Сақшы №50 (4216)

8
№50 (4216), 8.07. 2016, жұма www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ АЙМАҚ САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ Кеше «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының кезектен тыс 23-ші конференциясы барысында ұйым саяси кеңесінің жаңа құрамы бекіді. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9,6 тармағына сəйкес, қаладан тысқары кетуіне, сонымен бірге басқа жұмысқа ауысуларына орай партияның Астана қалалық филиалы саяси кеңесінің құрамынан мына мүшелерді: Əли Салтанат Файзоллақызын, Жауханов Қайрат Кеңесбекұлын, Нұралин Ерден Ерланұлын, Оралов Мейрамбайды, Сағын Бекбол Үбайдоллаұлын, Құлышева Гүлнар Ережеқызын шығаруды ұсынамын», – деді «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Нұрал Айдашев. Осыдан кейін ол конференцияға қатысқан 192 делегаттың назарына саяси кеңестің жаңа құрамын ұсынып, ол бірауыздан қолдау тап- ты. Саяси кеңес құрамына Исекешев Əсет Өрентайұлы, Сергеев Владислав Алексеевич, Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы, Нұрпеиісов Жанат Ғазизұлы, Батпенов Саят Нұрланұлы кірді. Ол өзінің твиттердегі аккаунтында: «Крайний» əуежайына келдім. Бүгін зымы- ран сəтті ұшырылды» деп жазды. Премьер- Министрдің жұмыс сапары «Крайний» əуежайын көруден басталды. Кеше «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Гагарин тұғырынан» «Союз МС» жаңа сериясының алғашқы «Союз-ФГ» зымыран- тасымалдаушысы сəтті ұшырылды. Қызылорда облысына сапары барысын- да Қазақстанның Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектепте жəне перзентханада бол- ды. Ол мектептің оқу үдерісімен танысып, білім беру саласының қазіргі жай-күйі мен болашақтағы даму бағыты туралы ақпаратты тыңдады. Атап айтар болсақ, облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев Байқоңыр қаласындағы алты мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшкенін хабардар етті. Үкімет басшысы Қызылорда облысына жұмыс са- пары барысында Байқоңыр қаласының дамуының бас жоспарымен танысты. Баяндамашылар Кəрім Мəсімовке жапсарлас Төретам жəне Ақай елді мекендерімен қоса, қаланың дамуының бас жоспарын таныстырды. Кеңеске қатысушылар Байқоңыр қаласын Қазақстан Республикасының жəне Ресей Федерациясының қаржысы есебінен қаржыландыру туралы мəселені талқылады. Сондай-ақ, Премьер-Министр Сыр өңіріне сапары аясында Жақсықылыш ауылының тұрғындарымен кездесіп, аймақтағы өзекті мəселелерді жəне пер- спективаларды талқылады. Ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде Кəрім Мəсімов: «Əрбір адамның өмірі маңдайына жазылған тағдырымен байланы- сты. Біз бен сіздерге Елбасымен бірге Тəуелсіз əрі бақуатты Қазақстанда өмір сүру бұйырған екен. Біз мұнда Президенттің тапсырмасымен, сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін қуана келдік, бұл жерде талқыланған мəселелер шешілетін болады», – деді. Кездесу жергілікті Мəдениет үйінде өтті. Мұнда Премьер-Министр ауыл тұрғындарымен аймақтың дамуына қатысты өзекті мəселелерді, атап айтқанда, ауыл кəсіпкерлігін мемлекеттік қолдауды, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту- ды, жастарды жұмысқа орналастыру мен ел аймақтарында əлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуды талқылады. Сонымен бірге, Кəрім Мəсімов Аралды қалпына келтіру бойынша жұмыс сапасын бағалады. Жауапты тұлғалар Үкімет басшысына «Сырдария өзенінің арнасын реттеу жəне Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндады. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу ая- сында, 2016 жылғы 27 мамырда ІІД Мемлекеттік тіл жəне ақпарат бөлімі Солтүстік Қазақстан облыстық Тарихи-өлкетану мұражайында Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы жəне мұражай қызметкерлерімен бірлесіп, ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арналған «Тарих беттері» тақырыбына семинар-презентация ұйымдастырды. Семинар-презентация экскурсия жəне жаңа басылымдарға шолу түрінде өтті. Мұражай қызметкері Гүлжауһар Сəдуақасова экскурсияны Тəуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы жайлы сыр шертетін жəдігерлер жəне материалдар қамтылған «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» галереясынан бастап, «Тұңғыш Президент» залына өтті. Бұл жерде ІІД Жергілікті полиция қызметі, Көші-қон полициясы басқармасы, Петропавл қалалық ІІБ, жол-патрульдік полициясы батальонының жас қызметкерлері еліміздің ширек ғасыр тарихы, бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктері, Елбасы жайлы кеңінен мағлұмат алды. Сондай-ақ, мұражай тыңдаушыларға Саяси қуғын-сүргін құрбандары жай- лы материалдар ұсынып, сол кездегі саяси құрылым жəне тарихи деректер- мен, тарих беттеріндегі ақтаңдақтармен таныстырды. Жас қызметкерлер мұражай қызметкерінің əңгімесін ұйып тыңдады. Одан əрі іс-шараны Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Майра Мақышева жəне Бибігүл Қамытаяқова жалғастырды. Олар Мұхтар Əуезов, Манаш Қозыбаев, Қабдеш Жұмаділов, Дүкенбай Досжанов сынды тұлғалардың шығармаларына шолу жасап, жаңа басылымдармен таныстырды. «Біз бүгінгі іс-шарада тарих жайлы, еліміздің қалыптасуы жайлы көптеген қызықты мағлұматтар алдық. Жаңа басылымдармен таныстық. Менің ойымша осындай іс-шаралардың жас буынға берері мол. Біз жас полицейлер бүгінгі іс-шарадан ұмытылмас əсер, рухани азық алдық», – дейді Петропавл қалалық ІІБ Екінші полиция бөлімінің тергеушісі Ернар Қожабек. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ПРЕМЬЕР- МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ, ДЕП ХАБАР- ЛАЙДЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРҒАН ПРЕ- МЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕКЕ ӨЗІ БАҒАЛАП ҚАЙТПАҚ. ТƏУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ БОЛҒАН «ТАРИХ БЕТТЕРІ» СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНДА ІІД ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ТАРИХ БЕТТЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР-ПРЕЗЕНТАЦИЯ ӨТТІ. БАЛАЛАР – БАСТЫ НАЗАРДА Балалар сауықтыру демалысымен қамтылуы тиіс. Кеше жазғы демалысты ұйымдастыру жəне демалыс кезеңінде жастар туризмін дамыту мəселелеріне арналған селекторлық кеңесте Премьер- Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева осындай тапсырма берді. Кеңес барысында баланың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға баса мəн берілді. Үкімет басшысының орынбасары демалыс орнына балаларды қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін жолаушылар көлігін бақылап бірге алып бару, лагерьлердің барлығына медициналық ұйымдарды бекітуден бөлек маусымның қауырт кезеңінде су қоймаларындағы қауіпсіздік мəселелеріне де баса назар аудартты. «Мұны əкімдіктер тыңғылықты қарастыруы тиіс. Олар арнайы орындар жасақтау, ол орын- дарды абаттандыру керек. Ол жерлерде құтқару қызметі міндетті түрде болуы қажет», – деп атап өткен Д.Назарбаева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды. Премьер-Министрдің орынбасары мұндай лагерьлерді қамту бағдарламасын əзірлеуді еліміздің Білім жəне ғылым министрлігіне əкімдіктермен бірге қолға алуды тапсырды. «Бұл лагерьлер өте үлкен рөлге ие бола алады. Олар жыл бойы жұмыс істейтін бола- ды. Коммерциялық мүдде тұрғысынан алып қарағанда, олар барынша тартымды. Бұл рет- те Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі мен жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау басқармаларының келісімі болғаны маңызды», – деп қосты Д.Назарбаева. Оның айтуынша, «қазіргі уақытта біз ішкі туризмді дамытуға мүдделіміз, ал білім саласы туризм индустриясына туристердің мол легін тарта алады». «Бұл орайда оқушылар мен студенттер үшін туристік бағдарлар өз өңірінің шегінде ғана емес, сонымен бірге өңірлер арасында да бо- луы тиіс. Міне, осы жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін сəйкесінше инфрақұрылымдар құру керек», – деді Үкімет басшысының орынбасары Д.Назарбаева.

Upload: mediaovd

Post on 05-Aug-2016

272 views

Category:

Documents


17 download

DESCRIPTION

Сақшы №50 (4216) 08.07.2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №50 (4216)

№50(4216),

8.07. 2016, жұма

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

АЙМАҚ

САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Кеше «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының кезектен тыс 23-ші конференциясы барысында ұйым саяси кеңесінің жаңа құрамы бекіді.

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9,6 тармағына сəйкес, қаладан тысқары кетуіне, сонымен бірге басқа жұмысқа ауысуларына орай партияның Астана қалалық филиалы саяси кеңесінің құрамынан мына мүшелерді: Əли Салтанат Файзоллақызын, Жауханов Қайрат Кеңесбекұлын, Нұралин Ерден Ерланұлын, Оралов Мейрамбайды, Сағын Бекбол Үбайдоллаұлын, Құлышева Гүлнар Ережеқызын шығаруды ұсынамын», – деді «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Нұрал Айдашев.

Осыдан кейін ол конференцияға қатысқан 192 делегаттың назарына саяси кеңестің жаңа құрамын ұсынып, ол бірауыздан қолдау тап-ты. Саяси кеңес құрамына Исекешев Əсет Өрентайұлы, Сергеев Владислав Алексеевич, Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы, Нұрпеиісов Жанат Ғазизұлы, Батпенов Саят Нұрланұлы кірді.

Ол ө з і н і ң т ви т т ерде г і а к к а ун тында : «Крайний» əуежайына келдім. Бүгін зымы-ран сəтті ұшырылды» деп жазды. Премьер-Министрдің жұмыс сапары «Крайний» əуежайын көруден басталды. Кеше «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Гагарин тұғырынан» «Союз МС» жаңа сериясының алғашқы «Союз-ФГ» зымыран-тасымалдаушысы сəтті ұшырылды.

Қызылорда облысына сапары барысын-да Қазақстанның Премьер-Министрі Кəрім Мəс імов Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектепте жəне перзентханада бол-ды. Ол мектептің оқу үдерісімен танысып, білім беру саласының қазіргі жай-күйі мен болашақтағы даму бағыты туралы ақпаратты тыңдады. Атап айтар болсақ, облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев Байқоңыр қаласындағы алты мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшкенін хабардар етті.

Үкімет басшысы Қызылорда облысына жұмыс са-пары барысында Байқоңыр қаласының дамуының бас жоспарымен танысты. Баяндамашылар Кəрім Мəсімовке жапсарлас Төретам жəне Ақай елді мекендерімен қоса, қаланың дамуының бас жоспарын таныстырды. Кеңеске қатысушылар Байқоңыр қаласын Қазақстан Республикасының жəне Ресей Федерациясының қаржысы есебінен қаржыландыру туралы мəселені талқылады.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Сыр өңіріне сапары аясында Жақсықылыш ауылының тұрғындарымен кездесіп, аймақтағы өзекті мəселелерді жəне пер-спективаларды талқылады. Ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде Кəрім Мəсімов: «Əрбір адамның өмірі маңдайына жазылған тағдырымен байланы-сты. Біз бен сіздерге Елбасымен бірге Тəуелсіз əрі бақуатты Қазақстанда өмір сүру бұйырған екен. Біз мұнда Президенттің тапсырмасымен, сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін қуана келдік, бұл жерде талқыланған мəселелер шешілетін болады», – деді.

Кездесу жергілікті Мəдениет үйінде өтті. Мұнда Премьер-Министр ауыл тұрғындарымен

аймақтың дамуына қатысты өзекті мəселелерді, атап айтқанда, ауыл кəсіпкерлігін мемлекеттік қолдауды, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту-ды, жастарды жұмысқа орналастыру мен ел аймақтарында əлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуды талқылады.

Сонымен бірге, Кəрім Мəсімов Аралды қалпына келтіру бойынша жұмыс сапасын бағалады. Жауапты тұлғалар Үкімет басшысына «Сырдария өзенінің арнасын реттеу жəне Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу ая-

сында, 2016 жылғы 27 мамырда ІІД Мемлекеттік тіл жəне ақпарат бөлімі Солтүстік Қазақстан облыстық Тарихи-өлкетану мұражайында Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы жəне мұражай қызметкерлерімен бірлесіп, ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арналған «Тарих беттері» тақырыбына семинар-презентация ұйымдастырды.

Семинар-презентация экскурсия жəне жаңа басылымдарға шолу түрінде өтті. Мұражай қызметкері Гүлжауһар Сəдуақасова экскурсияны Тəуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы жайлы сыр шертетін жəдігерлер жəне материалдар қамтылған «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» галереясынан бастап, «Тұңғыш Президент» залына өтті. Бұл жерде ІІД Жергілікті полиция қызметі, Көші-қон полициясы басқармасы, Петропавл қалалық ІІБ, жол-патрульдік полициясы батальонының жас қызметкерлері еліміздің ширек ғасыр тарихы, бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктері, Елбасы жайлы кеңінен мағлұмат алды.

Сондай-ақ, мұражай тыңдаушыларға Саяси қуғын-сүргін құрбандары жай-

лы материалдар ұсынып, сол кездегі саяси құрылым жəне тарихи деректер-мен, тарих беттеріндегі ақтаңдақтармен таныстырды.

Жас қызметкерлер мұражай қызметкерінің əңгімесін ұйып тыңдады. Одан əрі іс-шараны Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Майра Мақышева жəне Бибігүл Қамытаяқова жалғастырды. Олар Мұхтар Əуезов, Манаш Қозыбаев, Қабдеш Жұмаділов, Дүкенбай Досжанов сынды тұлғалардың шығармаларына шолу жасап, жаңа басылымдармен таныстырды.

«Біз бүгінгі іс-шарада тарих жайлы, еліміздің қалыптасуы жайлы көптеген қызықты мағлұматтар алдық. Жаңа басылымдармен таныстық. Менің ойымша осындай іс-шаралардың жас буынға берері мол. Біз жас полицейлер бүгінгі іс-шарадан ұмытылмас əсер, рухани азық алдық», – дейді Петропавл қалалық ІІБ Екінші полиция бөлімінің тергеушісі Ернар Қожабек.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ, ДЕП ХАБАР-ЛАЙДЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРҒАН ПРЕ-МЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕКЕ ӨЗІ БАҒАЛАП ҚАЙТПАҚ.

ТƏУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ БОЛҒАН «ТАРИХ БЕТТЕРІ»

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНДА ІІД ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ТАРИХ БЕТТЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР-ПРЕЗЕНТАЦИЯ ӨТТІ.

БАЛАЛАР – БАСТЫ НАЗАРДАБалалар сауықтыру демалысымен

қамтылуы тиіс. Кеше жазғы демалысты ұйымдастыру жəне демалыс кезеңінде жастар туризмін дамыту мəселелеріне арналған селекторлық кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева осындай тапсырма берді.

Кеңес барысында баланың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға баса мəн берілді. Үкімет басшысының орынбасары демалыс орнына балаларды қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін жолаушылар көлігін бақылап бірге алып бару, лагерьлердің барлығына медициналық ұйымдарды бекітуден бөлек маусымның қауырт кезеңінде су қоймаларындағы қауіпсіздік мəселелеріне де баса назар аудартты.

«Мұны əкімдіктер тыңғылықты қарастыруы тиіс. Олар арнайы орындар жасақтау, ол орын-дарды абаттандыру керек. Ол жерлерде құтқару қызметі міндетті түрде болуы қажет», – деп атап өткен Д.Назарбаева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды.

Премьер-Министрдің орынбасары мұндай лагерьлерді қамту бағдарламасын əзірлеуді еліміздің Білім жəне ғылым министрлігіне əкімдіктермен бірге қолға алуды тапсырды.

«Бұл лагерьлер өте үлкен рөлге ие бола алады. Олар жыл бойы жұмыс істейтін бола-ды. Коммерциялық мүдде тұрғысынан алып қарағанда, олар барынша тартымды. Бұл рет-те Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі мен жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау басқармаларының келісімі болғаны маңызды», – деп қосты Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, «қазіргі уақытта біз ішкі туризмді дамытуға мүдделіміз, ал білім саласы туризм индустриясына туристердің мол легін тарта алады».

«Бұл орайда оқушылар мен студенттер үшін туристік бағдарлар өз өңірінің шегінде ғана емес, сонымен бірге өңірлер арасында да бо-луы тиіс. Міне, осы жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін сəйкесінше инфрақұрылымдар құру керек», – деді Үкімет басшысының орынбасары Д.Назарбаева.

Page 2: Сақшы №50 (4216)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№50 (4216), жұма, 8.07.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

АҚШ

Қырғызстан

Жапония

Авторлық құқықты реттейтін заң

ЫСТАНБҰЛ ҚАЛАСЫНДА ШІЛДЕНІҢ 7-9 КҮНДЕРІ ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТЕДІ. ҚҰРЫЛТАЙ БАРЫСЫНДА Ə.БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ ФУТБОЛ ТУРНИРІ, ЗҰҚА БАТЫР АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ», ҚОЛӨНЕР ЖƏНЕ КІТАП КӨРМЕСІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ГАЛА КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ.

Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін рухани шараға ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары, министрлік өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен өнер майтал-мандары: Б.Самидинова, М.Түсіпбаева, Н.Жанпейсов, Е.Рысқали, А.Асқап, Т.Мұқышев жəне көрмеші С.Тұрсынхан қатысады деп жоспарлануда.

«Еліміз егемендігін алғалы бері шетте жүрген қандастарымызға ерекше көңіл бөлініп, Елбасымыздың өзінің тікелей тапсырмасымен атажұрттан алыстағы қандастарға рухани да ақпараттық əрі мəдени көмек беріліп келеді. 1995 жылдан бері əлемнің түкпір-түкпірінде өтіп келе жатқан шетелдегі қазақ диаспораларының кіші құрылтайы өз нəтижесін беріп келеді. Бұл реткі Түркия қазақтарының құрылтайы да қазақ ұлтының тарихына қатысты елеулі даталарды, тарихи оқиғаларды қамтып отыр» – дейді ұйымдастыру алқасынан Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботакөз Уатхан.

Сарыағаштан солтүстікке қоныс аударды

ЕЛІМІЗДЕ ІШКІ КӨШІ-ҚОН БАҒДАРЛАМАСЫМЕН САРЫАҒАШТАН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 50 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРДЫ. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ƏЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ЖАНДАРМЕН ҚАТАР КƏСІПКЕРЛЕР ДЕ БАР.

Оларға Ішкі көші-қон бағдарламасына сай бір жолғы көмек пен баспана да берілмек. Жалпы аудан бойынша солтүстікке көшуге 216 отбасы өтініш білдіріпті. Бұл жолғы керуен Уəлиханов ауданына қарасты Алқатерек ауылдық округіне аттанды. Солтүстік Қазақстан облысына алғашқылардың бірі болып отбасымен көшуге ниет білдіргендердің бірі Айбүбі Дүйсенбекова. Жалғызбасты ана бір ұлы мен қызын өсіру үшін түрлі салада еңбек еткен. Тұрақты жұмысы мен тұрғылықты баспаналары болмаған соң əкесінің үйін паналауына тура келіпті. Солтүстіктен үй береді деген соң түпкілікті көшуге бел байлаған. «Бір баламның келешек өмірін қалыптастыру үшін бара жатырмын. Құдай қаласа, ұлым сол жақта жақсы жұмысқа тұрады. Келінім барып тəрбиеші болса, мен аспаздық етсем, біз ол жақта өздігімізше өмір сүріп кетеміз. Малды да, жерді де барлығын игереміз»,– дейді жалғызбасты ана.

Ал Нұржан Əбжанов солтүстікке отбасымен көшіп барып жеке кəсіппен айналыспақ. Ауыл шаруашылығының маманы бір гектар жерге жылыжай салып, көкөніс өсірмекші. Алдында сонда барып агрономдардың кеңесін де тыңдап қайтқан Нұржан: «Біздің жерлерге көп күтім қажет. Ол жердің құнарлығы жақсы. Жерлері қара топырақ. Мысалы бізде оның қабын 3 мың теңгеден сатып алып, жылыжайға салып жатады. Бізде жерге кетпен ұрсақ, кері қарай амортизация береді, ал ол жақта кетпеннің де керегі жоқ. Қолмен қопсытуға болады».

Ішкі көші-қон бағдарламасына енген азаматтарға бірінші кезекте көтермеақы беріледі. Шаңырақ иесі 100 мыңнан, ал қалған мүшелері 75 мың теңгеден қолма-қол ақша алады. Баспана мəселесі де шешілмек. Былтыр ауданнан солтүстікке көшіп барған 18 отбасының алды квота алып үлгерген.

Бес жылдық белес

КЕШЕ АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ӨЗІНІҢ БЕСЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ. ОРТАЛЫҚ - КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМ ЖƏНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖƏРДЕМДЕСУ МЕН «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРАДЫ.

Осы аз ғана уақыт аралығында Астана қаласы əкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 16 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастырды. Сонымен қатар, осы мерзім ішінде елорданың 35 мыңға жуық тұрғынына жұмысқа орналасу бойынша жəрдемдесті.

Орталықтың негізгі мақсаттарының бірі – азаматтарды оқыту жəне жұмысқа орналасуына жəрдемдесу, сондай-ақ, инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

Жалпы алғанда, 100-ге жуық жоба іске асырылды. Білім беру, спорт, мəдени-сауықтыру жəне медициналық мекемелерді күрделі жəне ағымдық жөндеу мақсатында, сонымен қатар, қала көшелері жолдарын салу жəне жөндеу мақсатында жұмыс орындары құрылған болатын.

Жалпы алғанда осы жоба шеңберінде 1 269 жаңа жұмыс орындары құрылды. Орталықтың негізгі қызметінің бірі – шəкіртақы төлей отырып, кəсіптік даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттырудың ақысыз курстарына жолдама беру болып табылады.

Бес жылдың ішінде осы курстарға 9,5 мыңнан астам адам жолдама алды. Сонымен бірге, Жұмыспен қамту орталығы азаматтарға лайықты бос жұмыс орындарын іздеумен жəне жұмысқа орналастыруға жəрдемдесумен, соның ішінде əлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тəжірибесіне де жолдаумен айналысады. Бес жылдың ішінде əлеуметтік жұмыс орындарына 1 696 адам, ал жастар тəжірибесіне 3 746 адам жіберілді. Қоғамдық жұмысқа 10 мыңнан астам адам тартылды.

Еске сала кетсек, ұйымшыл, тату ұжымның арқасында соңғы екі жылдың аралығында елордадағы жұмыссыздық деңгейі бүкіл елмен салыстырғанда ең төменгі көрсеткішті сақтап отыр.

Президенттен сыйға – CD дискҚырғызстан президенті Алмазбек

Атамбаев бейсенбіде өзінің авторлық əндерінің музыкалық дискісін шығарды, деп хабарлады КирТАГ мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көптеген сауалдарға орай, Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі президенттің өз мерейтойы қарсаңында жақындары мен туыстарына сый ретінде авторлық əндерінің CD-дискісін шығарғанын хабарлады. Орыс тілінде 5 əн жазылған. Дыбыс

режиссері Эрнист Уметалиев («Экорекордс» студиясы) маусым айында президент офисінде жазба жұмыстарымен айналысқан. Ал аудио-жазба процесіне мемлекет басшысының 1 сағат уақыты кеткен. Тамыз айында еңбек демалы-сына шығатын президент қырғыз тілінде 5 əн жазуды жоспарлап отыр.

Əн жазба туралы естіген президенттің ежелгі танысы, кинорежиссер Фуркат Турсунов ескі кеңестік фильмдерден клип жасау туралы шешім қабылдаған. Сонымен бірге, аудио-жазбамен айналысқан Эрнист Уметалиевтің өтінішімен, президент жас режиссер Мирлан Сатқымбаевқа Қырғызстан жастары туралы бей-нематериал негізінде клип жасауға рұқсат берді.

Үйсіз жүрсе де үздік бітірдіТехас штатында (АҚШ) үш жыл бойы

қаңғырып, үйсіз-күйсіз жүрген 20 жастағы Лийон Де Сильва орта мектепті үздік бітірді. Бұл туралы dailymail.co.uk хабарлады.

Мектеп оқушысы бұдан бес жыл бұрын ана-сы өмірден озғаннан кейін баспанасыз қалған. Алғашқыда ол туған-туыстарының үйлерін жағалаған. Ал есейген соң олардың бəрі теріс айналған. Қысқасы Лийон Де Сильва үйсіз қалған. Бірақ қиындықтар оның үздік оқуына бөгет бола алмады.

Соңғы үш жыл ішінде (17 жасынан бастап) ол көшеде жүрді. Техас саябақтарындағы орындықтарға түнеуге мəжбүр болды. Бірақ бозбала мектепті тастамады. Кейінірек Лийон оқитын мектептегілер оның жағдайы туралы естиді. Үздік оқушыларының бірінің көшеде өмір сүріп жатқанын білген директор мектеп əкімшілігімен бірлесіп үйсіз жанға көмектесуді ұйғарады.

Білім шаңырағының басшысы қашан тегін пəтер табылғанша өз қалтасынан төлеп, ба-ланы қонақүйге орналастырды. Сондай-ақ, Де Сильва колледжде тегін оқуға грант ұтып алды. Мұндай гранттар тек дарынды балаларға ғана беріледі.

Жойқын дауыл жақындап қалды

Жапониядағы жаз маусымының аса алапат дауылы «Непартак» оңтүстіктегі Сакисима архипелагына жақындап қалды, – деп хабарлайды Жапонияның орталық метеорологиялық басқармасы.

Қазіргі уақытта тайфун Окинава префекту-расынан теңіз бетінде сағатына 25 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа жылжуда. Тайфун орталығындағы қысым 900 гекто-паскаль, желдің жылдамдығы 60 м/с, қатты соққанда - 85 м/с дейін жетеді, – деп жазды РИА Новости.

Бейсенбіден жұмаға қараған түні тайфун Сакисима архипелагына жақындайды деп күтілуде. Желдің күші 25 м/с, қатты соққанда 35 м/с болуы мүмкін. Тайфун əсерінен нөсер жау-ын, дауылды жел туындап отыр. Толқындардың биіктігі 9 метрге дейін көтерілуі мүмкін.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ПАРЛАМЕНТКЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙIН ҰСЫНЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ «АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖƏНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «АВТОРЛЫҚ ЖƏНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТЫ САҚТАУ ЖƏНЕ ҚОРҒАУ: ЖАҒДАЙЫ, МƏСЕЛЕЛЕРI ЖƏНЕ КЕЛЕШЕГI» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ-ДА ҚР ƏДIЛЕТ МИНИСТРЛIГIНIҢ ДЕПАРТА-МЕНТ ДИРЕКТОРЫ АБЗАЛ ЕСТАЕВ АЙТТЫ.

«Тəуелсiздiктiң алғашқы күндерiнен бастап «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» заң жобасы əзiрлене бастады. Бұл жұмысқа белгiлi заңгерлер, авторлық құқық саласындағы мамандар тартылды. 1996 жылы 10 шiлдеде қабылданған заң авторлық жəне сабақтас құқықты қорғау бойынша ұлттық жүйенi қабылдап, оны Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымы аясындағы мiндеттерге сəйкестендiруге мүмкiндiк бердi», – дейдi А.Естаев.

Оның айтуынша, қазiргi уақытта бұл заң авторлық сыйақының мөлшерлемесiн, авторлық құқықты сақтау мерзiмiн, интернет желiсiнiң авторлық құқығын реттейдi.

«Жыл сайын Əдiлет министрлiгi 2 мыңнан астам авторлық куəлiк бередi. Соңғы төрт жыл-да жиналған жəне авторларға төленген сыйақы сомасы 2 еседен артық өскен. Егер 2011 жылы төленген сыйақы сомасы 267 млн. теңге болса, 2015 жылы бұл көрсеткiш 800 млн. теңгеге жеттi», – дейдi ол.

Конференцияға Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымы, Авторлар мен композиторлардың халықаралық қоғамы, BMI ( Америка автор-лар қоғамы) жəне Италия, Сербия, Ресей, Қырғызстан, Əзербайжан, Грузия, Қазақстанның зияткерлiк меншiк саласындағы басқа да ұйымдардың өкiлдерi жиналды. Конференцияда айтылған ұсыныстар 2016 жылдың екiншi жартыжылдығында Парламентке енгiзу жоспар-ланып отырған заң жобасында ескерiледі.

Түркия қазақтарының кіші құрылтайы өтеді

Astana Art Fest-2016 фестивалі жалғасады

ASTANA ART FEST-2016 ФЕСТИВАЛІ ЖАЗДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКА-ЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БРИФИНГТЕ ФЕСТВАЛЬДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ СƏУЛЕ САМИДИН БІЛДІРДІ.

«Жалпы, арт-фестиваль əдеттегідей үш күн өтпейді. Ол ағымдағы жылы жаз бойы, тамыз айының соңына дейін жалғасады. Фестиваль қатысушылары жасаған перфоманстар, арт-инсталляциялардың барлығы да жаздың соңына дейін «Нұржол» желекжолы аумағында қалады», – деді ол.

Ұйымдастырушылар бұл туындыларды елордада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қоюды да жоспар-лап отыр.

«Бұл артнысандар əкімдіктің қарауында қалады. Яғни, кейбір заттар қоймаға қойылып, келесі жылға дейін сонда сақталады. Ал енді кейбір заттар саябақтардың коммуналдық меншігіне беріледі», – деді ол.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі бри-фингте «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Əнуар Нұрпейісов елорда күніне орай осымен екінші рет өткізілген Astana Art Fest-2016 фестивалі халықтың көңілінен шыққанын айтты.

«Биыл 4-6 шілде аралығында заманауи өнер, сəулет, дизайн, өнеркəсіптік дизайн, музыка жəне театр өнерлерін біріктіретін Astana Art Fest-2016 фестивалі өтті. Бұл жоба толығымен Астана қаласы əк імд і г ін ің қолдауымен ұйымдастырылды. Ағымдағы жылғы фести-валь тақырыбы «Адам энергиясы» деп аталды. Яғни, біздің суретшілеріміз, сəулетшілеріміз осы тақырыпқа орай өздерінің туындыларын көрсетті», – деді ол. Орталық басшысының атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар ай-ында фестивальдің ұйымдастыру комитеті үлкен сайыс жариялаған. Бұл фестивальге еліміздің суретшілері мен сəулетшілеріне өз жұмыстарын ұсынуға 2 ай уақыт берілген. «Биыл 300-ден астам жұмыс келіп түсті. Олардың тек 40-тан астамы ғана «Нұржол» желекжолы аумағында көрсетілді. Осы жылғы фестиваль өте жақсы өтті деп айтуға болады. Ең бастысы, халықтың көңілінен шыққанына сенімдіміз», – деді Ə.Нұрпейісов.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы өткен Astana Art Fest фестиваліне 44 қазақстандық, 10 шетелдік шығармашылық өкілдері қатысты. Үш күнде оны 300 мыңдай адам тамашалаған еді.

Page 3: Сақшы №50 (4216)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№50 (4216), жұма, 8.07.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ТІЛІҢ – ТҰҒЫРЫҢ

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

РЕСЕЙЛІК ƏРІПТЕСТЕРДІҢ РИЯСЫЗ ТІЛЕГІ

Мерекелік іс-шаралар шағын фут-болдан өткен жолдастық кездесуден басталып, «Динамо» стадионының футбол алаңында Солтүстік Қазақстан жəне Қорған облыстарының тəртіп сақшылары кездесті.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне автокөлік к ілттер ін табыстау – бағдарламаның басты жиыны болды. Полицейлер облыс əкімі Ерік Сұлтановтың қолынан 55 қызметтік көліктің кілттерін алды. Полиция бөліністерінің автопаркі Жергілікті полиция қызметінің, аудандық ішкі істер бөлімдерінің бастықтары алған жаңа Нива, УАЗ, Сhevrolet Captiva, Skoda Octavia автокөліктерімен толықты. «Еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде ішкі істер органдары мол еңбек етіп келеді. Айта кету керек, соңғы жыл-дары облысымызда барлық бағыттар бойынша қылмыс санының азаюына қол жеткізілді. Бұл барлық полиция қызметкерлерінің бірлескен, əрі кəсіби жұмысының нəтижесі. Бұл арада по-лиция қызметкерлерінің материалдық-

техникалық қамтамасыз етілуінің де маңызы зор», – деп атап кетті Ерік Сұлтанов полицейлерді мерекелерімен құттықтау кезінде.

Мерекелік бағдарлама Н.Погодин

атындағы драма театрында өткен салтанатты жиынмен аяқталды. Жиын барысында сахнада Ресей Федерациясы ІІМ Қорған облысы бой-

ынша басқармасының жəне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД вокалдық топтары əн шырқады. Шекаралас екі облыстың погон таққан вокалдық топ-тары патриоттық сезімге толы үздік композицияларды орындады.

Қызметт і к м індеттер ін м інс і з а т қ а р ғ а н ы , қ ы з м е т т е ж о ғ а р ы жетістіктерге жеткені үшін, бұл күні 100-ден астам полиция қызметкері медаль-дармен, грамоталармен, алғыс хаттар-мен марапатталып, кезекті арнайы шен-дер табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан полициясының 24 жылдығына арналған мерекелік бұйрықта ресейлік поли-цейлер де болды. Қорған облысынан келген 20 мейман Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция ге-нерал-майоры Берік Білəловтің алғыс хаттарымен марапатталды. «Бірлесіп жұмыс істеген жылдар ішінде біздің шекаралас ынтымақтастығымыз жүйелі сипат алып, қылмысқа қарсы күрестің тиімді формалары мен əдістері пайда болды. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдары мен Ресей Федерациясы ІІМ Қорған облы-сы бойынша басқармасының барлық салалардағы өзара ынтымақтастығы – екі мемлекеттің ынтымақтастығының дамуына қосқан зор үлес», – деп алғысын білдірді Берік Білəлов. Сондай-

ақ, ол мерекелеудің мұндай бірлескен форматы Қазақстан өз тəуелсіздігін алғалы бері алғаш рет өткіз іліп отырғанын айта кетті.

МЕРЕЙТОЙ

Семей Оқу орталығына – 20 жыл

Гүлжан МАСАЛОВА, Семей қаласы

БИЫЛ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНА 20 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. ЕКІ ОНЖЫЛДЫҚ ІШІНДЕ ОҚУ ОРДАСЫ МЫҢНАН АСТАМ КƏСІБИ БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАП ШЫҒАРЫП, ҚАТАРҒА ҚОСТЫ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ОҚУ ОРНЫН ТƏМАМДАҒАН ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ДЕНІ РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП КЕЛЕДІ.

ТАҒЫЛЫМ

Өлке тарихымен таныстыЕ.ƏБЕНОВ, Павлодар облысы

№24 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ЖƏНЕ УСПЕН АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АСТАНА КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ ҚАРСАҢЫНДА ӨЗ АУДАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА БАРДЫ.

Успен ауданы облыс аумағының шағын алаңын алып тұрса да, аудандық орталықтағы тарихи-өлкетану мұражайы ауданның тарихы, аймақ құрылған кезде өз үлесін қосқан адамдар туралы əңгімелеп бере алады. Қазіргі кезде қоғамды дамыту бай тарихи естелігімен табысты бола алмақ. Ендеше, əлеуметтік-мəдени үрдістерінің алаңындағы факторларының бірі мұражай болып табылады, оның міндеті тарихи естелікті толықтыру жəне сақтау.

Экскурсияны мұражай директоры Ульяна Конкина өткізді. Ол Успен ауданының құрылу тарихынан бастап, Ұлы Отан соғысындағы жерлес қаһармандар, бас-шы құрамнан бастап қарапайым жұмысшыларға дейін ауданның құрылуына өз үлесін қосқан адамдар туралы əңгімелеп берді. Ульяна Конкина мұражайдың əрбір экспонаттары туралы жеке-жеке тоқталды. Кейбір қызметкерлер туған

өлкеміздің құрылуы мен дамуына үлкен үлес қосқан өз апалары мен аталарының фотосуреттерін көріп, қуаныштарын жасыра алмай жатты.

Іс-шараны қорытындылай келе Успен ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мұражай қызметкерлеріне қызықты экскурсия өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.

Диқан ƏБІЛОВ, ЕС-164/4 мекемесі

ТАЯУДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН «ҚАЗТЕСТ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЕС-164/4 МЕКЕМЕСІНІҢ 40 ҚЫЗМЕТКЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТТІ.

Қазақ тілінің аясын кеңейтіп, сауаттылықты арттыруды көздейтін тест Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерін орындау мақсатында қолға алынып отыр.

Тестің қорытындысы бойынша 3 қызметкер В2 ортадан жоғары деңгейде, 25 қызметкер В1 орта деңгейде, 9 қызметкер А2 базалық деңгейде, 3 қызметкер қарапайым деңгейдегі дəрежелерге ие болды.

Əрине, бұл көрсеткіштер қуанарлық жағдай десек артық болмайды, себебі тіліміздің, еліміздің өркендеуінде алатын орны зор.

Қазақ тілін меңгеріп, үйрену барысында қызметкерлер арасында белсенділік танытып, тестілеу кезінде жоғары көрсеткіштерге ие болған, ЕС-164/4 мекемесінің бас бухгалтері Гүлнəр Айтоллақызы мен бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтерлері Элвира Темірболатқызын, Бақыт Ғалымжанқызын құттықтай отырып, еңбектеріне табыс тілейміз жəне мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестеріне алғыс білдіреміз.

ДӘРІС

Тарихи тағдырлы шешім«БҮГІНДЕ ƏЛЕМ ТАНЫҒАН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЕЛОРДАСЫ, ЕУРАЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 18 ЖЫЛДЫҒЫ – ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ АСА ІРІ ТАРИХИ ОҚИҒА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІ».

Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі по-лиция полкінде Астана күніне арналып өткізілген дəріс осылай басталады. Полиция полкінің қызмет көрсету аясы негізінен елордамызда жүзеге асырылатындақтан бұл дəрістің жеке құрам үшін берері мол екенін сөзсіз түсінуге болады. Дəрісті өткізген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Филология факультеті Қазақ əдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұловты акт залында отырған қызметкерлер ұйып тыңдады.

«Біз ғасырлар тоғысқанда тəуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дəл ор-тасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде əлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғымдар қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді – келешегі кемел, əлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық», – деді Сағымбай Ботбайұлы.

Профессор осыдан 18 жыл бұрын, 1994 жылдың 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мəнінде тарихи да тағдырлы құжат болғандығын, бұл қадамның тəуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі екендігін айтты.

Рас-ақ, 18 жыл ішінде əлемге танылған Астана Қазақстанды да дүние жүзіне əйгілі етті. Сарыарқа төсінен бой көтерген Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.

«Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр. Осылайша Қазақ елі жасампаздық істерде жасқанбай, ата-баба аманатына адалдығын танытты», – деді ұлағаты мол ұстаз.

Дəріс соңында полиция полкінің қызметкерлері профессорға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Н.СƏРСЕНҒАЛИҰЛЫ, сурет автордікі

Тест нəтижесі қуантарлық

Оқу орталығының мерейлі мерекесі дəл Полиция күні Абай атындағы мемлекеттік театрда салтанатпен ата-лып өтті. Жиын басында дəстүрлі түрде еліміздің Əнұраны орындалып, төл ме-рекемен тұспа-тұс келген мерейтойдың шымылдығын орталық бастығының кадр жəне тəрбие жұмысы жөніндегі орынба-сары, полиция майоры Самат Телібаев құттықтау сөзімен ашты.

«Ең алдымен баршаңызды бүгінгі кəсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Оқу орталығының құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне ортақтасып отырған аға буын ардагерлерге айтар алғысым мол», – деген Самат Телібаев жиналған жұртты Ішкі істер министрі, поли-ция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хатымен та-ныстырып өтті.

Ал білім ордасының құрылуы мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар ет-кен Оқу орталығының бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Аманғазин іргетасы 1995 жылы қаланған орталықтың алғашында Шымкент заң колледжінің филиалы базасында ІІМ Семей заң колледжі болып құрылғанын жөнінде айтып өтті.

«Жиырма белесті бағындырған білім ордасының бой түзеп, нық қадам ба-суына күш-жігерін аямаған азаматтар баршылық. Солардың бірі əрі бірегейі – полиция полковнигі Сағатбек Асқаров болды.

Кезінде шағын ғимаратта орналасқан қатардағы жəне басшы құрамның ар-найы дайындық мектебі 20 жылдың ішінде оқу-материалдық базасы озық, қолайлы оқу аудиториялары, оқу-əдістемелік кабинеттері мен полигоны, спорт залдары, асханасы, екі үлкен кітапханасы, акт залы, атыс тирі бар Қазақстанның ірі колледждерінің біріне айналды. Бүгінде білім ошағы ІІМ-нің алдыңғы қатарлы Оқу орталықтарының бірі болып саналады. Қазіргі уақытта оқытушылардың сапалық құрамы біршама өзгерді. Оқу орталығының 10 оқытушысы заң ғылымдары магистрінің академиялық дəрежесінің иегері, 1 оқытушы PhD докторы, 1 қызметкер Аймақтық менеджмент Академиясының ə л е у м е т т і к ғ ы л ы м д а р ы н ы ң қауымдастырылған профессоры. Біз

Оқу орталығының тарихына құрметпен қарап, оның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан бұрынғы басшылар – полиция полковниктері Сағатбек Асқаров, Əлібек Оразғалиев пен Съезхан Дəулетқожановтың еңбектерін əркез жоғары бағалап, ақыл-кеңестеріне əлі де құлақ түріп келеміз», – деді аға буынға шын ықыласын білдірген орталық бастығы.

Жиын барысындағы көрсетілген мұрағаттық бейнефильмдер, əсіресе, ардагерлердің жүректеріне жылу ұялатты.

С а л т а н а т т ы ш а р а м а р а п а т -тау рəсімімен жалғасып, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың атынан 1 қызметкер II дəрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі, 3 қызметкер III, II, I дəрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталып, 1 қызметкерге Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ, 1 қызметкер ІІМ-нің алғыс хатымен мадақталса, 1 қызметкерге алғыс жа-рияланды.

М е р е к е а я с ы н д а « Д и н а м о » денешынықтыру-спорттық қоғамдық б і р л е с т і г і н і ң филиалы т əр т і п сақшыларының арасында жеңіл атле-тикадан эстафета өткізді. Он команда қатысқан жарыста Оқу орталығының əскери пəндер жəне денешынықтыру дайындығы циклінің оқытушылары

– полиция подполковнигі С.Қожанов пен полиция майоры М.Мадимов жетекшілік еткен команда 1-орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар – арнайы бастапқы оқыту курсының «Б» курсы 3-взвод тыңдаушылары А.Рахымбеков, Н.Сайлаубек, «Б» курсы 4-взвод тыңдаушысы Т.Сəрсеков, «А» курсы 4-взвод тыңдаушысы Д.Базарбаев Оқу орталығы бастығының грамотасымен жəне бағалы сыйлықтармен марапат-талды.

Мерейтойлық кеште Оқу орталығының қоғамдық өміріне белсене араласып, 15 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлер де құрметке бөленді. Сахна төріне шыққан арда-герлер жас буынға ағалық ақылдарын айтып, естеліктерімен бөлісті. Ақ тілектерін жеткізген Сағатбек Асқарұлы мен бұрын сап бөлімі жөніндегі колледж бастығының көмекшісі болған Аманжол Шарипов те ел қошеметіне бөленіп, оқу ордасының 20 жылдығына орай төсбелгі, құнды сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты жиында Семей қаласының ІІО бөліністерінің басшылары мен Семей заң колледжінің түлектері үн қосып, құттықтауларын жеткізді. Кеш соңы Абай атындағы мемлекеттік театр ұжымымен Оқу орталығының жеке құрамы бірлесе əзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасты.

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН САЛТАНАТ-ТЫ ШАРАҒА РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ІІМ ҚОРҒАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ОЛЕГ ИЛЬИН БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ АРНАЙЫ КЕЛДІ.

Page 4: Сақшы №50 (4216)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№50 (4216), жұма, 8.07.2016 е-mail:[email protected]

Абақтыға түскендердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, олардың білім алуына мүмкіндік ту-дыру, жазалау мерзімі аяқталғанша қандай да бір мамандыққа баулудың маңызы зор.

Сол себепті , биыл Қызылорда политехникалық қолледжінде газ-электрмен дəнекерлеуші мамандығы

бойынша 14 сотталған жəне Қызылорда құрылыс жəне бизнес колледжінде ағаш ұстасы мамандығы бойынша 21 сотталған қолдарына диплом алды.

Мерекелік шара барысында жаза мерзімін өтеушілер ел ордасы – Астанаға арнап көркемсурет галерея-сын ұйымдастырып, мерекеге орай əн айтып, жыр-шумақтарын арна-

ды. Салтанатты шараға қатысушы Қ ы з ы л о р д а п о л и т е х н и к а л ы қ колледжінің директоры Бақыт Кенбаев басқосуды ұйымдастырушыларға шексіз ризашылығын білдіріп, бар-ша жұртты Астана күні мерекесімен құттықтады.

Түзеу мекемелерінде жаза басып, жазалы болғандардың алдағы өмірі дұрыс жалғасуы үшін атқарылатын жұмыстар ұшан-теңіз. Алайда, тəлімі берік тəрбиенің орнын ешнəрсе алмастыра алмайды.

А.ƏБДРАШИТОВА

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Салтанатты жиын барысында полиция ардагерлері мен қызметкерлері Астана қаласы жайлы деректі фильмді тамашалап, оның құрылу тарихы мен қалыптасу кезеңдеріне көз жүгіртті. «Астана қаласы тəуелсіз еліміздің мақтанышына жəне оның дамуының айқын нышанына айналды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерінің күнделікті жəне адал қызметтерімен астанамыздың дамуы мен гүлденуіне лайықты үлестерін қосады деген сенімдемін», – деп атап кетті Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-май-оры Берік Білəлов өз сөзінде.

Шара шеңберінде тарих ғылымдарының докторы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Ақмарал Ыбыраева «Астана – Отанымыздың жүрегі» тақырыбында баяндама-сын жасады. Тыңдаушылар тоқсаныншы жылдардың соңынан бастау алған тарихи оқиғалармен кезең-кезеңімен танысуға мүмкіндік алды. Полицейлерді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Александр Плотко мен Рашбиль Евдаев құттықтауға келді. Мерекелік бұйрықпен 30-дан астам полиция қызметкері марапатталды. Олардың қатарында ерлікпен көзге түскен полицейлер де бар. Полиция кіші сержанты Руслан Акматов 40 метрлік биіктіктен құлауға аз-ақ қалған қызды құтқарған болатын. Ал полиция аға сержанты Арман Тасжанов пен полиция сержанты Медет Сəрсекеев автопатруль құрамында жүріп өрт орын алған жерге алғашқы болып келіп жетіп, түтінге толы пəтерден шыға алмай жатқан 54 жастағы əйел адамды құтқарды. Сондай-ақ, Астана күні қарсаңында өткізілген жеңіл атлетикалық кростың жеңімпаздары да осы жиында кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Салтанатты іс-шара ведомствоның шығармашылық ұжымы əзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты. Əсем əн мен тəтті күй қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНДА АРУ АСТАНА 18-ШІ БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРДЫ. ОСЫ ЖЫЛДАР ІШІНДЕ БОЙЫН ТҮЗЕП, ӨҢІНЕ ƏР КІРГЕН ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА БҮКІЛ ЕЛДІҢ АБЫРОЙЫ МЕН ТІЛЕГІНЕ АЙНАЛ-ДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ АСТАНА КҮНІ БАРША ХАЛЫҚТЫҢ ТӨЛ ТОЙЫ БО-ЛЫП ҚАЛА БЕРМЕК. БАҒАНАЛЫ ОРДАНЫҢ МЕРЕКЕСІ – ЕЛ МЕРЕКЕСІ. ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН СƏН-САЛТАНАТТЫҢ ЖАРҚЫНШАҒЫН АЙМАҚТАРДАН ДА КӨРУГЕ БОЛАДЫ. ТАЛАЙ ЖАННЫҢ АРМАНЫНА ҰЯ БОЛЫП, ТАЛАЙ ЖАСТЫҢ ҮМІТІН ҮКІЛЕГЕН ЕЛОРДА ТОЙЫ АТАЛЫП ЖЕР-ЖЕРДЕ ӨТКЕН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАРДА ҚЫЗМЕТІНДЕ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛҒАН ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ДА ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ.

ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сахи Абдразақов , Жамбыл облысы əкімдігі Ішкі сая-сат басқармасының өкілі Айымбала Мешелова, Тараз мамандандырылған колледжінің оқытушысы Бейсеналы

Жақатаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Өмір тіршілігі қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушысы Шерхан Өзенбаев жəне мемлекеттік мекеме мен Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы қатысты.

Ш а р а ш ы м ы л д ы ғ ы н а ш қ а н Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ба с ты ғының орынба с ары , азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев мекеме қызметкерлерін жəне қонақтарды мерекелерімен

құттықтап, мемлекеттің бірігуі мен бекітілген ұлттық идеяның символы, ХХІ ғасырға ұмтылған еліміз – жаңа кейіптегі Қазақстанның ажырамас бөлшегі болып табылатын Астана – жаңа Қазақстанның мақтанышы екенін айтып өтті.

Ол, сондай-ақ, баяндамасын-

да əсем қала Астананың жарқын келбетін, көздің жауын аларлықтай түрлі от алауларымен жарқырап, алыстан менмұндалап көз тартуын тамашалаған кез келген жанға ба ғ зы замандардан -ақ А с тана қалпында келе жатқандай бо -лып көрінетіндігін, негізінде дала жауһарына айналған Астанамызға н е б ə р і 1 8 ж ы л д ы ң ғ а н а ж ү з і болғандығына к іс ін і сенд іруд ің қиын екендіг ін т ілге тиек ет іп , елордамыздың əлемдегі ең сұлу қалалардың біріне айналғандығын атап өтті. «Бүгінде Астана керемет

заманауи қалалардың қатарынан ойып т ұ рып орын алып , жа с , тəуелсіз Қазақстанның даму үрдісін көрсеткендей. Ол республиканың төлқұжатындай болып, еліміздің мəр тебе с і н к ө т ер і п , к өп те г ен халықаралық ықпалдасу тұжырымын жүзеге асырып, өңірлерде жетекші рөл атқарып келеді», – деді ол.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер к е ң е с і т ө р а ғ а с ы н ы ң о р ы н б а -сары Сахи Абдразақов «Астана –

қ а з а қ с т а н д ы қ т а р д ы ң б а р л ы қ ұрпақтарының перспективасы мен үміттерін, армандарын байланыстыра-тын қала» екендігін құттықтау сөзінде атап өтті.

«Астана – Отанымыздың жүрегі» ак-циясы аясында шақырылған қонақтар Қазақстан Тəуелсіздігінің симво-лы болып табылатын, еліміздің бас қаласының қалыптасу маңыздылығы туралы баяндады. Сонымен қоса, Астана күні мерекесі қарсаңында жеке құрамға «Астана – болашақтың қаласы» атты деректі фильм көрсетілді.

Айгерім БЕЙСБЕКОВА

Шара барысында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, по-лиция полковнигі Жанат Сүлейменов сөз алып, аталмыш мерекенің қазақ тарихында алар орны зор екендігін а й т ы п , і ш к і і с т е р о р г а н д а р ы ардагерлерін, қызметкерлерін мере-кемен құттықтады. Сонымен қатар, шарада марапаттау жайлы бұйрық ресми түрде оқылып, департамент бастығының құзырымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 114 полиция қызметкері марапат талды . Соның іш і нде , атап айтқанда, облыстық ІІД-нің Жедел жоспарлау басқармасының

бастығы, полиция полковнигі Ербол Құтыбаев, Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковниг і Қуанышбек Оразов, Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Кемаладин Утеев, Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының к о м а н д и р і , п о л и ц и я м а й о р ы Маратбек Балдақов Құрмет грамота-сына ие болды.

Ш а р а с о ң ы н д а п о л и ц и я қызметкерлерінің назарына Астана күні мерекесіне арнайы түсірілген А с т а н а н ы ң қ ұ р ы л у ы м е н б о й көтеруінен сыр шертетін хроникалық деректі фильм ұсынылды.

Елорданың туған күн іне орай б а с қ а р м а б а с т ы ғ ы , п о л и -ция полковниг і Б.Ратаев, МКҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Сүлейменов, МКҚБ Ардагерлер кеңес ін ің төрағасы Ə.Қошқаровтың қатысуымен сал-танатты іс-шара ұйымдастырылып, МКҚБ алаңында жеке құрам сапқа тұрғызылды.

ІІМ-нің бұйрығына сəйкес, по-лиция қызметкерлеріне полиция лейтенанты ал ғашқы арнаулы атақтары Нұрат Десебаев пен Қанат Сатыбалдиновқа берілді.

Басқарма алаңында күзет қызметі қызметкерлері сапқа түрғызылып, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары жетістіктерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер, атап айтқанда, 1-ші полиция батальонының полицейлері: М.Тортаев, Н.Үсіпбеков, Ғ.Садықов, А.Тұрсын, Б.Болысбаев, М.Сұлтанов,

Н.Ноғайбаев жəне тағы басқалар басқарма бастығы атынан грамо-тамен, алғыс хатпен марапатталса, полиция капитаны Аят Жетігенов пен Серік Байназаров та «ҚР ІІМ Жамбыл облысы МКҚБ ММ 60 жыл» төсбелгісін салтанатты түрде алды.

М К Қ Б б а с ш ы л ы ғ ы м е н а р -д а г е р л е р к е ң е с і н і ң т ө р а ғ а с ы Ə . Қ о ш қ а р о в ж и н а л ғ а н п о л и -ция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, əрдайым азаматтардың бостандығы мен мызғымас құқығын с а қ т а уды қ амтама сыз е т уде г і еңбектер іне толағай табыстар т і леп , марапатталған полиция қызметкерлерімен бірге естелік су-ретке түсті.

Іс-шара аясында осы тақырып бойынша фотодеректі көрмелер, ж е к е қ ұ р а м ғ а х р о н и к а л ы қ -д е р е к т і ф и л ь м д е р д і к ө р с е т у ұйымдастырылды.

М.ҚАЗЫБЕКОВ

Қызылорда облыстық ІІД Солтүстік Қазақстан облыстық ІІДАстана күні қарсаңында қызметтерінде үздік нəтижеге қол

жеткізіп, абырой биігінен көрінген солтүстікқазақстандық сақшылар марапатқа ие болып, сыйлықтар алды.

Жамбыл облысы ТЖДЖамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру жəне

апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің оқыту пунктінде «Астана – Отанымыздың жүрегі» акциясы аясында Астана күні мерекесіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті

ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында Астана күні мерекесіне орай сотталған азаматтардың кəсіптік-техникалық колледжін бітірушілерге арналған кең көлемде мерекелік іс-шара өтті.

Жамбыл облысы МКҚБ

Астана тойы – айтулы күнді ресми түрде атап өту Ішкі істер департаментінде игі дəстүрге айналып отыр. Қызылордалық полицей-лер бұл жолы да өздерінің қалыптасқан əдеттерінен танбай, іс-шаралар жоспарына сəйкес департаменттің үлкен мəжіліс залында бас қосып, мерекелік көңіл-күймен ел мерекесін атап өтті.

Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінде де ару Астана күні айшықты сəн-салтанатымен аталып өтті.

Page 5: Сақшы №50 (4216)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№50 (4216), жұма, 8.07.2016 е-mail:[email protected]

Əр келген қонақтың аттанар ал-дында, олардың аяулы Атырауымда болғандағы айтар аз ғана ой-пікірлерін алып қалуға тырысып, бірер минут уақыттарын бөлуін сұрай жүріп, Қазақ радиосының микрофонын ұсынып айтқан ақжарма сөздерін үнемі таспаға түсіріп қалатынмын.

Атырау экономикасы мен өнеркəсібіне, құрылысы мен ауылшаруашылығына, əлеуметтік жəне мəдени саласына қол ұшын беріп, облысымызға келу сапар-лары арқылы көп мəселелерді шешіп, өлкеміздің өркендеуіне елеулі үлестерін қосқан құрметті жандардың біразымен жүздесіп, сұхбаттасқан едім. Олардың сапында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.Қонаев, Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы Б.Əшімов, басқа да бірнеше министрлер, КСРО Денсаулық сақтау министрі Д.Чазов, КСРО Мұнай өнеркəсібі министрі, Геология, Ауылшаруашылығы жəне Балық министрлері (аты-жөндері есімде сақталмапты), ұшқыш-космонавтар Леонов, Руковишников, Қазақстан Республикасының Мəдениет министрі Е.Рахмадиев, Қазақстан Телерадиокорпорациясының əр кезеңдегі төрағалары Х.Хасенов, Ғ . Ш а л а х м е т о в , Ш . М ұ р т а з а , С.Əшімбаев, Қазақстанның халық жа-зушылары Ə.Сəрсенбаев, Ə.Нұрпеисов, Ə.Кекілбаев, халық ақыны Х.Ерғалиев, К.Салықов, Ф. Оңғарсынова жəне тағы басқа да белгілі өнер жəне мəдениет қайраткерлері бар.

Ал республикамыз тəуелсіздігін алып, аспан көгінде көк байрағын ж е л б і р е т к е н ж ы л д а н б а с т а п , Атырауымызға жыл сайын немесе жыл аралатып келіп тұратын, келген сайын Атыраудың сəніне сəн, экономикасы-на аса жоғары үлес қосатын, алып құрылыс алаңдарының тұсауын кесетін еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен əр келген сайынғы кездесуімнің əсері, əсте естен кетер ме? Ондай кездесулердің əрқайсысын бір əңгіме етіп жазуға тұрарлық. Олай дейтінім ондай кез-десу сəттерінде мен микрофонымды

ұсынып, өзімді Қазақ радиосының Атыраудағы меншікті тілшісі екенімді, мен арқылы ол кісінің осы сапары республикалық эфирден еліміздің түкпір-түкпіріне жедел жария болаты-нын айтсам болды, Президент мырза еш қарсылықсыз сөйлеп беретіні жа-дымда мəңгі сақталып қалды. Кейде өзіме əзіл айтып, бір өзіне ғана тəн əрі жарасып тұратын табиғи күлкісімен, өзім қай жағынан шығып қаламын деп қысылып, жүрексініп тұрғанда, жылы жүзімен жаныңды жадырата түсетіндігін қалай ұмытарсың?

Осындай сəттерде ол к і с і н ің соншалықты қарапайымдылығын, жанының жайсаңдығы мен жүрегінің жылуын жанындағы жүздескен жанға күн сəулесінің шырайындай шапағатын шашып тұратындығын əлденеше рет сезіндім. Əр кездесіп, жүздескен сайын соны сезінісімен-ақ, көптен бергі танысымдай еркін сөйлесіп, сұрақтарымды беруге кірісетінмін. Əрине, жеке сөйлесіп тұрған сəттерімді бейнелеген дəлелді суреттерім бол-маса да, Президенттің əрбір іргелі кəсіпорындарда болғанында ылғи да

қасына, яғни, микрофоным жететін жерге таяп, іс басындағы адамдармен сөйлескенін жазып тұрған суреттерім баршылық. Енді өзім сақтап жүрген осы бір сарғайған суреттің сырын ай-туды жөн санадым.

Бұл сурет 1993 жылдың қараша айында түсірілген еді. Таңертең ер-темен барып əуежайдан Президентті күтіп, əртүрлі баспасөз ақпарат құралдарының тілшілері жиналып тұрдық. Президент ұшағы қонуға таяғанда біраздан бері сарылып тұрған бізге, яғни, көп тілшінің тек бірен-саранына ғана Президент ұшағына таяп баруға рұқсат етт і . Ұшақ баспалдағынан түсісімен облыс бас-шыларымен, құрметті ақсақалдармен амандасып болғасын, қош келдіңіз айтып, Атырау жеріне сапарыңыз жайында бірер сөз айтсаңыз дегелі оқталып тықыршып тұрған маған да, Президент жалт бұрылып қолын созып амандасты. Күтпеген жай. Алақаным əлдебір аса бағалы ыссы алтынды ұстағандай болып, өнбойыма қызу қан жүгіріп, денем ерекше қуат алғандай болып қызынып жүре берді. Ерекше

бір көтеріңкі сезімде қалдым.Өзін күтіп алушылармен аманда-

сып болып, Елбасы əуежай алаңында жиналып тұрған қала жұртшылығына қарай беттеді. Көппен бірге біз де үнтаспаларымызды арқалап Елбасының артынан ере бердік. Президент жиналған жұртшылықпен жайдары да жарқын амандасып, елдің тұрмыс-жағдайын сұрап жағалап келеді. Олармен сөйлескендерін артқы жағында жүріп жазып келемін. Бір сəт ортаға тоқтап, қазіргі кезеңдегі қиындықтардың барлығы да өтпелі екенін, төл теңгеміз айналымға енгеніне байланысты енді жағдайдың жақсаратынын, көптен берілмей жатқан еңбекақылар мен зейнетақылардың енді уақтылы берілетінін, мұнай өндірісін күрт арттыруға күш салаты-нын, осы сапарының басты міндеті де сол екенін, жағдайы толық шешіле қоймаған Теңіз кеніші туралы да бірер сөз айтып, халықпен қоштасты. Осынау əуежай алаңындағы айтылған аз ғана əңгіме Қазақ радиосының толқындары арқылы Алматыдан бүкіл Қазақстанға сол сəтінде тарап, сағат 12.00-дегі түскі жаңалықтарға арқау болды.

Түстен кейін Атырау əуежайынан екі тікұшақ көтеріліп, сол кездегі аты-шулы Теңіз кенішіне бет алды. Оның бірінде Президент болса, екіншісінде Алматыдан келген жəне орталық баспасөздің Атыраудағы меншікті тілшілері болған едік. Теңіз алаңындағы алып құрылыстың қызыл бұрышында Президентпен болған кездесу үш сағатқа созылды. Көп нəрселердің басы ашылып, Теңіз мұнайы Қазақстан халқының игілігіне жарайтын күннің жақындағаны мəлім болды. Орыс тілінде жүрген жиналыстан орысша хабар бергеннен көрі, Қазақ радиосы арқылы ақжарма жаңалықты жан-жақты желпіне-желдірте жариялауды мақұл көріп, Президент құрылысты аралап өтіп келе жатқанда оңтайлы сəтті пайдаланып, Қазақ радиосы-на қазақша бір-екі ауыз сөз айтуын өтіндім. Осы жерде Президент сəл бөгеліп, қазақша да, орысша да бүгінгі

сапарының бар жаңалығын айтып берді. Міне, сол сəтте түсірілген осы суретті мен ертесіне республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінен жəне көптеген өзге облыстардың газеттерінен көріп, қиып алып сақтап қойған едім.

Бұл күндері Елбасының туған күні алдында, өзім бір кездері Қазақ радиосының Атырау облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеп жүр ген уақытымда , Мемлекет басшысының Атырауға жеті рет келіп, соның жетеуінде де жаны-на жақын тұрып сұхбаттасқанымды мақтан тұтамын. Сол сəттерде Президенттің өте қарапайымдылығын, қандай адамның да сөзіне құлақ аса-тын елгезектігін, асқар таудай биік тұлға болса да əр адамды өзіне тең санайтындығын, аузын ашса көмекейі көрінетін таза ауыл адамына тəн қасиеттерінің əлі де бойында сақталып қалғанын өзім көріп-біліп, əбден көз жеткізгенімді айту азаматтық пары-зым деп санадым. Еліміздің бағы мен бақытына жаралған жанның алдағы уақытта да денсаулығы мықты болып, əлі де ұзақ жылдар жемісті жұмыс жасауына, елімізді бұдан да биіктерге бастап, сау-саламат жүруіне мен шын көңіліммен тілекшімін.

П а й ғ а м б а р ж а с ы н а н а с қ а н ш а ғ ы м д а ө т к е н ө м і р і м е к ө з жүгіртсем əуелі облыстық радио-да 4 жыл, республикалық радио-да 20 жыл, «Азаттық» радиосын-да 11 жыл, барлығы 35 жыл бойы радио тілшісі болған екенмін. Осы жылдарда облысымның өркендеп өсуіне, экономикасының нығая түсуіне бір адамдай үлес қоса жүріп, 2001 жылы облыста алғашқылардың бірі болып Президенттің «Алғыс хатына» ие болсам, 2002 жылы Президенттің «Алтын Елтаңба» төсбелг іс імен марапатталғанымды мақтанышпен айтамын.

Кəрім БАҚРИДЕНОВ,Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.Атырау облысы

ТАРИХ. ТАҒЫЛЫМ. ТҰЛҒА

ТЕҢІЗ ТӨРІНДЕГІ БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ

ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ БОЛЫП 20 ЖЫЛ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЕКЕНМІН. БҰЛ 1979-1999 ЖЫЛ-ДАР ЕДІ. СОЛ ЖЫЛДАР ІШІНДЕ АТЫРАУ ӨҢІРІНЕ АРНАЙЫ АТБАСЫН ТІРЕГЕН ТАЛАЙ ҚҰРМЕТТІ ДЕ ЖАЙСАҢ ЖАНДАРДЫҢ ЖАНЫНДА БО-ЛЫП, ЕЛІМІЗДІ, ЖЕРІМІЗДІ АРАЛАҒАНДА ҮНЕМІ ҚАСТАРЫНДА ЖҮРІП, ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН ЖЫЛТ ЕТКЕН ЖАҢАЛЫҚТЫ ЖЕДЕЛДЕТЕ ЖА-ЗЫП, РЕСПУБЛИКАҒА ЖАРИЯ ЕТКЕНІМ ЕЛДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒЫП, КӨПКЕ МƏЛІМ БОЛЫП ЖАТАТЫН.

Ал бүгінгі кейіпкеріміз көптің арманы-на айналған Астанада туып-өсіп, бүгінде қалалық Ішкі істер департаментінде қоғамдық тəртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген елорда тəртіп сақшыларының бірі – ІІД Əкімшілік полиция басқармасы Автоматтандыру жəне электронды қолдау бөлімінің бастығы, полиция майоры Нұржан ƏДІЛОВ.

1977 жылы өмірге келген Нұржанның балалық шағы тың көтерушілердің қаласы Целиноградта өткен. Қалада 36 мектеп болған болса, соның ішінде жалғыз-ақ №4 орта мектеп қазақ тілді. Мектепте оқып жүрген кезінде бала Нұржан бір кездері өзінің шағын ғана туған қаласы алып шаһарға, соның ішінде Ел ордасы Астанаға – тарихқа мəшһүр қалаға айналарын білмесе ке-рек. Ал өзі Астана көшелерінде ағылған көлік нөпірі мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалайтын бейне-камераларды басқаратын бөлімде қызмет етемін деп те ойламаған. «Ол кездегі мектеп бітірушілердің арма-ны – Алматыға барып оқуға түсу еді ғой. Мен құдды Ақмола қаласының Астанаға айналарын білгендей осын-да қалып қойыппын» деп күліп еске алады ол.

«Ол кездері сол жағалау біз үшін бау-бақша мен егіс алқабы еді. Шұбар, Заречныйлар болды. Одан соң саяжай-лар мен совхоздардың үлкен-үлкен егіс алқабы орналасқан жерлер жататын. Мектепте жүргенде оқушыларды ауыл шаруашылығы жұмыстары деп сонда апаратын. Жалғыз-ақ, қазіргі Қабанбай батыр көшесі басындағы көпір болды. Ол Қарағанды облысының Киевка ауылына апаратын күре тас жол еді.

Оның іргесінде МАИ бекеті тұратын. Қатты борандарда мемлекеттік ав-тоинспекция (ГАИ) қызметкерлерінің жолды жауып, көпірден əрі қарай өткізбей тастайтыны əлі есімде. Көпірден беріректе (қазіргі А. Бараева көшесі) К-700 тракторының ескерткіші тұрды. Тыңнан түрен салған алғашқы трактордың макеті еді ол. Біреулер қуып жібермесе, соның үстіне шығып ойнайтынбыз. Қала деген ол кезде бұйығы ғана, тоғыз жолдың торабын-да баяу дамып келе жатқан аймақтың бірі еді. Тіпті, автобус, такси деген-дер де бірен-саран жүретін. Туған қаламның заманауи мегаполиске ай-налып кеткеніне қатты қуанам, іштей осындай қаланы көтеруге күш салған Мемлекет басшысына алғыс айтып жүремін», – дейді Нұржан.

1994 жылы Нұржан С.Сейфуллин а т ы н д а ғ ы Қ а з а қ а г р а р л ы қ у н и в е р с и т е т і н е о қ у ғ а т ү с е д і . «Экономика» факультетін үздік бітіріп шыққан ол бір-екі жылдай «Отчизна» (қазіргі «Нұр Отан») партиясында консультант болып қызмет етіпті. Ал 2001 жылы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасына қызметке тұрады. «Бала көңілімде қатты сақталып қалғаны болар, көпір үстіндегі МАИ бекетінен өткенде күннің аптап ыстығы мен боранды суығына, нөсер жаңбырына қарамай бекетте тұратын полиция қызметкерлеріне қызыға қарайтынмын. Осы қызметке келгенімде де көңілімде бір қуаныш тұрды», – дейді ол.

«Қалалық І ІД Астана қаласы əкімдігінің қолдауымен əкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін инновациялық технологиялармен

жарақтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Сондықтан д а м е н і ң ж ұ м ы с ы м т і к е л е й инновациялық технологиялармен бай-ланысты деп айтуға болады. Көшедегі камералар, детекторлар, бағдаршам реттегіштері жəне тағы да басқа жол қозғалысын реттеуді автоматтандыру құрылғыларының күтімінен бастап, процессинг орталықтарының жұмыс принциптеріне талдау жасауға дейінгі ауқымды қызметтерді жүзеге асыра-мыз. Жол-көлік оқиғаларының, көлік кептелістерінің себептерін талдап, олардың жиі орын алатын жерлерін анықтап, оларды болдырмау жəне реттеу жұмыстарын автоматтанды-ру алгоритміне енгізу тұрғысында жұмыстар жүргізіп келеміз.

Жалпы қаладағы, оның ішінде, еліміздегі автожолдарды бей-некамералармен қамту сонау 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ел аузында «спанч боб» аталып кеткен жылдамдық режимін бұзушылықты тіркеуге алатын камералар осы жылы Астана қаласында орнатыла бастады. Бүгінде «Red Speed International Limited» компа-ниясы жасап шығарған осын-дай құрылғының 62-сі пайда-ланылады. Фототіркегіштер қаланың анағұрлым көл і к қозғалысы көп, апаттық ахуа-лы жоғары магистальдары мен жол айрықтарында орнатылған. Олар пи-датчик арқылы, яғни, асфальт жолға орнатылған жолақша желі арқылы жұмыс істейді. Қала ішінде сағатына 60 км, қала сыртында 70 км-ден жылдамдығын асырған көлік құралдары фотосуретке түсіріліп, тіркелген бейнежазба тікелей процессинг орталығына өңдеуге келіп түседі. Кейіннен ереже бұзушының мекенжайына пошта арқылы айыппұл төлеу ту-ралы ескерту жазба жіберіледі», – дейді бөлім бастығы.

Ал 2011 жылдан бастап əкімшілік по-лиция бөлімшелерінің жол-патрульдік жасақтарын техникалық құралдармен қ амт у б а ғ дарлама сы а я сында «Интегра-КДД» жүйесі қолданысқа енгізілді. Жалпақ жұртқа «ақылды қиылыс» атауымен танымал бұл жоба бүгінде қаламыздың маңызды деген 12 қиылысында орнатылған. Бұл бейне-камералар автоматты түрде негізінен 3 ереже бұзу дерег іне қатысты деректерді тіркеуге алады. Олар – «Жол белгілерін (сызықтарын) сақтамау», «Бағдаршамның тыйым салынған белг іс іне өту», «Бағдаршамның тыйым салынған белгісінде тоқтау сызығынан асып кету» жəне одан да басқа деректер қаперге алынады.

Мұндағы деректер де тікелей про-цессинг орталығына келіп түсіп, жаза түрлері ереже бұзушының мекенжай-ына пошта арқылы жолданады. Жұмыс тиімділігін дəлелдеуіне байланысты алдағы уақытта Кенесары-Уəлиханов жəне Абай-Уəлиханов қиылыстарында осындай жүйені орнату қолға алынып жатыр.

«Биыл 25 ақпаннан бастап қаламызда автоматтандырылған «VOCORD Traffi c» жүйесі іске қосылғанын білесіздер. Оны жүргізушілер «молчун» деп атап үлгеріпті. Оның артықшылығы тек фотоға емес, өзінің қызмет ету аумағына енген кез келген көлікті автоматты түрде бейнетіркеуге алатындығында. Егер іздеуде жүрген көліктер бол-са, бірден процессинг орталығына белгі береді. Жылдамдық режимінің бұзылуы, ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау сынды тағы да басқа бірқатар ереже бұзушылықты тіркеуге ала береді. Мұндай сұр қамералар қаламыздың 21 жерінде орнатылған. «Астана Innovations» АҚ қызмет көрсететін бұл жүйе бойынша бүгінде 5 мың жарым ереже бұзушылық анықталып, шаралар қабылданды», – дейді Нұржан Əділов.

А с т а н а к ү н і н д е е л д а м у ы эталонының бір көрсеткішіндей болған инновацияның іс жүзіндегі тынысына куə болдық. Əрине, тың бастамалар ту-ралы шағын материалда айтып тауысу мүмкін емес. Бұл жолғы айтпағымыз, арман қаланың əлемнің дамыған елдерімен бəсекеге қабілетті болу жолындағы беталысының уақытпен қадамдас екендігі. Қарапайым ғана қазақ баласының осы флагмандық тудың желбіреген тұсынан табылуы. Ал, Нұржанның өзі: «Сол жағалау егіс алқабы еді. Қазақ топырағының құнары сондай, он сегіз жыл бұрын егілген жасампаздық дəнінен бүгінде заманауи мегаполис бой көтерді. Ендігі аманат – осы Тəуелсіздік жемісінің игілігіне қызмет ету», – дейді.

Сурет автордікі

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

ТУҒАН ҚАЛА ТҮЛЕГІНІҢ ТІЛЕГІНұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Астана қаласы

ЕЛІМІЗДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНДЕ ЕЛ ОРДАСЫ – АСТАНАДА ТҰРУДЫ АР-МАНДАП ЖҮРГЕН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ, ƏСІРЕСЕ, ЖАСТАР ЖАҒЫ КӨП. ОНЫ ЖЫЛ САНАП ЕМЕС, КҮН САНАП ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН БАС ШАҺАРДЫҢ СТАТИСТИКАСЫНАН ДА АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ. КҮНІ КЕШЕ ҒАНА «АСТАНАНЫҢ МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫНЫ ӨМІРГЕ КЕЛДІ» ДЕП ЕЛБАСЫНЫҢ ӨЗІ ҚУАНА ХАБАРЛАДЫ.

Page 6: Сақшы №50 (4216)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№50 (4216), жұма, 8.07.2016 е-mail:[email protected]

– Сəкен Жүсіпахметұлы, сөз басында 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Т ұ ж ы р ы м д а м а с ы м е н « 1 0 0 н а қ т ы қадам» Ұлт Жоспарында құқық жүйесіне қойылған басты талаптарға тоқталып өтсеңіз.

– Кез келген қоғамның демократиялық жолмен дамуы демократиялық стандарттарға сəйкес келетін сот жүйесі бар болған кезде ғана іске асады. Ең басты құндылық – адам мен оның құқықтары жəне оның сақталуының заңмен қамтамасыз етілуі. Ал, азаматтардың соттарға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік билік ретінде сенім ар-туы үлкен жетістік болып саналады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың құқық жүйесінің барлық саласын, оның ішінде, қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіп отырған саясаты елімізде қалыптасқан құқықтық мəдениет пен құқықтық ой-сана деңгейін едəуір деңгейге көтеріп келеді.

Бəріңізге белгілі, Елбасының бекітуімен 2010 -2020 жылдар кезең іне Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасы қабылданды. Қолданыстағы қылмыстық заңнаманы кешенді түрде жетілдіру мəселесі осы Тұжырымдаманың маңызды бір бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары да сот жүйесін жаңа деңгейге көтеру, заңнамаларды жетілдіру мəселелері бойынша кешенді іс-шараларды айқындап берген бо-латын.

Осыған сəйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты заңнамалар мен сот жүйесін ре-формалау үшін қысқа мерзім ішінде ірі көлемді жұмыстарды атқарып, Елбасының тапсырмала-рын түбегейлі түрде жүзеге асырды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық жəне Қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілді. Ал үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап сот құрылымы өзгертіліп, ол үш сатылы деңгейде жұмыс істей бастады.

– Сот құрылымындағы басты өзгерістер қандай? Жалпы бұл жаңалықтардың жетістігі неде?

– Сот жүйесіндегі жаңалықтар Елбасының сот процедуралары мен инстанцияларын қысқарту,

істерді қараудағы əуре-сарсаңды азайту, со-нымен қатар, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау жүйесін жетілдіру, қылмыстық заңнаманы халықаралық құқық нормалары мен əлемдік стандарттарға сəйкестендіру жөніндегі тапсырмасына сəйкес жүзеге асырылды.

Қылмыстық процест і дамытудың үлкен жет і ст і г і – қылмыстық і с жүрг і зу заңға түбегейлі өзгертулердің енгізілуі болып та-былады. Атап айтқанда, істерді қосымша тер-геуге жолдау институтының жойылуы, сотқа дейінгі тергеуге сот бақылауының жүргізілуін күшейту, яғни, іске қатысушылардың тер-геу барысында конституциялық құқығы мен бостандығының қорғалуын қамтамасыз ету үшін тергеу судьясы лауазымының қолданысқа енгізілуі, күдіктінің, айыпталушының жəне сотталушының процессуалдық келісім жасау

жөніндегі құқы жəне оның қаралу тəрбінің енгіз ілуі, кассациялық сот инстанцияның о б л ы с т ы қ с о т т а н а л ы н ы п Қ а з а қ с т а н Республикасы Жоғарғы Сотының құзіретіне берілуі болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттің қылмыстық саясаты да айтарлықтай өзгертілді. Бұл өзгеріс бір жағынан адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстық көрініске шыдамдылықты сақтау болып сипатталса, екінші жағынан ауыр жəне аса ауыр қылмыстарға жоғары жауапкершілікті көздеу екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, террорлық қылмысты дайындағаны жəне жасағаны үш ін де жауапкершіл і к ауырлатылған.

Жаңа қылмыстық заңға сəйкес адам өлтіргені, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жазалау мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар, қылмыстық

жауапкершіліктің жаңа түрлері пайда болды, яғни олар адамды клондау, заңсыз бала асы-рап алу жөніндегі əрекеттер үшін көзделінген. Меншікке қарсы құқық бұзушылыққа бұдан бы-лай ұсақ ұрлықтар да жатқызылатын болады, ескі заңда олар үшін əкімшілік жауапкершілік қарастырылған еді.

Қолданыстағы қылмыстық құқық бұзушылық ендігі жерде жалған ақпарат тарату, қоғамдық орындарда нашақорлық дəрілерді медициналық емес мақсатта қабылдау жатады. Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келт іру жəне қозғалыс ережесін бұзғаны үшін де жауапқа тарту қарастырылған.

Сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның көлік құралын басқарғаны үшін, сондай-ақ, мас күйінде көлік басқарғаны үшін оған 90 тəулікке дейін қамауға алу жа-

засын қолдану мүмкіндігі берілді. Белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу, сонымен қатар, ел аумағынан шетел аза-маттарын немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды шығару туралы жазалардың жаңа қосымша түрлері енгізілді. Əскери қызметтен шеттету жəне гаупфахтада ұстау сияқты негізгі жаза түрлері жойылды.

– Ал, қылмыстық процесті жетілдірудің тағы бір жүйесі – жазаның ізгілендірілуі бо-лып табылады. Жалпы жауапкершіліктен босату, аманат тағайындау, айыппұл төлету, бітімгершілікке келу қай кездер-де жүргізіледі?

– Қылмыстық заңға процессуалдық келісімнің барлық жағдайларын орындаған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босату жəне аманат тағайындау арқылы жауапкершіліктен босату негіздерінің жаңа түрлері енгізілді.

Алайда, байқаусызда бір немесе бірнеше адам өліміне əкеліп соққан қылмысты, қылмыстық топ құрамында жемқорлықпен байланысты қылмыс жəне кəмелеттік жасқа толмағандарға қа тысты жыныстық сипат та ғы қылмыс жасағандарға бітімгерлік құқы берілмеген.

Жаңа заңмен 51 қылмыстық теріс қылық ү ш і н ж ə н е 1 1 2 ə р т ү р л і а у ы р л ы қ т а ғ ы қылмыс үшін негізгі жаза ретінде айыппұл қолдану қарастырылған. Пара алған кез-де қолданылатын айыппұлдың мөлшер і параның сомасы немесе оның құнының еселік мөлшерінде тағайындалады.

Сонымен қатар, егер бұрынғы рецидив қарапайым, қауіпт і жəне аса қауіпт і бо-лып бөлінсе, жаңа Қылмыстық кодексте «қылмыстың рецидиві» деген түсінік біраз өзгеріске ұшырады. Адам аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда, егер ол бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып сотталса ғана оны қылмыс рецидиві деп тану қажет. Қоғамдық қауіптілік дəрежесі бойынша бұл критерийлер қарапайым рецидив пен қауіпті рецидивке дейін қысқартылған. Бұл қылмыстық заңнама мен жазаның ізгілендірілуінің көрінісі.

Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістерді қолдану барысында кейбір сұрақтардың пайда болғанын да айта кетуіміз қажет.

Атап айтқанда Қылмыстық і с жүрг і зу кодексінің 7-бабының 47-тармағына сəйкес тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу бары-сында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы.

Іс жүзіндегі заңнамаға сəйкес – тергеу судьясы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55-бабында белгіленген өкілеттілігіне сəйкес қылмыстық іс өндірісінде тұлғалардың заңды қызығушылығы мен құқықтарының сақталуына соттық бақылауды жүзеге асырады.

Тергеу судьясының құз і рет і не бұрын аудандық жəне оларға теңестірілген соттар-мен, оның ішінде, гарнизондық əскери сот-тармен де қарастырылған сұрақтар кіреді. Ең бастысы, бұл сауалдар бойынша қалыптасқан сот тəжірибесі де бар.

– Сəкен Жүсіпахметұлы, осы тұста үш сатылы деңгейдегі сот жүйесі дегенді тарқатып, түсіндіріп өтсеңіз. Оның ішінде əскери сот құрылымының өзгешелігі неде?

– Процессуалдық-құқықтық мəртебесі бойын-ша тергеу судьясы бірінші сатыдағы соттың су-дьясы, яғни аудандық жəне оған теңестірілген соттың судьясы болып саналады. Ал Қылмыстық

іс жүргізу кодексінің 309-бабының талабына сəйкес гарнизондық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде əрекет етеді.

Алайда, гарнизондардың əскери соттарында тергеу судьясы институты қарастырылмаған, нəтижесінде əскери соттар азаматтардың құқықтарының тергеу барысында сақталуын қамтамасыз ету қызметінен сырт қалған. Соның салдарынан əскери құқық қорғау органдары тергеу судьясының құзіретіндегі мəселелермен аудандық соттарға жүгінуге мəжбүр болады. Яғни, соттылығы бойынша əскери соттардың қарауына жататын істер бойынша сотқа дейінгі тергеуден сот талқылауына дейінгі аралықтағы сот тəжірибесін қалыптастыру мүмкін болмай тұр. Бұл жағдай, яғни гарнизондық əскери соттардың жергілікті соттармен құзіреттілігі бойынша тең дəрежеде бола тұра аталынған қызметтен шет қалуы, оның əскери құқық қорғау органдары мен əскери қызметшілер алдындағы беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Осыған байланысты жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енг із іп, əскери соттарға процессуалдық əрекеттерді санкциялау арқылы соттық бақылауды жүзеге асыруға, яғни, тергеу судьясының функция-сын атқаруға мүмкіндік беру қажет. Əскери соттарға аталған институтты енгізу қылмыстық істердің соттылық принципінің сақталуын да қамтамасыз етуге септігін тигізері анық.

– Ə с к е р и қ ы л м ы с т а р б о й ы н ш а белгіленген жазаларға қатысты не айтар едіңіз?

– Жалпы Қылмыстық кодексте əскери қылмыстар бойынша белгіленген жазаларға да өзгерістер енгізу қажет. Неге десеңіз, себебін түсіндіріп өтейін. Мысалы, Қылмыстық к о д е к с т і ң 4 5 1 - б а б ы ə с к е р и қ ы з м е т ш і билігін немесе қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған жағдайда оған бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарын, немесе бес жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жаза-сын қолдану көзделген.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сəйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыппұл бес жүзден он мың айлық есептік көрсеткішке дейін тағайындалады жəне айыппұлдың мөлшері жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталушының мүліктік жағдайы ескеріле отырып белгіленеді.

Əскери соттардың тəжірибесінде əскери атағы немесе лауазымы бойынша басшы бо-лып танылатын мерзімді əскери қызметшінің ай сайын мемлекетпен қамтамасыз етілетін ақшалай қаражаты шамамен 12000-17000 мың теңгені құрайды.

Егер іс бойынша оған жаза ретінде айыппұл тағайындау қажет болған жағдайда бес жүз айлық есептік көрсеткіші (айлық есептік көрсеткіш 2016 жылдың 1 қаңтарынан - 2121 теңге), яғни, ең төменгі айыппұл мөлшері 1 060 500 мың теңге болады.

Мұндай жағдайда көрсетілген айыппұл мөлшері сотталынған əскери қызметшінің мүліктік жағдайына сəкес келмейді жəне үкімді заңда қарастырылған мерзімде орындауға мүмкіндік болмайды, себебі мерзімді əскери қызметшінің басқадай ақшалай қаражат көздері жоқ. Сондықтан аталынған бапқа өзгеріс енгізіп, айыппұл мерзімді əскери қызметшілерге қолданылмайды деп атап көрсеткені дұрыс бо-лар еді деген ойдамыз.

Сонымен қатар, əскери қылмыстық құқық бұзушылық үшін қолданылатын «түзету жұмыстары мен бостандығын шектеу» жаза түрлері де көп жағдайда əскери қызметшілердің ерекше мəртебесі мен əскери қызмет өтеу қағидаларына сəйкес келе бермейді.

Сонымен қоса, əскери қызметшіге қатысты «бас бостандығын шектеу» түріндегі жаза да əскери қызметші режимдік нысаны бар əскери бөлімде қызмет атқарған жағдайда немесе сондай қалашықта тұрған кезде оның орын-далуы əскери қызмет өтеу тəртібін реттейтін жарғылық ережелер мен қағидалар талапта-рына қарама-қайшы келуі мүмкін, яғни оның өзіне жүктелген міндеттерін атқаруға кедергі келтіруі мүмкін екенін де ескергеніміз дұрыс болады.

Сондықтан Қылмыстық кодекстің 42, 44-бап-тарын, оның ішінде, əскери қызметшілерге қатысты қолдану жағдайын қарастыратын қ о с ы м ш а т а р м а қ т а р м е н т о л ы қ т ы р у д ы ойластырғанымыз жөн.

Жаңадан қолданысқа енгізілген қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамалары а з а м а т т а р д ы ң з а ң д ы м ү д д е л е р і м е н құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге толығымен қабілетті, ал оны қолдану бары-сында қалыптасатын сот тəжірибесі жəне заңнамаларды жетілдіру қажеттілігі үнемі айқындап отыратыны тұрақты жағдай.

Сұхбатыңызға рахмет.Сұхбаттасқан Жан АЙБЕК,

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Əскери сотының төрағасы Сəкен АБДУЛЛАЕВ:

ЗАҢНАМАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАНА ТАЛАБЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖƏНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСТЕРІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР, ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАҒАН СОТ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ТЕТІКТЕРІ, ЗАҢНАМАЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫ Қ СТАНДАРТТАРҒА СƏЙКЕСТЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ƏСКЕРИ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СƏКЕН АБДУЛЛАЕВПЕН БОЛҒАН СҰХБАТТА ОСЫ ЖƏНЕ СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕ ДЕ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ.

ДЕРЕК пен ДƏЙЕКҚылмыстық кодексте əскери қылмыстар бойынша белгіленген жазаларға да өзгерістер енгізу қажет. Неге десеңіз, себебін түсіндіріп өтейін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 451-бабы əскери қызметші билігін немесе қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған жағдайда оған бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарын, немесе бес жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолдану көзделген.Қылмыстық кодекстің 41-бабына сəйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыппұл бес жүзден он мың айлық есептік көрсеткішке дейін тағайындалады жəне айыппұлдың мөлшері жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталушының мүліктік жағдайы ескеріле отырып белгіленеді.Əскери соттардың тəжірибесінде əскери атағы немесе лауазымы бойынша басшы болып танылатын мерзімді əскери қызметшінің ай сайын мемлекетпен қамтамасыз етілетін ақшалай қаражаты шамамен 12000-17000 мың теңгені құрайды.

АЗАМАТТЫҚ ҮН

Page 7: Сақшы №50 (4216)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№50 (4216), жұма, 8.07.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

ЖЕКПЕ-ЖЕК

АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік аймақтық құрама командасы озды

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Астана қаласы

АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-НЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ ТОЛУ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫ БОЙЫНША ТОҒЫЗЫНШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ.

Ел ордада ғы « Ди намо» с п ор т кешенінде өткен спорттық іс-шараға еліміздің Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Солтүстік аймақтарының құрама ко-мандалары қатысты. Жарысқа əр құрама команданың ер жəне əйел қызметкерлерінен барлығы 52 спортшы түрлі салмақ дəрежесінде сайысқа түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік нəтижеге қол жеткізген қызметкерлер ІІМ ҚАЖ комитетінің құрама команда-сына қабылданды.

Чемпионаттың басты бағыты ҚАЖ қызметкерлері бойында патриоттық, отансүйгіштік сезімді тəрбиелеу, сала-матты өмір салтын ұстануға насихат-тау мен ҚАЖ органдарының имиджін көтеруге бағытталған.

Жарыс қорытындысы бойынша

жалпыкомандалық 1-орынды Оңтүстік аймақтық құрама командасы жеңіп алса, 2-орынды Шығыс аймақтық құрама командасы місе тұтты. Ал, 3-орынға Солтүстік аймақтық құрама командасы табан тіреді. Жеңімпаздарға ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының грамоталары мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Жарыста түрлі салмақ дəрежесінде ерек-ше көзге түскен спортшыларды атап өтсек, олар – ерлер арасында (85 келі) Бексұлтан Демей, (80 келі) Рустам Атабаев, (70 келі) Əлібек Қарсақбаев, (75 келі) Жандос Асқарбекұлы, (55 келі) Ақтөре Маратұлы, (60 келі) Азамат Азберген, қыздар ара-сында (50 келі) Жанар Нұрқасова, (55 келі) Қымбат Ахмет, (65 келі) Айнұр Мырзабаева, (55 келі) Сагиля Мурзабаева, (64 келі) Марина Ни.

Дүбірлі додада «Ең үздік техникасы үшін» аталымын Əлібек Қарсақбаев жеңіп алса, «Жеңіске деген құлшынысы үшін» аталымын Рустам Атабаев қанжығасына байлады. Ал «Ең тез жекпе-жек» атағына Жанар Нұрқасова лайық деп танылды.

С п о р т т ы қ ш а р а ғ а І І М Қ А Ж К басшылығы, Астана қаласы əкімдігінің І ш к і с а я с а т б а с қ а р м а с ы н ы ң қызметкерлері, «Динамо» спорт кешені өкілдері, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы, қызметкерлері жəне Ардагерлер кеңесінің мүшелері, республикамыздың Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Солтүстік аймақтарының құрама команда өкілдері қатысты.

Ж а р ы с қ а қ ұ р м е т т і қ о н а қ ретінде Қазақстан Республикасы Мəж іл і с Парламент ін ің депута -ты, Бүкілқазақстандық жекпе-жек ассоциациясының Құрметті президенті, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Б ү к і л қ а з а қ с т а н д ы қ ж е к п е - ж е к ассоциациясының вице президенті Рустам Абдалимов шақырылды.

Жарыстың б і р і нш і к үн і ө ткен а ш ы л у с а л т а н а т ы н д а ж е к п е -жек спортының майталмандары кілемге шыққан спортшыларға өз тілектерін білдірді. Осы салтанатта ұйымдастырушылар жарысқа мерекелік сипат беру мақсатында департамент қызметкерлері күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

ІХ республикалық чемпионат нəтижесінде анықталған жеңімпаздар жүлделі орындармен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, осы шараны өткізуге үлес қосқан қатысушыларға да сый-құрмет көрсетілді.

Сурет автордікі

СПАРТАКИАДА

Спорт – сергектік серігіН.САЛФЕТНИКОВА, Қарағанды облысы

СОТТАЛҒАНДАРДЫ САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА БАУЛУ АРҚЫЛЫ ТҮЗУ ЖОЛҒА САЛУ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-НЕ ҚАРАСТЫ АК-159/9 МЕКЕМЕСІНДЕ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН. АЛ, ЖАҚЫНДА ҒАНА ОСЫ МЕКЕМЕНІҢ СПОРТ АЛАНЫҢДА ЕКІ АПТА БОЙЫ ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ.

Осы уақыт аралығында 100 метр қашықтықта жүгіру, эстафета, ұзындыққа секіру, арқан тарту, арқада жатып кеудені көтеру секілді спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Спорт сергектік мəдениетін қалыптастырады. Мұнда қарсыластың қай та-раптан болуына қарамастан, бірін-бірі құрметтеу ережесі қатаң сақталады. Жазылмаған бұл талап осы спартакиада да өз көрінісін тапты.

Спартакиада аясында мекемеде «Жұлдызды сəт-2016» сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыста əр жасақ спорттық биден шеберліктерін көрсетті. Спорттық шараға қазылар алқасы ретінде Көксу орта мектебінің оқытушысы К.Акаев, Көксу мəдениет үйінің басшысы И.Сергеева, РМК-ның «Еңбек-Қарағанды» филиалының өкілі, ЕҚ жəне ТҚ инженері М.Коваленко, сондай-ақ, Көксу ауылдық округі əкімі аппаратының бас маманы В.Перстенев қатысты. Көрсетілген нөмірлер ерекшелігі мен спорттық деңгейі, сапасы мен кəсібилігі бойынша бағаланды. Жоғары деңгейде өткен сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлер ұйымдастырылған іс-шарадан тамаша əсер алып тарқасты.

Жазғы спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген қатысушылар сыйлықтармен жəне мадақтама хаттармен марапатталды.

«Біздің бұл жарысымыз Елорда күніне орай ұйымдастырылып отыр. Біздің қызметкерлер мерекені тек жедел-қызмет жұмыстарындағы жетістіктерімен ғана емес, спорттық жетістіктерімен де қарсы алады», – деді шара бары-сында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев.

Əйелдер арасында болған жарыста 1-ші батальонның полиция қызметкері Лидия Логинова жеңіске жетті. Ал 40 жастан асқандар арасында ЖƏЕАЖ арнайы топ жасағының инспекторы, полиция капитаны Гүлзия Ахметзянова жеңіс тұғырынан көрінді.

Ерлер арасындағы жарыста 40 жасқа дейінгі командада ЖƏЕАЖ қызметкері, полиция аға лейтенаты Дамир Файзуллин, 40 жастан кейінгілер арасында 16 қатысушы арасынан əкімшілік полиция басқармасының қызметкері, по-лиция капитаны Мұрат Орынбасаров оқ бойы озып шықты. Жеке құрам ара-сында үздік өнерді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД ақпараттық-сараптау орталығының басшысы, полиция полковнигі Берік Мұқалиев көрсетті.

Командалық есепте бірінші орынды ЖƏЕАЖ қызметкерлері, екінші орын-ды ТЖД құрамасы, ал үшінші орынды мамандандырылған күзет қызметі басқармасының құрамасы алды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Тоғыз команданың тартысыСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ПРЕЗИДЕНТТІК МИЛЬ» ЖАРЫСЫН ӨТКІЗДІ. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР 9 КОМАНДАҒА БӨЛІНДІ.

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН КƏСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІНЕ ОРАЙ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЭСТАФЕ-ТА ӨТКІЗДІ.

Ішкі істер органдарының имиджін арттыру, халықтың полицияға деген сенімін нығайту мақсатында өткізілген эстафетаға Семей қалалық ІІБ-нің барлық бөліністері мен қызметтерінен 40-тан аса полицей қатысты.

Полиция қызметкерлері арасында жеңіл атлетикадан эстафета өткізу - қаланың спорттық өміріндегі қызықты іс-шараның біріне айналды. Мақсаты – қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, полиция қызметкерлері арасында жап-пай денешынықтыруды жандандыру. Денешынықтыру жəне спортпен айналысу, жарыстарға қатысу – полицейлерге жаңа дағдыларға үйренуге, жедел-қызметтік міндеттерін жетістікпен орындауға көмектеседі.

Төрт қызметкерден тұратын жарыста əрбір қатысушы 1 шақырым арақашықтықты жүгіріп өтуі керек болды. Жарыс қаланың Б. Момышұлы-Чайковский-Интернациональная-Шайжүнісов көшелері қиылысатын кварталда өтті. Мұндағы ең басты талап – жарысқа полицейлік нысандық киімдерімен қатысу қажеттігі болды.

«Осының бəрі полиция қызметкерлерінің спорт жəне денсаулығы жағынан мықты, дамыған екендігіне қала тұрғындарының көздерін жеткізу. Осылайшы полиция

қызметкерлерінің кез келген жағдайда көмек көрсете алатындықтарына халықтың сенімі артады. Эстафета өткізу сексенінші жылдардың басында көп тараған спорт түрі. Осы керемет дəстүр 2002 жылы өз жалғасын тауып, бүгінге дейін өткізіліп келеді», – дейді Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі М.Ыбыраев.

Қазіргі таңда Семей полициясы жеке құрамының арасында 20 кəсіби спортшы бар. Олардың арасында спорт шебері жəне халықаралық дəрежедегі спорт шеберлері де бар. Тергеушілердің, патрульдердің, учаскелік инспекторлардың жəне басқа да ІІБ бөліністері өкілдерінің спорттық жетістіктері республикалық деңгейде ескеріліп, оң бағасын алды.

Семей қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Жұмабек Исадилов қызметкерлерді кəсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, таңдаған қызметтерінде жетістіктерге жетуін тіледі.

Өте тартысты өткен эстафетаның қорытындысы бойынша ІІМ Семей қалалық оқу орталығының командасы ерекше көзге түсіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Жылдам əрекет ету арнайы жасағының командасы, үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Семей қаласындағы ПБ командасы жеңіп алды.

Жеңімпаз командалар ескерткіш кубоктармен, дипломдар-мен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Чемпионатты ІІД бастығының орын-басары, полиция полковнигі Бейбіт Əділханов ашып, қатысушыларды Астана күні мерекесімен құттықтады. «Астана – бұл б ізд ің ел ім ізд ің Тəуелсіздігінің символы, қысқа уақыт ішінде бой көтерген, Қазақстанды əлемге танытқан заманауи қала. Ол – қазақ елінің өсу-өну, даму, еңбексүйгіштігінің, оның Отанға деген сүйіспеншілігінің символы. Бүгінде полиция қызметкерлерінің алдын-да тұрған бірінші кезектегі міндет

– қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Ал бұл тек кəсіби дайындықтан өткен мамандардың ғана қолынан келмек. Сондықтан да бұл жарысқа үздіктердің үздігі келіп отыр деп сенемін», деді ол.

Бұл жарыстың қорытындысында іріктеліп шыққан жеңімпаздар Тараз қаласында өтетін ІІМ-нің чемпионаты-на Ақмола облысының артынан бара-тын болады.

Жарыс екі қару түрінен Макаров тапаншасынан жəне Калашников

автоматынан атудан өтті. Полиция қызметкерлерінің тек мергендіктері ғана емес, табельді қаруды ұстауы, олардың бөлшектері мен тетіктерін білу білімі де тексерілді.

Чемпионат қорытындысында Макаров тапаншасынан ату бойынша жеңіс тұғырының үшінші орнынан 152 ұпай жинаған полиция подполковнигі Дмитрий Пышмынцев табылды. Екінші орынды 154 ұпаймен поли-ция подполковнигі Ербол Нұрышев иеленсе, полиция капитаны Павел Дубицкий 164 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Мер генд і к т ер і н сына ған ару қыздардың ішінен жеңімпаз болып бұған дейін де ІІД өткізген жарыстарда топ жарып жүрген полиция капита-ны Арман Досанова танылды. Екінші орыннан полиция лейтенанты Жанар Ыдрысова, үшінші орыннан полиция майоры Марина Дудкина табылды.

Ч е м п и о н а т а я с ы н д а ө т к е н Калашников автоматынан атудан өткен жарыста жалпыкомандалық сынақта ІІД аппараты 596 ұпай жинап, үздік көрсеткіш көрсетсе, екінші орынға Степногор қалалық ІІБ қызметкерлері, үздіктер үштігіне Шортанды аудандық ІІБ қызметкерлері орнықты.

Б а р л ы қ ж е ң і м п а з д а р м е н жүлдегерлерге кубоктар мен грамота-лар табыс етілді.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Астана күні – тек қала тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар, бүкіл қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Əр жыл сайын осы мерекеге барлық өңірлер халқы ерекше дайындалады. Елорда күніне орай көптеген мəдени, қоғамдық жəне спорттық шаралар өткізіледі.

Осы күндері күшейтілген жүйеде қызмет ететін астаналық құтқарушылар биыл да мерекеге орайластырған шаралардан тыс қалмады. 30 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін елордада өрт-құтқару спорты бойынша гарнизондық жарыстар өтті.

Іс-шараның салтанатты ашылуында жарыстардың бас төрешісі «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Серікхан Тұраров Астана күні – елордалық құтқарушылар үшін өте ерекше мереке екенін атап өтті. «Мерекелік күндері ішкі істер қызметкерлерінің иығына үлкен жауапкершілік жүктеледі – біз қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Құтқарушылар мен тəртіп сақшылары əрқашан ерліктің, күш-қайрат пен батылдықтың үлгісі болуы тиіс. Сол себепті спортқа біз қашан да үлкен мəн береміз. Өрт-құтқару спорты бойынша өткізілгелі отырған жарысты біз жас Астанамыздың 18 жылдығына арнаймыз. Құрметті əріптестер, сіздерді мере-кемен құттықтаймын жəне жарыста сəттілік тілеймін!», – деді ол.

Жарысқа астаналық 11 өрт сөндіру бөлімі қатысты. Нəтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-жалпықұрамалық орынды №9 ӨСБ құрамасы иеленді, 2-жалпықұрамалық орынды №2 МӨБ құрамасы, ал 3-жалпықұрамалық орынды №16 МӨБ құрамасы алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ауыспалы кубокпен жəне сəйкес дəрежедегі дипломдармен марапатталды.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫС ӨТКІЗДІ.

Гарнизондық жарыстарҚАРУДАН АТУ

Аумақтық бөлімшелер арасында

АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АҚМОЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАРУДАН АТУДАН ШЕБЕРЛІКТЕРІН БАЙҚАСТЫ. АУМАҚТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН 19 КОМАН-ДА САЙЫСҚАН ЖАРЫСТА 70-ТЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕРГЕНДІКТЕРІН СЫНАСТЫ.

ЭСТАФЕТА

Қолданбалы спорт түрлерін насихаттау

Page 8: Сақшы №50 (4216)

СӨЗ СОҢЫ№50 (4216), жұма, 8.07.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Неля АРЦИМОВИЧ Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 12678Тапсырыс: №3010

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ИГІ ІС

ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР

ҚЫЗЫҚ ƏРІ МАҢЫЗДЫ

АКЦИЯ

Қолөнер туындыларын ұсынды

Ж.УТАРАЛИЕВА, Атырау облысы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ УГ-157/11 МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ӨЗ ҚОЛДАРЫМЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ.

Көрмеде УГ-157/11 мекемесінде жұмыс жасап жатқан жеке кəсіпкерлердің қолдауымен сотталғандар өз қолдарымен дайындаған бұйымдары көрсетілді. Бұйымдар арасында ұлттық нақыштағы киімдер, тоқымалар, арнайы киімдерді атап өтуге болады.

Көрменің негізгі мақсаты – мекемеде жазаларын өтеушілердің өз қолдарымен жасалған бұйымдарын қоғамға көрсету арқылы, облыстағы басқа да жеке кəсіпкерлерді бірлесіп жұмыс жасауға шақыру.

ҒАЗИЗА ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ КАМЕРАЛЫҚ ХОРЫ ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АЛДЫНДА ОЛАРДЫҢ ШАҚЫРТУЫ БОЙЫНША ӨНЕР КӨРСЕТТІ. КОНЦЕРТ ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БОЛАТЫН.

№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің акт залы жеңіл əсерлі үйреншікті емес əнді тыңдауға келгендердің бəрін сыйғыза алды. Көбісі ерекше шырқалу мəнері бар А капелла туындыларына таңғалып жатты. Бұл əннің аспаптардың сүйемелдеуінсіз орындалуы еді. Əртістердің баурап əкететін дауыстары тыңдармандарға көкте шырылдап сайраған бозторғайдың əнін, келе жатқан дауылдың қаһарлы ноталарын, залға жақын жерде гуілдеген желді естірте алды. А капелламен қазақ, орыс жəне шетел композиторларының шығармалары орын-далды.

Сонымен қатар, дəстүрлі поп жанрын ұнататындар үшін концерттің екінші бөлімі заманауи жеңіл музыкаға арналды. Өнермен қауыштырған кеш соңында тыңдармандар музыкалық ұжымға жəне оның көркемдік жетекшісі, əрі дирижері Мербол Куспановқа ел игілігі жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өнермен қауыштырған кеш

Айсұлу КАЖИКОВА, ЕС-164/6 мекемесі

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ЕС-164/6 МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛҒАН ƏЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ДЕБАТТЫҚ ТУРНИР ӨТІП, САЙЫСҚА ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН 12 НƏЗІК ЖАН ҚАТЫСТЫ.

Қазылар құрамында Петропавл қалалық дебаттық клубтың мүшесі Р.Арманов, Солтүстік Қазақстан

о б л ы с ы п р о к у р а т у р а с ы н ы ң 7 -ш і басқармасының бастығы , əділет кеңесшісі Р.Мамбетов бол-

ды. Дебаттың мақсаты – сотталған əйелдерді қызықтыратын маңызды тақырыптарды талқылау, олардың ой-өрісін дамыту, сауатты сөйлеу мəдениетін қалыптастыру, сыни көзқарас ерекшеліктерін жетілдіру болып табылады.

Осы орайда, турнир барысында 1-жасақтың сотталғандарымен бас бостандығынан айыру орындарынан сотталған-əйелдерді шартты түрде мерзімінен бұрын босату жəне бұрын сотталған əйелдерге қатысты шара-ларды күшейту тақырыбы талқыланды.

Ал, 2-жасақтың сотталғандары түзеу мекемелерінде кəмелетке толмаған балалардың болуының оң жəне теріс аспектілері бойынша тақырыпты т а л қ ы л а д ы . К о м а н д а л а р д ы ң бірі – балалардың бостандығынан айырылған туыстарына кездесуге келуіне тыйым салуды ұсынды.

Осылайша талқыланған тақырыптар бойынша толық отбасын сақтау бағытындағы белгілі бір тұжырымдар жасалып, нəтижес ін мекемен ің тəрбиел ік жəне тағы да басқа жұмыстары барысында қолдануға шешім қабылданды.

Қ а р а ғ а н д ы қ а л а л ы қ І І Б - н і ң анықтамасы бойынша өңірде тіркеуде тұрған 600-ден астам нашақор бар екен. Бұл сан тек бізге мəлімі ғана. Осыған орай қалалық ІІБ жəне оның құрылымдық бөліністері есірткі бизнесі жəне нашақорлықпен күресу саласында жедел ахуалды тұрақтандыруға бағытталған қажетті ұйымдастырушылық жəне тəжірибелік шараларды мықтап қолға алған.

Қоғамды жайлаған өзекті мəселенің алдын алу мақсатында аймақтық ІІО-ның атқарып жатқан іс-шаралары біршама. Қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастамасы-мен биыл оқу орындарында 10 кез-десу, 18 дəріс, 2 дөңгелек үстел, 3 спорттық шара ұйымдастырылды. Ал, халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай №65 мектепте

өткен акцияның басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, оның та-ралуына жол бермеу, спорт – зиянды əдеттермен күресудің қуатты құралы болғандықтан жастарды спортқа баулу, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.

Шараға облыстағы наркологиялық диспансерлік орталықтың қызметкері Е.Шихатова жəне қалалық ІІБ ЕБҚКБ же-дел уəкілі, полиция майоры Д.Жакудаев қатысты. Шараны Е.Шихатова «Дені саудың – жаны сау» тақырыбындағы баяндамасымен бастады. Ал, полиция майоры Д.Жакудаев көптеген жұқпалы аурулардың негізгі таралу көзі осы нашақорлық болғандықтан ескерту жұмыстарының маңызы зор екендігіне тоқталды.

«Кəмелетке толмағандар арасын-да нашақорлықтың алдын алу бұл

құқық қорғаушылардың ғана емес күллі қоғамның міндеті, бір сəттік қызықтың кесірі өзіне ғана емес бүкіл отбасының тыныштығы мен шырқын бұзып, кеселін тигізетінін бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан да жас буынға есірткі мен нашақорлық тура-лы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы з ор . Б уыны қ а тпа ғ ан жасөспірімдердің теріс жолға салы-нып кетпеуін қоғам болып қадағалау керек», – дейді жедел уəкіл.

Акция аясында бастауыш сы-н ы п о қ у ш ы л а р ы к о н ц е р т т і к бағдарламаларын ұсынып, шара соңы №65 жəне №101 лицей оқушылары арасындағы футболдан достық кезде-суге ұласты. Футбол ойыны 1 сағатқа ұласып 4-0 есебімен №65 орта мектеп оқушыларының жеңісімен аяқталды.

Додада оза шапқан жеңімпаздарды қ ұ т тықта ғ ан полиция майоры Д.Жакудаев ойынға қатысқандарды басқарманың кубоктары жəне арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Акция соңында барлық қатысушыларға ар-найы нашақорлыққа қарсы буклеттер мен ескертпе үн парақтары, сонымен қатар, «Наркопост» журналы тара-тылды.

ТЕРІС ЖОЛҒА ТЫЙЫМ КЕРЕКБотагоз КЕНЖЕБАЕВА, Қарағанды қаласы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ №65 ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ҚАБЫРҒАСЫНДА ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЕБҚКБ МЕН ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МҰРЫНДЫҚ БОЛУЫМЕН АКЦИЯ ӨТТІ. ШАРАНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, ЕСІРТКІНІҢ АДАМ ӨМІРІНЕ КЕЛТІРЕТІН ЗАЛАЛДАРЫНЫҢ САЛДАРЫН ЕСКЕРТУ.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Мейірімді істің біріНадежда САЛФЕТНИКОВА, Қарағанды облысы

«ӨЗ ҚОЛЫҢМЕН ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!». ДƏЛ ОСЫНДАЙ ҰРАНМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-ҒА ҚАРАСТЫ АК-159/9 МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «25 МЕЙРІМДІ ІС» АТТЫ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ.

Жобаға ерекше қызығушылықпен қатысқан мекеменің сотталғандар арасындағы тəрбие жұмысы бойынша маманы, əділет майоры Н.Салфетникова «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-əлеуметтік мекемесі» КММ директоры Тоғжан Дүйсекееваға Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/9 мекемесі сотталғандарының қолымен жасалған сыйлықтарды тарту етті. Бұл сыйлықтардың дені осы мекемеде өмір сүріп жатқан қариялар мен мүгедектерге күнделікті тұрмысқа қажетті заттар.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға, туған-туысқансыз мүлдем жалғыз қалғандарға ағаш таяқтар, шахмат, нарды жəне суреттер секілді сыйлықтар тарту етілді. Мекеме бастығы Тоғжан Алтайқызы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/9 мекемесі басқармасына жəне сыйлық əзірлеуге қатысқан сотталғандарға шын жүректен алғыс сөздерін білдірді.

КӨРМЕ

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВОйлан, тап!