жылға дейінгі даму стратегиясы -...

15
2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 1 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

Upload: others

Post on 12-Sep-2020

55 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

1

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

Page 2: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

2

Мазмұны

1. Кіріспе 3

2. Ағымдағы жағдайды талдау 3

3. Сыртқы ортаны талдау 5

3.1. Сыртқы факторлар 6

4. Ішкі ортаны талдау 6

4.1. Ішкі факторлар 7

5. SWOT-талдау: Күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлер 7

6. Миссия және елестету 9

7. Стратегияның мақсаттары мен міндеттері 9

7.1. Активтердің сенімді жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету 10

7.2. Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету 10

7.3. Тұрақты қаржы жағдайын қамтамасыз ету 12

7.4. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету 14

7.5. Корпоративтік басқаруды дамыту 14

7.6. Технологиялық даму 14

7.7. Жаңа бағыттарды игеру және дамыту 15

7.8. Адам ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру 16

8. Стратегияны қаржымен қамтамасыз ету 17

9. Күтілетін нәтижелер және міндеттерді орындау көрсеткіштері 17

Page 3: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

3

1. Кіріспе

«Батыс транзит» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) «Солтүстік Қазақстан – Актөбе облысы аймақаралық электр тарату желілерінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы №1008 қаулысына сәйкес құрылды.

Қоғам 2005 жылы 22 қарашада тіркелген, оның акционерлері:

‣ Акциялардың 80%-ына «Мехэнергоқұрылыс» ЖШС ие;

‣ Акциялардың 20%-ына «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (Kazakhstan ElectricityGridOperatingCompany) «KEGOC» ие.

«Батыс транзит» АҚ-ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия), 2017-2030 жылдар аралығындағы кезеңде Қоғам дамуының стратегиялық басымдықтарын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады.

Стратегия қоғам мен акционерлердің мүдделерін мүмкіндігінше жоғары деңгейде бейнелейтін әдістерді қолдану арқылы міндеттерді адал нитпен орындау бойынша Қоғам менеджментінің жауапкершілік қағидаттарының негізінде әзірленген.

Стратегия акционерлік қоғамдар туралы, электр энергетикасы туралы, концессиялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға, электр энергетикасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға, сондай-ақ, Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің және акционерлердің ұсыныстарына сәйкес әзірленген.

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің негізі (бұдан әрі – Қазақстанның БЭЖ) ортақ жұмыс режимімен, бірыңғай орталықтандырылған жедел-диспетчерлік және апатқа қарсы басқарумен, бірыңғай дамуды жоспарлау жүйесімен, техникалық саясатпен, нормативтік-технологиялық және құқықтық реттеумен біріктірілген электр станциялары мен электр желілерінің кешені болып табылады.

Қазақстан электр энергетикасының өндіруші секторы жалпы орнатылған қуаты 20 мың МВт артық және иелік қуаты 17 мың МВт артық әр түрлі меншік нысанындағы 100-ден артық электр станцияларымен ұсынылған.

Ұлттық электр желісі (бұдан әрі – ҰЭЖ) қосалқы станциялар, таратқыш құрылғылар, аймақаралық және мемлекетаралық электр таратқыш желілері және кернеуі 220 кВ және одан артық болатын электр станцияларының электр энергиясын таратуды жүзеге асыратын электр таратқыш желілері жиынтығы болып табылады.

Электр энергиясын тарату функциясын атқаратын аймақтық деңгейдегі электр желілері аймақтық электр желілік компаниялардың (бұдан әрі – АЭК) балансында және қолданысында. Қазақстанда барлығы әр түрлі меншік нысанда шамамен 20 АЭК жұмыс істейді.

«Батыс транзит» АҚ электр энергетикасы саласында табиғи монополия субъектісі ретінде өз қызметін жүзеге асырады және Ақтөбе облысында электр энергиясын тарату бойынша қызметтерді көрсетеді. Қоғам «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» ӘЖ 500 кВ аймақаралық

Page 4: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

4

электр тарату желілерінің құрылысы мен пайдалану» - концессиялық жобаны, сонымен қатар, «Өлке» қосалқы станциясынан Казхром АФЗ НТҚС-2 дейін ӘЖ 220 кВ екі біртізбекті электр тарату желілерінің құрылысы және пайдалану» –инвестициялық жобаны сәтті жүзеге асырды.

Қоғамның мүліктік кешеніне (активтер) төмендегілер кіреді:

- кернеуі 500 кВ аймақаралық электр тарату желілері, жалпы ұзындығы 486 км (2030 жылға дейін концессия кезеңінде уақытша иелікте және қолданыста);

- кернеуі 220 кВ екі біртізбекті электр тарату желілері, жалпы ұзындығы 75 км (жеке меншікте);

- 500 кВ «Өлке» электр қосалқы станциясында АТҚ-500 кВ және 500 кВ «Жеті қара» қосалқы 500 кВ 1 ұяшық (2030 жылға дейін концессия кезеңінде уақытша иелікте және қолданыста) және «Өлке» қосалқы станциясында 220 кВ 2 ұяшық (жеке меншік). Трансформаторлардың жалпы орнатылған қуаты 1615 МВА.

Қоғамның құрылымына Алматы қаласындағы негізгі кеңсе, Ақтөбе қаласындағы өндірістік филиал және Астана қаласындағы өкілдік кіреді.

Қоғам қызметі барысында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» ӘЖ 500 кВ аймақаралық электр тарату желілерінің құрылысы мен пайдалану» - концессиялық жобаны жүзеге асырған ең бірінші сәтті концессионер ретінде танымал болды.

Қоғам мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында, Қазақстан Республикасының үкіметімен, министрліктерімен және ведомстволарымен, сондай-ақ, Еуразиялық даму банкі, Қазақстанның даму банкі, АҚШ Сауда және даму бойынша агенттігі (USTDA), EBRD және IFC сияқты халықарлық қаржы және басқа институттарымен мінсіз жұмысында бірегей тәжірибеге ие.

2017 жыл жағдайы бойынша «Батыс транзит» АҚ мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында көшбасшы болып табылады, жоғары білікті менеджментке ие.

3. Сыртқы ортаны талдау

Қазақстанның электр энергетикалық саласы электр энергиясының бәсекелік нарығы жағдайларында жұмыс істейді. Осындай үлгі өзара байланысты, келісілген түрде әрекет ететін электр энергиясының параллель нарықтары жүйесіне негізделген:

1) электр энергиясының орталықтандырылмаған сауда нарығы, онда нарық субъектілері тараптармен өз бетінше анықталған бағалар, көлемдер және жеткізілім мерзімдері бойынша электр энергиясының екі жақты тікелей сатып алу-cату мәмілелерін жасайды (сатып алу-cату мәмілелерінің шамамен 90%);

2) сауда алаңы болып табылатын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы биржалық қағидаттарда жұмыс істейді. Сауда қысқа мерзімге («бір күн бұрын» режиміндегі спот-саудалар) және орта мерзімге (апта, ай) және ұзақ мерзімге (тоқсан, жыл) жүзеге асырылады;

3) теңгеруші нарық, оны ұйымдастырудың мақсаты электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесінде жүйелік оператормен бекітілген көтерме нарық субъектілерінің электр энергиясын өндірудің және тұтынудың іс жүзіндегі және шарттық мәндері арасындағы

Page 5: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

5

Қазақстанның БЭЖ-індегі электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін іс жүзінде және одан кейін қаржылық реттеуі болып табылады (еліктемелік режимде жұмыс істейді).

Жасыл энергетикаға көшу қажеттігі шарттарында Қазақстанның электр энергетикасы саласының ағымдағы дамуы Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінде төмендегі трендтерді анықтайды:

1) Жаңғыртылатын энергия көздерін қолданатын электр станцияларын арттыру: жел, күн және су электр станциялары;

2) Газды қолданатын электр станцияларының санын арттыру: газ турбиналы, газ поршенді және бу-газды электр станциялары;

3) Қолданыстағы электр тарату желілерін және қосалқы станцияларды жетілдіру және жаңаларын салу.

Қазақстанның БЭЖ-дегі аталған трендтер және елдің экономикасын дамыту трендтері сыртқы ортаны дамытудың келесі негізгі беталыстарын және олардың Қоғам қызметіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді:

- Ақтөбе облысында өндіруші қуатты арттыру және, нәтижесінде, электр энергиясын тарату көлемдерінің сақтанымпаз болжамына көшу;

- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарының өсуі – қызметкерлермен өзара қарым-қатынасты тереңдету және еңбек өнімділігін арттыру;

- келешекте – электр энергиясы мен қуат нарығын бөлу есебінен электр энергетикалық нарық құрылымының және тариф түзілудің өзгеруі.

Жағымсыз сыртқы орта факторларының Қоғамның қызметіне әсер етуінің алдын алу және барынша төмендету мақсатында оларды айқындау және жүйелендіру бойынша шаралар жоспарланған.

3.1. Сыртқы факторлар

Саяси және құқықтық. Ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығы, сыртқы қауіп-қатердің жоқтығы және Қазақстан Республикасының халықаралық достық қарым-қатынастары елдің табысты әрі қарқынды дамуына мүмкіндік туғызады.

Энергетикалық саланы және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша мемлекеттік саясатқа қажетті өзгерістер тұрақты түрде енгізілуде, оларға Қоғам талдау жүргізеді және ескереді. Заңнамадағы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардағы, даму жоспарларындағы, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілердегі өзгерістерді мониторингілеу Қоғамның қызметінде одан әрі қолдану үшін саланың және мемлекеттің даму бағытын талдауға мүмкіндік береді.

Қаржылық және экономикалық. Электр энергетикасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мемлекет қабылдайтын шаралар Қазақстанға инвестицияларды жұмылдыруға мүмкіндік туғызады, бұл Қоғам құзыреттілігінің кеңеюіне жағымды түрде әсер етеді.

Сонымен қатар, Қоғамның қызметіне Ақтөбе облысындағы өндірістік кәсіпорындарды қаржыландыру көлемінің төмендеуімен байланысты қаржы нарығындағы жағымсыз жағдайлар, сондай-ақ, өндірілетін өнімге деген сұраныстың төмендеуі теріс әсер етуі мүмкін,

Page 6: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

6

және, нәтижесінде, белсенділіктің төмендеуі, өндірістік қуаттың қысқартылуы, электр энергиясын тұтынудың төмендеуі орын алады.

4. Ішкі ортаны талдау

Қоғамның қызметі акционерлік қоғамдар туралы, табиғи монополия субъектілері туралы, концессиялар туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамамен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» ӘЖ 500 кВ аймақаралық электр тарату желілерінің құрылысы мен пайдалану» концессиялық жобасы 2005 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі тұлғасында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Батыс транзит» АҚ арасында жасалған концессиялық келісім негізінде жүзеге асырылуда.

4.1. Ішкі факторлар

Қаржылық-шаруашылық қызметі. Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі төмендегі факторлармен тежеледі:

1) Тұтыну бағалары индексіне (ТБИ) облигациялар бойынша купондық сыйақыларды бекіту.

Тарифті есептеу барысында ТБИ негізінде есептелетін купондық сыйақы бойынша шығындар, әдетте, 50%-дан артық. Іс жүзіндегі ТБИ артқан жағдайда Қоғамның табыстылығын төмендететін қосымша қаржылық шығындар туындайды.

2) Тариф шамасының тұтынушы мәлімдеген энергияның тарату көлемдеріне байланысы.

Табиғи монополия субъектілерінің тарифтері электр энергиясын тұтынудың мәлімделген, әдетте, тұтынушылар тарапынан көтерілетін көлемдерге сәйкес уәкілетті органмен бекітіледі, осының нәтижесінде, қызметтердің есептік бағасы төмендетіледі және Қоғам жыл сайын жоспарлаған табыстан кем кіріс түсіреді.

3) Елеулі борышқорлық жүктеме және меншікті капиталдың жеткіліксіз жоғары көлемі.

Ағымдағы борышқорлық жүктеме Қоғам қызметінің тиімділігін тежейді, ал меншікті капиталдың жеткіліксіз жоғары көлемі жаңа жобалар бойынша табыстылықты шектейді.

Адам капиталы. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша Қоғам қызметкерлерінің саны 58-ді құрайды, оның ішінде 39 – әкімшілік, 19 – өндірістік қызметкерлер.

Қоғамның дамуын және адам капиталының өсуін тежейтін факторларға реттеуіштің қаржылық шектеулері себебінен жалдау және біліктілігі жоғары мамандарды одан әрі ынталандыру үшін еңбекақы төлемінің төмен деңгейін, мамандарды дайындау және қайта дайындау жүйесінің жоқтығын жатқызуға болады, және, нәтижесінде, қызметкерді жеткілікті тиімді пайдаланбау болып табылады.

Page 7: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

7

Экономиканы жаһандастырудың заманауи жағдайларында Қоғам қызметінің тиімділігі көптеген факторларға байланысты. Олардың ішінде Қоғам қызметіне және мүдделеріне тәуелсіз әсер ететін сыртқы факторларды және Қоғам әсер ете алатын және әсер етуі қажет ішкі факторларды ерекшелеп айтуға болады.

5. SWOT-талдау: Күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлер

Сыртқы және ішкі ортаны, бар мәселелер мен келешекті талдау нәтижесінде Қоғам үшін келесі күшті және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер анықталды.

Күшті жақтары (Strengths) Әлсіз жақтары (Weaknesses)

Page 8: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

8

1. Қоғам Қазақстандағы алғашқы сәтті концессионер болып табылады. Электр тарату желілерін, сондай-ақ, 500 кВ-қа дейінгі қосалқы станцияларды салу және пайдалану бойынша концессиялық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар;

2. Қоғам салған және пайдаланатын нысандар қажетті және табыс әкеледі;

3. Электр қондырғыларының жаңа болуы, техникалық жабдықталуы және аз тозуы активтерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді;

4. Қоғамның мемлекеттік мекемелермен, министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ, халықаралық институттармен бірегей жұмыс істеу тәжірибесі бар;

5. Алғашқы сәтті концессионер мәртебесі Қоғамға жоғары сенімділікті және Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту үшін маңызды ролін анықтайды;

6. Қоғамның бизнесті одан әрі дамытуға бағытталған тәжірибелі мамандары және озық менеджменті бар.

1. Қоғам табиғи монополия субъектісі болып табылады және оның бәсекелестік ортада икемділігі жоқ;

2. «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ электр тарату аймақаралық желілердің жоғары өткізу қабілетіне қарамастан, Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ) орнататын Ақтөбелік энергетикалық түйіннің тұрақтылығын сақтау мақсатында ЭТЖ-500 бойынша рұқсат етілген ауысымдар 360 МВт қуатымен шектелген;

3. Қоғамның қаржылық жағдайы меншікті капиталға қатысты қарыз қаражаттарының жоғары қатынасымен сипатталады, бұл концессиялық жобаны жүзеге асырумен байланысты;

4. Жаңа жобалар үшін меншікті капиталды арттыру қажеттілігі туындайды;

5. Бір уақытта Концессионер болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін әзірленген қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің толық жетілмегендігі.

Мүмкіндіктері (Opportunities) Қауіп-қатерлер (Threats)

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тақырыбының өзектілігі және МЖӘ механизмдерін қолдануы бар жобалардың қажеттілігі Қоғам үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады;

2. МЖӘ аясындағы жобаларды қоса алғанда, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін құзыреттер пайдаланымы, қаржылық және басқа да ресурстардың бар болуы;

3. Жұмыс орындарын құру, мамандар құрамын жақсарту және жаңа құзыреттерді игеру;

4. Жаңа технологиялар мен инновацияларды жұмылдыру мүмкіндігі;

5. Капитал нарығына, соның ішінде халықаралық қаржылық институттарға қол жетімділік;

6. Елдің инфрақұрылымын жақсарту мен дамытуға деген үлкен мұқтаждық.

1. Найзағайдың асқын кернеуінен ЭТЖ-500 кВ жеткілікті қорғалмауы;

2. Жеке тұтынушылардың басқа көздерден қымбат емес электр энергиясын сатып алуға көшуі себебінен Қоғамның желілері бойынша таратылатын электр энергиясы көлемінің төмендеу мүмкіндігінің болуы;

3. Жаңа жобаларға жеке қатысуды қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстардың тапшылғы;

4. Төмен тариф және/немесе электр энергиясын тұтыну өсу қарқынының төмендеу мүмкіндігі Қоғам табыстылығының төмендеу және қаржылық міндеттемелердың орындалмау қауіп-қатерін тудыруы мүмкін;

5. Бір тұтынушыға тәуелділік бизнес үшін үлкен қауіп-қатер тудырады;

6. Экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда еңбекақы төлемінің және ынталандыру жүйесінің төмен деңгейі салдарынан Қоғамның мамандар әлеуетін жоғалту қауіп-қатері.

Page 9: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

9

Кестеден көрініп тұрғандай, Қоғам қызметінің табыстылығына оң, сондай-ақ, теріс әсер етуі мүмкін көптеген факторлар бар. Жүргізілген талдау бизнесті одан әрі дамыту үшін Қоғам тарапынан қандай қадамдар жасалуын және қандай мәселелерге ерекше назар аудару керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

6. Миссия. Елестету

Миссиясы. Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің құрылымын жетілдіруге қатысу арқылы энергетиканы дамытуға көмектесу. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Елестету. 2030 жылға қарай «Батыс транзит» АҚ нарықтағы ең ірі жеке электр энергетикалық компания, сәтті жүзеге асырылған жобалар саны бойынша көшбасшы.

7. Даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттері

Компанияның миссиясы мен елестетуі екі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

№1 стратегиялық мақсат. Бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

№2 стратегиялық мақсат. Бизнесті дамыту және акционерлік капиталдың құнын арттыру.

Стратегия міндеттері.

Бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі міндеттер анықталды:

1) Активтердің сенімді жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;

2) Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету;

3) Тұрақты қаржы жағдайын қамтамасыз ету;

4) Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

5) Корпоративтік басқаруды дамыту.

Бизнесті дамыту және акционерлік капитал құнын арттыру үшін келесі міндеттер анықталды:

1) Технологиялық даму;

2) Жаңа бағыттарды игеру және дамыту;

3) Адам ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру.

7.1. Активтердің сенімді жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету

Электр желілерінің сенімді жұмысын және олардың сәтті дамуын қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсетуді орындау, режимдерді сақтау, Ақтөбе аймағының индустриялық дамуына мониторинг жүргізу қажет.

Page 10: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

10

Заманауи технологияларды қолдану арқылы Қоғам активтеріне уақтылы, толық және сапалы техникалық қызмет көрсету жөндеуге жұмсалатын шығындарды барынша төмендетуге және жөндеу аралық кезеңін ұзарту есебінен пайдалану шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Найзағайға төзімділікті арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау арқылы найзағайдың асқын кернеулері салдарынан ЭТЖ-500 кВ ажырау санын барынша азайту тұтынушыларды үздіксіз және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

7.2. Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1497 қаулысымен индустриялық дамытуға жалпыжүйелік қолдау көрсету шаралары анықталған.

Тұжырымдаманың 3 тармағы 3) тармақшасына сәйкес келесі бесжылдықта Қазақстанды жеделдетілген индустрияландырудың түйінді шарты көлік, энергетика және өндірістік инфрақұрылым саласындағы қолжетімділік пен сапа проблемаларын шешу және инвесторлар үшін тартымды тарифтердің негізделген деңгейлерін қамтамасыз ету болып табылады. Мемлкеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) индустриялық дамытуға жәрдемдесу және инфрақұрылымды құруға және дамытуға бағытталған жобаларды қолдау механизмдерінің бірі болады.

МЖӘ аясында сәтті концессионер ретінде қызметін жүзеге асыратын «Батыс транзит» АҚ инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын жобаларға да алдағы уақытта қатысуға ниеттенеді.

Аталған Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Ақтөбе облысында инновациялық технология бойынша орташа көміртекті феррохром өндірісін құру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Ақтөбе аумағында қайта өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған, онда энергетикалық инфрақұрылымның озық дамуын талап ететін түсті және қара металлургия өндірісінің, мұнай-газ қайта өңдеудің, өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісінің тұрақты өсімі байқалады. Аймақтың келешекті дамуының негізгі көрсеткіші қуат пен электр энергиясының болжамды теңгерімі болып табылады. Ақтөбе облысынң болжамды теңгеріміне сәйкес келешекте 2030 жылы аймақта жылына 3,59 млрд. кВтч электр энергиясының жетіспеушілігі күтілуде. (1, 2 кестелер).

1 кесте. Электр энергиясының болжамды теңгерімі (млрд. кВтч)

2015 жыл (іс жүзінде)

2020 жыл 2025 жыл 2030 жыл

Тұтыну 4,74 7,77 9,10 9,22

Өндіріс 3,05 4,67 5,63 5,63

Жетіспеушілік (+) 1,69 3,10 3,47 3,59

Page 11: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

11

2 кесте. Қуаттың болжамды теңгерімі (МВт)

2015 жыл

(іс жүзінде) 2020 жыл 2025 жыл 2030 жыл

Ең жоғары жүктеме 717 887 1039 1053

Өндіру 384 533 643 643

Жетіспеушілік (+) 333 354 396 410

Осылайша, электр энергиясы мен қуатты өндіру-тұтынудың болжамды теңгеріміне сәйкес Ақтөбе облысында 2030 жылға дейін жүктеменің тұрақты өсімі күтілуде. Сондықтан, өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін аймақта электр желілік инфрақұрылымды озық дамыту қажет.

Жалпы алғанда, Қоғам желілерінің дамуы аймақтағы өнеркәсіптік және өндіруші қуатты дамыту келешегі, өндірілетін қуатты әртараптандырудағы тренд, соның ішінде өндірумен таратылатын жаңғыртылатын энергия көздерін қолдануды дамыту сияқты факторларды ескерумен жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімді келешекке жүктемелерді және өндірілетін көздерді дамыту мәселелеріндегі қауіп-қатерлерді, едәуір тұрлаусыздық пен тұрақсыздықты ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны құрастыру барысында Қоғам электр энергиясы мен қуаттың өзектілігі арттырылған болжамды теңгерімді бүге-шүгесіне дейін зерттеп, жыл сайын қолданатын болады.

Аталған факторларды ескере отырып, Қоғам:

- жаңа қосалқы станцияларды және электр тарату желілерін салу арқылы тұтынушылар қуаты тапшылығының орнын толтыруды қамтамасыз етуге;

- артығын сатуды жүзеге асыру ниетімен жеке мұқтаждықтардың және технологиялық шығындардың орнын толтыруға электр энергиясын өндіру үшін жеке газ электр станциясының құрылысына

бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда.

7.3. Тұрақты қаржы жағдайын қамтамасыз ету

Қазіргі таңда Қоғамның қаржылық жағдайының тұрақтылығы мерзімі 2019 жылы сәуірде басталатын инфрақұрылымдық облигацияларды Қоғамның кері өтеп алу бойынша міндеттемелерін уақтылы орындауы үшін ақшалай қаражаттың жеткілікті жиналуына байланысты.

«Батыс транзит» АҚ-ның жалпы сомасы 18,830 млрд. теңге болатын инфрақұрылымдық облигациялары «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ аймақаралық электр тарату желілерінің құрылысы мен пайдалану» концессиялық жобасын жүзеге асыру үшін шығарылған. Облигацияларды алғашқы орналастыру жинақтау зейнетақы қорлары, банктер, брокерлер, сақтандыру және басқа компаниялары арасында жүргізілді. Бүгінгі күні облигациялар еркін айналыста, Қазақстан қор биржасында (KASE) сатылады.

Page 12: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

12

Концессиялық жобаны жүзеге асыру кезеңінде салынған электр тарату желілерінің (ЭТЖ) аз жүктемелігінің, сондай-ақ, қаржыландыруға жұмсалатын аса көп шығындардың себебінен Қоғам ақшалай қаражатты жинаумен байланысты қиыншылықтарға тап болды.

Облигацияларды кері өтеп алу бойынша міндеттемелерді уақтылы атқару бойынша мәселелерді шешу мақсатында Қоғам 2013-2016 жылдар аралығында концессияны ұзарту бойынша шаралар қабылдады. Нәтижесінде, 2016 жылы 2 қыркүйекте «Батыс транзит» АҚ мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ аймақаралық электр тарату желілерінің құрылысы мен пайдалану туралы Концессиялық келісімнің мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту туралы қосымша келісім жасалды.

Концессияның қосымша мерзімі Қоғамға ақшалай қаражаттың қажетті көлемін жұмылдыруға және оны уақтылы өтеуге мүмкіндік береді.

Жалпы Қоғамның тұрақты қаржылық жағдайын қамтамасыз ету үшін келесі міндеттер анықталды:

инфрақұрылымдық облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта қаржыландыру;

табиғи монополия саласында заңнамаға өзгерістерді енгізуге бастамашылық ету.

Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта қаржыландыруды Қоғам облигацияларды мерзімінен бұрын жартылай өтеп алу арқылы олардың айналысы мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асыруды жоспарлауда.

Облигацияларды мерзімінен бұрын жартылай өтеп алу Қоғамға: 2019 жылы сәуірде ақшалай қаражаттың тапшылығы мүмкіндігін жоққа шығаруға; жүктемені жылдар бойынша тепе-тең бөлу арқылы қайта қаржыландырылатын міндеттемелерді 2026 жылға дейін созуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, міндеттемелерді қаржыландыру Қоғамның ағымдағы тарифіне әсер етпейді және келешекте тарифтің артуын тудырмайды.

Табиғи монополия саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістерді енгізуге бастамашылық ету Қоғам концессиялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша міндеттемелерді қайта қаржыландыру себебін қоса алғанда, тарифті есептеу әдістемесін қайта қарауға қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге бастамашылық етуді бастауды жоспарлауда.

Осы міндетті қамтамасыз ету үшін Қоғам табиғи монополия саласындағы заңнамаға ең үздік дүниежүзілік тәжірибелермен салыстыру арқылы талдау жасайды және салалық министрліктердің келісімімен сәйкес инстанцияларға өз ұсыныстарын ұсынады.

Жалпы алғанда, Қоғамның нормативтік құқықтық актілерді дайындауға және қабылдауға қатысуда тәжірибесі бар. Қоғам «Концессиялар туралы» ҚР Заңын, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын, Өз қызметін концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілеріне арналған тарифті қалыптастыру ережесін, сондай-ақ, концессиялық жобамен байланысты басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу барысына қатысты.

7.4. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Осы Стратегияны сәтті жүзеге асыру өндірістік нысандардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, апатты жағдайлардың туындау қауіп-қатерін барынша азайтуға, денсаулық сақтау

Page 13: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

13

және еңбек қауіпсіздігі саласында қызметкерлер құрамының жауапкершілік деңгейін арттыруға, қоршаған ортаға экологиялық әсерді төмендетуге және т.б. бағытталған жұмыстардың орындалуын талап етеді.

Осы бағытты бақылау және оның дамуын қамтамасыз ету үшін өндірістік қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік және денсаулық сақтау деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру қажет.

7.5. Корпоративтік басқаруды дамыту

Корпоративтік басқару жүйесін дамыту Қоғамның маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

Қойылған міндет шешімінің негізгі бағыттары төмендегідей болып табылады:

- мүдделі тараптарға ақпаратты тиісті түрде ашу;

- акционерлер құқықтарының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- теңдестірілген дивидентті саясатты қамтамасыз ету;

- Директорлар кеңесі мен Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру;

- «Вrand-book» құру арқылы Қоғамның бедел-бейнесіне қойылатын талаптарды нысандандыру.

7.6. Технологиялық даму

Дамудың заманауи сатысында технологиялылық орташа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қоғамның дұрыс технологиялық дамуы келешекте тек пайдаланылатын нысандар тиімділігінің, басқарушылығының және жұмыс істеу қауіпсіздігінің артуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, көрсетілетін қызметтің сенімділігін әжептәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Бәсекеге қабілетті кәсіпорын болып қалу үшін тек құрылғылар мен жүйелерге, электр желілерінің сенімділігі мен тұрақты жұмысына қойылатын талаптарды арттырып қана қоймай, сонымен қатар, энергия үнемдейтін заманауи технологияларды, зияткерлік басқарудың әртүрлі элементтерін және де ақылды желілер технологияларын (SMART GRID) енгізу қажет. Осы мақсатқа сай Қоғам:

- орташа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекке Қоғамның технологиялық даму бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыруды жоспарлады.

7.7. Жаңа бағыттарды игеру және дамыту

Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың алуан түрлі саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмдерін жаппай пайдалану тренді байқалуда.

Тәжірибе көрсеткендей, МЖӘ механизмдерін қолдану құралдарды басқарудағы тиімділікті арттыру, мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығы, көрсетілетін

Page 14: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

14

қызметтің сапасын арттыру, елдің экономикасын әртараптандыру үшін қажетті инфрақұрылымды жедел жетілдіру үшін бірқатар артықшылықтарды ұсынады.

Жалпылама трендті, алынатын пайда мен іске асырылған тәжірибені ескере отырып, Қоғамның орташа мерзімді келешекке арналған негізгі мақсаттарының бірі электр энергетикасы және аймақтардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы негізгі емес қызметті дамыту болып табылады.

Осы стратегиялық бағыт шеңберінде Қоғам алдында келесі міндеттер анықталды:

жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды жүзеге асыру;

тиімдірек қаржыландыру көздерін жұмылдыру.

Жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды Қоғам электр энергетикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жүзеге асыруды жоспарлауда.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қоғам барлық рәсімдерден өтіп, «Атырау қаласында көшені жарықтандыру желілерінің құрылысын жүргізу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Оң тәжірибені масштабтау үшін МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың көпжылдық тәжірибесіне ие Қоғам басқа аймақтарда осындай ұқсас жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда.

Негізгі қызметке және табыстарды әртараптандыруға тәуелділікті төмендету мақсатында Қоғам бизнестің жаңа және реттелмейтін бағыттарын дамытуға мүдделі.

Тиімдірек қаржыландыру көздерін жұмылдыру бизнесті табысты дамыту үшін Стратегияның маңызды міндеті болып табылады. Осы мақсатқа сай Қоғам әртүрлі қаржы ұйымдарымен: екінші деңгей банктерімен, даму банктерімен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, инвесторлармен және т.б. тығыз ынтымақтастық орнатуды жалғастыруда.

Қоғам Еуразиялық даму банкінен қарыз алу, сондай-ақ, Қазақстан қор биржасы арқылы құнды қағаздар эмиссиясын жұмылдыру арқылы өз жобаларын қаржыландырудың жағымды тәжірибесіне ие.

Жаңа жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін Қоғам облигациялардың шығарылымы, даму банктерінің қарыз қаражаты, екінші деңгей банктерінің несиелері сияқты әртүрлі қаржыландыру құралдарын қарастырады.

Даму жолындағы одан кейінгі қадам ретінде Қоғам акциялардың қосымша эмиссиясы және IPO-ға шығу арқылы капиталды арттыруды қарастырады. Ең үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес акцияларды орналастыру инвесторлардың кең көлемін тартады және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша капиталды қамтамасыз етеді.

7.8. Адам ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру

Заманауи шарттарда Қоғам қызметкерлерінің білімі, біліктілігі, еңбек дағдылары, бастамалары, құндылықты-ынталандыру ортасы қаржылық және өндірістік капиталмен қатар маңызды стратегиялық ресурстар болып табылады. Акционерлердің саясатына сәйкес стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қоғамның қызметкерлерін оқыту және олардың еңбек етуіне ынталандыру қажет.

Page 15: жылға дейінгі даму стратегиясы - bttr.kzkz.bttr.kz/uploaded/strategy_kaz.pdf2030 жылға дейінгі даму стратегиясы 3 1. Кіріспе

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

15

Адам ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру үшін Қоғам келесі іс-шаралардың орындалуын ұйғарды:

- Қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын ескеру арқылы қызметкерлерді оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру;

- қызметкерлерді ынталандыру мен тиімділігін бағалау жүйесін енгізу және дамыту;

- Қоғамның әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын жақсарту және корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша іс-шараларды жүргізу.

8. Стратегияны қаржымен қамтамасыз ету

Осы Стратегияны сәтті жүзеге асыру үшін келесі қаржыландыру көздерін қолдану жоспарлануда:

- даму банктерінің және/немесе екінші деңгей банктерінің қарыз қаражаты;

- негізгі емес қызметтен, соның ішінде жаңа инвестициялық жобалардан түсетін ақшалай қаражат;

- басқа қаржыландыру көздері.

Бос ақшалай қаражатты уақытша қолданған кезде Қоғам жеке құралдарын сақтауға және қорғауға бағытталған сақтанымпаз стратегиясын ұстанады.

9. Күтілетін нәтижелер және міндеттерді орындау көрсеткіштері

Даму стратегиясын орындау үшін 2030 жылға дейін «Батыс транзит» АҚ-ның Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары әзірленеді және бекітіледі, онда күтілетін нәтижелер және орташа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте орындалуы қажет шараларды қоса алғанда, міндеттердің орындалу көрсеткіштері баяндалады.