Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

12
Атырау облысы, Атырау қаласы Борана Нысанбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мусина Майра Абдрахимовна , жылы жүрек.

Upload: -

Post on 14-Jan-2017

581 views

Category:

Education


10 download

TRANSCRIPT

Атырау облысы, Атырау қаласыБорана Нысанбаев атындағы орта

мектептіңқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мусина Майра Абдрахимовна,

жылы жүрек.

Абайдың “отыз бірінші қара сөзі”

Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,Еңбекті сат, ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,

жылы жүрек.

Өнерпаз болуға Еңбек етуге Ақылды

болуға

өмірден өз орнын

табуға

үйреніп білуге

ақырын жүріп,

анық басуға

Өлеңнің идеялық мазмұны

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,Ұл-қызы да болу керек дарынды.

Мағынаны тануАбай өз шығармаларының бір алуанын

қара сөз түрінде жазды. Қара сөз-көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін , онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды.

Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абайдың қара сөзінің саны-45. Олардың қай-қайсысын алсақ та, оқырманына ой тастап, адамды еңбек етуге, білім алуға, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге шақырады.

Топпен жұмыс

“Отыз бірінші сөз”Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі

байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;

Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу

секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер

І -топ

ІІ -топ

Ой-қозғау сәті

1. Бұл қара сөздің идеясы қандай?

2. Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?

3. Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?

4. Абай бар асыл ойын кімге арнады?

Асыл сөздің жалғасын тапЖұмысы жоқтық,Тамағы тоқтық....

Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті....

Тағы сене бастаймын,Күнде алдағыш қуларға...

Баламды медресеге біл деп бердім...

Талап, еңбек, терең ой...

Мәтіндік тапсырмаЕстілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп

бар:---------------------------------------------------------------------------------------------------- болмақ керек; екінші –сол нәрсені естігенде я көргенде

---------------------------- керек, көңілденіп, тұшынып,----------------------------------- керек;

І-топ

ІІ-топ Үшінші-сол нәрсені ішінен -------------------------------------------көңілге бекіту керек; төртінші –------------------------------------ керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: -------------------------------------- секілді. Бұл төрт нәрсе - -------------------- мен-------------------------------- тоздыратұғын нәрселер

Абай сөзі

Өсиет Өнеге

Ақыл, нақыл

Білім,ғылым

Еңбекке шақырады

Өмір тәжірибесі

Сабақты бекіту

ҚОРЫТЫНДЫ

Абай- ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы. Абай насихаты-ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты,

үлкен жүректі кісі болу.Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл, Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер,шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең

дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың “асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе” деп

кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.

Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле кеп қараса , көңіл ұғар дегендей

Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ