Орал Өнiрi №37

8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚСАяСИ гАЗЕТ www.zhaikpress.kz Сенбі, 5 сәуір 2014 жыл №37 (19956) + 3 0 С + 1 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі ҚОҒаМ дала-Қала 3 Салым мерзімі 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейін әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-нан бастап 7%-ға дейін Банктік сыйақы мөлшерлеме Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары: Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия 8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 8 8000 8000-59 (Орал қаласы үшін) (Қазақстан бойынша) «Қазақстан – доСТыҚТың зәулім САРАйы» 4 "Кемшіліктерді неге Аста надан келген тексерушілер ғана анықтайды?" 5 Денсаулыққа 7 қадам

Upload: -

Post on 10-Mar-2016

285 views

Category:

Documents


15 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: Орал Өнiрi №37

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ­САяСИ гАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Сенбі,5 сәуір 2014 жыл№37 (19956)

+ 3 0С

+ 1 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріҚОҒаМ

дала-Қала

3

Салым мерзімі 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды

жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейінәр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-нан бастап 7%-ға дейін

Банктік сыйақы мөлшерлеме

Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы

Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары:

Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия

8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 8 8000 8000-59(Орал қаласы үшін) (Қазақстан бойынша)

«Қазақстан – доСТыҚТың зәулім САРАйы»

4

"Кемшіліктерді неге Аста­надан келген тексерушілер ғана анықтайды?"

5Денсаулыққа 7 қадам

Page 2: Орал Өнiрi №37

АҚПАРАТСенбі, 5 сәуір 2014 жыл

[email protected]

Құрметті Батыс Қазақстан облысының жастары!

Біз Ұлы Отан соғысын жеңіс- пен аяқтаған ата-бабаларымыз- дың ерлігін есте сақтап, оларды әрдайым құрметтейміз.

Елін жаудан қорғап, Отанға де-ген адал борышын өтеп, болашақ ұрпаққа жарқын өмір сыйлаған ержүректерімізді мәңгі қадірлеу – біздің қасиетті парызымыз. Өйткені өткенсіз бүгін болмақ емес.

Ұлы Жеңістің алпыс тоғызын-шы жылында «Жас Отан» жас-тар қанаты облыстық филиа- лы мен облыстық жастар қауым-дастығының бастамасымен «Ар- дагерлерді ардақтайық» айлығы қолға алынды. Үлкендерге, арда-герлерге құрмет көрсетіп, олар- ға көмек қолын созу – атадан балаға мирас болған игі істердің бірі.

Мереке қарсаңында жастар Ұлы Отан соғысының ардагерле-рімен кездесулер ұйымдасты-рып, оларға қайырымдылық кө- мек көрсетіп, үйлері мен аулала-рын тазалап беруді жоспарлауда. Сонымен қатар Жеңіс сарбазда-рына арналған мерекелік кон-церт ұйымдастырылады.

Құрметті облыс жастары, сіз-дерді аталған акцияға белсене қатысуға, ардагерлерімізді ар- дақтауға шақырамыз!

«Жас Отан» жастар қанатының

облыстық филиалы 8 (7112) 51-92-65

Батыс Қазақстан облысының

жастар қауымдастығы 8 (7112) 26-72-28

Онлайн режимінде өт- кен басқосуға облыс-тық мәслихаттың де-

путаты, сараптама тобының ай-мақтық тәлімгері Ф.Бахтиозин және топ мүшелері қатысты. Оты-рыста техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің мамандар даярлау мен жоғары білім алған жастардың жұмысқа орналасу мәселелері талқыға салынды. Жиынды жүргізген сараптама то- бының жетекшісі, Мәжіліс депу-таты Мейрам Бегентаев жастар-дың білім сапасын арттырып, экономиканың нақты секторла-рына мамандар даярлауға назар аудару қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында жастар ғылыми зерттеу орталығы жүр- гізген еліміздегі еңбек нарығын-дағы жағдай бойынша әлеу- меттік зерттеудің қорытынды- сы көпшілік назарына ұсыныл-ды. Зерттеу нәтижесінде оқушы-

Таяуда «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында сайлауалды тұғырнамасының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша сараптама тобының жиыны өтті.

лар арасын-да дәрігер, қаржыгер, заң- гер мамандықтарына деген қы- зығушылықтың жоғары екені белгілі болды. Сонымен бірге соңғы жылдары мұғалім ма-мандығы да сұранысқа ие алғашқы бестіктің қатарына енген. Орталық директо-ры Жанар Буқанованың ай-туынша, жастардың мамандық таңдау мәселесінде еңбекақы-ның жоғары болуы, кәсіптің ел ішіндегі беделі, қоғамдық мән- маңызы бірінші орында. Ал ата-ананың кеңесі төртінші орында болса, оқушылардың тең жары- мы мамандық таңдауда үлкен- дердің көмегі қажет екенін мо-йындайды. Қолында дипломы бар жастардың жұмысқа орнала-са алмауының басты себебі жұ-мыс өтілінің болмауы екен.

Жастар дәрігер, заңгер, қаржыгер болғыСы келеді...

Өз кезегінде сөз алған Білім және ғылым вице-министрі Та-хир Балықбаев қазіргі уақытта ми- нистрлік жастармен кәсіби бағ- дарлауды ұйымдастыруды қолға алып жатқанын мәлімдеді. Жиын қорытындысы бойынша сарап-тама тобының ұсыныстары өкі-летті мемлекеттік құрылымдар- ға жолданатын болады.

Гүлжамал жОлДЫҒалИ,«Орал өңірі»

дәрігер

қаржыгер

заңгер

мұғалім

– Мемлекеттік қызмет жүйесін-де қызмет атқаруға үміткер аза- маттарға Қазақстан Республика- сы заңдарын, қызметшілердің мін-деттері мен этикалық қағидалар- ды (нормаларды), тиісті құжаттар-мен жұмыс жасау және т.б. мемле-кеттік бағдарламалармен таныс-тырып оқыту үшін осы оқу орнын ашуды мақсат еттік, – деді шара- ны ашқан институт директоры Ба-уыржан Атауов.

Бұдан соң «ҚазИИТУ» ғылыми-өндірістік кешенінің президен- ті, академик Ақсерік Әйтімов сөз алды. – Социалистік лагерьдегі қоғамдық меншікке қатысты эко- номикалық тұрғыдан тиімсіз қа- тынастардың кесірі жеке адам-дардың мүмкіншілігіне қатаң ты- йым салу салдарындағы білім-

Осы аптаның дүй­сенбісінде «ҚазИИТУ» ғылыми­өндірістік ке­шені қауымдастығы заңды тұлғалар бірлес­тігі жанынан ұйымдас­тырылған «Мемлекеттік қызметке оқыту және қызметке орналас­тыру» институтының тыңдаушылары үшін алғашқы курстың тұсаукесері өтті.

Еламан ӘЙПІШЕВ,«Орал өңірі»

сіздік, ең кедей мемлекеттер қатарына қосып кеткені бар-шаға аян. Ал қазіргі қоғамның түпкі даму мақсаты – әркімнің өзіндік қабілет-қарымына байла- нысты құқықтық қатынастарды қалыптастыру. Сұраныстар мен ұсыныстары жоқ жердегі жанды экономикалық қатынастар на-рығы болмайтыны тағы белгілі. Мұны Елбасымыз еліміз егемен-дік алған алғашқы жылдары-ақ айтқан болатын. Біздің облыста білім беру саласында алғашқы бо-лып нарық заңына бейімдел- ген оқу орындарының бірі – «Ан-дас» білім беру орталығы еке- ні мәлім. Міне, тағы бір білім оша-ғы ашылып отыр, - деді Ақсерік Сарыұлы.

«ҚазИИТУ» ғылым-білім кеше- ні университетінің ректоры, тех- ника ғылымының докторы Сай- ранбек Ахметов институтта бі-лім алуға ниет білдірген 15 тың- даушыға сәттілік тіледі. Бұдан соң институт директорының орынбасары, Мәскеу қаласында-ғы «Басқару және әлеуметтік тех-нология» академиясының акаде-мигі Әлібек Сәтбаев алғашқы дәрісін бастап кетті. Мемлекеттік қызметкер болғылары келетін- дер алдында облыстық басқарма- лардың, департаменттердің қыз-меткерлері, ғалымдар, таңдаулы кәсіпкерлер дәріс оқитын бола- ды.

Мемлекеттік қызметкерболғың келе ме?

Кездесу барысында «Эни» компаниясының атқарушы вице-пре-

зиденті Антонио Велла, аға ви-це-президент Даниеле Берто-релли, «Аджип-Қарашығанақ» компаниясының атқарушы ди- ректоры Паоло Джирауди, «ҚПО б.в.» компаниясының өн-дірістік директоры Лука Винья-

Консорциум өкілдерінҚАбылдАды

Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ҚПО кон­сорциумының өкілдерін қабылдады.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,«Орал өңірі»

ти атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Облыс әкі-мінің баспасөз қызметінің бас маманы Қайрат Әбуовтың ай-туынша, осы кездесу кезінде консорциумның бас кеңсесін Орал қаласына көшіру жөнін- де әңгіме болды.

Өз кезегінде өңір басшысы Қарашығанақтың қазынасын игеруге қатысты міндеттемеле-рінің орындалуына жете мән беру керектігін шетелдік ин- весторлардың қаперіне салды.

P Таяуда Ақтөбе қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәреге жетті.

13 команда қатысқан осы сында Ибат Ибрагим (50 келі), Асұлан Өтеғалиев (54 келі), Інжел Еркінбек (84 келі) және 93 келіден жоғары салмақ дәрежесінде кілемге шыққан Меңді- бек Сұлтанбек сынды батысқазақстандықтар жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.

Астана қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы және «АРС» компаниясының ұйым-дастыруымен «Аялаған Астана» республикалық балалар музыка байқауы Орал қаласында кастинг өткізеді. Байқауға қатысушылар 8-12 жас аралығында болуы тиіс. Байқау 8 сәуір күні сағат 12.00-де жастар шығармашылығы орта-лығында өтеді. Анықтама телефондары: 8702 418 77 26, 8 717 278 53 39.

"Аялаған Астана" Оралда

P Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ- дарламалар бөлімі «Нұр Отан» партиясының аудандық фи-

лиалымен бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйым-дастырды.

Жәрмеңкеге ұзын саны 29 жұмыс беруші қатысып, бос тұр- ған түрлі 82 жұмыс орнын ұсынды. Дипломдары мен түйінде-мелерін қолтықтай келген жұмыс іздеушілер мамандармен жолығып, әңгімелесті.

Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысқан 65 жұмыссыздың 21-і ұсынылған мамандыққа сай болып шығып, олардың түйінде-мелері қабылданды.

Орал қаласы №16-16 28 наурыз 2014 жылБатыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы

28 наурыздағы №7-3 «Мемлекеттік орман қоры учаске-лерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын

(түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін ставкалар-ды қоспағанда) бекіту туралы» шешімінің күші жойылды

деп тану туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі

«Қазақстан Республикасын-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтар- дағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 5-тармағына және «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Респуб-ликасының Заңына сәйкес, Ба- тыс Қазақстан облыстық мәсли-хаты шешіМ ҚаБылдады: Батыс Қазақстан облыстық мәс-лихатының «Мемлекеттік ор-

Сессия төрағасы Р.ХАЙРуЛЛиНОблыстық мәслихат хатшысы М.ҚұЛШАР

ман қоры учаскелерінде ор- ман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірімен боса-тылатын сүрек үшін белгілене-тін ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы» 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-3 (мемлекет-тік нормативтік-құқықтық ак-тілерді тіркеу Реестрінде 2013 жылғы 23 сәуірдегі №3269 тір-келген, 2013 жылғы 27 сәуірде №49 «Орал өңірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

Page 3: Орал Өнiрi №37

Сенбі, 5 сәуір 2014 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

Бірінші лигада жаңа мау-сымды бастағалы отырған «ақжайық» футбол клубының негізін жергілікті ойыншылар құрап отыр. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында мә- лім етілді.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Ақжайыққа» биыл да қолдау көрсетілетінін жеткіз-ді. Сонымен бірге өңірде ба-лалар футболына айрықша көңіл бөлінетін болады. Қазіргі кезде 600-ден астам жеткін-шек аяқдоп орталықтарында жаттығуда. «Ақжайық» футбол орталығының төрт аудан мен қала шағынаудандарында бө-лімшелері жұмыс жасауда.

Бас бапкердің міндетін ат-қарушы Артур Авакянцтың ай-туынша, маусымға дайындық барысында үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, барынша да-йындалған командада қазір жа- рақаттанғандар жоқ, 6 сәуір күні Талдықорғанның «Жетісу-Сұңқарымен» өтетін алғашқы ойынға бәрі де әзір.

«Ақжайық», алға!

Өз тілшілеріміз

наурыздың 24-31-і ара-лығында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қа-зақстан республикасының жекелей және блиц чемпио-наты өтті.

Семей қаласында өткен чем-пионатқа 14 облыс пен Алма-ты, Астана қалаларынан бар- лығы 260-қа жуық ойыншы қатысты.

– Жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта (ұлдар мен қыздар) швейцариялық жүйемен 9 тур-дан ойын оздырылды. Жарыс өте тартысты өтіп, оның жеңім- паздары мен жүлдегерлері тек соңғы турдың нәтижесімен ға- на анықталды, – дейді тоғызқұ-малақ үйірмесінің жетекшісі Қанапия Қарекешұлы.

14 жастағы ұлдар тобында жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсеткен Әсет Қайыржанов классика түрінен жүлделі ІІІ орынға ие болып, блиц бойын-ша Қазақстан чемпионы атан-ды.

Әсеттің кезекті жеңісі!

2011 жылдан бастап Қазақстанда құрамында кодеины бар препараттар- ды еркін сатуға тыйым салынды. Мұн- дай препараттарды енді тек дәрігер- дің рецептімен ғана сатып алуға бола-ды.

Кодеин ең кең таралған есірткі препаратына жатады. Наркологтар-дың бағалауы бойынша, осындай есірткі құралдарын қабылдау түрлі себептерге әкеліп соқтырады, ағза-ның нейрогормоналдық және эндо-криндік жүйесі жылдам әлсірейді.

Қатерлі мөлшер препаратыБерілген құралдарды ұзақ қабылдау депрессияға, галлюцинациялардың пайда болуына, сандырақтауға, өзіне-өзі қол жұмсауға, иммунитеттің ке-муіне және ішкі ағзалардың бүлінуі- не әкеліп соқтырады. Құрамында ко- деині бар дәрілерден жасалған есірт-кілерді пайдалану – жылдам әрі тұ-рақты әдетке айналуы мүмкін.

ҚР ДСМ-нің 2011 жылғы 13 қыркү-йектегі «Дәрілік заттарды рецептімен өткізуге жатқызу туралы» №526 бұй-рығымен құрамында кодеины бар

препараттар тек дәрігер рецептісімен ғана берілетін болды. Кодеині бар дәрілерге тәуелділіктің даму қаупін азайту үшін қабылдаудың ұсыныл- ған ұзақтығы 3 күнге дейін қысқар-тылды.

Кодеины бар препараттарды өткізу-ді бақылауды құқық қорғау органда-рымен бірге медициналық және фар- мацевтикалық қызметті бақылау ко-митеті жүзеге асырады.

Қиып ал да, сақтап қой Дәрілік заттарды дұрыс пайдалану,

олардың тиімділігі мен мүмкін бола-тын жанама әсерлері туралы толық және шынайы ақпаратты, сондай-ақ азаматтардың тегін медициналық кө- мектің кепілденген көлемі шеңберін-де тегін дәрі алу құқығы туралы ке-ңесті келесі бірыңғай тегін телефон нөмірі - 8 800 080 88 87 бойынша алу- ға болады.

Сондай-ақ сіз өз сауалыңызды дә- рі-дәрмек ақпараттық-талдау орталы-ғының www.druginfo.kz – ресми сай-тына жолдай аласыз.

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМк

Комиссия төрағасы, об- лыс әкімі Нұрлан Но-ғаевтың төрағалығымен

өткен отырысқа селекторлық жүйеде аудандардың басшыла- ры да қосылды.

Жиында облыстағы мемле-кеттік рәміздерді пайдалану, на- сихаттау және қолданудың жай-

маттың парызы екеніне тоқтал-ды.

Баяндама жасаған Сырым ау-данының әкімі Абат Шыныбеков комиссия анықтаған кемшілік-тер түзетілгенін, үгіт-насихат жұ- мыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров аудандық комис-сия жұмысына тоқталды. Тексе-ріс анықтаған аудандық ХҚКО ғимаратындағы мемлекеттік ту жарықтандырылып, аудандық әді- лет басқармасының мөрі ауыс-тырылған. Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов баяндама-сында аудандағы санитарлық-эпи- демиологиялық қадағалау меке- месіндегі Елтаңба көлемі талап-қа сай болмай шыққанын, оның дереу ауыстырылғанын айтты. Тексеріс нәтижелері бойынша басқа да кемшіліктер түзетілген. Бөрлі ауданы әкімінің орынба-

сары Азамат Сафималиев ғима-раттардың сыртындағы талапқа сай емес мемлекеттік тулар то- лықтай жаңасымен ауыстырыл- ғанын баяндады. Теректі ауда- нының әкімі Жеңіс Серікқалиев те бұл бағыттағы атқарылған іс- тердің бірсыпырасын айтып өт- ті. Облыстық білім басқармасы-ның басшысы Айгүл Мыңбаева білім беру мекемелеріндегі рә- міздерді қолдану мен насихаттау бағытындағы іс-шараларға тоқ-талды.

Баяндамаларды тыңдағаннан кейін өңір басшысы бұл бағытта-ғы жұмыстарды біраз сынға алып: «Баяндамаларда бәрі жақсы. Жұ- мыс жүруде, еш кемшілік жоқ сияқты. Алайда көп жерде рә-міздердің тозғанын, туларымыз-дың ластанып, жыртылғанын кө- ріп жүрміз. Бәрі жоғары талап- қа сай болса, заңбұзушылықтар қайдан шығады? Қиын-қыстау ке- зеңдерде туын сақтау үшін талай адам жанын қиса, бейбіт заман-да рәміздер неге ондай күй кеш-ті? Түзеп қоюға мүмкіндік жоқ па? Қаржы тапшы ма? Ниет жоқ па, әлде сана-сезім жетпей ме? Неге Астанадан келген тексеріс қана кемшіліктерді анықтайды? Өзіміздегі атқарылар істерге жа- уапты орындар қайда қарап отырған? Заңның орындалуын қадағалайтын құзыретті мекеме- лердің өзі оны өрескел бұзса, қалғандарынан не талап етуге болады?!» - деді. Рәміздері талап-қа сай еместер қатарында Сы-рым аудандық ішкі саясат бөлімі,

облыстық және қалалық салық басқармасы, облыстық мәслихат, Қаратөбе аудандық мәслихатын атап өтті. Бірсарынды баяндама- лармен ештеңе шешілмейтінін айтқан Нұрлан Асқарұлы комис-сияның нақты, нәтижелі жұмы-сын талап етті.

Техникалық реттеу және ме- трология комитеті БҚО бойын- ша департаментінің басшысы Сал- танат Камешева елімізде мем- лекеттік рәміздерді жасап, сату-мен айналысатын 33 мекеме ба-рын айтты. «Рәміздерде оның та- лапқа сай екендігі жөнінде ар- найы таңба болуы тиіс. Онда рә-міздің өндірушісі де көрсетіледі. Рәмізді тендермен алған мекеме сол таңбалануға назар салуы ке-рек және рәміздің жалпы талап-тарынан да хабардар болуы тиіс. Көбінесе мекемелер рәмізді ал-ғаннан кейін оған жапсырылған қағаз – затбелгіні (этикетка) алып тастайды. Ол дұрыс емес. Себебі таңба арқылы талапқа сай емес рәмізді өндіретін орындарды анықтауға болар еді. Талапқа сай емес болса, алдымен оған өн- діруші жауап беруі міндетті», - дейді Салтанат Ғазизқызы.

Рәміздерге қатысты заңның, та-лаптардың орындалуы тек мем- қызметкерлердің ғана міндеті емес, әр азаматтың борышы екені ай-тылды жиын қорытындысында. Айтылған мәселелердің барлығы жиналыс хаттамасына енгізіліп, орындалуын қатаң қадағалау об-лыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенге жүктелді.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,«Орал өңірі»

Таяуда Теректі аудандық мәдениет үйінде «Суперкелін-шек - 2014» келіндер байқауы өтті.

Байқауға ауылдық округ-терден 14 үміткер қатысты. Олар әуелі өздерін танысты-рып, жанұяға қатысты түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын көрсетті. Ас мәзірін де құл-пыртып, тамаша сән үлгісін ұсынды. Өнерден де, спорттан да құралақан еместігін бай- қатты. Сайыс қорытындысын- да сарыөмірлік Айнұр Әмір-ханова «суперкеліншек» атан-ды. Ал подстепныйлық Нұр-гүл Аққұлова екінші орынды, федоровкалық Анаргүл Айт- жанова үшінші орынды ие- ленді. Сонымен қатар өзге қа-тысушылар “Ақылды келін”, “Өнегелі келін”, “Көрікті келін”, “Өнерлі келін” секілді аталым- дарды иеленіп, бағалы сыйлық-тарға ие болды.

«Суперкеліншек - 2014»

Ж

Сейсенбі күні облыс әкі­мі жанындағы Қазақстан Республикасының мемле­кеттік рәміздері жөніндегі комиссияның кезекті оты­рысы өтті.

«Кемшіліктерді неге Астанадан келген тексерушілер ғана анықтайды?»

... Бәрі жоғары талапқа сай болса, заңбұзушы­лықтар қайдан шығады? Қиын­қыстау кезең­дерде туын сақтау үшін талай адам жанын қиса, бейбіт заманда рәміздер неге ондай күй кешті? Түзеп қоюға мүмкіндік жоқ па? Қаржы тапшы ма? Ниет жоқ па, әлде сана­сезім жетпей ме? Неге Астанадан келген тексеріс қана кемшілік­терді анықтайды? Өзіміздегі атқарылар істер­ге жауапты орындар қайда қарап отырған? Заңның орындалуын қадағалайтын құзыретті мекемелердің өзі оны өрескел бұзса, қал­ғандарынан не талап етуге болады?!

күйін инспекциялық сараптау қо-рытындысы жарияланды. Түрлі мекемелердегі «ҚР Мемлекет- тік рәміздер туралы» заңның орындалу барысы мен рәміз- дерді қолдану жұмысы талқы-ланды.

– Былтыр министрліктерден келген тексеріс облысымызда «ҚР Мемлекеттік рәміздер тура-лы» заңының орындалуында үлгі тұтарлық та, кемшін тұстарды да анықтаған болатын. Тексеріс қо-рытындысы бойынша нұсқама- ұсыныстар берілді. Кеткен кем-шіліктерге тоқталар болсақ, рә- міздердің бекітілген талапқа сай еместігі, түнгі мезгілде жарық-тандырылмауы, қолданыстағы рәміздің көнеріп, жыртылып не жарылып тұрған жағдайлар да кездесті, – дей келе облыс бас-шысы рәміздің мән-маңызы мен оған деген құрметтің әр аза-

Page 4: Орал Өнiрi №37

Сенбі, 5 сәуір 2014 жыл [email protected]

«Қазақстан – доСТыҚТың зәулім САРАйы»

- Ғайса Хамидоллаұлы, бүгін- гі таңда Батыс Қазақстан облы-сының аумағында қанша этно-мәдени бірлестік қалыпты жұ-мыс істеуде?

- Бұл сұрағыңызға толыққан-ды жауап беру үшін мен әңгімені әріден бастап, ассамблеяның тек этномәдени бірлестіктерден құралмайтындығын баса айтқым келеді. Алдымен айтарым, об-лыстық ассамблея – бұл халық шаруашылығының әр түрлі сала-сында жемісті еңбек етіп жүрген елге танымал 117 отандасымыз. Бұған қоса 22 адамнан тұратын облыстық ассамблея кеңесі және бар. Сол сияқты ассамблея жаны-нан құрылған ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, ғылыми-сараптама- лық кеңес, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңес және ассамблея-ның жастар қанаты жұмыс істейді. Осы құрылымдарға қоса біздің облыс аумағында бүгінгі таңда 33 этномәдени бірлестік Жайық жұртының ынтымағын нығайтып, ырысын молайтуға ұдайы мүд-делілік танытып жұмыс істеуде. Жаңағы 33 этномәдени отаудың 15-і заңды тұлға ретінде тіркелген. Ал Орал қаласы мен Зеленов, Терек-ті, Шыңғырлау, Тасқала, Ақжайық аудандарындағы этномәдени бір-лестіктер қоғамдық ұйым ретін-де жұмыс істеуде. Қазіргі кезде әрбір ауданда аудан әкімдігінің басқаруымен ассамблея кеңестері құрылды. Сонымен қатар 160-тан аса қоғамдық келісім кеңесі құ-рылып, ассамблея жұмысына жа-ңадан 1800-ден астам белсенді азамат тартылуда. Және бір атап өтер жайт, мектептерде, жоғары және арнаулы орта оқу орында-рында достық клубтары құрылып, бұл бағыттағы жұмыстарға қазір-дің өзінде 4 мыңнан астам қыз-жігіт жұмылдырылды.

Жақында біздің этнобірлес-тіктер өздерінің есепті жиналыс-тарын өткізіп, таяу болашаққа арналған межелі жұмыс жоспар-ларын бекітті.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстан халқы ассамблеясының біздің облыстағы құрылымының ал-дында қазіргі кезде қандай ке-лелі міндеттер тұр?

- Қазақстан халқы ассамблеясы-ның ХХ сессиясында Елбасы ас-самблеяның басты міндеті – қоғам-дық келісім деп атап көрсеткен еді. Ал ұлтаралық қатынас сан қырлы жұмыстардың бір бөлігі екенін Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап айтқан болатын.

Ассамблеяның негізгі бағытта-рын айқындайтын құжат ретін-де 2013 жылдың маусым айында өткен облыстық сессияда облыс- тық ассамблеяның 2020 жылға дейін даму стратегиясы қабыл-данды. Онда ассамблеяның бұған дейінгі жұмыстарын саралай ке-ліп, негізгі міндеттерді былайша айқындадық:

- Этносаралық қатынастарды үйлестіру және қоғамдық келісімді нығайту;

- Этносаралық қатынастар са-ласында жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара тиімді іс-қи-мылын қамтамасыз ету арқылы облыс тұрғындары арасында ұлт-тық бірлікті қалыптастыру, этнос- аралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау;

- Этностық мәдениеттерді, тіл- дер мен Қазақстан халқының салт- дәстүрлерін одан әрі дамыту негі- зінде қоғамдық келісім мен ұлт-тық бірлікке қол жеткізу үшін этномәдени және басқа да қоғам-дық бірлестіктердің мүмкіндікте-рін біріктіру;

- Тарихи тәжірибеге және де-мократиялық талаптарға сүйенетін қоғамның негізгі құндылықтар жүйесін қалыптастыру, облыс тұр-ғындарының саяси-құқықтық, әлеу-меттік-адамгершілік мәдениетін көтеру;

- Шекаралас облыстарда тұ-ратын қазақ диаспорасына ана тілін ұмытпау, ұлттық мәдениетіміз бен қазақ халқының өміршең салт-

дәстүрін жаңғырту, тарихи Ота- нымен байланысты нығайту мәсе-лелері бойынша қолдау көрсету;

- Этностардың тарихи Отанын-дағы қоғамдық ұйымдар және азаматтық қоғам институттарымен интеграциялық байланыстарын кеңейту.

Сонымен қатар мемлекеттік маңызды мәселелер ретінде ай-мақтық мемлекеттік этносаясат-ты жүзеге асыруға және саяси жоспарлау жүйесін жетілдіруге атсалысу, жаңа экономикалық саясаттың талаптарының орын-далуына үнемі мүдделілік таныту секілді күретамыр бағыттар да ассамблея хатшылығының күн тәртібінен түспеуі тиіс. Жалпы, ме-нің түсінігімде, Қазақстан дегеніміз - достықтың зәулім сарайы.

- Ғайса Хамидоллаұлы, елба-сы «Мемлекеттік тіл отандаста-

рымыздың ынтымағын нығай- та түсетін факторға айналуы тиіс» деген болатын. Осы орайда мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойған «түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғаны-мен, жүрегі бір» отандастары-мызды атап өтсеңіз.

- Тіл – ассамблеяның күн тәр-тібінде тұрған басты мәселелердің бірі. Былтыр осы мәселеге арнап ассамблеяның кеңейтілген кеңе-сін өткізген болатынбыз. Сонда бар кемшіліктердің басын ашып, алдағы істелетін жұмыстар тура-лы қаулы қабылданды. Енді, міне, соның нәтижелі болып, нақты шаралардың іске асуына біз бүгін үлкен жауапкершілікпен қарап, біраз жұмысты қолға алдық.

Ал қазақ тілінде еркін сөйлей-тін ұлты өзге отандастарымызға келер болсақ, олар ұлты қазақ болса да, өз ана тілінде сөйлей алмайтын кейбір бауырларымыз үшін үлгі тұтар тұлғалар деп есеп-теймін. Мемлекеттік тілде әдеби шығарма жазатын отандасымыз, шешен халқының өкілі Боқаев Мұқтар ағамыз жүрген жерінде өз ұлтының қазақ халқынан көрген

жақсылығын жыр қылып айтудан жалыққан емес. Ұлы Абайдың тілінде сөйлеймін деп ұмтылып жүрген азаматтардың бірі – жер-гілікті татар мәдени орталығының төрағасы Ришат Хайруллин, қазақ тілін үйренуге ынта-ықыласы ерек-ше отандасымыздың бірі – «Вай-нах» шешен-ұңғыш (ингуш) этно-бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов. Мемлекеттік тілге құрмет жөнінен облыстық ассамблея-ның жастар қанатының жетек-шісі Игорь Спиридонов - заман-дастарына өнеге болып жүрген жастардың бірі. Қазақ тілінде жатық сөйлейтін азаматтарымыз-дың бірі - әзербайжан этномәде-ни ұйымының төрағасы Наджаф Мамедов, украин этномәдени ұйымының мүшесі Ирина Жилик, белорус этномәдени ұйымының мүшесі Ольга Рапацкая. Осы мы-салдардан-ақ аңғарған шығарсыз,

«түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір» отандастарымыздың мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысы жыл өткен сайын арта түсуде.

Мәселен, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге қа-тысты былтырғы облыстық кон-курсына 38 үміткер қатысып, олардың бәрі де мемлекеттік тілді жоғары деңгейде білетіндік-терін көрсетті. Бір сүйсіндіргені, сол байқауға қатысушылардың 80 пайызға жуығы - Орал қаласының тұрғындары және қаланың орыс мектептерінде білім алған жерлес-теріміз.

Қазақ тіліне құрмет арта түс-кендігінің және бір жарқын дәле-лі – «КазАрмаПром» акционер-лік қоғамының бас директоры Станислав Качалоның отбасы. Осы азаматтың бес перзенті де қазақ мектептеріне барып, сапа-лы білімге қоса, саналы тәрбие алып жүрген өрендер. Жақын арада Станислав Павловичтің бір ұлы Алматы қаласында өткен республикалық домбырашылар конкурсында көптеген қаракөз құрбы-құрдасының алды болып, бірінші орынды иеленіп, Оралға

мерейі өсіп оралды.

- Өткен жылы «Қазақстан хал-қы ассамблеясының қоғамдық-саяси мән-маңызына кейбір аудан басшылары жүрдім-бар-дым қарайды» деген бағытта өкпе айтылған еді. Қазір жағдай қалай, түзелуге бет алды ма?

- Әрине, бұл бағытта оң өзге-рістер бар. Соның айқын дәлелі – қазіргі уақытта аудан-ауыл-дарда өтіп жатқан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы. Осы шаралар ая-сында қоғамдық келісім мен тұ-рақтылықты нығайту жолындағы аудандар ауқымында атқарылған көптеген игілікті істерге куә бо-лудамыз. Сонымен қатар облыс ассамблеясы қызметінің басты бағыт-бағдарын ел-жұртқа кеңінен ұғындыру мақсатында аймақтық мемлекеттік оқыту орталығында мемлекеттік қызметшілерге жүйе-лі түрде дәріс оқылып тұрады. Осы сәуір айының соңына таман Қазақстан Республикасы Прези-дентінің жанындағы мемлекет-тік басқару академиясы Орал қаласында «Мемлекеттік этносая-сат: «Қазақстан - 2050» стратегия-сын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістер және техноло-гиялар» тақырыбында өңірлік семинар-тренинг өткізуді көздеп отыр. Семинарға мемлекеттік қыз- метшілер мен этносаясат сала-сындағы мамандар шақырылуда.

- Ғайса Хамидоллаұлы, Орал қаласында бой көтерер достық үйі туралы айтып өтсеңіз?

- Біздің облыстың орталығында бой көтеретін Достық үйінің құ-рылысы биыл басталады. Бола-шақ Достық үйі, шын мәнінде, ұлтаралық жарасым мен қоғам-дық тұрақтылықты нығайта түсер әлеуметтік жасампаз бастамалар-дың ордасына айналады деп се-неміз.

Қазіргі уақытта Достық үйінің тұжырымдамасының жобасы жа-салды. Ол Үкіметтің қаулысымен бекітілуі тиіс. Осы жобаға сәйкес Достық үйі тікелей облыс әкім-дігіне бағынатын болады. Қаржы- ландыру жөніндегі бірқатар мәсе-лелер осы тұжырымдама бекітіл-геннен кейін шешілуі тиіс. Достық үйінің жұмысын үйлестіру бағы-тында мемлекеттік мекеме құру көзделіп отыр.

Қазіргі таңда Достық үйінің типтік жобасы біздің өңірдің ерек-шеліктеріне сәйкес түзетіліп, қа- ланың жаңа орталығында салын-ған Салтанат сарайының қасында орналасатын болады. Бұл деге-німіз - сән-салтанаты келіскен са- райлар мәнеріндегі сәулет өне-рінің қайталанбас ансамблін қа-лыптастыруға мүмкіндік береді.

Достық үйінің аумағы 4,5 мың шаршы метр болады. Бұл ғимарат-та ауқымды мәжіліс залы, би залы, конференц-залы болады деп жос-парлануда. Сонымен қатар оқу кабинеттері, дыбыс жазу студиясы болады. Бір сөзбен айтқанда, Дос-тық үйінде танымдық-тағылымдық сипаттағы әр түрлі мәдени-ағарту шараларын өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған.

Сұхбаттасқан Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»

СұхбАТ

Қазақстан халқы Батыс Қазақстан ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғайса ҚаПаҚОВ:

Page 5: Орал Өнiрi №37

Сенбі, 5 сәуір 2014 жыл[email protected] 5

Жәнібек ауданының Ақоба ауылы маңындағы жер қойнауы-ның бір учаскесі Захатсор деп аталады. Өткен жылы нысанға «Қа-зақ геофизикалық компаниясы» ЖШС-ның геофизикалық құрал-жабдығы мен арнайы техниканың сейсмикалық партиясы жеткізілді. Бас мердігер – «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы. 2013 жылы мемлекеттік бюджет-тен қаржыландырылатын нысан аумағында нақтылау, сейсмобар-лау жұмыстары қолға алынған. «Өткен жылдың соңында геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары қаралды. Сол есептің нәтижесінде екі іздеу-параметрлік ұңғымасын салу жөнінде шешім қабылдан- ды. Сейсмобарлау жұмыстарының ұсынбасы жасалмайынша, бұр-ғылау жұмыстары басталмай-

ды. Ал мұнай мен газдың бар-жоғы бұрғылау нәтижелерімен анықталса, сейсмобарлау жұмыс-тары жер қыртысындағы мұнай мен газдың жинақталған құры-лымын анықтау үшін жасалады. Бүгінде іздеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, Захат-сор аумағында «Қазгеология» компаниясымен жобалық терең-дігі 3000 метрлік ұңғыманы бұр-ғылау жұмыстарын бастамақ. Сол жұмыстардың нәтижесімен мұ- най мен газдың жаңа қорлары анықталады. Алдын ала тон пішу қиын, мүмкін қор жоқ болар. Гео-логияда тәуекелсіз іс алға бас- пайды. Өйткені мұндай жұмыс-тарды жүргізбей, сенімді мине-ралды-шикізаттық әлеуетті қамта- масыз ету мүмкін емес, - деді Ба-тыс Қазақстан аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Мир-болат Тінәлиев.

Еліміздің минералдық-шикізат-тық қорын кеңейтудің маңызы зор, өйткені шикізаттық сала кен өндіруші индустрияның дамуына негіз болып табылады. Ал одан түсетін табыстар экономиканы диверсификациялауға және келе- шектің экономикасын құруға ба-ғытталуы тиіс. Бүгінде елімізде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге және жаңа қорларды табуға көңіл бөлініп отыр. Бұл мақсаттарға қомақты қаржы бөлу қарастырылған. Инвестициялар мен ұлттық компаниялардың қар- жысы есебінен геология саласы-на 490 млрд. теңге инвестиция құю қарастырылған. Мирболат

Тінәлиевтің айтуынша, облысы-мызда кейбір учаскелердегі гео- логиялық жұмыстар жеке инвес-торлардың есебінен жүргізілуде.

Көмірсутегі шикізаты бойынша облысымызда жер қойнауын пай-даланушы 10, нысандар саны - 13. Осы нысандардың екеуінен ши- кізат өндірілуде, өзгелерінде із-деу-барлау жұмыстары кезеңі жалғасуда. Мысалға, «Карпов-ский Северный» ЖШС жаңа қор табу мақсатында Зеленов ауданындағы осы компания ат-тас аумақта жоспарлы барлау жұмыстарын жүргізуде. 2013 жыл-дың ортасына таман «Меловая» атты геологиялық құрылымда бі-рінші іздеу ұңғымасы 5750 метр тереңдіктен бұрғыланды. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне бекітілген нысанда сынақ жұмыс-тарын биылғы жылдың қаңта- рында бастағанымен, әлі нәти-жесіз. Өткен жылдың ортасында аталмыш компаниямен Орлов құрылымында бұрғылау жұмыс-тары қолға алынды. Сондай-ақ қысқы маусымда сейсмобарлау жұмыстары да басталды.

– Барлау-бағалау ұңғымаларын бұрғылау жолымен геологиялық барлау жұмыстары толыққанды жүргізіліп жатқан тағы бір ны-сан – Рожков газконденсатты кен орны. Келісімшарт жасалған ау-мақтың иесі – «Орал Ойл энд Газ» ЖШС. Жоба бойынша бұрғылауға қатысты жұмыстардың барлығы аяқтала келді. Мәліметтер рас-талды, яғни жер қойнауының кен қоры анықталды. Жақында ком-пания Турней горизонтындағы

Ақобаның астында не бар?

газ бен конденсаттың өндірістік қорларын есептеу бойынша есеп- ті қорғады. Биылдан бастап «Орал Ойл энд Газ» ЖШС компаниясы кен орнына тәжірибелік-өндіріс-тік жасақталымдарды енгізуге да- йындалуда, - деді Мирболат Мақ-сотұлы.

«ТрансНафтаЦентр» АҚ компа-ниясымен Тасқала ауданындағы Каменковский учаскесінде сейс-мобарлау жұмыстары басталған. Өткен жылдың басында «Жайық-мұнай» ЖШС қосымша үш келісім-шартты қайта рәсімдеген. Бүгінде компания Ростоша газ кен орны мен Южный-Гремяченский мұнай- газконденсатты кен орындарын-да бұрғылауға дайындық жұмыс- тарына кірісті. Бұрғылау жұмыс- тары бұл орындарға 2013 жыл- дың соңында жүргізілген сейсмо-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша басталып отыр.

Жер қойнауы қазынаға толған

өңірімізде қатты пайдалы қазба-ларды барлаумен, өндірумен үш жер қойнауын пайдаланушы ай-налысуда. Шалқар құрылымында «Батыс Калий» ЖШС компаниясы калий тұздарының кенін іздеп, бұрғылау жұмыстарын бастады. Сатимола кен орнында барлау жұмыстары аяқталып, енді кен өндіруді бастау үшін жобалық құ- жаттама жасақталуда. Бұл ны-санда өндіріс 2016 жылға жос-парланған. Одан басқа облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбалар нысандарының саны – 39, олардың қатарында геология-лық іздеу жұмыстар қолға алын-ған учаскелер бар. Жер асты және минералды су өндіру жөнінде 5 келісімшарт жасалған. Оның үшеуі Орал, Ақсай қалаларын та-за ауыз сумен қамтитын болса, өзге екі нысан – Теректі, Ақжайық аудандарының аумағындағы ми-нералды су көздері.

● 6 сәуір – геологтар күні

Батыс Қазақстан – кенге бай, құйқалы өңір. Сондықтан шығар, биыл көмірсутегі шикізатын іздеу­барлау, анықтау мақсатындағы жұмыстар мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілген жалғыз нысан біздің облыс аумағында орналасқан.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

Кім кінәлі?..наурыздың 26-сы күні қай-

тыс болған Т.Потапованың өліміне қатысты облыстық ден-саулық сақтау басқармасы басшы-сының емдеу ісі жөніндегі орынба-сары Мәншүк Аймұрзиева ақпарат берді. Оның айтуынша, наурыздың 19-ы күні Круглоозерный ауы-лында тұратын аталмыш азамат-ша «Жедел жәрдем» шақырған. Шақыру бойынша келген «Жедел жәрдем» тобы өз міндетін атқа-рып, азаматшаны ауруханаға алып кетпек болған. Алайда азаматша ауруханаға барудан бас тартып, дәрігерлерге қарсылық көрсетіп, «Жедел жәрдем» машинасынан жол бойынан өз еркімен түсіп қалады. Бір аптадан соң «Орал - Атырау» бағытындағы жол бойы-нан Т.Потапованың өлі денесі та-былған.

Мәншүк Аймұрзиеваның ай-туынша, марқұмның жасы 52-де, жалғыз өзі тұрған. Психиатрлық, наркологиялық диспансерде есеп- те жоқ. Қазіргі күнде тексеру жұ-мыстары жүріп жатыр. Науқасты қарауға барған «Жедел жәрдем» тобы әзірге қызметтен шеттетілген. Олардың айыбы анықталса, жағ-дайда тиісті жаза қолданылады.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Денсаулыққа 7 ҚАдАм

Сейсенбі күні облыстық салауатты өмір сал­тын қалыптастыру орталығында 7 сәуір – Дүние­жүзілік денсаулық сақтау күніне орай баспасөз мәслихаты өтті.

Басқосуда облыстық денсаулық сақтау бас-қармасының, қалалық

емханалардың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық кө-мек көрсету бөлімшесінің мең-герушілері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру ор- талығының, жастар денсаулық орталықтарының, темекіге қар-сы орталықтардың өкілдері қа-тысты.

Шара барысында науқастар-ға қауіп-қатер факторларын ер-

Нұртас НАБиОЛЛАұЛЫ,"Орал өңірі"

те анықтау, 7 сәуір күні Орал қаласындағы Сырым Датұлы алаңында «Ұзақ өмір сүруің өз қолыңда!» ұранымен өтетін Дү-ниежүзілік денсаулық сақтау күніне орайластырылған кең ауқымды акция туралы мәселе- лер талқыланды.

- Биылғы 11 наурыздан бас- тап тұтас еліміз бойынша алғаш рет әр азаматтың өз денсаулы-ғын сақтауға деген жауапкерші-лігін жоғарылатуға бағытталған «Денсаулыққа 7 қадам» мара-фоны басталды. Аталмыш шара аясында облыстағы медицина ұйымдары ұрпақ өрбіту, ден-саулықты нығайту, шылым шегу, нашақорлықтың алдын алу се-

кілді маңызды мәселелер бо-йынша «Ашық есік» күндерін өткізіп, акушер-гинеколог, уро-лог, венеролог мамандарының кеңесі ұйымдастырылды. Адам-дар көп шоғырланған орын-дарда салауатты өмір салты қағидалары бойынша маман-дар кеңесі, барлық ниет біл-дірушілер үшін артериалдық қан қысымын өлшеу жұмыста-ры ұйымдастырылды. Марафон аясында 8816 шара өтіп, 20 мыңнан астам адам қамтылды. «Денсаулыққа 7 қадам» мара-фонының қорытындысы 10 сә-уір күні белгілі болады. Орал қаласында «Ұзақ өмір сүруің өз қолыңда!» ұранымен Сы-

рым Датұлы алаңында өтетін кең ауқымды акция шеңберінде медициналық қалашық жұмысы ұйымдастырылады. Онда сала-уатты өмір салтының аспекті-лері бойынша кеңес беріліп, ақпараттық білім беру материал-дары таратылады. Барлық ниет білдірушілер үшін артериалдық қан қысымын, бойы мен салма-ғын, артық дене салмағын өлшеу жүргізіліп, акцияға қатысушы-лар спорт және өнер ұжымда-рының қызметкерлерімен бірге дене жаттығуларын орындамақ, - деді баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау бас-қармасы басшысының орынба-сары Мәншүк Аймұрзиева.

дАлА-ҚАлА

Page 6: Орал Өнiрi №37

[email protected]

әлеумеТ

Көлік құралдары салығы бойынша

Салық кодексінің 365-бабы 3-тармағы 4) және 6) тармақшала-рына сәйкес 2013 жылдың 31 жел-тоқсанына дейін төменде көрсетілген жеке тұлғалар:

- салық салу объектісі болып табы-латын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарын-да тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальда-рымен наградталмаған адамдар;

- салық салу объектісі болып табы-латын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;

- салық салу объектісі болып табы-латын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, Халық Қаһарманы, Қазақстанның Еңбек Ері атақтарына ие болған, Даңқ орде-нінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар

көлік құралдары салығын төлеуден босатылады.

Салық кодексіне 01.01.2014 жыл-дан бастап енген өзгерістерге сай жоғарыда аталған санаттарға жата-тын автокөлік иелері өзінің атына уәкілетті органда (жол полициясы басқармасында) қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автокөлікті 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін тіркеткен жағдайда, осы көлікке берілген же-ңілдіктің күші жойылатындығы тура-лы хабарлаймыз.

Айта кетерлік жайт, жеңілдіктер жоғарыда аталған тұлғалардың қозғалтқыш көлемі 4000 текше сан- тиметрге дейінгі жеңіл автокөлік-теріне қатысты бұрынғы тәртіппен сақталады.

Оған қоса салық жүктемесі ара-сындағы айырмашылықтарды реттеу мақсатында, қозғалтқыш көлемі 3000 және 4000 текше сантиметрден ас-там көліктерге салық мөлшерлемесі бөлініп, өзгертілді (СК-ның 367-бабы), атап айтқанда, Қазақстан Республика-сында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әке-лінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден астам жеңіл

автокөліктер бойынша салық мөл-шерлемесіне өзгерістер енгізілді. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай жеңіл көлік құралдары бойын-ша 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда 35 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі АЕК), 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда 46 АЕК, 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда 66 АЕК, 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда 130 АЕК, 5 000-нан жоғары 200 АЕК мөлшерінде салық салынатын болады. Сонымен қатар қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.

Алайда 2013 жылдың 31 жел-тоқсанына дейін жол полициясы органдарында тіркелген автокөлік-тер бойынша салықты есептеу және төлеу «бұрынғы» мөлшерлемемен жүргізілетін болады.

Жер салығы бойыншаСалық кодексінiң 387-бабына ен-

гізілген өзгерістерге сәйкес объек-тілер салуға арналған (соның ішінде Орал қаласында тұрғын үй құрылы-сын салуға арналған) және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын не-месе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдала-нылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабында белгілен-

ген базалық салық мөлшерлемелері уәкілетті орган меншік иесіне не-месе жер пайдаланушыға жер учас-кесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұ-зушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылған мөлшерде есептеледі. Бұл облыс-тық және қалалық маңыздағы қа-лаларда, елді мекендер мен ауыл-дарда орналасқан жер учаскелеріне қатысты емес.

Тиісті мақсаттарда пайдала-нылмайтын немесе Қазақстан Рес-публикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учас-келерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жер учаскелерін айқындау және уәкілетті мемлекеттік органдардың салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекі-теді.

Қорытындысы: егерде құрылыс салуға алынған жер учаскелерін мақсатты пайдаланбаған немесе Қазақстан Республикасының заң-намасын бұзып пайдаланған жағ-дайларда жер салығы он есе ұлғай-тылған мөлшерде есептелетінің хабарлайды.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша

Салық кодексінің 406-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес об-лыстық, аудандық маңызы бар басқа қалаларды, кенттер мен ауылдарды қоспағанда, тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны екі есеге өсіріліп 36000 теңге мөлшерінде бекітілді. Бұл Салық кодексінде осыған дейін қолданыста болған тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны экономика-лық тұрғыдан сәйкес келмеуіне және мемлекет пен салық төлеуші мүддесі теңдігінің бұзылуына байланысты.

Сонымен қатар жеке тұлғалар-дың мүлік салығын есептеу кезінде қолданылатын салық салу объек-тілерінің құны өсіп отыр (Салық кодексіның 408-бабы). Егер бұрын мүлік салығын есептеу кезінде салық салу ставкасының ең төмен мөлше-рі 1,0 млн. теңгеге дейін есептелсе, 2014 жылдан бастап бұл көрсеткіш 2,0 млн. теңгені құрап отыр, одан әрі шкалаға сәйкес есептеледі.

Қорыта айтқанда, мүлік салығы сомасын есептеу кезінде салық салу объектісінің көлемі ескеріледі, яғни көлемі үлкен болса, құны да көп, осыған сәйкесті мүлік салығы мөлшерлемесі де есептеледі.

Cенбі, 5 сәуір 2014 жыл

Сегіз әкімнің іСі ҚАРАлды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО­дағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында бір топ мем­лекеттік қызметкердің тәртіптік істері талқыға түсті.

БҚО прокуратурасы ар-қылы келген Жәнібек ау-

данындағы Ұзынкөл, Талов, Жақ-сыбай, Ақоба, Борсы ауылдық округтерінің әкімдері Дулат За-карин, Берік Әділәлиев, Нұркен Закарин, Қазбек Ғұбашев және Ербол Қуановтың істерінен мәлім болғанындай, олар мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсаған. Жол тегістеу жұмыстары жасал-маса да, жалған акті түзіп, оған қол қойып, жалпы мөлшері 810 мың теңгені «ЖәнібекСтройСер-вис» ЖШС-ның есепшотына ау-дарып жіберген. Қазіргі кезде олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Сол секілді отырыста мекеме-ге автокөлік алынбаса да, өнім беруші «Тұрғанбаев» ЖК-ның

Таяуда «Қазақстандағы қарапайым діндардың лаңкеске айналуына дейінгі эволюциясы» тақыры­ бында жүргізілген зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеу экстремистік бағыт- тағы әрекеттерді ұйымдастыр- ғаны немесе бұл істерге жәр-демдескені үшін сотталғандар арасында жүргізілді. Соның нә- тижесінде қазақстандық лаң-кестің бейнесі жасалды. Бұл ту-ралы Астанадағы Орталық ком-муникациялық қызмет алаңында ұйымдастырылған брифинг ба-рысында «Стратегия» қорының президенті Гүлмира Елеуова (су-ретте) мәлімдеді.

- Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай, отандастары-мыздың Ислам дінінің дәстүрлі емес бағытын ұстануына бірне-ше фактор әсер еткен. Бірін-шісі, өмірдегі түрлі қиыншылық, әлеуметтік мәселелер. Мұны экстремистік ұйымның белсен-ділері сәтті пайдаланады. Со-нымен қатар кейбіреулердің қылмыс әлемін жастар арасын-

есепшотына 1,670 млн. теңгені «жылжытып» жіберген Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі-нің әкімі Гүлжамал Қуаншалие-ваның үстінен де қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Тәртіп-тік кеңес талқылай келе, атал- мыш алты ауыл әкімін «Сыбайлас жемқорлық туралы» ҚР Заңының 12-бабы 1-тармағы 4 және 5-тар-мақшасына сәйкес қызметінен бо-сату туралы ұсыныс жасады.

Прокуратура Жаңақала аудан-дық аумақтық инспекциясы салған айыппұлды мемлекет есебінен төлеген деген себеппен Жаңақала, Жаңажол ауылдық округтерінің әкімдері Дархан Закарин мен Әсия Жақыпованың істерін де тәртіптік кеңеске ұсынды. Алайда аталмыш инспекция мамандары айыппұлды

экСТРемизмге бАСТАйды

Діни сауатсыздық

да уағыздауы да жалпы ахуалға теріс ықпалын тигізуде. Тағы бір себеп - тұрғындардың діни сауатының төмендігі. Зерттеу барысында кейбір адамдардың өздерінің қай мазхабқа жата-тыны, тіпті Ислам дініндегі қай-раткерлер туралы білмейтіні анықталды. Одан бөлек, көпші-лік жастар іс-әрекеттерінің экс-тремистік бағытқа қалай ауысқа- нын, нәтижесінде түрмеге түс- кенше жағдайдың ушыққанын аңғармаған. Олар өздерінің дін-дес бауырларын қолдау бағы- тында деп жинап берген ақша- лары мейрамхана және өзге көңіл көтеру шараларына жұм- салғанын естігенде есеңгіреп қалды. Сауатсыздықтарына бай- ланысты сан соққанына қазір өкінеді, – деді Гүлмира Елеуова.

Мәди ЫҚЫЛАС

Салыққа қатысты өзгерістер

әкімдерге емес, мекемеге салған, қателік солардан кеткен. Сол се-бепті бұл іс қысқартылды.

Мемлекеттік сатып алуға бай-ланысты Қазталов аудандық білім беру бөлімінде заңбұзу-шылықтарға жол берілген. Әйтсе де бөлімнің бұрынғы басшы-сы Уәлихан Жағыпаров басқа қызметке ауысып кеткен. Ал бө-лімнің қазіргі басшысы Самал Жангереева мен бас маман Айша Әбешеваға қатысты прокуратура таққан құқықбұзушылық дәлелін таппады. Тек сол кезде комиссия мүшесі міндетін атқарған бас ма-ман Марс Малахов қана қармаққа ілігіп, оған «Сыбайлас жемқорлық-пен күрес туралы» заңының 12-ба-бы 1-тармағы 12-тармақшасына сәйкес қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру ұсы-нылды. Дәл осы баппен жұмысқа келген адамдардың заңды мүдде-лерін жүзеге асыруына кедергі жасаған «Шапағат» балалардың күндізгі болуына арналған меди-циналық-әлеуметтік мекемесі ди-ректорының міндетін атқарушы Светлана Бисенованың да тәртіптік жауапкершілігі қаралатын болады.

арман БОлаТұлы

Балаларды кітап оқуға шақырамыз1­4 сәуір аралығында

халықаралық балалар кітабы күніне орай Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында дәстүрлі «Балалар және жасөспірімдердің кітаптары апталығы» өтті.

Шараның мақсаты – балалар-ды кітаппен дос болуға шақыру, оқу арқылы көркем сөйлеуге, сауатты жазуға баулу, білімін мо-лайту, шығармашылық ізденіске үйрету. Апталық аясында кітапха-на фойесінде «Ертегілер елінде қонақта», «Көркем ойдың негізі – көркем әдебиетте», «Саусағынан өнер тамған», «Шытырман оқиғалар ізімен» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхананың

үздік оқырмандары марапаттал-ды. Апталық «Кешқұрым кітапха-нада...» шоу бағдарламасымен қорытындыланды. Онда ақындар аллеясы, домбыра-пати, әр түрлі сахналық қойылымдар оқырманға көтереріңкі көңіл күй сыйлады.

Сәуле ҚұСАЙЫНОВА, Х.Есенжанов атындағы

ОБЖ кітапханасының жетекші маманы

Page 7: Орал Өнiрi №37

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16478, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: С.әбіЛхАЛықОВ

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФуЛЛиН

Бас редактор Бауыржан ҒұБАЙДуЛЛиН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенбас редактор 51-25-80,

бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІктІ тІЛШІЛЕР: тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖұМАҒАЛиЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙтАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСтАуБАЕВ,Сырымбек тұяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),тоқтар кЕНЖЕҒАЛиЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

телефондар:

хАбАР-ошАРCенбі, 5 сәуір 2014 жыл

[email protected]

Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы-ның тұрғыны болған асыл жар, сүйікті әке Әліпқали Сағындықұлы егер де орта-мызда болса, 5 сәуір күні 70 жасқа толар еді. Бүгінде артта қалған ұрпақтары әке аруағын үлкен сағынышпен еске алады. Елі үшін аянбай еткен еңбегін, ұл-қызына берген өнегелі тәрбиесін ұмытпайды.

Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды,Есіркеп жан жарыңды, гүл бағыңды.Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелерАрдақтап өтер әр кез тұлғаңызды.

Еске алушылар: зайыбы ұлғаным, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері

Орал қаласының тұрғыны болған бірі- мізге ардақты ата, бірімізге сүйікті әке Бақтығали Жағыпарұлы Базаров егер тірі болса, 7 сәуір күні 75 жасқа толар еді. Осыған орай сағына еске аламыз.

Асыл әке, асқар таудай ардағым,Көтеріп ең бір әулеттің салмағын.Жанымызға аяздай боп батары – Арамыздан мәңгі кетіп қалғаның.

Еске алушылар: қыз-күйеу баласы Серік-Айгүл, жиендері Ерік, Бибігүл, Еркін, Руслан, Людмила

«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ 090000, Орал қаласы, достық даңғылы, 201-үй, 401-бөлме,

анықтама алу телефоны: 509789, 506002 (факс), электрондық мекенжай: [email protected].

«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджет-тік жоспарлау басқармасы» ММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орындарына ашық конкурс жариялайды:

Әкімшілік бөлімнің басшысы (бас бухгалтер) (D-О-3 санаты). лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылда- рына байланысты 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жүзеге асырылған барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есепшоттарда көр- сетілуін қамтамасыз ету, басқарманың қаржылық жай-күйі тура- лы жедел ақпарат беру, қаражаттардың мақсатқа сай және үнем-ді жұмсалуын қадағалау, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау, белгіленген мерзімде бух- галтерлік есептемелер жасау және басқарманың қаржы-шаруа-шылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу. Нарықтық қаты- нас жағдайында бухгалтерлік есептің қазіргі заманғы әдістеме-лерін, салық заңнамаларын білу.

Үміткерге қойылатын талаптар: мамандық бойынша жоғары білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономи- ка, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит). Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауа-

зымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық ба-

ғыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанында- ғы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізін-де немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадр- лар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымда-

рында алған азаматтар (“Болашақ” бағдарламасының түлекте-рінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе ностри- фикациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның

депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер тура-лы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, қаржы-экономикалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Іс жүргізу негіздерін, компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы-ның 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және кон-курс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту тура- лы» бұйрығының негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына келесі құжаттарды тапсырады:

- белгіленген нысандағы өтініш;- 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырыл-

ған сауалнама;- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырыл-

ған көшiрмелерi;- еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куә-

ландырылған көшiрмесi;- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлі-

гінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітіл- ген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық акті-лердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тір-келген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің кө-шірмесі;

- құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгі- ленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өт- кені туралы қолданыстағы сертификат.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс туралы ха-барландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішін- де құжат тігілген мұқабаға салынып, тапсырылуы керек.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар осы кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан об-лысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма- сы» ММ-да өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қа-тыстыруға жол беріледі.

ЖОБАОрал қаласы № - 2014 жыл

Орал қаласы бойынша 2014 жылғы әлеуметтік маңызы бар маршруттардың тізбесін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Батыс Қазақстан об-лысы әкімдігінің 2014 жылғы ------ № -- қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты шешіМ ҚаБылдады:

1. Орал қаласы бойынша 2014 жылғы әлеуметтік маңызы бар маршруттардың тіз-бесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік онкүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы З.МуСинаОблыстық мәслихаттың хатшысы М.Құлшар

2014 жылғы _ _____№__ Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне ҚОСЫМША

Орал қаласы бойынша 2014 жылғы әлеуметтік маңызы бар маршруттардың ТіЗБеСі

№ маршр.№. маршруттардың атауы

1 №23 «Ел ырысы» базары – «Водстрой» саяжайлары

2 №23-а Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті – «Тополек» саяжайлары

3 №23-д Орталық базар – «Водстрой» саяжайлары4 №23-б Орталық базар – «Рассвет» саяжайлары5 №24 «Ел ырысы» базары – «Барбастау» саяжайлары6 №27 Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті – «Птичник» саяжайлары7 №28 Орталық базар – «Нефтегеология» саяжайлары8 №28-а Орталық базар – «Агропром» саяжайлары9 №28-в Орталық базар – «Водник» саяжайлары10 №31-а Орталық базар – «Степное» саяжайлары 11 №32 Орталық базар – «Трекин» саяжайлары12 №34 «Ел ырысы» базары – «Казинские» саяжайлары13 №38 Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті – Желаев карьерлері14 №40 Темір жол бекеті – «Яик» саяжайлары15 №46 Орталық базар – «Черемушки» саяжайлары16 №30-д Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті «Асан» агрофирмасы 17 №14 Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті – Желаев

18 №16 Орталық базар – Кумыска19 №17 Орталық базар – «Үміт» шағынауданы

20 № 51 Орталық базар - Круглоозерный – Серебряков

21 №53 Орталық базар – Ветелки

«ат спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК азаматтық қызметкерлердің бос лауазымдары орнына

байқау жариялайды1. Жылқышы – 2 бірлік.Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:

Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға тапсырылады: БҚО, Зеленов ауда-ны, Асан ауылы, Рабочая көшесі, 10/1.

Толық мәліметтерді алу телефоны: 27-42-44, факс: 27-42-45.

- мемлекеттік тілді білу;- байқауға қатысу туралы өтініш,- кадр есебі бойынша жеке іс-парағы (нақты мекенжайы);- медициналық анықтама (086-У ны-сан) жұмысқа жарамдылығы жөнінде терапевттің қорытындысымен;

- еңбек кітапшасының көшірмесі,- білімі туралы құжаттың (диплом) көшірмесі;- жеке куәлігі;- тұрғылықты мекенжайы жөніндегі анықтама;- зейнетақы аударымы үшін келісімшарт.

ШЖҚ «Облыстық клиникалық аурухана» МКК ұжымы директордың терапия қызметі жөніндегі орынбасары Роза Жұмахметқызы Еркеға-лиеваға

әкесініңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебінің (Қарауылтөбе ауылы) ұстаздар қауымы, осы мектепте ұзақ жыл қызмет атқарған, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болған ҰОС-ның және білім саласы- ның ардагері

рахмет Хайреденовтіңқайтыс болуына байланысты марқұмның соңында қалған жанұясына, ұл-қыздарына, тума-туыстарына ауыр қайғыларын бөлісіп, қайғырып көңіл айтады.

Бұрынғы Тайпақ ауданында 42 жыл бойы өмірін ұстаздыққа ар-нап мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің инспекторы болған ҰОС-ның және білім саласының ардагері, адамгершілігі биік азамат, ұл-қыздарына аяулы әке

рахмет Хайреденовтіңқайтыс болуына байланысты марқұмның жанұясына, ұл-қыздарына, тума-туыс, ағайындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Ардақты аға, сыйлы азамат, биігінен көріне білген ұстаздың топырағы торқа, жаны жәннатта болғай.

Қарауылтөбе ауылындағы ардагер ұстаздар: Бірлес Бисенов, Болған Жоламанова, Гүлжамал Байкеева, Жақсығали нұрғалиев,

Қайырлы Мұқанова, Мәнзила рақышева, Ғаділбек Кенжетаев

«Жайық Пресс» ЖшС-ына мемлекеттік сатып алу

жөніндегі маман қажет.

Түйіндемені 50-30-14 факс нөмеріне

жіберіңіз.

Батыс Қазақстан облысы бі- лім саласын бақылау депар-таменті жұртшылыққа www.zkocontrol-gov.kz электронды мекенжай веб-сайты бойын- ша мәлімет береді. Бұл – де-партамент қызметі, құрылы- мы, ережелері, бақылау іс-ша-ралары қорытындылары, білім қызметін лицензиялау туралы ақпаратты және басқа депар-тамент қызметі туралы ақпа- рат енгізілген ресми ресурс. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі, жемқор-лыққа қарсы заңнамаларын бұзғандығы туралы деректер- ді хабарлауға және ҰБТ сұрақ-тары бойынша тұрақты негіз-де 51-05-28, 50-44-05, 51-44-32 сенім телефондары қызмет етеді.

Page 8: Орал Өнiрi №37

кеРуен САРАйCенбі, 5 сәуір 2014 жыл8 [email protected]

Құттықтаймыз!

Қазталов ауданы Қазталов ауылы-ның тұрғыны алтай абайұлы КӨше-ҒалиеВТі 7 сәуір күні толатын 30 жас мерейтойымен шын жүректен құттық-таймыз! Деніне зор денсаулық, мол ба-қыт, жұмысына шығармашылық табыс тілейміз.

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,Судай толып көтерілсін көңілің.Ешқашанда көңіліңді кір шалмай,Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

игі тілекпен: ата-анаңыз Абай-тойған, інілеріңіз Айбек, Алтынбек, қарындасыңыз Нұргүл

Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылының тұрғыны, шаңырақтың ұйыт-қысы бола білген аяулы да асыл ана- мыз ұмсынғаным МӘМБеТалиеВаны мерейлі 75 жасымен құттықтаймыз!

Алла сізге, ең алдымен, мықты ден- саулық берсін, мәнді де сәнді көңіл, немере-жиендеріңіздің және шөбере-леріңіздің қасында жүзіңізден күлкі кетпей, ұзақ та бақытты өмір кешуіңіз- ге тілектеспіз.

Құтты болсын мерейлі жас күніңіз,Бақытты боп, шаттық өмір сүріңіз.Бала-шаға қызығына кенеліп,Ортамызда аман-есен жүріңіз.

тілек білдірушілер: бала-келіндеріңіз Жанболат-Айгүл, Биболат-Айша, қыз-күйеу балаларыңыз Асылбек-

Алтын, кенжебек-Алма, Асылбек-Бұлданай, Борис-Гүлсара, немере-келіндеріңіз Рустам-Асылғаным, Дулат-Алмагүл, Рауан, темірлан, Арсен, Бексұлтан,

жиендеріңіз Мейрамбек, Рашид, Дина, Алина, Рита, шөберелеріңіз Салауат, Әсем

Олардың қатарында шорт- тректен спорт шеберлігінен үміт- кер Жанна Ғабдрахманова, дзю- додан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері Мөлдір Ахметжанова, көгалдағы хоккей-ден облыс құрама командасының мүшесі Ділназ Хайрушева бар.

Жуырда осы мектептің 10-сы- нып оқушысы Айсезім Мұхит Пав- лодар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі қыздар арасында жыл-

Шәкіртіміз – мақтанышымызОрал қаласындағы М.Ықсанов атындағы №36 орта

мектеп оқушылары тек білімдерімен ғана емес, спорттағы жетістіктерімен де танылып жүр.

дам шахматтан ҚР чемпионатында ІІ орын, классикалық шахматтан І орын алды. Ол қаршадайынан спортқа құмар болатын. Баста-уыш сыныптарда оқып жүргенде суда жүзу спортымен, кейінірек спорттық гимнастикамен айналы-сып жүрді. Оның отбасында бәрі шахмат ойнайды. Әсіресе, №2 ба-лалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат үйірмесіне баратын ағасы Болат бұған жете ден қойған. Ол қарындасын шах-мат үйірмесіне шақырып, өзінің жаттықтырушысы Юрий Коса-чевке алып барады. Тәжірибелі жаттықтырушы кішкентай қыздың ойлау қабілетінің мықты екенін көріп, осы спорттың түрімен айналысуға ақыл береді. Сенім жүгін арқалаған Айсезім бір жылдың ішінде (2005 жыл) 10 жасқа дейінгі қыздар арасын-да қала чемпионы және облыс

бойынша ІІ орын алды. 12 жасын-да (2009 жыл) өз қатарластары арасында ел чемпионатында ІІ орынды қанжығасына байлаған ол түрлі деңгейдегі жарыстар-дың жеңімпазы атанды. Қазіргі кезде күзде Индияның Мумбай қаласында өтетін әлем чемпио- натына жаттықтырушысы Д.Сер-геевтің жетекшілігімен дайын-далып жатыр. Ол сабаққа да жақсы. Мектептегі қоғамдық жұ- мыстардан шет қалмай, айнала-сын қайырымдылығымен, сүй-кімділігімен баурап жүреді. Біз Айсезімнің өзі армандайтын «гроссмейстер» (шахматтағы ең жоғары атақ) дәрежесіне же-тетініне сенімдіміз.

Нұргүл ӘБуЕВА, М.Ықсанов атындағы

№36 орта мектептің мұғалімі

Орал қаласының тұрғыны, сүйікті анамыз рая Күзенбайқызы Қадыр-алиеВаны мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Асқаралы 60 жас,Бүгін туған күніңіз,Арамызда аман-есен жүріңіз.Немере-жиен ортасында шат күліп,Аяулы ана ұзақ ғұмыр сүріңіз.

Құттықтаушылар: жұбайыңыз Мәди, бала-келініңіз Ғабит-

Альбина, қыз-күйеу балаңыз Жанболат-Зухра, немереңіз Жанерке,

жиендеріңіз Аружан, Дана

Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылының тұрғыны, бірімізге келін, бірімізге аяу- лы жар, біріміздің ардақты анамыз алма Төлеуғалиқызы ХаКиМОВаны мерейлі 55 жасымен құттықтаймыз!

Адам - өз өмірінің сәулетшісі десек, оның мәнді де сәнді болуы сол өмір иесінің мінез-қасиетіне байланысты. Бо-йына адами қасиеттерін мол дарытқан Алма анамыздың ғұмырнамасы соның айқын белгісі. Алыс-жақынға, ағайын-туысқа жібек мінез, мейірім-шуағымен қадірлі анамыздың мерейлі жасы құтты болсын! Алладан сізге мықты денсаулық тілейміз! Ортамызда аман-есен жүре беріңіз!

Үйреткеніңіз – адамдық,Ұстанғаныңыз – адалдық,Текті мінез, даналық.Анашым сізге тілейміз,Баянды бақ, амандық!

тілек білдірушілер: анаңыз Жұмазия, қайын апаңыз Звайхан, жұбайыңыз Нұрлан, ұл-қызыңыз Нұрлыбек-

Нұргүл, Болатбек, Фаузия, немереңіз Нұр-Мұхаммед

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мә- ліметке қарағанда, Алматы қала-сы, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының спорт-шылары бақ сынаған бәсекеде Қазақстанның еңбек сіңірген жат- тықтырушысы Мәдіғали Қарсы-беков пен Максим Лозовой жат- тықтыратын оралдық шорттрек-шілер жүлделі орындарды ен-шіледі. 1500 метр қашықтықта

Шорттрекшілер алдыңғы лектеАстана қаласында шорт­тректен өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар табысты оралды.

Нұрберген Жұмағазиев пен Ай- дар Бекжанов екінші-үшінші орынға көтерілсе, әйелдерден Инна Симонова, Гүлнұр Ғаниева, Жанерке Қадимова жүлдені еш-кімге берген жоқ. Сондай-ақ 500 метрден Нұрберген Жұмағазиев, Артур Сұлтанғалиев, Айдар Бек- жанов алдыңғы үш орынды тү- гел иеленсе, И.Симонова мен Ж.Қадимова алтын, қола жүлде-гер атанды. 1 мың метрден Н.Жұ- мағазиев пен А.Бекжанов, И.Си-монова мен Г.Ғаниева 1-2-інші тұ- ғырдан көрінсе, 3 мың метр қа-шықтықта тағы да Н.Жұмағазиев

пен А.Бекжанов 1 және 3-інші жүл-дені жеңіп алды.

Еске сала кетейік, А.Бекжанов, Н.Жұмағазиев, И.Симонова Сочи олимпиадасында өнер көрсеткен болатын. Батыс Қазақстанда бо-лашақта олардың орнын басатын жас лек те өкшелеп келеді. Бұған жастар арасындағы ел чемпио- натында батысқазақстандық-тардың жүлделі орындардан кө- рінгені дәлел. Әсіресе, Анита Нагай келешегінен үлкен үміт күттіреді.

Елжан ЕРАЛЫ

Аталмыш дереккөзіне қара-ғанда, оқиға былайша өрбіген: Таңғы сағат алтының шамасында бет-әлпеттерін пердемен бүрке- мелеген, қолына қолғап және үс- тіне арнайы ақ комбинезон ки- ген белгісіз екеу кәсіпкер Тәжі-кеновтердің* үйіне баса-көктеп кірген. Кәсіпкер Тәжікеновтер отбасы – Орал қаласында сүт өнімдерін сатумен айналысып отырған қарапайым шаруа адам-дары, зейнеткерлер.

Оқиға болған уақытта шаруа-шылық жетекшісі Бақтығали ақ-сақал қалаға таңғы сүт өнімдерін өзінің тұрақты тұтынушыларына жеткізуге кетіп, үйде оның жұ-

Қарақшылар қамалдыОсыдан бірер күн бұрын редакцияға Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен 2013 жылдың 28 желтоқсанында Зеленов ауданына қарасты Озерное ауылында орын алған қарақшылық шабуылды кімдердің жасағандығы әшкереленгендігі жөнінде мәлімет түсті.

байы Оксана қалған. Үйге әлгі әумесерлер ентелеп кіріп келген-де апайдың таңмен сиыр сауып болып, қайтадан демалуға жатқан кезі екен. Осылайша қожайынның үйде жоқтығын пайдаланған қос қарақшы үй иесінің зайыбын пы-шақпен қорқыта отырып, оны скотчпен байлап, сейфті бұзып, ішіндегі 500 мың теңгені жымқы-рып, оқиға орнынан жалма-жан бой тасалаған. Кезінде ел-жұртты дүрліктірген осы оқиғаны тер-геу-тексеру барысында қарақ- шылық шабуылды жасаған облыс- тың екі тұрғыны екені анықталды. Оның бірі Зеленов ауданындағы Дарьинск ауылының 1966 жылы туған И. есімді тұрғыны, жәбірле-нушілердің алыс туысы болып шықты. Ол аталмыш отбасының кәсіпкерлік қызметі туралы жақсы біліп, олардың материалдық же- тістіктеріне қызғанышпен қарап, пайдакүнемдік мақсатпен қарақ-шылық шабуылды қасақана жаса-ған.

Екіншісі Оралдың 1984 жылы туған И. есімді тұрғыны. Бұл саба-зың қаладағы техникалық қызмет көрсету орталығының бірінде

жұмыс істеген. Осы әумесер өз жұмыс орнынан қарақшылық әрекет үшін ақ түсті комбине-зонды алған.

«Әлгі екеу жымысқы әрекет-терін жүзеге асырғасын оларды оқиға орнынан қалаға дейін қос қарақшының бірінің ағасы «Фоль-сваген-Пассат» автокөлігімен алып кетіп, тоналған ақшаны өзара бөлісіп, келесі жаңа қыл- мысты жоспарлаған. Алайда олар қырағы полиция қызметкерле-рінің құрық-қақпанынан құтыла алмады. Биылғы 2 сәуір күні үш- бу қарақшылық шабуылға қаты-сушыларды БҚО ІІД криминалдық полиция және Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді. Ұсталған азаматтарға қатысты жинақталған дәлелдер жиынтығы олардың заңға томпақ әрекеттерін толықтай әшкерелеп, қарақшылар қамауға алынды және жақын арада сот алдында жауап беретін болады» деп хабар-лайды Батыс Қазақстан облыс- тық ІІД-ның баспасөз қызметі.

Баубек САЛЫҚұЛЫ*- кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілді