Нұртас...

57

Upload: others

Post on 07-Sep-2020

30 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,
Page 2: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

3

Мен еМеспiн...

Алғы сөз

Ардың жүгін арқалаған, тағдырлы інім......өзің де жақсы білесің, сөз құдіреті – Қазақтың өз құдіреті. Ал, «Өлең – сөздің патшасы...». Сөз патшасымен тілдесіп, сырласып, оның тылсым дүниесіне өзіндік мінезіңді жүздіру – жасампаздықпен қалыптасатын нәрсе емес. Ол – «..мен болған жоқпын,жаратылдым...» деп, жан сырын ақтарған Мұқағали сынды ақын боп туу – жаратылу екенін, былайғы есті жұрт та білсе керек. Өлең қуалағанныңбәрі ақын боп кетпесі анық қой. Сөздің жанын ауыртпай, өлеңнің өр рухын асқақтата білу де азаптың азабы екенін ақын-жүрек сезінеді. Әйтпесе, өлең жазғанның маңдайын солқылдатып, тақпақ жазғанның таңдайын тақылдатып қоя ма, бұ Құдай?..

Ауылдың баласы едім, аңғал едім,Тағдырыма көшіргем таңғы әлемін.Жұлдыздың аққанына тілек айтып, Бір қыздың аңсаушы едім, арлы әдебін.

УДК 821.512.122ББК 84 (5 қаз) – 5Т 81

Нұртас Тұрғанбекұлы

Терең әрі образды ой, мөлдір сезім, тұңғиық пәлсапа, бояуға қанық сурет пен мәнді лирикалық иірімдерден тұратын Нұртас Тұрғанбекұлының бұл жинағы ақын жанының айнасындай. Өлеңнің әр жолына сыр жасырған ақынның поэзиясы кез келген оқырманды өзіне баурап алары сөзсіз. Ақын өлеңдерінде ауылдың топырағы, қаланың қым-қуыт тірлігі, өмірдің өкініші мен көңілдің мың құбылған сәттері бар. Жүректен жарып шыққан мөлдір өлеңдер сіздің де жүрегіңізден орын алады деген сенімдеміз.Кітап барша оқырман қауымға арналған

УДК 821.512.122ББК 84 (5 қаз) – 5

© Нұртас Тұрғанбекұлы, 2016.

Page 3: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

54

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

... тайым қалды мініске үйретілмей,Қайың қалды қабығы аршылмаған. Қалаға келген бала.., бала қалпында қалған дала... Аңғал да таза. Жүрегің аунап түседі. Қала мен даланы жақындастырып, жан-бауырыңа айналдыру үшін, айғай-аттандап, жазығы жоқ қара жолға қылбұрау салмай-ақ, махаббатыңмен баурап алуға болады екен. Алматы – ақын ұлдың сор, бағы ма?Мұңы ма, жығам дейтін орға мына.Мен ауылды сағындым, көшесі деҰқсайтын тағдырымның жолдарына... Иә, бұл кімнің тағдыры? – деп, таңғалмаймын. Өйткені, бұл – адамның-ақынның тағдыры. Баланың ойнаған жерінде қалатын ойсыз, мұңсыз сызықтар емес, қайырылып қарасаң қайғысы мен қуанышы, шаттығы мен мұңы, арманы мен сыры, сағынышы мен қатар өрілген өз тағдырыңның шимайы – маңдайдағы жазулар... Мен солай түсіндім, Нұртас.

Бір кезде «аға, мен – ақынмын!» деп, тісің ақсиып келгенің есімде. Ол кезде мектепті енді бітіріп жатқан кезің еді. Енді, міне, алғашқы кітабыңмен-ақ, сөз патшасының әукесін сипайтын әжептәуір хәлге жетіпсің. Әрі қарай да өміріңді өрнектейтін, өз жұртыңды шөлдетпейтін бабыңда қайнап, бағыңда жайнап тұратын жемісті жырларың көп болғай! ...Сүйем сені, Алматы...кешір бірақАуылдан артық емес! – дейтініңді білем. Өзіңді де солай сүй... бірақ, өлеңнен артық емес!.. Айтпақшы, сөз құдіреті – Қазақтың өз құдіреті деп, едік қой. Сол екеуінің арқасында патша-жырды тағынан түсірме! Тас жауса да тасырқамас талантыңа, талабыңа сай болсын!

Бақыт БеделханұлыАқын,

Халықаралық «Алаш» әдебисыйлығының иегері

Page 4: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

7

Мен еМеспiн...

Аға

Ауылға барып қайттым, Аға...Алма ағашы, сол – қоршау, сол – ауламыз,Қора да тұр, қорқатын жолауға біз.Дөңгелегі майысып, жатыр әне – Екеуміз су таситын қол арбамыз.

Мектеп те тұр, нұрлы етіп бұл маңайды,Тек балалар біздердей шуламайды.Күз келгенде біздегі алманы да,Қоршаудан қарғып түсіп ұрламайды.

Атам да жоқ, қоритын алма бақты,Еске түсіп, ағатай жанға батты.Сен мінетін тананың бұзауын да,Өріске жіберерде таңбалапты.

I-БӨЛІМАУЫЛДЫҢ БАЛАСЫ ЕДІМ

Page 5: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

98

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Тауға түсіп қалғанда күн кекілі,Көрінеді қай малдың кімге түрі?!Сен бас киім кигізіп қуалайтын,Қойлардан да қалыпты бірді-екілі.

Жейтін енді адам аз бұған қайғы,Көз алдымда балалық бұлаңдайды.Ағатай, баяғыдай енді ешкімде,Қошқарды сүзеген қып шығармайды.

Қарға да жүр, қарқылдар, құрты бар деп,Тек баяғы кісінер жылқылар жоқ.Қатық жайған жер де тұр – дорбасының,Сары суын ішетін сыртынан кеп.

Ошақ та бар, жағатын көң пешіне,Сырт жағы ше? – түсті ме енді есіңе,«Күлге картоп көмем», – деп таласқанбыз,Апам нанын жапқан соң көмбесіне.

Иә, бұл да өткенмен көп ойланам,Көрші бала келетін жолай маған.

Сен бірде бір топ асық алып келіп,Ит мүжіген, қалғанын мен ойнағам.

Е-е-е туған жер, тыншыды жаным ақыр,Таттаныпты су құйған сары бақыр.Ано-оу жерде ошақтын артын ала,Сен жасаған қармақтың сабы жатыр!

Мен ауылға барып қайттым аға...

Несін айтам, ауыл да, үйің де аман,Балалық жоқ, көршіден қи ұрлаған.Байынқол да тартылып кеткендей ме,Бақыт дейтін балығы бұйырмаған.

Үнсіз қарап тұрушы ең кемелденіп,Желең келіп кеттің сен, өлең болып.Аға, енді ауылдың топырағын,Сенің бір күн басыңа себем келіп.

Page 6: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

1110

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Ауылдың баласы едім, аңғал едім,Тағдырыма көшіргем таңғы әлемін.Жұлдыздың аққанына тілек айтып,Бір қыздың аңсаушы едім арлы әдебін.

Жаным ол кез сезімге жаншылмаған,Арманым да бар еді таусылмаған.Тайым қалды, мініске үйретілмей,Қайың қалды, қабығы аршылмаған.

Көлікке отырған сәт, бекет барып,Көз алдымда тау қалып, етек қалып.Жүген ұстап жүгірдің несіне аға,Жылқыны кете алмадым жетекке алып.

Жазылмас жүрек дейтін ет-шипамен,Қалаға сап жіберді шеткі үй сәлем.Соңғы рет балалықпен дұға жасап,Атам жатқан мазарға бет сипап ем.

Уысымда тұрғандай кей түн, әлем,Өлең жазсам – мөп-мөлдір, бейкүнәлі ем.Нілдің суын білмеймін, көргенім жоқ,«Кірдің суын баспашы», – дейтін әжем.

Білемін жер – мекенім, көк – тұрағым,Несіне көп төмендеп, көп бұғамын.Кірдің суын баспаймын деп жүргенде,Өзім кірлеп кеткендей боп тұрамын.

Page 7: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

1312

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Апа...Сенің айтар ақылың – қалқа маған,Ойымды онға бөліп, жаңқалаған.Жақпар-жақпар жартасты аңсап жүрмін,Қатпар-қатпар сезімін арқалаған.

АпаСен айтатын естілмей қырдың әні,Түндерде асау сезім булығады. Жаңа ірелген тоқтының терісіндей,Қалада бусана алмай жүрмін әлі.

АпаМаңдайымнан сүйіп ең кетерде де,Қала міне, келдім бе бекерге не?!Мен сағындым көктемгі төлдің иісін,Әтір ғып шығармадың екен неге?

Апа

Ести алмай кетіп ем дала жырын,Хор қызы деп қаланың сан аруын.Тігісінен сөгілген жүрек ұстап,Жүрісінен жаңылып барады ұлың.АпаЖоқ еді ғой сен жүрген шақта уайым, Адастырды жолсызда аппақ айым.Ақ жол тілеп жіберші, маған, апа,Болашаққа сеніммен аттанайын.

Page 8: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

1514

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Бір әуен менің қанатты жарамды жарып,Ай асып кетті дүние қараңғыланып.Ұйықтап кетсем, абайсыз өтінем, ана,Тек өзің ғана оятшы, балаңды барып.

Ұйықтап кетсем, булығам, білесің бәрін,Менің де келмей қалады-ау күресінге әлім.Ұмытпашы, ана, балаңның ғашық болғанын,Өлең дейтұғын өмірде үлесім барын.

Ұлың да ұстай алмапты ұлылықты әр күн,Кешірші, кешір, бұзылдым, мұны құптар кім.Жүрекке шаншу қадалып, сыздады қайта,Өмірдің тәтті екенін ұғынып қалдым.(Көмейге жас боп жастығым тығылып қалдың)

Бұйығы болып өспеп ем, басылып барам,Басылып барам өткенге ашынып қалам.Бәрін де, бәрін, айтар ем, осал демесін,Жүзіңе қарап тұрам да, жасырып қалам.

Кешіргін, ана, жетімек демесін дедім,Жетісер дейсің өмірдің кемесінде кім? «Бәрі бар бізде, шүкір ет»- дейсің ғой маған,Мені жұбатқан сөзіңе сенесің бе өзің?!Тығылып жылап аласың, көремін кейде,Жас болып жерге, кешірші, неге сіңбедім?

Page 9: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

1716

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Алматы ақын ұлдың сор, бағы ма?!Мұңы ма, «жығам» дейтін орға мына?Мен ауылды сағындым, көшесі де,Ұқсайтын тағдырымның жолдарына.

Сол жолында құладым, сан адастым,Бақытына осыны баламас кім?!Көк шөбіне домалап өскен ұл ем,Алматы, мені қайда ала қаштың?!

Демедің бе ұшасың, ұшынасың,Мұнда шыннан жалғанның күші басым!Қайыңның сөлін ішкен маған, қала,Неліктен шырыныңды ұсынасың?!

Маған ондай бақыттың керегі не?Ару дейсің, жылулық береді ме?Ауыл қызын айтсаңшы, шаң жуытпайЖүретін, сиыр сауған шелегіне.

Соның бәрі жыр сезім жанға тұнық,Тәтті қыз болмаса да, Алматылық.Кешке жолдан күтіп ап, көк сиырын,Өрісіне айдайтын таңда тұрып.

Оны көрсе сақтайтын балаң да әдеп,Кетпейтін жүзінен ар, жанардан от.Сиырды да қууға батпайтұғын,Сол қызды ренжітіп алам ба деп!

Осыған үйренген бе жаным әбден?!Қит етпеймін, кірлердей арым әлден.Сол қыз десем, ауылды еске алам да,Ауыл десем, сол қызды сағынам мен!

Ауыл мен қыз тым ұқсас – жарқын елес,Ақыл мен жүрегімде әр күн егес.Сүйем сені, Алматы, кешір бірақ,Ауылдан артық емес!

Page 10: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

1918

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Есіңде ме еді, досым,Жастық жалын жүректе қоздаған от,Жолығушы ек, кешқұрым бозбала боп.Бір-бір үйдің бойжеткен арулары,Бала сезімімізді қозғап әлек.

Арғыда – мен, сенікі бергі көше,Ысқырық бізден қызға белгі десе.Біз тұрған жерде қанша иттер үріп,Қыз тұрған үй жарығы сөнді неше.

Біз барып, ол қыздарға, өзге келіп, Қызғаныш оты қарып, сөз де кеміп,Талай рет айтып ек «сүйеміз» деп,Талай рет қайтып ек, көз көгеріп.

Ееее, солай қыз таңдадық, жар таңдадық,Амалсыз құрбысына жалпаңдадық.Ауылдың арғы басы, бергі шеті,Сезім деп сенделдік те салпаңдадық.

Ақ қызды, қара қызды, сары қызды,«Ұнатам» дедік жайып жанымызды,Ал, қазір қарап тұрсақ, сол қыздардың,Бәр ізетті, ибалы, бәрі де ізгі.

Бәрінің бір-бір жары, баласы бар,Онсыз да қыздар еді, бағы ашылар.Тез жетті, ересек қып уақыт мына,Кез жетті он сегізді баласынар.

Қоштасуға куәгер кінәлі өзен,Ішілмей қалған шығар сірә, көзем.Ысқырып қызға барған сол күндерге,Пысқырып қарамайды мына кезең.

Он сегіз менен де өтті, сенен де өтті,Көктемдей көңілдерді көгендепті.Саған ол сөнбейтіндей сағыныш боп,Маған ол өлмейтіндей өлең бопты.

Page 11: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

2120

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Қаста да ұлылық бар,Қасқайып қарайтұғын,Таста да жылылық бар,Жаныңа тарайтұғын.

Гүлде де қаттылық бар,Құламай қурайтұғын.Түнде де жат қылық бар,Жыламай тынбайтұғын.

Қоянда батылдық бар,Қашса да жан бағады.Ой, Алла, ақындық барТаста да, тауда дағы.

Үрей бар қасқырда да – Жем болу – құзғын-құсқа.Жапырақ – жас құрғағанҒұмыры күздің – қысқа.

Бәрін де көтере біл,Себеп жоқ, жан ашуға.Өтер де кетер өмір,Жоқ-бардың арасында.

Page 12: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

2322

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Көңіліме күн қадап, жүрегіме мұң қадап, Балалығым кетті өтіп, жанарымнан сырғанап. Мен кіршіксіз сәттерді аңсап кеткем, содан-соң, Мынау арсыз әлемде жастығымды былғап ап.

Содан бері шынайы қуанғам жоқ, күлгем жоқ, Жылағам жоқ түндерге көз жасы боп сіңгем жоқ. Өзім "отпын" деп жүріп жанып кете жаздағам, Менің мына күйдіріп жатқан кезде іргемді от.

Сосын жауып ұстағам, күйік шалған іргемді, Ертеңіме қалсын деп өткенімнен бір белгі. Жас баланың тағдыры – тас қалада жоғалған, Тас қаланың тағдыры – тасырқатсын кімдерді?

Менің асыл арманым осы жерде тоналған, Содан кейін күткен жоқ бақыт дейтін жол алдан. Ауылынан келгенде адамдығы жоғалған, Бәрі түлкі әйтеуір, бәрі қасқыр боп алған.

Енді кімнен жасырам дәл қазіргі хал-жайды?Әрбір сәттің жарасы сезімі мол жанға әйгі, Ардың артқан жүгі бар, батады ылғи арқама, Таудың тарпаң ұлы ем деп, тасқа соғып маңдайды.

Несін айта берейін ойларымды сатылап, Бар қабырғам сөгілді, сынып кетті қақырап. Ақылдыға сор қонған – сордың өзі ақылды, Ақымаққа бақ болған – бақтың өзі ақымақ! Бақытсыз боп барамын, бәрін сырттай бақылап.

Page 13: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

2524

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Еркелігін жиып ап, ен даланың,Дауыл қып көтеретін жел қабағын.Шулы Алматы көшесін, сезесің бе?Үнсіз басып жүретін мен ғанамын.

Тағы осылай өткердім бір аптаны,Қалжырадым, шаршадым бірақ тағы.Қауымымды сағындым ашық-жарқын,Ауылымды аңсадым қыраттағы.

Сағыныш деп ұғарсың жай ғана бұл,Жасампаздық жанымды жайлаған у.Сүтін сұрай келетін баласына,Құртын қосып ұстатқан қайран ауыл.

Балтырына батырып балдақ ұшын,Ақсақалы артатын арға күшін.Емірене иіскейтін маңдайымнан,«Оң болсын!» – деп әрдайым алдағы ісің.

Әже ғана әрнеге күйіп-пісер,Ері еңселі, баса алмас иықты шер.Қамшысының ұшы да қайратты еді,Сілтесе сіңіріңді қиып түсер.

Ойласам тіршілігі ойға да ауыр,Алайда жанға қуат бойға дәру.Аңғал-саңғал боп әлі жатыр ма екен,Қойдың исін сіңдірген қойдағы ауыл.

Бара қалсам күтетін кіші демей,Ауыл маңы кіріп жүр түсіме кей.Аттанып Алматыға кетер күні,Ат мертігіп жылаған кісінемей.

Жан айғай, даусым жетпей тұл далаға,Жанардан жылжып аққан жылға ғана.Жылқының жалындағы жалынымды,Жаныма тығып жүрмін бұл қалада!

Page 14: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

2726

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Алматы құшақ ашпаған жырмен,Тартысқа салды тас қалаң бірден.Туған жер, сені, сағынып жүрмін,Тұлымды кесіп тастаған күннен.

Алматы деді – «байқа бала тым»,Өмір өзен ғой жайқап ағатын...Қайран ауыл-ай сабырын тіпті,Сабаға салып шайқап алатын.

Баламыз шала ісімен күнде,Әжеден күтер ішінен «жүлде».Күлшені қарпып жей салушы едік,Жарылған қолдың күсімен бірге.

Доп тебер орын – алаңы мектеп,Жамайтын әжем жағаны көктеп.Шөлдесек жатып қанып ішуші ек,Ағынды судың арамы жоқ – деп.

Ойын тауысқан таудай тағатын,Қарынды нанмен алдай салатынКүндерім қайда жабағы мініп,Тақымнан тақым қалмай шабатын?

Бәрі де қалған, ауыл да, жыл да,Сарғайсам дағы, сабыр барында.Сапарлап барсаң, құрт ала келші,Ауылын, жұртын сағынған ұлға.

Page 15: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

2928

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Қыш қала

Толқып жатқан нар өркешті нар құмдар,Жол көрсетші артым – соқпақ, алдым – жар.(Мені көріп неге үнсіз қалдыңдар?!)Қыш қалаға көктем қанша келгенмен,Құм мінезін өзгерте алмас жаңбыр бар.Мені өткенге дедектетіп жетелер,Құмға сіңген тағдырлар.

Құмға сіңген еңбек пен тер, көз жасын,Құм мінезі құйын боп кеп, қозғасын.Шөлстан деп бастады екен неге олай,Асан қарт та сөз басын?

Иманменен бергізетін арға мән,Қыш қалам-ау, құдіретіңе таң қаламСенде қанша жүріп өткен із жатыр,Құм жасыра алмаған?

Жасыра алмай түйе тауға шөккен күн,Қыш қаладан күмбездерді көп көрдім.Пешенеге жазылғаны шығар, ә,Кесенеге айналғаны өткеннің?

Мейлі, осынша қысқа болсын фәни тым,Әлі қанша дүние бар танитын.Қайран менің қазағымнан айналдым,Қыштан құйған тарихын.

Болашақ бар, бүгін менен бұрын бар,Құйын жүрсе, кімнің ізін кім ұрлар?!Мен сендерге өткенім – деп, бас ием,Қышқа айналған қысқа ғана ғұмырлар.

Page 16: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

3130

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Өмір – Көкпар

Жігіт болған соң жылқы баптадық, Содан да шығар мылтық атпадық. Көкпар деп несін желіктік екен,Жайлаулы ауылдың жұртын ақтарып .Жылымық кезде жылаған ардың,Жұлынын үздік жұлқылып барып .

Уақыттың мынау күшін ескеріп ,Тұлпармыз дедік, – кісінеспедік!Тақымға салса табанды болған,Біреудің кейде ісін – «еш!» – дедік.

Қымызға қызып, желденгенде біз ,Көрінсе дедік төрден кеудеміз!Тағдыр талқысы тартқылар бір күн,Серке болған соң, сергелдеңдеміз .

Адамнан арман жырақтар қанша,Жалған өмірден шын аттанғанша,Көкпар-тағдырды тартып өтерміз,Асау-уақыттан құлап қалғанша.

Page 17: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

3332

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Намысымды көрмеп ем жарға жығып,Жанарымда сырғиды жалған үміт.Бардың өзі – жоққа тең сәттер қанша,Жанның өзі қойған ғой жалға алынып.

Тағдырымды қайтемін тасқа басып?Онсызда көкте күнім, аспан ашық.Адымымды тарылтқан жас баласып,Танымымды кеңіткен тас қалашық.

Шыдамым шыңдалғанда сүрлеп, қайрап,Күдерімді үзбеп ем күрмеп байлап,Бұл дүние дегенім – қу дүние,Дүдамал ғып жіберді дүрмекке айдап.

Өткенімнің тұрғанда жетіп әні,Ертеңге үйренген жоқ етім әлі.Қай кезде де сезімді қорғамаппын,Қорғаусыз ардың өзі не тұрады.

Өтірік қой көңілді қош дегенім,Өшкен жоқ көңілімнен көшкен елім.Бостандық деп жүргенім бос дүние,Бодандықта оқылды босқа өлеңім.

Жуасып қайтем оған, жоқ, асаумын,Ауыздық салмай кеңге жол ашар кім?!Бұл күнде бәрі мықты, бәрі ақылды,Мен әйтеуір ақымақ бола салдым.

Арқаласам кешерсің көп күнәні,Бес күн жалған беделі бетке ұрады.Әр жаққа талас-тартыс басталғанда,Тау жаққа тартып кеткім кеп тұрады.

Page 18: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

3534

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Күз маған несін сыйладыКүз маған несін қимады?Тек менің жаным мұң болыпӘйнек арманым қирады.Күз неге сені қимады?

Күз неге маған мұң берді,Жанымды жыртып үлгерді.Жүрек сырымды айтарда,Қызыл тіл неге күрмелді?

Күз неге сені жек көрдім,Жек көрем неге деп келдім.Жұбанышымнан айырып,Қуанышымды көп көрдің.Күз болып кетті өткен күн.Күз неге сені жек көрдім?

Күз қайда менің, асылым,

Ағам да кетті жасырын.Ес білген күзде бала едім,Жоғалтып алған асығын.Атам да кеткен сол күздің,Ортасы қайғы, басы мұң.

Айрылған сайын ашындым,Жоғалтқан сайын жасыдымБасында бір-бір сағыныш,Әркімнің құлпытасының.

Page 19: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

3736

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Құлагер көкте(Ілияс Жансүгіровке арнау)

Ақын бақ қуса жете де алмайды,Өзгелер сенсін, сенбесін.Ажал балдағы көтере алмайды,Ақсақ өмірдің кеудесін.

Ақын кесілсе кеше кіндіктен,Бүгін мұң дейтін жел ескен.Қайыңның шіріп кетерін күткен,Қайырымсыз тағдыр емес пе ең.

Деместен – «туған мекеніңді ұмыт»,Құлагер кетті, жаны мұң.Мылтықпен көміп кетерін біліп,Қаламмен қазған қабірін.

Қайтеді енді сезім, күдікпен,Шаршатқан қоғам мына жат.Аспан әйнекті көзілдіріктен,Ақын қарап тұр сығалап.

Жер бесік бәрін қасыңа ал деген,Жер ана мұңлы, шерлі ана.Шындықты бұлт жасырғанмененЖасыра алмайды-ау кең дала. Білесің тірлік арпалыс кілең.Кім биік болса, сол ұлы.Сөкпегін бізді аспан үстінен.Ей, ақындардың шоғыры.

Ашынған жаным мен үнсіз дедім.Кінәм көп үңіл мұңыма әр.Сөзі бар құры сезімсіздердіңЖүрегін кел де, жұлып ал.

Дүбір бұл қазақ бүгін елдегі,Бабам деп шықсын сөз басы.Аспан ақынның күңіренгені,Шын таланттардың көз жасы.

Жылатпа халқым сенімді іздеген,Намыстың отын жағып жүр.Жетісу сенің желіңді үзбеген,Құлагер көкте шауып жүр.

Page 20: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

3938

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Досым

Досым, сендей түсінеді кім мені?Жалғыздықтың жабықтырды-ау түндері.Езілмеп ем, Сезім! – деп ем, сол сезім,Бақыт па еді, мұң ба еді?

Бәлкім мені мұңлық дерсің, мұң дерсің,Айтшы, қалай жүрек тілі күрмелсін?Барлық адам жылылыққа зәру ғой,Өзінде жоқ жылулықты кім берсін?!

Жуып өтті жүзімді де бұлақ-мұң,Кімді сүйдім, кімді сүймей жылаттым?Өмір жайлы сұрақ қойма, сен маған,Мен де сондай жауабы жоқ сұрақпын.

Тұнық сезім күтіп едім, жол қарап,Жүрегімде мұңым қалды сорғалап.Махаббатқа бас иіп ем, түсінші,Сол күнімді... сор ғып кеткен сол ғана-ақ.

Досым, менде қас дегенің әлден көп,Сен соларға қарсы тұршы, дәл мен боп.Шарап-сезім буынымды босатқан,Тік тұруға дәрмен жоқ.

Page 21: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

4140

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Мен туған күн

Жүр едім жанды жырып, талатып,Болды енді маған жуықта бақыт.Аттандап жатқан ақпанды күні,Суыт келгенмін суыққа батып.

Аяз шымшылап, бетің көрінсе,Берекең кетер бекінгеніңше.Өлең боп өмір сүремін деппін,Өлермен болып өкінгенімше.

Біреуге бақыт сірә, кеш қонар,Алладан сауға сұра десті олар.Перзентханаға пенделер үшін,Періште келу – күнә емес болар.

Өз уын өзі, ерлеп ішкендеЖақсысын жасқап жерлегіш пенде.Жеті айлық болып жөргекте жатқам,Жеті қат өлең жерге түскенде.

Анамның сусап ерні кепкені,Тірлікке тұрған белгі боп демі.Сүйінші сұрап үлгермеді ешкім, Суықта суыт келді деп мені.

Екі өмір тұрған етік ішінде,Адам боп кеткем, бекіп ісім де.Ақпанда туғам ақ қар боп жауып,Көктемге еріп кету үшін де.

Page 22: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

4342

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Ақындық

Жыламағаным, жылытпағаның,Жылына алмай, құрыпты амалым.Еркелей алмас өмірім үшін,Ернімді тістеп, тұрып қаламын.

Тірлігі ауыр мына қаланыңСүрінгенменен, құламағамын.Өртеп болсаң да, өлмеймін ғой деп,Еркек болсам да жылап аламын.

Түсіне де алмай, түсіндірмей деЖетпесін білем күшімнің кейде.Ашулы күнде ашынып барам,Еріккеннен жұрт ішіп жүр дей ме?

Ішіп жүр дей ме. қағынып, қаныпАқталам несін жалынып барып?Алдарқатпаған сезім де мынауАқынның неге жанын ұқпадық?

Солай болады, солай да болған,Жүректі сезім тонайды-ау алдан,«Ақындық» деген азаптану ғой,Өмірді жазу оңай ма, қарғам?!

Page 23: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

4544

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Шашылған сүйек(Баллада)

Бала шақОйын баласы,алдына қойылған асы,Соғылып әлі көрмеген сойылға басы.Шашылып жатқан сүйек бар, сонымен бір күн,«Ойнайықшы» деп жүгірген ойын қарашы.Сол сәтте бәлкім,бала емен әлден алар мұң,Түнмен түтігіп оянып, таңмен ағардым.Белгісіз жатқан сүйектер елестейді әлі,Айырмасы жоқ секілді мал мен адамның.Ауылдың ол бір шеті еді, жырақтау еді,Жырақтау жерде біз шығар қырат бар еді.Есерсоқ, ес жоқ балалар доп тебеміз деп,Сол жаққа алып баратын бірақ та мені.Ол шақта бала емес ек арманы сынық,Қиялдың құсын жүргенбіз жардан ұшырып.Сары топырақ керек деп қырат қазылды,Бірақ қазылды даланың дал-далы шығып.Талай жан сонда сол жерді иектеп еді,

Тастады деп ем шығарып жиекке нені?!Ашылып жатқан мен көрген топырақ емес,Шашылып жатқан адамның сүйектері еді...

***Бұла шақКел, кел балам отырғын құлақ салғын,Алжыған сөзі деме бұл ақ шалдың.Алдыңда алмағайып кез келеді,Тірліктің тұғырында тұрақтар кім?!Біздің дәурен о шақта тым бөлек-ті,Ат жалында ұйқы алған күндер өтті.Ала жіп аттамаған қайран заман,Ала жіппен өртеніп бірге кетті.Біз ақылын үлкеннің жұғындадық,Өткенді әкелсек деп бүгінге алып.Жеңгеге жігіт болып қырындадық,Қалыңдыққа жүргенде ұрын барып. – Әй, шал-ау, көсеу қайда қараң қалғыр,Етейін деп жүрсің бе балаңды алғыр?!Оданда мама ағашқа байла ананы,Итті теуіп, қазанға арандап жүр. – Қазір кемпір, жылқыны жау алмайды,

Page 24: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

4746

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Жылқы, жылқы болған соң арандайды....Жау алмай кім алады деп отырсың?Бұл қақпас қадалмаса қан алмайды.Әй, қойшы, не деп жатыр едім балам,...Жүректің түкпірінде менің жарам.Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,Сақтап қалар ма екенсің еліңді аман?!(Тегін келмес өмірге тегінде адам)Атыңа қон, жауға шап, қарайлама,Қарайлама мынау ақ самайға да.Біздің тарих жазылмас шежіре ғой,Ауызша айтып кеткен талай дана.Жеткіз соның ертеңге дұрыстығын,Жүгенінде жүрмесін жымысқының.Қылышпен алып және қылыш құнын,Қайтар мына халықтың тыныштығын.Жөнел болды,бұл жерде мен қаламын,Шәлісіне оралма шерлі ананың.Қасқырша айбат шегіп көрсет жауға,Иесі «мен қазақ» деп кең даланың.Ұлы кетті бата алып, ерте жүріп,Ертеңім деп кеудесін шертеді үміт.

Ана қалды аңырап алаңдаулы,Көңілінің көмбесі төңкеріліп.Дауыс шықты әлде зар, әлде мұңды,Киіп шықты үстіне шал кебінді.Дәретін ап жатқанда алыс жақтан,Шырамытып қап - қара шаң көрінді.Ау, ата-а-а-а-ажау келеді, жау келеді,Ескертіп бала келді әлденені. – Қашпаңдар, қадірлі өлім қазақтікі –Осы еді, ақсақалдың бар дегені. Өрт орады өмірге құштар елді,Қылыш қиды намысы қысқан ерді.Ақсақал оққа ұшқанда киіз үйдіңКерегесін құлатпай ұстап өлді.

***БолашақСүйек жайлы сұрамады ешкім де,Мән бермеді ессізің де, естің де.Арыз айтып бара жатты ана жақ,Мынау жалған бес күнге.Жандар жанын тірлік үшін жалдамақ,

Page 25: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

48

Нұртас Тұрғанбекұлы

Мазар тұрды мына жұртқа паң қарап.Ақсүйек деп ойнап жүріп көп адам,Сүйегіне дақ түсірді таңбалап.Бүгін тарих, күні кеше тірі еді,Ертеңім деп ерте айтылған тілегі.Шіріп біткен сүйек емес, талайдыңҮгітіліп кеткен болар жігері.Күйіп кетсе, жанамын деп жалындап,Өткеніңді бүгін кімдер сағынбақ?!Бала шағым, жоқтау айтқан қаралы ел,Болашағын көмбеп еді арулап.Беу тарихым о, не деген білгірсің,Кешегідей бүгін кімдер бір жүрсін?!Сүйек түгіл сүйенішін бұл кезеңТеуіп өтіп бара жатты, кім білсін?..

II-БӨЛІММЕн СЕнІ кІнәЛАМАйМЫн

Page 26: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

5150

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Білмеймін...

Сағындым мен білмеймін кімді, нені?!Түн жабырқап бетіме күн күледі.Күдікпенен үміттің ортасында,Жақсылық пен жамандық бір жүреді.

Аңсадым, өткенді ме, бүгінді ме,Кеудемдегі шыр еткен, жырым міне.Үңіліп жүрегіме қарар болсаң,Тілінді де, болмаса бүлінді де.

Іздедім, бағымды ма, сорымды ма?!Жұмсақ жаным жарға кеп соғылды ма?!Иір-қиыр ешқандай бұрылыс жоқ,Қайда апара жатыр-ей, жолым мына?

Белгісіз сұрағы да, жауабы да,Тағдыр ғой жас тұндырған жанарыма.Өткінші жаңбыр сынды өмірім-ай,Басыла салады ғой жауады да.

Күту...

Ұйықтата алмай отырып бала түнді әлі,Әлдилеп айтқан жырымды дала тыңдады.Сарқылып сезім бойымнан ауған секілді,Таусылып менің барады тағатым дағы.

Күттім біреуді, кеш батып,таң атқанда да,Күтуге енді құдай-ау, тағат қалмады, ә?!Жардың басында жарбиып, жалғыз қалдым деп,Тілді тигізіп алдым-ау, жаратқанға да.

Сезім не, білмен, өзім де түсіне алмадым,Күшігі болып қалдым ба, күші бар жанның.Уынан татып жүруші ем уақыт шіркіннің,Бүгін мен бәрін түгесіп ішіп алғанмын.

Ояумын әлі, түн болса көз ілген мана,Бір жауап күтіп отырмын өзіңнен ғана.Таусылып бәрі, бітсе де, таусылмайтұғын,Жалғанда жалғыз жауапсыз сезімдер ғана.

Page 27: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

5352

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Мен сені кінәләмаймын...

Білесің бе?!Тынысты тарылтқанда күн,Жолымнан жаңылтқан бағым.Қалайша іздемеді деп,Жанымды ауырыртқанда мұң.Мен сені кінәләмаймын!

Менде күш қалмады да деп, Ұмтылдым арманыма көп,Қан жұтып қамыққанымда,Қоңырау шалмады да депМен сені кінәләмаймын!

Бар шуақ төгілгенменен,Мен сенсіз көңілденбегем.Мына төрт қабырға қамап,Қабырғам сөгілгенмененМен сені кінәләмаймын!

Сезімді біліп, танып ек.Сен соны ұмытпа жүрек.Қамығып құлап жатқандаҚұшақтап жылытпады депМен сені кінәләмаймын!

Жығылдым, жырылды жаным,Тек қалай ұғындырамын.Мен өзім суынып жатып,Өзіңді жылындырамын.Тағдырдың сынағы шығарсың,Мен сені кінәләмаймын,Бәлкім, кінәлі шығарсың!

Page 28: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

5554

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Білесің бе?!Бүтін едім, жырға беріп жарты жан,Өкіне алмай қалып қойғам артынан.Тұлпар болып, тастақ жолда тасырқап,Амалсыздан қара жерді тарпығам!

«Арғымақтық танытам» деп ісімде,Ауыздық-жыр қарш шайналған тісімде.Аш қалсам да, ашынбадым кісінеп,Қашек аңдып кеткендердің ішінде.

Тосқауылдан аттап өтіп не түрлі,Үйренгенмін бекіну мен бекуді.Асаулаумын, асулардан асардаБатыраштар аңдып тұрған секілді.

Шапсам, шаңым қалар еді артымда,Ажал – пышақ тақалмаса алқымға.Мен қалайша шіренеді – деп жүрсің,Шідерлеулі қалпымда.

Жарқын уақыт жал сыйпайды жасқана,Қасақана қас қылмағам қасқа да.Ер-тұрманым – өрлігімнің айғағыБере көрме басқағаЖарай ма?!

Page 29: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

5756

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Мен жұлдызға жыр арнағам жоқ, күнім,Көлдей етіп қайтем оның көптігін.Жыр жазбаған жаным үшін өкпелеп,Көңілсіздеу өтті күн.

Жанарыма сыйдыра алмай күн-айды,Көкжиекке көңіл кейде құлайды.Аспан ауыр күрсінеді, жұлдыз-қыз,Жеңілтектік жасап қойған сыңайлы.

Жұлдыз бірақ жылаған жоқ, сөнген жоқ,Құлаған жоқ, мұң шағуға келген жоқ.Ғашықтардай айлы түнде мен, қалқам,Жұлдыз санап көргем жоқ.

Мен ұйқысыз жетем кейде, ақ таңға,Сезім күтем бәрі оянған шақтарда.Көңілсіздеу қарай берем аспанға,Жанарымнан жұлдыз ағып жатқанда.

***

Алдадым ба, алдандым ба, алдадың,Мен сүюді ұмытамын, бар жаным.Екеу ара кете бергін, онсыз да,Жалғыздыққа толып кетті жан-жағым.

Көрме мені, іздемегін. Іздемен,Маған тарлау мына жалған, сізге – кең.Шайыр дейтін шашыраңқы тағдырым,Шайтан да кеп дос болады бізбенен.

Тілегімде шынайы үміт, отты арман,Ал адамнан, омырауымда оқ қалған.Кеше ғана бәз біреуді жылыттың,Енді мені құшам деме, жоқ, қарғам!

Керек емес, сен де, ол да, олар даДайын тұрған шаттығымды тонауға.Сүйем деудің керегі жоқ, жек көріп,Аяудың да керегі жоқ соғарда.

Page 30: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

5958

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Тарс бекірмін бір шешімге тоқталсам,Жылулықты күтпегейсің көп тоңсаң.Қаша берме қалауыңда болмасам,Жасырынба, жанарыңда жоқ болсам.

Бір олқылық пайда болса ісімде, Сен жай ғана көңіліңді түсірме.Адамдардың бәрін жақсы көремін,Мен ешкімді сүймейтінім үшін де.

***

Өтінем ескі мұңды қозғамағын,Үндемеуден қалмады өзге амалым.Жүрегіме үңілсең жылайсың-ау,Ағып түсіп кеткенше көз-жанарың.

Сен жылама, жылатпа, қуандырғын,Тұсауында қалмайын күмән, мұңның.Шырғалаңнан шығарам деме мені,Шырт етсем де, сынбаймын, шыдамды ұлмын.

Тірлігінен түңіліп, түн, даланың,Мұңаймағын,онсыз да мұң – қамалым.Күлкім қалды аз ғана бұл күндеріКөп көрмегін, оны да ұрламағын.

Page 31: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

6160

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Деме мені, дәрменсіз болсам бір күн,Толыссам ақын едім, толсам – жырмын.Ентелеп есіп жатқан жел-уақытта,Аңдамай арамдыққа қол салдырдым.

Белді басып өтпеші бекіп алмай,Ет жүрегім езілді, оты жанбай.Үн-түнсіз бүк түсем де жатып алам,Жылай да алмай, өмірге өкіне алмай.

***

Жылулық па, жүрегіме керегі?!Сағыныш па, мұңаюдың себебі.Тірсегімнен тіліндірген бұл тағдыр,Жүрсем мүлдем сүріндіре береді.

Тұр дей ме екен, жүр дей ме екен, шыда да...«Бір кем дүние» деген осы шығар, ә?!Жаңылысып кеттің бе? – деп сен менен,Қанып ішіп алған күні сыраға, Сұрама!

Өзіме де белгісіздеу күн мынау,Жалған сезім, жанға салған қылбұрау,Бақыттырақ жалған сүйген бәз біреу,Менің осы шын сүйгенім мұңдылау! Түсін мені, сезімімді шын ұқ та,Жүрегіңмен суыма да, суытпа!Мен шын сүйген ересектеу тағдырым,Жасанды етіп жүрегіңді жылытпа,Ұмытпа!

Page 32: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

6362

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Мен ұнатқан жанарыңның ар-нұры,Түннен өзге пәк ләззаттың барлығы.Әттең, әттең менің сүйген жүрегім,Әлдекімнің болмаса екен тағдыры!

***

Жанарымның құрғамай жасы, білем,Шаршап қалған шығармын әсілі мен.Көктемнің көктемесі шақырғанда,Күдігін күзгі күннің жасырып ем.

Мұңды сенің жанарың мөлдір еді,Ерігенде жүректен сең жүреді.Сенің әр кез жымиған сәтің болдым,Жоғалтып алмағайсың енді мені.

Таласпаймын, баққа да, таққа дағы,Өмір өзі көрсетер, ақ-қараны.Абайсызда жанымды шырылдатсаң,Шыдамым шытынауға шақ қалады.

Сенің көзің – қуаныш, ол да қайғы,Телміріп терезеңнен жол қарайды.Кептер де жақындауға жүрексінді,Көгершін де хатымды жолдамайды.

Page 33: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

6564

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Өртеліп кетсе дағы хаттың бәрі,Сезімімді төге алмас ақ тұнбалы.Бір-ақ қана күлкіңде жатыр екен,Өзіңменен өткізген сәттің мәні,Қоштасқым келмейді менің.

***

Сен мұңайған өмір ғой мен күлмеген,Мұз жүректі жібітші ерніңменен.Көз ілулі болса да, жүрек ояу,Сезімімді кімге айтам сен білмеген.

Сен де ештеңе айтпайсың сезіп тұрып,Күллі ойларға күн сайын кезіктіріп.Жүрек – жүрек болудан қап барады,Алғанымды білмеймін не жұқтырып.

Басым бүтін болса да, жаным аман,Күзден бетер сарғайып сағына алам.Сенімсіздік туғызған сенсіз қала,Енсіз дала секілді қаңыраған.

Өмір жалған десек те, өлең бекер,Өлең – өмір болып-ақ елеңдетер.Сүйемін деп мен саған қанша айтсам да,Сүйесің ғой сен мені менен бетер.

Page 34: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

6766

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Қырсықтықтың ендеше жоқ керегі,Көңіліңнің көктесін көк терегі.Ең соңғы рет жылашы жаным бүгін,Мен соңғы рет мұңайған көктем еді.

Мұң. Мен. Түн.

Мұң...Тәтті ме, білмеймін, ащы ма?Қалады жанымда жас тұна.Жүректі сезім де езгілеп,Салады табанның астына.

Мен...Сол мұңды қабылдап аламын,Жас болар – шық тұрған жанарым.Масқа да, серік боп, жасқа даТасқа да мұңымды шағамын.

Түн...Ойлар мен ойнақтың мекені,Басымда онсыз да жетеді.Жалғыздық жатады жаңғырып,Сездіріп сорымды екі елі.

Page 35: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

6968

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Ал...Бәрін де түсінсең, қабыл ал,Жанымды мұң тұнған танып ал.Біреуді сүйеді тек үнсізБіреуді тек үнсіз сағынар.

Бұл...Көмейден шықпайды біркелкі үн,Жыр түнек – өмірім, жыр – көркім.Ақындық – өзіндік әлемім:Мұң мен түн.

***

Жүрегімнен де, бұл өмірден де жалығып,Аймаламайсын, қайда қарайсың жабығып?Жалғыздығыма дауа табылар деймін мен,Алдаусыратты тағы үміт.

«Еркекпін» деймін, «тер төктім» деймін, тасынып,Балтырым сыздап, бейбақтығыма ашынып.Құлап аламын, жылап аламын кей күні,Өзімнен өзім жасырып.

Бұлқынып, буып сыздаған жүрек - "бейшарам",Ермек етесің жанымды неге ей, санам,Түннен түңіліп, күнмен күрсініп тұрам да,Бақыттымын мен! – дей салам.

Жүрегім – жұмбақ, ақылым – ақын, жаным – ән,

Page 36: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

7170

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Тыңдағын, шешкін, түсінгін оны жалынам.Жылытқан күні суып кетермін сенен менҰмытқан күні сағынам.

Тірлікке мынау тірі тұрғанда ет өлер,Жыламашы сен, мұңыңды жер ме, көтерер?!Мендік жүрекке жасыңды сүртіп алғын да,Лақтырып тастап кете бер!

***

Сен түсім түгіл, өңімді ұрладың.Мен іздеп жүрдім сорымның бағын,Өзімді өзім ұмытқан күніСезімнің қайтем соңын жырладым.

Шашылса бұлт аспанда мидай,Аспандай алмай асқарларымдай.Мың күндік ойдың шылымын шегіп,Тұқылын тұрам тастауға қимай.

Сүліктей мейлі, сора ғой қайғы,Онсыз да адам шолақ ойлайды.Шашылып жатқан талқан мұңдарым,Тауыққа тары бола қоймайды.

Солай ғой, жаным, хәліме қара,Жүрегім жыртық, әлі де жаңа.Сенделіп кетсем сезімге бола,Жаяу Мұсаның әніне бала.

Бес күндік жалған жатағындағы,Көңілің сенің қапа қылмады.Сен – соңғы тамшы сезім боларсың,Өмірдің құйған бокалындағы.

Page 37: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

7372

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Тағы үңілді бір ару міне, міне,Менің мұңды күйімді біледі ме?!Әйнегінен сығалап жанарымның,Қарап тұрған секілді жүрегіме.

Қымсынбайды, тіпті де дір етпейді,Бұл жанардан дейтіндей кім өтпейді.Оған әсер етпей ме кеудемдегі,Төрт бөлініп жатса да жүрек мейлі?

Қарамашы, болды енді, шыдамаспын,Салқындықтан келеді тұра қашқым.Сен жылулық сыйласаң ұшып тұрып,Құшып тұрып итерсең құламаспын.

Одан өзге жүрегім күтті нені?!Сүйем десең кеудеме құт кіреді.Арамыздың біразға алшақтығы,Жақындатып тастады тіпті мені.

Ұшпасыншы тек бізден тырна бақыт,Түн қаратып аспанмен мұңға батып.Сен де кетіп қалмашы сағынышты,Көзімнің әйнегінен сырғанатып.

***

Сен кінәлайсың ғой,Кінәлайсың ғой, неге деп сұрамайсың ғой. Тістесіп тұрған тағдырда тісің сынса да,Мен шыдаған өмірге шыдамайсың ғой!

Сен «жүрек» дейсің ғой,Жүрек дейсің ғой, сезімді түлетпейсің ғой. Жылымшы жас жаныңнан ытқып шықса да,Мен селк еткен дүниеге, дір етпейсің ғой.

Сен түсінбейсің ғой,Түсінбейсің ғой, алдымда кішірмейсің ғой. Сен – маған құйылған ащы шарапсың,Бірақ та, ішілмейсің ғой.

Page 38: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

7574

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Күрсіндің бе?

Білемін, қуана алмай жүрсің мүлдеМөлдіреп қарап тұрып бір-ақ сәтте Тырс етіп тамайын деп тұрсың кімге?

Жыладың ба?Менен бетер ғашықсың, сірә мұңға.Түндегі жалғыздықтың жан айқайыЖаңғырып әлі тұр ма құлағыңда?

Мұңдысың ба?Өмірдің сезім дейтін тұрғысындаМен аңсаған жылылық, әттең, қалқамПыр етіп ұшып кеткен жыл құсында.

Ойландың ба?Қарауыл етіп мені қойған мұңғаАйрандай ұйып тұрған жүрегім бар,Ойран қылма!

Жаздым бәрін,Алайда, періште емес азғын-жанымКүнәнің жасап алған күнәсі үшінСен мені жазғырмағын.

Лайықты бақ,Жанардан жоғалады тайып, құлапСенері әр адамның біреу болса,Жалғыздық лайықтырақ!

Сен де, мен де,Жүректі бекінгенбіз емдемеуге.Ең ауыр мұң арқалап қоштасармыз,Кем дегенде.

Page 39: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

7776

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***Бұл түннің түтеп кетті түгі қалмай,Менде де сыр қалмады ұғынардай.Суықтан жаурап бара жатты жаным,Жылыта алмай, өзім де жылына алмай.

Көңілімнің көңілсіз күйі бүгін,«Жантайшы» деп тоспады түн иығын.Жасымды жанарыма тығып қалар,Осынша жаным неге бұйығымын?

Өкпелеме ағаттық кетсе, менен,Өзегімді өртетіп етсем өлең. Қалатындай боп тұрмын сені қимай,Алатындай аурумын тек сенен ем.

Бұл тағдырға бас бермей бекіп едім,Сезіміме еріксіз сетінедім.Жел итерген кеудемнен, сен итерме,Мен сенен соны ғана өтінемін.

***

Кешір, күнім, тауыса ішіп кесе мұңды,Ойлап ылғи отырам кешегімді.Не сырымды шығармай, не шерімді,Ішіме ұстап келемін есебімді.

Кеш, сұлуым, кешпесең кектене кет,Мен сені бақты ете алман көкке бөлеп.Ақымақ болғаннан соң ақын болдым,Қаласаң, өкпелеп өт!..

Page 40: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

7978

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Хабарсыз күндерімнен хатымды алар,Сен кезіккен шығарсың ақынға дәл!Шешуге келмейтұғын түйін болсаЕсімде жылап тұрған сәтің қалар.

Алдымда жылағаның – сенгенің бе?!Менде ештеңе қалмапты емге мүлде.Дәл сол сәтте көмейге келген жасты,Жүрегіме жұттым ғой, көрмедің бе?!

Көрдің,сездің,сезіндің түнді, мені,Сен сезген соң жан дүнием дүрлігеді.Екі бөлек тағдырдың біз де жаным,Еншісінде шығармыз, кім біледі?

Қадірі білінбейді жоқты – бардың, Әлі талай, саныңды соқтырар мұң.Мен жоқ кезде, көңілсіз, терезеңнен,Телміріп қарайтындай боп тұрармын.

Қош ендеше, қош деген – сөз бе мұным?!Қоштасуға қимайды өз көңілім.Мен үнсіз кеткен күні өкпелеме,Өзімдікі деп жүрген өзгелігім!

Page 41: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

8180

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Айым, сен де бір күні ұмытарсың шақты бұл,Бәлкім бізге арналмас бақыт дейтін нақ тұғыр.Бәлкім басқа жүректе шуақ шашар таңғы арай,Бәлкім басқа құшақта батып кетер тәтті іңір.

Бәлкім солай жылжиды жылдар, айлар, күндерің,Ұйықтай алмай отырар құшағымда түн менің.Жүрегімнің түбінде қалған іздер – дәлелдер,Тағдырымның табандап жүріп өткен сүрлеуін.

Оған бірақ қамықпа, қапаланба, кектенбе,Бүгін тұрып амал не өкінгенмен өткенге.Саған деген сезімім тұрары анық, жарығым,Оқып бәрі жазуы оңып кеткен беттерде.

Сонда ғана білерсің кімнің ғашық болғанын,Бағың сор боп кеткенін, болғандығын сор-бағың.Өмір деген осы ғой, ажал қойып нүктесін,Өкінішпен бастаған ең соңғы жақ жолдарын.

Бүгін бәрі басқаша сезінгенің – сезбеуің,Оған бірақ кектенбе, кінәсі жоқ өзгенің.Қоштасуға тіреген уақыт та емес, мен де емес,Тек кінәлі «кетпе» деп айтылмаған сөздерің.

Айтылмаған сезімің, жүрегіңде қатқан мұң,Бәрі бәрі кінәлі, жоқ болуға шақ қалдым.Жүрегіңде езіліп тұрсам дағы қош бол деп,Көздеріңде мөлдіреп ағып бара жатқанмын.

Соның бәрін сез бүгін, күте бермей ертеңнен,Сезім деген онсыз да, талай жерде дерт емген.Сәттің бәрін бағалап құшағыма енгін де,Хаттың бәрін қайта жаз, жүрегімде өртелген.

Page 42: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

8382

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Сезінесің бе, секемшіл жанымды менің,Көмейге өксік кептелді, тарылды демім.Маған да сенсіз тым қиын, саған да менсіз,Бәрін білемін.

Бәрін білемін, сағыныш тыншытпайтынын,Түсінем енді қаздың да сыңсып қайтуын.Ұғасың ба сен, жұтылса жас болып көзден,Мұң шықпайтынын.

Мен нені айтып жатамын? Үнсіз қаламын,Түйілсе мейлі бәрібір зілсіз қабағың.Қоштасып тұрып сездің бе жүректің мынау,шын сыздағанын.

«Қош болшы» деп ем ауырлау бұл үкімдерім,Ой суығында өтеді жылы түндерім.Күздегі соңғы үзілген жапырақ сынды,Үмітім менің.

Сен нені білдің, ақымақ ақын жанын ба,Ақын жанына алаңсыз жақындадың ба?!Күліп тұрғанда сағынып, жылап жатқанда,Шақырмадың ба!

Әттең-ай, әттең жұмсақ қой жүрек дегенің,Жүрекке мені жақсы еді түнетпегенің.Шытынап кеткен шыдамға демеу болмадың, Шын өкпеледім.

Бағынып кетсем бәріне, бала демегін,Жұбаныш болмас өзімдей саған өлеңім.Сүйген жаныңмен жарасқын, мұңымды құшып қала беремін.

Қала беремін, сүймесең алаңдамашы,Ғашықтың тұнған қашанда жанарға жасы.Терезе жақтан көз салам сезіне білсең,Маған қарашы.

Page 43: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

84

Нұртас Тұрғанбекұлы

Маған қарашы, көз жасың тізбектелер шын,Аз шыдай алсаң, менсіз де күзді өткерерсің.Махаббат деген бар болса, сағынып мені,Іздеп келерсің.Күтем...

Page 44: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

8786

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Сүйгендігім үшін де кінәлімін.Сен ұнатсаң алдымен мынаны ұғын:Сүрлеуінен тағдырдың өткен адам,Сүріне қоймас қайта, сірә, күнім.

Сүрінбеспін, сүрінсем білінбеспін,Себебі мен мұңлықтың күнін кештім.Менен өзге көтеріп сені осылай,Менен өзге түсінбес мұныңды ешкім.

Түсінсе, бара қойғын ұстамадым,Ары кетсе сезімнен тыс қаламын.Білегімде бір ердің қуаты бар,Жүрегімде өмірге құштар әнім.

Қорықпаймын жоғалту, табудан да,Сапар шегіп кетермін сағынғанға.Қырсыққанда сүртер деп ойламағын,Жанарың ащы мұңға малынғанда.

Күтпе мені, қайтымы тез демегін,Өзіме ғана аян, өз дерегім.Бір бойымда жылылық, салқындық та,Екеуін тең ұстаған безбен едім.

Қырсығарсың, содан соң өкінерсің,Сөгілерсің, жаныңмен сетінерсің.Уақытында ұғынбай сырғып ағып,Өтсе мынау бақыттан не тілерсің?!

Бәрі өтеді, жеткізбес жорға уақыт,Жорға уақыт жасыңды сорғалатып.Жылытуды білетін күн ғана ғой,Үмітіңді үзеді ол да батып.

Менде мінез жетерлік бір басыма,Сол кепіл бола алады сынбасыма.Лайлап кетсең мәңгілік ұмытпайдыАқынның жүрек дейтін тұнбасына.

Ашу-қасқыр төбемнен ұлығанда,Абайсызда жаныңды жырып алма.Бәрін айтып басыңды қатырмайын,Жүрек керек болады-ау ұғынарға.

Page 45: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

8988

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Түсін мені, тырысқын түсінуге,Жалғыздықтан жүрегім ісінуде.Ай-күнім сен бол, қалқам, әйтпегенде,Қайғының тым суықтау түсі мүлде.

Бәрін де біл, бірінен қалыс қалма,Жанымды шештім саған табыстауға.Сен ғана шешімін тап, мына менің,Ақылыммен жүрегім алысқанда.

Мен бір рет жаралансам, жүз емдегін,Әрқашан табылады түзеуге мін.Тік тұруға көмектес, келмейді енді,Тағдырымның алдында тізерлегім.(Сол ғана үмітімді үзер менің.)

Тағдырымнан іздеме, басқа бақыт,Тас-уайымға қайтесің, босқа батып.Жарығыңды жаққанмен, бір-ақ сәттеҚадіріңді кетірер, қасқа – уақыт.

***

Бәрі бітті, бітірдік, бастамадық,Жарық күннің жанарын жасқа малып.Мен қалайша өткенге өкінейін,Тағдырымды табанға тастап алып.

Күткен едім, «күтпе» деп күдік қылдың,Жыл жамаған жанымды жырып тындың.Өзім биік көтерген үміт туын,Өзім қайта амалсыз жығып тұрмын.

Жықтым өзім, бір үміт, құлады ол да,Түспейтін бақыт шығар, сірә қолға.Менің қолым ажырап кеткен екен,Ғашықтар қол ұстасқан мына жолда.

Күлмейді енді, өзені Көктөбенің,Енді ол жаққа бағыт ап беттемедім.Өз бақытым үшін де күресе алмас,Өзімді өзім бүгін жек көремін.

Page 46: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

9190

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Қош көңілім, қош менің бота мұңым,Өшкен көңіл қиын-ау, оталуың.Махаббат алдындағы кінәм болса,Мені де кешіре гөр, о, тәңірім!

***

Өтіп барады келмес күн,Мен кештім оны, сен кештің.Ботадай көзі мөлдіреп Қарамас маған енді ешкім.

Енді ешкім сендей шақырмас,Шақырмас, жаны аһ ұрмас.Күлкімен мұңның дәл сендей,Уынан ешкім татырмас.

Енді ешкім маған күт демес,Хатымды алып бүктемес.Мен қия алмаған күз қалар,Мен қиялдаған бітті елес.

Сенен де ұйқы ұрланар,Менен де түнге жыр қалар.Қосылмағанымыз үшін де,Көктемге жылар жылғалар.

Ешкім де сендей болмайды,Ешкім де мендей болмайды.Екеумізді де жылатып,Басқа бір тағдыр орнайды.

Өзге бір отау сен барар,Өзге бір ошақ мен жағар.Жүректен басқа нең қалар,Тілектен басқа нем қалар?!(Бұл тірлік сондай кембағал.)

Page 47: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

9392

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Сенің де жаның сыздайды,Менің де жаным мұздайды.Бәлкім болашақ айтады,Қосылмай кеткен біз жайлы.

Ақын боп кетсем елге әйгі,Сен ана болсаң тең бәйгі.Жасырып жүріп ойларсың,Ашынып кеткен мен жайлы.

Осылай өтер келмес күн,Сен кешір, жаным, мен кештім.Біз деген ұғым жоғалды,Енді ешкім...

***

Арзанқол қып кетті дей ме қымбатты,Тағдыр сені тарылтыпты тым қатты,Сенің аппақ көйлегіңнің етегін,Ит сүйкеніп былғапты.

Түнмен бірге жылайсың-ау, аһ ұрып,Жылайсың-ау, таңды көзбен атырып.Тұнық суды лайлап кетті деймісің,Ит тұмсығын матырып.

Өксік қалды көмейіңе тығылып,Сынбау керек екендігін, сынып ұқ.Суық қайғы, суық өмір, суық түн,Қайда сонда – жылылық?

Бүтін едің сен де, қарғам, жандың ба?!Күлдің бе екен, батып жатып бар мұңға.Қасқыр ғана үнсіз кетер жөнімен,Ит-ғұмырдың алдында!

Page 48: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

9594

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Менің мынау кім түсінер жайымды?!Саған да енді бола алмайды Ай үлгі.Әлдебіреу құшақтаған арсыздық,Әлдекімді ақ жолынан айырды.

Арың жатты, ақ төсекте ақ мамық,Арсыздыққа айналуға шақ қалып.Сырбазданып, сылқылдаған күлкінің,Өкшесінде тағдыр жатты тапталып.Кінәліні тауып көрші ақтарып, білмедім.

***

Сол бір күнгі самал жел мүлгіп өпкен,Бір білек ажырады бір білектен.Иығыма көз жасың тамған әрбір,Тұсынан жүрегімнің сырғып өткен.

Сен жыладың, сүйемін демей ме деп,Менің мынау мұңымды елей ме деп.Ал, менің ше? Жүрегім жылап тұрды,Оның жасы тығылған көмейге кеп.

Сен тас жүрек дегендей секем алдың,Қимадың, қимай тұрып, кете бардың.Бірін тауып, ал бірін жоғалтатын,Кездесу мен қоштасу екен әр күн.

Әр күннің сен сезімін құйшы келіп,Бұрқ етіп басылсыншы күйші желік.Мені мұңсыз деп жатсаң көз жасымның,Салмағын жастығымның исінен ұқ!

Page 49: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

9796

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Бақытқа асыққан шақта,Соққы жеп жасып қалсақ та, күлгеміз.Өзгеден сан қызғансақ та,Жападан жалғыз қалсақ та, біргеміз!

Көп жылды өткермесек те,Бір жүріп көп көрмесек те, сеніппіз.Ай қарап айналмасақ та,Біз жіпсіз байланбасақ та, берікпіз!

Бой бермей қарыс күдікке,Жүрекке алыс жүріп те, сыйғамыз,Өртеніп, жанып жатсақ та,Қырсығып қалып жатсақ та, ризамыз!

Сүйем деп білдірмесек те,Бақтарда бір жүрмесек те, асықпыз.Бал жұтып өбіспесек те,Күн сайын көріспесек те, ғашықпыз!

Сезімді шын ұқтыратын,Айтпай-ақ ұғып тұратын болғамыз!Бақ үшін таласпайтұғын,Енді тек адаспайтұғын жолдамыз!

***

Алып-ұшқан көңіл-ай, хат тасыған,Сағынысқан өмір-ай, бақ тасыған.Етегіне сезімнің сел жүргіздім,Қар басқан Алатаудың ақ басынан.

Осылай жүрегімді сілкіп алдым,Сілкіп алдым, көзіме мұң тұнар күн.Суынып жатқан кезде сезім күтіп,Буынып жатқан кезде бұлқынармын.

Page 50: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

9998

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Табаныма тікен де, тас та батты,Қарып өткен мөп-мөлдір жас тамақты,Жылап кетпеу үшін де аяғындаКүліп ешкім өмірді бастамапты.

Жылап бастап, басқадай күліп келгем,Сезім үшін жанымды жырып бергемАқ көңілге мен сенен сезім күтем,Сәттерімде өмірге күдіктенген.

Мұңайсам, өткеніме үңіл, қарғамШындық үшін күресіп, шығындалғамНенің нақты екенін түсінбеймін,Жалғаның шындық болса, шының-жалған.

Күзге кетсе, көңілін сатып көктем,Қолыңа қонбайды осы бақыт тектенАй мен күннің арасы бір өмір ғой,Үн-түнсіз абайсызда батып кеткен.

***

Дәл өзіңдей, дәл өзіңдей мұң қармап, Сыздап жатты жүрегімде сынған бақ. Менің де ессіз екенімді сезгендей, Жалған дүние жанарымды тұрды арбап.

Жығылған соң, арбалған соң тіксініп, Тістеніп ем, тірлік кетті тықсырып. Жүгенімді босатсам да қолымнан, Күдерімді үзбейді деп күтші үміт.

Шыдамымның шырқау шегі шектелген, Кешіргенім үшін тағы кектенгем. Менде өмірді дәл өзіңдей сүйгенмін, Мен де өмірді дәл өзіңдей жек көргем.

Ақымақ деп көзден моншақ төккенмен, Өмір-өзен екі айырса өт бермен. Жан дүниеңе мұз боп қатқам бір сәттік, Көмейіңе ыстық жас боп кептелгем.

Page 51: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

101100

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Сосын ағып кете алмағам, іркілгем, Тұнып тұрып өз жеңіңде сүртілгем. Қалағанша жаралашы мені осы, Онсыз да өмір жанды жерден бір тілген.

Сезгем, Төзгем, Көнгем, көргем, көндіккем, Өліп кете жаздағанмын өрліктен. Бір қадамға бара алмасам кеш мені, сен күткен.

Қайран көңіл сен күткеннен қомсыз ба?! Күн жарықта түскен өзім жолсызға. Қасқыр мінез, қаттылығым болса егер, Кешір мені, Жөнсіз ба?! Әр күндерге айбат шегіп алам да, Әр түндерде ұлып шығам онсыз да!

***

Өткенімнен қалып кеткен көп белгі, Ақымақтау тірлігімді сөкпе енді. Көз жасыңмен өзің жуып жатсың ба, Маған деген өкпеңді.

«Бақытты етем», – деп ойлаушы ем өз басым, Бота – жүрек бұл кеудемде боздасын. Таң атарда тағдырымды өзгерткен, Алақанға сүртілмеген көз жасың.

Аяусызбын аялауды білмегем, Менің кінәм, қателессін кім, неден?! Айдалаға босып кеткім келеді«Тірлік» дейтін – түрмеден.

Бақытқа емес, білем мұңға толысың, Өзгерткім-ақ келіп тұр ғой, соны шын. Жалған өмір өзіңменен мәңгі еді, Мәңгіліктен айырмашы, сол үшін.

Page 52: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

103102

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

***

Тым суық мезгілме бұл, әлде мен бе?! Бір діріл пайда болды сәл денемде. Жүрегімнің өзі де үнсіз қалды, «Жалғызым» – деп сенген ем, жар дегенде.

Жаурадым, жаным емес күн ызғарлы, Күз қалды, ішілмеген қымыз қалды. Өткенге-өкініштер кеудемде еді, Тамағыма келді де тығындалды.

Кірпіктен тамып кеткен жаңбыр-жас па?! Жаңбыр да меніменен тағдырлас па... Алай-дүлей ойымды айта алмадым, Шалғысы шаппай қалған шал-құрдасқа.

Амал не, үлгермегем, үлгертпеген, Алысып уақыт дейтін бір дертпенен. Жыр деген ауыздықсыз асауымды, Сынаушы қойшы болса, кімге ерттегем?!

Кезең бе бұл кінәлі, әлде мен бе?! Оқылмайтын өлең ғой сәлделі елде. Бөліп бердім жанымды – жарым, сосын Мәңгі өлеңге!

***

Суықтан қашқан аспанның періштелері, Менің де жаным салқынды теріс көреді. Үлбіреп тұрған адамның ары ғой дедім, Ар неге сосын табанда тегістеледі?!

Мен түсінбейтін белгілер, жолымдағым ғой, (Табын да бір ғой, қайтейін тобыр да бір ғой), Өзімнің дағы табаным таза емес еді, Сүртейін десем әттең-ай, қолымда кір ғой.

Page 53: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

105104

Нұртас Тұрғанбекұлы Мен еМеспiн...

Өмір кірлеткен, тап-таза жаным-арым деп, Пендешілік-ау, өмірге тағы да міндет. Періште-қар боп құласа қуанамын мен, Аунап болса да күнәдан арыламын деп.

Еркелеп жаушы әппақ қар, ерік тек сенде Тазартшы әлемді бір мезгіл келіп кетсеңде. Аялап сені отырам алақаныммен, Еріп кетсең де.

***

Жан жылайды,Ойласам тірлігімді сәл былайғы.Сарғайған жапырақтай өкінішім.Сағынған жүрегімнен саудырайды.

Кеше, бүгін...Жасаған бар кінәмді кеш, елігім.Көп тоналып, жүрегім жараланып,Отқа оранып кетті екен неше жырым?

Түсініп, ұқ!Жүрегімді тастаған үсік ұрып.Бақты өмір қай ақынға бұйырыпты,Сыртым күліп тұрады, ішім – ұлып!

Таңдағаным, Бар болмысым осындай, бар ма амалың?Алып-ұшқан көңілің басылмасын,Сағыныштан аспайды салған әнім!

Page 54: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

106

Нұртас Тұрғанбекұлы

Сөге көрме!Жан емес, жыр – керегі менен елге.Жастап жүріп оқышы сен де күнім,Айналып кеткен күні мен өлеңге!

Мазмұны

Алғы сөзІ БӨЛІМ: АУЫЛДЫҢ БАЛАСЫ ЕДІМ

Ауылдың баласы едім, аңғал едімАға

Бір әуен менің қанатты жарамды жарыпАлматы ақын ұлдың сор, бағы ма?!Есіңде ме еді, досымҚаста да ұлылық барКөңіліме күн қадап, жүрегіме мұң қадапЕркелігін жиып ап, ен даланыңАлматы құшақ ашпаған жырменҚыш қалаӨмір – КөкпарНамысымды көрмеп ем жарға жығыпКүз маған несін сыйладыҚұлагер көктеДосымМен туған күнАқындықШашылған сүйек

3

107

14161820222426283032343638404244

Page 55: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

БілмеймінКүтуМен сені кінәләмаймынБілесің бе?!Мен жұлдызға жыр арнағам жоқ, күнімАлдадым ба, алдандым ба, алдадыңӨтінем ескі мұңды қозғамағынЖылулық па, жүрегіме керегі?!Жанарымның құрғамай жасы, білемСен мұңайған өмір ғой мен күлмегенМұң. Мен. Түн.Жүрегімнен де, бұл өмірден де жалығыпСен түсім түгіл, өңімді ұрладыңТағы үңілді бір ару міне, мінеСен кінәлайсың ғойКүрсіндің бе?Бұл түннің түтеп кетті түгі қалмайКешір, күнім, тауыса ішіп кесе мұңдыХабарсыз күндерімнен хатымды аларАйым, сен де бір күні ұмытарсың шақты бұлСезінесің бе, секемшіл жанымды меніңСүйгендігім үшін де кінәлімін

50515254565759616365676970727374767778808286

ІІ БӨЛІМ: МЕН СЕНІ КІНӘЛАМАЙМЫН Бәрі бітті, бітірдік, бастамадық

Түсін мені, тырысқын түсінуге

Өтіп барады келмес күнАрзанқол қып кетті дей ме қымбаттыМенің мынау кім түсінер жайымды?!Сол бір күнгі самал жел мүлгіп өпкенБақытқа асыққан шақтаАлып-ұшқан көңіл-ай, хат тасығанДәл өзіңдей, дәл өзіңдей мұң қармапӨткенімнен қалып кеткен көп белгіТым суық мезгілме бұл, әлде мен бе?!Суықтан қашқан аспанның періштелеріЖан жылайды

8988

90939495969799101102103105

Page 56: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,

Нұртас Тұрғанбекұлы

Мен емеспін...

жыр кітабы

Редакторы: Нұрлыхан ҚалқаманДизайнер: Елена Медведева

Иллюстратор: Санжар СырғабаевБеттеген: Думан Атайбек

Page 57: Нұртас Тұрғанбекұлыqasym.kz/wp-content/uploads/2016/09/KnigaNurtasa.pdfБәрінің бір-бір жары, баласы бар, Онсыз да қыздар еді,