Сақшы №16 (4182)

8
№16 (4182), 25.02.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ОРХУС КОНВЕНЦИЯСЫНА СƏЙКЕС КЕЛТІРІЛЕДІ ТАҒЫЛЫМ ЕЛБАСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Олай болса, қазақ жерінде мекендеп, қазақ тілінде сөйлеп, салт-дəстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдерінен бөлек, Қазақстанда білім алып, қалаған мамандықтарының иесі атану үшін жүрген өзге елдің жастары да жеткілікті. Жайлылық пен жақсылықты сезінген бұл жастар ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын- да да бар. Атап айтар болсақ, Қырғызстан Республикасынан Эрмек Джузенов, Адилет Османалиев, Наргиз Арыстанбекова мен Тəжікстан Республикасынан Саъди Рахимов, Фируз Эргошев, Санджар Хасанов, Сино Абуали, Рузиджон Рафиев. Бұл жастар – Қазақ еліне келіп жанына жақын мамандықтары бойынша білім алуымен қатар, институттың қоғамдық-мəдени шараларына белсене қатысып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүрген тыңдаушылар. Шетелден келген тыңдаушылар бүгінгі күннің ең басты мəселесі – тіл мəртебесіне ерекше мəн берген. Олардың барлығы дерлік көп тілді меңгерген. Өз мемлекеттік тілдерінен өзге қазақ, орыс, ағылшын, қытай жəне чех тілдерінде еркін сөйлей алады. Əр адамның алдына қойған мақсат- міндеттері болады. Институтта оқып жүрген өзге ұлт өкілдері де өз мақсаттарына жетуі үшін осы жолды, осы оқу орнын, осы елді таңдады. Қырғызстаннан келген тыңдаушы Эрмек Джузенов: «Қазақ жерінде білім алып, қазақ тілін жетік білгенім үшін мақтанамын. Себебі, осыншалықты бай тілді меңгермей, өз тілдерінде сөйлемей жүрген қазақтарды көзім көрді. Қазақтар өте бауырмал жəне қарапайым халық. Дəстүрлері де ерекше. Елдің дамуы ин- Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нəтижелері, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Қазақстан Президенті былтыр қабылданған «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» заңның жүзеге асырылуын жəне мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, комитет мəртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудиттің қаржы мəселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта бағалауды да қамтуы тиістігіне назар аударды. КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОЗЫ-КӨРПЕШ ЖАҢБЫРШИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАДЫ. Қ.Жаңбыршин былтыр Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасы жүргізгенін мəлімдеді. Анықталған қаржылық заң бұзушылықтар құнының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нəтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген. Есеп комитетінің төрағасы жүргізілген тексерулер мен бақылау-талдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке жəне басқа да бақылау ны- сандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданғанын айтты. Бұл орайда ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы тиісінше 98 жəне 95,8 пайыз болды. Қ.Жаңбыршин бюджеттік жəне басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды тұлға жəне 66 лауазымды тұлға əкімшілік жауапкершілікке, 271 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарына бақылау шараларына қатысты 40 материал берілді. Есеп комитетінің төрағасы Астана жəне Алматы қалаларының, сондай- ақ, облыстардың ревизиялық комиссияларының 2015 жылғы қызметінің негізгі нəтижелері туралы да баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Көктемгі егіс науқанында жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағармай за- уыттардан литріне 80 теңгеден жіберілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мəслихатында Энергетика вице-министрі Əсет Мағауов мəлім етті. «Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың, біздің министрліктің жəне Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өтіп, онда көктемгі егіс науқанында арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мəселесі талқыланды. Өткен жылдың қорытындысына сəйкес, 300 мың тонна дизель отыны қажет. Біздің министрлік бір литрін зауыттардан 80 теңгеден жіберуге болатындығы туралы есептеулерді ұсынды. Жеткізу шараларын ескере отырып, стансалардағы баға литріне 85 теңгені құрайды», – деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, кеңес барысында жақын арада Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, талдау жүргізу арқылы жеңілдетілген бағамен берілетін жанармайдың нақты бағасын белгілеу тапсыр- масы берілді. ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН Ақжүніс ЖƏЛЕНОВА, Ақтөбе қаласы ҚАЗАҚ ЖЕРІ – КЕҢ ҚҰШАҚТЫ АЙҚАРА АШҚАН, ЖАЙДАРЫ ЖҮЗІМЕН НҰРЫН ШАШҚАН, БА- УЫРЛАСТАРЫНА ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСТАРЫ МЕН ПЕЙІЛДЕРІН ТӨККЕН МЕКЕН. 130-ДАН АСТАМ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС ӨКІЛДЕРІ МЕКЕНДЕГЕН ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ БҰЛ БАУЫРЛАСТЫҚТЫ ƏРБІР АЗАМАТ ЖАҚСЫ СЕЗІНЕДІ. ститут қабырғасындағы өткізілген əр сабақтан көрінеді. Оқу сабақтарында жаңашылдық пен кəсіби біліктілікке басты мəн беріледі. АҚШ сынды алпауыт елдерде болып тəжірибеден өттім. Бірақ мен үшін Қазақ елі ыстық», – дейді. Тағдырдың жазуымен, жүректерінің қалауымен келіп білім алып, қазақтай елдің кіршіксіз тəлім-тəрбиесі мен жақсылық нұрына шомылған əріптестер əлем елдерінде де биікке самғайтынына сенім мол. Кеше Парламент Сенатының Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақты дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура- лы» заң жобасы талқыланды. Бұл заң жобасының мақсаты – ұлттық экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сəйкес келтіру болмақ. Қоршаған ортаға қатысты мəселелер бойынша шешімдерді қабылдау процесіне жəне əділ сотқа қол жетімділікті іске асыру туралы конвенцияның (Орхус кон- венциясы) негізгі функциялары қоршаған орта саласындағы мəліметтердің ақпараттық қорын қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, ақпараттарды қолдану мен жеке жəне заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат ұсыну қамтамасыз етіледі. Заң жоба- сына сəйкес парниктік газ шығарындыларына квота белгілеу, беру жəне өзгерту мəселелері бойынша Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу күтіледі. Бұл мақсатта заң жобасымен экологиялық ақпараттардың мемлекеттік қоры арқылы қоғамды ақпараттандыру жүйесінің тəртібі қарастырылып отыр. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайы мен табиғи ресурстарды пай- далану бойынша жыл сайынғы Ұлттық баяндама шығару көзделеді. Бұдан бөлек, экологиялық ақпараттың аса маңызды көздерінің бірі – шығарындылар мен ластаушылардың ауысуы туралы мемлекеттік тізілім болып табылады. Тұтастай алғанда, заң жобасы арқылы ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар квоталаудың тиімді жүйесін енгізуге, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалауға қатысты болып отыр. Заң жобасы алдағы уақытта өтетін Палатаның жалпы отырысына шығарылады. ЖАНАРМАЙ 80 ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛУІ МҮМКІН

Upload: mediaovd

Post on 30-Jul-2016

265 views

Category:

Documents


9 download

DESCRIPTION

Сақшы №16 (4182) 25.02.2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №16 (4182)

№16(4182),

25.02.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ОРХУС КОНВЕНЦИЯСЫНА СƏЙКЕС КЕЛТІРІЛЕДІ

ТАҒЫЛЫМ

ЕЛБАСЫ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

«Ынтымақ жүрген жерде ырыс б ірге жүреді» деген сөз бар. Олай болса, қазақ жерінде мекендеп, қазақ тілінде сөйлеп, салт-дəстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдерінен бөлек, Қазақстанда білім алып, қалаған мамандықтарының иесі атану үшін жүрген өзге елдің жастары да жеткілікті. Жайлылық пен жақсылықты сезінген бұл жастар ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын-да да бар.

А т а п а й т а р б о л с а қ , Қ ы р ғ ы з с т а н Республикасынан Эрмек Джузенов, Адилет Османалиев, Наргиз Арыстанбекова мен Тəжікстан Республикасынан Саъди Рахимов, Фируз Эргошев, Санджар Хасанов, Сино Абуали, Рузиджон Рафиев. Бұл жастар – Қазақ еліне келіп жанына жақын мамандықтары бойынша білім алуымен қатар, институттың қоғамдық-мəдени шараларына белсене қатысып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүрген тыңдаушылар. Шетелден келген тыңдаушылар бүгінгі күннің ең басты мəселесі – тіл мəртебесіне ерекше мəн берген. Олардың барлығы дерлік көп тілді меңгерген. Өз мемлекеттік тілдерінен өзге қазақ, орыс, ағылшын, қытай жəне чех тілдерінде еркін сөйлей алады.

Əр адамның алдына қойған мақсат -міндеттері болады. Институтта оқып жүрген өзге ұлт өкілдері де өз мақсаттарына жетуі үшін осы жолды, осы оқу орнын, осы елді таңдады. Қырғызстаннан келген тыңдаушы Эрмек Джузенов: «Қазақ жерінде білім алып, қазақ тілін жетік білгенім үшін мақтанамын. Себебі, осыншалықты бай тілді меңгермей, өз тілдерінде сөйлемей жүрген қазақтарды көзім көрді. Қазақтар өте бауырмал жəне қарапайым халық. Дəстүрлері де ерекше. Елдің дамуы ин-

Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нəтижелері, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады.

Қазақстан Президенті былтыр қабылданған «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» заңның жүзеге асырылуын жəне мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, комитет мəртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудиттің қаржы мəселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта бағалауды да қамтуы тиістігіне назар аударды.

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОЗЫ-КӨРПЕШ ЖАҢБЫРШИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАДЫ.

Қ.Жаңбыршин былтыр Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасы жүргізгенін мəлімдеді. Анықталған қаржылық заң бұзушылықтар құнының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нəтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген.

Есеп комитетінің төрағасы жүргізілген тексерулер мен бақылау-талдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке жəне басқа да бақылау ны-сандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданғанын айтты. Бұл орайда ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы тиісінше 98 жəне 95,8 пайыз болды.

Қ.Жаңбыршин бюджеттік жəне басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды тұлға жəне 66 лауазымды тұлға əкімшілік жауапкершілікке, 271 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарына бақылау шараларына қатысты 40 материал берілді.

Есеп комитетінің төрағасы Астана жəне Алматы қалаларының, сондай-ақ, облыстардың ревизиялық комиссияларының 2015 жылғы қызметінің негізгі нəтижелері туралы да баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Көктемгі егіс науқанында жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағармай за-уыттардан литріне 80 теңгеден жіберілуі мүмкін.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мəслихатында Энергетика вице-министрі Əсет Мағауов мəлім етті.

«Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың, біздің министрліктің жəне Ауыл шаруашылығы минис трл і г і өкілдерінің қатысуымен кеңес өтіп, онда көктемгі егіс науқанында арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мəселесі талқыланды. Өткен жылдың қорытындысына сəйкес, 300 мың тонна дизель отыны қажет. Біздің министрлік бір литрін зауыттардан 80 теңгеден жіберуге болатындығы туралы есептеулерді ұсынды. Жеткізу шараларын ескере отырып, стансалардағы баға литріне 85 теңгені құрайды», – деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, кеңес барысында жақын арада Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, талдау жүргізу арқылы жеңілдетілген бағамен берілетін жанармайдың нақты бағасын белгілеу тапсыр-масы берілді.

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН

Ақжүніс ЖƏЛЕНОВА, Ақтөбе қаласы

ҚАЗАҚ ЖЕРІ – КЕҢ ҚҰШАҚТЫ АЙҚАРА АШҚАН, ЖАЙДАРЫ ЖҮЗІМЕН НҰРЫН ШАШҚАН, БА-УЫРЛАСТАРЫНА ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСТАРЫ МЕН ПЕЙІЛДЕРІН ТӨККЕН МЕКЕН. 130-ДАН АСТАМ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС ӨКІЛДЕРІ МЕКЕНДЕГЕН ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ БҰЛ БАУЫРЛАСТЫҚТЫ ƏРБІР АЗАМАТ ЖАҚСЫ СЕЗІНЕДІ.

ститут қабырғасындағы өткізілген əр сабақтан көрінеді. Оқу сабақтарында жаңашылдық пен кəсіби біліктілікке басты мəн беріледі. АҚШ сынды алпауыт елдерде болып тəжірибеден өттім. Бірақ мен үшін Қазақ елі ыстық», –

дейді. Тағдырдың жазуымен, жүректерінің қалауымен келіп білім алып, қазақтай елдің кіршіксіз тəлім-тəрбиесі мен жақсылық нұрына шомылған əріптестер əлем елдерінде де биікке самғайтынына сенім мол.

Кеше Парламент Сенатының Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақты дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-лы» заң жобасы талқыланды.

Бұл заң жобасының мақсаты – ұлттық экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сəйкес келтіру болмақ. Қоршаған ортаға қатысты мəселелер бойынша шешімдерді қабылдау процесіне жəне əділ сотқа қол жетімділікті іске асыру туралы конвенцияның (Орхус кон-венциясы) негізгі функциялары қоршаған орта саласындағы мəліметтердің ақпараттық қорын қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, ақпараттарды қолдану мен жеке жəне заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат ұсыну қамтамасыз етіледі. Заң жоба-сына сəйкес парниктік газ шығарындыларына квота белгілеу, беру жəне өзгерту мəселелері бойынша Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу күтіледі.

Бұл мақсатта заң жобасымен экологиялық ақпараттардың мемлекеттік қоры арқылы қоғамды ақпараттандыру жүйесінің тəртібі қарастырылып отыр. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайы мен табиғи ресурстарды пай-далану бойынша жыл сайынғы Ұлттық баяндама шығару көзделеді. Бұдан бөлек, экологиялық ақпараттың аса маңызды көздерінің бірі – шығарындылар мен ластаушылардың ауысуы туралы мемлекеттік тізілім болып табылады.

Тұтастай алғанда, заң жобасы арқылы ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар квоталаудың тиімді жүйесін енгізуге, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалауға қатысты болып отыр.

Заң жобасы алдағы уақытта өтетін Палатаның жалпы отырысына шығарылады.

ЖАНАРМАЙ 80 ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛУІ МҮМКІН

Page 2: Сақшы №16 (4182)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№16 (4182), бейсенбі, 25.02.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

АҚШ

Атылған соң жойылып кететін оқ

Жапония

Тəжікстан

Австрия

Американың əскерилері атыс кезінде кездейсоқ адамдарды жарақаттамауға мүмкіндік беретін оқ жасады. Оқ белгілі бір қашықтықтан өткен соң өзін өзі жойып жіберетін жарылғышпен жабдықталған. Ол үшін детонация алдында уақытша қашықтық беріліп, одан кейін оқ жары-лып, ұшуын тоқтатады.

Əскерилер қала ішінде атыс кезінде жанжалға қатысы жоқ бейбіт адамдар көп зардап шегеді деп отыр. Олардың ұсынған технологиясы тұрғындардың оққа ұшуы немесе жарақат алуын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл мəселе снайперлік мылтық пен ірі калибрлі оқшашарларда көп қолданылатын 50-ші калибрлі патрондарға қатысты. Сондықтан алғашқы жойылатын оқ та осы калибр көлемінде жасалған.

Ұшуға бағыт алған Boeing 737 өртенді

Қандастарымызға мүмкіншіліктер жасауымыз керек

Былтыр қанша «жасыл» энергия өндірілді?

Ел астанасы Вена қаласы əлемде өмір сапасы бойынша үздік қала деп танылды. Мұны Mercer («Мёрсер») халықаралық к о н с а л т и н г т і к к о м п а н и я с ы н ы ң жарияланған баяндамасы куəландырады.

Рейтингте əлемнің 440 қаласындағы өмір сапасы туралы мəліметтер ұсынылған.

Өткен жылдың бірінші «ондығы» өзгерген жоқ: 2015 жылы рейтингтің жоғары сатысынан көрінген Венадан кейін швейцариялық Цюрих (екінші орын) пен жаңазеландиялық Окленд (үшінші орын) тұр. Одан кейін тізімде Мюнхен (Германия), Ванкувер (Канада), Дюссельдорф (Германия), Франкфурт (Германия), Женева (Швейцария), Копенгаген (Дания) жəне Сидней (Австралия) бар.

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ƏБДІҚАЛЫҚОВА ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ. ОНДА ҚҰРЫЛҒАНЫНА ШИРЕК ҒАСЫР ТОЛҒАЛЫ ОТЫРҒАН БҰЛ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ӨЗГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДАН МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ БӨЛЕК ЕКЕНДІГІН АТАП ӨТТІ.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Мемлекеттік хатшыны қауымдастықтың жұмыс жоспарымен таныстырып, шетелдегі қазақ диаспорасының өзекті мəселелерін баяндап берді. Айтылған ұсыныстар мен пікірлерді мұқият тыңдап, жазып алған Мемлекеттік хатшы делегация құрамындағы Мəдениет жəне спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров пен Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаевқа нақты тапсырмалар берді.

«Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев жиналыс өткізді. Ондағы талқыланған мəселелердің үлкен бір бөлімі көші-қонға қатысты болды. «Көші-қон туралы» заңды əдейі қабылдадық. Шетелден көшіп келем деген оралмандарға мүмкіншілік жасау ке-рек. Əсіресе, білімі бар, жұмыс істеймін дегендер үшін... Əлемдік дағдарыс салдарынан енді елімізге Еуропадағы қазақтар да Қазақстанға көшіп келе бастауы мүмкін. Францияда болған кездесуде олар осындай ойларын айтты.

Елбасы жиналыс кез інде отандастарды қолдаудың үлгісі ретінде бірнеше рет Ресейден мысал келтірді», – деді Г.Əбдіқалықова.

Сондай-ақ , Мемлекетт ік хатшы Талғат Асылұлының шетелдегі қазақ диаспорасының нақты санына қатысты зерттеу жүргізу мəселесін қарастыру жəне қазақ диаспорасы арасын-да Қазақстанның көші-қон саясатын түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөніндегі ұсыныстарына қолдау көрсетуге уəде берді.

2015 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ШАМАМЕН 700 МЛН. КИЛОВАТТ-САҒАТ «ЖАСЫЛ» ЭНЕРГИЯ ӨНДІРІЛДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖИЫНЫНДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСА-РЫ ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА АЙТТЫ.

«2015 жылы жалпы қуаты шамамен 120 мега-ватты құрайтын жаңаратын энергия көзінің 14 жобасы іске қосылды. Толықтай алғанда өткен жылы жаңаратын энергия көздерінен өндірілген энергия көлемі шамамен 700 млн. киловатт-сағатты құрады», – деді Д.Назарбаева.

Оның атап өтуінше, көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні 75 ел мен 14 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми қуаттап, 27 шартқа қол қойылды. Ал жиын қорытындысында тағы 13 шарт ресімделеді.

«ЭКСПО-2017» жасыл энергия саласындағы адамзат жетістігін паш ететін, энергия ресурс-тарын ұлттық пайдалану мəселелерін шешетін алаңға айналады», – деді Д.Назарбаева.

Айта кетерлігі, бұл жиынға қатысу үшін елордаға 102 елден 278 делегат келді.

АСТАНАДА ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ 22 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ГАЗБЕН ЖЫЛЫТЫЛАДЫ. КЕШЕ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ АСТАНА ƏКІМІ ƏДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ ОСЫЛАЙ ДЕП МƏЛІМ ЕТТІ.

Əкім шаһардың экологиялық ахуалы өзін алаңдататынын айта келе, əсіресе, ауаның тазалығына айрықша назар аудару керектігін атап өтті. Есептеулерге қарағанда, күн сайын қала атмосферасына 100 тоннаға тарта зиянды зат шығарылады екен.

«Осы жағдайға байланысты шаралардың кешенді жоспары қабылданды. Екі жылдың барысында біз дербес қазандықтар мен жеке секторды, яғни, 22 мыңнан астам үйді газбен жылытуға толықтай көшіреміз. Қаланың коммуналдық қызметтерінің көліктері газомоторлық отынды пайдаланатын болады», – деді Ə.Жақсыбеков.

Сондай-ақ, Астана əкімі елордада енгізіліп жатқан жаңашылдықтарды, оның ішінде жаңа жұмыс уақытына көшу себебін түсіндірді.

«Балаларды мектепке 15 минут бұрын жеткізу үшін біз айғай-шуға басып, оны қандай да бір проблемаға жеткізіп жатамыз. Бүгінде көптеген ата-ана өздерінің балаларын курстарға немесе спорттық үйірмелерге таңғы 6-7-ден бастап апа-ратынын білеміз. Бұл өз кезегінде бəрінен бұрын өздеріңізге көмектеседі жəне балалар ерте тұруға дағдыланады. Сонымен қатар, балаға да пайдалы, ерте тұрып, ерте ұйқыға жатады. Ал біз болсақ осы шараларды теріс қабылдап, оны қисынсыз іске балап жатамыз», – деп тоқталды əкім.

Оның сөзіне қарағанда, сауда орталықтарының жұмысын сəл кештеу бастауға болады. «Сауда

22 мыңнан астам үй газбен жылытылады

орталықтарының жұмысын сағат 9-да бастау міндетті ме? Адамдардың сағат 9-дан бастап дүкенге баруы екіталай, яғни, сəл кештеу – 10-11 кезінде бара бас-тайды», – дейді Ə.Жақсыбеков.

Сонымен қатар , ол қала тұрғындарын көліктік жүйені ре-формалау бойынша шараларды қолдауға шақырды. Бұл тұрғыда кейбір көшелерде біржақты қозғалысты енгізу көзделуде.

« Б ү г і н к ө л і к к е п т е л і с і н төмендету мақсатында, сондай-ақ, əлемдік тəжірибеге сүйене оты-рып қалада дифференцияланған жұмыс уақытын енгізу жоспа-ры əзірленді. Қала əкімдігінің барлық құрылымдары жаңа кес-теге көшті, қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдармен, ұлттық

компаниялармен жəне жекеменшікті ұйымдармен, ЖОО-лармен, мектептермен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жоспарды жүзеге асыру жүктемені 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», – деп тоқталды əкім.

Оның сөзінше, жаңашылдықтар бойынша шешім қабылдау тұрғындардың өміріне əсер етеді жəне бұл қадамдар сарапшылар мен қоғамның пікірлерін ескере отырып іске асырылады.

«Осы шаралардың барлығы қоғаммен келісіледі. Жалпы, қабылданған шаралар биылдан қозғалыс кестесін ретке келтіріп, бағдарлар жүйесін жақсартуға, жолаушыларға қызмет көрсету са-пасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда тұрғындарды осы бағытта бізге қолдау білдіруге шақырамын», – деп түйді Ə.Жақсыбеков.

Елорда автобустарына кəсіби білікті жүргізушілер жетіспейтін көрінеді.

«Қоғамдық көлік сервисі үшін жүргізушілер мен кондукторлардың кəсіпқойлығы аса маңызды бо-лып табылады. Білікті жүргізушілердің жетіспейтіні рас», – деп тоқталды əкім.

Оның айтуынша, 2015 жылы Көлік мамандарының біліктілік орталығында біліктілікті арттырудың бірінші деңгейінен 1300 жүргізуші мен 500 кондук-тор өткен.

«Жүргізушілердің жалпы санының үштен бірі ғана, ал кондукторлар арасында жартысынан сəл астамы рұқсат алды», – деді Ə.Жақсыбеков.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта қалада жеңіл рельсті трамвай секілді қоғамдық көліктің жаңа түрі пайда болады. «Болашақта ол қала тұрғындары тарапынан үлкен сұранысқа ие бола-тынына сенімдімін», – деді ол.

2015 ЖЫЛЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛ-ДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ «2015 ЖЫЛДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖƏНЕ 2016 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ» ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІНДЕ ОБЛЫС ƏКІМІ С.КУЛАГИН МƏЛІМ ЕТТІ.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста қолға алынған халықты əлеуметтік қорғау жүйесі жұмысының басты бағыттарының бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орында-рын ашу.

«2015 жылы 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 6,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жəне əлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 3,3 мың адам жұмысқа тартылды.

Бұл бағдарламаны іске асыру үшін 2015 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,2 миллиард теңге бөлінді», – деді С.Кулагин.

11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ АРҚЫЛЫ 2016-2017 ЖЫЛДАРЫ 21 МЫҢ ПƏТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ. БҰЛ ТУ-РАЛЫ КЕШЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БРИФИНГТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКI БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АЙБАТЫР ЖҰМАҒҰЛОВ МƏЛІМ ЕТТІ.

«Бұған дейін тұрғын үй құрылысына əкімдіктер тарапынан жобалар қарастырылып келген еді. Болашақта бұл жобаларда банктер мен салымшылардың талаптары ескерілетін болады», – деді ол.

А.Жұмағұловтың атап өтуінше, банк арқылы салынатын үйлердің шаршы метрінің құны мемлекеттік комиссиямен бекітілген. Яғни, тұрғын үй «Бəйтерек Девелопмент» компа-

21 мың пəтер пайдалануға беріледі

ниясы арқылы қаржыландырылатын болса, онда оның аймақтардағы шаршы метрінің құны 180 мың теңге, ал Алматы мен Астанада 200 мың теңгеден аспайтын болады. Ал жергілікті атқарушы органдар арқылы қаржыландырылатын болса, аймақтарда 140 мың теңгеден, Астана мен Алматыда 200 мың теңгеден аспауы тиіс. Жалпы, бұл пəтерлердің ауданы 30 бен 70 шаршы метр төңірегінде болады.

«Қолжетімді баспана-2020» аясында банк тарапынан жас отбасыларға жəне халықтың барлық санатына арналған 7 мыңдай пəтер қаржыландырылатын болады. Осы екі бағытты қосқанда 2016-2017 жылдары 21 мың пəтер пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есе көп», – деді басқарма төрағасы.

2016 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН АСТАНА МЕН АЛМАТЫ ƏУЕЖАЙЛАРЫНДА ТЕКСЕРУДЕН ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ БЕЛГІ ҚОЮДЫҢ БАЛАМАЛЫ ƏДІСІ – ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОТЫРҒЫЗУ ТАЛОНЫ ЕНГІЗІЛЕДІ.

Қазіргі уақытта ИДМ Азаматтық авиация комитеті электрондық отырғызу талонын енгізу үшін жолаушыларды əуе көлігімен тасымалдау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бастама көтерді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен ха-барлады.

Осы жəне басқа да мəселелер коми-тет төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ла с таев тың Əуе көл і г і х алықаралық қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы филиалы жəне «AirAstana» əуекомпаниясы өкілдерімен кездесуде талқыланды.

Бұл əдіс қажетті авиациялық қауіпсіздік деңгейін сақтауға, интернет арқылы тіркеліп, бірақ, рейс-ке келмей қалған жолаушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде рейстердің жолаушыларды күтіп, кешігу жағдайларын азай-тады.

Электрондық отырғызу талоны енгізіледі

Жапонияда Boeing 737 ұшағының қозғалтқышы ұшу-қону жолағына шығып, қарқын ала бастаған кезде өртке оранған. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Қозғалтқыштан шыққан түтін кабинаға өтіп кеткендіктен жолаушылар үрленетін сатымен апат кезінде пайдаланылатын есіктерден тысқа шығарылған. Ұшақтың бортында 159 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған.

Жапонияның құқық қорғау органдары жолаушылардың бірі аздаған жарақат алғанын хабарлады. Жапондық əуе желілерінің Boeing 737 ұшағы Саппоро – Фукуокаға ішкі рейсті орындауы тиіс болған.

Есірткі саудасымен айналысқан сақшылар

Елдің ІІМ Есірткінің заңсыз айна-лымымен күрес жөніндегі аймақтық басқармасының төрт қызметкер і А у ғ а н с т а н м е н ш е к а р а д а 5 6 к е л і есірткімен ұсталды.

Есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері есірткіні Душанбеге жібермек болған, алайда, оларды өз əріптестері тұтқындады.

Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ресми мəліметтер бойынша, өткен жылы елде есірткі саудасымен айналысқан құқық қорғау ведомстволарының 10 қызметкері қамауға алынған, олардың арасында елдің Қорғаныс министрлігі жəне Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері болған.

Соңғы 22 жылда Тəжікстанның құқық қорғау органдары 130 тоннадан астам есірткі тəркілеген, соның ішінде 34 тоннасы – героин.

Вена үздік қала деп танылды

Page 3: Сақшы №16 (4182)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№16 (4182), бейсенбі, 25.02.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ТАЛҚЫПРОБАЦИЯ

Ақтөре ҚУАНЫШЕВ, Атырау облысы МКҚБ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ТАЛ-ДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ САБЫРЖАН ТӨЛЕГЕНОВПЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫП, «СУИЦИД ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА ƏҢГІМЕ ӨРБІТТІ.

Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, штаб, заңгерлік жəне өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орын-далуын қамтамасыз етуге қатысты елеулі іс-шаралар атқаруда. Осы тұрғыда департаменттің Дағдарыс орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жəне осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруына жол бермеу мақсатында облыстың Прокуратура басқармасының аға прокуроры, əділет кіші кеңесшісі Жұмағали Ботабеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Алексей Колосков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Бахыт Құрбанбайұлы арнайы шақыртылған еді. Жиынның басты мақсаты – ең алдымен қызметкерлердің білім деңгейін арттыру, əдептілік ұстанымын жоғарылату.

Іс-шара барысында құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытпауға, кəсіби əдептілігін арттыруға, жеке басының қамын ойлап, парақорлықтың дендеуіне септігін тигізбеуге қызметкерлердің назары аударылды. Кадр бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А.Бейсембаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы баяндап берді. Шақырылған қонақтар да өз тарапынан ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының талаптарын түсіндіріп өтті.

Əрине, сыбайлас жемқорлық дəрі беріп емдейтін сырқат емес. «Айналасындағы саламатты жəне таза ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз əрекеттермен қоғамдық ортаның жəне мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі қызметкерлердің өзінде», – деп штаб басшысы Бахыт Құрбанбайұлы тұжырымдады.

Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ұжым болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз жəне халық сенімінен шығатынымыз анық.

Кездесуге ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынба-сары, əділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев, əділет жəне пенитенциарлық жүйе р еформасы с ала сында ғы халықаралық сарапшылар Томас Паттерсон мен Бен Зенгеринк аталған тақырыпта келелі əңгіме өткізіп, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы про-бация қызметінің жұмысымен танысты.

Алматы қаласы жəне Алматы облысы бойынша пробация қызметінің есебінде 4305 адам тұрады. Оның ішінде қала бойынша – 1857, облыс бойынша – 2448.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық əділет

Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарының қызметкерлерінің арасында суицид фактілеріне жол бермеу жəне ұжымдағы моральдық-психологиялық кли-матты нығайту бойынша профилактикалық кең көлемде насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Жиын барысында Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Қайыржан Дүйсенбаев «Суицидтің алдын алу. Өмір жалғаса береді, суицид – дұрыс шешім емес» тақырыбында баяндама жасады. Өз кезегінде Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығы бастығының орынбасары Сабыржан Дүйсебайұлы суицидтің ауыр күнə екенін ескертті. «Өмір – Алланың тапсырған аманаты. Адамға сыйлаған өмірді тек Жаратқан ие ғана қайырып ала алады. «Сабыр түбі – сары алтын» деп бабаларымыз бекерге айтпаған. Жаратқанның жіберген сынақтарына сабыр сақтап, шыдай білгеніміз жөн», – деді ол. Сондай-ақ, басқарма қызметкерлері сұрақтарын койып, əнгімелесу барысында маманнан тұшымды жауаптар алды.

СОТ РЕФОРМАСЫН ҚОЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ МƏСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖƏНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТЫҢ «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОТ РЕФОРМАСЫН ҚОЛДАУ» ЖОБАСЫНЫҢ АЯ-СЫНДА «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОТ РЕФОРМАСЫН ҚОЛДАУ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ƏДІЛЕТТІЛІКТІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС РЕФОРМАСЫНА ЖƏНЕ СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ ТƏРТІБІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖОЛЫМЕН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ƏҢГІМЕ ӨТТІ.

саласына азаматтарды тартуды азай-ту, қоғамнан оқшаулауға байланыс-ты емес қылмыстық-құқықтық шара-ларды неғұрлым кеңінен қолдануға жағдай жасау қажеттігі баса айтылған. Сонымен қатар, мұнда соттардың бас бостандығынан айыруға бала-ма шараларды неғұрлым белсенді қолдануы үшін олардың орындалу тиімділігін арттыру қажеттілігі, ол үшін осындай шаралардың орындалуына жауапты мамандандырылған орган-ды институционалдық дамыту талап етілетіні де айқындалған. Егер бас бостандығынан айыру қылмыстық жа-залау түрінің əлі де болса негізгі түрі болып қалып отырғанын ескерсек, бүгінде бас бостандығынан айырудың тəрбиелік жағын күшейтетін шаралар-

ды қабылдау қажеттігі маңыздырақ. Солардың бірі – бас бостандығынан айырылғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту. Кездесуде осы мəселемен қатар сотталғандарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, пробация қызметімен айналысатын мамандардың мəртебесін арттыру туралы да кеңінен əңгіме болды.

Пробация қызметі соңғы жылдары қылмыстық жазаларды ізгілендіруді жүзеге асырудың маңызды тетігі ретінде іске қосылған сала. Негізгі міндеті – есеп-ке алынғандарды тұратын жері бойынша тексеріп жəне оларға əлеуметтік көмек көрсетумен қатар, сотталғандарды жұмыспен қамту мəселесіне де бел-сене араласу. Өйткені, жұмысы бар адамның, күнделікт і күнкөріс іне қаражаты бар деген сөз. Бұл жағдай олардың қайталап қылмыс жасауының алдын алып, еліміздегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына оң ықпал етеді. Сотталғандардың өміріне айтарлықтай ықпал ететін пробация қызметін жетілдіруге бағытталған шаралардың бірі – шетелдік тəжірибелерді зерттеу. Бұл мақсатта мамандардың пікірін тыңдап, тəжірибе алмасудың маңызы ерекше екені сөзсіз.

С о л т ү с т і к Қ а з а қ с т а н о бл ыс ы аумағында ақпан айында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын екі кезеңде, ақпанның 17-19 жəне 24-26 аралығында, өткізу жоспарланған. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дəурен Қазбековтің айтуынша, іс-шараның мақсаты – əкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау.

«Борышкер» іс-шарасына алғашқы күні құқық қорғау органдарының 409

«БОРЫШКЕР»

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

«БОРЫШКЕР» ЖАЛТАРА АЛМАЙДЫ Əбілсейіт ЖОЛАУШИН, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ СОТ ОРЫНДАУШЫЛА-РЫМЕН БІРЛЕСІП «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ.

қызметкері тартылды. Оның 11-і – про-куратура қызметкері, 14-і – сот орын-даушысы жəне полицейлер. Сонымен бірге, 78 автокөлік жұмылдырылды. Жалпы сомасы 5 млн. 668 мың теңге болатын 842 түбіртек өнідіріліп алынды. Мəжбүрлеп орындауға 590 070 теңге сомасындағы 58 қаулы жөнелтілді.

Əкімшілік полицейлердің айтуын-ша, «Борышкер» іс-шарасының негізгі мақсаты айыппұлдарын төлемей жүргендерд і анықтаумен қатар, олардың жазадан құтылмау тəртібінің сақталуын қадағалау.

Рейд барысында тəртіп сақшылары « Ж о л п р и с т а в ы » ж ы л ж ы м а л ы автокешенін белсенді пайдалануда. Бұл кешен арқылы тек 2015 жылы ғана 63 млн. теңге өндіріліп алынып, 7 көлік арнайы айып тұрағына қойылған. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дəурен Қазбековтің мəлімдеуінше, 2015 жылы облыс аумағында «Борышкер» операциясының 6 кезеңі өткізілген. Сомасы 70 млн. 450 мың теңгеден аса-тын 7669 түбіртек өндірілген. Сот орын-даушыларымен бірлесіп 224 рейдтік іс-шара өткізілді. Олардың нəтижесі бойынша 55 бірлік автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталған жұмысы тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

Нұрболат ДЕРБІСОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЗАМАН АҒЫСЫМЕН БІРГЕ ӨСІП-ӨРКЕНДЕП, БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН ЖОЙЫЛМАЙ ОТЫРҒАН КЕСЕЛДІҢ БІРІ. БҰЛ КЕСЕЛ БІЗДІҢ ЖАС МЕМЛЕКЕТІМІЗГЕ ОРАСАН ЗОР НҰҚСАН КЕЛТІРІП ОТЫР.

Қуаныш МЕДЕУБАЕВ, Қарағанды облысы

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСЫН БЕЛСЕНДІ БАСТАДЫ. ОБЛЫСТАҒЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ПО-ЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ЖАЛҒАСБАЙ ЖАҚАЕВ ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ-СҰРЫПТАУ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСІП, ƏР АДАМНЫҢ ТАЛАБЫ МЕН ТІЛЕГІ, ӨКПЕСІ МЕН ӨТІНІШІ ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ.

Кеңеске Жамбыл облысы əкімдігінің, Тараз қалалық əкімдігінің өкілдері, облыстық, қалалық прокуратура қызметкерлері, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, сондай-ақ, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мүдделі қызметкерлері қатысты. Семинар жұмысын департамент бастығы, əділет полковнигі Дидар Рахымбердиев ашып, департамент бастығының орынбасары, əділет полковнигі Бағлан Жапашева баяндама жасады.

Семинардың басты мақсаты ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енуіне байланысты жаңа заң талаптарын бұзуға жол бермеу жəне жұмыс барысында кездесетін кемшіліктердің алдын алу болып табылды.

Семинарға қатысушылардың көпшілігі облыстық Қаржылық бақылау инспекциясының бақылау бөлімінің бас бақылаушы-тексерушісі Индира Тұрғынбаеваға жəне Жамбыл облыстық прокурорының 7-ші басқармасының бастығы Секер Бүркітбаевқа жаңа заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуға қатысты сұрақтарды қойып жатты.

Жаңа заң аясында талқыланған қызу мəселелер оң шешімін тауып, облыстық ҚАЖ департаментінің мемлекеттік сатып алуға тікелей жауапты қызметкерлері көкейінде жүрген түйткілді сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.

СЕМИНАР-КЕҢЕС

Заң талаптарын түсіндірді

Гүлжамиля НОКРАБЕКОВА, Жамбыл облысы

ІІМ ҚАЖ КОМИТЕТІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 4 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 434-V «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ АЯСЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ.

Суицид – азаптан құтқарар жол емес

Қоғамдық кеселмен күрес тоқтамайды

Шағын ауданның оқу училищесінің қабырғасында өткен кездесу ге жергілікті тұрғындар, зейнеткерлер мен ұстаздар қауымы дайындықпен келгені көрініп тұр. Бірі өкпе-назын білдіріп, бірі өтінішін жеткізіп жат-ты. Аудандағы жол қауіпсіздігі мен сауда нүктелеріндегі алкогольдік іш імд і к т ерд і ң жа сө сп і р і мдер г е заңсыз сатылуы тұрғындардың басты сұрақтарына айналды. Сұрыптау елді мекенінің тұрғындары үшін балалардың о қ у ғ а б а р ы п - қ а й т у ы к е з і н д е г і қауіпсіздігі ең көкейкесті мəселелері екені байқалды. «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз аула» шаралары бойынша аталған ауданға биыл назар аудары-лып, қаржы да бөлінетін болды. Мұны, өз сөзінде аудан əкімінің орынбасары да тілге тиек етті. Ал, жергілікті полиция қызметінің басшысы мен орынбасарла-ры аудандағы криминогендік ахуал мен құқық бұзушылықтың алдын алудағы жедел іс-əрекеттерін пысықтады. Мысалы , жуырда пəтер иелер і кооперативтерімен келісіп, əр аула мен үйлердің кіреберістеріне бейнебақылау камералары орнатылмақ.

«Заман өзгерген сайын өмір тала-бы да өзгереді. Осыған сəйкес за-манауи технологияларды пайдала-

ХАЛЫҚ АЙТСА, ҚАЛТ АЙТПАЙДЫ

на отырып біз əр аулада, əр көшеде құқық бұзушылықтың алдын алуға қадам жасаудамыз. Ал, балалардың мектеп қабырғасында жəне одан тыс жерлердегі қауіпсіздігі полицияның ғана емес, барша жұртшылықтың жауапкершілігінде. Біздің тарапымыз-дан қаланың кез келген нүктесінде қала тұрғындарының қауіпсіздігіне кепілдік беріледі», – деді Жергілікті

полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Жалғасбай Жақаев.

Ж а л п ы а у м а қ т а ғ ы қ о ғ а м д ы қ қауіпсіздік пен қылмыстық жағдай өткен жылдарға қарағанда жақсы екендігі байқалды. Тұрғындардың сұрақтары мен өтініштері арнайы хаттамаға тол-тырылып, алдағы уақытта кешіктірмей тиісті шаралар қолданып, нəтижесі жай-ында хат жүзінде баяндалмақ. Бұл кез-десу де ағымдағы жылда жалғасын та-уып жиі өтіп тұратын үрдіске айналмақ. Бұл, əрине, жергілікті полиция қызметі басшыларының халыққа берген уəдесі болатын. Атына заты сай, жергілікті халыққа жақындай түскен жаңа қызметтен жаңа серпін күтетініміз анық.

Page 4: Сақшы №16 (4182)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№16 (4182), бейсенбі, 25.02.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

33-ҚАДАМДА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТ

« Т ү р м е ж ү й е с і н д а м ы т у д ы ң жаһандық трендтері» тақырыбында өткен басқосуда мамандар түрме жүйесіне енгізіліп жатқан халықаралық жаңашылдықтар туралы жан-жақты айтып өтт і . Атап айтқанда, бас бостандығынан айырумен байланыс-ты емес альтернативтік шаралар, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-оты-рысында қабылданып, «Нельсон Мандела ережелері» аталып кеткен сотталғандармен байланыс жасауда ұстанатын халықаралық стандарттар кеңінен түсіндірілді. Орайы келген-де айта кетейік, Мандела ережелері қабылданғаннан кейін түрмелерде соңғы 60 жыл бойы қалыптасып қалған «тəртіптің» 80 пайызы қайта қаралған. Жаңартылған Ереже бұрын қабылданған сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу бағыттары мен амал-тəсілдерін түбегейлі өзгертті. Азаптау, қинау , намысын таптау сек ілд і адамшылыққа жатпайтын «қайта тəрбиелеу» түрлеріне тоқтау қойылды.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы н ы ң « Б е с институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 33-қадамында: «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған жəне сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды əлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арна-улы əлеуметтік қызмет стандарттарын жəне əлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау» міндеті қойылған болатын. Өткізіліп отырған конферен-ция осы қадамда айтылған талапты орындау барысымен таныстыруды көздейді. Ұлт Жоспарына дейін елімізде пробация қызметін құру мəселесі Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында көтерілген еді. Бұл құжатта бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жаза-ларды орындауға жауапты органдарды институционалдық тұрғыдан дамыту міндеті қойылған болатын.

Баспасөз конференциясы ба -рысында Азамат Шамбилов проба-ция қызметінің негізгі мақсаттарын атап өтіп, еліміздегі бұл қызметтің əлемдік тəжірибедегі айырмашылығына тоқталды. «Қазақстанда қаз ірг і

ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫ: ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДТЕР

БАНУ РАХЫМБАЙҚЫЗЫ, Сурет СЕРІК ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

23 АҚПАН КҮНІ ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНДА ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ƏДІЛЕТ ПОЛКОВНИГІ АЗАМАТ БАЗЫЛБЕКОВ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ PENAL REFORM INTERNATIONAL (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ АЗАМАТ ШАМБИЛОВ ЖƏНЕ МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫ ПРО-БАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ ВЛАДИМИР ПОПАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Қарапайым халық ара-жігін ажырата алмай жүрген қоныс колониясының колониядан айырмашылығы қандай? Электронды білезік біздің елде де қолданыла ма? Жаңа қызметтің қыр-сырын қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері қаншалықты меңгерген? Пробация қызметін оқыту қай деңгейде ұйымдастырылған? БАҚ өкілдерінің осы сұрақтарына жауап берген мамандар ең алдымен бұл қызметтің қайдан, қашан, қандай мақсатта құрылғанын түсіндіріп берді.

Ағылшын тілінен аударғанда «сынақ» деген сөзді меңзейтін пробация – шарт-ты түрде соттау деген сөз. Тарқатып айтар болсақ, аса ауыр емес жəне алғаш рет қылмыс жасағандарды бірден түрмеге жаппай, заң талаптарына сай пробациялық бақылау тағайындау

ықпал етудің маңызы зор. Осыған орай, ҚАЖ қызметкерлерін пробацияның қалыптасқан сотқа дейінгі, үкімдік, ювеналдық, бұрынғы пенитенциялық секілді бағыттарымен таныстыру, сондай-ақ, өзге елдердегі пробация қызметінің тəжірибесімен алмасу жəне үйретуге де ерекше мəн беріліп отыр», – деді.

Өткен жылдан бері еліміздің Алматы, Ақтау жəне Астана қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды жəне Павлодар өңірлеріндегі қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері үшін пробация қызметі бойынша оқыту тренингін өткізген PRI халықаралық кеңесшісі Владимир Попа бұл қызметтің еліміздегі дамуы, келешегі жөнінде пікірін білдірді.

СОТТАЛҒАНДАР САНЫНЫҢ АРТУЫ – ƏР ЕЛГЕ СЫН

Əлемде сотталғандар санының ар-туы үкіметке қыруар қаржыны артып қана қоймай, қоғамдағы əлеуметтік ауызбіршілікке де кері əсерін тигізері сөзс і з . 2013 жылғы деректерге қарағанда, дүниежүзі бойынша 10,2 миллион адам түрмеге жабылған екен. Бұл дегеніңіз жер шарындағы əр 100 мың адамның 144-і темір тордың тіршілігін басынан өткерген деген сөз.

Т үрме х алқы бе с қ ұрлықтың барлығында өсіп келеді. Соңғы 15 жылда əлемдегі түрме халқының саны шамамен 25-30 пайызға артқан. Алайда, бұл жерде дүниежүзі бойынша халық санының да 20 пайызға өскенін ескер-ген жөн. Ал, жер бетіндегі түрме саны алты пайызға көбейген. Wrold Hrison Brief – түрмелерді зерттеу халықаралық орталығының 2015 жылдың қаңтарда жүргізген зерттеулеріне қарағанда, əлемдегі 203 елдің 112-сінде түрмедегі сотталғандардың көбею қарқыны 100 пайыздан асып жығылған. Ал, 21 мемлекетте темір торлардың толып кетуі 200 пайызға дейін жеткен. Бір сөзбен айтқанда, түрмелерде ине шан-шар орын қалмаған. Қалған 29 елде бұл көрсеткіш 150 мен 200 арасында ауытқып тұрған. Тіпті 100 пайызға лық толы түрмеге сотталғандарды қосымша орналастыру қиынның қиыны екенін ескерсек, өзгелері туралы ойлаудың өзі қорқынышты...

Алайда, бір нəрсені естен шығармаған дұрыс. Түрмедегі сотталғандардың санын азайтуға талпыну – кез кел-ген мемлекет үшін қаржы үнемдеудің ғана жолы емес. Бұл тұста əлеуметтік бейімделу, еңбекке қабілетті ортаға оралу, отбасы құндылықтарын сақтап қалып, келтірілген материалдық та, моральдық та шығынның орнын тол-тыру маңыздылығы бар. Сол себепті де əлем елдері жазаның альтернативтік шараларына ерекше мəн беруде. Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау тəжірибесі енгізіліп, про-бация қызметі барлық төрт сатысында дамып келеді. Сəйкесінше, БҰҰ-ның минималды стандарттық ережелері, халықаралық нормалар пробация қызметін енгізген əлем елдерінен кең көлемді əлеуметтік жаза мен шаралар-ды қолдануды талап етеді. Мəселен, пробациялық бақылау жəне нашақорлық пен психикалық ауытқушылықтан ем-деу сотталғандардың өмірінде олар-ды қоғамға қайта бейімдеуде үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ, олардың құқықтық, мүліктік жағдайын қалпына келтіру мен қоғамдық жұмысқа тар-ту да – тəрбиелеудің тағы бір жолы екен і даусыз . Үй қамақ , түзеу-оқыту орталықтарына бару секілді

жаза түрлері сотталғандарды бас бостандығын шектеуі мүмкін, алайда, айыппұл мен тəркіленіп алынған дүние-мүлкі бұл жазаның талабын толықтай өтей алады.

ТҮРМЕГЕ ЖАБУ – ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ЕМЕС

Тақырып – түрме жүйесін дамытудың жаһандық трендтері болғандықтан əлем елдеріндегі темір торға үңілуге тура келеді. Себебі, жаһандық ауқымда алғанда кімнің қай сатыда жəне не үшін тұрғанын анық аңғаруға болады.

Əрине, əлем бойынша тергеуге алы-нып, темір торға қамалған, болма-са, қылмысқа барып, жазасын өтеп жатқандардың нақты санын дөп басып айту қиын. Бірақ, жаңа мыңжылдық басталғалы бер і көптеген елде сотталғандар саны артқаны даусыз. БҰҰ-ның дерегіне сүйенсек, соңғы он жылдың ішінде түрме халқының саны 10 пайызға дейін көбейген. Мəселен, 2013 жылы Үндістанда сотталғандар саны 412 мыңға жетіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 33 жаза-сын өтеушіден келген. Соңғы 15 жылда Латын Америкасы мен Бразилияда түрме халқы 150, Колумбияда 125, Мексикада 53 пайызға артқан. Ал, 2001 мен 2012 жылдар аралығында бұл сан 6 пайызға ғана көбейген АҚШ-тың ахуалы алдыңғыларға қарағанда көш ілгері еді.

Жаза басқанның бəрін түрмеге жаба бергеннен ештеңе ұтпайтынын Ресей елі де 2000-жылдары түсіне бастады. Балтық елдері мен Румыния да жазаның балама түрлерін қолданғандарына қарамастан , 2010 жылға қарай сотталғандар саны күрт өсіп кетті. «Адамды жай түрмеге жаба салу – тығырықтан шығар жол емес, мұны өмірдің өзі дəлелдеп берді», – деген Эстонияның Əділет министрі 2013 жылы елдегі сотталғандар саны 3300-ге жет-кенде, «бұл өте көп сан» деп дабыл қағып, қылмыстық заңдарды қайта қарауға тапсырма берген еді. 2012 жылы кең көлемді амнистия жарияла-мас бұрын Грузиядағы қатаң жазалау-шы саясаттың салдарынан 2001 жылы сотталғандар саны үш есеге артып кеткені де жасырын емес. Түбі бір түркі халқын да бұл кесел айналып өтпеген. Сандарға ден қойсақ, Түркияда 2001 жылы түрмеге жабылғандар саны 55 мың болса, айналасы он шақты жылдың ішінде 160 мыңға жеткен. Сол себепті де бұл елде 2013 жылы 200-ден астам жаңа түрменің құрылысы қарастырылған бес жылдық бағдарлама жарияланған еді.

Түрме халқы туралы сөз қозғағанда бұл жүйенің ең əлсіз «буыны» – əйелдер

мен жеткіншектердің жүрек ауыр-тар жағдайынан аттап өте алмайсың. Білесіз бе, бүгінде əлемнің 660 мыңнан астам нəзік жаны темір тордың ар жағында отыр. Африка, Батыс Еуропада қылмысқа барған əйелдер саны өте төмен болса, Азия, атап айтқанда, Оңтүстік-Шығыс жəне Шығыс Азия елдерінің қыз-келіншектері керісінше «топ жарып» тұр.

Т а ғ ы д а т ү р м е л е р д і з е р т т е у халықаралық орталығының деректеріне сүйенеміз. Орталықтың таяуда ғана жасаған сараптамасына қарағанда, тас түрмедегі əйелдер саны 2000-2013 жыл-дар аралығында тым көбейіп кеткен.

Əлемдік статистика темір торға қамалған нəзік жандардың дені есірткі қылмыстарына қатысты екенін көрсетіп отыр. Мысалы, Еуропа мен Орталық Азияда жазасын өтеп жатқан əйелдердің 31 мыңнан астамы есірткі қылмысына барғандар. Бұл осы аймақтарда түрмеге жабылған арулардың 28 пайызын құрайды. Кей елдерде бұл пайыз 70-ке дейін жетеді. Канада, Таиланд секілді есірткі қылмыстарына қатаң жаза қолданатын елдерде сотталған əйелдер саны 57 пайызға көбейген. Жалпы алғанда əлемде сотталған əйелдердің «үлесі» 6,5 пайыз болса, 2000 жылдан бері түрмедегі ақжаулықтылардың саны 40 пайыздан асып кеткен.

НЕЛЬСОН МАНДЕЛА: ОЛ КІМ?Түрме тəртібін түбірімен өзгерткен

Нельсон Мандела – 27 жыл абақтыда отырып шыққан (оның 18 жылын бір кісілік камерада өткізген) Оңтүстік Африка Республикасының бірінші қара нəсілді президенті. «Уақытты ақылмен жұмсай білу керек. Жəне де мынаны есте сақтаған жөн: оң істі кез кел-ген сəттен бастауға болады» деген ол туған елінің азаттығы мен қара нəсілділердің құқын қорғау жолында саналы ғұмырын құрбан еткен. ОАР халқын нəсіліне байланысты екіге бөлген апартеид режиміне қарсы үздіксіз күрес жүргізіп,1994 жылы аталған жүйенің тоқтатылуына қол жеткізді. Алайда, бұл жеңіс Манделаға оңайлықпен келген жоқ. 1962 жылы саяси көзқарасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылып, 27 жылдан кейін, яғни 1990 жылы ақталып шықты.

Мандела жазасын өтеп жүр іп заңгер мамандығы бойынша Лондон университетінде сырттай білім алады. Ол қара нəсілділердің құқын қорғағаны үшін əлемдік деңгейде танымалдылыққа ие болған бірден-бір тұлға. Түрмеде отырған жылдары бірқатар елде Манделаны бостандыққа шығаруды талап еткен митингтер өткізілген. 1985 жылдың ақпан айында сол кездегі ОАР-дың президенті Питер Бот саяси көзқарасын өзгертсе бостандыққа шығатынын ай-тады. Алайда, ол халқының азаттығы үшін өлуге дайын екенін мəлімдеген. 1993 жылы бейбітшілік саласы бойын-ша Нобель сыйлығын алған Мандела көзі тірісінде-ақ: «Менің елімде бірінші түрмеге отырғызады, сосын президент етіп сайлайды», – деп ащы шындықты айта білген. Адам құқы мен теңдігі, демократия үшін күрескен Нельсон Манделаның 1990 жылы 11 ақпанда түрмеден босап шыққан сəтін əлем халқы тікелей эфирден тамашалаған еді.

ТҮЙІН. ҚАЗІР ҚАЗАҚСТАНДА 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ТҮРМЕДЕ ОТЫР. МАМАНДАР БҰЛ САН ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 8 МЫҢ СОТТАЛҒАНҒА, ЯҒНИ, 17,4 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕНІН АЙТАДЫ. 2015 ЖЫЛЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕН 48 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ӨТКЕН БОЛСА, 2014-ТЕ БҰЛ САН 39 МЫҢДЫ ҚҰРАҒАН. ӨТКЕН ЖЫЛЫ 25,5 МЫҢ АДАМ ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРСА, ОНЫҢ 21 МЫҢЫНА ТҮРЛІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛГЕН. ҚЫЛМЫСҚА БАРЫП, ТАР ҚАПАСҚА ҚАМАЛҒАН 40 МЫҢ СОТТАЛҒАН ЕЛІМІЗДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАЛАРДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕН КЕЙІН ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН «НƏТИЖЕ» ЕКЕНІН ДЕ АЙТА КЕТУ КЕРЕК. ЕҢ БАСТЫСЫ, ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ПƏРМЕНДІЛІГІ МЕН НƏТИЖЕЛІЛІГІН ДƏЛЕДЕП БЕРДІ. СЕБЕБІ, БАСТЫ МІНДЕТ – БҰРЫН СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАЙТА ҚЫЛМЫСҚА БАРУЫ 31 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН.

РАС, «ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫСЫ ОРТАДА, АТТЫҢ ЖАҚСЫСЫ АРБАДА СЫНАЛАДЫ» ДЕЙТІН ХАЛЫҚПЫЗ. АЛАЙДА, ӨМІРДІҢ САН СЫНАҒЫНА ТАР ҚАПАСТА ЕМЕС, ЕРКІНДІКТЕ ЖҮРІП ТӨТЕП БЕРГЕН ЖӨН БОЛАР.

АЙТЫЛҒАН СӨЗ

«Түрмеден босап шыққан сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу, оң жолға салу, əлеуметтік көмек көрсетуге əлі де тиісті деңгейде назар аударылмай келеді. Жергілікті атқарушы органдар бұл іске құлшыныс танытып отырған жоқ. Қазақстандағы пенитенциарлық мекемелерде отырған сотталғандардың 49 пайызы бірнеше рет қылмыс жасағандар. Бұл түрмеден босап шыққаннан кейінгі əлеуметтік бейімдеу жұмыстарының дұрыс жүргізілмегенін көрсетеді. Егер сотталған адам бостандықта қайта бейімдеу бағдарламасынан өтпей, психологиялық қолдау таппаса, оның қылмыс əлеміне қайта «бет бұруы» əбден мүкін. Өкінішке қарай, бізде əлі күнге дейін жұмысқа тұру үшін темір тордың маңайын да көрмеген адам-нан сотталмағандығы туралы анықтама сұрау «қағидасы» қолданылып келеді. Ал, жаза басып, сан жылын тар қапаста өткізіп келген сотталғанға деген көзқарас пен қарым-қатынасты осыдан кейін өзіңіз-ақ саралай беріңіз.Елімізде əр сотталған орташа есеппен 8 жылын түрмеде өткізеді. Сол жылдар ішінде оның дос-жарандарын былай қойғанда, отбасы да жанынан табылмауы мүмкін. Ет жақыны, жанын түсінер адамы қалмаған адамның теріс жолға түсуі де оңай. Сондықтан бұл мəселеге қоғам болып назар аударған жөн».

Азамат ШАМБИЛОВ,Орталық Азиядағы PRI халықаралық өкілдігінің өңірлік директоры

таңда пробацияның екі түрі ғана қолданылады. Олар – шартты-үкімдік жəне постпенитенциарлық. Ал, əлемде пробацияның төрт түрі жұмыс істейді. Сол себепті де біз сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық жəне постпенитенциарлық пробация түрлері енгізіліп, кеңінен қолданып жүрген Молдова Республикасындағы əріптестерімізбен сотқа дейінгі жəне пенитенциарлық пробацияны енгізу мəселелерін талқылып келеміз», – деді ол. Халықаралық түрме ре-формасы өкілдігінің өңірлік дирек-торы сондай-ақ, елімізде құрылғалы жатқан институт – балалар омбудсмені жөнінде: «Бұл құрылымның пайда бо-луы оң-солын танып болмай, ақ пен қараны ажыратып үлгермей қылмысқа барған жеткіншектердің құқын барлық құқықтық аспектілерде қорғауда маңызды болып саналады», – деген ойын білдірді.

ПРОБАЦИЯНЫҢ ПРИНЦИПІ НЕДЕ?Жалпы пробация қызметі жайлы

елімізде 2012 жылдан бері көп ай-тылып жүр. Себебі, дəл осы жылдың 28 ақпанында пробая қызметі ту-ралы заң қабылданып, қылмыстық инспекция құрамында пробация бөлімшелері құрыла бастады. Ал, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық атқару кодексіне сəйкес пробация қызметі құрылды. Қолданысқа енгізілген бұл қызметтің басты көздегені не? Жалпы проба-ция қызметінің негізгі принципі неде? Сотталғандарға əлеуметтік, құқықтық көмек көрсету арқылы қоғамға бейімдеу ме, əлде, түрме халқының санын азай-ту арқылы қаржыны үнемдеу ме?

деген сөз. Бұл қызмет жаза басқанға белгілі бір уақытқа сынақ мерзімін белгілеп, оған түзелу жолына түсуге мүмкіндік береді. Демек, бұл да сынақ. Тек мерзімі мен мекені өзгеше. Ал, бұл қызметтің басты мақсаты – түрлі себеп-пен, сан сылтаумен қылмысқа барған адамды оң жолға бағыттау, сотталған екен деп онсыз да жар ұшында тұрған жанды табаламай, түсіну, қоғамға ке-рек екенін жеткізу. Ресми тілде айтар болсақ, сынақ мерзімі мен пробация бақылауында болған кезеңде əрбір шартты түрде сотталған адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу, олардың жүріс-тұрысын одан əрі түзету үшін əлеуметтік-құқықтық, медициналық, психологиялық көмек беру.

Азамат Шамбилов арнайы əзірленген бағдарламаға сəйкес пробация қызметкері жергілікті атқарушы жəне құқық қорғау органдарымен бірлесіп шартты түрде сотталған адамға жан-жақты көмек беру керектігін алға тарт-ты. «Сотталғанды қылмыскер санатынан шығарып, болашақ заңды құрметтейтін азамат ретінде қалыптастыру – міне, пробация қызметінің басты қағидасы осы. Алайда, аймақтарда бұл мəселе тек пробация қызметкерлеріне ғана керек секілді қарайды. Əкімдіктер сотталғандармен жұмыс жасаудың маңыздылығына əлі де жүрдім-бардым қарап келеді», – деген алаңдаушылығын да білдірді.

Ал, бұл қызметтің қылмыстық атқару инспекциясынан басты ерекшелігіне тоқталған əділет полковнигі Азамат Б а з ы л б е к о в : « Ш а р т т ы т ү р д е сотталғандар мен бақылаудан бөлек бас бостандығынан айырылғандарға əлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге

Page 5: Сақшы №16 (4182)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№16 (4182), бейсенбі, 25.02.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ – Б а л т а б е к С е й і л б е к ұ л ы ,

Жерг іл ікт і полиция қызмет і Елбасымыздың Ұлт Жоспарында айтылғандай, Құқық тəртібі жəне заңдылық атты екінші реформаның мəні заңдарды қатаң орындап, құқық тəртібін нығайту арқылы азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында құрылып отырғаны белгілі.

– Иə, Елбасымыз бек іткен Ұлт Жоспарының 30-қадамын жүзеге асы-ру үшін өткен жылдың 2 қарашасында «Жерг іл ікт і полиция қызмет ін ің жұмысы туралы» Заңға қол қойылды. Өткен жылдың 16 маусымында жергілікті полиция қызметі Ұлттық комиссия мен Ведомствоаралық комиссия отырысында бек іт ілд і . Осылайша Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған жергілікті по-лиция қызметіндегі айқын ерекшелік – ол халыққа есеп беру мен қызметтің ашықтығы дейміз. Жергілікті полиция қызметі осы жылдың 1 қаңтарынан бас-тап міндетін атқаруға кірісті. Заңмен бекітілген талапқа сəйкес, жергілікті полиция қызметінің бастығы өкілетті жəне атқарушы органдардың алдын-да жылына кемінде екі рет, халық алдында жылына бір рет жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы есеп береді. Осылайша, жергілікті по-лиция қызметінің атқарған жұмыстары жергілікті тұрғындардың пікірімен бағаланады. Сондай-ақ, халықпен етене байланыста қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторлары тоқсан сайын тұрғындармен кездесу кезінде олардың көкейкесті сауалда-рына жауап қайтарады.

– Бұл қызметке қандай міндеттер жүктеліп отыр?

– Жергілікті полиция қызметіне жүктелген негізгі міндеттер – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тəртіпт і қорғау, əк імшілік құқық

ЖАҢА 2016 ЖЫЛ ӨҢІРЛЕРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЙЕГЕ ЕНГІЗУМЕН БАСТАЛДЫ. БҰРЫН ТЕК ТІКЕЛЕЙ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕН ОБЛЫСТАРДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНЕ ҒАНА БАҒЫНҒАН ƏКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ –ЖЕРГІЛІКТІ, ЯҒНИ, МУНИЦИПАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БОЛЫП ТҮРЛЕНІП, ОБЛЫСТАРДАҒЫ ƏКІМДІКТЕРДІҢ ҚАРАМАҒЫНА ОЙЫСТЫ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ƏКІМІНІҢ ӨКІМІМЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ БАЛТАБЕК АБЛАЕВПЕН СҰХБАТ ЖҮРГІЗГЕН БОЛАТЫНБЫЗ.

бұзушылық істері бойынша өндіріс, хаттама түріндегі қылмыстық əрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу, ішкі істер органдарының арнайы қабылдағыштары мен қабылдап-тарату орындарында құқық бұзушыларды ұстау. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметіне жедел жағдай жөнінде келіп түскен ақпараттарды сараптау мен жинақтау, қылмыстар, қоғамдық тəртіпті бұзу, дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар жөніндегі хабарламаларға кідіріссіз əрекет ету, кезекші тəуліктерде қылмыстарды ізін суытпай ашуда шұғыл шараларды жүргізу жүктеледі.

– Оның құрамына қандай бөлін істер кіріп отыр?

–Жергілікті полиция қызметінің құрамына учаскелік полиция ин-с п е к т о р л а р ы ж ə н е олардың көмекшілері, кəмелетке толмағандар іс і жөніндегі инспек-т о р л а р , т а б и ғ а т т ы қ о р ғ а у б ө л і н і с і н і ң қ ы з м е т к е р л е р і , а р -найы қабылдау жəне қ а б ы л д а п - т а р а т у орнының қызметкерлері, жол-патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөн індег і бөл ін і с т ің қызметкерлері кіреді. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі жүйесінің б ірыңғайлылығы мен тұтастығы сақталады,

себебі, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдарының құрылымында қалады, ал оның қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мəртебесіне ие болып қала береді.

– Жергілікті полиция – халыққа жақын полиция ретінде қандай тапсырмаларды орындау арқылы халықпен тығыз қарым-қатынас орната алады?

– Жергілікті полиция – көшелер мен басқа да қоғамдық орындар-да құқықтық тəртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне құқық

бұзушылықты оңалту арқылы халыққа жақын бола түседі. Мəселен, бұл орайда кез келген азамат даулы жағдайларда бейнебақылау камераларынан, бейне-жетон жəне автокөлік бейнетіркегішіне жазылған бейнетаспаға сұрау сала алады.

– Халықпен тығыз жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар екендігі белгілі. Сол учаскелік инспектор-лар жұмысын жандандыруда не істеліп жатыр?

– Б ұ л о р а й д а , қ а з і р с а у д а үйлерінде, тұрмыстық объектілерде, ү й к і р е б е р і с т е р і н д е у ч а с к е л і к инспектордың фотосы мен оның телефон нөмір і іл інет ін болады. Тұрғындардың алдында есеп беру жиналысына дейін екі күн қалғанда учаскелік инспектор үйлерді арнайы аралап жұртшылықты хабарландырып, жеке мəліметтері жазылған карточка таратады. Осындай жұмыстар мектеп-терде де ұйымдастырылып, онда поли-ция инспекторлары туралы мəліметтер ілінеді.

– Ал енді осы жергілікті полиция жұмысқа кіріскелі бері не тындыр-ды дей аласыз?

– Ə р и н е , ж а ң а м і н д е т і м і з г е кіріскенімізге көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен, осы уақыт аралығында жол-патрульдік қызметі мен учаскелік инспекторлар 20 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау аясында мобильді топтармен ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу, темекі шегу, қоқыс тастау, белгіленбеген жерлерде сауда жасау, қоғамдық

орындағы тəртіпсіздік сияқты ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу шаралары өткізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 -17 қаңтары күндері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында облыстық ІІД-нің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» же-дел-алдын алу іс-шарасын жүргізді. Шара барысында 3300-ден астам көлік жүргізушілердің заң бұзушылығы анықталды. Шараның мақсаты – жол қозғалысы ережелерін бұзуға тыйым салу, ЖҚЕ талаптарын елемеген, қауіпсіздік белбеуін пайдаланбаған, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен немесе радиостан-салармен сөйлескен жүргізушілерді əшкерелеу. Сондай-ақ, апат белгілері бар автокөліктерді айқындау болып табылады.

Тағы бір игі шара, жергілікті по-лиция қызметінің өкілдері кəмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алумен жасөспірімдердің құқықтық сауаттарын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 16-18 ақпан аралығында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясын өткізді. Балалар полиция қызметкерлерінен құқықтық мəселелер бойынша кеңестер, құқықтық тəртіп сақшыларының жұмысы туралы көп мəлімет алды. Алдын алудың бұндай əдісі қажетті нəтиже береді, қараушылардың қатал келбеттері, арнайы мекемелердің шарт-жағдайы мен атмосферасы заң бұзушылықтың соңы неге əкеп соғатынын айқын көрсетеді. Жасөспірімдер көргендерінен қорытынды шығарады деген сенімдемін.

Алдағы уақытта «Құқықтық тəртіп», «Жасөспірім», «Қадағалау» жəне тағы да басқа жедел алдын алу шараларын жүйелі түрде жиі өткізіп отыру жоспа-рымызда бар.

Сұхбатыңызға рахмет.Сұхбаттасқан

Іңкəр ЕРМАҒАНБЕТ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Полковник Жеңіс Құлбаев бала кез інен атасының жолын қуып, Отанының қорғанышы болуды мақсат еткен. Бала арманы орындалып, бүгінде ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары болып қызмет атқаруда. Кейіпкеріміздің атасы Құлбай ақсақал молда болған. Ол кісі барлық Солтүстік Қазақстан өңіріне белгілі білімдар, оқыған, көзі ашық адам болып, Құлбай молданың қолынан жазушылар С. Мұқанов, Б.Ізтөлин секілді зиялылар білім алған екен.

Ұрпақтар сабақтастығы жалғасын та-уып, Ораш Құлбаев ақсақал соғыстан кейін Солтүстік Қазақстан облысының Шалақын ауданына қарасты Марьевка ауылында ұстаздық етіп, қолынан атақты ғалым, профессор Е.Бөкетов білім алғанын айтып отырады екен. Отан қорғаушы мен ұстаздық жолды қатар алып жүрген Ораш Құлбаев ақсақал алты ұл, екі қыз тəрбиелеп өсірген. Сол алты ұлдың бесеуі Ұлттық ұлан қатарында абыройлы қызмет еткен. Орекең о дүниелік болып кетсе де, осы əулеттің өкілдері сардар-лар қатарында жүріп, Отан қорғау дəстүрін жалғастырып келеді. «Əке көрген оқ жонар» демекші, əулет ұлдары өнегелі болып өскен.

Жеңіс Орашұлы əке берген тəліммен сусындап, елгезек ер атанды. «Анамыз өмірден ерте кетті. Содан болар біздер ерте ержетіп, өз бетімізбен шешім қабылдауға дағдыландық», – дейді ол. Ал, сардарлық жолды бастаған үлкен ағасы Еркеш Орашұлы жетпісінші жыл-дары Саратов əскери училищесінде оқыған. Бірнеше жыл бойы ішкі əскер қатарында қызмет атқарып, кейіннен ҰҚК-нің əскери институтында аға оқытушы қызметін атқарған. Əскер қатарында отыз сег із жыл бойы үздіксіз еңбек еткен ол полковник шенінде құрметті еңбек демалысы-на шығады. Жеңіс Орашұлына жəне інілеріне ағалары Еркештің сардарлық өнегесі əсер етіп, 1983 жылы Одақтық ішкі əскерлердің Саратов жоғары əскери училищесіне оқуға түс іп, абыроймен тəмамдайды. Кейін інісі Марат Саратов жоғары инженерлік əскери училищесіне түседі. Бүгінгі таңда, Марат Орашұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы əскери институтының Ату дайындығы кафе-драсында аға оқытушы болып қызмет атқаруда. Шені полковник.

Кейіпкеріміздің 70-ші жылдары ішкі əскерде мерзімді əскери борышын өтеген екінші ағасы – Абай Орашұлы.

ҚҰЛБАЕВТАР ƏУЛЕТІҚанат ДОС, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы

ЕУРАЗИЯНЫҢ ҰЛЫ ДАЛАСЫН ТҰЛПАР ТҰЯҒЫМЕН ДҮБІРЛЕТКЕН БАҺАДҮР БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ СОҒЫС ТƏЖІРИБЕСІН ƏЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ МОЙЫНДАДЫ. ƏСКЕРИ ЖҮЙЕСІН СОЛ ТƏСІЛМЕН ЖАСАҚТАДЫ. СОДАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ƏСКЕРИ ДАҢҚЫ ТАРИХТА ҚАЛДЫ. ЖАУЫНГЕРЛІКТІҢ ӨНЕГЕСІ ӨЛШЕУСІЗ РӨЛ АТҚАРДЫ. БҮГІНДЕ, ТӨРТКІЛ ДҮНИЕНІ ТІЗГІНІНДЕП ҰСТАП, ƏСКЕРИ ӨРКЕНИЕТІМЕН САЛТАНАТ ҚҰРҒАН АЙБЫНДЫ КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ЗАҢДЫ ҰРПАҒЫ – ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ҒҰМЫР КЕШУДЕ. ЖАУЫНГЕРЛІК ƏДІСТІҢ ҮЗДІК ӨНЕГЕСІН КӨРСЕТКЕН ƏУЛЕТТІҢ БІРІ – ҚҰЛБАЕВТАР ОТБАСЫ.

Оған қоса, осы Абайдың ұлы Азамат Құлбаев ҰҚК-нің əскери институтын 2002 жылы тəмамдап, бүгінгі таңда Ұлттық ұлан əскери институтының Қызметтік-жауынгерлік қолдану так-тикасы кафедрасында оқытушы болып қызметін жалғастыруда. Жалпы, ел тыныштығы үшін қызмет атқарған əулет ұлдарының қызметтегі секілді өмірдегі ұрандары да, ұстанымдары да биік. Əулет туралы ауыз толтырып айтарлық дерек, жинақтар аз емес. Мысалы, «Қалқан» газетінің 2002 жылғы 16 қазандағы санында əулеттің тағы бір өкілі жайлы мақала жарық көрген. Онда, Абылайхан Құлбаевтың 1973-1975 жылдары ішкі əскер қатарында, Ұлы Отан соғысының ардагері пол-ковник Н.Попов сол кезде басқарған əскери бөлімінде мерзімді əскери бо-рышын атқарғаны жазылыпты. Үлгілі қызметі жəне белсенділігі үшін І жəне ІІ дəрежелі «Үздік қызметі үшін» төсбелгі таққан Абылайхан ақсақалдың Ішкі əскер басшысының бұйрығымен «Құрмет кітабына» аты-жөні енгізілген.

Қазақ елінің мақтанышына айналған əулет ұлдарының бұл б ірнешеу і

ғана. Құлбаевтар əулетіндегі иг і дəстүр бүгінгі таңға дейін жалғасуда. Қазір Жеңіс Орашұлының үшінші а ғ а сы Наурызбай Орашұлының қызы Əсел Алматы қаласындағы 7552 əскери бөлімінде техникалық бөл імн ің маманы болып қызмет атқаруда. Полковник Жеңіс Құлбаев: «Сардарлық жалғастықтың ұйытқысы, əрине, асқар тау əкемізден бастау алды. Қашанда тəртіп пен тазалықты жақсы көретін əкеміз: «Сен біреуден ештеңе алма, ештеңе сұрама, ештеңе ұрлама!» деп үнемі айтып отыратын. Əкеміздің осы ұлағатты сөзі сана-мызда жаңғырып, əулеттің өмірлік қағидасына айналды», – дейд і . Сертке берік полковник, əкесі салған сара жолмен келеді. Бүгінде ол отба-сында екі ұл, бір қыз тəрбиелеп отыр. Полковникт ің жолдасы, отанасы Меруерт Құлбаева болса Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің шекара қызмет іне қарасты 2014 əскери бөлімінің құпия бөлімінде жұмыс істейді. Меруерт жеңгеміз қызмет жолын Ұлттық ұланның 5511 əскери бөлімінен бастаған екен.

Отбасындағы үлкен ұлы Дəулет Шымкент қ ала сында ғы Ұл т тық ұланның 6506 əскери бөлімінде капи-тан шеніндегі қару-жарақ қызметінің басшысы. Ал , қыздары Сымбат «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 əскери бөл ім інде əскерилер өміріне араша болар ақ халатты абзал жан. Кенжелері Азамат көрші Ресей елінің Санк-Петербор қаласында əскери денешынықтыру жəне спорт институтының соңғы кур-сында білім алып жатыр.

Бүгінде көпшілік полковник Жеңіс Құлбаевты тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында ішкі əскерде жаңа əскери құрылымдар құру ісіне аянбай еңбек еткен адал офицер ретінде таниды. Еліміздің барлық өңірлерінде жаңа батальондар құруға атсалысып, шыңдалу мектебінен өткен сардардың атағы қандай болса, өмір жолы да нағыз ерлерге тəн. Біз тілге тиек еткен кейіпкер, бұған дейін Жаңғызтөбе, Көкшетау жəне Петропавл əскери училищесінде батальон басқарған. Қызмет барысында өз ісіне берік, тəжірибелі сардарлардан сабақ алған. Өмірлік ұстанымына лайық, қызметіне адалдығының арқасында взвод командирінен бастап, қолбасшы орын-басары деңгейіне дейін көтерілген. Кезінде өзі тəрбиелеп, шыңдаған бірқатар əскери қызметші бүгінгі таңда қарамағында қызмет етіп жүр. Мысалы, 5510 əскери бөлімінің командирі, под-полковник Ж.Төлегенов, 6656 əскери бөлімінің командирі, подполковник Х.Казенов қызметін үлкен абыроймен атқарып келеді.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары болып тағайындалғаннан бастап полковник Жеңіс Орашұлы өзін білікті, ісінің нағыз маманы екенін көрсете білді. Талпынысы мол, тəжірибелі офицер «Орталық» өңірлік қолбасшылығында үздіктердің алғы шебінен көріне білді. Жуырда Қазақстан Республикасының Қ а у і п с і з д і к к е ң е с і н і ң х а т ш ы -сы жəне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ба сшылары ара сын -да өткен оқу-əдістемелік жиынын өткізуді үлкен жауаптылықпен мой-нына алды. Əскери кеңесті өткізуге, оны ұйымдастыруға тəжірибесінің молдығымен, біліктілігімен аралас-ты. Айтулы іс-шараның дайындық ж ұ м ы с т а р ы п о л к о в н и к Ж е ң і с Орашұлының басшылығымен жүзеге асқан болатын. Қарабас кентінде орналасқан 5451 əскери бөліміне

қарасты оқу-жаттығу орталығын толықтай жаңартып, Оқу орталығын і с -шараға сай ет іп , дайындады. Айта кеткен жөн, биыл «Орталық» өңірлік қолбасшылығында офицерлер тұратын қалашық ашылған болатын. Ұлттық ұлан офицерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарына көңіл бөлуде полковниктің еңбегі өлшеусіз. Жалпы, Жеңіс Орашұлының басшылыққа келуімен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының əскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы артып, жыл бойы үздік атанып, бірінші орыннан көрінді. Жастарды өз елінің патриоты атануға баулып, көп ұлттың мекен іне айналған Отанымызға сүйіспеншілікпен қарау, мемлекеттің гүлденуіне үлес қосу – бүкілхалықтық іс. Ал, елімізді ішкі жəне сыртқы жа-удан қорғап, ел тыныштығын сақтау – əскери борыш. Ел тыныштығын сақтауға үлес қосып , ұрпақтар сабақтастығын берік еткен Құлбаевтар əулетіне əр сарбаздың айтар алғысы шексіз.

Бұл əулеттегі əрбір кейіпкер өмірінен тəлімі мол дерекке толы кітап жазуға болады. Мысалы, Ұлттық ұландағы бір ғана Құлбаевтар əулетінің əскери қызметін есептер болсақ, шамамен сексен жылдық тарихты қамтиды екен. Əрине, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан ұрпақ болғандықтан, отбасының бұл ісі көпке үлгі. Ел абы-ройы жолында намысшыл ер атан-ды. Жеңісті жақындатты. Жалғасын тапқан əскери əулетте отаншыл ұл тəрбиелеген əкенің тұғыры қашанда биік! Қазіргі таңда Жеңіс Орашұлының жас сарбаздарды тəрбиелеудегі еңбегі ерек екенін айтуды да жөн көрдік. Ендеше, есіміңіз – ел есінде, естелігіңіз – тарихта қалсын!

ДИНАСТИЯ

Page 6: Сақшы №16 (4182)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№16 (4182), бейсенбі, 25.02.2016 е-mail:[email protected]

БҮГІНГІ КҮННІҢ БЕЙНЕСІ

Əріптесіміз, «Сақшы» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бой-ынша меншікт і т ілшіс і Сабырбек Дəніқұлұлы бірнеше кітаптың авторы. Оның қаламынан туған «Емеурін», «Ашутас», «Ұрланған тауық ту-ралы хикая», «Ғасыр машақаты», «Ақырзаманның ауруы», «Жалдамалы құда» сынды сатиралық дүниелері оқырман қауымнан оң бағасын алған. Сондай-ақ, «Жылыбұлақ» көркем ту-ындысы мен «Бақыт құсы» ертегілер жинағын да өз оқырмандары жылы қабылдаған.

Жалпы, Сабырбек Олжабай жанр таңдамайтын қаламгер. Əрі еңбекқор. Өзінің оң жамбасына келетін тақырыпты тауып алса, балаша қуанып, оны шиыр-ламай қоймайды. Республика көлеміне

ПРЕМЬЕРА

«Қара көзілдірікті келіншек» көрмедіңіздер ме?Ғани АТЫМТАЙ

СІЗДЕРДІ ҚАЙДАМ, АЛ ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖҰРТШЫЛЫҚ КЕШЕ БҰЛ «ЖҰМБАҚ КЕЛІНШЕКТІ» КӨРГЕНДЕРІ АНЫҚ. КЕРЕКУДЕГІ ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ САБЫРБЕК ОЛЖАБАЙДЫҢ «ҚАРА КӨЗІЛДІРІКТІ КЕЛІНШЕК» ДРАМАСЫН САХНАЛАДЫ.

Е л і м і з д е қ а й ы р ш ы л а р м е н қаңғыбастардың көп бөлігін өзге ел-дерден келген еңбек мигранттары құрап отыр. Қазақстанда қайыршылық дейгейі өзге мемлекеттерге қарағанда жоғары. Себебі , ел ім ізге эконо-микасы құлдыраған мемлекеттер-ден келімсектер көптеп келеді. Бұл тізімде Өзбекстан көш бастап тұр. Келімсектер күн санап көркейіп келе жатқан елорда келбетіне де көлеңкесін түсіріп жүр. Базар, мешіт маңы, вокзал аумағы секілді қоғамдық орындарда қайыршылар аяқ алып жүргізбейді. Өкінішке қарай, етегіңе жармаса кететін қайыршылардың арасында өзіміздің қаракөздер де жоқ емес.

Қайыршылар мен қаңғыбастардан Астана қаласының көшелерін тазар-ту жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Елімізде мұндай мұңлықтардың да жағдайын жасап, көше кезгендер мен құжатсыз жүрген қаңғыбастарды орна-ластыратын арнайы мекеме бөлінген. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған қабылдап-тарату орны Астана қалалық ІІД-не қарайды. Басты мақсаты – үй-күйсіз жүрген жəне жеке басын растайтын құжаты жоқ қаңғыбастардың тұлғасын анықтап, құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу. Таяуда осы мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған қабылдап-тарату орнының бастығы, полиция майоры Мұрат Бейсенбенов мекеменің ішін ара-латып көрсетіп, қызметтері жайлы əңгімелеп берді.

«ЖҰМАҚ» МЕКЕНЖетімі мен жесірін жылатпаған еліміз

қаңғыбастар мен қайыршыларға да қамқор болып келеді. Жылдың жылы мезгілдері кезінде жым-жылас болатын қаңғыбастар қыс қаһарын таныта баста-са осы жерге өздері жол тауып келеді екен. Əдетте, көп қабатты үйлердің жертөлелері мен ескі құрылыс нысан-дарын қоныс ететін қаңғыбастарға бұл жерде жылы төсек, үш мезгіл тамақ, жайлы орын ұсынылады. Ұсқыны қашып, қорегін қоқыстан тауып күнелтіп жүргендер үшін бұл жер «жұмақ» мекен. Шындығында, жағдайлары артығымен жасалып отырғанын өз көзімізбен көріп, куə болдық.

Алайда, қаңғыбастарға арналған орын саны шектеулі болғандықтан барлығын бірдей орналастыру мүмкін емес. Орталықтағы орын 80 адамға қарастырылған. Бүгінде мұнда 78 адам бар. Оның 12-сі үй-күйсіз қаңғып жүргендер, ал қалғандары құжатсыз келімсектер. Олардың арасында диа-бет, жұқпалы дертке шалдыққандарды айтпағанда аяғы ауыр қыз-келіншектер де ке здесед і . Ал халықаралық стандарттарға сəйкес, əйелдер, ер адамдар, науқастар, мегедектер бөлек камераларда ұсталуы керек. Əсіресе, жүкті əйелдер мен диабет ауруына шалдыққандарға аса назар аударылып отыр, оларға тіпті арнайы ас мəзірі де қарастырылған. Мұндағы сексенге жуық қаңғыбастардың арасында жалғыз əйел бар екен.

Мұнда орындар ешқашан бос тұрмайды, өйткені, орын босай сала басқа «қоныстанушылар» табылады. Қаңғып далада қалғандар құжаттары қолдарына тигенше осы жерде 30 күнге дейін бола алады. Дегенмен де, орталықта отыз күн жататындар си-рек кездеседі екен. Қаңғыбастардың көбі орталықта 10-15 күн жатып,

ЌАЅЄЫБАСТАР мен ЌАЙЫРШЫЛАР

біраз оңалып, күш жинап, құжаттарын қалпына келтіріп алған соң үйреншікті жерлеріне қайта оралады. Мекеме бастығының мəлімдеуінше, жылына орта есеппен 3 мыңнан астам адам осы жерден өтеді. Ал көп дегенде жылына он шақта адам ғана осы жерде толық бір ай жатып шығады екен. Əйткенмен де, бұл жерге қаңғыбастардың бəрі бірдей өз аяқтарымен келмейтіні анық. Сол үшін де қабылдап-тарату мекемесінде үйсіз адамдар мен қаңғыбастарды анықтайтын арнайы іздеу тобы бар. Ол үшін арнайы шағын автобус та бөлінген. Бұл топ қуыс-қуысты тінтіп, қаланы қаңғыбастардан тазарту жұмысын таңсəріден бастайды. Бұл топтан бөлек, басқа да қызметтер қаңғып жүргендерді осында əкеліп орналастыруға құқылы. Мұнда олар камералық бөлмелерге топ-тасып орналастырылады, саңылаудай ғана тесігі бар есік сыртынан құлыппен бекітілген. Күннің жарығын көріп, таза ауамен тыныстау үшін олар күніне бір мезгіл аулаға серуенге шығарылады.

Мекемен ің тыныс-т ірш іл і г імен

танысуға барған уақытта бұл топ қызметіне кірісіп кеткен екен. Құрамы төрт адамнан тұратын іздест іру тобының бағыттары да күн сайын ауысып тұрады жəне бұл бағыттар бейнебақылау орталығының көмегімен бақылауға алынған. Үй-күйсіз жүрген қаңғыбастар жөнінде халықтан да сан-сыз қоңыраулар түсіп тұрады.

МЕМЛЕКЕТКЕ МАСЫЛ БОЛҒАНДАР

«Адам аласы ішінде» демекші, бұл жерге əкелінген қаңғыбастардың ішінде қылмысқа қатысы барлары, тіпті, халықаралық іздеуде жүргендер де кездеседі. Тіпті, араларында өзге елде қылмыс жасап елімізде бой тасалап жүргендер де жоқ емес деседі. Мұрат Бейсенбеновтің айтуынша, мұндай адамдар анықталған бетте бірден тиісті органдарға тапсырылады. Себебі, қандай да бір шара қабылдау қабылдап-тарату орнының құзырына кірмейді. Ал тіленшілікпен айналысып, қаңғыбастың күйін кешкен келімсектердің 90 пайызы

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауапкершілікке тарты-лады. «Өткен 2015 жылы ƏҚБтК-не қайыршылықпен а й н а л ы с а т ы н д а р ғ а қатысты енгізілген бап елімізде олардың са-нын күрт төмендет іп жібереді деп айта алмай-мын. Дегенмен, көшеде қол жайып, тіленшілікпен айналысатындардың саны азайып келе жатқаны байқалады. Бұл да бол-са, мемлекет деңгейінде қабылданған шараның жем і с і . Алдыңғы 5 -6 жылдың с татистика -сымен салыстыратын болсақ, қайыршылықпен айналыса тындардың жасарып бара жатқаны байқалады. Бұрындары қол жайып қайыршылықты «кəсіп» ететіндер көбіне 40-50-ден асқан егде

жастағы кісілер еді. Қазір 25-30 жас шамасындағылар да тіленшілікті «тіреу» еткен», – дейді полиция майоры Мұрат Мұқтарұлы.

Полиция майорының сөзінің шындық екеніне орталықты аралап жүргенде көзіміз жетті. Мұнда орналасқандардың орташа жасы 25-30 жас шамасында. Ең сорақысы сол, қаңғыбас атанып жүргендердің дені кəрі-құртаңдар емес, өмірдің сынағына шыдамаған, шалт қадам басып қателік жасаған, өмірден өз орнын таппаған, қиындықты жеңе алмай жігері құм болған жастар. Кім боларын білмей бұлыңғыр күй кешіп жүрген қоғамның «тастандылары» күтімнің жоқтығынан да айықпас ауруға шалдығып жатады.

Қ а б ы л д а п - т а р а т у о р н ы н а жеткізілетіндердің арасында тубер-кулез дертіне шалдығатындар жиілеп кеткен. Астана қаласы Туберкулезге қарсы диспансердің жылжымалы зертханасының көмегімен жүргізілген тексерулер барысында құрт ауруы-на шалдыққан 6 адам анықталды. «Оның біреуі Қазақстанның азама-ты, ал қалған 5-уі алыс-жақын шет елден келген еңбек мигрантта-ры. Бұл бес адамның жеке баста-ры анықталды, құжаттары қалпына келтірілді. Мекеменің медицина ма-мандары оларды Астана қаласындағы Туберкулезге қарсы диспансерге жібереді, одан əрі қарай сол жердегі мамандардың қарауына алынады. Біздің жұмысымыз осымен аяқталады», – дейді Мұрат Бейсенбенов. Айта кететіні, қабылдап-тарату орнында жұқпалы ауруға шалдыққандарды ұстайтын арнайы медициналық изо-лятор да бар. Қаңғыбастар мен қайыршыларды қабылдау кезінде олар əуелі медициналық тексеруден өткізіледі. Сондай-ақ, қоғамның осы тобы инфекциялық ауруларды көптеп таратушы саналатындықтан түрлі же-дел-алдын алу шаралары шеңберінде рентген-диагностикалық тексеру ұйымдастырылады. Ал қаңғыбастар мен қайыршылардың қатарында өмірі медициналық тексеруден өтпегендер де кездесіп жатады.

Астана қаласы Туберкулезге қарсы диспансерд ің бас дəр ігер і Анна Борисовна: «Олардың арасында тері аурулары (қотыр, дерматиттер, іріңді жа-ралар), жыныс қатынастары арқылы та-ралатын венерологиялық аурулар (мерез, гонорея, трихоманоз, СПИД), паразиттік жəне инфекциялық аурулар (педикулез, энтеробиоз, аскаридоз, вирустық гепа-тит, ішек инфекциялары) кең таралған. Үй-күйсіз жүргендер мен шет елден келген еңбек мигранттары инфекциялық ауруды таратушы саналады. Сондықтан да, қабылдап-тарату орнында тубер-

кулезге анықтау шараларын өткізудің маңыздылығы жоғары», – дейді.

Қаңғыбастар қоқыс төгетін орын-дарда ғана жүрмейді. Ірі дүкен жəне көпшілік тамақтанатын дəмхана, ас-ханалар маңайын да торауылдайды. Базарларда, автокөлік жəне теміржол бекеттерінде, басқа да қоғамдық-көпшілік орындардың маңында аз жүрмейтіндіктен олардан түрлі жұқпалы аурулар тарап кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

ТƏЛКЕККЕ ТҮСКЕН ТАҒДЫРЛАРМына жарық дүниеге адам болып

келіп түрлі себептерге байланысты тентіреп жүрген, қаңғыған итше өмір сүріп жатқандарды көргенде жүрегің сыздайды. Қаңғыбас болып күн кешіп, өмірден ерте озып жатқандары да қаншама. Əйтсе де, бұлардың бəрі бірдей өмірден қорлық көріп, осы жолға түскендер емес. «Семіздікті қой ғана көтереді» деген бар. Кезінде тəп-тəуір қызмет етіп, еңбек еткен азаматтар-ды да қаңғыбастардың қатарынан жолықтыруға болады. Түрлі себептерге байланысты бар «байлығынан» бір ме-зетте айырылып, азғындыққа салынған адамдарды көріп жүрміз. Қабылдап-тарату мекемесіне жатқызылғандардың арасында мұндай жандар ілуде біреу болса да кездеседі. Мекеме бастығы Мұрат Бейсенбенов осында бұрын тəп-тəуір қызмет атқарған бір азаматтың жатып шыққанын сөз етті.

«Естуімше, осында қайыршылықпен айналысып, қаңғыбасқа айналған жоғары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу азамат жатып шыққан. Үй-күйсіз жүрген ол кезінде хирург болған екен. Оның жұбайы да медицина саласының қызметкері болған. Қайбір себептермен екені белгісіз, араларына жік түсіп, мұның арты ажырасумен аяқталған. Шаңырағы шайқалған соң ол ішімдікке салынып, көше кезіп кеткен. Ақыр аяғында далада қалған хирург кəдімгі қаңғыбасқа айналып шыға келген. Көп қабатты үйлердің жертөлелерінде түнеп, қоқысты қопарып, күн кешіп жүрген жерінен осында əкелінген», – деп қынжыла жеткізді полиция майоры.

Ешкімнің «бомж» болып тумайтыны белгілі. Ал олар өткен өмірінен сыр шертуден қашқақтайды. Мекемені «мекен» еткен жандарға «Осындай жағдайға қалай түстің?» деп сауал қойғанымызда бəрі жауап беруден тартынды. Себебі, «бомж» екендерін мойындағысы келмейді. Ішіп-жемдерін қоқыс тастайтын орындардан тауып жейтіндерін де жасырады. Есімін Аслан деп айта салған 30 жас шамасындағы ж і г і тт ің қоқыс тер іп , күн көр іп жүргеніне көп болмаған екен. Астанаға Түркістаннан жұмыс іздеп келген көрінеді. Мұнда келгенде екі қолға бір күрек таппай, темір-терсек жинап, оны тапсырғанда алатын тиын-тебенді ащы суға жұмсап келген. Сөйтіп жүріп, құжаттарын да жоғалтқан. Оның сөзіне қарағанда, əйелі мен бала-шағасы Түркістанда қалған. «Мұнда келгелі олардың ешбірімен хабарласпадым. Осындай күйге түскенімді білсе, уай-ымдайды. Кім-кімге болса да бұл жерде жатқан жараспайды ғой, қаңғыбастың күйін кешіп жүргеніме күйінемін», – деді бізбен ашыла сөйлескен Аслан. Ол бұл жерден шыққан соң аз-маз ақша жинап, ауылыма қайта ораламын деп отыр. Балаларына құрқол барғысы келмейтінін де айтып қалды. Сөз сапта-сына қарасаң – сауатты. Кезінде мықты жігіт болғаны жүзі қанша солғын тартса да білініп тұр. Тағдырының тəлкекке түскеніне өзін ғана кінəлі санайды.

Ал екінші кейіпкеріміз – Өзбекстаннан келген еңбек мигранты. Аты-жөнін айтуды жөн көрмеген ол Өзбекстанда күн көру қиын болғасын екі жыл бұрын Қазақстанға келгенін айтты. Жеке басын куəландыратын құжаттары болмағасын осы жерге жатқызылыпты. Сөзіне қарағанда, əу баста тəп-тəуір фирмада қызмет етіп, кейін қысқартуға ұшыраған. «Жұмыссыздық осындай күйге түсірді», – деп налиды ол.

тарайтын БАҚ беттерінде əріптесіміздің бірде көркем əңгімесі жарық көріп жат-са, енді бірде көлемді мақала, очерктері мен суреттемелері жарияланып жатады. «Мен жазбасам отыра алмайтын адам-мын», – дейді өзі.

«Жалын» журналының Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлығының лауреаты Сабырбек Олжабай көп уақыт өтпей-ақ сатира сардары С.Адамбеков атындағы əдеби сыйлықтың иегері атанды. Бұл да болса қаламгердің көп жылғы еңбегінің өтеуі болар деп түйдік. Соңғы уақыттарда өндіріп жазып жүрген автордың «Дария» атты повесін кезінде классик жазу-шы Қалихан Ысқақ жоғары бағалап, рецензия жазған екен. Сол секілді «Қалғып кетіп, адасып өткен бір

ғұмыр» повесі де қаламдастарын сүйсінткен шығарма болды.

«Қара көзілдірікті келіншек» драма-сы алғаш рет сахналанып отыр. Бұған дейін бірнеше пьеса жазғанымен, олар автордың көңілінен шықпапты. Ал республикалық «Театр» журналында жарық көрген бұл драмасын Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры аттай қалап алған.

А в т о р д ы ң а й т у ы н ш а , « Қ а р а көзілдірікті келіншекті» сахналауға Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы театрлардан ұсыныстар түсіп үлгерген. Бүгінде өзбек тіліне аударылып жатқан шығарма кейін қырғыз т іл іне де тəржімаланбақшы.

Қоғамнан өз орнын таппаған келіншектің өмірі баяндалатын драмада жұмбақ келіншек неге жай емес, қара көзілдірік киеді? Демек, онда бір гəп болуы мүмкін... Оны түсіну үшін, əрине, театрға барып, пьесаны тамашалаған абзал.

Ендеше, атауымен-ақ өзіне бірден ба-урап алатын бұл шығарма павлодарлық көрерменнің де көңілінен шығады деген ойдамыз.

Жан МЫРЗА, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ҚАҢҒЫБАСТЫҚ ПЕН ҚАЙЫРШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛСА ДА ОЛАРДЫҢ САНЫ НЕГЕ АЗАЙМАЙДЫ? ІШІП-ЖЕМІН ҚОҚЫС ЖƏШІГІНЕН ТАБАТЫНДАР МЕН КӨШЕДЕ ҚОЛ ЖАЯТЫНДАР КІМДЕР? ҚАЛА КӨРКІН БҰЗҒАН ҚАЙЫРШЫЛАР МЕН ҚАҢҒЫБАСТАР ҚАЙДА БАРАДЫ?

Page 7: Сақшы №16 (4182)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№16 (4182), бейсенбі, 25.02.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

СПАРТАКИАДА

ЕРКІН КҮРЕС

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестіг ін ің президенті В.Божко бекіткен ережеге сəйкес Қызылорда об-лысы Төтенше жағдайлар департаменті «Қысқы спартакиада ойындарын өткізу ережесін» бекіткен болатын. Осы ереженің күнтізбелік жоспары-на байланысты Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подпол-ковник С.Молдақараев пен басқарма қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық Ішкі і стер департаментінің «Динамо» спорт кешенінде қысқы спартакиада ой-ындары салтанатты түрде ашылды. Қысқы спартакиада барысында во-лейбол, үстел теннисі, жүгіру, самбо секілді спорт түрлерінен жарыс өтті. Қысқы спартакиаданың мақсаты –

19 ақпан күн і Минск қаласында (Белоруссия) төрт дүркін олимпиада чем-пионы Александр Медведьтің жүлдесіне орай еркін күрес бойынша халықаралық турнир аяқталды. Аталған жарыста əлемнің 25 елінен мықты палуандар қатысып, бақ сынады. Мен мықтымын дегендердің арасында өз күші мен жігеріне, шеберлігіне сене білген оралдық сақшы қыз Екатерина Ларионова еліміздің ең үздік спорт-шы қыздарымен 63 келілік салмақ дəрежесінде сынға түсіп (əйелдер күресі бой-ынша), күміс жүлдеге ие болды.

Бұл Катяның биылғы жылы алған екінші жүлдесі. Еске сала кетер болсақ, Қазақстанның бірнеше дүркін чем-пионы, кадеттер арасындағы əлем чемпионы (Венгрия – 2011), əлемдік юниор чемпионатының қола жүлдегері (Тайланд – 2012), юниорлар мен жастар

Қысқы спартакиада қызықты өттіБейбітхан СПАНОВ,

Қызылорда облысы ТЖД

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА ОЙЫНДА-РЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

ММ Қызылорда облыстық филиалы, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ, «Теміржол ауруханасы» , «Өрт сөнд і руш і» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің денешынықтыру қабілетін арттыру, спорттық шеберліктерін жетілдіру, саламатты өмір салтын қалыптастыру, республикалық жəне халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларды іріктеу болды.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар д е п а р т а м е н т і н і ң қ ұ р ы л ы м д ы қ бөлімшелері , ТЖД «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару қызметі» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы»

Жеңіс жорығын жалғастырған аруБАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕРЛЕСІМІЗ, ƏРІ ƏРІПТЕСІМІЗ ЕКАТЕРИНА ЛАРИОНОВА МИНСКІДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ АТАНДЫ.

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫНАН ЕРЛЕР, ƏЙЕЛДЕР ЖƏНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДАЛУДА. ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ РЕТ ӨТКІЗІЛГЕЛІ ТҰРҒАН ДƏСТҮРЛІ ДОДАНЫҢ БИЫЛҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТКІЗІЛГЕЛІ ТҰРҒАНДЫҒЫ. АЛ ƏЙЕЛ АЗАМАТШАЛАР ҮШІН БҰЛ ЕКІНШІ ЧЕМПИОНАТ БОЛМАҚ.

Өрт сөндіру-құтқару спорты өзге спорт түрлері арасында ерекшеленіп келе жатқан жаңа да ескі спорт түрі. Ескі дейтініміз – мұндағы элементтер бұрыннан төтенше жағдайлар кезінде қажетіне қарай қолданылып келген болса, жаңа дейтініміз Қазақстанда бұл спорт көпшілік сипатқа ие болып келеді. Сондықтан да бұл жарыс ерлер арасында XXIV, əйелдер арасында ІІ жəне жасөспірімдер арасында І Қазақстан Республикасының «Өскемен-2016» Қысқы чемпионаты деп аталады. Бұл спорт түрі жай ғана сайыс емес. Төтенше жағдайлар уақытында бұл адам өмірінің əрбір секунды үшін күреске айналатын абыройлы міндет.

2016 жылдың 24-26 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің спорт манежінде өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының XXIV Қысқы чемпионаты өтпек. Онда еліміздің барлық аумағынан жиналған 19 команда кедергілері бар 100 метрлік қашықтыққа жүгіруден жəне шабуылдау сатысымен көтерілуден сайысқа түспек.

Чемпионат мақсаты, жылдағыдай өз мамандығының үздігін анықтау, осы спорт түрінің танымалдылығын арттырып, қатысушылар қатарына жаңа спортшылар тарту, төтенше жағдай қызметкерлерінің кəсіби шеберліктерін арттыру жəне аймақтардағы өрт сөндіру-құтқару қызметінің өзара іс-қимылын жетілдіру болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы жəне оқытушылар құрамы дене дайындығы кафедрасының оқытушысы Айбек Қабашұлы Қосмұратовқа əкесі

ҚАРЫМСАҚҰЛЫ Қабаштыңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қос жүлделі қос сақшыСАМБО

20 АҚПАН КҮНІ МИНСК ҚАЛАСЫНДА (БЕЛОРУССИЯ) САМБО БОЙЫНША ƏЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КЕЗЕҢІ ӨЗ МƏРЕСІНЕ ЖЕТТІ. БЕЛОРУССИЯ РЕСПУБЛИКА-СЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «А» САНАТТАҒЫ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ƏЛЕМНІҢ ТҮРЛІ ЕЛДЕРІНЕН ЕҢ МЫҚТЫ ДЕГЕН ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР ҚАТЫСТЫ.

арасында төрт дүркін Азия чемпионы (Тайланд – 2010, 2011, 2013, Моңғолия – 2014), Азия чемпионаттарының көп дүркін чемпионы (Йемен – 2007, Үндістан – 2009, Қазақстан – 2012), əлем чемпионатының қола жүлдегері (Астана – 2014), жастар арасында

əлем чемпионатының күміс жүлдегері (Хорватия – 2014), ересектер ара-сында халықаралық турнирдің күміс жүлдегері (Италия – 2015), Қазақстан Республикасы Президенті кубогының иегері (Астана – 2015), халықаралық дəрежедегі спорт шебері – полиция кіші лейтенанты Екатерина Ларионова қаңтар айының ортасында Тараз қаласында өткен грек-рим, ересектер арасында еркін жəне əйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында алтын медаль иесі атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұл – Қазақстан ұ л т т ы қ қ ұ р а м а с ы н ы ң м ү ш е с і Екатеринаның жыл басынан бергі үшінші медалі. Ол қаңтардың орта тұсында Таразда өткен ел чемпиона-тында жеңімпаз атанса, одан кейін сол айдың аяғында Красноярскіде «Иван Ярыгин» ХХVII халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдені еншілеген еді.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы Катяны осынау тағы бір жеңісімен құттықтап, Қазақ елінің намысын қорғау жолындағы еңбегіне толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Əлем кубогының кезеңі болып есептелетін сынға 57 келі салмақта қатысқан Батыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкері, полиция аға лейте-нанты, самбодан төрт мəрте əлем чемпионы Ерболат Байбатыров жеңіс тұғырына көтеріліп, алтын жүлдеге ие

болды. Айта кетерлігі, дəл осы жарыста жерлесіміз «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» аталыммен де қоса марапаттал-ды. Сондай-ақ, ІІД қызметкері, полиция аға лейтенанты, əскери самбодан өткен жылғы əлем чемпионатының жүлдегері Темірлан Ихсанғалиев 82 келі салмақта

топ жарды. Аталған кубок абыройлы сайыстардың бірі, сондықтан бұған тек үздік самбошылар ғана қатысады.

Ерболат Байбатыров – Қазақстанның жəне Əлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін чемпионы, екі дүркін Азия чем-пионы (2007, 2009), үш дүркін əлем кубогының жүлдегері (2010,2011,2012), төрт дүркін əлем чемпионы (Ресей – 2008, Греция – 2009, Өзбекстан – 2010, Литва – 2011), самбо бойынша əлем суперкубогының (Ресей – 2012) чемпи-оны, танымал халықаралық дəрежедегі спорт шебері.

Темірлан Ихсанғалиев – қоян-қолтық ұрыс бойынша бірнеше дүркін Еуропа чемпионы (Болгария – 2012), жауынгерлік самбо бойынша əлем чемпионатының қола жүлдегері (Греция – 2009), қоян-қолтық ұрыс бойынша Əлем кубогының қола жүлдегері (Перу – 2014, Ресей – 2015), жауынгерлік самбо бойынша əлем чемпионатының күміс жүлдегері (Марокко – 2015), жауынгерлік жəне қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық дəрежедегі спорт шебері.

Ба тыс Қазақс тан облысы І ІД б а с ш ы л ы ғ ы м е н ж е к е қ ұ р а м ы əріптестерін осынау жеңістерімен құттықтап, Қазақ елінің намысын қорғау жолындағы еңбегіне толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

«Өскемен-2016» қысқы чемпионаты

БОКС

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Қызылордада республикалық жарыс өтеді2-6 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ НƏЛҚОЖА ЕРГЕШБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕЙТИНГІЛІК ТУРНИР ӨТЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Сегіз жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирдің мақсаты – ұлттық спорт ойын түрлерін насихаттау, дамыту, Н.Ергешбаевты еске алу, спорттық шеберлікті шыңдау. Республикалық турнирге Астана, Алматы қалалары, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Қызылорда об-лыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысады.

Жарыс швейцар жүйесімен классика түрі бойынша жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі. Оған 10, 14 жасқа дейін ұлдар, қыздар жəне 14 жастан жоғары ерлер мен əйелдер қатысады.

Жарыстың бас төрешісі – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева.

АСТАНАДА БОКСТАН ƏЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖА-ЛАУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ. ЕЛІМІЗДІҢ ОБЛЫСТАРЫНАН, АСТАНА МЕН АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫНАН ЖИНАЛҒАН 85 БОКСШЫ 10 САЛМАҚ ДƏРЕЖЕСІНДЕ СЫНҒА ТҮСУДЕ.

«Бастысы, қыздар мұнда алтын емес, əлем чемпионатына жолдама жеңіп ала алады, ал келешекте Олимпиада лицензиясы да бар. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша бапкерлер кеңесі əлемдік додада Қазақстанның намысын қорғайтын команда құрамын анықтайды.

Əлем чемпионаты елордада үш айдан кейін, яғни, 19 мамырда басталады. Олимпиадалық салмақ дəрежесінде (51, 60 жəне 75 келі) бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері арасында бəсеке күшті болатыны сезіліп-ақ тұр», – деп мəлім етті Қазақстан Бокс федерациясынан.

Федерацияның мəліметінше, ел біріншілігіне ұлттық құрама командасының барлық дерлік боксшысы қатыспақ. Олардың қатарында Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Мадина Нұршаева, Мөлдір Базарбаева жəне жастар құрамынан ересектер дивизионына енді ғана өткен Балауса Муздиман, Ангелина Лукас жəне тағы басқалары бар.

Чемпионаттың ашылуы «Дəулет» спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді, көрермендер үшін кіру тегін. Жекпе-жектердің онлайн-трансляциясын ҚБФ сай-тынан тамашалай аласыздар.

85 боксшы сынға түсуде

Page 8: Сақшы №16 (4182)

СӨЗ СОҢЫ№16 (4182), бейсенбі, 25.02.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 14829Тапсырыс: №2199

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

МҰНДАЙ ДА БОЛАДЫ

ТАҒЫЛЫМ

ПАТРИОТТЫҚ МƏДЕНИЕТТЕН БАСТАЛАДЫ

Ойл

ан, т

ап!

Ежелгі грек мемлекеті

Астанасы Загреб Шара Жүк көлігі

Англия қаласы

Түркі ха-лықтары

тобы

... чемпио-нат

Химиялық элемент Сызықша Ниссан ...

... пира-мидасы

Жалпы ақша Татар есімі Өзбек муз.

тобы

Қазақстан облысы

Батырлар ... Шыңырау Уезд басшысы

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

РЕСЕЙ

Жүйкесі жұқарған жүргізушіУссурийск қаласында қоғамдық көлікке қатысты дау шықты. 16

жасар оқушының жол жүру ақысына берген 5 мың рублін жүргізуші алудан бас тартқан. Кейін ақшаны жыртып, жартысын өзіне қалдырып, екіншісін жасөспірімге берген көрінеді.

«Бұл ақшаны балаға ата-анасы жол жүруге жəне мек-тепте қосымша сабақтарға төлеуге берген екен. Оқушы жыртық купюраны банк-ке апарып ауыстырғысы келген, алайда, қаржы мекемесі купюроның жар-тысы болмағандықтан қабылдамаған», – деп жа-зады «Новая Кама» газеті.

Кейін баланың ата-ана-сы жүргізушіні іздеп тауып алғанымен, ол ақшаның жарты бөлігін қайтарудан бас тартқан. Ол ақшаны

беретін ұсағы болмаған соң жыртып тастағанын айтып ақталып, «егер ұсақ ақшаңыз болмаса, таксимен жүріңіздер» деп тегін «ақыл» айтқан көрінеді.

Бұл оқиғаны білген көлік компаниясы ата-анадан кешірім сұрап, істі қарауға уəде берді. Олар жол жүру ақысын ұстап қалып, ата-анаға өз есебінен 4980 рубль қайтарған.

Қазір Ресей полициясы істі тексеріп жатыр. Жүйкесі тозған жүргізушіге қатысты «Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Заң оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

ИТАЛИЯ

Əйелін не үшін сотқа берді?Итальяндық азамат зайыбын тамақты нашар дайындап, үйді жөнді

жинай алмағаны үшін кінəлайды. Егер оның кінəсі дəлелденсе, итальяндық Соннино коммунасының 40 жастағы үй шаруасындағы əйел алты жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы The Local хабарлады.

Зайыбынан 7 жас үлкен болған оның күйеуі екі жылдан астам уақыт бойы əйелінен зардап шегіп отырғанын айтады. Ол антисанитариялық жағдайда тұруға, əйелінен үнемі сөз естуге мəжбүр болып отырған көрінеді.

2013 жылы жүргізілген сауалнама мəліметтері бойынша, апта сайын итальяндық əйелдер үй шаруасына күйеулеріне қарағанда 21 сағат көп уақыт бөледі екен. Бұл – дамыған елдердің өкілдерінің арасында жүргізілген сұрау қорытындылары бойынша тіркелген ең үлкен айырмашылық.

САУД АРАБИЯСЫ

«Ащу су» алып өтпек болыптыСауд Арабиясы кеденшілері өздерінің жалақыны бекерден-бекер

алып отырмағандарын кезекті мəрте дəлелдеген сияқты. Неге десеңіз, олар бұл жолы корольдік аумағына өзгеше жолмен спиртті ішімдіктер алып өтпек болған отандастарын ұстады. Бұл туралы «Time» газеті хабарлады.

Корольдік азаматы алкогольді ішімдіктердің түр-түрін Бахрейннен алып келе жатқан. Ол бұларды ислам шариғатымен тыйым салынған Сауд Арабиясына қарай алып өтуге əрекет жасаған. Тəртіп бұзушы бұл ойын əртүрлі шыныларды денесінің əр бөлігіне скотчпен тығыз бекітіп тастау арқылы жүзеге асырмақшы болған. Алайда, сақшылар оны дер кезінде тоқтата қойды. Ал шалбарын шешкізіп қараған кездерінде, көпті көріп жүрген кеденшілердің өздері қатты қайран қалады.

Айран-асыр болған Саудия кеденшілері екі аяққа таңылған тура 14 бөтелке алкогольді ішімдікті алып шығарды. Олар соңында бұл шишаларды түгел тəркілеп алып қана қоя салған жоқ, сонымен бірге, осыншалықты дəрежеде тəртіп бұзған азаматтың үстінен хаттама толтырды. Ең ақырында «қаһарманның» осы масқара болып тұрған суретін əлеуметтік желіге салып қойды.

Айта кету керек, Сауд Арабиясына көрші Бахрейннен спиртті ішімдік əкелушілердің жолын жергілікті шекарашылар үнемі бөгеп келеді. Бірақ екі елдің шекарасында мынадай мөлшерде жəне мынадай тəсілмен ішімдік алып өтуге əрекет етіп ұсталған адам бірінші рет кездесіп отыр екен.

Исламда алкогольді өндіру, пайдалану, сату, тасымалдау əрекеттерінің барлығына қатаң тыйым салынған. Корольдікте мұндай тəртіп бұзушылық дүре соғу немесе түрмеге отырғызу жазаларына кесіледі.

А ш ы қ е с і к к ү н і н е к е л г е н д е р қылмыстық атқару жүйесінің ашықтығы, мекемеде болып жатқан өзгерістер ту-ралы ой-пікірлерін білдірді. «Қылмыстық атқару жүйесі кодексіндегі өзгертулерге орай, сотталғандар жақындарымен жиі кездесе алмайды, сондықтан осындай іс-шаралар жазасын өтеушілермен кез-десуге жəне қарым-қатынас жасауға қосымша мүмкіндік береді», – дейді ұйымдастырушылар.

Тəрт і п т алаптары ана ғ ұрлым жеңілдетілген УК-161/11 мекемесінде сотталған əйелдер мен ер азаматтар жазасын өтеуде. Сондықтан да темір тордың ар жағында да отбасы құрылып

Сондай-ақ, қалада орналасқан мəдени орталықтарға да барады. Таяуда 3 жəне 4-взвод тыңдаушылары ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай

Осы мерекеге орай Исатай аудандық ТЖБ мен № 6 өрт сөндіру бөлімі ашық есік күнін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушыларды төтенше жағдайда көмек көрсетуге, қажырлылыққа, бір-бірін қолдауға, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға бейімдеу.

Осы бағытта құтқарушы кəсібін насихаттау бойынша білім беретін оқу орындарында «Жас құтқарушы» клубтарын құру қолға алынуда. Клуб облыстық басшылардың келісілген жоспарына сай төтенше жағдай кезінде балалар жəне жасөспірімдер қауіпсіздігі мəдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың ширақ та батыл өсіп дамуын, өмір сүру қауіпсіздігі жағдайы жəне денешынықтыру мен психологиялық дайындық жағдайын

КАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР АРНАЙЫ БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КУРСЫН ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫН-ДА ӨТУДЕ. ИНСТИТУТТЫҢ ОҚУ-САПТЫҚ БӨЛІНІСІНІҢ ЖОСПАРЫНА СƏЙКЕС ТЫҢДАУШЫЛАР ТЕК ИНСТИТУТ ҚАБЫРҒАСЫНДА САБАҚ ОҚЫП, САПТА ТҰРЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ МƏДЕНИ ІС-ШАРАЛАРҒА ДА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАДЫ.

Н.НҰРМАНБЕТОВ, Ақтөбе қаласы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ ЖЫЛ САЙЫН 1 НАУРЫЗ КҮНІ ӨТКІЗІЛЕДІ. БҰЛ МЕРЕКЕ ƏЛЕМДЕГІ САН АЛУАН ЕЛДЕРДІҢ ТАБИҒИ ЖƏНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАРЛЫҚ КҮШТІ БІРІКТІРУ, ХАЛЫҚТЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРІН БОЛУЫ МҮМКІН ТОСЫН ОҚИҒАЛАРҒА ДАЙЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

С.ШАХАБАЕВ, Атырау облысы

УК-161/11 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗУ ДƏСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ, СОНДАЙ-АҚ, ОЛАРДЫҢ ТУЫСТАРЫ МЕН ЖАҚЫНДАРЫ ҮШІН БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ШАРА. ОСЫ ЖОЛЫ ДА ӨТКІЗІЛГЕН БҰЛ ШАРАҒА БІРІНШІ РЕТ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН АРДАГЕРЛЕРІ АРНАЙЫ ШАҚЫРЫЛАДЫ.

Е.АСАНОВ, УК-161/11 мекемесі

Ақтөбе қаласында орналасқан «Əлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды мұражайға», «Мəңгілік алау обелискісіне», «Мемориалды

кешенге» аралап, барып қайтты. Игі істің басты мақсаты – келешек ұрпақтың тəуелсіз елімізге деген патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болып та-былады.

Əлия Молда ғ ұлова а тында ғы облыстық мемориалды мұражайында олар Кеңес Одағының Батырлары Əлия Молдағұлова, Мəншүк Мəметова, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың өмірбаянымен, батылдығымен, соғыс кезіндегі хаттарымен, мақалаларымен, газет қиындыларымен, мұражайдағы құнды жəдігерлермен, соғыс кезінде қолданылған қарулармен тереңінен та-нысып, көптеген мағлұматтарға қанық болды. Мұражайды аралап болған соң тыңдаушылар «Мəңгілік алау обелискісіне» барып, гүл шоқтарын қойды.

О с ы н д а й м ə д е н и і с - ш а р а л а р тыңдаушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, тəртіпті сақтауға септігін тигізері сөзсіз. Осындай мəдени іс-шаралар да алдағы уақытта жалғасын табады.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

БАЛА ДА БІЛУІ ТИІС

жоғарылатуда кешенді жұмыс істеп келеді.

Қазіргі уақытта құтқарушыларды əзірлеу, құтқарушы мамандығын жастар арасында кеңінен насихаттау бағытында көптеген іс-шаралар атқарылуда.

Ашық есік күні Исатай ауданының мектеп оқушыларына өрт сөндіру жəне

құтқару құралдары, техникалар басқа да қолда бар құрал-саймандар көрсетіліп, кей құралдардың қолданылуы іс жүзінде көрсетілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына маман-дардан толық жауаптар алды. Кейбір оқушылар болашақта құтқарушы болам деген ізгі тілектерін де білдіріп жатты.

ТҮЗЕЛУГЕ ТАЛАПТАНДЫРАДЫ

жататын жағдайлар кездеседі. Тіпті, көтерілген шаңырақта сəби де дүниеге есігін ашатын шаттықты сəттер бар. «Бұл жазасын өтеушілердің түбегейлі түзелуге, толыққанды өмір бастауға бет бұруына өте қатты əсер етеді», – дейді мекеме қызметкерлері. Ашық есік күні шақырылғандар сотталғандардың ж а ғ д а й ы м е н , е ң б е к ж ə н е б о с уақытымен танысып, оларға медици-на бөлімшесі, асхана, монша-кір жуу кешені көрсетілді.

Қ А Ж а р д а г е р л е р і қ о н ы с колониясындағы жұмыстардың жаңаша сипатта ұйымдастырыла бастағанын, ал сотталғандардың туыстары тұрмыстық жəне тəртіптік талаптардағы өзгертулерді көріп, ризашылықтарын білдірді.

«Қостанай қаласы мүгедектерінің е р і к т і қ о ғ а м д а с т ы ғ ы » Қ Б - н і ң шығармашылық тобы шара соңында концерттік бағдарламаларын ұсынды. Бұл күні сотталғандар арасында отбасылық жұптар байқауы өткізілді.

POLICEƏлем

«САҚШЫ» ГАЗЕТІНІҢ АЙ САЙЫНҒЫ ҚОСЫМШАСЫ

911 ХАБАРЛАЙДЫ

АҚШ

Оқ атқан кім?!Жексенбі күні Американың Миссисипи штатының оңтүстігіндегі

Пасс-Крисчен қаласында белгісіз біреулер Марди-Гра – католиктердің діни мейрамына орай өткізілген шеруге оқ атқан. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алған.

Ж ə б і р л е н у ш і л е р а урухана ға жетк і з і лд і . Құқық қорғау органдарының қ ы з м е т к е р л е р і а т ы с -ты бастаған адамдарды іздестіруде. Оқиға орнына полиция күштері жеткізілді.

Марди-Граны мереке-леу маусымы Американың оңтүстік штаттарында шама-мен бір аптаға созылады. Сол уақытта салтанатты шерулер өткізіліп, оны тамашалауға мыңдаған турист жиналады. Бұл жолы өткен шараға 50 мыңға жуық адам келген. Дайындаған Сұлтан ҒАЛЫМБЕК