мерекесінде де Алматы қалалық ІІД-нің бір топ полиция қызметкері бейбіт күнде қылмыскерлердің қолынан қаза болған сақшылардың қара шаңырақтарына арнайы бас сұқты. Бұл күні сақшылар міндеттерін атқару кезінде мерт болған 21 әріптесінің үйлеріне барып, бала-шағаларына департамент атынан ойыншықтар, естелік сыйлықтар, ата-аналары мен әйелдеріне гүл шоқтары мен алғыс хат тар- ту етті. Сондай-ақ, қызмет бабында ауыр жарақат алып, көз жұмған екі МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА АҚШ-ТА РЕСМИ САПАРМЕН ЖҮР. БҰЛ САПАРЫ АЯСЫНДА ОЛ ВАШИНГТОНДА ЕЛДІң РЕСМИ ТҰЛғАЛАРЫМЕН, БИЗНЕС ТОПТАР ЖӘНЕ САРАПШЫЛАР ҚОғАМДАСТЫғЫ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСу ӨТКІЗДІ. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекеттік хатшы АҚШ- тың Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі мәселелер жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары С.Сьюэллмен кездесуде екіжақты және көпқырлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, АҚШ тарапын Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі ережелерімен таныстырды. Сол күні Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі – Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде қазақстандық мамандарды даярлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Америкалық 100-ден астам сарап- шы, академиялық және қоғамдық топтар өкілдері, сондай-ақ, Вашингтон университеттерінің студенттері қатысқан іс-шара барысында Г.Әбдіқалықова қатысушылардың көптеген сауалына жауап берді және Қазақстан Үкіметінің әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейту ісіне жұмсап отырған күш-жігері туралы айтты. Бұдан бөлек, Г.Әбдіқалықова «Жанды дауыстар» «жаһандық әріптестігі» халықаралық ұйымының гала-қабылдауы барысында ұйымның президенті Э.Нельсонмен кездесті, сондай-ақ, құрметті «Жаһандық көшбасшылық үшін марапат» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Ұйым 1997 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің, бірінші ханымы Хиллари Клинтон және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт бастамасымен Бейжіңде өткен БҰҰ-ның 4-ші Әйелдер Дүниежүзілік конференциясының қорытындысы бойынша «Демократиялық бастамалар» Vital Voices» негізінде құрылған. Ұйымның миссиясы – бүкіл әлем бойынша ең беделді әйелдерді анықтау және көшбасшылық әлеуетін инвестициялау арқылы оларды жаһандық үдерістердің ұйытқысына айналдыру. АҚШ-тың іскер топтар өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы экономиканың жаңа, заманауи салаларына қолдау көрсетудегі ниетімізді және экономикамыздың басты секторларына инвестиция салу арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына атсалысуға шақыратынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының стипендиант-студенттерімен кездесу барысында мемлекетіміздегі құрылымдық реформалардың барысына, жұмыспен қамту арқылы жастарды қолдау шараларына, лайықты білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті дамыту мәселелеріне тоқталды. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, кеше Нью-йорк қаласында өткен БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысып, жиында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша баян- дама жасады. Мемлекеттік хатшы мен В.Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығы Кеннан институтының директоры М.Роджанскидің кездесуінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың, жаңғыртулар және реформалардың өзекті мәселелері талқыланды. Г.Әбдіқалықова біздің түпкілікті мақсатымыз бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етумен, мемлекеттің және қоғамның ұзақ мерзімді дамуымен үндесіп жатқанын атап өтті. Ал Жаһандық әйелдер мәселелері жөніндегі АҚШ елшісі К.Расселмен кездесуінде Мемлекеттік хатшы Қазақстанда биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекеленетінін атап өтті. Ширек ғасыр ішінде еліміз табысты экономика, орнықты саяси және әлеуметтік жүйе қалыптастырды. Сонымен қатар, осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына да 25 жыл толып отыр. Г.Әбдіқалықова тараптардың қарусыздандыру және қару таратпаудағы, демократиялық тректегі, энергетикалық, сауда- экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтағы және басқа да жетекші салалардағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттік хатшы мен Әйелдердің жаһандық саммитінің президенті А.Нативидадтың кездесуінде елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін күшейту, мәртебесін көтеру және олардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Г.Әбдіқалықова іскер топтармен бірге жұмыс барысындағы түскі ас кезінде Қазақстан мен АҚШ-тың сауда-экономикалық ынтымақтастығын, екі елдің іскерлік және инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелерін талқылады. АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтонда өткен кездесулер соңында Мемлекеттік хатшы Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өткен «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысты. парламент Сенатының Экономикалық сая- сат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойын- ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланды. Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шәйімованың айтуынша, ведомство се- наторлар тарапынан ұсынылған түзетулердің барлығын қолдайды. Соның ішінде сенатор Бектас Бекназаровтың «А» және «Б» корпусына мемлекеттік қызметке қабылдау барысында іс басындағы судьяларға қатысты кейбір шектеулер алынып тасталған. Еске салайық, бұған дейін бірінші оқылымда мақұлданған құжаттың мақсаты – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, ұғымдық ақпаратты толықтырып, заңнама деңгейінде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың негіздерін біріздендіру. Конституцияға сәйкес, адамның және азаматтардың құқы мен бостандығы тек заң арқылы ғана шектеледі. Соның өзінде де бұл шектеулер конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа адамдардың құқы мен бостандығын, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында заңдық негізде ғана қарастырылады. Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызметтер тура- лы» қолданыстағы заңға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Қазақстанның заңдарымен белгіленеді. Мәселен, мемлекеттік қызмет көрсетуші қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бұл жайында қызмет алушыға бас тарту себептерін көрсете оты- рып, жауап жолдайтын болады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға қатысты бірыңғай негіздемелер тізімі бекітіледі. Заң жобасына сәйкес, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның кейбір олқылықтары жойылады. Сонымен қатар, еліміздегі мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу талабы белгіленіп отыр. Бұдан бөлек, жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің құзыретіне қатысты түзетулер қамтылып отыр. Заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына екінші оқылымда талқылауға шығарылмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Реже п Тайип Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарла- ды. Жеделхатта қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Еліңізбен көрші аймақтағы тұрақсыздық пен халықаралық терроризмнің өршуіне қарамастан, Түркия ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте табандылық танытатынына сенімдімін. Халықаралық терроризмнің тамырына балта шабу әлемдік қоғамдастық алдында тұрған ең өзекті міндет деп санаймын», – делінген жедел- хатта. Мемлекет басшысы Қазақстан ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатеріне қарсы күресте бауырлас түрік халқын қолдайтынын атап айтты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай- ақ, барша Түркия халқына көңіл айтып, зар- дап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. АДАМНЫң ҚҰҚЫғЫ ЗАң АРҚЫЛЫ ғАНА ШЕКТЕЛЕДІ сақшының отбасына да құттықтауларын жеткізіп, ерлерінің қиын да жауап- ты жұмыстарында мықты қорған, сенімді сүйеу бола білген жарларына ІІД басшылығы атынан алғыстарын жеткізді. Әр шаңыраққа сыйларын арқалай келіп, бүлдіршіндерге нағыз мереке сыйлаған алматылық полиция қызметкерлері Алғыс айту күні 10 топқа бөлініп, ең бірінші әріптестерінің ата-аналарына деген алғыстарын жеткізді. Қайырымдылыққа бастаған игі іске сәттілік тілеген қалалық ІІД бастығы, по- лиция генерал-майоры Серік Күдебаев: «Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдары қатарымыздағы 21 сақшы қызметтік міндеттерін атқару кезінде опат болды. Олар Отан алдындағы анттарына адалдығын айқындап кеткен жандар. Сол себепті де біздер және жас сақшылар үшін бүгінгідей атқарылып жатқан іс- шараның берер тәлімі, тәрбиесі мол», – деп атап өтті. «Мың қайырымды іс» ауқымды кампания аясында жүзеге асырылған шараның басты мақсаты – көзден кетсе де, көңілден өшпеген әріптестер есімін ұлықтау, ерлігін жас буынға үлгі етіп, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Алматы қалалық ІІд баспасөз қызметі

Upload: mediaovd

Post on 30-Jul-2016

271 views

Category:

Documents


8 download

DESCRIPTION

Сақшы №20 (4186) 15.03.2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №20 (4186)

№20(4186),

15.03.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ТүпКІ МАҚСАТЫМЫЗ – БЕЙБІТШІлІК пЕН ТҰРАҚТЫлЫҚ

ҚҰРМЕТ пен АлҒЫСаЙМаҚ аЙШығы

ТҮРКИЯ ХАЛҚЫНА КӨңІЛ АйТТЫ

АЛМАТЫЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНДА АйНЫМАС БІР ДӘСТҮР БАР. ОЛ – КЕЗ КЕЛГЕН МЕРЕКЕ, ТОй-ДуМАНДА Ең БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА БОЛғАН ӘРІПТЕСТЕРІНІң ШАңЫРАғЫНА БАРЫП, АНАСЫ, ЖЕСІРІ МЕН ҰЛ-ҚЫЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТу, СЫйЛЫҚТАРЫН ТАРТу ЕТІП, КӨңІЛДЕРІН АуЛАу.

Көктемнің алғашқы күні аталып өткен Алғыс айту мерекесінде де Алматы қалалық ІІД-нің бір топ полиция қызметкері бейбіт күнде қылмыскерлердің қолынан қаза болған сақшылардың қара шаңырақтарына арнайы бас сұқты. Бұл күні сақшылар міндеттерін атқару кезінде мерт болған 21 әріптесінің үйлеріне барып, бала-шағаларына департамент атынан ойыншықтар, естелік сыйлықтар, ата-аналары мен әйелдеріне гүл шоқтары мен алғыс хат тар-ту етті. Сондай-ақ, қызмет бабында ауыр жарақат алып, көз жұмған екі

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА АҚШ-ТА РЕСМИ САПАРМЕН ЖҮР. БҰЛ САПАРЫ АЯСЫНДА ОЛ ВАШИНГТОНДА ЕЛДІң РЕСМИ ТҰЛғАЛАРЫМЕН, БИЗНЕС ТОПТАР ЖӘНЕ САРАПШЫЛАР ҚОғАМДАСТЫғЫ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСу ӨТКІЗДІ.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі мәселелер жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары С.Сьюэллмен кездесуде екіжақты және көпқырлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, АҚШ тарапын Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі ережелерімен таныстырды.

Сол күні Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі – Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде қазақстандық мамандарды даярлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Америкалық 100-ден астам сарап-шы, академиялық және қоғамдық топтар өкілдері, сондай-ақ, Вашингтон университеттерінің студенттері қатысқан іс-шара барысында Г.Әбдіқалықова қатысушылардың көптеген сауалына жауап берді және Қазақстан Үкіметінің әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейту ісіне жұмсап отырған күш-жігері туралы айтты.

Бұдан бөлек, Г.Әбдіқалықова «Жанды дауыстар» «жаһандық әріптестігі» халықаралық ұйымының гала-қабылдауы барысында ұйымның президенті Э.Нельсонмен кездесті, сондай-ақ, құрметті «Жаһандық көшбасшылық үшін марапат» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Ұйым 1997 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің, бірінші ханымы Хиллари Клинтон және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт бастамасымен Бейжіңде өткен БҰҰ-ның 4-ші Әйелдер Дүниежүзілік конференциясының қорытындысы бойынша «Демократиялық бастамалар» Vital Voices» негізінде құрылған. Ұйымның миссиясы – бүкіл әлем бойынша ең беделді әйелдерді анықтау және көшбасшылық әлеуетін инвестициялау арқылы оларды жаһандық үдерістердің ұйытқысына айналдыру.

АҚШ-тың іскер топтар өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы экономиканың жаңа, заманауи салаларына қолдау көрсетудегі ниетімізді және экономикамыздың басты секторларына инвестиция салу арқылы Қазақстанның

тұрақты экономикалық дамуына атсалысуға шақыратынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының стипендиант-студенттерімен кездесу барысында мемлекетіміздегі құрылымдық реформалардың барысына, жұмыспен қамту арқылы жастарды қолдау шараларына, лайықты білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті дамыту мәселелеріне тоқталды.

Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, кеше Нью-йорк қаласында өткен БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысып, жиында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша баян-дама жасады.

Мемлекеттік хатшы мен В.Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығы Кеннан институтының директоры М.Роджанскидің кездесуінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың, жаңғыртулар және реформалардың өзекті мәселелері талқыланды. Г.Әбдіқалықова біздің түпкілікті мақсатымыз бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етумен, мемлекеттің және қоғамның ұзақ мерзімді дамуымен үндесіп жатқанын атап өтті.

Ал Жаһандық әйелдер мәселелері жөніндегі АҚШ елшісі К.Расселмен кездесуінде Мемлекеттік хатшы Қазақстанда биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекеленетінін атап өтті. Ширек ғасыр ішінде еліміз табысты экономика, орнықты саяси және әлеуметтік жүйе қалыптастырды. Сонымен қатар, осы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына да 25 жыл толып отыр. Г.Әбдіқалықова тараптардың қарусыздандыру және қару таратпаудағы, демократиялық тректегі, энергетикалық, сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтағы және басқа да жетекші салалардағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік хатшы мен Әйелдердің жаһандық саммитінің президенті А.Нативидадтың кездесуінде елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін күшейту, мәртебесін көтеру және олардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Г.Әбдіқалықова іскер топтармен бірге жұмыс барысындағы түскі ас кезінде Қазақстан мен АҚШ-тың сауда-экономикалық ынтымақтастығын, екі елдің іскерлік және инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелерін талқылады.

АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтонда өткен кездесулер соңында Мемлекеттік хатшы Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өткен «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысты.

парламент Сенатының Экономикалық сая-сат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойын-ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланды.

Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шәйімованың айтуынша, ведомство се-наторлар тарапынан ұсынылған түзетулердің барлығын қолдайды. Соның ішінде сенатор Бектас Бекназаровтың «А» және «Б» корпусына мемлекеттік қызметке қабылдау барысында іс басындағы судьяларға қатысты кейбір шектеулер алынып тасталған.

Еске салайық, бұған дейін бірінші оқылымда мақұлданған құжаттың мақсаты – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, ұғымдық ақпаратты толықтырып, заңнама деңгейінде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың негіздерін біріздендіру. Конституцияға сәйкес, адамның және азаматтардың құқы мен бостандығы тек заң арқылы ғана шектеледі. Соның өзінде де бұл шектеулер конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа адамдардың құқы мен бостандығын, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында заңдық негізде ғана қарастырылады. Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызметтер тура-лы» қолданыстағы заңға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Қазақстанның заңдарымен белгіленеді. Мәселен, мемлекеттік қызмет көрсетуші қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бұл жайында қызмет алушыға бас тарту себептерін көрсете оты-рып, жауап жолдайтын болады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға қатысты бірыңғай негіздемелер тізімі бекітіледі.

Заң жобасына сәйкес, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның кейбір олқылықтары жойылады. Сонымен қатар, еліміздегі мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу талабы белгіленіп отыр. Бұдан бөлек, жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің құзыретіне қатысты түзетулер қамтылып отыр.

Заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына екінші оқылымда талқылауға шығарылмақ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарла-ды.

Жеделхатта қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Еліңізбен көрші аймақтағы тұрақсыздық пен халықаралық терроризмнің өршуіне қарамастан, Түркия ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте табандылық танытатынына сенімдімін. Халықаралық терроризмнің тамырына балта шабу әлемдік қоғамдастық алдында тұрған ең өзекті міндет деп санаймын», – делінген жедел-хатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатеріне қарсы күресте бауырлас түрік халқын қолдайтынын атап айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ, барша Түркия халқына көңіл айтып, зар-дап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

АДАМНЫң ҚҰҚЫғЫ ЗАң АРҚЫЛЫ ғАНА

ШЕКТЕЛЕДІ

сақшының отбасына да құттықтауларын жеткізіп, ерлерінің қиын да жауап-ты жұмыстарында мықты қорған, сенімді сүйеу бола білген жарларына ІІД басшылығы атынан алғыстарын жеткізді.

Әр шаңыраққа сыйларын арқалай келіп, бүлдіршіндерге нағыз мереке сыйлаған алматылық полиция қызметкерлері Алғыс айту күні 10 топқа бөлініп, ең бірінші әріптестерінің ата-аналарына деген алғыстарын жеткізді. Қайырымдылыққа бастаған игі іске сәттілік тілеген қалалық ІІД бастығы, по-лиция генерал-майоры Серік Күдебаев: «Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдары қатарымыздағы 21 сақшы қызметтік міндеттерін атқару кезінде опат болды. Олар Отан алдындағы анттарына адалдығын айқындап кеткен жандар. Сол себепті де біздер және жас сақшылар үшін бүгінгідей атқарылып жатқан іс-шараның берер тәлімі, тәрбиесі мол», – деп атап өтті.

«Мың қайырымды іс» ауқымды кампания аясында жүзеге асырылған шараның басты мақсаты – көзден кетсе де, көңілден өшпеген әріптестер есімін ұлықтау, ерлігін жас буынға үлгі етіп, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Алматы қалалық ІІд баспасөз қызметі

Page 2: Сақшы №20 (4186)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№20 (4186), сейсенбі, 15.03.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Түркия

Мысыр

Беларусия

Эквадор

Құқықтық олқылықтарды жоюды көздейді

Бақылаушыларды тіркеу аяқталды

Құрбандар саны 37-ге жеттіАнкара қаласындағы лаңкестік əрекет

құрбандарының саны 37 адамға дейін өскен, 70-тен астам адам аурухана-ларда жатыр. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Мехмет Муэззиноғлы хабарлады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Еске сала кетей ік , жарылыс Анкара қаласындағы басты көшелердің қиылысында жергілікті уақытпен сағат 18.40-та (Астана уақытымен сағат 22-40) болды. Сол жерде көп адам жиналған аялдама болған.

Жарылысқа қатысты лаңкестік ұйымдар əзір мəлімдеме жариялаған жоқ. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, түрік арнайы қызметінің өкілі билік бұған «Күрдістан жұмыс партиясы» не-месе осы ұйымға қатысты адамдарды күдікті болуы мүмкін деп санайтынын айтқан.

Беларусь елінде өлім жазасын алып тастау мəселесі қайта жаңғырды. Бұл ту-ралы 24.кz хабарлады.

Естеріңізде болса, 15 ақпанда Еуроодақ Беларусь мемлекетіне қатысты санкциялардың бəріне шектеу қойған еді. Жаңа талап бойынша енді олар өлім жазасына мораторий жариялауы тиіс. Бірақ ел билігі шешім қабылдауға асығар емес. Енді ол мəселе референдум арқылы шешілуі мүмкін деген де болжам бар.

1990 жылдан бері бұл мемлекетте 400-ден астам адам өлім жазасына кесілген. Қазір дəл осындай үкімді 4 тұтқын күтіп отыр.

«Қоғамда бұл мəселе қаз ір ең жи і талқыланатын тақырыпқа айналған. Еуропа тарапы өз талабын айтты. Дегенмен, нүктені қоятын халық. Өлім жазасын қалдырамыз ба, əлде мораторий жариялаймыз ба? Пікірлер екіге жарылары сөзсіз. Біз саясаткерлердің де, халықтың да пікіріне құлақ асып, таразылауға тиіспіз», – деді Сыртқы істер министрінің орын-басары Валентин Рыбаков.

Өлім жазасы керек пе?

ЕЛІМІЗДІҢ МҰНАЙ БАЗАЛАРЫ МЕН МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫНДА ЕСЕПТЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ОРНАТУ МЕРЗІМІ 2017 ЖƏНЕ 2018 ЖЫЛДАРҒА – КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕДІ. БҰЛ ТУРА-ЛЫ СЕНАТТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖƏНЕ КƏСІПКЕРЛІК КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА МƏЛІМ БОЛДЫ.

Еске салайық, комитетте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекеле-ген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу мəселелері бойын-ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Айта кетейік, заң жобасы бұған дейін бірінші оқылымда мақұлданған бола-тын. Сенатор Михаил Бортниктің айтуынша, екінші оқылымға əзірлеу барысында ұсынылған түзетулер мұнай өңдеу зауыттарында жəне мұнай базала-рында есептеу жəне бақылау құрылғыларын енгізу мерзімін ауыстыру көзделіп отыр. Қолданыстағы заңға сəйкес, бұл құрылғыларды енгізу 2016 жылдың қаңтарынан деп көрсетілген болатын. Осыған байланысты бұл мерзім мұнай базала-ры үшін 2018 жылдың 1 қаңтарына, ал мұнай өңдеу зауыттары үшін 2017 жылдың 1 қаңтарына белгіленіп отыр.

Тұтастай алғанда, заң жобасы Қазақстанның мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру жəне олардың айналымы с ала сында ғы қолданыстағы заңнаманы жет ілд іру мен

құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық олқылықтарды жоюды көздейді. Бұдан бөлек, мұнай жеткізушілерінің мұнай өңдеу зауыты аумағында резервуарлардан вагон-цистерналарға құю арқылы мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыру құқығы бекітіледі.

«Бұл шара Мемлекет басшысының бизнеске қатысты əкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды жəне шалғайдағы аудандар мен елді мекендерді мұнай өнімдерімен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді сенатор Михаил Бортник.

Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысында екінші оқылымға шығарылатын болады.

МƏЖIЛIС САЙЛАУЫНДА УКРАИНАДАН БАҚЫЛАУШЫЛАР БОЛМАЙДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ТƏУЕЛСIЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНАН БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫ ШТАБЫНЫҢ БАС-ШЫСЫ ЕВГЕНИЙ СЛОБОДА ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БРИФИНГI БАРЫСЫНДА МƏЛIМДЕДI.

«Заң бойынша тіркеу аяқталды. Бiздiң миссия құрамында 301 бақылаушы болады. Миссия құрамында барлық ТМД елдерiнiң өкiлдерi бар. Тек Украина мен сəйкесiнше Қазақстаннан бақылаушылар болмайды. Сондай-ақ, ТМД-дан халықаралық ұйымдардың бақылаушылары қатысады. Миссия құрамындағылардың кəсiби деңгейлерi жоғары. Сайлау күнi бақылаушылар Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында бақылау жүргiзедi. Олар сайлау учаскесiнiң ашылуына қатысады, күнi бойы бақылап, дауыс санауға да қатысады. Сайлау процесi жайлы ақпарат штабқа 3 сағат сайын жiберiлiп отырады. 21 наурызда бақылаушылар Парламент Мəжiлiсiне 9 депутат сайланатын Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс сессиясына қатысады», – дедi Е.Слобода.

Оның айтуынша, миссия бүгiннен бастап 16 наурызға дейiн кездесулер өткiзудi жоспарлап

отыр. Кездесулер Сыртқы iстер министрлiгi, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот пен Конституциялық кеңесте өтедi. Онда сайлау науқанының барысы туралы мəселелер талқыланады. Жəне де штаб басшысының мəлiмдеуiнше, ОСК жоспарлаған барлық шаралар ұйымдастырған түрде «Сайлау туралы» заң шеңберiнде жүргiзiлiп жатыр. Ол сайлау күнi журналистерге қажеттi ақпарат беру-ге дайын екендiгiн жеткiздi. Сайлау аяқталысымен баспасөз мəжiлiсiн өткiзетiнiн де айтты.

Естерiңiзге сала кетсек, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын тіркеу аяқталды.

БҰҒАН ДЕЙІН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ДƏСТҮРЛІ ОНКҮНДІК ЖАРИЯЛАНҒАН БОЛАТЫН. БҰЛ ЖАЙЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ƏКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАР МƏЛІМДЕДІ.

«Наурыз мерекесінің шаралары да ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Мерекені атап өтудегі басты мақсат – елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дəріптеу. Жоспар бойынша, ай көлемінде аймақта дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға жəне нығайтуға бағытталған 600-ге жуық шара өтеді», – деді Жақсылық Омар.

ШҚО Ақпарат орталығының мəліметінше, мерекелік шаралар кеше «Ырыс күні» деген атаумен ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жəрмеңкелері мен концерттік бағдарламалармен басталды.

14 наурызда «Дəстүр күні» атты ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлердің қатысуымен кездесу-лер өтеді.

Ал 15 наурыз күні «Жаңғыру күні» аймақ перзентханаларында туу туралы куəліктер салтанатты түрде табыстала-тын болады.

Наурыздың 16-шы жұлдызында «Көктем шуағы» атауымен түрлі флеш-мобтар, жасөспірімдердің қатысуымен концерттер өтеді.

17 наурыз «Қамқорлық күнінде» жастар қауымы тыл, еңбек жəне соғыс

Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігіардагерлерін мерекелерімен құттықтайды. Келесі «Жаңару күнінде» қала тұрғындары сенбілікке шығып, қала көшелері мен саябақтарды қалыпқа келтіреді.

19 наурыз – «Жарасым күні» білім ордаларында үздік шығармалар мен өлеңдер арасында байқау жарияланып, кітапханаларда Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыратын əдеби кештер өтеді.

«Қуаныш күнінде» қаланың орталық көшелері, денсаулық сақтау, білім орындарының мекемелері əрлендіріледі.

21 наурыз – «Шаттық күні» əн, би байқаулары, айтыс өтіп, түрлі шығармашылық қайраткерлерімен кездесулер өтеді.

Ал 22 наурыз – «Ұлыс күнінде» негізгі мерекелік шаралар: көкпар, күрес, қыз қуу сынды ойындар, «Ең үздік киіз үй» жəне тағы басқа түрлі байқаулар өтеді.

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «САРЫАРҚА» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРОН ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА АРНАЛҒАН РƏСІМГЕ ҚАТЫСТЫ.

Бұл жоба ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тап-сырмасы бойынша əзірленді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ұлттық қау іпс ізд ікт ің қажетт і деңгей ін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыру, сондай-ақ, атыс қаруына арналған қолда бар патрондардың қорының азайтылуын назарға ала отырып, ҚР Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм,

Патрон зауытының құрылысы басталды

9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру бойынша зауыт құру жоспарлануда.

Осы жоба шеңберінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ғимарат кешені мен патрон зауытының құрылысын салу жоспарлануда. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында барлық инженерлік ком-муникациялар, авто жəне теміржол көлігі бар. Бұл орталықтандырылған түрде алаңнан тыс инженерлік магистральдарға ішкі алаңдық желілерді қосу, сондай-ақ, Қазақстанның кез кел-ген өңіріне қару-жарақ қоймаларына автомобильді жəне теміржол көлігімен өнімді шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айы-на жоспарланған.

«Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кəсіпорынның жұмысын жан-дандырады. Арнайы экономикалық аймақ тəртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн. теңге қаржы түсіреді. Бұл – біздің ең қарапайым болжам», – деп атап өтті «Қазтехнология» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.

Бұл өндірістің жұмысы Қазақстанның ұзақ мерзімді атыс қару-жарағының оқ-дəрілерін өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде «Қазтехнология» АҚ зауыт өнімін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізуде. Атап айтқанда, «Kadex-2016» көрмесі аясында əртүрлі мемлекеттерге өнім жеткізу жөнінде келісімге қол қою жоспарланып отыр.

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕ ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛУДА. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИ-ФИНГТЕ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ИННО-ВАЦИЯЛАР БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ҚАНАТ БАЙҒАРИН ХАБАРЛАДЫ.

«Қазақстан тəуелсіздігін алғанда Арал мəселесі ауқымды болатын, National Geographic сол кез-де Арал жəне оның проблемалары жөніндегі экспедицияларымен жарияланымдар жасаған. Олар бізге 15-20 жыл сайын осы экспедицияны қайталап жүргізуге ұсыныс берген-ді. Бүгінде осы мүмкіндіктер жөнінде келіссөз жүргізілуде», – деді Қ.Байғарин.

Сондай-ақ, ол биыл жазда Арал теңізіне экспе-диция жасауды жоспарлап отырғандарын айтты.

«Сол уақытта шетелдік əріптестер бізге қосылуы мүмкін. Бірақ əріптестердің қатысуымен не өзіміздің тарапымыздан экспедиция жасала-тын болады», – деді Қ.Байғарин.

Арал теңізінің мəселесі алаңдатады

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі

Мысыр елінің Əділет министрі Ахмед Зинд телеарналар эфирінің бірінде егер заңды бұзса, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзін түрмеге отырғызуға дайын екені туралы мəлімдеген. Бұл туралы Би-би-си хабарлайды.

Шенеунік сөзін айтқан соң, бірден: «Кешіре гөр, Алла» деп келесі күні ресми түрде кешірім сұрады. Алайда, Мысырдың Премьер-Министрі оны қызметінен босатты.

Мысырдың сот қауымдастығы осындай шешімге сын айтты. Олардың бірі бұл жай ғана сөз екенін, шенеунікті сол үшін қызметтен бо-сату дұрыс болмағанын айтты.

Мысырдың бұрынғы Əділет министрі өткен жылдың мамыр айында тек сыйлы ортадан шыққандар ғана судья бола алатынын, ал бұл жұмысқа лайықты еместерді қоқысшылардың балалары деген пікір айтқан соң қызметінен айырылды.

1,9 тонна кокаин тəркілендіЗаңсыз жүк тиелген кемелер Орталық

жəне Солтүстік Америка елдеріне бағыт алған. Эквадорда Теңіз сақшылары ар-найы жүргізілген іс-шара барысында есірткінің ірі партиясын анықтады. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады.

Бортында 1,9 тонна кокаин тиелген жылдам жүретін екі кеме тоқтатылған. Жолаушыларды ұстау кезінде шағын кемелердің бірінің экипа-жы заңсыз жүктен құтылмақ болып, есірткіні суға лақтыра бастаған. Тəркіленген есірткінің құны 39,6 млн. долларға бағаланып отыр.

Алдын ала мəлімет бойынша, кокаин партия-сы Орталық жəне Солтүстік Америка елдеріне бағытталған.

ҚАЗАҚСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРУ КӨРСЕТКІШІ 11,9 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МƏЛІК ƏДЕНОВ МƏЛІМ ЕТТІ.

« Т у б е р к у л е з г е қ а р с ы ш а р а л а р д ы ң , бағдарламаның арқасында Қазақстанда ауру көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 11,9, өлім-жітім көрсеткіші 22,4 пайызға азайды. Бұл шаралар 2014-2020 жылдардағы туберкулезге қарсы күрес кешенді жоспары аясында жүзеге асырылып отыр. 2015 жылдың соңында да эпидемиологиялық көрсеткіш төмендеп жатыр», – деді М.Əденов.

Оның айтуынша, көрсеткіштердің төмендеуі еліміздің барлық аймақтарында, барлық адам-дар санатында байқалып отыр. 12 аймақта бір уақытта 457 адамды қабылдай алатын 32 күндізгі стационар бар. Қазақстанда құрт ауруы асқынған 1 адамды емдеуге жылына 1,9 млн теңге жұмсалады.

ДСҰ өкілдерінің соңғы бағалау сапары бары-сында сарапшылар Қазақстандағы қолға алынған жұмыстарға өте жоғары баға берді.

«ДСҰ өкілдері Қазақстанның көп жетістікке жеткеніне көз жеткізді. Оның ішінде диагностика, емдеу, балалар ауруын азайту т.б. бар. Əсіресе, кадрлар дайындау, стационарлық емдеуден амбулаторлық емдеуге көшу, қабылданып жатқан бағдарламалар бар. Дəрілерді жеткізу, тиімді пай-далану барлығы жолға қойылған», – деді М.Əденов.

Құрт ауруынан қалай құтыламыз?

Page 3: Сақшы №20 (4186)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№20 (4186), сейсенбі, 15.03.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

Семинарға Қызылорда облыстық наркология орталығының дəрігер-наркологы жəне маман психо -логы, Қызылорда облыстық жастар денсаулығын сақтау, облыстық са-ламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының маман психологтары жəне Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педаго-гика жəне психология кафедрасының оқытушысы, Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты барлық

ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІЛЕР

Жастар жасағының жəрдемі бар

ӨТКЕН АПТАДА АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ, СОНДАЙ-АҚ, СТУДЕНТТЕР КЕЗДЕСІП, ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚОРҒАУҒА ЖАСТАРДЫ ТАРТУ МƏСЕЛЕСІ КЕҢІНЕН СӨЗ БОЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ.

К е з д е с у б а р ы с ы н -д а қ а л а л ы қ І І Д м е н елорданың Жастар саясаты жөніндегі басқармасы ара-сында болашақта бірлесіп жа с т ардың қ ұқықтық сауатын арттырып, жас буынның қоғамдық тəртіпті күзетуге белсене қатысуы мақсатында қоғамдық тəртіпті күзететін жас-тар жасақтарын құру ту-ралы меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда қалада 9 жедел жастар жасағы құрылған болса, оның құрамындағы 117 студент қоғамдық тəртіпті күзетуде полиция қызметкерлеріне белсенді көмек көрсетіп келеді.

Жедел жастар жасақтардың басты мақсаты – ішкі істер органдарына қоғамдық орындардағы, қала көшелеріндегі жастар мен жасөспірімдер арасындағы, кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы тұру мəселесі бойынша белсенді көмек көрсету.

Студент жастары мен полиция қызметкерлері арасындағы жұмыстың ба-сым бөлігі ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. «Қоғамдық көмекшілердің жұмыс сапасы уақыт өткен сайын жоғарылап келеді. Жастар тек сабақ оқу ғана емес, азаматтық позицияда да көмекке уақыт табуда», – дейді ІІД басшылығы.

«Біздің қолдаухатымыз бойынша, полиция қоғамдық көмекшілері болашақта қоғамға көмегін тигізетін ішкі істер органдарының қызметкерлері болуы мүмкін», – деді кездесу барысында қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің мамандары.

Осыған орай, студент жастар Астана қалалық ІІД қоғамдық көмекшілер қатарына кіріп, тұрақты негізде полиция қызметкерлеріне көмектерін тигізе алады. Белсене қатысқан қоғамдық көмекшілер ІІД басшылығының қала əкімшілігімен бірлесе отырып дайындаған алғыс хат, мадақтама жəне бағалы сыйлықтарымен марапатталмақ.

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі

Атырау облыстық прокуратурасының өкілдері мен көптеген жеке кəсіпкерлер арнайы шақырылған жиын барысында ҚАЖ департаменті бастығының орынбаса-ры Р.Даулетов баяндама жасап, бүгінгі күнде облыстағы түзеу мекемелерінде жа-заларын өтеушілердің тек 63 пайызы ғана ақылы жұмыспен қамтылғандығын, бұл жұмысты жетілдіру мақсатында түзеу мекемелері аумағына жеке кəсіпкерлердің қолдауымен өнеркəсіптер ашу мүмкіндіктері бар екендігін айтып өтті.

Атырау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы К.Иманғалиев өзінің ба-яндамасында қазіргі уақытта облыстағы түзеу мекемелерінде барлығы – 3 («Белый квадрат» ЖШС, «ЖК Люник», «ЖК Лобанович») жеке кəсіпкер өнеркəсіптерін ашқанын тілге тиек етті. Бүгінде бұл кəсіпкерлер мекеме аумағында ағаш жəне темір өңдеу, тігіншілік, кеңсе тауарларын шығару секілді жұмыстарды жүргізіп келеді.

Дөңгелек үстел соңында Атырау облыстық кəсіпкерлер палатасының бастығы А.Джакиев облыстағы жеке кəсіпкерлерге мүмкіндігінше түзеу мекемелері аумағында өндірістер ашып, сотталғандарды ақылы жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруға ұсыныс енгізді.

Салтанатты жиынға елімізге белгілі ақын Серікбай Оспанов пен таны-мал сазгер Қалибек Деріпсалдиннің Шырақбек Қабылбаевқа арнап жазған əні алғаш рет орындалып, Академия маршы болып бекітілді. Іс-шараға таны-мал айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны, айтыскер ақын Əсия Беркенова, Қазақстан Жазушылар одағының, Əлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, белгілі ли-рик ақын, Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері Нағашыбай Мұқатов, белгілі қазақ ақыны, жазу-шы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі , Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Шаяхмет, Қазақ КСР еңбек сіңірген мəдениет қызметкері, танымал сазгер Қалибек Деріпсалдин сияқты танымал өнер май-талмандары қатысты.

Бұл шараға ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, 5517-əскери бөлімі жəне ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029-əскери бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жиынға төрағалық еткен Ақтөбе гарнизо-ны əскери сотының төрағасы Шынболат Қадыров өткен жылғы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа

ТАҒЫЛЫМ

МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫОрынбасар УАҚПАЕВА, Қостанай қаласы

ІІМ ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫН-ДА МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Шара шымылдығын ашқан Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов «Шырақбек Қабылбаевтың iрi мемлекеттік қайраткердiң бірі екенін ай-тып өтті. «Ол – қазақ, орыс жəне əлемдiк əдебиетті бағалаған жан-жақты тұлға. Оқу ордасына Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасынан 350 кітап табыс етілді, онда əлем классикасынан бас-тап орыс жазушыларының, 50 томдық Мұхтар Əуезовтің жəне де Бауыржан Момышұлы мен Сəбит Мұқановтың қолтаңбалары қалған кітаптар да бар. Бұл біздің оқу ордамыз үшін бағалы да сыйлы қазына. Академияда білім нəрін алып жатқан əр курсантқа, қызметкерге отансүйгіштік касиеттерді дамыту, қоғам қайраткерлері жайлы əдебиеттерді насихаттау , мұрамызды сақтау жəне болашақ тəртіп сақшыларын өнегелілікке тəрбиелеу, біздің басты мақсатымыз», – деді М.Қызылов.

Шара курсанттардың сап түзеуімен басталып, Академия бастығы Мирлан Қызылов жəне бастықтың орынбасары, полиция полковнигі Ербол Қаппасов Шырақбек Қабылбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

І с -шараның ек інш і бөл і г і оқу о р д а с ы н ы ң м ə ж і л і с з а л ы н д а жалғасты. Мұнда қоғам жəне мем-лекет қайраткерінің туған-туыстары жолдаған естел іктер мен қазақ əдебиетінің көрнекті жазушылары сыйға тартқан Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасы ұйымдастырылды. Оқу ордасының кітапхана қызметкерлері қазақ халқының қаһарманы Бауыржан Момышұлы, белгілі жазушы Сəбит Мұқановтың қолтаңбасы бар кітаптар қойылған кітап көрмесін ұйымдастырды. Əнші, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртісі Жəнібек Кəрменовтің кезінде Шырақбек Қабылбаевқа тарту еткен домбыра көрменің сəнін келтірді. Іс-шара барысында күндізгі оқыту факультетінің курсанттары ірі мемлекет қайраткері Шырақбек Қабылбаевқа арнаған өлеңдерін оқып, оның ерлігі туралы əңгімелеп берді.

Академия Шырақбек Қабылбаевтың шығармашылық мұрасы, болашақ ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кет-кен өсиеттерімен құнды. Тұлғаның ерлікке толы шығармалары оқу ор-дасында қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің, білім алып жатқан курсанттардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, қазақстандық патриоттық санасын дарыту мен на-сихаттауда ерекше орын алары сөзсіз.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

АЛҒЫС ХАТСЕМИНАР

Басты тақырып – жұмыспен қамту

Ж.УТАРАЛИЕВА, Атырау облысы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ОБЛЫСТЫҚ КƏСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА «ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАЗА-СЫН ӨТЕУШІЛЕРДІ АҚЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

А.ЖҮСІПБЕКОВ, ЗК-169/5 мекемесі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗК-169/5 МЕКЕМЕСІНДЕ КƏСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖƏНЕ ТƏЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ӨТКЕН СЕМИНАР «АУТОАГРЕССИЯ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛДЫ.

Аутоагрессия – замана сынағы

мекемелердің психологтары қатысып, аутоагрессияның түрлері тақырыбында баяндама оқыды. Олар өздерінің іс-тəжірибесінде кездескен жағдайлар жөнінде баяндап, жан-жақты талқылады. Жиын барысында олар əр саланың өз ерекшеліктеріне байланысты кездескен аутоагрессиялық іс-əрекеттер жөнінде өзара пікір алысып, аутоагрессияның ал-дын алу профилактикасы жөнінде кəсіби біліктілікті арттыруға байланысты пай-далы ақпараттармен бөлісті. Семинарда

қазіргі кезде адамзаттың өз-өзіне қол жұмсауы қоғам дертіне айналып бара жатқандығы айтылды, оған қазақтың менталитетінде психологқа бару деген ұғымның өте төмен деңгейде екендігі де себеп. Сондықтан көпшілік ел қанша жерден күйзеліске түссе де психологқа бармайды. Бүг ін г і таңда қоғам дертіне айналған өз-өзіне қол жұмсау мəселелерінің алдын алу мақсатында мекеменің психолог қызметкерлері сотталғандардың жаңа орта жағдайына бейімделуіне, депрессиялық жағдайға түспеуіне психологиялық көмек беріп отырады. Өз өміріне қол жұмсаудың алдын алып, психологиялық іс-тəжірибе алмасуда мұндай семинар кездесулердің берер көмегі көп деуге болады.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ЖЕГІДЕЙ ЖЕМЕСІН ДЕСЕК...ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 5517 ƏСКЕРИ БӨЛІМДЕ АҚТӨБЕ ГАРНИЗОНЫ ƏСКЕРИ СОТЫ МЕН ОРАЛ ГАРНИЗОНЫ ƏСКЕРИ ПРОКУРАТУРАСЫ БІРЛЕСІП СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ.

ОСЫ ЖЫЛҒЫ АҚПАН АЙЫНДА АЗАМАТША ЛЮДМИЛА ШАПОШНИКОВА ҚОСТАНАЙ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІІЖ БӨЛІМІНЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРІП, ХАТ ЖОЛ-ДАДЫ.

Ол Қостанай стансасындағы ІІЖБ Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Шыңғыс Батталов, бөлімнің Анықтау бөлімшесінің анықтаушысы, полиция капитаны Алмат Ағаділов, Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уəкілі, полиция лейтенанты Айдархан Мырзабековке лауазымдық нұсқаулықтарына жауапты қарап, қылмысты ашуға уақытылы жəне кəсіби ден қойғандары үшін алғысын білдіріпті.

Хат жазуға ІІЖБ қызметкерлерінің 2016 жылғы 15 қаңтарда Людмила Шапошникованың аталған станса вокзалында сөмкесінен ұрланған ұялы телефо-нын жедел түрде іздеп тауып, ұрыларды іздерін суытпай ұстағаны себеп болған. Сол күні заттай айғақтарымен қолға түскен күдікті кінəсін мойындап, оған қатысты тиісті іс-шаралар жүргізілді. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.

Қостанай сансасындағы ІІЖБ

Алғыс айтсам деп едім...

қарсы іс-қимыл туралы» Заңның сы-байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттеп, осы бағыттағы саясатты жүзеге асыруға бағытталғандығын атап өтті. Жемқорлық қоғамды жегідей жейтін дерт екендігі белгілі. Сондықтан, басты мақсат оның алдын алу болып табылады.

Сонымен бірге, Ш.Кадиров биыл маусым айында ҚР судьяларының ке-

зектен тыс VII съезі өтетінін жəне онда Судьялардың əдеп кодекс і қабылданатыны туралы айтты. Дəріскер судьялыққа үміткерлер мен қатардағы судьяларға қызметте жəне жұмыстан тыс кезде қойылатын талаптарға баса назар аударды. Бұдан кейін күн тəртібіндегі мəселе бойынша Орал гарнизонының əскери прокуроры, əділет полковнигі Алтынбай Раев баяндама жа-сап, сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған шараларды ұйымдастыруда ведомствоаралық байланыстың маңыздылығына тоқталды.

Ақтөбе гарнизоны əскери сотының кеңсе меңгерушісі Бакытбек Омаров өз баяндамасында: «Сот кабинеті» – халықтың сотқа өтініш, талап арыз жəне шағым, қолдау хатты электронды түрде дайындап жолдауға арналған жүйе екендігін, ал бүгінгі күнде аталған жүйе одан əрі жетілдіріліп, ҚР Жоғарғы Соты бастамасымен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді электрон-ды түрде жолдау қолға алынып отырғандығын еске салды. Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, сауалдарына жауап алды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД МЕКЕМЕСІНЕ ҚАРАСТЫ ЖД-158/2 МЕКЕМЕСІНДЕ БЕЛГІЛІ-БІР ҚЫЛМЫСТЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІ ҮШІН СОТ ШЕШІМІМЕН ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН АЗАМАТТАРДЫ ТƏРБИЕЛЕУ, ОЛАРДЫ ҚОҒАМҒА ПАЙ-ДАЛЫ БОЛУ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУГЕ, ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚТАРДЫ ИГЕРУІНЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ ҮШІН ТИІСТІ ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА.

Мақсат – тəрбиемен түзеу

Осы іс-шаралардың арқасында жа-засын өтеп жүргендер болашақтарына үмітпен қарап, білім алу үшін кəсіптік-техникалық колледжде жұмыс істеуге

ниет танытып отыр. Сонымен қатар, мекеменің режимдік күн тəртібіне бай-ланысты іс-шаралардан бөлек, мекеме жасақтары арасында спорттық жарыс-

тар, оның ішінде, футбол, волейбол, шахмат секілді көптеген пайдалы сайыс-тар ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ, еліміздің ұлттық-мемлекеттік мерекелерінде шығармашылық кештер, концерттер жиі өткізіледі.

Қылмыстық атқару жүйесінің ЖД-158/2 мекемесінің жаңа талаптары-на сəйкес қолға алынған жұмыстар нəтижесінде жаза бірнеше дəрежелер бойынша бағаланады. Бұл сотталған а заматтардың өм ір ге де ген оң көзқарастарын қалыптастыруға ықпал

етеді. Сотталғандардың түзелу жолына бет бұруына үлес қосып келе жатқан мекеме қызметкерлері өмірлерінде бір рет сүрінген жанның қайта теріс жолға түспеуі үшін де талай істі атқарып

келеді. Өйткені, темір тор мақсаты – жазалау емес, қайта тəрбиелеу жəне түзеу.

Б.САРТАЕВ,Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД

ШАРА

Page 4: Сақшы №20 (4186)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№20 (4186), сейсенбі, 15.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

Б ұ л ж а ң а а й қ ы н д а л ғ а н бастаманың нақты мақсаты болып «институционалдық реформаларды іске асыру, қоғам мен мемлекетті одан əрі жаңғырту» міндеттері аталған. «Ұлт Жоспары» атанған құжат шетелдік мамандардың назарынан да тыс қалмады. Мəселен, жоспар жария етілгеннен кейін «сырт көз – сыншы» демекші, ресейлік қаржыгер Герман Греф «мəдени шок» алғанын айтып, «Ресей үлгі алуы тиіс бағдарлама» деп жоғары баға берген болатын.

Баянды болашағының өркендеуіне бет алған егемен еліміз түпкі мақсатын, уақыт талаптарын таразы басы-на салып, тағы да бір сараптады. Елбасымыз ұсынған бес институттық реформа, оларды жүзеге асыру жо-лында белгіленген 100 нақты қадам отандастарымызды жігерлендіріп, қанаттандырып, ортақ істе жұмылдыра бас қосты. Қайта жаңғыруға негізделген бұл бағдарламаның алғашқы қадамдары сəтті адымдады. «Реформалардың мəні – ұлтты жаңғыртуда, – деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде. – Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу жəне тек қана алға басу – бұрын да мемле-

Өркениетті отыздыққа «100 нақты қадам»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН 2015 ЖЫЛ БІРШАМА ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ЖАҢАРТУЛАРДЫ ЕНГІЗДІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ БҰҚАРА АЛДЫНДА СƏУІРДІҢ 26-ШЫ ЖҰЛДЫЗЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНДА ӨРКЕНИЕТКЕ БАСТАР ЖОЛ – «ҰЛТ ЖОСПАРЫМЕН» ТАНЫСТЫРУЫ.

кет табысының айқындаушы факторы болған жəне бола береді».

Бағдарламаның кіріспесі «Жаһандық жəне ішкі сын-қатерлерге жауап жəне жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған отыз мемлекеттің қатарына ену жоспары» деп көрсетілген. Жоспардың негізгі мақсаты «Аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипау емес, оны жүйелі емдеу, сөйтіп, мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалау» деп айтылған. Жаңа жоспар ұлт болашағы үшін жасалып отырған маңызды ша-руа болғандықтан ұлттық мəнге ие. Мықты əрі дамыған мемлекет болу үшін тек мемлекет басшылығы, басқарушы органдары ғана емес, бүтін ел болып, жұрт болып атсалысу керек. Отанын сүйетін əр азамат өзінің туған жері үшін аянбай тер төгуі шарт. Бұл қағида Қазақстан халқына тəн. Біздің күш – халықта, біздің күш – бірлікте. Дəл осы қағидадан еліміздің өркендеуі мен да-муы бастау алады. Ал Елбасы ұсынған Халықтық реформа жарқын болашаққа жедел жеткізетін ақ желкен болмақ. Сондықтан ұлттық жоспар – ортақ іске айналуы керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған бұл «100 нақты қадам» жоспа-

ры Қазақстан халқы азаматтары өмірінің барлық сегменттерін қамтиды. Мəселен, экономика, білім, ғылым, денсаулық, мəдениет, қоғамдық жəне саяси қарым-қатынас, мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік секілді салмақты тармақтар түбегейлі жаңа көзқарас пен зерделі ойды талап етеді. Əр қадам – бұл батыл дамудың сенімді кепілі.

Қорыта айтқанда, «100 нақты қадам» атты жоспар елімізді тарихи, жаһандық саясат сахнасында мəртебесін сатылай көтеруге қызмет етеді. Оған ешбір күмəнім жоқ. Себебі, біздің алдымызда бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуға бағыт алған стратегиялық міндетіміз бар. Оның жетістіктері үшін күні бүгінде баршамыз жұмыла атсалы-сып келеміз. Дүниежүзілік институттар біршама көрсеткіштер бойынша табыс-тарымызды меңзеп, көрсетіп отыр. Ұлт Көшбасшысының өркендеген отыз елдің қатарына қосылу жоспары болашаққа самғай ұшқан жас қыранның серпілісі деп айтуға болады. Бұл жоспарды са-палы жүзеге асыру үшін ұлттық идея-мызды баршаға ортақ мақсат қылып, жаһандық алпауытқа алаңдамай, сырт-тан төніп тұрған қатерден сақтана отырып ұлы ғасырдағы ұлы міндетімізді атқаруымыз қажет деген ойға иек артамыз. «Армансыз адам да, ұлт та – тұл». Яғни, ұлтты үлкен мұраттарға ұлы арман жетелейді деген сөз. Арманы болғаннан соң мақсаты да, мұраты да, соған жетелер жоспары да құрылар. Дəріптеп айтқанда, сөз болып отырған Ұлт Жоспары – ұлттың асқақ мұраты мен асыл арманы. Оны Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясаты деп білемін.

Ш.СМАҒҰЛОВА,ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының бөлім инспекторы,

полиция аға лейтенанты

Оқиға биылғы 25 ақпан күні таңғы 9-дарда болған. Осы кезде Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кезекші бөліміне полиция старшинасы Р.Есмұхан телефон шалып, өзі күзететін ны-сан – Атырау облыстық сотының қоршауы сыртында белгісіз ер адам өзін-өзі өртеп жатқаны жөнінде хабарлама берді.

Атырау облыстық жəне қалалық сотының бекет кезекшілері – поли-ция старшинасы Ж.Жанғатаев, по-лиция сержанты Н.Зұлқаров, по-лиция кіші сержанты А.Құрақбаев шұғыл əрекет етіп, жедел жəрдем шақырған. Жігіттер дереу нысанның күзет бөлмесінде орналасқан өрт сөндіргіш құралымен өртті сөндіріп, жалын құшағында қалған адамды құтқаруға кірісіп кетеді. Сын сəтте ержүректілікпен қатар ұстамдылық пен шыдамдылық таныта білген МКҚБ сақшылары өртенген адамды жылдам жедел жəрдемге тапсырған.

Кейіннен өзін-өзі өртеп жібермек болған ер кісінің осы əрекеті арқылы облыстық соттың кассациялық сот алқасының шешіміне қарсылық білдіргені анықталды. Қазіргі уақытта ол Атырау облыстық ауруханасына үшінші дəрежелі күйікпен жатқызылып, ем қабылдауда.

Санаулы минутта басын қауіп-қатерге тігіп, өзгелердің өмірін аман алып қалған тəртіп сақшыларын сөзсіз қазіргі заманның нағыз батыры деуге болады. Бұл қызметкерлер өздеріне артылған міндетке əрқашан жауапкершілікпен қарайды. Əрдайым қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңуға даяр. «Полицейлердің жұмысы өз өмірлеріне де қауіпті болып келеді. Дегенмен, олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға апармау екенін мен бүгінгі жағдайдан кейін түсінгендеймін. От пен судың арасында жүріп, адам өмірін арашалап қалу да оңай емес. Біз де бүгін тəуекелге бел байлап адам өмірін сақтап қалуға ұмтылдық», – дейді Ж.Жанғатаев.

Қызметкерлердің ерліктері елеусіз қалмай, мекеме тарапынан басқарма бастығының бұйрығымен тиісінше марапатталды. Міне, адам өмірін, қоғам тыныштығын жіті қадағалап, сол жолда бар ғұмырын сарп еткен қызметкерлердің өнегесі осындай.

Біз – көпті көрген, біраз оқиғаны бастан кешкен ұрпақтың өкіліміз. Тəуелсіздік алған жылдарда да түзу жолға түсіп, бағытымызды айқындай алдық. Егеменді еліміз Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында болашаққа нық қадам басып келеді. Ол жас мемлекетіміздің жасампаздығы үшін бар күш-жігерін жұмсап, аяғынан нық тұрған еліміздің алдында алын-байтын қамал жоқ екеніне көзімізді жеткізіп отыр. Айналаға көз тастап отырсақ, дүниежүзілік дағдарыстың əлемнің өзге елдеріне салқынын тиг ізбей қоймады, т іпт і бүг інде дүниежүзінде құлдыраудың жолында тұрған мемлекеттер жоқ емес. Егер біздің де кемшін ойлайтын басшымыз болғанда, біз де ұрыс-керіс пен жан-жалдан, тіпті, Құдай бетін əрі етсін, соғыс пен қантөгістен көз ашпас едік. Ал, мұндай ел аз ба?! Қазақстан бол-са өзін бірлігі мен ынтымақтастығы мығым бірден-бір мемлекет ретінде көрсетті. Бұл да Елбасының ерен де елеулі еңбегінің арқасы. Бүгінде күллі əлем Қазақстан десе Н.Назарбаевты, Нұрсұлтан десе Қазақстанды көз алда-рына елестететін болған. Олай болуы

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫМЕН ТАРИХ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҮНДЕУЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫН ЖИНАҚ ЕТІП ШЫҒАРУДЫ ҚОЛҒА АЛУЫМА ТАРИХИ ҚҰЖАТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮРТКІ БОЛДЫ. ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН БІР СƏТКЕ ДЕ ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙТЫН ЕЛБАСЫ БЫЛТЫРҒЫ ӨЗ ЖОЛ-ДАУЫНДА ДА ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫН КӨРСЕТІП, МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАП БЕРДІ. МЕНІҢШЕ, ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ƏРБІР «МЕН» ДЕГЕН АЗАМАТЫ ЖОЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫМЕН ЖІТІ ТАНЫС БОЛУЫ ТИІС.

да заңдылық, өйткені ол – халқының бағына туған басшы.

Кемеңгер басшының көрегенділігі оның əр ісінен көрініс табады. Елбасының Жолдауы – еліміздің өркендеуінің алғышарты. Əр жыл сайынғы Президент Жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленед і . Елбасы Жолдауларында еліміздегі саяси жүйені жетілдіруге, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге, жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың өзекті мəселелеріне де ерекше мəн беріліп келеді. Елбасының халыққа Жолдауы біздің өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті. Мұның өзі бұрыннан бері дəстүрге айналып келе жатқан игі жақсылық. Сондықтан да оны біз бар ынта-ықыласымызбен тыңдап, қолдауға тиіспіз.

Осы маңызды құжаттардың басын біріктіріп бір кітап етіп шығаруды өзімнің міндетім деп білемін. Тарихи құжатты топтастырып, келер ұрпаққа асыл қазына ретінде табыстау аға буынның парызы. Еліміздің өркендеуінің

алғышарты əрі сара жолды нұсқайтын салмақты құжатты кітап қылып ба-сып шығару туралы ұсынысым билік тарапынан да бірауыздан қолдау тап-ты. Осыған дейін бірер жыл бұрын Елбасының сол кездегі Жолдауын 2 мың данамен кітап етіп шығардым. Бұл істі қолға алғандағы мақсатым да айқын. Міне, оның бүкіл халықтың көңілінен шыққан биылғы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы да кітап қылып шығаруға сұранып-ақ тұр. Себебі, Президенттің қиын кезеңдегі халқына Жолдауының жөні бөлек.

Елбасы Қазақстанның егеменді ел болып қалыптасқан күнінен бастап халқымен бірге. Халқын дамудың жаңа кезеңіне жетелеп, дүниежүзі бойынша дамыған 30 елдің қатарына ену межесін алдымызға қойып отыр. Ендігі мақсат алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономика-сы дамыған, жаһандану кезеңінде кез келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын алапауыт мемлекеттердің қатарына ену. Осы жолда енжарлық танытпай егемендігімізді сақтап қалу үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға күш жұмсауымыз керек.

«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», – деген қағиданы ұстансақ ұтарымыз көп. Мұны Елбасының өзі санамызға сіңіріп, айтуынша айтып келеді. Айтып қана қоймай, көреген Көшбасшы ұлтаралық татулықты арт-тыру үшін Алғыс айту күнін енгізіп отыр. Елімізде алғаш рет мерекеленген «Алғыс айту күнін» енгізуінің астарын-да бірлікке, ынтымаққа жұмылдыру саясаты жатыр. Себебі, бүгінгі жет-кен жетістіктеріміздің бəрі бірлік пен ынтымақ нəтижесінде дер едім. Бұл күн – сонау замандарда Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылып, бүгінгі күні татулықтың түтінін түтетіп отырған түрлі этностардың байтақ қазақ жері мен дархан қазақ халқына ілтипатты тағзымының белгісі. Бұл – тағдырлары тоғысқан көпэтносты халықтың ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл дəстүр сақталса Қазақстан əлемдег і ең бейбітшіл, ең досшыл, ең ізгілікті елге айнала беретіні сөзсіз.

Құрмет НҰРСАРИЕВ,ҚР ІІМ құрметті ардагері

Мемлекеттік əнұраннан бастау алған кешті мекеме қызметкерлері – əділет лей-тенанты Дулат Ахмадиев пен əділет капитаны Əсел Талдыбаева жүргізіп, сөз ба-сында олар ауған соғысы салған жараның əлі де жазылмағанын айтып өтті. Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетіп, естеліктері тыңдалған кеште он жылға созылған отты жылдардың көпке беймəлім боп келген тарихы да айтылды.

1979 жылдың 27 желтоқсанында басталған бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Статистикаға сүйенсек, ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны 14453-ке жеткен. Ал Қазақстаннан ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапқан, 21 адам хабарсыз кеткен, мыңнан астам жауынгер өз жеріне оралып, соғыста алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болған.

Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осындай ауыр ама-нат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестер Семей өңірінде де бар. Олар – ұзақ жылдар осы мекемеде қызмет еткен, бүгінде зейнет демалысындағы ардагерлер – Құралжан Сармурзин, Жұмағали Мұсабеков пен Естай Умарбеков.

Кездесу кешінде сөз тізгінін алған мекеме бастығының тəрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, əділет майоры Ə.Рахымжанов бұл шараның жеке құрам мен жас мамандар үшін маңыздылығына тоқталып, ауған соғысының ақиқаты жөнінде айтып өтті. Сөз соңында ол ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, бейбіт заманда əлі де еңбек ете берулеріне тілектестігін білдірді.

Кеште өткен күндерді еске алып, ойларын ортаға салған ардагерлер мекемеде атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын айтып, ризашылықтарын білдірді. Мекеме басшылығына, барлық жеке құрамға үлкен табыс, тəуелсіз Қазақ елінің офицері деген атаққа лайық болуларына, адал қызмет етулеріне тілек білдірді. Кеш соңы мерекелік концертке ұласып, ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді.

Ақ тілек айтылған кеш

Қ.ОРАЗБАЕВ, Семей қаласы

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫС ӨҢІРІНІҢ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОВ-156/15 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАЙНАҒАН ЕҢБЕКПЕН ҚАТАР, ТҮРЛІ МƏДЕНИ ШАРАЛАР ҰДАЙЫ ӨТІП ТҰРАДЫ. ЖАҚЫНДА АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН КЕҢЕС ƏСКЕРІНІҢ ШЫҒАРЫЛУЫНА 27 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ МЕКЕМЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЕДІ.

ОТАНЫНА АДАЛ

Антына адал, сертіне берік

Ақтөре ҚУАНЫШЕВ, Атырау облысы

ҚЫЗМЕТІН СҮЙІП, ШЫН НИЕТПЕН ЕҢБЕК ЕТЕТІН ƏР АДАМНЫҢ МАҚТАНУҒА ТҰРАРЛЫҚ ƏРЕКЕТІ БОЛАДЫ. ЖЕКЕ ҚҰРАМДА ТИЯНАҚТЫЛЫҒЫМЕН КӨЗГЕ ТҮСКЕН АЗАМАТТАРДЫҢ АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТАРЛЫҚ ЕРЛІКТІ ІСТЕРІ КӨП. СОЛАРДЫҢ БІРІН ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕГЕН ЖАННЫҢ ӨМІРІН АРАШАЛАП АМАН АЛЫП ҚАЛҒАН ОҚИҒА АНЫҚТАП БЕРГЕН ЕДІ.

Page 5: Сақшы №20 (4186)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№20 (4186), сейсенбі, 15.03.2016 е-mail:[email protected]

ДИНАСТИЯ

Өртке қарсы қызмет еңбек ардагері, тың қызметкері Евгения Владимировна ескі фотолар мен медальдарды қарап отырып, оның əрқайсысы туралы əңгімелеуден еш жалықпайды. Жəне қызықты күндердің көп болғандығын, сол шақтардың барлығы қалайша тез өтіп кеткендігін айтып, сағынышпен еске алады.

Евгения Владимировна 1936 жылы Орал қаласында өм ірге келген. Куренейден бастап Жайыққа дейін жанына жақын туған жеріндей ыстық көреді. Отбасында екінші бала екен, бір інісі, бір ағасы болған. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары – Владимир Иванович жəне Мария Клементьевна.

Соғыс басталған кезде кішкентай Женя бар болғаны бес жаста еді. Ə к е с і н м айдан ғ а а лып к е т ед і . Анасы орман шаруашылығында қызмет етіп қалады. Барлық бос

Əкесіндей қамқоршысын, өмірдегі сүйенішін қатерлі сапарға аттанарда құшақтап, мауқын басып қоштаса алмай қалған өкініші жүрегін сыздатып, жанын күйзелтті. «Қалайда майданға барамын, ағамды іздеп табамын, жауды жеңуге көмегімді жасаймын» деген балаң көңілдің албырт арманы аудандық əскери комиссариат есігін жиі ашқызды.

Сөйтіп, ол 1942 жылдың қазанында Қызыл армия қатарына алынды. Білімді жас кіші командирлер даярлайтын полк мектебінде оқытылып, сержант шенінде майдан даласына жіберілді. Кішігірім ұрыстарда тəжірибе жинаған оны мино-мет зеңбірекшілерінің бөлімше бастығы ретінде айтулы Курск доғасындағы ұрысқа жұмсады. Тарихтағы əйгілі «Отты доға» атымен қалған шайқастың қақ ортасында болды. Танкілердің атақты «Прохоровка шайқасын» көрді, өздері бірге араласты. Бұлардың ба-тареясы да бірнеше неміс танкісін қиратты. Өздері де олардың нысана-сына ілікті. Тікелей тиген снарядтан есін жоғалтып, ауыр жарақатпен өлім аузында жатқан жерінен далалық гос-питальге əкелініпті. Оны өзі білмейді, дəрігерлердің қарауында есін жиған. Осы шайқастағы ерліктері ескерусіз қалмады. Омырауында «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары жарқырап, ары қарай соғысқа жарам-сыз деп табылып, гвардия аға сержанты шенінде елге оралды.

Армиядан оралған, Отан қорғауда табандылық көрсеткен, сыннан өтіп шындалған сенімді сарбаз ретінде, со ғыстан кей ін г і бейб і т өм і рд і қамтамасыз етуге ішкі істер органына жұмысқа алынды.

Адал еңбегі мен тапқырлығы жай-ында кезінде бұқаралық ақпарат басылымдарында көп жазылды. Белгілі қаламгер Рахмет Иманғалиев ағамыздың «Тыныштық күзетінде» деректі хикаясындағы басты кейіпкердің прототипі Батырғали ағамыз болатын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Өмірзақ Қажымғалиевтің «Жолдар-Жылдар» кітабында, «Жан кешу» ро-манында ағамыздың образы кеңінен көрініс береді. Үкімет те еңбегін зор бағалады. Əскери медальдар қатарына «Ішкі істер саласында мінсіз қызмет атқарғаны үшін» медалінің үш дəрежесі бірдей, «Үздік милиция» белгісі жəне «Қазақстан ішкі істер органдарының ардагері» медальдары қосылды.

Ұжымның ұйытқысы, отбасының б е р е к е с і б о л ғ а н а р у л а р д ы ң əрқайсысының жүр іп өткен өз тағдыры, əрбірінің бағындырған өз биігі мен басынан өткерген қиындығы мен қызығы да бар, əрине. Алайда, көңілге көктемнің нұрын себер осы күндері əр жанның жақсылығын асы-рып, жарқын бейнесін жарқырата түскің келетіні анық.

Əйел адам бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербетеді деген ұлы сөзде үлкен мағына жатыр. Қызмет, үй шаруасы, бала тəрбиесін қатар алып жүру оңай шаруа емес. Дегенмен, осы бір жауапкершілікті абыроймен арқалап келе жатқан əйелдер 162/3 мекемесінен де табылады.

Бұл қатардың басында АП 162/3 мекемесі бастығының емдеу жəне алдын алу жұмыстары бойынша орынбасары, əділет подполковнигі Майра ЕРМЕКОВА тұр. Бұл кісінің осы жердегі еңбек өтілі 1998 жылдан басталады. Еңбек жолын өрімдей жас лейтенант болып бастаған Майра Жалелқызы 2005 жылдан бері қазіргі қызметіне дейін талай белестен өтіп, сан адамның алғысына бөленген жан. Бала кезден адво-кат əрі дəрігер болуды армандаған Майра Жалелқызы қазіргі уақытта армандарын ұштастырып отыр. Бос уақытында əртүрлі тəтті тағамдар дайындап немесе əсем қаламызды ақ тұлпарымен бір айналып шығуды ұнатады. Келешекте еліміз мақтан тұтар Лаура атты қыз өсіріп, Астанада білім алып, ел үмітін ақтар азамат-тар санатына қосылуына аналық ақ жүрегімен тілектес болып отыр.

Мекеме мақтанышына айналған тағы бір қызметкер – медициналық-санитарлық бөлімнің аға медбикесі Анжела АРТЕНЯН. Ол 5 жасынан ақ халатты абзал жандар қатарында болуды армандап, бала арманы-мен кейіннен Павлодар қаласының медициналық училищесін тəмамдаған. Мекемеде 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Анжела бүгінде еңбек сүйгіштігі мен қажырлылығының арқасында аға медбике дəрежесіне жетіп отыр. Бейнелеу өнеріне деген құштарлығы, бос уақытында қыл қаламды алып сурет сала отыруы ұлы Давидтің тəрбиелі де өнегелі азамат болып өсуіне себеп болды.

Бастапқыда заңгер болуды арман-дап, кейіннен əпкесінің кеңесімен Омбы қаласының медициналық училищес ін тəмамдаған Алтын ҚАПАРОВА 1999 жылдан бері түзету мекемес інде қызмет атқаруда. Қазіргі күнде бұл кісінің медици-на саласындағы еңбек өтіл і 20 жылдан асып отыр. Қаншама жас мамандарға тəрбиесін үйретіп, бас бостандығынан айырылғандарға да ерекше көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп келеді. Бос уақытында көркем əдебиеттерді оқуды, теле-хикаяларды көруді ұнатады. Ерекше ықыласпен оқып, мақтан тұтар шығармасы ол – ұлтымыздың асыл

МƏУЕЛІ БƏЙТЕРЕКГүлнəзира МҰХТАРОВА, Атырау облысы

БАЙТАҚ ЕЛГЕ ТҰТҚИЫЛДАН ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН НЕМІС БАСҚЫНШЫЛАРЫНА ДЕГЕН КЕК БАТЫРҒАЛИДЫҢ ДА ҚАНЫН ҚОЗДЫРЫП ШЫҒА КЕЛДІ. МЕКТЕПТІҢ ТОҒЫЗЫНШЫ СЫНЫБЫНДА ОҚЫП ЖҮРГЕН КЕЗІНДЕ 1941 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНДА ЖАЛҒЫЗ АҒАСЫ ҚАЖЫМҒАЛИДЫ ƏСКЕРГЕ АЛЫП КЕТТІ.

Альмира ЕГІЗБАЕВА, Павлодар облысы

КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ КҮНДЕРІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД РММ АП 162/3 МЕКЕМЕСІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН НƏЗІК ЖАНДЫ ƏРІПТЕСТЕР ТУРАЛЫ БІР-ЕКІ АУЫЗ ЖЫЛЫ СӨЗ АЙТҚАНДЫ ЖӨН САНАДЫҚ.

Подполковник шеніне дейін көтерілген Батырғали ағамыз милиция, полиция династиясының басшысы да еді.

Үлкен ұлы Қайыржан техникалық мамандық алып, ішкі істер бөлімінде, сол кездегі мемлекеттік автоинспектор лауазымында ауданымызда ұзақ жыл-дар жұмыс жасады. Бірнеше облыстың ішкі істер басқармасын басқарған генерал Мүкəрəм Əміров екеуі еңбек жолдарын қатар бастап, қызметтес достар болды. Қазір ауданымыздағы полиция басшылығында жүрген көптеген офицерлер Қайыржан Батырғалиұлын өздеріне ұстаз са-найды. Атпал азамат жұбайы Зоя екеуі өмірден ерте озса да олар-ды білетіндер үлкен ризашылықпен жи і е с к е алып жатады . М і н с і з қызметімен ізін қалдырған милиция майоры Қайыржан Мұқашевтың еңбегі лайықты бағаланып, мерейтойлық медальдармен жəне Құрмет грамо-таларымен марапатталған. Кезінде немересі Қайыржанның ұлы Асланды Батырғали ағамыздың өз і ерт іп апарып Алматыдағы жоғары мили-ция мектебіне оқуға түсірген еді.

Немересі үмітін ақтады. Үздік оқыды, теориялық білімін полиция қызметінде біліктілікпен жүзеге асырып, қазір по-лиция майоры шенінде Құрманғазы аудандық IIБ бастығының орынбасары қызметінде жұмыс жасауда.

Екінші ұлы Ғалымжан мен келіні Мариядан көрген немересі Жасұлан да Алматыдағы полиция жоғары мектебін жақсы аяқтап, ауданда, облыста өз саласы бойынша еңбектеніп жүр. Қазір Құрманғазы аудандық IIБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, милиция майоры.

Ғалымжанның к іш і ұлы Ренат Қазақстан Президенті жанындағы басқару университетін тəмамдаған заңгер, Құрманғазы аудандық IIБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты.

Ортаншы ұлы Бекжан милиция қатарында жиырма бес жыл мінсіз қызмет жасағаны үшін арнайы медаль-мен марапатталып, майор шенінде отставкаға шықты. Міне, Батырғали Мұқашев сынды алып бəйтеректің бұтақтары – алты ұрпақ бойы ел тыныштығы қызметінде келеді.

Азамат əйелдер арамызда

қазынасы «Абай жолы» кітабы. Өнегелі ұл мен қыз өсіріп, аяулы ана атанып отыр. Ендігі бір замандасымыз, біздің қамымызды ойлап, əрбір айлығымызды уақытында алу үшін, талмай еңбек етіп отырған қаржы бөлімінің қызметкері. Мекеменің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас есепшісі, жоғарғы санатты есепші Валентина БЕЗУГЛАЯ 1997 жыл-дан осы жерде қызметте. Валентина Николаевна əулетін есепшілер динас-тиясы деуге де болады, оның сіңлісі де, қызы да жолын қуған. Бұл əулетте 8 наурызда осы күнге жете алмаған асыл əке Валентина Николаевнаның жан жарын еске ала отырып, мерекелік дастарқанды жаю дəстүрі бар. Тəрбиелі жанұяның от анасы ұл-қыз өсіріп, үш немере сүйіп отырған бақытты ана.

Кез келген əйелдің көктемнен бір жылылық, жақсылық күтері жазылмаған заңдылық іспетті. Ендеше, бұл көктем де əрбір əріптеске қуаныш сыйлап, жүздеріне нұр шашсын.

СЕКСЕНІНШІ МЕРЕКЕСІН ҚАРСЫ АЛМАҚ

АРДАГЕР

ЕВГЕНИЯ МАКЕЕВА – АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН БАРЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҒЫ ƏРІ БЕЛДІ ҚАТЫСУШЫСЫ. ЖАСЫ-НА ҚАРАМАСТАН, ОЛ ЖИНАЛЫСҚА ДА, ҚОҒАМДЫҚ ШАРАЛАРҒА ДА КЕ-ЛУГЕ УАҚЫТ ТАБАДЫ. БИЫЛ 80-НІҢ СЕҢГІРІНЕ ШЫҚСА ДА «ҚАНШАҒА КЕЛДІҢІЗ?» ДЕГЕН СҰРАҚҚА ЖЫМИЫП, «ҚЫЗДЫҢ ЖАСЫ 18» ЕКЕНДІГІН АЙТЫП ҚАЛЖЫҢДАЙДЫ.

уақыттарын əйелдер мен балалар майдандағыларға көмектесуге арна-ды. Евгения Владимировна анасының басқа əйелдермен кештерде жиналып майданға қажет заттарды тоқумен айналысқанын, ыдыстарды жинау нүктелерін ұйымдастырғандарын, ал оны, əлі кішкентай қызды басқа балалармен бірге тоңы еріген шым-дарды кесу жəне қоршауларды, к ə р з е ң к е л е р д і т о қ у ғ а а л ы п кететіндерін егжей-тегжейлі есіне түсіреді. Осы кəрзеңкелерге кейін а ғаштардан шек і лдеу і к тер мен жаңғақтарды жинайтын еді.

«Нан ащы бола тын . Ол к е з -де осындай дəм беретіндей қалай дайындағандықтарын айтсам ол да бір ұзақ əңгіме», – дейді ардагер. «Қатты ащы болмасын деп, қабықшаларын кесіп тастап жеуші едік. Інім ол кез-де əлі кішкентай еді, тек еңбектеп жүретін. Қарнымыз ашса, аршылған жуаны жеуші едік», – дейді Евгения Владимировна. Ал соғыстан кейін, тіпті, оған қарай да алмаған екен.

«Əкемді майданнан қатты күттік. Хаттардың барлығы бірдей жетпеген соң, одан хабар-ошар сирек бола-тын. Əлі есімде, анам бірде қатты жабыққанында үлкен өрмекшіні ұстап алып банкінің ішіне салып қойды да, «егер өрмекші өлмей тірі жүрсе, демек, əкең де тірі болғаны» дегені. Міне, осын-дай сеніммен жəне үмітпен біз əкемізді майданнан күтіп алдық. Əуелгіде ол қатты арық болды. Госпитальде ұзақ емделді. Тамақтан тек қана картоп пен асқабақтан дайындалған тағамдарды ішетін. Біздің жеген түскі асымызды іше алмайтын еді», – дейді Евгения Владимировна.

Соғыстан кейінгі жылдар жас Евгения үшін мектепке баратын уақытқа сəйкес келіп, ол Куреней ауданында орналасқан №1 қыздар мектебінде білім алады. Ол кезде аралас сыныптар болмаған. Ал мектептен кейін ата-ана-сына көмектесті, училищеге оқуға да түсті. «4-санатты токарь» куəлігімен Ворошилов зауытында қызметін баста-ды. Бір жылдан кейін тұрмыс құрды. Жас отбасы болған соң, бала күтімімен айналысу үшін зауыттан өз еркімен жұмыстан шығып кетті.

Кейін сол кезде өрт күзетінде ин-спектор болып еңбек ететін атасы Марк Федорович Макеев өз ұжымына шақырды. 1969 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Евгения Владимировна өртке қарсы қызметте өз еңбек жолын жалғастырды. Телефоншы болып жұмыс істей жүріп оқыту курстарынан да қалмайтын еді.

«Өрттер қа з і р г і дей көп бола бермейтін. Бірақ ірі өрттер орын алған кездер аз емес еді. 1979 жылы Орал пединституты ғимаратының шатыры

өртенді. Оны сөндіруге барлығы – өрт сөндірушілер де, инспекторлар да, көліктер де жұмылдырылды. Тосын оқиғада мен де телефонымды тастап өрт орнында кезекші қарауылдардың орынын ауыстырған едім», – деп еске алады қария.

Бірде қала қоймаларының бірінде мақта теңдері жанған. Тілсіз жауды өте ұзақ, тəулік, тіпті одан да көп уақыт бойы сөндіруге тура келген. Тұрғын үйлерде де өрт көп тіркелетін. Төтенше жағдайдың дені ең бірінші

кезекте адамдардың салғырттығынан туындайтын. Сондықтан инспекция қызметі алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін əрқашан жиналыстар, үгіттеу шараларын өткізетін. Олардың өздерін де, өрт бөлімдерінің жұмысшыларын да əрқашан өрт қауіпсіздігі ережелерін

сақтау бойынша тексеріп тұрды. «Ұжымымыз тату болды. Тіпті, қазір де ардагерлердің əрдайым бірге бас қосып жүргені содан сияқты. Барлық оқиғаларды біліп, жиірек кездесу-ге тырысатын едік», – дейді арда-гер əріптес. Өрт бөліміндегі кезекші бөлмеде телефон, рация жəне шығулар тіркелген журнал-дəптер орналасқан үстел жанында Евгения Владимировна 22 жыл жұмыс атқарыпты. Ал, құрметті демалысқа 1991 жылы шыққан.

«Өмір барлық бояуларымен көркем», – дейді Евгения Владимировна. Ескі фото-ларды қарап отырып, оларды қашан жəне кім түсіргендерін есіне алады. Ол əр фотода тұнған оқиға-жағдайды жақында болған тəрізді барлығын егжей-тегжейлі айтып береді. Бағалы фотолардан басқа, Евгения Владимировна үшін «Еңбек ардагері» белгісі мен «Тың қызметкері» медалімен марапатталғаны да ыстық. «Біз ол кезде бұл марапаттар үшін жұмыс істеген жоқпыз, уақыттың өзі сон-дай еді, рахат кезеңдер еді ғой», – дейді ол өзінің марапаттары туралы. Көнекөз кейуана бүгінде əріптестерінің ұмытпай, барлық мейрамдарымен құттықтап келіп тұратыны үшін алғыс айтады. Иə, өртке қарсы қызмет ұжымы əрқашан да тату болды жəне осы жарқын дəстүр осы қызметтің ең басты ерекшелігі болып қала бермек.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Page 6: Сақшы №20 (4186)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№20 (4186), сейсенбі, 15.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

ПРОБАЦИЯ

– Н а з ы м б е к Ə б і к е н ұ л ы , басқармадағы штаттық құрылымға тоқталып өтсеңіз?

– Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ-ның штаттық тіркелімінде 162 қызметкер бар, оның ішінде орта жəне аға басшылық құрамда – 100, кіші жəне қатардағы құрамда – 48, мемлекеттік əкімшілік қызметте – 2 маман бар. ІІЖБ қызметкерлерінің ортақ саны бойынша желілік бөлімшелердің жеке құрамы – 90 бірлікті құрайды. Оның ішінде Жезқазған аймағы бойынша – 56 бірлікті құраса, Қарағанды аймағы бойынша 34 бірлікті құрап отыр.

– Көпшілікке мəлім, құқық қорғау органдары саласындағы барлық мамандар жыл сайын кезекті ат-тестациядан өтіп отырады. Осы мəселеге тоқталып өтсеңіз.

– Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сəйкес, өткен жылы Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ 62 қызметкері кезекті аттестаттаудан өтті, олардың ішінде 14 қызметкер қайта аттестаттау-дан өтуге тиіс деп шешім қабылданған болатын. 2016 жылдың 5 ақпаны күні қызметкерлердің қызметіне, олардың кəсіби жəне іскерлік қасиеттеріне жан-жақты жəне əділ баға беру мақсатында Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ қызметкерлері екінші рет кезекті аттестаттаудан өтті. Аттестаттау комиссиясына Көліктегі ІІД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковниг і М . Ілиясов төрағалық етт і . Жеке құрамның 14 қызметкер і денешынықтыру нормативтерін, табельдік қарудан оқ ату, полиграфологиялық зерттеу, нормативтік-құқықтық актілерін білу бой-ынша тестілеуден өтті. Аттестаттаудың с о ң ғ ы к е з е ң і н д е а т т е с т а т т а у комиссияның мүшелерімен тілдесу жүргізіліп, қорытынды шығарылды. Аттестаттау қорытындысы бойынша 14 қызметкер атқарып отырған лауазы-мына сəйкес деп шешім қабылданды. Бірақ біз алдағы уақытта да барша қызметкерлерімізге жауапкершілікті ба-рынша нығайтып, олардың біліктіліктерін көтеруге ерекше назар аудара береміз. Сонымен қатар, өздерін жұмыс бары-сында жақсы жақтарынан көрсеткен қызметкерлерге əрқашан қолдау бола-тынын айтқым келеді.

– Жеке құрам арасында заңдылық пен тəртіпті сақтау бойынша қандай шаралар жүргізіліп отырады?

– ҚР ІІМ жəне КІІД күнделікті жи-налысы мен нұсқаулықтары бойын-

МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – МІНДЕТІМІЗІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА 20 ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚАРАҒАНДЫ-СҰРЫПТАУ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ КАДР ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ НАЗЫМБЕК СҮЛЕЙМЕНОВПЕН ПОЛИЦИЯНЫҢ БҮГІНГІ КЕЛБЕТІ, ЖЕКЕ ҚҰРАМ АРАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІК-ƏСКЕРИ ТƏРТІП БОЙЫН-ША ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ АЛДЫН АЛУ, КƏСІБИ ҚЫЗМЕТТІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, КАДР ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСҚА ДА МƏСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

ша жеке құрам арасындағы тəртіп пен заңдылықты сақтау жөніндегі шешімдері мен шолулары бағынысты бөлімшелерге жіберіліп тұрады. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, ІІО қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі, ІІО қызметкерлерінің шетел ге шығу ережелер і , Жол қозғалысы ережелері туралы сабақтар өткізіліп отырады. Офицерлік жəне сержанттық жиналыстар өткізіледі.

– Өзіңіз басқарманың кадр ж ұ м ы с ы ж ө н і н д е г і о р ы н б а -сарысыз. Сондықтан полиция қызметкерлеріне қойылатын т а л а п т а р ы ң ы з ғ а қ ы с қ а ш а тоқталып өтсеңіз?

– Ең бастысы, полиция қызметкері деген атаққа лайық болу керек деп ойлаймын. Үнемі білімін жетілдіріп, жан-жақтылығын көрсетіп отыруы тиіс. Олардың денешынықтырумен айналы-

суы, спортпен машықтануы өз алдына бөлек əңгіме. Сондықтан біздің тара-пымыздан қызметкерлерге қойылатын талап қатаң, əрі күшті. Ең бастысы, халықтың полицияға деген сенімін артты-ру. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы əрбір тəртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Полиция қызметкерлері білімді де, білікті болуы шарт. Сонымен қатар, рухани жан дүниесі бай болса əрине, құба-құп. Қазақтың ба-тыры Бауыржан Момышұлынша айтсақ, полиция қызметкері елі үшін аянса – ерлігі сыналатынын, жұрты үшін аянса – жігіттігі сыналатынын естен шығармауы тиіс.

– «Бейнетті еңбектің зейнеті болмақ» демекші, қазіргі полиция қызметкері кейінгі ардагер екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, ұжым басшылығы тарапынан ардагерлерге лайықты құрмет көрсетілетіні аян. Осы жайында тоқталып өтсеңіз?

– Дұрыс айтасыз. Əрине, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету басты па-рызымыз деп ойлаймын. Жақында ғана Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы Ішкі істер басқармасында ұзақ жыл-дар қызмет атқарған қызметкерлердің зейнеткерлікке шығуына байланыс-ты салтанатты іс-шара өтті. Жедел қызмет саласында бірталай жыл қызмет атқарған 12 əріптесімізді зейнеткерлікке шығарып салдық. Олар теміржол мен əуе көлігі нысандарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тəртіпті нығайту мен қылмыспен күресуде айтарлықтай еңбек сіңірді. Сондықтан қуанышынан қиындығы ба-сым қызметтерін абыроймен атқарған əріптестеріміздің отбасына амандық, күш-қуат, бақ-береке тілейміз.

– Сұхбатыңызға рахмет!Сұхбаттасқан Ж.ТҰРСЫНОВА,

Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ

ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАҒА СОТТАЛҒАНДАР ТАРАПЫНАН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МЕН ҚАЙТА ҚЫЛМЫС ЖАСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА «ПРОБАЦИЯ» ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. ƏР АЙМАҚТА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН АУҚЫМДЫ ШАРАНЫҢ БАСТЫ КӨЗДЕГЕНІ – СОТТАЛҒАНДАРҒА ƏЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІП, ҚАЙТА ҚЫЛМЫСҚА БАРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ Атырау облысы бойынша ҚАЖД-нің қызметкерлері «Пробация»

республикалық шарасы кезінде Құрманғазы аудандық ІІБ сақшыларымен бірге күшейтілген қызмет түріне көшіріліп, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Құрманғазы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы жəне жұмыс орындары бойынша ІІБ-нің учаскелік полиция инспек-торларымен бірге тексеріп, олармен профилактикалық əңгіме жүргізіліп, бақылау жасалды. Шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған бірнеше сотталған жаза өтеу тəртібін бұзғаны үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, жаза өтеу тəртібін бұзғаны үшін 4 сотталғанның үстінен құжаттар жинақталып, жазасын басқа қатаңырақ жазаға ауыстыру үшін сотқа жолданды.

Аудандық пробация қызметінің есебінде барлығы 87 сотталған тұр. Оның ішінде, шартты сотталғандар – 26, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар – 36, жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыруға сотталған – 2, қоғамдық жұмысқа сотталған – 2, түзеу жұмысына сотталғандар – 3, белгілі бір лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған – 18. Сонымен қатар, шара кезінде Алғыс айту күніне орай дəріс өткізіліп, сотталғандарға бұл күннің тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға де-ген құрметтің белгісі екені түсіндірілді.

Р.УВАШЕВ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫМұғалжар аудандық №1 қылмыстық атқару инспекциясы проба-

ция қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға əлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетуді жалғастырып келеді.

Нақты айтқанда, мамандар шара кезінде сотталғандармен əңгімелесу бары-сында олардың мұқтаждықтары туралы əлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасап, оның көшірмесін құзырлы мекемелерге орындау үшін жолдайды.

Жеке əзірленген бағдарламаға сəйкес бас бостандығынан шектеу жазасы мен шартты түрде сотталған адамдарға əлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар жəне басқа да ұйымдар жəрдем көрсетеді. Қазіргі таңда медициналық, жұмысқа орналастыру жəне тағы басқа көмектер көрсетіліп жатыр. Биыл 6 сотталған ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты-рылды.

Мадия МҰСАБАЕВ

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫШара кезінде Қостанай қаласында пробация қызметі есебінде тұрған

610 сотталған тексеріледі. Олардың арасында көбі – ҚР ҚК-нің 73-ба-бына сəйкес босатылып шыққандар, яғни, қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандар.

Пробация қызметінің ма-мандары тексеру кез інде сотталғандарға əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бары-сында туындайтын сұрақтарға жауап алу үшін байланыс түрлері көрсетілген ескертпе қағаздар тапсырылды. Сотталғандардың а л д а ғ ы у а қ ы т т а қ а й т а қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында қолға алынған шара шеңберінде ең бірінші кезекте жағдайы нашар отбасыларға ерекше көңіл бөлінді. Себебі, қазіргі таңда оларға бақылау жасау немесе құқықтық көмек көрсету бірқатар қиындық ту-дырып отыр. Мəселен, пробация тіркеуінде тұрған бір азамат баспанасыз қалып, пробация қызметінің көмегіне жүгінген. Сотталғанмен əңгімелескен ма-мандар оның басына түскен қиын жағдайына қанық бол-ды. Тез арада баспана тауып беріп, əлеуметтік-азаматтық статусын қайтадан көтеруге көмектесу мақсатында сотталған жігіт Қостанай қаласындағы баспанасы жоқ тұлғаларға арналған Оңалту жəне бейімдеу орталығына жіберілді. Осылайша сотталған тек про-бация қызметі бақылауында ғана емес, сонымен қатар, Оңалту орталығының бақылауына да алынды.

Пробация қызметі өздерінің барлық мүмкіндіктерін əр сотталғанның қоғамда өз орнын тауып, оң жолға түссін деген ниетпен көмек көрсету жұмыстарына арнайды.

И.ТЫЩЕНКО

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫҚоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрімен сотталғандар

тарапынан жасалатын қылмыстың қайталануының алдын алу іс-шараларын аймақтың Жарма аудандық №1 пробация қызметі де өткізді.

Қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында қолға алынған «Пробация» іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Жарма аудандық №1 пробация қызметінің жеке құрамы күшейтілген қызметке көшірілді. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған адамдарды профилактикалық есепке алу жəне бақылау бойынша қоғамдық қауіпсіздік бөліністерінің пробация қызметтерімен бірлесіп өзара іс-қимыл жасасу тəртібі туралы қағидаға сəйкес, аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметімен бірге жоспар құрып, бас бостандығынан айырусыз жазаларға сотталғандардың барлығын тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Сондай-ақ, шара кезінде жаза басқандардың тарапынан болған құқық бұзушылық жəне қылмыстың қайталануын, шетелге шығуын, хабар-дар етпей ел ішінде орнын ауыстыруын жəне тағы да басқа əрекеттерін уақытылы анықтау үшін «Web-интерфейс» дерек базасы жəне ішкі істер органдарының басқа да есептері, «Ақпараттық қызметтер» ААЖ, «Бүркіт» мемлекеттік органдар» ААЖ, «ҚҚжАО» ААЖ деректер базасы бойынша тексерілді.

Г.ШАРИПОВА

Сонымен қатар, қосымша жаза түрінде қолданылатын арнаулы, əскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дəрежеден, біліктілік сыныбынан жəне мемлекеттік наградалардан айыру туралы сот үкімін атқарады. Жаңа қабылданған заңға сəйкес, пробациялық бақылау белгіленген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, оған қатысты сот əкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты жүзеге асырылады.

Құқықтық көмек көрсетілуде

Тентегін тыйған телісін тыңдатар...ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАЛАРДЫҢ 6 ТҮРІН ОРЫНДАУ ЖҮКТЕЛГЕН. БҰЛАР ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ АТҚАРУ, ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ АТҚАРУ, БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ АТҚАРУ, БЕЛГІЛІ БІР ЛАУАЗЫМДЫ АТҚАРУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ, ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАУ, ЖҮКТІ ƏЙЕЛДЕРДІҢ ЖƏНЕ ЖАС БАЛАЛАРЫ БАР ƏЙЕЛДЕРДІҢ ЖАЗАНЫ ӨТЕУІН КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАЛАРДЫ АТҚАРАДЫ.

Бұл жазалар Қылмыстық атқару жəне Қылмыстық кодекстерде реттелген.

Қоғамнан оқшаулау ға байла -нысты емес жазаларды орындау – Қазақстан Республикасында маңызды мəселелердің бірі. Қылмысқа алғаш барған адамдарды түзеу мекемелеріне жібергеннен бостандықта ұстаған тиімді болып отыр.

Қазіргі уақытта алға қойып отырған басты мəселе ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 «Пробация

қызметіндегі тіркеуде тұрған адамдарға əлеуметтік-құқықтық қөмек көрсету қа ғидалары туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында Тарбағатай аудандық №1 Пробация қызметіндегі есепте тұрғандарға əлеуметтік көмек көрсету, яғни есепке қойылған кез-ден бастап денсаулық жағдайын анықтап отырып, адамның жеке басын, оның білім деңгейін жəне еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын айқындау. Əрине, бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілгенімен, əлі де жеткіліксіз болуда. Бұл рет-те ауыл-аймақтағы, мекемелер мен кəс іпорындар жəне жекеменшік кəс і пкерлер тарапынан қолдау көрсетілмей отыр. Өйткені, олардың ойларынша, түзеу мекемесінен бо-сап шыққандар түзелмейді. «Тентегін тыйған, телісін тыңдатар» демекші, түзеу мекемес інен босағандарға əлеуметтік бейімделуге көмек көрсету керектігін ескерсек, Қазақстанда түзеу мекемелердің саны азаятыны сөзсіз.

Жаңа заңнамалардағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталсақ, олар Қылмыстық кодекстің 72-бабына сəйкес шартты түрде мерзімінен бұрын жəне 73-бабына сəйкес жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыс-тырып, босату. Сондықтан Пробация қызметінің қызметкерлері қоғамға түзеу мекемелерінен босап шыққандарды атал ған і з г і ленд і ру з аңдарына сай қолданып жазасын өтеуден неғұрлым жеңіл түріне ауыстырып босатылғандықтарын, қазіргі уақыттағы бостандықтағы өмірге бейімделуіне жан-жақты көмек көрсету сияқты түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қөңіл қуантады.

Э.ҚАЛЫМБЕКОВА,Шығыс Қазақстан облысы

бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №1 пробация қызметі

Page 7: Сақшы №20 (4186)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№20 (4186), сейсенбі, 15.03.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

ШАҒЫН ФУТБОЛ

ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі отставкадағы полиция генерал-майоры Нүкенов Маратқали Ордабайұлына анасы

НҮКЕНОВА Раузаныңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы жəне жеке құрамы ішкі істер органының ардагері

ЛАРКИН Николай Васильевичтіңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Шағын футболдан өткен кездесу-лерге тəртіп бөлімі, жедел бөлім, сотталғандардың арасында тəрбие жұмыстарын жүргізу бөлімі, мекеменің өзге де қызметкерлерінен жинақталған штаб құрамасы жəне кезекші штаб құрамдары қатысты. Əуелгі ойын тəртіп бөлімі мен кезекші штаб арасында өтті. Ойын кезінде бірден көзге түскен тəртіп

Турнирдің басты мақсаты – са-ламатты өм і р с алтын насихат -тау, құқық қорғау органдарының белсенділігін арттыру, спортты кең

Ж ү г і р у с а й ы с ы н а І ш к і і с т е р департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің өкілдері қатысты. М ұ н д а ғ ы қ а ш ы қ т ы қ – 2 к и л о -метр 400 метр, уақыттай шектеулер қатысушылардың жас санатына қарай қойылады. Халықтың денешынықтыру дайындығына қатысты Президенттік сынақтар нормативін тапсыру жыл сай-

Мекеме бастығының кубогы үшінД.КƏКІМОВ, Қостанай облысы

МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА МƏДЕНИ ЖƏНЕ СПОРТТЫҚ АХУАЛ-ДЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА, СОНЫМЕН ҚАТАР, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА МОРАЛЬДЫҚ ЖƏНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТƏРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАН-ДЫРУ ҮШІН МЕКЕМЕНІҢ КАДР БӨЛІМІ МЕН МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫН-ДА ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚҰШМҰРЫН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ОРНАЛАСҚАН УК 161/4 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ КУБОГЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР БОЛЫП ӨТТІ.

Ақтөре ҚУАНЫШЕВ, Атырау облысы

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ «ДИНА-МО» ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ТƏУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

бөлімі 2:1 есебімен ойынды жоғары деңгейде алып шықты. Ойынның екінші кезеңінде жинақталған штаб құрамасы мен жедел бөлім қызметкерлері ойын көрсетіп, 2:0 есебімен жедел бөлім қызметкерлері басым түсті. Ойынның фи-нал кезеңіне тəртіп бөлімі мен жедел бөлім шықты. Оның қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жедел бөлім жеңіп шығып,

Кубок иегері атанды. Ең жақсы ойын көрсеткен қызметкерлер «Үздік шабу-ылдаушы», «Үздік ойыншы» номинация-лары бойынша марапаттау қағаздарына ие болды. Аталған қызметкерлердің арасынан осы номинацияға ие болған тəртіп бөлімінің жедел уəкілі, əділет лейтенанты Думан Жаңғабыл – «Үздік шабуылдаушы», тəрбие бөлімінің инс-пекторы, қатардағы əділет қызметкері Темірлан Қасымов – «Үздік қорғаушы», тəртіп бөлімінің бастығы, əділет капита-ны Бердібек Жарқымбаев – «Турнирдің ең үздік ойыншысы» атанды. Турнирдің жеңімпаздары марапаттауларға ие бо-лып, оларға кубоктар мен сыйлықтар табыс етілді.

Жеңіс шыңында

көлемде дамыту. Бұл жарысқа спорт десе жанып тұратын Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалық құрамы

өз үлестерін қосты. Үнемі жаттығу жасап, спорттың сан түрімен айналы-сатын біздің қызметкерлеріміз үшін бұл жарыста жеңіп шығу қиындыққа түспеді.

Қай спорт түрі болмасын жүлдесіз о р а л м а й т ы н А т ы р а у о б л ы с ы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ-нің қызметкерлері бұл жарыста да жүлдесіз қалмады. Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері бірінші кездесулерін Атырау облыстық ІІД Динамо командасымен ойнап, 1:0 есебімен басым түсті, келесі ойында Индер командасын 3:0 есебімен ұтып мықтылығын танытты. Жартылай фи-налда тағы да Төтенше жағдайлар департаментінің командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Тартысты өткен ойында он екі командадан суы-рылып шыққан төрт команда бірінші, екінші, үшінші орындар үшін сайысқа түсті.

Осылайша б і р і нш і орын үш ін болған бəсекеде Миялы командасы-мен 1:1 есебімен тең түсіп, жеңімпаз анықталмай, доп тебу белгіленді. Бұл жолы Атырау облысы МКҚБ командасының қақпашысы, полиция аға сержанты Д.Алиев шеберлігін танытып, біздің команда Атырау облысы құқық қорғау органдары арасындағы шағын футболдан өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Жеңімпаз командалар кубок, медаль жəне мақтау қағазымен мара-патталды.

ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАҚТАР

Жылдың жоғарғы нормативіХАЛЫҚТЫҢ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАҚТАР НОРМАТИВІН 1 ЖАРЫМ МЫҢҒА ТАРТА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САҚШЫСЫ ТАПСЫРДЫ. ДƏСТҮРЛІ СЫНАҚТАР ЖЫЛДАҒЫДАЙ «ДИНАМО» СТАДИОНЫНДА ӨТТІ.

ын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2013 жылғы №1545 қаулысының негізінде өткізіледі.

« Ш а р а н ы ң м а қ с а т ы – б і з д і ң қызметкерлеріміздің денешынықтыру дайындығын көтеру, жалпы саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосу. Атай кетерлігі, сынақта қойылған м і н д е т т е р д і қ а т ы с у ш ы л а р д ы ң

барлығы да мүлтіксіз орындап шықты. Оған қызметкерлеріміздің былайғы уақытта да спортпен тұрақты айна-лысатыны, жеке құрам арасында жиі өткізіліп тұратын жоспарлы түрде əскери жəне қызметтік дайындық сабақтарының үлкен əсері болды деп сеніммен айтуға болады», – деп хабарлады Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

ПЕТРОПАВЛДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫСҚЫ СПАР-ТАКИАДА БАСТАУ АЛДЫ. БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ ШАҢҒЫМЕН СЫРҒАНАУҒА ОБЛЫСТАҒЫ КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ 17 СПОРТ ҰЖЫМЫНАН 70 СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ.

СПАРТАКИАДА

Сайыстар маусымы басталды

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАТЫРЖАН ШАЛҒЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ФУТЗАЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ. 12-13 НАУРЫЗ КҮНДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНА-ЦИОНАЛИСТ БАТЫРЖАН ШАЛҒЫНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТЗАЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТКЕН БОЛАТЫН.

ШАҒЫН ФУТБОЛ

«Олимп-Версаль» – жеңімпаз

Облыстық денешынықтыру жəне спорт басқармасының хабарлауынша, биыл 20-шы рет ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр қаласы, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облы-старынан 28 команда 400-ден аса спортшы қатысты.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша, «Олимп-Версаль» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда оңтүстікқазақстандық «JTI Қазақстан» командасын ұтты.

Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:2 болды. Үшінші орын-ды қызылордалық «Азамат» командасы, төртінші орынды алматылық «Энергоколледж» командалары иеленді.

Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрлан Дайрабаев («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» – Ғалым Қосмұхаметов («Олимп-Версаль» командасы), «Үздік шабуылшы» – Андрей Шлема («JTI Қазақстан» командасы), «Мерген ойыншы» – Əсет Меңліқожа («Олимп-Версаль» ко-мандасы), «Үздік ойыншы» – Дəурен Тұрсағұлов («Энергоколледж» коман-дасы) марапатталды.

НЫСАНА КӨЗДЕУ

Шеберліктері шыңдалдыТаяуда облыстық əкімшілік полиция басқармасының ар-

найы жабдықталған тирында погонды əйел қызметкерлер арасында атыс қаруларынан ату бойынша жарыс өтті. Жарысқа 8 бөлімше, 24 қызметкер қатысып, мергендіктерін дəлелдеді. Жарыс қорытындысында жекелей сындағы қызметкерлер мен командалар үздік деп танылды. 3-орынды Орал қалалық ІІБ штабының аға инспекторы, полиция майоры Дариға Баймұқашева місе тұтты. 2-орын-мен ІІБ штабының инспекторы, полиция капитаны Альфия Рахметова марапатталды. 1-орынды Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уəкілі, поли-ция капитаны Дариға Мажитова жеңіп алды.

Командалық есепте жүлдегер атанғандар да бар. 59 ұпай санымен 3-орын Орал қалалық ІІБ штабына берілді. 2-орынды 61 ұпай санымен ІІБ жергілікті по-лиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары иеленді. 1-орынға 71 ұпай санымен Абай полиция бөлімінің командасы орналасты. Жеңімпаз қызметкерлер мен командалардың барлығына облыстық «Динамо» денешынықтыру жəне спорт қоғамының төрағасы Павел Ставкин спорттық костюмдер мен алғыс хаттар тапсырды.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ КАДР ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІ ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ АТЫС ҚАРУЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ КƏСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨТЕРУ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА АТЫС ҚАРУЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНА БІЛУ, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ҰШТАУ МАҚСАТЫНДА ЖАРЫС-ТАРДЫ ЖИІ ҰЙЫМДАСТЫРЫП КЕЛЕДІ.

Бірінші болып 3 шақырым қашықтықта əйел қызметкерлер бақ сынас-ты. Үздік көрсеткішті Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Лидия Логинова көрсетті. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкері Жанар Əубəкірова иеленсе, үшінші орын Мемлекеттік кірістер департаментінен қатысып отырған Елизавета Махначёваға бұйырды.

Ерлер арасында үшінші жыл қатарынан бес шақырым қашықтықта Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкері Олег Гурский бірінші орыннан көрініп жүр. Екінші орынды Ұлттық ұлан Əскери институтынан келген Бақытжан Жангулин місе тұтса, үшінші болып Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Евгений Клочун келді.

«Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайырбек Орымбаевтың айтуын-ша, қысқы спартакиада бағдарламасына волейбол мен жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыстар кіреді. Олар сəйкесінше 28-31 наурыз жəне 3-4 мамыр аралығында өткізілмек.

Спартакиаданың алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша, иеленген орындарды есептей келе жалпыкомандалық бірінші орынды 18 ұпаймен Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД командасы иеленді. Осындай ұпаймен жəне орындар санымен екінші орынды Ұлттық ұлан Əскери институ-ты, үшінші орынды Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері иеленді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Page 8: Сақшы №20 (4186)

сөз соңы№20 (4186), сейсенбі, 15.03.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 15120Тапсырыс: №2290

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан оРАЗҒАлИЕв

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

Мереке жаңғырығы

КөҢІл мен КөМЕК достықтың алтын қазығы

Құрастырған Ескендір ТасболаТовОйлан, тап!Жұқпалы

сырқат

Скиф Кіреберіс бөлме Мейірімді

Пайғамбар

Еден жабын-дысы

Күйе Ер жасы

«... және отбасы» кодексі

... ұру, өкіну

Италия провин-циясы

Аяқкиім Жоқ (араб) Ескек ... Таңғалу сөзі

Шабыттану ..-алаң «Шапибай-ау»

... ДелонӨсімдік

Ең алдымен, олар көп балалы ана Қарлығаш Серікбаеваны мерекесімен құттықтап , материалдық көмек көрсетті. «Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін. Заттай көмек көрсетіп, мүмк і нд і г і нше қол ұшын бер і п тұрасыздар. Балаларыма мұғалімдер келіп көмектесіп тұрады», – дейді қуанышын жасыра алмаған ата-ана. Жалпы, басқа уақыттарда да ұстаздар олардың үйлеріне келіп балалардың оқуын қадағаласа, тәртіп сақшылары киім-кешек ұсынып көмектесіп тұрады.

Кейін олар отбасылық үлгідегі бала-лар ауылындағы жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға барып қайтты. Тәттілер мен жемістерді және тағы да басқа сыйлықтарды көрген ба-лалар қуанып, мәз-мейрам болды.

«Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арыстан Әкімжановтың ай-туынша, мұнда 6 үйде 9 баладан 54 бала тәрбиеленіп жатыр. Отбасылық үлгідегі балалар ауылының 3 тәрбиеленушісі Қазақ мектеп-гимназиясында білім алуда.

Кездесу барысында балалар кең байтақ Қазақстан туралы, ел тізгінін ұстап отырған Президент еңбегі жайлы айтып, болашақтағы армандарымен бөлісті.

Кездесу барысында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың біртұтастығы туралы жеке құрамға Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Бекжан Өмірбек айтып берді. «Алғыс айту күні қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея- сы құндылықтары аясында үлес қосар халықтың жалпыұлттық игілігі», – деп атап өтті ол.

Кейіннен «Достық үйі» ғимаратында орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының музейіне экскурсия ұйымдастырылды. «Былина» этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, орыс филологиясы және журналисти-ка кафедрасының аға оқытушысы Раиса Биткова Атырау облыстық ІІД және Мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметі басқармасының жеке құрамына орыс, кәріс, әзербайжан, украин, қарашай, беларусь, армян, чешен, ингуш және тағы да басқа ұлттардың Қазақстанға қоныс аудару тарихы және тұрмысы, Қазақстан халқы Ассамблясының қоғамдағы атқаратын рөлі туралы әңгімелеп берді. Ұлтаралық келісімді, үндестікті нығайтуда бұл күннің алар орны ерекше екеніне тоқталған аға оқытушы облыс әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің «Достық үйі» жұмысымен де жан-жақты таныстырды.

Раиса Николаевна бұл мекемеде 20 жылдан артық инспектор болып, ал Күләш Ильясқызы арнайы есеп бөлімінде 15 жыл аудармашы болып жұмыс істеген. Мекеме бастығы мен жеке құрамы зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығумен құттықтап, мінсіз қызметі үшін алғыстарын білдіріп, дендеріне саулық, отбасына амандық тілеп, ардагерлерге бағалы сыйлықтар тапсырды.

Бұл күні сондай-ақ, мекеме қызметкерлері арасында көңілді тапқырлар клубы өтті. Үш командаға бөлінген жеке құрам өздерінің әзіл нөмірлерін дайындаған екен. Байқауға қызметкерлер де, өндірістік тәжірибеге келген жастар да, еркін жалдамалы жұмысшылар да – барлығы біркісідей атсалысты. Жарысқа қатысушылар қызметтегі кей қиындықтар мен өзіне тән ерекшелігін әзілмен жеткізіп, қалжыңмен түйреп өтті. Ал, жиналған қауым сахнадағы көріністерді үлкен ықыласпен қабыл алды.

Қазылар алқасының мүшесі Балжан Агитаева: «Ойын сәтті өтті. Қатысушылар сахнада барлық қабілеттерін көрсетті. Біздің жүйеде тек үздік мамандар емес, сонымен қатар, әзілдесе білетін талантты адамдар бар екенін көріп отырмыз», – деді таңданысын жасыра алмай.

Байқау соңында қазылар алқасы: мекеме бастығы, әділет майоры А.Шарипов, мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Т.Аяпов, әділет майо-ры А.Молдыбаев, мемлекеттік тілдің оқытушысы Б.Агитаева, зейнеткерлер Р.Паленик, К.Демейсенова қорытынды жасап, аталымдар бойынша әр командаға мақтау қағаздарын табыс етті. Бұл күні жеңілгендер болған жоқ. Жиналғандар көңілді тапқырлар клубы өз жұмысын алдағы уақытта да жалғастыратынына баршасы сенім білдіріп жатты.

Халықаралық әйелдер күнін атап өту ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды» насихаттау аясында да қарастырылмақ. Бұл туралы әйелдер қауымын мейрамдарымен құттықтау кезінде мекеме бастығы, полиция полковнигі Бахыт Ратаев атап өтті. Сондай-ақ, ол мерекелік іс-шаралардың идеологиялық мазмұны ана болудың құрметті және ықыласты рөлін насихаттау, қазақстандық отбасының оң имиджін, саламатты өмір салтын, еңбек адамы ретінде заманауи қазақстандық әйелдердің мәртебесін нығайту, оның қалыптасқан мәселелерінің Мемлекет басшысының назарында екендігі туралы айтып өтті.

Осы кеште Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының көзге түскен әйел ардагерлері мен әйел қызметкерлері марапатта-лып, барлық әйел қызметкерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар сыйға тартылды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘйЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАй СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБ-ЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН БІРЛЕСІП ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАРАуЫНСЫЗ ҚАЛғАН БАЛАЛАРғА МЕРЕКЕЛІК КӨңІЛ-КҮй СЫйЛАДЫ.

« К ө к т е м н і ң жарқын мерекесі қ а р с а ң ы н д а қ а з а қ м е к т е п -гимназиясымен б ірлес іп , бала-ларды қуантайық д е п ш е ш і м қ а б ы л д а д ы қ . С ы й л ы қ т а р ы - мызды алып, осы мекемеге келдік. О л а р ғ а а ш ы қ аспан, татулық п е н ы н т ы м а қ тілеп, балаларға ү л г і - ө н е г е с і н с ің ір іп , тәрбие б е р і п ж а т қ а н т ә р б и е ш і л е р г е а л ғ ы с ы м ы з д ы білдірдік», – дейді о б л ы с т ы қ І І Д

Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

К е з д е с у с о ң ы н д а б а л а л а р базарлықтарын ала келген меймандарға өнерлерін көрсетіп, әндерін айтып, өлеңдерін оқып берді. Кетер кезде балалар қонақтармен бірге естелік су-ретке түсті.

Сондай-ақ, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында департаментте

бірқатар қайырымдылық шаралар өтті. ІІД Әйелдер кеңесінің өкілдері тыл еңбеккерлері Иранбағы Дүйсенова мен Прасковья Кочневаға барып қайтты. Ішкі істер органдарының зейнеткерлері полиция қызметкерлерінің келгеніне қуанып, риза болды. Тыл еңбеккерлері полицейлермен әңгімелесіп, олардың жылы лебіздерін тыңдап, гүлдер мен азық-түлік себеттерін қабыл алды. Ардагерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Олардың өткен өмірі мен тынбай атқарған еңбектері жас қызметкерлер үшін үлгі-өнеге.

Кей і н І ІД Әк імш іл і к полиция басқармасының қызметкерлері мен Әйелдер кеңесі өздеріне бекітілген жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттағы отбасына барды. Әкімшілік полиция қызметкерлері 20 жыл бойы «Достар» атты №3 отбасына қамқорлық көрсетіп келеді. Жемістер мен тәтт і сыйлықтар мерекел ік дастарқанға сән беріп, балалар келген қонақтармен әңгімелесіп, өздерінің оқудағы және спорттағы жетістіктері ту-ралы айтып берді. «Достар» отбасының тәрбиешісі Жанна Мусина погон таққан меймандарға алғысын айтты. «Бұл отбасының балалары тәртіпті әрі тату. Бір-біріне қамқор болып, көмектесіп жүреді. Тәртіп сақшыларына әрдайым көңіл бөліп келіп тұратыны үшін көп рахмет», – дейді ол.

Мұндай іс-шаралар балалар үшін ғана емес, тәртіп сақшылары үшін де маңызды. Балалар үлкендердің қаморлығын сезінсе, полицейлер мұндай кездесулерден ерекше жылулық алады.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІд баспасөз қызметі

АЛғЫС АйТу КҮНІ МЕРЕКЕСІНІң МӘНІН ТҮСІНДІРу МАҚСАТЫНДА АТЫРАу ҚАЛАЛЫҚ ІІБ-ДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫң ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗ-ДЕСу ӨТТІ.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, Атырау облысы

Жазасын өтеушілерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, ұлтаралық және этносаралық келісімді нығайту мақсатында қолға алынған шара аясын-да сотталғандар мен арнайы шақырылған Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Якорь селосының шығармашылық тобының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекеге орай үздік қабырға газетінің байқауы да өткізілді.

Бүгінде мекемеде түрлі ұлт өкілдері жазасын өтеп келеді. Алғыс айту күні олардың ұлтына қарамастан бір-біріне деген сыйластықтары артып, көңіл-күйлері көтеріңкі болғандары байқалып тұрды. «Алғыс айту күнін мерекелеу халықтар достастығын нығайтудың кезекті бір қадамы, сондай-ақ, сотталғандарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады», – дейді мекеме қызметкерлері.

Темір тордағы татулықЕС-164/9 МЕКЕМЕСІНДЕ АЛғЫС АйТу КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ. БҰЛ КҮНІ МЕКЕМЕДЕ МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҚАТАР ҰйЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Рустам МҰҚЫШЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД

Қалжыңмен көмкерілген кешАЛғЫС АйТу КҮНІ уК-161/3 МЕКЕМЕСІНІң ҰЖЫМЫ ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРІ – РАИСА ПАЛЕНИК ПЕН КҮЛӘШ ДЕМЕйСЕНОВАНЫ ҚҰРМЕТТІ ДЕМАЛЫСҚА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫғАРЫП САЛДЫ.

А.ИЗИКЕЕВА, уК-161/3 мекемесі

МЕЙРАМ ИдЕолоГИяСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛғАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘйЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛғАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.

А.БОРАНғАЗИЕВ, Жамбыл облысы