Сақшы №21 (4187)

8
№21 (4187), 17.03.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ пАвлодАР – ҚУАТТЫ ӨНЕРКӘСІп оРТАлЫҒЫ БАлА ҚИЯлМЕН... Байқау әйЕЛДЕР МәСЕЛЕСі – әЛЕМ ЕЛДЕРіНЕ ОРТАҚ МЕМЛЕКЕТТіК БАғДАРЛАМА ҚАБЫЛДАНуЫ МүМКіН Бұған дейін Мемлекеттік хатшы, президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың Нью-Йоркте БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысқанын мәлімдеген болатынбыз. Г.әбдіқалықова өз сөзінде гендерлік теңдік және әйелдердің ахуалын жақсарту мәселелері бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, орнықты даму, кедейшілікті жою және адам құқықтарын қорғау сияқты БҰҰ Жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелерімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстанда гендерлік саясаттың өзіндік үлгісі қалыптасқанын айт- ты. Ұлттық ерекшеліктер ескерілген бұл үлгі халықаралық тәжірибелерге негізделген. Сондай- ақ, гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктері ауқымын кеңейтуге бағытталған. Сессия аясында «Қазақстанның гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаты: өсім, реформа, даму» тақырыбы бойынша министрліктің жұмыс бабындағы түскі асы ұйымдастырылды. Жарыссөзге Бельгия, ОАР, Чехия, Ангола, Латвия, зимбабве, үндістан, Корея Республикасы, Жапония, Парагвай, Аргентина, Мысыр, Түрікменстан және басқа да елдердің делегациялары қатысты. іс-шара барысында Қазақстандағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың, сондай- ақ, экономикалық мүмкіндіктерінің аясын кеңейту және ауылдық аймақтардағы әйелдердің денсаулығын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды. Б.АйғАзИНОВ, Павлодар облысы ТЖД БАЛА ҚИЯЛЫ ТАзА, ЕШНәРСЕМЕН БҰзЫЛМАғАН ЕМЕС ПЕ? ОйЫНДАғЫСЫН АРАМДЫҚСЫз, ҚуЛЫҚСЫз ЖЕТКізЕДі. АСТАР- СЫз ШЫНДЫғЫН, ПәК СЕзіМіН БіЛДіРЕДі. БуЫНЫ ҚАТПАғАН БүЛДіРШіНДЕРДің САНАСЫНА СіңіП ҚАЛғАН ШЫНАйЫ КөРіНіСіН өМіРДің ЕШ КЕДЕРГіСі БҰзЫП, БЕРЕКЕСіН КЕТіРМЕйТіНДЕй КөРіНЕДі. АЛАйДА, өСЕ КЕЛЕ АҚ ПЕН ҚАРАНЫң АРА-ЖіГіН АЖЫРА- ТЫП АЛуғА ТуРА КЕЛЕТіНі өКіНіШТі... Қазақстан мен Ео арасындағы жаңа келісімге байланысты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысын- да «Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттерінің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды. Талқылау барысында сенатор Икрам Адырбеков Қазақстанда бұған дейін «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарлама болғанын алға тартып, оның нәтижелерін сұраған болатын. «үш жылдық бағдарламаның жүзеге асы- рылуын оң бағалаймыз. «Еуропаға жол» атты бағдарлама Қазақстанды жаңғырту кезеңінде заңнаманы жетілдіру, стандарттарға бейімделу бағытында үлкен рөл атқарды. Ал жаңа келісім күшіне енгеннен кейінгі мәселеге келсек, алдағы уақытта біз жаңа бағдарлама қабылдауды ойлап отырмыз. Бұл мемлекеттік немесе салалық бо- латынын әлі айта алмаймыз, дегенмен, мұндай ауқымды келісімді жүзеге асыру үшін ауқымды бағдарлама мен шаралар жоспары керек бола- тыны анық», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко. Оның айтуынша, келісім күшіне енгеннен соң оны жүзеге асыру жоспары қабылданады. «Тұтастай алғанда Еуропалық Одақ мұндай келісімді ТМД елдері арасында алғаш рет Қазақстанмен жасап отыр», – деді Р. Василенко. КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ ПАВЛОДАРғА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ. «B.B.NURA» НЕФРОЛОГИЯ ЖәНЕ ЭФФЕРЕНТТіК ТЕРАПИЯ ОРТАЛЫғЫНЫң МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЛАТАЛАРЫН АРАЛАП КөРГЕН ЕЛБАСЫ ОРТАЛЫҚ ҚЫзМЕТіНің НЕГізГі БАғЫТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚОРДАНЫң БАСПАСөз ҚЫзМЕТі хАБАРЛАДЫ. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еңбек ұжымы өкілдерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті. Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тұрмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды. «өткен жылдар ішінде Қазақстанда 1300 денсаулық сақтау нысаны салын- ды. Соның арқасында 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Дағдарысқа қарамастан 1 қаңтардан бастап біз медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 28 пайызға көтердік. Бұл орталықтың мемлекет-жекеменшік серіктестігі арқылы салынғаны өте маңызды, мен бұл бағытты қолдаймын. Жұмысқа қажетті жағдай жасалуда, ал дәрігерлер елдің игілігіне қызмет ету үшін өз біліктіліктерін арттыруы тиіс», – деді Мемлекет басшысы. Мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, сондай-ақ, таяу уақыттары Қазақстан Президентінің тапсырмасымен салынған жаңа перинатальдық орталықтың ашылуы жоспарланып отырғанын хабарлады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі. Медициналық мекеме елдегі 25 аппараты бар ірі диализдік орталық болып саналады және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен зардап шегіп отырған науқастарға толық нефрологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған. Сондай-ақ, бұл орталықты «ABM Investment Group» басқарушы компания- сы» ЖШС мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салды. Оның негізгі әріптесі – «B.Braun Avitum AG» компаниясы (Германия). Жоба құны 330 млн. теңгеден астам қаржыны құрайды. Бұдан әрі Елбасы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институ- ты жатақханасының жаңа ғимаратын аралап көріп, онда тұрып жатқан «Серпiн-2050» бағдарламасымен білім алатын студенттермен әңгімелесті. Қазақстан Президенті жатақханада тұрмысқа, тынығуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жастарға білім беру мен қолдау көрсетуде, сонымен бірге, «Серпiн-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрақты назар аударылып келе жатқандығына тоқталып өтті. 500 орындық пәтер типтес жатахқана 2015 жылы ашылған болатын. Мұнда «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын 300 студент тұрады. ғимаратта медициналық кабинет, жаттығу залы, жеке мүлік сақтайтын камера және техникалық орын бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін арнайы бөлмелер жабдықталған. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, «уПНК-ПВ» ЖШС-да болып, мұнай коксын қыздыратын зауыт жұмысымен де танысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен «Павлодар» арнаулы экономикалық аймағының жұмысы туралы баяндалды. Қазақстан Президенті кәсіпорын жұмысшыларымен, шағын және орта биз- нес өкілдерімен кездесті. әңгіме барысында Мемлекет басшысы елдің индустриялық дамуындағы өңірдің елеулі рөлін атап өтті. «Павлодар – Қазақстанның қуатты өнеркәсіп орталығы. Сіздер жұмыс істейтін өндірістің маңызы өте зор, өйткені, ол осында өндірілетін өнімді сырттан импорттаудан құтқарды. Енді оны өзіміз экспорттаймыз. Электролиз зауыты өзіміздегі мұнай коксы арқылы жұмыс істейді, ал сіздер осындай алдыңғы қатарлы кәсіпорында еңбек етесіздер. Қазақстанды индустриялан- дыру дегеніміз – осындай кәсіпорындар салу», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті электр энергетикасында көмір қолданатын біздің ел үшін ауаға тарайтын зиянды заттарды тазарту және экологияны сақтау аса маңызды мәселе екенін де айтты. «уПНК-ПВ» ЖШС құрылысы Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпорын өнімін қазіргі кезде Қазақстан электролиз зауыты тұтынады. Алдағы уақытта өнімнің бір бөлігін Ресей мен Қытайға экспорттау жоспарланған. Қазіргі уақытта «Павлодар» АЭА аумағында 4 кәсіпорын жұмыс жүргізуде, тағы 8 жоба жүзеге асырылудың түрлі кезеңінде тұр. Таяу арада бірқатар жаңа нысанды, соның ішінде агрохимиялық өнімдер, жағармай материалдары өндірістерін, сондай-ақ, химия-металлургия кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Өз тілшімізден Бала қиялына қанат бітіріп, бүлдіршіндердің құтқарушы мен өрт сөндіруші секілді мамандық иелеріне деген құрметі мен қызығушылын арттыру үшін керекулік төтеншеліктер талай игі іске бастамашы болып келеді. Осындай тәлімі мол шараның бірі таяуда ұйымдастырылған еді. Бұл жолғы шара бала бақшаға барып жүрген бүлдіршіндер арасында сурет салудан өтті. Балалар суреттерінің байқауы – «От – жау» деп аталады. Байқау Павлодар облысының Ақсу кентіндегі №14 балалар бақшасында бастау алды. Екі апта көлемінде өткен іс-шара Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орайластырылып отыр. Сурет салу байқауын Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «өрт сөндіру және апаттық- құтқару жұмыстары қызметі» ММ №17 өрт сөндіру бөлімі жариялаған еді. Бала бақшадағы жоғарғы және орта топтардың ұл-қыздары қазылар алқасына шамамен отызға жуық жұмыс ұсынды. «Балалар ұсынған барлық жұмыстар өте шебер орындалған. Араларында шын дарын иесіндей туынды жасап шығарғандары да бар. Сол себепті де бізге сурет салуды жандарына серік еткен бүлдіршіндердің арасынан үздікті анықтап, жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты», – деді қазылар алқасы. Қазылар алқасының құрамына өрт сөндіру бөлімінің өкілдері, бала бақшаның меңгерушісі және тәрбиелеушілері кірді. Бірақ, байқауға қатысқан бүлдіршіндердің бірде-бірі жүлдесіз қалмады. Шараны ұйымдастырған ТЖД мамандары балалардың бәріне тәтті сыйлықтар таратып, үздік деп танылған байқау жеңімпаздарын грамоталармен марапат- тады. Сонымен қатар, шара соңында балаларға өрт сөндіру құрал-жабдықтары көрсетіліп, өрт сөндірушінің нысандық киімдері таныстырылды. Мамандар балаларға сіріңкемен ойнаудың қаншалықты қауіпті екені туралы ескертіп, тілсіз жаудың қатері жөнінде айтып берді.

Upload: mediaovd

Post on 30-Jul-2016

270 views

Category:

Documents


12 download

DESCRIPTION

Сақшы №21 (4187) 17.03.2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №21 (4187)

№21(4187),

17.03.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

пАвлодАР – ҚУАТТЫ ӨНЕРКӘСІп оРТАлЫҒЫ

БАлА ҚИЯлМЕН...Байқау

әйЕЛДЕР МәСЕЛЕСі – әЛЕМ ЕЛДЕРіНЕ ОРТАҚ

МЕМЛЕКЕТТіК БАғДАРЛАМА ҚАБЫЛДАНуЫ МүМКіН

Бұған дей ін Мемлекетт ік хатшы, президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың Нью-Йоркте БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысқанын мәлімдеген болатынбыз.

Г.әбдіқалықова өз сөзінде гендерлік теңдік және әйелдердің ахуалын жақсарту мәселелері бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, орнықты даму, кедейшілікті жою және адам құқықтарын қорғау сияқты БҰҰ Жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелерімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанда гендерлік саясаттың өзіндік үлгісі қалыптасқанын айт-ты. Ұлттық ерекшеліктер ескерілген бұл үлгі халықаралық тәжірибелерге негізделген. Сондай-ақ, гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктері ауқымын кеңейтуге бағытталған.

Сессия аясында «Қазақстанның гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаты: өсім, реформа, даму» тақырыбы бойынша министрліктің жұмыс бабындағы түскі асы ұйымдастырылды. Жарыссөзге Бельгия, ОАР, Чехия, Ангола, Латвия, зимбабве, үндістан, Корея Республикасы, Жапония, Парагвай, Аргентина, Мысыр, Түрікменстан және басқа да елдердің делегациялары қатысты. іс-шара барысында Қазақстандағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың, сондай-ақ, экономикалық мүмкіндіктерінің аясын кеңейту және ауылдық аймақтардағы әйелдердің денсаулығын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Б.АйғАзИНОВ, Павлодар облысы ТЖД

БАЛА ҚИЯЛЫ ТАзА, ЕШНәРСЕМЕН БҰзЫЛМАғАН ЕМЕС ПЕ? ОйЫНДАғЫСЫН АРАМДЫҚСЫз, ҚуЛЫҚСЫз ЖЕТКізЕДі. АСТАР-СЫз ШЫНДЫғЫН, ПәК СЕзіМіН БіЛДіРЕДі. БуЫНЫ ҚАТПАғАН БүЛДіРШіНДЕРДің САНАСЫНА СіңіП ҚАЛғАН ШЫНАйЫ КөРіНіСіН өМіРДің ЕШ КЕДЕРГіСі БҰзЫП, БЕРЕКЕСіН КЕТіРМЕйТіНДЕй КөРіНЕДі. АЛАйДА, өСЕ КЕЛЕ АҚ ПЕН ҚАРАНЫң АРА-ЖіГіН АЖЫРА-ТЫП АЛуғА ТуРА КЕЛЕТіНі өКіНіШТі...

Қазақстан мен Ео арасындағы жаңа келісімге байланысты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы мүмкін.

Б ұ л т у р а л ы П а р л а м е н т С е н а т ы н ы ң халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысын-да «Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттерінің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Талқылау барысында сенатор Икрам Адырбеков Қазақстанда бұған дейін «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарлама болғанын алға тартып, оның нәтижелерін сұраған болатын.

«үш жылдық бағдарламаның жүзеге асы-рылуын оң бағалаймыз. «Еуропаға жол» атты бағдарлама Қазақстанды жаңғырту кезеңінде заңнаманы жетілдіру, стандарттарға бейімделу бағытында үлкен рөл атқарды. Ал жаңа келісім күшіне енгеннен кейінгі мәселеге келсек, алдағы уақытта біз жаңа бағдарлама қабылдауды ойлап отырмыз. Бұл мемлекеттік немесе салалық бо-латынын әлі айта алмаймыз, дегенмен, мұндай ауқымды келісімді жүзеге асыру үшін ауқымды бағдарлама мен шаралар жоспары керек бола-тыны анық», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Оның айтуынша, келісім күшіне енгеннен соң оны жүзеге асыру жоспары қабылданады.

«Тұтастай алғанда Еуропалық Одақ мұндай келісімді ТМД елдері арасында алғаш рет Қазақстанмен жасап отыр», – деді Р. Василенко.

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ ПАВЛОДАРғА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ. «B.B.NURA» НЕФРОЛОГИЯ ЖәНЕ ЭФФЕРЕНТТіК ТЕРАПИЯ ОРТАЛЫғЫНЫң МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЛАТАЛАРЫН АРАЛАП КөРГЕН ЕЛБАСЫ ОРТАЛЫҚ ҚЫзМЕТіНің НЕГізГі БАғЫТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚОРДАНЫң БАСПАСөз ҚЫзМЕТі хАБАРЛАДЫ.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еңбек ұжымы өкілдерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тұрмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«өткен жылдар ішінде Қазақстанда 1300 денсаулық сақтау нысаны салын-ды. Соның арқасында 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Дағдарысқа қарамастан 1 қаңтардан бастап біз медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 28 пайызға көтердік. Бұл орталықтың мемлекет-жекеменшік серіктестігі арқылы салынғаны өте маңызды, мен бұл бағытты қолдаймын. Жұмысқа қажетті жағдай жасалуда, ал дәрігерлер елдің игілігіне қызмет ету үшін өз біліктіліктерін арттыруы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, сондай-ақ, таяу уақыттары Қазақстан Президентінің тапсырмасымен салынған жаңа перинатальдық орталықтың ашылуы жоспарланып отырғанын хабарлады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі.Медициналық мекеме елдегі 25 аппараты бар ірі диализдік орталық болып

саналады және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен зардап шегіп отырған науқастарға толық нефрологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған.

Сондай-ақ, бұл орталықты «ABM Investment Group» басқарушы компания-сы» ЖШС мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салды. Оның негізгі әріптесі – «B.Braun Avitum AG» компаниясы (Германия). Жоба құны 330 млн. теңгеден астам қаржыны құрайды.

Бұдан әрі Елбасы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институ-ты жатақханасының жаңа ғимаратын аралап көріп, онда тұрып жатқан «Серпiн-2050» бағдарламасымен білім алатын студенттермен әңгімелесті.

Қазақстан Президенті жатақханада тұрмысқа, тынығуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жастарға білім беру мен қолдау көрсетуде, сонымен бірге, «Серпiн-2050»

мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрақты назар аударылып келе жатқандығына тоқталып өтті.

500 орындық пәтер типтес жатахқана 2015 жылы ашылған болатын. Мұнда «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын 300 студент тұрады. ғимаратта медициналық кабинет, жаттығу залы, жеке мүлік сақтайтын камера және техникалық орын бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін арнайы бөлмелер жабдықталған.

Мемлекет басшысы, сонымен қатар, «уПНК-ПВ» ЖШС-да болып, мұнай коксын қыздыратын зауыт жұмысымен де танысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен «Павлодар» арнаулы экономикалық аймағының жұмысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті кәсіпорын жұмысшыларымен, шағын және орта биз-нес өкілдерімен кездесті.

әңгіме барысында Мемлекет басшысы елдің индустриялық дамуындағы өңірдің елеулі рөлін атап өтті.

«Павлодар – Қазақстанның қуатты өнеркәсіп орталығы. Сіздер жұмыс істейтін өндірістің маңызы өте зор, өйткені, ол осында өндірілетін өнімді сырттан импорттаудан құтқарды. Енді оны өзіміз экспорттаймыз. Электролиз зауыты өзіміздегі мұнай коксы арқылы жұмыс істейді, ал сіздер осындай алдыңғы қатарлы кәсіпорында еңбек етесіздер. Қазақстанды индустриялан-дыру дегеніміз – осындай кәсіпорындар салу», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті электр энергетикасында көмір қолданатын біздің ел үшін ауаға тарайтын зиянды заттарды тазарту және экологияны сақтау аса маңызды мәселе екенін де айтты.

«уПНК-ПВ» ЖШС құрылысы Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпорын өнімін қазіргі кезде Қазақстан электролиз зауыты тұтынады. Алдағы уақытта өнімнің бір бөлігін Ресей мен Қытайға экспорттау жоспарланған.

Қазіргі уақытта «Павлодар» АЭА аумағында 4 кәсіпорын жұмыс жүргізуде, тағы 8 жоба жүзеге асырылудың түрлі кезеңінде тұр. Таяу арада бірқатар жаңа нысанды, соның ішінде агрохимиялық өнімдер, жағармай материалдары өндірістерін, сондай-ақ, химия-металлургия кешенін іске қосу жоспарланып отыр.

Өз тілшімізден

Бала қиялына қанат бітіріп, бүлдіршіндердің құтқарушы мен өрт сөндіруші секілді мамандық иелеріне деген құрметі мен қызығушылын арттыру үшін керекулік төтеншеліктер талай игі іске бастамашы болып келеді. Осындай тәлімі мол шараның бірі таяуда ұйымдастырылған еді. Бұл жолғы шара бала бақшаға барып жүрген бүлдіршіндер арасында сурет салудан өтті. Балалар суреттерінің байқауы – «От – жау» деп аталады.

Байқау Павлодар облысының Ақсу кентіндегі №14 балалар бақшасында бастау алды. Екі апта көлемінде өткен іс-шара Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орайластырылып отыр. Сурет салу байқауын Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №17 өрт сөндіру бөлімі жариялаған еді. Бала бақшадағы жоғарғы және орта топтардың ұл-қыздары қазылар алқасына шамамен отызға жуық жұмыс ұсынды.

«Балалар ұсынған барлық жұмыстар өте шебер орындалған. Араларында шын дарын иесіндей туынды жасап шығарғандары да бар. Сол себепті де

бізге сурет салуды жандарына серік еткен бүлдіршіндердің арасынан үздікті анықтап, жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты», – деді қазылар алқасы. Қазылар алқасының құрамына өрт сөндіру бөлімінің өкілдері, бала бақшаның меңгерушісі және тәрбиелеушілері кірді.

Бірақ, байқауға қатысқан бүлдіршіндердің бірде-бірі жүлдесіз қалмады. Шараны ұйымдастырған ТЖД мамандары балалардың бәріне тәтті сыйлықтар таратып, үздік деп танылған байқау жеңімпаздарын грамоталармен марапат-тады.

Сонымен қатар, шара соңында балаларға өрт сөндіру құрал-жабдықтары көрсетіліп, өрт сөндірушінің нысандық киімдері таныстырылды. Мамандар балаларға сіріңкемен ойнаудың қаншалықты қауіпті екені туралы ескертіп, тілсіз жаудың қатері жөнінде айтып берді.

Page 2: Сақшы №21 (4187)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№21 (4187), бейсенбі, 17.03.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

АҚШ

Түркия

Брюссель

«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басшысын қабылдады

Басты міндет – «Нұрлы Жолды»

жүзеге асыруРубио сайлау додасынан

шығып қалды

Біріккен Араб Əмірліг інің биліг і ғаламтор арқылы елдегі су басқан ғимараттар, табиғи апат салдары туралы фотосуреттер жариялауға тыйым салды. Бұл туралы The Independent хабарлады.

Биліктің түсіндіруінше, жергілікті тұрғындар туристерді қашырып алмауы үшін елдің жағымсыз бейнесін қалыптастырмауы керек. БАƏ Ішкі істер министрлігінің мəлімдеуінше, заңды аттағандар киберқылмыс туралы бап бойынша жазаланады. Заң бойынша, елдің жағымсыз бейнесін қалыптастырған адам бас бостандығынан айырылады немесе 1 млн. дирхамға дейін (272 мыңнан астам доллар) айыппұл төлейді.

Ел билігі мұндай қадамға наурыздың ба-сынан бері толассыз жауған нөсер жауынға байланысты болған оқиғалардан кейін ба-рып отыр. Жергілікті тұрғындар су басқан жолдардың көптеген суретін жариялап, жел-ден жеңілмоторлы ұшақтардың ұша алмай жатқаны туралы ақпараттармен əлеуметтік желілер арқылы көпшілікпен бөліскен бола-тын.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НА-ЗАРБАЕВ «ҚАЗАТОМӨНЕРКƏСІП» ҰАК» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы, компанияны трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті біздің республика əлемдегі толық өндірістік цикл құруға ұмтылып отырған ірі уран өндіруші ел екенін айтты.

«Компания елд і ң маңызды а к тив і с а -налады. «Қазатомөнеркəс іпт ің» əртүрл і б і рлескен кəс іпорындарда қатысу үлес і бар, олардың біразы бойынша серіктестер мойындарына алған міндеттемелерін орын-дамайды. Осыған байланысты олардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету керек немесе активтерді мемлекет мүддесі

үшін қайтару мүмкіндігін қарастыру қажет», – деді Елбасы.

«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы əлеуметтік нысандардың жергілікті атқарушы органдар қарауына бер ілген і , кəсіби бағдарға жатпайтын 11 кəсіпорынның бəсекелестік ортаға шығарылғаны жəне өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндіруші кəсіпорындар кеңселері өндіріс орналасқан өңірлерге көшірілгені туралы баяндады.

А.Жұмағалиев трансформация бағдарламасы аясында қабылданған кешенді шаралар нəтижесі бойынша «Қазатомөнеркəсіп» өндірістік өзіндік құнды 16 миллиард теңгеге төмендеткенін, ал компанияның экономикалық қосылған құнын 17 миллиард теңгеге жуық өсіргенін айтты.

Ұлттық компания басшысы Елбасына өндірісті əртараптандыру үшін қабылданған, атап айтқанда, АЭС отынын өндіру зауытының құрылысына дайындық шаралары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бой-ынша бірқатар нақты тапсырма берді.

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ҚАЗАҚСТАНДЫ ЕУРАЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ХАБ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ. КЕШЕ САЯСИ ПАРТИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТЕЛЕПІКІРСАЙЫС БАРЫСЫНДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСА-РЫ АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ОСЫЛАЙ ДЕДІ.

«Біздің басты міндетіміз – «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарлама еліміздің барлық өңірлерін сапалы деңгейдегі автокөлік жолымен байланыстыратын болады. Ол үшін бүгінгі таңда 7 мың шақырым жол төселуде. Оған қоса 2 мың шақырым теміржол салынады. Ал Каспийден заманауи паром кешені ашылады», – деді ол.

А.Мырзахметовтің сөзіне қарағанда, олардың барлығы елдің тауар экспортын 1,5 есеге, яғни 150 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға жəне көлікпен тасымалдау құнын 2 есеге төмендетуге мүмкіншілік беретін болады.

«Ал Қазақстанды Еуразиядағы ең ірі хаб ретінде қалыптастырады», – деді ол.

Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары Елбасының Қазақстандағы инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған бағдарламасын жүзеге асыруға 8 трлн. теңге ин-вестиция құйылатынын айтты. Ал бұл жүздеген мың жаңа жұмыс орнының құрылуына өз септігін тигізеді.

«Бұған қоса бағдарламаның сервисті, құрылыс материалдарын шығаруды жəне басқа да аралас салаларды дамыту түріндегі мультипликативтік тиімділігі де бар», – деді А.Мырзахметов.БИЫЛ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ БЕС КҮН БОЙЫ ТОЙЛА-

НАДЫ. НАУРЫЗДЫҢ 19-Ы МЕН 23-І АРАЛЫҒЫНДА ҚАЛАДА 70-КЕ ЖУЫҚ МƏДЕНИ-БҰҚАРАЛЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ASTANA.KZ ХАБАРЛАДЫ.

Ғимараттардың қасбеттері безендіріліп, жарқыраған конструкциялар мен ұлттық нақыштағы шағын архитектуралық пішіндер ор-натылады.

Елорда көшелерінде жарық иллюминациялық ар-калар, жарық динамикалық панно мен жолдардың бойында жарқыраған ағаштар жасалады. Барлық қалалық саябақтарда шағын архитектуралық пішіндер қойылады. «Астаналық» паркте «Жар Жар», Қабанбай батыр даңғылы мен Керей жəне Жəнібек хандар көшесінің қиылысында «Желпуіштер» декорациясы, сондай-ақ, «Керуен», «Шарлар өрнегі», «Той», «Өрнектелген ағаштар» жəне т.б. шағын архитектуралық пішіндер орна-тылады.

Қалалық алаңда мерекелік киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар болады, Жеңіс даңғылы мен Кенесары көшесінің, Жеңіс даңғылы мен Абай

Елорда Наурызға сақадай-сай даңғылының, Жеңіс даңғылы мен Жангелдин көшесінің, Жеңіс жəне Бөгенбай батыр даңғылдарының, Жеңіс даңғылы мен Мəскеу көшес ін ің қиылыстарында , теміржол вокзалының аумағында 20 «Бəйшешектер» композициясы орнатылады.

Е л о р д а н ы м е р е к е л і к безендірудің Астана тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатыны сөзсіз.

Мереке күндер і халықтық серуен ұйымдастырылады . «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда , «Қазақ елі» монументін ің алдында,

қалалық алаңда, «Студенттік» жəне «Жерұйық» саябақтарында, «Жастар» театрының алдындағы алаңда, Мичурино жəне Железнодорожный кенттерінде, «Шығыс Ильинка», «Пригородный», «Өндіріс» тұрғын алаптарында, №20 орта мектеп аумағында, сондай-ақ, «Наз» мемлекеттік би театрының алдында мерекелік шаралар өтеді. Қала тұрғындарының назарына шығармашылық ұжымдардың концерттері мен киіз үйлерде ұлттық тағамдар ұсынылатын болады, ұлттық ойындар-дан жарыстар өткізіледі.

22-27 наурызда Конгресс-холлда күн сайын сағат 10.00-20.00-де «Наурыз – 2016» көрме-жəрмеңкесі, ал 21-23 наурызда «Жастар» сарайында «Жастар көктем лебі» фестивалі аясында қолданбалы өнер көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамына орай «Жастар» театрында, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма теа-трында жəне Қуыршақ театрында мерекелік қойылымдар көрсетіледі. 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде сағат 12.00-де үлкен мерекелік концерт, сондай-ақ, Конгресс-холлда сағат 18.00 тағы да бір концерт өтеді.

18 НАУРЫЗ КҮНІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫ-СЫ ƏКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ШЫМКЕНТТЕГІ «ТҮРКІСТАН» САРАЙЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТКІЗІЛМЕК. БҰЛ ТУРАЛЫ ОҚО ƏКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Жыр додасы ел Тəуелсiздiгiнiң 25, Мəделiқожа Жүс i пқожаұлының 200 жəне Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына арналады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жыл-дан бері ұйымдастырылып келе жатқан республикалық айтысқа Айбек Қалиев, Біржан Байтуов, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Есенқұлов, Мөлдір Айтбай, Мұқтар Ниязов, Карима Оралова, Жарқынбек Наушабеков, Қажымұқан Абзалов, Анар Жаппарқұлова, Қалижан Білдашев, Мақсат Аханов, Дəурен Ақсақалов, Бауыржан Шимерденұлы, Еркебұлан Қайназаров, Анапия Нұрғали сынды елге белгiлi жыр дүлдүлдері қатысады.

А й т ы с т ы ң ж ү р г і з у ш і с і – Қ а з а қ с т а н Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Шымкентте ақындар айтысы өтеді

20 НАУРЫЗДА – ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІ МЕН АСТАНА ҚАЛАСЫ МƏСЛИХАТЫНЫҢ ДЕ-ПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ӨТЕТІН КҮНІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БАРЛЫҚ САНАТЫ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРМЕН ЖОЛ ЖҮРУ ТЕГІН БО-ЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ЕЛОРДАНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ ХАБАРЛАДЫ.

Айта кетейік, қазіргі кезде Астанада 63 қалалық бағдар жəне аялдамалар саны аз, тура қозғалатын 6 экспресс-маршрут, сондай-ақ, жолаушылар тасымалының барлық нормативтеріне сəйкес келетін қала маңына қатынайтын 15 маршрут жүреді.

Еске салайық, Парламент Мəжілісінің депутат-тары мен Астана қаласы мəслихатының депутат-тары үшін 213 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады.

Қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН СƏБИЛЕРДІҢ ТҰСАУЫН КЕСУ РƏСІМІ ӨТТІ.

Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, х алықаралық байқаулардың жең імпазы Майра Мұхамедқызы, «Астана ақшамы» ЖШС директорының орынбасары, белгілі журналист Зейін Əліпбек, ақын Қалқаман Сарин, «Балапан» телеарнасының директоры, тележүргізуші Лəйлə Сұлтанқызы, журналист Жарқын Түсіпбекұлы шақырылды.

« Қ а р и я с ы н « қ а з ы н а м » , ұ л ы н « ұ р п а қ жалғастырарым», қызын «өрісімді кеңейтерім» деп білген халқымыз үшін əр салт-дəстүрдің орны ерекше болған. Дүниеге келген сəтінен бастап сəбиін елі мен жерін сүюге, халқының мұрасын қастерлеуге тəрбиелейтін асыл дəстүрлеріміз Ұлттық музейдің қайырымдылық жобасында өз жалғасын тауып отыр. Бұл жоба мемлекеттік деңгейде басталған «Жақсылық Жаса» атты халықтық жобасының аясында өткізілді. Осыдан

Ұлттық музейде сəбилердің тұсауы кесілді

біраз уақыт бұрын басталған бұл жобаға бүкіл қазақстандықтар атсалысты. Жоба өз жалғасын тауып келеді. Ұлттық музей ұжымы да бұл жоба-дан қалыс қалмай, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін «Тұсаукесер» рəсімі» жоба-сын қолға алды. Жоба алдағы уақытта дəстүрлі түрде өтіп тұратын болады. Жетімін жылатпаған бабаларымыздың асыл қасиетінің осындай жоба арқылы көрініс тапқанына қуаныштымыз», – деді жоба авторы Нұрсерік Жолбарыс.

Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Майра Мұхамедқызы балалардың болашағына ақ жол тілеп, өзінің аналық лебізін білдірді.

«Өзім ана болған соң, осы іс-шараға арнайы келдім. Наурыз мерекесіне орай өткізіліп жатқан «Тұсаукесер рəсіміне» қатысқаным үшін де өте қуаныштымын. Мұндай іс-шаралар дəстүрлі түрде жолға қойылса, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің қазақ жастары бала мəселесіне жеңіл қарамаса екен деймін. Ол үлкен жауапкершілікті қажет ететін дүние. Сонымен қатар, жетімдер үйі бол-маса екен деймін. Бұл бүлдіршіндер махаббатқа,

мейірімге зəру келеді. Сондықтан да оларды сүй і спенш іл і кке бөлеу – бəріміздің адамдық борышымыз», – деді М.Мұхамедқызы.

Сонымен қатар, Қалқаман Сарин, Лəйлə Сұлтанқызы, Зейін Əліпбек, Жарқын Түс іпбекұлы балалардың тұсауын кесіп, ақ тілектерін арнады. Жоба аясында Астанадағы сəбилер үйінің 5 тəрбиеленушісінің тұсауы кесілді. Тұсаукесер рəсіміндегі фотосуреттер мен тапсырылатын сертификаттар балалардың жеке іс-парағына тігіліп, болашақта өздерінің тұсауын кескен тұлғаларды біліп жүруі үшін сақталатын болады.

Наурыз мерекесіне орай өткізілген бұл шара алдағы уақытта əр мереке сайын өз жалғасын таппақ.

АҚШ президенттігіне үміткер Марк Рубио сайлау додасынан шығып қалды. Саясаткер Флорида штатында тағы бір үміткер Дональд Трамптан жеңілгенін мойындады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Флорида штатында алдын ала дауыс беру кезінде Марк Рубио Дональд Трамптан аз дауыс жинаған. «Біздің жолымыз дұрыс, бірақ Флоридадағы сайлау биыл жеңіске жете алмайтынымызды көрсетті», – деді Рубио.

«Терроризм» ұғымын кеңейту қажет

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған «терроризм» термині ұғымының аясын кеңейту қажеттігін айтты.

Ол террорлық актіні орындаушы жəне оған дем беруші емес, жалпы осы əрекетке қолдау танытқанның барлығын «лаңкес» деп тану қажеттігін айтты. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Ердоғанның айтуынша, қолында қаруы, жарылғышы бар лаңкестен оған жағдай жасап немесе қаламмен жақтасқанның да айырмашылығы жоқ.

«Ол журналис те, заң шығарушы да, түрлі қоғам белсендісі де болуы мүмкін», – деді Түркия Президенті. Еске сала кетейік, жексенбі күні Анкара қаласында жарылыс болып, 37 адам қаза тапты, 125 адам жараланды.

Полицейлерге оқ атқан лаңкес өлтірілді

Брюссельде үш полицейді жарақаттаған лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы Бельгияның RTBF телерадиокомпаниясы хабарлады.

Хабарламада федералдық прокурор қылмыскердің өлтірілгенін нақтылағаны тура-лы айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Брюссельде Форе коммунасында Париждегі лаңкестік оқиғаға байланысты операция кезінде атыс бо-лып, үш полицей жараланды. Екі полицей тінту жүргізуге келгенде жараланған. Қосымша күш шақыртылғаннан кейін тағы да атыс болып, үшінші полицейге оқ тиген.

Полицейлерге оқ атқандардың бірі қашып кеткен. Ал екіншісі үйге бекініп алған.

Əзірге олардың Париждегі лаңкестік оқиғаға қатысы бар-жоғы беймəлім, алайда, тергеушілер Брюссель қылмысты үйлестіру орталығы болғанына сенімді.

БАƏ

Билік неге тыйым салды?

Page 3: Сақшы №21 (4187)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№21 (4187), бейсенбі, 17.03.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Болашақ əріптестерімен кездесті

РЕСМИ ЖИЫН

ҚАЗАҚСТАН КОНВЕНЦИЯЛЫҚ МҮДДЕГЕ АДАЛ

Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі, Жоғарғы Сот, Бас проку-ратура, Ішкі істер, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, Сыртқы істер, Білім жəне ғылым министрліктері, Адам құқықтары бойынша ұлттық орталық жəне үкіметтік емес сектор өкілдері кірді.

Қазақстан делегациясының бас-шысы, ҚР Ішкі істер министрінің о р ы н б а с а р ы Р а ш и д Ж а қ ы п о в

Аймақтардағы су тасқыны жағдайына дайындық жыл сайын Үкімет деңгейінде қаралып келе жатқан мəселе. Əйтсе де, жыл сайын су тасқынынан зардап шегетін ауыл-аймақ, елді мекендердің басынан бұлт сейілмей қойды. Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының сөзіне қарағанда, жылдағы жағдай биыл да қайталанатынға ұқсайды. «Биылғы жағдай былтырғыға қарағанда жақсы не жаман деп айта алмай-мыз. Республика бойынша қардың қоры орталық аймақтарда норма-дан асып отыр. Оңтүстік Қазақстан, Қ ы з ы л о р д а , Ж а м б ы л , А л м а т ы облыстарындағы жағдай бірқалыпты. Ал Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай об-лыстарында жəне Есіл, Нұра, Сарысу жағасында орналасқан елді мекен-дерде қолайсыз жағдай орын алуы мүмкін. Əйтсе де, бұл аймақтарда су басу қаупі жоғары деген сөз емес. Бұл аймақтардағы ахуал көктем мезгіліндегі ауа райына байланысты болып отыр», – деді Владимир Беккер.

Казгидрометтің алдын ала болжамы бойынша, ауа райы күндізгі уақытта сəл жылынады, түнде минус 5 градусқа дейін төмендеп, қатқақ болады деп күтілуде. Өткен жылдардағы жағдайға көз жүгіртсек, 2014 жылы Ақмола об-лысында толассыз су тасқыны жүреді деген болжам жасауға негіз болмаған.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ВЕДОМСТВОСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. 25 КУРСАНТ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІНІСТЕРІНДЕ ТƏЖІРИБЕДЕН ӨТІП, ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ДИПЛОМ АЛУҒА АТТАНҒАЛЫ ОТЫР.

ІІД басшылығы жоғары оқу орындарының түлектерімен олардың солтүстікқазақстандық полиция қатарына оралып, қызметке орналасуы жай-лы əңгімелесіп, ашық түрде кездесу өткізді. Болашақ офицерлер департамент бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəловті ден қоя тыңдады. Облыстың бас полицейі олардың тəжірибеден өту кезінде туындаған проблемалары мен қиыншылықтарын, түлектердің қызметке қаншалықты дайын екенін сұрап білді.

«Полиция қатарында қызмет етуді армандаған кезде, барлығы қауіпті қылмыскерлерді ұстап, қылмыстық істерді тергейміз деп ойлайды, алайда, тəжірибе жүзінде сіздер күнделікті қағазбастылыққа тап болдыңыздар. Бұл саты-дан барлығыңыз да өтесіздер. Қиыншылықтарды бастан өткеріп, тəжірибелеріңіз мол болғанда ғана, өз істеріңіздің кəсіби маманы бола аласыздар», – деп атап кетті облыстық ІІД бастығы.

Кездесуде түлектердің бейімделуі мен қызметкер болып қалыптасуы жолында тəлімгерлердің алар орны ерекше екені аталып өтті. Курсанттардың ата-ана-лары, полиция ардагерлері, ведомствоның консультативтік-кеңесші органының мүшелері, кадр аппаратының қызметкерлері түлектердің жұмысқа орналасуын жан-жақты талқылады.

ЖЕНЕВА ҚАЛАСЫНДА КҮШТЕП ЖОҚ ҚЫЛЫП ЖІБЕРУДЕН БАРЛЫҚ АДАМДАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫН ҚОРҒАУ ШАРАСЫ ӨТТІ.

БРИФИНГ

ҚЫЗЫЛСУ ҚАУПІ БАСЫМЖадыра МЫРЗАХМЕТ

КӨКТЕМ МЕЗГІЛІНДЕ КҮННІҢ КҮРТ ЖЫЛЫНУЫ ЕЛІМІЗДЕГІ КЕЙБІР АЙМАҚТАРҒА АСА ҚАУІП ТУДЫРЫП ОТЫР. АЛ ЖЫЛ САЙЫН СЕЛ ЖҮРЕТІН АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ БИЫЛ УШЫҒЫП ТҰРҒАН ЖОҚ ПА? СУ ТАСҚЫНЫН БОЛДЫРМАУ ЖҰМЫСТАРЫНА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? БҰЛ ЖӨНІНДЕ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ «2016 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН БРИФИНГТЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ ВЛАДИМИР БЕККЕР БАЯНДАДЫ.

Əйтсе де, бір күннің ішінде ауа темпе-ратурасы +22 градусқа көтеріліп, ел-жұрт пен арнайы қызметтерді əбігерге салғаны естеріңізде болар. Табиғи апатты болжап білу мүмкін болмай тұр. «Сондықтан да су тасқынына қарсы алдын алу шараларына былтырғы жылдарға қара ғанда биыл көп қаражат бөлініп отыр. Былтырлары бұл жұмыстарға республикалық бюд-жеттен ғана қаржы бөлінген, биыл бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы орган-дардан қаражат бөлу қарастырылған. Республикалық бюджеттен биыл су тасқынынан құтқару жұмыстарына қаражат бөлу қажеттілігі туындап отырған жоқ. Қауіпті аймақтардың су тасқыны кезеңіне дайындығы үшін жергілікті атқарушы органдар жауап береді», – деді комитет төрағасы.

Өңірлерде су тасқыны кезеңінде мүдделі мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың ден қою жоспарлары жəне өзара іс-қимыл жасау жоспар-лары əзірленіп пысықталды. Осы жылы су тасқыны жағдайына дайын-далу мақсатында халық пен аумақты инженерлік қорғау үшін 90-нан астам шақырым қорғау бөгеті салынды, қолданыстағы қорғау бөгеттерінің 455 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді, өзен арналарының қауіпті жерлерінде 180 шақырымға жуық жағалау бойына бекіту жəне түбін

тереңдету жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жерг іл ікт і атқарушы органдар су басу қауп і жоғары аймақтардағы үйлерді сел шайып кетпес үшін 9 миллион текше метрден астам қар шығарды. Бұл жұмыстар əлі де жалғасуда.

«Бекітілген жоспарға сəйкес, су ба-суы мүмкін аумақтар айқындалды. Қазгидрометтің алдын ала болжамына тоқталатын болсақ, əсіресе, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында биыл көктемде қар суының елеулі көлемі болжанып отыр. Көктемгі кезеңде еліміз бойынша 807 елді мекенді су басуы ықтимал. Ол елді мекендерде барлығы 1 миллион 250 мың адам тұрады»,–деді журналистердің сұрағына жауап берген Владимир Робертович. Оның айтуынша, тұрғындарды су жүрген кезде əрекет етуге үйрету жұмыстарына көп көңіл бөлінуде. Осы уақытқа дейін қауіп аймағына ілінетін елді мекендердің тұрғындарына сел жүру кезінде өзін ұстау ережелері көрсетілген 121 мыңға жуық жадынамалар таратылыпты. Сондай-ақ, өңірлерде көктемгі су тасқынының аса қауіпті бағыттары мен осал учаскелері анықталды, халықты уақытша орналастыру орындары жəне олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті заттар əзірленді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар қауіпсіз жерге көшіру орындарын даярлап та қойған екен. Күштер мен құралдар тізбесі, олардың төтенше жағдайларды жою ауданы мен аймағына бару уақыты жəне орындары нақтыланды.

Сонымен қоса, су тасқыны басу қаупі жоғары елді мекен тұрғындарын құлағдар етіп отыру үшін патрульдік полиция көліктерінің маршруттары жаңартылыпты. Төтенше жағдайдың ал-дын алу бойынша ІІМ құрылымдарының бірлескен іс-əрекеттері пысықталды. Ірі су тасқындарын жою жұмыстарына Ішкі істер министрлігінің 9 мыңнан астам адамнан тұратын жеке құрамы жұмылдырылады жəне мыңнан астам тех-ника, 220 жүзу құралы осы мақсатта əзір тұр. Жалпы алғанда, дүниежүзі бойынша су басу мөлшері 6 пайызға артып отыр екен. Соңғы жүз жылдық бақылаудың нəтижесі көрсетіп отырғандай елімізде орташа ауа температурасының өсімі 2 градусты құрап отыр. Сонымен қатар, соңғы 40 жылда ауа температурасы ерекше қарқынмен жоғарылап, орта-ша есеппен алғанда əр жыл сайын 0,4 пайызға өсіп отыр.

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ БЕКЕТТЕРІНЕ ЖОЛ САПАРЫ АЯҚТАЛДЫ. 2016 ЖЫЛДЫҢ 16 АҚПАННАН 15 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ПОЙЫЗ МАМАНДАРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ТЕРЕКТІ, ТҮЙЕМОЙНАҚ, ШҰБАРКӨЛ, ҚЫЗЫЛЖАР, ЖЕҢІС, ЖОМАРТ, МАҢАДЫР, ҚАРАЖАЛ, АТАСУ, ЖАРЫҚ, ДАРИЯ, ҚАРАМҰРЫН, ҚАРАБАС, МЫРЗА, ШОҚАЙ БЕКЕТТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗГЕН БОЛАТЫН.

Естеріңізге сала кетсек, 15 ақпан күні шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» пойызы сапарға шыққан болатын. Медициналық пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратуралармен жабдықталған. Сонымен бірге, жоғары кəсіби медициналық кадрлармен, соның ішінде, мамандар біліктілігі бірінші санаттан кем емес дəрігерлер мен орта медициналық қызметкерлермен қамтылған.

2016 жылдың 16 жəне 25 ақпан аралығында «Саламатты Қазақстан» к о н с у л ь т а т и в т і -д и а г н о с т и к а л ы қ медициналық пойызында Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар бекеттерінің тұрғындары тексерістен ө т т і . Д ə р і г е р л е р д і ң қабылдауына келушiлердiң қарасы көп болды. Бүгінгі күні барлығы 3474 адам, оның ішінде 674 бала тексер ілд і . Дəр ігерл ік қаралудан 14001 адам өтті. 28137 диагностикалық процедура жүрг і з ілд і , 1986 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 1984 бас миының эхоэнцефалография жəне ультрадыбыстық допплерогра-фиясы, 1380 электрокардиография, 797 көздің ішкі қысымын өлшеу, 1616 рентгенологиялық зерттеу, 307 эндоскопия, 20067 клиникалық-биохимиялық анализ, 114 кіші емханалық ота жасалды. Маммолог дəрігерге 893 əйел қаралды. Стоматологиялық көмек 1357 тұрғынға көрсетілді.

Мемлекет басшысы Жолдауының басым бағыттарының бірі – көлік медицина-сын дамыту мақсатында қолға алынған «Саламатты Қазақстан» пойызы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасының теміржол госпитальда-ры» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы жəне ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бірлесіп іске қосқан үш медициналық пойызының бірі.

Денсаулық сақтау пойыздары жобасы шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің ең жоғары стандарттарын жеткізуге мүмкіндік береді, Қазақстандағы ауыл тұрғындарына жоғары сапалы медициналық қызметті қолжетімді етуге ықпал етеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Көлік медицинасын дамыту жандана бермек

БҰҰ комитеті мүшелерінің назары-на елімізде тұлғаларды күштеп жоқ қылып жіберуден қорғау бойынша жүргізіліп жатқан саясат жəне заңдық жаңа енгізілімдер мен Үкіметтің олар-ды жүзеге асыруы туралы ақпаратты ұсынды.

Делегация мүшелер і комитет сарапшыларының сұрақтарына жау-ап беріп, Қазақстандағы əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси бағыттар бойынша болған жаңалықтар

мен өзгерістер туралы хабардар етті, қылмыстық іс жүргізу, сот жəне құқық қорғау жүйелері, адам құқықтары бой-ынша уəкілдің қызметі, экстрадиция жəне адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін мүдделі мемлекеттік органдардың қызметі туралы айтып берді.

Комитет мүшелер і Қа зақс тан Республикасы күштеп жоқ болып ке-туден сақтау мəселесінде ілгерілік танытып келе жатқанын айтты. Атап атқанда, комитет төрағасы Эммануэль Деко мырза Қазақстанның Орталық А з и я а й м а ғ ы н д а к о н в е н ц и я н ы ратификациялаған алғашқы ел екенін жəне бұл аталған құжаттың ғаламдық маңызына қосымша салмақ беретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасының баян-даманы қорғай алатынының алдын ала қорытындысы ретінде комитет мүшелері Қазақстанның қазіргі таңда қол жеткізіп отырған жетістіктері алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға толық мүмкіндік беретінін жəне бала құқықтарын қорғау бой-ынша халықаралық міндеттемелерді толықтай орындайтынына көз жеткізуге болатындығын мəлімдеді.

ІІМ баспасөз қызметі

Болашақ полицейлер мұндай қызметке əзірше толығымен дайын емес. Олар əлі де биік белестерді артқа тастап, қиын кезеңдерді еңсерулері тиіс. «ІІД басшылығына алғысымызды білдіреміз. Мұнда тəлімгерлікке ерекше мəн беріледі. Біз, жас қызметкерлер бізге артылған сенімді ақтап, өз ісіміздің маманы боламыз деп сендіреміз», – дейді Ақтөбе заң институтының түлегі Айнел Əбдірахманова.

Кадр жұмысы басқармасының бастығы Қапез Дəулетбаев олардың алдағы уақытта жедел қызметтік жұмысында қандай ерекшеліктер болатынын объективті түрде айтып берді. Кездесу соңында түлектер ІІД мұражайын ара-лап, Жедел басқару орталығы мен Кинологиялық қызмет орталығына барды. Қалған екі ай ішінде бұл түлектерге қолдарына дипломдарын алып, облыстық полиция ведомствосының қатарын толықтырады деген сенім артылды. Туған өңірдегі полиция ведомствосының есіктері олар үшін əрдайым ашық. Келешекте олардың əрқайсысын тəжірибелі тəлімгерлер қарсы алып, нағыз маман болып қалыптасуына жол көрсетпек.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Page 4: Сақшы №21 (4187)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№21 (4187), бейсенбі, 17.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН АЙМАҚ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТƏРБИЕЛЕУ МІНДЕТІ Заңсыздықтың ұсақ-түйегі болмайды

Асылай ГУБАШЕВА, Батыс Қазақстан облысы

ҚЫЛМЫСТЫҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ. СОЛ СЕКІЛДІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ДА ҰСАҚ-ТҮЙЕГІ ЖОҚ. ЗАҢНЫҢ АЛДЫНДА БƏРІ ТЕҢ. СЕБЕБІ, ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ АЛДЫМЕН ӨЗІҢНЕН, ОДАН КЕЙІН АЙНАЛАДАҒЫ ТƏРТІПТЕН БАСТАЛАДЫ. ТАП-ТҰЙНАҚТАЙ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ, ТАЗА КӨШЕ, БҰЗАҚЫЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ, МƏДЕНИЕТТІ БОЛУ – МІНЕ, ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІҢ ТҰҒЫРЫН ҚАЛАЙТЫН ҚАРАПАЙЫМ ҚАҒИДАТТАР ОСЫЛАР.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ЗК-169/5 МЕМЛЕКЕТТІК ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ БАҚЫЛАП-ӨТКІЗУ БЕКЕТІНІҢ МІНДЕТІ АЙҚЫН. БЕКЕТ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАП-МІНДЕТТЕРГЕ САЙ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕДІ.

Жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтарға сəлем-сауқат жəне кездесуге кел-ген ата-ана, туыс-бауырларына мекеменің ішкі тəртібіне сай түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Яғни, сотталған азаматтарға сақталуы мен пайдалануына тыйым салынған затты жасырын түрде бермек болған жағдайда құқық бұзушының əкімшілік жауапқа тартылатыны ескертіледі. Егер де тыйым салынған заттардың заңсыз тасымалдағаны анықталған болса, Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабына сай құжаттар толтырылып, іс сотқа жолданады.

ЗК-169/5 мекемесінде 2015 жылы Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабына сəйкес 4 дерек тіркелген. Жаңа жыл басынан бері мұндай деректер тіркелген жоқ.

Мекемеде арнайы жүк тексеруге арналған рентгент аппараты орнатылған. Бұл аппараттың көмегімен суық қару, ұялы байланыстар жəне тағы да басқа тыйым салынған заттарды анықтауға болады.

Қоғамның əлдеқашан қалыптасып қалған қағидамен өмір сүретіні баршаға белгілі. Ал, тəртіп сақталмаса, талап болмаса заңдылық негізі ғана емес, қоғамдық құндылықтар да құлдырайды. Оның болашағы да болмайды. Сол себепті де бақылап-өткізу бекетінің қызметкерлері мұнда келушілерге жалған жанашырлыққа жол жоқ екенін айтып түсіндіруде. Кез келген құқық бұзушылық дерегінің қоғамға зиян келтіретін, заң бойынша жазаланатынын да ұдайы ескертіп отырады. Өйткені, үлкен болсын, кіші болсын заңсыздықтың барлығы қоғам дамуына қарсы əрекет етеді.

Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалмайды. Адамның ой-ниеті де заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-əрекет, мінез-құлық ойдың сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Əр істі ойдың елегінен өткізіп, бақылауға алатындығымыз да сондықтан. Ақылы дұрыс адамның іс-əрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асады. Демек, заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін жəне құқықтық нормаларға қарсы əрекет болып табылады.

С.АМАНТАЕВ,Қызылорда облысы бойынша

ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесініңРежим бөлімінің тексеру тобының жедел уəкілі

Оқу орнының клубында өткен жи-ында ел Президентінің Қазақстан халқына елдегі жағдай мен ішкі жəне сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы айтқан сөздері сарапқа салын-ды. Бұл бағытта Мемлекет басшысы жыл сайын Жолдау арнайтыны барша жұртшылыққа аян.

Жиналған жұрт алдында сөз алған Ермұхан Аспанбетов Елбасының б и ы л ғ ы Ж о л д а у ы – е л і м і з д і ң өркендеуінің алғышартының бірі екенін атап өтті. «Жыл сайынғы Президент Жолдауы өз жаңалықтары, құнды идеялары, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді . Себебі, Президент Жолдауы – еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат болып табылады. Биылғы Жолдау Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыруға ар-налып отыр. Шын мəнінде зымы-рап жатқан уақыттың көшіне ілесу оңай емес. Уақытты кері бұрып, артқа зер салсақ б іраз асулар-ды еңсергенімізді көреміз. Сонау тоқсаныншы жылдардың бас кезінде, тəуелсіздігімізді алып енді тəй-тəй

Бұл – Елбасының өткен жылы «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің алды-на қойған нақты тапсырмасы. Расында да, біз, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың мүддесі үшін қоғамдық тəртіпті қалыптастырып, тыныштықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуге тиіспіз.

Біздің басты міндетіміз – халықтың сенімін табанға таптамау. Осы бағытта күн сайын адамдарға көмек қолын созып, конституциялық құқығын қамтамасыз етуде, қылмыс атаулымен күресіп, құқық бұзушылықтарды бол-дырмау жəне əділдікті орнатуға əрқашан дайын полицейлерді даярлауды басты мақсатымыз етіп, əр қызметкердің жеке тұлғасын жан-жақты тұрғыда дамыту жолында жұмыстар жасаудамыз. «Əр қызметкер – ішкі істер саласының ай-насы» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жеке құрам арасындағы заңдылық пен тəртіпті сақтау, қоғамға жат құбылыстармен күресіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы əрекеттердің алдын алу, анықтау жұмыстары ерекше назарға алынып, бірқатар жоспарлы ша-ралар атқарылуда.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастамасымен жүйелі түрде жүргізіліп отырған алдын алу шаралары-на қарамастан, өкінішке орай, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар , сонымен қатар , қызмет, қызметтен тыс уақыттарда жол жүру ережелерін бұзуға қатысты заңсыздықтарға жол беру, азаматтардың конституциялық құқықтарына нұсқан келтіру деректері əлі де толастар емес.

Өткен жылы облыстық ІІД-н ің тəртіптік кеңестерінде заңдылықты,

Осыған орай Батыс Қазақстан облысында ұсақ құқық бұзушылықтар мен тəртіп бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік бағыты бойынша жұмыс жүргізу тəртіп сақшыларының басты тапсырмаларының бірі болып саналады.

Жыл басынан бері аймақта ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша облыстың ішкі істер органдары тарапынан 11 мыңнан астам əкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Бұл өткен жылдың дəл осындай кезеңімен салыстырғанда 39,7 пайызға көп. Соның ішінде жергілікті полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 878 құқық бұзушыны ұстаса, 138 адам 10 тəулікке əкімшілік қамауға алынып, 63-іне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдың көлемі миллион теңгеден асып жығылады.

Учаскелік полиция инспекторларының көмегімен тыныштықты бұзған 348 құқық бұзушы анықталса, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 2718, қоғамдық орындарда темекі шеккен 1519, қоғамдық орын-дарда азаматтарға тиіскені үшін 33 бұзақы мен көліктен қоқыс лақтырып, ортаны ластаған 2571 жүргізуші де жазадан құтыла алмады.

Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-ба-бына сəйкес, яғни, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзған 789 құқық бұзушыға қатысты əкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР ƏҚБтК-нің 442-бабы бойынша кəмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуына жол берген 334 ата-анаға қатысты əкімшілік хаттама толтырылды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қала тұрғындарының құқықтық мəдениетін арттыру мақсатында алдын алу шараларын ұдайы жүргізіп келеді. Атап айтар болсақ, учаскелік полиция инспекторлары өздері жауапты əкімшілік учаскелерінде жүріп-тұру қағидаттарын сақтау жəне орын алған жағдайда қандай шаралар қолданылатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осыған ұқсас шаралар жоғары оқу орындарында да үнемі ұйымдастырылып отырады. Мүлдем төзбеушілік қағидатын жүзеге асыру мақсатында полиция қызметкерлері облыс жəне қала тұрғындарына орын алған түрлі құқық бұзушылықтарға, соның ішінде, қоғамдық жерлерде шылым шегу, ішімдікке салыну, көшеде қоқыс лақтыру секілді ұсақ құқық бұзушылықтарға бейжай қарамай, ескерту жасап, аталған құқық бұзушылықтардың жасалып жатқанын көре тұра айналып өтпей, өз азаматтық парызы ретінде, оның жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлеріне хабар-лауы қажет, қажет болған жағдайда олардың жолын кесу үшін куəгер болып, көрген көріністерін жасырмауы керек. Егер баршамыз көшедегі бұзушылықтарға немқұрайлы қарамай, бірлескен жағдайда ғана қоғамда тəртіп пен мəдениетті сақтап қалуға болады.

Толқын ОРАЗАЕВА, Алматы қаласы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЙМАҚТЫҚ ГАРНИЗОНЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРМҰХАН АСПАНБЕТОВ ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ 2-КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

басқан кездер қазір тарих қойнауында қалды. Сол күндер, тіпті, ұмытылып, аңызға айналғандай. Бұлтарысы көп, қиын-қыстау кезеңнің ауыртпалығы жадымыздан біртіндеп сөніп бара-ды», – дей келе Ермұхан Ерланұлы Елбасы Жолдауының кіріспе бөлігін жиналғандарға оқып берді.

Жиын барысында Академияның фило-софия жəне əлеуметтік-экономикалық пəндер кафедрасының доценті, по-лиция капитаны Ақтолқын Амреева Жолдауда аталған дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық жаңарулардың бес бағытына тоқталды.

Биылғы Жолдауда елдің əлеуметтік-саяси жəне қаржылық-экономикалық саласын көтеруге , ең бастысы, Қазақстанның болашағы – жастарға айрықша көңіл бөлінгені анық. Бұл ретте əлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау жəне білім беру салалары қызметкерлерінің жалақыларын 28 пайыздан 40 пайызға дейін, жоғары оқу орны тыңдаушыларының шəкіртақысын 25 пайызға көтеру арқылы халық алдындағы міндеттемелерді орындау көзделіп отыр.

Жолдауда білім саласына қатысты нақтыланған тағы б ір шешім – 2016 жылдың қаңтарынан бастап, ұстаздардың жалақысы 29 пайызға дейін көбейтілетіндігі еді. Бұл ұстаздар үшін бүгінгі таңда елеулі көмек болды.

Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, жаңа мүмкіндіктер, өз-өзіңді сынау, шыңдау десек артық емес. ІІМ Алматы Академиясының ұжымы Жолдауда айтылғандай еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін салып, білікті де білімді бəсекеге сай жастарды тəрбиелеп, еліміздің əлеуетін көтеріп, тыныштығын қорғау жолында аянбай еңбек етуде.

«Дағдарыс – өткінші, ел тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы ғана мəңгі» деген Елбасы сөзі жадымызда өшпесін деп тілейік. Саналы, салмақты, білімді де білікті, елін қорғап, ұлтын сүйе білетін ұрпақ тəрбиелеу, соларға нұрлы жолды көрсете білу – біздің міндетіміз, парызымыз», – деп сөзін түйіндеді Ермұхан Ерланұлы.

АЗАМАТТЫҚ ҮН

ƏДІЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ƏЛІПБИІХАЛЫҚ СЕНІМІНЕН ШЫҒУ ҮШІН КӨП НƏРСЕ КЕРЕК ЕМЕС. ТЕК ƏДІЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕ БІЛСЕҢ БОЛҒАНЫ. ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ АБЫРОЙЫН АРТ-ТЫРУЫ ЕЛ-ЖҰРТТЫҢ ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІН ӨСІРЕТІНДЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕН БАСТАУ АЛАДЫ.

əскери-қызметтік тəртіпті бұзған поли-ция қызметкерлерінің жауапкершіліктері туралы мəселелер 121 мəрте қаралып, жиын қорытындысы бойынша 240 қызметкер тəртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде, 53 қызметкер ІІО-дан теріс қылықпен шығарылса, 45 сақшы атқарып отырған лауазымдарынан босатылып, 2 полицей шендерінен төмендетілді.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 12 ай-ында полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс-əрекеттер мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу бағытында Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің мұрындық болуымен 185 рейд жүргізілген еді. Осы шаралар кезінде 114 құқық бұзушылық анықталып, 106 қызметкер түрлі əкімшілік жауапкершілікке, ал 8 қызметкер сыбай-лас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылды.

Е с е п т і м е р з і м д е п о л и ц и я қызметкерлеріне бағынбау, қарсылық көрсету, дене жарақатын салу жəне күш қолданудың 21 дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері қозғалған. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасында – 15, Қармақшы аудандық ІІБ-де – 2, Қазалыда – 2, Арал ауданында – 1, Жаңақорған аудандық ІІБ-де – 1 дерек тіркелген.

Заңсыздықтармен күресіп, полиция қызметкерінің оң бейнесін қалыптастыру бағытында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тапсырмалар мен нұсқаулар берілді. Қалалық жəне барлық аудандық ІІБ қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы, автокөлік басқаруға барлық құжаттарының толық болуы жөнінде шолулар жолданып, департаменттің əскери-қызметтік

дайындық сабақтарында сыбай-лас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тура-лы жəне республика аумағында по-лиция қызметкерлерінің қатысуымен болып жатқан төтенше оқиғалар бой-ынша дəрістер оқылды. Департамент жанынан құрылған Қоғамдық, Əйелдер жəне Тəртіптік кеңестер отырыстарын-да қызметкерлердің тəртібі қаралып, офицерлік шенге дақ түсірмеу мақсатын басшылыққа ала отырып, тағылымды, тəлімді мəселелер қозғалды.

Сонымен қатар, біреудің қателігі екіншісіне сабақ болсын деген оймен қылмыс жасап айыпталған полиция қызметкерлерінің бұрынғы қызмет атқарған бөліністерінің жеке құрамын қатыстыра отырып ашық сот отырыс-тарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бастаманың басты мақсаты – жеке құрам арасында тəртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу болып та-былады.

Полиция қызметкері – халық құқығын, бостандығын, амандығын да қорғайтын жандар. Сондықтан олар əрқашан халыққа жақын əрі ашық болу қажет. Осы орайда, ІІМ-ге қарасты Қызылорда облыстық ІІД-нің кіші веб-порталында департамент бастығының жеке бло-гы жəне сұрақ-жауап бөлімі, сенім парағы, WhatsApp, Viber сервисінде 87768980102 нөмірлі желісі, Вконтакте, Facebook, Google.com, Mail.ru əлеуметтік желілерінде жеке парақшасы қызмет атқаратындығын атап өткім келеді. Бұл байланыс түрлері ел-жұртпен қолжетімді əрі тиімді байланыс орна-тып, қарапайым халықты толғандырып жүрген мəселелер төңірегінде сұрақ қою, өз ұсыныс-пікірін білдіру, ішкі істер қызметіне қатысты сұрақта көмек сұрау немесе арыз-шағымын білдіруіне мүмкіндік береді. Əлеуметтік желілердегі жеке парақшалар мен смартфондарға арналған мессенджерлердің барлығы жеке тұлғалардан сұрақтар, құқық бұзушылық фактілері жайлы шағымдар қабылдауға бағытталған. Бұдан бөлек, 8-72-42-27-28-74, 26-28-90 телефон нөмірлері бойыншы департаменттің сенім телефондары мен бірыңғай веб-порталында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» бөлімі жұмыс істейді.

Қуаныш ЖАРТУШЕНОВ,Қызылорда облыстық ІІД

Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы,

полиция полковнигі

ЖАДЫҢЫЗДА ЖҮРСІН!

Жалған жанашырлыққа жол жоқ

Page 5: Сақшы №21 (4187)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№21 (4187), бейсенбі, 17.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

АПТАЛЫҚОЛИМПИАДА

Теориядан – тəжірибеге

Бұл жұмыста кəсіби шеберлігін арттырумен тұрақты жұмыс істейтін психологиялық қызмет мамандары маңызды рөл атқарады.

Осындай мақсатта, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментімен ЕС-164/6 мекемесінің базасында «Өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдармен психотүзету жұмыстарының негізгі нысандары» атты тренинг өтті. Тренингке модератор ретінде Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің «Психоневрологиялық диспансері» ШҚЖ КМК психологы Татьяна Яковлева қатысты.

Тренинг барысында, өзіне-өзі қол жұмсаушы адамдармен жұмыстағы негізгі əдіс-тəсілдер мен психотехникалар қарастырылды. Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінің психологтары жобалық əдіс-тəсілдердің теориялық негіздерін ғана қарастырмай, оны өздеріне тəжірибеде қолданып көрді. Бұл тренинг «Өзіне-өзі қол жұмсау қатерлерінің алдын алу жəне диагностикаларының көкейкесті сұрақтары» атты семинардың жалғасы екендігін атай кету керек. Ол өткен жылдың соңында Татьяна Яковлеваның қатысуымен өткен болатын.

Осыған ұқсас іс-шаралар тоқсан сайын департаментте өткізіліп тұрады. Семинарға қатысуға азаматтық секторлардың мамандары шақырылады, олар оң тəжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінің психологтары бес жылдан астам уақыттан бері жыл сайын ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының базасында біліктілігін арттыру курсынан өтіп келеді.

Шара мақсаты – дарынды курсант-тар мен студенттерді анықтау жəне қолдау, олардың білім деңгейлерін бағалау, оқу саласындағы жетістіктері үшін көтермелеу, оқу орындарының өзара ынтымақтастығын одан əрі да-мыту. Олимпиада ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 3-курс курсанттары мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік у н и в е р с и т е т і н і ң ж ə н е Қ а з а қ -орыс халықаралық университетінің студенттері арасында өтті.

Іс-шараны ашқан Ақтөбе заң институты ректорының оқу ісі жөніндегі орынбаса-ры, полиция полковнигі Д.Дəулетияров: «Тəуелсіз Қазақстанның болашағы жастардың қолында, ел с іздерге үлкен үміт артады. Елбасы жастарға жақсы білім беруді, жарқын болашақ сыйлауды өзінің халыққа жолдаған

Тəулік бойы адамдар легін жіті бақылау үшін Астана қаласындағы теміржол вокзалында135 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 8-і жыл-жымалы болса, 122-сі стационарлы камера.

Астана вокзалындағы Желілік поли-ция бөлімінде орнатылған 4 монитордан полицейлер ғимараттың ішінде болып жатқан жағдайды қадағалап отыра-ды. Мониторларға вокзал ішіндегі 131 бейнебақылау камерасы жалғанған. Бұдан бөлек 24 бейнебақылау каме-расы перрондарда орнатылған. Ал операторлық бөлмедегі 9 монитор ары-бері өткен халықтың əр əрекеті мен қимылын назардан қалт жібермей, көрсетіп отырады.

Вокзалдың іші үнемі халыққа толы. Кейде олар осындай қарбаласта ұрлық пен алаяқтықтың құрбаны болып та жатады. Ақыр аяғы вокзалдағы поли-ция бөлімшесіне келіп шағымданады. Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы Əкімшілік поли-ция бөлімінің бастығы, полиция май-оры Абай Қилыбаевтың айтуынша, қылмыстардың көпшілігі камералардың көмег імен ашылады. «Вокзалда тіркелген қылмыстардың барлығы дерлік осы бейнекамералар арқылы анықталып жатады, – дейді ол. – Сол себепті де бұл техникалардың пайдасы орасан».

Мысалы, биыл қаңтар айында Астана теміржол вокзалындағы Желілік по-лиция бөлімшесіне қала тұрғыны шағымданып келген. Оның айтуын-ша, теміржол вокзалының перронын-да белгісіз біреу алаяқтық жолмен 2100 АҚШ долларын иемденіп кет-кен. Жедел іздестіру іс-шараларының барысында Астана теміржол вокза-лында қойылған бейнебақылау камераларының көмегімен 34 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі іс тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Осыған дейін вокзалдың ішіндегі дүңгіршектердің тоналуы, əйнектердің с ы н у ы , к ү д і к т у ғ ы з а т ы н т ү р л і адамдардың ғимараттың ішінде кезіп жүруі (соның ішінде нашақорлар мен қылмыскерлер) секілді түрлі жағдайлар бейнебақылау камераларына жазы-лып, артынша бұл қылмыстар ізі суы-

ІІМ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЕКЕ ҚҰРАМ МЕН ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПƏНДІК ЦИКЛ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА АЛҒАН ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН БЕКІТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Құқық қорғау органдарында тергеу бөліністерінің қызметін жетілдіруді уақыттың өзі талап етіп отыр. Бұл қызметтің сапасын арттыру да күн тəртібінен түскен емес. Құқыққа қарсы əрекеттерге бірлесіп тойтарыс қою, болашақ қызметкерлердің кəсіби дəрежесін арттыру, өз мамандығын жете меңгерген, білімді қызметкерлер қатарын көбейту – міне, басқосу барысында талқыға салынған басты тақырыптар осылар.

Арнайы пəндер циклінің жұмыс жоспарына сəйкес ұйымдастырылған шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері – тергеу судьясы мен тергеуші кездесуі ұйымдастырып, жиын-конференциясы өтті. Бір айта кетерлігі, тергеу са-ласын таңдап алған тыңдаушылар – ІІО орта басшы құрам лауазымына қызметке қабылданатын арнайы алғашқы оқыту курсының курсанттары.

Апталыққа Семей қалалық №2 сотының тергеу судьясы Анар Ахметова мен қалалық ІІБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Дəурен Иманмадиев арнайы шақыртылды.

Жиынның мақсат-міндетімен таныстырып өткен Арнайы пəндер циклінің бастығы, полиция полковнигі Руслан Тайоразов тыңдаушыларды құқық қорғау органдары өкілдерімен тыныстырып, мұндай шараның болашақ тергеушілер үшін қаншалықты маңызды əрі тиімді екенін атап өтті. «Тергеу қызметінің қайнаған ортасында жүрген білікті мамандармен пікір алмасу, білгенін үйрену сіздердің болашақ мықты тергеуші ретінде қалыптасуларыңызға зор үлесін қосады», – деп атап өтті ол.

БАСТЫ КӨРСЕТКІШ – САПАЛЫ БІЛІМДЕ

ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЛАДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА ПƏНАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Жолдауларының бағыттарында басты назарда ұстайды. Жастар – тəуелсіз елімізді əлемге танытқан, сонымен бірге, бүгіні мен ертеңін еңселендіруші, көшбасшылық, көрегенділік қасиетімен əлемдік ір і саясаткер деңгей іне көтерілген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтын бірден-бір ізбасары», – деп, олимпиадаға қатысушы командаларға сəттілік тіледі.

Пəнаралық олимпиада 3 кезең бойынша жүргізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар ҚР Конституциясынан жəне Əк імшіл ік құқығынан тест сұрақтарына жауап берсе, 2-кезеңде əр қатысушыға ҚР Қылмыстық жəне Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің көмегімен шешуді жəне жауапты түсіндіруді қажет ететін практикалық си-туациялар келтірілген карточка беріледі.

Бұл шығармашылық сайыста қазылар алқасы курсанттар мен студенттердің жауаптарын бағалауда жауаптың дұрыстығын, дəлдігін, көпшілікті игере алуы мен сөйлеу мəдениетін есепке алды. Үшінші кезеңде олимпиадаға қатысқан команда капитандарының білімдері сынға түсті.

Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша сапалы білімдерімен үздік көрсеткіштерге жеткен Ақтөбе заң институтының командасы 1-орынды жеңіп алып, «Ақтөбе қаласының Ж О О а р а с ы н д а ғ ы п ə н а р а л ы қ олимпиаданың ауыспалы кубогына» ие болды. Қазақ-орыс халықаралық университетінің командасы 2-орын-ды, Ақтөбе өң ірл ік мемлекетт ік университетінің командасы 3-орын-ды иеленді. Сонымен бірге, қазылар а л қ а с ы н ы ң ш е ш і м і б о й ы н ш а білімімен қатар ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен «Құқықтық бастама» командасының капитаны Меруерт Мендыбай «Үздік капитан», «Де-Юре» командасының мүшесі Ақгүл Убайдуллина «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.

Көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шыққан пəнаралық олимпиада соңында жеңімпаздар грамоталар жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Заң пəндер і кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Бекбауова мен Қазақ-орыс халықаралық университетінің профессоры, заң ғылымдарының кан-дидаты Нелли Каирова олимпиаданы ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен шығармашылық жұмыстардың жалғасын табатындығына сенім білдірді.

А.АМАНБАЕВА,ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институты

ҚҰҚЫҚ

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІ КӨП

Айнұр ТӨЛЕНДИНОВА, Көліктегі ІІД

ЕЛІМІЗДЕГІ ВОКЗАЛДАР МЕН ƏУЕЖАЙЛАРДА КҮНІНЕ МЫҢДАҒАН ЖОЛАУ-ШЫЛАР КЕЛІП-КЕТІП ЖАТАДЫ. КӨПШІЛІК БОЛҒАН МҰНДАЙ ЖЕРЛЕРДЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ ДА ЖИІ ТІРКЕЛЕТІНІ ЗАҢДЫЛЫҚ. ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖƏНЕ ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТАРҒА УАҚЫТЫНДА ДЕН ҚОЙЫП, ІЗІН СУЫТПАЙ АШУ МАҚСАТЫНДА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚОЙЫЛҒАН.

Владимир РУПИН, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ ОБЛЫСТЫҢ ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҰСТАЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР АРАСЫНДА ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ ƏРЕКЕТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАСА КӨҢІЛ БӨЛЕДІ.

май ашылып келді. Айтып өтпеске бол-майтын та ғы б і р жағдай – лаңкестік əрекеттердің алдын алуда бейнебақылау камералары үлкен септ і г і н тиг і зед і . Осы мақсатта күдікті ж а ғ д а й л а р д ы ң барлығы назарға алынып отырады. Вокзал аумағында м ұ н д а й т е р і с пиғылдың болу қаупі бар екенін ескер-сек , адамдардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік аса жоғары болғандығы белгілі.

Олай болса, вокзал-дарда бейнебақылау қамералары бар екенін білетін қылмыскерлер өздерінің жымысқы

СӨЗ СОҢЫ. Алдағы 2017 жылы өткізілетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі кезінде елордамызға жүз мыңдаған адам келіп-кететіні мəлім. Еліміз үшін маңызы мол бұл шара ба-рысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету – көлік полицейлерінің басты міндеті болып табыла-ды. Яғни, бүгінгі күні қоғам тыныштығы үшін бағытталған күш бірнеше есе нығайтылмақ. Бұл

дегеніміз, жаңа заман тала-бына сай бейімделген техника-лармен жабдықталған вокзал – жоғары сапа мен биік деңгейде халық игілігіне қызмет етуі керек деген сөз.

ойларын жүзеге асыруға жасқанатын уақыт баяғыда келген. Ал алыс сапарға жолға шыққан немесе шеттен елордаға келген азаматтар қылмыстық əрекетке тап болып жатқан жағдайда қайдан көмек сұрау керектігін біледі.

ТРЕНИНГ

Суицидтің алдын алу ерекше бақылауда

Тергеу судьясы Анар Темірғазы судьяның жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ, бұл лауазымың өкілеттілігі жөнінде жан-жақты əңгімелеп берді. Маман процессуалдық құжаттарды рəсімдеу тəртібі мен прокуратура, тергеу, анықтау жəне басқа да процессуалдық өкілеттіктері бар органдардың осы қызмет саласында жіберетін кей кемшіліктерінің алдын алу туралы да түсіндіріп өтті. Болашақ тергеушілерге келешекте қызметтерінде мұқият болуды ескерткен Анар Ахметова тергеу судьясының құқықтық негіздерін қолданатын Нормативтік құқықтық актілер мен Қылмыстық іс жүргізу кодекстің кейбір баптарын, енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға мəн беріп, заңдылық қағидаларын сақтауды сұрады.

Полиция майоры Дəурен Иманмадиев болашақ тергеушілерге қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеу сапалығын, заңдылық пен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ, тергеушілер мен анықтаушылардың сотқа дейінгі тергеу барысында жиі жіберетін кемшіліктері мен қылмыстық істердің қосымша тергеуге қайтарудың басты себептері мен оны болдырмау жолдарын атап өтті. «Қызмет барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзбау – басты талап болып қалатыны сөзсіз. Бірақ та əр тергеуші нормативтік құқықтық актілер, ведомстволық бұйрықтардың өзгертулері мен толықтыруларына зор мəн бергені дұрыс», – деді Дəурен Иманмадиев. Жиын соңында мамандар тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Мұндай басқосулардың болашақ мамандығын тергеуші болам деп айқындап алған тыңдаушылар үшін берері мол. Себебі, білікті маманның өмірдің өзінен алған деректермен айшықтай əңгімелеп берген дəрісі тыңдаушыларға ерекше əсер етері сөзсіз. Олар болашақтағы қызметінде кездесетін қиындықтар туралы естіп-біледі, сапалы білім, өнегелі тағылым арқасында қылмыс санын азайтуға үлес қоса ала-тынына да сенімі артады. Сол себепті бұл жиынды ұйымдастырушылар алдағы уақытта да оқу орталығында осындай шараларды өткізуді дəстүрге айналдырмақ.

Жандос ЗАКИМОВ,арнайы пəндер циклінің оқытушысы, полиция майоры

Page 6: Сақшы №21 (4187)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№21 (4187), бейсенбі, 17.03.2016 е-mail:[email protected]

ДИНАСТИЯ

Тəртіп сақшысы болу қай кезде де жоғары жауапкершілікті , сер-гек сезімталдықты қажет ететіндігі белгілі. Бұл талаптар үдесінен шыға білу екінің бір ін ің қолынан келе бермесі жəне анық. Өйткені, адам тағдырына қатысты мəселелерді ше-шуде қызмет мүддесін адамгершілік ахуалмен астастырып, заң баптарын барынша əділет жолымен қолдануға ұмтылу оңай емес. Гүлсім Нагомедқызы осы ұстанымды өзінің өмір жолында жүзеге асырып келеді. Гүлсім апайы-мыз Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген. Кейіннен Ақтөбе об-лысы Қобда ауданының Ақырап орта мектебінде 10 жылдықты бітіреді. Мектепті бітірген соң Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының эко-номика факультетінде оқып, экономист мамандығын алып шығады.

Біраз жыл өзінің мамандығы бойын-ша Ақтөбе қаласындағы агросаудалық «Көкөніс» орталығында басшы эконо-мист болып қызмет атқарды. Сөйтіп, жеке тұлғалық адамдық қасиетін кəсіби білімін шыңдаумен ұштастырды.

Тағдырын ешкім таңдап алмаса керек. Нагомед ақсақал мен Жания шешейден тараған 3 перзенттің арасында дəрігер де, мəдениет саласының қызметкері де бар-тын. Ал, полицей болуда – Гүлсімнің бағы жанды. Олай дейтініміз, ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол осы бір мамандықты игеріп, онда ұзақ жыл қызмет ету кім-көрінгеннің пешенесіне жазыла бермеген.

Гүлс ім Қалдыбаева ішк і і с тер органындағы еңбек жолын Орал стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің кадр қызметінде қарапайым инспекторы лауазымынан бастап, адал еңбег ін ің арқасында Орал стансасындағы ІІЖБ кадр жұмысы

Ең бірінші өрттен қорғау қызметіне əулеттің əкесі Тоқтарғазы Тоқсейітұлы келген екен. Бұл 1964 жыл еді . Свердловск өрт сөндіру-техникалық училищесін бітіргеннен кейін Тоқтарғазы Тоқсейітов қызметті қарапайым өрт сөндірушіден бастап, кейіннен Таврия аудандық ІІБ өрт сөндіру инспекто-ры болады. 1978 жылы Мемлекеттік өрт қадағалау бөлімі бастығы, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы Өрттен қорғау басқармасы бастығының орынба-сары қызметіне ауысады. 34 жыл бойы оның білікті басшылығымен өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында алдын алу шаралары аз өткізілген жоқ.

«Өзімнің нақты отпен арпалысуым 1966 жылы болды, – деп еске алады Тоқтарғазы Тоқсейітов. – Өрт Согра ЖЭО кабельдік желісінде болды. Мен ол кезде қарауыл бастығы едім. Электр кабельдері жанып, айналаның бəрі улы иісті түтінге толып, біз жарылыс болу мүмкіндігін сезіндік. Жасыратын несі бар, өте қорқынышты болды. Қатты түтіндеу мен жоғары температура қарауылдың жұмысын қиындатты. Ешкім сескенген жоқ. Нақты жəне ұйымшылдықпен жұмыс істедік. Өрт аз шығынмен өшірілді».

Тоқтарғазы Тоқсейітовтың жадын-да сақталып қалған мұндай өрттер аз емес. Соның бірі – титан-магний комбинатының №5 цехындағы өрт. Ол кезде ұнтақты магний жанып, өте жоғары температура шарпып тұрды, долданған от аппақ боп жанды. Отқа қарсы келу үшін бар күш-жігерді жи-нау керек еді. «Нефтегазмаш» АҚ құю цехындағы, Конденсатор зауытының қ о й м а с ы н д а ғ ы , А ғ а ш - ж а ң қ а л ы тақталар Өскемен зауытының ор-ман биржасындағы – осындай алапат өрттердің барлығы естен кептейді.

Тоқтарғазы Тоқсейітов зейнеткерлік демалысқа ішкі қызметтің полковнигі шенінде шыққан. Отставкада да өзінің оңай емес жұмысын жалғастырып, жаңа келген мамандарды қызметтың қыр-сырына үйретті.

Бірнеше жыл өткен соң əкесінің жолын қуып, қызы Гүлнəр өрттен қорғау сала-сын таңдайды. Жұмысын №6 өрт сөндіру бөлімшесінің радиотелефонисінен бастаған ол кейін №2 өрт сөндіру бөлімшесінде істеді. Одан соң маман қолы жетпеген мезгілде бухгалтерияны меңгеріп, өрт сөндіру қызметінің бас бухгалтер лауазымында зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етіп, сүйікті ісіне өмірінің 17 жылын арнады. «Есте ерек-

ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА ҚАЛҒАН ІСТОҚСЕЙІТОВТЕР ДИНАСТИЯСЫ – ӨСКЕМЕН ӨҢІРІНЕ ЕҢБЕК МАЙДАНЫНЫҢ ҮЛКЕН ƏУЛЕТІ РЕТІНДЕ ТАНЫМАЛ ШАҢЫРАҚТЫҢ БІРІ. ӨРТ СӨНДІРУШІ ІСІН ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСТЫРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ШАҢЫРАҚТЫҢ КƏСІП ЖЫЛДАРЫН ҚОССАҢЫЗ БІР ҒАСЫРҒА ЖЕТІП ҚАЛАДЫ. «ЕГЕР ЕРТЕРЕК ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАТЫНЫ БОЛМАСА, ЖҮЗ ЖЫЛДАН ДА АСЫРЫП ЖІБЕРЕР МЕ ЕДІК», – ДЕП КҮЛЕДІ ӨЗДЕРІ.

ше қалғаны радиотелефонист қызметін атқарған жылдар еді», – дейді ол. «Ең алғашқы өрт ешқашан ұмытылмайды. Тəлімгерімнен босап, өз бетімше алғаш рет кезекшілікке шыққан кездерім еді. Одан соң ішкі үреймен арпалысып жүріп, қызметімді атқардым. Өртте ра-диоалмасу жүргізетініңді, жігіттерге қай жерде жолдар жабықтығын немесе өрт орнына жақын орналасқан су көздерін айтып көмектесетініңді ойлап, ұстамды болу керек екендігін түсіндім», – дейді Гүлнəр Тоқтарғазықызы.

Біраз уақыттан соң бұл қызметке Тоқсейітов Тоқтарғазының ұлы Қайрат қосылады. Əрине, Қайратқа мамандық таңдауда əкесінің əсері болғаны жасы-рын емес. Əулет жолын жалғастырып келе жатқан Қайрат Тоқсейітовке осы салада қызмет етіп келе жатқанына 20 жылдан асыпты. Қайрат Тоқтарғазыұлы өрт сөндірушілердің арасында өсті, өрт сөндіру бөлімшесі ол үшін екінші үйіндей болған еді. Əке салған соқпақ оның өмірлік жолын анықтап берді. 1996 жылы Алматы өрт-техникалық училищесін бітіргеннен кейін ол өрт сөндіру басшысы орынбасарының ла-уазымында жұмысын бастап, жыл-дар өткен соң Өскемен қаласы ТЖБ мемлекетт ік өрт бақылау бөлім і бастығының лауазымында жұмыс істеп, 7 жыл өткен соң, 2016 жылы өрт сөндіру қызметіне қайтып келді.

Көптеген ірі өрттерді сөндіруге Қайрат Тоқсейітов тікелей қатысып, əріптестерімен бірге буырқанған отты апатты жойысқан. Оның ішінде атап айтсақ, «Мелисса» ЖШС-де болған өрт, орманның ашық қоймасы жəне «Казцинк» ЖШС-де болған жалын-дар бар. «Əлі күнге дейін «Мелисса» ЖШС-де болған өрт есімде, онда орман қоймасы жанды. Өте қиын жəне қауіпті өрт еді. Қою түтін, үлкен аумақтағы жану алаңы сəт сайын өсе түсті. Мұндай сын сəтте өрт сөндіру бөлімшесі жауынгерлерінің жоғары кəсібилігі маңызды рөл атқарады. Өйткені, өртті ауыздықтап, таралып кетпеуінің алдын алудың өзі ауыр, үлкен күш-жігерді талап етеді. Мұндайда шапшаңдық, төзімділік, батылдық керек. Жалынды өшіру үшін оны бөліп тастап, тұтқиыл шабуыл жасауға тура келіп жатады. Мұндайда

шапшаң қимылдың өзі тактикалық мəнге ие болып кетеді. Соның негізінде жұмыс бағыты айқындалатын кездер болады. Сондықтан да біздің жұмыстағы ең қиын тұс – жауынгерлік іс-əрекеттің шешуші бағытын таңдау болып табы-лады. Əрине, ең бірінші адам өмірін құтқару екені айтпаса да түсінікті ғой», – дейді Қайрат Тоқтарғазыұлы.

Өскеменде өткен жылы 341 өрт тіркеліп, соның салдарынан 17 адам қаза болған. Тілсіз жау тұтқынында қалып, көз жұмғандардың дені жеке тұрғын үй тұрғындары. Жалынның шығу себебі де сан алуан. Ең қарайым себебі – өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау болып табылады. Өрт қаупіне атүсті қарау, отпен ойнау, электр құрылғысы жəне электр желісін қолдану ережелерін бұзу, қысқаша тұйықталу, тіпті, кей кездері қасақана өрт қою оқиғалары да кездесіп жатады.

Осыған орай ТЖБ мамандары Өскемен қалалық ІІБ полиция қызметкерлерімен бірге ай сайын тұрмысы төмен отбасы-лар арасында көптеген нұсқаулықтар мен əңгімелесулер, пəтер иелері кооперативтер імен б ірлесе өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруге бай-ланысты жиналыстар өткізіп тұрады. Қарттар мен мүгедектер тұратын үйлерге жиі бас сұғып, аймақта арнайы рейд те ұйымдастырылады. Халық көп жиналатын қоғамдық орындар – базар, сауда үйлерінде тұрмыстағы қауіпсіздік шараларына ерекше мəн беріп, өрт кезінде ұстану ережелері түсіндіріледі. Қала мектептерінде онлайн режімінде интерактивтік сабақтарды өткізу де оң жолға қойылған. Бір сөзбен айтқанда, ал-дын алу жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

«Өзімді əкемнің жұмысында өстім десем де болады. Балалық шағымнан бастап осы мамандықты меңгеруді ж ə н е қ а у і п - қ а т е р г е ұ ш ы р а ғ а н адамдарға көмек көрсетуді арманда-дым. Мұндағы негізгі шарттардың бірі – денешынықтыру дайындығы. Осы

жағынан да бұл сала көптеген жас жігіттерді тартады. Бірақ, мұндағы ең басты қағида – мамандығыңа деген махаббатың болуы керек. Жəне де ол өміріңнің мəніне айналуы тиіс», – дейді Қайрат. Бұл қағида оның ғана емес, күллі əулеттің мəніне айналғандай.

Қайрат Тоқсейітовтың жары Гүлнəр да өрт сөндіруші мамандығына бейжай қарамай, Өскемен қаласының №5 өрт сөндіру бөлімшесінің радиотелефонисі лауазымында 2001 жылдан бастап өртке қарсы күресушілер қатарында еңбек ете бастады. Бірнеше жыл өткен соң кəсіби даярлау мектебінен өтіп, 2015 жылдан бастап Ұлан ауданының №34 өрт сөндіру бөлімшесінде радиоте-лефонист лауазымында жұмыс істейді. Өрт шыққан жерге тікелей бармаса да талай жылдан бері осы қызметтің қыр-сырына қанығып қалған Гүлнəр Тоқсейітова бұл мамандықты бүге-шігесіне дейін біліп алған.

«Əр өрт сөндіру бөлімшесінде төрт қарауыл бар. Жұмысқа жігіттер қарауыл бастығымен жəне диспетчермен немесе радиотелефонистпен бірге үш тəулікте бір рет шығады. Қарауылдар қашанда үйлесімді, өте ынтымақтастықта жұмыс істейді. Мұны мен тəжірибе барысында анық байқадым. Бір қарауыл құрамы бір отбасы секілді. Олар бір тəулікке кезекшілікке келеді де, осы тəулік бойы бірге болады. Ең бірінші орынға адам өмірін аман сақтап, мүліктерін қорғауды қою керектігін жақсы түсінеді», – дейді Гүлнəр Тоқсейітова.

Қазіргі уақытта Тоқсейітовтердің шаңырағында 3 немере мен 2 шөбере өсіп келеді. Əрине, болашақ мамандық туралы оларға ойлануға əлі ертерек. Егер олар өрт сөндіруші-құтқарушы əулетінің жолын қуам десе ешкімнің таңқалмасы да анық. Өйткені, ғасыр бойымен ұрпақтан-ұрпаққа дарыған кəсіп оңайлықпен босата қоймайды.

Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

ИГІ ІС

Подполковник ҚалдыбаеваН.КУАНОВ, Ақтау стансасындағы ІІЖБ

АДАМНЫҢ ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨЛШЕНЕДІ. АДАМГЕРШІЛІГІ АДАЛДЫҚ, ПАРАСАТТЫЛЫҒЫМЕН ТАРАЗЫЛАНАДЫ. ОСЫ ТҰРҒЫДАН АЛСАҚ, ГҮЛСІМ ҚАЛДЫБАЕВА ТАБИҒИ ЖАРАТЫЛЫСЫНАН ҚАРАПАЙЫМ, АДАЛ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІГІМЕН ӨЗ ОРТАСЫНА БЕДЕЛДІ. ОЛ ОН БЕС ЖЫЛДАН БЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІП САҚШЫСЫ БОЛЫП АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕДІ.

жөніндегі орынбасары қызметіне көтерілді. Қазіргі уақытта иығына полиция подполковниг і шенін жарқыратып таққан тəртіп сақшысы Ақтау стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары.

Қобда бойынан шыққан Əлия апа-сына еліктеген бүгінгінің батыр қызы Гүлсім өзінің адал еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасы-мен жəне Көліктегі ІІД бастығының грамоталарымен марапатталды.

«Болдым деме – болғаның жаңа, толдым деме – толғаның жаңа» де-ген аталы сөзді жадына қазық ет-кен Гүлсім қай кезде де қарапайым қалпынан тайған емес. Ұжымындағы жас мамандарға үнемі білгенін үйретіп, өмірлік тəжірибесімен бөлісуді өзінің міндеті санайды.

Ата-анасының, əулеттің отбасылық тəрбиесінің жақсы сабақтастығын жалғастырып, аналық борышын қызметтік міндетімен қоса ала жүріп, бір ұл, бір қыз тəрбиелеп өсірді.

Қазір де ұлы Ержан – полиция ка-питаны. Ол Маңғыстау облыстық ІІД-ның Ақтау қалалық ІІБ Жедел басқару орталығында аға инспектор болып қызмет атқарады.

Қызы Гаухар Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика жəне құқық факультетінде білім алып жүр. Болашақ жас ма-ман анасының жолын жалғастыруды мақсат етеді.

«Жеке өмірімнің мəні – ең алдымен отбасымның, балаларымның бақыты. Осы екі істе де адамдық, аналық парызымды абыроймен атқару үшін барымды саламын», – дейді полиция подполковнигі.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТ КҮНІ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ІІБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «АҢШЫЛЫҚ ҚОҒАМЫ» ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРЕКТЕНДІРДІ

Қайырымдылық іс-шарасы Алматының дағдарыс орталықтарының бірінің ба-засында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталмыш баспанаға тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 26 əйел орналастырылған. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері мұнда өмірдің қиын жағдайына тап болған əйелдерді балаларымен бірге қабылдап отыр.

Алматы қалалық ІІД Жергілікті по-лиция қызметінің Зорлық-зомбылықтан əйелдерді қорғау жөніндегі ішкі істер органдары жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Майя Тоқсанованың ай-туынша, мұндай дағдарыс орталықтары отбасында зорлық-зомбылықтан жапа шеккен тұлғаларды анықтап, оларға дер кезінде қолдау көрсету үшін Ішкі істер департаментімен бірлесе отырып көп жылдан бері жемісті ынтымақтастықта игі істерді атқарып келеді. «Ізгі ниет-тен туған бұл іс-шаралардың қоғамдық маңызды зор. Өз кезегінде ішкі істер органдары заңнамаға сəйкес міндетті қорғаушылық ұйғарым шығарып, құқық бұзушыларға қатысты шара-

Жабайы жануарларды қоректендіру Пресновска, Мирный жəне Кладбинка селолық округтері аумақтарында «Жамбыл аудандық аңшылар мен балықшылар қоғамы» аңшылық алқабында жүргізілді. Аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Арман Құтұшев жұмыстан бос қызметкерлерді жабайы жануарларға көмек көрсету

үшін арнайы жіберіпті. Жануарларды қоректендіру орындарына 400 қайың бұтақтары, 500 келі жем жəне 5 центнер шөп жеткізілді. Шараның басты мақсаты – табиғи қоректің азайып, қорек табу қиындаған кезде жабайы жануарларды аштықтан аман алып қалу.

Бір метр биіктіктен асатын қар жануарлардың қозғалуын қиындата

түседі. Одан басқа, күннің жылынуынан қабыршақталған қар жануарлардың аяқтарын тіліп, табиғи азыққа жету-ге мүмкіндік бермейді. Полицейлер қорықшылар жəне аңшылармен бірге жануарларды аштықтан, аурудан, басқа аймақтарға ауып кетуінен сақтап қалды.

«Бұл жануарларды қоректендірудің соңғы акциясы емес. Синоптиктер алда жайсыз көктем болатынын бол-жап отыр. Сондықтан жабайы жа-нуарларды қоректендіру жұмысы аңшылық шаруашылықтарында тұрақты түрде жүргізілетін болады. Полиция қызметкерлерінің бұл акцияға белсенді қатысулары қуантарлық жайт», – деп атап өтті аудандық аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы Павел Миронычев.

Сонымен қатар, жыл басынан бері аудандық полиция қызметкерлерімен браконьерліктің 2 сорақы фактісі анықталып, бұл деректер бойын-ша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алты елік браконьерлердің олжасына айналған. Өткізілген сараптама бары-сында өлтірілген 2 ұрғашы елікте 3 эмбрион анықталған.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

АКЦИЯ

«Мен жаныңдамын»Гүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫДА ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ƏЙЕЛДЕРГЕ ДЕМЕУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА «МЕН ЖАНЫҢДАМЫН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

лар қолданады. Ары қарай тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын психологиялық бейімдеу мақсатында дағдарыс орталықтарының мамандары іске кіріседі. Олар балалы əйелдерге уақытша баспаналар беріп, қолдау көрсетеді. Олардың алғашқы минуттардан-ақ қолдауды сезінуі біз үшін өте маңызды», – дейді полиция подполковнигі Майя Тоқсанова.

« М е н ж а н ы ң д а м ы н » қ а й ы р ы м д ы л ы қ а к ц и я с ы шеңберінде ұйымдастырушылар əйелдер мен олардың балаларына есте қаларлықтай мереке сый-лады. Шығармашылық ұжымның концерті енгізілген тартымды шоу-бағдарлама ұйымдастырылып, демеуші-компаниялардан естелік сыйлықтар берілді.

Page 7: Сақшы №21 (4187)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№21 (4187), бейсенбі, 17.03.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

Ə.ҚҰСАЙЫНОВА, Павлодар облысы

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІНЕ ОРАЙ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД-НІҢ «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ КƏСІБИ ДАЯРЛАУ МЕКТЕБІНІҢ БАЗАСЫНДА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ.

ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА

Күзет қызметі сақшылары Ақмолда бас қосты

Шахматтан жарысты

Астаналық құтқарушылар 1-орында

Турнир басталмас бұрын Кəсіби даярлау мектебінің бастығы А.Абуов шахматшыларға арнап сөз сөйледі. Ол қатысушыларды ережемен, регламент-пен таныстырып, барлығына жеңіс тіледі, жарысты ашық деп жариялады.

Жарысқа Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Əрбір қатысушыға бақылау уақыты 20 минуттан белгіленді. Жарыстың қазылар алқасы шахматшылардың тақталарындағы ойын барысын қадағалап отырды.

«Шахмат – интеллекті ғана емес, сонымен қатар адамның көптеген қасиеттерін дамытады. Бүгін біз жарыстағы атмосферадан – ақылдан, страте-гиядан, тактикадан қанағаттандырарлық сезім алдық», – деді қатысушылар. Тартысты жарыстың нəтижесі бойынша Павлодар қаласының №34 өрт сөндіру бөлімінің командасы үздік атанды. Екінші орынды Павлодар қаласының №2 өрт сөндіру бөлімі иеленді. Үшінші орынға облыстық Төтенше жағдайлар депарментінің өкілдері жайғасты. Турнирдің барлық қатысушылары естелік дипломдармен жəне жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Ақмола облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-ші по-лиция батальонының командирінің орынбасары, полиция капитаны Жанат Мажитовтың айтуынша, күзет қызметінің нысандары облысымыздың əр ауданын-да орналасқандықтан, бұл қысқы спар-такиада жан-жақтағы қызметкерлерінің басын қосу мүмкіндігі ретінде де қарастырылып отыр. «Қызметкерлер бір-бірін күнде көретіндей, бір ғимараттан кіріп-шығып жүрген жоқ. Сондықтан да бір-бірімен кездесіп, сөйлесіп, спортпен сайысу арқылы ұжым ауызбіршілігін нығайта түсуді көздедік», – дейді Жанат Мажитов. Спартакиада Ақмола облыстық ІІД Целиноград аудандық ІІБ-нің Ақмол ауылындағы жаңа ғимаратының спорт залында өтті. «Бүгінгі шараға 3,8,9-

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Ақмола облысы

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА ШЕҢБЕРІНДЕ АҚМОЛ АУЫ-ЛЫНДА БАС ҚОСТЫ. РЕЖИМДІК НЫСАНДАРДЫҢ КҮЗЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗАРА ШАҒЫН ФУТБОЛ, ВОЛЕЙБОЛ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН МЫҚТЫ КОМАНДАЛАРДЫ АНЫҚТАДЫ. СПОРТТЫҚ ШАРА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА, СОНДАЙ-АҚ, АЛДА КЕЛЕ ЖАТҚАН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫ-ЛЫП ОТЫР.

шы взвод полицейлері қатысуда. Спартакиаданың бірінші кезеңіне Целиноград ауданына іргелес жақын жерлердег і қызметкерлер ім і зд і шақырдық. Жарыс алдында оларға жоспар бойынша саптық тəртіп бойын-ша дəріс өткізілді. Жыл басынан бергі жұмыстары қорытындыланды», – дейді Жанат Мажитов.

Спартакиадаға облыстың Қорғалжын, Целиноград, Астрахан, Шортанды, Ерейментау, Аршалы аудандарынан елу-ге жуық қызметкер қатысып, бақ сынады. Өзге аудандардағы қызметкерлер үшін Көкшетау жəне Атбасар қалаларында спартакиада өткізу жоспарда бар. Оқ ату жеке сынақта өткен болса, командалық ойындарда қызметкерлер бағыныстылығы бойынша бірінші жəне екінші взвод болып бөлінді. Əр взвод-тан əр спорт түріне төрт командадан шығып, өзара мықтыларды анықтады. Тартысты өткен ойындар нəтижесінде шағын футболдан 2-взводтың бірінші командасы финалда үшінші команда-мен бақ сынасып, 5:1 есебімен басым түссе, волейболдан 1-взвод мықты көрінді. Мұнда 1-взводтың бірінші ко-мандасы 2-взводтың төртінші команда-сын финалда жеңіп, жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

ӨТКЕН АПТАДА ІІМ ТЖК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАР-ТАКИАДА ШЕҢБЕРІНДЕ ШАҢҒЫ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫС-ТАР ӨТТІ. ЕЛОРДАДАҒЫ 7 МЕМЛЕКЕТТІК ВЕДОМСТВО АРАСЫНАН АСТАНАЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРАМАСЫ ТОП ЖАРЫП, І ОРЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ.

Спартакиада 4 кезеңнен тұрады: шаңғы спорты, волейбол, үстел теннисі, күрес. Бірінші кезеңде – шаңғы эстафетасында 4 адамнан құралған топтар қатысты (2 əйел адам, 2 ер адам). Шаңғы спорты бойынша өткен жарыстардың қорытындысына сəйкес, жүлделі бірінші орынға əріптестеріміз қол жеткізсе, 2-орынға ОААЖҚЖ құрамасы, 2-орынға ҚР ІІМ ТЖ комитеті табан тіреді.

Жарыстардың келесі кезеңбері – волейбол, үстел теннисі мен күрес спорты жарыстары наурыздың 22-не дейін жоспарланып отыр. Сайыстың қорытындысы Наурыз мейрамын мерекелеу барысында, айдың 22-і күні өтетін мерекелік іс-шара барысында жарияланады.

Астана қаласы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММӨТКЕН АПТАДА Х.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ШАХМАТ КЛУ-БЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА ШЕҢБЕРІНДЕ ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ. СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛЫП ОТЫР. СПОРТТЫҚ ДОДАҒА АСТАНАЛЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КОМАНДАСЫН ҚОСҚАНДА 9 ҚҰРАМА ҚАТЫСТЫ.

Айналымдық жүйе бойынша өткен турнирге халықаралық бас ар-битр С.Юровский төрағалық етті. Турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды. 1-орын Астана қалалық ІІД-нің командасына тиесілі болса, 2 жəне 3-орындар Мемлекеттік кірістер департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменттеріне бұйырды. Департаменттің құрамасы 3 адамнан тұрды. Олар: №3 МӨСБ аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Қайрат Кенжеғұлов, №9 ӨСБ жүргізушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Айқын Алқанов, №12 ӨСБ инспекторы, азаматтық қорғау лейтенанты Анар Мұқышева.

Жеке сайыста «Үздік ойыншы» аталымын Астана қаласы ТЖД қызметкері А.Алқанов қанжығасына байлады. Турнирдің соңында барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар жəне құрмет грамоталары-мен марапатталды.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

СПАРТАКИАДА ШЕҢБЕРІНДЕ

ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ ТО-ЛУЫНА ОРАЙ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД-ДЕ БІРІНШІ РЕТ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ.

Үстел теннисін 30-40 жылдан бері ойнап келе жатқан кəнігі теннисшілер облыстың түкпір-түкпірінен жиналды. Барлығы чемпионатқа 80 адам қатысуға тілек білдірді.

Ерлер жастарына қарай 4 санат-ты топқа бөлініп, өзара кездесулер өткізілді. Ең кіші жас 40-49 жас аралығы болды. Мұнда Риддер қаласынан кел-ген В.Михайлюк жеңімпаз атанды. Ал 50-59 жас санаты бойынша біріншілік жүлдесін семейлік В.Гусев жеңіп алды. Сонымен бірге, В.Гусев барлық жас санаты бойынша да жеңімпаз атанды. Риддер қаласының тағы бір тұрғыны В.Цунский 60-69 жас аралығындағы топ-та жеңіп шықса, 70-79 жас аралығында ардагер В.Котов бірінші орынға қол жеткізді.

Əйелдер арасындағы тартыс тек бір санат бойынша ғана сарапқа салынды. Бір айта кетерлігі, барлық қатысушылар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЧЕМПИОНАТӨскемен қаласының тұрғындары. Жеңіс тұғырынан қарсыластарын бірнеше балға басып озған Г.Липунова көрінсе, қалған 2, 3 жəне 4-орындарды бірдей бал жинаған С.Дубровская, М.Пархоменко жəне И.Таловская тең бөлісті.

Өртке қарсы қызмет ардагерлері арасынан біріншілікте көзге түскен Сергей Кириченконың ойын өрнегін

ерекше атай кетуге болады. Бірақ, өзінің жас санатында ол екі ұпай саны жетпей қалғандықтан үздіктер ү ш т і г і н е е н е а л м а д ы . Ж а р ы с жеңімпаздары спорттық шара соңында бағалы естелік сыйлықтармен мара-патталды.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

18-20 НАУРЫЗДА АСТАНАДА ӨТЕТІН КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСАТЫН ЕРКІН КҮРЕС ПЕН ƏЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ «АЛАМАН» ҰЛТТЫҚ СПОРТ ПОРТАЛЫНДА ХАБАРЛАНДЫ.

Сонымен Астана боз кілемінде жолдамаға таласатын балуандар – еркін күрес: 65 келі Мейіржан Аширов, 74 келі Ғалымжан Өсербаев, 86 келі Аслан Кахидзе, 97 келі Мамед Ибрагимов, 125 келі Даулет Шабанбай. Əйелдер күресі: 48 келі Жұлдыз Эшимова, 53 келі Зульфия Яхиярова, 58 келі Айым Əбілдина, 63 келі Екатерина Ларионова, 69 келі Эльмира Сыздықова, 75 келі Гузель Манюрова.

КҮРЕС

ТЕННИС

Олимпиада жолдамасына таласатын қыз-жігіттер есімдері

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІ ТИМУР ХАБИБУЛИН РЕСЕЙЛІК ЕВГЕНИЙ ТУР-НЕВПЕН ЖҰПТАСЫП БАКУДЕГІ (ƏЗЕРБАЙЖАН) ITF ТУРНИРІНІҢ ЖҰПТЫҚ БӨЛІМІНДЕ ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ. ЖАРЫСТЫҢ СЫЙЛЫҚ ҚОРЫ 10 МЫҢ ДОЛЛАР.

Бірінші айналымда Хабибулин/Турнев жұбы Расул Годжаев (Əзербайжан)/Роберт Жиганжин (Ресей) жұбын 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Қазақстандық-ресейлік жұптың ширек финалдағы қарсыласы чехиялық Марек Ялович/Дэвид Поляк жұбы жəне Александр Прудников (Белоруссия)/Сардор Пулатов (Өзбекстан) дуэті арасында жеңіске жеткені болмақ.

Хабибулин ширек финалға шықты

Page 8: Сақшы №21 (4187)

сөз соңы№21 (4187), бейсенбі, 17.03.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 15120Тапсырыс: №2304

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШӘМШІ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

Байқау

Құрастырған Ескендір ТасболаТовОйлан, тап!

Мүсірке

ҮстемдікІрі ғалам-тор іздеу жүйесі

Түлік Қазақ киносы

Дем алу алқылы емдеу

Африка елі

...-авиа (әуе ком-паниясы)

Теннис кезеңі

Франция қаласы

Жота, қырат

Бидай өнімі

Террор-лық топНамыс

Азия аралыҰран

Нота Хош иіс

АватарПайғам-

бар жұбайы

Әртүрлі Бауыр ауруы

Жер беті сызбасы

БАРЛЫҚ КАзАҚСТАНДЫҚТАР үШіН КөКТЕМ МЕзГіЛіНДЕ АуМАҚТАРЫН СәуЛЕТТЕНДіРу, САНИТАРЛЫҚ ТАзАРТу ЖәНЕ КөГАЛДАНДЫРу ЖҰМЫСТАРЫН ЖүРГізу ДәСТүРГЕ АйНАЛғАН.

Қазақстанның көп аймақтарында әлі де күн суып тұр. Алайда, Сыр өңірінде көктемнің шуағы ертерек сезілетіні белгілі. Осыны пайдаланып, ііМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің ба-засында апта сайын сенбілік өткізіліп, қызметкерлер қаланың ажарына өз үлестерін қосып келеді. әр аптаның сенбі күндері құтқарушылар жасаққа қарасты аумақтарды қоқыстан тазалау, талдарды әктеу және ғимараттарды сырлау секілді жұмыстармен айналысады. Сонымен қатар, көгалдандыру мақсатында жеміс ағаштарының көшеттерін егу жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін құтқарушылар 200 түп жеміс және 50 түп терек отырғызды.

ііМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушыларының былтыр отырғызған ағаштары осы жылы бүршік атты. Күн сайын жасақ құтқарушылары көшеттерді суарып, өз назарларында ұстауда.

ІІМ ТЖК «оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекетт ік бағдарламасында қойылған талап-тарды орындау мақсатында өткен байқауға 50-ден астам талапкер үміт білдірсе, солардың ішінен іріктеліп алынған 13 қатысушы көркемсөз оқу шеберлігінен бақ сынады. Бұл байқауда ііМ-нің Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығынан 6-топтың тыңдаушысы, Қызылорда қаласы Мамандандырылған күзет қызметінен замира әбдіқалықова және 7-топтың тыңдаушысы Алматы қаласы МКҚБ-нан Қазбек Ильясов бақ сынады. Нәтижесінде Қазбек Ильясов іріктеуден өтіп, шешуші сынға жолдама алды.

Жазушының атын ардақтауға ниет еткен қаладағы барлық ЖОО мен арнайы орта, орта оқу орындары-нан дарынды қатысушылар сахнада тыңдармандарының рухын көтеріп, өнерпаздар бәсеке көрігін қыздыра түсті. Оқу орталығынан жанкүйер бо-

Облыс пен қаланың құрметті азаматтары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар, мәдени және үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық өкілдері, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің жұмысына алғыс айта келген азаматтар іс-шараның басты қонақтары болды.

Облыстың ішкі істер органдарымен ынтымақтастықты нығайтуға және белсенді іс-қимыл жасауға қосқан үлесі, жас қызметкерлерді тәрбиелеуде, ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтуда баға жетпес көмек көрсеткені үшін іс-шараның 17 қатысушысы ішкі істер департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды. «Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, аға ұрпаққа және тәуелсіз республикамызда өмір сүріп жатқан халықтар арасында тыныштық пен үйлесімділік, өзара сенім мен ізеттілік, бейбітшілік пен келісім орнатып отырған президенттік саясатқа деген құрмет», – деп атап кетті Солтүстік Қазақстан облыстық ііД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов жиналғандарды құттықтау кезінде. Сонымен бірге, аға ұрпақтың әрқайсысының азаматтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға қосқан үлестерінің мол екенін айта кетті.

Тәртіп сақшыларының қызметіне алғыс айтқандар да болды. СҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов бірқатар полиция қызметкерін ұлтаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

Ал Евгения Шарапаева Ресей Федерациясының Челябинск қаласынан ііД-ге ведомство қызметкерлерінің жұмысына алғыс айту үшін арнайы келіпті. Ол ііД-нің мұражайына, мұрағатына бірнеше рет жүгініп, ведомство қызметкерлері оның репрессияға ұшыраған атасы туралы мәліметтерді жинақтауға көмектескен. «Олардың қызметі өмірін тәуекелге тігумен байланысты болмаса да, сіздердің Президентіңіз Нұрсұлтан Назарбаев қойған адамгершілік міндеттерді орындауға бағытталған. Бұл осы жерде өмір сүретін азаматтардың өміріне бейжай қарамай, олар үшін жауапкершілікте болудың, туған жерге деген ыстық сезімнің белгісі», – деп атап өтті өз сөзінде ресейлік мейман. Салтанатты іс-шара ііД-нің шығармашылық ұжымы мен аудандық бөліністер әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.

Болашақ тыңдаушылары қонақта болды

ҚР АзАМАТТЫҚ ҚОРғАу ОРГАНДАРЫНДАғЫ ҚЫзМЕТТің ИМИДЖіН ЖОғАРЫЛАТу МАҚСАТЫНДА ТөТЕНШЕ ЖАғДАйЛАР КОМИТЕТіНің КөКШЕТАу ТЕхНИКАЛЫҚ ИНСТИТуТЫНДА ҚОСТАНАй ОБЛЫСЫНЫң ОРТА МЕКТЕП ОҚуШЫЛАРЫ МЕН КОЛ-ЛЕДЖ СТуДЕНТТЕРі үШіН АШЫҚ ЕСіК КүНДЕРі ҰйЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

үміткерлердің жетекшісі – Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры С.хасенов.

Институт мәжіліс залында оқушылар мен студенттердің алдында институттың құрылу тарихы мен қызметінің басты бағыттары туралы ақпаратпен институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі К. Райымбеков, күндізгі оқыту факультетінің бастығы Г. Кәрімова бөлісті. Профессорлық-оқытушылар құрамы оқушылар мен жастарды кафедраларда және арнайы жабдықталған зертханаларда қарсы алды, онда олар қонақтарға оқыту барысы мен өрт сөндірушілердің құрал-саймандары туралы әңгімелеп берді. Жастарға өте қызықты болды, тілек білдірушілер өрт сөндірушілердің әскери киімін, «Драгер» демалу аппаратын киіп көрді. Оларға институт шекарасында әскери сап құруды ұйымдастыру, қарумен саптық шеру көріністері көрсетілді. Сонымен бірге, күндізгі оқыту факультетінің 3-ші курс курсанттары қонақтарға 4-ші қабат терезесіне шабуыл баспалдағымен көтерілу машықтарын паш етті.

Күннің екінші жартысында оқушылар мен студенттер институт жатақханасына барды, онда курсанттардың тұрмысы, бос уақыты туралы, олардың оқу, спорт және қоғамдық өмірдегі жетістіктері туралы көп мәлімет алды. Танысу барысында институт аумағындағы оқыту-өрт сөндіру бөлімінде түнеп шыққандықтан және жатақхана асханасында түскі және кешкі ас ішкендіктен олар өздерін институт курсанттары ретінде сезінді.

«Ашық есік күндері» бағдарламасына сәйкес Қостанай облысының орта мектеп оқушылары мен колледж студенттері Көкшетау қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, сонымен бірге «Ақмола облысының ТЖД өСжАҚЖҚ» ММ Көкшетау қаласы №1 Арнайы мамандандырылған өрт сөнд і ру бөл ім і н і ң м ұ р а ж а й ы н а б а р д ы , о н д а б ө л і м б а с т ы ғ ы , азаматтық қорғау май-о р ы Ж . С е к с е м б а е в өрт сөнд іруш ілер мен құтқарушылардың өмірі ж ә н е т ұ р м ы с ы т у р а -лы толық, әрі мазмұнды ақпарат берді.

Орта мектеп және колледж түлектерінің қатысуымен болған мұндай іс-шаралар тұрғындар арасында ҚР ііМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметіне оң көзқарас қалыптастыруға септік етпек.

Қостанай облысы ТЖд баспасөз қызметі

БАУЫРЖАН БАТЫРдЫҢ ІЗБАСАРлАРЫ көркемсөз оқу шеберлері

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАғЫ ТіЛДЕРДі ОҚЫТу ОРТАЛЫғЫНДА КөРКЕМСөз ОҚу ШЕБЕРЛЕРіНің ОРАЛхАН БөКЕй АТЫНДАғЫ 18-ҚАЛАЛЫҚ БАйҚАуЫ өТТі. БАйҚАу ШЫМЫЛДЫғЫН АҚЫН хАНБИБі ЕСЕНҚАРАҚЫзЫ МЕН ЖАзу-ШЫ МАРхАБАТ БАйғҰТ ҚАТЫСуШЫЛАРғА АҚ ЖОЛ ТіЛЕП АШЫП БЕРДі.

Айболат МАйМАҚОВ, Шымкент қаласы

лып, еліміздің түкпір-түкпірінен 30-дан астам тыңдаушы қатысты. Көпшіліктің алдында сөз бастау қиын екенін үміткерлердің толқыған түрлерінен байқауға болатын еді. Дегенмен, Қазбек Ильясов Оралхан Бөкейдің «Жетім бота» прозасындағы архитектор жігіттің монологын айтып, көпшілікті жанға жайлы дауысымен, бапты сөз мәнерімен және өзіндік актерлік шеберлігімен баурап алды. Ал екінші шығармасында ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» прозасынан соғыстан қайтқан солдаттың елге оралуы ту-ралы үзінді орындағандағы нанымды образы Қазбекті тағы да бір қырынан көрсеткендей болды. Соңғы сайыста М.Шаханов ағамыздың «Тәубеңе кел» өлеңін жүрекке жеткізе оқып берді.өрелі сөз үлкеннен шықса, орамды ой жастан шығатынын ерекше танытқан жастар да жетерлік болды.

Қызықты да тартысқа толы болған сайыста қазылар алқасы құрамында республикалық Оралхан Бөкей

оқуларының 2005 жылғы жеңімпазы, белгілі актриса Гулжанар Сазанбайқызы мен қалалық театрдың көркемдік жетекшісі Мақсат Айтжан, айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов, М.әуезов атындағы ОҚМу ұстазы Ш.әділова да болды. Байқаудың талабы бой-ынша қазылар 3 кезең бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бірінші кезең драмалық шығармалардан үзінді оқу, екінші кезең О.Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінді оқу болса, үшінші кезең мәнерлеп өлең оқу болды. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем оқу шеберлігіне, оқылатын шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, сах-нада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударды. Шара қорытындысында қалалық байқау жең імпаздарын ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы түрлі алғыс хаттар, дипломдар-мен марапаттады.

Қалалық байқаудың қорытындысы нағыз көркемсөз оқу шеберлерін анықтады. Оқу орталығының намы-сын қорғап шыққан тыңдаушы Қазбек Ильясов 2-орынды жеңіп алып, оған диплом мен бағалы сыйлықты Гүлжанар Сазанбайқызы табыс етті.

Жарысқа қатысушылар байқаудың ұйымдастырылуына және де жоғары деңгейде өтуіне сеп болған Тілдерді дамыту орталығының басшысы Нұрила Жұмановаға және де осы орталықта қызмет атқаратын ұжымға алғыстарын білдірді.

Осылайша шырайлы Шымкент қаласының халқы дүбірлі шараның куәсі болды. Сайысты қорытындылаған М.әуезов атындағы ОҚМу ұстазы Шара әділова бұл шарада ііМ-нің Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығынан келген қатысушыларды қолдап, жанкүйер болып келген осы Оқу орталығының тыңдаушылары мен басшылығына алғысын білдірді. Бұл болашақта құқық қорғау саласында қызмет істейтін, қазіргі тыңдаушылардың қазақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей сөз шешендігіне көзқарасы бейқам еместігінің бір дәлелі болғандай.

ашық есік күні

Ресейден жеткен алғысСОЛТүСТіК ҚАзАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ВЕДОМСТВОСЫНДАғЫ ОБъЕКТіЛЕРДЕ, ОНЫң МҰРАЖАйЫНДА, ЖЕДЕЛ БАСҚАРу ОРТАЛЫғЫ МЕН МҰРАғАТТА АЛғЫС АйТу КүНіНЕ АРНАЛғАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН өТТі.

Динара САғЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Игі іс

ТАл ЕГУ дЕ САУАпТЫ ІС